05092013

Page 5

5 қыркүйек 2013 жыл

Маусым айында Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасы инемен құдық қазғандай осы ғылымның ауырлығын арқалап жүрген тарихшылар үшін өте қадірлі жаңалық болды. Бұл тек тарихшылар үшін маңызды десек, тым тайыз айтқандық болар еді. Тарих – халқымыздың өткені ғана емес, рухани сусынын қандыратын түбі жоқ терең айдын, бет бейнесі дер едім. Осы баяндамасында Марат Мұхамбетқазыұлы «Нағыз ұлттық қадір-қасиет нағыз ұлттық тарихтан басталады» деп өте нақты əрі дұрыс тұжырымдады. Біз дүние жүзіне өзіміздің бай тарихымызды, көшпелілердің ерекше өркениеті болғандығын көрсетуіміз керек.

Тарих науќаншылдыќты сїймейді София ТӨРЕЖАНОВА,

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты.

Мемлекеттік дəрежеде көтерілген осы мəселені əрі қарай қалай дамыту керек? Халқымыздың, еліміздің тарихын жаңа көзқараспен зерделегенде алдымызда екі түрлі мақсатты көремін. Алдымен тарихтың дұрыс жазылуы, зерттелуі. Екіншіден, осы пəннің жас ұрпаққа дұрыс оқытылуы. Ғалымдар мен ұстаздарға жүктелетін осы екі міндеттің екеуі де жеңіл емес. Көп жылдардан бері қордаланып қалған проблемалар аз уақытта шешіле қалмайды. Тарихты дұрыс зерделеу мəселесін жүзеге асыруды науқандық сипатқа айналдыруға əсте болмайды. Себебі, тарихты зерттеу де, зерделеу де жылдам жасала қалмайды, ол уақытты қажет ететін үдеріс. Мен ғылым соңында жүрген кəсіби тарихшы əрі ұстаз болғандықтан осы мəселеге ашық пікірімді айтқым келеді. Тарихты зерттегенде, жазғанда оның əдіснамасына сүйену керек. Бұл тарих философиясынан бастау алады. Осы тұрғыда озық жұрттан үйренгеніміздің айыбы жоқ. Тарих əдіснамасы батыс елдерінде жақсы дамыған, бірақ ол бірден пайда бола қалған жоқ, ғасырлар бойы қалыптасты. Біз Кеңес Одағы кезіндегі тек архив құжаттарына ғана таңылып қалған қасаң əдістемеден шыға алмай келеміз. Еуропа елдерінде тарих философиясы мен əдіснамасы арқылы өткеннің шындығын жанжақты қарастырады. Бір өкініштісі, бізде тарих əдіснамасы, оның мамандары жоқ. Бүгін оған ұмтылыс қана бар. Тарих пəнін оқытуда да бағдарламаны асықпай, науқаншылдыққа ұрынбай жасаған дұрыс деп санар едім. Тарихты оқытуды жаңа көзқараспен зерделеу төменнен, мектептен бастау алса жемісін береді. Ол үшін алдымен