Бїгінгі нґмірде:
№24 (28248) 5 АҚПАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Елбасы ќабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
Ə.Исекешев Мемлекет басшысы на министрліктің 2013 жылғы жұмыс қорытындылары, соның ішінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жəне Индустрияландыру картасының жобалары, сондай-ақ, биылғы жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. Атап айтқанда, Ə.Исекешев өнеркəсіптің арқаулық салаларының өсу қарқыны, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру жəне индустрияландыру аясында бизнесті қолдаудың негізгі шаралары жайлы хабардар етті. Қазақстан Президенті өнеркəсіпті, электр энергетикасын, арнайы экономикалық аймақтарды одан əрі дамытуды, сондайақ, шетелдік инвестициялар тартуды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев Үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы жобасының инновациялық қамтылуын ескере отырып, сапалы əзірлеудің маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Стратегиядан туындайтын міндеттер Аќтауда ґткен актив жиыныныѕ басты таќырыбына айналды Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».
Ел арасында жиі жүретіндіктен соң пікірлерге де қанықпыз. Жұртшылық биылғы Жолдаудың жылдағылардан ерекше болғандығын айтуда. Олар Жолдаудың кең айтылып, тез таралуын халыққа жағымды естіліп, оңтайлы келген тұстары аз емес екендігімен түсіндіреді жəне өз кезектерінде пікірлерін айтудан қалыс қалмауда. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұнайлы өлкеге кешегі сапары дəл осындай кезеңмен тұспа-тұс келді. Төраға Мем лекет басшысының «Қазақ стан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын ха лыққа түсіндіру мақсатындағы са парын Ақтау қаласында облыс ак тивімен кездесумен бастады. Ал ғашқы сөзді алған аймақ басшысы Алик Айдарбаев астаналық делегацияға Маңғыстау өңірінің əлеуметтікэкономикалық даму ырғағы мен Елбасы Жолдауын насихаттау, түсіндіру бағытында жасалып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті.
Жолдау жайлы ауқымды баяндама жасаған Қ.Тоқаев: – Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Елбасы жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы жүзеге асырыла бастады. Биылғы Жолдау осы Стратегияның басты мақсаты – əлемнің дамыған 30 елінің қатарына кірудің нақты жоспарын жан-жақты баяндап берді. Бұл санатқа енуіміз үшін біз жаһандық бəсекеге төтеп беруіміз керек. Елімізде табысқа жетудің алғышарттары толығымен қалыптасқан. Еліміздің даму деңгейі əлемдегі оң үрдістердің беталысымен толық сəйкес келеді, – деп күллі қазақстандықтарды ұйыстырып, алыс болашаққа бастайтын «Мəңгілік Ел» идеясына тоқталды. Сенат Төрағасының айтуынша, Мəңгілік Елге айналу үшін əрбір қазақстандық тынбай, нəтижелі еңбек етуі қажет. Таяудағы 15 жылда ғылымға негізделген экономиканы қалыптастыру арқылы Қазақстанның тұрақты дамуы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл міндет шын мəнісінде инновациялық сипатқа ие, өйткені, ол еліміздің индустриялық жағынан дамыған əлемге кіруін көздейді. (Соңы 2-бетте).
Кїн тəртібінде – Елбасы Жолдауын тїсіндіру мен насихаттау
Мəжіліс депутаттары ақпан айының 6-сы мен 15-і аралығында еліміз аймақтарында болып, Елбасының «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын түсіндіру, насихаттау жұмысына кіріспек.
Таєайындау
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Шораұлы Сарыбай Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен «Кардиохирургия ұлттық ғылыми орталығы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Махаббат Сансызбайқызы Бекбосынова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметіне тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Шораұлы Сарыбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.
Кґгілдір отын ќымбаттай ма?
Тұрғындар үшін газдың бағасы күрт қымбаттамайды. Бұл жөнінде кеше Үкімет отырысында айтылды. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Газ қазіргі таңда халықтың тіршілік көзіне айналғаны рас. Тіпті кейбір елді мекендерде көгілдір отынсыз күнкөрісті елестетудің өзі қиын. Астана маңына əзірге жете қоймағаны болмаса, ел халқының көбі осы газдың арқасында ғана тұрмысын түзеп отыр. Сол себепті де халық үшін оның бағасы қашанда маңызды мəселе. Əрине, ел Үкіметі газ құнын барынша тұрақты ұстауға тырысып жатыр. Соның нəтижесінде баға күрт көтерілмейді деп отыр. Десек те, алдағы мамырда қандай да бір өзгерістер болуы мүмкін.
