Хабаршы №3 2016

Page 1


«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ХАБАРШЫ ВЕСТН И К Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы Журнал 2013 жылдан бастап екі айда бір рет шығады

БАС РЕДАКТОР -

АҚЫЛДАСТАР КЕҢЕСІ

Галимжанова Маржан Анесқызы«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Корректор – Қаленова Гульзахира Сапарғалиқызы Көркемдеуші және беттеуші– Сембаев Гибатолла Серікұлы, Баймұханов Алмас Сансызбайұлы Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген. БІЗДІҢ МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ: 060009-Атырау қаласы, Авангард-4 ықшам ауданы, Адмирал Лев Владимирский,24 тел.: 8(7122) 20-08-34 факс: 8(7122) 58-63-45 Ресми сайт: www.orleu-atr.kz Эл.пошта: orleu_baspa@mail.ru

Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы төрайымының бірінші орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Өмірбекова Жайлы Бөкешқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі. Жаманбаева Динара Таңбайқызы – экология магистрі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Құрметті мүшесі. Қарамурзин Айтбай Қонысұлы – академиялық доцент, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі. Басуға 2016 жылы 13 маусымда қол қойылды.

Мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.

Таралымы – 50 дана Пішіні – А4 Әріп түрі Times New Roman Қағазы офесттік. Шартты баспа табақ – 4,2 Бағасы келісімді. Мақала үш тілде қабылданады.

Тапсырыс дайын диапозитивтерден басылады. Қолжазба қайтарылмайды, мақалаларға пікір жазылмайды. Журнал материалдары институттың қоғамдықбұқаралық байланыс және баспа қызметі бөлімінде теріліп, беттелді.


МАЗМҰНЫ

 Мемлекеттің үштұғырлы тіл саясаты  Джаркинбаева Г.А. Көптілділік- білім беру жүйесінің жаңа сатысы Балапанова Ж.Т. Көп тілді білу – заман талабы  Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас  Карымбаева С.М. Білім беру ұйымдарында қазақстандық патриотизмді және тәрбиені жоспарлауға жаңаша көзқарас Жалмуханова Б.Х. Жаңартылған білімге-жаңаша көзқарас Ажигулова М.С. Уровневая модель обучения иностранному языку как залог интеграции в мировое образовательное пространство  Отбасы тәрбиесі  Сарсенова Н.С. Консультациялық пункттер жағдайындағы мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылмаған балалармен және ата-аналармен жұмыс Қаленова Г.С. Отбасы тәрбиесі-қоғам негізінің бастауы Амирова А.К. Бала– ата-аналар қолына берілген аяулы аманат Самалихова Г.К. Ұлттық тәрбие – ел болашағы  Әдістемелік қоржынға  Егенисова Қ.Қ. Ертегі қойылымдар арқылы балалардың тілін дамыту Жумагалиева К.К. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жолында табиғи материалдардан әр түрлі бейнелер жасау жолдары Жусупова Ш.С. Теориялық білімді кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластырып, шығармашыл тұлға қалыптастырудағы рөлдік ойындардың маңызы Кереева Ж.Р. Оқытушының әдістемелік мәдениетін дамыту Бисенбаева А.Б. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - басты міндет  Кітапхана – рухани қазына  Грицинина И.В. Привлекательной библиотеке - быть!!! Маева Г.Ж. Жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде кітапхананың рөлі  Педагогтік ізденіс  Джатканбаева А.К. Мұғалімнің біліктілігін арттыру жүйесіндегі тренердің рөлі Ташмуханова О.М. Ұстазға тағзым Даулбаев М.О. Ұлт ұстаз – Ыбырай Алтынсарин Куракова Р.Н. Өзін – өзі басқару – ұжым мүшелерінің қабілетін дамыту жолы  Озат тәжірибе көпке ортақ  Ахметова Б.Қ. Баланы еріктілікке тәрбиелеу Ниеталиева Г.С. Музыка мектебіндегі пән бірлестік мәжілісі  Өзін – өзі тану» пәні шеберханасы  Сапарғалиева Р.Е. «Өзін-өзі тану» пәні - баланың рухани әлемін байыту көзі Кульниязова А.С. Ақиқат құндылығының мәні  Инклюзивті білім беру  Шилденова Т.К. Девиантты мінез-құлық және оның пайда болу себептері Жумалиева Б.С. Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі  Оқыту технологиялары  Утемисова Г.Ш. Smart-обучение должно начинаться с создания контента Садихова Р.А. Техникалық және кәсіптік білім беруді сапалы жүзеге асырудағы жаңа ақпараттық технологиялардың маңызы  Кәсіптік бағдар беру  Кукембаев Ж.Т., Бисенова Ш.С. Атырау көпсалалы «болашақ» колледжіндегі белсенді жастардың жетістіктері арқылы кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жетілдіру Байдаулетова Г.М., Рахышева А.Ж. Заманауи кәсіби білім берудегі оқу-әдістемелік қызметтің басым бағыттары

2

3 5

7 9 11

13 16 18 20 22 25 28 32 34 37 39 41 43 45 46 48 49 51 53 56 60 63 65

68 70


 Мемлекеттің үштұғырлы тіл саясаты 

КӨПТІЛДІЛІК- БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА САТЫСЫ Джаркинбаева Гульжан Абдиманаповна «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы

Бүгінгі күні Қазақстанның Білім тұжырымдамасы жан-жақты, өрелі шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында білім беру мен ғылымға да ерекше көңіл бөліп, “Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»,-деп атап көрсетті. Елбасының елімізде білім беру саласын дамыту туралы көтерген мәселелері негізінен педагог мамандарға жаңа міндет жүктейді. Өйткені, ұстаз елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақ тәрбиелейді, сондай-ақ білім негізі мектепте беріледі де, жоғары оқу орнында одан әрі мамандық бағытында қалана түседі. Қазіргі заман талабының бірі- жас ұрпақты көп тіл білуге баулу. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілді білім беру дегеніміз-оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде білім беру. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту-қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады. Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген.

Тілдерді дамыту-еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл проблемаларын оңтайлы шешу-ұлтаралық қатынастар үйлесімділігінің, халық бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың түпқазығы болып табылады.Елбасымыз үстіміздегі жылы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып, қазақ елін әлемдегі үш тілді қатар тұтынатын білімді де білікті ел ретінде танытуымыз қажет екенін және мемлекеттік тіл-қазақ тілі, ұлтаралық қарымқатынас тілі-орыс тілі мен жаһандық экономикаға табысты кірігу тілі-ағылшын тілі болуы тиіс екенін ерекше атап көрсеткен. Қазіргі уақытта аталған Жарлыққа сәйкес «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын іске асыру мақсатында қоғамдық өмірдің барлық салаларында қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сәйкес қолданылуын қамтамасыз ету, ресми тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілінің функцияларын сақтау, жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі ретінде ағылшын тілін дамыту жөніндегі шаралар кешені қолға алынып отыр. Қазақстанда тілдердің үштұғырлығы жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Бұл жобаның еліміздің әлемнің бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге, осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу шарт. Осы ретте көптілділік деп жүргенде

3


өз тілімізді соның бірі ретінде қолданып қалмаймыз ба деген ой туындауы әбден мүмкін. Көптілділік-заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады. Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтікмәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру өмір талабы. Бүгінгі Қазақстанға технологиялық ғылыми, медициналық және басқа да салаларда жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, әлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау қажеттілігі туындап отыр. Замана ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тәрбие беретін-мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт. Қазіргі заманда оқыған зиялы азаматтардың бірнеше тілде сөйлеуі Қазақстанның болашағынан елес беріп тұрғандай. Бүгінде оқушыларымыз, білімгерлеріміз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті. Сол жас өскіннің өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру-бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс- тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет. Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңестігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 50 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады. Мемлекеттік тілдің мәртебесі әрдайым биік болуы керек. Әсіресе, мамандар шет тілін оқытатын еліміздегі оқу орындарының білім беру жүйесінде қазақ тіліне

4

ерекше басымдық беруін қадағалауы керек. Сонда ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ ұлттық құндылығымызбен терең сусындайды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін ойлағандар аталған жобаны қолдай отырып, «қазақ тіліндегі ақпараттық кеңістікті кеңейтуге күш салу қажет». Жалпы айтқанда, өз тіліміздің қадір–қасиетін түсініп, мәртебесін көтерейік. Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл заман талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс атқарсын, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілден аспай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек. Қорыта келе, «Үштұғырлық» үш тілді қамтығанымен, мәдени жобаны іске асыру барысында қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесіне сай басымдық бағыт беріледі. Осы ретте қазақ тілінің қолданылу аясын одан әрі кеңейту және конституциялық мәртебесіне сәйкес қоғамдағы рөлін нығайтуға, еліміздің барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруіне қажетті барлық материалдық-техникалық жағдайларды жасауға аса көңіл бөліну керек. Меніңше, әрбір қазақстандықтың қазақ тілінің тек қазақтардың ана тілі ғана емес, әрқайсысымыздың мемлекеттік тіліміз, мемлекетіміздің мемлекеттілігінің негізгі белгісінің бірі, болашағымыздың тілі екенін түсінетін кез келді. Сондықтан да оны мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты ретінде іске асырып, барынша дамытуға атсалысуымыз керек. Әдебиеттер тізімі: 1.Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері (Оқу құралы).—Алматы, 2006. – 86 б. 2.Хасанұлы Б. Ана тілі – ата мұра. – Алматы: Жазушы, 1992. – 272 б. 3.Хасанұлы Б. Аймақ тілдері мен мемлекеттік тіл қызметін арттырудың егемендік тұғырнамасы: әдіснама мен мониторинг мәселелері. Тіл қызметін үйлестірушілерге көмекші құрал. Қостанай, 2002. 62 б. 4.Айталы А. Ұлттану. Оқу құралы. 2-басылым. – Алматы: Арыс, 2003. – 226 б. 5.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі. – 2007. – № 7 (896). - 1, 7-10-Б. 6.Назарбаев Н.Ә.Тіл тағдыры - ел тағдыры//Ана тілі. – 2006. - № 46 (831). –1-2 Б. 7.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // «Егемен Қазақстан» 20 қаңтар, 2004. 8.Мемлекеттік тіл саясаты-Государственная языковая политика.Алматы: Аркас, 2005 9.«Қазақстан мектебі» журналы.№6. маусым, 2011.


КӨП ТІЛДІ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ Балапанова Жаңыл Темірқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымдары пәндерін оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі, магистр

Тілден биік асқар жоқ, Тілден асқан байлық жоқ, Тілден терең теңіз жоқ. Ғ. Мүсірепов Бірнеше тілді меңгеру арқылы жас ұрпақ білім кеңістігінде еркін самғап, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік алады. ҚР «Білім туралы» Заңының 5-бабында «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі және бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс» деп көрсетілген. Осыған орай, білім ұйымдарының үш тілде оқытуды қолға алудағы негізгі мақсаты – бірнеше тілді меңгерген, жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті, мәдениетті тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында―«Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсына отырып: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі–мемлекеттік тіл, орыс тілі–ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі–жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі»,–деген болатын. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан–2050" стратегиясында еліміздің әлемдік интеграцияға кірігуі үшін көптілділікті дамыту міндеті қойылды. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында үш тілде білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды іс-қимыл жүргізу үшін 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді делінген болатын. Сонымен қатар үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандартына сәйкес тілдік пәндер бойынша отандық оқулықтар мен ОӘК әзірленетін болады және жаратылыстануматематика циклінің төрт пәнін ағылшын тілінде оқытатын педагог кадрларға және үштілділікті енгізуге деген қажеттілік:

1) білім беру ұйымдарында оқытуға тарту тетігі арқылы «Болашақ» бағдарламасының түлектерінің; 2)жоғары оқу орындарында және колледждерде мұғалімдерді мақсатты даярлау; 3) физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру; 4) студенттер алмасу және волонтерлерді тарту бағдарламасы есебінен шешілетін болады делінген. Қазіргі уақытта аталған нормативтік негіздемелерге сәйкес көптілділікті дамыту жөніндегі шаралар кешені қолға алынып отыр. Яғни, Білім жүйесін модернизациялау бойынша тапсырмалардың бірі–бұл балабақшадан бастап үш тілде оқыту. Жоғарыда қойылған міндеттерді орындай және қазіргі заманғы атааналардың тілегін есепке ала отырып, облыстың мектепке дейінгі мекемелерінің басты мақсаттары белгіленді:балаларда көптілділікті дамыту үшін тілдерді оқып үйрену процесін жетілдіретін ыңғайлы жағдайлар жасау, пәндік-кеңістік орта құру, орыс, қазақ және ағылшын тілі бойынша кабинеттерін жасақтау, дидактикалық материалдарды, оқу-көрнекі құралдарын, қазіргі заманға сай технологияларды жинақтау. Мектеп жасына дейінгі балалардың қостілділігі/көптілділігі ауызекі сөйлеу тілінің даму кезеңінде қалыптасады. Себебі бала отбасында бір тілде сөйлесе, балабақшада немесе аулада бірнеше тілдерді игеруі мүмкін. Мәселен, қазір өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілді балабақшаларға өз балаларын беру жағдайы көп кездеседі. Көп балабақшаларда қазақ, орыс және ағылшын тілі ерте жастан бастап оқыту қажеттілігі, бүлдіршіндердің қабілеттері мен тілдік ерекшеліктері ескеріле отырып, мектепке дейінгі ұйымдарда ағылшын тілін үйрету

5


енгізіліп келеді. Сонда бала мектепке дейінгі жасында-ақ бірнеше тілді қатар үйрене бастайды. Ағылшын тіліне ерте жастан оқытудың тиімділігі тілді жақсы әрі еркін меңгеруге тигізер әсері мол. Ол баланың интеллектуалдық, тәрбиелік және рухани әлеуетін жақсартады. Ағылшын тіліне ерте жастан оқыту балалардың жалпы және тілдік дамуын реттейді, балаларды өзге ұлт мәдениетін білуге және құрметтеуге үйретеді. Ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, үлкен адамға қарағанда кішкентай бала шет тілін тез меңгереді. Ал өсе келе шет тілін үйренуге деген қабілеттілігі бәсеңдейді. Қазақстан Республикасында Көптілді білімнің дамуына байланысты қазір қазақ-орыс-ағылшын тілді ортаны кеңейту қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан бүгінгі білім беру жүйесі заман сұранысына лайықты азаматтар тәрбиелеуді көздейді. Дегенмен де көтеріліп отырған тіл мәселесіне орай, әркімнің өз пікірлері өзгеше. Бірі баланы ерте жастан оқытқан тиімді десе, енді бірі ағылшын ерте жастан бастау ұлттық тілімізге нұқсан келтіре ме деген күдігін алға тартуда. Келесі бірі шет тілін балабақшадан бастап оқытуға кейбір мектепке дейінгі ұйымдардың дайын еместігін айтуда. Қалай десек те, бүгінгі заманның ағымы көптілділікті қолдайды, жастарды болашаққа бүгінгі күннен бейімдеу үшін ағылшын тілін балабақшадан бастап меңгерту қажеттігін меңзейді. Демек, мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндерімізді алда үш тілді де меңгеру сынағы күтіп тұр. Бүгінгі күні көптілді білім беру тек балабақша мен жалпы білім беретін мектептерге ғана емес, жоғары оқу орындарына да белсенді енгізілуде. Осыған қарап үштілділік –заман талабы екендігін мойындамауға еш қақымыз жоқ. Көптілділік заман талабына айналып отырған кезеңде ана тілімізді ардақтай отырып, өзге тілдерді білгеніміз әлемдік мәдениетке, өркениетке, білім кеңестігіне еркін кірігіп, болашақта алдыңғы қатардағы бәсекелестікке қабілетті дамыған 30 елдің қатарына енуімізге, жаһандану үрдісінде өмірдің барлық жағынан бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады. Мектепке дейінгі ұйымдарда көптілді тұлға тәрбиелеу Қазақстан Республикасы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы «Қатынас» білім беру саласының мақсатында: «ана тілінің

6

базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде мәдениәлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы ортамен ауызша және ауызша емес құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу» деп көрсетілген. Көптілділікті дамытудың психологиялықфизиологиялық жағдайына тоқталатын болсақ, билингвизм (қостілділік) және полилингвизм (көптілділік)–қазіргі таңда ғалымдар тарапынан қызығушылық тудырып отырған өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі күні қостілділік өзара қарым-қатынас жасаудың негізгі факторына айналып отыр. Ғылыми әдебиеттерге сүйенсек, билингвизм–жеке адамның екі тілде ұдайы қарым-қатынас жасауы, яғни сөйлеу, жазу тәжірибесі дегенді білдіреді, полилингвизм– үштілділік қарым-қатынас, яғни қазақ-орысағылшын тілдік ортаны кеңейту дегенді білдіреді. «Білімді ұрпақ–болашақтың кепілі»,демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі–мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. Қорыта келе, айта кететініміз «Өнер алды–қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Әдебиеттер: 1. Қазақстан Республикасы президенті Н.А.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» http: akorda.kzт. 2. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту. 2016 ж 1 наурыз 3. Проблемы языкового образования в Казахстане на современном этапе // Материалы международной науч.-практ.конф. в области языкового образования 2007 г. / КарГУ, том 2 – Караганда: Изд-во КарГУ, 2007. – С.63-66. 4. Концепция развития полиязычного образования в Республике Казахстан. – Караганда: Изд-во КарГУ, 2008. – 19 с. 5. http:www.elgazeti.kz. Табынұлы Т. «Үштұғырлы тіл: Бәсекеге қабілетті ұлт болудың бірінші сатысы», 29 наурыз 2011 ж.


 Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас  БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ЖӘНЕ ТӘРБИЕНІ ЖОСПАРЛАУҒА ЖАҢАША КӨЗҚАРАС Карымбаева С.М. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ, Деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, филология магистрі Елімізде тәуелсіздік ала салысымен ұлттық идеологияны қалыптастыра кету оңай болмады. Қазақстандық жаңа идеологияны, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру қажеттілігі туды. Осы кезеңде Елбасымыз Қазақстан халқына жолдауында мемлекет пен азаматтық мақсаттардың барлық бағыттары бойынша сәйкес келуі өмірлік түрғыдан маңызды екенін атап көрсетті. "Адам болашағына сенімді болуы керек, сонда ғана толыққанды мемлекет құруға болады. Мемлекетте азаматтардың дамуы үшін, жеке және кәсіби тұрғыда өсуге жағдайлар жасалып, мүмкіндіктер ашылған жағдайда ғана сенім пайда болады. Мемлекет осыны түсініп, халықпен біріге жұмыс істеуі тиіс"- дейді Елбасы. Нарықтық заманда біз бұл мәселеге прагматикалық тұрғыдан қарауымыз керек. Президент өз сөзінде:"Егер мемлекет әр азаматтың өмір сапасына, қауіпсіздігіне,тең мүмкіндіктеріне және болашағына кепілдік беретін болса, біз елімізді сүйеміз, онымен мақтанамыз. ... Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс"- деді. Осы тұрғыдан Елбасы өз бойымызда және өскелең ұрпақтың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуге шақырды. Бірақ бүгінде қалыптасқан мемлекеттің жаңа даму кезеңінде бұл түсінік жеткіліксіз болып тұр. Ол үшін мемлекет жоғарыда аталып өткендей, адам бойында болашағының баянды болатынына сенім ұялату қажет. Әр азамат өз елінде еркін сезініп, болашағына деген сенімі артқан уақытта, ол болашақ ұрпағын да осы

елде тәрбиелеп, елінің дамуына үлес қосуына үгіттейді. Бүгінгі мектепте Қазақстандық патриотизмді және тәрбиені қалыптастыру жұмысы негізделетін ұстанымдар жеткілікті. Тәрбие жұмысы және жастар саясаты ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі бір бағыты болып отыр. Онда "білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі – өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады" делінген. Бұл бағыттағы негізгі қызметтің мақсаты жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Бүгінде тәуелсіз елге тән барлық құндылықтарымыз бар. Сол құндылықтарымыздың бірі-бірлік, ынтымақтастық. Осы қасиетіміз бен құндылығымызды дамыту өз қолымызда. Ал қазіргі отандық білім беру жүйесіндегі басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі орта мектептердегі білім көрсеткіш Бірыңғай ұлттық тестілеудің қорытындысы бойынша жоғары деңгейдегі білім көрсеткіші болып табылады. Осылайша, тек академиялық

7


басымдықтарға мән беруде. Осыған байланысты мектеп мұғалімдері оқушылардағы ұлттық және рухани құндылықтарды дамытуға жеткілікті көңіл бөлмейді. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жаңа көзқарас керек: әр педагог өзі үшін басымдықтарды нақтылап алуы керек –ол үшін не құнды болып табылады, тек өзіндік сенімі, іс-әрекеті, рефлексиясы арқылы ғана сапалы тәрбиелеуге болады. Бұл көзқарас мұғалім өзінің жеке басының үлгісі мен өмір тәжірибесі арқылы балалардың азаматтықпатриоттық сезімдерін дамытуға дайын ба? Ол бұл мәселені жүзеге асыруды қалайша жоспарлайды? - деген түсініктеріне негізделеді. Қазіргі мектептегі тәрбие жұмыстарын жүргізудің тиімді жолдарын ендіруде қиындықтар да кездеседі: -мұғалім өзінің жеке түсінігі мен ісәрекетінде қалыптасқан дағдыларының оқушының тәрбиесіне ықпалын терең түсінбейді; -мұғалімдер оқушылардың академиялық дайындықтарына ерекше назар аударады (ҰБТға дайындық), тәрбие жұмысы өз дәрежесінде жүргізілмейді; -мұғалімдердің АКТ сауаттылықтарының төмендігі сандық Smart технологиялардың мүмкіндіктерін өз дәрежесінде қолдана алмайды; -кестеге сәйкес бір сарынды жүргізілетін дәстүрлі тәрбиелік іс-шаралар оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келмейді; -мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктері туралы ойланбайды және заманауи талаптарға дайындау үшін мектептегі тәрбие жұмысының бағыттары арқылы балалардың коммуникативті дағдыларын дамыту маңызды деп санамайды; -мұғалімдер мектептегі тәрбие жұмысында өздерінің әлеуеттерін толық жүзеге асыра алмайды; -педагогтер қиындықтарды анықтау және оны шешудің жолдарын іздеу мақсатында қоғамдық әлеуметтік құрылымдармен тәжірибе алмаспайды және тығыз байланыс жасамайды; -мектептерде өзін-өзі реттеу жұмысының әлсіздігі. Ұлтжанды азаматтарды қалыптастыру үшін Назарбаев зияткерлік мектептері әлемдегі озық елдердің тәжірибелерін қарады. Оның ішінде Жапония, Сингапур, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея сияқты мемлекеттер бар. Онда еңбексүйгіш құндылығына көп басымдық беріледі. Сонымен бірге кейінгі сыныптарда заманауи барлық пәндерді оқыған кезде жас ұрпаққа жапонның қаншалықты мықты екендігін мойындатып, нақты тәлім 8

берілгендігін көрдік. Қазіргі уақыттағы проблема-қоғамда білім мен тәрбие бөлек беріледі. Сондықтан білім мен тәрбиені ұштастыруды жоспарлау керек. Өйткені балалар үшін тәуелсіздігіміз-ең үлкен құндылық. Біздің халқымыздың ар-намысы-ең басты құндылық. Үлкенге құрмет-зор құндылық. «Тұлға» ұғымы адамның әлеуметтік дамуының сапалық көрсеткіші. Бұл адамның биологиялық табиғи қасиеті емес.Осындай өзөзіне сенімді, ой-өрісінің тәуелсіздігімен ерекшеленетін, құндылықтарды бойына сіңіре білген, сыни тұрғыдан ойлана білетін тұлға тәрбиелеу мақсатында Назарбаев мектептерінде «Шаңырақ» оқушылар қауымдастығы құрылды. «Шаңырақ» атауымен құрылған оқушылар қауымдастығы–жоғары және төмен сынып оқушылары арасындағы бірлік, өзара сыйластық, ынтымақтастық, сенім, қамқорлық сезімдерін қалыптастыруға негізделген жоба. Зияткерлік мектеп тәжірибесіндегі "Шаңырақ" қауымдастығы балалардың өзін-өзі басқаруына құрылды. Бұл қауымдастықтағы балалардың білімге ұмтылысы зор. Қауымдастықтағы балалар арасында бауырмалдылық басым. Бір шаңыраққа екі сынып, 9-ншы және 11-сынып кіреді. Үлкен сынып кіші жастағы балаларға қолдау көрсетеді, үлкендік үлгі ұсынады. Сол сияқты "Көшбасшылық сабақтары" жобасы, "Туған елге тағзым" өлкетану экспедициясы, Discover Kazakhstan ("Қазақстанмен таныс бол") эссе байқауы жұмысы, "Ауылдағы 2 апта", "Ата-ана жұмысындағы 10 күн", Клуб «TEDxNIS» және «Оқиға орнынан репортаж» жобалары, "100 кітап" және "Bookcrossing" әлеуметтік қоғамдастық акциясы ұйымдастырылады. Олай болса, азаматтыққұқықтық тәрбиені ендірудің бір жолы– мектепте әлеуметтік жобалар мен мектеп тәжірибелерін ұйымдастыру. Азаматтық-патриоттық дағдыларды қалыптастыру бойынша мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін, Назарбаев зияткерлік мектебіндегі әлеуметтік жобалар мен мектеп тәжірибесі арқылы тәрбие жұмысын жаңаша ұйымдастырудың жолдарын қолдану іскерлігін дамыту қажет. Мұны алдымен Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәрбиелік жұмыс тәжірибесімен танысудан бастаған жөн. Сол арқылы әлеуметтік жобалар мен мектеп тәжірибесі бойынша бағдарламалар дайындап, өз мектебінің тәрбие жұмысын НЗМ тәжірибесімен біріктіру дағдыларын қалыптастырады. Мұғалімдер тәрбие


жұмысына жүйелі рефлексия жасап отыру арқылы тәрбие құндылықтарын және оны дамыту басымдықтарын анықтай алуы тиіс. Зияткерлік мектептер тәжіриесімен таныса отырып мұғалімдер көзқарастарын кеңейтеді, азаматтық-патриоттық тәрбие беру жолдары мен әдістерін таңдай алады. Сол арқылы тәрбие беру жұмысында жаңа идеяларды қолдана алуға үйренеді. Осылайша мектептегі педагог үшін оқушылармен ынтымақтастық қарымқатынас орнатудың маңызы анықталады.

Қолданылған әдебиеттер: 1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 3.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы. Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі. 1999 жылғы 28 тамыз N 73. 4. НЗМ ДББҰ, http://nis-taraz.kz/ сайты.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМГЕ-ЖАҢАША КӨЗҚАРАС Жалмуханова Балауса Хоныспаевна «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Қазіргі кезеңде еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауында «Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып дамуы үшін жауапты» деп, педагогтардың жауапкершілігін арттырды және оқушыларды қазіргі заманға сай жаңа технологиямен оқыту маңызды екенін атап көрсетті. Қазіргі білім беру саласындағы проблема әлеуметтік педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан, білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді даярлау. Мұғалімдерді даярлау қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына кіретіні белгілі жәйт. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік – экономикалық міндеттері заманына сай өзгерістерге ұшырап, өскелең ұрпақты соған лайықтап өмірге бейімдеудің жаңа талаптары туындап отырады. Бұл жерде ұстанымдар кәсіби педагог кадрларын даярлау жүйесіндегі көзқарастардан айкыңдалары даусыз. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып, педагогикалық технологияларды ендіруді міндеттейді. Білімнің мазмұны жаңа

дүниелермен, ақпаратты жеңіл қабылдау қабілеттерінің дамуымен, нарық кезінде оқыту бағдарламаларының нақтылығына түсуімен, ғылымдағы жаңа өзгеше шығармашылықтармен толыға түсуде. Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жүргізу–барша ұстаз алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында оқушыларға тек білімді тарату емес, сонымен бірге білім алушыларды білімді өздігінен алу тәсілдеріне үйрету екені көрсетіледі. Бұл міндетті табысты жүзеге асыру үшін білім алушыларды оқу уақытын тиімді пайдалануға, жеке пәндерге оқытуда танымның ғылыми әдістерінің негіздерін меңгертумен бірге оқу үрдісіне енетін іс-әрекеттің барлық түрін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білім, оқу іскерліктері және дағдылары мен қатар ісәрекет тәсілдерімен де қамтамасыз ету қажет. Биылғы жаңа оқу жылының қыркүйек айынан бастап жалпы білім беретін мектептерде барлық 1 сынып оқушылары «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» бойынша білім алмақ. Осыған байланысты 2016 жылдың ақпан айынан «Өрлеу» біліктілікті арттыру институтында жалпы білім беретін мектептерде «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілік арттыру» курсы басталып та кетті. Бұл біліктілікті арттыру курсының мақсаты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту 9


бағдарламасымен таныстыру және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру. Курс барысында мұғалімдер оқушының бойына кең ауқымды дағдыларды білім беру кезінде қалай қалыптастырудың әдіс-тәсілдерін меңгерумен қатар, «Бірлескен оқу, Белсенді оқу» түрлерінің қалай жүзеге асатындығын, бағдарламаның маңыздылығы мен тиімді жолдарын, ықшам сабақ беру кезінде әр пәннің ерекшелігін түсініп, нақты мақсатқа сай тапсырма дайындауды үйрене отырып, оқушының шығармашылықпен жұмыс жасауына, іздене білуіне, зерттеу нәтижесіне өзіндік тұжырым жасап, қорытынды шығаруына мүмкіндік туғызатынына көз жеткізді. Келесі оқу жылында білім берудегі тың өзгерістер мен жаңашылдықтың жаршысы болатын 1-сынып ұстаздары бағдарлама мазмұны мен жаңаша оқытудың әдістәсілдерінің қыр-сырын тәжірибелілік тұрғыда меңгерді. Сонымен қатар орта білімді жаңарту мазмұнына сәйкес, оқушылардың бойына дарытатын коммуникативтік дағдылардың ерекшеліктерімен толық танысып, кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім ортасын қалай құруға болатындығы туралы пікірлерімен ой бөлісе отырып, оның мақсаттарын айқындады. Әрбір білікті маман-білімді ұрпақтың негізі. Ұстаздар кәсіби біліктіліктерін шыңдай отырып, жаңалыққа, проблеманы қоя білуге және оны шешу жолдарын айқындауда теориялық білімді

10

тәжірибемен байланыстыруда ізденімпаздыққа қол жеткізді. Бастауыш сынып мұғалімдері үшін ұйымдастырылып отырған бұл курс мұғалімдердің кәсіби сауаттылығын жетілдіруге, төменгі сынып оқушыларына лайықты мазмұн мен оқытудың әдісін саралайтын, оқыту үдерісіне жаңа технологияларды ендіру арқылы оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік жасайтын бастаманың ұйтқысы бола білді деп сенемін. Қорыта келгенде, қай елдің болсын өсіпөркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деген сөздің мағынасын зерделейтін болсақ, жас ұрпаққа сапалы, нәтиже берерлік, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы екені анық. Қазіргі таңда дамыған алдыңғы қатарлы елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені, қазір елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен, білімділігімен анықталады. Сондықтан да білім беру жүйесі, білім беру ошағының негізі болып саналатын мектептердегі оқыту үрдісі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Мектеп-еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. Еліміздің жарқын болашағы мен мектептің болашағы– ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты екендігінде. Осы орайда негізгі басымдылық ұстаздың кәсіби шеберлігін дамытуға қойылып отырғаны белгілі.


