Газета 151-152

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

-7 -9

С

0

С

0

Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл №151-152 (19913)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

руханият

Құрметті батысқазақстандықтар! Бар игілігіміздің бастауы, ет жүрегі Отан деп соққан әрбір адам үшін қасиетті, еліміздің ең басты мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отансүйгіш біздің халқымызға өткен ғасырдың аяғында зор бақыт орнады. Егемендік жолында бабаларымыздың төккен қаны мен тері текке кетпей, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында әлем картасында тұң­ғыш рет Қазақстан деген тәуелсіз мемлекет шаңырақ көтерді. Көлемі жағынан дүние жүзіндегі тоғызыншы орында тұрған кең байтақ жеріміздің кең жайлауы малға толса, ен қойнауы кенге тұнып жатыр. Осы қазыналы жер – халқымыздың құтты мекені. Мұндай тарихи сәтті көру – бір бақыт, оған қызмет жасау – асқан абырой. Қазіргі жаса­лып жатқан істің барлығы қайталанбас, тамаша тарихи кезең. Еліміздің абыройын асырып, мерейін тасытқан – ел тәуелсіздігі! Сондықтан біздің басы­мыз­ға бақ боп қонған Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Егемен елдігімізді мәңгі ету жолындағы абыройлы белесте баршаңызға толағай табыс­­тар тілеймін! Игі тілекпен, Батыс Қазақстан облысының әкімі

16 Қысқа-нұсқа

.

Бөкей ордасы ауданындағы М-С.Бабажанов атындағы орта мек­ тептің 4-сыныбының озат оқушы­ла­ рының бірі, Тәуелсіздік күні дүние­ге келген Жасмина Тілекқабылқызы рес­публикамыздың бірінші ханымы Сара Назарбаеваның басшылығымен ұйымдастырылған Алматыдағы «Бө­ бек» оқу-сауықтыру лагеріне барып демалып қайтты.

. Жақында Ақжайық ауданындағы

балалар шығармашылық орталығына қарасты «Фотосурет» үйірмесінің мү­ шесі Тимур Қаюпов республикалық Ұлттық дельфийлік ойындарға қа­ты­ сып, жүлделі ІІІ орын алып келді.

.

Зеленов аудандық №1 саз мек­ тебінің хореография бөлімінің 1-сынып оқушысы Аружан Манатауова Көкше төріндегі Балдәурен кешенін­

де өткен «Атадан мұра» І Халықара­лық байқауынан ІІ орынды иеленді. Ол күйші-композитор Н.Тілендиев атындағы мектеп оқушылары арасын­ да өткен байқауда «Би өнері» аталы­ мы бойынша Нұрғиса Тілендиев күй­ лерінің ырғағына «Үкілі ару» және «Ал­тын домбыра» биін орындап, үз­ діктер қатарынан көрінді.

.

Кеше Хайко (Хайнань, Қытай) қа­ласында дзюдодан жастар арасын­ дағы Азия чемпионаты мәреге жетті. Үш күнге созылған құрлық бірін­ шілігінде Қасым Қаженов жаттық­ты­ратын жерлесіміз, М.Өтемісов атын­ дағы БҚМУ-дың студенті Көлбай Те­мірлан 90 келі салмақ дәрежесін­де қола жүлдегер атанды.

Өз тілшілеріміз

100 жылдан соң оралған "Қазақстан"

8

ел-жұрт

Нұрлан Ноғаев

желтоқсан –

Қазақстан республикасының

тәуелсіздік күні!

Сол күндердің куәгері

12

Президент шыршасы

Қазақстан Республикасы Президенті атынан өткізілетін жаңажылдық шырша 20 жел­ тоқсан күні жергілікті уақыт бойынша 10.00-де ұйымдастырылады. Салтанатты шараға 160 оқу­ шы қатысады деп күтілуде. Аталмыш шараға қатысу­шы­ның әрқайсысына 75 мың тең­ геге сыйлық беріледі. Салтанатты шараға қатысу­ шыларды мерекелік түскі ас және сауықтыру бағдарлама­ сы мен саяхаттар күтеді.


2

АҚПАРАТ Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru Кеше «Жыл үздігі – 2013» Батыс Қазақстан облысы жастар сыйлығы байқауында үздік деп танылған өрен­ дерді марапаттау облыстық қазақ драма театрында өтті.

«Жыл үздігі – 2013»

Әлеуметтік сала басты назарда

Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХІV сессиясы өтіп, оған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі»

С

ессия төрағасы Ришат Хайруллин сессияны ашық деп жариялаған соң жи­­налғандарды күн тәртібі­мен таныстырып, кестеге сәйкес баян­­­да­­машыларға сөз берді. Алғашқы кезекте сөйлеген об­ лыстық экономика және бюджет­тік жоспарлау басқармасының басшысы Руслан Бектемір жи­нал­ғандар назарына облыстық мәс­ лихаттың 2012 жылғы 7 жел­тоқ­сандағы №5-2 «2013-2015 жыл­ дарға арналған облыстық бюд­­жет туралы» шеші­міне өзге­ріс­­тер мен толықтырулар енгізу, облыстық және аудандық (қа­ла­лық) бюджеттер арасындағы 20142016 жылдарға ар­налған жалпы сипаттағы транс­ферттердің кө­лемдерін белгілеу және «20142016 жылдарға ар­нал­ған облыс­ тық бюджеттің жоба­сы» туралы облыстық мәсли­хат шешімінің жобаларын ұсынды. Об­лыстық бюд­жеттің нақты­ла­нуына негіз бол­ған жағдай­ларға тоқталып өткен Руслан Бек­те­мір­ұлы 2013 жылға арналған облыстық бюджет­тің тү­сімдер бөлігін де, шығыс бөлігін де 1 700,7 млн. теңге көлемінде нақ­тылауды ұсынды. Күн тәрті­ бін­дегі келесі мәсе­леге көшкен ол 2014 жылға трансферттер кө­лемін айқындағанда бұрын рес­ публикалық бюджеттен нысаналы трансферттер ар­қылы қаржы­ландырылған жергілікті ат­қа­ру­

шы органдардың штат­­тық санын ұлғайту, мектеп мұғалімдеріне және тәрбие­ші­лерге квали­фика­ циялық санат­та­рына қо­сымша ақы төлеу, қам­қоршылар­ға ақы төлеу, арнайы әлеумет­тік қызмет­ тердің стандарттарын енгізуге, мамандарды әлеумет­тік қолдау шараларын іске асыру­ға, эпизо­отияға қар­сы шараларға, өңір­ лердің эко­но­микалық дамуы­на жәр­демдесу, сонымен бірге са­нитарлық союға жіберілетін бру­целлезбен ауырған малдардың құнын өтеу­ге, нысандарды (әкім­діктерді) күзетуді қамтама­сыз етуге жаңа шы­ғыстар қарал­ғанын жеткізді. Ол сондай-ақ 2014-2016 жылдарға арналған облыстық бюджет жоба­сы қолданыстағы ҚР Бюджет кодексіне сәйкес, 20142018 жылдарға арналған Батыс Қазақ­стан облысының әлеумет­тік-эконо­ми­калық дамуының бол­жамы негізінде әзірленгенін ай­тып, алда­ғы жылы облыстық бюд­ жет­тің кірісі 23 338,4 млн. теңге сомасында жоспарланғанын айтты. Оның сөзінше, 2014 жылы жал­пы сипаттағы трансферттер 36 321,4 млн. теңге көлемінде жос­ парланған, сонымен қатар рес­ пуб­ликалық бюджеттен беріле­тін нысаналы трансферттер және кре­диттер 37 927,8 млн. теңге кө­ лемінде қарастырылған. Бұдан басқа 2014 жылы жалпы сомасы 840,2 млн. теңгеге бюджеттік кре­диттерді аудандық (қалалық) бюджеттерден өтеу ескерілді. Осы­лайша, 2014 жылға арналған об­лыстық бюджеттің түсімдері 98 427,8 млн. теңге көлемінде бел­гіленіп, шығыстары да сол со­маны құрады. Облыстық бюджет­ тің негізгі бағыттары әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, өмір сүру жағдайын жақсарту салаларына (50 927,5

млн. теңге) жұмсалмақ. Сессияға қатысушылар наза­рына осы жо­баларды ұсынған Руслан Бекте­ мірұлы бұл ұсыныстардың бар­лығы да облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшіле­рімен пы­сықталып, облыстық бюд­жеттік жә­не мәслихаттың бюд­жеттік ко­миссияларының оты­рыстарында қарал­ғанын айтып, ұсы­­нылған жо­­балар­ды бекітуді сұ­рады. Сес­сия­ға қаты­сушылар бұл жоба­лар­ ды бірауыз­дан қабыл­дады. Бұдан соң мінбеге көтерілген облыстық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Менеев 2014 жылғы облыстағы әлеуметтік маңызы бар жол қа­ты­настарының тізбесін айқындау туралы баяндаса, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық басқармасы басшы­сы­ның міндетін атқарушы Бекет Тұрсынов облыстағы жы­ лу мау­сы­мына дайындық және өткізу қағи­дасын бекіту жөнінде мәлімдеді. Сессия жұмысын қорытын­ды­ лаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасы тапсырған тапсырмала­ ры­­­ның барлығы да өңірімізде та­­­­бысты жүзеге асырылып отыр­ ғанын айтты. – 2013-2015 жылдарға арнал­ған облыстық бюджет өткен жыл­дарға қарағанда әжептәуір түзе­ тілді. Бұл облыс бюджетін жа­сақ­тауға атса­лысқан ел азамат­ тарының жұмы­сының нәтижесі, бұл үшін оларға ризашылығымды біл­діремін. Алда­ғы уақытта да бюд­жеттің ауқымды бөлігі әлеу­ меттік салаларға жұм­сал­мақ. Жол қауіпсіздігі мен жылу мәселесі де басты назарда болады, – деді ол өз сөзінде. Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»

О

сымен бесінші жыл қа­тарынан өткізілген бұл байқаудың мақ­са­ты – мемлекеттік жастар сая­ сатын кеңінен насихаттау, об­лыс көлемінде жастар қозғалы­ сында жыл бойы белсене араласып, нәтиже көрсеткен, әр салада өз кәсіби шеберлігін байқата білген жастарды марапаттау. Облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттық­ тады. – Елбасы жастарға зор сенім артып отыр. Жастарда «Мен елім үшін не істей аламын?» деген мақсат болу керек. Ел болашағы жастардың қолында. Бүгінгі жас­ тарға ең үлкен талап – өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезі­ ніп, білімді, жігерлі болу. Елімізде жастар саясаты мәселелері бас­қармалары құрылды, жастар комитеті бар, түрлі жастар қо­ ғамдық бірлестіктері көбейіп ке­леді. Жас буын үшін көптеген істер атқарылуда, жастардың мүмкін­діктері кеңейді. Бүгін өз қатар­ ластары арасында оза шапқан үз­ діктер марапатталмақ, олардың бел­сенділіктері әлі де арта түседі деп сенеміз, - деді Бақтияр Мәкен. Биылғы байқауда 13 аталым бойынша үздік деп танылған жас­ тар ел алдына құрметпен шақы­ рылып, сый-сияпат жасалынды. «Аудандағы үздік жас көш­бас­ шы­» аталымы «Ақжайық өрен­дері» жас­тар қоғамдық бір­лес­­тігінің төрағасы Біржан Ку­хаев­ қа, «Облыстағы үздік жас көш­бас­ шы» аталымы М.Өтемісов атын­дағы БҚМУ тәр­бие жұмысы

жөніндегі психоло­гы Альфия Жақсығалиеваға, «Үздік студент» аталымы Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті Қай­ рат Нұғмановқа, «Жылдың үз­дік қаһарманы» облыстық Төтен­ше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының бас құт­ қарушысы Рүстем Ғұбашевқа, «Облыстың үздік жас ұстазы» ата­лымы Теректі ауданындағы Ақ­суат ор­та мектебінің матема­тика пәні­нің мұғалімі Асхат Маш­таевқа бе­рілді. Биылғы жылдың «Облыстың үздік жастар ұйы­мы» деп «Ақжайық КТК (КВН) лигасы» ЖҚБ, «Үздік аудан жастар ұйымы» ре­тінде «Нарын жас­тары» ЖҚБ, «Үздік жас ерікті» ата­лымына Батыс Қазақ­стан инженерлік-гумани­тарлық универси­тетінің сту­денті Жанна Исма­гулова, «Үздік жас тілші» аталы­ мына Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы студенттік «Заңғар» газетінің тілшісі Ай­нұр Базарова лайық деп танылды. «Үздік жас денсаулық сақтау қызметке­рі» аталымын биыл­дың өзінде түрлі деңгейдегі 1287 ота (операция) жасауға қатысқан (оның 714-і жедел) облыстық көпсалалы балалар ауруханасының анестезио­лог дә­рі­гері 27 жастағы Камиль Ауши­нов иеленді. «Үздік жас спортшы» ата­лымын 11 дүркін ҚР чем­пионы, 3 дүркін Азия чем­пионы, дзю­до күресінен кадет­тер арасында әлем чемпионы, еркін күрестен әйел­дер арасын­ дағы Әлем чемпионатының қола жүлдегері, халықаралық дәре­же­ дегі спорт шебері 19 жасар Екатерина Ларио­нова лайық деп та­ нылды.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

Сайқұдықта су жаңа мектеп! 12 желтоқсан күні қазақтың қаһарман ақыны Жұбан Молдағалиевтің туған ауылы – Сайқұдықта жаңа мектеп ашылып, ақ түйенің қарны жарылды. Тәуелсіздіктің тойы қарсаңында сол азаттықтың ақ таңын атыру­шы­ лардың алдыңғы шебінде жүрген, жер жаһанға «Мен қазақпын!» деп жар салған ақынының құрметіне туған елі жаңа мектеп салды­рып бермесе, кешірілмес күнәнің үлкені осы болар ма еді.

Ж

ыландыда туып, Сайқұдықта білім алған бала Жұбаннан бос­тандыққа ұран тастаған дара Жұ­банға дейінгі жол жерлестерінің әрдайым жүрегінде. Содан да болар, күннің аязына қарамастан Сайқұдық халқы сән-салтанаты келіскен қос қабатты мектеп алдына көп жиналды. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың арнайы шақыртуымен айтулы шараға ақынның жары София Мәлікқызы келді. Жайықтың «Ақ шағаласы» атанған Ақұштап Бақтыгереева, Жұбан ақынның досы, қоғам қай­раткері Бисен Жұмағалиев те осы жерден табылды. Негізі Жұбан есімі Сайқұдық орта мектебіне 2000 жылы берілген-тұғын. Әрине, заманның қиындығы, қол­ дың қысқалығы сәулетті ғимарат салуға келтірмеді. Дегенмен еш­тен кеш жақсы. Арада 13 жыл өт­ кенде ақынның ардақты аты жа­ ңа білім ошағының маңдайында жарқырады. Бұл шаруаны бұрын­ғы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұ­ хамбетов бастап кетсе, құрылысты аяқтап, елге тапсыру миссиясы қазіргі өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың еншісіне тиіп отыр. Мұны Нұрлан Асқарұлы өзінің құттықтау сөзінде де айтып кетті. - Ардақты ағайын, біз бүгін үл­ кен қуанышты жағдайда тұр­мыз. Дүние жүзіне қазақты жыры­мен танытқан Жұбан ақын атындағы жаңа мектеп ашылмақ. Ақынның жары София апамыз да осы сал­ танатқа қатысуда. Ағамыз кезінде Сайқұдыққа көп келді, осы жерде тұрған азаматтардың бір­а­зы­мен дәмдес, пікірлес болды. Біз ха­лықпен кездескенде олар ақын

есімін мәңгі есте қалдыру мақса­ тында заманға сай білім ошағын салуға өтініш білдірген еді. Тұр­ ғындардың тілегіне орай кезінде облысымызды басқарған Бақты­ қожа Салахатдинұлы «ҚПО.б.в» компаниясы басшылығына шы­ ғып, әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы есебінен осы мектептің құрылысына тапсырыс бергенін білеміз. Міне, бүгін 198 орындық жаңа мектеп бой көтерді. Мұнда барлық қажетті жабдықтар, оқуәдістемелік құралдар жеткілікті. Қысқаша ақпарат берер болсам, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында облысымызда көптеген әлеумет­ тік нысан іске қосылуда. Мұның барлығы – Елбасымыз Нұрсұлтан

Әбішұлы Назарбаевтың бізге бер­ген тапсырмаларының орындалуы. Биыл Батыс Қазақстан облысында үш ауысымдағы мектептер түгел жойылды. Келер жылы апаттық жағдайдағы мектептерді жоюға жұмыстанамыз. Осы білім ордасын салуға қаржы бөлген «ҚПО б.в.» компаниясына, мердігер мекеме – «Ақсайтемірбетон» ЖШС ұжымына халықтың атынан алғыс айтамын, – дей келе Нұрлан Асқарұлы Жұбан мектебінің директоры Бауыржан Өмірзақовқа су жаңа «УАЗ» автокөлігінің кілтін тапсырды.

Салтанатты шарада сөз алған ақынның жары София Мәлікқызы толқынысын жасыра алмай, ағы­ нан жарылды. – Қадірлі қауым, ардақты ақы­ нын жақсы көретін халқы, елі, туған жері. Осы елдің келіні болып, Жұбанның жасаған еңбегінің қызығын бәріңмен бірге көріп жатырмын. Мен өте бақыт­ты адаммын, - деді София апай. Ерекше айта кететін жағдай бұл күні жаңа мектеппен бірге Жұбан ақынның мектеп алдын­да­ғы бюс­ті ел назарына ұсы­ныл­ ды. Білім ордасының лентасын об­лыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен Со­фия Мәлікқызы қиған соң қонақ­ тар мектеп ішін аралап көрді. Жұ­бан ақынның мұражайындағы жә­ дігерлерді тамашалап, қонақ кітабына қолтаңбаларын қалдырды. Балғын шәкірттерді «Жас ұлан» сапына қабылдау рәсіміне қатысты. Күні бүгін Жұбан мектебінде 28 ұстаз, 115 оқушы білім алуда. Пайдалануға берілген жаңа ғи­ марат шәкірттердің сапалы білім, саналы тәрбие алуына септеседі деп сенеміз.

Тоқтар ҒАБДІРЕШҰЛЫ, Тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Сайқұдық ауылы, Ақжайық ауданы Суреттерді түсірген Р.ХАЛЕЛОВ

3

«Тарих және тәуелсіздік» Кеше «Нұр Отан» пар­тиясы облыстық филиа­ лының ұйымдастыруымен «Тарих және тәуелсіздік» тағылым сағаты болып өтті. Оған облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен жастар қатысты. Шараны облыстық филиал­ дың қоғамдық-саяси жұмыстар бө­лімінің меңгерушісі Гауһар Шайхыниязова ашып, жүргізді. Ең әуелі жиналғандарға еліміз­ дің тәуелсіздік дәуіріндегі жүріп өткен жолы туралы баяндайтын «Ғасырға бергісіз 20 жыл» атты бейнефильм көрсетілді. Соңынан Тәуелсіздік мереке­сінің мән-маңызы жайында Г.Шайхыниязова шағын хабар­лама жасады. Жиынның құрмет­ ті қонақтары облыстық арда­ герлер кеңесінің төрағасы Мыр­зағали Мұхамбетов пен Орал қалалық мәслихатының депу­ таты Мақсот Берген «Нұр Отан» партиясының мүшелігі­не алын­ған жеті жасқа партия билет­ терін салтанатты жағдай­да та­быс етті. Олардың ішінде Орал педколледжінің оқыту­шысы Мей­рамгүл Қалекенова, №44 орта мектептің кітапханашысы Фарида Азбантаева, «Әлім» ЖШС-ның инженер-технологы Мөлдір Төлеуова бар. Еңбек ар­дагерлері М.Мұхамбетов, М.Ық­санов атындағы қордың төр­ағасы А.Атаевқа қоса, Батыс Қазақстан гуманитарлық акаде­ миясының аға оқытушысы Аза­мат Кенже­ғалиев, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың аға оқыту­ шысы Қай­сар Ташай ұлт азатты­ ғы және тәуелсіздік жөніндегі ой-пікірлерімен бө­лісті.

Бұрқасын, көктайғақ!

