31012015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №20 (28498) 31 ҚАҢТАР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

HILL

Кїн тəртібі наќтыланды Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мəжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тəртібі нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Депутаттар қарауына Өзбекстан Ал, палатаға Қазақстан Респубмемлекетімен Адамдардың реад- ликасының Үкіметі мен Вьетнам миссиясы туралы келісімді жəне Социалистік Республикасының іске асыру тəртібі туралы атқару Үкіметі арасындағы Табысқа сахаттамасын, сондай-ақ, Қазақстан лынатын салықтарға қатысты қоРеспубликасы мен Халықаралық сарланған салық салуды болдырҚайта құру жəне Даму банкі мау жəне салық салудан жалтаруға арасындағы «Қазақстанда энер- жол бермеу, Тəуелсіз Мемлекеттер гия тиімділігін арттыру» жобасы Достастығына қатысушы мемлекетбойынша грант туралы келісімді, тердің интеграцияланған валюта сонымен қатар, Халықаралық ва- нарығын ұйымдастыру саласындағы люта қоры келісімінің баптары- ынтымақтастық туралы келісімдерді на түзетулерді ратификациялауға ратификациялауға байланысты қатысты үш бірдей ратификациялық қорытынды əзірлеу мерзімін құжат енгізілмек. тағайындау ұсынылып отыр.

Бўл – ќазаќстандыќ мотор майы Халықаралық стандарттарға сəйкес мотор майын шығаратын Қазақстандағы алғашқы кəсіпорын «HILL Corporation» ЖШС-і «Оңтүстік» индустриялық аймағында табыспен жұмыс жасап келеді. Қазір əлемдік нарықта «Mobil», «ESSO», «Shell», «Castrol» майларының бəсі жоғары. Ал, «Hill» шығарған «Fastroil» мотор майы сапасы жағынан олардан еш кем түспейді. Бағасына келсек, 10-15 пайыздай арзан. Бұл маймен автомобильдер 15 мың шақырымға дейін жүретініне зауыт кепілдік береді. «Hill» корпорациясы еліміздегі үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010 жылы ашылған.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Жақында корпорацияға бардық, жұмысымен таныстық. Серіктестік директорының орынбасары Азамат Тəжімбетұлы Жолшыбеков бүгінгі жағдайынан хабардар етті. Өз елімізден бөлек, мотор майы Ресей, Беларусь мемлекеттеріне экспортталып

жатыр. Бүгінде өз мүмкіндігінің 64 пайызын ғана пайдаланып отырған корпорация тағы басқа салаларын қосқанда үлкен табысқа шығады екен. 2016 жылы 100 пайыз биігін бағындырмақ. 3 млрд. теңгеден астам инвестиция салған корпорацияның негізгі мекемесі Алматыда. «СамұрықҚазына» қоры арқылы отандық кəсіпорындармен келісімшарт

негізінде жұмыс жасайды. Мемлекеттік сатып алу бəсекелесінде негізінен отандық өнімге маңыз берілетіндіктен, «Hill» майын «Қазақстан темір жолы», «ҚазМұнайГаз», «Интер Газ», «Қазақмыс», «ЕмбіМұнайГаз» сияқты ұлттық компаниялар сатып алады. Яғни, өнімді өткізуде мемлекеттік тетіктің орны ерек. Солай болуға тиісті

де. Обалы кəні, индустриялықинновациялық бағдарлама аясында жұмыс жасауға тырысатын кəсіпкерлеріміз көбейіп келеді. Бірақ, тауарын бұлдауда қосымша кедергілерге кездескендіктен шығынға ұшырап, енді қайтып өндірісті көрмей кетуге бел буатындар бар. Сондықтан, олар аяғынан тұрғанша мемлекеттік қолдау керек-ақ. Зауыт Inc Exxonmobil, Shell, ChevronTexaco жəне т.б. секілді мұнай өнімдерін ірі өндірушілер зауыттарының басым санын құрып берген, осы саланың көш басшысы болып саналатын америкалық FMC Tehnologies Inc фирмасының технологиясымен жəне құралдармен жабықталған. Ең заманауи деген жағармайлардың сан алуан түрлерінің өндірісіне қажетті присадкалары мен рецептурасын еуропалық химиялық өнеркəсіп көшбасы – Лубризол компаниясы жеткізіп тұрады. Зауыттың қосымша жабдықтары да Испанияның, Италияның, Чехияның, Швецияның, Ресейдің жəне Тайландтың əлемдік өндірушілерімен жеткізілген. (Соңы 2-бетте).

Кəсіпкер жїгі жеѕілдейді Алматы қаласы əкімдігінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен «Заңды тұлғалар жəне жылжымайтын мүлік құқықтарын тіркеу рəсімдерінің қысқартылуы» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енген «Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызметке қолайлы жағдай тудыру мақсатында Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы аясында еліміздегі кəсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларына қатысты бірқатар тиімді өзгерістер қабылданған. Қала əкімдігінде өткен дөңгелек үстелді отандық кəсіпкерлердің заңды мəселелерін оңтайлы шешуге бағытталған заңның жекелеген баптары мен оңтайлы тармақтары жөнінде жанжақты талқылау болып, түрлі мемлекеттік қызмет пен бизнестік ұйымдардың өкілдері өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. – Біз отандық кəсіпкерлердің қызметін едəуір жақсарту мақсатында мемлекет тарапынан жасалған қолдауды талқылау жəне

түсінік беру шарасын Алматы қаласында өткізуді кездейсоқ таң даған жоқпыз. Өйткені, бұл қалада кəсіпкерліктің ең жоғары көрсеткіші мен қаржылық айналымның тұрақты биік межесі қалыптасқан. Мемлекет ІЖӨсінің 20 пайызын құрап отырған Алматы еліміздің бизнес орталығы ретінде шетелдерге де кеңінен таныс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен былтырғы жылдың соңында қабылданған отандық кəсіп керлікті қолдау туралы заң Парламент қабырғасында жан-жақты қызу талқымен қабылданғанын білесіздер. Əлемде дамыған 30 елдің қатарына қосылу жолында біз отандық кəсіпкерлікке қатысты заң актілеріне көптеген жеңілдіктерді енгізген едік. Бүгін соны кəсіпкерлеріміз бен түрлі бизнес өкілдеріне таныстыру шарасына келіп отырмыз, – деді Бақытжан Сағынтаев кіріспе сөзінде.

(Соңы 2-бетте).

«Достыќ» ордені табыс етілді Мəскеуде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Марат Тəжин РФ СІМ Дипломатиялық академиясының ректоры Евгений Бажановқа екінші дəрежелі «Достық» орденін табыс етті, деп хабарлады Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінің баспасөз қызметі. Е.Бажанов жоғары наградаға Е.Бажанов «Мемлекеттік жəне қоғамдық қызметінде жасаған зор зор алғысын айтып, Академия еңбегі үшін, елдің əлеуметтік- Қа зақ станмен бұрыннан бері эко номикалық жəне мəдени да- жемісті ықпалдастық етуде екенін муына, халықтар арасындағы жеткізді. Кеңес Одағынан кейіндостық пен ынтымақтастықты гі кезеңде Академияны 210 қазақнығайтуға елеулі үлес қосқаны стандық бітіріп шықты, олардың үшін» Қазақстан Республикасы ара сында 25 студент докторлық Президентінің Жарлығымен осы жəне кандидаттық диссертациянаградамен марапатталды, деп ха- л а р ы н қ о р ғ а д ы . Б і з д і ң м е кеме Қазақстанның ғылыми барлады М.Тəжин.

қауымдастығымен белсенді түрде байланыста болуда, қазіргі кезде бірлескен конференциялар, тағылым дамалар ұйымдастырылуда жəне делегациялармен алмасу жүргізілуде, деді Е.Бажанов. Ректор, сондай-ақ, Қазақстанның қазіргі тұрақтылығы мен қарқынды дамуы – ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің арқасында. Бүгінгі Қазақстан – тек бұрынғы Кеңес Одағының аумағында ғана емес, бүкіл əлемге кең танылған ел, деп осы мəселеге ерекше назар аударды.

(Соңы 2-бетте).

● «ҚазАгро» холдингі АӨК субъектілерін қаржыландыру көлемін сақтап қалады. Оның жалпы сомасы 200 млрд. теңгеден асады. Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің сөзіне қарағанда, «Агробизнес-2020» бағдар ламасы аясында пайыздық мөлшерлемені субсидиялау агроөнеркəсіптік кешенді дамытуға бағытталған бюджет шығындарының тиімділігін арттырады. ● Еліміздегі көктемгі дала жұмыстары үшін 60 млрд. теңге бөлінеді. Бұл – былтырғы жылғыдан 20 млрд. теңге артық. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, шаруаларды қаржыландыру үшін бюджеттік несие бөлу ісі де жоспарланып отыр. ● Əуежайлардың инфрақұ рылымын дамытуға 100 млрд. теңге инвестиция тартылады. Airoport Management Group ЖШС бас директоры Клод Банан Астанадағы халықаралық əуежайда жаңа жолаушылар терминалы салынатынын мəлімдеді. Айта кетейік, AMG компаниясы əуежайларды оңтайландыру жəне əуе активтерін басқару мақсатында қызмет көрсетеді. ● Астана – медициналық туризм бойынша Орталық Азиядағы жетекші қалалардың бірі. Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабар лағанындай, 2011-2014 жылдары аралығында елордадағы Ұлттық медициналық холдинг клиникаларында жəне Ұлттық ғылыми медициналық орталықта əлемнің 30-дан астам елінің 4 799 азаматына дəрігерлік көмек көрсетілген. ● Оңтүстік Қазақстанда баламалы энергетика бойынша 28 жоба іске асырылып жатыр. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі атап көрсеткендей, былтыр өңірде баламалы энергия көздері бағытында жалпы қуаттылығы 753 мВт болатын 3 жоба қатарға қосылған. Сондай-ақ, аймақта білім, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, тұрғын үй жəне коммуналдық шаруашылық, көлік жəне экология салаларын қамтитын 21 инновациялық жоба қолға алынып отыр. ● Қызылордада балық шаруашылығын дамытудың 2015-2017 жылдарға арналған жол картасы бекітілді. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі мəлім еткендей, аймақта соңғы жылдары балық өнімдері экспортының көлемі артып келеді. Мəселен, 2014 жылы құны 3,1 млн. АҚШ дол лары болатын 500 тоннадан астам балық өнімдері Грузия, Дания, Польша, Австрия жəне Германия мемлекеттеріне жөнелтілді. ● Ақмола өңірінде өткен жылы 295,2 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Облыс əкімдігі баспасөз қызметінің дерегінше, былтыр аймақ экономикасының дамуына 181,1 млрд. теңге инвестиция тартылған. ● Атырау облысының дамуына «Теңізшевройл» ЖШС зор үлесін қосып келеді. Құрылымның бас директоры Тим Миллер бүгінге дейін өңірдегі əлеуметтік жобаларды жүзеге асы руға компания тарапынан 930 млн. АҚШ долларынан астам инвестиция салынғанын жеткізді. Сондай-ақ, ол жергілікті халықпен жемісті ынтымақтастық арқасында осы көрсеткіштің əлі де өсе түсетініне сенім білдірді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнаcының деректері бойынша дайындалды.

● Кəсібің – нəсібің

Германия тґріндегі кездесу Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төрағасының орынбасары – Қазақстан кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ілгерілету мəселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы өкілі Дариға Назарбаева өзінің Германияға сапары аясында Берлинде «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесу өткізді. Өзара үнқатысу бейресми түрде өтіп, соның барысында Д.На зарбаева болашақ мамандарды Қазақстандағы жастар саясатының өзекті мəселелері, еңбек нарығы жəне жас мамандар үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етті. Кездесу кезінде Елбасы дайындаған «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясының

тұрғысынан біздің еліміздің əлеуметтік-экономикалық жəне рухани түрлену үдерісіндегі болашақ ұрпақтың рөлі ерекше аталды. Өз кезегінде, «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар Германияның жетекші жоғары оқу орындарында білім алуға берген мүмкіншіліктер

үшін мемлекетке өздерінің алғыстарын айтып, алған білімдерін Қазақстанға келген соң кеңінен қолдануға берік ниеттерін білдірді. Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі Төра ғасының орынбасары «Хабар» телеарнасына сұхбат беріп, Берлинде неміс тарапымен өткен келіссөздердің нəтижелері туралы əңгімеледі. «Егемен-ақпарат». –––––––––––––––––––––

Суретте: Д.Назарбаева Германияда оқитын қазақстандық студенттер ортасында.

Бїгінгі нґмірде: Сусамырдыѕ емі – шўбат 5-бет

Ер Ерденбек 7-бет

Ќўпия ќўжаттар не дейді? 8-бет

Саєат жґндеуші Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

Кезінде сағат жөндеушілерді мемлекеттік қызметтегілер деп санаған екен. Жақсы сағат жөндеуші болу үшін 5 жылдай еңбектену керек. Кейіпкеріміз Марат Ғайниденов татар азаматы, сағат жөндеумен 30 жыл бойы айналысып келеді. 1779 жы лы шыққан француз сағатын жөн де дім, дейді ол. Антиквариат зат. Бір қызығы, көне дүниенің жасалған қорабы қазіргіден мықты келеді екен. Швейцариялық сағаттарды да жөндеу қолынан келеді. – Қазірде көпшілік кварц жəне электронды сағаттарды қолданады. Осылардың біріненбір қалыс қалатын тұстары бар ма? – деп сұрадық кейіпкерімізден. – Мұндай сағат түрлерінің бірінен бірінің қалыс қалып жатқандығын байқамадым. Мен өзім кварц сағатты ұнатамын, – дейді Марат Ғайниденов, – 5 жыл таққан соң батареясын жаңартасың. Əркімнің жеке талғамы бар. Біраз адам күнде бұрап отыратын механикалық сағатты жақсы көреді. Ал электронды сағатты

көбіне спортшылар, мемлекеттік қызметкерлер тағады. Себебі қатты соққыға, суға төзімді. Осы мамандығым өзіме ұнайды. Əйтеуір нансыз отырмаймын. Шеберханамды жекешелендіріп алдым. Бір өкініштісі, қазір бұл іске қызығушылық білдіретін жастар жоқтың қасы. Меніңше, көп ұзамай біз де шетелдіктер секілді

боламыз. Оларда істен шығып қалған дүниені қалпына келтіріп əуреленбейді екен, жаңасын сатып ала салады. Германияда сағат жөндеуші деген тапшы деп естідім. Маған сол жақтан келіп, швейцариялық сағатын жөндеткен бір танысым айтты. Кейбіреулер сағат жөндеу деген шұқыланған жұмыс деп ерінеді.

Мен айтар едім, ерінбеңдер. «Ерінбеген етікші болады» демей ме қазақ?! Жағдайы жоқ жандардан, үлкен қариялардан ақша алмаймын. Студенттерді де аяймын. Сағаттардың ішінде күрделілігі жағынан, бөлшектерінің есепсіз көптігі жағынан «Репетитор» маркасы мені таңғалдырады. Ал жапондық сағаттардың іші-сырты өте ұқыпты, дəлме-дəл сағаттар дей аламын. Ресейлік сағаттар да сапа жағынан қалыспайды. Маратты Семейдегі бірденбір кəсіпқой маман деуге болады. Ресейдің Рубцовск қаласының техникумында механик мамандығы бойынша оқып шыққаннан кейін, Донецкіде əскери борышын өтеген. Ердің жасы елуден асқан ол отыз жыл бойы айналысып келе жатқан сағат жөндеуші кəсібін аса қадірлейді. Жұбайы Гүлнəр қазақ қызы, математика пəнінің мұғалімі, Елнұр, Елжан есімді екі ұлы Семей колледжінің студенттері. Мараттың айтуынша, сағат жөндеуші боламын деп осы мамандыққа ұмтылушылардың қатары күн санап азайып барады. Қызығушылық танытып отырған жастар шамалы. Сондықтан да ол екі ұлына сағат жөндеудің қыр-сырын ыждағаттылықпен үйретуден жалықпайды екен. СЕМЕЙ.


2

www.egemen.kz

Кəсіпкер жїгі жеѕілдейді (Соңы. Басы 1-бетте). Алқалы жиында қала басшысы Ахметжан Есімов өткен жылда ел қазанына қосқан қала үлесінің көрсеткіштерімен таныстыра келіп, қала аумағындағы экономикалық салалардың жайкүйін, қаржы секторындағы өзгерістер мен əлемдік экономикалық дағдарысқа байланысты орын алған шектеулер жөнінде, халықты жұмыспен қамтудың мүмкіншіліктері жайында айтып өтті. – Алматы қаласында кə сіп керлік одақтардың үлкен тобы шоғырланғандықтан жəне халықты жұмыспен қамту, мемлекет қазанына салық түрлері бойынша еселеп үлес қосу жөнінде еліміздің жалпы көрсеткішінің төрттен бірін құрап отырғаны аян. Мұның барлығы қала əкімдігінің жекелеген банктермен жəне бизнеспен өзара тығыз қатынас орнатып, жан-жақты меморандумдар қабылдағанының нəтижесі. Былтырғы көрсеткіш бойынша шағын жəне орта кəсіпкерлікті несиелендіруде, жалпы қаржы саласында көптеген жақсы нəтижелерге қол жеткізілді. Қазіргі əлемдік экономикадағы дағдарыс жағдай ына байланысты қаланың стратегиялық бағдарламасын қабылдап, алдағы уақытта бұған дейінгі қол жеткізген жетістіктеріміздің деңгейін биік дəрежеде ұстап тұруға шешім қабылдадық, – деп атап өтті қала басшысы. Дөңгелек үстел барысында шағын

жəне орта кəсіпкерлік ұйымдар мен бизнес топтардың өкілдеріне биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген заң актісі бойынша «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы орта жəне шағын кəсіпкерлікті тіркеу мерзімі, орта жəне шағын кəсіп иелеріне мемлекеттік тіркеу барысында заңды тұлға ретінде салынатын алымның қысқартылғаны, кəсіпкерлердің жарғы капиталының мөлшерлемесі, заңды тұлғаларды тіркеуде кəсіпкерлік субъектілерге хабарлама жасау, тіркеу кезінде жарғыны талап ету міндеттемесі, тіркеу мерзімдері жəне нотариалдық куəландыру шарасының алынып тасталуы, «Электронды үкімет» вебпорталы арқылы заңды тұлға статусы анықтамасын алу жолдары, сонымен қатар жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңның 21-бабына сəйкес құжаттарды қабылдау нормасының жаңартылған нұсқасы түсіндірілді. Ұлттық экономика министрлігі, Энергетика министрлігі, Əділет министрлігі жəне Қаржы министрлігінің, сондайақ «Атамекен» ұлттық кəсіпкерлік палатасының, Ұлттық банктің өкілдері шағын жəне орта кəсіп иелеріне аталмыш заңға енгізілген толықтырулар мен жаңалықтарды таныстырып, құжаттандырудың жаңа үлгісі туралы түсініктеме берді. АЛМАТЫ.

