6
www.akjolgazet.kz
20 мамыр, 2014 жыл
l ТЫҢ ДЕРЕК l * * * Шөкең көп ұзамай, күзге салым Алматыға аттанды. Мемлекеттік емтихан тапсырып, екі айдан кейін ауылға қоңыр күздің аяғында, қыстың басында қайтып оралды. Бірақ, менің директорым Алматыдан келісімен-ақ көңілі күпті екендігін байқатты. Пионерлер үйіндегі үстелге қыранша қонжиып отырған Шона ағам сәл нәрсеге елең ете қалатын. Онысы күн сайын қайталанған соң, сырын жасырудың әбестігін ескерген болса керек, мәселенің мәнісін айтты. Мемлекеттік емтихан тапсырып, диплом алудың соңында жүрсе де директорымыз Алматыда қалу әрекетін де ойластырып келіпті. Алайда ол кезде газет-журналға әдеби қызметкер болып орналасудың өзі де оңай емес-тін. Соған қарамастан, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы Сейітжан Омаров уәдесін беріпті. «Бізден хабар барады» деп те сендірген. Шөңкеңің «тысыр» еткен дыбысқа елеңдеуінің мәні осыдан екен. Таңертең біреу есікті әдеттен тыс тоқылдатты. «Кіріңіз» дедік. Хат тасушы келіншек екен. Ол Шөкеңе жеделхатқа қол қойдырып алды да, асығыс көзден таса болды. Сарғая күткен хабарға қайта-қайта көз жүгіртіп көңілденген директор: «Мен енді Алматыға біржолата кететін болдым. Қызметім – кітап баспасының редакторы», – деді қуанышын жасырмай. Менің директорым оқушыларға сабақ та беретін. Ол Алматыға жүретін күні аудандық партия ұйымының кезекті конференциясы өтіп жатқан. Шөкең достарымен бірге Мәдениет үйінің іргесінде мәз-мәйрәм болып, форум делегаттарымен әңгімедүкен құрды. «Әй, мынау, – деді ол жиналыс болып жатқан үйді қолымен нұсқап, – тағы да орнында қалатын болған ба? Ойпырмай, жаны не деген сірі
«Ара» журналының мерейтойына арналған әзіл сурет. 1971 жыл. Суретте Шөкең шаңырақтан үңіліп тұр.
м ы р о т к е
р и д нің
е М
(Эссе)
Қазақтың белгілі сатирик ақыны, қоғам қайраткері Шона Смаханұлының туғанына 90 жыл
Кәдірхан БАҚҚАРАЕВ, журналист.
Т
осындағы ең соңғы «вирший» сөзі С.И.Ожеговтың «Словарь русского языка» кітабында былай түсіндіріледі: «Вирши – старинные русские и украинские силабические стихи (теперь иронич. – о плохих стихах)». Мұнда қазақтың сатиралық сықақ өлеңдерін төменгі сортқа жатқызғаны байқалады. Өйткені, Шона фельетон, сықақтарын өлеңмен жазған. Ал, оны қызықтаған - Әуез Исаев. Ол Талас өңіріне белгілі әдебиетші, әуезді әнші, өзі де өлең жазатын. Демек, Шөкең талантын бағалаушы ағайынның бірі. Сықақ, әжуа өлеңдерді, біздегі кейбір жазғыштар менсінбейді. «Қағылған», «соғылған» шығармаларды ғана сатира деп ұғынады. Сатиралық уыт есеппен еске алынбайды. * * * Пионерлер үйіне басшылыққа Шөкеңнен соң, Осағаң келген. Енді соның жайын қаузай