Хабаршы №2 2016

Page 1



«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ХАБАРШЫ ВЕСТН И К Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы Журнал 2013 жылдан бастап екі айда бір рет шығады

БАС РЕДАКТОР Галимжанова Маржан Анесқызы«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Корректор – Қаленова Гульзахира Сапарғалиқызы Көркемдеуші және беттеуші– Сембаев Гибатолла Серікұлы, Баймұханов Алмас Сансызбайұлы

Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген. БІЗДІҢ МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ: 060009-Атырау қаласы, Авангард-4 ықшам ауданы, Адмирал Лев Владимирский,24 тел.: 8(7122) 20-08-34 факс: 8(7122) 58-63-45 Эл.пошта: orleu_baspa@mail.ru

АҚЫЛДАСТАР КЕҢЕСІ Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы төрайымының бірінші орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Өмірбекова Жайлы Бөкешқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі. Жаманбаева Динара Таңбайқызы – экология магистрі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Құрметті мүшесі. Қарамурзин Айтбай Қонысұлы – академиялық доцент, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі.

Басуға 2016 жылы 27 сәуірде қол қойылды.

Мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.

Таралымы – 50 дана Пішіні – А4 Әріп түрі Times New Roman Қағазы офесттік. Шартты баспа табақ – 6,2 Бағасы келісімді. Мақала үш тілде қабылданады.

Тапсырыс дайын диапозитивтерден басылады. Қолжазба қайтарылмайды, мақалаларға пікір жазылмайды. Журнал материалдары институттың қоғамдықбұқаралық байланыс және баспа қызметі бөлімінде теріліп, беттелді.


МАЗМҰНЫ

 Мемлекеттің үштұғырлы тіл саясаты Сарсенова Н.С. Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектеп жасына дейінгі балалардың үш тілде сөйлеуін дамытудың алғы шарттары Қошқарбаева С.С. Үш тілді білім беруді дамыту- заман талабы, елдігіміздің белгісі Сәбитова А.С. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға ағылшын тілін үйретуде заманауи технологияны қолдану Каримова З.Н., Какпанбаева Н.М. Лексическая и грамматическая интерференция при переводе с английского языка на русский

4 7

8 11

 Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас  Ибраимова Г.А. Мониторинг эффективности внедрения учителями в учебный процесс программ по обновлению содержания среднего образования Республики Казахстан Сарсекенова А.Б. Жаңартылған білім беру бағдарламасы Исағалиева А.Ш. Білім беруді жаңғырту – бүгінгі заманның талабы

14 16 19

 Педагогтік ізденіс  Сейданова Д.А. Профессиональная мобильность как условие социального функционирования современного специалиста Айнагулова Г.Е. Совершенствование творческих способностей у учащихся через не традиционные виды задания Базарғалиев Ғ.Б., Муханова А.Т. Профессор Серғазы Қалиевтің педагогикалық мұрасы Байхадамова Б.Е. Дарынды тұлғаны қалыптастырудағы педагогикалық және психологиялық мотивацияның қажеттілігі

24 26 29

31

 Әдістемелік қоржынға  Нұрмұханова Б.С. Оқытудағы басқару және көшбасшылық - тиімді оқытудың құралы Имашева А.С. Сыныпты ұйымдастыруда оқыту мен оқудағы диалогтың маңызы Сейтенова А.Ж. Ертегілерді оқыту арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу Суйеугалиева Б.М. Сабақ үстіндегі өзіндік жұмыс түрлері Меңдіғалиева Г. Жаңа тәсілдер- сапалы және табысты оқыту негізі Самалихова Г.К. Ұлттық тәрбие – ел болашағы

34 37 39 42 44 49

 Мектепке дейінгі білім беру  Нұрханова Г.С. Мектепке дейінгі мекемеде бейнелеу өнері оқу іс – әрекетінде дәстүрден тыс құрылыс материалының қалдығы еденге төселетін төсеніш (фольга) жұмыс жасау әдісінің қолданудың тиімділігі

2

51


Жанғали С.Ж. Балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарын басқару және бақылау

53

 Кітапхана-рухани қазына Молдағалиева Г.Ж. Мектептегі көшпелі кітапхана жұмысы Қуанышова З.С. Жасөспірімдердің оқу мәдениетін қалыптастыру

59 62

 Озат тәжірибе көпке ортақ  Габдуллина Ә.Х., Ажмагинова А.Р. Кәсіптік қазақ тілі сабағында тиімді әдістерді пайдалану Мұхамбеталиева А.Қ. Педагогикалық көшбасшылыққа негізделген оқыту әдістері Кадашаева С.С. Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамыту Ахметова Н.Ш. Баланың алғашқы мектеп өміріне бейімделу жолдары

67 70 73 75

 Инклюзивті білім беру  Ахметова Г.А. Денсаулығында кінараты бар балалардың танымдық қабілетін дамыту бағытындағы психологиялық жұмыстар Умбетова Г.Т. Денсаулығында кінәраты бар балалармен жүргізілетін психологиялық түзете-дамыту (коррекциялық) жұмыстары

80 82

 Ғылыми зерттеулер  Токабасова А.К., Аталихова Г.Б., Тапешова Ш.Ж., Мендигалиева А., Аманжолов А.А. Жабық мекемелерде ауа микрофлорасын зерттеу Беккалиева Ж.У. Колледждегі білім мазмұнының сабақтастығын қалыптастыруда инновациялық үрдістерді қолдану тиімділігі Далеуова А.А. Биология сабақтарында жаңа технологияның тиімді әдістәсілдері Ельжанова Г.Х. Математика ақыл – ойдың гимнастикасы

84 86 90 93

 Оқыту технологиялары  Балапанова Ж.Т. Біліктілікті арттыруда смарт технологияларды пайдалану Наурызбаева Г.Т. Инновациялық педагогикалық технологияларын қолдану арқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары Дербисинова В.К. Использование информационно-коммуникационных технологий на уроке экономических дисциплин Макарова Н.М. Білім берудің инновациялық стратегиясы – мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлғаның тұрақты даму факторы

96 99 101 103

3


 Мемлекеттің үштұғырлы тіл саясаты ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҮШ ТІЛДЕ СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Қазақстан Республикасының Президенті– Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру саласының стратегиясы мен саясаты айқындалды. «2011–2020 жылдарға арналған ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы» тілдерді дамыту мен қолданудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар өткізуді қарастырады. Тілдерді дамыту–еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Үштұғырлы тіл жәй ғана әдемі тұжырымдама немесе тілдік саясаттың жаңа формасы ретінде пайда болған жоқ, ол–өмірлік қажеттіліктен туындаған игілікті идея. Білім беруді жаңғырту үдерісінің мектеп жасына дейінгі кезеңнен бастау алуының маңыздылығы тұлғаның ерте жастан дамытылуында. Қазақстандағы көптілді білім беру моделі, әр білім алушының мектеп жасына дейінгі кезеңінен бастап, ел дамуының игілігі үшін бойындағы тұлғалық қабілеттерін ашуға үш тілді -қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қарқынды түрде меңгеруге бағытталған. Тілді қазіргі замандағы диалогтың құралы ретінде қолданатын тұлғаны қалыптастыру білім беру үдерісінің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Қазіргі заманғы еңбек нарығы маманнан саяси-әлеуметтік,көп мәдениетті, қарым-қатынас, ақпараттық құзыреттіліктерін меңгеруді талап етеді. Көптілді құзыреттілігі жеке тұлғаға өзін мәдени-әлеуметтік және кәсіби салаларда шыңдауға ықпал етеді, өркениетті диалог

4

негізінде адами және жұмысқа байланысты қатынас жасауға мүмкіндік береді. Көптілді құзыреттілікті отандық және шетелдік ғалымдар, көп этникалық қоғамда жеке адамға жеңіл бейімделіп өзін шыңдауға мүмкіндік беретін құзыреттілік ретінде қарастырады. Қазіргі таңда ең алдымен мектепке дейінгі ұйымдардың деңгейінде көптілді білім беру мазмұнын бір жүйеге келтіру қажет. Бұл тілдік дайындықтың нормативтік базалық деңгейін бастауыш, орта, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру деңгейінде көптілді құзыретті қалыптастыруды сабақтас жалғастыру үшін қамтамасыз етуі қажет. Мектеп жасына дейінгі кезең тілдерді үйренуге ең қолайлы кезең екендігін, бала зейін қоюға, логикалық ойлауға қабілетті екендігін, балада жетерліктей ес көлемі бар екендігін есепке ала отырып,үш тілде оқытуды мектепке дейінгі ерте жастан бастау қажеттілігі туындайды. Бұл тілдерді ары қарай үйрену сөздердің лексикалық қорын құруға мүмкіндік береді. «Үштұғырлы тілдердің» өзектілігі практикалық маңыздылығымен де ерекшеленеді. Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдерін мектепте оқыған кезде де қолдана алады. Мектепке алғашқы барған кезде балалардың ең бастысы екінші тілді ары қарай үйренуге қызығушылықтары қалыптасып, белгілі білім көлемі жинақталуы тиіс, бұл балаларға бастауыш мектепте тілдердің үштұғырлығы бағдарламасын жеңіл меңгеруге мүмкіндік береді. Мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің басымдылығымен негізделген. Ана тілін білуҚазақстанның мектеп жасына дейінгі ерте


жастан бастап әрбір азаматының міндеті мен борышы, өзінің бәсекеге қабілетті бола білуін және қоғамдық өмірге араласуын айқындайтын бағдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық дамуына негізделетін тілдердің үштұғырлығын (қазақ, орыс, ағылшын) оқытудың өз ерекшеліктері бар. Психологтардың пайымдауы бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы, есте сақтауы, зейіні еріксіз болады. Балалар өз қабылдау үдерісін басқара алмайды, кез-келген затты өздігінен талдай алмайды. Балалардың есте сақтауы тек қана фотографиялық сипатта болады, сонымен бірге мектеп жасына дейінгі бала барлық қабылдағанын кейін қолдануды ойланбайды. Бала зейінінің ерекшелігі-назарын сырттағы көзге түсер заттарға аудара алатындығында. Заттарға назар аударып, қабылдау үдерісінде, яғни заттарға қызығушылық сақталып отырғанға дейін зейіні жинақталып тұрады. Сөйлеу дағдыларының негізі мектеп жасына дейінгі балаларда әлі де қалана қоймайды, өйткені бұл мидың оң жақ жарты шеңберінің сол жақ жарты шеңберіне қарағанда артығырақ дамығанына байланысты.Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың қиын логикалық тізбектер құруға, бір типті фразаларда сөздерді алмастыра білуге қиындық туғызады, сөйтіп фразаны лексикалық бірліктер ретінде қабылдай алмайтынына әкеліп соғады. Сондықтан, оқыту осы ерекшеліктерді ескере отырып құрылуы керек және бастауыш мектептегі оқытудан айырмашылығы болуы қажет. Мектеп жасына дейінгі бала зейіннің ұзақ концентрациясын сақтай алады, оның мақсатқа бағытталған іс-әрекетті қажет етіп, ол жеткілікті лексикалық қорды, өзінің коммуникативті қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сөйлеу модельдерін меңгереді. Осы жас аралығында адамдардың қарымқатынастарына қызығушылығы дамып, қоршаған ортаның заттарын тану шеңбері кеңейеді. Балалар осы жасында қоршаған ортаның заттары арасындағы кейбір байланыстарды және тәуелділіктерді өздігінен орнатады. Бұл жас аралық сөйлеудің барлық қырлары мен қызметтерінің дамуы үшін сензистивтілігімен сипатталады. Тілдерді меңгеру үшін ең қолайлы кезең 4-5 жас аралық екендігін мамандар атап көрсетуде. Психологтар (Л.С.Выготский,С.Л. Рубинштейн, А.А. Леонтьев,Б.Уайт, Дж. Брунер, В.Пенфильд,Р.Робертс,Т.Элиот) бала төрт жасынан бастап ересек адамға қарағанда шет тілдерін оңай меңгере алатынын пайымдайды.

Осы жаста тілдік материалды есте сақтауы берік болады, фонематикалық естудің жоғары деңгейі белгіленеді. Шет тілді меңгеруде үзіліс болса да, меңгерілген дағдылар ұзақ уақытқа дейін сақталатын болады. Мектепке дейінгі жастағы меңгерілген сөйлеу жылдам қалпына келетіндігімен белгілі. Мектеп жасына дейінгі балалардың басқа тілді меңгеруінің (қазақ,орыс,ағылшын негізгі ана тілге байланысты) өз ерекшеліктері бар, олар осы жас аралығындағы балалардың психофизиологиялық ерекшеліктеріне негізделеді.Психологтардың пайымдауынша, мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың қабылдауы,есте сақтауы мен зейіні еріксіз сипатта болады. Сөздік қорын дамыту бойынша жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі: -белсенді және пассивті сөздік қорын байыту; - сөздікті бекіту мен нақтылау; -сөздікті белсендіру; -әдеби тілден тыс сөздікті жою. Сөздік жұмысының мазмұнын күрделендіру келесі бағытта жүзеге асырылады: -заттар мен құбылыстар тұтастай қабылдаумен бірге сөздікті меңгеру; -заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, бөлшектерін, олардың қатынастарын білдіретін сөздерді түсіну арқылы сөз қорын жетілдіру. Бұл үдеріс қабылдауға, талдау мен салыстыру сияқты ойлау операцияларына қабілеттілікті қажет етеді; -қарапайым түсініктерді білдіретін сөздерді лексикаға кіргізу. Заттар мен құбылыстарды маңызды белгілері бойынша жалпылау іскерлігін қалыптастыру. -адамдардың еңбегі және кейбір еңбек әрекеттерін орындау үшін қолданатын құралдар туралы білімдерін кеңейту; -табиғат (табиғи құбылыстар мен маусымдық өзгерістер туралы білім) туралы білім қоры. Балалардың сөздігін үш тілде дамытуда жекетұрмыстық бағдарға кіретін лексикалық материал ерекше орын алады. Ол-жеке гигиеналық талаптар, жиһаз,тұрмыстық техника туралы білімі т.б. Ортаңғы топтағы (4-5 жас) балалар үш тұғырлы тілдер аясында өз туыстары, олардың есімдері туралы мәлімет алуы, отбасының өмірі, ата-анасының еңбегі туралы білуі тиіс. Сөздікті байыту бойынша жүргізілетін жұмыста әр түрлі заттарды, ойыншықтарды, заттық және сюжеттік суреттерді қолдана білу ерекше орын алады. 4-5 жаста белсенді сөздік қорының мазмұны баланың айналадағы адамдармен сөйлеу қарым-

5


қатынасы үшін қажет сөздерді жинақтауға бағытталған. Тілдердің үштұғырлығын дамыту үдерісінде лексиканың негізгі бөлігіне айрықша мәнді (зат, сын есімдер, етістік, сан есім, одағайлар, есімдіктер) сөздерді кіріктіру керек. Бұл сөздер атаулар ретінде қызмет ететін түсініктерді білдіріп, сөйлемнің негізін (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш рөлінде) құрайды. Балалар сөйлеу кезінде төмендегідей біліктер мен дағдыларды игеруге тиіс: -айналадағы адамдармен қарым-қатынас орнату үшін қажетті түсініктерді білдіретін сөздер мен сөйлемдер; -заттардың және олардың жасалған материалдарының атаулары (ағаштан, қағаздан, пластмассадан); -тірі жандардың және олардың тіршілік орталарының атауларын,кейбір еңбек үдерістерін (жануарлардың қоректенуі, көкөністерді өсіру, кірді жуу, дастарханға ыдыстарды даярлау және т.б.); -заттарды, тірі жандарды, табиғи құбылыс бөліктерін, олардың қасиеттерін және сипаттарын; түстердің реңдерін, дәмдік сапасын, объектілер мен құбылыстардың сапа дәрежесін белгілейтін сөздерді; -түрлерді жалпылауды білдіретін сөздерді меңгеруі. Осы жастағы балалармен жұмыс барысында үш тілде жалпы дамытатын лексикалық ойындар ойнату үшін арнайы уақыт бөлу қажет. Сөйлеудің лексикалық жағы Жиі қолданылатын сөздік қорға бір уақытта 4-5 жаңа сөз кіреді.Енгізілген сөздердің арасында бір-бірімен байланысы бар бірнеше сөздер болуы шарт. Балаларға ана тілінің құрамына кірмейтін сөздерді жаттауға беру дұрыс емес. Балаларға ұсынылатын жаңа лексика баланың санасында жатталып, сіңіп қалуы тиіс. Ортаңғы топта шет тілдеріндегі сөздік қорлары 100-150 лексикалық бірлікті құрайды, оның ішінде 1-ден бастап 5-ке дейін санау, бір-бірімен сөйлесу кезіндегі жалпы қолданатын сөздер, тұрмыстық заттарды және киім-кешекті сипаттайтын сөздер бар. 4-5 жастағы балалардың сөйлеуін дамыту 4-5 жастағы мектеп жасына дейінгі бала өзін қоршаған табиғатқа: жануарларға, өсімдіктерге, ауа-райының құбылыстарына белсенді түрде қызыға бастайды.Бұл жас кезеңінде «Неге?», «Не үшін?», «Қайдан?» деген сұрақтар пайда болады. 5 жастағы балалар үшін табиғат жайлы білу қажет болса, ол қоршаған орта туралы білімнен басталуы қажет. 6

Балалардың танымдық және сөйлеу мүмкіндіктері едәуір өседі. Мектеп жасына дейінгі ортаңғы топтағы балалардың білімге деген құштарлықтары жоғары, әлеуметтік және табиғи болмысты меңгеруде белсенділік танытады. Осы кезеңде балалардың сөздік қоры 2200 сөзге дейін жетеді. Балалардың ересектермен және құрбыларымен қарымқатынас жасау барысында танытатын дербестігі және ынталылығын тәрбиелеу- 4 жастағы балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша негізгі бағыт болып табылады. Балалар байланыстырып сөйлеу дағдыларын меңгереді, сөздік қорлары кеңейеді, сөйлемді грамматикалық тұрғыдан дұрыс құра бастайды. Байланыстырып сөйлеуді дамыту Балалар диалогтік және полилогтік сөйлеу білігін меңгерген жағдайда айналадағы адамдармен қарым-қатынасқа жеңіл түседі. Сұрақ қояды, қойылған сұрақтарға жауап береді, құрбыларының жауаптарын тыңдайды, ортақ сұхбатта ынталылық танытады, әңгімелесушінің сөзіне кедергі келтірмей сөзін тыңдап содан кейін сөйлейді. Әңгімелесу барысында тәрбиешінің көмегіне жүгініп, қойылған сұрақтың мәтініне байланысты түрлі типтегі сөйлемдерді қолданады. Балалар ересектерге және құрбыларына сыпайы сөйлеу мәнерін, ризашылықпен сөйлеуді, ренішін және наразылығын білдіруге үйренеді. Өзінің және құрбыларының сөйлеу барысында жіберген қателерін жөндейді. Монолог құру біліктерін меңгереді: заттарды сипаттап 5-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрайды, өзінің көрген-білгенін айтып әңгімелеп береді, әдеби туындыларды мазмұндайды. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.2007 ж 27.07.№319-11 «Білім туралы» ҚР Заңы (14.01.2013 ж өзгертулерімен және толықтыруларымен) 2.1997 ж. 11.07. №151 «Тіл туралы» ҚР Заңы (30.01.2014 ж өзгертулерімен және толықтыруларымен) 3.«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2012 ж 14.12. 4.ҚР«Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасы». Астана-2010 ж 5.ҚР«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» 6.Президенттің Қазақстан халқына жолдауы. Астана. 28.04.2010 ж 7.«Қазақстан мектебі» журналы. №6. 06. 2011 ж


ҮШ ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ-ЗАМАН ТАЛАБЫ, ЕЛДІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ Қошқарбаева С.С. Атырау облысы Махамбет аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің гуманитарлық пәндер әдіскері

Тіл–елдігіміздің белгісі, ұлтымыздың рухы, мұрасы, мәдениеті. Өткенді өлшеп, келешекке көз жүгіртсек, бүгінгі ұрпақ қазақ тілінде қандай дәрежеде сөйлейді деген сауал туындайды. Бүгінгі баланың бал тілі, ертеңгі ұрпақтың ұлт тілі.Сондықтан мектепте оқушының тілін дамыту қоғамдық маңызы бар мәселе болып табылады. Өз тілінде еркін, таза сөйлеуге үйрету қажырлы еңбек. Тілі бай адам ешқашан мәдениетсіз болмайды. Себебі тіл адамның жалпы мәдениетімен тығыз байланысты. Орынды, сыпайы сөйлей білу осының туындысы. Ал көп тілді білу–бұл ақпаратты техника ғасырының талабы. Ел экономикасының дамуын бір жақты қарастырмай, өз ұлтымыздың рухани дамуымен қоса алып жүру табиғи болуы керек. Елжанды азаматтар Отанын сүйетінін өз тілінде сөйлеумен қатар өзге тілде де дәлелдеуі керек. 2016 жылдың 1 қыркүйектен бастап еліміздегі бірқатар мектептерде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі оқытыла бастады. Ендігі кезекте, алдағы бес жылда кейбір пәндер біртіндеп ағылшын тіліне көше бастайтынын ҚР Білім және ғылым министрі мәлім етті. Сонымен, бұл үштілділік мемлекеттік жобасы, жаңа тілдік саясат түрі 2007 жылы Елбасымыздың жолдауынан басталды. Үштілділік– бұл ауқымды үштілділік кеңістікті құру, ал үш тілде білім беру–барлық Еуропа мемлекеттеріне тән білім беру стандарты. Үштұғырлы тіл саясатының әсері білім жүйесіне жаңа реформалар әкелді: ең бастысы–полимәдениетті білім беру кеңістігін құруға бет алуы. Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі үштілділік концепциясының жобасын жасауға бастамашы болған А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының маманы Анар Фазылжанова: «Мемлекеттік тіл-елдің негізгі тілі. Ал орыс және ағылшын тілдері-мемлекеттік тілдің өз функциясын толыққанды атқара алатын тілге айналуына көмекші болатын тілдер»,-дейді. Ендеше біздің Махамбет ауданында да «Тілдердің үштұғырлы» мәдени жобасын іске асыруда белсенділік танытып көпке үлгі болып жүрген ел ағалары, ауыл әкімдері баршылық. Мысалы, Махамбет ауыл әкімі Р.Әженов өз елінің мәдениеті мен өнері, тілінің дамуына елеулі үлес қосып, «Үш тілім– болашаққа қадам» тақырыбымен қамқорлық акциясын өткізсе,

Ортақшыл ауыл әкімі М.Әділғалиев «Самал» мәдениет үйінде «Тілім–арым, салтым-сәнім, ұлтым–әнім» тақырыбымен көркемөнерпаздар байқауы өтіп, жыр мен салт-дәстүрден шашу шашты. Орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас пен интеграциялық қызметтердің діңгегі. Ақиқатын айтсақ, ақпараттық кеңістігімізде орыс тілі әлі де маңызды рөл атқаратынына ешкім дау айта алмас. Сондай-ақ, әлемдік алты ресми тілдің қатарына кіретін орыс тілін меңгеруге бәсекеге қабілетті ұлттың кез-келген өкілі ұмтылуы тиіс. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, орыс тілін оқыту жүйесін одан әрі оқуәдістемелік және зияткерлік тұрғыдан қамтамасыз етуіміз керек. Бұл мақсатқа жетеміз десек, қашықтықтан оқыту, электронды интерактивті оқулықтар бағдарламасын құру, ұлттық мектептерде орыс тілін оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, оралмандарға, шетелдіктерге және халықтың басқа топтарына орыс тілін оқыту курстары мен орталықтарын ашу, халықтың орыс тілін меңгеруіне тұрақты мониторинг жүргізу сияқты іс-шаралар қолға алуымыз қажет десе, ағылшын тіліне қатысты:«Үштұғырлы тіл» идеясының үшінші құрамдас бөлігі- ағылшын тілін үйрену. Жасыратыны жоқ, бүгінгі таңда ағылшын тілін меңгеру дегеніміз-ғаламдық ақпараттар мен инновациялардың ағынына ілесу деген сөз. Оған қоса, ағылшынша білсең-әлемдегі ең үздік, ең беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндігің мол. Тіпті, оқуыңды тәмамдаған соң, біршама уақытқа шетелде қалып, еңбек етуің үшін де бұл тамаша мүмкіндік. Ең бастысы, ағылшын тілін білу-бұл іскерлік қарым-қатынас және әлемнің кез-келген нүктесінде бизнеспен айналысу үшін міндетті талап. Жоғарыдағы мақсаттар Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында тайға таңба басқандай етіп көрсетілген-дейді «Ел» газетінің журналисі Таңатар Табынұлы. Осы үш тілді білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік шараларға біздің ауданымыздың да үлесі бар. Атап айтар болсақ аудан мектептері арасында «Тіл дарын» байқауы үш тілді қатар меңгерген оқушыларымыздың түрлі тақырыпта сөйлеу шеберлігін паш етті. Ал

7


мұғалімдер мен оқушылар арасында «Ана тілім – мәртебесі асқан тіл, орыс тілім–тамсандырар дастан-жыр, ағылшыным-болашаққа өріс-нұр» тақырыбы аясында шығармалар конкурсы мен Гуманитарлық пәндер мұғалімдері, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің интеллектуалды–логикалық олимпиадалары – үш тілді білім берудің дайындық алғы шарттары іспеттес. Сонымен қатар барлық аудан мектептеріндегі үш тілдің кіріктірілген сабақтары, ұстаздардың шығармашылық жұмыстарының баспа беттерінен жариялануы – үштұғырлы тілдің заман талабына сай орын алғанын көрсетеді. Мысалы, Талдыкөл мектеп балабақша кешенінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ғазизова, Қосарал орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ж.Мұғауова, Д.Төленов атындағы мектепгимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

мұғалімі Ж.Дүйсенғалиева, Л.Қайырғали т.б., Жалғансай орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Арызкулова, Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі пәнінің мұғалімі А.Жұбатқанова, О.Шонаев орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Есенғалиева,Ж.Тлепова, Қызылүй орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.Кенжешова тағы басқа ұстаздар Елбасымыздың үштілділік саясатын тәжірибесіне енгізіп, өмір талабына сай дамыту бағытында атқарып жатқан ауқымды жұмыстарымен танылып жүр. Олай болса, болашаққа өріс, өмірге қажет, күнделікті байланыс құралына айналған үш тіліміз дами берсін, жұлдызы жанып халық бағына айналсын, елімізді әлемге танытар биік бастама болсын, лайым!

ОЙЫН АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕТУДЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ Сәбитова А.С. Атырау қаласы КМҚК №55 балабақшасының II – ші санатты ағылшын тілі маманы

Ағылшын тілі–XXI ғасырдың тілі. Еліміздің шет елдермен қарым–қатынасымыз күшейіп отырған кезде балалардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті. Демек, балаларымыздың ағылшын тілін білуі–уақыт талабы. Біздің бүгінгі балалар–бұл еліміздің болашақ иелері. Сондықтан да бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарын тәрбиелеуге қамқорлық қажет. Еліміздің Президенті тілдерді үйрету мәселесін былай белгіледі:«Қазір біз балаларымыздың қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеруі үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілдік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Біз ағылшын тілін игеруге серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады»-деп Назарбаев

8

Нұрсұлтан Әбішұлы өз жолдауында айтқан болатын. Міне, сондықтан да бүгінгі күні инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы баланың ойлау қабілетін дамытып, оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығын арттыру мен үшін басты мақсат болып табылады. Қазіргі заманауи технологияларды мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс істеу практикасында пайдалану мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. XXI ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан, адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Осы мақсатты жүзеге асыруда заманауи технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. «Оқу үрдісінде заманауи технологияларды білім беру сапасын жақсартудағы қолданыс аясын кеңейту керек»- деген Елбасының сөзін басшылыққа ала отырып, оқу іс–әрекетінде жаңа жолдардың біріне жататын ақпараттық оқыту


жүйесіндегі интерактивті тәсілді жиі қолданамын. Интерактивті тақта арқылы әр түрлі бейнежазбаларды, суреттерді көрсете отырып, баланың ағылшын тілін меңгеруге деген құлшыныстарын арттырамын. Оқу іс–әрекеті қызықты өту үшін интерактивті тақтадан түрлі дидактикалық ойын түрлерін жасақтап, балалармен бірге ойнау арқылы олардың ойлау қабілетін дамытамын. Сонымен қатар түрлі заманауи бейнежазбаларды да сергіту сәтінде қолданамын. Интерактивті тақта арқылы күнделікті жаттап жүрген тақпақтарды да мнемокесте арқылы оқытамын.

болып,бірігіп жұмыс жасауға, ойнап отырып жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып,өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін оқу іс–әрекетін заманауи технологиялық ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені, ұйымдастырылған оқу ісәрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқындалады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Ағылшын тілін үйрету кезінде ойын элементтерін пайдалану баланың шет тіліне деген қызығушылығын арттырып, жаңа тақырыпты жақсы түсінуге әсер етеді. Заманауи технологиялық ойын арқылы балалар ағылшын тілінде жеңіл қарым-қатынас жасай алады және ойын кезінде шаршағандығын сезбей, әсерлене, қызыға отырып ағылшын тілін тез үйренеді. Ойын белгілі бір білім беруді мақсат етіп ойналған кезде ғана нәтижелі болады.

«Интерактивтік» деген сөз энциклопедия мен ғылыми әдебиеттерде көрсетілгендей, «интеракция» деген ұғымнан келіп шығады, ол екі жақты біріккен әрекет болып табылады. Ол үйрету кезінде балаларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге, белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп,белсенді болуға және осы кезде өз қиялын,ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс балаларды жұп

9


Сондықтан да бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Бала бақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан– жақты дамыту түпкі негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардың ой-өрісін үздіксіз дамыту үшін оқу іс-әрекетін қызықты заманауи ойын арқылы өткізудің маңызы зор. Әрине, барлығын байланыстыру, жүйелеу оңай жұмыс емес, бірақ белгілі бір жетістікке жету үшін, «тілдердің үш тұғырлылығының» нәтижесін көруге болатын сияқты. Үш тілді болу- қазіргі заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Жаңа егемен еліміздің ұрпағын жаңа білім нәрімен сусындатып, саналы тәрбие, сапалы білім беретін білімді де білікті маман болайық. Балалардың шет тіліне қызығушылығын оятқан кезде ғана кез-келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі заманауи дидактикалық ойын арқылы балалардың тілге деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемнің ғылыми құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілігі ол–үш тілде оқыту. Тіл мәдениетін игеру–әр баланың сәби шағынан басталып, ары қарай біртіндеп жетіліп отыратын үрдіс.

10

Пайдаланған әдебиеттер: 1.Игры на английском языке// Иностранные языки в школе.20086, №4,С.52-57.Иванцова Т.Ю. 2.Английский язык в детском саду.–М., 2009. Агурова Н.В., Гвоздецкая Н.Д. 3.Интернет желісі, ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың жолдауы (14.12.2012 ж.) 4. Ағылшын тілі. Т.Б. Клементьева.


ЛЕКСИЧЕСКАЯ И ГРАММАТИЧЕСКАЯ ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ ПРИ ПЕРЕВОДЕ С АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА НА РУССКИЙ Каримова З.Н. кандидат филологических наук, профессор

Какпанбаева Н.М. ст.преподаватель, магистр педагогических наук Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова Атырауский инженерно-гуманитарный институт

Перевод является важным средством межъязыковой и межкультурной коммуникации, способствующим достижению взаимопонимания между представителями этносов, использующих различные языки. В современном мире он играет значительную роль, представляя собой преобразование текста, изложенного на исходном языке, в текст на другом, переводящем языке, имеющем свои лексические, грамматические и стилистические особенности. При осуществлении преобразования текста оригинала необходимо учитывать, что системы контактирующих языков тесно взаимосвязаны, лексические играмматические единицы тесно переплетены и система одного языка оказывает влияние на систему другого языка, которые имеют общие, характерные для обоих контактирующих языков черты, а также отличительные свойства, осложняющие и препятствующие достижению адекватного перевода. Для достижения адекватного перевода, отвечающего нормам переводящего языка, вступившего в контакт с исходным языком посредством речевой деятельности переводчика, необходимо сопоставить языковые единицы обоих языков, имеющие расхождения, учитывая явление интерференции,т.е. перенос навыков с исходного языка на язык перевода. Перенос навыков может быть как отрицательным, называемым интерференцией, так и положительным, известным как трансференция или по терминологии А.Е.Карлинскогофацилитация. В языкознании термин «интерференция» впервые ввели ученые Пражского лингвистического кружка, подразумевая под интерференцией процесс отклонения от норм контактирующих языков. Наибольшую известность получило определение интерференции, данное У. Вайнрайхом [1]. Он считает, что взаимодействие языков дает

отрицательный результат, говоря об отклонениях в системе и норме контактирующих языков . По сути же своей оно сходно с определением пражцев. Такое понимание интерференции является распространенным. «Интерференция– это отрицательный перенос навыка речи на Я1 на речь Я2 в связи с различиями между единицами и правилами контактирующих языков.Такой перенос– источник речевых ошибок на всех уровнях Я2, что может осложнить взаимопонимание при коммуникации» [2, c.6]. Из двух языковых систем, взаимодействующих в речи человека, одна, как правило, является первичной по отношению к другой, изученной или изучаемой им позднее. В некоторых случаях билингвизма отмечается в той или иной степени несовершенное владение вторым языком и в этой связи опора на родной язык в процессе общения в итоге приводит к нарушениям его системы и нормы, к появлению интерференции.Первичная система рассматривается как источник интерференции, вторичная– как объект интерференции. Необходимо заметить, что первичная система совсем не обязательно должна быть представлена родным языком. Это может быть и ранее изученный неродной язык. В.А. Виноградов, основываясь на достаточно широком обзоре литературы,делает справедливый вывод о том, что влияние родного языка как источника интерференции заметно проявляется лишь в том случае, когда он «является языком наилучший степени владения и функционально превалирующим» [3, c.21].В лингвистике и переводоведении принято считать, что действие интерференции может иметь только отрицательный результат - ошибки в речи на языке вторичной системы. Поэтому явление интерференции иначе именуют еще отрицательным переносом. Обычно

11


отрицательный перенос, или деструктивная интерференция, противопоставляются положительному переносу, конструктивной интерференции, которая понимается как такое внесение ранее усвоенных языковых явлений и выработанных речевых навыков в речь на другом языке, которое не вызывает его искажения, а напротив, облегчает использование другого языка, языка перевода. Противопоставление деструктивной интерференции конструктивной или отрицательного переноса положительному кажется необоснованным, поскольку оба типа переноса есть не что иное, как разные проявления механизма взаимодействия контактирующих языков. Такая трактовка не противоречит и семантике термина интерференция, допускающей не только отрицательный, но и положительный результат взаимодействия. К разряду слов, имеющих единичные соответствия, в которых в языке перевода можно найти соответствующее языку оригинала слово, относятся интернациональные слова. Данная лексика заимствована из других языков как результат общности культурно-исторического развития цивилизации и обладает сходной формой, значением и связанных происхождением из одного источника: греческого, латинского или другого языка. Это так называемые интернационализмы и устойчивые выражения, заимствованные языками непосредственно из одного языкаисточника или из одного через посредство других языков. Интернационализмы включают термины науки и техники, политики, культуры, искусства, большое количество абстрактной лексики, географические названия, характерные слова-реалии разных народов, названия явлений и предметов, появляющихся вновь и характеризующих определенные временные периоды.Интернационализмы–слова, встречающиеся в ряде языков и обладающие в той или иной степени графическим, фонетическим,грамматическим и семантическим сходством. К ним относятся слова, представляющие собой музыкальные термины, названия наук, балетные термины, компьютерные и бизнес–термины, заимствованные из итальянского, греческого, латинского французского и английского языков. Однако, наряду с интернациональными словами, в языках функционируют и псевдоинтернациональные слова, называемые «ложными друзьями переводчика» или ложными эквивалентами. Ложный эквивалент – слово, 12

полностью или частично совпадающее (или близкое к нему) по звуковой или графической форме с иноязычным словом при наличии полной этимологической общности между ними, но имеющее другое значение (или другие значения) при известной смысловой близости (отнесенности к одной общей сфере применения). Последнее обстоятельство как раз и обусловливает частую возможность ошибок. Примерами «ложных друзей переводчика» могут служить английское “artist”, французское “artiste”, испанское “artista”, означающее «человека искусства», «деятеля искусства», «художника вообще» и русское «артист», обобщенно означающее в современном языке «актера любого вида театра», т.е. и драматического актера, и оперного певца, и танцора, и артиста эстрады или цирка и т.д.; английское pathos – «трагизм», «щемящая грусть», «печаль», и русское «пафос» «страстное воодушевление», «эмоциональный подъем»;английское regular–«точный», «равномерный»,«правильный»,«верный», «истинный», и ряд других значений и русское «регулярный», употребляемый только в первых трех из указанных значений, бланк – blank - form, аккуратный - accurate - neat, tidy; дата – data – date; смокинг - smoking - dinnerjacket. Английский и русский языки имеют сходные морфологические категории, способствующие достижения адекватного перевода, но наряду с ними мы часто встречаем различия в их структуре, приводящие к деструктивной интерференции. Английский и русский языки имеют много сходных грамматических категорий в различных частях речи. Например, категории числа, рода и падежа у имен существительных и местоимений, степени сравнения прилагательных и наречий, три времени: настоящее, прошедшее и будущее у глаголов и т.п.Случаи,в которых грамматические категории совпадают, могут служить примерами конструктивной интерференции. Например: table –tablesпри передаче категорий числа: единственное число – множественное число – стол – столы; he– she – it при сопоставлении категории рода- он – она – оно; beautiful – morebeautiful – themostbeautiful являющиеся примерами категории сравнения: сравнительная степень имен прилагательных и наречий красивая – красивее – самая красивая; translate – translatedwilltranslate для передачи сопоставления настоящего–прошедшегобудущего времен -переводит – переводил – будет переводить. днако, несмотря на наличие общих черт, в


грамматических категориях английского и русского языков, необходимо отметить расхождения, наблюдаемые в данных языках, т.к. они могут привести к искажению грамматических единиц языка перевода, вызывая деструктивную интерференцию. В английском языке существительные имеют лишь два падежа: общий и притяжательный, в то время как в русском языке используются шесть: именительный, родительный, дательный, винительный, творительный и предложный. Общий падеж имен существительных английского языка по функции и форме совпадает с именительным падежом в русском языке, однако остальные падежи русского языка отличаются от него. Это обусловлено тем, что русский язык относится к синтетическим языкам, проявляющимся в разнообразных окончаниях, в то время как английский – является одним из аналитических языков, где отношения проявляются при помощи служебных слов. Род имен существительных в английском определяется не формой слова, а его значением: одушевленные предметы могут быть мужского и женского рода: aman (he), awoman (she), существительные, обозначающие неодушевленные предметы, относятся к среднему роду: acomputer (it), water(it). Другой морфологической категорией имени существительного, способного привнести затруднения и тем самым приводить к деструктивной интерференции, является число. Как в английском, так и в русском языках, есть два числа: единственное и множественное Существительные образуют множественное число по определенным правилам. Трудности при переводе вызывают существительные, у которых форма числа не совпадает в контактирующих языках или те, которые образуют множественное число, каким-то особым образом. Например: Эти деньги принадлежат нашей компании. Они будут использованы на ее развитие. – Thismoneybelongstoourcompany. Itwillbeusedforitsdevelopment. Деньги в английском языке money используются в единственном числе и соответственно вместоони должно быть употреблено местоимение it. Синтаксической интерференции могут подвергаться практически все члены предложения, порядок слов в нем и его строение, если в этом плане различия между исходным языком и языком перевода.При переводе с русского языка на английский следует помнить о

том, что в английских предложениях существует определенный порядок слов, все члены предложения могут быть выражены различными частями речи и должны занимать свои места в предложении. При переводе следует помнить о том, правила согласования сказуемого и подлежащим на русском языке довольно сложные и зависят от многих категорий и особенностей. В специальном переводе довольно часто проявляется синтаксическая интерференция на уровне предложений. Например, в русском предложении можно менять порядок слов. С этой компанией мы подписали контракт. We have signed the contract with this company. Еще одной характерной синтаксической трудностью при переводе является передача отрицания в предложении. В английском предложении отрицание может быть передано частицей not при сказуемом, употреблением одного из отрицательных местоимений noникакой (nobody), noone-никто, и отрицательных наречий never-никогда Никто никуда не пойдет, пока не перестанет дождь.Nobodywillgoanywhereuntilitstopsraining. В английском предложении обязательно должно быть подлежащее. В английских безличных предложениях употребляется формальное подлежащее, выраженное местоимением it,а на русском языке – местоимением. Холодно- Itiscold. Таким образом,при билингвизме происходит взаимодействие двух языков, результаты которого проявляются в речи билингва на переводящем языке. При этом наблюдаются явления как положительного, так и отрицательного переноса навыков одного языка на другом. Интерференция может происходить на различных уровнях:фонетики,лексики, морфологии, синтаксиса. Для достижения адекватного и полноценного перевода необходимо более тщательно подходить к подбору лексических или грамматических единиц в каждом конкретном случае. Литература: 1.Вайнрайх У. Языковые контакты (пер. с английского). Киев, 1979 2.Карлинский А.Е. Двуязычие и межэтническая коммуникация. В сборнике: Материалы международной научно-практической конференции. Алматы, 2000, с.6 3.Виноградов В.В. Введение впереводоведение. М., 1974

13


 Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас 

МОНИТОРИНГ ЭФФЕКТИВНОСТИ ВНЕДРЕНИЯ УЧИТЕЛЯМИ В УЧЕБНЫЙ ПРОЦЕСС ПРОГРАММ ПО ОБНОВЛЕНИЮ СОДЕРЖАНИЯ СРЕДНЕГО ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Ибраимова Г. А. начальник отдела мониторинга и анализа филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПКПР по Жамбылской области

Развитие системы инклюзивного образования выделено как одно из приоритетных направлений Государственной программы развития образования Республики Казахстан на 2011-2020 годы. С целью реализации данного направления определены основные задачи, такие как разработка модульных программ интегрированного обучения детей с особыми образовательными потребностями (ООП), определение форм интеграции для детей с различными нарушениями, создание «безбарьерных зон» для детей-инвалидов, и самое главное, создание условий для равного доступа к обучению и воспитанию детей с ООП. Специфика организации учебновоспитательной и коррекционной работы с детьми с ООП обусловливает необходимость специальной подготовки педагогов общеобразовательных школ. Педагоги должны знать основы коррекционной педагогики и специальной психологии, иметь четкое представление об особенностях психофизического развития детей с ООП, о методиках и технологиях организации образовательного и реабилитационного процесса для таких детей. В 2015 году в филиале АО «НЦПК «Өрлеу» «Институт повышения квалификации педагогических работников по Жамбылской области» в рамках обновления содержания образования были проведены курсы повышения квалификации «Содержание образовательной среды в условиях развития инклюзивного образования», на которых обучено 25 учителейпредметников, в том числе 88% сельских педагогов.

14

Качественный состав педагогов показал, что из 25 учителей 20(80%) имеют высшее образование, 5(20%)– среднее профессиональное образование. 4(16%) педагога имеют высшую категорию, 6(24%) – первую, 9(36%) – вторую, 6(24%) педагогов без категории. 3(12%) педагога имеют педагогический стаж до 3 лет, 3(12%) – с 3 до 5 лет, 6(24%) – с 6 до 10 лет, 7(28%) – с 11 до 15 лет, 4(16%) – с 16 до 25 лет и 2(8%) – имеют стаж свыше 25 лет. Анализ состава педагогов по стажу работы в инклюзивном образовании показал, что лишь 2(8%) имеют стаж с 3 до 5 лет и 1(4%) – с 6 до 10 лет, стаж остальных 22(88%) педагогов менее 3 лет. На практике из 25 педагогов 10(40%) проводят обучение на дому детей с нарушением опорно-двигательного аппарата, нарушением речи, с задержкой психического развития. 15(60%) педагогов не имеют опыта работы в инклюзивном образовании. Педагоги, прошедшие обучение на курсах имели возможность расширить и углубить знания и практические навыки в области организации коррекционно-развивающей, воспитательной, диагностической и исследовательской работы, проводимой с детьми с особыми образовательными потребностями (ООП). Слушателями были выполнены проекты, СРС, представлены презентации уроков для разных категорий учащихся с ООП (микропреподавание). Во время подготовки педагогами мини-исследования «12 жылдық оқыту жағдайында инклюзивті білім беру:


Стаж работы педагогов, реализующих инклюзивное образование

8%

4%

до 3 лет 3-5 лет 6-10 лет

88%

мәселелері және қауіптері» были подробно обсуждены проблемы инклюзивного образования. В связи с недостаточностью знаний о психолого-педагогических особенностях детей с ООП, в процессе обучения возникли трудности с разработкой индивидуального образовательного маршрута для детей с ООП. Это объясняется тем, что 88% обученных педагогов имеют незначительный опыт работы в условиях инклюзивного образования (менее 3 лет). Педагогами отмечены сложности при выполнении проектов, СРС, возникшие в связи с недостатком правовой, научно-методической литературы на казахском языке по вопросам инклюзивного образования. Оценка сформированных компетенций слушателей, обучившихся на курсах в рамках обновления содержания среднего образования показала следующее.  Оценка СРС. 21(84%) педагог полностью усвоили содержание учебной программы, 20(80%) учителей полностью и 5(20%)– частично использовали теоретические знания при выполнении практических задач. Работы 18(72%) педагогов имеют практическую значимость.  Микропреподавание. Оценка педагогов проводилась по 5 критериям с определением уровня владения методикой. 24(96%) педагога по навыкам преподавания имеют устоявшуюся и 1(4%) – улучшенную методику. 19(76%) учителей доказали предметные педагогические знания на уровне устоявшейся и 6(24%) – на уровне улучшенной методики. 25(100%) педагогов имеют устоявшуюся методику в области планирования. Оценка по критерию «Активное обучение» показала, что 18(72%) учителей находятся на стадии развивающейся методики, 3(12%) – устоявшейся и 4(16%) – улучшенной методики. По показателю «Критериальное оценивание» 3(12%) педагога находятся на стадии развивающейся методики, 17(68%) – устоявшейся, 5(20%) - владеют улучшенной методикой.