УРОВНЕВАЯ МОДЕЛЬ ОБУЧЕНИЯ ИНОСТРАННОМУ ЯЗЫКУ КАК ЗАЛОГ ИНТЕГРАЦИИ В МИРОВОЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЕ ПРОСТРАНСТВО Ажигулова Майя Салауатовна Руководитель центра уровневых программ филиала АО НЦПК«Өрлеу» ИПК педагогических работников по Атырауской области

Процесс преподавания иностранного языка в последнее время подвергается значительным изменениям. Реформы и преобразования в области иноязычного образования обусловили пересмотр содержания, средств и технологии обучения. Широкое распространение получают новые технологии и различные вариативные средства обучения ИЯ. Модель уровневого обучения–это унифицированные требования к оценке уровня языкового развития, которая способствует интеграции в мировое образовательноинформационное пространство. Начало этой программе было положено в 1991 годув Швейцарии на Межправительственном симпозиуме, где рассматривались вопросы разработки общеевропейских компетенций владения языком. С 2001 года получил распространение Европейский языковой портфель, позволяющий оценивать языковые знания по видам речевой деятельности по 6 уровням. Предпосылкой разработке Европейского языкового портфеля послужило разнообразие методик, учебников, учебных планов, систем образования и т.п. в Европе, отсутствие системности. Цель стандарта-многоязычность каждого, более легкая коммуникация и интеграция в мировое образовательное пространство, усиление мобильности и сотрудничества. То есть Европейский Совет преследует следующую цель – дать возможность всем гражданам не только выучить второй язык или третий язык, но и стать «полиглотом». У полиглота интерактивное сознание разных языков, которое помогает ему общаться с другими людьми или ознакомиться с текстом даже на незнакомом ему языке. По мнению Европейского Совета, изучение языка это задача, которую нужно решать в течение всей жизни, т.е. эти проекты направлены не только на учащихся и студентов, а на всех жителей.

Качественно новые взаимоотношения Казахстана со странами мирового сообщества, новые политические и социальноэкономические реалии создали благоприятные возможности для изучения иностранных языков и наполнили обучение этому предмету новым содержанием. Одной из основных целей стала подготовка школьников к жизни и деятельности в демократическом мультинациональном, мультикультурном обществе. Овладение иностранным языком как средством общения предполагает развитие у обучаемых коммуникативной компетенции, основу которой составляют коммуникативные умения, сформированные на базе языковых знаний и навыков, а также лингвострановедческих и страноведческих знаний. С начала 2000 годв в Казахстане появился широкий спектр учебных курсов по английскому языку зарубежных издательств Oхfоrd, Macmillan, Longman, Cambridge. Ряд курсов прошли экспертизу, определившую возможность их использования в казахстанской системе общего среднего образования. Эти учебные курсы соответствуют возрастным особенностям учащихся и дают возможность работы с аутентичными материалами. Также, эти курсы подготовлены с учетом потребностей, как учащихся, так и учителей и имеет последовательные предложения рекомендации учителям для работы в классах с разным уровнем знания английского языка. Факт наличия серий взаимосвязанных учебников и учебных пособий к ним, наличие между ними преемственнности по годам обучения, а также подведение промежуточных итогов с помощью содержащихся в УМК тестов позволяет учителю прогнозировать конечный результат обучения в основной школе. Положительным является и то, что к имеющимся учебникам английского языка, имеются альтернативные учебники, и это 11


позволяет учителю выбирать подходящие УМК. Но даже не будучи выбранными в качестве основных средств обучения, альтернативные учебники могут выполнять и другую функцию – служить источником дополнительных учебных материалов. Таким образом, коммуникативная задача учебного процесса нацелена прежде всего, на то, чтобы вызвать у учащихся потребность в иноязычной речевой деятельности, создавать соответствующую мотивацию, стимулировать речемышление, побудить к усвоению новых общеобразовательных знаний, актуализации лингвистических знаний и языковых средств. Необходимость перехода в образовательную практику уровневого обучения обусловлена тем, что в условиях большого объема учебной информации возникла проблема перегрузки школьников. На практике ученикам разного уровня знания, мы даем одинаковые задания, по одним и тем же материалам (учебникам, заданиям). В то время когда можно давать по различным дополнительным материалам и учебникам давать задания по уровням знаний учащихся. В такой ситуации обучать всех школьников на одном высоком уровне практически невозможно. Тем более, что он является часто недостижимым для многих школьников. А это означает появление у большинства из них отрицательной направленности к образовательному процессу в целом. Уровневое обучение осуществляется не за счет уменьшения объема изучаемой информации, а обеспечивается ориентацией школьников на различные требования к его усвоению. Таким образом, нашей целью по технологии уровневого обучения будет обеспечение усвоения учебного материала каждым учеником в зоне его ближайшего развития на основе особенностей его субъектного опыта. То есть уровневое обучение предоставляет шанс каждому ребенку организовать свое обучение таким образом, чтобы максимально использовать свои возможности, прежде всего, учебные. В то же время уровневое обучение

12

позволяет акцентировать внимание учителя на работе с различными категориями детей. В структуре уровневой дифференциации по обученности (а именно она чаще всего и лежит в основе уровневого обучения) выделяют, как правило, три уровня: минимальный (базовый), программный и усложненный (продвинутый в формулировке некоторых авторов). Три типа уровневых программ характеризуются вариативностью содержания, методами и интенсивностью обучения. Между программами существует строгая преемственность, каждой соответствует свой обязательный минимум, основанный на четких требованиях к знаниям, умениям и навыкам, разработанных для каждого уровня. Для каждой программы характерны свои задачи, содержание, количество учебных часов и требования к конечным результатам обучения, которые определяются либо как сохранение и поддержание базового уровня (группы «С»), либо как расширение и угдубление базового уровня, достижение качественно нового уровня владения языком (группы «А» и «В»). Базовый уровень задает нижнюю границу качественного образования с позиции требований общества и государства. Поэтому всем ученикам важно достичь этого уровня, так как он является реальной опорой для последующих форм профессиональной и общекультурной подготовки. Ориентация на этот уровень позволяет ребенку перераспределить свои усилия и время с учетом своих интересов и склонностей. Для того, чтобы технология уровневого обучения была эффективной необходимо ориентироваться на особенности субъектного опыта школьников: - особенности личностно-смысловой сферы; - особенности психического развития (особенности памяти, мышления, восприятия, умения регулировать свою эмоциональную сферу и др); - уровень обученности в рамках определенного предмета (сформированные у школьников знания, способы деятельности).


 Отбасы тәрбиесі  КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТТЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРМЕН ҚАМТЫЛМАҒАН БАЛАЛАРМЕН ЖӘНЕ АТА-АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер-педагогтар алдына күрделі мақсатәлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді. Отбасы–балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала бұрын да, қазір де ата-анасы мен жақындарынан сөзсіз шектеусіз сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды. Бала үшін отбасы–бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам– шешуіміз қажет. Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты–отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:

-баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту; -бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу; -отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарымқатынастың ашықтығына қолдау көрсету; -отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау; -баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау. Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет біріншіден, балаға және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу; екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау. Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.

13


Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн. Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті. Мектепке дейінгі ұйым педагогы атааналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу. Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет. Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, атаанасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін. Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады. Ата-аналармен біріккен мұндай зерттеулерде жұмыстың нақты мазмұны жоспарланады және әріптестік формасы таңдалады. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді. Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады. Біріншіден, бұл-ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет: -жиналыс мақсатқа бағытталған болуы; -ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру; -нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы; -диалог түрінде өткізілуі; -жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек. 14

Ата-аналар жиналысы қызықсыз және бірсарынды болмауы үшін келесілерді ұйымдастыруға болады: -жиналыс тақырыбы бойынша ата-аналарға сауалнама жүргізу. Сауалнама үйде, жиналысқа дейін толтырылады, олардың нәтижелері жиналыс кезінде қолданылады. -әр отбасына шақыру дайындау (аппликация, сурет, ашық хаттар және т.б.). Оларды дайындауда балалардың қатысқаны өте маңызды. -жиналыс тақырыбына кеңестермен жаднамалар әзірлеу. Олардың мазмұны қысқа, мәтіні ірі қаріппен жазылуы керек -сайыстар, балалар қолөнері мен суреттерінен көрме дайындау. Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес, тиімді формаларының бірі-шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі. Ата-аналармен жұмыста педагогикалық консилиумдарды қолдану керек. Консилиум құрамына меңгеруші, негізгі қызмет бойынша меңгерушінің орынбасары, тәрбиеші, педагогпсихолог, мұғалім-логопед, бас медбике, атааналар комитетінің мүшелері. Консилиумда отбасының тәрбиелік потенциалы, оның материалдық жағдайы және отбасындағы бала статусы талқыланады. Консилиум жұмысының қорытындысы бала тәрбиесінде ата-аналарға көмек мөлшерін анықтау, ата-аналар әрекетінің жеке коррекциясына қарай бағдарламалар әзірлеу болуы мүмкін. Бүгінгі күні зерттеу–жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар сияқты атааналармен жұмыс формаларына көп мән берілуде. Бұл ойындар үрдісінде белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды, әрекеттің, қатынастың жаңа моделдерін құрастырады. Талқылау үрдісінде ойынға қатысушылар мамандардың көмегімен жағдайларды бар жағынан сараптауға және тиімді шешім қабылдауға тырысады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі–ата-аналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда ата-аналармен бірге қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, педагог-психолог және т.б. қатыса алады. Ата-аналармен жұмыстың бір формасытренингтер. Тренингтік ойын жаттығулары мен


тапсырмалары баламен іс-әрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі. Ойын тренингіне тартылған ата-ана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа шындыққа жетеді. Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі–әртүрлі конкурстарды– сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл форма өзінің педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада қолдануға, жаңалықты білуге, бір-бірімен білімін толықтыруға, бала дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді. Ата-аналармен жұмыста олардың қажеттілігі бойынша жұмыстанатын әртүрлі кафедралары бар «Ата-аналар университеті» сияқты форманы да қолдануға болады: -«Жас аналар кафедрасы» (Ана болу–менің жаңа мамандығым). -«Тәлімгерлер кафедрасы» (Әке мен ана– алғашқы және басты ұстаздар). -«Отбасылық дәстүрлер кафедрасы» (Аталар мен әжелер–отбасылық дәстүрлер қорғаушысы). «Ата-аналар университетінің» жұмысы өнімді болуы үшін мектепке дейінгі ұйым атааналармен қызметін әртүрлі деңгейде ұйымдастыруына болады: жалпы балабақшалық, топаралық, жеке-отбасылық. Ата-аналармен жұмыстың маңызды сәті – үй педкеңестері, лекциялар, ауызша журналдар, ашық есік күндері, әкелер, әжелер, аталар клубы, практикумдар және т.б. болуы қажет. Отбасы мен балабақша өзара іс-әрекетінің басты формаларының бірі әрбір ата-анамен жеке жұмыс болып табылады. Бұл форманың артықшылығы, отбасын зерттеу, ата-аналармен сұхбат (әрқайсысымен жеке-жеке), атааналардың балалармен топта, үйдегі әңгімелесуін бақылау арқылы педагогтардың баламен біріккен іс-әрекеттің нақты жолдарын белгілеуінде. Жеке жұмыста тоқтай кетер бөлімнің бірі – отбасына қатынау. Басты мақсат – баламен және оның жақындарымен өзі қалыптасқан ортада танысу. Баламен ойында, оның жақындарымен сұхбатта сәби туралы көптеген қажетті ақпарат алуға болады. Қатынау ата-анаға да көп пайда әкеледі: олар тәрбиешінің баламен қалай әңгімелесетінін біледі, педагогқа баламен үйде еркін сөйлесуіне мүмкіндік береді. Педагог үйге сапарды ұйымдастыра отырып, отбасына барғанда өзін сыпайы, әдепті ұстауы керек, отбасымен сұхбатты бала кемшілігінен бастамау және ата-аналарға бала тәрбиесі туралы көп сұрақтар қойылмау қажет.

Тәрбиешінің ата-аналармен сұхбаты– педагогтың отбасымен байланысының қолжетімді формасы. Сұхбат келесі талаптарды қамтуы қажет: -нақты және мазмұнды болуы; -баланы тәрбиелеу мен оқыту сұрақтары бойынша ата-аналарға жаңа білім беру; -педагогикалық мәселелерге қызығушылығын ояту; -бала тәрбиесіне жауапкершілік сезімін арттыру. Ата-аналармен дифференциалдық жұмыстың бір формасы консультациялар болып табылады. Консультациялар сұхбатқа ұқсайды. Айырмашылығы, әңгімелесу – бұл тәрбиеші мен ата-ана диалогы, ал консультация жүргізе және ата-ана сұрағына жауап бере отырып, педагог кәсіптік көмек беруге тырысады. Ата-анамен жұмыста жеке блокноттарды да қолдануға болады. Мұнда тәрбиеші қызметтің әр түрінен баланың табыстарын жазып отырады, ата-аналар блокнотқа бала тәрбиесіндегі қызықтырған сәттерін белгілейді. Педагогтың ата-анамен жұмыста көрнекілік насихаты да маңызды рөл атқарады. Мақсатқа бағытталған және жүйелі қолданылған көрнекі құралдар балабақшадағы тәрбиелеу әдістерімен, мазмұнымен, міндеттерімен ата-аналарды таныстыруға және отбасына практикалық көмек беруге ықпал етеді. Педагогикалық практикада көрнекіліктің әртүрлі түрлері қолданылады: натуралық, бейнелеушілік, сөздік-бейнелік, ақпараттық. Ақпараттық насихаттаудың мысалы-атааналар бұрышы. Ата-аналар бұрышының материалдарын мазмұны бойынша екі бөлімге бөледі: -Ақпараттық сипаттағы материалдар (атааналарға арналған ереже, күн тәртібі, әртүрлі сипаттағы хабарландырулар) -Балабақша мен отбасында бала тәрбиесі сұрақтарын жариялайтын материалдар. Онда баланы дамыту мен тәрбиелеу бойынша ағымдағы жұмыс көрінеді. Ата-аналар балаларының бөлмесін немесе бұрышын қалай жабдықтауды көрнекі түрде көре алады, сұрақтарына жауап алып, жақын арада қандай консультациялар болатындығы туралы біле алады. Ең бастысы, ата-аналар бұрышының мазмұны қысқа, анық, ата-аналардың оның мазмұнына қарауға ынтасы болатындай түрде болуы керек. Ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы әртүрлі көрмелер болып табылады. Мысалы, балалар жұмыстарының формасы: бала суреттері, қолдан жасалған ойыншықтар,

15


балалар кітаптары, альбомдары және т.б. Көрмелер сонымен бірге ата-аналарға бағдарламаның маңызды тарауын жариялау үшін мысалы: «Отбасы мен балабақшада балалардың бейнелеу іс-әрекеті», «Ойыншықтар және оның тәрбиелік рөлі» тақырыбында өткізілуі мүмкін Ақпараттық парақтардың да рөлі зор, себебі мұнда өткізілген жиналыстар туралы, оқиғалар, экскурсиялар, көмек көрсету өтініштері, ерікті көмекшілерге алғыс туралы ақпараттарды енгізуге болады. Ақпараттық параққа ата-аналарға арналған жаднамалар, ата-аналардың өздері көрнекілейтін қабырға газетіде жатады. Газетте ата-аналар отбасы, бала өмірінен қызықты оқиғаларды белгілейді, бала тәрбиесі туралы тәжірибелерімен бөліседі. Мысалы, «Отбасының демалыс күні», «Менің анам», «Менің әкем», «Мен үйдемін» және т.б. Ақпараттық жылжымалы мұқаба тақырыптық қағида бойынша формаланған: «Біздің балалар ауырмасын», «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» және т.б. Мұқаба атаанаға уақытша қолдануға беріледі. Ата-аналар жылжымалы-мұқаба мазмұнымен танысады,

олармен әңгіме жүргізу, сұрақтарына жауап беру, ұсыныстарын тыңдауы қажет. Бала тұлғасының дамуы мен тәрбиесінде атааналармен жұмыстың тиімділігін қалай анықтауға болады? Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен өткізетін жұмысының тиімділігі төмендегілер куәлік етеді: біріншіден, мектепке дейінгі ұйымда, нақты топта балалармен білім беру үрдісінің мазмұнына ата-аналардың қызығушылығы; екіншіден, ата-аналардың өздерінің бастамасымен туындаған пікірталастар; үшіншіден, ата-аналардың сұрақтарына өздерінің жауаптары; төртіншіден, ата-аналардың тәжірибелерінен мысалдар келтіру, педагогқа баланың ішкі әлеміне қатысты сұрақтар санын көбейту; бесіншіден, ересектердің тәрбиешімен жеке қарым-қатынасқа ұмтылуы, тәрбиенің сол және өзге әдістерін қолданудың дұрыстығы туралы ата-аналардың ойлануы; алтыншыдан, педагогикалық жағдайларды сараптау кезінде олардың белсенділігін көтеру, пікірталас сұрақтарын талқылау және міндеттерді шешу.

ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІ-ҚОҒАМ НЕГІЗІНІҢ БАСТАУЫ Қаленова Гүлзахира Сапарғалиқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, Қоғамдық-бұқаралық байланыс және баспа қызметі бөлімінің басшысы, магистр

Отбасы-адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрдің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінезқұлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Әйелдердің ұстамдылығы мен төзімділігі–тыныштық пен татулықтың тірегі» деген баяндамасында: «Бізге неке және отбасы институтын нығайтып, оның беделін арттыру, адамгершілік құндылықтарды қайта түлету қажет. Отбасы, бала, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлер біздің қоғамның және біздің мәдениеттің әрдайым негізі болды және болып қалады. Бізге көптеген отбасыларында бар ізгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты сақтап, оларды насихаттап, жас отбасыларға қолдау білдіру керек. Мемлекет бұл үшін көп іс атқарып отыр. Сонымен қатар ата-аналардың өздері де бұған 16

қамқорлық көрсетуі керек. Отбасылық құндылықтарды насихаттап, отбасы бейнесі мен некені, көп балалық өнегелерін құрмет тұтқызу керек. Үлгілі отбасы нормасы көп балалылық болуы тиіс деп санаймын. Барлық халықтарда ғасырлар бойы солай болып келген. Адамның байлығы балаларының санымен өлшенген» –деп ғасырлар бойы жинақталып, ата-баба тарихынан бізге жеткен отбасы тәрбиесінің мол мұраларын болашақ ұрпақты тәрбиелеуге пайдалану заман талабы деп қабылдай отырып, отбасылық құндылықтардың өзіндік ерекшеліктері мен бүгінгі ұрпақ санасына жеткен әсерін және пікір сабақтастығын жан-жақты жүйелі зерттеу өзекті мәселелердің бірі деп санайды.(1) Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран


ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бірбіріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты. Ұрпақ–болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлізайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді. Сондықтан ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. «2» алса жаман, «5» алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана, баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды. Міне, сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірібаланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар десеңізші. Халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағидасы бар емес пе! Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі. Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала

тәрбиесінде шешенің орны ерекше. «Қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол», «Ұл туса елдің қорғаны, Қыз туса елдің көркі» деп халқымыз бекер айтпаған шығар. Мұның бәрі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне де тікелей байланысты болмақ. Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата – ана балаға сыншы». Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жіте көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға жасынан дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға болар еді. Үлкенді құрметпен қадір тұту, ілтипатты қарым-қатынаста болу, сыйласа білу, ата-ананы қартайғанда қарау, кішіге қамқор болу-бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заңдар. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», «Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті» т. б. мақалдардан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиеге ерекше назар аударғанын көреміз. Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі –нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала–өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. «Біздің балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз» демекші кең байтақ елімізде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен шығармауымыз керек.

17


БАЛА–АТА-АНАЛАР ҚОЛЫНА БЕРІЛГЕН АЯУЛЫ АМАНАТ Амирова Аккыс Каримовна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл жалпы орта мектебінің бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі

Отбасы–ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оны мәдениәлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақылкеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Үлкен ұрпақтың тәжірибесі, ақылкеңестері, ата-ананың өз борышын мүлтіксіз орындауы, бір-бірін құрметтеуі – үлкен тәрбие мектебі. Бала дүниеге келгеннен бастап атаананың ықпалында болып, бағыт беруші тәрбие мектебінен нәр алады. Өз отбасында бала атаананың қамқорлығына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленіп, әке мен ананың жақсылығы мен дәулетінің қызығын көріп қана қоймай, адамгершілік, әдеп-инабат тағылымдарының алуы, оларды меңгеріп іс-жүзінде қолданудың ынта мен ықылас, қайрат пен қажыр ететін жолынан өтуге тиіс. «Қатты тәртіп көрсе бала күнінде, Өнермен қуантады түбінде. Бала нені білсе жастан, ұядан – Өле-өлгенше соны таныр қиядан. Өнер – білім берем десең басыннан, Бер оқуға балаларды жасынан, Жақсы-жаман болса, бала – соларда», – деп ХІ ғасырда Жүсіп Баласағұн айтқандай, ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін жас күнінен танып, соған қарай бағыт-бағдар тәрбие берудің маңызы ерекше. Отбасындағы тәрбиенің кереметі–баланы еңбекке баулу. Ол–адамдық кемелденудің негізі. Еңбек ете білмеген немесе оны жек көрген адамның отбасы берекелі болмайды. Өйткені, ежелгі Рим философы Горациий айтқандай: «Өмір-еңбексіз ештеңе бермейді». Қазақ даласында тұңғыш оқу құралдарын жазған ағартушы-педагог Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» атты еңбектерінде еңбек тәрбиесін бірінші орынға қояды. «Өмірдің негізгі мәні – еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбек сүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, 18

рақат-ләззатын көре білу–кісіліктің басты белгісі»,–деп, неғұрлым адам өз еңбегінің қоғамдық маңызын терең түсінсе, соғұрлым оның жұмысы нәтижелі, еңбегі жемісті болады деген пікірді алға тартады. Ағартушының еңбек туралы пікірлері, идеялары-еңбек етпеген адам өмір сүре алмайды, қайыршылыққа душар болады дегенді меңзейді. Оның «Біз өзіміздің адал еңбегімізбен тіршілік етіп отырмыз дей алатын адам–шын бақытты адам» деп, жалқаулықты айығып, алғырлықты, өнерге, еңбекке бейімділікті марапаттайды. Сондықтан отбасындағы да, қоғамдық ортадағы да тәрбиеде балаларды еңбек ете білуге, еңбексіз бос отыра алмайтындай етіп тәрбиелеу басты нысана болуға тиісті. Барлық балаларға, соның ішінде ұл балаға оның қалыпты дамуына анасының да, әкесінің де, яғни екеуінің де маңызды да мәнді тәлім тәрбиесі қажет. Қай отбасында болмасын ана барлық балаларына үнемі жақын болып, өзінің аналық мейіріміне, әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Отбасында жеткіншек ер баланы тәрбиелеу – бұл жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Осы тұста ата-ана олардың жан дүниесін түсініп, дер кезінде бағыт-бағдар көрсетуі - ата-ананың бала тәрбиесіндегі тапқырлығы болып саналады. Сондықтан да, әрдайым өзіндік педагогикалық білімді толықтырып отыру, басқа да ата-аналардың тәжірибелерінің жағымды жақтарын қолдану, мектеп пен мұғалімдермен бірігіп жұмыс істеуді қолға алу, ата-аналарға арналған өзіндік лекцияларды тыңдау, әдебиеттерді оқу керек. Баланың өмірде белгілі деңгейде жетістікке жетуіне, жеке тұлға ретінде, маман ретінде ашылуына еңбектендіре отырып, көмек беру қажет деп санаймын. Бұл ата-ана үшін, балалар үшін және қоғам үшін өте тиімді. Шариғатта да алтын ұя–отбасы жоғары бағаланып, оны бала тәрбиелеп өсіруіне көп берілген. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі тұтады. Халық педагогикасына нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік жырлары, даналыққа толы мақалмәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиялғажайып ертегілері, ой-өрісті дамытатын


ойындар, ұлттық тәрбие негіздері жатады. Өйткені халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасы адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық сынды адамгершіліктің құнды қасиеттерін сіңіріп, өзөзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші рөл атқарады. Жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын қазақ халқы ерте түсінген. Ешқандай жоғары білімсіз-ақ дана халқымыз тәрбиенің небір оңтайлы әдістерін бесіктен бастаған. Әңгімелер, ертегілер баламен қатынасының ең нәтижелі құралы болып табылады. Атақты педагог Ы.Алтынсарин: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады»,–деп атап айтқан. Ертегілерде жақсылық пен жамандық, батырлық, жауыздық, қорқыныш пен әділетсіздік бар екендігі белгілі. Сондай-ақ, олардың бір-біріне қарсылығы, ең бастысы, небір қиын-қыстау жағдайда қалай жеңіп шығу мүмкіндігі көрсетіледі. Сонымен қатар, балалардың танымдық қабілетін дамытуда ойындардың да атқаратын маңызы зор. Ойын–мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал тигізетін басты құбылыс. Ойын–баланың бірінші әрекеті. Ол баланың қабылдау, ойлау, қиял, есте сақтау сияқты даму үрдістерінің жетілуіне көмектеседі. Баланың ақыл-ой белсенділігін қалыптастыратын, алған білімдерін тереңдететін де–ойын. Соның ішінде, ұлттық ойындардың орны ерекше. Қазақ халқының ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, логикалық ойлау қабілетін, ізденімпаздықты дамытады. Сонымен бірге, ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Сондықтан болар, ойын үстінде бала өзін-өзі ұмытып, ортадағы іс-әрекетке ден қойып, өзгелермен еркін ынтымақтасып, бірге еңбек етуге құштар болатындығы байқалады. Ұлттық ойын түрлері мен ауыз әдебиеті үлгілерін сабақта пайдаланудың арқасында жасөспірімнің салт-дәстүрге деген саналы көзқарасы кеңейіп, ана тіліне қызығушылығы мен ықылас-ынтасы артады. «Көкпар», «Алтын сақа», «Бәйге», «Тапқыр болсаң, талас жоқ», «Кім жылдам?» сынды түрлі зияткерлік

ойындар бала қиялын дамытып, мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылуға мүмкіндік береді. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын туысты, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел жұртын білдіруге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Атабабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек. Баланың өзі шыққан тегін білуі оның азаматтық, елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырады деп есептеген. Отбасы мүшелері балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймаған. Олардың қандай адам болғанын, өнегелерін үлгі етіп отырған. Әрі сол арқылы отбасы шежіресін жалғастыруға баулуды мақсат еткен. Қазіргі медицина ғылымы дәлелдегендей, жеті атаға дейін қыз алыспай қанның тазалығын, яғни ұлттың таза болуына әкеледі екен, екіншіден, қазақ ұрпағы жеті атасына дейін араласып, ынтымағы бір болсын дегеннен болса керек. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне, ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салтдәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор. Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет. М.Жұмабаев:«Жас бала–жас бір шыбық, жас күнде қай түрде иіп тастасаң, есейгенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»,–деген екен. Демек, халық педагогикасына сүйене отырып, баланы патриоттыққа тәрбиелеу, отансүйгіштік пен ұлттық намысын ояту–ең басты мәселелердің бірі. Бәсекеге қабілетті дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін де бұл мәселенің маңызы зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесіне бүкіл халық болып жұмылғанымыз жөн. Сонда ғана көтерер жүгіміз жеңілдеп, көкжиегіміз кеңеймек.

