Xabarshy #6(9) 2014

Page 1


«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ХАБАРШЫ ғылыми-әдістемелік журналы Журнал 2013 жылдан бастап екі айда бір рет шығады

БАС РЕДАКТОР Галимжанова Маржан Анесқызы«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Корректор – Қаленова Гульзахира Сапарғалиқызы Көркемдеуші және беттеушілер– Сембаев Гибатолла Серікұлы, Баймуханов Алмас Сансызбайұлы Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген. БІЗДІҢ МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ: 060009-Атырау қаласы, Авангард-4 ықшам ауданы, Адмирал Лев Владимирский,24 тел.: 8(7122) 20-08-34 факс: 8(7122) 58-63-45 Эл.пошта: orleu_baspa@mail.ru

АҚЫЛДАСТАР КЕҢЕСІ Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы–«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы-физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы – «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы төрайымының бірінші орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Өмірбекова Жайлы Бөкешқызы–педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Сәрсенова Нұрзила Сарсенқызы–педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор. Жаманбаева Динара Таңбайқызы–экология магистрі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Құрметті мүшесі. Қарамурзин Айтбай Қонысұлы –академиялық доцент, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі. Басуға 2014 жылы 22 желтоқсанда қол қойылды. Таралымы – 120 дана Пішіні – А4 Әріп түрі Times New Roman Қағазы офесттік. Шартты баспа табақ – 5,3 Бағасы келісімді. Мақала үш тілде қабылданады.

Мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді. Тапсырыс дайын диапозитивтерден басылады. Қолжазба қайтарылмайды, мақалаларға пікір жазылмайды. Журнал материалдары институттың қоғамдықбұқаралық байланыс және баспа қызметі бөлімінде теріліп, беттелді.


МАЗМҰНЫ  Ғалым мінбері 

М.А.Галимжанова Применение мультимедийных технологий в образовательном процессе Е.У.ИхсановИнновациялық технологияларды қолдану жолындағы педагог маманның кәсіби өсуі

3 4

Г.С.Қаленова Мәңгілік Ел болу асқақ мұрат А.Б.Бисенғалиева Мәңгілік ел ұлттық идеясы-халқымыздың ұлы мұрасы

8 10

А.С.Кульниязова Елбасы тұлғасы – халық назарында А.А.ЖапароваЕлбасы тұлғасы және қазақ тарихы хақында

12 12

А.Қ.Қарамурзин«Өрлеудің» өрісі мен тың бағыты А.Б.Сарсекенова Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдейді

14 16

Г.С.СултановаМектеп жасына дейінгі баланың дамуына жағдай жасаудың маңыздылығы М.О.СадибековаМектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін тиімді оқытудың жолдары Е.С.БажановаПсихологические компонентыпрофессионального развития педагога Л.Ю.КимСовременные формы взаимодействия с семьейв рамках детского сада

17 18 20 22

А.Р.Батырбаева Құзыреттілікті қалыптастыру – заманауи педагогика негізі Р.К.Балаубаева Құзыреттілік – шығармашыл тұлға қалыптастыруға бағытталған білім беру негіздерінің бірі А.М.ГарееваОзық және бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру – заман талабы Г.О.ҚұспановаШығармашыл тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудегі құзыреттілік Б.К.Турганова Качественное образование через новые подходыв обучении и в воспитании детей

24 26 28 31 33

О.М.Ташмуханова Жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарға бағыттап оқыту А.АбуоваЖапсырмалау өнері- ұлттық мәдени мұра Г.КирееваРухани–адамгершілік тәрбие–отбасында Г.Арыстанғалиева,Г.Мугауина Ұлттық тәрбие арқылы оқушылардың елжандылықсезімін қалыптастыру жолдары А.Жаурова Рухани құндылықтарды қалыптастырудағы ұлттық тәрбиенің алатын ролі М.А.Жексенов Этномәдениет-рухани тәлім-тәрбие негізі С.Қ.Жайденова Жас ұрпақ бойына табиғатқа дегенсүйіспеншілікті қалыптастыру жолдары Г.Т.КуспановаСапалы ұрпақ-саналы тәрбиеден А.О.ДүйсешоваМамандықты таңдау-болашағыңды бағдарлау

36 38 40 40 44 45 48 50 52

А.У.Сарсенғалиев Мектеп жұмысын жоспарлаудың педагогикалық негіздері Р.Т.МақымғалиеваҮйден оқитын оқушының функционалдық сауаттылығын дамытудың маңызы А.Х.ТөлегеноваҮйден оқытуда оқушының шығармашылық дербестігін дамыту Г.Ж.УмирбаеваКак организовать, провести мониторинг и поддерживать активность функционирования сетевого сообщества школ? Г.У.Утарова Ойын–оқушы білімін жан–жақты дамыту құралы Н.А.МазитоваРазвитие сетевого сообщества,как поддержки происходящих преобразований школ С.М.Курмашева Әдебиет сабағында оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеудегі инновациялық үрдіс

54 57 59 60

М.О.Даулбаев Ұстаз ұлағаты Ғ.Б.БазарғалиевЖастарға құнды қасиеттерді дарытатын болашақ ұстаздардың тәрбиесі мен білім беру жолдары Н.Рахметова Жаңа тұрпатты ұстаз тұлғасын қалыптастырудағы этнопедагогикалық білім мен тәрбие берудің проблемалары

67 68 70

Т.К.ШилденоваМүмкіндігі шектеулі балалармен түзете-дамыта тәрбиелеу жұмысын жүргізетін дефектолог-логопед мамандардың кәсіби құзыреттілігі Н.И.ИмашеваДаму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыту тапсырмалары

74

А.Х.ТажмағамбетоваМектепалды дайындық тобында бейнелеу сабағында дидактикалық ойындарды өткізу тәжірибесінен З.Х.Тажмагамбетова Бастауыш сыныпта оқушының оқу әрекетінің мотивациясын арттыру

80 82

Д.Т.Жаманбаева,Н.Қ.СарсеноваКәсіби педагогикалық тәжірибе–шеберлік шыңдау кепілі Г.Ж.Маева Облыстық «Үздік кітапхана кабинеті» байқауы И.Т.Юсупова Кәсіби шеберлікті арттыру басты мақсат

85 86 88

 Мәңгілік ел идеясы 

 Елін сүйген, елі сүйген Елбасы   Өрлеуге 2 жыл 

 Мектепке дейінгі білім беру 

 Білім беру моделі 

 Ұлттық құндылықтарға баулу 

 Әдістемелік қоржын 

 Ұстаздық ұлы іс 

61 63 65

 Инклюзивті білім беру 

 Озық іс–тәжірибеден   Байқаулар 

2

77


 Ғалым мінбері 

ПРИМЕНЕНИЕ МУЛЬТИМЕДИЙНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ Галимжанова М.А.

Директор филиала АО «Национальный центр повышения квалификации «Өрлеу» по Атырауской области, Кандидат педагогических наук, профессор, академик МАИН

Современный период развития цивилизованного общества характеризуется процессом информатизации. Это глобальный социальный процесс, при котором сбор, накопление, обработка, хранение, передача и использование информации осуществляется на основе современных средств коммуникации. Внедрение средств современных информационно-коммуникационных технологий в систему образования дает возможность совершенствовать механизмы управления системой образования на основе использования коммуникационных сетей, совершенствовать методы, формы и содержание в соответствии с задачами развития личности обучаемого в современных условиях информатизации общества. Мультимедийные технологии — одно из наиболее бурно развивающихся направлений новых информационных технологий, используемых в учебном процессе. Современные мультимедийные программы представляют собой эффективное средство оптимизации условий умственного труда. Для школьников мультимедийные технологии являются способом, при помощи которого они расширяют свои представления об окружающем мире. Использование мультимедийных технологий обеспечивает более полную и точную информацию об изучаемых явлениях и объектах. Это повышает качество обучения, позволяет удовлетворять и развивать познавательные интересы школьников, повышает наглядность обучения, позволяя использовать тяжело доступный материал или тот, который нельзя использовать без компьютера. На занятиях можно решить целый ряд дидактических задач, используя материалы сети Интернет, совершенствовать навыки и умения школьников, создавать устойчивую мотивацию для изучения предмета. Мультимедийные обучающие технологии — это совокупность технических обучающих средств (ТСО) и дидактических средств обучения - носителей информации. Технические средства мультимедиа обеспечивают преобразование информации (звука и изображения) из аналоговой, т. е. непрерывной, в цифровую (дискретную) форму с целью ее хранения и обработки, а также обратное преобразование, чтобы эта информация могла быть адекватно воспринята человеком.

Технические средства обучения можно классифицировать по ряду признаков:  по функциональному назначению;  по типу обучения;  по физическим принципам устройства и работы;  по логике работы;  по характеру представления информации;  по характеру воздействия на органы чувств. Технические мультимедийные средства обучения включают, как правило: мультимедийный компьютер укомплектованный звуковой стереокартой, приводом DVD/CD-ROM, звуковыми стереоколонками, микрофоном, видеокартой; телетюнеры и радиотюнеры (платы телеприемника и радиоприемника), позволяющие принимать телепередачи и радиопередачи; устройства ввода видеоизображений в компьютер для оцифровки; плату для работы с видеомагнитофоном или видеокамерой; видеокамеры и цифровые фотоаппараты; WEB-камеры для проведения телеконференций и визуального общения; различные экраны; устройства затемнения кабинетов; устройства аудиопроизведения и видеовоспроизведения и отображения информации; устройства дистанционного управления техническими средствами. Аудиоинформация и особенно видеоинформация, преобразованная в компьютерную форму, требует для своего хранения очень много места. Поэтому программные продукты, обладающие свойствами мультимедиа (учебники, справочники, энциклопедии, учебные электронные курсы) распространяются, как правило на компакт-дисках. То есть, для использования таких продуктов необходим накопитель DVD/CD-ROM. Для работы со звуком и видео на компьютере разработано множество программных средств, которые обеспечивают воспроизведение, редактирование, запись аудиоинформации и видеоинформации, представленной в различных форматах, с устройств разных типов. Варианты применения мультимедийных средств обучения (МСО) весьма разнообразны, но из них можно выделить три основных: лекционные курсы, практические и лабораторные занятия, дистанционное обучение. Последнее представляет особый интерес.

3


Мультимедийные средства обучения влияют на формирование и развитие психических структур человека, в том числе мышления. Печатный текст, до последнего времени являвшийся основным источником информации, строится на принципе абстрагирования содержания от действительности и в большинстве языков организуется как последовательность фраз в порядке чтения слева направо, что формирует соответствующие навыки мыслительной деятельности, обладающей структурой, аналогичной структуре печатного текста, которой свойственны такие особенности, как линейность, последовательность, аналитичность, иерархичность. Другие средства массовой коммуникации и информации — фотография, кино, радио, телевидение — имеют структуру, значительно отличающуюся от структуры печати. Образы и звуки не направляют ход мыслей слушателя или зрителя от объекта к объекту с промежуточными выводами, как при восприятии печатной информации. Вместо этого они создают модели узнавания, обращенные к чувственной стороне субъекта. Подобно тому, как печатные материалы и технические средства массовой коммуникации привели к гигантскому расширению возможностей человеческого познания, фиксации и передачи опыта, компьютер должен увеличить потенциал человеческого мышления, вызвать определенные изменения в структуре мыслительной деятельности. В непрерывной и дистанционной обучающей среде, созданной МСО, основными являются процессы организации и интерпретации мультимедийной информации. Она может быть закодирована и представлена на экране дисплея в виде математических символов, таблиц, графиков и диаграмм, изображения процессов, дополняемых звуком, цветным изображением и т. п.

Мультимедийные технологии позволяют использовать изобразительные средства различной и выразительности в соответствии с содержанием изучаемого предмета и законами психологического воздействия и восприятия. МСО позволяют:  повысить информативность лекции;  стимулировать мотивацию обучения;  повысить наглядность обучения за счет структурной избыточности;  реализовать доступность и восприятие информации за счет параллельного представления информации в разных модальностях: визуальной и слуховой (перманентная избыточность);  создать преподавателю комфортные условия работы на лекции. Условия открытого обучения, создаваемые мультимедийной информационной средой должны способствовать развитию мышления обучаемого, ориентировать его на поиск очевидных и неочевидных системных связей и закономерностей. Действительно эффективным можно считать лишь обучение, при котором школьникам прививаются навыки мышления, причем мышления нового типа, определенным образом отличающегося от мышления, сформировавшегося на основе оперирования печатной информацией, пользования средствами массовой коммуникации. При внедрении МСО пересмотру подвергаются представления не только о мышлении; но и о других психических функциях: восприятии, памяти, представлениях, эмоциях и др. Перед психологами и педагогами встают задачи концептуального описания развития человеческой деятельности и психических функций человека в условиях технологизации и использования мультимедийных средств в непрерывном образовании.

ИННОВАЦИЯЛЫ ПЕДАГОГ МАМАННЫ Ихсанов Е.У.

Қ ТЕХНОЛОГИЯ Ң КӘ СІБИ Ө СУІ

Атырау инженерлік-гуманитарлық институты физика- математика ғылымдарының докторы, профессор

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы– оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту,ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

4

Ақпараттық технология–қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны. Коммуникация–ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым. Ақпараттық-коммуникативтіктехнология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту,тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады.


Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары: а) электронды оқулықтар; ә) телекоммуникациялық технологиялар; б)мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар; в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет. Ақпараттық-коммуникативтік технологияны оқутәрбие үрдісіне енгізуде мұғалім алдына жаңа бағыттағы мақсаттар қойылады: •Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер құру, әдістемелік пәндік Web –сайттар ашу; •Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; •Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, құралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар). •Қашықтықтан оқыту (Internet желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. Интерактивтік оқыту технологиясы–бұл коллективтік, өзін-өзі толықтыратын, барлық қатысушылардың өзара әрекетіне негізделген, оқу процесіне оқушының қатыспай қалуы мүмкін болмайтын оқыту процесін ұйымдастыру. Интерактивтік оқыту– бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.Сабақтағы интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушының әрқайсысына қажет есепті бірлесіп шешуге алып келетін-ұйымдастыру және сұқбаттасып қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады. Оқытудың ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияларын пайдалану– педагогикалық іс-әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді,интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиалық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты-коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады. Бүгінгі таңда

білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушылардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлық дегеніміз не? Ақпараттық құзіреттілік: -сын тұрғысынан ұсынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға; -өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға; -ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта қарауға сақтауға, түрлендіруге және тасмалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға; -логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге; -өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық құзырлылық–бұл оқу, тұрмыс және кәсіби бағыттағы міндеттерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Коммуникативтік құзіреттілік: -нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға; -коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стилдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға; -әдептілік ережелеріне сәйкес өзіндік пікірін білдіруге; -нәтижелі өзара іс-әрекетті, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиелініскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға; -жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобымен қатынас (коммуникация) жасауға мүмкіндік береді. Информатика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылардың ақпараттық құзырлылығы мен ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық

5


бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. Сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: • оқушының өз бетімен жұмысы; • аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; •білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру; • шығармашылық есептер шығару; • қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; • қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; • экономикалық тиімділігі; •іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену; •қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі; •оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту құралы: Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті өзі іздеп табуына үйретіп, олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі есептеледі. Біздің ойымызша, ақпараттық-білім беру ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай: 1.Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 2.Білімге бір–бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады. 3.Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады. 4.Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады. 5.Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту құралдарының бірі – электрондық оқулық.Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тесттік бақылауға арналған программалық құрал. Білім беру жүйесінде электронды оқулықтарды пайдаланып, үлкен табыстарға жетуге болады. Электронды оқулықтарды пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі -пәндік білім, екіншісі-компьютерлік білім.Электронды оқулықтарды пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. Электронды оқулық арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз

6

бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. Осылайша жас ұрпақты оқытуда инновацияны пайдаланудың–шығармашылық жетістіктің негізгі көзі. Ақпараттық технологиялар орталарын пайдаланудың мақсаттары: 1.Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру: - оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру, - пәнаралық байланысты тереңдету, - қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту. 2.Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау. -коммуникативтік қабілеттерді дамыту, -күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру. -компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру, -ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу: 3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау: -ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау; -компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау: Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі мақсаттарға бағытталады: -компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру: -танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамасыз ету: -қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаты негізінде білім беру ұйымдарында 2015 жылы–50 %, 2020 жылы– 90 % «E-learning» электрондық оқыту жүйесі қолданыла бастады. Бұл жобаның негізігі мақсаты «Е-learning» ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты–ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету. Барлық білім беру ұйымдарында арнайы инфрақұрылым құрылады.Ондағы барлық компьютерлер Интернетке шығатын жергілікті немесе сымсыз желілерге біріктірілетін болады. Жоба аясында 4-10 мбит/сек. жылдамдықтағы кеңжолақты Интернет әр білім беру ұйымында қызмет көрсететін болады. Білім беру ұйымдарының материалдықтехникалық базасы ең жаңа жабдықтармен, оның ішінде планшетниктермен нығайтылатын болады. Оқу процесін автоматтандыру (электронды журнал, электронды күнделік, жоспарлау) мұғалімдердің есеп


беру мен жоспарлауды құру кезіндегі еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді. Электрондық оқытуды енгізу оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу процесiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу-iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгiн, оқу сапасын, білімді басқарудың тиімділігін, сыртқы ортамен ақпараттық кірігуін арттырады. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің құзырлылық тәсілдерінің негізгі бағыттарының бірі-ақпараттық құзіреттілік. Білім беру үрдісінің сапасына бақылау жүргізу, оқу-тәрбие үрдісіндегі мәселелерге талдау жасауда ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану тиімділігі жоғары. Осы бағытта оқушылар автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дəптерді,сынып журналын, хабарландыру қызметін (алда болатын жоспарлы жəне жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе smsхабарламалар, есептілік жəне т.б. жіберу) толтырады. Қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: • білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал-жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету; • кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық-технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.“Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл. 2. «Информатика негіздері» журналы №4-2008 жыл – Ж.Садыбекова «Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» 3.Мұхамбетжанова С.Т.,Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру әдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 ж. 4.Бидайбеков Е.Ы., Мұхамбетжанова С.Т«Тұрақты даму үшін білім беру: Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сапалы білім берудің шарты ретінде оқу үдерісіне енгізудің әдіснамалық негіздері» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдар жинағы, 27-28 шілде, 2010ж., Алматы қ. 5.Халықова К.З Информатиканы оқыту әдістемесі. Алматы,2000.НургалиеваГ.К.Цифровые интерактивные мультимедийные образовательные ресурсы.-Алматы, 2007.-23 с. 6. Кудинова В.И. Внеклассная работа по информатике. М., 2001 N 1. Информатикаи образование.

Атадан қалған асыл сөз Білім айтқан сөзге құн жетпейді, Тауып айтқан сөзге мін жетпейді. Өзің білмесең, білгендерден үйрен, Үйренгеннен ұтарың көп... Білген адам білімді өмір бойы іздейді. Жомарттық пен адамгершілік-ата-ана, Адалдық пен инабаттылық солардың екі перзенті. Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды. Ізгілік ескірмейді де, жоғалмайды да.

Төле би А.Игүнеки Ә.Науаи А.Құнанбаев Ж.Баласағұн

7


 Мәңгілік ел идеясы  М

ӘҢ ЕЛ ГІЛ БОЛУ ІК АС Қаленова Г.С.

ҚА МҚ

ҰРАТ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруинститутының қоғамдық-бұқаралық байланыс және баспа қызметі бөлімінің басшысы

Елбасы мәртебесі мен міндеттерінің бір парасы жыл сайын халыққа арналған Жолдауын жариялау болып табылады. Алғаш рет осы конституциялық міндетін Тұңғыш Президент Н.Назарбаев 1997 жылы атқарған еді. Содан бері жылдың басты оқиғалары қатарына кіргеніне қоса, Жолдау әрбір қазақстандық асыға күтетін құбылысқа айналды. Оның басты себептері мынада: біріншіден, құжат еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін назардан тыс қалдырмайды. Балабақша, білім беру, денсаулық сақтау, зейнетақы, жәрдемақы мәселелерін ешбір Жолдау айналып өткен емес. Екіншіден, азаматтардың ірілі-ұсақты тіршілік түйткілдерін шешкен жолдауларда ұлы міндет–тәуелсіздікті бекемдеу, мемлекеттілікті қалыптастыру, елішілік ынтымақ пен келісімді сақтау көзделді, нақты тетіктері дәйектелді, діттеген межелер нақтыланды. Құрғақ уәдеге, даңғазалыққа, дарақылыққа орын берілмей, халықтың сенімі мен қолдауына ие болды. Үшіншіден, жолдаулар Қазақстанның әлемдік қауымдастыққа кірігуіне, бәсеке мен сын-қатерлерден бойды аулақ салмай, төтеп беруге, аман-есен өтуіне, халықаралық қатынастардың танымал да белсенді субъектісіне айналуына қызмет еткенін ерекше атап өтуіміз керек. Басты мақсаттан бастау алып, заманауи қажеттілікке сай мүдде іле-шала іске қосылып жатса, мемлекет те, азаматтары да кемелденеді. Шын мағынасында бүгінгі өмірге нұрын сеуіп, болашаққа сенімді арттырады. Бірақ оларды кемеңгерлікпен тани да, таба да білу керек. Ұлы ізденіс қана ұлы серпіліске негіз қалай алады. Осының тамаша үлгісі – Елбасының халыққа арнаған Жолдауы. Бұл Жолдау әлденеше ғылым саласында, қоғамдық пікірде толғағы әбден піскен мегасұрақтың жауабын жайып салды, санамен танымды дүр сілкіндірді. Қазақстандық жолдың ортақ мақсаты, мүддесі, болашағы қандай қорытындымен түйінделетінін, ең бастысы қандай ел құрумен тиянақталатынын жан-жақты, диалектикалық қисынмен ашып берді, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбетін сомдады. «Мен,–деді Н.Назарбаев, – қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы». Сонымен, ХХІ ғасыр ортасына дейінгі Қазақстан халқы ұстанатын ұлттық идея қысқа да нұсқа идеологиямен анықталды: «Мәңгілік Ел». Кім Отанының, ұрпағының, ісі мен есімінің мәңгілік болғанын қаламайды? Ешкім де! Америкада да, Африкада да солай. Жұмыр басты пендеге мәңгілік

8

өмір бұйырмаған. Бірақ қамшының сабындай қысқа өмірінде адам толағай ақыл-ойымен, шебер қолымен мәңгілік ел түзе алады. Басқасының бәрі–көмір де, темір де, тау да, тас та көмекші құрал ғана. Сенімді серігі–ұлттық идея.Ұлттық идеяның тарихи орнын, оның кешегі, бүгінгі, ертеңгі болмыс-бітімін анықтау үшін алдымен «ұлт», «идея» ұғым-түсініктеріне тоқтала кеткен жөн. Ғалымдардың пайымы бойынша, «ұлт» (латынша – nascor) термині Ежелгі Римде аз халықтар деген мағынада қолданылған екен. Бүгінде «ұлт» терминіне берілген анықтамалар қисапсыз көп. Бірінде этникалық қауымдастықты білдіретіні талданса, келесінде мемлекеттің барша халқы мағынасында түсіндіріледі. Мемлекетті «ұлт» терминімен сипаттайтындар бар. Демек, Біріккен Ұлттар Ұйымы, ағылшын тілінен аударғанда, Біріккен мемлекеттер ұйымы мағынасында қолданылады. Идея–грек сөзi, образ, ұғым, түсiнiк мағыналарында қолданылады. Атқаратын мiндетiне қарай идея алуан-алуан қырымен көзге түседi. Мәселен, бiрде ол сырт дүниенi бейнелейтiн қоғамдық сананың пiшiнi болса, ендi бiрде адамның басты сенiмi орнына жүредi. Жинақтай айтсақ, ұлттық идея сөз тіркесі тарихи ахуалға қарай этностың немесе мемлекеттің мұраты дегенге саяды. Бір қарағанда, «мақсат», «мұрат» сөздері мағыналас тәрізді. Екеуінің айырмашылығын түсіну үшін «бірінші», «тұңғыш» сөздерін салыстырсақ жетіп жатыр, парқы мен нарқы жағынан «тұңғыш», «біріншіден» қымбаттырақ, ыстығырақ, биігірек.«Мұрат» сөзі де мағынасы жағынан «мақсаттан» маңыздырақ, жүрекке жақынырақ. Қайткенде де, мұратсыз ұлт та, мемлекет те жер бетінде болған емес. Қазақ даласында ұлттық идея байырғы түрік дәуірінде мемлекеттік, тіпті империялық биікке көтерілді. VIII ғасырда: «Бүкіл түркі халқы үшін қызыл қанымды жүгірттім, түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым, төрт бұрыштағы халықтың бәрін бейбіт еттім: бастыны еңкейттім, тізеліні бүктірдім!», деген бабаларымыз «Мәңгілік Ел» құрғанына сенімді еді. Қазақ хандығының шаңырақ көтеруімен ұлттық идея мемлекет пен оны құраушы этносты, тарих сабақтастығын үзбестен, дараландыратын факторға айналды. Кейінде ол идея талантты ұл-қыздарын әлемдік ақыл-ойдың асқар шыңына алып шығуға септесті. Ендеше, ұлттық идеямыздың бес ғасырдан астам тарихы бар екен. Оның өзi бiрнеше дәуiрден тұрады. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегiн мемлекеттiліктi нығайту, этникалық аумақты


қалыптастыру, бiрде тiлiн, бiрде тiсiн көрсеткен Ресей, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату, бәсекеге төтеп беру құрады. Жақсы менен жайсаңның басын өлiмге байлаған ХVІІІ ғасыр Абылай хан дүние салуымен қазақтың маңдайындағы бағын ұшырды. Ресейдiң бодандығына кiрген қазақ қоғамы әлеуметтiк-саяси және аумақтық тұтастығынан айырылды. Төл мемлекеттiң болмауымен қоса бiртұтас ақпараттық кеңiстiктiң жоқтығы да жалпыұлттық идеяның өрiсiн тарылтты, жолын кестi. «Бөлiп ал да билей бер» саясатынан туындаған әрбiр саяси күш, әлеуметтiк қауым өз биiгiне, көздегенiне лайық ұлттық идеяны дүниеге әкелдi. ХVІІІ ғасырда Абылай мен Ботақанның, ХІХ ғасырда Махамбет пен Баймағамбет сұлтанның, Кенесары мен Қоңырқұлжаның, ХХ ғасыр басында Сәкен мен Мағжанның, Әлiби мен Әлиханның ұстанған ұлттық мұраты барша қазаққа ортақ едi деп, сiрә, ешкiм айта алмас. Иә, бұлар әрiсi– туған халқына, берiсi–соңынан ерген пікірлес қауымға қызмет еткiсi келдi. Бiрақ, уақыт өзi көрсеткендей, бiреулерi ат төбелiндей азшылықтың мұратын жалаулатса, екiншiлерi – барша қазақтың болмаса да қалың көпшiлiктiң мұратын дөп басып таба алғаны ақиқат. Сырым, Махамбет, Кенесарылар ұлттық идеяны қарулы күрестен тапса,Шоқан, Абай, Ыбырайлар ағартушылықтан, Әлихан, Ахмет, Мiржақыптар Алаш автономиясынан, Шоқай тұтас Түркiстанды құрудан, Әлiби, Сәкендер таптық күрес ілімін олжалады. Қоғам, мемлекет–тағдыры тоқсан мың тарау адамдар қауымдастығы. Осылардың ортақ мұратын дөп басып анықтау, болмыс-бітімін сақтайтын өзіндік жолы мен болашағына дұрыс жөн сілтеу ойшылдардың әлденеше буынын толғантқан. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялылары бұл міндетті шеше алды. Егер ұлттық идеяның мәні – ұлттың тағдыр анықтағыш тілегі, ниеті, оны ілгері қадам басуға жұмылдырушы фактор, күн тәртібіндегі басты мәселені шешуге бағышталған мазмұнды әрі кесек ой десек, осылардың жиынтық формуласы М.Дулатов дәйектеген «Оян, қазақ!» тұғырнамасында жатыр. Бұл ұран емес, М.Дулатовтың өлеңдер жинағы да емес. Халық қасіретін, замана келбетін дәлме-дәл айқындаған сәуегейлік. Шынында да екі ғасырға жуық созылған отарлау, қорлық пен зорлық халықтың дүниетанымына, мінезіне, өмірсалтына, шаруашылығына орасан зор нұқсан келтіріп, еңсесін түсірген еді, алды-артын бағамдау қасиеттерінен айыра бастаған-тын. Бір мүшелден де аз мерзім ішінде Ұлы даланы қозғалысқа әкелген «Оян, қазақ!» идеясы мақсатмұратына жетіп, 1917 жылдың жазынан оның орнын «Қазақ автономиясы» ұлттық идеясы басты. Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш басшылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен болған» зорлық актісі ретінде қабылдаған Ә.Бөкейханов, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бірігуге, мақсатты әрекетке, бас амандығын

қамтамасыз етуге шақырды. «Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді! – деп дабыл қақты ол. – Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда, басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азамат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!». Бұл «Қорған, қазақ!» ұлттық идеясы еді. Бірақ Алаш көсемінің сақтандыруынан қорытынды шықпады. Большевиктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мемлекеттік құрылымы автономиядан төмен мәртебені ұсынуға жол қалмады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР-і түрі жағынан ұлттық мемлекеттік құрылым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ мәртебесінде қалғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді. Кеңестiк Қазақстандағы ұлттық идеяның тарихы мен тағдырын бiр ауыз сөзбен шиырып айтар болсақ, ол–ұлтжанды тұлғалардың қасiретi мен қуғын-сүргiнге ұшырағаны, кешегi әралуан ұлттық идеяны әу бастағы тартымды мән-мағынасынан жұрдай болған утопиялық социалистiк идеяның алмастырғаны, ол–өз елiндегi, өз жерiндегi біраз қазақтың күшпен таңылған саяси-идеологиялық тапшыл ұрандар мен адасулар әсерiнен қазақтан жатсынуға бет түзегенi. Ұлтын сүйген, социалистiк эксперименттерден қара бұлттай төнiп келе жатқан апаттың сұмдығын қапысыз ұғынған рухы биiк ақын-жазушылар, ғалымдар, жекелеген тұлғалар туған халқының тiлi, дiнi, мәдениетi, жерi үшiн отқа күйiп, суға түскенмен, қылышынан қан тамған тоталитарлық жүйе Қазақстанда тiлге жеңiл, жүрекке жылы ұлттық идеяны түзуге де, халыққа ұсынуға да жеткiзбедi, көктей солдырды. 20-30-жылдары Алаш зиялылары құрбандыққа шалынғаннан кейiн ұлттық идеяны табу бағытындағы талпынысты «ЕСЕП» партиясының, «Жас тұлпар» қозғалысының дүниеге келгенiнен, «Қазақ әдебиетi», «Зерде» газет-журналдарындағы ұлт тарихы, тiлi, мәдени мұрасы жайлы жарияланымдардан, Ш.Смаханұлының қазақ мектептерiн ашуға жанталасынан, 1979 жылғы Целиноград, 1986 жылғы Алматы оқиғаларынан көргенiмiз ләзiм. Әйткенмен, бағыт–мақсатқа тура жеткiзетiн даңғыл жол емес. Кеңестік 70 жылдың ішінде қисапсыз қасiреттi басынан өткiзген, демографиялық азшылықтың әсерінен ұлттық болмыс-бітімінен ажырай жаздаған біздің ел тәуелсiздiктiң табалдырығынан кемел ұлттық идеясыз аттады. Тәуелсіздік таңы атысымен ұлттық идея мәселесі белсенді қолға алынды. Түрлі пікірлер ортаға салынды. Олар қоғамдық санаға игі әсер еткені сөзсіз. Алайда, ғылыми ізденістер бір арнаға тоғыспаған күйде қала берді. Мемлекеттік биліктің ашық та жария қолдауынсыз ұлттық идея табылмайтыны, тамырына қан жүгірмейтіні белгілі.. ХХІ ғасыр басындағы жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы болашаққа, кемел келешекке апаратын біз - жастар.

9


М

ИДЕЯСЫ-ХАЛ ӘҢ ГІЛІК ЕЛ Ұ ЛТТЫҚ Бисенғалиева А.Б.

ҚЫМЫЗДЫҢ Ұ ЛЫ М СЫ

Атырау қаласы №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясының педагог-психологы

Біз үшін ортақ тағдыр-бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан.Мәңгілік ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Біз мемлекетімізге, мәңгілік еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иеміз. Н.Ә.Назарбаев Отан...Атамекен...Атажұрт...Тарих...бұлқай құлаққа да тым асқақ естілетін асыл ұғым. Адам өмірге келіп, ес біліп, етек жия бастаған сәттен бастап-ақ ол өз Отанының тарихына ден қоя бастайды. Қазақстан-қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі ата қонысы. Бұл жерде біздің бабаларымыз туды, тұрды, өмір сүрді, топырағына кіндік қаны тамды. Бұл жерді мекен еткен көшпелілер мен отырықшылардың бір-бірімен шендескен әлемі ғасырлар қойнауында талай-талай әйгілі күре жолдардың үстінде саудасы қызған ел болды. "Тарихтың тағдырлы көші" дейтін ұғым жолда жақсыны да, жаманды да көрген, ұлы далада небір қиындықтарды бастан кешіріп, жойқын жортуылдан, сұрапыл соғыстардан өткен қазақ елібүгінгі күні Тәуелсіз ел. Бұл-менің елім! Бұл-күн дидарлы Қазақстан! Алғаш конституциялық міндетін Тұңғыш Президент Н.Назарбаев 1997 жылы атқарған еді. Содан бері жылдың басты оқиғалары қатарына кіргеніне қоса, Жолдау әрбір қазақстандық асыға күтетін құбылысқа айналды. Елбасы жолдаулардың мәні мен мазмұны, өресі мен құрылымы тереңдеген сайын еліміздің ілгерілеуі шапшаңдағанын, елдің өсуі мен кемелденгенін байқаймыз.Президентіміздің «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауында әрбір қазақстандықтың 25-30 жылдан кейін емес, бүгінгі күні толыққанды өмір сүру керектігін баса айтты. Жолдауда Елбасы Н.Назарбаев ата-бабаларымыздың асқақ арманын жүзеге асыратын,халықтың жаңа өмір сапасын қалыптастыратын, міндет пен мүддені бір мұратқа тоғыстыратын "Қазақстан-2050"стратегиясының түпқазығы-"Мәңгілік Ел" атты Қазақ елінің ұлттық идеясын ұсынып, ұзақ мерзімді ел дамуының басым бағыттарын белгіледі. Елбасының мұндағы «Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегінде елімізге деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды», деген пайым-тұжырымынан азаттық тұсында тындырылған істерге ризалық сезіммен бірге жолдауларға да арты лар жауапкершілік зор екеніндігін айтып өтті.Президент биылғы жолдауында ата-бабаларымыз аңсаған елдің болашағын 'Мәңгілік Ел" деп

10

атады.''Адамзат тарихында өшпес із қалдырып кеткен, Еуразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан әсер еткен" заманында көктүріктер ел болуды халық ретіде қалыптасудың, мемлекет ретінде орнығудың,ұлт күйінде бірігудің биік белесі деп білген. Осының бәрін біржолата бекіту үшін сол заманның өзінде басқа қонған бақыттың баяндылығын білдіретін философиялық категория-"Мәңгілік Ел" ұғымын ойлап тапқан. Ежелгі түркілерден тараған барша халыққа бірдей түсінікті етіп,тасқа қашап "Мингу ел"деп жазуының себебі сол заманнан қазақ елінің болашағы жарқын екенін, оның өзге елдермен терезесі тең өмір сүретінін біліп жазғандай. Елбасы қалыптасқан мемлекетіміздің жаңа саяси бағдарын әлемге паш етумен қатар ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуды 2050 жылға дейінгі басты мақсат деп анықтаған еді. Қария тарих үшін бір жыл–қас-қағым сәт. Интеллектуалдық ізденістегі тұлғаға бұл мерзімнің берері мол екеніне биылғы Жолдау күмән-күдіксіз көз жеткізіп отыр. Президент «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы басты мақсаттың, түп мүдденің, армандай болашақтың берер жемісінің құпиясы мен сырын ашып берді. «Мәңгілік Ел ата-бабамыздың сан мыңдаған жылдар бойғы асыл арманы екені баршамызға белгілі.Ол арман-әлем елдерімен терезесі тең, әлем қатынасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді, ол арман- тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыланатынын естіп жүрмін.Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. ОлМәңгілік Ел идеясы»- деді Елбасы.Мәңгілік Ел идеясы жүзеге асу үшін жастар, яғни,біздер мықты болуымыз қажет.Жас ұрпақ жан-жақты жетілген, ақыл, парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талаптарға сай мәдениетті, білімді, еңбекқор ұлттың рухы биік азамат болуы тиіс. Өйткені, ұлт басына күн туғанда намысын қорғайтын, замана талқысына көнбейтін, талап пен талантын жегіп, терін төгіп, құлашын кең сермейтін батыл да батыр жастар. Ұлттық намыс-қара бастың қамы емес, бір рудың зары емес, ұлтымыздың ұлықтығы үшін теңдігі мен елдігі үшін өтейтін әр пенденің қарызы мен парызы.Ұрпақ тәрбиесінің өзіндік ерекшелігіне мән беріп, көз тоқтатып қараған халықтардың қатарында қазақ халқы өзіндік ой ұшқырлығы, болмыс даралығымен ерекше көзге түседі.Ежелден ерлік пен батырлықты, еркіндікті, даналықты, ақындықты өздеріне серік еткен дана бабаларымыз туған елге,жерге деген шын патриоттық сезімді,оны


құрметтеуді алдыңғы орынға қойғанда ғана мәңгілік елге айналамыз. Тағы бір айта кетерлігі Елбасы биылғы жолдауында жастарға үлкен сенім білдіре отырып, сегіз қырлы, бір сырлы, ерік-жігері мықты, елін,жерін қастерлейтін, алда тұрған асуларды қиналмай алатын қабілетті адам болуымызды міндеттеді. Ұлт көшбасшысы әрдайым өз сөзінде жастарға "Мен сіздерге жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер" деген еді. Осынау қанатты сөздері бойымызға рух беріп, жауапкершілікті сезіндіре түседі. Қазіргі таңда жас буын өкілдерінің білімді, білікті болып шығуына көп мүмкіндіктер жасалуда. Назарбаев университеті, зияткерлік мектептер, Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған "Болашақ" бағдарламасы білім мен ғылым қуған жастарға үлкен қамқорлық болып отыр. Бұл бағдарлама бойынша еліміздің мыңдаған жастары әлемнің әйгілі оқу орындарынан білім нәрімен сусындап оқып жатыр. Келешекте олар Отанымызды көркейтуге үлестерін қосатындары анық. Қаншама жастарға оқу гранттары, стипендиялар,сыйлықтар бөлінді. Ол жастарға да, ата-аналарына да үлкен көмек деп білемін. Әлемнің озық дамыған отыз елінің ортасынан ойып орын алудың нақты міндеттерін жолдаудың басты бағытына біріктірген Елбасымыз келешектің керегі мен болашақтың берерін бедерлеп,сан саланың табысты тұстарын тапсырмалармен түйіндеді. Инновациялық индустрияландырудың, агроөнеркәсіп пен ғылыми экономиканың, инфрақұрылым мен шағын және орта бизнестің жетістіктерін саралап,жеткіліксіз тетіктерін де айқындап берді. Елбасымыздың:"Жастарға айтамын.Бұл стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де-сіздер!"деуі-өскелең жастарға артқан сенімінің шынайы көрінісі. Сондықтан, біз, жастар, Мәңгілік елдің мәртебесін асырып, дамудың даңғыл жолына күш-қайратымызды салып, Елбасы жолдауының жүзеге асуына жұдырықтай жұмылып қызмет етуге тиіспіз. Елбасының жолдауында мемлекеттік тіл мәселесі, геосаясаттағы Қазақстанның рөлін арттыру,

жаһандану үрдісінде бәсекелестікке қабілетті 30 мемлекеттің қатарына кіру сияқты көкейтесті мәселелерді көтерді. "Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің,интернеттің тіліне айналды...Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар. Ана тіліміз Мәңгілік елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды"деп мақтанышпен атап көрсетті. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралайтын, ұлты үшін қымбат нәрсе-оның тілі деп білемін. Олай дейтінім, қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы,біресе желсіз түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы,сар далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын , саспайтын сабырлы мінезі-бәрі көрініп тұр. Қазақтың сар даласы кең, тілі де бай. Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды терең тіл жоқ. Алдағы 15-17 жыл біздің ел үшін қарыштап дамуға мүмкіндік беретін жылдар болмақ. Осы мүмкіндікті жіберіп алмау үшін мемлекет басшысы қадап-қадап айқындап берген бағыт-бағдарды іске асыру-барша қазақстандықтардың ортақ міндеті. Бүгінгі күні сол белестердің бірінен-біріне абыроймен асып келеміз "Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық" деген Н.Назарбаевтың жолдаудағы осы сөзі бастаған жолымыздың ұзаққа жеткізетінін білдіреді. Елбасымыздың бұл сөздерінен әрбір қазақстандық қуат алады деп түсінемін. Біз тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел ретінде алға жылжуға үлес қосып, Мәңгілік Елдің іргетасын нығайта береміз. Байтақ ел күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Ол өзінің өлшеусіз табиғат байлығамен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құрылған халқының ауызбірлігімен аты шықты.Бүгінгі Қазақстан,қазақ мемлекеті өзі орналасқан аймақтың ғана емес,бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда да қазақтың арман, мүддесі, елдігі мен еңбегі мәңгілікке баянды да,XXI ғасырда қазақтың көретін қуанышы көп болғай! Кең байтақ ұлы Отанымыз аман болсын!Көк аспанымызбен астасқан көк туымыз әрқашан биікте желбірей берсін!

11


 Елін сүйген, елі сүйген Елбасы  ЕЛБАСЫ Т

ҰЛ – ХАЛЫ Ғ АСЫ Кульниязова А.С.

Қ НАЗАРЫНДА

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жете ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, атабабадан қалған асыл өнегемен әдейі үйлестіріп, ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіз заманның бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер. Мен туған ел Қазақстан бақытты ел. Даласы қараса, көз жетпейтін кең, таулары айбат, халқы мерейлі ғажайып өлке. Елім тәуелсіз. Осындай ғажап елім жүрегіме жылылық, кеудеме қуаныш орнатады. Өйткені, мен осындай елді бүткіл әлемге танытып, атабаба көшін жалғастырып, асқақ арманын іс жүзінде орнатқан Елбасымыз Нұрағадай дара да дана, бір ер, бір Елбасы барын мақтанышпен айта аламын, мақтана аламын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі халқымыздың өз таңдауымен Елбасын сайлауы деп білемін. Халқы оған үлкен сенім артты, міндеттер жүктеді. Нұраға ел сенімінен шықты, барша әлемге халқын, елін танытты. Қазақ деген елдің қасиетін танытты, даңқын асырды, болашағын болжады. Нұраға өмірі үлгі болар өмірбаян. Қарапайым еңбек адамынан, елін тәуелсіздікке жеткізген Елағасына, көшбасшысына айналды.Бүгінде елімізді ішкі саясаттағы тұрақтылығы мен сыртқы саясаттағы табыстарымызға өзгелер қызыға қарайтын дәрежеге жеткізді. Бірнеше ұлт пен ұлыстың тату тәтті мекеніне айналған елімізде дінаралық татулық, өзара түсінушілік, өзгенің қадір-қасиетіне сыйластықпен қараудың ерекше үлгісін көрсете білді.Күні кеше ғана тойланған Тәуелсіздігіміздің 23 жылы тарих үшін қасқағым сәт қана. Үш ғасырға жуық өзгеге телмірген Қазақстан үшін 23 жыл ғасырларға бергісіз уақыт болып шықты.Білгенімізден білмегеніміз көп егемендіктің алғашқы жылдары-ақ алдағы кезеңді ЕЛБАСЫ Т

бейбітшілік пен жасампаздық үдерісіне айналдыруға болатынын кемелділікпен болжаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кемеңгер саясатына таң қалмасқа шара жоқ.Ең бастысы Елбасымыз мүмкіндіктерді уыстан шығарып алмай, елдің көшін өркениеттің көшіне ілестіріп берді. Қазақ елі: Арманы асқар, қадамы құтты, ойы кең, Әлемде бүгін барлық елдермен бойы тең,- кең байтақ теңдесі жоқ елге айналды. Елбасының өзі айтқандай:Алдымен,«Тәуелсіздік– ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты»,- болды. Сонымен қатар, «Менің атам да, анам да–қазақ. Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ. Намыстанбаймын да.Қайта маған тіл,діл,өмір, тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын.Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес. Иә, президентіміз халқымыздың ұлы бола білді. Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы, Бейбіт күнде желбіреген байрағы. Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен, Қазақстан-ынтымақтың айғағы,-деп ақын жырлағандай, Елбасы көшбасшылық еткен Қазақ елінің аспаны ашық, халқы аман, тұғыры биік болғай деп тілеймін. Тәуелсіз Қазақстан және елбасы мен үшін егіз ұғым деп түсінемін. Осындай бақытты елім үшін Елбасына ризашылық сезімімді білдіремін. Саясатты түсінер ел тереңнен, Кемеңгердің қасиеті еленген. Бастар елді болашаққа бақытты, Көшбасшымыз Нұраға сенем мен.

ҰЛҒ АСЫ Ж Ә НЕ Қ АЗАҚ ТАРИ Жапарова А.А.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облыстық ПҚ БАИ аға оқытушысы, Тараз қаласы

Қазақтың құлан жортса тұяғы тозатын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Атабабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама кең далада, мұндай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, оңай болған жоқ.

12

Қазақ елінің тарихында көз салсақ, Ұлы далада небір қиындықтарды басымыздан кешірген, сұрапыл соғыстарды, қан майдан жортуылдарды өткерген; сан рет қирап, сан рет бой түзеген; ұзақ жолда жақсыны да, жаманды да көрген;салтанатты да өмір сүрген, хандары алтын сарайларда да тұрған,алтын тақта да отырған,іргелес елдермен бейбіт өмір сүре де білген елміз.


Орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, тіліміз бен дініміз табанға тапталды. Алқакөл-сұламаға ұшырадық. Қазақтың мал-жаны тәркіленіп, ашаршылыққа душар болды. Зұлматтың құрығына түсті.Хандарымыз бен билеріміз, бектеріміз бен батырларымыз әжуаға, күлкіге, мазаққа айналды. Тарихымыз саясаттың құралына айналды.Сана, дәстүр күйреді. Халық жадынан айрылды. Ұлт ретінде жер бетінен жойылып кету қаупі басым болды. Қазақтың:“Қаратаудың басынан көш келеді”, деп зарлағаны, үш жүздің басын қоса алмай, көшіп-қонған жұртын орнықтырып ел ете алмай Абылай ханның дәрменсіз болғаны;Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; “Еділді келіп алғаны–етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны–жағаға қолды салғаны”,“Әдіра қалғыр Үш Қиян” деп Мұрат ақынның күйзелгені;“Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын”, деп Абайдың қабырғасы қайысатыны осы тұс еді. Осынша тауқыметті бастан кешіріп, көрмегенді көрген қазақ елі. Жиырма екі жылдың ішінде осы байтақ далада бұрын-соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет–Тәуелсіз Қазақ елі бой көтерді. Осы Ұлы көшті Нұрсұлтан Әбішұлы бастады.Арғы-бергі заманда осындай ұлан-ғайыр далада мемлекет орнатып,халқының көңіліндегісін тауып, көкейіндегісін жасаған Назарбаев есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазылып қалары сөзсіз. Н.Ә.Назарбаев ел тізгінін алмағайып, аумалытөкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Азаматтың теңдесі жоқ осы қаһармандығын, даналығын кейінгі ұрпақтың келешекке аңыз етіп

жеткізетіндігінде еш күмән жоқ. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау– Президентімізтуралы ойлаумен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасып тұр. Халық сенімінен шыққан Елбасы ел тізгінін ұстаған сонау 1991 жылдың 1 желтоқсанынан бергі жерде экономикаға төтеннен, сырттан киліккен бүкілдүниежүзілік дағдарыстың алдын алу, бетін қайтару амалдарын іздестіріп, тосқауыл қоя білген тұлға. Адам өмір бойына үйренеді, ұдайы жетіледі. Әрдайым өзін-өзі қамшылау, білімдіден үйрену, білгеніңді үйрету, сол арқылы қоғамды алға сүйреу– Президентіміздің айрықша қасиеті.“Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы”–ұлт болып, Елбасы болып, өзін-өзі қамшылаудың айрықша көрінісі. Бәсекеге қабілетті болу үшін–адам факторы алғы межеге шығады. Ол адам бәсекеге қабілетті, білімді болуы керек. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы сөз жоқ президентіміздің еңбегі.Әлемдегі қабырғалы елдердің қатарына қосылдық. Халық ұлы перзентін жүрегінің төріне көтерді. Нұрсұлтан Әбішұлы–ұлттың көшбасшысы. Ұлт намысының қамшыгері. Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев-Алланың қазаққа берген сыйы. Бүкіл түркі халқының, Алты алаштың айбары мен қорғаны болып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін.

Ұлылардан ұлағат Талапты ер жалықпас, Талапсыз өмір жарытпас, Еңбекпен барлық қажетің табылар, Еңбексіз ер қызықтан да жалығар. Біліммен адам толығар, Білімі оны зор қылар... Ақылымен ғана адам хайуаннан ажырар, Ақылымен ғана ер әділет үшін Құрбандыққа шалынар.

Ж.Баласағұн

13


 Өрлеуге 2 жыл  «ӨРЛЕУДІҢ» ӨРІСІ МЕН ТЫҢ БАҒЫТЫ Қарамурзин А.Қ.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі басқарма бастығы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, доцент

«Қазіргі XXI ғасыр мұғалімі жай мұғалім емес, жаңа форматты мұғалім болуы тиіс. Жаңа формация мұғалімі бұл рухани дамыған, әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атып, өзге елдермен терезесі теңескен Егеменді ел болғанымызға да 23 жыл. Тарих беттерін парақтай отырып, өткенге сөз жіберсек Тәуелсіздік аясында ел халқы үшін толағай табыстар мен жағымды жаңалықтар, елеулі өзгерістер аз болмағаны ақиқат. Елімізде үлгілі дамудың өзіндік моделі қалыптасты және 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдары жарияланды. Басты мақсат–Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асуда. Бағыт нұрлы жолмен нұрлы болашаққа, жаңа дәуірге бастау. «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы–адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр», - деген еді ел Президенті. Олай болса, ел игілігі мен халқымыз үшін еңбек етіп, қоғам талабы үдесінен шығу мақсатында ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту жолындағы ауқымды істер атқарылуда.Қазіргі таңдағы білім беру саясатының ең бірінші міндеті – жоғарғы сапалы білім беруге қол жеткізіп,әрі оны тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің өзекті де өміршең қажеттілігіне сәйкестендіру. Осының бәрі қордаланып келгенде ұстаздар қауымының тұрақты да жүйелі қайта даярлануымен кәсіби біліктілігін көтеріп отыруды міндеттейді. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты бүгінгі таңда үздіксіз білім жаршысы, облыс педагогтарын кәсіби дамытушы орталығы санатынан танылуда. Елдің өркениеттілігі сол елде өмір сүретін халықтарының білімділік деңгейімен айқындалады. Сол өркениет негізі мектепте қаланатыны сөзсіз. Сондықтан да облыс мектептерінің, оның ішінде ауыл мектептерінің, болашақтың мамандарын дайындайтын техникалық және кәсіптік білім беру орындарының жұмысын жандандыру,ондағы білім сапасын жетілдіру,оқушыларға мемлекеттік стандарт деңгейіне сай білім беру, педагогтар біліктілігін үздіксіз арттыру қажет.