оқулық сапалы жазылуы тиіс. Мектеп оқулықтарын академик қана емес, тарихшы ғалымдар əдіскермен бірігіп жазғанда ғана межелі биікті алар едік. Қазір баланың қабылдау мүмкіндігімен санаспайтын оқулықтар көп. Сонымен қатар, жоғары оқу орнына түсерде мектеп түлегі тарих пəнінен емтиханды тест арқылы емес, ауызша тапсырғаны дұрыс деп ойлаймын. Ол өзінің пікірін, ойын жеткізуі тиіс. Қазір балалар ойын жүйелеп жеткізуден қалып барады. Мектепте де, жоғары жəне арнаулы орта оқу орындарында да тарих пəнінің сағаты көбейгені дұрыс болар еді. Биылдан бастап Қазақстан тарихы кафедрасының оқыту бағдарламасына «Қазіргі Қазақстан аймағындағы дін тарихы», «Қазақстан аймағындағы ислам мəдениетінің тарихы» деген тақырыптар қосылып отыр. Оны оқытуға қосымша сағаттар берілмейді. Бұл тақырыптарды университеттерде жүретін дінтану сабағы да қамтыр еді. Біздің Қазақстан тарихы кафедрасы Хакасия мемлекеттік университетімен бірігіп жұмыс істеу туралы келісімшарт жасады. Мамыр айында «Дүниежүзілік тарихи үдерістегі Еуразиялық көшпелілер өркениетінің əдіснамалық проблемалары» атты online-конференция өткіздік. Өйткені, хакастармен біздің түбіміз бір. Бұрынғы тарихшылар көшпелілерде Еуропадағыдай мəдениет, өркениет болмады деп келді. Біз осы пікірге тойтарыс беруіміз, көшпелілердің ешкімге ұқсамайтын ерекше өркениетінің болғанын дəлелдей түсуіміз керек. Осы оқу жылында online-конференцияны жалғастыруды ойластырып отырмыз. Оған тек Хакасия ғана емес, Канаданың Калгари қаласы, Астана, Абакан, Қостанай қалаларындағы университеттер қатысатын болады. Біздің университеттің студенттері өткен оқу жылында түрлі бағдарламалардың арқасында Швециядағы, Словакиядағы университеттерде 8 ай бойы оқып келді. Олар сол елдің тарихын ғана емес, тарихты зерттеуді де үйренеді. Бұл да тарихты дұрыс тани білуге деген ұмтылыстың бір қыры деп білемін. Жастардың туған елдің, жердің тарихын білуі үшін барлық мүмкіндікті қарастырған мақұл. Тарихты білу адамның интеллектуалдық қарымын қатайтады, ой-өрісін кеңейтеді, бойында елдік, патриоттық сезімді қалыптастырады. Мұны халқымыз «өткенін білмеген адам, тамырсыз ағашпен тең» деп түйген ғой. Жас ұрпақ өз халқының, жерінің тарихын көңілге тоқыса, болашақ та бұлыңғыр тартпайды. ҚОСТАНАЙ.

