26 шілде 2018 жыл

Page 1

«ПЕДИКЮР» ЖАСАЛҒАН СИЫРЛАР СҮТТІ БОЛАТЫНЫ РАС ПА?

БЕРІКҚАРА ШАТҚАЛЫ ТУРИЗМГЕ СҰРАНЫП ТҰР

«ІС БІТТІ, ҚУ КЕТТІ» БҰДАН КІМ ҰТТЫ?

4-бет

3-бет

ЖАСТАР ТАТУМЕН НЕГЕ «ТАТУ»?

6-бет

8-бет Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

Bіz janbasaq lapyldap, Aspan qalaı ashylmaq...

Jastar gazetі

№30 (665)

E-mail: aray2008@mail.ru www.ar-ay.kz www.arainews.kz

«АСТАНАДАН АҚ ТІЛЕК»

ЖҮКТЕЛГЕН МІНДЕТ ЖҮЙЕЛІ АТҚАРЫЛУЫ ТИІС

Нұржан ҚАДІРӘЛІ Кеше «Баласағұн» орталық концерт залында Ұлы Дала елінің Елордасы – ару шаһар Астананың мерейтойына орай Жамбыл облысындағы Астана күндеріне арналған «Астанадан ақ тілек» атты мерекелік гала-концерт өтті. Тәуелсіздік тәжін киген Астананың әсерлі әсемдігін әнмен әспеттеу мақсатында ұйымдастырылған шараға атқамінер азаматтар мен қазыналы қариялардан бастап, жалынды жастарға дейін жиналды. Орталық концерт залынан орын таппаған халық тікесінен тік тұрып мерекелік кешті тамашалады. Мұның өзі жамбылдықтардың Елордамыз Астанаға деген құрметі мен шексіз махаббатының нышаны болса керек. Облыстағы Астананың мәдени күндері аясында жұмыс сапарымен келген елордалық делегация мүшелері де кеш төрінен төбе көрсетті. Жиырма жылда жер-жаһанға жарық жұлдыздай жарқырап танылған Астанаға жұмыр жүректен төгілген өнер туындылары, «құлақтан кіріп, бойды алар» әсем ән де, тәтті күй де аз төгілмеді. Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының күміс көмей, жез таңдай өнерпаздары бас қалаға арналған өміршең туындылардың барлығын риясыз мақтанышпен, зор тебіреніспен орындап шықты. «Шалқыма» халық би ансамблі мен «Қорқыт» дәстүрлі саз тобы ашып берген мерекелік кеш шымылдығы көпшіліктің көңіліне естен кетпес әсер сыйлап, қуанышқа бөледі. Елорда, туған жер, атамекен, Отан ана секілді мәңгілік тақырыптарға арналған үздік туындылардың барлығын халықаралық «Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары мен эстрада жұлдыздары, мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаттары, классикалық, эстрадалық және халық вокалының солистері орындады. Шаттыққа толы шарапатты шараның соңында елордалық өнер жұлдыздарына Жамбыл облысы әкімінің ықылас гүлі табыс етілді.

Даналық дәнегі Алыс жол атты сынайды, Ауыр жол ерді сынайды

26 шілде, бейсенбі 2018 жыл

О

блыс экономикасын өркендету өзекті мәселе . С ондықтан , өңірді дамыту бағытында атқарылуы тиіс шаралар салыстырмалы түрдегі санмен емес сапамен, ақ парақтағы ақпаратпен емес, қарқынды жұмыспен өлшенетіні белгілі. Өйткені, кез келген іске нақтылықпен жауап бергенде ғана шын мәнінде жұмыс жүйесін табады. Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің жыл басында аймақтың экономикалық өсімін өрістетуге негіз боларлық межелер белгілеп, барлық аудандар бойынша нысаналы индикаторлар бекітіліп, арнайы тапсырмалар жүктеуінің сыры да осында. Десе де, есепті кезеңде жүктелген міндетті жауаптылар мүлтіксіз орындай алды ма? Алты айда аудан әкімдері ауыз толтырып айтарлықтай қандай тірліктер жасады? Міне, осы жұмыстарды таразылау мақсатында өңір басшысы Асқар Исабекұлы өткен аптада Байзақ, Жуалы, Қордай, Шу аудандарына арнайы жұмыс сапарымен барып, сан салаға қатысты негізгі міндеттерді саралаған еді. Ал, осы аптаның басында аймақ басшысы Талас, Сарысу аудандарына ат басын бұрып, жергілікті биліктің алты айдағы жұмысын сүзгіден өткізді.

