№30 13 наурыз 2018 ж

Page 1

л жү

Å

№30 (3690)

жі

Cейсенбі

13 наурыз 2018

САБАҚҚА АРНАЙЫ АВТОБУСПЕН БАРАДЫ Қаламызда «Мектеп bus» оқушыларды тасымалдау жобасының алғашқы қадамы басталды. Астанадағы кейбір мектептің оқушылары сабаққа арнайы автобуспен қатынайды.

Б

алаларды сабаққа апарып, алып келу үшін қауіпсіздік талаптарына сай ыңғайлы, жаңа автобустар қолданылады. Олардың ішінде Іveco Daily маркалы автобусқа 17 бала сыйса, ал Iveco Crossway автобусы 58 орынға арналған. Әр автобустың шығарып салушылары баланың өз орнына отырып, қауіпсіздік белгісін тағуына көмектеседі. Мектеп автобусының төлемақысы алдын ала бекітілген тариф бойынша транспорт картасы арқылы төленеді. Бұдан бөлек, автобустың қозғалысын «Astra bus» қосымшасы арқылы бақылап отыруға болады. Мұндай ауқымды жобаны біртіндеп іске асыру үшін, алдымен, қаладағы 11 мектепті енгізу жоспарланған. Жобаны пилоттық режимде қосу үшін қаладағы ең көп көлік қозғалысы орналасқан жерлері – Қабанбай даңғылындағы №17 мектеп пен Түркістан көшесіндегі №66 мектеп таңдап алынды. Ұйымдастырушылар мектеп автобусын енгізу жолдағы жүктемені азайтып, әсіресе, таңғы уақыттағы кептелістің азаюына оң ықпал етпек. Өйткені оқушылардың көбісін атаанасы мектепке көлікпен жеткізіп тастайды. Ал оларды осындай баламалы түрде қауіпсіз көлікпен жеткізуден кейін жолдағы кептеліс азаяды. Қаладағы қоғамдық көлік саласының деңгейін көтеруге бағытталған жобаны жасау барысында мектеп оқушыларын тасымалдаудың стандарты енгізілді. Демек, осы жоба арқылы мектеп оқушыларын тасымалдау технологиясы мен бірегей стандарттың жоқтығы, оқушылардың қоғамдық көлікпен қатынау барысында туындайтын қауіпсіздігі сынды бірнеше мәселенің түйіні тарқатылмақ.

ШОРТАНБАЙДЫҢ ШЫН АТЫ КІМ?

4

ШЫН ЕЛІ САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙДЫ

5

2002 ЖЫЛ: «БӘЙТЕРЕК»

6-7

БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА ТҮЙТКІЛ КӨП

ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫ:

Астана қалалық мәслихатының кезекті сессиясының қарсаңында бір топ депутат бірқатар білім беру ошақтарының жағдайымен танысты. Аманғали ҚАЛЖАНОВ Депутаттар аралаған бұл оқу орындарының әрқайсысының өз түйткілдері бар. Қаладағы орта мектептердің көпшілігіне ортақ бір мәселе – оқушылардың тығыздығы. Халық қалаулылары кеше барған төрт нысанның екеуінде аталмыш проблема алдарынан шықты. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары салынған №34 орта мектеп ғимаратына 2010-2011 оқу жылында күрделі жөндеу жүргізілді. Өндіріс тұрғын алабында орын тепкен оқу орны 340 оқушыға шақталса, қазір мұнда 740 бала білім алып жатыр. Мектеп директоры Дидар

EUR/KZT 397.71

USD/KZT 320.19

RUB/KZT 5.62

CNY/KZT 50.67

Рахимберлинаның айтуынша, алайда басты мәселе мұнда емес. «Бұрын бұл ғимаратта арнаулы білім беретін кәсіби-техникалық училище орналасқан. Училище жабылып, маңайда қазақ мектебі болмаған соң ғимаратты бізге берді. 2002 жылы ашылдық. Бірақ білім беру үдерісіне мектепке жапсарлас салынған жатақхана үлкен кедергі келтіріп отыр. Оның бірінші қабатында қазір 8 отбасы тұрып жатыр. Бұл – бұрынғы училищенің мұғалімдері. Егер олар көшірілсе, таза екі ауысымға көшер едік. Қазір бастауыш сыныптар аралық кезеңде, басқаша айтсақ, үш ауысымда оқып жатыр» деді ол. (Соңы 2-бетте)

www.astana-akshamy.kz


2

ЕЛОРДА ТЫНЫСЫ

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

СУ БАСҚАН АЙМАҚҚА КӨМЕК БАСТАМАШЫ ТОП ЕЛОРДАЛЫҚТАРДЫ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АУЫЛАЙМАҚ­Т АРЫНА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУҒА ШАҚЫРАДЫ. КӨМЕККЕ КИІМ-КЕШЕК, АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАЙ КӨМЕК ҚАБЫЛДАНАДЫ. Айта кетейік, 10 наурыз күні қар суы мен жауын-шашын салдарынан Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданын су басты. Ресми мәліметке сүйенсек, бүгінде Аягөз, Үржар, Күршім, Ұлан, Глубокое, Зайсан аудандары су құрсауында қалып, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Осыған орай, Астанада тұратын шығысқазақстандықтар бастама көтеріп, үй-жайлары су астында қалған жерлестеріне көмек жинауда. «Бізге жеткен ақпаратқа сәйкес, бүгінге Аягөздің өзінде 400-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өзім сол елдің тумасымын. Кешеден бері ел болып көмек жинап, қызыл судан зардап шеккен ауылдарға жөнелтуді жөн көрдік. Тек жерлестер ғана емес, кез келген елордалықтар қатыса алады. Ақшалай көмекпен бірге азақтүлік, киім-кешектер қабылданады» деді бастамашыл топтың мүшесі Медет Шаменов. Оның айтуынша, қазір жиналған заттар мен азық-түліктерді елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр. «Бұл бастаманы қолға алғанымызға бір-ақ күн. Қазірдің өзінде халық телефонмен хабарласып, көмекті қалай көрсетсек деп сұрап жатыр. Әзірге арнайы есепшот жоқ. Аударылған ақшаның ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында шот ашсақ па деп отырмыз. Сондай-ақ, ШҚО-ның әкімдігімен келісеміз. Жиналған заттарды елге жеткізіп беру үшін жерлестер көлік жалдаймыз деп отырмыз» деді ол. Су басқан Шығыс Қазақстан облысына көмек көрсетемін деген астаналықтар 8701 400 5026 нөмірі бойынша Медет Шаменовке хабарласа алады. Бұл мәселеге қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пікір білдірді. Атап айтқанда, басқарма елордалықтарды «Қайырымдылық керуені» шарасын қолдауға үндеді. Бүгіннен бастап Астананың барлық мешіттерінде су тасқынынан зардап шеккендерге көмек заттарын қабылдау бекеттері ашылады.

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz

БІЛІМ ОШАҚТАРЫНДА ТҮЙТКІЛ КӨП

(Соңы. басы 1-бетте)

ЖАТАҚХАНА ЖОЙЫЛА МА? Оның сөзінше, жатақхана мектептің балансында тұр. Онда тұратын отбасылар коммуналдық төлемдерді де төлемейді. Бәрін мектеп көтеріп отыр. «Біз екі рет соттастық. Жоғарғы сотқа дейін жеттік. Сот тұрғындарға баспана беріп, жатақханадан шығару туралы шешім шығарды» деді мектеп басшысы. Қалалық мәслихат депутаты Мирас Шекеновтің пікірінше, жатақхана тұрғындарына баспана бермей, мәселе шешілмейді. «Соттың шешімі болса, мәселені қала әкімдігі арқылы шешу керек. Бұл кісілерді далаға қуып шыға алмаймыз. Олардың осында тұрып жатқанына біраз жыл болды. Шекелері шылқып отырғаны да шамалы. Баспаналары жоқ екені де белгілі сияқты. Оқушылардың қауіпсіздігін де ойлауымыз қажет. Құдай сақтасын, тұрғындар жағып отырған газ баллоны жарылатын болса, үлкен қайғыға тап боламыз ғой» деді депутат.

ЖАҢА МЕКТЕП ҚАЖЕТ Депутаттар барған екінші нысан Кирпичный кентіндегі 1966 жылы салынған №12 балабақша – бастауыш мектеп болды. Бұрын бұл ғимарат тек қана балабақша ретінде жұмыс істеп, кейін тоғыз жыл­дық мектепке айналған. Ақыры ғимарат оны көтермей, балабақша-бастауыш мектеп болып қалды. «Ғимарат 120 балаға арналған. Алайда қазір мұнда 372 бала 0-4 сыныптарда оқып жатыр, 40 балдырған балабақшаға барады. Екі ауысымда оқытып жатырмыз» деді нысан директоры Сәуле Қалқаманова. Депутаттардың сөзінше, ертеректе аталмыш кентте мектеп салу мәселесі көтерілген. Бірақ, бұл бастама жүзеге аспай қалды. «Балабақша-бастауыш

КОЛЛЕДЖ КӨШЕ АЛМАЙ ОТЫР

мек­­тепті жөндеп, балабақша ретінде ғана қалдыру керек. Осы маңайға бәрібір балабақшалар салу қажет болады» деді депутат Зейнолла Шібкенов. Рамзия Умербаева әріптесін қолдап, оқу сыныптарының орналасуына назар аударды. «Мұнда бір сынып арқылы екінші сыныпқа өту керек екен. Бұл жағдай оқу үдерісіне кері әсерін тигізеді» деді ол. Депутаттардың бәрі де кентке мектеп керек екендігіне тоқтады. «Жаңа мектепті осы балабақша-мектептің ауласында-ақ салуға болады. Оған жер көлемі толығымен жетеді. Ғимараттарды ысырудың да қажеті жоқ. Атап айтарлығы, мектепті салу мәселесін көтергенімде, осы ауданда тұрғын үйлер болған жоқ. Қазір мұнда 22 үй тұр. Олардың бәрі заңсыз салын-

ды» деді Зейнолла Рахымұлы. Нысан басшысы оның сөзін растап, балабақша-мектеп 5 гектар аумаққа ие екенін жеткізді. Оның айтуынша, ғимарат балабақша-бастауыш мектепке айналған соң 5 сынып пен одан жоғары сыныптардың оқушылары №55 орта мектепке жіберілді. «Бұрын балаларды қалай сыйдырғанымызға қазір таңғаламын» деді ол. Сондай-ақ, осы ғимараттың жертөлесін жер асты сулары да әредік басады екен. Балабақша-бастауыш мектеп басшылығы суды сорғызып тұрады. Оған арнайы көлік бөлінді. Сарыарқа ауданының әкімдігі мен Білім басқармасы да осы мәселе бойынша жәрдем беріп тұрады. Алайда, жағдай түбегейлі шешілмей тұр. Директор депутаттардан осы жағынан да көмек беруді сұрады.

Құрылыс-техникалық колледж ғимаратын күрделі жөн­ деу­ден өткізу жоспарланып отыр. Оның директоры Серік Малгелдиновтің сөзінше, жобалық-сметалық құжат әзірленіп, тиісті қаржы бөлінді. Алайда осы ғимаратта тағы энергетика және байланыс колледжі де білім беріп жатыр. Яғни, бір ғимаратта екі колледж орналас­ қан. Осы жағдай жөндеу өткізуге кедергі келтіріп отыр. «Біз ғимараттың бірінші қабатындағы жатақхананы алып отырмыз. Біздің оқу орнына тиісті ғимарат Ш. Қосшығұлұлы көшесінде салынды. Бірақ оған көше алмай отырмыз. Оның себебі, ғимаратқа апаратын жол салынбай, аула абаттандырылмаған. Осы жағынан бізге көмек берсеңіз» деді энергетика және байланыс колледжінің директоры Сәуле Өмірбекова. Депутаттар барған соңғы нысан № 8 орта мектеп болды. Білім басқармасы басшысының орынбасары Дулат Жекебаевтың сөзінше, апаттың алдындағы нысан болып танылған бұл мектепте өткен жылдың қыркүйегінен бастап білім беру үдерісі тоқтатылды. Орта мектепті күрделі жөндеуден өткізу туралы шешім шығарылды. Депутаттар бүгін де бірқатар бі­ лім беру нысандарын аралайды.