www.egemen.kz

Бүгінгі ұрпағымыз алған азаттық, еліміз ие болған егемендік – халқымыз дың сан ғасырлар бойғы ежелгі арма ны. Оның жолында халықтың қаншама қаһарман ұлы қанын төкті, жанын қиды. Бодандықтан құтылу, бостандықтың туын тігу жолындағы халықтық қозғалыстар тарихында 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісінің өзіндік орнын, мəнін жоймайтын маңызы бар. Исатай Тайманов сол көтерілістің ұйымдастырушысы болса, Махамбет Өтемісов отты жырларымен, өршіл күйлерімен Алашты ерлікке үндеген ұраншысы. Өтемістің ұлы Махамбет батырдың атасы Құлмəлі əрі би, əрі батыр, суырыпсалма шешен болса, əкесі Өтеміс те Бөкей дəуіріндегі беделді билердің қатарында саналған. Осындай тектілер тұқымынан шыққан Махамбет те он жасынан өлең шығарып, турашылдығымен, аузын ашса отты жыр ақтарылар ақберен ақындығымен, ерен ержүректігімен ерекшеленген. Əлеуметтік əділетсіздікке төзбей, халықты теңдікке, өз билігін өзі алуға үндеп, көпті маңына топтастыра отырып, күреске шақырған дарынды қасиет иесі ретінде Махамбет бүкіл қазақтың ардақ тұтар арқалы да аруақты, айбынды да азатшыл арысына айналды. Махамбеттің бойындағы небір асыл қасиеттерді көре білген Жəңгір хан оны өз баласы Зұлқарнайынның тəрбиешісі, əрі сарай ақыны ретінде пайдалануды көздегені тарихтан белгілі. Бірақ ақын хан сарайында ұзақ тұра алмады. Халықтың қан жылаған ауыр тұрмысын өз көзімен көрген от ауызды, орақ тілді Махамбет пен хан арасы біртебірте ашылып, ақыры ақынның Исатай Тайманов қатарынан біржола орын алуына жеткізді. Махамбет сынды дауылпаз ақынның отты жырларын қилы заманның қиынқыстау өткелдерінен өткізіп, бұл дəуірге жеткізген мəңгі өшпес ерліктің иесі – Халел Досмұхамедұлы. Махамбеттің бірен-саран өлеңі қазан төңкерісіне дейін «Мұрат ақынның Ғұмарқазы оғылына айтқаны» (Қазан,1908ж.), «Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары, жиюы Ғабдолла Маштах» (бөкейлік) (Орынбор, 1912ж.) секілді кітаптарда жарияланған екен. Ал ел арасында белгілі ақындар аузындағы Махамбет жырларын хатқа түсіріп, жүйелеуші, жинап бастырушы – профессор Халел Досмұхамедұлы. Оны біз Х.Досмұхамедұлының Ташкентте 1925 жылы шыққан «Махамбет жырларының тұңғыш басылымы» деген ескертпесі бар «Исатай-Махамбет» жинағы 1991 жылы баспадан қайта шыққанда білдік. Кітапта Исатай-Махамбет бастаған бас көтерудің ащы шындығы, оның отаршылдық бұғауына шыдамай толқыған халықтың, ұлттың көтерілісі екені ашық айтылған. «Исатайдың көтерілісі халықтың көзін ашып, патша өкіметін танытты, патша өкіметіне сүйенген хандардың, сұлтандардың қазаққа нағыз дұшпан екенін ашық көрсетті», деп жазады Халел Досмұхамедұлы. Сондай-ақ, ақын өлеңдерін ауызекі жеткізуде Махамбет қаза тапқанда үш жастағы Қараойдан күндік жердегі ауылда өскен құйма құлақ, төкпе жырау Мұрат Мөңкеұлының, Ығылман Шөрековтің де еңбегі зор. Біз осы жолдарды жаза отырып, Махамбет жайлы жазылған талай-талай поэзиялық, прозалық, драмалық шығармаларды былай қойғанда əрісі Халел Досмұхамедұлының, берісі Əбіш Кекілбайұлының «Шандоз», Əнес Сарай дың «Исатай мен Махамбет» кітап тарындағы жазылған деректі, дəйекті жайларды қайталауды да, жаңғыртуды да мақсат тұтқан жоқпыз. Соңғысы біздің қолдан келмесін де жасырмаймыз. Біздің айтпағымыз «...Еділ менен Дендерден, Сағыз бенен Жемдерден, онан да талып өткен ер...», ақберен ақындықтың, ерен ерлік пен кемел кісіліктің үлгісін көрсеткен Махамбеттің исі қазақ үшін ортақ болумен қатар индерліктерге етене жақындығын да көрсету. Ақын Махамбеттің талай-талай ақиық асқақ жырлары осы өңірде өмірге келіп, күйші, композитор Махамбеттің күйлері күмбірледі, батыр Махамбет тұлпарының тұяқ ізі қалды. Ол ол ма, мəңгілікке өзі қалды осында. Махаң бейітінің басында тұрып, ақын Берқайыр Аманшин «анау күн, мынау ауа сен демалған, бүгінде аймалады бізді беттен» деп айтқанындай, осынау бетегелі, жусанды жазық, шежіре дала, анау күн соның бəрін көріп қалды. Иə, көріп қалды. Олар сонау 1846 жылдың сұрғылт күзіндегі сұрқай оқиғаны біледі. Сол бір күні Қараой аспанын қара бұлт қаптап, қара құзғын қалықтады, қатыгез қарақшы қолын қанға малды. Дəл осында, өз отының басында қас дұшпаны бабаның басын шапты. «Жайықтың бойы көк шалғын, Күзерміз де жайлармыз, Күмісті сынды күреңді, Күдірейтіп күнде байлармыз...» деп алдына мақсат қойған Махамбет дегеніне жете алмады. «Айналайын Ақжайық, ат салмай өтер күн қайда...» деп арманда кетті.

