20 қыркүйек пдф

Page 3

3

20 ырк йек, 2014 жыл

«АҚ ЖОЛДЫҢ» ЖАҢА ЖОБАСЫ: ЖУРНАЛИСТ ОЙ АЙТАДЫ, МӘСЕЛЕ КӨТЕРЕДІ

КӘСІПКЕРЛІККЕ – КЕҢ ӨРІС

КӨЛҚАЙНАРДАҒЫ ҚҰС ФАБРИКАСЫ ІРГЕТАС ҚАЛАНУДА

«САСЫҚ Т КӨЛДЕН» САҚ БОЛАЙЫҚ, АҒАЙЫН! АРАЗ – ҚАЛДЫҚ СУЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӨНІНЕН ЕЛІМІЗДЕГІ ЕҢ СОҢҒЫ ОРЫНДАРДАҒЫ ҚАЛА ДЕСЕК, АРТЫҚ АЙТҚАНДЫҒЫМЫЗ ЕМЕС. ТІПТІ, ҚАЛАДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ПАЙДА БОЛҒАЛЫ ҚАЛДЫҚ СУЛАРЫ ӨҢДЕЛУСІЗ, БОРСЫП ЖАТҚАН ЕЛІМІЗДЕГІ БІРДЕН БІР ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫ ЕКЕНІН КӨПШІЛІГІҢІЗ БІЛЕ БЕРМЕУІҢІЗ МҮМКІН. ЯҒНИ, ТАРАЗДАН БАСҚА ОБЛЫС ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ БӘРІНДЕ ҚАЛДЫҚ СУЛАРЫ ҮНЕМІ ӨҢДЕЛІП, ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛІП ОТЫРАДЫ. СӨЙТІП, ОЛ ӨЗГЕ МАҚСАТҚА ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ.

ҚАЛДЫҚ СУЛАР БӨГЕНІ АПАТ АЛДЫНДА Анығын айтқанда, шаһардың шайынды сулары төгілетін Жамбыл ауданындағы Қостөбе елді мекені маңындағы жүздеген гектар алқапқа жайылып жатқан шайынды су карталарын көргенде әйгілі әскери жетекші, Кеңес Одағының батыры В.Клочковтың «Артымызда Мәскеу, шегінерге жол жоқ!» деген ұраны еске түседі. Себебі, алқапта бүгінде алаңдатарлық жағдай қалыптасқан. Тақырыпқа тұздық болсын, Алматыны мысалға келтірсек. Еліміздің экс-астанасының кәріз сулары жиналатын «Сорбұлақтың» жыры осыдан оншақты жыл бұрын республикалық деңгейде көтеріліп, дабыл да қағылған еді. Қолға алынған жұмыстардың арқасында қазір одан қоршаған ортаға да, экологияға да зияны жоқ. Керісінше, соңғы жылдары ондағы жиналған судың сапасы екі есе жақсарған екен. Оған кәріз тазарту ғимараттарының жаңартылуы мен сарқынды суларды тазартатын технологиялардың жетілдірілуі себеп болып отыр. Соңғы төрт-бес жылда бұл мақсатқа 3 миллиард теңгеден астам қаржы салынған екен. Ал, сол Алматының орталық кәріз суларының техникалық дақылдарды суғаруға жұмсалатынын бірі білсе, бірі білмейді бүгінде. Яғни, лас суды толықтай тазартып, игі іске пайдалануға болатыны қазір ноу-хау жаңалыққа айналмай қалды. Сондықтан, судың сапасын жақсарту үшін кәріз тазарту нысандарын жаңартып, жаңа технологиямен жұмыс істеудің маңызы зор екеніне көз жетті. Шет мемлекеттер еріккенінен сарқынды суларын қайта өңдеп жүрген жоқ. Бұл өз кезегінде экологияға да оң ықпал етпек. Таразға оралсақ. Төтенше жағдай жариялау үшін қандай да бір тосын табиғи жағдайдың орын алуы қажет емес сыңайлы. Себебі, қаланың шайынды сулары келіп төгілетін Қостөбедегі қалдық су алқабы қазір дабыл қағып тұр. Себебі, қаладан аулақтау жердегі жасыл алқаптың астындағы жасырулы жатқан экологиялық проблема бүгінде жердің бетіне шыққан. Сондықтан, орын алып жатқан олқы жағдайға байланысты біз Тараз қалалық әкімдігі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Тараз су» КММ бас инженері Шүкірғали Ахимовты сөзге тарттық. – Тараз – су тазалау қондырғысы жоқ еліміздегі жалғыз ғана қала екені рас. Сонау Кеңес заманында Жамбыл ауданының Қостөбе деген жерінен 207 га жер беріліп, ол 92 картаға бөлініп қойған. Қалдық, шайынды су сол карталарға барып бөлек-бөлек құйылады. Қазір ол жердегі сулар тек табиғи жолмен, яғни, жерге сіңу және буға айналу процестері бойынша ғана азайып отыр. Дегенмен, ол алқаптың тозығы әбден жеткен, дамбаларының бәрі отырған. Өйткені, сонау 50-жылдары қаланы дамыту жобасы аясында кәріз жүйесі жүргізіліп, бұл шайынды су алқабы да сол кезден бері өз міндетін атқарып келеді. Ашығын айтқанда, бұл «көл» қазір апатты жағдайда тұр. Бұл жағдайды біз жылда көтереміз. Өткен жылы министр Н.Қаппаров келгенде де есіне салғанбыз. Жергілікті газеттерге де жазып жатырмыз. Әзірге шешіліп жатқан әрекет байқамадық, – дейді Шүкірғали Ахимов. Инженердің айтуынша, бұл түйткіл республика деңгейінде шешілуі тиіс мәселе екен. Сондықтан, әзірге тараздықтарға Астана жаққа алаңдаудан

