06022014

Page 3

(Соңы. Басы 1-бетте). Қазіргі таңда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Құқық қорғау органдарындағы кадрлық саясат мəселелері жө ніндегі комиссия құрылып, жұмыс істеуде. Комиссия үміткерлерді басшылық лауазымдарға келісумен қатар, құқық қорғау жəне арнайы органдар басшыларының Президенттік резервін қалыптастырумен айналысады. Уақыт пен халықаралық стандарттар талаптарына сəйкес келетін жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексін əзірлеу де маңыз ды оқиғалардың бірі. Қазіргі таңда бұл құжаттың жобасы Парламент депутаттарының қарауында жатыр. Жаңа кодексте ұсынылған еуропалық стандарт-

органдары үшін жаңа құқықтық кеңістік құрылды. Осының негізінде аталған заң жобаларында түпкілікті бекітілген құқық қолдану практикасының институттары мен құралдары саралаудан өткізіліп, енгізілді. Енді құқық қорғау органдарының жеке құрамын жаңа жағдайлардағы жұмысқа тиянақты дайындауды бастаймыз. Мұның бəрі біз айтып отырған заң нормаларын сəтті қолдануға мүмкіндік береді. Істің нəтижелі боларына сенемін. – Шетелдік тəжірибе туралы сөз қозғағанда басқа мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясынан біздің аларымыз бар ма? – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимылдың қандай да бір əмбебап моделі жоқ. Бұған таңғалуға болмайды. Себебі,

дау-дамайға қол жеткізу, қоғамда шиеленісті жағдайды өршіте түсу, сондай-ақ, мемлекетке қарсы көңіл-күй қалыптастыру. Осылайша, билік пен саясатқа қысым жасалады. Бұл – түпкілікті мақсат. Бұған қоса, журналистер лаңкестік жөнінде көп айтқан сайын, жергілікті халыққа ықпалы да күштірек болады. БАҚ-тың жауапкершілігі халықаралық экстремистік жəне террористік ұйымдардың қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар мен байланыс құралдарының көмегімен насихаттаудың жəне үгіттеудің зор мүмкіндіктеріне ие екендігін ескергенде, айтарлықтай күшейе түседі. Интернет желісінде 40-тан астам тілде контентті қамтамасыз ететін көптеген сайттар жұмыс істейді (кейбір деректер бойынша, олардың саны