“Қазгидромет” РМК “Батыс Қазақстан гидрометео­рология ор­та­лы­­ғының” мәліметіне қа­­ра­­ ған­да, 14-15 желтоқсан күндері об­лыс­­ аума­ғы­ның кей жерле­ рінде батыстан соқ­қан желдің жылдамдығы секун­дына 17-22 м/с-ға дейін жетеді. Ұжым басшылары, әсір­есе, қалыпты тіршілікті қам­­та­­ма­­сыз ететін ком­­му­­­нал­­­­­дық ме­ке­ме­ лер­дің же­тек­­ші­ле­рі электр жә­­не байланыс желі­ле­рі­нің ба­рын­ша тұ­рақты жұмыс жаса­уын қам­тамасыз етуі шарт. Төтенше жағдайлар орын ал­­ған кезде Орал қаласы, Дос­­тық даңғылы, 215 ме­кен­жайы бо­йын­ша немесе 53-60-91, 54-52-25 телефондары арқылы Орал қа­­­лалық ТЖАК КДС ке­зек­­ші диспетчері­не хабарлау керек.


4

ЕЛ МЕН ЕЛБАСЫ Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

Тұлға – қоғамның өмір тәжірибесін бойына сіңірген, жетілген адам. Адамгершілігі мол, аза­мат­тығы жұрттан асқан, көп­ шіліктің көңілінен шық­қан ардақты да ақыл­ды, пара­ сатты жандарды халқы­ мыздың маңдай­ға біткен тұлға деп дәріпте­уі орын­ ды. Адамзат қоғамының тарихи дамуы тұрғысында тұл­ға – жеке адамның әлеу­ меттенуінің нәтижесі.

oral_oniri@inbox.ru

Маңдайға біткен тұлға

Б

елгілі орыс философы Н.Леонтьевтің пікірінше: «Тұлға болып туылмайды, тұлға болып қалыптасады». Тұлғаның тағы бір маңызды си­паттамасы – адамгершілігі, тұлға­ ның рухани мәні болып табылады. Қытай ойшылы Конфуций­дің пікірінше, адамгершілік, ізгілік бі­рінші кезекке қо­йылған, олар адам­ зат өмірін жақ­сартушы, жаман­­ шылықтан құт­қарушы санаттар тү­рінде қа­растырылады. «Адам­гер­ шілік бар жерде, өмір қызық­ты, әрбір ақыл­ды адам, оның жа­ға­ лауына қо­нуы­на ұмтылады» де­ген екен Конфуций. Халық – да­рия, одан батыр да, ақын да, дана да шығады. Халық – Отан тұғыры, ел іші – кеніш, көп қорқытады, те­рең батырады. Рухсыз халық то­ бырға айналып кетуі мүмкін. Ұлы данышпан Абай атамыз айтқан­ дай, «көпте ақыл жоқ». Өркениет тарихына көз жүгіртсек, тек рухты халықтардың аты қалған. Неміс­ тің ұлы ақыны Гете: «Жаныңда­ғы жақсыңды жо­ғалтсаң, орны то­лар, арыңды жоғалтсаң, өңің солар, ал ерлігің­ді жоғалтсаң, ба­ рыңды біржола жояр» деген екен. Қазақ халқының тарихын­да мәңгілік із қалдырған әл-Фа­раби, Қ.Ясса­уи, Төле, Әйтеке, Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай ­ хан, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Ал­­тынса­рин, А.Бөкейха­­нов, М.Ду­ла­тов, М.Жұ­ма­баев, А.Байтұр­сы­ нов, С.То­райғыров, М.Шо­қай, Қ.Сәт­­баев, тағы басқа бір­туар тұл­ға­ ларды күллі қазақ әрқашан да мақта­н қылып, кейінгі ұрпаққа өне­ге тұтады. Әр заманның өз тұл­ға­сы бар. Өз кезінде қоғамға, оның идеясына, қоғамдағы үстем сая­сатқа қызмет еткендер де жеткі­лікті. Атақты Саққұлақ би: «Адам­­ның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, жолдаушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – са­быр, қорғаушысы – мінез, сынау­ шысы – халық» деген. Бұл – ойлы да аталы сөз. Осы ай­тылған адами қасиеттер әр­кімде кездесе бер­мейді. Бірақ кез­деседі, олар орта­мызда, жанымызда жүр (Б.Қожан­ бердиев. Тұлға философиясы //Та­ рихтағы тұлғаның ро­лі. ХҒПК ма­ териалдары. – Астана. – 2007. б.153). Төл тарихында қия­нат пен әлеу­меттік апаттың небір тоза­ғынан өтіп, аман-сау қалған халық ішін­де қа­заққа тең келеті­ні көп емес. Қазақ хандығының 1465–1466 жыл­дар шамасында ша­­ңырақ кө­ тергенін М.Дулати әй­­гілі шығар­масы «Тарихи Раши­диде» дәйек­­теген. Еуразияның са­йын дала­ сын ме­кендеген халық XYI ға­ сырдағы ша­бын­гер­ші­лік­тен өмір сүруін тоқтатты десе, XYIII ға­­­сырдағы «Ақтабан шұбырынды,

ал­қа­көл сұ­ла­ма­дан» кейінгі қа­­зақ­ты сол заманның көрнекті аза­ма­ты жан сауғалаған қоянға ұқ­ сатыпты. Арада екі ғасыр уақыт өткенде коммунистік биліктің ұжым­дастыру қасіретінен ұлттың үштен екісі қырылды, шет елге босып кетті. Маркстің «Тарих екі рет қайталанады, оның бірінші­­сі – қайғы-қасірет, екіншісі – күл­­ді­бадам» деген қағидасы бар. Отарлау мен өктемдік қыспа­ғын­дағы қазақ үшін алапатты тарих екі рет емес, талай рет қайта­ланды. 1937 жылғы «үлкен қыр­ ғынды», 1941-1945 жылғы нацис­тік Германиямен соғысты, тың иге­руден басталған демо­гра­фия­ лық, атом қаруын сынаумен келген экологиялық апат қалайша қа­зақтың қасіреті емес?! Өткен ғасырдың 80-90-жылдар меже­ сін­де ұлттың басына апат қаупі қайта төнді. Ұлт рухының алтын дің­гегіндей Д.Қонаевты менмен­ сіген ресми Мәскеудің қызмет­тен тайдыруы, ызғарлы желтоқ­санда алаңға шыққан өрімдей жас­ тарды итке талатып, сапер кү­­регі­мен қанға бөктіруі, тұтас ха­ лық­ты «қазақ ұлтшылдығымен» айып­тауы, жүздеген, мыңдаған адамды жа­уапқа тартып, сотта­уы – бә­рі ор­талықтың жымысқы­­лық­пен, аяр­лықпен жоспарлан­ған нау­­қа­нының басы ғана еді. Осын­дай қиын-қыстау кезеңде та­рих сахнасына Н.Назарбаевтай тұлға шықты. Елуінші жылдардағы шәкірт­ тер­дің ішінде сұңғақ бойлы, шымыр, сергек, сезімтал, жинақы, сө­­зі тиянақты, аққұба балаң жігіт мектеп мұғалімдерінің назарына іліге бастады. Ол Нұрсұлтан Назарбаев еді. Көптің қамын ойлайтын қарапайым да кішіпейіл мінезімен, үнемі ізденісте жүруді дағдыға айналдырған, асыл қа­ сиет­терімен дараланушы еді. Со­­нау бір балаң жігіт шағында Украи­­ на­ның Днепродзержинск учили­ щесінде оқып жүргенде мұ­ға­­лі­мі В.Изотовтың: «Нұрсұлтан, сен келешекте Қазақстанның Министрлер Советінің Председа­те­­лі, мемлекет басшысы, қайрат­кер боласың» деп болжам айтуының өзі тұлға ретінде берген бағасы болса керек. Қазақ елінің бірінші

басшысы қызметіне келген 1989 жылдан бергі Н.Назарбаевтың қай­раткерлігі, менің ойымша, үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – 1989-1991 жылдың желтоқсаны. Оның негізгі мазмұны мен бас­ты қорытындысы-кеңестік жүйені күресінге лақтырып тастау мен туған елін отарлық, партиялық, идеялық қыспақтан құтқаруға саяды. Екінші кезең – 1991-1995 жылдар аясы. Жаһандану мен әлемдік бәсеке көлдей жайылып тұрғанда, азаттыққа енді жеткен жас мемлекетті қанаттыға қақ­ тырмай, тұмсықтыға шоқыттыр­ май, тағы бір мықтының уысына түсірмей, алып шығу – қиынның қиыны. Сондықтан да 1991-1995 жыл­дар Қазақстанның жол табу кезеңі. Бұл кезеңнің басты нәти­жесі – екінші Конституцияны қа­ былдау. Қазақ елінің барша өмірін жаңаша реттеуге негіз қалаған Ата Заң­ның авторы – Нұрсұлтан Назарбаев. Үшін­ші кезең – 1995-2013 жылдарды қамтып жатыр. Бұған дейінгі ізденіспен жүзеге асқан шаралар – мемлекеттік рәміздер­ дің қа­былдануы, ұлттық валюта – тең­ге­нің енуі, Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру, нарықтық қа­ ты­нас­тарға заңнамалық жол ашу, әлемдік қауымдастыққа кірігу – бәрі елдегі жүйелік дағдарыс­­ты ауыздықтады. Жанданудың ал­ ғаш­қы нышандарын, басқасы бай­ қа­мағанды көріп, Н.Назарбаев одан да әріге көз жіберген. Әйт­ песе, азаттықтың 6 жылында, ел­де жұмыссыздық, кедейшілік тә­­ різді кереғарлық еңсені басып тұрғанда, 33 жылға құрылған «Қа­ зақстан – 2030» стратегиялық бағ­ дарламасын қабылдауға кімнің жү­регі дауалайды?! «2030 жылы, - деген болатын Н.Назарбаев, – Қазақстан әлі де барынша кемелдене алмайды. Ол әлі де әлемдегі ең бай, ең білімді, ең дамыған ел бола қоймайды, бірақ ол күрде­лі жолдан ойдағыдай өткен жә­ не дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады». Осы болжамның айтылғанына 33 жыл емес, 16 жыл ғана өтті. Бүгін­гі серпінді дамудан хабардар адам бағдарлама мерзімінің үштен бі­рі аяқталмай жатып-ақ, Қазақ­стан­ның күрделі жолдан ойдағы­

дай өтке­нін және дамудың келесі кезеңі­не «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мем­ лекеттің жаңа сая­си бағыты» бағ­ дар­ламасына нық қадаммен аяқ басқанын бекерге шығара ал­май­ ды (М.Жолдасбеков. Нұрсұлтан Назарбаев және тұлға туралы та­рихи сананы қа­лып­тас­тыру// Көр­ сетілген еңбек.-б.13-14). Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт көшбасшысы ретіндегі орны қа­зір қоғамдық саяси пікір-са­йыста кең орын алып жүр. Қазіргі сая­си биліктің жақтастары да, қарсы­ ластары да оның шын мәнінде сон­дай тұлға екендігіне немесе ол туралы айтылып жүрген «заң­дық кепілдеме, оның ескерткіш­ тері» сияқты екінші кезекті нәр­селерге дауласып келеді. Шеші­ летін мәселелердің ау­қымы мен күр­делілігі, нарықтық қатынас­ тарды жүргізу барысында қол­ дануға тура келген ай­тар­лықтай қатал шаралар, саяси элита ара­сындағы қайшылықтар мен шие­леністер көптеген мемлекет қай­рат­керлерінің манса­бына нүк­те қо­юы мүмкін еді. Бірақ Н.Назар­баев өзінің саяси бағытын жүргізуде, қызметінде икемділік пен беріктік танытып, көшбасшылық ұстаны­ мын бір сәтке де босаңсытпай оны нығайта түсті. Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік-экономикалық мәселелерге басымдық бере оты­рып, қойылған ауқымды міндет­ терді тұрақты демократиялық сая­си жүйе ғана орындай алатынын көре білді. Мемлекетте қа­былданған президенттік республика үлгісінің арқасында ғана елді экономикалық және саяси былықтан алып шығып, онда тәр­тіп пен тұрақтылық орнату мүм­ кіндігіне ие болдық. Аталған үлгі қоғамға қажетті нарықтық ре­ формаларды парламенттік қысыр кеңеске «батып кетуге» жеткізбей, табысты жүзеге асыруға септігін тигізді. Бұл үлгіге Қазақстан халқының ассамблеясы инсти­ туты үйлесімді кірікті. Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне көзқарас ел ішінде, одан тыс жердегідей бір­текті емес. Дегенмен қалың көп­ шілік үшін ол – көрнекті мемлекет қайраткері, ұлт көшбасшы­ сы. Ол – өзінің тектік және ді­ни

сеніміне қарамастан Қазақстан көшбасшысы. Оған өзінің ұлттық ерекшелігі мен діни сеніміне қа­ра­мастан, ха­лықтың басым бө­лі­ гі сенеді және тұрақты қолдау көр­сетеді. Қалай десек те, Қазақ­ станның тә­уелсіздігі жылдарын­да қыруар іс атқарылды. Әрине, 20 жылдан астам мұн­дай күрделі тарихи кезеңде ел басқару – аса жауапты әрі көш­ басшы үшін орасан зор салмақ тү­сіретін қиын міндет. «Биліктен ке­тіп, көшбасшы орнын басқаға босататын уақыт келген жоқ па?» деген сұрақтың туындауы – таби­ ғи нәрсе. Бірде М.Тэтчер осын­дай сұраққа: «Мен шаршаған­ ша орнымда қаламын. Ал әзірге Британияға мен қажет болып отырғанда, мен еш шаршамаймын», – деп жауап берген екен. Ал Нұрсұлтан Назарбаев ұстаны­ мын осыдан бес жыл бұрын, 2008 жылдың маусымында «Хабар» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында: «Мен әзір ешқайда кетпек емеспін. Халқым маған се­ ніп отырғанда, денсаулығым мен мүмкіндігім жеткенше ұзақ жұ­мыс жасаймын», – деп ашық айт­ қан-ды. Мұндай нық жауапты Ел­басы жақында облыста болған ке­ зінде тағы да сеніммен қай­тала­ды. Бұл ұстаным – билікке деген шексіз құштарлық емес, кері­сін­ше өзі бастаған істі соңына жеткізуді парыз санаған жауап­ кершілік. Әрине, Қазақстанның бүгінгі өр­­кендеуін тұлғаның жеке ба­сымен ғана байланыстыра дә­ріп­ тесек, тарихи ақиқат алдында кү­ нәға ба­тамыз. Бұл тіпті тұлғаның есімі мен ісін ұлықтағаннан гөрі көпе-көрнеу бұрмалауға көбірек ұқсап кетеді. Кешегі Кеңестік жыл­­дар­да халық мұндай әсіре дәріптеудің небір нұсқасын бас­тан өткерген. Ең дұрысы – тарихты жасайтын халық екенін үз­діксіз қуаттай отырып, оның жа­ сам­паздық әлеуетін тани білуші, уақыт пен кеңістік сұранысына сай өзекті міндетті ұйымдас­ты­ рушы әрі байыптау­шы, бар бол­са, аспайтын кемел көшбасшы кім екенін кешенді, қисынды һәм орынды насихаттау. Тұлғаны ұлық­­тауда үйлесім мен мәдениет, әділдік пен ақиқат, мазмұн мен пішін, ой мен сезім асып та түспесін, кем де соқпасын. Абай­ша айтсақ, «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұ­мыр келсін айналасы». Жүректен шықпа­ған лебіз жүрекке жетпейді. Тә­уел­сіз еліміздің тұңғыш Прези­денті ре­тінде Н.Назарбаевтың Қазақ мем­лекеттілігінің тарихы­ на сіңірген орасан зор тарихи еңбегі уақыт өткен сайын екше­ле­ніп, айшықта­ла бере­тін болады. Сөзімнің соңын Н.Назарбаевтың мына да­налық сөзімен аяқтасам деймін: «Кешегі бабамызбен ға­на емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек», ағайын!

Тұяқбай РЫСБЕКОВ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик, Орал қаласы


ЕЛ МЕН ЕЛБАСЫ oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

лігіне Президенттің өзі де ри­за болған көрінеді. Фильмде Нұрсұлтан Назарбаев­тың метал­ лур­гиялық зауытта әйгілі академик Қаныш Сәтбаевпен кездескен сәті де шебер көрсетіліпті. Бұл рөлді Бақытжан Әлпейісов алып шыққан. Жалпы, киноэпопея сценарийін Елбасының «Әділеттің ақ жолы», «Бейбітшілік кіндігі» және «Еуразия жүрегінде» шығармаларын негізге ала отырып, белгілі драматург-сценарист Шахимарден Құ­сайынов пен режиссер Рүс­тем Әбдірашев жазып шыққан. Сон­дай-ақ аталмыш фильмде Елба­ сы­ның әріптестері, достары мен замандастарының естеліктері молынан пайдаланылған. Екі бөлім­нен тұратын эпопеяны шығар­ ма­шылық топ күн-түн демей бір жа­рым жыл Мәскеу, Украина, Бе­ларусь, Латвия, Эстонияда тү­сір­ ген. Көркем дүниені жарыққа шы­ ғару үшін жалпы са­ны 100-ден

Экранда – өнегелі өмір өрнектері Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі» 13 желтоқсан күні, яғни Тәуелсіздік мерекесі қарса­ ңында Оралдағы «Галактика» ойын-сауық орталығының кинотеатрында «Елбасы жолы» киноэпопеясына кіре­тін «Отты өзен» және «Темір тау» көркем фильм­дері­нің тұсаукесері болып өтті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірінен сыр шертетін кинотуын­ дыларды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, Жайық өңірінің зиялы қауымы, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйым­ дардың, сондай-ақ жастар өкілдері, өндіріс ошақта­рының жұмысшы-қызметкерлері көріп, тамашалады.

Б

ұдан екі жыл бұрын шық­ қан «Балалық шағым­ның аспаны» атты фильм­де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлының балалық шағынан сыр шертілсе, «Отты өзен» мен «Темір тау» атты жаңа толық­мет­ ражды көркем фильмдер соның жалғасы болып саналады. Екі жа­ңа фильм 1958-1968 жылдарды қамтиды. Дәл сол кезде қазақ же­рінде «өнеркәсіптік револю-

ция» басталады. Ал бұл тұп-тура Нұрсұлтанның ержетіп, қызығы мен шыжығы бірге өрілетін үлкен өмірге қадам басуына дөп келеді. Кіндік қаны тамған туған ауылынан арман қуып аттанған жас Сұлтан металлургтер қаласы – Теміртауға келіп, республикалық жастар құ­ рылысына білек сыбана кіріседі. Жас өрен уақыт өте Украинада­ғы Днепродзержинск қаласына оқу­ға жолдама алып, жаңа дос­та­-

ры мен өмірдегі ұстаздарын кездестіреді. Оқуын ойдағыдай тамамдап, қолына диплом алған жас Сұлтан достарымен бірге Теміртауға оралып, еңбек жолын қайта жалғас­ тырады. Алдына айқын мақсат қоя білуімен, діттеген биігіне жету жолында қаймықпай, қажымай, күресе алатын қайсар мінезінің арқасында ол қарапайым металлургтен Орталық Азиядағы ең ірі комбинаттың басшысына дейін кө­теріледі. Н.Назарбаев домна пе­шіндегі шойынмен бірге шың­да­ лып, партия жұмыстарына белсене атсалысады. Бұл фильмде бас кейіпкердің рөлін жас актер Нұрлан Әлімжа­нов сомдады. «Негізі, мен Прези­ денттің рөлін ойнаған жоқпын. Ол кезде Елбасы еліміздің Пре­зиденті болған жоқ қой. Мен Нұрсұлтан Әбішұлының жалын­ даған жастық шағын, оның атаанаға құрметін барынша көрсету­ ге тырыстым», – дейді актер. Ал Нұрсұлтанның әкесі Әбіштің рөлін сомдау Нұржұман Ықтымбаевқа бұйырған. Оның актерлік шебер­

Полиция қызметкерлеріне жаңа автокөлік Нұртас НАБИОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі» Еліміздің Тәуелсіздік күні мере­ кесіне орай қаламыздағы полиция қызметкерлеріне су жаңа 12 жеңіл автокөліктің кілті салтанатты түрде табыс етілді.