ТАСҚЫН ҚАУПІ ЖОҚ АСТАНА ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ АПТАЛЫҚ ЖИНАЛЫСЫНДА ҚАЛА ТІРШІЛІГІНЕ ҚАТЫСТЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ. Елорда әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун тұрғын үй құрылысындағы үлескер қатысушылардың мәселелері жөнінде мәлімет берді. Үлескерлер проблемасын шешу бойынша жүргізіліп жатқан шараларды баяндады. Әкімнің орынбасары Қосман Айтмұханбетов қала бойынша көктемгі су тасқынының алдын алуға қатысты жүргізіліп жатқан

жұмыс­тар жайында айтты. Бүгінде елорда аудандарының жеке секторынан қар шығару жұмысы жалғасуда. Сонымен қатар, қалаға жақын жатқан Майбалық көлінің үстіңгі жағына тексеру жүргізілген, оның қорытындысында қалың қардың жатпағаны анықталған. Түптеп айтқанда, Астанада су тас­ қынына қатысты жағдай тұрақты және бақылауда екен.


ЕЛОРДА ТЫНЫСЫ

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz

КОНДУКТОР ТАЛАБЫ ЖӨНСІЗ

БЕС БАСТАМА

БІЛІМДІНІҢ ЖҮЗІ ЖАРҚЫН Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында жарияланған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуінде Қазақстан халқының әл-ауқатын жақсарту туралы жаңа әлеуметтік бастамалар көтерілді. Аталған үндеудегі Елбасымыз ұсынған 5 бағдарламасы еліміздегі ең көкейтесті мәселелерді қамтиды. Мен мемлекеттік жоғары оқу орнының өкілі ретінде «Жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын жоғарылату және студент жастардың өмір сүру жағдайларын жақсарту» атты бағдарламасының білім беру сала­сына тигізер оң әсерінің өте мол екенін ерекше атап өткім келеді. Бағдарлама бүгінгі таңдағы білім беру саласында шешімін табуды талап ететін мәселелер мен олардың тиімді шешу жолдарын көрсетіп отыр. Сол себепті де, біз Елбасымыздың бұл бастамасын қуана қарсы алдық. Жаһандану заманында дамыған елдердің барлығы дерлік білім берудің сапасы мен қолжетімділігіне, сондай-ақ студент жастардың қолайлы жағдайда білім алуына үлкен басымдық беріп отыр. Яғни, білім алушыларға заманауи стандарттарға сай, ыңғайлы орта қалыптастыру сапалы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудың алғышарты болмақ. Елбасымыз ұсынған бағдарлама негізінде 2022 жылға қарай студенттерді кем дегенде 75 мыңнан жатын орнымен қамтамасыз ету ең ұтымды шешім болып табылады. Бұл бастама республиканың барлық өңірінде кездесетін студенттер жатақханаларының жетіспеушілігі мәселелесін толық шешеді. Президенттің бұл ұстанымы білімдінің қандай қоғамда да жүзі жарық болатынын тағы айғақтап беріп отыр. Бес бағдарламаның біріне кірген білім беру саласына қолдау көрсететін мұндай серпілістер алда даму жолдарына бастай беретініне нық сенім білдіргім келеді. Дамир БАЛТАБЕКОВ, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректоры

МІНСІЗ ҚЫЗМЕТ – МЕРЕЙЛІ МІНДЕТ ӘКІМДІКТІҢ БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫНДА «МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗ­ МЕТ КӨРСЕТУДІҢ САПАСЫН АРТТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА БРИ­ ФИНГ ӨТТІ. Брифингке ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Тілеген Қаскин, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров пен Білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин және Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Нұрғожина қатысты. Жиын барысында спикерлер өздері басшылық жасайтын мекемелерде өткен жылы қанша мемлекеттік қызмет көрсетілгенін атап өтті. Сонымен қатар жиында тұрғындардың уақытын тиімді пайдалануы үшін түрлі пилоттық жобалардың енгізіліп жатқаны сөз болды. – Балаларды балабақшаға, мектепке қабылдау, бала асырап алу немесе патронаттық қамқорлыққа алу, колледждерге құжат тапсыру сияқты білім басқармасында

мемлекеттік қызмет көрсетудің 37 түрі бар. Мысалы, өткен жылы 150 мыңға жуық мемлекеттік қыз­ мет көрсетілді, – деді өз кезегінде Әнуар Жанғозин. Тұрғындарды мекеме табалдырығын тоздырмай, үйлерінде отырып-ақ egov.kz электронды үкімет порталы арқылы барлық қызмет түрін алуға шақырған спикерлер мемлекеттік органдардың халыққа мінсіз қызмет көрсетуі басты міндет екенін алға тартты. Тілшілердің сұрақтарына жауап беру кезінде Камалжан Надыров медицина саласында қызмет көрсетуде жаңашылдық көп екенін баяндады. Оның айтуынша, бұдан былай кез келген елордалық бұрынғы медициналық тексеріс­ терінің қорытындысын электрондық базадан оңай таба алады. Бұл ақпарат оның өзіне де, дәрігерге де қолжетімді болмақ. Нәтижесінде бұл үрдіс қағазбастылықтан арылтатын көрінеді.

АСТАНА ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ ПАРЛАМЕНТ ПАЛАТАЛАРЫНЫҢ БІРЛЕСКЕН ОТЫРЫСЫНДА «ПРЕЗИДЕНТТІҢ БЕС ӘЛЕУМЕТТІК БАСТАМАСЫ» АТТЫ ХАЛЫҚҚА ҮНДЕУІНДЕ ЕЛДІ ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТУРАЛЫ НАҚТЫ АЙТЫЛҒАН БОЛАТЫН. БҰЛ ТҰРҒЫДА ҮКІМЕТ ТИІСТІ ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОЛҒА АЛДЫ. Қазіргі таңда Астананы, еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін газдандыру мақсатында газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Сарыарқа» магистральді газ құбырының құрылысы» жобасын әзірледі. Оған «Мемсараптама» РМК оң тұжырым жасады. Министрліктің Газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры Зияш Қияқбаевтың мәліметінше, қазіргі таңда «ҚазТрансГаз» АҚ 2018 жылдың маусым айында мемлекеттік сараптамадан өткізгеннен кейін іске қосу жоспарланған, жобалықсметалық құжаттаманы әзірлеу үстінде. – Бүгінде мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қатысуымен аталған жо­ба­

3

ның 1-кезеңін іске асыруға қатысты мәселелерді пысық­ тауға байланысты, соның ішінде ЕҚҚДБ, ЕАДБ секілді халықаралық қаржы институттарынан, сонымен қатар Қазақстан Даму банкі мен басқа да көздерден қаражат тар­ту арқылы тиісті шарттар мен қаржыландыру схемасы бо­йынша жұмыс тобы құрылуда. Осы жылдың маусым айы­ на дейін қаржыландыру мә­ се­лелерін шешу және шілде айы­ның басында магистральді газ құбырының алғашқы торабын дәнекерлеу­дің салтанатты рәсімін өткізу жоспарланып отыр, – дейді Зияш Қияқбаев. – Жобаны жүзеге асыру жыл сайын ЖЭЦ – 1,2,3 су жылытатын қазандарында жағылатын көмірдің орнын алмас­ тыру арқылы Астана үшін

әлеуметтік-экономикалық жағынан пайдалы әсерін тигізеді. Қысқартудың ықпалы жылына 36,1 мың тонна лас­ таушы заттар шығарындылары болады. Сондай-ақ халық көмірдің орнына табиғи газды пайдалануды жөн санайды деп есептейміз, өйткені газды отын ретінде пайдалану – еңбекті аз талап етеді әрі салыс­ тырмалы түрде ыңғайлы. Департамент директорының

айтуынша, «ҚазТрансГаз» АҚ ақпаратына сәйкес, жобаны қаржыландыру басталғаннан кейін «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана» бағыты бойынша магистральді газ құбырының 1-кезеңі бір жыл ішінде жү­ зеге асырылады деп көздел­ ген. Жалпы «Сарыарқа» магистральді газ құбырының 1-кезеңінің құны 267,3 млрд теңгені құрайды екен.

ҚАЛАІШІЛІК АВТОБУСТАРДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНІҢ 2016 ЖЫЛДАН БЕРІ ЖҮЗЕГЕ АСЫ­ РЫЛА БАСТАҒАНЫ БЕЛГІЛІ. БҰЛ ТҰРҒЫДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕР­ ДЕ ТЕГІН ЖОЛ ЖҮРУГЕ ЖЕҢІЛДІГІ БАР ЖОЛАУШЫЛАР, ЯҒНИ ЗЕЙНЕТ­ КЕРЛЕР ДЕ АРНАУЛЫ ҚҰЖАТТАРЫН «ASTRA PLAT» КАРТАСЫНА АЛМАС­ ТЫРУҒА ТИІС-ТІ. Нұрдәулет КӘКІШЕВ Бірақ кейбір жеңілдік иелері жаңа жү­ йе­ге бағынғысы келмейді. Мәселен, зейнеткерлердің көбісі карта алуға құлықсыз болса, ал картасы барлардың кейбірі жол жүргенде оны валидаторға өткізуге ерінетін тәрізді. Ал әр сапар сайын картаны валидаторға тигізудің алдағы жылдары бюджетті қалыптастыру үшін маңызы зор екенін айтады мамандар. Өйткені жеңілдікпен жол жүретіндердің шығыны жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Ресми ақпаратқа сүйенсек, Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жеңілдікпен жүретіндердің шығынын өтеу үшін тасымалдау­ шыларға жылына 1 млрд 300 млн теңге бөледі екен. Алайда жеңілдік иелерінің барлығын карта алуға шақырған кейбір кондукторлар картасы жоқтарға бұдан былай тегін жол жүру құқығы болмайтынын айтып, жалған ақпарат таратқан. Соның салдарынан санаулы күн ішінде «Astra plat» картасын алуға асыққан жұрт касса алдында ұзын-сонар кезекке тұрып, айғай-шу шығарған көрінеді. Бұл тұрғыда жауапты мамандарға хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрадық. – Негізінде қоғамдық көліктерде жеңілдікпен тегін жүретін жолаушылардың барлығы «Astra plat» картасын алып, оны әр сапар сайын валидаторға тигізіп тұруға міндетті екені рас. Бірақ оларды картамен қамту бір күнде жүзеге асатын жұмыс емес. Яғни алдағы уақытта жеңілдікке ие жолаушылардың барлығы біртіндеп арнаулы құжаттан картаға көшуі керек. Оған дейін сол құжаттарымен тегін жүруге құқықтары бар. Дәл қазіргі уақытта Астанада тіркелген 114 мың жеңілдікке ие азаматтың 80 мыңына карта берілген. Олардың қалғаны да неғұрлым жақын арада қажет картаны алып алғандары дұрыс. Алайда міндетті түрде екі-үш айдың ішінде үлгеруі керек деген шектеу жоқ. Өйткені күніне тек 800 карта ғана беріледі, – деген «Астана LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің директоры Науат Азанбаева, – кондукторлар арасында жолаушылардан төлем картасын талап етіп, картасы жоқтарына жол ақысын төлеткендері де бар екен. Біз кондукторларға жеңілдік картасын міндетті түрде валидатордан өткізу керектігін тапсырғанбыз. Бірақ оларға басшылық тарапынан картаны талап ету туралы тапсырма берілген емес, – дейді. Егер жолаушылардан тағы да осындай шағымдар түсетін болса, автопарк басшылығы қызметкерлеріне тиісінше шара қолданбақ. Мәселен, кондукторлар сыйақыдан қағылуы мүмкін. Ал егер олардың үстінен үш рет шағым түссе, онда бірден жұмыстан босатылмақ. Бірақ ондай жағдайдың әзірге болмағанын айтады мамандар.


