15 08 02 2014

Page 6

6

іссапар Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Дәуірмен үндескеннің дәулеті үстем Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев апта сәрсенбісінде Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиевтың қорытынды есебіне қатысты. Алдымен ол облыстық мәсли­ хат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, облыс әкімі аппараты­ ның басшысы Марат Тоқжанов және облыстық бірқатар бөлім, ұйымдар басшыларымен бірге ау­дан орталығына таяу жерде салынып жатқан, «Фирма Керуен» ЖШС мердігер болып табылатын ет цехының құрылысымен танысты. Оны «Батыс Марка Ламб» ЖШС италияндық технология негізінде салып жатыр. Алдағы жаздың соңында құрылысы мә­ реленетін цех аумағы 4 гектар, жобаның жалпы құны – 2,3 млрд. теңге. Құрылысшылар Нұрлан Асқарұлы­на марқа қозының еті қалдықсыз өңделетін, автоматтан­ дырылатын ертеңгі өндіріс орны туралы егжей-тегжейлі әң­­гі­­мелеп берді. Дені ауданның өзінен тар­ тылған жұмысшы-қыз­мет­кер­лер­ мен дидарласу сәтін­де аймақ бас­шысы бұл нысанның мал шаруа­шылығына жаңашыл­дық­­тың енуіндегі орны зор екенін атап көрсетті. Сондай-ақ облыс әкімі ТЖМ медициналық жолда құтқару орталығы Атырау филиалының Орал-Атырау жолы бойындағы бекетін аралап көрді. Мекемеде бас дәрігер, фельдшер, фельдшер құтқарушы, фельдшер диспетчер, құтқарушы және көлік жүргізушісі жұмыс жасайды. Бекет апатты жағдайда қызмет ету үшін құны 23 млн. теңгені құрайтын ар­найы құралдармен жабдықталған, Орал-Атырау, Чапаев-Жаңақала, Ча­паев-Қазталов жолдары бойына қыз­мет көрсетіледі. Ашылғаннан бері қысқа мерзімде 9 жол апа­ тына шығуға тура келген. Әрине, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету­ де бекеттің өзіндік міндет атқара­ ры­на сенім зор. Орал-Атырау жолына таяу жердегі «Нұр-Ғасыр» ЖШС-да (жетекшісі Нұрлан Салыхов) кәсібінен нәсібін тапқан жандармен еменжарқын әңгіме өрбіді. 2007 жыл­ дан негізгі қызметі құрылыс ма­те­риалдарын жасау болып та­ былатын «Нұр-Ғасырда» қыс мез­гі­ лінде 15 адам, жаз мезгілінде 25-30 адам еңбек етеді. Мұнда да Нұр­ лан Асқарұлы жұмыскерлермен емен-жарқын жүздесіп, хал-жағ­­ дай­ларын сұрастырды. Тұрғын үй құры­лысына қамыс қабырғалар да­йын­дайтын олар өндіріс ауқы­ мын кеңейтуге әрдайым талпынып келеді. Мысалы, темір иетін аппарат бұрынғы оты маздаған көрікті еске түсіреді. Мұнда те­ мір шыбықтардан қақпаға, түрлі ыдыстарға өрнектер, киімілгіш жасалуда. Осыдан соң аудан орта­лы­ғын­ дағы мұз айдынында шайбалы хоккейден аудандық жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Нұрлан Асқарұлы Сочидағы Қыс­