19


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ Самалихова Гүлшара Кабдигалиевна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл жалпы орта мектебінің бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі

Бiлiмдi, қабілетті ұрпақ-ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бала тәрбиесіне келгенде атаананың да, мектеп ұжымының да, сынып жетекшісінің де жүгінері-халықтық, ұлттық педагогика. Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақ халқының ұлы педагогы, этногроф, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген. Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңыздылығын, өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салтдәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде Ы.Алтынсарин мұраларын насихаттау арқылы әрбір мұғалім, сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің дәнін егеді деп білемін. Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялықэнцилопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдайларда баланың өмірге икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзыреттердің қалыптаспағандығын дәлелдейді. 12 жылдық мектептегі жаңа мазмұнда оқыту- оқушының осы түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, білім беру жүйесі оқушы қажеттілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Халқымыздың асыл қазынасын сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге, оның салт-дәстүрлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз. Ұлттық құндылықтардың бірі ұлттық ойындар– тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі ғана емес жас ерекшеліктеріне қарай көзқарастары мен мінез-құлқының қалыптасуына, тапқырлыққа, шешендікке, ой өрісін жетілдіретін атадан қалған асыл мұрамызды кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы. Баланың бойында имандылық, адамгершілікэстетикалық қасиеттердің қалыптасуына мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігінің 20

әсері мол, сондай-ақ сынып жетекшісі сабақтан тыс уақытта ойын ойнауға жағдай туғызып, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс. Ұрпақты жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу – ата-ананың, мұғалімнің, мектептің, барша адам баласының қоғам алдындағы борышы. Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білім тұжырымдамасында: «Тәрбиенің түп мақсаты– қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын өмірге икемделген, білікті, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу»–деп өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән берілген. Себебі, тәрбие мәселесі алдыңғы кезекке қойылмайынша, мемлекет дамуы барынша тежелетіні анық. Бұл ұлттық тәрбие беруге қатысты міндеттерді жүзеге асыру арқылы бүкіл қазақ халқына тән ұлттық ерекшелік қалыптасады. Ұлттық тәрбиеміздің ерекшелігі– ұлттың әлеуметтік, экономикалық тұрмыстіршілігінің талабынан туындайды. Жалпы «жастарға ұлттық тәрбие беру» деген ұғымды жастар бойында ізгі қасиеттерді ұлттық ерекшелікке сай қалыптастыру деп ұғынуымыз керек. Басқаша айтқанда, ұлттық тәрбие беру– халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінезқұлқын қалыптастыру. Бұл орайда біз жас ұрпақтың іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері, оның өмір сүріп отырған қоғамдық тарихи жағдайларына тәуелді болатындығын міндетті түрде ескере отырып, әр баланың өзіне тән санасы, еркі, шығармашылық қарым-қабілетіне сай ұтымды әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн. Түйіндей айтсақ, жас ұрпақты тәрбиелеу ісі–жалпы адамзаттық іс. Әсіресе, ұлттық тәрбие мазмұнын ұлттық мүддеге сай құрып, жастарға ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты жүзеге асырсақ еңбегіміздің еш кетпегені. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу-мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты,


өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағыотбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару біздің басты мiндетiмiз. Қазіргі ел жастарының ұлттық сана сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыруда қазақ ұлтының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдеті, әдеп-ғұрпы негізіндегі түрлі қосымша арнайы пәндерді, курстарды енгізу –жастарға ұлттық тәрбие берудің бірден-бір оңтайлы жолына айналар еді. Ал ол курстар мен арнайы пәндердің жоспарлары жоғарыда аталған міндеттерді көздей отырып құрылса, ұлттық тәрбие беру ісінің жолға қойылғаны дер едік. Шын мәнінде, жалпы кәсіби білім беретін пәндердің тәрбиелік мазмұнын күшейтумен қатар, тәлім-тәрбиені көздеген қосымша арнайы пәндер мен курстардың қолға алынуы жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттырады, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытады, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектеседі. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған: «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Олай болса, басты мақсат–жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлтымыздың имандылыққа тәрбиелеуде жиған-тергені, артына мирас етіп бергені аз емес. Ибалық пен ұяңдық-келіндер мен қыздарымыздың бойындағы тектіліктен тараған, сырт көзді сұқтандыратын сыпайылық қасиет. Тектілік тағылымдары, сыйластық мәдениеті, өзара қарым-қатынастың қанға сіңген қағидалары, әдептілік-қазақы тәрбиенің тамырын тереңнен алған жәдігерлік жауһарлары бүгінде мұра болып бізге жетіп отыр. Оған бір мысал, «Қыз Жібек» жырында Төлегенді Бекежан деген қарақшының атып өлтіргенін естігенде, Сансызбай: Падиша туған көкешім, Бұ дүниеден өтіпсің, Шын дүниеге жетіпсің, Мен –мүсәпір ініңді Қасіретке тастап кетіпсің,- деп қайғырғанда:«Жасын тыйғын көзіңнің жыламағын, шырағым... Төлеген сынды ағаның,

жұмақтан жазсын тұрағын» деп Шеге тоқтау айтып, Сансызбайды Төлегеннің еліне әкеліп, Жібекті Сансызбайға қосуы–ұлтына жаныашыр азаматының үлкен парасаттылығы. Ал бұл әмеңгерлік салтқа байланысты ма? Егер жыр өрнегіне сүйенсек, біріншіден, Төлегеннің «Жібекті еш жаманға қор қылма» деп тапсырған аманаты болса, екіншіден, Жібек Хорен қалмаққа өлмей тимек емес, текті тек тектіге жар болуға тиіс, үшіншіден, Жібек: «Сол елде сері жігіт жоқ па тәңірі, жесірін іздеп неге алмайды»,-деп, Төлеген еліне баруды, жарының аманатын орындауды өзіне міндет, парыз санайды. БұлЖібектің тектілігі, ақылдылығы. Бұл-көнеден жеткен көргенділік көшінің көркем көрінісісыпайылықтың, әйел нәзіктігінің, сыйластықтың, үлкенді ұлық тұтудың шынайы үлгісі, ақылдылықтың, өнегеліктің белгісі. Рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл–қазақ болуымыз үшін, дін–адам болуымыз үшін, салтдәстүр–ұлт болуымыз үшін қажет. Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. Заман талаптары мен міндеттеріне жауап бере алатын рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі–бүгінгі өзекті мәселенің бірі. Біздің ойымызша, жас ұрпақты тәрбиелеудің мақсаты–ұлттың рухани және материалдық құндылықтарын бағалай білетін, ана тілінің қадірін арттырып, дамуына үлес қосатын жанжақты білімді, дені сау, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы жоғары ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның болашағықоғамның идеялық бірлігінде»-дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс -қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Ұрпақ тәрбиесі– келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жанжақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу–біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелер: ана тілін, ата тарихын, ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар, тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы-ұлттық тәрбие екендігін бүгінгі өмір дәлелдеп отыр.

21


Әдістемелік қоржынға 

ЕРТЕГІ ҚОЙЫЛЫМДАР АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ Егенисова Құралай Құлжанқызы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Кенбай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Егеменді елдің бәсекеге қабілеттігі, ертеңі білім мен тәрбиенің тереңдігімен өлшенеді. Жаһандану заманында әрбір ұлт өз тілін, өз мәдениетін, салт-дәстүрін қалпына келтіріп, оны жас ұрпақтың кәдесіне, жарату мақсатында игілікті іскер атқаруда. Егер ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, азаматтық деңгейін көтереміз десек, бойында ұлттық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келсе, бар күшімізді ғасырлар бойы сақтаған озық дәстүрімізді, мәдениетімізді, әдебиетімізді жинап дәріптеуге жұмсағанымыз абзал. Қазақстан – бүкіл қазақ халқының атамекені, кіндік қаны тамған жері. Іргелі ел атанып, бабаларымыздың жатса түсінен, жүрсе ойынан кетпеген, ғасырлар бойы аңсаған арманы– тәуелсіздікке қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы кеңінен танып отыр. Қазақтың басын біріктіріп, оны іргелі ел, мызғымас мемлекет етіп қалыптастыру– Президентіміздің барлық ақыл-ойы, күш жігері осыған бағытталған. Өркениетке бет алған, егеменді еліміздің болашағы бүгінгі оқушы, жасөспірім балалар. Сондықтан, ең алдымен оқушылардың бойында ұлттық идея, азаматтық сезім, елжандылық болуы қажет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеу–білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғарғы оқу орнына дейінгі орталықтарда, барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу–мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы»-деп атап көрсетті. Әр халықтың бір-біріне ұқсамайтын этномәдениеті, ғасырлар бойы қалыптасқан халықтық педагогикасы, озық дәстүрі болады. 22

Ертегі, шағын әңгіме, өлең, мақал-мәтел, жұмбақ сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден-ақ тәрбие ісінде зор көмекші екені белгілі. Балабақшадан тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің сәбилері кішкентай күнінен өз әже-аталары мен әке-шешелерінен естіген халық ауыз әдебиеті нұсқаларынан нәр алып өсетіні белгілі. Мұндай шығармаларды сәбилер қызыға тыңдайды, жылдам жаттап алады.

Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады. Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді–бойын қорқыныш билейді. Балаларда жақсы және жаман іс-әрекет


жөнінде түсінік пайда болады. Әр алуан мазмұндағы ертегілермен танысу бала қиялын ұштап қанаттандырады еркін сөйлеуге үйретеді, адамгершілікке имандылыққа тәрбиелейді. Баса айтқанда ертегі жанры баланың сана-сезімін оятады, әрі білім әрі тәрбие құралы екен. Ертегі, шығарманы оқығанда шығарманың мазмұнына лайықты суреттерді пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. Сондықтан тәрбиеші қажетті шығарманы оқудан бұрын, суретті көрсету арқылы (сәбилер үшін) әңгімелеседі. Соңынан шығарманы оқып береді. Ересек балаларға шығармаға байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы сол суретке ауады да, тәрбиеші оқығанда зейін қоймайтын болады. Мұндайда қысқа әңгіме, ертегі мазмұнын бір балаға, көлемді шығармалардың мазмұнын бірнеше балаға айтқызуға болады.Егер әр алуан жастағы балалар аралас болса, алдымен ересек, естияр балалар әңгімелеп айтады, сәбилер тыңдап отырады. Әдеби шығармаларды оқып, тыңдату (ересек топта), әңгімелеп беру, әңгімелету, жаттату сияқты сабақ түрлері экскурсия, бақылау, санау, музыка, бейнелеу өнері сабақтарымен байланысты жүргізілгені жөн. Бұл сабақтар бірінің мазмұнын бірі толықтырып отырса, тіпті жақсы. Тәрбиеленуші алған ролдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, ән сабағы, бейнелеу өнері сабақтарында алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс-аяқ, үй жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгіле бір зеректілік көрсетеді. Ертегі балаларды диалог түрінде сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Мектепалды ересек топ тәрбиеленушілерінің тілін дамытуға байланысты оқу-тәрбие ісәрекетінде біз пайдаланған көркем шығармалар төмендегідей міндеттерді атқарады.

Білімділік–жаңа білімді меңгеру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, алған білімдерін одан әрі жетілдіру. Тәрбиелік–қоршаған ортаға құнды, сыйлы қатынасты қалыптастыру. Дамытушылық – тәрбиеленушілердің физиологиялық және психикалық процестерінің (қабылдау, ес, қиял, зейін, ерік) дамуын қамтамасыз ету. Балалар тілін дамытуда, олардың өмірге деген көркемдік көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады. Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып, олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып, адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады. Сондықтан да, театр қойылымдары тәрбиеленушілері үшін маңызын еш уақытта жоймақ емес. Қазіргі кезде балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рөлімен ойнар еді, тіл байлықтары да тез молаяр еді. Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстарын сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарына тәрбиелеу. Ол үшін: -театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту; -сөздік қорларын байыту; -ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; -кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіріп дұрыс сөйлеуге баулу; -байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлді түсініп ойнауға үйрету міндеттері қойылған. Әдіс-тәсілдер: -балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау; -қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;

23


-қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма атрибуттар, кастюмдер т.б.) -ата-аналармен жұмыс; қойылымдарға атааналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу. Жұмыстың нәтижесі: Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі; -балалар тілі дамиды; -сөздік қорлары толығады; -байланыстырып сөйлеуге дағдыланады; -дұрыс дыбыстар, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады; -театр өнеріне деген қызығушылықтары артады. Театр әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуімен қиялын дамытады. Кезіндегі орыстың ұлы ақыны сахнаны «сиқырлы өлке» деп атаған. Қазақ өнер жұлдыздарының бірі Ш.Айманов «Театр–адамдарды туыстыратын шығармашылық отбасы, сахна өнері–тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес» деген сенімде болған. Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуге сахна\ театр\ ерекше рөл атқарады. Сахналандырылған ойындар желілік рөлдік ойындардан тек желілі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс әрекетінің сипатымен ерекшеленетіні айқындалған. Сахналандырылған ойындар театр -қойылымдары болып саналады, өйткені олар әдеби шығармалар түрінде белгілі бір мазмұнға ие, сондықтан балалар кейіпкерлерді ойнайды. Онда нағыз театр өнеріндегідей айшықты құралдар көмегімен–дауыс ырғағы, бет әлпетінің өзгеруі, қол қимылдары, дене бітімінің жағдайы мен жүріс-тұрысы арқылы нақты бейнелер қалыптасады. Мектепке ересек жастағы балалардың өзі театр ойындарын өз бетінше ойнамайды. Олардың қызығушылығын, тәрбиешінің ұсынысы бойынша және басқаруымен болатын сахналау ойындары арттырады. Егер де бірінші сәбилер тобынан бастап, балалар тәрбиешінің көмегімен халық әндерімен кішігірім тақпақтарды, жұбату өлеңдерді, кіші сахна көрністерін ойнаса, екінші сәбилер тобында театрдың ойыншықтарын пайдалана отырып, мұны одан әрі жалғастырса, онда ересектер тобында театр іс-әрекеті өз бетінше болуы мүмкін. Нағыз театрдың өзінен көрген, сондай-ақ өздері қойған сахналық ертегі

24

қойылымдары балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге себебін тигізеді. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады. Әдебиеттің ең озық әңгімелерінде адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздермен жәбірленгендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.

Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді. Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдың алатын орны ерекше. Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әріптестермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатын болсақ; -Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді. Балалар театрының бірнеше түрлері бар.Ең көп тараған түрі-қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі. Театр түрлері: Қуыршақ театры, Саусақ театры, Көлеңке театры, Ойыншықтар театры. Саусақ театры: театр қуыршақтарының ішінде ең жеңілі, қол жетімдісі. Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады. Ас ішер алдында қолдануға болады. Тамақ ішер кезде саусақ қуыршағы арқылы тақпақ айтуға болады.


1.Тамақ ішер кез келді 2.Шаршасаңдар, балалар, Сөйлемейміз, күлмейміз. Қолдарыңды соғыңдар. Астан басқа өзгені, Саусақтармен ойнаңдар, Көзімізге ілмейміз. Қолдарыңды сермеңдер. Астарың дәмді болсын! Денелерің шынықсын, Саналарың тынықсын. Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан бастап-ақ, тақпақтан қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.

-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады. -Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін айтып шығу бір балаға ғана ұсынады. -Үшінші кезеңде балалар бірнеше шығармашылық тапсырмаларды орындайды \қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с\. -Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні сахналау жүзеге асырылады. Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке, демалыс орны. Ал осындай бақытқа жол ашу біздер, тәрбиешілер үшін үлкен табыс.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛЫНДА ТАБИҒИ МАТЕРИАЛДАРДАН ӘР ТҮРЛІ БЕЙНЕЛЕР ЖАСАУ ЖОЛДАРЫ Жумагалиева Кунимжан Кайырболатовна Атырау қаласы И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің технология пәнінің мұғалімі

Қазақ елінің келешегі бүгінгі біздердің сапалы білім алу мен жан–жақты жетілген, ұстанымы айқындалған бағыт–бағдарды ұстануын талап етеді. Елбасшы Н.Ә.Назарбаев:«Сендер болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер. Біздің бүгіні атқарып жатқан қыруар шаруаларымыз тек сендер үшін жасалуда... Сендердің азат ойларың мен кемел білімдердің елімізді қазір бізге көз жетпес алыста,қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» дей келе ел жастарына үлкен үміт күтетіндігін, еңбек сүйгіш құндылықтарды ардақтайтын білімді жастарды атап көрсеткен болатын. Сондықтан да әр оқушы өзіндік жұмыстарды жасау үшін қабілеттілік қажеттілігін айта отырып, технология пәнінен қалдықтардан жасалынған бұйымдардың өмірге қажеттілігін көргенді әр оқушы сөзсіз

қызығушылығы артатындығын байқауымызға болады. Адамдардың эстетикалық талғамының артуы, қазіргі заман ықпалы керексіз заттарды пайдаға асыра білу оны әр адам кәдесіне жарата білсе халқымыздың рухани өмірін әрлей түсері сөзсіз. Сол үшін де өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра келе қолөнердің бір саласымен айналысып, дарындылығы ашылған бала әрине сол маман иесі болатындығы анық. Қазіргі кезде ғылыми–техникалық прогрестің қарқынды дамыған кезеңі. Сондықтан заман талабына сай мамандықты сапалы меңгеру қажеттілігі туындайды. Осы бағытта өзімнің маманы ретінде мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушыларымның қызығушылығының артуына қарай мен кәдемізге жарайды деген бұйымдарды келешек жастарға үйрету 25


жолында арнайы технология пәнінің мұғалімі жолын таңдадым. Қазіргі өнердің шарықтап етек жайған уақытында болашақ ұрпақтың мәдениетін көтеру арқылы ұлттық деңгейімізді көтерер едік... Ұлттық салт–дәстүр мен қазіргі заманғы әшекей бұйымдарға қойылатын талаптар орындалу сапасы, композициясының болуы, конструкциялау, модельдеу, көркемдеп сәндеу. Осының барлығы біздер үшін нақтылыққа, талғамдылыққа, әсемдікке талпынуға үйретеді. Әр түрлі аппликация үлгілері ғасырдан– ғасырға жалғасын тауып, толықтырылып, тігу технологиясымен ерекшеленеді. Сұлулыққа деген сүйіспеншілігін жандандырады және қазіргі жаңа заманмен байланыстыра отырып, шығармашылық қабілеттілік арта түседі. Жапсырмалау техникасы: желімдеу, ұсақ ирек тігістермен тігу, полиэтилен пленкасымен жапсыру арқылы, жұқа матамен желатин желімін жағып негізгі матаға беттестіріп үтіктеу, негізгі матаны ойып алып, киімге бастырып, тығыз тігіспен тігу, полиэтилен пленкасын матамен бірге ойып үтікпен киімге бастыру. Қағаздармен орындалатын аппликация жасау үшін мынадай материалдар мен құралсаймандар пайдаланамыз: эскиз немесе дайын түсті суреттер, түрлі–түсті қағаз, қарындаш, қайшы, маталар, капрон, жиек, желім, тығыз қағаз, үлгілер т.б. Жасау жолдары: орындалатын суретті түрлі –түсті қағаз бетіне қарындашпен салып, қайшымен ойып алу, ойылған қиынды кескіндерді қағаз бетіне желімдемес бұрын, үйлестіріп қойып, орындарын қарындашпен белгілеп алу, әрбір қиындыны нөмірлеп, рет бойынша белгіленген орынға желімдеу. Жапсырмамен киімді, төсек – көрпелерді, перделерді әшекейлейді. Панно және кілемшелер әзірлейді. Жапсырма әзірлеу үшін бұйымның қолданылуына қарай мата жарайды. Жіптердің түсі мата түсімен түстес немесе оған кереғар түстер таңдалады. Жұмысты орындау үшін калька–көшірме, қарындаш және жапсырманың терістеме жағына үтікпен жапсыру үшін флизофликс қажет. Флизофикс– екі жақты желімді аралық төсем, екі қиық матаны тек үтікпен бастыра үтіктеумен біріктіреді. Жапсырма (аппликация) киімге жапсырма жапсыру оның ажарын ашып, сәнін келтіреді. Жапсырма үшін жалтыраған, алтын немесе күміс паршалар таңдалады. Жапсырмаға арналған жалтырақ маталар пішін

26

тұрақтылығын сақтау үшін желімдік флизилинмен қатырмаланады. Өрнекті алтын немесе күміс паршадан қиып алады. Содан кейін ол араның тісіндей (зигзаг), бірақ өте ұқсас тігіспен негізгі матаға тығыз етіп тігіліп шығады. Бұл үшін матаны кергішке керіп қояды. Жапсырманың орындалуының келесі техникалық түрі–желіммен жапсыру. Жұқа полиэтилен түріндегі арнайы пленка жапсырмалық матаның астына төселіп, матамен бірге өрнек бойынша кесіледі. Содан кейін қызыру тәсілімен негізгі матаға жапсырылады. Қыздыру үшін үтік қолданылады.

Квиллинг техникасымен бұйымдар жасау. Қағаз шиыршықтау немесе қағаздан жасалған бұйралар мен дөңгелектерден киім және үй интерьерін әшекейлеу өнері шамамен 500 жылдан бері белгілі. Квиллинг орындау технологиясы өте қарапайым болып келеді. Жіңішке қағаз жолақтарын темір өзекке (біз, тоқыма, сым, ине) нығыз шарғы етіп орайды. Содан соң шарғыны саусақтарды жайлап жылжытып, қажетті диаметрдегі айшықты шиыршық жасап, ұштары желімделеді. Саусақтармен баса отырып, шиыршық дөңгелегін қажет пішінге келтіреді. Осы әдіспен жасалған бөлшектерді бір композицияға жинайды. Элементтер әр түрлі пішінде болуы мүмкін. Қағаздан жасалынған өрнек (гүлдер). Күлгін түсті қағаз жолағын диаметрі 16 мм орауышқа шиыршық түрінде орап, жапырақ түріне келтіреміз. Жалпақ күлгін түсті және ақ түсті жолақтарды 4 бөлікке бөлеміз. Ақ түсті жолақтар бойымен жиілетіп, енінің 2/3


шамасында кесеміз. Ақ және күлгін түсті жолақтарды жұптастырып желімдейміз. Екі түсті жолақтардың әрқайсысын күлгін түстен бастап, тығыз шарғы етіп ораймыз. Пайда болған гүл қауызын тарқатамыз. Гүл жапырақтарын гүл қауызының айналасына жинап жапсырамыз.

Технологиялық карта-бөлшектер мен бұйымдарды өңдеу процесі, технологиялық операциялар нұсқауымен түгелдей жазылған құжат. Қарапайым жапсырма жасауда негізгі табиғи материалдар:

р/с 1

Табиғи материал түрлері Жапырақтар

2 3

Тоқыма жіптер Қауырсын қасық

Түр – түсі, қасиеті Өте әсем, әр түрлі пішімде,түрлі түсті Жұмсақ, қиюға және үзуге жеңіл Жапсыруға және қиюға оңай

4 5

Қауырсын шанышқы Тұқымдар (ағаш,гүл,көкөніс т.б)

Жапсыруға және қиюға оңай Пішімдері әр түрлі, түстері сан алуан

Не жасауға болады? Көбелек пен құстар қанаты,балық, бақа табаны Табиғат бейнесі, балық Айна айналасына фон немесе абажур Желпуіш түрлері Ауыл көрінісі

Табиғи материалдардан бұйымдар жасау үшін төмендегідей қосымша материалдар пайдаланамыз: Қосымша материал Фольга

Түрлері Сары, ақ, жылтырақ

Жіптер Желімдер

№10 ПВА,БФ,Момент,қағаз желімдері Әр түрлі Түрлі – түсті, көшірме, калька,обой, қатырма

Мата қиындылары Қағазы

Қасиеті Оңай бүктеледі, жұқа, жеңіл Түрлі - түсті Мықты

Қолданылуы Сәндеу, безендіру

Сәнді Оңай қиылады, желімделеді, бүктеледі

Безендіру Әр түрлі бағыттарда

Бекіту, сәндеу Бекіту, жапсыру

Табиғи материалдармен жұмыс жасауға арналған құрал – саймандар: Түрлері Біз Қайшы Ине Қарындаш Бояу түрлері Қылқаламдар Лак түрлері

Сипаттама Жіңішке тұтқасы 5 см инесі 3 -3,5см. Мықты темірден жасалынған.Тесу,белгілеу құралы. Ұштары жұмыр,қолға ұстауға ыңғайлы. Сабағы мен арнайы матаға қадалуы. Қарапайым сызба орындауға арналған, 2М. Гуашь,акварель,сәндеу үшін. Бояуға, сәндеуге. Жылтыратып сәндеуге.

Барлық жұмыс барысында қауіпсіздік сақтау ережесі қатаң сақталады. Табиғи бұйым дайындау үшін: 1.Жасалатын бұйым үлгісіне талдау жасау. 2.Жұмыс ретін орналастырып алып, жұмысқа кірісу. 3.Құрамдас бөліктерді біріктіру және бекіту тәсілдерін таңдау. 4.Бұйымды дайындау жұмыстарына арнайы уақыт кестесін жасау қажет. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек

Қоғамына 20 қадам» // «Егеменді Қазақстан» 2012 жыл 10 шілде 2.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» // «Егеменді Қазақстан» 2012 ж. 3.Мектептегі технология журналы-№3, 2010 ж. 4.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы VII том. Алматы 5.«Шаңырақ» үй – тұрмыс энциклопедиясы. Алматы

27


ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДІ КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫҒА ҰЛАСТЫРЫП, ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ Жусупова Шолпан Саламатовна Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі «Құқықтану» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы

Еліміз егеменді ел болғалы бері сан салалы ғылымда келелі де ауқымды өзгерістер жүріп, жаңашылдықтың жарқын айғағындай тың жетістіктерге қол жеткізгеніміз белгілі. Қоғамның саяси, экономикалық, қаржылық салалары сияқты білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі, тәуелсіз мемлекетті нығайту, көркейту үшін жаңаша көзқарастағы, білімді әрі жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттілігі туындады. Білім беру мекемелерінің алдында ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат-мамандардың сапасын көтеру, салмағын таныту секілді күрделі міндет тұрды. Ол міндет–білім алушыны саналы ойлай білетін әрі ертеңгі күні қоғамда өз орнын таба алатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару міндеті. Қай халықтың даму стратегиясын алып қарасақ та, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі, білікті маман етіп шығару-оның басты бағдарларының бірі болғандығына көз жеткіземіз. Бүгінгі Қазақстандық кәсіптік білім беру жүйесінің сапасын заман талабына сай жетілдіру-өз кәсібінің шебері бола алатын маман даярлау сұранысынан туындап отыр. Әбунасыр Әл Фараби: «.... адам кез-келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те, содан рахмет табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»,- деген екен. Демек, халықтың көңілінен орын табатын, көпшілік таңдайтын бірнеше мамандық бар, олар әр қоғамда, қандай жағдайда болмасын сұранысқа ие. Осындай мамандықтар қатарында заңгер мамандығы да бар. Заңгер–заң саласындағы, заңгерлік қызметтегі заңдық істерді (құқықтық нормаларға сәйкес қарастыру мен шешім қабылдауды талап ететін және қылмыстық істер мен азаматтық дауларды, қақтығыстарды) жүзеге асыратын маман. Заңгер мамандар әр ұйымда, фирмада, кәсіпорында, коммерциялық және қоғамдық құрылымдарда да сұранысқа ие. Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі де осы сұранысты білікті заңгерлер даярлай 28

отырып, қамтамасыз етеді. «Құқықтану» мамандығында білім алып жүрген болашақ заңгерлерді мамандыққа бейімдеуде арнайы пәндердің берілісін жаңа сипатта ізгілендіріп, пәннің қажеттілігін арттыру-бүгінгі кәсіптік білім беру ісінің негізгі нүктесі екендігіне толық көз жеткіздім. Сондықтан заңгер мамандарға білім берудегі басты мақсат-құқықтық өзекті мәселелерде шешім табуды, мемлекеттік және әкімшілік заңи сұрақтарды реттеуді, даулы және бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қорғап, қалпына келтіруді және заңи көмек қажет тұлғаларға жәрдем беруді үйрету болмақ. Жаңа заманның заңгерін даярлауда оқу-тәрбие жұмысын ықпалды жоспарлау тиімді. Меңгерілген білімді тәжірибелік дағдыға ұластыруда рөлдік ойындар технологиясын жарасымды қолдану келешек маманның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Білімді тәжірибелік дағдыға ұластыруда тақырып ерекшеліктерін студенттің жасына, мінез-құлқына сай келетіндей сипатта жүйелеп, рөлдік ойындардың мақсаты мен міндеттерін өтей алатындай қажетті әдістәсілдерді таңдағанда ғана зерттеу мазмұны орындалды. Зерттеудің міндеттері: І.Білімділік кезең 1)теориялық білімді талдау арқылы болашақ заңгерлерді зерттеу тақырыбына сәйкес белсенді кәсіби іс-әрекетке даярлау; 2)рөлдік ойын арқылы болашақ заңгерлердің теориялық білімін кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластыруға тиімді іс-амалдарды анықтау; 3)болашақ заңгерлердің теориялық білімін рөлдік ойын арқылы кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластыру процесін жүзеге асыратын теориялық негізді ұсыну; 4)болашақ заңгерлердің теориялық білімді кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластыруда рөлдік ойындардың маңызын, тиімділігін эксперимент барысында қолдану. ІІ.Тәрбиелілік кезең 1)теориялық білімді сот процестеріндегі рольдік ойын арқылы кәсіби тәжірибелік дағдыға ұластыру барысында заңгер


мамандығының тартымдылығын анықтау, кәсіби мүмкіндіктерін таныту, болашақ қол жетімді жетістіктерін насихаттау; 2) сот процестеріндегі рольдік ойындар арқылы болашақ заңгерлерге заңгер кәсібіне лайықты талаптар мен заңгерлердің кәсіби мәдениеттілік этикасын таныту; 3) сот процестеріндегі рольдік ойын арқылы мамандық бойынша кәсіби тәжірибелік дағдыларды игерту; 4) рөлдік сот процестеріндегі рөлдік ойын арқылы кәсіби тәжірибелік дағдыны дамыту мақсатында болашақ заңгерлерді шешендікке, ресми, ғылыми стильде сөйлеуге машықтандыру. Әрбір сабақ-оқу үрдісіндегі шешуші буын. Кәсіптік білім беру саласында да арнайы пән оқытушысы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты әрі жан-жақты маман қалыптастыру мүмкін емес. Оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіруде мақсатты нәтижеге жетуді ойластыратын логикалық ұшқырлық, жоғары шеберлікті меңгеруге құштарлық, қажетті техникалық түрлендірулер сапалы нәтиже береді. Тірек белгілері мен конспектілері, ойын арқылы оқыту технологиясы, дамыта оқыту, дербес оқыту, жобалап оқыту технологияларын қолдана отырып, студенттің теориялық білімін тәжірибелік дағдыға ұластыруда рөлдік ойындардың маңызын шығармашылық тұрғыда өз тәжірибемде зерттеу үстіндемін. Сол себепті, тақырыпқа сыйымды жаңа технологияны қолданудағы менің басты мақсатымоқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін, шығармашылық қиялдарын арттырып, тәжірибелік дағды машығын қалыптастыру болды. «Қылмыстық құқық» және «Қылмыстық іс жүргізу құқығы» пәндерін оқытуда оқытудың жаңа әдіс–тәсілдерін пәнге бейімдеп, лайықты пайдалану–менің күнділікті сабақтағы және тәрбие үрдісіндегі қалыпты жұмыс машығым. Білім деңгейі мен дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу және тәрбие ұштасады. Ойнай отырып, жаңа білімді меңгерді. Мысалы, «Қылмыстық құқық» пәні бойынша қарастырылатын «Меншікке қарсы қылмыстар» тақырыбын меңгертуде рөлдік ойынды шығармашылықпен ұштастырып, ұлттық тәрбиені жаңғыртуды көздедім. Жаңа ұғым туралы берілетін түсінік ертегі мәтініне лайықталып, өлең жолдарымен берілді.