14

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халықтарының өмір сүру деңгейлерінің жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны ол елдің технологиясының даму деңгейімен өлшенеді. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияның енгізілу сапалылығы елдегі білім беру ісінің қалай жолға қойылғандығы мен осы саланың ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Осыған орай институт Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отырған реформаның әлемдік даму тенденцияларының талаптарына сай біліктілікті арттырудың көпбағдарлы модульдік бағдарламаларын, оқу әдістемелік құралдар мен цифрлық форматтағы білім ресурстарын жасауға жұмылдыруда. Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты. «Қазақстан–2050»Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы: «Ал, кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер–болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгінгі атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда. Сендер тәуелсіз Қазақ елінің перзенттерісіңдер. Тәуелсіз елде туып, тәуелсіз елде тәрбие алдыңдар. Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің– елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш», – деген болатын. Иә, үміттің ауыр жүгін арқалап отырған жастарымыздың тағдыры ұстаздардың қолында екені дау туғызбайды. Білім мазмұны тың жаңалықтармен толығу үстінде, елімізде білім жүйесін реформалау жүріп жатыр. Жаһандық жаңалықтардан құр қалмай, заман көшінің алдында тұрып сөз бастайтын, айтар ойы кемел, білімі терең ұрпақты шынайы бәсекелестікке қабілетті ұстаз ғана тәрбиелеп шығарады.Сол себепті, ұстаздар біліктілігін арттыратын оқытушылар шетелдік тәжірибені үйреніп, білім саласына енгізу мақсатымен 13 қызметкер осы 2 жылда Сингапур,Англия, Франция, Австралия, Оңтүстік Корея, Ресей елдерінде ғылыми тағлымдамадан өтіп,білім беруді жаңа сапаға көтеруге жұмыстанып келеді.Институттың заманауи


жабдықталған кітапханасы жұмыс жасайды. Ол институттың профессор – оқытушы құрамына, курс тыңдаушыларына, жалпы облыс бойынша педагогтарға мәдени орталық болып табылады. Жалпы кітапхана қазіргі талапқа сай жасақталған, компьютерлер интернет желісіне қосылған, курс тыңдаушылары үшін барлық пән оқулықтары, электрондық оқулықтар, біліктілікті арттыру оқу – әдістемелік кешендерімен толық қамтамасыз етілген. Кітапхана дәстүрлі алфавиттік, жүйелік, КАБИС – жүйесі арнаулы автоматтандырылған электрондық толық мәтінді базасымен жұмыс атқарады. Сонымен бірге курс тыңдаушылары үшін интерактивті тақта, планшеттер бар. Бүгінгі жаңа білім жүйесінің басты мәселесі-білім беру мазмұнының негізгі идеясын айқындап алу. Ол үшін білім беру мазмұнын жаңартып, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіру. Ал білім сапасын жетілдіру үшін, білім беру мазмұнының жаңаруы дегенімізқазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану. Осы бағыттағы игі істердің бірі жаңа технологиямен жабдықталған институт баспаханасының жұмысы жолға қойылған. Институттың ғылыми-әдістемелік «Хабаршы» журналы мерзімді шығарылып, облыс педагогтарына қызмет жасауда. Институт баспасынан қызметкерлердің ғылыми әдістемелік еңбектері, семинар, конференция жинақтары мен электрондық оқулық, электронды жинақ шығарылып, оқырмандарына ұсынылуда. Институт ұжымы «Заманауи білім беру жүйесіне кірігу мақсатында оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу арқылы педагогтардың кәсіби құзіреттілігін жоғары деңгейге көтеру» мәселесімен айналыса отырып, ұлттық білім беру моделін жаңғырту жағдайында біліктілікті арттырудың мазмұнын айқындап, кәсіби дамуын қамтамасыз етуде. Институт үздіксіз біліктілік арттыру үдерісіне білім беру жүйесінің міндеттеріне және педагогтардың сұраныстарына сәйкес оқытудың заманауи әдістері мен формаларын енгізе отырып, облыстық, аймақтық, республикалық, халықаралық білім беру ұйымдарымен үйлесімді қарым–қатынас пен ынтымақтастықғы байланыстар орнатқан. Мәселен,Ресей ғылым академиясымен,Ресейдің көптеген қалаларындағы жоғары оқу орындарымен, Қырғыз,Қалмақ елдерінің институттарымен ынтымақтасты әріптестік байланысты нығайту

мақсатында меморандумға қол қойылған-ды. Меморандум оқу бағдарламалары мен семинарларды бірлесе ұйымдастыруды, кәсіби даму жобаларын жүзеге асыруды, елдер арасында тәжірибе, оқу және мерзімдік басылымдармен алмасуды қарастырады. Педагогтің кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру бағытындағы жоспарлы шаралар да үздіксіз ұйымдастырылуда. Біліктілікті арттыру мәселесі курстан өтумен ғана шектелмейді. Осыны ескеріп келгенде, филиалда мұғалімдердің шығармашылығын ұштау, алға жетелеу мақсатында конференция, семинар, педагогикалық оқулар мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, мамандар тәжірибе алмасу мақсатында республикалық деңгейдегі іс-шараларға қатысып отырады.Бұл жаңару бағытында құрылғанына екі жыл болған институтымыз үшін ауқымды іс.Тәжірибелі тренерлердің басшылығымен осы жылдың ішінде санға емес, сапаға жұмыс істейтін педагог-кадрлар қатары толығуда. Мұндай курстардың жыл сайын жоспарлы түрде өтіп отыратынын ескерсек, санаулы жылдарда облысымызда заманауи сұранысқа лайықты мамандар саны еселене түспек. «Өрлеу» ең озық әдістемені қамтыған, ұстаздарды материалды және кәсіби өсуіне жетелейтін орталық. Бізде кадр мәселесі шешілген, материалдықтехникалық базасы толықтырылған, білім беруді сапалы қамтамасыз етуге, озық технологияларды таратуға мүмкіндік бар. Біліктілікті арттыру бағдарламасының мазмұны толық өзгеріп,отандық және шетелдік тәжірибелер қолданылуда. Әлемге әйгілі Кембридж университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан мұғалімдерінің біліктілігін арттыратын үш айлық курстар енгізілді. Нәтижесінде ұстаздарға жаңа квалификациялық деңгейін көтеру сертификаттары берілуде. Бұл педагогтың жалақысының өсуіне көмектеседі. Бұл орта білімді жаңғыртудағы жасалған ірі қадам болып табылады. Институтта профессор–оқытушы құрамының, мамандарының үздіксіз кәсіби деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар жасалуда.Осылайша Қазақстан Республикасының білім саласын әлемдік стандарт арқылы түбегейлі өзгертуге барша ұжым мүшелері біріге үлес қоса отырып, білім беру сапасын арттыруға, тәжірибе мен шеберлікті барынша енгізу арқылы кәсіби тұрғыда бірге өсетінімізге сенімін. Әріптестеріме кәсіби және рухани өрлеу тілеймін.

15


Е

ҢБЕК Ү ЗДІКСІЗ Ү ЙРЕН ГЕНДІКТІ Сарсекенова А.Б.

Ң АРҚ АСЫНДА ЖЕ ҢІЛДЕЙДІ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасыныңаға оқытушысы

«Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті–ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, білімділік пен біліктілікті қажет етеді. Елбасымыз: «Құрылымдық өзгерістер мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесін оздыра отырып, дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс.Жаңа формацияның педагогы мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы тиіс. Бұл уақыт талабы»,-деген еді.Ұйымдастырылатын курс мазмұны, оқытудың қазіргі педагогикалық озық технологиялары, үздік тәжірибелік жұмыстардың, әлемдік деңгейдегі дүниетанымының қалыптасуына, білім-білік негіздеріне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру–біліктілікті арттырудағы өзекті мәселелерінің бірі. Біздің Елбасымыз «Өзіміздің алдымызға стратегиялық міндет–таяудағы он жылда елімізді әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 30 елінің қатарына шығару міндетін қоя отырып, біз ғылым мен технологиялар дамытудың, білім беруді дамытудың жаһандық үрдістерін жіті назарда ұстауға тиіспіз»,деген болатын. Біліктілік-бұл білімдегі, тәжірибедегі, берілген білімді меңгертудегі бейімділік, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі біліктілікті арттыру білімнің негізінде қалыптасатын үлкен еңбек, жауапкершілікті сезіну, белгілі бір мәселені шешуге қатысу, білім беру технологияларын түсіну, меңгеру, қолдануда қабілеттілік таныту, еңбекке дұрыс қарым-қатынас кәсібінде үнемі ізденіс таныту қазіргі педагогтың құндылықтық қабілеттілігін айқындауда. Әртүрлі көзқарасқа көрегенділік таныту, келісе білу, шарт жасай білу және оны орындау, жобаға кірісу жұмысқа ниеттілігі мұғалімнің қазіргі қоғамдағы жауапкершілігін арттырады. Жаңалықтарға дайындық, өткенді жаңамен байланыстыруды

16

ұйымдастыру, қоғам дамуына ықпалдасу, өз өміріндегі сергектікті ұштай білу мұғалім абыройы. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс екендігін атап көрсеткені белгілі. Елбасы еліміздің болашағын жастармен байланыстырады. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелейтін педагогтар қауымы Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттерді айқындап, жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағыттарында өз міндеттерін жауапкершілікпен, сапалы атқаруы керек. Қазіргі жас педагогтың бойында үш түрлі біліктілік қалыптасуы қажет: а)Пәндік біліктілік.Пән бойынша алған теориялық білімі мен іскерлігі жатады.Теориялық білім пән арқылы беріледі. ә)Педагогтік біліктілік. Педагогиканың негізін, ұстанымдарын,әдіс–тәсілдерін,сабақты ұйымдастырудың негізгі нысандарын білуі тиіс. б)Технологиялық біліктілік. Білім берудің сапасын көтеру, өз бетімен іздену қабілетін қалыптастыру. Жаңа дәуірдің аса мықты талабы–білім беруде өркениеттілікке, жаңашылдыққа зор серпіліс жасау. Ұстаздар қауымының алдында Қазақстан экономикасын жетілдіру, қоғамның интеллектуалдық және рухани-адамгершілік әлеуетін арттыру міндеттері тұр және білім мен тәрбиені дамытуда қиындықтардың туындап отыруы заңды да. Қазіргі білім беру парадигмасы білім беруді жаңаша ұйымдастыру-оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. Ежелгі грек материалисі, философ Демокрит айтқандай, «Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі»деген. Осы жұмыстарды өз деңгейінде ұйымдастыруда қазіргі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты біліктілікті арттыру бағытында жасалып отырған жұмыстардың алдыңғы қатарынан көрініп келеді.


 Мектепке дейінгі білім беру  МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА ЖАҒДАЙ ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Султанова Г.С.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Мектепке дейінгі баланың жеке басын және танымдық процестерін дамыту, қарым-қатынас дағдыларын, өзара іс-қимылын қалыптастыру баланың даму ортасын ұйымдастырумен тығыз байланысты. Дамытушы заттық орта-бұл бала қызметінің материалдық объектілерінің жүйесі, оның рухани және физикалық дамуының функционалдық үлгідегі мазмұны.Заттық ортаның негізгі элементтерісәулеттік-ландшафтық және табиғи-экологиялық объектілер, ойын және спорт алаңдары, олардың жабдықтары, баланың өсу барысына байланысты ірі ауқымдағы конструкторлармен (модульдермен), ойыншықтардың тақырыптық жинақтамаларымен, ойын материалдарымен, ойын жабдықтарымен жарақтандырылған ойын кеңістіктері;тәрбие мен оқытудың аудиовизуалдық және ақпараттық құралдары болып табылады.Заттық ортағы қойылатын бастапқы талап-оның дамытушылық сипаты.Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ учаскені заттық кеңістікте ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құралжабдықтар,ойыншықтар, дидактикалық материал, т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс. Дамытушы заттық орта мынадай психологиялықпедагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті: -баланың психикалық даму деңгейіне сәйкестігі; -жүйелілігі; -көп функциялылығы; -баланың жас шамасына сай болуы; -трансформациялануы; -мазмұны бойынша және функционалдық міндеттері бойынша вариативтілігі. Осыған сәйкес мынадай мақсат қойылады: жетекші және қалыптастырушы қызмет түрлерін, сондай-ақ мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушы ортаны ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілеу. Дамытушы ортаның негізгі құрамдас бөліктері мыналар болып табылады: -заттық дамытушы орта: құрал-жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материалдар; -шығармашылық дамытушы орта: көркемдік және музыкалық тұрғыдан дамытуға, құрастыруға және қол еңбегіне арналған жабдықтар, театр қызметін ұйымдастыруға арналған жабдықтар; -танымдық-интеллектуалдық орта: көрме материалдары, үстел үсті ойындары, логикалық ойлауды дамытуға арналған құрастырма жинақтар;

-сауықтыру ортасы: спорт жабдықтары, спорт снарядтары, т.с.с. Баланың даму жағдайларына қойылатын жалпы талаптар: Топтық бөлмелер.Жабдықтар мен кеңістікті ұйымдастыру балалардың регламенттелмеген қимыл белсенділігінің мүмкіндіктерін көздеуге тиіс: ойыншықтар мен ойындарға, сурет, мүсіндеу, құрастыру материалдары мен құралдарына еркін қол жетімділік.Бөлменің жабдықталуы баланың құрбыларымен бірлесіп қызмет істеуіне, сондай-ақ оңаша қалуына ыңғайлы болуы керек. Мыналарды ұйымдастыру қажет: -ойын бұрыштары; -оңашалау бұрыштары; -білім беру, құрастыру, музыка аймақтары; -кішкене стадион; -компьютерлік сынып. Бұл аймақтардың экспозициясы мен тақырырыптары ұдайы жаңартылып тұруға тиісті. Дербес қызмет аймақтарын топтық бөлмелерде сондай-ақ жататын бөлмелерде, шешіну бөлмелерінде, холлдарда құрған дұрыс. Балалардың, олардың отбасы мүшелерінің фотосуреттерін, балалардың суреттерін қоюға болады. Ойын материалы көп функциялы сюжеттік ойыншықтарды және рәсімделмеген материалдардытабиғи, ескі конструкторлардың бөлшектерін қамтиды. Сюжеттік-рөлдік ойындар мен конструктивтік қызметті дамыту үшін: -модульдік конструкторлардың ірі нысандарын; -мектепке дейінгі ұйымды үй жағдайына жақындату үшін жұмсақ жиһазды пайдаланған жөн. Балаларды тәрбиелеу мен дамытуға байланысты мектепке дейінгі ұйым педагогтарының міндеттері: -білім беру және дамыту процесін дараландыруды қамтамасыз ету, өзінің балаларды дамытуға қатысты білімін пайдалануға; -өзара қарым-қатынасты әрбір баланың қажеттіліктері мен әлеуетті мүмкіндіктерін ескеру; -балалардың бойында өз бетінше шешім қабылдауға, дағдыларды меңгеруге арналған мүмкіндіктерді дамытуға ықпал ететін оқу ортасын құру; -мектепке дейінгілердің ата-аналарына бар мәселелерді бірлесіп шешу мүмкіндігін бере отырып, оларды білім беру мен тәрбие процесіне тарту; баланың өсу прогресін бақылаудың әдістерін меңгеру, өз тәрбиеленушісінің жетістіктерін көре білу, соған сәйкес жоспарын құру.

17


МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МДАРДА ҰЙЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ Ж ОЛДАРЫ Садибекова М.О.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы

Егемен мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу–кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Елімізде мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің саны жылдан жылға көбейіп, балабақшаларға деген халықтың сұранысы арта түсуде.Балабақша–балалардың жеке басының дамуына сәйкес өзінің құқығы мен талап-тілектерін қанағаттандырып, қабілеті мен мүмкіндіктерін жетілдіре түсетін орта болуы және отбасымен тығыз педагогикалық ынтымақтастық орнатуы маңызды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрудiң басты факторы болып табылатын қазақ тiлiнiң одан әрi дамуы үшiн барлық күш-жiгерiмiздi салуымыз керек»,-деп айтып өткен болатын. Сондықтан да мемлекеттік тілді өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту-бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа жолдарын іздеу қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты әр кезеңде өз дәрежесіне сай сұраныста болды. Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен «Балапан» бағдарламасын іске асыру міндеттерінде мектепке дейінгі ұйымдардың қолданысындағы бағдарламалардың мазмұнын жаңарту көзделген. Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету жұмысына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларында айқындалған (ҚР БҒМ 2012 ж. 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы). Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді үйрету және дамыту Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (ҚР Үкіметінің 2012 ж 23 тамыздағы №1080 қаулысы) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік тілді үйрету және баланың ана тілін дамыту «Алғашқы қадам»,«Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламалардың негізгі мазмұнын құрайды.Бұл бағдарламаларда балалардың сөздік қорларын дамыту, әрі оларды күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста еркін қолдануға жаттықтыру жолдары жас ерекшеліктерін ескере отырып айқындалған.Мысалы: ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балалардың сөздік қорының дамуы баланың заттарды атауы, әрекеті, олардың қасиетін түсінетін сөздерді айтуы, сұраққа жауап беруі, ойын кезінде, серуенде қолдана алатын әдебиеттің кіші түрлері (мәтелдер,әзіл, қысқа өлеңдер, әндер, тақпақтар) арқылы жүзеге асырылады. Аталған

18

бағдарламалардың мазмұны мектепке дейінгі жастағы балалардың жас кезеңдеріне сәйкес, олардың жеке дамуын қамтамасыз ету бағыттарына негізделіп құрылған. Сонымен қатар «Балбөбек», «Қарлығаш», «Қайнар» білім беру бағдарламалары балама ретінде қолданылады. Олардың мазмұны жаңа стандартқа сәйкес жаңартылуда.Заман өзгерген сайын әдіс– тәсілдер көбейіп, жаңарып,толығып жатыр. Балалардың тілін дамытуды, қызықты үйрету үшін жаңа әдістер мен технологияларды өз тәжірибемізде қолдануға ізденеміз.Жаңа технологияны, әдістәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын арттырады. Сонымен қатар тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу барысында балалардың жас ерекшелігін ескеру әдістәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады. Ойын–оқу үдерісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық санат. Тіл дамытуда ойынды көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, ойыншықтар, музыка және т.б. материалдар сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады, ауызша сөйлеу түрлері кеңейеді. Әрбір сабақта ойын түрлерін және өзара сөйлеу үлгілерін тақырыпқа сай қолданған жөн және тиімді. Тіл дамыту барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар.Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Бүгінгі күні мемлекеттік тілді дамытуды мектепке дейінгі саладан бастап, А0 деңгейіне, еуростандартқа сәйкестендіру жұмысы жүргізілуде. «Балабақша– мектеп–колледж-жоғары оқу орындары» жүйесінде үздіксіз оқытуды енгізудің әдістемелік негіздерін айқындайтын мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы әзірленуде.Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде отандық және шетелдік тіл үйрету әдістемелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалана отырып, үздіксіз оқыту бүгінгі күннің басты талабы. Халық байлығының асыл қазынасы–рухани тіл. Оны меңгеру бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақшада жалғасын таппақ. Психологтардың зерттеулерінде баланың жас кезінде танымдық, қабылдау қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін көрсетеді. Мектепке дейінгі кезеңде бала тілді меңгеруде ерекше сензитивті, ал егер де 5-6 жасқа дейін ана тілін белгілі деңгейде меңгермесе, бұл одан кейінгі жас кезеңінде өз деңгейінде болмайтынын ғалымдар дәлелдеген. Сол себепті де мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың негізгі мақсаты-тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыра отырып, тілдің дыбыстық мәдениетін


жетілдіру,сөз үйрете отырып, сөздік қорларын байыту,байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. 5 жастағы бала барлық тіл дыбыстарын толық меңгеріп, тілдік белсенділігі артатыны бала тілінің дамуын зерттеген ғалымдардың еңбектерінен белгілі. Бұл балаларды сөзді дыбыстау мәдениетіне мектепке дейінгі кезеңде тәрбиелеу қажеттігін айғақтайды. Баланы дер кезінде дұрыс сөйлеуге үйретпесе, онда бала өмір бойы анық сөйлеп, ойын дұрыс айта алмауы ықтимал. Ауызша сөйлеуінің өз деңгейінде жетілмеуі жазбаша тілдің дамуына кері әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, тіл кемістігі бар балалардың жалпы мектеп жағдайында оқу мен жазуды толығымен меңгеруге мүмкіндігі болмайды. Тілдік ортаның даму потенциалы әдетте оны жасаған кезде тілді үйрену заты ретінде және сөйлеуде тілдің жұмыс ерекшеліктерін, сондай-ақ баланың әр түрлі жас сатысында тілді үйрену психологиясын неғұрлым дәлдікпен ескерсе, соғұрлым жоғары болады.Тәрбиеші бала тілін дамытумен бірге мидың жұмысын да қалыптастырады,сөйлеу бұлшық еттерінің жұмысы да қалыптасады, дамиды.Демек, бала тілінің дамуы мен сөйлеу бұлшық еттерінің арасында, сөйлеу дағдыларының арасында тікелей байланыс бар. Баланың ана тілін меңгеру қабілеті сөйлеу органы бұлшық еттерінің машықтанғандығына байланысты болады, егер бала фонемаларды дыбыстауды, сондай-ақ дыбыстар кешенінен оларды дауыстап бөліп алу қабілетін игерсе, кез келген тілді үйрене алады. Балалар бақшасында қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде игеріп, тілдік қатынасқа түсудің маңызды түрі–ауызша сөйлеу тіліне үйрету.Ал толық түрде жазбаша тілдік қатынасқа түсу,яғни айтылған ойды тез түсіну, тез жауап қату біртіндеп мектепте бастауыштық және орта білімдік сатыларда, тіпті баланың бүкіл өмірінде дамытылады. Топта түркі негіздес ұлттар тілінің болуы балалардың «тілдік сезімінің» біркелкілігін байқатады.Баланың үлкендермен тілдік қатынасқа түсуі олардың сезімдік қатынасынан басталады. Бұл баланың үлкендермен қатынасқа түсуінің басы болып табылады. Бала тіл дамытудың алғашқы кезеңінде-ақ үлкендер мейіріміне мейіріммен жауап беруге, алғашқы дыбыстар шығаруға үйренеді. Тәрбиеші немесе айналасындағы үлкендердің алғашқы эмоциялық қатынасы, баланың болашақта осы тілде сөйлеу мәнерінің қалыптасуына негіз болып табылады. Бір жастағы баламен қатынаста бұл кезеңде тіл немесе сөз заттарды нақты атауларын және бала мінезінің қалыптасуына басшылық жасайтын үлкендердің әрекеті кезіндегі сөздерін бейнелейді.Мысалы:отыр,тұр сияқты бұйрық сөздермен әрекетке, доп, орындық, үстел деген нақты атауларға, допты ал, орындыққа отыр дегендей бұйрық мәнді етістік тіркестермен тілдік қатынастарға бала бірден тартыла бастайды.Тілдің табиғи түрде дамуын тәрбиеші мен тіл маманы жақсы білуі тиіс. Өмірінің алғашқы жылында эмоция арқылы қатынасқа түсу баланың үлкен адамға немесе бір-біріне көңілі толу, толмау сияқты өзара әрекетте көрінеді.

Бүгінгі балабақшада тілді үйрететін орта– баланың айналасындағы адамдардың сөйлеу тілі. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде білсін деген баланың айналасында мемлекеттік тілдегі тілдесім басым болуы керек.Бұл орайда,республикалық телехабарлардың, радиохабарлардың бағдарламалық материалдардың мемлекеттік тілде күнделікті берілуі қамтамасыз етілуі тиіс. Әрине, мұндай қажеттілік мақсатты ұйымдастырылған жағдайға біздің қоғамдық салтымызда бірден тез жету мүмкін емес. Сондықтан да қазақ тілін орыс тілді мектепке дейінгі ұйымдардың екінші кішкентайлар тобынан бастап арнайы оқытудың типтік бағдарламалары мен авторлық нұсқалары әр деңгейде ұйымдастырылуда. Орыс балабақшаларына баратын балаларға жоғары топтарда қазақ тілін көркем шығармалардың ең кіші жанры өлең-тақпақшалармен үйреткен жөн.Қазақ тілін кішкентай балаларға үйрету үшін балалардың жас ерекшіліктері мен жеке ерекшеліктерін, әрқайсысының зейін, қабылдау, еске сақтау, ойлау, қиялдау ерекшеліктерін, сезім,ерік пен жеке дарындылық қасиеттерін жақсы біліп алу керек. Балабақшадағы балалардың қайсысы болмасын зейіні тұрақсыз, олардың кейбірінің сабақ үстінде әсерленуі күшті, ой бөлісу қабілеті тіпті жоқ десе де болады, сондықтан қазақ тілінің жекелеген сөздеріне қатысты тірек-сызбаларды дұрыс іріктеу, оларды мәніне қарата балаларға ажырата қолдануды әдетке айналдырған жөн болар.Әңгіме оқығанда, тақпақ жаттағанда әрдайым қолданылып келген сызбаларды баланың өздері танып, зейінін тұрақтандыруы, олардың тіл үйренуге деген құлшыныстарын арттыра түседі.Естиярлар мен ересек балалар топтарында тірек-сызбалармен қатар үйретіліп отырған шығарма сөздеріне, кейіпкерлеріне қатысты бояуы қанық тартымды салынған суреттер беріледі. Ал мектепке даярлық тобында тақпақ мәтіні жартылай сурет арқылы, жартылай сөз арқылы, күрделендіре отырып, сөз сызбаларын ұсынуға болады. Жалпы әлем елдерінің тәжірибесінде тіл үйрету балабақшадан басталады екен. Шетелдік ғалымдар балаға ерте жастан тілді үйрету оның ақыл-ойының жақсы дамуына ықпал ететінін және сәбидің ерте жасында жылдам қабылдау жүйесі жақсы жұмыс істейтінін айтады. Қорыта айтқанда, балалардың тіл үйренуге қызығушылығын арттыру, тіл мәдениетін жетілдіру, сөздік қорларын үнемі молайтып, бекіту-өмірлік маңызға ие болып отыр. Бұл талаптар қазақ тілінде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерді жүргізудің жанжақты кешенді түрлерін, оларды өткізу ерекшеліктерін меңгеру әрі әдістемелік жағынан ұтымды әдістерді қолданғанда ғана баланың жан дүниесін баулап алады.«Алғашқы білім беру баспалдағы-мектепке дейінгі ұйымдардан басталады» демекпін. Пайдаланған әдебиеттер 1.Юсупов Ғ.С. Тіл тірегі-тәртіп. «Ана тілі» газеті, №47(1201) 28 қараша, 4 желтоқсан 2013 ж.

19


2.Тілешов Е. Оқытудың бірізді-сатылы бағдарламасы мемлекеттік тілді дамыту үшін қажет [Электрондық ресурс]: http://anatili.kz. 3.Қазақстан Республикасында тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген. 4.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің

2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген. 5.Сытдыков К. Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен қызметі. - Алматы, 1956. 6. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім. [Электрондық ресурс]: http://www.edu.gov.kz. 7. Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда тіл дамыту курстық жұмыс.http://www.topreferat.com. 8. Бақраденова А. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу тілін дамыту [Электрондық ресурс]: http://irbis.ppi.kz/cgi-bin/irbis64r_91.

ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ КОМПОНЕНТЫ ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО РАЗВИТИЯ ПЕДАГОГА Бажанова Е.С. Психолог,детский сад № 16 «Дюймовочка» г. Атырау

Профессиональное развитие является неотъемлемой частью профессионализации личности. Начинается оно на стадии освоения профессии и продолжается на последующих этапах. Более того, оно не заканчивается на стадии самостоятельного выполнения деятельности, а продолжается вплоть до полного отхода человека от дел, приобретая специфическую форму и содержание. При анализе психологии личности педагога выделяют, прежде всего, те особенности проявления личности, которые отвечают требованиям педагогической профессии и приобретают профессионально педагогическую значимость. Личность педагога развивается и формируется в системе общественных отношений, в зависимости от духовных и материальных условий его жизни и деятельности, но прежде всего-в процессе педагогической деятельности и педагогического общения.Каждая из сфер труда воспитателя предъявляет особые требования к его личностным качествам; успешность педагогической деятельности во многом обусловлена уровнем развития определенных личностных качеств, взаимосвязанных между собой, что позволяет структурировать их определенным образом. Исследователи психологии труда педагога практически единодушны в том, что основным в формировании структуры его личности является педагогическая направленность деятельности. Именно педагогическая направленность как устойчивая система мотивов определяет поведение педагога, его отношение к профессии, к своему труду, но прежде всего к ребенку. Отсутствие этого профессионально значимого качества личности у педагога приводит к тому, что индивидуальнопсихологическое содержание ребенка обезличивается...И,наоборот,воспитатель, направленный на ребенка, всегда ориентирован на уникальную неповторимость каждого ребенка, на

20

развитие его индивидуальных способностей, и прежде всего нравственной сферы. Об этом же, по существу, говорят специалисты, придавая особое значение такому компоненту, как расположенность к детям, которая пронизывает все стороны деятельности учителя. Эти же идеи в центре внимания представителей гуманистической психологии. Утверждение К.Д. Ушинского о том, что педагог живет до тех пор, пока учится, в современных условиях приобретает особое значение. Сама жизнь поставила на повестку дня проблему непрерывного педагогического образования. Педагог лишь до тех пор способен на самом деле воспитывать и образовывать,пока сам работает над своим собственным воспитанием и образованием . Большое значение в профессиональном развитии педагога имеет уровень сформированности самооценки.Психологи отмечают два приема формирования верной самооценки. Первый состоит в том, чтобы соотнести уровень своих притязаний с достигнутым результатом, а второй - сопоставить их с мнениями окружающих. Если притязания невысоки, то это может привести к формированию завышенной самооценки.Изучение характера затруднений в деятельности педагогов показало, что только те, кто ставят перед собой высокие задачи, имеют затруднения.Это, как правило, творчески работающие педагоги. Те же, кто не имеют высоких притязаний, обычно удовлетворены результатами своей работы, высоко их оценивают, в то время как отзывы об их работе далеки от желаемых. Вот почему так важно каждому человеку, избравшему педагогическую профессию, сформировать в своем сознании идеальный образ педагога. Педагогическая деятельность современного воспитателя предъявляет особые требования к развитию познавательных психических процессов: мышления, воображения, памяти и др. Не случайно многие ученые и психологи в ряду профессионально


значимых свойств личности педагога называют способность к распределению внимания, профессиональную память на лица, имена, психические состояния, педагогическое воображение, наблюдательность и т.д. В деятельности педагога, для которого характерна культура умственного труда, проявляются следующие психологические и методологические компоненты: 1.культура мышления как совокупность умений анализа и синтеза, сравнения и классификации, абстрагирования и обобщения, "переноса" полученных знаний и приемов умственной деятельности в новые условия; 2.устойчивый познавательный процесс, умения и навыки творческого решения познавательных задач, умения сосредоточиться на главных, наиболее важных в данный момент проблемах; 3.рациональные приемы и методы самостоятельной работы по добыванию знаний, совершенное владение устной и письменной речью; 4.гигиена умственного труда и его педагогически целесообразная организация, умение разумно использовать свое время, расходовать физические и духовные силы. Наиболее эффективный путь профессионального развития педагога-его участие в творческих поисках педагогического коллектива,в разработке инновационных проектов развития образовательного учреждения, авторских курсов и педагогических технологий и т.д. Саморазвитие имеет как бы двойной педагогический результат. С одной стороны-это те изменения,которые происходят в личностном развитии и профессиональном росте, а с другойовладение самой способностью заниматься саморазвитием. Судить о том, овладел ли будущий педагог этой способностью, можно по тому, научился ли он осуществлять следующие действия. 1.целеполагание: ставить перед собой профессионально значимые цели и задачи саморазвития; 2.планирование: выбирать средства и способы, действия и приемы саморазвития; 3.самоконтроль: осуществлять сопоставление хода и результатов саморазвития с тем, что намечалось; 4.коррекция: вносить необходимые поправки в результаты работы над собой. Овладение такими действиями требует времени и определенных умений.Поэтому исследователи выделяют 3 стадии профессионального саморазвития.

На начальной стадии овладения профессиональным самовоспитанием его цели и задачи неконкретны, их содержание недостаточно определено. Они существуют в виде неопределенного желания стать лучше вообще, которое появляется при воздействии внешних стимулов. Средства и способы самовоспитания еще не вполне освоены. Процесс самовоспитания протекает как учебная процедура, поэтому педагог нуждается в помощи со стороны более опытного специалиста-наставника. На второй стадии овладения саморазвитием целеполагание становится более определенным и конкретным. При этом цели и задачи, которые ставит перед собой педагог, касаются конкретных качеств его личности. Многое в процедурах саморазвития зависит от внешних обстоятельств.Однако по мере накопления опыта, процедуры реализации саморазвития сокращаются.Рассудительность, самоинструкция, самокритичность-существенные проявления саморазвития на этой стадии. На третьей стадии саморазвития педагог самостоятельно и обоснованно формулирует его цели и задачи. При этом содержание саморазвития поднимается от частных качеств до глобальных или общих профессионально значимых свойств личности. Планирование работы над собой, отбор средств самовоздействий осуществляются легко. Все основные действия саморазвития-целеполагание, планирование, самоконтроль, самокоррекцияосуществляются автоматически, непринужденно. Деятельность воспитателей-новаторов, мастеров педагогического труда доказывает, что чем ярче индивидуальность педагога, тем гармоничнее сочетаются в нем профессионализм и духовная культура, тем своеобразнее он воспринимает, оценивает и преобразует окружающую действительность, а потому он более интересен детям и обладает большими возможностями влияния на развитие их личности. Список литературы 1.Вачков И.В. Уровни профессионального самосознания педагога. М., 2000 2.Маркова А.К. Психология труда учителя. М., 1993 3.Митина Л.М. Педагог как личность и профессионал. М., 1994 4.Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. М., 2003 5.Сайт в интернете www.resobr.ru

21


СОВРЕМЕННЫЕ ФОРМЫ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ С СЕМЬЕЙ В РАМКАХ ДЕТСКОГО САДА КимЛ.Ю. Воспитатель, детский сад № 16 «Дюймовочка» г. Атырау

Для достижения целей дошкольного воспитания особенно важно комплексное взаимодействие всех участников педагогического процесса–детей, педагогов и родителей.Задача воспитателя– поддержать и помочь всем включиться в режим деятельности дошкольной организации.Иными словами, к внутреннему резерву детского сада, к которому относятся педагоги и дети, необходимо подключить внешний резерв–родителей.Именно о формах взаимодействия с родителями, используемых педагогами в дошкольной организации для включения их в воспитательно-образовательный процесс, мне бы хотелось рассказать. Взаимодействие с семьей–важная составляющая работы любого дошкольного учреждения, поскольку положительные результаты возможны только при тесном взаимодействии двух сторон–семьи и дошкольной организации.Создать это взаимодействие достаточно сложно. Во-первых,некоторые родители имеют определенные личностные особенности и низкую педагогическую компетентность, что значительно осложняет построение тесного взаимодействия. Во-вторых, в социальной динамике современной семьи наблюдаются устойчивые тенденции к увеличению числа разводов и неполных семей; росту внебрачной рождаемости. Эти негативные явления приводят к эмоциональной депривации детей и жестокому обращению с ними, к росту числа детей, отобранных у родителей при лишении их родительских прав.Период полноценной и оптимальной семейной социализации укорачивается, снижается роль родительского авторитета, нарушаются ценности устойчивой, полной семьи как социальной нормы. Традиционно необходимая помощь семье оказывается в рамках индивидуальных консультаций и бесед.Однако новые условия требуют новых подходов и методов работы воспитателя с семьей, в том числе групповых методов.К таким формам относятся групповые тренинги и тематические консультации. Их можно рассматривать как модель консультативной работы с родителями, часто более эффективной,чем индивидуальное консультирование, так как анализ семейных ситуаций в группе помогает родителю взглянуть на себя со стороны, так сказать «глазами других» и лучше осознать собственные стереотипы воспитания.Говоря о групповых тренингах, уместно напомнить некоторые понятия. Группа–ограниченная размером общность людей, выделяющаяся или выделяемая из социального целого

22

по определенным признакам: характеру деятельности, структуре и т.д. Тренинг–форма активного обучения, позволяющая человеку «самоформировать» навыки и умения, строить социальные межличностные отношения, продуктивную и другую деятельность, анализировать возникающие ситуации со своей точки зрения и с позиции партнера, развивать в себе способности познания и понимания себя и других в процессе общения и деятельности. В тренинговой группе каждый может быть и экспериментатором, и предметом эксперимента, в такой группе возможно решение задач, которые неразрешимы в реальной жизни. С помощью группы можно открыть новые возможности в развитии личности, актуализировать ее потенциал. Таким образом, самое значимое достижение тренинговой работы состоит в том, что у каждого участника группы отмечается обязательный эффект. Для групповой работы с родителями можно применять элементы из программы И.М. Марковской «Тренинг взаимодействия родителей с детьми».Основой группового тренинга по взаимодействию с семьей является идея сотрудничества родителей с ребенком. Цель программы: способствовать установлению и развитию отношений партнерства и сотрудничества с ребенком. Задачи: 1.расширение возможностей понимания своего ребенка; 2. улучшение рефлексии своих взаимоотношений с ребенком; 3.выработка новых навыков взаимодействия с ребенком; 4. активизация коммуникаций в семье. Программа И.М.Марковской предполагает занятия с родителями в течение двух месяцев с периодичностью 2 раза в неделю, каждое занятие рассчитано на 2-3 часа. Конечно, в реальных условиях это почти невозможно. Поэтому можно использовать несколько тренинговых занятий, в которые вошли ключевые моменты программы.Эти занятия могут проводиться как самостоятельно, так и быть включены в повестку родительских собраний. Предлагаю вашему вниманию некоторые упражнения из групповых тренингов для родителей дошкольников. 1.Упражнение «Коридор».Каждый из родителей получает карточку с указанием, которое мы в повседневной жизни мы часто слышим: «Закрой рот!», «Шевелись!», «Поднимай ноги!», «Замолчи!» и


т.д. Затем участники тренинга встают друг словами : «Мне кажется, в детстве ты был(а)…». В напротив друга, образуя «живой коридор», при этом ответ каждый может согласиться или нет, сказав на каждом своем шагу слышит выданные участникам «да», «нет» или «я такого не помню». Вариант : «Я установки и пытается их выполнить. После думаю, в детстве ты мечтал (а)…». В этом варианте выполнения этого упражнения равнодушных участники тренинга могут сами о себе говорить, о родителей не остается: они осознают, что только чем они мечтали в детстве или какими были тогда. что им пришлось войти в роль ребенка и на себе Это упражнение способствует погружению членов ощутить тот негативизм, который исходит от группы в детское эго-состояние. самых близких ребенку людей, от своих родителей. 3.Задание «Семейные заповеди».Участникам Подобные упражнения очень эффективны. После группы предлагается написать список семейных участия в тренинге родители готовы к более заповедей, которых придерживаются все члены глубокому участию в процессе воспитания и обучения семьи.Затем происходит обмен мнениями. своих детей, а также более тесному и Родителям, как правило, интересно знать, какова конструктивному взаимодействию с педагогами и семейная жизнь других людей. Это позволяет специалистами детского сада, работающими в сравнить свои представления о ней с инновационном режиме. представлениями других. После обмена мнениями 2.Психогимнастическое упражнение составляется единый список заповедей семьи. «Детство».Участники бросают мяч друг другу со 4. Задание «Мой ребенок».Родители заполняют таблицу. Что меня огорчает в моем ребенке 1. 2. 3. 4.

Что меня радует в моем ребенке 1. 2. 3. 4.

Количество ответов не регламентируется. После обсуждения задания ведущий обращает внимание на недопустимость превалирования ответов на первый вопрос. Акцент делается на то, что в ребенке намного больше хороших качеств, чем нам кажется на первый взгляд. 5.Задание «Я и мой ребенок».Участники письменно отвечают на заранее подготовленные вопросы. -Мое любимое животное и почему. Мое нелюбимое животное и почему. А у моего ребенка? -Мой любимый цвет и почему. Мой нелюбимый цвет и почему. А у моего ребенка? -Моя любимая сказка и почему. Сказка, которая мне не нравится. А у моего ребенка? -Доброго волшебника я попросил бы о… Почему? А о чем попросил бы мой ребенок? -Если бы у меня была фантастическая возможность стать кем-то на один день, то я бы стал… Почему?

-В каких бы животных превратил бы волшебник меня и членов моей семьи? Почему? При обмене ответами на вопросы важно, чтобы участники рассказали о себе, нашли то общее, что объединяет их самих и их детей. 6. Упражнение «Билль о правах».Ведущий делит группу на две половины. Одна группа представляет детей, а другая–родителей. Задача каждой группы заключается в составлении списка своих прав. После того как каждая группа закончила подготовку такого списка (15-20 минут), «родители» и «дети» начинают поочередно предъявлять эти права друг другу, причем в окончательный список каждое право может быть внесено только тогда, когда оно принято другой стороной. Каждая сторона имеет возможность отклонить какое-то право или настаивать на его изменении. Воспитатель выполняет функции координатора дискуссии.

Права родителей 1.Давать советы. 2.Контролировать исполнение обязанностей, соответствующих возможностям ребенка 3.Поощрять.

Права детей 1.Принимать или не принимать советы. 2. Выражать свое мнение в корректной форме.

4. Защищать своего ребенка, заботиться о нем. 5. Получать любовь, уважение, внимание со стороны ребенка.

4. Проявлять заботу о родителях. 5. Право выбора друзей и еды.

После участия в тренинге родители готовы к более глубокому участию в процессе воспитания и обучения своих детей, а также к конструктивному взаимодействию с педагогами и специалистами детского сада. Литература 1.Марковская И.М. Тренинг взаимодействия родителей с детьми. СПб.,1995

3.Право на любовь и внимание со стороны родителей.

2.Обухова А.Ф. Детская психология: теория, факты, проблемы. М.,1995 3.Сидоренко Е.В. Опыты реориентационного тренинга. СПб.,1995 4. Симпсон Р.-А. Помощь родителям в воспитании детей. М.,1992 5.Шапиро А.В.Психологические проблемы внутрисемейных отношений. М.,2008

23


Білім беру моделі ҚҰ ЗЫРЕТТІЛІКТІ Қ АЛЫПТАСТЫРУ – ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКА НЕГІЗІ Батырбаева А.Р. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филалы Жамбыл облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «ИТжЖ-Ғ(Г)ПОӘ» кафедрасының аға оқытушысы

Бүкіл әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше бейімделуді талап етіп отыр.Әлем қазіргі күні білім қоғамын,білім экономикасын құруға бағыт алды. Әлемнің жылдам өзгеруі білім саласындағы мектеп мұғалімдері үшін маңызды мәселе болып отыр, яғни ХХI-ғасырға мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды? (Қазіргі орта білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы жаңа көзқарас).Осы мәселеге байланысты біліктілікті арттыру курстары педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру,педагогтардың кәсіби беделін қалыптастыруға арналған Кембридж тәсіліне негізделген бағдарлама бойынша курстар ұйымдастырылып отыр.Аталған курстың 2деңгейін оқып келген соң мен ендігі жерде жұмысымды мына мақсаттарға бағыттайтын болдым: -қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға әрдайым ұмтылыста болу -өз әріптестерімнің тәжірибелерін жетілдіру мақсатында оқытутәлімгерлік етуде теориялық және кәсіби құзыреттілігін мейлінше тереңдетуге бағыт беру, көмек көрсету; -сондай-ақ өз оқушыларымды өзгермелі өмірге даярлау, яғни ойын еркін айтатын сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған,ақпараттық коммуникациялық технологияны меңгерген әлемдік деңгейдегі бәсекегеқабілетті тұлға даярлау. Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз құрап жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы адам,бүкіл өзгерістердің барлығы сол үшін жасалып жатыр демекші,барлық үрдістің басты себепшісі, жүргізушісі–адам.Ұрпақтың ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте білімділік деңгейімен анықталады».Яғни қазіргі білім беру жүйесінің өзекті мәселесі қоғам дамуының басқы бағыттарының бірі – білім беру, тәрбие беру. Сонымен қатар бұл ауқымды мәселе туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!»Жолдауында былай деген: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз...Сапалы білім Қазақстанның

24

индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс»(«Егемен Қазақстан»,29 қаңтар 2011 жыл).Осыған орай,жеке тұлғаны білімді және салауатты етіп қалыптастыру – бүгінгі күн талабы.Әрбір мұғалімнің алдында: «Қазіргі заман сұранысына жауап беретін тұлғаны қалай дамыту қажет?», «Дамып келе жатқан тұлға бойына қажетті құндылықтарды қалай сіңіреміз?», «Нәтижеге бағытталған білімді қалай үйрету керек»деген проблемалы сауалдар тұр.Бұл сауалдарға жауапты әрбір мұғалім өзінің кәсіби даярлығынан,өз ісін жоспарлай алуынан,өзінің нақты мақсатты болжай алуынан,баланың іс–әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігінен,жалпы бір сөзбен айтқанда өзінің педагогикалық құзыреттілігін дамыту жолдарынан іздеу қажет.Ендігі жерде білім беру тек мұғалімнің құзыретті болуын емес оқушының да құзыреттілігін қалыптастыру маңызды мәселе болып отыр.Латын тілінен аударғанда «құзырлық–өз ісін жетік білу,танымы мол тәжірибелі»деген мағынаны білдіреді.Белгілі бір саладағы құзырлықты меңгерген тұлға деп өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады.Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ,онда «құзыр»-тұлғаның белгілі пәндер шеңберіне қатысты білімі біліктілігі, дағдысы меніс әрекеттері тәсілінің өзара байланысқансалаларының жиынтығы,ал құзырлылықадамның іс әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Мысалы,құзырлық оқушылар дайындығына алдын-ала қойылатын талаптарды,ал құзыреттілік олардың қалыптасқан тұлғалық сапасын және белгілі бір саладағы іс-әрекетке қатысты жинақталған тәжірибесін айтады.Бәсекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян.Дәстүрлі оқытуда оқудың мазмұнын құрастыруға ден қойған болса,енді оқу(оқушының өздігімен үйренуі)және бағалау арқылыоқушының «не білетіндігін»,яғни олардың оқу нәтижелерін анықтауы қажет. Мұғалім баланы тұлға ретінде танытуда дайын жаттанды білімді меңгерте салмай, сол түсінікті игеру жолына бағыт беруі керек. Оқушы өзі танып, талдап, дәлелдеп, салыстырып, тұжырымдап білімнің кілтін табуы тиіс. Өзі түсініп жаңашылдыққа қол жеткізгенін түсіне білуі тиіс. Оқушының осы қарым-қатынасқа


жетелеуде мұғалімнің асқан шеберлігі қажет, яғни мұғалім тұлғаға білім беруде оқытудың қажетті озық технологияларын тиімді пайдаланып сабақта қолдана білуі, ақпараттық сауаттылығы, коммуникативтік ісәрекеті өте қажет. Әр оқушының негізгі құндылығы жеке басының тұлғасын таныту. Мұғалім әр тұлғаны жан-жақты ашып таныта білсе, өз шеберлігін көрсете білгені. Сонымен қатар педагог әр қарым-қатынас кезінде әр тұлғаның дұрыс және қапысыз шешім таба білуін жетілдіруіне басты назар аудару керек, яғни кез-келген жағдаяттардан шығар жолды да шеше білуі тиіс.Алғы шарт бүгінгі қоғамға лайықты білікті де білгір азамат тәрбиелеу. Мұндай тұлға өз ұлтының және өзге ұлт өкілдерінің мәдени құндылықтарын қастерлейтін, саналы деңгейде пікірлесе алатын дәрежеде болуы керек. Оқушы біліктілігін арттыру қазіргі оқыту үрдісі мазмұнының басты нысанасы. Түрлі пәндер бойынша берілетін білім мазмұнының меңгерілуі, сол білімді пайдалану арқылы оқушының өмірлік дағдысы мен іскерлігі өлшенеді, ендігі жерде білімнің сапасы нәтижеге бағытталады.Іскерлік қатынасты көтеру мақсат етіледі. Осыдан қазіргі білім беру жүйесіндегі құзыреттілік (біліктілік) ұғымы туындайды. Нәтижеге бағытталған білімді пәндік құзыреттілік тұрғысынан зерделесек, біз адамға тыңдау, түсіну, ойлау,пайымдау, тұжырымдау, пікірлесу сияқты тілдік коммуникативтік біліктіліктерді оқушының өмірлік қажеттілігіне айналдыруы үшін әдебиеттің маңызы зор екеніне көз жеткіземіз.Әдеби білім алған оқушы әдебиетті пән ретінде ғана біліп қоймайды, сол пәндік білім негізінде болмысты танып біледі,одан ақпараттық мағлұматтар алады, эмоциялық құндылық болып табылатын адами қасиеттерді бойына сіңіре отырып, мәдениетті, салауатты қарым-қатынасқа түседі, әдебиеттің жетекші қызметінің жүзеге асырылуына жол ашады. Бұл ретте көркем шығарманы дүниетанымдық, әлеуметтік, тәрбиелік бірлікте қарастырудың мәні артады, әдебиетті ұлттық құндылық ретінде оқыту қажеттілігі туындайды. Сөз өнерінің негізінде оқушының дербес шығармалық қабілетін, ұшқыр, шешен сөйлеу шеберлігін дамыту үшін әдеби білім мазмұны көркемдік сипатқа құрылып, оқушы біліктілігін арттыруға негіз болады, сол себепті нәтижеге бағытталған білім моделі бойынша әр пәннен берілетін білім мазмұны мектептің барлық сатыларында нақты көрініс тауып, оқушылардың білімдік құзыреттілікті меңгеруін қадағалайды.Ал құзыреттілік ұғымы– жоғарыда айтылғандай,- оқушының белгілі бір кешенді іс-әрекетті орындай алу қабілетін жетілдіруге бағыттала отырып, оқыту жүйесіне қызмет етеді. -Қазақ тілі сабағында қалыптастыратын құзыреттіліктер: -Қазақ тіліне тән лексикалық,грамматикалық материалдарды түсініп,оларды қолданысқа пайдалана білу; -Қазақ тілінде сауатты жазып,дұрыс сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

-Берілген жаңа сөздердің мағынасын дұрыс түсінуге дағдыландыру; -Қазіргі талаптарға сәйкес білімдерін жетілдіру мәселелерді шешуде тапқырлық таныту тәсілдерін қолдана алу. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында бала бойында жалпы білім дағдысы мен білігін қалыптастыру мәселесі қаралады.Жалпы оқудың білігі мен дағдысын жан-жақты қалыптастырудың маңызы зор екені белгілі.Оқушы бойында білім негіздерін қалыптастыру үшін оның біліктілігін, дағдысын тұрақтандырып, белгілі арнаға түсірмейінше,нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.Оқушы белгілі мәліметті қабылдаушы ғана емес, сонымен бірге терең ой иесі. Ол дербес ойланып, дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын.Айталық, «Автор орындығы», «Елеспен жетелеу», стратегиялары оқушының шығармашылық қабілетін ұштауға өте тиімді. «Ой қозғау»,«Болжау» әдістерін оқушының ой ұшқырлығын бақылауда, стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдалану жөн. Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті қазақ тілінде оқытуға баулу оңай іс емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге «ЖИГСО» әдісінің түрлері көп көмегін тигізеді. Оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін сурет те салады, сахналық көрініс те қояды, сабақтың осы кезеңі оқушыларды бей-жай қалдырмайды.Оқушылардың ойлау деңгейіне сай әр сабақта сұрақ қою үшін Б.Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаланамын. Сұрақтар қарапайымнан терең ойлауға дейін жалғасады. Мұндағы мақсат – оқушы ойын ең төменгі деңгейден терең ойлауға дейін жеткізу. Топтық тапсырмалар сыныпта ынтымақтастықты қарым-қатынас орнатуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, тақырыпты өмірмен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.Мысалы орыс сыныптарындаоқушыларға мәтіндерді меңгерту мақсатында мына тапсырмалардықолданамын. «Домино» ойыны.Мәтінді бөлімге бөлу, ат қою. Мәтін Абай Құнанбаевтың балалық шағына байланысты іріктелінеді.«Тұлғаны таны» ойыны. «Балалық шағы Көкшетауда өткен. Ол әжесінің тәрбиесінде өскен. Бала кезінде өте қабілетті, зерек болған. Ол қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін жинаған.». «Ойжұмбақ» Ертеде саяхатшылар түнде жолға шыққанда оған қарап бағытын анықтаған. (Темірқазық) Қазақтар түннің қай сағаты екенін оған қарап анықтаған. (Үркер) Әдебиет сабағында оқушының тілдік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында жиі қолданылып жүрген «Оқырман семинары»тәсілі бойынша сызба түрінде талдау жасатамын.Сабақта меңгерілетін көркем шығарма мынадай топтардың көмегімен жүзеге асырамын: 1.Сұрақ қоюшылар Б.Блумның сұрақ қою өлшемдері бойынша қарапайым сұрақтан шығармашылық сұрақтарға дейін қамтылады. 2.Сөз тапқыштар.Сұрақтарға дәлелді жауап беру үшін өз бетінше ізденеді.

25


3.Аудармашылар.Мәтін бойынша жаңа сөздерге түсініктеме жазады. 4.Жазушылар.Өлең түріндегі шығарманы әңгіме түрінде жазады. 5.Суретшілер.Мәтін эпизодтарынан сурет салады. 6. Кейіпкерлерді сөзбен суреттеушілер. Оқушыны іздендіру үшін сұрақ қоя білуге үйрету арқылы оның саналы ойлауы, жан-жақтылығы, білімі мен біліктілігі қалыптасады.Сонымен қатар, жоспарлы түрде жұмыс істеуге машықтану үшін мәтін бойынша жоспар құру әдетін қолдануға болады. Нәтижесінде оқушы мәтін бөлімдеріне қысқаша тұжырымдама жасап, әрбір оқиғаға ат қойып, өзіндік іздену мен білім дағдысын берік қалыптастырады.Мәтін бойынша түсініксіз сөздер тізбегін жасау, өлең түріндегі шығармаларды қара сөзге айналдыру тәсілдері де оқушының жан-жақты дамуына үлкен ықпал етеді. Қазақ әдебиеті сабақтарында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасатып, алған ақпараттарын өмірде қолдана алуына жағдай жасау үшін құзыреттілік тұрғысынан оқыту тәсілдерін қолданудың оқушы біліктілігін арттыру үшін маңызы зор. Сонымен жалпы алғанда мектептегі оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы өзіндік ой тұжырымы

ҚҰ ЗЫРЕТТІЛІК-ШЫ

бар,логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасын ашық айта алатын,ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемділігі бар, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу– педагогиканың негізі.Осы негізді басшалыққа аласақ. Ұлы жобаларда–ұлы нәтижеге жетуге мүмкіндік туындайды деп ойлаймын.Ал оған жету үшін «Қоғамның бір саласына ғана реформа жүргізіп үлкен табысқа жету мүмкін емес,қоғамдық санаға серпіліс керек».Яғни батыстың білім беру стандартына көшу арқылы ғана қоғамда рационалды ойлау жүйесін қалыптастыру қажет» деп ҚР білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлері біліктілігін арттыратын республикалық институттың деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Іркітбай Ғ.Б.айтқандай түбегейлі өзгеріске көшетін уақыт жетті деп ойлаймын. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қ. Бітібаева « Әдебиетті оқыту әдістемесі» Алматы, « Рауан» 1997. 2.Ж.Диханбаева « Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқыту» , «Дауыс және көрініс» №3, 2006. 3.Қ.Жұмалиев Әдебиет теориясы. Алматы, 1967.