 Проектные работы. Проекты педагогов оценены по 5 критериям. 22(88%) педагога смогли раскрыть проблему, в том числе 12(48%) продемонстрировали глубокие знания темы. 25(100%) педагогов смогли сформулировать цель проекта, из них 12(48%) – смогли дать подробный план достижения цели. По критериям «Планирование» и «Оценка результатов» проекты 20(80%) учителей полностью отразили содержание деятельности и соответствуют требованиям качества. 2 проекта имеют большое практическое значение и могут быть рекомендованы к использованию. По результатам социологического опроса педагогов выявлены следующие тенденции:  19(76%) опрошенных считают себя готовыми к работе в условиях с учащимися с ООП, 6(24%) – отмечают, что им необходимо дополнительное образование;  21(84%) педагог ответили, что Программа курса существенно повлияла на индивидуальный стиль и методику существования, лишь 4(16%) наблюдают незначительные изменения;  педагогами отмечены организационные трудности: 2(8%) педагога отметили неэффективное действие нормативно-правовых основ образования с учащимися с ООП, 10(40%) педагогов указали на недостаточность материально-технического оснащения учебного процесса для детей с ООП (отсутствие пандусов, специальных парт, неприспособленность санузлов, отсутствие специальных дидактических материалов и др.);  7(28%) учителей ответили, что испытывают затруднения при оценивании достижений учащихся с ООП, 8(32%) нуждаются в методическом обеспечении при работе с учащимися с ООП;

 10(40%) педагогами разработаны индивидуальные образовательные программы для следующих категорий детей с ООП: дети с нарушением опорно-двигательного аппарата, с нарушением речи, с задержкой психического развития;

15


 педагоги на разном уровне владеют технологией целеполагания современного урока, теоретическими и практическими навыками планирования;  8(32%) педагогов оценили уровень качества разработок по созданию системы критериального

оценивания как высокий, 17(68%) – указали на средний уровень;  после обучения педагогов на курсах ПК наблюдаются положительные изменения в межличностном общении (10/40%). 10 педагогов обучают на дому детей с ООП, остальные 15 учителей ведут занятия в классах, где нет учащихся с ООП. Поэтому нет взаимодействия учащихся с ООП с учащимися с нормативным развитием; - педагогами отмечена роль родителей учеников с ООП в обучении, воспитании и социализации детей, так 10(40%) родителей получают информацию относительно успеваемости, поведения и условий учебы, консультативную помощь по проблемам обучения и воспитания своих детей, также указаны другие формы взаимодействия родителей с педагогами и специалистами школы и КППК. Социологический опрос показал позитивные изменения, а именно практическую готовность педагогов обучать детей с разными стартовыми возможностями в условиях инклюзивного образования с использованием инновационных методов обучения.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ Сарсекенова А.Б. «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Жаңартылған білім беру бағдарламасы жаңашыл ой-толғаулар тудырады. Әр жаңашылдық, біріншіден, стандартты іске асыруда мұғалімнен кәсібилікті, екіншіден, одан әрі сапалы нәтижені алу мақсатында жігерлі ісәрекеттерді талап етеді. Атаулы бағдарлама бойынша тиімді оқыту мен оқу, сабақ берілуі, бағалау, сабақты жоспарлау, зерттеу дағдылары секілді мәселелер қарастырылады. Оқу үрдісінде қолданылатын бағалау моделі, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдері, сонымен қатар, білім алуда спираль әдісі мұғалімнің қызметіне оңтайлы өзгерістер әкеледі.

16

Оқушылар оқыған тақырыпты бірнеше мәрте қайталап оқиды, оны қайталаған сайын пәннің күрделілігі нығаяды, жаңа алған білім бұрынғымен қайта салыстырыла қарастырылады. Осы орайда бастауыш сынып оқушылары функционалды сауаттылыққа сенімді бет алуына Джером Брунердің адамның танымдық қабілетінің белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу), бейнелілігі (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу), таңбалылығы (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу) жөніндегі тұжырымдамасы дәлел болады. Оқушы бір пәнде алған білімін басқа пәнде пайдалана алып, келер пәнде өз білімін оның негізінде жақсартуға мүмкіндігі болады.


Бұл Бағдарлама пәндік білімдердің ықпалдасуын таныттырады. Оқу үрдісінде күтілетін нәтижеге жету үшін критериалды бағалау жүйесі қарастырылады, оның пайдалану жолдары қамтамасыз етіледі. Бастауыш сынып пәндерінің аясындағы педагогикалық тәсіл белсенді оқуды көздейтін сындарлы оқуға

негізделеді. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені оқыту керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу жоспарларын жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық әдістемелермен тығыз байланысты. -Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі; -Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы; -бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі; -оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар; -оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру; -білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою; -бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы; -оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы).

Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу стратегияларынан тұрады. Олардың мазмұнында шәкірттер өз-өзін бағалау үрдісіне қатысып, жетістіктерін одан әрі дамыту мақсатында беріліп жатқан білімнің сапасы анықталады. Отандық білім саласының жаңашылдығы мұғаліммен тұлғалық жаңашылдықты талап етеді. Мұғалімнің оқу мен оқытуға көзқарасының түпкілікті өзгерісі, өзіндік жаңашылдық ұстанымы бүгінгі білім алушыны да өзін-өзі реттеу негізінде өз бетімен білім алуға құштарлығын қалыптастырады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады. Тақырыбы: «Сабақта қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру». Мақсаты: -Бағалаудың негізгі тәсілдерін түсіну. -Оқыту мен сыныпта оқудың ҚБ қалай байланысатынын қарастыру. -Сабақта ҚБ ұйымдастыру формаларын білу. -Бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар таңдау. -Тапсырмаға дескриптор құрастыруды үйрену.

-Тиімді кері байланыстың маңызын ұғыну және тиімді кері байланыс орната білуге үйрену -ҚБ тәжірибесін мұғалімдерге қалай таратуға болатынын ойластыру. Оқушылар әртүрлі оқуды қалауы мүмкін: *Көзбен көру,визуалды-суреттер мен бейнелердің көмегімен. *Дыбыстарды пайдалану арқылы-дыбыстар мен музыканың көмегі арқылы. *Ауызша, вербалды ауызша және жазбаша тілді пайдалану арқылы.

17


*Кинестетикалық–дене қимылдарын пайдалануды жөн көреді. *Логикалық-қисынды ойлау мен пайымдауды пайдаланғанды жөн көреді. *Әлеуметтік-топта немесе басқа адамдармен бірлесе оқығанды жөн көреді. *Дербес, жеке – өзі жеке оқуды немесе өз бетінше білім алуды жөн көреді. Оқушылар әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Оқушылар сөйлейді. -Оқушылар топтық жобамен жұмыс істейді. -Оқушылар рөлдік ойындарды жүргізеді. -Оқушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындайды.

-Оқушылар эссе жазады. -Оқушылар туындылардың үзінділерін есте сақтайды -Оқушылар электронды таныстырылымды ұсынады.

18

Мұғалім эссесінен үзінді:«Белсенді оқу, тиімді оқу, жаңартылған әдіс-тәсілдер, критериалды бағалауға арналған негізгі тәсілдер, оның ішінде қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау, модельдің ерекшеліктері ХХІ ғасыр дағдылары, сонымен қатар әр пәннің бағдарламаларына жеке тоқталып ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді жоспар, қысқа мерзімді жоспар және ықшамдалған сабақ құрып үйрендік. Сонымен қатар мақсаттан бағалау критерийін одан дескриптор шығарып үйрендік. Басында бұл бағыт бойынша жұмыс жасау қиын болды, кейін осы тапсырмаларды орындай отырып біз оның ешқандай қиындығы жоқ екеніндігін түсіндім. Менің ойымша бұл жаңартылған білім беру бағдарламасы сабақ беру барысында оқушыға да мұғалімге де өте тиімді деп ойлаймын. Бұл курстан алған білімдерімді алдағы уақытты өз тәжірибемде қолданатыныма өзім сенімдімін және нық айта аламын». Міне, осылай «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы» тақырыбына арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Алғашқы курстан өткен ұстаздарға, алғашқы қарлығаштарға сәттілік тілеймін.


БІЛІМ БЕРУДІ ЖАҢҒЫРТУ – БҮГІНГІ ЗАМАННЫҢ ТАЛАБЫ Исағалиева А.Ш. Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып бойынша оқу ісінің меңгерушісі, Бірінші деңгей көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Республикалық "Үздік авторлық бағдарлама" конкурсының бірінші дәрежелі жеңімпазы

Аннотация Бұл мақалада дамыған елдердің білім беру жүйелеріндегі өзгерістер, соның ішінде дамыған елдердегі 12 жылдық білім беру жүйесі, мектеп пен жоғары оқу орнының арасындағы байланыс, оқушыны рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдары, бағалау жүйесі, талантты, дарынды балалармен жұмыс әдістері, көптілділік мәселелері салыстырыла талданған. Және осыған сәйкес қазақстандық мектептердегі білім жүйесіндегі оң өзгерістер, бұл өзгерістерді қалай енгізу керектігі туралы болжамдар баяндалған. Білім беруді жаңғырту- бүгінгі заманның талабы екендігі дәлелденген. Қай уақытта да болмасын кез-келген мемлекет пен қоғамның қалыптасуына, жанжақты дамуына, өркендеуіне, әлемдік аренада өзіндік орын алып, өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін білім мен ғылымның алатын ролі аса ерекше. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістеріне тоқталсақ: қоғам дамуының қарқындылығы; ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде шешілуі мүмкін ғаламдық проблемалардың туындауы; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы,бәсекелестіктің өсуі; адам капиталы мәнінің артуы. Осыған сәйкес дамыған елдердің білім беру жүйесінде төмендегідей тенденциялар байқалып отыр: білім беру философиясы мен әдіснамасының жаңаруы; мазмұнын құру әдістерінің өзгеруі; жүйенің жетілдірілген моделдердің жасалуы; басқарудың тиімді жолдарының қарастырылуы; жаңа білім технологияларының енгізілуі; оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі; терең және белсенді кәсіби

бағдар берудің ерте жастан басталуы; оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, руханиадамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі; білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы. ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап алдыңғы қатарлы дамыған елдердің білім саласында кең көлемде реформалар жүргізілуде. Білім беру сапасын бағалаудағы халықаралық PISA, TIMSS, PIRLS зерттеулерінің соңғы 10 жылдағы нәтижелері негізінде, оқушылары тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсететін дамыған елдер: Финляндия, Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Канада, Жаңа Зеландия және Шанхай екендігі анықталған. Финляндия барлық халықаралық зерттеулер бойынша алдыңғы орында тұр және қазір Европа Финляндиядағы мектептік білім беру жүйесіне Еуропаның эталоны деп баға беріп отыр[1]. 12 жылдық білім беруге көшу-қазіргі заман талабына сай туындап отырған мәселе. Дамыған елдердің тәжірибесі біздің еліміздің білім жүйесіне өзгеріс енгізудің қажеттілігін көрсетіп отыр. Қазір дүниежүзіндегі 138 мемлекетке 12 жылдық білім беру жүйесі енгізілген.12 жылдық білім берудің мақсаты-қазіргі өзгермелі заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу болып отыр. Дамыған елдердегі балалар 12-13 сынып оқиды. Олар бұл сыныптарда қосымша академиялық пәндерді оқып, оқушының кәсіби білім алуына жағдай жасайды. Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде- АҚШта, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда – 12 жыл. Енді сол елдердің тәжірибесіне тоқталайын. АҚШ-та орта мектеп 2 буыннан тұрады:кіші және жоғары мектеп. Кіші орта

19


мектепте 7-9 сыныптарда жалпыға бірдей бағдарлама және таңдау бойынша сабақтары, жоғары орта мектепте 10–12 сыныптарда міндетті түрде 5 оқу пәндері және практикалық, академиялық бағыттағы профильдік пәндер берілген. Оқушылар 9-сыныптан кейін міндетті 5 пәнге қоса келешектегі мамандығына жақын бейінді пәндерді таңдап оқиды. Жапонияда мектептің жоғары сатысы 5 түрлі-техникалық, сауда, ауыл шаруашылық, флоттық, қосымша мектептер болып құрылған. Ұлыбритания білім беру жүйесі мектепке дейінгі білім беру және тәрбиеден басталады.Орта білім беру 2 бөлімнен: кіші орта мектеп және жоғары мектеп, кіші орта мектепті бітіріп 2 жылдық колледжге түсе алады. Одан «А» дәрежесіндегі сертификат алып, әрі қарай білімдерін жалғастыруға болады. Ұлыбританияда екі негізгі бейіндік бағыт бойынша оқыту жүргізіледі: біріншісі– «академиялық»-таңдаған пәнін тереңдетіп оқу, екіншісі-«кәсіби»-қолданбалы және кәсіби пәндерді қысқартылған оқу жоспарына сәйкес оқытады. Финляндиядағы білім жүйесі сәтті және дер кезінде реформалау нәтижесінде талай жетістіктерге жетті:экономиканың өсуіне, елдің әлеуметтік дамуына, технология мен ғылыми зерттеулерде инновациялық пәрменді саясатты жүзеге асыруға, сөйтіп бүгінгі таңда әлемнің ең озық өркениетті елдері қатарынан көрінуде [2]. Дамыған елдерде орта және жоғары білім сапасын көтеруге негіз болатын, орта мектеп пен жоғары оқу орны арасындағы байланысқа ерекше назар аударады. Мысалы: Америкада 7-8 сыныптарда кәсіптік бағдар беріліп, 9 сыныпта дифференциалдық сипат алады. 11-12 сыныптарда оқыту үш бағытта– академиялық, кәсіптік және жалпы бағыттарды жүргізіледі. Тек академиялық бағыт қана оқушыларды университетке түсуге дайындайды. Францияда 3 жылдық лицей жалпы және технологиялық білім болып бөлінеді. Лицей бітірушілер жалпы және технологиялық білім бакалавры дәрежесін алу үшін емтихан тапсырады. Бакалавр дипломы талапкерлердің өздері оқыған секция бағдарына сәйкес келетін университет мамандықтарына түсуге мүмкіндік береді.Ұлыбританияда жоғары орта мектепте бағдарлы білім беріледі. 13 сыныпта оқитын барлық оқушылар өздері келешекте оқуын жалғастырғысы келетін университеттермен тығыз байланыс жасайды. Сөйтіп оқу бітірген әрбір оқушы келешекте қайда оқитынын толық анықтайды. Жапонияда жоғары орта мектеп жалпы және кәсіптік білім беретін бөлімдерден тұрады.Жалпы білім беретін бөлім гуманитарлық

20

және ғылыми-жаратылыстану бағыттары бойынша екі түрлі оқу жоспарлары негізінде оқушыларды университтеттерге түсуге дайындайды. Нидерландыда оқушылар 6 жылдық бастауыш мектепті бітіргеннен кейін орта білім алу үшін гимназияда,реал мектепте, лицей немесе басқа мектептерде оқуларын жалғастырады, бітіргендер жоғары оқу орындарына емтихансыз түсуге мүмкіндік алады[3]. Бірде-бір дамыған елде біздің еліміздегідей Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) жүйесі қолданылмайды. Заң жүзінде бекітілген ҰБТ білім сапасын анықтау тәсілі ретінде, біріншіден, елімізде білім сапасын көтеруге ықпал етіп, екіншіден, әрбір оқу бітіруші талапкердің біліміне объективті баға беретін құрал болуы керек деп ойлаймын. Асқарбек Құсайыновтың білім реформасы туралы кітабынан басқа «Семей таңы», « Мәдени мұра»,«Жалын» журналдарында жарияланған мақалалары арқылы Жапон мектептерінің тағылымымен толық таныстым. Бұл мектептегі оқушылардың еркіндігі, партаға отырудағы өзгерістер, мұғалімнің баламен байланысы, атааналардың сабаққа еркін қатысуы балалардың достық қарым-қатынасы, мұғалімді, мектепті ерекше құрмет тұтуы мен баланы рухани– адамгершілікке тәрбиелеудің жапондық жүйесі мені өте қызықтырды. Әрине қазақ халқының да дәстүрлі рухани-адамгершілік тәрбиелеудегі мол тәжірибесі бар, алайда қазір кейбір құндылықтар жойылып, саясаттанып кеткендігін жасыра алмаймыз. Дамыған елдердегі оқушылардың үлгерімін бағалау мені өте қызықтырады. Біздің елімізде 5 балдық жүйе қолданылады. Дегенмен дамыған елдердегі бағалау оқушы білімін нақты, дәл анықтауға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз. Атап айтсам, Америкада білім деңгейін бағалау мен бақылау барысында көбіне кредитті көп қолданады. Мектепті бітіргендігі туралы аттестат алу үшін небәрі 16 кредит жинауы қажет. Германияда орта білім беретін оқу орындарында алты деңгейлі білімді бағалау шкаласы негізге алынған Румыния, Голландия, Ауғанстан мектептерінде оқушыларға 1– ден 10–ға дейін балл қойылады. 10-өте жақсы, 1-өте жаман, Жапонияда бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), В(қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар)[4]. Дамыған елдерде дарынды, талантты балаларға оқытуға ерекше назар аударады. Америка Құрама Штаттарында 1970 жылдардан


бастап дарынды балаларға арналған арнайы білім беру бағдарламалары дайындалып келеді. Сондай-ақ, Ұлыбританияда 1997 жылдан бері дарынды балаларды қолдайтын қолданыстағы «Дарынды және талантты оқушылардың білімін дамытудың Ұлттық бағдарламасы» бар. Сингапурда дарынды оқушыларға оқудың ерекше жағдайлары жасалды. Оқу жетістіктерін бағалайтын Халықаралық қауымдастық өткізген математикалық және жаратылыстану ғылыми білімді бағалаудың халықаралық зерттеулердің қорытындылары бойынша ең жақсы нәтижені Сингапурдың оқушылары көрсетті. Ал Қазақстанда дарынды балаларды оқыту қолға алынып, оларға арналған бағдарламалар жасалуда. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі–оқытуды ақпараттандыру. E-learning оқыту жүйесі–әлемдегі ең озық білім беру формасы болып табылады. Электрондық оқыту жүйесі енгізілген елдердің алдыңғы қатарына мына мемлекеттер кіреді: Америка, Канада, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция. Жоғарыда көрсетілген дамыған елдердегі реформалар Қазақстанға да әсерін тигізуде. Егемен ел атанған Қазақстанның жоғары білім жүйесі реформалаудың бірнеше кезеңдерінен өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан– 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан ХХІ ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді»деп атап көрсетті. Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіру механизмдерінің бірі-Елбасының бастамасымен 1994 жылы іске қосылған «Болашақ» бағдарламасы. 2010 жылы білім, ғылым және инновацияны біріктіруге бағытталған Назарбаев Университеті ашылды. Әрине, мектеп үрдісін жаңғыртудың басты орталығы әрі күш берушісі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» болып табылады. Олардың базасында халықаралық тәжірибеде табысқа ие болған жаңалықтар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда елдегі жоғары білім беру жүйесінің ең маңызды мәселелерінің біріқазақстандық жоғары оқу орындарын әлемдік рейтингке шығару.QS Ұлыбритания агенттігінің деректері бойынша, 2011 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ әлемнің 450 үздік жоғары оқу орнының

қатарына кірсе, үш университет (ҚазҰТУ, ҚазҰПУ, ОҚМУ) үздік 601-700 жоғары оқу орнының тізіміне енді [5]. Тағы бір жетістіктеріміздің бірі-әлем бойынша білім беру аспектілерін түбегейлі өзгертетін және оларды тиімді біріктіретін, ХХІ ғасыр трендіне айналған ақпараттандыру процесінің арқасында Қазақстанда IT-технология бойынша қашықтан және электронды оқуға қатысатын оқушы санының жыл сайын артуы. 44 білім беру ұйымдарында электрондық оқытудың ілкі сынамасы толық деңгейде жүргізілуде. Үстіміздегі жылы оларға тағы да 537 мектеп қосылады. Қазақстандағы жоғары білім саласында жасалынып жатқан маңызды бір қадам-білім беруді интернационалдандыру үрдісі ерекше орын алуда, яғни көптілді кадрларды даярлау мәселесі. Қазақстан Республикасының Президенті–Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы үш тілді меңгерген жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс деген нақты міндет қойып, 2012 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» деп атап өтті. Министрліктің 2013 жылға арналған жоспарына сәйкес қазақстандық барлық мектептерде ағылшын тілін 1 сыныптан бастап енгізілді. Білім беруді жаңартудың маңызды басымдықтарының бірі–12 жылдық оқытуға көшу. Ол қазір республиканың 104 мектебінде сынақтан өтуде. 12 жылдық эксперименттік мектептердің 10 сыныптары үшін 36 оқу бағдарламасы, 34 оқулық пен 76 оқу-әдістемелік кешен дайындалған. Әр елдің білім беру және тәрбие саласында өзіндік ерекшелігі мен артықшылығы, тіпті кемшілігі де болады,осы себепті де біз Қазақстан Республикасындағы оқушыға білім беру мен тәрбиені жан-жақты дамыту мақсатында шетелдік білім берудің тек оң және тиімді жақтарын алуымыз қажет. Мысалы, АҚШ пен Францияның балаларды мектепке дейінгі дайындау тәжірибесіне, Германиядағы бейіндік оқытуда пәндерді блоктарға біріктіру тәжірбиесіне, Қытайдың мектеп оқушыларын адамгершілікке, әлеуметтендірілуіне көп көңіл және ғылыми жұмыс әдістеріне баулуына, Скандинавия елдерінің оқу үдерісін демократияландыруына баса назар аударған абзал болар еді. Жапониядағы сияқты орта білімнің жоғарғы сатысында бейіндік оқыту бағыттарын кеңейту мүмкіндігін қарастырған да

21


жөн болар. Білім саласына өзгерістер енгізу үшін оны елдің тарихи дәстүріне, мақсатына, өндірісі мен мәдениет сұранысына бейімдеу керек. Білім беру үрдісінің негізі-оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту болып табылады. Бұрынғы кеңестік кеңістік аумағында Қазақстанда тұңғыш рет функционалдық сауаттылықты дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық жұмыстар жоспары әзірленген. Қазір білікті мұғалім кадрларын дайындауға ерекше мән беріп отыр. Бұл өзгерістердің негізгі бағыттары мен мән-мазмұны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған. Бағдарлама еліміздегі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ел экономикасының тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамытуға қол жеткізуді көздеп отыр. Осы бағытта Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуы үшін шетелдік тәжірибелерді зерделеп, енгізу талабы туындап отыр. Ұлыбритания ғылым және білім беру саласында әлемнiң жетекшi елдерiнiң бiрi болып саналады. 2013 жылдың Times Higher Education рейтингі бойынша ең жоғары дәрежелі 100 университеттерінің ішінде Ұлыбританияның тоғыз өкілі кірді, бұл университеттер саны бойынша көрсеткіш Ұлыбританияны АҚШ-тан кейiн екiншi орынға жеткізді. Ұлыбритания және Қазақстан арасындағы білім беру саласында өзара ынтымақтастық жүзеге асырылуда. Қазақстанға Кембридж университеті ғалымдарының оқыту тәсілі, яғни жеті модуль идеяларынан тұратын Білім беру мен білім алудағы жаңа бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты-қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, зерттеушілік әрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін іс-әрекетте яғни оқушыға дайын білім бермей, оны дамыта оқытып, ізденушілік-зерттеушілік әрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін ісәрекетте пайдалана алуын көздейді, ал негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Мен де Қазақстан бойынша өткізіліп жатқан оқытудың Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген бірінші «Бетпебет» кезеңін аяқтап, теориялық білімімді жетілдіріп, өзім бірнеше жыл еңбек еткен Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясына келдім. Мектептің даму жоспарын әзірлеу барысында Бірінші деңгей бағдарламасының

22

«Мектептегі тәжірибе» кезеңін бағалауға арналған материалдарды іздестіру барысында көптеген дамыған елдердің білім саласындағы реформаларымен, жаңалықтарымен таныстым. Әсіресе мені дамыған елдердің мектептерінің құрылымы,оқушылардың білімі бағалау әдістері, электрондық оқу жүйелері, оқушылардың білім сапасының көрсеткіштері мен рухани– адамгершілік тәрбие бағыттары үлкен ойға қалдырды. Осындай өзгерістерді өз мектебіме қалай енгіземін? – деген сұрақ туды. Ең әуелі өз мектебімнің бастапқы жағдайымен таныстым. Мектеп басшыларымен, мұғалімдермен, ата–аналармен, оқушылармен пікірлестім, ақылдастым. Зерттеу жұмыстарына бет алып, оларға арнап сауалнама үлгісін дайындадым. Осы бастапқы сауалнамалардың зерттеулердің қорытындысы бойынша мектепті дамыту жоспарының басымдығы таңдауға кірістім. Зерттеулер қорытындысына қысқаша тоқталатын болсақ, ұстаздарымыз диалогтік оқыту әдісін толық аша алмағандығын, топтық, жұптық жұмыстарды сирек қолданатынын, сын тұрғысынан ойлауды сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларымен шатастырғанын, ал Блум таксаномиясын сирек қолданатындығын көрсеткен. Ал, оқушылардың көпшілігі сыныпта топтық, жұптық жұмыстардың сирек жүргізілетіндігін, сабақта жауап бергенде жолдастарынан, мұғалімнен қысылатындығын және сыныпта тапсырмаларды көбіне мұғалімнің көмегімен ғана орындайтындығын айтқан. Ата– аналар баласы үй тапсырмасын орындап, оқып барса да сыныпта еркін жеткізе алмай қалатынын,мектептегі сабақтың мақсаты– ҰБТ – ға дайындалу, дәріс оқу екендігін, өмірде еш қажеті болмайтын фактілермен, формулалармен миы ашитындығын және балаларының үнемі жаттап оқитындығын алға тартқан. Оқулықтағы тапсырмалардың күрделілігін, кейбір есептердің ауырлығы туралы жазған. Мұғалім үй тапсырмасын бергенде балалардың рефератты ғаламтордан жүктеп алатындығын, олардың өздерінің ойлап орындайтын тапсырмаларының аз екендігін айтқан. Мектептің объективті жағдайларын анықтау мақсатында бастапқы сауалнама қорытындысында мектепте зерттеу жұмыстарының аз екендігі, күрделі өзгерістер енгізген кезде сарапшылар, кеңесшілердің қатыстырылуы сирек екендігі байқалды. Осы зерттеулердің қорытындысын сараптай отырып мектепті дамыту жоспарының басымдығына «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру» тақырыбын таңдадым. Осы тақырыпты


басшылыққа ала отырып мектептің дамыту жоспарын жасап, мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу бағытындағы жұмысыма кірістім. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.А.Құсайыновтың «Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы» атты кітабының жарық көруіне байланысты автордан алынған сұхбат, 2013 2.12 жылдық білім беру үлгісіне көшу мәселелері. Көзжанов Б.Қ., Джантілеуова Р.У

3.Құсайынов А.Қ.«Білім және реформа»- Алматы 2006 ,77-82-б. 4.Айқынбаева Г.Қ «12 жылдық білім беру жүйесінің шетелдік мемлекеттердегі дамуының ерекшеліктері» Жоғары мектеп педагогикасы. 5.«Қазақстандағы жоғары білім жүйесінің жетістіктері мен перспективалары» халықаралық журнал «Вселенная культуры», 2012

Институт жаңалықтары Тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында тиімді тәжірибені енгізудің көкейкесті аспектілерін талқылау мақсатында «Жаһандық бәсекелестік жағдайындағы білім беру жүйесі:мәселелері, басымдылықтары, даму болашағы» атты халықаралық ғылыми– тәжірибелік конференция болып өтті. Конференцияға барлығы 115 жұмыс түсті. Шетелдің әріптестерден атап айтсақ, Ресейдің жоғары оқу орындарынан Ф.М.Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетінен, Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогика университетінен, Хабаровск өлкелік білім дамыту институтынан, Самара мемлекеттік Сервис технология және дизайн колледжінен ғылыми баяндамалар түсті. Сонымен қатар «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығының филиалдарынан, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті және Алматы, Астана, Қарағанды, Көкшетау, Тараз, Шымкент Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Маңғыстау облыстары мен қалалардан педагогтар белсенділікпен қатысып, өздерінің білім мазмұнын жаңарту бағытындағы инновациялық жұмыстарымен байланысты ғылыми еңбектерін жолдап,шығармашылық ізденістерін көрсетті. *** Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда бүгінгі заманның талабына сай мұғалімдердің ғылыми әдістемелік және шығармашылық ізденісін жетілдіру, іс-тәжірибемен бөлісу және тарату, жаңа бағытта әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Мәңгілік еліміздің бағдары – орта білім мазмұнын жаңғырту» атты ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Семинарға жалпы білім беретін мектептердің деңгейлік курстарынан өткен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесімен қатысты. Семинар аясында «Тиімді оқу мен оқытудың кейбір сипаттамалары» атты шеберсынып өткізілді.

23


Педагогтік ізденіс 

ПРОФЕССИОНАЛЬНАЯ МОБИЛЬНОСТЬ КАК УСЛОВИЕ СОЦИАЛЬНОГО ФУНКЦИОНИРОВАНИЯ СОВРЕМЕННОГО СПЕЦИАЛИСТА Сейданова Д.А. старший преподаватель филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПКПРП по Жамбылской области», г.Тараз

Аннотация:в статье автор дает основные понятия профессиональной мобильности и ключевых компетенциях, необходимых в любых ситуациях быстрой смене деятельности, способствующие готовности субъекта эффективно организовывать внутренние и внешние ресурсы для достижения поставленной цели. Annotation: The author gives the basic concepts of professional mobility and core competencies needed in any situation quickly change activities that contribute to the subject of preparedness to effectively organize internal and external resources to achieve this goal. Динамичная конъюнктура рынка труда требует от системы высшего образования подготовки граждан к эффективной деятельности в жизни-формирования профессиональной мобильности, способствующей быстрой смены рода деятельности на любом жизненном этапе. Сегодня,изменения, происходящие в обществе, становятся все более постоянными; все более коротким становится жизненный цикл приобретаемых знаний; конкуренция требует быстрой смены технологий;на рынке все более требовательным становится потребитель; расширяется всеобщая доступность к глобальной информации и пр. Все вышесказанное позволяет сделать вывод: в условиях, когда нет строго очерченного постоянства и предсказуемости, необходимость функционировать в условиях непредсказуемых ситуаций и стратегий требует всемерной самостоятельности индивида. Это обеспечивается рядом качеств-умением видеть проблему, превращать ее в набор задач и

24

создавать технологии, способы их решения, принимать решения и владеть информационными технологиями. Этот минимум способностей, которые, как отмечают ученые, следует поддержать, развить для организации личного ресурса в этих условиях. В этих условиях совершенно справедливо то,что позиция– образование на всю жизнь заменена позицией– образование через всю жизнь. Речь идет не об усвоении знаний, умений и навыков, как о результатах обучения, а об освоении набора видов, способов деятельностинабора ключевых компетенций, очень общих, затребованных в любых жизненных ситуациях, способствующие готовности субъекта эффективно соорганизовывать внутренние и внешние ресурсы для достижения поставленной цели. Если набор осваиваемых способов деятельности социально востребован, является предметом запроса работодателей (и других заказчиков), то он позволяет будущему специалисту оказываться адекватным типическим ситуациям [1]. В докладе МБРР «Обучение на протяжении жизни в условиях новой экономики». М: “Алекс”, 2006, предлагаются рассматривать три категории компетенций,являющихся ключевыми (Rychen and Salganik, 2001; OECD, 2002) [2]: 1.Действовать автономно: развивать и реализовывать чувство собственного «я»; делать выбор и действовать в контексте более широкой панорамы; быть ориентированным на будущее; осознавать особенности среды, понимать, как можно встраиваться, выполнять обязанности и осуществлять свои права; определять и реализовывать жизненный план, планировать и реализовывать личные проекты.


2.Использовать средства в интерактивном режиме: использовать средства как инструменты для активного диалога; осознавать и реагировать на возможности новых средств; быть способным использовать язык, текст,символы, информацию, знания и технологию в интерактивном режиме для достижения целей. 3.Функционировать в социально неоднородных группах:быть способным взаимодействовать эффективно с другими людьми, имеющими разный жизненный опыт; признавать особенности, являющиеся следствием социальной принадлежности индивидов; создавать социальный капитал; уметь устанавливать хорошие отношения с другими,кооперироваться,управлять и разрешать конфликты. Анализ перечней ключевых компетентностей, введенных в странах Европы, Америки и Азии показывает, что все они могут быть сгруппированы в три базовые: -коммуникативную компетентность (включающую как собственно коммуникативную компетентность, так и готовность к социальному взаимодействию); -информационную компетентность (включающую готовность к самообразованию и готовность к использованию информационных ресурсов); -компетентность разрешения проблем (включающую готовность к разрешению проблем и технологическую компетентность). Коммуникативная компетентность позволяет: использовать разнообразные средства устной и письменной коммуникации для решения своих задач в конкретных жизненных ситуациях; отбирать и использовать стили и жанры, адекватные решению коммуникативных задач; выражать свою точку зрения в соответствии с нормами этикета; осуществлять продуктивное взаимодействие, в том числе с представителями других культур, приверженцами других точек зрения, позиций, вступая в диалогическое общение, разрешая конфликтные ситуации; строить коммуникацию в группе с людьми, стоящими на различных позициях, для получения общего результата. Информационная компетентность позволяет: принимать осознанные решения на основе критически осмысленной информации; самостоятельно ставить и обосновывать цель, планировать и осуществлять познавательную деятельность для достижения этой цели; самостоятельно находить, анализировать, производить отбор, преобразовывать, сохранять, интерпретировать и осуществлять перенос

информации, в том числе при помощи современных информационнокоммуникационных технологий; обрабатывать информацию, применяя логические операции (анализа, синтеза, обобщения, структурирования, прямого и косвенного доказательства, доказательства по аналогии, моделирования, мысленного эксперимента, систематизации материалов); использовать информацию для планирования и осуществления своей деятельности. Компетентность разрешения проблем (самоменеджмент) позволяет: определять проблему в различных ситуациях, принимать ответственное решение, оценивать последствия своего решения;ставить цель своей деятельности, определять условия, необходимые для ее реализации, планировать и организовывать процесс ее достижения (то есть разрабатывать технологии, адекватные задаче); осуществлять рефлексию и самооценку, оценку своей деятельности и ее результатов; выбирать для себя нормы деятельности и поведения, адекватные ситуации; отбирать технологии, адекватные поставленной задаче, четко следовать технологии. Причем ресурс особого рода: ключевые (общие, инвариантные), личностно значимые свойства и качества, которые пригодятся в любой сфере трудовой деятельности и, которые характеризовали бы уровень профессиональноличностного становления. По-существу, проблема профессионально-личностного становления будущего специалиста в обозначенном нами аспекте достаточно сильно сопряжена с проблемой так называемой «профессиональной мобильности выпускника», которая практически является в значительной степени новой в вузовском образовательном пространстве и только-только начинается решаться. Проблема развития личностных качеств, необходимых для реагирования в быстро меняющемся мире ставит перед учителями задачу найти применение своих знаний, навыков и умений в другой сфере деятельности. Термин «профессиональная мобильность» означает «способность оперативно менять профиль своей деятельности, род занятий…»[3]. Сегодня профессиональная мобильность выступает в качестве необходимого условия успешного социального функционирования современного специалиста. Это подтверждается цифрами: сегодня в странах с развитой рыночной экономикой лишь около 20% занятого населения работает по специальности, полученной в 25


молодые годы в учебном заведении профессионального образования, а 42% молодых людей меняют профиль своей деятельности в первые два года по окончании вуза. Частая смена работы зависит не только от характера человека, его склонности менять место жительство и работы, но и от уровня образования, квалификации и от самой профессии. Так, чрезмерно высокая и постоянно растущая частота смены работы обнаруживается в тех группах людей, чья профессия наиболее типична для будущего,-ученых, инженеров, высокообразованных специалистов и техников, администраторов, менеджеров, специалистов массовой информации и рекламной индустрии. Сегодня к этой категории можно добавить и будущих учителей. В связи с этим, встает вопрос о формирования высокой профессиональной мобильности и студентов педагогических вузов, как будущих специалистов. Профессиональную мобильность, наблюдаемую на практике можно разделить на возможные четыре типа: 1-ый тип. Смена сферы деятельности в рамках одной широкой специальности. 2-ой тип. Смена деятельностей в связи с назначением на новую должность. Характер работы на разных уровнях даже в рамках одной области профессиональной деятельности существенно отличается: деятельность насыщается одними компонентами, другие теряют свое первоначальное значение, возрастают количественные показатели интенсивности и напряженности деятельности, степень ответственности, и как следствие, нервные перегрузки. 3-тип. Смена одной профессии на другую, в той или иной степени родственную первоначальной, что позволяет хотя бы в ограниченном варианте опираться на уже приобретенные в процессе обучения в вузе знания,умения и навыки: например преподаватель физики вуза переходит на работу в физическую лабораторию НИИ и наоборот.

26

4-й тип. Кардинальная смена занятий или рода деятельности, когда необходимо «начать жизнь с чистого листа», с самых азов осваивать новое профессиональное поприще, постепенно набираться знаний и опыта. Профессиональная мобильность предполагает не просто механический переход с места на место, но также и разрыв старых и появление новых отношений между людьми. Любое изменение в работе сопровождается определенным стрессом. Человек лишается старых привычек, старых способов общения и должен научиться новым.Даже,если задача, которую он решает на работе, остается сходной с прежней работой, все равно меняется обстановка труда. Как при переезде на новое место жительства, перед новичком стоит задача быстрее завязать новые отношения. То есть, профессиональная мобильность специалиста неразрывно связана с его умением общаться, устанавливать и поддерживать полезные контакты между людьми и даже при необходимости умении разрывать эти связи. Эффективным решением в данной ситуации является и разработка вопросов формирования ключевых профессионально-значимых качеств у специалистов с учетом современных требований. В связи с этим на сегодняшний день к будущим специалистам предъявляются высокие требования и проверяются личностные качества, способствующие быстрому реагированию спросу рынка труда. Все эти качества должны закладываться в самом начале его обучения в вузе. Список литературы: 1.Голуб Г.Б.,Коган Е.Я.,Прудникова В.А.Парадигма актуального образования и компетентностные результаты//Материалы международной научно-практической конференции, Алматы, 2007. 2.Доклад МБРР «Обучение на протяжении жизни в условиях новой экономики». М: “Алекс”, 2006 3.Вишнякова С.М. Словарь профессионального образования. М.: АПОПАО, 2001.- С.317.


СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ ТВОРЧЕСКИХ СПОСОБНОСТЕЙ У УЧАЩИХСЯ ЧЕРЕЗ НЕ ТРАДИЦИОННЫЕ ВИДЫ ЗАДАНИЯ Айнагулова Г.Е. учительница ИЗО и черчения, специализированная школа-гимназии №30 для одаренных детей с обучением на трех языках

Главными помощниками художника является линия. Это выразительное средство графики. С помощью линии художник выражает свои мысли и переживания, а также чувства и настроение своего произведения. Посмотрим, как интересно ученик использует линию штрих. Если соединить различные линии,то можно получить необычные образы животных и самые разные предметы. Линия зависит от того, как ее рисуют. Она может быть энергичной, уверенной или вялой, расслабленной или неуверенной, робкой. Линия проводится с большим нажимом.Они располагаются на листе бумаги по-разному вертикально, горизонтально, наклонно. Горизонтальные линии напоминают нам о земле, море, песчаных барханах. Они вызывают чувство спокойствия. Вертикальные линии передают движение вверх или вниз. Они кажутся более динамичными, чем горизонтальные. Наклонные линии рождают чувство не устойчивости, создают впечатление движения. В живой и не живой природе мы часто встречаем с четко выраженными линиями. Нужно уметь видеть природу. Линия изящно выдает изогнутую шею белой цапли. Можно создать удивительно разнообразные графические композиции. Задача ученика определить характер линий. Линии как таковой в природе не существует, она всегда условна и является лишь границей тех или иных плоскостей формы. Используя линию, художник определяет форму и обозначает ее контуры, выявляет ее объем и пространство, изменяя тональность, передает воздушную перспективу. Являясь одним из главных технических средств композиции, линия имеет художественно-выразительные возможности. Она может быть плавной, спокойной, певучей, вертикальной и горизонтальной, сплошной и прерывистой, прямой и волнистой, пересекающейся и параллельной, легкой и тяжелой и т.д. Используя разнообразие этих важнейших художественно-выразительных средств, художник, архитектор или дизайнер

могут передавать тончайшие психологические нюансы создаваемые композиции. Линеарности в графике-это техника исполнения и структура композиции произведения,выполненного линией или контуром. В музыкальном произведении- это последовательное движение звуков, образующих мелодическую линию. Живописность-противоположное линеарности понятие. Иногда в произведениях изобразительного искусства линеарность рассматривается как рентабельность («кантабильный стиль»). Канптабильность–пластичность, плавность, музыкальность, певучесть элементов произведения изобразительного искусства, их способность «петь». Наиболее характерно рентабельность в произведениях великих художников: Сандро Боттичелли, Паоло Уччелло, Андрея Рублева, Дионисия, Амадео Модильяни и многих других. Линия в их рисунках и живописных произведениях ассоциируется с музыкальными звуками, которые то усиливаются, то прислушаются, то звучат мощно, как бас, то «звенят», тонко высоко. Характерной чертой языка линейной графики является чистота и точность. Линия-одно из художественновыразительных средств изображения, основной графический элемент линейной графики. Линия активно используется в набросках, рисунках, станковой графики (офорте), изображения,что делает ее самой распространенной техникой в проектной работе. Для чертежей применяют жесткую линию, для рисунка и набросков-легкую, живописную, певучую. Рисунок или чертеж, обведенные линией одинаковой толщины, создают неприятное впечатление. Любое художественнографическое исполнение требует разнообразия линейного языка и использования других выразительных средств. «Жесткость» языка проектной графики, использующей двухмерную плоскость для передачи на ней изображения трехмерных

27


предметов, наглядно подтверждает необходимость применения тонких художественных приемов. Являясь самым распространенным способом изображения, линейная графика выработала свои художественно-выразительные средства. Выразительность композиции зависит от умения эффективно использовать линейные элементы в построении формы, выражающей психологическое состояние (динамику, грусть, веселость и т.д.),которое зависит от ассоциативного зрительного восприятия. Вертикальное построение линий вызывает ощущение устойчивости, диагональноединамику, горизонтальное-покой. Кривые линии передают впечатление замкнутости или текучести. Психологическая выразительность графического языка линейной графики зависит от характера расположения и начертания линий (прямая, кривая, толстая,тонкая, сплошная, прерывистая),их тональности и цвета (черная, серая, светлая, цветная). В проектной работе выразительность линейной графики зависит не только от используемой линии, но и от бумаги, ее фактуры и цвета. В дизайнерской практике цветная бумага используется для придания проектным чертежам и эскизам декоративного звучания. Важнейшим выразительными средствами считается контраст и нюанс линий по

отношению к плоскости бумаги при изображении сложных ортогональных проекций. Достигается это использованием неоднородных различной толщины и тональности линий. Дизайнер стремится создать впечатление пространственности, подчеркивая контрастными линиями передний план и ослабляя задний нюансными. Большие возможности технических приемов линейной графики используются в тональной разработке формы, выявлении ее освещенности, фактуры (применяется цветная линия, заливка, линейная имитация тона-штриховка). Овладение средствами изображения и приемами линейной графики необходимо дизайнеру для того, чтобы умело применять их для выражения своих идей. Важнейшей задачей учебного процесса является целенаправленное использование этой темы в развитии композиционных мышления. Индивидуальная трактовка при выполнении композиционных заданий раскрывает неограниченные пластические возможности линии. В активном выборе выразительных средств линейной графики в умелом владении ее техникой наглядно отражается художественный темперамент автора. Пластичность линии в изобразительном искусстве, архитектуре и дизайне раскрывает, прежде всего стилевые особенности изображаемого объекта.

Используемая литература: 1.В.Г.Власов. «Стили в искусстве». 1995 2.А.А.Воротников,О.Д.Горшковоз,Еркина «История искусств», 3.З.Ш.Айдарова «Изобразительное искусство». 4.А.Т.Тулебиев,Р.Н.Акбардиева «Изобразительное искусство».

