Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

+2 С -4 С 0

0

Сейсенбі, 19 қараша 2013 жыл №141 (19902)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

oral_oniri@inbox.ru

ақпарат

Құрметті «Жайық Пресс» медиахолдингі қызметкерлері! Сіздерді «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 95 жылдық ме­­рей­тойымен шын жүректен құт­­тықтай отырып, Елбасы тап­сыр­маларының орындалу барысын ор­нық­ты көрсетуде, мемлекет саясатын қалың бұқараға айнытпай жет­кі­зуде ал­дың­ғы шептен табылып, та­быс­тарға жете берулеріңізге тілек­тестігімді білдіремін. Баспасөз ісі Батыс Қазақстан өңірінде ертеден бастау алады. 1911-1913 жылдары әуелі тарихи Орда ауылында, кейін Орал қаласында Шәңгерей Бөкеев, Ғұмар Қараш, Бақытжан Қаратаев, Елеусін Бұйрин, Ғабдолғазиз Мұсағалиев сынды ұлт зиялыларының күш салуымен алғаш рет «Қазақстан» деген ресми атаумен газет жарық көрді. 1917 жылы Ордада Алаш қозғалысының үні ретінде «Ұран» атты газет шыққаны да белгілі болып отыр. Ал облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің ізашары «Хабар» «Известия» газеті екі тілде сол Ордада 1918 жылғы 17 қарашадан шыға бастады. Содан бері атауы түрліше өзгергенімен, өзіндік үнін жоғалтпаған облыстық газеттер Ба­тыс Қазақстан өңірінің айнасы ретінде оқырмандарына жол тартып келеді. Ғасырға жуық уақытта облыстық газеттерде журналистердің қаншама легі еңбек етіп, өмір мектебінен өтті десеңізші. Олардың есімдері әр кез ел есінде қала бермек. Бүгінгі таңда да өңір қаламгерлері аға ұрпақтың абыройлы ісін жалғастырып, қос газет бетінде өз қолтаңбаларын қалдыруда. Қазіргі кезде «Жайық Пресс» ЖШС қос облыстық газетке қоса, он бір аудандық ба­сылымды біріктірген, республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская прав­ даға» дейін басылып шығатын дербес баспаханасы, жедел хабар тарататын ақ­па­рат орталығы бар ірі медиахолдингке айналды. Бұл да – жаңа заман жетіс­ті­гінің бір көрінісі. Алдағы уақытта да алған ба­ғыт­тарыңыздан таймай, ақпарат май­ данында әрдайым биіктен көріне беріңіздер дегім келеді. Мереке құтты болсын! Құрметпен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед

Тарифтің “тағдырын” талқылады театр

“Осы сәттерді кейін сағынатын боламыз”

Құрметті Жантас Набиоллаұлы! Сізді және сіз басқарып отырған «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктес­­ тігінің ұжымын қос газеттің 95 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз! «Орал өңірі» оқырманын жеделдігімен, дәйектілігімен және жан-жақты мазмұны бай ақпараттық-сараптамалық, танымдық мақалаларымен баурайды. Сол арқылы халық­қа қызмет етуде өзгелерге ұқсамайтын өзіндік қолтаңбаларыңызбен ерекшелендіңіздер. Газет ұжымы қарапайым халықтың мұң-мұқтажын жоқтап, ар-намысын қорғап, олар­ дың әлеуметтік мәселелерін батыл көтеріп келеді. Басылымда жұмыс істейтін қалам иелерінің қарымы ерекше мол, тынысы кең. Басылымның «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық мақсат-міндеттерін халыққа таратуда, саяси маңызы зор шараларды көпшілікке жеткізіп, Елбасы, партия Төрағасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдап, қоғамдық-саяси жұмыстары жөнінде ауқымды материалдар жариялауда ерен еңбектері өлшеусіз. «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы тарапынан мерейтойы­ңыз­бен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толайым табыс, шығармашылық ша­быт тілейміз. Алар асуларыңыз бұдан да биік бола беруіне шын ниетпен тілектеспіз. Редакция ұжымына, барлық журналистерге шығармашылық шабыт, еңбектеріңе табыс тілейміз! «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы

2

4


2

АҚПАРАТ Cейсенбі, 19 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Жаңа тағайындау Облыс әкімі Н.Ноғаевтың өкімімен және Қа­зақстан Республикасы Пре­зиденті әкім­ші­лі­гінің келісімімен Санжар Жұматайұлы Әлиев Тасқала ауданының әкімі болып таға­йын­далды. 18 қарашада облыс әкімі Н.Ноғаев Тасқала аудан­дық мәс­­ли­хатының кезектен тыс сессия­ сына қатысып, депутаттарға Тас­ қала ау­даны әкімі лауазымына Сан­жар Жұматай­ұлы Әлиевтің кан­дидатурасын ұсынды. Депу­таттар облыс әкімінің ұсынысын бірауыз­дан қол­дады. Өңір басшысы Нұрлан Асқар­ ұлы Ноғаев сол күні аудан активі­не жа­ңа әкімді таныстырды.

Қазақстандықтардың 98%-ы Мемлекет басшысының 11 қазан күні өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерген мәселелері халықтың көкейіндегісін тап басты деп санайды.

Санжар Жұ­ма­тайұлы ӘЛИЕВ 1978 жы­ лы туған. Білімі жоғары, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін эко­ номист-бухгалтер, 2002 жылы Ор­талық Азия университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. 2001-2002 жылдары Қазақстан Респуб­ ликасы Білім және Ғылым Министрлігінің Бюджетті жоспарлау және қаржы департа­ менті бас маманының міндетін атқарушы, бөлім бастығы, индикативтік және қаржы­лық жоспарлауды жиынтық талдау және қаржы басқармасының жетекші маманы. 2002-2012 жылдары қаржы полициясын­ да, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша эко­­­номикалық қылмыс­қа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес де­ партаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2012 жылдан Қазақстан Республикасы Пре­зиденті әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің сарапшысы, инспекторы. 2013 жылғы 18 қарашадан Тасқала ау­данының әкімі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Компанияда жаңа басшы Кеше облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ ұжымына компанияның жаңа басшысын таныстырды. Компанияның басқарма төрағасы – директоры болып бұрын Тасқала ауданын басқарған Қуат Мусин тағайындалды. – Компанияның төрағасы Яхия Киндашұлы Чудров еліміздегі қиын жылдары басшылық қыз­ метке келіп, күні бүгінге де­йін абыроймен басқарып келеді. Компанияның директорлар ке­ңе­ сінің шешімімен ол кеңестің төр­ ағасы қызметіне ауыстырылды. Шебер ұйымдастырушы, білікті маман, осы саланың білгірі ретін­ де компанияның электр қуатын тұрақты тасымалдау, есепке алу, ком­панияны дамыту және кадр­ лар құрамын жақсарту бағытын­дағы маңызды жұмыстарды ойда­ ғыдай атқарды. Ұжыммен бірле­ се отырып, облысты электр қуа­ тымен қамтуды тұрақты жолға

қоюға еңбек сіңірді. Саладағы қиындықтарға қарамастан, қолда­ ғы өндірістік-техникалық әлеуетті сақтап, оның дамуына күш салып келді, – деген Алмаз Бекетұлы Яхия Киндашұлына компанияны басқарған жемісті еңбегі үшін об­лыс басшылығы атынан алғыс ай­ тып, жаңа қызметінде жақсы та­быстарға жетуіне тілектестігін біл­ дірді. Алмаз Бекетұлы компанияның басшысы Қуат Мусинді жаңа қыз­метке тағайындалуымен құт­тық­ тап, игі тілектерін білдірді. Сон­ дай-ақ ол Тасқала ауданының әкі­мі болғанға дейін Қуат Наурыз­ұлының энергетика саласында 30

жыл жұмыс істеген тәжірибесі ба­ рын айта келе, компанияның об­лысты тұрақты қуатпен қамту жұ­ мысын жалғастырып, облыстың энергожүйесін жұмыс жағдайын­да ұстау, қуатты үнемдеу, шығын­ды азайту, жаңа технологиялар­ды енгізу сықылды сала алдын­да­ғы міндеттерді адал атқарып, ұжым­мен тіл табысып, бірлесе жұмыс істейтініне сенім білдірді.

Өз тілшіміз

Елбасы сынына қазақстандықтардың көзқарасы 1-7 қараша аралығында Елба­ сы көтерген мәселелер бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесі бойын­ ша, қазақстандықтардың 98%-ы 11 қазанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы көтерген барлық мәселе халық­ тың көңіліндегі түйткілдер деп есептейді. Соның ішінде сұралғандардың 92%-ы Елбасының Үкіметке ауыл шаруашылығын дамыту бойынша берген тапсырмаларын қолдайды. Ел Президентінің пайдаланыл­ май жатқан жерлерді жан-жақты тексеріп, оларды айналымға ен­ гізу механизмін жасау туралы нақты тапсырмасы әрбір сұралған азаматтың екіншісінен жағымды қолдау тапты (91,7%). Респонденттердің 92%-ы Мем­лекет басшысының барлық қабыл­ данған бағдарламаларды реттеу қажеттілігі туралы ескертпесі мен жеке бағдарламалар бойынша қаражаттың толық игерілмеуі ту­ ралы сынын дұрыс деп есептейді. Азаматтардың 94%-ы Мемле­кет басшысының шектен тыс ар­ тық әрекеттер тізбегі мен келісім­ дер кесірінен бюджеттің сапасыз орындалуы жөніндегі сыни ес­ кертпелерімен келіседі. 98%-ы Елбасының мемлекеттік бюджетті жоспарлау және орын­

Хабарландыру 2013 жылғы 22 қараша күні сағат 11.00-де орман қоры жерлеріне жататын Жәңгір хан көшесі бойы Атырау қ. – Саратов қ. автожолы демалыс және мәдениет саябағы ауданында және Желаев автотрассасы ауданындағы жерлерді Орал қаласының елді мекен жерлер санатына аудару жөнінде қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Мекенжайы: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, Орал қаласы әкімдігінің ғимаратының кіші залы, 2-қабат.