ҒАРМАШ ЫЛ ТҰ ЛҒ А Қ АЛ ЫПТАСТЫРУ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІНІ Ң БІРІ Балаубаева Р.К.

ҒА Ғ АН БАҒ ЫТТАЛ

Атырау инженерлік– гуманитарлық институтының колледжінің география пәнінің оқытушысы

Қазақстандағы білім беру жүйесі бүгінгі күні өз дамуында түбірлі өзгеріс-жаңалықтарға бет бұрып отыр. Бүгінгі стратегиялық дамуды таңдау тек Отандық білім беру болашағын анықтап қана қоймай, бүкіл еліміздің дамуына жол ашпақ. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті– ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» деп атап көрсетілген. Осы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және оны тиімді пайдалану керек. Аталған жолдар арқылы оқытушыға білім сапасын арттыру, оның мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру және жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай шығармашыл тұлға қалыптастыру мәселесін қойып отыр. Тұлғаның өсуі мен қалыптасуы өмір сүру ортасы мен қоғамдық өмірге тәуелді. Қай кезде болмасын ұрпақ тәрбиесін қазақ халқы өзекті мәселе ретінде қарастырып бағалаған. Осы орайда А. Құнанбайұлы

26

«Он тоғызыншы» қара сөзінде:«Бала ата-анадан туғанда есті болмайды: ол естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деп баланың социумда жинаған тәжірибесі арқылы білімді болатындығы туралы ой түйіндейді. Адамның тұлғалық қалыптасуы–үздіксіз және күрделі процесс. Сондықтан студентке білім бере отырып, біз студенттің жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз керек. Қазіргі кезеңдегі география пәні оқытушысының міндеті–жас буынды жан-жақты дамыту, қиялы жүйрік тұлға ретінде баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейтіп, баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашатын шығармашыл тұлға қалыптастыру. География пәнін оқытуда нәтижеге бағытталған іс-әрекетті құзыреттілік тұрғыдан жүзеге асыру-негізгі міндет. Құзырлылық–оқушы іс-әрекетінің сапасынан көрінетін білім нәтижесі. Студенттерді шығармашылыққа бағыттау мынадай мәселелерді қарастыруы тиіс: -бағдарламалық-мотивациялық; -ізденушілік-зерттеушілік; -тәжірибелік; -рефлекциялық-бағалаушылық.


Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бұл, әрине, студенттердің шығармашылық әрекетін дамытуда маңызды мәселе. Ғылыми зерттеулерге сүйенер болсақ, студент шығармашылығын дамытуда «шығармашылық тапсырмалар» атауы педагогикада белгілі екі құрамдас бөліктен тұрады. Шығармашылықты, -біріншіден, студенттер дербес, өз бетімен ойдан жаңаны құрастырады, -екіншіден, жағдай тудырушы материалдар даярлап, шығармашылыққа икемдейтін оқытушының қатысуы арқылы қарастырылады. Педагогке жауапкершілік жүктеледі, жұмыс нәтижесі оның іскерлігіне байланысты. Шығармашылыққа баулу шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байытып, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізбек. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы–шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Демек, бүгінгі күні жаңа заман тұлғасының қалыптасуына және оған білім беруде құзіреттілік тұрғыдан қарауға елеулі көңіл бөліне бастады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқы Жолдауында «Білім және кәсіби машық-заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет»,-деп атап көрсетті. Сондықтан білім берудің мазмұнын жетілдіре отырып, үздіксіз білім беру арқылы оларды кәсіби тұрғыдан жан-жақты жетілдіру мәселесі бүгінде күн тәртібіне қойылып отырғанын көріп отырмыз. Бүгінгі күні «құзыреттілік» ұғымы оқыту үдерісінде білімді қолданудың негізгі нәтижесі ретінде қарастырылуда. «Құзыреттілік» терминін ХХ ғасырдың ортасында американдық ғалым Н. Хомский енгізген болатын, бастапқыда ол ана тілінде нақты тілдік қызметті орындау үшін қажет қабілеттіктер деген түсінік берді. Құзыреттілік-студенттердің іс-әрекетін меңгеруден көрінетін білім нәтижесі. Білім мазмұнын жаңалаунегізгі мақсат болып табылады. Құзыреттілік дегеніміз–тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік–бұл алынған білімдер мен біліктерді іс– жүзінде, күнделікте өмірде қандай да бір практикалық және теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Б. Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу

мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады» десе, К. Құдайбергенова: «Тұлға құзырлығын қалыптастыру жолдары: -білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады; -тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметтік– психологиялық сипаты көрінеді»,-деп тұжырымдайды. Қазіргі кездегі білім берудегі оқытушының мақсаты білім мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы берілген мүмкіндіктерді қолдану болып саналады. Студенттердің алдына қойылатын талаптар да күннен–күнге, жылдан– жылға өсуде. Заман талабы студенттердің бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Оқыту формасында студенттің өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Студент қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған, сондықтан шығармашылық оған шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Студенттердің шығармашылығын дамыту жолдарын ақпараттық және коммуникативтік құзыреттіліктер арқылы іске асыруға болады. Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап, таңдап алу, ұйымдастыру, түрлендіру, сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік студенттің оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді. Коммуникативтік құзырет– бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері. Әлеуметті–құқықтық құзырет–өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады. Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер: - студенттерді өз бетінше талдауға; - өз қызметіне мақсат қоюға; - жоспарлауға, жинақтауға; - қорытындылауға, салыстыра дәлелдеуге - сыни тұрғыдан шешім қабылдауға - өзін-өзі бағалауға - өзін-өзі реттеуге - өзін-өзі түсінуге - өз әрекетінің әлсіз және күшті жақтарын көрсете білуге - нені меңгергенін, нені меңгермегенін анықтауға

27


-өз білімін өзгермелі жағдайларда қолдана білуге үйрету. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі–оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан,қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытушылар білім беру жүйесінде жаңа оқу технологияларын және интерактивті әдістерін қолдану арқылы оқушының қазіргі заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді. Ол оқытушының ізденісі, жан-жақтылығы құзыреттілік арқылы айқындалады. Даналы қытайлықтар осыған орай бұны келесі мақалда ажыратқан: «мың ұстаздар–әр қайсысы мың әдістерімен» қолданылады, яғни мұғалім өзінің әдістемелік шеберлік қасиеттері негізінде өзіне лайықты педагогикалық технологиялық әдісін таңдауға құқылы. Құзыретті студент даярлау мақсатында студенттердің іс-әрекетін белсендіруге және күшейтуге негізделген технологиялардың бірі– проблемалық оқыту. Проблемалық оқытудың ерекшелігі студентті өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту, білетіні және білмейтінің арасындағы қайшылықтарды ашу әрі проблемалық міндеттерді қою. Сондықтан да, география пәнін оқытуда проблемалық оқыту технологиясын қолдану тиімді деп ойлаймын. «Дүниежүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы» пәнінен «Дүниежүзілік шаруашылық» тақырыбы бойынша студенттер берілген тапсырмаларда отын–энергетика саласы маңызды болып табылатын аймақтардың алдында экономикалық, әлеуметтік, экологиялық қандай мәселелер тұрғандығы, бұл мәселелерді қалай шешуге болатындығын қарастырып, анықтап, жетістігін дәлелдеді. Сабақ соңында байқалғаны,осы проблемалы тапсырмалар студенттердің қызығушылығын

арттырып, ізденуге жетеледі. Проблемалық тапсырма нәтижесі студенттің өз бетінше еңбектенудегі дағдысы мен қабілетін, іскерлігі мен ой-өрісінің жетілгендігін көрсетеді. Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Еліміздің болашақта көркейіп, бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың қандай білім мен тәрбие алатына тікелей байланысты. Ел президенті Н. Ә. Назарбаев «Соңғы 10-15 жыл бойында бәсекеге қабілеттіліктің жаңа өлшемі пайда болды: салмақ жаһандық экономикалық жаңа сапаға – «білім экономикасына» өтуіне түсіріледі»,-деген болатын. Олай болса, әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ–жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол оқытушыдан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында. Оқытушының шеберлігі мен жетістігі–сапалы білім мен жақсы тәрбие алған шәкіртінде. Студент шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек. Бұл қоғам талабына сай туындайтын қажеттілік. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. Алматы – 2008 2.Б.А.Тұрғанбекова «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория мен тәжірибе» Алматы -2005 3.Құдайбергенова«Құзырлылық–тұлға дамуының сапалық критерийі(ғылыми-практикалық конференция материалдары) Алматы-2008 4.Мырзабаев А.Б.Шығармашылықты дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Қарағанды:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2004 5.Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы.- Алматы, 2013

ОЗЫҚ ЖӘНЕ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ Гареева А.М. Атырау облысы Индер ауданы С.Сейфуллин атындағы орта мектептің директордың ғылыми – әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары

«Қазақстан-2050» стратегиясы–барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы.Ол–елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын,сынала жүріп, шыңдалатын үлкен емтихан» Н. Ә. Назарбаев XXI ғасыр–оқу үрдісіндегі, ғылымдағы, білім бәсекеге қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу. «Адамның алудағы болатын түбегейлі өзгерістердің ғасыры. адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата,жақсы ана, Жаһандану мен ақпараттық технологияның жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» -деп ұлы Абай қарқынды дамуы білім беру саласына орасан ықпал атамыз айтқандай, Елбасы Жолдауында мемлекет етіп, республикамыздағы білім беру жүйесіне жаңа басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:«Бала деңгейдегі талаптар қоюда. Білім беру саласындағы тәрбиелеу–болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл бүгінгі күннің басты талабы–жан-жақты дамыған, мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім

28


беруге ұмтылуымыз керек» - деп жалпы қоғамға, білім беру саласы қызметкерлеріне үлкен міндет жүктеген болатын. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы– қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты кезекті Жолдауында қазақ елі болашақта әлемдегі ірі 30 мемлекеттің қатарына кіруі керек деген болатын. Бұл міндет бүгінгі білім беру ісіне үлкен жауапкершілік жүктейді, жас ұрпаққа талаптарға сай тәрбие мен білім беруді, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, типтік бағдарламалар, ұлттық бірыңғай тестілеу және ата-аналар, қоғам талаптары жоғары деңгейінде болуын міндеттейді, ұстаздарға айырықша жауапкершілікті нақтылайды. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін басшылыққа алу, білікті мамандар дайындау, жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу маңызды. Білім барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолын ала алады. Осыны ескере отырып, Елбасы өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарды көздеп отыр. Олар–инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Мектеп–білім бесігі, білім–өркениет есігі болса, ұрпақ тәрбиесі–қашанда ұлағатты іс. Білім мен тәрбие қатар өрістегенде ғана келешегі кемел, болашағы байыпты, тәрбиесі тағылымды ұрпақ тәрбиелей аламыз. Қазіргі таңда мұғалімдерден ғылыми ізденушілік дағдысы жаңа заман сұранысына сай талап етілуде. Қоғамдағы ұстаздың биік беделін қалыптастыру аса маңызды әлеуметтік жоба болып табылады.Қоғамның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы қазіргі заман ұстаздарына әр баланың жан дүниесін танып, біліп қана қоймай әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастыру арқылы қоғамды дамыту міндетін жүктейді. Ұрпақ тәрбиесі– ұланғайыр еңбек, жауапкершілік жүгі ауыр сала.Бұл ретте мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев саясатының басым бағыттарының бірі–білім беруді дамыту, елімізде жас ұрпаққа лайықты білім мен тәрбие беру ісіне айрықша мән берілуі жарқын болашақ кепілі болып табылатынын «Қазақстан жолы2050:Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауында атап айтқан болатын. Сондай-ақ, «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда.Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды» деген ойы орта білім беру жүйесіндегі жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне

жеткізуді міндеттеді. Ең алдымен, барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру–әр ұстаздың міндеті. Осы мақсат-міндеттерді жүзеге асыру барысында біздің мектебімізде де былтырғы оқу жылынан бастап 3 жас және 4 жас аралығындағы бүлдіршіндерді жанжақты дамыту, денсаулығын нығайту, өнерге баулу, компьютерлік сауаттылыққа үйрету жұмыстарына барынша жағдай жасалған. [1] Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты–бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп–үйрететін орта, оның жүрегі–мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс–оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау–әр мұғалімнің борышы. Ол–өз кәсібін,өз пәнін,барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі–педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға. Жаңа формация мұғалімі табысы біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы,кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осыған орай, үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Сондықтан, оқыту-тәрбие жұмыстарын тұтас жүйе деп есептеп, саналы тәрбие, сапалы білім беру заманауи технологияларды қолдануды міндеттейді. Білім беруде инновациялық бағыт пайда болып, оқутәрбие үрдісіне енуде. Елбасымыз «Интеллектуалды – 2020» ұлттық жобасы туралы айта келіп, бүгінгі тұлғаның жүйелі және сын тұрғысынан ойлай білу қабілетін меңгеруіне ерекше мән берілуі тиіс деп атап көрсетті. Инновациялық жүйе–ұстаздардың білімі мен біліктілігін, тәжірибесі мен әдістемесін, оқу орнының материалдық-техникалық базасын,шәкірттердің білімдерін, талаптарын, жалынды бастамаларын, асқақ армандарын жетілдіріп пайдалану, әріптестердің ынтымақтастығы, ата-аналардың қолдау-қуаттарын және басқа да көптеген мәселелерді қамтитын тұтасқан бір дүние. [2] Қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін барынша технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр. Мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті «e-Learning» электронды оқыту жүйесі енгізілді. «e-Learning» электрондық оқыту жүйесі– Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба. Жаһандану үрдісінде шығармашылық ізденістегі әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі–оқушының ұстазы.Ұстаздар қауымына білім беру принциптері тұрғысында жаңаша көзқарас қалыптастыру жұмыстары дендеп өмірімізге енуде.Соның бірі–Кембридж университетімен бірлесіп әзірленген «ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін

29


арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы». ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары бағдарламасының өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен парапар. [3] Бағдарламаның негізгі мақсаты, әрбір ел үшін маңызды болып табылатын рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде өз елін құрметтеуге жастарды тәрбиелеу; екіншіден, жастарды жылдам өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға,өмірлік жағдайларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізеді. Аталмыш бағдарлама мазмұнында оқыту әдістері заманауи идеялардың жеті негізгі модулі түрінде берілген: • Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер; • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; • Оқыту мен оқытуда да ақпараттықкоммуникациялық технологияларды пайдалану; • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; • Талантты және дарынды балаларды оқыту; • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу; • Оқытуды басқару және көшбасшылық. [4] Мұғалімдерге қойылатын талаптардың біріоқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі–ақпараттықкоммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Өз сабағына қажетті құралды (ұялы телефон, интернет, теледидар, магнитафон) тиімді пайдалану, сабақтың маңызды, сәтті, әрі түсінікті болуына үлкен септігін тигізеді. АКТ құралдарының тиімділігі: • Әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу; • Пәнге қызығушылығы артуы; • Өз бетімен жұмыс істеуі; • Көрнекіліктерді тиімді қолдану; • Білік дағдыларының дамуы; • Тексеру түрлерінің бағалануы; • Білімнің жан-жақтылығы; • Уақытты тиімді пайдалану. Білім беруде АКТ қолдану арқылы оқу процесінде мектебіміз үлкен нәтижеге қол жеткізуде. Оқытуда АКТ пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Оқыту мен оқытуда да АКТ пайдалану

30

модульде ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге оқыту барысында ғылыми жетістіктерді жан-жақты пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсету мен үйрету, Интернет желісінің мол мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуге баулу қарастырылған. Заман талабына сай техника тілін белсенді меңгерген тұлға компьютер бағдарламаларын, интерактивті жабдықтарды жан-жақты пайдаланушы ретінде ХХІ ғасырдың толыққанды адамы екені сөзсіз. Сондықтан мұғалімнің электрондық және сандық сауаттылығы мектеп оқушысының АКТ тұрғысында әлеуметтенуіне толық қызмет етуі қажет. Бұл тұрғыда оқушылардың қазіргі заман жетістіктеріне дер кезінде ілесе отырып,жеке тұлғаның ойлау қабілетін жетілдіру, интеллектуалды шығармашылық жұмысын қалыптастыру.Қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің міндеті де жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Қорыта айтқанда, заманауи технологияны қолдану ақпарат берудің көптеген арналармен ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен қатар, әр түрлі орталар бірін-бірі толықтыратын жағдай туғызады. Оқушылардың алдында өз тілі бар жеке ортаны шығармашылықпен қолдана алатын жаңа мүмкіндіктер ашылады. Атап айтар болсақ, ақылойын дамытады,шығармашылық белсендігін арттырады, оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді,жан-жақты ізденушілігін арттырады, ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды. Ақпараттық технология басқа технологиялармен интеграциялана отырып, мұғалімнің қарқынды дамуына, оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсінудің көрсеткіші болып табылады.АКТ-ні сабақта қолдану уақыт тиімділігімен, қажетті ақпаратты аз уақыт аралығында шапшаң таба алуымен, оқушының жаңа тақырыпты есту және көру арқылы қабылдап, тез түсінуімен, сандықтехнологияны меңгеру құзіреттілігінің дамуымен ерекшеленеді.Теориялық және тәжірибелік білімді ұштастырып, АКТ-ні сабағына тиімді енгізген мұғалім оқу мен оқыту үдерісін жақсартады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2014 2. ҚР Президентінің 2010 ж 7.12. №1118 Жарлығымен бекітілген ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 3.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық.Үшінші базалық деңгей. III басылым. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012. 4.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарыныңбағдарламасы. Тренерге арналған


нұсқаулық. Үшінші базалық деңгей. III басылым.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.

ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒАНЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК Құспанова Г.О. Атырау қаласы №34 Лингвистикалық мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында "Білім беру реформасы табысының басты өлшемі-тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы әлемнің кезкелген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады. Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз" деп атап керсетті. Бұл биік мақсатқа жету үшін біз дәстүрлі оқытудағы оқу сапасын тек қана білім, білік және дағдыға біріктіріп бағалаудан бас тартуымыз керек. Осы ескіше үрдіспен білім сапасы деңгейінің кейбір бөліктерін (дұрыстығын, толықтығын, жүйелілігін, беріктігін) толығымен анықтай алмағандықтан оқушының іс-әрекетін дұрыс бағаламау туындайды. Ал бұл өз кезегінде оқушының оқуға деген қызығуының төмендеуінің бір себебіне айналды. Зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, шамамен 1980 жылдың ортасында әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесі жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне көшті. Бұл ұлттық жүйенің біздің еліміздегі білім беру жүйесінен бірнеше айырмашылығы бар. Атап айтқанда, олар: -оқытудың кіріктірілген мақсаттары пәндік мақсаттарға карағанда басым, -оқытудағы іс-әрекеттік тәсіл қарапайым біліктілік пен дағдыларды ығыстырған; -оқытуда құзыреттілік тәсіл колданылады; -мектептегі білім беру сапасын бағалаудың жаңа жүйесіне көшу байқалады (талаптар пәндік "кірудегі""міндетті минимумға" жетуге бағытталған, білім беруді жаңғырту үшін оның негізіне жоспарланған мақсатты алу кажет ("шығудағы" нәтиже сипаттамасы), осыдан кейін ғана "шығудағы"мазмұнды қалыптастыру және жаңғырту кажет); -мұғалім мен оқушы арасындағы авторитарлық қарым-қатынастар оқу іс-әрекетіндегі бірлестікке, жұптастыққа айналған. Білім сапасын камтамасыз етудің ғалымдар көрсеткен жоғарыдағы екі жолын нақтылап түсіндіре кетейік : 1. Жүйеге "кіруді" реттеу. Мұнда "Нені оқыту?" және "Қалай оқыту?"деген мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде оқушылардың жеке пәндер бойынша алған білім, біліктілік, дағдылары(ББД) ғана есепке алынады. Бұл тәсіл дәстүрлі оқытуда колданылып келеді. 2. Жүйеден "шығуды" реттеу. Мұнда "Не үшін оқыту?" және "Оқушыны оқуға қалай үйрету керек?" деген мәселелер қарастырылады. Нәтижесінде

оқушының түйінді кұзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейі анықталады. Мұндай тәсіл қазіргі кезде жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізіне құзыреттік тәсілді алуды ұсынып жүрген әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру жүйесінде колданылып жүр. Соңғы кезде біздің елімізде де білімге деген көзқарас өзгерді. Егер бұрын ғылым-өндіріс-білім деп қарайтын болса, қазір мәдениет-білім-тарих деп қарайтын болды. Осыған байланысты орта білім берудің мақсаты ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында былайша нақтыланды: "Жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға кабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру". Психология-педагогика саласында "құзыреттілік" (компетентность) және "құзырет" (компетенция) ұғымдарының жалпы кабылданған түсіндірмесі әлі қалыптаспаған, оларға түрліше мағына беріліп жүр. Психологиялық сөздіктерде бұл ұғымға қатысты "Құзыреттілік жеке тұлғаның коршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай білу қабілеті" деген түсінік берілген. Шетелдік түсіндірме сөздіктерде "құзыреттілік" ұғымы құзыретті меңгеруші ретінде қарастырылады . Демек, құзыреттілік ұғымы "білім", "біліктілік", "дағды" сияқты ұғымдарды қамтиды. Алайда, бұл білім, біліктілік, дағдының жай жиынтығы емес. Құзыреттілік оқу нәтижелерімен қатар оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесіндекөрсетеді. Оқушылардың құзыреттілігі, ең әуелі, мектепте оқыту үдерісі кезінде қалыптасады. Ол оқу үдерісініңнегізгі сапа көрсеткіші болып табылады және қойылған педагогикалық мақсатқа жетуді көздейді. Ал құзырет ұғымына мынадай анықтама беруге болады: құзырет деп оқудың және өздігінен білім алудың нәтижесінде қалыптасатын және адамның әлеуметтік ұтқырлығын анықтайтын, білім мен тәжірибеге, құндылықтар мен бейімділіктерге негізделген жалпы қабілеттіліктерді айтады. "Құзырет" ұғымы екі түрлі аспектіде:құзыреттілікті меңгерген: белгілі бір нәрсеге пікір айта алатындай білімі бар деген мағынада қарастырылады.Бұдан құзыреттілік пен құзырет ұғымдарының бірін-бірі толықтыратыны және бірімен-бірі байланысты екендігін көруге болады. Оқушылардың құзыреттілігі-оқу үдерісінің

31


негізгі сапа көрсеткіші, оның жетістігі қойылған педагогикалық мақсатқа жету болып табылады. Құзыреттің түйінді құраушысы біліктілік болып табылады. Оқытудағы құзыреттілік тәсіл оқыту нәтижесі ретіндегі білім сапасын қамтамасыз етеді.Сонымен бірге ол білім мазмұнынан білім, біліктілік, дағдыға, шығармашылық іс-әрекет тәсілдері мен эмоционалдық-құндылық қатынастар тәжірибесіне негізделген түйінді құзыреттіліктерді ажыратып алуды меңзейді. Оның құрылымы мынадай: -өзіндік танымдық іс-әрекет саласын тиянақ құзыреттер; -мәдени іс-әрекеттегі құзыреттер; -тұрмыстық саладағы құзыреттер; -әлеуметтік-еңбек іс-әрекеттері саласындағы құзыреттер. Мұндағы өзіндік танымдық іс-әрекет саласындағы тиянақ құзыреттерге: оқи, жаза, есептей алу; сөйлей алу және түрлі жиындарда өз ойын басқаларға жеткізе алу; оқу іс-әрекетінің нәтижелерін талдай алу; жоспарлай, жобалай, модельдей алу; әр түрлі ақпарат көздерінен (кітаптан, газет-журналдардан, сөздіктер мен энциклопедиялардан, теле-радио хабарлардан, интернеттен) білім жинақтай білуді меңгеру жатады. Мәдени іс-әрекеттегі құзыреттерге бос уақытын өзінің рухани және мәдени дамуы үшін пайдалана білу (ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеттерді оқу, түрлі дәрістер мен баяндамалар тыңдауға қатысу, ғылымитехникалық және пәндік үйірмелер, олимпиадалар, байқаулар, конференциялар және басқа да мәдени шараларға қатынасу) біліктілігі жатады. Тұрмыстық саладағы құзыреттер: жеке гигиена мен санитарияға қатысты, өз денсаулығын нығайтуға, отбасы тұрмысына қатысты мәселелер. Әлеуметтік-еңбек іс-әрекеттері саласындағы құзыреттер: бұл оқу еңбегін ұйымдастыра білу дағдысы,ұжымдағы өзара қарым-қатынас этикасы, өз мүмкіндігін бағалау, еңбек нарығындағы түрлі жағдаяттарды талдай білу, жауапкершілік жүгін арқалай білу және тағы басқа. Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді.Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлы ұйымдастыруға тікелей байланысты. Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады. Осы жерде шығармашылық ұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз—өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен біліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы. Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесінде шығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушының жеке

32

тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер арқылы оң әсерлері бар рефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және сол әрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түріне сәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталып отыр. Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру,болжамды тексеру, нәтиже,іс-әрекет рефлекциясы кезеңдерімен жүзеге асады. Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік,белсенділік, қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқты көптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет. Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады. Бірінші топ-танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді. Екінші топ-ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді; танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді;тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін кажет етеді. Үшінші топ-шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді. Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондайақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға, сондай-ақ мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді: -оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады; -танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды; -танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды; -оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор; -танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану зияткерлік қабілеттерін дамытып, оқутанымдық және ғылыми ізденістер жасауға талаптандырады. Жаңа әдіс-тәсілдерді біз берісі отандық, әрісі әлемдік


педагогика мектептері мен бағыттары нық жаңашыл ізденістерге толы тың үрдістерінен оқып үйренеміз. Жеке тұлғаны қалыптастыру үстінде оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де тиісінше пайдаланамыз. Нысаналы мақсатымыз-ақыл-ойын, сезімін еркін үйлесімдікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу. Бұл ретте тәрбие жұмысын жүргізудің жаңа технологияларын барынша пайдаланып, оқушылардың бойында өзіне сын тұрғысында қарау түсінігін қалыптастыруға күш саламыз. Ол үшін әңгіме, пікірталас және басқа да әдіс-тәсілдерді, сондай-ақ, рөлдік, іскерлік ойындарды тәрбие жұмысына дендеп енгіземіз. Психологиялық-педагогикалық әдебиетте шығармашылық әрекеті әрекеттің эмоционалды-еріктік жағымен байланыстырылады, яғни жеке тұлғаның бойындағы батылдык, ойлаудың стандартты емес түрі, рефлекстік-болжамдық қабілеттер, өміршеңдік (оптимизм), табандылық, жаналыққа құмарлық. Тағы да басқа эмоционалдық ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Бірақ, жеке тұлғаның бойында шығармашылық үрдісті баяулататын жағымсыз қылықтар да болуы мүмкін. Бұған әуелі оның өзін төмен бағалауы, соған байланысты пайда болатын сенімсіздік жатады. Сондықтан педагог (мұғалім, тәрбиеші, сынып жетекшісі) бұл қылықтардың оқушыда болмауына жағдай жасауы кажет. Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау-өте күрделі үдеріс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үдерісінде пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса, онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Сондықтан да оқушының шығармашылық әрекеті өнімді әрекетпен ұштасып жатуы тиіс. Өнімді әрекет - педагогикалық үдеріс, яғни оған жүйелілік тән. Өнімділік оқытудың тек белгілі кезеңіне ғана сай емес, бүкіл үдеріске тән белгі болып табылады. Әрекет түрлерінің (оқу,еңбек,таным,сөйлеу әрекеттері) арасындағы байланыс оқушының тек терең

білім алуына ғана емес, оның жан-жақты тәрбиесіне де әсерін тигізеді. Олардың бірін-бірі толықтырып отыруы нәтижесінде оқушы өзінің бар мүмкіндік, қабілеттерін дамыта түседі. Соның қорытындысында оқушы жанжақты, үйлесімді тұлға ретінде дами алады. Бір ғана оқыту үдерісінде қазіргі кездегі тәрбиенің күрделі де көп қырлы міндеттерін толық көлемде жүзеге асыру мүмкін емес. Сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-әрекет қажет. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс жұмысқа сабақтан бос кезінде жүргізілетін, тәрбие мен білім беру сипатында ұйымдастырылатын мақсаты мен бағыты бар сабақтар жатады. Бұл сабақтар қазіргі кезде тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Олар жан-жақты дамуға бос уақытты ақылға қонымды ұйымдастыруға септігін тигізеді. Оқушылардың сабақтан тыс және мектептен тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары олардың шығармашылық белсенділігін арттыруға, білімді өз бетінше алуына және оны қолдана білуіне септігін тигізеді. Бұл мәселелерді шешу үшін ақпаратқа және саналы еңбекке бейімдеу және ғылым мен мәдениет саласында белсенді қызмет етуге тәрбиелеу қажет. Бұл жұмыстар мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықтыра және тереңдете отырып, ең алдымен, балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың белгілі бір нәрсеге қызығуы мен ынтасын оятудың құралы ретінде ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың тетігі болып табылады және олардың адамгершілік мінез-құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың, адамгершілік мінез-құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Қоғам дамуының ең басты шарты-шығармашыл тұлға тәрбиелеу десек. Сол шығармашыл тұлғаны тек шығармашыл тұлға ғана тәрбиелей алады. Оқушылардың сапалы білім, саналы тәрбие алуы мұғалімдер мен тәрбиешілердің білімділік және кәсіби шеберлігі қажет етеді.

КАЧЕСТВЕННОЕ ОБРАЗОВАНИЕ ЧЕРЕЗ НОВЫЕ ПОДХОДЫ В ОБУЧЕНИИ И В ВОСПИТАНИИ ДЕТЕЙ Турганова Б.К.

Филиал АО «НЦПК» «Өрлеу» институт повышения квалификации педагогических работников по Атырауской области старший преподаватель кафедры «Инновационной технологии и методики преподавания естественно-научных (гуманитарных) дисциплин»

Приоритеты образовательной политики Казахстана обусловлены преобразованиями и темпами развития не только нашей страны, но и всего мирового сообщества. Касаясь вопроса модернизации системы образования, хочется подчеркнуть слова нашего Президента «Главный капитал страны-качественное образование». Высокое качество образование сегодня -

высокое качество жизни завтра. Как никогда, образование находится в центре внимания казахстанской общественности. «Конкурентоспособность нации, в первую очередь, определяется уровнем ее образованности»,отмечается в Послании Президента народу Казахстана «к конкурентоспособному Казахстану,

33


конкурентоспособной экономике, конкурентоспособной нации!» образование выделено как один из главных разделов социальной политики государства. А также отмечалась в Послании Президента РК народу Казахстана «Казахстанский путь-2050: единая цель, единые интересы, единое будущее»: наша главная цель-к 2050 году войти в число 30-ти самых развитых государств мира. И, чтобы войти в 30-ку самых развитых государств мира мы, должны уделять большое внимание качеству образования как обеспечению социального заказа общества, как социально определенной категории. А для этого необходимо перенять опыт зарубежных коллег.И,в 2012 году Центр Педагогического Мастерства с Назарбаевской Интеллектуальной Школой подготовили свыше 200 преподавателей институтов повышения курсов, высших учебных заведений и органов управления системой образования Программе курсов Кембриджского обучения. В рамках курса Программы кембриджского обучения запланирована практическая деятельность, основанная на внедрение семи модулей.Ожидаемыми результатами Программы заключаются в том, чтобы ученики научились тому, как учиться, и в результате могли стать независимыми, самомотивированными, увлеченными, уверенными, ответственными учениками с развитым критическим мышлением, умеющими свободно общиться на русском, казахском и английском языках и проявляющими компетентность в цифровых технологиях. Совершенствование профессиональной деятельности и личности необходимо начинать с определения исходного состояния, т. е. посредством использования системы методов и средств изучения профессионального уровня, определять уровень развитости мастерства, ее достоинств и недостатков, развития личностно-деловых качеств. Обучение представляет собой не обособленное явление или навык, а целостный комплекс педагогических механизмов, повышающий способность учащихся к обучению. Роль учителя в поддержке социальной вовлеченности в процессе обучения является решающей для развития обучения ученика. Ученики легче обучаются в случае, когда имеется возможность диалога с другими, более знающими, в роли которых могут выступать одноклассники или учителя. На сегодняшний день существует достаточно доказательств, которые указывают на то, что совместная беседа учеников в классе приносит большую пользу, так как: -Позволяет ученикам выражать свое понимание темы; -Помогает им осознавать, что у людей могут быть разные идеи; -Содействуют аргументированию учениками своих идей; -Помогает учителям понять, на какой стадии находится их ученики в процессе своего обучения. Такие требования, предъявляемые сегодня в образовании можно реализовать через интерактивное обучение. Интерактивная методика- обучение через и

34

посредством действия приводят к инновационным изменениям, где основой обучения воспринимается личностное развитие, так как наполненная динамикой и изменениями экономика информационной эпохи всецело зависит от компетентной и квалифицированной личности человека и специалиста. Как специальная методика организации познавательных действий интерактивное обучение основывается на эффективной коммуникации участников процесса освоения знаний (обучающих и обучающихся). Другими словами, интерактивной можно назвать методику, которая основой обучения признает взаимодействие обучающих и обучающихся и создает все условия для подобной коммуникации. Термин «интерактивный» обозначает «быть с кем-то в тесном общении, взаимодействовать с ним и строить диалог».Принципы интерактивного обучения: создание среды, обучения через действия, связь с жизнью формирование самостоятельности и индивидуальности. Основной целью интерактивного обучения являются: -Создавать условия, в котором обучающийся мог ощутить успешность своих действий; -Создавать условия для открытого и свободного творческого общения между обучающимися; -Преподносить знания не в готовом виде, а предоставлять возможности для поиска и исследования, направлять и стимулировать учащихся; -Основывать обучение на практических действиях, рассматривать дисциплину и тему занятий как способы решения жизненных проблем; -Формирование у обучающихся навыков критического и аналитического мышления (способность к суждению о достоверности и относительной важности информации и идей, умение делать выбор в отношении своего обучения и ставить под сомнение идеи других). Для реализации этих целей, обучающимся требуется научиться обучению.Преподаватели, должны сосредоточить свое внимание не на своем собственном преподавании, а на развитии у обучающихся умения обучаться.С этой целью преподавателю необходимо создать образовательную среду, благодаря которой учащиеся будут активно участвовать в учебном процессе, а не пассивно принимать информацию.Так как информация передается, а знание и понимание формируются у самого обучающегося, и преподаватель должен оказывать помощь в этом процессе. Остановлюсь подробнее на вышеуказанных пунктах.Создание условия, в котором обучающиеся могли ощутить успешность своих действий, необходимо создать благоприятную атмосферу сотрудничества, позволяющей личности чувствовать себя свободно и безопасно в процессе обучения. Для того, чтобы настроить учеников на позитив, можно провести разные тренинги,такие как «Подари себе улыбку», «Моё настроение», «Круг пожелания» и другие, а также музыкальные разминки,- это помогает


сблизить учащихся, поднять им настроение, подготовить к сотрудничеству и работе. Создание условия для открытого и свободного творческого общения между обучающимися,представляет коллаборативную среду, в которой учитель понимает меру своей ответственности, не ограниченной лишь рамками преподаваемого предмета и содержания обучения. т.е. должна быть направлена на обеспечение учителем обучения в атмосфере взаимного сотрудничества. Если смотреть на традиционную педагогику, то видно, что главную роль на уроке исполняет учитель, в то время как у учеников остается мало возможности на реализацию своих мыслей и идей.Главной задачей учителя является стимулирование процесса учения для учащегося, облегчение его труда, умение создавать соответствующую интеллектуальную и эмоциональную обстановку на уроке, атмосферу психологической поддержки. Преподносение знания не в готовом виде, а предоставление возможности для поиска и исследования, направлять и стимулировать учащихся. Планировать урок надо так, чтоб он был последователен для решения разных проблем, т. е. когда учащийся уяснил для себя смысл проблемы, роль учителя должна сводиться к минимуму, учитель должен создать свободную и непринужденную обстановку на уроке, которая будет стимулировать ученика к решению проблем.Я считаю, что учитель должен помогать учащимся в формировании целей и задач, которые стоят перед учеником, группами. Учитель должен помнить о том, что у учеников всегда есть своя внутренняя мотивация к учению, должен выступать в роли помощника, столкнувшись с трудностями в решении проблем, которому всегда можно обратиться. А ученик должен развивать в себе умения сотрудничества, должен быть частью своей группы, чувствовать эмоциональный настрой группы и принимать его, быть активным участником, должен уметь выражать свои мысли. Основывать обучение на практических действиях, рассматривать дисциплину и тему занятий как способы решения жизненных проблем, именно этот пункт, я хочу рассмотреть с точки зрения «КонцепцииЯ»- как форму самовыражения. Он воспринимается как активный компонент,стремящийся к компетентности,разрешению конфликтов на определенных этапах жизни и мастерству во

взаимодействии реального мира. В «Концепции – Я» люди самореализовываются: «Я смогу», «Я сделаю», «Если не Я, то кто?».Люди видят свой успех, самоэффективность повышается, виден результат. Человек уверен в себе. Формирование у обучающихся навыков критического и аналитического мышления (способность к суждению о достоверности и относительной важности информации и идей, умение делать выбор в отношении своего обучения и ставить под сомнение идеи других).Работы, посвященные исследованию коммуникационных процессов в классе, показывают, что определенные модели взаимодействия–исследовательский разговор, аргументация и диалог–способствуют развитию высокого уровня мышления, интеллектуальному развитию через вовлечение учителей и учеников в совместные действия по постижению смысла и знаний.Дети должны развивать критическое мышление и навыки исследования, которые позволят им участвовать эффективно и благополучно в более широких коммуникативных процессах, к которым у них имеется увеличивающийся доступ. Таким образом,учителя должны создать диалогическую модель класса,в котором ученики будут взаимодействовать друг с другос в целях обнаружения новых и лучших способов совместного выстраивания смысла (учителя и дети слушают друг друга разделяют идеи и рассматривают альтернативные точки зрения).В заключении хочу отметить, чтобы выявить знания учеников, необходимы хорошо развитые коммуникативные навыки, а диалогическая беседа является тем типом взаимодействия, при котором как учителя, так и ученики вносят в обучение существенный и значимый вклад. Используемая литература: 1.Стратегия Казахстан-2050. Послание Президента РКЛидера нации Н.А.Назарбаева народу Казахстана. Новый политический курс состоявшегося государства. Алматы, 2013 2.Руководство для учителя. Астана, 2012 НИШ 3.«Концепция развития конкурентоспособности информационного пространства РК на 2006-2009гг.», Астана 4.«Интерактивная методика обучения», А Алимов, Алматы, 2011

Ой қазына Білімділіктің ең басты факторы туған тілінде сөйлеу мен оны сыйлаудан басталады.

Көрсетсе мейірбандық бейімделіп, Шапағат сыйла сен де пейілденіп.

Г. Гегель А.Игүнеки 35


Балаларға өнер-білім берілсін, Сұлу мінез сол өнермен өрілсін..

Ж.Баласағұн

 Ұлттық құндылықтарға баулу  ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА БАҒЫТТАП ОҚЫТУ Ташмуханова О.М. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт директорының оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары, ҚР білім беру ісінің үздігі

Бүгінгі ғаламдану процесінде ұлттық құндылықтарды сақтау адамзаттың қасиетті де, міндетті борышы. Ұлттың бет–бейнесін, ізгі дәстүрлерін, әдет ғұрыпын сақтау жолындағы күресұлттық сананы сақтау күресі. Ұлттық тәрбие деп-жеке тұлғаның ұлттық сана сезімі мен мінез-құлқының ана тілін, ата тарихын, төл мәдениетін және ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуын айтамыз. Ұлттық мәдени құндылықтар дегеніміз–белгілі бір ұлтқа, ұлт азаматына тән зат, адами қадір-қасиет, яғни халық ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық рухани және материалдық құндылықтар. Адамдардың бойында қалыптасқан имандылық қадір-қасиеттер рухани құндылықтарға, ал адамдардың қолымен жасалған тұтыну заттары мен кәсібі материалды құндылықтарға жатады.Өзімізді өзіміз бағалай білуге бет бұру– ұлттық байлығымызды игеру, ұлттық санамызды дамыту.Ұлттық құндылықтарды іріктеп, оқыту процесіне енгізу арқылы ұлттың тұнып тұрған асыл мұралық рухани байлығынан болашақта ел билейтін ұрпақтарды сусындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен отаншылдыққа баулып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай қорғайтын тұлғаларды тәрбиелеп шығару. Өз ұлтын қадірлеп-қастерлеген, ұлт қадірін білген азаматтың бірі Ж.Аймауытов:«Мен халыққа кіндігіммен байланып қалғанмын. Оны үзе алмаймын. Үзу қолымнан келмейді.» - дейді. Сырым Датұлы:«Мен ағайынды екеумін: бірі- өзім, екіншісі-халқым»-дейді. Қазақ халқының осындай дәріптеуге, қастерлеуге, дамытуға тұрарлық ұлттық рухани және материалдық құндылықтары туралы ұлағатты,құнды ойларын халық игілігіне,келешек ұрпақты,ел-жұртқа ие болар азаматтарды тәрбиелеуге неге қолданбасқа? Қоғамдағы адамдар жасаған рухани, материалдық, мәдени құндылықтардың алмасуы оқыту процесі арқылы жүзеге асырылады. Соның ішінде сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқыту–саналы

36

«Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады» Н.Назарбаев процесс екенін айтқым келеді. Интеллектуалдық деңгейі жоғары тұлғаны қалыптастыру үшін, оны оқытып қана қою жеткіліксіз. Оны тұлға ретінде жан – жақты дамытуға қолайлы, оқытудың шығармашалақ түрін жасау қажет, яғни шығармашылық оқу әрекетін туғызу қажет. Бұл баланы, берілген оқу материалын жаттап алу ғана емес, керісінше өз бетімен білім алу үшін ізденуге үйретеді. Жеке тұлғаны ұлттық тәрбие арқылы дамыта отырып, нақты әрекет арқылы оқытуда төмендегі құндылықтардың болуы қажет: -белсенді қарым-қатынас: оқушы мен мұғалімнің әрбір мәселеде өз көзқарастарын білдіріп отыруы; -индивидтік: мұғалімнің әр жеке оқушының ерекшелігін дамытуы, қоғам алдындағы жауапкершілігінің болуы; -өзіндік тәртіп: өзіндік бақылау мен бағалауды, шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту; -шыдамдылық: әр түрлі пікірлерді қабылдай алу, бірбірінің пікірлері мен ерекшеліктерін құрметтеу, қабылдау. «Адам мен адамның бір-бірімен араласу,өзара қарым-қатынасында ғана адамның адамдығы өзі үшін де, өзгелер үшін де ашылады»,-дейді философ М.М.Бахтин.Оның пікірінше, диалог тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес,оның адамдық болмысын да көрсетеді.Тұлғаның белсенділігі, өзін-өзі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайда емес, өзге адамдармен диалогтық қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады. Бірлескен қарым-қатынас негізінде оқушы-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушымұғалім арасында өзара құрметтеу, мойындау, түсіне білу және сыйластық әрекеттері пайда болып, толеранттық пен мейірімділік көзқарастары қалыптасады. Сонымен бірге сыни ойлау арқылы тұлға бойында рефлексиялық сапаларды қалыптастыру. Рефлексиялық сапа дегеніміз білім мен тәрбиені өзіндік сана арқылы қабылдап, тұлғаның рухани дамуы, ғылыми ақпараттарды игеруі болып табылады.


Оқушы бойында рефлексиялық сапалардың қалыптасуы білім беруді ізгілендірудің нәтижесі болып табылады.Оқушының өзін тану үшін және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілірефлексиялық басқаруды жүргізе алуы.Ол үшін төмендегі басты ерекшеліктерді дағдыға айналдыруың маңызы зор: -өз тәжірибесін пайдалана отырып, жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру; -өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу; -өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан өзі үшін нәтиже шығару; -өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу. Рефлексиялық әрекеттер барысында оқытудың жолдары талданады, өзіндік шешім қабылдауға жағдай туғызылады. Сөйтіп, бала өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу, өз әрекеттерін ұйымдастыру мүмкіндігін алады. Өз ерекшелігі мен деңгейін таниды. Сонымен бірге оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру мұғалім тарапынан әр оқушының өзіндік жақын даму аймағында дербес қабілетін дамытуға түрткі болу, оларды оқыту мен оқу құндылықтары жүретін практикалық әрекеттерге баулу, баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім берудің мәні неде? 1.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру– адамның қалыптасуы,тұлғаның өз мәдениетінің субьектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету. 2.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу,оны қолдау және дамыту негізінде өзін-өзі реттеуге, тәрбиелеуге әкеледі.Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады. 3.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру– адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол–тұлғаны түсіну,өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау. 4.Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беру тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Сондықтан оның мазмұны баланың өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субьектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді. Оқушы тұлғасына шоғырланған білім беруде мұғалімнің құзырлылығы қандай?«Тәрбиелеу үрдісі оқушыны тәрбиелеуге емес, оқушы өзін өзі тәрбиелеуе әкелетін үрдіс болуға тиіс»-деп көрсетеді Л.С.Выготский. Оқыту процесіне соңғы кездері жаңа жобалар мен озық технологиялар енгізіліп жатыр. Оның мәні– тұлғаны өзінің әрекеттеріне талдау жасауға,өзі үшін маңызды мәселелерді анықтай алуға және шешу жолдарын таба білуге бағыттау. Осы орайда Д.Дьюи философиясының идеясын айтар болсақ, яғни өмірлік

тәжірибеге негізделген өз білімін оқушының да, оқытушының да пайдалана білуі жүзеге асырылады. Сондықтан жаңа үрдісті тәжірибеге енгізуде мұғалімдердің сыртқы форманы ғана басшылыққа алмай, оның философиясын ұғыну маңызды шарт. Өйткені оқытудағы басты мақсат–алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай қолдана білуге үйрету. Осыған сәйкес оқыту мазмұны құндылықтық, танымдық, әрекеттік-шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды: -құндылықтық қызмет:тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін,өзіндік даму траекториясын таңдап алуы; -танымдық қызмет:тұлғаның рухани дамуының негізі ретінде ұлттық мәдениет, дәстүр, жан-жақты ғылыми білімдерін игеруі; -әрекеттік-шығармашылық қызмет: тұлғаның оқу, еңбек ету, ғылыми, көркемдік және басқа да әрекет түрлерінде өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы, шығармашылық қабілетін қалыптастыру және дамытуы; -тұлғалық қызмет:өзіндік санаға бағытталған рефлексиялық қабілетті дамыту арқылы өзінің өмірлік мұратын дұрыс қалыптастыруды қамтамасыз етуі. Білім беру үрдісіндегі демократиялық және гуманитарлық қарым-қатынастар оқушының танымдық қабілетінің дамуына, өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуына, өзін үнемі жетілдіріп отыруына ықпал етеді.Оқытудың осы тұрғыда ұйымдастырылуы әр оқушының жеке тұлғасындағы өзіндік ерекшеліктері, өзіндік өмір тәжірибесі мен өзіндік құндылықтарын ескеру арқылы өзіндік және өзара бірін-бірі дамытуға жол ашады. Осылайша қарастыру негізінде білім беру үрдісінде оқушының өзіндік сана, өзіндік таным, өзіндік білім алу, өзара қарым-қатынас, өз өмірінің субьектілігі сияқты педагогикалық рефлексиялық сапалары пайда болады және одан әрі дамиды деген тұжырым жасауға болады. «Баланы тәрбие қылу–тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Қалса өзін, асса барлық адам баласын әділ жолмен өрге сүйрейтін ер шығару деген сөз. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез шеше білетін, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы, адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып шығару. Баланы төрт жағы түгел адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар білімін жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек» [4,24 б.]. Пайдаланылған әдебиеттер 1.Қ.Бөлеев«Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау».-Алматы, 2004. 2.Д.Дьюи.«Демократия и образования».2000. 3.В.А.Сластенин,В.П.Каширин. «Психолоия и педагогика».-Москва,2004. 4.М.Жұмабаев. «Педагогика».1991 5.www.Veep.kz

37


ЖАПСЫРМАЛАУ

-ӨНЕ ҰЛТ РТ І ЫҚ МӘ ДЕНИ М Абуова А.

ҰРА

Атырау қаласы №34 Лингвистикалық мектеп гимназиясының технология пәні мұғалімі

Жапсырма өнері талай-талай тарихи кезеңдерді өткерген қоғамның көшінде қалып қоймай, ұрпақтанұрпаққа жалғанып дәуірімізге жеткен мұраларымыздың бірі.Еліміздің тәуелсіздік алғаннан бері қайта жаңғырған қолөнерімізде ұлт мүддесіне негізделген серпіліс, мақсатты бет бұрыс байқалады. Жапсырма өнерін зерттеп, зерделеу, дамытып, насихаттау жұмыстары жалғасуда. Жапсырма өнеріхалықтың қолтаңбасы сондықтан ол өшпейді, жоғалмайды. Жапсырмалау өнері қай халыққа болмасын тән өнердің бір түрі. Бұл өнер арқылы әр ұлт өзінің ұлттық негізін, мақсат, мүддесін көрсете алады. Жапсырмалаудың қолөнердің басқа түрлерінен артықшылығы:

Жапсырмалау

Асан қайғы- ел басындағы ауыртпалықты жырлап, заман жайлы сыншыл ой тудырған философ, замана сыншысы. Әуелбек Қоңыратбаев (Филолог-ғалым, түркітанушы) Асан қайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы XIVXV ғ. басында өмір сүрген ақын,жырау,би,философ, мемлекет қайраткері. Асанның әкесі Сәбит он сегіз мың ғаламның, құстың, жан–жануарлардың тілін білетін, өзі көріпкел, әулие, саятшы болса керек. Ол баласында осындай қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тәрбие көрген Асан жас кезінен туған халқының қамын, оның келешекте ірі де іргелі ел болуын ойластыра бастайды. Ақындық, жыраулық, шешендік, тапқырлық, өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешуде оның ақылдылығы, алғырлығы, кісілігі, кесімді билік сөздері өзге би шешендерден үстем болған. Революциядан бұрын жасаған қазақ

38

тарихшыларының еңбектеріне қарағанда Асан Алтын Орда ханы Ұлұғ-Мұхамедтің ықпалды билерінің бірі болған, хан өлген соң Дешті Қыпшаққа қайтып оралады.1450 жылдары Әбілхайыр ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жәнібек сұлтандарды жақтайды. Асан жайлы аңыздардың ең таңдаулысы оның «Жерұйықты іздеуі». Асан елдің кешіп отырған тұрмысына қанағаттанбайды, мекен етіп отырған қоныстарын менсінбейді, халықтың болашағын ойлап қамығады. Оның ойынша жер бетінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін құт дарыған бір жұмақ жер бар, оның аты «Жерұйық» дейді. Бұл кісісі ауырмайсырқамай жүзге келмей өлмейтін, малы жылына екі рет төлдейтін, елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол, шаруаға жайлы қоныс. Адамы қайғы дегеннің, қастандық дегеннің не екенін білмейтін, ертеңім не болады ? деп ойламайтын елге ырыс жер. Онда жұрттың бәрі тең, шат-шадыман өмір кешетін ағайын, ел арасы тату. Бірліктің, ырыстың, тыныш, бейбіт тұрмыстың белгісі ретінде қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын жерге қоныстану керек, бірақ оған жету қиында, ұзақ жол.Тек бақыт жолындағы күрестің не екенін білетін, барлық сындарға төтеп бере алатын халық қана осынау жерде өзінің ордасын орната алады. Осылайша аңызда Асан малға мекен, елге ырыс жер іздеп мал біткеннің жүрдегі әрі шыдамдысы желмаяға мініп алып қазақ жайлап отырған орын, өрістің бәрін шарлап тыным таппай шарқ ұрып келеді. Көрген қоныс мекеннің біріне қанағат қылмайды. Бұл орынды Асан өз тірлігінде таппайды. Халқына мәңгі еркіндік, тозбас бақыт сыйламақ болған Асан қайғы өксіп келіп Ұлытаудың басына жеткенде дүниеден өтеді. Асан қайғысы–ел қайғысы.Ол жерді өзі үшін емес,елі, жұрты үшін іздегендіктен ел қамқоры. Елі, жұрты жақсылыққа жете алмай жүдеу, жадау, арылмас ауыртпалықтан мұң мен шерге толы болғандықтан ел досы, ел мұңшысы Асанның да күйзелмеске, күңіренбеске шарасы жоқ. Оның атына қайғы сөзі қосылатындығы соның айғағы, ертеңгі күнін көп ойлап, қамжегендігі. «Біз Асан тұлғасынан халық мүддесін жоқтаған қайғылы, қамқор қарт, қиыннан жол табар ақылшы, данышпан, сәуегей жырау екенін аңғарамыз. Асанның мақсаты: қазаққа жайлы қоныс іздеу, елді бақытқа кенелту.Асанның қайғысы: бүгінгі тіршіліктің, ертеңгі


болашақтың қамын ойлағандықтан туған қайғы» Мұхтар Мағауин. Асан қайғыға қатысты аңыз әңгімелердің көбінде даналық мәні бар. «Адам мұратына жету үшін қоршаған ортаны, табиғатты танып білу керек»- дейді. Асанның пайымдауында адамның өзіндік жетілуі, ең биік қасиеті-жалпы азаматтық асқақтыққа апаратын жол. Адам тек қана сол әдет-ғұрыпты жетілдірудің арқасында мәнді өмір сүре алады. Адамның бақыттылығы оның жинаған дүниесіне, байлығына емес оның ақылдылығына, қайырымдылығына тікелей байланысты, елге, жұртқа сол қасиеттермен танылғанда ғана бақытқа жетуі мүмкін екендігін меңзейді. Әдептілік пен әділеттілікті ту қылып көтерген Асан ханның өзін қоғамдағы адами тепе-теңдікті бұзбауға шақырады. Асан қайғы туралы зерттеген ғылымдардың еңбектерінде, бізге жеткен аңыздарда Асан тұлғасын төмендегідей көруге болады.