қы олимпиадалық ойындарға қа­ тысатын қазақстандықтарды қол­ дау мақсатында өткізіліп отырған бұл сайысқа қатысушыларды құттықтап, командаларға сый­лық тапсырды. Сайыстардың баста­ луы­ның белгісі – шайбаны ортаға тас­тау құрметі облыс басшысына бе­ріл­ді. Ауданның балалар шығарма­ шылығы орталығының жетістіктері еліміздің біраз жеріне танымал. Бұл мекеменің шәкірттері облыстық, республикалық бай­ қау­ларда дараланып келеді. Түр­ лі үйірмелерде олардың қолы­ нан шыққан бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып тұрады. «Жас техник», «Фотоәуесқой», «Қол­ өнер», «Зергер», «Сурет», «Би» үйір­ мелеріне орталықтың 17 ауылда­ ғы бөлімшелерін қосқанда 3980 ұл-қыз (аудан бойынша оқушылар­ дың 60,8 пайызы) білімдерін же­ тілдіреді. Осыған арналған көр­ мені аралаған облыс басшысы ұл-қыздардың шығармашылығы­на ризашылығын арнады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жас мемлекетіміздің саяси рефор­ маларын экономикалық даму бағ­ дарламаларымен тығыз, үйлесім­ ді ұштастыра отырып, «Мәңгілік Елдің» құтты 7 қада­мын белгілеп берді. Бұл идея – қазақстандықтар үшін бағыт меңзеген темір­қа­зық. Аудан әкімі Н.Төреғалиев «Ме­ рей» мәдени-демалыс орта­лы­ ғын­да өткен қорытынды есе­бінде осы жайында айта келіп, жаңа дәуір істің мазмұнына, сипа­тына айрықша талап қойып отыр­ғанын баяндады. - Әр күннің міндеті, жауапкершілігі, сұранысы ерек. Есепті мерзімде ауданда негізгі капиталға жұмсалған ин­вес­ти­циялар көлемі 1,9 млрд. тең­гені құрап, 40,5%, жан басына шаққандағы бұл көрсеткіш 45797 теңгеге же­тіп, 73,3%-ға кө­ бейді (2012 жылы 32205 теңге). 2014 жылдың бюджеті 4,5 млрд. теңге көлемінде бекіті­ліп, оның 73,3%-дан астамы әлеумет­тік са­ ла шығыстарына бағытта­луда.

«Өңір­лерді дамыту» бағдарла­ма­ сы бойынша республикалық бюджеттен 38,7 млн. теңге бөлінді. Қаржылық тәртіпті қатаң сақтау және бюджеттің әрбір теңгесін мақсатты пайдалану қашанғыдай, аса маңызды мәселе, - деді аудан басшысы. Бұдан әрі Н.Төреғалиев тек уақыт сұранысына сай серпілгенге, Жалпыға ортақ еңбек қоға­ мына талпыныс бар жерге ғана мемлекеттің қолдауы ерекше болатынын айта келіп, аудан өмірі­нің сан саласына тоқталды. «Биыл Тайпақ ауылында мү­ гедектер үйін ашу жоспарлану­да. Жаңабұлақ ауылында бір тұр­ғын өз қаржысына тігін цехын, Тай­пақ ауылындағы отбасымен мүмкін­дігі шектеулі азамат несие алып, аяқ киім жөндеу орнын ашты. Бұ­лар­ға барынша көмек көрсетілді. Биыл 465,8 млн. теңге қаржы бөлініп, Жанама, Сарман, Жаңа­ бұлақ, Ілбішін ауыл­да­рын­дағы 3852 тұрғын «Ақбұлақ» бағдарла­ масы бойынша сапалы ауыз су­мен қамтамасыз етілетін болады. Ақсуат, Атамекен, Базартөбе, Базаршолан, Қабыршақты ауылдарына аталған бағдарлама бойынша ауыз су жеткізу үшін жобалаусметалық құжаттама (53,6 млн. теңге) жасақталуда. Ал Жайық, Кеңсуат, Тасоба, Сай­ құдық, Самал, Шабдаржап ауылдарына су құбырын тартуға жобалау-сметалық құжаттама жа­­сақ­ тауға қаржы көздері іздесті­рі­луде. Бүгінгі таңда 27 ауылдағы 5269 аула (68,3%) көгілдір отынға қосылған. Тағы 11 ауылға газ құ­­ бы­рын тарту үшін техни­ка­лықэкономикалық негіздеме жа­­сақ­­талды. Табиғи газ жеткізу және сапалы ауыз сумен қамту жұ­ мыс­тары болашақта да бюджет қаражатының мүмкіншілігіне қа­ рай жалғасын табады. «Балапан» бағдарламасы ая­ сында 2020 жылға дейін 3-6 жас­ тағы балаларды 100% бала­бақ­ шамен қамтамасыз етуіміз үшін

