15/02/2013

Page 5

5

www.egemen.kz

15 ақпан 2013 жыл

 Алаштың ардақтысы БАСТАУ

Өзен басын бұлақтан алады. Ойын баласы ойнап жүріп те өзін танытады. Қазақ баласының ақыл-ойын дамытатын, денесін шынықтыратын дəстүрлі ойыны асық қой. Жабайхан асық ойнап жүргенде арамдыққа жол бермей, əділдікті жақтап, асықтың алшы түскенін қадағалап, əділ ойнап ұтатын. Осы мінезімен мектепте де көзге түсті. Есеп шығарғанда, шығарма жазғанда балалар, əсіресе, ер балалар, бірінен-бірі көшіріп əлек-шəлек болып жатқанда, Жабайхан өзі шығарып, өзі ойланып отырып жазатын. Ел жағдайы қиын, соғыстан кейінгі жылдары жас айырмашылығы 4-5 жасқа дейін ұласатын балалар бір сыныпта оқығаны қалыпты жағдай болды. Солардың ішіндегі ең жасы Жабайхан шамасы келгенше талаптанатын озат оқушылардың бірі болды да, сыныптас достарына көмектесіп жүрді. Оған қарап,

институттарға баратын еді. Солардың бірі – мектепті үздік бітірген Жабайхан да конкурстан мүдірмей, бестік бағалармен еліміздегі жалғыз ғана университет – ҚазМУ-дің философия факультетінің студенті болып шыға келді. Университетте лекцияның бəрі орыс тілінде оқылатын, қазақ профессорлары, оқытушылары аз. Қазақ тілінде бірде-бір оқулық жоқ. Мектепті қазақша бітірген балалар орыс тілін жетік білмегендіктен өте қиналатын. Ұзақ уақыт кітапханадан шықпай, тырысып оқитын. Студент Жабайхан да кешкі сағат 6-дан 11-ге дейін кітапханада болып, оқулықтарға қоса Кант, Гегель сынды философтардың еңбектерін оқып, білімін тереңдетті. Күндіз қолы босап кетсе, басқа факультеттерге барып, сол кездегі есімдері ел аузында жүрген Мұхтар Əуезов, Сəбит Мұқанов сынды ғұлама даналардың лекциясын тыңдайтын. Біз жоғары

ұшып тұра келіп ду қол шапалақтады. Жəкеңнің тіршілік екпіні, мінезқұлқының көрінісі əрдайым жағдайға лайықты. Қызметте жинақы, қатаң мінезді көрінсе, үйінде, дос-жарандарының, жақындарының, жақын-жуық туыстарының арасында қарапайым, жайдарлы əңгіменің ұйытқысы болып отырады. Зайыбы Майданмен сөз жарыстырмай, бірін-бірі жақсы түсінісе біледі. Екеуінің отасқанына жарты ғасырға жуық уақыт болып қалса да, Майданның жүрегі Жабайхан деп, оның абырой мен талабына кір келтірмеуді ойлап соғатыны сырттан келген адамға бірден көрінеді. Жабайхан өз отбасында қадірлі жұбай, ардақты əке, немерелеріне асқар таудай ата. Сыртта жүргенде кездескен адамдарға тоқтай қалып, амандасып, үлкенге де кішіге де бірдей ілтипат білдіріп, жөн сұрасып жылы лебізін аямайды. Мен білетін Жабайхан өмір бойы

уақытында жазып бітіріп, сəтті қорғап, философия ғылымдарының кандидаты атағын алды. Алматыға оралып, Философия жəне құқық институтына ғылыми қызметкер болып орналасты. Институт директоры С.З.Зиманов жатақханаға жолдама алып бермекші екен. Жабайхан: «Сізге рахмет, менің Қабдырахман деген досым бар, соның үйіне орналасармын. Ол да жуырда Ленинградтан келіп, бір бөлмелі пəтерде тұрады», деп жатақханаға бармай, маған келді. Мен де сол кезде Ленинградтағы аспирантурамды үздік аяқтап, академияға келіп Физиология институтына ғылыми қызметкер болып орналасқанмын. Абай мен Фурманов көшесінің жоғарғы жағында тұтқынға түскен жапондардың тастан қалап салған барақ үйіндегі бір бөлмеге жолдаманы жаңа алған кезім еді. Сол жерде бірнеше барақтар болды, жас ғалымдардың бəрі