Жұмыс тәртібі

Ақылшы, данышпан

Алыстағыны болжайтын көріпкел əулие,абыз- сəуегей

Асан Қайғы Жырау Нақыл сөздер, толғаулар жазған

Би, шешен

Философ, саясаткер

мемлекет қайраткері Ноғай халқының ақыны

«Қазаққа жер ұйық іздеген Абыз-жырау Асан Қайғы» деген тақырыптағы шығармашылық жұмысымды төмендегідей құрал-жабдықтарды қолдану арқылы жасадым: Бор, ине, түйреуіш оймақ, ПВА желімі, қарындаш, мата. Жұмыстың орындалуы: 1.Эскиз салу. 2.Бояу. 3.Рама жасау. 4.Салынған эскизге сәйкес түстегі мата табу. 5. Түссіз қағаздан калька қию. 6.Бір түсті матаны матаға жабыстыру. 7.Дайын қиындыларды желімсіз орналастырып, үйлестіріп, қиыстыру. 8.Барлық бөлшектерді желімдеп орналастыру. 9.Әшекейлеу, көркемдеу. Нұсқау карта Қажетті құрал саймандар

Мата таңдау. 1м×1м Сурет түсіне сәйкес маталар таңдау,жіптер дайындау 1 Ватманға «Желмая менАсан қайғының» суретін салу. 2 Кесененің, нулы орманның, құстың,басқа да элементтерді сурет бойынша бөлшектеп қиып алу. 3 Сурет түсіне сай әр бөлшекті түсті мата беттеріне қойып,бастыру.Әр бөлшекті мата түстерімен қиып алу. Көк түсті матаны кергішке керу Кесене мен желмаясынан бастап барлық қиылған мата үлгілерін керілген мата бетінің ортасынан бастап орналастырып,әрбір жапсырма қиындыларын түйрегіштермен ұстатып,көктеп алу Мата бетіне орналастырған жапсырмаларды жылжытып алмай ,мата түстеріне сәйкес зер жіптермен шетінен бастап қиғаш тігіспен тігіп шығу. Бисермен әшекейлеу.

Асан қайғы қазақ тарихында болған белгілі тұлға. Ел қамын жейтін ерлердің символдық тірегіне айналған бейне. Асан Қайғының Алтын орда мемлекетіне астана салу үшін лайықты жер іздеуібіздің тәуелсіз ел үшін Астана салар жер іздеп, шарқ ұрғанымызға, оны тауып, жүзеге асырғанымызға ұқсайды. Бұл елшілдік элементтері. Оның қазақ жері туралы айтқандары бізге ғасырлар қойнауынан жеткен,бабалардан қалған зор мирасымыз. Атамекеніміз туралы, бабаларымыздың қаны мен тері бірдей төгілген қасиетті мекеніміз туралы айтылған сөздері «Бізге ұлан ғайыр жерің бар, соған ие бол, сенің өсіп-өніп, көктеп-көгеретін жерің-өз атамекенің» дегенді білдіреді.Ата-бабаларымыз ұрпағының

Мата түрлері. үлгі, ватман, калька қағазы, қайшы,ине,жіптер,түйреуіш,карындаш,бор, мата түрлері. Калька қағазы,бор, қайшы.

Мата,70см×80см кергіш, ұсақ шегелер, қол балға. Керілген мата, сурет бойынша қиылған мата қиындылары, түйрегіштер, ине- жіп. Мата түсіне баратын жіптер,ине,қайшы,оймақ, бисер.

тәуелсіз, бақытты, білімді болуын армандады. Сол арманы бүгінгі таңда орындалды. Бүгінгі жастар атабабасының көксегенін орындап, бар күш-жігерін еліміздің мерей үстем болуы үшін жұмсауда. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының, іскерлігінің арқасында тәуелсіздігіміздің іргесі бекіп, көптеген елдердің алдына шығып, адымдай басып келеміз. Әлем назарын өзімізге аудара бастадық. -Қолөнерде пән аралық байланысты жетілдіру арқылы әдебиет тарихында бізге аңыз әңгімелер арқылы жеткен, халық шығармашылығында өзіндік толғау, жырларымен белгілі тарихи тұлға Асан қайғының қазақ халқының бейбіт өмір сүріп, бақытты болашаққа

39


жетуін көксеген, адам өмірінің мәні, адамшылық қасиеттері туралы даналық сөздерінің тәрбиелік мәнін ұғыну. -Асан қайғы бейнесін қазіргі өмірімізбен ел тәуелсіздігімен байланыстыру. -Асан толғауларының әрбір жолы нақыл сөздерге пара-пар болғандықтан тәлім-тәрбиелік мәні бар. -Әдет-ғұрыпты жетілдіру арқасында әдептілік, әділеттілік,қайырымдылық, адамдардың бір-бірін бағалауы,мінез-құлықтарын қалыптастыруы арқасында мәнді өмір сүруге болатындығын ұғындыру.

-Қоршаған ортаны, табиғатты танып білу қажеттілігі. -Жапсырмалау өнері арқылы Асан қайғы бейнесін жасай отырып адамгершілік, қайырымдылық, кешірімділік сияқты адами қасиеттерді биік ұстауға, дүниені, табиғатты, адамдардың ара қатынасын танып білуге деген ынтаны дамыту қажеттілігін көрсеткім келді. -Сюжеттік жапсырмалау түрінде әртүрлі тақырыпта тапсырмалар орындау дербес ойлануға және шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады.

РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК Т Киреева Г.

ӘР – ОТБАСЫНДА БИЕ

Атырау облысы Жылыой ауданы №9 орта мектебінің мұғалімі

Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие. Адамзаттың тарихында Абайдың гуманистік ізгі ойларына, тәжірибелеріне көз жіберсек адамзаттың дамуында әр дәуірде,әр ұлттың ойлау жүйесінде қалайша пайымдалғанын салыстырмалы қарауға мүмкіндік береді. Абайдың қара сөздерінде ізгіліктің негізгі идеялары анық көрініс алады. Оларға жататындар:адамды ерекше құрметтеу,бағалау, халыққа жанашырлық білдіру, адамды сүйіспеншілікке баулу, т.б. Руханилық, имандылық, қоғамдық өмір, адамның сыры жаны... Бұл ұғымдар ұлы Абайдың шығармашылық негізін құрайды. Оның ойлары мен идеялары, ұстанымдары мен құндылықтары қазақтың ұлттық санасын жаңа деңгейге көтереді. «Тарихтың өзі де, көзі де адам»-дейтін қағиданы қолданған Абайдың көзқарасының басында адам тұрады. Абай үшін адам–дүниенің ең сүйікті, ең асылы. Сондықтан Абай дүние танымын талдағандағы ең бірінші бетке ұстарымыз–Абайдың адамға деген риясыз сүйіспеншілігі, оның гуманизмі. Егер де біз гуманизмді адамшылыққа, талпыну, адамға құштарлықпен сүйсіне қарасақ, гуманизмді адам өзін–өзін танып, өзін–өзі түсіне бастағаннан іздеуіміз керек. Адам «мен кіммін, не үшін дүниеге келдім, өмірімнің мақсаты не?»- деп өзінен өзі сұрай бастаған кезден –ақ гуманистік ізденіс басталады. «Абайдың адамға деген сүйіспеншілігі қай еңбегінде бар?» деген сұрақ, орынсыз болар еді. Себебі ойшыл ақынның қай өлеңі мен қайсыбір «Қара сөзін» алсаңыз да,одан адамға деген құштарлығы сезіледі, сүйіспеншілігі білінеді. Бұны білдіретін тек қана «Қалың елім қазағым, қайран жұртым» басталатын өлеңі емес, әрбір қара сөзі куә. Байды жамандаса, панасыз кедейді қолдайды, қорғайды, күз

бен жазды суреттесе адамның мінезі мен көңіл күйіне қызығады, сүйсінеді. Абайдың сүйіспеншілігі, махаббаты, адамға құштарлығы тек адаммен шектелмейді.Бұл сүйіспеншілік аспанға жаратушыға дейін тарайды. Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сенде сүй ол Алланы жаннан тәтті, Адамзаттың бәрін сүй баурым деп, Және хақ жолы деп әділетті. Адамға деген сүйіспеншілікті, гуманизмді, сұлулықпен ұштастыру, сезіммен байланыстыру гуманизмнің барлық нысандарына тән. Ғашықтық, құмарлықпен –ол екі жол, Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол. Сенен артық жан жоқ ғашық болдым, Мен не болсам болайын,сен аман бал. Абай ғашықтықты жанмен байланыстырып, жан қасиеті деп, ал құмарлықты тән қасиеті деп табады. Абайдың бұл туралы түсінігінде екі түрлі қасиет бар.Біреуі: жеу, ұйықтау «тән қасиеті тәннің құмары». Олар болмаса тән жанға қонақ үй бола алмайды. Екіншісі: білу, көру, қызығу-бұл жанның қасиеті, жан құмарлығы. Адамның білімге деген құштарлығы, сұлулыққа ғашықтығы оны одан да көп білуге жетеледі. Абайдың түсінігінде адамның адамша өмір жолына түсуінің екінші сатысына шығуының көрінісі. Бұл сатыдағы адам өмірінің ең басты көрінісі–тәртіпке өз өмірін бағындыру, ретпен өмір сүру.Адам жүрегімен тыңдайтын жолға немесе оның дамуының үшінші рухани сатысына жетелер жол. Рухани жетілу жолы–шексіз жол.Бұл шектілі де шексіз адамды жетілу жолына түсіру немесе қарапайым адамды «толық адам» болуына жеткізу жолы. Бұл жолға адам өмірлік тіршілігінің шектілігін сезініп, саналы түсініп, өз әрекетінің дұрыстығын түсінеді. Абайдың дүниетанымын адам туралы ілім деп айтуымыз керек.

ҰЛТТЫҚ ТӘ РБИЕ АРҚ ЫЛЫ ОҚ УШ ЫЛАРДЫҢ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ СЕЗІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ АрыстанғалиеваГ., МугауинаГ.

40


Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қызметкерлері

Патриотизм, Отан сүйгіштік, патриоттық тәрбие мәселесі-адамзат өркениетінің өн бойында ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат, рухани асыл мұрат, азаматтық парыз, ар тазалығы қалпында қарастырылып келген. Қазақ халқы сан ғасырдан бергі даму тарихында өз ұрпағына патриоттық тәрбие беруде баға жетпес тәрбиелік мүмкіндігі зор рухани, мәдени мұраның мол тәжірибесін жинақтаған. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін патриоттық тәрбие жөніндегі халықтық қағидалар, талаптар және әдіс–тәсілдер қолданылған. Әйтеке би бабамыз былай деп ой қорытындылайды:«Ел жайы-ер азаматтың күндіз есінен, түнде түсінен шықпайтын киелі ұғым, Елді сақтар ерлер аман болғай.....Үйіңде атаңның намысын қорға, дүзде Отаныңның намысын қорға», «Ел ерікті жігітті сыйлайды»,-деген. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезімбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...» - деген пікірін айтты. ҚР қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер білім беру салалар ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының міндеттері «Қазақстандық патриотизмді, толеранттылық жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу қажеттілігі көрсетілген» [1-7]. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндетті бүгінде жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді. Ал мұндай күрделі тәрбие үрдісі әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерін үздіксіз, кешенді жүргізуді талап етеді. Демек, мемлекетіміздің білім беру жүйесінде патриоттық тәрбие беруді жан-жақты жетілдіру ұлттық идеяға, ұлттық құндылықтарға негізделе құрылып, ұлт мүддесін ұстай отырып дамытылуы тиіс. Яғни, халықтық дәстүрге негізделген бабаларымыздың ерлік дәстүрлерін насихаттау, билер мен шешендердің өнегелі тәлім-тәрбиелерінен жанжақты тәрбие жүйесін құру қажеттілігін қазақстандық білім саласының маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Ғалым Ә.Тарақов: «Батырлар даналығын үйреніп, ұлы қасиеттерін ұғынып, асыл істерінен өнеге алып, қателіктерін ойға тоқып өскен әрбір ұлт өрені келешекке кемел көз тастайды, елдік дәстүр–салтты, ерлік даңқын қастерлеп, құрметтейді, Отанның патриоты, саналы күрескер азаматы болып тәрбиеленеді»,-деп келтіреді.[1-16]. Қазақстандық патриотизмді Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдетғұрпын,елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп бостандығы мен құқын қорғау,әр адамның күшжігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты

баянды етуге және ұлтаралықты татулық тұрақтандыруға жұмсау – деп түсінеміз. Мемлекеттік «Білім бағдарламасының «Тәрбие жүйесін жетілдіру» бөліміндет«Мақсаты– Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру»,-деп көрсетілген. Патриотизм идеясы сонау Аристотель мен Платон, кейін педагогика тарихында Д.Локк шығармаларынан бастау алса, жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі кеңес педагогтары Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және т.б. еңбектерінде ғылыми тұрғыдан баяндалды. Патриоттық, интернационалдық тәрбие беру мазмұны, оның әдістемесі мен құралдарын жетілдіруге арналған бірқатар ТМД /Н.И.Болдырев, А.В.Мудрик,Г.Н.Моносзон т.б./ және Қазақстан /С.Есімханов, А.Ахметов, Е.Жұматаева, Д.Құсайынов, Б.Момышұлы т.б./ ғалымдарының зерттеу еңбектері жарық көрді. [2-56] Аталған авторлар еңбектерінің мазмұнына жасалған талдаулар нәтижесі зерттеулердің басым бөлігі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру мәселесін түрлі бағыттарда қарастырып негіздеуді, мақсат еткен мәселемізге тұжырым жасауымызға жетеледі. Сондай-ақ, жүргізілген талдаулар барысы халықтық рухани мұралар негізінде мақсатты патриоттық тәрбие беріп, Отанға, туған жерге деген жоғары сезімдерді тұлға бойында қалыптастыруды қарастыру бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі. Қазақстандық патриотизмді жүзеге асыруда қойылып отырған жаңа қоғамдық талаптар мен оны жасаудағы әдістеменің жоқтығы арасындағы қарамақайшылықтар ұлттық рухани құндылықтарды атап айтқанда ұлттық музыкалық мұрамызды кеңінен пайдалануды қажет етеді. Бастауыш сынып оқушыларында индивидтің қасиеті салаларын, қабілеттері мен ғылыми түсініктерін қалыптастыру, оқушыны әлеуметтендіріп, оның жеке бас тұлғасының барлық жақтарын, ең алдымен, патриоттық сезімін қалыптастыру, ҚР орта білімді дамыту тұжырымдамасында атап көрсетілген бастауыш мектептің басым міндеттерінің бірі, тәрбие процесін қазақстандық патриотизм, азаматтық интернацинализм, гуманизм идеялары негізінде құруды қажет етеді. Патриотизм, Отансүйгіштік, патриоттық тәрбие мәселесі–адамзат өркениетінің өн бойында ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат, рухани асыл мұрат, адамзаттық парыз, ар тазалығы қалпында қарастырылып келеді. Қазақ халқы сан ғасырдан бері даму тарихында өз ұрпағына патриоттық тәрбие беруде баға жетпес тәрбиелік мүмкіндігі зор рухани, мәдени мұрасын мол тәжірибесін жинақтаған. Бұл мақсатты жүзеге асыру

41


үшін патриоттық тәрбие жөніндегі халықтық қағидалар, талаптар және әдіс тәсілдер қолданылған. Қазақ халқының патриоттық тәрбисінің негізгі талаптары еліміздің тарихи дамуына әлеуметтік, экономикалық жағдайына, өмір салтына, түрлі тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан. Мұны біз қазақ батырының бойындағы батырға тән қаһармандық қасиеттердің жиынтығынан,мейірімділік пен әділеттіліктен,яғни азаматқа тән адамгершілік қасиеттер, шешенге тән дуалы сөздік, данаға тән білгірлі,биге тән көсемдік, әулиеге тән көрегендіктен табамыз. Сөзіміз дәлелді болу үшін Қарасай, Райымбек, Есет батырлардың қаһармандығын, Қазыбек би, Төле би, Әйтеке билердің дуалы сөзділігін айтуымызға болады. Патриоттық тәрбиенің негізінің бірі–Ұлы Отан соғысының батырлары жөнінідегі естеліктер мен әңгімелер, көркем әдеби шығармалар мен фильмдер кеңінен пайдаланылуы керек. [ 2-104]. Ел басшысы Н.Ә. Назарбаев: «Біз Қазақстандық патриотизмді Отанын жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау,әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтантыруға жұмсау»- деген болатын. Мемлекеттік «Білім» бағдарламасының «Тәрбие жүйесін жетілдіру» бөлімінде: «Мақсаты– Қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпыадамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретінде сапа қасиетін қалыптастыру»,-деп көрсетілген. Батырлардың қаһармандық бейнесі арқылы оқушылар бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастырудың маңызы зор. Батырлар бойындағы патриоттық қасиеттер туралы ойымызды жүйелей отырып, нақты түсінік беретін болсақ, «ерлік», «қаһармандық»-батырлар бойындағы қайталанбайтын, тек өзіне тән болып келетін қасиет. Ал «қасиет» сөзінің мәні: «Адамның өзіне тән (жақсы немесе жаман) белгісі. Жақсы қасиеттер (имандылық, парасаттылық, т.б.)адамда тәрбие арқылы қалыптасады»-деген ұғымды білдіреді. Патриотизм–еркіндікті, еріктілікті сақтаудың негізгі ғана емес, ол саяси, әлеуметтік–экономикалық дамудың да бастауы. Сондықтан болар халқымыз бала тәрбиесінде ерлік, батырлық, елдік қасиеттерге баулуды бірінші орынға қойып, дәріптен отырған. «Ерлік–елдің қасиеті»,«Жүректілік–жігіттің қасиеті»,«Ел үшін аянба–ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба–жігіттігіңе сын», «Отан отбасынан басталады»,«Отан анаң», «Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дей отырып, Ананы құрметтеуге, сыйлауға шақырған. Сондықтан да патриоттық тәрбие отбасынан басталады. Академик Е.Шаухитдинов:-«Қазақстандық патриотизмді қазақ ұлтының мүддесімен байланыстыра келіп, басқа ұлттар мүддесін жоққа шығармайтын туралы келелі пікір айтады.Ол

42

азаматтардың құқықтық еркіндігі, басқа ұлттардың қазақ халқының дәстүрін сыйлауы,олардың қазақ мемлекетінің намысын қорғауы,қазақ елін жатсынбай, жүрегімен сүйе білуі,ұлттық тіл,дін,ділімізді сақтауға кедергі жасамай қолдау тауып жатса, міне, осыларды қазақстандық патриотизмнің белгілері деп санайды»деді. Патриотизм ұғымын талдай келе ол «патриотизм дегенде, әуел бастан-ақ туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеп, қастерлеген. Бұл патриоттық сезім ерте заманнан-ақ қалыптасқан. Мұның терең мағынасына ұлтжандылық жатады» деп көрсетеді. Қазақпатриоттық–отансүйгіштік тәрбиесі– тереңнен тамыр тартқан, халқымыздың сан ғасырлық болмысының, дүниетану көзқарасының, ақыл-ойы мен салт-дәстүр мәдениетінің көрінісі.Осыларды бойға дарытпай тұрып келер ұрпақты патриоттықотансүйгіштік тәрбиеге лайықты қалыптастырып, алтын бесік елін, кіндік кескен жерін қорғайтын және осы мақсат жолында бар күш-жігері мен ақылқайратын жұмсап, отаншыл азаматтарды, яғни нағыз патриоттарды тәрбиелеп өсру мүмкін емес. Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі– Отан десек, оның мазмұны–туған жер, табиғат, оның байлықтары, тілі, дәстүрі, тарихи ескерткіштері, туған өлкедегі тамаша киелі орындары.Олардың адам көкірегіне жылылық жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патиротизмге тәрбиелеудің арқауы болады.Өсіп келе жатқан жас буындарды Отанымыздағы әлеуметтік-саяси құбылыстарға дұрыс көзқарас қалыптастыра білсек, жаңа мазмұнды санасезім, іс-әрекет аясында олардың жалпы патриоттық ой-пікіріне ықпал етеді. Бастауыш мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің өткені мен дәл бүгінгі таңдағы жай-күйін зерттеу барысында оның әдісі, тәсілі мен формаларының сан алуан болғанына және оларды бүгінгі күн жағдайына бейімдеп қолданудың мүмкіндігі мол екеніне көзіміз жетті. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар: «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». [3-12 ] Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы–жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу– тәрбиенің ең басты міндеттерінің бірі.Аталған мақсаттағы күш-жігер бірінші кезекте бүлдіршіндердің санасына отаншылдық сезім қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Отан деген ұғым балаға жарық дүние есігін ашқан үйі, ата-анасы, ағайын-туыстары, құрбы-құрдастары, туған жері, кеңбайтақ гүл жазира даласы,тау-тасы,өзен-көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде танылуы керек. Азаматтық – Отанға, халыққа деген жоғары адамгершілік пайыз. Отаныңмен, халқыңмен мүдделес екеніңе мақтаныш сезімің, достығың, жолдастығың, бірлігің, көкірегіңді кернеп тұрса– патриотсың. Патриотизм–еліңе іс-әрекетіңмен,


бар болмысыңмен қызмет етуге дайындығың. ОтанАна.Оны қорғау үшін бүкіл патриот халықпен бірлесу, ынтымақтасу, достасу–отансүйгіштіктің көрінісі.Отан, ана, тіл, достық, ынтымақ сөздерінің өзара үндестігі–азаматтық парыз бен патриотизм сезімінің логикалық бірлігінің көрінісі. Бастауыш сыныпта оқушыларға Отан, туған жер деген ұғымдар тарихи қалыптасқан әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени орта екенін түсіндірудің мәні зор.Ол халықтың тұрмысымен, еңбегімен, өнерімен,тілімен, ұлттық, дәстүрімен байланысты екенін сәбилер білуі керек.Соларды таныту арқылы бала бойына қарапайым адамгершілік қағидаларын орнықтыру–тәрбиенің басты мақсаты. Адам өзінің тұрмыстық іс-әрекетінде немесе күрделі жағдайда ерлік істерге баруы үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Патриотизмге, отаншылдыққа тәрбиелеудің міндеттері төмендегідей негізгі мәселелерді көздейді:педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, оқушылар тұлғасына ықпал етудің біртұтас жүйесін жасау;музыка сабағын немесе сыныптан тыс оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек жасауға лайық сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі айқындап, жұмыс процесінде қолдану, т.б. Оқушыларды Отан жайлы білім қорына байланысты танымдық әрекетін қалыптастыру негізінде атқарылады. Баланың сабаққа эмоциялық қарым-қатынасы, елде болып жатқан оқиғаларға, қоғамға пайдалы іс-әрекетке назар аударуы, т.б. жағдайлар оқытушының жұмысында айқындалады. Білім мазмұнын бағалау нәтижесінде балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты логикалық тапсырма беру, оның тәрбиелік маңыздылығын ескеру, сонымен бірге балалардың басқа мәселелерге қызығушылығына көңіл аудару маңызды. Оқушыларды қоғамдық өмір құбылыстарымен таныстырудағы негізгі іс-әрекет түрлері сабақтар, экскурсиялар, серуендер, ойын сабақтары. Мұнда түсіндіру негізгі әдіс болса, көрсету құралы орнына мұғалімнің сөзі жүреді. Сабақтағы эмоциялық көңілкүй, негізінен, оқытушының ойды дұрыс жеткізуі, қызықты айтуы нәтижесінде анықталады. Ол өзінің ішкі сезімін балаларға екпіннің, кідірістің, қимылқозғалыстың көмегімен түсіндіруі керек. Жүргізілген сабақтың мазмұнын көрнекі құрал орнына алынған оқиғаға бағыныңқы болғаны жөн. Осы жағдайда ғана сабақтың жинақтылығы мен мақсаттылығы жетіліп, балаларға патриоттық тәрбие беру өзегі сақталады. Оқушылардың патриоттық сезімін дамытуды оқытушы іске асырады. Мұғалім оқушы бойына патриоттық сезімдерді, өз Отаны туралы түсініктерді қалыптастыруға баса назар аударғаны жөн. Бұл кезеңде бала өзі тұратын жерінің ауа-райын, қаласының аты-жөнін, оның көрікті жерлерін, тарихи орындарын біршама біледі. Әдістемелік талаптарға сай ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарда, туған жері туралы

түсініктері бекіп, оған деген сүйіспеншілік сезімі артады. Оқушыларға атақты өнер иелері туралы, батырлар туып-өскен орта туралы мұғалім әңгімелегені дұрыс. Ол тұлғалардың өздері үшін ғана емес, елі үшін еңбек еткенін, яки қаһарманның туған жерінде бақытты болашақ орнату жолында құрбан болғаны айтылған соң:«Міне, балалар, осындай адамдарды Отанның адал ұлдары мен қыздары дейміз. Ал Отан дегеніміз не? Кім біледі?»-деген сұрақ қойылуы орынды. Балалармен туған ел, Отан туралы сыныптан тыс өткізілетін тәрбие сағаттары мен тәрбиелік кештерді өткізуге немқұрайлы қарауға болмайды. «Отансыз адам-ормансыз бұлбұл», «Туған жердің күні де, түні де ыстық» тәрізді мақал-мәтелдердің мағыналарын жете түсіндірген дұрыс. Әсерлілік үшін музыканың атқарар ролі ерекше, оны реті пайдалану қажеті. Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі–рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс.Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасын, мінез-құлқына, психологиялық және этнографиялық тән ерекше тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арнасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажет. Рухани тәрбие, моральдық ұстаным,Отанын, халқын, елін сыйлауға тәрбиелеу оқыту жүйесінің басты мақсаты болып келген. Халқымыздың аса бай тарихы ерлік, азаматтық дәстүрлерді жалғастыруды керек етеді. Жүздеген жылдар бойы қалыптасқан ата-баба салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық және батырлық қасиеттер бүгінгі жас ұрпаққа ауадай қажет. Отаншылдық, патриоттық, тәрбиенің көмескіленуінен жас жеткіншектердің арасында теріс әрекеттер кеңінен етек алуда. Сол сияқты отансүйгіштікке тәрбиелейтін мақалмәтелдердің алатын орны өз алдына бір төбе. Оның жас балалар үшін пайдасы мен атқаратын ролі зор. Мысалы, «Ит туған жеріне», «Өз елім өрен төсегім» т.б. мән-мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейді. Жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнісін түсіндіре отырып, төменгі сынып оқушыларына кең пайдалануымыз керек. Отаншылдық, ел-жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға арқау болатын халықтық рухани құндылықтың бірі–ар намыс.Бұл–борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш.Осы тұрғыдан алғанда ар-намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік-психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтың елін, жерін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ.Сондықтан баланың жасынан ар-намысын қалыптастыру үшін халықтық

43


ертегілердегі ер-азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор. Қазақ халқының музыкалық өнері ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырданғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра болып жетіп отыр. Елін, жерін қорғаған батырлардың ерлігін күй үнімен жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, мәртілікке, ұлтжандылыққа үйретуге тырысқан. Сыныптан тыс жұмыстарға мектеп оқушыларымен сабақтан тыс уақытта жүргізілетін, тәрбие және білім беру сипатында

ұйымдастырылған, әрі мақсатты бағыты бар сабақтар жатады. Бұл жұмыстар патриоттық тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Олар жан- жақты дамытуға бос уақытты ақылға қонымды ұйымдастыруға септігін тигізеді. Әдебиеттер: 1.ҚР «Тәлім–тәрбие тұжырымдамасы» Алматы 1993ж. 2.Ж.Асанов.Студенттердің этнопедагогикалық білімдері мен икемділіктері жүйесін қалыптастырудың дидактикалық негіздері.(Оқу әдіст. құр).- Алматы, «Арыс» баспасы, 2005 ж. 3.Л.Сейдахметова. Патриотизм ұғымдарының маңызы. «Қазақстан мектебі» 2012 ж.

РУХАНИ ҰЛТТЫҚ ТӘ РБИЕНІҢ АЛАТЫН РОЛІ ЖауроваА.

ҚҰ НДЫЛЫҚ ТАРДЫ Қ АЛЫП

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің қызметкері

Аннотация В данной статье рассматривается роль народного воспитании при формировании духовных ценностей. Рассматриваемая тема говорит о том, что в наше время есть ценности, которые можно проанализировать по- разному. Одной из основных ценностей в наше время и до нашей эпохи- остаются те духовные ценности, которые оставили нам предки. Қазақстанныңқазіргі тәуелсіздік кезеңіндегі тарихи дамуында қоғамның мәдени саласының маңызы ерекше күшейіп,салмағы арта түспек. «Өткенсіз болашақ жоқ» немесе «тарихтан тағылым» деген қағидаларға сүйенсек, қоғам өміріндегі барлық құбылыстардың себеп-салдарын өткен тарихтан іздеуіміз қажет.Осы тұрғыдан алғанда, мәдениетімізді жан-жақты сараламай,рухани өміріміздегі оң өзгерістер мен шешуін таппаған мәселелерді қарастыру мүмкін болмас еді [1,43]. Ұлттық мәдениеттің тарихи аясының кеңейіп, қайта жаңғырып өркендеуі, халықтардың рухани мұралары мен дәстүрлерін қастерлеуі,оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы өзіндік дербестігінің айғағы.Осы көшпелі өркениеттің тіршілік тынысына үлес қосып, биіктерге көтеретін болмыс–Адам [3,56]. Мәдениет айнала өмірдегі ақпараттық деректерді сана-сезімге жеткізуші және оны дамытып, тәрбиелеуші де. Кез келген халықтың ежелгі замандардан бергі рухани-мәдени тәжірибесін саралап салмақтауға мол мағлұмат беретін басты байлығы-сөз өнері, әдебиет.Өйткені, өздері қабылдаған болмысбітімдерін ойлы образдар немесе образды ойлар арқылы айшықтауға бейім көшпенділер жұрағатықазақтардың тағдыр-талайын зерттеп-зерделеуде әдеби мұрадағы қыруар қазынаға жүгінудің жөні бөлек [4,27].

44

Адамды кішкентай кезінен түзу жолға, адал іске, таза ар-ожданды етіп тәрбиелеу адамзат алғаш пайда болған заманнан бастап осы уақытқа дейін ұрпақтанұрпаққа жалғасып келе жатқан жауапты міндет. Аталы сөз аңыз,әңгіме қалдырған әлемдегі барша адам баласы тәрбиенің ұлағаттылығын бірдей қабылданғанымен, мазмұны мен мағынасын әр халық, ұлт,өзіндік қасиеттер мен көзқарастар арқылы тәрбиелейді.Ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелер сол халықтың ой-тілегімен,ақыл-өнегесі,өсиетімен ұштасып, үнемі жетілдіріліп, ұрпақтан–ұрпаққа жалғасып отырған. Сондықтан, құндылықтар туралы айтқанда адам мәселесіне барынша көңіл бөлінуі тиіс.Адам мәселесіне көбіне,философтар, әлеуметтанушылар көп көңіл бөлуде. Мәселен, философ Қ.Әбішев“Адам жоғары құндылық,ол өзінен ақ өзіндік құндылық бола алады, өйткені адам құндылығы өзінде ғана ұсталады. Бұл мүмкіндік тек қана адамда бар. Адам осы мүмкіндікті іс-әрекет арқылы жүзеге асырады”, - дейді [3,22]. Рухани–адамгершілік адамдық тәртіп пен рухани дағдыны қалыптастыратын жүйе. Осы жүйе негізі– рухани–адамгершілік құндылықтар арқылы салауатты өмір сүру дағдысын қалыптастыруда ұрпақ санасына құндылықтар арқылы жол көрсеткен ғұламалар мен билер, жыраулар еңбектерінде, өмір сүруді өздерінше саралап көрсетеді. Мәселен, Қазыбек би былай деп ой толғайды: Өркенім өссін десең Кекшіл болма, Кесапаты тиер еліңе Өршіл болма – Өскеніңді өшірерсің Басыңа іс түскенде Қастық қылма – Қайғысы көшер басыңа, Жанашыры жоқ жарлыға Жәрдемші бол асыға


Қиын-қыстау күндерде Өзі келер басыңа Бүгін сағы сынды деп Жақыныңды басынба . Бұл ұлы бидің айтқандары жалпы адамзаттық бірліктің негізі–адам өмір сүретін ортада қалыптасатын өмірлік құндылықтарды меңзейді [3,12]. Ұлы Абай айтқандай салауатты өмірді бастайтын– бұл адамгершілік қасиет:адамшылық,адалдық, әділеттілік,білімділік,еңбеккерлік,терең ой,кісілік, рақымдылық,махаббат,арлылық,намысқойлық, сертке беріктік, татулық, тәуекелшілдік, имандылық т.б. адам мінез-құлқындағы осындай қасиеттерді жатқызады.Ал жаман қасиеттерге: арамдық, азғындық, арызқойлық,сараңдық, сайқалдық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, еріншектік, жалақорлық, залымдық, жылпостық, қанағатсыздық, жиіркенішті мінез-құлық қасиеттерін бөліп көрсетеді. Абайдың салауаттылыққа, парасаттылыққа байланысты осындай көрсеткіші ақыл мен білім, рухының тазалығы әрбір адамның санасына, тәрбиесіне пайдаланса,болашақ жастарымыздың ақылпарасаттылығы мен ой тазалығы мүдделеріне сай келетіні негізгі күштердің салауатты өмір сүруге қажетті екеніне көз жеткізуге болады[5,24]. “Егер жас ағашты жас күнінде қисығын түзеп өсірсең түзу болып өседі,бір түзу болып өскен жаңадан қисаймайды. Ағаш ұлғайып, қатып кеткен соң түзеуге де келмейді, сынып кетеді. Сол сияқты жақсы, көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура жолдан қандай қиыншылық көрсеңіз де өзгермес.Ойлап қарасақ, Алла біздің амалымызға мұқтаж емес. Не жақсылық-жамандық етсек те, ақырында пайда-залалын да өзіміз көреміз”–деп тұжырымдайды. Мұраны сақтау осымен шектеліп қалу деген сөз емес.Мұра кейінгі мәдениетің дәстүріне айналып, ары қарай толысып, жетілгенде ғана бағалы. Х1Х-ХХшығасырдағы қазақ әдебиетінің жаңашылдық сипаттары мұны растай түседі. Ауызша әдебиет

ЭТНОМ

жасаған махаббат пен әділдік кейіпкерінің типі-Қозы Көрпеш-Баян Сұлуды,Қыз Жібек-Төлегенді, туған жері мен халқын қорғаған батырлар-Алпамыс, Қобыландыны, елдің зар-мұңының тілшісі Асан Қайғыны, Жиренше мен Аязбилерді және тағы басқа кейіпкерлерді ерекше жандар типі деп ұға білген қазақ кейінгі заманда да ұға алады, ұқпақ түгілі өміріне үлгі қылып ұрпақтарға жеткізуге, еліктеуге де жарайды. Сондықтан мәдени мұраны жинау-зерттеу, осы асыл қазыналарымызды толықтай игеру және толықтыра түсу басты міндет. Былайғы жерде байқай бермейміз, әйтпесе біздің жат-жұрттық өктемдікке наразылық білдірген әдебиетіміздің туған тілімізде өсіп-өркендеуінің өзі ұлттық кемелдіктің мызғымас айғағы сияқты[5,39]. Көпғасырлық әдебиетіміз бен өнеріміз–біздің ешкімде жоқ рухани байлығымыз. Сол мұраны игеру, сонда туған идеяларды бүгінгі тәуелсіз халқымыздың қолына ұстату біздің алдағы міндеттерімізді нақтылайды[1,16]. Егер болашақ жас ұрпақ руханилығынан айрылса, онда жалаң рационализм мен прагматизмнің құлына айналады.Қай елдің болмасын, өсіп-өркендеуі мен өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның руханилық деңгейі мен адамгершілік қасиетінің бағытына тікелей байланысты.Демек, адамның руханилығы мен адамгершілік болмысын құндылық ретінде қарастыру- әлемдік проблема. Өйткені, бүгінгі күннің ауқымды да маңызды мәселелерінің бірі біртұтас әлемдік білім кеңестігін құру, білім саласын дамытудың басым бағыттарының маңызын тереңдетіп, оның адамгершілік салалары мен әлеуметтік бағдарын жүзеге асырудағы міндеттерді шешу болып табылады. Әдебиеттер: 1.Хасенов Ә.Қ. Қазақ өнері мен мәдениеті тарихы. А,1992. 52–б. 2.Марғұлан Ә.Х. Таңбалы тас жұмбағы. //Білім және еңбек. 1982. №9. 12-б. 3.Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. А,1988.-163б. 4.Әуезов М.О.Әр жылдар ойлары.А, 1959.150 б. 5. Мұқанов С. Халық мұрасы.А, 1974. 140- б.

-ӘДЕ РУХАНИ НИЕТ Т Жексенов М.А.

ӘЛІМ -Т

ӘРБИЕ НЕГІЗІ

Атырау облысы Қызылқоға аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі

Аннотация В статье дана характеристика сущности и содержания следующих категорий этнопедагогики: «культура», «этнокультура», «культура речи».Так же дан анализ этнокультурного образования,как основного фактора духовного воспитания личности. Өз егемендігіміз өзімізге тиіп,іргелі ел,тәуелсіз мемлекетке айналған кезде ұлт мәдениетінің шынайы рухани қазыналарын ашып көрсетуге негіз қаланды. Ондаған ғасырлар бұрын қазақ жерінде түркі тілдес

халықтардың ортақ мәдениетінің ошағы болған қалалары, ата-бабамыз жасаған әдебиеті мен мәдениеті, философиялық, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан ой мен жазба мұраларымыздың болғаны дәлелденді. Білім, ғылым, мәдениет саласындағы осы мәдени мұралардың бетін ашып, ескі мәдениетімізге тереңірек үңілу, өткен уақыттың рухани мұрасын саралау, талдау, оны бүгінгі ұрпақтың рухани жемісіне, қажеттілігіне айналдыру мәселесі қазіргі уакыттың талабы.

45


Адам баласының жарқын өмірінде мәдениеттің атқарар қызметінің маңызы ерекше. Мәдениет ұлттың бейнесі, болмысы. Ол адам әрекетінің саналы қызметінің көрінісі.Сондықтан да мәдениет ұғымы қоғам өмірінің түрлі салаларында жиі қолданылады. Білімсіз және тәрбиесіз адам еш уақытта мәдениетті бола алмайтыны ақиқат, ендеше білім мен тәрбие барлық халықтар мәдениетінің қайнар бұлағы болып табылады. XIX ғасырда мәдениет мәселесімен терең айналысқан ғалымдардың бірі–ағылшын ойшылы Эдуард Тайлор (1832-1917) ... «мәдениет жөніндегі ғылым–реформалар жөніндегі ғылым» деп тұжырымдай отырып,мәдениетті үздіксіз даму үстіндегі процесс деп қарастырды ...Нақты идеалды тұрғыдан қарастырсақ мәдениет–жеке адам мен бүкіл қоғамды адамның бақыты мен болашағы жолындағы құндылықтарды дамыту арқылы адамзат баласын жанжақты жетілдіру болып табылады.Демек, Тайлор мәдениетке адамның ақыл-ойы мен еңбегінің жемісінің тізбектері ретінде,дәлірек айтқанда, материалдық және рухани құндылықтар ретінде қарады.[1.12] Батыс Европада-әрі философ,әрі тарихшы Освальд Шпенглер (1880–1936)–ол тарихты түрлі мәдениеттердің алмасуы деп қарастырса, ағылшын тарихшысы, әлеуметтанушы Арнольд Джозер Тойнби (1889–1975) Шпенглердің ықпалымен "өркениет" терминін "мәдениет" ұғымына синоним есебінде қарастырады.Тойнби тарихты бір-бірімен генетикалық байланысы аз бір уақытта жүйелі түрде дамитын өркениеттердің жиынтығы деп қарастырады.[1.16] Қазақтың этникалық мәдениетіне, фольклоры мен этнографиясына ден қоя зерттеп жүрген ғалымдардың бірі белгілі қаламгер-ғалым Ақселеу Сейдімбек жоғарыда айтылған шетелдік ғалымдар мен бүгінгі дәуірдің мәдениет мәселелерін зерттеп жүрген авторлардың пікірлерін сараптай келе, өз қөзқарасын былай тұжырымдайды:«Сөз жоқ,мәдениетті қоғамдық құндылық деуге болады.Яғни, адамсыз,адам қоғамысыз мәдениетті елестету мүмкін емес... . Демек мәдениет дегеніміз қоғамның өмір сүруінің міндетті қызметі екенін аңғарамыз.Мәдениет қоғаммен диалектикалық байланыста.Былайша айтқанда, мәдениеттің өзі адамға ғана тән қоғамдық қатынастарға түсудің тәсілі болып келеді.Бұл тұрғыдан келгенде, мәдениет–қоғам дамуының көрсеткіші, сонымен бірге қоғамдағы өзгерістерге тәуелді де» .[2.67] Қоғамдық өмірді демократияландыру мен ізгілендіру барысында оның негізгі бір құрамды саласы және адамның рухани көрсеткіші ретінде мәдениеттің маңызын мойындайды. Демек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының алдында тұрған басты мақсат–халықтың рухани байлығы–ұлттық мәдениетті қалпына келтіру, оны тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматтарының игілігінеасыру,адам өміріндегі мәдениеттің маңызын көтеріп, соған сәйкес қоғам мәдениетінің өркендеуіне жағдай жасап, өркениеттілікке бірігу процесінде әрбір

46

тұлғаның жалпы адамзаттық– мәдени құңдылықтарды меңгеруіне жол ашу. Қоғам құрылысында әрбір жеке адамның шығармашылық күшінің толысуы, тұлғаның жоғары мәдени деңгейінің болуын қажет етеді.Тұлға мәдениеті– күрделі сапа жүйесі. Жекелеген әрекетінде (кәсіби,қоғамдық-саяси, ғылыми т.б) нәтижелі жүзеге асатын,оның сапасынының әлеуметтікмаңызды барлық жүйесінің жетілу және даму көрінісі. Ата–бабаларымыздың мәдени рухани мұрасындағы олардың өсиеті мен өнегесін дұрыс пайдаланып, ұлттық мәдениет пен рухани мұраны жас ұрпақ қажетіне жаратқанда ғана ХХІ ғасырда салтанатты, салауатты өмір сүріп, жалпы адамзаттық өркениет дәрежесіне көтерілуге мүмкіншілік пайда болады. Қай халықтың болмасын өзінің сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиелеу үрдісі бар. Ол отбасындағы бала тәрбиесінен басталып,шаруашылық кәсібі, тұрмыс тіршілігімен бірге жалғасып,салт–дәстүрден, ұлттық саз әуені мен ауыз әдебиеті үлгілерінен өзекті орын алып келген.Ұлт мәдениетінің өзіндік ерекшелігін ақтара қарап терең зерттеген педагог ғалымдардың бәрі де оның тәрбиелік мәнін сөз етпей өткен емес.«Халықтық тәрбиесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деп орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский текке айтпаған. Ұлттық тәрбиенің ұйытқысы–ана тілі.Тілін жоғалтқан этнос бұрыңғы этностық қасиеттен айырылады. Себебі, ұлттық мәдениет ана тілі арқылы ғана өркен жаяды. Тіл–халықтың тарихы, сана–сезімі, көңіл–күйі, әдебиеті, мәдениеті.Тілсіз мәдениет пен тарихтың дамуы да мүмкін емес, деп қарайтын болсақ, ұлттық тәлім–тәрбиенің де асыл арқауы ана тіліне келіп тіреледі.Еліміздің Ата заңының 19-бабында «Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым–қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар» деп айқын ашып көрсетілген. Қазақ тіліне мемлекеттік статус берілуі оның қолдану аясын мүлде кеңейтуге мүмкіндік туғызды. Қазақ тілі басқару ісінде, мемлекетаралық қарым– қатынаста, ғылымда, мәдениетте кең қолданыс таба бастады. Ұлттық тілдің психологиясы туралы М.Жұмабаев былай деді:«Тілсіз ұлт,тілден айырылған ұлт, дүниеде ұлт болып жасаған емес.Ондай ұлт құрымақ ... ұлттың тілінің кеми бастауы,ұлттың тілінде сол ұлттың жыры,тарихы,тұрмысы, мінезі, айнадай ашық көрініп тұрады ... Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз, түндей тымық, біресе құйындай екпінді тарихы,сары далада үдере көшкен тұрмысы, аспайтын–саспайтын сабырлы мінезі–бәрі көрініп тұр... Осы күнгі түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, орамды тіл жоқ ...». Ұлттық мәдениет пен мемлекеттік тілдің өркендеуі Қазақстанда бірнеше ұлттар мен ұлттық топтардың да мәдени–этникалық жағынан өркен жайып көркеюіне негіз болып отыр. «Қазақстан–2050» мемлекеттік стратегиясында:«Қазақстанның өсіп-өркендеуі саяси тұрақтылық пен ұлтаралық тұтастықты сақтау


негізінде іске асырылады»,-деп ерекше атап көрсетілуі бұған дәлел бола алады. Этностық мәдениеттің өсіп-өркендеуі үшін де қолайлы жағдай, мәдени кеңістік қажет. Ол кеңістік деп отбасын, мектепке дейінге балалар мекемелерін, оқу орындарын, ұлттық мәдени орталықтарын, ғылыми–зерттеу институттарын,әкімшілік мекемелерін т.б жатқызамыз. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті–тарихи мәні бар, өзіндік ерекшелігі бар құбылыс. Этнопедагогика– ұлттық мәдени мұрасы,тәрбие негіздері.Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың ұлттық педагогикасымен сабақтасып жатқанынбайқаймыз.Ұлттық мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады.Ал,тәрбие дүниетаныммен, өмір заңдылықтарымен(философиямен) тығыз байланысты. Қазақтың ұлттық тәрбие негіздері ең әуелі дүниетануды, содан кейін тәрбиелеуді, ол үшін өмір заңдылықтарын үйретуді көздейді. Әлемнің Екінші ұстазы аталған ғұлама Әл Фараби (870-950 ж.ж.) ұлттық мәдениет жеке адамның мінез – құлқынан басталатынын дәлелдеп,мінез әдеттен бастау алып, «абзал әрекет» инабатты (мәдениетті) мінез–құлықты қалыптастыратынын айтады. Білімді адам тәрбиелі (мәдениетті) болу керек дейді. «Тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауына айналады» деген.«Қайырымды қала» мәдениетін арттыратын негізгі мәселелер–білім,өнер,әдебиет,музыка деп көрсетеді. Ұлттық мәдениеттің болмысы этнопедагогика ғылымында айқын көрінеді.Этнопедагогика пәнін оқытудың негізгі бір мақсаты–ұлттық мәдени мұралардың болмысын айқындап көрсетумен қатар, сол ұлттық мәдениетті дамытудың қозғаушы күштерін дәлелдеп,оның тәрбиелік қолданылмалы тәсілдерін бағдарлап көрсете білу болып табылады. «Игі істің басы–тіл,тәрбие басы–тіл»,- деп Махмұд Қашқари айтқандай, ұрпаққа этномәдени білім мен тәрбие беру тіл мәдениетінен басталуы тиіс. Ұлттық сана–сезім мен дүние танымдық көзқарасты қамтамасыз ететін де тіл. Қазақ тілінің танымал тарландарының бірі Ғабит Мүсіреповтың:«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткененін де, болашағынан да қол үзеді»,-деген пікірі ұлт мәдениетінің күре тамыры ұлттық тіл екеніне ерекше маңыз бергендігі. Қазақстан Республикасының«Тіл туралы» Заңында: «Тіл–ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырмас белгісі.Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына,оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты»,- деп атап көрсетіп, адамның рухани– мәдени қалыптасуында оның ерекше маңыздылығын айқындайды. Қазақ тілі–қазақ халқының жан сезімін және рухани байлығын ғасырдан ғасырға жалғастырып келе жатқан баға жетпес ұлы қазына. «Қазақ тілі– қазіргі аты әлемге әйгілі Абай мен Мұхтар тілі, ұлтымыздың

дүниеге көзқарасын білдіретін қазақтың қара өлеңін қалаған тіл,ешбір ұлтта болмаған қазақтың ән– жырымен өрілген айтыс тілі, билеріміздің саф алтындай жарқыраған, үлгі өсиетке, Жамбылдың жалынды жырларын түзген тіл... Қазақтың ұлттық тілі–барынша бағалауға, әсемдеп әспеттеуге тұрарлық бай тіл». [3.7] Тіл–тек қарым–қатынас құралы емес,ол әр халықтың тарихы,оның өмірі,тіршілігі, шаруашылығы мен мәдениеті.Сондықтан қазақ тілін қазақтың ұлттық мәдениетінен бөліп, әлемдік өркениет тарихынан тыс қарастыруға болмайды. «Әдептіліктің алды–абайлап сөйлеу»,-деп ұққан халқымыз ертеден–ақ сөз өнеріне айрықша мән берген. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»,«Аталы сөзге арсыз таласады»,«Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады»,«Зергердің қолы алтын, ақынның сөзі алтын»,«Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге жетеді» деп сөз қадірін білген қазақ елі қашанда сөздің адамдар арасындағы атқаратын қызметіне, сөйлесудің парқына және қай жерде қалай сөйлей білу керектігіне ерекше көңіл бөлген. Этникалық тәрбиенің мазмұнын анықтауда оның мақсаты да маңызды рөл атқарады, ол ұлттық сана– сезімді қалыптастыру.Сонымен қатар, этникалық тәрбиенің мазмұнын анықтауға оның міндеттері де әсер етеді:биоәлеуметтік жүйе ретінде этнос субъектісін қалыптастыру;этникалық сана –сезімі мен дүниетанымын қалыптастыру;отансүйгіштік сезімін қалыптастыру;ана тілін,ұлттық мәдениеті мен тарихын, ұлтының рухани мұрасын құрметтеу сезімін қалыптастыру.[5.21] Тіл–адамдардың бір–бірімен қарым–қатынас жасайтын құралы. Жеке адам психологиясының да, қоғамдық ой–сананың да дамып жетілуі үшін тілдің атқаратын рөлі ұшан–теңіз.Тіл дегеніміз–сөздік белгілердің жүйесі.Ал белгі–шындық пен болмысты білдіретін бөлшек.Оның екі түрлі мәні бар: «Біріншісі –оның қоғамдық-әлеуметтік мәні.Екіншісі–олар арқылы адамдар бір–бірімен қарым–қатынас жасап, пікір, тәжірибе алысатындығы.Адам үшін екі белгінің де мәні зор, олар оның саналы түрдегі іс-әрекетіне әсер етеді. Өскелең ұрпаққа алдымен өз ұлтының және өзге ұлттардың этникалық мәдениетін таныту арқылы рухани тәлім-тәрбие беру бүгінде үлкен педагогикалық,әлеуметтік маңызға ие мәселе екені сөзсіз. Әдебиеттер: 1.Ғабитов Т., Мүтәліпов Ж., Құлсариева А. Мәдениеттану негіздері. - А: Дәнекер 2009. 2.Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Этномәдени пайымдау. А: Санат, 1997. 3.Қоңыратбай Т. Жас маманның мәдени - әлеуметтік моделі. //Ұлт тағылымы, 2/2002. 4.Қалиев.С. Европа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ой пікірлері. – Алматы, 1992. 5.ҚР этникалық мәдени білім тұжырымдамасы, 2008.