кетейік... Ал, жазушы Оспанәлі Иманәлиев екеуміз ҚазМУдың қазақ тілі мен әдебиет мамандығында соңғы курсында сырттай оқитынбыз. Көңілім ауғанда Осекеңе барып, оның сейфке салып қойған дәптеріне жазылған сықақ, қағытпа өлеңдерімен танысып қайтатыным бар еді. Көбінесе, өлеңді өзі оқитын. Ұмытпай тұрып үстел үстінде қалып кетпесін деген сақтықпен сейфке қайта салып, құлпын кілттеп қоятын. Сондағы өлеңдері кейінірек өзіне қарсы қару болып жабысты. Тіпті, жұрт арасында тез тарап кетті. Газетке де жарияланды. Осекең өлеңдерінде адамдардың атын өзгертіп, түсін түстеп, бет-бейнесін тұспалдап, әрекетін дәлдеп жазатындықтан, оқырмандар сықақтың кім туралы екенін бірден түсіне қоятын. Өлеңдегі кейіпкерлердің бәрі аупарткомның бірінші басшысынан бастап, өңірдің марқасқаларын, бюро
алас ауданының Жиембет аймағында мен оқымаған мектеп жоқ. Бірінші сыныпты Ерназар ауылында бастап, Ақкөл кенті мен «Ынтымақ» ауылында екіншіні, үшіншіні түгестім. Жеті жылдықты Ойық орта мектебінде бітірген соң, үйіміз Ақкөлге қайта көшіп кетті. Отбасым осылай көшіп-қонып жүргенде аудан орталығында төрт жылдай оқыппын. Сегізіншіні Үшарал орта мектебінде оқуыма тура келді. Ақкөлде орта мектеп орнаған соң, туған жерге қайта оралдым. 1952 жылдың жайма шуақ көктемі еді. Аудан орталығы. Ақкөл кенті. Мәдениет үйінің іші-сырты сапырылысқан халық. Мен Ақкөлдегі үйіме мектеп оқушыларының көктемгі демалысында келгенмін. Аудан мектептері көркемөнерпаздарының байқауы өтіп жатқан. Сахнада бірінен соң бірі қызылды-жасылды киінген қыздар, ара-арасында балалар да өнер көрсетуде. Осы екі арада сахнаға бойшаңдау қыздың соңынан шанағы үлкен домбыраны құшақтаған аласа бойлы жігіт көтерілді. Топталған жұрт: «Мынау Шона ғой, Шона!» деп жатты. Тіпті, «Ура» деп айқайлағандар да болып еді, жанындағылар: «Әй, қойсаңшы» деп тыйып тастады. Бірақ жаңа көргендей Шонаны қызықтағандардың екпіні басыла қоймады. «Біздің Шона ағай», «Менің Шонам ғой» деп иемденіп, мақтаныштан жарылардай болып күпілдеген ағайын, Шона домбырасын тыңқылдатып, сұңқылдатып тарта бастаған кезде ән құмар жұртшылық сілтідей тына қалды. Өйткені, ол заманда қазіргідей дауыс күшейткіш аппарат қолданыла бермейтін. Әнші 7-сынып оқушысы Күлсина Омарқұлова екен. Домбырамен сүйемелдеген, әрине, Шона еді. Менің Шонаны алғаш көруім осы болды. Бұрын аудандық «Екпінді колхозшы» газетінен Шөкеңнің сықақ өлеңдерін қызыға оқитын едім. 1945 жылы Шонаның туған ауылы – «Ынтымақ» колхозына әкем парторг болып сайланып, сол елде екі жылдай тұрақтадық. Сонда Шөкең жөніндегі әңгімелерді естіп, ағайын-туыстарымен бірге түскен суреттерін көргенмін.