Бейсенбі күні ҚР Табиғи монополияларды реттеу агент­­ті­гі­нің облыстық департаменті «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ-ның электр энергиясын беру және тарату қызметінің жа­­ңа тарифін бекіту мәселесі бойынша жария тыңдау өткіз­ді. Бұл шараға облыстық энергетика және коммуналдық шар­уа­шылық басқармасының қызметкерлері мен қа­ла­лық мәслихат депутаттары, коммуналдық қызмет көрсе­туші мекеме өкілдері және бір топ қала тұрғындары қатысты.

Тарифтің Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі»

Ж

«тағдырын» талқылады

иынды жүргізген ҚР Та­биғи монополия­ лар­ды реттеу агентті­ гінің облыстық департаменті бас­шысының орынбасары Клара Әлиева шара мақсатын түсіндірді. «Батыс Қазақстан ЭЖТК» АҚ ат­ қарушы директорының орынба­ сары Жанна Қартмамбетова сөй­­леді. Ол электр қуатын тарата­тын құрал-жабдықтардың әбден

ескіргенін айтып, оларды түбегей­ лі жаңғыртуға және электр энергия­ сы коммерциялық есебінің авто­ маттандырылған жүйесін (АСКУЭ) қондыруға 64 миллиард теңге мөлшерінде қаражат қажет еке­нін жеткізді. Оның сөзінше, әбден то­зығы жеткен электр құ­рыл­ғы­ла­ рының кез келген уақытта істен шығуы мүмкін. Осыны баяндаған Қартмам­бе­-

това электр қуаты тарифын арт­тыру жөніндегі кәсіпорын басшы­ ларының ойын ортаға тастады. Оның мәлімдеуінше, қазіргі таң­да кәсіпорын тұтынушыларға ҚҚСсыз 1 кВт сағаты 3,74 теңгені құ­ райтын тариф бойынша қызмет көрсетіп жүрсе, енді жаңа та­ риф бойынша 1 кВт сағ. 5,07 тең­ге болмақ. Бұл «жаңалықты» жиын­ ға қатысқан бір топ қала тұрғын­

даудың сапасын арттыру туралы тапсырмасын қолдайды. Сұралғандардың 97,5%-ы Мем­лекет басшысының жаңа жоба­­лар­ға, әсіресе, құрылыс саласын­ да ке­­тетін қаржылық шығындар­ды азай­ту үшін жаңа техноло­ гияларды қолдану жөніндегі та­ лабымен келіседі. Респонденттердің 99%-ы Мем­ лекет басшысының мас күйінде көлікке отырып, ЖКО жасағандар үшін жазаны күшейту қажеттігі туралы тезисімен толықтай келі­ сетіндіктерін мәлімдеді. Сұралғандардың 95,4%-ы Мем­ лекет басшысының білім беру ны­сандарының материалдық-тех­никалық базасын сынға алуымен, білім беру саласында білікті ма­мандар саны аз екендігімен то­ лықтай келіседі. Елбасының еңбекке жарамды тұлғаларға өзара міндеттілік қа­ ғидасы бойынша әлеуметтік көмек беру қажеттілігі туралы ескертпе­ сін қазақстандықтардың 96%-ы қолдаса, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысты сынмен 93%-ы келіседі. Үкіметтің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған ісшараларына қанағаттану деңге­­­йін сұралғандардың көпшілігі «дұ­­рысы, қанағаттанбаймын» деп көрсетті.

дары жақтырмай қалды. Олар­ дың қайсыбірі бағаны көтермеу жөніндегі талап-тілектері жазыл­ған плакаттарын көтеріп, кәсіп­ орын өкілдерін сұрақтың асты­ на алды. Мекеме қызметкерлері олардың сұрақтарына барынша толық жауап беруге тырыс­қа­нымен, тұтынушылар бұған қана­ ғаттанбады. Оларды сабырға ша­ қырған кәсіпорын өкілі А.Ма­це­гор бұл мекемеге жергілікті бюд­ жеттен көмекқаржы (субсидия, дотация) берілмейтінін, соның ке­-

сірінен жұмысшылардың жала­ қысын көтере алмай жүргенде­рін айтты. Оның сөзінше, кәсіп­ орын электриктерінің жалақысы 47 мың теңге көлемінде. Ал бұл жағдай маман кадрлардың тұрақ­ тамауына себепші болуда. Меке­ ме басшылары мен жұмысшылар жалақысының арасы жер мен көктей екенін айтып шулаған жұрт мұны басқа жолмен шешу ке­рек екенін айтып, кәсіпорын өкіл­дерінен электр жарығының бағасын ретсіз көтермеуді талап етті. Сөйтіп, жаңа тариф жобасын талқылаған бұл жиын жұртшы­ лық­тың наразылық көрсетуімен аяқталды. Тәртіп бойынша, осы жолғы ұсы­ныс пен жария тыңдау нәти­же­сіне сәйкес, уәкілетті орган 25 қа­ рашаға дейін шешім қабылдауы тиіс. Тиісті орындар оң шешім қа­былдаған жағдайда, электр жа­ рығын тасымалдау және тарату қызметіне қатысты жаңа тариф ба­ғасы алдағы 2014 жылдың 1 қаң­ тарынан бастап қолданысқа ен­ гізілуі ықтимал.


ҚОҒАМ oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 19 қараша 2013 жыл

Ел-жұрттың жадына!

Астанада өткен Қазақ­стан халқы ассамблея­ сының халықаралық ме­ диа­форумы «Төзімді­лік және БАҚ» тақы­ры­ бын егжей-тегжейлі талқы­лаған ел өміріндегі ма­ңызды оқиға болды.

«Орал өңірі» және «Приура­ лье» газеттерінің 95 жылды­ғына орай шығарылған кі­тап­ тардың тұсаукесері Ж.Молда­ ғалиев атындағы кітапхана­да 20 қараша күні сағат 11.00-де басталмақ. Ал тура сол күні облыстық қазақ драма театрын­­­да қос басылым­ның ме­рей­тойына ар­налған салтанатты жиналыс өтеді. Са­-ғат 17.00-де бастала­ тын жиын соңы мере­келік кон­ цертке ұласпақ.

Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «Орал өңірі»

«Төзімділік және БАҚ»

М

едиафорумның пле­ нарлық отырысында белгілі сарапшылар, шетелдік ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өз пікірлерін ор­ та­ға салды. Отырысты Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығы­ ның меңгерушісі Ералы Тоғжа­ нов ашып, жүргізді. Ол өз сөзінде БАҚ-тың қоғамдағы роліне жоға­ры баға берді. – Біріншіден, БАҚ – қоғамда пікір қалыптастырушы құрал, екін­шіден, азаматтар санасының дұрыс қалыптасуына бағдар бе­ руші, үшіншіден, «БАҚ» деген сөз­дің өзі «бақыт» сөзінің қысқа нұс­қасы болып, еліміздің бағы мен бағасын арттырушы күш бо­ лып отыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында этносаясаттың негізгі бағдарын былай деп айқындаған еді: бірін­ шіден, әрбір қазақстандық өзінің этностық, діни ерекшеліктеріне қарамай, елдің тең құқылы азама­ ты; екіншіден, қазақ халқы және қазақ тілі қазақстандық азамат­ тық қоғамның мызғымас ядросы; үшіншіден, біз бәріміз – бір ел, бір халықпыз. Осы бағдар біздің мәңгілік ұстанымымыз, - деді ол. Бұдан әрі Ералы Тоғжанов құт­ тықтау сөз кезегін ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынба­сары Бағлан Майлыбаевқа ұсын­ды. Ол бұқаралық ақпарат құрал­ дарының қоғамда алар орны мен елдегі тұрақтылыққа қосар үлесі ерекше екенін атап өтті. Әсіресе, этносаралық және конфес­сияара­ лық татулық Қазақ­стан­ның бас­­ты құндылығы екенін, бұл құн­дылықты сақтауға БАҚ рөлі ерек­ше екенін атады. Бұған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің «Қазақстан-2050» стра­