47


С

ЖАС

ҰРПАҚ БОЙЫНАҒА И ТА Т Б Қ А ДЕГЕН ПТАСТЫРУ ҮЙІС ПЕНШ ІЛ ЖОЛДАРЫ ІКТІ Қ АЛЫ Жайденова С.Қ.

Атырау облысы Махамбет ауданы Береке негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

«Біз тұрғызатын қоғам арды бағалайтын, белсенділігі жоғары моралді, әдепті және рухани байлығы мол адамдардан тұру керек» Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа құндылықтар жүйесіне тезірек бейімделіп кеткен болашаққа жаңаша көзқарасы бар жас ұрпақты дер кезінде ең қымбат адами көзқарастар негізінде рухани-адамгершілік, имандылық ізгі қасиеттерге баулу қажет. Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн және еліміздің байлығын сақтаймыз»- деген болатын Елбасымыз. Ендеше еліміздің байлығымен мақтана отырып,оны қорғай білейік. Бізді қоршаған ортаның адамға тигізер пайдасының зор екендігін меңгерту. Табиғат тылсымына бір сәт көңіл аударып,оған мән беретін болсақ,өзара үйлесім тапқан алуан түрлі құбылыстардың біртұтастығын байқайсың. Табиғат тылсымын түсінген адам қоршаған әлемді құрметтеуге, сырын ұғуға құштар болады. Табиғаттағы арайлап атқан таң,қызарып батқан күн,жүйткіген бұйра бұлттар,сан құбылған сағым,жарқыраған құйрықты жұлдыз,барқыт түндегі елестер,әнші құм,биші қайың тәрізді құпия сырлы тылсым дүниеге толы болып келеді.Осынау таңғажайып құбылыстар-табиғаттың ең тамаша сыйы.Табиғат суреттері адам жанын нәзік сезімге бөлеп, бүкіл өмірді көз алдыңа жайып салады.Тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп,оны аялау,қорғау және көркейту-әрбір адамның міндеті әрі борышы.Себебі, табиғат пен адам –егіз ұғым. Осы бағытта әріптестеріме 4-сыныпта өткізген «Құрлық беті. Жазықтар.Таулар» тақырыбындағы ашық сабақ үлгісін ұсынғым келеді. Сабағымның мақсаты: Құрлық бетінің негізгі түрлері туралы жалпы ұғым бере отырып, жазықтар мен таулар туралы толығырақ таныстыру.Жазықтар мен таулардың ерекшеліктері және олардың физикалық картада бейнеленуі туралы ұғым беру. Таулы жерлердегі шаруашылықтың дамуы жайлы білім қалыптастыру. Оқушыларды топтаса

48

отырып жұмыс жасауға төселдіру. Өз ойларын еркін жеткізе білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Оқыту нәтижесі: Жазықтардың түрлерімен таныстырып, олардың айырмашылығын салыстырту. Таулардың ауыл шаруашылығындағы және адам өміріндегі пайдасы жайлы кең мағлұмат,түсінік беру.Оқушыларды картамен жұмыс жасауға үйрету. Негізгі идеялар: Тақырыпты оқушыларға түстерді таңдап алу арқылы, жазықтар мен таулардың картадағы әр түрлі түспен бейнеленгендігін білгізу. Олардың ерекшелік-теріне тоқталып, әңгімелеп айту. Сабақтың құрлымын құра отырып, оқушыларға мынадай тапсырмаларды дайындадым. Диалогтік сөйлету.«Сұрақ бізден жауап сізден» сұрақтарға жауап бергізу арқылы жаңа сабақты таныстыру, мазмұнын ашып көрсету.Дәптермен, оқулықпен жұмыс жүргізу. Топтастыру жұмысы. Сауалнама жүргізу. Суретті жалғастыру. Сөзжұмбақ шешу, мақал-мәтелдерді толықтыру. Жасалатын жұмыстарым. Сабағымды шаттық шеңбері жүргізу арқылы бастадым. Ондағы мақсатым балаларды ынтымақтаса жұмыс жасауға баулу еді. Туған жерді сүю-парыз,Сүю үшін білу-парыз. Одан әрі жаңа сабақты ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Сынып оқушыларын түс-терге байланысты топқа бөліп алып,картада олар ненің түсін білдіретіндігін сұрадым. Оқушылар түстерді таңдап алады да ,өз топтарының атын табады. Сол бойынша топтарға атау берілді. Жасыл түстер-ойпатты жазықтар І топ.Жазықтар. Сарғыш түстер-қыратты жазықтар ІІ топ.Қыраттар Қоңыр түстер-таулар ІІІ топ.Таулар

Таңдап алған тақырыптарға байланысты мына жердегі жоқ сөздерді тапқызу арқылы сабақтың тақырыбын ашқыздым.


Тақырып: Жазық пен тау құрлық бетінің негізгі түрлері Оқушыларды бүгінгі сабақтың мақсаты мен мазмұнымен таныстыру барысында топ бойынша тапсырмалар берілді.Әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасады. Топтағы оқушылар толығымен қамтылады. «Сұрақ бізден жауап сізден» айдарында жұмыс жүргіздім.

Оқушыларға жаңа сабақты толық меңгерту барысында дәптер және оқулықпен жұмыс жасайды.Олар тақырыпқа байланысты деректерді оқулықтан өз беттерімен тез тауып, ортақ оқып шығады.Суреттерге байланысты түсінік жұмыстары жүргізіледі. Жазық және таудың ережесін дәптерге тауып, өз бетімен көшіріп жазады. І топ. Жазықтар. Оқулықтан тегіс және төбелі жазық туралы деректерді тез тауып, дауыстап оқыту. ІІ топ. Қыраттар Жыра неден пайда болады және оны неден І топ. Жазықтар. 1.Жазық деген не? Картада қандай түспен ажырата білуіміз керек?Жыраның зияны,оны тоқтату жолы қандай? Деректі тауып оқыту. бейнеленген? 2.Жазықтар нешеге бөлінеді? Оларға сипаттама ІІІ топ. Таулар Биік таулар мен аласа таулардың беру. айырмашылығы қандай?Таудың мал шаруашылығы 3.Жазықтар қандай жыныстардан тұрады? мен адамға пайдасы жайында деректі тауып 4.Жазық жерлер не үшін қолайлы? оқыту. ІІ топ. Қыраттар Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру 1.Нелер қыратты құрайды? Картада қандай үшін сабағымыздың тақырыбына сай сергіту сәтін түспен бейнеленген? өткіземін. Сергіту сәті. 2.Қандай қыратты жерлер кездеседі? Табиғат-біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. 3.Олар қандай жазықтар? Табиғатты қорғайық,Біз әдепті баламыз. (Қимылмен 4.Жазықтарда нелер жиі кездеседі? жасау.) ІІІ топ. Таулар Топ мүшелерінің топтаса жұмыс жасау 1.Жердің қандай тұстарын тау дейді? 2.Таулардың төбе мен қыраттардан қабілетін дамыту барысында топтастыру жұмысын жүргіздім. Мұнда оқушылар өздерінің берілген айырмашылығы қандай? 3.Таудың қандай түрлері бар? Картада қандай тапсырмаларын орындап қана қоймай, оны топ болып қорғау міндеттеледі.Топтастыру жұмысы. түспен бейнеленген? 4.Аласа тау мен биік таулардың айырмашылығы қандай? 5. Картада жазықтар қандай түспен бейнеленген? 6. Теңіз, көл тартылғанда қандай жазыққа айналады? ІІ топ. Жазықтар

Жазық Қырат Тау Топтар бойынша жасалатын жұмыс.Сызбаны толтырып жазу,жұмыстарын қорғап айту. Оқушылардың қабылдау және есте сақтау қабілетін тексеру мақсатында үш топқа сауалнама жұмысы беріледі.Сауалнаманы орындау үшін уақыт белгіленеді. І топ. Таулар. 1. Құрлық бетінің тегіс немесе сәл белесті алқапты не деп атайды? 2. Төбелі жазық қалай көрінеді? 3. Жазықтар қалай болып бөлінеді? 4. Қырат, ірі бедерлер қай жазықта кездеседі?

1. Төбелері жалғаса, тұтаса жатып не құрайды? 2. Жыра неден пайда болады? 3. Сайдың табаны қандай? 4. Шаруашылыққа өте зиянды әкелетін не? 5. Жазық қандай жыныстардан тұрады? 6. Картада қыраттар қандай түспен бейнеленген? ІІІ топ. Қыраттар 1. Жер бетінің ерекше биік тұсын не дейді? 2. Жалаң тастар қай тауда кездеседі? 3. Таудың қандай түрлері бар? 4. Аласа тауды ата. 5. Тау қандай жыныстардан тұрады? 6. Картада таулар қандай түспен бейнеленген? Шығармашылық жұмыс ретінде бейнелеу пәнімен байланыс орнату.Балалардың қиялын, шеберлігін дамыту.Қарапайым берілген бейнені әсемдеп,келбетін келтіру қажет болады.

49


Суретті жалғастыру І топ. Жазық

ІІ топ.Төбелі жазық

ІІІ топ.Тау

Қағазда не бейнеленуі керектігін табу.Суретті ерекшелігіне байланысты бояу,нышанда-рын келтіру.(сызба,гүл,ағаш,қар,мұз,су,жер, бұлт,күн,түстерін келтіру,бояу).Жұмыстарын қорғап шығу. Өтіп отырған сабағымыздың тақырыбына сай етіп ,табиғатқа байланысты мақалдарды таңдап алып,олардың шешуін тапқызу.Тез ойлауға, шешім қабылдауға дағдыландыру.

Ой қозғау стратегиясын қолдана отырып, сабақты бекіту.Не білеміз? Не білдік? Не білгіміз келеді?Қорытындылау.Оқушылардың сабақты қалай меңгергендігін бақылау. Пысықтауды суреттерге сұрақтар қоя отырып жүргіздім. Қырат -жер бетінің маңайындағы жазықтан оқшау көтеріліп жататын алқабы. Жыра-уақытша ағын судың әсерінен пайда болатын ұзынша ойыс. Суретті слайд бойынша сабақты қорытындылап шығу.

Сөзжұмбақ шешу. І топ.Жазықтар. Туған жер. ІІ топ.Қыраттар. Туған жер –алтын бесік. ІІІ топ.Таулар. Жері байдың-елі бай. Сабағымды әдебиет пәнімен байланыстырдым.Берілген мақалдардың тәрбиелік мәнін ашу және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.Біздің де табиғаттың ажырамас бөлігі екенімізді түсіндіру. Мақал-мәтелдерді толықтыру.Жоқ сөзді сұраққа байланысты тауып оқу. І топ.Жазықтар. Асқар таудай алып бол, (қандай?) Аппақ қардай жарық бол. ІІ топ.Қыраттар Тау мен тасты су бұзады, (не?) Азаматты сөз бұзады. ІІІ топ.Таулар.Таулы жер бұлақсыз болмас, (несіз?)

Бағалау. Мадақтау.Үйге тапсырма: Бағалау парақшасын қорытып айту. Тақырыпты оқып,сұрақтарға жауап беру.Картамен жұмыс жүргізу. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Дүниетану оқулығы мен нұсқаулығы. 2.Бастауыш сыныпта оқыту 3.Табиғат ғажаптары суреттер 4.Мақал-мәтелдер топтамасы

Сулы жер құрақсыз болмас.

САПАЛЫ ҰРПАҚ-САНАЛЫ ТӘРБИЕДЕН Куспанова Г.Т.

Атырау қаласы №34 Лингвистикалық мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптың І санатты мұғалімі

«Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры», «Ұл бар үйде қуат бар, Қызы бар үйде шуақ бар», «Бала тәрбиесі басынан, Еңбекке баулу жасынан», «Ұл -орныңдағы ту», «Балаң жақсы болса, екі көздің шырағы» дегенде, бала тәрбиесі-ата-ана үшін ең жауапты іс екендігін аңғартады. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатындығы бізге мәлім. Ата-ананың үйдегі ісәрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан, жақсы-жаман әдеттеріміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы- туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі. Ата-аналар балалардың оқу үлгеріміне күнделікті

50

назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет.Тәрбие ешқандай үзіліс, демалысты қажет етпейді. Жан-Жак Руссо:«Бала туғанда-ақ қағаздай болып таза туады,оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бала тәрбиесіне ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ақыл-ой өнегесі, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек. Мектеп оқушыларының сана–сезімін оятып, зердесін дамытуға ана тілі оқулығындағы шынайы суреттелген мазмұнға құрылған көркем шығармалар баланың мінез–құлқын қалыптастырып, олардың


бойында адалдық пен әділеттілік, мейірімділік пен қайырымдылық, табандылық пен қайраттылық намысшылдық пен ержүректілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруге көмектеседі.Ізгі қасиеттерді бойына жиған ұрпақ қана өз отанының гүлденуіне үлес қосып, қазақстанның патриоты болып тәрбиеленеді.Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады.Оның басты құндылықтары-ана тілі, ұлттық рух, діни наным сенімдермен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін сақталып, тәулелсіз мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған қазақ халкының тарихына көз жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап ерін, елін, жерін, тілін, ділін, қорғаудағы өшпес ерліктерге толы Күлтегін жазбасында: Әкеміз, ағамыз құрған халықтың Аты, даңқы өлмесін деп, Түркі халқы үшін Түнде ұықтамадым, Күндіз отырмадым, Біріккен халықты от-су қылмадым (өзара тату еттім). Білге ел бірлігін бұздырмай, халқын жауға таптатпай, даналықпен басқарған. Жоңғар алып империасына тізе бүкпей, Ресейдің қазақ хандығын жою мақсатындағы іс-қимылдарына қарсы күресуде де, отаршылдық саясаты кезеңінде де осы потриатизмнің қуатты күші ұлтымыздың ауызбіршілігіміздің мықтылығын, беріктігін сақтап қалды. Ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, асқақтата салған әсем әні, лиро-эпостық жырлары, шешендік өнері, айтыс өлеңдері, ою-өрнектері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандарды ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік арожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгендігі тарихи шындық. Қазақ халқының адам баласының небір асыл қасиеттерін айтқанда «Ананың сүтінен» деген сырлы сөзінде үлкен мән бар. Бұл ретте Ғұмар Қарашевтің бала анасының құрсағында-ақ өз тілінің музыкасын естиді, туған соң дамытады деген сөзі ойға оралады. Кеңпейілділіктің,жомарттықтың, бауырмалдықтың, жанашырлықтың, ізеттіліктің, кішіпейілділіктің, адамгершілік өлшемдерімен астасып жатқан тағы басқа да алуан түрлі тәлім аларлық жағымды қасиеттерден халқымыздың кенде емес екендігіне өзге ағайындардың бұрыннан беріп қойған бағасы, бәтуалы ой-пікірі, оң көзқарасы дәлел бола алады. Халқымыздың ұлылығын айқындайтын, адами болмысының өзара қарым-қатынасындағы өзгелер өңешін үзе тамсана таңырқайтын сыпайылық пен сыйластық үлгілерінің үздік ұстанымдары мен қастерлеуге тұрарлық қазақи мінез-құлық тағылымдары ұлттың рухын биіктететін өзім жетекшілік ететін 4 сыныптың «Ана тілі» оқулығынан мысал келтіріп өтейін .«Халқыңа адал бол» мәтінінде тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би:

- Бата-басқа, қына- тасқа , ақыл-жасқа, не қалайсың балам?- депті Сонда Жетес бала: - О қасиетті баба! Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз, тозып қалады. Ат тонға бергісіз бір сөз айтсаңыз ризамын , -депті. –Онда қолыңды жи балам , -деп Бір үйдің баласы болма , Көп үйдің санасы бол, Бір елдің атасы болма, Бар елдің данасы бол! Бір тонның жағасы болма, Көп қолдың данасы бол! Өзіңе-өзің кәміл бол! Халқыңа әділ бол! Жауыңа қатал бол! Досыңа әділ бол! деген екен. Кейде үлкендер тарапынан сәлем берген жастардың сәлемін еріннің ұшымен алып жатады немесе сәлем салған келіндерге жақсы тілегімен жауап қатуда сараңдық танытады.Құрметті бағалауға ниет білдірмеуіміз ата-салтқа деген енжарлық. Өзіңе жасалып жатқан құрметке көзді жұма қарау - кісіліктің көрінісі емес.Ретті жерін ұмыт қалдырып, тойған қарынның буымен қалғып отырған қарттың да барабара құрметтен құралақан болып еленбей қалуы опоңай. Қалауына қарай адам белгілі нұсқауларды орындауға бел буса, онда оның сөзі өтімді болады. «Адамның көңілі шын мейірленсе , білім-ғылымның өзі де мейірленеді, тезірек қолға түседі» -деп ұлы Абай айтқандай, сөйлеу мен тыңдаудың төркіні «көңілдің шын мейірленуінде».Үлкен отаудың алтын босағасын оң аяқпен аттап, аруақтардың рухына бас иіп сәлем салудың, табалдырыққа тағзым етудің, шаңырақтың киесін қастерлеу қазақтың ғана еншісіне бұйырған сыйластықтың өзге ұлттарда жоқ озық үлгісі. Ұлтымыздың ұлылығы мен кемеңгерлігін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап келе жатқан жаныңды жадыратар, ынтымаққа ұйытқы болар ұлық ұстанымы, ақыл-ойдың, пайымды парасаттың құндылығы, баға жетпес байлығы деп білеміз. Жиын-тойдың дастарқанында үлкендердің, жасы кіші қайныларының сарқыты бар табағын алу жоралғысы да өзімізге күнделікті көріп көзіміз қаныққан үйреншікті үрдіс болғанымен өзге ұлтты тамсандыратын тағылым. Қазақы тәрбиенің қайран қалдырар енді бір түрі келіндердің қайны-қайнағалары мен қайынсіңлілерінің,абысындары мен қайын апаларының атын атамай, ізет сақтау үрдісі. Жолына жығылып, жасына қарамай жақын-жуықтың атын атамай сыпайы амандасудың үлгісі де өзгеге өнеге. Қайнылары мен қайынсіңлілерін ардақ тұтып, әдемі ат қою арқылы жеңгелері туыстық пен жақындықтың жалауын желбіретеді, маңайын елжіретеді, сыйқұрметін еншілейді. Ұлттық идеология осы ұлттың кемел келешегінің мақсат-мұратын, үлгі тұтар үрдістері мен ұстанымдарын,салт-дәстүрді, тамырлы тәрбие сабақтарын, халықтық қасиеттерді насихаттаудың алтын арқауы, айнымас темірқазығы. Қазақтың тегінен

51


дарыған, табиғатына тән, қанында бар қасиетті салтына салқындық таныту - ұлттық болмысқа қиянат. Жол-жөнекей барымызды жоғалтып алмай бағалай білсек, атадан аманатқа қалған асыл мұраны кейінге жалғасақ, қазақтық қалпымызға қаяу түспесі хақ. Ұлтымызда саналы тәрибиеге негізделген әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырымдар мен тыйымдар аз емес. Олардың қай-қайсысы да адамды жаман қылуадан жырақтауға, жақсылық әдетке жақын жүруге, ардан аттамауға, абыройды еншілеуге, әдептілік қасиеттерді бойға сіңіруге, сыпайы сыйластыққа, бір-бірін құрметтей білуге құрылған. Бұлардың әрқайсысының өзіндік

әдебі бір-бір тақырыптың арқауы. Жалпы адам баласы жарық дүниеге келген күннен бастап тәрбие бесігінде әлдиленеді. Әуелде дұрыс тәрбиеленген адам өмір бойы оқу-тоқумен жүріп, еліне, халқына адал қызымет жасап, дініне, діліне, тіліне берік болады. Байлық – қолда қалған мұз, Бала-адамнан қалған із екенін ұмытпауымыз керек.Ұлт мәдениетінің өзіндік ерекшелігіне өзгеше қарап, терең зерттеген орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский : «Халықтың тәрбиесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деп текке айтпаған.

МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ- БОЛАШАҒЫҢДЫ БАҒДАРЛАУ Дүйсешова А.О. Атырау қаласы №4 Гагарин атындағы орта мектептің технология пәнінің мұғалімі

Еңбек пен оқу-аға мен іні»- дейді халық. Елімізде миллиондардың еңбегі нәтижесінде жаңа қоғам құрылуда. Еңбек тәрбиесі қашан да шешуші рөл атқарғандықтан, оқушылардың еңбекке қатысы жөнінде мәселені педагогтар мен психологтар талмай зерттеп келеді. Шығыстың Аристотелі Әбу Насыр Әл-Фараби еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне байланысты: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді»деген болатын. Еңбек тәрбиесі туралы тағылымдық ой-пікірлер Қорқыт баба мұрасында да көрініс тапты. Баба нақыл сөздерінде «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес», – деп отбасындағы қыз бала мен ер баланы еңбекке баулуда ата-ананың үлкен рөлі атқаратынын айтады. Халқымыз бұл пікірді өрбіте отырып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Ана көрген тон пішер, ата көрген оқ жонар»,–деп ой түйіндеген. Ұлы ағартушы Абай өзінің өлең-жырларында, қарасөздерінде жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікті кәсіп етуге, өнер, білімге шақырды. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына, ақылмен істелген істің нәтижелі болатынына сенді: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап,–деп ақылын айтады. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында, олардың өрісті ойы, өркенді ісі ,табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді»,-дейді. Көп ұзамай он бірінші сыныптың әр

52

оқушысы мамандықты таңдау мәселесіне тап болады. Мамандықты таңдау-адам өміріндегі ең жауапты кезең.Адам өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді.Біреулер үшін –ол ойға алған арман, отбасы дәстүрін жалғастыру, жаңалыққа талпыныс, үшінші біреулерге–әйтеуір мамандық алу керек болған соң жоғарғы оқу орындарына тапсырып жатады. Мамандық таңдау үшін оқушы өз бейімділігін тануы қажет. «Осы өмірдегі менің орным қандай?» деген сұрақ оны мазалауы керек. Тұлғаның көкейінде: 1.Мамандықты таңдау қалтаның қалың болуына байланысты ма? 2.Мамандық адамның қабілетіне,бейімділігіне байланысты ма? 3.Отбасың мен достарыңның ақылына сүйенеотырып, мамандық таңдауға бола ма? 4.Ақша болса, мамандық қажет пе? 5.Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек пе? 6.Мамандық таңдау–күн көріс қамы десек қалай болады? 7.Қартайғанда мамандық таңдауға бола ма? 8.Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек деген сұрақтардың жауабы 11сыныпқа бармас бұрын қойылып, сынып жетекші мен технология пәнінің мұғалімдері оқушының деңгейін бақылап ,бағытын дұрыс сілтесе, мамандық таңдау дұрыс жолға қойылар еді. Олай дейтініміз, қазақ даласында тұңғыш орысқазақ мектептерін ашып, оларға оқу құралдарын жазған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» атты еңбектерінде еңбек тәрбиесін бірінші орынға қояды. «Өмірдің негізгі мәні –еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбек сүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу–


кісіліктің басты белгісі»,–деп,неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, еңбегі жемісті болады деген пікірді алға тартады.Ағартушының еңбек туралы пікірлері,идеялары қазіргі біздің нарықтық экономика жағдайындағы талаптармен сәйкес келеді. Қазіргі қоғамымызда еңбек етпеген адам өмір сүре алмайды, қайыршылыққа душар болады.Сондықтан оқушыларды еңбекке тәрбиелеуде оның шығармаларынан аларымыз мол. Ы.Алтынсарин адал еңбек етуді, қанағат қыла білуді адамгершілік қасиет деп санады. Оның «Біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам– шын бақытты адам» дегені соның нақты айғағы. Ыбырай өзінің осындай тәрбиелік мәні зор әңгімелерінде, жалқаулықты айыптап, алғырлықты, өнерге, еңбекке бейімділікті марапаттайды.Жастарды белгілі бір мамандыққа тәрбиелеу мәселесін көтеріп, қолөнер мектептерін ашты. Мәселен, Яковлев атындағы қолөнер мектебінде ағаш ұсталығы және киім тігу жұмыстары жақсы жолға қойылса, Красноуфимскідегі «Реалдық» училище мен ауылшаруашылық мектебінде тері илеу, қыш-құмыра өнерлері меңгерілді, ал Торғайдағы қазақ қыздар үшін ашылған мектепте «қарапайым халықтың тұрмысына керекті ... киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, түбіт шарқат тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдрдан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр кілемдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді» деп жазады. Қазақ даласындағы алғашқы педагог-жазушының халықтың қолөнеріне жастарды ынталандыруы кәсіптік мамандық беру мәселесінің ғылыми негізін жасап, қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуына қажетті мамандар әзірлеу ісіне ерекше мән бергендігі байқалады. Мамандық, оқу, іздену оңай шаруа емес. Біздің алдымызда отырған шәкірт ертең қоғамдық істерге араласады. Қиыншылықтарға қарсы тұра ала ма? Жетістіктер асқан қиыншылықтармен келеді. Жағдайың болмаса да, қаражат тапшылығын көрсең де мойыма, алынбайтын асу жоқтығын үнемі еске салып, жалаң айтпай, өмірлік тәжірибиелерден мысалдар келтірген жөн. Өз елімізде ЖОО жалпы сипаттама беретін болсақ, бүгінгі таңда 148 ЖОО бар екен. Оның 52-Алматыда, Қарағандыда-15,Астанада-12,ОҚО-10 ШҚО-10 бар екендігін сайттардан білдіріп,құлақтандырып отырған жөн. Бүгінгі заманның жастарының жоғары оқу орнына түсуге талпынысы жоғарғы деңгейде.Алайда олардың көпшілігі мамандық таңдауда Абай заманынан алыс

кете қойған жоқ, өйткені заң, сот мамандықтарына қоса,нарыққа байланысты бизнес,маркетинг, менеджмент тәрізді «сәнге» айналған мамандықтар қосылды.Ал, бүкіл еліміз экономикасының негізін құрайтын ауыр және жеңіл өнеркәсіп,химия құрылысы,ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына қажетті мамандар саны азая түсуде. Үміт артар жастарымыздың бәрі бірдей «бизнесмен» болса, қойшы мен егінші кім болмақ? Ашығын айтсақ, қаланы асырайтын ауыл емес пе? Мамандық таңдауға, кәсіптік бағыт-бағдар беруге мектепте аптасына бір–ақ рет жүргізілетін технология пәнінің ықпалы зор. Өйткені,әлемде 40 мыңға жуық түрлі мамандықтар бар. Статистердің зеттеуі бойынша жыл сайын 25 милион адам өзінің жұмыс орнын ауыстырады екен. Солардың 12 пайызы қайтадан өз орнынына оралады. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Осы мәселе кімкімді де бей-жай қалдырмауы тиіс. Жер бетіндегі өмір сүретін әрбір адамның бақытты болуға ұмтылуы заңдылық. Бақыт-ол жалындаған жастық шақ,терең білім,салауатты өмір салтын ұстану. Бақыт-адамның іс-әрекеті нәтижелі болып, мәніне қанағаттанып, мақсатының орындалуы және өмір қуанышының ең жоғарғы дәргжеге еңбегі арқылы жетуі.Оған халық даналарының «Еңбек- ырыс бұлағы, Еңбек–бақыт шырағы»,«Еңбек пен бақыт егіз», «Еңбекпен ер өседі,Егізден төл өседі», «Еңбек– барлығын жеңбек»,«Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ »т.б нақылдары дәлел бола алады. Адам еңбекке араласу арқылы белгілі мақсатқа жету үшін ізденеді,оқиды, еңбегіне қарай нәтижеге қол жеткізеді. Адам бойындағы алуан түрлі асыл қасиеттердің қайсысының болса да,оның ішінде бақыттың да қайнар көзі, ұшар ұясы,қонар тұғыры, тұрақтар мекені-еңбек.Еңбекке бейім адам көпке ұнамды келеді.Көптің алғысын алу,көптің көңілінен шығу,еліңе қалтқысыз қызымет ету-бақытқа жеткізеді. Адам өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін, тілегін қажетіне қарай айқындап, ерік, күшін соған бағындырса, өзін-өзі кемелдендіріп, жақсы мамандық иесі болады. Ұлы ғалым Менделеев: «Еңбекті жантәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір кемеңгер де шықпайды»,- деген. Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз, Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз,-дегендей Адам еңбегінен қуаныш таба білсе,бойына жаңа күш қосылып, еңбекке деген шабыты арта түседі.Ал ықылас қойып, шабытпен істеген іс-табыс биігіне жеткізетіндігі сөзсіз.

Даналардан қалған сөз Білім-бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ-әлдекімнің азығы.

М.Әуезов

53


Ақыл-парасат күші-адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш. Әбу Насыр әл-Фараби Ойдың алғырлығы, қайраттың іскерлігі-бәрінен де мәндірек. Н.Чернышевский

Әдістемелік қоржын МЕКТЕП Ж

СарсенғалиевА.У.

ҰМЫСЫН ЖОСПАРЛ

Атырау қаласы Талқайран негізгі мектебінің директоры

Аннотация В данной статье рассматривается проблема педагогической основы планирования школной учебновоспитательного процесса. Қазіргі заман талабына сай мектептерде білім мазмұнын өзгерту басты міндеттердің бірі. Оны іске асырудың қандай білімді және іскерлікті әрбір адамның игілігіне айналдыруымыз керек. Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізеге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі.Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс-әрекетіне арналған. Оқу жоспарларының негізгі және типтік түрлерін еске алған жөн. Жалпы білім беретін мектептердің өтпелі базистік оқу жоспарында толық жүктеме екі деңгейге бөлінеді: тұрақты және жылжымалы.Тұрақты жүктеме құрамындағы пәндер жалпы орта білім беретін мектептердің барлық типтерінде (бағдарлы мектеп, гимназия, лицей, жеке мектеп т.с.с.) оқытылады. Жылжымалы бөлім оқушылардың дербес қабілетін дамытуға, бір ынтасымен қызығып оқитын пәндерді жете тереңдетіп білуге мүмкіндік жасайды.Ол таңдамалы пәндер мен факультатив курстарынан құралады.Жылжамалы бөлім бойынша таңдамалы пәндерге бөлінген уақыт тереңдете оқылатын пәндерге беріледі. Мектеп жұмысының жылдық жоспарының мазмұны өте күрделі.Жоспарда мектепте өтілетін шаралар, мейрамдар, көрмелер, байқаулар, жарыстар және т.б. құрастырылады, сыныптан тыс көптеген жұмыстар ұйымдастырылады.Жоспар мазмұы мектеп қызметінің нақты бір жағдайлары мен басқа да факторларға байланысты басқаша болуы да мүмкін, онда негізгі тараулар өзгеше болуы мүмкін. Мектептің жоспарланған уақытқа арналған маңызды міндеттері, алға қойылған міндеттерді шешу мен мақсаттарға жетуге әкелетін шаралар кеңінен қарастырылады. Жоспарлау дегенімізіс-әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс–әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.Тиімді жоспарлау дегеніміз: -жұмыс жай-күйін жан-жақты және мақсатты есепке алу және іс-әрекеттің қол жеткізген нәтижелеріне объективті баға беру;

54

-алдаға уақыттағы іс-әрекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттерін анықтау; -алға қойылған міндеттерді шешетін тиімді жолдар мен тәсілдерді, құралдарды анықтау, оларды шешудың қалайлы жолдары құралдырын таңдау. Жалпы білім беретін мектепті басқару, кез-келген басқарушылық іс-әрекет сияқты,барлық іс-әрекеттің негізді жоспарлануын талап етеді.Мектептегі ең маңызды жоспар мектептің жылдық жұмыс жоспары, ол жалпы мектеп өмірінің жетекші құжаты болып табылады. Онда мектеп іс-әрекетінің барлық жақтары қамтылып,олардың бірлігі,ішкі жіне сыртқы байланыстары мен өзара тәуелділігі есепке алынады. Жылдық жоспардың терең ойластырылуы, негізді және мақсатты болуы мектеп жұмысының нәтижелілігін анықтайды. Мектептің жылдық жұмыс жоспарын мына принциптер негізінде құрстырады: а)Жоспарлаудың ғылымилығы. Жоспар іс-әрекеттің әлеуметтік және экономикалық шарттарын, педагогикалық процестің психологиялықпедагогикалық заңдылықтарын, жалпы білім беру жүйесі мен жекелеп алғандағы мектептің дамуының тенденциялары мен болашағын ескере отырып құрастырылуы қажет.Жоспар педагогикалық жағынан мақсатты болуы қажет. ә) Үйлесімді де қолайлы жоспардың құрамында алға қойылған мақсаттарға жату үшін іс-әрекеттің, нақты шаралардың қажетті және жеткілікті мөлшері болуы қажет. б)Жоспардың нақтылығы. Жоспарда қандай шараларды жүргізу қажет, орындаушыларға берілетін тапсырмалар, шараларды өткізуге кім жауап беру керек, оның мерзімі, орны мен уақыты нақты көрсетілуі қажет. в)Жоспардың перспективтілігі. Жоспарда жуық арадағы мақсаттар мен міндеттерге қоса, мектеп ісәрекетінің болашағы да көрініс табуы қажет. Жоспарда мектеп жұмысының келер жылдары алдына қойылатын оқу-тәрбие міндеттері ескерілуі қажет. г)Ұжымдық принціпі мұғалімдердің, тәрбиешілердің, мектептің басқа да қызметкерлерінің жоспарды талдау мен құруға белсенді түрде қатысуын қарастырады. Мектеп жұмысының жылдық жоспарын дайындаудың бағдар жолы:


1.Нормативті құжаттамаларды, жоспарлау мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеті мен жаңа педагогикалық технологияларға арналған арнайы әдебиеттерді оқып зерттеу. 2.Мектептің өткен уақыттағы оқу–тәрбие процесі туралы жинақталған ақпаратқа жан-жақты талдау жасау, негізгі кемшіліктер мен жіберілген қателерді айқандап,мектеп ұжымының іс -әрекетіндегі маңызды жетістіктерін анықтау. 3.Мектеп дамуының болашақ жоспарларын, сондай- ақ келер жылғы іс–әрекеттің маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау. 4.Жұмыстағы кемшіліктерді жоюға арналған тиімді жолдар мен құралдарды анықтап, оң нәтижелерді әрі қарай дамыту. Мақсатқа жетудің қолайлы жолдары мен құралдарын таңдау. 5.Негізгі, жалпы мектептік маңызы бар шаралар мен сыныптар бойынша, сынып топтары бойынша өткізілуге міндетті шараларды анықтау. Жоспардың жұмыс нұсқасын жасау. 6.Жоспардың жұмыс нұсқасына ұжымдық талдау жасау.Ұсыныстарға сәйкес жоспарға қажетті өзгерістермен толықтырулар енгізу. 7.Мектептің жұмыс жоспарының соңғы нұсқасын жасау мен оны қабылдау. Мектептің оқу-тәрбие процесі туралы, оның тиімділігінің деңгейі туралы ақпарат талдауы жоспар құрудың маңызды кезеңі болып табылады. В.А. Сухомлинский:«Мектептің өткен жылғы жұмысына терең талдау жасамай келер жылға жоспар құру мүмкін емес. Кемшіліктерді түзетіп өткен жылғы жұмысқа қаншалықты терең әрі жан-жақты талдау жасалғанына байланысты»,-деп санаған. Жұмыстың талдауы мектеп ұжымының алдаға іс-әрекетіндегі себеп-салдарлық және қызметтік байланыстар мен өзара тәуелділікті айқандауы қажет.Талдау оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нақты нәтижелері қандай, педагогикалық мақсаттарға жетудың жолдары мен құралдары қаншалықты мақсатты болғанын, қандай жалпы кемшіліктер болғанын анықтауы қажет.Қысқаша айтқанда, мектеп жұмысын талдауы «мұғалімдер ұжымын оқушылардың мықты білімі мен өте жақсы үлгерімі үшін, кемшіліктері тез және жер кезінде жою үшін күреске жұмылдыру сияқты мақсат негізінде» жүргізілуі қажет. Мектептің өткен оқу жылындағы жұмысына талдау жасаудың көптеген әдістері бар. Ю.А.Конаржевскийдің әдісі бойынша талдауда мектеп іс-әрекетінің мынадай тараулары туралы қажетті ақпарттар болу қажет: -мектепті басқару бойынша әкімшіліктің іс-әрекеті; -мектептегі әдістемелік жұмыстың жай-күйі; -ілім берудың жай-күйі, білім беру деңгейін көтеру бойынша мұғалімдер ұжымының жұмысы; -мұғалімдер ұжымының оқушылар ата–аналарымен жұмысының жай-күйі; -қоғамдық оқушылар ұйымдары жұмысының нәтижесін жақсарту үшін мұғалімдердың көмегі; -оқушылардың тәрбиелік деңгейі;

-оқушылардың сабақтарға қатысуының жай- күйі; -оқушылардың білім, білік және дағдыларының жайкүйі; -жалпыға міндетті оқуды жүзеге асырудағы ұжымның іс -әрекеті. Мектеп жұмысына талдау жасау кезінде оқушылардың тәрбиелілік пен білімділігінің деңгейін, сондай-ақ жалпы міндетті орта білім алу туралы ережелердің орындалуын бірінші орынға қою қажет.Ал басқа тарауларды олардың негізгі үш тарау бойынша қажетті жоғары нәтижелерге жетуге қаншалықты әсерлі әрі үйлесімді ықпал еткендері жағынан қарастыру қажет. Мектептегі әдістемелік жұмыс оқушылар ата- анасымен жұмыс сияқты аясы тар мақсат болмауы керек,олар педагогикалық процестің жоғары нәтижелеріне жетудің құралдары болуы қажет.Бұл нәтижелер оқушылардың тәрбиелілігі мен білімділігінің көрсеткіші болады. Мектептің алдағы уақыттағы маңызды мақсаттары мен міндеттерін анықтау объективтілік және нақтылық сияқты мектептің жылдық жоспарын құрудың принциптерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мектептің оқу жылының мақсаттары мектеп үшін стратегиялық және бар негізгі мақсаттан туындайды. Міндеттер мақсаттармен тығыз байланыста болып, сол мақсатқа жетудың бір ізді сатыларын құрап, мектеп жұмысы талдауының нәтижелерінен бастау алулары қажет. Міндеттер тәрбие мен оқытудың, сыныптағы және сыныптан тыс іс -әрекеттің, сондай-ақ педагогикалық процестің әртүрлі бөлімдері мен мектептің әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінің тығыз байланысын қамтамасыз етеді. Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы білімді жүзеге асыру бойынша іс -әрекетіне арнылған.Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толық тіркеу шаралары көрсетіледі. Балаларды мектептің бастауыш, негізгі және жоғары сатыларына қабылдау бойынша, сырқат балаларды үйде және емдеу мекемелерінде оқыту бойынша шаралар белгіленеді.Егер мектептерде интернаттар болса, дайындық сабақтары ұйымдастырылса оларда оқутәрбие жұмыстарын өткізушаралары қарастырылады. Жағдайы нашар және толық емес жанұялардың балаларын және қамқорлыққа алынған балаларды мектепке қабылдау мәселесіне баса көңіл бөледі. «Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру бойынша іс -әрекеті» атты тарау мектептің жылдық жұмыс жоспарының өзегі болып табылады. Егер тарауда сабақ пен оқытудың басқа да ұйымдастырушылық формаларын жақсарту шаралары жоспарланады. Мұнда оқушылардың білім сапасын, тәжірибелік біліктері мен дағдыларын арттыруға,оқушылар біліміндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған шаралар қарастырылады.Тәрбие мәселелері бұл тарауда үлкен орын алады, өйткені оқушының жеке тұлғасына,оның

55


жеке қасиеттері мен гуманистік көзқарастарының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Адамгершілік тәрбие, мінез-құлық мәдениетінің дағдаларын дарыту, оқушылардың саналы тәртібін қалыптастыру бойынша шараларды қарастыру. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз өзіне қызмет жасау,қоғамдық пайдалы еңбек жұмыстары,жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады.Жоспарда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқа да шаралар да қарастырылады. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәрбиелік жұмыс, экологиялық аумақ,эколоиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу. «Педагогикалық кадрлармен жұмыс» тарауында мұғалімдер мен тәрбиешілердің әдістемелік деңгейін көтеругебағытталған жұмыстар қарастырылады. Мұғалімдер ұжымы мүшелерінің кәсіби біліктері мен дағдаларын болжау жоспарланады, бұл озат педагогикалық тәжірибені анықтауға, сондай–ақ мұғалімдердің тәрбие мен оқыту әдісінің саласындағы қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтауға мүмкіндік береді. Жоспарға мектептің әдістемелік бірлестіктерінің,әдістемелік кеңестің,әдістемелік кабинеттің іс-әрекеті мәселелері, мектеп мұғалімдерінің психологиялық –педагогикалық проблемаларды зерттеу мәселелері, мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналған педагогикалық оқулар, конференциялар, семинарлар, арнайы курстар өткізу енгізіледі. Жоспардың белгілі бір тарауында мектептің педагогикалық кеңесінің жұмысы қарастырылады, онда педагогикалық кеңес мәжілісінің тақырыбы мен өткізілетін күні нақты белгіленеді. Жоспардың бұл тарауын дайындағанда мәжіліс тақырыбын анықтауға ерекше көңіл бөлу қажет.Мәжіліс тақырыбы мұғалімдер ұжымы іс-әрекетінің жалпы мазмұнынан бастау алуы қажет. Мектепішіндегі басқару жүйесі мектеп жұмысының жылдық жоспарының ерекше тарауын құрайды. Мұнда мектептегі тәрбие жұмысының жайкүйі мен нәтижелілігін бақылауға бағытталған шараларкөрсетіледі:оқушылардың қоғамдық белсенділігін тәрбиелеу міндеттерін, оларға саналы тәртіп,еңбек,адамгершілік,эстетикалық, экономикалық, экологиялық, құқықтық, патриоттық тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың тәрбиелік деңгейін көтеру; дайындақ сабақтарының, үйірмелер мен секциялардың, оқушылардың өзін өзі басқару органдарының жұмысын бақылау;өлкетану жұмысын, оқушылардың өз өзіне қызмет жасауы мен олардың шамасына сай еңбегін ұйымдастыруды бақылау; мұғалімдердің,тәрбиешілердің, сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарын,сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру, оның мазмұны мен нәтижелілігін бақылау.

56

Тұтас мектеп ұжымы мен мұғалімдердің жұмысы мен іс-әрекеті мектептің жылдық жұмыс жоспарынан басқа да жоспарлармен белгіленеді. Олардың ішінен мектептің стратегиялық мақсаттары мен оларға жетудің жолдары белгіленген перспективалық жоспарды бөліп қарауға болады. Перспективалық жоспар, әдетте, бес жылға құралады, осы уақыт аралығындағы басты мәселелік міндеттерді шешуге бағытталады. Онда оқушылардың жылдағы мөлшерін жоспарлау үшін өте маңызды демографиялық сипаттағы болжамдарды қамтылып, педагогикалық ұжымның құрамы жаңаруы қарастырылады. Бұл жоспардың мектептегі оқу- тәрбие процесін жетілдіру бойынша жүргізілуі тиіс міндеттер көрсетілген сараптамалық бөлімі бар. Факультативтер,үйірмелер мен секциялар жұмысының жоспарлары құралады.Мектеп кітапханасы жұмысының жоспары құралады. Мектеп басшаларының күнделікті жұмысының күнделікті және апталық жоспарлары құралады. Олар еркін түрде құрастырылады. Мектеп басшыларының күнтізбе–жоспары болған жағдайда мектептегі шараларды өткізуді бақылау да оңай болады. Күнтізбе –жоспардың бірінші графасында өткізілетін шаралар тізімі жазылады. Одан кейін он графа сызылады, оқу жылының әрбір айына жеке-жеке графа арналады. Мұндай жоспар ешбір уақыт шығынынсыз жүргізіліп жатқан жұмыстың бағыты ұқсас шаралардың қайталану жиілігі бойынша салыстырмалы талдау жасауға мүмкіндік береді. Жоспардан басқа мектепте басқа да құжаттама жүргізіледі,оны шартты түрде үшке бөліп қарастарыды:оқыту–педагогикалық құжаттама, мектепішіндегі ақпарат және қаржы–шаруашылық құжаттамалар.Оқыту-педагогикалық құжаттама: -журналдар: сынып журналдары, факультатив сабақтарының журналдары, дайындық сабақтарының журналдары т.б. -кітаптар:оқушылар тізімінің алфавитті кітабы, «алтын белгі» белгісін есепке алу кітабы, мақтау грамоталар мен мақтау қағаздарын есепке алу кітабы, мектептен шыққан және мектепке кірген хаттарды тіркеу кітабы т.б. -оқушылардың жеке құжаттары; -оқушыларға белгілі бір мамандық алғаны туралы анықтамаларды беру ведомості; -жоғары мекемелерден келіп түскен бұйрықтар, жарлықтары басқа да құжаттама; -мектеп аттестациясының материалдары,мектептің оқыту іс -әрекеті лицензиясы; -мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар, баяндама хаттарының көшірмелері; -білім беруді басқаратын жоғары мекемелермен және басқа да ұйымдармен хат алысу. Сондықтан, жүйелі жоспардың сыртқы көрінісі өзара тілдермен қосылған нөмірленген шеңберлердің жиынтығынан тұрады. Егер қандай да бір шеңберге бірнеше тілдер жүргізілген болса,бұл тілдердің басында орналасқан барлық бастапқы оқиғалардың нәтижесі деген сөз.Жүйелі жоспарға бастапқы ақпарат


кестесін қосқан жөн.Бұл кестеде әрбір оқиғаның нөмірі,оның атауы және жобаланған жұмыстар көрсетіледі. Бастапқы ақпарат көмегімен мектептің кез–келген қызметкері жүйелі жоспарда көрініс тапқан өзара тәуелділікті түсіне алады. Жүйелі жоспар көмегімен жұмыстың үлкен педагогикалық жұмыс мөлшерін қажет ететін түрлері мен қос,тәрбие мен оқытудың негізгі міндеттерін шешуге ықпал етпейтін түрлерінде айқындауға болады.Сондықтан мектеп жұмысының жүйелі жоспары зерттеушілер мен практик–мұғалімдердің жоғары бағасына ие болып отыр. Мектеп ішіндегі барлық мұғалімдер, жалпы басқару жүйесі мектептің жылдық жоспарының ерекше бір тарауын құрайды. Онда негізінен тәрбие жұмыстары мен нәтижелі бақылаулар көрініс табады.

Оқушылардың белсенділігін тәрбиелеу, адамгершілік,еңбек,тәртіп т.б.жақтарын дамыту басты міндет болып табылады. Әдебиеттер: 1.Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования.Алматы:Ғылым, 1998–225 стр. 2.Безрукова В. С. Педагогика. Проективная педагогика: Учебное пособие.—Екатеринбург: Деловая книга, 2013. — 344 стр. 3.Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии. — М.: ИПО МО России, 2010. — 336 стр. 4.Джонс Дж. Методы проектирования. - М.: Мир, 1986. - 326 стр.

ҮЙДЕН ОҚ ИТЫН ОҚ УШ ЫНЫ Ң ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫ ҒЫН ДАМЫТУ Ы ҢДМАҢ ЫЗЫ Мақымғалиева Р.Т. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектебінің мұғалімі

Мемлекетіміздің әрбір азаматы–ұлттық құндылық, әрбір баласы–еліміздің ертеңі екенін ескерсек, денсаулығы мектепке баруға жарамайтын оқушының сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау-міндетіміз болып табылады. Денсаулығында кінәраты бар бір оқушының болса да білім сапасының жоғарылауы, ұлтымыздың саналы келешегіне қазіргі уақыттан бастап жинақталынып жатқан қор деп түсінуіміз қажет. Үйден оқыту- бұл білім беру формасы, яғни бала үй жағдайында алатын, ал оқыту үрдісі жекеше оқыту жоспары бойынша іске асады.Бұл медициналық көрсеткіштері бойынша білім беру ұйымдарында тікелей оқи алмайтын балаларға ұсынады.Үйден жекеше оқытатын міндет мектептің бағдарламасын меңгеруде немесе мемлекеттік білім беру стандарт шегінде білім беру бағдарламасын оқушылардың меңгеруі болып табылады.Осы үйден оқитын оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың маңызы зор. Функционалдық сауаттылық ұғымы XX ғасырдың 60 жылдарында қолдануға енгізілді.Қазіргі тез өзгермелі заманда функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси қызметтерге белсенді қатысу, сондай-ақ өмір бойы білім алуға ықпал ететін фактор болып саналады. Сондықтан үйден оқитын балалармен, яғни денсаулығы мектеп қабырғасында білім алуды көтермейтін балалармен жұмыс істеу–тынымсыз еңбек пен үлкен төзімділікті және ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділікті қажет етеді деп ойлаймын. Мектептегі сабақтың өту барысы мен үйден оқитын оқушының сабақты қабылдауы екі түрлі. Әйтсе де, мақсат біреу. Ол–оқушыға білім беру. Денсаулығында кінәраты бар балалардың дамуында қазіргі заманға сай моделін

құрудың басты бағыты–бұл білім беру қызметтерінің сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайларды жасау.Үйден оқыту кезінде оқушыны танып білу үшін төмендегі көрсеткіштер ескеріледі.Оларға әсер ету жолдары түрліше.Ұстаз ізденісі әр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады.Бұл балаларды зерттеу ол нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады (кумир), немен айналысқанды ұнатады. (хобби). т.б. сияқты сұрақтарға жауап алудан, сонымен қоса төмендегі көрсеткіштерді де ескерген жөн. 1.Баланың денсаулығы мен дамуы 2.Білімге деген көзқарасы. 3.Берілген бағдарламаны меңгеру ерекшелігі, қабілеті. 4.Эмоционалды-тұлғалық ортадағы ерекшелігі. Оқушының жеке ерекшеліктерін білу–үйден оқыту кезіндегі жұмыстардың жүйелі іске асуына мүмкіндік береді.яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып,оның бір сәтке болса да сергіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді. Денсаулығында кінәраты бар баланың және қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн.Олар педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды.Сондықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады. Ағылшын зерттеушісі Л.Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған. Соның ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі. -Әлеуметтік депривация-баланың басқа адамдармен қарым қатынастың азаюы.

57


-Эмоциялық депривация-қоршаған ортамен қарымқатынаста эмоцияның әлсіз көрінуі, айналаны енжар сезінуі. -Сенсорлық депривация-балада әсерлердің әр түрлілігі және қабылдау айқындығының төмендеуі. Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да өз құрдастарынан 12 жылға артта қалған балалар болады. Оқушының ақыл-ой белсенділігін өрістетуолардың тұлға ретіде жетілуінің маңызды саласы болып табылады.Сондықтан,оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін үйрету қажет.  Баланың жеке дара қасиеттерін, ескере білу.  Іс-әрекетке қызықтыра білу:  Сабақтан тыс жұмыс түрлдерін жоспарлау және оның жүзеге асуына бақылау жасау. Тәсілдер:-Көрнекі-әрекеттік ойлау-заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс әрекетінен көрініс табады. -Әр түрлі сюжеттік-ролдік және режиссерлық ойындар арқылы; -Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р. С. Немовтың әдістемесі бойынша анықтап алып, оны ары қарай дамытуға «Төртінші артық», «Әңгіменің жетіспейтін бөлігі», «Керісінше айту», «Жақсы мен жаман», т.б. көптеге жаттығуларды қолдануға болады. Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі болады.Олар:басынан өткен аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, нашар көруі, құлақ ауруы,т.б. себептер болады.Психикалық дамуының негізгі бұзылыстары-интеллект деңгейі, көбіне таным процестері:зейіні, логикалық есте сақтауы,ойлауы,кеңістікті бағдарлауы,қоршаған ортаны тануы нашар болып келеді. Осындай тұлғалардың психологиялық, сөйлеу тілі және қимыл-қозғалыс дамуларының қарқынының баяулығы байқалады. Олар өзіне өзі қызмет көрсету дағдыларын кеш қабылдайды, қарапайым мектептік білімді де нашар меңгереді.Ақыл-ойын орташа деңгейде бұзылған балаларда қоршаған орта туралы түсінік өте кедей, сондықтан «Айналамен таныстыру» өте маңызды. Ондағы басты мідет балалардың табиғат туралы қарапайым түсінікті меңгеруі, олардың жақын қоршаған ортаны заттар мен құбылыстар туралы түсініктерін молайту және жүйелеу,сонымен бірге тәртіптің дұрыс нормаларын қалыптастыру жатады. Табиғат құбылыстары, жыл мезгілінің ауысуы және табиғат пен қоғамдағы адам өмірінің өзі де кезеңдік түрде болады.Оқушылар бұл қайталанатын,сонымен қатар өмір кезеңдерінің уақыттың ағымдығын мен қайталанбастығын сезінуге және түсінуге тиісті.Бұл үшін балаларды оларды қоршаған табиғат пен қоғаммен өзара қарым-қатынасқа қатыстыру керек. Сондықтан оқушыларға қоршаған орта және

58

әлеуметтік ортада бағдарлау үшін қажетті қызмет, икемділік тәсілдері қалыптасады. Іс-әрекеттік тәсілде ересек адамның басшылығымен меңгеріледі. Оқушылардың даму деңгейіне қарай, мүмкіндігінше біртіндеп оқу үрдісінде муляждар,суреттер, фотосуреттер,сызба бейнелер,шартты белгілер ендіріледі. Мұғалім денсаулығында кінәраты бар оқушылармен жұмыста оның жеке ерекшелігі ескере отырып, барлық материалды сабақта іс-жүзіне асыруға міндетті емес екенін ұмытпағаны абзал. Оқыту үшін балалардың өмір жағдайына сәйкес және олардың әлеуметтік бейімделулеріне пайдалы болатын мазмұнды таңдау керек.Денсаулығында кінәраты бар балалардың сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсуіне, өзін әлеуметтік ортамен байланысуы арқылы жеке тұлға санай алатын дәрежеге жетуіне нақты үлес қосатын уақыт жетті.Бұл–балалардың тағдырына дұрыс мән беріп, оларды оқыту мен тәрбиелеуде кездесетін проблемаларын уақытылы шешу болып табылады. Сабақты ұйымдастыруда баланың мүмкіншіліктерін ескерген жөн. Тапсырма тым қиын болмай,қызыға орындайтындай болу керек. Оқушының мүмкіншілігіне қарай тапсырманы күрделендіруге болады.Орындалатын тапсырманың мақсаты мен нәтижесі тапсырма басы мен соңына дейін алшақ болмауы тиіс.Ол оқушы үшін маңызды.Мұғалім оқушыны қосымша ынталандырып отырғаны дұрыс.Нәтижелі қолданылған әр түрлі ойындық жағдая, дидактикалық ойындар, ойындық жаттығулар, сергіту сәттері сабақтың жүйелі өтуіне жағдай жасайды. -Білім беру жүйесінің негізгі деңгейіндегі «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты-ана тілінің қоғамдықәлеуметтік мәнін түсінген, әдеби тіл нормаларын жетік қолдана білетін,сөйлесу әрекеті қалыптасқан, тілдің қызметін жүйелі меңгерген дара тұлға қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасау.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қазақ тілі пәні танымдық және практикалық бағыттарда төмендегідей міндеттерді шешеді: -Оқушының тіл туралы түсінігін кеңейту; -Байланыс тілдерін дамыту; -Алған әсерлері мен қоршаған ортаны қабылдауын кеңейтіп, тиянақтау арқылы сөздік қорын бір қалыпта дамыту; -Оқу жұмысының дағдыларын қалыптастыру; Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы әр деңгейлі тапсырмаларды,өзіндік зерттеу және жобалық жұмыстарды пайдалауды қамтамассыз етеді. Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де бейім болуға даярлай алатын шығармашылық тұлға болуы тиіc.


