01072015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№122 (28600) 1 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Елбасы ќабылдады Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Нұрлы Жол» жəне елді индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың негізгі мəселелері жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған жұмысының алдын ала қорытындылары ұсынылды. Кездесуге Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев қатысты. ––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Əңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін, сондай-ақ өңірлік құрылымдардың, соның ішінде алдағы уақытта Ресей Федерациясының Уфа қаласында өтетін ШЫҰ саммиті аясындағы ықпалдастықты талқылады.

Басымдыќќа ие баєыттарєа назар аударылды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Израиль Премьер-министрі барша мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айына, сондай-ақ, президенттік сайлаудың қорытындылары мен елдің ДСҰ-ға кіруіне байланысты Нұрсұлтан Назарбаевқа шынайы құттықтауын жеткізді. Б.Нетаньяху бұл мəселе жөнінде Израиль Қазақстанды қолдағанын атап өтті. Мемлекет басшысы Биньямин Нетаньяхуды Израиль Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, жауапты қызметіне табыс тіледі. Əңгіме барысында тарап тар Қа зақстан-Израиль

ын ты мақ тас тығының басымдығы бар бағыттарын талқылап, сауда-экономика жəне инвестиция салаларындағы, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жандандыру жолдарын белгіледі. Сонымен қатар, Таяу Шығыстағы ахуал, атап айтқанда, Израиль-Палестина қарым-қатынасы сөз болды. Израиль Премьер-министрі Қазақстан Президентін Тель-Авивке сапармен келуге шақырды. Телефон арқылы сөйлесуге Из раиль жағы бастамашылық етті.

Дипломатпен кездесті Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Куба Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра Диасты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Қ.Тоқаевтың айтуынша, біздің еліміздің тəуелсіздігін танудағы əлемдегі алғашқы елдердің бірі болған Кубаның шешіміне Қазақстанда ризашылықпен қарайды. Төраға 1995 жылы Сыртқы істер министрі ретінде Гаванаға сапарын жəне Коман данте Фидель Кастромен кез десуін жылы шыраймен еске алды. Қ.Тоқаев өзара тиімді ынтымақтастықты кеңей ту үшін Қазақстан мен Куба қатынас тарының барлық мүмкіндіктерін пайдалану, оның ішінде парламентаралық байланыстарды

дамыту, денсау лық сақтау, мəдениет, білім беру, туризм жəне ауыл шаруашылығы салалары бойынша іскерлер арасындағы байланыстарды үдету қажет деп санайды. Парламенттің жоғары палатасының басшысы кубалық компанияларды Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды. Сенат Төрағасы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы Кубаға сапары екіжақты қатынастардағы тарихи оқиғаға айналып, оған елеулі серпін беретініне сенім білдірді.

Їлкен Алтын медальмен марапатталды Алдыңғы күні Мəскеуде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевты əлем дік экономиканың дамуына, тарихи маңызды бастамалары мен интеграциялық үдерістердің қалыптасуы жəне оны же тілдіру саласындағы жоғары жетістіктері, Еуразия эко номикалық одақтың дамуы, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы экономикалық, ғылыми, мəдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі жəне

белсенді қоғамдық қызметі үшін экономикалық қоғамдастықтың Үлкен Алтын медалімен марапаттау рəсімі өтті. Награданы табыс еткен Еркін экономикалық қо ғамдастықтың басшысы, атақты экономист, Мəскеудің 19911992 жылдардағы əкімі Гавриил Попов өз сөзінде Нұр сұлтан Назарбаев Ресейдің ЕЭҚ Үлкен Алтын медалімен марапатталған тұңғыш шетелдік азамат екенін айтты. (Соңы 6-бетте).

Таєайындаулар

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Марат Ерсайынұлы Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметінен босатылды; Азамат Құрманбекұлы Əбді момынов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары қызметіне тағай ын далды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орын басары – Қазақстан Респуб ликасы Қауіпсіздік Кеңесі

хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды; Саидмұрат Бапанұлы Тəңірберген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хат шылығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды; Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Əскери қауіпсіздік жəне қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды; Русланбек Кеңесбекұлы Бекжігітов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Қауіпсіздіктің жалпы мəселелері бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды.

Арнаулы уəкілді ќабылдады Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы уəкілі, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы превентивтік дипломатия жөніндегі Аймақтық орталығының басшысы Петко Драгановты қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Ол болгар дипломатын жоғары халықаралық лауазымға тағайындалуымен құттықтап, Орталық Азиядағы миссиясының табысты болуына тілектестігін жеткізді. Қазақстан Аймақтық орталықты құрудың бастауларында тұрғанын атап өте келіп, Сенат Төрағасы осы құрылымның қызметіне парламенттік өлшемді енгізуді ұсынды. БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы уəкілі Қазақстан аймақтық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде көрініп келе жатқанын, Орталық Азиядағы жағдайға оң əсер ететінін атап өтті. Ол Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына

+470

10-бет

МЕНІЅ ТАЄДЫРЫМ – БАЌЫТТЫ ТАЄДЫР

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кəрім Мəсімовті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Ынтымаќтастыќтыѕ ґзекті мəселелері талќыланды