4

РУХАНИЯТ

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

www.astana-akshamy.kz

ШОРТАНБАЙДЫҢ ШЫН АТЫ КІМ? НЕМЕСЕ ЖЫРАУДАН ҚАЛҒАН ЖӘДІГЕР

БИЫЛ 200 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТКЕЛІ ОТЫРҒАН ШОРТАНБАЙ ҚАНАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ АКАДЕМИК ІСМЕТ КЕҢЕСБАЕВ: «АБАЙ ОРЫСТЫҢ ПУШКИНІН КӨРСЕ, ШОРТАНБАЙ ПАТШАНЫҢ ПУШКАСЫН КӨРДІ» ДЕГЕН СӨЗІ ЖЫРАУДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДӘЛ БАҒАСЫН БЕРЕДІ. ЖАҚЫНДА ХАЛҚЫНЫҢ БОЛАШАҒЫНА ҚАЙҒЫРЫП, ЗАМАННЫҢ ЗАРЫН ЖЕТКІЗГЕН АҚЫННЫҢ ҚОЛТАҢБАСЫ ҚОЛЫМЫЗҒА ТИГЕНІН АЙТҚЫМЫЗ КЕЛЕДІ. ҚАСТЕРЛІ ТҰМАР-ДҰҒАНЫ САҚТАП КЕЛГЕН АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ, БЕЛГІЛІ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ҚАБЫЛСАЯТ ӘБІШЕВ РЕДАКЦИЯМЫЗҒА КЕЛІП, ЖӘДІГЕРДІҢ ЖАЙЫН ӘҢГІМЕЛЕП БЕРГЕН ЕДІ. Шортанбай Қанайұлының дүниеден өтерінде ел-жұртымен қайырласқан жырында біздің ел туралы «Тағы да сәлем айтайын, Қалың жатқан Сарымға» деп қайырады. Егер нақтырақ айтқанда, бұл жәдігер Семей облысы Қарқаралы уезі Әлтеке Сарым болысының белгілі тұлғасы Өтеміс Тоқсарыдан тарайтын Тәңірқұл атасының ақсақалы Қыстаубай немересі Жаныбай баласы Жұманның есімімен байланысты. Әулетте айтылып жүрген аңыз бойынша 1870 жылы күз айында досы Шортанбай Қанайұлы келіп қонады. Сол күні таң ата Жұманның әйелі босанып, ұл туады. Шаңырақ иесі дүние есігін ашып, қуанышқа шаттанған Жұман Шортанбайға:

«атын қойыңыз» деп қолқа салады. Шортекең Ибраһим деп сәбидің атын қойған екен. Бірақ өскен соң Ибраһим аты аталмай, «Ыбыш», «Ыбырай» деп аталып кетеді. Сол жолы сәбиге осы дұғаны жазып қалдырып, оның ақысына көк қошқар берген екен деген де сөз бар. – Одан бері де талай жыл өтті. Дұға кімнің қолында, қалай сақталып келген? – Шортекең жазған дұға Жұманның үйінде Ибраһимнің бесігіне байлаулы тұрған. Бала өскен соң толғақ қысқан жүкті әйелдердің толғағын жеңілдету үшін және сәбилер науқастанғанда осы дұғамен ұшықтайтын болған. «Кейде ат шаптырып алыс жерден ағайындар дұғаны алғызушы еді»

деп отыратын менің анам Шайза. Менің шешем Шайза – осы Ибраһимнің туған қызы, 2000 жылы дүниеден өтті. Ал дұға әкеден балаға өтіп, Ибраһим (Ыбырай-Ыбыш) шаңырағында, оның ұлы Мұсақанның қолында 1993 жылға дейін сақталып келді. 1993 жылдың қарашасында Қараталда Зейнолла Құдашбаев екеуміз Мұсекеңе сәлем беріп бара қалдық. Нағашым келіні Айткүлге: «Әлгі дұғаны әкелші» деп алдырды да: «Енді сен сақта, қадірін білесің ғой, Ыбыштың ұрпағысың, Шортекеңнің дұғасы шаңырағымыздың қасиетті заты еді» деп табыстады. Менің анамның туған ағасы Мұсекең осыдан кейін бір жылдан соң, 1994 жылы 93 жасында дүниеден өтті. Содан бері бұл дұға менде. – Шортанбайдың атына қатысты жәдігер ретінде зерттеушілерге көрсету ойыңызда болмады ма? – Марқұм Ақселеу Сланұлы екеуміз 1994 жылы Жоғарғы Кеңестің депутаты болып жүргенімізде, Әдебиет және өнер институтының қолжазба қорына арнайы апарып, белгілі көне жазу танушы Мақсұт Шапиғовқа оқыттық. Ол кісі: «Ескі қадиммен жазылған классикалық дұға» деді. «Қолжазба қорына тапсырмайсың ба?» деп Ақаң қолқа салды, көнбедім. Мұхтар Әуезов музей

АҚЫННЫҢ ОТБАСЫЛЫҚ СУРЕТІ

«Мына заман қай заман? Азулыға бар заман, Азусызға тар заман» деп жырлаған Шортанбай Қанайұлының жыр-тол ғаулары мен айтыстарынан басқа, зерттеушіғалымдардың жырау мұрасына арналған сын-зерттеулері жинақталған «Қай заман?» кітабы 2011 жылы Астана қаласында «Фолиант» баспасынан жарық көрді. Бізді елең еткізген нәрсе Шортанбай жыраудың отбасымен бірге түскен суреті еді.

Сұрастыра келе суреттің ізі Омбыдағы казачьий архивынан шықты. Ол туралы белгілі ғалым-зерттеуші Марат Әбсеметовтен мынадай жауап келді: «Шортанбайдың суреті Омбыдағы казачьий архивтен алынды. Оны мен «Астана – мыңжылдық тарихы бар қала» атты кітабыма енгізген едім. Шортанбай заманында Шұбыртпалы Ағыбай бастаған рудың қожасы, молдасы болған. Шу бойында Керегетас деген жерде медресе

ашқан (Шұбыртпалы-Жалайыр болысында). Ұрпақтары Балқаш, Шу жағында болған». «Қай заман?» жинағының түсініктемесінде осы томдықты тірнектеп құрастырған жазушы Кәмел Жүністегі еңбегін ерекше атапты. Суретте: ортада сәлде ораған ақсақал – Шортанбай ақын отбасы мүшелерімен бірге. Суретті түсірген А.Антонов деп көрсетілген.

үйіне Тұрсын Жұртбаевқа 1996 жылы әдемі жасалған ксерокопиясына түсінік жазып бердім. Осыған дейін қалың бұқараға жеткізбеге німіздің бір себебі бар. Алғаш рет Мақсұт Шапиғов дұ ғаны оқып шы ғып «мұнда Шортанбай деген сөз жоқ» деген пікірі де әсер етті ме, дұғаны өз отбасымның қымбатты жәдігері ре тінде сақтап, зейініміз басқа нәрсеге ауғандай болды. – Егер дұғада Шортанбай аты жазылмаса, онда қалайша ақынның атымен байланыстырып жүрсіздер? – Бертін келе оның бір жауабы мәтінде шығар деген оймен өткен жылы Айдаржан Қасеновке аударуға бердім. «Үшбу (тұмар) дұға Жұманға мүбәрак болсын. Дұғамызды Алла қабыл қылсын. Бұл дүнияда аман қылсын, Ахиретте иман үшін. Мұны жазғушы – Ғали қожа. Оқығандардан иман дұға үшін. Шын атым Молла Ғали Мұхаммед» деп жазылған. Осы жолдардан тағы бір жаңалық тауып отырмын. Демек, ілімді қожалар дұға жазғанда лақап атымен емес, шын атын жазады. Демек, «Шортанбай» – ақынның лақап аты. – Шынымен де, құпиясын ішіне бүккен тұмар! Неліктен Молла Ғали Мұхаммед аты ұмытылып, Шортанбай аталды екен? – Бұл сұрақ мені де мазалады. Маған анығы, дұғаның Шортанбай ақынның жазғаны. Елдегі белгілі қожалардан сұрастыра жүріп, мына бір нәрсеге қанықтым. Олар егер адамның дін ісімен емес, дүнияуи тірлікпен аты шығып жатса, онда Мұхаммед аты ауыр болады деп басқаша атайды екен. Бұл, бәлкім, пайғамбарымыздың есімін құрметтегеннен шыққан болар. Содан Шортанбай ақынның мұрасын жинақтап жүрген жазушы Кәмел Жүністегімен хабарластым. Ол кісі де ақынның шын атынан хабардар екен. «Әкем Шортанбайдың шын аты Ғали деуші еді. Бірақ қолымда дәлел

болмаған соң тек өзім ғана біліп жүріп едім» деп ақынның мерейтойы қарсаңында табылған жаңа дерекке қуанып қалды. Содан тағы бір жайт есіме түсіп, досым Ғалым Қожахметұлына телефон шалдым. Өйткені тоқсаныншы жылдары әкесінің: «балама Шортанбайдың атын беріп едім» деп айтқан сөзі есімде қалыпты. Кезінде Шортанбай қайда, Ғалым қайда деп мән бермесем керек. Өткенде тағы да Ғалыммен хабарласып, анықтап алдым. Ол да «Ғали» аты ақынның құрметіне қойылғанын, кейін туу туралы куәлік алғанда «м» әрпін қосып жазып жіберіп, Ғалым атандырғанын растады. Міне, осы деректер Шортанбайдың шын атын анықтап тұр. Не болғанда да, бұл – Шортанбай мұрасын зерттеушілер үшін тосын жаңалық. Мүмкін бүгінгі жас толқын ғалымдар арасынан ізденушілер табылып, тағы да зар заман жырауының беймәлім құпиялары ашыла жатар. Сұхбаттасқан Айгүл УАЙСОВА


ШАРТАРАП «АСТАНА АҚШАМЫ»

5

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

www.astana-akshamy.kz

ЕЛДІ ЕЛЕҢ ЕТКІЗГЕН

АТЫ ЖОҚ АУРУ АСҚЫНҒАЛЫ ТҰР Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мамандары жер бетіне жаңа кең ауқымды жұқпалы індеттің қатер төндіргелі тұрғанын жеткізді. Ұйым дәрігерлері әзірге шартты түрде «Икс кеселі» деп алған науқастың жұқпалылық жұрнағы анықталған жоқ. Бірақ соны сырқаттың аса қауіпті болып шығатынына еш күмәнданбайды. Оның қатері 1918-1919 жылдары жайлаған «испанка» жұқпалы ауруынан кем болмайтын сияқты. Ғалымдардың бағамынша, екі жылда онымен 550 млн адам ауырып, 50-100 млн адам қайтыс болған.

КИМГЕ КЕРЕГІ КЕЛІСІМ ЕКЕН ҚХДР лидері Ким Чен Ын АҚШ-пен бейбіт келісімге келіп, дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға «қатты құштарлық» танытып отыр. Бірқатар басылымдардың жазуынша, Ким өзінің бұл ниетін Пхеньянда Оңтүстік Корея делегациясымен кездесу кезінде білдіріпті. «Ким Чен Ынның түпкі мақсаты АҚШ-пен бейбіт келісімге келіп, қалыпты дипломатия­ лық қатынас орнату болып отыр» делінген хабарламада. Құрама Штаттармен бейбіт келіссөз жүргізуді кезінде Чен Ынның атасы да, әкесі де қалаған екен.

ЕРДОҒАН НАТО-ға ҚЫРЫН ҚАРАДЫ Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Африндегі операция кезінде көмек бермегені үшін НАТО-ның Сирияға байланысты позициясын қатты сынға алды. «Солтүстік альянс Сирияда болып жатқан оқиғаларды қашанғы жоққа шығара бе­ реді? Терроршылар Сирия территориясынан қайта-қайта атқылап жатқан кезде альянстан бізге қандай көмек болады?» деді ол. Anadolu агенттігінің жазуынша ұзындығы 911 шақырымға баратын Түркия-Сирия шекарасындағы тыныштық бәрінен қымбат. Осы мақсатта 20 қаңтардан бері өтіп жатқан «Зәйтүн операция­сы» біршама сәтті басталғанымен, аяғы тым созылып кетті.

МАСК ӨЗІНІҢ ЭЛЕКТРОБУСЫН КӨРСЕТТІ SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы америкалық кәсіпкер Илон Маск қалалар арасына қазылған тоннельмен жүретін электробусын көрсетті. «Мен мұны сағатына 150 мильдік (241 шақырым) жылдамдықпен жүретін жерасты автономиялы электрлі автобусы деп атауға болатын шығар деп ойлаймын. Ол автоматты түрде тоннельдер мен лифтілер арасында алмасып отырады. Бұл тұрғыдан келгенде, ол автобус та бола алады» деп жазды Илон Маск «Твиттер» әлеуметтік желісінде. Бизнесмен жақын арада көптеген қалаларда өзінің шағын стансалары пайда болатынын айтты.