30 данасын поштамен тезірек жіберуін сұрап, Майданмен телефон арқылы хабарласты. Келген кітаптардың бəрін жəне авторефератты диссертациялық кеңес мүшелеріне, ресми оппоненттерге таратып берді. Қорғайтын күні тағайындалып, газетке хабарландыру жазылды (ол кезде 10 күн бұрын қорғалатын күні мен сағаты, орыны жарияланатын). Сөйтіп 2 ай ішінде Жəкең Мəскеуден докторлық диссертацияны қорғады. Философия ғылымдарының докторы атағын алды. Жəкеңнің жазған жұмысы ғалымдарға күшті əсер еткені сонша, Жоғары аттестациялау комиссиясы МГУ-дің диссертациялық кеңесінің шешімін бірден бекітіп, бір ай шамасында философия ғылымдарының докторы атағын берді. Ол заманда докторлық қорғау ұзаққа созылатын, Мəскеудегі аттестациялау комиссиясы ашылған жаңалық болмаса, бекітпейтін.

Қабдырахман ДҮЙСЕМБИН,

Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор.

жастары үлкен, ересек болып қалған балалардың өзі одан үлгі алатын. Жақсы оқуымен, зеректігімен ол жастайынан көзге түсе бастады, мектептің оқушылар комитетінің төрағасы болды. «Болатын бала бес жасында баспын дейді...» деген халық мақалы Жабайхан туралы айтылып тұрғандай. Жас Жабайханның рухани қазынасы естігенін жадына сақтап, оны реті келгенде орынды айтуды дағдылануымен өрістеді. Отбасындағы ата-əжесі, əке-шешесі, нағашылары əңгімешіл, сөзді бағалайтын, мəн беретін, ел аузында жақсы атағы шыққан адамдар болды. Ертіс өңіріндегі қарттардың мақал-мəтелдеп, мəнерлеп айтатын əңгімелері баланы шешендікке баулыды. Оның атасы Əбділда бəсентиін руында атағы шыққан Аралбай бидің ұрпағы, мыңғырған малы болмаса да, бес үйір жылқысы бар əлді кісі болған екен. Өзінің əкесі Мүбəрəк сөзге шешен, əңгімешіл, маңындағы жұртты əңгімесімен өзіне үйіріп отыратын еді. Мүкең соғыстан аман-есен қайтып келгеннен кейін мал дəрігері болып, елге еңбегін сіңірді. Балаларын малға үйір қылып, сəйгүліктердің қасиеттері, күтімі, бəйге аттарын баптау туралы, малға жанашырлықпен қарауға тəрбиелейтін əңгімелерді көп айтатын, ұлдарын атқа ерте отырғызып, бəйгеге қатыстыратын. «Əкемнің шешесі – Сары апа атанып кеткен Зылиқа – байдың қызы, арабша оқыған, қисса-дастандарды жатқа білетін, мəнерлеп айтатын еді», деп Жабайхан жиі есіне алады. Жəкеңнің шешесі Бағытай Қапашқызы қолы ашық, қонақжанды əйел болды. Ол кісінің дауысы өте əдемі-тін: өлең айтқанда біз еріксіз ұйып тыңдап, өзімізді əннің кейіпкеріндей сезінетін едік. Жабайхан мен оның інілерінің де дауыстары жақсы, өлеңді керемет айтатындары да сол шешесінен алған қасиет болса керек. Мектеп – білім бұлағы, білім – ердің шырағы. Жабайханның білімінің толық болуы, ой-өрісі деңгейінің биіктеуі мектеп мұғалімдерінің тəлім-тəрбиесінен болды. 1940-1960 жылдары мектеп мұғалімдерінің абыройы жоғары еді. Оқушылар мұғалімнің айтқанын бұлтартпай орындауға тырысып, соларға еліктеп, бастауыш сыныптан бастапақ мұғалім боламын дейтін. Жабайхан оқып жүрген Қызыл еңбек мектебінің директоры қазақ тілі мен əдебиетінің маманы Шапағат Шүленбаев оқушыларын ана тіліне, қазақ халқының аңыз-əңгіме леріне, салт-дəстүріне қызықтыра біл ді. «Оқу ісінің үздік қызметкері» тарих сабағының мұғалімі Ғабдураш Сəрсенбаев дүниежүзілік тарихты халқымыздың тарихымен байланыстыра отырып, балаларды өзіне қаратқан шебер ұстаз болды. Жабайхан мектепті бітірерде қай мамандықты таңдасам екен деп осы тарих мұғалімімен ақылдасады. Еліміздің астанасы – Алматыға барып, университетке түспекші болған шəкірт ұстазына: «Газеттегі жарнамада Қазақ мемлекеттік университеті биология, химия, физика, математика, философия, т.б. мамандар дайындайды екен, қайсысы дұрыс?» – дегенде мұғалім: «Өзің қайсысын қалайсың?» деп сұрапты. Сонда философия ғылымы туралы онша көп біле қоймаса да Жабайхан: «Мен философияны ұнатамын, бірақ оны əлі жетік білмеймін», депті. Тарихшы: «Философия – бар ғылымның басы, ендеше, барлық ғылымның атасы, ал Аристотель, Платон, Сократ, Абай – ұлы философ болған ғұламалар», деп түсіндіріпті. Абай да философ болған екен ғой деп түйіндеген оқушы, мектепті үздік бітіріп, университеттің сол факультетіне түсу үшін Алматыға аттанды. Ол кезде мектепті жаңа бітірген талапкерлерді қазіргідей əке-шешесі қолынан жетелеп əкелмейтін, балалар еліміздің түкпір-түкпірінен апталап жол жүріп, Алматыға өздері келіп жететін. Ал Алматының темір жол стансасынан оқуға келген жастар сол кездегі «такси» – есек жеккен арбаға мініп университетке,