Ўлттыќ ќауіпсіздікті саќтау – ўлы міндет Оны ќамтамасыз ету саласындаєы басты ерекшелігіміз – еліміздіѕ тиімді даму стратегиясыныѕ болуы тарға бағдарланған сотқа дейінгі іс жүргізу модельдері азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге, əділ соттың тиімділігін арттыруға жəне жалпы заңдылықты нығайтуға ықпал ететін болады. 2013 жылдан бастап мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия сын жаңарту жөніндегі жұмысы басталды. Өзіңізге белгілі, бұл – пісіпжетілген мəселе. Бұрындары қалыптасқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктері мен құралдары іс жүзінде өз ресурсын тауысқанын мойындаумыз керек. Сол себепті де бұл «тоқырау» осы салада елеулі табысқа қол жеткізген мемлекеттердің деңгейіне өтуге мүмкіндік бермейді. Рас, өткен жылдарда бұл бағытта айтарлықтай жұмыс істелді. Алайда, бізге бір орында тұрып қалмай, алға жылжу қажет. Ведомствоаралық жұмыс тобының деңгейінде ұсыныстардың толық дестесі əзірленді. Біз оларды арнайы шақырылған беделді халықаралық сарапшылармен бірге талқылаймыз. Бұл міндеттерді орындауға Президент бізге үстіміздегі жылдың шілде айына дейін уақыт беріп отыр. – Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық қауіпсіздік мəселелері көпшілік назарында дейсіз ғой. – Қоғамдық қауіпсіздік мəселелерінің көпшілік назарында болуы заңды да. Себебі, Қазақстан Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басқа мүдделеріне қарағанда, басым сипатта мойындайды. Қоғамдық қауіпсіздік дегеніміз не? Бұл, ең алдымен, қоғам мүшелері өмірінің, денсаулығы мен игілігінің шынайы жəне əлеуетті қауіпқатерлерден қорғалуының жай-күйі. Соңғы қауіп-қатерлер тізбесінде – мемлекет қоғамның қолдауына сүйене отырып күрес жүргізетін қылмыстылық, сыбайлас жемқорлық, лаңкестік жəне басқа да қауіпті құбылыстар бар. Мұнда, сондай-ақ, адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуде түрлі жүйелердің ұдайы əрі қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мəселелері де қарастырылған. Қорғалудың жай-күйі жеке тұлғаның деңгейін анықтауда негізгі параметр болып табылады. Атап айтқанда, əлеуетті қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау мен болдырмаудың маңыздылығы жоғары. Мəселен, Ресейде шетелдік жұмыс күшін пайдалану талаптарын күшейту мен өзге де елдердегі еңбек нарықтарындағы ахуалдың одан əрі нашарлауы салдарынан Қазақстанға сыртқы заңсыз көші-қонның күшеюін күтуге болады. Біртұтас экономикалық кеңістік құрып, елімізде ЭКСПО-2017 секілді ауқымды іс-шараны өткізу де бұл үдерісті үдететіні анық. Заңсыз иммиграцияның үлкен ағымы болған жерде экономиканың көлеңкелі секторы ұлғаяды, ал қылмыстылықтың əлеуметтік базасы болған жерде əлеуметтік шиеленіс күшейеді. Қоғамдық қауіпсіздік мəселелеріне биліктің орталық органдары тарапынан да, сонымен қатар, жергілікті органдары тарапынан да ерекше назар аударылуы қажет. Өйткені, бұл жерде көп жағдай осы жұмыстың өзара іс-қимылдағы жəне үйлестірудегі тиімділігімен тығыз байланысты. – Бұрын айтылғандарға оралсақ. Кейбір посткеңестік кезеңнен кейінгі мемлекеттерде (атап айтқанда, Ресей мен Украинада) еуропалық стандарттар бойынша əзірленген жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ҚІЖК) əлдеқашан қабылданған. Бірақ, сарапшылардың айтуынша, бəрі бірдей ойдағыдай бола алмаған. Кейбір нормалар жұмыс істемейтін болып шыққан, ал бас қаларын қолданған кезде қиындықтар туындаған. Жаңа ҚІЖК күшіне енгеннен кейін Қазақстан мұндай жағдайларға тап болмай ма? – ТМД-дағы əріптестерімізге қарағанда, біз басқа жолды таңдадық. Біріншіден, бұл мəселені кешенді түрде қолға алдық, яғни бірден төрт кодекстің (Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару жəне Əкімшілік құқық бұзушылық туралы) жобалары қатар əзірленді. Екіншіден, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы өткен жылдары құқық қорғау

