Хабаршы №1 2016

Page 1



«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ХАБАРШЫ ВЕСТН И К Республикалық ғылыми-әдістемелік журналы Журнал 2013 жылдан бастап екі айда бір рет шығады

БАС РЕДАКТОР -

АҚЫЛДАСТАР КЕҢЕСІ

Галимжанова Маржан Анесқызы«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Ахметова Гүлнас Кенжетайқызы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

Корректор – Қаленова Гульзахира Сапарғалиқызы Көркемдеуші және беттеуші– Сембаев Гибатолла Серікұлы, Баймұханов Алмас Сансызбайұлы Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2013 жылы мамырдың 30-да тіркеліп, №13648-Ж куәлігі берілген. БІЗДІҢ МЕКЕН ЖАЙЫМЫЗ: 060009-Атырау қаласы, Авангард-4 ықшам ауданы, Адмирал Лев Владимирский,24 тел.: 8(7122) 20-08-34 факс: 8(7122) 58-63-45 Эл.пошта: orleu_baspa@mail.ru

Ихсанов Ерсайын Уалитханұлы - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қараев Жауымбай Амантұрлыұлы – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы төрайымының бірінші орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Өмірбекова Жайлы Бөкешқызы – педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Сарсенова Нұрзила Сарсенқызы – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі. Жаманбаева Динара Таңбайқызы – экология магистрі, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының Құрметті мүшесі. Қарамурзин Айтбай Қонысұлы – академиялық доцент, жоғары санатты тарих пәнінің мұғалімі. Басуға 2016 жылы 24 ақпанда қол қойылды.

Мақала авторларының пікірлері редакция көзқарасын білдірмейді.

Таралымы – 50 дана Пішіні – А4 Әріп түрі Times New Roman Қағазы офесттік. Шартты баспа табақ – 5,7 Бағасы келісімді. Мақала үш тілде қабылданады.

Тапсырыс дайын диапозитивтерден басылады. Қолжазба қайтарылмайды, мақалаларға пікір жазылмайды. Журнал материалдары институттың қоғамдықбұқаралық байланыс және баспа қызметі бөлімінде теріліп, беттелді.


МАЗМҰНЫ

 Мәңгілік ел  Исмурзина Г.Б. «Мәңгілік Қазақстан» жобасы–жастардың жарқын болашағының айқын жолы Жолдасбаева А. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Мәңгілік ел» идеясында ұлттық құндылықтардың көрініс табуы Даулбаев М.О. Елбасы Жолдауының басты мақсаты «Мәңгілік Ел» болу!  Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас  Кошербаева Ж.С. Бастауыш сыныпта оқу-тәрбие үрдісіндегі интеграциялық іс-әрекет Хайруллина С.Х. Баланың сабаққа қызығушылығын қалай арттырамыз? Сарсенова Н.Қ. Білім беру мазмұнын жаңарту – уақыт талабы  Педагогтік ізденіс  Тойганбекова Ш.М., Бектурганова К.К. Смена парадигма: от равенства доступа к равенству возможностей в образовании Есенғұлова Ф.С. Жазба жұмыстарының оқушы сауаттылығын арттырудағы маңызы Дюсупова Г.К. Усовершенствование системы работы с одаренными детьми  Әдістемелік қоржынға»  Елеусизова Г. Жоғары оқу орындары студенттерінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру әдістері Жумагалиева К.К. Қолөнердегі негізгі шикізат түрі – тоқыма тоқу арқылы қолайлы әдістерді анықтау Төлеуова Г.А. Сабақтың тиімді жоспарлануы-оқыту үрдісіндегі ең маңызды міндет Сулейманова С.М. Развитие речи, как средство общения детей Шмиров Б.Қ. Жас ұрпаққа ұлттық сана қалыптастыруда Аяз би ертегісінің мәні  Тәрбие басы-тал бесік  Төлекешова Қ.М. Қазақ этнологиясы тарихында-отбасы тәрбиесінің маңызы Акмурзиева З.И.Ұрпақ тәрбиесі–адамзат дамуының бағыт-бағдарын айқындайтын айрықша құбылыс Тажиева Д.К. Отбасы ұлттық дәстүрді жалғастырушы Қаленова Г.С. Қазақтың қыз баланы тәрбиелеу дәстүрі Ғизатова З. Бүгінгі қыз бала ертеңгі ұлттың болашағы Жунусова Г.Р. Жас ұрпақ тәрбиесіне жауаптылықпен қарау- ұстаздардың, сынып жетекшісінің және ата-ананың басты міндеті  Заманауи ұстаз  Куракова Р.Н. Білім беру мен тәрбие үдерісі сапасының басты ресурсы–мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі Кайырғалиева С.С. Мүмкіндігі шектеулі бала мен ұстаз арасындағы ынтымақтастық  Мектепке дейінгі білім беру  Әлім Г.Ә. Мектепке дейінгі балалардың танымдық қабілетін дамыту Запрометова С.В. Игровая оздоровительная гимнастика после дневного сна Кунашова М.Р. Ойын баланы ойға жетелейді Шуренова Ж.Т.Технологическая карта организованной учебной деятельности по самопознанию в старшей группе «Что такое доброта?»  Оқыту технологиялары  Таскарина Д.С. Адами капиталды дамыту бағытында инновациялық технологияларды қолдану әдісі Ихсанов Х.У. Денсаулық сақтау технологиясы арқылы жасөспірімдердің денсаулығын нығайту Төлеуов Д.Д. Оқытудың ақпараттық технологиялары  Озат тәжірибе көпке ортақ  Тоқтарова М.Т. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің сабақтағы нәтижелілігі Ажигалиева О. Физика сабағында пәнаралық байланысты қалыптастыру Шугаепова Р.А. Игра, как средство обучения, воспитания и развития младших школьников  «Өзін-өзі тану» пәні шеберханасынан  Кульниязова А.С. Рухани –адамгершілік білімді сыныптан тыс әрекеттер арқылы жүзеге асыру Кисметова С. Өзін-өзі тану-рухани-адамгершілік құндылықтардың негізі

2

3 5 7 8 10 14

17 21 23 26 28 31 34 36 41 43 45 47 48 50

53 56 58 60 61 66 70 72 75 77 80 87 91 95


 Мәңгілік ел 

«МӘҢГІЛІК ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ– ЖАСТАРДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫНЫҢ АЙҚЫН ЖОЛЫ Исмурзина Г. Б. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ бас маманы

«...жалғыз жер байлығына сеніп қалуға болмайды. Ең алдымен, ел байлығына сену керек. Ел байлығы деген не? Ол-білім, ол-жаңа технология, ол-осы заманғы инфрақұрылым, ол-бәрінен бұрын отаншылдық сезім, қазақстандық патриотизм» Н.Ә.Назарбаев Ата-бабамыз ғасырлар бойы аңсаған, Тәуелсіздікке қол жеткізіп Егеменді ел атандық. Дербестікке ие болғаннан бері Қазақстан мемл екеті ғасырға бергісіз жолдан өтті, ауқымды да толағай табыстарға қол жеткізді. Еліміз жылданжылға қарыштап дамып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры нығая түсті. Жас мемлекетіміздің өзгелермен терезесі теңесіп, өркениетке бет алдық, елімізді әлем танып, мойындай бастады. Қазір біздің көз алдымызда Қазақстанның жаңа тарихы жасалып жатыр. Бұл–Қазақстанның тәуелсіз тарихы, өзіндік даму арнасына түсу тарихы. Оның бастауында, әрине, Елбасы тұр. Бұл ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясатының, көшбасшылық қабілетінің, кемеңгерлігінің, болашағын болжай білген көрегендігінің арқасында қол жеткізген ұлттық табыс. Ұлт қамын ойлаған Елбасымыздың қазақ мектебін бітіргендігі, ұлтжанды болып қалыптасуының негізі,суырып салма тапқырлығы, ой ұшқырлығы, өз ойын ұтымды жеткізе білетін шеберлігі, тілге ұсталығы, шешендігі, ақынжандылығы, өнерге бейімділігі, өзінің де домбыраны қолға алып, әуезді ән салатындығы, қазақтың қалың ортасынан шыққандығы, ұлттық құндылықтарды бойға жиған тектілігі-өмір мектебінің нәтижесі. Оның белгісі елім, ұлтым дейтін, тілін, дінін, ділін сақтаған, қорғаған, өзі үлгі көрсете білген ұлт тұлғасын көрудеміз. Сонау 1991 жылы 1 желтоқсанда тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп,

онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың қалауымен, таңдауымен, зор сенімімен, елдің тұңғыш Президенті болып сайланған сәтінде “... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы-бергідегі қазақ баласының бірді-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты-толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім-білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...” деген еді. Бүгінгі жеткен табыстарға еліміз бірлік пен келісімнің, ұлтаралық ынтымақтастықтың арқасында жетіп отыр. Қазақстанда этносаралық және дінаралық келісім тәуелсіздіктің берік тірегіне айналды. Бейбітшілік пен қауіпсіздіктің жаршысы, алымды да, алғыр басшы, көреген саясаткер, ел Президенті Н.Назарбаевтың халыққа арналған жыл сайынғы Жолдауларында тың бастамалар көтеріп, барша қазақстандықтар алдына үлкен міндеттер қойып келеді. Дамыған, озық 30 елдің қатарына қосылу үшін әрбір қазақстандық азамат сапалы еңбегімен, білім мен ғылымының, инновациялық технологиясының, индустриялықэкономикасының қарқынды дамуына қомақты үлес қосып, Отанын ортақ деп бағалауы тиіс. Кемел ойлы кемеңгер ел Президентінің «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы 3


біз бағыт алған жаңа дәуірдің кемел келбеті. Ал ең бастысы–еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. Мәңгілік Ел идеясы–ұлтымыздың бірлігін сақтай отырып, болашаққа бірге жұмылуға жасалған қадам. Шүкір, ел бастаған ерен еріміздің арқасында бүгінгі күні үлкен мүмкіндіктерге қол жеткіздік. Қазақ елі әлемдік саясатқа өзіндік ықпал етіп, өзгелер санасатын, дүниежүзі таныған абыройлы елге айналды. Қазір Елбасы сөзімен айтқанда «Бой жарыстыратын заман емес,ой жарыстыратын заман».Халқымыздың «Білекті–бірді, білімді мыңды жығады», «Күш-білімде» деген ұлағатты сөзіндерін санаға құя жүріп, білімнің еш дәлелдеуді қажет етпестен баға жетпес үлкен рухани байлық,рухани қару екенін,аса зор өндіргіш күш екенін ол терең түсінді. Иә, білім мен ғылымның қуатына тең келетін басқа идеялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені баяғыдан белгілі.Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология ең алдымен білім күшіне арқа сүйейді.Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білімге негізгі басымдық беріп отырғандағы басты себебі содан. Өйткені, білім–тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге,тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күретамыры, ел дамуының алтын арқауы.Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды, болашаққа батыл да айқын қадамдар жасала береді. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі–ұстаздардың біліктілігін арттырудың мазмұнын әлемдік және отандық тәжірибе негізінде жаңарту жұмыстарын жүзеге асыру. Осы бағыттағы жоспарлы ауқымды жұмыстарын институт қызметкерлері облыс педагогтарымен ынтымақтаса жүйелі жүргізу үстінде. Бүгінгі тәрбие мен білім беру жүйесін отандық және әлемдік тәжірибемен ұштастыра отырып, білім сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету жолында ең жаңашыл тәжірибелерді жедел тарату, енгізу болып отыр. Облыстық техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында да еңбек нарығының сұранысына орай мамандар дайындауға, бүгінгі күн талабына лайық білім беруге бағытталған игі бастамалар, ауқымды істер толассыз атқарылуда. Елімізде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей нұсқауымен бекітілген білім беру жүйесін

4

дамытудың мемлекеттік бағдарламасында тұңғыш рет электронды оқыту жүйесін енгізу мәселесі қарастырылып отыр. Электронды оқыту жүйесі білім беру саласын мазмұндық жағынан жаңартудың 8 бағыттарының бірі. Оқытудың аталмыш жүйесі білім беру саласында тиімді болғандықтан да түбегейлі өзгертеді. Бүгінгі күн талабына лайық ақпараттық технологиялардың белсене ендіру арқасында сабақ беру әдісі жетіліп, жаңаланып, білім беру үрдісіне қатысушылардың көзқарасы өзгереді. Бүгінгі педагогтарды білім көкжиегіне мүмкіндіктер ашылды. Электронды оқыту жүйесі ұстаздарға білім берудегі жаңа бағытты үйретеді. Оның үстіне, Қазақстанда электронды оқыту жүйесін енгізу арқылы ЮНЕСКО-ның «барлығына қолжетімді білім беру» және «бүкіл өмір бойына білім алу» сияқты ХХІ ғасырдағы білім беру негізі жүзеге асырылу үстінде. Күшбілімде екенін ұғынған жасқа, елімізде әр талапкердің толыққанды білім алуына барлық жағдай жасалуда және жасала береді деген сенімдеміз.Осынау игі істердің басында Елбасының білім мен ғылымды дамытуға деген шынайы қолдауы тұрғанын мақтанышпен айтамыз. Ата-бабамыз ғасырлар бойы арман еткен қолымыз жеткен мемлекеттік Тәуелсіздіктен кейінгі келесі Ұлы арманымыз–Мәңгілік Ел. Елбасының Ұлы арманы–Қазақ елінің Мәңгі Ел болып жасай беруі. Ол Еліміздің, тіліміздің, діліміздің мәңгілігі, болашаққа жеткізер өнегелі істеріміздің мәңгілігі. Елбасы еңбегі туралы қоғам қайраткері, академик Мырзатай Жолдасбеков өз еңбегінде келесідей ой топшылаған екен. Ол: «Біз осы бір ұлы тарихи үдерісте бұрын-соңды қазақ басынан кешпеген бақытты кешіп, солар атқара алмаған жауапкершілікті–Тәуелсіз мемлекет орнатуды қолға алдық. Осы жауапкершілікті қалың елдің тағдырымен жалғаған, сөйтіп, олардың ылғи үзіле берген үмітін ақтаған халқының нағыз ержүрек перзенті Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Жауапкершілігі де, қиындығы да мол осы жолда Президент халқына сенді», деп жазды. Халқы Елбасына сенген, кемел елдің келешегі қашанда жарқын, өркениет жолы айқын. Кемеңгер жазушы М.О.Әуезов «Елмен елді, адам мен адамды білім ғана теңестіреді» деген еді. Олай болса, біліміміз бен еңбегіміз «Мәңгілік ел» халқы үшін жұмсалып, білім бәсекесінде өзгелермен тереземіз тең бола бергей!


ЕЛБАСЫ НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫНЫҢ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ Жолдасбаева А. Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназиясының география пәнінің І санатты мұғалімі, экология магистрі

Қазақ елі, Мәңгілік ел, Ұлы Дала елі деген қасиетті ұғымдар уақыт екпінімен жылжи отырып сан-қилы тарих пен дүбірлі оқиғаларға толы дәуірлерді бастан кешірген ұлтымыздың өткені мен бүгінгі жағдайынан сыр шертетіндей іспеттес. Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Біз Жалпыұлттық

идеямыз –Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы Жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік Ел –елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. ХХІ ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры!» деген болатын [1].

1-сурет. Мәңгілік Ел идеясының логотипі Қазақстан–2050 стратегиясының жаңа логотипі бірліктің мазмұны. Ол ұлтымыздың ұғымындағы бірлік пен қауымдастың белгісін бейнелейтін әлем аллюзиясының бірігуі мен үндесу идеясын көрсетеді. Нақтырақ айтар болсам, оның негізі болып табылатын шаңырақты Мемлекеттік Елтаңбамыздан көре аламыз. Шаңырақ берік отбасы ұғымын білдіре отырып, одан көрінетін көк аспанның символы ретінде берілген. Бізде ортақ аспан, ортақ Отанымыз және ортақ ұлттық идеямыз бар. Шаңырақ сөзіндегі «шаң»-күн деген ұғымнан бастау алады. Сондықтан да, шаңырақ қазақстандықтарға көпұлтты елдегі бірліктің белгісі ретінде танылады [2]. Зер салып қарасақ қазақ киіз үйінің керегесін де аңғарамыз. Керегенің мақсаты шаңырақты шайқалтпай ұстап тұру десек, біз алып отырған кереге белгісінің Стратегия айналасындағы ұлтымыздың ұйысу идеясы болып табылады.

Сонымен қатар, қиылысқан сызықтардан еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің бірлігі мен өзара сыйластығы мен татулығын байқаймыз. Халқымыздың барлығы шын жүректен «білек сыбана» әрекет қылғанда ғана биік белестерді бағындара алмақпыз. «Ізденген жетер мұратқа» деп дана халқымыз айтқандай, құлшыныспен еңбектену нәтижесінде ғана жоғары дәрежедегі серпіліске негіз бола алатынымызды Елбасымыз халыққа арнаған «Қазақстан жолы–2050:бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында нақты дәлелдемелер арқылы жеткізді. Ортақ мақсат арқылы армандаған мүддемізге қол жеткізсек, болашағымыздың жарқын болатындығын түсіндірді. Осының барлығы дамыған отыз елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік Ел–жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. «Мәңгілік Елдің» басты жеті құндылығы бар.

5


1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы 2. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім 3. Зайырлы қоғам және жоғары руханият 4. Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім 5. Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамы 6. Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы 7. Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы

Сызба 1 - Басты құндылықтар «Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жеңістерімізді еселедік»-деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, жаңа Қазақстандық елжандылықтың түйінді негізі ұлттық құндылықтарымызда жатыр. Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер

қойды. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Осыған орай «Өлкетану» курсында оқушылар бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында «Мәңгілік Ел» идеясындағы ұлт келбетіне талдау жасадым.

Ұлттық идея Ұлттық бірлік Ұлттық сенім Ұлттық құндылық Ұлттық тіл Ұлттық сана Ұлттық таным Ұлттық мүдде Ұлттық қасиет Ұлттық тарих Ұлттық салт-дәстүр Ұлттық болмыс Ұлттық намыс Ұлттық мұрат Сызба 2 – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еңбектеріндегі ұлт келбетінің сипаттамасы Елбасы «Ұлттық идея–еліміздің бүтіндігін, тыныштығын, тәуелсіздігін сақтап, оның экономикасы мен мәдениетін дамыту, ілгері тұрған елдермен теңдес болу» және «ұлтаралық бірлікті сақтаушы атамекеннің иесі–қазақ халқы», -деп қазақ халқына, ұлтымызға үлкен сенім артады [3]. Ұлттық идея - халқымыздың арманы, яғни егемендігімізді, тәуелсіздігімізді сақтап, жарқын болашақта өмір сүру. Қазақ екендігімізді, мол тарихымыз, бай тіліміз, адамгершілікке негізделген әдет ғұрпымыз, салт-санамыз, орасан зор ауыз әдебиетіміз, кең дамыған дүниетанымымыз, биік рухымыз, жайдары6

жайсаң мінезіміз бар, батыл да батыр халық екендігімізді әлемге жеткізу, әлем тарихынан өз орнымызды табу. Елбасы жолдауында өмірдің баға жетпес құндылығы– балаға,бала тәрбиесіне, болашағына көп көңіл бөлініп отыр. Отбасы, әке мен бала, ана мен бала мәселесіне–«Бала тәрбиелеу– болашаққа үлкен инвестиция» деуінің өзінде үлкен мән бар.Мұның барлығы ұлттық құндылықтарды сақтап,дамытуға бағытталған әрекет. Білім-барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі. Ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, білімді, функционалдық


сауаттылығы дамыған адам ғана келешек тізгінін қолына алады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.Елбасымыз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдаулары

2.Қазақстан–2050:Терминологиялық анықтамалық / Бас ред. М.Б.Қасымбеков. Астана, 2014 3.Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті.Ұлттық тәрбие.Республикалық ғылыми-көпшілік журналы. 5 (13) 2012 жыл.

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» БОЛУ! Даулбаев М.О. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Елбасы өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауын тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығы қарсаңында егемендігімізді қорытындылайтын мерейлі сәт екенін айтып, елімізді бірлігімізді сақтауға шақырудан бастады. Ол өз сөзінде:«Біздің мақсатымыз–елі бақытты,жері гүлденген қасиетті Отанымыз Қазақстанды «Мәңгілік Ел» етіп, Әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру», - деді. Жолдауда жаңа жаһандық нақты ахуалдың сын-қатерлері, қазіргі уақытқа дейінгі дағдарыстар, олардан шыққанымыз, бүгінгі Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері, Тәуелсіздік алғаннан бері 1300-ден астам денсаулық сақтау нысаны мен 1700-ден астам білім беру ошағы салынып, ең соңғы үлгідегі құралдармен жабдықталғаны, жаңа жылдан бюджет қызметкерлерінің жалақысы, әлеуметтік жәрдемақылар мен шәкіртақы орташа алғанда 30 пайызға дейін көбейетіндігі айтылды. Дағдарысқа қарсы стратегияда экономикалық өсім,реформа,«100 нақты қадам» ұлт жоспарының жүзеге асырылуы, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, әлеуметтік жауапкершілік, халықтың әлсіз буындарына көмектесу жайы сөз болды. Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес бағыты, міндеттері жүзеге асыру жолдары көрсетілді.Бес бағыт төмендегідей: 1.Қаржы секторын тұрақтандыру. 2.Бюджет саясатын оңтайландыру.

3.Жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру. 4.Жаңа инвестициялық саясаттың негіздері. 5.Жаңа әлеуметтік саясат. Жоғарыдағы бес бағыттың ішіндегі өзіміздің саламызға қатысты бір, екеуіне тоқталып өткенді жөн санаймын. Екінші бағыт бюджет саясатын оңтайландыруда Елбасы Үкіметке Ұлттық қор қаржыларын жаңа жаһандық өмір шындығы жағдайында қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырып, салық саясатының мөлдірлігін арттыру Үкіметтің басты міндеті болуы тиістігін баса айтты. Бесінші Жаңа әлеуметтік саясат бағытында сөйлеген сөзінде Президентіміз «Мен 2017 жылдан бастап жаңа жоба–«Баршаға арналған тегін кәсібитехникалық білім» бағдарламасы басталатынын жариялаймын.Үкіметке оны жасауға кірісуді тапсырамын»,-деп көрсетті. Біз бұл айтылған бағыттардан елбасымыздың бюджеттік сала қызметкерлері мен болашақ ұрпақ қамын ойлағынын көреміз. Сондай-ақ, бұл жолдауда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қазақстанның жас азаматтарына білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болу керектігін, біздің отандастарымыз қазақстандықтарға дағдарыстың өткінші, ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар ғана мәңгі екенін айтып, өз сөзін «Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін!» деп түйіндеді.

7


 Жаңаша оқыту-жаңаша көзқарас 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕГІ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ Кошербаева Ж.С. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ, «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушыcы

Түйіндеме: Кіріктіру-іс әрекетті алмастыру және бір пәннен басқасына білімді жәй келтіру емес, қазіргі ғылыми білімнің тендециясын бейнелейтін жаңа дидактикалық эквивалентті құру процесі. Әрине ол педагогтің шеберлігіне оқу материалдарын өткізуге сабаққа мұқият әзірленуіне байланысты. Аннотация: «Интеграция»-термин, которые часто используются в педагогической науке. Интеграция имеет «внешние» источники. Интеграционные программы имеют своей целью вовлечь учащихся с разными возможностями в уже сложившуюся школьную жизнь и школьную структуру. Цель интеграционных программ«нормализация», или помощь детям в том, чтобы вписаться в уже существующую модель обучения. Большинство школ в своей деятельности придерживаются подхода, в центре которого стоит ребёнок, его нужды и потребности, и этот подход требует, чтобы все учителя были готовы соответствовать потребностям всех детей. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің болашақта дамуына арналған «Қазақстан-2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адам сүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі. Қазақстандық мектептердi жаңарту тұжырымдамасы жалпы бiлiм берудiң басым бағыттарын, яғни оқушы мен оқытушының

8

өзара ынтымақтастығы үлгiсiн оқу процесiнде қалыптастыру мен әртүрлi оқу-iс-әрекетiн қамтитын оқыту әдiстерiнiң үйлесiмдiлiгi негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс екендiгiн анықтап берiп отыр. Бұл басым бағыттардың міндеті мектепте бiлiм берудi дамытуға негiз болады. Осыған орай мектептiң әр сатысында оқыту мен тәрбие берудің мақсаты, бiлiм мазмұнын iрiктеу ұстанымдары,сондай-ақ, оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсiлдерi нақтыланады. Бүгінгі таңда мектептің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі-қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру-барлық педагогикалық ұжымдардың бірігуін талап етеді. Тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдайы. Кіріктірілген сабақтарда әр оқушының дамытушылық, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілеттерінің қалыптасуы тиіс. Осыған орай оқыту технологияларын жаңарту, педагогикалық мамандарының шығармашылық бастамасына қолдау жасау талап етілуде. Жеке тұлға қалыптастыруда жаңаша оқытудың әдістәсілдерін іздестіру пәндік білім аймағында игерілетін білімдерімен анықталады. Осы тұста, ең бірінші «интеграция» түсінігін анықтау маңызды. Интеграция термині жалпы ғылыми термин. Отандық ғылымда 1980 жылдан бастап, бұл терминді белсенді түрде қолдана бастады. Философия, педагогиканың ізімен алға ілгерлей келе, «интеграция» түсінігі «байланыс»,


«қарым-қатынас», «кешенді әдіс», «жүйе», «біртұтастық» ұғымдарымен мағыналас. Интеграция-жалпы мағынада біріктіру, өзара түсінісу-әртүрлі элементтердің немесе бөліктердің бір «тұтас» болып бірігуі. Жеке элементтерге қарағанда, тұтастардың артықшылығы мен мүмкіншіліктері көп. Интеграциялық қызмет педагогикалық процессті қызық әрі мазмұнды етеді. Интеграцияның басты бағыты баланы дамыту дәрежесінде әр түрлі элементтердің «біртұтас» болып бірігуі, бала дамуының әр түрлі бағыттарының категория түсініктерінің бірігуі, педагогикалық үрдісті қызық және мазмұнды етеді. Білім беру саласының интеграциясының дәрежесінде бір білім беру саласының мақсаттары мен тапсырмалары мен екінші білім беру саласының мақсаттары мен тапсырмалары арасында байланыс болады.Интеграциялық тапсырмаларды шешу барысында, бала үлкендердің көмегімен ассоцияциялық байланыстарды «тізбектеп» және қандайда да бір белгіні еншілейді, тек өзі ғана емес, басқа ерекшеліктер жүйесінде және интеграциялық білім беру саласын байланыстырып, талдаудың негізін жасай алады. Бастауыш білім беруде интеграция бағыты оқушылардың сауатын ашуда алатын орны ерекше. Яғни, кіріктірілген сабақтар арқылы бастауыш сынып оқушыларының, оқу-тәрбие үрдісінде:тiл дамытумен өзара байланыста оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру, сөздерді байланыстырып сөйлеуге үйрету, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту, ана тіліне сүйіспеншілікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту сауат ашу пәнінде орын алады. «Сауат ашу» пәнiнде кiрiктiрiлген сабақтарының мiндеттерi: 1.Әлiппеге дейiнгi кезең: *сөздiк қорын байыту, лексикалық тақырыптар бойынша байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; *дыбысталатын тiлдi, сөйлеудi талдау (сөйлем, сөз, буын, дыбыс); дыбыстық талдау (сөздегi дауысты және дауыссыз дыбыстардың саны мен ретi); дыбыстық сызба құру, оны «оқу»; *жазуға даярлау (әр түрлi сызықтар, өрнектер мен таңбалар сыздыру); *жазу жолын сақтай отырып әрiп элементтерiн жазу. 2.Әлiппе кезеңi: -құрамында жаңа таныстырылған әрпi бар сөздермен сөздiк қорын байыту; -жаңа әрiппен таныстыру (әрiптiң баспа түрi және жазба түрi, бас әрiп және кiшi әрiп);

-сөзге дыбыстық-әрiптiк талдау; -сөздiң дыбыстық-әрiптiк сызбасын құру; -буынды, сөздi, сөйлемдi оқу; -байланыстырып сөйлеу тiлiн дамыту; -байланыстырылған мәтiндi оқу; -жазу. 3.Әлiппеден кейiнгi кезең: -оқу; -жазу; -тiл дамыту; -алғашқы грамматика. Сауат ашу пәнінде кiрiктiрiлген сабақтардың құрылысы оқу уақытын барынша үнемдеуге, әрбiр сабақтың мақсатын айқын анықтауға және мазмұнын таңдауға, өзара пәндердің үйлесімділігін, біртұтастығын көрсетуге мүмкiндiк туғызады. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктері бар. Әсіресе, сауат ашу пәнінің әдістемелік ерекшеліктерін білудің маңызы зор. Өйткені бұл кезеңде сауат ашу жұмыстарымен қоса тілдік грамматикалық ұғымдар да қоса меңгертіледі. 6 жасар баланың сауатын ашу, тілін дамыту-олардың физиологиялық-психологиялық ерекшеліктеріне негізделе отырып жүзеге асырылатын, баланың ойын әрекетінен оқу әрекетіне өтуін қамтамасыз ететін үдеріс. Білім мазмұнының көлемі шағын, құрылысы қарапайым болумен қатар, білім беру мен тәрбиелеу баланың жеке тұлға ретінде дамуына бағдарлануы тиіс. Сондай-ақ, оқыту үдерісіндегі түрлі әрекеттер ойынға негізделіп құрылуы қажет. Ойынның іс-әрекет түріндегі сапасы: -сабақ үстінде оқушы мен оқытушының арасында тығыз қарым-қатынас орнайды; -жан-жақты дамыған жеке тұлға; -білімпаз, белсенді оқушы; -бір-бірімен қарым қатынасы тығыз; -проблемалық жағдаяттарды өз бетінше шеше алады; -қоршаған орта жайлы түсініктері кеңейеді; -іс әрекеттерде өздерінің шеберлік, дағдыларын көрсете біледі. Қорыта келе,кіріктірілген сабақ балаларды жалықтырмайды, жұмыстың түрі өзгеру барысында біртұтастықпен тақырыпты жанжақты дамытады. Әрине ол педагогтің шеберлігіне оқу материалдарын өткізуге сабаққа мұқият әзірленуіне байланысты. Кіріктіру-іс әрекетті алмастыру және бір пәннен басқасына білімді жәй келтіру емес, қазіргі ғылыми білімнің тендециясын бейнелейтін жаңа дидактикалық эквивалентті құру процесі болып табылады.

9


Пайдаланған әдебиеттер: 1.Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы 2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы бiлiм беру ұйымдарында ғылым негiздерiн оқыту ерекшелiктерi туралы әдістемелік нұсқау хат Астана 2010ж.

2.Бекбосынов М. Интеграция әдісін сабақта қолданудың тиімділігі 2009 №1. 3.Жайлауова М., Әбуова А. Пәнаралық байланыс. (Бастауыш мектеп 2010)

БАЛАНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛАЙ АРТТЫРАМЫЗ? Хайруллина С.Х. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) ғылыми пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының тренері

Аңдатпа Бұл мақалада орта білім беру сапасын жоғарылату, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін сабақты тиімді бастаудың маңыздылығына тоқталған. Аннотация По мнению автора, эффективность урока возможна лишь в том случае, когда урок начат с позитива. Abstract In this article we want to underlint that to improve quality of mtdium education and to interest pupils we should begun lessons on posinive and effectively. Қайтсем баланы сабаққа қызықтырамын? Сабақты қалай бастаймын? Бұл-кез келген мұғалімді ойландыратын сұрақтар.Жалпы сабақты төрт бөлімге бөлеміз: 1.Сабақты бастау; бұл кезеңде оқушылардың зейінін шоғырландырып, тақырыпқа қызығушылығын оятамыз. 2.Кіріспе;Бұл кезеңде оқушы сабақтың мақсаты, жетістік критерийлерімен танысып, өз бетімен мен нені білемін және нені білуім керек деген сұрақ төңірегінде ойландырып, білім алуға бағыттаймыз. 3.Негізгі бөлім; сабақта орындалатын әр түрлі тапсырмалар, оқушылардың өзін-өзі бағалауы, өзара бағалаулары жүреді.

10

4.Қорытынды бөлім;Оқушылардың кері байланысы, сабақты әр түрлі тәсілдер арқылы қорытындылау.Сабақтың төрт бөлімі де маңызды. Дегенмен, сабақты бастауға аса мән берілу керек. Себебі А.А.Куманевтің «Нағыз сабақ қоңыраудың соғуынан басталмайды, нағыз сабақ бала ойы тұтанғаннан басталады,»-деген сөзіне назар аударсақ, сабақ басталарда-ақ тақырыпты ашатын, оқушыны тақырыпқа жетелейтін күрделі немесе проблемалық сұрақтар беріп немесе жағдаят туғызуға болады. Заман талабына сай төрт жасқа келген бала «қалай?», «неге?» деген сұрақ қойып, барлық нәрсені біліп, түсініп алғысы келіп тұрады.Салғырт жауаптарға қанағаттанбайды,бәрін өз қолымен жасап, үдеріске қатысып, сұрақ қойып, тәжірибе жасап, бақылап, қадағалап, өз ойын айтқысы келіп тұрады. Ал алты жасқа келген баланың өз ойы, танымы бар. Қызығушылығы өте жоғары. Баланың осыншама қызығушылығын, білмекке құмарлығын әрі қарай қалай дамытамыз? Бұрынғы дәстүрлі сабақ кезіндегідей күнделікті сабағымызды «үйге қандай тапсырма берілді?» деп бастайтын болсақ, оқушылардың білім алуға ынтасын төмендетеміз. Сондықтан сабақты бастағанда,оқушылардың қызығушылығын туғызып, тиімді оқуға ынталандырсақ, оқушы сабақтың барлық аспектілеріне белсенді қатысатын болады. Ол үшін сабақтың стартерін немесе сабаққа дайындық жаттығуын тақырыпқа сай дұрыс таңдай білу керек деп ойлаймыз. Сабаққа дайындық жаттығуы төрт мақсатты көздейді: біріншісі - бірін-бірі жете тану; екіншісі


– ынтымақтастық атмосферасын құру; үшіншісі – сергіту; төртіншісі – сабаққа дайындық. Сабақтың стартері ретінде бейнеклиптер, фотосуреттер, фильмдерден үзінділер, заттар, мультфильмдер, музыка, сұрақтар, ойындар, жұмбақтарды таңдауға болады. Сабақтың стартерін тақырыпқа сай таңдай алсақ, біріншіден, оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын еске түсіреді, екіншіден, оқушының сабаққа ынтасын арттырады, тақырыпты оңай түсінуге көмектеседі және оқушының сабаққа қызығушылығын арттырады. Сабаққа дайындық жаттығуы кезінен бастап сіз оқушыға мәселе туындатасыз, біз неге осы бейнеклипті көріп отырмыз? немесе «мұғалім бізге мына заттарды не үшін алып келді?» – деп оқушы сыни ойлана бастайды.Сыни ойландырып, байланыстарды дамытып, сұрақ беріп, мәселені өрбіте отырып, сабақтың тақырыбын да оқушылардың өздеріне шығартуға болады. Кей сабақтарда сабақ тақырыбына байланысты Power Pointпен таныстырылым да көрсетіледі немесе сабақ тақырыбына орай суреттерді, әр түрлі заттарды, дәйексөздерді көрсетіп, бұл заттар, суреттер неге көрсетілді, оның бүгінгі тақырыппен қандай байланысы бар? –десек, бала ойланады. Бұлардың бәрі тақырыпты толық ашу үшін оқушылармен талқылауға, сөйтіп, тақырыпқа түсуге көмектеседі. Оқушының қызығушылығы туындап, бір нәрсені үйренуге қызығады, сабақтың барлық аспектілеріне белсенді қатысуға жол ашылады. Сабақтың басында–ақ сыныптастармен диалогқа түсіп, достық қарым-қатынас туындап, сабақ ынтымақтастық ахуалмен басталады. Сабақтың стартерін бөлек бір бөлім деп қарастыруға болмайды, ол 45 минуттың ішіндегі сабақтың кіріспесі болып басқа бөлімдермен астасып жатады. Егер сабаққа дайындық жаттығуын дұрыс таңдай алсақ, оқушы ынталанады, енді не ақпарат берер екен деп, сабаққа қызығушылығы туындайды. Мен тренер ретінде «Қалай оқу керектігін үйрену сипаттамасы. Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренудегі қабілеттерін дамыту жөніндегі мұғалімнің әрекеттері» тақырыбында өтілген кезекті сабағымды деректі фильмнен үзінді көрсетуден бастадым. Мақсатым: сабаққа дайындық. Ол фильмнен үзінді де ата-ана өзінің кішкентай 1,5-2 жастағы баласын суға жүзуге үйретіп жатыр. Кішкентай бала өз бетімен жағаға малтып шығу үшін атаанасы екі жағында тұрып, бірнеше рет суға секіртіп үйретеді. Осы баланың суға жүзуге үйренгені сияқты тыңдаушылар да кез келген дағдыны балаға да, үлкенге де үйрету керек екенін түсінді.Оқу да суға жүзу,атқа шабу,

машина жүргізу, кесте тігу сияқты белгілі бір дағды. Біздер, мұғалімдер оқушыларға алдымен қалай оқу керек екенін үйретуіміз керек екен. Тыңдаушыларым фильмге қызыға қарап, әрқайсысы өзінше ой түйіп отырды. Байқаймын, тыңдаушыларым суға қалай жүзу керектігін үйреткен ата-ана сияқты балаға да алдымен қалай оқу керектігін үйрету керек екен ғой деген тұжырымға да келген сияқты.Осы кезде: сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын кім айтады?деп сұрақ қойдым. Сабақтың тақырыбын да мұғалімдер өздері айта алды. «Қалай оқу керектігін үйрену сипаттамасы. Оқушылардың қалай оқу керектігін үйренудегі қабілеттерін дамыту жөніндегі мұғалімнің әрекеттері.» Енді мұғалімдерде қызығушылық пайда болды. Әрі қарай да көп ақпарат алғысы келіп отырғанын байқадым. Осы кезде мұғалімдерге тапсырмалар беріп, үдеріске өздерін қатыстырып, интерактивті оқу ортасын құрып, белсенді оқуға қатысуға жағдай жасадым. Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес екенін, сондықтан оқушылардың арнайы ісәрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль атқаратынын және ол үшін оқыту білімді тыңдаушылардың өздігінен оқыпүйренуге бағытталуы керек екенін де түсінді. Сондықтан сабағымның мақсатын да:Балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде қалай дамитынын зерттеу-деп алдым. Мұғалімдер қалай оқу керектігін үйрену модулін тереңірек зерделеп түсінуі үшін мынадай тапсырма беруді жөн көрдім, себебі біз білім беру жүйесінде нені оқытамыз?-деген сұраққа ойландық, ал қалай оқытамыз? – деген сұраққа жауап бермеген екенбіз, сондықтан осы сауалға мұғалімдердің өздерінің көздерін жеткізіп, өздері тұжырым жасағанды мақсат еттім. Ол үшін барлығына бір-бір парақтан ақ қағаз таратып, ең алдымен кішкене шеңбер сызып, өзіңнің атыңды жаз деп тапсырма бердім, барлығы қызыға енді не болар екен дегендей жылдамдап кішкене шеңбер сызып, атын жазды, енді кішкене шеңбердің сыртынан тағы бір шеңбер сызып, Сіз не істей аласыз?–деп жаз дедім.Барлығы өздерінің не істей алатындарын біраз ойланып, қағаз бетіне түсірді.Байқап отырмын: тыңдаушылардың қызығушылығы артып келеді. Тағы бір шеңбер сызып, ішіне: Сіз ол дағдыны кімнен үйрендіңіз?–деп сұрақ қойыңдар да, жауап жазыңдар, - дедім. Тағы бір шеңбер сызып, 11


Сіз ол дағдыны қайдан үйрендіңіз?–деген сұраққа жауап жазыңыз,-дедім. Бұл сұраққа да жауап жазды. Ең соңғы сұраққа жауап жазу үшін енді ең үлкен шеңбер сызамыз да, оның ішіне Ол дағдыны қалай үйрендің?– деген сұраққа жауап жазамыз,-дедім.Тыңдаушылар бұл тапсырмаға аса қызығушылықпен,өздерінің не істей алатындарын,оны қалай,қайдан және кім үйреткенін жарыса жазып шықты. Енді осы жазғандарыңды топта талқылаңдар,-деп тапсырма бердім. Тыңдаушылар өздерінің қолынан келетін дағдыларын, оны қалай үйренгендерін, не үшін үйренгендерін мақтана айтып жатты. Біреуі кесте тігуге қызығушылық пайда болып кесте тоқуды үйренгенін, біреуі көлік жүргізуді үйренгенін, әрине, бірден бәрі жақсы болмағанын бақылап, көріп, қателесіп, қайталап, сондай үдерістен кейін барып үйренгенін бір-біріне әңгімелеп жатты. «Неліктен сендер осы дағдыны үйренгілерің келді?»– деген сұрағыма тыңдаушыларым бірден қызығушылық туды немесе қатты қызықтық,-деп жауап берді. Олай болса оқушылардың да оқуға қызығушылығын ояту керек екен. Ал, сабаққа оқушының қызығушылығын арттырып, ынтасын оятатын алдымен сабақтың стартері дер едім. Кез келген дағдыны үйренуге болады, бірақ ол үшін еңбектену аз, алдымен қызығу керек, ал баланың қызығушылығын оятатын да, қалай оқу керек екенін үйрететін де мұғалім екенін өздері айтты. Осындай сабақтың тақырыбын, мазмұнын ашуға көмектесетін жаттығулардан кейін сыныпта немесе аудиторияда біріншіден, ынтымақтастық қолайлы ахуал орнайды, себебі оқушылар бірбірімен қарым-қатынасқа түседі, екіншіден белсенді оқу жүреді, себебі оқушы ойланады, озіне, бір-біріне сұрақ қояды, бір-бірімен диалогқа түседі, үшіншіден сабақтың тақырыбын, мазмұнын ашуға негіз болады. Тренер тиімді оқытудың бір түрі – модельдеу арқылы үлгі сабақтар көрсеткеннен кейін мұғалімдер де «Мектептегі тәжірибе» кезінде сабақты табысты бастау үшін дайындық жаттығуына үлкен мән беріп, өз сабақтарын оқушыларды ынталандырудан бастады. Тәжірибелі мұғалімдер сабақты басынан бастап оқушылардың пәнді өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай етіп бере алады. Деңгейлік курстан өткен М.Қ. атты қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі «Сөйлем мүшелері» тақырыбын өткенде сабақты төмендегідей бастаған. «Өтілген материалдарды еске түсіру және сыныпта ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру үшін сөйлемнің айтылу мақсатына байланысты бөліну түрлеріне қарай топтастыруды ұйғардым. Парақшаларға өткен тақырыптарды қайталау 12

үшін сөйлемдер жазып, кімге қандай сөйлем түссе, сол сөйлемнің аты тұрған топқа барып отыратындай етіп топты құрылымдадым. Оқушылар осылайша «Хабарлы сөйлемдер», «Сұраулы сөйлемдер»,«Лепті сөйлемдер», «Бұйрақты сөйлемдер» топтары болып төрт топқа бөлініп орындарына отырды. Оқушылар топқа бөлініп отыруда өздеріне түскен сөйлемнің қай топқа жататындығын тез тауып орналасты. Бұдан олардың бұл тақырыпты жақсы меңгергендері байқалды.Қосымша өтілген материалдарды пысықтау мақсатында: Сөйлемдердің бұлай төрт торпқа бөлінуі не себепті? және Бұл сөйлемдердің мағынасы қандай? Қандай тыныс белгі қойылады? деген сұрақтар қойылды. Бұл сұраққа да жеке оқушылар толық жүйелі түрде жауап берді. Ойнай жүріп ойлана жауап беру оқушыны үстірт білім алуға емес, терең білім алуға ынталандырады. Жана сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелері. Әр топқа Блумның «Білу» сатысы негізінде оқушылардың жаңа сабақ тақырыбы бойынша бұрыннан білетін білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтар бердім. Ол үшін тақтаға жылқының суретін құрастырамыз деп, артына сұрақ жазылған пазлдарды (жылқы малының мүшелері) бердім. 1-топқа «Сөйлем мүшелері дегеніміз не?», 2-топқа«Сөйлем мүшелері нешеге жіктеледі?», 3-топқа «Тұрлаулы мүше деген не?», 4-топқа«Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?» деген сұрақтар арқылы бастауыш сыныпта өткен білімдерін еске түсіруді мақсат еттім. Олар бұл сұраққа көп кідірмей топта өзара ынтамақтастықта ақылдаса отырып, ұзақ мерзімді жадыларындағы ақпаратты еске түсіріп, тез жауап қайырды. Әр топ осы сұрақтарға жауап бере отырып, жылқы малының суретін тақтаға құрастырып шықты. Оқушылар сыни ойлай отырып, суретте «біз жылқы малының мүшелерін құрастыру арқылы бір тұтас жылқы малын құрап шықтық. Сонда «оның тұтас бір жануар болуы әр мүшелерінің орын орнымен құралуында. Енді осыдан не себепті сөйлем құраушы сөздерді сөйлем мүшесі деп неге айтамыз? Сөйлем мүшелерінің сөйлем құрауда маңызы қандай деп ойлайсыңдар?»деген сұрақтар қойдым. Бұл сұрақтарға оқушылар бірінші жұптасып, сосын топпен ақылдасып жауап берді. Әсіресе «Хабарлы сөйлем» тобындағы Алфияның жауабы маған қатты ұнады. Ол «Біз жылқы мүшелерін орын орнына қою арқылы бір тұтас жылқы малын құрап шығардық. Осы жылқыны бір тұтас етіп тұрған оның мүшелері. Сол сияқты сөйлем мүшелерінің де орын орнымен орналасуы


оның бір тұтас жүйелі сөйлем боп құралуына себеп болады. Сөйлемді сөйлем етіп тұрған оның ішіндегі сөздер. Бұл сөздер өзара мағыналық қарым-қатынасқа түсіп сөйлем құрайды. Сондықтан бұлардың сөйлемнің мүшелері деп аталу себебі осында және әр сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметі әр қалай. Біреуі сөйлемдегі ойдың иесі болса, біреуі сол сөйлем иесінің ісәрекетін білдіреді. Енді біреуі сол іс-қимылды пысықтап тұрады, осы сияқты әр сөйлем мүшесінің атқаратын өз қызметтері бар». Оқушының жауаптарынан мұғалімнің өзінің сабақ беруіне емес,оқушылардың оқу ептілігін дамытуға баса назар аударғанын байқауға болады. Бұл жерде мұғалімнің сабаққа кіріспес бұрын оқушыларды белсенді оқу арқылы ойландыра алғаны, тақырыпты ашу үшін өздерінің болжамдарын, сұрақтарын тұжырымдап, жаңа тақырыпты түсінуге жол ашқанын бақыладық. 3-сыныптың Табиғаттану пәні мұғалімі Г.К. сабағын ерекше көрініспен бастаған. «Сабағым жаңа тарау болғандықтан оқушылардың бастапқы біліміне сүйене отырып, не білетінін анықтау үшін « Миға шабуыл» әдісі арқылы Құм, саз, әктас,гранит,мәрмәрді стол үстіне әкеліп қойдым. Оқушыларым аң-таң. Қолмен ұстап көріп жатыр. «Көзбен көру айғақтарының» баланың санасына тез әсер ететінін білеміз. Оқушылар, бұлар нелер? Пайдалы қазбаларға жата ма? Қайдан көрдіңдер? Қандай пайдасы бар? Қайда қолданылады? Бұларды бір сөзбен қалай атауға болады? Күнделікті өмірде қайсысы көбірек пайдаланылады деп ойлайсыңдар? деген сұрақтармен бастадым. Бейбіт деген оқушым құм түсі қоңыр, құрылыста пайдаланады. Ерасыл гранит қатты, жылтыр жер қойнауынан алынатын тау жыныстары деп жауап берді. Оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді, олай болса оқушының сабақтың басынан бастап өзіндік ойын жеткізе алуы, өз пайымын жасай білуі, қызығушылығының оянуы аса маңызды. Зерттеушілердің пайымдауынша, бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып табылатынын көрсетеді деп айтқанына көзімді жеткізе алдым және оқушыларды сабаққа қызықтыра алсақ қана олардың сабаққа ынталанып, бар зердесімен өздері үдеріске қатысатынына көз жеткіздім.»