28


ПРОФЕССОР СЕРҒАЗЫ ҚАЛИЕВТІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҰРАСЫ Базарғалиев Ғ.Б. Муханова А.Т. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттің университетінің қызметкерлері

Қазақ этнопедагогикасының көшбасшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті педагог-ғалым Серғазы Қалиұлы 1929 жылы 25 маусымда бұрынғы Семей облысы Абай ауданы Қарауыл селосында дүниеге келген.1945-46 оқу жылында Абай ауданы Қарауыл селосында Абай атындағы орта мектептің 9-сыныбын бітіріп, Семейдегі Н.К.Крупская атындағы педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетіне оқуға түседі. 1949 жылы институтты ойдағыдай бітіріп, Семей облысы Аякөз ауданы Сергиеполь орта мектебіне әдебиет пәнінің мұғалімі болып орналасып, еңбек жолын бастайды. Ал 1951-57 жылдары Аякөз аудандық жастар комитетінің бірінші хатшысы, аудандық кеңсе атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 1957-66 жылдары Аякөз қаласындағы темір жол қазақ мектебінде директор болып қызмет істеді. 1966-84 жылдар аралығында Қазақ темір жол оқу бөлімінде мектеп нұсқаушысы, бөлім бастығының орынбасары, ал соңғы он жыл оқу бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. Аспирантураны сырттай оқып бітірген С.Қалиұлы оқу-ағарту саласының басқару қызметтерін атқара жүріп, 1971 жылы Қырғыз мемлекеттік университетінде «Ғ.Мүсірепов творчествосын орта мектепте оқытудың жолдары» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Ал соңғы 25 жыл бойы үздіксіз ғылыми еңбекпен айналысып, Ы.Алтынсарин атындағы ғылыми зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары қызметтерін ойдағыдай атқарды. Серғазы Қалиұлы–үш жүзден астам ғылыми еңбектердің авторы. Оның ішінде қазақ этнопедагогика теориясы мен тарихы, оқытудың әдістемесіне байланысты 50-ге тарта кітап, оқулықтар мен оқу құралдары, 300-дей ғылыми мақалалары бар. Жарияланған еңбектерінің ішінде «Ғ.Мүсірепов шығармаларын орта мектепте оқыту» (1974), «Түрксіб және оқу ағарту ісі» (1980), «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі» (1986), «Мұқтар

Әуезовтың педагогикалық және психологиялық көзқарастары» (1987), «Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен мектептер тарихының анықтамасы» (І, ІІ кітап, 1986,1990), «ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын-жыраулар поэзиясындағы педагогикалық ойлар» (1990), «Еуропа ғалымдарының қазақ мәдениеті туралы ойлары» (1992), «Қазақтың салт-дәстүрлері және ағартушы-демократтары» (авторлар бірлестігінде, 1994), «Қазақтың салт-дәстүрлері» атты оқулығы (1995), «Қазақ тәлім-тәрбиесі» (Қ.Жарықбаевпен бірге, 1995) педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтары «Антология педагогической мысли Казахстана» (Қ.Б.Жарықбаевпен бірге, Алматы, Рауан, 1995), «Қазақтың тәдімдік ой-пікір антологиясы» (Қ.Жарықбаевпен бірге) 2 том, 1998, «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері» (2003) атты оқулықтары мен монографиялық еңбектерін ерекше атауға болады. С.Қалиұлы 1996 жылы «Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері» атты тақырыпта педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін докторлық диссертация қорғады. С.Қалиұлының бұл диссертациялық жұмысы қазақтың педагогика ғылымының алтын қорына қосылған сүбелі еңбек ретінде бағалауға болады. С.Қалиұлының профессор Қ.Жарықбаевпен бірігіп жазған «Қазақ тәлім тәрбиесі» (1995), «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері және тарихы» (2003) оқу құралдары қолдан қолға түспейтін еңбектерге айналды. С.Қалиұлының қаламынан туған 37 монография, оқулықтар мен іргелі еңбектер және кітапшалармен қатар, 20 дан астам әртүрлі бағдарламалар мен оқу әдістемелік құралдарды және оқу кестелерінің өзі ғылыми диапазоны жан-жақты ауқымды ғалым екендігін аңғартса керек. Ол-Қазақстанда халық педагогикасын теориялық және практикалық тұрғыдан алғаш зерттеушілердің бірі. Қазақ халқының ұлттық өнеріне ден қойып зерттеуші орыс, батыс ғалымдары мен қазақ ағартушыларының этнопедагогикалық мұраларына талдау жасады. 1986 жылы жарық көрген «Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі»

29


атты тұңғыш еңбек жазып, тұрмыс-салт жырлары мен лиро-эпостық жырлардағы халықтың даналығын зерттеп, талдау жасаған болатынды. Ол өзінің осы еңбегінде жастарды адамгершілік жақсы қасиеттерге, еңбек сүйгіштікке, өнерге тәрбиелеудегі ата-ананың, ауыл аймақтың, қоршаған ортаның ролінің ерекше екендігін нақты деректермен дәлелдеген. Этнопедагогиканың өзекті мәселелері бойынша 1991 жылы республикалық, ал 19912001 жылдары Шымкент, Қызылорда, Жетісай, Торғай, Атырау, Семей, Ақтөбе, Жезқазған, Жамбыл қалаларында аймақтық, облыстық конференцияларға қатынасып, ғылыми баяндамалар жасап, пікір алысты. Сондай-ақ, соңғы 20 жыл ішінде этнопедагогиканың проблемалары бойынша Мәскеу, Баку, Ташкент, Бішкек, Улан-Батор қалаларындағы халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндамалар жасады. С.Қалиұлының басшылығымен 1994-98 жылдары «Қазақтың тәлімдік ой-пікір атологиясының» орысша-қазақша екі томдығы жарық көрді. Бұл еңбекте ҮІ ғ. көне ОрхонЕнисей жазуындағы тәлімдік үлгілерінен бастап, әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иассауи, С.Саран, Қ.Жалаиди сияқты орта ғасыр ойшылдарының ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ.хандық дәуірдегі ақын-жыраулардың тәлімдік ойпікірлеріне, ХІХ ғ.ғ. Шоқан, Ыбырай, Абай бастаған ағартушылардың озық ойларына жанжақты талдау жасалған. С.Қалиұлы 1993 жылы «Қазақ салт-дәстүрі және демократ ағартушылары» атты еңбегінде қазақ ағартушыларының еңбектеріне жан-жақты талдау жасайды. Ағатушылардың қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы құнды педагогикалық ойларын ғылыми тұрғыдан талдап қарастырған. С.Қалиев 1994 жылы Қ.Аюбаевпен бірлесіп «Орыс, батыс ғалымдары қазақ мәдениеті туралы» деген еңбекті жазып, оқырман көпшілікке ұсынды. Шетел ғалымдары Марко Поло, Иоганн Шильтбергер, П.С.Паллас, Генрих Клапорт, А.Вамберн, Э.Вульфсон,

30

Р.Каруц, А.Левшин, А.Янушкевич, Залесский, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин т.б. ХІІІ-ХІХ ғ.ғ қазақ даласында саяхатта болып, халқымыздың салтдәстүрі, әдет-ғұрпы, бала тәрбиесіне қатысты құнды ой-пікірлерді қалдырған болатынды. С.Қалиұлының оқу-ағарту ісін жетік білуі, еңбек жолын ауыл мұғалімінен бастауы, оқу ағарту ісін ұйымдастырудағы белсенді қайраткерлік, ұйымдастырушылық істері, педагогикалық теорияларды педагогикалық тәжірибемен шебер ұйымдастыруы кейінгі жастарға үлгі болуға тұрарлық мәселелер. Оған бір дәлел С.Қалиұлы ұзақ жылдар бойы педагогика және тәрбие мәселелерінің өзекті проблемаларын баспасөз беттерінде көтере жүріп, жоғары оқу орындарында этнопедагогика кафедраларын, ал Білім академиясында этнопедагогика және тәрбие лабораторияларын ашуға мұрындық болды. Көрнекті ғалым С.Қалиұлы өзінің ғылыми жұмыстарын шәкірт даярлау ісімен де тығыз ұштастыруда Серғазы Қалиұлының ғылыми жетекшілігімен соңғы жылдары 16 адам кандидаттық диссертация қорғаса, бірнеше шәкірті ғылым докторлары, соңғы жылдары оның ресми оппоненттімен 8 ғылым докторы, 30 тарта ғылым кандидаттары қорғаудан өтті. Ғалымның оқу-ағарту, ғылым саласындағы ұзақ жылдық жемісті еңбегі елеусіз қалған емес. Оның айқын айғағы–«Еңбектегі үздік еңбегі үшін, «Еңбек ардагері», «Егемендіктің 10 жылдығы»,«Ы.Алтынсарин атындағы медальдары» мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Құрмет грамотасы», «КСРО және Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің озаты» белгілерімен марапатталуы соның айғағы. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Жарықбаев Қ.Б. Қалиев С.Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы: Санат, 1995. 2.ҚалиевС. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, 2003. 3.Сейталиев Қ.Б.98 Педагогиканың жалпы негіздері. Ақтөбе, 2004.


ДАРЫНДЫ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МОТИВАЦИЯНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ Байхадамова Б. Е. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ, «Басқару және білім» кафедрасының аға оқытушы

Жер бетіндегі ұлы халықтың бірі әрі бірегейі –қазақтар.Ұлы халқымыз қай кезде де ұрпағының қамын ойлады, олардан жарқын болашақты үміт етті. Небір қиын-қыстау замандарда да жастардың қамын ойлап, олардың білім алуы үшін жағдай жасап, мектеп салып, мұғалім жалдап, жай тұрғызды. Ата-бабадан қалған бұл үрдіс еліміз егемендігін алғаннан кейінде өз алтын арқауын жалғастырып келеді. Қазіргі кезде еліміздің білім беру ісінде түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің ең қасиетті міндетірухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр халықтың ұлттық әдет-салты, мәдениеті, өнері және шыққан түп тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық құндылықтарды бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашып, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне жол ашуына түрткі жасауымыз қажет. Еліміздің болашағы-ұрпақ тәрбиесінде, еліміз егемендік алып,өз алдына отау тігіп өзінің ішкісыртқы саясатын өзі шешетін болды. Бүгінде баршаның міндеті-әдет-ғұрпымызды, салтдәстүрімізді жандандырып, ұлттық сана-сезімі жоғары тәрбиелі ұрпақты өсіру. Қазақ ағартушысы М.Жұмабаев «Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» деген.Жас ұрпаққа саналы тәрбие және сапалы білім беру деңгейі ең алдымен мұғалімнің даярлығына, оның іс-тәжірибесінің қалыптасып шыңдалуына байланысты. Мұғалім-баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім-тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманын көкке ұсындырушы басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік–саяси қоғам мүшесі ретінде

қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеумұғалімнің басты міндеті. Мұғалім жан-жақты жетілген білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарымқатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты алғы шарты болып табылады.[2] Келешекте біздің еліміз басқа тәуелсіз елдермен терезесі тең болып өмір сүруі үшін қазақ балаларын ешкімнен кем қылмай, мектеп қабырғасынан-ақ жан-жақты білімді, тәрбиелі етіп шығару үшін сынып жетекші ұлттық құндылықтарды басшылыққа ала отырып тәрбие жұмысын жүргізген абзал. Қазіргі таңда мұғалім болу, тәрбиеші болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Оның сапасы сызғышпен өлшеп, әрбір мысқалына дейін таразыға тартатын дүние емес. Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады:«Мұғалім-мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес». Балалардың санасы мен мінез-құлқының қалыптасуына тәрбиешінің жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын ролі орасан зор. Бұл әсерді өзінің күші жағынан ешнәрсемен салыстыруға болмайды. Бұл-ерекше құдіретті күш. Орыстың ұлы педагогі Д.К.Ушинский «Тәрбие де барлығы да тәрбиешінің жеке басына негізделуге тиіс. Ешқандай жарғы және бағдарлама, ешқандай оқу орнының жасанды орталығы қаншалықты жетілдірілгенімен тәрбие

31


ісінде жеке адамды алмастыра алмақ емес. Тәрбиешінің тәрбиеленушіге тікелей әсерінсіз мінез-құлыққа сіңерліктей шын тәрбие беру мүмкін емес» деп жазды. Сондықтан тәрбиешінің жеке басына ерекше талаптар жүктеледі. Ерік-қайраты күшті, мінезге бай жас өспірімдерді қалыптастыру үшін мұғалімнің жеке басы сол талаптарға сай болу керек. Мұғалімнің жеке басында сөз бен істің арасында алщақтық болмау керек.[3] Тәрбие жайындағы белгілі мәліметтер адам баласының тәрбиесіне сүйенеді. С.А.Назарбаеваның «Ұстаздан ұлағат» атты кітабында:«Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алдымен, баланың сезімін оятып, әсершілдігін дамыту, сезімді тәрбиелеу-баланы қоғамдық мәні бар, адамдарға жақсылық әкелетін қылыққасиеттерден рахат, қуаныш табуға баулу деген сөз. Парасаттылық дегеніміз-адамзатқа қызмет ету»,-деп жазылған. Бала тәрбиесі ең алдымен, аға ұрпақтың жас жеткіншекке деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығынан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттердің жиынтығынан туындайды. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің әңгімесінен, ісқимылынан танылып, сезім арқылы жүректен жүрекке беріліп отырған. Сондықтан егеменді ел жастарының санасына осы ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Адамның адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар, тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, мұғалім мамандығының иелеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Ф.М.Достоевскийдің «Өзіңнен өзіңді ізде, өзіңе өзің бағын, өзіңді өзің тани біл»,-дегеніндей, әр мұғалім өзінің бала болғанын, өзінің ата-ана екенін, өзінің оқытушы болып қалыптасып келе жатқанын ой елегінен жиі-жиі өткізіп отырса, өзге алдындағы жауапкершіліктің сыры бірден айқындала бастайды. Н.А.Добролюбовтің «Мұғалім өзіне шәкірттердің қаншалықты жоғары бағалап қарайтынын есінде сақтаса,оның балаларға тигізетін ықпалы соншалықты күшті болады, соншалықты оның әрбір мақтауы балаларды шаттандырады, оның әрбір ескертуі баланың жүрегіне терең орнығады. Демек барлық тәрбие жұмысы игілікті болады»,-деп айтқанындай, баламен кездескен сәттен бастап, оның үйіне қайтатын уақытына дейінгі кезеңде баламен тікелей қарым-қатынаста екенін, онымен ішкі сезімі байланыста болатынын бір сәт естен шығармағаны абзал. Сонда ғана ел білікті,парасатты,жан-жақты жетілген жеке тұлғаны тәрбиелеу ісінде едәуір табыстарға қол жеткізе алады.[5] 32

Тәрбие кезеңдеріндегі оның өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының ең үлкен кепілі болмақ. Қазақстан Республикасының баянды да тәуелсіз мемлекет болу үшін ұлттық құндылықтар тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып, адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азамат керек. Қазақ мемлекеті үшін бар білімі мен қабілетін сарп ететін, елін, туып-өскен жерін, тілін, халқының тарихын, дінін, мәдениетін біліп, құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу, жалпы жұртшылық, әкімшіліктер мен білім беру мекемелерінің басты міндеті. Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: « Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз және оны қалыптастыру басты міндетіміздің бірі» деген сөзін басшылыққа ала отырып, « Менің ОтанымҚазақстан» деп ойлайтын әрбір азамат ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіретін тәрбие жұмысын жүргізуі міндетті. Ал ұлттық тәрбиеге тікелей ықпал жасайтын білім ордасы, мектептер мен жоғары оқу орындары. Олар жас мамандар мен ұстаздарға мемлекет пен халықтың мүддесін ойлайтын, «елім, туып-өскен жерім, мен Қазақстан Республикасының азаматымын» деп жүрегі соғатын ұрпақ тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретуге міндетті. Ал тәрбиеге байланысты мұғалімдердің білімін жетілдіріп, қайта даярлау мемлекеттің ұсынған қаулы-қарарлары мен заңдарына сай келуі керек. Ұлтжанды,адами құндылықтарды бойына жиған, қиыншылықтан жол табатын, экономикалық бәсекелестікке қабілетті, ары таза, иманжүзді, біреудің қолдауынсыз өз еңбегімен білім алған, елі мен жерін сүйетінін атқарған ісімен дәлелдеген жастарды көргіміз келеді. Ұлттық тәрбие дегеніміз сана-сезім мен сенім қалыптастыру. Ол үшін жастарға ұлттық тәрбиені ел-жұрт, қоғамдық орын, ата-ана болып, жан-жақты ойлана отырып берсек, біздің де, мемлекеттің де көркейетіні даусыз. Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен яғни, ұлттық құндылықтарымен сусындатубіздің басты парызымыз. Демек, ұлттық құндылықтарды пайдалана отырып тәрбиелеу арқылы сынып жетекші ұлттық тұлғаны қалыптастырмақ. Адамды адам ететін қоршаған орта және тәлім-тәрбие десек, мектеп жасы балаларының тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуына отбасы мен бірге сынып жетекшінің де ролі ерекше. Ұлттық


құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегенімізхалықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өнерге деген көзқарасын және соған сай мінезқұлқын қалыптастыру. Бүгінгі жаһандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық рухты сақтап қалу-үлкен міндет. Жас ұрпақты ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар екені даусыз. Сондықтан сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып, ең бірінші жаны таза, рухани биік, адамгершілігі мол,

халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеу баршамыздың адамдық парызымыз. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның дамуы, тәрбиесі.- Алматы: КазПИ,1991. 2.Қоянбаев Р.М., Қоянбаев Ж.Б.-Алматы: Педагогика, 2000. 3. Сластенин В.А. и др. Педагогика: уч. пособие. - Москва: Академия, 2004. 4.Кенжебеков Б.Т. Педагогика ғылымдарының. докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясының авто-рефераты. Жоғарғы оқу орны жүйесінде болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру. - Қарағанды, 2005.

Институт жаңалықтары Мектепке дейінгі ұйым басшыларының білім беру ұйымдарында педагогикалық менеджмент тетіктерін игеруде және басқару құзыреттілігі мен іскерлік қарым-қатынас қағидаларын енгізу арқылы білім беру сапасын жетілдіру мақсатында «Білім беру ұйымдарын басқару құзыреттілігі және іскерлік қарым-қатынас этикасы» тақырыбында мектепке дейінгі ұйым басшыларына арналған облыстық көшпелі семинар Индер ауданы «Райхан» балабақшасында болып өтті. Семинар жұмысына Махамбет және Индер ауданының 22 мектепке дейінгі ұйым басшылары қатынасып, мектепке дейінгі білім беру ұйымын басқару, сапалы білім мен тәрбие беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген бағытта болуы туралы пікірлер айтылды. Семинар жұмысында 6 баяндама тыңдалып, «Мектепке дейінгі ұйымның бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасы серіктестігін нығайту» тақырыбында шебер сынып өткізілді. Қатынасқан мектепке дейінгі ұйым басшыларына арнайы Сертификат тапсырылды. ***

SMART оқыту үдерісінде smart технологияны қолдану әдістемелері негізінде тәжірибе алмасу мақсатында Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектебі базасында «Smart оқыту негізінде мұғалімнің кәсіби дамуы» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік көшпелі семинар өткізілді. Семинар жұмысына институт қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, информатика және жалпы пән мұғалімдері қатысты. Семинар барысында ұтқыр ойлар, сыни пікірлер айтылды. Семинар жұмысы «Smart оқыту ...» ой-толғанысымен басталып, «Smart оқыту-білім берудің жаңа моделі» тақырыбындағы кері байланыспен аяқталды.

33


 Әдістемелік қоржынға  ОҚЫТУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ - ТИІМДІ ОҚЫТУДЫҢ ҚҰРАЛЫ Нұрмұханова Б.С. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымы пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша тренер, магистр

Педагогикалық әдебиеттерде білім алушылардың көшбасшылығы «белсенділік» деген ұғыммен талданады. Педагогтар мен психологтардың көптеген зерттеулерінде белсенді оқушыларды оқыту мен басқарудағы, топтық және коллаборативтік жұмыстарды ұйымдастырудағы проблемалар заманауи жағдайдағы көшбасшылық феноменінің нақты көрінісін бере алмай отыр. Көптеген анықтамаларға сүйене отырып, «Көшбасшылық» ұғымына сипаттама беретін басты белгілерді айқындауға болады. Алғашқы белгісі-топтың құрамында болу: көшбасшы-топтың бір мүшесі, ол топтың «үстінде» емес, «ішінде» болуы қажет. Екінші белгісі-топ ішіндегі орны: көшбасшының топ ішінде беделі, мәртебесі жоғары болады. Үшінші белгісі–құндылығы: көшбасшының құндылығы мен көзқарасы топтың құндылығымен сәйкес келуі қажет, көшбасшы топтың мүддесін айрықша қамтып көрсете алады. Төртінші белгісі–көшбасшылының топқа әсері:топтың басқа мүшелерінің тәртібі мен түсінігіне, санасына әсер ете білу, мақсатқа жетуде топты ұйымдастыру мен басқару қабілеттілігі. Бесінші белгісі–көшбасшының топта айқындалуы. Р.С.Немов пен А.Г.Кирпичник жеке қарым-қатынас көшбасшының айқындалуына әсер ететінін көрсетті. Н.С.Жеребова да осы пікірді құптайды. Ол топ мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас көшбасшының ерекшеленуіне әкелетінін атады. Осыған сәйкес,көшбасшылық– топтық ортақ қасиеттерінің бір бөлшегі-әрине ұжымдық құбылыс ретінде топтың дамуынан туындайтын, топ мүшелерінің бүтін топқа әсер ете білу қабілеті мен деңгейіне қарай саралау барысында көрінетін қабілет. Көшбасшы–топтың мүддесін қалыптастыруға неғұрлым жоғары әсер ететін, топ ішіндегі рөлдік саралау нәтижесінде ерекшеленген, ұйымда және қарым-қатынаста 34

жеке әлеуеттін пайдалана отырып,мақсатын жүзеге асыра алатын топ мүшесі. Сыныптық ұжымда әртүрлі рөлдегі көшбасшылар кездеседі. Іскер көшбасшылар сыныптың алдына қойылған мәселені шешуде, білім алудағы әрекеттерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Эмоциональды көшбасшылардың рөлі сыныптағы тұлғааралық қарым-қатынас негізіндегі әрекеттерге қатысты келеді. Сыныпта осы екі саладан да табысты болған оқушылар нағыз көшбасшы бола алады. Іскер көшбасшылар эмоциональді көшбасшыларға қарағанда көптеген сыныптастарының назарында болады. Себебі, іскер көшбасшылардың білімі, мәселені шеше білу қабілеті, дағдысы басқа оқушыларға қарағанда жоғары болады да, олар соны пайдалана отырып, сыныптастарының арасындағы қарым-қатынасын жақсарта алады. Эмоциональді көшбасшылар сыныпты басқару қажеттіліктін сезінбейді, сондықтан тұлғаралық қатынастағы білімді қажет етпейді. Жеке тұлғаның қажеттілігін қамтамасыз ету мен қарым-қатынасын қабылдауға епті болу арқылы ұжымға ықпал ету үшін сыныптастардың жағдайын анықтай алу қабілетінің болуының маңыздылығы өте зор. Бұл жағдайда алдымен нағыз көшбасшылар, содан кейін іскер көшбасшылар қабілетті болады. Сондай-ақ, эмоциональді қарым-қатынас жағдайында әртүрлі көшбасшылар арасында айтарлықтай айырмашылық жоқ. Эмоциональді көшбасшылардан көбіне сыныптық психологиялық ахуалы, білім алушылардың көңіл-күйі, сонымен қатар адамгершілік құндылықтары байланысты болады. Сынып жетекшісі немесе пән мұғалімдері көшбасшылыққа жігерлілік пен іс-әрекет итермелейтінін әрдайым есте сақтаулары керек. Сондықтан, сыныпта және сыныптан тыс жұмыстарда көшбасшылардың сыныптастарына ықпал ету қабілеттілігін пайдалана отырып, оқушылардың жетістікке жету мүмкіндігімен


арттыруға, әлеуетін көтеруге болады. Сыныппен және табысты оқушылармен қабылданған адамгершілік құндылық өзіне сай көшбасшыларды да айқындайды.Іс-әрекет және тапсырма түрлеріне қарай сыныптағы немесе шағын топтағы көшбасшыларды алмастырып отырған жөн. Бұл әрбір баланың көшбасшы рөлінде болып, оны сезінуге, соған қарай реттелуіне және топты басқару мен ұйымдастыру қабілетінің артуына көмектеседі. Ұжымдық жұмыс және бірлескен оқуда оқушылар мен мұғалім арасындағы қарымқатынас сипаты өзгереді: оқушылар ересектердің көмегі мен ынталандыруын көп қажет етпейді. Себебі, бірлескен оқуда оқушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу негізінде білім алады. Бірлескен оқу соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы болып табылады.Сонымен қатар,топтық жұмыс мұғалімді оқушыларды ұйымдастыру, бақылау, бағалау жұмыстарынан аз да болса босатады, сондықтан мұғалім оқушылардың жеке қабілеті мен қажеттілігіне, олардың өзара қарым-қатынасы мен бірлесіп білім алу жағдайына көбірек мән бере алады. Сонымен бірге бірлескен оқуда балалар топтық жұмыста әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осындай зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады. Ұйымдастыру кезеңі, ынтымақтастық және бірлескен жұмысқа араласу мұғалімсіз жүзеге аса алмайды, дегенмен бірлесіп жұмыс жасауды бастағаннан кейін олар келесі қадамдарын айқындап, қарым-қатынасын реттеп, еркін әңгіме-дебатқа түсе отырып, маңызды сұрақтарды талқылай алады. Осы сынды жұмыстарда оқушылар мынадай мәселе төңірегінде мұғалімнің көмегіне жүгінеді: қосымша ақпараттар қажет болса, өзінің айтқан пікірін оқушы дәлелдей алмай, ал өзінің серіктесі айтылған пікірге күмәндануын жалғастыра берсе, т.с.с. Десе де, жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасындағы қарымқатынасты, тиімді араласу мен проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезінде оқушыларды өздерінің оқуына белсенді қатысуға итермелейді. Сондай-ақ, бірлескен жұмыстық тағы бір ерекшелігі,оқудағы серіктестердің өзара қарымқатынасы.Өзінің жеке әрекеті мен қөзқарасын іске асыру жолында басқаның пікірін де есепке алу,басқаның пікірімен танысу, кезекпен сөйлеу,белсенді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін ортаға салу, идеяларды ұжыммен

бірлесе отырып талқылау сынды әрекеттер– бірлескен жұмыстың жетелеуші сипаттамасы. Топтық жұмыстың артықшылықтарының бірі–топ мүшелерінің тең құқылы болуы. Бұл қабілеті төмен оқушыларды көтермелеуде маңызды қызмет атқарады. Олардың барлығы дерлік үлкен сүйіспеншілікпен бірлескен жұмысқа қатыса алады. Олар қабілеті жоғары оқушылардан жеңіліс таппайды,қате жіберуден қорықпайды, тәуекелге бел буады, түсінбеушілік туындаса серіктестеріне сұрақ қоя алады, келіспеушілік туындаған жағдайда қарсы пікір айтуға қабілеттілігі дамиды. Осылайша, оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. Жасөспірімдердің арасындағы көшбасшылық әлеуетті дамыту шарттарының бірі–педагогтарды көшбасшылармен жұмыс жасауға дайындау болып табылады. Көшбасшылармен жұмыс жүргізу ерекшеліктері бойынша педагогтардың білімі, заманауи жағдайдағы көшбасшылық феноменін түсінуі, көшбасшылық әлеуетті диагностикалау және оны дайындауды ұйымдастыру қабілеті, топтағы көшбасшылықты айқындайтын жағдайды құруы және дамытуы, олармен өзара әрекеттесуге талпынуы педагогтың дайындығын анықтайды. Көшбасшылық әлеуетті дамыту педагогтың оқуға ынталандыруы мен әлеуметтік ортасын құрудағы қабілеттілігін болжайды. Соңғы уақыттарда «психологиялық сүйемелдеу», «педагогикалық сүйемелдеу», «психо-педагогикалық сүйемелдеу» деген сөздер көптеп кездесіп жүр. Өкінішке орай, ғалымдар мен практиктердің арасында бірегей түсінік өз дәрежесінде айқындалмады. М.Р.Битянова мен Е.А.Козыреваның еңбектерінде «сүйемелдеу» түсінігі ерекше дәйекпен ұсынылған. Осы еңбектерде ол балалардың, мектепке дейінді ұйымдар мен мектептегі ересектердің позитивтік қарымқатынасын дамыту үшін жағдай жасауға бағдарланған педагог-психологтың кәсіби қызметтік жүйесі ретінде қарастырылады. Демек, барлық психологиялық тұрғысынан алғанда басқару мен көшбасшылық бір-бірімен өте тығыз байланыста болғанымен, оларды бірге қарастыру қате болар еді. Осыны болдырмас үшін мынадай дәлелдер ұсынған жөн. Біріншіден, басқарушы мен көшбасшының екі түрлі бағытта бағдарланады:басқарушы қызметі мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеті мен алдына қойылған мәселені шешуге бағытталған 35


болса,көшбасшы қызметі топ ішіндегі өзара қарым-қатынас пен қызығушылыққа бағытталады. Екіншіден, егер басқарушы мақсатқа жету жолындағы қызметінде көшбасшылық қабілетке ие болған жағдайда ғана екеуін біріктіріп қарастыруға болады.Үшіншіден, жоғарыда айтылғандай сәйкестілік мүлдем орын алмайтын топтар да жиі кездеседі. Көбіне студенттер арасында. Оқытушы өзінің студенттеріне қаншалықты жақын болса да өзінің өктемдік функциясына сүйеніп, басқарушылық қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал «бейресми» көшбасшылар студенттер арасынан табылады. Осыған орай, басқарушының топқа психологиялық тұрғыдан әсер етуінің басты құралы оның бүкіл топқа да, оның көшбасшысына да жеке мәртебесі мен билігі арқылы ықпал етуі болып табылады. Жоғарыда анықталған басқарушылық пен көшбасшылықтың айырмашылықтарына қарамастан олардың ұқсастығы да аз емес. Оларды байланыстыратын мынадай ортақ ұғымдар бар: басқарушы да, көшбасшы да ұжымға әлеуметтік тұрғыдан әсер ете алады, бірақ әртүрлі тәсілмен; олар топ ішінде үйлестіруші, ұйымдастырушы қызметін атқарады,біріншіден олар анық реттелген, екіншіден, алдын-ала қарастырылмаған. Қорыта келгенде, ынтымақтастық орта құру мен тиімді оқытуда мұғалім көшбасшы бола біліп,басқарушы қабілетке ие болуы кажет. Тиімді оқытуда мұғалімнің алатын орны ерекше. Мұғалімдер топтық жұмыстарды ұйымдастырып, оны қолдап отыруы қажет. Тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беруі керек. Ол топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ете алады. Осы жағдайда бірлескен жұмыс жүретіні белгілі.

36

Оқу сияқты көшбасшылық та адамды тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабеті болып табылады. Мұғалім ретінде біз өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды өз деңгейінде пайдалана алуымыз керек. Тәжірибе көрсеткендей, мұғалімдер кәсіби шеберліктері мен адамгершілік сенімдерін қолданып, адамдарға жақсы әсер ете алады. Біз өзіміздің тактикалық дағдыларымызды жетілдіріп, стратегиялық тұрғыдан ойлануды үйрене аламыз.Сыныптағы психологиялық ахуал сыныптағы білім алушыларға байланысты келеді, ал оны реттеуші көшбасшы мен басқарушы. Сондықтан сыныпты өз деңгейінде басқара алу тек мұғалімнің қолында. Павйдаланған әдебиеттер: 1.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық, төртінші басылым, 2015. 2.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы, тренерлерді оқыту курсы, үлестірме материалдары, үшінші басылым, 2014. 3.Андреева Г.М. Социальная психология – М.: Аспект пресс 2001. 4.Википедия - свободная энциклопедия. 5.Патрик Ленсиони «Пять искушений руководителя: притчи о лидерстве» М.: Диалектика 2005г. 6.Джон Эдейр «Не боссы, но лидеры. Лестница успеха.» - М.: Фаир-пресс. - 2004. 7.Канджеми Дж.П. «Психология современного лидерства: Американские исследования.» - М.: Когито-Центр. - 2006. 8.«Альфа-лидерство» (Джулиан Рассел, Энн Диринг, Роберт Дилтс). - М.: 2004. 9. Кешаван Наир «Высокий стандарт лидерства. Уроки из жизни Галди». - М.: 2001. 10.Китов А.И. Психология хозяйственного управления. М., Профиздат, 1984.


СЫНЫПТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ДИАЛОГТЫҢ МАҢЫЗЫ Имашева А.С. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінің ІІ деңгей бойынша сертификатталған мұғалімі

Қоғамның дамуындағы ғажайып жетістіктер,жетілдіру бүгінгі күн талабы.Осыған орай оқу– ағарту саласында түбегейлі өзгерістер туындады. Қазіргі таңда мұғалімдердің білімін жетілдіруге озық технология ғылымның шарықтау дәуірі,оқыту жүйесіне де үлкен өзгерістер енгізуді қажет етеді. Сондықтан да мұғалімдердің білімін бұрынғыдан да көтеру, әдістемелік, теориялық шеберліктерін шыңдауға баса назар аударылып отыр.Кембридж бағдарламасы бойынша мұғалімдер тиянақты дайындықтан өтуде. Мен де осы бағдарлама бойынша II-деңгейден өтіп, жаңа бастамаларды, оқытудың жаңа әдістерін меңгеріп, өз тәжірибемде қолданудамын. Теориялық Тақырып Сілтеме Жалпы мақсаты Күтілетін нәтиже Түйінді идея Ресурстар

білімімді тәжірибемен ұштастыра отырып, педагогикалық оқыту жүйесіне тиімді пайдаланып келемін. Жеті модульден тұратын бұл бағдарламаның бірі-диалогтық оқыту.Оны пайдалану барысында оқушылар шапшаң, логикалық ойлауға, сауатты болуға, тіл дамытуға үйренеді, және топ ішіндегі өзара байланыстарын жақсарта түседі. Осы орайда мұғалімдер арасында жүргізген «Сыныпты ұйымдастыруда оқыту мен оқудағы диалогтың маңызы» атты коучингімді назарларыңызға ұсынамын. «Сыныпты ұйымдастыруда оқыту мен оқудағы диалогтың маңызы» тақырыбындағы коучинг сессиясының жоспары

Сыныпты ұйымдастыруда оқыту мен оқудағы диалогтың маңызы Мұғалімдерге арналған нұсқаулық Мұғалімдерді диалогтық оқыту негіздерімен таныстыру, сыныпты ұйымдастыруда оқыту мен оқудағы диалогтың маңызын айту, сұрақтарды құрастыру дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасау. Мұғалімдер оқыту мен оқудағы тілдің басты ролін, оқу процесінде ДО қолданудың маңызын түсінеді; білім алу тәжірибесінде диалогты әдістер енгізеді; сұрақтарды құрастыру дағдыларын үйренеді. Диалогтың маңызы А-3 парақшалары, маркерлер, фотосуреттер, карточкалар, бейнероликтер, түрлі-түсті қағаздар, топқа бөлу, рефлексия құралдары.

Коучинг сессиясының жүрісі Коучинг сессиясының өтілу кезеңдері Сәлемдесу. Топтарға бөліну.

Уақыты 2 мин

Психологиялық ахуал орнату. " Ерекше сыйлық" тренингі.

5 мин

Тақырыпты белгілеу

5 мин

Коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті Коуч мұғалімдермен сәлемдесіп, амандасады. "Қарақат", "Матрешка"," Барби" қуыршақтары арқылы топтарға бөлу. ( мұғалімдер қуыршақтар түрлеріне қарап, топ-топпен бөлініп, билеп, орындарына отырады). Коучингке қатысушыларға сыйлықтардың атауы жазылған карточкалар ( Ұялы телефон, әтір, көлік, үлкен бақыт, күн, аспаннан жұлдыз, денсаулық, гүлдер, сақина, ноутбук,көйлек т.б) үлестірілді. Мұғалімдер сол бойынша сыйлайтын сыйлықтарын мимикамен, қимылмен көрсету керек. Егерде берілген сыйлықтың не екенін түсінсе, онда ол қабылданған болып есептеледі. Коуч мұғалімдерге сауалдар қояды: Осы тренингтен не шықты?

37


Кіріспе. ДО туралы мұғалімдердің алғашқы білімдерін байқау. Презентация. ДО негіздерімен таныстыру, тіл дамытудың түсінігін кеңінен қалыптастыру, сұрақтарды дұрыс қою үшін, әңгіме жүргізу үшін. Негізгі бөлім. " Менің атым Қожа" кино фильмінен фрагмент бойынша әңгіме

5 мин

Әңгімені сахналау

6 мин

Сергіту сәті

4 мин

Дыбыссыз диалог

5 мин

Рефлексия

2 мин

38

5 мин

6 мин

Неге кейбіреулеріңіз бір-біріңізді түсінбедіңіздер? Мұғалімдер өз ойларын білдіреді. Егерде біз сөздермен аралассақ, қалай болар еді? Неге сұрақ қою маңызды? Бүгін біздер не туралы әңгіме қозғамақпыз? Әрине диалогтық оқу туралы болмақ. «Сыныпты ұйымдастыруда оқыту мен оқудағы диалогтың маңызы» деп аталады. Диалогтық оқыту туралы не білеміз? Қазір бәріміз осы туралы кластер құрып көрейік. Топтық жұмыс. Әр топ өз жұмысын қорғайды. 1 слайд- ДО дегеніміз не? Соның барысында оқушылар нені үйренеді? 2 слайд- ДО үш түрі туралы ( әрқайсысына сипаттама беріледі). 3 слайд- ДО кезінде оқушылардың ойлау қабілеттері дамиды. Балалардың білімін тексеру мақсатында Блум таксономиясын қолдануға болады. Мұғалімдерге к/ф үзінді қарау ұсынылады. Сосын Блум таксономиясы бойынша сұрақтар талқылау. К/ф басты кейіпкері кім? Қожа сабақты қалай оқыды? Ол ақылды бала бола тұра, неге жат қылықтар жасайды? Неге ол өзін-өзі қолға алуға тырысты? Егерде ол үйтпесе, оған не болар еді? Алдынан жақсы адамдар кездеспесе, ол не істер еді? Коуч алдымен мұғалімдерге бір салаттың құрамын жазуға жеке тапсырма береді. Сосын әр мұғалім өз тобында оны айтып талқылайды. Коуч мұғалімдерге сұрақ қояды: Осы тапсырманы орындағанда сіз нені байқадыңыз? Мұғалімдер: Бір адам өз салатының құрамын оқыды, қалғандары тыңдады. Коуч: Сонда бұл әңгіменің қай түріне жатады? Мұғалімдер: Кумулятивтік түріне Коуч:Ал енді әрқайсыңыз бір ингредиенттен ұсынып, топтың бір салатын шығарасыз. Коуч: Неге осы ингредиенттерді таңдадыңыздар? Сіздің салаттарыңыз ең дәмді екенін дәлелдеңіздер. Мұғалімдер:Салаттың құрамына кіретін ингредиенттердің пайдалы жақтары туралы айтып берді. Коуч: Сіздер осы тапсырманы орындағанда әңгіменің қай түрін қолдандыңыздар? Мұғалімдер: Зерттеушілік Коуч: Дұрыс. Кумулятивтік түрінен зерттеушілік түріне ауысты. Мұғалімдер өздеріне ұсынылған ән жолдарын музыканың сүйемелдеуімен айтады. Дыбыссыз диалог ұсынылады, сол бойынша: 1 топ- қызыл түстілер- дебат құрастырады; 2 топ-жасыл түстілер-зерттеу; 3 топ- сары түстілер- кумулятивтік түрін пайдаланады. Жұмыстарын қорғайды. Мұғалімдерге теңізші суреттері таратылады. Оларды әрқайсысы өзінің көңіл-күйіне, коучингтен алған әсерлерін үш түрлі желкенге апарып жапсырады.


ЕРТЕГІЛЕРДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚҚА БАУЛУ Сейтенова А.Ж. Атырау қаласы №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Қазақ ертегісі, есте жоқ ескі замандардан бастап беріге шейін болған талай-талай ұзақ дәуірлердің кезеңдерінде туған, өсіп көбейіп келген мол дүние. М.Әуезов Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшумен байланысты жүзеге асыру жоспарланған. 12 жылдық білім беру жүйесінде білім беруді ұйымдастырудағы жеке тұлғалық, ісәрекеттілік, құзыреттілік тұрғылар жалпы білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда. Н.Назарбаевтың "Қазақстан 2030" Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында барлық қазақстандықтардың өсіп өркенденуіне, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуына бағытталған негізгі басым мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартуымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыру қажеттілігі көрсетілген. Білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес,жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық кәсіптік, адамгершілік- рухани азаматтық және басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып оқу-тәрбие үрдісті тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезеңдегі әдебиет пәні мұғалімдерінің міндеті жас буынды сөз өнеріне баули отыра оқытудың шығармашылық сипатын күшейту, сөйтіп баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Сабақ беру үдерісінде шәкірттерді шығармашылық жұмысқа баулудың маңызы зор. Жазба жұмыстары олардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға

көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу тәрізді жекелік қасиетттері байқалып тұруы қажет деп ойлаймын. Шығармашылық жазба жұмыстардың мақсаты логикалық ойлауды дамыту, шығармашылық қиялды, нақты нәрсені еркін, қызықты түрде беруге ұластыру, әдебиетті іштей түсіне отырып, оның мәні мен құдыретті орнын өз дүниесінде көркемдеп бере алу. / Н.Назарбаев "Қазақстан -2030" бағдарламасы. Оқушы шығармашылығы үнемі сынып ұжымы,ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек.Мұғалімнің ең үлкен міндеті шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы. Шығармашылықпен айналысуы үшін жеке дара оқушы емес,сыныптың,мектептің бүкіл балалары ойласуы үшін мүмкіндік туғызу,өзара шығармашылық қарым-қатынас, шығармашылық ахуал орнату қажет. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі-"сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді"-деген қорғаныш сезімі, екіншісі-өзіне өзі тым ризашылық болмау сезімі, үшіншісі-жалқаулық. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде,үйде қолайлы жағдай туғызу керек. Шығармашылық бағытқа баланы шығармашылыққа баулу үшін мұғалім көркемдік өлшемдерімен өзі де қарулануы керек. Кез-келген жұмыстың механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны үйретіп баулымақ түгілі оқушы жасаған дүниеше нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды. Мұғалім оқушы шығармашылығын дамытып бағыт-бағдар беруде мыналарды ескеріп отырамын: *шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс -тәсілдерін меңгеру; *көркемдік шешім табу, оқиға құру, бейне жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу; *шығармашылық үрдісті деректермен мәліметтерге педагогикалық, әдістемелік

39


тұрғыдан баға бере білу, теориялық тәжірибелік тұжырымдар жасау. *Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Баланың ой-өрісін,тілін,қиялын дамытуда ертегілердің ролі зор. Бала естіген немесе оқыған ертегі мазмұнының мәніне ой жүгіртеді,өз түсінгенше жеткізуге тырысады. Ертегі құрылымын, тілінің ерекшелігін сезіне отырып, ондағы әр қилы оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын, ісәрекеттерін өз қиялында өрбітеді. Ауызша бейнелі тілмен суреттеліп айтылған немесе қара сөзбен ертегі оқиғасын қиялында көркемдеу үшін ертегі мәтініне тереңдей мән беріп,ойша талдайды,кейбір көріністерді, суреттеулерді, оқиғаларды есіне түсіреді, кейіпкерлердің ісәрекеті, мінез-құлығына, қарым-қатынасына өз бағасын береді. Басты, мәнді деп тапқандарын сұрыптайды, өзіндік көзқарасын білдіреді. Баланы ертегі мазмұнындағы суреттеу, салыстыру,теңеу,ұқсату,әсірелеу сынды халықты бейнелі тілі қызықтырады. Айтылуындағы реттілік, жүйелілік халықтың ойлау жүйесін білдіртеді, яғни халықтың ой саралау мен сөз саптау ерекшелігін түсіндіреді. Мысалы, "Арыстан мен түлкі","Түлкі мен тырна", "Түлкі, тасбақа, кене", "Түлкі мен бөдене" сияқты ертегілерде қулық, аңқаулық, "Күшік пен мысық", "Түлкі, қойшы, аю", "Есірік торғай" ертегілерінде мақтаншақтақ, бөспелік айтылса, "Қайырымды қоян","Қарлығаш пен дәуіт" ертегілерінде қайырымдылық, достық дәріптеледі. Қазақ халқында өз ұрпағын жақсыдан үйреніп, жаманнан жирендіретін, балалар қызыға оқып, сүйіп тыңдайтын ертегілер көп. Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет ғылымын зерттеуші ғалым А.Байтұрсынұлы "Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап береді. Ертегінің керек орындары: халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді. Бұрынғылардың сана саңылау, қалпы салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе»- деп айтқан болатын. Қазақ ертегілерінің мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлеміз: а)

40

қиял ғажайып ертегілер; ә) хайуанаттар жайындағы ертегілер; б) тұрмыс-салт ертегілері. Ертегілерде ерте заманнан бастап соңғы кезге дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Халықтың қоғамдық өмірі, тұрмыс тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана сезімі, арман мүддесі суреттеледі де ертегінің оқиғасы реалистік болмыстан алынады. Егер қиял ғажайып немесе хайуанаттар жайындағы ертегілерде ол өте аз кездеседі. Мұнда адамның қиялдарынан туған әңгімелерден гөрі өмірде болған, не болуға тиісті оқиғалар басты орын алады. Сондықтан тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан, жеті басты жалмауыз, жезтырнақ,т.б. бейнесінде емес, нақты адам бейнесінде болады және сол қарапайым адамдар жайлы айтылады. Халықтың тұрмыс салтына байланысты туған ертегілерде басты тақырып еңбек адамының өмірі, ісі болып келеді. Қарапайым адамды халық ертегілері қанаушы тапқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі, ақылы, өнері, адамгершілігі хандармен байлардан әлдеқайда артық деп суреттейді. Мұны біз көптеген ертегілерден, соның ішінде әрі көркем, әрі терең идеялысы "Аяз биден" көреміз. Ертегілер бала қиялын, тілін, ой-өрісін кеңейтеді. Әр шәкіртте қолжазба, қойын дәптері болуын қадағалаймын. Ол дәптерге өзіне ұнаған көркем сөз айшығын жазып алып, өз шығармашылығына пайдалануын басты назарда ұстаймын.Сондай-ақ сөздік дәптері болуын талап етемін.Онда синонимдер қатары, тұрақты тіркес, нақыл сөз, афоризмдер жазылуын қадағалаймын. Мұның бәрі оқушы шығармашылығын дамытуға өте қажетті дүниелер. /А.Байтұрсынұлы "Қазақстан мектебі" журналы, №3, 2008 ж Ертегілерді оқытуда оқушыларды шығармашылыққа баулу жұмыстары: -Жоспар құрғызып, мазмұндау. -Мақал- мәтелдердің мәнін ашу. -Кейіпкерлерге мінездеме жазу. -Ертегілерді рөлдерге бөлу. -Ертегі бойынша мәтін құрау. -Ойдан ертегі жазу. -Ұжым болып ертегі құрастыру. -Ертегілердің бір бірінен айырмашылығын ажырату. -Өлең жазу. -Сөздікпен жұмыс. -Тақырыптық суреттер салу. Бұдан шығатын нәтиже: әр оқушы өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді.


