Түс жорудың төл кітабы

Page 4

Абақты – абыржу, шаршап-шалдығу, қарыздану, қайғы-мұң. Автомобиль – жұмыссыз адам бір жерге орналасу. Автопарк – жақын туысы жəрдемімен жағдайы жақсару. Аға – өз-өзіне көп сенім арту. Ағаш – жанжал. Ағаш бұтағын сындыру – атақты кісінің баласын жазалау. Ағаш бұтау – пайдасы жоқ істі тастап, бақытты ғұмыр кешу. Ағаш гүлі – жақсылық жəне қалаған нəрселері орындалу. Ағаш егу – үйлену. Ағаш жапырағы – сүйінші. Ағаш кесу – қолынан қайырлы іс келетін адам. Ағаш көлеңкесінде халықпен бірге отыру – Құран жəне сүннетке ұйығаны үшін Алланың разылығын алу. Ағаш қабығы – қолдағы мал-мүлікке ешкім қол сұқпау жəне жора-жолдастары арасында сыйлы болу. Ағаш қазықты ағашқа қағу – нəресте. Ағаш құрты – қастық, келіспеушілік немесе өсек-аяң. Ағаш қырқу – жоғалу. Ағаш мұнараға шығып азан айту – жақсылық. Ағаш отырғызу – көп перзентті болу жəне олардың өмірі сол ағаштардың ұзынды-қысқалығындай болу. Ағаш өлшеу – кей адамның жағдайын сұрастыру. Ағаш ұстасы – қызметі өсу, саудасы жүру немесе айлығы көбею, қарызынан құтылу. Ағаш үй – түсінігі мол абзал жанмен бақытты жанұя құру. Ағаш үстінде жату – бала-шағасы көп болу. Ағаш үстінде тұру – қорқынышынан құтылу. Ағашы көп, көгалды, сулы өзенге түсу – нығметке бөлену. Ағза – байлық. 4


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.