тегиясында баса назар аударып отыр. Медиафорумда сөз алған Мә­ жіліс депутаты, Қазақстан корей­­лері қауымдастығының төрағасы Роман Ким этникалық БАҚ-тың тұ­рақтылықты қамтамасыз ету­де­гі роліне тоқталды. «Қазақ­стан хал­қы ассамблеясы өзінің 18 жыл­дық тарихында біздің еліміз­дің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және мәдени өмірінің ең белсенді қа­ тысушы институтына айналды. Оның жұмысының аса маңызды қырларының бірі мемлекетіміз­ дегі ұлтаралық саясатты дұрыс әрі терең көрсету, жұртшылық­пен осы бағыттағы жұмысты жан­ дандыру, этномәдени бағыттағы медиакеңістікке белсенді арала­ су болып табылады. Бұл бағытта этникалық бұқаралық ақпарат құ­ ралдары да басты рөл атқарады», - деді Р.Ким. Оның айтуынша, бүгінгі таң­да Қазақстанда мемлекет жүзеге асырып отырған тиімді ұлттық сая­саттың нәтижесінде 37 рес­пуб­ликалық және өңірлік дең­гей­дегі этникалық БАҚ қызмет етіп келеді. «Қазақстан қалыптас­ тырған полиэтникалық қоғамда бұлардың рөлін бағаламауға бол­майды. Ұлттық БАҚ тек қана ішкі­ этникалық құндылықтар рөлін атқарып қана қоймай, осы бағыт­ тағы ақпараттық кеңістіктің то­ лыққанды қатысушылары болып табылады. Сондықтан да олар за­манауи медианарықтың бар­лық талаптарына сай болып, бә­секе­ лестікке берік болуы шарт», - деді депутат. Шара аясында «Қазмедиа ор­талығы» ғимаратында Қазақ­стан халқы ассамблеясы мен этномә­ дени бірлестіктердің 36 респуб­ ликалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі

Өткен аптаның соңында облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасы, Орал қалалық қылмыстық атқа­ру инспекциясының қолда­уымен, «Жайық» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге кө­мек орталығының ұйымдастыруымен қалалық ішкі істер бөлімінде жазасын өтеу­шілер мен жазасы жеңіл түрге ауыстырылған аза­ мат­­тарға «Діни ахуал – қоғамдық жауапкершілік» тақы­ рыбында оқыту семинары өтті.

Ләззат ШАҒАТАЙ, «Орал өңірі» «Жайық» орталығының мәлі­ метіне сүйенсек, дәстүрлі емес ағым­ның жолында жүрген азамат­

3

тардың 70 пайызын 14 пен 29 жас ара­лығындағылар құраса, жазасын өтеу­шілердің де басым көпшілігін осы жастағылар толтырып отыр. Сондықтан шараның мақсаты – жазасын өтеушілердің қоғамдық-

өтті. Аталған БАҚ қазақ, орыс, өз­ бек, ұйғыр, украин, неміс, кәріс, түрік, әзірбайжан, татар, еврей, армян, дұнған секілді 15 тілде жа­ рық көреді. Медиафорумның жұмысы па­ нельдік пікірсайыстарда жалғас­ ты. Бірінші пікірталас алаңы «БАҚ бетінде бейбітшілік пен келісім идеясын насихаттауда Журналис­ тер клубының орны» деген та­ қырыпқа арналды. Отырысты ҚХА жанындағы Журналистер клу­бының төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің ЮНЕСКО кафе­ драсының меңгерушісі Ғаділбек Шалахметов пен «Бас редактор­ лар клубы» ҚБ президенті Кенже­ болат Жолдыбай жүргізді. Жиын­да «Қазмедиа орталығы» медиа мектебінің жұмысымен осы оқу орнының директоры Дана Рысмұ­ хамедова жан-жақты таныстыр­ ды. Оның айтуынша, бұл оқу ор­ нында барлық жағдай жасалған: заманауи техникалармен жарақ­ тандырылған және өз ісін жетік білетін мамандар тартылған. Сон­ дықтан да ертеңге деген нық се­нім бар. Келесі панельдік сессия «Қо­ ғам­дық келісімді сақтаудағы қа­ зақстандық журналистика жүгі» деп аталды. Сессияда сөз алған Қазақстан татарлары және баш­құрттар қауымдастығы атқару ко­митетінің төрағасы, республи­ка­ лық «Фикер» газетінің шеф-ре­дакторы Ринат Абдулхаликов за­ ман талабына сай адамдар интер­ нет пайдаланатынын, мерзімді ба­­сылымдарға, оның ішінде этнос­ тар тілінде шығатын газеттерге сұ­раныстың аз мөлшерде екенін әңгімеледі. «Сондықтан елдегі түр­­лі этностың кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі – өз порталда­ рын ашу», – деді ол.

«Ғаламтор мен әлеуметтік же­лілерде этностық және конфес­ сияаралық мәселелерді қозғау мәдениетін қалыптастыру», «Ұлт­тық сана-сезімнің өсуі мен өр­ кениеттер үнқатысуы­ның дағда­ рысы жағдайында этносаралық жә­не конфессия­аралық келісімді сақтау» тақырыптары келесі па­ нельдік отырыстардың өзегіне айналды. Мұнда Павлодар облысы ҚХА хатшылығының меңгеруші­сі Сейсембай Жетпісбаев, Прези­ дент жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшесі Расул Ахметов сөз сөйлеп, «Аудан мен ауыл дең­ гейінде этносаралық және кон­ фессияаралық келісімнің тетікте­­рін жасау» тақырыбында сөз ал­ған Батыс Қазақстан облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Ғайса Қапақов татулық мәселесіне тоқталды. Пленарлық отырыстың соңын­ да Қазақстан халқы ассамблея­сы хатшылығы мен Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдас­тырған этножурналистика сала­сындағы «Шаңырақ» шығарма­шы­ лық байқауы қорытындыланып, жүл­дегерлер марапатталды. Алғаш рет өткізілген форум ая­сында бірқатар ұсыныстар да жасалды. Соның бірі Астанада этникалық мәселелер бойынша халықаралық журналист-сарап­ шылар клубын құру жайында болып отыр. Сарапшылардың па­йымынша, бұндай ұсыныс отан­ дық БАҚ-тарда жарияланып ке­ле жатқан тағаттылықты ны­ғай­туға өз септігін тигізбек. Қа­ зақстан халқы ассамблеясы ұйым­ дастырған халықаралық медиа­ форум ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекелерінің аясындағы іс-шараларға ұласа­тын болады.

Дәстүрлі «Алтын ұя» Ақжайық ауданында 7 отба­сының қатысуымен аудандық дәстүрлі «Алтын ұя» бай­қауы өтті. Олар «Біздің отбасы­мыз­ дың ерекшеліктері» (шығар­ма­шылық жобаны қорғау), «ЕХРО – 2017-ге» біздің үлес», «Ұлттық өрнек – киім сәні» (қазіргі за­ манға лайықталған балалар киім үлгісі), «Отбасы талантта­ ры» (шығармашылық үй тап­ сырмасы), «Сұрақ – жауап» бө­лімдері бойынша сахнаға шық­ ты. Осы үлкен байқауда тай­пақтық ерлі-зайыпты Талғат пен Гүлхан Ғұмаровтардың от­ба­сы бас жүлдені иеленсе, Қа­ рауылтөбе ауылынан Темірбо­ лат пен Римма Жетпісовтер от­ басы І орынды еншіледі.

Күзгі демалысты қызықты өткізді Жуырда «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туриз­ мі және экология орталығы қа­ лалық мектеп оқушылары ара­ сында «Күзгі бағдарлау - 2013» ашық чемпионатын өткізді. Жарыс күзгі каникул кезінде оқушыларды шапшаңдық пен шыдамдылыққа бейімдеу, ең­ бек­қорлық пен ұлтжан­дылық­қа тәрбиелеу, бос уақытты тиім­ді де қызықты өткізу мақса­тында ұйымдастырылды. Қала мектептерінен қатысқан 200ге жуық оқушы «Алтын жапы­ рақ» туристік-өлкетану фести­валі мен түрлі спорттық жа­рыстардың қызықты өтуіне ат­ салысты. Бағдарлама бойынша туристік кедергілер жолағы, жа­санды тауға өрмелеу және тоғызқұмалақ, дойбы, үстел тен­ нисі және футбол ойындары ба­лаларға үлкен әсер сыйлады.

Жазасын өтеушілер үнемі назарда саяси және діни сауаттылығын арт­ тырып, оларға діни экстремизм­нің қоғамға келтіретін қаупін тү­ сіндіру және құқықтық көмектер көрсету. 2013 жылы «Жайық» ор­ талығына 49 адам шағымданса, олардың ішінен 10 адамға пси­ хологиялық, 1-еуіне құқықтық, 38 адамға теологиялық көмек бе­рілген. Семинар барысында Орал қа­лалық мешіті, Орал қалалық епар­хиясы, қылмыстық атқару инспек­

циясы және «Жайық» орталығы­ ның өкілдері жан-жақты түсін­ді­ ру жұмыстарын жүргізіп, түрлі бағытта тренингтер өткізді. – Бүгінгі кездесудегі жазасын өтеушілер бас бостандығынан шек­­телгендер немесе шартты түр­ де бас бостандығынан айы­рыл­ғандар санатына жатады. Мұн­дай шараны әр ауысым сайын өткі­ зіп отырамыз. Бүгінгі таңда қыл­ мыстық атқару инспекциясында ұрлау, тонау, алдау жолдарымен

қылмыс жасаған 370 адам есепте тұр. Біздің міндетіміз тек жаза­лау емес, қоғамдағы қылмыстың санын азайту үшін тәрбие мәсе­ лесіне көп көңіл бөлеміз. Өмірге қайта бейімдеу бағытында әр түрлі саланың өкілдерімен бай­ ланыса отырып, олардың оқуына, жұмысқа орналасуына жағдай­лар жасаймыз, – дейді қылмыс­тық атқару инспекциясының бастығы Ислам Нағметов.