ШЫН ЕЛІ САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАЛАЙДЫ ҚЫТАЙ ТАҒЫ ДА ӘЛЕМ НАЗАРЫН ӨЗІНЕ АУДАРДЫ. ЖЕКСЕНБІ КҮНІ БЕЙЖІҢДЕ ӨТІП ЖАТҚАН БҮКІЛҚЫТАЙ ХАЛЫҚТАРЫ ӨКІЛДЕРІ ЖИЫНЫНЫҢ XIII ШАҚЫРЫЛЫМЫ 1-ШІ СЕССИЯСЫНЫҢ ҮШІНШІ ПЛЕНАРЛЫҚ ОТЫРЫСЫ КОНСТИТУЦИЯҒА ЕЛЕУЛІ ТҮЗЕТУ ЕНГІЗДІ. ОСЫҒАН СӘЙКЕС, ҚЫТАЙ ЛИДЕРІ СИ ЦЗИНЬПИН ЕНДІ ШЕКТЕУСІЗ МЕРЗІМГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ БОЛЫП САЙЛАНУ ҚҰҚЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ. Серік ПІРНАЗАР Оның «жаңа дәуірдегі қытай ерекшелігі бар социализмді дамыту» деген тұжырымдамасы негізгі заңның кіріспесінде Мао Цзедун мен Дэн Сяопиннің идеялары қатарында тұратын болды. Сессияда үш мыңға жуық депутат конституцияға түзету енгізуді қолдаса, екі адам қарсылық білдірді, тағы үш адам қалыс қалды. Осылайша, бұған дейін мұнан бөлек Қытай Компартиясы орталық комитетінің бас хатшысы және армия қолбасшысы деген екі бірдей жоғары мемлекеттік лауазым тізгінін ұстап келе жатқан ҚХР төрағасы 2023 жылы өзінің билікке келгеніне 10 жыл толатын мерзімде үшінші рет сайлана алатын болды. Сөйтіп, мемлекет басшысының орнына мұрагер іздеу мәселесі бірнеше жылға, белгісіз бір кезеңге кейінге шегерілді. Бірақ бұл әңгіме кешелі-бүгін, аяқ астынан пайда бола салған жоқ. Ол өткен жылы жаздан бері әр жерде айтылып жүрді де, қазан айында өткен Қытай Компартиясының XIX съезінде өзінің алғашқы негізін қалады. Сол жолы Аспан асты елі тарихтың жаңа беттерін ашып, қазір айтылып жатқан «социализмнің қытай ерекшелігі бар жаңа дәуірі» деген ұғымды бірінші рет қолданысқа шығарды. Бұл дәуірге бұрын-соңды болмаған дәрежеде топтасқандықпен кіру партияның басты ұраны ретінде ұсынылды. Съезд делегаттары осы мақсатта Си мыр­

заның есі­мін көзі тірісінде-ақ бұрынғы көсемдер Мао Цзэдун­ мен және Дэн Сяопинмен бірге жарғыға енгізді. Осылайша бір адамның төңірегіне топтасу идеясы партия уставы арқылы шегелене түсті. Ал биылғы 24 ақпанда Коммунистік партия өзінің лидерін шектеусіз мерзімге дейін мемлекет басшысы етіп тағайындай беру жөніндегі ұсынысты алғаш рет жалғанның жарығына алып шықты. Соның нәтижесінде партия мемлекет басшысын шектеусіз мерзімге сайлау жө­ нінде конституцияға түзету енгізуді ұсынған еді. Міне, арада жарты ай уақыт өткенде бұл мәселе Бүкілқытай халықтары өкілдері жиынында қаралып, түпкілікті заңдастырып шығарылды. КХР-дың 64 жастағы төрағасының ойынша, билікті орталыққа шоғырландыру бұдан төрт жыл бұрын қолға алынған мемлекетте, қоғам мен экономикада құрылымдық реформа жүргізуге көп септігін тигізеді. Сессияда қабылданған діңгекті шешімдердің қатарында шенеуніктер мен мемлекеттік компанияларға қадағалап қарап отыруды жүзеге асыратын, биліктің тармақтарына бағынбайтын мемлекеттік бақылау комитетінің құрылуы бар. Оның жұмысына әкімшілік мекемелер де, жекелеген тұл­ ғалар да араласа алмайды. Бү­ кілқытай халықтары өкілдері жиынының құқықтық жұмыс­ тар жөніндегі тұрақты комис­ сия­сының төрағасы Шэнь Чуньяо мырзаның түсіндіруінше,

КХР төрағасы мен төраға орынбасарына шектеусіз мерзімге дейін сайлана беруге құқық беретін конституциялық өзгерістер елдегі өзгерістер мен теориялық тапсырмаларды заң жүзінде қорғаудың нақты шарасы болып табылады. Бұл елді өркендетудің жинақталып қалған жаңа тәжірибесін іс жүзіне асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оның сабақ­ тастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қытай сонымен бірге бұдан бұрын белгілеген бағытынан таймайтынын тағы көрсетіп беріп отыр. Мәселен, ол қытай юанін жақын келешекте әлемнің резервті валютасы ету идеясынан бас тартқан жоқ. Қытай Халық банкі басшысы Чжоу Сяочуань мырзаның айтуынша, Аспан асты елінің қаржы нарығы бұдан әрі барынша ашық жағдайда дами беретін болса, бұған қол жеткізу оншалықты қиын болмайды. Ол бұған қажетті негізгі процедуралардың бәрінің жасалып қойылғанын жеткізді. Осылайша юань Халықаралық валюта қорының шеңберіндегі арнайы қарыз берушіліктің SDR кәрзеңкесіне доллар, еуро, йена және фунт стерлинг секілді ұлттық валюталармен бірге еніп қойған. Қытай сауда саласындағы бұрынғы белсенді әріптестерінен де айырылғысы жоқ. Мысалы, КХР мен АҚШ арасында қазіргі таңда жасырын «сауда соғысы» жүріп жатқанымен, Бейжің бұл тұрғыда Вашингтонға деген көзқарасын күрт өзгерте қоймайды. Қытайдың ком-

мерция министрі Чжун Шаннің мәліметінше, соңғы 40 жылда бұл екі ел арасындағы сауда көлемі 232 есеге өсіп, өзара инвестицияның жалпы сомасы 230 млрд долларға жеткен. Ол алда қандай бір кедергілер болса да, Қытай өз мүддесін қорғай алатынына сенімді. Сол себепті де Қытай мен АҚШ қазіргі жағ­ дайдағы екі арада кездесіп қалып жатқан кедергілерді жоюға арналған келісім процесін жалғастырып тұру қажет. Қазіргі таңда Бейжің әскери салада да алға қойылған бағыттан танбауға бел байлап отыр. Ол мұның алдында ғана, наурыздың бас жағында Бүкілқытай халықтары өкілдері жиы­­нының жыл сайынғы сессия­ сында бекітілген бюджеттен айқын көрініс тауып тұр. Дә­ тіне берік ел осында әскери бюд­жетті 1,11 трлн юань, яғни 175 млрд доллар көлемінде етіп бекітті. Бұл – мұның алдындағы жыл деңгейінен 8,1 пайызға артық. Әлемдегі қақтығыстар және татулық, қаруландыру және қарусыздандыру мәселелерін зерттейтін халықаралық Стокгольм институтының дерегінше, Қытай әрдайым өзінің әскери саладағы бюджетін төмендетіп көрсетеді. Шын мәнінде оның қорғаныстағы шығынының шынайы мөлшері 25-50 пайыздың үстінде болуы ғажап емес. Сол себепті, әскери сарапшылар ҚХР көрсетіп отырған қазіргі шығынның өзі бірқатар қаржыландыру нысандарын қамтымай отыр деп есептейді. Дәлірек айтқанда, стратегиялық күштерге, ғылыми-техникалық қорғаныс құралдарына, шетелдік қаруларды импорттауға, халықтық қарулы полицияға бөлінген қаржы бұл тізімге енбеуі де мүмкін. Сол сияқты провинциялардағы биліктің әскери мұқтаждықтары үшін жұмсалатын шығындары көп жағдайда ресми мәлімдемеге кірмей қалады. Сонымен, өзінің дамудың жаңа кезеңіне бет бұрғанын айғақтап берген Қытай елі мұнда алға қойылып отырған барша міндет-мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін бір адамның төңірегіне топтаса түсу, оның билігі мерзімін барынша ұлғайту бағытын заң жүзінде біржола бекітіп алды. Бірақ бұған әлем елеңдеп қарағанмен, пәлендей айып тағып, күстаналай алмай отыр.


6

20

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

02

5 ҚАҢТАР – «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын құру туралы Елбасы Жарлығы күшіне енді. 26 АҚПАН – ҚР Президенті

Н.Ә.Назарбаевқа Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық сыйлық тапсырылды.

28 АҚПАН – Астанада «Де-

меу» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясы ашылды.

4 НАУРЫЗ – ҚР Президенті

Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» және «Қазақстан-2030» кітаптарын таныстыру рәсімі өткізілді.

5 НАУРЫЗ – Қазақстан

Журналистер одағының Астана бөлімшесі құрылды.

7 НАУРЫЗ – ҚР Прези-

денті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

26 НАУРЫЗ – Вашингтонда Қазақстанға нарықтық экономикалы ел мәртебесі берілгені туралы жарияланды.

«БƏЙТЕРЕК» 2002 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен «Бәйтерек» монументі салтанатты түрде ашылды. Өзінің идеясы бойынша салынған ғимараттың ашылу рәсіміне қатысқан Елбасы Н.Ә.Назарбаев Конституция күні қарсаңында сәулет өнерінің тағы бір ерекше туындысының Астана ажарын аша түскендігіне тоқталды. «Бәйтерек» – сәулет өнерінің бірегей туындысы. Ол бейбіт өмір мен келісімге ұмтылған барлық қазақстандықтардың ғұмырлық мұратын білдіреді. Әлемдік сәулет өнерінің жоғары талаптарына толығымен жауап беретін бұл нысанның биіктігі – 97 м,

диаметрі – 27 метр. Негізгі есікке бастайтын әшекейлі темірбетон саты жер бетінен 4,8 м жоғары орналасқан. Композициялық нысан үш бөліктен тұрады. Жерасты бөлігі – ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын

13 СӘУІР – Каспий теңізін-

де алғаш рет қолдан жасалған арал пайда болды.

4 МАУСЫМ – Астанадағы

«Қазақстан» спорт сарайында бокстан Х әлем кубогы салтанатты түрде ашылды.

6 МАУСЫМ – Кеңестер

Одағының екі мәрте Батыры, даңқты ұшқыш, жерлесіміз Талғат Бигелдинов 80 жасқа толды.

4 ШІЛДЕ – Ақмола облы-

сы Целиноград ауданына қарасты Талапкер ауылы маңынан археологтар көне қаланың орнын тапты.

АҚНҰР – 500000-ШЫ ТҰРҒЫН Бүгінде әлем тани бастаған елордамыз күннен-күнге көркейіп, көрген жанды сәулетімен ғана таңғалдырып қоймай, демографиялық жағынан да өсе түсуде. Кейінгі кезде алып құрылыс алаңына айналған бас қалаға қоныс аударушылар да толастар емес. Әсіресе, төр қаладағы бала туу көрсеткіші қуантады. Күн сайын дүние есігін ондаған сәби ашып, Астананың жаңа тұрғыны атануда.

3 ҚЫРКҮЙЕК – ҚР Пре-

зиденті Н.Ә.Назарбаев Йоханнесбургте БҰҰ-ның Тұрақты даму жөніндегі бүкілдүниежүзілік конференциясында сөз сөйледі.

9 ҚЫРКҮЙЕК – Қазақстан

мен Өзбекстан Республикасының 2440 шақырымға созылған мемлекеттік шекарасы айқындалды.

Міне, бүгін маңдайы жарқырап іңгәлаған Ақнұр Әбжанова есімді періште Астананың 500000-шы тұрғыны атанды. Сәбидің әкесі Ержан Еркінұлы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде жүргізуші болса, анасы Ләззат Серікқызы – №9 гуманитарлық-экономикалық лицейінде бастауыш мектеп мұғалімі. Сәбидің салмағы – 2,8 кг, бойы – 51 см. Қыз баланың есімін әжесі Мәкен ырымдап Ақнұр деп қойыпты.

білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Оған қол табы тигенде шиыршық түрінде жарық ағып түсіп, сәуле алақанға құйылады және Қазақстанның Мемлекеттік әнұраны ойналады. Одан кейінгі қосымша өз негізінен бөлініп, жер бетіне қалықтап тұрғандай әсерге бөлейді. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы – 70 тонна, ал алтын шардың үстіңгі ауданы – 1553 метр. Осынау ғаламат шардың панорамалық залынан Астананың кешегі және бүгінгі сәулеті – «ескі» және «жаңа»

көрінісін тамашалауға болады. Алтын шар мен ғимараттың негізгі кіреберісі бір-бірімен «оқпан» деп аталатын салмағы 695 тонна металл құралыммен байланысып, жалғасқан. «Бәйтерек» кешенінде келушілердің демалып, асықпай отырып төңірегін көруге мүмкіндік беретін дәмхана да бар. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы, қазақ халқының қайта өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттілігінің, биіктік пен тереңдіктің, кеңдіктің белгісі, дархандықтың көрінісі іспетті. Ол – елорданың халық көп баратын жерінің бірі.


№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

20

ГҮЛ САҒАТ Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің тұсында Ақбұлақ өзенінің жағасынан аумағы 1088 текше метр гүл сағаты орнатылды.

7

02

14 ҚЫРКҮЙЕК – Астана қаласындағы «Шұбар» кентінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «VITA» ас суын шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды.

Бұл әлемдегі ең ірі гүл сағат саналады. Өйткені оның циферблаты – 11,5 метр. Ал бұған дейінгі Стокгольм мен Мәскеу қалаларындағы гүл сағаттың циферблаты 8 метрден аспайтын болған. Жаз кезінде елордаға көрік беріп тұратын сағат тілдері жеңіл алюминийден жасалған. Үлкен тілі – 5 метр, кіші тілі – 3 метр. Шымтезек құмыралардың астына электр механизм орнатылып, ол ирезине, ақ бегония, сары және алқызыл раушан гүлдерімен көмкерілген.

21 ҚЫРКҮЙЕК – Астана

қаласының халықаралық әуежайында жаңа «АН-140» ұшағының тұсаукесері өтті.

5 ҚАЗАН – «Конгресс-холл»

РЕСЕЙ ЕЛШІЛІГІ Астанада Алматы қаласынан толықтай көшіп келген Ресей Федерациясының елшілігі ашылды. Салтанатты рәсімге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Юрий Мерзляков қатысты. Кейінгі жылдары екі мемлекет арасында тату көршілік пен ынтымақтастықтың маңызды аспектісі сауда-экономикалық байланыстар бұрынғыдан да нығая түсті.

сарайында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Шерхан Мұртазаның 70 жылдығына арналған салтанатты кеш өтті.

17 ҚАЗАН – Қазақстан Ре-

спубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанға сапармен келген БҰҰ Бас хатшысы К.Аннанмен кездесті. Аталған оқиға елдің саяси өмірінің көрнекті оқиғасы және Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы дамуының маңызды кезеңі болды.

23 ҚАЗАН – Түркістан қаласында қазақтардың екінші дүниежүзiлiк құрылтайы өтті.

18 ЖЕЛТОҚСАН – Қа-

зақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Ресейге жұмыс сапары болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен В.Путин Кремльдегі жұмыс кездесуінің үстінде 2003 жылды Қазақстандағы Ресей жылы деп жариялады.

ЖАҢА СҮТ ЗАУЫТЫ Сүт өнімдерінің жаңа түрлерін заманауи технологиялармен өндіретін үлкенді-кішілі зауыттар саны бүгінгі таңда елордада аз емес. Енді, міне, осы қатарға жақында Көктал кентінде тағы бір сүт зауыты қосылып, тұсауы кесілді. Осы зауыттың директоры Қаныбек Садықовтың айтуынша, іске қосылған кәсіпорыннан тәулігіне бір тоннадай сүт өндіріледі екен. Мұнда қазір 153 адам еңбек етеді. Негізінен, айран, қаймақ, кілегей, ірімшік секілді сүт өнімдері шығарылатын бұл зауыт болашақта өнім көлемін бұдан да көбейтетін болады. Нақтылай түссек, ол тәулігіне 50 тоннаға дейін өнім өндіруді жоспарлаған. Қазірдің өзінде тұтынушылар тарапынан сұраныстар көптеп түсуде. Көпшілікті өнімнің сапасы мен бағасы толық қанағаттандыратын көрінеді.

19 ЖЕЛТОҚСАН – Астананың жаңа орталығында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының ғимараты пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. 21 ЖЕЛТОҚСАН – Л.Гу-

милев атындағы Еуразия ұлттық университетінде көрнекті ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің «Тарихқа дейінгі түркілер» кітабының тұсаукесері өтті.

23 ЖЕЛТОҚСАН – Қа-

зақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен Қытай Халық Республикасының президенті Цзян Цзэминь Қытай мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Дайындаған Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ


8

100 ЖАҢА ЕСІМ

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

Еліміздің «100 жаңа есім» жобасына енгендердің бірі – республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» опера және балет театрының жетекші солисі Медет Шотабаев. Музыка майталманымен ретін тауып сұхбат құрған болатынбыз.

ДОМИНГОМЕН

Н АЙТ АН

Нұрдәулет КӘКІШЕВ

ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕГЕН ЖІГЕР «Қыз Жібек» операсында Төлеген болып ән шырқаса, «Мадам Баттерфляй» операсында Пинкертонның, ал «Травиата» операсында Альфредтің партиясын орындайтын Медет Шотабаевтың ән қоржынында басқа да классикалық әндердің қатары аз емес. Кең диапазонды даусымен көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп жүрген өнер иесі сұхбат барысында әңгімені әріден бастады. – Бала кезімде эстрада жанрын жақсы көретінмін. Шынымды айтсам, операны тыңдай бермейтінмін. 9-сыныпты бітірген соң 15 жасымда Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледжге түстім. Онда оқуға түсуімнің өзі қызық болды. Негізі, музыкант болуыма әкем қарсы еді. «Балам, ол ер адамның жұмысы емес қой, одан да басқа мамандықты таңдасаңшы» деді әкем. Бірақ анам өнер адамы болғанымды қалады. Содан «тапсырып көрейін, өтпесем 11-сыныпты бітіріп, басқа мамандық таңдармын» деп ойладым. Бір күні қаперімде ештеңе жоқ, Бағдат деген ағамның үйінде жүргенмін. Анам хабарласып: «Балам, тез кел. Колледжде іріктеу болып жатыр» деді. Мен жуынып-шайыну, шашымды тарау былай тұрсын, тізесі шығып кеткен шалбарымды, созылып кеткен жейдемді ауыстырып үлгерместен, аяғымдағы тәпішкемен жетіп бардым, – дейді М.Шотабаев. – Барсам, талапкерлер көп екен. Мен ең ақырғы болып кірдім. Сынақ барысында мұғалімдер халық әндерін сұрады. Бірақ мен білмейтінімді, тек эстрада әндерін орындайтынымды айттым. Анамның: «Балам, ұялма, билеп, даусыңды қатты шығарып айт» дегені есіме түсіп, билей жүріп ән айтып шықтым. Бір қарасам, балалардың бәрін күлкі қысып отыр екен. Бір нәрсе дұрыс емес пе деп ойлап қалдым. Тапсырмалар беріп, даусымды тексерген соң мұғалімдер «Шыға тұр» деді. Іле соңымнан ере шыққан бір кісі мені көрсетіп: «Мына баламен кім келді?» деді айғай салып. Сөйтсем, анам анадай жерде ұялғаннан көпшіліктің қалқасына тығылып тұр екен. «Ертеңгі емти-

ханға ақ көйлек пен қара шалбар киіп келсін!» деп тапсырды. Осылайша, оқуға түстім. Жалынды жігіт бағына орай Семей өңіріне белгілі, өзіндік орны бар әнші, білікті оқытушы Нұрлан Көшеровтің сыныбында оқыпты. – Колледжде эстрада жанры бойынша оқимын деп ойлағанмын, негізі. Басында қиын болды. Сабақтың мәнісін түсінбедім. «И-и-и-и» деген дыбыстарды қайталататын. Маған бұл аса қажет емес сияқты болып көрінетін. Бірақ әкем қарсы болып, әрең түскен оқуым ғой, не де болса шыдап, оқи берейін деп бекіндім. Бәрі мұғалімге де байланысты екен. Нұрлан аға мені үнемі жігерлендіріп жүрді. Сөйтіп, даусыма біраз жан бітіп, операға ұқсай бастады. Содан Алматыдағы республикалық байқауға қатысып, 2-орынға ие болдым. Осы жүлденің арқасында Құрманғазы атындағы консерваторияға емхтихансыз оқуға түсуге жолдама алдым, – дейді өнер иесі.

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР 2003 жылы колледжді ойдағыдай тәмамдаған соң Медет арман қуып, Алматыға барып, Құрманғазы атындағы консерваторияда ҰОС ардагері, КСРО халық әртісі, профессор Бекен Жылысбаевтың сыныбында оқып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып шығады. – Консерваторияға түсу де оңай болмады. Құжат тапсыруға бір күн кешігіп қалыппын. Ондағылар маған енді келесі жылы келуім керектігін айтты. Сан соғып қалдым. Бір жыл бойы ән айтпасаң, дауысыңнан айырыласың. Жылдар бойғы еңбек еш кетеді ғой. Не істерімді білмей, Нұрлан ағаға хабарластым. Оның нұсқауы бойынша Бекен аға Жылысбаевқа барып, жағдайды түсіндірдім. Ол ректорға ертіп апарды. Бірақ оқу орнының басшылығы: «Бұл бала бүгін-ақ өзінің кім екенін көрсетті. Егер біз оны қабылдасақ, ертең ол сабаққа келмей қояды» деді. Содан мен дер кезінде жолға шығуға ақшамның болмағанын айттым. Хош, Бекен аға егер менің тәртібім нашар болған жағдайда өзі де жұмыстан шығатыны туралы өтініш жазып, ақыры консерваторияға қабылдандым, – дейді Шотабаев. «Талаптыға нұр жауар» дегендей, Бекен Жылысбаевтай нар тұлғалы

ұстазының атына кір келтірмес үшін жалынды жігіт тынбай еңбектеніп, қамшы салдырмай сабағын оқиды. Соның нәтижесінде 3-курстың басында «Дегдар» гуманитарлық қорының қолдауымен Италияға оқуға жіберіледі. Теңіз жағасынан орын тепкен Пезаро қаласындағы Рената Тебальди және Марио дель Монако академиясында Марио Милани сыныбында екі жыл оқыған Медет елге оралып, консерваторияның 5-курсын Шахмардан Әбіловтің сыныбында бітіріп шығады. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында солист болып еңбек жолын бастаған ол 2013 жылдан бері елордадағы «Астана Опера» опера және балет театрында қызмет етеді. – Бірде Мәскеуде өтетін Глинка атындағы халықаралық вокалшылар байқауына жолдама алғанмын. Бірақ тура аттанардың алдында жол шығынымды өтеуге көмектеспек болған кісілер қол ұшын беруден бас тартты. Содан не істерімді білмей, Бекен ағаға барып, мұңымды шақтым. Әрине, ақша сұраған жоқпын, тек рухани қолдау күттім. Мені мұқият тыңдап отырған Бекен аға қызын шақырды да, әмиянын алдырды. Жинап жүрген зейнетақысын маған тұтастай қолыма ұстатып: «Мә, мейлі, орын ал-алма, бастысы, қатысып кел. Әйтпесе, кейін өкініп жүрерсің» деді. Шынымды айтсам, ондайды күтпеген едім. Сөйтіп, ұстазымның батасын алып, Мәскеуге аттандым, – дейді Медет. – Байқауға әлемнің кіл мықтылары қатысты. Мен де елімнің намысын қолдан бермеуге тырысып, І-ІІ кезеңдерден өтіп, финалға жет-