курс та жүргенде жарнамаларды қарап жүріп, басқа факультеттердің студенттік ғылыми конференцияларына қатысатынбыз. Менің есімде қалғаны – сондай бір күні университеттегі филология факультетінің конференциясында ақын А.Т.Твардовскийдің еңбектері талқыланып жатыр екен. Жабайхан əуелі баяндамашыға сұрақтар қойып, сосын жарыссөзге шығып, ақынның шығармаларының философиялық маңызы бар екенін айтты. Отырған жұрттың есі шығып кетіп, бөтен факультеттен келген студенттің білгірлігіне таңғалып, факультет мұғалімдері риза болып, отырғандардың бəрі қол шапалақтап құптады. Студенттік өмірімізден тағы бір есімде қалғаны. 1952 жылы И.В.Сталиннің «Марксизм жəне тіл мəселелері» деген еңбегі шығып, сол кезде барлық мекемелерде арнайы конференциялар өткізілді. Университеттің үлкен мəжіліс залында сол еңбекке байланысты студент Жабайхан Əбділдин «Тіл мен ойдың байланысы» деген тақырыпта баяндама жасады. Мəжілісті университет ректоры Төлеген Тəжібаев басқарды. Баяндамашыға өте көп сұрақтар қойылып жатқанда мен досым қалай жауап берер екен деп жаным ашып, қысылып отырдым. Сұрақтары тұрсын, аттарынан бүкіл студенттер қауымы қорқатын философдоценттер Н.П.Дардыкин, М.Н.Чечин қитұрқы сұрақтар қойып, біраз қарсы пікірлер де айтты. Ал Жабайхан барлық сұраққа нақтылы, толық жауап берді. Конференцияға қатысушылар аңтаң, кім дұрыс, кім қисық айтып тұрғанын біле алмай, тып-тыныш үнсіз дағдарыста болды. Жарыссөзге сол кездерде алдыңғы қатарлы философ саналып жүрген профессор В.И.Тимоско шығып, баяндамашыға ризалығын білдіріп, Жабайханның тұжырымдарын қолдады. Қорытынды сөзінде студент Жабайхан саспай, қымсынбай, қарсы пікірлерді тойтарып отырды. Осы жерде Жабайханның отбасында дамыған Құдай берген дарыны, шешендігі университеттен алған біліміне қосылып, тамаша көрінді. Сонда мəжіліс төрағасы, университет ректоры, тыңдаушылардың ойла рын сезе қоятын дарынды психолог Т.Тəжібаев баяндамашыны жақтап, оған алғысын айта бастағаннан-ақ залдағылар ду қол шапалақтап, мəжіліс көңілді аяқталды.

