37(200)

Page 11

Шапағат

Жақсыны көріп, жан семіреді (мақал)

№ 37 (200)

26.09.2013

ПН ВТ СР ЧТ ПТ СБ ВС

11

Игілік

Мыңдаған үміткер, жүздеген лауреат... «Парыз» конкурсы 2008 жылдан бастап дәстүрлі өткізілуде. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде ұйымдастырылатын байқауда жыл сайын жүздеген кәсіпорындар бақ сынайды. Жеңімпаздардың көбі Қостанай өңірінен. Дәрежесі дүйім елге белгілі конкурсты «Атамекен» одағы» ұлттық экономикалық палатасы, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігі бірігіп ұйымдастырып жүр. Байқау мақсаты – әлеуметтік жағдайды жақсартуға күш жұмсаған бизнес құрылымдарына лайықты құрмет көрсету, олардың қатарын молайту. Өңірлер мен ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, әлеуметтің әлеуеті артуына белсенді ықпал ететін кәсіпкерлік субъектілері аз емес. Жұмысшылар ахуалын жақсартуда, өз өлкесінің немесе кәсіпорнының маңызды мәселелерін шешуде, қоршаған ортасының экологиясына мұқият қарауда өзгелерге үлгі болып жүргендер қаншама. «Үздік ұжымдық шарт», «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» және «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинацияларына осыдан екі жыл бұрын «Экологияға қосқан үлесі үшін» деген номинация да қосылған еді. Аты айтып тұрғандай, бұл сында қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын іске асырумен ерекшеленген үміткерлердің қызметі қаралады. «Жыл өткен сайын әлеуметтік жауапкершілікті пайымдауға де-

«Парыз» - әлеуметшіл кәсіпорындардың бағындырар бір шыңы

ген қызығушылықтың артқаны байқалады», – делінген аталмыш конкурстың ресми сайтында. 2008 жылдан бері «Парыз» байқауында еліміздің барлық аймақтарынан екі мыңға жуық кәсіпорындар бақ сынаған. Конкурс лауреаттары атағына осы уақытқа шейін жүзден астам бизнес құрылым өкілдері лайық деп танылыпты. Ал, жеңімпаздардың көбі Қостанай облысы-

нан екен – 16, Шығыс Қазақстан облысында – 12, Ақтөбе аймағы да бұған жетеқабыл. Қатысуға ең көп үміткер ниет білдірген кезең – 2011 жыл. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай Елбасының қолынан ардақты мүсіншені алуға алты жүзден аса ұжым өтініш жолдаған. Былтыр «Парыздың» жүлделері 25 кәсіпорынға үлестірілді. «Үздік ұжымдық шарт» номина-

циясында ірі кәсіпкерлік субъектілерінен Атырау облысының «Cosmi Kazahstan» ЖШС, Алматы қаласының «Бахус» АҚ және Жетісу өңірінің «ТК Интеграл» ЖШС лауреат атанды. Орта және шағын бизнес тұтқасын ұстағандардан павлодарлық «Ақсу-ФармЦентр» ЖШС, ақмолалық «Аждар және К» ӨК, сондай-ақ қарағандылық «КаналСтройПласт» ЖШС қанжығаларын майлады. Жоғарыда аталған ұжымдарда жалақыға байланысты ешкімнің уәжі болмаған, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға зор мән беріледі. Мамандарын үнемі кәсіптік даярлаудан өткізіп, біліктілігін арттырып отырады. Бұл номинацияның жүлдесін 2010 жылы біздің облыстан «Лисаков монтаж фирмасы – Имсталькон» ЖШС мен «Агрофирма «Ирина и К» ЖШС арқалап оралған. «Үздік әлеуметтік жауапты

Әлеумет және кәсіпкер

Тұрлаулы даму, тұрақты демеу Таран ауданындағы талай істерге себепші болған кәсіпкерлер аз емес. Әлеуметтік саланың ажарын кіргізуге ұмтылып, қоғам өміріне белсене араласып жүрген кәсіпорындар жайында аз-кем айта кетудің артықтығы жоқ шығар сірә. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру – тұрлаулы даму шарттарының бірі» деген болатын өз сөзінде. Қазіргі кезде кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетті бұрынғыдай мектеп жөндеу, спортқа көмектесу сияқты ұғымдардан да ауқымды сипатқа, негізгі мағынасына қарай жақындай түсті. Дәлірек айтқанда, қайырымдылықпен қатар, қызмет ету қағи-

