15 08 02 2014

Page 1

Орал өңірі ОБЛЫСТЫҚ Қоғамдық-саяси газет

- 22 - 33

С

0

С

0

Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл №15-16 (19935)

www.zhaikpress.kz

Газет 1918 жылғы 17 қарашадан шығып келеді. 1968 жылы "Құрмет Белгісі" орденімен марапатталған

Ислам діні вакцинацияға

oral_oniri@inbox.ru

билік

қарсы емес Облыс әкімі Н.Ноғаевтың ел-жұрт алдындағы есептік баяндамасы­ның тезистері

3-5

Керуен сарай

9 «Біздің мұратымыз – Мәңгілік ел»

К

еше Долин ауы­лын­дағы мәдениет үйінде «Біздің мұ­ратымыз – Мәңгілік ел» ат­ ты патриоттық әндердің аудандық байқауы өтті. Бұл шараны аудандық ішкі саясат бөлімі, Долин ауылдық округі әкімдігінің қолдауымен ауған соғы­сы ардагерлерінің «Контин-

гент» ұйымы ұйымдастырды. Осы өнер бәйгесінде бас жүлдені Ботакөз Тайпанова, бірінші орынды Аякөз Бейісова ие­ленді. Ал екінші орынды Дария Мұхтарова, үшінші орынды Катя Игнатенко еншіледі. Жеңімпаз бен жүлдегерлерге арнайы дипломдарға қоса, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Беркін ШӘҢГЕРЕЙ, Теректі ауданы

Біз үшін әулие емес!

16

Қоскөлге

физик керек!

Ж

ақында Қаратөбе ау­данының Қоскөл ауылында іссапармен болып қайттық. Осы сапар барысында аталмыш ауылдағы мектептің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Завира Қодарова біздің назарымызға Қос­көл мектебіне физика пәнінің мұғалімі қажеттігін тілге тиек етіп, осы мәселені облыстық деңгейде көтеруімізді сұраған еді. «Әрине, бұған қарап біздің мектепте бүгіндері физика пәні бойынша сабақ өтпейді екен деп ойлап қалмаңыздар. Бүгіндері физикадан зейнет жасындағы Құспанов Арыстанғали ағай сабақ беріп жүр. Ағайға айтар әңгімеміз жоқ, өз ісін жетік білетін тәжірибе-

лі маман. Бірақ зейнеткерлікке шық­қандықтан, өзінің алаңсыз демалғысы келетіндігін ол кісі қазірдің өзінде айтып жүр» деген-ді бізбен әңгіме барысында Қоскөлдегі білім ұясының басшысы. Демек, мектеп директорының күн ілгері дабыл қағуы түсінікті. Өйткені алдағы оқу жылында үшбу мектеп физикадан сабақ беретін мұғалімсіз қалуы әбден кәдік. Ал Елбасы биылғы Жолдауында инфрақұрылымдық жү­йені, әсіресе, көлік қатынасы мен энергетиканы, соның ішінде ядролық энергетиканы және «жасыл» экономиканы дамыту керек­ тігін баса айтты. Мұның бәрі айналып келгенде физикаға келіп

тіреледі. Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтқандай, «Қазақстан – уран өндіруде әлемдік көшбасшы» (ал уран – ядролық энергетиканың негізі). Олай болса, неге ауыл мектебінің оқушылары физикадан мақұрым қалу керек?! Бізге айтылған тағы бір аманат, жалпы орта білім беретін Қоскөл мектебінде 2-3 жылдан бері музыкадан сабақ беретін арнайы мұғалім жоқ көрінеді. Ендеше, биыл қолына дипломын алатын екі бірдей мұғалімге бір ауылдан жұмыс табылып тұр. Ендеше, іске сәт, жол болсын қос бірдей жас маман делік!

Бауыржан ФАЙЗОЛЛАҰЛЫ, «Орал өңірі»


2

АҚПАРАТ Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Ел-жұрттың жадына! «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қа­зақстан Республикасы Пре­зи­ден­ тінің 2013 жылғы 15 та­­мыз­дағы №615 Жарлығын іске асыру мақ­са­тын­да 2014 жылғы 20 ақпан күні сағат 10.00-де облыс әкімі Н.А.Ноғаевтың ха­лыққа есеп бе­ру кездесуі өтеді. Кездесу «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимара­ты­­ ың үлкен залында өтеді. Мекенжайы: Орал қаласы, Ж.Мол­ н дағалиев көшесі, 19. Облыс тұрғындары облыс әкімінің есебі бойынша өздерінің ұсы­ныстарын, ескертпелері мен үнқосуларын Орал қаласы мен ау­дандарда орнатылған арнайы жәшіктерге салуларына болады. Ұсыныстарды zapkazakim@westkaz.kz электронды поштаға жол­дауға болады. Ұсыныстар мен ескертпелерді жолдағанда жіберушінің тегі, аты-жөні, мекенжайы, байланыс телефоны көрсетілуі қажет. Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыруинспекторлық жұмыстар бөлімі

Үзінді

Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеге­ні үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наг­ радталсын: Батыс Қазақстан облысы бойынша Болатова Мэлс Өмірзаққызы – үй шаруасында, Қазталов ауданы Ирубаева Қазима Нағымқызы – үй шаруасында, Бөрлі ауданы Мауешова Қаламсия Ғапурқызы – үй шаруасында, Қазталов ауданы Сақыпова Шаттыгүл Ғинаятқызы – үй шаруасында, Қазталов ауданы 2. Алты бала туып, тәрбиелегені үшін мына ана­лар «Күміс алқа» алқасымен наградталсын: Кенжина Гүлдариға Бақтыгерейқызы – үй шаруасында, Қазталов ауданы

P

P

Таяуда Теректі ауданының әкімдігінде «Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алудағы қоғамның рөлі» атты жиын өтті. Аудан прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжан тізгінін ұстаған үшбу шараға аудандық ішкі сая­ сат, білім, денсаулық сақтау және мәдениет бөлімдерінің басшылары мен ауылдық округтердің әкімдері қатысты. Ашық пікір алмасу жағдайында өткен жиын барысында терроризм мен діни экстремизмнің алдын алуға қатысты ұсыныстар топтамасы түзілді. Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөнін­де­гі мемлекеттік мекемесінде тоғайдың қалың жерлерін­ де аң­дарды қолмен қоректендіру жұмыстары жүргізілу­де. Соңғы 20 күн ішінде 50 центнер шөп, 30 тонна жем, 1500 дана буылған бұтақша, 50 кг тұз қорек таратылды.

«Мирас» қолға алынды Кеше облыстық тарихи-өлкетану мұражайында М.Өте­місов атын­ дағы об­лыс­тық сауықтыру мектеп-интер­наты тәрбиеленуші­ле­рі­ нің ұйымдас­тыруы­ мен «Мирас» атты жобаның ашылу салтанаты өтті.

Аталмыш шараның мақсаты ел ертеңі саналатын жас ұрпаққа көне жәдігерлерді таныстырып, өлкенің бай тарихын оқушыларға кеңінен насихаттау және осы жо­­ба арқылы мұражайға келушілер санын арттырып, жастардың қы­зы­ғушылығын ояту. – Шараның мақсатына орай атал­ған мектептің алтыншы сы­нып оқушыларымен этнография залында қамшы тоқу мен тұмар жасаудан мұғалімдер шеберлік кла-

Қажғалиева Айгүл Жұмағұлқызы – үй шаруасында, Қазталов ауданы Қапиева Ақтілек Төлеуқызы – үй шаруасында, Теректі ауданы Сисенғалиева Ақманар Тілекқабылқызы – «Ханкөл жалпы білім беретін орта мектебі» ММ мұғалімі, Қа­ ратөбе ауданы Стешенко Лидия Николаевна – үй шаруасында, Зеленов ауданы Тасжанова Гүлмира Аманғалиқызы – үй шаруасында, Қазталов ауданы Уахитова Гүлсамал Елтайқызы – үй шаруасында, Қазталов ауданы 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 27 желтоқсан №719

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Үзінді

Көп балалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеге­ні үшін мына аналар «Алтын алқа» алқасымен наг­ радталсын: Батыс Қазақстан облысы бойынша Жүсіпова Нәсіпті – үй шаруасында, Зеленов ауданы Қошмағамбет Әлия Сапарқызы – үй шаруасында, Ақжайық ауданы Нұрғалиева Ғайнижамал Болатқызы – үй шаруасында, Ақжайық ауданы

Бекалова Нұргүл Каримуллақызы – үй шаруасында, Қазталов ауданы Зұлхашова Жанаргүл Амандыққызы – үй шаруасында, Қаратөбе ауданы Кенжебекова Назым Мұғалімқызы – үй шаруасында, Ақжайық ауданы Қыдыралиева Майнор Жұбанышқалиқызы – үй шаруасында, Ақжайық ауданы. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

2. Алты бала туып, тәрбиелегені үшін мына ана­лар «Күміс алқа» алқасымен наградталсын:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2014 жылғы 21 қаңтар №736

Орынбасар ауысты «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет өз өтініші бойынша жұмысынан босатылып, оның орнына Серік Сүлеймен тағайындалды. Тағайындауға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысты.

сын өткізді. Былтыр қолға алынған бұл шара, алдағы уақытта да жал­ ғасын табады деп ойлаймыз, - дейді мұражай қызметкері Ләйлім Жұмағалиева. Мұражай қызметкерлерімен бір­­лесіп атқарған жобаның аясында ұлттық құндылықтарымызды дә­­ріптейтін сабақтар ай сайын өткізіліп тұратын болады.

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Серік ІЗБАСАРҰЛЫ, «Орал өңірі» – Кенжебай Нығ­мет көп жыл бойы төраға­ның бірінші орынба­ сары лауазымында еңбек етіп, бі­лімі және біліктілігімен партия­ның абыройын арт­тырды. Елба­сымыз белгілеген саяси-эконо­ми­калық, әлеу­мет­тік жаңғырту­лар­ ды ел арасына терең таратуға лайықты үлесін қосты. Қазір ол өзінің өтініші бо­йынша жұмы­сы­

нан босатылды. Оған келешекте берік денсаулық пен отбасылық бақыт тілейміз! – дей келе, облыс басшысы Нұрлан Ноғаев К.Нығметке Б.Байбектің қо­лы қо­йылған алғысхатты салтанат­ты түрде табыс етті. Әрі қа­рай ол былай деді: «Нұр Отан» облыстық филиалы саяси бюро­сының ұсы­нысы және «Нұр Отан» партия­ сы төрағасының бірінші орын­­басары Б.Байбектің бұй­ры­ғы­мен Серік Кенжебекұлы Сү­лей­мен «Нұр Отан» партиясы об­

лыстық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасарлығына тағайын­­ далды. Серік Кенжебекұлы – Сы­рым ауданының тумасы. Ол ең­­бек жолын «Бұлдырты» кең­ша­ рында жұмысшы болудан бас­тап, содан бері талай мансап бас­ палдақтарынан ойдағыдай өтті. Соның ішінде Қаратөбе ауданы­ ның әкімі қызметінде де болды. 2007 жылдан күні бүгінге дейін облыс әкімінің орынбасары міндетін жауапкершілікпен атқар­ды. Ол - басқарушылық қабілеті зор, ұйымдастырушылық дағдысы қалыптасқан азамат. Мемлекеттік қызметпен қатар партия жұмы­сын да жетік біледі. 1999 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мү­шесі. Оның жаңа қызметін абы­ роймен атқаратынына сенеміз». Отырыс аяғында сөз алған С.Сү­ леймен өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс айтып, жаңа жұмы­сын абыроймен атқаруға күш сала­ты­ нын мәлімдеді. Ал К.Нығмет бол­са, облыс әкімінің құрметіне өзі­нің алғысын жеткізді.


билік oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

3

Облыс әкімі Н.Ноғаевтың ел-жұрт алдындағы есептік баяндамасының тезистері Облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2013 жылдың 9 айында 1 111,9 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылдың сәйкесінше деңгейінен 3,3%-ға көп. Республиканың жал­пы ішкі өніміндегі облыс үлесі 4,8%-ды құрады. Жан басына шақ­ қанда облыс бойынша ЖӨӨ орташа республикалық деңгейден 31,1%-ға артып, 1 793,4 мың теңге құрады. Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімдері 1659,7 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 99,7%-ды құрады, оның ішінде: тау-кен өн­ дірісі саласында – 1479,7 млрд. теңге, 98,0%; өңдеу саласында – 142,5 млрд. теңге, 126,1%; электрмен қамту, бу, газ беру және ауамен баптау саласында – 31,4 млрд. теңге, 101,6%; сумен қамту, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауды жә­­не бөлуді бақылау саласында – 6,1 млрд. теңге, 105,9%. Газ өндіру көлемі 19154,2 млн. текше метр құрады, бұл 2012 жыл­ғы тиісті кезең деңгейінен 1,4%-ға көп, газ конденсаты – 12211,7 мың тонна (3,2%-ға аз). Өндірістің тө­ мендеуі, ағымдағы жылдың сәуірмамыр айларында «Қарашығанақ өңдеу кешеніндегі көмірсутегі шикізатын терең тұрақтандыру және тазарту қондырғысы» бойынша Қарашығанақ өңдеу кешенінде жо­ балық жөндеу жұмыстарын өткі­зу үшін тоқтатылғанына байланысты. Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 48589,4 млн. теңге құрады, бұл 2012 жылдың қаңтар-желтоқ­сан деңгейінен 1,6 есеге жоғары. 2012 жылдың қаңтар-желтоқса­ны­ мен салыстырғанда газойльдер өндірісі 1,6 есеге өсті. Металлургия өнеркәсібінде өн­­діріс көлемі 8952,3 млн. теңге құ­ рады, бұл 2012 жылдың қаңтаржелтоқсанынан 10,6%-ға жоғары. Өзге металл емес минералдық өнімдердің өндірісі 21,7%-ға өсті және 12139,6 млн. теңге құрады. Тауарлы бетонның өндірісі 41,6%ға өсті. Резеңке және пластмасса бұ­й­ымдарының өндірісі 1,9 есеге артты және 7,7 млрд. теңге құрады. Дайын металл бұйымдарының өндірісі 1,0%-ға төмендеді және 5323,4 млн. теңге құрады. Машина жасау саласында 18441,8 млн. теңгеге өнім өндіріл­ ді, бұл 5,9%-ға аз. Трансмиссиялы иінді біліктер және қос иіндер өн­ дірісі 21,4%-ға, суды сүзуге неме­се тазартуға арналған жабдықтар мен аппараттар 34,0%-ға төмен­де­ ді. Тамақ өнімдері 34391,5 млн. тең­геге өндірілді, ол 2012 жылдың қаңтар-желтоқсан деңгейінен 6,2%ға көп. Шұжық өнімдерін өндіру көлемі - 26,3%-ға, ұн – 14,0%-ға, ет және тағамдық қосымша өнімдері – 10,8%-ға, жаңа піскен нан – 8,5%ға, макарон өнімдері 1,6%-ға өсті. Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2013 жылдың қаңтаржелтоқсанында бір адамға 31,9 мың АҚШ доллары немесе 2012 жылдың тиісті кезеңіне 123,7%-ды құрады.

2013 жылы Индустрияландыру картасы аясында 2,1 млрд. теңгеге 3-ды жоба жүзеге асырылды, 116 жұмыс орны құрылды: «Қуаттылығы жылына 5000 тонна поливинилхлорид профиль өндірісін ұйымдастыру» («Каризма» ЖШС); «Шойыннан жасалған бұйымдар шығару жөніндегі қолданыстағы қуаттарды жаңғырту» («Қазарма­ пром» ЖШС); «Диаметрі 1600 мм дейін полиэтилен құбырларын өндіру»(«Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы» ЖШС). 2010-2013 жылдары барлығы 251,8 млрд. теңгеге Өңірлік индустрияландыру картасының 31 жо­басы іске қосылды, бұл 1272 тұ­рақты жұмыс орнын құруға мүм­ кіндік берді. Негізгі капиталға инвести­циялар 193,1 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезең дең­ гейінен 14,1%-ға көп. Шетелдік инвестициялар 84,8 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жыл­ғы тиісті кезеңінен 33,4%-ға көп. Республикалық бюджет қара­жа­ ты есебінен инвестициялар 22,9 млрд. теңге құрады, бұл 2012 жыл­ ғы тиісті кезеңінен 21,5%-ға көп. Жергілікті бюджеттің қаржысы­ нан 3,1 млрд. теңге бағытталды не­месе 2012 жылдың тиісті кезең деңгейіне 72,4%. Кәсіпорындардың өз қаражат­ тары үлесіне жалпы көлемнің 31,8%-ды тиесілі немесе 61,4 млрд. теңге, бұл 2012 жылғы тиісті ке­зең деңгейі­нен 18,1%-ға көп. Қарыз қаражаты есебінен инвестициялар 20,9 млрд. теңге құ­ рады, бұл 2012 жылдың тиісті ке­зең деңгейінен 31,4%-ға аз. 247,0 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, бұл 2012 жыл­ғы қаңтар-желтоқсан деңгейінен 1,1%-ға көп. Құрылыс жұмыстарының кө­лемі 57,7 млрд. теңге құрады немесе 2012 жылғы тиісті кезең дең­ гейінен 6,9%-ға көп. 9 елді мекенге газ құбыры тар­тылды (Теректі ауданының Қы­зыл­ жар, Құтсиық, Шағатай, Құғалтөбек және Ақсоғым ауылдары, Ақжа­ йық ауданының Көнеккеткен, Қа­ мыстыкөл ауылдары, Шыңғырлау ауданының Амангелді ауылы, Зе­ленов ауданының Қаражар ауылы). Тұрғындарды сапалы ауыз су­мен қамтамасыз ету үшін 8 жоба­ ның іске асырылуы аяқталды (Бөр­лі ауданының Пугачев және Аралтал ауылдары, Қазталов ауданы­ның Болашақ ауылы, Бөкей орда­сы ау­данының Жиекқұм ауылы, Жа­ңа­қала ауданының Көпжасар, Жа­ңақала ауылдары, Теректі ауда­ ны­ның Покатилов ауылы, Тасқала ауданының Ақтау, Достық ауылдары). 38,9 млн. тонна жүк және 425,8 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2012 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 108,5% жә­не 105,8%. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 85,5 млрд. тең­-

ге немесе 2012 жылдың тиісті ке­зең деңгейіне 104,3%-ды құрады. Облыс шаруашылықтарының барлық санаттарында 73,5 мың тонна ет (тірі салмағында) өндіріл­ді немесе 2012 жылдың тиісті ке­зең деңгейіне 100,0%-ды құрады, сүт – 223,7 мың тонна (100,5%), жұ­ мырт­қа – 139,0 млн. дана (102,9%). 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша 2012 жылдың тиісті ке­зеңімен салыстырғанда шаруашы­ лықтың барлық санаттарында мү­йізді ірі қара мал саны 6,5%-ға (со­ ның ішінде сиыр – 11,0%-ға), қой – 8,8%-ға, ешкі - 0,7%-ға, жылқы – 12,3%-ға, шошқа – 3,2%-ға, құс – 7,6%-ға көбейді. Агроөнеркәсіп кешеніндегі ең­ бек өнімділігі (жалпы қосылған құ­ны бойынша) 2013 жылдың қаң­ тар-қыркүйегінде бір адамға 515,7 мың теңге құрады («Қазақстан Рес­публикасын үдемелі индустриял­ дық-инновациялық дамыту жө­нін­ дегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның көр­ сеткіштері» статистикалық бюллетені бойынша), бұл 2012 жылдың тиісті деңгейінен 18,5%-ға көп. Бөлшек тауар айналымының көлемі 171,5 млрд. теңге, 2012 жыл­ дың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 124,8%-ды құ­рады. Инфляцияның жалпы деңгейі 106,4%-ды құрады (республика­лық көрсеткіш – 104,8%). Азық-түлік тауарларының баға­ сы 1,7%-ға өсті, бұл республика­лық көрсеткіш деңгейінен 1,6 па­ йыздық пунктке төмен. Жұмыртқа бағасы – 27,7%-ға, темекі өнімде­ рі – 23,8%-ға, макарон өнімдері 6,3%-ға, күріш 5,6%-ға өсті. Өсімдік майы – 2,2%-ға, құс еті - 2,5%-ға, құмшекер – 4,6%-ға, жармалар – 4,0%-ға, жеміс – 5,7%-ға, көкөніс 19,1%-ға арзандады. Қазақстанның басқа аймақта­рымен салыстырғанда облыста ең тө­ мен бағалар бірінші сұрыпты бидай ұны, қара бидай-бидай наны, жоғары және бірінші сұрыпты би­дай ұнынан пісірілген нан, вер-

мишель, кеспе, сиыр еті, қой еті, жылқы еті, тауық еті, тауықтың сирағы, алма, құмшекер, ашытқы, кептірілген өрікке, қара байха шайына түзілді. Азық-түлік емес тауарларының бағасы 2,4%-ға өсті (республика­ лық көрсеткіш – 3,3%-ға), бұл жу­ ғыш және тазалағыш құралдар ба­ғасының - 2,6%-ға, шыны және қыш бұйымдарының – 3,0%-ға, киім мен аяқ киімнің – 3,1%-ға, фармацев­тикалық өнімдердің - 3,4%-ға, қат­ты отынның - 5,1%-ға, дизель оты­нының - 7,3%-ға, кеңсе тауарла­ры­ ның 7,8%-ға қымбаттауымен байланысты. Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 16,6%-ға өсті (рес­ публикалық көрсеткіш – 8,0%-ға), бұл тұрғын үй қызметтері баға­сының - 22,8%-ға, соның ішінде суық су – 90,1%-ға, кәріз – 90,0%-ға, газ та­сымалдау және тарату жүйесі – 36,7%-ға, жылыту және ыстық су – 25,0%-ға, тұрғын үй үшін нақты жал­ға алу төлемі – 12,1%-ға, электр энер­гиясы – 10,0%-ға, қоқыс жинау тариф­терінің 8,5%-ға өсуімен белгіленген. Байланыс қызметтері - 4,4%-ға, соның ішінде телефон үшін абоненттік төлем 20,0%-ға қымбаттады. Сонымен қатар Интернет байла­ны­сы - 1,3%-ға, пошта қызметі - 1,9%-ға, кабельдік теледидар - 9,3%-ға, ұялы байланыс 11,5%-ға арзандады. Құ­­қық­тық қызмет­тер мен сақтандыру - 7%-ға, білім беру қызметтері 6,5%ға өсті. Те­міржол жолаушылар көлі­гі қыз­меттері 13,7%-ға қымбаттады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша 29,2 мың шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектісі жұмыс істейді немесе 2012 жылдың тиісті кезең деңгейі­ не 103,6%. Шағын және орта кәсіпкерлік­те жұмыс істейтіндер саны 94,1 мың адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті деңгейінен 14,8%-ға көп. Об­ лыстың экономикалық белсенді халқынан жұмыс істейтіндер үлесі 27,4%-ды құрайды (2012 жылдың 3 тоқсанына).