31 қаңтар 2015 жыл

● Тəуелсіздік талаптары

Кґпвекторлы сыртќы саясат – егемендіктіѕ ерекше кґрінісі Əбілсейіт МҰҚТАР,

«Достыќ» ордені табыс етілді

(Соңы. Басы 1-бетте). Сөз ретінде айта кетсек, «Достық» ордені – қоғамда ынтымақ сақтау, бейбітшілікті жəне халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту бойынша жасалған зор еңбек үшін берілетін Қазақстан Республикасының ең жоғары наградаларының бірі. Орден иелері арасында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ҰҚШҰ Бас хатшысы

Николай Бордюжа, ФИФА президенті Йозеф Блаттер, Мəскеу жəне бүкіл Ресей Патриархы Алексий II, Ресей Президенті Əкімшілігінің басшысы Сергей Иванов, Татарстанның тұңғыш президенті Минтимер Шаймиев, Кемеров облысының губернаторы Аман Төлеев, қару құрылымдаушы Михаил Калашников, МГИМО ректоры Анатолий Торкунов, Кеңес Одағының халық əртісі Иосиф Кобзон жəне т.б. бар.

Халыќаралыќ тəжірибе тиімділікке негіз

Кеше Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров пен Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб басқарушы комитетінің басшысы Əлихан Байменов Бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Жоспар агенттіктің халық аралық тəжірибені ескере жəне өңірлік үнқатысу алаңының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мемлекеттік қызметті дамыту жөніндегі миссия мен міндеттерді одан əрі жүзеге асыруға бағытталған. Бірлескен іс-шаралардың си паты мен мазмұны агенттік үсті міздегі жылдың қаңтарында қ абылдаған басымдықтарының бірі мемлекеттік қызметшінің кəсіби жəне тұлғалық қасиетінің бейнесін əзірлеу болып табылатын Мемлекеттік қызметті дамыту мəселелерін шешу жөніндегі жоспардың бағыттарына сəйкес келеді. Үстіміздегі жылдың мамырында VIII Астана экономикалық форумы шеңберінде Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің қолдауымен мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару мəселелеріне арналған жаһандық конференция өтетін болады. Бүтіндей алғанда, агенттік қабылдаған шаралар кадрлық менеджменттің сапаға бағдарланған қазіргі заманғы тəсілдерін енгізуге бағытталған. Халықаралық сарапшылармен өзара байланыс өңірдегі озық тəжірибелерді алуға ғана жағдай жасап қоймай, сонымен бірге, мемлекеттік аппаратты кəсібилендіруге бағытталған мемлекеттік қызметтің моделін дамытудағы өз тəжірибемізбен бөлісуге де мүмкіндік туғызады, деп атап өтті Қайрат Қожамжаров. «Егемен-ақпарат».

HILL

Бўл – ќазаќстандыќ мотор майы (Соңы. Басы 1-бетте). Жоба əлемдік деңгейдегі жағармай лардың толық спектрін өндіруді қарастырған. Өндіріс Қазақстанда осындай өнімнің сату құнын түсіруге, импортты алмастыруға жəне жағармайлардың экспортын арттыруға мүмкіндік береді. Азамат Жолшыбеков 2015 жылдардың орта шенінен Ресей теміржолы компаниясымен əріптестік байланыс орнайтындығын айтады. Сұраныс бар, сапа, баға оларды қанағаттандыратын сыңайлы. Зауытта мотор майының екі түрі шығарылады. «Hill» майының 5 литрі 2,5 мың теңге болса, халықаралық стандарттарға негізделген, сапасы да анағұрлым мықты «Fastroil» майының 5 литрі 5мың 700 теңгеден сатылуда. Сонымен қатар, компания солидол, литол сияқты өндіріске аса қат майлауыш өнімдерді де шығармақ. Мұнда

қазір 200-дей адам жұмыс жасайды, айлығының орташа құны 80 мың теңгеден жоғары. Жылдық табысы 4 млрд. 800 мың теңгеге шыққан серіктестіктен республикалық жəне жергілікті бюджетке қомақты қаржы түседі. Қазақстандағы алғашқы мотор майының жағдайы осындай. Зауыт директоры Нұрбол Дүтбаев өндірісті толық іске қосқанда əлемдегі бəсі бөлек мотор майларымен бəсекеге түсуге қабілетіміз толық жетеді дейді. Қазақ мұндайда «аузыңа май, астыңа тай» дейді ғой. Бұрын мотор майын шетелден тасымалдап келсек, енді біздің майымызға Ресей, Беларусь, Тəжікстан сияқты мемлекеттер қызығушылық танытып, келісімшарттар жасасуда. Көрінген таудың алыстығы жоқ, ар жағында Еуропаның жазығы бар. Отандық өріс осылай кеңейеді. Оңтүстік Қазақстан облысы.

тарих ғылымдарының докторы, профессор,

Тұрар ШАЙХИЕВ,

саясаттанушы, доцент.

Қазақ елі өз тəуелсіздігін жария еткен 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бас тап демократиялық даму жолын таңдайтындығын жалпы əлемге жария етіп, еліміздің өзіндік сыртқы саясатын қалыптастыра бастады. Еуразия кеңістігінде алып аумақты алып жатқан еліміз сыртқы саяси басымдықтарын айқындауда, орналасқан аумағының географиялық саяси (геосаяси) жағдайы нан шыға отырып көпвекторлы бағыт ұстанды. Ол турасында дипломат, қоғам қайраткері Қ.Тоқаев: «1991 жылғы желтоқсан – 1993 жыл аралығында Қазақстанның көпвекторлы дипломатиясы қалыптасты», деп атап өткен-ді. Əлемдік саяси теорияда көпвекторлы сыртқы саясат демократиялық мемлекеттерге тəн. Демократиялық мемлекеттің сыртқы саясаты өзге елдердің ішкі ісіне араласпау, олардың территориялық біртұтастығын құрметтеу, өзге елдермен тең дəрежелі қарым-қатынастарға түсу, өз ұстанымдарын өзге елдерге таңбау, өзге елдердің саяси тəртібі мен экономикалық жүйесін жəне этникалық, діни құндылықтарын құрметтеу ұстанымдарына негізделетіні көпшілікке мəлім. Өзінің сыртқы саясатында осы ұстанымдарды басшылыққа алған кез келген мемлекет əлемдегі барлық елдермен, оларда үстемдік құрып отырған билік тəртібіне қарамастан, тату-тəтті қарым-қатынас орнатады. Ал бұл – əлемдегі тепетеңдікті сақтаудағы басты талап. ХХІ ғасырдағы əлемдік халықаралық қатынастар өзінің əр алуандығымен ерекшеленді. Əлем елдері бүкіл дүниежүзін қамтыған (БҰҰ немесе НАТО) немесе белгілі бір аймақтағы елдерді біріктіретін (ЕО немесе ШЫҰ) альянстар мен одақтар құрамында өзара бірлесіп өмір сүреді. Егемендiктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көпвекторлы сыртқы саясат ұстанған Қазақстан əлемнің алпауыт елдерімен келісімге келе білді. Қазақстан экономикалық əлеуеттік қоры мол əрі əскери-стратегиялық аймақ болғандықтан, географиялық саяси (геосаяси) жағдай өте күрделi болды. Сол себепті де еліміз əлемнің жетекші елдерімен жанжақты қарым-қатынастарды нығайтуға бар күш-жігерін салды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясаты еліміздің географиялық саяси орналасуымен тығыз байланысты. Елбасы тарихи тұста қазақ тарихының өткен кезеңінен қажетті сабақтарды терең меңгере білді. Өйткені, Қазақстан өзінің сан ғасырлы тарихында төңірегіндегі халықтармен қарым-қатынас орнатуда өзіндік тəжірибе қалыптастырды. Бабаларымыздың ХV-ХVІІІ ғасырларда Ресей, Жоңғария, Түркия, Қытай, Иран, Ауғанстан, өзге де көршілес елдермен қарым-қатынас орнатқаны тарихтан мəлім. Міне, сондықтан да мұндай тарихи байланыстар бүгінде заңды жалғасын тапты. Қазақ елінің қалыптасқан саяси жағдайда көршілерімен келісімге келе білуі ел тұтастығын сақтауда шешуші фактор бола білді. Осы саясат өткен замандарда Ресеймен солтүстік пен батысымыздағы жайылымдарды, Азияда ірі империяға айналған Парсы шахы Нəдірмен оңтүстіктегі, Жоңғариямен шығыстағы аумақтық мəселелерді шешуде септігін тигізді. 1760-жылдары қазақ хандары Əбілмəмбет пен Абылай ел мүддесі үшін Ауған шахы Ахметпен бірлесе Жоңғарияны түбірімен жойған Қытаймен келісімге келіп, шығысымыздағы күрделі қарым-қатынасты реттейді. Атақты Абылай ханның «Бабаларымыз Есім хан, Жəңгір хан заманынан бермен қарай Қытай империясының лебізі мен ұлағаты бізге жетпей келіп еді», деп басталатын ха ты қазақ-қытай байланысын жаңа сатыға көтереді.

Тарихымыздағы Қазақ елінің көпвекторлы сыртқы саясатының бір көрінісі ретінде ХVІІІ ғасыр басында қарқынды басталып, кейін түрлі деңгейде жалғасын тапқан қазақ-орыс келіссөздерін атауымызға болады. Əбілқайыр ханның «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кейінгі 1731 жылғы келісімін «бодандық» келісімі емес, керісінше, көпвекторлы саясаттың көрінісі ретінде қарайтын уақыт жетті. Осыған байланысты «Ресейге қазақ бодандығын» қалыптастырған тарихи кезеңде қазақ хандары қабылдаған шешімдер мен олардың атынан жазылған хаттарды өз мамандарымызбен қайта саралауымыз қажет. Бүгінге дейін қазақ хандары қолдарынан шыққан араб тіліндегі хаттардың толыққанды ұлттық мүддемізбен зерделенбегені жасырын емес. Керісінше, сол баяғы ұлы державалық саясаттың араласуымен орыс тіліне аударылған мамандардың аудармаларын бетке ұстаумен келеміз. Бұл арада Ресей тарихшысы А.В.Ремневтің: «Действительно, история казахов доимперского и имперского периодов в значительной степени была частью «подчиненного знания», сформированного и внедренного российскими учеными, которые собирали источники и создавали свои интерпретации, остающиеся влиятельными до сих пор. Художники и писатели России создавали образы кочевников, которые продолжают властвовать над умами людей до сих пор. Стереотипы империи оказываются чрезвычайно живучими и все еще входят в сферу «знания-власти» дегенінің астарында ащы шындық жатыр (Ремнев А.В. Может ли история Казахстана имперского периода быть постколониальной? Взгляд со стороны заинтересованного наблюдателя. – С.196-197 // Казахстан и Россия: научное и культурное взаимодействие и сотрудничество / отв. ред. Ш.К. Ахметова, З.Е. Кабульдинов, И.В. Толпеко, Н.А. Томилов. – Астана – Омск: Полиграфия «Еnter Group», 2013. – 275 с.) Жеңісі мен жеңілісі қатар жүрген, бабаларымыздың түн ұйқысын төрт бөлген тар жол тайғақ кешу жылдарының нақты нəтижесі – өз ұлттық бірлігін, аумақтық тұтастығын жоғалтпай, 1991 жылы əлемдік қоғамдастыққа енген бүгінгі Тəуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазіргі таңда да Қазақ елі ХХІ ғасырдағы əлем саясатының тегеурінді жетек шілері – екі алып империяның жə не үш əлемдік діни өркениеттің – мұ сыл ман, христиан жəне буддизм қиылы сында өз дара жолын табуда. Қос алып көршілеріміздің кей жағдайда бір-біріне қайшы келетін өз ұлттық мүдделері болса, əлемдік діни өркениеттердің географиялық кеңістікте таралуы мүддесі Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Елбасы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Мен өзімнің тəжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады», деп ескерте келе, алдағы сынақтан «тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар өтетінін», ерекше атап өтті. Осындай күрделі жағдайда көршілермен тату одақтастық саясат ұстану – еліміздің ұлттық мүддесінің қазіргі кезеңдегі талабы. Қазіргі əлемде қауіпсіздік сақталуының басты кепілі экономикалық мүддеге қатысты. Елбасы Ұлытауда: «Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бəрі шешілмейді. Тіл де, дін де жайына қалады. Қазақтың да жағдайы жақсармайды. Сондықтан бұған түсіністікпен қарау керек. Құр сөзді қою керек», деп ашық ескертсе, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің, экономиканы сыртқы қолайсыз жағдайлардан қорғаудың маңыздылығын алға тартты. Бүгінгі таңда ел болашағынан туындайтын Қазақ елінің көпвекторлы сыртқы саясатының үш мызғымас мығым тұғыры бар. Бірінші – əлем елдерімен жəне

халық аралық ұйымдармен екіжақты жəне көп жақты халықаралық саяси қатынастар. 1992 жылы 5 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында сөз сөйлеп, еліміздің бейбітсүйгіш мемлекет ретінде БҰҰ Жарғысымен толық келісетінін баса атап көрсетті. Оның дəлелі ретінде Қазақстан жойқын қиратушы күшке ие ядролық қарудан өз еркімен бас тартты. Бұл халықаралық қатынастарда теңдесі жоқ қадам ретінде əлем елдерінің алдында Отанымыздың мəртебесін асқақтатты. Қазақстанның сыртқы саясаты тəуел сіздік жылдары əлемдік деңгейде тереңдеуде. 2010 жылы елiмiздiң батыс жартышарындағы жетекші халықаралық ұйым – ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуi, Астанада осы ұйымның жетiншi Саммитiн өткiзуi, 2011 жылы шығыс жартышарындағы сол дəрежедегі Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етуi – еліміздің күллі əлемді түгел қамтыған көпвекторлы сыртқы саясатының жемiсi. Екінші – əлем елдерімен əртарапты эко номикалық байланыстар. Елбасы Н.Назарбаевтың: «Қазір үлкен мемлекеттердің мүдделері Қазақстанда түйісіп отыр. Біріншіден, біздің энергетикалық ресурстарымыз үшін түйісіп отыр. Оған Америка, Ресей, Қытай, Еуропа жəне басқалары мүдделілік танытуда. Ал біз мұнда тек Қазақстанның мүддесін көздейміз», деуі ел мүддесін танытары даусыз. Қазіргі жаһандану үрдісі заманында қандай экономикалық тəуелсіздікке ұмтыламыз деген мəселе – еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының басым бағыты. Міне, сондықтан да Қазақстан əлемнің шикізаттық шеткі аймағы болып қалмас үшін, дүниежүзінің жоғары технологиялы елдерімен əртарапты экономикалық байланыстарын күн санап нығайтуда. Əлемдік дамыған экономикалық жүйелермен əртарапты қатынастардың басты саласы ретінде мұнай өндіру жəне мұнай экспорты маңызды. Қазақстан ТМД елдері ішінде мұнай қоры бойынша Ресейден кейінгі екінші орында. Болашақта мұнай өндірісінің ұлғаюы болжамдарын ескере отырып, мұнай тасымалдау инфрақұрылымын дамыту мəселесі аса маңызды жəне жаңа экспорттық жүйелерді ұйымдастыру кезек күттірмейтін мəселелердің алдыңғы қатарында əрі бұл көпвекторлы сыртқы саясатымыздың экономикалық тірегі екендігі даусыз. Еліміз əртарапқа тартылған мұнай құбырларына иелік ету арқылы əлемнің жетекші елдерімен қарым-қатынастарда сыртқы саяси дивидендтер ала алады. Қазақстан мұнайын тасымалдаудың экспорттық бағыттарын дамыту жəне əртараптандыру мақсатымен ірі жобаларды іске асыру жөніндегі жұмыстар белсенді жүргізілуде. Баку – Тбилиси – Жейхан құбырына қосылумен Қазақстан – Каспий тасымалдау жүйесін құру жəне Қазақстан – Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін ұлғайту еліміздің батыс іргесін де, шығыс іргесін де бекіте түседі. Рес ми мəліметтер бойынша Қазақстан дағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км.-дан артық. Солардың ішінде еліміздің əртарапты экономикалық байланыстарын қамтамасыз етіп отырған ең ірілері Атырау – Новороссийск, Атырау – Самара, Атасу – Алашаңқай жəне Омбы – Павлодар – Шымкент құбырлары. Əлем елдерімен əртарапты экономикалық байланыстарды оңтайлы жолға қоюда əлемдік сауда байланыстарының маңызы зор. Əлемдік сауда байланысында бірнеше ғасыр бойы теңіз жолдары басты орын алып келеді. Қазақ елінің жалғыз теңіз қақпасы – Ақтау халықаралық теңіз сауда порты. Каспий теңізінің шығыс жағасындағы халықаралық жүк тасымалы жүйесінде аса маңызды орын алатын Ақтау порты Азия жəне Еуропаның көптеген елдерінің су мен құрлық, теміржол,