ӨРЛЕУ

Университетті бітіргеннен кейін мен Ленинградтағы И.П.Павлов атындағы физиология институтының, ал Жабайхан Ғылым академиясының аспирантурасына түстік. Бірақ кейіннен Жабайхан Кеңес Одағындағы жоғары оқу орындарының ішіндегі шоқтығы биік МГУ-ге ауысты. Аспирантураны мезгілінде диссертация қорғаумен ойдағыдай аяқтап, Алматыға қайтып келіп, қызмет істеп жүрген кезіміз. ҚазМУ-дің мəжіліс залында Чарльз Дарвиннің «Түрлердің шығуы» деген еңбегінің кітап болып шыққанына 100 жыл толуына байланысты үлкен конференция ашылды. Баяндамашы – есімі елге əйгілі биолог академик Б.А.Домбровский сөйлеп болған соң сұрақтар қойылып жатыр. Жабайхан да бірнеше сұрақ қойды. Жарыссөзде Жабайхан мінберге шығып: «Мен биолог болмасам да Ч.Дарвиннің қағидасын жақсы білемін. Бұл қағидаға философиялық тұрғыдан қарау керек. Қағида қатып қалған өзгермейтін тұжырым емес, табиғат өзгереді, оған көзқарас та өзгереді, абсолюттік мəн беру дұрыс емес», – деді. Тағы да бір естелік: Ж.М.Əбділдиннің шешендігі, тыңдаушыларын өзіне қаратып, баурап алуы Абайдың 150 жылдық конференциясы мен Мұхтар Əуезовтің 100 жылдығына арналған Қазақ Ғылым академиясының үлкен мəжіліс залында сөйлеген сөздерінде анық көрінді. Сол жылы Абайдың 150 жылдығына байланысты вице-президент Е.М.Асанбаев басқарған үлкен делегация Москвада жəне Санкт-Петербургте болды. Қазақстанның аты нан негізгі баяндаманы Санкт-Петербургте Жабайхан жасаған. Абайдың философиясын, этикалық ойларын, адам туралы пікірлерін жан-жақты, кемел көрсеткенде, бүкіл халық орнынан

Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Даналыќ – даралыќ

ізденіс үстінде, талаптанып, ілгері ұмтылыста. Өзінің өжеттігімен жəне тапқырлығымен қиыншылықтардан шыға білді. Университеттің философия факультетін қызыл дипломмен үздік бітіріп, Ғылым академиясының аспирантурасына түсті. Профессор В.И.Тимоско өзі ғылыми жетекші боламын деп ықыласын білдірді, бірақ алты айдан соң қайтыс болып, Жабайхан жетекшісіз қалды. Ол кезде мен Ленинградта аспирантурадамын. Жабайхан Ленинградта жетекші боларлық философ бар ма екен деп маған хат жазды. Кеңес Одағындағы философияның күшті мектебі Мəскеуде, МГУ-де көрінеді, деп жауап бердім. Жəкең МГУ-ге барса, сіз академиялық жүйедегі аспирантсыз, сондықтан сізді қабылдай алмаймыз депті. Не істеу керек? Осыны ішкі сезімі аңғарса керек, елден шығарда Қазақстан жоғары білім министрлігінен алған жолдамасымен Одақтың Мəскеудегі жоғары білім министрлігіне барыпты. Министрдің көмекшісі аспирантураға қабылдау мерзімі аяқталды, бұл мəселемен министр қабылдамайды, – дейді. Бұндай суық сөздерді естіген сəтте сасып қалғанымен, Жабайхан сын сəтте бойын тез жинап алатын қасиетімен сөз тауып, Алматыда философиядан профессор В.И.Тимоско ғана еді, жуырда ауырып, қайтыс болып кетті дегенде, алдында тұрған жігіттің философияға шынымен ынтасы бар екенін шенеунік түсіне қояды. Жабайхан да ашылып сөйлеп, Платон, Аристотель Кант, Гегель, Эйнштейннен жатқа үзін ділер келтіріп, əңгімелесе кетеді де министрдің көмекшісіне ұнап қалады. Ол беті бері қарап: «Жарайды, мен көмек тесемін», деп министрге кіргізіп жібереді. «Министр менің ұсынған құжаттарымды оқып болған соң, МГУ-дің ректорымен телефонмен сөйлесіп: «Барлық талаптарға сай құжаттары бар екен, егер жарамды болса, аспирантураға қабылдаймыз», деп айтты да өтінішімнің жоғары жағына бұрыштама қол қойып берді», деп Жабайхан есіне алады. Министрдің келісімін алған соң, қуанышы қойнына сыймай, Жабайхан МГУ-дің ректорына тура тартты. Ректор философия факультетіне аспирантураға қабылдауға ұсынды. Факультет əңгімелесу түріндегі сынақтан өткізіп қабылдады. Бұл жерде айтайын дегенім – Жабайхан адамдармен сөйлескенде əу дегеннен-ақ тыңдаушысын өзіне қаратып алады. Осы дарыны оның бойында сақталып келе жатыр. Жабайханның ғылыми жетекшісі болып профессор Е.П.Ситковский тағайындалды. Диссертациясына «Нақты ұғымның танымдық рөлі» деген тақырып алды. Бұнда да Жабайхан өзінің білімін білдіріп, көптеген аспиранттар іспетті жетекшісінің ұсынысына басын шұлғып отырмай, тақырыпты ашуға белсенділік көрсетті. Сөйтіп, біздің Жəкең инемен құдық қазғандай болған ғылым жолындағы өрлеуін осылай бастады. Жабайхан диссертация жұмысын

дерлік сол барақтардан бір-бір бөлме алып, бала-шағасымен, əке-шешелерімен бірге тұрып жатты. Кейіннен олардың көбі академик, профессор болды. Сол барақтарды қалжыңдап «Дом ученых» («Ғалымдар үйі») деп атайтын. Заманның қиын кезі, ыдыс-аяқ, төсек-орынды тауып алу оңай емес. Сол күні Керекуден Мақтай деген досымыз келіп, үшеуміз жинала қалдық. Үшеуміз өткен-кеткенді, студенттік өмірімізді еске алып, əйтеуір түнеп шықтық. Ертеңінде ҚазПИ-дің жатақханасынан уақытша пайдалануға екі төсек алдық та енді төсекте рақаттанып жататын болдық деп қуандық. Кейіннен сол барақтан Жабайхан да көшіп жатқан бір орыс кемпірінің бөлмесін алды. Сол екі бөлмеде біздер бір-екі жылдай өмір сүрдік, қонақтар жиі келетін, əңгімелесіп, баяғы замандағы дүниежүзілік философтардың, ғұлама шешендердің, қазіргі ғалымдардың ғылыми жаңалықтарының төңірегінде əңгімелесіп, өлең айтып, мəз болып тарқайтын едік. Біздің айналамыздағы достарымыз ішімдікке əуес болмады, театр, мəдениет, ғылым, жаңа романдар, жазушылар, көркемсурет шеберлері, қыздар біздің басты əуестігіміз болды. Жылдар, күндер зымырап қызықты өтіп жатты. Орталықтан алған білімдеріміздің арқасында көзге түсе бастадық. Екеуміз үйлендік. Мен – Зайрамен, Жабайхан – Майданмен отбасын құрдық. Екеуміз де екі институтта аға ғылыми қызметкер болдық. Бала-шағалы болғаннан кейін де тату-тəтті араласып тұрдық. 1962-1963 жылдары екеуміз де Тимирязев көшесінің бойында жаңадан салынған төрт қабатты үйлерден екі бөлмелі пəтер алдық. Зайра мен Майдан біздің ғылыми жұмыстарымызды жалғастыруымызға жақсы жағдай тудырып, балалардың ауырмай-сырқамай өсуін, жақсы тəрбиеленуін қамдап, үй шаруасының ауыртпалықтарын өздері көтерді де біз алаңдамай қызметімізді атқарып, ізденісте болдық. Үй іші тір шілігінің дұрыстығынан біз ұсақтүйекке алаңдамай, табысты қызмет еттік, еңбек нəтижелерімізбен одақтас республикалардағы үлкен жиналыстарға барып, танымал бола бастадық. Ғалым үшін бұдан артық не керек?