* * * 1953 жылғы қыркүйек. 10-сынып оқушылары – соқталдай жігіттер мектеп дәлізіне жиналды. Сабақтың басталуына белгі беріліп, қоңырау соғылды. Бірақ мұғаліміміз әлі жоқ. Дәліздің екінші басындағы мұғалімдер бөлмесінен 10-шының жігіттері көз алмайды. «Логикадан сабақты Шона ағай жүргізеді екен» деген сыбыстың шыққанына талай күн болған. Міне, сол күн де келіп жетті. «Әй, Шона қайда? Неге кешігіп жатыр екен, білдіңдер ме?» дәп құрдасын іздеп тұрғандай. «Бұлардың бәрі Шона ағайдың інілері» деді жөн білетін жігіттердің бірі. «Е, ит ұяласынан қорықпайды» деген осы деді тағы бір білгіштер. Мұндай «популярный» дәрежеге Шөкең оңайлықпен жетпегені белгілі. 10-сыныпты жеделдете бітіріп, Алматыдағы пединститутқа оқуға түсіп, оның, міне, 3-курсында оқып жүр. Шона ылғи 6,7 сонан соң анда-санда 8,9-сыныптарда сабақ беріп жүрген. Енді, міне, 10 -ыншыға «ауыз салды». Бір кезде «Балалар, сыныпқа кіріңдер» деп Шөкең бәрімізді селк еткізді. Сөйтсек, ол бағаналы бері өзімізбен бірге ортамызда тұр екен. Міне, нағыз сатирик! * * * кі жылдан кейін мен Шонамен бірге Пионерлер үйінде қызмет істей бастадым. Шөкең қарап отырмайтын, өте еңбекқор болатын. Екеуміз Пионерлер үйінің жоспарын жасауға кірістік. Балаларды қызықтыратын, уақытша болса да алдандыратын жөн-жосықты жасауда екеуміз де қиялшыл, болашаққа көзсіз сенетіндер болып шықтық. Шөкең мақал-мәтел жинаушылар үйірмесін ашатын болды. Ал мен балаларды суретке түсіруге үйрететін үйірменің жұмыс кестесін жасадым. Ел аузынан аңызәңгімелер жинайтын топ құру да ойымызға оралды. Ауыл жастары, жасөспірім тілшілердің тізімін жасап, түртіп қойдық. Сонымен жоспарымызға оқу бөлімінің инспекторы риза болғанымен, «Әй, осыларыңнан жақсы нәтиже болса, қане» деді күдіктеніп. Шөкеңнің өлең жазудан да қолы тимейтін. Бір күні кеңсеге келісімен өзінің қолжазбасын оқыды. «Қазір көктем ғой. Ағаш отырғызатын кезең. Мен соны сынағым келді», - деді ол шабыттанып. «Папа, – деді баласы. Көршілерді қарашы, Үйлерінің маңына, Тал егуде жабыла, Келді кезек бізге де Текке отырмыз біз неге?
Е
– Онда балам мән бар ғой, Жергілікті жандар ғой. Тал егіп нетеміз, Ертең көшіп кетеміз» – деп жазған екен. Ұстазбен ақылдаса келе «Ертең көшіп кетеміз» деген жолды «Әліақ көшіп кетеміз» деп өзгертті. «Сендер қалай қарайсыңдар?» деп, бізге де қарап қалды. Біз де өз ойымызды ортаға салдық. «Ертең көшіп кетеміз» деген сөзді қалдыру керек» дедім мен.
еді». Шөкеңнің олай дейтін де жөні бар. Бірінші басшының жөнсіз істері туралы жазған фельетоны газетке жарияланбай, тексеруге жіберілген. Обкомнан өкілдер келіп, бір-екі апта тексеріп қайтқан. Бастық та тісін шықырлатып қайрап отырған. Енді, міне, Шөкең тағы да қарап жүрмей қақпанға өзі келіп түсіп қала жаздады. Шөкеңнің аузынан абайсызда шығып кеткен сөздің бірінші басшыға, сол сәтте-ақ жететіні даусыз. Сондықтан бұл оқиғаның ушығып кетуі әбден мүмкін еді. Шөкең жиын аяқталар шақта кеңсеге келіп, асығыс қоштасып, жолға шықты. Арада жарты сағат өтпей-ақ кеңсеге алып-ұшып, өрт сөндіргендей шолақ тон, қаракөл құлақшын киген екі жігіт жетіп келді. – Шона Смаханов қайда? (ол кезде Смаханов болып жазылатын). – Алматыға кетті. – Қашан? Екеуі дегбірсізденіп, елеңдеп тұр. – Осы сіздер келетіннің алдында ғана. Екеуінің де өңдері қашып, бір-біріне қарап, аялдамаға қарай тура жүгірді. Бірақ автобус кетіп қалған, қолдарын сермеп кіжінгеннен не пайда? Тапсырманың тығыз екені осы қарбалас қимылдан байқалды. Кейін естідік, Шөкеңді жолынан қалдырып, қайта сайланған аупарткомның бірінші хатшысы оның партиялық мәселесін жедел қарамақ екен. Жарқабақтан құлағалы тұрған Шонаны тағдырдың өзі аман алып қалу үшін Алматыға алып қашқан. Сөйтіп тірідей тозақ отынан, тұрмыстың шырғалаң тауқыметінен бір сәтте-ақ құтқарған.