Ш

араға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен арнайы қатысты. – Баршаңызды таяп қалған Тә­­уел­сіздік күні мерекесімен құттықтаймын! Сіз­дердің ел тыныштығы жолында атқарып ке­

ле жат­қан істеріңіз ерекше. Сіздер бүгін­де Елбасымыздың сарабдал сая­сатының арқасында тұтас еліміз жеткен игіліктерді пайдалана оты­рып, әрі қарай да жемісті ең­бек ете береді деп сенеміз, – деген облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен полиция қызметкерлеріне жа­ңа автокөліктердің кілтін табыстады. Салтанатты шара барысында Қазақстан Рес­ публикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Қалмұхамбет Қа­сымовтың құт­тықтаухаты оқылды. Сондай-ақ үздік полиция қызметкерлеріне қызметтік шен, медаль, ма­дақ­­тау қағаздары мен алғысхаттар табыс еті­ліп, 11 жас полиция қызметкері ант қабылдады. Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

5

астам маман еңбек етіпті. Осы орайда фильмнің режиссеріне ар­тылатын жүк ауыр болғанын айт­ пасқа болмас. «Елбасы жолы» киноэпопеясының режиссері Рүс­тем Әбдірашевтің айтуынша, 200 са­ғаттық түсірілімді 2 сағат 50 минутқа сыйғызуға тура келген. «Киноны түсіруге 1,5 жыл жұм­­салды. Елбасы өмірбаянының ізімен жүріп отырып, 1958-1968 жылдар аралығын шы­ғармашы­лық топпен демалыссыз түсірдік. Президент жазылған сценарийге біршама кеңестер берді. Біз Ақордаға барып, сонда түсір­дік, ол кісі бізден түсірілім қалай өтіп жатыр, қандай сюжеттер да­ йын болды, кімдер қаты­суда деп сұрап тұрды. Ал кар­тина дайын болғанда оны көріп, ме­нің ойымша, риза болды», - деп атап өтті Р.Әбдірашев. Кинотуындыны көруге халық көп жиналып, шыққаннан кейін алған әсерлерімен бөлісті.

Ақсерік ӘЙТІМОВ, облыстық мәслихаттың депутаты, «ҚазИИТУ» ғылым-білім кешенінің құрылтайшысы: – Фильмдегі режиссерлік шешімдердің шы­ найылығы, тап-таза өмірдің өзінен алынған қос­пасы жоқ көркемдік кестелері сүйсіндірмей қой­ майды. Кинотуындыда бүгінгі Ұлт көшбасшы­сы­ ның мамандық төресінің бірі металлург болып жүргенде ше­телдік кейіпкер қыздың оның келісті келбетіне, құйып қойғандай киім киісі мен сымдай тартылған сымбатына қарап металлург еке­ніне күмән келтіруі де табиғи қалыпта суреттеледі. Тек ол құрыш құю­ шының қолындағы мүйіздей қатып қалған сарғыш сүйелді көрген­ нен кейін ғана райынан қайтады. Фильм сценарийінде мұндай өмір мен өндірістің өзінен алынып, шындықпен суарылған детальдар мен штрихтар аз емес. Виктор ТАРАСЕНКО, «Еднання» украин ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі: – Картинаның өн бойынан қарапайым адамның өмірінің иісі аңқып тұр. Себебі қуаныш пен қайғы, махаббат пен көңіліңнің қалуы – біздің әрқайсысы­ мызға тән нәрсе. Ең бастысы, бұл фильм бізді еш­бір қиындыққа қарамастан, жақсы адам ретінде қалыптасып шыңдалуға, ұлтын сүюге, елінің бо­ла­шағы үшін жанкешті еңбек етуге үндейді. Елбасымыздың Днепродзержинскіде өткен жастық шағы мен үшін де қымбат. Тарихи Ота­ным – Украинаны, таныс қалаларды, көшелерді көру көңілге өте ыстық екен. Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлының өмір жолы арқылы әркім өз бағыт-бағдарын айқындай алады, келешекке жоспар құрады. Карти­на өте жоғары деңгейде түсірілген.


6

сұхбат Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Қазақ елі үшін аса қасиетті де қастерлі мейрам – Тәуелсіздік күні жақындаған сайын алдымен азаттық үшін күрескен, сол жолда қанын да, жанын да аямаған ұлы тұлғалар жадымызда жаңғырары хақ. Бұл ретте еліміздің сан ғасырларға ұласқан ерлік жолын еш ұмытуға болмайды. Осы орайда батысқазақстандық белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Әбілсейіт Мұқтармен сұхбаттасқан едік.

Елдің бағын ашпаса,

ер мұратқа жетер ме?

– Тарихтағы тұлғалар, олардың қоғамдық-саяси қызметі, өмірі – қай халықтың да жүріп өткен жолының айнасы, – деді ғалым. Өйткені тарихты халық жасағанымен, сол халықты бастайтын да, оның да­ муында өз ізін қалдыратын да же­ ке тұлғалар. Халық жеке қайрат­ керлері арқылы тарихта шешуші қадамдар жасайды. Александр Ма­кедонский, Күлтегін, Шыңғыс хан және басқалар өзінің нақты істерімен тарихта қалды. Әйгілі Әйтеке би айтпай ма: «Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме? Ел тірегі – ер, ер тірегі – елі бола білген қауымның басынан бағы кетер ме?! Есті еріңді ез тұтсаң, өзіңді-өзің қорларсың, Есеріңді ер тұтсаң, іргеңізден жау кетпей, төріңізден дау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып, сорларсың да, зарларсың. Ез мұраты – көрешек, ел мұраты – келешек. Көрешегін күйттеген түбі қоймас сүрінбей, келешегін күйттеген түбі қоймас сүйінбей, жетелі ер адаспас – бабадан қалған сөз бар ғой, жетелі ел адаспас – бағзыдан қалған із бар ғой» деп. Демек, қазақ халқы қай уақытта да ел қайраткерлеріне ерекше сенім білдіргені анық. Бірақ патшалы Ресей заманын­ да біз бұл мәселелерді ауызша, атадан балаға жеткізу арқы­лы ғана шешсек, кеңестік дәуірде халықтың қалаулы ұл-қызда­ры­ның қоғамдық-саяси қызме­тінің тарихына бойлауға анық шектеу қойыл­ ды. Оған алдымен коммунис­тер­дің «ұлы орыс халқының» төңі­ регіне өзге халықтарды жинап, Ресейдің ерлік тарихын және басқа халықтарды азаттыққа ба­ ғыт­таушы «ерекше» қабілетін асы­ра бағалауы әсерін тигізді. Сөйтіп, тәуелсіздікке қол жеткенше, өзге ұлттың тарихы мен оның тұл­ ғаларын жаттап өстік. Бұл арада бір ғана Ермахан Бекмаханов­тың Кенесары ханның тағдырына ар­ налған монографиясының тарихын еске алсақ та жеткілікті. Міне, сондықтан да атақты тарихшы Кеңес Нұрпейіс: «Кеңестік кезеңде «қазақ халқының қуанышынан гөрі тартқан қасіреті көп болды. Сталиндік, әкімшілдік-әміршілдік жүйенің ұйымдастырған зобалаңы қазақ халқын тарих сахнасынан кетіре жаздады», «саяси-тарихи портреттер жасау жанры біздің отандық тарихымызда... зорлап ұмыт­тырылған тақырып болатын», - деп, мәселенің негізгі түйінін дәл көрсеткен-ді. Бүгінгі Қазақ елінің тәуелсіздігі ғана елімізді аман

сақтап, ұлтымыздың тұтастығын бұзбаған, келер ұрпаққа осынша жер мен байлықты бұйыртқан бір­ туар тұлғаларымызды туған хал­ қына қайтарды. «Біз жоқ іздеген халықпыз» деп кешегі заманда Ахмет Байтұрсынов дәл айтқандай, тұлғалар тарихын түгендеп болдық дей алмаймыз. Соңғы жылдары жарық көрген ірі зерттеулерден Мұстафа Шоқайға арналған Көшім Есмағамбетовтің «Әлем таныған тұлға», Ұлжан Ахметованың «Арын­ ғазы ханы» және басқа ірі монографияларды айтуға болады. Зерттеп, жаңаша жазған қазақтың біртуар ұл-қыздарының арасында әлі ұмыт қалғандары да жетерлік. Мен тарихшы ретінде XVII-XIX ғасырлардағы тұлғаларды тарихи деректер негізінде жаңаша зерделеп жүрмін. Оған «Егемен Қазақстан» газетіндегі 2006-2013 жылдар аралығында жарық көр­ ген Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Абылай, Уәли, Қаратай, Арынғазы, Қайыпқали хандар, Сырым, Алыбай, Жоламан батырлар, Әйтеке би туралы мақалаларым дәлел. Олардың барлығы – елі мен халқы үшін жанын аямаған тұлғалар. Мәселен, қазақтың аға хандары Тәуке, Қайып, Әбілқайыр, Әбіл­ мәмбет, Абылайлардың сыртқы саясаттағы көпвекторлы бағытты ұстануы ашық айтылмады. Олар­ дың бір ғана Ресеймен емес, Иран, Түрік, Ауған, Жоңғария, Қытай елдерімен дипломатиялық байланыс жүргізгені тәуелсіздік арқасында ғана дәлелденді. Қазақ ешқашан өз еркімен Ресейге қосылған емес. Тарихи жағдайдың солай қалып­ тасқанына Әбілқайырдың кінәсі жоқ. Ол да, өзге де ел игілері Ресеймен әскери келісім жасауды мақ­ сат тұтты. Қазақ елінің 1759 жылы Қытайдың жаулап алушылығына қарсы сол замандағы империя болған Ауғанстанмен бірлеске­ні туралы «Егемен Қазақстан» газе­ тінің 2013 жылы 4 қазанында жа­рияланған мақаламнан оқуға бо­лады. Қазіргі кезеңде тың жаңа деректер Қытайдан, Ираннан, Түркиядан, өзге де елдерден көп­ теп келуде. Оны мемлекетіміз қол­дап, ұйымдастыру жұмысына мол қаржы бөліп отыр. Демек, жаңалықтың дені алда деп есептеймін. – Әбілсейіт Қапизұлы, соң­ ғы кезде Елбасы тапсырмасына сәйкес «Халық тарих тол­ қы­нында» атты жоба қолға алынғаны белгілі. Ендеше, елі­

міздің өткенін түгендеуде қан­ дай шаруаларды бірінші кезекте атқару керек деп ойлайсыз? – Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Отан тарихы ғылымы орасан зор жетістіктер биігінен көрінуде. Де­ генмен бүгінгі таңда ұлттық тари­ хымыздың кемшін қалып тұрған тұстары да баршылық. Әсіресе, ел тарихын жазудағы бүгінгі жа­ ңаша көзқарасты қолдану, әдіс­ наманы өзгерту, түрлі тарихи деректерді бірізділікке түсіру, жаңа дерек көздерін ғылыми ай­ на­лымға енгізу күн тәртібінен түс­ пей тұрғандығы жасырын емес. Ол турасында 2013 жылдың 5 мау­­сымында Астана қаласында Қазақ­ стан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерделеуге қатысты ведомство­ аралық жиында толық айтылды. Мемлекеттік хатшы: «Кез келген тарихи дәуірде адамдардың өмірі және саяси жүйе бір-біріне сай бола қоймайды. Өмірлері ХХ ғасырмен тұспа-тұс келген қа­зақстандықтардың ғұмырлары үл­кен мазмұнға ие болды. Олар­ дың өз қуаныштары, өз жеңістері мен жеңілістері болды. Тұтас бір ұрпақтың өмірін құрайтын осынау тарихты қаралау және сызып тастау тарихи тұрғыдан алғанда объективті болмас еді», – деп орынды атап көрсеткен-ді. Ендігі жерде тарихшы фактілерді тізбелеп, суреттеп отырушы, оқиғаларды тек тіркеуші емес. Алдыңғы кезекте тарихшы пайымдаушыға, зерттелетін уақыттың ішкі мағынасына ой жіберетін ғалымға, фактілерді жай зерттеп қана қоймайтын, нақты қоғамның құндылықтарын, моралін түсінуге қол жеткізе алатын ғалымға айналуы қажет. Мемлекеттік «Халық тарих толқынында» бағдарламасы тарих ғылымына жаңа серпін берді. Меніңше, осы бағдарлама аясында сан алуан маңызды шаруаларды атқаруға мүм­кіндік бар. Біріншіден, Қазақ тарихы әлемдік тарихтың құрам­ дас бөлігі ретінде зерделене ке­­ле, дүниежүзілік қауымдастықта­ ғы алар орны нықтала түседі. Оны әлем­нің әр тарапынан Отаны­ мызға әкелініп жатқан тың дерек­ тер айғақтайды. Мәселен, бұған бір ғана Р.Сүлейменов атын­дағы Шығыстану институты ғалымда­ рының Қытайдан шағатай, ойрат тіліндегі 300, мәнжүр және қытай тіліндегі үш мыңнан астам

мұрағаттық құжаттарды табуы нақты дәлел. Екіншіден, осынша деректердің барлығы алдымен ұлттық санада таразыланып, қорытудан өтуі маңызды. Өзге елдер жинақтаған қазақ тарихы туралы кез келген материал сол елдің көзқарасымен жазылады. Ал оны өзара салыстыру, шындығын айырып алу, тарихи оқиғалар жігін түсіну – тарихшының басты міндеті. Үшіншіден, ел іші қашан да қазына. Ата шежірені жинау, өткенді жаңғырту, фольклорлықэтнографиялық байлығымызды жинақтап алу – кезек күттірмейтін мәселе. Шыны керек, оны білетін көнекөз қариялар азайып бара жатыр. Ертең олардың білгенінен айырылып қаламыз. Бір ғана мысал. 2013 жылы қыркүйек айын­ да М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ­ си­­­тетінің ғалымдары «Бабалар тарихына тағзым» атты экспедиция ұйымдастырып, Бөкей ордасы, Жаңақала аудандарының қы­рықтан астам елді мекендерін аралады. Қорытындысында жинақ­талған материалдар бұл бағыт­ тағы жұмысты тездету қажеттігін байқатты. Бұл жұмыс респуб­ли­ камыздың көлемінде уақыт оздырмай шұғыл қолға алынуы қажет. Төртіншіден, тарихшылардың жа­­­ңа буынын тәрбиелеуге, олар­ дың бірнеше тіл білуіне айрық­ша назар аударуымыз керек. Ол да мемлекеттік деңгейде шешілгені орынды. Бесіншіден, Қазақ­стан тарихшыларының дені орта­лық­ тарда емес, өңірлерде шоғыр­ ланған. Оларға қаржы бөлу, ізде­ністер жұмыстарында пайдалану кемшіндеу. Айта берсе, кезек күттірмейтін шаруалар шаш етектен. «Мәңгілік ел болуымыз» үшін, әр тарихшы ғалым, ел тарихына жүрегі ауыратын өлкетанушы азаматтар өз үлестерін қосуы тиіс. – Биыл батыр әрі ақын Махамбет Өтемісұлының 210 жыл­ дығы барынша аталып өтті. Осы ұлы тұлғаның өмірі мен шы­ғар­ машылығы толық зерттеліп болды деп айту қиын. Бұл бағытта не істеу керек деп есептейсіз? – Қазақ батырлары тарихымен шұғылдануды біздің универ­ ситеттің тарихшы ғалымдарына мемлекетіміздің өзі арнайы тапсырма бергендей. Өйткені 2003 жылы оқу орнымызға ұлтымыздың мақтанышы Махамбет баба есімі берілді. Ол жайдан-жай беріле сал-

мады, зор міндеттер жүктеді. Оның үстіне университетімізде Махамбет батыр мұрасына бар өмірін арнаған зерттеушілер, академик Қажым Жұмалиев, профессор Исатай Кенжалиевтер еңбек етті. Профессор И.Кенжалиев өмірінің соңына дейін батырлардың жүр­ген ізімен ел ішіндегі мұраларды жинады, Қазақстан, Ресей мұра­ ғат­тарын сүзіп өтті, жас буын­ды Махамбетше елін сүюге тәрбие­ леді. Біз осы өсиетті жалғас­тыру­ дамыз. Өйткені Махамбет-Исатай тұлғалары – азаттық пен тәуел­ сіздік символдары. Ол жө­нінде Елбасы Н.Назарбаевтың атап өт­ кеніндей: «Еркіндік және Теңдік! Егемендік және Тәуелсіздік! Осы төрт тұтқа тұрғысынан келгенде, Махамбет өз атынан емес, тұтас ұлттың атынан, өзі өмір сүрген жылдар емес, қазақ халық болып қалыптасқан сан ғасырлар деңгейінен тіл қатады». Университет профессор-оқытушылары, озат студенттері биылғы 4 шілдеде Атырау облысы Индер ау­ данындағы Қарой мекеніндегі Махамбет бабаның зиратына барып, тағзым етті. Бүгінде университет ғалымдары ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді жаңаша қолға алуда. Университет жанында «Махамбет» ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасайды. Бұл бағытта ғалымдарымыз бабаның жерленген жерін тауып анықтаған Құрақ ақсақалдың ұлы Амангелді Құрақов, баба сүйегін арулап, пәктеп, қайта өз қолымен жерлеген медицина ғылымдарының докторы, профессор Қайыржан Әбисатов ақсақалдармен бірнеше мәрте кездесіп, тығыз байланыс орнатты. Аталған ақсақал­дар – университетіміздің ең сыйлы қонақтары. Бабаларды тану мақ­ сатында алдымызда үлкен жұ­мыс­ тар тұр. Істелген жұмыстар­дың бір­азы жылда өтетін «Махамбет оқулары» ғылыми-тәжірибелік конференциясында талқыға салынды. 2013 жылы 21 қарашада дәстүрлі V оқулары жоғары деңгейде өтті. Осы тұста бір шоғыр жұмыстарды қолға алдық. Біріншіден, бұрынғы зерттеулерді жалғастырып, Орынбор, Астрахан, Санкт-Петербург мұрағаттарынан жаңа деректер іздестіреміз. Екіншіден, «Исатай басшы, мен қосшы» деп Махамбет батыр жырлағанындай, Исатай батырдың жерленген жерін анықтау мақсатындағы жұмыстар қолға алынды. Үшіншіден, Махамбет баба ұрпақтары XX ғасыр­ дың 30-жылдардағы ашаршылық жыл­дары Орынбор, Башқұрт ба­ ғытына көшті деген ақпараттың шындығын анықтау, бір сөзбен айтқанда, батырдың тікелей ұр­ пақтарын табу. Төртіншіден, ел ішінде Махамбеттен қалған мұра­ ларды жинастыру. Бесіншіден, батырлар жанында жүріп, жауға бас имеген, азаттық туына өмірле­ рінің соңына дейін адал болған азаматтардың тарихын толықтыру. Қысқасы, болашақта батыр тарихына, қалдырған мұраларына қатысты талай жаңалықтар болады деген сенімдеміз. Мұндай маңызды жұмыстар университет ректоратының тікелей қолдауы­ мен жүзеге асып отыр. - Әңгімеңізге рақмет. Сұхбаттасқан Ғайсағали САМИҒОЛЛАҰЛЫ


дала-қала oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

Даму қарқыны жоғары өңір

Тәуелсіздік күні қарса­ ңында Теректі ауданының Подстепный ауылында был­дайтын дәрігерлік ам­

Оның дәлелі ретінде ҚР Президенті Әкім­­шілігінің рейтингтік ресми бағасын ай­туға болады. Осы рейтинг қоры­тын­ды­ сымен Оңтүстік Қазақстан облысы үш жыл қатарынан жоғары даму қарқынын көрсе­тіп отыр. Бұл турасында бейсенбі күні Астанада ОКҚ алаңында өткен брифингте Оң­ түстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов мәлімдеді. - Жалпы өңірлік өнім өткен жылдың қо­ рытындысымен 1,8 трлн. теңгені құраса, биыл 2 трлн. теңгеден асқалы отыр немесе төрт жыл ішінде ол төрт есеге өсіп, рес­ публикадағы үлесі бойынша 10-орыннан 5орынға шықты. Бұл үлкен жетістік деп есептейміз, себебі облыста ірі өндіріс көздері жоқ екендігі белгілі, кеңес дәуірінде болған үлкен кәсіпорындар бүгінде жұмыс істемейді. Ал мұның бәрі шағын және орта бизнес есебінен. Оған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының облыста жүйелі жүзеге асуы себепші болып отыр. Индустрияландыру картасына 150 жоба енгізілген. Бұл республикадағы жобалардың 40%-на тең. Жобалармен бар­ лық аудан, қала қамтылған. Олардың 65%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Бүгінде 80 жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 20 жоба жүзеге аспақшы. «Бизнестің жол кар­тасы - 2020» бағдарламасы бойынша 473 жоба мақұлданып, 6737 жұмыс орны ашылды, - деді Асқар Мырзахметов.