4

театр Сейсенбі, 19 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Өткен жұма күні

лары өкілдері мен режиссер Ча­ пай Зұлқашев ұжымға сый-сияпат жасады. Кеште театр репертуарындағы Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы» және Иран-Ғайыптың «Махамбет» дра­ маларынан үзінді көрсетілді. Бұ­дан 20 жыл бұрын, М.Әуезов­тің «Қаракөз» трагедиясымен ал­ғаш­ қы театр шымылдығын ашқан әртістер жан-жақтан жиналды. М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстанның ха­ лық әртісі Гүлнәр Жақыпова, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­ тық өнер академиясының оқы­ту­ шылары, Қазақстанның мә­дениет қайраткері Мұрат Ахманов пен Қазима Нұғманова, Торғай теат­ рынан ҚР еңбек сіңірген әртісі Шаһарбану Есенқұлова, Орал­ дан Гүлбаршын Әбішева, марқұм Телман Имашевтың жары Слана сахна төріне көтеріліп, тойдың жөн-жоралғысын жасады. Тойға Алматыдан әдейі келген ақын Иран-Ғайып актерлерге арнап шығарған «Ойна» атты өлеңін оқыды. «Ойна, актер ойна! Ой­ лауыңды қойсаң да, ойнауыңды қойма» деген қуатты жыр иесінің Оралға ат басын бұруы, жерлесі­

«Батыс Қазақстан аймағындағы театрлардың форум-фестивалі мәреге жетті. Форумға Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының драма театрлары қатысқан болатын. Ұлдай Қабошқызы, «Орал өңірі»

«Осы сәттерді

кейін сағынатын боламыз» әртіс Самал Әбуов пен театрдың әдебиет бөлімінің меңгерушісі Ардақ Нықмұқанова бар. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының құрмет грамотасымен Оралдағы екі театрдың директор­ лары Қ.Төлеуішев пен Ю.Зелен­ цов, әртістер Бақтыгүл Жақыпова, Бибігүл Исалиева, Мықтыбай Жылыбаев және Ардақ Нықмұ­ қанова марапатталды. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, театр сыншысы Сә­ ния Қабдиева, осы академияның аға оқытушысы Әннес Бағдат, ресейлік театр сыншысы Елена Борейша-Покорскаялар форум жұмысына жақсы баға беріп, оны ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

- Форум аясында аймақтағы театрлардың шама-шарқын қарап, қазақ театры қайда бара жатыр деген сұрақтың ішіндегі сан алуан мәселелерді ойластырып, сахна өнерін теориялық талдауға қол жеткіздік, - деді форумның жабылу салтанатында сөйлеген ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Театр қай­ раткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұлов. - Театр - кең даланы жайлаған қазақтың көңіліне, қанына о бас­тан-ақ сіңген өнер. Бұл өнерді қа­зақ талай ғасыр бойы жүрегіне құндақтап келеді. Қан шымыл­дық­ тың арғы жағында актердің қан жүрегін қалай жалаңаштайтыны, образға ену үшін қандай азапқа бөленеті­ні оның аузынан шыққан абыз сөзді ұйып тыңдайтын кө­ рерменге мәлім.

Сахна өнерінің азабы мен раха­ ты туралы көсіліп сөйлеген өнер тарланы бұдан соң форум-фес­ тивальда үздік өнер көрсеткен театрлар мен жекелеген әртіс­ тер­ді марапаттады. «Үздік дебют» Атырау қазақ драма театрынан Л.Апанаеваға, «Үздік сценография» Ақтөбе «Алақай» қуыршақ теат­ рынан Ә.Құрманалинаға, «Көркем­ дік шешім және тың ізденістер үшін» аталымы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрына бұйырды. А.Островский атындағы орыс драма театры «Үздік актер­ лік ансамбль» аталымын ғана же­ ңіп алған жоқ, О.Малуша «Үздік режиссер», Р. Жұмахметов «Үздік ер адам ролі» аталымына ие бол­ ды. Бұдан соң шығармашылық жетістіктері үшін бір топ адамға форумның сертификаты берілді. Олардың ішінде Орал театрынан

лиева мен А.Тілеумағанбетова облыс әкімінің алғысхатын алды. Ал облыс әкімінің стипендиясы әртістер Қ.Асқарова, М.Томанов, Б.Исалиева, Б.Жақыпова, Н.Жұ­

міз, алматылық Балым Мұхитде­ но­ваның ән шашуы, басқасын қой­­ғанда атақты театр және кино актері, жоғары лауазымды өнер тарла­ны Тұңғышбайдың оралдық­

батова, Қ.Амандықовқа бұйырды. Театрдың тойына сонау қыр­ғыз елінен қонақтар келді. А.Малды­ баев атындағы Қырғыз ұлттық академиялық опера және балет театрының бас директоры Тимур Саламатов пен Қырғызстан­ның халық суретшісі Марат Шара­ футдинов құттықтау сөз сөйлеп, А.Батырханов пен Қ.Төлеуішевке қырғыздың киіз қалпағын кигізіп, шапан жапты. Сондай-ақ Астана, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау театр­

тар­мен ете­не қарым-қатынасы, ақ пейіл­ді ықы­ласы 20 жасқа толып отыр­ған театр тойына одан сайын кө­рік бер­ді. Көрерменге қуаныш сыйлады. - Біз осы сәттерді кейін са­ ғынатын боламыз. Осы сәттердің жүрек тербейтіні сол – біз Орал театрына қайтып ораламыз, - деді Тұңғышбай Жаманқұлов.

Орал театрына 20 жыл Сол күні кеште бұдан 20 жыл бұрын желтоқсан айында алғаш шымылдығын ашқан Батыс Қа­ зақстан облыстық қазақ дра­ ма театрының 20 жылдық тойы тойланды. Кешті жерлесіміз, Ал­ матыдағы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы­ ның деканы Асхат Маемиров жүр­ гізді. Салтанатты шара Тұңғышбай Қадырұлының орындауында әйгі­ лі «Өнер адамы» атты әнмен бас­ талды. Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, мұрағаттар және құ­ жаттама басқармасының басшы­ сы Айдар Батырханов театрдың бір топ қызметкерін марапатта­ ды. Олардың ішінде актерлар Т.Жігеров пен С.Әбуов бар. Ербол Есендосов пен Мұсағали Бекте­ нов «Мәдениет саласының үздігі» белгісіне ие болды. Ж.Құрманға­

Суреттерді түсірген Александр КУПРИЕНКО


дала-қала Сейсенбі, 19 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

5

Елбасы тапсырмалары орындалуда

Нақты жобалар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңей­тіл­ген құрамдағы отырысында кә­сіп­кер­лік­ тің тиімді тетігіне ай­нал­ған «Бизнестің жол кар­тасы - 2020» бағдарламасы бо­йын­ша не­сие­лер­дің пайыздық мөл­шер­ле­ме­ле­ рін субсидиялау жұмыстары сыл­быр өңірлердің атына сын айт­қан болатын. Біздің облыстағы бағ­дар­ ламаға «бойлап ене алмай» отырған төрт ауданның бірі Қаратөбе ауданы екені мәлім. Аудан әкімінің орынбасары Рашит Иманғалиұлының айтуын­ ша, аудан кәсіпкерлері мен ша­ руа қожалықтары тарапы­нан «Биз­нестің жол картасы - 2020» бағ­дар­ламасына қатысу үшін жоба ұсынылмаған. Бүгінде бағ­ дар­лама бойынша ауданда бір­ қатар жұмыстар қолға алынуда. Бағдарламаның бірінші ба­ғы­ты бойынша-жаңа бизнес бағ­дар­ла­ маларды қолдау аясында Жусан­ дыой ауылдық округіндегі Серік Құбашев жетекшілік жасайтын «Думан» шаруа қожалығы Ханкөл ауылындағы шаруашылық жүргі­ зіп отырған Ұмтыл қыстағына 1,2 шақырымға электр желісін тарту жобасы ұсынылып, жұмыстануда. Олардың жобалық-сметалық құ­

қолға алынуда

жаттары жасақталып, сарапта­ мадан өткізілді. Жоба құны - 7,5 млн теңге. Қазіргі таңда Батыс Қа­ зақстан облысының энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасындағы өңірлік ко­мис­ сияның қарауына тапсырылды. Жоба іске асқан жағдайда шаруа қо­жалығының есебіндегі мал ба­ сын екі есеге өсіру жоспарлануда. Осындай мақсатпен Сулыкөл ауыл­ дық округінен Мұхтар Жомартов жетекшілік етуші «Еркебай» ша­ руа қожалығы Еркебай қыстағына электр желісін тартуды жоспар­ лап, жұмыстанып жатыр. Оның да жобалық-сметалык құжаттары дайындалуда. Қосымша 3 жұмыс орны ашылып, мал басын өсіру жоспарлануда. Сонымен қатар Аққозы ауылдық округінен «Ер­ мек» және «Сатыбалды» шаруа қожалықтары өз қыстақтарына шағын мал сою алаңдарын салып, газ тарту үшін жобалық-смета­лық құжаттамалар жасақтауда. Қо­сым­ ша 4 жұмыс орнын ашу, мал басын өсіру жоспарлануда. Ауданда кәсіпкерлікті қолға алғандарды қолдау жұмыстары бірқалыпты жүріп жатыр. Қазір осы бағдарлама аясында цех салу үшін жеке кәсіпкерге жер телімі бөлінді. Бұл жұмыспен аудан ор­ талығында алькогольсіз сусын­­дар өндіру цехын іске қосу бағы­тын­да кәсіпкер С.Ашығалиев айналы­ суда. Жоба құны 15,0 млн.теңге