4-сыныпта «Наурыз көже» тақырыбын өткенде бастауыш сынып мұғалімі Қ.Б. сабақты ерекше тәсілмен бастаған. Ол сыныпта наурыз көжені ауылдағы үлкен апайды қонаққа шақырып, Наурыз көженің құрамы жөнінде, оқушыларға наурыз көжені қалай дайындайтынын, оның қазақ халқы үшін мән-маңызын айтып берді. Апай Наурыз көженің құрамын алып келіп көрсетіп те шықты. Бұл сабақта оқушылар ерекше белсенді болғанын,сұрақ қойып, халқымыздың салтдәстүрі туралы білгісі келіп,құлшыныс танытқаны мені таң қалдырды.Содан кейін оқулықпен жұмыс жасағанда,балалардың барлығы дерлік тапсырмаларды ыждағатпен орындағанына көз жеткізе алдым.Балалар сабақтың тақырыбын да өздері айта алды. Сабақтың дұрыс басталуы оқушылардың нәтижеге жетуіне ықпал ететінін аңғардым». Оқытудың сындарлы теориясы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білімбіліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 4-бет) деген тұжырымды басшылыққа ала отырып, мен сабақ басталарда оқушы сұрақ қойып, пікірталасқа түсіп, диалог құрып, бірлесе ойлап, өз пікір-көзқарастарын қалыптастыруға, жаңа ұғым-түсініктерін одан әрі өрістетуге мүмкіндік жасадым. Оқушы сабақ басталарда –ақ бүгінгі сабақ не туралы, тақырып туралы өзінің аз да болса білімі бар ма, тағы нені білуім керек?–деген сұрақтарға жауап іздей бастайды.

Оқушыны тиімді оқыту үшін және сабаққа ынтасын арттыру үшін сабақтың сәтті басталуына зор мән берілу керек. Сәтті, ынтымақтастықпен, қызығушылықпен басталған сабақ кана мақсатына жетіп, оқушы нәтижелі білім ала алады. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық,(Төртінші басылым) 2.Мұғалімнің кәсіби дамуы:дәстүрлері мен өзгерістері (баяндамалар жинағы).

13


БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ Сарсенова Н.Қ. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымы пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, ҚР орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша тренер

Қазақстандық білім беру жүйесі жаңа заман талабына сай жаңаруда. Технологиялар, коммуникациялар мен ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік экономикаға және жиырма бірінші ғасырда табысты болу үшін әрбір азаматқа қажетті білім мен дағдыға терең әсерін тигізуде. Экономикалық өсу және халықтың әлауқатын арттыру жолында білімнің маңызы зор екенін әлем жұртшылығы мойындап отырған кезеңде барлық оқушылар өздері өмір сүретін әлемде жұмыс істеуге дайын болуы қажеттілігі арта түсуде. Оқушылар күн сайын БАҚ және түрлі технологиялар арқылы орасан көп ақпараттармен танысатындықтан, тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу мүмкіндіктері оларды күн санап дамып келе жатқан жаһандану жағдайындағы қоғамда қарым-қатынас жасауға дайындайды. Бүгінгі күні ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін дамытудың жаңаша жолдарын талап етеді.Қазақ тілін жетік меңгеру арқылы оқушылар барлық ғылым салаларынан білімді игеруге мүмкіндік алады, білімдерін әлемдік мәдениетпен ұштастыра алады. Қазақ тілін оқытуда отандық және халықаралық озық үлгілерді тиімді пайдалану, оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыру–бүгінгі күннің басты талабы. Қазақ тілі сабақтарында еркін қарым- қатынас жасауға, сыни тұрғыдан өз көзқарасын білдіруге, өз ойын жеткізіп, шешім қабылдауға дағдыландырса, оқушы кез келген ақпараттарды тиімді қолдана отырып, өзіне қажетті мәліметті ала алады. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы білім беру бағдарламасының мақсаты - оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту арқылы ана тілін қадірлейтін, оның қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тілдік нормаларды сақтап, дұрыс қолдана білуге және сауатты жазуға үйрету. Қазақ тілі пәні оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-

14

қатынасқа түсу қабілетін дамытады және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын кеңейтеді. Оқушылар тілдесім мен аудиовизуалды материалды таңдау барысында өз көзқарастарын білдіруді үйренеді, әдеби және көркем емес (нұсқаулық, жарнама) мәтіндер бойынша мақсатқа сай түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, қорытынды жасау және бағалау дағдыларын меңгереді. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Жаңартылған оқу бағдарламасының маңызды қағидаты оқу бағдарламасының спиральдік қағидаты болып табылады. Мұндағы негізі басымдықтар оқушылар сыныптан сыныпқа өту кезінде 4 тілдік дағды бойынша меңгерген білімдері мен дағдыларын бекітіп, қайталанып тексеріліп отырылады, яғни сынып жоғарылаған сайын әр дағды элементтері бойынша оқу мақсаттары күрделеніп отырады. Айтылым және тыңдалым бағыты оқушылардың тыңдалатын материалдағы ақпаратты түсіну және жауап алу мүмкіндігін, негізгі идеяны анықтау, күрделі талдау және астыртын ойды аша білу, сондай-ақ өздерінің естігендерін бағалай білуге қабілеттілікті қамтамасыз етеді. Дыбыстық ақпаратты түсініп, меңгеріп, бағамдау үшін тыңдалымның тиімді стратегиялары қажет. Тыңдалым дағдысын дамытуға арналған сабақты өткізудің негізгі мақсаттарының бірі-оқушыларды тиімді тыңдауға үйрету, яғни ақпаратты түсіну үшін онымен не істеу керек екенін үйрету болып табылады. Бұл әдіс оқушыларға тиімді стратегияларды қалай


анықтау керектігіне үйрететін тәсілге негізделген стратегияны қалыптастырады. Оқушылардың тыңдалым дағдысын жетілдіру сабақ процесінде тиімді тыңдалымды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Аудиовизуалды көрсетілімді қарау кезінде алдымен болжау стратегиясы арқылы тақырыпты ашқызып, бейнежазбаны көрер алдында тапсырмалар беріп қойған дұрыс. Тыңдалым тапсырмалары оқушылардың жас ерекшелігіне қарай дайындалады. Тапсырма түрі анықталып,тыңдау кезінде оқушылардың басында болжау,салыстыру,елестету процесі жүріп жатады. Оқушының түсінгенін қалай байқаймыз? Сурет салады, сұрақ қояды, статистикалық деректерді табады, қимылмен көрсетеді. Айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға арналған тапсырма үлгілері төмендегі іс-әрекеттерге негізделуі тиіс: -Мәтіндегі ақпаратты тыңдау, түсіну және жеткізу; -Өз ойын жеткізу, өз көзқарасын өзгелердің көзқарасымен байланыстыру, әртүрлі контексте ауызша берілген мәтінді тыңдау және түсіну; -Сөздердің балама мағынасын табу, олардың мағынасын ажырата білу және сөйлемде қолдана білу; -Өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып, оқылған материал мен оның тілдік қолданысын ажырата білу. Оқылым бағыты оқушылардың мәтіннің мазмұны мен лексикасын ұғынуға, мәтіннің өзіндік ерекшеліктерін анықтауға, әртүрлі оқылым стратегияларын қолдануға, сондай-ақ әр түрлі мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, салыстыруына мүмкіндік береді. Бұл дағдыны бірнеше стратегиялар арқылы жетілдіруге болады:болжау, түртіп алу, көз жүгірту, есте сақтау, жалпы идесын анықтау, нақты ақпарат іздеу. Оқылым дағдыларын дамытуға арналған тапсырма үлгілері төмендегі іс-әрекеттерге негізделуі тиіс: -оқулық,газет-журнал,ғаламтор, постер (жарнама, белгілер), медиақұралдардан алынған мәтін ішіндегі таныс және таныс емес ақпаратты оқиды және түсінеді; -мәтіндегі,көркем шығармадағы берілген сөздердің мағынасын ашып, көркемдегіш құралдарды ажыратады. -Оқу барысында тілдік құрылым мен грамматиканың байланысын түсінеді. Мысалы, оқылым дағдысы бойынша 5 сынып оқушысы жыл соңында не істей алады?

1.Автордың кейіпкерлер арқылы білдірген ойын анықтайды және соған байланысты қорытынды жасайды 2.Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, ой қорытындысын шығарады 3.Мәтіндегі образ жасау және сипаттау үшін пайдаланылған көркем-бейнелі сөздердің мағынасын табады және сөздік арқылы түсіндіреді 4.Мәтіндегі негізгі ойдың шынайы өмірге қатыстылығын бағалайды 5.Әңгімелеу, суреттеу, пайымдау мәтіндерін салыстыра алады,әр түрлі материалдардан табуды біледі 6.Ауқымды әдеби көркем шығармаларды өз бетімен түсініп оқиды және мазмұнын қысқаша хабарлама түрінде жеткізе алады 7. Белгілі бір тақырыпқа байланысты қажетті ақпаратты әртүрлі дерекөздерден (интернет, газет-журналдар, телебағдарламалар, анықтамалықтар, т.б) тауып, жинақтап алады 8.Мәтіннің негізгі бөлімі мен бөліктерін ажыратады. Жазылым бағыты оқушылардың өздерінің жазуын жоспарлай білуіне, әртүрлі стильдер мен жанрларда жаза білуіне, мәтіндерді салыстыруға, грамматика мен пунктуацияны дұрыс қолдана білуіне, сондай-ақ мәтінді өзгерту және түзете білу дағдыларын үйренуіне мүмкіндік береді. Жазылым мақсаттарына жету оқушыдан да, мұғалімнен де көп жауапкершілік пен табандылықты қажет етеді. Оқушылар жазуды бастамас бұрын алдымен жоспарлау керек. Жоспарлау үдерісі: -аудиторияны анықтау; -мақсатты анықтау; -оқырмандар білгісі келетін ақпаратты анықтау; -ақпаратты кеңейту; -сөз көлемін белгілеу. Осылайша жоспарлау логикалық жүйелілікпен жазуға және мақсатты мазмұндауға дағдыландырады. Жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері төмендегі іс-әрекеттерге негізделуі тиіс: - ережені қолдана отырып дұрыс жазады; - таңдаған тақырыбы бойынша жанрлары мен стильдерін түрлендіре отырып,өзіндік көзқараспен эссе жазады; -белгілі бір стиль түрін қолдана отырып, қоғамдық-әлеуметтік және әдеби-мәдени тақырыптарға қатысты ресми, бейресми стильдерде жазады; 15


-жазуда көркемдегіш құралдарды пайдаланады. Жаңа бағдарлама бойынша жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі ұлттық мәнмәтіндермен жұмыстар жүргізіледі. Оқу бағдарламаларының, бағалаудың, оқулықтардың және педагогиканың ұлттық стандарттарымен байланысты өзекті білім беру құндылықтары мен мақсаттары мектеп оқушыларының жалпы жетістіктерін арттыруды, сондай-ақ инновациялар мен озық тәжірибелерге қол жеткізу үшін, ұлттық сәйкестікті мектеп бағдарламасы арқылы растау мен іске асыру үшін және барынша ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесу үшін қажетті дағдыларды дамытуды қамтиды. Қазіргі болып жатқан саяси–экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр. Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Сондықтан да білім беру жүйесінің алдына қойылып отырған басты міндеттердің біріжастарға дүниежүзілік деңгейге сәйкес келетін сапалы білім беру. Мектептер оқушыларды түрлі мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды, перспективалар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып, әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде, адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын

16

әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындалуы керек. Жиырма бірінші ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуіне, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын ұғынатын өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға, көмектесуі керек. Қорыта айтқанда, ұстаздар қауымына қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті жүктелген. Бүгінгі білім беру жүйесіне енгізіліп жатырған жаңалықтар мен инновациялық технологиялардың қай түрін алсақ та, олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана нәтижеге ие бола алады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығының Әдістемелік кеңесі ұсынған Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. 2015 ж. www.cpm.kz

2.Педагогикалық шеберлік орталығы NIS.


 Педагогтік ізденіс  УДК 378.12: 45 СМЕНА ПАРАДИГМЫ: ОТ РАВЕНСТВА ДОСТУПА К РАВЕНСТВУ ВОЗМОЖНОСТЕЙ В ОБРАЗОВАНИИ Тойганбекова Ш.М. к.п.н., доцент,

Бектурганова К.К., ст.преподаватель Кафедра "Инновационных технологий и методики преподавания естественно-научных (гуманитарных) дисциплин" АО «НЦПК «Өрлеу» ИПКПР по Жамбылской обласи

Обучение в течение всей жизни охватывает все виды учебной деятельности, в стремлении к совершенствованию личных, гражданских, общественных или социальных навыков или в силу потребностей трудоустройства. Оно происходит в самых различных средах, внутри и вне официальной системы образования и обучения. Упор на обучении в течение жизни означает большее инвестирование в людей и знания; поддержка, приобретению ключевых компетенций, включая компьютерную грамотность; и расширение возможностей для применения новаторских, более гибких форм обучения. Цель состоит в том, чтобы наделять людей всех возрастов во всей Европе равным и открытым доступом к возможностям обучения высокого качества и разнообразным видам учебного процесса по всей Европе. Для государств-членов ЕС содействие обучению в течение всей жизни представляет собой путь продвижения к так называемой «Лиссабонской цели», а именно, превращению ЕС в наиболее конкурентоспособную и динамичную экономику в мире, основанную на знаниях, способную к устойчивому экономическому росту. Оно также приводит к созданию большего числа качественных рабочих мест и повышению социальной сплоченности. Системам образования предстоит сыграть ключевую роль в превращении этого идеала в реальность.Так,в Сообщении Европейской Комиссии по обучению в течение всей жизни, подчеркивается необходимость преобразования государствами-членами официальных систем образования и обучения с целью разрушения барьеров между различными формами обучения.

Ключевым приоритетом для Комиссии отныне является Европейская система квалификаций (EQF). ЕФО сосредотачивает свои усилия на деятельности, строящейся вокруг обучения в течение жизни как более широкой концепции, охватывающей реформы в области профессионального образования и обучения [1, с.32]. Мировая тенденция развития современной цивилизации показывает, что эффективное образование стало ключевым фактором стабильности и развития общества. Качество человеческого капитала, главной формирующей силой которого является система образования, выступает главным стратегическим ресурсом общественного развития. Уровень информированности, интеллектуального и духовного развития общества является совокупным результатом активности и возможности реализации права на образование каждым индивидом. Поэтому обеспечение равенства образовательных возможностей граждан определяет не только эффективность системы образования, но и успешность общества. Современная стратегия образования должна быть ориентирована на развитие и обогащение духовных возможностей человека, формирование духовно богатой личности, творца культуры. Следовательно, главная миссия педагога в этом контексте–быть побудителем самопознания и саморазвития учащегося, чтобы каждый воспитанник имел возможность творить себя, раскрывая и реализовывая свой потенциал в интересах служения обществу. В этих условиях становится особо актуальным вопрос перехода от парадигмы равного доступа каждого к

17


образованию к парадигме обеспечения равенства образовательных возможностей каждому в зависимости от его индивидуальных способностей и дарований [2, с.15]. В мире нет ни одного общества, которое смогло преодолеть неравенство. Опыт тысячелетий говорит как о том, что нет абсолютного решения этой проблемы, так и о том, что на каждой ступени развития цивилизации человек будет снова и снова ставить вопрос о равенстве и будет искать пути и средства его решения. Преодоление неравенства, достижение или хотя бы приближение к равенству остается не только заветной мечтой человечества, но и необходимым условием стабильности общества, поступательного его развития. Равенство является основной составляющей понятия социальной справедливости. В социалистическом обществе, в условиях командно-административной системы, стремление к социальной справедливости привело к "уравниловке", духовному застою, безынициативности. Рыночные отношения, свободная конкуренция делают не только возможным, но и необходимым такой тип равенства как равенство возможностей. Общество в своем развитии находится сейчас на таком этапе, когда эффективность социальных структур, институтов возможна только при переносе основного акцента на его авторов т.е. людей, активизацию и реализацию их возможностей (уровня их образованности, профессионализма, жизненного опыта и т.д.) Необходимо различать понятия "равенство доступа образования" и "равенство образовательных возможностей". Равенство доступа образования есть доступность образования для всех социальных слоев общества. Понятие "равенство доступа образования" бесспорно, имело значительное теоретическое и прикладное значение в процессе перехода общества к индустриальному периоду своего развития, в период массовизации образования. Равенство доступа образования выполняло задачу, сначала распространения грамотности, элементарных знаний, а затем - на их основании, подготовку массового рабочего и большого количества специалистов для заводов и фабрик. Это был социальный заказ общества к институту образования, равенство доступа было механизмом достижения его массового характера.Постиндустриальное развитие общества, модернизируя всю социальную систему, идет путем смены ролей, содержания

18

деятельности, целей и задач социальных институтов, и, главное, изменяется место и роль основного субъекта социальной системычеловека. Трудно переоценить значимость социального института образования и степень его влияния на темпы и характер социальноэкономических преобразований в современном обществе. Парадигма социальных преобразований определила смену парадигмы образования. Цели казахстанского общества такие как общественное согласие, построение гражданского общества, предполагает ориентирование всей социальной системы на личность, ее "жизненный мир", ее индивидуальность, реализацию ее возможностей, «Личностно-центрированная" парадигма образования все настойчивей приходит на смену «знаниецентрированной». Главными направлениями образования стали: индивидуализация, дифференциация, вариативность, многоступенчатость и непрерывность. Новая цель образования с необходимостью ведет к изменению содержания основополагающих принципов, в том числе и принципа равенства доступа. Равенство образовательных возможностей есть принцип новой системы образования, целью которой является развитие и реализация личностного потенциала субъектов образовательного процесса. Равенство образовательных возможностей есть обязательный фактор стабильности и успешности информационного общества, нейтральный компонент равновесия в обществе как социальной системе. Суть идеи равенства возможностей заключается в том, что все позиции в обществе должны быть открыты и заниматься посредством участия в конкуренции независимо от социально-классового происхождения, от расы, национальности, гендера, возраста и места проживания на основе образовательных достижений и личного таланта. Данная форма равенства требует создания во всех сферах общества гибкой системы, основанных на законе, достаточно легитимных, строгих критериев отбора для занятия людьми определенных статусов. Одним из главных направлений реализации равенства возможностей является решение проблемы социальной депривации посредством роста социальной защищенности населения. Государство выступает гарантом обеспечения членов казахстанского общества жизненно важными благами. Кроме того, по мере роста экономического потенциала увеличивает


субсидии в социальную сферу, тем самым, создает условия выравнивания доступа к первичным социальным благам, на основе которых человек обретает определенные возможности, реализовывает и наращивает их. Равенство образовательных возможностей есть создание условий для осуществления права на образование, реализацию и развитие интеллектуального потенциала индивида независимо от физических, материальных, географических, производственных и других жизненных условий, в соответствии с активностью образовательной позиции личности, степенью его образовательной мотивации. Равенство доступа образования есть лишь базовая ступень равенства образовательных возможностей. Для системы образования, целью которой является формирование творческой личности, способной к самостоятельному поиску, переработки и усвоению нового знания, самообразованию и самореализации - принцип «равенства доступа образования» считаем недостаточным в силу следующих причин. Вопервых, равенство доступа образования есть лишь принцип входа субъекта в систему образования и практически не распространяет своего влияния на структуру и содержание образовательного процесса; принцип равенства образовательных возможностей охватывает взаимоотношения индивида с системой образования и при входе в нее, а также взаимоотношения индивида с внутренними компонентами, составляющими содержание образовательного процесса. В рамках традиционной системы образования осуществляется принцип равенства доступа образования как доступа к знаниям (это и есть конечная цель данной системы) в рамках формализованного (линейного) образования (строгой последовательности изучаемых дисциплин и сроков обучения, например). В инновационном образовании формализованность отходит на второй план, минимизируется до базовых государственных стандартов, на первый план выступает содержание образовательного процесса. Таким образом, сокращается дистанция между обучающимся и образовательным компонентом (учебными и наглядными пособиями, лекционным и методическим материалом и т.д. в электронном или мультимедийном виде). Во-вторых, система образования, основанная на равенстве доступа образования, ориентирована, в первую очередь, на среднего учащегося (студента). Система образования, осуществляющая равенство

возможностей ориентирована, прежде всего, на индивидуальность личности, на ее потребности и возможности, ее потенциал. Равенство доступа образования является механизмом массовизации образования. Равенство образовательных возможностей есть принцип системы образования, развивающий и реализующий индивидуальность, личностный потенциал учащихся (студентов). В-третьих, традиционная система образования относится к индивиду как к объекту передачи готовых знаний, допуск к которой обеспечивается социальной ориентацией общества. В инновационной системе образования учащиеся выступают субъектами своего образования, которым необходимо предоставить равные возможности выстраивать индивидуальную образовательную траекторию, ставить образовательные цели, отбирать содержание формы обучения, то есть участвовать в проектировании собственного образования. Вчетвертых, с равенством доступа образования, ориентированным на среднего учащегося, не сочетается элитное образование (гимназии, лицеи, национальные, республиканские школы и т.д.), ориентированное на реализацию неординарных способностей. В-пятых с равенством доступа образования не сочетается индивидуализация, дифференциация, вариативность, составляющие главные ориентиры инновационного образования. В период формирования нового казахстанского общества (по инерции) существовал стереотип выверенной поэтапности жизни своих граждан: школа, вуз (училище). Всем необходимо было иметь аттестат об окончании школы, диплом об окончании профессионального учебного заведения для того, чтобы обрести определенный социальный статус (чтобы не быть хуже других, в конце концов). Человек "стучался" в дверь социального института образования, потому что другие социальные институты, социальная система в целом, "не хотели" признавать его без аттестата, диплома, и "могли" не признавать его.Таким образом, традиционное образование имело право "допуска" или "не допуска" в свою систему [3,с.82]. Характерной чертой современного общества является индивидуализация. Личность, ее поведение, индивидуальные интересы и ценности, потеснили доминирующие ранее роли социальных институтов. Социальным институтам в информационном обществе приходится все больше считаться с индивидом, ориентироваться на особенности его индивидуального потенциала,

19


подстраиваться под его позиции. Образно говоря, теперь и социальные институты (образование в1-ую очередь) стоят на пороге индивидуальной жизни, «стучатся» в жизнь индивида [4,с.9]. Понятия «равенство доступа образования» и «равенство образовательных возможностей» относятся как частное и общее, при этом обеспечение равенства доступа образования является первоочередной задачей реализации «равенства образовательных возможностей». В последнее время, принцип равенства образовательных возможностей или совсем «не звучит» или затерялся где-то в закоулках теоретических изысканий по вопросу о роли образования в обществе. Равенство зачастую стали называть догмой, оставшейся нам в наследство от советской системы. Необходимо переосмысление, теоретическое исследование принципа равенства образовательных возможностей как базового, основополагающего принципа всего общества и сферы образования в частности, в связи с модернизацией всех сторон общественной жизни, появлением новых социальных практик. На наш взгляд, для развития высшего образования Казахстана в контексте обучения в течение всей жизни наиболее интересными направлениями из представленного выше опыта являются следующие аспекты: -развитие единой гибкой системы образования взрослых, включая концептуальное и законодательное обеспечение этой сферы; -обеспечение социальной направленности высшего образования; -отклик образования на изменения в обществе, в том числе, все более глубокой интернационализации общества и его информатизации, процессов глобализации; -создание сети многофункциональных аккредитованных независимых институтов заочного и дистанционного обучения с расширенным использованием компьютерных образовательных программ и гибких программ Интернет-обучения для подготовки/переподготовки и повышения квалификации разных групп населения, включая социально уязвимые группы; -создание университетов, обучение в которых осуществляется только по магистерским и докторским программам, включая обучение по этим программам в вечернее время; -участие вузов в программах обучения/переобучения безработных, формального и неформального обучения местного населения;

20

-совершенствованию «способностей к самообразованию»; -разработка и реализация программ краткосрочного обучения для населения, старше 40 лет, с учетом их потребностей. Осуществление перечисленных инноваций весьма актуально и вполне возможно в условиях Казахстана. Поскольку образование- это та сфера, где республика, обладая значительным потенциалом,может проводить политику, способную ответить на вызовы меняющегося мира и потребности людей. Эта готовность находит отражение в ряде стратегических документов и докладов Президента страны [5,с.68]. Несмотря на признание необходимости в развитии всесторонней политики в области LLL, ряд препятствий тормозит ее разработку и практическое осуществление. Это: • «недоинвестирование» сектора образования; •сохраняющийся высокий уровень централизации системы образования; •недостаточные стимулы для отдельных лиц, предпринимателей и провайдеров образования для увеличения инвестиций в LLL; •негибкость образования, которая препятствует мобильности внутри системы, а также связям между образованием, обучением и работой; •неравенство в доступе к качественному обучению взрослых и представителей уязвимых групп населения. Таким образом, внедрение представленных выше идей и концепции обучения в течение всей жизни в целом потребует выполнения следующих действий: 1)Расширить и законодательно закрепить понимание образования как единой целостной системы, включающей все уровни, виды и секторы образовательных услуг в целях создания равных возможностей для всех групп населения республики в реализации способностей в самых разных сферах жизнедеятельности; 2)Интегрировать в содержание всех видов образования новые базовые умения и компетенции, связанные с информационными технологиями, иностранными языками, технологической культурой, предпринимательством, общением, адаптацией к изменениям; 3)Стимулировать индивидуальное обучение и самообразование (через открытие целевых учебных счетов на основе специальных накоплений и депозитов в сочетании с различными дополнительными грантами и


льготами из государственных и частных источников финансирования); 4)Осуществить переход от отдельных инноваций в области образования к внедрению целостных инновационных программы и проектов, обеспеченных как в правовом, так и в экономическом отношении (прежде всего в области образования взрослых, обучения представителей социально уязвимых групп); 5)Содействовать обновлению организационной структуры и содержания профессиональной ориентации и консультирования в лицеях, колледжах и вузах как широко доступной услуге для всех слоев населения и направленной на предоставление информации образовательного, профессионального и личностно значимого характера; 6)Создать единую доступную базу данных о возможностях получения профессионального образования всех уровней и трудоустройства в местах проживания, других регионах и городах Казахстана; 7)Провести исследование эффективности средств ИКТ для повышения качества образования всех уровней и ступеней.

Литература: 1.Реформирование высшего образования в Казахстане и Болонский процесс: информационные материалы для практических действий – Алматы, 2009 – 120 с. 2.Обучение в течение всей жизни и во всей ее широте, Национальное Агентство по Образованию, Стокгольм, январь 2012 3.Захарычева А.М. Экономическая результативность системы управления качеством высшего образования. 2014 4.Фуллан М. Новое понимание реформ в образовании The new meaning of educational change / М. Фуллан; Пер. с англ. Е.Л. Фруминой. М., 2010 5.О некоторых направлениях модернизации системы управления вузами в современных условиях.//Материалы международной научнопрактической конференции «Актуальные проблемы совершенствования механизма индустриально-инновационного развития экономики Казахстана» - Туркестан, 2014

ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОҚУШЫ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДАҒЫ МАҢЫЗЫ Есенғұлова Ф.С. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әр адамзат қауымдастығының шарты–оның мүшелігін мойындаған жеке тұлға сол қауымның нақты табиғи және әлеуметтік-тарихи жағдайларына байланысты қалыптасып, қабылдаған құндылықтарын мойындап, қылықәрекет талаптарына бой ұсынады. Өзінің қоғамдық қызметтерді орындауға қажет қабілеттерінің дамуына себепші болған әлеуметтену барысында адам тұлғалық кемелдену сатысына көтеріледі. Адамның әлеуметтенуі оның қоғамдағы ауыспалы жағдайлар мен шарттарға икемдесе білуі ғана емес, ол өз ішіне жеке тұлғаның дамуы, өзіндік танымы мен өз мүмкіндіктерін өз күшімен іске асыра алу сияқты үрдістерді де қамтиды. Әлеуметтенуге орай жүргізілетін, нақты мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған басқару үрдісі білім деп аталады. Білім-өте күрделі, басқа дүние болмыстарында қайталанбас қыр мен сырға мол қоғамдық –тарихи құбылыс.

Оқушы бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамыз. Оқушыны сауаттылыққа үйрете отырып, ғылыми зерттеу, зерделеу қабілеттерін дамыту арқылы жекелеген өзіндік ойы бар тұлғаны дамыту көзделіп, сол мақсатқа жетудегі жоспар іске асырылады. Шығарма жазу арқылы оқушының ішкі жан дүниесі әсерленіп сыртқа шығады.Кейбір оқушы ойын жазу арқылы шебер жеткізе біледі, жазған шығармасы арқылы өзге адамның сезіміне әсер етеді. Оқушының шығармасы оның таным қабілетін, білім дәрежесін, өмірге деген көзқарасын білдіреді. Шығарма арқылы оқушының нақты материалды қаншалықты білетінін, өз ойын жеткізуге тілдік құралдарды пайдалана білуін, сөздік қорының байлығын байқауға болады. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағытында шығарма мен мазмұндама жаздырудың бірнеше тәсілдерін

21


үйретуге болады. Шығармашылыққа үйретудің алғашқы кезеңінде өткен тақырыпқа немесе белгілі бір тақырыппен үйге эссе жазуға беруге болады. «Бір күннің әсері» тақырыбында 5-сынып оқушыларына үйден орындап келуге тапсыруға мүмкіндік бар. Әр шәкірт өзінің есінде қалған, ең әсерлі де қызықты,тамаша күндерін жазады,ауыл балаларының көпшілігі ең алғаш қалаға барғандағы алған әсер, қуаныштарымен бөліседі. Қазақ тілінен 5-сыныпта мақал-мәтелдер тақырыбын өткенде ой толғаныс кезеңінде эссе жаздыруға болады. Мазмұндама жазуға кейде талданған шығарманы ұсынуға болады, сонда оқушының бұрынғы алған білімі беки түседі. Осындай тәсілді әдебиет сабағында жиі пайдаланып,егер шығарма ұзақ болса, жоспар құрғызып, негізгі ойды есте сақтату керек. 5-сынып оқушыларының тілін дамытып, жазуға қаламын төселту мақсатында әр оқушыға өзіне ұнаған суреті бойынша әңгіме жаздыруға мүмкіндік бар.8-сынып оқушыларына ерікті түрде шығарма жазуға бірнеше тақырып беріліп, соның ішінен біреуін таңдап алып, жанындағы жолдасымен сұхбаттасады. Ол шығарманы жазуға, толықтыруға ой салады. Шығарманы жазған кезде арасына жол тастап кетіп отырады, оқушылар орындарынан тұрып,теріс қарап өз шығармасын оқиды, қайтадан өңдеп, қосатын жерін қосып толықтырады. Қатесі болса түзетіп, сөз бен сөздің, сөйлем мен сөйлемнің байланысына көңіл бөліп,қайталанған сөздер болса, мағыналас сөздермен алмастырады. Сыныпта осындай еңбекпен дайын болған шығарманы үйден көшіріп келеді. Диалог –журнал жүргізу арқылы оқушының оқыған кітабы туралы пікірін, ойын, кітаптың мазмұнын қаншалықты меңгергенін байқауға болады. Жазу мен шығармашылық оқушы үшін өте қажет. Шығармашылық-ойлау қабілетінің ең жоғары қасиеті. Шығармашылық арқылы оқушының жолдасына, өмірге, білімге деген сенімі, көзқарасы өзгереді.Тіл дамыту жұмыстары жан-жақты болса, ойының дәлдігі, тілінің көркемдігі артады.Тақырыпты меңгертуде өз күшіне сену қасиеті қалыптасады, шығармашылық ізденуге жетелеп,өз ісіне сын көзбен қарап білуге, өзін өзгемен салыстыруына мүмкіндік туғызады. Шығармашылық жұмысты жүйелі жүргізіп, жазуына, толғанысына жағдай жасау,оқушыға үлкен сенім білдіру-мұғалімнің міндеті. Сөйлей білу қандай керек іс болса,жаза білудің керектігі одан да артық.Сөйлегенде сөздің жүйесін,қисынын келтіріп сөйлеу қандай

22

керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай қажет. Бұл орайда қай сөз қандай орында қалай өзгеріп, қалайша біріне-бірі қиындасып жалғасатынының дағдысын меңгеру абзал. Жазбаша сөйлеу ауызшаға қарағанда қатаң. Өйткені жазуда барлық қателер мен кемшіліктер көрініп тұрады, ауызша сөйлескенде кейбір пікірлерді қысқартып айтуға болады, ал жазып сөйлескенде мұндай мүмкіндіктердің бірі жоқ. Тіл дамыту жұмысы, негізінен төрт бағытта жүргізіледі:бірі-мәдени әдеби сөйлей білу нормаларына үйрету, яғни орфографиялық дағдыны меңгерте отырып, оқушыға мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Екіншіден, лексикалық жұмыстарды жүргізу арқылы оқушының сөздік қорын байыту, тілдің лексика және фразеология бөлімдерінен кеңірек білім беру көзделеді. Үшіншіден, жаңа сөздер үйрету, сөздерді үйрете отырып, жаңа сөздер жасайтын формаларды меңгерту арқылы сөз бен сөздердің байланысын, сөйлем құратып үйрету, сөйлемнің құрылысын білдіру арқылы синтаксистік лексикадан білім беру. Төртіншіден, оқушының ойын жазбаша дұрыс, сауатты жаза әрі сөйлей білуге үйрету мақсат етіледі. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың сауаттылығын дамыту бағытында есте ұстайтын қағида-баланың ойлануын сөзден бөлуге болмайды. Сондықтан да балалардың тілін дамыту әрқашан ой әрекеттерін орындаумен бірге қарастырылады. Оқушылардың салыстыра, топтастыра, жүйелей, қорытынды шығаруы, олардың ауызша және жазбаша сөзінің логикалық дәлдігінен, бейнелілігінен көрінеді. Оқушылардың сөздік қорын байытумен байланысты жүргізілген жұмыстарда балалардың жас ерекшеліктері мен жеке бас ерекшеліктері, олардың зейін, ерік, қиял т.б. әрекеттері ескеріледі. Сондықтан, оқудың алғашқы күнінен бастап–ақ баланы тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды орындауға дағдыландырылады. Олардың зейіндері заттарды бақылаумен қатар, әріптерден сөз құрау арқылы жетілдіріліп, тәрбиеленеді. Оқушылардың сауаттылығын дамыту жолдары: оқушылардың сөйлеу сауаттылығын арттыру, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру,оқушылардың жазу cауаттылығын арттыру,оқу сауаттылығын жетілдіру. Жазба жұмыстарының шығармашылық бағытын жетілдіре отырып, оның түрлерін жаңарту, жаңғырту, жаңа технологиялардан іздену-тіл дамыту жұмысының басты мақсаты. Қазақ тілін


әдебиетпен байланыстыра оқытуға негізделген шығармашылық диктанттың төрт түрін айтуға болады:сөздік диктант,модельге негізделген диктант, «өзің тап» диктанты, «бестік» диктант. Оларды жүргізудің басты мақсаты-қазақ тілі мен әдебиетінен алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу дағдыларын жетілдіру, сауаттылыққа, жазу мәдениетіне баулу, көркем мәтін негізінде әдеби тілдерін ұстарту, тіл дамытуға негізделген шығармашылық диктанттар технологиясын жетілдіру. Диктант мәтініне суреттеу, баяндаулардан гөрі мазмұнды оқиғалардың алынуы, даралап, саралап оқытуды басшылыққа алу,көмек керек ететін оқушыларға көмек-нұсқау ұсыну, оқиғалардың жалғасы тұжырымды жоспар түрінде беріп, диктант мақсатына сай керекті тірек сөздерді таңдаудың нәтижесі тиімдірек болады. Диктанттың бұл түрлері оқушылар танымын белсенді етуде, қызығушылығын арттыруда, әсіресе, әдеби тілін дамытуда, сауаттылыққа баулуда өте пайдалы болып келеді.

Жазу сауаттылығын арттыру мақсатында жаттығу жұмыстары, шығарма жазу, қатемен жұмыс, диктант жазу, мазмұндама жазу жұмыстары орындалады. Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі-тіл байлығы, өз ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін,шешен де ойлы сөйлей білетін, Абайша айтқанда, жүрекке жылы тиетін, «айналасы теп-тегіс жұмыр келетін» сөз құдіретін игерген адамда ғана тұлғалық қасиет қалыптасады. Әдебиет пен қазақ тілі пәндеріндегі тіл дамыту жұмыстарын жеке-дара қарастырмай, үнемі жүйелі түрде, бірлікте, бір мақсатта жүргізіп отырғанда ғана ісіміз нәтижелі, жемісті болмақ. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, жазба жұмыстарын шын шығармашылық деп қараған шәкірттің ғана логикалық пайымдауы тереңдеп, болжай білуі, тіл мәдениеті артады.

УСОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ СИСТЕМЫ РАБОТЫ С ОДАРЕННЫМИ ДЕТЬМИ Дюсупова Г.К. Учитель математики ГУ общеобразовательная СШ №6 г. Кульсары

«В каждом ребёнке – солнце, только дайте ему светить…» Шалва Амонашвили Совершенствование методов и форм работы с одарёнными детьми-одна из главных задач современной педагогической науки и образовательной системы. Практика показывает, что существует немало проблем в обучении одарённых и способных детей. При всех существующих трудностях в системе образования сегодня открываются новые возможности для развития одарённой личности. Программа развития способностей в общеобразовательной школе предусматривает целенаправленную работу с такими учащимися. В современной школе проводятся дополнительные занятия в разнообразных кружках и объединениях. Именно там есть возможность индивидуального подхода к ребёнку и работы на достаточно сложном

уровне, позволяющем развивать способности обучаемого, формировать самостоятельность мышления, удовлетворять потребность в исследовательской и поисковой активности. Самым трудным является выявление одарённых детей. Какой же он-одарённый ребенок? Вот его портрет. Он проявляет любопытство ко многим вещам, постоянно задаёт вопросы, предлагает много идей, решений задач, ответов на вопросы, свободно высказывает и настойчиво отстаивает своё мнение. Это ученик, склонный к рискованным действиям, обладающий богатой фантазией, воображением. Он часто озабочен преобразованием, улучшением предметов, общества. Обладает хорошо развитым чувством юмора. Чувствителен к красоте, внимателен к эстетике вещей. Он не

23


конфликтен, не приспособленен, не боится отличаться от других, конструктивно критичен, не принимает авторитарных указаний без критического изучения, стремится к самовыражению, творческому использованию предметов. В работе с одарёнными детьми следует сочетать традиционные и современные технологии, направленные на развитие способностей детей. Одарённым детям нужно предлагать задачи, требующие изящных решений, задачи, которые можно решить различными способами. Это можно реализовать на занятиях кружка, где работа организуется в разных направлениях: решение задач повышенной трудности, дополнительное изучение внепрограммного материала и погружение в математические игры. Каждую четверть можно завершать проведением уроков в нестандартной форме или интерактивными уроками, такими, как «Крестики-нолики», «Морской бой», «Математический аукцион». Форм работы с одарёнными учащимися много. Это участие в олимпиадах, участие в интеллектуальных чемпионатах, исследовательская деятельность, проектная деятельность, участие в научно-практических конференциях. Реализовать свои возможности одарённые дети могут в предметных олимпиадах. Ежегодно мы с учениками участвуем в школьных, дистанционных олимпиадах, в школьной научно-практических конференциях. В международном математическом конкурсе «Кенгуру» мои ученики принимают самое активное участие и занимают лучшие места. Одна из главнейших задач учителя – научить учащихся думать, делать открытия. Именно поэтому исследовательская деятельность учащихся является одной из самых удачных форм внеклассной работы с учащимися по предмету. На мой взгляд, наиболее сложная проблема, которую приходится решать учителю при организации исследовательской деятельности в школе, – это найти интересные, перспективные темы для исследования, то есть темы, обещающие интересные результаты. Любой учитель мечтает, чтобы ученик научился находить перспективную тему для исследования самостоятельно. Очень часто использую творческие работы, у ученика проявляется интерес, положительный микроклимат в коллективе, положительные мотивы учения, предоставление свободы выбора действий,

24

творческая активность. Принципы деятельности: реализация творческих возможностей учителя и учащихся, опора на субьективный опыт учащихся (один из источников обучения), применение на практике приобретенных знаний, умений и навыков, индивидуальный и дифференцированный подход к учащимся, творческое взаимодействие учащихся и учителя в процессе обучения. Пример проведения урока в 7 классе на уроке геометрии. Схема урока состоит из двух частей, двух планов урока, имеющих общую часть. Школьники имеют право выбрать, на каком уровне они желают работать, какие задания взять для самостоятельного выполнения. В ходе урока ученики могут перейти на другой уровень образовательной деятельности. Тема: “Сумма углов треугольника” Класс разбивается на две группы: “А”(более подготовленные ребята), “ Б” (менее подготовленные ребята). Учащимся группы “А” предлагается выполнить лабораторную работу по теме:“Сумма углов треугольника”,для этого им выдается инструкция с рекомендациями по проведению лабораторной работы. Рассмотреть модели треугольников. Оторви углы одного треугольника и приложи их друг к другу так, чтобы они имели общую вершину. Проделай это же с другим треугольником. Сделай вывод:чему равна сумма углов треугольника? Составь рассказ-доказательство о свойстве углов треугольника. С ребятами группы “Б” в это время проверяется домашнее задание и проводится подготовительная работа для изучения нового материала о сумме углов треугольника на готовых чертежах. После выполнения указанной работы, перед всеми учащимися класса ставится цель урока, что они сегодня узнают еще одно важное свойство треугольника. Записывается тема урока “Сумма углов треугольника” К доске вызывается более подготовленный ученик с отчетом-докладом о проведённой лабораторной работе, при этом он использует заранее приготовленную таблицу, которая является копией таблицы, данной лабораторной работе. После прослушивания доклада, учащимся


группы “А” предлагается самостоятельная работа на готовых чертежах. Найти углы треугольника. В это время с группой “Б” уясняется изучаемая теорема и задаются вопросы: Сформулируйте теорему о сумме углов треугольника. Далее работа идет по учебнику. Глядя на рисунки, скажите, почему равны углы 1 и 4, 3 и 5? Почему сумма углов 4,2, 5 равна 180градусов? А почему сумма углов 1,2,3 тоже равна 180 градусам? Какой можно сделать вывод? При таком подходе более сильные ребята учатся самостоятельно анализировать, обобщать, делать выводы, систематизировать умения. Схема проведения урока геометрии в 11 классе на тему: «Обьемы и поверхности тел вращения» Каждый из учащихся на этом уроке проводят практическую работу над определенными геометрическими фигурами, т.е. работают в паре и вычисляют их обьемы и площади поверхности тел. Главное на этом этапе у учащихся были сформулированы умения самостоятельно добывать знания из различных источников, анализировать факты, делають выводы и обобщения, аргументировать свой ответ. Учащиеся работали c увлечением и с интересом. Хочется перечислить несколько удачных тем исследовательских работ по математике, которые разрабатывали мои ученики: 5 класс «Магические квадраты», 6 класс- «Математика в жизни человека», «Математика и спорт», 7 класс-«Сумма треугольников», 9 класс-Страна треугольников». Вот те учащиеся, которые

принимали участие в районной конференции исследовательских работ: Темиров Нурсултан, Ертанова Жанар, Имангалиева Айгерим, Нурсултанова Динара, Нурмаганбетов Еркебулан, Машуров Данияр занявшиие призовые (вторые и третье) места, а также принимали активное участие в районных (Темиров Нурсултан - второе место, а Ертанова Жанар - третье место 2012 уч.г.) и областных олимпиадах. Современный учитель должен быть координатором идей, мотивирующим учащихся к интеллектуальному развитию. Для того чтобы работать с талантливыми учениками, необходимо много работать над собой, то есть постоянно самосовершенствоваться, охотно учиться у других, заниматься самообразованием и саморазвитием. Очень важно, чтобы зёрна детского таланта попали на благодатную почву. Рядом с ребёнком в нужный момент должен оказаться умный, внимательный наставник, умеющий создать тот климат, в котором расцветают способности его учеников. Не существует сколько-нибудь достоверных тестов на одаренность, кроме тех, которые проявляются в результате активного участия хотя бы в самой маленькой поисковой исследовательской работе. Литература: 1.Хуторской А.В. Развитие одаренности школьников.Методика продуктивного обучения.М. Владос, 2000 2.Зайцева Г.Д. Эвристическое обучение математике. Бийск: БПГУ им. В.М.Шукшина, 2008 3.Лейтес Н.С. Способность и одаренность детей - М., 1972, с 47

Институт жаңалықтары Білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін көтеру, оқушылар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытудағы озық инновациялық педагогикалық тәжірибелерді жинақтап, тарату мақсатында ұйымдастырылған «Заман талабы: білім берудегі инновациялар және тәжірибе» тақырыбындағы педагогикалық оқулардың қалалық, аудандық кезеңінен облыстық кезеңге қалалық, аудандық білім беру ұйымдарынан, облыстық білім беру мекемелерінен және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарынан барлығы 300 жұмыс түсті. ***

25


 Әдістемелік қоржынға  ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ Елеусизова Г. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі

Кәсіби білім беру жүйесі мемлекеттің экономика, ғылым және әлеуметтік орта салаларының құрылуы мен өсуіне зор ықпал ететін мамандарды дайындаудың негізі болып табылады. Сондықтан да білім беру мекемелерінде студенттерді дайындау жүйесін дамытуда мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. Қазіргі кездегі экономикалалық, саяси, ақпараттық және әлеуметтік даму үдерісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Білім берудің парадигмасы «өмір бойына алынған білімнен» қажеттілік пен мүмкіндікті сезінуге «бүкіл өмір бойы білім алуға» өзгеріп отыр. Осы парадигмаға сәйкес білім берудің жаңа технологиялары мен әдістемелері, білімді өзгелерге жеткізу мен білім алушылардың уәжін дамытудың жаңа тәсілдері және қоғамды ақпараттандыруды дамыту жұмыстары енгізілуде. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналдыруға мүмкіндік берді. Ақпараттықкоммуникациялық технологияның (АКТ) жеделдеп даму барысына қоғамның экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. АКТ-ның қарқындап дамуы кез келген жеке тұлғаның әлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне мүмкіндік береді. Қоғамды ақпараттандыруды дамытудың негізгі факторларының бірі–білім беруді ақпараттандыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпаратты мәдениеті мен ақпаратты құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:«Еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму міндеттерін және жеке тұлғаның қажеттіліктерін 26

қанағаттандыратын және білім беру саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер мен әдістемелерге сай келетін жоғары білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу»,-деп атап көрсетілген болатын. Шындығында, бұндай нәтижелерге республикада жоғары білім беру жүйесінің мазмұндық, әдістемелік және ресурстық базаларын қалыптастырмай тұрып қол жеткізу мүмкін емес. Ол үшін білім беру мекемелерінде студенттерді дайындаудың педагогикалық және әдістемелік салаларында маңызды зерттеулер жүргізу қажет. Қазіргі кезде информатика оқу пәнінің аты ретінде білім беру мекемелерінде студенттерді дайындауда жиі қолданылуда. Бұл информатиканың ғылым саласында ерекшелетін оқу пәнінің нақтылығына байланысты. Республиканың білім беру мекемелерінде студенттер программалау, деректер қоры, компьютер сәулеті, қолданбалы программалар, компьютерлік желілер және байланыс жүйелері, есептеу әдістері, жасанды интеллект жүйесі, басқа да көптеген жеке пәндерді игереді. Білім беру жүйесі қызметкерлері мен болашақ мұғалімдерді даярлау және олардың кәсіби біліктілігін арттырудың жалпы педагогикалық проблемалары мен ақпаратық құзыреттілігі мәселелері Б.А.Әлмұхамбетов, Я.С.Бенцион, Ш.Таубаева, А.А.Жайтапова, Б.А.Тұрғынбаева, Л.И.Колесниченко,М.А.Ғалымжанова, М.С.Керімбаева, Т.М.Баймолдаев, Е.Т.Гаевская және т.б. ғалымдардың ғылыми жұмыстарында зерттелген. Білім беруді, қоғамды ақпараттандыру үрдісі, оның негізгі бағыттары мен болашағы, мамандарды АКТ-ны пайдалануға дайындаудың мақсатын, мазмұнын, принциптерін, психологиялық-педагогикалық негіздерін және білім беру сапасын арттыруда бағалау ынталарының жүйесін дамытуды Ж.А.Қараев, А.Ғ.Қазмағамбетов, Г.Нұрғалиева, С.М.Кеңесбаев, Е.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, Ж.И.Сардарова және т.б. қазақстандық ғалымдар жан-жақты зерттеген.