3

www.egemen.kz

6 ақпан 2014 жыл

сыбайлас жемқорлық көп құрылымды əрі көп деңгейлі мазмұндағы əлеуметтік құбылыс болып табылады. Оны тек криминологиялық жоспар тұрғысынан қарастырмау керек. Сыбайлас жемқорлықты жүйелі талдау бағытында қолайлы анықтаманың əлі күнге дейін жоқ болуы бұл мəселенің қаншалықты күрделі екенін көрсетеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы елеулі нəтижелерге қол жеткізген əрбір ел бұған өз жолымен келгені осымен байланысты. Егер де бұл індетпен күрестің нақты түрлері мен əдістері туралы айтатын болсақ, онда бұл жерде əрі қызықты, əрі үлгі боларлық нəрселер көп. Мəселен, бүгінгі таңда Оңтүстік Африка Республикасында сыбайлас жемқорлық деңгейі кейбір Еуропа елдеріне қарағанда, төмен. ОАР бұл жетістікке мемлекеттік органдардың барынша ашықтығын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіп отыр. Интернеттехнологиялардың көмегімен «айқындылық мəдениетін» енгізу Корея Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі табыстылықтың маңызды факторы болды. Енді, міне, біз де құқық қорғау органдарына азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылаудың онлайн жүйесін енгізуді бастадық. – 2013 жылы жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей бағытталған тағы бір мемлекеттік бағдарлама əзірленіп, бекітілді. Мен діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бағдарламасы туралы айтып отырмын. – Бұл құжат Президент тапсырмасы бойынша əзірленді. Есіңізде болар, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялай отырып, Мемлекет басшысы халқымыздың мəдениеті мен таным-табиғатына жат экстремистік діни көзқарас тар дың таралуына байланысты ерекше алаңдаушылық білдірген болатын. Қазақстан өзінің тəуелсіз дамуының алғашқы күнінен бастап күшейтілген діни-дүниетанымдық экспансияның объектісіне айналды. Біз бүгінгі жаһандану заманында бұл үрдістің күшеюі мүмкіндігіне бейжай қарай алмаймыз. Оның үстіне, мұндай жайт Қазақстанға ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа, оның ішінде дамыған елдерге де тəн. Сондықтан Конституция нормаларын бұзатын адамдарға немқұрайды қарамауымыз керек. Мемлекетте экстремизм көрінісінің, соның ішінде, дін саласындағы көріністің алдын алу мен бейтараптандыру мүмкіндігі болуға тиіс. Ал мұны жасау экстремизм мен терроризмге қарсы əрекет етудің бағдарламалық мақсаттарын, міндеттерін жəне тетіктерін анықтамайынша, бір жүйеге келтірмейінше қиындық туғызады. Осы себептен де мемлекеттік бағдарлама əзірленді. – Журналистерде терроризм мен экстремизм көріністеріне байланысты тақырыптар мен оқиғаларды жариялауда қажетті тəжірибе жоқ. Сондықтан, түрлі айыптаулар мен сынпікірлер естіліп қалады. Сіз бұл жөнінде не айтар едіңіз? БАҚ-тың ұстанымы қандай болуы керек жəне олар не істей алады? – Экстремистік жəне лаңкестік ұйымдардың ақпарат саласындағы негізгі мақсаттарының бірі – БАҚ-та барынша