Әртүрлі тапсырмалар арқылы пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артты.Қиялдануы шарықтады, қиялдай отырып ертегі, әңгіме, өлең жазуға машықтанды. Рөлдерге бөліп оқу арқылы сахналық көрініс қоя отырып,артистік таланты қалыптасты, өнерге деген қызығушылығы артты. Ұлы неміс педагогі А.Дистервергтің "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,ойға үйретеді" дегені мәлім. Сондықтан да ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайларда танымдық іс-әрекеті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болатындықтан, оқушының шығармашылығын арттырады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығуы артатыны даусыз. Сабақтың тақырыбы:"Керқұла атты Кендебай" ертегісіндегі Кендебай бейнесі. Сабақтың мақсаты: Білімділік:"Керқұла атты Кендебай" ертегісін қаншалықты меңгергенін байқау, Кендебай бейнесін аша отырып, кейіпкер туралы түсінік беру,өткен тақырыптармен байланыстыра отырып, алған білімдерін жетілдіру. Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істеуге, өз пікірін қорғауға дағдыландыру. Әдебиетке деген қызығушылығын ояту. Тәрбиелілігі:Кендебай бейнесі арқылы адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу, оқушы бойына ерлік, батылдық қасиеттерді дәріптеу. Сабақтың түрі:сабақты қорыту. Сабақтың әдісі: пікір айту, сұрақ-жауап, сыни тұрғыдан ойлау. Сабақтың көрнекілігі: сурет Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу өнері Сабақтың жүру барысы. І. Ұйымдастыру. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. ІІІ. Өткен тақырыпты пысықтау. Өткен сабақтарда ертегілер, оның түрлері, "Керқұла атты Кендебай" ертегісімен таныстық. Бәріңізге ортақ сұрақ.

Ертегі дегеніміз не? Оның құрылысы қандай? Ертегінің қандай түрлері бар? "Керқұла атты Кендебай" ертегісі қандай ертегіге жатады? ІҮ. Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс жүргізу. Қазанқап кедейдің іс-әрекеті, кәсібі туралы айтылған жерді тауып оқу. Сиыр айдап өткізер жерін табу. 1.Сахналық көрініс. Кендебай мен жетім бала кездескен сәтінен көрініс. Мақал -мәтелдермен түйіндеу. 2.Кішіпейілділік-кішілік емес, кісілік. Мейірімділік-жүректен, Мейірімсіздік- білектен. 3.Теориялық жұмыс. Сыртқы түрін, қимыл-әрекетін, мінез-құлқын басқалармен қарым-қатынасын ойша біліп, көз алдымызға елестетеміз. Шығармадағы адамдардың көркем бейнесін кейіпкер дейміз. 4.Ертегідегі қарама-қарсы кейіпкерді табу. Еңбекқор Еріншек 5.Кендебай мейірімді Бай балалары жалқау батыр өтірікші жігерлі шыдамсыз 6.Топтастыру стратегиясы 7.Кендебайдың бойындағы жақсы қасиеттер. адал жанашыр Кендебай айлалы қайырымды мейірімді 8.Деңгейлік тапсырма І деңгейлік берілген сұрақ. Кендебайға ұқсағың келе ме? Оның бойындағы қандай қасиеттер ұнайды? ІІ деңгей Осы ертегінің қай жеріне өзгеріс енгізер едің? ІІІ деңгей Сурет бойынша сөйлету Ү. Сабақты бекіту сұрақтары. 1."Керқұла атты Кендебай" ертегісін неге қиял-ғажайып ертегіге жатқызамыз? 2.Халық арманын ертегінің қай жерінен көруге болады? 3.Кейіпкер дегеніміз не? ҮІ.Үйге тапсырма. Ертегіні жалғастырып жазу. ҮІІ.Бағалау.

41


САБАҚ ҮСТІНДЕГІ ӨЗІНДІК ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ Суйеугалиева Б.М. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Өзіндік жұмыстың мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушының даму дәрежесіне түрлері сан алуан. Сондықтан оқушылардың өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың максат, міндеттеріне және пәннің ерекшеліктеріне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы - сабақ үстіндегі өзіндік жұмыс түрлері.Олар сабақтың сұлбасын сызу немесе қадағалау, конспект даярлау, салыстыру нәтижесінде ұқсастық пен айырмашылықты анықтау, конспектіні ұсынылған әдебиеттермен толықтыру. Сабақтың сұлбасын сызу немесе қадағалау арқылы бұл тақырыпта туған жеріміздің өзендерін, картадағы орнын, өзеннің шаруашылыққа тигізетін пайдасын сұрау, Дүниетану пәнінен алған білімдерін пайдалану. Мәтіндегі батырларды топтастырып,осы батырлардың тарихтағы орнын өткенді еске түсіру арқылы мұғалім қосымша деректерді іздете отырып, білімдерін кеңейтеді. Бейнелі сөздің анықтамасын еске түсіріп өлеңдегі бейнелі сөздерді анықтайды. Бұл жаңа білімді меңгеруге бағытталған тапсырма. Сабақ үстінде оқушыларға мәтінде не айтылғандығы туралы конспектілеуге жұмыстандыру арқылы баланың табандылығы, қырағылығы, ізденісі дамиды. Конспектіні ұсынылған әдебиеттермен толықтыру. Мұғалім бұл жерде бақылаушы ретінде болады. Жаңа тақырыпты өз бетімен меңгере отырып, ары қарай мұғалімнің көмегінсіз өзі дайындай бастайды. Салыстыру нәтижесінде ұқсастық пен айырмашылықты анықтау үшін СТО технологиясының Венн диаграммасы әдісін қолданған тиімді. Егер оқулықпен жұмыс дұрыс ұйымдастырылса, оқушының білімдік дағдыларын дамытумен қатар төмендегідей нәтижелерге қол жеткізуге болады:

42

-оқыту үрдісінде берілген тапсырмаларды сапалы орындайды, -шығармашылық ізденіске жетелейді, - оқу материалы оқушы есінде ұзақ сақталады. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысы білік пен дағдыны қалыптастырудың тиімді жолы болғандықтан В.А.Сухомлинский «Оқушылар оқуға қажетті білім, дағдылар жүйесін меңгеру қажет»-дейді. Оқушы міндетті түрде мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс: ойлай білу; көрген, байқаған, істеген ой-тұжырымдарын айта білу; оқу үстінде мәселеге байланысты материалдарды кітаптан өз бетінше тауып алуы; мәтінді оқи отырып, мұғалімнің берген нұсқаларын орындай білу; оқығаны, көргені туралы өз бетінше мазмұндама,шығарма жаза білу; өзіне керекті материалдарды таба білу; сыртқы орта құбылысын бақылай білу. Оқушыларда осындай шеберліктер мен дағдылар жүйесі болмаса, онда ойдағыдай өз бетінше оқып жұмыс істей алмайды. Тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап әзірлеу: Мұғалім сұрағына оқушы оқулықты жай оқу арқылы емес, жауапты оқулықтағы мәтінді талдау, оны ұғыну нәтижесінен табуы керек. Сұраққа байланысты фактілерді бала табуы жөн. Оны мұғалім әдейі балалардың байқауы үшін айтпай тастап кетеді, яғни, оқушы мұғалім қойған тапсырмалар мен міндеттерді активтендіреді. Осының нәтижесінде: оқытудың терең теориялық ережелері практикалық мәліметі есте жеңіл сақталады. Түрлі сезімдік қабілеттері жетіледі. Мұғалімнің жұмысын жеңілдетеді, уақытын үнемдейді. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына оқу әдістеріне байланысты іске асыратын жұмыстардың түрлері жатады:оқулық пен оқу құралы және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу, шығармашылық жаттығулар, бақылау, эксперимент т.б.


Оқушылардың дербестігін даму дәрежесіне қарай: олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға: оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары, мысалы, жай жаттығу, көшіру, берген сұрақтарға жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақта ана тілінен өтілген тақырыпқа ұқсас үйде мәтінді қарастырып оқу, т.б. Шығармашылық жұмыстарға: оқушылардың өздігінен шығарма, баяндама, көрнекі құралдар, конструкциялық жұмыстар жасау т.б. жатады. Әрине бұл екі жұмыс өзара байланыста болады.Зерттеу сипатына байланысты:өзіндік, бақылау жұмыстарын орындаудағы оқу жұмысы. Сыныпта оқылған материалды толықтыру үшін қосымша материалды оқу ұсынылады. Оның өзі қызықты әрі маңызды болуға тиіс. Бұның сырын (қосымша материалдың) оқу материалының көмегімен ашу және негіздеу шығармашылық сипат алады.Бір ескерер жайы– қосымша материалдың қиындауын күшті оқушыларға беру керек. Бақылау жұмыстарын ұйымдастырудағы оқушылардың жарысу серпінін туғызады:ортақ мақсаттарының болуы есебінен ұжымдық шешім шығады,болжамдар жасайды,эксперименттер жүргізеді. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмыстарына түгел сынып болып немесе топтарға бөлініп орындайтын дара және фронтальды формалары да болады. Ғалымпедагог О.А. Нильсон оқушылардың өзіндік жұмыстарын мынадай принциптерге қарай тапсырады:психологиялық-дидактикалық, дидактикалық,дидактикалық-әдістемелік, әдістемелік,ұйымдастыру, ұйымдастыру принципі, психологиялық. Оқушылардың жұмыстарының барлық топтарын мұғалім оқыту процесінде жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі-оқыту процесінің барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Бақылау

жұмысындағы өзіндік жұмыс: ауызша жауап даярлау, жазбаша тапсырманы орындау, тест сұрақтарына жауап беру, эссе жазу. Осындай жұмыстардың нәтижесінде: 1.Оқушылардың сөйлеу тілін, сөздік қорын молайту, ойлау, көру, сезіну, қабылдау қабілеттері дамиды. 2.Баланың сөздік қорын дамыту, тұрақты сөз тіркестерін пайдаланып күрделі сөйлемдер құрастыру арқылы балалардың санасында көркем әдебиет арқылы жаңа көзқарас қалыптасады. 3.Тест бөлім бойынша оқу үлгерімінің нәтижесін анықтауға мүмкіндік жасайды. 4.Баланың жеке басының дамуы мен оның сөйлеу тілінің дамуы ерекше рөл атқарады. Тіл байыған сайын баланың ой-өрісі шарықтап, қиялы, ақыл-ойы дамиды. Байқаулар мен жиналған материалдар бойынша тапсырмаларды орындау және т.б. Осы жұмыстарды түрлендіріп, күрделендіріп жүйелі түрде оқушылардың өзіндік жұмысы етіп ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Нәтижесінде: оқушылардың білімін арттырып, өз әрекетін өзі ұйымдастыруға мүмкіндік туды, оқушыда оқулықтан тыс ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеті артты, өз бетімен ізденуге, шығармашылық әрекет жасауға өз ықпалын тигізді, әр оқушы кітапханаға барып әдеби көркем шығармаларды, түрлі газет-журналдарды оқып, рухани азық алып, дөңгеленген дүниеден хабардар болып, өз тағдырын өзі басқаруға септігін тигізетіні сөзсіз. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Қ.Бержанов «Дидактиканың осы кездегі кейбір актуалды мәселелері» Қазақстан мектебі 1968 ж. 2.Бастауыш мектеп №5-6, 2012, №4,2004, №4,2012 ж. 3.М.Жұмабаев « Педагогика» Алматы.Ана тілі 1992 ж 4. К.Жексембина «Өзіндік жұмысқа дағдыландыру» «Қазақстан мектебі», №5,1986 ж 5.В.А.Сухомлинский «Балаға жүрек жылуы» Алматы. Мектеп. 1978 ж.

43


ЖАҢА ТӘСІЛДЕР- САПАЛЫ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫ ОҚЫТУ НЕГІЗІ Меңдіғалиева Г. Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол орта мектебінің мұғалімі

Бүгінгі білім беру әдістемесінің негізгі элементі оқушылардың ойлау қабілетін дамыту болып табылады. Ол өз алдына сыни ойлау және шешім қабылдау біліктіліктерін дамытуға септігін тигізеді.Сонымен қатар, білім беру арқылы шынайы сынып болып қалыптасуына, сыныптағы оқушылардың топ болып жұмыс істеуге, шынайы сөйлеу ортасында коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, жаңа әдіс-тәсілдерді танып,олармен қалай жұмыс жасау керектігін үйрету бүгінгі күннің басты талабы.«Білім алу-батылдық, оны толықтыруданалық, ал шебер қолдана білу-өнер» деген халқымыздың қанатты сөзі сындарлы тәсіл теориясымен астасып жатқандығына көз жеткізуге болады.

Расында да, ұстаздардың білім берудегі жұмысының нәтижесі тек оның шәкірттерінде, алған білімді өмірде дұрыс қолдана білуінде болмақ. Сол себепті әр сабақты оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әдістәсілдерді тиімді пайдаланып өткізу оқушылар үшін өз-өздерін реттеп, жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізуге, талдау жасауға үйретері сөзсіз. Мен де өз сабағымның әр бөлімінде американдық психолог Бенджамин Блумның теориясын басшылыққа алып, алты қадаммен: 1) білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалаумен жұмыс жасау арқылы оқушылар тақырыптың мәнін ашып, терең меңгеруге жағдай жасадым. Сонымен қатар, осы сабақта оқушылардың ынтасын арттыру мақсатында

Дүниетану 3-сынып Сабақтың тақырыбы Жалпы мақсаты

Оқу нәтижелері

Жаңа технология Түрі Әдістері

Таным қызметін ұйымдастыру

Көрнекілігі

44

Жүрек – қан тамырлары. Қанның қызметі Оқушыларға жүрек туралы, жүректің адам өмірі үшін маңыздылығына тоқтала отырып, оны сақтап, салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Жүректі күтудің ережелерін білгізе отырып, гигиеналық талаптарды сақтауға үйрету. Өз денсаулығымен бірге өзгелердің денсаулығына деген жауапкершілікке тәрбиелеу. Жүрек, қан айналым туралы ұғымдарымен танысады. Жүректі күтудің жолдарын үйренеді. Жүректің адам өміріндегі ең маңызды мүше екендігін меңгереді. Жүректі өлшеуіш құралдарымен танысады. Сындарлы оқыту, Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Аралас сабақ Иллюстрациялық түсіндіру. Репродуктивтік әдіс. Зерттеу әдісі. Эвристикалық әдіс. Мақсатты әдіс. Жекелік- танымдық қызметтер оқушының өз күшімен орындалады; Жан-жақтылы-барлық оқушылар үшін жалпы міндет қойылғанда; Топтық- жауап топ ішінде жинақталады; Ұжымдық- ұжым өзінің әр мүшесін немесе әр мүше өз ұжымын оқыту, тәрбиелеу, дамыту Интерактивті тақта, маркер, ватман, джилекс қондырғысы, бағалау парақшасы, адам макеті


Сабақ жоспары

Сабақ кезеңдері Ұйымдастыру Топқа бөлу

«Білу» кезеңі Жобалау

«Ол қай мүше?»

ІІ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

Бағалау Жинақтау Талдау Қолдану Түсіну Білу Мұғалімнің іс-әрекеті Психологиялық дайындық. Оқушыларды геометриялық пішіндер арқылы топқа бөлемін. таңдағандар – лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін басқарушылық қабілеті басым жандар таңдағандар – өте еңбекқор,төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар таңдағандар – өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісуге даяр тұратын жандар Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз? Мұғалім: Ал, енді, сабағымызды бастаймыз. І топ: «Артерия» ІІ топ: «Вена» ІІІ топ: «Қолқа» Оқушылар өздерің білесіңдер адам ағзасы сыртқы, ішкі мүшелерден тұрады . Әр ағзаның өзіндік атқаратын қызметтері бар. Сол мүшелердің кез – келгенінің біреуін алып сипаттама жазыңдар. Ал, енді балалар менің жазған мүшемнің сипаттамасын естігілерің келе ме? Онда тыңдаңдар. Ол мүшесіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Ол мүше кеуде қуысының ортасынан сәл солға таман орналасқан. Оның үлкендігі адамның өз жұдырығындай ғана. Ол жақсы жетілген бұлшық еттен тұрады.1 минутта 60 рет соғады. Бұл қай мүше? Интерактивті тақтадан жүректің суреті шығады.Олай болса, балалар біздің өтетін тақырыбымыз: «Жүрек –қан тамырлары. Қанның қызметі» Таппайтын тағат, Тығулы сағат. - Ол не балалар, -Оқушылар жауабы: «Жүрек» Жүрек туралы не білесіңдер, қане, білетіндеріңді ортаға

Оқушының іс-әрекеті Оқушылар қораптан геометриялық пішіндерді таңдап (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы) алып жұмыс орындарына отырады.

Ресурстар Геометриялық фигуралар

Оқушылар топқа бөлініп отырады. Оқушылар: керемет қылып өткіземіз.

Оқушылар өздері қалаған мүшелеріне сипаттама жазып, соны қорғайды

Интерактивті тақта, А4 форматтағы қағаз

Оқушылар мұғалімнің сипаттаған мүшесін табады.

Интерактивті тақта, слайдттар, кесте

Оқушылар жұмбақтың шешуін тауып, Жүрек туралы білетіндерін топтастырады.

Жұмбақ, ватман

45


салыңдар. «Түсіну» кезеңі

Жүрек Орналасқан жері: Көкірек қуысының сол жағында орналасқан.

Құрылысы:

Оқушылар интерактивті тақтадан сатылай кешенді талдау схемасына салынған түсіндірулерге назар аударды.

Жүрек жақсы жетілген қалың бұлшықеттен тұрады. Оның үлкендігі өз жұдырығындай ғана.Жүрек сол жақ қарынша, оң жақ қарынша, екі артерия және көктамырдан тұрады.

«Қолдану» «Сынып ішін аралау» тәсілі

«Талдау» Эдвард де Боно «Ақылдың алты ойлау қалпағы» Тәжірибе:

«Орнын тап» ойыны

Қызметі Сорап сияқты. Жүрек жиырылғанда қан күшпен қан тамырларға айдап шығарылып, солардың тарам-тарам жүйелерімен адамның барлық мүшелеріне тарайды. Қан айналым деп қанның ағзаны аралап қозғалуын айтады.Артерия, Көк тамыр, Қолқа туралы ұғымдармен таныстыру

Үйден дайындап әкелген «Жүрек-қан тамырлары.Қанның қызметі» мәтінін 3 абзацқа бөліп алдын ала А4 қағазға жазып әкеліп, немесе топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлаймын. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін оларға 1ден 3-ке дейін нөмір жазылған жетон таратамын. Сосын 1-ші нөмір алғандар бір топқа, 2-ші нөмір алғандар екінші топқа жиналады, т.с.с.Балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын.

Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады

46

А4 форматындағы ақ қағаз

Алты түсті қалпақ Оқушылар «Жүректі қалай күтуге болады?» тақырыбындағы сауалға сыни көзқарастарын білдіре отырып, Жүректі күтудің ережелерін өздері шығарады. Оқушылар Джилекстің көмегімен өздерінің жүрек соғысының жиілігін анықтайды.

Оқушылар адам макетін құрастырып шығарды. Ал оқушылар, сіздерге мына бір қондырғымен таныстырып өтейін. «Джилекс» «PASCO»ағылшын компаниясының шығарған

Интерактивті тақта

Джилекс қодырғысы, оқушы

Макет, адамның ішкі ағзалары


«Ой қозғау» «Филвордты шешу» Деңгейлік жаттығулар Сен білесің бе?

«Маманмен кеңес» «Жұптас, ойлан, бөліс» 4 жол өлең шығару

Пайдалы кеңестер. «Сен біле жүр!»

лабораториялық құрылғысы. Онымен физикадан, химиядан, биологиядан әртүрлі лабораториялық тәжірибелерді жасауға болады. Сонымен қатар бұл құрылғымен жүректің ырғағын, оның тербелісін анықтауға болады. Қазір жай қалыптағы оқушымен, жаттығу жұмысын жасап болған кездегі оқушының жүрек тербелістерін анықтаймыз. Балалар, қазір біз мына адамның макетін құрастырамыз.Ол үшін мына партаның үстінде адам мүшелері шашылып жатыр. Соны қайтадан орындарына салып құрастырамыз. Бұл ойын қай мүше қай жерде тұратынын білуге арналған СТРУЛКБАУЫРЛЫСҚЮРЖҮРЕККЛС ТЛРҚАҢҚАОПРПАВЧКӨКТАМЫРДОЛР ОПҚЫЗЫЛТАМЫРЬДРГПАРТЕРИЯДЩР НАВЕНҚАНЕПМҮШЕЛТОЛРКЛО Балалар, «Жүрек» сөзі кең ауқымды. Жүректі біз биологиялық тұрғыдан ғана емес, оны ұлттық патриоттық тұрғыдан да қарауымызға болады. Себебі, жүрегі қазақ деп соққан әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Мысалы, қазақтың қаракөз ұл-қыздары елінің намысын қорғау үшін түрлі жарыстарға барған кезде қазақ елінің туы жоғарыдан желбірегенде қолын жүрегінің тұсына қойып, көзіне жас алып, Әнұранды шырқайды. Әнұран –халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлемхат іспеттес. 2006 ж 7.01 №112-ІІІ ҚРЗ -де Конституциялық Заңына өзгерістер енді. 11-баптың бірінші бөлігінде: «Гимнді тұрып тыңдайды» деген сөздер «Гимнді орнынан тұрып, оң қолының алақанын омырауының сол жағына қойып тыңдайды» деген сөздермен алмастырылсын. Олай болса, Тәуелсіз еліміздің туын желбіретер, Әнұранның әуенімен жүректеріңнің ырғағы бірге соғар еліміздің ертеңі болыңыздар. «Әнұран айту.» Ал, балалар, біздерге жоғары сыныптың биология пәні мұғалімі Майра апай қонаққа келіп отыр. Майра апай жүрек туралы тағы не қосар екен. Маманның сөзіне құлақ түрсек. Достарыңды салауатты өмірге шақыр! ----------------------------жатпаңдар, ----------------------------қайтпаңдар. ---------------------------қолға алып, ----------------------------бастаңдар. Жүрек – қантамыр жүйесіне пайдалы тағамдардың құрамында алма, апельсин, лимон сынды жемістер бар. Мысалы, алма

Шашылған әріптердің ішінде тұтас сөздер кездеседі. Кім көп табуға тырысады. Оқушылар әнұран ды қолдарын жүрек тұсына қойып шырқайды.

Тапсырма жазылған бетшелер

Оқушылар жоғары сыныпта оқитын материалдарды қызыға тыңдады.

Жүрек туралы мәліметтер

Оқушылар жұптаса отырып берілген графада өлең шығарады

Парақша

Қазақстан Республикасын ың Мемлекеттік Әнұраны

Жемістер Оқушылар

47


Жинақтау Бүгінгі өтілген

қандағы гемоглобиннің құрамындағы темірдің көбеюіне қажет болса, апельсин шырынын ішу қан тамырлардың жұмысын жақсартса цитрусты өсімдіктердің барлығы қан тамырлардың қабырғасын қатайтып, серпімділігін арттырады. Жемістерден қуат алып, жүзіміз жадырай берсін! І топ: «Жүрек» ІІ топ: «Қызыл тамыр» ІІІ топ: «Көк тамыр»0

жемістердің пайдалары туралы біледі.

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады. Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. « Жүрек – қан тамырлары. Қанның қызметі» оқып түсініп келу

Бүгінгі сабақтың қалай өткендігі жөнінде оқушылар өз пікірлерін жазады. Кері байланыс жүргізіледі.

Баспалдақ суреті, Бұлттың, күннің, жартылай боялған бұлттың суреттері.

Оқушылар үйге берілген тапсырманы күнделіктеріне жазып алады. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы Оқушыларды формативті бағалау. Сабаққа жақсы қатынасқан оқушыларды жемістермен бағалау.

Оқулық, күнделік.

тақырып бойынша қорғау жұмыстар

Рефлексия

«БІЛІМ БАСПАЛДА ҒЫ

ІV. Үй тапсырмасы

Бағалау

48

Формативті бағалау. Бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды пайдалы витаминдермен бағалаймын «5» - апельсин - тәтті «4» - алма – қышқыл «3» - лимон – ащы Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Үш топ өздеріне берілген тапсырманы бар ынтамен, белсенділікпен орындады.

Ватман қағаз, маркер

Бағалау бетшесі


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ Самалихова Г.К. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл орта мектебінің бірінші санатты математика пәнінің мұғалімі

Бiлiмдi, қабілетті ұрпақ-ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бала тәрбиесіне келгенде атаананың да, мектеп ұжымының да, сынып жетекшісінің де жүгінері-халықтық, ұлттық педагогика. Сондықтан ұлттық құндылықтарды тәлімтәрбиенің түп қазығына айналдыру өзекті мәселе болып отыр. Қазақ халқының ұлы педагогы, этногроф, жазушысы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын өте тиімді пайдалана білген.Мәселен, «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» атты әңгімесі арқылы еңбек етудің маңыздылығын, өз уақытын зая кетірмеудің мәнін түсіндіреді. Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері, педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрінің қайта жаңарту кезеңінде Ы.Алтынсарин мұраларын насихаттау арқылы әрбір мұғалім, сынып жетекшісі бала бойына тәрбиенің дәнін егеді деп білемін. Бүгінгі қоғамда мектеп түлегінің академиялық-энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанмен, күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдайларда баланың өмірге икемсіздігі байқалып жатады. Бұл оның өмір сүру үрдісінде қажетті құзыреттердің қалыптаспағандығын дәлелдейді. 12 жылдық мектептегі жаңа мазмұнда оқытуоқушының осы түпкілікті құзыреттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, білім беру жүйесі оқушы қажеттілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Халқымыздың асыл қазынасын сыныптан тыс жұмыстарда тиімді пайдалану, оқушыларды өз ұлтын сүюге,оның салт-дәстүлері мен мәдениетіне құрметпен қарауға үйретері сөзсіз. Ұлттық құндылықтардың бірі ұлттық ойындар–тек балаларды алдандыру,ойнату әдісі ғана емес жас ерекшеліктеріне қарай көзқарастары мен мінез-құлқының қалыптасуына, тапқырлыққа, шешендікке,ой өрісін жетілдіретін атадан қалған асыл мұрамызды кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы. Баланың бойында имандылық, адамгершілікэстетикалық қасиеттердің қалыптасуына мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесі, мәдениеттілігі, байсалдылығы, мейірімділігінің әсері мол, сондай-ақ сынып жетекшісі сабақтан

тыс уақытта ойын ойнауға жағдай туғызып, балалардың ойынға белсенділігін үнемі арттырып отыруы тиіс. Ұрпақты жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу–ата-ананың, мұғалімнің, мектептің, барша адам баласының қоғам алдындағы борышы. ҚР этникалық мәдени білім тұжырымдамасында: «Тәрбиенің түп мақсаты– қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын өмірге икемделген,білікті,жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу»–деп өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән берілген. Себебі, тәрбие мәселесі алдыңғы кезекке қойылмайынша, мемлекет дамуы барынша тежелетіні анық. Бұл ұлттық тәрбие беруге қатысты міндеттерді жүзеге асыру арқылы бүкіл қазақ халқына тән ұлттық ерекшелік қалыптасады. Жалпы «жастарға ұлттық тәрбие беру» деген ұғымды жастар бойында ізгі қасиеттерді ұлттық ерекшелікке сай қалыптастыру деп ұғынуымыз керек. Басқаша айтқанда, ұлттық тәрбие беру– халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінезқұлқын қалыптастыру. Бұл орайда біз жас ұрпақтың іс-әрекеті,сезімі мен ойлау ерекшеліктері,оның өмір сүріп отырған қоғамдық тарихи жағдайларына тәуелді болатындығын міндетті түрде ескере отырып, әр баланың өзіне тән санасы, еркі, шығармашылық қарым-қабілетіне сай ұтымды әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн. Түйіндей айтсақ, жас ұрпақты тәрбиелеу ісі–жалпы адамзаттық іс. Әсіресе,ұлттық тәрбие мазмұнын ұлттық мүддеге сай құрып, жастарға ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты жүзеге асырсақ еңбегіміздің еш кетпегені. Ұлттық тәлім тәрбиенің іргетасын дұрыс қалай бiлу-мұғалiмдердiң, ата-аналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi,бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағыотбасында,екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару біздің басты мiндетiмiз.

49


Қазіргі ел жастарының ұлттық сана сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыруда қазақ ұлтының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдеті, әдеп-ғұрпы негізіндегі түрлі қосымша арнайы пәндерді, курстарды енгізу–жастарға ұлттық тәрбие берудің бірден-бір оңтайлы жолына айналар еді. Ал ол курстар мен арнайы пәндердің жоспарлары жоғарыда аталған міндеттерді көздей отырып құрылса, ұлттық тәрбие беру ісінің жолға қойылғаны дер едік. Шын мәнінде, жалпы кәсіби білім беретін пәндердің тәрбиелік мазмұнын күшейтумен қатар, тәлім-тәрбиені көздеген қосымша арнайы пәндер мен курстардың қолға алынуы жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттырады, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытады, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектеседі. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап,педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президентінің «Қазақстан2030» халыққа Жолдауында былай деп жазылған:«Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн». Олай болса, басты мақсат– жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Ұлтымыздың имандылыққа тәрбиелеуде жиғантергені,артына мирас етіп бергені аз емес. Ибалық пен ұяңдық-келіндер мен қыздарымыздың бойындағы тектіліктен тараған, сырт көзді сұқтандыратын сыпайылық қасиет. Тектілік тағылымдары, сыйластық мәдениеті, өзара қарымқатынастың қанға сіңген қағидалары, әдептілікқазақы тәрбиенің тамырын тереңнен алған жәдігерлік жауһарлары бүгінде мұра болып бізге жетіп отыр. Оған бір мысал, «Қыз Жібек» жырында Төлегенді Бекежан деген қарақшының атып өлтіргенін естігенде, Сансызбай: Падиша туған көкешім, Бұ дүниеден өтіпсің, Шын дүниеге жетіпсің, Мен –мүсәпір ініңді Қасіретке тастап кетіпсің,- деп қайғырғанда: «Жасын тыйғын көзіңнің жыламағын, шырағым...Төлеген сынды ағаның, жұмақтан жазсын тұрағын»деп-Шеге тоқтау айтып, Сансызбайды Төлегеннің еліне әкеліп, Жібекті

50

Сансызбайға қосуы–ұлтына жанашыр азаматының үлкен парасаттылығы. Ал бұл әмеңгерлік салтқа байланысты ма? Егер жыр өрнегіне сүйенсек, біріншіден,Төлегеннің «Жібекті еш жаманға қор қылма» деп тапсырған аманаты болса, екіншіден, Жібек Хорен қалмаққа өлмей тимек емес, текті тек тектіге жар болуға тиіс, үшіншіден, Жібек: «Сол елде сері жігіт жоқ па тәңірі, жесірін іздеп неге алмайды»,- деп, Төлеген еліне баруды, жарының аманатын орындауды өзіне міндет, парыз санайды. Бұл-Жібектің тектілігі, ақылдылығы. Бұл-көнеден жеткен көргенділік көшінің көркем көрінісісыпайылықтың, әйел нәзіктігінің, сыйластықтың, үлкенді ұлық тұтудың шынайы үлгісі, ақылдылықтың, өнегеліктің белгісі. Рухани байлыққа, ең алдымен, тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді жатқызсақ, тіл–қазақ болуымыз үшін, дін–адам болуымыз үшін, салтдәстүр–ұлт болуымыз үшін қажет. Бүгінгі білім саласындағы өзгерістер, бірнеше ойдан таралған аса бай мұраларды қолға алу арқылы білім алушылардың ел мүддесі үшін жұмыс жасауына септігін тигізіп отыр. Заман талаптары мен міндеттеріне жауап бере алатын рухани бай тұлғаны қалыптастыру мәселесі– бүгінгі өзекті мәселенің бірі. Біздің ойымызша, жас ұрпақты тәрбиелеудің мақсаты–ұлттың рухани және материалдық құндылықтарын бағалай білетін, ана тілінің қадірін арттырып, дамуына үлес қосатын жан-жақты білімді, дені сау, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы жоғары ұлтжанды азамат тәрбиелеу. ҚР Президентінің «Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде»-дейтін еңбегіндегі мына бір тамаша ойға жүгініс жасаған дұрыс болар: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге, соның бай да даңқты тарихына,оның болашағына өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің мәселелері де, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс. Ұрпақ тәрбиесі–келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол,мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу–біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Қазір елімізде орын алып отырған көптеген мәселелер:ана тілін,ата тарихын,ұлттық салт-дәстүрін білмейтін жастар,тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлеріндегі әжелер мен аталар, нашақорлыққа салынған жастар,тағы басқаларды бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолыұлттық тәрбие екендігін бүгінгі өмір дәлелдеп отыр.


 Мектепке дейінгі білім беру  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ ОҚУ ІС – ӘРЕКЕТІНДЕ ДӘСТҮРДЕН ТЫС ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛЫНЫҢ ҚАЛДЫҒЫ ЕДЕНГЕ ТӨСЕЛЕТІН ТӨСЕНІШ (ФОЛЬГА) ЖҰМЫС ЖАСАУ ӘДІСІНІҢ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Нұрханова Г.С. Атырау қаласы КМҚК №55 балабақшасының бейнелеу өнері маманы

Бейнелеу өнері-мектеп жасына дейінгі балалардың қызығушылықпен айналысатын ісәрекеттерінің бірі. Бейнелеу өнері ең алдымен балалардың эстетикалық адамгершілік, еңбексүйгіштік, әсемдікке ойлау қабілеттерін дамытады. Бейнелеу өнері–эстетикалық тәрбиенің негізгі құралы. Балабақшада бейнелеу өнерінің іс−әрекеттері ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде сурет салу, мүсін жасау,жапсыру, құрастыру сияқты түрлерін қамтиды. Балабақшада негізінен алуан түрлі бейнелеу мүмкіндіктері бар түрлі түсті қарындаштар, акварель және гуащь бояулары пайдаланылады. Алайда сурет салуды жете түсініп, сурет салу тәсілдерін техникалық жағынан меңгеру кішкентай кішкентай бала үшін айтарлықтай күрделі, сондықтан педагог жұмыстардың тақырыбына баса назар аударуға тиіс. Осындай қиындықтардың оңай шешімдерінің бірі дәстүрден тыс сурет салу әдістері. Дәстүрден тыс сурет салу әдісі ТРИЗ– бұл жүйелер дамуының объективті заңдылықтарын зерттейтін және мәселелерді шешу әдістемесін шығаратын ғылым. Әдістеме авторы Кеңес ғалымы Генрих Альтшуллер. Ол өзі өнертапқыш бола отыра, шығармашылық әсіресе, өнертапқыштық қасиет кенеттен пайда болмайды,оны саралап, зерттеп, жүйелеуге болады деген.Г.С.Альтшуллер бұл әдісті техникалық мәселердің шешімін табу әдістемесі ретінде дамытқан. Дәстүрден тыс сурет салу әдісінің мақсаты–тек бала қиялын дамыту ғана емес, оларды, қоршаған әлемдегі процестерді түсіну арқылы жүйелі ойлауға үйрету. Мен балабақшада төрт жылдан астам уақыт жұмыс жасаймын. Ең бірінші рет дәстүрден тыс сурет салу ұғымын естігенде оның не екенін білмеген едім. Содан кейін қызығушылық танытып, ізденіп, дәстүрден тыс

сурет салу әдісін зерттей келе, өзімнің ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерімде қолдана бастадым. Енді мен дәстүрден тыс сурет салу әдісінің керемет технология екенін білемін. Мен осы дәстүрден тыс сурет салу әдістерін ТРИЗ әдісін зерттей келе жаңа бір әдіс технологиясын ойлап таптым. Альтшулердің теориясына сүйене келе құрылыс материалы фолга көмегімен жаңа әдісімді ойлап шығардым. Өзімнің жаңадан ойлап тапқан әдісім кәдімгі құрылыс материалы жылы еден (ламинат,паркетная доска) астына төсейтін материалдан (подложка,фольга ) пайдалана отырып күнделікті оқу іс әрекетімде қолданудың тиімділігін ойлап таптым.Бұл құрылыс материалынан мен мынадай жаңа дүниелер ойлап шығардым.

Бұл материалды пайдалана отырып ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде: Бастыру әдісінде; Трафарет арқылы сурет салу әдісінде; Қылқаламға арналған тұғырық жасауда; Апликация жұмыстарында; Киімдердің сән үлгісінің эскизін жасауда; Әртүрлі заттың макетін жасауда; Саусақ театрының кейіпкерлерін жасауда; Қуыршақ театрының кейіпкерлерін жасауда; Брошкалар (гүлдер, қыз балалардың шаш таққыштарын сәндеу) жасауда. Бұл құрылыс материалды балабақшада қолданғанда бояу жағылады, өткір жағымсыз иісі жоқ, желімденеді, иіледі, майысады, балалардың қолымен қайшымен жұмыс жасауға икемді, қолға бояуы жағылмайды негізгі түсі ақ, көк,фольга материалымен біріккен түрде келеді. Желімденеді,боялады, иілгіш қасиеттері бар. Әр бала кез-келген жұмысты бұл материалдың 51


көмегімен орындай алады. Құрылыс дүкендерінде бағасы (150-200 тг аралығында) қол жетімді. Бұл өте маңызды, әсіресе жоғары топ балалары өз қабілеттіліктеріне сенбегендіктен жұмысқа кірісуге қорқады. Ал ТРИЗ әдісін қолданғанда балада мұндай үрей болмайды,себебі бірінші жұмыстан кейін-ақ бала оң нәтиже алады.

Барлық бала өнерлі, қабілетті. Бастырма ақ түсті құрылыс материалдардан сұлбасы қиып алынады. Мысалы: шырша, киіз үй, камзол, аю, торсық, т.б. бұл сурет салуға икемі жоқ бүлдіршіндерге өте қолайлы, бала сұлбаны контур сыза отырып өзіне қажетті бейнені шығара алғанына бала өте қуанышты болады.

52

Құрылыс материалынан трафарет көмегімен ою-өрнектерді салу өте ыңғайлы. Ою өрнектерден дайындалған трафарет көптеген ұлттық бұйымдарды өрнектегенде ыңғайлы. Тұғырықты балабақшада әдетте қатты қағаздан немесе жұмыртқа қорабынан жасайды. Мен өзімнің құрылыс материалымнан тұғырықты ойлап таптым. Мен жасаған тұғырық көп мерзімге шыдамды,бояу жағылған кезде жуылып тазалаланады. Апликация ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жылтыр,ақ,көк түсті құрылыс материалдардың көмегімен әр түрлі бейне пішін, ою өрнектер,гүлдерді қиып алып жапсыру әдістері жаңа әдістерді дайындадым.

Саусақ театры мен қуыршақ театрын ақ түсті қаттылау фольгадан балалармен бірігіп дайындадым. Сонымен қатар қуыршақ театрында ертегі кейіпкерлерін бейнесін бетіне жапсырып, үстеріне арнайы киімдер тігіп дайындадым. Төсеніш құрылыс материалының қалдығынан киім үлгілері дайындап, макетін ересек адамға және кішкентай бүлдіршіндерге арнап тігіп шықтым. Жылтыр, ақ, түсті фольга көмегімен әртүрлі сән үлгісіндегі киімдердің үлгісін жасауға болады. Менің ұстанымым: қалдық материалдарға жаңа өмір сыйлау. Балаларды үнемдеуге, қалдық заттардан жаңа дүние жасап шығаруға машықтандыру, ойлап табуға, жаңа сан түрлі нәрселер жасауға үйрету, бейнелеу өнеріне деген қызығушылықтарын арттыру менің басты мақсатым болып табылады.


Балалардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын оятқан кезде ғана кез-келген жетістіктерге жетуге болады, яғни оқытудың ең бастысы әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың сурет салуға деген құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру. Бұл дегеніміз қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны

қалыптастыру. Шығармашылық қабілет әр балада әр түрлі байқалады. Бірақ сол қабілетті дамыту үшін дәстүрден тыс сурет салу (ТРИЗ) технологиясы әдістерін бейнелеу өнері оқу ісәректтерінде қолданса, бұл баланың тағы бір қырынан көрінуіне септігін тигізеді деп ойлаймын. Құрылыс материалдарының қалдығы (еденге төсенетін фольгадан) Қалалық «Үздік би маманы»сайысына тіккен қазақ үлгідегі заманауи ұлттық көйлекте әріптесім Жұмажанова Құралай Бақытжанқызы Жүлделі I- орынды, «Ең стильді жұп» сайысында тәрбиеленушілерім Мажитов Ескендір мен Кеңгелді Малика Жүлделі Iорынды иеленді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Ф.Н.Жұмабекова «Балабақшадағы көркемдік тәрбие.» Алматы. Шартарап 2000 ж 2.Саулина Н.П. «Рисование в дошкольном детстве» М. Просвещение 1965 ж 3.Неменская Б«Мудрость красоты» М.1987 ж

БАЛАБАҚШАНЫҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ Жанғали С.Ж. Атырау облысы Индер ауданы «Райхан» мектепке дейінгі бөбекжайы директоры

Педагогикалық ұжымды басқару әдістері мен стилін жетілдіру, бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша оқу-тәрбие жұмыстарын басқару және бақылау жоспарлағанда балабақша педагогтарының іс-әрекеттерін бақылаудың әр алуан түрлері қолданылады:фронталды, тақырыптық, салыстырмалық, алдын-алу, фронталдық-шолу. Бақылаудың басты мақсаты жұмыстағы кемшіліктердің алдын алып, оны жоюға педагогтарға көмектесу, озық істәжірибелерді жалпылау және тарату. Басқару мен тексеру ұсыныстарының, педкеңестердің, бұйрықтардың, Бағдарламаның орындалуын бақылауға баса назар аударылады. Топтардағы балалар өмірінің қауіпсіздігі, атааналармен жұмыс, мектеппен байланыс, техника қауіпсіздігі мен жарақаттан сақтану мәселелерінің жағдайы да назардан тыс қалмайды. Жоспарда жылына бір топтың фронталды тексерісі белгіленеді (қажеттілігіне қарай). Тақырыптық бақылау тоқсанына бір рет педагогикалық жұмыстың жекелеген бөлімдерін

тереңдете тексеру үшін жүргізіледі. Мақсаты озық педагогикалық тәжірибені айқындау, топтағы тәрбиеші жұмысының белгілі бір қырына назар аудару болуы мүмкін. Тексерудің басқа түрлері жаңадан келген жас тәрбиешілердің кемшіліктерінің алдын-алу мақсатында жүзеге асырылады. Балабақша меңгерушісінің уақытын тиімді әрі жоспарлы ұйымдастыру үшін бақылау нәтижелерін сызба түрінде жасақтау арқылы жеңілдетуге болады. Ескерту. Әр ай үшін сұрақтар саны мен тізбесі әр түрлі болады. Ай бойы әрбір топ төрт бағадан алады–топ жұмысының көрсеткіші болады. Бағалық деңгейлер мен қатар күнін және бақылауды кім жүргізгенін көрсетуге болады. Шартты белгілер қолдануға болады. Бағалау деңгейлері: Шартты белгілер: Жоғары; Б – меңгеруші, басшы; Орташа; М – медбике; Қауіпті; Д – дәрігер; Жол берілмейтін; Ә – әдіскер.