Адамзат қоғамының бүгінгі даму қарқыны дүние жүзінде өзара бағыныштылық пен өзара әсерлесумен сипатталады. Экономика мен мәдениетке тән жаһандану үдерістері, қоғамның ақпараттануы білім беру жүйесіне де өз әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту саласында жалпы орта білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуде білім беру мекемесіндегі оқытудың мақсатын және білім берудің жоспарланған нәтижелерін қайта қарауды талап етеді. Жалпы білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты–ақпараттық қоғамда еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатыса алатын оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету. Білім берудің негізгі міндеттерінің бірі – жеке және ақпараттық қоғам өміріне қажетті әрі қарай кәсіби білім алуы мен жұмысқа орналасуының негізі ретінде сапалы білім алуына оқушыға мүмкіндік беру болып табылады. Ақпараттық қоғамның негiзгi талабыстуденттерге ақпараттық бiлiм негiздерiн беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабiлеттерiн дамыту, ақпараттық технологияны өзiндiк даму мен оны iске асыру құралы ретiнде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, танымдық ісәрекетін қалыптастыра отырып ақпараттық қоғамға бейiмдеу. Олай болса, ақпараттық бiрлiктердiң бiлiмге айналуы әлемнiң жүйелiк-ақпараттық бейнесiн оқушылардың шығармашылық қабiлеттерi мен құндылық бағдарларын дамыту және танымдық ісәрекеті арқылы қалыптастыруды көздейтiн, адамның дүниетанымының құрамдас бөлiгi болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. Әдіс-тәсіл (гректің methodos зерттеу, білу сөздерінен шыққан) әлдебір мәселені шешуде пайдаланатын практикалық немесе теориялық операциялар мен амалдардың жиынтығы. Педагогика саласында оқу-тәрбие жұмысында пайдаланылатын әдістемелерді құрастыру аса маңызды орын алады. Информатика пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқытудың әдістемелері студент (өзіндік ізденістері мен шығармашылық қабілеттері) пен оқытушының өзара ізденістерінің көрінісі іспетті. И.Я.Лернер және М.Н.Скаткин ілімдері бойынша: түсіндіру иллюстративті, репродуктивті, проблемалық бейнелеу, жекеленген ізденістік, эвристикалық және зерттеу әдіс-тәсілдері.

АКТ бағытталған тұлғалы-бағдарланған міндеттер студенттерде болжау іскерліктерін қалыптастыруы керек. Осыған байланысты оқыту технологиясы көрсетілген іскерліктерін қалыптастыруға бағытталған міндеттердің негізгі үш типтерін қолдануды ескереді. АКТ оқыту әдістемесі аймағындағы зерттеулерді талдау оқыту әдістемесі мен оқыту мазмұнын қалыптастыру көптеген зерттеулерде үздіксіз байланысты және мақсат пен міндеттің тұтастығында қарастырылады. АКТ оқытудың алдыңғы қатарлы идеялары мен әдістері анықталған шамада мамандарды жоғары мектепте дайындауда пайдалы болуы мүмкін, бірақ, түрлі салада мамандар дайындайтын жоғары оқу орынының алдында тұрған міндетті іске асыру және жоғары оқу орнында оқытуды ұйымдастыру ерекшелігі АКТ негізінде ақпараттық құзыреттіліктерді қалыптастырудың тәсілдерін және осы мазмұнды іске асырудың формалары мен әдістерін іздеуді талап етеді. "Информатика",«Кәсіптік технологиясы бойынша компьютерлік сауаттылық» пәндерінің мазмұнын мамандық бағытында анықтау, маманның дайындалу саласының (А.А.Матееваның, А.В.Смирновтың, С.B.Суматохиннің, И.В.Шевченконың зерттеулерінде) пәндік аймағына қатысты міндеттерді шешуде АКТ қолдануына қатысты келтіріледі. Білім берудің жалпы тәсілін қалыптастыруда мамандыққа бағдарлау қолданыстағы: білім беру стандарттарының идеологиясынан байқалатын мамандардың көптеген кәсіби сипаттарын жасауда өз бейнесін тапты. Модулдік тәсілдің сипаттамалық белгілері және оны информатика курсында іске асыру мүмкіндіктері педагогикалық ортада кеңінен талқылануда. М.Б.Лебедева мен Е.И.Соколова, информатика курсында құрылу технологиясы модулдік тәсілге негізделген оқу элементтерін қолдану әдістемесімен байланысты мәселелерді қарастырып, оқу әлементтерін пайдаланудың артықшылықтары сапасында келесі принциптерді ықпалды іске асыру мүмкіндіктерін атап көрсетеді: *студенттердің жұмысын жекелендіру; *иілгіш оқу үдерісін ұйымдастыру; *оқыту барысындағы тұрақты кері байланыс; *оқу қызметін интенсификациялау. Авторлар студенттердің білім алу дайындығын оқу элеметтерімен (блоктармен) табысты жұмыс істеуге оңтайлы (оқушылардың

27


басқа категорияларымен салыстырғанда) деп қорытындылайды. Мазмұндық және құрылымдық аспектілер минимальды көлемде нормативтік құжаттармен анықталғандығының негізінде, информатика аймағында білім берудің минимальды компоненттерінің және мазмұнының міндетті минимумының кестесін құруға мүмкіндік беретін білімдер мен біліктіліктер талаптарын және

осының негізінде оқу мазмұнының ірі блоктарын бөле отырып, информатика курсында модулдік интегративті әдістемелік жүйе құруды анықтайды. Сонымен, заман табына сай білім беруде жоғары оқу орындары студенттерінің ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру– ой өрісі дамыған шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жастарға білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

ҚОЛӨНЕРДЕГІ НЕГІЗГІ ШИКІЗАТ ТҮРІ– ТОҚЫМА ТОҚУ АРҚЫЛЫ ҚОЛАЙЛЫ ӘДІСТЕРДІ АНЫҚТАУ Жумагалиева К.К. Атырау қаласы И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің мұғалімі

Қазақ қолөнеріндегі пайдаланылған негізгі шикізаттың бірі және ең бастысы –тоқу өнері болып келеді.Материалды терең зерттеп, оның бір сырын, бар мүмкіндіктерін аша білу –тоқу үшін маңызды жәйт,халық шеберлері материалдардың табиғи қасиеттеріне зер салып, оны өңдеу үшін техникалық тәсілдердің барынша тиімді және күнделікті тұрмысқа қолайлы жақтарын қарастыра білген.Қазақ әжелеріміз сонау кезеңнен бастап әсемдік, әдемілік дүниесіне де көңіл бөле білді.Күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келген сондай дәстүрлі қолөнер – тоқу өнері. Тоқу өнері–қазақ халқының ежелден келе жатқан, ең алғаш киімі мен үй жабдығының негізі болған қадірменді өнер. Бұл тамаша өнер қазіргі талап тілектер тұрғысынан жалғастырып, тұрмыспен бірге ұласа дамып, одан сайын жетіліп, адамдарды сұлулыққа, әсемділікке жетелеуде. Адамдардың тұрмысы үнемі өрлеуіне сай олардың мәдени тұрмыстық тілектері өсе түсуде. Сондықтан да әр адам киген киімінің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне, осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі – тоқыма. Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы

28

тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Жүн–жануарлардан алынатын табиғи материал. Оны қазақ халқы мыңдаған жылдар бұрын іске асырған.Қой, ешкі, қоян, түйе жүндерінен жіп иіріп мата өндіруге, тоқыма, кілем, алаша тоқуға қолданған. Қой жүні – күзем және жабағы жүніне бөлінеді.Қойдың қозысынан алынған жүнді қозы жүн деп атайды. Қой жүнін қырқып алған соң, оны жуып кептіреді де, сабауға дайындайды. Жүнді сабау технологиясына сабау мен тулақ құралдары қажет. Содан кейін жүнді тарақпен тарап, қолмен түтеді. Жүнді машинамен, қолмен иіруге болады. Өндірісте жүн иіру технологиясында жүн иіретін арнайы машиналар кеңінен қолданылады. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста да жүн иіруге арналған жүн иіруші аппараттар қолданылады. Ұршық–жүнді қолмен иіруге арналған негізгі аспап. Бұл қарапайым аспап, әр елдің


ұршығының сыртқы қалпы өзінше ерекшеленеді. Қазақтың ұршығы 30 см шамасында сабы конус тәрізденіп келеді. Ең жуан жеріне сақина кигізілген. Оның ішкі тесігінің диаметрі-2, 5 мм, ал, сыртқы өлшемі -30 мм. Тоқыма үшін қажетті құралдар: 1. Біз. 2. Жіп Біздің өзі әрқалай бөлінеді. Мысалы: 1. Қарапайым сым темірден жасалған біз. Бұл көбінесе шұлық тоқуға, мойын орағыш тоқуға, баскиім, т.б. тоқуға арналған. Оны қазіргі таңда пластмассадан, ағаштан, бамбуктен, сүйектен жасауға болады. 2. Екі басы сым темірден жасалған, ортасына түтікше пластмасса кигізілген қарапайым біз. 3. Ілмек біз. Аты айтып тұрғандай іліп тоқуға арналған біздің бір түрі. Ілмек біздің бір түрі. Ілмек біздің әр түрлісі болады. Мысалы атабабаларымыздың бұл бізді қойдың кәрі жілігінің басындағы кішкентай бөлініп шығатын сүйегінен жасаған. Ал қазіргі заманда арнайы сауда орындарынан сатып алуға болады. Бұл бізді қолданғанда жуан жіптерді жуан ілмек бізбен, ал жіңішке ілмек бізбен тоқу керек. Тоқыма тоқу үшін таза жүннен, мақтадан, вискозадан, синтетикадан, жүн мен синтетикадан аралас иірілген жіптер пайдаланылады. Сондайақ бұрын пайдаланылған жіптерді де тарқатып, қайта пайдалануға болады. Ілмекпен тоқу үшін кез келген жіпті пайдалануға болады, жүннен, мақтадан иірілген немесе жібек жіптер, т.б. Әдетте үстіге киетін киімдерді бостау иірген, ал дастарқан, салфетка, сумка сияқты заттарды ширақ иірілген жіппен тоқиды. Бөлшектерінің сыртқы пішіні үлгімен есепке сәйкес шалуды қосу,қысқарту,сирек те жиі тоқу арқылы жасалады. Тоқу түрлері:тура және кері қатарлармен тоқу Айналдырып шеңбер жасай тоқу. Тізбек бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасына өткізіп алады. Осылайша қайталана береді. Ілмекпен тоқуда негізгі элементтері–бос шалу, біріктіру бағаншасы, шалмасыз бағанша, шалмалы бағанша, екі шалмалы бағанша, үш шалмалы бағанша, төрт шалмалы бағанша, пико, жарты бағанша және т.б. Ілмек бізбен тоқу кең тарап, тоқу арқылы жасалған бұйымдар жоғары бағаланатындықтан әр түрлі басылым беттерінде шеберлер өзінің

өнерін көрсету үшін ілмек бізбен тоқудың шартты белгілерін ойлап тауып, сол арқылы халыққа белгілі бір бұйымды тоқу әдісін көрсетеді. Дүние жүзіндегі әр халыққа ата–баба мұрасын, халық қолөнерін сақтап қалу парыз. Атадан балаға мирас болған қолөнерді жалғастырушы шеберлердің қатары бірте –бірте азая түсуде. Халық шеберлерінің теңдесі жоқ ғажайып өнер туындылары болашақ ұрпақтарды қуантып,өнердің жаңаша түр алып,өміршеңдігі арта түсуде. Олай дегенімінің бір себебі: мектеп оқушылары өздеріне шұлық тоқып,аяқтарына киіп алып жарнама ретінде ғаламтор бетшесіне салып жатқанда,болашақ жастарымыз қолөнер саласына көзқарастары жоғары екендігін байқауға болады.Менің де төмендегі балаларға арналған шұлықты үйренгендігімнің салдары есебінде толықтай көрсетемін. Балаларға арналған шұлық. Балаларға арналған шұлық тоқу үшін 70 - 80 грамм жіп, №5 сым қажет. Сымға 40 шалу бастап алынады да, оны төрт сымға тепе-тең бөліп, алғашқы оң шалуды түйреуішпен белгілеп қояды. 4- 5 см резинка әдісімен тоқыған соң одан әрі тағы 5 см (тобыққа дейін) шұлықша әдісімен тоқиды. Өкше шығару: тоқыманы екіге тең бөліп одан әрі үшінші және төртінші сымдағы шалулар ғана тоқылады.Бірінші және екінші сымдағы шалулар бір сымға өткізіліп тоқылады. Тоқыманың шетіндегі шалу саны 10- ға жеткенде (20 қатар) оң шалулармен аяқтап, өкше шығарыла бастайды. Ол үшін сымдағы шалуларды ойша 3- ке бөліп, яғни екі жағына 6 шалудан, ортасына 8 шалу қалдырып, шалу санын бірте- бірте кеміте беру керек. 1-қатар (тоқыманың теріс жағы): бірінші жағынан 6 шалу тоқылады, сосын ортадағы 8 шалудың ең соңғысынан басқасы тоқылып, соңғы шалу екінші жақтың көршілес шалуымен қосылып теріс тоқылады. Қалған 5 шалуды тоқымай, тоқыманы кері айналдырады. 2Қатар (тоқыманың оң жағы): шеткі шалуды сымға тартып іледі де, ортаңғы сымдағы шалулардың ең соңғысынан басқасын тоқып шығып, соңғы шалуды бірінші

29


жағының көршілес шалуымен қосып тоқиды. Тоқыманы кері айналдырады. Осылайша 1 - 2 қатарларды қайталап тоқи беру керек. Ақыр аяғында сымда тек ортаңғы бөліктің шалулары ғана қалады. Шұлықтың басын шығару: бұл бөлік те №5 сыммен, оң тоқылады. Ортаңғы бөліктің шалулары тізілген сыммен өкшенің шеткі шалуларынан 10 шалу ілініп алынады. Сонан соң сыммен 1-ші сымдағы 10 шалуды, басқа сыммен 2-ші сымдағы 10 шалуды тоқу керек. Бұдан кейін айналдыра тоқи отырып, 3-4 - ші сымдағы артық шалуларды әрбір 2-ші қатарда кеміте береді. Олардың әрқайсысында 10 шалудан қалғанда кеміту тоқтатылып, енді шұлықтың басы шығарыла

бастайды. Ол үшін әр қатар сайын сымның соңғы екі шалуы біріктіріліп, теріс шалынады. Осылайша әр сымда бір-бір шалу қалғанша кемітіп, жіп үзіледі де, шалулар қатты тартып тігіледі. Жіпті ұзын ілмекпен шұлықтың іш жағына өткізіп, жасыру керек. Тоқу кезеңінде басты қауіпсіздік ережесін үнемі есте сақтау керек.

1. Инені ауызға салмау керек; 2. Инені киімге қадауға болмайды; 3. Қайшыны ашық тастама;

30

4.Қайшыны жолдасыңа үшкір жағымен берме; 5.Жұмыс соңында орныңды тазалап кету керек. Халық өмірімен бірге жасасып,біте қайнаған қазақтың қолөнер саласы әлі өз маңызын жойған жоқ. Сондай–ақ, менің де мектеп табалдырығында оқып жүріп тоқуды жақсы меңгеріп, өзіме қажетті бұйымдарды тоқи алғаныма қуанамын. Сатып алғаннан гөрі өзіңнің қолыңнан шыққан бұйымның қадірі де жоғары болары сөзсіз... Халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным түсінігінің жарқын айғағы. Мемлекетіміз мектептің алдына жаңа бір міндет қойып отыр– өмірге қадам басқан жастар жаңа заман талабына сай, өз тағдырын өзі шешуге қабілетті, нарықтық жағдайда алдындағы мақсатын анықтай алатын экономикалық білім алуы тиіс. Бүгінгі болашақ ұрпақ ертеңгі қоғамның иесі, сол қоғамның иелері халқымыздың тұрмыс қажеттілігінен туындаған ұлттық өнер мұраларын сақтап, сұрыптап, қазіргі уақытта сәнді етіп, ұлттық мәдениетімізді қолданбалы сәндік қолөнермен өркендету. Тәуелсіз мемлекетімізде ертеңгі ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетіне, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне,іскерлігі мен кәсіби шеберлігіне байланысты фабрикалар шығаратын бұйымдарға қарағанда халық шеберлері жасаған бұйымдар жоғары бағалануда. Қазіргі кезде жаңа өмір өзінің жаңа талаптарын қойып отыр. Оның міндеті өнердің бұрынғы келбетін бүгінгі күнге табиғи етіп жаңарту. Бүгініміз бен келешегімізді нәрлі қайнарына айналдыру біздің борышымыз. Пайдаланған әдебиеттер: 1.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы 2015 ж. 30 қараша 2.Қасимов С.Қазақ халқының қолөнері. Алматы, 1995 ж 240 –бет 3.Қазақ өнері.Энциклопедия. Алматы, 2002 ж 38бет 4.Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ Алматы, 1977 ж 33 –бет 5.Қалиев С.Оразбаев М. Қазақ халқының салт – дәстүрлері Алматы, 1994 ж 6.Нұрғалиева Р.Н. Шаңырақ Алматы, 1991 ж


САБАҚТЫҢ ТИІМДІ ЖОСПАРЛАНУЫ-ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ЕҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ Төлеуова Г.А. Атырау облысы Жылыой ауданы №8 жалпы орта білім беретін мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі

Оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты құраушысы болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті ретінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді. Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінде мынадай кезеңдер айқындалады: -оқушының оқуға қызығушылығын ояту -оқушының білім,білік,тәжірибесін айқындау; -жаңа тақырыпты меңгеруін ұйымдастыру; -оқытудың нәтижелілігін айқындау. Оқыту үрдісінде оқушыға білім, білік, дағдыны меңгертудің маңызды міндеті-сабақтың құрылымының ерекшелігі. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында мынадай мақсаттарды көздейді: -баланың қазіргі білімі жаңа білімді қабылдауға қаншалықты жеткілікті екенін анықтау; -олардың білгенін есіне түсіру үшін қандай материал қажеттілігін нақтылау; -жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін оқушылардың сезімін ояту. Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі басталады. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы міндеті-осы жаңа білімнің алдағы уақытта қажеттілігіне көзін жеткізу. Жаңа тақырыпты түсіну-ол қабылдаудан дерексіз ойлауға, теориялық білімді меңгеруге жол ашады. Түсіну үрдісі белгілі бір әрекеттердің орындалуын қажет етеді. Бұл әрекеттер: сараптау, жалпының ішінде маңыздыны табу, салыстыру, нақтылау, дәлелдеу, қорыту. Оқушы тақырыпты жақсы түсінсе, білім, білік, дағдыға айналып, берік білім негізі қалыптасады, жаңа ұғым жақсы меңгеріледі. Меңгеру нәтижесі – бұл заттардың, құбылыстардың, үрдістердің мән-мағынасы туралы оқушыларда түсініктердің қалыптасуы болып табылады. Осы меңгерілген ұғымдар, түсініктер бекіту кезінде өтілген материалды тәжірибеде қолдану барысында жетіледі. Мұғалім бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңыздылығын есте сақтау керек. Қорыту кезеңінің мақсаты-білім, білік, дағдыны жалпы бір жүйеге келтіру.

Оқыту үрдісінің соңғы кезеңі-оның нәтижелілігін анықтау. Бұл оқушылардың білімін сараптау, диагностикалау арқылы жүзеге асады. Диагностикалау-оқушылардың білімді қаншалықты меңгергенін көрсетеді, оқытудың сапасын, кемшіліктерді анықтауға көмектеседі. Оқыту үрдісіндегі ең маңызды міндет-бұл сабақты тиімді жоспарлау болып табылады. Сабақты жоспарлау кезеңдері мен мұғалімнің оған дайындығы -бөлім мен тақырып бойынша сабақ жүйесін жете дайындау; -бағдарлама негізінде сабақта әдістемелік құралдың, мектеп оқулығының және қосымша әдебиеттердің білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсатын анықтау; -сабақта оқушы түсініп және есінде сақтайтын негізгі мазмұнды таңдау; -сабақ мазмұнын іріктеу,бастапқы білімдерін анықтау, дидактикалық өңдеу; -сабақ құрылымын, оның түрін және әдістәсілдерін анықтау; -берілген материалдың басқа пәндермен байланысын табу, жаңа материалды оқытуда осы байланыстарды пайдалану және оқушылардың жаңа білім мен дағдыларын қалыптастыру; -жаңа білім мен біліктілікті меңгерту; -мұғалім мен оқушының барлық ісәрекеттерін жоспарлау; -сабақтың дидактикалық құралдарын жинақтау; -оқытудың техникалық құралдарын жабдықтау; -оқушының дамуына бағытталған жұмыс түрлерін қарастыру; -оқушының меңгерген білімдері мен дағдыларын бекіту түрлері мен тәсілдерін анықтау; -оқушылардың біліктілігін тексеру жолдарын жоспарлау; -сабақ барысын және жоспарын талапқа сай жазу. Сабақ-бұл білім үрдісінің педагогикалықпсихологиялық заңдылықтарына негізделген әрбір мұғалімнің ғылыми шығармашылығы. Мен

31


өзімнің сабақ құрылымының құрылуы, яғни сабақты жоспарлау тәжірибеммен бөліспекпін. Менің сабақ жоспарымның құрылымы Психологиялық дайындық. Мұнда әр пәнге, сабақ тақырыбына сәйкес ұран түріндегі өлең шумақтары айтылады немесе көңілді музыкамен жаттығулар жасалады. Ой қозғау Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында тапсырмалар беріледі. «Дайындық көрсеткіші» сатысы Үй тапсырмасын тексеру әр түрлі тәсілдер арқылы анықталады. Түсіндіру сатысы Жаңа сабақты түсіндіру әдістері оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеттері түрінде жүзеге асады. «Дәлелдеу» сатысы Жаңа ұғымды оқушының қаншалықты меңгергендігін анықтау мақсатында тапсырмалар беріледі. «Тәжірибеде көрсету» сатысы Жаңа тақырып бойынша оқулықтағы және топтық, жұптық тапсырмалар орындалады. «Өз білімін көрсету» сатысы Әр оқушының білімін анықтайтын тақырыпқа сәйкес тапсырмалар беріледі. «Көшбасшылыққа ұмтылыс» сатысы Мұнда оқушылардың жеке қабілетін нақтылайтын, ерекшелігін анықтайтын шығармашылық жұмыстар орындалады.

Бекіту сатысы Оқушылар бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексереді. Бағалау сатысы Әр оқушының сабақ кезеңдерінде көрсеткен білімдері бойынша баға қойылады және әр сатыдағы ерекшелігі үшін марапатталады. Өзімнің тәжірибемді нақтылап, шығармашылығыммен бөлісу мақсатында сабақ жоспарын ұсынамын. Пәні: Әдебиеттік оқу Тақырыбы:Ф.Оңғарсынова «Қанат туралы хикая » Мақсаты:Ф.Оңғарсынова туралы білетін мағлұматтарын тереңдету. Өлеңге талдау жасау дағдысын жетілдіру. Білімділігі:Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу, өз ойын жеткізіп, баяндай білу, дәлелдеу, талдау арқылы сөйлеу шеберлігін қалыптастыру. Дамытушылығы:Оқушылардың тілін, байланыстырып сөйлеу қабілетін дамыту. Тәрбиелігі:Ата-анасын құрметтеуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Білімді дамыту Әдісі:Әңгімелеу,дәлелдеу, талдау, қорытынды жасау. Көрнекілігі: Слайдтар, бейнебаяндар

Сабақтың жүру барысы Психологиялық дайындық Оқушылар «Балғын тілші », «Үздік диктор» төсбелгілерін таңдау арқылы екі топқа бөлінеді. Сабақ барысында осы атақтарға лайықты білім деңгейін көрсету керек. Белестерді бағындырып Ойшылдыққа ұмтыламыз, Сатылармен өрлейміз. Көшбасшы да боламыз. Түсіндіріп, дәлелдеп, Оқып, талдап,пікірлесіп, Сөз маржанын тереміз. Биік шыңға шығамыз. Дайындық көрсеткіші сатысы Сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол-ана. Сен үшін ол жалпақ дүниеден де үлкен. -Бұл қай мәтіннен алынған үзінді?Авторы кім? -Б.Бұлқышевтің «Ана» мәтінінен үзінді. «Ана» мәтінін бөлімдерге бөлу арқылы жатқа, мәнерлеп айту. Ой қозғау Ол қоғам қайраткері, халық жазушысы, өз халқының қуанышы мен мұңын, ерлігін, тарихын жырымен жырлап, өлеңімен өрнектеген «Поэзия падишасы» атанып, қазақтың ақын қыздарының көшбасшысы болған қазақ ақыны. Бұл кім? -Фариза Оңғарсынова. Түсіндіру сатысы Өмірбаяны Шығармалары Қызмет жолы Марапаттары Дәлелдеу сатысы Ф.Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» өлеңі

32


Бір балапан құлады, Ұясынан домалап. Ата-анасы жылады, Шырыл қағып.Обал-ақ !

Оң қанатым-әкем де, Сол қанатым-анашым. Бірі түссе қатерге, Мәңгі ұша алмай қаласың.

Бір қанаты сыныпты, Дәрі жақтым,орадым. Күш жинады, шынықты Жалғыз қанат қонағым.

Қос қанатың болғанда Табар өмір жарасым. Біреуінсіз ор-жарда Бір мүгедек боласың.

Ауырсынып қанатын, Жүгіреді сенделе. Бар екен-ау қағатын Жалғыз қанат менде де.

Қарап тұрып шекені Шымшылады сан күдік. Қанатымның екеуі Сау болса екен мәңгілік.

Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңді мәнерлеп оқы. Өлеңнің тақырыбының мән-мағынасын Ұядан құлаған балапанды мысалға ашып, дәлелде. келтіру арқылы ақынның айтқысы ойын дәлелде. Тәжірибеде көрсету сатысы Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен әңгімеле. Негізгі ойды анықтап,қорытынды жаса. Өз білімін көрсету сатысы «Қанат туралы хикая» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау. Авторы Жанры Тақырыбы Идеясы Шумақ Бунақ Тармақ Буын саны Тәрбиелік мәні

келген

Көшбасшылыққа ұмтылыс сатысы Ф.Оңғарсынованың «Жетімнің монологы » өлеңін бейнебаян арқылы көру, тыңдау «Қанат туралы хикая » өлеңімен қалай байланыстырар едіңдер? Өз ойларыңмен әңгімеле. -Жетім бала адамдардан не күтеді?-Өлең сендерге қалай әсер етті? Өз ойларыңды жеткізіп,әңгімеле. Бекіту сатысы Ата-анама тілегім Өз ата-аналарына деген тілектерін жүрек пішініндегі қағазға жазу,оқу. Жалғасын тап, мағынасын түсіндір. Ана сүтін ақтамағанды, Әкеге қарап ұл өсер, ... ... .... ... ... ... Бағалау сатысы «Балғын тілші», «Үздік диктор» мадақтамасын беру, бағалау.

Сабақ жоспарын жасауда әрбір оқушының жан-жақты дамуына,жеке тұлға болып

қалыптасуына аса көңіл бөліп, соған сай келетін әдіс-тәсілдерді қолдану-әр ұстаздың міндеті.

33


РАЗВИТИЕ РЕЧИ, КАК СРЕДСТВО ОБЩЕНИЯ ДЕТЕЙ Сулейманова С.М. Учитель предшкольной подготовки средней школы №22. г.Атырау

«Будьте сами и человеком, и младенцем, для того, чтобы учить ребенка…». Одоевский В. Ф. Дошкольный возраст–это период активного усвоения ребенком разговорного языка, становления и развития всех сторон речи фонетической, лексической, грамматической. Полноценное владение родным языком в дошкольном детстве является необходимым условием решения задач умственного, эстетического и нравственного воспитания детей в максимально сенситивный период развития. В дошкольном возрасте расширяется круг общения детей. Становясь самостоятельными, дети начинают общаться с более широким кругом людей, особенно со сверстниками. Расширение круга общения требует от ребенка полноценного овладения средствами общения, основным из которых является речь. На занятиях и в повседневном общении педагог упражняет детей в четком произнесении слов, в правильном использовании интонационных средств выразительности, учит говорить достаточно громко, не спеша, развивает фонематический и речевой слух. Однако нельзя забывать и о том, что ребенок много времени находится вне дошкольного учреждения: в кругу семьи, со сверстниками, во дворе и т. д. В общении с окружающими обогащается его словарь. Ребенок успешнее овладевает речью, когда с ним занимаются не только в дошкольном учреждении, но и в семье. Правильное понимание родителями задач воспитания и обучения, знание некоторых методических приемов, несомненно, поможет им в организации занятий дома. Эффективны такие формы работы с родителями:как беседа, консультации, а также заметки, статьи по развитию речи; чтение лекции с привлечением специалистов (например, логопеда, который может рассказать родителям, как предупредить и исправить некоторые недостатки звукопроизношения). Педагог может рекомендовать для заучивания с детьми дома стихи, загадки, пословицы, потешки, прибаутки, считалки, чистоговорки: Лу – лу – лу – папа наточил пилу. Ло – ло – ло-на улице тепло.

34

Ли – ли – ли – суп соленый – не соли! Ребенок должен произнести чистоговорки с различной громкостью (тихо, вполголоса, громко). Скороговорки: Стоит воз овса, возле воза овца. Говорит сорока сороке: - Я, как рыба, Молчу, На уроке. Посоветовать какие книги следует читать детям разного дошкольного возраста; организовать выставку новых книг. В процессе работы с родителями педагог указывает, как следует заниматься с ребенком дома, чтобы в процессе занятий ребенок не только получал знания, но и испытывал интерес. Интересными и полезными для родителей являются собрания, на которых родители делятся своими впечатлениями. Также полезны открытые занятия по развитию речи, где присутствуют родители. Чтобы научиться четко и правильно произносить звуки, слова, ребенок должен, прежде всего, слышать их. Слуху принадлежит важная роль в овладении ребенком речью, в правильном и своевременном усвоении звуков. Поэтому важно обращать внимание родителей на роль слуха в развитии речи ребенка. Важное значение в правильном произношении звуков и слов отводится фонематическому восприятию. Благодаря этому ребенок способен различать слова: мал–мял, том–дом, рак–лак, дым – дом. Педагог, проводя беседу с родителями обращает внимание, на то, что не рекомендуется чрезмерная речевая нагрузка. Вредно нагружать сложным материалом, заставлять повторять непонятные ему слова, заучивать сложные по форме, содержанию и объему стихотворения. Также педагог подчеркивает, что речь не передается по наследству, ребенок перенимает опыт речевого общения от окружающих. Поэтому важно, чтобы взрослые в разговоре с ребенком следили за своим произношением, говорили с


ним не торопясь, четко произносили все звуки и слова. Если дома говорят торопливо, громко, раздраженным тоном, то речь ребенка будет такой же. Нередко причиной неправильного произношения звуков является подражание ребенком дефектной речи взрослых, старших братьев, сестер, сверстников, с которыми он часто общается. Если ребенок неправильно произносит какие–либо звуки,слова, не следует передразнивать его,смеяться или наоборот хвалить. Исправление недостатков произношения звуков осуществляется специалистом–логопедом в логопедических кабинетах. Ряд недостатков в произношении звуков, легко и доступно устранить не только педагогу, но и родителям. В семье обычно поправляют ребенка, когда он неправильно произносит звук или слово, но делают это не всегда верно. К исправлению речевых ошибок надо подходить очень осторожно. Нельзя ругать ребенка за плохую речь, требовать, чтобы он неоднократно повторял трудное для него слово. Это ведет к тому, что ребенок замыкается в себе или отказывается говорить, что не дает положительного результата. Исправлять ошибки надо в тактичной форме, доброжелательным тоном. И по возможности не повторять неправильно произнесенное слово. Например: ребенок научился правильно произносить звук Р, но употребляет его не во всех словах. «Сегодня «холошая» погода» - говорит он. В данном случае взрослый говорит ему: «Ты ведь умеешь говорить Р, а в слове хорошая ты произнес неверно. Скажи так, чтобы ясно было слышно Р; хорррошая». 1.Предложите на рисунке «Овощи и фрукты» назвать предметы, в названиях которых есть звук Р (рь), чтобы ясно слышался этот звук: рррредис, помидорррры, огуррррцы, морррковь и т.д. 2.Ребенок должен закончить фразы, т.е правильно подобрать слова, близкие по звучанию и по смыслу. Я сегодня утром рано Умывался из – под …. (крана)! А.Кузнецова. Спи, мышонок до утра Дам тебе я … .(комара) С. Маршак. Среди жирных голубей Прыгал тощий …. (воробей) Н.Полякова. Наша старшая сестра Вяжет с самого …. (утра) А. Барто.

Занимаясь с ребенком дома, читая ему книгу, рассматривая иллюстрации, родители предлагают ему пересказать содержание сказки (рассказа). Дети легко с этим справляются, но нередко допускают речевые ошибки. Не следует перебивать ребенка, надо дать ему возможность закончить высказывание, а затем указать на ошибки. Нельзя уклоняться от вопросов ребенка, хотя порою трудно ответить на них сразу. Пообещайте ему дать ответ, когда он поест (погуляет, уберет игрушки и т.д.). Тогда малыш получит интересующую и нужную для себя информацию. В семье для ребенка необходимо создать такие условия, чтобы он испытывал удовлетворение от общения со взрослыми, получал от них не только знания, но и обогащал свой словарный запас, учился верно строить предложения, правильно и четко произносить звуки и слова, интересно рассказывать. В беседах с родителями педагог напоминает им, что овладение ребенком речью находится в тесной взаимосвязи с его умственным и психическим развитием. Овладение речью–это сложный, многосторонний психический процесс; ее появление и дальнейшее развитие зависят от многих факторов. Речь начинает формироваться лишь тогда, когда головной мозг, слух, артикуляционный аппарат ребенка достигнут определенного уровня развития. Чтобы у ребенка правильно развивалась речь, нужна речевая среда.Важно, чтобы у ребенка появилась потребность пользоваться речью как основным способом общения со сверстниками, близкими. В процессе овладения речью у ребенка вырабатывается определенное чувство языка. Он усваивает определенные правила и законы грамматики; изменяет слова: ковер– ковров, окно–окон,лампа–ламп,стена– стен,карандаш– карандашей;строит различные по конструкции высказывания соответственно правилам грамматики. Начинает употреблять различные грамматические формы. Активизируется и обогащается его словарь.У детей развивается связная монологическая речь. Например, в упражнении со словом на заданный ему вопрос: «Ты кто?» каждый ребенок должен сказать о себе одно слово:дочь, сын, ребенок, брат, друг, девочка, мальчик,внук, дошкольник, человек, сестра, то же и на вопросы: «А кто я?». (воспитатель, учитель, мама, человек, 35


работница, дочь); «Что умеет человек?» (трудиться, радоваться, читать, учить, смеяться, шутить …);«Какой бывает дождь?» (проливной, мокрый, холодный, сильный, моросящий …). Эти упражнения заставляют их размышлять по поводу увиденного и услышанного. В процессе которых дети подыскивают самое удачное слово, формируется интерес и оценочное отношение к выполнению заданий. В развитии речи ребенка наблюдаются определенные закономерности, которые выражаются, прежде всего, в постепенности процесса.Условно в процессе овладения ребенком речью можно отметить несколько этапов.На начальном этапе происходит развитие отделов речевого аппарата, принимающего участие в речевом акте: центрального отдела – коры головного мозга и периферического– органов слуха и органов, участвующих в звукопроизношении (языка, губ, мягкого неба). Следующий этап– развитие понимания речи и на основе этого появление первых осмысленных слов. Последний этап–наличие лексического

запаса, умение пользоваться монологической речью,правильное грамматическое ее оформление, четкое и внятное произнесение звуков и слов. Овладение речью и дальнейшее ее формирование находятся в тесной зависимости от физического и психического развития ребенка, от состояния и особенностей развития его высшей нервной деятельности.Установлено, что дети, имеющие нарушения в умственном развитии, как правило, отстают и в речевом развитии. Таким образом, формирование речи нельзя рассматривать в отрыве от общего развития ребенка. Используемая литература: 1.А.И.Максаков. М., 1988 г. Правильно ли говорит ваш ребенок. 2.М.Ф. Фомичева. М.,1989 г. Воспитание у детей правильного произношения. 3.Г.А.Тумакова. М., 1983 г., Ознакомление со звуковой стороной слова 4.Ф.А.Сохина. М., 1979 г. Развитие речи детей дошкольного возраста. 5.В.В. Гербова. М., 1983 г. Занятия по развитию речи в старшей группе детского сада.

ЖАС ҰРПАҚҚА ҰЛТТЫҚ САНА ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АЯЗ БИ ЕРТЕГІСІНІҢ МӘНІ Шмиров Б. Қ. Атырау облысы Индер ауданы Кулагино орта мектебінің тарих пәні мұғалімі

Қазір біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Біздің заман арғы ата-бабаларымыздың қиялармандары жүзеге асқан заман. Осы заман өзгерісінде біз өз ұлттық құндылықтарымызды сақтай алдық па? Әлде батыстың, орыстың т.б. елдерге еліктеушілігіміз өсті ме? Міне, осы сұрақтар әр адамды толғандыруы тиіс. Жас ұрпақ ата-бабаларымыз армандағандай ұлттық құндылықтарымызды қадірлеп, қастерлеп, онымен сусындап өссе онда болашақта елін шын сүйетін ұлтжанды азамат болып өсетініне сенім мол. Ал біз ондай тәрбиені көне эпостардан, ертегілерден, жыр-толғаулардан, өсиет сөздерден аламыз. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде шағын ғана «Аяз би» ертегісінің ролі ерекше.