шамамен 5 мыңға жетеді). Осындай құрылымдардың қызметіне қатысы болған көптеген жас қазақстандықтар осы ақпараттық экспансияның құрбанына айналды. Халықаралық лаңкестік ұйымдар өздерінің қызметін ұлттық жəне діни факторлармен тығыз байланыстырады. Дін саласындағы қарама-қайшылықтар мен этностық алауыздық күшейген жерде, сырт жақ қолдау көрсететін қауіпті лаңкестік əрекеттері де арта түседі. Идеяны тек қана күш құрылымдарының көмегімен жеңуге əлі ешкімнің шамасы жеткен емес. Құқық қорғау жəне арнайы органдар қызметтерінің маңыздылығын жоққа шығармай-ақ, жеңіске жетудің анағұрлым тиімді əрі байыпты жолдары бар екенін естен шығармаған жөн, ол жол – экстремизм мен терроризм идеологиясының негіздерін күйрету. Бұл орайда, БАҚ жетекші рөл атқарады, ал ол үшін жүйелі, сауатты жəне нысаналы ақпараттық жұмыс қажет. Біз зайырлы əрі дінге төзімді модель құрдық. Қазақстанның этносаралық қарымқатынас саласындағы тəжірибесін бүкіл əлем мойындап отыр. Мұның бəрі – ұлттың ұлы игілігі, біздің мақсатымыз – оны сақтап, келер ұрпаққа жеткізу. – Мамандардың айтуынша, Қазақ елі орналасқан өңірдің ерекшелігі жаңғырту жолындағы зор сын-қатерлер мен байланысты болып отыр. Бұл, əсіресе, Үлкен Орта Шығыс деп аталатын проблемалардан, оның ішінде, Ауғанстанда жəне басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан ахуалдан байқалады. Жаппай жұмыссыздық, халықтың əл-ауқатының төмендеуі халықаралық экстремистік жəне террорлық ұйымдар ықпалының өсуі, ірі мемлекеттердің геосаяси мүдделерінің қақтығысуы, этносаралық шиеленістің күшеюі, дін саласының радикалдануы – яғни, осындай жайсыз сыртқы факторлардың бəрі Қазақстан үшін тез арада нақты қауіп-қатерлер болып өзгеруі əбден мүмкін. Біз бұған қалай қарсы тұра аламыз? – Өңірдің кей елдерінде халықтың 80%ға жуығы кедейліктің құрсауында өмір сүріп жатыр. Сол себепті де діни экстремизм мен əлеуметтік шиеленістер туындап жатса, оған еш таңданудың жөні жоқ. Бізді лаңкестіктің ұйымдасқан түрі, қарудың заңсыз айналымы, есірткі бизнесі, заңсыз көші-қон проблемалары қатты алаңдатады. Ауғанстандағы ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар, əлемдегі героиннің барлығы іс жүзінде сонда өнді ріледі. Ал Қазақстан – көптеген жаһан дық ойыншылар, оның ішінде, трансұлт тық қылмыстық қауымдастық мүдделерінің тоғысатын нүктесі. Сонымен қатар, халықаралық лаңкестік ұйымдар дəстүрлі емес діни ағымдарды өздерінің миссионерлері арқылы да жан-жақты таратып, жұмыстарын жандандыра түсуде. Бір сөзбен айтқанда, атқаратын жұмыс жеткілікті. Сондықтан бізге ұлттық жəне өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тетіктері мен құралдары керек. Ағымдағы жылы бұл мəселелер Қауіпсіздік Кеңесі деңгейінде, оның ведомствоаралық комиссияларында жəне сараптамалық топтарында талқыланатын болады. Жаһандық қауіпсіздік мəселелерінің өңірлену үрдісі айқын бола бастағандықтан, Қазақстан ҰҚШҰ мен ШЫҰ секілді өңірлік ұжымдық институттар перспективалары шеңберіндегі ынтымақтастықтарды арттыруға ерекше мəн беріп отыр. Көптеген жұмыстар Қарулы Күштерді нығайту үшін жасалуда. Қарулы Күштерді қазіргі заманғы қару-жарақтармен жəне техникамен жабдықтау, жоғары деңгейлі ұтқыр жəне жедел басқаруды қамтамасыз ету өте маңызды. Сондай-ақ, əскери мақсаттағы отандық жоғары технологиялық өнімдерді өндіру жолға қойылуда. Түрлі оқыс əрекеттерге жеке құрамның жауынгерлік дайындығы жеткілікті деуге де негіз бар. Тек 2013 жылдың өзінде ғана 90 оқу-жаттығу, оның ішінде халықаралық деңгейдегі «Дала қыраны», «Жауынгерлік ынтымақтастық» сияқты шаралар өткізілді. Ағымдағы жылы Қазақстанда Ауғанстаннан коалиция күштерінің шығарылуына байланысты пайда болуы ықтимал қатерлердің алдын