53


Күндізгі ұйқыны ұйымдастыруға сараптама Мерзімі ____ Мақсаты: күндізгі ұйқыны талапқа сәйкес ұйымдастыру. Сараптама сұрақтары

Топтар

1

2

3

4

Қайтадан тексеру уақыты 5

6

Гигиеналық талаптар - желдету - ылғалды тазалық жұмыстары Керуеттердің орналасуы Талаптар бойынша бала дағдысы Педагогтың ұйымдастырушылығы баланың эмоциональдық күйі Тәрбиеші мен тәрбиеші көмекшісінің ынтымақтастығы Эстетика

Қорытынды: Ұсыныс Жедел бақылау картасы «Оқу- тәрбие жұмысының жоспарлануын тексеру» Тексеру күні

Топ атауы

Бақылау сұрақтары Технологиялық картаның толтырылуы Мақсатын нақты жаза білу Сөздік жұмыс Қызметтік кезеңдерді жоспарлау Уәждік түрткі болу Проблемалық ізденіс Балалар қызметі нәтижелерін талдау Күтілетін нәтиже марапаттау Тәрбиешінің аты - жөні:

ж - жоғарғы деңгей

54

қ-қанағаттанарлық деңгей т - төмен деңгей


Жедел бақылау картасы «Оқу әрекетінде бала қауіпсіздігін сақтау» Топ атауы Тексеру күні Бақылау сұрақтары Бөлмедегі жиһаздардың қауіпсіз орналасуы Көрнекілік құралдардың қауіпсіз болуы \сертификаты бар болуы\ Үшкір, өткір заттарды пайдаланбау Бояу, қарандаш т.с.с пайдаланар алдында түсіндіру жұмыстары Қауіпсіздік шараларын тәрбиешінің түсіндіруі Үстел үсті материалдарды пайдалануда тәрбиеші әрекеті түсіндіруі Тәрбиешінің аты - жөні:

ж - жоғарғы деңгей

қ-қанағаттанарлық деңгей т - төмен деңгей

«Ойын режимінің орындалысы» Тексеру күні

Топ атауы

Бақылау сұрақтары Таңертеңгі қабылдау кезі ойындары Дидактикалық ойындар\үстел үсті сенсорлық ойындар\ Қимылдық ойындар Қызықтар мен таңғажайып еліндегі ойындар Серуенге дайындық, серуендеу, табиғатпен танысу, қимыл-қозғалысты ойындар Серуеннен кезіндегі ойындар Өз беттерімен ойындар Спорттық ойындар Қимылдық ойындар \хороводтар\ Сюжетті ойындар Дидактикалық, сюжеттірөлдік ойындар Серуенге жиналу, серуендеу, қимылды ойындар Ойындарға тәрбиеші ықпалы \қатынасуы, түсіндіруі\ Тәрбиешінің аты-жөні

ж - жоғарғы деңгей

қ-қанағаттанарлық деңгей т - төмен деңгей

55


Жедел бақылау картасы «Күн режимінің орындалысы» Тексеру күні

Топ атауы

Бақылау сұрақтары Таңертеңгі гимнастика Гигиеналық шаралар Таңғы ас Қызықтар мен таңғажайып еліне саяхат Серуенге дайындық, серуендеу, табиғатпен танысу, қимылқозғалысты ойындар Серуеннен оралу, гигиеналық шаралар Түскі ас Күндізгі ұйқы Ұйқыдан ояну, сауықтыру шаралары Бесін ас Дидактикалық, сюжетті-рөлдік ойындар Серуенге жиналу, серуендеу, қимылды ойындар Өнер орталығы мен ашық алаңдағы жаттығулар Балалардың үйге қайтуы Тәрбиешінің аты-жөні

ж - жоғарғы деңгей

қ-қанағаттанарлық деңгей т - төмен деңгей

Жедел бақылау картасы «Ертеңгіліктердің өтілуін тексеру» Топ атауы

Тексеру күні Бақылау сұрақтары Залдың дайындығы Ертеңгіліктің мақсатының тақырыппен байланысы Тәрбиешінің ұйымдастыру шеберлігі Музыка жетекшісінің қызметі Хореограф қызеті Көркемдік жетекші қызметі Балалардың әнді орындауы Балалардың киімдері \костюмдер\ Сахнаны сезінуі Тақпақты мәнерлеп айтуы Биді орындау шеберлігі Ғажайып сәтін ұйымдастыру және мазмұны Артистік шеберлігі Жүргізуші жұмысы Безендірілу жұмысы ТҚЖ пайдалану Көрнекіліктерді пайдалану\бетперде, ойыншықтар т.с.\ Тәрбиешінің аты - жөні:

ж - жоғарғы деңгей

56

қ-қанағаттанарлық деңгей т - төмен деңгей


Жедел бақылау картасы «Баланың тамақтану мәдинеті» Алпамыс

Айгөлек

Ертөстік

Бөбек

Бақылау сұрақтары

Балапан

Топ атауы Толағай

Тексеру күні

Тамақтанар алдындағы гигеналық шаралардың орындалысы Үстел басына балалардың орналасуы Қасық,шанышқыны пайдалануы Тамақтану мәдениеті\шашпай, төкпей,асықпау т.с.с\ Дастархан басында өзін өзі ұстауы Үлкендер еңбегіне құрметпен қарау Тәрбиешінің балаға ықпалы Тәрбиешінің аты - жөні:

ж - жоғарғы деңгей

қ-қанағаттанарлық деңгей т - төмен деңгей

Жедел бақылау картасы «Ертеңгіліктердің өтілуін тексеру»

Алпамыс

Айгөлек

Ертөстік

Балапан

Толағай

Бақылау сұрақтары

Топ атауы

Бөбек

Тексеру күні

Залдың дайындығы Ертеңгіліктің мақсатының тақырыппен байланысы Тәрбиешінің ұйымдастыру шеберлігі Музыка жетекшісінің қызметі Хореограф қызеті Көркемдік жетекші қызметі Балалардың әнді орындауы Балалардың киімдері \костюмдер\ Сахнаны сезінуі Тақпақты мәнерлеп айтуы Биді орындау шеберлігі Ғажайып сәтін ұйымдастыру және мазмұны Артистік шеберлігі Жүргізуші жұмысы Безендірілу жұмысы ТҚЖ пайдалану Көрнекіліктерді пайдалану\бетперде, ойыншықтар т.с.\ Тәрбиешінің аты - жөні:

ж - жоғарғы деңгей

қ-қанағаттанарлық деңгей т - төмен деңгей

57


БАЛА ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ Тексеру уақыты:________

Топ:__________ Тәрбиешілер:________

Топтардағы бала өмірі мен денсаулығын қорғауға арналған жағдай № 1 2 3 4 5 6

Талаптар Жиһаздар беркітілген бе олардың жарамдылығы Еден, терезе, төбенің жарамдылығы Ғимараттың жарықтануы Сабақта пайдаланатын заттар жағдайы (қайшылар, қылқалам т.б.) Жарақат туғызатын ойыншықтар. Ойыншықтар жағдайы. Гүлдердің жағдайы, еңбекке арналған құралдар.

ия

жоқ

аратұра

Ауланың жағдайы № 1 2 3 4

Талаптар

ия

жоқ

аратұра

ия

жоқ

аратұра

ия

жоқ

аратұра

Ауланың санитарлық жағдайы Серуеннің қауіпсіз ұйымдасуына жағдай Ауладағы құрал жабдықтар күйі Ауладан шығарылатын қоқыстардың орыны

Күні бойына балалар әрекетін ұйымдастыру № 1 2

Талаптар Топтардағы тамақтардың таратылуы мен әкелінуі Ертеңгілік жаттығуының дене шынықтыру сабағы өтілуі, құрал жабдықтар жағдайы.

3 4 5

Серуенге шығу, серуеннен қайту. Сауықтыру шаралары қажетті құралдар Балалар киімі мен аяқ киімдер жағдайы.Киімдеріндегі қауіпті заттардың болмауы (түйрегіштер т.с.с.)

Тамақтануды ұйымдастыру № 1

2

3

4

Талаптар Гигиеналық жағдай: Санитарлық жағдай; Желдету; Жиһаздардың дұрыс қойылуы; Тамақтану тәртібінің орындалысы. Үстел сервировкасы: Балалар жас ерекшелігіне қарап жасау; Эстетик сервировкасы; Кезекшілік бағасы. Тамақтануды ұйымдастыруда үлкендердің келісімділігі және жұмысты ұымдастыруы: Балаларды тамаққа дпярлау; Гигеналық талаптарды орындау; Балалардың сыртқы пішіні, көңіл күйлері; Тамақтану кезіндегі топтағы жағдай; Асхана құралдарын дұрыс пайдалану жайы (қасық, шанышқы); Үстел басындағы мәдени машықтар (баланың жағымсыз дағдылары); Бала денсаулығына байланысты бөлек ас мәзірі жасала ма; Тамақтану кезінде тәрбиешінің баламен қарым қатынасы: Тамақтанар алдында балаларға кеңес беру (ұнамайтын, жеп көрмеген тамақтар); Тамақты балалар жеуіне көңіл бөлу; Үстел басында мәдени гигеналық талаптарға үйретуге..

 - жоғары  - орта Δ- төмен

58

Тексерген:_________________


 Кітапхана-рухани қазына  МЕКТЕПТЕГІ КӨШПЕЛІ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫ Молдағалиева Г.Ж. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі-білім қазынасы. Ол ұрпақтанұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы жеткен.Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл–ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік»-деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу –әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне, осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отырғаны ақиқат. «Егер бір адам кітап оқымаса, бұл оның өз қасіреті, ал миллиондаған адамдар кітап оқымаса, тұтас бір ұлттың қасіреті»,-деп айтқан Нобель сыйлығының лауреаты Иосиф Бродский. Кітапқұмарлық балалық шақтан бастау алатыны сөзсіз. Бірақ бүгінгі таңда көкейкесті болып отырған мәселелердің бірі-балалардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмендеуі мынадай сұрақтар бойынша ойлануға мәжбүр етіп отыр. «Балалардың көркем әдебиет оқуға неге құлқы жоқ? Болашақта әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық теңестіру үшін балаларымыздың кітап оқуы қажет пе? Кітап оқымай-ақ компьютерді білумен де биіктерге жетеміз дегендердің әрекеті дұрыс па? Көркем әдебиетті көп оқығаннан біз не ұтамыз? Ұлтымыздың өткен өміріндегі жетістіктері сол ғылыммен бірге көркем әдебиетті көп оқыған, ұлтымыздың барлық киелі қасиеттерін өз бойларына сіңірген тұлғалардың арқасында қалыптасты емес пе?». Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізгенімізде, кейбір оқушылар біздің пікірімізбен келіспеді. «Қазір компьютермен кезкелген адам жұмыс істей алады. Интернеттен қажетті мәліметтерді қиналмай–ақ ақпаратты жылдам табуға болады»-деген ойларын айтты. Оқушылардың пікірі мен біздің пікірімізді ой таразысына сала отырып, сандық технологияны меңгерудің де, көркем әдебиетті оқи білудің де

оқушының тұлғалық қалыптасуы үшін қажеттілігін біз былай тұжырымдадық. «Мектеп оқушылары кітап оқи ма, не оқиды, нені оқығысы келеді?» деген ой туындап, оқушылардан көркем шығарма оқу қабілетін анықтау мақсатында сауалнама жүргіздік. «Кітап оқуды қай кезден бастадың? Сенің отбасыңда көркем әдебиет оқырманы бар ма? Оқитын кітабыңды қалай таңдайсың? Оқыған кітаптарыңның ішінен ерекше ұнағаны бар ма?». Осы сұрақтарға оқушылардан жауап алдық. Нәтижесінде оқушылардың көркем шығарма оқуға қызығушылықтары басым екені анықталды. Бұл– жақсы оқитын оқушылар. Әрбір бала–болашақ бір әлем. Біз тәрбиелеп отырған әр баланың жан дүниесін ұлттық дүниетаным ұстаханасында қорытып, жүрегіне даланың кеңдігі мен самалын, таудың асқар шыңына еркелеген күндей мейірімнің шуағын дарытып, қазақ халқының С.Торайғыров айтқандай:«Қазаққа тән дүниенің генийлігін танытатын білімінің бұлағын ағызсақ деп едік». Қазақи генийліктің алтын кілті, құпиясы бар шығар? Бұл бала жүрегіне құйылар тәрбиенің тәтті бұлағы–халық даналығының бал– шәрбаты. Ол үшін біз көркем әдебиетке қызығушылығын оятуымыз керек. Ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтан басталған тағылым бұлағының толғамды шешендік сөздердің телегей– теңізіне кеп тірелер толымды дүниесін оқушыға оқуға тарта білуіміз керек. Әрбір талшыбықты ат қылып мініп, асыр салған кішкене шәкірттің жүрегінде өзі оқыған көркем шығармадағы кейіпкерге деген еліктеу пайда болады. Ертегілерді, батырлар жырын оқыған кездегі Алпамысқа,Қобыландыға, Қамбар батырға еліктеулер, кейіннен көркем әдеби шығармаларды оқу арқылы Тортайға, Аянға деген аяушылық сезімдері оянса. Қожа бейнесі арқылы бала қиялы өзін-өзі тәртіпке келтіруші есті тентектігіне тәнті болса, тұтқында әкесімен бірге болған қаршадай бала Тұрардың азаматтық тұлғасын таныса, немесе Сатай бейнесі арқылы бүр жарған албырт сезім жетегіне еріп көркем бейненің әдебиеттегі қайталанбас тұлғасына еліктеу пайда болады. 59


Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан-2050 :Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі атап айтқанда «мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу болу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіздер аймаққа айналуы тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуі тиіс». -Бүгінгі бала ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамның арасын да өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру. Білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-бірін қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адам құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. -Үйден оқыту-бұл білім беру формасы, яғни бала үй жағдайында алатын, ал оқыту үрдісі жекеше оқыту жоспары бойынша іске асады. Үйден оқитын оқушылардың сауаттылығын дамытудың маңызы зор. Үйден оқитын балалардың денсаулығы мектеп қабырғасында білім алуды көтермейтін жұмыс істеу- тынымсыз еңбекпен үлкен төзімділікті және жылы сезім мен кішіпейілдікті қажет етеді. Оқушының ерекшеліктерін білу-үйден оқитын кезіндегі жұмыстардың жүйелі іске асуына мүмкіндік береді, яғни күнделікті ең қарапайым әңгімелесудің өзі қарым-қатынасыңызды нығайтып, оның бір сәтке болса да серігіп, көңілі көтеріліп қалуына әсер етеді. Осыған орай үйден оқитын оқушыларды да басты назарда ұстап олардың көркем әдебиетпен қамтамасыз ету мақсатында көшпелі кітапхана ұйымдастыру қолға алынған. Мектеп бойынша үйден оқитын төрт оқушы бар. Оқушыларға көркем әдебиет ұсыну үшін. Алдымен пән мұғалімдерімен пікірлесе отырып, баланың қандай кітаптарды оқуға қызығушылығы басым екенін анықтап алу қажет деп ойлаймын. Содан кейін оқушылардың қызығушылығын анықтау барысында түрлі кітаптарға шолу жасалып, таныстырылады. Ауыз әдебиеті бойынша кітаптарды тартамын. Егер 1 сынып оқушысы Көшпелі кітапхана 1 сынып оқушысы болса әріптерді оқи бастағанда суретті әдебиеттерді Өтетілеуұлы Е.Ойыншықтар. Алматы: «Алматы кітап» баспасы,2001.-32 бет.

60

Өтетілеуұлы Е.Менің Отаным.Алматы: «Алматы кітап» баспасы,2001.-32 бет Жылдар және жаңа жорамалдар.Алматы: «Алматы кітап» баспасы,2002.-35 бет. Бәрінен қымбатты.Алматы:«Алматы кітап» баспасы, 2001.-32 бет. Тағы басқа суретті әдебиеттерді апарып суреттерге қызығып, аздап оқып жүрді. Қазіргі уақытта өзі оқитын болғандықтан Байғобылова А.Қоршаған орта. Алматы: «Аруна» баспасы,2008.-51 бет. Қалжанова Ж. Үй жануарлары. Алматы: «Аруна» баспасы, 2007.-52 бет. Қалиұлы С. 33 мысал. Алматы: «Аруна» баспасы, 2007.-52 бет. т.б.балаларға арналған әріп және дыбыстарды таныстырады. Буынға бөліп оқу дағдысын қалыптастырып, ойлау қабілеттерін арттырады. Әрбір кітап қызғылықты тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, өтірік өлең, әңгіме, ертегіден тұрады. Сонымен қатар Мақта қыз бен мысық, жыл мезгілдері, Тақпақтар, Арыстан мен тышқан, Гном және сиқырлы құмыра, Қожанасырдың олжасы, Дүниеде не күшті, Жақсылыққа-жақсылық, Біреуге ор қазба тағыда басқа әдебиеттерді апарып ұсынар едім. Оқушының көркем әдебиетке деген қызығушылығы артады. 3 сынып оқушысы болса мына әдебиеттерді ұсынамын. Ормандағы оқиғалар, Қазақ ертегілері, Қиял-ғажайып ертегілер, Ең қымбат нәрсе, Әжемнің ертегілері, Алдар көсе, Жануарлар туралы ертегілер, Ерте, ерте, ертеде, Өнегелі ертегілер тағы да басқа көркем әдебиеттермен қамтылып отырады. 5 сынып оқушысына мына әдебиеттерді ұсынамын. Мұқанов С. Әңгімелері, Сарғасқаев С.Тәмпіш қара, Нұрмағанбетов Қарлығаштың ұясы, Алтын бесік, Таза бұлақ, Соқпақбаев б. Менің атым Қожа, Толыбаев Қ. Шапақ, Әбдіраш Ж. Саяхат, Кәусар бұлақ тағы басқа көркем әдебиеттерімен қамтып отыруға болады. Ал егер 8 сынып оқушысы болса осындай әдебиеттерді ұсынар едім. Мұқанов С.Сұлушаш (роман мен повесть).-Алматы:Атамұра,2002.-288 бет. Майлин Б.Шұғаның белгісі. Әңгімелер.Алматы: Атамұра, 2003.-264 бет. Әуезов.М. Қорғансыздың күні. әңгімелері мен повестер.Алматы: Атамұра, 2002.-432 бет. ДулатұлыМ. Оян қазақ! Өлеңдер, аудармалар.-Алматы: Жазушы,2004.-136 бет.Мұқанов С. Балуан шолақ: повесть.- Алматы: Жазушы, 2003-216 бет. тағы басқа көркем әдебиеттермен қамтылып отырады. Мектеп кітапханашысы аптаға бір рет үйден оқитын төрт оқушыға көркем әдебиеттер


апарып қызығушылығы қамтып отырады. Апта сайын үйлеріне барып оқушылармен оқыған әдебиеттері туралы әңгімелесе отырып, түрлі суреттерді қарау арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерінің дамуына мүмкіндік жасалады. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін көркем әдебиеттерді танымдық кезінде қандай нәтижеге қол жеткіздік деген сауалға жауап іздесек, оқушылардың көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығы артып, сұраныс көбейді. -Оқушының көркем әдебиет туралы түсінігі кеңейді. -Сөйлеу мәнері шеберлігі шыңдалса, -Оқушының көркем әдебиет оқуға деген дағдылары қалыптасты. Олардың рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге, бейім болуға даярлай алатын шығармашылық тұлға болып қалануына біз мектеп кітапханашылары өзіндік үлесімізді қосуымыз керек. Әр оқушының рухани тіл байлығын дамытып, бала күнінен жанына жақын болған кітап әлемінің сырына терең үңілдіре отырып, олардың есіне мәңгі қалатындай істер атқарайық. Мектеп кітапханасы-балалардың білім алуындағы, қарым–қатынасындағы, бос уақытындағы шығармашылық зертхана. Мақсаты: бүгінгі жас ұрпақтың халыққа қызмет ететін білікті маман болуы үшін рухани ішкі сезімнің бай болуын, әдеби тілде еркін сөйлеуге, өз ойын жұртшылық алдында ауызша, жазбаша түрде сауатты жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру. «Кітап оқуды патша тағына айырбастамаймын. Кітап маған тақтан да қымбат» -Шекспир. Мектепте көшпелі кітапхана үйден оқитын балаларға қызмет етсе, ал денсаулығында кінәраты бар балаларды барлық оқушылармен бірдей әлеуметтендіру бағытында да оқушыларға көркем әдебиетпен қамтып отырамыз. Жазғы уақытты да мектеп кітапханасы балалардың думанды базарлы қызығына

бөленуде. Өйткені олардың кітапханамен тығыз байланысын орнатады. Кітапханамен байланысты жақсарту барысында, жаңа әдебиетті насихаттай отырып, оқушыларды кітап оқуға баулимыз. Оларды өз бетімен ақпараттарды іздей отырып тауып пайдалана білуге дағдыларын қалыптастырады. Оқушыларды бағдарлама сұрастыруға машықтандыру. Оқушыларды сол оқыған кітаптары бойынша пікір айта білуге, әрі жүрегінен орын алған кейіпкерлерге мінездеме бере біледі. Сол кейіпкермен қуанып, сырласа алады деп ойлаймын. Оқушыларды көркем сөз оқуға дағдыландырамыз. Мектептегі жазғы кітапхана жұмысына жас кітапханашылар көмектеседі. Алдымен олар «Жаса кітап» немесе «Аялай білейік» кітап жанашырлары тозған кітаптарды түптеп қалпына келтіру бағытында жұмыс жасайды. Жас кітапханашылар ереже бағдарламалар жасайды. Әрбір сыныптарды аралап жаңа келген кітаптардан жарнамалар жасай отырып оқырмандарды тартады, қызықтырады. Жүргізушілер түрлі атаулы күндермен ақын жазушылар шығармашылығына байланысты кештер, байқаулар, оқырмандар конференцияларын өткізеді. Талдаушылар байқаулардың қорытындысына талдау жасайды. Сарапшылар өтілген жұмыстарға баға береді. Марапаттауға ұсынады. Кітапханаға оқырмандарды тарту, кітап оқуға баулу 85-95 % артады. Өйткені кітапхана–бұл ақпарат және рухани, адамгершілік-зиялылық эстетикалық даму орталығы болып табылады. Осындай жұмыстардың нәтижесінде біз неге қол жеткіземіз десек, оқушы сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысады, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері қалыптасады.Бос уақыттарын тиімді пайдаланады.Ақынжазушылардың шығармаларымен танысады. Еліміздің кепілі,болашақ тірегі, азаматы ретінде оқушы тұлғасын дамытуда әлеуметтендіру жолдарын дамыту біздің міндетіміз.

61


ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ОҚУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Қуанышова З.С. Атырау облысы Қызылқоға ауданы «Қызылқоға аграрлы –техникалық колледжі» кітапханашысы

«Әрбір адамның ең жақын досы,өмірлік досы кітап болуы тиіс» М.Әуезов Тәуелсіз Қазақстанның келешегі–жас ұрпақты тәрбиелейтін білім ордасы дейтін болсақ, сол білім ордасында орналасқан кітапханада осы міндетті бірге атқарады. Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен, рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу, әрбір адамның келер шаңырағы- кітапхана. Кітапхана-адамның білім көкжиегін кеңейтеді десек, ал Жүсіп Баласағұнның сөзімен айтқанда: «Білім - адам баласының ортақ қазынасы». Бүгінгі таңда алда тұрған мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Біздің барлық іс-әрекетіміз, осы бағытта болу керек. Ал ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. «Кітапхана- білімнің күн шуағы» деуіміздің мәні осында. Жаңа ғасыр электронды технология мен сауаттылықты қажет етеді. Осы заманғы ақпарат құралдары дамыған, жаңа технологиялар заманында да кітап- адамның ішкі дүниесіне, ойөрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын, рухани азығы болып қала береді. Кітапханалар- ақпараттық мәдениағартушылық, ғылыми зерттеушілік мекеме болуы керек. Заман талабына сай технологияны біліп қана қоймай, сонымен бірге оны сауатты түрде қолдануы керек. Кітапханашылардың алдында тұрған мақсатыХХІ ғасыр азаматтарына алуан түрлі ақпарат ағымында жөн сілтеп, ақпараттық қоғам тіршілігіне жол сілтеу. Кітапханашыға компьютерді,интернетті және электронды поштаны қолдана білу міндетті талап болуға тиіс. Кітаптың құдіреттілігіне Елбасы Н.Ә.Назарбаев «ХХІ ғасыр-мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі кітапта» деген болатын. Сағыз селосындағы Қызылқоға аграрлытехникалық колледжінде де студенттердің жан-

62

жақты білім алуы үшін колледж тарапынан барлық жағдай жасалған. Колледжде бүгінгі күннің талабына сай сұранысқа ие болып отырған «Ауыл шаруашылығы өндірісінің трактористі-машинисі», «Автокөлік жүргізушісі», «Электромонтер», «Электрогазбен дәнекерлеуші», «Аспаз» мамандықтары бойынша ынталы жас мамандықтарды дайындайды. «Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжі» кітапханасы өз қызметін Жоғары білім орда жарғысы, бұйрықтары мен нұсқауларын, кітапханаларға арналған, колледж директорының бекіткен негізгі қағидасын басшылыққа ала отырып қызымет атқарады. Кітапхананың жалпы көлемі 120 шаршы метр оқу залы мен абонемент бірге орналасқан, кітап сақтайтын қоймасының көлемі 12 шаршы метр. Кітапханашының негізгі мақсатыоқырмандарға ақпараттық қажеттіліктеріне сәйкес кітапханадағы бар қорды пайдалануына мүмкіндік беру. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл– ойының жемісі, тарихы мен тағылымның алтын сандығы. Адамзат баласының алдында үш айқын міндет тұр. Бірі-бейбітшілікті,екіншісі– руханиеті, үшіншісі–табиғатты қорғау және сақтап қалу. Бұлардың қай–қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағыты. Осы үш бағытқа Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы. Біз егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түскен жаңа дәуірде өмір сүріп отырмыз. Бұл дәуір еліміздің ертеңі жас ұрпаққа заманға сай білім мен тәрбие беруді міндеттейтін ерекше кезең. Кітап таңдап, талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Әдебиеттер туралы мыңдаған кітаптар мен мақалалар жазылған, ал оны оқу туралы- кемде-


кем. Бұл құбылыстарды бөліп жару мүмкін емес, оқусыз кітап- бұл қағаз үйіндісі ғана. Әдебиетсіз оқу –таза механикалық құбылыс. Олар тек бірге ғана жанданып, мәдениеттілікке айналады. Оқу- дегеніміз бұл кітап мазмұны мен танысу, автордың кітаптағы ойын ұғыну. Оқу- бұл графикалық белгілермен берілген басқа біреудің ойын меңгеру. Кейбіреулер оқуды тек көңіл аулау деп түсінеді. Оларды әдетте сюжет бойынша не болып жатқаны немесе не болатыны қызықтырады., оқиғаның қалай суреттелгеніне, автордың қандай ой қозғағаны суретшілік шеберлігіне көңіл аудармайды. Кейбіреулер ғылыми және техникалық әдебиеттерді оқуды және жұмыс істеуді білмейді. Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса, біреулерді жүйесіз ойланбай оқуға үйретеді. Сондықтан басылған шығарманы дұрыс пайдаланып, одан неғұрлым көбірек пайда, сабақ алу үшін бір ғана оқудың техникалық дағдысы жеткіліксіз. Ол үшін оқу мәдениеттілігін игеру керек. Оқу мәдениеттілігі алдымен оқуға деген дұрыс көзқарас қалыптастырудан, оқырманның кітап арқылы әлемді танып және оқудан өзіне пайда алуға тырысуынан басталады. Оқырман кітапты жеңіл уақыт өткізу үшін емес, өздігінен білім алып, өз еңбегін ұйымдастыруға және жетілдіруге пайдаланғаны жөн. Оқудың зор мәнін түсіне отырып, көркем әдебиетпен шектеліп қоймай, өзінің мәдени ой-өрісін кеңейту мақсатында ғылыми әдебиеттер оқып, өндірістік біліктілігін көтеру үшін арнайы әдебиеттерді оқығаны дұрыс. Адамды адам етіп шығаруға құдіреті жететін бір ұлы күш болса, ол осы– көркем әдебиет пен өнер. Көркем әдебиеттің өнер саласы ретінде эстетикалық мұраты–адам тәрбиелеу. Ендеше еліміздегі ұлттық қоғамды кемелдендіру үшін ел болашағы–жас ұрпақты ұлттық тағылым қағидалар негізінде рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастыру шарт. Ұрпақ ұлтты ғана жалғастырмайды–ұлттық рухты жалғастырады, ұлт бірлігін, басқа ұлттар мен ұлыстардың әдебиеті мен мәдениетін, салт– сана дәстүрлерін насихаттау арқылы дәнекерлейді. Жасөспірімдерді рухани байыту– кітапхананың төл ісі. Әр кітап отан байлығы екендігін, оның қадір қасиетін, адам өміріндегі маңызын, кітапты құрметтеу қажеттілігін түсіндіре отырып, кітап әлеміне қызықтыруымыз қажет. Жалпы көркем әдебиет шығармаларын оқыту тек білім нәрімен сусындатып қана

қоймайды, сонымен қатар әр оқырманның ғасырлар қойнауынан жеткен шеберлік пен шешендіктің үлгі–өрнектерін қазіргі кезеңде де жан– жақты дамытып кеңінен оқыту, жас ұрпақтың дүниетанымын байытып,ақылпарасатын арттырып, мақсат–мүдделерінің айқындауына жол ашады.Әдеби шығармаларды оқыту тек білім нәрімен сусындатып қана қоймай, болашаққа бағыт-бағдар берерін естен шығармаған абзал. Әдеби шығарманы түсіне білген адамның жан–дүниесі танысып отырған әр кейіпкермен бірге әрекеттер жасап, толғаныс– тебіреніс үстінде болады.Ал,түсіне білмеген адамға бұл терең бір тұңғиық теңіздей болып көрінеді.Көркем шығарма–ақиқат өмірдің көрінісі. Онда қилы–қилы замандар, адамдар басынан кешірген оқиғалар, кешегі мен бүгінгі өмірі суреттеледі. Онда адамды баурап әкететін, рухани күш–қуат беретін бір сезім күштері бар. Сондықтан да оларды ерекше бағалап, осы көркем әдебиет арқылы оқырмандарды сөз өнерінің қыр–сырымен таныстыру халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы–әдебиетін жан–жақты игертіп, сол арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу. «Әдебиет тек асыл мұратпен, таза ар– намыспен кіруге болатын зәулім сарай» деген даналар сөзі бар. Расында, жалпы адамзаттың, халықтың өмірлік тәжірбиесі арқылы айқындаған қымбат құндылықтар, Абай атамыз әспеттеген толық адами қасиеттердің сырын ашып, бағасын беретін биік шыңға жетелейтін асыл мұра– көркем әдебиет.Ол адам болмысына,жан– дүниесінің қалыптасуына әсер ететін құдіретті күшке ие болғандықтан, оның жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруіндегі орны ерекше. Сол себепті білім беру ұйымдарындағы көркем шығарманың оқыту жайы ешкімді бейжай қалдырмасы анық. Бүгінгі таңдағы басты мақсаттарының бірі және бірегейі жас ұрпаққа қазақ тілін біліп, оны қажеттілігіне айналдыру, сөз қадірі мен киесін бойына дарытып, еркін қолдануына мүмкіндік туғызу. Мұндай қасиеттер өздігінен қалыптаспайтыны белгілі. Ол үшін жасөспірімдердің әдеби кітаптарды көбірек оқуына жағдай жасап, қызығушылығын тудыру қажет. Жасөспірімдерге әдеби- мәдени тәрбие көзін бере отырып, оларды көркем шығарма оқуға баулу арқылы шығармашылық қабілеттерін қалыптастыра аламыз. Кітапханашы – үйретуші ұстаз. Кітапханашы жаңа заман талабымен жұмыс жасап, ізденіп, жасөспірімдердің тәрбиесіне үлес қосып келеді.

63


Талапқа сай оқырмандарға тиімді жолдарын іздестіру, шығармашылық белсенділігімізді арттыру–кітапханашылар үшін ең жауапты іс. Демек, көркем әдебиет арқылы жсөспірімдердің рухани дүниесі байыды. Ұлттық мәдени тарихынан, халық өсиеттерін нәр алып, кітапқа деген ынтасы артады. Сондай–ақ жасөспірімдерді еліміздің тарихын оның ғасырлар қойнауында қалған сөз маржандарын,сөз өнерін жан-жақты игерту арқылы адамгершілікке,парасаттылыққа, инабаттылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді. Ізденушілік–адамзатқа тән құбылыс.Білуге деген құштарлық,тырысушылық, талпынушылық қасиеттер тән дәстүрлі мінез. Колледж кітапханасының асыл қазынасын жасөспірімдердің бойына сіңіре білу, әрбір студенттің өз бетімен ізденуге, оқуға деген құштарлығын арттыра түседі. Ал, шығармашылық қабілеттерін арттыра отырып, оқу материалдарын өздері игере алуға мүмкіндік туады. Егеменді еліміздің болашағы жасөспірімдердің ой–өрісінің оралымды, санасы жоғары, тәрбиелі болуы үшін оқырмандар арасында көркем әдебиетті насихаттау мақсатында көпшілік жұмыстарды жүргізудің маңызы зор. Колледжаралық конкурстар, кітап оқу мәдениеті, әдеби ойындар, т.б тақырыптарда, оқыған кітаптары туралы студенттер конференцияларын және пікірлесу кештерін өткізіп отырудың маңызы ерекше. Оқырман конференциясы негізінен жазушының шығармасын алып, көпшілік оқырманға таныстыру, оқыған шығарма туралы өз ойларын ортаға салу. Конференцияға дайындық кезінде кітап көрмесін, әңгіме– кеңестер, дауыстап оқу, шолу өткізуге болады. Конференция қашан, кімнің қандай кітабынан өтеніні туралы алдын ала хабарлануы керек. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауына сәйкес әзірленген «Оқитын Қазақстан» бағдарламасына байланысты «Бір ел–бір кітап» акциясы ел арасындағы аса танымал жобалардың біріне айналғаны белгілі. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында 2014 жылдың 30 қарашасында колледж кітапханасында Сайын Мұратбековтың «Жусан исі» шығармасынан оқырмандар конференциясы өткізілді, Сайын Мұратбеков өзіне тән тақырыптық, жанрлық, стильдік даралық, ерекше сөз нақышы, ашық үні, өзіндік бояуы бар шығармаларымен танылады. «Жусан иісі» шығармасындағы соғыс кезіндегі ауыл өмірінің

64

ауыр кезеңі Аянның аянышты тағдыры жасөспірімдерді адамгершілікке, бауырмалдыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.Оқырмандарды сауаттылыққа, мәдениеттілікке, елін сүюге қалыптастыру мақсатында өткен конференцияда «Көрнекті көркем сөз шебері» тақырыбында кітап көрмесі жасалып, шолу өткізілді, естелік шығарылып, слайд көрсетілді. 1.Автор повесті неге «Жусан иісі» деп атады? 2.Аян ертегісінің «Бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі неде? 3.Аян ертегіні көп айтады, бірақ неге мазмұны толық берлімейді? 4.Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян, Есікбай, Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала) 5.Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар) 6.Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты) 7.Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға) 8.Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай) 9.Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан) 10.Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай деген шалдың үйіне) 11.Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді) 12.Аян алғаш рет тобығын қалай тайдырды? (Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп, өзінің қасқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті) 13. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде) 2015 жылдың 26 қараша күні «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын насихаттау мақсатында «Жастардың рухын шыңдаған хас тұлпар» атты шара өткізілді. Қазақ жұртының жеті жүз жылдық тарихын хатқа түсіріп қалдырған тұғыры мықты тума талант І.Есенберлин ұлтымыздың тарихын тереңінен қозғап жазған белгілі романдарында: ол қазақ хандарының батырлары мен билерінің, ақылшы абыздарының бітім-болмысын жанжақты суреттеген. «Көшпенділер» трилогиясы– қазақ халқының мүмкіндіктеріне шек келтірушілерге қарсылықтан туған реакция нәтижесі. Романның мақсаты: «Біздің де өзгелермен тереземіз тең, бұған куә-тарихымыз»,-міне шығарманың айтпағы осы. «Елім-ай»,- деп аңыраған қазақ елі


бүгінде «Алға, Қазақстан» деп жырлайды, осы әнмен шараны аяқтадық. Шараның мақсаты:тарихи көркем шығармадағы ұлттық рухты негіздеп, ұлттық сананы қалыптастыру, адамгершілікке. адамдық сүйіспеншілік өсиеттерге. баулу, азаматтық, гуманистік қасиеттерді дарыту, еліне, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. «Білгенге маржан» сұрақ-жауап: 1. І.Есенберлиннің шығармашылық жолы қалай басталды? 2. Жазушының қандай кітаптары бар? 3. «Көшпенділер» трилогиясының идеялық мазмұны, үш кітапта суреттелген кесек кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен көздеген мақсаттары 4. І.Есенберлиннің қандай марапаттары бар? 5. І.Есенберлиннің қандай поэмалырын білесіз? 6. І.Есенберлин қандай оқу орынын бітірген? 7. І.Есенберлиннің шығармалары басқа тілдерге аударылған ба? Поэзия тек тазалықтан, пәктіктен мөлдір сезім, ақылды ой, үлкен парасаттан туындайтын дүние. Ұлы Абайдың өзі–«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы, қиыннан қиыстырар ер данасы», деп бекер айтпаса керек. Поэзия арқылы оқырмандардың шығармашылық қабілетін дамыту, әдеби тілде сауатты сөйлеуге дағдыландыру,эстетикалық талғамдарын оятуға болады. Біз қазақ поэзиясының өзіндік өрнек, өшпес қолтаңбасы бар, қайсі бір өкілдерінің елге мәлім есімдерін құрметпен атай бастасақ, оқырман ойына солардың басты–басты шығармалары оралады. 2015 жылы 5-ақпан күні Қызылқоға аграрлытехникалық колледж кітапханасында «Сағынады Мұқанды сыздап жүрек» атты поэзия кеші өткізіліп, «Мұқағали-қазақ поэзиясының хан тәңірі» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, шолу жасалды. Мұқағали өмірбаяны мен шығармасына баяндама оқылып, бейнекөрніс жүріп отырды. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын студенттер жатқа оқып, үзілген жерінен жалғастырды. Ақын өмірінің соңғы сәттерінен көрніс көрсетілді. Кештің мақсаты: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге, отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу. 2015 жылы мамыр айында колледж кітапхасында «Сұлу сезімді өлең-жыршысы» атты әдеби-сазды поэзия кешінде «Ақ жайықтың ақ шағаласы» кітап көрмесі жасақталды.

Кеш барысында ақын туралы бейнебаяндық деректер көрсетіліп, ақынның туған жерге, қыздардың жан дүниесі, тағдырлары туралы жырлары оқылып, ақын сөзіне жазылған әндер орындалды. Кештің мақсаты:ақын шығармаларын оқыта отырып, жеке тұлғаны жан—жақты болуға тәрбиелеу,үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу,оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу. Кітап көрмелері-кітапханалық библиографиялық қызмет көрсетудің бір түрі.Колледж кітапханасында тұрақты: -«Қазақстан - 2050» көрмесінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, кітаптары, барлық жылдардағы халыққа Жолдаулары қойылған. -«Кәсібіңді меңгер» тұрақты көрмесінде колледжде оқылатын мамандықтар бойынша арнайы пән оқулықтар, әдістемелік кітаптар, мерзімді басылымдар қойылған. -«Туған жер шежіресі» көрмесінде облыстың, ауданның энциклопедиясы, аудан, ауыл туралы жазылған кітаптар, мақалар койылған. -«Ұлтымыздың ұлылары» көрмесі А.Құнанбаев пен М.Әуезовтің шығармаларына арналған. Дәйекті сөз: Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе. Адамдықты көздесең жаттап тоқы көңілге. Күллі әлемге абайды танытқан Мұхтар Әуезов болса, оның адами болмысын, өмір жолы мен асыл мұраларын ұрпақтан–ұрпаққа жете таныстыру. «Өшпес ерлік ұрпаққа мұра» атты 9 мамыр жеңіс мерекесіне, «Имандылық ұлт болашағы» т.б тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды. Колледж кітапханасында өткізілген шаралар жөнінде баспасөз беттерінде мақалалар жарияланды. Биылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қарашадағы Жолдауын колледж ұжымында талқылап, пікірлесу өткіздік. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Мен жастарымызды жұмысшы мамандығын белсенді меңгеруге шақырамын. Жұмысшы мамандықтарын меңгеру керек. Кезінде менде жұмысшы киімін киюден бастадым, домна пеші от жалынның жанында тұрдым. Үлгі алыңдар! Жылдар өтеді, бірақ осы өмірлік тәжірибелерің,сендер қандай өмір жолын таңдап алсаңдар да,міндетті түрде кәделеріңе жарайды»,- деген болатын. Сол жұмысшы мамандықтарын даярлауда колледж ұжымының атқарып жатқан жұмысы ұшан теңіз.

65


Көпшілік жұмыс түрлерінің қай–қайсысын алсақ та әдебиетті насихаттауда олар бір – бірімен тығыз байланысты. Осы көпшілік жұмыс түрлерін жүргізе отырып, біз кітап құмар оқырмандарды танимыз және оқырман санының өскендігін жұмысымыздың нәтижесімен байланыстырамыз. Кітап қорын кең түрде насихаттауда осы көпшілік жұмыс түрлерінің пайдасы мол. Мәдениетті ұл мен қызды тәрбиелеудің басты көзі әдебиет десек, көркем әдебиетті оқудағы әрбір әдіс-тәсіл нәтиже бесігі. Өз ұлтының көркем тілінің кәусарынан қанып ішкен ұл мен қыз шын мәніндегі елінің толық қанды мәдениетті азаматы болады. Кітап оқу арқылы адам есте сақтау қабілетін арттыруға,көркем сөйлеуге,сауатты жазуға,білімін толықтырып шығармашылық ізденіске үйренеді. Өзін төзімділік пен шыдамдылыққа тәрбиелейді. Көркем әдебиетпен шынайы достасқан адам

өзіне мәңгілік ақылшы дос тапқандай бар ынтасымен кітапқа беріледі. Ол бейне бір сиқырлап алғандай өз құдіретіне табынта тарта береді. Оның әсер қуаты шексіз де шалқар. Көркем әдебиет үгіт насихат айтпайды:неден жиреніп,неден ғибраттану туралы нұсқау да бермейді, ол өмірдің мөлдіреген жанды көрінісін сендердің алдарыңа жайып салады да, одан алатын тағылымды өз талғам таразысына салдырады. Көркем әдебиеттің құндылығы да осында. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдениет танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі– кітапхана болып табылады. Көркем әдебиеттерді насихаттау бағытында жасалған көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы мынадай нәтижелерге жетуге болатынын көрдім:

Оқырмандардың көркем әдебиетке деген қызығушылықт ары артты; Оқыған кітаптарының толық мазмұнын меңгере білді;

Шешендік қабілеттері артты.

Нәтиже Жасөспірімдердің шығармашылықпен жұмыс істеу белсенділіктері артты;

Дүниетанымы, ой-өрісі кеңейді;

Оқырманның сын тұрғысынан ойлау қабілеті қалыптасты;

66


 Озат тәжірибе көпке ортақ 

КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТИІМДІ ӘДІСТЕРДІ ПАЙДАЛАНУ Габдуллина Ә. Х. Ажмагинова А. Р. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқутышылары

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, кәсіби құзіретті педагог болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіби шеберлігінің, адамгершілік, рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 2017 жылдан бастап кәсіби техникалық білім беру тегін болады. Бұл туралы халыққа жолдауын жариялаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. Жаңа жобаның аты «Бәріне арналған тегін техникалық кәсіби білім» деп аталады. Мемлекет әр азаматқа алғашқы мамандықты тегін игеруге міндеттеледі. Мемлекет басшысы Үкіметке жаңа бағдарламаны жүзеге асыруға кірісуге тапсырма берді, ал жастарды жұмысшы мамандықтарын меңгеруге шақырды. «....Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл бару керек,шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман бүкіл дүниеде. Ерінбей еңбек еткен,талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады....» - деді Елбасы. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда әр түрлі әдістерді қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын табу, сөйтіп студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттыру ұстаздар қауымының басты міндеті. Атырау энергетика және құрылыс колледжі өндіріске, қоғамның сұранысына қажетті мамандар даярлауда облыс бойынша өз үлесін қосып отырған кәсіптік білім беру мекемесі. Біздер осы колледжде бірнеше жылдан бері қазақ тілінен сабақ беріп келеміз.