басқа амал қалмай тұрған сияқты. Ш.Ахимовтың сөзінен ұққанымыз, бір кездері бұл мәселе жобалауға берілген екен. Ол жоба жартылай өтіп, сараптамасы өтпей қалыпты. Одан кейін қайтадан жаңа жобалау жасау қымбатқа түсетіні анық болған. Осылайша, бұл іс, қазіргі кезде «қаңтарылып» тұр. «Тараз судың» бас инженері бүгінде қала ішіндегі кәріз жүйесінде әзірге апатты үрей туғызатындай қандай да бір кілтипан жоқтығына сендірді. Ең бастысы, олардың да басын қалдық су алқабы ауыртып тұр. Су табиғи жолмен жерге сіңгенімен, астында қалың қабат қалуда. Әрине, сіңіп кеткені де дұрыс. Бірақ, жерге лас заттар кетіп жатыр. Бұл жерде ең бастысы, экология талаптарын бұзып жатқанымыз өтірік емес. Сондықтан, бұл маңға озық технологиялы су тазарту стансасы ауадай қажет. – Шындығына келгенде технология өте көп. Бізге кезінде, итальяндықтар да, немістер де келген. Яғни, әркім өз жобасын ұсынған болатын. Жақында тағы бір тамаша жоба келді алдымызға. Оны Астанада да жасап жатыр екен. Ол жоба бойынша, бір ғана жерге үлкен қондырғы орнатылмайды. Қаланың үш жеріне су айдау стансасы (насос) орнатылады. Ол стансалар арқылы өткен шайынды су сол жерде-ақ тазаланып, қайтадан қалаға техникалық қажеттілікке беріледі. Міне, осындай технология да бар. Яғни, оның түрі көп бүгінде. Ал, жобаға тапсырыс беретін облыстық әкімдік. Біз тек олар таңдаған жобаға келісім ғана береміз. Ал, қаржыландыру және өзге де күрделі мәселелері республикалық деңгейде шешіледі. Өте жетік технологиялар бар, бірақ, қай жоба таңдалатыны бөлінген қаржыға тікелей байланысты. Әрине, әрқайсысының құны әртүрлі болғанымен олардың арзаны болмайтыны анық. Сондықтан болар, кезінде тоқырау жылдарында сол қымбатшылықтың кесірінен біздің қалаға тазалау жүйесі жасалмай қалған сияқты. Дәл қазір қандай технологияның бізге қолайлы екенін дөп басып айта алмаймыз. Әзірге нақты біреуіне тоқталғанымыз ертелеу болады, – дейді Ш.Ахимов. Қалай десек те, ескі жобаның бүгінде түкке де жарамайтыны белгілі. Бас инженердің пайымдауынша, бізге үш жерден су айдау стансасы қойылғаны ыңғайлы сияқты. Одан шыққан суды көгалдандыру жүйесін қамтамасыз етуге де болады екен. Ал, ақшасы жетпей министрлікте жатып қалған бұрынғы жобаның уақыты да өткенге ұқсайды. Себебі, Таразға тазалау стансасының қажеттілігі тәуелсіздік алған жылдардан бері көтеріліп келе жатса, аталған жоба тек 2007 жылы ғана қолға алыныпты. Дегенмен, арада өткен жеті жылдың ішінде көп нәрсенің өзгеріп кеткені кім-кімге болса да белгілі. Десек те, қазір Қостөбе маңындағы 92 картаға қаланың сасық суы күндіз-түні тоқтаусыз келіп құйылуда. Ашық аспан астында мұндай судың сасып, айналаға жайсыз иіс тарататыны айтпаса да түсінікті. Ал, «таразсулықтар» қазір қолда бар техникасымен «көл» түбіне шөккен лас қалдықтарды түбіндегі топырақпен араластырып, кептіру арқылы ғана жан сақтап отыр. Яғни, суы сіңіп кетеді де, қоюы бетінде қалады. Нақтылай түссек, шамамен отызға жуық карта запаста тұрады екен. Олардың біреуі толса, екіншісіне жіберіп, ол толса келесі картаға ағызу арқылы қаланың кәріз