əуе жолдарының тоғысар торабында орналасқан. Ақтау қаласындағы бұл порттан кемелер Каспий теңізі арқылы Астраханьға, одан Еділ – Дон каналы арқылы Қара теңізге, одан əрі Жерорта теңізіне, мұхиттарға шыға алады. Бұған қоса, əртарапты экономикалық қатынастарды дамытуда маңызы зор Ақтау халықаралық теңіз сауда портынан шығатын теңіз жолдарының екеуі Иранның солтүстік айлақтарына, біреуі Бакуге жүк жеткізеді. Өткен дəуірдегі мемлекеттер арасындағы сауда-саттық істерінде ғаламдық құрлық көлік тасымалы артериясы болған «Ұлы Жібек жолының» Қазақ елі аумағы арқылы өткені – тарихи дəлелденген факт. Қазіргі таңда, сол аңызға айналған көлік жолының заңды мұрагері ретінде бағаланып үлгерген «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық тас жолының Қазақстанға тиесілі бөлігі 2452 шақырымды құрайды. Қытай Халық Республикасының шекарасынан Қызылорда қаласына дейінгі I санаттағы қашықтық 1391 шақырымды, ал Қызылорда қаласынан Ресей Федерациясының шекарасына дейінгі II санаттағы бөлігі 1061 шақырымды құрайды. Еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының экономикалық тұғыры – əлем елдерімен əртарапты экономикалық байланыстарды дамытуда «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық тас жолының атқаратын рөлі зор екендігі ешқандай дау тудырмайтын ақиқат. Қазақстан соңғы жылдары темір жол қатынастарын да дамытты. Қазақстан теміржолы Түрікменстан арқылы Иранға, Жаңаөзен – Қызылгай – Берекет – Этрек – Горганға дейін созылды. Мұның өзі экономикалық мүмкіндігімізді Парсы шығанағына, Оңтүстік жəне ОңтүстікШығыс Азия, Африка бағытына кеңейтті. Жаңа бағытпен жылына 10 млн. тонна тауар тасымалданбақ. Бұған Ресеймен, Белоруссиямен жəне Армениямен жасалған Еуразиялық экономикалық одақты қосыңыз. Сайып келгенде, мақсат біреу. Ол – əлемдік нарыққа шығу. Ал түпкі нəтижесі 100 миллиондаған экспортқа жол ашу. Үшінші – əлем елдерімен мəденигуманитарлық бағыттағы қарым-қатынастар. Қазақ елінің мəдени-гуманитарлық дамуы жалпыадамзаттық құндылық тармен тығыз байланысты жəне көпвекторлы сыртқы саясат пен əлем елдерімен əртарапты экономикалық байланыстар арқылы қамтамасыз етіледі. Алдымыздағы ауқымды мақсаттарымыздың жүзеге асуы еліміздің мəденигуманитарлық дамуымен де тығыз байланысты. Бұған Қазақстанның əлеуеті де, экономикалық мүмкіндігі де толық жетеді жəне ендігі қалған мəселе – дамыған өркениетті елдер тəжірибесін игере отырып, еліміздің мəдени-гуманитарлық дамуын да инновациялық жолға қою, қазақ ұлтының дəстүрлі құндылықтары мен жаңа либералды құнды лықтар сəйкестігін қалыптастыру. Қазақ елінің əлем елдерімен жанжақты мəдени-гуманитарлық байланыстарының дамуында төрткүл əлемнің дін көшбасшыларының басын қосқан діни съездердің алар орны ерекше. Съездердің маңызды ерекшелігі ретінде əлемдік барлық ірі конфессиялардың өкілдерінен басқа оның жұмысына көрнекті саясаткерлердің, мемлекет басшыларының жəне беделді халықаралық ұйымдардың қатысуы болып табылады. Бұл жағдай əлемде қауіпсіздіктің күшеюіне, мəдениеттер мен өркениеттердің жақындасуына ықпал етуге мүмкіндік жасайды жəне осы үрдістердің басында Қазақ елінің тұруы – еліміздің көпвекторлы сыртқы саясатының айқын жеңісі. Қазақ елінің мəдени-гуманитарлық дамуында бауырлас түркі халықтарымен рухани-мəдени байланыстар ерекше шешуші маңызға ие. Түркі халықтарының мəдени-гуманитарлық ықпалдас тығын арттыру мақсатында 1993 жылы Алматыда алты бірдей түркі мем ле кетінің басшылары (Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Əзербайжан, Өзбекстан) «ТҮРКСОЙ» ұйымын құруға шешім қабылдаған болатын. Қазіргі таңда ТҮРКСОЙ-дың аясы кеңіп, бұл ұйымға Солтүстік Кипр, Ресей Федерациясынан Татарстан, Башқұртстан, Хакасия, Гагауз, Тыва республикалары мүше. Əсіресе, соңғы екі-үш жылда ТҮРКСОЙ-дың бойына қан жүгіріп, көптеген мəдени игі шаралардың ойдағыдай атқарылуына мұрындық болды. Штаб-пəтері Анкарада орналасқан аталған ұйымның жұмысын одан əрі қарай жетілдіруде жəне түркі тектес халықтардың арасында мəдени-гуманитарлық байланыстарды қамтамасыз етуде Қазақстан мен Түркияның алатын орны ерекше. Елбасы Н.Назарбаевтың тəуелсіздікке қол жеткізген алғашқы күндерден бастап шетелдегі ағайындармен байланыс жасауға айрықша көңіл бөлуінің өзі еліміздің болашақ мəдени-гуманитарлық дамуын ойлаумен байланысты еді. Ал қорыта келгенде айтарымыз – көпвекторлы саясат тəуелсіз еліміздің əлем картасынан өз орнын дəлелдеуге сөзсіз септігін тигізді жəне ол арқылы əлем халықтары сеніміне ие болды. Қазақстанның тек аймақтық қана емес, сонымен бірге, дүниежүзілік тұрақтылықты сақтаудағы белсенділігі, оның ашық саясаты Мəңгілік Еліміздің тұғырын биіктете беретіні сөзсіз. ОРАЛ.


● Дүние жəне дағдарыс

ТЫНЫШСЫЗДЫЌ ТЎМШАЛАЄАН ƏЛЕМ «Таќтатас тґѕкерісініѕ» аќыры

Сонау 2009 жылы Буэнос-Айрес қаласында өткен халықаралық газ конференциясында ВР корпорациясының басшысы Тони Хейворд пен CERA консалтингтік зерттеу фирмасының жетекшісі Дэниел Ергин тақтатас газын өндіруде бетбұрыс басталғанын, осы ретте озық технология ашқан АҚШ «тақтатас төңкерісін» жасайтынын жарты əлемге жария етті. Хейворд таяудағы бірнеше жылда əлемдегі тақтатас газының қоры 60 пайызға өсетіндігін жобаласа, Ергин бұл көрсеткіш 250 пайызды құрайтынын айтты. Солақ екен Американың бірқатар компаниялары газ жəне мұнай өндіру саласында «төңкеріс» жасау қозғалысына белсене кірісіп те кетті. Əлемдік БАҚ өкілдері де «отқа май құйғандай» бұл қозғалысты барынша əспеттей бастады. Мəселен, кейбір басылымдар Техаста тақтатас мұнайының бір баррелін өндіру бар

3

www.egemen.kz

31 қаңтар 2015 жыл

болғаны 15 доллар екен, алдағы жылы бұл көрсеткіш, тіпті, екі есе төмендейтін көрінеді, ал Сауд Арабиясында тақтатас мұнайының өзіндік құны 7 доллардан да аспайды деп даурықты. Тағы бір басылымдар, мəселен, «Однако» журналы тақтатас мұнайы əлемдегі барлық елдердің аумағында біркелкі орналаспапты, оның жерасты қорының 70 пайызы АҚШ-тың аумағында орналасса, Ресей аумағында оның 7 пайыз ғана қоры бар көрінеді, деп жазды. Рас, АҚШ тақтатас газын

өндіру технологиясында бірқатар табыстарға жетті. Қазір Америка тақтатас газы мен мұнайын өндірістік ауқымда өндіру технологиясын игерген бірден-бір мемлекет болып отыр. Соңғы жылдары бұл елде тақтатас газын өндіру көлемі де айтарлықтай артты. Осыған байланысты АҚШ энергетикалық қуат көздері нарығындағы ең басты ойыншыға айналатындығы айтыла бастады. Мəселен, Дэниел Ергин мен əлемдік сарапшы Майкл Стоппард жақын арада АҚШ жаһандық газ нарығының көшбасшысы болатындығына болжам жасады. Алайда, бүгінде «тақтатас төңкерісінің» болашағы бұлыңғырлана бастаған сыңайлы. Тақ татас газы мен мұнайын өндірудің айта қалғандай арзанға түспейтіні белгілі болды. Тақтатас мұнайын өндіру технологиясы

бойынша, жер қойнауының белгілі бір тереңдігіне жеткеннен кейін тікелей бұрғылаудан жер қыртысын үңги горизонтальді бұрғылауға көшіп, тереңдегі жер қыртысын қопара айыру керек. Мамандардың айтуынша, тақтатас мұнайы қорланған жер қыртысын үгіту үшін орасан көп мөлшерде əртүрлі химикаттар қосылған су айдалады. Ең бір ерекшелігі, су өте көп мөлшерде қажет етілетін көрінеді. Онсыз да жұмыр жер таза судан тапшылық көріп отырғанда тақтатас мұнайын алу үшін миллиондаған текше метр таза су химикаттармен уландырылып, жер қойнауына жіберіледі. Сөйтіп, адамзат болашағына ауадай қажет жерасты суларына орны толмас зиян келеді екен. Тақтатас мұнайын өндірудің мұнан басқа экологиялық зардаптарын айтудың өзі қорқынышты. Оның үстіне, тақтатас мұнайының ұңғымалары қазіргі мұнай ұңғымаларына қарағанда 5-15 есе қымбатқа түсетін көрінеді. Мəселен, АҚШ-тың Солтүстік Дакотадағы бір ұңғымасын бұрғылауға 9 миллион доллар жұмсалса, дəстүрлі тікелей бұрғылау ұңғымасына 400-600 мың доллар қаржы жұмсалатын көрінеді. Сонда осынша қымбатқа түсетін тақтатас мұнайын игерудің экономикалық тиімділігі қандай? Оның астарында не жатыр? Сарапшылардың айтуынша, əлемдік мұнай бағасы 60 доллардан төмен түсетін болса, тақтатас мұнайын игеру банкроттыққа бастайды екен. Сондықтан ОПЕК-тің мұнай өндіру көлемін қысқартпай бағаны түсірудегі басты мақсаты да əлемдік мұнай нарығындағы орындарынан айырылып қалмау болып отыр. Сөйтіп, халықаралық бұл ұйым

Соєыс ґрті шарпыєан балалар Адамзат өркениеті өркендеген сайын қарапайым халық тұрмысы қиындай түсетін сияқты. Дүниежүзін мекендеген барлық мемлекеттердегі байлар мен кедейлер арасындағы айырмашылық аспен мен жердей алшақтай түскен. Бүгінде əлемнің əр түкпірінде дүркін-дүркін бұрқ ете түскен соғыс өрттерінің беті қайтар емес. Миллиондаған адам жұмыссыздықтан, қайыршылықтан жəне қантөгіс соғыстардан зардап шегуде.

«Түйені шайқалтқан дауылда ешкіні аспаннан көр» дегендей, тұрақсыздық пен соғыс дауылы ушыққан елдердегі балалардың жағдайы өте аянышты. Бүгінде дүниежүзіндегі əрбір оныншы бала соғыс қимылдары өршіген аймақтарда мекен етуде. БҰҰ-ның Балалар қоры бағдарламасы тұрақсыздық тұмшалаған 71 мемлекетке көмек көрсетпек. БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) кеше Женева қала сында осы қордың донорлары болып табылатын мемлекеттер мен ұйымдарға үндеу жолдап, биылғы жылы қорға 3,1 миллиард доллар қаржы бөлуге шақырды. Қазір жер жаһанды мекендейтін 62 миллион бала апат қаупі өршіген аймақтарда өмір сүріп, жаһандық гуманитарлық көмекке зəру болып отыр. ЮНИСЕФ биылғы қорға қажетті қаржының 1 миллиард долларға артып отырғанын жаһанды жайлаған жұқпалы аурулардың асқынуымен, соғыс қимылдарының өршуінен түсіндіреді. ЮНИСЕФ-тің алдын ала жасалған бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы

қорға жиналған қаржының 903 миллион доллары Сириядағы соғыстан зардап шеккен балаларды құтқаруға, 507,5

миллион доллар «Эбола» ауруының алдын алуға жұмсалса, 320 миллион доллар – Ирак, 160 миллион – Оңтүстік Судан, 117 миллион – Судан, 111 миллион доллар Сомали елдеріндегі қақтығыстардан зардап шеккен балалардың жағдайын жақсартуға жұмсалатындығын белгілеп

отыр. Сонымен бірге, БҰҰ-ның Балалар қоры Ауғанстан, Чад, Йемен, Палестина, Эфиопия, Нигерия жəне Орталық Африка

«Ґткелде ат ауыстырмайды» Бүгінде Еуропалық одақтың барлық назары Грекияға ауып отыр. Грекия бүкіл кəрі құрлық үшін жарылмайтын жаңғаққа айналды. Соңғы 15 жыл бойы Грекия еуропалық қарыз берушілерден орасан көп мөлшерде несие алды. Осы мерзімде Грекияда ешқандай түбегейлі реформалар жасалған жоқ. Тіпті, гректер жұмыс істеуді де қойды. Соның салдарынан мемлекеттің сыртқы қарызы 320 миллиард еуродан асып, ұлттық ІЖӨ-нің 175 пайызын құрады. Соңғы 15 жыл ішінде Грекия Еуроодақтағы ең кедей елге айналды. Жұмыссыздық деңгейі 25 пайыздан асып жығылды. Елдің экономикалық жағдайы осындай тығырыққа тірелген шақта ел үкіметінің тізгінін солшылдар көсемі Алексис Ципрас қолға алды. «Өткелде ат ауыстырмай- күмəн көп. Ципрас үкіметінің ды» дей тұрсақ та Грекия сай- 20 мүшесінің екеуі ғана бұрын лаушылары солшылдар үкіметін үкімет құрамында болған. Қалжақтап дауыс берді. СИРИЗА ғандарының бұл орайда ешқандай партиясының 40 жастағы көсемі тəжірибесі жоқ. Соған қарамастан, Алексис Ципрас – грекиялық ком- бұл үкімет ондаған жылдардан сомолдан шыққан өкіл. Батыста бері шешілмей келе жатқан пробоны «коммунистік Гарри Поттер» лемаларды еңсермек. Грекияның жаңа үкіметі деп атайды. Себебі, ол сиқыршы таяғын бір сермеп, Грекияда жыл- Брюссельдің алдына ел қарызының дар бойы қордаланған қиындықты жартысына кешірім жасап, қалған жеңілдетпек. Алайда, жаңа жартысын өтеу мерзімін ондаған үкімет гректерді жуыр маңда жылға ұзартуды талап етіп отыр. тығырықтан алып шығатынына Сонымен бірге, Ципрас Грекияның

бұрынғы үкіметі Брюссельмен келісіп жасаған несиені өтеу жөніндегі бағдарламаны тоқтатты. Егер Брюссель олардың талабын орындамайтын болса, Ципрас үкіметі еуроаймақтан шығып, драхманы қалпына келтіруді, тіпті, Еуропалық одақтан шығып кететіндіктерін мəлімдеуде. Ал Еуропалық одаққа олардың бұл талабын орындау жарға жығылумен бірдей. Егер Грекияға сəл босаңсыту жасалатын болса, оның артынан Италия, Испания, Португалия жəне Ирландия мемлекеттері аттандап шыға келеді. Ал бұл – еуропалық интеграцияның тамырына балта шабу деген сөз. Бүгінде Алексис Ципрастың бастамаларын «отқа май құйғандай» өршітушілер қатары да көбейіп келеді. Мəселен, француздардың «Ұлттық майдан» атты партиясының көсемі Марин Ле Пен: «Мен Грекия ның Еуроодаққа өте қатты демократиялық шапалақ бергеніне бек қуаныштымын», деп

2014 жылдың 27 желтоқсанында өткен басқосуда мұнай өндіру көлемін тəулігіне 30 миллион баррельден төмендетпеу жөнінде шешім қабылдады. Ақыры мұнай бағасы 50 доллардан да төмендеп кетті. Қазіргі мұнай бағасы ОПЕК ұйымының Венесуэла, Алжир, Нигерия, Иран, Ирак мемлекеттері сияқты мүшелеріне жеңіл тиіп отырған жоқ. Соған қарамастан, бұл халықаралық ұйымның көшбасшысы – Сауд Арабиясының талабы бойынша ОПЕК мұнай бағасын барынша төмендету бағытынан таймай келеді. Бұл талап өзінің алғашқы нəтижелерін беруде. Солтүстік Америкада тақтатас мұнайын өндіріп жатқан көптеген компаниялар тығырыққа тірелді. Тіпті, мұнай бағасының құлдырауына байланысты банктен алған несиелерін өтей алмай банкротқа ұшырағандары да бар. Сөйтіп, америкалық «тақтатас төңкерісі» ақиқаттан аңызға айналатын түрі бар. Қазірдің өзінде тақтатас мұнайы кен орындарындағы АҚШ-тың мұнай платформалары қысқара бастады. Өткен жылдың желтоқсан айында мұндай платформалардың саны 1576 болса, қаңтар айының ортасында олардың саны 1366ға дейін құлдырады. Жақында ОПЕК ұйымының бас хатшысы Абдалла əл-Бадри «Қазір мұнай бағасы өзінің ең төменгі деңгейі – 45-50 долларға түсті», деп мəлімдеді. Егер мұнай бағасы дəл бүгінгі деңгейде қыркүйек айына дейін сақталатын болса, Американы əлемдік мұнай державасы дəрежесіне көтеретін «тақтатас төңкерісі» де құрдымға кететінін барлық сарапшылар бірауыздан мақұлдап отыр. Адамзат болашағына орасан экологиялық апат əкелетін бұл «тақтатас төңкерісінің» бесігінде тұншыққаны қажет-ақ!

Республикасында балаларды қиындықтан құтқару мақсатындағы гуманитарлық шараларды жүзеге асырмақ. Биылғы жылы ЮНИСЕФ бағдарламасында Украина балаларына көмек көрсету бағдарламасына басымдық берілмек. БҰҰның мəліметі бойынша, Украинадағы соғыс зардабынан 5,2 миллион адам, оның ішінде 1,7 миллион бала гуманитарлық көмекке зəру болып отырған көрінеді. Соңғы уақытта Украинада 1,5 миллионнан астам адам оның ішінде 130 мың бала босқынға айналған. Донецк қаласында 1 мыңнан астам бала тұрақты түрде жертөлелерде өмір сүруге мəжбүр екен. ЮНИСЕФ Украина балаларына көмек көрсету үшін биылғы жылы 32 миллион 450 мың доллар қаржы жұмсамақ. БҰҰ Балалар қорының атқарушы директоры Энтони Лейк өзінің мəлімдемесінде: «Украинада, Иракта жəне Газа секторында ушыққан соғыс қимылдары мыңдаған балалардың өміріне қауіп төндіріп отыр, үздік сіз жарылған снарядтар адам таңдамай жасты да, кəріні де құр бан дыққа ұшыратуда», деп атап көрсет ті. ЮНИСЕФ үстіміздегі жылы аштық қа ұрынған 2,7 миллион балаға, ауызсуға жарымай отырған 34,3 миллион ересектер мен балаларға нақты көмек көр сетпек. 13,6 миллион балаға жұқ палы ауруларға қарсы вакцинация жасалынбақ. БҰҰ-ның балалар қоры дүниежүзіндегі гума нитарлық көмекке зəру болып отырған балаларға басқа да қолдан келген көмектерді жасамақ.

мəлімдеді. Оның пікірінше, ал дағы уақытта еуроаймақта бірыңғай валюта қолданудың тиімділігі қаншалықты пайдалы екендігін талқылайтын пікірталастар өткізілуі керек. Сонымен бірге, Ципрас үкіметі Ресейге қарсы жасалып жатқан

экономикалық санкцияларды тоқтатуды қолдайтындықтарын да ашық айтуда. Қалай болғанда да, Грекия үкіметінің тізгінін қолға алған солшылдар кəрі құрлықты тітіркентіп тұр. Ал солшылдар қимылының қаншалықты нəтижелі болатындығы уақыт еншісінде. Дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Христиан автономиясын ќўруды ўсынды Америкалық сенаторлар Ирактың Ниневии аңғарында христиандар үшін автономиялық провинция құруды ұсынды.

Ирактық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 17 сенатор АҚШтың мемлекеттік хатшысы Джон Керриге хат арқылы осындай ұсыныс білдірген. Хатта, сондай-ақ, америкалық биліктің Иракта тұратын христиандарды қудалауды тоқтатуға ықпал етуі керектігі де көрсетілген. Өткен жылы «Ислам мемлекетінің» содырлары Ниневии аңғарындағы христиандарды қуғынға ұшыратып, 200 мыңға жуық адам Ирактың Күрдістан аумағына қоныс аударуға мəжбүр болған еді. Атап өтейік, өткен жылдың басынан бері белсенді қимыл танытқан «Ислам мемлекетінің» содырлары Ирак пен Сирияның біраз жерлерін басып алған болатын.

Оныѕ не айтќысы келді екен? Нидерландтың Хилверсум қаласындағы «NOS» ұлттық телекомпаниясының студиясына тапаншамен қаруланған адам басып кіріп, өзіне эфирге шығуға мүмкіндік жасауын талап еткен.

Қара костюм-шалбар киіп, галстук таққан ол телеарна студиясына жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00 шамасында күзетшіні тапаншамен қорқытып кірген. Сондай-ақ, ол «əлемдік маңызы бар мəселе» жөнінде айтқысы келетінін мəлімдепті. Əлгі адам «бізді арнайы қызмет жалдады» деп те қосқан сияқты сөзіне. Көп кешікпей оны полиция тұтқындап, қолына кісен салды. Оқиға салдарынан телехабар тарату біраз уақытқа тоқтап қалды.