ШУ АУДАНЫ ШАРУАСЫН ШАЛҚЫТА АЛМАЙ ОТЫР Ең алдымен өткен аптаның соңында облыс әкімі Асқар Мырзахметов есепті кезеңдегі жұмыстарын електен өткізген Шу ауданының тіршілігіне тоқталсақ. Шырайлы Шу өңірі өндірісті өркендетуге, шаруашылықты шалқытуға өте қолайлы өлке. Әйтсе де, тоғыз жолдың торабында орналасқан аудан бұл бағытта толайым табысқа қол жеткізіп отыр деп айта алмаймыз. Оған жыл басында белгіленген индикаторлық межелердің ойдағыдай орындалмауы да негіз бола алады. Әсіресе, жартыжылдықтың қорытындысындағы кейбір көрсеткіштерде Шу ауданы облыс бойынша ең төменгі орындардан көрінгені көңілді күпті етеді. Өткен аптада аудан активімен кездескен өңір басшысы Асқар Мырзахметов аудандағы жұмысы сылбыр, тірліктің тетігін таппай отырған жауапты тұлғаларды сын тезіне алып, нақты тапсырмалар жүктеді. Жиында ең алдымен облыс әкімдігінің басқарма басшылары салалары бойынша аудандағы шешімін күткен мәселелерді баяндап, кемшіліктерге жол берген тиісті

Bar men joq

Kitap – bilim bulaǵy

тұлғаларға қатысты ойларын білдірді. Рас, өткен жылмен салыстырғанда экономикалық-әлеуметтік салалардың біразында айтарлықтай өсім болғанымен, шешімін күткен мәселелер де жетерлік. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың айтуынша, ауданда барлығы он жеті межеге қол жеткізілмеген. Соның ішінде облыс пен аудан әкімдері арасында жасалған келісімдегі өнеркәсіп өнімінің және негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, мың адамға шаққанда қылмыс деңгейінің орындалу индикаторы көңіл көншітпей тұр. Сондай-ақ, басқармалармен болған келісімдегі он үш индикатор орындалмағаны анықталған. Әсіресе, индустриалдыинновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар, туризм және тағы басқа бірқатар көрсеткіштерде жоспардың жартысы жүзеге аспаған. Ауданда ауыл шаруашылық саласындағы олқылықтар да көзге ұрып тұр. Егіндік үлесі, майлы дақылдар мен қант қызылшасының көлемі, пайдаға асырылмаған егістік алқап, сүт өндіру, жұмыртқа және кооперативтерде өндірілген ет көлемі міндеттелген межелерге жетуде жұмыстың сылбыр

Issapar

жүргенін көрсетеді. Майлы дақылдардың егістік алқабын 16 845 гектарға жеткізу жоспарланғанымен, ол 11 488 гектарға ғана, яғни, 68,2 пайызға орындалған. Бұл ретте Далақайнар, Дулат, Тасөткел ауылдық округтерінің шаруалары жоспарды орындауда құлықсыздық танытқан. Тәтті түбір алқабының жоспары 2 000 гектар болса, қызылша небәрі 601 гектарға ғана отырғызылып, орындалу көрсеткіші 30,1 пайызды құраған. Оған 12 ауылдық округ шаруаларының немқұрайдылығы себеп болып отыр. Бүгінде ауданда 4 471 гектар егістік жер пайдаланусыз жатыр десек, оның 1 200 гектары суармалы алқаптар. Осыған баса назар аударған өңір басшысы А.Мырзахметов шулық шаруалар тарапынан егістік жерлерге деген сұраныстың қаншалықты екенін сұрады. Өз жауабында аудан әкімінің орынбасары Әлихан Балқыбеков қазіргі таңда 48 адам егістік жер кезегінде тұрғанын, олардың барлығының сұранысы 10 мың гектарға жуықтайтынын жеткізді. Сонымен қатар, ол бұған тиесілі аудандық бөлімнің жұмыс істемейтінін, бос жерлер бойынша конкурстар өткізуді енді ұйымдастырып жатқанын тілге тиек етті.

 2-БЕТ

«Ómir degen – bir jarq etken naızaǵaı»

ҚОШ БОЛ, ЧЕМПИОН!

ЖУАЛЫДА «КОВОРКИНГ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастамасымен Тараз қаласындағы Абай атындағы кітапхананың жанынан «Коворкинг» орталығы ашылған болатын. Енді бұл игі бастама өзге елді мекендерде жалғасын тауып, кеше Жуалы ауданында тағы бір орталықтың лентасы қиылды.

 2-БЕТ

ШӨЛДАЛАЛЫҚ ЖАСТАРҒА ҚАШАН КӨҢІЛ БӨЛІНЕДІ?

Қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында туған топырақтан төрткүл дүние тұғырына құстай заулап, сірескен мұздың бетіне суреттеп Ұлы Дала ұлының қолтаңбасын қалдырған еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Денис Теннің қайғылы қазасы әрбір қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. Күні кеше ғана арамызда жарқылдап жүрген жасын ғұмырдың ерте үзілгені өкінішті-ақ. Дегенмен, мезгілсіз мерт болған мәнерлеп сырғанаушы «маэстро» ұлын Мәңгілік ел ешқашан ұмытпайтыны анық.

Нұрым СЫРҒАБАЕВ

Мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдаулар жетерлік. Әсіресе, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тарту, кәсіппен, спортпен, ғылыммен айналысып, шығармашылығын шыңдау, дамыту бағытында атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Осының барлығы жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін, елдегі жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында жасалуда. Бірақ, бүгінгідей ақпараттық технология қарыштап дамыған заманда осындай қолдаулардың өңірімізде қалай және қандай тәртіппен жүзеге асырылып жатқанынан мүлдем бейхабар жастар да бар екен. Олар адам аяғы жете бермейтін шалғай ауылдың емес, облыс орталығына тиіп тұрған №11 округтің жастары.

 6-БЕТ

 11-БЕТ


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
26 шілде 2018 жыл by Арай Ньюс - Issuu