ЕҢБЕК

Іссапарға жиі баратынбыз. Бірде Жабайхан МГУ-ге бір іссапармен барғанда, өзінің жуырда ғана басылып шыққан «Проблема начала в теоретическом познании» деп аталған монографиясын орталыққа ала барыпты. Мəскеудің ғалымдары, əсіресе Ғылым академиясының профессорлары, МГУ-дің философтары, профессор М.М.Розенталь кітапты оқып, жоғары бағалап, осы кітап бойынша, диссертация жазбай-ақ, докторлық диссертация қорғауға болатынын айтып, ұсыныс жасайды. Көктен іздегені жерден табылды дегендей, қуанышы қойнына сыймай, Жабайхан қорғауға кірісті. Кітаптың

Осыдан кейін Ж.М.Əбділдин Алматыдағы Философия жəне құқық институтының диалектикалық материализм бөлімінің меңгерушісі болды, содан жоғарылап директоры болып тағайындалды. Қазақ Ғылым академиясының корреспондент-мүшесіне ұсынылды. Жəкең өзінің адал еңбегімен академияның вице-пре зидентіне дейін көтерілді. Австрия, Германия, АҚШ, Англия, Францияда өткен халықаралық философиялық конгрестерде ғылыми баяндама жасап, Қазақстан ғылымын дүние жүзіне паш етті. Жабайхан Мүбəрəкұлының ғылымдағы жолы алаңсыз болды деп айта алмаймын. Оның да етегінен тартқандар, қызғаныш білдіргендер болды. Бірақ «аққа Құдай жақ» демекші, ол өзінің жүрегінің тазалығымен, ісіне беріліп, көп еңбек сіңіруімен алуан түрлі қиыншылықтардан мойымай өтті. Соның мынадай біреуі есімде қалыпты. Кеңес Одағында шет елге одақтас республиканың адамдарының жиналыстарға баруын Мəскеу шешетін еді. Сондай бір делегацияның құрамына Ж.М.Əбділдин ұсынылыпты. Мемлекеттік делегацияның құрамын КОКП Орталық комитеті бекітетін. Соны естіп Мəскеуде іссапармен жүрген бір басшы қазақ (марқұмның атын атамай-ақ қояйық) Жабайханды делегация құрамынан алдырып, басқа кісіні жібермекші болып, Орталық комитетке дейін барыпты. Орталық комитет оған: «Бұл делегация Қазақстанның атынан жіберілмейді, Одақтың атынан жіберілмекші, сондықтан Ж.М.Əбділдин осы делегацияның құрамында болып, Германияға барады», – деп кесіп жауап беріпті. Əрине, бұл соншалықты мəн беретін оқиға емес, бірақ біздің арамыздан аяқтан шалатын жағдайлар кездесіп жатады. Менің бір өзбек досым: «Ағаш неғұрлым биіктеп, жоғары өсіп, жапырақтары көбейсе, соғұрлым адам саялайтын мол болады. Сол сияқты адамның мəртебесі өскен сайын оның маңайындағыларға тигізетін жақсылықтары да молынан болады, сондықтан біз бір-бірімізді қолдап, қолпаштап жүруіміз керек», дейтін еді. Бұдан шығары – заман əлі де болса қиын, біз бір-бірімізді аяқтан шалмай, өсейін деп тұрғандарға мүмкіндік беріп, талапты дарынды жастарға жол ашқанымыз халқымыз үшін дұрыс болар еді.