Сын-ќатерлерге сындарлы жауап 5-бет Ќазіргі əлемде жалєыз жїріп жол табу мїмкін емес 6-бет Ќўндылыќтарымыз неден ќўлдырады? 7-бет

енуі жөніндегі келіссөздердің аяқталғанына жылы пікір білдірді. П.Драганов Аймақтық орталықтың басымдықтары: су ресурстарын басқару, трансұлттық қатерлерге қарсы ісқимыл, адам құқықтарын қорғау жəне қақтығыстарды болдырмау саласындағы əлеуетті нығайту жайында əңгімеледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың əрбір жаңа еңбегінің жарық көруі еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі елеулі оқиғаға айналып келеді. Соңғы жылдарда «Егемен Қазақстан» газе тінде жүйелі жарияланып жүрген «Өмір өткелдері» атты сұхбат кітабы да сол санаттан табылатыны талассыз. Жақында ол кітап астаналық «Фолиант» баспасынан көркем безендіріліп шықты. «Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі – өзгеше, өнегелі өмір. Екі өркениеттің – Шығыс пен Батыстың қиюласқан жерінде, əлемнің екі бөлігінің – Азия мен Еуропаның тоғысқан тұсында, екі саяси жүйенің – тоталитаризм мен демократияның, екі экономикалық жүйенің – жоспар мен нарықтың от пен судай шарпысқан шағында шарболаттай шыңдалған, өзінің туған Қазақстанын бүкіл əлем танитын, құрметтейтін елге айналдырған тұлғаның тағылымды тағдыры қандай оқырман үшін де қызғылықты. Кітапта журналист Сауытбек Абдрахмановқа өзінің өмірі жайында əңгімелей отырып, Нұрсұлтан Назарбаев заман, қоғам, адам туралы терең толғанады. Елбасының сұхбат кітабын ой көзімен оқыған адам ғибратты ғұмырдан көп тағылым алатыны талассыз», делінген кітап аннотациясында. Бүгін біз Қазақстан Рес публикасының Пре зи денті – Елба сы Нұр сұлтан Назарбаевтың «Өмір өткел дері» сұхбат кітабына жазған алғысөзін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. «Журналистік жұмысымда еліміз егемендігінің елең-алаңынан бастап бүгінгі биігіне дейінгі белестерінің бəрі жайында үзбей қалам тербеп келе жатқанымды Сіз жақсы білесіз деп сенемін. Қазақстанның тəуелсіздік тарихына қатысты кітаптардың, газет-журнал мақалаларының барлығын оқып шықтым десем артық айтқандық емес. Тиісті əдебиетпен тыңғылықты танысу барысында Сіздің ғибратты ғұмырыңыз, елмен етене өміріңіз, тағдырыңыздың тартысқа, тіреске толы тұстары, еліміздің егемендікке жету жолы, қирандыдан, құландыдан мемлекет құру, Қазақстанды аз жылдың аясында алыс та, жақын да, Батыс та, Шығыс та мойындайтын, санасатын, құрметтейтін елге айналдыру, жер-жаһанға таныту, қазақтың есіктегі басын төрге, төр болғанда да Еуропаның төріне

шығару, ЭКСПО сынды жаһандық көрме өткізу құқын дүние дидарындағы небір мықты мемлекеттермен тартыста тартып алу, елді əлемдік қаржы дағдарысы қыспағынан бірнеше рет алып өту, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, таңы тыныш ататын, кеші тыныш бататын, халқы ұйқыға алаңсыз жататын, ертеңіне сенетін, ел бастаған ерге екі тізгін, бір шылбырды беретін, қиындықты да, қуанышты да бірге көретін ынтымақшыл ел жасау жолындағы қиямет-қайым қиын əрі қасиетті тарихымыз туралы ақ жарыла, ақтарыла ой толғауыңыз əбден орынды, тіпті, қажетті екендігіне көзім бұрынғыдан да жете түсті. Сіздің өз өміріңіз туралы əңгімеңізді, адам, заман, қоғам туралы ойларыңызды бір кітапта, жүйелеп айтып шығуға қандай тақырыпты да емін-еркін баяндауға

мүмкіндік беретін сұхбат жанры ыңғайлы келеді. Осы кітаптың идеясын кезінде, шетелдік сапарларыңыздың бірінде өзіңізге бір ауыз айтқанмын. Сіз қолдағансыз. «Ол үшін сенімен ұзақ отыру керек болады ғой», деп едіңіз. Кітаптың белгілі бір тақырыптарға арналған тараулар бойынша құрастырылғаны оқуға ыңғайлы əрі тартымды болмақ. Фидель Кастроның əлемнің жиырмадан астам тіліне аударылған «Моя жизнь» деген көлемді сұхбат кітабы (М., 2009) өмірдің кезеңкезеңдері, белгілі бір тақырыптар бойынша тарауларға бөлінген. Өте қызықты оқылады. Фидель Кастромен сұхбаттасушы журналист Игнасио Рамоне ол кітаптың диктофондағы жазбадан сол күйінде түсе қалмағанын ескертеді. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.