МАХАМБЕТ: белгілі, беймəлім беттер

Бабаның осыдан кейінгі екінші өмірі ауданмен тікелей байланысты. Өйткені, Махаңның қаны тамған, оны мəңгілікке қойнына алып жатқан Қараой жазығы Индер ауданының аумағында, оның орталығы – Индербор кентінің шығысында қырық бес шақырым жерде. Сондықтан аудан жұртшылығы Махамбет есімін ерекше қастерлейді, оның шығармашылығын насихаттауды одан əрі жетілдіре түсуді абзал да абыройлы борыш санайды. Ендігі əңгіме бабаның жерленген жері жөнінде. Осыған байланысты ұзақ жыл аудандық партия комитетінің аппаратында жұмыс істеген Жексен Бахитовтың аудандық «Дендер» газетінің 1995 жылғы 29 қыркүйектегі нөмірінде «Баба қабірі қалай табылды», деген көлемді мақаласы шықты. Ақтөбе қаласында болған онкүндік семинардан келіп, əдеттегідей аупарткомның бірінші хатшысы Жұмаш Өтеғалиевке кірсем, амандық-саулықтан кейін: «Махамбеттің бейіті табылатын болды, естідің бе?» деді. Содан кейін хатшы мəн-жайды түгел баяндайды. 1913 жылы Қарабау ауылынан келе жатып, əкесі алты жасар Құрақ атты балаға «күндердің күнінде керек болар» деп Махамбеттің бейітін көрсетіп, құран оқып, дұға етіп, белгі үшін бас жағына қамшының сабын тығып кетеді. Осы жайды Құрақ Бектұрғанов Кулагино (қазір Есбол) селосында тұратын ертеден білетін, жолы түскенде қатынасып, қалдесіп тұратын руласы Құспан Есбосыновтың үйінде отырып əңгімелейді. Бұл хабардың құндылығын жете түсінген, оның ешкімді бейжай қалдырмасын жақсы білген Құспан аудан басшылығын хабардар етеді. Республиканың батыс өңірін аралап жүрген ғалым Қажым Жұмалиев пен ақын Тайыр Жароков Қ.Бектұрғановтың

хабарын газет арқылы біліп, облыс басшылығына ұсыныс жасапты. Содан кейін қолға алынып, 1959 жылдың күзінде Махамбет бейітіне ескерткіш белгі қойылды. Махамбеттің суреті салынып, бір шумақ өлеңі жазылған ескерткіш-белгіні (суретте) қолы шебер қарапайым құрылысшы жігіт А.Новиков жасады. Белгіні қысқа мерзімде жасап, орнына қою сияқты аса маңызды қызметті ауаткомның төрағасы Зинолла Ғұмаров бастаған Дошу Шененов, Ғилымғали Сайханов, Аташ Досалиев, Өтеп Құсниденов сынды басшы азаматтар мұқият атқаруға атсалысқан. Құрақ Бектұрғановтың айтқанды ұмытпайтын, көргенді айнытпайтын зеректігі, зерделілігі үшін жұртшылық мың алғыс сезімін білдіреді. Дегенмен, ол бейітті тауып, əкесі қойған белгіні танығанымен «дəл сол жерде Махамбет сүйегі жатыр ма екен», деген дүдəмал ой кейбіреулердің көңілінде жүргені жасырын еместі. Сөйтіп, бұл жайды анықтау да қолға алынды. Жексен Бахитов жоғарыда келтірілген «Баба қабірі қалай табылды?» деген мақаласында бұған кеңінен тоқталған. «1966 жылдың жаз айы. Аупартком ның бірінші хатшысы Жəрдем Кенжетаевтың кабинетінде бөгде екі адам отырды, – деп жазады ол. – Хатшы маған оларды таныстырды. «Махамбет бейітін қазуға барасыңдар, бір жеңіл машина тап, кісілерді ірікте. Орындалуын маған айт», – деді. Сонда Ноэль Шаяхметов «Обстоятельство гибели Махамбета Утемисова» деген құжатты дауыстап оқып берді. Қазғанда сүйектің Махамбеттікі ме, əлде, басқанікі ме, бірден танылатын болды. Бас сүйектің қалай шабылғаны, бастың өзінде қылыштың неше таңбасы барлығы, көлемі қандай – бəрі айтылған. Одан əрі ол өзімен бірге бейітті