ҮЙДЕН ОҚ ЫТУДА ОҚ УШ ЫНЫ ДЕРБЕСТІГІН ДАМЫТУ Төлегенова А.Х.

Ң Ш ЫҒ АРМАШ ЫЛЫҚ

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Қазіргі оқыту жүйесіндегі жаңаша мазмұн- жас ұрпақтың әлемдік сапа деңгейіндегі білім, білік негіздерін меңгертудің басты нысаны. Ұлтымыздың мәдениетін сақтап, оны келер ұрпаққа жаңа көзқараспен жетілдіріп жеткізуде білім беру

ісі басты құрал болып саналады. Жалпы оқушының шығармашылығын дамыту өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе.Шығармашылық-бұл өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Әр уақытта оқу үрдісінде оқушыны шығармашылыққа баулуда төмендегі іс-әрекеттердің назарда болуын ұсынып отырамын. Мақсатқа жетудегі мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Мұғалім іс-әрекеті Білім алуға жетелейтін әдіс-тәсілдерді пайдалану.

Оқушы іс-әрекеті Сұрақтар қойып, оған жауап іздеу.

Өздігінен білім алудың жолдарын ойластыру, ұсыну, әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану. Оқушы білімін ұйымдастыра білу.

Өздігінен білім алуға ұмтылу, жауапкершілікпен қарау.

Пікірмен санасу Қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Оқушының өздігінен жұмыс істеуін, қиындықты жеңуін, табандылығын үнемі назарда ұстап, оның білімінен байқаған олқылықтарды сипатына қарай топтап, түрлі жұмыс түрлерін жүргізіп келемін. Тұлғаға бағытталған білім оның жан-жақты дамуына ықпал етеді.Психологияда дүние есігін ашқан әрбір сәби қабілетті болып туылады, оның әрі қарай дамуы, жетілуі тәрбиешіге байланысты делінген.Демек, оқытушы мен оқушының арасындағы ынтымақтастықтың негізінде біз оң нәтижеге қол жеткізе аларымыз сөзсіз. Осы орайда өз тәжірибемнің негізінде үйден оқытуда оң нәтижеге қол жеткізу үшін мынадай мақсат қойдым: -заман талабына сай білімді, дүниетанымы кең, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру. Осы мақсат негізінде алдыма қойған міндеттерім: -жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу; -өз алдына мақсат қою арқылы оны жүзеге асыра білу; -өз әрекетінің нәтижелерін бағалай білу. Шығармашылық тек адамға ғана тән құбылыс. Шығармашылық әрекет мәселені қою,ойды тұжырымдап айту, логикалық дамуы, мәселені шешуде тиімді әдістерді қолдану, негіздеу,дәлелдеу барысында көрінеді.Оқушының шығармашылық қабілетін дамыта оқыту,олардың білімге деген қызығушылығын оятып, ой-өрісін,ынтасын, танымдық

Білім алу үшін қажетті дағдыны өз бетімен қолдана білу. тыңдау, сыйлау сөзге тоқтау.

ізденімпаздығын дамыта түседі.Сондықтан оқушының шығармашылық дербестігін дамыту- маңызды міндет, күрделі ғылыми мәселе. Оқушы бойында шығармашылықты дамыту нәтижесі білім негізі екендігі белгілі.Болашақта білімнің сапалы да нәтижелі болуы үшін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушының білім, білік, сөйлеу мәдениетін және сөздік қорын дамытатындай тапсырмалар беріп, үнемі сабақты түрлендіріп отырамын.Оқушы шығармашылығын дамыту ісі үздіксіз жүргізіле бермек.Бұл қоғам талабынан туындайтын қажеттілік.Шығармашылық тұлға басқалардан өз ісіне деген сенімділігімен, қиял ұшқырлығымен,әдемілікті сезіне білуімен ерекшеленеді. Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастырудың бір жолы, ең алдымен, оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастырумен жүзеге аспақ.Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатына тән. Біздің міндетіміз, оқушыға оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Оқушыны шығармашылыққа баулу,өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау.Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісінде пайда болады.Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар

59


болып қалыптаспаса, онда болашақта оның қалыптасуы екіталай.Жалпы алғанда, оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда түрлендірілген сабақтың берері мол.Оқушы қазіргі уақыттағы қоғамның даму мәселелеріне қорытынды жасайды және шығармашылықпен дәйектей отырып өзіндік тұжырым жасайды.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін ұқыпты қадағалау,оқу үрдісінің тиімді болуына қандай көрініс табады? Жалпы үлгерім, яғни олардың шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар тек білім мен ұқыптылығына ғана әсер етіп қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады деп ойлаймын.

КАК ОРГАНИЗОВАТЬ, ПРОВЕСТИ МОНИТОРИНГ И ПОДДЕРЖИВАТЬ ФУНКЦИОНИРОВАНИЯ СЕТЕВОГО СООБЩЕСТВА ШКОЛ? Умирбаева Г.Ж.

АКТИВНОСТЬ

учитель высшей категорий школы-лицея №20 им. А.С.Пушкина, отличник образований РК. сертифицированный учитель 1 уровня

Идеи смеются над пространство переходят моря, всюду постигаются и принимаются Сколько не было бы жизненного и профессионального опыта за плечами учителя, он никогда не сможет сказать: «Я знаю все». Сегодня сетевое сообщество–это веление времени, необходимость плодотворной, творческой работы любого учителя–предметника, работающего по внедрению новых образовательных стандартов в учебном процессе. Это мне стало особенно понятно во время практики в школе, после аудиторных курсов первого этапа «Лицом к лицу». Во время практики большая помощь мне была оказана моими коллегами, входящими в сетевые сообщества школы и города. Многие из них являются лидерами своих школ, активными участниками школьных,городских районных сообществ. Творческий успех сетевого сообщества построен на основе взаимного доверия. Только на основе этого можно добиться высоких результатов. Начиная свою практику, я помнила это, и старалась организовать свою работу так, чтобы «активизировать причастность всех его участников и обеспечить общность целей, представляя собой нечто больше, чем группа энтузиастов». Все более важным становится сотрудничество между школами,их объединение в «сетевые сообщества».Моей задачей было создать группу самых активных, творческих учителей, желающих работать по-новому в нашем городе. Я предложила эту идею, и она была подхвачена учителями города. Наше сообщество было названо «Өркен». Первое, что я сделала, это предложила учителям школ города и области, общаться в сети по обмену опытом, проводить консультации, обмениваться мнениями, новыми идеями. В начале в нашу группу входила пять учителей, но постепенно число участников становилось все больше и больше. Сегодня в нашей группе уже представители десяти школ города и области. Все вместе мы составили единый план развития сетевого сообщества школ. Одна из главных задач плана, отразить согласованные цели и ценности, которые представлены в концепции развития и ожидания перспектив. Составляя план, мы учитывали

60

Франсуа Гизо важные в настоящее время приоритеты и потребности участников нашей группы. Наша группа работает недавно, но мы уверены, что «совместная работа значительно расширит диапазон их возможностей в преподавании и образовании». Образовательные сети расширяют возможности не ограничиваться практической деятельностью в стенах своей школы, а обмениваться опытом с коллегами других школ, внедряя инновации в своей практике. При поддержке методического кабинета города и области мы провели городской семинар с привлечением некоторых коллег из области. Тема семинара: «Казахстанская школа: сегодня и завтра». Очень удачными на семинаре были мастер – классы на темы «Обучение через диалог», «Формативное оценивание», «Обучение критическому мышлению», подход LеssоnStudy. После окончания нашего семинара, обменявшись мнениями, многими участниками было предложено распространить работу нашего семинара. Успех семинара воодушевил нас к дальнейшей работе. Нам очень хочется, чтобы наша практическая работа помогла учителям других школ и у нас все больше и больше появляется уверенность в том, что все, что нами запланировано, будет выполнено. Цель работы нашей группы- взаимное обучение и проведение коучингов в других школах города. Также мое предложение о создании групп из сертифицированных учителей, прошедших уровневые курсы было поддержано. Эти учителя–опора и поддержка в осуществлении планирования и реализации плана развития профессионального сетевого сообщества, которые на сегодняшний день имеют огромную роль в развитии творческого потенциала учителей. Наша группа запланировала семинар «Роль сетевых сообществ в развитии творческого потенциала учителей».Цель-наладить тесное сотрудничество между учителями школ города и области для того, чтобы общими усилиями решать проблемы и достигать поставленных целей и задач.


Опыт проведениякоучингов показывает, что в настоящее время в школах города и области успешно внедряются идеи семи модулей Программы. Работа над проектом исследования «Влияние диалогической речи на развитие речевой культуры учащихся», этим процессом преобразования я заинтересовалась будучи еще на практике, целью которого было развитие диалогической речи у учащихся, расширение словарного запаса.В дальнейшем мы планируем дополнительно включить в план рассмотрение вопрос: как можно через модуль критическое мышление способствовать развитию диалога и как оно будет влиять на весь процесс обучения? Положительные результаты по реализации плана развитие школы вызывает все больше интерес со

стороны коллег, учеников и их родителей. Нашей группой запланировано на следующий учебный год провести встречу директоров города, лидеров школ, потому что «сетевые сообщества школ положительно влияют на достижения учащихся, если директора школ активно вовлечены в этот процесс». Профессиональное сообщество является одним из инструментов в эффективной реализации внедрения преобразований в школе. Все наши используемые мероприятия были направлены на то, чтобы учителя, ученики и родители могли участвовать в жизни школы, что в конечном итоге будет способствовать духовному, культурному воспитанию личности и достижению тех целей, которые ставятся школой перед обществом.

ОЙЫН – ОҚУШЫ БІЛІМІН ЖАН – ЖАҚТЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ Утарова Г.У. № 23 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, ойында озған өмірде де озады. (Халық даналығынан) Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың технологиялардың негізінде (ойын технологиясы, Қазақстан халқына жолдауында білімге баса назар проблемалық оқыту) мұғалімдердің құзырлылығын аудару мақсаты көзделген. қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған ісҚазіргі талап деңгейіне сай мектептерде оқу-тәрбие әрекеттер сұхбаттасу, мәтінмен жұмыс жасау үрдісі арқылы оқушыларды тек біліммен барысында, оқу-танымдық әрекеттер барысында, қаруландырып қоймай, олардың назарын білгендерін кездескен қайшылықтарды жоюға мүмкіндіктер жадына сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, береді. зерделі білім алу құштарлығын ояту, өмірге Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқа әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологиялар қолдану, танымдық қасиеттерін жетілдіру–жаңа ғасыр жас тұлғаға берілген білім жоғары сапалығы, оқуға мектебінің мақсаты.ХХІ ғасыр–білім мен ғылым қызығушылық негізін қалыптас тыруды көздейді. ғасыры. Осыған орай, оқушылардың білімге қызығуын Бастауыш бiлiм берудiң жалпы бiлiм беретiн оқу арттыру үшін оқытудың әр түрлі технологиялары бағдарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. «Сабақ беру оның жеке қабiлеттерiн, оқу iсiндегi оң талпынысы –үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан мен алғырлығын: негiзгi мектептiң бiлiм беру жаңаны табатын өнер» деп Жүсіпбек Аймауытов бағдарламаларын кейiннен меңгеру үшiн оқудың, айтқандай білім беру жүйесіндегі бүгінгі өмірдің жазудың, есептеудiң, тiлдiк қатынастың, талабы сабақ өткізудің жаңа әдістері мен шығармашылық тұрғыдан өзiн-өзi көрсетудiң, мiнез- ақпараттандырылған оқыту технологияларын құлық мәдениетiнiң берiк дағдыларын дамытуға пайдалану.Бұл мақсатқа жетудің бірден-бір жолы бағытталған. оқытудың тиімді жолдары мен түрлерін іздестіру. Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал Сондықтан да оқытудың жаңа түрлерін күнделікті етіп, адамзат қоғамын алға апаратын күш білімде сабақта қолданып, жоғары нәтижеге жету–мұғалімнің ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті міндеті. дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім Менің алдыма қойған мақсатым-оқушыларға жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. ұлттық педагогикалық тәрбие мен білім беру мен Қазіргі оқытушы, болашақ мұғалімдерді дұрыс қатар олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, ұйымдастыра отырып, бағыт-бағдар беру арқылы сабақта жаңа технология үлгілерін пайдалану.Сол өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа себепті сабағымды идеялық жағынан ғылыми негізде, идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер өмірмен байланыстырып, оқушының қызығуын, білім әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Тілді құмарлығын танытып, сабақта оқушыларды ойлануға, үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына өздігінен жұмыс жасауға баулып, ойын ауызша, қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады. Олардың жазбаша жинақтап, баяндай білуге үйретемін. Қазақ ішінде проблемалық оқыту, интерактивтік оқыту, тілі пән бойынша сабақтарды қызықты, түсінікті болу ойындық технологиялық оқыту тағы басқа үшін, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін технологиялар болып табылады.Педагогикалық жарысуға бір-біріне көмектесу қасиетін дамытуда

61


және өткен сабақты қайталап қорытындылап бекіту барысында ойын технологиясын қолдану өте тиімді деп таптым. Ойын– ұл еркін және өзіндік әрекет,ол баланың жеке қызығушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп,шығармашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады.«Ойын,сондықтан ойын,ол баланың дербестігі». Өткен сабақтарды қорытындылап, толықтырып бекітуге, игерілген білім сапасын тексеруде «Бәйге», «Жұлдызды сәт»,«Сақина салмақ» ойын түрлерін қолданамын. Ойын технологиясын қолданған кезде оқушылардың ойлау қабілеті өте жақсы дамиды, осыған орай мысал ретінде «Қатесін тап» ойыны. Бұл ойынды өмір талабына сай компьютермен өткізу өте тиімді. Сабақта ойын элементтерін екі түрлі мақсатта пайдаланамын. Оның біріншісі-оқушының сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру, тілін дамыту, екіншісі-оқушыларды тапқырлыққа баулып, зейінін, байқампаздығын арттыру және ойлау қабілетін дамыту. Әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек. Ойындар мынандай бөлімге бөлінеді. 1) Дидактикалық ойындар 2) Қозғалыс ойындары 3) Рөлдік ойындар 4) Грамматикалық ойындар 5) Фонетикалық ойындар 6)Лексикалық ойындар 7)Іскерлік ойындар 8)Интеллектуалдық ойындар 9) Ұлттық ойындар 1.Ойындарды сабақта қолдану әдісі Ойын-шығармашылық, ойын-еңбек.Мысалы: түстерді қайталау сабағында «Ойлан тап, қандай түс» ойынын ойнатамын.Ойынның мақсаты: Түстер туралы ұғымды бекіту. Керекті құралдар: түрлі-түсті жемісжидек, көкөністер суреті. Ойынның шарты: отырған ойыншыға шиенің суретін көрсетемін-суреттегі заттың аты мен түсін кім айтады? Келесі суреттің түр түсін ажыратуын сұраймын. Міне, осылай түр мен түсті қайталауға болады.Оқушыларды білімге жетелейтін, пәнге деген қызығушылығын арттыратын әдістің біріграмматикалық ойындар. Бұл ойындарды сабақта жиі қолданамын. Ондай ойындар барысында баланың сөйлеу тілі дамиды. Фонетика саласы бойынша жүргізуге болатын ойын түрлері өте көп. Мысалы: «Кім көп біледі?» ойыны. 1. «Б» дыбыстан басталатын сөзге мысал ойла. 2. Білгіштің хаты. Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен.Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала) (Дыбыс таңдау» ойыны. Сөйлемдегі сөздер бірдей дыбыстан басталу керек. Мысалы:

62

Оспан орманнан оралып, орындыққа отырды. «Жоғалған әріп» ойыны. ... ор, ... алық,...ота, та... а,... оран. Тіл білімінің лексика саласын меңгерту, пысықтау мақсатында пайдаланылған бұл ойын түрлері шәкірттердің осы саладан алған білімдерін кеңейтуге, нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді.Тіл білімінің лексика саласын өту барысында мына төмендегідей ойын түрлерін өткіземін. «Кім тапқыр?». Антонимдері бар мақал-мәтелдер жазу.Мысалы:Ашу-..., ақыл-... «Жалғасын тап» ойыны. Оқушылар мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінгендерін ауызша айтады. 1. Отанды сүю... ... ... 2. Досы көпті жау алмайды, ... ... ... ... «Сөзден сөз тер» Бауырсақ (Жауабы: Бауыр, бал, су, ара, ар, ауа, қас, бақ ас, қар, сақ, қуыр, рас, сау...).Ойын кезінде нашар оқушылардың өздері ойынға араласып сабаққа белсене араласады.Бастауыш мектепте ана тілі және қазақ тілі пәнін оқытудың түпкі мақсаттарының біріхалқымыздың әдет-ғұрпын, тарихын, тілін, мәдени мұраларын танып-білуге талаптандыру, оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, өйткені олар шаруашылық, экономикалық, әлеуметтік тұрмыстан туындаған. Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, теңге алу, қыз қуу, аудармақ, жамбы ату, күрес, білектесу, бәйге, жаяу тартыс т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға ие. Осындай ойын әлементтерін пайдалана отырып іскерлік, сабақ, дәстүрден тыс сабақ, сайыс сабақ, демонстрациялық сабақтар өткіземін. Халық арасында кең тараған ойынның бірі- «Сақина тастау». «Сақина тастау» ойынын көбінесе, үй тапсырмасын сұрағанда пайдаланамын. Алдымен ойын шартын түсіндіремін, оған азғана енгізулер енгіземін. «Түн» деп бұйрық беру арқылы балаларды «ұйықтатып», сол кезде алақандарының арасына алдын-ала сұрақтар жазылып сақина тәрізді дөңгелектелінген түрлі-түсті қағаз «сақиналарды» салып шығамын. «Күн» дегенде, оқушылар «оянып», мұғалімнің сұрақтарына жауап береді және жауаптар әр түрлі сақиналармен белгіленіп, өздеріне үлестіріледі. Ақ, қызыл сақиналардың бағасы: 5 (өте жақсы) Сары, ашық көк ашық жасыл түстерінің бағасы: 4 (жақсы) Қоңыр, қою, жасыл, қою көк түстерінің бағасы: 3 (нашар) Қара түстің бағасы: 2 (өте нашар) Бұдан басқа «Орамал тастау», «Хан қандай?», «Көкпар», «Бәйге», «Асық», «Сиқырлы қоржын», т.б. тәрізді түрлі ұлттық ойындарды сабақ барысында жаңа материалды түсіндіруге, оны қайталап-пысықтауға, бекітіп-қорыту кездерінде жарыс түрінде өткіземін. Сондықтан оны күнделікті сабақ үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Жас ерекшеліктеріне сәйкес үшінші, төртінші сыныптарда танымдық қабілетін


дамыту мақсатында интеллектуалдық ойындарды ұйымдастырып жүрмін. Танымдық ізденімпаздықты дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін Я.А.Коменский қалады.Ол:Таным бастамасы сезімнен, бала сезіне білмесе,оның ой-өрісінде ешқандай өзгеріс болмайды. Оқытуды зат туралы сөзбен емес, сол затты бақылау арқылы шәкірттің ойын дамыту керек. Мен өз шәкірттерімнің әрқашанда өз бетінше бақылауын, практикада өздігінен тұжырым жасауын дамытуды–білім берудегі негізгі жетістікке жету құралы ретінде қарастырамын»-деген болатын.Оқушылардың танымдық қабілетін дамытуда интеллектуалдық ойындардың атқаратын маңызы зор. Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылар әр түрлі жағдайды түсінеді,оны шешу жолдарын қарастырады.Интеллектуалдық ойындар оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға құлшынысын, қызығушылығын арттырады. Жақсы ойынға бала бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды. Интеллектуалдық ойындарды ұйымдастыруда мынадай мақсатты көздеймін:оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімдерін одан әрі дамыту, тереңдету, олардың ізденімпаздығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, оқуға белсенділігін арттыру.Сыныптан тыс шараларда өткізілген «Алтын сақа», Бәйге»,«Ойлы болсаң, озып көр»,«Тапқыр болсаң,талас жоқ» т.б. түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытып қоймай, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады. Ойын пән әрекетін күшейтіп, логикалық ойлауына, басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды. Интеллектуалдық ойындар арқылы оқушылардың танымдық қабілетін дамыту барысында бастауыш сынып оқушыларынан күтілетін нәтижелер: -Шағын көлемдегі мәтінді қолдана алады. -Өзінің ойын білдіру үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын қолданады. -Өз ана тілінің маңызын түсінеді. -Топпен, командамен бірлесіп жұмыс жасау үшін алғашқы сөйлеу дағдыларын пайдалана алады.

-Жаңа ақпараттық технологияларды қолдана біледі. -Өз көзқарасын білдіре білуі. -Өзінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін кәсіби өсуге ынталы болуы -ақыл-ой деңгейі жоғары болу үшін шығармашылық жұмысқа тартылады. -Даму деңгейі жоғары дарынды тұлғалар айқындалады. Осындай түрлі интеллектуалдық ойындар бала қиялын ғана дамытпай оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады. Ойын–бұл еркін және өзіндік әрекет, ол баланың жеке қызығушылығынан туады, белсенділігімен ерекшеленіп, шығрмашылығын, жоғары сезімділігін көрсетеді. Ойында ғана баланың жеке қажеттілігі мен шектеулі мүмкіндіктері ашылады Ойын пән әрекетін күшейтіп,логикалық ойлауына,басқа адамдармен іскерлік қатынастарына әсер ететінін анықтайды. Сонымен,қорыта айтқанда, адам өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын, егжей-тегжейін білуді баланың санасына ойын арқылы сіңіре беруді көздеген.Бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін қолдану–оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,сабаққа белсенді түрде қатысып,түсінбегенін түсінуге мүмкіндік туғызады. Ойын түрлерін сыныптан-сыныпқа өткен сайын дидактикалық «деректіден дерексізге,жеңілден ауырға, жақыннан алысқа» деген принципті негізге ала отырып,бірте-бірте күрделендіріп отырған тиімді. Мүмкіншілігіне қарай,әр тақырып бойынша ойын түрлерін қолданып сабақ жүргізу,мұғалімнің шеберлігін шыңдап,сабақтың сапасын арттырады. Ойынның негізгі мақсаты–баланы қызықтыра отырып,білімді жан-жақты меңгерту болса, мұғалімнің міндеті–сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге,ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізеді. Сонымен оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану – бағдарламада анықталған білік,білім және дағдыларды қалыптастыру,тиянақтау,бекіту немесе тексеру болып табылады.

РАЗВИТИЕ СЕТЕВОГО СООБЩЕСТВА, КАК ПОДДЕРЖКИ ПРОИСХОДЯЩИХ ПРЕОБРАЗОВАНИЙ ШКОЛ Мазитова Н.А. учитель математики, высшая категория, сертифицированный учитель 1 уровня, школ-лицей №20 им. А.С.Пушкина,г Атырау

Собираться вместе - это начало.Оставаться вместе – это прогресс.Работать вместе - это успех. Генри Форд Основной целью сообщества для системы образования должна быть подготовка учителей для профессиональной деятельности в сети.Одним из важнейших факторов является то, что участники профессиональных сетевых сообществ имеют

возможность получать новые знания в области своей специальности, повышая тем самым уровень своей профессиональной компетентности.Электронное обучение не исчерпывается тем,чтобы получать информацию через сеть,как это свойственно

63


дистанционному обучению, или искать информацию в сети,как это свойственно обучению исследовательскому. Сетевые сообщества содержат отдельные тексты, фотографии, видеофрагменты и базы данных,которые создавались членами сообществ. Профессиональное сетевое сообщество учителей -это база образовательных информационных ресурсов, место профессионального общения, обмена опытом и повышения квалификации.

Цели сетевого сообщества: -создание единого информационного пространства, доступного для каждого члена сообщества; -организация общения на профессиональные темы; -развитие виртуального взаимодействия для последующего сотрудничества вне Интернета; -обмен опытом обучения; -распространение успешных педагогических практик; -поддержка новых образовательных инициатив. Для успешного функционирования сетевого сообщества необходимо: 1.Наличие удобных и разнообразных инструментов для организации личного пространства; 2.Постоянные обновления, развивающие интерес к сообществу; 3.Использование популярных удобных сервисов; 4.Учет психологических, возрастных, социальных предпочтений членов сообщества; 5.Использование интересов пользователей для развития сообщества; 6.Поощрения, стимулирование, публичное признание достижений наиболее активных участников; 7.Грамотное руководство сообществом. Для решения профессиональных задач, возникающие в реальных ситуациях профессиональной педагогической деятельности, с использованием сетевых технологий и сетевых ресурсов необходима сетевая компетентность. Слагаемые сетевой компетентности:

Помимо участия педагогов во внешних сетевых сообществах республиканского, областного и городского масштаба повышающих социальный имидж профессии педагога в обществе, важным условием повышения качества работы школы является создание педагогическими коллективами

64

внутришкольных сетевых сообществ, позволяющих выявлять инновационные способы работы отдельных учителей и делать их достоянием всех педагогов школы. Для преобразования школьной практики, мы используем коническую метафору лидерства Синека. Для чего?Каждая школа заинтересована в подготовке и постоянном обучении педагога, способном обеспечивать современное качество образования.Работа в профессиональном сетевом сообществе позволяет вооружить учителя современной технологией реализации профессионального развития, научить новым формам презентации своего инновационного опыта работы. Как?Реализация инновационной образовательной программы осуществляется по следующим направлениям: 1.Обобщение опыта работы педагогов школы по работе в профессиональных сетевых сообществах. 2.Создание необходимых технических условий для эффективной работы педагогов в сетевых сообществах и для создания внутришкольных сетевых сообществ. 3.Формирование готовности педагогического коллектива к распространению позитивного опыта работы. 4.Создание профессионального сетевого сообщества «Лидеры Атырауской области» Что это нам дает?Образовательный ресурс, обеспечивающий информационную поддержку образовательного процесса:административной, проектной, инновационной,внеклассной и методической работы, повышение эффективности и качества преподавания и обучения. Всё более важным в настоящее время становится «сотрудничество между школами, их объединениями в сетевые сообщества в интересах всех учеников, а не только тех, кто учится в конкретной школе» (Руководство для учителя, стр.150). Среди педагогических сетевых сообществ учителей можно выделить несколько видов, используемых учителями нашей школы. Сайт учителя-предметника является удобной Интернет-платформой,позволяющей размещать материалы для уроков и внеурочной деятельности, а также полезные ссылки на образовательные ресурсы Интернет, тем самым расширяя информационное пространство учителя и повышая его квалификацию. Кроме того, использование учителем в своей работе собственного блога выводит взаимодействие с другими участниками образовательного процесса на качественно новый уровень. Сетевое взаимодействие «учитель-ученик» Такой вид сетевого взаимодействия предполагает создание группы для учащихся. В них учитель размещает объявления, различную информацию для учащихся. В свою очередь, ученики размещают выполненные задания по различным школьным дисциплинам, а также информацию о себе, своих интересах, обмениваются актуальной информацией с


одноклассниками. В школе №20 есть опыт создания блога «Виртуальная лаборатория химии и информатики», в котором в режиме реального времени происходит взаимодействие учителей и учеников. Сетевое взаимодействие «учитель-класс-родители» Отдельные составляющие внеклассной работы мы перенесли в сеть путем создания блога класса. Такой блог носит информационный характер для учеников, а также содержит фотоальбомы классных мероприятий, дискуссии, обсуждения различных тем, планы, электронные опросы, познавательные материалы, полезные ссылки для учеников.Блог класса является «учебной» точкой выхода в Интернет–место в сети, где ученикам класса комфортно и безопасно. Также такой блог решает задачи своевременного интерактивного взаимодействия между классным руководителем и учащимися.Также мы планируем подключить родителей учащихся к интерактивному взаимодействию. Сетевое взаимодействие «учитель-учитель» Обмен информацией с коллегами способствует созданию внутришкольного сетевого учительского сообщества, которое дает возможность учителю получить оценку своих материалов и рекомендации по их улучшению,а также позволяет выявить инновационные способы работы отдельных учителей и сделать их достоянием всех педагогов школы. После внесения преобразований в план развития школы, хочется поделиться положительным опытом работы, обсудить недочеты, перенять опыт других учителей.Поддерживать процесс преобразований можно лишь, имея поддержку со стороны школьного руководства и коллег единомышленников. Обучаясь на курсах по Кембриджской программе, у меня возникла потребность в необходимости создания сетевого сообщества открытого типа,в котором, можно проводить дистанционное обучение,семинары, конференции. Обсудив эту идею с коллегами,я создала сайт: lider-atyrau.ucoz.ru. Мы, учителя-лидеры, решили объединить наши усилия и провели семинар в школе, на который пригласили учителей школ города. Главные ценности нашего сетевого сообществаотношения, построенные на основе взаимного доверия и уважения, убеждённости и веры в то, что совместная работа значительно расширит диапазон возможностей школ в преподавании и обучении.

Основные цели: через внедрение семимодульной Программы в школе-усовершенствование процессов преподавания и обучения для достижения высоких результатов обучения учеников. Организационная модель нашего сетевого сообщества представлена менеджером-директором средней школы №20 им.А.С.Пушкина и тремя группами. Руководящая группа (учителя 1 уровня-3 человека) будет направлять,управлять и контролировать общие действия по реализации преобразований согласно Плану развития школы, через стратегии коучингов и менторингов. Координирующая группа (состав-3 учителя первого уровня-коучи) будет принимать решения по проведению совместных мероприятий.Группы развития (творческие группы педагогов) будут фокусироваться на методах усовершенствования преподавания и обучения, будут поддерживать принятие новых стратегий преподавания. Также мы планируем привлекать к работе в сетевом сообществе партнерские школы. Таким образом, будут учтены потребности всех учителей, а через их практику в классе и потребности учеников.Одной из задач является привлечение родителей для учета потребностей родителей в улучшении процессов преподавания и обучения. Привлечение административной части школ (директоров, завучей) представлено в сообществе в виде поддерживающей и содействующей функций. Сетевые сообщества–не столько средство общения, это площадка для обмена опытом, обучения и повышения квалификации Сетевые сообщества учителей–это новая форма организации профессиональной деятельности в сети.Участие в профессиональных сетевых объединениях позволяет учителям живущих в разных уголках одной страны и за рубежом, общаться друг с другом, решать профессиональные вопросы и повышать свой профессиональный уровень.Сетевые сообщества способствуют обучению профессионала в течение всей жизни. Таким образом, перспективы развития сетевых сообществ очевидны и ведут к повышению доступности качественного образования для всех участников образовательного процесса.

ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІС Курмашева С.М. Атырау қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектептің бірінші санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Еркін елдің ертеңі- кемел білім мен кенен ғылымда. ХХІ ғасырдың жан–жақты зерделі,дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің назарында.Сондықтан

Н.Ә. Назарбаев болар,қазіргі таңда қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеруге бағытталған шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып та жатыр. Халқымыздың

65


рухани көсемі,ғұлама А.Байтұрсынұлының «Өз тілі мен әдебиеті бар ел ғана өз алдына дербес ел бола алатынын біз ұмытпауымыз керек» деп өсиет қалдырғаны бекерден – бекер болмаса керек. Қазіргі таңда мектептегі білім жүйесін реформалаудың басты мақсаты–білімді игеруде күтілетін нәтижелерге қол жеткізу.Мұнда басты назар мұғалімнен жеке тұлғаға ауысады.Жеке тұлға бұрын білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін атқарса, ал жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет . ҚР жалпы білім беретін мектептердің педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған үш айлық курсын оқымасам да , білім берудегі Кембридж тәсілі бойынша оқып келген мамандардан үйрену, өз бетімше іздену арқылы бағдарламаны меңгеріп жүрмін. Бағдарламаның негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3.Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау; 4. Білім беруде ақпараттық –коммуникативтік технологияларды пайдалану; 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту; 6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту; 7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық. Сабақ үдерісіне өзгеріс енгізуді мен сабақ жоспарын жаңаша құрудан бастадым.Жоспарды жаңаша жасау барысында: - сабақ барысындағы жұмыс кезеңдерінің тізбектеліп келуіне; -жеті модульді барынша тиімді ықпалдастыруға; -әрбір сабағым үшін оқыту мен оқу мақсаттарын сауатты анықтауға, нәтижеге қол жеткізу үшін әрекет етуге; - сабақтың әрбір кезеңінің басынан бастап соңына дейін алға ілгерілеудің болуын қамтамасыз етуге, -сабақ барысында барлық оқушыларды қамтуға баса назар аудардым. - нәтижесінде мұғалім мен оқушының сабақ барысында атқаратын іс-әрекеті құрылды. Сабаққа кіргізген келесі өзгерісім-сабақта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Себебі топтық жұмыс барысында топ мүшелерінің ұйымшылдығы,ауызбірлігі, бір-біріне деген сенімділігі- сабақтағы белсенді іс-әрекеттерінің кепілі. Сол себепті сабақтарымды көңілді мультфильм, сабақ тақырыбына сай әндер, түрлі ойындар мен тренингтен бастап отырдым. Мысалы,7-сыныпта С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқытуда жаңа сабақты бастамас бұрын оқушылармен қосылып достық туралы әнді шырқап аламыз.Оқушыларға ән не туралы? деген ой қозғау сұрағын қою арқылы сабақтың достық туралы екендігі анықталады,әрі оқушылардың жаңа тақырыпқа

66

қызығушылығы артады.Нәтижесінде оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынастары, достықтары нығая түсті.Бұл сабақ сапасына оң әсер етті Оқушыларды топпен отырғызу да өз оқушыларым үшін сабақтағы өзгеріс. Топтасып жұмыс істеу арқылы олар бір-бірінің пікірін тыңдауға, белгілі бір тапсырманы бірлесе атқаруға ұмтылуға, әр балада әртүрлі идея, әртүрлі ұсыныс пен көзқарас болатынын ұғынды. Сабақ барысында, әсіресе әдебиет сабағында диалогті қолданамын.Ол қарапайым сұрақтар мен жауаптардың төңірегінде ғана жүзеге аспайды, топтық әңгімені түрткі сұрақтар мен қайта бағыттау сұрақтарын қоя отырып сыни ойлауларын дамыту арқылы жүргіземін. Жеті модульді сабаққа кірістіру арқылы мен өз сабақтарымда дарынды балалармен жұмысты да атқара алатын болдым.Олардың шығармашылығын шыңдай отырып, көшбасшылыққа итермелеп отырамын. Сонымен қоса, білім деңгейлері әртүрлі оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру де сабақтарымның ажырамас бөлшегіне айналды. Бұндай тапсырмалар арқылы оқушылар білімін теңестіруге, алға ұмтылуға жол ашатын әдіс-тәсілдер қолданамын. Сабақтарымда «Топтастыру», «Теріп алу», «5 жолды өлең», «Эссе», «РАФТ»,«6 қалпақты ой әдісі» стратегияларын қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу,жазу,ойлау, іздену,ой қорыту, пікірталасқа түсу сияқты практикалық дағдыларын дамыта отырып, сыни ойлауға бірте-бірте қадам бастады. «6 қалпақты ой әдісі» стратегиясын қолданған сабақ үлгісі: «Керқұла атты Кендебай» ертегісі бойынша берілген тапсырмалар: 1.«Ақ қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар Кендебай ертегісі бойынша сұрақтарға жауап береді. 2.«Сары қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар Кендебай ертегісінен берілген кейіпкерлер бейнесін оқып, олардың кім екенін анықтатайды. 3.«Қара қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар шатасқан оқиғаларды рет–ретімен қояды. Жауаптарын тексереді. 4.«Қызыл қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылара Кендебай ертегісінен көрініс көрсетеді. 5.«Жасыл қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар берілген сұрақ төңірегінде ой өрбітеді. 6.«Көк қалпақ» тапсырмасы бойынша оқушылар Кендебай ертегісін «Әңгіме кестесі» стратегиясы арқылы толық талдайды. 1.Оқушылар өз топтарында кезек-кезек жауап береді. 2.Тиісті анықтамаларды мысалмен талдап, өз сөздерімен дәлелдейді. 3.Топ оқушылары бірін-бірі бағалайды. Жеті модульді қазақ әдебиеті сабағында қолдана бастағаныма көп уақыт болмаса да, мынандай пікірге келдім.Тек осы жүйемен өтілген сабақтарда ғана оқушылардың жазған, айтқан сөздерінде табиғатқа, елге, айналаға, өзгеге, өзіне деген азаматтық жауапкершілік үні айқын сезіліп, оқушылардың бойында ұйымдастырушылық,көшбасшылық қабілеттері қалыптаса бастады. Алғашқыда дайын


білімді алуға тырысатын оқушылар енді жаңалық ашуға, өз қолымен өнім жасауға, сұлулықты сезінуге ұмтылыс байқатты. Сабақ барысында орнынан тұрып жауап бермеген оқушы болған жоқ. Бұл менің әрбір сабағымда қайталанып отырды. «Маған айтып берсең, ұмытып қалармын, көрсетіп берсең есте сақтармын, өзіме жасатсаң, үйреніп алармын»-деген шығыс нақылын сабақ жоспарлау кезіңде есте ұстанамын. Ойымды қорыта келгенде, мен нені, қалай өзгерттім дегенде, біріншіден өзімнің көзқарасымды

өзгерттім,екіншіден сабақ жоспарым мен сабақ өткізудің тәсілін, үшіншіден–бала еркіндігін шектемеу,төртіншіден оқушылардың сабаққа ынтасын ояттым, өзін-өзі реттеуді үйренді, бесіншіден бағалауды өзгерттім және әріптестеріме де ықпалым болды.Менің түсінгенім,жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес, тек осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек.

 Ұстаздық ұлы іс  ҰСТАЗ ҰЛАҒ АТЫ Даулбаев М.О.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалыққызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасыныңаға оқытушысы, Республикалық конкурстың лауреаты, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің Алтын медаль иегері, балалар композиторы

Қазақстан Республикасы, Атырау облысының небір керемет мықтылары мен дүлділдерін дүниеге келтірген қасиетті Нарын өңірінің тумасы, білім саласының мықты білгірі, бүгінде еңбек ардагері, шоқтығы биік тұлға–Есет Жалмұханұлы Қаженбаев. Исатай ауданының Мыңтөбе ауылында дүниеге келіп, балалық шағы мен еңбек жолы осы өңірде басталған, Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтты география мамандығы бойынша үздік бітірген, мағыналы өмірінің 67 жылын ұстаздыққа арнаған Қаженбаев Есет ағамыздың биылғы жылы «Ағатай» баспасынан «Ұстаз ұлағаты» атты жаңа кітабы басылып шықты. Бірнеше бөлімнен тұратын кітапта өзінің ұстаз әкесі, отбасы, ағайынбауырлары, балық саласындағы республикадағы тұңғыш ғылым докторы Сырым інісі, әке жолын жалғаған ұрпақтары, өзі ұстаздық қызмет етіп, басшылық жасаған білім саласындағы қызметтес ұжымдары, араласқан еліміздің игі жақсылары мен жайсаң азаматтары жайында тамаша пікірлер айтылады. Кітапта автордың мұғалім шығармашылығы, бала тәрбиесі, оқу-тәрбие жұмысы, халықтық педагогика, мектептерге енгізілген ұлттық тәрбие бағдарламалары, каспий өңірінің табиғатының өзекті мәселелері, география пәнін оқыту әдістемесі жайында баспасөзде жарияланған мақалалары мен берген сұхбаттарына, білімді де, өнегелі ұрпақтарына, сағынышқа айналған сағымдай өмір белестерінен сыр шертетін фотосуреттерге де орын берілген. «Ұстаз ұлағаты» деп аталатын бұл кітапта әкелібалалы ұстаздардың елдегі жалпыға бірдей сауатсыздықты жою кезеңінен бастап міндетті орта білім алуға көшу кезіне дейінгі бір ғасырға жуық мерзімде аймақтың халқына білім берудегі тер төгіп атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері кезеңдер бойынша баяндалып, ол жұмыстарға замандастарының, әріптестері мен шәкірттерінің

көзқарастары мен беретін бағалары, әр кезеңдегі жазылған естеліктері мен құттықтау хаттары арқылы жеткізілген. Ұстаздар еңбегіндегі өзара үндестік пен сабақтастық, әке аманатына адалдық ерекше әсер қалдырады. Есет ағамыздың әкесі Қаженбай Жалмұқанов бар өмірін бала тәрбиесіне арнаған Нарын құмының шалғай өңіріндегі Айбас ауылынан алғаш бастауыш мектеп ашқан ұстаз. «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі мен «Құрмет белгісі» орденінің иегері, бірнеше дүркін оқу министрлігінің, атқару комитеттерінің мақтау грамоталарымен марапатталған. Ол кісі ашқан білім мен имандылықтың орны халық аузында «Қаженбай мектебі» деп аталып кеткен. Аталған мектеп түлектері облысымызда, республикамызда ғылым докторлары атанып, басшылық қызметте болған азаматтар болса, Есет Қаженбайұлының да бірнеше шәкірттері облыс, республикаға белгілі жауапты, абыройлы қызметтерде жүрген азаматтар екендігі кітапта жақсы баяндалған. Жағырыда аты аталған еңбекті жазған Қаженбаев Есет ағамыз жиырмадан астам оқулық пен әдістемелік құралдардың,«Атырау облысы географиясы» оқулығының авторы,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, ауылдық, селолық кеңестерде халық қалаулысы, үш дүркін қалалық кеңес депутаты болған. Есет ағамыздың ұрпаққа өнеге болатын ұзақ жылғы еңбегі мемлекет пен үкімет тарапынан үлкен қолдау тауып,түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болды. Олар атап айтсақ:«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері мен 1945 ж. ҰОС жеңісінің 60, 65 ж, ХШЖК (ВДНХ) медальдарымен, Оқу министрі, облыс әкімінің Құрмет Грамотасы,Алғыс хаттарымен марапатталуы, Қазақ ССР-ы білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері болып, Исатай ауданының Құрметті азаматы атануы. Есет Қаженбайұлы ағамыз бүгінде айтары мол, аузы дуалы, отбасы мен ұрпақтары қызығына бөленіп,

67


мағыналы да, әдемі қарттықта өмір сүріп отырған, батагөй қария, құрметті абыз атамыз деп ауыз толтырып айтатын ел сыйлысы. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұжымы атынан Есет ағамызбен Жаңыл апамызға отбасы амандығы мен мықты денсаулық, ұрпақтар

ЖАСТАР

Т

қызығына бөлене берулеріне тілектестік білдіріп, ұстаз мәртебесін көтеріп, кітап етіп жазған ұлағатты еңбегіңіз құтты болсын демекпіз! Пайдаланған әдебиеттер: 1.Е.Қаженбаев «Ұстаз ұлағаты»-«Ағатай» баспасы. Атырау қаласы, 2014 жыл. 2-4 беттер, 15-бет. 2.«Атырау» облыстық қоғамдық-саяси газеті. № 124. 30 қазан, 2014 жыл. 6-бет.

ҒА Қ Ұ НДЫ ТТЕРДІ ДАРЫТАТЫН Қ АСИЕ БОЛАША ӘРБИЕ ЕРУ ЖОЛДАРЫ СІ МЕН БІЛІМ Б БазарғалиевҒ.Б.

Қ Ұ СТАЗДАРДЫҢ

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушысы

Аннотация В данной статье рассматриваются проблемы, касающиеся воспитания и обучения будущих педагогов. Особый акцент сделан на их готовности развивать ценностные ориентиры у молодежи третьего тысячелетия Қоғам өмірінің жаңарып-жаңғыруы, демократиялық өзгерістерге бет бұруы педагог кадрлар даярлығының маңызды міндеті ретінде жеткіншектерге тәрбие мен білім беру процесін халқымыздың рухани-мәдени мұраларымен, өмірлік бай тәжірибесімен тығыз байланыста ұйымдастырып, ұштастыра жүргізуде қажеттілік туындайды. Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қоғам талабы–заман талабы, өйткені «Әр адам өз заманының баласы»,сол себептен адамды заман билейді, заманына сай заңдылық та туындайды. Жас адамды есті,саналы,сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы.«Ес түзелмей, ел түзелмейді»,олай болса, егеменді еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып оқу тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. «Тәрбие адам тағдырын шешетін ұлы іс» демекші білім беру мен тәлімтәрбиенің бірлігіне негізделген бұл негізгі маңызды міндетті жүзеге асыру-әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы [4, 75]. Қазіргі қоғам талабы-өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың мәдениетіне,салтдәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адамды қалыптастыру.Ол үшін бүгінгі студент-ертеңгі маман,ескінің көзіндей,жаңаның өзіндей болып,дүниежүзілік мәдениетті танитын төл мәдениетін сыйлайтын, оны таныта, сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы шарт.Ендеше, өркенді істерімізді, ертеңімізді жалғастыратын, жерін, халқын жанымен сүйетін адал патриотты тәрбиелеу құзыры ұстаздарға жүктеліп отырғанын неге мақтаныш етпеске! Әрине, жаңа дәуір, тағдырымыз тап келген

68

үшінші мыңжылдықтың жастарына құнды қасиеттерді дарыту оңай іс емес. Бұл ұстаздар қауымына зор жауапкершілікті рухани ізгі қарым–қатынасты т.б. өз бойынан аса құнды қасиеттердің табылуын талап етеді. Сол себептен, ең алдымен жаңа ғасыр азаматтарын тәрбиелейтін болашақ ұстаздардың тәрбиесі мен білім беру ісіне қажетті көңіл аударған жөн. Бала тұлғасының даму және адамгершілік-рухани тәрбиесі мәселесіне деген қазіргі кездегі жобаланған жаңа қатынас негізінен тәрбиедегі тенденциялылыққа, формализмге және моралділікке қарсы бағытталған. Педагогика теориялары және әдістемелік жоспарлар бізді тәрбиенің мақсаты мен жоғары мотивтерге бағыттағанмен де, тәжірибеде бұл мақсаттардың ойдағыдай іске асуы өте сирек кездеседі. Мұғалім–ол адамзат мәдениетінің әлемімен қатынас орнату арқылы басқа адамдардың тұлғасының даму жағдайларына, мінезіне және перспективасынан өзіне жауапкершілікті қабылдайтын ерекше кәсіптік рөл. Бұл кәсіптік рөл адамның адамға деген әмбебеп қарым–қатынасты сипаттайды,басқа адамдардың тұлғалық мәні, құндылықтар мен көзқарастар жүйесіне өзі енгізетін өзгерістерге жауапкершілікті анықтайды.Бұл міндеттерді шешудің принципиалды шарттары мұғалімнің ата–аналармен, оқытушы мен оқушы арасында қарым–қатынастың ерекше бір формасын ұйымдастыру іскерлігіне негізделетін сияқты.Осы қарым–қатынас типінің негізгі сипатын оның кезеңдері ретінде де белгілеуге болады. Әрбір кезеңдерде сыртқы және ішкі мақсаттардың динамикасын белгілеуге болады.Ең басты бірінші кезең–ата–аналарға баланың жағдайларын белгілеуге болады.Ата–аналарға баланың жағымды бейнесін жеткізу,осыған орай әубастан тәрбиеші мен ата– аналар арасында болашақ ынтымаққа бағытталған мейірімді қарым-қатынас қалыптасады. Екінші кезең – ата–аналарға тілдесуде, ойында, тұрмыс балаға бере алатын білімді жеткізу.Үшінші кезеңде мұғалім атааналармен баланы тәрбиелеуде отбасы мәселелерімен таныса алатындай диалог құра білуі керек. Онда атап өтетін жағдай–диалогта мұғалім позициясы


«бағалаушылық» емес, партнерлық (тең деңгейдегі қарым–қатынас).Төртінші кезең–баланы бірігіп зерттеу және адамгершілік-рухани тұлғасын қалыптастыру. Ата–аналармен мұғалімнің мұндай мазмұнды эмоцияға толы,іс-әрекетті жанама қарым– қатынасының басты нәтижесі–балаға «жеткізілетін» өздерінің ұстанымдарын түзетуге бағытталған дайындық түріндегі ата–аналардың белсенді позициясы болу керек. Жоғырыда аталған сыртқы және ішкі мақсаттардың динамикасы сенімді іскерлі байланысты ұйымдастыруда мынандай:бірінші кезеңде «акценттерді ауыстыру» сыртқы мақсат болып табылады,ал ішкісі ата–аналармен сенімді қарым– қатынас орнату.Төртінші кезеңде сыртқы және ішкі мақсатта ұқсас болып келеді.Бұл өзінің стереотиптерін қайта құру негізінде бала тұлғасының руханилығы мен адамгершілігін бірігіп зерттеу. Өкінішке орай білім беру жүйесінде тек білім, іскерлік дағдыларымен қаруландыру, аялау және бұйыру,бақылау инстанциялар талаптарын қанағаттандыру мақсатын көздеген қарым– қатынастың негізінен оқу–тәртіптік моделі қалыптасқан.Мұндай қалыптасып келе жатқан тұлғаға біркелкі трафаретті ықпалдан айырылу үшін де, бала мен ересектердің өзара әрекеттесуін іскерлікпен қалыптастыруға бағытталған болашақ мұғалімдерді даярлауда альтернатива ұсынылуда. Оның мақсаты: -Психологиялық қорғаныс сезімін, өмір сүру қуанышын, әлемге сенімін қамтамасыз ету; -өзіндік мәдениет базисін қалыптастыру; -баланың даралығын дамыту. Мұндай модель қарым-қатынас барысында олардың байқалатын даму мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі, бала өмірі мен денсаулығына қауіп тудырмайтын және адамгершілік нормалардың қайшы келмейтіндей барлығын шешіп қарастырады, «бағдарламалауды» жояды,тұлғаның дамуына әрекеттеседі,өзіндік логиканы анықтау мөлшері бойында динамикалық түрде жобалайды. Мұндай қатынас педагогтың тұлғалық позициясын түзетеді және анықтайды, яғни бала қызығушылығынан, оның әрі қарай даму перспективаларынан негізделу және балаларға деген манипуляторлық қатынасты жою. Бала интеллектісі әлеуметтік белсенділікке қосылуы керек. Бала тұлғасының адам адамгершілік–рухани дамуы шарты ретінде мұғалімнің өзіндік өзгеруі, өздігінен жетілуі әр түрлі өзгерістерді оқушының құндылық бағыттары жүйесінде және мінез–құлқындағы позитивті өзгерістерді тудырады. Мұндай қатынастың мән–мағынасын анықтау үшін ересектерге тән баланы билеу сенімінен айыру қажет. Әлемді эстетикалық және адамгершілікті меңгеру негізінде жатқан өзінің өмірімен байланысын және тұтастығын ойлау балаға тән екендігін алға ұстау. Мұғалім баламен және оның ата–аналарымен тек тұлғалық қатынасты орнату негізінде әлеуметтік позицияларды анықтап алады.