дасын да жадыдан шығармауға тырысудамыз. Таран ауданында көптеген шаруашылықтар мұқтаждарға қол ұшын беруді борышы деп түсінеді. Бірқатар бизнесмендер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен тығыз қарым-қатынаста, жұмыссыздарға жұмыс тауып береді. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, жоқжұқана отбасыларға, олардың балаларына сый-тарту, азық-

түлік, мектеп құрал-жабдықтары мен киім сатып әперетін абзал жандар да жиі кездеседі арамызда. Көз қуантып, көңіл серпілтер істердің көбіне «Содружество – 2008» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үлес қосып келеді. Жұмыспен қамту орталығы қос қолға бір күрек таппай сенделгендердің біразын осында жіберген. Былтырғы жылдың 12 айы ішінде «Содружество – 2008» ЖШС, «Проданец» шаруа қожалықтарында әлеуметтік жұмыс орындарына 51 адам жұмысқа орналастырылды. Аталған кәсіпорындардың қатысуымен елді мекендерді көгалдандыру, абат-

тандыру жұмыстары да жүзеге асып келеді. Олардың қатарына «Тобыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Жәрдем» серіктестігін қосуға болады. Таран аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Любовь Өтешева бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында меморандумдарды бекіту – әлеуметтік әріптестік бағыттарының бірі екенін айтады. – Кейбір кәсіпкерлер келісім жасасып үлгерместен, өз демеушіліктерін көрсетіп жатады. Ел Президентінің саясатын қолдауы, дұрыс түсінгендері бұл, – дейді ол.

кәсіпорын» түресінде де өткен жылы Қостанай қоржыны бос қайтқан. Әйткенмен, қызметкерлері мен өз өңірінің әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге қатысушы табысты кәсіпкерлер бізде жеткілікті. Олар туралы аз жазып жүрген жоқпыз. 2011 жылы жеңімпаздар қатарынан көрінген «Иволга-Холдинг» компаниясы мәдениет, спорт, білім беру, ғылым, денсаулық сақтау салаларына 324 млн теңге бөлгені көпшілікті таңдандырған. Былтыр «Үздік әлеуметтік жоба» аталымында Қостанай топырағындағы екі кәсіпорын марапатталды: «Диевская» агрофирмасы» және «Мирас» шаруа қожалығы. Ал, «Илин» ЖШС «Экологияға қосқан үлесі үшін» сый-сыяпатқа кенелді. Қостанай облысындағы қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын бірден-бір кәсіпорын осы «Илин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Ол бұл номинациаға қатысқан екі жүзге тарта ұжымдар ішінде үздік алтылықтың бірі болды. Лисаков қаласында құрылған серіктестік қазір бір мүшелден асты. Халық игілігіне жұмыс істейтін, қоғамға жаны ашитын кәсіпорындар осылардай-ақ болсын. Өнімдері ел көңілінен шығып, жұрттың алғысына бөленген оларды басқаларға неге үлгі етпеске?! Бұл орайда, «Парыз» байқауының ұтар тұсы мол. Көптеген бизнесмендерді қанаттандырып, еңбектерін жалпақ жұртқа лайықты түрде паш етуде. Конкурс биыл да жалғасын табады. Олай болса, әлеуметтік жауапкершілігін сезінген азаматтар әлі де молая берер деген сенімдеміз. Асыл ҚАСЫМ суреттер paryz.kz сайтынан алынды

Көмекке қашанда дайын кәсіп иелері қыста ақ ұлпаға көмілген жолдарды тазалауға техникаларын беріп, алуан іс-шараларды өткізуге де қаржы-қаражаттарын аяп қалған емес. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған мәліметке жүгінсек, қазірге дейін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша, атқарушы билік пен кәсіпкерлер арасындағы өзара ынтымақтастықты нықтайтын меморандумдар белсенді түрде жасалып жатқан көрінеді. Жыл басынан бері Таран ауданында алпысқа жуық меморандумдар бекітілген екен. Өткен жылы аудан кәсіпкерлерінің әлеуметтік сала үшін құйған қаржысы бір миллионнан асып жығылады.

Есен САБЫР


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.