жүйесі күнін өткізуде. Ал, жаз мезгілінде суы сіңіп, түбі көрінген карталар тағы да табиғи әдіспен кептіріледі. Топырақпен араластырып, айдалған жер судың сіңу процесін жақсартады. Шындығына келгенде ол жерде «Тараз судың» бұдан да көлемді жұмыс атқаруға техникасының да мүмкіндігі жетпейді екен. Одан кейінгі процесс – судың буға айналып, өздігінен кеуіп кетуі. Қалай болғанда да бұл экологияға зиянын тигізбей қоймас. Ал, тазалау қондырғысы алдымен механикалық жолмен суды сүзгіден өткізіп, қатты, ірі заттарын алып қалады. Одан ары қарай, биологиялық тәсілмен суды залалсыздандырып, әрмен қарай өзге де күрделі процестер арқылы суды қайта қалпына келтірмек. Алайда, әзірге бұл арман ғана болып тұр бізге. Қостөбеде қалыптасқан жағдай бойынша «Тараз су» КММ өндірістік-техникалық бөлімінің басшысы Әжімұқан Бөлтіріковті де мұқият тыңдадық. – Дәл қазіргі уақытта алқапқа тәулігіне 70 мың текше метр қалдық су құйылуда. Бұл көрсеткіш 2007 жылдармен салыстырғанда екі есеге аз. Дегенмен, 12 карта орналасқан 14 гектарды құрайтын уақытша алқап қазір шөгінділермен толып қалған. Осыны ескеретін болсақ, егер қатты жауын жауып, немесе батыстан күшті жел соғатын болса, су арнасынан асып, Жамбыл ауданының жақын маңдағы өзге егіс алқабына жайылып кетуі әбден мүмкін. Енді бұл тығырықтан шығу үшін мұнда қазір негізінен қолмен атқарылатын жұмыстарды 16 адамдық арнайы бригада атқаруда. Ал, арнайы техника атымен жоқ. Сондықтан, арнайы аяқ немесе гидрокостюм киіп алып, жұмысшылар қолдарынан келгенше өте қиын жағдайда еңбек етуде. – Алқаптың табанын тазарту үшін бізге «Драглайн» деп аталатын ауыр техника – экскаватор мен шынжыр табанды трактор керек. Ал, мұндай техника әзірге қаламызда болмай тұр. Өткен жылы бұрынғы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрі облысқа келгенде облыс әкімі біздің осы техника жөніндегі өтінішімізді жеткізіп еді, – дейді бөлім басшысы Ә.Бөлтіріков. Министр мұқият тыңдағанымен бәлендей қаржы бөліп беретіні туралы уәде бере алмапты. Сондықтан, қажетті техниканы тағы да бірнеше жыл күте тұруға, ал жұмысшыларға кетпен мен күрек сынды көне құралдармен бар шаруаны атқара тұруға тура келіп тұр. Шайынды су алқабының арнасынан асып бара жатқаны соншалықты, ол маңда қазір ауыл малдары да емін-еркін жайылып жүр. Оған қоса, суармалы көкөніс алқабы да тиіп тұр. Қалдық суды қайта өңдейтін арнайы қондырғылардан хабар болмаған соң, ең құрғанда бұл алқапқа кең көлемдегі өңдеу жұмыстары қажет. Яғни, уақытша карталарды өсімдік қабатынан аршып, қайта тазартып, жобалық деңгейіне дейін жеткізу керек екен. Ол үшін айналып өтетін қосымша канал да керек. Одан кейін, дамбаны көтеріп, бетон конструкцияларды алмастыру үшін қалдық су алқабына дейін жететін жаңа канал қажеттігі сұранып тұр. Ал, бұл жұмыстарға кететін қыруар қаржы да төбе шашыңды тік тұрғызады. Шамамен есептегенде 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалмақшы.