көлемінде, 5 жұмыс орны ашыла­ ды деп күтілуде. Жобаны іске асы­ ру мерзімі 2014-2015 жылдарға жоспарланып отыр. Кәсіпкерлер­ ді оқыту және ақпараттандыру мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың «Бизнес-Кеңесшісі» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздері жө­нінде тегін оқыту семинарлары өткізілді. Бағдарлама кәсіпкерлікті құру және тиімді жүргізу туралы қажетті ақпаратты ұсынды және оқыту қорытындысы бойынша тір­­келген сертификат берілді. Ау­ дан бойынша 2009-2013 жылдары се­минарларға 289 тыңдаушы қам­ тылып, сертификатқа ие болды. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жо­ баларды ұйымдастыру және іске асыру үшін бөлінген мемлекет­ тік гранттарды иеленуге аудан бойынша 3 жеке кәсіпкер ниет білдірді. Атап айтсақ, Б.Жұмаев Аққозы ауылынан наубайхана және тұшпара цехын ашу. Е.Мақсотов қонақүйін салуға, Н.Дошымов компьютерлік сер­ вис орталығын ашу жобалары­ мен конкурсқа қатысты. Өкінішке орай, жобалары комиссиядан өтпей қалды. Алдағы уақытта да аудан кәсіпкерлері грант алуға қатыспақ.

Ерболат РАЙСОВ, Қаратөбе ауданы

«Трансұлттық қылмыстық қоғамдастықты қаржыландырған...» Жуырда Батыс Қазақстан облысының прокуроры С.Қарамановтың төрағалық етуімен заңды­лықты, құқықтық тәртіп­ті және қылмыспен күрес­ті қамта­масыз ету жөнін­дегі үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізі­ ліп, онда 2011-2013 жылдар­ға арналған құқықбұзу­шы­лық­ тың алдын алудың аймақтық бағ­дар­­ла­ма­сын іске асыру­ дың қо­рытын­дылары талқыланды.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ, «Орал өңірі» БҚО прокуратурасының бас­ пасөз хатшысы Элеонора Өтеға­ лиеваның хабарлауынша, ағым­ дағы жылы облыста криминоген­­­дік жағдай күрделі деңгейде қалып отыр. Жалпы, қылмыстылық дең­ гейі 24,7%-ға (5457-6806), соның ішінде бөтен мүлікті ұрлау 22,2 %-ға (3466-4237) жиілей түскен, тіркелген жалпы қылмыс санынан олардың үлес салмағы 62,2%-ды құраған. Облыстың барлық ауда­ нында жалпы қылмыс деңгейі артқан. Соның ішінде пәтер тонау, көлік бөлшектерін тонау (Орал мен Ақсайда) және мал ұрлығы (барлық аудандарда) аса көп тараған. Баспасөз мәслихатына қатыс­ қан БҚО прокуратурасы арнайы прокурорлар басқармасының бас­­тығы Арман Кенжеғалиев пен БҚО прокуратурасының қылмыс­ тық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және сот­

тарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету жөніндегі басқарма бастығы Нұрлан Мақатов соңғы кездегі жұртшылық назарын аударған қылмыстық істердің барысы тура­ лы айтып берді. Мұндай істердің бірі – Орал қаласындағы РУ-170/2 мекемесін­ де (түрме) орын алған жағ­дайға байланысты мекеменің бір­неше қызметкері мен сотталу­шылар «ұйымдасқан қыл­мыс­тық топты құру мен бас­шы­лық жа­са­ға­ны, лауазымдық тұл­ға­лар­ға бір­не­ше мәрте пара бергені, өткізу мақ­ сатында аса ірі көлемде есірткі заттарын сақ­та­ға­ны және транс­ ұлттық қыл­мыс­тық қоғам­дас­тық­ тың қыз­ме­тін қар­жы­лан­дыр­ға­ны» т.б. қыл­мыс­та­ры үшін айыпталуда. Сондай-ақ баспасөз мәс­ли­ха­ тында М.Оңдағанов, Қ.Жетпісов, М.Жәкенов, Т.Бекарыстановқа қа­ тысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сот талқылауы туралы да ақпарат берілді. Бұл топқа «20082012 жылдары 170 302 851, 63

теңге бюджет қаражатын ұрлаған» деген айып тағылуда. Іс бойын­ ша айыптау тарапынан 407 куә айғаққа тартылған. – Бүгінгі таңда айыптау тізімін­ дегі 48 куәден жауап алынып, олар­дың айғақтары негізінде М.Оң­дағановпен жалған іссапар­ ларды және жалған спорттық ша­ раларды рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын ұрлауға бағытталған тұтас жүйені құруы, оның ұйым­ дасқан қылмыстық топқа басшы­ лық жасауы өз дәлелін табуда, – деді Нұрлан Мақатов. «Батыс Күнбағыс» акционер­ лік қоғамы-майлы дақылдарды өңдеу зауытының басқарма төра­ ғасы, сонымен бірге облыста бір­қатар ірі ауыл шаруашылығы кә­сіпорындарының басшысы жә­ не құрылтайшысы болған Мұрат Жаркеевтің қылмыстық ісі тура­ лы ақпарат берген Арман Кенже­ ғалиев «Азық-түлiк келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компания­ сы» акционерлік қоғамына және мемлекетке аса ірі мөлшерде 339 млн. 600 мың теңгеге зар­ дап келті­рілгенін, айыпталушы­ лар М.Жаркеев және А.Ахметов қамауға алынғанын хабарлады. Прокуратура ұсынған мәлі­ меттер негізіндегі толығырақ ма­ қаламызды алдағы сандары­мыз­ дың бірінен күтіңіздер.

Мал бағып, несібе тапқан «Имағанбетов» шаруа қо­жа­лығының жетекшісі, белестік Амангелді Имағанбетов «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 8 млн. теңге несие алып, мал басын асылдандыру мақсатында герефорд тұқымдас екі бұқашық сатып алған. Сөйтіп, жыл сайын бағымдағы әр сауын сиырға 14 мың, ал етті бағыттағы бұқаларға 108 мың теңге көлемінде мемлекеттен берілетін демеуқаржыға құжат рәсімдеді. – Келісімшарт бойынша «Кроун Батыс» ЖШС-ның мал бордақылау алаңына жыл сайын баспақ тап­ сырамыз. Биыл 12 бас тапсыруды жоспарладық. Мемлекет несие беріп, мал басын асылдандыруға жағдай жасады, енді біз елдегі ет экспорты ауқымының еселенуі­ не атсалысуымыз қажет. Алдағы жылы сүт өндірісін жолға қою, бие байлап, қымыз ашыту да ойда бар, – дейді шаруашылық бас­ шысы Амангелді Имағанбетов. Шаруашылықта 80 ірі қара, он шақты жылқы, елуден астам еділ­ бай тұқымды қой бар. Осынша малды жер құдықтан шығыр тар­ тып суаруда. Жақын күндері ар­ найы техника алдырып, бұрғылау әдісімен қора маңынан тағы бір құдық қаздырмақ ниетте екен. «Мал баққанға бітеді» деген,

қазақы қағиданы берік ұстанған шаруа иесі үш баласын қасына алып, шаруашылыққа берілген жерден қыстау тұрғызып, қора салып, мал азығын қамдап та қойыпты. Жарты миллионға жуық қаржысын жұмсап, электр станса сатып алған. Айналасы мұнтаздай қыстақта шөп үйіліп, 60 тонна арпа мен 20 тонна ке­ бек қоры дайындалған. Әріректе егіс науқанынан енді ғана бо­ саған үш комбайн сап түзеген, қалған техника жер жыртуға жұмылдырылған. Барлық шаруа­ ны өз күшімен атқаруды қа­лай­ тын Амангелді Өтепұлы ба­ла­ла­ рының еңбекқорлығын мақ­тан етеді.

Нұржан ТОҒЫЗБАЙҰЛЫ, Зеленов ауданы

Жүн түтіп, төсекше жасауда Биыл «Жұмыспен қам­ту­ дың жол картасы - 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша Жәнібек ауданына 60 миллион теңге несие қаржы бөлінді. Осы несие қаржының 35,7 пайызы әйелдердің үлесінде. Нәзік жанды арулар отбасының ұйытқысы, үйдің көркі болумен бірге заман талабына сай жаны сүйетін іспен айналыса бастады. Мәселен, Жәнібек ауылының тұрғыны, үш балалы ана Назым Молдашева ІІІ топтың мүгедегі бола тұрса да, халыққа тиімді бағдарлама арқылы 700 мың теңге несие алып, жұмысын бастап та кетті. Бұл күндері ол жүн түтіп, көрпе қауып, төсекше жасауда. Бұл жұмысты Назым тұрғындардың тапсырысы бо­ йынша жазда бастаған болатын. Өзінің 12 жастағы қызы Аяжан

екеуі тапсырыс берушілердің көңілінен шығуда. – Алдағы уақытта ісімді ке­ңей­ ту үшін жүн түтетін қондырғы са­ тып алғым келеді. Сосын бір-екі адамды жұмыспен қамту ойым­да бар, – дейді ол.