Ресми тїрде ќаза тапќан деп танылды Өткен жылдың 8 наурызында із-түзсіз жоғалған малайзиялық ұшақ бортындағы жолаушылар ресми түрде қаза тапқан деп танылды. Бұл жөнінде Малайзия азаматтық авиация департаментінің басшысы А.Рахман мəлімдеді.

Сонымен қатар, ол ұшақта болған оқиғаны кездейсоқ жағдай деп атады. Оның сөзіне қарағанда, ұшақтың сынықтары да табылмады. Бірақ, ел билігі ұшақты іздестіру жұмыстарын жалғастыра бермек. «Боинг 777» ұшағының бортында 14 мемлекеттің 227 жолаушысы жəне 12 экипаж мүшесі бар еді. Қазірге дейін ұшақтың қандай жағдайға ұшырағаны белгісіз болып отыр.

Ќысќа ќайырып айтќанда:  Сирияға қатысты келіссөздердің екінші раунды Мəскеуде ақпанның соңында немесе наурыздың басында өтуі мүмкін. Мұны сириялық оппозицияның өкілі Кадри Джамиль мəлімдеді.  Ақ үй өкілі Джош Эрнест АҚШ Кубадағы Гуантанамо əскеритеңіз базасы аумағын қайтармайтынын атады. Гуантанамодағы базаны қайтару жөніндегі сұраққа ол «жоқ» деп жауап беріпті.  Сальвадорда полицейлердің жүргізген рейді барысында көше бандыларының 117 мүшесі ұсталды. Олардан ірі көлемде қару-жарақ пен оқ-дəрі алынды.  АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керриге тұратын үйінің айналасындағы қарды тазаламағаны үшін 50 доллар мөлшерінде айыппұл салынды. Баспасөз хатшысы оның бұл айыппұлды ризалықпен төлейтінін айтқан.

Ўлыбритания «бўзды» дейді, ал Ресей... Ресейдің Ұлыбританиядағы елшісі Александр Яковенко Ресей əскери əуе күштерінің ұшағы халықаралық норманы бұзды деген айыпты жоққа шығарды.

Дипломаттың мəлімдеуінше, Ресейдің Ту-95 МС екі бомбалаушы ұшағы Ла-Манш бұғазының үстімен ұшу кезінде ұшуды реттеу ережесін қатаң сақтаған. Осы оқиғаға байланысты бейсенбі күні ресейлік дипломат екі əскери ұшақтың «Біріккен Корольдіктің əуе шекарасына жақын ұшуына» қатысты түсінік беруі үшін Ұлыбританияның сыртқы істер министрлігіне шақырылған еді. Ресей дипломатиялық миссиясының хабарламасында «британдық тараптың алаңдауы түсініксіз» екендігі, əскери екі ұшақ Атлант мұхиты үстімен патрульдік қызметті атқару барысында халықаралық норма ережесінен ауытқымағандығы айтылған. Дерек көздеріне қарағанда, осыған байланысты Корольдіктің əскери əуе күштері ең жоғары дайындық деңгейіне келтірілген.

Отыз їш автомобильді «бїлдірді» Аргентина астанасы – Буэнос-Айрестегі Хенераль-Пас деп аталатын автокөлік жолында жөндеу қызметінің жүк тасымалдаушы көлігі 33 автомобильді қара шайырмен (смола) «көмкеріп» тастады.

Күрежолмен жүйткіп келе жатқан жүк машинасы техникалық ақаулығына байланысты қарсы жолақтағы автомобильдерге шайырды бүркіп, шаша бастаған. Соның салдарынан шайыр 30 адамға тиген, олардың оншақтысы əртүрлі дəрежеде жарақат алыпты. Ауруханаға жатқызылғандар да бар. Жедел жəрдем қызметінің басшысы А.Кресчентидің айтуынша, жарақаттанғандардың көпшілігін күйік шалған. Өмірлеріне қауіп жоқ.

Президенттікке кандидатты аныќтай алмауда Қаңтар айының ортасында Италияның 89 жастағы президенті Джорджо Наполитано отставкаға кеткен еді. Ел конституциясы бойынша президентті елдің парламенті сайлайды.

Президент сайлауының бірінші туры 29 қаңтарға белгіленген болатын. Биліктегі Демократиялық партия мен экс-премьер Сильвио Берлусконидің жақтастары өздерінің президенттікке кандидаттарын анықтай алмағандықтан, сайлау кейінге қалдырылды. Қазірше ресми түрде бір кандидат қана белгілі болып отыр. Ол – оппозициялық «Лига Севера» мен «Братья Италии» партиялары ұсынған журналист Витторио Фелтри. Ал С.Берлускони осыдан екі күн бұрын президенттікке кандидат ұсыну мəселесі талқыланып жатқанын мəлімдеген еді.

Француз тауарларын сатып алмауєа шаќырды Қырғызстандық мұсылмандар тұрғындарды «Шарли Эбдо» журналында жарияланған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қарсылық ретінде француздық тауарларды сатып алмауға шақырды.

Қазіргі кезде Қырғызстанның Ош облысында Пайғамбарға сүйіспеншілік апталығы өтіп жатыр. Облыстың барлық мешіттерінде Пайғамбардың өмірі кеңінен таныстырылуда. Осыған байланысты Ош облысының Ноокат ауданында «Мен өзімнің Пайғамбарымды сүйемін» деген атпен митинг өтті. Оған қатысушылар тұрғындарды француз тауарларын сатып алмауға шақырды. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


4

www.egemen.kz

31 қаңтар 2015 жыл

ПАРЛАМЕНТ ПАРЛАМЕНТ

 Сауал салмағы

«Дипломмен – ауылєа!»

жобасында тїйткілді тўстар да табылады Парламент Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста палатаның Əлеуметтік-мəдени даму комитетінің хатшысы, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Майра Айсина Қазақстан Үкіметінің басшысы Кəрім Мəсімовке депутаттық сауал жолдады. Онда бүгінде өзін өзі ақтап келе жатқан бағдарламаны сəтті жалғастыруда түйткілді мəселелер де бар екені туралы əңгіме қозғалып, былай делінеді: «Əлеуметтік сала қызметкерлеріне əлеуметтік қолдау көрсету жəне ынталандыру шараларын қабылдау бойынша мемлекеттің мақсатты жүргізіліп келе жатқан саясаты нəтижесінде соңғы бес жылда ауылдық елді мекендерді педагогика, медицина кадрларымен, мəдениет, спорт жəне ветеринария мамандарымен қамтамасыз ету анағұрлым жақсарды. Мемлекет басшысының агроөнеркəсіптік кешен мəселелері бойынша республикалық кеңесте ауылға қайтып келетін əлеуметтік сала мамандарын əлеуметтік қолдау арқылы оларды ынталандыру қажеттігі туралы 2007 жылғы 5 наурызда берген тапсырмасын орындау үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің əлеуметтік сала қызметкерлерін əлеуметтік қолдау жəне ынталандыру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қа зақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Заңды іске асыру мақсатында республикалық бюджетте мыналар қарастырылды: бір маманға саналған бір айлық есеп тік көрсеткіштің 70 еселік мөлшерінде бір жолғы көтерме жəр демақысын төлеу; бір айлық есептік көрсеткіштің 630 еселік көрсеткішінен аспайтын сомада, несие сомасынан есептелетін жылына 0,01% көлеміндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит беру; ауылдық елді мекендердегі əлеуметтік сала ма мандарына тұрғын үй са тып алу үшін бюджеттік кредитке қызмет көрсету бойынша міндеттемелерді шарттық тапсырмаға сəйкес жүзеге асыратын уəкілдің (агенттің) игерілген несие сомасына есептелетін, жылына заңда бекітілген 3% мөлшеріндегі қызметтер (операциялық шығындар) құнын өтеу көзделетін тиісті бюджеттік бағдарламалар бекітілді. 2009 жылғы қаңтар айында басталған «Дипломмен – ауылға!» жобасының əлеуметтік си паты бола тұра, ол нарыққа бағ дарланды. Дегенмен, жоба бүгінде ауылдық жерлерде мамандарды бекіту мəселесін нақты шешуге мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде ауыл тұрғындарына əлеуметтік қызмет көрсетуді жақсартады. Мəселен, соңғы бес жылда ауылдық жерлерге барған кадр ағымының динамикасы да «Дипломмен – ауылға!» жобасының тиімді екендігін объективті тұрғыдан айқындап беріп отыр. Осы уақыт ішінде ауылға келіп, жұмысқа орналасқан

педагогтардың саны 1,8 есе, дəрігер лердің саны 2,7 есе өскен. Жалпы, бес жылдың ішінде (2014 жылғы 1 қаңтардағы мəлімет бойынша) ауылдық жерлерге 30 617 маман, оның ішінде білім беру саласына – 22 436 (73%), денсаулық сақтау саласына – 6 200 (20%), əлеуметтік қамсыздандыруға – 274 (1%), мəдениет саласына – 911 (3%), спорт саласына – 375 (1%) жəне ветеринария саласына 446 адам (2%) тартылыпты. Жобаны жүзеге асыру барысында баспана алуға несие көлемі 1500 АЕК-ке дейін ұлғайтылып, Мемлекеттік қызметтер ұсынудың стандарты мен регламенті əзірленген, көшу жəрдемақыларын төлеу үшін 4,4 млрд.теңге жəне 10 813 маманға баспана алуға бюджеттік несиелер ұсыну үшін 20,1 млрд. теңге бөлінген. 2014-2016 жылдары 17 688 маманды ауылға тарту үшін республикалық бюджеттен та ғы да 31,8 млрд.теңге қарастырылған. Сонымен бір мезгілде, жобаны əрі қарай сəттілікпен жүзеге асыруда проблемалық мəселелер де бар. Осыған байланысты, құрметті Кəрім Қажымқанұлы, жоба қатысушыларынан өз міндет терін немқұрайлы атқарған жағдайда көшу жəрдемақылары мен бюджеттік несиелерін қайтару рəсімдерін реттеу, тұрғын үй құрылысына несиені рəсімдеу мен беру тетіктерін əзірлеу, жобаға қатысушылардың бюджеттік несиелерді мерзімінен бұрын өтеу, тіркеу мəселелерін шешу, маман дардың орындарға келу фактісі бойынша тиісті шаралар қолдануыңызды сұраймын. Сонымен бірге, ауылдық жерлерде тұрғын үй нарығының дамымағандығы, екінші реттегі (вторичный) нарықта 70-80-жылдарда салынған тұрғын үйлердің басымдығынан оларды 15 жылдық несиемен алуға ынталандыру жарамайтыны, ауылдың əлеу меттік жəне инженерлік ин фра құрылымдарының мешеу қалғаны жас мамандардың ауыл ға өз еріктерімен баруы на кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар, соңғы кездері мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде ақпараттық-үгіттеу қызметінің босаңсуы байқалады. Жастарға, оның ішінде жобаға қатысушылар үшін қолжетімді тұрғын үй құрылысы бойынша көрсеткіштерді облыс əкімдерінің рейтингіне енгізу өзекті деп санаймын. Осы жəне басқа да проблемалық мəселелердің тез арада шешілуі аталған мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражаттарды одан əрі тиімді пайдалануға жəне ауылды білікті кадрлармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді».

 Депутат дабылы

Уаќыт белдеуін ќалпына келтірген тиімді Бұл мəселені көтеруімізге Қызылорда облысы аумағындағы қазіргі географиялық сағаттық белдеудегі уақыт өлшемінің қолайсыздығы жағдайына байланысты 1500 адам қол қойған өтініш-хат себеп болып отыр. Бұл мəселені жергілікті халық аймақтарда өткізіліп тұратын кездесулер барысында да сан мəрте көтерген болатын. Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ, Сенат депутаты.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 15 наурыздағы №231 қаулысына сəйкес, Қазақстанда «жазғы» жəне «қысқы» уақытқа көшу тоқтатылып, бұған дейін, тіпті, бұрыннан Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан жəне Маңғыстау облыстарымен бір сағаттық белдеуде болып келген Қостанай жəне Қызылорда облыстарының уақыт өлшемін дағдылы уақытынан 1 сағат ілгері жылжыту туралы шешім қабылданған болатын. Бұрыннан қалыптасып қалған жəне де үйреншікті əрі дағдылы уақытты халықара лық уақыт белдеуіне сəйкестендіру мақсатында өзгертіле салынған бұл уақыт өл шемінің жергілікті халыққа қолайсыз болатындығына сол кезде министрлік те, жергілікті атқарушы органдар да жете мəн

бермеген сияқты. Қостанай облысы Астанаға жақын болғандықтан, уақыттың бір сағат ілгері ауысқаны бұл өңірдің халқы үшін көп əсер етпейтін де болар. Ал, уақыттың бір сағат ілгері ауысқандығы Астанадан 1200 шақырым қашықтықта жатқан, шығысынан батысына дейін 850 шақырым болатын жер көлемі бар, еліміздің батыс өңіріне жақын, экологиялық апат аймағында орналасқан Қызылорда халқы үшін өте тиімсіз əрі қолайсыз болып отыр. Уақыттың қазіргі жүйесінің қолайсыз болып отырғандығы жайында өздерінің дəлелді пікірлері бар ойларын қызылордалықтар ақпарат құралдарының беттерінде тиісті министрлікке айтып та, жазып та жатыр. Өкінішке қарай, еш нəтиже болмай тұр. Бұрын, 2005 жылдың 15 наурызына дейін табиғи жергілікті уақытпен, яғни Астана уақытынан бір сағат кейін жүретін

 Айтайын дегенім...

Тарихтан – таєылым Қуаныш АЙТАХАНОВ, Сенат депутаты.

2015 жыл – Қазақ елі үшін аса маңызды мерекелер жылы. Елбасымыз Н.Назарбаев «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында осы мерекелерге ерекше тоқталып, оларды жоғары деңгейде атап өту туралы тапсырмалар берді. Биыл елімізде тұңғыш рет кең көлемде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланады. Негізгі іс-шаралар Жамбыл облысында өткізілмекші. Бұл ретте ғасырлар бойы Қазақ хандығының астанасы болған жəне хандарымыз бен батырларымыздың, билер

мен шешендеріміздің мəңгілік тыныс тапқан мекені – қасиетті Түркістан қаласына да артылар жауапкершілік аз емес. Қазақ тарихындағы небір ірі тарихи оқиғалар осы Түркістан қаласында болған. Сондықтан, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында Түркістан қаласында республикалық, халықаралық дəрежеде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру керек деп ойлаймын. Қазақ хандығы дегенде, Түркістан атауы еріксіз еске түседі. Себебі, мұнда қазақтың 21 ханы жəне өзге де игі жақсылары жерленген. Сондықтан, Қазақ хандығының 550 жылдық

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Колледж мїмкіндігін кеѕірек пайдалану керек Мəжіліс депутаты.

Кезінде Елбасымыздың тапсырмасы бойынша Астана қаласында ел экономикасының түрлі салаларына арналған жұмыс кадрларын даярлайтын кəсіптіктехникалық колледж ашылған болатын. Оны «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС салған еді. Бұл оқу орнында республиканың барлық өңірлерінен келген жетім балалар оқиды, ғимараттың жалпы көлемі 28855, 4 шаршы метрді құрайды, материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай келеді. Колледж бүгінгі таңда еңбек нарығында зор сұранысқа ие көлік, құрылыс жəне машина

жасау салаларына арналған 8 мамандық бойынша кадр дайындайды. Бұлар: «дəнекерлеу, токарь ісі, металл өңдеу»; «жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану»; «электр стансасын, шағын стансаны жəне желілерді электрмен жабдықтау»; «өнеркəсіптегі механикалық өңдеу, бақылауөлшеу құралдары жəне автоматикасы» жəне басқалар. 2009 жылдан бері колледж 462 адамды оқытып шығарды. Оқуды аяқтаған соң үшжақты шарттарға сəйкес түлектер өңірлерге барады. Жыл сайын колледж түлектері Астана қаласының жəне Қазақстан өңірлерінің кəсіпорындарына орналасып, жұмыс істейді. Ашылған кезден бері колледжде

мерейтойы қарсаңында Түркістан қаласында «Қазақ хандығы музейін» ашу тарихымызға деген үлкен құрмет болар еді. Бүгінде қалалық қазынашылық бөлімі орналасқан, «Əзірет Сұлтан» кесенесі маңында 1903 жылы салынып, патшалық əскери гарнизон штабы ретінде қызмет жасаған тарихи ғимарат бар. Осы нысанды мерейтой қарсаңында «Қазақ хандығы музейі» етіп ашуға толық мүмкіндік бар. Жоғарыда аталғандар ескеріле отырып, Қазақ хандығының 550 жылдығы мен ел Конституциясының 20 жылдығына орай, қасиетті Түркістан қаласында республикалық деңгейде

Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы», Нұрсұлтанның «Нұрлы жолы» тақырыбында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті базасында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізіліп, шаһар аумағында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументалды ескерткіш орнатылса жəне бұған дейін де айтқанымыздай, «Қазақ хандығы музейі» ашылса, сондай-ақ, кең-байтақ республикамызда бір үйдің баласындай тату-тəтті ғұмыр кешіп, жаһанға тату лықтың үлгісін паш етіп келе жатқан ұлт өкілдерінің мерекелік шарасы «Ырыс алды – ынтымақ» деген атпен республикалық деңгейде форум ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болмас па?!

 Фотокүнделік

 Сізді не толғандырады?

Əсима БИМЕНДИНА,

Қызылорда облысында таң бір сағат кейін атып, күн бір сағат кейін батады. Демек, бұл – таза географиялық белдеуге сəйкес табиғи уақыт. Осы табиғи, дағдылы, үйреніскен биологиялық уақытты бұзу облыс халқының тұрмыс-тіршілігіне, көңіл-күйіне, денсаулығына кері əсерін тигізіп, жылдар бойы қалыптасқан өмір сүру ырғағын бұзды. Бұл, əсіресе, күз, қыс, көктем мезгілдерінде қатты сезіледі. Таңертең балабақшаға, мектепке баратын балалардың ұйқысынан табиғи уақыттан бір сағат ерте тұруы, тас қараңғыда мектепке баруы балалардың денсаулығына, қала берді сабақ үлгеріміне кері əсер ететінін мұғалімдер де, дəрігерлер де үнемі айтып келеді. Сонымен қатар, соңғы тоғыз жылдың ішінде мектеп жасындағы балалардың арасында аурушаңдық көбейіп кеткен. Оның үстіне, уақытты бір сағат ілгері көшіру электр энергиясын артық шығындауға соқтырып отыр. Уақыт стандартының əртүрлі болуы – Қазақстан сияқты аумағы үлкен мемлекетке тəн нəрсе. Көрші Ресей мемлекетінің барлық өңірлері Мəскеу уақытымен жүріп жатқан жоқ. Оларда, яғни Ресейде он бір түрлі географиялық уақыт белдеуі бар. Географиялық табиғи уақытты бұрынғы қалпына келтіру ешқандай қаржылай шығынды да қажет етпейтіндігін ескере отырып, өз кезінде мамандардың, жергілікті тұрғындардың пікірін білмей асығыстау қабылданған шешімді ел Үкіметі тиісті органдармен жан-жақты зерттеп, облыс тұрғындарының, мамандардың пікірін негізге ала отырып, оң шешім қабылдайды ғой деп сенеміз.