Бұл мәселемен облыстық экология департаментіне де бас сұқтық. Дегенмен, департамент басшысы бұл жағдайға өздері тарапынан да алаңдап, мәселе көтеріп жүргенімен, онымен нақты айналысу құзырларына кірмейтінін айтып, жылы шығарып салды. Ал, облыс әкімдігі табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Анабаев: – Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі 2008 жылдан бастап мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, – деп бастады әңгімесін. – Егер сараптамадан оң қорытындысы шыққан жағдайда ол әрмен қарай жобалықсметалық құжаттамаға жіберіледі. Жасап жатқан бұрынғы ҚР Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігі. Биыл осы шілде айында оның қорытындысы шығу керек еді. Бірақ, әлі күтудеміз. Жалпы, бұл жобаға 2015 жылға қаражат қарастырылып қойған. Қатты қалдық заттардың полигондарға толып кетуі мен осы қалдық су мәселесі біздің облысқа ауыр тиіп жатқаны жасырын емес. Тіпті, апатты жағдайда тұр. Оның үстіне, жер асты суларын да ластап жатырмыз. Бұл келешекке деген, табиғатқа деген жауапкершілік тұрғысынан алып қарағанда дұрыс емес. Оған қоса елімізде «Жасыл экономикаға» өтудің тұжырымдамасының үш кезеңі қарастырылған. Атап айтсақ, 2015-2020, 2020-2030, 2030-2050 жылдар аралығында қоршаған ортаны қорғаудың барлық тетіктері іске асу керек. Ал, мына қалдық суларды қайта өңдеу мәселесі тұжырымдаманың алғашқы кезеңіне кіргізілген. Сол себепті, қайткен күнде де біз бұл жобаны келесі жылдан бастап жүзеге асыруымыз керек. Өйтпеген жағдайда, біз нәтижеге қол жеткізе алмаймыз, – дейді Е.Анабаев. Ашығын айтқанда 2008 жылдан бері жыры айтылып келе жатқан бұл жоба төңірегінде кезінде аздаған даудың да болғаны рас. Мердігер компания мен басқарма соттасып та үлгерді. Бірақ, бағымызға орай әкімдік тарап жеңіп шығып, сот шешімі бойынша аталған компания тиісті қаржыны да қайтару керек болған. Бірақ, оның да нәтижесінің ауылы әлі жақындамай тұр. Осы шілде айында бұл мәселе шешілу керек болған екен. Алайда, межелі мерзім аяқталып, күздің де ауылына аяқ бастық. Қалай десек те бұл мәселе төңірегіндегі жағымды ақпараттардың бар екендігі қуантқанымен, оның нәтижесі көңіл көншітпей тұр. Тараздағы тарихи туризмді дамытудың мега жобасы жасалып жатқанынан оқырман хабардар. Ал, туристерге қажетті қолайлы экологиялық жағдай мен тазалық мәселесі кешеуілдеп келе жатқаны көңілде көп сұрақ қалдырады. Осы бетімен кете беретін болса, еліміздегі таза қалалардың қатарына кіретін Тараз сырт көзге «сырты бүтін, іші түтін» атанбаса болғаны...