Осы міндеттерді шешу үшін қабілетті, стресске тұрақты,шығармашыл, әрқашан өзін бағалауы арқылы өз кемшіліктері мен құмарлығын жеңе алатын педагог қажет,ал бұл өз кезегінде–педагогикалық әрекеттерден құралатын негіз. Қай маман иесі болсын,әлеуметтік–экономикалық жағдайына қарамастан, педагогикалық қызметті қаласа да, қаламаса да араласатыны хақ. Тіпті бірге жұмыс істеген адамдарға ықпал ете алса,оның өзі тәрбиелік мәнге ие.Сондықтан кімде–кім болсын тәрбиелік қателіктер жібермеуге алдын–ала дайын болуға саналы бойұсынғаны жөн. Балалардың қателіктері– ересектің жіберген кемшліктері.Егер бала көңілдегідей болмай шықса, бұған оны қорғаған тәрбиешілер кінәлі екенін саналы мойындамағанынша, адами құндылық тәрбиелері межелі нәтиже бермейді. Ендеше тәрбиені мақсатты да, мазмұнды ету үшін, мектепте педагогикалық жағдай жасалу керек.Ал, педагогикалық жағдай дегеніміз–оқушыны жақсы ой,жағымды мінез, пайдалы әрекеттерге жетелеп, ұмтылыс жасайтынына ықпал ететін педгогикалық шарт.Рухани–адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық шарттары рухани байлығы мен әлеуметтік ахуалын қамтиды. Мұны мектепте, отбасында оқушының ақыл–ойы, жүріс–тұрысы мен мінез–құлқына әсер ететін, оның бойындағы қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатын шынайы жағдайлар деуге болады.Яғни, туындаған жағдай жағымды болса, ол қауіп–қатер тудыруы мүмкін.Сондықтан мектеп рухани–адамгершілікті қасиет–құндылықты тәрбие беру барысында мұғалімдердің, ата–аналардың ықпалын арттыратын мынандай педагогикалық шарттарды белгілеп алуы тиіс:мотивациялық– мақсаттылық, ғылымиәдістемелік,әлеуметтік,тұлғалық, интеллектуалды– эмоциялық,танымдық– шығармашылық, ақпараттық. Бұл үшін, біріншіден, мұғалім рухани– адамгершілік тәрбиесіндегі алдына қоятын мақсатты анықтап алғаны ләзім.Педагогика ғылымының жүздеген жылдардан бергі тәжірибесіне сүйенсек, баланы рухани- адамгершілікті болуға тәрбиелеу өте қиын үрдіс.Себебі, қазіргі таңда рухани– адамгершілік қасиеттердің құндылығы төмендеп, озбырлық, арсыздық, ұятсыздық, көргенсіздік, мейірімсіздік, қатыгездік белең алып, осындай мінезі бар адамдардың жағдайы, керісінше ұяты бар адамдарға қарағанда тәуір секілді болып көрінеді. Бірақ,сырттан қарағанда, олардың жағдайы жақсы болғанымен,әлемді ұстап тұрған жақсылық пен жақсы адамдардың арқасында екенін олар іштей мойындайды. Адамның адамгершілік түйсігі–оның эмоциялық танымы мен мінезіне де байланысты болатын күрделі құбылыс. Адамгершілік қасиеттер басқа да қоғамдық таным түрлерімен байланысты болады. Ол әсіресе, құқықпен тығыз байланысты. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың өзін-өзі дұрыс ұстауын қамтамасыз етеді.Яғни, қазіргі уақытта рухани-адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мақсатында түрлі

69


педагогикалық теориялар мен шарттар қалыптасып отыр. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің екінші шарты–біртұтас педагогикалық үрдіс ретінде танымдық,жастық қарым-қатынасқа қарай, нормаларға сай жүзеге асырылуы керек. Өйткені адамның танымындағы тұлғаның ар-ожданы, сезімі, жігері,дағдысы,әдеті,қоғамдық бағалы мінезінің қалыптасуы біртұтас педагогикалық үрдістің нәтижесі болып табылады. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің үшінші шарты: эмоциялық сезімдер,уайым,шынайы адамгершілік қатынастар мен олардың бір-бірімен байланысы және барлық адамгершілік сезімдердің тұтас түсінігі. Рухани-адамгершілік нормалары баланың сезімдік қабылдауының субъектілік ынтасына байланысты қалыптасады.Ал, адамдық сезім рухани адамгершіліктің қалыптасуына әсер ететінжүйелілік бастау мәнге және бұл ұғым адамгершілік шарттарына бағынышты болады. Педагогтың балалардың субъективті адамгершілігін көрсететін адамдық әлемін білуі– төртінші шарт. Осының барлығы рухани– адамгершілік тәрбиені терең түсінуге көмектеседі. Сыртқы және ішкі қарама-қайшылықты игеру адамдық қасиетті тұлғаның қалыптасуына әсер етеді. Педагогикалық үрдістегі рухани–адамгершілік тәрбиенің бала рөліндегі қарама–қайшылықтарды, сұрақтарды, мәселелерді шешуде маңызы зор. Рухани–адамгершілік тәрбиенің нәтижесі–бесінші шарты. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары қарым–қатынастарында қалыптасады. Рухани–адамгершілік тәрбие-дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары.Бұл ұжымдағы қарым–қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Алтыншыдан,рухани–адамгершілік тәрбие жөнінде сөз еткенде баланың ерік–жігеріне,өзін-өзі бақылаушы жүйенің болуына да мән беріледі.Ол оның белсенді өмірінде,сөз бен іс бірлігінде,өмірдің қиын тұстарында өз тұжырымына адал қалуына әсер етеді. Жетіншіден,рухани–адамгершілік тәрбиесінде баланың өзін-өзі тәрбиелеуі мен өзіндікіс-әрекеті болса, онда ол жақсы көмек болады. Дамудың қайнар көзі қарама-қайшылықтырдан тұрады. Демек, баланың дамуы күрделі үрдіс. Бұған негізінен үш фактор әсер етеді: тұқым қуалаушылық, тұқым, тәрбие. Жеке адамның қалыптасуында, әсіресе әлеуметтік ортаның әсері зор екені көптеген ғалымдар тарапынан зерттелген.Мысалы,Г.Меңлібекова,З.Кенесарина және т.б. қарастырған.

ЖА ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫ

Өмірде жас ұрпақты «көше тәрбиелейді», «ортаның тәрбиесі» және т.б. түсініктер жиі қолданылады.Демек,әлеуметтік жағдайлардан туындаған мәселелер бүгінгі сұраныстарды қанағаттандыруға көздейді. Ал, адам табиғаттың бір бөлшегі және ол қоғамнан тыс өмір сүрмейді,бүкіл кеңістіктен бастап қоршаған нәрселердің барлығы: болмыс,дүние оның қалыптасуына өзіндік тұрғыдан ықпал етті.Осы тұрғыдан алғанда, мұғалімнің жеке басына қойлатын талап, ең алдымен, оның адам ретіндегі сапасының жоғары болуына келіп тіреледі.Ал оны,әрине болашақ мұғалімдерді даярлауда жетілдіріп отыру қажет. Әрине, бұл өте күрделі үрдіс.Ол шартты түрде мынадай бөліктерден тұрады: -мұғалімдердің әлеуметтік-жүйелілік жоғары сапалары, саяси сауаттылығы, демек азаматтық болмысы, ұлтжандылығы және т.б. ізгі қасиеттері; -олардың құндылық дүниесі, құндылық бағдарлары сипатталатын рухани-адамгершілік сапасы; -олардың психикалық даму деңгейі; -интеллектуалдық даму мен ойлау сапасы; -өз білімін оқушы жүрегіне еркін ұялата аларлықтай әдіскерлік шеберлігі . Шәкірттер өз ұстаздарының жүріс-тұрысына, мінез-құлқына,іс-әрекетіне, дүниетану көзқарастарына еліктемей тұра алмайды.Ұлы орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай:«Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, ешбір орынның жасанды әрекеті де оның орнынбаса алмайды» [1,72]. Бұл туралы француз жазушысы әрі ойшылы Антуан де Сент-Экзюпери де «Әлемде сезімін оятуға ешкім жәрдемдеспеген көп адам бар.Адамның адамгершілік негізін ояту,ең алдымен мұғалімдерге жүктеледі. Мұның өзі үлкен тәрбиелік мәселе» деп бекер айтпаған [2,103]. Сондықтан,ертеңгі ел иелерінің, жеткіншектердің рухани байлығын яғни қоғамымыздың жалпы гуманизациясын қалыптастыратын білімді,рухани байлығы мен мәдениеті жоғары, адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез-құлқы қалыптасқан болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесіне ерекше көңіл аударған жөн. Әдебиеттер: 1.Өтебаева Ә.Рухани- адамгершілікке тәрбиелеу// Қазақстан мектебі, 2006, №10, -70б. 2.Иржасова Ж.С.Новый подход к проблеме духовнонравственного воспитания и развития личности ребенка в системе профессиональной подготовки учителя // Образавание, 2006, №2(26). –С. 101 3.Сманов Э.,Тлеуова С. Болашақ ұстаздардың құндылық бағдар жүйесін қалыптастырудың мәні мен мазмұны/Ұлт тағылымы, 2003, №2. -7б

ҢА ТҰ РПАТТЫ Ұ СТА Қ БІЛІМ МЕН ТӘ Рахметова Н.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты

70


Аннотация В статье рассматриваются проблемы организации и усовершенствования национального воспитания в казахских школах. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі идеялары туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан– 2050» стратегиясында былай деп жазылған: «Ол ұрпақ тәрбиесіне дана болады:оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарастың дамуына қамқор жасайды.Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып,қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.Олар күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болды.[1] Ал ҚР «Білім туралы заңында» білім беру жүйесінің міндеттері:азаматтық пен елжандылықты, өз Отаны-Қазақ Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге,әлемдік және республикадағы басқа халықтардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру» деп айрықша атап көрсетілген.[2] ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой-пікірдің дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың еңбектерінде қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушыларға ұлттық-тәрбие беру, басқа да көптеген проблемалары нақты қойылып,оларды шешу жолдары көрсетілген. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі» атты еңбегінде:«Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды.Ол мүмкіндікті тудырғандар «алаштың» ардақты азаматтары еді»-деп, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың, Ж.Аймауытовтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың тарихта алатын орнына әділ баға берді. [4] Қазақ халқының ұлы ағартушы-педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері өз еңбектері арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына теориялық алғы шарттар жасады. Олар бүкіл қазақ халқына ұлттық тәрбие беру,ол үшін қазақтың ұлттық мектебін жасау,ол мектептегі ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері мен құралдары және нәтижесін негіздеді.Сол арқылы олар ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағын ойлап оның мектебінің ұлттық болуы,қазақ тілінің тазалығын,мектептегі білім мазмұнының қазақ

халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық рухымен бірлікте болуын дәлелдеді. [3] Этнопедагогикалық білім деп этнопедагогика ғылымының теориялық негіздерін айтамыз. Ал этнопедагогикалық білім беру– болашақ мұғалімдерге сол білімдерді жүйелі меңгерту арқылы олардың этнопедагогикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру процесі,нәтижесінде олардың оқушыларға ұлттық тәрбие беруге даяр болуы. Болашақ мұғалімдерге этнопедагогикалық білім берудің міндеті–оларды ұлтжанды ұстаз етіп даярлау, яғни олардың ұлттық мінез-құлқын, ұлттық санасы мен намысын және ұлттық дүниетанымын өз халқының тілі, тарихы, мәдениеті мен салт-дәстүрлері арқылы біртұтас етіп қалыптастыру.[5] Мысалы,Х.Досмұхамедов қазақ ұлттық мектебінің мақсаты:«... жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге ұлттық тәрбиені қоса беру»; Ж.Аймауытов:«Тәрбиенің негізгі мақсаты–мінезді түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу»;қазақ ұлттық мектебінің міндеттерін М.Жұмабаев:«Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында,өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан,тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті»; ал М.Дулатов: «... балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухын сіңіріп, ана тілін үйретіп шығару»; қазақтың ұлттық мектебінде білім беру мазмұнын А.Байтұрсынов: «Оқу,жазу,дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, есеп, шаруа-кәсіп, қолөнері, жағрафия, жаратылыс»; Ж.Аймауытов: «Әдебиетті, тарихты және географияны біріктіріп, яғни интеграциялап «Біздің Отан» деген атпен оқыту қажет»; М.Дулатов:«... оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан Һәм табиғаттан жазылуы»; ұлттық тәрбиенің нәтижесін М.Дулатов:«...алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сенімді болуы...Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де,сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды, ... қайда болса да тіршілігінде, қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады ...»;ал мұғалімнің ұлтжанды және білімді болуы туралы М.Жұмабаев: «... әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс» десе, А.Байтұрсынов:«... ең әуелі мектепке керегі– білімді, педагогика, методикадан хабардар оқыта білетін мұғалім», Ж.Аймауытов:«Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек» деген /7: 44, 97, 152 беттер/. Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрлермен сабақтастыра тәрбиелеу–қазіргі күннің ең өзекті мәселесі. Қазақ халқының халықтық педагогикасы жаңаша дәстүрлермен,тамаша салт-саналармен дами береді. Ал,ұлттық тәрбие алған ұрпақ дені сау,білімді, ақылды,адамгершілігі мол,иманжүзді, сұлу да

71


сымбатты, халқын, туған жерін, туған елін, табиғатын сүйетін ұлтжанды, ата-бабаның арман еткен, жанжақты азамат болып өседі. Республикамыз егемендігін алғаннан бастап этнопедагогика мәселелері педагогтер қауымының назарын өзіне аудара бастады. Қазір әлемдік аралас-құралас күшейіп,жаһандану үрдісі қарқын алған сайын дүние жүзі халықтары өздерінің ұлттық төлтумалығын сақтап қалуға, отаншылдық сезімдерін шыңдай түсуге айрықша көңіл бөлуде.Әсіресе, білім беру жүйесінде этнопедагогика (халықтық педагогика) атау-ұғым ретінде ғана емес, білім беру мен тәрбиенің өзекті ұстанымына айналуда. Жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыру мәселесі соңғы екі-үш жылда республикамыздың педагогикалық оқу орындарында өзекті мәселе ретінде белсенді зерттеу нысанасына айналды. Жаңа тұрпатты мұғалім даярлау мәселесі көптеген тың мәселелерді шешуді талап етуде. Қай заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Қазақстан Республикасының болашақ ұрпақтарының сана-сезімін ұлттық сабақтастыра тәрбиелеу–қазіргі күннің ең өзекті мәселесі. Олай болатын себебі, 70 жылдан аса уақыт Кеңес Одағының құрамында болған халықтардың санасына жалпы адамзаттың абстрактілі мінез-құлық ережелері барынша сіңірілді де,ұлттар менұлыстардың өзіне тән этнопедагогикалық, этнопсихолгиялқ ерекшеліктері мен қасиеттері еске алынбады. Осының нәтижесінде өсіп келе жатқан жас ұрпақ өзінің ана тілінен, ұлттық мақтаныш сезімінен ажырап, өзінің ұлт мәдениетінің жасаушысы екендігін ұмыта бастады. Мәселен,бұрынғы оқулықтар мен бағдарламаларда ұлттардың өзіне сай ерекшеліктері ескерілмей, оқыту мен тәрбие үрдісі орталықтан басқарылды. Соның нәтижесінде ұлттық сана мен мәдени құндылықтарға нұқсан келтірілді, өз ана тілін ұмытқан ұрпақ пайда болды. Бүгін оның орнын толтыру оңай шаруа емес. Сондықтан да жаңа заман ұстазы Абайдың, Ыбырайдың,Шоқанның, т.б. Қазақ зиялыларының педагогикасын оқып,үйреніп заманға лайық «этнопедагогика» ғылыми негіздерін меңгеруі тиіс. Республикамызда тәлім-тәрбие беру саласында зерттеу жұмысымен айналысатын ғалымдарымыз халықтың ата-баба мұрасының баға жетпес рухани байлықтары:тілі,діні,тарихы, әдебиеті, табиғи ортасы, шаруашылық ұйымдастыру мен күнкөрінісіне байланысты қалыптасқан ұлттық қолөнер инабаттылығы мен имандылығы, ізгілігі мен адамгершілігі, ұлттың бүкіл болмыс-бітімі бүгінгі таңда қазақ балабақшалары мен мектептеріндегі білім мен тәлім-тәрбие мазмұнынан берік орын алуы тиіс екенін баса айтып та, жазып та жүр. «Білім туралы» Заңда ашып көрсетілгендей, «Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалықфизолологиялық және жеке ерекшеліктерді ескере отырып,халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі,...білім берудің ізгілікті және дамытушы

72

сипаты», т.с.с. талаптарға қазіргі қазақ мектебі сай ма, жоқ па? Қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы кейбір келеңсіздіктер,дене шымырлататын,жан түршіктіретін оқиғалар (бірін-бірі аяусыз соғу,суық қару пайдалану, топ-топ болып төбелесу т.б) сөз жоқ, тәлім-тәрбие беру үрдісінің қандай олқылығының салдары екен? деген ой туғызары даусыз. Қазір де қоғам тұрмыс тіршілігінде түрлі өзгерістер болып жатыр,жастардың сана-сезімінде ұлттық рух,салт-дәстүр,әдет-ғұрыптан гөрі батыс шетелдік тіршілік идеологиясы басым.Әрине, осындай келеңсіз көріністер одан әрі қарай дами беретін болса,болашағымыздың көкжиегі бұлыңғырлана түспек.Сондықтан тек мектеп мұғалімдері ғана емес, барлық ата-ана, бала-бақша тәрбиешілері «баланы бастан» демекші, ұлттық дүниетанымды қалыптастырудаіргелі істер атқару қажеттілігі туып тұр. Ал бұл істерді атқаратын арна-мектеп.Мектеп оқулықтарын жазғанда ерекше маңызды бір жайт ескерілмей келеді. Ол жаңа буын оқулықтарын жасауда оқушылардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастырудың ұлан-ғайыр мүмкіндіктерінің өз деңгейінде ашылмай отырғаны.Мәселен, математика,ағылшын т.б оқулықтарында Қазақстанның тарихи қалаларының аттары, немесе қазақтың ұлттық ойындары, ұлттық тәрбие беретін мәтіндер көбірек енгізілсе;оқушылар мектептен келген соң, көбінесе бос уақытын телехикаялар көрумен өткізеді, осы орайда балаларға арналған ұлттық арналар ашылса;онда қазақ халқының тарихынан, халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі немесе ислам дініне байланысты мультфильмдер, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қызықты сайыстар мен байқаулар,пән бойынша бағдарламалар, интеллектуалды ойындар көрсетілсе, балалардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыруда нұр үстіне нұр болмақ. Тағы бір мектеп өміріндегі шешімін таппай келе жатқан проблеманың бірі–мектеп формасы. Республика мектептеріндегі оқушылар сабаққа әр түрлі киім киіп келуде.Бұл мәселе газет беттерінде жиі көтеріліп жүр. Мектеп форма үлгілерін жобалағанда сән бағыты, түсімен қоса қазақ халқының ұлттық ерекшелігін ескерген жөн деп ойлаймын. Мұғалім—біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман.Өйткені ел болашағының кілті–бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші–ұстаздардың қолында. Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады.Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге,ең бастысы–оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”. Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа тұрпатты мұғалімқалыптастыру,ол–педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған,әлеуметтік жағынан жетілген шығармашылық тұлға,білікті


маман.Еліміздің мақсаты да өзін-өзі дамытуға және өзін барынша көрсетуге қабілетті жоғары сауатты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады. Қазақ мектептерінде этнопедагогикалық тәрбие аз, этнографиялық тәрбиенің өзі шашу, бесікке салу, той жасау, Наурыз мерекесін тойлаудан әрі аспайды деген пікірлер айтылып жүргені де рас. Демек, қазақ мектептерінде ұлттық салт-дәстүр насихатталып жатыр. «Атамекен» бағдарламасы осы этнографиялық жұмыстарға негізделген.Бүгінгі таңда қазақ мектептеріне шын мәнінде“этнопедагогикалық тәрбие” қажет. Демек, жаңа тұрпатты мұғалім қалыптастыруда оқу-тәрбие процесінде қолданатын этнопедагогикалық мағлұматтардан іріктеліп алынған белгілі критерийлерге сүйенуді ұсынамыз: -Этнопедагогикалық материалдардың белгілі оқу пәніне еңгізілу мүмкіндігі.Этнопедагогикалық материалдардың мазмұны оқу пәнінің құрамымен табиғи байланыста болуы; -Этнопедагогикалық мәліметтің сабақ мазмұнының тиімділігіне ықпалы:тиімділігін арттырып, оқушылардың ақыл-ойын,эстетикалық әсерлерін дамытуы; -Этнопедагогикалық мәліметті пайдалануда жүйелілік, сабақтастық принциптерінің сақталуы: жеңілденқиынға қарай ауысуы; -Ұсынылған этнопедагогикалық мәліметтер мазмұнының мектептің бүгінгі таңдағы міндеттеріне сәйкестігі. Әсіресе, «ұлттық» және «жалпы адамзаттық» мәселелерге байланысты мағлұматтарды диалектикалық сәйкестік тұрғысынан қарастыруы; -Дәстүрлі педагогикалық мәдениет саласындағы мағлұматтардың оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі, олардың танымдық және шығармашылық мүмкіндіктерін ескеруі; -Мұғалім оқушылардың қажеттілігін, білім деңгейің, жаңа мазмұнды меңгеру мүмкіндіктерін ескеруі. Ол үшін мазмұн оқушыларға түсінікті, олардың білім мен тәжірибесіне негізделген, белсенділік әрекетке бағытталған жаңа мағлұматтарға бай болуы, эмоциялық әсерлілігі болуы керек. Мұғалім осы критерийлерді меңгеріп, этнопедагогикалық теория мен практиканы ұштастыра алатындай мүмкіншілікте болса, олардың болашақтағы этнопедагогика деңгейлері бүгінгі күннің жеткіншектері үшін қолайлы. Болашақ мамандар теорияны практикамен ұштастыруда “үздіксіз практика”, “кәсіби практика” тәжірибелерінде, құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақтар жобаларын дәстүрлі емес сабақ түрлерін дайындап өткізу, этнопедагогиканың тақырыптарын үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша сынып сабақтары циклін ұйымдастыру, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу әдістемелері жайлы

бірізділікпен баяндаудың болашақ кәсіпкер мұғалімді этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше және ол жүзеге асырылуда. Педагогикалық практика–болашақ пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерін даярлаудың басты кезеңі.Олардың пән мұғалімдік және сынып жетекшілік қызметтерді орындай отырып, этнопедагогикадан алған білімдерін сабақтарда, сыныптан тыс жұмыстарда және ата-аналар арасында насихаттауға толық мүмкіндіктер бар.Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық құзыреттіліктерін қалыптастыруда жоғарыда аталып өтілген кәсіптік практикаларында аса жауапкершілікпен атқарылатын сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін тәрбиелік жұмыстар.Мектептегі берілетін тәрбиенің түрлері өз іс-әрекетіне қарай сыныпта мектепішілік және сыныптан тыс болып бөлінеді.Сыныптан тыс жұмыс деп сабақтан тыс уақытта арнайы ұйымдастырылытын шараларды айтады.Олар оқушылар алған білімдерін одан әрі тереңдетуге, іскерліктері мен дағдыларын дамытуға, өз қызығушылықтарын қанағаттандыру және дамыту, оқушылардың тиімді демалысына ықпал етеді. Сыныптан тыс жұмыстар–үйірмелерде, клубтарда, секцияларда жүзеге асырылады. Олар сабақтан тыс уақытта баланың қалауына қарай олардың жеке қабілеті мен ерекшеліктерін, қызығушықтарын ескере отырып арнайы топтарға бөлінеді.Соған байланысты балалардың ерекше қабілетін шығаруға өз ықпалын тигізетін үйірмелер, секциялар ұйымдастырылады. Олар:қолөнер,дене,мәдени-шығармашылық мәселелерін қамтиды.Ең негізгісі әр бала өз еркімен, өзі игере алатын өзінің ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын үйірмелерге баулынады.Аталған шаралардың нәтижесінде балалардың өмірге бейімделуі дұрыс жолға қойылады, олардың қоғамда өз орнын табуға ықпалы болады.[3] Болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерліктерін қалыптастыруда этнопедагогикалық білім берудің мақсаты-ұлттың сана-сезімін оятып,өз халқының тарихына,мәдениеті мен дәстүрлеріне біртұтас көзқарастарын дамыту алға қойылды. Ендеше жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыруда этнопедагогикалық білім беруді көздей отырып, мынадай проблемаларды шешуіміз керек: -қоршаған табиғи (экологиялық) ортаға бағалы көзқарасты қалыптастру; -өз халқының өткендегі тарихи ерлік оқиғаларына терең күйзелісі сезімін қалыптастыру; -этномәдени құндылықтарды қабылдауға деген мүмкінділікті дамыту; -этнопедагогика жөніндегі білімдерді, шеберліктер мен дағдыларды меңгеруге деген қызығуын дамыту; -ана тілді көркейту; -өз халқының дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын мейлінше игеру; -түркі заманалар мен халықтардың рухани құндылығын тану негізінде ұлтжандылық (патриотизм) пен ұлтаралық қарым-қатынастар мәдениетін қалыптастыру;

73


-мектепте этнопедагогика курсын ұйымдастыру; -оқушы жастардың этнопедагогикалық білімдерді меңгеруі; тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді орындауы. Әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру үшін жаңа тұрпатты ұстаз тұлғасын қалыптастыруда болашақ мамандарды ұлттық рухта тәрбиелеу қажеттігі туындайды. Әдебиеттер:

1.О.С.Сәлімбаев,М.У.Айтекбаева «Мектептегі этнопедагогикалық тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру жолдары». 2.Бөлеев Қ.«Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау»–Алматы: Нұрлы Әлем, 2011 жыл. 3.Қазақстан мектебі. №7, 2014 жыл. 4.Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы.// Құрастырғандар:Қ.Жарықбаев,С.Қалиев.–Алматы: Рауан, 1994 жыл.

 Инклюзивті білім беру  М Ж

ҮМК БАЛАЛАРМЕН ІНДІГІ Ш ЕКТ Т ЕУЛІ -ДАМЫТА ҮЗЕТЕ Т ӘРБИЕЛЕУ ҰМЫСЫН ЖҮ РГІЗЕТІН Д ЕФЕКТОЛОГ-ЛОГОПЕД МАМАНДАРДЫ Ң К ӘСІБИ Қ Ұ ЗЫРЕТТІЛІГІ Шилденова Т.К.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Білім мен ақпарат үстемдік кұрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика кай салада болса да, бүгінгі маманның кұзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін,өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Елбасы Н.Э. Назарбаев өзінің өткен жылғы Жолдауында алдағы он жылдың міндеттерін саралап көрсетіп, соның ішінде осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауға,жаңа технологияларды, идеялармен көзқарастарды пайдалануға қатысты ойларын айтқан.Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалык қоғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Заман талабы педагог-дефектолог мамандардың құзыреттілік салаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр. Білім-қоғамды әлеуметгік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты-педагогдефектологтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады.Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог-дефектолог мамандардан аса жоғары кәсіби құзыреттілік талап етіледі. Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар-«пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда,

74

«пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыретгілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық-коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін баскару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады. Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді. Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті білім берудің практикасы мен теориясының дәстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзыретті болу мен құзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретінде ахуалы.Немесе құзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін қарымқатынас, педагог-дефектологтың еңбек нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау қажет. Мұның мағынасы педагог-дефектолог мамандар өз әрекеті мен орындаған жұмысы кәсіби іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби құзыретті болып саналады.


Бүгінгі таңда біздің қоғамымызда жаңа типтегі арнайы білім өте қажетті.Себебі ол-европалық үлгіде қалыптасқан әлеуметтік саланы қайта өзгертудің маңызды құралдарының бірі. Бұл екі маңызды жағдаймен байланысты келісілген: -біріншіден,евроодақпен жақындасуға бағытталған әлеуметтік модернизациямен, -екіншіден, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін көрсетілетін қызметтердің саласын кеңейту. Қазіргі кезде «Инклюзивті білім» деп аталатын мүгедек балалар жөніндегі білім беруде мемлекеттік стратегиялық саясаты оларды жалпы білім беру саласына қосуды көздеп отыр. Қазіргі таңда психолого-педагогикалық және медико-әлеуметгік мәселелердің аса маңызды шеңберіне ерекше қажеттілігі бар балаларға көмек көрсетуді енгізу. Сондықтан да дефектологтар, психологтар, педагогтар мен дәрігерлер балалардың дамуына ерте жастан бастап көңіл бөлуге тиісті. Дәл осы кезең балалардың ойлау қабілетін, денесінің өсуіне, тілдік және сезімдік дамуына өте қажет. Бұл кезеңдегі шешілмеген мәселелер баланың одан кейінгі дамуына кері әсерін тигізеді. Жалпы арнайы қызмет көрсетуді қажет ететін түзету оқу мекемелеріндегі жұмыс істейтін мұғалімдер мына құзыреттіліктерді меңгеруге тиісті: -кәсіби сана-сезім, білімдарлық және ой өріс, этика мен дефектология жиынтығымен көрінетін дүниеге көзқарастар құзыретгілігі; -олигофренопедагогика, арнайы психология, логопедия тифлопедагогика, технология және кәсіпкерлік салаларында әрі арнайы, әрі психологиялық-педагогикалық білімдерді меңгеруден тұратын теориялық құзыреттілік; -кәсіби іскерлік пен дағдыны игерумен сипатталатын тәжірибелік құзыретгілік; -кәсіби міндеттерді, педагогикалық жағдайларды ерекше шешім қабылдауымен көрінетін шығармашылық құзыретгілік. Бүгінгі таңда ұлтгық арнайы білімді дамытуға негізделген стратегиясын ғылыми тұрғыда көру мына жағдайларды ескертуді қажет етеді: дағдарыстың эволюциялық сипаты, оның етуінің ұлттық социомәдени, экономикалық және саяси жағдайларының ерекшелігі, тәуелсіздік алудың қарсаңындағы арнайы білімнің мемлекеттік ұлттық жүйесінің жетістіктері мен өзіне тән ерекшеліктері. Қазіргі жағдайда арнайы білім жүйесінің эволюциялық дамуы үшін жүйені әртүрлі деңгейде жоспарлы және жүйелі түрде өзгерту қажет. Инклюзивті білім беру жағдайында және жеке адамның құзыреттілігінің негізін қалыптастыру үшін денсаулығын ескеруде арнайы тәсілдер мен әдістер пайдалану қажет. Барлық тәсілдер мен әдістерді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа сыныпта қолдануға болатын тәсілдер мен әдістерді қосамыз. Оған мынандай шараларды жатқызуға болады: сабақ кестесін бақылау; сынып оқушысының орташа оқу мүмкіндігімен сәйкес сабақтың қиындығын бақылау; сабақта қызметтің әр

алуан түрлері (бірсарындылықты шешу); шаршағанды болдырмау және ойлау қызметін арттыру үшін сабаққа дене шынықтыру минуттарын енгізу; әзіл-оспақ психотерапевтік тәсілдер арқылы жүйке-психикалық шиеленістің алдын алу; сыныпта психоэмоциялық жағдай жасау; Екінші топта қолданылатын тәсілдер мен әдістер. Бұған ақпарат оқу тапсырмалары мен бақылау әдістерін беру тәсілдерін жіктеуді жатқызуға болады. Ол жетекші моделдықпен, мидың функциялык асимметриясымен, ойлаудың түрімен, жүйке процестерінің күшімен және қозғалысымен, денсаулығының деңгейімен сәйкес болады. Үшінші жеке түрде қолданылатын тәсілдер мен әдістер. Оған баланың оқу мүмкіндігіне байланысты тапсырмалардың қиындығын жіктеу; оқу тәртібінің жеке стратегиясын жасау. Қазіргі кезде инклюзивті білім беру оның жетілуіне қиындық туғызатын әртүрлі факторлар кездеседі. Олар:кемтар балалардың ата-аналарының жалпы типтегі білім aлy мекемелерінде білім алуға дайын еместігі; қоғамдық көліктердің білім беру ортасының, байланыс құралдарының мүгедектерге бейімделмегендігі; мамандардың жетіспеушілігі және олардың кәсіби құзыреттілігінің төмендігі. Осы жағдайларды ескере отырып, мүгедек балалардың құқығын қалпына келтіру үшін басты үш саланың өзара тығыз қатынасын жөнге келтіру керек, яғни әлеуметгік қорғау, білім және жұмыспен қамтамасыз ету салалары. Қорыта келе айтқанда, түзету-білімділік және құқығын қалпына келтіру шараларының түпкі мақсаты-мүгедек балалардың әлеуметтік ортаға бейімделу, қоғамдық тиімді жұмыстармен айналысу және қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі. Ол үшін тек баламен ғана емес, оның жанұясымен де қажетті жұмыстарды жүргізу қажет. Баланың сөйлеуінің бұзылуына биологиялық, психологиялық факторлар, сондай-ақ қоршаған ортаның келеңсіз жағдайлары себепші болады. Сондықтан сөйлеуі бұзылған және тіл мүкістігі бар балалар тұйықталып, бойында толымсыздық кешені пайда болмас үшін, ата-ана тарапынан қолдау, мейірімділік, жылылық аса қажет. Қазіргі кезде экологиялық және психологиялық фактордың әсерінен сөйлеу қабілетінде ауытқуы бар және мүмкіндігі шектеулі балалар жылдан-жылға саны көбейіп келеді. Мұндай балаларға арналаған арнайы мектептер мен оқыту бағдарламалары жоқтың қасы. Бұл мәселе психиатр, логопед,невролог, психолог және т.б. мамандардың және қоғамның араласуымен шешілетін өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде ерте жастағы балалардың толыққанды дамуын, жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету медицина, білім беру және әлеуметтік қорғау салаларының басты назардағы мәселесі болып отыр. Себебі дәл осы ерте жастағы кезеңде баланың физиологиялық, психологиялық тұрғыдан және тұлға ретінде қалыптасуының алғы шарттары қаланады.

75


Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастағы көмек көрсетудің маңызын келесі факторлармен түсіндіруге болады: баланың дамуы белсенді динамикалық үдеріс, яғни дамуында кездесетін ауытқулар мен тежелістер арнайы жағдай жасау арқылы баланың орын толтыру мүмкіндігін жүзеге асырады;баланың орталық жүйке жүйесі өте бейімделгіш болғандықтан, олар жаңа ақпарат пен дағдыларды бойларына жылдам сіңіреді; өмірінің алғашқы жылдары бала ағзасының психикалық және моторлық қызметтері қаркынды дамиды. Осы факторлардың барлығы ерте жастағы кезеңнің дамыту мен түзетудегі маңызы зор екендігін дәлелдейді. Арнайы әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, сөйлеу тілінің дамуы тежелген ерте жастағы балалардың саны артып келе жатқандығын көреміз.Әсіресе тұрақты түрде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін балдырғандар арасына да сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде қалыптаспағандығы анық байқалады. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытгы түрде түзету, олардың жалпы дамуының да бірде бір шарты болып табылады және екінші кемістіктердің пайда болуының алдын алады. Сөйлеу тілі тежелген ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға едәуір үлес қосатын бағдарлама дайындау бүгінгі таңда көкейкесті мәселелердің бірі деп санаймыз. Соңғы кездері білім көлемінің ұлғаюы балалардың сөйлеу тілінің дамуына жоғары талап қояды. Балаларға алда күтіп тұрған күрделі мәселелерді шешуге көмектесу үшін сөйлеу тілінің дер кезінде және толыққанды қалыптасуының алдын-ала қамын жасау керек. Өйткені сөйлеу тілі арқылы ойлау дамиды, жеке басының қасиеттері қалыптасуга ықпал етеді. Ерте жастағы кезеңде ана тілін меңгерудің тілдік және ақыл-ой аспектілерінің өзара байланысын қарастырды, тіл мен сөйлеу тілі құбылыстарын түсіне білуді қалыптастыру қажеттілігін накты турде негіздеді. Бұл тұжырым сөйлеу тілін дамытуға қатысты барлық зерттеулердің тірегі болды. Ол байланыстырып сөйлеу тілі баланың ана тілін меңгерудегі барлық жетістіктерін өзіне жинайды деп белгіледі (дыбыстық жағын, сөздік қорын, грамматикалық құрылымын). «Кемтар балаларды элеуметтік және медициналықпедагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсету» ҚР Заңы 4 тармағын іске асыру мақсатында мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін кешенді көмек көрсету жағдайларын қамтамасыз ету жолында жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдары ашылған.Арнайы білім беру ұйымдарының жаңа түрлері:оңалту орталыктары (республикалық және облыс деңгейіндегі қалаларда), мектеп жанындағы логопедтік пунктер, психологиялық-педагогикалық түзету кабинетгері (аудан орталықтарында). Жаңа үлгідегі арнайы (түзету) ұйымдар қызметтері «Бала құқықтары туралы» БҰҰ Конвенциясына, ҚР «Білім туралы»,«ҚР баланың құқықтары туралы», «Кемтар балаларды әлеуметгік және медициналықпедагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»

76

Заңдарына және басқа да нормативтік кұқықтық құжаттарға сәйкес және осы ережелер негізінде жүзеге асырылады. Оңалту орталығының қызметін ұйымдастыру тәртібі. Оңалту орталығы арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің бірі болып табылып және облыстың әкімдерінің шешімдерімен құрылады. Оңалту орталығының негізгі міндеттері: 1)сөйлеу тілінде, көру,есту,тірек-қозғалыс аппаратында бұзылуы, оқып-үйрену, қарым-қатынас жасау мен жүріс-тұрысында қиындықтары бар балалар мен жасөспірімдерге психологиялық түзеу мен оңалту түрінде кешенді психологиялык-медициналықпедагогикалық көмек көрсету; 2)дамуында, оқытуда, қарым-қатынас жасауда, жүрістұрысында проблемалары бар балалардың әр түрлі топтарына қатысты жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу; 3)мамандардың пәнаралық тобымен (командалық бағалау) балаға қатысты мәселелерді кешенді оқыпүйрену және баланың медициналық, психологиялық, түзету-педагогикалық көмекке деген мүмкіндігі мен қажеттілігін анықтау; 4)баланың дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жеке дамыту бағдарламасын әзірлеу және жасап шығару; 5)жеке, топтық сабақ түрінде түзете-дамыта оқытуды жүргізу; 6)отбасы жағдайында даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша атааналарға (занды өкілдерге) ақыл-кеңес беру және оқыту; 7)жалпы білім беру және арнайы (түзеу) білім беру мекемелерінің педагогтеріне мүмкіндіктері шектеулі балалардың психофизикалық күйінің ерекшеліктері мен даму мүмкіндіктері жайынан әдістемелік басшылық жасау және көмек беру. Оқыту мазмұны түзеу мекемелерінің білім беру стандарттарымен, оқу жоспарымен және оңалту орталығында түзеу көмегін алатын әрбір баланың мүмкіндігі мен қажеттілігі ескеріліп әзірленетін жеке дамыту бағдарламасымен анықталады. Сөйлеу функциясы адамның психикалық функциясының бірі болып табылады. Сөйлеу тілі дамуы үрдісінде танымдық әрекеттің жоғарғы формалары, ұғымдық ойлау әрекетіне қабілеттілік қалыптасады.Сөз мағынасы өздігінен жалпылау болып табылады және осымен байланысты тек сөйлеу бірлігін ғана емес, сонымен қатар ойлау бірлігін көрсетеді. Олар ұксас емес және бір-бірінен тәуелсіз түрде пайда болады. Бірақ баланың психикалық даму барысында күрделі сапалы жаңа бірлесу пайда болады, ол тілдік ойлау және сөйлеу-ойлау әрекеті. Сөйлеуі дамыған балада саналы, жоспарлы және реттелген мінез-құлық әрекеті болады.Тілдік қарымқатынас дамудың әр түрлі формаларының қалыптасуына жағымды әсер етіп, жалпы психикалық дамуды қамтамасыз етеді. Сөйлеу тілінің қандай да бір дәрежеде (тілдік бұзылыс сипатына қарай) бұзылуы баланың барлық


психикалық дамуына, іс-әрекетіне, тәртібіне әсерін тигізеді. Сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы баланың қоршаған орта шындығын тануы іске асатын әлеуметгік (негізінен тілдік) қатынастардың шектелуімен және сөйлеу мен ойлаудың тығыз өзара байланысымен шартталған таным әрекетінің жоғарғы деңгейлерінің қалыптасуына, ақыл-ой дамуына әсер етеді. Сөйлеу бұзылысы, тілдік қарым-қатынастың шектелуі баланың тұлгасының қалыптасуына кері ықпалын тигізеді, психикалық қабаттауларды, ерікжігер сферасының спецификалық ерекшеліктерін туғызуы мүмкін,ерік-жігер сферасының спецификалық ерекшеліктері туғызуы мүмкін, мінездің кері сипаттарының (ұялшақтық,ұяңдық, негативизим, т.с.с) дамуына әсер етуі мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларында кездесетін сөйлеу бұзылыстары оқытудың бастапқы кезеңдерде ана тілі грамматикасын және гуманитарлық пәндер бағдарламаларын меңгеруге бөгет болады. Сөйлеу тілі бұзылыстары себебінен баланың бастауыш мектеп бағдарламасын меңгере алмауы, ал күрделі жағдайларда оның жалпы мектепте оқуға

ДАМУ М

АР

мүмкіндігінің болмауы туралы сұрақтың туындау жағдайлары да кездеседі. Түзету жұмысының дұрыс ұйымдастырылуы мен өткізілуі кезінде логопедмұғалім бұндай балаларға оларда бар сөйлеу тілінің бұзылуларын жеңуге және өзге балалармен тең дәрежеде мектептік білімдерді меңгеруге. Соның нәтижесінде толыққанды, жан-жақты дамуға көмектеседі. Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу қабілетінің кеш басталуына байланысты, олардың сөйлеуін ауызша, сөз жүзінде емес тілдерімен үйрету керек.Мысалы: қимыл арқылы сөйлеу немесе белгілі бір дыбыс, үн арқылы үйрету дағдыны қалыптастырып қана қоймай, сөйлеуге де әсерін тигізеді. Баланың сөйлеу қабілетінің өрескел тежелуі даму мүмкіндігінің ауыр деңгейіндегі балаларға тән болуы себепті, оны өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыруды ескеру шарт. Ата-ана балаға айтқанын түсіндіру үшін үйдегі заттардың атын атау мен іс-қимылдарды көрсетуді тұрақты түрде жүргізе отырып, балаға сөзбен және көрнекі түрде жеткізу керек.Бұл әдіс айтылған сөздің накгы затпен байланысын түсінуге мүкіндік береді.

ҮМКІНДІГІ БАЛАЛАРДЫ ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ ТАПСЫРМАЛАРЫ ШЕКТЕУЛІ ҚЫЛЫ Т ЛЕТІН АРТТЫРУ АНЫМДЫҚ Қ АБІ Имашева Н.И. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы №22 орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш түзету сынып мұғалімі

Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие, сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. Осыған орай, мектебімізде әрбір мүмкіндігі шектеулі оқушының даму деңгейімен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамның көзқарасы өзгерген сайын оларды әлеуметке бейімдеудің көптеген түрлері қарастырылған.Дамуы тежелген балалардың танымдық дағдысын қалыптастыруға кеңістікті бағдарлауға, қоршаған орта туралы түсінігін нығайтуға, ұсақ маторикасын дамытуға әр түрлі жаттығулар қолдануға болады. Айта кететін маңызды мәселе, ол-әрбір мүмкіндігі шектеулі баланың танымдық қабілеттері әртүрлі. Осы мәселені ескере отырып, балаға үйретуде немесе тәрбиелеуде әрқашан олардың танымдық қабілеттеріне, ерекшеліктеріне, дене қозғалысы мен іс-әрекеттерінің мүмкіндігіне көңіл бөле отырып, жеке жоспар жасап, соған орай әртүлі түзете дамыту тапсырмаларын пайдалану керек.Әр оқушының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Әр оқушының эмоцияналдық және психикалық таным процестерінің даму деңгейі әр түрлі. Бүгінгі еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау негізінде жалпы білім беретін мектептерде түзете-дамыта оқыту сыныптары біртіндеп ашылуда. Біздің мектебімізде 2005-2006 оқу жылынан бастап осындай сыныптар

жұмыс жасайды. Мектебімізде даярлық топтан бастап, 1-8 сынып оқушылары оқып отырған 14 түзету сыныптарында 114 оқушы білім алуда. Дефектолог, психолог, логопед және әлеуметтік педагог мамандары қызмет етеді. Оқуда және оқудан тыс кездерде баланың барлық іскерлігінің түрін дер кезінде қажетті жағдайға сәйкес үздіксіз түзетілуіне көңіл бөлінеді.Білім беру мекемесінде оқитын психикасының дамуы тежелген балалар әр уақытта нәтижеге жету үшін бақылаудан тыс қалмауы қажеттігі ескеріледі. Сонымен бірге әр баланың физиологиялық, психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, сынып жетекшісі, тәрбиешісі, арнайы мамандар және ата-ана байланыста болып, түзету жұмыстарын тиімді жүргізген жағдайда біздің жұмысымыз нәтижелі болатынын байқадық. Әр оқушыға жеке және топтық сабақтар жүргізіліп, оқу бағдарламасына сай білім берілуде.Бұл сыныпқа әр түрлі мектептерден жиналған оқушылар оқиды. Білім беру бағдарламасы мемлекеттік стандарт негізінде арнайы сыныпқа бейімделіп жасалынады. ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің бекіткен ПДТ бар балаларға арналған бағдарламалары барлық пәндерге жасалмаған. Түзету сыныптарында білім беретін педагогтердің алдына қоятын мақсаты:түзету сыныптарында оқитын оқушыларды жан-жақты зерттеу арқылы педагогикалық көмек көрсету және іс-тәжірибие

77


алмасу, оқушылардың білім-білік дағдыларын көтеру, танымдық қызығушылығы мен шығармашылығын оқу үрдісінде ойын, тәжірибиелік зерттеу және ізденіс ісәрекет арқылы көрсету, қабілеттерін ойын арқылы дамыту, әрбір баланың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдысын қалыптастыру, оқушыларға түзете-дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы әр баламен жеке жұмыстану. Міндеті:дамуы тежелген балалардың білім, білік, дағды қабілеттерін меңгерту, ой-өрісін дамыту, оқу қажеттілігін жақсарту, баланың әлеуметтікадамгершілік мінез-құлқын қалыптастыру,баланы жан-жақты бақылау, баланың жалпы даму деңгейін көтеру және дамыту, даму мүмкіндігіне байланысты интеллектуалдық біліктілік қалыптастыру. Күтілетін нәтиже:дамуы тежелген балалардың сабаққа белсенділігін арттыру, берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегісіз өздігінен орындау, сыныптастарымен көбірек араласу, өз ойын ашық жеткізу, оқу мен жазу, есептеулерде баланың деңгейін салыстырғанда көтерілуі, қоршаған ортаға сенімділікпен қарау, жалпы білім беретін бағдарламаны меңгерту,түзету сыныбынан жай сыныпқа шығару. Өз іс-тәжірибиемді саралап, деңгейлеп оқыту технологиясы элементтерін қолдана отырып, оның ең басты тиімді жақтарына көз жеткіздім. Әр пәнге байланысты даму диагностикасын қолдану арқылы баланың дамуын бақылау жасауға, білімін ізгілендіруге, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыруға болады. Қазақ тілінен түзете-дамыту тапсырмалары: 1.Берілген әріптерден басталатын сөз таптарын жазу арқылы күн шапағатын толтыру.

Оқушылардың қабілетіне қарай үш деңгейге бөлдім: 1-деңгейді оқу материалын меңгеру мүмкіндігі төмен оқушылар орындайды. 2-деңгейді қабілетіне қарай белгілі бір табыстарға жете алатын оқушылар орындайды. 3-деңгейді бағдарлама материалын табысты меңгеретін өз ой-пікірі қалыптасқан оқушылар орындайды. Бұндай даму диагностикасындағы деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы оқушы төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ауысып отырады. Осы орайда, мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беріп,тәрбиелеу барысында ұстаздың шеберлігі, баламен жете түсінісе алатындай үлкен еңбегі қажет. Сабақ құрылымында және сабақ беру барысында әр баланың диагнозын ескеріп, олармен топпен және жеке жұмыстар жүргізу арқылы оқытудың тиімді жақтарын қарастырып, бала бойындағы қабілеттерді ашып, оның сапалы білім алуларына мүмкіншілік жасалады. Түзету сыныбы болған соң ең алдымен түзету мақсатын басшылыққа аламын. Сабақ барысында балалардың есте сақтау дағдылары мен қабылдау зейінін дамытуға бағытталған тапсырмаларды және тірек сызбаларды жиі қолданамын. Тірек сызба әдісі оқушылардың білім мазмұнын тиянақты меңгеруіне, жаңа ұғымдарды жете түсінуіне жағдай жасайды. Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың түзете-дамыту тапсырмалары арқылы танымдық қабілетін арттыру үшін, әр пән бойынша мынадай тапсырмаларды түрлендіріп қолдануға болады. Түзете-дамыту тапсырмасы

9 16:2=

12

7

тұрды

тарады

т

14

8+3=

8

11

8 24:3=

7 6

8 16-7=

6 9

терді

тұрды тікті

Бағандағы сөздерді осы әріптерден тұратын сөздермен толықтырып жаз.Математика пәнінен тузете-дамыту тапсырмалары: Берілген санды атап, қосу, азайту, көбейту, бөлуге байланысты санның құрамын анықтау, өрнек құрастыру, бұл тапсырмаларды түрлендіріп беруге болады.

2

1

5 4

3

0

4+5= 4- 1=

на

А Ай

Б

Қ

С

Д

Ж

Көршілес сандарды қосу мен азайту арқылы тапсырмаларды тексеру Тапсырма 3,1,5,2,7 4,4,3,5,2 10,9,6,4,1 8,7,6,4,2

Жауап 4,6,7,9 8,7,8,7 1,3,2,3 1,1,2,0

4*3= 4:2=

Оқу техникасые тексеруге арналған жеке жұмыс: Құрманғазы Ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлы бір мың сегіз жүз жиырма үшінші жылдан бір мың сегіз жүз сексен сегізінші жылдар аралығында өмір сүрген. Күйшінің

78


«Сарыарқа», «Адай» күйлерін қазақтың ұл-қыздары қаршадайынан тыңдап өсті. Ол анасына арнаған «Қайран шешем» күйін Динаға үйреткен еді. Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрін дүние –жүзінің көптеген елдері біледі. Тест Дұрыс жауапты белгіле. 1.Құрманғазы Сағырбай ұлы кім? а\ атақты суретші б\ ұлы күйші в\ дарынды ақын 2. Оның анасына арнаған қандай күйін білесің? а\Балбырауын Мектебіміздің базасында «Түзету сыныптарында оқушылардың білім, білік даағдыларын көтеру мақсатындағы жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар, «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыта оқыту және тәрбиелеудің негізгі бағыттары мен мазмұны» тақырыбында қалалық семинарлар жыл сайын өткізіліп келеді. Онда жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері іс-тәжірибелерімен алмасады. «Түзету сыныптарында оқытуды ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалар, дөңгелек үстелдер, шебер сыныптар, сыныптан тыс шаралар жиі өткізіледі. Жалпы даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыту тапсырмалары арқылы, танымдық қабілетін арттыру мақсатында, балаларды түзетеоқыту үрдісінде әдістемелік нұсқауларды дұрыс және жоғары деңгейде ұйымдастырып, төмендегі жұмыс түрлеріне көңіл бөлу керек деп есептеймін: -жалпы білім беру циклы сабақтарында сондай-ақ арнайы оқыту кезінде әр баламен жеке жұмыс жүргізу; -түрлі әдіс-тәсілдермен қажудың алдын алу, яғни, ақыл-ой мен тәжірибиелік жұмыстарды алмастырып отыру керек; -қызықты және көркемделген дидактикалық заттарды дайындау, көрнекіліктің түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану; Баспасөз атауы «Ұстаз» облыстық ғылыми-әдістемелік журналдың «Түзету педагогикасы» қосымшасы «Ұстаз» облыстық ғылыми-әдістемелік журналдың «Түзету педагогикасы» қосымшасы Республикалық әдістемелік журнал «Қазақ тілі мен әдебиеті» Халықаралық on-line конференция аясында zkoipk.kz сайтында

Оқушы аты-жөні Жасыланқызы Айкөркем Имангалиева Дильназ Имангалиева Дильназ Жұматай Тахмина Кабиева Айнара Кабиева Айнара

б\Ақбақай в\Қайран шешем 3.Құрманғазының шығармаларын жер жүзіне таратқан оркестрді білесің бе? а\симфониялық оркестр б\қазақ мемлекеттің ұлт аспаптар оркестрі в\эстрадалық оркестр Білім сапасының мониторингісі жыл бойы жүргізіледі. Осындай өткізілген жұмыстардың нәтижесінде оқушыларым түзету сыныптарынан жай сыныптарға көшіріліп отыр. Жарық көрген баспасөз материалдары: -баланы білім алу қызығушылығын барынша белсенді етіп,олардың сөйлеуін дамытатын және оқу іскерлігіне қажетті дағдыны қалыптастыру әдістерін қолдану. Балаларды,әр уақытта нәтижеге жету үшін, бақылаудан тыс қалмауын қадағалау орынды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыту тапсырмалары арқылы, танымдық қабілетін арттыру мақсатында, әр баламен жеке жұмыс жүргізу тиімді. Сонда ғана, оқушылардың өздеріне берілген тапсырмаларды мұғалімнің көмегісіз орындай алатынына көз жеткізуге болады.Оқушылардың белсенділігін, пәнге қызығушылығын, жүйелі, байланыстырып сөйлеуін, оқыған үзіндіден түсінгенін айтып беруін, есептеу барысындағы есептеу қабілетін яғни,барлық тапсырманы оқушылардың өздігінен орындағандығы білінеді.Сонда баланың білім деңгейіндегі өзгерістер мен танымдық қабілеттерінің дамығандығы байқалады. Әдебиеттер: 1.Л.Тихомирова.Развитие интелектуальных способностей ребенка. – М., Просвещение, 2001. 2.А.Байтұрсынова. Арнайы педагогика проблемалары мен даму болашағы. – Астана, 2008. 3. Л.Мустаева. Коррекционно-педагогические и социальнопсихологические аспекты сопровождения детей с задержкой психического развития. –М., АРКТИ, 2005.