тек қана жетім балалар оқыса, бүгінде жатақханаға орналастырусыз (өйткені, жатақхана 300 адамға есептелген) оқушылар контингентін кеңейтуге мүмкіндік бар. Қолданыстағы материалдықтехникалық базаны, ғимараттың жалпы көлемін, тиісті педагогкадрлардың болуын есепке ала отырып, жатақханаға орналастырусыз Астана қаласындағы аз қамтылған жəне көп балалы отбасылардың балаларын оқытатындай етіп колледж мүмкіндіктерін пайдалану ұтымды болар еді. Бұл мəселені шешу колледждің материалдық-техникалық базасын тиімді пайдалануға жəне мектеп бітірушілерге жұмысшы

 Əріптестік əлеуеті мамандығын меңгеруге, ал ең бастысы – Қазақстан жастарын техникалық жəне кəсіптік білім алуға, сондай-ақ, индустрияландыру бағдарламасына қатысуға ынталандыру мен тартуға, маман-кадрлар тапшылығын еңсеру мен дамып келе жатқан экономикамызды білікті мамандармен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Президенті алдымызға қойып отырған міндеттерді орындауға мүмкіндік береді деп есептейміз. Үкімет пен Білім жəне ғылым министрлігіндегі тиісті салаға жауапты адамдар ешқандай артық материалдық шығынды қажет етпейтін бұл ұтымды бастамаға түсіністік танытады жəне оң шешеді деп сенейік. Пайдасы мен тиімділігі көрініп тұрған оңды идеяға мəн бермеу, жұмсартып айтқанда, ақылға қонбайтын марғаулық болып шығар еді.

Еуропарламент депутатымен кездесті

Парламент Мəжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Еуропалық Парламент депутаты, ЕО-ның Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық бойынша делегациясының басшысы Ивета Григулемен (Латвия) кездесті. Григуле ханым «Ақ жол» партия- жылдың бірінші жартысында сының қызметімен «Виенотиба» посткеңестік мемлекеттермен партиясының, Еуропарламент жəне «Шығыс серіктестігі» пішімінЛатвия Парламентінің депутаттары де дамытуға ықпал етуге ниетарқасында таныс екенін айта келіп, ті екенін атап өтті, сондай-ақ, орнатылған серіктестік қарым- Қазақстан басшысы Н.Ə.Назарқатынас табысты дамып келе жат- баевтың қызметі мен бітімгерлік қанын атап көрсетті. Партиялар күш-жігерін жоғары бағалады. арасындағы ынтымақтастық туралы Кездесу барысында А.Перуакелісімге 2012 жылы мамыр айында шев «Ақ жол» еуропалық даму векРигада қол қойылған болатын. торын өзінің саяси бағдарламасы Кездесу барысында мəселелер- басымдықтарының бірі ретінде дің кең ауқымы талқыланды. қарастыратын Қазақстандағы жалГригуле ханым Латвия ЕО Ке- ғыз партия екенін атап өтті. ңесінің төрағасы ретінде екіжақты қарым-қатынастарды 2015 «Егемен-ақпарат».

 Жазылған жайдың жалғасы

Заѕда олќылыќ кетпесін, халыќ зардап шекпесін Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Мəжілістің соңғы өткен жалпы отырыстарында талқылауға түскен жаңа заң жобасы болған жоқ, тек «қорытынды əзірлеу» мен «заң жобасы жөнінде» деген мəселелер ғана қарастырылып келеді. Мəселен, қаңтардың 21-інде болған жалпы отырыстың күн тəртібіне енгізілген 18 мəселенің 15-і «қорытынды əзірлеу», 3-уі «заң жобасы жөнінде» болса, 28 қаңтардағы жалпы отырыстың күн тəртібіне енгізілген 5 мəселенің 1-уі «қорытынды əзірлеу», 2-уі «заң жобасымен жұмысты жалғастыру», 2-уі «заң жобасы жөнінде» болды. «Қорытынды əзірлеу» мен «заң жобасымен жұмысты жалғастыру» дегеннің мəнісі –жалпы отырыста аталған мəселені қарайтын уақытты бас комитеттің бекітіп алуы дегенге саяды. Сонда, соңғы кездегі жалпы отырыстар негізінен уақыт белгілеуге ғана арналып жатқаны көрініп тұр. Ал өткен жылдың жұмысын қорытындылаған желтоқсан айының соңғы жалпы отырысында айтқан сөзінде Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерге қатысты 66 заң жобасы қоржында жатыр деген еді. Ендеше, неге сол заң жобалары талқылауға ұсынылмай жатыр деген сұрақ туады. Бұған қарағанда, бюджетті қайта қарап, шығындарды нақтылау мəселесі алда тұрғанда іске асырылуы жаңа шығындарды талап ететін заң жобаларын қарау уақытша тоқтатылған сияқты. Соңғы отырысқа енгізілген халықаралық келісімдерді ратификациялау туралы 2 заң жобасы да бюджет шығынын талап етпейтіндер. Біздіңше, мəселе осында жатқан сыңайлы. Осы арада «Ақ жол» фракциясының мүшесі, депутат М.Қазбекованың палатаның соңғы отырысында жолдаған сауалына тоқтала кеткіміз келіп тұр. Ол бұған дейін де ПремьерМинистрге сауал жолдап, «Жол қозғалысы туралы» Заңға сəйкес автокөліктерді балалар креслоларымен жабдықтау мəселесін орындауды 12 айға дейін созуды сұраған-тын. Сол жолғы сауалын депутат дəйектілікпен дəлелдегенін де атап көрсеткен жөн. Ал бұл жолғы сауалында ол балалар креслосын қоюды міндеттемес бұрын осы іске жауапты Жол полициясы мен Инвестиция жəне даму министрлігінің тиісті комитеті оның қандай болмағын айқындаған техникалық регламент жасаулары керек еді дегенді көлденең тартты. Əйтпесе, Қытайдан алынған креслолар біздің стандарттарға сəйкес келмейді, деді депутат. Жөн-ақ сөз. Бірақ осы арада М.Қазбекованың өзіне сұрақ қойғың келеді. Демек, балалар креслосының қандай болмағын белгілеген техникалық регламент жоқ екен, ендеше, оны барлық автокөліктерге қоюды міндеттеу жөніндегі бапты неге қабылдадыңыздар? Бұларыңыз сатып алатын заттың сапасын көрмей тұрып ақша төлегенмен бірдей болды ғой. Əрине, біреудің олқылығын айтуға бəріміз де шеберміз, ал сол олқылық өзімізден басталып жатса қайтпек керек, Меруерт Айтқажықызы? Қазір біраз жұрт қаншама ақшасын шығарып креслолар алып қойды, енді техникалық регламент шыққан соң олары талапқа сай болмай жатса – табанақы, маңдай термен тапқан қыруар ақшасы жайданжай күйіп кетеді емес пе? Оның өтемін халық кімнен өндіруі керек?


5

www.egemen.kz

31 қаңтар 2015 жыл

 Толғандырар тақырып

Сусамырдың емі –

ШҰБАТ

Єалым Мўсатілла Тоќанов диабеттен ќўтќарудыѕ єылыми негізін жасады Сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің естелігінен оқығаным бар еді. Қазақстандағы ғалымдардың бірі, ұлты басқа азамат: «Сіз атақты адамсыз, сөз зергерісіз. Неге ғылыммен айналыспайсыз? Егер қызықсаңыз, көмектесер едім», – деген сыңайда əңгіме айтады. Ғабең сыпайылық танытып, уақыты жоғын себеп етіп, өз ойын сабақтайды. Əлгі азамат Мəскеудегі кандидаттық, докторлық бекітетін ғылыми кеңеспен тығыз байланыста болғанға ұқсайды. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Он бес одақтас республикалардан күн сайын, ай сайын келіп жатқан ғылыми жұмыстар. Қаптаған социалистік құрылымның жетістігі, күмпілдеп соғылып жатқан бесжылдықтың шойын балғасының қуаты, тарихи жеңістер. Барлық одақтас елдерге ортақ тақырып. Алдыңғы үш-төрт, соңғы үш-төрт парағын жұлып таста да, өзге авторды қой. Ештеңе өзгермейді. Ғылыми кеңеспен тонның ішкі бауындай əлгі кісі жан қинамай ғалым болғысы келетіндердің ортасындағы делдал. Ақшаңды төле, екі жақ та разы. Бізде талай ақын, жазушылар ондай атақты алып үлгерген. Ғабеңнің қашқалақтап отырған себебі осы. Қызық болғанда, бізде жоғары оқу орны басшыларының ішінде де осы əдісті пайдаланғаны кейінірек, сонау жариялылық жылдары шығып қалды. Бүгінгілерден де «самопал» ғалымдарды байқап қаласың. Ал КСРО, Ресей, Қазақстанның отыздан аса өнертапқыш патенттерінің иесі, елге пайдасы орасан, талай ғылыми жаңалықтардың бастауында тұрған, өзі, отбасылы баласы, немерелерімен қуықтай үш бөлмелі үйде сығылысып тұрып жатса да ғылыми бағытынан еш айнымайтын Мұсатілла Тоқанов туралы олай айта алмасақ керек. Шын мəнінде қайран қалам. Ортаншы баласы оңашада кіжініп қояды. «Егер мен əкемнің орнында болсам ашқан ғылыми жаңалықтарды əлдеқашан сатқан болар едім. Шетелдерден сат деп сұраушылар бар. Біздің де қабырғамыз бүтінделер еді». Мен білетін Тоқанов басыңды қазір кесіп алам десе де сатпайды-ау. Ту...у жоғарыдағылардың ерте ме, кеш пе бір қайырылып, ғылыми жобаны қаржыландыратындығына, өндіріске қосатындығына сенеді. Ал жібін тарқатып көрейік. Ресейде Малахов деген мықты бар. Дəстүрлі емес медицина саласының білгірі. Халықтық медицинада білмейтіні жер астында. Ол қатысқан тележобалық хабарларда жұрт теледидар алдында көгендеп тастағандай тырп етпейді. Осы Малаховыңыз бір хабарында «егер кімде-кім қант диабетіне қарсы препарат ойлап тапса, Нобель сыйлығы оны өзі іздеп тауып алады» деген. Тұп-тура солай депті. Міне, қызықты қараңыз, сусамыр дертіне шипа таппай əлемдік медицина дағдарып, шақшадай басы шарадай болып жатқанда шымкенттік ғалым Мұсатілла Тоқанов «дауасын таптым» дейді. Бүгінде академиктерден көз сүрінеді. Ғылым докторларынан да. Ішінде нағызы да, жалғаны да қаптап жүр. Тоқановтың жөні бөлек. Ол академик те емес. Ғылым докторы да емес. Бірақ ғылыми жұмыстары кейбір академиялық орталықтардікінен кем түспейді. Қазір дүниені обыр ауруы теңселтіп тұр. Əлемдік медицина дəрменсіз. Бірақ емін жаппай іздеп жатыр. Мəскеудің Герцен атындағы онкологиялық институтының профессоры Р.И.Якубовская бастаған бір топ ғалымдар обыр ауруының алдын алатын лапрот деген препаратты өндіріске енгізбекші. Профессор ракқа қарсы лактоферрин деген ферментті ана сүтінің ақуызынан тапқан. Бірақ ғылыми жаңалықтың өзіндік қиындықтары аз емес. Мəселен, 1 грамм лактоферринді алу үшін 25 əйелдің сүті өңделуі керек. Оның өзіндік құны 2500-3000 АҚШ доллары. Ал 100 грамм алу үшін 2,5 тонна ана сүті керек. Аналарымыздың көңіліне келмесін, əйел сауын сиыр емес, конвейерге қойып қақтап сауып алатын. Мұсатілла Тоқанов бұл тығырықтан шығудың жолын тапты. Түйе сүті ана сүтімен құрамдас, лактоферрин ферменті ақуызында тепе-тең қалыпта. Түйе сүтін сиыр сүтімен салыстырғанда «С» дəрумені 5 есе, «РР» 3 есе, «Е» 2 есе, «темір» 10 есе, «кальций» 1,5 есе, «лактоферрин» 30 есе көп.

Басқа қасиеттерін санамағанда құрт ауруына, ішекқұрылыстары, бауыр, дəрумен жетіспеушілік, қан аздық жəне қант ауруына бірден-бір еміңіз түйе сүтінде. 1 литр түйе сүті 400-500 теңге екенін ескерсеңіз, обыр ауруына қарсы препарат жасау оншалықты шығын қажетсінбейді. Бір қызығы, осындай жаңалыққа Үкімет тиісінше назар аудармай отыр. М.Тоқанов жеткен жетістіктің байыбына бармай, даңғазалап жүрген біреу шығар дейді-ау, шамасы. Осы Мұсатілла Тоқановты Жапонияның маңдайалды «Эн-Эйч-кей» телекомпаниясының журналистері іздеп тауып алды. Онысы да қызық. Интернеттен ғылыми жаңалығын оқып білген жапондар əуелде Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне телефон шалады. Олар Тоқановты қайдан білсін. Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтейді. Шымкентте деген соң олар осындағы Оңтүстік-Батыс ғылыми-зерттеу институтының сол кездегі басшысы, академик Əбдірахман Омбаевқа сұрау салады. Осыдан соң телекомпания өкілдері Тоқановты табады. Мұхит жалдап қияннан келген қонақтарға Тоқановтың да сауалы бар. «Токио мен Шымкенттің арасы қанша шақырым?» деп сұрайды. «9 мың шақырым». «Сонша жерден мені іздеп келетіндей мен не іс бітіріппін?» дейді тағы да. Сонда жапондар айтыпты: «Жапонияны дүниежүзінде ешбір мемлекет электроника жаңалықтарымен таңғалдыра алмайды. Машина жасау саласында да солай. Ал түйе сүтінен лактоферрин алып жатқан сізді іздеп келуіміз, ғылыми жаңалығыңыз қызықтырады. Бірге жұмыс жасаймын десеңіз, біздің ғалымдар дайын», дейді. Тоқановқа бұл қызық емес. Талай мемлекеттен шақырту алған. «Қазақстанда іске асырамын, қазағымның атын шығарамын» деп қадам баспай жүрген өзі. Бірде қызық болды. Астанадан бір дөкей келген. Көрме залында Оңтүстіктегі жобалармен танысқан. Тоқановқа берген кеңесі: «Топырлатып патент ала бергенше өндіріске қоспайсыз ба?». Қалтасы көк қағаздан құрғамайтын дөкей жобаға керекті 180 млн. түгілі қалтасында артық 18 мың теңге болмайтын, айлықпен күн көріп жүрген ғалымды миллиардер деп қалса керек. Иə, шетелде болса осы жаңалығымен Тоқанов шын мəнінде миллиардер болар еді. Басқасын сөз етпегенде, мына іргедегі Моңғолиядан ірі кəсіпкер Г.Нацакдорж Мұсекеңе шығып, патенттерін, технологиясын сатуды сұраған. Бас пайдасын ойласа, Мырзатай Жолдасбеков айтқандай, адамның қарны жарты таба нанға да тояды дегендей, Тоқановтың бір жырғап қалатын кезі осы еді. Магнитті толқындарды зерттеу еңбектері бір төбе. Оған астық шығымын арттыру үшін тұқымдық дақылды электромагниттік толқынмен егер алдында өңдеуді қосыңыз. Құрғақшылық болған мезгілдің өзінде егіннің түсімін едəуір көбейтіп, бір-екі апта ерте жетілдіріп, минералды тыңайтқыштарды аз жұмсап, кем дегенде 20-30 пайыз артық өнім алу. Облыстық əкімдік мұндай

ірі жобаны өздігінен қаржыландыра алмайды. Тиісті министрліктердің жөткірінуге де уақыты жоқ сияқты. «Елбасыға жетсе елге пайдасы тиетін ғаламат еңбек болар еді» дейді шарасы таусылып жүрген ғалым. Қазақ ғылымының жұмысына шетел қолқасы үзілердей болып үздігіп отыр. Біздің осы марғаулығымыздың сырын ешкім түсіндіріп бере қоймайтын шығар. Түйе сүтінің тағы бір қасиеті – адамға күш-қуат беріп, өмір жасын ұзартып, кəрілікті тежейтіндігінде. Дəл қазір Астанада тың жаңалығы бар инновациялық жобаларға Білім жəне ғылым министрлігі тарапынан ынталандыруға 14 млрд. теңге бөлініп, конкурс өтіп жатыр. Мұсатілла Тоқанов та қатысқан. Мұндағы негізгі түйін жұмыстың маңыздылығы, ғылыми жаңалығы, халыққа пайдасы, т.б. Адам ағзасын түрлі улы қалдықтардан тазартып, қартаюды тежейтін, жасартатын күш, түйе сүтінде екенін дəлелдеген Тоқанов аталған конкурсқа: «4. Өмір туралы ғылым, 4.1 Қартаю мəселелерін шешуге жəне адам өмірін ұзартуға арналған жаңа технологиялар, «Адамның қартаюын тежеу, өмірін ұзарту мақсатында түйе сүтінен жасалған емдік қасиетті табиғи қоспалар қосылған қышқылсүт өнімдерін инновациялық технологиямен өндіру» жобасымен конкурсқа қатысып жатқанымен 18 балл алды. Неге? Басы ашық сұраққа ғалым өз ғылыми жұмысының құпиясын ашпағандығымен түсіндіреді. Ол былай. Егерде, ішкі қыртысына дейін ғылыми жаңалықтың əдістемесімен техно логиясын ашып айтсақ, əрі қарай ғалымның өзі керегі жоқ, шала-шарпы сауаты бар лаборанттардың өзіақ практикалық кəдеге асыра береді. Менікі еді деп шашыңды жұлып, ойбайлаудың қажеті жоқ. Осыдан төрт-бес жыл бұрын бір неміс қымызға, бір өзбек ағайын қазыға патент алыпты дегенді естігенде ызадан қылғынып қала жаздағанбыз. Реті келгенде сертификат беретін өзіміздегі министрліктің өкілінен сұрадық. «Оның еш қиындығы жоқ, – деген ол. – Жылқы етін жейтін француз қамырға қияр қосып ағзаға сіңімді болады деп дəлелдеп, Қазақтың «бесбармағына» патент алды. Өйткені, ол жаңалық енгізді ғой». Түйе сүтінен Тоқанов ұзақ жылдар ізденіп тапқан дəруді ақпараттарда дəріптеп жүргенде, осылайша бір пысық оңай иемденіп кете береді екен. Мұсатілла Тоқановтың да аузы сан мəрте күйген. Америкада қатерлі ісік ауруымен ауырған, өзінің бұл дерттен айықпасына көзі жеткен қалталылар «түбінде осы аурудың емі табылғанда оятасыңдар» деп өзін сұйық азот бесігіне салып ұйықтатып тастауға келісім береді екен. Ақшаға, əрине. Бүгінде АҚШ-да жүздеген адам арнайы сұйық азотты мұздатқыштарда, асыл тұқымды малдардың ұрықтары сияқты сақталып жатыр. Мұның Қазақстанға қандай қатысы бар дерсіз. Бізде көп мөлшердегі етті мұздатқышқа сақтау түбінде дəмін бұзады, арасындағы кіреуке мұз еттің жасушаларын ыдыратып, тəтті сөлі ағып, еріп кеткен соң, жаңқадай болып қалады. Сайрамдағы ет, консерві зауытының басшылығы