күнге дейін халқы көп

Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ

Бөрлі ауданының орталығы Ақсай қаласында ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында аудандық су жаңа емхана пайдалануға берілді. Бөрлі ауданы халқының бұл қуанышына куә болған облыс әкі­ мінің орынбасары Бақтияр Мә­кен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­­тың меди­цина сала­сын дамытуға ерек­ ше көңіл бө­ліп отырғанын, осы міндет-мақсатты жүзеге асыру ба­ ры­­сын­да мұндай дәрі­гер­лік ны­­сан­дар­ды салып қана қоймай, он­да кә­сі­би білікті мамандарды кө­ бей­ту де бүгінгі күннің талабы екенін айта келіп, жиналғандар­дың еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесімен де құттықтады. – Бүгінде­­­­рі облысымыздың ау­ дандарында, Орал және Ақсай қаласында ден­саулық сақтау са­ласына қа­тыс­ты ғи­мараттар пай­ далануға бе­рі­луде. Жаңа ғана біз Теректі ауданының Подстепный ауылында дәрігер­лік шағын амбулатория аштық. Кеше облыс әкімі Орал қаласын­дағы Зашаған елді мекенінде 250 орындық ем­ хананың ашылуына қатысты. Бү­гінгі таңда мұндай дәрігерлік ны­сандардың барлығы да жаңа за­ манға сай медици­на­лық құралжабдықтармен қамтыл­ған. Мұ­ның бәрі мемлекет бас­шы­сы­ның тікелей тапсырмасы­мен жүзеге асқан жетіс­тіктер, - деген облыс әкімінің орынбасары ҚПО б.в. жә­не мердігер компанияға алғысын білдірді. Осыдан соң денсау­лық сақтау саласының үздігі, Бөрлі ауданы­ның құрметті азаматы Валентин

Халық саулығы қамымен

ауы­сымына 75 адам қа­

Еліміздің оңтүстік өңірі бүгінде қарқынды даму үстінде.

булатория ашылды. Осы елді мекенге есептелме­ ген, ғимарат емдеу орны міндетін атқарған еді.

Амбулаторияда қазір се­гіз дәрігер еңбек етіп жүр. Нау­қас­­тар­ды айрықша дерттеріне қа­тысты мұнда кесте бойынша орталық аудандық аурухана­ ның арнау­лы мамандары қа­ былдайды. Подстепный ауылының тұр­ғын­­дарын қос қуаныш – Тә­ уелсіздік күні және амбула­то­ рияның ашылуымен облыс әкімі­нің орынбасары Бақтияр Мәкен құттықтады. – Бүгінде денсаулық сақтау саласында тындырылған іс көп, - деді атап көрсетті ол, – Жа­қында облыс әкімі бір ауысымда 250 адамды қабылдай алатын көп бейінді емха­наны ашты. Қазір осы ауылда амбу­ла­тория ашып тұр­мыз. Содан соң Бөрлі ауда­нын­да 500 адам­дық ем­хана пай­далануға бе­ріл­мек. Осының бәрі Елбасымыз

7

Н.Назарбаев­­­тың тапсырмасы бо­­йын­ша жүзеге асы­рылуда. Об­­лыстық денсаулық сақ­тау басқармасы енді медици­на­­­лық кадрлар, олардың бі­лік­­тілігін арттыру мәселесін шеше­ді. Осы барлық ша­ра­лар­дың бас­ты мақ­ са­ты – халықты медици­на­лық қам­ту­дың са­па­сын арттыру. Б.Мәкен амбулаторияны сал­ған «Отделстрой» ЖШС-ның ди­­ректоры Мих­но­ға да ал­ғыс айтты. – Сіз­дер үшін осындай елеу­­лі ны­сан са­лып беру бізге үл­­кен құр­мет, – деді Валенти­­на Михно ха­лық алдында. - Біз­дің ұжым әдет­те денсаулық

сақ­тау ны­­сан­­­дарына, балабақ­ ша­лар мен мектептерге жан жы­­луы­н бағыттай отырып, сер­гек сезіммен қа­райды. Әлеу­ меттік ны­­сан­дар­дың жарық, жылы ға­на болмай, әдемі кө­ рінуі үшін де тер төктік. Әлеуметтік нысан салтанатты түрде ашылғаннан кейін ауыл тұр­ғыны Альфия Потапова ауыл тұр­ғындары атынан облыс, ау­дан басшыларына, облыстық ден­сау­лық басқар­ масының басшысына және құ­­рылысшыларға осындай сый­ лық үшін шын жүректен ал­ғыс айтты. Облыстық денсау­лық сақтау басқармасының бас­-

шысы Қамидолла Ирменов­тың ай­туынша, биыл барлығы 9 ме­ дициналық нысан жөндеуден өткен. – «Жұмыспен қамту – 2020» бағ­дарламасы бойынша рес­­пуб­ликалық бюджеттен бө­лін­ ген қаржыға 5 дә­рігерлік амбулатория, ауысымына 250 адам қабылдайтын Жаңақала ауданы мен Заша­ған кентінде және ауысымына 500 адамдық Ақ­сай қаласындағы көп бейінді емханалар салынды. Істелген жұмыс тек қана ғимараттарды салу және жөндеуден тұрмай­ды. Сонымен бір­ге маман да­ йындау мен тар­туды да қам­ тиды, - деді ол. Облыстың бас дәрігері со­ нымен қатар жақында Ақтөбе қала­сында ҚР денсаулық сақ­ тау министрі Салидат Қайыр­ бековамен кездескенін және оның қаты­суымен Ақтөбе мем­­ лекеттік мед­ака­демиясының рек­торымен аталмыш ЖООның біздің өңірге жас маман­­дар­­ды бағыттау туралы ұй­ға­ рым­­ға қол қойылғанын айт­ты.

Марина ИВАНОВА, Теректі ауданы Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Бөрліліктер бөркін аспанға атқан күн далана отырып Қарашығанақ кен орнына көршілес орналасқан бес ауылдық округке, атап айт­сам, Березов, Успен, Жарсуат, Приуральный және Қызылталдың медициналық орталықтарына 5 жедел жәрдем машинасын табыс етемін, - деді Дамиано Ратти. Бұл игілік ҚПО-ның жо­ғарыда атап өтілген ауылдық округ­тер­дің кеңесімен бір­лескен жұмы­ сы аясында, сондай-ақ ҚПО-ның жергілікті қоғамдас­тықты да­мы­ту бағдарламасы шең­берінде жү­зеге асып отыр. Тәулігіне 500 адамды қа­был­ дауға арналған жаңа емхана Ақ­­сай халқының ден­­сау­лы­ғын жақ­ сартып, Елбасымыз ар­ман­да­ған­ дай табысты бо­ла­ша­ғы­мыз­­дың не­гізін қалауға үлес қо­саты­ны күмәнсіз. Юн сөз алып, тұрғындар­дың бір арманы орын­далғанын, осындай қуаныш сый­лағаны үшін Елбасы мен облыс, аудан әкімдеріне, денсаулық сақ­тау са­ласы­ның қыз­ меткерлеріне риза­шы­лы­ғын айтты. Жаңа ғимараттың кілтін емхана директоры Мақсот Байшеркешевке бас мердігер «Әлім» ЖШС директоры Алтай Тұяқов табыс етті. Еңселі де су жаңа ғимараттың лентасын кескен Бақтияр Мәкен мен ауданның құрметті азаматы Валентин Юн салтанатқа жинал­ған қауымды ішке бастап кірді. Аудан әкімі Марат Түсіпқа­лиев баста­ған меймандар ғимарат ішін

аралап, танысып шықты. Осы күні сыңғырлап тұрған ме­дицина мекемесінің кең ауласына шырша отырғызылды. Бақтияр Мәкен, Қамидолла Ирменов, Бөр­лі ауданының әкімі Марат Түсіп­ қалиев және Алтай Тұяқов ауланы көріктендірудің алғашқы шара­­сын осылайша бастап берді. Көпшіліктің қуанышты сәтінде ҚПО б.в. компаниясының бас ди­ректоры Дамиано Ратти қазақ­стан­ дықтарды Тәуелсіздік күнімен құт­тықтап, әдемі де жаңа үлгіде са­лынған бұл нысан бөрліліктер­ дің сапалы медициналық көмек алуына үлкен мүмкіндік беретініне сенім білдірді. «Осы сәтті пай-

*** Дәл осы күні Пугачев, Аралтал ауылдарында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтитын жаңа нысанның салтанатты ашылу рәсімі болды. Осы игі қуанышта аудан әкімі М.Түсіпқалиев: «Еліміздің Тәуелсіздігі күні қарсаңында Пугачев және Аралтал ауылдары­ ның тұрғындары үлкен қуанышқа кенеліп отыр. Қос ауылда «Ақбұ­ лақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша су құбыры желісі қай­та жөндеуден өтіп, сапалы ауыз суға қол жетті. Тәуелсіздік алғалы елі­­­міз­дің экономикасы дамып, ха­­­лықтың әл-ауқаты жақ­са­рып ке-

леді. Бұл – Елбасымыз­дың сали­ қа­лы саясаты мен еліміздегі ішкі қоғамдық-саяси тұ­рақтылықтың арқасында қол жет­кен табыс. Көптен күткен ар­мандарыңыз орындалды, ауылға келген ауыз су игіліктеріңізге жарай берсін», деп ауыл тұрғын­да­рын Тәуелсіздік мерекесімен құт­тықтады. Жинал­ ған көпшіліктің атынан Пугачев ауылының тұрғыны, соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төр­ ағасы А.Си­­мененко сөз сөйлеп, ауыл хал­қының ризашылығын жеткізді. Бұл «Ақбұлақ» мемлекеттік бағ­­дарламасы бойынша Бөрлі ау­даны әкімдігі құрылыс бөлімінің тапсырысымен республикалық және жергілікті бюджет есебінен қайта жөндеуден өткен әлеумет­ тік нысанның құрылысына 483 997,670 теңге қаржы жұмсалған. Былтырғы шілде айында басталып, биыл қазан айында құрылы­ сы аяқталған нысан алаңында 3 ұңғыма қос ауылға су береді. Бас мердігер «Тильмаш» ЖШС-ның директоры А.Есмағұловтың айтуынша, уақытында аяқталған бұл нысанның қызмет етуіне әлі екі жыл кепілдік беріп, жұмысын бақылап отырады екен. Қос ауылды қосқанда барлығы 619 үй мемлекет бағдарламасының қы­зы­ғын көреді.

Ясипа РАБАЕВА, Жамила ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы


8

руханият Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

100 жылдан соң

оралған «Қазақстан»

11 желтоқсан, сәрсенбі күні Астана қаласында, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында БҚО әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Қазақстан» 1911-1913» атты кітаптың тұсаукесері өткендігін хабарлаған болатынбыз. Мемлекетіміздің ең ұлық мерекесі қарсаңында Елордада өткен осы шара жайлы кеңейтілген мақаланы оқырманға ұсынамыз. «Қазақстан» 1911-1913» кітабы­ ның тұсаукесеріне жазушы Табыл Құлияс ағамыз, алаштанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, «Назарбаев орталығы» ММ Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселелері және даму институтының бас­ ты­ғы Ерлан Сайлаубай, ҚР Пар­ ламен­ті Мәжілісінің депутаттары Самиғолла Оразов пен Шаф­хат Өтемісов, ҚР Президент әкімші­лі­гінің қызметкері, зерттеуші Тілекқабыл Боранғалиұлы, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлт­ тық университеті журналистика факультетінің деканы Қайрат Сақ, осы университеттің тарихшы ғалымдары Жамбыл Артықбаев, профессор Перизат Бәйтешқызы, «Егемен Қазақстан» газетінің бөлім редакторы Сүлеймен Мәмет, «Хабар» телеарнасының Ақпараттық және сараптамалық хабарлар бас редакциясының директоры Зейін Әліпбек, «Астана ақшамы» газетінің басшысы Талғат Батырханов, «Қазақстан» ТРК Интернет жобалар бөлімінің жетекшісі Мейрамхан Жәпек, Астана қаласы әкімінің «Astana.kz» сайтының бас редакторы Таңатар Төлеуғалиев, тағы басқалар қатысты. - Бұл кітаптың таныстырылы­мын Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Астана қаласында өткізуіміздің мәні бар. Еліміздің тәуелсіздік алуына «Қазақстан» газетінің де үлесі бар десек, артық айтқан болмаймыз. ХХ ғасырдың басында

жарық көріп, қазақты өз алдына тәуелсіз ел болуға үндеген, білім мен ғылымға, өнер мен кәсіп үйренуге шақырған «Қазақстан» газеті патша үкіметі тарапынан қысымға алынып жабылса, кеңес үкіметі кезінде де репрессияға ұшырап, архивке көмілді. Тек тәуел­сіздіктің арқасында ғана арада 100 жылдан аса уақыт өт­ кенде «Қазақстан» газеті өз еліне, тәуелсіз Қазақстанға оралып отыр! – деп бастады дөңгелек үс­ тел мәжілісі түрінде өткен шараны ашқан «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин. ҚР Парламенті депутаттары, тарихшы ғалымдар, жазушылар мен БАҚ өкілдері жиналған тұсаукесер рәсімі «Қазақстан» газеті туралы деректі фильмді тамашалаудан басталды. Жиналған қауым фильмнен ерекше әсер алып, ықыластана қол соқты. Жиында алғаш болып сөз алған жазушы, Ұлттық академиялық кітапхана­ ның бас директоры Әлібек Асқар ағамыз бүгінгі шараның ерекше екенін атап айтты: – Біздің кітапхана Астанадағы үлкен руханият орталығы саналады. Мұнда біз мәдениетімізге, әдебиетімізге қатысты құбылыс болып жатқан шығармаларды та­­ныс­тырып отырамыз. Бірақ осы тұсаукесерлердің ішінде ел жақ­­тан келгендер сирек, тіпті осы бірінші шығар. Сонау Оралдан келіп, осындай шара жасап

жат­қандарыңызға рақмет, құтты болсын! Сіздердің бұл жасаған шаруаларыңыз – қазақтың тарихын жинаудағы бір әдемі қадам деп есептеймін. Ертеңнен бастап ел-жұрт «Қазақстан» газетін білетін болады. Біз бұл кітапты электронды кітапханаға да енгізіп, бүкіл әлем жұртшылығының игілігіне ұсынамыз, – деді Әлібек Асылбайұлы. Бұдан кейін сөз алған халық­ аралық «Заман-Қазақстан» газе­ тінің бас директоры Ахмет Аляз «Қазақстан» 1911-1913» кітабы­ның шығуы – Тәуелсіздіктің жемісі екен­ дігін айтты. – Мен әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дың журналистика факультетінде оқып жүрген кезімде қа­ зақ баспасөзі тарихына қатысты осындай деректер табу қиын еді. Естуімше, «Қазақстан» газетінде Түркия туралы, түбі бір түркі халықтары жайлы дерек көп екен. Кітаппен танысып, оқып шыққан соң бір мақала жазуға уәде беремін. Қазақ-түрік байланыстарын зерттеп жүрген ғалымдар үшін де бұл кітап баға жетпес қазына болды, – дейді халықаралық БАҚ басшысы. «Назарбаев орталығы» ММ Мемлекеттілік, қауіпсіздік мәселе­ лері және даму институтының бастығы Ерлан Ерназарұлы «Қа­ зақстан» газеті туралы толық ақ­ парат берсе, ҚР Парламенті депутаты Шафхат Өтемісов "Қазақстан"

газетінің тарихта алар ерекше орнын атап өтіп, осындай игі істер арқылы жастарды отаншыл­ дық рухта тәрбиелеу қажеттігіне тоқ­талды. ҚР Парламенті депутаты Самиғолла Оразов ағартушы, ақын Ғұмар Қараштың жерле­сі екен­дігіне мақтанатынын айтты. Самиғолла Хамзаұлы кезінде Ғұмар­дың Көлборсыдағы зираты басына шағын ескерткіш орнату­ ды ұйымдастырған екен. Келер жы­лы ақынның туғанына 140 жыл болатынын айтқан халық қа­лаулысы сол датаны өз дәре­ жесінде өткізу керектігін ескертті. Филология ғылымдарының кан­дидаты, баспасөз тарихын зерттеуші ғалым Қайрат Сақ та жа­ ңадан жарық көріп отырған жинақтың құндылығына тоқтал­ ды. «Қазақстан» газетінің қазақ баспасөзі тарихында ұлт зиялыла­ рының өз күшімен жүйелі түрде шығарған тұңғыш газеті екендігін айтқан Қайрат Өмірбайұлы жинақта «Қазақстан» газетінің фак­ симилиясы, яғни түпнұсқасы қоса жарияланғаны зерттеушілер үшін өте құнды болғанын жеткізді. Жалпы, осы жинақтың шыққанына ең қуанған – зерттеушілер, ғалымдар екенін айту ләзім. Шынында да, осы кезге дейін Мәскеу мен Санкт-Петербург архивтерінде ғана сақталған, әркімнің қолы жете бермейтін құнды дерек, қым­бат қазына елімізге, Тәуелсіз Қазақстанға қайта оралды. Бұған

қалай қуанбасқа! Тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев «Қазақстан» газетінің 1913 жылы тоқтауы сол кезде «Қазақ» газетінің шыға бастауымен байланысты болуы да мүмкін ғой деген ой тастады. Шынында да, етек-жеңі жиналмай далиып жатқан қазақ даласының сол кездегі зиялылары жұдырықтай жұмылып, ұлт үнін тарататын үн­ қағаз шығаруға бір кісідей кіріскені рас. Профессор Перизат Сейітқазы бұл кітаптың еліміздегі барлық ЖОО-лар кітапханасында болуы тиіс бағалы еңбек екендігін айтады. Ал «Қазақстан» ТРК Интернет жобалар бөлімінің жетекшісі Мейрамхан Жәпек осыдан бірнеше жыл бұрын Мәскеу мен Санкт-Петербург кітапханаларын аралап жүріп «Шіркін, осы «Қазақстан» газеті қашан кітап болып жарық көрер екен?» деп армандапты. – «Қазақстан» газетінде Мұста­ қым Малдыбаев есімді қараған­ дылық азамат қазақтың тән сау­ лығы, денсаулықты күту туралы бір­неше мақала жазған екен. «Кү­ тін, күтінбесең аузыңнан шығар түтін» деген мақаласы бар. Одан бө­ лек, «Қазақ дұрыстығы» газетінен Елеусін Бұйриннің өте еңбекқор­лығы туралы, өз шығармалары­нан жинақ әзірлегені жайлы мәлімет көзіме түсті. Сондықтан қазақ баспасөзінің қарлығаштары саналатын сол кезең басылымдарында бізге әлі белгісіз мол ақпарат жатыр, олар зерттелуі, ғылыми айналымға енуі тиіс, – дейді Мейрамхан Сағынқызы. Аласапыран жылдарда қазақ зиялыларының мың сан қиын­ дықпен арпалыса жүріп шығарған «Қазақстан» газеті, міне, араға ға­ сыр салып өз ұлтына, ұрпағына жетіп отыр. Сарғайған газеттің әр бетіндегі асыл сөз күні бүгін де қасиетті, қазіргі таңда да өте өзекті. «Ұлтшылдық» деген ұлы сезімнен өлердей қорыққан КСРО кезінде қапасқа қамалған мұраның шаңын Ұлы мәртебелі Тәуелсіздік тазартты. Оқырманын қайта тап­ қан «Қазақстаның» құтты болсын, Тәуелсіз Қазақстан!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Орал өңірі», Орал-Астана-Орал


әлеумет Cенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

9

«Оралда» ту желбіреді Орал қаласындағы «Зе­ нит» зауыты 1993 жылдан бері мемлекеттік «Кеме жасау» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Со­ дан бері аталмыш өндіріс ошағының конвейерінен шыққан 20 кеменің сауыры суға тиді. Солардың бірі - биылғы сәуір айында суға түсірі­ліп, Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жол тартқан зымырандық-ар­тил­ ле­риялық «Орал» кемесі. Бұл ке­ ме ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырмасы бойынша еліміздің Әскери-теңіз күштері үшін жа­ салған болатын. Жаз-күз айла­ рын­дағы сынақтан сәтті өткен

«Орал­дың» 30 адамдық жасағына жақында Әскери-теңіз күштерінің Туын тапсыру және Туды көкке көтеру салтанаты өтті. Бұл шараға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Жандарбек Жанұзақов Астанадан

арнайы келіп қатысып, Каспийдегі Отанымыздың шекарасы мен еліміздің экономикалық мүддесін қорғауға жауапты «Оралдың» жасағына қырағылық пен сәттілік тіледі. - Осы салтанатты жиынның ашылу барысында Отанымыз­ дың мемлекеттік гимні орындалып, сосын барша тиісті әскери рәсімдер атқарылғаннан кейін Ту тапсырылған зымырандыар­­тиллериялық кеменің коман­ дирі, аға лейтенант Қайрат Шар­ шанқұлов Әскери-теңіз күш­тері басшылығын «Оралдың» экипажы өз міндет-миссиясын мінсіз атқаратындығына сендірді, - деп хабарлады редакцияға ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшылығы бас­қармасы­ ның аға сардары, под­полковник Құдайберген Медиманов.