* * * ылдың аяғында болған облыстық комсомол конференциясында біздің Пионерлер үйінің «даңқы» шартарапқа тарады. Облыстық мұрағаттан алынған мәліметті келтірейік. Сол жиында есепті баяндама жасаған облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кейін облыстық партия комитетінің екінші хатшысы болған Руденко былай деген: «Сарысу, Талас, Свердлов, Луговой және Жамбыл аудандарында Пионерлер үйінің директорлары мен көпшілік жұмысын ұйымдастырушылар жылына 3-4 рет ауыстырылады. Пионерлер үйінің директорлығына пионер жұмысымен мүлде таныс емес адамдар тағайындалады. Мәселен, Талас аудандық Пионерлер үйі директорының есебінде жергілікті ақын Смаханов 7 ай болған. Ол балалардан бөлектеніп есігін бекітіп алып, жападан-жалғыз отырып, нашар өлеңдерін жазған, кейде оның өлеңдеріне аудандық комсомол комитетінің хатшысы Исаев та масаттанған. Мұнан соң ақынның орнына аудандық комитет ет сатушыны бекіткен. Енді, міне, есеп бойынша Пионерлер үйі 4-ші директоры («біз тағайындаған») жұмыс істейді». Баяндамадағы «Смаханов... нашар өлеңдерін жазады» деген сөйлемді талдап көрейік. Түпнұсқасында «Директором Таласского дома пионеров 7 месяцев числился местный поэт Смаханов, который запирался от детей на замок и в одиночество творил свой вирший» деген. Міне,
Ж
мүшелерін сайқы мазаққа айналдыратын. Бірде Осекеңді аудандық Мәдениет бөліміне меңгеруші етіп «төмендетті». Бұл өзі көзге көріне қоймайтын, күйбең тіршілігі мол, «ұшарын жел, қонарын сай білетін» алашапқын жұмыс. Көп ұзамай Осекең маған келді, көңіл-күйі төмен. – Мені райком басшысы аудандық «Ленин жолы» газетіне әдеби қызметкер боласың деп жатыр. Бірақ аудандық газетке барғым жоқ деп ем, «Олай болса, жұмысты өзің тауып ал» деді. «Жатып та, тұрып та ойландым. Сосын Пионерлер үйінің директоры болудан артық ештеңе таппадым. Ал, сен «газетте істесем» деп армандаушы едің ғой. «Ленин жолы» газетіндегі менің орныма бар». енің қуанышымда шек болмады. «Осы өңім бе, түсім бе», деп танырқадым да «мақұл», деп келісімімді бердім. Екі-үш күннен кейін Ос-ағаң тағы да тұңжырап, ренжіп келді. «Ленин жолы» газетінің редакторы Ерғара Тәжімбетов сенің келуіңді жақтырмай отыр. Пионерлер үйі-жалқаудың жұмысы. Ол әбден масылдыққа бейімделген, газет ісі оның қолынан келетін оңай тірлік емес» депті. – Ой, Ереке-ай! Менің облыстық «Еңбек туы» газетіндегі, оқта-текте республикалық «Лениншіл жас» газетерінде жарық көрген мақалаларымды неге ескермеді екен. Ең болмаса, өзі басқаратын аудандық газеттегі бірді-екілі мақаламды көрмеді ме екен?