алуға бағытталған одақтық ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің оқужаттығулары өткізілетін болады. Қазіргі таңда, сонымен қатар, ұлттық қауіпсіздік жүйесінің маңызды буыны болып табылатын шекара қызметін реформалауға көп көңіл бөлінуде. Бұл бағытта тиісті іс-шаралар жоспарының кешені бар. 2013 жылы өткізілген шекарашылар мен олардың басшы құрамын аттестаттау үдерістері осы бағыттағы алғашқы қадам болып табылады. Мұның бəрі ықтимал сыртқы агрессияны болдырмау үшін ғана маңызды емес. Мұндай қауіп Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сара саясатының арқасында іс жүзінде жоққа шығарылған. Бұл, ең алдымен, экстремистік жəне террорлық ұйымдар өкілдерінің еліміздің аумағына кіруінің алдын алу мен жолын кесу үшін маңызды. Егер ондайлар шекарада көзі жойылатынын білетін болса, онда елімізде белсенді əрекет жасауға батылдары бара бермейді. «Қазақстан-2050» Стратегиясында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да жолдар белгіленген. Мəселен, оның бірі – Ауғанстанды саяси реттеу мен қалпына келтіру үдерістеріне қатысу. Президент ішкі өңіраралық интеграцияны Орталық Азиядағы ахуалды тұрақтандырудың ең жақсы тəсілі деп біледі. Экономикасы ең жылдам дамып отырған он елдің құрамына кіретін, ең дамыған мемлекеттердің қатарына енудің нақты жəне перспективалы стратегиясын іске асыра бастаған Қазақстан осы үдерістерге белсенді қатысудың барлық мүмкіндіктеріне ие. Бұл отандық бизнесті дамытудың тиімді бағыты да болып табылады. Көптеген мəселелер жақын арада Президенттің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 20142020 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасын іске асыру барысында шешілетін болады. – Сіз Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары туралы айтып өттіңіз. Олар не мақсатпен құрылған жəне немен айналысады? – 2013 жылы біз ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жүйесін жетілдіруге оң əсері бар жəне осы саланың өңірлік, сондайақ, жаһандық деңгейлерде жылдам өзгеретін ахуалдарға саяси бейімделуіне мүмкіндік беретін институттық, нормативтік құқықтық жəне ұйымдастырушылық шараларға ерекше назар аудардық. Мемлекет басшысының Өкімімен өткен жылдың қараша айында Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің негізгі мақсаттары мен бағыттарына сəйкес құрылған ведомствоаралық комиссиялар осындай жұмыстардың бір парасы болып табылады. Олар комиссия құзыретіне, яғни өздеріне қатысты мəселелер шеңберінде ағымдағы ахуалдарды кешенді талдаумен, ұлттық мүдделерді қозғайтын оқиғаларға жедел ден қою үшін шешімдер жобасын əзірлеумен, стратегиялық мəні бар құжаттарды сараптаумен айналысады. Бұған қоса, Қауіпсіздік Кеңесі жанында жеке адамның, қоғамның жəне мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең өзекті мəселелері бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар əзірлеу мақсатында құрылған Сараптамалық кеңес жұмыс істейді. Жақында өткен Сараптамалық кеңес отырысында біз киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелерін талқыладық. Қысқасы, тұрақты əрі кешенді мониторинг негізінде ұлттық қауіпсіздіктің нақты əрі ықтимал қатерлерін талдау жұмысымыздың басты бағыты болып қала бермек. Ол үшін мемлекеттегі барлық мүмкіндіктер қолданылатын болады. – Кезінде біздің ұлттық қауіпсіздік туралы заңымыз ТМД-да заң үлгісі ретінде қабылданды. Қазақстанның тағы да қандай жетістіктерін атай аласыз? – Ұлттық қауіпсіздік саласындағы біздің ең басты ерекшелігіміз – еліміздің тиімді даму стратегиясының болуы. Оны Елбасының көрегендігімен тікелей байланыстыру керек. Басты мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдарын дер кезінде анықтау елімізді түрлі дағдарыстардан сақтауға жəне оны тұрақты қарқынды даму орбитасына шығаруға мүмкіндік беріп келеді. Бұл – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бастапқы шарты. Қазақстан басшысының үлкен саяси əлеуеті халықаралық қарым-қатынастар саласында да, атап айтқанда, еуразиялық қауіпсіздік идеясын ілгерілету үдерісінде де айқын көрінеді. Президенттің беделі мен танымалдығы арқасында еліміз 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға басшылық етті. Осы ұйымның тарихында алғаш рет Астанада Саммитке қатысушы 56 ел Еуроатлантикалық қана емес, сондайақ, Еуразиялық қауіпсіздіктің жолын ұстанушы екендігін жария етті. Сонымен, жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үдерістерінің жаңа бастамасына негіз қаланды. Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қаруды таратпау бастамасының үлкен рөлін бəріміз де білеміз. Үстіміздегі жылғы наурыз айында Мемлекет басшысы Гаагадағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке қатысатын болады. Президент осы жылғы халыққа Жолдауында одан əрі дамудың негізі болатын құндылықтар ретінде ұлттық қауіпсіздікті ғана емес, сонымен қатар, еліміздің жалпыəлемдік жəне өңірлік проблемаларды шешуге қатысуын да атап өтті. Біз осы негізді нығайтуға тиіспіз. – Əңгімеңізге рахмет. Еліміздің қауіпсіздігі жолындағы жұмыстарыңыз жемісті болсын. Əңгімелескен Самат МҰСА, «Егемен Қазақстан».