Өз тілшіміз

Малдәрігерлік кешеннің ветсанитары Айымхан Қабыловаға кілт тапсыру сәті

Мейрам қарсаңындағы жақсылықтар Тәуелсіздік мерекесі қар­са­ңында, дәлірек айтқанда, жел­тоқсан айының он екінші жа­ңасында Темір Ма­ син ауылдық округіне қарасты Бөрлі ауылын­ да қос бірдей қуаныш жүзеге асты. Биылғы шілде айында ауыл тұрғыны, жесір ана Жүсіпова Катюшаның үйі кенеттен отқа оранған болатын. Ойламаған жерден баспанасыз қалған отбасына аудан әкімдігі және осы ауылдың жомарт азамат-

үй-жайы басқа болғанымен, осы әулеттің үлкені Омаров Юнат ақсақал қиын жағдайда қалған ағайын-туысына үй тұр­ғызып берген азаматтарға өзі­нің ал­ ғысын жаудырды. Келген көп­ шілік қазақы дәстүрмен дәмнен ауыз тиіп, Құран оқылды. Тура осы күні аталмыш елді мекенде ауылдық малдәрігерлік кешен ашылды. Жаңа ғимарат­ тың лентасын аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов пен өз қаржы­сын жұмсап, ғимаратқа жөндеу жұ­ мыстарын жүргізген «Ерболат» шаруа қожалығының мүшесі Зинешев Ержан қиды. Өз кезегінде аудандық ветеринарлық станцияның басшысы Жаннұр

Қадірлі батысқазақстандықтар! «Степной Леопард» ЖШС ұжымы сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтайды. 16 желтоқсанда біздің республикамыз тамаша мерекені – өз Тәуелсіздігіміздің 22 жылдығын атап өтеді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылдағаннан бастап ел дамуында жаңа кезең басталды. Тәуелсіздік күні барлық әлемде мемлекеттік негізін бейнелейтін ең басты ұлттық мерекелердің бірі болып табылады. Қазақстан үшін Тәуелсіздік күні тарихқа мемлекет тәуелсіздігі туралы қасиетті идеяның бейнесі ретінде енді. Біз үшін Тәуелсіздік – бұл бәрінен бұрын бірнеше қазақстандық ұрпақтардың адамгершілік және саяси еркіндігінің мерекесі. Бұл күннің маңыздылығы – ұлттық ынтымақтастық сезімін күшейтіп, нығайтатындығында. Қиын кедергілерге қарамастан біздің еліміздің Тәуелсіздігінің әрбір қадамы әрқашан біздің жүрегімізде. Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға денсаулық, бақыт, жайлы өмір тілейміз. Құрметпен, «Степной Леопард» ЖШС ұжымы

тары ұйытқы болуымен айналасы төрт айдың ішінде бірнеше бөлмелі кең үй салынып, тұрмыстық жиһаздар сыйға тартылды. Осынау қоныстойға аудан әкімі Нұрлан Рахымжанов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерболат Таңатов, ауыл тұрғындары мен бірнеше ауылдық округтің әкімдері қатысты. Алдымен сөз алған аудан әкімі Нұрлан Сағынтайұлы қиын сәтте ұйымшылдық танытып, баспананың тұрғызылуына қолұшын берген азаматтарға рақметін айтып, Катюша апайды жаңа қонысымен және игі­ лікті шараға қатысушыларды Тә­уелсіздік күнімен құттықтаса,

Батырханов жаңа кешен осы ауыл-аймақта төрт түліктің кө­ беюіне және әр түрлі мал аурулары мен малдан адамға жұ­ ғатын кеселдердің алдын алуға ық­пал ететіндігіне сенім біл­дірді. Тағы бір айта кетерлік жайт, осы аптаның бейсенбісінде Бөрлі ауылының тұрғыны І топ­ тағы мүгедек Қалпақова Мүс­ ли­ма есімді анаға жеке оңал­­ ту бағдарламасына сәйкес, мү­ге­­дектер арбасы табыс етілді.

Исатай Құрмашев, Темір Масин атындағы ауылдық округ, Бөкей ордасы ауданы


10

мемқызмет Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Бірлігі бекем,

ісі көркем ұжым

Атам қазақ «Барыңды бағаламасаң, бағың кетеді» дейді. Егемендіктің, тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында елімізде қолға алынған мемлекеттік, салалық бағдарламалардың қарапайым адамдардың өміріне тигізіп отырған оң әсерін күнделікті тірліктен көруге болады. Алайда біздер газет бетінде көбінесе жекелеген адамдардың өмірінен мысалдар келтіреміз де, сол үрдістердің басы-қасында жүретін басқармалар мен департаменттердің, мемлекеттік қызметкерлердің тірлігінен нақты мысалдар келтіруді құнттай қоймаймыз. Сондықтан Ұлы мереке Тәуелсіздік күні қарсаңында мемле­ кеттік бағдарламалардың облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымына, қызметкерлеріне қандай жақсылық, қуаныш әкелгенін әңгімелегенді жөн көрдік. Басқармадағы басты байлық мемлекеттік қызметті мінсіз атқарумен қатар, олардың өмірлеріндегі оң өзгерістер өзге де ұжымдарға жұғысты болғай дейміз.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА, «Орал өңірі»

– «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» аясында жастар практикасы бағыты іске асырылуда. Кейбір өңірлерде «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлін­ген қаржы тиімсіз игеріліп отыр­ ғаны айтылуда. Әдетте дипломды жастар жұмыс таба алмай, атааналарының көңілдерінен шы­ғу үшін жұмыспен қамту орталықта­ ры жолдаған кез келген жұмысқа баруға келісімдерін береді. Содан жаны қаламаған жұмысты ат­қаруда салғырттық танытады. Ақыр аяғында кейбіреуі тәжіри­ бе мерзіміне шыдамай кетіп қала­ ды. Облыстық экономика жә­не бюджеттік жоспарлау басқарма­ сына соңғы екі жыл ішінде осы бағдарлама бойынша 5 жас тәжі­ рибеден өтуге келді. Солардың ішінен екеуі ғана біздің ойымыз­ дан шықты. Олар жұмыс уақытын тиімді пайдалана білді. Көздері­ нен жастықтың оты жарқылдап, қандай шұғыл тапсырма болма­сын құлшына кірісіп, мезгілінде сапалы орындауға тырысатын. Екеуінің алты айлық практика­ сының мерзімі аяқталған тұста, басқармада бос орындар болды. Сондықтан екеуіне конкурсқа қатысып, бақтарыңды сынаңдар деп ақыл қостық. Мем­лекеттік қызметке өту үшін тест сұрақ­та­рына тыңғылықты дайын­дал­ ған екеуі конкурсқа қатысып, барлық сыннан сүрінбей өтті. Өзі­ міздің комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтіп, олардың бар­лық сұрақтарына жауап берді. Бұл үрдіс ашық өтті, оған «Нұр Отан» партиясынан, депутаттар корпусынан, тиісті құзырлы орындардан бақылаушылар қатысты. Басқармаға жастар практикасы­нан өтуге келген Ерлан Досов пен Мирас Дәулетов көзге түсіп, бүгінде бас маман лауазымына орналасып, мемлекеттік қызмет­ шілер қатарына өтті. Олар үшін «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» өте бір жағымды бағдарла­ма болды. Жалпы жанамын деген, боламын деген, өсемін деген жас­ қа біздің қоғамда барлық мүмкін­дік жасалған, - деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Руслан Бектемір. Мемлекеттік қызметкер болу­

дың жауапкершілігі зор, себебі мемлекеттік қызметкер кәсіби шебер, жан-жақты дамыған, ой-өрісі кең адам болуы тиіс. Басқарманың бас маманы Әсел Нұрғалиева бір жыл бойы тегін ағылшын тілі курсына қатысты. Еңбекқор жас «Болашақ» бағдар­ламасы бойынша 2013 жылдың мамыр айынан бастап Ұлыбрита­ нияда адам ресурстарын басқа­ру бағытында білім алуда. 20122013 жылдары басқарманың бөлім басшысы Еркебұлан Ихсанов ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша магистратураны тәмамдады. Қазір ол Орал қаласының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқаруда. - 2013 жылы басқарманың 9 қыз­меткері Қазақстан Республи­ касының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша біліктілік арттыру курстарын оқып шықты. Бибігүл Қо­ нысбаева, Ғалым Жұбанышев, Ер­шат Қазығұлов, Гүлмира Төлеге­ нова, Райса Еркеғалиева, Валентина Гарбуз, Әсемгүл Әбенова, Мәншүк Демеуова, Жансұлу Құса­ йынова сынды қызметкерлер оқу курстарының әр сағатын қалт жібермей, білімдерін көтеріп, сертификат алды. Осының барлығы мемлекеттің кадрлардың кәсіптік жағынан өсуіне қамқорлық жасауынан дер едік. Екіншіден, біздің басқармада басшылық тарапынан жас мамандарға қамқорлық көрсету басты назарда, - дейді басқарманың әкімшілік бөлімінің бас маманы Айжан Баекенова. Басқарма қызметкерлерінің

кәсіптік білімін жоғарылатуға де­ген құлшыныстары жыл сайын артуда. Өйткені әр қызметкер жұ­мыс істеуге барлық жағдай жа­салған мына қоғамда білік-білі­ мін арттырып, өз жұмыс орнында қайтарыммен қызмет жасауды міндетіміз деп біледі. Бір сөзбен айтқанда, әр маман бәсекелестік­ ке қабілетті болуы тиіс. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мамандар­дың білімін жоғарылату, біліктілігін шыңдау жұмыстарын үнемі назарда ұстаудың арқасында бә­ секелестікке қабілетті басқарма болды десек артық айтқандық болмас. - Бізде «Нұр Отан» партиясы­ның бастауыш партия ұйымы құ­ рылған. Қызметке келген жастарды партия қатарына қабылдауды тәжірибелі партия мүшелерінің ұсыныстары бойынша іске асырудамыз. Елімізде жүзеге асырылып отырған әлеуметтік маңызы зор бағдарламалардың бірі «Қол­жетімді баспана-2020» екені бел­гілі. Ұжым басшылығы осы бағдар­ ламаға қызметкерлердің барын­ша қатысуына, банктен басым көп­ шілігінің шот ашып, салымдарын жинақтауға кірісуіне атсалысты. Нәтижесінде басқарманың бірнеше қызметкерлері жаңа пәтерге ие болды, - деді басқарманың өңірлік даму және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау бөлімінің басшысы Берік Айтқалиев. Бұдан басқа басқарма­ ның жас маманы Жансұлу Құса­йы­нова жас отбасыларға арнал­ ған бағдарлама «Жас отау» бағ­ дарламасы арқылы жаңа пәтердің кілтін алды. «Екі балалы Жансұлу Нығметоллақызы пәтерді жас ана,

мемлекеттік қызметкер ретінде алды. Әріптесіміздің баспаналы болғанына ұжым болып қуандық, бүгінгі күні жас отбасы үшінші перзенттерін күтуде», - дейді Руслан Бектемірұлы. Басқарманың әлеуметтік сала­ ны дамыту бөлімінің басшысы Райса Еркеғалиеваның айтуын­ша, басқарманың жетістігі әр қыз­меткердің өз міндетіне жауапкершілікпен қарап қоюымен шектелмейді. Бастысы, адамдардың, ұжым мүшелерінің бірлігі мен татулығы, үлкеннің жасы кіші қызметкерге көрсететін адами қамқорлығы да маңызға ие. Аталмыш басқармада «Дип­ломмен ауылға» жобасы негізінде БҚО бойынша мамандардың ауылдық елді мекендерге жұмыс­ қа орналасуына мониторинг жүр­ гізіліп отырады. Мысалға, 2013 жылы БҚО бойынша денсаулық сақтау саласында - 98, білім беру саласында - 356, әлеуметтік қам­сыздандыру саласында - 9, мәде­ ниет саласында - 29, спорт саласында – 14 және ветеринария са­ ласында 20 жас маман жұмысқа орналасқан. Осы бағдарлама қол­ға алынған 2009 жылдан бергі биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейінгі аралықта 2770 жас ауыл­дық жерлерге барып, жұмысқа тұрды, еліміздің дамуына атса­ лысуда. Салауатты өмір салтын ұс­та­ну­ дан да басқарма қызметкерлері қалыс қалмайды. Елбасының бұ­қаралық спортты дамыту жөнін­ дегі тапсырмасына өз үлестерін қосуда. Биылғы қараша айында басқарманың шағын футбол ко­мандасы Қазақстан Республи­ касының Ұлттық валюта – тең­ге­-

нің 20 жылдығына орай ұйымдас­ тырылған басқармалар арасында шағын футбол жарысында жүлде­ лі 3-орын алса, желтоқсан айында Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арнал­ған шағын футбол жарысының ауыспалы кубогын иеленіп, же­ ңімпаз атанды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма­ сының қызметкерлері мемлекет­ тік бағдарламаларға белсене қа­­тысып, мемлекеттің беріп отыр­ ған мүмкіндіктерін тиімді пайда­ лануда. Қорыта айтар болсақ, об­ лысымыздағы қаржы – экономика саласындағы жетекші басқарма ұжымындағы игі істер өзге ұжым­ дарға өнеге боларлықтай. Ерлан Досов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы экономиканың нақты секторын дамыту бөлімінің бас маманы: - БҚИТУ-ды бітіріп, қызмет таба алмай қиналдым. Өйткені қай жерге барсам да, еңбек өтілін сұ­райды. «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша басқармаға алты айлық тәжірибеден өтуге келіп, бөлім басшысы Әсемгүл Әбенованың басшылығымен жұ­ мыстың қыр-сырын меңгеруге талпындым. «Жастар практикасы» бағдарламасы мен секілді тамыртанысы жоқ, қарапайым отбасынан шыққан жастарға әуелі жұмысқа, одан кейін мемлекеттік қызметке тұруға мүмкіндік береді. Мирас Дәулетов, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы өңірлік даму және мемлекеттік құрылым­ дар қызметінің тиімділігін баға­ лау бөлімінің бас маманы: - Бөкей ордасы ауданына қа­расты Мұ­ратсай ауылының тума­сымын. 2011 жылы Астана қала­сындағы Еуразиялық гуманитар­лық университетін қаржы ма­ман­дығы бо­йынша тәмамдадым. Жұ­мыс болмады, содан 2012 жылы Жәнібек ауда­нындағы Ақбастау жастар қоғам­дық бірлестігіне же­текшілік еттім. Биылғы ақпан айын­да облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқарма­­сына жастар тә­жірибесінен өтуге келдім. Тәлім­герім Берік Айтқа­лиевтің басшы­лығымен жұмысым­ның ішкі иірім­деріне қаныға түс­тім. Ол кісінің ағалық ақыл-кеңе­сіне, қамқорлы­ғына айтар алғы­сым шексіз. Ауыл­дағы қарапайым отбасынан шық­қан, жоғарыда отырған жарыл­қаушы «көкесі» жоқ мен секілді жастарға «Жастар практикасы» бағдарламасының шапағаты тиюде. Бүгінде мемлекеттік қызмет­ке өтіп, осында тұрақты жұмысқа қалдым. Жалпы, ұжым өте тату, бір-бірін қолдап, демеу көрсетеді. Осындай ұжым­ға тап болғаныма қуаныштымын.


ауыл-аймақ oral_oniri@inbox.ru

Cенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

Қос ауылдағы қуаныш

Тәуелсіздік мейрамы таянғанда Ақжайық ауданының Көнеккеткен және Қамыстыкөл ауылдарына газ құбыры жеткізіліп, олардағы

Қазіргі таңда облыс көлемінде ауылдық елді мекендерді газдандыру жұмыстары жоғарғы қарқынмен жүруде. Теректі ауданына қа­расты Ақ­ соғым, Шаға­­тай ауылдарында осы игі іс жалға­сын тауып, Тә­уел­сіз­ дік мерекесі қарсаңында көгіл­дір отынның алауы жағылды. Ақсоғым ауылындағы салтанатты рәсімде сөз алған аудан бас­шысы Жеңіс Серікқалиев: - Атау­лы мейрамымыз қарса­ңында ауылымызға көгілдір отын жетті. Жыл санап түлеп келе жатқан өңірімізді одан әрі өркендету мақ­сатында бірсыпыра елді мекендеріміз газбен қамтамасыз етіліп отыр. Айта кетейік, газ құбырын жүргізу жұмыстарына мемлекет тарапынан 5,3 млрд. теңге қаржы бөлінді. Жалпы, қос ауылға да екі жылға жоспарланған газдандыруды қыс­ қа мерзімде орындап отырған «БатысГазСтрой» ЖШС директоры Сапарғали Айтқалиев пен жеке кәсіпкер Әнуар Мар­дановқа ауыл тұрғындары атынан алғысымды білдіремін, - деді өз сөзінде. Газ алауын жағу рәсімін аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев пен ау­ дандық мәсли­хат хатшысы Мерхат

54 тұрғын үй көгілдір отын желісіне қосылды. Жаңа жылға дейін тағы 60-қа тарта үй табиғи газдың рақатын көрмек деп күтілуде.

Көгілдір отын

Жұма­шев атқарды. Содан соң бұл жарқын іс Ша­ ғатай ауылында жалғасын тапты. Аталмыш жиын барысында аудан әкіміне қоса, аудандық мәслихат депута­ты Ғалия Ғаббасова ша­ға­ тайлықтар­ды құттықтады. Аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев пен ардагер ұстаз Сайын Құбаш көгілдір отын алауын тұтатса, ал ақжаулықты әжелер шашу шашты. Аудан әкімі Жеңіс Серікқалиев Айбековтердің пәтеріне арнайы бас сұғып, қуаныштарына ор­тақ­

БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекет Тұрсынов және аудан әкімінің орынбасары Тимур Шиниязов газ келу салтанатына қатысып, сөз сөйледі. Сондай-ақ салтанатты шарада газдың алауы жағылып, ауыл тұрғындары осы жақсылық­ қа сеп болған ел азаматтары мен жергілікті билікке алғыс айтты. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Саташ Бақтияров, «Батысстройгаз» ЖШС-ның директоры, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Сапарғали Айт­ қалиев, “Нұржан” ЖШС-ның ди­ректоры Әлжан Досмақов та тұрғындарды әлеуметтік қуаныштарымен құттықтады.

тасып сый көрсетті. - Көреген кемеңгеріміз - Ел­ба­ сымыздың са­­лиқалы сая­са­тын жүзеге асы­­ру барысында ауылымыз күннен-күнге нұрлануда. Ауы­ лы­мызға ауыз су келіп, көңіліміз бір көтеріліп қалып еді, міне, өз­де­ рі­ңіз куә болғандай, көгілдір отын желісі де үйімізге жетті, - деп ауыл тұр­ғыны Жеміс Айбе­кова қуаны­­шымен бөлісті.

Самал ЖАМЕТ, Теректі ауданы

Атқарылған іс аз емес, Елбасы

өзінің «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ең алдымен халықтың тұрмысын, оның әлауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруды көздеді. Сол бағдарламалардың бірі «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» төмендеп, халықтың жағдайы жақсаруына сеп болуда.

Т

асқала аудандық «Жұмыс­ пен қамту орталы­ғы» бағ­ дарламаның негізгі бағыт­тарын басшылыққа ала отырып, аудан тұрғындары­мен жұ­мыс жүргізуде. Тұр­ғын­дарға бағдарламаны на­си­ хат мақ­­са­тында барлық елді ме­кен­­ дер­де аудан басшыларымен бі­рі­гіп насихат жұмыстары ұйым­дасты­ рылып келеді. Бағдар­ла­­ма­­ның әр

маздады Жайықтың сол жағалауын­ дағы жеті ауылға газ құбырын жеткізген мердігер «Батысстройгаз» ЖШС осы мақсатқа 700 млн. теңге қар­­жы жұм­са­ ды. Ал ауылдағы үй­лер­ді газ­ға қосқан жер­гі­лік­ті «Нұржан» ЖШС болып та­­­бы­лады. Округ­ тен бұл жұ­мыс­­қа 13 адам тартылды. Қазіргі таң­да Кө­­нек­­ кеткен ауылы бойынша 5,8 км, ал Қа­мыстыкөл ауылында 1,2 шақырым газ құбырлары жүр­ гізілген. Округтегі әлеуметтік ны­сан­ дарға газ құбыры келесі жыл­ дың басында қосылады деп күтілуде.