ғалымдарға өтінішпен шығады. Ол кезде жас ғалым Мұсатілла Тоқановтың аты дүрілдеп шығып тұрған шағы. Украиналық академик Борис Еремеевич Веркин, ашық космосқа жол ашқан Королевтің иықтас досы, қоян-қолтық жұмыс жасаған əріптесі. Академияға практикаға барған Мұсатілла Тоқановты ізденгіштігі үшін айрықша жақсы көрген екен. «Бұл жас жігіт түбінде Қазақстан мен Орталық Азияның алтын қақпасын ашады» дегенді жиі айтыпты. 1200 конструктор, 4,5 мың ғалымдар жұмыс жасайтын жабық институтта тəлім алған Тоқанов етті сұйық азотпен сақтаудың технологиясын жасап шығарады. Еттің тəтті сөлінде мұз жоқ, еттің дəмі бұзылмайды. – Сайрамдағы машина жөндеу зауытының директоры өзбек азаматы еді, – дейді ол. – Еңбегіме құлап түсті. Бірге жұмыс жасайық, барлық көмек болады деп сендірді. Тоқановтың идеясымен ГаЗ-53 маркалы автокөлігіне сұйық азотты қондырғы орнатылған рефирижатор жасақталып, шығарыла бастайды. Іс біткенше бəйек болып, барса алдынан қолын қусырып күтіп алып, шəй құйып беретін əлгі басшы іс біткен соң Тоқановтан қашқалақтай бастайды. Кеңсесінде сағаттап күттіріп қояды, шыға қалса «Ойпырым-ай, келгеніңізді айтпадыңыз ба, мен жиналысқа асығып бара жатыр едім», деп сырғақсып ұстатпайды. Тоқанов та баруды доғарды. Бір күні əлгі азамат жаңа техниканы енгізгені үшін «Қазақстанға еңбегі сіңген инженер» атағын алғанда ғана сырын түсініпті. Аузы күйген ғалымның өз ғылыми жұмысының жаңалығын бақайшағына дейін ашып көрсете алмауының мəнісі осы. КСРО кең қолтық мемлекет еді ғой. 15 одақтас республиканың ғылыми орталықтарына бір-бір ғылыми журнал ашып берген. Жас техник, жас ғалым, жас инженер деген салаларда, жеке-жеке журнал. Əлемдегі жаңалықтарға сергек қарайтын Жапон мемлекеті одақтас республика ұлтының тілін білетін, арнайы оқытылған маман-ғалымдарына құнды еңбектерді зерттеуді тапсырған. «КСРО-да мықты ғалым бар, олардың идеясын жүзеге асыратындай заманауи қондырғылары, лабора ториялары жоқ. Ал жапондарда бəрі бар», дейтін көрінеді. Сол жапондарыңыз Тоқановтың еңбегін орыс тілінде оқып, Токиодан телеқондырғыларын арқалап жетіп келгенін, жоғарыда айттық. Қазір ғылым докторы деген түк те болмай қалды. Өзіміздің қатарда жүрген, бір досымыз де ғылым докторы. Анимация саласындағы ізденістерін ағылшын тіліне аударып, шетелдік журналдарда жариялатқан. Беріпті. Атақ. Анимация көпшілік тақырып. Ал қазақтың малының басы зеңгі баба тұқымының бар қасиетін ағылшын тіліне аударып, тырнақ қыртысына дейін аршу кімге пайда, кімге зиян?! Жақында мемлекеттің есебінен салынған ғаламат құрылыстан жонып жеп, 1 млрд. 200 млн. теңгені апандай аузына сыңғытқан ірі шенеунік ұсталды. Майлы қасықтай жылпылдап «мемлекеттің əр тиынының сұрауы болады» деп жүріп миллиардтарды қылғытып жүргендер қаншама. Соларды көріп отырып ойлайсың, сол ұрланған ақшалардың бір пайызы осы Тоқановтың қолында болса, түйе сүтінің қасиетін айтып ғалым басын тауға да, жерге де ұрмас еді, біз де таусыла жазбас едік. Мəселен, Америкада Тоқанов сияқты ғалымдардың ғылыми жаңалығының маңыздылығына байланысты, шұғыл түрде 20-30 əртүрлі саладан маман ғалымдар топтастырылып, ғылыми жаңалықты өндіріске енгізілуге тырысады. Ғалымның бар еңбегін шетелге сатып жібергенін күтіп жүрміз бе? АҚШ-та ғылыми жаңалығыңды дəлелдеп, патент алу құны 20 мың доллар тұрады. 20 мың түгілі 200 доллары жоқ, түйе сүт өнімдерінің 8 патент иесі ғалымның қазіргі жағдайы «тауға да бардым, одан да шықты жаңғырық» қана. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ; біріншіден, түйе малы ащы, улы, қой, сиыр, жылқы малы жемейтін шөптермен қоректенеді. Улы өсімдіктер, бактерия, вирусты жоятын күшке ие. Түйе сүтінің емдік болатының бір себебі осы. Екіншіден, түйе сүтінде майлы, майда түйіршіктер болатындықтан адам организміне ана сүті сияқты сіңімді. Үшіншіден, ең басты ерекшелігі биохимиялық қасиеті альбуминді болуына байланысты ана сүтіндей. Сиыр сүті биохимиялық жағынан казиенді (желім сияқты) болуына байланысты кейбір адамдардың ағзасына жақпайды. Ұйқы безінің жұмысын нашарлатады. Аллергия, қант диабеті секілді ауруларға бейім болады. Төртіншіден, қазақта «түйе малы-кедейдің малы» деген ұғым бар. Сиыр, қой, ешкі түліктері сияқты күтім тілемейді, шөлді далаларда да өмір сүре береді. Бесіншіден, жылқының қымызы – дəрі. Көп ауруға ем. Бірақ, қан қысымын көтеріп жібереді. Асқазанда гастрит, язва секілді аурулар болса ішуге болмайды. Ал түйе сүті-қан қысымын түсіреді, асқазандағы жараны емдеуге сеп. Ғасыр дертіне ем болатындай ғылыми жаңалық бар. Оның иесі басқа емес, қазақ ғалымы. Орасан қаржы да талап етпейді. Құдай-ау, енді қашанға дейін күтуге болады?! Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сараптамасы бойынша; əрбір 10 секунд сайын бір адам дүниеде сусамыр ауруынан көз жұмып, жылда 4 миллион адам өмірімен қоштасады екен. Тəтті ауруға шалдыққан адам дұрыс ем қабылдамаған жағдайда, қан-тамыр аурулары: инфаркт, инсульттен адам өлім-жітімі 5 есеге артады. Əрине, Тоқанов жалғыз емес. Сенатор Қуаныш Айтахановтың ауыл шаруашылығы саласында білмейтіні жоқ. Еңбегін айтсақ, ұзап кетеміз. Сол айтулы азамат барынша жəрдемдесіп жатыр. Қазір дүниежүзілік дағдарыс құрсаудан қысып жатқанда қаржы қайда деп ауызды қу шөппен сүртуге де болмайды. Кем дегенде бір ауылда бір балабақша кешігіп салынар. Əжесінің етегінде ойнап өскен балдырған бір жыл кешігіп барар. М.Əуезов атындағы ОҚМУ Агроөнеркəсіп кешені мен су қоры ғылыми-зерттеу институтының директоры Мұсатілла Тоқановтың алдына қойған мақсаты, егерде менің берген ғылыми жобам: «Адамның қартаюын тежеу, өмірін ұзарту мақсатында түйе сүтінен жасалған емдік қасиетті табиғи қоспалар қосылған қышқылсүт өнімдерін инновациялық технологиямен өндіру жəне ЭКСПО-2017-ге түйе сүтінен жасақталған, емдік қасиетті брендтік өнімдерді көрмеге қою!» дейді. ШЫМКЕНТ.

Бірге оќимыз, бірге сурет саламыз Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дəстүрлі брифингтегі əңгіме ел ертеңі – балалардың рухани əлемін байыту бағытындағы жұмыстарға арналды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Брифингте Қазақстан Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акаде миясының Орталық Азия өңіріндегі этносаралық жəне конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесі төрағасының орынбасары, əлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Сəдуақасова: «Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесі бірнеше ғылыми жобаларды іске асырып отыр. Сол жобалардың арасында қызықты əрі қоғамға керекті тақырып – балалар əдебиетіне арналған жоба. Қазір заман өзгерді, адам өзгерді, қоғам өзгерді дейміз. Сондықтан, əрине, балалардың қызығушылығы да өзгерді. Жеткіншектердің кітапқа деген қызығу шылығын ояту, олардың қоғамдағы құндылықтарды кітап арқылы тануы да екіталай болып қалды. Елбасы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында: «Болашақта кітап оқитын азаматтар компьютер қараған азаматтарды басқарады», деген еді. Өте дəл айтылған сөз. Қолға алынған бастама, жалпы, балалар əдебиетін зерттеуге арналған. Өмір қалай жалғасады, аға ұрпақтан кейінгі буынға не мирас етіледі, ізгі ниеттердің қайсысы қабылданады, қайсысы кейінге ысырылады? Баланың рухани əлемі қалай қалыптасады? Əрине, осылардың қалыптасуында кітап əлемі үлкен рөл атқарады. Қазір балаларға деген сан алуан əдебиет бар. Бірақ, көбінесе олар электронды жүйеде жəне интернетте орналасқан. Сондықтан, қазіргі балалардың таңдау еркіндігі көп. Біз Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі қағидаттарын біле отырып, жалпы жастарға, болашақ ұрпаққа халқымыздың құндылықтарын дарыта білуіміз керек. Міне, осының негізгі құралдары қайда жатыр? Кітапқа деген қызығушылық əрі қарай қоғамға деген сүйіспеншілікке ұласып, жеткіншектеріміздің рухани əлемін байытуға, адамгершілік, ізгілікке баулуға қызмет етіп жүр ме? Сонау қадым заманнан келе жатқан аңыздар мен ертегілер балаларымыздың сана-сезіміне еніп, сол арқылы дəстүріміз қалай жалғасып келеді деген көптеген сауалдар туындады. Осы сұрақтарға жауап іздеп, біздің ғалымдар тобы зерттеу жүргізген еді», деді. Мұнан соң шешен Ассамблеяның қолдауымен жүргізілген жұмыстарда Ғылыми-сарапшылық кеңестің балалардың ертегілерді қабылдау мəселелері бойынша психолингвистика, этнолингвистика аспектілерінде зерттеулер жүргізіп, қазақстандық əдебиет нарығына талдау жасалғанын жеткізді. Сəдуақасованың айтуынша, осы жұмыстармен қатар, «Қазақстандағы балалар əдебиеті: талқылаулардан шешімдерге дейін» деген ғылыми монографияның да тұжырымдамасы құрастырылыпты. Журналистермен əңгімеде шешен жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын ояту тек мемлекеттік органдардың, мүдделі органдардың міндеті еместігіне мəн берді. Ол – қоғам болып, əке-шеше, ата-əже болып жасайтын іс. Сондықтан, мына жобаның басты қағидасы – «Бірге оқып, бірге сурет саламыз» деген мақсатта жүрді. Яғни, баланы ата-анасымен бірге кітап оқуға дағдыландыру қажеттігін барлығымыз ұғынуымыз маңызды, деп мұны күнделікті дағдыға айналдырсақ, əрқайсымыз өз баламызға, өз ұрпағымызға ой саламыз, деген ойымен бөлісті. Сондықтан, бұл – жобаға тек мамандар мен балалар ғана қатысады деген сөз емес. Басқа да əлеуметтік топтардың оған қатысуы қажет, деген Айгүл Сəдуақасова осы жобамен айналысқан ғалымдарға сөз берді. Өз кезектерінде сөз алған ғалымдар – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дің профессоры Нұрсұлу Шаймерденова, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мем лекеттік университетінің профессоры Ольга Анищенко бүгінгі полиэтностық қоғамда балалар əдебиетінің жайы өзекті болып отырғанына тоқталды. Кітап оқудың арқасында балғындардың адамгершілік пен ізгіліктен сусындап қана қоймай, мына жаһанданған əлемдегі ақпарат тасқынының зиянынан өздерін қорғай алатын көзі ашық, көкірегі ояу азамат болып қалыптасуында үлкен қызмет атқаратынын баса айтты. Ғалымдар жоба барысында оған қамтылған балалардың оқығандарын өз сөздерімен айтып беру, семинар уақытында рөл-рөлге бөліп оқу, көрініс қою арқылы бейнелі ойлау жəне базалық сауаттылықты арттыруға жағдай жасайтын басқа да көптеген жұмыстар атқарылғанын ортаға салды. Расында да, таусылмас қазына – кітап əлемінің бай қатпарларынан асыл кенді қазып алғандай бойына дарытып, ойын байытқан жанның оңайлықпен жолдан тайып, адаспасы анық. Сондықтан да брифингте айтылған балалар əдебиетін шығару үдерісін ұлғайта түсу өте маңызды деген ойға толық қосылдық.


6

www.egemen.kz

31 қаңтар 2015 жыл

 Мемлекеттік мəселе

 Құқық қорғау қадамдары

Ќаржы министрі Баќыт СЎЛТАНОВПЕН əѕгіме

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2013 жылдың қараша айында өткен Судьялардың VI-съезінде: «Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам. Біздің мақсатымыз – дəл сондай қоғам құру. «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты межелерінің бірі – осы», деп отандық сот корпусының алдына іргелі міндеттер жүктеген болатын. Міне, осыған орай Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес республика соттары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың заңды мүдделерін қорғау, сот төрелігінің əділдігін, ашықтығы мен қалың бұқараға қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Еліміз тəуелсіздік алғалы бері

Дамыєан бизнес – тўраќтылыќ тўєыры

– Бақыт Тұрлыханұлы, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясаты шеңберінде Қазақстан Үкіметі елде шағын жəне орта бизнестің дамуын қолдауға ерекше көңіл бөлуді жоспарлап отыр. Шағын жəне орта бизнеске неліктен соншалықты көңіл бөлініп отыр? – Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған «Нұрлы Жол» Жаңа Эко номикалық Саясаты ел экономикасының өсуін ынталандыруды ғана емес, құрылымдық реформаларды жалғастыруды да мақсат етеді. Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Қазақстанда шағын жəне орта бизнестің даму маңыздылығына тұрақты көңіл бөліп отырады. Соңғы жылдары біздің елімізде осы саланың дамуына жəрдемдесу тұрғысында үлкен жұмыстар жасалды. Бизнесті ашу жəне жүргізу үшін əкімшілік кедергілер жойылуда, стартаптарға жəне тұтастай алғанда, шағын жəне орта бизнеске несие берудің жеңілдікті жағдайлары жасалды. Аталған саясат «Нұрлы Жол» шеңберінде жалғасын табады. Осы орайда ол Ұлттық қордан айтарлықтай қаржы ресурстарының бөлінуі, сондай-ақ «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қорының жеке қаражаты арқылы да күшейтілетін болады. Сонымен қатар, 2015-2019 жылдары халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп шағын жəне орта бизнес саласындағы жобаларды іске асыру басталады. «Нұрлы Жол» басым деп анықтаған жеті саладағы жобаларды іске асыруды қолға алған отандық кəсіпкерлер 13 миллиард доллардан асатын мөлшерде қаржыландырудан үміткер бола алады. Əңгіме тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолдардың құрылысы, электр энергетикасын, жаңартылатын энергия көздерін дамыту сияқты салалар жөнінде болып отыр. Дəл осы жоғарыда атап көрсетілген екі факторды басшылыққа ала отырып, «Нұрлы Жол» шағын жəне орта бизнесті дамытуды барынша ынталандыратын болады. Бұл Қазақстан үшін өте маңызды. Кез келген елдің экономикасында шағын жəне орта бизнес елеулі рөл атқарады. Кəсіпкерлік белсенділік жоғарылаған сайын, жалпы өнім деңгейі де жоғары. Кəсіпорын құра отырып жекеменшік бизнес белгілі бір идеямен нарыққа шығады, оны іске асыру өңірдің, демек, елдің де жалпы өнімінің өсімін қамтамасыз етеді. Бизнес идеясы табысты болған сайын, оның өнімділігі мен табыстылығы да жоғары. Тиісінше, өңірлік экономиканың өсуіне кəсіпорынның қосар үлесі де көп. Екінші маңызды жағдай – бюджетке түсетін салық түсімдерінің өсуі. Əдетте ірі компанияларға қарағанда шағын ұйымдар өз есеп шоттары бойынша уақтылы төлем жасап отырады. Қазақстанда қазір бюджеттің кіріс бөлігінде шағын жəне орта бизнес үлесі 18-20 пайыздан аспайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 60-70 пайызға жетеді. – Демек, дағдарыс кезінде ірі бизнеске қарағанда шағын жəне орта бизнеске екпін түсіру тиімдірек болғаны ғой? – Шағын жəне орта бизнеске басымдық беру қай кезде болса да пайдалы. Өйткені, бұл сала – берік орта таптың іргетасы болып табылады. «Орта тап» дегеніміздің өзі жекеменшік арқылы өзін іс жүзінде көрсету мүмкін дігін алған адамдар санының өсу шамасына қарай қалыптасады. Бұл ұғымның өзі ұсақ жəне орташа меншік иелері мен кəсіпкерлерді белгілеу үшін XVII ғасырда пайда болған. Бүгінде орта тапқа табыс деңгейіне қарап қана жатқызу дəстүрге айналған. Бірақ өздеріңіз білетіндей, менеджерлер, басқарушылар, оның ішінде жеке бизнесін басқаратындар жалдамалы қызметкерлерге қарағанда анағұрлым тиімді қаржылық жағдайда болады. Біздің өз бизнесін ашатын адамдар неғұрлым көп болса жəне ол неғұрлым табысты жұмыс істейтін болса, орта таптың əлеуметтік тобы да солғұрлым кеңейе түседі деуіміз де сондықтан. Бірақ сонымен қатар, шағын жəне орта бизнес саласы ірі бизнеске қарағанда өнім бірлігіне шаққанда жұмыс орындарын көп құратындықтан халықтың да жалпы əл-ауқаты жақсара түсетін болады. Əңгіме білікті кадрлар үшін ғана емес, сонымен бірге студенттер, зейнеткерлер, орта білімі жəне біліктілігі бар адамдар үшін де жұмыс орындарын құру жөнінде болып отыр. Яғни, табыс табудың қосымша көздері пайда болады. Оның сыртында, шағын жəне орта бизнес əлемде инновациялық технологиялардың негізгі генераторы болып есептеледі. АҚШ-та мысалға, шағын жəне орта бизнес саласында ашылған əрбір сегізінші компания жаңа өнім мен технологияларды əзірлеуге, өндіруге жəне коммерцияландыруға мамандандырылған. – Онда мемлекет олардың қызметін қандай да бір жолмен қоса қаржыландырып отырады ғой? – Қазақстандағы сияқты оларда да мемлекет ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қолдау көрсетіп отырады. Мəселе бизнестің жеке мүдделілігінде: бір жағынан өзіне қажетті талдауларды сатып алу немесе ШОБ-қа тапсырыс беру үшін ірі бизнестің, екінші жағынан инновациялық идеяларды іс жүзінде жүзеге асыруға дейін жеткізу үшін шағын жəне орта бизнестің мүдделілігінде. Мемлекет басшысы ғылымның нақты іс игілігіне жұмыс істеуінің маңыздылығын жайдан-жай айтқан жоқ. Инновациялар өндірістің пайдалы əскер коэффициентін (ПƏК) арттыруға, түптеп келгенде, табыс табуға бағытталуы тиіс. Бұл барша үшін де тиімді. Сөз ретінде айта кетсек, ШОБ инновацияларды құруға ғана атсалыспайды, сонымен бірге, ірі