Шағын және орта кәсіпкерлік­ тің субъектілерімен 313,5 млрд. теңгеге тауар (жұмыс, қызмет) өн­ дірілді, бұл 2012 жылғы қаңтаржелтоқсаннан 2,9%-ға көп. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде респуб­ ликалық бюджеттен ин­дустрия­ лық инфрақұрылымды да­мытуға 1107,3 млн. теңге, жеке меншік кәсіпкерлікті қолдауға 1242,6 млн. теңге көлемінде нысаналы трансферттер бөлінді. Бұдан басқа «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарлама­ сы шеңберінде ауылдағы кәсіп­кер­ліктің дамуына ықпал етуге 1075,0 млн. теңге, «Жұмыспен қам­ту – 2020 жол картасы» бағдарла­ масына қатысушыларды кәсіпкер­ лікке оқытуға 28,9 млн. теңге бө­ лінді. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша бағдарламаның бі­рінші және үшінші бағыттары шең­ берін­де Өңiрлiк үйлестiру кеңесi­ мен жалпы сомасы 15,0 млрд. тең­геге 98 жоба мақұлданды. Мақұл­ дан­ған жобалардың шеңберінде 1351 жұмыс орнын ашу жоспар­ лануда. 2013 жылдың қаңтар-желтоқ­ санында екінші деңгейдегі банк­ термен шағын бизнес субъектіле­ ріне 19,1 млрд. теңге сомада несие берілді. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағ­ дай бойынша облыстың шағын не­сие ұйымдарымен 623,6 млн. тең­ геге 426 шағын несие берілді. Мемлекеттік бюджетке 297,1 млрд. теңге түсті (болжам­ ға 99,9%), бұл 2012 жылғы қаң­тар-желтоқсаннан 15,5%-ға көп. Республикалық бюджетке тү­сім­дер 244,2 млрд. теңгені құрады (болжамға 100,4%), бұл 2012 жыл­ дың тиісті кезеңінен 15,2%-ға көп. Жергілікті бюджетке 52,9 млрд. теңге (болжамға 97,5%) түсті, бұл 17,0%-ға көп. Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 228 млн.

(Жалғасы 4-5 беттерде)


4

билік Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Облыс әкімі Н.Ноғаевтың ел-жұрт есептік баяндамасының (Соңы. Басы 3-бетте) теңгеге көбейді және 3152,9 млн. теңгені құрады, оның ішінде рес­ публикалық бюджет бойынша – 2740,1 млн. теңге (168,3 млн. тең­ геге көп), жергілікті – 412,8 млн. теңге (59,7 млн. теңгеге көп). 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағ­ дай бойынша жұмыспен қамту қызметінде 1783 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсен­ді халыққа тіркелген жұ­мыссыз­ дар үлесі 0,5%-ды құрады, бұл 2013 жылдың сәйкес кезеңінің деңгейінде. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағ­ дай бойынша 11180 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, ор­ман және балық шаруашылығын­да – 826, өнеркәсіпте – 388, құ­ры­лыста – 534, көлік және қой­ма­ лауда – 401, көтерме және бөл­ шек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 1667, білім беру – 498, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 204, экономикалық кызметтің басқа түрлері салала­ рында – 1530, уақытша және мау­сымдық жұмыстарда – 5132. Жал­пы құрылған жұмыс орын­дары­­ның 5104-і (45,7%) – ауылдық жерде. 19121 адам жұмысқа орналасты, оның ішінде жұмыспен қамту бөлімдері арқылы – 8444 адам, «Жұмыспен қамту – 2020 жол кар­тасы» бағдарламасы аясында – 10677 адам. Бұдан басқа шағын және орта бизнесте 5262 адам жұмысқа орналасты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 7568 адам жіберілді. Техникалық және кәсіптік бі­ лім, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бі­тірушілерді жұмыспен қамту мақ­ сатында жастар тәжірибесіне 2358 адам жолданды, соның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясын­да – 2192 адам. Әлеуметтік жұмыс орындарына 3081 адам орналасты, соның ішінде «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында – 2441 адам. Кедей отбасылардың саны 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 925 отбасыны құрады және 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 234 отбасыға азайды. 2013 жылғы қаңтар-желтоқ­сан­да орташа айлық еңбекақы 97937 теңге құрады, бұл 2012 жыл­ғы қаңтар-желтоқсаннан 8,0%-ға көп. 2013 жылғы қарашада халық­ тың жан басына шаққандағы атау­лы ақшалай табысы 61195 теңге құрады. 2012 жылдың қараша­сы­мен салыстырғанда атаулы ақша­ лай табыс 11,2%-ға, нақты ақша­лай табыс индексі 4,2%-ға өсті. Облыстың білім беру меке­ме­лерінің саны 418 мектепті құ­ра­ ды (87925 мың оқушы), оның ішінде мемлекеттік – 415 (87882 оқушы), мемлекеттік емес – 3 (43 оқушы). 407 күндізгі мектеп (87013

№6 қалалық емхананың ашылуы оқушы), 5 кешкі ауысымды мектеп (336 оқушы) және 3 арнайы мамандандырылған мектеп (533 оқушы) жұмыс істейді. 23 оқу-кеңестік пункті (476 оқушы) жұмыс істейді. Облыста 145 балабақша, 39 «мектеп-балабақша» кешені және 285 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қам­ти­ тын 27,6 мың бала немесе 59,4%ын 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 95,7%-ын 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды. 56 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 47,9 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 55,0%-ын құрайды. 3 ПДПК (психологиялық-дәрі­ герлік-педагогикалық кеңес бе­ру), 11 педагогикалық-психоло­гия­лық түзеу кабинеттері қызмет көр­се­ теді. Бүгінгі таңда 143 отбасында 192 бала патронаттық тәрбие алуда. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 24,7 мың адам оқитын 38 бірлік құрайды, соның ішінде 27 мемлекеттік, 11 мемлекеттік емес колледждер. Білім беру саласының 2013 жылғы бюджетінің орындалуы 37,9 млрд. теңгені құрады (жос­ парға 98,5%). Республикалық бюджет қара­ жаты есебінен 12 жылдық білім беруге көшу міндеттерін орындау­ ға база дайындау шеңберінде 30 химия кабинеті сатып алынды. Жалпы білім беретін мектеп­ терде мультимедиялық кабинет­ тердің компьютерлерін қоса есеп­тегенде 9157 компьютер бар немесе бір компьютерге 9 оқушы­дан келеді. 2013 жылы 5384 мектеп біті­ ру­шісінің ҰБТ түрінде өткен орта мектеп курсының қорытынды аттестациясынан 3836 оқушы өтті,

бұл жалпы мектеп бітірушілердің 71,25%-ын құрады. ҰБТ-ның орта­ ша балы 78,15-ті құрады (2012 жыл - 77,39 балл), республикалық көрсеткіш -74,5 балл. «Алтын белгіге» 209 үміткердің ішінен ҰБТ-да өз білімдерін 92 оқушы немесе 44,02% (2012 жы­лы - 36,97%) дәлелдеді. «Үздік аттестатқа» 120 үміт­кер­ дің ішінен 34 оқушы немесе 28,3% (2012 жылы - 22,4%) өз білімдерін дәлелдеді. 3 жалпы білім беретін мектеп (Жәнібек ауданының Қамысты ауылында 300 орындық, Орал қаласы Жаңаорда шағын ауданында 600 орындық, Ақжайық ауданының Сайқұдық ауылында 198 орын­дық) және 350 орындық балабақша (Орал қаласында) іске қосылды. Орал қаласында 360 орындық ба­ лабақша құрылысы жалғасуда. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағ­дай бойынша облыстың ден­сау­лық сақтау желісін 183 ме­дици­ налық ұйым (барлық ведомстволар) құрайды, оның ішін­де 144-і – амбулаторлық-емхана­лық ұйым­дар, дербес және ау­руханалық ұйымдар мен диспан­серлерге ен­гізілгендер, ал 39-ы – аурухана (барлық ведомстволар). Облыста 1913 дәрігер (барлық ведомствалар) мен фармацевті қосқанда 6190 орта медицина қызметкері (барлық ведомствалар) жұмыс істейді. 4225 бюджеттік кереует орын, соның ішінде БҰДСЖ (бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі) аясында 1410 кереует орын жұ­ мыс істейді. Облыста дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз ету 410 дәріхана ұйым­да­ры арқылы жүзеге асырыла­ды, со­ның ішінде ауылдық жерде – 209. 2013 жылғы қаңтар-желтоқ­сан­ да 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аурулардың азай­ ғаны байқалады (әр 100 мың тұр­ ғынға): битшеңдік – 14,4%-ға, ту­-

беркулез – 13,2-ға, жіті ішек ин­фекциясы – 27,1%-ға. Денсаулық сақтау саласының 2013 жылғы бюджетінің орындалуы 19,4 млрд. теңгені құрады (жоспарға 100%), соның ішінде республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері – 7,3 млрд. теңге. Кепілдік берілген тегін ме­дициналық көмек көлемінің қа­­ра­жаттары 17,9 млрд. теңгені құ­ райды. 3 емхана (Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында ауысымына 250 адам қабылдайтын және Бөр­лі ауданының Ақсай қаласында ауысымына 500 адам қабылдай­ тын аудандық емханалар, Орал қаласының Зашаған кентінде ауысымына 250 адам қабылдайтын қалалық емхана) және 5 дәрігер­лік амбулатория (Ақжайық ауда­ нының Лбішін ауылындағы ауысымына 35 адамды қабылдайтын, Бөкей ордасы ауданының Хан Ор­да ауылындағы ауысымына 35 адамды қабылдайтын, Қазталов ауданының Қошанкөл ауылында­ ғы ауысымына 35 адамды қабыл­ дайтын, Теректі ауданының Под­степный ауылындағы ауысымына 75 адам қабылдайтын, Орал қа­ла­ сының Деркөл ауылындағы ауысымына 75 адам қабылдайтын дә­рігерлік амбулаториялар) пай­да­ лануға берілді. Облыстың мәдениет объек­ті­лерінің желісін 2 театр, 281 мә­де­ниет үйі мен клуб, 403 кітапха­на, 8 кинотеатр (оның ішінде 3 жеке), 18 мұражай (оның ішінде 2 мем­лекеттік емес), көрме залы, мәде­ ниет және демалыс парктері құ­ райды. Облыста Ғ.Құрманғалиев атын­ дағы облыстық филармония, Ба­тыс Қазақстан облыстық каме­ра­лық оркестрі, облыстық халық шы­ ғармашылығы орталығы, облыс­тық тарих және археология ор­талығы, облыстық жастар шығар­ машылығы орталығы, тарихи-мә­

дени мұраларды қорғау жөнінде­гі облыстық инспекция жұмыс іс­ теу­де. Мәдениет саласының 2013 жыл­ғы бюджетінің орындалуы 4,0 млрд. теңге құрады (жоспарға 99,5%). Қазталов ауданының Жанажол ауылында ауылдық мәдениет үйі салынды. Облыс бойынша спорттық құрылыстардың желісін 1524 бір­лік құрайды, оның ішінде 3 ста­ди­он, 1 спорт сарайы, 5 бассейн, 7 спорт кешені, 269 спорт залы, спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 124 ату тирі, 947 жа­ зықтық ғимарат, 150 бейімдел­ген спорт залы, 9 теннис корты. Облыста 23 балалар-жасөс­пі­рімдер спорт мектебі және Олим­пиада резервтерін даярлау ор­та­лығы, облыстық жоғары шебер­лік спорт мектебі, спортта дарын­ды балаларға арналған маманданды­ рылған облыстық мектеп-интер­ наты, «Ақжайық» спорт клубы, «Жайық» волейбол клубы, «Ақжа­ йық» футбол клубы жұмыс істейді. Дене шынықтыру және спорт саласының 2013 жылғы бюджеті­нің орындалуы 3,6 млрд. теңге құ­ рады (жоспарға 100%). 2014 жылғы міндеттер 2014 жылы облыстың әлеу­мет­ тік-экономикалық дамуы жөнін­де­гі жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүд­ де, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерге сәйкес жүргізіледі. Облыстың 2014 жылғы негізгі даму бағыттары: - индустриалдық-инновация­ лық даму; - аграрлық секторды дамыту; - шағын және орта кәсіпкерлік­ті дамыту; - тұрғын үй саясатын іске асыру; - елді мекендерді сумен қамта­ масыз ету және газдандыру; - медицинаны дамыту; - білім беру қызметтерінің са­пасын арттыру; - көлік инфрақұрылымын да­мы­ту болып табылады. Экономикада жалпы өңірлік өнімнің 4 пайыздан төмен емес өсуіне қол жеткізу жоспарлануда. Өңдеу өнеркәсібін дамыту, эко­номиканың ішкі сұранысқа бағ­ дарланған шикізаттық емес са­ла­ларының үлесін ұлғайту өнер­кә­ сіптің негізгі бағыты болып бел­гіленді. 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалдық-инно­ва­циялық даму мемлекеттік бағдар­ ламасы аясында жобаларды іске асыру жалғасады, Елбасы Қазақ­ стан халқына Жолдауында 20152019 жылдарға арналған жобаны әзірлеу жөнінде тапсырма берді. 400 жұмыс орнын құрумен жалпы құны 5,1 млрд. теңгеге 3 жоба­ны іске асыру жоспарланып отыр. Аграрлық секторда ауыл шар-­


билік oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

5

алдындағы тезистері уа­шылығы және қайта өңдеу саласы өнімдерін өндіру көлемінің өсуін қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады. Өсімдік шаруашылығында не­гізгі басымдықтар астық және май­ лы дақылдар тұқымын, суармалы жерлерде көкөніс және картоп өндіру, мал шаруашылығында – ет, сүт, жұмыртқа, мал азығы да­ қылдарын өндіру болып белгі­ ленді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберіндегі ісша­раларды жүргізу, шағын кәсіп­ керлікті одан әрі қаржылық-не­сиелік қолдау саясаты, шағын кә­сіпкерлікті қолдау инфрақұры­лы­ мының тиімді қалыптасуын арт­ тыру бойынша жұмыс жалғасады. Облыста инженерлік инфрақұ­ рылымның одан әрі дамуына ба­са көңіл бөлінетін болады. 2014 жылы мемлекеттік бюджет қаражатынан білім беру, ден­ саулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-ком­ муналдық шаруашылық, көлік ин­фрақұрылымы, сумен қамту, газ­ дандыру объектілерін салуға, қай­та жаңартуға және күрделі жөн­ деуге, абаттандыруға 24,8 млрд. теңге көзделді. Республикалық бюджеттен тұр­ғын үй құрылысына және инже­ нерлік-коммуникациялық инфра­ құрылымға 6,0 млрд. теңге қарас­ тырылды. 216,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Газдандыру бойынша 4 жоба­ны іске асыруға республикалық бюджеттен 3,1 млрд. теңге сомасында қаражат қарастырылды. Халық саны 12,8 мың адамды құрайтын 23 елді мекенге (Ақжа­ йық ауданының Есенсай, Кеңсуат, Құрайлысай, Тасоба, Әтібек, Сай­құдық ауылдары, Теректі ауданы­ ның Ерсары, Қандық, Аңқаты ауылдары, Қаратөбе ауданының Бесоба, Қоржын, Қарақамыс, Сәуле, Жусандыой ауылдары, Шыңғыр­ лау ауданының Жіңішке, Белогор, Полтавка ауылдары, Сырым ауда­нының Жырақұдық, Қособа, Бірін­ ші май, Коминтерн, Жетікөл, Қос­ арал ауылдары) табиғи газ тарту жоспарлануда. Сондай-ақ, халық саны 15,5 мың адамды құрайтын 23 елді мекенге (Сырым ауданының Аралтөбе, Бұлан, Жамбыл, Қызылағаш, Көге­ ріс, Тамды, Қоңыр, Бұлдырты, Қара­құдық, Көздіқара ауылдары, Қара­төбе ауданының Үшана, Төлен, Алакөл, Ақтайсай, Ханкөл, Дәй­нет­ көл, Қоскөл, Егіндікөл ауылдары, Шыңғырлау ауданының Сегізсай, Алмаз, Лубен, Қайыңды, Қарағаш ауылдары) газ құбырының құры­ лыс жұмыстары басталатын бола­ды (аяқталуы 2015 жылға жоспар­ ланған). Сумен жабдықтау бойынша 9 жобаны іске асыруға республи­ калық бюджеттен 1,1 млрд. теңге сомасында қаражат қарастырыл­ ды. Тұрғындарды сапалы ауыз су-

мен қамтамасыз ету үшін 9 ауылды (Теректі ауданының Федоров, Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылы, Сырым ауданының Жым­ питы және Талдыбұлақ ауылдары, Зеленов ауданының Қаражар ауылы, Ақжайық ауданының Жа­ ңабұлақ, Жанама және Ақжол ауылдары, Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылы) сумен қамту жос­ парлануда. Республикалық бюджеттен ком­ муналдық шаруашылық объектілерін салу және қайта жаңарту жұмыстарына 1,2 млрд. теңге қа­ растырылды. 2014 жылы автокөлік жолда­­рын қайта жаңарту және күр­делі жөндеу жұмыстарына республи­ калық бюджет қаражаты есебінен 2,9 млрд. теңге, жергілікті бюд­жеттен 2,7 млрд. теңге қарасты­ рылды. Республикалық бюджет қара­жаты есебінен әлеуметтік нысан­ дардың құрылысына 4,3 млрд. тең­ ге, жергілікті бюджеттен 401,1 млн. теңге көзделді. Зашаған ауылындағы 360 орынды балабақшаның құрылысы, Орал қаласындағы 300 төсек-орынды қалалық көпбейінді аурухана құ­ рылысы, Деркөл ауылындағы спорттық-сауықтыру кешенінің құ­ рылысы (2-кезең) Қазталов ау­даны Жалпақтал ауылындағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған жал­пы үлгідегі медициналық-әлеу­мет­ тік мекеме» ММ ғимаратын қай­­та жаңғырту (2-кезең) жұмыстары жалғасады. Орал қаласының Зашаған ауы­лында 1200 орынды мектеп құ­ рылысын, Жаңақала ауданының Жаңақала ауылында 100 орынды интернатпен 600 оқушыға арнал­ ған мектеп құрылысын, Қазталов ауданының Қазталов ауылында 100 орынды мектеп-интернат құ­ рылысын, Зеленов ауданының Ми­ чурин ауылында ауысымына 75 адамды қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысын, Қара­тө­ бе ауданының Қаратөбе ауылын­да 160 орынды дене шынықтыру сауықтыру кешенінің және Сы­рым ауданының Жымпиты ауы­­лын­да 160 орынды дене шынық­тыру - сауықтыру кешенінің құры­ лыс­тарын, Қазталов ауданының Бос­тандық ауылында 200 орынды ауылдық мәдениет үйінің құры­ лысын бастау жоспарланып отыр. Республикалық бюджет қара­ жаты есебінен «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде 3 жобаны іске асыруға 1,0 млрд. теңге, «2012-2020 жылдарға ар­ налған Моноқалаларды дамыту» бағдарламасының шеңберінде 6 жобаны іске асыруға 672,3 млн. теңге қарастырылды. «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының бірін­ші бағыты шеңберінде респуб­ли­ калық бюджет есебінен білім бе­ ру объектілерін күрделі жөндеу­ге және көшелерді абаттандыру­ға 1,4 млрд. теңге көзделіп отыр.

Суретті түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Сақадай сай Бейсенбі күні облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтің төрағалық етуімен төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою бойынша облыстық комиссияның отырысы өтті. Нұрлыбек НҰРЛАНҰЛЫ, «Орал өңірі»

Жиында барлық деңгейдегі жергілікті атқару органдары мен ұйымдардың былтырғы төтен­ше жағдайлардың алдын алу бо­­йын­ша атқарған жұмыстары, ал­да­ғы жоспарлар, көктемгі су тасқыны кезінде апаттың алдын алу ша­ра­лары, өрт сөндіру гид­рантта­ры­ның жағдайы талқы­ланды. Селек­торлық режимде өткен басқосу­ға аудандардағы тиісті сала басшылары қатысып, олардың кейбірі дайындықтары жөнінде комиссия алдында есеп берді. Төтенше жағдайлар департа­ментінің басшысы Қ.Бисемба­ев­ тың айтуынша, былтыр облыста 60 төтенше жағдай тіркеліп, соның салдарынан 50 адам қаза болған. Қала және аудандарда газтехникалық инспекция құру

мәселесі шешімін таппай келеді. Тұрғын үй секторында газға улану мен газ жарылу фактіле­ рі орын алуда. Ал білім және денсаулық сақтау нысандары­ның өрт қауіпсіздігі бақылауда. Өрт сөндіру автоматикасын жә­ не негізгі пультке қосу кезеңкезеңмен атқарылуда. Облыс орталығында Бөрлі және Жәні­ бек аудандарында әлеуметтік нысандар толық қамтылған. Соңғы үш жылда облыстағы 50-ден астам гидротехникалық нысанға жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Алдағы көктемде су тасқыны бола қалған жағдайда, оның ал­дын алу іс-шараларына 152 млн. теңге қаржы қарастырылған. Жиынға қатысқан «Батыс Қазақ­стан гидрометеорологиялық ор­та­лы­ғы» өкілдері наурыз айы­ ның ауа райы болжамы ақпан айының екінші жартысында белгілі болатынын айтты. Көктемгі су тасқыны мен су басу Ресей-

дегі су қоймалары мен судың жіберілуіне де тікелей тәуелді. Себебі тасқында қауіп төндіре­ тін трансшекаралық өзендер – Жайық, Шаған, Қараөзен және Сарыөзен. Бірақ көрші елге қа­рап қол қусырып қарап отыру­ ға болмайды, дайындық керек. Мамандардың сөзіне сенсек, қорғаныс бөгеттері, гидротех­ ни­калық құрылыстар арнайы комиссиямен тексерілген, су қоймаларындағы бөгеттерді бе­кіту, арықтарды тазарту жұмыс­ тары жүргізілген. Көрші елдің су шаруашылықтарымен қарым-қа­тынас орнатылған. Апат орын алған жағдайда дабыл жүйелері сақадай сай, тұрғындарға смс хабарлама да жолданады. Тұр­ғындарды эвакуациялау марш­руттары да жан-жақты ойлас­ тырылған. Наурыз айынан бастап су тасқынын апатсыз өткізу­ге арналған күштер мен құрал­дар дайындық жағдайында бо­ лады.

Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының Хабарламасы «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы­ ның 13, 15, 22-баптарына сәйкес, 2014 жылдың 30 наурызына белгіленген шығып кеткендердің орны­на мәслихат депутаттарын сайлау өткізілуіне бай­ланысты облыстық сайлау комиссиясы облыстық

сайлау комиссиясының құрамы туралы, облыс­тық мәсли­хаттың депутаттарын сайлау бойынша №19 округ­тік сайлау комиссиясының құрамы және ме­кенжайы туралы хабарлайды:

Батыс Қазақстан облыстық (аймақтық) сайлау комиссиясының құрамы Мекенжайы: Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 201, 117-бөлме Хамзин Абай Жаманқұлұлы – төраға Иночкин Вячеслав Анатольевич – төрағаның орынбасары Галиева Найля Хайрбулдиевна – хатшы

Комиссия мүшелері: Аралбекова Күнсәуле Айсағалиқызы Жиенғалиев Арман Қуанғалиұлы Қуанышев Ғилым Зайреденұлы Тажмұқанов Марат Мұрзахметұлы

Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша №19 округтік сайлау комиссиясының құрамы Мекенжайы: Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Қылышев көшесі, 97, аудандық мәслихат ғимараты Сұлтанов Айбек Түбекұлы – төраға Қалиев Нұрлыбек Есенұлы – төрағаның орынбасары Қуанаева Гүлсім Фазылқызы – хатшы

Комиссия мүшелері: Ахметова Зәуреш Сағидоллақызы Жұпұлов Әлібек Әселбекұлы Мерханова Динара Жәмиқызы Шынаров Серікбай Ғайсаұлы Батыс Қазақстан облыстық сайлау комиссиясы


6

іссапар Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Дәуірмен үндескеннің дәулеті үстем Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев апта сәрсенбісінде Ақжайық ауданының әкімі Нариман Төреғалиевтың қорытынды есебіне қатысты. Алдымен ол облыстық мәсли­ хат хатшысы Мәлік Құлшар, облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, облыс әкімі аппараты­ ның басшысы Марат Тоқжанов және облыстық бірқатар бөлім, ұйымдар басшыларымен бірге ау­дан орталығына таяу жерде салынып жатқан, «Фирма Керуен» ЖШС мердігер болып табылатын ет цехының құрылысымен танысты. Оны «Батыс Марка Ламб» ЖШС италияндық технология негізінде салып жатыр. Алдағы жаздың соңында құрылысы мә­ реленетін цех аумағы 4 гектар, жобаның жалпы құны – 2,3 млрд. теңге. Құрылысшылар Нұрлан Асқарұлы­на марқа қозының еті қалдықсыз өңделетін, автоматтан­ дырылатын ертеңгі өндіріс орны туралы егжей-тегжейлі әң­­гі­­мелеп берді. Дені ауданның өзінен тар­ тылған жұмысшы-қыз­мет­кер­лер­ мен дидарласу сәтін­де аймақ бас­шысы бұл нысанның мал шаруа­шылығына жаңашыл­дық­­тың енуіндегі орны зор екенін атап көрсетті. Сондай-ақ облыс әкімі ТЖМ медициналық жолда құтқару орталығы Атырау филиалының Орал-Атырау жолы бойындағы бекетін аралап көрді. Мекемеде бас дәрігер, фельдшер, фельдшер құтқарушы, фельдшер диспетчер, құтқарушы және көлік жүргізушісі жұмыс жасайды. Бекет апатты жағдайда қызмет ету үшін құны 23 млн. теңгені құрайтын ар­найы құралдармен жабдықталған, Орал-Атырау, Чапаев-Жаңақала, Ча­паев-Қазталов жолдары бойына қыз­мет көрсетіледі. Ашылғаннан бері қысқа мерзімде 9 жол апа­ тына шығуға тура келген. Әрине, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету­ де бекеттің өзіндік міндет атқара­ ры­на сенім зор. Орал-Атырау жолына таяу жердегі «Нұр-Ғасыр» ЖШС-да (жетекшісі Нұрлан Салыхов) кәсібінен нәсібін тапқан жандармен еменжарқын әңгіме өрбіді. 2007 жыл­ дан негізгі қызметі құрылыс ма­те­риалдарын жасау болып та­ былатын «Нұр-Ғасырда» қыс мез­гі­ лінде 15 адам, жаз мезгілінде 25-30 адам еңбек етеді. Мұнда да Нұр­ лан Асқарұлы жұмыскерлермен емен-жарқын жүздесіп, хал-жағ­­ дай­ларын сұрастырды. Тұрғын үй құры­лысына қамыс қабырғалар да­йын­дайтын олар өндіріс ауқы­ мын кеңейтуге әрдайым талпынып келеді. Мысалы, темір иетін аппарат бұрынғы оты маздаған көрікті еске түсіреді. Мұнда те­ мір шыбықтардан қақпаға, түрлі ыдыстарға өрнектер, киімілгіш жасалуда. Осыдан соң аудан орта­лы­ғын­ дағы мұз айдынында шайбалы хоккейден аудандық жарыстың ашылу салтанатына қатысқан Нұрлан Асқарұлы Сочидағы Қыс­

қы олимпиадалық ойындарға қа­ тысатын қазақстандықтарды қол­ дау мақсатында өткізіліп отырған бұл сайысқа қатысушыларды құттықтап, командаларға сый­лық тапсырды. Сайыстардың баста­ луы­ның белгісі – шайбаны ортаға тас­тау құрметі облыс басшысына бе­ріл­ді. Ауданның балалар шығарма­ шылығы орталығының жетістіктері еліміздің біраз жеріне танымал. Бұл мекеменің шәкірттері облыстық, республикалық бай­ қау­ларда дараланып келеді. Түр­ лі үйірмелерде олардың қолы­ нан шыққан бұйымдар көрмесі ұйымдастырылып тұрады. «Жас техник», «Фотоәуесқой», «Қол­ өнер», «Зергер», «Сурет», «Би» үйір­ мелеріне орталықтың 17 ауылда­ ғы бөлімшелерін қосқанда 3980 ұл-қыз (аудан бойынша оқушылар­ дың 60,8 пайызы) білімдерін же­ тілдіреді. Осыған арналған көр­ мені аралаған облыс басшысы ұл-қыздардың шығармашылығы­на ризашылығын арнады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жас мемлекетіміздің саяси рефор­ маларын экономикалық даму бағ­ дарламаларымен тығыз, үйлесім­ ді ұштастыра отырып, «Мәңгілік Елдің» құтты 7 қада­мын белгілеп берді. Бұл идея – қазақстандықтар үшін бағыт меңзеген темір­қа­зық. Аудан әкімі Н.Төреғалиев «Ме­ рей» мәдени-демалыс орта­лы­ ғын­да өткен қорытынды есе­бінде осы жайында айта келіп, жаңа дәуір істің мазмұнына, сипа­тына айрықша талап қойып отыр­ғанын баяндады. - Әр күннің міндеті, жауапкершілігі, сұранысы ерек. Есепті мерзімде ауданда негізгі капиталға жұмсалған ин­вес­ти­циялар көлемі 1,9 млрд. тең­гені құрап, 40,5%, жан басына шаққандағы бұл көрсеткіш 45797 теңгеге же­тіп, 73,3%-ға кө­ бейді (2012 жылы 32205 теңге). 2014 жылдың бюджеті 4,5 млрд. теңге көлемінде бекіті­ліп, оның 73,3%-дан астамы әлеумет­тік са­ ла шығыстарына бағытта­луда.

«Өңір­лерді дамыту» бағдарла­ма­ сы бойынша республикалық бюджеттен 38,7 млн. теңге бөлінді. Қаржылық тәртіпті қатаң сақтау және бюджеттің әрбір теңгесін мақсатты пайдалану қашанғыдай, аса маңызды мәселе, - деді аудан басшысы. Бұдан әрі Н.Төреғалиев тек уақыт сұранысына сай серпілгенге, Жалпыға ортақ еңбек қоға­ мына талпыныс бар жерге ғана мемлекеттің қолдауы ерекше болатынын айта келіп, аудан өмірі­нің сан саласына тоқталды. «Биыл Тайпақ ауылында мү­ гедектер үйін ашу жоспарлану­да. Жаңабұлақ ауылында бір тұр­ғын өз қаржысына тігін цехын, Тай­пақ ауылындағы отбасымен мүмкін­дігі шектеулі азамат несие алып, аяқ киім жөндеу орнын ашты. Бұ­лар­ға барынша көмек көрсетілді. Биыл 465,8 млн. теңге қаржы бөлініп, Жанама, Сарман, Жаңа­ бұлақ, Ілбішін ауыл­да­рын­дағы 3852 тұрғын «Ақбұлақ» бағдарла­ масы бойынша сапалы ауыз су­мен қамтамасыз етілетін болады. Ақсуат, Атамекен, Базартөбе, Базаршолан, Қабыршақты ауылдарына аталған бағдарлама бойынша ауыз су жеткізу үшін жобалаусметалық құжаттама (53,6 млн. теңге) жасақталуда. Ал Жайық, Кеңсуат, Тасоба, Сай­ құдық, Самал, Шабдаржап ауылдарына су құбырын тартуға жобалау-сметалық құжаттама жа­­сақ­ тауға қаржы көздері іздесті­рі­луде. Бүгінгі таңда 27 ауылдағы 5269 аула (68,3%) көгілдір отынға қосылған. Тағы 11 ауылға газ құ­­ бы­рын тарту үшін техни­ка­лықэкономикалық негіздеме жа­­сақ­­талды. Табиғи газ жеткізу және сапалы ауыз сумен қамту жұ­ мыс­тары болашақта да бюджет қаражатының мүмкіншілігіне қа­ рай жалғасын табады. «Балапан» бағдарламасы ая­ сында 2020 жылға дейін 3-6 жас­ тағы балаларды 100% бала­бақ­ шамен қамтамасыз етуіміз үшін

5 елді мекенде балабақша салу қажеттігі туындап отыр. Аудан басшысы баяндамада денсаулық сақтау саласын да жан-жақты қамтыды. Скрининг­тік тек­се­рулерден өткізілген 29206 тұр­ғын­ның 4,7%-ының ауруы ер­те анықталып, емделулеріне мүм­­кіндік туды. Ауданға келген 4 дә­ рігерге тиісті көмек бе­ріл­ді. Алай­ да дәрігерлерге зәрулік әлі де сезілуде. Қазіргі таңда жоғары медициналық оқу орындарында

гранттық негізде ауданның 156 түлегі білім алуда. Таяу жылдары кадр тапшылығын жоюға толық мүмкіншілігіміз бар. Жыл сайын ауылдық округте­гі тұрғындармен кездесуде «Жедел жәрдем» көліктерінің тозығы жеткендігі, кей жерлерде мүлдем жарамсыз екендігі айтылып келеді (3 автокөлік жарамсыз болса, 15 автокөліктің тозығы жеткен). Аудан орталығындағы аурухана күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл жұмыстардың болашақта мем­ лекеттік бағдарламалар аясын­да шешімін табарына сенім мол. Әкім сондай-ақ тұрғындар­дың өтініштерімен, ұсыныстарымен жұмысты назардан ешқашан тү­ сірмеу мақсатындағы шаралар туралы толық айтып берді. Аппарат қызметкерлерінің жұмысы, жұрттың өзекті мәселелер жа­ йында тілек, толғамдары туралы нақты ақпарат көзі болып табылатын арнайы кітап жасақтауға барлық ауылдық округ әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Елбасының биылғы Жолдауы «Қазақстан – 2050» стратегиясы­ ның қисынды, жіті жалғасы бо­лып табылады. Мұнда жаһандық сынқатерлердің дауылынан адас­пай өту, ғасырлар бойы қалыптас­­­қан қуатты құндылықтарымыз­­ дан айы­рылмау, жас ұрпақты бабалар өсиетіне сай тәрбиелеу, сөйтіп, әлемдегі мойны озық елдер қатарына қосылу, яғни бүкіл бақытымыздың жолы жан-жақты айқындалды. Қорытынды есеп мінберінен облыс әкімі Н.Ноғаев осы хақында түйіндеп, өзінің пайымдарын ортаға салды. Заман­ның сынағы барған сайын қатаңда­нып келеді. Елбасының Үндеуінде со­ған лайықты түрде жауап беру тайға таңба басқандай айқындалды. Демек, мына дәуірмен үндес­кен­нің дидары жарқын, дәулеті артады. Ол қорытынды есеп барысында құрайлысайлық тұрғынның тәр­бие туралы айтқанына қосыла келіп, жас өскіндерге еңбек тәр­ биесін беруде осалдықтың барын және бір ащы шындықты – отбасы­ ларда балаларды жөнсіз өте ерке­ ле­тіп жіберу ұшырасатынын айтты. Ұл-қыздың білімі тәрбиемен, жан сұлулығымен, рухани дәулеті­ мен ұштаспаса, бәрі бекер. Нұр­ лан Асқарұлы маңдай термен нан табуға үйретуде Елбасымыздың Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идея­сының ұшан-теңіз маңызын тіл­ге тиек етті. Жас ұрпақтың оқуы мен тәрбиесінде мұғалімнің орны қандай екені жақсы мәлім. Соң­ғы кезде ұстаз беделін кө­те­ру

мәсе­лесі дүркін-дүркін кө­те­рі­ліп жүр. Өз сөзінде облыс бас­шы­сы мұны да көпшіліктің қаперіне салды. Ұстазға қошеметте ата-аналар өз балаларына жол мең­зеуі керек. Бізде бір нәрсені мұғалімнен кө­­ріп, өздерін жақтап шыға келу – ащы бір шындық. Өңір басшысы үлкен айма­ ғымыздағы экономикалық-әлеу­ меттік толымды жетістіктердің негізі жұртымыздың ұйысуында, мемлекетшілдікте, ізденісте, тү­сі­ нікте екенін, ал істегі кем тұстар­ дың орнын толтыруда уақытты ұзартпаудың ауадай қажеттігін басым атады. Ол аудан әкімінің қызметін оң бағалап, Нариман Төреғалиұлына тұрғындармен ты­ ғыз бірлікте, осы бағыттан тай­май, іргелі істерге қол жеткізе бе­руін тіледі.

Болат ЕСҚАЛИЕВ, Ақжайық ауданы Суреттерді түсірген Нұрбек ИХСАН


әлеумет oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

7

Ақсай ажарлана түспек

Кеше Ақсай қаласында Бөрлі ауданының әкімі Марат Түсіпқалиев халық алдында есеп берді. Әкімнің қорытынды есебіне облыс әкімі Нұрлан Ноғаев та қатысты. Қарашығанақтай алып кен ор­ны бар Бөрлі ауданы мен Ақ­сай қаласындағы қарқынды істер қам­тылған бейнебаян баршаның на­зарына ұсы­нылғаннан кейін мін­берге аудан әкімі көтерілді. Баян­дамасында М.Түсіпқалиев өткен жылғы атқа­рылған істер және алдағы жоспар­лармен таныстырып өтті. Мәсе­лен, биыл «КПО б.в.» компаниясы ауданның әлеумет­ тік жобалары­на 10 млн. АҚШ дол­ларын бөлмек. Бұл үлкен қаржы­ лай қолдау болары сөзсіз. Себебі 2012-2013 жыл­дардың біраз жо­ба­лары қаржы жетіспеушілігінен бәсеңдеп қалған еді. Сондай-ақ облыстық әкімдік­тің қолдауымен аудандағы ретте­летін салықтың 22,5 пайызы ау­дандық бюджетте қалатын болды.

Ауданның денсаулық сақтау са­ласы жыл сайын жақсарып келе­ді. Ақсай қаласында ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана кешені ашылды. Успенов, Бестау ауылдарындағы медицина­лық ны­сандарға газ тартылып, 5 елді мекенге «КПО б.в.» компания­сының демеушілігімен «УАЗ» «Жедел жәр­ дем» көлігі берілді. Ал осы айда жаңа кешенде гемодиализ және инсульт орталықтары ашылады деп жоспарлануда. Тұрғын үй құрылысы бағдар­ла­масы бойынша кезекте тұрған­ дар үшін 75 пәтерлік үй және жа­с

отбасылар үшін 90 пәтерлік екі үй­дің құрылысы аяқталуға таяу. Ал «Қарашығанақ-1» ықшамауда­ нын­дағы 144 пәтерлік тоғыз қа­батты үйдің жобалық сметалық құжатта­масы дайын, оның құры­лысы 2014-2015 жылдары жүргі­зіле­ді деп жоспарлануда. Мем­лекеттік бағдар­ламадан басқа былтыр «Закарян» ЖК 80 пәтер­лік үйді салса, өт­кен жылдың та­мыз айында «Ақсай­ПромИнвест» ЖШС 5 қабатты тұр­ғын үйдің құ­ рылысын бастады. Көпшіліктің басқо­суында шешімін табуға тиісті мәселелер де

Жемқорлық індетін ауыздықтау міндет Елбасымыз өз Жолдауында құқық қорғау органдарының, соның ішінде қаржы поли­циясының алдына сыбайлас жемқорлықпен күресудің жаңа міндетін қойды.

ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) төра­­­ғасымен 20112015 жылдарға арнал­ған сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес­тің са­лалық бағдарламасында қаржы полициясы органдары­­ның стра­тегиялық мақсаты ай­­қын­далды. Осыған орай БҚО бо­

йынша эко­номи­калық қылмыс­­қа және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес департаменті (қар­ жы полициясы) де азаматтар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жо­лында бел жазбастан еңбек етіп келеді де­сем, ар­тық айтқандық емес. Өз кәсіптерінен нәсібін тауып жат­қан кәсіпкерлер де қаржы полициясы органдарын өздері­ нің қорғаны са­найды. Қазіргі таң­да қоғамымызда мемлекет мүлкін өздерінің бас пай­дасы­на жұмсай­тындар аз емес. Осын­­дайлармен ымырасыз күрестің арқа­сында мемлекет меншігіне қол сұға­тындардың жолы кесі­ліп, әшкереле­нуде. Десек те па­рақорлардың са­ны азаймай отыр. Мәселен, өткен жыл­дың 11 айында департамент қызметкер­­лерімен сыбайлас жемқорлық­қа қа­тысты 86 қылмыс ашылды, ал 2012 жылдың осы ке­зеңінде қылмыс саны 78-ді құра­ған еді. Сыбайлас жемқор­лық дерегі бо­-

йынша 20 әкімшілік қыз­меткері, 10 құқық қорғау қызмет­кері мен 2 мемлекеттік мекеме қызмет­ке­рі қылмыстық жауапкершілік­ке тартылды. Осындай келеңсіздіктердің ал­­дын алу үшін қаржы полициясы департа­ментінің өкілдері үнемі мемлекеттік мекеме қызметкер­ ле­рімен кездесіп, сыбайлас жем­ қорлыққа әкеліп соға­тын жайттар турасында дәрістер оқып, бейнесюжеттер көрсетеді. Жалпы алғанда, әрбір қазақ­стан­­дық өз ісін кәсіби тұрғыда атқарып, адалдық танытса, өз та­рапынан елі­міздің әлеуметтікэко­номикалық дамуына үлес қо­ сары сөзсіз.

Айдар БАЛТАҒҰЛОВ, БҚО бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы

назардан тыс қалмады. Атап өтсек, Бесағаш, Пепел, Данилякөл, Ма­ сайтөбе шағын елді мекендерін көгілдір отынмен қамтамасыз ету, Ақсу, Қанай, Жаңа­ талап ауылдарын су­мен қамту, Березов, Қанай, Кеңтүбек, Бөр­лі ауылдарына және Ақсай қаласына бала­ бақша салу сияқты жұ­мыстар шешімін таппай тұр. Аудан әкімінің баяндамасынан кейін жарыссөзге шыққан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Боқаев, №3 орта мектеп директоры Н.Шига­накова, Қызылтал орта мектебінің мұғалімі, жас маман Күшікбаева аудан аумағында өз кезегімен шешіліп жатқан әлеуметтік-қоғам­дық мәселелерде оң өзгерістер­ді аңғарғандығын айтып, өздерін толғандырған мәселелер жайын­да да пікір білдірді. Сондай-ақ жиын­ға қатысушылар тарапынан жолау­ шылар тасымалының нашарлы­ғы, балабақша салу, электр желі­ лерін жаңарту, аялдамалардың жоқ­тығы сияқты біршама мәсе­ лелер көтеріліп, бірқатар сұрақ­тар қойылды.

Аудан әкімінің жауаптары мен халықтың мұң-мұқтажын мұқият тыңдаған облыс басшысы Нұрлан Асқарұлы: «Елбасының келелі сая­сатының арқасында еліміз, әр об­лыс, әр елді мекен жылдан-жыл­ ға көркейіп келе жатыр, оны сөй­ леген адамдар да растады. Аудан әкімі өзінің баяндамасында да атқарған істер туралы мағлұмат берген болатын. Бұл істер түр­ лі әлеуметтік бағдарламаларды дұ­рыс жолға қоюдың және Елба­ сының тікелей бақылауының ар­­қасында іске асырылуда. Жолдауда көрсетілген іс-шараларды орындаған уақытта халықаралық қауымдастықта Қазақстан өзінің бүгін алып отырған ла­йық­ты орнын әрі қарай нықтай тү­сіп, болашақта да бәсекеге қабілетті ел болады. Жолдауда әр сала­ға – білімге, инновациялық дамуға, өндіріске, халықаралық қатынас­ тарға, дінаралық татулыққа үл­кен мән берілген болатын. Бөр­лі­ ліктер тарапынан Жол­дауға қол­дауды айқын сезініп отырмыз. Елбасы Жолдауынан туындайтын мұрат-мақсаттарды жүзеге асыру – ортақ парызымыз», - дей келе халықтың сұрағы­на дәлелді де нақты жауап берді.