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Ақжайық ауданы

«Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы»

ауқымды міндеттер де бар

Н.Ә.Назарбаев

жұмыссыздық деңгейі

11

бағытын түсіндіре оты­рып, оның ауыл тұрғындарына тиім­ді және жеңілдіктердің бар екені айтылып, нақты істер қолға алынуда. Аудан бойынша 2013 жылы «Жұмыспен қамту - 2020 жол картасы» бағдарламасының I бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қам­ туды қамтамасыз ету» бойынша ағымдағы жылы жоспар бойынша 7 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Ынтымақ, Амангелді, І Шежін дәрігерлік пункттерге және Ы.Алтынсарин орта мектебінің оқушылар жа­ тақханасын күрделі жөндеуге құ­

рылыс жүргізген мекеме басшы­ ларымен келісе отырып, 13 адам­ды жұмыспен қамтыдық. «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» IІ бағыты бойынша 2012 жылы республикалық бюджеттен 150 млн. теңге бөлініп, қаржы несие алушыларға жеткізілді. «Орал» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ жариялаған конкурсқа 20 несиелік серіктестігі қатысып, 10 серіктестік жеңімпаз болып танылып, 56 адам бағдарламаның қатысушылар құрамына енгізілді. Несие алғандардың 31-і мал шаруашылығы, 10-ы тас шығару, 5-еуі пластикалық терезе, есік жасау, 10-ы жеке ісін кеңейту­ мен айналысады. Олардың 10-ы жұмыссыздар, 23-і - өзін-өзі жұ­ мыспен қамтығандар және 3 адам аз қамтылғандар санатында. Осының ішінде жастар саны - 15, әйелдер - 19. Несие алғандар 10 әлеуметтік жұмыс орындарын ашып, жұ­ мыс­сыз тұрғындарды жұмысқа тарт­ты. Ағымдағы жылы 47 аудан тұрғыны несие алып жұмыстану­ да. Несие алғандардың ішінде 4 адам жұмыссыздар, 2 адам - III топ мүгедегі, 1 адам белгіленген мерзімге дейін зейнеткерлікке шық­ қан, 38-і - өзін-өзі жұмыспен қам­ тығандар және 2 адам өзін-өзін ішінара жұмыспен қамтығандар санатында. Соның ішінде жастар

саны - 7, әйелдер саны - 19. Ағымдағы жылы несие алған «Наурзалиев Е.К.» шаруа қожалығы, жеке кәсіпкер «Жанакова», жеке кәсіпкер «Шебер» және «Абзал» шаруа қожалықтары әлеуметтік жұмыс орындарын ашып, «Жұ­ мыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі арқылы 10 адам­­ды жұмыспен қамтып отыр. Бағдарламаның жастар мен жұ­ мыссыздарға тиімділігінің бірі – үшінші бағыты. Бұл бағыт заманға сай мамандық иелерін дайын­дау­ ға, кадрлардың біліктілігін арт­ты­ ру­ға және тәжі­рибесі жоқ жас ма­ мандарға жол ашады. «Жастар тәжірибесі» ауданда білім мекемелерін бітірген, бірақ әлі өз орындарын таба алмай жүрген жастарды тұрақты жұмыспен қамтуды, оларға қолдау көрсетуді көздейді. 2012 жылы 35 адамға жастар тәжірибесін ұйымдастыру жоспарланған болса, тәжірибеден өтуге 58 жас маман жолданды, оның 25-і еңбек шарттары аяқталғаннан кейін тұрақ­ты жұмысқа орналасты. Ағымдағы жылы 47 мекемеден өтініш түсіп, жастар тәжірибесі бойынша мекеме-кәсіпорындарға 48 адам жолданып, келісімшарт жасалды. Қазіргі таңда 11 жас жұмысқа орналасып, еселі еңбек етіп жүр. Соңғы жылдары ауылдағы шаруа қожалықтары және кә­сіп­ керлер әлеуметтік жұмыс орын­ дарын ашу тиімді екенін түсінуде. Өйткені бұл – жұмысшыларға

жалақыны көбейтіп, жұмысшылар санын арттыруға мүмкіндік беретін бағдарлама. Сол себепті әлеуметтік жұмыс орнына өтініш беру жыл сайын жиілеуде. 2012 жылы 73 адаммен келісімшарт жасалып, әлеуметтік жұмыс орнымен қамтылды және еңбек шартының мерзімі аяқталғаннан кейін шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер 37 бағдарлама­ ға қатысушыны тұрақты жұмысқа қабылдады. Ал биыл осы игілікті іс жалғасын тауып, 105 әлеуметтік жұ­мыс орны ашылып, 137 адам жұмысқа жолдама алды. Ағымдағы жылы кәсіптік оқуға 15 адам жолданып отыр. Биылғы жылдың ерекшелігі 4 жақты келісімшарт жасалып, оқу аяқталғаннан кейін оны бітіруші­ лер тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды. Оқуды аяқтаған 64 бағдарламаға қатысушының 57,8 пайызы жұмысқа орналасты. Оның көпшілігі жұмыспен қамту орталығы арқылы орналастырылды. Аудандық жұмыспен қамту ор­ талығы бағдарламаның орындалуына жан-жақты әрекет жасап, аудан тұрғындарын жұмыспен қам­туға ықпалын тигізер бар мүм­ кіндіктерді пайдалана бермек.

Жәрдемғали БАЛЫҚОВ, Тасқала аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры


12

ел-жұрт Cенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жан сыздатқан Ресми дерек бойынша 1986 жылғы Жел­тоқсан көтерілісінен 5 мың адам зардап шегіпті. Бірақ осы көрсеткіштің өзі де толық емес. Демек, желтоқсан көте­рілісінің толық ақиқатының ашы­лар күні әлі де алда. Оның қасында алпа­уыт швейцар банктері өздерінде неміс нацис­ терінің өлім лагерьлерінде құртыл­ған же­ бірейлер мен сығандардың алтын-күмісі, асыл тасы барын соғыс біткеннен кейін елу жыл өткесін мойындады емес пе?!.

Серік ИХСАНҒАЛИ, «Орал өңірі»

Желтоқсан көтерілісі деп те жаңылыс айтып отырғанымыз жоқ. Бұл – ешқандай елеусіз «оқиға» емес, қазақ жастарының ұлттық рухы атой салған екі күндік көтеріліс. Адамзат тарихында бір күндік толқулардың да «тұз», «нан көтерілісі» атауларын алғаны мәлім. Көптен бері еліміздегі қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, зиялы қауым өкілдері, сол 17-18 желтоқсан күндеріндегі ереуілге қатысушылар да оны «оқиға» емес, «көтеріліс» деп атауды барған сайын батыл талап етіп келеді. Олардың қатарында ҚР Парламентінің депутаты Азат Перуашев пен «Желтоқсан ақиқаты» сынды қо­ғамдық ұйымдар бар. Қыстың сол бір ызғарлы күндері қа­зақ жастары республика бас­шылығына неге өзге ұлт өкілінің та­ғайындалғанына на­разылық біл­діріп, көп болып жиналып, билік­тен түсінік алуға барған-ды. Сол көптің біреуі бүгінде Орал қаласында тұратын жал­пақталдық Әлібек Тәутенов. Ол төтенше жағдай­дың алдын алу құрылымдарының бірінде еңбек етеді. Елуді еңсеріп қалған азамат,

екі ұлы бар. Жұбайы Сәния салық саласында қызмет етеді. - Әлі күнге дейін сол күндер есімнен кетпейді, - дейді бүгінде жайсаң азамат ағынан жарыла, - Кейде көңіліңді еріксіз сескену сезімі билейтіні де бар. Қанша дегенмен, көзбен көрген жадыңнан шықпайды ғой... Бір жақсысы, алаңдағы жас­ тардың қарсыласу қозғалысына қатысқан Әлібек аса көп зардап шекпепті. Тұщы етіне ащы таяқ тигенімен, оларды басқалардан бөлектеп қуған жазалаушылар Ал­

Желтоқсан

матының әуежайы, Талғар ауылы жағына желкелеп апарып тастаған да, жөніне жүре берген. Солар­­дың ішінде жүрген қоғамдық тәртіп сақшысы, ұлты қазақ, мосқалдау майор: - Шырақтарым, жағдайды ушық­ тырмаңдар! Үйлеріңе қай­тың­дар! деп, жылы үнмен қам­қор­лық та­ны­ та сөйлегесін, ішінде Әлібек бар, басқасы бар сол жер­ден дереу кетті. Кетпеске де шара­сы жоқ еді. Тағдыр жалпақталдық жігітке оң көзімен қараса керек. Көтері­ ліс­тен кейінгі қым-қуыт күндерде, сірә, құзырлы орындардың назары негізінен студент жастарға ауып, жұмысшылар көп еленбеген сыңайлы. Ал Әлібек тек жәй жұмысшы емес, өндіріс озаты болатын. 1985 жылы әскер қатарынан оралған ол Алматы қаласындағы тұрмыстық аспаптар жасайтын зауытқа жұмысқа кірген-ді. Алғашында қарапайым жұмысшы болған оның техникаға бейімдігін байқаған шеберлер атақты «Алматы» кір жуу машинасын құрастыру цехына ауыстырды. Сөйтіп, таңдаулылар қатарына еніп, мақтау-марапатқа ие бола бастады. Оны бірден байқап, өсі­ ріп жүрген де өзге ұлт өкілдері, соның ішінде орыстар.

- Біз алаңға орыс халқына қар­ сы наразылық білдіріп шыққаны­ мыз жоқ, - деді Әлібек, - Өзге ұлт өкілдері секілді, қарапайым орыс­ тың да талай жақсылығын көрдім. Сондықтан ондай ойымыз болған да емес. Орталықтың озбырлық әрекетіне қарсылық көрсетуді бәзбіреулер күні бүгінге дейін теріс түсіндіруге тырысып бағады. Міне, сол өзі айтқан қарапайым жандардың қамқорлығы шығар, ол әрі қарай алаңсыз жұмыс істеп, жатақханада өмір сүрді. Алайда түбінде тіміскілеудің таяғы тиерін

Тәуелсіздік Ұлт намысы жалын атып жанында, Дақ түсірмей қазақ деген арына. Қайрат аға, жанын қиған ел үшін, Артық туған Тәуелсіздік бағына. Бақыттымын, мен бүгін бақыттымын, Алтын шуақ – Тәуелсіз атып күнім. Батыр туған ұлдардың арқасында, Шырқалады әлі де жаһұт жырым. Ширығусыз еркіндікке жетер ме ек,

сезгесін, уақытша орын ауыстыруды қалапты. Өзіндей «күдікті» көптеген қазақ жігіттерімен бірге 1989 жылы Алматыдан Хабаровск аймағына кетті. Осындағы Светлогорск қаласына келіп тұрақтап, бетоншы болып жұмыс істеді. Он айдан соң, жас жұбайымен елге оралуды ұйғарды. Ауылына кел­се, тыныш екен. Мұны ешкім сұ­рап, тумаларын мазаламаған. Арада жылдар өткен соң, облыс орта­ лығына ауысты. - Бізге енді жетпей тұрғаны қоғамдық ұйым құру, - дейді Әлібек Тәутенов. - Меніңше, Орал қаласының өзінде он шақ­ты «желтоқсаншы» бар. Со­лар­­дың бірі - жерлесім Ақылбек Қуан­ ғалиев. Екінші жерлесім Амангелді Мырзағалиев те аман-сау. Маңғыстауда вахталық әдіспен жұмыс істеп, күнделікті нәпақа­ сын тауып жүр. Өзге аудандарда да баршылық. Әзірге басымыз қосылмай жүр. Айтса, айтқандай. Мәселен, Жәнібек ауданында сонау 1986 жы­лы желтоқсанның сұрапыл күн­ дері көтеріліс алаңындағы қа­зақ жастарының қатарынан та­был­ ған Талғат Аққойшин, Сүйін­ғали Шүкіров сынды азаматтар өмір сүріп жатыр.

Қазір республикада да, облыс орталығында да сан алуан қоғамдық ұйым әрекет етеді. Ол дұрыс та. Тек өңірімізде желтоқ­ сан көтерілісі­не қатысушылардың әлеуметтік мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйым жоқ. Желтоқсан­ шы­лар­дың алды елу жастан асса, соңы соларды өкшелеп келеді. Сон­дықтан олардың әлеуметтік мүд­делерін (тегін емделу, пәтер ке­зегі, қосымша өтемақы т.б.) тек қо­ғамдық ұйымның заңдық не­гіз­ де қорғай алатыны еш талас ту­ ғызбайды.

Бодан болып, күнің болып өтер ме ек?! Қазақ елі аузымдағы ұраным, Мақтанышым - Көк байрағым көтерген. Міне, жүрек қуаныштан бұлқынған, Туа берсін саған тартқан өршіл жан. Айналайын дархан далам, өзіңнен Қайтпас қайсар Қайрат атты ұл туған!

Арайлым ҒАБДРАХОВА, Жаңақала ауданы

Әңгімеміздің кейіпкері Раушан Алдиярова – Жосалы ауылының тумасы. 1985 жылы мектеп бітірген ол өзге құрбы-құрдастары сияқты арман қуып, Алматыға жол тартты. Білім алуға ниеттен­ ген жас қыздың Алматыдағы политехникалық техникумға құжаттарын тапсырғанмен, жолы болмай, конкурстан өтпеді. Содан ауылға қайтуға намыстанған ол қаладағы құрылыс саласы ма­ мандарын даярлайтын арнайы колледжге құжат өткізіп, жатақханаға орналасып алады.

Сол күндердің

- 16 желтоқсан күні ертеңгілік жатақхана ішінде жуынуға шық­ сақ, айнала жүгірген жастар. «Қонаевты орнынан алып, шеттен Колбинді әкеліп қойыпты. Елден бір қазақтың табылмағаны ма? Намыс қайда?» деген жержерден шу шыға бастады. Жаспыз ғой, әлі ештеңенің байыбына жетпесек те, көп дүрмек­ке қосыла біздер де Үкімет үйі ал­дындағы орталық алаңға бар­ дық, - деп сол күндерді Раушан есіне алады. Бұлар алаңға келгенде жиналған жастардың қарасы едәуір молайып қалыпты. Бір таңғаларлығы, алаңда жиылған тек қазақтар ғана, өзге ұлт өкіл­ дері көзге шалынбайды. Жиыл­ ған жастардың қолдарында та­ лап-тілек жазылған плакаттар бар. Бәрі де желең қалпы жұқа киінген. Яғни олардың қауіп-қа­ тер күтпегендері айдан анық. Жастар патриоттық рухтағы ән айтып, талаптарын қойып, «Қа­ зақ еліне қазақ басшы керек!», деп жиналған­дардың тобын молайта түсті. Раушан бір бөлмеде жататын құрбылары Света, Рая, Ақмаралмен бірге алға қарай жүргендері сол еді, мұздай қаруланған солдаттар кейін қарай қуып тастады. Ит қосып, өрт сөндіретін машинадан су шашты. Тіпті солдаттар қол­дарындағы резіңке сойылда­рымен қызжігіттерді сабап, авто­бустарға тиеп жатты. Осы дүр­мектің ішінде әскерилер арқасына үс­ ті-үстіне резіңке сойыл тиген жап-жас қазақ қызы Раушанды да ес-түссіз күйде автобусқа тиеп, қала шетіндегі алаңқайға лақтыра салды. Әйтеуір, кө­ретін жарығы бар екен. Жон арқасы білеудей боп іскен Рау­шан аман қалған құрбылары­мен бірге тәлтіректеп, жаяула­та қалаға келеді. Жатақханасына оралып,

куәгері

ешкімге тіс жармастан жатып қалады. 1987 жылы Раушан ауылы­ на оралды. Осы жылдың та­­мыз айында жымпитылық жі­гіт Орынғалимен сөз байласып, шаңырақ құрды. Бүгінде Рау­­ шан аудан орталығындағы ау­ ру­хананың хирургия бө­лі­мін­ де кіші медицина қыз­­мет­кері. Орынғали мен Рау­шан­ның көз қуаныштары балала­­ры Сырлыбай мен Айдана – бір-бір мамандықтың иелері. Жыл сайын желтоқсан айы туғанда Раушан сол бір азалы күндерді еске алып, достарымен хабарласуды әдетіне айналдырған. «Сол кездегі жан түршіктіретін оқиғалар әлі көз алдымда. Алаңда өр­ ше­ле­не сөйлеген Қайрат Рыс­ құл­беков­тің бейнесі жадымда жақсы сақталып қалыпты. Арқама ти­­ген сойылдың таң­ба­ сы көпке дейін жазылма­ды, дейді Желтоқсанның куә­­­гері, жым­питылық Раушан қа­рын­ дасымыз.

Мүсірбек АЙТАШЕВ, Сырым ауданы


ТАҒЗЫМ oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

13

Осыдан 30 жыл бұрын ақын Сағат Әбдуғалиев өмірден озды...

Тәуелсіздік және Сағат

Ақиқат - деген шындық. Шындықтың оты боп өткен ақынның бірі – Сағат Әбдуғалиев. Дарыны даралыққа жол ашқан, ары­ ны ақиқатқа бас тіреген, кезінде Жұбан, Қадыр сын­ ды ақындар өлең төрінен екшеп орын берген осы Сағат 35 жасында өмірден өтіпті. Жай өткен жоқ, өкінішті қаза болды. 1983 жылдың соңғы күндері ызғарлы боранда ауылдан шығып кетіп, айдалада қаза тапты. Тудырып пікір таласын, Жайым жоқ елді екшемек. Бөлмеймін қазақ даласын, Жетісу, Жайық, Көкше, – деп, ... Сайраттың құмбыл құс тілде, Жанымның жаз ағыстарын. Тілегім сенің үстіңде, Кіндік жұрт – Қазақстаным, деуі айта салған жай ғана елжі­реу емес. Отан-ана­ға деген баға­ сы өлшеусіз, аясы айбарлы ұғым. Туған Отаны үшін өмір сүру ақын­ға астам шабыт сыйлайды. Сағаттың қай өлеңінен болмасын туған жері – Жайық жағасын құлындай сүйген мейірім көреміз. Оның анасына аңсар сәбилік се­ зім шоғы өлеусіреп көрген жоқ. Туған жеріне де солай. Кіндік қа­ны тамған жері Тайпағынан бас­тап тұтас Қазақстанды айқара құ­шады, адамзаттық махаббат ту­ ғы­зады. Батысы, шығысы деп бө­ лектемей, бәрін біртұтас елім деп түсінеді, ұрпаққа үкілі үміт етеді. Қаратау жері – қазынам, Толағай істен тапты ырыс. Сылыңғыр Сырдың жазынан Сырғасын тақты ақ күріш. Даңқтан дархан, дәулетім, Шабыттың шоғын шат үстеп. Бөлмеймін баба әулетін, Оңтүстік, Шығыс, Батыс деп, - деуі осы тұтастықтың туын кө­ терген жанның түпкі мақсаты, түп­сіз арманы. Сөйтіп, ақынның бо­ йынан Отанымызға деген өндір ой, кемел келбет танимыз. Елінің түп-төркінін түгендеп жүрген жас ақын балаң кезінен-ақ бағын ту­ған елге байлаған сияқты.

– 1964 жылы Есенсайда мектепте оқып жүргенде (Сағат менен бір сынып төмен оқыды) КСРО-ның сол кездегі бірінші бас­шысы Қазақстанның солтүстік об­ лыстарын Ресейге, оңтүстік об­лыс­тардың жекелеген ауданда­ рын Өзбекстанға қосуға ұйға­рым жасаған болатын. Осы бір бөл­ шектеуге наразы болған Сағат өлең шығарып, оны мектепке таратып жіберді. Соның соңғы екі жолы есімде қалыпты: Бөлшектеп қарар жер-суын, Қазақта кінә жоқ еді..., – деп аяқталатын. Бұл “листовка” мек­ теп­те әңгіме болып, соңынан ел құлағына жетті. Сағаттың осы әре­ кетінің соңы оны жазалап бас­қа мектепке, Калмыковқа ауысты­ру­мен тынды, – дейді есенсайлық Санат Қауынбаев. Сөйтіп, 15-16 жасар баланың Қазақстанды бөлшектеуге қарсы әрекеті баланың ісі емес еді. Арманыма айта алады кім ілік, Қаршадайдан жетектеді жыр-үміт. Мен табынсам, Отаныма табындым, Отан деген әрдайымда ірілік, - деуі отаншыл ақынның жай айта салған сөзі емес шығар. Оның бо­ йында осы бір асыл ұғымға деген құрметі шексіз, бағы баянды. Сағат ақынның санасына сал­ мақ салған шумақтардан суырт­ пақтай отырып сансыз ойға өзің

сапар шегесің. Бәріміз де адамбыз. Туған жеріміз, өскен ортамыз, отауымыз бар. Ең бастысы, Отанымыз бар. Адамдар бар. Әр жеке адам Отанға қызмет ету керек. Ал Отанға қызмет ету деген сөз, бір-бірімізге қызмет ету деген сөз. Сөйтіп, ақиқат сөзге анықта­ма берудің қажеті жоқ шығар. Тазаласаң тірліктің табан ысын, Сайрағаны-ай, жарықтық сана құсым. Атан қайрат адамнан жаралып ең, Не жақсылық жасадың адам үшін, – деп өзімізге өзекті сұрақ қояды. Сөйтіп, адамдар бір-біріне се­ нім мен қамқорлық төрінен қа­рар болса, бұл – Отанға деген құрмет, болашаққа деген үлкен үміт көрігі. Оның Отандық ұғымы парасатқа байлам жасайды, па­ йым-топшылауы тұнық. Сөйтіп, ақынның туған еліне деген шексіз ізеті мен ықыласын айтып тауыса алмасың анық. Ол үрер ит пен тілсіз тасқа да елжірей қарайды. Таңертеңнен тұңғиық түнге шейін, Жүрегімнен жекенсал жырды есейін. Жалғыз итің үрмеді маған қарап, Мылқау жатқан таспен де тілдесейін, – деп, бойындағы ыстық сезімін туған ауылына арнайды. Ал туған ауыл мен Отанның айыр­ масы жоқ. Болмасақ та бақтағы бұлбұл дарын, Бүгінде жыр баланың білдім дәмін. Отаныма мен қашан дәлелдеймін, Даналығын дәріптер ұлдың барын. Мәртебеңді мадақтап енді керім, Еркін елдің бағында тең күлемін. Отаным деп ғұмырды бастап едім, Отаным деп бітеді соңғы демім, - деуі екі ақынның бірінің аузы­на түсер сөз емес. Бұл – тынысы кең, зейіні биікте тұрған азамат­тық жыр.