Алайда, Үкімет мүшелері ол өзгеріс оң сипатта болады деп болжауда. Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында дəл осы газ ба ғасын қалыптастыру мəселесі талқыланған болатын. Онда баян дама жасаған Мұнай жəне газ министрі Ұзақбай Қарабалин мен Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов келтірген дəйектер алда газдың бағасы тұрғындар үшін тұрақты болатынын көрсетті.
Елдік мінбері
Ўлтты ўйытар ўлаєат
Елбасыныѕ «Жылдар мен ойлар» атты пайымдары хаќында Алдан СМАЙЫЛ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.
«Ауыр ойды көтеріп ауырған жан» деп өз бейнесін өзі жасап кеткен абыз Абай: «Қуаты күшті нұрлы сөз, қуатын білген абайлар», деген ғой. Ал сөз төркіні – ой. Адам жайлы, заман мен қоғам жайлы, ұлттар мен ұлыстар жайлы сөз көбейген ғасырда тарихтың тəлімінен сауып айтылған, дау туғызбай тауып айтылған ойды іздейсің. Жұрт аңсаған зəуір ой, көкейге қонған тəуір ой, адам мен адамды, ел мен елді табыстырған бауыр ой табыла бермейді. Осы күні аузы бардың бəрі ұшқыр, талғап, таңдап жатпайды, жүрекке зілдей ауыр ойларды, ерқашты болған жауыр ойларды шулатады келіп, тулатады келіп. Желдей ескен желмая заманда зерделі жұрттың бəрі адамзат өркениетінің аламанына өнері мен өнегесін үкілеп қосып, бағын жандырудың қамымен жүргенде, бізге керегі қату ой емес, ұлт болып ұйыстыратын тату ой дейсің оларға. Ал «Таңғы асты тəңірден» тілеп, арқаны кеңге салудан арыла қоймаған елінің сол бəйгеде олжалы болуын тілеген тұлғасы айнала елдің жігерін ұштап, намысын қайраумен-ақ келеді. Алты Алашын жаһанмен жарастыратын жаңа ойды, заманның тілін тапқан дана ойды айтумен-ақ келеді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар» атты жинағы осындай тағылымды толғаныстарға толы. Белгілі ғалым, қоғам қайраткері Махмұт Қасымбековтің жетекшілігімен жарық көрген осы құнды еңбектегі Президент пайымдары көсемсөзге ертеден көлдей ежелгі ұлттың ұлағатымен астасып жатыр. Асылында еңселі ойдың тамыры, тағдырлы ойдың толғағы бір болмақ. «Қазақтың бəрі – бір-біріне ағайын» десе, қарға тамырлы қазақтың еншісі бөлінбегенін, іргесі сөгілмегенін қалағаны. «Үдеудің сыры – бірлікте, жүдеудің сыры – алауыздықта» десе, қалың ел əлімсақтан зəру ынтымаққа ұйытқаны. «Біздің бабаларымыз тірі болуы үшін бір болған, енді біз ірі болу үшін бір болуымыз керек» десе, алыс-берісі жиілеген жаһанда қапталдағы жай қазақ емес, қатардағы қабырғалы қазаққа айналуға шақырғаны. Тарихты қозғаса, дəуірлердің сырын тарата білген, бүгінді қозғаса, алыс-жақынды аузына қарата білген қазақ асылының толғауы тоқсан, ой-байламдары шыншыл əрі сыншыл. Президентше толғансақ: «Дауы таусылмайтын елдің – жауы таусылмайды». Рас қой. «Ғасырлар бойы бірде еркіндікке, бірде ездікке тартып келген екі мінез бүгінде бойымызда бар. Жақсы жағын ойдағыдай жалғастырып сезіне алмадық. Жаман жағынан біржолата безіне алмадық». Шындық қой. «Еңсесі биік елдікке есі кеткен топырақ шашады». Анық қой. Осындайда өзіңнен өзің сұрайсың: – Осы біз бұрынғы даналардың, кейінгі абзалдардың ақылғибратын қаншалықты ұғынып, қаншалықты ұстанып жүрміз? Жөн сөзді жүгіре тыңдайтын, жүгенсіз сөзге өліп-өше жаздайтын ағайын желөкпеліктен қашан айығады? Алқынған ақылды жұлқынып айтушы неге көп, келісті кеңесті құлшынып тыңдаушы неге аз? Осы қазақ өзгеге айтқан ақылын өзі орындаса,
Оймақтай ой Даналық – тəжірибе жемісі.