Жәмила ТОҚТАСЫНҚЫЗЫ, Бөрлі ауданы

ҮНДЕУ Біз, Батыс Қазақстан облысының ата-аналар қоғамдастығының, жас­тар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, біздің облы­ сымыздағы кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен порно­ графиялық мате­риалдарды дайындау бойынша айыпталушы Ұлыбритания елі азаматы­ның қылмыстық іс-әрекеттері туралы ақпаратты ашынумен қабылдадық. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Алайда айыпталушы Барох Питер бүгінгі күнге дейін бостандықта жүр, сондай-ақ оның заң бойынша жүріп-тұруына шектеу қойылмаған. Аталған жағдай біздің балаларымыздың адамгершілік қалыптасуы мен дамуына айтарлықтай қауіп төндіріп отыр деп есептейміз. Ұлыбритания азаматының құқықбұзушылық әрекеттерінен зардап шеккен балалар біздің ертеңгі болашағымыз екендігін ұмытпауымыз қажет. Біздің балаларымызды қорлауға ешкімнің де құқығы жоқ! Естеріңізге сала кетсек, бүкіл әлемге шу шығарған, Ұлыбританияда тура ұшақта ағылшын қызын зәбірлемек болды деген айыппен британ­ дық құқық қорғау өкілдері Қазақстан азаматын Лондонда қамауға ал­ған еді. Тек таңданарлық жағдаймен біздің отандасымыз жауапкерші­ ліктен босатылған болатын. Біздің өңірімізде психикасы мен санасы қалыптаспаған жас балалар зардап шегіп отыр. Бұл балалар ауыр психологиялық күйзеліске ұшы­­ра­ды. Біз ата-аналарды өз балаларын тәрбиелеуге үлкен жауапкершілік­пен қарауға шақырамыз. Біз балаларымызды қоршаған ортаның жа­ ғымсыз (теріс) ықпалынан қорғап қалу үшін олардың өміріне аса зейін аударуымыз қажет. Егеменді Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпағының тағдырына немқұрайлы қарамайтын барша азаматтарға, Қазақстан Республикасы мен облысымыздың құқық қорғау органдарына Барох Питердің ісін жан-жақты және әділ қаралуын, оның жауапкершілікке тартылуы бо­ йынша кезек күттірмей шұғыл шара қабылдауына үндеу жолдаймыз.

Батыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Исқақова Мағрипа «Центр семьи «Ақ отау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Искалиева Алтынай Батыс Қазақстан облысының «Жайық өңірі әйелдерінің одағы – Үміт» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Райымқұлова Әлия


8

ҚОҒАМ Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Суретті түсірген Александр КУПРИЕНКО

Халық қалаулылары

тұрғындармен кездесуде Елбасының биылғы Жолдауын жан-жақты түсіндіру мақсатында ҚР Парламентінің депутаттары өңірге іссапармен келді.

Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі»

Ө

ткен бейсенбіде ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Рашит Ахметов пен Ерболат Мұқаев облыс­ тық мәслихаттың үлкен мәжіліс залында облыс активімен кезде­

сіп, Жолдауда айтылған міндеттер мен тұжырымдарды жүзеге асыру туралы әңгімелеп, кездесуге қатысушылардың ой-пікірлері­мен бөлісті. Кездесуді облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шәп­ кенов жүргізді. Кездесуде депутаттар Се­нат­ тың өткен жылы атқарған жұмыс­ тарынан біраз мәліметтер берді.

Атап айтқанда, Сенат депутаттары 39 заң жобасын, 45 халықара­ лық келісімшартты талқылап, Ел­ басының қол қоюына жолдаған. Сонымен қатар депутаттардың тал­­­­қылауымен қолданыстағы заң­дарға толықтырулар мен өзге­ріс­ тер енгізілген. Депутаттар жиынға қатысу­шы­ лардың қаржы және салық саяса­ ты мен мемлекеттік сатып алу за­ң­намасы туралы сауалдарына жанжақ­ты түсінік берді.

* * *

«Алтын ханшайым»

Осы күні түс қайта облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облысқа іссапармен келген «Нұр Отан» партиясы­ нан сайланған ҚР Парламенті Се­наты мен Мәжілісінің депутаттарын қабылдады. Аймақтан сайланған депу­тат­ тарға Нұрлан Асқарұлы Елбасы­ ның биылғы Жолдауын жүзеге асыруда облыста атқарылып жат­ қан жұмыстар туралы баяндады. Халық қалаулыларына облыс тұр­ғындары атынан өңірдің эко­но­ микалық және әлеуметтік дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс сезімін білдірді. Әсіресе, облыс басшысы депутаттардың об­лыста жол құрылысын қар­қын­ды жүргізуге қаржы бөлуде ыж­ дағаттылық танытқанын ерекше атап өтті. Облыстың 2014-2016 жылға арналған бюджеті бұрынғы жылдарға қарағанда едәуір өс­ ті. Нұрлан Асқарұлы кездесу со­ ңында депутаттарға бұдан былай да ел сенімін ақтау жолындағы қызметтеріне табыс тіледі. Облыс әкімінің қабылдауынан кейін журналистерге сұхбат берген депутаттар: «Елге келген әр са­парда жұртшылықпен кезде­сіп, олардың тұрмыс-тіршілігін өз көз­ дерімізбен көріп, елде атқа­рылып жатқан жұмыстардың барысы­мен танысамыз. Бұл жолы да халық Елбасының Жолдауымен жақсы та­нысқанының куәсі болдық. Оны бүгінгі болған кездесулерде ай­ қын аңғардық. Мемлекет басшы­сының 2050 жылға дейінгі стра­тегия­сын жүзеге асыруда батыс­қа­ зақ­стандықтар да алдыңғы сапта

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ, «Орал өңірі» 2012 жылы күзде Батыс Қа­ зақстан облыстық тарих және археология орталығының археологтары Теректі ауданынан «Алтын адам» тапқан болатын. Тақсай кешенінде жүргізілген қазба жұ­ мыс­тары барысында ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек бай әйелдің жерленген орны та­ был­ған. Қабірде әйелдің алтын әшекей бұйымдары, ерекше шо­ шақ төбелі алтындаған баскиім қалдығы, соғыс көрінісі бейне­лен­ген тарақша (гребень) т.б. көп­ теген зат болған екен. Тақсай обалар кешенінен та­был­ған материалдар, жерлену тә­сілі, жерлеу элементінің құрылым­ дары, сары металдан жасалған көп­теген бұйымдар мен салт-жо­ рал­ғы заттары, сонымен қатар өр­ теген кезде жанбай қалған тарақ­­та бейнеленген соғыс көріні­сі ғы­лыми ортада үлкен қызығушылық тудырғаны белгілі.

Қазіргі күнде «Қырым аралы» ғылыми-қайта қалпына келтіру ше­берханасы мамандары орталық ғалымдарымен бірлесе отырып, ал­тын ханшайымның қайта қал­пы­на келген мүсінін жасауда. Оның жетекшісі – Есік қорғанынан та­ былған әйгілі «Алтын адам» бейнесін қалпына келтіруші ғалымреставратор Қырым Алтынбектің айтуынша, табылған жәдігерлер­­дің қалпына келтіру жұмыстары аяқ­талуға жақын. Өңірімізден та­былған құнды дүниелер өткен тарих туралы тың деректер тудырары сөзсіз. – «Алтын ханшайым» шамамен 5-6 ғасырлардағы сармат дәуірі­ не жатады. Қалпына келтірілген мүсін оба кешенінен алынған бар­лық түпнұсқа жәдігерлерімен Ас­тана қаласындағы Ұлттық тарих мұражайына қойылмақ. Ал Орал қаласында табылған құнды дүние­ лердің көшірмесі арнайы көр­ме­де көрсетілмек, – дейді ғалымреставратор.

* * * Сол күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ақ Жайық өңіріне іссапармен келген ҚР Парламенті Мә­жі­­лі­сінің депутаты, «Ақ жол» пар­тия­сының Парламенттегі фрак­ция­сының жетекшісі Азат Перуашевті қабылдады. – Еліміздегі саяси партия­лар­ дың қай-қайсысы да Елбасы­ның ұстанып отырған саясатын қол­ дай­­­ды. «Ақ жол» партия­сының кә­сіпкерлікті дамытуға баса көңіл бөліп отырғаны бізді қуантады. Біздің облыста да кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасалуда. Елдегі жағ­дайды өз көзіңізбен көріп, ау­ дандарға шығып, бұл саладағы же­тістіктер мен орын алған олқы­ лықтармен бөлісіңіз, - деді Нұрлан Асқарұлы кездесуде. – Жайық өңірінде бірнеше рет болдым. Мұнда атқарылып жат­ қан жұмыстар баршылық. Биылғы Жолдауда да кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне ерекше көңіл бө­лін­ді. Жұртшылықпен кездесу жұ­мы­сы­ мызға жаңа серпін береді, – деді депутат Азат Тұрлыбекұлы. Облыс әкімінің қабылдауынан кейін ол «Даму» кәсіпкерлікті да­ мыту қоры» АҚ облыстық филиа­ лының кәсіпкерлерге қызмет көр­ сету орталығының жұмысымен та­­нысып, осында кәсіпкерлер­мен кездесті. Парламент депутаттары осы күні бұдан басқа бірнеше кезде­ сулер өткізді.

Саясаткер әйелдер бас қосты

қалпына келтірілуде Кеше облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Алматы қаласындағы «Қырым аралы» ғылыми-қайта қалпына келтіру шеберханасының жетекшісі, ғалым-реставратор Қырым Алтынбек арнайы келіп, осыдан екі жыл бұрын табылған «Алтын адам» жәдігеріне жасалып жатқан қалпына келтіру жұмыстары туралы мәлімет берді.

болады деп нық сеніммен айта аламыз», – деді.

Кеше облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық сая­ сат жөніндегі комиссияның, облыстық ішкі саясат басқармасы және «Үміт» Орал өңірі әйелдері одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелерде, бизнес пен үкіметтік емес құрылымдарда еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер бас қосып, Елбасы Жолдауын талқылаған жиын өтті.

Ө

ңіріміздегі қыз-келін­шек­тердің жеткен же­тістіктерін са­ралаған шағын бейнетаспа көрсетумен басталған жиынды об­лыстық ішкі саясат басқарма­сының бас­шысы Айгүл Есекенова жүргізді. 2010 жылы Батыс Қа­зақ­стан об­ лысында саясаткер әйелдер клу­­бы құрылған болатын. Осы клуб­ тың кезекті отырысында жиын­ға қатысушылар Жолдауға қа­­тыс­ты өз ойларын ортаға салды. «Қазақстан ХХІ ғасырдың ба­сында тәуелсіз әрі өзіне се­німді болып отыр. Жаһандық дағда­ рыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгеріс­тер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз – егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХІ ғасыр­да

ор­­нықты дамуды жалғастыру. Біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай мықты мемлекет­ тің, дамыған эко­ номиканың және жал­пыға ортақ ең­­бектің негізінде берекелі қо­ғам құру. Мықты мемлекет эко­но­микалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса ма­ ңызды болмақ. Мықты мемле­кет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ­­мер­зімді дамумен және эконо­ микалық өсумен айналысады» деген Жолдаудың басты мақ­са­ тына жиналғандар қолдау білдірді. 1500-ден астам әйелдің басын біріктірген «Үміт» Орал өңі­ рі әйелдері одағы» облыстық

қоғамдық бірлестігі 1997 жыл­дан бері жұмыс жасап келе­ді. Бірлестік жетекшісі Әлия Ра­йым­ құлованың айтуынша, бірлестік құрылғалы әйелдерді қол­дау жақ­­сы нәтиже беруде. Көп жағдай­да жұмыссыз қалған, тұрмыс­­та зорлық-зомбылық көр­ген, түр­­лі қиын жағдайларға тап бол­ ған әйелдерге, саясатта, би­лік­те, бизнесте өз бағын сынаймын деген қыз-келіншектерге ба­рынша қолдау көрсетілуде.

Гүлнәр КЕНЖЕҒАЛИЕВА


ел-жұрт Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

«Қазақстан – біздің ортақ шаңырағымыз» Осындай тақырыппен бейсенбі күні діни бірлес­ тік­тердің басшылары, мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдерінің қаты­ суымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Нұрлыбек РАХМАНОВ, «Орал өңірі»

Б

асқосуда облыстық дін істері басқармасының басшысы Талғат Нығ­ме­ тов, ҚМДБ-ның облыс бойынша өкілетті имамы Руслан Сұлтанов, Орал епархиясының басшысы, Орал және Ақтөбе архиеписко­пы Владыка Антоний, латын дәстүрін­ дегі католиктердің «Қасиетті Құ­дай ана қажырлы жәрдем Рим-като­лик приходы» филиалы­ның басшы­сы Петер Сакмар, «Өмір бұла­ғы» христиандық інжілдік ел­уінші шір­кеуі» діни бірлестігінің басшысы Валентин Осинкин елі­міз­дегі дін­ аралық келісім­ді ны­ғайту­­да­ғы дін­-

нің орны жайлы ойларын ортаға салды. Жиынға төрағалық еткен облыс­ тық дін істері басқармасының бас­шысы Талғат Нығметов өз баян­да­ масында облыстағы діни ахуал­ға тоқталды. Бүгінде 14-29 жас аралығында­ ғы жастар облыс халқының 28 пайызын құраса, олардың негізгі бөлігінің дінге бет бұруы байқал­ ған. Алаңдаушылық туғызатыны олардың 0,7 пайызы исламның теріс бағытын қолдайтыны боп тұр. Діни ахуалға шетелдерде болып жатқан жағдайлар да септігін тигізуде. Лаңкестік идеологияның таралуына халықаралық бүлдіргі ұйымдардың мақсатты насихаттық қызметі ықпал етеді. Былтыр заң­сыз діни әдебиеттер таратқан 18 адамға айыппұл салынған. Облыс­та заңды түрде тіркелген 9 дінді құ­райтын 71 діни бірлестік қыз­ мет етуде. Тіркелген 43 мешіт, 14 шіркеу, 6 протестанттық үй жә­не 1 католиктер приходы бар. Сондай-ақ облыстық сәулет жә­­не қала құрылысы басқармасы­

ның мәліметінше, бүгінде облыс ау­мағында мешіттерді есепке ал­ мағанда, яғни исламдық емес діни бірлестіктердің 28 ғибадат үйі жә­ не басқа да ғимарат пен бөлме­лер қызмет жасауда. Олардың 12сі ді­ни бірлестіктердің меншігінде болса, 4-і жеке тұлғалардың меншігінде, 12-сі жалға алынған. 10 ғи­­марат діни қызмет және діни бір­лестіктер туралы және жер қаты­ настары заңнамаларын мақсат­сыз қолдануда. Яғни ғимарат «тұрғын үй» немесе «офис» деп тіркелген, ал шындығында, діни жиналыстар өт­кізуде. Бүгінде діни бірлестік бас­шылары, мемлекеттік сәулет-құры­ лыс бақылау және лицензиялау, жер қатынастары және жер инспек­ циясы, құқық қорғау органдары өкілдері тиісті іс-шараларын жүр­ гізуде. Отырысқа қатысқан діни бірлестік басшылары халықтың діни сауаттылығын арттыру шараларын жандандыра түсу керек­ тігін, ортақ мүддеміз – елдегі бейбітшілік­ті ман­сұқтауды ай­тып тарқасты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО-дағы тәртіптік кеңесінің 6 ақпан күнгі отырысында Бөкей ордасы ауданы үш бірдей мемлекеттік қызмет­ке­ рінің тәртіптік ісі талқыға түсті.

Үш қызметкердің

О

Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ, «Орал өңірі»

Ислам діні А

вакцинацияға қарсы емес ның анасы Айнұр Серік­қы­зы сөз алды. Ол 12 жастағы үлкен ұлына ғана екпе жа­сат­қан. – Дәрігерлердің маған деген қарым-қатынасы туралы айтқым келеді, - деді ол. - Өмірге адам әке­ лу оңай емес. Кіші ұлымды (бүгін­де 4 айлық) жеңілденіп бола са­ лысымен, дәрігер артымнан па­ла­таға келіп: «Баланы екпеге бер» деді. Мен жаңа ғана босанып, өзі­ ме-өзім келе алмай отырғанымда, екпе туралы қалай ойланамын? Бұдан әрі дәрігерлер Айнұрдан «Жолдасың да намаз оқи ма?» деп сұрайды. «Оқиды» деген жауап алған олар Айнұрға: «Онда балаңмен қосылып бәрің намаз оқып отыра беріңдер» деген. Бұл туралы жиында айтқан Айнұр намаз оқығаны үшін көзтүрткі бол­ ғанын, егер дәрігерлер о баста дұ­ рыстап сөйлесе алғанда, екпе­ден бас тартпайтынын, тіпті күні ертең баласына екпе жасатуға қарсы еместігін айтты.

– Дәрігер маған келіп: «Айнұр, сен соңғы рет 2008 жылы же­ңіл­ дендің, биыл 2014 жыл, мынадай өзгерістер бар» деп түсіндірсе, мен неге екпеге қарсы боламын? деді ол. Мұны естіген облыстың бас терапевті Гүлмира Сақуова Айнұр жеңілденген №2 перзентхана дәрігерлерімен сөйлесетінін айтты. Ол екпенің пайдалы екеніне ата-аналардың көздерін жет­кізу жолында медицина қыз­мет­ керлері тарапынан ақпараттықтанымдық жұмыстарды күшейту керектігіне тоқталды. БҚО балалар құқықтарын қор­ғау басқармасының бөлім меңге­ рушісі Римма Көбейсінова бала­сын екпе жасатудан бас тарт­қан ата-аналардың дәрігерлерді қа­ра­лауы дәлелді болмаса, дәрі­ гердің аты-жөнін білмей, жалпылама жала сөз айтса, заң алдында жауап беретінін, «Балама екпе жасатпаймын» деп бар жауапкер-

ісі қаралды

тырыста алды­мен тәртіп­тік кеңес төр­ ағасы Әкімге­рей Серғалин ҚР Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігі төр­аға­сының бұйрығымен БҚО-да­ғы тәртіптік кеңестің құра­мына облыстық әділет депар­ таментінің басшысы Әсия Мұ­хитованың енгізілгенін ха­бар­­лады. Бұдан кейін тәртіп­тік кеңестің 2013 жылы атқар­ған жұмысы сараланып, ұсыныс­ тарының нәтижесі айтылды. Сондай-ақ жергілікті атқару­ шы органдардағы тәртіптік комиссиялардың жұмысы да талданды. Облыс прокуратурасы ар­қылы келіп түскен Бөкей ордасы ауданындағы мемлекет­ тік аға сот орындаушысы Нұр­ лыбек Қадыровтың тәр­тіптік ісін қарау барысында ол өз міндетін толық атқармай, заң­

Осы аптаның бейсенбісінде Оралдағы №5 емханада балаларын екпе жасатудан бас тартқан ата-аналармен кездесу өтті. Бұл шараға ақтөбелік профессор Гүлшат Құлниязова және облыстың балалар дәрігерлері, сонымен қатар бірқатар ата-аналар қатысты.

та-аналар бала­сына екпе жасатудан неге бас тартып отыр? Әрине, жиын­ға шақырылған 10 ата-анадан төрт-ақ адам қатысқан бұл жиын осы сұраққа толық жауап та бере алмас. Облыстың бас педиатры Гүлмира Сақуованың мәліметі бойынша, облыста екпе жасатудан бас тартқан 157 атаана бар. Соның 60 пайызы – қала­лықтар. Мамандардың айтуынша, 2002 жылы Қазақстанда сал ауруы тіркелмеген. 0-18 жасқа дейін ек­­пе жасаудың нәтижесінде тубер­ кулез ауруы облыста 16 пайызға, ал одан өлім-жітім 29 пайызға азай­ған. «Соңғы жылдары балалар арасында сары аурудың тіркел­меуі – жаңа туған нәрестелерге ауруға қар­сы екпе жасаудың нәтижесі» деді дәрігерлер. Жиында сөз алған профессор Г. Құлниязова «Балалардағы жұқ­палы аурулардың алдын алу» тақырыбында әңгімеледі. «Жұқ­­­ палы аурудың алдын алу үшін балаға ең бірінші екпе жа­сату қажет» деді ол. Жиында үш ба­ла­

9

шілікті өз мойнына алып, оны нотариуспен шандырған ата-аналар баласы жұқпалы дертке шалды­ғып, оны балабақша мен мек­тепте сау балаларға жұқтырса, жа­ уапкершілікке тартылатынын, ек­ пе алмаған баланың шетелге де шыға алмайтынын айтты. Ал жиында сөз алған орталық мешіттің уағыз және насихат то­бының жетекшісі, дінтанушы Қай­ рат Хасанов дүниеге келген адам баласының табиғи жаратылысы бұзылмауы керек, яғни екпе ба­ ланың табиғи дамуына кері әсер етеді деп есептейтіндігін тілге тиек етті. Оралдағы №3 емхананың балалар бөлімінің меңгерушісі Нұр­ жиян Халиуллина Қайраттың бұл түсінігінің қате екенін, вакцина­ның бала ағзасына кері әсер ет­­пейтінін, екпеден бірде-бір бала­ ның қайтыс болмағанын айтты. «Екпе алмаған жағдайда сал ау­

ды және жеке тұлғалардың өз құқығы мен мүддесін жүзеге асыруына кедергі келтірген деп табылды. Осы аудандағы Сайқын ауылдық округінің әкімі Бисенбек Нәсимуллин мем­лекеттік сатып алу кезін­де заң талаптарын орында­ма­ ған. Ол бұдан бұрын әкімші­лік жауапкершілікке де тар­ тылған. Сол сияқты аудандық білім беру бөлімінің басшы­сы Ержан Иманбаев мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзуға жол берген. Аталған мемлекеттік қыз­ мет­керлердің үшеуіне де «Сы­байлас жемқорлықпен кү­рес туралы» ҚР Заңының 12бабы 1-тармағы 12-тармақ­ша­ сына сәйкес қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту беру жайында ұсыныс жасалды.