36

Ертегінің оқиғасы қазақ өмірінің шындығынан алынады да, оның қоғамдық мәні зор тартыстардың төңірегінде құралады.Жалпы ертегі жанры-аңыздық прозаның дамыған, көркемделген түрі, оның мақсаты ұрпақ тәрбиесінде жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен сұрқиялық, ізгілік пен жауыздық,олардың өзара күресі,түбінде жақсылық жарқырап көрініп,әділеттілік салтанат құрып,ізгілік жеңіс тұғырына көтерілетінін баяндай отырып жастарды тек қана шындыққа, әділеттілікке шақырады.Ертегідегі Жаман образы–қазақ ауыз әдебиетіндегі халықтың осындай болса екен деген арманынан туған жинақы бейне. Олқарапайым, парасатты, адал, шыншыл, көреген,


тапқыр, кішіпейіл, ізетті, көпшіл, қайырымды, қанағатшыл адам. «Аяз би» ертегісінің сюжеті Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. «Аяз би» ертегісі-өмірде реалды түрде болмайтын халық қиялынан туған аңыз. Ал осы ертегінің әр жолын философиялық тұрғыдан қарап, талдап оқысақ арғы ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырып кеткен мол өсиеттерін көре отырып таңдай қағамыз. «Аяз би» ертегісіндегі тапқырлықты: Мадан ханның уәзірлерін шөптің, құстың, адам жаманын тауып келуге жұмсағанын көруге болады.Уәзірлері әкелген адамды дұрыс деп шешкен хан: «Адамның жаманын дұрыс тауып әкелгендеріңмен, құстың, шөптің жаманын таба алмапсыңдар»,-деп ашуланады.Ханның қаһарынан қорыққан уәзірлер қырғауыл мен шеңгелді алдырмаған Жаман екенін айтады. Сонда Мадан хан Жаманды алдырып қырғауыл мен шеңгелді алдырмауын сұрайды. Өмір бойы еңбегімен күн көрген және өмірдің мол тәжірибесіне сүйенген Жаман хан сауалына былай деп жауап қайтарады:- «Киім жыртып мал жемейтін шеңгелдің адамға пайдалы отын екенін, қырғауыл сиқысыз болса да досқа адал құс екенін дәлелдей, сауысқан жүні ала болғаны сияқты өзі де ала, бірлігі жоқ, екеуі бірігіп ұшпаған, екеу бірігіп қонбаған, адам пайдасына аспайтын арам құс еді»- деп топшылайды. [1,1] Бұдан бізге атам қазақтың «Бірлік бар жердетірлік бар», - деген нақыл сөзі келеді. Осыдан біз ертегіде айтқысы келген «бірлік» ұғымына тоқталсақ, тату елді жау алмайды демекші, елін қастерлеп, сыйлап, қадір тұтқан халық ешқашанда өзге елге ырысын бермейді. Ал шөптің жаманы қара қоға екендігін: «қара қоғаны алып отқа жақсам, жанбайтын еді, үрлеген жалыны мен шоғы бірге сөніп, күлі бұрқырап үйді алып кететін еді. Малға салсам сиыр екеш сиыр да мұрынын шүйіріп жемейтін. Қара қоғаның жамандығын содан білдім»-деп дәлелдейді. Ертегіде шөптің жаманы арқылы халық адамға пайдасы жоқ, ел ішінде жүрген жатыпішер,жалқауларды,пысықайларды меңзейді. Қазіргі қоғамымызда жастарымыздың көбі «жұмыс жоқ» деген терминді желең етіп арамтамақ болып бара жатқаны ащы болса да шындық. Қай қоғамда болмасын еңбек етем деген азаматқа жұмыс табылады. Еңбекті қанағат

тұтып, шүкіршілік етіп өсуге біз жастарымызды тәрбиелей білуіміз қажет. Ертегідегі адамгершілік, шыншылдық қасиеттерді біз мына көріністен көре аламыз: Жаманның жауаптарына көңілі толған хан: «Өзімді сынашы, мен неше атамнан хан екенмін» дейді, ал бұл сын Жаманға оңай соқпайды, жамандығын көрсетеді деп ойлайды. Бірақ Жаман оған да мүдірмейді және хан алдында тұрмын деп именбейді. «Қасықтай қанымды кешсеңіз, айтайын», -деп жалтақтап жалынбайды, тайынбас қайсар, өжет өткірлігін білдіреді, Маданның қандай хан екенін айтып салады. Ал қазіргі жастарымыздың бойынан біз осындай асыл қасиеттерді көре аламыз ба, көпшілігінен, әрине, жоқ. Ертегіде халық шыншылдықты, турашылдықты, қайсарлықты осылай дәріптейді. Адамның бойындағы тағы бір жақсы қасиет ол адамгершілік, қонақжайлық, кішіпейілдік-ертегінің мына бағытынан бір осыны көре аламыз: «Мадан ханның Жаманға мені атам хан еместігімді қайдан байқадың деген сауалына:«Мен жаман-жақсы болсам да, үйіңізге келген қонақ едім. Хандардың ішер асы аузыңызға жал мен жая түспей, нан мен көже түсіп, мені келісімен аспазшыға жібердіңіз. Бұдан мен сіздің кішіпейілдігіңіз бен қонақжайлық қасиеттеріңізді байқадым. Хандардың көбі тәкаппар, менмен, өзімшіл болатын еді сіз ондай жасамадыңыз. Сіздің аталы хан еместігіңізді содан байқадым»-деп жауап береді. Міне, қазіргі жастарымызға жетіспей жатқан үлкенге-құрмет, кішіге-ізет кішіпейілділік, адамгершілік ұғымдары ертегіде осылай суреттеледі. Қонақжайлық - ол қазақтың қанына сіңген қасиет, ертеде қазақтар қонағын құдайдай сыйлаған, ізет көрсеткен. Қазіргі жастарымыздың бойында осы қасиеттерді біз байқай аламыз ба, әй, қайдам!? «Аяз би» ертегісіндегі көтерілген мәселелердің бірі отбасы беріктігі, татулығы. Қазақстанда қазір жастар арасында отбасы құру мәселесі өте күрделі. Отбасы проблемаларына ажырасу, неке санының азаюы, бала туудың төмендеуі, отбасылық зорлық, материалдық жетіспеушілік, жұбайлардың түсінбеушілігі. Қазақ халқы бұрыннан отбасын өте қатты құрметтеген. Отбасылық проблемаларды ушықтырмай, әділетті түрде шеше білген. Бұл қазақ халқының текті халық екенін білдірсе керек. Қазақ халқы отбасылық өмірге өте қатты мән берген. Қызды тұрмысқа берерде, баласын үйлендірерде текті отбасыларға, тәрбиелі отбасыларға беруге талпынған. Бұл ертегінің Меңдінің жар

37


таңдауында өте жақсы суреттеледі: «Уәлібайдың Меңді дейтін қызы он бес жастан күйеу таңдады: «Өзімнен ақылы артық кісіге тиемін»-деп, жиырма жылдай отырды, қазір отыз бесте. Бұған дейін ешкім ақылы артып оған күйеу бола алған жоқ. Бәрі де барып, қызға жауап қайтара алмай қайтып кетеді...». Міне, қазіргі қазақ қыздарының жар таңдауға сабақ боларлық өнеге. «Қызға қырық үйден тыю»-деген бабаларымыз, ал қазіргі жастарымыз үй, дүние-мүлікке, мансапқа қызығып түрлі шетел азаматтарына тұрмысқа шығуда, бірақ көптеген осындай жағдайлардың арты айырылысуға әкеліп соқтыруда. Қазақ отбасында отағасының ролі зор болған, ол жанұяны асыраушы, ақылшы, жанұя беріктігін сақтаушы. Сондықтан болар Меңді өзінен ақылды адам іздегені. Меңді сияқты әрбір қазақ қызы тұрмыс құрарда мәңгілік жарын дұрыс таңдауы тиіс, оның материалдық байлығы, түр келбеті емес, бірінші дәрежеде ақылы тұру тиіс. Жар таңдау ертегіде әр қазақ қызына сабақ болардай былай суреттеледі: «-Бикеш-ау, күйеу таңдаймын деп, сенде жұртты басындырып болдың-ау! Адам көргісіз бір жаман кісі сенде жұмысым бар дейді. Сенен ол да дәме етіп келген білем!-деп қалжыңдайды. Қыз жымиып күліп: - Ол түрі жаман болғанымен қандай кісі екенін қайдан білесің? Мынаны алып бер-деп жеңгесіне гауһар, пышақ, тәрелке беріп жібереді. Жеңгесі ол заттарды апарып берген соң, Жаман қолына алып қарап тұрады да: -Бар, мұның құралын әкел-дейді. -Ойбай! Әлгі жаманың: «Мұның құралын әкел» дейді,-деп жеңгесі қызға қайтып барады. Қыз: -Жарайды,-деп, балға мен төс береді. Жаман балға мен төсті алған соң қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты жетесінен сындырады. Гауһар тасты қақ жарады. -Мә,бикешке алып бар!-деп келіншектің қолына береді. Сынған заттарды көрген қыз ұшып тұра келіп: -Ол шайтан болмай, адам болар, менің тап баратын кісім. Шақыр мұнда!». Бұдан біз алдында айтқандай Меңді қыз жиырма жыл бойына байлықты, мансапты, көрікті емес ақылды іздегенін көреміз. «Отанотбасынан басталады»-деген қанатты сөзді біздің арғы бабаларымыз көнеден түсінген отбасының қоғамда алатын орнына үлкен мән берген. Отбасы татулығы шыншылдықтан, уәдеге беріктіктен, бір-біріне сенімділіктен

38

қалыптасады. Мұндай отбасы рухани бай, ұрпақ тәрбиесінде үнемі алда болатынын дәлелдейді. Отбасы өмірінде шыншылдық пен уәдеге беріктік маңыздылығын халқымыз ертегіде мынандай жолдармен келтіреді. Дарға асқалы жатқан Жаманды Меңді қыздың өзі ақбоз атпен келіп, құтқарып қылышты көкірегіне тастап кеткен соң, Хан алдына келген Жаман: «-Тақсыр! Жаңа айтпаған себебім мынау еді. Мен барып Уәлібайдың қызына сырттан хабарласқанда, ол шағын бір тәрелке, бір қайрақ, бір пышақ, бір гауһартас беріп жіберді. Ол оның: «Қайрақтай болып езілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше, сыр айтпайтын кісі, мына гауһартастай жарып мені алады»-деген еді. Мен оның тапсырмасын түгелдей орындап серт беріп едім. Сол себепті жаңа шынымды айтпап едім. Қыздың өзі мені аяп, ақ боз атқа мініп, бетіне перде жауып келіп, дардың жібін қиып көкірегіме көлденең қылыш тастап кеткені: «Мен үшін кінәсіз өлме, ерлігіңді көрдім. Қылыш үстінде серт жүрмейді деуші еді, антыңды қайтып ал»-деген еді. Аяз би білгір данышпан ғана емес, ол сонымен қатар адамгершілігі күшті, уәдеге берік, серттен таймайтын жан. Өзінің уәдесі, серті үшін өлуге бар, айтқанынан бас тарту, қатерден қорқып үрейлену онда жоқ. Ол дарға асылып, демі бітіп жатқан кезде де сыр шашпайды, жанына сауға сұрамайды. Меңдіге берген сертінен айнымайды. Сөйтіп халқымыз Аяз биді әрі ақылды, әрі адамгершілігі жоғары, турашыл, ер азамат етіп көрсетеді. Халыққа тән даналық, батылдық, әділдік сияқты жақсы қасиеттердің бәрі де Аяз би арқылы беріледі. Аяз би - қазақ жастарының үлгі тұтар образы, оның бойындағы осы қасиеттермен ұрпағымыз сусындап өссе нұр үстіне нұр болар еді! Қазақстандағы ажырасудың жоғары дәрежесі қоғам өмірінде, сондай-ақ жеке адамның өміріндегідей отбасы бағалылығы мен маңызының төмендеуі туралы және отбасы қанағаттанатын адам мұқтажын неғұрлым аз қанағаттандыратындығы туралы айту керек. Бүгінгі күндері ажырасу себептері ерлізайыптылардың өзара қарым-қатынасының шиеленісуінен қазіргі заманның стиліне және шапшаңдығынасәйкес келмейтін қазақстандық отбасының неке отбасылық қатынасындағы көне дәстүр және әдет-ғұрып бүлінгенін білдіреді. Соңғы жылдардағы статистикаға сүйенсек 2012 жылы құрылған отбасының - 28%-ы, 2013 жылы32%-ы, 2014 жылы-27%-ы ажырасумен аяқталған. Ажырасулар көп болған сайын, бала


туу да аз. Көптеген ажырасқан отбасы мүшелері, әсіресе, балалар психологиялық тұрғыдан қатты соққы алады. Бұл баланың тәрбиесіне әсері мол, ол бала қоғамға, ортасына қатігез болып кетуі мүмкін. Ажырасу қоғамның, сондай-ақ отбасының өзінің және оның мүшелерінің дағдарыс жиынтығы болып табылады. Отбасының ажырасуына түрлі факторлар әсер етеді. Осыған әрбір отбасы мүшелері дайын, неке табалдырығын аттағандағы сертіне берік болуы керек. Кішкентай ғана ертегіде отбасы проблемасындағы ажырасу салдарын халқымыз бәрін көрсете алмасы анық. Бірақ та ертегінің мына жерінде бір факторы көрінеді. Хан мен Жаманның арасындағы достықты бұзу ниетімен уәзірлері Хан алдында Меңдіні мақтап, оның сұлулығын, ақылдылығын сөз етіп сізге лайық әйел екен деп азғырады. Міне, осы тұста алдында айтқандай Жаман сертіне қандай берік болса, күн түскенде Меңді де хан сарайының байлығына, мансапқа, билікке қызықпай, отбасы беріктігіне көңіл бөледі. Еріне осы қиын жолдан шығуына көмектесіп, өз ақыл-кеңесін беріп отырады. Соңында хан өз қатесін мойындап, Жаманнан кешірім сұрайды. «Жақсы әйел жаман еркекті өрге сүйрейді...»-деген аталы сөз осыдан қалса керек. Әр қазақ әйелі көнеде еріне ақылшы, кеңесші, корған бола білген. Оған Меңдіні, Қарашашты, Құртқаны, Жібекті тағы басқаларын мысалға алуымызға болады. Әр отбасының татулығы, бақыт-берекесі түсіністікте, сыйластықта. Осы айтылғандардың бәрін біз ерте Жаман мен Меңдінің бойынан табамыз. Сондықтан көне ата-бабаларымыз өсиет етіп кеткен. «Аяз би» ертегісін оқып, оның мәнмағынасына терең бойлай білсек отбасы мәселесінде ажырасу болмайтынына мен сенімдімін. Отбасы болғасын «шыны-аяқ сылдырламай тұрмайды...»-дейді атам қазақ, бірақ осының бәріне сабырлық, шыдамдылық қажет. Бір сәттік ренішке бола отбасын бұзу кезінде, біріншікезекте балалар зиян шегетінін қашан да ұмытпаған жөн. Ертегінің көтерген шоқтығы биік проблемасы-ел басқару. Ел басқару оңай шаруа емес. Қазақ жерінде елді әр түрлі тұлғалар басқарғанда өркендеу, тоқырау замандары болған. Қазақ елінің ел болып қалыптасуына ерен еңбегін сіңірген Абылай, Әбілхайыр, Қасым, Тәуке хандармен қатар беріректегі ел билеушілеріміз Д.А.Қонаев, Н.Ә.Назарбаевтың істері ел есінде мәңгі қалмақ. «Әкім бол-халқыңа жақын бол!»-дейді Абай атамыз. Ел билеуде басшы өз мансабы, атақ-дәрежесі, шен-шекпені

үшін емес халқы үшін еңбек етуге тиісті, халқының мұң-мұқтажын одан шығар жолды ойлап шешуге тиіс. Әрине, халық аузында барлық билік құрған хандар мен билеушілер атала бермейді, олардың ішінен зерек, ақылды, халық үшін игілікті іс жасағандарын ғана ертегіге қосады, осыларды кейінгі ұрпаққа үлгі етеді. «Аяз би» ертегісінде халық мансапқұмар уәзірлерді Жаманның тәрбиелеуін Мадан ханның көне көз қариямен сұхбаттасып, оның шешімін уәзірлерге тауып келуі тапсырмасымен суреттеледі. Жұмбақ сөздерді таба алмай дал болған уәзірлер көмекті Жаманнан сұрайды. Жаман өзінің айласы арқылы ханның алдына қырық уәзірін жалаңаш айдап келеді. Хан алдында Жаман: «Үстеріңдегі киімдеріңді отқа жаққаным білдірмей жұлғаным, күйдірмей пісіргенім, сендерді алдыма салып жаяу айдап әкелгенім, қан шығармай сойғаным еді»-деп суреттейді. Ертегіде халық мансапқұмар, өзімшіл, дүниеқоңыз уәзірлерді осылай жазалайды. Бізде қазіргі қоғамда ел болып сыбайлас жемқорлық көріністеріне тосқауыл қойып күресуміз қажет. Ертегі соңында Аяз би хандық дәрежеге көтеріледі. Мұнысы халықтың өмірді түсінетін қарапайым адамдар хан болса екен, елді көпшіліктің ортасынан шыққан басқарса екен деген арман-мүдесін көрсетеді. Аяз биді хандық дәрежеге жеткізе отырып, халық ертегісі оған қалың көпшілік атынан ақыл-кеңес береді: «Әділ турашыл бол, баймын деп аспа, ханмын деп таспа»-дейді. Халық Аяз биге күртешесін хан тағының алдына ілдіріп, оның өткен өмірінен сабақ алып есіне түсіре отрып «Аяз әліңді, құмырсқа жолыңды біл»-деп жол көрсетеді. Бұл қазіргі басшыларға үлкен сабақ болуы тиіс. Қорыта айқанда, «Аяз би» ертегісінің қазіргі қоғамда жастарға берері мол, тәрбиелік маңызы зор. Ертегіде жас ұрпақ тәрбиесіне керекті мәселелердің бәрі қамтылған. Ертегідегі Жаман-қазақ ауыз әдебиетіндегі қарапайымдылық, адамгершілік, парасаттылық, адалықтың, шыншылдық, тапқырлық, кішіпейілділіктің үлгілі бейнесі. Өмірдегі болып жатқан нәрсені әдейі өзгерте отырып, ой, арман, қиялдан туған кейіпкер арқылы бейнелеуді ойлаған. Осы кейіпкер арқылы жас ұрпаққа ақыл-кеңесін, өсиетін қалдырып кеткен. Аяз би қазіргі жастарымызға ұлттық тәрбие беруде үлгі боларлық тұлға.«Аяз би» ертегісін біздер жастарға тәрбие боларлықтай үгіттеп, жарнамалай отырып оларды ұлттық тәрбиеге, ұлттық рухани мұраларымыздың мол

39


мұраларына көз салуына жол аша аламыз. Өйткені, ертегіні айтушы жастарымыздың өмірде бір ретте болса да сондай болғанын қалайды, армандайды. Қысқасы, Аяз биді өмірде болған тарихи тұлға дегеннен гөрі, халықтың келешегін осындай болса екен деген арманынан туған-«Арман»тұлғасы тым ертеде ескерткен халық даналығы мен асқақ мұратының көрінісі

деген орынды. Сондықтан халық қиялында туған «Аяз би» образын жастарға үлгі ете білейік! Пайдаланған әдебиеттер: 1.«Аяз би» ертегісі 2.С.Қалиев, Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.Бейсенбаева.«Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық педагогикалық негіздері» Алматы, 2001.

Сөздің көркі- мақал Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. *** Байлықтың кілті-ғылым. *** Ілім –іштегі нұр, Өнер-сыртқа салынған түр. *** Күш-білімде, Білім-кітапта. *** Кітап-алтын сандық, Іші толған қазына, құт: Оқы, біл, ойыңа тұт.

40


 Тәрбие басы-тал бесік  ҚАЗАҚ ЭТНОЛОГИЯСЫ ТАРИХЫНДА-ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ Төлекешова Қ.М. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің тарих пәні оқытушысы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің тарих мамандығының 2 курс магистранты

Қазақ этнологиясының тарихында өзіндік қолтаңба қалдырған ғалымдардың бір үлкен шоғыры өткен ғасырдың сонау 50-60 жылдары ғылымға келген еді. Олар Х.А.Арғынбаев, У.Х.Шәлекенов, Е.А.Масанов, В.В.Востров, М.С.Мұқанов және т.б. Бұл ғалымдардың көпшілігі өзінің ғылым жолын не Мәскеуде оқып, не болмаса Мәскеу этнографиялық мектебінің тәрбиесінен өткен еді. Бұл дегеніміз этнография ғылымына қомақты үлес қосуыүлкен ғылыми мектептен тәрбие алғандығында. Жалпы ғылымда үлкен ғұламалардың алдын көрмей, олардың мектебінен өтпей аса бір ірі жетістіктерге жету қиын-ау.Сол кезде Мәскеудің Этнография институтында атақты С.П.Толстов, С.А.Токарев, Н.Н.Чебоксаровтар қызмет еткен еді. Сол жылдары Мәскеудің Этнография институтында кейіннен этнография саласының майталмандарына айналған жас ғалымдар Т.А.Жданко, О.А.Сухарева, Г.П.Сиесарев, Арутюнов, Першиц т.б. ғылыми қызметтерін бастаған еді. Х.Арғынбаев 60-шы жылдары ғылымның осы қайнаған қазанына түскен еді. Х.Арғынбаевтың қазақ этнографиясы саласында айналыспаған тақырыбы кемде кем. Бұлар-қазақтың этникалық тарихы, шежіресі, үйбаспанасы, тағамы, киімі, жекелеген ауылдардың этнографиясы. Дегенмен әр ғалымның оңтайына ерекше келетін тақырыбы да болады. Арғынбайұлының осындай тақырыбы қазақ халқының отбасы этнографиясы еді. Ол 1973 жылы «Ғылым» баспасынан Халел Арғынбаевтың «Қазақ халқындағы семья мен неке» (тарихи-этнографиялық шолу) атты күрделі монографиясы жарық көрді.[1] Ол 1996 жылы «Қайнар» баспасынан «Қазақ

отбасы» деген атаумен екінші рет басылып шықты [2]. Бұл автордың 20-30 жыл бойы ел арасынан, этнографиялық экспедициялардан архивтерден және бұрың-соңды баспа жүзін көрген әдеби мұралардан жинаған қыруар этнографиялық зерттеу еңбегі. Қолжазбада қазақ отбасының өткені мен бүгінгісі,халқымыздың оған байланысты бай салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары терең қамтылған. Еңбектің басты мақсаты-халықтың ұмытылып бара жатқан озық әдет-дәстүрлерін кеңінен насихаттау,одан ғибрат алуға үндеу. Толық дәстүрлерден аулақ болуға шақыру.[2,2б] Қазақ отбасы мен некелік қатынастарын этнографиялық тұрғыда зерттеудің ғылым үшін де, күнделікті өмір мүддесі үшін де зор маңызы бар. Өйткені, біріншіден, бұл мәселе туралы басқа авторлармен жазылған зерттеулерде қазақ отбасының тарихы толық қамтылмағандықтан, біз осы олқылықтардың орнын біршама толықтыра түсеміз; екіншіден, халық өмірінде қалыптасқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өзі сан-алуан, әсіресе әр түрлі діни сенімдерге байланысты қалыптасып, әлі де болса өмірден сабағын үзбей келе жатқан зияндылары да жоқ емес. Сондықтан бұл еңбекте әр түрлі дәстүрлер мен жол–жоралғылардың шын сыры ғылыми тұрғыда айқындалып, дұрыс мағлұмат, бағдар алуға көмектеседі [2,5-б]. Х.Арғынбаевтың бұл еңбегінен кейбір қызықты ғылыми тұжырымдарды оқимыз: «Қазақ дәстүрінде бірге өскен құрдастар арасындағы қарым-қатынаста дамыған. Құрдастар бір-бірімен өте қатты қалжыңдасып, тіпті бірінің әйелін бірі «өз әйелім» деп әзілдеп

41


отырады... [2,10-б] Одан әрі тағы бір жерде «Неке құрудың ең бір көне түрінің яғни алғашқы қауымдық қоғамда болған топты некенің жұрнағы ретінде қазақ арасында әмеңгерлік (левират) және балдыз алу (сорорат) әдетғұрыптары бойынша үйлену тәртібі күні кешеге дейін сақталып келді. Бұл әдеттер тек қазақ халқына емес,сонымен бірге көптеген түрік тілдес халықтар мен монғол халықтарына да тән» екендігін дәлелдейді [3,43-б]. Демек, бұл кітаптың ғылыми танымдық маңызы, әсіресе қазіргі қазақ қауымы үшін тәлімтәрбиелік мән мағынасы зор болып отыр. Мұндай келелі өзгерістердің іске асуы оңайға түскен жоқ. Халық санасынан патриархалдыфеодалдық дәстүрлер мен жағымсыз діни сенім қалдықтарын жою,әйелдердің сауатын ашып, мәдени деңгейін көтеру, оларды қоғамдық еңбекке тарту арқылы өздерінің қоғам алдындағы қажеттілігін сезінуін нығайту, үй шаруасы мен бала тәрбиесін жеңілдету және семьяда жаңа қарым-қатынастардың қалыптасуына жағдай жасау сияқты мәселерді іске асыру қыруар қаржы мен уақытты, іскерлік пен қажырлықты талап етті. Қазіргі қазақ семьясы өзінің түрі жағынан негізінен ата-ана мен олардың үйленбеген балаларынан тұратын шағын дара семья. Үйленген ер балаларын жеке отау етіп бөліп шығарады да егде тартқан ата-ана, не олардың біреуі дәстүр бойынша қара шаңырақ иесі кенже баласының қолында болады. Кейде мұндай семьяның құрамында үлкен әкесі мен әжесі, не олардың бірі болуы да мүмкін. Олай болса мұндай семьялар төрт ұрпақтан тұрады. Кейбір себептермен кенже баласы басқа жерге ауысқан жағдайда туып-өскен мекенінде қалатын ата-ана егер басқа балалары болған жағдайда үлкен ұлдарының бірімен бірге тұруы да мүмкін. Ал туған ұлдары жоқ егде тартқан ата-ана кейде күйеу баласының да қолында тұрады. Мұндай құбылыс сирек кездескенімен оны ел-жұрт бұрынғыдай әжуа етпейді [4, 38-б]. Семья мүшелерінің өзара қарым-қатынасында да айтарлықтай келелі өзгерістер болды. Бұл арада ең алдымен көңіл аударарлық мәселе семьядағы келіннің күйеуіне, оның ата-анасына, тіпті жақын туыстарына бұрынғы бағыныштылық, тәуелділік жағдайының келмеске кеткендігі. Қазіргі келін барлық семья мүшелерімен тең праволы, олардың өзара қарымқатынасы достыққа, сыйластыққа негізделген, қайын ата, қайын ене алдында бұрынғыдай қысылып-қымтырылмай өзін еркін ұстайды. Ал

42

қайын ата, қайын енелер қазір үй ішінің шаруасына, бала тәрбиесіне көмектесіп келіннің қоғамдық қызметіне жағдай жасайды. Келін де күйеуімен бірге ата-енесіне, жас қайнылары мен қайын сіңлілеріне қамқорлық жасай отырып, үй іші мәселесін үлкендермен ақылдаса отырып шешуге тырысады. Әсіресе жеңге мен жас қайны, қайын сіңлілері арасында көбінесе қалтықсыз достық,сыйластық қалыптасып, кейде тіпті жеңгелер жас балаларға анасындай қамқоршы болып кетеді. Қазіргі семьяның басты проблемасының бірі жастардың семья құрып,үй болу мәселесі. Некелесу ісі жастардың өздері шешетін өмірдегі аса жауапты оқиғалардың бірі. Көп жылдар бойы бірге оқудың, жұмыс істеудің немесе мекенжайларының орамдастығының нәтижесінде танысып, бір-бірін жете білісіп, түсінісудің арқасында берік қалыптасқан махаббат сезімі көпшілік жағдайда некелесумен аяқталады. Үйленуге өзара келіскен жастар өз шешімдерін ата-аналарына айтып ақылдасады. Әдетте болашақ қалыңдықтың да, күйеу жігіттің де жеке бастарының тәртібі, әдептілігі, көргенділігі, білімі, қоғамдық өмірдегі орны, жағымды және жағымсыз жақтарының бәрі де екі жақта сөз болады. Сайып келгенде, мұндай неке екі жақтың да ата-ана, туған-туыстарының қайсысының болмасын көңілдерінен шықпағанның өзінде олардың пікірі шешуші рөл атқармайды. Өйткені неке мәселесін шешуде атаана еркі бұрыңғыдай қатаң тыйым салмайды. Көңілдері үйлескен жастар шешімі күшінде қалады да құда түсу дәстүрі бойынша екі жақ келісімге келеді. Әрине, құдалық ғұрпы қазіргі күнде күрделі өзгерістерге ұшыраған, оның тек дәстүрлік формасы сақталып отыр. Қала тұрғындарының үйлену тойын өткізу дәстүрінің ауылдық жердегіден көп айырмашылығы болмайды. Оның ең басты, құптарлық жағы қыз ұзату тойын қалыңдық әкесі, ал келін түсіру тойын күйеу әкесі өз үйлерінде шамасына қарай қызықтайды, немесе екі жағы бірігіп, ресторандар мен кафелердің банкет залдарында өткізеді. Құдалар бір-бірін үйлеріне шақырысып, сый-құрмет көрсетеді [5 ,201-202-б]. Ал енді құда түсіп үйлену тойын өткізгенге дейін ел арасында орын алып келе жатқан сан алуан әдеп-ғұрыптардың, көне және жаңа дәстүрлері бар. Көптеген ескі әдеттер қазір ұмытылса, кейбіреулері өзгеріп жаңа мазмұн ғана сақталуда. Ал енді біреулері тек символдық, ғұрыптық мәнде ғана орындалады.


Бұрыннан келе жатқан мәні бар жарасымды дәстүрдің бірі-келін түскенде қайын енесінің ізгі тілектерімен шашатын шашуы. Шашу есебінде бұрын бауырсақ, құрт шашатын болса, осы күні әр-түрлі кәмпиттер мен уақ ақшалар шашылады. Халық ырымы бойынша шашылған шашуды мерекеге жиналған жұрт теріп алып, міндетті түрде дәмін татады, үйде қалған балаларына да ала барып үлестіреді. Шашудан тату немесе тиындарды теріп алудың мәні-осындай қуаныш шашудан дәм тартқандардың да өмірінде міндетті түрде қуаныш болатындығынан үміт күтетін «синдиасмикалық» көне діни сенімге байланысты болатын. Ал қазіргі күнде мұндай көне сенімге ешкім сенбегенмен ұнамды дәстүр сақталып келеді [4, 37-б]. Жаңа түскен келінді көрсетіп қайын ата, қайын ағаларынан көрімдік сұрау салты сақталып келеді. Тіпті келінді бұрыннан көріп жүрген үлкендерден көрімдік сұрау дәстүрі тым ұнамды-ақ. Бұл дәстүрдің орындалғанына үлкендер де разы болып әр уақытта ырымын жасайды. Бұрын, әрине, жаңа түскен келін үлкендерден жасырнады, рұқсатпен ғана көрінеді деген ұғым шықпауы керек. Керек десеңіз жас келінді алғашқы күндері шымылдық ішінде

отырғызу ғұрпы да келмеске кетті. Бұрынғы кезде көрініп жүруге рұқсат алған келіндерді өзі үлкендердің алдында жалаң аяқ, жалаң бас жүрмейтін. Қазір мұндай әдет те жойылды [3, 40б]. Осылайша, бұрыннан келе жатқан мәні бар жарасымды дәстүрдің қоғамға сай байыпты өзгеруі тәрбиелік мәні зор дәстүрге айналып отыр. Қорыта айтқанда, осы тәрізді ғасырлар бойы жинақталып, өмірлік тәжірибеден өткен халықтық қағидаларды білгенмен, оның талаптарын орындағаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Х.Арғынбаев «Қазақ халқындағы семья мен неке» «Ғылым» баспасы А.1973, 326 бет 2.Х.Арғынбаев «Қазақ отбасы»,«Қайнар» баспасы А.,1973, 284 бет 3.Қыдыралин Ү «Қазақ этнографиясының ғылыми негізі Х.Арғынбаев еңбектерінде» //Халел Досмұхамедов атындағы АМУ хабаршысы, 2009, №1 (15) 4.Х.Арғынбаев «Дәстүрдің озығы бар», «Жалын» журналы, А., 1981 5.Қыдыралин Ү.«Маңғыстау қазақтарының мәдениеті мен тұрмысы» Ақтау-1995.

Резюме Статья содержит основной труд Х.Аргынбаева в 1973 году вышедшая под названием «Қазақ халқындағы семья мен неке», «Семья и брак у казахов», В его труде были освещены в той или иной степени все основные историко-культурные и социальные аспекты проблемы: формы семьи и брака, система родства, внутрисемейные отношения, свадьба, ритуалы и обычаи жизненного цикла, семейнобрачные отношения и их перспективы. Resume The article contains the main work H.Argynbaeva «Family and marriage Kazakhs» published in 1973. In his work he has been highlighted - form of family and marriage, kinship system, wedding, family and marital relations and their prospects.

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – АДАМЗАТ ДАМУЫНЫҢ БАҒЫТ-БАҒДАРЫН АЙҚЫНДАЙТЫН АЙРЫҚША ҚҰБЫЛЫС Акмурзиева З. И. Атырау қаласы №34 Лингвистикалық мектеп- гимназиясының бастауыш сыныптың ІІ санатты мұғалімі

Қазақ халқының ұлттық тәжірибелері мен тағылымдарының мол қазынасы–халықтық педагогика. Бүгiнгi қазақ мектептерінің алдында тұрған басты мiндет–оқушының ұлттық санасезiмiн оятып, тәрбиелеп қана қоймай, оның бойына халықтық педагогиканы, ғасырлар бойы қалыптасқан тiл, дiн, тәрбие, ұлттық салт-дәстүр, үлгi-өнегенi сiңiрту. Ұлттық тәлім тәрбиенің

іргетасын дұрыс қалай бiлу мұғалiмдердiң, атааналармен қосылып жүргiзген шараларына байланысты, өйткенi, бiрiншi ұлттық тәрбиені ошағы-отбасында, екiншiден, мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп болып бiрiгiп жұмыс атқару-біздің басты мiндетiмiз. Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан 43


емес. Соңғы 24 жыл ішіндегі өзгерістер, шыққан биік, қайта оралған құндылықтар, өлмес-өшпес мұра, тапқан табыстарды тілге тиек етсек, әр қазақстандықтың жүрегіне қуаныш пен мақтаныш келер күнге деген сенім ұялатады. Рухани тәрбиемен нұрланбаған адам өзінің алған білімін қара басының пайдасына жұмсап, өз мүддесі үшін адамзатқа апат әкелуі мүмкін. Оның мысалы тарихта аз емес. Тек сол арқылы ғана халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған бай рухани мұрасымен жастардың бойына адамгершілік ізгі қасиеттерді қалыптастырып, сіңіртіп, өзінің Отанына адал азамат етіп тәрбиелеу ата-ана мен ұстаздар қауымына жүктеледі. Оқу мен тәрбиелеудің үлкен ортасы – мектеп екені белгілі. Ондағы жоспарлы тақырыптық сабақтармен қатар, сынып сағаттары, тәрбие сағаттары, пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар оқу мен тәрбиенің ең негізгі, ықпалдастығы болып отыр. Қазіргі ел жастарының ұлттық сана сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыруда қазақ ұлтының төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдепғұрпы негізіндегі түрлі қосымша арнайы пәндердің, курстардың енгізілуі-жастарға ұлттық тәрбие берудің бірден-бір оңтайлы жолы деп түсінемін. Ал ол курстар мен арнайы пәндердің жоспарлары белгілі міндеттерді көздей отырып құрылса, ұлттық тәрбие беру ісінің жолға қойылғаны дер едім. Шын мәнінде, жалпы кәсіби білім беретін пәндердің тәрбиелік мазмұнын күшейтумен қатар, тәлім-тәрбиені көздеген қосымша арнайы пәндер мен курстардың қолға алынуы жастардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттырады, олардың ақыл-ой қабілетін, жеке бас қасиеттерін дамытады, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектеседі. Мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтарға білімді өз бетінше ізденуіне, ұлттық тәрбиені сіңіріп, оның ерекшелігін терең білуге, құрметтеуге, үйретуге тиіспіз. Қазақ халқының салт-дәстүрінің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі аса зор, мәні үлкен. Ендеше ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, оқушыларымызға білім беру барысында ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану олардың ұлттық рухты қалыптастыруға мол үлесін қосу қажет. Әрбір мемлекеттің дамуындағы өзгерістер мен жаңалықтар, адамзат мінез-құлқындағы кемшіліктер мен келеңсіздіктердің бәрі тегіс ұрпақ тәрбиесіне келіп тіреледі. Осы ретте ең алдымен ата-бабамыздан қалған ұлттық мәдениет, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіпті ұлттық

44

музыка негізінде келешек ұрпақты тәрбиелеуміз қажет. Басқаша айтқанда, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, ғасырлардан келе жатқан халқымыздың тәрбие беру жолы бүгінгі ұрпақ тәрбиелеу үдерісінде кеңінен орын алуы тиіс. Бүгінгі таңда, ұрпағымыздың азамат болып қалыптасуы барысында біз олардың жаhанданудың теріс ықпалдарына қарсы тұруын ескеруіміз қажет. Бұл жағдайда тәрбие жұмысының тиімділігі ата-ана мен мектептің өзара байланысынан көрінеді. Өскелең ұрпаққа адамзат тарихында өзгермей жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, сапалы білімді дамыту– қазіргі кезде көкейкесті мәселенің бірі болып отыр. Ақиқатында, осынау мәселе еліміздің тұтастығын, оны ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі жастарды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында ұлттық сананы қалыптастыру көкейкесті мәселелердің бірі болғандықтан, еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» халыққа Жолдауында былай деп жазылған:«Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» дейді. Олай болса, басты мақсат–жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеу. Келешек тірегі бүгінгі жас буынды жан-жақты, ақыл-парасаты мол, ізетті, кішіпейіл, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу–ата-ананың, мұғалімнің, мектептің, барша адам баласының қоғам алдындағы борышы. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының этникалық мәдени білім тұжырымдамасында:«Тәрбиенің түп мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын өмірге икемделген, білікті, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу»– деп өнер мен мәдениетті дамытуға ерекше мән берілген. Себебі, тәрбие мәселесі алдыңғы кезекке қойылмайынша, мемлекет дамуы барынша тежелетіні анық. М.Шоқайдың сөзімен айтатын болсақ, «Ұлт мәдениетінен жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажетіне пайдалы азамат шықпайды». Сондықтан жаңа заман талаптары мен міндеттеріне жауап бере алатын рухани бай


тұлғаны қалыптастыру мәселесі – бүгінгі таңдағы еңселі мемлекетіміз алдындағы өзекті мәселенің бірі. Демек, тәрбие беру–қоғамдық құбылыс, жалпыадамзаттық іс болып табылады. Ал бүгінгі таңдағы Шығыс пен Батыс, Еуропа мен Азия мәдениеттерінің өзара тоғысуы кезіндегі ұрпақ тәрбиесін оңтайлы жүргізу үшін қандай мақсат қойылуы, нендей міндеттер іске асырылуы қажет деген сауалдар туындауда. Біздің ойымызша, жас ұрпақты тәрбиелеудің мақсаты– ұлттың рухани және материалдық құндылықтарын бағалай білетін, ана тілінің қадірін арттырып, дамуына үлес қосатын жан-жақты білімді, дені сау, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы жоғары ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Жалпы «жастарға ұлттық тәрбие беру» деген ұғымды жастар бойында ізгі қасиеттерді ұлттық ерекшелікке сай қалыптастыру деп ұғынуымыз керек. Басқаша айтқанда, ұлттық тәрбие беру– халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінезқұлқын қалыптастыру. Бұл орайда біз тұлғаның іс-әрекеті, сезімі мен ойлау ерекшеліктері, оның өмір сүріп отырған қоғамдық тарихи жағдайларына тәуелді болатындығын міндетті түрде ескере отырып, әр баланың өзіне тән санасы, еркі, шығармашылық қарым-қабілетіне сай ұтымды әдіс-тәсілдерді қолданғанымыз жөн. Тәрбие беру–үздіксіз, демалыссыз жүргізілетін

күрделі үдеріс. Мұнда балаға табиғаттан берілген тума қасиеттер, қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдай, іс-әрекет пен қарым-қатынас сияқты негізгі күштеріміздің өзара ұтымды байланысы және сәйкестігі саналы азаматтық көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Сондықтан қоғам дамуының белгілі сатысында, дәл бүгінгі күні тәрбие беру, қағидаларын анықтау ең басты, өзекті мәселенің бірі болып табылады. Әсіресе, ұлттық тәрбие мазмұнын ұлттық мүддеге сай құрып, жастарға ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты жүзеге асырсақ еңбегіміздің еш кетпегені. Ұрпақ тәрбиесінде кешігу дегеніміз мертігумен бірдей.Тәрбие-бала тумай тұрып, дүниеге әлі келмей тұрып басталады. Халық: «Отбасында шырақ болып жанады, Мейірімділік тарататын жанары, Анасының тәрбиесін, тәлімін, Сәби болса іште жатып алады. Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан», - дейді халық даналары. «Баланы бақырып үйретпе, ақырын үйрет». Халық асқан тәлімгер осылай талап қойған. Зекіру–зердеге У.... Байбалам салмай, бабын тауып үйретсең ғана еңбегің жемісті. Адам тәрбиесінде зорлыққа есік жабық. «Ықтиярсыз ашқан көздің нұры жоқ», деп ойды сығымдап, нақышты әрі санаулы сөзбен әрі өткір, әсерлі айтып бізге қалдырған ой-парасат мирасы бізге даңғыл жол іспетті.

ОТБАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ЖАЛҒАСТЫРУШЫ Тажиева Д.К. Атырау қаласы, №34 Лингвистикалық мектеп-гимназиясының жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы– оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып,мәңгі есінде жүреді. Ақын сөзімен айтқанда:«Отбасы–табиғат сыйлаған кереметтердің бірі»,- десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарымқатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам болып табылады.Сондықтан, отбасы ең қажетті, басқадай нәрсемен ауыстыруға

болмайтын баспалдақ. Отбасы–сыйластық, жарастық орнаған орта. Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі –бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Соның ішінде Ата -ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.Өйткені, халық даналарының Ата-асқар тау, Ана– бауырдағы бұлақ, Бала жағасындағы құрақ– деп ата-ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалы соның айғағы. Отбасы–адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі.«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында

45


ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі ықылым заманнан келе жатқан дәстүр. Оған С.Бегалиннің « Бала Шоқан» шығармасынан үзінді келтірейін. «Шыңғыс өзі оқып білім алған және келешек ғылым-білім өрісі орыс мектебінде екенін біле тұрса да, баласына шығыс әдебиеті мен тарихынан хабардар болсын деп, Әубәкір молданы әдейілеп Орынбордан көшіріп алып келгенді. Алдымен балаларын ана тілінде сауаттандырып және өзімен өмірлес шығыс елдерінің мәдениетімен де таныс ету ниеті болған. Сондықтан да ол: - Шоқанға өзің білетін барлық оқуыңды үйрет. Бұларға енді жеті жұрттың тілін білу керек,»дейтін. Бұл үзіндіден балаға деген ақылды әкенің ақ тілегі мен қамқорлығы көрінеді. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасында «Әкемді жиырма сегіз жасында ауылдың старшыны сайлапты. Он жеті жыл старшын боп тұрып, он сегізінші жыл дегенде бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Еркеш деген кісіге берген екен. Әкем жарықтық өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып кетті. Қанша жыл аз ауылдың кіші–гірім әкімі болса да бүйірі томпайып, мал біткен емес. Бар байлығы жалғыз аттан артпапты. Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той–томалақ өткізуге құмар боп тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек көретін. Бір жолы мен, ес біліп, етек жиған кезім, базар барып азын–аулақ ақшаны жаратып қойсам керек, өгей шешеміз мұныма күңкілдеп ұрса берді. - Әлден ұрма, ақша бітсе шашып жүреді, тұра бара не болады?! Әкем сонда өгей шешеме жай ғана: -Е, ақша дегеннің өзі шашуға шығарылған нәрсе де,- деп тастады. ... Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кіші–гірім той сияқты жиын болатын. Қоржынның екі басы базарлыққа толып келеді. Сонда өрік–мейізге бір тойып қаламыз.Бала біткен сондықтан әкемді жақсы көретін. Асылы, істеген жақсылығыңды бала тәуір біледі. Кейбір үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Ол қуанса–шын қуанады. Ал ересектердің арасында «сырты жылмаң, іші арамдары» кездесетінін, құдайға шүкір көріп жүрміз»-деп отыратын. Әкем менің сондай кісі еді, жарықтық. Қазақтың біртуар ұлы

46

Бауыржан Момышұлы өзінің әкесі туралы осылай ой қозғап, сыр шертеді. ... Тағы бір жай ойыма оралады... Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары жамбастай жайғасып баппен қымыз ішіп отыр екен... Әкем дастархан шетінде қымыз құйып отыр. Ол мені ымдап шақырды да құлағыма:«Сен немене, аталарыңа сәлем беруді ұмытпа дегенім қайда» деп сыбырлады. Мен қатты қызырақтап, үйден шыға жөнелдім. Сыртта біраз тұрдым да, нық басып үйге қайта кірдім. Көпшілікке қол қусырып тұрып: «Ассялам алейкум, аталар» деп әр сөзді қадап–қадап айттым. Бұған әрине бәрі күлісіп жатыр. Әйткенмен мені араз етіп алмау үшін бәрі де бір ауыздан « әлейкүм салам!» десті. Сонан соң әрқайсысы маңдайымнан сипап мақтайды. Жақсы сөзге мәз болып, мен әкемнің тізесін ала жайғасамын. Ол басымнан сипап отырып: «Жарайсың, балам!Үйге кіргенде әрқашан үлкендерге сәлем беруді ұмытпа. Әдепті бала сүйтеді»- дейтін.Міне, әке тәрбиесі осы деп, Бауыржан аға жиі әкесін есіне алатын. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осындай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. Әкенің ақылы мен ананың ақ сүті Бауыржан Момышұлының қанына сіңген қасиеті намысшылдық пен ар тазалығы екендігін ұрпағы мойындап, құрметпен риза боп, басын иеді. Бауыржан ағамыз–замандасы Мұхтар Әуезовті «тектілердің ұрпағы» дегеніндей, өзі де қарапайым тектілер отбасынан. Егер ұшқан ұясында халықтық өнеге дәстүрін көрмей өссе, әйгілі панфиловшы-қолбасшы,мыңдаған жауынгерге әке атанған Момышұлы да болмас еді. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің естелігінде былай делінеді: «Жауынгерлік арнамысым менен осында, жауынгер жолдастарымның қаны төгілген дивизияда қалуымды талап етеді. Өлген жолдастарымның аруағы қашан қатардан шыққанымша осы дивизия туының астында болуымды талап етеді. Егер мен бұл жерден кетіп қалсам, онда мені өлген солдаттарымның рухы қарғайтын болады! Мен солдатпын! Солдатша соғыса білуге де міндеттімін. Солдаттың жүрегіндегі сөзді айтуға да тиістімін. Менің сөзім осы, жолдас комиссар», –дейді Бауыржан комиссар Егоровқа… Панфилов дивизияның жүрегіндегі лаулаған оты болса, Бауыржан оның лапылдаған жалыны болды»,–деп еске алады Мәлік Ғабдуллин. Бауыржан Момышұлы дегенде ұлттық дәстүр, ана


тіліміз бен өнеріміздің шынайы жанашыры, қамқоршысы есімізге түседі. Әдепті де адал ұл-қыз ата-аналарына көзі тірісінде қызмет көрсетулерімен қатар, дүниеден озғаннан кейін де оларды жиі-жиі еске алып, олардың өсиет-аманатын қалтқысыз орындап, қалып қойған қарыздарын өтеп, замандасдостарына құрмет көрсетіп, зиратына барып тұрады. Ендеше, баланы сеніммен тәрбиелеу – зор нәтиже береді деп ойлаймын. Балаңмен дос, сырлас бола біл. Ешқашан қаталдықпен адамды адам ете алмайсың.Қатыгездік баланы ашындырады, жүрегіне өшпенділік тудырады. Содан сырттай бағынышты көрінгенімен, ішкі қарсылығы өсе береді.Әке-шеше ретінде қоқаңдап, өз ойыңды тықпалай берсең, баланың тұлғалық қасиеттері ашылмай қалады. Бетінен қақпа, бірақ белін буып жолға сал. Дүниедегі мақсаттың да, міндеттің де ең үлкені – ол ертеңгі күнге өнегелі, парасатты ұрпақ қалдыру. Абайдың: «Баланың жақсысы– қызық, жаманы – күйік», - дейтіні содан шығар. Ата-ананың сөзін сыйлап, құлақ асу, пікірлес болу отбасы тіршілігінің бір ғанибеті. Сол арқылы-ақ бала атаанасының мейірін өсіріп, өз ортасында төрден

орын алуына көмектеседі. Керісінше, ата-ананың сөзін құлаққа ілмейтін, өзі тағы жөн білмейтін жетесіз бала олардың сағын сындырып, төрдегі басын есікке сүйрейді. Балалардың ұрысқақ, жанжалқой, дөрекі-дөкірлігі әке-шешенің жатсатұрса жадынан шықпайтын қауіпі, азабы болады. Ондай ата-аналар үнемі алаңдаумен күн кешіп, қабақтарынан кірбің кетпейді.Отбасындағы психологиялық оңды ахуал,татулық пен тыныштық, жайдары қабақ, пейіл-береке–оның барлық мүшелерінің ырысы, ойға алған істерінің өрге басып, мақсаттарының жүзеге асуының кепілі.Отбасы–жеке тұлғаны әлеуметтендіру міндетін жүзеге асырушы.Ол болашақ жас азаматтың дене жетілеуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына,ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал жасаушы. Отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамның тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы; отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасап, өзінің ұрпағын болашақ отбасылық өмірге дайындаушы.

ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУ ДӘСТҮРІ Қаленова Г.С. «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, Қоғамдық-бұқаралық байланыс және баспа қызметі бөлімінің басшысы, магистр

Халқымыз ұрпақ тәрбиесіне ешқашан енжар қарамаған. Ұрпақ бойына жақсы қасиеттерді дарыту елінің ертеңін ойлар азамат етуді әу бастан-ақ мұрат тұтқан. Жақсы ұрпақ өсіру бұрын да, қазір де үлкен маңызды мәселе қатарында және солай болып қала да бермек. Өйткені жас ұрпақ-елдің ертеңі. Сондықтан «Ұлықты-ұл, қылықты-қыз» өсіруге ата-бабаларымыз ерекше назар аударған. Қазақ отбасында қыз балаға тәрбие берудің педагогикалық - психологиялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуы халықтың сан ғасырлық тарихымен, тыныс-тіршілігімен, тұрмыссалтымен және мәдениетімен тығыз байланысты. Өз тарихында қазақ халқы қыз бала тәрбиесінің эмпиризмдік (сезімдік қабылдау) түрін пайдалана отырып, өзіндік әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін жинақтады. Бұл бағытта бұқараның мәдени тәжірибесі, орнықты қағидалары, қоғамдық мінез-құлық ұстанымдары топтастырылды. Қазақ сахарасының әлеуметтік-экономикалық, тарихи-

географиялық жағдайларының, халықтың көшпелі өмір салтының өзіндік ерекшелігіне сәйкес қыз баласын тәрбиелеуге деген талаптары қалыптасты. Қазақ ұғымындағы отбасы-өмірдің тұтқасы. Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала сезіміне әсер етеді. Алғыс айтқан ұрпаққа «көргенді» деп, қарғыс айтар адамына «көргенсіз» дейтін қазақ, бұл тұста да отбасы тәрбиесін меңзейді. Баланың көргенсіз атануы ата-ананың арына нұқсан. Одан асқан қорлық жоқ. Осы атаққа тап болмас үшін, отбасы мүшелері ұрпақ тәрбиелеуде асқан жауапкершілік танытады. Халқымыз қыз бала тәрбиелеуді үлкендердің, ата-анасының, елге белгілі кісілердің жақсы істерін үлгі ету, тәрбиеге «ұят», «намыс», «ар» ұғымдарын кең пайдалана отырып сендіру, үйрету, жаттықтыру, көтермелеу, мадақтау, мақұлдау, жазалау, тыйым салу, талап қою әдістері арқылы жүзеге асырып отырған. Қазақ

47


отбасының күнделікті тіршілігінде қыз бала тәрбиелеуде педагогикалық ықпал етудің түрлі тәсілдері баланың адамгершілік, имандылық сезімдерін ояту мақсатында олармен қайырымды, ілтипатты, қамқорлық қатынас жасау; тұлғалық қалыптасуына ықпал ету мақсатында жанама ықпал ету, моралдық қолдау, сенім арту, өзіне деген сенімін нығайту, жауапкершілік жүктеу, қызықты іс-әрекетке тарту; әдептен асудың алдын алу мақсатында еркелете кінә арту, жалған енжарлық көрсету, ренжу, наразылық білдіру, ашулану, айыптау, бұйыру, т.б. қазір де өз мағынасын жойған жоқ. Қазақ халқының қыздарға педагогикалық ықпал етудегі ең кең тараған тәсілі-тұспалдап айту. Онда өткір сөз, юмор пайдаланылған. Қыз баласына арналып айтылған тұспал сөздер бейнелі-абстрактылы ойдың дамуына әсер етеді. Той-думан, ойын-кештерде, ақындар айтысында, күнделікті қарым-қатынас кезінде әзіл-қалжың, жұмбақ ретінде астарлы сөзді жиі пайдаланған. «Қызым саған айтам, қызым сен тыңда», «Ымды түсінбеген, дымды түсінбейді», «Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді» деген халық нақылдары осының кепілі. Қыз бала өмірлік ғибратты өзі туған отбасы, одан ары өткен ауылының тұрғындарының үлгіөнегесі арқылы бойына сіңірген.Олар бала кезінен сән-салтанатты сауық-сайрандардың үнсіз куәгері бола отырып, көріп, біліп, есте сақтап, өздері үйренген тұспал сөздерді құрбықұрдастарының арасында пайдалануға алғашқы қадам жасайды. Осылайша зеректікке, тапқырлыққа жаттыға отырып,кейін келе өз өнерін ұштауда орнымен пайдаланған. Отбасында қыз баласына тәрбие беруде мына талаптық тәсілдер пайдаланылған: -астарлап сөйлеп, тұспалдай отырып талап ету;

-әзіл, ойын-күлкісі аралас түрдегі талап ету; -шарт қоя отырып талап ету; -сес көрсете отырып талап ету; -қағытып, кекету түріндегі талап ету; -ишара, ым ретінде талап ету; -кеңес түріндегі талап ету; -сенімсіздік білдіріп,күдік көрсете отырып талап ету; -нақты талап ету. Қазақта қаталдық пен талап етушілік-халық педагогикасының негізі. Біріншіден, мейірімділік, содан соң барып белгілі бір дәрежеде өктемдік орын алады. Белгілі бір дәрежеде дейтін себебіміз, тәрбие беру барысында айқын өктемдік аса қажет емес. Ата-ананы, үлкенді, туыстық байланыстарды терең құрметтейтін ұлттық әдетғұрыптар мен салт-дәстүрлер үлкендердің беделін онсыз да қамтамасыз етеді. Қай халықтың болсын әлеуметтік-мәдени және рухани құндылықтары ұрпақ тәрбиелеуде, оны тұлға етіп қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан, халық педагогикасының тарихи жолын електен өткізіп,орнымен пайдалана білу қазіргі жағдайда оқушылар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің ең күрделі деген мәселелерін шешуге жәрдем етер еді. Ол үшін қазақ халқының ару қыздарының бойына өз халқының рухани құндылықтарын бағалайтын көзқарас пен ұлттық сана-сезім қалыптастыруымыз қажет. Пайланылған әдебиеттер: 1.«Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика» журналы, 2008, №3 саны 2. «Дәстүр» журналы, 2014,№1 3. «Бала тәрбиесі» журналы, 2015, №4

БҮГІНГІ ҚЫЗ БАЛА ЕРТЕҢГІ ҰЛТТЫҢ БОЛАШАҒЫ Ғизатова З. Атырау қаласы №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектептің химия пәні мұғалімі

Қазақ халқының мақсаты-әдет-ғұрып, салтдәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, әдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.