қазуға ауатком төрағасының орынбасары Қайырғали Төленбаев, ке ніштің партком хатшысы Хамит Нұрманов, облыстық мұражай директоры С.Бисеновтің қатысқанын, жалпы басшылықты антрополог ғалым Ноэль Шаяхметов жасағанын, тіпті топырақты аршудың көбін өзі атқарғанын жазады. – Сөйтіп, қазуға кірісіп кеттік, – дейді Жексен Бахитов одан əрі – көңіл қобалжулы. – Қабір құбыладан гөрі түстікке қарай бағыт алып қазылған деуге боларлық. Бұл бір жақсы нышан болды. Бұл арада бұрын бейіт болмаған. Қаза тапқан ақынды інісі мен əйелі асығыс көмгенде, қазанның жиырмаларында күн қысқарып, қараңғылық түсе бастаған кезде құбыланы осылай бағдарлағандық деп ойладық. Азғантай уақыттан соң, ойып жасалған сықырлауықтың бөлегі шықты. Бұл бізді тіптен қуантты. Базаршыларды аз жүкпен күтіп қалған жалғыз үйде жандаманың бетін жабатын қарағай таптыра ма, оны сықырлауықпен жапқан деп топшыладық. Енді сəлден кейін күрек қатты нəрсеге шық ете тиді. Н.Шаяхметов өзі қазып, басты шығарып алды. Бас кеуденің орта тұсында, етбетінен аяқ жағына қарап жатыр екен. Құжатта айтылған таңбаның бəрі бар. Сүйек түгел қазып алынды. Н.Шаяхметов асықпай түгел жинап, сүртіп əбден тазалап, қағаз жəшікке салды. Қабірді ашуды дəлірек жазып отырғаным, бұл өте маңызды жұмыс деп ойлаймын. Атақты адамның сүйегін 120 жылдан кейін ашып көру, болған қайғылы оқиғаның ізін бағдарлау, ал көргенді дəл сол күйінде айтып беру бүгінгі күні баршаға керек, деп ұқтым. Сөйтіп, антрополог ғалым сүйекті Алматыға алып кетті. Герасимов əдісімен оның Махамбет Өтемісұлының сүйегі екені дəлелденгені туралы хабар да жетіп жатты. Бірақ, сүйек орнына əкеліне қоймады. Жоғары билікте Махамбетті қайта жерлеуге байланысты əртүрлі ұсыныс айтылып, бір тоқтамға келгенше, он жеті жыл өтіп, ақырында бұрынғы орнына жерлеу жөн делінген. Махамбет Өтемісұлын Қараойдағы орнына қайта жерлеу 1983 жылы 15 мамырда жүзеге асты. Шараға ауданның барлық елді мекендерінен, еңбек ұжымдарынан, мекемелер мен мектептерден, көршілес облыс пен аудандардан көп адам қатынасып, ақын өмірі жайлы баяндама оқылып, оннан астам киіз үй тігіліп, қазан көтерілді, ас берілді, концерт қойылды. Сонда ақын есімін ұлықтау, шығармашылығын насихаттау бағытында тұрақты шаралар өткізу жөнінде келісілді. Соған сəйкес жылма-жыл 15 мамырда Махамбет поэзиясының күні өткізілетін болды. Аудандық мұражайда ақынға арналып бұрыш ашылды. Батыр есіміндегі жүлде үшін жасөспірімдер арасында еркін күрестен қалааралық жарыс өткізу өмірге енді. Аудандық газет редакциясындағы əдеби бірлестікке ақын есімі беріліп, «Дендер» газетінде жарияланған жылдың ең үздік материалдарына Махамбет атындағы сыйлық берілетін болды. Махамбет күйлерін үйреніп, облыс сахнасына ең бірінші шығарған да индерлік өнерпаздар. Ауданда Махамбет есімінде мектеп, Индерборда үлкен көше бар. 1995 жылы Маңғыстаудың ұлутасынан Қараойда Махамбеттің биіктігі 12 метрлік мазары тұрғызылды. М.Өтемісұлы поэзиясының күнінде оның жырлары жатқа айтылады, жергілікті талапкерлердің Махамбетке арнаған өлеңдері оқылады. Шара Қараойға келіп, баба рухына арнап дұға