Арман БОЛАТҰЛЫ

руынан бала шетінемесе де, өмір бойы мүгедек болып қалады, ал гепатитке шалдыққан бала бауыр циррозына ұшырайды» деді дә­ рігер. Нұржиян Сатқалиқызының ай­туынша, екпе алмаған бала егер паротит ауруына шалдықса, өмір­ ден мүлдем ұрпақсыз өтеді екен. – Дінімізде «адам баласы екі нәрсенің, денсаулық пен бос уа­­қыттың қадірін білсін» делінген. Құранда адам өміріне жақ­сы қа­ рауға бұйырады. Әр ер-аза­мат­қа өз денсаулығы, отбасы, әйел, перзенттері аманат. Әр мұсылман ұлқызының денсаулығы мен жақсы өсіп-же­тілуіне жауапты. Ислам діні вак­цина алуға тыйым салмайды. Мы­салы, қажылыққа барған адам кейбір ауруларға қарсы міндетті түрде екпе алуға тиісті. Егер екпе алмаса немесе жұқпалы ауру­мен ауырған болса, ол жерге өткізбейді. Кей адамдар өздерін толғандырған сұрақтарына жа­ уапты ғаламтордан іздейді және ол жерде екпенің зияны мен пай­дасы туралы бір-біріне қарамақайшы неше түрлі пікір жария­ ланған. Мұны оқыған ата-аналар екпеден бас тартып жатыр. Сон­ дықтан жалпы халыққа екпенің пайдасы туралы үгіт-насихат жұ­ мыс­тарын жандандыру қажет, - деді өз сөзінде Орал қалалық ме­ шітінің найб имамы Махамбет Мұ­ ханғалиев. Жиынға қатысқан төрт ата-ана­ның үшеуі мен дәрігерлер ара­ сында түсіністік жағдай қалып­ тасты. Бұл – тамшыдай болса да бір күнгі дөңгелек үстелдің жемісі. Дәрігерлер 157 ата-ананың 80 па­йызы екпе жасатудан діни көз­ қарастарына байланысты бас тартып отырғанын айтты. Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз хадистерінде: «Аллаһ Тағала ауруды жіберсе, оның емін де жібереді жә­не емін тауып емделіңіздер» де­ген емес пе? Ойланайық, ағайын!


Қаулы-қарар Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

(Соңы. Басы газеттің №14 санында)

Мәслихаттың 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №14-3 шешіміне 3 - қосымша

4

9

13

9

268

268

120 257 258

266

269 271 279

14

15

1

1

257

257

258

9

266

1

13

Атауы

9

257 279

6

1

Сома

Бюджеттік несиелерді өтеу Бюджеттік кредиттерді өтеу Мемлекеттік бюджеттен берілген бюджеттік несиелерді өтеу Жергілікті бюджеттен берілген пайдаланылмаған бюджеттік кредиттерді қайтару IV. Қаржы активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо

001 002

Iшкi сыныбы

5

1

Сыныбы

Санаты

13

271

Кіші функция

268

10

1

0 0 0 0 0

Атауы

Сома

Қаржы активтерін сатып алу Басқалар Басқалар Облыстың қаржы басқармасы 005 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 033 Мамандандырылған өңiрлiк ұйымдардың жарғылық капиталдарын ұлғайту

0 0 0 0 0 0 0

Атауы

Сома

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қаржы активтерін ел ішінде сатудан түсетін түсімдер V. Бюджет тапшылығы (профициті) VI. Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)

001

0 0 0 0 0

Мәслихаттың 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №14-3 шешіміне 4-қосымша

2014 жылға арналған облыстық бюджеттің орындау процесінде секвестрлендіруге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі

04

2

05

261

003 006

253

005 007 009 008 019 020 021 022 014

Атауы

Бiлiм беру Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру Облыстың білім басқармасы Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру Мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балаларға жалпы білім беру Денсаулық сақтау Облыстың денсаулық сақтау басқармасы Жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары үшін қанды, оның құрамдауыштары мен препараттарын өндіру Салауатты өмір салтын насихаттау Туберкулез, жұқпалы аурулар, психикалық күйзеліс және мінез-құлқының бұзылуынан, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты, зардап шегетін адамдарға медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасында ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру Туберкулезбен ауыратын науқастарды туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз ету Диабетпен ауыратын науқастарды диабетке қарсы препараттармен қамтамасыз ету Онкогематологиялық науқастарды химия препараттарымен қамтамасыз ету Созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі бар, аутоиммунды, орфандық аурулармен ауыратын, иммунитеті жеткіліксіз науқастарды, сондай-ақ бүйрегін транспланттаудан кейінгі науқастарды дәрілік заттармен қамтамасыз ету Халықтың жекелеген санаттарын амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және балаларға арналған және емдік тағамдардың арнаулы өнімдерімен қамтамасыз ету Мәслихаттың 2013 жылғы 13 желтоқсандағы №14-3 шешіміне 5-қосымша

2014 жылға арналған аудандық (қалалық) бюджеттердің орындау процесінде секвестрлендіруге жатпайтын бюджеттік бағдарламалар тізбесі

04

05

2

9

Бюджеттік бағдар­ламалардың әкiмшiсi Бағдарлама

1

07

Функционал­дық топ

12

266

Сыныбы

272

9

Кіші функция

271

Санаты

2

06

Функционалдық топ Кіші функция Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi Бағдарлама

11

мың теңге

038 Жануарлар ауруларының диагностикасы, жануарларды алдын алу, емдеу, өңдеу 0 үшін қолданылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы атрибуттарды және бұйымдарды сатып алу, сақтау және тасымалдау 040 Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтау 0 үшін, қызметкерлердің жеке қорғану заттарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтарды және инвентарды орталықтандырып сатып алу Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 77 158 Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі 77 158 Облыстың құрылыс басқармасы 56 876 001 Жергілікті деңгейде құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру 56 876 жөніндегі қызметтер 023 Ақпараттық жүйелер құру 0 109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебі- 0 нен іс-шаралар өткізу 113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансфертер 0 114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері 0 124 Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттері- 0 нен берілетін нысаналы трансферттердің есебінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою, әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылығына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қауіп төндiретiн жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар жағдайларды жою бойынша даму шығыстарына арналған іс-шаралар жүргізу Облыстың сәулет және қала құрылысы басқармасы 20 282 001 Жергілікті деңгейде сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясат- 20 282 ты іске асыру жөніндегі қызметтер 002 Қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жос- 0 парларын әзірлеу 003 Ақпараттық жүйелер құру 0 113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 0 Көлiк және коммуникация 7 043 329 Автомобиль көлiгi 6 865 485 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 6 865 485 002 Көлік инфрақұрылымын дамыту 0 003 Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 250 241 007 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне көлік инфра­ 0 құрылымын дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері 008 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне аудандық және елді 0 мекендердің көшелерін, маңызы бар автомобиль жолдарын (қала көшелерін) күрде­ лі және орташа жөндеуден өткізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 025 Облыстық автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін күрделі 6 615 244 және орташа жөндеу Әуе көлiгi 0 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 0 004 Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша тұрақты ішкі әуеата­сы­ 0 малдарды субсидиялау Көлiк және коммуникациялар саласындағы басқа да қызметтер 177 844 Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 177 844 001 Жергілікті деңгейде көлік және коммуникация саласындағы мемлекеттік саясатты 42 844 іске асыру жөніндегі қызметтер 005 Әлеуметтiк маңызы бар ауданаралық (қалааралық) қатынастар бойынша жолау­ 135 000 шылар тасымалын субсидиялау 006 Ақпараттық жүйелер құру 0 113 Жергілікті бюджеттерден берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 0 114 Жергілікті бюджеттерден берілетін нысаналы даму трансферттері 0 Басқалар 3 931 720 Басқалар 3 931 720 Облыс әкiмiнiң аппараты 0 065 Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту 0 Облыстың қаржы басқармасы 711 909 012 Облыстың жергілікті атқарушы органының резерві 711 909 Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 3 154 893 003 Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жоба­ 3 154 893 лардың техника-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету және оған сараптама жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 020 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне «Өңірлерді да- 0 мыту» Бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 047 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерiне жергілікті атқару­шы 0 органдардың штат санын ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы 48 426 001 Жергілікті деңгейде кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық қызметті да- 48 426 мыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер 005 Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлікті қолдау 0 010 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша 0 пайыздық мөлшерлемені субсидиялау 011 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта биз- 0 неске кредиттерді ішінара кепілдендіру 012 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде бизнесті жүргізуді сер- 0 вистік қолдау 038 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне Моноқалаларды 0 дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде ағымдағы іс-шараларды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер Облыстың дін істері басқармасы 16 492 001 Жергілікті деңгейде дін істер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру 16 492 жөніндегі қызметтер Облыстың құрылыс басқармасы 0 051 «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялық 0 инфрақұрылымды дамыту Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы 0 024 «Бизнестiң жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберiнде индустриялық 0 инфрақұрылымды дамыту 035 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне «Өңірлерді дамыту» 0 бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымын дамыту үшін берілетін нысаналы даму трансферттері 036 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Моноқалаларды 0 дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде моноқала­ ларды нысаналы жайластыруға берілетін нысаналы ағымдағы трансферттер 084 Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы 0 шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру Борышқа қызмет көрсету 0 Борышқа қызмет көрсету 0 Облыстың қаржы басқармасы 0 016 Жергiлiктi атқарушы органдардың республикалық бюджеттен қарыздар бойынша 0 сыйақылар мен өзге де төлемдердi төлеу бойынша борышына қызмет көрсету Трансферттер 23 874 191 Трансферттер 23 874 191 Облыстың қаржы басқармасы 23 874 191 006 Бюджеттік алып коюлар 0 007 Субвенциялар 23 874 191 011 Нысаналы пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) трансферттерді қайтару 0 017 Нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді қайтару 0 024 Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған 0 деңгейлерінен жоғарғы деңгейлерге беруге байланысты жоғары тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 026 Заңнаманың өзгеруіне байланысты жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюд- 0 жеттерге өтемақыға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

Функционалдық топ

2015 жылға арналған облыстық бюджет

029 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне 0 әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк тұрақтылы­ ғына, адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда жалпы республикалық немесе халықаралық маңызы бар іс-шаралар жүргізуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер 030 Бюджет саласындағы еңбекақы төлеу қорының өзгеруіне байланысты жоғары 0 тұрған бюджеттерге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер III Таза бюджеттік несиелендіру 0 Бюджеттік несиелер 0 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру 0 Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де 0 қызметтер Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы 0 006 "Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы" шеңберінде ауылдағы кәсіпкерлікті дамы­ 0 туға жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 0 Тұрғын үй шаруашылығы 0 Облыстың құрылыс басқармасы 0 009 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне тұрғын үй 0 жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға кредит беру Ауыл шаруашылығы 0 Ауыл шаруашылығы 0 Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 0 007 Мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы 0 органдарға берілетін бюджеттік кредиттер Басқалар 0 Басқалар 0 Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық басқармасы 0 015 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне моноқалаларда 0 кәсіпкерліктің дамуына ықпал етуге кредиттер беру

Бағдарлама

10

464

123

Атауы

Бiлiм беру Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта бiлiм беру Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі 003 Жалпы білім беру Денсаулық сақтау Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты 002 Шұғыл жағдайларда сырқаты ауыр адамдарды дәрігерлік көмек көрсететін ең жақын денсаулық сақтау ұйымында дейін жеткізуді ұйымдастыру


Қаулы-қарар oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысы 2013 ж. 10 желтоқсан

№261

11

ҚР Әділет министрлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 20.01.2014 ж. №3410 болып енгізілді

Орал қаласы

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, «Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Ар-намыс кодексi ту-

ралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы» 2013 жылғы 1 қазандағы №651 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығын орындау мақсатында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің

қызмет этикасының қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы М.Л.Тоқжановқа жүктелсiн. 3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Облыс әкімі Н.Ноғаев

2013 жылғы 10 желтоқсандағы №261 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасының қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызмет­ шілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді. 2. Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызмет­ шілерінің қызмет этикасы туралы осы қағи­ далар «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жыл­ғы 23 шілдедегі, «Сыбайлас жемқорлық­ қа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және «Қа­зақстан Республикасы мемлекеттiк қызмет­шiлерiнiң Ар-намыс кодексi туралы» Қа­зақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлы­ ғына өзгерiстер енгiзу туралы» 2013 жылғы 1 қазандағы №651 Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нор­ма­ ларға сәйкес Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметшілерінің мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. 2. Мемлекеттік қызметшілер мінезқұлқының жалпы қағидалары 3. Мемлекеттiк қызметшiлер: 1) заңдылық қағидатын, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк-құқықтық актiлерiнiң талаптарын басшылыққа алуға; 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң саясатын жақтауға және оны дәйектi түрде жүзеге асыруға, өзiнiң iс-әрекетiмен мемлекеттiк билiктiң беделiн нығайтуға, мемлекет институттарының беделiн түсiретiндей iсәрекеттер жасауға жол бермеуге; 3) жеке және заңды тұлғалардың құ­ қық­тарын, бостандықтары мен заңды мүд­ делерiн сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдаға салу көрiнiстерiне жол бермеуге, өтiнiштер бойынша белгiленген мерзiмде қажеттi шаралар қолдануға; 4) мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенiмiн сақтауға және нығайтуға; 5) Қазақстан халқының бiрлiгi мен елдегi ұлтаралық келiсiмдi нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттiк тiлге және басқа тiлдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлерiне құр­ метпен қарауға; 6) адал, әдiл, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нор­­­ма­ ларды сақтауға, азаматтармен және әрiптес­ терiмен қарым-қатынаста сыпай­ылық пен әдептiлiк танытуға; 7) мемлекет мүддесiне нұқсан келтiретiн, мемлекеттiк органдардың тиiмдi жұмыс iсте-

уiне кедергi жасайтын iс-әрекеттерге қарсы тұруға; 8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiне құрметпен қараудың үлгiсi болуға; 9) Қазақстан Республикасының заңда­ рында белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға; 10) мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұл­ жытпай сақтауға, берiлген өкiлеттiктердi тиiм­дi иеленуге; өзiнiң қызметтiк мiндет­ терiн адал, турашыл және сапалы атқаруға; жұ­мыс уақытын ұтымды пайдалануға; 11) лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде жеке және заңды тұлғаларға артықшы­лық көрсетпеуге, олардың ықпалынан тәуелсiз болуға; 12) жеке сипаттағы мәселелердi шешу кезiнде мемлекеттiк органдардың, ұйым­ дардың, мемлекеттiк қызметшiлер мен өзге де адамдардың қызметiне ықпал ету үшiн өзiнiң қызметтiк жағдайын пайдаланбауға; 13) кадрларды туыстық, жерлестiк және жеке басына берiлгендiк белгiлерi бойынша iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге; 14) қарамағындағы мемлекеттiк қызмет­ шiлерден олардың қызметтiк мiндеттерiнен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеу­ ге; басқа адамдарды құқыққа қайшы терiс қылықтар жасауға мәжбүрлемеуге; 15) басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактiлерiн болдырмауға және олардың жолын кесуге; 16) өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себепкер болмауға, сынағаны үшiн қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшiлiктердi жою мен өзiнiң қызметiн жақсарту үшiн пайдалануға; 17) бағынысты қызметкерлерге қатысты негiзсiз айыптауларға, дөрекiлiк, адамдық қадiр-қасиетiн кемсiту, жөнсiздiк, орынсыз мiнез-құлық фактiлерiне жол бермеуге; 18) басшылардың тапсырмаларын орындау барысында тек объективтi де анық мәлiметтер беруге; 19) мемлекеттiк меншiктiң сақталуын қамтамасыз етуге, өзiне сенiп тапсырылған мемлекеттiк меншiктi, автокөлiк құралда­ рын қоса алғанда, ұтымды әрi тиiмдi және тек қызметтiк мақсатта пайдалануға; 20) ұжымда iскерлiк өзара қарым-қа­ тынасты және сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал жасауға; 21) қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi атқару үшiн өзiнiң кәсiби деңгейi мен бiлiктiлiгiн арттыруға; 22) өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару ке­ зеңiнде киiмнiң iскерлiк қалпын ұстануға тиiс. 4. Мемлекеттiк қызметшiлер iскерлiк этикеттi сақтауға, ресми мiнез-құлық қағи­ даларын құрметтеуге тиiс. 5. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтiк жағдайларын және онымен байланысты мүмкiндiктердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, басқа да коммерциялық

емес ұйымдардың мүдделерiне, оның iшiнде өзiнiң оларға көзқарасын насихаттау үшiн пайдаланбауға тиiс. Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттiк қызметшiлер бағынысты қызметкерлердi қоғамдық және дiни бiрлестiктердiң, бас­ қа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметiне қатысуға мәжбүрлей алмайды. 3. Мемлекеттiк қызметшiлердiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы мiнез-құлқы 6. Мемлекеттiк қызметшiлер сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуi тиiс. Мемлекеттiк қызметшiлер басқа мемлекеттiк қызметшiлер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық фак­ тiлерiнiң жолын кесуi тиiс. 7. Мемлекеттiк қызметшi, егер сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқықбұзушылық­ ты болғызбау және тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға, оның iшiнде жоғары тұрған басшыға, өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның басшылығына, уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиiс. Мемлекеттiк қызметшi өзiн басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға көндiру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға мiндеттi. Мемлекеттiк органның басшылығы ақ­ паратты алған күннен бастап бiр ай мерзiмде мемлекеттiк қызметшiнiң сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiру жағдай­ лары туралы мәлiмдеулерi бойынша, оның iшiнде тексерулер ұйымдастыру және уәкiлеттi органдарға өтiнiштер жолдау ар­ қылы шаралар қолдануға мiндеттi. Мемлекеттiк органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың, өзiн осы бұзушылықтарды жасауға көндiрудiң анық жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттiк қызметшiнi оның құқықтарын, заңды мүдделерiн кемсiтетiн қудалаудан қорғау жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi. 8. Мемлекеттiк қызметшiлер жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруын қиындататын iсәрекеттерге (әрекетсiздiкке) жол бермеуге тиiс. 9. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекет­ ке экономикалық залалдың алдын алу жөнiнде барлық мүмкiндiктердi пайдалануы, жеке мүдделерiне және үшiншi тұл­ ғалардың мүдделерiне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуi тиiс. 10. Мемлекеттiк қызметшiлер жеке мүлiктiк және мүлiктiк емес пайдалар алу үшiн өзiнiң лауазымдық өкiлеттiктерiн және онымен байланысты мүмкiндiктердi қолданбауға тиiс. 11. Мемлекеттiк қызметшiлер мүдделер

қақтығысын болғызбау үшiн шаралар қолдануы тиiс. 12. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттiк қызметшiнiң жеке басы­ ның мүдделiлiгi және оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян тигiзетiндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттiк қызмет­ шi оның жолын кесу және реттеу жөнiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға мiндеттi. 4. Көпшiлiк алдында сөйлеу 13. Мемлекеттiк орган қызметiнiң мәселелерi бойынша көпшiлiк алдында сөйлеудi оның басшысы немесе мемлекеттiк органның бұған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметтiң беделiне нұқсан келтiрмей, пiкiрсайысты әдептi түрде жүргiзуi тиiс. 14. Мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк саясат және қызметтiк iсiнiң мәселелерi жөнiндегi өз пiкiрiн, егер ол: 1) мемлекет саясатының негiзгi бағыт­ тарына сәйкес немесе; 2) жариялауға рұқсат етiлмеген қызметтiк ақпаратты ашатын болса; 3) мемлекеттiң лауазымды тұлғаларының, мемлекеттiк басқару органдарының, басқа да мемлекеттiк қызметшiлердiң атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшiлiк алдында бiлдiруiне болмайды. 15. Мемлекеттiк саясатты жүргiзумен, мемлекеттiк органның және мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтерiмен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органның атынан жариялымдарына жол берiлмейдi. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттiк қызметшi жеке тұлға ретiнде тек өз атынан жүзеге асырады. 16. Мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшiлiк алдында негiзсiз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бiр ай мерзiмде оны терiске шығару жөнiнде шаралар қолдануға тиiс. 5. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтен тыс уақыттағы мiнез-құлқы 17. Мемлекеттiк қызметшiлер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдықэтикалық нормаларды ұстануға, қоғамға жат мiнез-құлық жағдайларына жол бермеуге тиiс. 18. Мемлекеттiк қызметшiлер қарапайым­ дылық танытуға, көлiк, сервистiк және өзге де қызметтердi алу кезiнде мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық жағдайын ба­ са көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам тарапынан негiздi сынға себеп туғызбауға тиiс.