Мұндағы мәтін мазмұны бойынша төмендегідей тапсырма берілді: -Келеңсіз көріністерді табу; -ҚР ҚК қылмыс құрамдарымен сәйкестігін анықтау; -Ерекше жазылған сөздердегі бір дыбысқа фонетикалық өзгеріс енгізу; -Анықталған сөздер мағынасы ашу; Ерте-ерте заманда, Биік қорған қамалда Ақылды хан болыпты Айла тапқан табанда. Елі тыныш болыпты, Қамбаға ас толыпты. Алла құптап әр ісін, Бақ пен дәулет қоныпты. Көрші тұрған сол елмен Көңілі көппен теңелген. Және бір хан болыпты Ісі өнбей бөгелген. Қазақшылық мінезбен, Көре алмапты көршісін. Алажақ боп жүргендей, Іздепті елден еншісін. Ұршықтай елін иіріп, Іші өртеніп,күйініп. Өртепті қамба, егінді Аш қалған елге сүйініп. Елмен елді қосатын, Жолдарды бұзып тастапты. Хабар жолын жоғалтып, Бір зұлымдық бастапты. Бар жамандық төнсін деп, Ел аштықтан өлсін деп. Су жолдарын бөгепті, Шөлге шыдап көрсін деп. Солай-солай өтіпті, Танауын көкке көтеріп. Жамандыққа кетіпті, Жаман ханның еті өліп. Шығармашылық ойын арқылы студенттер: 1. Ертегі мазмұны бойынша хандық дәуірдегі хан мен қара халық арасындағы ел билеу саясатының келеңсіз көріністерді таныды; 2. Хандық дәуірдегі хан әрекетінің қазіргі ҚР ҚК қылмыс құрамдарымен сәйкестігін білді және проблемалық ой туындады; 3. Ертегі мәтініндегі ерекше жазылған сөздердегі бір дыбысқа фонетикалық өзгеріс енгізу арқылы меншікке қарсы бағытталған қылмыстардың түрлері анықтады; 29


4. Анықталған сөздер мағынасы ашылып, жаңа сабақ тақырыбы айқындалады; 5. Қазақ тілі,тарих пәндер бойынша жаңғырта қайталау жүргізілді. (Қазақшылық–Қарақшылық; Алажақ–Алаяқ; Ұршық-Ұрлық; Танау- Тонау) Құқық негіздері пәні бойынша қайталау сабақтарында төменгі топ студенттеріне тақырыпты ұғындыруда қарапайым ойын элементтерінің өзі тиімді нәтиже береді. Мысалы, «Гүл шоғы» ойынында гүл шоғы бейнеленген кеспе қағазға тапсырма жазылып, тапсырманың жауабын студент өзі қалаған топ студентінен ала алады немесе оқытушымен де сұрақ–жауап қатынасын орнатуына мүмкіндік алады. Нәтижесінде: 1. Оқу үлгерімі төмен студенттердің белсенділігі артады; 2. Студенттің өзіне сенімділігі қалыптасады; 3. Оқытушы мен студент арасында ынтымақтастық орнайды. Кез келген пәнді оқытуда қайталау тақырыптарына шолу немесе үй тапсырмасын тексеру кезінде «Сынақ хат жолдау» ойыны да ұтымды әдістің бірі. Үшініші курс студенттерімен Қылмыстық құқық пәні бойынша өткен «Көліктегі қылмыстар» тақырыбында «Сынақ хат жолдау» ойыны қолданылды. Рөлдік ойынның өту ережесі: -сынақ хаттарды топтағы жақсы оқитын студенттер оқытушы нұсқауымен ҚР ҚК басшылыққа алу арқылы дайындап, үлгерімі орташа студенттерге әр-түрлі сурет пішініндегі хаттар бейнесінде береді; -төреші студенттің қорытынды сөзі; -оқытушы сараптама жасап, жалпы қорытынды сөз айтады, бағалайды. Рөлдік ойынға қатысушылар: Жақсы үлгерімдегілер-сот орындаушылары; Үй тапсырмасын орындамағандар - құқық бұзушылар; Үздік үлгерімдегілер - төрешілер. Мұнда бақылаушы (үздік)–студент үй тапсырмасын бақылап отырады. Сынақ хат (үлгі) 1.Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе _____ немесе сораның, ______ немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру. Жезөкшелікпен айналысуға арналған _______ ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы _________.

30

2.Өлгендердің мәйіттерін ______ не олар жерленген жерлерді, __________ құрылыстарын немесе жерлеуге, еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, _______ немесе _______ басу. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды _______ үшін ________ ұйымдастыру немесе ұстау не осы мақсаттаар үшін үй-жай беру. Сынақ хат шешімі: 1.Өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егу немесе өсіру немесе сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру. Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау, сондай-ақ пайдакүнемдік мақсаттағы жеңгетайлық. 2.Өлгендердің мәйіттерін қорлау не олар жерленген жерлерді, құлпытас құрылыстарын немесе жерлеуге, еске алуға байланысты рәсімдер өткізуге арналған зират үйлерін жою, бүлдіру немесе аяққа басу. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау не осы мақсаттар үшін үй-жай беру. Мектеп қабырғасынан келген жасөспірімнің білімге деген ынтасын, мамандыққа қызығушылығын сабақты түрлендірумен ғана емес, тәрбиелік шараларға белсенді қатыстыру, үйірмеге тарту арқылы да арттыруға болатындығын тәжірибе дәлелдеп отыр. Бірнеше жылдан бері болашақ заңгерлерді мамандыққа бағдарлау мақсатында жұмыс жүргізетін «АҚИҚАТ» жас заңгерлер үйірмесіне жетекшілік етемін. Үйірме мүшелері жыл сайын жаңартылып, толықтырылып отырады. «АҚИҚАТ» жас заңгерлер үйірмесі мүшелері белсенді әрекет нәтижесін көрсетіп келеді. Жалпы тәрбие үрдісінде рөлдік ойындарды екі түрлі мақсатпен қолдануға болады. 1. Студенттің пәнге ынтасын, қызығушылығын арттыру, тіл байлығын дамыту; 2. Болашақ заңгерлердің кәсіби байқампаздығын қалыптастыру, тапқырлыққа баулып, зейінін және ойлау қабілетін дамыту. Үстіміздегі оқу жылында «Құқықтану» мамандығында оқитын болашақ заңгерлерлермен бірлесе өтетін дәстүрлі «Жылжымалы әділ сот» байқауы үздік үлгерімдегі 2 және 3 курс студенттерінің «Шеберлік сыныбы» мүшелігін қорғау мақсатында ұйымдастырылды. Мұндай сот процесі рөлдік тәжірибе арқылы өзіндік басқаруды жинақтайтын


белгілі бір жағдайдағы іс-әрекеттің түрі. процестеріне дайындап, өз шеберліктерін Ұйымдастырылған рөлдік ойын түрі сот танытты. процесінің жалпы құрылымы мынадай Нәтижесінде екінші, үшінші курстықтар кезеңдерден тұрады: рөлдік ойын арқылы өздерінің тәжірибелік 1) алдыға мақсат қою; дағдыларын танытты. 2) оны жоспарлау; Сот процестерін өткізу арқылы 3) мақсатты түрде жүзеге асыру; студенттердің: 4) адамның өзін субъект деп тануы. -танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейді; Байқау аясында осы кезеңдерді қамти -студенттің өзіне деген сенімі артады, оқуға отырып әрекет еткен ұйымдастыру топтары: деген қызығушылығы, белсенділігі дамыды; -ҚР ҚК 314-бап «Өлгендердің мәйіттерін -өзара ынтымақтастыққа, адамгершілікке, және олар жерленген жерлерді қорлау» бір-бірін сыйлай біліп, көмектесуге үйренді; -ҚРҚК 192-бап «Қарақшылық» -мамандыққа ынталанады; -ҚР ҚК 120-бап «Зорлау» -жауапкершілікке үйренеді, тәртіпке -ҚР ҚК 188- бап «Ұрлық» тәуелділікті ұғынады. -ҚР ҚК 297-бап «Есiрткi заттарды немесе Зерттеу жүргізудегі мақсатым: кәсіптік психотроптық заттарды заңсыз дайындау, білім беру мамандарын даярлауда болашақ өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, заңгерлердің кәсіби біліктілігіне лайық білім жөнелту немесе сату» қылмыстары бойынша мен ғылыми тұрғыдан негіздеу және іс жүзінде сот процестерін ұйымдастырып, жаңадан жетілдіру. Біз қол жеткізген, қол жеткізетін мүмкіндіктер: қабылданған бірінші курстықтарды мамандық шеңберіне тартты. Яғни, жоғарғы курс студенттері бірінші курстықтарды сот Заңгер кәсібіне Нақты және теориялық Қазіргі құқықтық Мемлекеттік саясат лайықты талаптар білімді болу, қатынастарда ойлау ағымын талқылай алатын мемлекеттік заңдарды қабілеті маман болу білу Заңгерлердің Басқару әдістерін білу, Ел арасында Еңбекті кәсіби адамдарға әсер ету тәрбиелік және ұйымдастырудың ғылыми мәдениеттілік құқық жұмыстарын әдісін меңгеру этикасы жүргізу немесе насихаттау Мамандығы Нарықтық даму Үнемі тәжірибелік Өзінің білімін кәсіби бойынша жағдайында өзге біліктілігін қызметтегі практикада практикалық адамдармен қарымжетілдіру пайдалана білу дағдыларды игеру қатынас Зерттеу жұмысын жүргізу арқылы студенттердің кәсіби қызметке дайындығы көтерілді. Бұл процестің барысын анықтайтын және дәрежесін көрсететін дәлелдер мен қарама-қайшылықтар айқындалып талданды және қажетті шаралардың тиісті деңгейде дамуына байланысты студенттердің де деңгейін, пікірлерін білдік. Болашақ заңгерлікті үйренуші студенттеріміз ең маңызды пәндер «Қылмыстық құқық», «Әкімшілік құқық», «Құқық қорғау органдары», «Қылмыстық іс жүргізу», «Құқық негіздері» пәндері бойынша дәріс сабақтарын, тәжірибе сабақтарынан алған білімдерін іс

жүзінде тәжірибелік дағдыға айналдырып пайдалана алады. Теорияны іс жүзінде сынай алуға қол жеткіздік. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Тойбаев Ә.Ж. Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушы тұлғасын дамытудағы ойын технологиясының теориялық негіздері– «Жалпы педагогика»-Алматы:Әл–Фараби ат.Қазақ мемлекеттік ун-ті, 2008. 2.Садықов Т.С., Әбілқасымов А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Оқу процесін ұйымдастыру. Алматы, 2004, 3.Муравьева Г.Е. Проектирование технологий обучения: Учебное пособие. Иванова: ИПК и ППК, 2001.

31


ОҚЫТУШЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ Кереева Жаннат Райымбекқызы Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі Әдістемелік кабинет меңгерушісі, Республикалық «Үздік педагог-2013» атағының иегері

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтінгілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойынша мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ педагогтардың еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Ұстаздарды қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақытттардың өзінде-ақ белгілі болды. Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен ұстаздары бар мемлекет қана алға озып шыққан. Көптеген әдебиеттерге теориялық талдау жасау барысында мектеп ұстаздарына қойылатын бірқатар негізгі талаптар бар екені айғақталды. Өзге мамандықтарға дәл осы ұстаздық ету секілді соншалықты жоғары талаптар қойылмайды. «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.. мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ, ар-намысын сақтайтын, ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ... жақсылық пен ізгілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл да ержүрек болуы керек.»-деп Әл-Фараби айтқандай, келешекте біздің егеменді еліміздің балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару жолындағы басты тұлға-ұстаз. Ұстаздардың кәсіби құзырлығы ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен келеді,

32

бұл - адам еңбегінің нәтижесінде байқалатын, белгілі бір еңбек функциясын қабілеттілікпен меңгеруіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. Құзырлылық мынадай жағдайдың жиынтығы ретінде қарастырылады: мағыналытәжірибелік; коммуникативтік.Ұстаздың кәсіби құзырлылығы оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Ұстазға қойылатын талаптардың бірі: - қазіргі заманға сай кәсібін жетік білуі; - оның өз ісінде жаңа технологияны шебер пайдалана білуі; - студенттерге әлемдік стандартқа сай білім беруі; - компьютер мен мультимедиялық технологияны меңгеру арқылы электрондық оқу - құралдары мен интернет сайттарын қолдана білуі; - педагогикалық-психологиялық үрдістерді жаңа ғылыми-әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыра білуі; «Жақсы ұстаз ақиқатты қалай табуды үйретеді» (А.В.Дистерверг). «Бір сарынды және бір бағытта жүргізілген іс-әрекет бала өміріне шексіз зиянын тигізеді. Сондықтан да оқыту әдістері мен формаларын алмастыра отырып қолдану керек» - деп К.Ушинский айтқандай жақсы ұстаз баланы қалай да білімді де, тәрбиелі етуді көздейді. Қазіргі заман талабы бойынша білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі-оқу үрдісіне электронды оқулықтарды енгізу. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электронды оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Электронды оқулық-оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу.т.б. бағдарламалардың жиынтығы.


Білім беру ұйымдарында электрондық оқулықтарды пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай туғызады. Құзыретті ұстазға қажетті қасиеттер мен дағдылар тізімін жасау үшін әртүрлі мектептердің әртүрлі тәжірибелері бар педагогтерінен құралған шағын топтардағы мұғалімдердің бірлескен жұмысын насихаттау керек. Заманымызда білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ойпікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттілікке қарай толықтырып отыруды талап етеді. Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады. «Құзырлылық – тек кәсіби білімі емес, тұлғаның жалпы мәдениеті мен шығармашылық әлеуетін дамыту қабілеті» деп түйіндейді белгілі оқымысты Т.Г.Браже. Ұстаз-ақпараттандырушы емес, студенттің жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл ұстаздан мынадай бағыттарды талап етеді: - жоғары құзырлылықты; - ұйымдастырушылық қабілеттілікті; - студенттерді қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу; - студенттерді зерттеушілік дағдыларын дамыту. Білім-тоқтаусыз толассыз үрдіс. ХХІ ғасыр білімін біз адамның қызығушылықтарының дамуы, оның өзінің дамуы деп түсінеміз. Бұл әр адамның өзін-өзі жасампаздықпен қайта құра алуы, қоғамдық талаптар тұрғысынан өзіне сыни баға бере алуы, айналаны өзгерте алуға

қатыса алуы. Ол арқылы адамның интеллектуалдық, рухани күші дамып, тұлғалылығы қалыптасады. Білім- ұстаз үшін оның шығармашылық әлеуетін дамытудың үрдісі. Шығармашылық әлеуеті дамыған ұстаз үшін білім мазмұнын, әр студенттің өзіндік ерекшелігін, студенттер ұжымының артықшылықтарын, соған сәйкес оқуды ұйымдастырудың формалары мен тактикалары жайлы ақпараттарды есінде ұстау қажет. Сонымен қатар оларды дер кезінде еске түсіріп қажетіне жарата алу оның басты құндылықтарының бірі болып табылады. Кез келген жаңалық ең алдымен адамның қиялында пайда болатындықтан шығармашылық әлеуеттің құрамдас бөлігінің бірі - фантазия. Фантазия – педагогикалық актінің құрамдас бөлігі. Ол жаңа жоспарлар, бағдарламалар, технологиялар т.б. жасауда, оны жүзеге асыруда іске қосылады. Нәтиженің қандай болатынын болжау, бұрынғы елес-бейнелерді өзгертіп бір-біріне қосып, қайтадан бейнелеу арқылы, оқытуда жаңа жолдар табуға көмектеседі. Фантазия арқылы көрнекті ақын, педагог, психолог Мағжан Жұмабаев «Мылқау өмірге үн, сақау өмірге тіл беретін», жоқты бар барды гүлді, көрікті қылатын, бізді асыға аяқ бастырып тәңірмен тілдестіретін фантазия» деген. Жақсылық ашу өздігінен келе салмайды, оған алдын-ала жасалған қажырлы еңбек құлшындырады десек, дәл сол сәтті шабытты шақ деп сипаттауға болады. Шабыт- адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы. Шабыт жаңа туындының пайда болуына, бастайды. Ол адамның жоғары белсенділігінен, әрекеттің өнімділігімен, шығармашылықтың шаттығын сезінумен «құштарлық» пен эмоциялық ойға шолумен ұштасады. Шығармашыл тұлға - ұстаздың ерекше қасиеттерінің қатарына педагогикалық импровизация жасай алуы жатады. Педагогикалық импровизация - бұл дегеніміз – мұғалімнің алдын-ала жоспарланбаған тосыннан пайда болған педагогикалық мәселені шешу үшін өзінің білік, дағдысы мен іскерлігін шығармашылықпен іске қосуы. Педагогикалық импровизация мұғалімнің шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына әсер етуші фактор. Өйткені импровизация кезінде мұғалімнің ішкі күштері мен қабілеттерінің жұмылуы маңызды орын алады. Дәл осы жағдайда шығармашылық 33


туады да әлеуеттің дамуына мүмкіндік жасалады. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы ұстазға қойылатын талаптар: - бәсекеге қабілеттілігі; - білім беру сапасының жоғары болуы; - кәсіби шеберлігі; - әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Шығармашылық әлеуеті дамыған ұстаз өз кәсібін жете меңгеріп қана қоймай, өзін-өзі жан-жақты дамытуға қол жеткізеді. Нәтижесінде ұстаз кәсіби құзыреттілікке қол жеткізеді. Ұстаздың кәсіби құзыреттілігі – бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нәтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. Шығармашыл критерилер: Ұстаз өз кәсібінің шекарасынан шыға алуы, сол арқылы

өз тәжірибесін, еңбегін өзгерте алуы жатқызылады. Шығармашыл ұстаз үшін біреудің тәжірибесін қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттарының болуының мәні зор. Ең бірінші кезекте ұстаздың «өзіндік жаңалығы» болуы қажет. Ғылым жаңалығын түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу керек. Ұстаз бойынан мына қасиеттерді жоғары бағалаймын: өзіне деген сенімділік, қай іске болса да белді бекем буып кірісу, табандылық, жайдарлылық, кішіпейілділік, өзіне де, өзгеге де талап қоя білу, жаңалықты сезіну, жауапкершілікті жете түсіну, жоғары саналылық. Осы қасиеттерді жақсы меңгергенде ғана ұстаздың әдістемелік тәжірибесі кеңейіп, ұстаз беделі арта түспек.

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ - БАСТЫ МІНДЕТ Бисенбаева Алтынай Бисенбайқызы Атырау қаласы, Д.Байбосынов атындағы №13 мектеп гимназиясының жоғары санатты биология пәні мұғалімі

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында 5 жылдық ұлттық жоспарды қабылдау міндеті қойылған. Ұлттық жоспардың мақсаты-Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау. Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Баланың бойына рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз мінез–құлық әдеттерден арылтуға көмек беретін функционалдық сауаттылық бірінші кезекте ата–ана бойында болуға тиіс. Ата–аналар 34

баланың жан – жақты ұғынуына көмектесулері керек. Денсаулық қауіпсіздігін сақтау, түрлі қауіпті қышқылдар, қоспаларды қауіпсіздік ережесін сақтай отырып пайдалану, үйде жарық пен тұрмыстық приборларды дер кезінде сөндіру, токтан ажырату қажеттігін, есік алдағы су құбырының краны арқылы тамшыдан өзен құралып қайта ағып кетіп жатқанын бала білуге тиіс. Еңбектің бағасын білген бала оның нәтижесін де жақсы бағалай біледі. Осының бәрінде аса терең ата - ананың функционалдық сауаттылығы тұр. Баласының бойына адамгершілік проблемасын және тәуелсіздік еліміздің байлығына үнемділікпен, ыждағаттылықпен қарауға, адам еңбегімен жасалған нәрсенің бәрін бағалай білетін азаматтық ең жақсы қасиеттерді дарыту. Ата – ана баланың ең әуелі өздері істей алатынды үйретуі тиіс.


«Функционалдық сауаттылық» дегеніміз – өмір бойы білім алуына ықпал ететін, база жасау. Өмір бойы іздену, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай ілесіп отыру. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы отбасымен қатар, мектептен де басталады. «Функционалдық сауаттылық»—ұғымы өткен ғасырдың 60-жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болды және кейіннен қолданысқа енді. Функционалдық сауаттылық – білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық– оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық фактор. Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Оқушының бойына білім нәрін дарытуға көмек беретін функционалдық сауаттылық мұғалім бойында да болуы тиіс. Барлық елде балаға білім беру ерекше орын алып келеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға, байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуге оқушыларды тәрбиелеу мұғалімдердің басты борышы. Мұғалім сабақты түрлендіріп, өмірмен байланыстырып өтуінде, пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және сауаттылығына сүйене отырып, оқу пәндері арқылы, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру негізінде жүзеге асады. Тек білім ғана бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыра алады. Сондықтан да мұғалім сапалы білім, салиқалы ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруы үшін 45 минуттық сабағын қазіргі заманғы білім берудің жаңа технологияларын қолдана отырып өту керек. Осы жерде орыс педагогы А.С.Макаренконың «45 жыл мұғалім болса да 45 минуттық сабағына дайындалып келу керек» деген нақыл сөзін еске алуға болады. Мұғалім оқушыны тек қана мектептің бағдарламасымен шектеліп қалдырмай, теориялық білімдерін практикалық жұмыстармен, өмірмен байланыстыра білуге үйрету керек. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Функционалдық сауаттылықтың негізгі міндеті-мұғалім баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып, баланы өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Осыған орай оқушылардың алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даналықты білдіретін құзыреттерді қалыптастыру орта мектептердегі жаратылыстану бағытындағы пәндердің басым бағыттарының бірі болып табылады. Ой - өрісі кең тұлғаны қалыптастыруда жаратылыстану пәндерінің орны ерекше. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру-оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың үйлесімді жолы. Олай болса, функционалдық сауаттылық оқушының белгілі ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және білім, білік дағдыларының жиынтығы. Ол тек білім мен білік әлеміне барудың жолы ғана емес, ұлттық әлеуметтік дамуының өлшемі. Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін жаратылыстану бағытындағы пәндер оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауына көп көңіл бөледі. Арнайы дайындалған тапсырмалар оқушының логикалық ойлау қасиетін шыңдайды және пәнге деген қызығушылығын арттырады. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, түрлі логикалық тапсырмалар мен тақырыптық есептер шығару кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйретеді. Осындай мақсаттарға жету үшін мынандай міндеттерге тоқталайық: 1.Оқушының алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білу. 2.Оқушылардың алған сапалы білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету. 3.Кез келген проблемалық ситуациялардың шешімін таба білуге үйрету. 4.Оқушыларды ізденіске баулып, өз бетінше жұмыс істеуге үйрету. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев кезекті Жолдауында: «Қазақстан - 2050» Стратегиясы – үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол–елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияның мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту, ортақ парыз, абыройлы міндет!» деген болатын. Отанымыз – Қазақстанның одан әрі Мәңгілік Ел болып өркендеуі үшін, жан – жақты дамуы үшін оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту

35


арқасында талай асулардан абыроймен өтеміз деп мұғалімдер адал еңбек етіп, функционалдық сауаттылығы бар тұлға тәрбиелеуде өз үлестерімізді қосып келеміз. «Білімнен қымбат нәрсе жоқ». Оқушылар алған сапалы білімдерін, тәрбиесін, бойға дарыған өнерлерін үнемі жаңғыртып, жетілдіріп оны ғылыми жетістіктермен толықтырып отыруы тиіс. Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылықты жүзеге асырудың басты міндеті–оқушылардың

теориялық білімдерін практикалық тұрғыда қолдануымен қатар тәуелсіз еліміздің келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға үлестерін қосу болып табылады. Осы ретте, жаратылыстану бағытындағы пәндерін дұрыс жүргізе білудің маңызы зор. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Б.А.Тұрғынбаева Ұстаздық шығармашылық Алматы 2007ж 2.«Биология және салауаттылық негіздері» журналдары.

Институт жаңалықтары Әлемде ерекше үрейді тудыратын эстремизм мен лаңкестіктің қарқынды өсуі-XXI ғасырдың қатері. Бұл әсіресе көп ұлтты мемлекеттер үшін уақыт өткен сайын үлкен проблемаға айналып отыр. Осыған орай, ғалымдар мен сала мамандарының терроризм және лаңкестіктің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Жастар арасындағы терроризм мен экстремизм идеологиясының таралуын болдырмаудағы біліктілікті арттыру жүйесінің рөлі» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция жұмысына «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының педагог-оқытушы құрамы, Атырау облыстық Білім беру басқармасының өкілдері, Атырау облыстық дін істер басқармасының, мешіттің қызметкерлері, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары, жалпы және техникалық кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция 2 бөлім бойынша жүргізілді. Олар «Жастар арасындағы терроризм мен экстремизмнің алдын алу мәселелері» және «Терроризм мен экстримизмнің алдын алудағы атқарылатын шаралар» тақырыбында дөңгелек үстел мен «Сұхбат алаңы» форматында пленарлық мәжіліс өткізілді. *** Үштұғырлы тіл саясатын насихаттау және білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы көптілділік мәселесі аясында пікір алмасу, оны оқу үдерісіне енгізу аспектілерін талқылау мақсатында «Үштұғырлы тіл саясаты–жаңа қоғамда білім және мәдениет деңгейін көтеру» тақырыбында облыстық ғылыми–тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция жұмысына облыстың тіл пәндері мұғалімдері үш бағыт бойынша қатысты. Олар «Үштілде білім беру – көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі», «Жаһандану кезеңіндегі «Үштұғырлы тіл» идеясының жүзеге асуының маңызы» және «Үштұғырлы тіл – қоғамдық бірліктің кепілі». Қатысушылар «Үш тұғырлы тіл» саясатын жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен өз іс-тәжірибелерін, ой-пікірлерін ортаға салды. Баяндамалары негізінде ұсыныстар қабылданды. Конференция жұмысына тікелей қатысушыларға Сертификаттар табысталды.

36


 Кітапхана-рухани қазына  ПРИВЛЕКАТЕЛЬНОЙ БИБЛИОТЕКЕ - БЫТЬ!!! Грицинина И.В. Заведующая библиотекой Филиала АО НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по Жамбылской области

Современные школьные библиотеки начинают меняться под влиянием реформ происходящих в сфере образования. При этом задачи перед школьными библиотеками остаются прежними: пропаганда библиотечного фонда, формирование культуры чтения подрастающего поколения, популяризация книги. Все выше перечисленные задачи ставят перед школьными библиотеками одну не менее значительную задачу : как сделать библиотеку максимально привлекательной и комфортной для детей и подростков? В этом и во много другом всегда придет на помощь Филиал АО НЦПК «Өрлеу» «Институт повышения квалификации педагогических работников по Жамбылской области», который не однократно помогает библиотекарям области осваивать инновационные формы работы в библиотечной деятельности.

Библиотечный семинар-практикум «Библиотечный пиар: из опыта работы библиотек Жамбылской области», в котором приняли участие школьные библиотекари области, сотрудники областной детскоюношеской библиотеки, представители городских СМИ, оказался как нельзя кстати. Семинар был построен на переосмыслении всей рекламной деятельности библиотечной

работы: внешнего вида библиотек, внутреннего его пространства, креативного информирования о широте предоставляемых услуг, созданию положительного имиджа библиотеки для своего читателя. Сегодня все чаще мы стали говорить о рекламе в библиотеке, о пиар деятельности. Пиар или Public relations (Паблик рилейшнз) буквально переводится с английского как «связь с общественностью». PR в библиотеке – это способ создания и закрепления положительного имиджа библиотеки. В своих выступлениях сотрудники библиотек осветили актуальные вопросы библиотечного пиара и рекламы, вопросы чтения и книги, позирования библиотек в обществе через сотрудничество с представителями СМИ. Множество примеров библиотечной рекламы было представлено во время семинара сотрудниками библиотек: печатная продукция, акции, колажи буккросинга, флэш-мобы и многое другое.

Организаторы семинара осветили новые направления и формы работы с пользователями: создание облачных технологий, применение ІТтехнологий, использование медиа ресурсов. Участники семинара увидели практическое

37


применение данных технологии в практической деятельности. Эмоциональным оказался тренинг, проводимый преподавателями института «Искусство коммуникации», на котором

библиотекари в игровой форме приветствовали друг друга; работали с метафорическими карточками для развития критического мышления и активизации познавательной деятельности. Традиционно представлена информация у книжной выставки «Видимая, слышимая, узнаваемая библиотека-пиар в действии», на которой разместился накопленный библиотечный пиар библиотекарей - это памятки, листовки, статьи из периодических изданий, буклеты, фотографии о проводимых мероприятиях. Профессиональный интерес вызвал сборник «Работа клубов и кружков при школьных библиотеках Жамбылской области» (подготовленный библиотекой ИПК) в котором освещены практические наработки школьных библиотекарей по организации клубов и кружков в школьных библиотеках. Фактически, иллюстрированное издание стало хорошей библиотечной рекламой для школьных библиотек. В заключении семинара состоялся круглый стол, во время которого шёл разговор о новых формах библиотечного обслуживания. В ходе работы была рассмотрена общая ситуация по привлечению подростков к чтению; проанализировано соотношение «что может предложить библиотека подростку» и «что хочет подросток от библиотеки»; представлен удачный опыт школьных библиотек по привлечению детей к чтению; затронуты вопросы комплектования библиотек; обсудили работу клубов при школьных библиотеках. В рамках круглого стола был проведен тренинг: «Чтение и отношение к библиотеке». Участники разделились на две группы-читатели и библиотекари. Задачу, которою поставил тренер, заключалась в высказывании своего 38

мнения о связи библиотеки и чтения. Библиотекари с азартом высказывали свое мнение, доказывали свою точку зрения по проблемным вопросам библиотечной деятельности.

Для участников семинара подготовлен раздаточный материал: «Безопасный интернет детям: памятка для детей и родителей», тест «Какой ты психолог?», буклет, фотоколлаж. Организаторы семинара провели анкетирование, целью которого стало выявление мнения участников о проведении семинара, выяснения уровня удовлетворенности и отношения библиотекарей к даному мероприятию. Подводя итоги анкетирования можно констатировать следующее: участники практического семинара остались довольны организвацией семинара, для большинства респондентов библиотекам необходимо больше проводить мероприятий по организации положительного образа библиотек , выразили слова благодарности организаторам семинара и пожелали продолжение творческого союза библиотекарей с институтом повышения

квалификации «Өрлеу». Все участники семинара получили сертификаты. Во время семинара было понятно одно, школьные библиотеки общими усилиями создают желанный образ библиотеки-яркой, креативной, современной.


ЖАСТАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ТӘРБИЕЛЕУДЕ КІТАПХАНАНЫҢ РӨЛІ Маева Гульсара Жаденқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бөлім басшысы

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім кеңістігінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлініп келеді. «Халық пен халықты теңестіретін–білім» деп ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай, бәсекеге қабілетті шәкірт, маман дайындау–біздің негізгі мақсатымыз. «Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті–ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар білім беру саласында еңбек ететін әр адамнан ізденісті, білімділік пен біліктілікті қажет етеді. Қазіргі білім беру мазмұнының жаңа парадигмасына сай оқытудың сапасын, нәтижелілігін қамтамасыз ету мақсатында кітапханаларда облыс кітапхана қызметкерлерінің өз іс-тәжірибесіне байланысты. Тәуелсіз еліміздің болашағы– бүгінгі жастар мен жасөспірімдер. Оларды жан-жақты білімді, интеллектуалды жастар етіп қалыптастырғанда ғана қазақ елі бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан көрінбек. Әңгіме жас ұрпақты жан-жақты жетілген тұлға етіп тәрбиелеуде болып отыр. «Мектептің жүрегі – мұғалім» деп Ыбырай Алтынсарин бабамыз айтқандай, балаларымызды білімді және рухани бай тұлға етіп өсіруіміз үшін колледж кітапханаларының қорын молайтып, оқырмандарды кітапханаға тарту басты міндет болып табылады. Қазіргі білімнің мазмұны санмен емес, сапамен өлшенетін кезең.

ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер, қоғамның ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапхананың да жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап–уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде кем. Бүгінгі кітапхана жұмысының негізгі бағыттары–кітапхана ісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізу негізінде кітапхананың ақпараттық үрдістерін автоматтандыру, электронды каталогтар дерек қорын жасау болып табылады. Бүгінде кітапханадағы оқырманға қызмет көрсету жаңаша түрде жүргізілуде. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының желілік жоспарына сай колледж кітапхана қызметкерлерінің арасында облыстық «Жастар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде кітапхананың рөлі» тақырыбында облыстық семинар болып өтті. Шара ұйымдастырушылық құрылымы, мазмұны мен әдістемесі жағынан практикаға сәйкес жүйе құруға мүмкіндік берді. Сондықтан кітапхана жұмысына қатысты осындай игі шаралардың жиі өтуі колледж кітапханаларының беделін көтеріп, кітапхана қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасайды. Семинардың мақсаты: оқырмандарды кітапханаға тарту арқылы ой бөлісу,

39


тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы кітапхана оқырманын көбейту.

Болашақта «100 кітап» рухани, үлкен жобасын колледж студенттері арасында ұйымдастыру қолға алынып, әрбір аптаның бір күнін кітап оқу сағатын өткізу жоспарланды. Колледжге келген жас студенттік төрт жылда жүз кітапты оқып шығуы азаматтық борыш екендігін сезіндіру болды. Осылайша, жастар арасында кітап оқуды сәнге айналдыру қажет екендігі айтылды. Ол өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру үшін

жастарды кітап оқуға үндеу күн тәртібіне қойылды. Семинарды өткізу әдісі: тренинг, топтық жұмыс, ой бөлісу және пікір алмасу, сұрақ – жауап. Көрнекілігі: компьютер, слайдтар, интерактивті тақта, кітапхана қоры болды.

Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңестікті құру бүгінгі күннің талабы. Ал кітапхана жұмысында инновациялық бағытта жаңа технологияны қолдану арқылы оқырманның ойлау қабілеттілігін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру кітапханашының міндеті. Оқырмандарымызды жаңа заман талабына, жаңа ақпаратқа бейімдей отырып, болашақ мамандардың бәсекеге қабілетті нәтижеге жетуін көрсетуді кітапханашының басты мақсаты деп білуіміз керек.

Институт жаңалықтары Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің Типтік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша тәрбиешілерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін жалпы білім берудің жаңа үлгілік бағдарламасына сәйкес жобалау» тақырыбында қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсын өткізді. Білім беру процесін жүзеге асыруда пікірталас, іскерлік ойын, шебер сынып, өздік жұмыс, КТС, жоба тренингтер түрінде ұйымдастырылған курсқа 25 тыңдаушы қатынасты. *** Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда бүгінгі заманның талабына сай мұғалімдердің ғылыми әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, іс-тәжірибемен бөлісу және тарату, жаңа бағытта әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен «Мәңгілік еліміздің бағдары – орта білім мазмұнын жаңғырту» атты ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Семинарға жалпы білім беретін мектептердің деңгейлік курстарынан өткен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесімен қатысты. Семинар қорытындысында кері байланыс алу мақсатында мұғалімдерден жазбаша сынпікірлер қабылданды. Қатысқан мұғалімдер Сертификатқа ие болды.

40


 Педагогтік ізденіс  МҰҒАЛІМНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТРЕНЕРДІҢ РӨЛІ Джатканбаева А.К. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ, «Басқару және білім» кафедрасының аға оқытушысы

Бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттарды іске асыруда басты рөлді мұғалім тұлғасы атқаратындығы туралы тұжырымға ешкім қарсы шыға қоймас. Білім беру саласында жүргізілген әлемдік зерттеулердің нәтижелері тиісті кәсіптік қасиеттерге ие, оқыту және оқу үдерісінің қажетті дағдылары мен терең түсініктерін игерген мұғалімдер жастардың білімін сапалық тұрғыдан өзгерте алатынын көрсетіп отыр (Barber & Mourshad). Ал педагогтың кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылығын шыңдау жауапкершілігі педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының құзырында. Мұғалімді дамытуға бағытталған Кембридж бағдарламасы заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелерінің және оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын көрсете отырып, қазақстандық білім беру жүйесін дамытудың стратегиялық жоспарларының мақсаттарына сәйкес келеді. Тренер ретінде қазақстандық мұғалімдерді оқыту үдерісінде сол мұғалімдердің практикалық тәжірибелерін пайдалану осы Бағдарламаның теориялық негіздерін отандық оқыту тәжірибесіне ойдағыдай бейімдеуге болатындығының шынайы дәлелдемесі болып табылады. Бүгінгі күні білімді дайын қалпында қабылдамай, оны өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырудың тұлғаны дамытатындығы, өздігімен құрастырылған білімнің есте ұзақ мерзімді сақталатындығы дәлелденіп отыр. Қайталау мен жаттауға негізделген білім тек есте сақтау дәрежесінде болса, конструктивтік білім үйренушіден түсіну, қолдану, талдау, ақпарат негізінде жаңа мазмұн құрастыру және

бағалау секілді белсенді әрекеттерді талап етеді. Мектептегі тәжірибе кезінде мұғалімдер ісәрекеттегі зерттеу жүргізеді. Зерттеу барысында мұғалімдер қиындықтармен кездесіп, рефлексия жасайды. Бұл кезеңде, мұғалімдердің сабақ барысында уақыттың аздығын байқады, көп мұғалімдердің өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, түсінік келтіре алмайтындығы, жұрттың алдында оларды дәлелдей және қорғай алмайтындығын және психологиялық кедергілер, мысалы: көпшілік алдында ауызша сөйлей алмайтындығын білдірді. Курстан кейін, оқытудың және сабақ берудің өзгергенін, оқушылармен психологиялық қарым-қатынас орната білетіндігінің және сабақ өткізу барысында әдіс, тәсілдерді жұмыс істеуге қалыптасқандықтарын көрсетті. Бұл туралы ағылшын тілі пәні мұғалімі Кодаманова Ж.Б. өзінің рефлексивтік есебінде былай дейді:Осы курсқа дейін қолданып келген сабақ жоспарларымды, әдістемелерімді, білім беруде қолданып жүрген әдістемелерімді салыстыра отырып, олардың мен оқып жатқан курстағы әдістемемен байланысы өте алыс екен деген қорытындыға келдім. Мен өткен сабақтарымда оқушыға дайындап әкелген білімімді сіңіріп алушы деп қарайтынмын. Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімдігінен гөрі ұстанымға негізделген ойтоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық ісәрекеттеріне әсер етеді. Сыни тұрғыдан рефлексия жасап, мұғалімдер болған өзгерістерді үш айлық курстағы нәтижелермен 41


байланыстырады. Атап айтқанда, оқытудың конструктивтік теориясының идеясы келесі сабақ беру тәжірибелеріне үлкен әсерін тигізеді. Бұл ретте мұғалімдердің негізгі акценттері келесі идеяларға тоқталып, құзыретті мұғалімнің негізгі міндеті– механикалық түрде білім беру емес, ал өз сабағында оқыту мен сабақ беру идеяларын және стратегияларын қалай және неліктен қолдануды білетін баланы тәрбиелеу. Тренер ретінде менің табыстылығым–ол мұғалімдердің сапалы білім алуы болып табылады. Табысты сабақ берудің мәні– ұстаздар қауымы топ арасында өздерін еркін ұстаудан бастау алады деп ойлаймын. Осы мақсатта өз сабақтарымды аудиторияда ынтымақтастық атмосферасын орнату тренингтерінен жүргіземін. Сабақтарымдағы менің мақсатым–сындарлы оқыту теориясына негізделген интербелсенді сабақ беруге дағдыланатын ұстаздарды өз оқушыларының орнында сезіндіру болды. Мұғалімдер бұл курстың алдыңғы қысқа мерзімді курстарға қарағанда айырмашылығы да осыдан байқалатынын айтты. Шындығында да менің байқағаным олар тура бала сияқты барлық ісәрекетте белсенді, топта шу мен күлкінің дауысы естіледі. Мектеп пен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға–мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011) екендігін негізге ала отырып, сабақтарымдағы менің ұстанымым– мұғалімдерге Бағдарламаның негізгі мазмұнын ұғындыру болды. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел, уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6-бет). Бұл мұғалімдер үшін маңызды болды. Бүгінгі оқушылар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып

42

табылады. Осыған байланысты мұғалімге оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді меңгеру қажеттігі туындайды. Сындарлы оқытудың мақсаты–оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде де тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады. (Мұғалімге арналған нұсқаулық). Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналысады. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егерде дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. Қорыта келгенде, тренер мұғалімге сыни тұрғыдан рефлексия жасап, ойлануына жағдай жасауы керек. Мұғалімнің еңбегін мадақтап бұл Бағдарламаның бір мақсаты тәжірибеде қолданған әдіс-тәсілдерді жүргізу барысында қандай кедергілер туындады, болашақта қалай өзгертуге болатынын түсіндіреді. Сабақ берудің осы әдісінің неліктен осылай шығу жолдары, мұғалімнің кәсіби көзқарасын өзгертіп, жұмысына сенімділігін күшейтеді. Әдебиеттер тізімі: 1.Әлімов А. Интербелсенді әдістерді ЖОО-да қолдану. Алматы, 2009 ж. 2.Мұғалімге арналған нұсқаулық 2012 ж. 3.Тұрғынбаева Б.А. Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту. Алматы, 2006 ж.


ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ Ташмуханова Орал Матжанқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институт директорының орынбасары, ҚР Білім беру ісінің үздігі, доцент

Оқушы мұғалімін ақылды, білімді, ойлы, өз ісіне берілген адам ретінде көргісі келеді. В.А.Сухомлинский Адам баласы тәрбие бастауын ата-анасы мен отбасынан, кейіннен балабақша мен мектептен алатынына ешкім дау айтпаса керек. Мен де осы тәрбие жолдарынан өткенімді мақтанышпен айта аламын. 1965 жылдың қоңыр күзінде Индер ауданы Жарсуат селосындағы Махамбет атындағы орта мектебінің табалдырығын алғаш аттағанмын. Оқушы шағымды еске алсам қатар салынған екі мектеп үйі, ұзын казарма тәрізді тар дәлізді қамыстан салынған интернаты, қосымша құрылыстар (мастерская), биік құдығы көз алдымнан тізбектеле жөнеледі Ал білім нәрімен сусындатқан ұстадарымның әрқайсысы туралы бір-бір дастан жазсам да аз болмас еді. Сол кезде мектеп басшысы болған ұстаздардың ұстазы Тілекқабылов Төлеш ағай басқарған ұжымда математик оқу ісінің меңгерушісі Каримов Хиса, Жанғалиев Борис (марқұм), тарихшы Ұлы Отан соғысының ардагерлері: ССРО білім беру ісінің үздіктері Қалбағаев Қалу (марқұм), орыс тілінің мұғалімі Мурзин Құбаш, Құрмет белгісі орденінің иегерлері: ҚР білім беру ісінің үздіктері химик Габдуллина Қази (марқұм), мен физик Көргенов Махамбет, әдебиетші Қашқынғалиев Сазанбай (марқұм), математик сынып жетекшім Кашимова Алмажай (марқұм), географ Сатыбалдиева Қамар, тарихшылар Еңсепов Серік (марқұм), Аталыхов Бисен, тіл маманы Мұханғазина Ғалия, биолог Есімов Қадыр (марқұм), химик Қашқынова Өзипа сынды өз мамандықтарының шебері болған, бүгінде құрметті демалыстағы ұстаздарымның әрқайсысын мақтанышпен еске аламын.

Ұстаз ұлы есім. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген қағидалы сөздер тегін айтылмаса керек. 1975 жылы аталған мектепті бітіру емтихандарына дайындық, мамандық таңдау кеші сынды жоспарлы жұмыстардың қызу жүріп жатқан кезі... Сыныптастарымның барлығын да «Кім болам?» деген сұрақтың мазалаған уақыты. Балаларының барлық ісқимылдарына бағдар беріп отыратын марқұм әкем «Балам мектепті жақсы аяқтағалы отырсың болашақта дәрігер болсаң қайтеді»– деп тілек білдірді. Сол кезде қай мамандық жақсы деп арман құшағында жүрген мен кенеттен, «Жоқ, папа, мен Қази апай сияқты химия пәнінің мұғалімі болам »- деп нық жауап бердім. Бұл менің кішкентай ғана жүрегімнің қалауы еді. Кейіннен әке арманын тетелес інім Қаршыға жүзеге асырды. Бүгінде аудан орталығында хирург болып жұмыс жасайды. Өткенге бір адым шегініс: 7-сыныпта жаңа пән химия басталды. Басқа пәндердей емес бұл ерекше пән еді. Сабақ тек «Химия» кабинетінде өтеді. Алғашқы химия сабағы. Айнала шыны ыдыстар толы шкафтар, көрнекі безендірілген қабырғалар, ең тамашасы түсті электр шамдарымен бір түс сөнсе, екінші түс жанып, көздің жауын алатын таблица. Кейіннен оқып білгеніміздей ол химияның алфавиті Химиялық элементтердің периодтық жүйесі екен. Сыныпқа ақ халатты орта жастағы мұғалима кіріп, сәлемдесті де, өзін қысқаша таныстырып, алғашқы химия сабағын бастады. Тақта үстінде көрнекі плакаттан ақын ағамыздың мына өлең жолдарын мәнерлеп

43


оқып берді. Даусы сондай жағымды еді. Біз ұйып тыңдадық. «Ғажайып нәрсе химия, Тұңғиық сыры сан алуан. Жоғалып бір сәт зым-зия Жаңадан бірі жаралған.» Ғ.Орманов Содан соң В.М.Ломоносовтың «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары» деген сөзін басшылыққа ала отырып, «Химия пәні деген не?» сұрағына жауапты өмірмен байлныстыра отырып, нақты мысалдармен көрнекі түрде түсіндіре бастады. Сынып бөлмесі тып-тыныш, әншейінде бірнеше ескерту алатын Ерген, Берікқалилар аузын ашып тыңдай қалыпты. Сабақтың қызығы енді басталды. Ғ.Ормановтың өлең жолдарын тағы бір қайталап, назарымызды түрлі-түске боялып жатқан шыны ішіндегі сұйықтықтарға аудара бастады. Құтты сиқыршы өнер көрсетіп жатқандай әсер алдық, барлығымыз орнымыздан тұрып ұзын биік столдың (демонстрациялық үстел) жанына топырладық. Осы кезде мұғалима апайымыз–Кәне, барлығымыз орнымызға–деп тәртіпке шақырды да, келесі қабырғадағы Химия кабинетіндегі қауіпсіздік Ережелерін асықпай баппен түсіндіре бастады. Сабақ соңында Химия кабинетінде тәртіп сақтауға, Ережені бұлжытпай орындауға уәде бердік. Кейіннен өзім мұғалім болғанда осы материалдарды пайдалана отырып, «Химияның алғашқы сабағы» атты ауызша журнал жасадым. Бұл жұмысым 1998 жылы облыста өткен «Ең үздік сабақ» байқауында Бас жүлде алды, кейіннен Республика мектептеріне таратылды. Міне, осы күннен бастап, химия пәніне деген қызығушылығым күннен-күнге артпаса бірде кеміген емес. Бала арман шындыққа ұласып, 1975 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының Жаратылыстану-география факультетінің химия-биология бөліміне оқуға түсіп, 1980 жылы бітіріп, өзім оқыған Махамбет атындағы орта мектебіне жұмысқа келдім. 28 тамызда аудандық оқу бөліміне шақыру алып келсем, бір кездегі мектеп директоры Төлеш ағайым бөлім басқарушысы екен. Қызым бәрі жақсы, дипломың құтты болсын, мен саған ұстазың ретінде үлкен тапсырма тапсырайын деп отырмын дегені. Сөйтіп, біз саған сенеміз деп, мені 140 балалық жоғарыда суреттелген тар дәлізді интернатқа меңгеуші

44

етіп тағайындады. Қатты қиналдым, ұстазымның ұсынысын қабыл алуыма тура келді. Ардагер ұстазым Құбаш ағайдан интернатты өткізіп алдым. Қайран менің ұстаздарым, мені өздерінің қамқорлықтарына алды. Сол кезде мұғалімдер арасында сирек болатын Коммунистік партияның мүшесі болу бақыты ұстаздарымның арқасында маған бұйырды. Отбасы жағдайына байланысты облысымыздың түрлі мектептерінде атап айтсам, Қызылқоға ауданының 3 мектебінде 17 жыл, кейіннен облыс орталығында алғаш ашылған дарынды балаларға арналған облыстық ұлттық гимназиясында еңбек етіп, ұстаздық шеберлігімді шыңдадым. Әртүрлі ұжымда еңбек ету, түрлі жаңа адамдармен қарым-қатынас, іс–тәжірибе бөлісу адамды жаңа қырынан тәрбиелейді екен. Қызылқоға ауданында тәжірибелі басшылар мен өз мамандықтарының шеберлерімен бірлесе еңбек етуге, тәжірибе бөлісуге тура келді. Әсіресе, қарапайым ұстаздықтан аудан әкімінің орынбасарлығына дейін көтерілген химик-ұстаз Қуанышев Жәдігер (марқұм), мектеп директорлары Қуатов Салық (марқұм), Қажығалиева Маруся (марқұм), тәжірибелі ұстаздар Мырзатаева Қапиза (марқұм), Алжанова Жеміс, Қарғабаева Маншук, Сарсенова Нұрзила, Хамидолла Нурия сияқты аға-апаларды үлгі тұтамын. Ал дарынды балалармен жұмыс жасау әдістемесі тіпті қызығырақ болды. Бар жинаған іс-тәжірибемді қорыту аймағы десем де болады. Өзінің шығармашылық әлеуеті мен жетістік деңгейін жетілдіруге облыстық мектептерде мүмкіндік жоғары. Дарынды оқушыны іріктеу, бейімділігі мен дарынын тәрбиелеу, оны одан әрі ұштау, сынға салу тіпті сол баламен бірге қуанып, бірге қайғырудың өзі бір романтика болды. Педагогикалық еңбек өтілінің соңғы 15 жылға жуығы облыс мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетуге арналды. Хал қадірім келгенше әр ұстаздың жүрегіне жол табу, ұстаздың кішкентай болса да еңбегін әділ бағалау менің басты ұстанымым болды. Менің бар марапатымның ең жоғарысы ұстаздан алған алғыс пен рахмет деп бағалаймын. Мысалы, облыстағы химия-биология пәні мұғалімдері мамамыз деп бағаласа, мынадай талай өлең шумақтары маған арналды. « Рахмет, Сізге, Орал апай – ақ көңіл жан, Секілді шежіре ұстаз тұнып тұрған. « Жақсылық жаршысы боп жүре бер», - деп,


Тілейміз бар ұстаздар осы отырған.» Өзімнің пайымдауым бойынша ата-анам мен ұстаздарымның сенімінен шықтым деп ойлаймын. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім–тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Талай шәкірттерім қоғамға қызметтің түрлі

салаларында еңбек етуде. Өзімнен озған талай шәкірттерімді мақтан етемін. Көрсем де қиындықты нелер керім, Жасадым маңдайымның төгіп терін. Жиғаным байлық емес, бар байлығым Ісімді жалғастырар шәкірттерім. Сондықтан да, ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретін ерекшеленеді. Ұстаз бақыты деген не екенін мен де түсінгендей болдым.

ҰЛТ ҰСТАЗ – ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН Даулбаев Махамбет Орынғалиұлы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Ыбырай Алтынсарин – ағартушы, педагог, жазушы, этнограф, фольклоршы, аудармашы. 1841 жылы туып, 1889 жылы дүниеден өткен. «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты кітаптары 1879 жылы жарық көрді. Әр жылдары өлеңдер мен әңгімелер жинағы, 3 томдық таңдамалы шығармалары шыққан. А.Ушинский, Л.Толстой, И.Крылов, И.Паульсон шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ы.Алтынсарин Өлеңдер, Ел аузынан жиналған поэзиялық нұсқалар, мақалдар, жұмбақтар, әңгімелер, этнографиялық очерктер жазған. Ыбырай–қазақ балаларының менталдық бейнесін жасаған жазушы, көркем сөз шебері. Оның дидактикалық әңгімелері қазақ баласының жан сарайын, кәсіби ойлау қабілетін ұлттық рухта сипаттайды. Жастарды еңбексүйгіштікке, ізгілікке, тапқырлық пен әрекетшілдікке, ізденімпаздыққа тәрбиелейді. Ы.Алтынсариннің инновациялық шығармашылығын танытатын тың деректердің бірі соңғы жылдары архив қазынасынан табылған (Б.Әділқасымов) «Қазақ газетінің» үлгісі. Ыбырай жасаған ол үлгі уақытында жарық көре алмаса да, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы баспасөз тарихынан елеулі орын алады, ұлттық әдеби тіліміздің сол кездегі деңгейінен хабардар етеді. Көшпелі тұрмыс-салттан отырықшылдыққа көшуді, сауат ашуды, жастарды кәсіптендіруді, орыс және батыс мәдениетінің озық үлгілерін үйренуді Ыбырай қазақтарды мәдениеттендіру тетіктерінің бірі деп санады. Бар күшін әрекетке жұмсаған Ыбырай мұғалімдік, әдіскерлік, инспекторлық қызмет

түрлерін ғылыми негізде ұйымдастырып, сабақтастыра білді. Қазақ-орыс балалары үшін уездік және болыстық мектептер ашып, қазақ қоғамында сауатты адам идеалының қалыптасуына ықпал етті. Ы.Алтынсариннің мектеп ашу ісіне қаржылай және моральдық тұрғыда демеушілік көрсетіп отырған қазақ сұлтандары, қазақтың өнерлі, саналы ұлтжанды азаматтары болды. Ыбырайдың қазақ-орыс тілді бастауыш мектептері жалпы Орта Азиялықтарға, қазақ халқына тән менталитет пен еуропалық озық үлгілердің синтезі негізінде құрылды. Ол мектептер балалар ғана емес, сауаттылықтан үміт күткен қазақ қауымы үшін мәдени орта қалыптастырды. Туған халқының тілі мен діліне, дініне берік Ыбырай да қазақ балаларының ұлттық рухта тәрбиеленіп, мәдениеттенуіне, жаңа заман талабына сай орыс тілін де игеруіне қамқорлық жасап отырды. Сондай-ақ, Ыбырайдың: «Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде», «Оқыту процесінде қалай болса солай оқытпай, ғылыми білім беру жүйесі сақталуы керек» деген тұжырымдарды, сабақта баланың ойлау қабілетін арттыратын жаттығуларды көбірек талап етуі, тіл тазалығы үшін күресі, т.б. жаңа ғасыр оқырмандарын өміршеңдігімен таңдандырады. Ыбырай балаларға бастауыш білім берумен шектелмей кәсіптік училищелер, алғаш рет қыздарға арналған мектеп интернаттарын ашты. Қазақ қоғамы жастарға кәсіп игеретін кәсіптік мектептерден жұрдай болмаған. Л.Н.Гумилев айтқандай, темір өндіру ісімен даңқы шыққан, түркілер дәуірінен бастау алған, 45


көшпелі түркі тілдес тайпалар іргетасын қалап берген халық кәсіпшілігі бүкіл Орта Азия халықтарының, қазақ қоғамының мәдениэкономикалық тұрғыда ілгерлеп отыруына үлес қосты. Көп ғасырлық тарихи дәуірлер сынынан өткен қазақ кәсіптік мектебінің тәжірибесі ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ы.Алтынсарин ашқан алғашқы арнайы кәсіптік мектептерге негіз болды. Ыбырай ол мектептерді Ресей кәсіптік-техникалық мектептерінің үлгілері бойынша жаңа, техникалық кәсіптермен толықтырып, дамыта түсті. Ресми мектептерде қазақ балалары жалпы білім алумен қатар бұрыннан қазақтарға белгілі былғары мен теріні илеуге, атәбзелдерін жасауға, ағаш өңдеу және темір ұсталығына, сабын қайнатып, етік тігуге үйретілді. Сонымен қатар орыс жұртынан көрген байпақ басу, түбіт орамал тоқу, майшам жасау, кітап түптеу сияқты заман талабына сай өнерлері мен техникасына да бет бұра бастады. Қалай десек те, Ыбырай ашқан мектептер балаларды мәдениеттендіру орталығы, қазіргі

таңда біздер аңсап отырған ұлттық мектептің алғашқы моделі еді. Бүгінгі ғалымдар Ыбырай өмір сүрген дәуірдің ағымын, басты басымдықтарымен құндылықтарын білгісі келген адам Ыбырайдың қызмет бабындағы, өмір жолындағы замандастарымен, әріптестерімен, әсіресе орыс ғалымы Н.И.Ильминскиймен жазысқан хаттарын оқу керек деп кеңес береді. Ыбырай хаттарының біразында мұғалімді қадірлеудің жақсы үлгілері бар. Мысалы: «Мұғалім–мектептің жүрегі. Мен жақсы мұғалімді дүниедегінің бәрінен де қымбат бағалаймын» немесе «Мұғалім баламен жұмыс істейді екен, бір нәрсені түсінбесе, оларды кінәламай, дұрыстап түсіндіре алмағаны үшін мұғалім өзін-өзі кінәлауы тиіс»,- деген жолдар Ыбырайдың әлеуметтік көзқарасын және оның ұлт ұстазы екендігін білдіреді. Пайдаланған әдебиеттер: 1.«Білім-Образование» ғылыми-педагогикалық журнал №3 (9) 2002 жыл. 36-39 беттер. 2.Ыбырай Алтынсарин «Кел, балалар, оқылық». Өлең, әңгімелер мен мақал, жұмбақтар.–Алматы: «Атамұра», 2006 ж. 164-б.

ӨЗІН – ӨЗІ БАСҚАРУ – ҰЖЫМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛЫ Куракова Роза Нсангалиевна «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымдары пәндерін оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, PISA және Жобалау пәні тренері

Өзін-өзі басқару–бұл өз ұжымының жетекшілігінде және басқаруында балалардың қатысуы. Күнделікті қызметте оқушылардың өзін - өзі басқаруы келесідей:  өз ұжымдарының қызметін жоспарлау;  осы қызметті ұйымдастыру;  өз жұмысының анализі;  атқарылған және қабылданған шешімдердің нәтижесін шығару. Өзін-өзі басқарудың мақсаттары мен міндеттері:  әлеуметтік шығармашылыққа қолайлы, өзінің, қоғамның және Отанның мүддесіне

46

қатысты жоғары демократиялық мәдениетті азамат ретінде тәрбиелену;  оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін жоспарлауға қатысуға мүмкіндік беру;  ұжым мүшелерінің қабілеттілігін дамыту;  жалпы адами құндылықтарға, ұжым өмірінің қалыптарына оң көзқарас тәрбиелеу;  қоғамға пайда келтіретін іс табуына көмектесу; Өзін-өзі басқарудың қызмет алгоритмі: 1.Мақсат қойыңыз, не істеу керектігін анықтаңыз (идеялар тастау, істі барлау). 2.Барлық істі, жеке тапсырмаларды кімнің қадағалайтынын анықтаңыз (штаб, кеңес, т.б)


3.Барлық жоспарланған істерді бөлімдерге бөліңіз, орындалу жоспарын құрыңыз (дайындық кезеңдері, істі өткізу) 4.Істердің кезеңдермен орындалуы жөнінде тәжірибелі адамдармен кеңесіңіз. 5.Шағын топтарға бөлініңіздер (экипаж, команда, патруль, жұлдызшалар т.б) 6.Шағын топтар, олардың ішінде жеке балалар арасында міндеттерді бөліңіз. 7.Тапсырманы қалай орындайтындарыңызды шешіп алыңыз: жалпы жиында, шағын топтар жиналысында; 8.Жұмыс шарты талап етсе, өзгерістер енгізуге болады. 9.Кімнің қалай жұмыс істейтінін ескеріңіз (ең белсенділерді үздіктер белгісімен марапаттау) 10.Істің қорытындысын шығарыңыз, барлық кезеңдерді талдаңыз, келешекке ұйғарым жасаңыз. Жұмыс кезінде адамдармен қатынастың негізгі ережелері:  Сыпайы және әдепті болыңыз;  Әрқайсысының көзқарасын ескеріңіз;  Өз ойыңызды нақты әрі түсінікті етіп жеткізіңіз;  Әділ әрі шыдамды болыңыз. Өзін – өзі басқару жүйесіндегі маңызды нәрсе – тапсырма беру. Тапсырма – бұл мақсаттар мен талаптардың тізімімен анықталған міндет, олар жеке тұлға сапасының қандай дәрежеде екенін анықтайды (өздігінен жұмыс істеу, жауапкершілік т.б.). Балалар ұжымындағы тапсырма–бұл баланың практикалық қызметінің шеңбері. Тапсырма беру баланың ұйымдастырушылық қабілетін, еңбек тәжірибесін шынықтырады. Тапсырма түрлері: -тұрақты және уақытша; -жеке және ұжымдық ; -таңдаулы және бекітілген; -қызмет түрлеріне қарай. Ұжымдық тапсырмалар: *ерікті топ (істің мазмұнына барлау жасайды) *іс Кеңесі (істің дайындығына жетекшілік жасайды) *шығармашылық шағын топтар (істің жеке бөлшектерін дайындайды). Жеке тапсырмалар: -безендірушілер; -бишілер; -жүргізушілер; -аспаздар;

-тәртіпті сақтаушылар; -ди-джей; -сыйлықтар шеберханаларының қызметкерлері. Оқушы өзі-өзіне тапсырма таңдап ала алады, олар–таңдаулы деп аталады. Аға тәрбиеші немесе ұйымдастырушы берген тапсырма– бекітілген болып есептеледі. Қызмет бағыты бойынша тапсырма түрлерін анықтау мүмкіндігі:  өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы;  еңбек десанттары;  демалыс шараларын ұйымдастыру;  безендіру жұмысы;  жаңа білім іздеу;  алғашқы көмек көрсету;  қызықты үзілістер ұйымдастыру;  әскери-спорттық ойындар ұйымдастыру т.б. Ұжымдық тапсырмалардың мысалдары:  қабырға газетін шығаруды ұйымдастыру;  үзілісті қызықты етіп өткізу;  кітаптар көрмесін өткізу;  топ бойынша жол көрсетушіні сайлау;  өз тобындағы орындықтарды жөндеу;  өз тобындағы балалар алаңдарын реттеу, Тапсырмаларға қойылатын талаптар: 1.Тапсырмалар айқын анықталып, балаға түсінікті болуы тиіс; 2.Айқындалған тапсырманың мақсаты мен қоғамдық ерекшелігін балаларға түсіндіру қажет; 3.Тапсырманы орындау кезінде «табыс әрекеті» жасалуы тиіс; 4.Тапсырманың орындалғаны жөнінде балалар жолдастары алдында есеп берулері тиіс; 5.Тапсырманы тағайындау алдында баланың қабілеттері, мүмкіндіктері ескерілуі тиіс, ол тапсырма балаға ұнауы тиіс; 6.Тапсырма баланың шеберлігіне байланысты беріледі; 7.Тапсырма баланың жасына сай келуі тиіс; 8.Әр тапсырма тұлғаның дамуына өз үлесін тигізуі тиіс. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Лобачева С.И. Организация досуговых, творческих и игровых мероприятий в летнем лагере. - Москва. «ВАКО», 2007. 2.Интернет-ресурстар Жазғы демалысты ұйымдастырушыларға әдістемелік ұсыныстар. Сайт материалдары: http://dramateshka.ru /index.php/summer-camp/1515-scenariyj-dlyaletnego-lagerya-chto-takoe logonyokr#ixzz2Y5i7ypIH