48

Бүгінгі кейбір қазақ қызының келбетіне назарың түсе қалса–көзіңнен нұр, санаңнан сыр, жүректен жыр кетеді. Ар-намысты жігіттің түбіне солар жетеді. Рұқсат болса бейнелеуге, былай болып келеді: Құлын мүшесіне жабыстырып шалбар киінген, жейдесінің етегі беліне жетпей түйінген,


шаштарын жайып тастаған, жас шамалары 16-17-ден де аспаған, кешірерсіздер, күйіс қайырған сиырдай аузы-басы қиқақтап, бір қолында темекі, бет-ауызын бес елі қып бояған. Ар-намысын айрандай төгіп, кеңес айтсаң кеңірдегі жұлынып кетердей сөгіп, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады.Осындай қазақтың кейбір жас қыздарының имандылықтан жұрдай парасаттылық пен инабаттылықты, сыпайылық пен ілтипаттылықты ұмытқан, мінез-құлықтары күн өткен сайын әлсіреп, ұрпақтың санасын улап бара жатқандығы жалғыз менің ғана емес, мыңдаған саналы да зиялы қазақтың көңілін алаңдатып, жүрегін қынжылтса керек. «Ертеңін ойлаған ел азбайды» деген халқымыздың даналығына сүйене отырып, менің айтарым бүгінгі бойжеткен–ертеңгі ана. Бұған қоса қазақта, әлем әйел кіндігінде–деген де сөз бар. Бұл сөздің мағынасы ару аналар тіршілікте күре тамыр, өмірді бір-біріне жалғап тұратын келер ұрпақтың жалғасы. Ұрпақсыз өмірдің мәні жоқ. Өмір жалғаспайды, өріс кеңімейді. Яғни, жалғасын таппаған тіршілік түгесілген болар еді, көгермей жатып көктей солар еді дегенді айқындап тұр. Міне өздеріңіз куә болғандай, осыншалықты қадір қасиеті жоқ, тіпті сөзбен айтып жеткізе алмайтын тал шыбықтай бұралған аяулы да ибалы қыздарымыз яғни асыл жанды аналар өз абыройларын өздері төгіп, баға жетпес құндылығының қадірін білмей, хайуани нәпсіге бой алдырып,мұсылманшылықтан жұрдай болған. Мұндай көріксіз көріністер парасатты адамдардың жүйкесін тоздырып, жүректеріне сызат түсіретіні де ақиқат. Ал бізді жоқтан бар етіп, бір тамшы судан жаратқан Жаратушы Жаббар иеміз тәлім-тәрбиенің негізі болған Құранда:«Нәпсі әрдайым жамандыққа итермелейді» - дейді. Тағы бір қасиетті аятта: «Әй Мұхаммед! Нәпсіні Тәңір тұтынып алғандарды көрмедің бе?» деп, ақиқаттың есігін айқара ашып, адамзатты жамандыққа бастататын да, аппақ арнамысын шалшық суға тастататын да, әдепсіздікке үйретіп, азғындататын да нәпсі екендігін дөп басып айтуда. Сонымен қатар нәпсінің әуестігіне беріліп, оның қалауын екі етпей орындаушылардың Тәңірі жиіркенішті нәпсі екендігі ап-айқын дәлелдермен түсіндірілген. Бүгінгі күніміздегі осыншалықты көріксіз көріністерді көре отырып тіл қатпай қалуымыз әбестік болар. «Әкеден-өсиет, анаданқасиет» деген дана халқымыз. Сондықтан кез келген әйел өзінің ана екенін, тек отбасының ғана

емес, елінің де анасы екенін ұмытпауы тиіс. Өйткені, адамның ең алғашқы ұстазы, әсерлі мұғалімі–асыл анасы емес пе? «Құс ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, ертеңгі өскелең ұрпақтың тәрбиесі аса қажет! Осыған байланысты данышпан Бәдиуззаман Сайд Нұрси өз өмірінен түйгенін былай деп келтіреді:«Сексен жылдық өмірімде сексен мың кісіден дәріс алсам да, Құдай ақы, мен үшін әрдайым ең негізгі сабақ – анамның айтқан сөздері мен ескертулері, оның рухани дәрістері. Олар тасқа жазылған таңбадай жадыма сіңіп қалды. Басқа да дәрістері сол ірге тасқа қаланған деп білемін. Марқұм анамның жас күнімде бойыма, ойыма құйған дәрістері мен сын-ескертпелері сексен жасыма дейінгі үйренген ұлы ақиқаттардың ірге тасы» деп тұжырымдайды. Олай болса, «асыл–анадан, ат–биеден туады» дегендей нағыз ана тәрбиелеген ұрпақ жаман болмайды. Ердің намысын, елдің тыныштығын сондай ұлдар қорғайды. «Аталар сөзі ақылдың көзі» демекші, бұрынғы өткен ұлыларымыздың әйел затының тәрбиесіне байланысты айтқан түйінді сөздеріне бір сәт көңілімізді бөле кетейікші: «Әйелі ақылдының еркегі бақырлы болады, береке мен бірлікке шақырғы болады», «Алысты жақын, дәмсізді дәмді етеді», «Берекесіз әйел байды жарлы етеді, жарлыны сорлы етеді», «Ұйқышыл жалқау келеді, тілі ащы шайпау келеді», «Ердің қосағы түзелмей қосы түзелмейді», «Әйелің адал болса алаңың жоқ, арам болса амалың жоқ», «Қанаттандыратын да, қанат талдыратын да әйел»,«Жақсы әйел жаман еркекті ер етеді, жаман әйел жақсы еркекті қор етеді»,«Ақылды жарың–байлығың барың», «Жақсы қыз ибалы келін болады», «Жақсы келін –келін, жаман келін–өлім болады», «Еркек–түздің қыраны,әйел– үйдің шырағы», «Әйел үйдің туы, оттың қуаты».Міне ата-бабамыздың мағыналы да маржанды асыл сөздерін жұмыр жүрегіне тізбектеп тізіп, ақылымен елді аузына қаратқан, тәрбиелі де үлгілі ұрпақ таратқан, аты аңызға айналған, адалдығынан әулие деген атақ тағылған ару қыздарымыз бен қасиетті аналарымыз көп болған қазақта. Олар ерін пірім деп сыйлаған. Ұрпағының басына адамдық қасиет дарытқан.Ұлын ұлағатты,қызын парасатты қылып тәрбиелеген. Біздің халық ұрпақ тәрбиесінде екі нәрсені естен шығармаған. Біріншіден, дүниеге келген ұрпақтың жалпы тәрбиесіне баланың ержеткенге дейінгі бағым-күтімі, жүріс-тұрысы бәрі-бәрі енген. Екіншіден, ұл мен қыздың тәрбиесін екі бөліп жүргізуге тырысқан. Мұнда негізінен ұлдың

49


тәрбиесі әкеге, қыздың тәрбиесі шешеге байланысты жүргізілген.Олардың әдепті, тәрбиелі,тындырымды,іс-әрекеті тиянақты болуын қадағалаған. Соған орай ақыл-кеңес беріп отырған. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова: «Қыз баланың мына өмірдегі міндет-парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол – адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап,жар күтетін адал жар,ата-ене сыйлап, иілетін қамқор келін.Ол осыны қаласынқаламасын, бұл—өмір заңы»—деген. Қазіргі заман ағымына сай қыздар тәрбиесінде төмендегідей басты мәселелерге көңіл бөлінуін баса айтқым келеді: -Ата-аналармен тығыз байланыста болу, баласы туралы пікір алмасып әңгіме жүргізіп отырып тәрбиелеу өз нәтижесін бермек. Себебі, қай бала болса да (қыз, ұл) алдымен тәрбиені отбасынан алады, ата-анасына еліктейді, соларды қайталағысы келеді, ал бала жас шыбық тәрізді, қалай баулыса солай қарай бой түзейді. -«Қызға қырық үйден тыйым» деп, қыз баланың әлдебір іс-әрекетіне үзілді-кесілді тыйым салу, жылылық танытпай ұрысып, зеку зиян, керісінше баланың жағдайымен санасып сеніміне кіру, сырласып дос бола білу керек. -Отбасы дұрыс, мәдениетті қарым-қатынаста болуы.

-Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулып,тәрбиелеу үшін «мұны білуге әлі ерте,оған тыйым салынады» деген тежеулерді алып тастап, баланы бұғаулы ойдан, шектеулі ұғымдардан құтқару қажет, қайта баланы ойын еркін айта білуге жетілдіріп, білігіне жетелеп отыруымыз керек. -Жас ұрпақты адамға тән табиғи сезіммен өмірді, табиғатты сүйе білуге, құрметтеуге үйрету. -Жаратылыстың ақиқатын, болмысты ашық, бүкпесіз көрсетіп ұғындыруға арналған мектеп — шындықты үйрету мектебі болуы керек. Құрметті бойжеткен қыздар қазақ қызына тән қасиеттерді жоғалтпай,инабаттылықты, адамгершілікті,үлкенге–құрмет, кішіге–ізет көрсете білейік. Үні таққан сәукелі, Зерлі камзол кигені оның Қос бұрымын қайта өреді, Тік қарауға именеді – деп қазақ қызы осындай болуы керек деп аяқтаймын. Қолданылған әдебиеттер: 1.Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж 2.«Өзіндік таным» № 2 2007 № 5-6 2006 ж 3.Бастауыш мектепте оқыту № 4 2007 ж 4.Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші Орынбор1924. 5.Сатыбаев С Халық әдебиетінің тарихы негіздері— Алматы: 1992 6.Баймұратова. Б. Отбасындағы баланы мектепке дайындау, — Алматы: Шартарап, — 2000 ж

ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ ЖАУАПТЫЛЫҚПЕН ҚАРАУ- ҰСТАЗДАРДЫҢ, СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЖӘНЕ АТА-АНАНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТІ Жунусова Г.Р. Атырау қаласы №34 Лингвистикалық мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында да «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін жан-жақты дамытуға тиіспіз» деп атап көрсетілген. Дамыған елдер ішінде Жапонияда білім беру жүйесі ерекше. Жапон елінің білім жүйесі батыстық үлгіде болғанмен, нақты бір елдің жүйесін емес, керісінше батыстық педагогикамен үйлестіріп, өзіндік білім жүйесін жасауға қол жеткізді. Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бірер мысал келтіріп өтейін. Жапондықтар ең бірінші өздерінің ұлттық құндылықтарын жоғары бағалайды.Олар

50

білімге деген құштарлығымен танылған ұлт, ондағы білім жүйесі оқушы бойында да тиісті адамгершілік ережесін қалыптастырып, ұлттық сипаттағы қасиеттерді дамытады. Жапон елінде имандылық пен өнегелікке, патриоттыққа тәрбиелеу ең маңызды мәселе болып табылады. «Зиялылық адамның жеке мінезінен, білім дағдысынан, имандылық қасиеттерінен туындайды...»-деп ұлы Әл–Фараби бабамыз айтқандай, балаларды тәрбиелеу ісінде мұғалім мен ата-ана тығыз байланыс жасауды ең басты міндетіміз деп қабылдауы керек. Себебі баланың жетістігі, мінез құлқының қалыптасуы мектеп, сынып ұжымдарының оқу- тәрбие жұмыстарына


тікелей байланысты. Бүгінгі күні сынып жетекшісі - кәсіпкер-педагог, ол өсіп келе жатқан бала үшін: жалпы адамзаттық мәдениетті меңгеретін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы; сынып ұжымының алуан түрлі бірлескен іс-шаралары барысында өзара ынтымақтастық қарым-қатынасының қалыптасуын ұйымдастырушы; оқушы тұлғасының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау, олардың дамуын бақылаушы болып табылады. Оқушының күнделікті өмірі мен әрекетін ұйымдастыруда, кәсіби бағдар беруде, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық, саяси ерекшеліктерін түсінуде көмекші, кеңесші; сыныпта қолайлы моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру үшін сынып ерекшеліктерін ескере отырып, қажетті тәрбиелік ықпалдар жасаушы; оқушының дамуы мен жетілуіне ықпал жасайтын тәрбиелік күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші. Сынып жетекші оқушы тұлғасының калыптасуына көмектесумен қатар оның қабілеттерінің, қызығушылығының, бейімділігінің және ішкі табиғи күштерінің ашылып, арта түсуіне жағдай жасайды. Жас ұрпақты дұрыс тәрбиелеуге адалдықпен, асқан жауаптылықпен атсалысу- ұстаздардың, әсіресе, сынып жетекшісінің басты парызы. Сынып жетекшісі өз оқушыларын ұжымдық әрекетте ауызбіршілікте болуға, сыныпта дәріс беретін мұғалімдермен тіл табыса білуге, оқушылардың ата-аналары мен байланыста бола отырып жұртшылықпен бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіре білетін ұйымдастырушы болып табылады. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский:«Тек атааналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» дегендей, мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастық болуы тиісті. «Баланы жастан» деген нақыл сөз тегін айтылмаған. Баланың басты іс-әрекетінің біріеліктеу, сондай болсам деген ниет білдіру. Осы орайда, баланың жақсы көретін ұстазына, әдебиеттегі кейіпкерлерге, не тарихи саясаткерлерге еліктеуі, оның мінез-құлқындағы ұнамды қасиеттерді қалыптастырып, дамуына үлкен мүмкіндік алады. Керісінше кейде баланың жас кезінде қиыншылықтар мен керісжанжал арасында өсуі, бір мектептен екінші мектепке ауысқанда оған қойылатын талаптардың түрліше болуы және мектеп пен ата-ана тәрбиесінің арасындағы алшақтық

балаға әсер етіп, мінез-құлқы өзгеруі әбден мүмкін. Белгілі педагог К.Д. Ушинский бала тәрбиесі мен мінезінің қалыптасуын жаңа егіліп, көктей бастаған ағаш көшетімен салыстырып, көктеп келе жатқан ағашқа тырнақ дағымен із салса, ол өсе келе шорланып, буынданып кетеді дейді. Сондықтан баланы тәрбиелеу-әрі нәзік, әрі игі мықты іс. Баланың талаптануын, ар-намысты болуын, дүниетанымын дамытып, өрістетіп отыру әрбір ата-аналардың, мұғалімдердің, сынып жетекшінің жалықпай жұмыс істеп қана қоймай, ұстаздық істе шыдамдылықты та талап етеді. Ата-ана, педагог тәрбиені сөз арқылы немесе үйрету, бұйыру арқылы іске асырамын десе қателеседі. Тәрбие өмірдің әр кезеңінде, тіпті біз баламен бірге болмасақ та жүзеге асып отырады. Сіздің сөйлеу, киіну мәдениетіңіз, әділдігіңіз, еңбекқорлығыңыз осының барлығы бала үшін маңызды. Біздің әрбір іс-әрекетіміз баланың көкейіне беймәлім жолмен жетіп, оны біз байқамай да жатамыз. Ата-ана балаға бала демей болашақ азамат ретінде қарап, тәрбиенің қалыптасқан, санасезімін оятатын түрлерін беруі шарт. Бала тәрбиесінде төмендегі қағидаларды ата-ананың білуі керек деп ойлаймын. 1.Балаңды шын ниетіңмен жақсы көр. Балаңды сол бойындағы бар кемшіліктерімен қабылда. Оның сенімсіздігінен арылып, сенімді болуына жағдай жаса. 2.Егер қажет болса, жеке мүддеңді құрбан етіп балаңды қорғай біл. 3.Адам-бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғида жақсы сөзбен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бала әркез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріптұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөзбен істі бір жерден шығару қажет. Ақылдылық-адамның адам болуының, адамгершілік жағынан жетілуінің бірден бір өлшемі. Ақылдың көмегінсіз бұл дүниеде ешбір нәрсе шешілмейді. “Адамға оның ақылы ғана дос”,“Парасат қараңғыдағы шырақ”, “Ақылсыз адамның жануардан айырмасы жоқ”, “Біліктілік пен ақылдыдық төбеңді көкке жеткізеді”-дегендей, адам әр кез ақылдылықпен әрекет етсе ғана көздеген мақсатына жете алатындығын ісіңмен әркез бала алдында дәлелде. 4.Балаңмен бірге еңбектен. Шаруашылықтың барлық жұмыстарына араластырып, керегіне қарай жұмсап, еңбек етуге тәрбиеле және тілалғыш етіп үйрет. «Анадан өнеге көрмеген

51


қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман. Ондай бала ел басын құрап, үйінен дәм беруге жарамайды. Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ. Ер жігітке қара таудай мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес»,–деп халық даналары отбасындағы қыз бала мен ер баланы еңбекке баулуда ата-ананың үлкен рөлі атқаратынын айтады. Халқымыз бұл пікірді өрбіте отырып, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге», «Ана көрген тон пішер, ата көрген оқ жонар»,– деп ой түйіндеген. Ұлы ағартушы Абай өзінің өлең-жырларында, қарасөздерінде жастарды адал еңбекке, отырықшылыққа, егіншілікті кәсіп етуге, өнер, білімге шақырды. Ол еңбекпен келген табыстың адал да дұрыс жолға бастайтынына, ақылмен істелген істің нәтижелі болатынына сенді: Өзіңе сен, өзіңді алып шығар Еңбегің мен ақылың екі жақтап,– деп ақылын айтады. Қытай философиясында:«Маған жәй айтсаңұмытпаймын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс-әрекетке қатыстырсаң үйренемін» деген қанатты сөз тегін айтылмаса керек.

5.Балаңды пісіп-жетілу сатысында өзіндік жасаған жұмыстарының қорытындысын және нәтижесін айта алатын уақытта ғана талап ет. Уақытпен тыңғылықты, тәртіпті жұмыс жасауға бейімде. Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі- ниет керек, одан соң күш керек, одан соң- тәртіп керек. Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдетғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып,сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің атааналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» екені айтылған.

Институт жаңалықтары Жастар арасында діни экстремизм мен терроризм идеялары таралуының алдын алу және Дінтану пәні мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Діни экстремизм мен терроризм идеялары таралуының алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстелге облыстық Дін істер басқармасының теолог маманы М.Төлегенов, институт қызметкерлері мен мектеп мұғалімдері қатысты. *** Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде өткен «Заман талабы: білім берудегі инновация және тәжірибе» тақырыбындағы XVI педагогикалық оқуларға институт қызметкері Ж.Т.Балапанова қатынасты. Педагогтар үшін маңыздылығы жоғары кәсіптік сайыста жаңашыл мұғалімдердің жаңа толқыны айқындалып, облыстық кезеңге ұсынылды. *** Атырау балалары мен жастарына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» Жастар Қоғамдық Бірлестігімен бірігіп «Менің кәсіби таңдауым» жобасы аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің, білім беру саласының мамандары, педагог-психологтар, технология пәнінің мұғалімдері қатысып, өзара ой бөлісті. *** Облыстың музыка пәні мұғалімдеріне білім мазмұнын жаңарту аясындағы педагогикалық тәсілдерді меңгерту, ән орындау жолдарын көрсету және тиімді жақтарын қарастыру мен іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Музыка пәнінде ән орындау тәсілдер» тақырыбында шебер-сынып өткізілді. ***

52


 Заманауи ұстаз  БІЛІМ БЕРУ МЕН ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІ САПАСЫНЫҢ БАСТЫ РЕСУРСЫ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ Куракова Р. Н. «Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымдары пәндерін оқыту әдістемесі және инновациялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, PISA тренері

Жас адамды тәрбиелеу жүйесі заман талабына сай қоғамдық өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Қазіргі қоғам үйлесімді жетілген жаңа адамды тәрбиелеуді талап етіп отыр. Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру, жас адамды есті, саналы, сергек етіп тәрбиелеу – біздің мақсатымыз. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы адамзаттық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін жаны да, тәні де таза,білімді,жан-жақты мәдениетті, патриот азаматтар тәрбиелеуге міндеттіміз»деген. Мұғалім–балаға үлгі болатын, өмірдің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, адалдық сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан. Асыл да абыройлы қасиеттерді жас ұрпақтың бойына азық ете білу үшін әрбір тәрбиеші–ұстаз өзінің бойына адами құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Заман ағымына сай біліммен қаруланған ой– өрісі жоғары зерделі,жан– жақты дамыған маман –уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал оның көшбасында жас ұрпақтың бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы ұстаз тұрады. Бұған дәлел Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Г.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқыған дәрісінде: «...білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңеюде. Жеке тұлғаны функционалдық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту тұжырымдамасына көшудеміз. Жаңа тұжырымдама білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты адамның мүмкіндіктерін және оның өзін – өзі іске асыруы мен өзін – өзі дамытуға қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік береді» - деп көрсетті. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса, ел болғаның

қайсы» дегендей, әрбір ұстаздың міндеті– өзгермелі ортаға бейім, өзінің білім, білік, дағдысын қолдана алатын шығармашыл, Қазақстанның болашағына сай келетін жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін бүгінгі өмір талабына сай білім берудің жаңа мазмұнын, оқытудың басым бағыттарын басшылыққа ала отырып, дамыған отыз елдің қатарына қосылуды және әлемдік білім беру кеңістігіне еркін енуді жүзеге асыру қажет. Оқушы тұлғасының өзіндік дамуына, танымына, өзін–өзі жетілдіруіне бағытталған оқыту талабы мұғалімнің тек пәндік–білімдік тұрғыдағы біліктілігіне ғана емес, ерекше тұлғасына, шығармашылық даралығына деген сұранысты туындатып отыр. Бүгінгі мұғалім ойлау икемділігі дамыған, жан дүниесі терең, өмірлік көзқарасы жоғары болады, өйткені өзіндік рухани өсуін өзі басқара алатын адамның қолынан ғана шығармашылық жасампаздық келеді. Ондай ұстаз педагогикалық жаңалықтарды қабылдауға даяр. Сондықтан да ол өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатынымен, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімділігімен, әр оқушының рухани өсуіне, өзіндік мүмкіндігін дамыту үшін жағдай туғыза алатындығымен құнды. Мұғалім кәсібінің мән–мағынасы елеулі өзгерген шақта жаңа тұрпатты ұстаз оқу үрдісінің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып оқыту моделін жобалай білгені дұрыс. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс–әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, ынтымақтастықтан тұрады. Ұстаз алдында тұрған міндет–талабы таудай – жеке тұлғаны іздеп тауып, оны өсіріп шығару. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп Адам дәрежесіне жеткізу керек. Ол үшін оқыту мазмұнын, білім беру технологиясын өзгерту, яғни баланың талантына, дарынына,талап– тілегіне қарай жеке тұлға қалыптастыруға 53


бағытталу керек.Бұл жерде мұғалімнің инновациялық іс–әрекеті мына белгілермен сипатталады:  өзінің жеке қасиеттерін есепке ала отырып, басқалардың тәжірибесін қабылдау, өзгерту, жетілдіру қабілеті;  жаңа ғылыми идеялардан хабардар бола отырып, өз жұмысының нәтижесін ұғынуы;  жаңалықтарды үздіксіз тәжірибеге енгізуі;  оқытудың жаңа әдістері мен тәсілдерін өз бетінше жасай білуі;  оқушының іс –әрекетін жоспарлау және жетекшілік жасауы;  ұжымдағы оқушылардың жас ерекшелігіне сай тапсырмаларды ұйымдастыруы. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында білім беру қызметіне жаңаша қарау, жасалған істі сын көзбен бағалай отырып саралау, жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылыми бағытқа бет бұру талабы көрінеді. Бұл мұғалімнің шығармашылық ізденіс, жаңашылдық тәжірибесі, жоғары шеберлігі, біліктілігінен көрінеді. Біліктілік: мұғалімнің жоғары шеберлігі немесе жоғары нәтижеге жеткізетін іс әрекеті. Кез келген іс әрекеттің сапасы нәтижесіне қарай анықталады. Білім беру жүйесін модернизациялаудың басты мақсаты–білімнің жаңа сапасын қамтамасыз ету. Осыған байланысты жаңа заман мектептерінің мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру өзекті мәселеге айналып отыр. Ал белгілі бір салада құзыретті маман дегеніміз – ол қажетті білім мен қабілеті бар, осы саладағы кез келген тақырыпта өз ойын тиянақты жеткізе алатын адам. Мұғалімнің құзыреттілігі–оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Қазіргі оқытудың жаңаша технологиясын меңгерудің өзі ұстаздан шығармашылықты талап етеді.Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Шығармашылық адамның мақсатты ісіне жету жолындағы талаптануы мен талпынысынан, жігері мен сабырынан, сұранысы мен ізденісінен түзіліп, ақыл ойы мен сезімінің, қиялының ерекше бітімінен көрінеді. Ал шығармашылықпен жұмыс жасау үшін мұғалім өзінің кәсіби біліктілігін арттырып отыруы қажет. Мұғалімнің өз кәсіби қызметтерін шығармашылықпен атқаруына әр деңгейдегі әдістемелік жұмыстарды инновациялық бағытта ұйымдастырып өткізудің ықпалы мол.

54

Біліктілігін арттырушы мұғалім өзінің білімін, жалпы дүниетанымын кәсіби және әдіснамалық деңгейін жоғарылатады, психологиялықпедагогикалық, сонымен қатар әдістемелік сауаттылығын жетілдіреді. Мұғалімнің кәсіби білім мен біліктілігі жоғары деңгейде болып, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту проблемаларын шешуге шығармашылық қабілеттері болуға тиісті. Бүгінгі ұстаз, ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып дүниежүзілік мәдениеті танитын, төл мәдениетін қастерлейтін, сыйлайтын, оны өзгеге сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллектуалдық деңгейі жоғары, білімді, білікті болуы керек. Мұғалімнің оқу–тәрбие ісі жастардың жүрегін тебірентіп, ой-сезіміне әсер ету үшін; біріншіден, саяси сауатты, жан-жақты білімді болуы, екіншіден, өз бойындағы білімді оқушы жүрегіне еркін, шеберлікпен жеткізе білетіндей әдіскерлік икемділігі,үшіншіден, оқушының психологиялық ой-өрісін бақылай алатын сезімтал психолог, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілігі қажет. Оқушы жүрегіне жол таба білу, білімге қызықтыру, өз бетімен оқи білуге, білімін шығармашылықпен ұштай білуге баулу-бұл педагогика мен психологиядағы, методикадағы үлкен жауапкершілік жүктейтін ғылым. Оны меңгеру ұстаздан төзімділікті, шыдамдылықты, ұстамдықты, табандылықты қажет етеді. Қазіргі мектеп мұғаліміне қойылатын талаптар:  мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін жігерлі тұлға және маман мұғалім болуы;  мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы;  мұғалім – білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулуы;  мұғалім–педагогикалық үрдісте баламен ынтымақтаса қызмет ететін тұлға болуы;  мұғалімнің әр уақытта өз білімін толықтырып, шығармашылығын арттырып отыруы. Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып, бәсекеге барынша қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің негізгі тетігі – білім екені анық. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа педагогтарды талап етеді. Ол–шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді, келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі , шеберлігі арқасында шеше


алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын педагог болу керек. Мұғалімнің кәсіптік даярлығының құралы өзін– өзі тәрбиелеу болып табылады. Оқу – әрбие үрдісіндегі негізгі қызмет жас буынды қоғамның қазіргі талабына сай тәрбиелеп, оларға тиянақты білім беру болғандықтан ұстаздың өз жұмысына ептілігі педагогтік шеберлік деп аталады. Бұл ұғымның мағынасы:  Мұғалімнің өз сабағын жетік, терең білуі;  Баланың дара ерекшелігіне сай әдістерді қолдана білуі,  Әрбір іске шығармашылық көзбен қарап отыруы,  Біліктілікпен айқындалған сабақ жүйесін құрып, өткізуі. Ұлы ғұлама Әл–Фараби «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі..., меніңше шешен, өнер– білімге құштар, қанағатшыл, жаны асқақ және ар–намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ..., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»- дейді. Мишель Монтеньше айтсақ, «Өзің оқып тәрбиеленуіңе қарағанда, өзгені оқытып, тәрбиелеу үшін, ақыл – ой мен күш көп керек». Педагогикалық біліктілік пен шеберліктің негізі білім мен тәрбиені ұштастырумен қатар өз тәжірибесінде қолдана алуында. Ендеше қазіргі заман мектебі жоғары деңгейде маманданған, кәсіпқой мұғалімді күтеді. Бүкіл әлем бұл күнде тәлім – тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл, білікті ұстаздың қажеттігін мойындатып отыр. Білікті де шебер ұстаз болу үшін: Өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы; Кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі; Интеллектуалды іс–әрекетті,мінез–құлық, қарым–қатынас мәдениетін меңгеруі; Өтіп жатқан интеграциялық үрдістерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс. Біліктілікті арттыру жолында ұстаздың алдында тұрған мақсат–өзінің педагогикалық қызметін құра білуге үйрену.Себебі, қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар әрбір ұстаздың ойлануына, өткені

мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа жүйемен жұмыс жасауына негіз болары анық. Ұлы педагог Я.А.Коменский: «Педагог - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыләрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі»,-деуі үнемі шығармашылық ізденісте болып, өз білімі мен біліктілігін жетілдіруге жұмыстанушы ұстаз мәртебесін айқындайтын ой екенін ұғынған жөн. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ұстаздың алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, дарынын, бейімділігін анықтау және оны дамыту тұр. Қазіргі кездегі білім мен тәрбие берудегі негізгі мақсат-жан-жақты білімді, өзгермелі ортаға бейім, өзінің білім,білік дағдысын қолдана алатын, іскер, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.Бұл мақсат функционалдық сауаттылықты дамытуды көздейді. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Білім беруді жаңарту ұстаздың білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда, функционалдық сауаттылығын немесе құзыреттілігін дамыту болып табылады. Ұстаз тарапынан оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жан-жақты таныту үшін алған білімін тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру және қоғамға пайда келтіру маңызды әрі күрделі мәселе болып табылады. Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады Тәрбиеші-ұстаздың кәсіби құзіреттілігін дамыту,шығармашыл ойлайтын оқушы тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау– функционалдық сауаттылықты дамытудың басты көрсеткіші. Педагогтың кәсіби мәдениеті төмендегідей сипатталады: І.Кәсіби қасиеті: ұйымдастыру қабілеті; білімнің тереңдігі; ғылыми білімі; дарындылығы; шығармашылығы;

55


интеллектуалдық қасиеттері ІІ. Моральдық –этикалық: қарапайымдылығы; ақиқатқа құштарлығы; мейірімділігі; адамгершілігі. ІІІ. Психологиялық даярлығы: сыртқы келбеті; сөйлеу мәдениеті; киім киісі; әдептілігі. Кәсіби құзіретті мұғалім оқу тәрбие жұмысы барысында шығармашыл оқушыны қалыптастыруға жағымды ықпал ете алады, өзінің кәсібінде үздік нәтижелерге қол жеткізе алады, өзінің кәсіби мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыра алады. Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырудың негізгі шарттары төмендегідей:  Ұйымдастырушы басқарушылық (оқу жоспары, тоқсандық кестелер, кесте жасау,

құзіреттілік деңгейін анықтау критерийлерін әзірлеу, білімдік үрдісті материалдық техникалық қамтамасыз ету;)  Оқу- әдістемелік (сабақтардың мазмұнын таңдау, түрлі курстарды кіріктіру, жетекші идеяларды айқындап алу;)  Технологиялық (бақылау бағалау, оқытудың белсенді түрлерін ұйымдастыру, құзіреттілікке енетін біліктердің тобын анықтау, инновациялық технологияларды қолдану;)  Психология-педагогикалық (оқушылардың даму диагностикасын іске асыру, оқу уәжін ынталандыру жүйесі, оқушыларды бірлесе басқаруға тарту.) Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық құзіреттілігінің құрылымы ол игерген педагогикалық біліктер арқылы ашылады, ал біліктер педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған және теориялық білімге негізделген, үздіксіз дамитын әрекеттердің тұтастығы арқылы ашылады.

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛА МЕН ҰСТАЗ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ Кайырғалиева С.С. Атырау облысы Индер ауданы Бөдене орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалар қатарының көбеюі еліміздегі денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік қорғау институттарының осы мәселеге араласып, көңіл бөлуін талап етіп отыр. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан дертке шалдығып, мектепке бару бақыты бұйырмай, оқуға жарамсыз атанған даму мүмкіндігі шектеулі балалар көп. Мүмкіндігі шектеулі балаларға қатысты мектеп пен ұстаздың алдында тұрған негізгі мәселенің бірі, оларды қоғамдық өмірге бейімдеу, әлеуметтік дайындау, жанжақты дамуына көмек көрсету, өмірде құқылы тіршілік ете алуына жағдай жасау. Елбасының дәстүрлі әрбір жылғы Жолдауында маңызды мәселелердің бірі ретінде–қоғамның ең бір әлсіз қорғалған мүшелерінің даму мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірін лайықты қамтамасыз ету, оларға сапалы білім беруді қалыптастыру екені айқын көрсетілген. Мемлекетіміздің әрбір азаматы–ұлттық құндылық, әр бала–еліміздің болашағы десек, мүмкіндігі шектеулі баланың да сапалы білім 56

алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау міндетіміз. Мүмкіндігі шектеулі бір балаға да болса өмірге қажетті білім бере білсек, біздің ұстаздың еңбегіміздің жанғаны.Мақсатқа жетудің басы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс- әрекеті болып табылады. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі-жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдістәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс–тәсілдерді мұғалім мүмкіндігі шектеулі шәкіртінің қабілетіне,қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады. Шәкірттің қиял қабілетін дамыту, тәрбиелеу, оның келешекте армандай алу қасиетін қалыптастыру-мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Мүмкіндігі шектеулі оқушының қиялының дамуына ертегілер, жұмбақтар, көркем әдебиет пен музыканың, сурет салудың, еңбек сабақтарының маңызы зор. Шаршағандық, өз ойымен әлек болу, қолайсыз эмоциялық күй бала зейінін ауытқытып, түрлі нәрселерге әсерлендіреді. Мұндай қасиет денсаулығында кінәраты бар барлық балада болады. Оқу тәрбие процесінде мұғалім баланың мұң–мұқтажына, көңіл– күйіне, денсаулығына, сабаққа деген зейініне үнемі


көңіл бөлуі тиіс. Өйткені бұл баланың ой – өрісінің өсуі мұғалім үшін аса қажет. Қазіргі кезде кемтар балаларды үйден оқыту да кеңінен таралды. Оларды қамқорлыққа алып қалыптасуына, айығуына мүмкіндік жасап, өз бетімен өмір сүруіне бағыт–бағдар беруге арнайы дайындық жүргізілуде. Бұл баланы оқытатын мұғалімнің алдына үш түрлі міндет қойылады. 1.Баланың мектепке дайындығын анықтау. 2.Сабақты жүйелі жоспарлау. 3.Бағдарламаны игерту. Баланың мектепке дайындығын анықтау үшін оларды жазу, сызу, оқуға үйретпес бұрын олардың қабілеті бойынша жеке ерекшелігін, психологиялық дайындығын байқау керек. Сабақ барысында баланың тіл мүкісін, қолының буындарының қимылын дамытуға ерекше көңіл бөлу керек. Мамандығым бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан осы ұстаздық еткен жылдарымда үйден оқитын мүмкіндігі шектеулі балаларды да оқытамын. Сол себепті мүмкіндігі шектеулі баланың барлық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін зерттеп, талдау жасау бағытында үнемі оқып, ізденіп отырамын. Өткен оқу жылдарында 4 жыл қатарынан мүмкіндігі шектеулі С.Ә. деген баланы оқыттым. Биылғы оқу жылының басынан бастап үйден оқитын Қ.Н. деген оқушыға аптасына 6 сағат сабақ беріп жүрмін. Н.туа бітті мүгедек, өздігінен жүре алмайды, арбаның көмегімен қимылдайды. Ең алдымен ұстаз ретінде бұл баланың ата- анасымен, жанұя жағдайымен жете таныстым. Жанұя жағдайы жақсы, жанұясында балалары өте бауырмал, бірбіріне қамқор. Оқу жылының басынан апталық жүктемеме қарамастан күн сайын көп уақытымды онымен өткізуге тырысамын. Баланың білімге деген дайындығын байқау мақсатында психологиялық дайындығын тексердім. Оған оқу, жазудың жақсы екенін, болашақта үлкен азамат болатынын жалықпай айтып, қоршаған орта туралы түсінігін толықтыру мақсатында суреттер арқылы жұмыстар жүргізіп отырамын.

Баланың психикалық даму мәселесіне сауатсыздықпен қарауға болмайды, өйткені оның жеке басындағы кемістіктерді есіне жиі салуға себеп болуы мүмкін. Н.- да сондай көңіл–күйі тез өзгеретін бала, зейінін сабаққа аудару үшін көп дайындық жасаймын. Әңгімелесем, сабақты ертегімен, кейде музыкамен, кей кезенде сергіту жаттығуынан, сурет салудан бастаймын. Баланың зейіні толық сабаққа ауғанша асықпай түрлі жұмыстар жасаймын.Оның оқуға, жазуға ынтасы өте жақсы. Үнемі білуге ұмтылып отырады. Ертегіні, әңгімелер оқып бергенді қатты ұнатады. Қазіргі таңда бұл оқушы мектеп бағдарламасымен оқуда.Әріптерді толық таниды, буындап қосып, оқи да біледі. Сөздік диктантты жазады, математика бойынша 1 ден 100 ге дейін санап, он көлеміндегі сандарды қосып, азайта алады. Әліппе сабағында кеспе әріптерді үнемі баланың өзіне беремін, бос уақытында да сөздер құрап, оны ата-анасына оқып береді. Н. жанұясында ата-анасының, бауырларының үлкен қомқорлығымен мейірімге бөленіп өсіп келеді. Сондықтан болар мұғалімнен де осы жылылықты күтеді. Өзіне берілген жеке компьютерде ойын ойнағанды ұнатады. Екеуміз бірігіп мультфильмдер көреміз, талқылаймыз. Міне осындай жеке жұмыстардан кейін мынадай қорытынды жасауға болады: Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Инклюзивті оқыту үрдісібалаларды қалыпты тәриелеудің бастау көзі. Пайдаланған әдебиеттер: 1.ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 2.Қ Р білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. – Астана, 2010

57


 Мектепке дейінгі білім беру  МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ Әлім Г.Ә. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы

Бүгінгі күні мектепке дейінгі ұйымға қойылатын басты талаптардың бірі балаларды танымдық іс-әрекеті арқылы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істейтін, өзін-өзі реттей алатын жеке тұлға ретінде қалыптастыру болып табылады. Танымдық белсенділікті психологиялықпедагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектепалды даярлық кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Психологиялықпедагогикалық әдебиеттердегі талдауда Т.И.Шамова, С.Л.Рубинштейн, К.К.Платонов, Э.Г.Юдин, Л.П.Буева, А.Н.Леонтьев, В.П.Зинченко, Л.А.Венгер, А.М.Леушина, А.А.Люблинская, Л.Ф.Обухова, А.В.Запарожец, Н.Н.Подьяков, А.П. Усова, М.И.Лисина, Г.И.Щукина және т.б. тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділіктің ерекшелігінің психологиялық, педагогикалық және биологиялық сипатта айқындалатындығын көрсетті. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі тәрбиешілерден теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқу іс әрекетінің мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мектепалды даярлық балаларының өзіндік танымдық ісәрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді. Танымдық белсенділіктің ерекше белгілері мыналар: -бірнеше заттар мен құбылыстарға деген белсенді танымдық қатынас ретіндегі жанжақтылығы; 58

- құбылыстың тек қана фактісі, қасиеттері мен сапаларына ғана емес сонымен бірге мәні, себебі және өзара байланысына деген белсенділігімен сипатталатын тереңдігі; - динамикалығы, яғни бұл баланың меңгерген білімі қозғалмалы жүйе түрінде құрылуы және іс-әрекетке қолданылуы, баланың ойлау әрекетінде қызмет атқаратындығы; - әрекеттілігі, яғни заттар мен құбылыстармен танысуға қиыншылықтарға төзуге, мақсатқа жетуде ерік-жігерінің болуына бағытталған баланың белсенді әрекетінде байқалады. Психологиялық жақтағы мәселелері мына түсінікке негізделеді: танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуының алғышарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты мектепалды дайындық балаларының жоғары психикалық үрдістерінің қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктерін зерттеу қажет болып табылады. Қабылдау оқуды қамтитын белсенді үрдіс. Оның негізін сезім мүшелерінің жұмысы құрайды. Қабылдау түсіну синтезінің нәтижесінде елестету мен бұрынғы тәжірибе кемегімен пайда болады. Қабылдаудың мәселесі шетелде және кеңестік психологияда да кең түрде зерттелді. Шетелде оны зерттегендер ассоциативтік психология (Д.Селли), гештальт психология (К.Кофка, Т.Фолькельт) жөне функционалды психология (К.Бюлер, Ж.Пиаже) өкілдері болды. Кеңестік психологтар (Е.Н.Соколов, М.Д,Дворяшин, Н.А.Кудрявцев, П. А.Шеварев, Р.И.Говорова және т.б.) кабылдау мәселесіне табандылықпен өзгеше ғылыми қортынды жасады. Олардың зерттеулері шындықты бейнелеудің негізгі заңдылықтарын ашу, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың қабылдауының, дамуының ерекшеліктерін талдау бағытында жүргізілген. Мектеп жасына дейінгі баланың есінің даму проблемасы кептеген кеңестік психологтарды (А.А.Смирнова, П.И.Зинченко, С.Р.Жуйков, Н.И.Мурачков, А.Н.Цынбалюк т.б.) қызықтырды. Л.С.Выготский баланың есін күрделі іс-әрекет ретінде қарастырып, ол тек


баланың үлкендермен қарым-қатынасы кезінде және белсенді ойлау әрекетінде қалыптасады деген. Бұл ойды А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Л.В.Занков, А. Едігенова т.б. өз зерттеулерінде дамыта түсті. Барлық психикалық танымдық үрдістерін ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Ол басқа танымдық үрдістердің қасиеттері мен сипатын анықтай отырып, олармен бірге жүреді және тығыз байланыста болады. Демек оқыту үрдісінде ынталандырубұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ойлау түрі. Мектепке дейінгі жастың бастапқы кезеңінде балалар әрекеті тек тікелей тәжірибелік нәтижеге жетуіне бағытталған есептерді шығарады. Бірақ та бала күрделенген іс-әрекетінде қимыл нәтижесі жанама түрде болатын жөне оған жету үшін бірнеше құбылыстардың арасындағы байланысты ескеруді қажет ететін ұмтылыс жасайды. Сөйтіп ойлаудың көрнекі формасының негізінде сөз-логикалық ойлау формасы қалыптасады.Балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру олардың ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады. Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойынсабақтарды ұйымдастыру қажет, Танымдық белсенділіктің құрылуы мәселесінің педагогикалық қыры Л.С.Выготский, А.В.Запорожец, А.П.Усова, т.б. зерттеулерімен байланысты. Олардың жұмыстарында баланың айналасындағы адамдармен, сыртқы ортамен кеп аспектілі өзара әрекеттестігі кезінде баланың танымдық белсенділігін ете ерте жастан дамыту керектігі дәлелденген. Мектепке даярлық кезеңінде танымға деген қызығушылык және сол жаңаны, белгісізді білуден туындайтын қанағаттану сезімі пайда болады. Балаларда «Неге? Нелікген? Не үшін?» деген сұрақтарда көрінетін білімге құштарлық айқын байқалады. Яғни, қоршаған әлем затгары

мен құбылыстарының тәуелділігі мен байланыстарының себеп-салдарлығын анықтау және оны жете түсінуде көрінеді. Мектепке даярлық кезеңінде балаларды оқытуды сәйкесінше ұйымдастырған кезде «талдап салыстырмалы қорытынды жасауда жоғары дәрежеге жетеді, шартты схема суреттерді түсінуге, заттардың байланысы мен қатынасын байнелейтін жалпы білімді игеруге, меңгеруге мүмкіндік алады» (Л.А.Венгер), оларға зандылық, байланыстылық сипатта көрінетін бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша белгілі-бір жүйедегі білімді меңгеруге жол ашық (А.В.Запорожец, Н.Н.Поддьяков, А.П.Усова). Тек белсенділік қана жеке тұлғаның дамуының факторы және өлшемі болып табылғандықтан, танымдық қабілеттердің құрылуы балалардың жалпы кешенді тіршілік әрекетінің дамуымен заңды түрде байланысты болып келеді. Балалардың аралас білімдерінің, ұғымдарының дамуы мен қарқынды түрде жинақталуы оқыту үрдісінің энергиясы. Балалардың белсенділігі әлсіремесін десек, сабақта алынған жаңа білімге деген қанағаттану сезімі келесі жаңа сабаққа деген аса қызығушылық сезімімен байланыстыра отырып құрастырылуы қажет. 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуында айқын сипатталатын ерекшеліктер еспелі еркіндік, ниеттілік психикалық үрдістердің мақсаттылығы, қоршаған әлем шындығын оның көптүрлі көріністерін меңгеруі, таным үрдістерінде еріктің қатысуымен кеңеюі және олардың танымдық ісәрекеттерін құрайтын негізгі элементтерінің сәйкесінше тез құрылуымен анықталынады. Мектепалды даярлық топ балаларының психикалық үрдістерін дамыту мәселесі балабақшадағы және мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері мен мұғалімдерінің, әсіресе ойын арқылы игерілетін оқу іс-әрекетіне баса назар аударуды қажет етеді.