12

Қаулы-қарар Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімі Орал қаласы

№14- 5

ҚР Әділет министрлігі БҚО әділет департаментінің нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 21.01.2014 ж. №3412 болып енгізілді

13 желтоқсан 2013 жыл

Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 4 қарашадағы №236 қаулысы негізінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы бекітілсін. 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Сессия төрағасы Р.Хайруллин Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

КЕЛІСІЛДІ: «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушы ____________Тұрсынов Бекет Абылайұлы 2013 жылғы 13 желтоқсан

«Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ басшысы_______ Ешев Серікболат Есенғалиұлы 2013 жылғы 13 желтоқсан

2013 жылғы 13 желтоқсандағы №14-5 Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген

Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы (бұдан әрі – қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы №1822 «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік-құқықтық кесімдерді бекіту туралы», 2013 жылғы 18 сәуірдегі №373 «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы», 2013 жылғы 10 шілдедегі №712 «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы», 2013 жылғы 10 шілдедегі №713 «Электр энергиясын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулылары негізінде әзірленген және Батыс Қазақстан облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу тәртібін айқындайды. 2. Қағида Батыс Қазақстан облысының жер­ гілікті атқарушы органдары, тұрғын үй-ком­ муналдық және отын-энергетикалық кешен ұйымдарының облыстың өндірістік, әлеу­меттік, тұрғын үй-коммуналдық және отын-энерге­ тикалық кешен объектілерін жылу маусымына дайындау және оның өтуі кезеңінде тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша қызметін үйлестіреді. 3. Осы қағидада келесідей негізгі ұғымдар пайдаланылады: қызмет көрсетуді беруші – электрмен жаб­ дық­таумен, жылумен жабдықтаумен, сумен жаб­ дық­таумен, канализациялаумен (бұдан былай – энергиямен жабдықтайтын ұйым) айналысатын заңды және жеке тұлға, сондай-ақ қоқысты әкету мен лифт бойынша қызмет көрсету, абоненттері мен кондоминиум объектілеріне қыз­ мет көрсету – жылу және электр энергиясын жеткізу болып табылады; тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде тұтынатын жеке немесе заңды тұлға; энергия беруші ұйым - электр немесе жылу энергиясын беруді шарттар негізінде жүзеге асыратын ұйым; энергиямен жабдықтау – тұтынушыларға электр энергиясын, жылу энергиясын, су (бұдан былай - энергия) жеткізу және сату; энергиямен жабдықтаушы ұйым - сатып алынған электр және (немесе) жылу энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын ұйым; энергия өндіруші ұйым - электр және (немесе) жылу энергиясын өз қажеттіліктері және (немесе) өткізу үшін өндіруді жүзеге асыратын ұйым; 4. Облыстың аумағында күзгі-қысқы кезең­ дегі жұмысқа объектілердің дайындығы Батыс Қазақстан облысының өндірістік және әлеу­ меттік кешенін күзгі-қысқы кезеңде жұмысқа дайындау туралы облыс әкімдігінің жыл сайын­ ғы қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 5. Батыс Қазақстан облысының жергілікті ат­ қарушы органдарының, тұрғын үй-коммунал­дық шаруашылық кәсіпорындарының, бюджеттік ме­ кемелердің негізгі міндеттері тұтынушыларды газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау және отынмен жабдықтауды тұрақты қамтамасыз ету, энергия жеткізушілердің қажетті параметрлерін ұстап тұру және энергияны тұтыну мақсаттары мен төлем тәртібін ескере отырып ғимараттар­ дағы нормативтік температуралық режимді қамтамасыз ету болып табылады. 6. Жылу маусымын дайындауға және оны өткізуге жауапкершілік Қазақстан Респуб­ли­­ка­ сының заңнамалық және басқа да норма­тивтік-

құқықтық актілеріне сәйкес белгіленеді. 7. Облыстың жергілікті атқарушы органда­ рының, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарының жылу маусымына дайындығы және оны өткізуі осы қағидамен айқындалған тәртіппен облыс әкімдігімен жыл сайынғы қа­ былдаған қаулыларда мазмұндалған алдағы жылу маусымына тұрғын үй-коммуналдық ша­ руашылық объектілерін дайындау бойынша тапсырмалар есебінен жүзеге асырылады. 8. Жылу маусымына дайындық және оны өткізу бойынша кешенді шаралар үш кезеңнен құралады: 1) жылу маусымына дайындық және ба­ қылау; 2) мерзімді жылыту; 3) жылу маусымын өткізу. 9.Жергілікті атқарушы органдар, энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың диспетчерлік қызметтерінің өзара қатынастары қолданыста­ ғы заңнамалармен айқындалады. 10. Энергиямен жабдықтайтын ұйымдардың қызмет көрсетушілермен және тұтынушылармен арасындағы өзара қатынастары олардың арасында жасалған келісімшарттар мен қолданыстағы заңнамалар негізінде айқындалады. 11.Тұтынушыларға жылуды жіберу сенімді­ лігі бойынша қазандықтарға жатады: бірінші санатқа жылудың бірден бір көзі болып табылатын және бірінші санаттағы тұтынушыларды қамтамасыз ететін жеке резервтік жылу көздері жоқ қазандықтар жатады, екінші санатқа қалған қазандықтар жатады (ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 ж. Қазандық қондырғылар). 12. Жылуэлектрорталығы, қазандықтар, жы­ лу желілері және жылуды пайдаланушы қон­ дыр­ғылардың белгіленген жұмыс режимінің бұзылуын пайдаланушы ұйым тексеріп, арнайы журналдарға тіркеледі. 2. Жылу маусымына дайындық және бақылау 13. Жергілікті атқарушы органдар электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесіп, өз­ дері­нің құзыреттілігі шегінде ведомстволық бағынысына және меншік нысанына қарамас­ тан тиісті аумақтың әкімшілік-аумақтық бірлігінде орналасқан қызмет көрсетушілердің жылу маусымына дайындығын және оны өткізуін бақылауды жүзеге асырады. 14. «Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - басқарма) жылу маусымына облыстағы өн­ дірістік және әлеуметтік кешендердің дайын­ дығына мониторингті жүргізеді. 15. Алдағы жылу маусымында облыстың өңір­ лерінің инженерлік-энергетикалық кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін қысқы кезеңде жұмысқа дайындаудың жыл сайынғы жоспарын (бұдан әрі-жылу маусымына дайындық жоспары) ұсыну тәртібі: 1) облыстың тұрғын үй-коммуналдық және отын-энергетикалық кешеніне жататын кәсіп­ орындар жыл сайын, жылу маусымы аяқтал­ ғаннан кейін қала және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жылу маусымына дайындық жоспарларын ұсынады; 2) қала және аудандардың жергілікті атқа­ рушы органдары ұсынылған жылу маусымына дайындық жоспарларын бірыңғай жоспарға біріктіреді; 3) қала және аудандардың жергілікті атқару­ шы органдары жылу маусымына дайындықтың бірыңғай жоспарларын басқармаға жинақ үшін ұсынады. 16. Жылу маусымына дайындық жоспарларын орындау жөніндегі есептер мына тәртіпте ұсынылады: 1) тұрғын үй-коммуналдық және отын-

энергетикалық кешенге жататын кәсіпорын­ дарымен қала және аудандардың жергілікті атқарушы органдарына – апта сайын; 2) қала және аудандардың жергілікті атқа­ рушы органдарымен аудан бойынша жинақ есепті – басқармаға апта сайын; 3) Басқарма Батыс Қазақстан облысы бойынша жинақ есепті Батыс Қазақстан облысының әкімдігіне апта сайын ұсынады. 17. Қала және аудандардың жергілікті атқа­ рушы органдары басқармаға жылу маусымына объектінің әзірлік паспорттары жоқ тұрғын үйлердің мекенжайлары жазылған тізімдерді жолдайды. Жылу маусымына дайындық кезінде жоспарланған жұмыстар орындалмаған жағдайда мекенжайлар жазылған тізімге орындалмау себебі, жұмыстың тоқтауына кінәлі тұлғалар және жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері көрсетілген анықтама жалғанады. 18. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің кезекті жылу маусымына дайындығы өткен жылдағы техникалық жағдайға талдау жасау, жұмыстың нақты режимі және орнатылған қондырғылардың пайдалану деңгейі, жөндеу көлемін нақтылау, ұйымдастырушылық-техникалық шаралардың тізімін жасау, жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға тапсырыстарды ресімдеу, мердігер компаниялармен келісімшарттар жасасу кезінде анықталған ақауларды және нормативтер­ден ауытқуларды жүйелендіруден басталады. 19. Жылу маусымына дайындыққа мыналар жатады: 1) өткен жылу маусымында орын алған кемшіліктерге талдау жасау, орын алған ақаулар мен бұзылуларды жою бойынша шаралар әзірлеу және орындау; 2) кезекті жылу маусымында тұрғын үй қорының және инженерлік инфрақұрылым объектілерінің дайындығы бойынша кешенді шаралар жоспарын Басқарманың, қала жә­ не аудандардың жергілікті атқарушы орган­ дарының бекітуі; 3) жөндеу және құрылыс-монтаждау жұмыс­ тарын материалдық-техникалық және қаржы­ ландырумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу, мердігер компаниялармен келісімшарттар жасау; 4) жылумен жабдықтау көздерінде және орталық жылу пункттерінде қажетті жұмыстарды жүргізу, соның ішінде қазандықтарды, тұрба құбырларын қарау және сынақ жүргізу; 5) инженерлік желілерде, соның ішінде қайта құрылымдау, күрделі және ағымдағы жөндеу, сынақтар мен шаюлар, жылуды жіберу кестесін дайындау мен жылу желілерінде гидравликалық жұмыс режимімен байланысты жұмыстарды орындау; 6) ғимараттарды дайындау, инженерлік желілерді алдын алу, жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізу; 7) сумен қамтамасыз ету және су бұру же­лі­ лерінде алдын алу, жоспарлы және жоспардан тыс жөндеулерді орындау; 8) резервтік отынның нормативтік қорын, сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруа­ шылық объектілерінде төтенше жағдайлар және (немесе) табиғи апаттар салдарын жою үшін материалдық-техникалық ресурстардың апатты қорларын құру; 9) отын қоймаларын дайындау, инженерлік құрылғыларға, өртке қарсы шаруашылыққа жөндеуді жүргізу. 20. Жылу көздері мен орталық жылу пункттеріндегі жұмыстар мына мерзімдерде аяқтау ұсынылады: күзгі кезеңде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін – 1 қыркүйекке дейін; қысқы ең жоғарғы деңгейдегі жүктеме өту кезеңінде жылу қажеттілігін қамтамасыз ету үшін – 1 қазанға дейін.

Жылумен жабдықтау көздерін қамтамасыз ететін электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және газбен жабдықтауды қамтамасыз ету ком­муникацияларын жөндеу және алдын алу бойынша жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқ­тау ұсынылады. 21. Жылу маусымы аяқталған соң және жөн­деу жұмыстары аяқталғаннан соң екі аптадан кейін жыл сайын жылу желілеріне гидравликалық сынақтардан (беріктікке және тығыздыққа) өткізілуі тиіс. Сынақтар нәтижесі бойынша актілер дайындалады. 22. Жылу желілеріндегі барлық сынақтардың түрлері бөлек өткізіледі, сонымен бірге жылу желілеріне және сынақтардың басшылары мен жекелеген орындаушылар арасындағы жедел байланысқа түбегейлі бақылау қамтамасыз етіледі. 23.Жылу желілеріндегі және жылумен жаб­ дықтау көздеріндегі жоспарлы жөндеу (тоқтату), сонымен қатар жылу желілеріндегі сынақтарды өткізу қала және аудандардағы жергілікті ат­ қарушы органдармен келісілген кестелерге сәйкес жүргізіледі. Температуралық сынақтарды өткізу (температуралық ысыраптарға) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен анықталады және кестеге енгізіледі. 24. Басқармаға кестелерді келісуге жолдауға ұсынылады : 1) жылумен жабдықтау көздерін жоспарлы жөндеу – 10 мамырға дейін; 2) жылу желілерін жөндеу және қайта құру – 10 мамырға дейін; 3) жылу желілеріндегі жылу сынақтары (жы­ лу тасымалдағыштың ең жоғары деңгейдегі тем­ пературасына) – 10 мамырға дейін; 4) жылу маусымының аяғында жылу желіле­ рін гидравликалық сынақтан өткізу (беріктік пен тығыздыққа) – 20 сәуірге дейін, жылу маусымын өткізудің алдында – 25 тамызға дейін. 25. Жылумен жабдықтау көздері мен жылу желілерін жоспарлы жөндеу (тоқтату) кестесі келісілгеннен кейін энергиямен жабдықтаушы ұйым бір апта мерзім ішінде оларды мүдделі ұйымдардың назарына жеткізеді. 26. Монтаждау, күрделі жөндеу және қайта құрылымдаудан кейін жылу желілері гид­ равликалық шаюға жатады. Жылу желілерінің учаскелерін гидравликалық шаю апаттықалпына келтіру жұмыстарын орындағаннан соң да жүргізіледі. Жылу желілерін шаю теңгерімінде жылу же­ лілері бар нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес ұйыммен бекітілген бағ­ дарлама бойынша жүргізіледі. Орталық жылыту желілерін шаюға, желдет­ кіш және ғимаратты ыстық сумен қамтамасыз етуге жүйелік су шығындарының көлемі жеке­ леген актілер бойынша белгіленеді. Іріктеліп алынған сыналатын суды талдау кезінде ағын судың түсі бұрынғы судың түсімен сәйкес болғанда шаю аяқталған болып есептеледі. Жылу желілерін шаю сапасының жауапкершілігі жылумен жабдықтау кәсіпорындарына, ал орталық жылу жүйесі, желдеткіштерді және ғимаратты ыстық сумен қамтамасыз етудегі жауапкершілік – қолданыстағы заңнамаға сәйкес үйдің ішкі жүйесін пайдаланатын ұйымдарға жүктеледі. 27. Жөндеу және құрылыс ұйымдары жылу көздерінің немесе жылу желілерінің қолда­ ныстағы құрылғыларына жұмыстар жүргіз­бес­ тен бұрын жұмысты жасау кестесін энергия­ мен жабдықтаушы ұйымдармен келіседі. Егер жұмыстардың технологиялық циклі ыстық суды айыру кезеңінен көп уақытты қажет ететін болса, техникалық мүмкіндіктер бар болған жағдайда жұмыстарды ұйымдастыру жобасында тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз ететін шаралар қарастырылуы қажет.


Қаулы-қарар Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru 28.Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс­ қа әзірлігі паспортын алу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі №373 «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұ­мысқа әзірлігі паспортының нысанын, оны алу қағидаларын және мерзімін бекіту туралы» қаулысына сәйкес анықталады. 29. Үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдарға 15 мамырға дейін жылу маусымына дайындығын анықтау үшін ғимараттарға, жеке жылу пункттерін және үй­ ішілік жүйелерді іске қосуды көрсететін кестелерді энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен келісу ұсынылады. Ғимаратты және үйішілік жүйелерді іске қосуды дайындау мерзімдері ыстық суды айыру кезеңімен тұспатұс келуі қажет. Келісілген кестелер қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдарға ұсынылады. 30. Жылу маусымына дайындық кезеңінде қызмет көрсетушілер көп қабатты үйді жалпы тексеру (көктемгі, күзгі) актісінде көрсетілген тұрғын үй қорына жөндеу және алдын алу жұмыстарын жүргізеді. 31. Жұмыстар орындалғаннан соң жылуды тұтыну жүйесін қабылдауды энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жүзеге асырады және екі жақты актімен ресімдейді. Акт бойынша қабылданбаған жылуды тұтыну жүйелері жылу маусымына дайындалмаған болып есептеледі және 10 күннің ішінде қайта куәландыруға жатады. 32. Қайтадан қосылған жылуды пайдаланатын қондырғылар жобалық құжаттамаға сәй­ кес орындалады. Үйішілік жүйелерге қызмет көрсететін ұйымдар (тұтынушылар) жылу қондырғылары мен желілерін іске қоспастан бұрын энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар өкілінің қатысуымен монтаждау ұйымымен бірлесіп қажетті сынақтар, жөндеу және шаюды жүргізуі қажет. 33. Жылыту жүйелерін дайындағаннан соң желілік сумен толтыру арқылы әрі қарай сырт­ қы желіден айыру, қажет болған жағдайда – қақ­ пақшаны орната отырып, оны консервациялауды жүргізеді. 34. Жылу маусымына дайындықты тексеру актілері негізінде рәсімделетін әзірлік паспорттарымен расталады: білім беру объектілері бойынша 25 тамызға дейін аяқтау ұсынылады; тұрғын үйлер мен басқа да әлеуметтік объектілер бойынша 1 қазанға дейін аяқтау ұсынылады. 35. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдармен объектінің дайындығын тексеру актісін ресімдемей тұрып жылуды тұтыну жүйесін қосуға жол берілмейді. 36. Үйдің ішкі жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдар (тұтынушылар) және энергия өнді­ руші және энергия беруші ұйымдармен пайда­ лануға қабылдап алмаған жаңадан салынған үйлердің қазандықтарын, жылу желілерін, ор­ талық жылу пункттерін, сорап станцияларын, орталық жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жылу маусымына дайындауды құрылыс ұйымдары қамтамасыз етеді. Қолда­ ныстағы инженерлік коммуникацияларға қа­же­т­ті жалғауларды 1 қыркүйекке дейін орындау ұсынылады. 37. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде су құбырлары жүйелерінен су алуды ұлғайтумен байланысты қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар шара басталмастан бұрын осы шара туралы сумен жабдықтаушы кәсіпорынды хабардар етуі қажет. Осы тармақтың талаптары тұрғын үй-ком­ муналдық шаруашылық объектілеріндегі апат салдарын жою кезіндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы ережесімен анықталған, орындалуы ерекше тәртіппен жүзеге асырылатын апатты қалпына келтіру жұмыстарына қолданылмайды. 3. Мерзімді жылыту 38. Сырттағы ауаның қалыптасқан орташа температурасының төмендеуін және басқа да ауа райының жағымсыз факторларын ескере отырып қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдармен жылыту бойынша шаралар қабылдануы мүмкін, бұл ретте жылу жіберу шектеледі және жылумен қамтамасыз етуде үзілістер орын алады. Бұл ретте жылумен жабдықтау жүйелерінің мерзімді жылыту режимінде жұмыс жасауының уақытша кезеңі бес күнтізбелік күннен кем болмайды. 39. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға 1 қыркүйектен бастап қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдармен жылумен жабдықтау жүйелерін қосу кестесін

әзірлеп, келісіп, үйішілік жылумен жаб­дықтау жүйелеріне қызмет көрсететін ұйым­дарға (тұтынушылар) жолдау ұсынылады. Бір мезгілде толтырылатын үйішілік жүйелер санын анықтау кезінде жылумен жабдықтаушы көздердің шаруашылық ауыз сумен, су дайын­ дау және су сіңіргіш қондырғылардың өнімділі­ гімен қамтамасыз етілуін ескеру қажет. 40. Барлық ғимараттар қосылғаннан кейін үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне қыз­ мет көрсететін ұйымдар (тұтынушылар) 7 тәу­ ліктің ішінде құрал-жабдықтардың жағдайын тексеру және үйішілік жүйелерді алғашқы реттеу жұмыстарын жүргізеді. Бұл ретте энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар ғимаратқа енгізуде есептік гидравликалық көрсеткіштермен қамтамасыз етеді. 41. Жылумен жабдықтау көздерін жұмысқа қосу барысын жедел бақылау үшін, сонымен қатар ғимараттарды жылумен жабдықтау жүйелеріне қосу үшін күн сайын барлық ғима­ рат­тарды қосып болғанға дейін қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдар басқармаға жедел анықтамалар жолдайды. 42. Мерзімді жылыту кезінде анықталған жылумен жабдықтау көздерінің, жылу желілерінің және үйішілік жүйелердің жұмысындағы кемшіліктер ұдайы жылыту басталмастан бұрын жойылады. 4. Жылу маусымын өткізу 43. Сыртқы ауаның орташа температурасы 3-5 тәулік бойы +10°С және одан төмен болған жағдайда немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы ауа райы болжамы бе­ ріл­генде қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдар барлық мақсаттағы ғима­ раттарға жылуды жүйелі беруді хабарлайды. 44. Тұтынушыларды жылу жүйесіне қосу жылу жүйесіне қосылатын тұтынушылардың көрсетілген қызметтер үшін бережақтарының жоқтығы және жылу энергиясын қабылдауға техникалық дайындығының бар болуын есепке ала отырып энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жасаған кесте бойынша жүргізіледі. 45. Жылумен жабдықтау режімдерінің бұ­зы­ луын уақтылы анықтау және жою жұмыстарын талдау үшін жылумен жабдықтаудың үйішілік жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдар энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға апта сайын энергия өндіруші және энергия беруші ұйым­ дармен келісілген бақылау нүктелеріндегі жы­ лу тасымалдағыштың параметрлері туралы тұрақты ақпаратты ұсынады. 46. Тұтынушыларды жылу желісіне қосқаннан кейінгі 3 тәулік ішінде жылу шаруашылығына жауапты адамдар қосуды реттеуді (қақпақтар, бұ­ рандалар, тірек қақпаларын тексеру) жүргізеді. 47. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар жүйелі жылу беру басталғаннан кейін бір айдың ішінде жылу желілерін соңғы реттеуді жүргізеді және ғимараттарға, үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдарға (тұтынушылар) қосады – үйіші жүйесіне соңғы реттеу жұмысын жүргізеді. Егер жылу таратушының есепті гидравлика­ лық параметрінде жылумен жабдық­тау көзі мен кварталға (шағынауданға) қосуда параметрлер қамтамасыз етілмесе, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдардың (тұтынушылар) ақпараты бойынша 12 күн мерзімде қақпақтар мен диафрагмаларды қайта есептеуді жүргізеді. Ауыстыру жұмыстарын энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар өкілдерінің бақылауымен үйішілік жылумен жабдықтау жүйесіне қызмет көрсететін ұйымдар (тұтынушылар) жүргізеді. 48. Батыс Қазақстан облысын жылумен жаб­ дықтау жүйесіне жүйелі жылу беру барысында келесідей режимнің бірінде жұмыс істейді: 1) қалыпты – сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы -15°С-қа дейін болғанда; 2) күшейтілген - сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы -15°С-тан -26°С-қа дейін болғанда; 3) есепсіз – сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы -26°С-тан төмен болғанда. Жылумен жабдықтау жүйесін күшейтілген және есепсіз жұмыс режиміне ауыстырған кезде қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдар мен қызмет көрсетушілер қалалар мен елді мекендердің жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және газбен жабдықтау жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдайды. Қабылданған шаралар туралы ақпарат қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдарға жолданады. 49. Жылу маусымы өту кезінде энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға мыналарды жүзеге асыру ұсынылады: 1) тұтынушыларды есепті гидравликалық

және температуралық параметрлермен қамта­ масыз ету. Жылумен жабдықтау көздерінің есепті температуралық жұмыс кестесінен жоспарлы ауытқуға жергілікті атқару органдардың келісімі бойынша жол беріледі; 2) жылу беруді тоқтату немесе жоспардан тыс шектеу, ыстық су сапасының нашарлауы кезінде себебін, қабылданған іс-шаралар мен жою мерзімін көрсете отырып, жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қызмет көр­сетушілердің кезекшілік қызметіне жедел хабарлама беру; 3) жылумен жабдықтау орындары мен ин­женерлік желілерде орын алған апатты жағдайларда электр және жылумен жабдықтау жүйелеріндегі апатты оқиғаларды жою тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленген мерзімде өкілдерін оқиға орнына жеткізуді жылу, электр және сумен жабдықтау ұйымдары, үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне (тұтынушылар), құрылыс-жөндеу, көлік ұйымдары және бас­ қа қызметтердің өзара іс-әрекеті есебінен қамтамасыз етеді; 4) жылыту желілері құбырларындағы ақаулар мен бұзылуларды жою жұмыстарын жүргізу. Қажет болған жағдайда жұмыстар жылумен жабдықтау ұйымы әзірлеген және жергілікті атқару органдарымен келісілген жұмыс жасау бағдарламасы және кестесі бойынша жүргізеді; 5) кәсіпорынның балансындағы инженерлік желілер мен құрылғылардың техникалық жағдайына бақылауды жүзеге асырады. 50. Жылу беру маусымын өту кезінде үйіші­ лік энергиямен жабдықтау жүйелеріне қыз­мет көрсететін (тұтынушылар) ұйымдарға ұсы­ны­ лады: 1) тұрғындардан шағым қабылдауды ұйым­ дастырады және олардың себептерін жою бойынша іс-шаралар жүргізеді; 2) қызмет көрсетушілердің энергияны тұтыну режиміне қатысты жедел нұсқауларын орындайды; 3) өздігінен (жылумен жабдықтау ұйымының рұқсатынсыз) диафрагмалар мен қақпақтарды кесу, алу, су құюға жол бермейді; 4) барлық қыздыру құралдардың біркелкі қызуын қамтамасыз етеді; 5) ыстық сумен жабдықтау жүйелеріндегі су температурасын реттеуді қамтамасыз етеді: жылумен қамтамасыз етудің ашық жүйеле­ ріндегі түзу және кері құбырларға тікелей жалғанған құбырларға +60°С-тан +70°С-қа дейінгі температура шегінде; жылумен қамтамасыз етудің жабық жүйесі құбырларына жылу алмасу аппараттары арқы­ лы жалғанғандарға +50°С-тан +70°С-қа дейінгі шекте. 6) ұйымның балансындағы инженерлік же­ лілердегі технологиялық ақауларды болдыр­ мау және жою жөнінде жедел іс-шаралар қабылдайды және тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала объектілерінің инженерлік жабдықтау жүйелеріндегі апаттар мен ақауларды жоюды нормативтік мерзімде жүзеге асырады; 7) тұтынушыларды жылумен жабдықтауды шектеу және тоқтату себептері мен мерзімдері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және үйлердің кіреберісіне хабарлама ілу арқылы хабарландырады; 8) ыстық және суық су крандарының ты­ ғыздығын жүйелі бақылайды, сондай-ақ ақаулар мен судың азаюын анықтау және жою шараларын қабылдайды; 9) сыртқы жылу желісінде немесе жылумен жабдықтау орындарында жылумен жаб­ дықтауды айырып тастау және желілік судың циркуляциясын тоқтатумен байланысты апаттар орын алған жағдайда үйішілік жылыту жүйелерін, ыстық және суық сумен жабдықтау жүйелерін босату, сондай-ақ олардың сыртқы ауа температурасының төмен болуында қа­ тып қалмауын болдырмау үшін ақауларды жойғаннан кейін жұмысқа қайта қосуды қамтамасыз етеді. Су жүйелерін құрғату туралы шешімді үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін (тұтынушылар) ұйымдар қабылдайды, ол үшін энергиямен жабдықтау ұйымдарына алдын ала хабарлама жіберіп, қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдардың келісімін алуы қажет; 10) жөндеу-құрылыс, көлік ұйымдары және басқа қызметтердің үйішілік жылумен жабдық­ тау жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдар­ мен (тұтынушылар) энергиямен жабдықтаушы кәсіпорындар мен ұйымдардың әрекет етуі есебінен электрмен және жылумен жабдықтау жүйелерінде апатты жағдайларды жою тәртібі туралы нұсқаулықтармен анықталған мерзімдерде технологиялық бұзылыстар кезінде айыру аймағына жататын ведомстволық бағынысты объектілер немесе объектілерге апатты жағ­ дайлар кезінде өзінің өкілдерін баруын қам­ тамасыз етеді.