-дедім мен. – Сен ренжіме, мен райкомға жолығайын, деді Осағаң. Айтқанындай, аупартком басшылары «Ленин жолы» газеті редакторын шақыртып алған көрінеді. «Біз Иманалиевті қайда орналастыруды білмей қиналып жүрміз. Сен болсаң оның ұсынған адамын қызметке неге алмайсың? Иманәлиев те, Баққараев та ендігі жылы ҚазМУ-ды бітіреді. Ал, өзіңнің орта білімің де жоқ екен», деп пәле салыпты. Сонымен аупартком Ос-ағаңды өзі ұнатқан қызметіне орналастырды. Мен өзім өмір бойы аңсаған арманыма-газетке баратын болдым. Мен аудандық газетте жарты жыл жұмыс жасаған соң редактор Ерғара Тәжімбетов көктемгі мереке құрметіне шығарған бұйрығын оқып берді. Онда: «сынақпен қызметке қабылданып, бірақ өзінің шығармашылық қабілетін танытқан, болашағынан мол үміт күттіретін газетші, дарынды әдеби қызметкер Кәдірхан Баққараевтың еңбегі айрықша бағаланып, атап көрсетілсін» деген баға беріліпті. Сөйтіп, Ерағаң алғаш рет менің журналистік жолымды ашты. Мұнан артық бізге марапат керек емес сияқты көрінетін. Қазіргідей үйіп-төгіп заттай, ақшалай сыйлық беру дәстүрге айналмаған кез. Бірақ Осағаң Пионерлер үйінде көп жыл тұрақтай алмады. Алматыға көшіп кетті. Ал, мен Сарысу, Талас ауданаралық газетінің бөлім меңгерушісі қызметінен Алматы Жоғары партия мектебі журналистика бөлімшесіне оқуға түстім. Бұл кезде Шөкең, ештеңеден қаймықпайтын Шона ағам алматылық ақын-жазушылардың ортасынан шоқ жұлдыздай жарқырап көріне бастаған... Тараз қаласы.
Шынар АСАНҚЫЗЫ, «Ақ жол». КІМ ДЕ БОЛСЫН АЛТЫН БЕСІГІ САНАЛАТЫН ҚАСИЕТТІ АУЫЛЫНА, ТУЫП-ӨСКЕН, ҚАНАТТАНҒАН ОРТАСЫНА АТБАСЫН БҰРАДЫ. БҰЛ ЖОЛҒЫ КЕЗДЕСУ АЛТЫН ҰЯ МЕКТЕБІН БІТІРГЕНДЕРІНЕ 40 ЖЫЛ БОЛҒАН СЫНЫПТАСТАРДЫҢ ҚУАНЫШТЫ ҚАУЫШУЫ БОЛДЫ. Иә, осыдан 40 жыл бұрын тай-құлындай тебісіп бірге өскен армандастар 1972 жылы Тамабек ауылындағы Амангелді атындағы сегізжылдық мектебін (қазір он бір жылдық) бітірген түлектер еді. Бүгінде самайын ақ шалған аға буын өкілдері, отбасының ұйытқылары, немерелерінің қамқоршылары аталмыш білім ұясында ерекше бір сезіммен, ұйымшылдықпен жиналыпты. Бұл – кездесуді ұйымдастырушылардың мерекелік ісшараларынан да байқалды. Алдымен түлектер осыдан 40 жыл бұрын өздері отырған мектеп партасына жайғасып, сол бір балғын балалық шақтарын еске алып, сабақ үстінде болған қызықты оқиғалары мен қағытпа қалжыңдарын айтып, бір желпініп алғандай болды. Бұдан соң, шымылдығын түрген салтанатты жиын о дүниелік болған ұстаздары мен сыныптастарын еске алудан басталды. Кездесуге бүгінде зейнеттегі ұстаздары Шайтымақ Көпәділов, Сәбит Ақынбаев, Балтабай Әбітаев және Сабыр Маханбетов келіп қатысты. Сахна төріне шақырылған ардагер мұғалімдер сол жылы 11 ұл мен 11 қыз бала бітіргендерін, солардың арасынан топ жарып шыққан оқушыларын ерекше мақтанышпен айтты. Ұшқан ұясына қырық жыл өткен соң келіп отырған түлектер болса сахна төріне
көтеріліп, естелік әңгімелерін ортаға салды. «Бұл басқосу – ас ішіп, аяқ босатар жиын емес, жас ұрпаққа үлгі боларлық ізгілікті іс болуы керек. Біздің негізгі мақсатымыз да осы. Өскелең ұрпаққа туған жер, ұшқан ұясына деген сүйіспеншілікті сезіндіру. Қасиетті Талас топырағында талай елге белгілі азаматтарымыз дүниеге келді. Белгілі ақын Нарша Қашағанұлының сөзімен айтсақ, Таласта, оның ішінде бір ғана Тамабек ауылынан шығып топ жарғандарды үш топқа бөлемін: біріншісі – Еңбек Ері атанған оннан астам аталарымыз,