 Тағзым

Азамат

Кеше Мəжіліс үйінде мемлекет жəне қоғам қайраткері, бірінші жəне екінші сайланған Қазақстан Парламенті Мəжілісінің депутаты болған Қаратай Тұрысовтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Еске алу сағаты» болып өтті. Палата бастамашы болған шараға парламентшілерден өзге мемлекет жəне қоғам қайраткерлері, Қ.Тұрысовтың шəкірттері мен жақын туыстары жəне ағамыздың асыл жары Əскергүл апай қатысты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Парламент үйінде мұндай еске алу шаралары жайшылықта өткі зіле бермейді. Ал бұл еске алудың орны бөлек. Елбасымен бірге тəуелсіздіктің іргетасын қаласқан абзал азамат əрқашанда ел жадынан өшпек емес. Сауытбек Абдрахмановтың құрастыруымен шыққан «Азамат» атты кітаптың алғысөзінде де Мемлекет басшысы тұлғаның табиғатын таныту үшін қазақтың «азамат» деген асыл сөзін ұтымды қолданған. «Ол шын мəнінде азамат еді. Қаратай Тұрысұлы өзінің кəсіби биік өресімен, ұйымдастырушылық тамаша талантымен, елім деген, жерім деген перзенттік жүрегімен, қоғамдық белсенділігімен елдігімізді еңселеткен ерлердің ортасынан ойып тұрып өз орнын иеленді, мемлекетіміздің мығымдануына іскер басшы ретінде де, экономист-ғалым ретінде де, дара бітімді депутат ретінде де ерекше еңбек сіңірді», дейді Нұрсұлтан Əбішұлы қадірлі азаматымыз туралы. Еске алуда қос палата төрағалары сөз алып, асыл азаматтың еліне еткен еңбегін жан-жақты баяндап берді. Мол білімі мен ерекше қабілетінің жəне батыл мінезінің арқасында Қаратай Тұрысов 29 жасынан лауазымды жұмыстарға араласты, деді Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин. Қай жерде жүрсе де абыро йы асқақ азамат құрметке бөленді. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы, Бүкіл одақтық кəсіподақтары Орталық кеңесінің хатшысы, екі рет Жоғарғы Кеңестің депутаты болды. Кеңестік кезеңде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 42-сессиясында Кеңестер Одағы атынан сөз алған қазақтың бірі де Қ.Тұрысов еді. Ал еліміз тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде Қаратай аға Елбасының сенімді серіктерінің бірі болғаны белгілі. Алғаш қы қи ыншылық кезеңдерде Пре зи дент сеніп тапсырған өте жауапты лауазымды қызметтерді абы рой мен атқара білген азамат екені де ел жадында. Жəне халқымызға, елімізге қажетті көпте ген заңдарды қабылдауға тіке лей ықпал етті. Олардың барлығы бүгінге дейін еліміздің өркендеуіне қызмет етіп келеді деуге болады. Қаратай Тұрысов Мəжілісте 9 жыл бойы Қаржы жəне бюджет комитетін басқарып, мемлекет бюджетінің ең қажетті салаларға жұмсалуына көңіл бөліп, əсіресе, əлеуметтік жағдайды көтеруге ерекше назар аударды. Қаратай Тұрысұлының қоғамдық өмірге де белсене араласып, шын мəніндегі мемлекет жəне қоғам қайраткері деңгейіне көтерілгендігі де сондықтан, деді Нұрлан Зайроллаұлы. Адамгершілігі биік кішіпейіл азамат, өзіндік көзқарасы бар бірегей тұлға, көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері, халқының ардақты ақсақалы, деп сөзін бастаған Сенат Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев айтулы тұлғаның жарқын бейнесін осылайша сомдап берді. Сондықтан да қазақ зиялы қауымының айтулы өкілі Қаратай Тұрысұлының өмірбаяны қазақстандықтарға, əсіресе, жастарға жақсы үлгі-өнеге болуға тиіс. Сенат Төрағасы сөзіне берік, ісіне мығым, кəсіби жəне ұйымдастырушылық қабілетімен дараланған абзал азамат ретінде Қара тай Тұрысовты бұрынғы