13

11) энергияны үнемдеу шараларын жүр­ гізеді. 51. Энергетикалық жүктелімнің қысқы ең жоғары деңгейде өтуі жылытуға арналған есептеулерге жақын сыртқы ауа температурасының төмен болуы кезеңімен айқындалады. 52. Сыртқы ауа температурасы орташа тәу­ ліктік -15°С болған кезде жергілікті атқарушы органдар жылумен қамтамасыз етудің күшейтіл­ ген режимін хабарлайды, оның ішінде: 1) хабарландыру схемасы нақтыланады, энер­ гия өндіруші және энергия беруші ұйымдар және үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдардың (тұтынушылар) жауапты қызметкерлерінің кезекшілігі белгі­ ленеді, қажет болған жағдайда тұрғын үй-ком­ муналдық шаруашылық объектілерінің иелері мен жалға алушылары да тартылады; 2) қызмет көрсетушілердің апаттық бригадалары жоғарғы дайындық жағдайына ауыстырылады, олардың апатты қалпына келтіру жұ­мыстарын жасау үшін құрылғылармен, құ­ралдармен, материалдармен және қосалқы бөл­шектермен жинақталғаны тексеріледі; 3) үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдар (тұтынушылар) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жү­ йелерінің жұмыс жасауын және ғимараттарды жылыту жағдайына тұрақты бақылауды ұйым­ дастырады; 4) жылумен жабдықтау көздерінде резервтік құрал-жабдықтардың жұмысы, қолда бар негіз­гі және қордағы отын тексеріледі. 53. Орташа тәуліктік температура -26°С-тан төмен болған кезде қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдар жылумен жаб­дық­ таудың есепсіз режімін хабарлайды. 1) барлық энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарда басшылық және инженерліктехникалық құрамның жауапты тұлғаларының тәулік бойы кезекшілігі енгізіледі; 2) қала және аудандардағы жергілікті атқа­ рушы органдармен қызметкерлердің тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылады. 54. Жылумен жабдықтау көздерін резервтік отынға ауыстыру және қатты салқындықтар кезінде және газ тасымалдау жүйесінде апаттар болған кезде газ және электр энергиясын тұтынушы кәсіпорындарды газ және электр энергиясымен қамтамасыз етуде шектеу облыс әкімдігі бекіткен кестелерге сәйкес жүзеге асырылады. 55. Жылу маусымын аяқтау орташа айлық температура жылынған кезеңде жүргізіледі. 56. Сыртқы ауа температурасы 3-5 тәулік бойы +10°С жоғары болған жағдайда немесе сыртқы ауа температурасының күрт жоғарылауы туралы ауа райы болжамы жасалғанда қала және аудандардағы жергілікті атқарушы органдар және энергия беруші ұйымдардың бұйрығымен жылу маусымы тоқтатылды деп жарияланады. 57. Жылу маусымының аяқталғаны туралы жарияланғаннан кейін үйішілік жылумен жабдықтау жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдар (тұтынушылар) жылумен жабдықтау жүйелерін жазғы жұмыс режиміне көшіру (ыстық сумен қамтамасыз ету) кезінде жарылуларды болдырмас үшін үйдің жылу беру жүйесін бітеу арматурасының көмегімен тоқтатады, қажет болған жағдайда бітеу тетіктерін орнатып, жөндеу жұмыстары басталғанға дейін жүйеде желілік суды қалдырады, сондай-ақ жылу тұтыну құрылғыларын, жылытқыштарды кептіру және желдету жұмыстарын орындау және ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің жұмысын жазғы схема бойынша қамтамасыз етеді. 58. Жылу беру кезеңі аралығында энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жылумен жабдық­ тау орындарының жұмыс режімін көрсете отырып, құралдар мен жылыту желілерінің бекітілген схемасы бойынша тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етеді, бұл ретте бақылау орындарындағы жылу таратушының көрсеткіштері талап етілгендерге сәйкес келуі тиіс. Су беру орындарына берілетін су температурасы нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына жауап беруі тиіс. 59. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға жылу беру кезеңі аралығында ыстық сумен жабдықтау режімін бақылау үшін жергілікті атқарушы органдарға жылумен жабдықтау орындарының жұмыс режимі кестесін 1 ма­ мырға дейін жолдау ұсынылады. 60. Өткен жылу маусымында тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарды пайдалану барысында, сонымен бірге көктемгі тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктер мен ескертулер объектінің осы жылу маусымына әзірлігі паспортына жазылады. 5. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік 61. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленеді.


14

ХАТ-ХАБАР Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Ауылдастарға алғыс айтамыз Дүниеде анадан артық кім бар?! Қазталов ауданы Қараоба ауылының тұрғыны, ең қимас асыл ада­мымыз Зияш Джурумбаева 82 жасқа қараған шағында ауыр науқасқа шалдыққанда қатты қиналдық. Осыдан 7 жыл бұрын Орал қа­ ласына апарып бір көзіне ота жа­ сатып, дәрігерлер екінші көзінің ота жасауға жарамсыз екенін айтқан болатын. Осы уақытқа де­йін бір көзінің арқасында жа­рық дүниені көріп келді. Ота жасат­ қанның көп көмегі болды. 3-4 ай ішінде қан қысымының әсерінен екі көзі көрмей қалды. Үйленбе­ген кенже ұлы Ербатыр екеуі тұ­ ратын еді. Қазір бөлек тұра­тын бала-келіні қолымызға алдық. Қанша бағып мәпелесек те, үлкен анамыз өз төсегін аңсайды.

«Туған жердің топырағы жұм­сақ, ауасы шипа» деген екен атам қазақ. Анамыздың жағдайын ай­тып, Қараоба ауылының әкімі Нұр­ғали Сағынғалиұлы Дүйсеков­ ке телефон шалып, сөйлесуді жөн көрдім. Сөзімді қабыл алып, қо­лынан келген көмегін аямады. «Ойламасын, сауығып кетсін, біз­дер әрқашанда көмегімізді бе­руге тиістіміз» деген сөзі ана­ мызға үлкен септігін тигізді. Күнтүн демей, жер құлағы жастық­қа тимей, ел үшін абыройлы қыз­-

мет атқарып жүрген ауыл әкімі­не алғысымыз шексіз. Сондай-ақ кезегін күттірмей, зейнетақысын алуына мүмкіндік туғызған «Қаз­ пошта» есепшісі Зоя Мың­жасар­ қызына және қолұшын беріп кө­мектескен көршілері – АрманЛа­риса, Жұмат-Жұмағаным, Жәр­ дем-Гүлайым. Жоғарыда аттары аталған адамдардың отбасыларына амандық, дендеріне сау­лық, шаңырақтарына қуаныш-бе­реке, еңбектеріне жеміс, биіктер­ден көріне берсін деген алғы­ сымызды білдіреміз.

Алғыс білдіруші Маханаевтар жанұясының атынан келіні Мария КӘРІМҚЫЗЫ

Бала тісін қалай сақтауға болады? Тістердің бұзылуын тудыратын не­­месе оған мүмкіндік беретін көп­те­ ген себептер емдеу процесін едәуір қиындатады. Сондықтан төмендегі ке­ңестерді орындау аса тиімді деп саналады: • Балаларға шайнаған кезде екі жақтағы тістері мен жақ сү­йектеріне едәуір күш түсетіндей та­мақтар бе­ ру керек. Сүт тістері шыққан ба­ла­ ларға тамақты майдалап беруге ты­ рыспаңыз. Олар алма, алмұрт, сәбізді және басқа да қатты тамақты өздері жесін. Бұл оларға өте пайдалы. • Тамақты қатты шайнау тек сі­ лекейдің бөлінуін ғана емес, соны-

мен бірге жағына қанның мол ке­луін күшейтеді. Сөйтіп, жақ сү­йек­тері қалыпты дамиды, кейіннен жарып шығатын тұрақты тістерге орын жеткілікті болады. • Тамақтағы ақуыз, май, көмір­тегі және минералды тұздардың ара қа­ тынасы дұрыс болса, тістер қалыпты болып өседі. Бала тістері негізінің қалып­та­ суына жүкті болған кездің алғашқы аптасынан бастап ықпал ету керек. Ана болуға дайындалып жүр­ген әрбір әйел еттен, сүттен, өсім­дік­ тен жасалған тамақтарға қо­са, мін­детті түрде жұмыртқа, көкөніс, же­-

міс, сүзбе, балық, ет жеп, сүт ішуі керек. Дәрігердің рұқ­са­тынсыз өз бе­ тімен ешқандай дәрі қабылдамауы тиіс. Жүкті әйел үнемі тіс дәрігерінің бақылауында болғаны және оның берген барлық кеңестерін орындап отырғаны жөн. Бұл болашақта бала тістерінің табиғи қасиеттерін жақ­ сартуға көмектесіп, олардың дұрыс өсуін қамтамасыз етеді. Ж

Роза Давлеткалиева, облыстық балалар стоматологиялық емханасының 1-санатты медбикесі

«Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» (мемлекеттік орган) ММ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшінің бос орнына орналасуға конкурс жариялайды 090000, Орал қаласы, Ж.Молда­ға­ лиев көшесі, 19-үй, анықтама үшін телефон 8(7112) 51-39-75, е-mail: uvpzko.gov.kz Батыс Қазақстан облысы ішкі сая­сат басқармасының ұйымдастыру жұ­ мысы бөлімінің бас маман-заңгері, (санаты – D-O-4), 1 бірлік. Лауазым­дық жалақысы еңбек өткерген жыл­дарына байланысты 64063 теңге­ден 86485 теңгеге дейін. Функционалдық міндеттері: Қа­ зақ­стан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының орында­луын қадағалау, басқармада нормативтік-құқықтық актілер талаптарының орындалуын бақылау, мүліктік және басқа да заңды құқықтарын қорғау, заңды кеңес және даулы сұрақтарды шешу. Негізгі қызмет барысында мекемелермен келісімшарттар жасау. Бас­ қар­маның құзырына кіретін мәсе­ле­лер бойынша ақпараттық базаны жа­­ сақтау, жинақтау, жинап-қорыту жә­ не жіктеу. Ішкі саясат саласындағы іс-қимыл жоспары мен елеулі оқи­ ғаларды ескере отырып, жоспарлануын жүзеге асыру және үйлестіру. Конкурс қатысушыларына қо­­йы­­ла­тын талаптар: Құқық (құқық­та­ну) мамандығы бойынша жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық ба­ғытына сәйкес облыстарда екі жыл­ дан кем емес жұмыс өтілі бар бол­ған жағдайда ортадан кейінгі білімі бар­ ларға рұқсат етіледі. Қазақстан Республикасының Кон­сти­туциясын, Қазақстан Республика­ сының «Қазақстан Республикасының Пре­зиденті туралы», «Қазақстан Рес­­публикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы»,

«Қа­зақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қа­зақстан Республикасының «Мемле­ кеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның маман­дануына сәйкес облыстардағы қаты­настарды реттейтін Қазақстан Респуб­ ликасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегия­сы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Талдама жасау ой-түйсігінің болуы, іс жүргізу негіздерін, компьютерде жұ­мыс істей білуі, мемлекеттік тілді мең­ герген жөн. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 19 наурызда­ ғы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс өткiзу және кон­курс комиссиясын қалыптастыру қа­ ғидалары негiзiнде жүргiзiледi. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) Өкілетті орган белгiленген ны­ сандағы өтініш; 2) 3х4 үлгідегі суретпен, белгіленген нысандағы сауалнама; 3) Білімі туралы құжаттардың нота­ риалдық куәландырылған көшірмелері; 4) Еңбек қызметін растайтын құжат­ тың нотариалдық куәландырылған кө­ шірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Ден­сау­ лық сақтау министрлігінің 2010 жыл­ ғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік-құқықтық актілердің ті­зі­лі­мінде 2010 жылы 21 желтоқсанда

№6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азама­ ты­ның жеке куәлігінің көшірмесі; 7) Құжаттарды тапсыру сәтінде бас­ қар­мада белгіленген шекті мәннен тө­ мен емес нәтижемен тестілеуден өт­ке­ні туралы қолданыстағы сертификат. Азаматтар біліміне, еңбек тәжi­ ри­бесiне, кәсiби шеберлігіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берi­луі туралы құжаттардың көшір­ ме­лері, мiнездемелер, ұсынымдар, ғы­лыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілі­гін сипаттайтын мәліметтер) қосым­ша ақпараттарды бере алады. Құжаттарды қабылдау мерзімі: Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кү­нінен бастап 10 жұмыс күн ішінде ұсынылуы керек. Конкурс комис­сия­сының қарауына қабылдау мерзi­мiн­ де қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы жіберілген құжаттар (құжат тігілетін мұқабада орналас­тырыл­­ған) қабылданады. Азаматтар құжаттарды хабарла­ мада көрсетілген электрондық пош­та мекенжайына электронды түрде бере алады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электрондық пошта ар­ қы­лы берген азаматтар құжат­тар­дың түпнұсқасын әңгімелесу бастал­ ғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген канди­дат­тар, оны кандидаттарды әңгіме­ ле­суге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішін­де Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасында өтеді.

«Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1-үй, 4-қабат, 64-бөлме, otdel_sport@mail.ru. Анықтама телефоны: 8-(7112) 51-21-92 «Орал қаласының дене шы­ нықтыру және спорт бөлімі» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс жариялайды. 1) Бас маман-есепші, Е-R-4 санаты, лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 56 376 теңгеден 76 235 теңгеге дейін. Функционалдық міндетте­ рі: Ауданның (қала) аймақтық және орта мерзімді жоспарларын жүзеге асыру мониторингі, ауданның (қала) дене шынықты­ ру және спорт дамуының негіз­гі және экономикалық көрсет­кіштерін талдау, дене шынық­тыру және спорт ұйымдары мен іс-шаралардың қаржылан­ды­ры­луын жүзеге асыру, қаржы­лан­ дыру жоспарларының орында­ луын талдау және ведомство қарамағындағы ұйымдарға қар­жы мәселелері жөнінде тәжі­ри­ белік көмек көрсету, бухгалтер­лік есепке алуды, дене шынық­ ты­ру және спорт ұйымдары мен бөлімнің қаржы-шаруашылық қыз­метінің есебін жүргізу, аттестация, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, қар­жы бақылау органдарымен әре­кеттестікті қамтамасыз ету, жұмыс жоспарын дайындауды, ауданның (қала) дене шынықты­ру және спорт бөлімі ісінің но­менклатурасына сәйкес іс жүр­ гізуді қамтамасыз ету. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талап: Жоғары бі­лім немесе ортадан кейінгі «Әлеу­ меттік ғылымдар және бизнес» мамандықтары бойынша. Жұмыс тәжірибесі келесі та­лаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: жоғары білім; Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәй­кес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Қазақ­стан Республикасының Консти­туциясын, Қазақстан Респуб­ли­ касының «Қазақстан Республи­касының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Пар­­ламентi және оның депутат­тарының мәртебесi туралы», «Қа­ зақстан Республика­сы­ның Үкі­меті туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Респуб­ли­ касының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлық­ қа қарсы күрес туралы», «Әкім­ шілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтi­ нiш­терiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақ­ты лауазымның мамандануы­на сәйкес облыстардағы қатынас­ тарды реттейтін Қазақстан Рес­ публикасының нормативтік-құ­қықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптас­ қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді

орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: – өкілетті органның белгілеген нысандағы өтініші; – 3х4 үлгідегі сурет пен өкілет­ті органның белгілеген нысан­ дағы толтырылған сауалнамасы; – бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған кө­­шiрмелерi немесе өзге де заң­дарда белгіленген тәртіппен куә­ландырылған көшірмелері/ мемлекеттік қызметшілер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/; – еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәлан­ дырылған көшiрмесi немесе өз­ге де заңдарда белгіленген тәр­тіппен куәландырылған көшір­мелері /мемлекеттік қызмет­ші­ лер тапсыратын құжаттарды олар жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың кадр қызметі куәландыра алады/; – Қазақстан Республикасы Ден­­саулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қа­зақстан Республикасының Нор­мативтік-құқықтық актілердің ті­зілімінде 2010 жылы 21 жел­тоқ­ санда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; – Қазақстан Республикасы аза­матының жеке куәлігінің кө­ шірмесі; – құжаттарды тапсыру сәтін­де уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нә­ти­ жемен тестілеуден өткені тура­лы қолданыстағы сертификаты. Қабылдау мерзімі конкурс өт­ кізу туралы хабарландыру соң­ғы жарияланған күнінен бас­тап 10 жұмыс күннің ішінде, көр­ се­тілген мекенжай бойын­ша сәй­кесті мемлекеттік орган­ға тапсырылуы тиіс. Конкурс ко­ миссиясының қарауына құжат­ тарды қабылдау мерзімінде аза­маттардың өздері әкеліп бер­ген, поштамен немесе элек­трон­ дық адресіне жіберілген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көр­сетілген құжат тігілетін пап­када орналастырылған) құжат­та­ ры қабылданады. Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қа­­раудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қаты­су үшін құжаттарды электрон­дық пошта арқылы берген аза­ маттар құжаттардың түпнұсқа­сын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Осы құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдай­ да, тұлға әңгімелесуден өтуге жі­берілмейді. Әңгімелесуге жібе­ рілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бас­тап бес күн ішінде конкурс жа­риялаған Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінде өтеді.