Пәні Математика Қазақ тілі Қазақ тілі Математика

Қатысқан шара Облыстық «Жұлдызай» фестивалі Республикалық «Жүлдызай» фестивалі Облыстық «Жүлдызай» фестивалі Қалалық « Көркем сөз» оқу Облыстық «Көркем сөз» оқу

Тақырыбы «Жүз көлемінде қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері» «Зат есімнің септелуін қайталау» «Қос сөздер туралы түсінік»

Жылы №3(20) 2011

«26+34, 60-26 түріндегі жазбаша қосу және азайту»

20 мамыр,2014

Орны Алғыс хат Диплом ІІ орын.Диплом І орын Диплом «Алтын жүрек сыйлығы»

№3(28) 2013 №10,2013

Жылы 2012

2013 2014

79


Түзету сыныбынан жалпы орта білім беретін мектепке шығарылған оқушылар

2010-2011

Қыркбаев Камкор

Өтепқали Бақтияр Байгазиев Тимур Абдуллаев Рамазан Жасланқызы Айкөркем

Каженов Ескандер

2013-2014

Мақан Жұлдыз

 Озық іс-тәжірибеден  МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫ Қ ТОБЫНДА БЕЙНЕЛЕУ САБА ҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫ Қ ОЙЫНДАР ДЫ ӨТКІЗУ ТӘ ЖІРИБЕСІ НЕН Тажмағамбетова А.Х. Атырау қаласы №34 Лингвистикалық мектеп гимназиясының мектепалды даярлық сынып мұғалімі

Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр. Ойын өмірде өте ерте жастан адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Мектепалды дайындық кезеңінде бейнелеу ісәрекеті баланың жеке басының жан-жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, алған әсерлерін сурет салуда,мүсіндеуде және қиып жапсыруда пайдалана білу.Қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі.Мектепке дейінгі кезеңдегі балалар көркем-өнердің барлық түрімен айналысуға өте қабілетті болып келеді. Бірақ олардың өзіндік ерекшеліктерін ескерту қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар шындықты шынайы қабылдайды және оған барынша сенеді. Олар өте еліктегіш келеді: көргендері мен байқағандарын ойын барысында бейнелі түрде асырады.Ойын–бала үшін нағыз өмір.Сондықтан да бейнелеу өнеріне баулуда дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану балалардың ой өрісін кеңейтіп, өмірдегі әсемдік пен әдемілікке деген сүйспеншілігін арттырады. Жақсыға сүйсіне білуге, жаманға жек көре қарауға, өнердің алуан түрін көріп, сезіп, тыңдау арқылы әсемдік атаулыны танып білу қабілетін қалыптастырады, рухани жан дүниесін байытып, қиялын өрістетеді. Өмірдегі, өнердегі сұлулық туралы түсініктерін жетілдіріп,өз өлкесінің әсем табиғатымен, өз халқының өнеге боларлық әдеп ғұрпымен, ұлттық өнерін сүйіп кең түрде танысуына жол ашады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, бейнелеу өнерінің жаңартушылық және жасампаздық сипаты бар.

80

Бейнелеу іс-әрекеті барысында тәрбиенің сенсорлық, ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік және еңбек пен дене тәрбиесінің алуан түрлі жақтары жүзеге асырылады. Бала ақыл-ой операцияларының негізінде өз жұмысының нәтижесін ойша елестетіп, содан кейін әрекет етеді.Олар іс-әрекетке кірісер алдында өздерінді қалыптасқан түсініктердің негізінде ақыл-ойдың алға қойған міндеттерін шешу үшін оны жүзеге асырудың әдістерін іздестіреді.Осы әдіс– тәсілдерді балаға меңгертуде ойынның алатын орны ерекше.Тәрбиелеу барысында ойындық тәсілдерді қолдану баланың бейнелеу іс әрекетіне деген құштарлығын арттырады,оған ынта-ықыласын тудырады. Әсіресе дидактикалық ойынның бейнелеу іс-әрекетіне бейімдеуде маңызы зор.Дидактикалық ойындар–тәрбиелеудің аса маңызды құралының бірі болғандықтан,ол балалар меңгерген дағдыларды бекіту немесе үйрету үшін ғана емес, сол алған білімдерін іс–әрекетте пайдалана білуге,жұмыс барысында икемділік дағдыларымен қарулануға, ақыл –ойының дамуына,белсенділігінің артуына, өз бетінше әрекет етуіне жәрдемдеседі. Дидактикалық ойын балалрдың ақыл-ойына күш түсіретін міндетттерді, қызықты тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді. Дидактикалық ойын бүлдіршіндердің танымын қалыптастырады. Өйткені олар ойынды әр түрлі ойыншықтармен заттармен, қосарлы суреттермен, кесінді үлгілерімен ойнайды. Осындай ойын үстінде олар түстерді ажыратуға пішінді, көлемді, заттардың ерекше белгісін сипатын білуге және құрылым жасауға дағдыланады. Ойын балалардың зейінін тұрақтандырады, есте сақтауын, іс-әрекетке икемділігін, қабілетін өсіріп, байқағыштығын арттырады.


Ойын үстінде бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын жеңіл меңгеріп, әсемдік пен сұлулықты сергек сезініп,көркемдік талғамын арттырады. дидактикалық ойындар арқылы жүргізілген жаттығулар мен қайталаулар баланы жалықтырмайды, өйткені олар біркелкі болмайды.Мұндай ойындар әр түрлі сипатта және түрлі мақсаттарға қолданылуы мүмкін.Мазмұнды сурет салу мен мүсіндеу жұмысы кезінде дидактикалық ойынды алдын алу ойнау қиялды дамытып, бейнелеудің мәнерлеу құралдарын еркін меңгеруге мүмкіндік береді.Дидактикалық ойында балалар ойын әрекетін белгілі бір құрылымдық жүйемен орындайды: баланың ой ниетіі, мазмұн, ойын әрекеттері, ережесі және нәтижесі. Ойында дидактикалық сипаттың болуы тәрбиелік міндетті алға қояды,оның мазмұны балалардың танымын жетілдіруге бағытталады. Мектепалды дайындық тобында бейнелеу сабақтарында дидактикалық ойындарды ұйымдастырып отырамыз. Алғашқы сабақтарда балалар сурет салады. Балалар өздерінің киімдеріндегі әдемі суреттер мен өрнектерге көңіл аударады. Осы суреттердің барлығын суретші, ал киім үлгісін суретші–модельдер ойлап тапқанын түсінік алады. «Қуыршақты киіндір», «Кімнің киіміне тән өрнек» дидактикалық ойын ойналады. Мұнда бір баланың киімі жәйлі әңгімеленіп, өзгелері кім туралы айтылғанын табады. Мәселен, үстінде ақ жемпірі бар, алдында гүлі бар, жеңінің шеті иректелген қыз бала. Бұл Сауле екен ғой деп балалар тауып алады. Сурет сабағының екінші сабағында «Сурет салып үйренейік» тақырыбында «Неге ұқсас» дидактикалық ойынын пайдаландым. Бұл ойынды ұйымдастыру арқылы балалардың сурет салудағы заттың пішінін ұқсата білу үшін қолдың қимыл қозғалысын жаттықтыру.Түстердің үйлесімділігін сезіну, кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Геометриялық пішіндерге ұқсас заттарды, яғни, Дөңгелек – алмаға, допқа, сағатқа т.б. Үшбұрыш – пойыз вагонына, есікке, кітапқа т.б. Сопақша-жұмыртқа, қиярға, тасқа ұқсастығын табады. «Бейне құрастыр» ойынын да алуға болады. Түрлі геометриялық пішіндерді пайдаланып, ит, балапанның бейнесін құратырады. Келесі мүсіндеу сабағында «Күн мен бұлт» тақырыбын өткен кезде «мүсінші» дидактикалық ойын ойнатуға болады. Сабақ мынадай әңгімеден басталады. Үстел үстінде бір қорап ермексаз жатқан. Ішінен бір ермексаз қашып шығып ызылдай бастайды. Қораптағы ермексаздар не болды саған?–деп сұраса, кесек былай деп жауап беріпті:-жәй кесек болғым келмейді; мен түрлі мүсінге айналғым келеді. Бауырсақ жасаса–мен домалап кетіп өлең айтып беремін. Құс жасаса–ұшып кетемін.Осы кезде ермексаздан не істеуге болатынын ойластыруды балаларға ұсынып, мүсіндеу сабағы,оның әдістәсілдері туралы түсінік беріледі.Сосын «мүсінші» ойынын балалармен ұйымдастырдым.Бір бала– мүсінші,үш-төрт бала сазбалшық.Мүсінші сазбалшықтан ойға алған жоба бойынша бейнені

мүсіндейді. Қалған балалар көмектеседі. Үйлесімді композицияға ат қояды. Бұл ойын арқылы балалардың шығармашылығы дамиды, құрдастарымен өзаражақсы қарым-қатынасқа, татулыққа баулиды. «Түстер әлемі» тақырыбын өткен кезде кейбір түстердің жылылықты және салқындықты сездіретінін, оларды жылы және суық деп атайтыны туралы балаларға түсіндіріледі. Соған сәйкес мынадай дидактикалық ойын ұйымдастыруға болады. Мәселен, «Жылы – суық», «Көгалда әдемі гүлдер бүр жарды». Мұнда балалар суық түстер мен жылы түстерден гүлдер бейнесін береді.Гүлдің сабағын, жапырағын,гүл шоғырын осы түстерді пайдаланып құрастырады және балаларға жеке–жеке карточкалар таратылып беріледі. Бейнені талдауға, оларды бір-біріне сәйкестендіруге бірдей бейнелерді таба білуге үйрету, салыстыру, жалпылау, қорытындылау іскерліктерін дамыту, жеміс–жидек,көкөністердің, гүлдердің аталуы жәйлі білімдерін бекіту мақсатында«Лото» дидактикалық ойынын ұйымдастыруға болады. Мұнда балалар өздеріне берілген суреттердің атын айтады.Суретіне қарай бірдей бейнелерді жіктеп қояды.Дұрыс орналастырып, түсінік берген бала жеңіске жетеді. Ойын барысында мұғалім көкөністер мен жемістер жайында қысқаша әңгімеленіп, балалардан көкөністер мен жемістерді ажыратуын сұрайды. Мұғалім ойынға қажетті көрнекіліктерді алдын ала үстел үстіне қояды. Берілетін тапсырма: көкөністерді жинап,бір себетке, жемістерді жинап, екінші себетке салу керек. Екі бала шығады. «Бір, екі, үш» деп санау арқылы немесе санамақпен ойын басталады. Кім бұрын араласып жатқан жемістер мен көкөністерді шатаспай дұрыс жинаса, сол жеңіске жетеді. Енді жиналған көкөністер мен жемістерді қайта жайып қою үшін балаларды бір-бірлеп шақырып, сипаттап айтып, орнына қояды. Оны басқа бала орындайды: мысалы Алма қызыл, дөңгелек пішінді, дәмі тәтті, т.б. Ойын балалардың жемістер, көкөністер жайында өлең–тақпақтар айтуымен аяқталады. Балалардың шапшандығы, зейінділігі, ұқыптылығы ескеріліп, ойынға белсенді қатысқандар мадақталып отырылуы қажет. Бұл әдіс балалардың қызығушылығын арттырып, зейінділікке ынталандырады. Мектепалды дайындық топтарында сабақтардың ерекшелігі триз әдісі қолданылады. Мұнда екі-үш сабақ біріктіріліп жүргізіледі: мысалы «Күз сыйлығы» тақырыбындағы сабағымда балалардың күз туралы білімдерін бекіту мақсатында мынадай көрнекіліктерді пайдаландым. Көкөністер айтысы деген шығарма оқылады. Көкөніс түрлері,пайдасы,адам ағзасына қажетті дәрумендер туралы айтылады.Балалар бастарына атрибуттар киіп айтысады.Сондай-ақ «Дүкенші» дидактикалық ойынын кәдімгі көкөністер мен жемістерді пайдаланып жүргізіледі.Бір оқушы– сатушы, қалған оқушылар–сатып алушы болады. Көкөніс жемістердің түр түсін, дәмін пішінін сипаттап сатып алады.

81


«Жапырағынан таны» дидактикалық ойынын да жүргізуге болады.Түр түсінен, пішінінен қай ағаштыңжапырағы екенін бала ажыратуға үйренеді. Келесі «Натюрморт» тақырыбындағы сабақта балаларға натюрморт туралы алғашқы түсінік беріледі. Натюрморт–француз тілінен аударғанда табиғат, тыныш, қозғалмайтын зат деген мағына береді. Бұл сабақта «Бақта не өседі?», «Бақшада не өседі?»деген дидактикалық ойынды таңдауға болады. Жүйектекөкөніс, ағашта –жеміс өсетіндігін түсініп, ажаратуға үйренеді. Сондай-ақ бейнелеу сабақтарында дәстүрден тыс әдістерді қолданып келеміз.Мәселен «Ғажайып орман» тақырыбында, балаларға сиқырлы субояқпен сурет салатындары хабарланады, су тамшысының қалай сиқырға айналатынын көру үшін балалар сиқырлы субояқ әлеміне саяхатқа шығады. Субояқ арқылы тамшы түсіреміз ақ қағазға, сосын айналдырамыз. Қандай бейне пайда болады екен, бір нәрсеге бала ұқсатады. Соған байланысты балалар әңгіме, ертегі құрастыруға талпынады. Міне мынау ұлуға ұқсас, сегізаяққа , балыққа ұқсатты. Үрлеу әдісі (кляксография)бейне неге ұқсайды? Әдісін қолданамыз.Ақ қағазға қыл қаламның көмегімен бірнеше тамшы түсіреміз. Енді осыны ауызға жақындатып үрлейміз. Балалар тамшылардан пайда болған бейнелерді қарап, өз қиялдарына байланысты неге ұқсайтынын айтады. «Қызанақ пен алма» тақырыбын өткен кезде «дәміне қарай ажырат» ойынын ойнатуға болады. Оқушы көзін жұмып, дәмін тату арқылы не екенін ажыратады.кәдімгі алма мен қызанақты пайдалану қажет. Сол тақырыпқа сәйкес «кірпінің үйіне алма апаруға көмектес» деген тапсырма беруге болады. Лабиринт жолдар арқылы кірпі үйіне жетеді. Балалардың тіл байлығын жетілдіру, елестету қабілеттерін дамыту мақсатында «Суреттей біл» дидактикалық ойынын ұйымдастырған кезде балалар қызығушылықпен қатысады. Бір оқушы көзін байлап алға шығады, отырған оқушыларға көкөністерді көрсетеді. Оқушылар көрсеткен көкөністерге

сипаттама береді. Мысалы, пішіні дөңгелек, дәмі ащы, сабағының жасыл екенін айтады.Көзі байланған оқушы көкөністің сипаттамасына қарай жауабын табу керек. Бұл ойын «Қысқа көкөністер әзірлейміз» деген тақырыпты өткенде пайдаландым. Балаларға құстар, олардың түрлері, пайдасы, ұя түрлері туралы түсініктерін бекіту мақсатындағы бейнелеу сабағынан «Құстың ұясы» тақырыбындағы ашық сабақта мынадай көрнекіліктерді пайдаландым. Орман құстары, үй құстары, дала құстары, ерте көктемде келетін, қыстап қалатын құстар туралы әңгімеленеді. Құстар ұясы, оларға қамқорлық, ұя бұзбау туралы айтылған соң, соған сәйкес балалар құс атрибутын киіп, құс болып тақпақтарын айтты. Ұя түрлері әр түрлі болып келетінін түсіндіруде «Ұя құрастыр» дидактикалық ойынын пайдаландым. Топпен ойналады, балалар магнитті тақтаға құрастырады. Келесі жолы артына түрлі тапсырмалар жапсырып қоюға болады. Ойынның тәрбиелік мәні зор. Бала ойын арқылы дамиды.Ойын білместі– білгірге, орашолақты – іскерге айналдырады. Бейнелеу сабағында дидактикалық ойындар арқылы балалардың бейнелеу әлеміне деген ынта-ықыласын жас кезінен арттырып қана қоймай, оларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету, ептілікке, эстетикалық құштарлығын тәрбиелеуге қызмет етеді. Нәтижесінде олар сурет өнерін терең түсіне бастайды, ең бастысы–өсе келе олардың бойындағы табиғи дарын,қабілет, талант мүмкіндіктерінің дамуына сөзсіз әсері болатыны белгілі, өйткені бәрі де бала кездегі тәрбиеден басталады.Басты бағыт жас ұрпаққа халықтың мәдени дәстүрін таныстыру, атабабамыздың тұрмысында жиі қолданылған қарапайым заттарды салуға үйрету,олардың формасымен, түртүсімен, көркемдік ерекшеліктерімен таныстыру. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей еліміздің болашақ дарынды ұл-қыздарын тәрбиелеу өз міндетім деп есептеймін.

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ ӘРЕКЕТІНІҢ МОТИВАЦИЯСЫН АРТТЫРУ Тажмагамбетова З.Х. Атырау қаласы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

«Тұлғаның қалыптасуы» ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі, өзінің тағдырына өзі иелік ете білуі және өзінің мінезқұлқын жөнге сала білуі, сондай-ақ қоршаған орта мен өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін жетілдіру және құндылық атаулыны таңдай алу сияқты дамудың басты шарттары енеді. Қазіргі уақыт талабы-білімді, саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол,қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру.Жеке тұлға дегеніміз-адамның психикалық рухани мәдениеті.Тұлға мәселесі қай

82

уақытта да өзінің сан қырлы жақтарымен заман талабынан түскен емес.Баланың ақылы, ой-сезімі мұғалімнің ерік-жігері,таусылмас мол қажырлы, сабырлы, еңбекқорлығы арқасында жетіледі. Бала алдымен ұстазын пір тұтады.Оның бейнесіболашақтың бейнесіндей әсер етеді.Тұлғаның қалыптасуы ұғымына баланың қоғамда өздігінен өмір сүруге қабілеттілігі өзінің тағдырына өзі иелік ете білуі және өзінің мінез-құлқын жөнге сала білуі, сондай-ақ қоршаған орта мен өзінің қарым-қатынасын түсіне білу қабілетін жетілдіру және құндылық


атаулыны талдай алу сияқты дамудың басты шарттары енеді.Мектепте оқушыға білім берудегі мақсат жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың-негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс,адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Бұл міндеттер оқушылардың өз бетінше білім алуын ұйымдастырғанда және олардың өз халқының ұлттық құндылықтары, қоршаған орта туралы түсінігі болып, ол туралы айтып бере алуына мүмкіндік жасалғанда ғана шешімін табады. Сондықтан, ашық әлеуметтік жүйе ретінде жаңа білім беру үрдісінде әрбір азаматтың тұлғалық дамуын күшейту көзделеді. Дара тұлғаның еркін, үйлесімді дамуы және креативті ойлай алу қабілетін олардың мүмкіндіктеріне орай дамытуда қазақ тілінің мәртебесі арта түседі. Төрткүл дүниедегі кез-келген үлкенді–кішілі ұлттардың ұйтқысы болар тұлғалы азаматтарының барлығы ең алдымен ана тілін ардақтауға, ана тілін сақтауға баса назар аударған. Жас ұрпаққа сапалы білім мен сапалы тәрбие беру тектік қорымызды сақтаудың алғашқы шарты. Сондықтан бүгінгі күнгі мектебіміздің ең негізгі мақсаты-зерделі, білімді, адамгершілігі мол, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін жас ұрпақты тәрбиелеу. Оқу-тәрбие үрдісін жаңартумен қатар оны жүзеге асыратын әрбір педагогтің көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету,оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттілігін сезіндіру, құзырлығын айқындау-бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталатыны белгілі. Әдетте мектептерде балаларға көтеріңкі көңіл-күй туғызатын түрлі шығармашылық тақырыптарға толы ашық сабақтар кеңінен қолданылады. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ететін негізгі күш-орта. Жеке тұлғаның қалыптасуына сыртқы жағдайлар: табиғаттың ықпалы, әлеуметтік орта, мектеп, жанұя үлкен ықпал етеді. Жеке тұлғаны дамытуда әлеуметтендіру мәселесіне аса назар аударуымыз керек.Жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру-жеткіншек жас ұрпаққа оқыту мен тәрбиелеу үрдісін белгілі бір тәртіпке келтіріп, жинақталған қажетті ғылыми білімдерді, дағдыіскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, дүниетанымдық тағылымдар мен салтдәстүрлерді,әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды белсенді түрде меңгерту. Бұл орайда адамзат баласының өз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудің ең озық,тиімді әдістерін, тәжірибелерін жалғастырып,тың жолдар іздеу, классикалық педагогикалық озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту қашан да жалғаса бермек. Жаңа ғасырдағы адамзат өркениеті өз дамуының жаңа кезеңіне білім беру үрдісінің ең маңызды

факторларының біріне саналатын кезеңіне келіп жетті. Ол балаға оқу қызметінің субьектісі ретінде өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Бұл педагогикалық үрдістің маңызды құрамы оқу ісіндегі субьектілер оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады. Мұғалім алдындағы негізгі міндет-жас ұрпақты дамыта отырып тәрбиелеу.Олай болса, қазіргі бастауыш мектеп оқытушылары жаңаша ойлап, оқушылармен тең құқылы жағдайда білім беріп, баланы шығармашылыққа дағдыландыру, ерік беру қажет. Біріншіден-бастауыш сынып оқушыларының алғашқы сенімін қалыптастыру. Сенімі-күрделі. Ол терең тиянақты ойланып айтылған идеялардың жиынтығы.Оны бастауыш сыныпта толық қалыптастыру мүмкін емес. Бірақ соның ірге тасын қалауға болады.Оны отбасынан бастаған жөн. Мәселен, ата-ананың өзіне деген сүйіспеншілігімен, өзіне деген сенімі.Осыны ары қарай дамытып қалыптастыру керек. Осы жерде мектеп ұстаздарының көмегі қажет. Бастауыш мектеп балаларының алғашқы сенімін қалыптастыру үшін, оларды жеке адам ретінде, олардың әрқайсысын жеке-жеке ажыратып қарастыра білгеніміз жөн. Баланы жеке адам деп те, тұлға деп те қарауға да болады. Сонымен жеке бала-тұлға. Сонда ғана біз оларды түсінеміз. Жекелеп қарағанда біз олардың жеке қасиеттерін ғана білеміз. Ал тұлға деп қарасақ, оның даму процесін де білеміз. Ол ұстаз бен ата-ана,жолдас-жора,қоршаған ортадан не алды, қалай дамуда,не істеу керек деген сияқты сұрақтарға жауап аламыз. Баланы жеке тұлға деп қарайтын болсақ: 1.Жеке тұлғаның жақсы қасиеттеріне жүгініп, оның жан-жақты дамуына, болашаққа сенімділік көзқарасын жетекші идея ретінде пайдаланамыз. 2.Баланы мектеп оқушысы болуымен қатар,елінің азаматы ретінде қарап,осы міндеттерді атқаруға жағдай жасау. 3.Мектеп қайталанбас тұлға екеніне көзін жеткізу, соған талпыныс жасату. 4.Балаға ересек адамға қарағандай қарап, тең құқықты азамат ретінде танып, осы тұрғыда қарым-қатынас жүргізу. 5.Педагогикалық қызметтестік қағиданы берік ұстау, олардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеру. Екіншіден-қоғамдық қатынасты дамыту, баланы еркіндікке тәрбиелеу. Үшіншіден-әдептің алғашқы қадамын қалыптастыру, яғни мұғалім барлық оқушыға бірдей көзқараста болуы керек. Төртіншіден-жақсы оқу, үлгерім жетістігі, соған жетуге жағдай жасау керек. Жетістік–нәтиже, ал жағдай жасау- соған жетудің жолы. Бала оқуда жақсы нәтижеге жетсе, ие болса, оның қуанышының шегі жоқ.Мұғалім осы сезімді пайдалана білуі керек,оқушының жетістіктен жетістікке жете

83


беруіне атсалысуы тиіс. Жетістікті дер кезінде байқап, бекіту қажет.Жетістікке жетуге жағдай жасау мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Бала жетістіктен жетістікке жеткен сайын, оның жетістікке сенімі күшейеді, соған үйренеді.Мұның жақсы жағы жетістікке жетудің жолын біледі, соған дағдыланады. Бірақ балалардың дандайсып кетуінен сақ болуы керек. Осыған баланы мектеп қабырғасында үйретіп қалыптастыру керек. Жетістікке жету жолындағы жеңілісті бала түсіне білуі керек «Қай жерден кемшілік жібердім?» деп ойлауы тиіс. Осы кемшіліктерді жойып, жеңіске жету жолдарын іздей бастайды. Осы жерде баланың жеңісі мен жеңілісін балалар ұжымы түсіністікпен қарап, жеңісіне ортақ қуанып, жеңілісіне ортақ ренжіп, керек болса қайғырып, баланы қайраттандыруы тиіс. Міне, осындай ұжымда бала қатаяды, жеңіске жетудің жолын қарастырады. Бұдан шығатын қорытынды баланың қуанышы, оның басын айналдырып жібермесін, ал қиындық мұңайтпасын. Екеуінде де сыныптастарының қолдауы қажет. Сонымен бастауыш сынып оқушыларына сапалы білім берудің негізгі бағыттары:баланың сенімін қалыптастыру,қоғамдық қатынасын дамыту, өктемдікке жол бермеу,адами қатынасты орнату, жетістіктерге қол жеткізу.Осы айтылғандарды іске асыру оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына негіз болып табылады.Біздің міндетіміз- жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығуларын оятып, ынтасын арттыру. Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым-қатынастың маңызыайрықша. Оқушының ой-пікірі мен бастамасы, ұсыныс пен тапсырманы орындау шеберлігі,сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығуы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады. Мұнда бағыт-бағдар беру, істің дұрыс-бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту оның мінезқұлқында тұрақтылықты қалыптастырып, өзін-өзі бағалауды,ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлықты өзіне-өзі талап қоя білуді, т.б. үйретеді. Оқушының оқу әректінің мотивациясын арттыруқазіргі білім берудің негізгі проблемаларының бірі. Оқушылардың білімге деген қызығуларын ояту, оларды оқуға ынталандыру, үйрету-бір қарағанда оңай болғанымен, мұғалімнің алдында тұрған ең қиын міндеттерінің бірі. Білім негізі бастауыш сыныптан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар,қолмен ұстап көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан, бір сарынды оқудан тез жалығады.Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздене отырып, жүйелі жұмыстар жасауға тура келеді.

84

Ол үшін біріншіден оқу үрдісін интенсивтендіруді қолдану,екіншіден,білімді деңгейлеп беру технологиясы арқылы оқушыларға білім мазмұнын игертуге қол жеткізу қажет. Мысалы 3-інші сыныпта әдебиеттік оқу пәні бойынша «Туған ел» тақырыбына байланысты өтілетін оқу материалдарының жүйелі және мәніне қарай ұғынуында салыстыру ой операциясы негізгі рөл атқарады.Мен С.Сейфуллиннің «Туған ел» өлеңіндегі Табиғат-ана деген тіркестегі ой мен берілген сурет арасындағы байланысты анықтау, ондағы айтылған ортақ ойлар мен әлеуметтік әлем көріністерін сезінуге, көруге, табиғатты қорғауға үйретемін. Ақын туған даласын кімге теңейді? деген сұраққа жауап ала отырып, туған ана мен табиғат ананың арасындағы байланысты табу. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру үшін әртүрлі дәрежедегі суреттер, кестелер, сауалнамалар, ой түрткі сұрақтар, әртүрлі мазмұндағы шығармашылық тапсырмалар берілді. Мысалы,табиғат–ана адамға не береді? деген сұрақ қоя отырып,сурет салып, топтастыру сауалнамасын пайдаландым. Өз өлкеңнің табиғатын суреттеп, шығарма жазу. «Менің өлкемнің табиғаты» тақырыбында өлең не әңгіме құрастыру. Салыстыру бір нәрсенің өзге нәрседен айырмашылығын немесе екеуінің де ұқсас жақтарын айыру болғандықтан,ол ой үрдісінің ерекше түрі болып саналады.Оқу мазмұнын салыстыруда ой операциясының бірнеше түрі кездеседі. Сондықтан оны баланың оқуға деген ынтасын арттыру үшін пайдаланған жөн. Осыдан келіп, оқушының жеке тұлғасы қалыптасуына жол ашылады. Оқушы жан дүниесінің рухани баюы арқылы оны шығармашылықпен ойлауға, эстетикалық мұраттарға тәрбиелеуге, патриоттық және интернационалдық сезімдерін оятуға болады және білім беру жүйесі қоғамның мәдениетін анықтайды. Баланы кішкентай болса да, үлкендік дәрежеде сыйлай білу балаға жауапкершілік жүктейді. Әр баланы ерекше тұлға деп қарап, аялай отырып, талап пен еңбектендіруге тәрбиелеген абзал. Ал өзім 3-інші сыныбындағы 20 оқушының тағдырына ойлана қарап, оқу мен тәрбиені ұштастыра жүргізіп келемін. Әр оқушыны сабақты тыңдап, түсінуге, еңбектенуге, ойлануға,өзінің ойын, пікірін ашып айтуын талап етемін. Әр оқушыны шығармашылықпен еңбектене білуге үйретемін.Оқушының бір-біріне көмегі, мәдениетті де кішіпейілділікпен топпен еңбектене білім алуға жетуі оқушылардың достығын да нығайтады. Тұлғаға бағытталған сабақта–оқушыға деген құрмет,ізгі қатынас,оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты. Осы орайда оқушылармен жүргізілген «Әдептілік– тәрбие бастауы» деп аталатын сыныптан тыс шарада топтастыру әдісін пайдаланып, әдептілік сөзінің мәнін аштық.


Жеке тұлғаға бағытталған тәрбиелік шара жаңа білім іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді. Мұндағы басты міндет–баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндіктерімен бірге білім,білік дағдыларын қалыптастыру және қолдану. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қ. Жарықбаев Жалпы психология оқулық 5-ші басылым.-АлматыБастауыш мектеп №2, 2014ж.

Мұнда мұғалім оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емес, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарады.Нәтижесінде жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашыла түседі. 2.Қазақстан мектебі №2,2011ж. 3.Педагогика- Астана: Фолиант. 2007ж.

 Байқаулар  КӘСІБИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ – ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАУ КЕПІЛІ Жаманбаева Д.Т. Сарсенова Н.Қ. «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің қызметкерлері

Әлемдік бәсекелестік заманда оқушының ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, танымдық қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің педагогтарының бүгінгі таңдағы басты міндеті болып отыр.Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған бұл міндеттер–оқытудың әдістәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруды және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеруді қажет етеді. Өйткені, интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеруде жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздар ғана табысқа жетеді. Күнделікті іс тəжірибеде мұғалімнің кəсіби білігін шыңдау,жеке педагогтік тəжірибесін дамыту мақсатында өткізілген іс-шаралар барысында мұғалімнің əдістемелік жұмысының мазмұны, əдістемелік,зерттеушілік, кəсіптік адамгершілік, тəрбиелік мəдениеті,диагностикалық жəне басқару мəдениетінің жиынтығы арқылы кəсіптік педагогикалық деңгейі сарапталып, одан әрі жетілдіру жолдары зерделенді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастыруымен 2014 жылдың 28 мамырында білім беру жүйесі әдіскерлерінің шығармашылық әлеуетін, кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған «Үздік әдіскер» байқауы өткізілді. Байқауға мектепке дейінгі білімге жетекшілік жасайтын аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері,жалпы орта білімге

жетекшілік жасайтын әдістемелік кабинет әдіскерлері, техникалық және кәсіби білім әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері қатынасты. Байқау барысында әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы барлық деңгейдегі әдіскерлердің үздік жұмыс тәжірибелері сараланып, қазылар алқасының шешіміне сай бас жүлде, І, ІІ, ІІІ жүлделі орындармен, сондай-ақ «Әдіскер-лидер», «Әдіскерноватор»,«Креативті әдіскер»,«Әдіскер-шебер»,«Ең жас әдіскер» номинацияларымен марапатталды. Байқау қорытындысымен Индер аудандық білім беру бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі, тіл пәндері бойынша жауапты әдіскер Р. Даулетоваға, Индер аудандық әдістемелік кабинеттің кәсіптік білім беру және қосымша білім беру ұйымдары бойынша әдіскері А.Қоңыровқа,Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің профессоры, химия ғылымдарының докторы Р.Насировқа, инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы И. Юсуповаға, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің әдіскері Н.Бажбеноваға, №1 мектепке дейінгі әдіскері» байқауының республикалық кезеңіне қатысуға жолдама берілді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы Юсупова И.Т. республикалық «Үздік әдіскер» байқауында жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ, 2014 жылдың 9 қазанында мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының психолог мамандары арасында

85


«Үздік психолог» байқауы өткізілді. Байқау мақсаты білім беру жүйесіндегі психологтердің қызметтік тәжірибесіне жаңа технологиялар мен моделдерді енгізудегі кәсіби құзыреттіліктерін көтеру, олардың инновациялық тәжірибесін айқындайтын әдістемелік материалдар базасын құру, психологиялық түзетудамыту әдістерін және психотехникалық қойылымдарды көрсету,сол әдістерді тиімді қолданатын мамандардың үздік тәжірибесін жинақтау және тарату, психологтердің кәсіби өзара қарымқатынас ортасын құру, шығармашылық ой-пікірлер және кәсіби озық тәжірибелермен алмасу. Байқау барысында қазылар алқасы бүгінгі таңдағы педагогпсихологтардың психологиялық қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес сайыскерлердің жұмыстарына саралау жүргізді. Нәтижесінде жеңімпаздарға гранпри, I, II, III дәрежелі арнайы дипломдар табысталды. Сонымен қатар шығармашылық белсенділігімен ерекшелінген психолог мамандар «Новаторпсихолог», «Зерттеуші-психолог», «Шебер-психолог», «Жас психолог», «Креативті психолог», «Менеджер психолог» номинацияларын иеленді.Байқаудың қорытындысымен республикалық «Үздік психолог» байқауына қатынасқан Исатай ауданы «Балдырған» балабақшасыпсихологы Шаймарданова Эльмира «Новатор–психолог» номинациясымен,ал Исатай ауданы Х.Наубетов атындағы орта мектеп психологы Магазова Гульзада Кадыржановна «Шебер психолог» номинациясымен марапатталды. Білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің позитивті тәжірибесіндегі жаңашылдықты, білім сапасын көтерудегі жаңашыл идеялар мен оның тиімділігін табу, озат іс-тәжірибені тарату мақсатында өткізілген «Үздік әдістемелік бірлестік жетекшісі» облыстық байқауы барысында әдістемелік бірлестік жетекшілері өздерінің тәжірибесі бойынша педагогикалық шеберліктері мен кәсіби біліктіліктерін, педагогикалық технологиялар бойынша жобаларын жоғары деңгейде көрсете білді. Нәтижесінде Бас жүлдені Махамбет ауданы, Қалыбеков атындағы орта мектебінің әдістемелік бірлестік жетекшісі Насиғоллақызы Орынша иеленіп, қалған қатысушылар І, ІІ, ІІІ жүлделі орындармен және номинациялармен марапатталды.

2014 жылдың 24 қарашасында өткен жоспарлы «Үздік менеджер» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.Байқауға білім беру ұйым басшылары мен директордың орынбасарлары қатынасты.Мақсат-шығармашылықта жұмыс жасайтын тәрбие және білім беру ұйымдары басшыларының білім беру жүйесіндегі әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру, олардың кәсіби құзырлылықтарын арттыру, білім беру жүйесіндегі басқарудың үздік тәжірибесін тарату. Байқауға қатынасушылар инновациялық қызметті, білім беру ұйымын ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктері мен қосымша материалдарды қамтитын, тәжірибеде қолданылып жатқан білім беру ұйымын басқарудың озық үлгілерін көрсетті. Сондай-ақ, сайысқа қатынасқан менеджерлер қолға алған істің нәтижелі аяқталуын қадағалау, жанжақты ізденімпаздық, басшылық қызметтегі жаңашылдық, ұйымдастырушылық қабілет заманауи басшының негізгі ұстанымы болуы тиіс екенін дәлелдеді. Байқаудың қорытындысы бойынша білім беру ұйымын басқарудың үздік үлгілері іріктеліп, Атырау қаласы №6 орта мектеп директоры Ермеков Б. Қ. бас жүлдені иеленді. Байқауға қатысушылар шығармашылық белсенділіктері мен іскерлік ерекшеліктеріне қарай жүлделі орындар мен түрлі номинацияларды өзара бөлісті. Байқауға қатысушы облысымыздың педагог мамандары өздерінің бірегей инновациялық жобаларымен бөлісіп, сол арқылы педагогикалық шеберліктерін ортаға салды.Педагогикалық қызметкерлер арасында өткізілген мұндай байқаулардың әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруге, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге жаңаша бетбұрыс жасауға, жаһандану заманында белсенді түрде өзгеруге бейім,бәсекеге қабілетті заманауи ұстаз қалыптастыруға зор ықпал етері сөзсіз.

ОБЛЫСТЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІ ҮЗДІК КІТАПХАНА КАБИНЕТІН АНЫҚТАДЫ Маева Г.Ж.

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыруинститутының «Кітапхана» бөлімінің басшысы

ХХІ ғасырда адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім сапасын көтеру, компьютерлік желі, электронды оқулықтар даярлау, оқушылардың қазіргі

86

«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді» Н.Назарбаев. заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге әсер етеді.


Кітапханашылар мен педагогтар алдында тұрған міндет-ХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпараттар ағымында жөн сілтеп, пайдалыларын өз игіліктеріне жұмсауға үйрету, ақпараттық қоғам тіршілігіне әзірлеу.Қазіргі ақпараттандыру технологиясы дамыған заманды мемлекетіміздің болашағы-жас ұрпаққа заман талабына сай білім беруде оқытудың озық технологияларын меңгеру қажеттілігі туып отыр. Қазіргі кезде қоғамымыздың дамуына қарай ақпаратты жан-жақты алу аудио, видео, интернет жүйесі арқылы мүмкіндік туғанымен кітапхана арқылы әдеби кітаптарды оқи отырып, алған білім мен сауаттылықтың орны ерекше. Егеменді ел болып іргемізді бүтіндеп отырған кезде,болашақ еліміздің көсегесін көгертетін жас ұрпақтың ой-санасын жетілдіріп, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлғаны қалыптастыру ісі де бүгінгі күннің үлесіне тиіп отырғаны шындық. Заман өскен сайын, өркениет биіктеген сайын кітапханалардың да мақсаты мен міндеті жаңа талаптар деңгейіне көтеріле түседі. Бүгінгі күнде оқырман кітапханадан өз қажеттіліктеріне сәйкес түрлі библиографиялық анықтама нысандарын, кітапхана қорындағы бай мұраларды, мерзімді басылымдарды, электронды ақпарат интернет жүйелерін жан-жақты пайдаланады. Кітапхана–оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір.Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін,ұлттық құндылықтармен оқырмандар арасын жалғастырушы–кітапханашылар. Бүгінде облыстың білім беру салаларының кітапханашылары кітапхана қызметінің саналуан түрлерімен және бағыттарымен шұғылданады. Мектеп кітапханалары жұмысының негізгі құрамдас бөлігі дәстүрлі жұмыс түрлері болған және болып қала бермек. Солардың бірі технологиялық процестер: жинақтау,құжаттарды қабылдау және есепке алу, әдебиеттерді өңдеу,қормен жұмыс істеу, оқырмандарға қызмет көрсету (оқырмандарды жазу, әдебиеттер беру және қабылдау) және т.т. болып табылады. Сонымен қатар мектеп кітапханашылары білім беру ұйымының білім беру-тәрбиелеу процесін қолдауға байланысты қызметінің мазмұндық қырымен белсене шұғылданады.Бұл оқырмандармен жұмыс істеу,әңгімелер,кеңестер, көпшілік кітапхана шараларын өткізу,кітап көрмелерін ресімдеу, библиографиялық анықтамаларды орындау, әдебиеттердің ұсынымдық библиографиялық тізімдерін әзірлеу,кітапхана-библиографиялық білімдерді насихаттау,жалпы мектеп шараларына қатысу. Кітапхана жұмысының дәстүрлі әдістерімен қатар облыстың білім беру саласындағы кітапханалары инновациялық жұмыс нысандары мен АКТ ендіруде. Бұл кітапханаларды компьютерлік және көшірмелеу-көбейту техникасымен, Интернетке қосылумен жарақтандырудың арқасында мүмкін болып отыр. Ақпарат технологиялары белсенді түрде ендіріліп,игеріліп жатқан мекемелерде кітапханашылар өзіндік электронды өнімдер–

бүктемелер,электронды әдістемелік басылымдар, әдебиеттердің ақпараттық және ұсынымдық тізімдерін әзірленуі тиіс. Сонымен бірге оқулықтармен және салалық әдебиеттермен жинақтау,жалпы білім беретін мекемелердің ақпарат ресурстарымен қамтылуы мен оған қажеттігінің деректер базалары жүргізілуде. Негізінен гимназиялар, жалпы білім беретін лицейлер, колледждер кітапханаларының білім беру ұйымының сайтында өз беттері болуы керек. Осыған орай 2014 жылы қараша айында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жоспарына сай «Үздік кітапхана кабинеті» облыстық сырттай байқауы институт базасында болып өтті.Сырттай байқауға қалалық,аудандық және кәсіптік білім беру мекемелерінен барлығынан жұмыстар келіп түсті. Байқау мақсаты:білім беру бөлімдері және кәсіптік білім беру ұйымдарының үздік кітапхана кабинетін анықтау,кітапхананың бүгінгі келбеті,қазіргі заманауи талапқа сай кітапхана кабинетін жасақтау,яғни материалдық–техникамен жабдықтау,кітапхана қызметінің сапасын жақсарту болып табылады. Байқау міндеттері:кітапхана пайдаланушылардың рухани қажеттерін қанағаттандырып,мәдениетті ұрпақ тәрбиелеуде,олардың ақпараттық сұраныстарына сәйкес,үздік атанған маманның жүргізіп жатқан жұмыстары,озат кітапханашылардың кәсіби шеберлігін және мәртебесін көтеру, тәжірибе алмасу. «Үздік кітапхана кабинеті» облыстық сырттай байқауында қазылар алқасының құрамы жұмыс жасады. Облыстық «Үздік кітапхана кабинеті» байқауының қорытындысы бойынша оқырмандарға ақпараттық библиографиялық қызмет көрсетуде белсенділігі үшін төмендегі кітапхана кабинеттері институттың Алғыс хаттарымен марапатталды.Құрманғазы ауданы, Гоголь атындағы орта мектебінің кітапхана кабинеті,Индер ауданы, Махамбет атындағы орта мектебінің кітапхана кабинеті,Индер ауданы, Жамбыл орта мектебінің кітапхана кабинеті,Қызылқоға ауданы Қаракөл орта мектебінің кітапхана кабинеті, Қызылқоға ауданы, Жаңашаруа орта мектебінің кітапхана кабинеті, Қызылқоға ауданы, №1 мектеп – гимназиясы кітапхана кабинеті. Облыстық «Үздік кітапхана кабинеті» байқауының қорытындысы бойынша оқырмандар талабына сай жабдықталғаны үшін III дәрежелі дипломмен төмендегі кітапхана кабинеттері марапатталды.Жылыой ауданы, №16 орта мектебінің кітапхана кабинеті,Мақат ауданы, Баймұханов атындағы орта мектебінің кітапхана кабинеті, Қызылқоға ауданы, Тасшағыл орта мектебінің кітапхана кабинеті, Махамбет ауданы, Ақтоғай орта мектебінің кітапхана кабинеті. Облыстық «Үздік кітапхана кабинеті» байқауының қорытындысы бойынша өскелең ұрпақтың ақпарат мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда үлес қосқаны үшін төмендегі кітапхана кабинеттері II дәрежелі

87


дипломмен марапатталды.Атырау медицина колледжінің кітапхана кабинеті,Мақат ауданы Шарипов атындағы орта мектеп-интернатының кітапхана кабинеті,Атырау облыстық аграрлық – техникалық колледжі кітапхана кабинеті. Облыстық «Үздік кітапхана кабинеті» байқауының қорытындысы бойынша кітапхана қызметінің сапасын жақсартуда материалдықтехникамен жабдықталғаны үшін Атырау облысы,

К

Исатай ауданы, Өркен орта мектебінің кітапхана кабинетіI дәрежелі дипломмен марапатталды. Облыстық «Үздік кітапхана кабинеті» байқауының қорытындысы бойынша оқырмандарға толық әрі жедел кітапханалық және ақпараттық қызмет көрсетуде, қазіргі заманауи талапқа сай жасақталғаны үшін төмендегі кітапхана кабинеті Бас жүлдеменАтырау политехникалық колледж кітапхана кабинетімарапатталды.

ӘСІБИ Ш– Е ТТЫРУ БАСТЫ БЕРЛІКТ МА І АР Юсупова И.Т.

ҚСАТ

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің жетекші маманы

2014 жылдың 21–23 қазан аралығында «Өрлеу» БАҰО» акционерлік қоғамының жоспарына сай Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауы өтті. Оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге және12-жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында педагогтың кәсіби-тұлғалық дамуын қолдауға бағытталған республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауы ҚР 2011-2020 жылдарға арналған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында мектеп жұмысына педагогтарды дайындау аясында өткізілді.Байқау Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі әдіскерлерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру мен кәсіби деңгейін арттыруға бағытталған тәжірибелік бағдарлама болып табылады. Байқаудың ашылу салтанаты Алматы қаласы С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінде жоғары деңгейде ұйымдастырылды. «Үздік жыл әдіскері» байқауының басты мақсаты– әдістемелік жұмысты ұйымдастырудағы барлық деңгейдегі әдіскерлердің үздік тәжірибесін айқындау, кәсіби шығармашылығын ынталандыру және білім беру жүйесінде әдіскерлердің жағымды әлеуметтік және кәсіби келбетін қалыптастыру,мәртебесін көтеру. Байқау мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарының әдіскерлері,жалпы орта білімге жетекшілік ететін аудандық (қалалық) әдістемелік кабинеттерінің әдіскерлері, техникалық және кәсіптік білім беру әдіскерлері, қосымша білім беру ұйымдарының әдіскерлері,ЖОО әдістемелік бюросының мүшелері,«Өрлеу» БАҰО» АҚ Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі мамандарының арасында өткізілді.

88

Республикалық байқаудың І туры сырттай, ІІ туры «Үздік жыл әдіскері» Республикалық байқауының ережесіне сәйкес бетпе-бет. Сырттай тур–байқауға қатысушылардың берілген үй тапсырмасы:бейнебаян мен әдістемелік электрондық портфолионы сараптау. ІІ тур бойынша бетпе-бет тапсырмалары әдіскерлердің әдістемелік құзыреттілік деңгейлері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға,функционалдық сауаттылықтарын айқындауға бағытталған. Байқау ережесі бойынша «Мен-әдіскермін...» атты тұсаукесер,шеберлік сынып өткізу,авторлық әдістемелік жасалымдар, бағдарламалар, әдістемелік жобалар, үздік әдістемелік тәжірибені қорғау, ғылымиәдістемелік жобаға, инновациялық тәжірибеге сараптама жасау аясында тапсырмалар берілді. Байқау ережесінің ІІ туры бойынша әрбір әдіскер алдымен «Мен – әдіскермін...» тақырыбындағы эссені тұсаукесер арқылы таныстырды. Одан кейін шеберлік сыныптар,ғылыми-әдістемелік жобалар,авторлық әдістемелік жасалымдар, бағдарламалар,әдістемелік жобалар,үздік әдістемелік тәжірибелер,сондай-ақ Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі мамандарының арасында педагогтың инновациялық озат тәжірибесіне және біліктілікті арттыру курсының бағдарламасына сараптама жүргізу, мазмұнын талдау,ұсыныстар беру,өзектілігі мен қажеттілігін анықтау бағытында тапсырмалар орындалды. Қазақстан Республикасы бойынша аудандық және облыстық кезеңдерде байқауға 531 білім беру ұйымдарынан 1364 әдіскер қатысып, ең үздік деп танылған 89 әдіскер республикалық кезеңге жолдама алып,кәсіби шеберліктерін шыңдауда байқауға қатынасты.


Атырау облысынан «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтынан республикалық байқауға «Инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы И.Т.Юсупова, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университенің әдіскері Р. Насыров, Индер аудандық білім бөлімінің кабинет меңгерушісі, жалпы пәндер бойынша әдіскері Р.Қ.Даулетова, Мақат Мұнай және газ технологиялық колледжінің әдіскері Н.Бажбенова және Атырау қаласы №1мектепке дейінгі Авторлық гимназия балабақшасының әдіскері А.Б.Камиева қатысты. Республикалық «Үздік жыл әдіскері» байқауының қорытындысында әділ қазылар шешіміне сәйкес Насыров Рахметтолла Насырұлы «Новатор әдіскер» номинациясымен,Даулетова Роза Қабышқызы «Көшбасшы әдіскер» номинациясымен, Бажбенова Назымгүл «Креативті әдіскер» және Камиева Ақмарал Бағытжанқызы «Шебер әдіскер» номинациясымен марапатталды.

Екі күнге созылған байқау барысында кәсіби шеберлікті танытып, шығармашылық қабілетімді шыңдап, әдіскерлерлік қызметтің міндеттерін жүзеге асыру арқылы байқау қорытындысында ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталдым. Мен үшін бұл жеңіс өз жұмысымның нәтижелі жемісі деп білемін. Осындай республикалық байқауға қатысуға ықпал еткен «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының басшылығы мен инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлім қызметкерлеріне қажетті деректер дайындау барысында әдістемелік көмек көрсеткендері үшін ризашылығымды білдіремін. Мектеп қабырғасындағы оқушының тәрбиесі, білім сапасы-ол бірінші кезекте мұғалімдерге байланысты. Ал осы мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттырып, оқу әдістемелерін одан әрі жалғастырып, дамытып отыратын әдіскерлер. Сондықтан, елімізде тәрбиелі ұрпақ қалыптастыруда, білім сапасын арттыруда әдіскерлердің рөлі өте зор.

89


ЖУРНАЛҒА ЖАРИЯЛАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 1. Ғылыми мақалалар журналдың мазмұндық бағытына және талаптарына сәйкес болуы қажет. 2. Ғылыми-әдістемелік мақала көлемі қосымша материалдарды (суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) қосқанда көлемі 4-5 беттен аспауы керек. Мәтіндер компьютерде Times New Roman KZ, шрифт-12, интервал – 1теріледі және қосымша материалдар (суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) jpg арқылы жіберлуі тиіс. 3. Көрнекілік материалдар жеке реттік нөмірімен қосымшада ұсынылады. 4. Редакцияға жіберілетін мақаланың 1-бетінде: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, мекен-жайы (облыс, аудан) жұмыс орны, лауазымдық қызметі және ғылыми атағы толық жазылуы қажет. 5. Мәтіндегі әдебиеттер сілтемелері сандармен тік жақшада көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі мақала соңында ұсынылады. Авторы, аталуы, басылып шыққан 90


мекені, баспасы, жарық көрген жылы. Шет тіліндегі әдебиеттер отандық басылымдардан кейін жазылады. 6. Мақала соңына автордың үй, жұмыс және ұялы телефоны жазылады. Мақалада келтірілген деректер, үзінділер, статистикалық мәліметтер, кісі аттары, өлең, ән авторлары, т.б. мағлұматтар мақала авторының жауапкершілігінде. 7. Редакция әдеби өңдеу барысында келіп түскен мақалалардың көлемін қысқартуға құқылы. Сондай-ақ журналдың мазмұндық бағыттарына сәйкес келмесе немесе жазылу сапасы төмен болса, мақаланы жариялауға ұсынбауға құқылы. 8. Ұйымдастыру жарнасы журнал редакциясына қолма-қол төленеді. 9. Журналға мақала 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады. Редакция

91


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.