5

оқып, тағзым етуден басталады. 1986 жылы кезекті Махамбет поэзиясының күнінде Нұрғиса Тілендиев бастаған «Отырар сазы» оркестрі қатысып, ашық аспан астында, кең дала төсінде көрген, естіген адамның есінен кетпестей тамаша концерт берген. Əсіресе, Нұрғисаның «Махамбет» күйі ерекше шабытпен орындалып еді. ХХ ғасырда Махамбетке көп көңіл бөлінбеді десек, құлаққа жағымсыздау естілгенімен асы ра айтқандық болмайды. Ақын, ба тыр, күйші ретінде танылған М.Өте міс ұлының бірдебір рет мерейтойы республикалық деңгейде атап өтілмесе, олай демеске амал қайсы. Жалпы, Махамбет сынды тарихи тұлғаға байланысты шараларды бір ғана ауданның еншісіне қалдырып қою жөн емес демекпіз. Қысқа жіптің күрмеуге келмеуінен Қараойда келіпкетушілер үшін үй тұрғызу, батыр құдығын жабдықтау, Индербор мен Қараой арасындағы жолды қалыпқа келтіру, оның өн бойына ақын өлеңдерін тасқа ойып жазып, қондыру сияқты, тəп-тəуір шаралар жоспарланғанымен жүзеге аспастан қалды. Махамбет Өтемісұлы – халықтың азаттығы мен теңдігі жолында қылыштың ұшымен де, азаткер, асқақ жырының күшімен де қызмет еткен қайраткер. Өзі арман еткен ақ жолда қанын төгіп, жанын пида еткен халқымыздың біртуар арыстай ұлы, ақберен ақыны, ержүрек батыры Махамбетке қандай құрмет көрсетсек те көптік етпес еді. 2003 жылы ақынның 200 жылдығы мемлекет пен қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ақынжазушылардың Қараойдағы шараға белсенді қатысуымен əсерлі, мазмұнды өтті. Ақынның 210 жылдығына орай байытылса, көлемі кеңейтіле түссе, Абайы ортақ, Жамбылы ортақ қазақтың Махамбеті де ортақ екені іс жүзінде дəлелдене түссе деген тілек көпшілік назарына ұсынғандағы мақсаттың негізгі тіні. Бұған байланысты қолында билігі, қоржынында қаржысы барлар бірлесе қолдап, қоғамдаса қолға алса деген тілек бар. Бір кезде құрылды деген Махамбет қорынан да хабар-ошар жоқ болып кетті. Тағы бір жайды қаперге бергенді жөн көріп отырмыз. Белгілі жазушы, ғалым Мұхтар Мағауин басқарған редакциялық алқа шығарған «Бес ғасыр жырлайды» жинағында былай деп жазылған: «Ақынның (Махамбеттің – Е.К.) зираты қазіргі Гурьев облысының Махамбет ауданындағы Қараой деген жерде». Осындай мəтінді үш-төрт жыл бұрын шамасында оқулықтан да оқығанымыз бар. Хрущев кезеңінің асығыс шараларының бірінде 1962-1965 жылдар аралығында көршілес Есбол жəне Бақсай аудандары біріктіріліп, оған Махамбет аты берілгені бар. Жоғарыда келтірілген мəлімет сол кезде алынып, жазылған болуы керек. Бірақ, Индер (бұрынғы Есбол) ауданы шаңырағын өз алдына қайта көтергелі де елу жылға жуықтады. Қараой бұрынғыша осы ауданның аумағында. Ендеше жоғарыдағы деректі жөнге келтіретін уақыт жетті. «Атамұра» баспасынан 2012 жылы шыққан 8-сыныпқа арналған «Қазақстан тарихы» (авторлары З.Қабылдинов, А.Қайыпбаева) оқулы ғында Ма хамбеттің өмірдерегі «1804-1846 ж.ж» деп келтірілген. Ал соңғы деректер бойынша ақын 1803 жылы туған делініп, 2003 жылы оның екі ғасырлық мерейтойы рес пуб ликада аталып өтті. Бұл неге ескерілмеген? М.Өтемісұлына қатысты жайда жаңсақтық жібергеннің жөні жоқ. Ал біз болсақ, мұны көре тұра үндемей қала алмадық. Ерсайын КӨШЕК, Қазақстанның құрметті журналисі, зейнеткер. Атырау облысы. –––––––––––––––––––––– Суреттерде: 1. М.Қалимов, «ИсатайМахамбет көтерілісі». 2. Махамбетке 1959 жылы қойылған ескерткіш-белгі. Гүл қойып тұрған Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов (1970 ж.).


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.