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол».

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

ТАРАЗДЫҢ АУМАҒЫ КЕҢЕЙЕДІ

Жасұлан СЕЙІЛХАНОВ, «Ақ жол». Облыс әкімдігінің баспасөз орталығында журналистерге арналған баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ержан Ахметов басқарманың биылғы жылдың сегіз айында атқарған жұмыстары және облыс орталығы – Тараз қаласының бас жоспары туралы әңгімеледі. Соңынан тілшілер сұрағына жауап берді. Басқарма басшысының келтірген деректеріне сүйенсек, облыс көлемінде қалаларды қоса есептегенде барлығы 374 елді мекен бар екен. Оның 28-інде және

төрт қалада бес мыңнан асатын халық тұрады. Ал, қалған 342-сі бес мыңға жетержетпес тұрғыны бар елді мекендер. Алдымен Тараздың бас жоспарынан бастасақ. Бас жоспар – кез-келген елді мекеннің аса қымбат құжаты, болашаққа бастар жолы. Сондықтан, 2010 жылы облыс басшылығының қомақты қаржы бөліп, қаланың бас жоспарын Астанадан бекітіп алып келуі үлкен оқиға болғаны анық. Себебі, сонау кеңес өкіметі заманынан бері, яғни, шамамен 25-30 жылдан бері Тараздың бұл құжаты жаңартылмапты. Енді осы бас жоспардың арқасында облыс орталығының шекарасы 5953,75 гектарға ұлғайған. Бүгінде қаланың бас жоспарына сәйкес, тұрғын үй алқаптарының егжей-

тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіпті. Осы жоба бойынша қала аумағына қосылған алқаптар түгелге жуығы қала әкімдігімен бекітілген. Тек, «Арай» алқабы ғана үстіміздегі жылдың екінші жарты жылдығында бекітілмекші. Дегенмен, Тараздың бас жоспарына сәйкес, кейбір көшелер мен тұрғын алқаптарына, Талас өзенінің бойындағы демалыс орнына геологиялық, геодезиялық ізденіс жұмыстарын жүргізу бойынша бірқатар атқарылатын жұмыстар баршылық екен. Ал, облыстағы он ауданның бәрінде бас жоспарлары бекітіліп, оның жетеуінің егжей-тегжейлі жоспарлау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Баспасөз мәслихатында Тараз көшелеріндегі жарнама тақтайшалары мен тақталары туралы да сөз болды. Олардың да қала сәулетіне өз әсерін тигізетіндіктен Ержан Әбдірахманұлы қазіргі жарнама тақталарына біраз сын айтты. – Қазір қалада барлығы 160 жарнама тақтасы бар. Солардың сексендейін өзім зерделеп шықтым. Сондағы анықталғаны – 2007 жылы бекітілген арнайы стандарттарға сай сол сексен тақтаның жетпісінің орналасуы заңсыз болып шықты. Бұл тек қала орталығында ғана. Бір ғана мысал айтайын, жарнама тақталары көше қиылыстарынан 50