59


ИГРОВАЯ ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ГИМНАСТИКА ПОСЛЕ ДНЕВНОГО СНА Запрометова С.В Преподаватель ФИЗО д\с № 16 «Дюймовочка» г. Атырау

Оздоровительная работа с дошкольниками в последние десятилетия приобрела особую актуальность, что связано со стабильной тенденцией ухудшения здоровья всего населения России, в том числе и детей. Причин тому много: это социальные, экологические, политические факторы и пр. В связи с этим ныне принимаются меры для изменения ситуации: развивается сеть оздоровительных центров и спортивных клубов, разрабатываются и апробируются на практике новые оздоровительные методики, адаптируются к современным условиям хорошо известные, но забытые методы, формы и средства оздоровления. Предметом нашего обсуждения станет такая форма оздоровительной работы, как гимнастика после дневного сна. К сожалению, во многих дошкольных учреждениях ее либо незаслуженно предали забвению, либо не признают ее потенциала в оздоровлении дошкольников и используют лишь с целью постепенного перехода детей ото сна к бодрствованию (что, конечно, тоже немаловажно). В условиях дефицита свободного времени в режиме дня современного дошкольника, посещающего детский сад, чрезвычайно важно придать гимнастике после дневного сна именно оздоровительную направленность. Обычно в детском саду после дневного сна проводятся закаливающие процедуры, однако на практике осуществить эффективное закаливание детей с учетом предъявляемых требований сложно. Группу посещают 30-40 детей, поэтому об индивидуальном подходе при проведении закаливания речь идти не может. К примеру, один ребенок систематически посещает детский сад, другой — часто болеет, третий - перешел из другого детского сада, где не проводилось закаливание, четвертый—вышел ослабленным после перенесенного заболевания и тд. Если не учитывать индивидуальных особенностей детей, нарушаются принципы систематичности, последовательности по отношению к каждому конкретному ребенку. Поэтому в гимнастику после сна целесообразно включать щадящие элементы закаливания, не имеющие противопоказаний или ограничений. Их можно и нужно сочетать с другими оздоровительными процедурами: дыхательной и звуковой гимнастикой, профилактикой и коррекцией нарушений осанки, плоскостопия, упражнениями

60

для глаз, пальчиковой гимнастикой, элементами хатха-йоги, психогимнастики, самомассажа, аутотренинга и тд. В ДОУ комплексы оздоровительной гимнастики после дневного сна составляются на две недели. За это время дети успевают овладеть техникой выполнения отдельных оздоровительных процедур. Благодаря частой смене комплексов интерес детей к данной гимнастике поддерживается на протяжении всего года. Примерная схема проведения оздоровительной гимнастики после дневного снавыглядит так: гимнастика в постели; упражнения, направленные на профилактику плоскостопия и нарушений осанки; дыхательная гимнастика; индивидуальная или дифференцированная оздоровительная работа; водные процедуры. Остановимся на методике проведения оздоровительной гимнастики после дневного сна. Пока дети спят, педагог создает условия для контрастного закаливания детей: готовит «холодную» комнату (игровая комната или раздевалка, в зависимости от планировки здания детского сада); температура в ней с помощью проветривания снижается вначале на 3-5 градусов по сравнению с «теплой» комнатой. Пробуждение детей происходит под звуки плавной музыки, громкость которой медленно нарастает. Гимнастика в постели направлена на постепенный переход детей ото сна к бодрствованию. Педагог начинает проводить ее с проснувшимися детьми, остальные присоединяются по мере пробуждения. Гимнастика в постели может включать такие элементы, как потягивание, поочередное и одновременное поднимание и опускание рук и ног, элементы самомассажа, пальчиковой гимнастики, гимнастики для глаз и т.п. Главное правило - исключить резкие движения, которые могут вызвать растяжение мышц, перевозбуждение, перепад кровяного давления и, как следствие, голо-вокружение. Длительность гимнастики в постели - около 2-3 минут. Затем дети переходят в «холодную» комнату босиком и в трусиках. Там они выполняют корригирующую ходьбу (на носках, на пятках, с высоким подниманием колен, в полуприседе, в


полном приседе, на внешней стороне стопы, с перекатом с пятки на носок, по корригирующим дорожкам) или комплекс упражнений, направленных на профилактику плоскостопия. При этом важно следить не только за правильностью выполнения упражнений для ног, но и за осанкой детей-положением головы, спины, плеч, рук. Длительность этой части гимнастики 2-3 минуты. Далее дети переходят в «теплую» комнату, где выполняют комплекс упражнений или несколько физкультминуток, направленных на профилактику нарушений осанки. Чтобы заинтересовать детей, можно использовать кубики, мячи, обручи, гантели, гимнастические палки, фитболы, а также такие упражнения хатха-йоги, как «Кошечка», «Змея», «Дерево», «Рыба», «Кузнечик» и др. Они выполняются в течение 2-3 минут. Затем дети вновь переходят в «холодную» комнату, чтобы выполнить комплекс упражнений дыхательной гимнастики, что очень важно для укрепления иммунитета, профилактики простудных заболеваний и заболеваний верхних дыхательных путей. Однако именно эта часть гимнастики обычно вызывает трудности у детей, поэтому педагоги склонны ограничиться выполнением одного-двух дыхательных упражнений в течение нескольких секунд. Отдельные упражнения, безусловно, не принесут вреда, но наибольший оздоровительный эффект достигается только при достаточно длительном выполнении дыхательных упражнений. Увеличивать их дозировку нужно постепенно от 0,5-1 до 5-7

минут. В противном случае у детей может наблюдаться головокружение и тошнота. Затем педагог проводит индивидуальную или дифференцированную оздоровительную работу с нуждающимися детьми (например, с часто болеющими). Он может организовать самостоятельную деятельность детей по оздоровлению (например, дать задание детям с диагнозом «плосковальгусные стопы» собирать каштаны то правой, то левой ногой). В это время остальные дети под руководством воспитателя или его помощника выполняют водные процедуры (умывание,обливание рук прохладной водой и т.п.). Общая длительность оздоровительной гимнастики после дневного сна должна составлять не менее 12-15 минут. Важно отметить, что, внедряя развивающие формы оздоровления дошкольников следует проводитьв игровой форме все оздоровительные мероприятия, в том числе и гимнастику после дневного сна. Это позволяет создать положительный эмоциональный фон, вызвать повышенный интерес ко всем оздоровительным процедурам. Кроме того, принимая определенный шаровой образ, дети зачастую лучше понимают технику выполнения того или иного упражнения. Таким образом, мы одновременно решаем несколько задач: оздоравливание детей, развивитие у них двигательного воображения, формирование осмысленной моторики. А главное — все это доставляет им огромное удовольствие.

ОЙЫН БАЛАНЫ ОЙҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ Кунашова М. Р. Атырау қаласы ҚМҚК №55 балабақшасы ІІ санаты тәрбиеші

Кеңестік педагог А.С.Макаренко: “Баланың ойынға деген құмарлығы бар, сол құмарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек қана уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойынды бере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады” деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Ойын–балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б көптеген ерекшеліктері болады. Ойын–балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі.Ойын арқылы бала өмірден көптеген

61


мәліметтер алады,өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінезқұлқын, ерік-жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын– адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою) ерік арқылы байқалады. Түрлі психологиялық түсінікпен сезім әрекетіне сүңгиді. Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш пен реніш сезімінде болады. Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек. Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сыры егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Мектепалды даярлық тобында балаларға ойын арқылы сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға төселеді. Бұл жөнінде белгілі психолог-ғалым А.А.Люблинская “Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған ісәрекетінде. Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады”. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін, әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекет – ойын. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарымқатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөльде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады. Ойыншықтарды пайдалана білуге үйренеді. Арнайы ойын ұйымдастырылған оқу ісәрекетінің мазмұнына қарай таным-дық, дамытушы ойындарды, тапсырмаларды қолдану,

62

балаларды заттарды бір-бірімен салыстыруға, оларды қасиетіне қарай ажыратуға және оны танып білуге үйретеді. Мақсаты: Ойын арқылы төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігін көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалық қасиеттерді қалыптастыру. Білімділігі: Оқушыларға дидактикалық ойын элементтерін үйрету арқылы,ой-өрісін дамыту. Дамытушылығы: Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Тәрбиелігі: Оқушылардың сөздік қорларын молайту ойынға деген қызығушылығын арттыру Міндеттері: *Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту; *Ойын арқылы сөздік қорларын, тілін дамыту; *Ойын арқылы балалардың достық қорымқатынасын және де мінез құлықтарынының дұрыс қалыптасуы. Балалық шақ-баланың жеке тұлға болып өзінөзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік, ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің қалыптасуының ең маңызды кезеңі. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс-әрекеті-ойын. Ойын дегеніміз-жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын төзімділікті, алғырлықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздылықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттерді қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. Сондықтан ойынды әр уақытта пайдалану үлкен нәтиже берері анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сонда үлкен мәнді де, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Ойын тек баланың дене күшін, қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қана қоймайды, оның ақыл-ойының толысуына, жан дүниесінің қалыптасуына, есейуіне де пайдасын тигізеді. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін дамытады.


В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті», ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын білімге, құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойынды зерттеу мәселесімен педагогтар мен психологтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар т.б. әсіресе өнер қайраткерлері түрлі саладағы ғалымдар ерекше шұғылданған.Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан.Солардың қайқайсысы да адамға,оның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Ойын–бала табиғатымен егіз.Бала ойынсыз өспейді, жан-жақты дамымайды. Балалардың алғашқы қоғамдық ойындарының бірі-құм кеңістігінде туындайды.Құмда ойнау барысында, бала өзінің қиялға толы және шындыққа жанасқан ішкі дүниесін ашып көрсете алады. Құмды араластыра отырып, бала саусақ моторикасын,ал құмның қалыпқа сиятын мөлшерін анықтай отырып,көз өлшемін дамытады. Бұл ойындар-балалардың шығармашылық қасиеттерін дамытып, қиялдарын оятады. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар, ойынтынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге, ережесін сақтауға, ойлануға бағыттау, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамыту және қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады. Балалардың ой-өрісін дамытатын “Санамақ” ойыны. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау

Іскерлік ойын

арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Бір дегенім – білеу, Екі дегенім – егеу, Үш дегенім – үкі, Төрт дегенім – төсек. т.б. Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – тәрбиешінің негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындылықты жеңуге, төзімділікке баулиды. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, “Ұйқасын тап” ойындарының әсері мол. Мысалы, “Ұйқасын тап” ойыны арқылы балалардың білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсенділігі танылады. 1.Өзінше ноян, Қорқақ кім? (қоян) 2.Тұмсығымен шымшып, Құрт тереді… (шымшық) 3.Бата алмас түлкі, Үсті тікен… (кірпі) 4.Өңеші кең таңдайын, Дәнге тосты… (комбайн). Қазақтың ұлттық ойындарын қолдану. Мысалы, “Сақина салу”, “Ақсүйек” т.б. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек.Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарымқатынастарымен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын, мінез–құлқын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған. Ойын балаларды ұйымшылдыққа үйретеді. Ойынның түрлері көп.

Рөлдік ойын

Топтық ойын

Әлеуметтік ойындар

Интерактивтік ойындар

Дидактикалық ойын

Сюжеттік ойын

ОЙЫН ТҮРЛЕРІ Логикалық ойындар

Ақпаратты - коммуникативті ойындар Қимыл-қозғалыс ойын

63


Соның ішінде маңыздысы–дидактикалық ойын. Бұл ойындардың пайдасы - баланың ойөрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай–ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым– қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне, достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Ойындарды тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болуы керек. Кейде ойынның мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Оның үстіне дидактикалық материалдар мен көрнекіліктерге жеке көңіл бөлу керек. Балалардың таным қабілетін, логикалық ой-өрісін кеңейтіп, сабаққа ынтасын арттыруда ойынды ұтымды пайдаланудың маңызы зор. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерінше орындау үшін тәрбиеші көркем әдебиет оқып беру, алдын – ала жұмыс жүргізу керек. Қазір «Балбөбек» бағдарламасына байланысты кешенді сабақтар бірнеше сабақты қосып байланыстырып өткізу әдістәсілдерін қолдануға болады. Айталық, сауат ашу сабағында сөзде неше дыбыс бар, неше әріп, неше дауысты дыбыс бар екенін балалар санайды, текшемен белгілейді, немесе суретін салады. Дидактикалық ойын сәбилер тобынан басталады. Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі, балалар ойланады. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, кубиктерді түсіне қарай топтастыр, қане «сен көк кубиктерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» т.б. бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Дидактикалық ойындарды тіл дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. Сабақты бекіту, сабақта меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ол ойындар сабақтың тақырыбына, мақсатына сай таңдалып отырады. Ұсынылып отырған дидактикалық ойындардағы тапсырмалар: сөйлеудің екі түрі-монологтық және дидактикалық сөйлеуге арналған.

64

Мысалы:«Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты–бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Баланың шығармашылығын дамытуға имитациялық ойындар «Біздің көңіл күйіміз», «Қоянның көңіл–күйі» т.б. ым, мимиканы әртүрлі эмоцияны білдіретін сөздерді және оларды салып, көрсетуге үйрету, Ыммен, мимикамен көңіл–күйді салып, оны сәйкес сөздермен айту. Мысалы: қоян қорқып тұр. Қоян адасып кетті. Оны орманда тиіндер тауып алды.Барлығы қуанды. Оны дауыс ырғағымен, қуану, ренжу, жылау т.б салуға, сол арқылы адамның көңіл–күйін түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиеленеді. Ойынның тақырыбы:«Қажет суретті тап» Ойынның мақсаты:Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс - әрекетті есіне түсіру.Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету.Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру. Ойынға қажет заттар:Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш, конфет, нан, бауырсақ, ет, колбаса т.б Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші–мұғалім үлкен суретті балалардың бәрі көретіндей орынға іледі. Мысалы:үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады. Ойынынң соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан,қант, тоқаш т.б) Ойын:Кімде мына түстес зат бар? (Тәрбиеші–мұғалім жасыл түсті затты көрсетеді). Кім табады?-деп сұрақ қояды. Балалар жасыл түсті затты атайды. Мысалы: шөп,жапырақ, қияр т.б. Әлеуметтік ойындар «Кино» Бұл ойынды өткізу үшін теледидар, бейнетаспа немесе DVD қолдану керек. Жүргізуші алдын ала ертегілерден немесе мультфильмдерден түрлі эпизоттарды таңдап алады. Мысалы, Алдар Көсе мен Бай арасындағы сұхбаттасу туралы эпизоды. Ойыншылардың мақсаты- көрсетілген


кейіпкерлердің мінезін дауыс арқылы көрсету. Содан кейін екінші топ бұл ертегі бойынша қойылым жасайды. Қай топ өз тапсырмасын жақсы орындаса, сол жеңімпаз болады. «Таңдап алуға үйренемін» ойыны Балаларға адамның іс- әрекеті бейнеленген суреттер көрсетіледі. Балалар өздеріне ұнаған суретті таңдап, әңгіме құрастырады және өз суретін салады. «Қарым – қатынас жасауды үйренеміз» ойыны Қарым–қатынас жасау қызықты және көңілді. Өз сұрақтарды құрастырып, олар келесі кейіпкерлерге ұсынылады:

-Алдар – Көсеге; -Қамбар шалға; -Мультфильм режиссеріне; -Аяз атаға және т.б. Ойындар Кондитер фабрикасы. Дүкен (көкөніс, нан). Отбасы.Емхана.Егін. Көлік. Асхана. Малшылар. Балабақша. Планеталарға саяхат және т.б. «Рақмет» деуге үйренеміз *Балалар, сендерге ойын ұнады ма?Біз жақсы ойнадық па? Ал қазір, сендер өз көршілерінің қолын алып, оларға алғыстарыңды айтып беріңдер. (Сырым, рақмет, маған сенімен ойнаған ұнады)

Ойын нәтижесінде

Баланың бойында Ойлау

Белсенділік Шыдамдылық

Тапқырлық

Ұйымдастырушылық қасиеттері қалыптасады Қорыта келе,сапалы білім берумен қатар ойын арқылы үйрету аса қажет нәрсе, балалардың білімді де тәрбиелі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізеді.Сондықтан балалардың ойы-орамды, тілі бай, мәдени өрісі кең, іскер, шебер, адамгершілігі мол азамат етіп шығаруымызға зор мүмкіндігіміз бар. Пайдаланған әдебиеттер. 1.ҚР Білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 2.ҚР жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары.

3.Б.Барсай «Математикалық білім беруде қазіргі технологияларды қолдану» Алматы. «Өлке» баспасы, 2002 ж. 4.Математикадан дидактикалық материалдар жаттығулары: орындау технологиясы. 1-4 сынып Алматы, 2005 жыл 5.Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар. Ш.Құрманалина, Р.Қ.Өміртаева. Алматы «Атамұра» 1997 ж.

Институт жаңалықтары Заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін және бастауыш мектепте жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша жаңалықтар мен өзгерістерді таныстыру мақсатында «Бастауыш мектепте жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Шара барысында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бекітілген пилоттық мектептердің мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

65


ТЕХНОЛОГИЧЕСКАЯ КАРТА ОРГАНИЗОВАННОЙ УЧЕБНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ПО САМОПОЗНАНИЮ В СТАРШЕЙ ГРУППЕ «ЧТО ТАКОЕ ДОБРОТА?» Шуренова Ж.Т. воспитатель детский сад № 16 «Дюймовочка» г. Атырау

«Доброта- это солнце, которое согревает душу человека. Все хорошее в природе - от солнца, а все лучшее в жизни- от человека». (М.Пришвин). Воспитание доброты- одна из существенных сторон воспитания ребенка в детском саду. Это связано с пробуждением в ребёнке сострадания, сопереживания в горе, беде и умении радоваться и сопереживать успеху другого как к своему собственному. Ребёнок должен приходить к этому не через порицания или боязнь наказания, а через укрепление по мере его взросления чувства собственного достоинства. Действенное, искреннее проявление любви взрослого к ребёнку побуждает его к проявлению добрых Образовательная область раздел Тема Цель

Материал Билингвальный компонент Предварительная работа Этапы деятельности Мотивационнопобудительный

Организационнопоисковый

66

чувств в общении с окружающими - это важное условие воспитания доброты. Доброта рождается в деятельности, настоящий гуманизм заключается в способности нести добро. В сознании подрастающего ребенка должен четко сформироваться образ доброго человека, сопереживающего и стоящего на стороне добра в противовес злу. Поощрять стремление ребенка к доброте–одна из важнейших задач воспитательного процесса в дошкольной организации. Предлагаю вашему вниманию технологическую карту по самопознанию в старшей группе, посвященную воспитанию у дошкольника доброты и отзывчивости. Социум, коммуникация

Самопознание «Что такое доброта?». Формировать позитивное восприятие мира; развивать навыки доброжелательного отношения к сверстникам, к родным и близким, к животным; побуждать стремление совершать добрые поступки, воспитывать умение приносить радость себе и окружающим; способствовать формированию творческого воображения. Компьютерная презентация «Доброта»,запись песен из мультфильмов «Барбарики», «Кот Леопольд», «Крошка Енот», фломастеры, бумага,игрушка «Сердце». Жақсылық-доброта. Чтение сказок «Добрая ежиха», «Даром ни одно добро не пропадет», заучивание стихотворений о доброте, просмотр мультфильмов «Крошка Енот», «Кот Леопольд». Действия воспитателя Под запись песни «Барбарики» дети входят в зал. -Ребята, к нам сегодня в гости пришли хорошие и добрые гости, давайте их поприветствуем, подойдем поближе и положим свои ладошки в ладошки гостей и скажем им добрые слова. -Вы почувствовали, какие у них теплые руки? Это вы подарили им тепло и радость. Как приятно и хорошо стало, потому, что к нам пришли добрые и хорошие люди. -А вы добрые ребята? -Ребята, как вы думаете, какому человеку легче жить на белом свете: доброму или злому?. -Послушайте стихотворение: Быть легче добрым или злым?

Деятельность детей Под звуки песни входят в зал, танцуют и подпевают. Рассаживаются на стульчики. Слушают воспитателя и приветствуют гостей. Рассказывают свои впечатления. Садятся на стульчики. Отвечают положительными ответами. Отвечают на вопрос, размышляют, делают выводы. Слушают стихотворение.


Наверно, легче злым. Быть добрым –значит отдавать Тепло свое другим. Быть добрым значит понимать И близких, и чужих И радости порой не знать, Заботясь о других. Конечно, доброму трудней, И все же посмотри: Как много у него друзей! А злой всегда один. -Так кому же легче жить на свете? -А кто мне сможет ответить: что такое доброта? -Я предлагаю послушать, что вы говорите о доброте. -Конечно, вы все правы. Доброта-это стремление человека дать полное счастье всем людям, всему человечеству. Доброта-это солнце. Добрый человек любит природу и сохраняет ее. Добрый человек любит животных и птиц и помогает им. Воспитатель предлагает посмотреть презентацию. -Дети, добро бывает разным. Одно добро-это сокровища: книги, картины, игрушки, драгоценности. Такое добро можно увидеть и даже руками потрогать. Другое добро можно услышать: это музыка, задушевные стихи, нежные слова. Но есть такое добро, которое есть у каждого человека. Как вы думаете, что это за добро? -Правильно, каждый человек должен иметь доброе сердце, добрую душу, уметь говорить добрые слова, чтобы всем помогать, жалеть тех, кто попал в беду, и, конечно, всех любить. -Давайте хором повторим и внимательно вслушаемся в это слово – доброта (звучит запись слова «доброта»). Билингвальный компонент: Жақсылық-доброта. -Ребята, теперь у нас поселилась доброта, старайтесь не спугнуть ее. В давние времена слово доброта произносили мягко, нежно, тихо. Добро тебе, добро от тебя, как это верно. Мы часто говорим друг другу ласковые слова и улыбаемся(звучит запись песни «Улыбка»). -К нам в гости пришла улыбка. Она такая добрая, ласковая приветливая, поэтому я с ней дружу. И хочу, чтобы и вы подружились с ней. Игра «Назови меня ласково». Воспитатель предлагает передавать друг другу игрушечное сердце, произнеся имя ласково. -Ребята, говорят добрый человек, а еще он какой может быть?. -А если человек недобрый, то он еще какой может быть?. -А вы ребята, какие?. -Молодцы! -Вспомните, пожалуйста, ваши добрые

Размышляют, делают выводы, анализируют, отвечают на вопросы. С интересом смотрят видео записи. Слушают рассказ воспитателя.

Просмотр презентации «Спешите делать добро». Слушают воспитателя, размышляют, дополняют рассказами из опыта жизни.

Отвечают на вопрос-это доброе сердце. Слушают воспитателя.

Слушают запись слова «доброта» Повторяют слово хором на русском и казахском языках. Слушают воспитателя и соглашаются с ним. Слушают песенку «Улыбка», подпевают.

Играют друг с другом, передавая игрушечное сердце и называя ласково по имени.

67


поступки и расскажите нам. -Ребята, как вы думаете, легко ли быть добрым? -Мы знаем стихи о доброте. Давайте их послушаем. Нурай: Добрым быть совсем непросто, Не зависит доброта от роста Не зависит доброта от цвета доброта не пряник, не конфета. Айсулу: Доброта с годами не стареет, Доброта от холода согреет Надо только добрым быть И в беде друг друга не забыть. Если доброта как солнце светит Радуются взрослые и дети. Айк: Я слабым помогать готов Попавшим вдруг в беду Всегда приветлив и здоров И правду говорю Не жадничаю никогда Жалею я других Миша: Ошибки всем прощу всегдаЗабуду я о них. С улыбкой я всегда дружу Всегда гостям я рад. Я дружбой верной дорожу Люблю всех ребят. Звучит песенка Кота Леопольда «Если добрый ты») -Ребята, а теперь давайте поиграем. Каждый день надо начинать с хорошего настроения. А чтобы настроение было хорошим и веселым, давайте встанем в круг, возьмемся за руки, улыбнемся, закроем глаза и передадим друг другу ту искорку тепла и любви, что живет в вашем сердце. Почувствуйте ,как по нашим рукам из ладошки в ладошку переходит доброта. А теперь приложите ладошки к груди, затем поднесите ладошки к губам и подуйте на них. Вы передали частичку своего доброго сердца другому человеку. -А какие слова нам помогают в общении друг с другом. Правильно волшебные, назовите их ,пожалуйста. -Обратите внимание, как много в вас хорошего, доброго, какая теплая и дружеская атмосфера царит у нас. Постараемся ее сберечь. Ребята, а вы веселые дети? Давайте мы всем расскажем и покажем какие мы веселые и добрые дети. Речевка «Мы веселые ребята». -Мы веселые ребята, Мы ребята-дошколята. Никого не обижаем, Как заботиться, мы знаем,

68

Добрые, красивые, смешные… Рассказывают о своих добрых поступках. Отвечают на вопрос. Слушают стихи о доброте, подбадривают их, хлопают в ладоши.

Под песенку Кота Леопольда «Если добрый ты», становятся, берутся за руки, закрывают глаза, открывают глаза, кладут руки на грудь и передают свое тепло и доброту, сдувая с ладошек.

Отвечают на вопрос: Волшебные слова Называют волшебные слова.


Рефлексивнокорригирующий

Никого в беде не бросим Не отнимем, а попросим всем пусть будет хорошо, Будет радостно, светло. -Молодцы, ребята. Вам понравилось наша беседа? О чем мы говорили с вами? Вы будете совершать добрые поступки? -А теперь улыбнитесь. Какие у вас добрые и радостные улыбки. Я предлагаю вам подарить свои улыбки нашим гостям. Как это сделать? Да очень просто. Мы нарисуем им улыбающихся смайликов и подарим с добрыми словами.

Ожидаемый результат: Воспроизводят:положительные эмоции; размышляют о доброте и зле; применяют «волшебные слова» в общении. Понимают:что такое доброта и хорошие поступки;их важность и значение в жизни людей.

Повторяют речевку с движениями «Мы веселые ребята». Отвечают на вопрос:- о доброте, о любви и хороших поступках. Рисуют смайлики и дарят гостям.

Применяют:навыки доброжелательного отношения к окружающим их людям.

Бабадан қалған асыл сөз Көңіл аудар даналардың сөзіне: «Адал жанды өнегше тұт өзіңе». Ж.Баласағұни Ұлым, саған айтамын өсиет дананың: Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым. М.Қашқари Ей, досым, білім ізде осы тұста, Әрдайым біліп сөйле қақтығыста. Мақтасаң-дархан жанның даңқын өсір, Бақылға бір оғыңды сақтап ұста. А.Йүгінеки

69


Оқыту технологиялары  АДАМИ КАПИТАЛДЫ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСІ Таскарина Д.С. Атырау облысы Н.Тілендиев атындағы дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар мамандандырылған Кіші өнер академиясы

Қай заманда болмасын игі дәстүрлер қоғамдық немесе тұлғалық дамудың қозғаушы күші болып саналады. Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы да күнделікті өмірімізге кірігіп кеткені соншалық, ол бүгінгі күні біздің даму жолымыздың ажырамас бір бөлігіне айналды.Президенттің мұндай Жолдаулары–әсіресе білім мен ғылым саласын арттыру жолында орасан септігін тигізуде. Жалпы, Елбасының жыл сайынғы Жолдауларына тән ерекше сипат–олардың арасында үзбей сақталатын сабақтастық. Оған дәлел, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев білім беру саласын жетілдіру мен дамыту жолында адам капиталын дамытудың маңыздылығын қолға ала отырып, 2012 жылғы «Қазақстан 2050» стратегиясы–қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің таяу онжылдықтардағы дамуының басты он бағыт бойынша жүзеге асырылуға тиісті міндеттер кешенінің жетінші бағытын «Қазақстанда адами капиталдың сапалы өсуіне»[1]арнады. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін, шын мәнінде, адами капитал болып табылатын білім берудің маңыздылығы негізгі рөлге ие.Ал, адами капиталды дамытудың бір бағыты– білім беру жүйесін жаңғырту. Елдің білім беру және экономикалық әлеуеті адам әлеуетіне тікелей байланысты. Сондай-ақ, қоғамдағы көкейкесті мәселелерді шешу тетігі– адами капиталға барып тірелетіні сөзсіз. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен дүниеге келген «Интелектуалды ұлт-2020» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты– қазақстандықтардың жаңа буынын тәрбиелеу. Яғни, бүгінгі ғаламдық дамудың арқа сүйейтін

70

негізгі байлығы – бәсекелестікке қабілетті адам капиталын қалыптастыруға негізделген. Өйткені, қазіргі кезде кез келген мемлекеттің табысы – оның жер көлемі мен табиғи қорларының көптігінде емес, бәрінен бұрын адам мүмкіндіктерінің сапасына сүйенеді. Білімі қаншалықты жоғары мемлекеттің бүгінгі әлемдік қауымдастықта бәсекелестікке қабілеттілігі соншалықты биік болмақ. Қазақстан адами капиталды дамыту бағыты бойынша 187 елдің ішінде 68-ші орынға көтерілді. Ал, білім беру жүйесін дамыту бойынша 129 елдің ішіндегі көшбасшы төрттіктің қатарында. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісі бойынша 14 бағыттың 11-інде оңды нәтижеге қол жеткізілген. Мәселен, бастауыш білім беру сапасы бойынша 5, кадрлар біліктілігін жоғарылатуда 24, ал ғылым мен бизнестің ынтымақтастығын орнатуда 29 сатыға көтерілген[2]. Демек, елдің адами капиталы тек білім арқылы ғана көрінеді екен. Ал, білімде серпіліс болмаса–инновациялық дамуда серпіліс болмайтыны бесенеден белгілі. Инновациялық даму–инновациялық технологиялар арқылы жүзеге аспақ. Бүгінгі таңда елімізде білім сапасын арттыру үшін инновациялық технологиялар барынша енгізілуде.Білім жүйесін инновациялық технологиялармен жабдықтап,білімнің халықаралық талаптарын меңгерудің маңызы үлкен. Өйткені бұл жас ұрпаққа сапалы білім берудің негізі болып табылады. Инновация ұғымына толықтай түсінік беріп кетсек. Инновация – жаңа практикалық әдісті тарату және қолдануды құрудың комлекстік үрдісі


немесе ғылыми-техникалық шешімнің, адамдардың, ұсыныстардың, жаңа идеялардың тәжірибеге енуі, іске асырылуы және де соңында қолданылуы.Инновация туралы осындай көптеген түсініктемелер беруге болады. Инновация–жаңалықты енгізуде басқару обьектісін өзгерту мақсатында және экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми-техникалық немесе басқа тиімділік түрлерінің соңғы нәтижесі. Яғни, жаңалықты ендіріп, іске асырылғанда инновация пайда болады. Қысқаша айтқанда, инновация– жаңалықты енгізудің нәтижесі.. Иновация –бұл жаңалық енгізудің жалпы процессі, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін қолданылатын және таратылатын жаңалық, қоғамның даму әсеріне байланысты ауысып отырады. Міне, сондықтан да кез келген саланы дамытуда әуелі инновациялық ортаны қалыптастырып алу керек. Ал, инновациялық ортаны қалыптастыру үшін инновациялық технологияны қолға алған жөн. Яғни, инновациялық технологияны пайдалану – адами капиталды дамытудың бір сатысы болмақ. Адами капиталды дамыту жолында инновациялық әдістерді қолданудың басты мақсаты–өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер–бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан, ұстазға жүктелетін міндет ауыр»,-деген болатын. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс жасап, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана, білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға саналады. Сондықтан да, педагогтың оқушыға білім беру ісінде адами капиталды дамыта отырып, инновациялық технологияны пайдаланса– ел келешегінің зор жетістігі болмақ. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі емес, тарихи танымдық, педагогикалықпсихологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылықты талап етуде. Бұл да инновациялық технологияның бір көрінісі. Адам капиталын дамытудағы инновациялық технологияларды қолдану– инновациялық білімді дамытып қана қоймай, білім беру саласына жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге алып келді. Мәселен, бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін

жеке тұлға болуы керек. Өйткені, заман талабы солай. Ал, өз алдына іздену, өз алдына әрекет ету –оқушының өмір сүрудегі күресін арттырмақ. Мектеп қабырғасындағы әр бір оқушы дербес әрекет ете алуы–адами капиталдың дамып жатқандығының бірден-бір көрсеткіші болмақ. Сондай-ақ, адами капиталды дамытуда қолданылатын инновациялық білім беру жүйесі – оқушының әлеуметтік-қоғамдық, өмірлік жағдайларда өз мүмкіндігін анықтап, өмірі мен ісіне жауапты қарауды, жеке және қоғам пайдасына сай шешім қабылдай алуына жол ашып отыр.Заман талабына сай инновациялық технологияларды тиімді пайдалана алу жолында педагог шеберлігі де аса маңызға ие. Егемендік алып, жылдам дамып келе жатқан ақпараттық қоғамның өзі-ақ инновациялық білі беру жүйесіне сұранып тұр.Заман ағымына сай күнделікті сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай оң нәтижелер беруде. Кез-келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, өз алдына дербес шығармашылық еңбек етуіне жағдай жасайды. Ал, мұндай әрекеттер – елдегі адами капиталдың дамуына алып келетін алғашқы баспалдақ іспетті. Осы ретте, 1996 жылы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Мемлекеттік қолдау және дарынды балаларға арналған мектептердің дамуы туралы» жарлығы негізінде ашылған дарынды балаларға арналған Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында да білім мен өнерге баулу ісі ұлттық құндылықтарға, халықтық тәрбиеге, білім берудің қазіргі заманғы инновациялық технологияларына негізделген оқу ісі арқылы жүзеге асырылуда. Мұнда орта білім алумен қатар, өнерлі оқушылар 15 мамандық бойынша дәріс алады. Яғни, оқушылар «Би», «Өндірістік графика және дизайн», «Киім пішу және модельдеу», «Сурет және майлы бояу», «Актерлік шеберлік», «Қолөнер», «Баян», «Үрмелі аспаптар», «Фортепиано», «Қобыз», «Домбыра», «Халық әні», «Вокалды хор», «Ақын-айтыс», «Журналистика» бөлімдері бойынша өнерлерін шыңдап жүр. Академия дарынды балаларды оқыта отырып, өз дәрежесін халықаралық деңгейге көтеру мақсатын орындау үшін Ресей, Италия, Түркия, Чехия, Франция, Австрия, Словакия, Венгрия, Болгария, Финляндия, Грекия, Польша, Германия, Украина, Эстония мемлекеттеріндегі түрлі

71


конкурстарға қатысып, қазақ туын жоғары көтеріп келеді. Сондай-ақ, ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында Кіші өнер академиясының 2011-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы жаңартылып, оның концепциясы жасалды. Осыған орай, академияның білім беру жоспарына бірқатар жаңа бастамалар енгізілді, білім беру мен өнерге баулу мәселесіне байланысты әр түрлі тұжырымдамалар жасалып жатыр. Білім бағдарламалары модульдік жүйемен қайта құрылуда, оқу үрдісі толықтай ашық жүйеге көшіріліп, оны бақылау тәсілдері алдыңғы кезекке қойылды. Сонымен қатар, оқушылар өнер саласы байынша білім алып жатқан 15 мамандықтың элективтік, яғни мамандық бөлімдерінің жаңа талаптарға сай тізбесі жасалды. Бұл көп жылдық тәжіребиесі бар ұстаздар және Ұлттық жоғарғы оқу орнын бітірген білікті мамандар келісіміне сәйкес жасалды.Бірқатар оңтайландырылу шаралары жүзеге асырылды. Сондай-ақ, білім берудің жаңа жүйесіне сәйкес мамандықтар бойынша бірнеше кафедралар жұмыс жасайды. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мен ақпараттандыру онан әрі жақсартылуда. Академияның сыныптарына көптеген компьютер және басқа да техникалық құралдар сатып алынды. Интерактивті тақталар орнатылып, интернет жүйесі жақсартылды. Әрбір оқушының компьютер мен электронды техникаларды жетік меңгеруіне, әлемдік интернет жүйесіне еркін еніп, қалаған ақпаратын қиындықсыз алуына қол жеткізіп отырмыз.

Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында жас өнерпаздарды даярлауға барлық жағдай жасалуда. Жеткен жетістіктері де аз емес. Өнерден кенде қалмаған ұлағатты ұстаздар еңбек ететін Кіші өнер академиясы бүгінгі күнге дейін көптеген шәкірт тәрбиеледі. Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан жас өнерпаздардың біршамасы бүгінде қазақ өнер саласында абыройлы қызмет атқарып жүр. Егер, жас ұрпақтытың ертеңгі толық тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір орта – ол мектеп. Ал, әр бір мектеп білім беру ісін осындай жаңа әдіс - инновациялық жүйе арқылы жасаса, елдегі адами капиталдың даму үдерісі тез жүзеге асар еді. Ал, Адами құндылықтардың өркендеуі –елдің даму үдерісіндегі маңызды стратегиялық мақсаттардың бірі. Сондай-ақ, жас ұрпақтың дарыны мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, олардың өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өмірде өз жолын өзі таңдауына түрткі болуы–ел экономикасын көтеру жолында қолға алынған адами капиталды дамыту ісінің басты мақсаты. Олай болса, адами капиталды дамытуда инновациялық білім беру жүйесін жетілдіре отырып, әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақты оқытып тәрбиелеуіміз керек. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауы.- Алматы, 2012 ж 2.http://khabar.kz

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН НЫҒАЙТУ Ихсанов Х.У. «Өрлеу» БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, «Инновациялық технологиялар және жаратылыстану (гуманитарлық) ғылымдары пәндерін оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы

Қазіргі уақытта қоғамның негізгі өзекті мәселесі болып, адамның салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз кезегінде, адамның өзін жақсы сезінуін ғана емес, сонымен қатар ұлттың да сауығуына септігін тигізуі жатады. Қазақстан Республикасында Салауатты өмір салтын құру саясаты Қазақстан 2030 концептуалды дамуының басым бағыты болып табылады. Жастар арасында салауатты өмір салтын алдын алу,

72

нашақорлықтың, шылым шегу, олармен күресті белсенді жүргізу, жастар арасында насихаттауды ұйымдастыру, спорт түрлерінің дамуына көңіл бөлу. Кең көлемді реформаның жүзеге асуы прцесінде негізгі ролді мемлекеттік пен үкіметтік емес мекемелердің біріккен әлеуметтік жобалар шеңберінде дені сау ұрпақты тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарын атауға болады және оны қоғамның өзекті


мәселерін шешудің бір механизімі ретінде болашақ ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселелері тұр. Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында денсаулығынан ақауы бар балалар саны күндеп қатары өсуде. Бұған болар себептер заман ағымынадағы әлеуметтік, макроәлеуметтік, экологиялық, техногендік, ақпараттық факторларды атауға болады. Сонымен қатар білім жүйесінде оқытудың мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жоғары деңгейлі болуы және жүктеме сабақтардың көбейюі немесе оқушылардың санитарлық нормасының сақталмауы денсаулыққа кері әсерін тигізді. Мектептегі шамадан тыс оқытудың нәтижесі ретінде түлектердің 2/3-сі мектеп қабырғасынан созылмалы аурумен және физикалық дамуындағы ақауы мен шығатынын атауға болады. Аталған мақсатқа жету бүгінгі таңдағы мектептерде денсаулық сақтау педагогикасы арқылы мүмкін болып отыр. Өз кезегінде денсаулық сақтау педагогикасы оқу-тәрбие үдерісін мектеп оқушылары мен педагогтардың денсаулығына нұқсан келтірмейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырады. Заманауи педагогикалық білімді игерген педагог оқушылармен, олардың ата-аналарымен, медицина қызметкерлерімен және өз әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста педагогикалық үдеріске оқушылардың денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың артықшылықтарын ескере отырып, өз жұмысын жоспарлайды. Соңғы жылдары оқу үдерісін ұйымдастырудың сынып-сабақтық дәстүрлі жүйесіндегі кейбір шектеулердің мәні ашылып келеді, бұл заманауи білім беру технологияларын анағұрлым тиімді қолданудың өзекті міндеттерімен байланысты. Технология – бұл, ең алдымен, бүкіл оқыту мен білімді игерту үдерісін құрудың, қолдану мен анықтаудың жүйелі әдісі, бұл ретте білім беру формаларын оңтайландыру міндеті жүктелген техникалық және адами ресурстар мен олардың өзара байланысы ескеріледі (ЮНЕСКО). Әдетте «педагогикалық технологияға» мәндес «әдістеме» термині жиі қолданылады, себебі бұл ұғым педагогтың нақты әрекеттерінің жиынтығы ретінде түсініледі, сондай-ақ мағынасы жағынан «білім беру технологиясы» ұғымына жақын. Алайда әдістеме мұғалім жұмысының ұйымдастырылуы мен жүйелілігін сипаттайды,

ал технология оқушының жұмыс жүйесін алға қойылған білім беру мақсатына жету әрекеті ретінде сипаттай отырып, педагогтың жұмыс жүйесін оқушы жұмысын жағдаймен қамтамасыз етуші әрекет ретінде қарастырады. Денсаулықтың қандай да бір әмбебап технологиясы жоқ. Денсаулық сақтау білім беру үдерісіндегі бір міндет ретінде көрінеді. Бұл медико-гигиеналық бағыттағы (педагогмедицина қызметкері-оқушы үштігінің тығыз байланысы кезінде жүзеге асады); денешынықтыру-сауықтыру (денешынықтыру бағытындағы білімге артықшылықтар беріледі); экологиялық (табиғатпен өзара үндестікте болу) және т.б. бағыттағы білім беру үдерісі болуы мүмкін. Оқушылардың денсаулықтарын қалыптастыру мен нығайту міндеттері мектеп оқушыларын кешенді түрде оқытудың арқасында ғана шешілуі мүмкін. Білім берудің денсаулық сақтау технологиялары–бұл көпшілік педагогтерге етене таныс жұмыстың психо-педагогикалық әдістері мен тәсілдері, технологиялары мен мүмкін болатын мәселелерді шешудің жолдары, сондай-ақ педагогтың үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы. Біз қолданылып отырған педагогикалық жүйе қатысушы педагогтердің денсаулықтарын сақтау міндетін шешуді жүзеге асырған жағдайда ғана оқыту мен білім беру үдерісі денсаулық сақтау технологиясы бойынша жүргізіліп отыр деп айта аламыз. Сауықтыру педагогикасы үшін негізге алынатын артықшылар төмендегідей: 1. Дені сау бала – бала дамуындағы іс жүзінде қол жетімді норма. 2. Сауықтыру–емдеу-профилактикалық өлшемдердің жиынтығы емес, керісінде балалардың психофизиологиялық мүмкіндіктерінің даму формасы. 3. Индивидуалды-дифферциациялаушы ыңғай – оқушылармен сауықтыру-дамыту жұмыстарының негізгі құралы. Оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсаты – оқушыға мектеп қабырғасында өз денсаулығын сақтауға мүмкіндік жасау, оқушы бойында салауатты өмір салты бойынша қажетті білімді, шеберлік пен дағдыны қалыптастыру. Білім берудің денсаулық сақтау технологиясын ерекшелейтін көрсеткіш – оқушылардың жағдайын үнемі экспрессдиагностикадан өткізу және оқушылардың денсаулық жағдайлары туралы сәйкес қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ағзаның

73


динамикалы дамуының негізгі параметрлерін тексеру. Оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей құралдар тобы қолданылады: -Қозғалыс бағыты құралдары; -Табиғаттың сауықтыру күші; -Гигиеналық факторлар. Аталған құралдарды кешенді түрде қолдану сауықтыру педагогикасының міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қозғалыс бағыты құралдарына оқытудың білім беру денсаулық сақтау технологияларының міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған қозғалыс әрекеттері жатады. Бұл–қозғалыс; физикалық жаттығулар; физмәдениминуттар мен жылжымалы үзілістер; эмоционалды разрядтар мен «бір минуттық тыныштық»; гимнастика (сауықтыру гимнастикасы, саусақ, корригирлік және сергектік үшін салқын тиюмен байланысты ауруларға қарсы профилактика үшін тыныс алу гимнастикасы); емдік денешынықтыру; баланың қозғалыс белсенділігі үшін арнайы ұйымдастырылған жылжымалы ойындар (сауықтыру дене шынықтыру сабақтары, қозғалыс дағдысына негізделген заманауи даму); массаж; өзіндік массаж; психогимнастика; тренингтер және т.б. Табиғаттың сауықтыру күшін пайдалану оқытудың білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына қол жеткізуге айтарлықтай септігін тигізеді. Таза ауада сабақ жүргізу оқыту үдерісі кезінде жүретін биологиялық процестердің белсенділігін қамтамасыз етеді, ағзаның жұмыс істеу қабілетін көтереді, шаршау үдерісін төмендетеді және т.б. Денсаулық және жұмысқа қабілет жағдайының өзгеруіне әкелетін адам ағзасындағы белгілі бір биохимиялық өзгерістерге әсер ететін метеориологиялық жағдайларды (күн сәулесі,ау және су температураларының ықпалы,атмосфералық қысымдағы өзгеріс, ауаның қозғалысы мен иондануы және т.б.) ескеру оқушыларда оқытудың теріс ықпалының болмауына мүмкіндік береді. Сауықтырудың біршама ерікті құралы ретінде күн және әуе ваннасын, су процедураларын, фитотерапияны, аромотерапияны, ингаляцияны, дәруменді терапияны (ас мөлшерінің дәруменденуі,ауыз судың иодталуы, оқушылардың есте сақтау қабілетін күшейту мақсатында глицинді аминоқышқылдың жылына екі рет–желтоқсан айында және көктемде

74

қолдану) бөліп көрсетуге болады; сондай-ақ мектеп өміріне жаңа элементтерді – фитобарларды, физиотерапия кабинетін, педагогтар мен оқушылар үшін сауықтыру тренингтерін қосуға болады. Денсаулықты нығайтумен және ағзаның бейім қасиеттерін дамытуды бағыттаумен байланысты оқытудағы білім беру денсаулық сақтау технологиясының мақсатына жетудің гигиеналық құралдарына жататындар: санитарлық-эпидемиялық ережелер мен нормалармен бекітілген санитарлық-гигиеналық талаптарды орындау; жеке және қоғамдық гигиена (дененің тазалығы, сабақ өтетін орын мен ауаның тазалығы және т.б.); бөлмені желдету және сулап тазарту; жалпы күн режимін, қозғалыс белсенділігінің режимін, тамақтану және ұйықтау режимін сақтау; балаларды қол жуудың, жөтелу және түшкіру кезінде қол орамалды пайдаланудың және т.б. қарапайым дағдыларына баулу; балаларға салауатты өмір сүру салтының (СӨС) қарапайым тәсілдерін, кесіп алу, кұю, тістеу және жаралану жағдайларында алғашқы медициналық көмек көрсетудің қарапайым дағдыларына үйрету; инфекциялардан сақтандыру мақсатында оқушыларды егудің тәртібін ұйымдастыру; қатты шаршаудың алдын алу үшін оқу жүктемесінің шамасын шектеу. Сабақтарды өткізу барысында гигиеналық талаптарды сақтамау оқытуда білім берудің денсаулық сақтау технологиясының оң тиімділігін төмендетеді. Жоғарыда аталған құралдарды қолдануда қойылатын ең басты талаптардың бірі профилактикалық әдістерді; функционалды музыканы; жоғары және төменгі қозғалыс белсенділігін кезектестіре отырып, сабақта аудиоматериалдарды пайдалану, сауықтыру шараларын;кең көлемдегі сауықтыру шараларын, спорттық-сауықтыру мерекелері түрінде өткізу; табиғат аясына, экскурцияға шығу, салауатты өмір салтын ұстану мақсатында отбасымен жұмыста, ата-аналар жиналысының ұйымдастырылған теориялық және практикалық жүйесінде,инновациялық білім беру мекемелерінде педагогикалық ұжымды оқыту түрінде педагогикалық ұжыммен бірге жұмыста жүйелі әрі кешенді түрде түрде қолдану болып табылады. Біздің заманауи мектептің өз міндеттері бар, оларды орындай отырып, денсаулық сақтау және нығайту жөнінде ұмытпаған дұрыс. Және әр педагог қызметкер бала денсаулығына зиянды


әсерін тигізетін мектеп және оқушы өміріндегі факторларды ғана нақты ұстанып қоймай, оқушы үшін жағдаяттың сәтті болу жолын қарастырып, өзгертіп отыруы керек. Педагогикалық факторлардың ішінде анағұрлым маңызды болып табылатыны педагогикалық әсердің күйзелісті әдісі. Қазіргі заманның баласы үнемі дерлік келесі себептерге байланысты күйзелісті сезінеді:сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттың шектелуі, жауаптарына, мінезқұлықтарына және т.б. мұғалімдердің қанағаттанбауы, ата-аналарының білім сапасына, баланың сабақ оқу қарқынына және т.б. көңлі толмауы. Қайда барса да еститіні айқай, ескерту, мін тағу, психологиялық қысым. Бұл қалыпты жағдайдай болды, ал ересек адамдар бұдан да маңызды нәрселерге назар аудармайды. Ал үнемі ұрсып жазғыра ма деген қорқыныш, қобалжу, орынсыздығын айыптау–күйзеліс көзі болып табылады. Мұғалімі салмақты, мейірімді, өзара түсіністік ахуалы орнаған сыныпқа қарағанда, педагогы қатаң, мейірімсіз болған сыныптарда балалардың ауруы 3 есеге жоғары, невроздық аурулар 1,5-2 есеге көп. Күйзеліс факторы, физиологтардың пікірінше, белгілі бір қызмет уақытының шектелуі. Біздің дәстүрлі мектептерімізде жетістік, білім сапасы, сауаттылық сандық көрсеткіштермен ауыстырылып отыр. Бұл сондай-ақ жазу жылдамдығы мен оқу жылдамдығына да қатысты, оларды жылдамдату жас ерекшелік физиология институты зерттеулерінің

мәліметтері бойынша олардың психофизиологиялық құрылымын бұзады. Қорытындысында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының курс шараларында барлық педагог қауымға салауатты өмір салты ұстанушы ортаны дамыту, денсаулық сақтаудың алдын алу жөніндегі мәселелері және орындау, шешу жолдарынан дәріс беріледі. Әдебиеттер: 1.Назарбаев Н.Ә. Рухани байлық және мәдениет– қоғамның басты құндылықтары. //Егемен Қазақстан //. 2000 жыл. 18 ақпан. 2.Турсынов А.Ж.Нравственно-духовное просвещение.-А: Фараби-фонд,1995, 67-68 с. 3.Құлшынбай П.Бала денсаулығы–қоғам байлығы //Б мен балаб. – 2012 - №6-6б. 4.Абзал К.Ж. Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін мектеп //Спр.рук.ОУ – 2012 - №11 35, 81б. 5.Ахутина Т.В. Здоровьесберегающие технологии обучения: индивидуальноориентированный подход // Школа здоровья. 2000. Т. 7. №2. С.21 - 28 6.Зеленкевич И.Б., Ивашкевич М.З., Пилипцевич Н.Н.Общественное здравоохранение и его место в системе охраны здоровья населения // Вопросы организации и информатизации здравоохранения. – 2001. – №3. – С.3–6. 7.Смирнов Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в современной школе.- М.: АПК и ПРО, 2002. – 96 c.

ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ Төлеуов Д.Д. "Өрлеу" БАҰО" АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, Ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы

XXI ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу– тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу олардың бойына жеке тұлғалық қасиеттерінің жан– жақты қалыптасуымен тығыз байланысты.

Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік–экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиіс білім,білік,дағдының көлемі күннен – күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Қазіргі таңда оқушы–ақпаратпен қаруланған, жан–жақты дамыған тұлға. Олардың білімдік қабілеттерін дамыту үшін, мұғалімдер жан – жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»- деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Сол себепті мектептегі білім беру үрдісіне

75


жаңаша оқыту технологияларын енгізу арқылы оқу үдерісінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиелейді. Ағарту саласында еңбек етіп жүрген әр ұстаз оқушыға жүйелі, сапалы білім беру үрдісінде бүгінгі заман талап етіп отырған ақпараттықкоммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін игертуі қажет. Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Оқытудың ақпараттық технологиялары педагогтар мен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін дамытуға үлкен мүмкіндіктер береді. Оқытудың ақпараттық технологиялары ақпаратты бейнелеу, тасымалдау және жинақтау, оқушының танымдық әрекетін бақылау және басқару сияқты педагогтың кейбір функцияларын модельдейтін компьютерлік техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары және интерактивті программалық өнім негізінде жұмыстың педагогикалық шарттарын жасау тәсілдері, әдістері, құралдар жиыны. Білім беруде компьютерлік технологияларды пайдалану оқыту үрдісін толық өзгертуге, оқытудың жеке тұлғаға бағытталған моделін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі оқыту құралдары әр түрлі оқыту формаларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Білім беру жүйесін ақпараттандыру бағыты-жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта және қашықтан оқыту, жеке тұлғаға бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-

76

тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын көтеруде көздейді. Қазіргі ақпараттық технология құралдарын білім беру мақсатына қарай электрондық оқу құралы, мультимедиа технологиясы, қолданбалы бағдарламалар, интернет технологиясы, презентациялық технологиялар болады. Ақпараттық технологиялар және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалану кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың ең маңызды факторы негізгі қорғаушы күш-жеке тұлға. Осыған байланысты шығармашылық белсенділігін дамыту үшін қажетті жағдай жасау керек. Ақпараттық оқытудың дәстүрлі оқыту түрінен артықшылықтары:  Еркін қол жететігінде, яғни оқушы да,мұғалімде интернет арқылы өзіне қажет кез келген материалды таба алады;  Мұғалімдер қол үзбей-ақ өз білімдерін жетілдіре алады;  Өз пәніне жаңалықты дер кезінде және тиімді енгізе алады. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесіндеөздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Ел ертеңі - білімді ұрпақ екені бәрімізге аян. Баланы білімді етіп, заман талабына сай тәрбие беру ісіне әрбір ұстаз шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай іздену қажет. Отанымыздың ертеңгі күнгі тірегі болар халық ойшылдары мен қайратты азаматтарын тәрбиелеуде шығармашылықпен еңбек ету, жаңа ақпараттық технологияларды сабақта тиімді пайдалану үлкен табыстарға жеткізері сөзсіз. Сондықтан заман талабына сай ақпараттық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, оқушылардың бойында ақпараттық мәдинетті қалыптастыру мұғалімнің заманауи басты міндеті.


 Озат тәжірибе көпке ортақ  СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ МОДУЛІНІҢ САБАҚТАҒЫ НӘТИЖЕЛІЛІГІ Тоқтарова М.Т. Атырау қаласы С. Мұқанов атындағы №10 мектебінің І-санатты бастауыш сынып мұғалімі

ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың, жаһанданудың заманы. Нанотехнологиялармен жұмыс істеу үшін заманға сай білімің болу қажет. Сондықтан да, еліміздің бірден-бір көздеген мақсаты-нарықтық экономикаға сай бәсекеге қабілетті, өз білімін өмірде қолдана алатын тұлға тәрбиелеп шығару. Әлеммен бірге адам да өз заманына сай лайықты деңгейде дамып, өсіп, өзгеріп отыруы қажет. Бұл өзгерісті бір жақты қарауға болмайды. Дегенмен де, бәсекеге қабілетті, өз білімін өмірден тыс жағдаяттарда қолдана алатын тұлғаны тәрбиелейміз, оқытамыз десек, әлемді мойындатқан елдердің оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерінің тиімді, ұтымды жақтарын алып, дамуымыз қажет деп санаймын. Сол себепті осы деңгейлік курстың тыңдаушысы болғаныма қатты қуанамын. Кембридж бағдарламасының мазмұны мен мақсатын меңгергеннен бері «ескі» қағидалармен қоршалған дәстүрлі жүйедегі білім берудің құрсауынан шыққандай күйде болдым. Өзгерген ойымды іс жүзінде байқаудың да мүмкіндігі туды. Әр істі бастау алдында қобалжу, қорқыныш сезімі мен де де болғаны рас. Санамды жаңа форматтағы оқытуды оқушыларым қалай қабылдар екен? Мен қолданатын стратегиялар олардың толыққанды білім алуларына көмектесе ала ма екен? деген сұрақтар мазалады. Дегенмен де, игерген дағдыларымызды, көрген әдіс-тәсілдерімізді пайдалана отырып алған білімдерімізбен қалай да болса бөлісудің жолын табармын деген оймен өз тізбектелген сабақтар топтамамды әріптестеріммен ақылдаса отырып құрдым. Менің алдымда, деңгейлік курстың алғашқы кезеңінде жиған-терген теориялық білімімді, істәжірибеме қолданып, соның нәтижесін көру міндеті тұрды. Нақтырақ айтқанда, Бағдарламаның негізгі түйінді идеясы жеті модульдің біреуін негізге ала отырып таңдаған тақырыбым бойынша зерттеу жасауға тиіс болдым. Тақырып таңдамас бұрын зерттеуімнің мектеп үшін, сынып үшін өзектілігін анықтап алғым келді. Мектептің білім беру ахуалы,

оқытуы мен оқуында қалыптасып қалған бағыты жайында көп ойлана келе іс-әрекеттегі зерттеуімнің тақырыбын былай деп таңдап алдым: «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы белсенділігін дамыту». Осы арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттырғым келді. Осы зерттеу тақырыбын таңдауыма түрткі болған жағдай- мектеп оқушыларының ойлау әрекетіндегі үстірттік пен терең ойланбаушылық, жаттандылықтың болуы, олардың кез келген тапсырма немесе мәселе жөнінде сын тұрғысынан ой жүгірте алмаулары. Бір сөзбен айтқанда, оқушының белгілі бір форматтың шеңберінде ғана ойлануы. Осы мәселені шешу, яғни оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету-менің негізгі көздеген мақсатым болды. Не үшін бұндай зерттеу тақырыбын таңдағанымды айқындап алғаннан кейін, оқушының сын тұрғысынан ойлауына тікелей әсер ететін жұмыстарымның мақсаттарын былайша белгілеп алдым: Біріншіден, сабақ жоспарларына сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің элементтерін пайдалана отырып құру, оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларының дамуына әсер ету. Екіншіден, оқушылардың оқу мен шынайы өмірдің байланысын сын тұрғысынан ойлау арқылы ұғынуларына қолдау көрсету. Қалай істесем зерттеуім жақсы нәтижелі болады?-деген сұрақ төңірегінде көп ойландым. Ойлана келе, зерттеуімнің оң нәтижелі болуы үшін оқыту мен оқуға мына дағдылар мен формаларды енгізуді ұйғардым: оқушылармен топтық жұмыс ұйымдастыру, сол жұмыс кезінде оқушыларым орындауға тиісті жұмыстардың олардың ойлау әрекеттерінің дамуына әсер етуі тұрғысына көп назар салу. Мен сын тұрғысынан ойлауға үйету модулін «мектептегі тәжірибе» кезеңінде барынша тиімді қолдануға тырыстым. Сабақ барысындағы зерттеуге алған оқушылардың да, жалпы сынып оқушыларының да ұшқыр ойлап, әр тапсырмаға, сұраққа сыни ойлату арқылы ықпал жасауға болатынын, оқушының сабаққа деген

77


құлшынысы, қызығушылығы мен мотивациясының артуына зор ықпал ететінін түсіндім. Енді осы сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің зерттеуге нысан етіп алған А, В, С оқушыларыма қалай әсер еткендігін, олардың сабаққа деген құлшыныстарының қаншалықты қалай және неге артқандығын өзімнің тізбектелген сабақтар топтамаммен байланыстырып ашып көрсетсем. Тізбектелген сабақтар топтамамның бірінші «Бесік жыры» деген сабағында оқушыларым тақырып бойынша сыни ойларын білдіре ала ма, мен қолданған әдіс-тәсілдер балалардың сыни ойлауларына мүмкіндік туғыза ала ма деген күдігім болғаны рас, дегенмен де оларға бірден сыни ойлауды ұсынбай тек сұрақ қоюдың түрткі болу әдісін пайдаландым. Зерттеуге алған А, В, С оқушыларымның бұл бағалауға қалай әрекет ететін және олардың бойында сәл де болса бір жаңашылдыққа бетбұрысын бақылауды бастадым. Бірінші сабағымда «Кір жайғыш» әдісін пайдаланып, өткен сабақты пысықтау мақсатында тест сұрақтарын өткізіп алдым. Тест сұрақтары сұрақ қоюдың түрткі болу әдісі негізінде құрылған. Оқушылар тест сұрақтарына 80% дұрыс жауап берді. Үлгерімі жоғары оқушы жауаптардың астына түсініктемелер ашып жазып, кей жауаптарда сыни ойлағандықтарын байқатты. Тест сұрақтарына жауап алу арқылы өткен сабақтың меңгерілгенін байқадым. Келесі топтарға бесік туралы постерді қорғау тапсырмасы берілді. Осы тапсырма арқылы мен оқушылардан оқулықта берілген материалдан басқа жаңа мәлімдеме ұсынады деп ойладым. Бұл ойымды зерттеуге нысан етіп алған А деңгейлі, яғни үлгерімі жоғары оқушы отырған топ мүшелері ұсынды. А деңгейлі оқушым өз постерлеріне Мұхтар Әуезовтің: «Ел болам десең, бесігіңді түзе»- деген сөзін басшылыққа алып жасап, бесік туралы өте жақсы баяндап берді. Осылай осы топ ойлау деңгейлерінің жоғары екенін дәлелдеді. Ал В деңгейлі оқушым отырған үшінші топ оқушылары бесік туралы аса құнды идея ұсына алмады, олар тек оқулық білімімен шектеліп, өз ойларын жеткізді. С оқушым, яғни үлгерімі төмен оқушым отырған топ әдемілеп бесіктің суретін салып, тек бір сөздермен түсініктеме берген. Топ мүшелері ортаға шығып өздері әжелерінен естіген бесік жырын ортаға шығып айтып берді. Әрине бұл мені қуантты. Себебі, бұл тұста сындарлы білім беру жүзеге асты деп ойлаймын. Оқушы өз білімін өмірмен байланыстыра жеткізе білді. Олар сәл де болса топ ішінде талқылап, сыни ойлана білді деп санаймын. «Сыни тұрғыда 78

ойлау –бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және ісәрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді».[1;46] Топтық жұмыс негізінде оқушыларды сыни ойлату мақсатында оларға қазіргі бесік жыры мен бұрынғы бесік жырының айырмашылығын табуды тапсырдым. Бұл тапсырма оларға қиынға түсті. Бұл тапсырмаға тек шынымен де терең ойлана білетін оқушылар жауап береді деп ойладым. Ойым дұрыс болды, жауапты тек екі оқушы айтып берді. Олар барынша салыстырып, жаңа бесік жыры заман талабына сай өзгергендігін, әрі ескі бесік жырын келер ұрпаққа жеткізетін нағыз әжелердің аздығын атап өтті. Осы жауапты айтқан Дильназ мені қатты таң қалдырды. Дәстүрлі сабақтарда өзімен өзі отырып, тек сұрасаң ғана жауап беретін оқушыма топтық жұмыстың әсерін байқадым. Топтық жұмыс оқушы белсенділігін арттырып қоймай, ойлау деңгейінің жоғарлығын да танытты. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бұл тақырыпты пысықтау мақсатында тақырып бойынша сөзжұмбақ шешу тапсырмасын бердім. Сөзжұмбақтың кейбір сұрақтары оқушыларды біраз ойландырды. Мысалы, Бесік жырын айтқанда нәрестеге анасы айтатын сөз деген сұраққа оқушылар қиналып қалды. Зерттеуге нысан етіп алған В оқушым жылдамдығымен, ойының ұшқырлығымен дұрыс жауап бере алды. «Төрт түлік туралы жыр» сабағын бастамас бұрын өткен сабақты пысықтау мақсатында сабақтың Ой шақыру кезеңінде оқушыларды сыни ойлатып көру мақсатында «Ұяшықтағы сұрақтар» тапсырмасын орындаттым. Мысалы, 10 ұяшық.Бесік жырының тәрбиелік мәні неде? 20 ұяшық. Бесіктің қандай пайдасы бар? 30 ұяшық.Бесік жырынан үзінді айтып бер. 40 ұяшық.Бесік туралы ырым-тыйымдар туралы айтып бер. 20 және 30 ұяшық сұрақтары оқушыларды біраз ойландырды. Бұрынғы сабақтарда оқушыларым бірден жауап қайтса, бұл сабақта оқушылар осы екі сұраққа 3 минуттай ойланып барып жауап берді. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан суретпен жұмыс тапсырмасы


арқылы олардың сыни ойлауларына мүмкіндік бердім. Әр топқа төрт түлік малдың төлдерін сипаттау тапсырмасы тапсырылды. Оқушылар тапсырмаға белсене қатысып, зерттеуге нысан етіп алған С оқушым екінші топтан шығып, жылқының төлін сипаттап берді. Ол өз пікірін оқулық мазмұнын шектемей, сыни ойланып өте жақсы жауап берді. Ол жылқы малында жүн болмайтындығын, ол текті мал екендігін атап өтті. Осы жерде егер де мұғалім дұрыс сұрақ қойып, оқушыға ойлануға, ойын тиянақтауға мүмкіндік беретін болса, кез келген оқушы сыни ойлауға мүмкіндік алатындығына көзім жетті. Осы сабақта пайдаланған әдіс-тәсілдер оқушыларымның сәл де болса сыни ойлауларына жол ашты деп есептеймін. Тізбектелген сабақтар топтамамдағы сабағым «Ажалдан құтқарған асыл сөз» ертегісімен жалғасты. Бұл сабақта үй тапсырмасын сұрап, оқушыларымды сыни ойлату мақсатында «Ыстық орындық» стратегиясын пайдаландым. Оқушылар бірбірімен диалогқа түсу арқылы сыни ойлауға мүмкіндік алды. Ортаға шығып, өзара пікір алмасып, ойларын әр түрлі мысалдармен дәлелдеп бақты, «диалог негізінде оқыту және Қалай оқу керектігін үйрету» (Merser 1995, Alexsander 2008, Flavel 1976 және Vygotsky 1978) барысында балаларды бәсекеге түсіріп, ойлау белсенділігін арттырғым келді. Бұл әдісті пайдалану арқылы балалардың өткен сабақты қаншалықты түсінгендерін анықтап алдым. Осындай жаңа тәсілдерді қолдана отырып сабақты одан әрі қызықты етіп түрлендіруге және бағалау кезеңін түрлі әдіспен қолдануға болатынын түсіндім. «Диалог барысында балаларға баламалы мүмкіндіктер беріліп, басқа адамның көзқарасын өзінің тұжырымдамалық түсінігін тереңдетіп, дамуын ынталандыратын әдістермен қарастырылуын ұсынады. Тапсырмалардың берілуі мен орындалуындағы нәтижені саналы қабылдау және сыни ойлаудың» [6;49] /көрінісі деп қабылдап, «оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі материалды терең игеруге ықпал ететінін» [7;35] / тағы да ұққандай болдым. Өздігінен реттелетін оқудың үш элементі аса маңызды болып табылады. Перри (2002) тапсырмамен жұмыс жасау барысында өздігінен бағытталушылығы; оқушының проблемалар мен мақсаттарды өздігінен айқындауы; проблеманы шешу мен мақсатқа жету үшін әдіс-тәсілдерді өздігінен таңдауы негізделеді. Ертегі мазмұнын түсініп, идеясын ұғынуы үшін сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме

әдісін пайдалануды дұрыс деп санадым. Себебі, сыни ойлау – бағдарламаны негізігі мақсаты. Ал жұп болып, топ болып жұмыс жасап, сыныптастарымен теңесе отырып, ортақ ісәрекетке араласып, өзінше ой түйген оқушы – мұғалімнің ұйымдастыра білген еңбегінің жемісі болып табылады деп санадым. Олар ертегінің мазмұнымен танысып, өзара жұп болып идеясын талқылаған болатын. Осы орайда екі зерттеуге алған оқушыларымды басты назарда ұстаған болатынмын. Оларды зерттеу барысында төмендегідей критерийлер қойған болатынмын. Тәртіпті, реттілікті сақтай отырып, әңгімеге өз бетімен кіріседі. Жоспарланған тапсырма туралы өз ойын айта алады. Өзін бағалай алады. Топтық таныстырылымға белсенді қатысады. Сабақты жұптасып талқылай алады. Осы аталған әрекеттердің барлығын оқушы бойынан көре алдым. Оқушы сыни ойлау арқылы өзін-өзі реттеп, метатанымдық қасиеттерін арттырады. Осы орайда өзін-өзі реттеу тапсырмасы бойынша сыныпқа арналған сұрақтар мен жауаптар беру арқылы жүзеге асырдым..Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтыды. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. (1;49). Сыни тұрғыдан ойлау–бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты,ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс– әрекетімізге және түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (1; 39). Жұптық әңгіме арқылы оқушылардың ертегінің мазмұнын ұғынып, идеясының ашқандығын байқадым. Олар екеуара іс-әрекет жасап, ойларын бір –біріне дәлелдеп бір тоқтамға келді. Сабақтың «Ойлан, бөліс, талқыла» бөлімінде оқушылар ертегіге басқаша қандай ат қоюға болады деп ой тастадым. Оқушылар ұзақ ойланып, жақсы ұсыныстар айта білді. В оқушымның «Сөздің қадірі» деген ұсыныс тақырыбы маған ұнады. Мен қолданған әдіс-тәсілдер оқушыларымның ойлауына жағдай жасай алғандығын байқадым. Төртінші «Алтын 79


балта» ертегісі сабағымда оқушыларды сыни ойлату мақсатында «Инсерт» әдісін, «Венн диаграммасын» пайдаландым. «Инсерт» әдісінде оқушылар мәтіннің түсінбеген бөлігіне белгі қойған болатын. Осы бөлікті түсінген В деңгейлі оқушым сынып оқушыларына ертегі мазмұнын өте жақсы баяндап берді. Ал «Венн диаграммасы» әдісінде оқушылар кедей адам мен бай адамның бойында кездесетін қасиеттердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын сипаттап берді. Дәстүрлі сабақтарда «Венн диаграммасын» қолданғанда, олар тек кітап білімімен шектеліп жауап жазатын болса, бұл жолы олардың жауаптарынан сәл де болса сыни ойлағандарын байқадым. Төрт сабақ кезінде оқушыларым түгелдей сыни ойлап кете алды деп айта алмаймын, тек сын тұрғысынан ойлануға үйрету модулінің элементтерін пайдалану арқылы оларға сыни ойлауға мүмкіндік берілді деп санаймын. Бағдарламаның

осы модулін сабағыма кіріктіре отырып, төмендегідей нәтижеге жеттім: Оқушы өзінің жеке ойымен, ойлау қабілетімен ерекшеленді; оқуға қызығушылығы, белсенділігі, ынтасы артты; өз біліміне сүйеніп, мәселенің шешімін дұрыс тауып, ойын жеткізе білді; қиындық тудыратын сұрақтардан өз бетінше шешім қабылдай алатын жеке тұлға қалыптасты; тапсырманы күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артты деп санаймын. Кездескен кедергіге оқушылардың тапсырмаларды мән бере орындамауын жатқызар едім. Болашақта осы кедергіден шығу үшін оқушыларды жиған біліміне сүйенуге, мән бере отырғызып ойлау дағдыларын қалыптастырамын деп ойлаймын. Пайдаланылған әдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, Астана 2013 ж 2. А. Әлімов «Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» Алматы, 2013ж

ФИЗИКА САБАҒЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Ажигалиева О. Атырау облысы Махамбет ауданы Қ.Қалыбеков атындағы орта мектебінің физика пәні мұғалімі

Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт-оқуда.Теңдікке жетсек те, жұртшылығымызды сақтасақ та, бір ғана оқудың арқасында жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу.Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман. М.Дулатов Қай қоғам болсын азаматтарға білім беріп, халықтың көзін ашуды, сөйтіп жоғары сапалыққа жетуді жоққа шығарған емес, шығармайды да. Бұл обьективті құбылыс.Бүгінгі таңда сол қоғамдық кажеттілікті жүзеге асыру мүмкіндіктері мол. Мысалы, жалпы білім берудің, соның ішінде педагог кадрлар даярлаудың ішкі құрылымдық желісі қалыптасып бүкіл оқыту саласында түбегейлі өзгерістерге ұшырады, оқытудың оқу ісін ұйымдастырудың жаңа әдістемелік негіздері дүниеге келді. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниенің өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты. Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол» аттты халыққа жолдауында

80

мемлекеттің мерейін өсіріп, іргесін бекітерлік ұзақ мерзімді басымдықтар қатарында ерекше орында білімнің аталуы да сондықтан.Өйткені, адамзат тарихы, тағлымы осыны дәлелдеп отыр. Білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Жас ұрпақты жан-жақты дамытқан жағдайда заманның азаматын тәрбиелеуұстаздар алдында тұрған басты міндет.[№2 32-33 б] Атақты педагог ғалым В.А Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық –бұл адамтану, адамның күрделі және шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады»-деп, ұстаздық өмірге баға берген. «Шәкірттің жақсы болмағы ұстазынан» деп тегін айтпаған халық.Ұстаз ұғымы-мағынасы кең, мәні терең тарихи ұғым. Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді


таратушы, жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Әлемдік ой алыптары, небір ғұламалар ұстаз алдынан өткен. Олар ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Ұстаз мәртебесінің қаншалықты биік әрі қасиетті екенін осыдан-ақ көруге болады. Ұстаз өз шәкіртін саналы да білімді, парасатты тұлға жасайды,мүсінші тастан жансыз мүсін жасаса, педагог жанды, ойлы тіршілік иесімен жұмыс істейді және оны бір өзі емес, басқа адамдармен белгілі бір қалыптасқан жағдайлардың ықпалымен жүзеге асырады.[ № 1 56-57 б] Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы ірі өкілі, белгілі ағартушы Ж.Аймауытов ұстаз қызметін былай сипаттайды:«Балаларға сабақ берумен, білім үйретумен мұғалімнің қызметі тәмам болмайды.Ол балаларды тәрбиелеуге, үгіттеуге міндетті, басқаша айтқанда мұғалім қарапайым қызметкер емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін, бір күндерде зарығатын, тарығатын, қауіпқатерге ұшырайтын өмірін көз алдына келтіріп өз басынан кешірген тәжірбиесіне таянып, оларға келешекте жазатайым аяғын шалыс басып, өмірден соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы, қамқоры». Жалпы, қоғам, халық өзінің жарқын болашағына саналы азаматтарын сүйеніш етсе, сол сүйеніш еткен дара тұлғалар–ұстаздар екенін Ұстаздар мен ғалымдардың ІІІ сьезінде сөйлеген Елбасы лебізінен айқын көруге болады. Егемен еліміздің болашағы білім беру жүйесі мен мектептерге байланысты. Замана талабына сай қазіргі мектептерде білім мазмұнын, оның құрамдық жүйесін жаңарту–білім реформасының жүзеге асуының басты шарты. Осы талапқа сай оқушылардың белсенділігімен танымдық іс әрекеттері арқылы оқушылар шығармашлығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытудың жаңа технологияларын енгізе отырып білім берумен тәрбиелеу-мұғалімдер алдындағы басты міндет. Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселерінің бірі. Себебі оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Сондықтан көп жағдайда оқушылардың өз күшіне сенімін арттыру,шығармашылық қабілетін дамыту үшін сабақта әр түрлі,жанжақты болу керек. Оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту.

Сабақ оқушыларды жалықтырмайтын және біркелкі болмас үшін мұғалімнің әр сабағы оқушы сезіміне, ынта-ықыласына әсер етуі керек.Ол үшін сабақты құрылымы көп түрлі оқыту әдістері, мұғалімнің дайындығы , ізденісі жоғары деңгейде болу керек. Мұғалімнің білімі, өнері оның әр сабағынан көрініп тұруы керек. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру–мұғалімнің өз еңбегін жаңаша ұйымдастырып, жаңа сабақ үлгілерімен оқушыларды шығармашылыққа, өз еңбегінен ләззат алу мүмкіндігін дамытуға бағыттау, ізденімпаздығын қалыптастыру, оқушыларға сұрақтар кою,эксперименттік мәні бар тапсырмаларды шештіру,ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру арқылы іске асырылады. Сабақта оқушылардың толғанысын, сөйлеу шеберлігін, ізденушілігін, байқампаздығын арттыру үшін қазақ және басқа халық ертегілерін,аңыз әңгімелерін, ақын жазушылардың табиғат құбылыстары туралы өлең жырларын пайдаланған жөн. Оларға бағытбағдар беріп,сол ертегілерден физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тауып бейнелеуге тапсырмалар беруге болады.Мысалы «Бауырсақ» орыс ертегісін 7 сыныпта қайталау сабақтарында оқып, мына сұрақтарға жауап іздеуін сұраймын. Сұрақтар: 1.Бұл ертегіде қандай физикалық заңдылықтар мен ұғымдар қолданылған? 2.Осы заңдылықтар мен ұғымдарды қалай бейнелеп салуға болады? Жауабы:Еркін түсу үдеуі,домалау, тыныштық үйкелістері, энергияның түрленуі. «Қасқыр мен түлкі»- орыс ертегісін 8 сыныпта «Денелердің балқуы және қатаюы, кристалдануы» тақырыбын өткенде осы ертегі бойынша мына сұрақтарға жауап беруін және кездесетін құбылыстары туралы сурет салып келуі тапсырылады. Сұрақтар: 1.Температура қай жерде жоғары:ойықтағы суда ма әлде ауада ма? 2.Қасқыр қандай күштердің әсерінен құйрығынан айрылады? Физика сабағында ойындар, жұмбақ, мақалмәтелді өте тиімді пайдалануға болады.Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты үйретумен қатар ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа баулиды. Ойындар әділдік пен адамгершілікке негізделген. Ойын сабақтарының бір ерекшелігі –балалардың ұйымдастыру қабілетін жетілдіріп, ұжымдық намысын оятады..[240-241б] 81


Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мектепте оқытылатын барлық пәндерді қамтитын күрделі процесс.Соның ішінде, әсіресе, жаратылыстану цикліндегі пәндердің оқушылардың санасында әлемнің біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастырудағы маңызы ерекше. Ал табиғат құбылыстары жайлы біртұтас ғылыми көзқарасты жүзеге асыру арқылы мүмкін болады. Жаратылыстану- физика цикліндегі пәндерді оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру,әсіресе, осы пәндердің мазмұнын жаңарту жағдайында өзекті мәселеге айналып отыр.Себебі бұл пәндердің өзара байланысы оқу материалының мазмұны мен оның өтілу ретін анықтаудағы аса маңызды критерий болып табылады. Пәндер арасындағы неғұрлым күрделі, терең байланыстарды тағайындау олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін тиянақты түрде салыстыруды талап етеді. Пәнаралық байланыс өзінің мәні жағынан көп мағыналы, педагогикалық жағынан көп проблема.Өйткені оған ірі әдіскер ғалымдардың беретін анықтамасы сан алуан. Мысалы: Г.Ф.Федорец «пәнаралық байланыс дегеніміз шындық өмірдің обьектілері, құбылыстары және процестері арасындағы синтездеуге, интеграциялауға ұшырайтын, қарым-қатынасты бейнелейтін категория» десе, Н.А.Лошкарева «пәнаралық байланыс дегеніміз-оқу тәрбие процесінде обьективті шындық өмірді баяндаудың диалектикалық формасымен педагогикалық талап принципі» дейді.Ал В.И.Янцен «пәнаралық байланыс білім берудің ұнамды бір бөлігі» деп түйеді..[ № 439б] Қалай болғанда да қазіргі білім беруді ізгілендіру және демократия ландыру кезеңінде, пәнаралық байланыстың алатын орны орасан зор. Осы орайда физиканы оқыту барысында пәнаралық байланысты жүйелі түрде жүргізіп отыру оқыту мен оқушының сапалық жақтарын жақсартатынын іс-тәжірибеміз көрсетіп отыр, өйткені пәнаралық байланыстың басты міндеті, оқушының бір пәннен меңгерген біліміскерлігін, дағдыларын екінші жақын пәндерде орынды қолдана білу, соған ойлау-салыстыру арқылы өз бетінше жете білу. Қазіргі кезде барлық мұғалім алдына қойылып отырған мідет:оқушының жұмысты шығармашылықпен ойлауын, оны істей білуі мен танымдық белсенділігін арттыру.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың бір жолы сабақты жаңа тәсілмен өткізу болып есептеледі.

82

Қазіргі кезде жалпы орта білім берудің мақсаты мен міндеттері, іс-мазмұны едәуір өзгеріске ұшырап, жаңаша мәнге ие болды. Сондықтан сабақтарды жаңадан ұйымдастыру қажет деп ойлаймын,қалайда оқушының пәнге деген ынтасын ояту керек. Сабақты түрлендіре өтуді дағдыға айналдырып, оның өмірмен байланысын арттырып, оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында өткізіп жүрген сабақтарымның бірі пәнаралық байланысты қалыптастыра өткізу..[ № 4 6-7б] Пәнаралық байланысты жүзеге асырудың жолдары көп. Солардың бірі пәнаралық байланысқа келтірілген сұрақтарды қолдана отырып сабақ өткізу. Мысалы, 8 сыныпта «Кебу және конденсация » тақырыбын өткенде аталған сұрақтарды қалай қоюға болатындығы туралы айтып өтейін. Жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, оқушылар мынандай мәліметтермен таныс болады: кебу және конденсация процесі қалай жүреді,кебу сұйық тегіне, бет ауданына, температура, сұйық бетіндегі ауа ағынына тәуелділігі, кебу кезінде сұйық температурасының төмейтіндігі. Пәнаралық сұрақтарды бүкіл сыныпқа немесе оқушыларды топ-топқа бөліп, жарыс түрінде өткізуге де болады. Мысалы жарыс түрінде өткізгенде сұрақтарды топтарға кезек-кезегімен беруге болады. Физика және адамтану 1.Қалыпты жағдайда адамның өкпе тұсының температурасы 32°С.Неге өкпе тұсы температурасы қолтық тұсы температурасынан төмен? 2.Біз шөлдесек шөлді басу үшін су ішеміз.Осы дұрыс па?Шөлді басудың ең дұрыс тәсілі қандай? Физика және жануартану. 1.Құстар аязды күні отырғаннан көрі ұшқанда көбірек үсиді.Неге? 2.Неге көлбақаның денесі салқын тартып тұрады? Физика және ауа райы 1.Әдетте бұлтсыз күні таңертең бұлтты күнге қарағанда шық мол түседі.Оның себебі неде? 2.Қыста желді күні желсіз күнгіден суықтау сезілетіндігі неліктен? Физика және аузы әдебиеті Мына төмендегі мақал- мәтелдердің тәрбиелік және физикалық мәнін түсіндіріңдер. 1.Быламық бетінен суиды, көже түбінен суиды. 2.Аузы күйген үрлеп ішеді. Физика және халықтық тұрмыс- салттары


1.Ерте кезде сусындарды ыстық күнде меске, жанторсыққа, қыш кесеге құйып сақтаған. Сонда сусын салқын күйде болған.Қалайша? 2.Өте ыстық аймақтың тұрғындары жаздың шыжыған күнінде үстіне мақта шапан, басына бөрік киіп жүреді. Неге олай?[113-116 б] Сонымен қатар осы пәнаралық байланысты қалыптастыра отырып өткізетін сабақтың бірі түрі-кіріктірілген сабақ.Кіріктірілген сабақ оқушының пәнге қазығушылығын арттырады, әрі әр түрлі пәндерден көптеген мағлұматтар алады. Мысалы, 7 сыныпта «Тең әсерлі күш. Күштерді қосу» тақырыбында әдебиет, дене тәрбиесі, орыс әдебиеті пәндерінің арасындағы байланысты қарастырдым: 8 сыныптағы «Отын энергиясы, отынның жану жылуы»,«Жылу қозғалтқыштары және қоршаған орта» тақырыптарын өткенде химия, машина тану, экология,биология және әдебиет пәндерінің арасындағы байланысты қарастыру оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Ал «Фотоаппарат.Көз және көзілдірік» тақырыбы фотография, химия, биология және қазақ әдебиеті пәндерінің арасында өтсе, 9 сыныптағы Ньютон заңдарын әдебиет, математика, дене тәрбиесі, орыс әдебиеті және ұлттық салт-дәстүрмен байланыстыра өткізуге болады. Ал осы 9 сыныптағы «Дыбыс. Дыбыс сипаттамасы» тақырыбында құлақтың құрылысы мен жұмыс істеу принципі, шу мен дыбыстың пайдасы мен зиянын биология, дыбыс тоны мен тембрі және саз аспаптарының дыбысы,Бетховен шығармасының жазылу тарихы туралы музыка, «Сонаның ызыңы» аңыз-әңгімесін қазақ әдебиеті пәндерімен байланыстыра өткізуге болады. Осындай пәнаралық байланыста өткізіліген сабақтардың жүрісін баяндап өтейін.Соның бірі 7 сыныптағы «Атмосфералық қысым».Сабақ география, химия, физика және медицинаның арасындағы байланысқа негізделді.Сабаққа атмосфералық қысымның бар екенін дәлелдейтін құралдар мен таблицалар пайдаланылды. Сабақты химия пәні мұғалімі С.Орынғалиева ауаның өзі түрлі газдардан тұратындығын және ол газдардың қасиеті туралы айтса, география пәнінің мұғалімі Ш.Құрмашева Атмосфера оның қабаттары, құрамы және ауа қабаттары туралы айтып, таблицадан көрсетті. Физикадан поршеньді насостың жұмысын көрсетіп судың поршеньге ілесе көтерілуі атмосфералық қысымның салдары екенін айта келіп, оның ашылу тарихымен толықтай таныстырылды.Атмосфералық қысымның медицинада қолданылатындығын дәрігер

М.Лозак банка салу, пипетка пен шприц және танометр жұмысымен көрсетті. Жаңа сабақты бекіту мақсатында мынадай тәжірибелер жасалды: 1.Фонтанныңатылуы. 2.Тиынды судан алу (картопқа 4-5 сіріңке шаншып , жағасың да үстіне стакан төңкересің, сонда су стакан ішіне жиналады, сосын тиынды ыдыстан алуға болады). 3.Құстар су ішетін суаттың қызметін көрсету. (алдын-ала бір оқушыға суатты жасап келуге тапсырылды) 4.Жұмыртқаны бөтелкеге түсіру ( аузы кең шөлмектің ішіне қағаз жағып бетіне піскен, аршылған жұмыртқа қойсаң шөлмектің ішіне түседі ). 5.Қаңылтыр қалайыдан біз арқылы қалай ішуге болады? ( оқушылардың біреуі қаңылтырды екі жерден бізбен тесіп, қалай ішуге болатынын көрсетіп, себебін түсіндіреді). [239 б] Соңында үйге тапсырма беріліп, оқушылар білімі бағаланады. 10 сыныпта «Сұйықтардағы және электролиттердегі электр тогы. Электролиз және оның техникада қолданылуы» тақырыбына өткізілген кіріктірілген сабақ химия,машинатану пәндерінің арасында өтті. Сабақтың мақсаты:Оқушыларға сұйықтықтардағы электр тогы иондардың реттелген ағыны екендігін және электролиздің техникада қолданылуы туралы мәлімет пен кәсіби бағдар беру. Сабақта сұрақ-жауап және проблемалық әдіс қолданылады. Сабақтың көрнекілігіне плакаттар, интерактивті тақта, блок-схемалар, тотияйн ерітіндісі, таза су, күкірт қышқылы, қалта фонарының шамы, ток көзі, жалғағыш сымдар, кілт, схемалар пайдаланылды. Сабақтың барысында жаңа сабақты түсіндіруден басталды. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын белсенділігін арттыру мақсатында «Бүгін сабақта» атты плакатқа оқушылар назары аударылды. Оқушыларға сұйықтардың электрлік қасиеттері,сұйықтардағы электр тогы, рекомбинация, электролиз және оның металл өндіруде, рафинациялауда, гальваностегияда, гальванопластикада қолданылуы әңгімелеу әдісімен түсіндірілді. Сабақ тақырыбы жазылған блок-схеманы іліп, интерактивті тақтадан сұйықтардың электрлік қасиеттерін бейнелейтін схемаларды көрсеттім. Оқушылар бұл сурет-схемалар бойынша сұйықтардың электрлік қасиеттері 83


электр өткізбейтіндер, нашар өткізетіндер және жақсы өткізетіндер болып үш түрге бөлінетіндігін түсіндірді. Сұрақ-жауап арқылы оларға таза су,спирт,кейбір металл балқымалары, қышқылдар, тұздар,сілтілер жататындығын түсірдірдім. Таза су электр тогын өткізбейтіндігі туралы екі көмір электрод батырылған электролит ваннасы ток көзі, электр шамы, кілттен құралған электр тізбегінің схемасын құрдық. Бір оқушы осы схема бойынша электр тізбегін құрастырды.Оқушылар электр шамының жанбағанына қарап тізбекте заряд тасушылар жоқ екендігін айтты. Электролит ваннасындағы таза суға күкірт қышқылынан аздап тамызып, тізбекті тұйықтадым. Электр шамы жанып, тізбекте ток пайда болағанын көрсетті. Бұл тәжірибенің электр схемасын көрсетіп, оған оқушылар назарын аудардым. Схемада электролит ваннасында пайда болған оң ион көк, теріс ион қызыл түспен бейнеленген. Оқушыларға тізбекте қандай процесс болғандығын химия пәнінің мұғалімі С.Орынғалиева талдап түсіндірді. Тақтаға «Диссоциация» атты блок – схемасы ілінді.Электорлит ваннасында сутегінің оң ионы және күкірт қышқылы қалдығының теріс ионы пайда болғандығын және бұл кездегі химиялық реакцияны сұрақ-жауап арқылы С.Орынғалиева түсіндіре келіп, диссоциация процесін оқушалармен бірге қорытты. Сабақты әрі қарай өзім жалғастырдым .Сұйықтардағы электр тогы туралы оқушылардың өздеріне қорытынды жасату мақсатында интерактивті тақтада электролит ваннасында пайда болған сутегінің оң ионы мен күкірт қышқылы қалдығының теріс ионы бейнеленген схеманы көрсеттім.Оқушылар иондардың қозғалыс бағыты бойынша сұйықтардағы электр тогы иондардың реттелген қозғалысы екендігін қорытты. Одан әрі оқушыларға электролиздің техникада, металл өндіруде рафинациялауда, гальванопластикада қолданылатындығы түсіндірілді. Бұдан кейін машинатану пәнінің мұғалімі Б.Бекешов электролиздің аккумулятордың жұмыс істеуінде жүзеге асатындығын және оның қалай пайдаланылатындығын айтып берді. Химия пәні мұғалімі екеуіміз сабақта түсіндірілген мәселелеріміз бойынша ретімен сұрақ-жауап арқылы қорытындылап шықтық. Сабақ соңына таман № 843,845 есептері талқыланды. Үйге 68-физика, 8-химия оқулықтарынан тапсырма берілді және сабақта барлық оқушы бағаланды. 84

8 сыныпта өткізілген сабақтың тақырыбы: «Ауаның ылғалдылығы».Сабақ химия, география, биология,медицина пәндерінің арасындағы байланысқа негізделді. Сабақта ауаның құрамы, маңызы туралы, яғни ауаның өзі түрлі газдардың және су буының қоспасы болып саналатындығын, ауаның өз ішіндегі денелерге түсіріетін қосынды қысымына газдардың әрқайсысы өз үлесін қосатындығын химия пәнінің мұғалімі Орынғалиева Сәуле түсіндіріп өтсе Атмосфералық физикада бұлттардың мынадай түрлері белгілі:қат-қабат,кабатжауынды, мамық, түйдек және түйдек- жауынды бұлттар.Бұлттардың пайда болу процесі жеткілікті ылғалды ауаның белгілі массасының жоғары көтеріліуінен басталады.Жоғары көтерілгенде адиабаттық ұлғаю салдарынан ауаның температурасы төмендейді, яғни жоғары көтерілген ауа салқындайды.Сөйтіп су буларының конденсациясы басталатындығы және су буының парциал қысымы туралы өзім айтып өттім. Одан соң салыстырмалы ылғалдылық, бұлттың түзілуі, тұман, ылғалдану коффициенті, дүниежүзілік су айналымы, гигрометр, психрометрдің жұмысы, жалпы ауа райы туралы география пәні мұғалімі Құрмашева Шынар баяндап өтті. Ылғалдылықтың маңызы, яғни адам терісінің бетіндегі ылғалдың буланып, кебу шамасы ауаның ылғалдылығына байланысты екендігін, ал адам денесінің температурасын тұрақты ұстап тұру үшін ылғалдың булануының маңызын және адам үшін неғұрлым қолайлы салыстырмалы ылғалдылық (40-60%) космос корабльінде болатындығын медицина маманы М.Лозак түсіндіріп өтті, ал биология пәнінің мұғалімі Н.Есенғалиқызы ауаның ылғалдылығының тірі ағза мен көкөністердегі маңызы туралы және ауа райының өзгеруін құстардың ұшуы арқылы ( төмен не жоғары ) білдіретіндігін түсіндіріп өтті.Содан кейін тоқыма кондитер және басқа өндірістердегі процестердің дұрыс жүруі үшін белгілі бір ылғалдылық қажет.Өнер туындыларын және кітаптарды сақтау үшін ауа ылғалдығын тиісті деңгейде ұстап тұру қажет.Осыған сай музейлердің қабырғаларында психрометрдің ілулі тұрғанын көруге болатындығын СЭС маманы айтып өтті. Абай лирикасын пайдаланып табиғат құбылыстарының физикасын оқыту процесінің мазмұндық бөлігін қызықты деп есептелетін кейбір табиғат құбылыстарын сипаттайтын


үзінділерді келтіріп, оларды физикалық көзқарас тұрғысынан талдап көрелік. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан Осы өлең жолдарынан ауаның ылғалдылығына байланыстылығын түсіндіргеннен кейін төмендегідей сұрақтар қойылды. Онда ол оқушылардың өлеңде сипатталған құбылыстарды жақсы түсінуіне мүмкіндік жасайды. 1.Абайдың « Күз » өлеңінде бұлттардың қай түрі сипатталады? 2.Бұлттарың қандай түрлерін білесіңдер? 3.Тұман қалай пайда болады? Бекіту сұрақтары: 1.Су буының парциал қысымы деп нені айтады? 2.Салыстырмалы ылғалдылық дегеніміз не? 3.Психрометр не үшін керек? Қорытындылау: Үйге тапсырма 17,4 жаттығу(6,7). Бұл сабақта барлық оқушының білімі бағаланды. Оқушы меңгеруге тиісті материалдар схемада бейнеленді. Көпшілікке негізделген тірек сигналдары оқушылардың ой қорытуын жеңілдетіп, жаңа сабақты жеңіл меңгеруіне септігін тигізетіндігіне көзіміз жетті және проблемалық оқыту әдісінің нәтежиелі болғандығын байқадық. 11 сыныптағы «Радиоактивті изотоптардың биологиялық әсері» тақырыбы жаратылыстану, гуманитарлық пәндерінің арасындағы тығыз байланысты айқындады. Осындай кіріктірілген сабақта мұғалім мен мамандар және оқушылар арасында ынтымақтастық жүзеге асты. Оқушыларға физика пәнінен тиянақты білім беруге сабақты түрлендіріп өту әр мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. «Бұлақ көрсең көзін аш, сусыныңды қандырар»-деген халық нақылын ескеріп сабақтың түрлерін, әдіс-тәсілдерін түрлендіріп жүргізуге тиіспіз. Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған пәнаралық байланыстарды жүйелі түрде өткізіп отыруға физикада мүмкіншілік мол. Осы мүмкіншілікті әрбір мұғалім шебер пайдаланып отырса, мұның оқушылардың білім сапасын көтеруіне үлкен әсері болатынын мектеп практикасы көрсетіп отыр. Оқыта отырып тәрбиелеу, тәрбиелей отырып оқыту педагогика ғылымының басты қағидасы. Білім беру мен тәлім –тәрбиенің бірілігіне негізделген бұл ерекше маңызды міндетті жүзеге асыру –әрбір саналы азаматтың қасиетті борышы. Ендеше осынау өркенде істерімізді ертеңімізге жалғастыратын жерін, халқын

жанымен сүйетін адал патриотты тәрбиелеу құзыры ұстаздарға жүктеліп отырғанын неге мақтаныш етпеске! Бала біздің болашағымыз.Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жастардың еншісінде. «Елімізді 2030 жылы барысқа айналдыратын күш бүгінгі мектеп партасында отырған 15-20 жас аралғандағы жастар»-деп Елбасымыз тегіннен – тегін айтқан жоқ.[№3 10б] Қазақстан мектептері ұлт мүддесі үшін қызмет етуі керек. Ендеше ұлт алдындағы үлкен парызды мойнына алған білім шаңырақтарының материалдық базасы мықты, озық техникамен жабдықталған, ең бастысы ізденісті мұрат еткен дарынды ұстаздарға бай болуы-бүгінгі күн талабы. Өйткені мекеп - ұлттық өркениеттің ең басты қозғаушы күші. Халқымыздың бүгіні де ертеңі де мектеппен өлшенері ақиқат. Олай болса, өзінің саналы ғұмырын ағарту ісіне арнаған ұлтымыздың ұлы ұстазы А.Байтұрсынұлы былай деп бағалаған еді: «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» .[№2 18б] Сынып 7 Күні:25.12.2014ж Тақырыбы: Бір түзудің бойымен бағытталған күштерді қосу.Тең әсерлі күш. Мақсаты:Өзара әсерлесетін денелердің әрқайсысы қандай күшпен әсер ететіндігін анықтау. Көрнекілігі: Бейне ролик –арқан тартыс, кір көтеру,екі арбаның әсерлесуі.Күш атасыҚажымұқан.Аққу шортан һәм шаян. Жүктер жиынтығы. Пәнаралық байланыс: қазақ, орыс әдебиеті, математика, дене тәрбиесі. Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру ІІ. Психологиялық тренинг. «Сәттілік тілегі» ІІІ.Үй тапсырмасын пысықтау. «Қарлы кесек» ІҮ. Топқа бөліну. Сұрақтар.  Күш дегеніміз не?  Күш немен сипатталады?  Күш қандай шама?  Күш бірлігіне не қабылданған?  Өзара әрекеттесетін дене не істейді?  Күшті өлшейтін құрал не деп аталады? Оның қандай түрлерін білесің? Жаңа сабақты түсіндіру. Денеге бір мезгілде әсер ететін бірнеше күштің әсеріндей әсер жасайтын күш сол күштердің тең әсерлі күші деп аталады. Бір түзудің бойымен бір жаққа қарай бағытталған екі күштің тең әсерлі күші солай

85


бағытталады, ал оның модулі құраушы күштер модульдерінің қосындысна тең болады. Ғт=Ғ1+Ғ2 Бір түзудің бойымен қарама-қарсы жаққа бағытталған екі күштің тең әсерлі күші модулі үлкен күш жағына қарай бағытталады, ал оның модулі құраушы күштер модулдерінің айырмасына тең болады. (арқан тартыс) Ғт=Ғ1-Ғ2 Шамалары бірдей, бағыттары қарама-қарсы екі күштің әсерінен дене тыныштық қалыпта Білгенім

Үйренгенім

Х. Рефлексия «Стикер», Бағалау. «Смайлик» ХІ.Үйге тапсырма. 1.§Бір түзудің бойымен бағытталған күштерді қосу. Тең әсерлі күш. (мәтінді оқу) 2. 1-3 есептерді шығару. 3. «Тең әсерлі күш» сөз жұмбағын құрастыру.