5 елді мекенде балабақша салу қажеттігі туындап отыр. Аудан басшысы баяндамада денсаулық сақтау саласын да жан-жақты қамтыды. Скрининг­тік тек­се­рулерден өткізілген 29206 тұр­ғын­ның 4,7%-ының ауруы ер­те анықталып, емделулеріне мүм­­кіндік туды. Ауданға келген 4 дә­ рігерге тиісті көмек бе­ріл­ді. Алай­ да дәрігерлерге зәрулік әлі де сезілуде. Қазіргі таңда жоғары медициналық оқу орындарында

гранттық негізде ауданның 156 түлегі білім алуда. Таяу жылдары кадр тапшылығын жоюға толық мүмкіншілігіміз бар. Жыл сайын ауылдық округте­гі тұрғындармен кездесуде «Жедел жәрдем» көліктерінің тозығы жеткендігі, кей жерлерде мүлдем жарамсыз екендігі айтылып келеді (3 автокөлік жарамсыз болса, 15 автокөліктің тозығы жеткен). Аудан орталығындағы аурухана күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстардың болашақта мем­ лекеттік бағдарламалар аясын­да шешімін табарына сенім мол. Әкім сондай-ақ тұрғындар­дың өтініштерімен, ұсыныстарымен жұмысты назардан ешқашан тү­ сірмеу мақсатындағы шаралар туралы толық айтып берді. Аппарат қызметкерлерінің жұмысы, жұрттың өзекті мәселелер жа­ йында тілек, толғамдары туралы нақты ақпарат көзі болып табылатын арнайы кітап жасақтауға барлық ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Елбасының биылғы Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы­ ның қисынды, жіті жалғасы бо­лып табылады. Мұнда жаһандық сынқатерлердің дауылынан адас­пай өту, ғасырлар бойы қалыптас­­­қан қуатты құндылықтарымыз­­ дан айы­рылмау, жас ұрпақты бабалар өсиетіне сай тәрбиелеу, сөйтіп, әлемдегі мойны озық елдер қатарына қосылу, яғни бүкіл бақытымыздың жолы жан-жақты айқындалды. Қорытынды есеп мінберінен облыс әкімі Н.Ноғаев осы хақында түйіндеп, өзінің пайымдарын ортаға салды. Заман­ның сынағы барған сайын қатаңда­нып келеді. Елбасының Үндеуінде со­ған лайықты түрде жауап беру тайға таңба басқандай айқындалды. Демек, мына дәуірмен үндес­кен­нің дидары жарқын, дәулеті артады. Ол қорытынды есеп барысында құрайлысайлық тұрғынның тәр­бие туралы айтқанына қосыла келіп, жас өскіндерге еңбек тәр­ биесін беруде осалдықтың барын және бір ащы шындықты – отбасы­ ларда балаларды жөнсіз өте ерке­ ле­тіп жіберу ұшырасатынын айтты. Ұл-қыздың білімі тәрбиемен, жан сұлулығымен, рухани дәулеті­ мен ұштаспаса, бәрі бекер. Нұр­ лан Асқарұлы маңдай термен нан табуға үйретуде Елбасымыздың Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идея­сының ұшан-теңіз маңызын тіл­ге тиек етті. Жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесінде мұғалімнің орны қандай екені жақсы мәлім. Соң­ғы кезде ұстаз беделін кө­те­ру

мәсе­лесі дүркін-дүркін кө­те­рі­ліп жүр. Өз сөзінде облыс бас­шы­сы мұны да көпшіліктің қаперіне салды. Ұстазға қошеметте ата-аналар өз балаларына жол мең­зеуі керек. Бізде бір нәрсені мұғалімнен кө­­ріп, өздерін жақтап шыға келу – ащы бір шындық. Өңір басшысы үлкен айма­ ғымыздағы экономикалық-әлеу­ меттік толымды жетістіктердің негізі жұртымыздың ұйысуында, мемлекетшілдікте, ізденісте, тү­сі­ нікте екенін, ал істегі кем тұстар­ дың орнын толтыруда уақытты ұзартпаудың ауадай қажеттігін басым атады. Ол аудан әкімінің қызметін оң бағалап, Нариман Төреғалиұлына тұрғындармен ты­ ғыз бірлікте, осы бағыттан тай­май, іргелі істерге қол жеткізе бе­руін тіледі.

Болат ЕСҚАЛИЕВ, Ақжайық ауданы Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.