Сабақ барысында әр түрлі әдістерді қолданып, тиімді жақтарын зерделеп, іздене жүріп, мектептен келген оқушыларды қазақ тілі сабағында өз мамандықтарына бейімдей оқытамыз. Техникалық мамандық топтары болғандықтан ең бастысы студенттердің сөйлеу тілін дамыту,өз пікірлерін айтуға, ой-өрісін дамытуға, ізденушілік қабілеттерін арттыруға, таным деңгейін кеңейтуге, өз мәселелерін өздері шешіп, саналы шешім қабылдай білуге үйрету – басты мақсатымыз болып табылады. Оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып, өткізілген сабақтарда студенттер топ, жұп болып жұмыс жасауға үйренеді. Мұнда әрбір студент өз жұмысының нәтижелі болуын көздейді, сондықтан білімі төмен студенттер озат студенттерден тапсырманың орындалу барысында қажетті көмек алып озат студент қатарына қосылуға мүмкіндік алады. Топтық әрекет ету барысында студенттер мәселені бірігіп шешуге үйренеді. Бірігіп жұмыс істеу әрі жеңіл, қызық және тиімді. Жоғарыда айтып өткеніміздей техникалық мамандық топтары болғандықтан сабақта көбінесе мамандығына сәйкес мәтіндермен жұмыс жасалынады. Мамандыққа байланысты мәтіндер жұмыс жасауда өте ыңғайлы, нәтижесі мол. А.Г.Ривиннің «Кестелі мәтін» технологиясын сабақта қолданып келеміз. Бұл технология бойынша жұмыс өте қызықты, әрі ең нашар оқиды деген студенттің сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын арттырады. Кестелі мәтінді қолданғанда студенттер жұппен жұмыс жасайды. Берілген мәтіннің әрбір жолы бөлек-бөлек беріледі, әрбір жаңа жолды оқып аударады және тақырыбын қояды. Сонда бір мәтінді бірнеше рет жаңа жол арқылы оқыған студент сабақ соңында 67


мәтіннің толық мазмұнын біліп шығады. Кестелі мәтін технологиясы бойынша жасалған жұмыс студенттердің ауызша сөйлеу, әңгімелеу, өз ойын жоспарлап айта білу және мәтін мазмұнын жете түсініп меңгеруіне мүмкіндік береді. Бұл жұмыс оқу тілі орысша жүретін топтарға өте тиімді. Қазақ тілі сабағында «Қазақ халқының салт дәстүрлері» тақырыбын өткенде студенттер қазақтың ұлттық киімдерін киіп, киіз үй тігіліп, қонақ күту,бесікке салу, тұсау кесер сияқты қазақтың дәстүрлерінен көріністер көрсетті. «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткенде студенттерге ұлттық киімдер суреттері көрсетіліп, камзол, шапан, шекпен, тон, ішік, тақия, сәукеле, саптама, кебіс, мәсі, жаулық, кимешек, білезік, жүзік, т.б. сөздермен танысып, шағын мәтін құрап үйренді. Осы сөздер арқылы сөйлемдер құралып, яғни шығармашылық диктант пайда болады. Осындай жұмыс кезкелген грамматикалық тақырыпты өткенде пайдалануға болады. Бұл сабақ арқылы біз өзіміздің ұлттық киімімізді, ұлттық ойындарымызды, ұлттық тәрбиені насихаттап, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеуге тәрбиеледік. Студенттердің тілін дамытуда шығармашылық диктанттың маңызы зор, олардың грамматиканы меңгеруіне, өзіндік жұмыс жасауға ынталарының артуына септігін тигізеді. Мұндай жұмыстар студенттердің сөздік қорының көбеюіне және дұрыс жазып, оқи білуіне, яғни сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына көмектеседі. «Қазақстан мемлекеті және оның саяси құрылымы» тақырыбында өткен сайыс сабақта жаңа технология әдістері: топтық жұмыс, сөздер банкасы, графикалық диктант, постер қорғау, сәйкестендіру, бес жолды тұжырым пайдаланылды. Топты үш топқа бөліп, топ басшылары белгіленді, олар сабақ соңында өз топтары бойынша баға беріп отырды.Әрбір топ берілген тақырып бойынша постер қорғады. Студенттердің қызығушылығын ояту мақсатында «Ой қозғау» әдісі пайдаланылып, бейнематериал көрсетілді. Көрсетілім бойынша студенттер өз пікірлерін ортаға салды. «Сәйкестендір!» әдісі бойынша мәтінде берілген жаңа сөздердің орыс және ағылшын тіліндегі баламаларын тауып сәйкестендіру жұмысы жүргізілді. «Бес жолды тұжырым» технологиясы бойынша зат есім, сын есім, етістік, синоним, сөйлем бойынша тапсырмалар орындады. Қазақ тілін үйретуде жұптық жұмыстың (диалог) үлкен орны бар:сұрақтар қою, берілген тақырып бойынша әңгімені қолдап, одан әрі дамытып, аяқтау. Екі студент сұрақтар қойып,

68

әңгімелеседі. Мысалы: «Қазақстан мемлекеті және оның саяси құрылымы» тақырыбында өткен сабақта -Парламентке депутат болып сайланғың келе ме? -Парламентт депутаты болу үшін қандай қасиеттер керек? -Қандай заң жобасын ұсынар едің?- сияқты сұрақтар төңірегінде диалог жүргізілді. Кәсіптік қазақ тілі сабағында «Электрмонтаждаушы әлеміне саяхат» тақырыбында өткен сабақ саяхат түрінде өтті. Саяхат бірнеше бекеттерден тұрып,«Атырау жарық»,«Трансформатор», «Электрик» топтары қатысты. Саяхат «Мамандық қорғау», «Кәсіби терминдер», «Электротехникалық жұмбақтар», «Жасырылған сөзді тап», «Техникалық қауіпсіздік», «Сапа көрсеткіші» тақырыбындағы бекеттерден тұрып, олардан өту үшін студенттер әр түрлі тапсырмалар орындады. Мысалы: бірінші бекет бойынша өз мамандықтары туралы материал дайындап, қорғады. Үшінші «Электротехникалық жұмбақтар және еңбек туралы мақал-мәтелдер» бекетінде жұмбақтар жасырылды.Мысалы: 1.Электрге жоқ бөтенім, Өткізгішті тесіп өтемін. Шешуі:индукциялық тоқ./ 2.Бір өзі атқарады үш қызметті, Сен өзі білесің бе,бұл кереметті? Шешуі: авометр. 3.Желден, судан тоқтаусыз, Өндірді тоқ, ол даусыз. Шешуі: генератор. 4.Электрді өткіземін, Өндірді тоқ, ол даусыз.Шешуі: өткізгіш. Осындай мазмұнда жұмбақтар жасырылды. Төртінші «Жасырылған сөзді тап» бекетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың халқына жолдаған Жолдауында айтылған кәсіби оқыту туралы сөзін анықтау мақсатында берілген сөзжұмбақты шешу берілген. Берілген сандар алфавиттегі әріптің орнын білдіреді, сол сандардың орнына әріптерді қойып, 2 минут ішінде анықтау. «Сапа конверті» бекетінде электрмонтаждаушы қандай маман болу керек төңірегінде өз ойларын айту тапсырмасы ұсынылады. Конверт ішіндегі парақтарға адам бойындағы жақсы қасиеттер жазылған, яғни сын есімдер. Сол сөздерден электрмонтаждаушыға лайықты ең қажетті 5 сөзді таңдап алып, сөйлем құрастырып, әрі қарай дамытып шағын әңгіме ойлау.


«Техникалық қауіпсіздік» бекетінде әр түрлі жағдаяттар беріледі. Мысалы:Сіздің көзіңізше бағандағы электр сым үзіліп жерге түсті, сіз қандай әрекет жасайсыз?немесе, жұмыс кезінде сізбен бірге жасайтын досыңыз тоққа түсіп қалды. Еден дымқыл, айналада ешқандай құрғақ зат жоқ, досыңды қандай әдіспен тоқтан құтқарып аласың? Осы сабақта «Сөздер банкасы» әдісі қолданылды.Мамандықтарына байланысты электр жүйесі, оқшауланған сым, электртартылымды жасау,тұрақты тоқ, жүктеме беру сияқты сөздермен сөз тіркестерін құрап, сөйлемдер жазу және электроприборы, постоянный ток, нагрузка, напряжение, переключатель, высокое напряжение, армированный, теплостойкий, обмотка, отвертка, линия передач, переменный ток, схема, сеть, дефект,обратный, нагревательный, проводка, потребитель, патрон, изоляция сөздерін қазақ тіліне аудару жұмыстары жүргізілді. Осы сияқты тапсырмалар студенттердің ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейтіп, берілген сұрақтарға дұрыс жауап беруге, үйренген сөздерін ауызекі тілде қолдануға машықтандырып, сөйлеу қабілеттерін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді. Таңдаған мамандықтарының ыстық– суығына төзіп, оны сүйе білуге тәрбиелейді. «Шеберханада», «Дәнекерлеу цехында», «Менің колледжім», «Атырау жарық» тақырыптары бойынша жұптық жұмыстар студенттердің ойлау қабілетін жетілдіріп, өмірді танып, білуге үйретеді. Әрине, студенттердің сөз тіркестерін, сөйлемдерді құрауда лексикалық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателер кездесіп тұрады, бірақ оларды түзету жұмыстары уақытында жүргізіліп тұрады. Қызығушылығын ояту, мағынаны тану мақсатында әр сабақ бейнематериалдар көрсету арқылы өткізіледі:«Астанаға саяхат», «Менің Отаным-Қазақстан», «Қаныш Сәтбаев», «Қазақтың ұлттық тағамдары»,«Техника жаңалықтары», «Мамандық әлемінде», «Электрмонтаждаушы әлеміне саяхат» т.б. тақырыптары бойынша көрсетілген бейнематериалдардан өз пікірлерін, көзқарастарын қалыптастыруға, өз бетінше түйін жасауға,өзіндік баға беруге үйренеді. Мұндай жұмыстар студенттердің сөздік қорын

молайтуға, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Сонымен қатар «Ана тілі–дана тіл» атты кеш қазақтың мақал-мәтелдерін, ырым-тиым сөздерін, мәнерлеп оқу сияқты шарттардан тұратын сайыс түрінде өткізілді. Колледжімізде тілімізді дамыту, ойды көркем жеткізе білу үшін, қазақ тілін сүйетін, жанашыры бола білетін жастардан құралып, ұйымдастырылған «Шабыт» клубы жұмыс жасайды. Онда «Бақытты шақ», «Студенттік өмір белестері», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Мен таңдаған мамандық» тақырыптарында түрлі пікірталас, дебат, баспасөз -конференция, т.с.с жүйелі өткізіліп тұрады. Белгілі ақынжазушылардың даталы күндерінде түрлі әдебисазды кештер, тәрбие сағаттары өтіп тұрады. «Шабыт» клубының ұйымдастыруымен Махамбет, Жамбыл, Мұқағали, Фариза оқулары өтіп тұрады. «Қазақ тілін меңгеру–қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі» бастамасы қазақстандықтардың біртұтас ұлт ретінде татутәтті өмір сүруіне және қазақстандық патриотизмнің негізі болуға әбден лайық. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді. Бүгінгі күнгі тікелей жауапкершілігіміздегі міндет—мемлекеттік тіл саясатын қоғамымызда жүргізіліп отырған сындарлы саясат негізінде одан әрі жалғастыру. Қазақ тілін білу еліміздің әрбір тұрғынының кәсіби қажеттілігі ғана емес, сонымен қатар азаматтық парызы болуы қажет. Қорыта келгенде, түрлі тиімді әдістер арқылы студенттердің бойында ізденімпаздық, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенімділік, жауапкершілік, мәдениеттілік сияқты қасиеттерді қалыптастыруға болады. Жалпы сабақтың қызықты өтуі, оған студенттердің белсене қатысуы оқытушының кәсіби шеберлігі мен студенттердің бірлесіп жұмыс жасауына байланысты. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.ҚР Президенті Н.Назарбаетің Халыққа Жолдауы, Астана, қараша, 2015 ж. 2.Қадашева Қ. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», Алматы, «Мұрагер» баспасы, 2007 ж. 3.«Қазақ тілі мен әдебиеті», республикалық ғылыми-педагогикалық әдістемелік журнал, 2010-2011 ж.ж.

69


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨШБАСШЫЛЫҚҚА НЕГІЗДЕЛГЕН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ Мұхамбеталиева А.Қ. Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің ағылшын тілі пәні оқытушысы

Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдан бастап, елімізде ғылым мен білімді дамытып, білім кеңестігінің қалыптасуына айрықша көңіл бөлініп келеді. «Халық пен халықты теңестіретін- білім» деп ұлы Мұхтар Әуезов айтқандай, бәсекеге қабілетті шәкірт, маман дайындау–біздің негізгі мақсатымыз. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті–ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғаліммен ізденісті, білімділік пен біліктілікті қажет етеді. Осы орайда мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру бағытында біршама игілікті істер атқарылмақ. Біліктілікті арттыру институтының басты ұстанымы– тыңдаушылардың кәсіби біліктілігін арттыру. Институт қызметкерлері курс барысында облыс педагогтарының шеберлігін арттыру мақсатында интерактивті тақтаның, интернеттің мол ақпараттық мүмкіндіктерін тиімді қолданады. Қазіргі білім беру мазмұнының жаңа парадигмасына сай оқытудың сапасын, нәтижелілігін қамтамсыз ету мақсатында институтта облыстық лицензия және сараптама қызметі жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Бұл лицензиялық кеңестен облыс мұғалімдердің өз іс-тәжірибесіне байланысты оқу–әдістемелік, еуростандарт үлгісі бойынша жасалған деңгейлік тапсырмалар жинақтары,мемлекеттік аралық бақылау мен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жасауға байланысты ұсыныстар, әртүрлі пәндерді оқытуға арналған әдістемелік нұсқаулықтар мен көмекші құралдар шығарылып отырады. Білім беру жүйесі басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез–келген саласында (басқару, білім

70

беру, қаржыландыру, мониторинг т.б) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы»-деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер осы процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. «Технология» ұғымы «Techne»-өнер, шеберлік, «Logos»-ілім,білім,оқу,ғылым деген мағыналарды білдіретін, грек тілінен енген екі сөзден тұрады. Сондықтан, «технология»терминін –өнер туралы ғылым немес шеберлік туралы ғылым–деп те аударуға болады. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «білім беру технологиясы»-ұғымы пайдаланылып жүр.Осы ұғымның ғана мейлінше аясы кең,білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесінде және т.б.) қолданылатын кез- келген технологияны қамти алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы»-терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге қатысты қолданған дұрыс болар еді. «Білім беру технологиясы»-ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып, арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудің технологиясына–оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орын алады. Оқытудың технологиясын–қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы–оқыту іс–әрекетінің әдіс–тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан–жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның


интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Қазіргі педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу–оқыту мақсатына жетудің тиімді,нақты жолдарын көрсетеді.Оқытудың жаңа технологиясы ісәрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің жиынтығынан тұрады.Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада: -Білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы; -Білі алушы мен оқытушының белсенділігінің сәкес болуы; -Оқытушы мен білім алушының өзара қарым– қатынасда жауапкершлікітің міндеттілігі. Оқытудың дамыту функциясы білім алушы тұлғасын жетілдіруге бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту технологиясында, әдістемелік жүйелері мен әдістер де жүзеге асырылады.Оларға бүгінгі өркендеп келе жатқан жаңа сипаттағы жаңа технологияларды жатқызуға болады.Олар«Дамыта оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы» т.б. жатады. Осы жаңа технологияларды сипаттай келе мен қазіргі таңда көп қолданысқа ие болып жүрген «Модульдік оқыту технологиясы»-на тоқтала кеткім келеді. Ағылшын тілін оқытуға бүгінгі күні үлкен жауапкершілік жүктелген. Себебі ХХІ ғасыр ақпараттық технология ғасыры. Ал ағылшын тілі

компьютер тілі, ақпарат тілі. Осы бағытта ағылшын тілінде сөйлейтін, қарым-қатынас жасайтын ортаны үлкен жауапкершілікке қоямыз. Сондықтан оқу үрдісі оқушыға өтілетін материалды толық меңгертуді, оны жақсы есте сақтай алуына,белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталуы қажет. Ал осындай қажетті қанағаттандыратын бірден бір технология модульдік технология деп айтар едім. Бұл технология тұлғаның танымдық процестерді ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін қанағаттандыруға, ауызша, жазбаша тілді дамытуға бағытталған. Модульдік оқыту технологиясын енгізе отырып, білім беру мен тәрбиелеу ерекшелігі мынада: -Оқу материалын белгілі бір жүйеге келтіріп, тірек – сызба арқылы беру; -Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту, еске түсіріп үнемі қайталап отыру; -Білім алушыларды білімге қызықтыру және бірлесе отырып жұмыс жүргізуге үйрету; -Білім алушылардың бұрыннан игерген білімдерін тереңдете түсу; -Білім алушының білім деңгейін анықтау. Модульдік оқыту технологиясын сабақ кезінде қолдану сабақатың білім сапасын көтерудің факторы болып табылады. Модуль бұл белгілі бір функциональдық жүктемесі бар қандай да бір жүйенің өз алдына жеке бөлігі, бөлшегі. Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде 3 құрылымды бөліктен тұрады.

Оқу модулі кіріспе бөлімі 1–2 тақырыпқа енгізу

сөйлесу қалған уақытты танымдық қызмет

Оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. Оқу материалы сызба, кесте және тағы басқа белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіріледі.Білім алушының оқу материалын қайта жаңғырту арқылы бірнеше рет қайталап қолдануы сөйлесу бөлімінде жүзеге асырылады. Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен қарапайымнан күрделіге,реппродуктивтік тапсырмалардан, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға ауыстырылады. Зерттеушілік қызмет әр студентке оқу материалын жұмыс

қорытынды 1-2 бақылау

істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша, жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс топты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы негізінен студенттердің өзара әрекет етуіне құрылған. Мен модульдік технология бойынша 1 курс бойынша өткізілген «Education in Great Britain and Kazakhstan» тақырыбына құрылған модульді ұсынамын.

71


MODULE EDUCATION Бөлім Кіріспе бөлімі Сөйлесу бөлімі

Саға т саны 2

2

2

2

2

2

Қорытынды бөлімі

2

Сабақтың түрі , мазмұны 1.Модульдің әдісі, құрылысы, мақсатымен таныстыру 2.Тірек сызба бойынша сабақ түсіндіру 3.Оқулық, дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысы 4.Қорытынды, Үйге тапсырма Тақырыпты меңгерту: 1.Educational system in G.B. 2.Educational system in the U.S.A. 3.Educational system in Kazakhstan 4.Саяхат сабақ 5.Қорытынды, үйге тапсырма 1.A typical day at school 2.Жаттығу жұмыс 3.Қатемен жұмыс 4.«Кім көп және тез?» 5.«Грамматикалық тұлға» Тақырыпты дамыту: 1.«Бейнефильм қойылымы» 2.«Мені түсін» 3.«Мәтін құрастыру» 4.«Ауызекі сөйлесу» «School uniforms» 1.Оқулықпен жұмыс 2.Идеяларды тоғыстыру 3.Шешендер жарысы 4.Қорытынды 1.Тақырыпты пысықтау 2.Бір біріне жат жұмысын жүргізу 3.Сиқырлы сандық 4.Кім көп және тез табады? 1.«Jeopardy» ойыны 2.Оқулықпен жұмыс 3.Бекіту «Білім биржасы» 4.Қорытынды 5.Тест

Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды топтық, жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады. Зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану білім алушылардың оқу материалына бірнеше рет бөлімдерге қайта оралып,жұмыс

72

15 мин 15 мин 15 мин 25мин 10 мин 10 мин 15 мин 10 мин 20 мин 25 мин 20 мин 20 мин 20 мин 20 мин 15 мин 20 мин 20 мин 15 мин 10 мин 20 мин 20 мин 20 мин 20 мин 20 мин 15 мин 10 мин 15 мин 20 мин

істеуіне мүмкіндік береді. 3-4 сабақтардан бастап студенттерге стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі (ІІ және ІІІ деңгейлер) І деңгей тапсырмалары дарынды балаларға арналған. Бұл блок бойынша студенттердің оқу қызметінің нәтижесін бағалау мынадай болады:

Білім алушылардың деңгей бойынша білім сапасы: 1 дұрыстығы 2 толықтығы 3 әрекеттілігі 4 тереңдігі 5 ыңғайлылығы 6 жүйелілігі 7 түйсіктілігі 8 беріктігі

Бөлінетін уақыт 20 мин 20 мин 20 мин 20 мин

1 деңгей - Кім? Не? 2 деңгей – қалай? 3 деңгей – неліктен?


«Ашық журналы» № 1 2 3

Аты – жөні Модуль бойынша сабақтар Исимова Э 3,4,5,6,7, 8,9,10 Елеуова Д 3,4,5,6,7, 8,9,10 Кабдрахим Н 3,4,5,6,7, 8,9,10

І деңгей 5,5,5,5, 5,5,5,5 5,5,5, 5,5, 5,5,4, 5,5

Студенттің білімін бағалауда қосынды әдісі қолданылады. Әр тақырып бойынша оқушы білімін есепке алу «Ашық журналы». «Ашық журнал» тақтаның шетіне ілініп қойылады. Өздерінің алға жылжу жағдайын көріп отыратындықтан студенттер арасында жарыс жағдайын туғызады. Әр білім алушыны ілгерілуге ұмтылады. Студенттердің әр қадамын қолдап, тілдік әр қатесін түзету, студентті шығармашылық ісәрекетке бейімдейтін, ақыл- ой өрісін дамытатын құрал дамымалы технология. Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана

ІІ ІІІ деңгей деңгей 5,5,5,5 5,4,5 5,5,4, 5,5 4,4,5,4

Қорытынды баға 5

5,5,4

5

3,4,4

4

оқытушының шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады. Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың жүйесі мен амалдары әр мұғаліммен оларды терең игеруін, іске асыруын және оған сай болатын іскерлікті талап етеді. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Педагогикалық Диалог- ақпараттық – әдістемелік журнал №4.2014 ж 2.Республикалық әдістемелік – педагогикалық журналы №5. 2013 ж 3.Республикалық әдістемелік – педагогикалық журналы №7.2012 ж

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ Кадашаева С.С. Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп – гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сынып оқушыларын оқытудың маңызды бағытының бірі- логикалық ойлау қабілетін дамыту. Осы процесс қазіргі таңда педагогика саласының өзекті мәселі болып табылады, оған көптеген оқу бағдарламалары мен әдістемелік әдебиеттеріндегі зерттеулер дәлел. Баланың жас ерекшеліктеріне, өсу деңгейіне байланысты логикалық тапсырмалар өзгеріп отырады. Сондықтан баланың жасына тән емес тапсырмаларды беріп, баланың ынтасын қашырып алуға, өзіне деген сенімсіздік оянып, негативті әсер беру мүмкіншілігі де бар. Бала мектепке бару кезеңінде, оның психикалық дамуы жоғары деңгейде болады.

Баланың әр жас кезеңі әрбір психикалық процестің дамуымен сипатталады. Баланың кішкентай кезінде қабылдау процесі қалыптасады, бала бақшаға бару кезеңінде есте сақтау қабілеті қалыптасады, ал мектепке бару кезеңінде ойлану қабілетінің дамуы жүзеге асады. Бастауыш сынып оқушыларының ойлануының өз ерекшеліктері бар. Дәл осы кезеңде алдыңғы көрнекі–бейнелі ойлану, сөйлеу-логикалық, түсініктеме түріне ауысады. Сондықтан бастауыш сыныптарда оқушылардың логикалық ойлану қабілетін қалыптастыру өте маңызды. Бастауыш сынып оқушылары үнемі логикалық тапсырмаларды орындау арқылы,

73


өздерінің логикалық ойлану қабілетін дамыта алады. Сонымен мұғалімнің оларға көмегі төмендегідей: ·Қоршаған ортамен байланыс жасау; ·Дұрыс түсінік қалыптастыру; ·Теория жүзінде үйренгенін тәжірибиеде қолдану; ·Ойлану операциялар көмегімен талдау (қорытындылау, салыстыру, классификациялау, синтездеу және т.б.). Осының барлығы оқушылардың логикалық ойлану қабілетін дамытуға ықпал етеді. Оқушылардың логикалық ойлану қабілетін дұрыс жасалынған педагогикалық жағдайлар ғана дамыта алады. Мұғалімнің міндеті әр баланың жеке даралығын ескере отырып, потенциалды қабілетін дамыту және ашуға жағдай жасау. Оқушының логикалық қабілетін дамытатын педагогикалық жағдайларды қарастырайық: 1.Балалардың ойлану қабілетін дамытуға арналған тапсырмалар. Тапсырмалар тек қана математика сабағында ғана емес, барлық сабақтарда қолданылса нәтиже береді. 2.Мұғаліммен талқылау. Бірге талқылап, өздерінің шешу жолдарын ұсынып, қателіктерін тексеріп, дұрыс жауаптарын дәлелдеуге үйренеді. 3.Сабақ үрдісі әр түрлі элементтерге толы болса, оқушы: ·Түсініктерді салыстыра алады (заттар, құбылыстар); ·Маңызды және маңызсыз белгілерді анықтай алады; ·Талдай,салыстыра және қорытындылай алады. Математика ғылымы– барлық ғылымдардың логикалық негізі–күре тамыры ретінде қарастырылады. Оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру, логикалық ойлауын жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту үшін математика сабақтары әр түрлі, жан–жақты болуы керек. Оқушының математикалық ойлауы дамуы үшін түрлі тапсырмаларды орындауы тиіс. 1.Өз бетінше есеп шығарудың сан қилы жолын іздестіру. 2.Пәнге қызығып, оған көңіл қойып, тереңдете оқып үйрену.

74

3.Сабақ барысында қолданылатын ойындарға, математикалық сайыстарға, жарыстарға қатысу. Оқушылардың түрлі логикалық тапсырмаларды орындауы көбінесе байқап көру, іздену үрдісімен жүреді. Ойша болжай білу оқушылардың бойындағы тапқырлық пен аңғарымпаздықты байқатады. Оқушыларды ойлауға жетелейтін логикалық тапсырмалар үлгісін ұсынамын: 1.Сұрақ: Торда 12 құс отыр. Оның 11–нен басқасы ұшып кетті. Торда қанша құс қалды? Жауап: 12 құс қалды.(Құстар тордан шыға алмайды.) 2.Сұрақ: Атасы немерелеріне сақтап қойған асығын бергісі келді. Оларға жетеуден берсе, асықтың екеуі артық қалды. Ал сегізден берсе, асықтың біреуі жетпей қалды. Атасының немересі нешеу, асығы қанша? Жауап: 3 немере, 23 асық. 3.Сұрақ: Төрт бұрыштан 1 бұрышын қиып тастасақ неше бұрыш қалады? Жауап: 5 бұрыш. 4.Сұрақ: 3 сағатта 3 үйрек аулай алатын болса, 9 аңшының 9 үйрек аулауы үшін қанша сағат керек? Жауап: 3 сағат. 5.Сұрақ: Жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, қай кезде тез толады: машина тоқтап тұрғанда ма әлде жүргенде ма? Жауап: Шелекке судың толу жылдамдығы машинаның қозғалуына байланысты емес. Екі жағдайда да бірдей жылдамдықта толады. 6.Сұрақ: 100 шөжек 100 кг дәнді 100 күнде жейтін болса, 10 шөжек, 10 күнде қанша кг дән жейді? Жауап: 1 кг. Ата-аналар тарапынан да көптеген жұмыстар жасалуы керек. Балаларға үй жағдайында логикалық тапсырмаларды жанұясымен бірге орындауға атсалысу, балаға көмек беру, атааналардың да, балалардың да белсенділігін арттыра түсер еді. Өз тәжірибемде оқушылардың логикалық ойлану қабілетін дамыту сабақтары нәтижесіз болмайтындығын және балалардың шығармашылық қабілетінің дамуына оң әсер беретініне көз жеткізіп келемін.


БАЛАНЫҢ АЛҒАШҚЫ МЕКТЕП ӨМІРІНЕ БЕЙІМДЕЛУ ЖОЛДАРЫ Ахметова Н.Ш. Атырау қаласы Боран Нысанбаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі

Мектепке бару–баланың өміріндегі ең маңызды кезең.Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап,баланың алдына оқу іс-әрекетінің шарттарын қойса, бұл баланың шын мәнінде оқу іс-әрекетіне тез араласып кетуіне себеп болады немесе өзінің шамасы келмейтін оқу тапсырмаларының алдында сасқалақтап, біртебірте өзіне деген сенімін жоғалтады, мектепті және оқуды ұнатпайтын болады. Тәжірибеде бұл екі нұсқа та типтік болып табылады: мектеп өміріне бейімделуге икемді балалармен бірге икемсіздеу балалар да бар. Міне, осы проблеманы шешу,яғни, оқушыны мектеп өміріне бейімдеу жолдарын білу мектеп табалдырығын аттаған оқушының алғашқы ұстазының алдындағы үлкен міндет екендігі сөзсіз. 1 сыныпқа қабылдау барысында психологиялық-педагогикалық зерттеу диагностикасы баланың интеллектуалдық, сенсорлық-моторикалық қабілетін ескеретін тестерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. 12 жылдық білім беруге көшудің эксперимент шеңберінде мектепке келген баланың жеке қабілетін анықтауға арналған әдістердің ішіндегі ең маңыздысы-жеке тұлғаға бағдарланған оқыту болып табылады. Диагностика жұмыстары мектепке балаларды жеке тұлғалық бағдарлы оқытуға мүмкіндік береді. Бұл мақсаттарға жету үшін баланың жеке даму деңгейі мен оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын мынадай әдістемелер ұсынылады: 1. Керн– Йерасектің төрт субтестен тұратын баланың мектепке дайындығын бағдарлау тестісі; 2.Ой-өрісінің даму жүйесін анықтайтын тест. 3.Оқу әрекеті алғышарттарының деңгейін анықтауға арналған тест

4.Назар аудару мен қабылдау және талдау мен жинақтау қабілеттерін анықтау; 5.Логикалық ойлау элементтері; 6.Қол бұлшық еттерінің даму деңгейін анықтау; 7.Мінез-құлқын анықтау. 8.Жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктерін анықтау. 9. Баланың тіл даму ерекшелігін анықтау. 10.Математика пәніне қабілеттілігін анықтау. Баланың алғашқы мектеп өміріне бейімделуін үш кезеңге бөліп жоспарлауға болады. І кезең- баланы мектепке қабылдау. Бұл қабылдау кезеңі сәуір-наурыз айларында басталып, қыркүйек айының басында аяқталады. Бұл уақытта балаларға психологиялықпедагогикалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, баланың мектепке дайындығы жан-жақты тексеріледі.Әрі болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен жеке, топтық кеңестер өткізіледі. ІІ кезең– баланың алғашқы мектеп өміріне бейімделуі.Бұл кезең қыркүйек-қаңтар айына дейін созылады. Бұл–үлкендер үшін ең жауапты кезең. Бұл кезеңде оқушыны мектепке қызықтырып бейімдеудің бір құралы–ойын түрлері болып табылады. Олардың ойын арқылы психологиясы жетіліп, мінез-құлқы қалыптаса бастайды. Әсіресе, сабақтарда топқа бөлініп жұмыс жасау арқылы оқу процесін өз жолдастарымен бірлесе талдап, мектеп өміріне бейімделе бастайды. ІІІ кезең- мектепке бейімделу кезеңіндегі қиындықтарды жеңу мақсатында оқушыларды психологиялық-педагогикалық зерттеу одан әрі жалғасады. Бұл кезеңде сынып жеткешісі сабақта түрлі әдістер арқылы жұмыстар жүргізіеді. Атааналармен тығыз байланыс жасап отырады. Мемлекеттік жалпыға міндетті бағдарлама жобасында атап көрсетілгендей мектепке дейінгі 75


жаңа білім беру мазмұны баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру мен дамытудың жаңа тәсілдерін ұсынады. 5-6 жастағы бала өмірдегі жағдайларға байланысты мынадай білім, білік, дағдыларды игеруі тиіс: денсаулық сақтаушылық, сенсорлық- қозғалыстық, сөйлесе білушілік, тілдік, танымдық, ақпараттық, әлеуметтік, жеке шығармашылық , көркемэстетикалық, құнды –мағыналық. Оқушыны мектепке қызықтырып, бейімдеудің басты құралдарының бірі–ойын болып саналады. Ойын-бала әрекетінің негізгі түрі.Ойын арқылы оқыту сабақта оқушыны оқу әрекетіне қызықтырып, ынталандырады. Сабақта қолданылатын ойындардың түрі көп. Біз олардың ең маңыздыларын, жиі қолданылатынын атасақ: пәндік, рольдік, сюжеттік және имитациялық. Ойындарды барлық пәндер бойынша тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Мысалы, математика сабағында оқытудың жаңа технологиялары негізінде қолданып жүрген ойын түрлерін атасам: «Компьютер», «Есебін тап», «Фигуралар сыры», «Алғашқы таңба»,«Төртінші артық»,«Жұбын тап», «Сандық топтастыру»,«Кім жылдам?», «Сызықтар сыры», «Бос торкөз», «Санамақ», «Жоғалған сандар», «Баспалдақ», «Бес саусақ», «Жиындар сыры», «Математикалық домино», «Аквариум», «Сиқырлы сандар», «Эстафета», «Ұшқыр ой», «Математикалық жұмбақ», «Тізбекті жалғастыр», «Кім мерген?», «Өз жартыңды тап», «Бас қатырғылар базары», «Галерияға саяхат», «Жедел есте сақтау», «Тірек белгілері», «Өрмекші», «Көрнекі бейнелеп ойлау», т.б. Қазақ тілі, ана тілі сабақтарында пайдаланып жүрген «Қай әріпті жоғалттым?», «Сөз ойла,тез ойла», «Сен маған, мен саған», «Іздеген әріп бар ма?», «Ойлан,тап»,«Дыбыс ұстау»,«Поэзия минуты», «Тиісті әріпті орнына қой», «Кім болам?»,«Мақалды жалғастыр», «Қатені тап», «Талқылау»,«Мәтін құра»,«Жарысты жалғастыр», «Тұлғаны танып біл», «Сөздер жиыны», «Адасқан сөздер», «Буынды ұйқас», «Бейнелі есте сақтау», ойындарын сабақ

тақырыбына байланысты ұштастыра қолданып отырамын. Сондай-ақ балалардың мектепке бейімделуіне сабақтарды жеті модулмен ықпалдастыру да үлкен мүмкіндік жасайды. Дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін оларға жағдай туғызу қажет. Жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды табуға арналған бес өлшемді әр ұстаз өз сабағында ескеруі керек деп ойлаймын.  Жады және білім – тамаша жады және ақпаратты қолдану;  Ақпаратты пайдалану – түйінді идеяларды анықтай білу, түрлі көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу қабілеті;  Ойлау жылдамдығы – олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ шешімдерге тез келеді;  Проблемаларды шешу – олар ақпаратқа қосымшаларды енгізеді, сәйкессіздікті көрсетеді, мазмұнын тез түсінеді;  Қиындыққа қызығушылық – қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және тапсырмаларға ұмтылады. Оқыту барысында әр оқушыны жанжақты зерттей келе мұғалім осы өлшемдерге дәл келетін оқушыны тауып, және де сол өлшемдерді өзгертуге, қолдануға болатын тиімді, әр қилы тапсырмалар қолдану керек. Мысалы, математикадан «10саны,цифры.Дециметр» тақырыбы бойынша өткізген қысқа мерзімді сабақ жоспарын ұсынып отырмын. Өйткені, математика пәні бойынша алғашқы қарапайым түсініктерді тек кітаптағы суреттер арқылы түсіндірмей, әр математикалық жаттығуды ойын, тест, деңгейлік тапсырмалар, баланың логикалық ойлауын дамытуға құрылған тапсырмалармен ұштастыра отырып, көрнекі түрде өткізу шәкірттердің пәнге деген қызығушылығын арттыра түсті.

Өткізген: Ахметова Нурбиға Шайжанқызы Боран Нысанбаев атындағы орта мектеп Күні 27.11.2015 Пәні: Математика Сынып 1 «В» 10 саны, цифры. Дециметр. Сабақтың тақырыбы: Математика 1 сынып Сілтеме: Атамұра – 2012. Авторлары:Т.Қ. Оспанов, Ж.Т. Қайыңбаев, К.Ә.Ерешева,М.В. Маркина

76


Жалпы мақсаты:

Оқу нәтижелері

Жаттығулар:

Әдіс – тәсілдер: Дереккөздер Сабақтың кезеңдері Ұйымдастыру

Қызығушылықты ояту

10 саны және цифрын таныта отырып,жаңа өлшем бірлігі дециметр ұғымын беру. Түрлі мазмұндағы ойлауға берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасау Бір таңбалы сандармен санауды нақты өмірде пайдалана білуге баулу. Топпен, жұппен жұмыста достық қарым-қатынас орнатып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу 10 саны және цифрын таныта отырып,жаңа өлшем бірлігі дециметр ұғымы беріледі. Түрлі мазмұндағы ойлауға берілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың тез ойлау қабілеті мен есептеу мәдениетінің дамуына ықпал жасалады. Бір таңбалы сандармен санауды нақты өмірде пайдалана біледі. Топпен, жұппен, жеке жұмыста достық қарым-қатынас орнатылып, ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиеленеді. 1. Санды ата 2. Шапшаң сана 3. Салыстыру 4. Топтастыр 5. Сандар құрамын анықта 6. Тиісті сандарды қой 7. Математикалық эстафета 8. Жұппен орында 9. Ойлан, тап! 10. Идеялар тақтасында Жұппен, топпен жеке жұмыстар, АКТ, СТО, дамыта оқыту, дарынды балалармен жұмыс Оқулықпен жұмыс, қосымша мәліметтер Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының ісәрекеті 5 мин Психологиялық ахуал Оқушылар қолғап Ойын: «Бес саусақ» түсіне байланысты қимылдар жасайды. Топқа бөлу - оқушылар пішіндерді Оқушылар таңдайды. геометриялық пішіндерге байланысты төрт топқа бөлінеді. Топтар: 1.Үшбұрыш тобы 2.Төртбұрыш тобы 3.Бесбұрыш тобы 4.Алтыбұрыш тобы

10 мин

А.Топтық тапсырма 1.Тура санау 2.Кері санау 3.Тақ сандар 4.Жұп сандар Ә.Шығармашылықтапсырма Қосу,азайту амалдарына мысалдар құрастыру 1 топ 8+1= 2топ 7+2= 3топ 6+3= 4топ 5+4=

1-ден 10-ға дейін санап шығады

77


Мағынаны тану

20 мин

А) 10 санын қалай шығарып аламыз? 9+1=10 10-1=9 1.Сандар қатырында қай саннан кейін келеді? 2.Атаулы сандарды салыстыру 3.10 саны екі таңбалы сан екенін түсіндіру Ә) 10 Санының сандар қатарындағы орнын анықтау 10 санының цифрымен таныстыру

Оқулықпен жұмыс І топ – «Теңдіктер қалай құрылғанын түсіндір»№1 ІІ топ – «Кесіндінің ұзындығын өлше»№1 ІІІ топ – «Салыстыр»№2 IV топ- «Қалып қойған сандарды ата » №3 Ой – толғаныс

Сергіту сәті

Шығармашылық тапсырма

Бағалау

10 мин

Оқушылар № 1, 2, 3 тапсырмасын топ бойынша орындайды.

Математикалық эстафета "Сандардын құрамын қайтала" №5

Оқушылар сан құрамын түсіндіре отырып орындайды.

Санамақ ырғағы жіберіледі.

Оқушылар музыка ырғағымен санамақтар айтады.Танысқан цифрларды көрсетеді.

"Тиісті сандарды тауып қой"

Бағалау бетшесі: 1, 2, 3 Оқушылар берген критерий бойынша өзін –

78


1 Топтық жұмыс 2 Математикалық эстафета 3 Есептер шығару 4 Жұптық жұмыс 5 Идеялар тақтасында

Үй тапсырмасы Рефлексия

Барлығы: __________ 11 – 12 ұпай – өте жақсы 7 – 8 ұпай – жақсы 4 – 3 ұпай – талаптан! Топты бағалау: , □, ∆ Оқулықтан № 4 Оқулықтан № 4 Мұғалім стикер таратып, оқушыларға ұсыныс айтады, жазады.

Егер оқушының мектепке дайындығы жоғары дәрежеде болып, бағдарламадағы атап көрсетілген біліктілікті игеріп келген әр оқушымен сынып жетекшісі, дәрігер, психолог, ата-ана, кітапханашы, логопед өзара бірлікте

өзі бағалайды. Топ жетекші бақылап отырады.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады. Оқушылар стикерге сабақтың ұнаған сәттерін жазып жапсырады.

жұмыс жасап, баланың мектепке бейімделуіне толық жағдай жасаса, сонда ғана тәуелсіз еліміздің ертеңгі арқа сүйер азаматын тәрбиелеудегі еңбегіміз жемісті болмақ.

79


 Инклюзивті білім беру  ДЕНСАУЛЫҒЫНДА КІНАРАТЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР Ахметова Г.А. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің педагог- психологы

Адамзат алдында тұрған басты жауапкершілік–тәуелсіз мемлетіміздің уығы боп қалатын жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. Мемлекет қазіргі таңда денсаулығында кінараты бар балаларға айрықша көңіл аударып, қамқорлық көрсетіп отыр. Бұл қамқорлықтың бәрі Елбасының халыққа жолдауында, ҚР Білім туралы заңында, «Кемтар балаларды әлеуметтікмедициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» т.б. заңдарында айтылып, дамуында бұзылысы бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде, бала мүгедектігінің алдыналуға бағытталған көптеген көкейкесті мәселелері жан-жақты қарастырылған. Қазіргі кезде мектептерде денсаулығында кінараты бар балаларды қамқорлыққа алып, олардың қалыптасуына және айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне, бағыт-бағдар беруде арнайы дайындық жүргізілуде. Денсауығында кінараты бар балалардың білім деңгейін көтеріп, өмірге қажетті білім білік дағдысын, тәртібін қалыптастыруға байланысты түрлі шаралар жасалуда. Бұл балаларды оқытатын мұғалімдердің алдында мынадай міндеттер қойылады. -Баланың мектепке дайындығын анықтау, -Тәрбиесіндегі кемістігін жою, -Сабақты жүйелі жоспарлау. Дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балалардың арнайы оқытуға деген сұраныс, әсіресе олардың танымдық процестерін психологиялық жағынан зерттеу қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Осы балаларды психологиялық ойындар көмегімен дене кеңістігін қалпына келтіріп, сол арқылы

80

психологиялық саулығын сақтап, бала мүгедектігінің деңгейін төмендетуге мектеп психологтары аз да болса өз үлесімізді қосуды алдымызға мақсат етіп келеміз. Психологиялық дамуының тежелуі бар оқушылармен жүргізілетін психологиялық түзету дамыту жұмыстарының түрлері көп. Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей: 1.Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау, 2.Шаршап кетпеуін қадағалау, 3.Оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, 4.Сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру, 5.Ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару, 6.Арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру, 7.Жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру. Бала зейінін тәрбиелеуге көмектесу қажет. Балаларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады. Психологиялық дамуының тежелуі бар оқушылардың зейінін түзете дамыту жұмыстарында төмендегі мәселелерге көңіл бөлген жөн: *Баланың қоршаған ортаға бейімделуі, *Мінез-құлық ерекшеліктері, *Өз-өзін төмен бағалауы, *Қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы, *Өз күшіне сенімсіздігі, *Белсенділігі төмен, *Баланы қызықтыру және дамыту мақсатында сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндікті,топта бірауыздылық орнатуға жағдай


жасайтын психологиялық жаттығулар өткізу керек. Зейінді тұрақтандыруға арналған жаттығулар «Шапалақ» жаттығуы Балалар шеңберге тұрып қолдарын созады. Жетекші 3 деген кезде, барлықтары бір уақытта қолдарымен шапалақ соғуға тиісті. Балалар сендердің көңіл күйлерін қандай? Енді сіздердің көңіл күйлеріңіз жақсы болса, осы жақсы көңіл күйлеріңізді көрсетіңдерші. Көңілді болғанда не істейміз? -Ренжігенде -Қорыққанда -Қуанғанда -Таң қалғанда Балалар шебермен жүреді. Жүргізуші алақанын соққанда балалар бір аяқпен, екі рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда қолдарын екі жаққа созып, үш рет шапалақтағанда жүруін жалғастырады. Қанша дыбыс естідіңдер? Жүргізуші бірнеше рет қарындашпен үстелді соғады да балалар естіген дыбыстарын саусақпен көрсетеді. Ойлауды дамытуға арналған жаттығулар «Мен және айна» жаттығуы Бұл ойында оқушылар бір-біріне қарап отырады. Әр жұптағы оқушылар біреуі жағымсыз қасиеті бар адам туралы ой айтса, оны екінші оқушы жағымды қасиетке айналдырып айтады. Мысалы:Ұялшақ–батыл, жалқау –еңбекқор т.б. Бірінші бала жалқау туралы әңгіме айтса, екіншісі оны қалай еңбекқор адам етуге болатыны туралы өз көзқарасын айтады. Түйін:Бұл ойында жаман қасиеттерден аулақ болуға,жақсы қасиеттерді үйренуге үйретеді. «Құпия сурет» ойыны (оқушыға бір бет ақ қағаз ішінде нүкте салынған сурет көрсетіледі) -Біз нені байқап отырмыз?деген сұрақ қойылады. -Оқушы ақ кеңістікті көрмей қара нүкте көріп тұрмыз деп жауап береді. -Дұрысы:Ақ кеңістіктегі қара ноқат деп жауап беруі тиіс. Оқушы ақты аңғармай, бірден ішіндегі қара нүктені тез көреді. Адам бойынан әрдайым кез-келген жағдайда жақсыны таба білуден гөрі, адамның кемшілігін көре білу жеңіл екені көрінеді. Қиялды дамытуға арналған жаттығулар «Дауысынан таны» жаттығуы Мақсаты:Еркін зейін салу,қабілетін дамыту Жүргізуші: Орманда адасып қалмау үшін біз бір-біріміздің дауысымызды жақсы білеміз бе?