бизнеске қарағанда иннова циялық өнімді өз қызметіне де белсендірек енгізе ді. Ірі фирмалар, үлкен тəуекел мен жоғары шығындарды ескере отырып, жаңа өнім дер дайындауға асқан сақтықпен көшеді. Ірі фирмалар өнімдерінің жаңаруларына жасалған талдау оның түрлерінің 70 пайызының модификациялар, 20 пайызының шағын инновациялар жəне тек 10 пайызының ғана бұған дейін ешкім шығармаған жаңа өнімдер екенін көрсетіп отыр. ШОБ бұл тұрғыда шапшаңдау қимылдайды. Ол тұтынушылар мүдделеріне жақынырақ жəне өз қызметін өз тұтынушыларының мұқтаждарына қарай шапшаң бейім дей алады. Шағын бизнес үшін ол рынокта бəсекелестікке төтеп беріп, тұтынушы үшін күресте жеңіп шығу үшін қажет. – Сонда ШОБ экономиканы жаңғыртудағы маңызды буынға айналатын болып отыр ғой? – Сонымен бірге, экономиканың дамуы мен қоғамдық прогресті қамтамасыз ететін бəсекелестіктің күшеюі үшін де ынталандырушы болып табылады. – Елде жекешелендіру үдерісі іске қосылғаннан бері мұндай жаңашылдықтың рөлі туралы жиі айтылуда. Сіз ШОБ бүгінде мемлекет сатуға шығарған кəсіпорындар үшін өсу катализаторы бола алады деп ойлайсыз ба? – Өткен жылы біздің жекешелендірудің екінші бұқаралық толқынын іске қосқанымызды білесіздер. Алғашқысы 90-шы жылдардың үлесіне тиесілі. Осы науқан шеңберінде біз мемлекеттік активтерді сатып қана қоймаймыз, сонымен бірге, бизнестің күшін қолдану үшін рыноктағы тауашаларды да босатамыз. – Сіздердің бизнес үшін қажетті тауашаларды босатып жатқандарыңызды қалай түсінуге болады? – Біз жеке сектор жұмыс істей алатын жерде мемлекеттік кəсіпорындар секторының қызметі шектеулі болатын Yellow Pages Rule қағидатын қолданамыз. Мемлекеттік кəсіпорындар тек ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қоғам мүддесін қорғауды, мемлекет меншігіндегі стратегиялық нысандарды ұстауды қамтамасыз етудің өзге мүмкіндіктері жоқ жерлерде ғана жұмыс істей алады. Егер қарапайым тілмен айтар болсақ, жеке бизнес бар жерде іс жүзінде мемлекеттік кəсіпорындар болмауы тиіс. Өйткені, мемлекет өзінің қатысуымен рынокта бəсекелестікті тұншықтыратын болады. Яғни, нарықтық қатынастардың негізін жоққа шығарады. Ал бəсекелестік жоқ жерде ұйықтауға жақсы болғанымен, өмір сүрудің нашар болатындығы белгілі. Егер сіз жекешелендірілетін компаниялар тізіміне қарар болсаңыз, көптеген білім беру орталықтарын, мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын көресіз. Бұл салада бүгінде мемлекеттік орталықтар да бар, сонымен бірге, жеке сектор қызметі де белсенді дамуда. Егер жекеменшік бар болса, мемлекеттің не қажеті бар? Жаңа кəсіпорындар мен квазимемлекеттік сектордың еншілес компанияларын құру барысында да осы қағидаттар қолданылатын болады. Мемлекет, тіпті квази-түрде болса да, жеке бизнестің несібесін алып қоймауы тиіс. Өзіміз айтып өткендей, жеке бизнес табыс табуда анағұрлым өнікті жұмыс істейді. Өйткені, кез келген инвестордың басты міндеті – банкрот болмау. – Күзде қазақстандық жекешелендіру аукциондары үшін таңғаларлық Шығыс Қазақстандағы бір ЖШС-нің сатылу бағасы туралы айтылды – ол бастапқы бағадан 25 есе артық болды. – Əңгіме «Ритуал-Сервис» ЖШС-нің 51 пайыздық акциялар пакетін сату жөнінде болды. Онда сату бағасы шынымен де бастапқы бағадан 25,5 еседен асып түсті. Əзірге бұл ЖШС оған бизнестің қызығушылығы жағынан көшбасшы болып тұр. Ең қызығы, сатып алушылар ауционның басынан-ақ жоғары ставкалар жасай бастаған. «МАК-Екібастұз» ЖШС-ні («Қазақстан темір жолы» ҰК активіне қарасты) сату кезінде де біз бизнестің жоғары қызығушылығына куə болдық. Онда сатып алушылар бірқалыпты, бірақ табанды саудаласты, барлығы 55 «сауда қадамы» жасалды. Айтқандай, бұл саудаға 5 сатып алушы қатысты. Демек, сақ жүргеніне қарамастан, тартыс жеңіл бола қойған жоқ. – Сатылғандардың ішінде ең қымбаты қандай нысан болды? – Егер түпкілікті баға бойынша айтар болсақ, онда «Халықтық ІРО» бағдарламасы арқылы 13,1 млрд. теңгеге жекешелендірілген KEGOC компаниясы. Аукцион арқылы ең қымбатқа сатылған нысандардың бірі «МАК Екібастұз» болды, ол миллиард теңгеден астамға сатылды. Ал «Алматы вагон жөндеу зауыты» АҚ-тың 100 пайыз акциясының құны ең жоғары бағаға ие болып, 6,6 миллиард теңгені құрады. Мен бүтіндей алғанда, жекешелендіру үдерісі жақсы алға басуда, ең бастысы, ол бизнеске қажет болып отыр деп есептеймін. Мемлекет бизнестің күшін қолдану үшін бəсекелестік тауашаларды барынша көбірек босату мақсатын қойып отыр. Бұл түптеп келгенде, елдегі кəсіпкерліктің өсуіне жағдай жасайды, ал ол біздің мемлекетіміздің экономикалық тұрақтылығына оң əсерін тигізбек. Өйткені, егемен мемлекет дегеніміз – ол өзін қамтамасыз етуге қабілетті мемлекет. Мұның өзі салықтар түрінде бизнестің шырынын сығып алмай, сонымен бірге, кəсіпкерлікті, ақырында, бүтіндей алғанда, салық салу базасын кеңейту үшін жағдайлар жасай отырып, жүзеге асуы тиіс. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан».

арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын» қабылдаған болатын. Осы бағдарламалық құжат та: «Қылмыстық құқықты одан əрі дамыту, бұрынғыдай қылмыстық саясаттың қос векторлығын ескере отырып жүргізілуге тиіс. Ізгілендіру – ең бастысы, алғаш рет ауыр емес жəне ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарға, сондай-ақ, халықтың əлеуметтік əлсіз топтары – жүкті жəне асырауында кəмелетке толмаған балалары бар жалғыз басты əйелдерге, кəме летке тол мағандарға, жасы ұлғай ған адамдарға қатысты болуға тиіс. Сонымен қатар, ауыр жəне аса ауыр қылмыстар жасауға кінəлі, қылмыстық қуғындаудан жасырынып жүрген адамдарға қатысты, сондайақ, қылмыстар кəнігілігі кезінде

Жаңа Қылмыстық кодекске теріс қылық əрекеті (жалпы құрамы – 156), іс жүргізу келісімінің шарттарын орындаған жағдайда қылмыстық жауап кер шіліктен босату жəне тағы басқа бірқатар жаңа ұғымдар енгізілді. Қылмыстық іс жүргізу кодексіндегі қылмыстық процестің бастапқы сатысындағы тергеуге дейінгі тексеру сатысының алынып тасталуы азаматтардың конс титуциялық құқықтарын сақтауға жəне көптеген іс-шаралар жүргізбей-ақ, қылмыстық істі қозғауға мүмкіндік береді. Сотқа дейінгі тергеу ұғымы енгізіліп, азаматтарды ұстаудың тəртібі регламенттелді жəне іс жүзінде ұстау ұғымының мəн-мазмұны нақтыланды. Адамды ұстау барысында оның құқықтары мен

Сот тґрелігі

Оны жїзеге асырудыѕ сапасы мен жеделдігі артуда Ақылтай ҚАСЫМОВ,

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы.

сот-құқық жүйесін реформалау бағытында басталған жұмыстар 2014 жылы өзінің шарықтау шегіне жетіп, бірқатар заңнамалық актілер əзірленіп, қабылданды. Осы тұрғыдан алғанда, 2014 жыл еліміздің сот-құқықтық саласында жаңа өзгерістерге толы жыл болды десек, қателеспейміз. Енді биылғы жылдан бастап республика соттары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерін күшейтуге бағыт талған жаңа қылмыстық заңнама шеңберінде жұмыс істей бастады. Былтырғы жылдың шілде айында қабылданып, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңды күшіне енген Қылмыстық, Қылмыстықпроцестік, Қылмыстық-атқару жəне Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстерді заман талабынан туындаған заңдар деп айтуға болады. Бұл жөнінде Елбасы аталған съезде: «Соттар қызметінің заңнамалық жəне іс жүргізу нормаларын жүйелі түрде жетілдіру маңызды. Жаңа қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық жəне əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстердің жобалары қазірдің өзінде дайындалып қойды. Олар ұзақ əрі тыңғылықты дайындалды, оны барлығы, мен де қарадым. Онда соттардың жаңа құзыреті, соның ішінде сот жүргізудің жеңілдетілген жаңа тəртібі қарастырылған. Сот бақылауы мен сот тексеруі барысындағы судьялар өкілдік терінің аясы кеңеюде. Əрине, ізгілендіру жүріп жатыр, бірақ ол мақсат емес, ең бастысы біз босаңсып кетпеуіміз керек. Тиянақты қарау керек. Бұл кодекстердің тезірек қабылдануы мен жүзеге асуы қылмыстық сот төрелігінің сапасы мен жеделдігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады», деген болатын. Расында да, ізгілендіруді ұран етіп, қылмыскерлердің жазадан құтылып кетуіне жол бермеу керек. Ата Заңымыздың алғашқы бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтiк мем лекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам жəне адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп айқын жазылған. Сондықтан да, адамның құқығына нұқсан келтіретін кез келген қылмыстың алдын алу маңызды. Ал қылмыс болған жағдайда, оның өтемі – жаза. Бұл кез келген өркениетті мемлекет жүргізетін құқықтық саясаттың басты қағидасы болып табылады. Дүние жүзілік қауымдастықтың белді мүшесі болып табылатын еліміз осыдан 5 жыл бұрын «Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге

қатал қылмыстық саясатты алдағы уақытта да жүргізу қажет. Қылмыстық құқықты дамытудың маңызды бағыты, ең алдымен, аса қоғамдық қауіп тудырмайтын адамдарға (абайсызда қылмыс жасаған кəмелеттік жасқа толмаған адамдар, өзге де адамдарға – жазаны жеңілдететін мəн-жайлар) қатысты қылмыстық жазалаудан босатудың шарттарын кеңейту арқылы қылмыстық қуғын-сүргінді қолдану аясын кезең-кезеңмен қысқарту мүмкіндігін айқындау болып табылады» деп көрсетілді. Тұжырымдамаға сəйкес еліміздің құқықтық кеңістігіндегі қылмыстық заңнамалар азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін неғұрлым тиімді қорғауға бағытталған бірқатар өзгерістер енгізіле отырып, жаңартылды. Солардың ең негізгілерін қысқаша айтып өтсек. Қылмыстық кодекстің Жалпы жəне Ерекше бөлімдері əртүрлі санкциялар қатарын (айыппұл – 128, бостандықты шектеу – 356, түзеу жұмыстары – 453) көбейтуді көздейтін жаңа баптармен жəне нормалармен толықты. Оның ең басты ерекшелігі – қылмыстық тұрғыда жазаланатын екі топтық жүйенің енгізілуі. Оның бірі – қылмыстар болса, екіншісі – əкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыс шегінде тоғысқан теріс қылықтар. Олардың қатарында жеке тұлғаға, кəмелетке толмағандарға, қоғамдық қауіпсіздікке жəне қоғамдық тəртіпке қарсы əкімшілік құқық бұзушылықтармен қатар, қазіргі таңда бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылмайтын ауырлығы орташа қылмыстар бар. Тағы бір атап көрсетілген жаңа өзгерістердің бірі – медициналық жəне компьютерлік қылмыстар. Олар Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлігінің дербес тарауына енгізілді. Террористік жəне экстремистік қылмыстарға қатысты жауапкершілік те күшей тілді. Бұрынғы Кодекспен салыстырғанда жаңа Қылмыстық кодексте бас бостандығынан айырудың баламалы шараларын неғұрлым кеңейтуге бағытталған жазалар желісі қарастырылған.

міндеттерін түсіндіру қажеттігі заң нормасы ретінде белгіленді. Тергеу барысында жедел іс жүргізу, кінəні мойындау туралы жəне ынтымақтастық туралы келісімдердің енгізілуі іс жүргізу шешімдерін қабылдау тəрті бін жеңілдетуге мүмкіндік бере ді. Ондаған, тіпті, жүздеген томды құрайтын кейбір көп эпизодты істер бойынша айыптау қорытындысы қысқаша айыптау актісіне ауыстырылды. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында сот бақылауын жүзеге асыратын тергеу судьясы, қорғалу құқығына ие куəгер, тиісті құзыретке ие процесс прокуроры, айғақтарды сақтауға қою секілді жаңа институттар енгізілді. Қолданыстағы халықаралық шарттардың жекелеген қағидалары жаңа Қылмыстық-процестік кодекс аясында іске асырылатын болады. Мемлекет басшысының 2014 жылғы 9 сəуірдегі Өкімімен мемлекеттік органдар орындауы тиіс 42 іс-шараны қамтитын Қылмыстық заңның жəне қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне көшу жөніндегі Бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспары бекітілді. Осы іс-қимыл жоспарды орындау мақсатында Жоғарғы Сот бірқатар ұйымдастырушылық жəне практикалық шараларды жедел түрде қолға алып, жүзеге асырды. Мəсе лен, барлық соттарда жаңа заң на малардың новеллаларын түсіндіруге бағытталған семинартренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар мен оқу курстары ұйымдастырылды. Жаңадан қабылданған қылмыстық заңнаманың новеллаларын халыққа кеңінен түсіндіру мақсатында арнайы медиа-жоспар қабылданды. Оның шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілді. Жалпы алғанда, заңнамаға енгізілген бұл өзгерістер Президенттің тапсырмасына сəйкес қолға алынған түрмедегі ле р дің санын азайту мəселесін неғұрлым тиімді шешу ге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды жақсартуға, сот жүйесін ашық жəне жедел жүргізуге мүмкіндік береді. 2014 жылы азаматтардың

конституциялық құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін əрі қарай күшейтуге жəне толыққанды жүзеге асыруға бағытталған тағы да басқа бірқатар заңнамалық актілер қабылданды. Жоғарғы Сот заң нормаларының республика бойынша біркелкі қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында нормашығармашылық қызметті тиісті деңгейде жүзеге асырып келеді. Мəселен, Жоғарғы Сот өткен жылдың өзінде-ақ сот прак тикасының проблемалық мəселелерін түсiндiру мақсатында, сондай-ақ заңнаманың өзгеруіне байланысты 4 нормативтік қаулы қабылдады. Осыған орай қолданыстағы 18 нормативтік қаулыға өз герістер мен толықтырулар енгізілді. 2014 жылы сот органдары қылмыстық заңнаманы жаңғыртумен қатар, сот төрелігін сапалы əрі уақтылы жүзеге асыруды басты назарға алды. Былтыр соттарға 1,2 миллионнан астам өтініш пен іс келіп түсті. Бұл көрсеткіш 2013 жылға қарағанда 8,7 пайызға артық екенін айта кеткен жөн. Соттардың 2014 жылғы қызметіне жүргізілген талдау еліміздегі сот төрелігін жүзеге асыру көр сеткіштерінің жақсар ғанын көрсетті. 2014 жылы республика соттарына 43 878 қылмыстық іс келіп түсіп, олардың 93,3 пайызының өндірісі аяқталды. 2013 жылмен салыстырғанда, республикамыздың төрт өңірінде соттарға келіп түскен қылмыстық істердің саны біршама өсті. Мəселен, бұл көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысында – 21,3 пайызға, Батыс Қазақстан облысында – 9,8 пайызға, Астана қаласында – 8,3 пайызға, Алматы қаласында 5,1 пайызға артты. Барлығы 20 573 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Олардың арасында ұрлық бойынша үкім шығарылған істердің үлес салмағы басым, яғни мұндай істер барлық қылмыстық істердің 16,6 пайызын (3420 іс) құрайды. 2014 жылы 25 079 адам сотталып, 458 адам ақталса, 2013 жылы 26 967 адам сотталып, 510 адам ақталған болатын. Демек, сотталғандар мен ақталғандардың да саны да біршама азайған. Былтырғы жылы сотталғандардың ішінде 9 690 адамға бас бостан дығынан айыру жазасы тағайын далды. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 10 514 адамды құраған болатын. Өткен жылдың еншісіндегі жағымды үрдістердің бірі ретінде кəмелетке толмағандар тарапынан жасалатын қылмыс санының азайып, олардың сотталу көрсеткішінің 36 пайызға (1 063-тен 681-ге дейін) төмендегенін айтуға болады. Сонымен қатар, олардың арасында бас бостандығынан айыруға сотталғандар саны да екі есеге азайды (2014 жылы – 108, 2013 жылы – 207). Жалпы қаралған істер санының артуына қарамастан, 2014 жылы шығарылған сот актілерінің 98,7 пайызы заңды əрі негізді болып табылады. Қорыта айтқанда, 2014 жыл сот жүйесін одан əрі жаңғырту жəне оның құқықтық негіздерін қарқынды дамыту тұрғысынан маңызды өзгерістерімен ерекшеленген жыл болды. Бұл өзгерістер Ғаламдық бəсекеге қабілеттілік индексіндегі ұлттық сот жүйесінің көрсеткіштерін біршама жақсарт ты. Аталған рейтингте қазақ стандық сот жүйесі 2014 жылы «Соттардың тəуелсіздігі» өлшемі бойынша өз көрсеткішін 2011 жылмен салыстырғанда 25 позицияға жақсартып, 86 орынға тұрақтады. Əрине, бұл жетістікке тоқмейілсуге болмайды. Еліміздің сот қауымдастығы бағындыратын белестер əлі алда. Ең бастысы, сот корпусы – «Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы айқындаған дай, халқы сот төрелігіне жүгініп, заңды сыйлайтын қоғамды қалыптастыруға бар күш-жігерін жұмсайтыны анық.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2014 жылғы 31 желтоқсан

№265

Алматы қаласы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу жəне айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын жəне еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Респу бликасының Заңына сəйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 24 тамыздағы №78

қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5795 тіркелген, 2009 жылғы 2 қазанда «Заң газеті» газетінде №150 (1573) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесінде: 3-тармақ алынып тасталсын; 4-тармақтың екінші бөлігі

мынадай редакцияда жазылсын: «Ұлттық Банк Басқармасының қаулысында: шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері белгіленетін шетел валюталарының түрлері; валютаның əрбір түрі үшін ауытқу шегі болуға тиіс.». 2. Уəкілетті банктердің жəне уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының

сату бағамынан ауытқу шектері: 1) АҚШ доллары үшін – 2 теңге, 2) еуро үшін – 3 теңге болып белгіленсін. 3. Осы қаулы ресми жариялануға жатады жəне 2015 жылғы 11 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Ұлттық Банк төрағасы Қ. КЕЛІМБЕТОВ. –––––––––––––– * Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде 2015 жылғы 26 қаңтарда № 10146 болып тіркелген.


