11(224)

Page 11

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» Б.Момышұлы

Тіл тұғыры Үлгі

Ұстазына сабақ берген ұстаз Қазақ тілінің білгір оқытушысы. Ауылдастары мен әріптестері Маржан Нұрсейітованы осылай атап жүр. Ол еңбек еткен жемісті жиырма жылында талай шәкіртке қанат бітіріп, көптеген табыстарға қол жеткізді. Табаны күректей жиырма жылдық еңбегі еш кеткен жоқ. Қостанай ауданының Шишкин ауылында істеген соңғы бес-алты жылдың өзінде бағындырған белестері жетерлік. Орта мектепте сабақ бере жүріп, ол ауылдағы ынталылардың біразын қазақ тіліне баулыды, үйретті. Маржан мұнда келген жылыақ өзінің тәжірибелілігін, елгезектігін дәлелдеді. 2008 жылы ауданда өткен байқауда «Жыл мұғалімі» атағын жеңіп алды. 2011 жылы облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған «Ең үздік оқытушы» сайысында аймақтың мықты деген мұғалімдерімен үзеңгілесіп, үшінші орынды қанжығалап қайтқаны бар. Былтыр да аталған жарыста бақ сынаған, бұйырғаны – «Жақсы нәтижелері үшін» номинациясы. – Қанша дегенмен, қалалардағы жағдайдың ауылдан артықшылығы мол. Техникалық және басқа да мүмкіншіліктері орасан. Жүлделі орындарды Қостанай, Рудный қаласының оқытушылары алып кеткені сондықтан. Соған қарамастан, жігерлілік танытып, намысты

(Солдан оңға қарай) Маржан Нұрсейітова, шәкірті Анатолий Дарбеков және Қостанай аудандық тілдерді оқыту орталығының директоры Мұхтар Әбдіғамидов қолдан бермеуге тырыстым. Облыс орталығындағылар еңбегімді жоғары бағалады, – дейді Маржан Жұмағазықызы. Мақтан тұтар оқушыларының бірі – Анатолий Дарбеков. Оны алтыншы сыныптан бастап дайындап, мемлекеттік тілде өтетін аудандық, облыстық конкурстарға бірнеше рет апарды. Ұстазының ықпалымен, қаршадай бала ақиық ақын Мұқағалидың өлеңдерін жатқа оқи бастайды. Кейіннен қазақ әндеріне құмары ауып, концерттерге қатысып жүрді. Апайының айтуынша, Толиктің әншілік қабілетін ашқан Нұрғиса Тілендиевтің «Саржайлау» әні екен. Жетінші сыныпта, ең алғаш сол әнмен «Мұқағали оқуларында» (әннің сөзін жазған)

көзге түскен. Содан бері бірнеше байқаудың алдын бермей, ауылдастарын шаттыққа кенелтіп жүр. Бүгінде жас әншінің репертуары «Отырардағы той», «Қорқыт ата» сынды тағы басқа да көптеген мағыналы әндермен толыққан. – Журналист болу оның арманы еді. Былтыр Қостанайдағы Ахаң атындағы университеттің грантын иеленіп, өзі қалаған оқуға түсті, – деді ұстазы түлегінің көздеген мақсатына жеткенін мақтан етіп. Толиктің орнын басуға ініқарындастары талпынып жүр. Александр Аннамов есімді оқушы қазіргі таңда Абай өлеңдерін жаттауға көңіл бөліп, алдағы сайыстарға әлден білек түрінген сыңайы бар. «Ұлы ақын-

20.03.2014

ПН ВТ СР ЧТ ПТ СБ ВС

11

дырылмайды. Жеке дәрісханасы болмағанымен, мектеп ішіндегі сыныбы біршама шәкірттерді қазақ тілінің бұлағынан сусындатуға жетіп-ақ жатыр. Отбасында үш баланың анасы. Жұбайының сүйікті жары. Балалары екі тілге де жетік. Әсіресе, бастауышта оқыса да, ғылыми ізденіске ден қойған Нұрисламбегінің беталысы қуантады. Ұстаздың әр күні маңызды, айрықша. Десе де, кейіпкеріміз басынан кешірген мына бір сәт әр маманның арманы болар, сірә. Өзі қысқа ғана оқиға желісін шашпай-төкпей, Маржан Жұмағазықызының өз әңгімелеуінде жеткізуді жөн көрдік. «2008-2009 жылдары Қостанай облыстық білім жетілдіру институтында әріптестеріне қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінен әріптестеріме сабақ берген едім. Ол жерде жасы менен үлкен де, кіші де мұғалімдер болды. Бір дәрісімнің үстінде соңғы партада отырған егделеу апайдың көзіне жас алып отырғанын байқап қалдым. Сабақ аяқталысымен әлгі кісі жаныма келіп, ықылас білдірді, арқамнан қақты. Сөйтсем, ол маған бірінші сыныпта тәлім берген, алғашқы ұстазым Алмаш апай екен. – Бұрынырақта сені үлкен өмірге мен бағыттасам, қызым, енді маған сабақ беріп отырсың. Міне, ұстаз еңбегінің жемісі деген осы, – деп көпшілік алдында мерейімді асырды. Содан соң батасын алдым. Сонау сәтте кешкен ерекше күйімді сөзбен жеткізу мүмкін емес-ау. Мен үшін өмірімдегі ең жарқын мезеттердің бірі болып есте қалды». Аслан ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