Балалар шеңбер құрып тұрады, бір оқушыны шеңберден теріс қаратып қояды. Барлығы ыңылдап ән салады. «Айгүл сен қазір ормандасың, біз саған «Ауу» деп айқайлап жатырмыз. Көздеріңізді қатты жұмып, сені кім шақырғанын айт. Ойыншылардың бірі жүргізушінің есімін атайды,жүргізуші оны танып, оның кім екенін айтады. Бұл ойын 2-3 рет қайталанады. «Төртіншісі артық» әдістемесі Мақсаты:Маңызды белгілерін бөліп, көрсете білуін диагностикалау. Бұл әдістеме оқушымен жеке жүргізіледі. Зерттеуді жүргізуге арнайы белгілері ортақ 3 сурет салынады, ал төртінші зат артық болады. Бала осы 4 заттың ішінен белгісі ортақ 3 затты бөліп алу керекте, артық затты алып тастауы керек. Үш зат табиғаттынан өзара ұқсас, ортақ белгілеріне қарап оларға бір атау беруге болады, ал төртінші зат артық. Көрнекті гуманист және педагог Януш Корчак өзінің «Баланы сүю керек» еңбегінде мұғалім « ... бұғау салмайды, еркіндік береді, басымдық көрсетпейді, қалыптастырады, бұйырмайды, үйретеді, талап етпейді, сұрайды,кез-келген балалардың қиналған сәттерінде олармен бірге күйзеліске түседі»деп айтқан болатын. Олай болса, бүгінгі күннің талабы денсаулығында кінараты бар балалардың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарау әр ұстаздың ар ұятында. -Өмірдегі ең әсерлі күш - СҮЮ -Жоқтығы ең ауыр тиетін - ҮМІТ -Әлемдегі ең мықты күш -МАХАББАТ -Ең зор зая -ӨЗ СЕНІМІНЕН АЙЫРЫЛУ -Ең зор табиғи қуат көзі - ЖАСТЫҚ -Ең құнды сезім - ӨЗ-ӨЗІН МҮСІРКЕУ -Адамдардың бәрі талпынатын - ЖАН ТЫНЫШТЫҒЫ Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарымқатынаста болуы қажет. Қорыта айтқанда, жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық –педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.

81


ДЕНСАУЛЫҒЫНДА КІНӘРАТЫ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ (КОРРЕКЦИЯЛЫҚ) ЖҰМЫСТАРЫ Умбетова Г.Т. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің педагог –психологы

Қазақстан Республикасының Бiлiм туралы заңында:«Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани, дене мүмкiндiктерiн дамыту,адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Денсаулығында кінәраты бар балалардың қоғам өміріне өздерінің дәрежелерінің жеткендерінше белсене араласуына ықпал ету үшін, өзін-өзі тануына жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға болып қалыптасуына түзете-дамыту жұмысының (коррекциялық) ықпалы зор. «Адамды тәрбиелеу мен дамыту үшін оны жан-жақты біліп алу керек»,-деп К.Д.Ушинский айтқандай баланың жан дүниесін, өмірге көзқарасын қадағалау керек. Балаға жан-жақты қарап,білім беруіміз, білмегенін үйретіп, қызығушылығын арттыру педагог-психологтың міндеті. Балаға жеке тұлға деп қарап, оның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту менің басты мақсаттарымның бірі. Баласының болашағының жарқын болып, өз қатарымен өсіп жетілуін әрбір ата-ана қалайды және арманы да. Сол үшін де ұрпағын есті де, еңбексүйгіш, адамгершілігі мол, адал болуға тәрбиелейді. Осы бағытта үйден оқытылатын оқушыға жүргізілетін түзете-дамыту жұмыс жоспар құрылып, уақытылы өткізіліп келеді. Оқушыға психологиялық даму картасы толтырылып, таным үрдісінің даму деңгейін, есте сақтау мен зейінін, ойлау логикасын анықтайтын зерттеу карталары жасақталады. Түзете-дамыту сабағын жоспарлаған кезде оқушы нені жақсы көреді, нені ұнатпайды, кімді құрмет тұтады, немен айналысқанды ұнатады, неге бейімділігі жоғары екенін біліп алу қажет. Осы жағдайдан кейін

82

ғана баланың бейіміне қарай жұмыс жоспары жасалады. Түзете-дамыту сабағының оң болуы үшін педагогикалық-психологиялық көмек көрсету мақсатында ойындар мен жаттығулардың, моторикалық жаттығу, түрлі терапияның маңызы зор. Түзету жаттығуы немесе ойын балаға қызмет түрін ауыстырғанда ұсынылады. Бір сабақтан екніші сабаққа өткен кезде ұсынылады.Ол кезде оның құрамында қызықты элементтер болуы керек. Төменде мұғалім үйде жүретін сабақ уақытында пайдалануына болатын түзету тапсырмаларының әр түрлі нұсқаларын ұсынамын. «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес». (В.А.Сухомлинский) «Бетперделер». Cмайликтер Мақсаты: Достық қарым-қатынас орнату, жағымды эмоционалды жағдай туғызу. Әрбір сабақты көңіл-күйді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін түрлі бетперде дайындадым. Мұнда:түрлі бетперделерді оқушы өзі таңдап, неге таңдағанын айтады. «Мейірімді есім» Мақсаты-эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон қалыптастыру. Оқушы оң жағында тұрған мұғалімді мейірімді түрде атайды. Ал мұғалім алғыс айтып, сосын жаттығу кері сол жақ көршіге орындалады. «Нүктелерді қос» Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту, арттерапия арқылы мидың жалпы белсенділігін қалыптастыру. Оқушыға 20 нүктесі бар бір қағаз беріледі. Оқушы нүктелерді тауып қосады. Оқушыға төмендегі суреттерді салу тапсырылады. тапсырма әртүрлі: -кеме,


-құс, -шырша, -құрт, -гүл, -күн, -бұлақ. Оқушыға сурет салып болған соң, оны бояуға кеңес беріледі. «Бір сөзбен айт» Мақсаты: ойлау қабілетін дамыту. 1.Кітап, дәптер, қалам -оқу құралы 2.Стол,отырғыш,диван- жиһаз 3.Кофта, юбка, шарф-киім 4.раушан, қызғалдақ.сирень-гүлдер 5.қайың,қарағай, шырша-терек 6.қарлығаш,торғай,аққу-құстар 7.шортан, сазан, алабұға- балықтар 8.орамжапырақ, сәбіз, қияр-көкөністер 9.апельсин, алмұрт, банан-жемістер «Тыныс алу жаттығуы» Мақсаты:Мидың жарты шарлық әрекетін дамыту, өзін, еркін басқаруға үйрету. Қазір оң мұрнымызбен ауа жұтып, сол мұрнымыздан шығару, ауаны жұту кезінде «алтын-күміс» энергия ішіме бірге кіріп, тамағыма, аузыма, жүрегіме, асқазаныма аяғымның ұшына дейін барып жатыр деп ойлау керек. Осылайша екі жақ мұрныңмен 3 рет демалу. Релаксация: «Түстер терапия» Мақсаты:Оқушыларының өзіне деген сенімділігін арттыру, босаңсу, оптимист болу мүмкіндігін қалыптастыру, музыка арқылы демалту. Көзімізді жұмамыз. 3 рет терең дем алып, шығарыңыздар. Әуен жіберіледі. Ал енді жұлдызды аспанды көз алдымызға елестетеміз. Жұлдыздар үлкен және кішкентай, жарық және күңгірт. Біреулеріңіз үшін жұлдыздар үлкен және кішкентай болып көрінуі мүмкін, ал біреуіңіз үшін сан жетпейтін нүктелер болып көрінуі мүмкін.Ол жұлдыздар біресе қол жетер жерге жақындап, біресе төмендейді. Жұлдыздарға зер салып, өзіңізге ұнағанын таңдап алыңыз. Мүмкін ол сіздің балалық арманыңызға ұқсайтын болар, мүмкін ол сізге бақыт,қуаныш,сәтттілік, серпіліс сәттерін есіңізге түсіретін шығар.

Тағы да жұлдызыңызды тамашалап көріңіз. Жұлдызыңа қарап, оған сүйсініп және оған дейін қолыңызды созыңыз. Барлық күшіңізбен тырысыңыз. Сіз міндетті түрде қол жеткізесіз. Аспаннан алып, алдыңызға мұқият қойыңыз. Қандай сәуле шашатынын көріңіз. Екі қолыңызбен алақаныңызбен тізеңді сипап, алақаныңызбен аяқтың басына дейін сипап, қолыңызды алға созып керіліңіз. Көзіңізді ашып, жұлдызымызды алып, аспанымызға орналастырамыз. Соңғы сабағымызда өз жұлдызыңызды алып кетесіз. Анықтап қарайықшы жұлдыздар бір-біріне ұқсамайды. Қоштасу «Мұнара» Мақсаты: Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа баулу. Құрдастарымен қарымқатынасын жақсарту. Әр оқушы үлкен саусақтарын ортаға қойып, мұнара жасап, «Бәрің де сау болыңдар» дегенде мұнара құлайды. Қатені тап Мақсаты:еркін зейінді дамыту, алынған білімді бекіту. Балаға қате сөздер жазылған карточкалар ұсынылады. Сөзде бір әріп түсіп қалған, немесе артық қойылған, жазылған. Балаға осы қатені қалай түзету керектігі түсіндіріледі. Кесілген суреттер Мақсаты:көру арқылы қабылдауды, құрылымды дамыту. Қағазға геометриялық пішіндердің суреті салынады. Бұл сурет 2-3 бөліктерге бөлініп кесіледі. Енді оқушыға жинастыруға ұсынылады. Егер бұл тапсырманы орындауда бала қиналса, бұндай карточканың екеуін пайдалану керек. Біреуі кесіледі, біреуі үлгі ретінде пайдаланады. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс-тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болуы қажет. Қорыта айтқанда, жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық –педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзінеөзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.

83


 Ғылыми зерттеулер  ЖАБЫҚ МЕКЕМЕЛЕРДЕ АУА МИКРОФЛОРАСЫН ЗЕРТТЕУ Токабасова А.К., Аталихова Г.Б. Х.Досмухамедов атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті, биология ғылымдарының кандидаттары,

Тапешова Ш.Ж. биология магистр

Мендигалиева А. магистрант

Аманжолов А.А. Назарбаев Зияткерлік мектебі

Бұл мақалада жабық мекеменің (мектеп) ауа микрофлорасы зерттелген. Салыстырмалы түрде үш бөлме ауасы қарастырылған. Ауа құрамында кездескен микроорганизмдерге морфологиялық талдау жасалды. Ключевые слова: Седиментация, МПА,зертханалық бөлме, сынып іші, фойе ауа сынамалары, Micrococcus roseus, Bacillus subtilis, Mucor. Ауа микрофлорасы экологиялық мәнге ие, оның зерттеуі топырақ және судың микрофлораларымен байланысты. Микробтар биоценоздың құрамды бөлігі олар топырақта, суда, ауада және т.б табиғи құбылыстарда табылады, нақты бір ортада өмір сүретін микробтар қауымын микробиоценоз деп атайды. Ауаның қабатының микрофлорасы, топырақ және су бетінен келіп тұрған микроағзалардың түрі арқылы қалыптасады. Топырақта және суда микроағзалар көбейіп дамиды. Ал ауада көбеймейді, белгілі бір уақытқа диін өмірлерін сақтайды. Ауаға көтерілген шаң жердің бетіне қайтадан шөгеді немесе ауада қоректің жетіспеушілігінен және ультракулгін сәуленің әсерінен жойылады. /1.2/ Ауадағы микрорганизмдер клеткасының бар жоқтығы жөніндегі мәліметтерді алғаш рет Л. Пастер (1860 ж) алған. Ол теңіз деңгейінің әр түрлі биіктігінде Юра тауының етегінде (Батыс Европадағы Алпі тау жүйесіне жататын тау жоталары,Франция мен Швейцария жерінде 850 м) және Монблан шатқалында (Франция мен Италия жерінде 2000 м) қоректік орталары бар колбаларды ашып, содан соң өсіп шыққан колониялар санына қарай ауаның ластану дәрежесіне баға берген. Соған орай ауадағы

84

микрорганизмдер саны теңіз деңгейінен биіктігіне байланысты деп тұжырымдаған. Кейін ол нитроцеллюлозды сүзгіші бар құрал жасаған, ол құрал арқылы ауаны үрлеген кезде ондағы қалқып жүрген бөлшектер сүзгіш бетінде ұсталып қалатынын дәлелдеген. 1920 жылы Молиш ауада табылатын микроорганизмдерді аэроплонктондар деген терминмен атаған. Бұл термин ауада кездесетін барлық микрорганизмдерге қатысты айтылады: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, мицелиалды саңырауқұлақтардың споралары, балдырлар, қарапайымдылар. /3/ Жабық жерлерде әсіресе бала бақша, мектеп, ЖОО да немесе үй бөлмелері т.б., ауасында микроорганизмдер көп болады. Мысалы, бөлме ауасының бір текше метріндегі олардың саны 100 мыңға жуық жетеді. Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаңда көбейеді, микробтар саны артады.Сапасы жағынан алғанда ауа микроорганизмдері түрліше болып келеді. Көбінесе шар тәрізді, олардың ішінде түрлі пигмент түзетіндері де кездеседі. Сонымен қатар онда спора түзетін аэробты микроорганизмдер де көп. Ауру тудыратын топтары тек ауасы ластанған жерде кездеседі, ал далалы және орманды жердің ауасында олар мүлде болмайды. Әр түрлі аймақтардағы климат және маусымдық жағдайлардың микроорганизмдер санына әсерін зерттеу нәтижесінде олардың таралуы жөнінде мынадай заңдылық байқалған: Құрлыққа қарағанда теңіз үстіндегі атмосферадағы микророрганизмдер саны жоғары; Ауылдық жерлерге қарағанда қалалық жерлердің атмосферасында микрорганизмдер саны көп болады.


Атмосферадағы микроорганизмдер саны климат пен метереологиялық жағдайларға байланысты; Антропогендік факторлар атмосферадағы микроорганизмдер санының көбеюіне жағдай жасайды. Ауада болатын бактериялар ерекше бактериалды аэрозолдар тобын құрайды. Бактериалды аэрозолдардың дисперсті фазасы биологиялық объектілерден тұрады. Бактериялар мен вирустар атмосферадағы аэрозоль құрамында қатты бөлшектер түрінде қатысады. Бактериалды аэрозолдардың пайда болуын 3 фазаға бөледі. Тамшы, шаң, тамшы ядролы (немесе кептірілген бактериалды тамшылар деп атайды).Тамшы фазасында бактериялардың еріген заттары тұзды су қабықшасының ішінде болады.Құрғау дәрежесіне қарай тамшыдағы заттар концентрациясы жоғарылап, клетканың бетіне жинақталады.Бұл фазаны кептірілген бактериалды тамшылар деп атайды. Шаңды фаза бактериялар шаң бөлшектерімен бірге ауада қалқымалы түрде болады. Бұл фазада бактериялар ортаның қолайсыз жағдайларына төзімді келеді. Қолайлы жағдай болғанда аэрозолдар құрамындағы бактериялар мен вирустар көбейеді. Бактериялардың аэрозолға айналуының алдындағы жағдайы өте маңызды. Мысалы, қатты ортадан бактериялардың аэрозолдарға айналуы ешбір қиындықсыз жүзеге асады, себебі олар бірден шаң фазасына түседі.Су суспендиясынан аэрозолға айналу қиынға соғады. Бұл жағдайда олар тамшылы фазада дисперсті фазаға түседі.Алайда алғашқы минутта көпшілік клеткалар өліп, тек грам оң коккалар мен грам теріс таяқшалар тіршіліктерін сақтап қалады.Бактериалды аэрозолдардың негізгі көзі адам мен жануарлар болуы мүмкін.Олар түшкіру, жөтелу кезінде және жануарлар сілекейінің кебуі кезінде түзіледі. Ауа микрофлорасын зерттеуде ауа сынамасын алудың екі негізгі тәсілі қолданылады. 1.Седиментациялық–микроарганизмдердің механикалық түрде шөгінді түзу 2.Аспирациялық– белсенді түрде ауаны сору (бұл әдіс сапалық жағынан сонымен қатар бактериялардың сандық мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді). Аспирациялық әдісте ауаның сынамасын алу үшін Кротов аппаратының көмегімен жинайды. Ол үш негізгі бөліктен тұрады: негізгі бөлігі, корпус, жабынды (крышка)./1,2/ Біз жабық мекемелердегі ауа микрофлорасын зерттеуде седиментациялық әдісті қолдандық. Жабық мекеменің (мектеп) үш түрлі бөлмесінен

(зертханалық бөлме, класс, фойе) ауа сынамалары алынды. Қатты қоректік ортаға (МПА) седиментациялық әдіспен ауа сынамалары жиналып, өсірілді. Олардан мынадай нәтижелер көрінді:

1-сурет.Жабық мекемедегі (мектеп) Фойе ауасының микрофлорасы Фойе аусының микрофлорасында қызғылт сары пигмент түзген бактериялар және колония түзген саңырауқұлақтар өскен. Саңырауқұлақ колониясы ақшыл түсті,ірі. Бактериялар саны өте көп.

2-сурет. Жабық мекемедегі (мектеп) зертханалық бөлме ауасының микрофлорасы Зертханалық бөлме аусының микрофлорасында сары пигментті және ақшыл түсті саңырауқұлақтар бірнеше колония түзіп өскен. Саңырауқұлақтары өте ірі. Бактериялар саны орташа.

3-сурет. Жабық мекемедегі (мектеп) сынып іші ауасының микрофлорасы Сынып іші аусының микрофлорасында пигмент түзілген бактериялары өспеген. Ақ түсті 85


бактериялар және ақшыл сары түсті саңырауқұлақтары өскен. Саңырауқұлақтары орташа көлемді (кішілеу). Бактериялар саны көп өскен. Ауа микрофлорасын зерттеу нәтижесінің қорытындысы бойынша ашық жерлерге қарағанда жабық жерлерде тіршілік ететін микроорганизмдер саны өте көп. Олардың номенклатуралық белгілері бойынша ең көп кездесетін түрлері: Micrococcus roseus, Bacillus subtilis, Sarcina flava,S.Alba, Mucor, Actinomyces т.б.судан және топырақтан келіп түсетін микроорганизмдері жатады. Зерттеу жұмысын қорыта келе адамдар, көп жүретін жерде ауа құрамында бактериядан басқа саңырауқұлақтардың түрлері де өте көп кездеседі. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.А.А.Воробьев,Ю.С.Кривошеин,В.П. Широбоков. Медицинская и санитарная микробиология. М.: Академия, 2003 г.с. 7-441.

2.СагындыковаС.З.,Сагындыков У.З., Токабасова А.К.,Дюсекенова А.Б.Санитарная микробиология. Часть 1. Атырау,-2012.183 б.6-8 б.б 3.Шығаева М.Х. Қанаев Т.Қ. Микробиология және вирусология. Алматы «Қазақ Университеті» - 2012. - 380 бет. 296-299 б.б РЕЗЮМЕ В этой статье описано микрофлора воздуха в закрытых помещениях. Определены морфологические и микроскопические признаки микроорганизмов. Выделены культуры Micrococcus roseus, Bacillus subtilis, Mucor. SUMMARY This article is written microflora air. Determined morphological and microscopic signs of microorganisms. Obtained culture of Micrococcus roseus, Bacillus subtilis, Mucor.

КОЛЛЕДЖДЕГІ БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Беккалиева Ж.У. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, экология магистрі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында:«Білім беру жүйесінің басты міндеті– ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дәстүрлі педагогикада білім мазмұны,білім алушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сәйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат және оған байланысты тәжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған. Білім мазмұнының мәнін ашуда бұл бағыт білімдік-бағдарлы болып табылады[3]. Бұл бағыттың негізінде ізденіс 86

және тарихи тәжірибе процесіндегі жинақталған, адамзаттың рухани байлығының көрінісі ретінде білім жатыр. Әрине, білім маңызды әлеуметтік құндылық. Сондықтан білімдік-бағдарлы бағыт та өзіндік маңызға ие.Бұл бағыт тұлғаның әлеуметтенуіне, адамның социумда болуына ықпал етеді. Бірақ білімдік-бағдарлы бағытта білім абсолютті бағаға ие және адамның өзін ығыстарады. Бұл білімді зерттеуде олардың академиялылығына,идеологизациялануына әкеледі, тек орташа білім алушының білім мазмұнына бағытталуы және басқа да кері әсерлер тудыруы мүкін. Білім мазмұны тарихи мінезге ие, яғни ол қоғамның қандай да бір даму этапындағы білімнің мақсаты мен міндеттерінен анықталады. Бұл өмірлік сұраныстар, өндіріс және ғылыми білімнің даму деңгейінің әсерінен өзгеріп отырадығын түсіндіреді.


Білім мазмұнында орындалуы керек білім және біліктер жүйесі, адамзат пен қоғамның үдемелі дамуына керекті және жеткілікті етіп қамтамасыз етуі қажет. Сондықтан білім мазмұны білім алушының жан-жақты дамуына мықты негіз болуы керек, олардың ойлауының, танымдық процесстердің, өмірге дайындығын, еңбек әрекетіне дайындауы қажет. Басқа жүйелерге тәуелді жүйе ретінде, білім мазмұны айтарлықтай жай дамымайды, ол өзінде көптеген басымдылықтарды алып жүреді, оған соның ішінде идеологиялықты жатқызамыз. Білім мазмұны арқылы әр түрлі саладағы идеологтардың білім алушыларға өздігінше әсер етуі, қоғамға да әсер етуі болып табылады. Бұл факторды білім мазмұнының қалыптасуының заңдылығы ретінде қарастырыуымыз жөнді. Оқыту мазмұнын қалыптастыруын шарттауда келесідей жүйелерді көрсетеді: 1)қабылданған мақсаттар; 2)әлеуметтік және ғылыми жетістіктер; 3) әлеуметтік және жеке қажеттіліктер; 4) педагогикалық мүмкіндіктер, т.б. Болашақ қоғам мүшесі–тұлға педагогикалық процесс барысында өз әрекетіне, қоғам мен ел тағдырына, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырады. И.Я.Лернер негіздеген, тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейлінше толық құрылымға келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген әлеуметтік тәжірибе күйінде төрт элементтен құралып, төмендегідей ісәрекеттерде көрініс береді: біріншіден, нәтижелік формасы–теориялық білімді, яғни табиғат, қоғам, адам, оның ойлауы, іс-әрекет әдістері,техникалық-технологиялық қатынасы, ғылым, өнер, мәдениет, өндіріс, өркениет жөніндегі адамзат баласы жинақтаған, бекіген танымдық іс-әрекеттер; екіншіден, практикалық білік, дағды, іскерлік, шеберліктері, яғни үлгі бойынша және ойлау операцияларын меңгеру дәрежесіне сай орындау ептіліктері: олар, ақылой және практикалық ептіліктер мен дағдылар формасындағы әрекеттердің белгілі әдістерін іске асыра білу;үшіншіден, тұлғалық бағдар: қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына, мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға және т.б. қатынасын, эмоциялық-сезімдік көңілкүй құндылықты қатынастарды орындай білуі;төртіншіден, проблемді жағдайларда қалыптан тыс шешімдер қабылдау ептіліктері формасындағы– шығармашыл іс-әрекеті, қызметі[2]. Білім мазмұны білім алушылардың сол білімді меңгеруге бағытталған ұжымдық еңбегі

және белгіленген мәселені шешуге сәйкес практикалық әрекеттерді қажет ететін пәнаралық біліктер жүйесімен белгіленеді. Белгілі поляк ғалымы В.Оконь функционалды материализм атты білім мазмұнын қалыптастыру теориясын жарыққа шығарды[1]. Ғалымның пікірінше, қандай дидактикалық теория болмасын, ол білім алушылардың білім алуын қамтамасыз етумен бірге сол білімдерді өз іс-әрекеттерінде пайдалана білу ептіліктерінің де жетілуіне, танымдық іс-әрекетіне негіз болады. Білім мазмұнын іріктеуде дүниетанымдық көзқарастар басшылыққа алынады. Оқыту барысында білім алушылар өзі меңгерген білімдерін практикада қолданып үйренетіндей жағдайлар жасалуы тиіс. Көзделген практикалық мақсатқа сай білім алушы табиғи, техникалық, мәдени және қоғамдық болмысқа сай өз мүмкіндіктерін пайдаланып үйренеді. В.Оконь теориясы қоғамның білімге қойған талаптары мен білім алушылардың жеке сұраныс– қызығушылықтарын біріктіре қамтиды[2]. Колледжде берілетін білім мазмұны ҚР “Білім заңына” сәйкес құрастырылған. Бұл Заңға орай білім мазмұны қоғамның экономикалық -әлеуметтік дамуына, тұлғаның өзіндік қалыптасуына, оның өз мүмкіндіктерін іске асыруын, жетілуін қамтамасыз етуге бағытталады. Білім мазмұнының міндеті-әлемдік білім беру кеңістігіне кіру үшін, қоғамдық тапсырысты ескере отырып, білім беруді әлемдік стандарт деңгейіне көтеріп, болашақ маманның жалпы және кәсіби мәдениетін көтеру, білім алушы санасында осы заман талаптарына сәйкес әлем бейнесін қалыптастыру, білім мазмұнын оқу бағдарламасы мен мемлекеттік стандартына сай құру; тұлғаның ұлттық және әлемдік мәдениетке араласуына; осы күнгі қоғамның төл тумасына айналған және сол қоғамды жетілдіруге мүдделі азамат тәрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, әрі қарай дамыту. Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат-ұлттық, этникалық,діни және әлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жәрдемдесу, білім алушының ерікті пікір мен діни сенім таңдау құқығын іске асыруға көмектесу. Білім мазмұны жалпы, политехникалық, кәсіби білімдерден құралады. Жалпы білім мазмұны негізінде тұлғаның жалпы мәдениеті, оның дүниетанымы, азаматтық бағдары, әлемге, еңбекке және қоғамдық өмірге көзқарасы қалыптасады. Кәсіби білім мазмұны

87


адамға нақты еңбектік іс-әрекет саласындағы білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет. Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшемдер (критерий) жүйесі қабылданған.Осы өлшемдер негізінде колледжде берілетін білім мазмұнына келесідей міндеттерді жүзеге асару талабы қойылады: *білім алушының жан-жақты дамуына, базалық мәдениетінің қалыптасуына қажет білімнің толық, біртұтас сабақтастық принципін сақтай отырып берілуін қамтамасыз ету; *оқу пәндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының ғылыми және тұрмыстық маңыздылығын сақтау; *әрқилы жас және жеке-дара білім игеру деңгейіндегі, білім алушылардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес болуы; *оқу материалының яғни білім мазмұны көлемінің, білім алушының мүмкін болған игеру уақытына сәйкес келуі; *арнаулы орта білімді құрастыруда халықаралық тәжірибені ескеру; *білім мазмұнының осы заманғы колледжде бар инновациялық технологиялар, оқуәдістемелік және материалдық базаға сәйкес болуы. Сабақтастық ұғымы білім мазмұнының құрылымы, құрамы, мазмұны, мәніне де қатысты айтылады. Өйткені мазмұндық тұтастық, логикалық байланыстылық, бірізділік пен жүйелілік сақталмаса оқу материалын игеру қиынға соғады. Білім мазмұны–түсінігі, оның мәні ұғымы, күрделі категориялар,өйткені табысты оқу үшін оқыту мақсатына сай,білім мазмұны,міндеті анықталып,оны тиімді жеткізу технологиясын таңдап алу шарт. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім мазмұнының мақсаты мен міндетін шешу қажеттілігі инновациялық технологияны колледжде кең пайдалануға ықпал етті.Білім алушылардың оқу-танымдық әрекеті жетекші орынға қойылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субьектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың инновациялық технология арқылы білім мазмұны сабақтастығын қалыптастыру мүмкіндіктерін қарастырады. Инновациялық процессіз оқыту процесінің дамуы мүмкін емес.Колледж тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері,құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы:20 жылдары жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.

88

Білім алушыларды инновациялық технологияны білім мазмұны сабақтастығын қалыптастыруда, пайдалануға даярлау жүйесінің құрамында мына компонеттер қарастырылады: -мазмұндық (инновациялық технологияны білім мазмұны сабақтастығын қалыптастыруда пайдалануға байланысты білім жүйесі); -іс-әрекеттік (инновациялық технологияны білім мазмұны сабақтастығын қалыптастыру әрекеттерінде пайдалану іскерлігі және осы іскерліктер қалыптасып, дамитын іс-әрекет түрлерін пайдалану іскерлігі); -инновациялық технологияны білім мазмұны сабақтастығын қалыптастыруда әрекеттерінде пайдалануға даярлау үдерісін қажетті әдістер,құралдар және бағдарламалар жүйесі арқылы ұйымдастыру ерекшелігі. Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді.Колледждегі жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді,білім алушыларды қызықтыра білгені жөн.Инновациялық процесті күштейтін бес фактор: -шығармашылық ізденіс, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бірбірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы; -инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы; -бағдарлама, жоспар бойынша ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу; -әлеуметтік-экономикалық жағдай; -инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар [4]. Колледждегі оқу үдерісінде білім мазмұны сабақтастығын жетілдіруде инновациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дәлелдеді. «Білім мазмұны», «педагогикалық білім мазмұны», «сабақтастық» ұғымдары колледждегі оқыту процесінде ең маңызды категориялар құрамына енсе, «технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналып отыр. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық ісәрекетінің ғылыми– педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі. Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады:


-жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары -педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру -оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс-әрекет ретінде. Инновациялық процесс оқу аймағында теориялық модельдің суреттелуі. Инноватиканың басталуы:инновациялық процесс–инновациялық іс-әрекет– инновациялық потенциал–инновациялық процестерді басқару. Жаңалық ғылыми – зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама–қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету. «Жаңа» деген түсінік,жақында пайда болған.Ашылмаған,ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы.Практикалық идея, лабораториялық іс– тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру.Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі. Новация дегеніміз–бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да,практикада негізделген.Жаңалық енгізу–мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған. Инновацияда,жаңалық енгізу, новация бір– бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты. Лапиннің инновациялық процеске байланысты екі ілімі қолданылады: 1)қарапайым түрде қолдану, ол яғни ашылу– жаңалық енгізу (новация)–қолданушылардың арасындағы бөлінуі – көпшіліктің қолдануы;

2)кеңейтілген түрде қолдану–ашылу– новация–таралуы–меңгеруі және модификация– рутинизация,яғни дәстүрге айналуы. Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын Н.В. Горбунова, М.В. Кларин, А.В. Лоренсов, М.М. Поташник, П.И. Пидкасистый, Л.И. Романова, В.И. Загвязинский, А.Я. Найн, Т.И. Шамова, О.Г. Хомерики, Н.Р. Юсуфбекова және тағы басқа зерттеулерінде қарастырылған. Лапин басқа қазіргі зерттеушілер сияқты жаңалық айтқандардың (Мор,Роджерс, Сазанов, Шумпотер) осылардың барлығы да негізгі ерекшеліктері болып саналатын жылдамдық, барлық инновациялық процестердің сапасы басқа ортаның спецификасымен анықталып, инновация көмегімен қолданылады. Осы кезде бейімделу процесінде жаңа бейімделу ұйым этаптары бірігіп, жаңалықты қабылдау, оған бейімделу, келесі рутинизация немесе жоққа шығару. Жаңалықты қабылдап, танып зерттеу, оны қолдану, қабылдау, жаңалықты қалыптастыру, жүзеге асыру, яғни мазмұны психологиялық түсінікке жақын, қабылдау– қабылдау және қорытындысы ретінде жаңалықты қолдану. Инноватика үш ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және басқару теориясы. Жалпы инноватика инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы. Оқу процесін ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми-әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау,

жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу,

білім беру технологияларын игеру арқылы білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде

89


игертуге қол жеткізу; оқу процесін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу Сонымен,орта кәсіптік білім беруде маңызды мәселелердің бірі–оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, білім мазмұнын ғылыми негізде дұрыс іріктеп, кәсіби маман даярлауда орынды пайдалану болып отыр. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғаюы, колледждегі білім мазмұны сабақтастығын білімдік технологияны пайдаланып іске асыру мұғалімнің кәсіби біліктілігіне,бүкіл педагогикалық үдерістің тұлғалық бағдарлануына қойылатын талаптарын арттырды. Қорыта айтқанда кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінің басты міндеті–ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде ой–өрісі жаңашыл, дүниетанымы жоғары, шығармашыл деңгейде қызмет атқара алатын, жан–жақты қалыптасқан жеке тұлғаны дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау. Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Педагогика:Новый курс:Учеб.Для студ. высш. учеб.Заведений/Подласый И.П.в2 кн.– 2001.292 331с. 2.Педагогика:Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений/И.Ф. Исаев, А.И.Мищенко, Е.Н. Шиянов. 2000. 139-193 с. 3.Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, 2005. 4.Инновациялық білім беру үрдістерін жүйелі басқару үлгісінің қызметтері, құрылымы және технологиялары//Ұлт тағылымы.-Алматы, 2005. №4. –Б. 35-38. 5.Кроль В.М.Психология и педагогика. 2003.211 - 220 с. 6.Сластенин В.А., ндриенко Е.В. Содержание высшего образования: компетентностный подход через универсальные технологии/ Педагогический профессионализм в современном образовании. Часть 1.Новосибирск, 2009. С.28-45 7.Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ –түрік университеті,ғылыми практикалық конференция жинағы Колледждегі білім мазмұнының сабақтастығын қалыптастырудың заманауи мәселелері Дарибаева Сандигул п.ғ.м, ак.доцент 411бет

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТИІМДІ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ Далеуова А.А. Атырау мұнай және газ технологиялық колледждің химия және биология пәнінің оқытушысы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін мектептегі биология пәнінің бастауыш білім беру сатысындағы Дүниетану пәні негізінде құралады. Бұл пән бойынша оқушыларға еліміздің табиғаты, табиғи байлығы, экономикасы, ғылымы мен мәдениеті, этика, әдеп, эстетика, адам-адам, адам қоғам, адам табиғат арасындағы қарым қатынас түрлері жайында ғылыми сарамандық ұғымдар беріледі. Пәнді оқып үйрену барысында оқушылар 90

дүниенің үш құрамдас бөлігі:адам,қоғам,табиғат саласынан білім алады. Биология, химия, география пәндерінің бастама негіздері қаланып, соның ішінде қоршаған дүние заттары, құбылыстары, табиғат экология туралы ғылыми түсінік қалыптасады. Биология-бұл орта буында алғаш қосылатын пән. Сондықтан орта буында өсімдік құрылысы өсімдік жайындағы білім берудің алғашқы баспалдағымен танысады. Осы пәнді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін алып жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субьектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Ынтымақтастық идеяларында тұжырымдамада


қаралған азаматтастыру мәселесі еркін білім беруде оқушының және тұлғалық күшінің дамуына және шығармашылық деңгейінің өсуіне көмектесетін жоба қажет болады. Осы тұрғыда сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасы оқушылардың тұлғасын дамытуға зор үлесін қосады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашады. Оқушы жүрегіне жол тауып, оның білімге деген құштарлығын арттырып, өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми деңгейде ұйымдастыру үшін, әр оқушының дара ерекшеліктерін ескере білім алуға қабілетін зерттей отырып, тұлғалық негізінің ашылуына жол ашатын ұстаз. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысы жобасымен танысып, оның стратегияларын өз тәжірибелеріңізде қолданудан өзіңіздің біліктілігіңіздің арта түскендігін аңғарасыз. Биология пәні бойынша, «Өсімдіктердің көбею мүшелері», «Гүлдің құрылысы» атты тақырыптардағы сабақтарда осы технологиялардың тиімді әдістерін қолдануға болады. Сонымен қатар сабақтарда «Кубизм», «Топтастыру», «Бес жолды өлең», «Түртіп алу жүйесі», «Венн диаграммасы» стратегияларын жиі пайдалануға болады. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін осындай тиімді әдістердің пайдасы бар. Бұл сабақтардың дәстүрлі сабақтардан өзгешелігі топтап отырып, оқушыларға жеке, жұпта, топта ойларын ортаға салып талдайды. Осы стратегияларды пайдаланып өткізген сабақтарда өз ойын анық айтып, өзін еркін ұстап, өз білімін өзі талқылауға оқушыларға мүмкіндік жасалынады. Ортаға салған ойларын мәтіндегі негізгі ойға сәйкестендіріп қағаз бетіне түсірерде де қорғайды. Әр топ қағаз бетіне түсірген сызбаларды талқылап, жатқа да сөйлейтін оқушы да топ мүшелерінің оргуметтерін жинақтап, сөйлеуге дайындалады. Бірінші кезеңде оқушылар әрі ойланып, әрі еске түсіріп, әрі жазып, өз ойларын саралап, өзге оқушылардың пікірін тыңдап, білімін кеңейте түседі. Ортамен қарым-қатынас жасай білуге, басқаны тыңдай білуге, топта бір тұжырымға келуге, топ алдында өз ойын қорғай білуге, айта білуге үйретеді. Оқушылардың жазған пікірі басқа оқушылардың пікірін тыңдап толықтырып, топта сызба ретінде түсіргенде ойындағы негізгі қажеттігін жазады. Эссе-өз ойын білдіру, ішкі жан дүниесін ұғу, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айту мен

эссе жаздыруға көп көңіл бөліп, өсімдіктану тіл сабақтарымен интегративті қолдануға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде оқушыларға «Тамырдың маңызы», «Өсімдік пайдасы», «Гүлді өсімдіктер» тақырыптарында үйге эссе жазып келуге тапсырма беруге болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізіндегі сабақ процесінде мұғалім мына нәтижеге жетеді: -жүйелі тапсырма беруге ұмтылады, -оқушыны басқа жақтарынан таниды, -өзін жетекші бағыттаушы ретінде таниды, -өзі білмейтін ақпараттарға тап болады, -оқушының жұмысын бағалайды. Осы міңдеттерді орындауды ұстаз өзінің тақырыбы мен сабақ үрдісінде стратегияларды ұтымды пайдаланып, оқушылар арасында жеке,топтық іс әрекеттерді ұйымдастырады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу»стратегияларын сабақта пайдалана отырып өткізу барысында мынадай қорытындыға келуге болады: *оқушы мен мұғалімнің кең дәрежеде сыйласуына; *оқушыларға өз пікірін айта білуіне; *оқыту процесіне барлық оқушыларды қамтуға; *шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасайды. Ең басты сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына оң нәтижесін беретін жоба. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ процесінде пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогикалық мақсат мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алуға болады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық, ізденіс, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Деңгейлеп саралап оқыту нәтижесінде төмендегідей табыстарға қол жеткізуге болады: -әр тақырыптың 1 –деңгейінің тапсырмаларын міңдетті түрде және дұрыс орындаған үшін «зачетін алу арқылы, әр оқушы пән бойынша 100 процент үлгеруіне кепілдік алады»; -әр тақырып бойынша қорытынды баға оның әлі келгенше еңбектеніп жинап алған ұпайына сәйкес қойылады; -әр оқушы үй тапсырмасы мүмкіндігіне қарай саралап беріледі,

91


-оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететін саласынан дарының ашуға жағдай жасалынады. Рейтинг жүйе бойынша бағалау. Деңгейлеп саралап оқыту оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйе бойынша бағалауға мүмкіндік береді. Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы бағалап отыру көзделеді. Аталған жүйе оқушылардың оқу сапасын,білімді игеру дәрежесін барынша толыққанды көрсетеді.Рейтингтік жүйе оқушының тапсырманы өз бетінше орындауына мүмкіндік жасайды.Рейтингтің арқасында ұстаз бен шәкірттің арасында оқушының ақыл–ой әрекетінің басқа да сипаттамалары, атап айтсақ, орындау тездігі, түсінігінің тереңдігі арқылы оқу мотивін арттырып көрсететін кері байланыс үзілмейді. Рейтинг жүйесінің артықшылықтары оқушы қызметінде: -Оқушының жеке тұлға ретінде өз бетінше дамуы мен тәрбиесіне ықпал етеді; -Пәнді оқытуды ізгілендіру ұстамына жәрдемдеседі; -Оқу жұмысында мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын қалыптастырады; -Рейтингті бақылау қызметі тәрбиелеуші, дамытушы, бақылаушы және басқарушы рөл де атқарады. -Рейтингтік жүйе оқушылардың танымдық ісәрекетіне тікелей саналы түрде әсер етуге мүмкіндік туғызады. Шәкірттің ақыл–ой әрекетінің сипаттамаларын, тапсырманы орындау тездігі, түсіну тереңдігі т.б. көрсететін жүйелі байланыс сапасы артады; -Жұмыс нәтижесі мен өз мінез құлқын дұрыс бақылап–бағалау дағдысын қалыптастырады; -Ырықты зейінін тәрбиелеп, жетілдіруге ықпал етеді. Мұғалім қызметінде: -Оқушының оқуындағы кемшіліктерді анықтап,түзетудің әдістері мен тәсілдері алдын ала белгілі жүйеге келтіру мүмкіндігі бар;

92

-Бақылау үлгілерін, бағалаудың қалыпты критерийін жасау; -Оқу қызметін тиімді ұйымдастыру мен оған түзету жасау тәсілдерін меңгеру; -Сыныптағы әр оқушы үшін жаңа көңіл–күй ахуалын қамтамасыз етуді жоғары деңгейде ұйымдастыру. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқыту–оқушының жеке бас ерекшелігі, рухани дүниесі, қабілеті, бейімділігін ескере отырып, оқу процесі арқылы әр оқушының өз бетінше танымдық қызметін, белсенділігін дамытуды көздейді. Білім сапасын көтеретін нақты механизмдер, ол–оқыту процесіне жаңа технологияларды кеңінен еңгізу. Қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.Сондықтан әрбір педагог сапалы білім беру үшін сабақты үнемі қалыптасқан формада өткізуден көрі оқытудың жаңа технологиясын, жаңа әдіс-тәсілдерін және дәстүрлі емес сабақ түрлерін өткізу тиімді. Бұл бағытта білім берудің әртүрлілігі, нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан оқыту үрдісіндегі жаңа әдістәсілдер оқу мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Қазіргі таңда оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жанжақты маман болу мүмкін емес. Сабақта қолданылған жаңа технологиялардың өзі әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты әрқалай жүзеге асырылуы мүмкін. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Выготский Л.С. Педагогическая психология. – Москва, 1991. 2.Сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құралдар. № 1,2,3,4. 1998. 3.Әбеуова И. Сын тұрғысынан ойлау мен дамытпалы оқыту. «Дауыс және көрініс» журналы. №1, 2001.