тім. ІІІ кезеңде ән айтып болған соң көрермен қатты қошемет көрсетіп, «Браво» деп айқайлап, мені сахнадан жібергісі келмеді. Бірақ бұл концерт емес, сайыс қой. Сондықтан басымды иіп, құрмет көрсеттім де, сахна сыртына шығып кеттім. Алайда сол кездегі орындағаныма аса көңілім толмаған болатын. Дегенмен «үмітсіз шайтан» дейді. Ертеңіндегі марапаттауда І орынға ие болғанда, төбем көкке екі елі ғана жетпей қалды. Бірден сүйіншілеп, тілеуімді тілеп отырған Бекен ағаға хабарластым. Ол кісі қатты қуанғаннан жылап жіберді.

www.astana-akshamy.kz

ОПЕРА ОТАНЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТУ ОҢАЙ ЕМЕС Түрлі байқауларда бақ сынап, Франция, Италия, Германия, Швейцария, АҚШ, Бразилия, Жапония сияқты әлемнің көптеген елдерінің үлкен сахналарында өнер көрсетіп жүрген солист 2009 жылы Финляндияда өткен «ХХІ ғасыр өнері» халықаралық байқауы мен 2012 жылы Румынияда өткен Х.Даркле атындағы халықаралық вокалшылар байқауында гран-приді жеңіп алған. Бұдан басқа да талай халықаралық ән бәйгелерінде ат оздырып, жүлделі орындарды олжалаған кейіпкеріміз: – Әсіресе, Италия сахнасында ән айту қиындау. Өйткені Италия операның отаны болғандықтан, онда опера әндері халық әні іспетті. Кез келген итальялық әннің мәтінін жатқа біледі. Сондықтан ол жақта сөзден немесе дыбыстан мүлт кетсең, сені әнші деп қабылдамайды. Ал тенор дауыстылар Италияда жоғары бағаланады. Әуежайдан түскен уақытта бақылаудан өткізетін құқық қорғау қызметкерлері қандай себеппен барып тұрғаныңды сұрағанда, концертке қатысатыныңды, опера әншісі екеніңді айтқанда ерекше құрметпен қарай бастайды. Ал тенор дауысты екеніңді айтсаң, олармен тіпті арқа-жарқа болысып қаласың, – дейді сөз арасында. Қазақ, орыс, итальян, неміс, француз, ағылшын, испан тілдеріндегі опералық әндерді орындайтын 37 жастағы әнші бүгінде әлемнің сақа солистерімен де бірге өнер көрсетіп жүр екен. – «Астана Опера» опера және балет театры – елордадағы ғажайып ғимараттардың бірі. Тіпті шетелдік өнер жұлдыздарының өзі мұнда келгенде таңдай қағады. Мысалы, жақында біздің театрға әлемге әйгілі Пласидо Доминго келіп, жоғары деңгейдегі халықаралық байқау ұйымдастырды. Байқау өткен соң «Травиата» спектаклі қойылып, сол кезде маған Пласидо Домингомен бірге ән айту бақыты бұйырды. Армандарымның бірі орындалды. Енді ол мені келесі жылы Лос-Анджелеске шақырып отыр. Өте қуаныштымын, – деген әнші өнер тұлғалары Әлібек Дінішев пен Ермек Серкебаевты және Лучано Павароттиді пір тұтатынын айтады. – Ән айту – мен үшін тек жұмыс қана емес, бар өмірімнің мәні. Соған орай жарым да опера әншісі. Онымен үйдегі тақырыбымыз да ортақ, ол – музыка. Бойымда тек бір әттеген-ай бар, әкем Мұхаметсадық Құрмашұлының өнердегі жетістіктерімді көре алмай кеткені өкінішті. Ол мен колледжге түскен соң бір жылдан кейін өмірден өтті. Бірақ оның аруағы разы шығар... Сұхбат соңында Медеттің күнделікті дауыс қою дайындығына куә болдық. Алдымен күйсандықтың әуені күмбірлей естілді. Содан соң «М-м-м-м», «М-М-М-М». Осылай төмен нотадан ары қарай жоғарылай береді. Тыңдасаң, құлақтың құрышы қанады екен. Беу, шіркін!


МӘДЕНИЕТ

9

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz

ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНДА – ЖАҢА ТӨРАҒА

«КІТАП – ӨМІР ҰСТАЗЫ» ДЕПТІ АУЗЫ ДУАЛЫ БІР ДАНЫШПАН. ҚАЛАЙ АЙТСА ДА, ДӘЛ ТАУЫП АЙТҚАН. СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ КІТАП ОҚУҒА ДЕГЕН ЫНТАСЫ ҚАЙТА ОЯНДЫ. ОНЫ ҚАЙДАН БІЛЕСІЗ ДЕЙСІЗ ҒОЙ... ЖАҚЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІ МЕКЕМЕСІНДЕ БОЛДЫҚ. ІРГЕЛІ ҰЖЫМНЫҢ АТҚАРЫП ОТЫРҒАН ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫҚ. СОНДА ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТҚАН КӨПТЕГЕН ЖАҚСЫ ІСТЕРГЕ КУӘ БОЛЫП, КӨЗІМІЗ ЖЕТТІ. ӘКІМДІК ҚАРАЖАТ БӨЛДІ Бүгінде аталған мекемеге 18 кітапхана қарайды. Соның ішінде алты балалар кітапханасы, бір зағиптарға арналған кітапхана, қалғаны салалық кітапхана болып саналады. Онда 700 мыңға тарта кітап қоры сақталған. Оның 200 мыңға жуығы – қазақ тілінде жарық көрген дүниелер. Кітапханалар жүйесіне елорда бойынша 70 мыңнан астам оқырман тіркелген. Оның тең жарымы – балалар. Әсіресе, жас жеткіншектердің кітапқа деген қызығушылығы артқаны қуантады. Барлық ұжым интернетпен толық қамтылған. – Біздің кітапханаларда біраз жаңалық бар, – деп сөзін бастады мекеме директоры Гүлбадан Мәдібаева. – Қазір озық технология дәуірі. Сондықтан біз де одан шет қалып отырған жоқпыз. Барлық кітапхана «Рабис» бағдарламасымен жұмыс істейді. Электрондық каталог бар. Оқырмандар сол арқылы жылдам тіркеледі. Бір сөзбен айтқанда, бәрі автоматтандырылған. Бізге үш жыл бойы кітап сатып алуға қаржы бөлінбеген еді. Көбінесе мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген жинақтарды тегін алып отырдық. Биыл оқырмандар сұранысына орай кітап сатып алуға әкімдіктен қомақты қаржы бөлінді. Енді көркем әдеби кітаптармен бірге түрлі танымдық дүниелер, балаларға арналған энциклопедиялар сатып алуға тапсырыс бердік. Мерзімді баспасөзге молынан жазылдық. Әсіресе, кітапханаға 30-50 жас аралығындағы адамдар бас сұғады. Жеткіншектер де жиі келеді, – дейді Гүлбадан Сақтапқызы. ОҚЫРМАНДАР ЖИІ ХАБАРЛАСАДЫ Бірде шетелдік порталдан мынадай деректі көзім шалып қалды. Мәселен, Еуропада 500 адам орналасқан елді мекенде бір кітапхана жұмыс істейді екен. Ал бізде қалай? Айталық, бүгінде елорда тұрғындарының саны миллионнан асты. Демография қарқыны күшті. Әсіресе, жас балалар бәйшешектей қаулап өсіп келеді. Олардың білімге деген, кітапқа деген ынтасы ерен. Бәрін көріп-білсем

КІТАПХАНА – ЖАН АЗЫҒЫ

деп тұрады. Мәселен, Алматыдағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 40-тан астам филиалы жұмыс істейді. Ал бас қалада – 18. Аз ба, әрине аз. Тұрғындар жиірек қоныстанған Пригородный, Өндіріс, Қырқыншы, Көктал-2 секілді кенттерде кітапхана атымен жоқ. Оны айтасыз, Есілдің сол жағалауында бір қалалық кітапхананы көзіңіз шалмайды. – Бізге осы мәселемен оқырмандар жиі хабарласады. Амал жоқ, қолымыз қысқа. Оңтайландыру кезінде көп кітапханалар жабылды. Мәселен, Қырқыншы кентінде кітап қоры мол кітапхана болған. Оның ғимараты емханаға берілді де, кітапхана жұмысын тоқтатты. Бұйырса, жыл соңына дейін осы жерден ашылады деп отырмыз. Бізге көбінесе кітапханаға лайықты ғимарат табу қиын. Одан кейін адамдар тығыз орналасқан «Жағалау» ықшам ауданынан, Бауыржан Момышұлы даңғылынан ашылса дейміз. Осы жақында Мичурин кентінен жаңа кітапхана пайдалануға берілді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай Есілдің сол жағалауынан уақыт талабына сай жарақталған еңселі бір қалалық кітапхана салынса деп армандаймыз. Несі бар, арман алдамайды ғой. Оған да қолымыз жетіп қалар, – дейді кітапхана директоры. ГАЗЕТ-ЖУРНАЛ БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ Өткен жолы біздің газеттің тілшісі Гүлмира Аймағанбет қаладағы жалғыз зағиптарға арналған кітапхананың жағдайы туралы, ондағы мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсететін технологияның ескіргені жайында мәселе көтерген еді. Сол сұрақты біз тағы бір жаңғыртып, мекеме басшысына қойдық. Ол туралы Гүлбадан Сақтапқызы хабардар екен. Оның айтуынша, бұл жағдай бойынша «Болашақ» корпоратив қорының белсенді мүшелері бастама көтеріп, аталған кітапханаға зағип жандарға арналған технология мен жазу студиясын сатып алып

беруге уәделерін беріпті. Сондай-ақ, биыл аталған кітапханалар жүйесінің материалдық базасына да қатты көңіл бөлініп отыр. Үш кітапханаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Компьютерлер жаңартылады. Жүрдек интернет желісі қосылмақ. Бүгінде кітапханаға қызметке орналасқан жас мамандар қатары көбейген. Мекемеде жас кітапханашылар ұйымы жұмыс істейді. Қызметкерлердің біліктілігін ұштауға арналған семинарлар жиі өтіп тұрады. Кітапханашылар қалада тағы бір жақсы бастаманы қолға алған. Қазір елордадағы емханалар мен халыққа қызмет көрсету орталықтарында кезекте отырған тұрғындарға газет-журнал оқитын бір бұрыш ашқан. Бұған көптеген адамдар ризашылықтарын білдіруде екен. Сонымен қатар, жаз мезгілінде саябақтарда көшпелі кітапхана тағы жалғасын таппақ. КІТАП КӨРМЕСІНЕН ҚАЛМАҢЫЗДАР! Былтыр бас шаһарда дүбірлеп өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі кезінде кітапханашылар қаладағы мәдени шаралардың бел ортасында жүрді. Үлкен көрмелер ұйымдастырды. Биыл да кітапхана ұжымы Астананың 20 жылдық мерекесіне мұқият әзірленуде. Жылдағыдай хакім Абай атамыздың туған күніне орай «Кітап және поэзия» фестивалі салтанат құрады. Аймақтарға барып, елорданың абыройын асқақтататын кітап көрмелері өткізіледі. Бұдан бөлек, түрлі қызықты мәдени кештер жоспарланды. Ақын-жазушылардың, айтулы тұлғалардың бірде-бір мерейтойы ұмыт қалмайды. Қысқасы, кітапханаларда күн сайын бір шара ұйымдастырылады. Бір сөзбен айтқанда, кітапхана – адамды ізгілікке, адалдыққа тәрбиелейтін қасиетті орын. Оған жиі барып жүрген адамның жаны рухани байиды. Ендеше, кітапханадан қол үзбеңіз!