болады немесе түзу сызық бойымен бір қалыпты қозғалады. (Аққу, шортан һәм шаян, Қажымұқан) Ү. Ой қозғау. Суретпен жұмыс. І топ:Бұл мысал бізді неге шақырады? ІІ топ:Олар жүкті орнынан неге қозғалта алмады? ҮІ. Сөздікпен жұмыс ҮІІ.Мақал –мәтелдер айту. ( Ауызбіршілікке, татулыққа байланысты.) ҮІІІ.Есеп шығару. ІХ. Қорытындылау. Үйренгім келеді Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Журнал «Физика қазақстан мектебінде» № 1 2012 ж 2. Журнал «Физика қазақстан мектебінде» № 4 2012ж 3.Журнал «Қазақстан мектебі»№ 2 2010ж 4.Журнал «Қазақстан мектебі»№ 3 2007ж

Институт жаңалықтары Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде қазақ тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пәндері бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары басталды. Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның білім беру жүйесіне арналған жаңартылған білім беру бағдарламасымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан курсқа 99 тыңдаушы қатынасты. *** Үш тілде білім беруді ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарына сай облыстың жас мұғалімдерін ортаға бейімдеу, бір-бірімен шығармашылық қарым-қатынас орнату, тәжірибелі ұстаздардан әдістемелік көмек алып, өз ізденістерін жарнамалауға мүмкіндік туғызу мақсатында Индер аудандық білім бөлімімен бірлескен «Жас мұғалімдердің әлеуметтік бейімделуіндегі шығармашылық ізденістер» тақырыбында облыстық шеберлік мектебі жұмысы көрсетілді. Шеберлік мектеп серіктес мектептер аясында құрылған топтардың жарысы түрінде барлық кезең бойынша үш тілде өткізілді.

86


ИГРА, КАК СРЕДСТВО ОБУЧЕНИЯ, ВОСПИТАНИЯ И РАЗВИТИЯ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ Шугаепова Р.А. учитель начальной школы специализированной школы- гимназии №30для одаренных детей с обучением на трех языках, город Атырау

"Игра даёт возможность ребёнку познакомиться с реальностью взрослого мира." К.Д.Ушинский В настоящее время школа нуждается в такой организации своей деятельности, которая обеспечила бы развитие индивидуальных способностей и творческого отношения к жизни каждого учащегося, внедрение различных инновационных учебных программ, реализацию принципа гуманного подхода к детям . И в этом плане одной из главных задач в воспитании и обучении детей младшего школьного возраста является применение игры. Особенно незаменима её психологопедагогическая ценность. Работая с учениками 1 класса понимаю как велика роль игры при переходе из детского сада в 1 класс. Ещё К.Д.Ушинский говорил: " Именно игра даёт возможность ребёнку познакомиться с реальностью взрослого мира." Для дошкольника основной вид деятельности-игра.В игре он отражает жизнь взрослых.После 7 лет игра начинает занимать всё меньшее место в жизни ребёнка. Ведущая роль отводится учебной деятельности. Но игра обладает огромными образовательно-воспитательными возможностями. Трудность перехода детей из детского сада в 1ый класс определяется новыми условиями жизни, требованиями к ребёнку. Именно в этот период нельзя "отбросить" привычную для детей деятельность во избежание стрессовой ситуации. Только при помощи игры ребёнок безболезненно адаптируется к школьной жизни. Отказ от игры не позволяет решить проблему преемственности между дошкольным и школьным образованием. Учебная деятельность требует от детей волевого напряжения, выдержки, самообладания. Первоклассникам ещё трудно выполнять эти требования. Они быстро устают, отвлекаются, не всегда могут внимательно слушать и запоминать. И первый помощник на этом переходном этапе, конечно, - игра. Актуальность игры в настоящее время повышается и из-за перенасыщенности современного школьника информацией. Во всем мире неизмеримо расширяется предметноинформационная среда.Телевидение, видео, радио,

компьютерные сети в последнее время обрушивают на учащихся огромный объем информации.Актуальной задачей школы становится развитие самостоятельной оценки и отбора получаемой информации. Одной из форм обучения, развивающей подобные умения, является дидактическая игра,способствующая практическому использованию знаний, полученных на уроке и во внеурочное время. В них ребёнок учится подчинять своё поведение правилам, формируются его движения, внимание,умение сосредоточиться, т.е. развиваются способности,которые особенно важны для успешного обучения в школе. Такие игры стимулируют детскую активность, вызывают чувство удовлетворения, работает воображение. Сущность дидактической игры заключается в том, что дети решают умственные задачи, предложенные им в занимательной игровой форме, сами находят решения, преодолевая при этом определённые трудности Игры группируют по различным критериям. При организации игр на уроках необходимо продумать следующие вопросы: Какие умения и навыки школьники освоят в процессе игры? Какому моменту игры следует уделить особое внимание? Как обеспечить участие всех ребят в игре? В 1-ом классе можно использовать игру, как структурную часть урока. Игры на уроках обучения грамоте «Найди картинке ее домик» Цель: активизировать знания детей о гласных и согласных звуках. Для этой игры-соревнования потребуется два картонных домика с кармашками для картинок: один – с красным кружком – символом на крыше, другой – с синим и набор предметных картинок. Детям предлагается, подходя по очереди к столу педагога, взять одну из картинок, назвать изображенный на ней предмет и, выделив в его названии первый звук, определить, гласный он или согласный. В зависимости от этого картинка помещается в один или другой домик. Игра

87


продолжается до тех пор, пока все картинки не будут разложены по местам. «Магазин» Цель:закреплять умение подбирать слова с заданным звуком и указывать его место в слове. В «Магазине» можно «покупать» только те предметы, в названиях которых есть звук [с]. Дети называют слова:масло,соль,сахар, сухари, колбаса, сыр, сало, сок, капуста, свекла и т.д. после того, как запас слов - названий предметов со звуком [с] «Перекличка» Цель:учить слышать звук и находить его место в слове. Педагог называет вперемежку разные звуки – гласные и согласные. Дети, имена которых начинаются с названного звука, встают. «Полубуковка» Цель:закрепить знания о графическом виде буквы. Игры на уроках математики Учитель медленно показывает из-за ширмы букву, начиная с ее верней части, нижняя часть буквы остается закрытой. Дети должны мысленно дорисовать контур буквы по памяти и узнать ее. «Передай кегли» Цель: закрепить знание ряда чисел. На первую парту каждого ряда ставится пластмассовый цветной кегли. По сигналу учителя кегли передается каждому ученику по очереди, с названием чисел по порядку, пока не возвратится обратно на первую парту. Затем точно так же передают кегли с названием чисел по убыванию, называя каждое предыдущее число.Ряд, закончивший передачу кегли первым, побеждает. Игра повторяется 2-3 раза. "Лучший счётчик" Содержание игры: учитель на магнитном моделеграфе по секторам соответственно размещает от 1 до 10 рисунков. Открывая каждый сектор поочерёдно, учитель предлагает детям сосчитать число рисунков и показать нужную цифру.

88

После того, как буква будет названа, педагог показывает ее целиком. «Орфографическое лото» Цель:повторить словарные слова. Заготавливаются карточки со словами, в кото рых пропущены буквы в слабых позициях:о, а, и, е, я.Нужный набор букв раздается участникам игры. Каждое слово имеет свой номер. Ведущий выни мает номера и оглашает их. Участники игры за крывают буквами пропущенные места. Побеждает тот, кто первый правильно закроет все пропуски. Примеры карточек:К_пуста, л_пата, в_рона, р_бота, т_традь, с_рока, д_ревня, за_ц.

Сосчитавший первый называется лучшим счётчиком. Затем учитель показывает цифры вразбивку, а ученики – соответствующее число рисунков в секторах круга. В итоге игры учитель открывает 2 сектора, предлагает сравнить число рисунков в них и определить, где предметов меньше и на сколько. «Назови соседей» Цель: закрепить знание ряда чисел и умения называть соседей числа. Играющие садятся в кружок. Ведущий бросает мяч ребенку, называя числа от 0 до 30. Поймавший мяч должен назвать «соседей» данного числа, т.е. числа на один меньше и на 1 больше названного, или предыдущее и последующее После этого он возвращает мяч ведущему. Если поймавший мяч ребёнок дважды ошибается в названии «соседей», он выбывает из круга и внимательно следит за игрой со стороны.


«Быстро занять места!» Цель:закрепление представления о порядковом значении числа. Учащиеся разбегаются по всей площадке, собирают на полу жетончики с номерами. Учитель произносит команду: «Быстро занять места!». Дети спешат занять свои места, согласно тем цифрам, которые имеются на их жетонах, по порядку (по возрастанию, по убыванию; слева – четные, справа – нечетные). «Эхо» Цель:закрепление последовательности натурального ряда чисел от 1 до 10. Школьники идут в колонне по одному. Учитель называет число, а дети как эхо, повторяют его и последующее (повторяют его и предыдущее). Игры на уроках окружающего мира «Листопад» Цель:закрепить знания детей о листьях разных деревьев. Участники выбирают по два любых желтых опавших листа, говорят, с какого они дерева (с какой ветки эти детки). Учитель говорит: «Листья легкие медленно летят по воздуху» (дети бегают и машут руками) Листопад! Листопад! Листья желтые летят! Ученики говорят,какие листья осенью желтеют. Участники выбирают по два любых оранжевых опавших листа, говорят, с какого они дерева (с какой ветки эти детки). Учитель говорит:«Листья легкие медленно летят по воздуху» (дети бегают и машут руками) Листопад! Листопад! Листья оранжевые летят!

Игры на развитие внимания Внимание у детей младшего школьного возраста развито еще в недостаточной степени. Это мешает им сосредоточиться на выполнении скучной и утомительной работы, какой является, например, выполнение домашнего задания в группе продленного дня. Дети постоянно

отвлекаются, переходят от одного вида деятельности к другому, не могут долго сидеть на одном месте. Чтобы помочь ребенку научиться концентрировать внимание, полезно ввести в процесс обучения игровой элемент. «Отыщи слово» Нужно написать на бумаге набор букв, среди которых «затеряно» слово, и предложить ребенку за определенное время найти и подчеркнуть его.Сделать задание более сложным можно, увеличив объем текста и количество слов. Например: ВПЫЛОАВРДВЕРЬЕЛОЖУКФНАЖАБАЖЭВА ДАРВАЛДР «Недопустимое движение» В этой игре также нужно предварительно договориться, какое движение совершать недопустимо. Предположим, это будет прыжок на одной ноге. Затем педагог выполняет зарядку, а ребенок копирует все его движения, за исключением запрещенного. Игры на развитие памяти Младший школьный возраст–возраст интенсивного интеллектуального развития. Происходит интеллектуализация всех психических процессов, их осознание и произвольность. Как указал Д.Б. Эльконин «память в этом возрасте становится мыслящей…». Для того, чтобы память ребенка успешно развивалась, можно использовать различные игры. «Очередь» Для проведения игры следует взять несколько игрушек и поставить их друг за другом. После этого можно попросить ученика отвернуться и поменять несколько игрушек местами. Пусть ребенок вставит игрушки в первоначальном порядке. «Запомни и опиши» У игры есть несколько вариантов. Вариант 1. Он самый простой. Ученик должен смотреть в течение нескольких секунд на изображение какого-либо предмета, а затем как можно

89


подробнее описать его. Вариант 2. Игру нужно проводить с большим количеством детей. Из их числа следует выбрать одного участника, которого дети должны хорошо запомнить. Затем он должен выйти из комнаты и изменить что-то в своей внешности. После его возвращения участки должны найти изменения. «Повтори за мной» Педагог должен провести ряд действий, например, сесть на стул, взять в руки тетрадь, открыть тетрадь, зевнуть и т.д. ученики должны повторить движения педагога в точности. Затем можно предложить детям повторить движения в обратном порядке. Игры на развитие воображения Ведущая деятельность младшего школьника, учебная деятельность, побуждает, прежде всего, развитие репродуктивного воображения в этом возрасте. В первом классе образы воображения приблизительны и бедны деталями. Воссоздающее (репродуктивное) воображение в младшем школьном возрасте развивается на всех школьных занятиях путем формирования у детей умения понимать условность некоторых объектов, их свойств и состояний. «Придумай животное» Перед началом игры следует разрезать несколько картинок с изображениями животных на 5-6 частей. Картинки следует перемешать, дать ученикам клеящий карандаш и лист бумаги и попросить учеников составить из разных частей придуманное им животное. Когда картинка будет готова, пусть каждый ученик расскажет историю своего животного, его название, характер и т.д.

90

Игровые уроки приносят детям радость и удовольствие, положительно влияют на познавательные, психофизические, эмоционально-личностные, социальнокоммуникативные сферы младших школьников. Нельзя недооценивать их роль. Игра ради успеха, ради привития интереса, внутренней мотивации и интереса к знаниям, а не ради развлечения - это ценно. Играя, мы учим детей. А учим, играя. Игра на урокеэто предоставление возможности каждому ученику почувствовать себя успешным, поменять своё представление об учебном процессе как о нечто однообразном. Уроки с элементами игры необходимо проводить не только в 1-ом классе, но и в других классах начальной школы, учитывая психологофизиологические особенности детей. В настоящее время нередки случаи сочетания дефектов устной и письменной речи у учащихся начальной школы. Эта проблема актуальна и сложна, поэтому для преодоления неуспешности целесообразно вводить в уроки не просто развивающие игры, а логопедические игровые приёмы. Значит игра — это естественная для ребенка и гуманная форма обучения. Обучая посредством игры, мы учим детей не так, как нам, взрослым, удобно дать учебный материал, а как детям удобно и естественно его взять. Итак, важную роль в обучении, воспитании и развитии личности имеет игровая деятельность, которая в жизни ребёнка продолжает занимать первостепенное место с первого класса. Литература: 1.Минскин Е.М. От игры к знаниям. М.: Просвещение, 2008. 2. Михайленко Н.Л., Короткова Н.А. Как играть с ребенком. М.: Просвещение, 2005.


 «Өзін-өзі тану» пәні шеберханасынан  РУХАНИ –АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМДІ СЫНЫПТАН ТЫС ӘРЕКЕТТЕР АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ Кульниязова А.С. «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша ПҚБАИ, Деңгейлік бағдарламалар орталығы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша тренер

Оқу жастарға тек білім беріп қана қоймай, сонымен бірге оларды әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге де үйретуі тиіс. Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы, заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар, меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс деп өз халқына Елбасымыз атап көрсеткендей, мектепте өткізілетін барлық сыныптан тыс шаралар оқушылардың рухани– адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып дамытуына негізделуі қажет. Сабақтан тыс әрекет арқылы өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білімді жүзеге асыру. Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады.Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс тәрбие жұмыс–тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді. Біріншіден, оқудан тыс әртарапты әрекетпен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады. Екіншіден,сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен тәрбие әрекеттерінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.

Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп көрініс қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар «бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді. Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі болады.

91


Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайдылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді. Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады.Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұршылық өкілдері қатыстырылады. 2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсаты және міндеттері Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталған–балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгерту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйесін қалыптастыру. Соған орай оның негізгі мақсаты–сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу,белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді. 1. Балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзіне-өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады. Себебі, тәжірибе көрсеткендей «қиын балада» өзі туралы жағымсыз көзқарас қалыптасқан. Соған орай дұрыс ұйымдастырылған сабақтан тыс тәрбие жұмысы оқу процесіндегі шектеуді жоюға мүмкіндік береді және баланың өзі жөнінде жағымды көзқарастың қалыптасуына, өзінің күш-қайратына сенімнің орнауына жағдай туғызады. 2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатысты жағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу

92

біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасқан. 3.Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушылықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы қажет. 4. Баланың дүниетанымының компоненттері: адамгершілік, эмоционалдық, ерік-жігерін қалыптастыру. Сабақтан тыс жұмыста бала адамгершілік түсінік арқылы қоғамдық мораль және мінез-құлық нормаларын меңгереді. Эмоциялық сала шығармашылық әрекетте эстетикалық көзқарас арқылы қалыптасады. 5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Мұндай міндетте сабақтан тыс жұмыс сабақта және сабақтан тыс әрекеттің сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өйткені сабақтан тыс жұмыс сабақтағы тәрбиемен байланысты, мұндай көзқараста ол оқу процесінің нәтижесін арттыруға бағытталған. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді. Жоғарыда аталған міндеттер сабақтан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын анықтайды. Нақтылы іске, сыныпқа, мұғалім жағдайының ерекшелігіне байланысты олар нақтыланып, өзгертілуі мүмкін. 3. Тәрбие жұмысының формасы Тәрбие оқу процесі секілді нақтылы қалыптасқан, мақсатты, жүйелі процесс. Егер де тәрбие жүйесінің формасы жайында әңгіме қозғасақ, қазіргі педагогика практикасында бірнеше ұғым қалыптасқан: «тәрбие жұмысының формасы», «тәрбие шаралары», «тәрбие ісі» т.б. Соған орай «Педагогикалық энциклопедия» сөздігінде «форм» ұғымына қатысты бірнеше түсініктеме берілген: 1.Заттың нұсқасы,сыртқы көрінісі,сыртқы кескіні; 2.Белгілі бір мазмұннның сырқы көрінісі; 3.Бір нәрсенің белгіленген үлгісі; 4.Бір нәрсеге белгілі бір көрініс беруге бейімделу. Сірә, солардың әрқайсысының мағынасы «тәрбие жұмысының формасы» және «тәрбие процесін ұйымдастыру формасы» деген ұғымдарды бейнелейтін секілді. Соған орай оны


педагогикалық тұрғыдан қарастырсақ, онда тәрбие жұмысының формасы деп–бұл тәрбие процессінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі. Онда белгілі бір құндылық ретінде (құқықтық, азаматтық, саяси, эстетикалық, адамгершілік) пәнге, құбылысқа, оқиғаға, адамдарға және олардағы әрекеттестіктің қарым-қатыныстары ашық жарияланады. «Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің компазициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын, педагогикалық талдауын анықтайды. «Тәрбие шарасы» топтық ұжымдық әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысының жеке бір актісі ретінде қарастырылады. Қазіргі тәрбиені ізгілендіру, мектепті демократияландыру, тұлғалық- бағыттаушылық көзқарас жағдайында тәрбие процесінің тек мақсаттылығы, мәні және мазмұны ғана өзгермейді, сонымен бірге тәрбиенің ұйымдастыру формасына тікелей қатысты оның әдістемесі де өзгереді. Тәрбие жұмысының формасында оның мазмұны жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Тәрбие жұмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынадай болып келеді. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсатпедагогтардың ұйымдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, «Қайырымдық акциясы», «Ғылыми апталық» т.с. Мақсат-тәрбие жұмысының формасында нақтыланады, өйткені бір актімен тәрбиелік ықпалды қалыптастыруға болмайды. Яғни, тәрбиеші мақсатқа жетуде бірнеше міндеттерді белгілейді. Мысалы, «Адамға музыка не үшін керек?» тақырыбының мақсаты- оқушылардың музыкалық мәдениетін дамытуды көздесе, оның міндеттеріне: 1.Оқушылардың музыкалық талғамы және қызығушылығын айқындау (сауалнама,әңгіме

жүргізу, шығарма жаздыру, үнтаспа тыңдату арқылы); 2. Музыка жайында көзқарастарын және түсініктерін қалыптастыру (кеш өткізу, кездесу ұйымдастыру, театрға саяхат жасау, байқау ұйымдастыру); 3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жұмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау. 4.Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезеңдері: 1. Шараның басталуы, психологиялық көңіл күйді орнықтыру:әдеби–музыкалық,поэзиялық, драмалық безендіру, күй табақ немесе үнтаспа ойнату; 2.Ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзі, шараны ашу, мақсатын, барысын баяндау; 3.Негізгі бөлім: шараның міндеттері,жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері; 4. Қорытынды бөлім:шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру; 5.Педагогикалық талдау жұмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, амал тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу. Бұл жоғарыда тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ұйымдастырдық. Осындай қызықты ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарының әртүрлі формалары оқушылардың жауапкершілігін арттырады, эстетикалық талғамдарын күшейтеді, сергектік сезімін, өзінің туған жеріне, өскен еліне, Отанға деген сүйіспеншілігінің артуына өз ықпалын тигізеді. Тәрбие сағатын ұйымдастыру жолдары Пікірталас Оқушылардың адамгершілік түсініктері және сенімдерін қалыптастыруда тәрбие сағатын пікір талас түрінде өткізудің маңызы ерекше. Пікірсайыс–бұл жағдайда, оқушыларда егер талқыланып отырған сұраққа қатысты кейбір білім көлемі болса,сонда ғана ол нәтижелі болады.Пікірсайыс–бұрын өткізілген тәрбие сағаттарының жалпы алғанда белгілі бір көлемде нәтижесін,өміршеңдігін көруге мүмкіндік туғызады. Пікірталас - оқушыларда қоғам және адамдар өміріндегі оқиғалар мен күнделікті тыныс-

93


тіршілік жайлы олардың көзқарастары мен сенімдерін, жоғары адамгершілік қасиеттері мен жағымды мінез-құлық нормаларын қалыптастырудың оңтайлы құралдары. Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтау, жолдастарының және айналасындағы адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді. Пікірталастың әңгіме тәсіліне ерекшелігі, онда сынып жетекшісінің қоғамдағы ортаға байланысты адамгершілік мәселелерін айқын меңгеруі. Соңынан, ол оқушылардың адамгершілік сенімдерін қалыптастырудың бірден бір құралы бола алады. Өйткені пікірталас кезінде оқушылардың көзқарасы кеңейіп, тіпті жай тыңдаушылар қатарында емес, соңынан оларды сөйлей білуге, өз ойларын жеткізе білуге, дәлелдей білуге, өз жолдастарының ойына салмақтылықпен пайымдауға үйретеді. Тәжірибелі сынып жетекшілері бүгінгі күннің көптеген өзекті мәселелерін оқушылар алдында көтере отырып, қаралып отырған сұрақ төңірегіндегі жағдайды олардың анық аңғара, талдай білуіне, оның себебін анықтап, қорытындылай білуге ықпал етеді. Пікірталастың мақсаты оқушыларды ұжым болып пікірталастыруға, алмасуға, өз ойларын нақтылы жеткізе білуге,ең негізгісі өз беттерінше ойлай білуге үйрету. Пікірталастың табысты өтуінің негізгі шарты алдын ала дайындық жұмыстарының ұйымдастырылуына үлкен мән беріліп, оған жауапкершілікпен қарау. Сонымен жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі. Олар онымен қажетті әдебиеттерді іріктеп алады да, оларды оқушыларға оқуға ұсынады және көрме ұйымдастырады. Көрнекті ақын–жазушылар, мемлекет және өнер қайраткерлерінің еңбектерінен тақырыпқа сай нақыл сөздерді жазып іледі.Пікірталас жүргізуші адамды тағайындауға да үлкен мән беру қажет. Ондай адам біреу немесе екеу болғаны жөн. Олар өздерін оқушылар алдында еркін ұстай білетін, таза және тілі жатық, әсерлі сөйлей алатын беделді баланы сайлағаны жөн.Пікірталас өткізу барысында баяндама жасалмайды. Әңгіме Тәрбие сағатында ең көп қолданылатын тақырып-адамгершілік тәрбиесі.Соған орай этикалық әңгімені ұйымдастыру: жолдастық және достық, әділеттілік және әділетсіздік, қарапайымдылық және озбырлық, жомарттылық және қатыгезділік, біреуге шын жүректен жақсылық жасау қасиеттеріне қатысты

94

мәселелер қарастырылды.Осы мәселелерге қатысты өткізілген әңгімеде оқушыларға жалпы адамдық мораль ұстанымдарын жақсы ұғынуға, өмір тәжірибесін дұрыс та, нәтижелі қорытуға көмектеседі.Мұғалімнің әңгімесі оқушылардың жауаптары, пікірлермен ұштасып отырады. Мұндай әңгімені ұйымдастыруда, ең алдымен адамгершілік ұстанымдардың мазмұнын анықтап, түсіндіруден бастаған жөн. Әңгіме жүргізу негізінен бастауыш сынып оқушыларын қамтиды. Әңгіменің негізгі бағыттары мыналар: ·Өз Отанына адал берілгендігі; ·Өзі өмір сүріп отырған қоғамның идеологиясына шынайы сенімділігі; ·Шыншылдығы; ·Қайырымдылығы,қарапайымдылығы, адалдығы; ·Саналы тәртіп пен мінез құлық, мәдениетіне жауапкершілігі; ·Жолдастық, достық қарым-қатынастыққа адалдығы; ·Немқұрайдылыққа және жамандыққа төзбеушілігі; ·Еңбекке, еңбек адамдарына және халық мүлкіне ізгілікті қарым-қатынасы. Мұғалім әңгіме өткізу оқушыларға оқығандарынан әлденені оқып беруге, немесе еске түсіруге, адамдар арасындағы қарымқатынастарға қатысты өздеріне белгілі бір оқиғаны өзіне алып, оған баға беруге ұсыныс жасайды. Егер әңгімелесу емін-еркін жағдайда өтсе және оқушылар өздерінің пікірлерін қысылмай-қымтырылмай айтатын болса, онда бұл пікірлердің қарама-қарсы болуы табиғи нәрсе. Қате пікір талқыға салынатын болсын, оқушыны қателігі үшін жазғыруға болмайды, оны да, басқа оқушыларды да дұрыс қорытындыға келуіне бағыттау керек. Бірақ мұғалім дайын қорытынды ұсынуға тиісті емес. Әңгіме өткізілгеннен кейін оқушыларға оның қаншалықты әсер еткендігі, олардың күнделікті өмірде:оқуда жолдастарымен қарымқатынастағы оның нәтижесінің сапасын бақылап, талдау жасап, соған қатысты келешекте тағы да басқадай нендей шаралар ұйымдастырылуы қажеттігіне көңіл бөлу керек Конкурстар Мектепте өткізілетін конкурстар (бәйгелер) оқушылардың ой-өрісін, тапқырлығын, шеберлігін, қабілетін жетілдіру, шыңдай түсу мақсатын көздейді. Сондай-ақ оқушылардың конкурсқа қатысуы олардың жақсы мінезқұлықтарының қалыптасуына, басталған істі


тыңғылықты аяқтап шығуына, ұжымдық іске жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді. Конкурсты шығармашылық сипатта ұйымдастырып өткізуге, әсіресе оны қызықты, әсерлі,тартымды,әзіл-оспақ араластыра жүргізуге көңіл бөлген жөн. Конкурстың түрлері әр алуан: конкурс-викторина,конкурс-инсценировка, мәнерлеп оқу, фото-сурет. Конкурсты өткізбес бұрын, конкурстың түрі анықталып, оған қатынасушыларға қойылатын шарттар белгіленеді және соған сай кімдердің қатынасуы тиіс екендігі жайында алдын ала дайындық жұмыстары жүргізіледі. Соған сәйкес хабарландыру ілініп, әділ қазылар тағайындалады. Конкурсқа қатысамыз деген командалар, ұйымдастыру тобына алдын ала тапсырыс береді. Сөйтіп жарысқа түсуші командалар сайысқа түседі.Мұның өзі

командалар арасында өз намыстарын қорғау үшін шығармашылықпен, ізденіспен дайындық жұмыстарын жүргізуге және команда мүшелерінің өзара түсіністікпен жұмыс істеуіне ықпал етеді. Конкурсты өткізу барысында, жүргізуші оның өту шартымен, әділ қазылар алқасы мүшелерімен таныстыру жұмыстарын хабарлаудан бастайды. Содан кейін конкурсқа тапсырыс берген командаларды ортаға шақырып,оларды таныстырады. Конкурстың бағыты, формасына қатысты сұрақтар немесе тапсырмаларды командалардың орындауы, оның негізгі міндеті болып есептеледі. Конкурстың өту барысында әділ қазылар алқасы оның белгілі бір кезеңінде жоспарға сай сараптау,бағалау жұмыстарын жүргізеді.Соңында оның нәтижесі қорытыланып, марапаттау рәсімі атқарылады.

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ – РУХАНИ -АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ НЕГІЗІ Кисметова С. Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ақкөл жалпы орта мектебінің бастауыш сыныптарда "Өзін-өзі тану"пәні мұғалімі

Ұрпақ өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының президенті С.Назарбаеваның «Өзін өзі тану» авторлық бағдарламасының негізгі мақсаты–адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеріп, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру. Бала-кең әлемдегі ең пәк, ең таза асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ. Жоба неліктен «Өзін-өзі тану» деп аталады? «Бұл жобаны біз «Өзін-өзі тану» деп атадық,дейді Сара Алпысқызы.–Өйткені адам әуелі өзінөзі, өзінің мүмкіндіктерін, өзінің өмірдегі орнын танып білмесе, ол тағдыр қолындағы ойыншыққа айналады. Егер де «Біз кімбіз?», «Қайдан пайда болдық?», «Бұл өмірге не үшін келдік?» және «Қайда барамыз?» деген терең философиялық сауалдар төңірегінде мәселе қозғасақ–ол өзіміздің көзқарасымызды,өзіміздің ішкі «Менімізді» имандылық жағына қарай өзгертуге жасаған алғашқы қадамымыз болғаны...» .

Өмірде еш нәрсе де кездейсоқтық емес, барлығының да бір-бірімен байланысы бар–ол белгілі бір заңдылық. «Өзін-өзі тану» жобасы да кездейсоқ туындаған жоқ. Біз сіздермен бірге отырып, адам жаны үшін маңызды мәселені шешеміз–адамның өзін-өзі танып білуіне, арұжданымен өмір сүруге, адам деген атқа лайық болуға үйретеміз. Рухани-адамгершілік білімін қандай тәсілдермен, қандай жолдар бойынша беруге болады? Адамзаттың әлеуметтік, мәдени тәжірибесін өскелең ұрпаққа жеткізудің тиімді тәсілдерінің бірі– білім беру жүйесі арқылы беру, өйткені әр бала, әр жеткіншек, әр адам осы білім жүйесі арқылы өмірге жолдама алады. «Өзін-өзі тану» Рухани-адамгершілік білімінің қандай ерекшеліктері бар? Бізге белгілі әлемдік тәжірибеде «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының теңдесі жоқ.Абай атамыз айтқандай, «Біз өз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп» демекші ендігі кезеңде бұрыннан бар ОӘК-де берілген бағдарламалық мазмұнды әрбір мұғалім өз жүрегінен өткізіп, рухани тереңдігін байқап, бағамдап, әрбір материалды оқушының «көкірек көзін» ашатындай дәрежеде беруі

95


негізгі мақсаттардың бірі болып отыр. Ал «Өзінөзі тану» бағдарламасын Абай дүниетанымымен байланыстыру заңдылық. Өйткені Абай шығармашылығы мен дүниетанымы «Өзін-өзі тану» пәніннің негізі болып табылады. Жалпы пәннің мазмұндық жағын қарастырғанда Абай дүниетанымы басшылыққа алынды. Абайдың бір ғана «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым, өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ сияқты түйінді идеясы негізінде ақ пен қараны, жақсы мен жаманды салыстыра отырып 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі бағдарламалық мазмұнға арқау болуы, Абай мұрасының ұрпақ дүниетанымы мен тәлімін қалыптастырып дамытудағы негізгі темірқазығы екендігіне дәлел болатындығын аңғартады. Өзін-өзі тану бағдарламасының ерекшелігінің өзі– оның негізгі өзегі Абай идеяларының болуында. Мысалы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің жалпы мақсатын анықтағанда Абайдың «толық адам» («Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,сонда ғана боласың толық адам») идеясы басшылыққа алынды.Демек,«Өзін-өзі тану» руханиадамгершілік білім берудің мақсаты- өздерінің дене және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-жерін, ана тілін сүйетін, адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды тәрбиелеу болып отыр. « Абай дүниетанымы мен «Өзін-өзі тану» бағдарламасының ортақ ұсқсастығы мен өзара үндестігі өмірдегі барлық мәселе мен адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, олардың ар-намысын, абыройын, ұжданын құрметтеу, адамгершілік, парасаттылық тұрғыда қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу идеясының өзара қабысып жатуында болып отыр.Мұны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп», «Қашан бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады», «Махаббатпен жаратқан азаматты»,«Махаббатсыз дүние бос», «Адамның жақсысы–адамға сүйіспеншілікпен қарағандар» сияқты ой тұжырымдары мен аффоризмдерінен көруге болады. Себебі біз білеміз; Әрекет арқылы сүйіспеншілік- Дұрыс әрекет Сезім арқылы сүйіспеншілік- Ішкі тыныштық Ой және сөз арқылы сүйіспеншілік- Ақиқат Түсінісу арқылы сүйіспеншілік- Қиянат жасамау

96

Қорыта келгенде, Абай дүниетанымының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасындағы орны мен ықпалы ерекше. Абайдың дүниетанымы ізгілік, имандылық, ар заңына негізделеді. Сондықтан да ол санамызды рухани сауықтырады. Демек, Абай дүниетанымы мен «Өзін-өзі тану» бағдарламасының да тоғысқан жері осында болмақ. Тәрбие жолы сан тарау. А.Макаренко айтқандай:«Тәрбие берудің дұрыс жолы ерте, балалық кезде-жол берілген кемшіліктерді түзету емес, бұл кемшіліктерге жол бермеуде, қайта тәрбиелеу қажеттігін болдырмай, алдын алуда». Ұлы бабамыз Әбу Нәсір әл-Фараби: «Адамға бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы»,-деген екен. Ал біз осыған дейін білім – күш деп келдік. Шын мәнінде нағыз күш-қайрат– тәрбиеде. Адам – алған тәрбиесінің құлы. Сол алған тәрбиесінің мақсатына жету үшін барлық күш-жігерін жұмсайды. Білім–бар болғаны кілт қана. Адам баласы тәрбиенің бағыттаған мақсатына жету үшін құпия есіктерді білім кілті арқылы ашып, ілгері үздіксіз жылжиды. Неғұрлым білімді болған сайын, ілгерілеу соғұрлым жылдамдайды. Ендеше тәрбие бар жерде мақсат бар, мақсат бар жерде білім басты қажеттілік болмақ. Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы руханиадамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ:тастанды бала, қарттар үйі,қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өзөзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар .Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірденбір жол- рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал,адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз. Рухани-адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында:«Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін»дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар:«Алланың алдында бәріміз


бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды..«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілікке баулитын сабақты беретін мұғалім қырандай қанаттанған, жанарынан шуақ тамған, жалындай лаулап, балаларды баурап алуы керек. Тылсым дүниеден жан тербеген рахат, мейірім, қуаныш сезіміне бөленетіндей шапағат сыйлай білу керек. Сонда ғана бала жүрегі шешек атады. Басқаға жан жылуын жеткізе алады. Бойында барын ортаға салады. Өзін танытады, өзгені де бар күйінде мойындайды, кешірімді болады. Міне, осындай үйлесімділік болған жағдайда бүгінгісін ғана емес, болашағын сәулелі күйде елестетіп, алға ұмтылатын, арманшыл, қиялы асқақ, рухы биік азамат тәрбиелеуге болады.«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік сабағы–сол көздеген нысанаға жетелейтін шамшырақ іспетті пән. Жалпыадамзаттық құндылықтарға (АҚИҚАТ, СҮЙІСПЕНШІЛІК, ДҰРЫС ӘРЕКЕТ, ІШКІ ТЫНЫШТЫҚ байланысты қасиеттерді талдай келіп соның ішінде ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ құндылығына тоқталсақ : ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ Бастауыш буын: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу; ешкімді ренжітпеу; жанжануарларға қамқорлық жасау; қауіпті заттармен ойнамау; командада (топпен) жұмыс істеу; бірлік және т.б. Орта буын:басқа мәдениеттің құндылығын түсіну;толеранттылық (кеңпейілділік); ақжарқындылық; татулық. Мәдени мұраны құрметтеу; қоғам меншігін қамқорлау; қоршаған ортаны қорғау және т.б. Жоғарғы буын: барлық дін мен мәдениетті құрметтеу; оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу;әлеуметтік әділеттілік; адам құқығы; жақсы азамат болу және т.б Тақырыптың өзектілігі: - «Қиянат жасамау» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу. - Болашақта адамгершілікті басты назарда ұстайтын азаматтардың көп болуы; Негізгі бөлім Қиянат жасамау қағидаттары *Өзіңе қатысты қиянат жасамау- бұл өз сезім мүшелеріне қиянат жасамау, өтірік айту, дөрекі сөйлеу – тілге қиянат.

*Жаман сөз есту – құлаққа қиянат. *Жамандық көру – көзге қиянат. *Жаман иіс – мұрынға қиянат. *Жаман әрекет – тәнге қиянат. Қиянат жасаудың себептері *Сүйіспеншіліктің жетіспеуі. *Рухани-адамгершілік білімнің жетіспеуі. *Әрбір өзгеріске қарсылық ретіндет қиянат. *Әлем туралы өзіндік түсінігіне сәйкес келмеу. Қиянат жасамаудың міндеттері 1.Әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу, ешкімді ренжітпеу, 2.Жан-жануарларға қамқорлық жасау, қауіпті заттармен ойнамау, топпен жұмыс істеу, бірлік. 3.Басқа мәдениеттің құндылығын түсіну, толеранттылық,ақжарқындылық,татулық. Мәдени мұраны құрметтеу, қоғам меншігін қамқорлау, қоршаған ортаны қорғау. 4.Дін мен мәдениетті құрметтеу, оймен, сөзбен, не болмаса іспен тірі жанға зиян келтірмеу. Әлеуметтік, әділеттілік, жақсы азамат болу. Жүрек жарасы – жамандықтан Баяғыда бір үйде жалғыз ерке бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына 37 шеге береді де былай дейді:«Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы шарбаққа бір шегеден қағып отыр», дейді. Бала жамандық істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 33 шеге қаққасын, 4 шегені әкеп әкесіне береді де, былай дейді: «Әке, мен енді ешкімге жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ». Сонда әкесі былай дейді:«Балам,енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр»,-дейді. Біраз уақыт өткен соң әкесі мен баласы шарбаққа қараса, ол тесік-тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті:«Балам, адамдардың жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай тесіктер қалады», дейді. Қорытынды бөлім "Рақымдылық, мейірбандық, әр түрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойланғандай оларға да болса игі еді демек, бұлар-жүрек ісі. Асықтық та-жүрек ісі. Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды деген Абай. Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, оның жан-дүниесінде ішкі тыныштықтың қош иісті гүлі шешек атып, қиянат жасамауға үйренеді.

97


ЖУРНАЛҒА ЖАРИЯЛАУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 1. Ғылыми мақалалар журналдың мазмұндық бағытына және талаптарына сәйкес болуы қажет. 2. Ғылыми-әдістемелік мақала көлемі қосымша материалдарды (суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) қосқанда көлемі 4-5 беттен аспауы керек. Мәтіндер компьютерде Times New Roman KZ, шрифт-11, интервал – 1теріледі және қосымша материалдар (суреттер, кестелер, сызбанұсқалар, диаграммалар және т.б.) jpg арқылы жіберлуі тиіс. 3. Көрнекілік материалдар жеке реттік нөмірімен қосымшада ұсынылады. 4. Редакцияға жіберілетін мақаланың 1-бетінде: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, мекен-жайы (облыс, аудан) жұмыс орны, лауазымдық қызметі және ғылыми атағы толық жазылуы қажет. 5. Мәтіндегі әдебиеттер сілтемелері сандармен тік жақшада көрсетіледі. Әдебиеттер тізімі мақала соңында ұсынылады. Авторы, аталуы, басылып шыққан мекені,баспасы,жарық көрген жылы. Шет тіліндегі әдебиеттер отандық басылымдардан кейін жазылады. 6. Мақала соңына автордың үй, жұмыс және ұялы телефоны жазылады. Мақалада келтірілген деректер, үзінділер, статистикалық мәліметтер, кісі аттары, өлең, ән авторлары, т.б. мағлұматтар мақала авторының жауапкершілігінде. 7. Редакция әдеби өңдеу барысында келіп түскен мақалалардың көлемін қысқартуға құқылы. Сондай-ақ журналдың мазмұндық бағыттарына сәйкес келмесе немесе жазылу сапасы төмен болса, мақаланы жариялауға ұсынбауға құқылы. 8. Журналға мақала 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) қабылданады. Редакция

98


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.