Ақкөңіл азамат еді Кіндік қаны Шалқар көлінің жа­ ғасында тамған Хамидолла Қы­ды­ров – айтулы ақын, қарымды журналист еді. Жарық дү­ние есігін ашқан жылы – 1928. Орал­дың мұғалімдік институтын тәмамдап, ұстаздықпен еңбек жолын бастапты. Шығармашылық та­ланты шалқып, облыстық «Екпінді құрылыс», қазіргі «Орал өңірі» газетіне қызметке келіп, әдеби қыз­­меткер, бөлім меңгерушісі мін­де­ тін абыройлы атқарды. Ақын­дығы, журналистік қарым-қабілеті об­лы­ сымызға да, республикамызға да мәлім болып, бірнеше жыл «Лениншіл жас», қазіргі «Жас Алаш»

республикалық жастар газе­тінің облысымыздағы меншікті тілшісі болып та жемісті еңбек етті. Өткен ғасырдың 60-жылдарының аяғы мен 70-жылдардың басында өзі­міз­дің «Орал өңірінде» қызмет істеді. Ал 1973 жылы Маңғыстау об­ лысы өз алдына шаңырақ көтер­генде Хамақаң өз қалауымен сол облыстық газетінде де жұмыс істеді. Хамекең қазір арамызда жоқ, Маңғыстауда жүргенде бақи­лық болды. Соңында балалары, ба­ла­ ларының анасы және поэзиялық мұрасы қалды. Мен сол жылдарда Ақжайық

Ақын өлеңдерінің бір шоғыры осы тәуелсіздік таңына арналған. Еркін елдің етегі кең, жолы ашық. Бұл барша халықтың аңсар арманы, мұңды мұраты. Бәрімізге та­ныс жай және ақиқатқа қара­лық­ шы. Қақпанға түскен арлан өзінің аяғын шайнап, қиып, құ­тылып ке­теді екен. Сөйтіп, тәні жаралы болса да, жаны жаралы болмайды. Сөйтіп, бостандықтың, тәуел­ сіздіктің таңы тәтті, жолы ашық. Бұл – барша адамзаттың мәңгілік аңсар арманы. Жойқын жігер – оң қанат, Өкінуден жоқ қызық. Күрең қаны сорғалап, Артқы аяғын кетті үзіп. Айдай әлем - ақ құсым, Көңілдерге қосқан құт! Тірліктен де тәттісің. Тәуелсіздік! Бостандық! - деуі осы бір ең ыстық, ғажап тірліктің шашар сәу­ лесін бойына сіңіруден туған сілкініс ошағы. Иә, Сағат тәуелсіздіктен бұ­ рын о дүниелік болды. Бірақ елі­нің ертеңіне елеңдеп, қадір-қа­сие­ тін танытып кетті. Шыншыл, ақи­­қатшыл жан еді. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге батыл ой жіберіп, салмақтап, саралай біле­ тін. Коммунистік қоғамның кел­бетін, оң-терісін ақтарып отыру әдеті еді. Сондықтан да болар, түрменің дәмін көп татты. Бүгін­ де ойлап отырсам, көкірегі ашық батылдығы, ақиқатты бетке айтар мінезі “мін” болған. Ал түрмеге қа­маларда “арақ ішкен” деген же­леуі құжаттарға жамырай жазылып жүргенін қайдан білейік. Талантты жастың табиғаты, сөйтіп, кісілік келбеттен де биік күй танытады. Көкірегінде қалыптасқан ащы ақиқатты ашып айтам деп әділдік тапқан жоқ. Сөйтіп, тарлан талант түпсіз түрмеде торықты. Өлеңінің от жанарын, тысын тү­ сінгенмен, астарын ақтара алмаппыз. Ақындық ақиқаттың биі­гін ұғыппыз да, шырқау шегіне бой­ лай алмағанымыз өкініш. Мақтан етіп елімнің ұлан даңқын, Шабыттана шырқаймын бұл әнді әр күн.

ау­дандық газетінде әдеби қызмет­ кер, бөлім меңгерушісі бо­лып еңбек етіп жүрген­мін. Хамидолла аға іс­ сапармен ауданымызда бол­ған­да, ре­дакциямызға келіп, тар­тымды әң­­ гімесін айтып, үйімізге де соғып, түс­ теніп, қона жастанып кететін. Мен одан екі-үш жас кішілігім бар, аға-іні ре­тінде сыйласып жүретінбіз. Өзі ақ­ көңіл, ақжарқын азамат еді. Өзінен жасы кіші біздерге ақыл-ке­ңесін айтып, әріп­тес санап, шы­ғармашы­лыққа желпін­діріп кететін. Хамидолла Қыдыровтай әріптес ағамызды «Орал өңірі» газетінің тұң­ ғыш саны жа­рық көрге­ніне биыл 95 жыл тол­ған­дық­тан еске алуды пары­ зым деп санадым.

Ғилаж НАУРЗИН, Орал қаласы

Болашақтың тауына ұшты биік, Коммунистік қанатпен қыран халқым, – дейді де, О, бостандық, байлаудағы бір несіп, Сан қиялда көбесінен сынды есік. Туған жердің ұлылығын жырлайды ол, Туған жердің түрмесінде күй кешіп, – деп әлеуметті астар­лы ойға қалдырады. Сөйтіп, туған жер­­ дің ұлылығын ұрандай отырып, жоғарыда айтқандай, “қақпанға түскен қасқыр” күй кеше­ді. Қал­ ғанын өзіміз салмақтап ала­лық. Сағаттың ана тіліне деген кө­ кірек күйі керемет. Ол осы ба­ғыт­та талай тіл безеді, ой өрді. Даламнан отаршылдық мазақты үрлеп, Ғасырым көрсетеді ғажап құрмет. Туған тілде айтамын мен әуелі, Ұлан ғайыр ұлтпын деп. Қазақпын деп, – дегені тек өзі­ не ғана жарасатын сияқты. Ту­ған тілінің түпқазығына айналу – екі қазақтың бірінің қолынан келе бер­мес шаруа. Ол осы жолда шын шаршайды, шалдығады. Бірақ ал­ ған беті анық, айтар ойы ақиқат. Сөйтіп, туған тілінің қамқоры, тамырына нәр берер тамшысына айналғалы қашан. Жүйткіген машинаның жүрісі ұңғыт, Кеткендей қолтығына ұры сүңгіп. Қазақ тілін білмеген қазақ үшін, Бұзылды ақсақалдың түрі сұмдық, – деп ар етер ана тілінің әр­лім-берлім тірлігіне ақсақалдық тұ­жырым жасайды. Қазақ тілін бар­­ша қазақ білу керек. Онсыз тіл мәртебесі көтерілмейді. Тілге де­ген таным түзелмей, тіл терезесі ашылмайды. Міне, ақиқатты ақ­ тарған ақын өмір мінбесіне өл­­мес өтініш қалдырған. Тәуел­сіз­діктің де басты белгісі тіл құдіретін та­ну, мойындау болмақ.

Тілес ЖАЗЫҚБАЙ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Ақжайық О бір баста мұңды боп, Аңыз болған Ақжайық. Асан атам қия алмай, Қарайлап кеткен Ақжайық. Сағасы кейде тартылып, Сан бұралған Ақжайық. Қыз өсіріп қынай бел Сырлы болған Ақжайық. Ақын туып дауылпаз Жырлы болған Ақжайық. Қара тасты балқытқан Күйге толы Ақжайық. Батыр туып наркескен Өрлі болған Ақжайық. Шешен туып ақ алмас Төрлі болған Ақжайық. Октябрьде нұр құшып,

Елді болған Ақжайық. Еңбекте байлық еңсеріп, Кенді болған Ақжайық. Орден тағып туына, Ер атанған Ақжайық. Самалды бел, ну орман, Өзені күміс Ақжайық. Түгін тартсаң, май шыққан Жері пүліш Ақжайық. Алуан ұлт бас қосқан Дос бесігі – Ақжайық! Содан болар көргендер Саған ғашық, Ақжайық Сен тұрғанда биікпін, Жыр жаза алман мұқайып!

Хамидолла ҚЫДЫРОВ


14

қызмет Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

Батыс Қазақстан облысы әкiмiнің аппараты, 09000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 179, анықтама үшін телефон (факс): 8(7112) 51-39-04, 51-27-23, е-mail: zapkazakim@westkaz.kz, бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымы – Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды («Д-4» санаты, 1 бірлік). «Д-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдары­на байланысты 71 751 (min) теңгеден 96 735 (max) теңгеге дейiн. Функционалдық мiндеттерi: Электрондық құжаттар айналымы­ ның бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) бағ­дар­ламасы бойынша жоғары тұрған мемлекеттік ұйымдардың нұсқаулық ұйым­ дастырушылық-өкімдік құжаттары мен нормативтік-құқықтық актілерін бақы­ лауға қою. ЭҚАБЖ бағдарламасы бойынша бақылауға қойылған құжаттардың қозғалысына және уақтылы жетуіне бақылау жүргізу. Облыс әкімі аппара­тының, қала және аудандар әкімдері аппараттарының, облыстық басқарма­ лардың ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтары мен өкімдерін, ҚР Үкіметі­ нің қаулыларын, басқа да нормативтікқұқықтық актілерді уақтылы орындау­ларына бақылау жүргізу. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпараттықталдау материалдарын, анықтамалар, жазбалар дайындау. Конкурс қатысушыларына қойы­ латын талаптар: «Білім беру» немесе «Гуманитарлық ғылымдар» немесе «Құқық» немесе «Өнер» немесе «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» немесе «Жаратылыс ғы­лымдары» немесе «Техникалық ғылым­ дар және технологиялар» немесе «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» немесе «Ве­теринария» немесе «Қызметтер» маман­ дықтары бойынша жоғары білім. Білімі туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында алған азамат­ тар (“Болашақ” бағдарламасының түлек­ терінен басқа) білімі туралы құжатта­ рын тану немесе нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс. Жұмыс тәжірибесі келесі талап­ тардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 3) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қа­ зақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін ба­сым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 4) ғылыми дәрежесінің болуы. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасы­ның Парламентi және оның депутатта­ рының мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конс­­титуциялық заңдарын, Қазақстан Рес­ публикасының «Мемлекеттік қызмет ту­ралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң­ дарын, осы санаттағы нақты лауазым­ ның мамандануына сәйкес салаларда­ ғы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқық­тық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төр­ ағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мем­лекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орна­ ласуға конкурс өткiзу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негiзiнде жүргiзiледi. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен осы қағи­ даларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 3) бiлiмi туралы құжаттардың но­та­ риалдық куәландырылған көшiрмеле­рi (мемлекеттік қызметшілер ұсынатын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) куәландыра алады); 4) еңбек қызметін растайтын құжат­тың нотариалдық куәландырылған кө­шiрмесi (мемлекеттік қызметшілер ұсы­натын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органның персоналды бас­қару қызметі (кадр қызметі) куәлан­ды­ра алады); 5) Қазақстан Республикасы Денсау­лық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекі­ тілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің тізілімін­де 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулы­ғы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азама­ тының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкі­ летті органмен белгіленген шекті мән­ нен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiри­ бесiне, кәсiби шеберлiгiне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездеме­лер, ұсынымдар, ғылыми жарияланым­дар және өзге де олардың кәсіби қыз­метін, біліктілігін сипаттайтын мәлімет­тер) қосымша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комиссиясының қара­ уы­на қабылдау мерзiмiнде қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құжат тігілетін мұқабада орналастырылған) қабылданады. Азаматтар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидат­тар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында өтеді. Осы лауазымдарға орналасқан тұл­ ғалар үшін көтермелеу шығындары төленбейді, үй және жеңілдіктер берілмейді.

oral_oniri@inbox.ru

Ауылдастары дән риза Тайпақ орта мектебінің (Ақжайық ауданы, Қарауылтөбе ауылы) қос түлегі 2005 жылы мектепті «Алтын белгімен» бітірген болатын. Сол екеудің бірі – Айымгүл Ғабдуалиева Ақтөбе медакадемиясына оқуға түсіп, оны үздік бітіріп шықты. Қазіргі уақытта ол ауданымызда дәрігерлік қыз­мет атқарып жүр. Ал екінші озатымыз - Айнагүл Молдашева М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ды табысты аяқтап, өзі оқыған мек-

тепке оралды. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша мұғалімдік қызметке кіріскен ол бүгінде информатика пәнінің мұғалімі болып еңбек етуде. Жуырда «Үздік оқу-әдісте­ мелік кешен» облыстық сайысы­на қатысқан Айымгүл оқу үрді­сінде ақпараттық-коммуни­ка­-

ция­­лық технологияларды қол­ дануда мазмұнды құрылымды шеберлігі үшін бірінші орын алып, арнайы дипломмен және бағалы сыйлықпен (сандық фотоаппарат) марапатталды. Өздері туып-өскен ауылға қайта оралып, ауылдастарының игілігіне қызмет жасап жүрген қос құрбыға ауылдастары дән риза.

Бекем БЕКҰЛЫ, Ақжайық ауданы

Көлік құралдарына салатын салық базасын ретке келтіру Батыс Қазақстан облысы бойын­ша салық департаменті салық тө­ леуші­лер­дің назарына, тіркеу базасында бар бірақ негізінде жоқ кө­лік құралдарды «жеңілдетілген нысандар» бойынша, тіркеу есебінен шығаруға болатынын салады. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдары­ның жекелеген түрлерін мемлекет­тік тіркеу және есепке алу қағида­ларын бе­кіту» 2013 жылдың 26 та­мызында №851 Қазақстан Респуб­ликасы Үкі­ме­ті­нің Қаулысымен бе­кітілген. Осы қау­лы­­сы­ның 56-тар­ма­ғында көрсе­-тілген кә­деге жараты­луға (жарам­сыз деп белгiлеуге, есеп­тен шы­ға­руға) жататын кө­лiк құрал­дары осы қағидалардың 17-тарма­ ғында көр­сетiлген құжаттар ұсы­ нылған жағ­дайда байқау жүргiзiл­ мей, есептен шығарылады. Көлік құралдар тіркеу куәлігі және

мемлекеттік тіркеу нөмір белгісін Тір­кеу емтихан бөлімшесіне тапсырыла­ды. Кәдеге жаратылатын көлiк құра­­лы­на көлік құралдар тіркеу куәлігі жә­не/немесе мемлекеттік тіркеу нө­мір белгісі болмаған жағдайда, жаз­баша ны­санда оларды жоғалтудың мән-жайлары көр­сетiледi. Бұл ретте Iшкі Iстер Органда­ры­ның ақпараттық ресурстары бойынша тексерулер жүзеге асырылады. Бұл жағдай осы құжаттың 64-тар­­мағында да айтылған. Көлік құрал­дар тіркеу куәлігі және/немесе мемлекеттік тіркеу нөмір белгісі болмаған кез­де тұрған жерi белгi­ сiз көлiк құралда­рын есептен шы­ғару осы көлiк құралы соңғы үш жыл бойы пайдаланылмай­тынын болжауға негiз беретiн ақпа­рат­ты жаза отырып, жол қозғалысы­ның қауiпсiздiгi саласындағы уәкi­леттi орган шығарған қорытынды негiзiн-

де жүргiзiледi. Жоғарыда көрсетілгенді және осындай көліктер көбіне қаза болған адамдардың атында тіркеу есебінде тұрғанын ескере отырып, және Салық кодексінің 54-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның салық мiндеттемесi қайтыс болғанда немесе күшiне енген сот шешiмi негiзiнде оны қайтыс болды деп жариялағанда тоқтатылады. Осы себептерді салық төлеуші­ лер­дің назарына сала отырып осындай көлік құралдар категориясын тіркеу есебінен шығару үшін Ішкі Істер органдарына жүгінуі керекті­гін ұсынады. Ж А. Басиров, Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің өндірістік емес және арнаулы салық режим­дерін әкімшілен­ діру басқармасы­ның бас маманы

БҚО туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «Велосипед спорты балаларжасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК бос лауазымдық орынға ашық конкурс жариялайды: Шаруашылық меңгеруші – 1 бірлік Заңгер – 0,5 бірлік Біліктілік талаптары: кәсіби жоғары білім, мемлекеттік тілді білуі, компьютерлік бағдарла­маларды игеруі, 3 жыл еңбек өтілі. Автокөлік жүргізушісі – 1 бірлік Біліктілік талаптары: арнайы мамандық бо­йынша білімі, санаттылығы, еңбек өтілі 3 жылдан кем емес. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: - Конкурсқа қатысу үшін өтініш; - Жеке куәлігінің көшірмесі;

- Кадр есебі жөніндегі жеке іс-парағы; - Білімі, біліктілігі туралы құжаттардың кө­шірмесі; - Еңбек кітапшасының көшірмесі; - Жұмысқа жарамдылығы жөніндегі (086 у нысан) анықтама; - 3*4 үлгідегі сурет, 2 дана Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар газетке ха­барландыру шыққан соң 15 күнтізбелік күн ішінде Достық даңғылы, 242 мекенжайында қабылданады. Тел./факс: 51-71-84.