метр алшақ тұру керек. Ал бізде қалай? Бізде дәл қиылысқа қойылған. Одан не бағдаршам көрінбейді, не жол белгілері де көрінбейді. Тіпті үйлердің қасбеттеріне шейін жабылып қалған. Абай даңғылының бойында театрды, әкімдікті көрсетпей тұрған алып жарнама тақталары бар. Сондықтан, біз бұл бойынша қалалық әкімдік пен облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына ұсыныстар жібердік, – дейді Е. Ахметов. Ал, тілшілер тарапынан қойылған сұрақтардың дені қаладағы заңсыз құрылыстар жайлы болды. Мәселен, әлі әңгімесі бітпей жатқан «Зербұлақ» көлі маңындағы салынып жатқан жанармай құю бекеті мәселесі тағы көтерілді. Өйткені, аталған мәселе бойынша тұрғындар шағымы әлі бәсеңсімей отыр. Бірақ, Е. Ахметов ол нысандағы жер учаскесі қаланың бас жоспары бекітілгенге дейін сатылып, сол кездегі тиісті мекемелер мен қала басшылығымен бекітіліп қойғандықтан қазір қандай да бір қатаң шарамен тоқтатып тастау қиын екенін жеткізді. Дегенмен, облыс әкімінің арнайы тапсырмасы бойынша ол нысан назарда тұрғаны да айтылды. Ал, қазір көп талқыланып жүрген жаңалықтардың бірі – қала базарлары екені анық. Баспасөз мәслихатында

белгілі болғанындай Таразда тек «Орталық базар» мен «Атакент» базары заңды жұмыс істеп тұр екен. Ал, өндірістік аумақтағы бұрынғы ет комбинатының базасында орналасқан «Ауыл Береке» базарының ол жерге лайықты, не лайықты еместігі тексеріліп жатыр екен. Қалған тоғызы бас жоспар талабы бойынша қала кварталдарын бөліп тұрған қызыл жолаққа жайғасқан екен. Болашақта бұл базарлардың да заңдылықтары өз ретімен қолға алынатыны да айтылып қалды. Ал, темір жолдың арғы бетіндегі елді мекендерді қаламен жалғауы тиіс «Көктем» мен «Арай» алқаптары маңындағы үлкен көпірдің бітпей қалған құрылысы келесі жылдан қайта басталатын болыпты. Сонымен қатар, Жеңістің 70 жылдығына орай Төле би көшесіндегі Мәңгілік алау монументі жаңартылып, жан-жағы кеңейтіліп, абаттандырылмақшы екен. Сондай-ақ, басқарма басшысы алдағы жоспарланған жұмыстарымен де бөлісіп, мемлекеттік қала құрылысы кадастры және мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бойынша да мәліметтер беріп өтті. Одан бөлек, ол Тараз қаласының шекарасын тағы да кеңейту бағытында кешенді жұмыстардың қолға алынып жатқанын жеткізді.

Дүйсенбек ОРМАНОВ. журналист. Биыл Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Еңбек елді мекені аумағынан ағайынды Құрманбековтер құс фабрикасының іргетасын тұрғызуды қолға алған-ды. Бүгінде жоғары қарқынмен жүргізіліп жатқан ондағы құрылыс жұмысы 2016 жылдың басында толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жуырда облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Абдалы Нұралиев, аудан әкімінің орынбасары Бақыт Қазанбасов бастаған топ құрылысы жүріп жатқан осы нысанның жұмысымен танысты. Құрылыс басында жүрген «Аса-Даму» ЖШСның директоры Мейірбек Құрманбеков әңгімесін әріден бастады. – Інім Үсен екеуміз «Неге ауылдан құс фабрикасын ашпасқа?» деген ниетпен іске құлшына кірістік. Құрылыс жұмысының жүруіне, сапалы атқарылуына қомақты қаржы керек-ақ. Бұл істе құрылтайшы ретінде Үсен бауырым көмек қолын созып отыр. Ал, құс өсіруге ыңғайлы 7,3 гектар жер бөлген аудан басшылығына алғыс айтамыз. Біздің компания негізінен жұмыртқа өндіру және сатумен айналысады. Құстарымыз табиғи таза микроэлементтермен, сондай-ақ, құнар қосылған жеммен қоректендірілгендіктен экологиялық таза өнім алатын боламыз, – дейді «Аса-Даму» ЖШС директоры М. Құрманбеков. Фабриканың құрылыс жұмысына жұмсалатын құралсаймандар негізінен Германиядан әкелініпті. Мұнда бүгінде 27 құрылысшы еңбек етуде. Алдағы уақытта жұмыс көлемі артқан сайын жұмысшылардың қатары да өсе түспек. Фабрика пайдалануға берілгеннен кейін мұндағы жұмысшылардың саны 96 адамды құрайтын болады. Ал, көлемі 102х18 метр болатын 8 корпустың бірінде инкубаторлық цех та жұмыс жасайды. Онда 316 мың тауық, 84 мың балапан өсіріп, жылына 102 миллион жұмыртқа алынатын болады. Аудан көлемінде алғаш қолға алынған бұл жобаның келешегі зор. Әрине, аудан экономикасының дамуына асадамулықтардың үлесі мол болатыны даусыз. Жамбыл ауданы.