47


 Озат тәжірибе көпке ортақ  БАЛАНЫ ЕРІКТІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ Ахметова Бибігүл Қабижанқызы Атырау облысы, Индер ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі

Өз мінез-құлқын өзі саналы түрде билеп жүруге қабілетті адамды біз ерікті-жігерлі адам дейміз. Мұндай адам алдына айқын мақсатты қоя отырып, оны жүзеге асырады, Ол жолда кездескен барлық қиындықтар мен кедергілерді жеңе біледі. Еріктілік белгіленген мақсатты жүзеге асыруда ғана пайда болып қоймайды, сонымен бірге, егер ақыл-ой қажетті деп әмір берсе, онда өзінің дағдылы немесе сүйкімді әрекеттерінен, үйреншікті әдетінен батыл арылудан да байқалады. Егер еріктілік болмаса, онда адамның өң бойындағы асыл қасиеттердің бәрі-білім мен дағды, ойлау қабілеті, адамгершілік сезім, т.б. босқа кетеді. Еріксіз адамдар «самырқау», «болбыр», «қорқақ» адамдар деп текке айтылмаған. Адамның негізгі еріктілік қасиеттеріне талдау жасайық. 1.Мақсаттылық: Әрбір еріктілік әрекет алдын-ала ойластырылған мақсаттан басталады. Саналы мақсатсыз еріктіліктің болуы мүмкін емес, сондықтан жігерлі еркі бар адам рөльсіз, қалай болса солай қалқып жүре бермейді, оның әрбір қимылы мен әрекеті әрқашан да мақсатты болады. Мақсаттың тыңғылықты болуының зор маңызы бар. Еріктілігі жоқ адам да алдына мақсат қояды, бірақ бүгін бір мақсатты ойлап, оны ертеңіне ұмытып кетуден артық жаман нәрсе жоқ. 2.Дербестілік: Дербестік дегеніміз өз әрекетін өзінің көзқарасы мен сеніміне бағындыру деген сөз. Дербестілігі жоқ адамдарды: «Біреудің ақылымен әртүрлі ықпалдарға, әсіресе ұнамсыз, азғындық ықпалдарға еліктегіш келеді». Бұл ерікті-жігерлі адам ешкіммен ешуақытта кеңеспейді деген сөз емес, ол кеңеседі, бірақ бұл жайындағы шешімді өз көзқарасы мен сенімі бойынша қабылдайды. Дербестілігі бар адамды еліктіріп әкету оңай емес. Дербестіліктің өзімшілдік дейтінмен ешбір қатысы жоқ, өзімшіл адам барлығын да өзіне айтылған кеңеске, қойылған талапқа керісінше істейді. Өзімшілдік кейде ересек адамдардың жас жеткіншектердің дербестілігімен санаспауы 48

салдарынан жас жеткіншектерде пайда болады. 3.Батылдық: Батылдық дегеніміз ойлаған іске дер кезінде және тоқтаусыз кірісу жөнінде шешім қабылдай білу деген сөз. Бектас он алты жасында темекі тартуға бейімделген. Бектастың анасы Күләш апа бұған наразы болған, өйткені, ол баласының темекі уымен денсаулығын нашарлатып алуын тілемеген еді. Бектасқа темекі тартудың зиянды екенін айтты, бірақ, бұл кеңестен нәтиже шықпады. Бұдан соң Күләш апа темекіге жұмсаған ақшаның тиындап санағанымен, соның қажеті жоқ екенін, өйткені, әкесі дүниеден өткеннен кейін болмашы ғана зейнетақымен өмір сүру жанұяға өте қиын екенін биязылықпен түсіндірді. Бектас бірден темекіні біржола тастады, содан қайтып бүкіл өмір бойы тартқан емес. Әрине, батылдықты асығыстық деп санауға болмайды. Асығыстықта ойланбаған шешім тез жүзеге асырылып, әрекет сезімнің әмірімен жасалады, мұны еріктілікте тоқтата алмайды. Өзін–өзі ұстай алмайтын ашушаң адам жолдастарына ренжіп қалады (айталық, мұнысы әділетті-ақ болсын), сөйтеді де ешбір ойланбастан жұдырығын ала ұмтылады, әрине, мұндай әрекет батылдық әрекет емес. Әдетте, ұстамсыз адам осылай істейді. 4.Табандылық–қайсарлық: Бұл–кедергілер мен қиындықтарға қарамастан қабылданған шешімді қалайда жүзеге асыра білу, қиындықтарды жеңе білу. Кейде қайсарлықты өжеттілік деп атайды. Бұл қате. «Қандай қайсар бала еді!» - дейді. Ал ол қайсар емес, өжет - қиқар бала. 5.Ұстамдылық пен өзіндік білім: Бұл– қандай жағдай болса да саспаушылық, күйгелектенбеу, қызбалыққа салынбау. 6.Тәртіптілік: Тәртіптілік дегеніміз-қоғам мен ұжымның, қоғам мен ұжым уәкілінің талабына бағына білу деген сөз. Құлақ асушылық–тәртіптілік белгісі, алайда тәртіпті адам үшін құлақ асушылықтың бір өзі жеткіліксіз. Саналы тәртіптілік дегеніміз-өз борышын, ұжым алдында алған міндеттемесін бұйрықсыз, біреудің айтуынсыз өз


инициативасымен орындау деген сөз. 7.Ерлік: Еріктіліктің бұл қасиетіне батылдық, ержүректік жатады. Ержүрек адам болу дегеніміз-қандай қауіптен болса да тайсалмау деген сөз. Ержүрек адам қажет болған кезде белгілі мақсатына жетеді, үлкен қауіп төнсе де тайынбайды, тіпті, өз өмірін құрбан етуге дейін барады (қоғам үшін қажет болған жағдайда). Ал, ержүректілік тек үлкен және қаһармен істерде ғана емес, күнделікті қызу тұрмыста да қажет. Әділдікті тура айтудың өзі де кейде ерлікке жатады. Жасөспірім шақта және жоғары сыныпқа көшкен кезде өзін – өзі еріктілікке баулудын зор маңызы бар. Ата–аналар талап қою және тұрмысты дұрыс ұйымдастыру арқылы ұлының немесе қызының іс–әрекеттеріне бағыт беріп отырады, бірақ, олар бұл салада ер жетіп келе жатқан адамның өзі жеткендей нәтижеге жете алмайды, өйткені өзінің алдына нағыз ерікті– жігерлі болуды мақсат етіп қойған адам әлдеқайда зор нәтижеге жетеді. Балалардың

осындай адам болуына қозғау салып, көмектесу керек. Өзін–өзі баулу міндетін оңай шешуі үшін балаларға еріктілік–жігерінің нашар жағын көрсетіп, еріктілік қасиетін тәрбиелеудін негізгі тәсілдеріне үйрету керек. Кейде жасөспірім еріктілікке машықтанудың тәсілін дұрыс түсінбей, өзінің күшін нағыз қиындықтарды жеңуге емес, қайта жасанды, ойдан шығарылған қиындықтарға қарсы жұмсайды. Мысалы, күні бойы нәр татпайды, ешбір күлмеуді мақсат етеді, тек кинокомедияны көргенде ғана күледі, түрлі әдістермен өзін–өзі қинайды (саусағын күйдіреді, түйреуішпен денесін түйреп азаптанады т.т.), көшеде көп транспорттың арасынан жүгіріп өтеді, тағы сондайлар. Нақты қиындықтарды (оқудан артта қалуды жоюға, режимді сөзсіз орындауға, басқа да теріс әдістерді жоюға) жұмсамай, қайта әлгіндей жасанды, «еріктілікке машықтанудың» іс жүзінде еріктілік қасиетке баулымайтынын, тіпті денсаулыққа зиянды екенін балаларға түсіндіру керек.

МУЗЫКА МЕКТЕБІНДЕГІ ПӘН БІРЛЕСТІК МӘЖІЛІСІ Ниеталиева Гаухар Сәтімқызы Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Дина Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің фортепиано бөлімінің мұғалімі

Музыка мектебіндегі әдістемелік жұмыстың мақсаты: мамандығы бойынша оқыту бағдарламасын сапалы меңгерту арқылы мәдениетті, шығармашыл тұлға қалыптастыратын мұғалімді кәсіби жетілдіру. Музыка мектебінде бұл жұмыстар жекелеген пән бірлестіктері арқылы іске асады. Пән бірлестік мәжілістерін жоспарлауда бірлестік мүшелері мен оқушының шығармашылық әлеуетін дамыту арқылы оқутәрбие үрдісін ұйымдастырудың түрлі жолдарын мұғалімдерге меңгертуге бағыттайды. Бұндай жұмыстар музыка мектебінде жұмыс жасайтын мұғалімдерге оқытудың жаңа технологияларын үйретумен бірге, олардың біліктіліктерін арттыруға, игерген білімдері мен шеберліктерін өмірде пайдалана білуге көмектеседі. Музыка мектебіндегі фортепиано сыныбы пән бірлестігі мұғалімдерінің әдістемелік күнін қорытындылауға арналған мәжілістің жоспары. Жұмыстың тақырыбы: Фортепиано музыкасына оқушылардың қызығушылығын арттыру жолдары.

Жұмыстың мақсаты: Музыка мектебінде оқыту үрдісінде оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру бағытында, мұғалімдерді әдістемелік–тәжірибелік ісәрекетке машықтандыру. Өтетін орны: Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің мәжіліс залы Өтетін уақыты: 2015 жыл 12 желтоқсан Жұмыстың өту түрі: тренинг Тренингке қатысушылар: Д.Нұрпейісова атындағы балалар өнер мектебінің мұғалімдері Тренингті өткізуге керекті жабдықтар: Проэктор, түрлі қағаздар, маркерлер, стикерлер,т.б. Тренингті жүргізетін: Г.Ниеталиева фортепиано сыныбының мұғалімі Тренингтің жүрісі І. Ұйымдастыру 1.Жүргізуші қатысушыларды 2 топқа бөледі (Түс таңдау арқылы) 2.Тренингтің өту ережесін жасап, келіседі, оны көрнекті етіп жазып іледі. 3.Тренингтің сарапшылар алқасын хабарланып, орындарына отырғызады.

49


4.Жүргізуші қатысушыларды тренингтің тақырыбымен, мақсатымен таныстырады. ІІ.Негізгі бөлімі: 1.Жүргізуші тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып қатысушыларды сөйлетеді. 1.1.Сұрақ:Қызығушылық дегеніміз не? 1.2.Сұрақ:Қызығушылықтың бағыттары қандай? Қатысушылар өзінің пікірлерін айтады(дұрыс емес деген айтылмайды) 2.Жүргізуші көрнекті түрде келесі мәліметтерді береді. Қызығушылық-бір нәрсе туралы жағдайға қарай білуге құмарлық, дүниедегі заттар мен құбылыстарды танып–білуге бағытталған адамның жеке ерекшеліктерінің бір көрінісі. Адамның іс–әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұрат-мүддесіне байланысты қызығушылықтары әр түрлі болады. Қызығушылық тұрақты қасиетке айналғанда ғана адам өз іс–әрекетінен жақсы нәтиже шығара алады. Қызығушылықтың бағыттары: Материалдық, қоғамдық, саяси, кәсіптік, танымдық, эстетикалық болып сараланады. Сұрақ: Қызығушылықтың қай бағыты біздің тақырыбымызға сәйкес келеді? Жауап: Қызығушылықтың танымдық, эстетикалық бағыты. 3.Оқыту- оқушылардың қабілеттілігі мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға, дамытуға бағытталады. Музыка мектебіне келген оқушыда өнердің өзі таңдаған саласына деген қызытығушылығы болады. Оқушы өнердің бұл саласына қызығу арқылы өзі белгілі бір қоғамдық ортада беделге ие болуды және жоғары жетістікке жетуді қалайды. 4.Музыка мектебінде оқушының қызығушылығын арттыру жұмысының жүйесі төмендегі ретте болады. 4.1.Музыка мектебінде оқушының қызығушылығын сабақта арттыру 1.Оқушының қызығушылығын арттыруға бағыттап жасалған сабақ жоспары. 2.Сыныпта оқушыға жағымды, жәйлы психологиялық жағдай жасау-мұғалім мен оқушының шынайы ынтымақтастықтағы біріккен, үйлесімді танымдық іс-әрекеті. 3.Сабақта оқушының қызығушылығын оятатын, оның есінде қалатын эстетикалық талғамдағы көрнектілік. 4.Орындау ережесін сақтап, мұғалімнің аспапта шығарманы шебер ойнау деңгейінің жоғары болуы, әр уақытта оқушы қызығушылығын

50

тудырады, оқушыда «Мен осындай болсам...» деген ой қалыптасады. 5.Оқушыны өзбетімен оқуға, дайындалуға, өзінөзі бағалауға үйрету. 6.Оқушыны өзгелермен бірігіп жұмыстануға, өзгелерді тыңдап, өзін түзетуге, пікірлерін айтуға үйрету. 4.2.Музыка мектебінде оқушының қызығушылығын сыныптан тыс жұмыстарда арттыру. Бұл жұмыс мұғалімнің шығармашылық шеберлігіне байланысты ІІІ.Топтық әдістемелік жұмыс: 1.Топтарға тапсырма беріледі, әр топ бөлек жұмыстанады. Берілетін уақыт 3 мин. 1-топқа тапсырма: Оқушының қызығушылығын арттыруға бағыттап музыка мектебінде ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстың жоспарын жасау. (Жұмыс түрін, тақырыбын таңдау ерікті) 2-топқа тапсырма: Оқушының қызығушылығын арттыруға бағыттап музыка мектебіндегі кезкелген пәннен бір сабақтың сабақ жосарын жасау. (Сабақтың тақырыбын таңдау ерікті) Топтық жұмысты әр топтан бір адам қорғайды. Топтың қалған мүшелері және келесі топтағы мұғалімдер де толықтыруларын айтуларына болады. 3.Топтардың тапсырмалары бойынша сарапшылардың пікірлері ІҮ.Топтық тәжірибелік жұмыс: 4.1.Топтарға тапсырма беріледі, әр топ бөлек жұмыстанады. Берілетін уақыт 3 мин (Мектептегі әдістемелік күнде бірнеше сабақтар мен жүргізілген сыныптан тыс шаралар, топтық тапсырмалар осы жұмыстарды талдауға бағытталады.) 1-топқа тапсырма: Бүгінгі өткен сабақтар бойынша: оқушының қызығушылығын арттыру бағытындағы жұмыс түрлерінің тиімді қолданылуы 2-топқа тапсырма: Бүгінгі өткен сыныптан тыс жұмыстағы мұғалімнің оқушылардың қызығушылығын арттыру бағытындағы әдістерді қолдану сәттері туралы (өткен сабақтарды талдауға бағытталған жұмыс) Топтық жұмысты әр топтан бір адам қорғайды. Топтың қалған мүшелері және келесі топтағы мұғалімдерге де толықтыруларына болады. 4.2.Топтардың тапсырмалары бойынша сарапшылардың пікірлері тыңдалады. Ү.Тренингтің қорытындысы: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша кері байланыс жасалып, қатысушылар өздерінің пікірлерін ортаға салды. Бірлестік жетекшісі жұмысты қорытындылайды.


«Өзін-өзі тану» пәні шеберханасы» «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ-БАЛАНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІН БАЙЫТУ КӨЗІ Сапарғалиева Рай Есенқызы Атырау қаласы, Мұнай және газ технологиялық коллеждінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, «Өзін-өзі тану» пәндерінің мұғалімі

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені, біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!» С.А.Назарбаева Менің педагогикалық философиям қарапайым. Оның көптеген қырларын сөзбен айтып көрсету мүмкін емес, жүрегіңмен және жан-тәніңмен сезіне аласың. Оқытушылық қызметте он жеті жыл еңбек етудемін, бұл еңбектен жалыққан емеспін. «Өзін-өзі тану» пәнінен сабағының есігін ашқанымда – «Адами құндылықтар» әлеміне түскенімді түсіндім. Сондықтан бүгінгі ғылыми-практикалық баяндама жұмысын «Өмір деген...» өз өлең жолдарыммен бастауды жөн көрдім. Өмір деген... Өмір деген-сын сағаттан тұрады. Өзіңді тани білу баспалдақтан Қоршаған әлемменен, өзгені тану Нәр алады адамгершілік құндылықтан. Мен кіммін? Мен қандаймын? деген сұрақ Әр адамзат жүрек түбінде орын алса Сонда ғана болады «шыншыл» өмір, Өйткені, «өмір» тұрады сауалдардан. Мен кім болам? Мен не істедім? Осыны ойлап есеп берсе, әрбір жан Өмірде сонда көкірегі ояу жастарды, Кездестірер кең пейілді, адал жан Өмір деген- ақ, қарадан тұрады «Жақсы» қасиет адам өмірін ұзартады. Ал «жамандық» батырады батпаққа, Сұрауы бар бұл өмірдің расында. Өмір деген-білімді, парасатты жандардан Құралса деймін сабырлы,иманды адамдардан Өмірге құштарлық, жауапкершілік артылса, Өмір деген болады еңбексүйгіш жандардан.

«Өзін-өзі тану» пәні жастардың бойында махаббат, адамгершілік, мейірімділік сияқты жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады, оларды рухани адамгершіліктің нәрімен сусындатады. Өзін-өзі тану–адамның өзіне терең мән берудің алғашқы қадамы. Ойшыл Сократ: «Өзгені тану үшін өзіңді-өзің таны» деген болатын, қазіргі біздің «Өзін-өзі тану» пәні Сократ ілімінің үйлесімді жалғасы іспеттес. Бұл пән жобасының авторы Сара Алпысқызы атап өткендей, «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс», яғни әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне жылылық нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше. «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі ата-анасынан, екіншісі–ұстазынан, үшіншісі–құрбыларынан»—деп ұлы Абай айтқан. Жасыратыны жоқ, қазіргі кезде атаананың сұраныс деңгейі биік. Баланы жанжақты, дені сау, үйлесімді болып өсуіне атаанасы қаржысын аямай ден қояды. Кішкентай жастан музыка, би, шет тілдері, спорттық үйірмелерге қатыстырады. Оның барлығы, әрине, заман талабына сай, бірақ ең бастысы– адамгершілік, инабаттылық тәрбие–тәрбиенің бастамасы екендігін ұмытпағанымыз дұрыс. Қазіргі бас иіп, жақсы айтты деп сүйсініп, жаман айтты деп өкініп жүрген шет елдерден ғылым мен озық технологияларды алмасақ, үлгіөнеге, жарасымды тәрбие алмайтынымыз анық. ХХІ ғасырда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Ол–халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, ділінен, тағлымдық ой-толғауларынан бастау алады. Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам, өзін-өзі қадағалап, сынап, өзін-өзі

51


тәрбиелеуге, өмірден өз орнын, өз бақытын табуға ұмтылады. Өзін-өзі тану–адамның шындықты өзінше түсіну жағынан қарастыратын ілім, ол өз бойындағы бірегейлікке сәйкес келетін өзінің жеке құндылықтары жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесімен ықпалдастыруға бағытталған. «Өзін-өзі тану» руханиадамгершілік білімі–ұлттық құндылықтарды іске асыру мен таратудың маңызды механизмі, өмірдің мәні мен өнегесі, тарихпен, ана тілімен, философиямен, әдебиетпен, дәстүрмен, психологиямен ұштасқан ұлттық-рухани білім мазмұны мен түрі. Рухани байлыққа апаратын жолдың бірі– білім, екіншісі–сол білімді пайдаға асыру. Адам алғаш білімнің құндылығына сүйене отырып, өз ортасын жақсы жағынан өзгертуге әрекет жасайды. Өйткені рухани жетілудің шыңына көтерілген адам өмірдің мәні мен мағынасын жай ғана түсініп қоймай, жер бетінде ізгілік орнатуға күш салады. Қандай да болсын адамдықты, адамгершілікті бетке ұстаған қоғамның мақсаты-әр адамды рухани байлық деңгейіне жеткізу. Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша дағдыларға тәрбиелеу қажет. Әлемдік даму, ғылыми технология адамның ұшқыр ойлы, терең білімді, озық тәрбиелі болуын талап етеді. Сондықтан рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беру әр тұлғаның азаматтық келбетінің жоғары болып, олардың кез-келген ортада белсенділік көрсете алатынын қабілеттерін жетілдіруді көздейді. Бүгінгі күні біздің елімізде ұлттық және азаматтық құндылықтардың негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту, жеке адамның рухани күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлардың барлығы да жасалуда. Тәрбиенің басты мақсаты әр адамның ішкі құндылығын, тұлғалық қасиетін ашып, бағалауға үйрету. «Өзін-өзі тану пәні» жеткіншекті жарық дүниеде өмір сүріп, Адам екенін терең сезінуге, адамдарға қуаныш сыйлай білуге баулиды. Жанында жүрген аяулы адамдардың бар екенін ұғынуға көмектеседі. Адамдардың сезіміне ие болу және оны ақтай білуге үйретеді. Борыш пен парызға адал болуға тәрбиелейді. Артыңда өшпейтін ізгілікті із қалдыра білуге талпындырады. Қабілетіңді, бойындағы дарында, азаматтылығыңды дәлелдеуге итермелейді. Бұл білімдер мен біліктер, қабілеттер адамдармен өзара түсіністік пен үйлесімділікке қол жеткізуге, өзге адамдарға дер 52

кезінде көмек беріп, қолдау көрсету қабілеттерін меңгеруге мүмкіндік береді. Рухани-адамгершілік білім баланың, жеткіншектің бойына өзінің жарқын болашағына деген сенімділігін ұялатады. «Өзін-өзі тану» пәні әлемнің ең басты құндылығы–адам және адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Өмірдің осындай қарапайым ақиқатына–ұлттық құндылықтарды меңгере отырып, баланы халқының адал ұлы, Адам деген ардақты атқа лайық болуға жастайынан үйрету қоғам талабы болып отыр. Жеке тұлғаға ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие беру мақсатында халқымыздың ұлттық тәлім-тәрбиесіне сүйене отырып жеке тұлғаның нағыз азамат болып өсіп жетілуіне жағдай жасау керек. Өйткені жас ұрпақ халықтың ең қымбатты, ең қадірмен келешегі. Бұл сенімді ақтауға аға ұрпақ, әсіресе ата-аналар алдында зор міндеттер тұр. Мысалы: ОДНиГ-13 тобымен өткен «Әке-анам–берік қорғаным!» атты облыстық сайыстың мақсаты әр балаға отбасы, жақын адамдары, өздері жайлы әңгімелете отырып отбасы құндылықтары туралы түсіндіру. Бұл сайыс ана мен бала арасындағы сүйіспеншілік, сыйластық, құрмет, ризашылық пен өзара түсіністікке қалай қол жеткізуге болатынын түсіндіруді көздейді. Сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салып, өзгелердің де пікірлерін, көзқарастарын тыңдайды. Бала тәрбиесіндегі осы байланысты жүзеге асырудың дәнекерлеушісі деп «Өзін-өзі тану» пәнін айтуға болады. Сондықтан да әрбір ата-ана отбасында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқулығын қолға алып, онда айтылған тағылымдар мен құндылықтарды балаларының оқып-үйренулеріне ықпал етулері керек. Әр бала өзінің руханилығымен, өзінің тазалығымен және өмірді таза күйінде қабылдай алуымен талантты. Өзін-өзі тану сабақтарында баланың адамгершілік сезімдері, эмоциялары, өзара қарым-қатынастары туралы түсініктері кеңейеді. Балалар үлкендермен және құрбыластарымен жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетіне қол жеткізеді, адамгершілік құндылықтар мен адами қасиеттердің мәнін түсінеді, оның Отанына, отбасына, жақын адамдарына, қоршаған табиғатқа, жалпы өмірге деген сүйіспеншіліктері артады. Біз болашақта Қазақстан Республикасын өркениетті, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосамыз деп үміт етіп отырған халықпыз. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша


қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясында:-«Білім беру реформасы– Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деген болатын. Сондықтан сол елдердегі бар жетістіктер бізде де болуы керек, өйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры. Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, қарым– қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар қалыптастыру кез– келген мектептің міндеті болса, баланың өзін тануына, басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Өзін-өзі тану» пәні зор ықпал етеді. Қорытынды сөзімді «Ұстаз ойы» атты өз өлең шумақтарыммен аяқтаймын. Ұстаз ойы Әр шәкіртім-ең қымбатты адамым, Тілін тауып, жанын ұқтым баланың. Мейірімге зәру болған кезінде, Мөлдіреген пәк жанарға қарадым. Көздерінен көрдім елдің жыр-арын, Мұрагері мынау байтақ даланың. «Халық» атты ұлы мұхит тамшысы,

Әр шәкіртім –ең қымбатты адамым. «Ұстаз» деген ардақ тұтар атаққа Ие болдым қатарымнан ертерек. Содан бері он жеті жыл, қалды артта Талай шыбық болған екен бәйтерек. Білім берген шәкіртіне-мұғалім Мұғалім ол Мейірімді, Ұстамды, Ғазиз тұлға, Ақылды да, Лайықты Іскер Маман Міне, осылар өн бойымнан табылған. Жол көрсетер шәкіртіне – ол ұстаз «Ұстаз- ұлы тұлға» білгенге Ұлағатты Салмақты Табанды да Ардақты, болу керек Зиялы. Білгенімнен білмейтінім көп менің, Әрқашанда ізденумен келемін. Жол таптым ба жүрегінен шәкірттің, Сол ғой менің арман тілек- іздерім.

АҚИҚАТ ҚҰНДЫЛЫҒЫНЫҢ МӘНІ Кульниязова Айжан Сисенқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренері

Халқымыздың мәңгі рухани құндылықтарды бағалай білуі және бүкіл өміріне ұстаным етіп алуы мемлекетіміздің шынайы қуатын, оның азаматтарының бақытты тағдырын анықтайды. Өмірлік рухани–адамгершілік құндылықтарға негізделген, ойы, сөзі, ісі бірлікте табылатын көркем мінезді адам жетілдіруде жас ұрпақты адами қасиетін танып өз өмірінде қолдана алатындай деңгейге көтере отырып, жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсініктерін кеңейту бүгінгі өмірдің басты талаптарының бірі. Рухани–адамгершілік білімді өскелең ұрпақтың ақыл-парасатына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші-ұстаз халық педагогикасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет -ғұрыптарды жан-жақты терең біліп, тебірене іс-қимыл жасауға, өркениетті өмірмен байланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге халық алдында борышты. Оқыту

үрдісіне жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Ұлттық білім беру жүйесін дамытудың басты бағыты: жаңа ғасыр толқыны әкелген, жаңалықтарға сәйкес адамның тұлғалық әлеуетін мақсатты түрде кеңінен ашуға бағытталған рухани-адамгершілік білім беру. Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры–мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты, 53


сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады. Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мәңгілік бес құндылық адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс. Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді. С.Алпысқызы «Өмір әдебі» атты кітабында былай деген: — Бір минутқа да күмәнданбаймын: осы бір болмыстың мәңгілік сұрақтарына (Мен кіммін? Менің өмірдегі мақсатым не? Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын? Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?) жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет. Бүгінгі таңда көтеріліп отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп тамыры тереңде жатыр. Мысалы: Дүниедегі ең оңай нәрсе – біреуге ақыл айту, Ең қиын нәрсе– өзіңді-өзің түсіну. Әл-Фараби Ахмет Иүгнеки Махмұтұлы (Жүйнеки) 12 ғасырдың аяғы мен 13 ғасырдың басында өмір сүрген өз заманында асқан білімпаз, ғұлама оқымысты болғандықтан «Әдиф Ахмет» (оқымысты) деп аталған, есімі өз кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне белгілі болған данышпан кісі, яғни ақындардың ақыны, даналардың көшбасшысы. Ғұлама ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте туып өскен. Ақынның бізге жеткен «Ақиқат сыйы» атты кітабы – тәлім-тәрбие, адамгершілік, білім, кісілік туралы өнегелерді өлең өрнектерімен айтып, ұрпақты ұлағаттылыққа тәрбиелейтін аса құнды, данышпандық ойларға толы даналық мұраны үлгі ретінде әр адамзат баласы өз тәжірибесінде қолданса тәрбиеде қателіктер азаяды. «Ақиқат сыйы» (шығармадан үзінді) Ей, достым, білімдіге ынтызар бол. Ашылар біліммен бақыт жолы, Білім ал жолға түсіп бақыт жолы. Білімді-алтын, нұры ашылатын, Білімсіз – қара бақыр шашылатын... Жүрсе де тым шіреніп, Білімсіз жан – тірі өлік.

54

Салыстырмалы ақиқаттың кейбір элементтері өзінің объектісіне толық, сәйкес келеді, кейбіреулері автордың ақылмен болжап тұрған ойлары болып табылады. Объектінің кейбір аспектілері біршама уақытка дейін танушы субъектінің көзінен таса қалып қоюы мүмкін. Таным нәтижелерінің тәжірибелік қызметте жетістікпен колданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Ақиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат—білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздықтың дұрыс көрсетілуі. "Ақиқат ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен колданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат—білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол —нағыздықтың дұрыс көрсетілуі. Ақиқаттың айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап етеді. Ақиқаттың объективтілігі—тұлғаның талғамы мен зауқынан, жекелеген коғамдық қозғалыстар мен партиялардың корпоративтік мүдделерінен, жалпы адамның санасынан тәуелсіздігін айғақтайтын оның бірінші, бастапқы белгісі. Ақиқатқа қол жеткізу субъекті мен объектінің өзара кайшылықты әрекеттесуінен жүзеге асырылады. Сондықтан бұл әрекеттесудің; нәтижесінде (таным үдерісінде) объектінің де, субъектінің де әсерінен тұрады. Акиқатқа қажетті бейнеде таным үдерісінің объективті және субъективті құрауыштарының бірлігі көрініс береді: объект болмаса, білім өзінің мазмұнын жоғалтады, ал білуші адамсыз— субъектісіз білімнің өзі жоқ. Рас, нағыздықтың білуші субъектіге тәуелді емес екендігі белгілі. Объективті шынайылықтың өзінде ешқандай ақиқат жоқ, онда тек өзінің қасиеттері бар нәрселер ғана бар. Ақиқат осы шынайылықты адамдардың тануының нәтижесінде пайда болады. Ол танылатын шынайылык туралы субъектінің білімі болып табылады. Сондықтан объективтік білім неғұрлым толығырак болса, соғұрлым таным субъектісінің белсенділігі жоғары болады. Ақиқат деген-үдеріс, ол объектіні бірден, тұтасымен және толық көлемде түсіну.


