Найзатас 2

Page 159

сені. Өткенде əлдекімнің қорасын тазалап жүріп, аяқ астында жатқан газеттің жыртындысын тауып алып, оқығаны бар. Қайсы бір аты белгілі адамның сөзі жүр екен: «Жұмыстан ораларда сенің аяқ тықырыңа бір əйел құлағын түріп, тосып отырса, еркектің бақыты деген осы!»,-депті. Қандай керемет айтылған сөз! Шынында да еркекке одан артық не керек? Шаршап келгенде сенің ғана қас-қабағыңа қарайтын бір адамның болуы деген қандай бақыт! Бұның қазір кімі бар? Ешкімі де! Мынау миллиардтаған халық мекендеген қара жердің бетінде қазір бұны іздейтін бір адамның баласы жоқ екен. Қандай қорқынышты! Ешкімге де қажетің жоқ. Неге осылай болды?! Не үшін өмірге келді сонда? Бір жерде қаңғып өлу үшін бе? Баяғыда бала күнінде ауылдарындағы ұрысшыл, бейпілауыздау бір əйел əлдекімдерді «көмусіз қал» деп қарғап жататын. Ол кезде оған кім мəн берген. Енді түсініп жүр. Көмусіз қалу деген осы екен ғой. Кəдімгі өліп қалған хайуан тəрізді. Зиратың да жоқ, кім екеніңді де ешкім білмейді... Жас уағында Оралхан Бөкеев деген жазушының кітаптарын іздеп жүріп оқитын. Соның бір тірліктен түңілген кейікпері өзіне-өзі ылғи осы «Неге?» деген сұрақты қоятыны есінде қалыпты. Бұл да кейде ес кеткен ішістен кейін, Клаваның жаман үйінің бір бұрышында бүк түсіп жатып алып, өткен өмірін өзінше таразылап, ақыр-аяғында осы «Неге?» деген жалғыз ауыз сұраққа келіп тірелетін. Неге? Біреудің маңдайына басқан жалғыз ұлы еді ғой! Неге?.. Кісі қанын арқалап, абақты кезіп кетем деп ойлап па еді?! Қолындағы бар құжатынан айырылып, бір бөтелке арақ үшін арын сатып, «бомж» атанып жүрем деп пе еді?! Бірақ солай болды. Неге?! Əлде тағдырдың маңдайға жазғаны солай ма? Өзімен бірге жүрген үйсіз-күйсіз мүскіндер бəріне тағдыр кінəлі деп пəлсапа айтып жатады. Сонда бұл тағдыр дегеніңіз пенде баласының өз еркінен тыс қандай күш? Адам өз тағдырын өзі жасай алмағаны ма сонда? Қызық, анау шетелдік көлік мініп, ақшаны судай сапырып жүргендер тағдырларын солай етіп өздері жасап алғандар ма?

159


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.