БАҒДАРЛАМА ЖӘНЕ БҰҚАРА

ТЕХНИКА – ТАБЫС ТІРЕГІ Қарлығаш ЕСБЕРГЕНОВА, «Ақ жол». Шаруашылық өркендесе, ауыл қашанда берекенің бастауы боп қала бермек. Өріс толған төрт түлік, түздің беті түгел егін болса, бұдан асқан байлық бар ма? Жер-Ана ерінбей еңбектенгеннің несібесін кемітпейді. Осыны санасына терең сіңіріп, қара жердің қасиетіне жете білген Шу ауданындағы Ақтөбе ауылдық округінің шаруалары еңбек көрігін қыздырып келеді. Мына заманда техникасыз іс тынбайтынын жақсы түсінетін олар алқаптың темір тұлпарларын жаңартуды бастап кетіпті. Бұрын-соңды ауылды асырап отырған бірлі-жарым тракторлардың тозығы жеткен. Оның үстіне даму жолына жұрт жаппай беталғанда, саусақпен санарлық техникаға телміріп қарап отыруға да болмас, қамдану керек. Бұл ретте «Бұланбай», «Дүтбай» шаруа қожалықтары көш бастап тұр. Үкіметтің көмегіне үмітін үкілеген қожалық иелерінің айы оңынан туып, лизинг арқылы МТЗ 80-1 маркалы тракторларына қол жеткізіпті. «КазАгроҚаржы» АҚ-дан «Дүтбай» шаруа қожалығы құны 4 миллион 100 мың теңге болатын шөп тайлағыш агрегат та алыпты. Ал, трактор – 3 миллион теңге 190 мың теңге. Қожалық иесі Қанатбай Бірімқұлов берешегінен жеті жылда құтылатынын айтып отыр. Яғни, тоқсан сайын төлеп отырады екен. 2007 жылы құрылған шаруа қожалықтың жер көлемі 600 гектарды құрайды, оның 240 гектары егістік, 12 гектары суармалы жер. Алған техникасының қызығын алдағы жылдары жоңышқа алқабы көретін болады. Ал, Ақылбай Ақбозов басқаратын «Бұланбай» шаруашылығының жеке меншігінде бұрыннан біраз техника бар, бірақ ескірген. Тиесілі 1600 гектар жерінің 50 гектары суармалы, 380 гектары егістік алқап. Десек те, жоңышқа мен арпа егуде екі шаруаға да судың тапшылығы мен ауа райының тосын мінезі салдарынан аз өнімді місе тұтуға тура келіпті. Бірақ, биыл алынған жаңа техника тіршіліктің бойына қан жүгірте түсетініне олар кәміл сенімді. Шу ауданы.

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА «Казгидромет» РМК облыстық филиалының хабарлауынша, 19-20 қыркүйек күндері облыс аумағында ауа температурасы түнде 5...10 оС жылыға, кей жерлерде 2 оС жылыға, топырақ бетінде үсік 0...3 оС-қа, ал, күндіз 12...17 оС жылыға, кей жерлерде 20 оС жылыға дейін төмендейді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
20 қыркүйек пдф by akjolgazet - Issuu