Ақиқатқа бірден және тұтасымен қол жеткізу мүмкін емес, оның күрделі үдеріс екендігін сезіп түсінуге адамдар біртіндеп келді. Ақиқатты біртіндеп дәлдеу және тереңдету үдерісін белгілеу және сипаттау, оның объективті мазмұнын толықтыру үшін "абсолютті ақиқат және салыстырмалы ақиқат" ұғымдары енгізілген. Абсолютті ақиқат деп өзінің мазмұны бойынша бейнеленіп отырған объектісіне абсолютті сәйкес келетін білімді айтамыз. Мұндайда білімнің деңгейі абсолютті, демек, толық, дәл, ақырына дейін. Абсолютті ақиқат деп ешқашан күмән келтіруге болмайтын айғақты ақиқатты айтуға болады. "Мәңгілік" ақиқатқа болашақта ешқашан теріске шығарылмайтын ақиқаттар жатады. Мысалы: "Барлық адамдар өледі", "Ай Жерді айналады. Алайда танымда абсолюттік ақиқатқа жетуді нақты нәтиже дегеннен гөрі, ғалымдар қол жеткізуге тырысатын идеал деуге болар. Сондықтан ғылымда салыстырмалы ақиқатты көп пайдалануға тура келеді. Былайша айтқанда, салыстырмалы ақиқат шындыққа жақын, оған едәуір сәйкес келетін, бірақ толық емес ақиқат. Шынайы танымда әрқашан субъектінін шарттылықтары мен ресурстары шектеулі: аспапты техникасы, қолданатын логикалық және математикалық аппараты, т.б. Осындай шектеулер зерттеушіге абсолютті ақиқатқа қол жеткізуге мүмкіндік бермейді, ол еріксізден салыстырмалы ақиқатқа қанағаттанады. Өзінің объектісіне толық сәйкес келмеуіне орай, салыстырмалы ақиқат шындыққа жақындау—дәл бейнесі ретінде көрініс береді. Әрине, таным үдерісінде салыстырмалы ақиқаттың дәлелденуі, толықтырылуы мүмкін. Сондықтан ол жетілдіретін білім болып табылады. Абсолютті білім — шынайылыққа толық сәйкестігіне орай —бұлжымайтын білім. Элементтері өзінің объектісіне сай болғандықтан, онда өзгеретін • ештеңе жоқ. Сырттай қарағанда, абсолютті және салыстырмалы ақиқаттар бір-бірін жоққа шығаратындай көрінеді. Ал танымның шынайы үдерісінде олар бір-бірімен қарамақайшылықта емес, байланыста болады. Олардың байланыстары ақиқатқа жетудің нәтижесінде динамикалық сипатында болады. Салыстырмалы ақиқатта адамзаттың жиынтық білімінің тұрақты өсу үдерісін қамтамасыз ететін, бұлжымайтын білімдердің элементтері жоқ десек, қателескен болар едік. Әрине, ақиқаттың өзі үдеріс болуына орай, танылған дүниенің ішінде абсолюттік шындық көп емес

және абсолюттік ақиқат сол дүниенің екі полюсіне шоғырлануы сипат алған. Абсолютті ақиқат салыстырмалы ақиқаттардың қосындысынан тұрады. Қосынды деп бұл жерде, салыстырмалы ақиқаттардың белгілі бір мөлшерінің қарапайым қосындысы емес, абсолютті білімнің құрылымындағы салыстырмалы ақиқаттың алатын мөлшерінің біртіндеп, үнемі өсуін айтамыз. Бұл кез-келген ақиқаттың өзінің мазмұнымен және қолданылуымен, таным мейлінше дәл есептеуді қажет ететін белгілі жағдайлармен, уақытпен, өзге де арнайы ахуалмен айқындалатынын көрсетеді. Абсолюттік және салыстырмалы ақиқаттардың өзара байланыстырынан, нақты ахуалды ескеріп отыруды талап ететін ақиқаттың нақтылығы туындайды. Философтардың кейбіреулері ақиқаттың өлшемі деп— тиімділікті, пайдалылықты және жайлылықты (прагматизм), енді біреулері жалпыға танымалдылықты ұсынады, жаңа білімдерді ескі білімдермен қиыстыратын, ақиқаттың формалды логика өлшемімен шектеледі, білімнің ақиқаттылығын жалпы шартты келісу ісі деп түсінеді. Аталған жағдайлардың бәрінде ақиқаттың өлшемі ақылдан тысқары шығарылмайды, сондықтан білім өзімен-өзі тұйықталады, ал ақиқатты айқындауға тәжірибелік қызмет үдерісінде білімді объектімен қатар қоя қарастырғанда ғана қол жеткізуге болады. Егер ақиқатты әрбір адам ар –ұятым деп түсінсе, болашағымыз жарқын болары сөзсіз. Болашақта не күтеміз? • Бойында белсенді азаматтық ұстанымы, • Әлеуметтік жауапкершілігі, • Отансүйгіш сезімі жоғары, • Адамгершілік және көшбасшылық қасиеттер, • Мейірімділік пен ізгілік, • Тыныштық пен сүйіспеншілік, ақиқат пен дұрыс әрекетке негізделген мінезқұлық қалыптасқан тұлға тәрбиелеу біздің міндетіміз. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Назарбаева С.А. Өмір әдебі.Алматы.2001–96 б. 2.Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. «Методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе». Учебно-методическое пособие для учителей, Алматы: ННПООЦ «Бөбек», 2013. 3.Қоғамдық білім негіздері:Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық/Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл.

55


 Инклюзивті білім беру  ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ Шилденова Тәжікен Қалымқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының коррекциялық-педагогика саласының аға оқытушысы

Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның, отбасының қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын инклюзивті білім беру. Инклюзивтік білім беру дегеніміз-барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға және тәрбиелеуге бағытталған мемлекеттік саясат. Қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелер: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, әртүрлі психикалық-физикалық аурулары бар, жас ерекшелігі әртүрлі балалардың көбеюіне әкеліп соқтырып отыр. Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде—даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетіледі. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта келер ұрпақтың денсаулығы, тәрбиесі басты назарда болып келеді. Қазақстан Республикасы Ата заңының 27 бап, 2-тармағында” Балаларына қамқорлық жасау жане оларды тәрбиелеу атаананың табиғи құқығы әрі парызы ” делінсе. [1.1] ”Қазақстан-2030” бағдарламасында. ”Әкелер мен аналар-аталар мен әжелердің өз

56

балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауы” туралы ескертілген. [2.1] Бұдан әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуіне қоғам алдында өз жауаптылығын түсінуі керек. Яғни, басты мақсаты психологиялық, физиологиялық денсаулығын қалыптастыру болу керек. Өйткені Қазақстанның болашағы келер ұрпақта болғандықтан жастардың психологиялық, физиологиялық денсаулығы халықтың өсімі мен сапасын анықтайды. Осы тұста келер ұрпақ тәрбиесінің салауаттылығын қамтамасыз ету ең алдымен отбасы, мектеп тәрбиесі жайында қолға алынуы тиіс. ҚР-ның Конститутциясында «балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу–атаананың табиғи құқығы әрі парызы»,- деп, отбасының міндеті нақты көрсетілген. «Қазақстан-2030» бағдарламасында балаларымызды алыс болашақта қандай сапада көруіміз керектігі айтылған. Сонымен бірге, отбасы туралы заң жоғары және орта білім тұжырымдамасында әрбір отбасына өзінің ұрпағын тәрбиелеп, қатарға қосу міндеті жүктелген. Дамуында ауытқуы бар нәрестенің дүниеге келуі-жанұя және оның жақын туыстары үшін қиындық әкеледі. Ата-ананы қорқыныш сезім билейді. Кейбіреулері жайбарақат, әлі ерте деп жүрсе, бір ата-аналар емдеудің әдеттегіден тыс әсер ететін әдістерін іздей бастайды, көп қаражатын бірге уақыттарын жоғалтады, ал кейіннен өз мүмкіндіктеріне сенбеушіліктен түңілуге әкеледі.


Мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту және тәрбиелеуде жанұя ерекше роль атқарады. Себебі, ата-аналар баланың алғашқы тәрбиешілері болып табылады, олардан бала қоршаған дүние туралы алғашқы түсініктерін алады, әртүрлі іскерліктер мен дағдыларын игереді. Ата-ана баланың ауытқуын ертерек сезіп, дәрігерге көрсетіп, емдеп, өз тарапынан дамыту жұмыстарын жүргізсе баланың даму қабілеті жоғары болар еді. Ал, егерде түзете-дамыту жұмыстары жүргізілмесе ол әрине, мінез-құлқының түрлі ауытқуларына әкеліп баланың жағдайын күрделендіреді. Өзінің өмір жолында адам түрлі дағдарыстар мен мәселелерге кездеседі. Осы мәселелер мен дағдарыстардың себептері мен табиғаты әртүрлі. Олардың кейбіреуі өмірлік айналымдағы тұлға дамуының байланысты және де олар әрбір адамның өмірінде болатын күнделікті, табиғи жағдайлар, сонымен қатар олар өмірдің бір кезеңін екіншісінен айырып тұрады. Кез – келген «табиғи» жағдай (отбасын құру, баланың дүниеге келуі, мектепке баруы, біреудің ауырып не өлуі, т.б.) және оның нәтижесіндегі қандай да бір ситуация дағдарыс туғызып, тұлғадан дұрыс шешім қабылдап, осыған орай қажетті күш жинауды талап етеді. Оларды «қалыпты стресс» деп атайды. Өмірдің әртүрлі кезеңдерінде адамдар дағдарыс жағдайлары мен ситуацияларды түрліше қабылдайды. Ол тұлға дамуында үлкен маңызға ие, себебі біреулері дағдарыстың шешімін тауып, әрі қарай дамыса, енді бірі оған бейімделе алмай өзін бұзады. Бұл адамның дағдарыс жағдайын қабылдап, шешу мүмкіндігіне байланысты. Жасөспірімдердің девиантты мінезқұлқының қалыптасуында нақты іс-әрекетті ұйымдастырушы психолог, ата-ана, мұғалім болғандықтан, олардың кәсіби даярлығына, ғылыми психологиялық-педагогикалық негіздерін қарастыру қажеттілігі туындайды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі белгілі бір маман иесі немесе қарапайым ғана қоғамдық ортаның мүшесі десе де болады, олардың тұлғалық түр сипатын даярлауда қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда олардың психофизиологиялық негізін жетілдірудің ажырамас бөлігі ретінде қарастырылып келеді. Жеке тұлғаның мінезқұлқын қалыптастыру, дағдарыстардың алдын алу үшін келесі мәселелерді ескеруіміз қажет, яғни саналы көзқарасын, ізгілікті қарымқатынас орнатуда, жүйелі іс-әрекет жасауға мүмкіндік беру. Мінез-құлық дағдарысын

психологиялық көзқарас тұрғысынан қарастыратын болсақ кез-келген жеке адам басқа адамдармен олардың ой-пікірімен, бағдарымен, жағымды эмоцияны сезінген кезде жүріс-тұрыста ауытқушылықтар болмайтындығы сөзсіз. Девиантты мінез-құлық дегеніміз - қоғамда қабылданған ержелерге бағынбау, ауытқу. Девианттық мінез-құлық–қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін ісәрекеттері мен қылықтары. Девианттық мінез-құлықтың пайда болу себептерінің бірі, ол, әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық, жемқорлық т.б. Девианттық мінез-құлықтың моральдық этникалық факторы қоғамның моральдық– адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі. Деградация және әдеп-ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық, қайырымшылдық, «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі. Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. Әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психо-физикалық ауытқулар т.б. Осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғамның болашақ жастарға кері әсер тигізетіні сөзсіз. Мұғалімге психологиялық білім өзіне-өзі белгілі талап қоя білу үшін де және оқушыларға білу, білім беру және тәрбиелеу үшін де қажетті өзіндегі жеке адамдық қасиеттерді дамытуға да керек. Ал оқушының оқуға қызығушылығын тудыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен қабілетіне байланысты болады. Бұл негіз ең біріншіден педагогтың жеке қасиетіне, қабілетіне, оқушымен қарым-қатынасына, олардың әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруына қарай құрылады. Бала білімінің бастапқы іргетасы бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш сыныпта сабақтың бір элементтерін түсінбеуі оқуда қиындық тудырады, ал оқу бағдарламасы сыныптан сыныпқа ауысқан сайын күрделене береді, бұл баланың оқу үлгерімі нашарлап, сабақтан қашу, сабаққа келмеу және т.б. әрекеттері арқылы көріне бастайды.

57


Бала үшін жанұя не істеуі керек? Ең алдымен, баласының ауытқуы туралы ата-ана көп мағлұмат жинау қажет. Баланы невропатолог, психолог, дефектолог, логопед, сурдолог мамандарына көрсетіп, ақыл-кеңес алып тұруы керек. Түзету жұмысының оңды болуы бала тәрбиесіне қатысушы, түзету процесіне кірісуші үлкендердің белсенділігіне де байланысты. Мамандар мен педагогтардың мақсаты ата-аналарға баланы дұрыс қабылдауға, оның жағдайын, нақты мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға көмектесу қажет. Осыған байланысты арнайы мекемелердің мамандары ата-ана мен мұғалім, тәрбиешілерге арналған әдістемелік семинар, тренингтер, баланы оқытудың өз мүмкіндігі бойынша жүргізу керектігі туралы түсіндірме жұмыстарын жиі жүргізуі қажет. Жеке кездесулер немесе топтық жиналыстар кезінде ата-аналарды психофизикалық дамудың заңдылықтары мен жас ерекшеліктері саласындағы психологиялық-педагогикалық ағарту жұмысын жүргізіп отырады. Шектен тыс өбектеген бала қоршаған ортадан, ересектер мен басқа балалардың өмірінен шеттей береді. Бұл оның танымдық және әлеуметтік тұрғыдан жетілу процесін тежеп, бала бойында керітарлық, дәрменсіздік, өз күшіне деген сенімсіздікті күшейтіп, қиындықтан қашатын жасық мінез тудырады, тұлға ретінде қалыптасуына кедергі келтіреді. Үш таған: маман, бала және ата-ана өзара бірлескен жағдайда ғана жеке тұлғаны жанжақты дамытып жақсы нәтижелерге жететіні сөзсіз! Қазіргі жағдайда инклюзивті білім берудің дамуы «кедергісіз ортаны» ұйымдастыруының қиындықтарымен қоса әлеуметтік жағдайларымен де шиелініседі. Олар мұғалімдердің инклюзивті білім беруді қабылдаудан бас тартуы мен дайынсыздығы, психо-педагогикалық білімдерінің және технологияларының, отандық инклюзивті білім тәрбие тәжірибесіне қатысты арнайы мониторингтік зерттеулерінің жетіспеушілігі болып табылады. Жеткіншек шақ – балалық шақтағы ең қиын және ең күрделі кезең. Бұл кезеңді өтпелі кезең деп те атайды. Себебі, бұл кезде жеткіншектер балалық шақтан ересек шаққа өтеді. Бұл кезде бала бойында көптеген өзгерістер болады. Ол анатомиялық, физиологиялық, интелектуалдық, адамгершілік дамуында және оның әрекет түрлерінде өзгерістер болады.

58

Өтпелі кезеңде балалар сабағы өзгереді, жақсы оқып жүрген балалар сабағы нашарлайды. Балаларда өзімдік “мен”сезімі пайда болады. Олар еркін жасауға құмар келеді. Тым еліктегіш болады. Жасөспірімдік шақта оларда өзі-өзін тануға күшті болады. Олардың өз көзқарастары мен пікірлері әрекеттері барысында айқын байқалады. Сонымен қатар бұл кезеңде балалар отбасымен, мектептен оқшауланып, өз құрбыларының ықпалында болады. Олар әсіресе өздерін еркін сезінетін ортаға орналасуға бейім болып келеді. Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден, отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жұмысындағы кемшіліктермен сипатталады. Жасөспірімдерде девиативті мінез-құлықтың қалыптасуына көптеген факторлар әсер етеді. Жеке адамның қалыптасуына тұқымқуалаушылық, орта және тәрбие факторларының әсер ететіні белгілі. Соның ішінен девиантті мінез-құлыққа әсер ететін факторлар-әлеуметтік-педагогикалық қараусыздық баланы тәрбиелеуде қажетті жағымды дағдылардың, білім және іскерлік дұрыс берілмеуінен, онда жағымсыз стеротиптер қалыптасады. Бұл мектептегі, отбасыдағы және қоғамдық ортадағы тәрбие кемшіліктерінің бала дамуына әсер ететіні арқылы айқындалады. Олар: -психикалық терең жабдықталмау, отбасында психологиялық ахуалдың жағымсыз орнауынан, ата- аналарда мен отбасы мүшелері, мұғалім арасында өзара қатынастың қолайсыздығынан (әділ болмау, дөрекілік, мейірімсіздік) баланың оқуға деген ынтасын төмендетеді, сондай-ақ құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа дұрыс түсе алмайтын болады. -денсаулық және психикалық жағдайының дамуы мен бұзылуы, жас ерекшелік дағдарысы, мінездегі акцентуация, түрлі физиологиялық және психоневрологиялық себептер жатады. Сонымен қатар балалардың ата-аналармен ген арқылы берілетін қасиеттер. Мысалы, ішкіш ата-аналардан туған балалар бойындағы дефект және т.б. психологиялық қысым көруден пайда болған ауытқу. Мысалы, конфликтті жағдайлар, қоршаған ортаның химиялық әсері және т.б. физиологиялық дефект бар балалар. Сөзінде, сыртқы көрінісінде кемшілігі бар балалар. Олар өз құрдастары арасында дұрыс қарым-қатынаста бола алмайды. -сыртқы және ішкі белсенділікті шығаруға шынайы жағдайдың қарастырылмауы: пайдалы іс-әрекет түрімен шұғылданбау, балада


әлеуметтік маңыздылықтың, жеке мақсат пен жоспардың болмауы. Әлеуметтік-психологиялық бейімделмеу негізгі бақылаусыздық, онда әлеуметтік және жекелік құндылықтың жағымсыз жағы қарастырылады,қоршаган ортаның кері әсері. -Психологиялық факторлар–бұл, балалардың жүйке жүйелерінің ауруына байланысты. Мұндай балаларға псхотерапевттің көмегі қажет болады. Баланың өсу барысында психологиялық дамуында жаңа қасиеттер пайда болып отырады. Бала екі түрлі қасиетке дағдыланады: бала өзі өмір сүретін ортадан біртіндеп аулақтап, бөлектенеді немесе бала біртіндеп қарым-қатынас арқылы өзі өмір сүретін ортаға сіңіп кетеді. -Әлеуметтік-экономикалық фактор–бұл, әлеуметтік теңсіздік арқылы анықталады. Бұл қоғамдағы бай мен кедей болып адамдардың бөлінуіне байланысты. -Моральдық-этикалық фактор. Бұл, бүгінгі таңдағы адамдардың құндылықтарының материалдық бағытқа ауысуы арқылы, рухани құндылықтардың бағынбауының әсер етуі арқылы анықталады. Меніңше бұл жерде, жетекші рольде әлеуметтік-психологиялық бақылаусыздық, себебі тәрбиеде немқұрайдылық, қарымқатынаста назардан тыс қалу балада жалғыздық сезімін тудырады, өзін керексіз санайды. Осындай әлеуметтік жағымды тәжірибенің жоқтығы, әлемтану мен құндылық бағытын, этикалық нормаларды, эстетикалық сезімді дамытпайды. Осыдан барып балада үлкенді сыйламау, шеттелу, қажетсіз сезіну байқалады. Қазіргі жеткіншек микроортасы жағымды деп қарастыра алмаймыз себебі: қоршаған ортада, аулада және үйде түрлі мінез-құлықтың бұзылу түрлерімен кездеседі, оған әлеуметтік, мәдени, экономикалық факторлар әсер ететіні белгілі. Тұрмыстық идеология негізі қоғамды ырықтандыру процесіне әкелуде. Күнделікті әңгімеде беделге жету жеке құндылықтар негізінде емес заңсыздық және құқық бұзу деңгейінде жеткені туралы көп қозғалады, ол тек материалды тұрғыда табысқа жетумен қатар қоршаған орта құрылымына енуі және қоғамдық лауазымды қошеметіне жетіп отырғаны баяндалады. Жас жеткіншектің идеалды әлеуметтік және жекелік құндылық бағыттарына кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Кейде адам әлеуметтенудің құрбаны да болып кетеді. Ол әлеуметтену нәтижесі адамның ішкі сезімдері мен жан-дүниесіне қайшы келгенде

орындалады. Мысалы, бала жеткіншек жасқа дейін сабақты бестікпен оқып жүрген. Ал жоғарғы сыныпқа өткенде, ол белгілі жағдайларға байланысты басқа сыныпқа немесе мектепке ауысты делік. Ал оның жаңа сыныбында қиын жеткіншектер. Бәрімізге белгілі жеткіншек жаста бәрінен бұрын құрбыларының көзқарасы маңызды рөл атқарады. Сонда бала “беделді” сыныптастарының көзқарасы маңызды болғандықтан, ол сабақты, қызығатын үйірмелерін тастап, “беделді” топқа қосылуға мәжбүр болады. Ал қосылмаса құрбы, сыныптастарының “оқымысты”, “ботаник”, “ақылды” т.б мазақ, күлкі сөздерге қалады. Ал жеткіншек үшін бұл топтан шығарып тастау деген сөз. Яғни, ол аутсайдер болады. Сондықтан бала өз қызығушылықтарынан бас тартуға мәжбүр болады. Яғни, әлеуметтің құрбаны болады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ауыршаңдық, травма алу, отбасындағы жоқшылық, кедейшілік те кейде әлеуметтік ауытқуға алып келеді. Бастауыш мектеп жасындағылар кезінде ата-анасының ішімдікке салынуы, өгей әке мен шешенің болуы, тәрбиеде дұрыс қамқорлықтың болмауы баланың дұрыс дамымауына, тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ, ата-аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал қарым-қатынасы бала дамуына, яғни әлеуметтенуінде үлкен роль ойнайды. Сонымен адам әлеуметтену процесі кезінде оның объектісі де, субъектісі де және құрбаны да болады екен. Соның ішінде әсіресе мақсатты бағытталған тәрбие процесінің мәні зор. Әлеуметтенудің тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі принциптерін бірізді де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады. Сондықтан қазіргі таңда мектепте еркін ортаны қарастыру баланың жағымды әлеуметтік тәжірибе жинауына бар қажетті мүмкіндіктерді жасау. Бала келешекте кім болады, іштей кімге еліктейді, идеалды жүзеге асыру үшін қандай жоғары адамгершілік принциптерімен ізгілік құндылықтарын меңгеру керектігін біртіндеп қарым-қатынас жасау барысында қалыптастыру қажет. Кез-келген ауруды таза күйінде қабылдауға болмайды. Олар аралас күйде кездеседі. Мысалы, әлеуметтену процесінің құрбаны болған балалар денсаулығын бұзып алады. Ондай жағдайда әлеуметтік ауытқу мен дене жағынан ауытқу бірге жүзеге асып жатыр деген сөз.

59


Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып, баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді. Мүмкіндігі шектеулі отбасындағы мінездің бұзылуы, бұл әлеуметтік нормаға қарсы немесе агрессивті мінез-құлық (қарсы шығу, дөрекілік) көрсетуі. Мұны тек үйде ата-анасымен қарымқатынаста, туысқан бауырларына көрсетеді. Кейде үйдегі заттарды ұрлау, заттарды қирату, бұзумен, яғни, оларға қатыгездік істейді, кейде үй өртейді. Қазіргі кезде отбасында ата-ана мен бала арасындағы қатынаста түсінбеушілік орын алып, бір-біріне сүйіспеншілікпен, кешіріммен қарау азайып, түрлі келеңсіз мәселелер туындауда. Сондықтан отбасында орын алып отырған қиындықтарды шешу қажет болып отыр. Отбасындағы жанжал мен орынсыз даудамайлар бала психикасына әсер етеді, отбасындағы түсініспеушілік баланың бойында орнықсыз эмоциялық жайттарды тудырады. Жиі кездесетін бейімделу кезіндегі қиындықтар пайда болу себебіне әлеуметтікпедагогикалық бетімен кетушілік факторы жатады. Бұл бетімен кетушіліктің дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін және ол отбасындағы психологиялық жағдайға байланысты.

Ата-аналарда білім деңгейі төмен болған кезде, бірінші кезекте баладағы танымдық сферасының қалыптасуы зардап шегеді. Мұндай балалар білім қорының аздығымен, ой-өрісінің тарлығымен көрінеді. Олар тапсырмаларды орындай алмай, салыстыру дағдысын талап ететін, жалпылау, әр түрлі өмірдегі жағдайларда бағытталу, заттар мен құбылыстарға дәлме - дәл анықтама беру сияқтыларды талап ететін тапсырмаларды орындай алмайды. Қорыта айтсам, мынау мектептің жұмысы, анау ата–ананың міндеті етіп бөліп жармай-ақ, жас ұрпақты келешек өмір, елдігіміз үшін бірігіп тәрбиелегенге не жетсін. Дана халқымыз “Аурудың алдын ал” демекші кез-келген мәселенің пайда болмай тұрып жойған жөн. Дегенмен, қиын оқушының өзі бұзылған бала емес екенін ескеру керек. Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шығармай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкелу алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді. Әдебиеттер: 1.Ақажанова А.Т.,Садырова А. Девиантты мінез-құлықтың кейбір теориялық сипаттамалары. Ізденіс.— Алматы, 2007. 2.Қалыбаева Р .Мектеп психологының “қиын” балалармен жұмыс әдісі. // Мектептегі психология 2007 № 1 3.Шамұратова Х. “Қиын ” бала қайдан шығады // Алтын Орда 2006 4.Қойжігітов А. Девиантты іс-әрекетті балалар мәселесі. // Ұстаздар пайымы 2007 № 3 , 2-9 бет 5.Дүйсенбиева С.“Қиын” баланы қайта тәрбиелеу жолдары.// Болашақ 2007 наурыз. 6.«Отбасы: бала мен ата-ана» С. Қоңырбаева

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕСІ Жумалиева Бибигуль Сапаргалиевна Атырау облыстық медициналық психологиялық-педагогикалық консультациясының әдіскері

XX ғасырдың аяғында көптеген дамыған әлем елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды дамытуда алдыңғы орында тұрған инклюзивті білім беру болды. Жалпы білім беру үрдісіне енгізілген балаларға оқуды жеңілдететін қосымша арнайы жағдай, көмек, қолдау қарастырылады. Әрбір елде интеграциялаудың өзіндік үлгісі іске асырылуда, бұл білім беруде интеграциялаудың

60

жан-жақты үлгісін құрудың мүмкін еместігін көрсетуде. Инклюзивті білім беруді іске асырып жатқан елдерде айқындалған басым бағыт жалпы мектептік білім беру саласында қарастырып отырған категориядағы балаларды жалпы білім беру үрдісіне міндетті түрде енгізуді көздейді. Ресей. 1991 жылдың күзінен бастап Ресейде «Мүмкіндігі шектеулі балаларды


интеграциялау» жобасын іске асыру басталды. Нәтижесінде 11 аймақта мүмкіндігі шектеулі балаларды интеграциялап оқытудың экспериментальды алаңдары құрылды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен педагогтардың жұмыс істеу мақсатында Ресей Федерациясының білім министрлігі педагогикалық жоғарғы оқу орындарының оқу жоспарына 1996 жылының 1 қыркүйегінен бастап «Арнайы (коррекциялық) педагогиканың негіздері», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың психологиясының негіздері» деген курстарды енгізді. Ресей Федерациясының білім және ғылым министрлінің айтуы бойынша 2008-2009 жылдары инклюзивті білім беру үлгісі экспериментальды түрде көптеген білім беру мекемелеріне енгізілген. Ресейде мүгедек балаларды оқытудың инклюзивті білім беруден басқа да нұсқалалары бар: арнайы мектептер мен интернаттар; коррекциялық мектептер; «Интернат-үйлер»; үйден оқыту; қашықтықтан оқыту. Швеция. Бұл елде ерекше қажеттілікке мұқтаж балалар қарапайым сыныптарға орналастырылған және олар онда қажетті қолдау алуда (сыныпта арнайы педагогтың немесе ассистенттің көмегі және көмекші арнаулы құралдарды қолдану). Есту, көру қабілеттері бұзылған, ойлауында қалушылық бар балалар ауытқулары бойынша бөлінген арнайы мектептерде білім алады, олар мұнда 21-23 жасқа дейін оқи алады. Ойлауы артта қалған балаларға арналған арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарына сыныптарды біріктіру жолымен орналасқан. Франция. Франциядағы арнайы білім беру жалпы білім беретін мектептерге дамуында жетпіспеушіліктері бар балалардың санын неғұрлым көбейтуге бағытталған. Дамуында ауытқулары бар балаларды жалпы білім беру үрдісіне енгізу 4 нұсқада орындалуда: 1.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, бірақ мектепте немесе одан тыс уақытта оған қосымша қызмет көрсетіледі: емдеу шаралары, тәрбиелеу жұмыстары т.б. Мысалы, тірек-қимыл қызметі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сол мектепте немесе жақында орналасқан бейімдеу орталығына барады. 2.Бала қарапайым мектеп бағдарламасы бойынша оқиды, қосымша күтім алады және қосымша арнайы бағдарлама бойынша оқиды. Мысалы, көруі бұзылған бала қарапайым сыныпта оқи отырып, сабақ дайындауға көмек

ретінде мұғалімнен қосымша сабақ алады, кеңістікте бағдарлау бойынша сабақтарға қатысады. 3.Бала мектептегі негізгі уақытта арнайы сыныпта, арнайы бағдарлама бойынша оқиды (әдетте психикалық дамуында кешігушілік бар балалар). Уақытының басқа бөлігінде қарапайым бағдарлама бойынша өз жасындағы балалармен дайындалады. 4.Бала тек арнайы бағдарлама бойынша арнайы сыныпқа барады (әдетте ойлау қабілеті бұзылған балалар). Соған қарамастан ол мектеп өміріне қатысады: біріккен таңғы ас, тәрбие шараларына бірігіп қатысу, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу. АҚШ. АҚШ-тың мүмкіндігі балаларды оқытудағы қазіргі саясаты жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады. Бұл біріктірулерде 3 негізгі жолдар бар: «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Бұл арнайы білім беру алаңында үлкен даудамай тудыруда. «Негізгі бағыт» мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Бұл балалар қоғамға араласуы керек болғандықтан, оларды әлеуметтік және білім беру қызметтеріне қосу керек деп есептейді. «Жалпы білім беру инициативасы» - бұл АҚШтың білім департаментінің арнайы білім беру бөлімінің ұсынысы. Жалпы білім беру инициативасы–дамуында ауытқуы бар балаларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, «негізгі бағыттан» ары қарай дами түскен. Кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. «Енгізу» моделі балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады. Қазіргі кезде АҚШ-та 1990 жылы қабылданған, «Ауытқулары бар тұлғалар үшін білім беру акты» деп аталатын заң жұмыс істеуде. Бұл халықтық білім беру жүйесінде бала оқуына қажет тегін білім береді. Атаанасы баласының оқу мүмкіндігі туралы қорытынды талап ете алады, ол бала дамуындағы ауытқуының бар немесе 61


жоқтығына негіздемеден тұрады. Заң тек арнайы білім алуға ғана емес қосымша қызмет түріне де құқық береді. Пайдаланылған әдебиеттері: 1.Саламанская декларация и рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями, принятые Всемирной конференцией по образованию лиц с особыми потребностями: доступ и качество, Саламанка, Испания, 7-10 июня 1994 года. 2.Грозная Н.С. Инклюзивное образование за рубежом. От мечты к реальности // Синдром Дауна XXI век. 2011. №1. С.34–41.

