Түс жорудың төл кітабы

Page 53

Жазда шапан кию – науқастану, уайым. Жазу жазу – айла. Жазуы нашар болу – табысқа кенелу. Жазылған жазу – көңілсіздік. Жазылу үшін дəрі ішу – сыйлы адамнан жəрдем алу. Жайнамаз – арлы əйел. Жайнамаз жоғалу – құлшылыққа немқұрайлы қарау. Жақ – қайыр мен молшылық. Жақ сары түсте болу – қорқыныш пен қайғыдан құтылу. Жақсы көретін адамның аузынан сүю – ақшаға кенелу. Жақсы көретін досымен бірге отыру – тұрмыс құру. Жақсылық жасау – жаман істеріне тəубе ету, туғантуыстарының көңілін аулау немесе кедей-кепшіктерге садақа беру, əділдік орнау. Жақсылыққа шақыру – жамандықтан тию. Жақұт – қуаныш. Жақұттан жасалған жүзікті тағу – əйелі қыз туу. Жақып Пайғамбар (ғ.с.) – бала-шағасы тарапынан қиыншылық шығу, бірақ, кейіннен жақсы өмір сүру, жоғалған жоқтық табылу. Жалаңаш адам – ауру. Жалаңаш əйел – саудада зиянға ұшырау, адамдар алдында беделі түсу. Жалаңаш болса да ешкім мəн бермеу – ауруынан жазылу, қарызынан құтылу. Жалаңаш жүру – дүниелік пайда көру, бірақ ақыреттен нəсібі болмау. Жалаңаш жүріп жыныстық мүшесін бір нəрсемен жауып жүру – байлығынан айырылу, бірақ өзіне жетерліктей қалу. 53


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.