Нұрымбек ЖАПАҚОВ, Жәнібек ауданы


6

хат-хабар Сейсенбі, 19 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Интел Батыстан» – 10 млн. теңге БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты пайдалы кен қазбаларын заңсыз игергені үшін «Интел Батыс» фирмасынан 10 млн. теңге өндірді. Облыстық соттың баспасөз қыз­ метінен түскен мәліметке қараған­да, облыстық экология департамен­ ті аталмыш фирманың 2316 тонна көлемінде кең таралған пайдалы кен қазбасын заңсыз алғаны үшін сотқа талапарыз түсірген. Фирма өкілдері сотта құм-қиыр­ шық тас қоспасын Жайық өзені арнасы мен жағалауын тазалаған кезде «жинағанын» алға тартты. Олардың пікірінше, топырақ не өсімдікке ешқандай зиян келмеген. Құм-қиыршық тас қоспасын сату­

дан түскен пайда өзен жағалауын тазалау кезіндегі шығынды жапқан. Алайда сот фирманың аталған өнімді жеткізу жөнінде басқа ком­ паниялармен келісім жасасқан, де­мек, жұмыс коммерциялық сипат­ та жүргізілген. Заңға сәйкес кен қойнауын пайдалану үшін тиісті

органдардың рұқсаты керек. Бұл рұқсат аталған фирмада болмаған. Сот фирманың іс-әрекетін заң­ сыз деп танып, қоршаған ортаға кел­ тірілген шығын үшін одан 10 млн. теңге өндірді.

Арман БОЛАТҰЛЫ

«Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс жариялау Бөрлі ауданы әкімінің аппараты: 090300, Ақсай қаласы, Совет көшесі, 99үй, 2-қабат, 34-бөлме, анықтама үшін телефон: 8-(71133) 20-5-09, электрондық мекенжайы: burlin-akimat@mail.ru, бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды. Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары E-R-1 санаты үшін: жоғары білім; Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындары­ нан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемле­ кеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комис­ сия бекітетін басым мамандықтар бойын­ ша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; ғылыми дәрежесінің болуы; мемлекеттік органдарда басшылық неме­ се өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жыл­ дан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функ­ ционалдық бағыттарына сәйкес облыстар­ да жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жыл­дан кем емес. E-4, E-G-3 санаты үшін: жоғары білім; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағы­ты­на сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта­ дан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. E-G-4 санаты үшін: жоғары білім неме­се ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім; Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақылары Санаты E-R-1 E-4 E-G-3 E-G-4

Еңбек сіңірген жылдарына min

max

109548 59579 53813 48044

147986 80719 72391 64704

Кәсіпкерлік, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы - E-R-1 санаты. Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне басшылық етеді және бөлімге жүктелген тапсырмалардың орындалуына жауапты; Бөлім қызметкерлерінің арасын­-

да функционалды міндеттерін бөлуді жүзе­ге асырады; ағымдағы және перспектива­лық жоспарларды бекітеді; заңнамалармен белгіленген тәртіпте бөлімнің қызмет­кер­лерін көтермелеуді жүзеге асырады, заңна­ малармен белгіленген тәртіпте бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады; қызметтік нұсқаулықтарды бекітеді, өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұс­ қаулар береді, қызметтік құжатнамаларға қол қояды; жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау тұжырымдамаларын, мемлекеттік бағдарламаларды орындайды және ұсы­ныс­ тар дайындайды; кәсіпкерлік субъектілерін шағын несиелендіру және несиелендіру мәселелері жөнінде банктік және қаржы­лық құрылымдармен қызметтес болады жә­не өзара қарым-қатынас жасайды (банка­ лармен, шағыннесиелендіретін мекемелер­ мен, несиелендіру серіктестікпен, қоғамдық қорлармен, лизингтік компаниялармен жә­не басқалары); жеке кәсіпкерлікті дамыту­ға ықпал етуге бағытталған мемлекеттік жә­не аймақтық саясатты жүргізеді. Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді; Кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталу­ы­­на; Тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды жә­не су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына; кондоминиум объектісіндегі үйжай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техника­ лық жай-күйіне, қолданыстағы норматив­тік-техникалық және жобалық құжаттама­ ларға сәйкес оны күтіп-ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орында­ луына; Конкурсқа қатысушыларға қойыла­тын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе ауыл шаруашылығы; техникалық не әлеуметтік ғылымдар, эко­ номика және бизнес мамандықтары бойын­ ша. Бөрлі ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы, Е-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Кадрлық іс қағаздарын жүргізеді. Жеке келісімшарт­ қа отыру, жұмысқа қабылдау және босату жөнінде өкім, шешім және бұйрықтар шы­ғарады. Кадрлардың құрамы мен алмасу­шы­лығы туралы есептер, бос әкімшілік мем­ лекеттік лауазымдарды иеленуге конкурс­тар өткізу туралы материалдарды әзірлей­ді. Конкурс, аттестаттау, тәртіптік комис­сия­ лардың, мемлекеттік қызмет өтілін есептеу

комиссиясының жұмысы үшін материалдар дайындайды. Мемлекеттік қызметке қабыл­ данған қызметкерлерді міндетті арнайы тек­ серуден өту үшін құжаттар ресімдейді. Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау құжаттарын ресімдейді. Конкурсқа қатысушыларға қойыла­тын талаптар: білім, құқықтану немесе әлеуметтік ғы­ лымдар, экономика және бизнес немесе техникалық мамандықтары бойынша. Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімі ап­ паратының бас маманы , E-G-3 санаты. Функционалдық міндеттері: Әкім аппа­ ратының бухгалтерлік есебін жүргізеді. Қа­зақстан Республикасының Бюджеттік ко­ дексіне сай бюджеттік өтінімді және жыл­ дық қаржылау жоспарын әзірлейді. Салық басқармасына тиісті есептерді, декларация­ ларды тапсырады. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға сәйкес жұмыстарын жүргізе­ді, келісімшарттар әзірлейді, жылдық жос­ парды әзірлейді және оған өзгерістер ен­гізеді. «1-С Кәсіпорын 8» мемлекеттік ме­ке­ мелерінің бухгалтерлік есебі бағдарлама­сы және «Қазынашылық-Клиент» жүйесі­мен жұмыс жасайды. Конкурсқа қатысушыларға қойыла­тын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары бойынша. Александров, Қарағанды селолық округі әкімі аппараттарының жетекші мамандары 3 бірлік, Е-G-4 санаты. Функционалдық міндеттері: Округ әкімі селолық бухгалтерлік есебін жүргізу, ақша­лай қаржы мен мүліктердің тиімді әрі үнем­ді пайдалануын қамтамасыз ету. Штаттық кесте және шығындар сметасын құрастыру, шағын кәсіпкерлікпен айналысатындардың есебін жүргізу, салық құжаттарын жүргі­зу. Селолық округінің шаруашылық кітабын жүргізу, бензин шығымы және қосалқы бөл­ шектерді қондыру бойынша есеп беру. Функционалдық міндеттері: Мал иеле­ рінің, қожалық шаруашылықтар мен, мал­ дарды, мал тегінен шыққан азық-түліктер мен шикізаттарды дайындайтын, өңдейтін, сақтайтын, тасымалдайтын және сататын ұйымдармен, ветеринария саласында кә­сіп­ керлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғалармен ҚР ветеринария саласындағы заңдылықтардың талаптарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру. Бекітілген жоспарға сәйкес індетке қарсы шаралар­дың заңды және жеке тұлғалармен жоспа­ рының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құ­

жаттар: - өкілетті орган белгілеген нысандағы өтініш; - 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган бел­ гілеген нысандағы толтырылған сауалнама; - білімі туралы құжаттардың нотариал­ дық куәландырылған көшірмелері неме­ се өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен куәландырылған көшірмелері (мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады); - еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі немесе өзге де заңдарда белгіленген тәр­ тіппен куәландырылған көшірмелері (мем­лекеттік қызметшілер тапсыратын құжат­тар­ды олар жұмыс істейтін мемлекеттік орган­ дардың кадр қызметі куәландыра алады); - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақ­тау министрлігінің 2010 жылғы 23 қара­ша­дағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақ­ стан Республикасының нормативтік-құқық­ тық актілердің тізілімінде 2010 жылғы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) ны­ сандағы денсаулығы туралы анықтама; - Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; - құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс кү­ нінің ішінде, көрсетілген мекенжай бойын­ ша сәйкесті мемлекеттік органға тапсыры­луы тиіс. Конкурстық комиссиясының қара­ уына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген, пошта­ мен немесе электрондық мекенжайға жі­ берілген (қоса тіркелген құжаттардың тіз­ бесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурстық комиссиясының оларды қарау­ дан бас тартуы үшін негіз болып табыла­ ды. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азамат­ тар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын ке­шіктірілмей береді. Осы құжаттардың түп­нұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгі­ме­ лесуден өтуге жіберілмейді. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер олар­ ды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес күн ішінде әңгімелесуді конкурс жариялаған аудан әкім аппаратын­ да өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасқан үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Cейсенбі, 19 қараша 2013 жыл