Байқау

Тіл саясаты

Қызметте қажеттілік артқаны байқалды Жуырда Қарасу аудандық тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» тақырыбында байқау болып өтті. Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатында өткен шараға мемлекеттік қызметшілер қатысты. Шара барысында қазылар алқасының төрайымы, Қарасу аудандық тілдерді оқыту орталығының басшысы Тамара Тасбулатова сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау үш кезеңнен тұрды. Сайыстың бірінші кезеңі бойынша қатысушылар өздерін мемлекеттік тілде таныстырды. «Салт-дәстүр, әдет-ғұрып» аталымында қазақ халқының салт-дәстүрлеріне байланысты сұрақтарға жауап берді. Мақал-мәтелдер айтудан жарысты. Іс қағаздарын ілеспе аударма арқылы орыс тілінен

ның шығармалары ақыл-ойымды өрістетеді», – дейді қаршадай ұл. «Жарқын болашақ» байқауында көзге түскен өрен Валера Шмит те Шишкин орта мектебінің жұлдызына айналып келеді. Оқу ошағының келесі бір үкілі үміті – Анна Афанасьева аудандық «Тіл шамшырақтары» сайысының жүлдегері. Маржан Жұмағазықызының тамаша нәтижелі оқушыларының бірі Виктория Кисел болатын. Қостанайдағы жоғары оқу орнында оқитын Вика мемлекеттік тілге қатысты шаралардан әлі де қол үзген жоқ. Ауылына келсе, тәлімгеріне соғып, білмегендерін сұрап тұрады. Бұл да ұстаз ұлағаты. Тағы бір айта кетерлігі, Маржанның тәуір нәтиже көрсеткен оқушысына өз қалтасынан сыйлық жасап, қанаттандырып қоятыны бар. Оқушылары ғана емес, мемлекеттік тіл оқыту курсының тыңдаушылары да кейіпкеріміздің біліктілігіне, адамгершілігіне құрметпен қарайды. Оның дәрісіне ауыл әкімдігіндегі мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер және қарапайым тұрғындар да қатысып жүр. – Балаларымыз да, біз секілді ересектер де қазақ тілін үйрену үшін Маржан Жұмағазықызының алдына барамыз. Ізденісі, еңбекті беріліп істейтіні ауылдастарының көңілінен шығады, – дейді тыңдаушылардың бірі Гүлнар Шмит. Ауыл әкімі тарапынан қолдау аз емес. Мерекелік іс-шараларда мемлекеттік тілді ұмыт қал-

№ 11 (224)

мемлекеттік тілге аударды. Ең соңғы кезең – «Өз өнерін көрсету». Мұнда қатысушылар жүректі тебірентер ақын өлеңдерін мәнерлеп оқып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Әр кезеңде қатысушылар өз қабілеттерін толық аша білген сыңайлы. Мемлекеттік тілде еркін сөйлейтінін іс жүзінде, байқау барысында көрсете алды. Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, біліктіліктері мен шеберліктерін арттырды. Қазақ тіліндегі көркем, образды сөздердің мән-мағынасына

терең бойлады. Байқауды Тамара Тасбулатова қорытындылап, қатысушылардың тапсырмаларды орындау кезінде көрсеткен шеберліктеріне, тапқырлықтарына тоқталып өтті. Шараның ойдағыдай өтуіне атсалысқан жандарға алғысын білдірді. Қарасу аудандық орталықтандырылған кітапханасының меңгерушісі Снежана Заворотная мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы Елена Мазлованың мемлекеттік тілге деген құрметін айрықша атады. Екеуі де жеңіс тұғырынан бірдей көрінді. Осылайша байқау өз мәресіне жетіп, қатысушылар аудандық тілдерді оқыту орталығының атынан алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңабай АХМЕТОВ Қарасу ауданы

Рухты асқақтатқан жастар Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы «Тіл – халықтың жанын танудың кілті» атты байқау ұйымдастырды. Аудандық байқау жастардың қазақ тіліне деген қызығушылығын, ықыласын арттыруды мақсат тұтты. Сайыстың бір ерекшелігі – өзге ұлттың қыз балаларының бақ сынағаны. Олар бірінен-бірі асып түспесе, кем түскен жоқ. Қазақ тілінде баяндамалар оқып, әндерді нақышына келтіріп шырқады. «Қамажайға» мың бұралған қыздардың өнеріне қол соқпағандар кемде-кем. «Қазақ тілім – ана тілім» деп ұрандаған қатысушыларға риза болды жұртшылық. Айта кетейік, байқауға Б.Майлин атындағы Таран орта мектебі-

нен, Новолинов, Набережный орта мектептерінің оқушылары белсенді қатысты. Тамашасы мол сайыс қорытындысы бойынша бірінші орын Новолинов ауылынан келген Хаяля Исмаиловаға берілді. Екінші орынды Набережный орта мектебінің 11-сынып оқушысы Татьяна Агунькина, үшінші жүлдені Б. Майлин атындағы Таран орта мектебінің оқушысы Виктория Досмухамбетова иеленді. Байқауда белсенділік танытқаны үшін Анна Литвиненко, Сабина Тагиева, Татевик Баграмян сынды арулар да алғыс хатпен марапатталды. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатқан, қазақ тілінің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ұстаздар да сыйдан құр қалған жоқ.

Ерболат ЗЕЙНЕЛОВ Таран ауданы


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.