ҰЙЫТҚЫ

Ғылымның қарқынды дамуына ұйытқы болатын бір адам немесе бір топ ғалым болуы керек. Кейде ғылымның жақын салаларының арасынан бір ғылымның жүйесі озық шығып, ба с қа лары соның соңына ереді. Жабайхан өзі қызмет істеп жүрген институтында сол жылдары философтардың арасынан озық шығып, соңына бір топ жас ғалымдарды ертті. Институттың Жабайхан басқарған философия бөлімі көзге түсе бастады да, институттың, Мəс кеудегі орталықтың назарын аударып, қолдау тапты. Көреген əрі дана ғалым, институт директоры С.З.Зиманов та лапты жас философтарға алаңсыз жұмыс істеп өсуіне мүмкіндік берді. Жабайханның төңірегіне философияның қызығына түскен жастар жиналып, топтала бастады. ҚазМУ-дің философия факультетінде оқып жүрген студенттерде таңдап алған мамандығына қызығушылық, еліктеу пайда болды. Жəкең өзі таңдап алған тақырыпты анықтай түсті де дамыта берді. Оның соңына ерген шəкірттер болды. Нəтижесінде 15 ғылым докторы, 40 ғылым кандидатына жетекшілік етіп, академиялық ғылыми мектебін күшейтті. Өзі ғылым қызметкері болып жұмысын бастаған институттың директоры сайланды. Ол басқарған диалектикалық логика жүйесі сол кезде басқа философиялық жүйелерден бір көш алда болды. Жұлқынып алға басқан осы ғылым саласы басқа ғылым салаларының нəтижелі жұмысына жағымды ықпал етті. Жабайхан бастаған топ еліміздегі философия ғылымының диалектика, диалектикалық логика саласының іргесін қалады. Адамзат білімі жүйесінде ғылыми теорияға ерекше орын берілетінін жəне ойдың жүйелі дамуының нағыз

талдау түрін, нақты танымның шарттарын көрсетті. Жəкеңнің басшылығымен бір топ ғалымдар адам қызметінің мəнмағынасын ғылыми түрде түсіндіру, теория мен тəжірибенің, бейнелеу мен творчествоның, субъектілік пен объектіліктік диалектикасын тереңдетіп, дамытты. Жабайхан басқарған топтың аса күрделі нəтижесі – төрт томдық «Диалектикалық логика» еңбегі. Бұл еңбек диалектика теориясын жүйелі түрде жасаудағы əлемдік деңгейдегі үлкен ғылыми жетістік. Диалектика теориясы, оның негізгі қағидалары мен категориялары туралы күрделі зерттеулердің нəтижесі мемлекет деңгейінде қабылданып, осы зерттеу жұмысын орындаған ғалымдар тобына Қазақстан Республикасының ғылым мен техника бойынша Мемлекеттік сыйлығы берілді. Сөйтіп Ж.М.Əбділдиннің диалектикалық логика атты философиялық мектебі Бүкілодақтық мəртебеге ие болды, шетелдерде қолдау тапты. Философияның осы ғылыми жүйесі оның басқа жүйелеріне жетекшілік етіп, тұтастық шеңберінде алға басатын жол ашты, методологиялық бағдар болды. Жалпы, ғылыми тұрғыдан қарасақ, мұның маңызы зор, өйткені жаратылыстану саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар логика заңдылығына көбірек көңіл бөле бастады. Қоғамның тұтастылық заңдылығы табиғаттың тұтастығына ұласатынына күмəн жоқ. Демек, барлық ғылым салалары біріменбірі байланысқан күрделі тұтас дүние. Сөйтіп, Ж.М.Əбділдиннің ғылымдағы еңбегінің нəтижелері оны биік шыңға шығарды, ел аузына іліктірді, мемлекет жəне қоғам қайраткері етті.