КЕШЕ АЛМАТЫДАҒЫ АБАЙ АТЫН­­ДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК АКА­­ ДЕМИЯЛЫҚ ОПЕРА ЖӘНЕ БА­ ­ ЛЕТ ТЕАТРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ЖА­ЗУШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XV ҚҰРЫЛТАЙЫ ӨТТІ. Жазушылар одағы – еліміздегі ең алғашқы және ең ірі шығармашылық бірлестіктердің бірі. Одақ мүшелерінің еліміздің мәдени өмірінің дамуы мен рухани құндылықтарды нығайтуға, жас­ тарды тәрбиелеу ісіне қосып отырған үлесі мол. Құрылтайды Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин ашты. Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыс­ танбек Мұхамедиұлы қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын оқып берді. Құттықтау хатында Мемлекет басшысы Қазақстан Жазушылар одағының ХV құрылтайының жұмы­ сына табыс тіледі. Құрылтайда Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жаңа құрамасын, басқарманың жаңа төрағасын, бақылау-тексеру комиссиясын сайлап, ағалар алқасының құрамын бекіту қарастырылған. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекет тарапынан қалам­ герлер назардан тыс қалған емес. Былтыр ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Мәдениет туралы» заңға кітап шығару бөлігінде тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізді. Бұл түзетулер талай жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан қазақстандық авторларға қаламақы төлеу ісіне қатысты. Аталған заң қолына қалам ұстаған жазушыларға беріліп жатқан үлкен мүмкіндік, жаңа серпіліс болды. Сондай-ақ, еліміздің облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық кітап­ ханаларын жаңа кітаптармен қамту мақсатында 2017 жылдан бастап кітап таралымы 5000 данаға дейін ұлғайтылып, қаламақы беру процесі түбегейлі өзгерді. Сөйтіп, сөз зергерлері бас қосқан жиында одақтың жаңа төрағасы сайланды. Қаламгерлер белгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулеттің кандидатурасын бірауыздан қолдады. Одақ төрағасының орынбасары болып Мереке Құлкенов, Бауыржан Жақып, Бақыт Беделхан және Ақберен Елгезек сайланды.

Бетті дайындаған Азамат ЕСЕНЖОЛ


10

РЕСМИЕТ

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

Азаматтардың кезектілігі 2018 жылғы 26 ақпандағы жағдай бойынша берілді.

Құрметті Астана қаласының әйелдер қауымы! Астана қалалық ардагерлер және қоғамдық кеңестері Сіздерді өткен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел – тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Сіздердің еңбек жолында Отанымыздың өркендеп өсуіне, бала тәрбиелеуде, оларды мейірімділікке, отансүйгіштікке баулуда, еліміздің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуда қосқан үлестеріңіз өте зор. Қымбатты ханымдар! Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Сіздерге зор денсаулық, ашық аспан, жанұяларыңызға тыныштық тілейміз! Ізгі ниетпен, Астана қалалық ардагерлер және қоғамдық кеңестері

АСТАНА ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙГЕ МҰҚТАЖДЫЛАР ЕСЕБІНДЕ ТҰРҒАН ЖЕТIМ БАЛАЛАР МЕН АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАЛАР ТІЗІМІ (Жалғасы. Басы газеттің №27 (3687) санында) КеАты зек нөмірі 432 КАНТАРБАЕВ

Жөні

АРМАН

433

АНОШКИН

ВАСИЛИЙ

434

СУЛТАНОВ

АНУАР

435

АНОШКИН

ВАДИМ

436

АДЛЕР

РОДИОН

437

КИШУБАЕВА

ИНДИРА

438

БИЛЯЛОВ

МОДИЯР

439

ЖУСИПОВА АЙГАНЫМ

440

ГОРБУНОВ

МАКСИМ

441

МЫНЖАНОВ

РАМАЗАН

442

СМОНКАЛОВА

АНГЕЛИНА

443

БАЙМАГАМ- АИДА БЕТОВА

444

РАДЖЕПОВА

ТАТЬЯНА

445

ГЕРБЕР

КРИСТИНА

446

МЕРЕНКОВ

ИВАН

447

ХОХЛЕНКО

ДАНИЛ

448

Жакаева

Жулдыз

449

ЖУМАГАЗИН

БАУЫРЖАН

450

ЕРҒАЛИЕВА МАДИНА

451

РАХИМКУЛОВ

СЕРИК

452

МАСИН

АРМАН

453

Гончеренко

Анатолий

454

ГОНЧЕРЕНКО

ОЛЬГА

455

Асанова

Айдана

456

СКРИПАЛЬ- ВЛАДИМИР ЩИКОВ

457

АУЛЬ

КРИСТИНА

458

БОБКОВ

АЛЕКСАНДР

ЖОБА

Астана қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Астана қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты», «Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелері бекітілген қаржыландыру жоспарлары шегінде тәрбиелеу мен оқыту бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың ағымдағы шығындарын өтеуді 2018 жылғы 3 қаңтардан бастап жүзеге асырсын. 3. 2-қосымшаға сәйкес Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын. 4. «Астана қаласының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген

күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқы ғындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді; 4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін. 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Астана қаласының әкімі

Ә. Исекешев Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы «__» ________ № ____________қаулысына 1-қосымша

Астана қаласы бойынша 2018 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері № п/п

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрі

1.

балабақша

2. 3.

мектепке дейінгі шағын орталық балабақша-мектеп кешені

4. 5.

санаториялық (арнайы) балабақшасы Астана қаласы әкімдігінің «№ 64 «Асыл бөбек» арнайы балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Мектепке дейінгі Мектепке дейінгі білім беру тәрбие мен оқыту ұйымдардағы ата-ананың бір айлық ұйымдарының төлемақы мөлшері (теңге) тәрбиеленушілер саны мемлежеке мемлекеттік жеке меншік кеттік меншік 20638 18000 3 жасқа дейін – 14700; 3-6 жастан – 16800 3-6 жастан – 16800 4564 325 3 жасқа дейін – 14700; 3-6 жастан – 16800 730 156 -

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы «__» __________ № _____________ қаулысына 2-қосымша

Астана қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі 1. «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы №107-1 қаулысы (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1089 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 қаңтардағы № 5 (3510) «Астана ақшамы», 2017 жылғы 14 қаңтардағы № 5 (3528) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған); 2. «Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы №107-1 «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017

жылғы 19 қазандағы № 107-2154 қаулысы (Нормативтікқұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1136 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 қазандағы № 128 (3633) «Астана ақшамы», 2017 жылғы 28 қазандағы № 128 (3651) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған); 3. «Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы №1071 «Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2017 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 21 қарашадағыі № 107-2369 қаулысы (Нормативтікқұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1144 болып тіркелген, 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 145 (3650) және 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 148 (3653) «Астана ақшамы», 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 144-145 (3668) және 2017 жылғы 14 желтоқсандағы 148 (3671) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған).

www.astana-akshamy.kz

Тегі

КЕНЕСАРОВИЧ

Кезекке қою күні

Санаты

30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ВИТАЛЬЕВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ЕРДЕНОВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ФЕДОРОВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ВЛАДИМИРО30.09.2010 Жетім-балалар ВИЧ және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар РЫСПЕКОВНА 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ТЮЛЕУБАЕВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар МАЛИККЫЗЫ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ДМИТРИЕВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ТАЛГАТОВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ЭДУАРДОВНА 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар МУКАИСОВНА 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар АНДРЕЕВНА 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар АЛЕКСАНДРОВ- 30.09.2010 Жетім-балалар НА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар СЕРГЕЕВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ИГОРЕВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар Жоматаевна 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар БЕРИКОВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар АБЛАЙҚЫЗЫ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар СЕРИКОВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар НУРЛАНОВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар Владимирович 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ВЛАДИМИРОВ- 30.09.2010 Жетім-балалар НА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар Жанабеккызы 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ДМИТРИЕВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КОНСТАНТИ30.09.2010 Жетім-балалар НОВНА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар БЕЙСЕМБАЕВИЧ 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар


РЕСМИЕТ

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ» www.astana-akshamy.kz 459

СМИРНОВ

ЮРГЕН

460

КУЛЬБАЕВА УШТАП

МУСАХАНОВНА

461

ДОЛДЫБАЕВА

ЗАРИНА

САЙРАНОВНА

462

МЫРЗАЛИЕВ

АЛИШЕР

КАРТАЕВИЧ

463

АЛИМБАЕВ

АБАЙ

АЙТПАЕВИЧ

464

АЛИМБАЕВА

АЙЖАН

АЙТПАЙКЫЗЫ

465

АЛИАХМЕТОВ

ЕРКЕН

БОЛАТОВИЧ

466

МОМЫНТАЕВ

АЗАМАТ

ТОЙЖАНОВИЧ

467

МОМЫНТАЕВ

САМАТ

ТОЙЖАНОВИЧ

468

МОМЫНТАЕВ

КАНАТ

ТОЙЖАНОВИЧ

469

АБДРАХМА- АЙНУР НОВА

ХАМЗАҚЫЗЫ

470

АККУШКАРОВА

ДИАНА

МАЛИКОВНА

471

ГУСЕВ

ВАДИМ

АЛЕКСАНДРОВИЧ

472

МУСИНА

АЙГЕРИМ

АРМИЯНОВНА

473

ЩЕРБИНА

НИКИТА

СЕРГЕЕВИЧ

474

ГОРЕЛОВА

АННА

ВЛАДИМИРОВНА

475

КРИВЧЕНКОВ

СЕРГЕЙ

АЛЕКСАНДРОВИЧ

476

КОРОТКОВ

АКРАМАН

АБАБУКАРОВИЧ

477

ОРМАНОВА САМАЛ

ХАМИТБЕКОВНА

478

ПЛАТИЦИН ДАНИЛ

АЛЕКСАНДРОВИЧ

479

КНАУБ

ВИКТОРОВНА

480

ЕРҒАЛИЕВА ФАЙНҰР

БАЛТАШҚЫЗЫ

481

БОХНЕР

СЕРГЕЙ

НИКОЛАЕВИЧ

482

КРИВЧЕНКОВ

НИКОЛАЙ

АЛЕКСАНДРОВИЧ

483

БАЙКЕМЕЛ

ҚҰНДЫЗАЙ

ЖАҢБЫРБАЙҚЫЗЫ

484

ТОКЕНОВ

ДИАС

БЕКБОЛАТҰЛЫ

485

АБДРЕШЕВ

РУСЛАН

ДАНЬЯРОВИЧ

486

МАТВЕЕВ

ИЛЬЯ

ВЛАДИМИРОВИЧ

487

ШАБАНОВА УЛЖАЛГАС

АБДИХАЛИЕВНА

488

КИМ

ЮЛИЯ

ВЯЧЕСЛАВОВНА

489

РАХИМЖАНОВА

АЙГЕРИМ

ШКОЛБАЕВНА

490

ХОХЛЕНКО

ВИТАЛИЙ

ВЛАДИМИРОВИЧ

ИРИНА

ЮРЬЕВИЧ

11

30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 30.09.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 01.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 01.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 01.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 01.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 01.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 01.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 05.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 06.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 06.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 08.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 08.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 08.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 11.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 11.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 13.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 13.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 15.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 15.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 18.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 18.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 19.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 19.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 21.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 21.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 25.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 25.10.2010 Жетім-балалар

және ата-анасының қамқрлығынсыз қалған балалар

491

ХОХЛЕНКО

ПЕТР

ИГОРЕВИЧ

492

САРИЕВ

ЗАУР

КАИРЖАНОВИЧ

493

ПОГРЕБИЦКАЯ

РЕГИНА

АЛЕКСЕЕВНА

494

АЛДАБЕРГЕН

АСҚАР

-

495

ОЛЖАБЕКОВА

ЗАРИНА

КЕНЖЕГАЛИҚЫЗЫ

496

Яниев

Сергей

Владимирович

497

ЯНИЕВ

ЕВГЕНИЙ

ВЛАДИМИРОВИЧ

498

НЫҒЫМАНОВ

ТАННҰР

АМАНТАЙҰЛЫ

499

НЫҒЫМАН

АҚНҰР

АМАНТАЙҚЫЗЫ

500

БАЛГОЖИН БАТЫРХАН

КАЗЫБЕКУЛЫ

501

АУБАКИРОВА

АЛИЯ

ХАСЕНОВНА

502

ГРИФАЛЬД

АНАСТАСИЯ

САГИТОВНА

503

ТОКПАНОВ

НУРЛАН

КАНАТОВИЧ

504

ИЛЬДЕРЯКОВА

АННА

НИКОЛАЕВНА

505

ГАЛИЯМУТ- АСИЯ ДИНОВА

БЕКБУЛАТОВНА

506

КОЛОМИЕЦ

РЕГИНА

ИВАНОВНА

507

КАРАКУЛОВА

НУРГУЛЬ

НУРТУГАНОВНА

508

НИКИФОРОВ

АНДРЕЙ

СЕРГЕЕВИЧ

509

АМИРОВА

АЙНАШ

СЕРИКОВНА

510

НУРПЕИСОВА

НАЗЕРКЕ

ҚАДЫЛБЕКҚЫЗЫ

511

ДОМБРОВСКИЙ

ВЛАДИМИР

ИГОРЕВИЧ

512

МАРДАКОВА

ИНДИРА

БОЛАТОВНА

513

СИНЬКО

АННА

НИКОЛАЕВНА

514

СИНЬКО

ДЕНИС

НИКОЛАЕВИЧ

515

ЮСУПОВ

ЕРИК

САФУАНОВИЧ

516

КОХАНЕВИЧ НИНА

ВИКТОРОВНА

517

АУБАКИРОВА

КАРЖАУБАЕВНА

518

НУРМАГАМ- СУЛТАНБЕК БЕТОВ

ЖАНДОСҰЛЫ

519

ЖАҚСЫБАЕВ ҰЛАН

ЕРМЕКҰЛЫ

520

БЕКХОЖИНА

САНИЯ

АМАНЖОЛОВНА

521

МАЙАУЫЗОВА

МӨЛДІР

ШОРМАНҚЫЗЫ

522

ДЖУМАНА- ГУЛЬЗАТ ЗАРОВА

ГУЛЬДАНА

КУРБАНАЛИЕВНА

25.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 26.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 26.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 26.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 27.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 27.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 27.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 28.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 28.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 28.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 28.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 28.10.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 01.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 01.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 03.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 03.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 03.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 04.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 05.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 05.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 08.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 08.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 08.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 08.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 10.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 10.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 11.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 12.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 12.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 12.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 15.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар 17.11.2010 Жетім-балалар