Одақ елдеріндегі аға буын өкілдері де ұмытпағанын тіліне тиек етті. Еңбекшілердің заңды мүдделерін қорғауға да белсенді араласқандықтан абзал азаматтың есімі кəсіподақ қызметінің шежі ресінде мəңгілікке қалды. Бүкілодақтық кəсіподақтың Орталық кеңесінің хатшысы кезінде Қаратай Тұрысұлы дамушы елдер кəсіподақтарымен байланысты жолға қойып, еңбекшілердің көкейкесті мəселелерін шешуге белсене атсалысқаны да мəлім. Қаратай Тұрысұлы қарапайым адамның мұң-мұқтажын əрдайым биік қоятын. Өмірлік тəжірибесі мол, кəсіби деңгейі өте жоғары, қоғамның беталысын терең меңгерген Қаратай ағамыз өзекті мəселелерді оңтайлы шешудің жолдарын да жақсы білді. Оның өмірінің басты мақсаты – өз халқының тыныс-тіршілігін жақсарта түсу еді. Қаратай Тұрысұлы талабы жоғары азаматтарға қамқорлық көрсетіп, дұрыс бағытқа жол сілтей білді, деп еске алды Қасым-Жомарт Кемелұлы. Бұл ретте Қаратай Тұрысовтың ғылым ға да айтарлықтай үлес қосқан қайраткер – академик, ғылым докторы екендігі атап көрсетілді. Сонымен қатар, еске алу шарасында Қаратай Тұрысовпен араласқан, жақын біліскен азаматтар да сөз алды. Мəжіліс Төра ға сының орынбасары Сергей Дьяченко кеңестік дəуірде Қиыр Шығыста Сахалиндегі балықшылардың басындағы жағдайды Қаратай Тұрысовтың арнайы комиссияны бастап барып, мəселені шешкенін ортаға салды. Абзал ағамыз өмірден талай ауыр соққылар алса да, қиындыққа еш мойымаған жан. Ал Мəжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов Парламент шаңырағында мемлекетке еңбегі сіңген Қаратай Тұрысов сынды тұлғаларды имандылықпен, парасаттылықпен жəне адами тұрғыдан еске алу ұтымды дəстүрдің қалыптасып келе жатқандығы деген тұрғыдағы ойымен бөлісті. Өз естелігінде депутат Жоғарғы Кеңесте орын алған бір жағдайды сөз етіп, жұртты бір ду күлдіріп те алды. Ол кез алғашқы нарықтық қарымқатынастардың орнаған кезі болса керек. Мінберге көтерілген Қаратай ағамыз нарықтық қарымқатынастардағы экономиканың тұрақтылығы тұрғысындағы баяндамасын 40 минут жасаған к ө р і н е д і . Б а я н да м а а я қ т а л а салысымен біреу тұра салып: «Қаратай Тұрысұлы, енді біз капиталист боламыз ба, ал еліміз капитализмге өте ме?» деп сұрақ берген ғой. Зал енді қанша уақыт түсіндіреді екен деп қарап қалған. Сонда ағамыз: «Мен қайдан білейін», деп дегбірі қашып отырған елді бір ду күлдіріпті. Міне, осындай естеліктерімен Сенат депутаты Александр Савченко мен Мəжілістің Қаржы жəне бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсова да бөлісті. Мəжілісте өтіп отырған бұл еске алу шарасы игі дəстүрге айналып жатса, өте орынды дер едік. Мұндай шара алдыңғы буынның еліңе сіңірген еңбегін ашып көрсете отырып, кейінгілерді еліне адал, халқына қорған болатындай етіп тəрбиелеуге негіз қалайтыны айтпаса да түсінікті. Ұрпақтар сабақтастығы тұрғысынан қарасақ, бұл шараның «үлкенге – құрмет, кішіге – ізет» қағидасын қалыптастыруда өзіндік тəрбиелік сипаты да бар екені күмəнсіз.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.