ҚАЙРАТКЕР

Ғасырлар бойы мемлекеттің боданы болып жүрген еліміз егемендік алған соң сыртқы саясат та, ішкі саясат та өзгерді, еліміз дамудың жаңаша бағытына аяқ басты. Қазақ мемлекетінің билік орындарына, парламентіне ұсыну, сайлау басталды. Қазақстанның шетелдермен достық қоғамы Жабайханды халық депутаттығына кандидат етіп ұсынды, ол көп дауыс алып депутат болып сайланды. Əрине, бұл орынға да таласушылар болды. Жəкең «Достық» ғимаратының үлкен мəжіліс залында болған жиналыста мінберге шыға сала, дайындап алған қағазына қарамай, жаңа заманның ерекшелігін, еліміз егемендік алған соң қандай бағытта болатынын, əсіресе, əлеуметтік дағдарыстан шығу жолдарын, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту сияқты көкейкесті мəселелерін шешендікпен, екпінді ораторлық дарынмен жайып салды. Залда отырғандар ду қол шапалақтап, қолдады. Саясаттағы жолын осылай бастаған Жəкең халық депутаты, Жоғарғы Кеңестің депутаты, 1995 жылдан 2009 жылға дейін Парламент Сенатының депутаты болды. Академик Ж.М.Əбділдин Парламент Сенатының Халықаралық істер, қауіпсіздік жəне қорғаныс комитетінің төрағасы міндетін атқарды. Адам құқы сияқты өзекті əлеуметтік мəселелермен айналысып, белсенді жұмыс істеді. Журналистер онымен жиі сұхбаттасып, сөйлеген сөздерін газеттерге қолма-қол бастырып шығаратын. Оның атқарып жүрген жұмыстары халық алдында ашық жарияланып жүрді. Сонымен қатар, депутат Ж.М.Əбділдин сайлаушылардың тілектерінің орындалуына атсалысып, талай адамдарға жəрдем берді. Осындай халыққа, елімізге сіңірген еңбегі жоғары бағаланып, Жабайхан Мүбəрəкұлы Əбділдин Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік жəне рухани татулық сыйлығының лауреаты, Ш.Уəлиханов атындағы бірінші сыйлықтың жүлдегері атанып, бірнеше ордендермен, медальдармен марапатталды. Мемлекет, қоғам қайраткері Ж.М.Əбділдин өзінің соңғы жылдары ғылыми, ұстаздық еңбектерін жинақтап, баспадан 5 томдық кітаптарын шығарды, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастарға философиядан лекция оқып, жастардың ой-өрісін шыңдап, тəрбиелеуге атсалысуға, магистранттар мен аспиранттардың, докторлық диссертациялардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік қызметін жалғастырып келеді. Қазіргі заманғы адамгершілік-философиялық танымды түсіндіріп, жастарды сол құндылықтарға баули ала білудің өзі үлкен еңбек емес пе?! Ғұлама ғалым, халық мақтанышы болған ел ағасы, ұстаз, қадірлі əке, жан жолдас туралы өте көп жазуға да болады. Бірақ менің айтайтын дегенім – осындай азаматтың өмір жолы қазіргі жастарға өнеге, үлгі болса екен. Ғылым жолынан күдер үзбей, оның қай саласы болса да дамытып, елімізге, өз халқымызға еңбегін сіңірген адам ертелікеш шыңға шыға алады дегім келеді. Біздің халқымызда еліктейтін, үлгі болатын адамдар жоқ емес, баршылық. Тек қана соны көре білу керек. Сондай адамдарды халқымыз құрметке бөлейді, аға тұтады. Осыған орай, «Егемен Қазақстан» газетінде (2003, 31 қаңтар) Ж.М.Əбділдин туралы пікірін жазған философия ғылымдарының докторы, профессор А.Тайжанов мақаласын: «Ж.Əбділдин еңбектері біздің болашақ ұрпақ үшін де, олардың рухани тарихымыздың ақ-қарасын ажыратуы үшін де қажетті, құнды дүниелер», деп тұжырымдағаны жарасып тұр. АЛМАТЫ.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.