3.Қазақстандағы инклюзивті білім // egov.kz мемлекеттік порталы. 4.Р.Б. Каримова «Основные проблемы и задачи инклюзивного образования в РК» // Журнал «Открытая школа». 5.Грозная Н.С. Инклюзивное образование за рубежом. 6.Инклюзивті білім беру жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің ұйымдастырылуы // «Открытая школа» журналы. № 7(128) 09. 2013ж

Институт жаңалықтары Smart оқыту үдерісінде Smart технологияны қолдану әдістемелері негізінде тәжірибе алмасу мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты Құрманғазы ауданы, Абай атындағы орта мектебі базасында «Smart оқыту негізінде мұғалімнің кәсіби дамуы» тақырыбында облыстық ғылымитәжірибелік көшпелі семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар жұмысына институт қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері,кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, информатика және жалпы пән мұғалімдері қатысты. Семинар барысында ұтқыр ойлар, сыни пікірлер айтылды. Семинар жұмысы «Smart оқыту ...» ойтолғанысымен басталып, «Smart оқыту - білім берудің жаңа моделі» тақырыбындағы кері байланыспен аяқталды. *** Тұлға қалыптастыруда ата-аналардың ағарту жұмысын, психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін күшейтуде бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мақсатында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Отбасылық тәрбиенің қоғамдағы маңызы: мәселелер, көзқарастар, болашағы» тақырыбында облыстық ғылыми - тәжірибелік семинар өткізілді. Шараға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалының қызметкерлері, білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жалпы орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің педагогтары, қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Семинар кезінде Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығының «Оқушылардың инновациялық идеялары» тақырыбында көрме жұмыстары ұйымдастырылды. *** Квалиметрия негізінде оқу-тәрбие үдерісінің кешенді баға сапасы аясында әдіскерлердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында «Квалиметрия негізінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие үдерісінің сапасын кешенді бағалау» тақырыбында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлеріне арналған біліктілік арттыру курсы өткізілді. Білім беру процесін жүзеге асыруда: пікірталас, іскерлік ойын, шебер сынып, өздік жұмыс, жоба тренингтар түрінде ұйымдастырылған курсқа 25 тыңдаушы қатынасты. Курс нәтижесінде мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері негізгі әдістерді және баға сапасының бірізділігін, квалиметрия негізінде бағаланатын сапа көрсеткіштерінің тәсілдерін анықтауды үйренді.

62


 Оқыту технологиялары 

SMART-ОБУЧЕНИЕ ДОЛЖНО НАЧИНАТЬСЯ С СОЗДАНИЯ КОНТЕНТА Утемисова Гулнара Шамратовна старший преподаватель ИПК ПР по Атырауской области

Быстрое развитие высокоскоростного Интернета и Smart-телефонов привело Южную Корею к электронному обучению. Корейцы поняли, что студенты (слушатели) любую информацию могут найти с помощью Smartтелефона, обработать ее и получить результат. Хотя они признают и минусы: люди устают и страдают от избытка информации. При этом в образовании, по мнению корейцев, должны произойти изменения:  С развитием технологий прогнозируется, что роль человеческих способностей уходит на второй план.  Если мы раньше запоминали знание, то сейчас надо научиться сосредотачиваться на чем-то.  Если раньше роль преподавателя состояла в передаче знаний, то сейчас преподаватель должен «сделать» встречу обучающегося с информацией через Smart-обучение.  Человек рассматривается с глобальной точки зрения.  Передача знаний и информации через Smart-обучение. Что подразумевается под Smart-обучением? Smart-обучение - это обучение через Smartтехнологии или, как говорят корейцы, «Smartdevice-learning». В Южной Корее Smartобучение определяют как обучение, которое дополняет или улучшает способности и навыки студентов и подразумевает образовательную среду, методы обучения и оценивания. Smartобучение это не просто применение технологий, но и включает 5 составляющих:  Слушатель должен иметь свое желание учиться  Должен быть интерес, мотивация

 Процесс адаптации  Богатые ресурсы (ЦОРы)  Применение технологий В связи с этим образовательные органы Южной Кореи наладили связь со сферой бизнеса для разработки электронных книг, внесли коррективы в систему повышения квалификации преподавателей, улучшили модели Smart-оборудований и вели работу по следующей системе:  Разработать систему, где люди могут делится информацией.  Провести исследования по Smartоборудованиям: как можно систематизировать и улучшить качество Smart-оборудований.  Контроль со стороны государства за сайтами с контентами различного качества.  Разработка стандартов качества контентов, т.к. существует много контентов с низким качеством содержания. Преподавателей, использующих онлайн режим, обучают использованию системы разработки контента. Отслеживается качество передаваемого контента и эффективность его использования. Особое внимание в Южной Корее уделяют следующим принципам и этапам разработки ЦОРов: -разработка контента (лекций) -контент оценивается и рецензируется. -разрабатывается система предоставления контента -апробация системы -внесение корректив -внедрение Виды контентов в Корее:  Видео-контенты. Контенты, которые содержат видео материал. Это основной вид контентов. 63


 Котенты на опыте. Контент, посредством которого студенты (обучающиеся) могут представить свой какой-то опыт (например опыт с лягушкой для урока биологии).  Электронные книги (е-книги). Контент, который основан на книгах. Это тексты, рисунки.  Ресурсы. Представляют любые словари, вопросы, которые можно решить самим студентам. (Например, карта с республикой, территорией и т.д.).  Инструменты. Внутри контента есть совокупность инструментов, которые помогут решить студенту любую задачу. Сюда он может занести какую-то свою информацию (местонахождение на карте, добавить фото, голосовой вопрос, записать дневник, поделиться впечатлениями)  Программы. Это может быть как записная книжка или какое-то свое расписание. При разработке контента важнейшим этапом является подготовка преподавателем лекционного материала. Прежде всего к лекции нужно очень тщательно подготовиться. Как лекцию воспримут слушатели зависит от методики изложения. Говорить надо четко, уверенно и уметь пользоваться методикой изменения тембра голоса. Еще следует делать маленькие отступления с примерами из жизни. Нужно, конечно, ориентироваться и на уровень слушателя и подбирать материал в соответствии с ним. Иначе можно потерять внимание аудитории. Если материал слишком сложный, слушатели могут переключить внимание на что-то более интересное для них. Либо если материал слишком простой, слушатель начинает скучать. У преподавателей могут возникать трудности по разработке электронных уроков. Поэтому необходимо создать центры по разработке электронного контента с соотвествующим оборудованием и персоналом. Необходимо подготовить преподавателей к урокам с использованием системы электроного обучения и научить их постоянно обновлять материал с учетом мирового развития информационого общества. При создании контента для электронного обучения можно использовать следующие виды съемки видеоуроков (из опыта Республики Корея): съемки лекции преподавателя с участием большого количества слушателей в лекционном зале со встроенными несколькими камерами; студийная съемка лекции преподавателя; съемки лекции преподавателя с участием небольшого количества слушателей с организацией дискуссий или групповой работы. В

64

зависимости от того, что важно для аудитории соответственно и выбирается план. В приоритете могут быть доски, а может быть и лектор. Крупный и общий план выбирается в зависимости от того, насколько активно перемещается лектор во время съёмок. Например, при съемке лекции по математике важны только доски, с которыми работает лектор и его жесты. При съемке лекций по гуманитарным дисциплинам снимается крупный план лектора, перемежаемый кадрами из компьютерной графики и презентаций. Видеозапись лекции можно скомпоновать с дополнительными материалами. Например с презентацией, которую можно пролистать параллельно просмотру видео, аннотацией и ссылками. Такая информация повышает образовательную ценность контента. Если контент не содержит полезной и интересной информации, то даже при красивом дизайне, внимание слушателей надолго не задержится. Поэтому при подготовке контента необходимо помнить о том, что информация должна быть ценной, содержательной, кратко и лаконично изложенной. Особое внимание должно быть уделено оформлению текста, чтобы пользователь смог сразу понять его основную мысль. Лучше всего воспринимается визуальная информация, поэтому фотографии, видео, графики, диаграммы улучшат текстовый материал и помогут быстрее понять лекцию. В контенте следует использовать оптимизированные изображения. Но они также должны быть тематическими и касаться контекста материала. Не приветствуются контенты, рассчитанные на большое количество времени. Контент для Smart– обучения конечно важен, Smart-обучение должно начинаться с создания контента. Но, как отмечают южнокорейские профессора, контент- лишь средство донесения информации до слушателя. В электронном обучении важны действия, анализ и обратная связь. Суть во времени и в пространстве. Важно расширить сеть, чтобы одновременно могли обучаться много людей напрямую (видя друг друга). Ведь основная идея Smart–обучения: подготовить человека к жизни и работе в условиях общества, где главным компонентом его существования и развития являются знания. Еще одно свойство Smart -образования состоит в том, что оно становится непрерывным. Литература: 1.«SMART». https://ru.wikipedia.org/wiki/SMART; 2.Борис Славин:«Корейские рецепты образования» ttp://www.iemag.ru/analitics/detail.php?ID=32020


ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІ САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ Садихова Р.А. Атырау «Болашақ» көпсалалы колледж әдіскері

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше. Онда: «Ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр»,-деп атап көрсеткен. Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесудің мәні өте зор болып отыр. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты – білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың педагогикалық кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес. ХХ ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, ақпараттық теңсіздікті жою жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі де атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Компьютерлік техниканы, Интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және интерактивтік технология құралдарын, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру қажет. Қазіргі заман болашақ мамандарынан тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, психологиялық-педагогикалық, технологиялық тұрғыдан сауатты және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық сауаттылығы, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан маман болуы талап

етілуде. Жоғарыда аталған жайларды меңгерген маман оқушылардан осы білімдерді талап ете алады. Қазіргі заман талабы–оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі–ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Білім беру реформасы–Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі–тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пәндер енгізу қажеттігін баса айтты. Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Үшінші мыңжылдық кезінде қоғамның даму көрсеткіші ретінде ақпараттық қоғамға 65


өту ісі алынады да, ал оның ең анықтаушы ролін ақпарат түсінігі атқарады. Ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тарату тәсілдері мен құралдары динамикалық түрде өзгеріске ұшырап, солар арқылы қоғамның инфрақұрылымы қалыптаса бастады. Колледж оқытушылары үшін ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігі: - оқушының өз бетімен жұмысына; - уақытын үнемдеуге; - білім–білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеруде; - қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; - қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; - экономикалық тиімділігі; - іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде (би өнері, қол еңбегі, дене шынықтыру сабақтары т.с.с.); - қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезінуге мүмкіндік береді; - оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. Оқытушы сабағында ақпараттық технологияның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық технологияны пайдалану іс-тәжірибесі тиімді әдіс деп ойлаймын. Атырау «Болашақ» көпсалалы колледжінде оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін барынша жағдай жасалған. Колледжде жаңа заманға сай жабдықталған 1 информатика кабинеті бар. Онда колледж оқушылары мен оқытушыларының, өндірістік оқу шеберлерінің ақпараттық оқу құралдарын пайдалануға және әлемдік ақпарат жүйесіне еркін еніп, өз білімдерін тұрақты жетілдіруге жағдай жасалған. Колледжде сонымен қатар 1кабинет интерактивті тақтамен жабдықталса. Колледжде болашақ мамандарға 28 оқытушы мен өндірістік оқу шеберлері сапалы білім мен саналы тәрбие беріп келеді. Оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлерінің көпшілігі дербес компьютерді және интерактивті тақтаны жетік меңгерген, арнайы білім курстарының сертификаттарына ие болған. Арнаулы пән оқытушылары бұл құралдардың барлығын сабақтарында еркін пайдаланады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай

66

талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Электрондық оқу құралы–бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық проектілерге нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын электрондық оқу құралы. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар мен тарау бойынша тест жұмыстарын орындап, анимациялық практика тапсырмаларымен жұмыс жасауға дағдыланады. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп есептеймін. Жаңа ақпараттық технологияларды кәсіптік білім беруде пайдаланудың тағы бір ерекшелігі –бітіруші түлектердің біліктілігін растау емтиханын ұйымдастыру және өткізу. Дербес компьютерлерге арнайы тест бағдарламалары енгізіліп, бітіруші түлектер бітіру емтиханының тест сұрақтарына өз бетінше дайындалу мүмкіндігіне ие болды. Соңғы екі оқу жылында колледждің бітіруші түлектері тәуелсіз білімді бағалау тестіне қатысып, орташа көрсеткіш 90 пайызға жетті. Әрине, бұл да ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың жемісі. Білім–болашақ бағдары, кез-келген маман даярлайтын оқу орынның басты міндеттерінің бірі–жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Құзіреттілікті оқушының пән бойынша игерген білім, білігінің жинағы деп қабылдауға келмейді. Ол–оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.


Пән оқытушылары білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында колледждің оқу–тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге ақпараттық– коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет. Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны немесе басқа да жаңашыл құрылғыларды еркін пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Техникалық және кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын: -техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен, тренажерлармен қамтамасыз ету; -кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру.

Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, информатика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. «Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны оқу–тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.“Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 ж. 2.“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2004 ж. 3.«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2014ж. 4.«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттырумемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2008 ж. 5.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

67


 Кәсіптік бағдар беру  АТЫРАУ КӨПСАЛАЛЫ «БОЛАШАҚ» КОЛЛЕДЖІНДЕГІ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРДЫҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ АРҚЫЛЫ КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖЕТІЛДІРУ Кукембаев Ж.Т. Атырау көпсалалы «Болашақ» колледжінің директоры

Бисенова Ш.С. Атырау «Болашақ» көпсалалы колледж директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев студент жастармен кездесуінде «Сіздермен кездесіп, ой бөлісетін дәстүрлі дәріс мен үшін үлкен қуаныш! Жаңа оқу жылы құтты болсын, берекелі, табысы мен жеңісі мол жыл болсын! Ықылым замандардан қалған «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы сөз бар. Қазақтың бұл мақалының өзектілігі бүгінгі таңда тіптен айрықша. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сол білімді әжетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімен бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-қайрат пен ерікжігерді талап ететін білімсіз–өмір тұл. Терең білім–тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой– азаттығымыздың алдаспаны» деп айтқан. Қоғамның әлеуметтік және ғылымитехникалық прогресі қарқынды дамып отырған заманда адамның интеллектуалдық еңбек үлесі өсіп, білім деңгейіне және әрбір жеке тұлғаның шығармашылық даралығының дамуы мен кәсіби бағыттылығына қойылатын талаптар арта түсуде. Кәсіби бағдар беру–шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Өзінің әдістемесі және мазмұны жағынан оның психологиялық, педагогикалық, физиологиялық және әрекеттік аумағы жағынан әлеуметтік сипаты болады. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. Осымен қатар кәсіби бағдар беру қоғамның жұмыс күшін қайта өндірудің маңызды құралы болып табылады. Білім беру бағытындағы кәсіби бағыт беру саласы күрделі де алуан түрлі. Кәсіби бағдар беру ісін жүргізу кадрлар даярлауды жоспарлаумен, білім беру жүйесін одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Мектепте кәсіби бағдар беру оқу-тәрбие үрдісінің құрамды бөлігі ретінде қаралады. Кәсіби бағдар беру проблемасы әдістері жөнінен-педагогикалық, мазмұны жөнінен68

әлеуметтік, қорытындысы жөніненэкономикалық, масштабы (көлемі) жөніненмемлекеттік болып табылады. ҚР «Білім туралы» заңына және Заңнамалық актілерге сәйкес тәрбие жұмысының ортасына әрбір адам қоғам пайдасына адал қызмет етуге, терең түсінуге және дайындықты ой немесе дене еңбегін қалыптастыруды алға қояды. Демек, еңбек тәрбиесі адам дамуында шешуші рөл атқарады. Еңбек–қоғамның материалдық немесе рухани байлығының негізгі қайнар көзі, адамның әлеуметтік абыройының басты шарты, оның асыл міндеті, тұлға тәрбиесінің ірге тасы. Білім беру жүйесі бұдан әрі де адал, жоғары өнімділік еңбектің абыройын асқақтатуға, жұмыстағы шығармашылық пен ой бөлісуді дамытуға, еңбекке деген жағымды қатынастардың бастамаларын нығайтуға басымдық береді. Аталған мәселенің өмірге тәжірибелік тұрғыдан енуі жастармен жүргізілетін кәсіби бағдар беретін жұмыста сапалы түрде алға жылжуды қажет етеді. Соңғы кездерде кәсіби бағдар беру жұмыстары қажетті теориялық және тәжірибе деңгейде жүргізілмейді және де еңбектің ісәрекет саласына аяқ басқан жастарға заманауи қоғам қоятын міндеттерге жауап бере алмайды. Атап айтар болсақ, осы кезге дейін орта мектепті бітіретін ұлдар мен қыздардың көпшілігінің таңдаған мамандықтары олардың мүмкіндіктері мен ынтасына сәйкес келмейді, олар еңбектің заманауи түрлері туралы толық түсіне бермейді. Мектеп бітірушілерінің өзіндік өмірлік жоспарлары, олардың кәсіби идеалдары өте сирек халық шаруашылығына қажетті кадрларға қарама-қайшы келеді. Соның нәтижесінде жұмыс күшінің бөлінуінде үйлеспеушіліктер туады, мемлекеттің еңбек ресурстарын басқару қиындайды. Атырау көпсалалы «Болашақ» колледжі жыл сайын мектеп оқушыларын мамандыққа баулу, колледжге талапкерлерді тарту мақсатында


кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, Атырау облысы және аудан мектептерінің дарынды оқушыларын Халықаралық және Республикалық олимпиадалар мен сайыстарға дайындау мақсатында кеңес беру сабақтарын жүргізіп, оқушылардың ғылыми жобаларына жетекшілік жасайды. Осындай кәсіпке баулу жұмыстарының нәтижесінде 2015 жылы 15 желтоқсан күні «Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік кабинеті» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының тапсырмасы бойынша, және де Атырау көпсалалы «Болашақ» колледжі директоры Ж.Т. Кукембаевтың басшылығымен «Үш тұғырлы тіл білу-заман талабы»тақырыбында колледждер арасында байқау өтті. Байқауға Атырау облысы бойынша барлық колледждер түгел қатысып жүлделі орындарға ие болды.

ұрпаққа үлгі етіп, әңгімесін баяндады. Бұл соғысты бір 10-15 жылдан кейін тарихта қалғанымен осындай кездесу ұйымдастыру өте қиын, сондықтан осындай ардагерлер бар кезде осындай кездесулер көптеп жасап болашақта осы отырған студент жастар осындай ардагермен кездесіп едік деген, ҰОС-да жүріп өткен жолымен танысып көріп едік,- деп өз ұрпақтарына айта жүрсін деген және де ұйымдастырылған шарамыз студент жастардың саналарында мәңгілік қалады деген мақсатта ұйымдастырылды. Ардагерлерімізге колледж директоры атынан грамота және естеліктер ұсынылды.

2016 жылы 5 мамырда «Атырау облысы білім беру басқармасының» тапсырмасы бойынша колледжде соғыс, тыл, еңбек ардагерлемен кездесу ұйымдастырылды. Жастар тәрбиесінің ең бір тиімді жолы-аға ұрпақ өкілдерінің оқушы-студент жастармен кездесу ұйымдастырылып, колледжімізде «Еңсесі биік–Ұлы Жеңіс!» тақырыбында үлкен шара өтті. Шараға ҰОС ардагері–Қуанышев Бағыт, ҚР Қарулы күшінің ардагері, подполковник–Турдакулов Бақытжан қатысты. Бағыт ата өз ерліктері туралы өсіп келе жатқан

Өтілген шара газет бетіне арнайы тілшілердің көмегімен “Атырау” газетінде жарияланды. 2016 жылдың 23 мамырында «Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік кабинеті» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының тапсырмасы бойынша «Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінде» өткен облыстық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Білім беру» бейіні бойынша білім алатын бітіруші студенттер арасында 69


«Үздік кәсін иесі» байқауында біздің колледж тарапынан қатысқан үш студентіміз де жүлделі орындарға ие болды. Біреуі бас жүлдеге, екіншісі 2-ші орынға және де үшіншісі Алғыс хатпен марапатталды. Жетекшілік еткен оқытушылары да қалыс қалмай Алғыс хаттар мен естеліктерге ие болды.

Міне, өскелең ұрпақты осындай қарқынмен көптеген шараларға белсене араластырып отырса, болашақта жастарымыз мамандық таңдауда және де сол жастардан өз маманының үздік кәсіп иесі шығатынына сеніміміз мол.

ЗАМАНАУИ КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ Байдаулетова Гүлзухра Михайлқызы Энергетика және құрылыс колледж әдіскері, ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері

Рахышева Анита Жолдасқызы Энергетика және құрылыс колледж директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

«Біз бұған дейін қабылданған бағдарламаларға сәйкес, білім беру және денсаулық сақтау салаларын жаңғыртуды жалғастыруымыз керек. Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба «Баршаға арналған тегін кәсіптік- техникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын» Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» Бүгінгі күні елімізде кәсіптік –техникалық білім беру жүйесін жаңғыртуға, яғни ел экономикасының индустриалды-инновациялық қарқынды дамуын қамтамасыз ететін жоғары білікті жұмысшы мамандар мен орта буын

70

кадрлардың қажеттілігіне және олардың біліктілік сапасына үлкен мән берілуде. Шетелдік кәсіптік білім беру тәжірибесін зерделей отырып, осы орайда Отандық


техникалық және кәсіптік білім беру моделін қалыптастыру басты міндет болып отыр. «Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз.Біздің азаматтарымыз ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасауға дайын болуы тиіс»- деп атап көрсетсе, қоғамның қажеттілігі мен сұранысына сай іскер, белсенді, білімді, өздігінен жұмыс жүргізуге қабілетті, құзіретті маман тұлғасын қалыптастыруда материалдық-техникалық базасы заман талабына сай, оқыту үдерісін инновациялық бағытта жүйелі жүргізетін кәсіптік білім беру мекемелері шешуші рөл атқаратыны сөзсіз. Елімізде кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жағдайындағы жүргізіліп отырған инновациялық эксперименттік жұмыстардың жүзеге асуына Атырау энергетика және құрылыс колледжінің ұжымыда өз үлесін қосып отыр. Колледжді бітірген білікті түлектер облыс экономикасын көтеруге электрмен қамтамасыз ету, пісіру ісі, электрондық есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру, ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану салалары бойынша қызмет етіп ат салысуда. Бүгінгі күні колледждің заман талабына сай жабдықталған 22 оқу кабинеті, 5 компьютерлік сыныбы мен 8 мультимедиялық құрылғысы, 13 цехы бар өндірістік шеберханасы, оқу полигоны, спорт залы, акт залы және 20000 кітап қоры бар кітапханасы жастардың сапалы білім алуына толық мүмкіндік беріп отыр. Кәсіптік білім мазмұнын жаңғырту жағдайындағы дуальды оқыту жүйесі- теория мен тәжірибені ұштастырып оқытудың, яғни кәсіби дағдысы жоғары, білікті, құзіретті маман даярлаудың тиімді жолы ретінде, Отандық кооперативтік кәсіптік білім беру негізіне алынып, елімізде осы бағыттағы эксперименттік жұмыстар басталды. Осы орайда колледж әкімшілігі дуальды оқыту жүйесіне көшудің элементтері мен алғы шарттарын ескере отырып, мамандықтар бойынша 28 өндірістік мекемелермен: «Атырау Жарық», «Атырау жылу орталығы», «АтырауНефтеМаш», «АтырауПолимерСтрой», «Альянс СК», «Альянс Би-Коммерц», «АМӨЗ», «Юг-Сантехмонтаж», «Асем-Үміт» т.б. әлеуметтік серіктестік келісімшарт жасап, білім

алушылардың өндірістік тәжірибесін жүйелі ұйымдастыруға жағдай жасап отырғанын атап айтқан жөн. Соңғы жылдары колледждің инновациялық ғылыми-әдістемелік қызмет аясын дамыту мақсатында басқа кәсіптік білім беру мекемелерімен аймақтық және халықаралық байланысты жетілдіруге ерекше мән беріліп, жүйелі жұмыстар жүргізілді. Атап айтса, Орал қаласындағы «Политехникалық колледж», Ресей федерациясының Астрахань қаласындағы инженерлік-құрылыс институтының «Құрылыс және экономика» колледжі, Ставрополь аймағындағы Буденновск қаласының «Аймақтық политехникалық» колледжімен бірлескен әлеуметтік келісімшарттар жасақталып, тәжірибе алмасу бағытында ісшаралар қамтылды. Келісімшарт аясында колледж оқытушылары мен студенттері аталған оқу орындарында ұйымдастырылған халықаралық деңгейдегі форум, байқауларға қатысып кәсіби шеберліктерін шыңдап және істәжірибелерімен бөлісті. Сондай ісшаралардың бірі 2015 жылы 14-15 мамыр күндері Орал қаласында өткен электргаз дәнекерлеуші мамандығы бойынша «Кәсіби маман-2015» атты халықаралық кәсіби шеберлік байқауы. Оған колледждің өндірістік оқыту шебері Н.Е.Мусалимовтың жетекшілігімен 3-курс студенті А.Нигметов қатысып Алғыс хатпен марапатталды. 2015 жылы 27-29 қазан күндері Астрахань қаласында инженерлік-құрылыс институтының «Құрылыс және экономика» колледжінің базасында өткен «Құрылыс кешенін дамытудың перспективалары» тақырыбындағы IX халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырылған «Үздік сылақшы» конкурсында 3-курс студенті Балмаганбетов Ерболат жүлделі 2-орынды иеленіп, жетекшісі өндірістік оқыту шебері Г.А.Тасымова Алғыс хатпен марапатталды. 2016 жылы 19-20 мамыр күндері облыстық «Жастарды қолдау» орталығының ұйымдастыруымен кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында жұмысшы мамандығы бойынша халықаралық «World Skills Kazakhstan» байқауының облыстық біріншілігі өтті. Бұл байқауда өндірістік оқыту шеберлері: Т.Қайыр, Г.Тасымова, Н.Мусалимов, Р.Кулиннің оқытқан студенттері өз мамандықтары бойынша жүлделі I-II-III- орындарды жеңіп алып, жоғары кәсіби дағдыларын көрсетті.

71


2016 жылы 18 сәуір күні колледж базасында Астрахань қаласындағы инженерлік-құрылыс институты өкілдерінің және облыстық әдістемелік кабинеттің кәсіптік бөлім басшысы Ж.Қапсиықтың қатысуымен «Кәсіби бағдар беру және түлектердің білімін жалғастыру мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара аясында колледж түлектерінің Астрахань қаласындағы инженерлік-құрылыс институтында білімін жалғастыру мүмкіндіктері туралы мәселе көтеріліп, колледж басшысы Н.Қ.Темірташев өз сөзінде оқуға түсетін түлектер үшін жоғары оқу орнының төлемақысына 30-40% жеңілдік енгізу туралы ұсыныс берді, сол сияқты типтік оқу бағдарламаларын сәйкестендіру туралы айтылып, осы бағыттағы жұмыстар нақтыланды. Кәсіптік білім мазмұнын жаңғырту жағдайында колледжде жүйелі жүргізіліп отырған инновациялық оқу-әдістемелік қызмет педагогикалық ұжымның шығармашылық әлеуетін жетілдіруде, білім сапасын арттырып, болашақ маманның кәсіби дағдысын көтеруге оң ықпалын тигізетіні сөзсіз, соның дәлелі ретінде биылғы оқу жылында Облыстық білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің жоспарына сай өткізілген байқауларда колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің педагогикалық кәсіби шеберліктерін көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөліскендерін және қол жеткізген нәтижелерін атап айтуға болады: «Үздік педагог-2016» байқауына қатысқан арнайы пән оқытушысы М.Н. Хайруллина шығармашылық ізденісімен көзге түсіп жүлделі II орынды жеңіп алса, «Үздік куратор-2016» байқауында мазмұнды тәрбиелік іс-шараларын көрсете білген қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы М.С.Разиева жүлделі II орынды, «Үздік өндірістік оқыту шебері-2016» байқауында өндірістік оқыту шебері А.О.Садыков II орынды, Ф.Оңғарсынова

72

шығармашылығына арналған «Тұнық жырдың тұмары» атты облыстық эссе байқауында өз ойын көркем жеткізе білген қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.Р.Ажмагенова II орынмен марапатталды. «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған «Заман талабы:білім берудегі инновациялар және тәжірибелер» атты облыстық педагогикалық оқуларына қатысқан арнайы пән оқытушысы М.Н.Хайруллина жүлделі II орынға ие болды. Елбасы өзінің 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім; Реформалар; Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге техникалық кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту қажет. Техникалық және кәсіби білім беру инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарының бірі болуы тиіс»- деп атап көрсеткендей Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы өрге жүзіп–Мәңгілік елге айналсын десек құзіретті ұлттық мамандар даярлаудағы кәсіптік білім беру мекемесінің педагогикалық ұжымының әлеуетін ғылымиинновациялық бағытта жетілдіруді оқуәдістемелік қызметтің басты бағыты ретінде қарастыруымыз қажет. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім; Реформалар; Даму» атты Қазақстан халқына Жолдауы 30.11.2015 ж. 2.Н.Ә.Назарбаев. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауы 17.01.2014 ж. 3.«Қ.Р. білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 2010 ж 4.«Техникалық және кәсіптік білім» Республикалық ақпараттық-әдістемелік журнал 2014-2015ж.ж.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.