Леонардо да Винчи.
(Соңы 2-бетте).
Тіл саясатына тыѕєылыќтылыќ ќажет Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекеттік тіл саясатын одан əрі жетілдіру жөніндегі комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиналысында Мəжіліс Төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин мəлім етті. Жиын барысында нұротандықмəжілісмендер алдағы жұмыс жоспарын қарап, бекітті. Халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен, шағын жəне орта бизнес өкілдерімен кездесіп, əлеуметтік нысандарды аралайды. Депутаттар ұзақмерзімді «Қазақстан-2050» Стратегиясын негізге ала отырып, еліміз дамуының басым бағыттарын белгілеген Жолдаудың мақсаттары мен міндеттері жайында кеңінен əңгімелейді. Бұл ретте аталған стратегиялық
құжатты құқықтық қамтамасыз ету бойынша заң шығармашылық жұмысына баса назар аударылмақ. Сондай-ақ, осы уақытқа дейін қабылданған жəне қазіргі уақытта қарауға алынған заңнамалық актілерге де баса назар аударылады. Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, Президентіміз еліміз алдында үлкен мүм кіндіктерге жол ашып отыр. Оны жүзеге асыруға əрбір қазақстандық белсене араласуға тиіс. Мəжіліс спикері насихат жұмысы барысында облыс, аудан орталықтарымен қатар, шалғайдағы елді мекендерді де қамту маңызды екенін қадап айтты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Отырысқа «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, орталық атқару органдарының басшылары, Парламент депутаттары, лингвист-ғалымдар қатысты. Комиссия мүшелері мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру тиімділігіне талдау жасау мəселелерін талқылады, сондайақ мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, қазақстандықтардың тіл мəдениеті деңгейін арттыру, лингвистикалық капиталды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мəселелерін талқылады. Сонымен бірге, комиссияның 2014 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Отырыста «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек, Мəдениет жəне ақпарат министрі М.Құл-Мұхамед, Білім жəне ғылым министрі А.Сəрінжіпов сөз сөйледі.
Мемлекеттік тілді дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Тіл саясаты мəселесі бүкіл қоғамға жəне бүтіндей алғанда, біздің еліміздің болашағына қатысты, деп атап өтті өз сөзінде Б.Байбек. Басқосуда Мəдениет жəне ақпарат министрі тілдердің қызмет істеуі мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші сатысының орындалу қорытындылары туралы хабарлады. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарында қазақ мектептеріндегі оқушылар саны 900 мыңнан сəл ғана асатын, қазір бұл сан 1,7 млн. оқушыға дейін өсті. Тəуел сіздік жылдары ішінде қазақ тілінде оқытатын 1000нан асатын мектеп салынды, деді М.Құл-Мұхамед. Сондайақ, министр қазіргі уақытта мемлекеттік органдардың ісқа ғаздарын қазақ тіліне
Отыздыќќа ену жоспары – елдігімізді сынар емтихан 4-5-беттер Адамзат алдындаєы алапат асулар 7-бет «Елес ќуєан сайыпќыран» 8-бет Сочи Олимпиадасы – їйіѕіздіѕ тґрінде! 10-бет
көшіру жəне əдістемелік базаны нығайту жөнінде белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органдардың 70 пайыздан астамы ісқағаздарын қазақ тілінде жүргізеді, 1 млн.-нан астам дана сөздіктер шығарылды, деді М.ҚұлМұхамед. Отырыс қорытындысында С.Ахметов мемлекеттік тілді дамытудың Мемлекет басшысының айрықша бақылауында тұрғанын атап көрсетті. Үкімет, «Нұр Отан» партиясы, Парламент депутаттары бəрі бірігіп, мемлекеттік тілдің қызмет істеуі мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етуі тиіс, деп атап өтті С.Ахметов. Оның сыртында ПремьерМинистр құзырлы органдарға мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың тиімділігін одан əрі арттыру жөнінде нақты ұсыныстар білдіру жөнінде тапсырма берді.
