Naizatas0405

Page 70

Тыңдасаңыз, былай болған, нақ кепті: Бөлінгенде студенттер ап шепті. ҚарГУ-дегі маған бөле қарындас Әбекеңнің тура үйіне тап кепті. Сұхбаттасып, кезек қойып сұрақты, Білген кезде қай ел, қай жер тұрақты. «Менің елім – Баянауыл», – дегенде Жалт қараған Әбең қадап құлақты. – Сұрақ туды, сәл, қарағым, аялда! Солтанбаев деген бар ма Баянда? – Зекебай ма? – деп қалды да ойланды. Білетіні көңіліне аянды. – Иә, иә, Солтанбаев Зекебай! – Баян емес ол кісіде мекен-жай. Тұрады ғой ол Егіндібұлақта Мамамдарға жақындығы болғандай. – Онда, мына хатты апар да, табыс ет! Студенттік туыстай дос, таныс ек. Болған шығар көрмегелі елу жыл, Бөлді тағдыр жол қатынас алыс кеп. Жазғы хабар күзде тиді қолыма. Қарамай-ақ мен уақыттың молына: Қанат байлап ұшып кеткім кеп тұрды, Опалы жан, достық жүрек жолында. Менің бөле қарындасым – Арайлым. Маған берген суретіңе қараймын: Студенттер ортасында отырсың, Кілем тұтқан хан тағындай сарайдың. ... Қуанышты хаттар жалғап араны, Сағыныштың оты лаулап барады. Хат арқылы үзілеміз үздігіп, «Көріссек! – деп, улап әбден сананы. ... Қарағанды, Әбең келген дәрігерге, Көрінген ғой онда-мұнда, әр жерге.

70


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.