Т
уған жерін, туған елін сүйе алмаған адам ақын болып жарытпайды. Ақындықтың негізі елді, Отанды сүюден басталса керек. Зинаидада осы қасиет бар. Ол тарихи Отанынан әлденеше шақырым шалғайда жүрсе де бүйрегі Қап тауына қарай бұрып тұрады. Міне бұл нағыз адамның, ел перзентінің қылығы.
Нұрперзент ДОМБАЙ,
ақын, журналист
Қ
азақстанда туып-өскен, барлық саналы ғұмырын шығармашылыққа, мәдени-рухани өміріміздің жаңғыруына арнап келе жатқан Зинаиданың Жезқазғандағы зиялы қауым арасындағы бедел, абыройының биік болуына оның білімпаздығы, мәдениеттілігі, парасаттылығы, басқа да тал бойына біткен қасиеттері үлкен септігін тигізіп келе жатқандығы белгілі. Қарапайым шешен қызының қазақтың тұрмыс-салтын, әдет-ғұрыптарын жетік білуінің өзі неге тұрады?! Әйтпесе ол «Алтыбақан», «Шашу» т.б. өлең-жырларын жазбас еді ғой.
Ибрагим БЕКМАХАНҰЛЫ, ақын, журналист ҚР Жазушылар одағының мүшесі
З
инаида өлеңдерінен тау қызына тән өрлік пен такәппарлық, лирикалық қаһарманның асқақ мұраттары, жалынды, айбынды асқақ сөздерінен адалдық пен адамгершілік қасиеттерді биік бағалаған өмірлік мұратын көреміз. Балалық шағының қуаныштан гөрі мұңға толы болғанына қарамастан, сағыныш ақындық бітіміне тән таза, мөлдір сезіммен жеткізеді. Қазақ жерінен пана тауып, қасиетті өлке ұлылығынан нәр алғандықтан болар, Зинаида қазақ халқының қадір-қасиетін, салтдәстүрін өз жырларына арқау еткен.
Жұмағали НАУРЫЗБАЙ,
профессор, ҚР Жазушылар одағының мүшесі
BEKZADA | 21