Орал қаласының Зашаған кенті әкімінің аппараты «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға төмендегі санат бойынша конкурс жариялайды Орал қаласының Зашаған кенті әкімі­нің аппараты, 090009, БҚО, Орал қаласы, Зашаған кенті, Жәңгір хан кө­ шесі, 17-үй. Анықтама телефон­дары: 8 (7112) 50-18-80, 52-16-42, электрон­ дық мекенжайы: zachakimat@mail.ru Абаттандыру бөлімінің бас ма­ма­ны, «E-G-3» санаты – 1 бірлік, ла­уа­зымдық жалақысы қызмет өт­кер­ген жылдарына байланысты 53813 тең­геден 72391 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Заң­ дылықты, қоғамдық тәртіпті сақтаудың, азаматтардың бостандықтары мен мүд­делерін қорғаудың жай-күйіне талдау жасауға қатысу. Кент әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, басқа да ресми хаттар жобаларын дайындау және құқықтық сараптама жасау. Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімін жүргізу, тіркелуін ұйымдастыру және қамтама­сыз ету, жинақтау және бақылау. Аппарат жанынан құрылған комиссияларға қатысу. Сот органдарында сенімхат негізінде өкілдік ету. Мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқық­тық жағынан қорғау. Қызмет барысында туындайтын құқықтық мәселелер бойынша заңды кеңестер, қорытындылар, анық­тамалар беру. Бөлім басшысының тапсырмасы бо­ йынша азаматтардың арыз-өтініштерін өзге де жүгінулерін қарау.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: «Құқық», мамандықтары бойын­ша жоғары білім немесе Мемлекеттік қыз­мет өтілі бір жылдан кем емес, осы са­наттағы нақты лауазымының функ­ цио­налдық бағытында сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі. шетелдік оқу орындарын бітіргендер білімі туралы құжаттарын нострификациялау қажет. Қазақстан Республикасының заң­да­рын білу жөнінен тест тапсыру бағ­ дар­ламасына сәйкес нормативтік-құ­қықтық актілерін меңгеру. «Қазақ­стан2050» стратегиясы – қалыптасқан мем­ лекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, мемлекеттік тілді білуі. Типтік біліктілік та­лаптардағы белгіленген нысандарға сай келуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: белгіленген нысандағы өті­ніш; Өкілетті орган белгіленген ны­сандағы сауалнама 3х4 фотосымен; Білімі туралы құжаттардың нотариал­ дық куәланды­рыл­ған көшірмелері; Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куә­ландырылған көшір­месі; ҚР Денсаулық сақтау министр­ лігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (ҚР-ның нормативтік-құқықтық акті­лердің тізі­лімінде 2010 жылы 21 жел­тоқсанда

№6697 болып тіркелген) ны­сандағы денсаулық туралы белгіленген анық­ тама; Қазақстан Республикасы аза­ма­тының жеке куәлігінің көшірмесі, құ­ жаттарды қабылдау сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені ту­ралы қолданыстағы сертификат. Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соң­ғы жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген ме­кенжай бойынша сәйкесті мемлекет­тік органға тапсырылуы тиіс. Конкурс комиссия­сы­ның қарауына құжаттар­ды қабылдау мерзімінде азаматтар­ дың өздері әке­ліп берген немесе пош­тамен жіберілген (қо­са тіркелген құ­жаттардың тізбесі көр­се­тілген құжат тігілетін папкада орна­лас­тырылған) құжаттары қабылданады. Со­нымен қатар құжаттарды көрсетілген элек­ трондық мекенжайға электронды түрде бере алады, бірақ құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктір­мей беру керек. Әңгімелесуге жіберілген кандидат­тар осы кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған кент әкімінің аппаратында өтеді.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

15

Қайыр Мештәліұлы Қанаев Жуықта ауыл-елімізге белгілі азаматымыз, ардақты арқа сүйер әкеміз, үлкен-кішіге қа­­йы­рымы мол, ақылшы-ұстаз болған ардагер ақ­сақалымызды фәнидің соңғы сапарына шы­ ғарып салып, қара жамылған күйде қалдық. Марқұмның ұзақ жылдар жасаған өмір жолдарына көз жіберсек, бұл дүние-тіршілік осындай адамдардың арқасында тыныстап тұрғандай. Қайыр Қанаев 1926 жылы 17 мамырда Жымпиты ауданы Құмқұдық ауылында қара­ пайым отбасы иелері - әкесі Мештәлі мен анасы Бәкизаның жанұясында дүниеге келген. Елтай ауылында 4 жылдық мектепті бітірген жас бала 1935-1942 жылдары колхоздың жұмыстарына шама-шарқы келгенше арала­ сады. Сол кезде жаңадан салынған Қазақ­стан стансасының элеваторына өгізарбамен астық тасымалдады. Осыдан кейін кәмелет жасына жеткен жас жігіт 1942-1953 жылдары Астрахань қаласына барып, Каспий теңізінде балықшы маманды­ғын игеріп, жұмыс атқарды. Бұл қайнап жат­ қан майданды және ашыққан елді тамақпен қамтамасыз етудің маңызды түрі болатын. Ел­ге игеріліп жатырған тыңға оралған жігітті 1953 жылы “Тасқұдық” кеңшарының дирек­торы Семиниченко Переметный селосында­ғы механизаторлар курсына жібереді. Оқуды үздік бітірген жас маман қайтып келіп, кең­ шардың №2 бөлімшесі – Аққұдық елді меке­нінде тракторшы болып, жұмысқа қызу кірі­сіп кетеді. Бұл тың игерудің алғашқы жылда­ры еді. Жымпиты ауданының Талдыбұлақ, Ті­нәлі, Қырыққұдық, Жосалы, Аққұдық ауылда­ рының егінін орып, шөбін шапқан қажырлы еңбек азаматы 1957 жылы «Құрмет белгісі» орденінің иегері атанды. Алғы қатардағы ауыл азаматы темір тұл­ парға алғашқы мінгеннен 33 жыл бойы со­ның тізгінінен айырылмады. Бұл жылдары аудандық жә­не облыстық Құрмет тақ­та­ла­ры­нан су­рет­тері түс­пей­тін еді. Ерен еңбе­гі же­міс­ті болды. Талай мәр­те социалистік жарыстың же­БҚО бойынша МАЭС-тың 27.09.13 ж. ше­шімімен «Рос-Ойл-Астана» ЖШС (БСН 0909 40001145, №192-1926-07-ТОО, 20.05.2011 ж.б., БҚО, Зеленов ауданы, Дариян ауылы, 5-үй, 6-пәтер) банкрот деп танылып, конкурстық өндіріс қозғалды. Талап-шағымдар хабар­ландыру жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде мына мекенжай бойынша қабылда­ нады: Орал қ., Қ.Аманжолов көш., 98, 20-бөл­ ме, тел./факс: 8-711-2-51-50-08

Досқа деген сағыныш

ңімпазы атанды, бағалы сыйлықтар алды, баспасөз-ақпарат құралдарының да назарынан тыс қалмады. 1971 және 1980 жылдары Еңбек Қызыл ту ордендерімен марапатталды. Сонымен қа­тар бірнеше мәрте Бүкілодақтық халық шаруа­ шылығы көрмелерінің күміс медальдарын өңіріне тақты. Халқының қалауымен төрт рет аудандық кеңестік депутаттығына сайланды. 1986 жылы зейнетке шыққан Қайыр ақ­ сақалдың жалынды жастық шақтарын еске түсіретін «Ветеран труда» және Елбасының қолы қойылған «Тыңға 50 жыл» медальдары да сол жылдардың куәлары деуге болады. 2005 жылы тыл ардагеріне «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медалі берілді. Алпыс жыл отасқан, Құдайы қосқан қоса­ғы Жұмағыз екеуі 6 қыз, 4 ұл тәрбиелеп өсі­ріп, жиырмаға жуық немере, көріне баста­ған шөберелерін мәпеледі. Ардақты әке мен алтын алқалы ана өрбіген үлкен әулеттің жапырағын жайған бәйтерегі болды. Арамыздан кеткен, асыл ар-намысымыз болған Қайыр ақсақалымыздың соңында қал­ ған үрім-бұтағы аман-есен болғай әр­дайым.

Тума-туысқандары, құдақұдағайлары, зайыбы Жұмағыз және қыз-күйеу балалары мен келін-балалары

БҚО Орал қ. №2 сотының 27.08.2013 ж. шешімімен «Мулдашев Б.Б» ЖК (БҚО, Орал қ., Шевченко көш., 2/4-үй, ЖСН 630614300306, куәлік №0094728, 23.06.10 ж.б); БҚО МАЭ сотының 30.10.2013 ж. шешімімен «УралТехПром» ЖШС (БҚО, Орал қ., Охранная көш., 18-үй, БСН 040340007202, куәлік №58721926-ТОО, 22.04.09 ж.б.) банкрот деп танылып, конкурстық өндіріс қозғалды. Талап-шағымдар осы хабарландыру жарияланған күн­нен бастап 2 ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қа­был­ данады: Орал қ., Орда көш., 1-үй, тел.: 8 (7112) 28-30-14

Тасқала ауданының білім бөлімінің ұжымы және аудан ұстаздары қауымы атынан Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы Мыңбаеваға жұбайы Теміржан Нұртазаұлы Нұғмановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.

Қызықты балалық шақты, арман мен мақсатқа толы мектеп жылдарын бірге өткізген, көп жылдар бойы достық сезімді бірге бастан кешірген досымыз Мәкімнің өмірден өткеніне де 20 жыл болыпты... Мәкім достарына, бауырларына адал, аңқылда­ ған ашық, жігерлі, әділ жан еді. Отан алдындағы борышын Ауғанстан жерінде өтеген кезінде қиямет соғыстан аман келгені­не қуанған едік. Бейбіт заманда, ойламаған жерден, жастай қаза тапқанда сең соққан балықтай, не істерімізді білмедік... Онсыз өткен алғашқы жылдар ешкімге оңай болмағаны анық, қайғырдық, қиналдық, еске алдық, сағындық... Мәкім өмірден өтсе де, босағасы әлі берік, алақанының табы, табанының ізі қалған шаңырақта аяулы жары Болтай түтінін түтетіп, отбасын шайқалтпай ұс­тап отыр. Артында қалған екі қызғалдағын ешкімнен кем қылмай өсіріп, тәрбиелеп, оқытты. Нәп-нәзік болмысымен болған іске болаттай болып, өмір­дің сан қилы қиындықтарынан сүрінбей өтіп келеді. Қыздарын ата дәстүрсалтымен, ата-әжесінің ақ батасымен, тума-туыс, достардың жүрекжарды ті­лектерімен ұзатты. Сол сәттерде де Мәкімнің жоқтығын сезініп, ата-анасы, бауырлары, достары болып еске алдық. Қазір Ардағы мен Ботакөзі өз отаулары­ның шамын жағып, бақытты ғұмыр кешуде, жары әже атанып, Адина, Амина, Зере атты үш жиеннің қызығын көріп келеді. ...Биыл Мәкімнің достары, сыныптастары 50 жастарын тойлады. 1 қаңтар күні бәріміз досымыз өскен шаңырақта болып, ата-анасымен бірге «бүгінде тірі болғанда 50-ге келіп, тойлап жатар едік» деп, оны тағы да қамыға еске алдық. Басына соғып, онымен іштей тілдестік... Көзге жас алдық... Ойран-асыр күйге түстік... Досымыздың жатқан жері жарық, иманы жолдас болсын! Ар­тындағы ба­ лапандарын, бар өмірін досымызға ғана арнаған жарын желеп-жебеп жүрсін!

Еске алушылар: достары Сайман-Светлана, Нұрлан-Надежда, Дәмелі, Ақмарал Жаңақала ауданы Мәстексай ауылы­ның тұрғы­ны болған бірімізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Садық Молдағали­ұлы Жүсіповтің бақилық бол­ ғанына 19 желтоқсан 1 жыл болады. Асқар таусың, орның бөлек өмірде, Сағынумен күндер жылжып өтуде. Алдымыздан шығар ма деп шырылдап, Ұл-қыздарың, немерелер күтуде.

Еске алушылар: бала-келіндері, қыз-күйеу балалары, немере-жиендері Бөкей ордасы ауданы Бөрлі ауылының тұрғыны болған аяулы әкеміз Ержан Рамашұлы Рамашев егер де ортамызда болса, 17 желтоқсанда 60 жас­қа толар еді. Мерейлі жасына толуға өмір заңы бағындырмай, арамыздан ерте алып кетті. Тағ­дыр­ дың жазғанына шара бар ма? Әкеміздің топырағы торқа, иманы жолдас, жаны жәннатта болғай! Көп болды үлкен жүрек тоқтағалы, Қайырылып өз үйіне соқпағалы. Бүгін туған күніңде ұл-қыздарың Өзіңді, әке, сағынышпен еске алады.

Сағынып еске алушылар: зайыбы Меңдіғаным, ұлдарыкеліні, қыз-күйеу баласы, Рамашевтар әулеті Қаратөбе елінің тұрғыны болған қы­зы­мыз Қарылға Сағидоллақызы Қожамұратова тірі болса, бүгінде 35 жасқа то­лар еді. Өмір неткен алдамшы еді, өтпелі, 19 жыл өтіпті-ау сен өмірден кеткелі. Әр кез сені сағынышпен еске алып, Көзден жас, көңілден мұң кетпеді.

Қадірлі ұстазымыз Тельман Аманғалиұлының қайтыс болуына байланысты зайыбы Мағзия апайға, балалары Абзал, Асылхан, Самалға, туғантуысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Ағамыздың топырағы торқа, иманы жолдас болсын! Шәкірттері Сұлушаш, Бекболат, Өтеміс, Ғаният

Еске алушылар: әкесі-анасы, бауырлары

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08,

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 15873, 4 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: ұ.сариева


16

керуен сарай Бейсенбі, 14 желтоқсан 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Кеден үздіктеріне – құрмет ҚР Тәуелсіздігі және кеден саласының құрылған күніне орай БҚО бойынша кедендік бақылау департаментінде салтанатты жиын өткізілді. Жиынға қатысушыларды төл мерекемен департамент бастығы Ерлан Керімов құт­тықтап, кеденшілердің ел қазынасын мо­ лайтуға қосып отырған үлесі қомақты еке­нін атап көрсетті. Айталық, биылғы он бір айда батысқазақстандық кеденшілер бюд­жетке 16 млрд. 5,847 млн. теңге аударды. ҚР Қаржы министрлігінің болжамды тапсырмасы 101,2 пайызға орындалды. Жыл басынан бері кеден заңдылығын бұзушыларға қарсы 12 қылмыстық, 115 әкімшілік іс қозғалды.

Мейрамға байланысты сала үздіктері Ке­дендік бақылау комитеті мен облыстық де­партаменттің төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен, алғысхаттарымен мара­паттал­ды. Кеден қызметін көрсетуге атса­лы­сып жүрген бұқаралық ақпарат құрал­ дарының өкіл­дері, сондай-ақ ардагерлер де ұмыт қалған жоқ.

Арман БОЛАТҰЛЫ

Айыппұл – 25 965 теңге! Жыл сайын жаңа жыл алдында табиғи шыршаны қорғау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қылқан жапырақты жас екпелерді қорғауды күшейту туралы бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап облыстық орман және аңшы­лық шаруашылығы аумақтық инспекция­ сының мамандары құқық қорғау органда­ры қызметкерлерін қатыстыра отырып, же­дел топ құрды. Бұл топ бүгінде қылқан жа­ пырақты ағаш тұқымдарының жас талда­рын қорғау мақсатында негізгі жолдардың бекеттерінде кезекшілік ұйымдастыруда. Аталмыш іс-шаралар барысында жедел топтар көршілес Ресейден әкелініп, сауда-

саттыққа шығарылған шыршалардың да құжаттарын тексермек. Жалпы, облыста мәдени-бұқаралық шараларды қамтамасыз ету үшін ағаштарға күтім жасау мақсатында Январцев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен 1000 дана жаңа­ жылдық шыршаларды дайындауға рұқсат етілді. Жаңа жыл қарсаңында тұрғындар­ға құрама шыршалармен бірге контейнерлердегі тірі шыршалар да сатылмақ. Бұл ретте біз тұрғындарға мына жағдайды ескерткіміз келеді. Егер кімде-кім жаңа жылдық шыршаларды заңсыз кессе, ол адам Әкімшілік құқық бұзушылық кодексі­нің 283-бабына сәйкес әкімшілік жауап­ кершілікке тартылады. Яғни заң бұзушы­лар­ға 10-нан 15-ке дейін АЕК есебінде немесе 17310 теңгеден 25965 теңгеге дейін айыппұл салынып, кесілген шыршаның әр данасына 15 АЕК есебінде немесе 25965 теңге залалды өтеуіне тура келеді.

Нұрлыбек КЕНЖЕҒАЛИЕВ, облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бас маманы

“Замандасқа айтарым бар” Таяуда осындай тақырыпта облыстық дін істері мен жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығының бірлесе ұйымдастырған жастар арасындағы шығармашылық байқаудың жеңімпаздары анықталды. Тәуелсіздік мерекесінің қарсаңында қо­рытындыланған шараның мақсаты қоғам­ дағы орын алған мәселелерді оңтайлы шешуде жастардың пікірін ескере отырып, теріс ағымға шырмалып жатқан замандастарын арашалап, оларға өзіндік ой тастау, болашағына бағыт көрсету болды. Байқауға 30-ға жуық жас қаламгер ниет танытса, 14 шығарма соңғы кезеңге жолда­ма алды. Оның ішінде жоғары оқу орында­ рының студенттері, магистрлері, аудандық, қалалық газеттің тілшілері бар. Бір айға со­зылған шығармалар сайысының бас жүл­де­

сіне Теректі аудандық «Теректі жаңалығыТеректинская новь» газетінің тілшісі Самал Жамет лайық деп танылды. Ал Орал қала­ сының тұрғыны Асан Нарынбайұлы мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті магистрі Ганмиркүн Тұрғана­ лиева екінші және үшінші орындарды бөлісті. 11 қатысушы ұйымдастыру комитеті­ нің алғысхаттарына ие болып, ба­ғалы сый­ лықтармен марапатталды.

Ләззат ШАҒАТАЙ

Газеттің келесі саны 19 желтоқсан, бейсенбі күні шығады.

Құттықтаймыз! Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техни­ка­лық университетінің фи­ло­софия ғылымдарының докторы, про­­фессор Тілекжан Хасенұлы Рысқалиевті 17 жел­тоқ­ санда толатын мерейлі 75 жа­сы­мен шын жүректен құттықтай отырып, деніне саулық және отбасына бар жақсылық­ты тілейміз. Арайлап атты таңы жастық шақта, Арнады бар өмірін ұстаздыққа. Дәрістік білім беру болды арманы, Жол ашып үлкен өмір болашаққа. Жаңарған жаңа тұрмыс кезеңінде, Болдыңыз адал еңбек өзегінде. Бақытты шат-шадыман көңіл тасып, Сыйлы азамат болдыңыз еліңізге. Ғылымның тілін біліп, білім беру, Ұстаздың ең асылы бойындағы. Шәкірті ұстазынан үлгі алса, Орындалар арманы ойындағы. Қайырлы, құтты болсын 75 жасыңыз, Аман болсын жанұя, жеке басыңыз. Жүре беріңіз бәйтерек боп арасында, Қамқоры боп іні мен қарындастың.

Құттықтаушылар: Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұжымы Шыңғырлау ауылының тұрғыны, біріміз­ге аяулы сіңлі, бірі­мізге апа Сәния Мұхан­бет­қызы ШАЛАБАЕВАНЫ мерейлі 60 жасымен құттықтаймыз! Шаттыққа толы шаңырақтың отанасы, аяулы жар, балаңыз бен немерелеріңіздің қам­қор анасы, сүйікті әжесі болып, қызыққа бөленіп, ұзақ өмір сүруіңізге тілектеспіз. Бүгіндей торқалы тойыңызда Сіздей асыл жанға зор ден­ саулық, құт-береке, қажымас қай­рат, баянды бақыт, отбасы­ңыз­ға амандық тілейміз.

Ізгі тілекпен: апа-жездеңіз Әсия-Болат, сіңліңіз Дәметкен және Тойжан Ақжайық ауданы Қабыршақты ауылының тұрғыны, аяулы әкеміз Ғалымғали ЕРБУ­ЛАТОВТЫ 60 жасымен шын жүректен құт­тықтаймыз! Құтты болсын 60 деген жасыңыз, Қуаныштың кемерінен тасыңыз. Әрқашанда мықты болсын денсаулық, Қажымастан жүзден әрмен асыңыз!

Тілек білдірушілер: зайыбыңыз Тамара, қыз-күйеу балаларыңыз Өміржан-Айнұр, Нұрлан-Лаура, бала-келініңіз Қуаныш-Светлана, балаларыңыз Дастан, Берік, немерелеріңіз Фариза, Сауран, жиендеріңіз Дамир, Нұрәділ, Рашида, Нұрасыл, Замир, Нұрай, Гүлжиһан Бөкей ордасы ауданының тұрғыны, Нарынның нар ұлдарының бірі, ардақты ағамыз Темірхан Елемесұлы БӨПІЛОВТІ 60 жас мерейтойымен құттықтаймыз! Темірхан аға, бәрімізге болдың үлгі, Өсірдің, тәрбиелеп ұл мен қызды. Бар туыс шын жүректен құттықтайды Ағамыздың 60-қа туған күнін! Барша ағайын-туыс, дос-бауыр, құда-жекжат, ұл-қыз, келін-күйеу бала, немере-жиендерге қамқор, жанашыр, әрқашан да адамгершіліктің үлгісін көрсетіп келе жатырған, бойында кісілік пен кішіліктің нұры тұнған абзал ағамызға дүниедегі бар жақсылықты, шексіз бақыт, зор денсаулық, Қатира апамызбен бірге ұзақ ғұмыр тілейміз.

Ізгі ниетпен: Жексенбайдың балалары Мирас-Миранұр, Айнұр-Махамбет, Гүлнұр-Медет және олардың анасы Света Жаңақала ауданы Жаңақазан селосының тұрғыны Жұма­би­ ке Құрманғалиқызы Қалмағанбетованы 14 желтоқсан­да мерейлі 58 жасқа толып, зейнетке шығуымен шын жүрек­тен құттықтаймыз! Аяулы анашымыз әрқашанда, Қыз-күйеу, жиендердің ортасында. Зейнеткер бүгін жасқа толып отыр, Желтоқсанның 14 жұлдызында. Пана болар бізге кім сізден артық, Бойыңыздан үлгі-өнеге, тәрбие алдық. Тілейміз қаумаласып бүгінгі күн, Амандық пен әрқашан мол денсаулық.

Құттықтаушылар: қыз-күйеу балаларыңыз, немере-жиендеріңіз


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.