және ата-анасының қамқрлығынсыз қалған балалар

523

524

525

526

527

528

529

530

531

532

533

534

535

536

537

538

539

540

541

542

543

544

545

546

547

548

549

550

551

УАЛИЕВА

АНЭЛЬ

ЖУМАХАНОВНА 18.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар АЛИНА МАРЖАН ГАЗИЗОВНА 19.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ЮДИНА ВИКТОРИЯ АЛЕКСЕЕВНА 24.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КОРНЕВ БОГДАН ВЛАДИМИРО25.11.2010 Жетім-балалар ВИЧ және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар БАЗАРБЕАЗИЗА СЕРХИОВНА 25.11.2010 Жетім-балалар КОВА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ШТЕПА АНДРЕЙ ЛЕОНИДОВИЧ 26.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар БАРАНБАГУЛЬЖАН АДЫЛЬЕВНА 26.11.2010 Жетім-балалар ЕВА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КОЧУКОВА АЛЕКСАНДРА ПАВЛОВНА 27.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар БЕКТАСОВА ЭЛЬВИРА КАЛИЕВНА 27.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КРЫЖАРОМАН СЕРГЕЕВИЧ 28.11.2010 Жетім-балалар НОВСКИЙ және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар РАТНИКОВА ЕКАТЕРИНА АЛЕКСАНДРОВ- 28.11.2010 Жетім-балалар НА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ИСАБЕКОВ ҚҰДАЙБЕРГЕН АБДУЛЛАҰЛЫ 29.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ЗАГРЕБЕВЛАДИСЛАВ СЕРГЕЕВИЧ 30.11.2010 Жетім-балалар НЮК және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар АБДЫСАЛЫҚ БАЛНҰР МАРХАБАТҚЫЗЫ 30.11.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ЖАҢАБАЕВА ЖҰЛДЫЗ ЕРКЕНҚЫЗЫ 08.12.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КОРНИЕНКО ГЕОРГИЙ ГЕОРГИЕВИЧ 08.12.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ТӨЛЕУ ҚАРЛЫҒАШ 13.12.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КУЛЕШОВА ЛИДИЯ АЛЕКСАНДРОВ- 14.12.2010 Жетім-балалар НА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ОРЛОВ ПАВЕЛ НИКОЛАЕВИЧ 15.12.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ОМИРЗАКОВ ДИАС ШАЛКАРОВИЧ 21.12.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар СУЛЕЙМЕРИЗА АМАНГЕЛЬДИ23.12.2010 Жетім-балалар НОВА ЕВНА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар САКЕНОВА АНАРА ТАНАТКАНОВ24.12.2010 Жетім-балалар НА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КОРОТКОВА МАРЬЯМ РАШИДОВНА 27.12.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КУАТКАРУСЛАН ГАРИПУЛЛА27.12.2010 Жетім-балалар ЛИЕВ ЕВИЧ және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КУАТКАРУСЛАН ГАРИПУЛЛА27.12.2010 Жетім-балалар ЛИЕВ ЕВИЧ және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ПОЛТАВНАТАЛЬЯ МИХАЙЛОВНА 29.12.2010 Жетім-балалар СКАЯ және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ТУЯКБАЕВ НУРБОЛАТ ХАСЕНҰЛЫ 31.12.2010 Жетім-балалар және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар КУМУСБЕДИНАРА БАУЫРЖАНОВ- 31.12.2010 Жетім-балалар КОВА НА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар ХАБИБУКРИСТИНА АНДРЕЕВНА 31.12.2010 Жетім-балалар ЛИНА және атаанасының қамқрлығынсыз қалған балалар

(Жалғасы бар)

Астана қалалық және Алматы аудандық Ардагерлер кеңесі Ұлы Отан соғысының ардагері Мария Ивановна Полторацкаяның қайтыс болуына байланысты марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.


12

СПОРТ

№30 (3690) 13/03/2018 Сейсенбі

«АСТАНА АҚШАМЫ»

Григорий Бабаян,

www.astana-akshamy.kz

«Астана» командасының бас бапкері:

– Біздің бүгін шабуылда ойластырғанымыздың көбі жүзеге аспады. Мүмкін жігіттер қарсыласты жете бағаламады немесе «Қайратты» жеңгеннен соң босаңсып қалды. Бірақ бұл ақталу емес, біз мықты ойнауымыз керек. Жеңіске лайық болдық, бірақ ойын сапасына көңілім көншімеді.

Екінші голға да Томасов араласты. Оның бұрыштамадан көтерген добын Сергей Малый қақпаға дәл бағыттады. Ойын Серікжан Мужиковтың голымен қорытындыланды. Бұл гол да Томасовтың арқасында соғылды. Осылайша «Астана» турнир кестесінде көш бастады. ҚПЛ-дың қалған матчтарына келсек, «Ертіс» өз жерінде «Атырауды» 2:1 есебімен жеңсе, дәл осындай көрсеткішпен «Ордабасы» «Шахтерден» басым түсті. «Қайрат» пен «Қызылжар» кездесуінде де 2:1 есебі тіркелді. Ал «Жетісу» – «Тобыл», «Қайсар» – «Ақтөбе» ойындарының екеуінде де қонақтар 0:1 есебімен жеңіп кетті. Жалпы біріншіліктің алғашқы турының ойындарын 30000 жанкүйер тамашалады. Соның ішінде 12000 халықты «Ордабасы» мен «Шахтер» матчы жинады.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ. ПРЕМЬЕР-ЛИГАНЫҢ БІРІНШІ ТУРЫНДА ҚАЗІРГІ ЧЕМПИОН «АСТАНА» ӨЗ АЛАҢЫНДА ОРАЛДЫҢ «АҚЖАЙЫҒЫНА» ЖАУАПСЫЗ ҮШ ГОЛ СОҒЫП, АЛҒАШҚЫ ҮШ ҰПАЙЫН ЕНШІЛЕДІ.

ЕЛОРДАЛЫҚТАР ЕСЕ ҚАЙТАРДЫ «АСТАНА» БАСКЕТБОЛ КЛУБЫ ВТБ БІРЫҢҒАЙ ЛИГАСЫНДА РЕСЕЙДЕН КЕЛГЕН «ХИМКИ» КОМАНДАСЫНАН БАСЫМ ТҮСТІ. Қонақтар қатарында Алексей Швед, Томас Робинсон және Энтони Гилл секілді тісқаққан ойыншылары келмеді. «Астананың» да құрамы толық болмады. Команда көшбасшысы Джастин Картер, Рустам Ерғали және Рустам Мырзағалиев жарақатына байланысты ойынға қатыса алмады. Бұл кездесуде елордалықтардың қарсыластан еңсесі биік болды. Алаң иелері ойынның үш кезеңінде де «Химкиден» бір бас жоғары тұрды. Нәтижесінде 84:79 есебімен жеңіске жетті. «Астана» сапынан Малькольм Грант пен Ике Удано 16 ұпаймен ең нәтижелі ойын көрсетті. «Астана» «Химкимен» болған бұған дейінгі ойында қарсыласқа 72:71 есебімен есе жіберген еді. Енді соның қарымтасын қайтарды. ВТБ бірыңғай лигасы шеңберіндегі келесі матч сырт алаңда 18 наурыз күні «Нижний Новгород» клубына қарсы өтеді.

Ãàçåò ҚР Ақпарат және коммуникация ìèíèñòðëiãi Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінде 11.01.2017 æ. òiðêåëiï, №16291-Ã êóәëiãi áåðiëãåí. Меншік иесі: «Elorda Aqparat» ЖШС

Директор — Қайсар ЖҰМАБАЙҰЛЫ Бас редактор — Еркін ҚЫДЫР Гàçåòте жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Газет сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері шығады.

Бетті дайындаған Орынбек ӨТЕМҰРАТ

НАҚ-НАҚ

АЛҒАШҚЫ ТУРДА АЛҒА ШЫҚТЫ

Астаналықтар ә дегеннен қарсыласқа тісін батырып, 7-минутта есеп ашты. Ойыны жүріп тұрған Марин Томасов айып добын мүлтіксіз орындады. «Ақжайық» құрған қамалдан әрі асқан допты Сергей Ткачуктың қайтаруы мүмкін болмады. «Астананың» жартылай қорғаушысы осымен төртінші ойын қатарынан гол соқты. Ол бұған дейін «Спортингпен» болған қос матчта және «Қайратқа» қарсы Суперкубокта ерекшеленген.

«Астана» баскетбол клубы Қазақстан кубогының иегері атанды. Елордалықтар финалда «Атырау барыстары» командасымен кездесті. Бұл қос команда былтыр да бас жүлдені сарапқа салған еді. Бұл кездесуде тағы да «Астананың» бағы жанып, 72:61 есебімен ұтты. Осылайша «Астана» аталмыш кубокты алтыншы рет иеленіп отыр. «Astana Arlans» бүкіләлемдік бокс сериясы (WSB) аясында Санкт-Петербургте «Patriot Boxing Team» командасымен кездесті. Арландар сапында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Бекзод Халметов, Шаймұрат Құсайынов және Нұрсұлтан Аманжолов жұдырықтасып, бесеуі де жеңілді. Қазақстандық клуб бұған дейін бұл қарсыласын 5:0 есебімен жеңген еді. Енді «Astana Arlans» 24 наурызда Үндістанның «Indian Tigers» командасымен кездеседі. Жақында «Matchroom Boxing» промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасқан Данияр Елеусіновтің кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі белгіленді. Рио Олимпиадасының чемпионы 28 сәуір күні Нью-Йоркте шаршы алаңға шығады. Ол Дэниел Джейкобс пен Мацей Сулецки кездесуінің аясында андеркарт ретінде жұдырықтасады. Бұл туралы Елеусіновтің промоутері Эдди Хирн твиттерде хабарлады.

Ðåäàêöèÿ қîëæàçáà èåëåðiíiң ïiêiðëåði ìåí êөçқàðàñûí áөëiñói øàðò åìåñ. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді. Ãàçåò «Àñòàíà àқøàìû» ãàçåòi ðåäàêöèÿñûíûң êîìïüþòåðëiê îðòàëûғûíäà òåðiëiï, қàòòàëäû. Апталық таралымы — 15 000 Тапсырыс №30 Баспахана: Àñòàíà қàëàñû, Сілеті êөøåñi, 30. «Медиа-холдинг «ERNUR» ÆØÑ

Редакция мåêåíæàéû: 010000, Àñòàíà қàëàñû, Достық êөøåñi, 13, «Нұрсая-2» ТК info@elorda.media Қàáûëäàó áөëìåñi: òåë./факс: +7 (7172) 703-212. Тілшілер бөлімі: 70-32-14, 70-32-17 Үйлестіруші: 70-33-05 Жарнама: 70-33-06. akshamyreklama@gmail.com Кезекші редактор — Азамат ЕСЕНЖОЛ


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.