баяғыда-ақ жаһанның жампоз жұртына айналар еді ғой. Сөзге тұлпар ағайын іске неге шабан? Абайға: «Адам деген даңқым бар, адам қылмас халқым бар», дегізіп қабырғасын қайыстырған жұрт оңалды ма? Біз ғасырдан ғасыр асырып озып келеміз бе, қапталдағылардан озық келеміз бе, əлде... Ұлт болып ұйысып, ел болып еңселену үшін не кедергі, не зəру? Қайыруы қиын осынау тағдырлы ойлар Елбасын ұдайы толғандыратынын көкейді тескен сауалды ойдан да, амалын айтқан зауалды ойдан да көреміз. Халқының бүгіні мен ертеңіне алаңдаған Президент заманға сай амалың, амалыңа сай айбының болуы керектігін ескерте отырып, шауып шыңға, құйғытып қырға шығу үшін ең алдымен ынтымақ қажет екендігіне айрықша мəн береді. Зер салайық. «Ауызбіршілік жоқ жерде ешқашан да ұлттық идеялар жүзеге асқан емес», – дейді Президент. Қиын тарихымыз талай рет дəлелдеген ақиқат осы емес пе?! Анығында ұлттық идеяның төресі – ұлттық тұтастық. Айналасына алғаш рет аң-таң қараған баладан, бұл өмірге таңданудан қалған қарияға дейін сүттей ұйытатын шындық бұл. Сол шындықты Нұрсұлтан Əбішұлы əр жылдарда тереңдете берген, ширықтыра берген. «Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес, ала алған емес, қазақ əлсіресе – алауыздықтан əлсіреген, күшейсе – бірліктен күшейген» дейді. Ынтымақпен ұйыса жүріп жаңа ғасырда жаңа сапада тұлғалануға тиіс екенімізді қайта-қайта ескертеді. «Ұлттық рух, ұлттық қасиет жəне ұлтқа деген сенім керектігін», «Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алатынын» ұқтырумен болады. (Соңы 3-бетте).
Білек тїре, бірлесе жўмылайыќ, ќанеки! Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мені өзінің стратегиялық ойлау тереңдігімен, алға қойылған мақсаттардың айқындығымен, ауқымдылығымен жəне дер кезінде айтылуымен айрықша толғандырды. Болат ШӘКІМОВ,
«Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы, Бүкілресейлік «Дәстүр» әдеби сыйлығының лауреаты.
Елбасының əрбір Жолдауы дамудың белгілі бір кезеңінде біздің қоғамның алдына өз мүмкіндігімізге сай əрі уақытпен мейлінше үндес міндеттер қойып келеді. Сонымен бірге, жыл сайынғы жолдауларда қойылған ел дамуының нысаналы межелері артығымен алынып та отырғанын айтуымыз керек. Айталық, көпшілігіміз 2005 жылы Қазақстанның əлемнің неғұрлым бəсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруі орайындағы келешекті көздеген асқаралы міндет он жылға жетпей орындалады деп ойлап па едік? Неміс философы Артур Шопенгауэр «Төлтума ойлар мен байыпты байламдар жайданжай келе салмайды, олар өздерін зарықтыра күттіріп қояды» деп бір кезде айтқандай-ақ, Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы, шын мəнісінде Қазақстанның 2050
жылға дейінгі кезең-кезеңмен бағдарлы дамуының жолдары дүниеге келуінің сəт сағаты ерте де, кеш те емес, дəл осы күндерде соққаны анық. Егер «Қазақстан-2030» бағдарламасы аясындағы биік мақсаттарға, былайша айтқанда, сатылап жылжу сипаты тəн болса, Елбасының биылғы үндеуін түп мəресінде Қазақстанның əлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі ізгілікті мақсат тұрған алыс сапар алдындағы міндет қоюы деп түсінген абзал. Əлбетте, түпкі нəтиже осынау сапардың қалай басталуына тікелей байланысты. Сондықтан да біз алдағы жолбасы бесжылдық аса ауқымды, бүге-шігесіне дейін ойластырылған қамтымды да қарымды болады əрі мерзімінен бұрын жүзеге асады деп үміттенеміз. Бұл үшін біздің елімізде не қажеттің бəрі: берік топтасқан білімді ұлт та, Елбасының сарабдал саясаты мен қайраткерлік ерік-жігері де, ұлан-ғайыр жеріміз бен бай табиғи қазынамыз да бар. (Соңы 4-бетте).