Жұмабай Набиев

Судьялықтан үміткерлерге көзқарастарыңызды білдіріңіз Батыс Қазақстан облыстық соты соттардың беделін арттыру, олардың қызметіндегі жариялылықты, ашықтық пен демократиялық бастауларды кеңейте түсу жөніндегі шараларды жүзеге асыра отырып, біліктілік емтиханда­ рын тапсырған және қалалық, аудандық соттардағы бос тұрған судьялық лауазым конкурсына қатысуға үміткер тұлғалардың іскерлік, кәсіби, жеке және моральдық қа­ сиеттерін терең зерттеудің қажеттілігін ескере отырып, мемлекеттік қызметшілер – судьяларға мемлекеттік та­ лапты күшейту, олардың кәсіби біліктілігі, отаншылдығы, тәртібі, моральдық және адамгершілік бет-бейнесі жө­нін­дегі ұстанымдарды орындау мақсатында судьялықтан үміт­керлердің тізімдерін жариялай отырып, жұртшылық­тан аталған үміткерлердің әрқайсысы жөніндегі көзқарас­ тарын, ұсыныс-тілектері мен сын-ескертпелерін күтеді. 1. Адушева Венера Шадиярқызы, 1971 жылы Батыс Қа­ зақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, 2. Асқаров Жомарт Асқарұлы, 1974 жылы Оңтүстік Қа­ зақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облысы сот актілерін орындау департаменті бастығының орынбасары. 3. Батырғалиева Гүльфия Өтегенқызы, 1967 жылы Ба­тыс Қазақстан облысының Тасқала ауданындағы Ақтау кентінде дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің ұйымдастыру талдау бөлімінің бас маманы.

4. Жұмаева Мәншүк Мұхамедқызы, 1979 жылы Өзбек­ стан Республикасында дүниеге келген. Қызмет орны: Ба­тыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты. 5. Дүйсенғалиев Асланбек Шәріпұлы, 1978 жылы Ба­тыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары. 6. Сұлтантемиров Азамат Мерекеұлы – 1979 жылы Ба­тыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адво­ каты. 7. Тұрманов Руслан Рухоллаұлы, 1976 жылы Батыс Қа­ зақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: «Каст­ компани» ЖШС заң кеңесшісі. 8. Уразгалиева Самал Куанышевна – 1975 жылы Ба­ тыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: Шыңғырлау аудандық соты кеңсесінің бас маманы – сот мәжілісінің хатшысы; 9. Шүренова Ұлдай Марленқызы – 1983 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Қызмет орны: БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы. Ұсыныс-тілектеріңізді Орал қаласы, Достық даңғылы, 204 мекенжайына орналасқан Батыс Қазақстан облыстық сотына жолдауыңызға немесе 51-09-03 телефонына ха­ барласуыңызға болады. Пікіріңіздің беймәлімділігі мен дер­бестігіне кепілдік беріледі.

№29 «БАЛАУСА» МдҰ МКҚК Мектепке дейінгі ұйымы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос лауазымдық жұмыс орындарына конкурс жариялайды: 1. Тәрбиеші – 1 бірлік (орыс тілінде) 2. Ағылшын тілі мұғалімі – 1 бірлік (декреттік демалыстағы негізгі қызметкердің орнына) 3. Медбике – 1 бірлік 4. Дене шынықтыру нұсқаушысы – 1 бірлік

7

Қазталов ауданының ардақты аза­ маты, ішкі істер саласының ардагері, доғарыстағы милиция полковнигі Жұмабай Набиев 65 жастан асқан шағында кенеттен дүниеден озды. Жұмабай Набиев 1948 жылы Қаз­ талов ауданында дүниеге келді. Жо­ ғары білім алғаннан кейін оның бүкіл қызметі ішкі істер саласымен байла­ нысты болды. 1986-1995 жылдар аралығында Қазталов аудандық іш­кі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарды. Аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарған кез­ де ауданымызда қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы қарқынды жұмыстар жүргізілді. Қоғам байлығын сақтау және жеке адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Жұмабай Набиев көптеген жұмыстар­ ды ұйымдастырды. Соның нәтижесі болар, Қазталов ауданында сол кезеңдерде облыс бойынша қылмыс саны төмен дәрежеде болды. 1995 жылдан кейін Жұмабай Набиев облыстық ішкі істер депар­ таментіне қызметке ауысып, абыройлы еңбек етті. Өмірінің соңғы жылдарында М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да ұс­ таздық қызметте болып, білім алушыларға құқық саласынан дәріс оқыды. Егемен еліміздің құқықтық мемлекетке қарай қадам басуына Жұмабай Набиевтің де еңбегі зор деп білеміз. Жұмабай Набиев тек заң саласының білгірі болып қана қойған жоқ, ол жақсы қаламгер де болды. Бос уақыттарында өлеңдер жазып, түрлі проблемалық тақырыпта газет бетінде материалдары да жарияланды. Жұмабай Набиев отбасында үлгілі әке, ортада сыйлы азамат бол­ ды. Сұм ажал ардақты азаматты өмірден ерте алып кетіп отыр. Сондықтан Жұмабай Набиевті білетіндер оның есімін естерінде ұзақ сақтайтын болады.

Қазталов ауданы әкімдігі, аудандық ішкі істер бөлімі және оның ардагерлер бастауыш ұйымы

Конкурсқа қатысу үшін қойылатын талаптар: 1. Медициналық, педагогикалық білімі (мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу); 2. Мектеп жасына дейінгі білім әдістемесін және мемлекеттік тілді білу міндет. Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі: 1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш 2. Жеке куәлігінің көшірмесі 3. Еңбек кітапшасы көшірмесі 4. Білімі, біліктілігі туралы құжаттардың кө­шір­

месі 5. Жеке парақ 6. Медициналық тексеруден өткендігі туралы құжаттары

Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылы­ ның тұрғыны болған Аққали Абдешұлы Абдешовтың о дүниелік болғанына 10 жыл болуына орай сағына еске аламыз. Немере-жиендерің – алтындарың, Аймалап отырар ең жинап бәрін. Тағдырың жеткізбеді бұл күндерге, Жәннатта болсын әр кез ғазиз жаның.

Қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайға ұсынылуы тиіс: Орал қаласы, Гагарин көшесі, 36/5. Анықтама телефоны: 28-15-41 Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы» бос лауазымдық орынға конкурс жариялайды: Психолог – 1 бірлік. Қойылатын талаптар: мамандық бойынша жоғары білімді, санаты, жұ­мыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмау керек. Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар: 1. Конкурсқа қатысу үшін өтініш. 2. Түйіндеме. 3. Жеке куәліктің көшірмесі. 4. Өмірбаян. 5. Білімі туралы құжаттың көшірмесі.

6. Еңбек кітапшасының көшірмесі. 7. 086 үлгісіндегі медициналық анық­ тама. 8. Жеке іс парағы.

Конкурсқа қатысушылардың құжаттары хабарландыру шыққаннан кейін 15 күнтізбелік күннің ішінде мына мекенжайға тапсырылуы тиіс. Орал қаласы, Самал шағынауданы-1, 200. Қатынайтын автобустар №6, 13, 47, 36, «Қарттар үйі» аялдамасы. Анықтама телефондар: 93-97-39 (факс), е-mail: centr.atameken@list.ru

Жоғары қабілетті және сәу­лелік жүк­­те­ме­сі ай­тар­­лық­тай тө­­мен соң­­ғы үлгі­­де­­гі аппарат­та компью­­терлі­к то­мог­ра­­­фия (қа­­бат­тал­ған рент­ге­нология) өт­­­­кі­зіледі. Мекенжайымыз: Орал қа­ла­сы, Есен­жа­­нов көше­­сі, 19-үй (“Омега” зауыты ау­­да­ны). “Ме­дицина­ лық ор­талық” ЖШС. Анықтама алу үшін телефон: 53-72-59.

