Маңғыстау әдіскері №3 2015 жыл

Page 125

Ұстаздың іс-тәжірибесінен

Ы.АЛТЫНСАРИН «ДОСЫМА ХАТ»

Г.ЫБЫРАЕВА, №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі, Ақтау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Досыма хат». Сабақтың мақсаты: Оқушылар топтық, жұптық жұмыс жасауды, хаттың шығу тарихы туралы, хат жазуды үйренеді. Топтық жұмыста шығармашылық ойлау қабілеттерін арттырады. Дос болуға, адамгершілікке тәрбиеленеді. Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсарин суреті, ежелгі хат түрлері, суреттері, слайд, үлестірмелі карточкалар. Сабақтың жүрісі: І.Ұйымдастыру. Шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді. Топқа бөлінеді, топ басшысын сайлайды. Топтар: Күн, Бұлт, Жаңбыр, Жел. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «ЖИГСО» әдісі арқылы үй тапсырмасы пысықталады. Ш.Айтматов «Бұғы ана». Әр топ мәтіннің мазмұнын әр бөлікке бөліп айтады. Мұғалім: Аналарыңды, жақындарыңды алыста жүріп сағынғанда сағынышыңды қалай жеткізесіңдер? (хат жазу арқылы) ІІІ.Жаңа сабақ. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Ы.Алтынсариннің «Досыма хат» мәтіні. Мұғалім: Ы.Алтынсарин туралы не білеміз? «Білім ағашына» сұрақтар бойынша әр топ жауап жазып іледі. Сұрақтар: 1.Ы.Алтынсариннің туған жылы. 2.Қай облыста дүниеге келген? 3.Ы.Алтынсарин кім болған?

4.Қандай өлең, әңгімесін білесің? Мұғалім: Бізге осындай ұлы адамдардың өлең, шығармалары қалай сақталып жетті? (жазып қалдырды) Хаттың шығу тарихы туралы оқушыларға түсінік беріледі. Өте ерте заманда жаңа дамып келе жатқан адамдар үлкен жартасқа сурет салу арқылы бір-біріне хабарласқан. Одан кейін кішкене тастарға жазып таситын болған. Кей елдерде ағаштың қабықтарына жазған. II ғасырда қағаз жасау Қытайда пайда болған. Оны мақта және зығырдан жасаған. Ал қазірде ағашты өңдеу арқылы қағаз жасап шығарады. Қазіргі заманда ұялы телефон арқылы хабарлама жазады. «Досыма хат» мәтіні түсіндіріледі. Сұрақ қою арқылы мазмұны ашылады. Дәптермен жұмыс: Мәтіннен жаз айының көрінісін білдіретін сөздерді теріп жазады. Әр топқа тапсырма беріледі: 1. Кластер қорғау. 2. 5 жолды өлең. 3. Хат туралы эссе жазу. 4. Хаттың шығу тарихы туралы оқып, түсінік айту. Әр топ тапсырмаларын қорғайды. ІV.Сабақты қорыту. «Досыма хат жазамын» тақырыбында әр топ хаттың үш бөлігін ажыратып жазады, өлең шығарады. 1.Хаттың 1-ші бөлімін жазады. 2.Негізгі бөлімін жазады. 3.Хаттың соңын жазады. 4.Хат туралы өлең шығарады. V.Бағалау. Топтар қол шапалақтап қошеметтеу арқылы бағаланады. VІ.Үйге тапсырма: «Досыма хат» мәтінінің мазмұнын айту.

«Маңғыстау әдіскері» №3 (8) 2015

123


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.