Амангелді ӘБІЛ, «Ақ жол». Елде тұратын белгілі жазушы П е р н е б а й Дүйсенбиннің 70 жылдық мерейтойына орай, талантты ш ә к і рт і , Қа з а қ ста н Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті сыйлығының лаураеты, «Құрмет» орденінің иегері, Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Алматы ақшамы» газетінің Бас редакторы Қали Сәрсенбай жазушы- ұстазының әр жылдарда балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық, халықаралық конкурстарда бәйге алған көркем шығармаларының толық жинағын «Ертегім менің, ертегім» атты кітапқа топтастырып, Алматы қаласындағы «Арна-Б» баспасынан көп данамен шығарды. Ал, екінші шәкірті Қазақ радиосының Бас редакторының орынбасары, Қазақстан Жастар одағы, Мемлекеттік «Дарын» жастар және ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, философия ғылымдарының кандидаты Болатбек Төлепберген жазушы- ұстазының әр жылдары жазылып, ешқандай жинақтарда жарияланбаған повестері мен әңгімелерін, «Алпамыс батыр» драмасын қосып «Арайлы таң алауы» атпен «Асыл кітап» баспасынан шығарып берді. Жазушы П.Дүйсенбин шәкірттерінің шығарып берген осы кітаптарын облыстық мәдениет басқармасына қарасты орталық кітапханаға және Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханасына таратып бермекші. Жуырда ҚР Ұлттық кітапханасында жерлес қаламгердің «Сан қырлы суреткер» атты кітап көрмесі өткізілді. Жазушы туралы республикалық «Шалқар» радиосы жазушы шығармалары бойынша радиоинсцировкалар, «Қазақстан-Тараз» телеарнасы бірнеше рет хабарлар мен сұхбаттар берді. Cарысу ауданы.
БӘРЕКЕЛДІ!
ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК ОЗАР Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің білімгерлері жеңіске жетті
М
l ҰШҚАН ҰЯҢДЫ ҰМЫТПА l
ҚЫРЫҚ ЖЫЛ ӨТКЕН СОҢ
МЕН БҮГІН ҰСТАЗЫММЕН МАҚТАНАМЫН
екінші топ — Шона Смаханұлы бастаған Рафаэль Ниязбек, Жаңғара Дәдебаев, Шорабек Айдаров, Серік Томанов, Көсемәлі Сәттібайұлы, Болат Бекжан, Телғара Үсенбаев секілді ақын-жазушылар, ал, үшіншісі – туған жерінің тұтқасын ұстап отырған ел ағалары. Боксшы Олжас Сәттібаев, футболшы Ұлан Қонысбаев секілді ұлдарымыздың есімі де елге танылды. Осындай ұлдарымызбен мақтанамыз. Ендеше бүгін мектеп қабырғасында жүрген қарадомалақтардың арасынан да туған жерінің атын әйгілейтін өрен жүйріктер шығатынына сенімім мол. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дегендей, мектебімізге құрметіміз болсын деп, ауласына тал-дарақтар отырғыздық», деді осы мектептің түлегі, прокуратура ардагері Әбиірбек Қонысбаев. Өз кезегінде Талас аудандық мәслихатының аппарат басшысы, осы мектептің 40 жыл бұрынғы түлектерінің бірі Сабырғали Рысбаев құрбы-құрдастарына шығарған достық әзілдерін оқып, жиналғандарды бір серпілтті. Осыдан қырық жыл бұрын Шеберкүл Әбдіқадірова бастаған талантты ұл-қыздар көңілді кештерде, мектептің әртүрлі іс-шараларында сол кездің әндерін шырқап, әуесқой әншілер атанған екен. Аталған кеште де олар «Достар», «Ұстазым» әндерін қосыла шырқады. Мерекелік кеш аталмыш мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Жасөспірімдер қазақ билерін мың бұрала би билеп, әннен шашу шашты. Талас жерінен шыққан таланттылардың суреттері оқушыларға слайд арқылы көрсетіліп, олар есімдерін атап жатты. Сөйтіп кеш иелерінің атынан сый-сияпатқа ие болды. Тамаша көңіл-күйден соң, 30-дан астам қайың, шырша ағаштарын еккен құрдастар «Достар» аллеясының лентасын қиды. Олар бұдан өзге 300 түп қара тал мен гүл отырғызыпты. Бұдан соң, 40 жыл бұрынғы түлектер өздері түлеп ұшқан аяулы мектебін аралап көрді. Ауылдан бүгінде жаңа мектеп бой көтерген. Екі қабатты білім ордасында бүгінде 130-ға жуық оқушы білім алуда. Кабинеттері мен құрал-жабдығы заман талабына сай безендірілген. Тағылымды кездесуді ұйымдастырушылар, сондай-ақ, волейболдан жарыс өткізді.
Тамабек ауылы. Талас ауданы.
Шучье қаласында Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылымипрактикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ІX республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті. Оған республиканың барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан 350-ге жуық үміткерлер бақтарын сынады. Олардың арасында педагогикалық жоғары оқу орнын таңдаған жоғары сынып оқушылары, педагогикалық колледждердің білім алушылары, педагогикалық жоғары оқу орындарының ІІ-ІV курс студенттері, магистранттар мен 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар педагогтар, психологтар мен тәлімгерлер бар. Кәсіби педагогикалық білім беру мен педагогикалық мамандықтың маңыздылығын арттыруды, осы мамандықты таңдаған талантты жастарды анықтауды мақсат еткен білім додасына Тараздағы Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледж оқытушылары мен білімгерлері де қатысты. Білімді де білікті студенттерден құралған «Ақ кеме» тобы шынайы білім беру үрдісіндегі өзінің кәсіби педагогикалық шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Колледж оқытушысы Жадыра Жұмабекқызы жетекшілік ететін топ «Дарын» РҒПО-ның ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. Осы топтың олимпиадалық дайындығына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Лариса Елібаева өз үлесін қосты. Педагогтар арасында өзінің білім беру үдерісіндегі кәсіби шеберлігін көрсете білген психология пәнінің оқытушысы Ұлдана Мелдебекова ІІІ дәрежелі дипломмен және «Үздік психолог» номинациясы, ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Гүлмира Айдарбекова «Жаңашыл ұстаз» номинациясы бойынша марапатталды. Олимпиадаға қатысушылар «Менің кәсіби ерекшелігім», «Менің педагогикалық жаңалығым», «ЭКСПО-2017 – технологияның көпірі» тақырыптары бойынша конкурстық жұмыстарын, қазіргі білім үрдісіндегі педагогикалық шеберлігін, оның ерекшелігін көрсете алатын, кәсіби педагогикалық әрекеттегі педагогтің жеке тұлғалылығын айқындайтын және шығармашылық қабілеттілігін жүзеге асыратын педагогикалық жобаларын, идеяларын мағыналы түрде аша білді. Зәуре МЫРЗАХАТ, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің әдіскері.
l БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ
АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ Болат ЖАППАРҰЛЫ, «Ақ жол». ТАРАЗДА ҮСТІМІЗДЕГІ ЖЫЛЫ 20 МАМЫР МЕН 1 ШІЛДЕ АРАЛЫҒЫНДА ЫСТЫҚ СУ БЕРУ ТОҚТАТЫЛАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІМЕН БОЛҒАН БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ОБЛЫС ӘКІМДІГІ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙКОММУНАЛДЫҚ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ МАМАТ ШӘКІРОВ ХАБАРДАР ЕТТІ. Қысқы жылыту маусымы кезінде кейбір қалаларда ыстық су құбыры жарылып көшелерді су басып кеткенін, тіпті, адамдардың күйікке шалынғанын естіп, көріп, оқып жатырмыз. Әзірге біздің қаламызда ондай төтенше жағдай орын алған емес. Сірә, осындай науқаналды дайындық жұмыстарының сапалы жүргізілуінің салдары болса керек. Оның үстіне, республикалық энергобақылау комитеті тарапынан қойылған талап бойынша жылу беру кәсіпорнының құрал-жабдықтарын және құбырларды жөндеу міндетті. Адам да жылына бір рет денсаулығын тексертіп тұруы керек қой. Мына жұмыс бейнелеп айтқанда соған саяды. – Қаламызда 39 шақырым магистралды, 139 шақырым ішкіаулалық құбыр бар, – деп сөз бастады «Таразтрансэнерго» МКК басшысы Ерік Көшербаев. – Осының бойындағы ақауды анықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 52 миллион, өзімізден 50 миллион теңге қаралған. Кәсіпорын техникасы мен құрал-жабдықтарын жөндеу де осы қаражат есебінен. Біз ішінара жөндеу жұмыстарын бастап та кеткенбіз. Негізгі жұмысқа енді кірісеміз. Ерік Әубәкірұлының «негізгі жұмыс» деп отырғаны – гидравликалық қысым сынамасынан кейін қолға алынатын істер. Өйткені, осы сынама кезінде құбыр бойындағы ақаулы жерлер анықталмақ. Сонда жөндеушілер әр жерді бір қазып, көше бойын «жаралай» бермейтін болады. – Біз жөндеу жұмыстарын өз күшімізбен жүргіземіз, – деді «Таразэнергоорталығы» АҚ вице-президенті Бақытбай Қырықбаев. – Оған кәсіпорында – 177 миллион теңге қаралған. Оның ішінде жылу қазандықтарына – 65, ал, электр құрал-жабдықтарын жөндеуге 112 миллион теңге. – Қаланың басым бөлігін жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отырған «Таразэнергоорталығында» энергоблоктардың тозығы жеткені мәлім. Олардың пайдаланылып келе жатқанына 50-60 жылдан асты. Соларды жаңалаудың немесе ішінара күрделі жөндеудің мүмкіндігі жоқ па? – Бұл жөнінде экономикалық негіздеме құжаттары жасалған. 39 миллиард теңге шамасында қаржы керек екен. Оған өз күшіміз жетпейді. Облыс басшылығы хабардар. Инвестор қарастырудамыз. Ол болашақтың еншісіндегі іс қой. Әзірге өзіміздің әлқадерімізше әрекеттеніп жатырмыз, – деп жауап берді бұл сұрағымызға Бақытбай Әбубәкірұлы – Қалада жылу, ыстық су құбырының жалпы жағдайы қалай? – деп сұрадық құбыр атаулының бәріне жауапты «Таразтрансэнерго» мекемесінің басшысынан. Осы саланың кәнігі маманы Ерік Көшербаев мүдірген жоқ. – Қалада тозығы жеткен құбырлардың 75 пайызын ауыстыру керек. Бұл іске 2015-2020 жылдарға 6 миллиард 300 миллион теңге бөлінгелі отыр. Оның 5 миллиард 500 миллионы – республикалық, 550 миллионы облыстық бюджеттен, 250 миллионы өзімізден. Соның өзінде 10-15 пайыз ғана жаңаланады екен. «Сіздер жөндеу жұмыстарын 1 шілдеге аяқтауға анық сенімдісіздер ме? Сол кезде Рамазан айы басталады ғой. Қазір ораза ұстайтындар қатары көбейіп келеді. –Сонда олар ыстық судан тарығып қалмай ма? Оразада сәресі, ауызашар мезгілдері өте жауапты» деген сауалымызға: «Құдай қаласа, оған дейін аяқтап қалуымыз керек. Өзіміз де соған есептеп отырмыз», – деп қосарлана жауап берді екі кәсіпорынның да басшылары.