Еске алушылар: зайыбы Сұлужамал, бала-келіндері Руслан-Лаура, Рүстем-Назым, қыз-күйеу балалары Есенгелді-Аселім, Жасұлан-Айгерім, кенже қызы Нәсіп, немересі Айқаракөз, жиендері Дарын, Бағзада, Дәурен

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті­ нің ректораты университеттің құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Жұмабай Набиұлы Набиевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туысқандары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Орал қаласындағы №19 мектептің 3 «б» сынып оқушылары мен атааналарының атынан ұстазымыз Райгүл Пазылқызы Аубекерованың інісі Ақанның қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 15872, 2 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редактор: л.шағатай


8

керуен сарай Сейсенбі, 19 қараша 2013 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Теңге – ұлттық табыс кепілі» Таяуда облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері ҚР Ұлттық валютасы -Теңге күніне арнап «Теңге – ұлттық табыс кепілі» атты көрме ұйымдастырды. Айша ӨТЕБӘЛІ, «Орал өңірі» Көрменің ашылу рәсіміне банк қызметкерлері мен қаржыгерлер, БҚМУ экономика және басқару факультетінің «Есеп және қар­жы» кафедрасының оқытушыла­ры мен студенттері қатысты. Өткен замандардан сыр шер­тетін ескі дүниелерді жұртшы­ лыққа таныстырған музей қыз­меткері Динара Ораз­ғалиева оларға сонау орта ға­сыр­ларда Са­райшық қаласынан та­былған ескі теңгелерді көрсетті. Оның айтуынша, қазақтың ұлт­тық ва­лютасы бұрын Отырарда «тән­гә» деп аталыпты, «Теңге» деген атау осы сөзден шықса керек. Көрмені тамашалаған жұрт­ шылық әр жәшікке бөлек-бөлек салынған ақшалардан сол кез­ дердегі уақыт тынысы мен мем­ лекет жүргізген саясатты жаз­ бай таныды. Көрмеге қойылған жәдігерлер ХVІІІ-ХХІ ғасырларды қамтиды екен. Залға жиналған­дар императорлық, кеңестік жә­ не тәуелсіз ел атанған кезеңдегі ақшалар мен несие билеттері, құнды қағаздар және егемен елі­ міздің төл туындыларымен та­ нысты. Императорлық кезеңдегі ақшаларда «Заим свободы» деген жазу мен екі басты бүркіт бей­ неленген болса, кеңестік кездегі ақшада сол дәуірдің күн көсемі - Лениннің суреті салынған. Ал егемен еліміздің теңгесінде Әбу Жуырда қаламыздағы М.Ықсанов атындағы №36 орта мектебінде өскелең ұрпақтың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталған «Сала­ уатты өмір салтының қағидаттарын меңгерте отырып, шығармашылыққа қабілетті жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар және мектепішілік апталық өтті.

Апталық аясында дене шы­ нықтыру және алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің қайта даярлау курсының тың­ даушыларымен облыстық семи­ нар ұйымдастырылды. Семинар барысында АӘД пәнінің жоғар­ғы санатты мұғалімі Қ.Шәкеннің баяндамасы тыңдалып, тәжірибе­ лі ұстаз Н.Сейтекқызының ашық сабағы сәтті өтті. Ал М.Сапарға­ли­ұлы мұғалімдер мен мектеп оқу­ шылары арасында «Эстафеталық ойындар» ұйымдастырды. Апта бойы оздырылған маз­-

Құттықтаймыз! Зеленов ауданы Махамбет ауылының тұрғыны, асыл жар, сүйікті әкеміз, атамыз Сағидолла БЕРДАЛИНДІ мерейлі 75 жа­ сымен шын жүректен құттықтаймыз. Құтты болсын туған күн, мерекеңіз, Ұзақ жасап, молайсын берекеңіз. Балаларыңыздың қызығына кенеліп, Әлі талай асулардан асыңыз!

Тілек білдірушілер: зайыбыңыз Сара, балакеліндеріңіз, қыз-күйеу балаларыңыз, немерелеріңіз Зеленов ауданы Погодаев ауылының тұрғыны Мұрат Жасқайратұлы БЕЙҒА­ ЛИЕВТІ 35 жасқа толуымен құттықтаймыз! Құтты болсын келген туған күніңіз, Тілекші көп, бізде соның біріміз. Ортамызда жанашыр боп жүресің, Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз. Насыр әл-Фараби, Абылай хан, Абай, Шоқан Уәлиханов секілді қазақтың біртуар тұлғаларының бейнелері тұр. Осы жерден ал­ ғашқыда қағаз түрінде шыққан тиынды да кездестірдік, қазіргі ақша айналымында мұндай тиын жоқ. Музей қызметкерінің сөзін­ше, бұрынғы теңгелерде қазақ­тың салт-дәстүріне қатысты бүр­кітші, домбыра секілді бейнелер салынатын болған. Бұл жерден ақша түрлерімен бірге, ескі за­мандағы есептегіш қондырғы­лар­ ды, есепшоттарды және ақша сақтайтын сейф пен әмиянды да көруге болады. Бұдан кейін көрермендер тө­ менгі қабатқа түсіп, аукционға шығарылған жәдігерлерді тама­ шалады. Яғни бұл жердегі заттар­ға қызыққан адам оны өзіне са­тып алуына болады. Бұл бөлімдегі XVIII-XIX ғасырлардан қалған кү­

міс сақина, камзолдың қарсы ілге­ гі, сырғалар және білезіктердің құны 250-300 АҚШ доллары ара­ сында болса, Романовтар әулеті пайдаланған сабын 1000 АҚШ дол­ лары тұрады екен. Шағын скульп­ туралар 3000-4000 долларға, ал XVIII ғасырда қолдан жазылған Құран кітабы 25 000 АҚШ дол­ ларына бағаланыпты. Саттыққа шығарылған жәдігерлер арасын­ да «Нет Божества кроме Аллаха» деген жазуы бар мәнеттер де бар. Бұл мәнеттер ХІІ ғасырда ұстап тұтынылған ақша түрі көрінеді. Саттыққа шығарылған жәдігер­лер арасында икон, крест секіл­ді христиан дініне қатысты зат­тар да бар. Көрме бір ай бойы жұмыс жасамақ. Суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМӘМБЕТОВ

Өскелең ұрпаққа – патриоттық сезім

Үзілмесін жүрегіңнің жыр-әні, Бақытыңның өрге тартып бұлағы. Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер, Келер күннің сәулелі боп шырағы.

Тілек білдірушілер: аға-жеңгеңіз Нұрлан-Гүлайша, ініңіз Айболат, қарындастарыңыз Өркен, Айшолпан, Айгерім, күйеу балаңыз Есенжол, жиеніңіз Диляра

Газеттің келесі саны 23 қараша, сенбі күні шығады.

Ғалымның мерейтойы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде осы оқу орнының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар академиясының академигі Абат Қыдыршаевтың 50 жылдығы аталып өтті. Университет профессоры, фи­ лология ғылымдарының канди­ даты Серікқали Шарабасовтың атап өткеніндей, Атырау өңірінде дүниеге келіп, Ақ Жайықта талай табыстарға қол жеткізген Абат Сатыбайұлы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітіргеннен кейін бес жыл ауыл мектебінде дәріс берді. Ал 1990 жылдан бері ЖОО-да жемісті еңбек етіп келеді. Соның ішінде филоло­ гия факультетінің деканы, кафед­ ра меңгерушісі сынды лауазымды қызметтерді атқарды. Ол қысқа мерзімде кандидаттық, доктор­ лық диссертацияларын қорғады.

Әсіресе, Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасын зерттеуге, шешендіктануға сүбелі үлесін қос­ты. Бүгінде ол университет жа­нындағы «Махамбет» халықара­ лық ғылыми-зерттеу орталығын басқарады. Көптеген еңбектері жарық көрген ғалым екі мәрте «Жоғары оқу орнының үздік оқы­ тушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Мерекелік салтанатта универ­ситет проректоры Түймеш Дәрі­ шева, түрлі облыстық мекемелер­ дің өкілдері жылы лебіздерін біл­ дірді.

Ғайса БӘЙМЕН

Айдар алдан көрінді Мәскеу қаласында шорт-тректен әлем кубогының қорытынды (IV) кезеңі мәреге жетті. мұнды да қызықты, берері мол шараға мектеп ұжымы да, оқу­шы­лар да белсене атсалысты. АӘД пәнінің мұғалімі Қ.Шәкен 10 сыныпқа «Калашников авто­ матының құрылысы, атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті» та­ қы­рыбында әртүрлі тәсілдерді ти­імді пайдалана отырып, өзінің шебер ұстаз екенін дәлелдейтін ашық сабағын берді. Ал сынып­ тан тыс шаралар бойынша 5,6,7сыныптар арасында «Ал, қане,

қыздар-ай!», 2-сыныптар арасын­ да «Көңілді сөре», пионербол, баскетбол спорттық жарыстары көптің көңілінен шықты. Апталық қорытындысында же­ңіске жеткен сыныптар мен бел­ сенділік танытқан оқушылар ал­ ғысхаттармен, дипломдармен ма­ рапатталды.

Махат БИСЕМАЛИЕВ, №36 орта мектеп мұғалімі, Орал қаласы

Облыстық туризм, дене шы­­нықтыру және спорт басқарма­ сынан түскен мәліметке қараған­­да, кезінде Ванкувер олим­пиада­ сына қатысқан батысқазақстан­дық Айдар Бекжанов 500 метр қашықтықта сегізінші орынға қол жеткізді. Бұл жақсы көрсеткіш болып есептеледі. Сондай-ақ ел намысын қорғап жүрген басқа ба­тысқазақстандықтар Инна Симо­нова 1500 метрден 25-інші, Ксения

Мотова 1 мың метрден 24-інші, Нұрберген Жұмағазиев 500 метр­­ден 28-інші болып келді. Эста­ феталық жарыста Қазақстан құ­ рамасы 19 команданың арасынан алтыншы орынды иеленді. Италия мен Ресейде өткен әлем кубогы кезеңдерінің қоры­ тындысына сәйкес Сочи олимпи­ адасына берілетін жолдама саны анықталады.

Елжан ЕРАЛЫ

Орал Өңiрi №141  
Read more
Read more
Similar to
Popular now
Just for you