МАТЕМАТИКА АҚЫЛ–ОЙДЫҢ ГИМНАСТИКАСЫ Ельжанова Г.Х. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің математика пәнінің оқытушысы

Жемісті, жақсы иісті бәйшешек, Аралайық пайдасын көрем десек. Ұғымды, милы жастың ойын қозғап, Үйретер талай тәлім, талай есеп. Шәкәрім Математика сөзі грек тілінде білім, ғылым деген мағынаны білдіреді. Математика барлық ғылымдардың логикалық негізі–күре тамыры ретінде қарастырылады. Математика, ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады және оны шыңдай түседі. «Математикалық тілде» тілдесу қабілетін қалыптастыру арқылы оқушының сөйлеу мәдениетін дамытады. Математика әлемде болып жатқан түрлі құбылыстарды, жаңалықтарды дұрыс қабылдап, түсінуге көмектеседі. Математиканың жас өспірімдердің мүлтіксіз және заңдылықты жүйемен ойлау қабілетін тәрбиелеудегі алар орны мен ролін белгілі дәрежеде жұртшылықтың мойындағаны белгілі. Математиканың логикалық ой қорытындыларына, тұжырымдарына қойылатын ерекше қатаң талаптармен бірге, оның мектепте оқылатын өзге ғылымдармен салыстырғанда өзіндік, ерекше ойлау стилі бар. Ол математикалық ойлау стилінің ерекшелігі– ол қысқа– нұсқалық, мақсатымызға тез жетудің ең қысқа логикалық жолын іздестіруге саналы түрде тырысу. Математикалық сөйлеу мәдениетіне, қоршаған ортаны және олардың заңдылықтарын баяндау, оны оқып үйренудің оқушылардың дүниенің ғылыми бейнесін меңгерудегі басты құралы ретінде ерекше көңіл бөлу қажет.Математикалық тілді оқушылардың математикалық тексті оқуына, жазуына және қайта айтып беруіне, жазылғандар мен айтылғандарды түсіне білуіне ең минимальды талап ретінде қарау қажет.Математикалық тілдің дамуы оқушының жалпы сөйлеу мәдениетін дамытып, қазіргі қоғамда тұлғаның ұтымды сөйлеу коммуникацияларын қалыптастырады. Осыған қоса, көп жылғы іс– тәжірибе

көрсеткендей,математикалық білімнің меңгерілуі мен үйретілуі, оқытылуы дәрежесі жоғары болған сайын, оның жас өспірімдердің бойында адамгершілік кейіптегі жағымды із қалдырарлықтай бірқатар жақтары бар. -Адамгершілік пен шыншылдық; -Өжеттілік пен ермінезділік; -Шығармашылық пен еңбекқорлық. Осы қасиеттердің оқушыларға математикалық сабақтар әсерінен даритынын байқауға болады. Бұл сабақтар нәтижесінде оқушылар өз бойларынан біртіндеп, ойлау заңдылықтарын өзінің жеке бас пайдасына бағындырып, өзіне ғана пайдалының барлығын теориялық тұрғыдан қорғаштау сияқты ұсақ дағдыдан арылады. Шектік шыңына жеткен бұл қасиет тұлғаның адамгершілік кейіпін безендіретін адамгершілік пен шыншылдық болып табылады. Математикалық тапсырмалардың тереңірек және маңыздырақ жағы–оның барлығына тән шығармашылық сипатын атап өту қажет. Математикалық есептерді шешу,әдетте,оқушыдан есептің шешуіне керекті арнайы тәсілдерді ойлап табуды, яғни оған шығармашылық, ізденушілік сипаты бар математикалық тапсырмаларға оқушының қарыштаушы және нығаюшы интеллектісінің жас күштері талпынатыны анық. Шығармашылық табыстың тәтті дәмін бір татқан адам оны тағы да тату үшін өз күші мен жігерін аямайды. Оны ешбір қиындық тоқтата алмайды, оның күш–жігері, шыдамдылығы мен ұстанымдылығы кездескен кедергілерді жеңуге бағытталады және әрбір жеткен жетістіктерімен нығая түседі. Математика сабақтары оқушыларды қажымай еңбек ете білу дағдысын, қарастырылатын

93


тақырыптың басты, өзекті мәселелерін бөліп алып, оларға аса мұқияттылықпен зейін қоя білу бейімділіктерін қалыптастырады.Сондықтан барлық сыныптарда математиканы жоғары деңгейде оқыту маңызды. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану,шын мәнінде,есеп шығару. 1.Оқыту–математикалық білім,білік және дағды жүйесін қалыптастыру. 2.Тәрбиелеу–қызығуды,таным дербестігін, жеке қасиетттерін қалыптастыру. 3.Дамыту–математикалық ойлауды және шығармашылық қабілетті дамыту. 4.Бақылау–бұл жерде есептер нақты математикалық білім, білік, дағдыны бақылау мен бағалаудың жетекші құралы болып шығады. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор.Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады.Тиімді шешімді іздеу жазудың,сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді. Ойлаудың ерекше математикалық стиліне тәрбиелейді. Математикалық есептердің бақылау қызметін іске асыруда, біз оқушыларды бағалауды және бақылауды қолданамыз. Елімізде болып жатқан экономикалық өзгерістерге байланысты жалпы білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік– экономикалық дамуында жетекші рөлін атқаруда. Ақпараттандыру дәуірінде математиканың негізін меңгеру, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің бірден– бір негізгі элементі болып табылады. Математиканы оқытудың білімділік мақсаты–барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Математиканың идеялары мен әдістері жайлы, шындықты тану әдісі және оны сипаттау қалыпы ретінде математика туралы түсініктерді қалыптастыру–жалпы адамзаттың мәдениетінің бөлігі ретіндегі математика туралы түсінікті қалыптастыру, математиканың қоғамдық прогресс үшін маңыздылығын түсіндіру. Қазіргі кезде баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары көптеп саналады. Берілген математикалық модульді шынайы өмірде пайдалану оқушылардың жаттығуларды орындауымен, мәселе есептерді шығарумен жүзеге асырылады. Математикалық есеп дегеніміз – математикалық заңдылықтар, ережелер және әдіс–тәсілдер негізінде оқушылардан ой мен практикада іс–әрекетті талап ететін және математикалық білімді

94

меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жағдай. Математикалық ойлаудың дамуы, жалпы ойлау мәдениеті ретінде қазіргі оқу–тәрбие мәселелерінің әрдайым басында тұрады. Математика оқу пәні ретінде де, ғылым ретінде де ойлау әрекетінің дамуына өте маңызды ықпал етеді. Ойлау әрекеті көбінесе әртүрлі мәселе қоюдан көрінеді,есеп шығару барысында дамиды. Қазiргi кезде ғылым мен техниканың даму деңгейi әрбiр адамға сапалы және терең бiлiмнiң, iскерлiктiң болуын қамтиды. Жастардың белсендi шығармашылықпен жұмыс iстеуiн және кеңiнен ойлауға қабiлеттi болуын талап етедi. Сондықтан да мектептегi оқу процесiнiң негiзгi мақсаты– арнайы педагогикалық әдiстермен мақсатты және жүйелi түрде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсендiлiгiн қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрi қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерiн, математикалық бiлiм деңгейiн тереңдету үшiн оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетiнше бiлiм алу дағдыларының дамуына негiзiн салу болып табылады. Бiлiмге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлi тапсырмаларды орындату арқылы бақылап отыру қажет.Оқушылардың өз бетiнше ойлай бiлу есеп шығару мен оның сан қилы жолын iздестiру, олардың шығармашылық қабiлетiнiң дамуының бiр әдiсi. Оқушының өз бетiнше жұмыс iстеуге үйрету,пәнге қызығушылығын арттыру басты мақсат. Оқушының математикадан бiлiмiн көтерудiң ең басты шарты–оның пәнге деген қызығушылығын арттыру.Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңiл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды.Пәнге қызыққан оқушының бiлiм сапасының жоғары болатыны белгiлі. Мұғалiм үнемi оқушының ойлау белсендiлiгiн арттырып,бiлiмге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетедi. Ал қызығушылық туғызудың тәсiлдерi өте көп.Олар:сабақ барысында қолданылатын дидактикалық ойындар, математикалық сайыстар, эстафеталар, жарыстар, олимпиадалар, тiптi жақсы дайындықпен өткiзген күнделiктi сабақтар. Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселелердің бірі білімді де, іскер ғылымға қабілеті бар, заман


талабына сай буын қалыптастыру. «Халықты– халықпен, адамды адаммен теңестіретін–білім»,– деп ұлы жазушымыз М. Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім– барша әлем тыныс– тіршілігінің алғашқы іргетасы. Әрбір жеке тұлғаның болашағы өмір мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар–бүгінгі мектеп оқушылары. Білім– халықтың бүгіні мен ертеңі, ел болашағының темірқазығы. Бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына тек білім мен ғылымды терең меңгерген білімді ұрпақ тәрбиелей алғанда ғана ене аламыз. Бұл мектептің алдында үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті–ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау,оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»– деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс–

әрекетінің ғылыми–педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, біз оқыту технологияларының тиімді жақтарын таңдап алуымыз қажет және оқу–тәрбие үрдісінде озық технологияларды белсенділікпен енгізуіміз керек. Еліміздің болашағы көркейіп өркениетті елдің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді.Кез–келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы,дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Экономикасы күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Сонымен, егер «математика ақыл–ойдың гимнастикасы» қағидасын баршамыз мойындаған болсақ, онда оқушы болашақ тұлға ретінде, оның әлеуметтік ортада толыққанды тұрмыс–тіршілік жасауына аса қажетті бұл «гимнастикамен» күніге шұғылдануы тиіс.

Бабалардан қалған асыл сөз Көңіл –түпсіз терең теңіз бүгінде, Білім-інжу жататұғын түбінде. Ж.Баласағұни Білім өз иесін білдіріп тұрады. С.Сарайи Білімсіз бірлік жоқ, Малсыз тірлік жоқ. Бөлтірік шешен Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Абай

95


 Оқыту технологиялары  БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУДА СМАРТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ Балапанова Ж.Т. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚ БАИ, кафедра меңгерушісі, магистр

Бүгінгі күн - білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастардың түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған кезең. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өз сөзінде:«Біз қазір «білім-ғылым-инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз»,-деген еді.Қазақстанның әлемдік үрдістерге кіруі, дамыған елдердің стандарттарына деген ұмтылысы білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда. Смарт құрылғыларының ең танымалы интерактивті тақталардан басқа, қазіргі кезде интерактивті панельдер, интерактивті орталықтар, үстелдер, интерактивті экрандар, оқушылар үшін жауаптар жүйесі, сымсыз «грифельді» тақталар, гаджеттер, күшейткіш аудиожүйелер, документ-камера секілді т.б. бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған құрылғыларды ұсынып келеді. Гаджеттер әсіресе, аралас оқытуда (blended learning) кеңінен қолданылады. Аралас оқыту (blended learning) қашықтықтан оқыту мен аудиториялық оқытуды үйлестіру.Аралас оқытудың кемшіліктері: *гаджеттердің экрандарының өлшемдеріне байланысты ақпараттың берілуінің шектеулігі; *ақпаратты сақтауға арналған техникалар жадысының шектеулігі; *батарея үздіксіз жұмыс істеп тұруы керек; *графикамен жұмыс жасаудағы шектеулік; *мобильді байланыс құралдары тез тозады; *wifi қолданушысы артқан сайын интернет жылдамдығы азаяды. Авиациялық индустрияда осы тәсіл білімді және кеткен уақытты бақылау үшін қолданылды. Егер 80 жылдары Boeing Blended Learning компакт дискілерді қолданса, сол уақытты үнемдеу синхронды және асинхронды онлайн арқылы жүзеге асады[1]. Аралас оқыту–бұл технологиялар, шығындар, белгілі бір "баптау" оқушылар мен оқытушылар арасындағы анықталған. Бұл ауқымды білім беру

96

үдерісіне нақты міндеттер шешімімен енгізу. Мұндай міндет жалпы оқу үлгерімін,білім деңгейін немесе технологиялық сауаттылығын; автоматтандыру бағалау; қалыптастыру ерекше көзқарасты көздейтін дербестік білу, үйрену мүмкіндігін арттырады. Оқытушының негізгі міндеті– курсты сауатты құру және оқу материалын бөлу. Сыныпта және үйде игеруге, зерттеуге және шешуге қандай тапсырма жарамды, ал жеке сабақ беру үшін ал қандай– топтық жобамен жұмыс істеу қажеттілігін шешу. Болжам бойынша, бұл базалық курс күндізгі сабақтарда оқытылады, ал қашықтықтан және онлайн оқыту процесінде кең және терең меңгереді. Маңызды сабақ Face-To-Face форматында жобаларды қорғау, презентациялар немесе пікірталасқа оқушылары арасында/студенттер оқытушымен. Қашықтық блок болуы тиіс жобалар үшін топта жұмыс істеу, шығармашылық, лабораториялық және практикалық тапсырмалар,анықтамалық материалдар және сілтеме қосымша материалдар, аралық және тексеру тесттер, сондай-ақ тапсырмалар күрделілігі жоғары дарынды оқушы. Білімін тексеру жүргізілуі тиіс ғана емес, нұсқасы және арнайы оқыту платформасында емес, сыныпта. Бастысы –аралас оқытуды іске асыру үшін Wi-Fi сыныпта болмауы кедергі болды. Blended Learning конференц-байланыс және вебинарларды өткізу / көру дайын вебинарлар режимінде жұмыс көздейді[1]. Шығындарды едәуір қысқартуға болады,тегін контентті сауатты пайдалана отырып. Смарт оқыту–әлемдік контенттің көмегімен интерактивті білім беру ортасында икемді оқыту, яғни оқытудың кең көлемді, шексіз, қолжетімді түрі. Оқыту әрқашан және барлық жерде қолайлы болып келеді. Smart оқытудағы ең маңызды – жоғары қолжетімді білім [2]. Халықаралық мамандардың бағалауы бойынша смарт-оқытуды енгізудің тиімді жақтары бар: жоғары деңгейлі қолжетімділік


(68.8%), белсенді қатысуға мүмкіндік (54.4%), жеке тәсіл (24.4%). Қазіргі смарт оқытудың негізгі аспектілері – бұл икемді және ашық білім ортасын: гаджеттерді қолдану, басқару жүйесі, ашық және қолайлы білім алу ортасын құру[3]. Смарт оқыту-АКТ көмегімен уақытқа, кеңістікке шектелмей, ыңғайлы білім алу мүмкіндігі. *өздігінен оқуға бағдарланған, *ынталандырушы, *әр оқушыға арналып бейімделген оқыту түрі, *еркін оқу көзі, *технология кешенімен. Смарт оқытудың даму бағыттары сандық білім ресурстарын құру және контент дайындау. Оқытушылар сабақтарында алдағы тақырыптың көзделген нысандарын бейне /фото немесе таныстырылымдар түрінде көрсету мүмкіндігі болады. Тапсырмалары мен сұрақтары бар таныстырылымдар,бейне роликтер,картиналар мен проблеманы көрсететін басқа ресурстар, оның шешімі оқушыларды белгілі тақырыпты және сабақ мақсаттарын зерделеуге аударады. Әрине, мақсатты қою суреттердің, анимациялардың, тұсаукесерлер немесе картографикалық карталардың көмегімен жүргізіледі. Оқушылар үйде орындайтын тапсырмалар оқушының өз бетімен оқуына және өтілген материалдың білімін бекіту дағдыларын дамытуға бағытталған.Мұғалім олардың дұрыс орындалғанын тексерген кезде бұл сабақтың көп уақытын алса да, дегенмен бұл қажетті үдеріс,өйткені онсыз оқушының өткен тақырып бойынша деңгейін анықтауға және жаңа тақырыпты зерделеуіне көшуге болмайды[4]. Егер АКТ құралдарын дұрыс пайдаланса, ол сабақта кейбір қиындықтарды шешуге жол береді.Егер үйге берілген тапсырмада кез- келген материалды, мәтінді, туындыны оқып шығу немесе онымен танысу берілсе, белгілі формулаларды жаттауға және т.б. берілсе, онда қысқа мерзім ішінде тестілер арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындағанын тексеріп шығуға болады.Осындай іс-әрекетті құрған және жүргізген кезде АКТ сан алуан нұсқаларды ұсынады. Олардың ішінде ең күшті құралдардың бірі ретінде, әрине, Kahoot (getkahoot.com) онлайн-сервисін айтуға болады. Ол компьютерлер,планшеттер,ұялы телефондар және басқа құрылғылар арқылы орындауға болатын тестілерді, сұрақ-жауаптарды жасауға мүмкіндік береді. Тапсырмаларды орындағаннан кейін сервис тестіге әрбір қатысушы бойынша

есепті көрсетеді, оқушылардың білімдеріндегі кемшіліктерді анықтауға және олармен кейінгі жұмысты жоспарлау үшін осы есепті пайдалануға болады[4]. Сабақтардың бірінде осы сервистің көмегімен өтілген бөлімді тексеру үшін оқушылардың білімдерін тексеру жүргізілген. Көріп отырғандай, барлық оқушы іске қосылған және өз атымен қуаттаудан өткен. Сұрақтар мен тапсырмалар тек мәтін түрінде ғана болған жоқ, сонымен бірге толық ақпаратты және сұрау салған нысанның суретін алу үшін графикалық суреттерден құралған. Сұрақ экранында тапсырмаларды орындау таймері және оқушылардың жауаптарының саны көрсетілген. Уақыт аяқталған соң немесе тесті біткен соң сервис дұрыс жауапты және нәтижелері бар кестені көрсетеді, бұл оқушылар арасында бәсекелестік рухын қолдайды. Kahoot сервисінің көмегімен тапсырмаларды орындау уақытында барлық оқушылардың аса мұқият және тез жауап бергендігі байқалады, өйткені ұпайларды алған кезде сонымен бірге тапсырмаларды орындаған уақыты да есепке алынады. Орындалған тапсырмалардың қорытындысы бойынша сервис электрондық кесте түрінде әрбір қатысушы бойынша толық есепті ұсынады, онда дұрыс және теріс жауаптар саны, қорытынды ұпай және әрбір сұрақ бойынша оқушылардың жауаптары көрсетіледі.Осы деректерді пайдалана отырып,мұғалім оқушылардың қателіктері бойынша жұмысты жеңіл жоспарлай алады. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексерген кезде тек тестілерден ғана емес, сонымен қатар мультимедияның барлық түрлерінен–суреттер, анимация, аудио, Youtube бейнероликтерінен құралған сан алуан нысандарды құрастыруға болады. Google нысандары сұрақ-жауаптар мен тестілерді өткізуге мүмкіндік береді, сонымен қатар олардың көмегімен зияткерлік викториналар мен ойындарын өткізуге болады. Сервис көптеген тақырыптар мен түрлі-түсті гаммаларды ұсынады, олардың саны мен сан алуандығы күн сайын артып келеді. Сонымен қатар қажетті суреттерді жүктеп және түрлі-түсті палитраны пайдаланып, өзіндік стильді жасау мүмкіндігі бар. Осы сервисте нысандарды жасаудың бірегей мүмкіндіктерінің бірі «шебер баптаулар» болып табылады, солардың көмегімен нысандарды әртүрлі үлгіде реттеуге болады, осылайша қатысушылар қандай жауап нұсқасын таңдағанына байланысты әртүрлі беттерге түсіп

97


отырады. Тестілеуді жүргізу үшін электрондық пошта арқылы, әлеуметтік желілердің хабарламалары арқылы немесе өзінің вебсайтында орналастыру арқылы тапсырмаларға(тестілер,сұрақтар,сұрақжауаптар,викториналар және т.б.) сілтемені жіберу қажет. Қорытындыларды электрондық кесте түрінде алуға болады, онда тек сандық статистика емес, сонымен бірге диаграммалар болады.Жұмысты автоматтандыру үшін Flubaroo плагинін пайдалануға болады (http://www.flubaroo.com/), ол оқушылардың жауаптарын тез тексереді және берілген критерийлер бойынша баға қояды. Studystack онлайн сервисі интерактивті тапсырмаларды құрастырудың көптеген нұсқаларын ұсынады. Оқушылардың білімін тексеру және бекіту кезінде Learningapps.org онлайн сервис жақсы көмекші болып табылады. Кейбір жоғарыда аталған сервистер тек онлайн тестілерді құрастыру мүмкіндігін ғана ұсынбайды, сонымен бірге офлайн режимде (интернет желісіне кірмей) тестілерді өткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін өз компьютеріне тестілеу файлын көшіру және оқушыларға тапсыру қажет. Сұрақтарға толық жауаптарды жазып, тапсырмаларды тексеру үшін, үдерісті, эссені түсіндіру үшін оқушыларға электрондық түрде өз шешімдері мен жауаптарын алдын ала көрсету ұсынылады. Олар орындалған тапсырмаларды электрондық пошта бойынша мұғалімге жібереді. Осындай тапсырмаларды тексеру үшін бұлтты сақтау орындарын пайдалануға болады, олардың құрамына жатқызылады: OneDrive, Google Диск, Мail Облако, Яндекс Диск және басқалары. Осындай сервистердің басты басымдықтарының бірі– шынайы уақыт режімінде файлдармен бірлескен жұмыс жасау[5]. Яғни, оқушылардың оқушылармен немесе оқытушымен бірлескен жұмысы барысында бірдей файлмен жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Материалды көрсету үшін жаңа құралды– Sway бағдарламасын (https://sway.com) қолдануға болады.Sway деп смартфонда немесе веб-браузерде веб-негізделген интерактивті таныстырылымдарды жасауға арналған жаңа тәсілді атайды.Бағдарламаның бірегейлігі оның кез-келген құрылғыдағы таныстырылымдарын жылдам және жеңіл құруға мүмкіндік беруімен құралады. Нәтижесінде кез келген экранға икемделе алатын веб-негізделген таныстырылымдар алынады, ал қарапайым сілтеменің көмегімен оларды бөлісуге болады. АКТ құралдарында жаңа тақырыпты түсіндірген кезде бейнематериалдар ерекше орынға ие болады, өйткені олардың тиімділігі бір реттен кез-келген басқа көрсетілім

98

материалдарының тиімділігін арттырады. Әрине, сабақ барысында бейнематериалды жай ғана көрсету өз рөлін атқармайды,өйткені осылай көре білу сабақтың ойын-сауық бөліміне айналады.Сондықтан мұғалімге оны мұқият қарап шығу, оқушылардың назарын аударуға қажетті маңызды сәттерді белгілеу керек.Оқушылар осындай материалдан үлкен пайда алу үшін оны жаңғырту алдында олармен нұсқаушы әңгіме өткізу керек.Әңгімелесу кезінде оқушылардың ерекше назарын көрудің нақты мақсатына аудару және оларды алдағы тапсырмалармен таныстыру қажет. Бейнематериалды көруге осындай кешенді тәсіл нәтижесін береді және нақты әдістемелік көмекті көрсетеді.Интернет сабақта пайдалануға болатын бейнематериалдарға өте бай.Алайда мұғалімнен көптеген бейнематериалдардан жай ғана таңдап қою емес,сонымен бірге сабақ мақсаттарымен мұқият салыстыру,көрсетудің тиімділігін есептеу,ол оқу тапсырмаларын шешуде оқушыларға қаншалықты көмектесетінін көздеу талап етіледі.Қазіргі кезде өзінің бейнематериалын жасауға бағытталған құралдар өте көп.Осындай құралдарға Community Clips, Free Screen Video Recorder, CamStudio, Movavi Recorder, Camtasia және тағы басқа, біздің осындай бейнересурстарды жасауға қолданылатын бағдарламаларын жатқызуға болады. Олардың көпшілігі жеткілікті мүмкіндіктері бар тегін қосымша болып табылады. Әлеуметтік желілер арқылы адамның өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жол ашылды. Ақпараттық қоғамда адамның өзіндік ойлауы, әрекетке шығармашылық тұрғыдан қарап, ыңғайлы жол таба білуі маңызды болып табылады. Соның нәтижесінде интеллектуалды экономика қалыптасып, технологияның қарқынды дамуына мүмкіндік туады. Әдебиеттер тізімі: 1.Десятова Л.В. Использование модели смешанного обучения (blended learning) для создания и апробирования курса ИКТ для поддержки обуче- ния по базовой программе. М.: Издательский дом «Первое сентября», 2010. № 13. С. 2.Лапчик М. П.,Россия на пути к smartобразованию.//Журнал«Информатика и образование». 2013 № 2. 3.Молчанов Александр. //Доклад на форуме по информационным технологиям в образовании «Университет будущего» 4.О.М.Панова Оқыту сапасын арттыруда сабақ кезеңдерінің рөлі (ұйымдастырушылық сәт пен қорытынды кезең) 5.А.И.Гусева,И.А.Смольникова,С.А. Филиппов, М.А. Чиркова Оқу үдерісінде АКТ пайдалану.


ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ Наурызбаева Г.Т. Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінің технология бөлім меңгерушісі,арнаулы пән оқытушысы

«Қандай оқу орнының болсын, басты нысаны оқушыларға сапалы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды еңбекшіл етіп тәрбиелеу». А.Байтұрсынов ХХІ ғасырдың ең басты міндеті–әлемдік қауымдастыққа еніп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, экономикасын, білімін арттыру. Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде оқыған дәрісінде «Біздің ендігі міндетқазақстандықтардың,бірінші кезекте жастардың білімділікке, интеллектіге, отан мен халыққа қызмет етуге деген көзқарастарын өзгерту. Сондықтан қазіргі заманғы білім берудің переспективалық міндеті–ол сындарлы ойлай білетін және ақпараттар ағынында бағдар ала білуге қабілетті адамдарды даярлау»–деп атап өтуі мақсатқа жетудің жолдарын шешуге берген бағытындай. ХХІ ғасырдағы білім мен ғылымды инновациялық технологиялар бағытымен дамыту үлкен үміттің басты нысаны. Кәсіптік білім саласындағы инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, технологияны енгізуге, пайдалануға, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге бағытталған. Бүгінде оқыту жұмысын осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы басқа да оқытушылардың жаңа жағдайға байланысты оқу-тәрбие процесін шығармашылықпен пайымдалудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері жалпы ұстаздар қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен іздеуге итермелейді. Инновациялық технологияларды сабақта пайдалану–өмір талабы. Инновациялық технологияны жаңа білім беру парадигмасын

өмірде жүзеге асырудың құралы ретінде қарастырған жөн. Оқытудың жаңа ұтымды технологияларын пайдалану оқушыны тұлға болып қалыптастырудың, дамытудың құралы. Оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен ізденуге,ой сананың дамуына мүмкінік береді. Инновациялық технологияларды оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап алудың маңызы зор. Педагогикада оқытудың бірнеше моделін атап көрсетуге болады: 1)пассивті–оқушы оқытудың «объектісі» рөлін атқарады (тыңдау және көру) 2)активті (белсенді)–оқушы оқытудың «субектісі» болып шығады (өзіндік жұмыс, шығармашылық жұмыс, зертханалық– тәжірибелік жұмыс) 3)интерактивті– inter (өзара), akt(әрекеттесу). Оқыту процесі барлық оқушылардың тұрақты белсенді өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асырылады.Оқушы мен мұғалім оқытудың тең құқылы субъектісі болып табылады. Білім беруді ізгілендіру технологиясының мақсаты–баланың жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеу баланың жаны мен жүрегіне жылулық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау. Оның тиімділігі–әдіс–тәсіл, амалдарын ұтымды таңдау арқылы оқушының сезіміне, ынта–ықыласына әсер ету, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Осы орайда өз іс–тәжірибемде сабақ беру үрдісінде мынадай мақсатқа қол жеткізуге тырысамын: оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету, топтаса жұмыс жүргізе білу, оқушының ой–өрісін, қиялын дамыту. Сабаққа қойылатын талаптар оқушылардан үлкен шеберлікті талап етеді. Сондықтан да жаңа педагогикалық технологияларды орынды пайдаланудың маңызы зор. 99


Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде оқытушылардың инновациялық іс-әрекетінің ғылымипедагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Кейінгі жылдары жиі пайдаланылып келе жатқан жаңа ұғымдардың бірі–инновация. Инновацияны жете түсініп, инновациялық әдістәсілдерді сабақ өткізуге кеңінен қолдану жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты болып табылады. Инновация–латын тілінің «novatio» және сөзалды «in» қосымшасының бірігуі арқылы жасалған термин. «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. «Инновация–белгілі бір топқа жаңа болып табылатын идея» немесе «Инновация–арнайы өзгеріс». Ал елімізде «Инновация» ұғымына тұңғыш рет зерттеуші Н.Нұрахметов анықтама берді. Оның пікірінше:«Инновация дегеніміз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру,қолдану және оларды таратуға қатысты қызметі». Инновация білімнің мазмұнында, әдістемесінде, технологиясында, оқу үдерісін ұйымдастыру барысында айқындалады. Инновацияны «жаңашыл», «жаңа әдіс», «өзгеріс»,«әдістеме»,«жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме құралы» деп қарауға болады.Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Инновациялық үрдістің негізі–жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір оқытушы үшін табылған жаңа әдіс,жаңалық басқа оқытушы үшін өтілген материал тәрізді. Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар баршылық.Әрине, инновация көкейкесті мәселелердің тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі әдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады. Инновациялық білім беру–іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, оқытушының кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге

100

бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану– біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек . Инновация дегеніміз–жаңа мазмұнды ұйымдастыру, жаңалық енгізу, жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, нақтыланған мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік ісәрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі, жаңа нәтижені қамтамасыз ететін жаңа теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы. Кәсіптік білім беру жүйесінің негізгі міндеті–белгілі бір көлемдегі білім берумен шектелмей, алынған кәсіптік білімді адам өз қажетіне, өмірдің нақты жағдайларында қолдана біліп,қоғамға пайдасын келтіру. Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен парасаттылығы,белсенділігі,шығармашылық ізденісі,шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады: •проблемаға бағытталған оқыту; •топтық бағытталған оқыту; •рөлдік ойындар; •презентациялар; •пікірсайыстар; •кейс-стади; •миға шабуыл әдісі; •сұрақ-жауап ойындары; •іскерлік ойындар; •цифрлық білім беру ресурстары. Жаңаша әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану барысында көрсеткен нәтиже: оқушының оқуға қызығушылығы артады, іскерлік дағдысы, ойлау белсенділігі, тапқырлығы, өзіне деген сенімі қалыптасады, пікір таластыра білуді, ойын жүйелі түрде жеткізуді үйренеді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Оқушының жеке қасиеттерін ашу арқылы тәрбиелей отырып,танымдық күшін қалыптастыру және оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі бизнес-ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, онлайн басқатырғыш, сергіту жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады.


Бұл технологияның ерекшелігі–оқушының танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыра білу. Оқыту үрдісін жаңаша ұйымдастыру мұғалімнің оқушының өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін тигізеді. Мұндай жаңа технологияларды пайдаланып оқыту барысында оқытушыға қойылатын негізгі талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Оқушыға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік беру, оған пікір еркіндігін сездіру оқушының сол сабаққа деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, аз уақыттың ішінде бірнеше оқушының білімін бағалауға, бағдарламадағы материалды қай дәрежеде меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. Себебі,оқушының білімін тексеру,оның мүмкіндіктерін айқындау–оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі. Жыл сайын колледж бітірушілері арнайы пәндер бойынша ТСБ тәуелсіз сапаны бағалау (НОК(независимая оценка качества)) қорытынды тест жұмысын тапсырады. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты– оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан, ғылымитехникалық прогрестен қалыспай, жаңа

педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу– әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: -әрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; -білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; -өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; -аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. Осы инновациялық технологияларды мүмкіндігімізше өз пәнімізде қолдансақ болашақ маман иесі сапалы білім және тәрбие алатынына сенімдімін. Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Н.Ә.Назарбаев«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». 2.М.А.Валиева«Жаңа педагогикалық технологиялар» Әдістемелік нұсқау. 2002 3.Т.А.Мясоед«Интерактивные технологии обучения.Спец.семинар для учителей» М., 2004 4.П.И.Пидкасистый,Ж.С.Хайдаров Технологии игры в обучении и развитии» М., 2000 5.Суворова Н.«Интерактивное обучение: Новые подходы» М., 2005 6.Сайтwww.albest.ru,www.tor.kz

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННО – КОММУНИКАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ НА УРОКЕ ЭКОНОМИЧЕСКИХ ДИСЦИПЛИН Дербисинова В.К. преподаватель экономических дисциплин, Прикаспийский современный колледж, г. Атырау

Сегодня большое внимание уделяют использованию информационных технологий. И это вполне оправдано тем, что век нынешний – это век информационный.Наша задача заключается не только в том, чтобы дать студентам знания, но и в том, чтобы научить своих студентов искать информацию и осваивать ее самостоятельно.Умение обрабатывать информацию на сегодняшний день является весьма ценным достоянием.

Однако не всегда студенты владеют информацией в достаточной степени, результаты традиционных и новых форм промежуточной аттестации свидетельствуют о небольшом словарном запасе, недостаточном развитии речевой культуры выпускников, навыков восприятия текста. В связи с этим считаю, что использование информационно – коммуникационных технологий (ИКТ) актуально, поскольку направлено на успешное

101


овладение основных видов речевой деятельности в их единстве и взаимосвязи, развитие технологических, стилистических, содержательных аспектов коммуникативной компетенции студентов. Цель применения ИКТ:повышение эффективности и качества процесса обучения благодаря дополнительным возможностям познания окружающей деятельности и самопознания, развития личности студента. Компьютер можно использовать на всех этапах обучения: при объяснении нового материала, закреплении, повторении, контроле знаний, умений и навыков.При этом он выполняет различные функции:педагога, рабочего инструмента, объекта обучения, сотрудничающего коллектива, игровой среды. Основные направления использования ИКТ на занятиях специальных дисциплин: визуальная информация,интерактивный демонстрационный материал,тренажер, контролирующий умения, навыки студентов, самостоятельная поисковая, творческая работа. Предлагаю некоторые примеры использования ИКТ на занятиях специальных экономических дисциплин. 1.Презентация – опоры к занятиям: Современный педагог – не тот, кто учит, а тот, кто понимает и чувствует, как студент учителя, как проходит его становление. Использование компьютера на занятиях позволяет преподавателю общаться со студентами на современном технологическом уровне, сделать занятие более привлекательным, эмоциональным и эффективным, пробудить интерес к учению. Выделяют несколько типов компьютерных средств используемых в обучении. Это презентации, электронные учебники и т.д. Мультимедийная презентация дает возможность донести до целевой аудитории полноценную информацию об объекте презентации в удобной форме. Корме того, презентация имеет сюжет, сценарии и структуру, организованную для удобного восприятия информации. Но в не зависимости от исполнения каждая самостоятельная презентация должна четко выполнять поставленную цель: помочь донести требуемую информацию об объекте презентации. Я считаю, что презентация с включением дополняющих технологии – самая удобная и не сложная форма для преподавателя при проведении занятия. Применять компьютерные технологии я начала 5 лет тому назад. На начальном этапе своей работы я готовила

102

презентации к урокам, которые могли быть использованы в различных режимах. Электронные презентации можно рассматривать как дидактическое средство обучения, а мультимедийный проектор или интерактивную доску - технические средства, позволяющие показать презентации в кабинете. На занятии целью презентации может быть:1) актуализация знаний;2)сопровождение объяснения преподавателем нового материала; 3) первичное закрепление знаний;4) обобщение и систематизация знаний. Главное в презентации это–тезисность для преподавателя и наглядность для студента. В качестве примера могу привести разработанный мною урок–презентацию по дисциплине «Принципы бухгалтерского учета» на тему «Казахстанские стандарты бухгалтерского учета». Не буду останавливаться на содержании компьютерного урока, просто хочу отметить следующее: -объем полученной информации (по сравнению с классическим уроком) увеличился в два с лишним раза - усвоение (понимание) материала – 100 % -качество знаний по данной теме на следующий урок – 100 % -остаточные знания по теме через месяц – 93 % Положительные эффекты применения презентаций. По сравнению с традиционной формой ведения занятия, заставляющей преподавателя постоянно обращаться к нему и доске, использование презентации на уроках высвобождает большое количество времени, которое можно употребить для дополнительного объяснения учебного материала. К положительным примерам применения презентаций можно отнести, когда они создаются студентами для подведения итогов собственной научно–исследовательской или проектной работы.В данном случае презентация необходима. -они улучшают качество усвоения материала; -ускоряют процесс обучения; -делают доклад интересным, живым, продуктивным; -способствуют повышению мотивации к дисциплине; -позволяют индивидуализировать процесс обучения; -дают возможность избежать субъективности оценки;


-развивают творческие способности учащихся. Таким образом, применение компьютерных технологий на уроке позволяет студентам с интересом и быстро усваивать больший объем научно–познавательной информации, занятие становится более интересным и увлекательным, качество облученности студентов повышается, но самое главное данный материал надолго остается в памяти. Работа с видеосюжетом на занятиях специальных дисциплин с целью развития и совершенствование речевых навыков студентов, умения наблюдать, видеть, анализировать. Особое значение играют анимационные сюжеты, позволяющие проиллюстрировать те объекты и процессы, которые, как правило, описываются вербально или с помощью достаточно приближенных схем. Компьютерная

графика позволяет рассмотреть эти объекты и процессы как бы изнутри, на уровне микромира. В этих случаях анимационные сюжеты просто незаменимы. Таким образом, ИКТ является одним из эффективных способов организации учебного процесса.И поскольку в стране идет модернизация образования,одним из основных требований в профессиональной деятельности преподавателя является информационная компетентность. Список использованной литературы: 1.С.А.Илюшин, Б.Л.Собкин. Персональные ЭВМ в учебном процессе. – М.,1992; 2.В.А.Трайнев, И.В.Трайнев. Информационно – коммуникационные технологии. – М., 2005; 3.Закон РК «О бухгалтерском учете и финансовой отчетности» №234 от 28.02.2007г. 4.Правила ведения бухгалтерского учета

БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ СТРАТЕГИЯСЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ, ҚОҒАМНЫҢ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУ ФАКТОРЫ Макарова Н.М. Атырау қаласы Үш тілде тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп – гимназиясының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі

Ғаламдандыру күннен күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының өсуі білім беру беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болды. Ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы», деп бекер айтпаған. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның әлеуетінің жақсаруын білім саласын жаңғыртумен және адами капиталды дамытумен байланыстырады. Еліміздің білім саласының инновациялық стратегиясын қалыптастыратын да, жүзеге асыратындар да белсенді мұғалімдер болмақ. Қазіргі таңда өтіп жатқан әлеуметтікэкономикалық өзгеріс жағдайында Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне енуі кезінде мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі, оның кәсіби

біліктілігі айрықша мәнге ие болуда, өйткені ол мектептегі дәстүрдің жалғастырушысы мен жаңаруының кепілі болып табылады. Қай кезде де білім бастауын мектептен алады, сондықтан мектеп неғұрлым таза, серпінді, шығармашыл болса, ол келіп құятын білім айдыны да сондай дәрежеде болады. Жан-жақты «қаруланған» білім мен білік өрісті іске жол ашып қана қоймайды, ұйытқы да болады. Білім алу бар да, оны іске асыру бар. Сондықтан да шығар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек»,дей келіп:«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», -деді.

103


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан2050» Стратегиясы ел тарихында жаңа дәуірді бастап беріп отыр. Қашанда саяси маңызын жоймайтын Жолдаулар ертеңгі ел болашағының кепілі деп білеміз. Еліміздің тәуелсіздік алып, дамудың даңғыл жолына түскен күнінен бастап, Елбасымыз мемлекеттің стратегиялық дамуының кезеңдерін, жалпы Қазақстан халқын өмірдің барлық саласында нақты жетістіктерге, әлауқатымызды тұрақты жақсартып отыруға баса назар аударып келеді. Осы салиқалы саясаттың арқасында әлем халқы бүгінгі Қазақстанның келбетін геосаяси маңызы зор ел ретінде таниды. Жолдауда маңызды мәселенің бірі–білім саласының жай-күйі кеңінен сараланған. Білімді жоғары сапаға көтеру, міндетті мектепалды даярлықты енгізіп, мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру, мектептер мен балабақшалар салу арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру, әлемдік деңгейдегі мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер желісін одан әрі дамыту,білікті мамандар қатарын көбейту. «Білім туралы» ҚР Заңындағы: «Білім беру жүйесінің басты міндеті–ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деген жолдар әрбір мұғалімнен ізденісті, білімділік пен біліктілікті қажет етеді. Елбасымыз әрдайым атап көрсететіндей, ел болашағының кілті–бүгінгі жас ұрпақтың қолында екені баршамызға аян. Жас ұрпақтың тағдыры, олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші–ұстаздардың қолында. Бүгінгі Қазақстан қоғамының тұтастай алғандағы әлеуметтік әлеуеті осындай ұстаз даярлау ісіне бүкілхалықтық нышан беруге мүмкіндік берілуде. Бұл өзгерістердің негізгі бағыттары мен мән-мазмұны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев бекіткен «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» айқындалған. Бағдарлама білім саласында осы күнге дейін орын алып келген олқылықтардың орнын толтыруға, еліміздегі білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ел экономикасының тұрақты өсуі үшін сапалы білім беруді қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамытуға қол жеткізуді көздеп отыр. Сондай-ақ бағдарлама барлық деңгейдегі білім беру

104

жүйелерін қаржыландыруды жақсарту, педагог мәртебесін көтеру,білім беру менеджментінің сапасын жақсарту,электронды оқулықтарды жүйелі түрде енгізу,мектепке дейінгі білім беру мен тәрбие,орта білім,техникалық және кәсіптік білім,жоғары және жоғары мектептен кейінгі білім беру,тәрбие жұмысы және жастар саясаты тәрізді мәселелерді түбегейлі шешу міндеттерін қамтиды. Қазіргі заманғы білім беру жүйесі, оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіби құзыреттілігіне жоғары талаптар қоюда. Сондықтан, қазіргі проблемалар орта білім жүйесін қазақстандық қоғам дамуының заманауи талаптарына және ғаламдық білім беру кеңістігіне кірігу шарттарына сәйкес жаңғыртуды талап етеді. Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі–жаңа әдістерді қолдана отырып жас жеткіншектердің интеллектілік,шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі заман талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Оларды кәсіпкерлікке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады. Мұғалімдердің инновациялық даярлығын қалыптастыру мәселесін ғалымдар жан-жақты зерттегенмен де педагогтардың біліктілігін, құзіреттілігін жетілдіруде төмендегідей қарамақайшылықтар біршама қиындықтар туғызуда, олар: 1)педагогтардың кәсіби дайындығына қойылатын жоғары талаптар және педагог мамандығының беделінің күрт төмендеуі арасындағы; 2)қазіргі заманауи жағдайында мектеп мұғалімдерінің инновациялық біліктілік деңгейіне деген талаптың күрделенуі. Ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып,оқыту үдерісінде де жаңа технологияны ендіру қажеттігі туындап отыр. Инновациялық технологияларды мектепке ендірудің жолдары В.А.Сухомлинскийдің:«Мұғалім дайын ақиқат,түйін,ой қорытындысын балалардың "миына құйғанмен", ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық,арман,қиял қанатын байлап қояды. Көптеген жағдайда баланың ой еңбегі өзі де ойлап үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген, байланыстарды жаттап алуына әкеледі. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға


негізделген есте сақтау дамиды. Бұл – баланы топтастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек» деген сөзі де дәлел. Бүгінгі таңдағы мектептердің алдында тұрған мәселе оқушыларды дамыта оқыту, яғни, оқушыны оқу әрекетіне қалыптастыру, олардың оқуға ынтасын ояту, қызығушылығын арттыру. Сондықтан, мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі–талабы таудай жеке тұлғаны іздеп табу,оны өсіру. Әр мұғалім оқушының қабілетін танып біліп, дамытып адам дәрежесіне жеткізу үшін жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. Білім игеруге бағытталған игі қадам Кембридж бағдарламасының басты жаңа бағыты–іс-әрекет арқылы зерттеу болып табылады.Ағылшын ғалымдары теориялық білімдерін міндетті түрде мектептерде қолданып, оның дұрыс-бұрыс жақтарына терең талдау жасап отырады екен. Осы бағытта әрбір жаңашыл мұғалімнен өзі сабағында қолданған жаңа тәсілдердің дұрыс-бұрыс жағын терең талдап, зерттеу жүргізу талап етіледі. Ағылшын ғалымдарының дені мектепте дәріс беретін қарапайым мұғалімдер екен, осыдан кейін біздің елдегі кейбір мектеп көрмеген ғалымдар теориясының тәжірибемен мүлдем қабыспай жататындығы әбден ойландыруы тиіс деп есептейміз. Сондай-ақ, осы Бағдарламаның кейбір тақырыптарына қарап отырып, терең толғануға тура келеді. Құндылықтар мен ұстаным, мәдениет дегеніміз не, мәдениетаралық оқушыны қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту сияқты тақырыптар үлкен философиялық тұжырымдарға жетелейді. Қорыта айтқанда, бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түсетін. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады.Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да ісәрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек. Педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында дайындалып, 7 модуль бойынша ұйымдастырылған тренингтік сабақтардың мазмұны мектептегі білім беру жүйесі үшін тың әрі бүгінгі күннің өзекті проблемаларын ашып

беріп отыр. Бағдарлама оқыту мен оқу негіздері туралы ғылыми-теориялық білімнің айырмашылықтары бар дегенді жоққа шығармайды. Дегенмен, құзырлы ұстазға теориялық та, тәжірибелік те білім қоры қажет. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар.Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің қасиеттерін бағалау барысында бағалаушы белгілі факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет. Бәсекеге қабілетті адами капиталды дамытудың басты талабы—әр педагогтің бүгінгі күннің талабынан туындайтын өзгерістерді алдымен өзінен бастауы, өмірге деген көзқарасын өзгертуі, кәсіби өсуі. Кембридж бағдарламасы бағытындағы курстар мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттырып, соның негізінде шеберлік деңгейі мен белсенділік, білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысы жоғары деңгейге көтерілуіне ықпал етуде. Білім-адам сапаларының өзгеруін басқаратын үдеріс болғандықтан, ол педагогикалық мамандықтың кәсіби біліктілік қабілеттерін дамытуға бағытталады. Сондықтан «адамды» өмір сүру барысында өзгеруге әлеуеті жететін ашық жүйе деп қарастырғанымыз жөн. Ол белгілі бір саладағы маман болғандықтан, «адамды» — маман тұрғысынан қарау «біліктілік» ұғымына шығарады. Біліктілік —бұл білімді меңгерудегі, тәжірбиедегі білімділікті, құндылықты бейнелейтін жалпы қабілеттілік. Бүгінгі күн мұғалімнің біліктілігін арттыруды жалпы қоғамдық мәселе ретінде қарастыру қажеттігі туған кезең. Себебі білімді тереңдету, молайту, жетілдіру, арттыру жеке басы үшін ғана емес, қазіргі қоғамға қажет әрекет деп қабылдауымыз керек. Бұл мұғалімнің өз қызметінде табысқа жетуін ғана көздемейді, оның аясын одан әлдеқайда кеңірек қарастырған жөн. Олай болса,жауапкершілігі шексіз,қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі—білімді ұстаз болып қала бермек. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.ҚР білім беруді дамытудың 2011–2020 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2.«Қазақстан мектебі» журналдары.

105


ЖУРНАЛҒА ЖАРИЯЛАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 1. Ғылыми мақалалар журналдың мазмұндық бағытына және талаптарына сәйкес болуы қажет. 2. Ғылыми-әдістемелік мақала көлемі қосымша материалдарды (суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) қосқанда көлемі 4-5 беттен аспауы керек. Мәтіндер компьютерде Times New Roman KZ, шрифт-11, интервал – 1теріледі және қосымша материалдар (суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) jpg арқылы жіберлуі тиіс. 3. Көрнекілік материалдар жеке реттік нөмірімен қосымшада ұсынылады. 4. Редакцияға жіберілетін мақаланың 1-бетінде: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, мекен-жайы (облыс, аудан) жұмыс орны, лауазымдық қызметі және ғылыми атағы толық жазылуы қажет. 5. Мәтіндегі әдебиеттер сілтемелері сандармен тік жақшада көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі мақала соңында ұсынылады. Авторы, аталуы, басылып шыққан мекені,баспасы,жарық көрген жылы. Шет тіліндегі әдебиеттер отандық басылымдардан кейін жазылады. 6. Мақала соңына автордың үй, жұмыс және ұялы телефоны жазылады. Мақалада келтірілген деректер, үзінділер, статистикалық мәліметтер, кісі аттары, өлең, ән авторлары, т.б. мағлұматтар мақала авторының жауапкершілігінде. 7. Редакция әдеби өңдеу барысында келіп түскен мақалалардың көлемін қысқартуға құқылы. Сондай-ақ журналдың мазмұндық бағыттарына сәйкес келмесе немесе жазылу сапасы төмен болса, мақаланы жариялауға ұсынбауға құқылы. 8. Журналға мақала 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады.

Редакция

106


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.