хабар-ошар oral_oniri@inbox.ru

Сенбі, 8 ақпан 2014 жыл

«Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусы бойынша бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс жариялайды: 090006 Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116-үй, 4 қабат. Анықтама алу үшін телефоны: 8-(7112)- 51-36-52, e-mail: uzo_zko@mail.ru 1. Әкімшілік бөлімінің бас маманы (бухгалтер) санаты “D-О-4” (индекс № 3-3) (1 бірлік) жалақысы еңбек өтіліне байланысты 64063 теңгеден 86485 теңгеге дейiн. Функционалдық мiндеттерi: Басқарманың Стратегиялық және Опе­ративті жоспарларын дайындау, тү­ зету және іске асыру үшін қажетті ақпа­ рат дайындайды. Ақша құралдары және материалдық құндылықтардың сақта­луын қамтамасыз етеді. Басқарма бо­ йын­ша тауарларды, жұмыстар мен қыз­меттерді мемлекеттік сатып алу жоспарын уақтылы жасап тұрады. Мемлекеттік сатып алу порталында Басқарма­ның мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыруларын уақтылы береді. Жергілікті басылымда және Басқарманың ин­тернет-ресурсына мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы ақпаратты уақты­лы береді. Мемлекеттік сатып алу­дың жеткізушілерімен уақтылы келісімшарт жасауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сатып алуда дәрмен­сіз қатысушы болып табылған жабдық­тау­ шыларды уақтылы анықтап, мемлекеттік сатып алу порталындағы тізімге ен­гізу бойынша жұмыстанады. Басқарма­ ның негізгі және айналым қорындағы мүлігінің есебін жүргізеді (тоқсан сайын). Басқармада статистикалық есеп жүр­гізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өті­ ніштеріне жауап дайындайды. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары кәсіби. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функцио­ нал­дық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар бол­ған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі. Мамандығы бойынша: «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» (аудит және есеп, қаржы, экономика), «Тех­никалық ғылымдар және технологиялар», (автоматтандыру және басқару,

ақпараттық жүйе, телекоммуникация), «Құ­­қық» (құқықтану, құқық қорғау қызме­ ті) мамандықтары бойынша. Мемлекеттік тілді және компьютерде жұмыс істей білу. Осы санаттағы нақты лауазымды ма­ман­дандыруға сәйкес салалардағы қаты­настарды реттейтін Қазақстан Республи­ касының заңнамалық және нормативтікқұқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясын, Қазақ­ стан Республикасының «Жер кодексі», «Қазақстан Республикасындағы жергілік­ті мемлекеттік басқару және өзін-өзі бас­ қару туралы» заңдарын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді меңгеру. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қа­зақстан Республикасының Президен­­ті туралы», «Қазақстан Республикасы­ның Парламентi және оның депутат­та­ рының мәртебесi туралы», «Қазақстан Рес­публикасының Үкіметі туралы» Конс­титуциялық заңдарын, Қазақстан Респуб­ ликасының «Мемлекеттік қызмет тура­лы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­ рес туралы», «Әкімшілік рәсімдер тура­лы», «Жеке және заңды тұлғалар­дың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заң­ дарын, осы санаттағы нақты лауа­зымның мамандануына сәйкес облыстардағы қа­тынастарды реттейтін Қазақстан Респуб­ ликасының нормативтік-құқықтық акті­ лерін. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агент­тігі төрағасының 2013 жылғы 19 нау­рыз­ дағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға ор­ наласуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидалары негізінде өткізіледі. Конкурсқа қатысуға ниет біл­дір­ген аза­маттар басқармаға мына­дай құ­ жаттарын тапсырады: 1) белгiленген нысандағы өтініш;

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының “Балалар-жасөспірімдер бокс спорт мектебі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны азаматтық қызметкердің бос лауазым орнына байқау жариялайды 1. Бокстан жаттықтырушы-оқытушы – 1 бірлік. Біліктілік талаптары: дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнаулы білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі 1 жылдан кем болмауы тиіс. Байқауға қатысу үшін төмендегі құжаттар қажет: 1. Мемлекеттік тілдегі түйіндеме. 2. Байқауға қатысу туралы өтініш. 3. Жеке бас куәлігінің көшірмесі, СТН мен ӘЖК көшірмесі. 4. Кадр есебі жөніндегі толтырылған жеке іс парағы (тұрақты мекенжайы мен телефондары көрсетілуі тиіс). 5. Қойылған біліктілік талаптарына сай білімі тура­лы құжаттың көшірмесі. 6. Жасаған қызметін куәландыратын құжаттар көшірмесі. 7. Медициналық тексеруден өткендігін растайтын құжат. Байқауға қатысушылардың құжаттары хабарлан­ дыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде мына мекенжайда қабылданады: БҚО, Орал қа­ ласы, Северо-Восток 2, 15/2, тел.: 28-68-57. Байқау “Балалар-жасөспірімдер бокс спорт мектебі” МКҚК-да өтеді.

15

Жаңақала ауданы Пятимар ауылының тұрғыны болған бірімізге аяулы ана, бірі­ мізге сүйікті апа Баянсұлу Әбілқайыр­ қызы Байдеуова егер арамызда болса, 7 ақпанда 65 жасқа толар еді. Амал не, тағдыр солай болып, сұм ажал арамыздан сізді алып кетті. Сізге деген сағынышымыз басылмайды, сіздің жарық бейнеңіз мәңгі есімізде.

2) 3х4 үлгідегі суретпен, белгіленген нысандағы сауалнама; 3) білімі туралы құжаттардың нота­ риалдық куәландырылған көшірмелері; 4) еңбек қызметін растайтын құжат­ тың нотариалдық куәләндырылған кө­ шірмесі; 5) Қазақстан Республикасы Денсау­ лық сақтау министрлігінің 2010 жыл­ғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нор­мативтік-құқықтық актілердің тізі­ лімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы ден­ саулығы туралы анықтама; 6) Қазақстан Республикасы азама­ тының жеке куәлігінің көшірмесі; 7) құжаттарды тапсыру сәтінде бас­ қар­мада белгіленген шекті мәннен тө­ мен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат. Азаматтар біліміне, еңбек тәжiри­бе­ сiне, кәсiби шеберлігіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуі туралы құжаттардың көшірмелері, мiнездеме­­лер, ұсынымдар, ғылыми жарияланым­ дар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәлі­мет­ тер) қосымша ақпараттарды бере алады. Конкурсқа қатысуға қажетті құжат­­тар конкурс туралы хабарландыру жария­ ланған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішін­де мына мекенжайға 090006, Ба­тыс Қа­зақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чу­ рин көшесі, 116-үй, 4 қабат. Анықтама алу үшiн телефон 8-(7112)-513652, e-mail: uzo_zko@mail.ru. Электрондық пошта арқылы кон­курс­­ қа қатысуға құжат тапсырған азамат­­тар әңгімелесу бастағанға дейін бір жұ­мыс күнінен кешіктірмей құжат түп­нұс­ қаларын тапсырады. Әңгімелесуге жіберліген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жі­­беру туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Батыс Қа­ зақстан облысының жер қатынастары басқармасында өтеді.

Сағынышпен еске алушылар: Хасанов, Байдеуов, Қабиевтар жанұялары

Орал қаласының тұрғыны болған бірі­ мізге адал жар, бірімізге сүйікті әке Еркін Қанатұлы Жұмағалиев егер ортамызда болса, 7 ақпанда 52 жасқа толар еді. Көп болды үлкен жүрек тоқтағалы, Қайырылып өз үйіңе соқпағалы. Бүгін туған күніңде ұл-қыздарың, Өзіңді, әке, сағынышпен еске алады.

Еске алушылар: анасы Уәсила, зайыбы Нұрлы, бала-келіні Дулат-Алтынгүл, қыз-күйеу баласы Ринат-Диана, немересі Ернұр, жиені Саида, Жұмағалиевтер әулеті

ҒЗЖИ «Газжобалау» ЖШС 2014 жылғы 25 ақпанында сағат 10.00-де ЖШС-ның қатысушыларының кезектен тыс жалпы жиналысы өтеті­ нін хабарлайды. Мекенжайы: Орал қаласы, Д.Нұрпейісова көшесі, 12/1. Қатысушыларды тіркеу 2014 жылғы 20 ақпанында сағат 9.30-ға дейін жүргізіледі. Күн тәртібі: 1. Іс-қағаздарды жергілікті жерді басқару құқықтарына сай келтіру. 2014 жылғы 25 ақпанында жиналым жетпей қалған жағдайда жиналыс 2014 жылғы 26 ақпанында сағат 10.00-де өткізіледі. «Zhaik Petroleum LTD» ЖШС «ТПН 40-750 мұнайды термия­лық қайта өңдеу қондырғысы» жабдығы және технологиясын пайдалану жөніндегі құжаттамаға қоршаған ортаға әсер етуді баға­лау (ОВРС)» жобасына ұсыныс-пікірлерін алу үшін «Қазақстан Рес­публикасы­ның Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің БҚО бойынша экология департа­менті ММ-ға жолданға­нын хабарлайды. Барлық қызығушылық білдірген танытушы тұлғалар Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министр­ лі­гінде қаралу үшін ұсыныс алу кезеңде өз ұсыныс-пікірлерін «Қазақ­стан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің БҚО бо­йынша экология департаменті» ММ-ға және Қазақстан Респуб­ли­ касының Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне жолдауларына болады. Орал қаласы, Л.Толстой көшесі, 59, телефон: 50-04-81, 51-53-52. Астана қаласы, Орынбор даңғылы, «Министрлік үйі, 14 подъезд», телефон: 8 7172 74-08-17, 74-08-47.

«Уральскснабконтракт» ЖШС кірме жолдар қызметін тұтынушылар үшін 2013 жыл­ дың жылдық есебі бойынша тыңдау өткі­зілетіндігін хабарлайды. Тыңдау 2014 жыл­ дың 25 ақпаны күні сағат 11.00-де Орал қ., Полевая көшесі, 14 мекенжайы бойынша өтеді.

Облыстық қазақ драма театрының ақпан айындағы репертуары

Жарамсыз деп танылсын Жолдығалиев Самат Өмірғалиұлы атына 25 маусым 2007 жылы берілген Ханкөл орта жалпы білім беретін мектебін бітіргендігі туралы ОБ №0155808 аттестаты жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

9 ақпан С.Козл ов “Капитан қасқ ыр” (ертегі) Басталу уақы ты: 12.00

«Бөкей ордасы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» ММ-ның аты­на 2007 жылдың 4 қазанында берілген кадастрлық нөмірі 08-126-013670, 2012 жылдың 19 қарашасында берілген кадастрлық нөмірі 08-126013-713 және 2001 жылдың 5 мамырында берілген кадастрлық нөмі­рі 08-126-012-002 жер учаскесіне жеке меншік құқығын беретін акті­лер­дің түпнұсқаларының жоғалуына байланысты жарамсыз деп та­ныл­сын.

ад н С.Ахм 9 ақпа келін” “Супер я) комеди 0 (мұңды 1 ты: 7.0 у уақы Бастал

«ОРАЛ ӨҢІРІ» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық-саяси газеті. 090000, Орал қаласы, Мұхит көшесі, 57/1. Е-mаіl: оral_oniri@inbox.ru Меншік иесі: «Жайық Пресс» ЖШС Бас директор

Жантас Набиоллаұлы САФУЛЛИН

Бас редактор Бауыржан ҒҰБАЙДУЛЛИН Редакция алқасы: Есенжол Қыстаубаев, Сырымбек Тұяқов (бас редактордың орын­ба­са­р­лары), Жаннат ЕСПОЛАЕВА (жауапты хатшы), Тоқтар КЕНЖЕҒАЛИЕВ (қоғамдық-саяси бөлім), Қазбек ҚАБЖАНОВ (арнайы тілші), Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ (экономика бөлімі), Нұрлыбек РАХМАНОВ (гуманитарлық бөлім). Меншікті тілшілер: Тілес ЖАЗЫҚБАЙ (Ақжайық ауданы) Нұрымбек Жапақов (Жәнібек ауданы) Өмірзақ Ақбасов (Жаңақала ауданы) Серік Жұмағалиев (Қазталов ауданы) Мүсірбек Айташев (Сырым ауданы)

8-711-42-21-720, 8-711-35-21-770, 8-711-41-21-755, 8-711-44-31-468, 8-711-34-31-126

Телефондар: Бас редактор 51-25-80, Бас редактордың орынбасарлары 24-17-08, 51-18-08

Жауапты хатшы 50-83-99. Жарнама қабылдау тел/факс: 51-51-09; Бухгалтерия 50-63-99.

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2006 жылғы 4 мамырда тіркеліп, №7201-г куәлігі берілген

Е-mail: zhaikpress@inbox.ru Қолжазбаларға пiкiр айтылмайды және пай­­да­ла­ныл­маған хат автор­ларына жауап қай­та­рыл­май­ды. Деректердің дәлдiгi үшiн автор жауап­ты. Жарияланым авторларының пiкiрлерi ре­дак­ция көз­­қара­сын бiл­дiр­мейдi. Редакция тап­­сы­ры­сы­мен ­жа­зыл­ма­ған мате­риал­дар үшін қаламақы тө­лен­бейді. «Орал өңірінде» жа­рия­­лан­ған материалдарды сілтемесіз көшіріп ба­ су­ға бол­­май­­ды. Мақалалар электрондық нұсқада қабыл­да­на­ ды. Ж белгісімен жарияланған материалдар ақылы болып есептеледі.

Газет облыстық «Орал өңірі» га­зе­тi редакциясының компью­тер­­лiк орталығында терiлiп, бет­­тел­­дi. "Жайық Пресс" ЖШС баспаханасында басылды Индексі: 65428 Таралымы: 16427, 4 баспа табақ. Газет аптасына үш рет шығады. Корректорлар: Н.СҰЛТАНОВА, Д.шанкишева, ж.жайлауова Кезекшi редакторлар: С.ИХСАНҒАЛИ, А.ҚАБЫЛОВА


16

керуен сарай Cенбі, 8 ақпан 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Біз үшін әулие емес! Ақпан айының қақ ортасында жастарды бір дүрліктіретін “Валентин күні” қайдан келген «мереке»? Сайтандай сап ете қалған “Әулие Валентин күні” бірінші рет Алматы қаласында 1994 жылы заң университетінде тойланған. Сол университет қабырғасында оқитын орыс тілді студенттер енгізіп, содан бері «мейрам» ретінде жиырма жылдай тойлануда.

Сананы улап, қалтаны қағатын “Валентин күнінің” тарихы дүдә­ мал. Жалпы, бұл мерекесы­мақ турасында кереғар пікір көп. Бү­ гін соған тоқталып, ойымызды ортаға салмақпыз. Мәселен, хрис­ тиандықтың православие тар­ мағын ұстанатындар оны мерекеге қоспайды. Ал ғалымдардың айтуынша, бұл күн ежелгі көп құдайшыл Рим қауымынан бастау алады. Римдіктерде 14 ақпан күні тойланатын Жер құдайына арналған мереке болған. Сонда орындалатын бір рәсімге тоқталып өтсек, әйелдер аттары жазылған қағазды бір қорапқа тастайды. Әр еркек қорапқа қолын сұғып, үлесіне тиген қағаз арқылы өзіне мерекелік серік таңдаған екен. Бұл рәсім ұрпақ жалғастыру мәніне ие болған. Тағы бір дерек бойынша Клавдий ІІ император тұсында өмір сүрген жас жігіттер әскери қызметтен бас тарту үшін үйленіп алатын. Мұндай айланың айылын түзеу үшін Клавдий ІІ әскери борышын өтемей жатып, үйленуге тыйым салды. Ал Валентин болса, жастарды құпия түрде некелестірген. Осылайша Валентин билікке қарсы шығып, түрмеге түсті. Түрмеде жатып, оның бастығының қызына ғашық болып, ашық хаттар жазып тұрған. Валентиннің басы 14 ақпан күні шабылды. Жазған хаттары оның өлімінен кейін оқылды. Кейін келе, 496 жылы Рим Папасы Геласиус І (Pope Gelasius І) 14 ақпанды “Әулие Валентин күні” деп жариялаған. Ал сонда оның қазаққа қандай қатысы бар?

Халықтың жағасын ұстатқан осынау қанды оқиғаның жай-жапсары былай болған еді. Биылғы қаңтар айының 13 жұлдызында шамамен түнгі сағат 12-лерде бетперде киген белгісіз үшеу кә­сіп­ кердің Зеленов ауданы, Калинин

Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылы­ ның тұрғыны, асыл жар, сүйікті әке, ата Есенболат ӨТЕГЕНҰЛЫН 63 жас зейнеткерлікке шығуымен шын жүректен құттықтаймыз! Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз, Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз. Бала-шаға қызығына кенеліп, Ортамызда аман-есен жүріңіз.

Құттықтаушылар: зайыбыңыз Үмітқаным, бала-келіндеріңіз Еркін-Данагүл, ЕрсінЖаңылсын, қыз-күйеу балаларыңыз ОралбекСандуғаш, Қуаныш-Дилшат, немерелеріңіз Ершат, Жанерке, жиендеріңіз Ришат, Ермахан, Аружан, Арухан

Исламда «мереке» деп адамды қуанышқа, шаттыққа, инабат, ибалылық, имандылыққа дәріптейтін күндерді айтады. Олар, әрине, Ораза мен Айт мерекелері. Сонда да елімізде ты­ йымға тоқтамай жатқан бұл күн қарсаңында дүкен сөрелерінде қызылды-жасылды “Валентин кү­ ні” деп жалаулаған жүрекшелер, кәдесыйлар қаптап кетеді. Бұл күн жақындағанда, саудагерлер қалтасын ойлап, сыйлық түрін көбейтеді. Орыс тілді ақпарат құралдары түрлі сайыстар өткізіп, ұтыс ойындарын ұйымдастырып, жастарды желіктіріп жатқаны. Же­ ліктіріп қана қоймай, ар­сыз­дық­қа бо­йын үйретуде. Бұл күндері ко­ лум­бия­лық гүл өсі­рушілер жыл­ дық табыстың 30%-ына ие бола­ды деген ақпарат та бар. Осылай­ша біреулердің бизнес жоспары “Ға­ шықтар күні” деген желеумен әлемге тарап жатыр. Гүл, кәмпит, шоколад, балмұздақ, зергерлік бұйымдар, тіпті қо­нақ­үйлерден бөлме жалдау етек алуда. Яғни ебін тапқандар екі асап жатса, олар­ға майшелпек бол­ғандар ал­ дам­шы сезімнің жетегін­де ке­­тіп, өмір­ле­рі­нің мағынасыз­ды­­ғына мән бермейді. Адамзат жаратылысының ең ұлы асыл мұратының бірі ”жән­нәт­ қа” лайықты өмір сүру болса, ол тақуалықпен байланысты. Ал адам баласы тақуалыққа - ар, иман, намыс деген асыл қасиеттер арқы­ лы жетпек. Өзін «мұсылман­мын»

деген әр ата-ана коммерция­лық және миссионерлік сипатқа ие “Валентин күнінде” балаңыз бен қызыңызға немесе өзге мекемеде жұмыс істейтін жарыңызға өзіңіз «Өмірдің сәні – сыйластық» деп, гүл, тағы басқасын «Сыйлағанда не тұр?» деп намыссыз, бейқам түсінікпен қарап, қып-қызыл кү­ нәға батпаңыз. Алла тағала қа­сиет­ ті Құран-Кәрімде: “Ей, мүмін­дер! Сен­дерден бұрын кітап беріл­гендерден діндеріңді сайқыма­ заққа ойыншық еткендерді де дос тұтпаңдар және кәпірлерді де дос көрмеңдер. Егер мүмін бол­­саң­дар, Алладан қорқыңдар” («Маида» сүресі, 57-аят) делінген. Кеше бала едің, келдің ғой талай жасқа, Көз жетті бір қалыпты тұра алмасқа, Адамды сүй, Алланың хикметін сез, Не қызық бар дүниеде бұдан басқа, - деп Абай атамыз жырлағандай, әуелі махаббатымыз Аллаға, пайғамбарымызға, ата-анамызға, елімізге, жерімізге шын жүректен арналып, бір күн­дік махаббат мейрамына нүкте қояр күнді орнатайық, ағайын! Барша­ға Алланың рақымы мен нұры жаусын!

Мұрат АСАНОВ, БҚО орталық мешітінің наиб имамы

Күдіктілердің екеуі ұсталды Облысқа белгілі кәсіпкер Виталий Каркуланы айуандықпен өлтіріп, оның жұбайы Валентина Каркуланы өлімші етіп жарақаттаған деген күдікпен екі кісі ұсталды. Құқық қорғау органдарынан нақты, ресми ақпарат редакциямызға жетіп, қолымызға тиіп үлгермесе де, ғаламтордан осындай мәлімет белгілі болып отыр.

Құттықтаймыз!

ауылындағы жеке үйіне басып кіреді. Мылтықпен қаруланған олар әу бастан-ақ, үйдегілерді то­нап, көздерін құртуға дайында­ лып келгендей. Сол күні үйде ерлі-зайыптылардан басқа бөтен адам болмаған. Үйдің кіреберіс сенесінің терезесін біреулер сын­ дырып кіріп жатқан дыбысқа шық­ қан кәсіпкердің жұбайы Вален­ ти­наны басып кірушілер басы­на ауыр затпен ұрып құлатады. Ал Каркуланың өзін қолынан асып қойып, біраз қинаған сы­ңайлы. Соңынан оны басынан атып өл­ тірген қарақшылар түн жамылып тайып тұрады. Ауыр соққыдан әупірімдеп есін жиған кәсіпкер­ дің жұбайы Валентина Каркула по­ лицияға және «Жедел жәрдем­ге» жандәрмендеп телефон со­ғып, қай­тадан есінен танады. Жұртшылықты дүр сілкіндірген

осынау атышулы оқиғаны тергептексеруге облыстың құқық қорғау құрылымдарымен бірге Астанадан арнайы келген тергеушілер тобы жұмылды. Олар қарақшылардың жүргізушіні қосқанда төрт адам болғанын көп ұзамай анықтады. Ақпанның 6-сынан 7-сіне қа­ раған түнде Каркуланы айуан­ дықпен өлтіріп, жұбайын соққыға жықты деген күдікпен қарақ­ шылардың екеуі Калинин ауылында тұтқындалған. Нақ­ты­лана қоймаған мәліметке қара­ғанда, ол екеуі Переметный ауы­лы­ның тұрғындары сыңайлы. Ал қалған екеуінің аты-жөндері де тер­геу­ шілерге белгілі көрінеді. Әзір­ге олар қақпанға түсе қойған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Е.ҚЫСТАУБАЕВ

Ғалымның мерейтойына орай Жақында техника ғылым­да­рының кандидаты, профессор Сергей Жұбаевтың туғанына 75 жыл толуына орай арнайы кітапша жарық көрді. КСРО Халық ағарту са­ласының еңбек сі­ңір­ ген қызметкері, «Құр­мет белгісі» ор­денінің иеге­ рі, ҚР Жаратылыстану ғы­лымдары ака­де­мия­сы­ ның академигі С.Жұбаев 1989-2000 жыл­дар ара­ лығында Батыс Қазақстан аграрлық уни­верситетінің (қазір­гі БҚАТУ) ректоры ре­тін­де осы білім орда­ сы­ның ғылыми һәм ма­те­­ риал­дық-техникалық әле­уе­­ті­нің нығаюына, еліміздің ауыл шар­уа­шылығы үшін маман­дар даяр­лаудың сапасын арт­ты­ру­ға, сондай-ақ уни­ вер­си­теттің ха­лықаралық бай­ла­ ныс­тарының жанданып, жүйелі жолға қойы­луына ерекше еңбек сіңірді. Тілге тиек болып отырған

жинақта профессор С.Жұбаевтың ғалым ретінде ғылымды өркен­ детуге сіңірген еңбегі мен қай­ раткер азамат ретінде туған өл­ кемізді түлетуге қосқан айтулы үлесі нақты фактілермен жанжақты баяндалады.

Өз тілшіміз

Қоғамдық тыңдау өтеді Теректі ауданы, Подстепный селолық округі аумағында ор­ наласқан халықаралық әуежайдың ұшу-қону айлағын кеңейту үшін қосымша жер телімін бөлу мәселесі бо­йынша 2014 жылдың 10 ақпаны күні сағат 15.00-де Теректі ауданы, Федоров ауылын­ дағы Достық үйінде қоғамдық тыңдау өтеді.

www.zhaikpress.kz Облыстағы №1 медиахолдинг Құрметті оқырман! Ғасырға жуық тарихы бар об­лыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттерінің, сондай-ақ ау­дандық газеттердің электрондық нұсқасын www. zhaikpress.kz сайтынан оқи аласыздар. Сонымен қатар күн сайын­ғы жаңа­лықтар­мен танысуға да мүм­ кіндік бар.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.