Ерденбектіѕ ерлік жолдары

Отан соғысы моторлар соғысы болғаны белгілі. Бұл соғыста танк, артиллерия, авиация бүтіндей толық қолданылғаны мəлім. Сонымен қатар, атты əскерлер де соғысқа қатысып, жеңіске үлес қосты. Оған дəлел атақ ты И.А.Плиев, О.И.Городовиков, А.М.Доватор сияқты генералдар басқарған атты құ рамдар, дивизиялар, корпустар болғаны. Солардың бірі эскадрон командирі, гвардия капитаны Ерденбек Ниетқалиев еді.

механикаландырылған «Недерланд» СС дивизиясының сан рет жасаған қарсы шабуылдарына ерлікпен қарсылық көрсетіп, жаудың бұларды қырмақ болған əрекетін жүзеге асырмай тастайды. Сол ұрыста ауыр жарақат алған Ерденбек, сорғалап аққан қанына қарамастан, станокты пулемет гашетіне жабысып, жауды қырып, шабуылға бұйрық беріп жатқанда, екінші рет ауыр жарақат алып, көз жұмады. Бұл 1945 жылдың 2 ақпаны еді. Артынша кеңес əскерлері жеткенде, 150-дей жауынгері бар Ерденбек эскадронынан тек оншақты жауынгер қалыпты. Осы ұрыста 400-дей неміс солдаты мен офицері жан тапсырады. Сондай-ақ, жаудың 3 ауыр зеңбірегі, 6 станокты пулеметі жəне 80 неміс солдаты мен офицері қолға түседі. Сол қырғын ұрыста көрсеткен ерен ерлігі үшін Ерденбек Ниетқалиевке КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы өзі өлгеннен кейін берілді. Ердің көз жұмған жері Германияның Померания провинциясындағы Рацебур

студенттік кезін айтқаны – Д.К.). За время войны пришлось видеть многое и страшное, испытать все тяготы военной жизни, сменяющейся хорошим делом». Тағы бір үйге жазған хатында Ерденбек былай дейді: «Успанчик пацан тоже в армии, кажется в Туркмении, а от Анвара так и с начала войны ни звука. Видимо, парень погиб, ведь он был на самой латвийской границе». Əнуардың ол кезде тұтқында екенін Ерденбек қайдан білсін. 1944 жылдың 4 маусымында жазған хатында Ерденбек: «Услышав, что Талгат (оның бірінші інісі – Д.К.) жив, но ранен, я очень и очень радуюсь. Ведь думал, что он погиб. Вот почему Успан не пишет письмо, это меня удивляет, где он есть?» дей келіп, өзі туралы былай дейді: «Пока набираю сил для будущих решающих дней. Хочется видеть Вас». Ерденбектің үйіне, інілеріне қамқорлығы ұдайы байқалады. Тағы бір хатында жаралы болып елге келген Талғат жөнінде: «Талғат! Менің киімдерімді кие бер, тірі болсақ, киім табылады ғой», деп жазады. Одан əрі:

Ер Ерденбек Досмұхамед КІШІБЕКОВ, академик.

Ерденбек эскадроны басқа əскерлермен бірге 1941 жылдың қазан айынан алдымен Тула қорғаныс шебіндегі Угодский завод деген село маңында соғысты. Одан соң Мəскеуді жаудан қорғауға қатысты. Кейін Кашираны қорғап, Тула бағытындағы шайқастарда Венев жəне Сталиногорск, Калуга операциясында Козельск пен Мосальск қалаларын жаудан босатуға үлес қосты. 1942 жылдың қысынан сол жылдың жазына дейін Ниетқалиев қатысқан корпус Ржев-Вязьма бағытындағы, əсіресе, Дорогобужа ауданындағы ұрыстарға араласып, ерлікпен көзге түсті. Сол шайқаста жарақат алған Ерденбек 1942 жылдың 3 қазанында полкке қайта оралып, Подосиновка-Аристово маңындағы жау бекіністерін бұзып, оның тылына кіріп, Ржев-Сычев теміржол байланысын үзіп, қозғалысын тоқтатты. Одан соң оның эскадроны жау тылындағы Никишкино деревнясында 1942 жылдың 28 қарашасында үш күн бойы қырғын соғыста жау күшіне соққы берді. Бірақ, 30 қарашада өзі ауыр жарақат алады. Село тұрғындары оны көтеріп партизандарға апарады. Содан ол ұшақпен «Үлкен жерге» жеткізіліп, күрделі операциядан соң аман қалады. Ерденбектің полкі 1943 жылдың қысында Орталық майдан операциясына қайта араласып, үш рет жау шебін бұзып, талай ерлік көрсетті. 1943 жылдың қарашасында Гомель-Речинка жəне КалинковичкоМозырь операциясына қатысты. 1944 жылдың 14 қаңтарында Ерденбек аттылары Мозырь қаласын босатты. Орлов жəне Брянск бағытындағы ұрыстарда гвардия аға лейтенанты Ерденбек Ниетқалиев эскадроны ерлікпен көзге түсті. 1944 жылдың 26-30 шілдесі аралығында Ниетқалиев эскадроны Радзынь, Лукув, Седлец бағытында жауға қатты соққы беріп, Седлец қаласының шетіне жетті. Сол күні кешке қарай 12-ші атты полк Седлец қаласын жаудан босатты. Осы ұрыс нəтижесінде Ерденбекке гвардия капитаны атағы берілді. Сөйтіп, оның эскадроны жауды Ресей, Белоруссия жерлерінен қуып шығып, Батыстағы Буг өзенін бірінші болып атпен кесіп етті. Одан əрі КСРОПольша шекарасынан өтіп, фашистерді поляктар жерінде талқандауға кірісті. Сөйтіп, Польша-Германияның бұрынғы шекарасына жетіп, Померания үшін ұрысқа қатысты. Бұл 1945 жылдың 20 қаңтары болатын. Жалпы айтқанда, Ұлы Отан соғысында атты əскерлер ерекше рөл атқарды. Олар танк, артиллерия, жаяу əскерлермен бірігіп жаумен айқасты. Сондай-ақ, жоғары басшылық тапсырмасымен жау бекінісін бұзып, оның тылына талай рет өтіп, сойқан əрекеттер жасады. Мəселен, 1942 жылдың 28 қарашасында əлгі айтқан Смоленск облысы Сычевский ауданындағы соғыста жау шебін бұзып, оның тылына өткен Ерденбек эскадронын жау қоршап алып жоймақ болған əрекетіне күшті қарсылық көрсетіп, үш күнге созылған ауыр ұрыста Ниетқалиевтің аттылары немістің 80 солдаты мен офицерінің көзін жойып, жаудың бронды пойызын істен шығарды. 1943 жылдың жазында Орлов жəне Брянск операцияларында жау тылына өткен Ерденбек басқарған аттылар немістің үлкен бір жүк керуенін талқандады. Бұл мəліметтердің бəрі ресми əскери ақпараттардан алынған. Аттылардың бір ерекшелігі, олар ұрыста еш нəрсені паналай алмайды, бəрі ашық, іс-қимылдары тек шапшаңдық пен ерлікке негізделген. Сонымен, Польша-Германия шекарасына жеткен Ерденбектің 12-атты əскер полкіне 1945 жылдың 29 қаңтарында Кюдо өзенінің батысында жаудан жеңіп алған кең алқапты қолда бекем ұстап, жаудың екі бөлінген күшінің қайта бірігуіне мүмкіндік бермеу тапсырылады. Осы қырғын ұрыста Рацебур қаласының түстігінде бекінген Ерденбек Ниетқалиев эскадроны жаудың 15-ші дивизиясына жататын «Остланд» СС жаяу əскер бөлімшесі мен 23-ші

7

www.egemen.kz

31 қаңтар 2015 жыл

олармен Мұстафа Шоқай таныспақ болады. Кезек Əнуарға келгенде, оған: «Кімсің?» деп сұрайды. Сонда тұтқын: «Есімім Əнуар, əкем аты Ниетқали, фамилиям Менешев», деп жауап қайтарады. Бұған Мұстафа: «Меңдешев» дедің бе?» депті. «Жоқ, Менешев! Сейітқали Меңдешевті білемін, ол біздің елдікі» деген көрінеді Əнуар. «Білімің қандай?» деген сұрауға: «Статс-техникум бітіргенмін», дейді. Содан Мұстафа оны қатардан шығарып, «командир боласың» деген сияқты. Күндердің күнінде жұмыс істеп жатқан қазақтарға қарап, бір неміс офицері: «Лас, шошқа!» деген көрінеді. Кенет айтылған бұл сөзге шамданған Əнуар немісше: «Өзің лас шошқасың», деп өңменінен түйіп жіберсе, аңдамай тұрған неміс шалқасынан құлайды. Содан Əнуарды қайтадан тұтқындап, «Өлім лагеріне» жабады. Ара түсетін Мұстафа жоқ. Бірақ, өлім жазасын өзгертіп, 10 жылға кеседі. Сірə, Əнуар жасынан неміс тілін жақсы білгендіктен, түсіндіріп айтса керек. Көп ұзамай Бавария түрмесінде жатқан Əнуарды Кеңес армиясы келіп жетіп, түрмедегілермен бірге босатып алады. Əнуардың ісімен танысқан «Ерекше бөлім» офицерлері оның ісін ақтап, армия қатарына қосады. Содан демобилизациямен елге оралған Əнуар Қызылордада тұратын ата-анасының үйіне келіп, облыстық атқару комитетіне мамандығы бойынша қызметке тұрады. Бұл 1946 жыл болатын. Бірақ, көп ұзамай, Əнуардың «ісімен» КГБ айналысып, қайта-қайта шақырып, ұзақ танысады, тексереді. Ақырында Əнуарға жеңіл жаза беріледі. Бұл 1947 жылдың желтоқсан айының аяғы болатын. Содан Əнуар 6 жылға Жетіғара өндірісіне (Қостанай облысы) ерікті тұруға жер аударылады. Жетіғарада жұмыс істеп жүріп 1950 жылы Майымжан Жұматова атты қызбен бас қосып, отау тігеді. Сол жерде Шолпан, Айман атты екі қыз дүниеге келеді. 1954 жылдың қаңтарында жер аудару мерзімі аяқталып, Жамбыл (қазіргі Тараз) қаласына көшіп келеді. Ол кезде Əнуардың əке-шешесі Жамбылда тұратын. Мамандығы бойынша бухгалтерлік қызмет атқарады. Бұл жерде тағы Айжан атты қыз, Есет, Бекет есімді екі ұл дүниеге келеді. Кейін Əнуардың ата-анасы, өзі де дүние салады. Зайыбы Майымжан, үш қызы, екі ұлы аман, Тараз, Шымкент қалаларында үйлі-жайлы тұрып жатыр. Талғат та дүние салған. Балалары аман. Міне, бұл Ерденбек ұдайы сұрастырған, уайымдаған інілері жайлы мағлұмат.

Менеш əулеті туралы айтќанда...

қаласы (қазіргі Оконек қаласы, Польша Республикасы). Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан Рəпілбек Ұлтанбаев «Ерлер есімі ел есінде» деп аталған Алматыда «Қазақстан» баспасынан 1973 жылы жарық көрген естелік кітабының 107-бетінде Ерденбектің ерлігіне мынадай сипаттама береді: «Ерденбек Ниетқалиев 1914 жылы туған, коммунист, көптеген жортуылдарға қатысып ысылған, қанды жəне ауыр шайқастарда көзге түскен, ерлігімен аты жайылған, омырауы ордендер мен медальдарға толы ержүрек офицер еді. Жауынгер гвардияшылар оны адамгершілігі, бауырмалдығы үшін жақсы көретін». Міне, бұл «қанды көйлек» гвардияшының жүрекжарды пікірі болатын. Ерденбектің тірі кезіндегі наградалары: Жауынгерлік Қызыл Ту ордені (30.03.1943), «Қызыл Жұлдыз» ордені (5.11.1943), «Қызыл Жұлдыз» ордені (6.08.1944), «Ерлігі үшін» медалі (5.09.1942), т.б.

Ата-анасына жазєан хаттарынан

Азаматтығы мен патриотизмі оның атаанасына жазған хаттарынан айқын көрінеді. Ерденбек сондай ержүрек батыр болса да, жүрегі жан-дүниесі нəзік, бауырмал болған. Мерзімі көрінбей қалған, шамасы 1942 жылы жазған бір хатында Ерденбек сөзін былай бастайды: «Дрался с немцами под Москвой, под Вязьмой и еще во многих других направлениях и только три раза уходил в госпиталь по случаю ранения. В тылу не был, ибо там нет нам места, наше дело на передовой», дей келіп, одан əрі былай жазады: «Дорогие мои! Уже два года ношусь на конях. За это время возмужал, окреп. Я теперь не тот кто был в 1932-36 годах (өзінің

«Біз Əнуардан үміт үзген шығармыз. Оның соңғы адресін жоғалтпаңдар, керек болар», дейді. Ең кіші інісі Оспанды еске алғаны тіпті көңіл босатады. Анасын ойлап, «кешке жатып газет оқитын едім ғой, оқып жатып ұйықтап кетсем, шам жанып тұратын, мамам келіп сөндіріп, арқамды жабушы еді», деп жазады, үйдегі өткен күндерді жылы есіне алып. Тағы бір жазған хатында мамасына «ер-тұрмандарымды сақтап қой, елге келгенде іздеп жатамыз ба, дайын тұрсын» деп өтініш айтады. Бұл да өмірге үлкен құштарлық, сенім белгісі болатын. Ең соңғы, 1945 жылдың басында жазған хатында: «Неге бекер шаршайсыңдар, тек бір Тəңірімнің жазғанын көрерсіңдер, артық көп ойлағандықтан ауру пайда болады ғой, денсаулықтарыңды тілеймін. Тірі қалсақ келерміз, болмаса не амал бар. Өздерің де естіп жатырсыздар ғой, соғыс енді көп ұзамай бітетін түрі бар. Көңіліміз шатты болуын тілеуші балаңыз Ерденбек», деп хатын аяқтайды. Міне, бұл төрт жылға созылған қырғын соғыста атқа мініп, ұдайы ашық майданда жүрген, оған дейін үш жыл əскери борышын атқарған нағыз ерен ердің бірі, не бірегейі екендігін көрсетеді. Жəне де бұл Ерденбектің ең ақырғы тоқтау айтқан соңғы сөздері еді.

Уайымдаєан інілері жайлы бірер сґз

Ерденбектің үйге жазған хаттарында ерекше алаңдайтыны інілері Əнуар мен Оспан болатын. Оспан соғыста хабарсыз кетті. Əнуар шекараға жақын жерде болатын, үлкен қоршауда қалып, барлық құрамдарымен жау қолына түседі. Тұтқында мұсылмандарды бөліп, қатарға тұрғызып,

Ерденбектің жазған хаттарынан, оның қазақ мектебінде емес, орыс мектебінде оқығаны байқалады. Жазғандары көбіне орыс тілінде жəне өте асығыс, офицер планшетінен алынған парақ беттері. Бұл оның асықпай отырып хат жазуға уақыты болмағанын дəлелдейді. Ерденбектің атасы Менеш қарапайым шаруа адамы екен. Оның үш ұлы, екі қызы болған. Ұлдары Ниетқали, Əмірғали, Өтеш. Үлкені көкірегі ояу, сауатты, бірақ, арнайы оқымаған. Əмірғали мен Өтеш гимназияда оқыған. Əмірғали Саратовта ауылшаруашылық институтын бітірген. Кеңес жылдары басында Мəскеуде Қазақстан өкілдігінде басшылық қызмет атқарыпты. Ардагер Хамид Чурин естелігінде Əмірғали алғаш Қазақстан делегациясын В.И. Ленинмен кездестіргенін айтады. Сол кездесуде В.И. Ленин: «Қазақстан – бай өлке. Мүмкіндіктері мол. Біз оны көтеруіміз керек. Сөзсіз көтереміз», деген екен. Кейінгі жылдары Əмірғали Менешев Алматыға шақырылып, Жер халық комиссариатында су шаруашылығын басқарған. Халком орынбасары ретінде. 1937 жылдың аяғында жазықсыз ұсталып, 1938 жылы 28 халком қатарында Алматыда атылып кетеді. Əйелі Əлима «Қарлагқа» 10 жылға айдалып, Əмірғали мен Əлиманың Қадырбек, Ибрагим, Мұрат есімді балалары қаңғырып, панасыз, үй-мүлкі шашылып, далада қалады. Өйткені, Алматыда жақын туыс тары болмайды. Балалары кейін армияға шақырылып, Отан соғысына қатысады. Əлима «Карлагта» Сейітқали Меңдешев, Бейімбет Майлин əйелдерімен бірге болған. Лагерьден келгеннен соң, біршама уақыт Алматыда бізбен тұрды. Кейін Хамид Чуриннің жəрдемімен Коммунистік проспектіде салынған жаңа үйден бір бөлмелі пəтер алды. Қазір ол кейуана да, балалары да дүние салған. Менештің үшінші ұлы Өтеш Оралдың Жымпитысында комсомол жұмысын атқарып жүргенде Алматыға шақырылып, Байланыс халкоматында басшылық жұмысқа кірісе бастағанда кенет ауырып, 1930 жылы дүние салады. Батыстағы отбасын да алдырып үлгермейді. Одан 1927 жылы туған бір қыз қалған. Еркін Өтешқызы менің зайыбым болды. 1947 жылы үйленіп, 66 жыл өмір сүрдік, балалы, немерелі болдық. Зайыбым өткен жылы қайтыс болды. Сонымен, тарих бəрі айқын сызылып қойған тура жол емес. Ол – түрлі йірім, қайталаулардан тұратын, бірақ, түп негізі үлкен заңдылыққа бағынып, ілгері дамитын күрделі құбылыс. Өмірде бəрі болады. Дегенмен, бəрін орын-орнына қоятын, анықтайтын өмір. Егер оның бір шетін бүгіп қалсаң, тарих бұзылады. Сондықтан, Ерденбектің ерлігіне байланысты айтпағымызды толығырақ беруге тырыстық. Өйткені, құр тақырға шөп те шықпайды. Осының бəрі тəрбие, үлгі. АЛМАТЫ.

Отан їшін от кешкен боздаќтар мен жауынгерлердіѕ ерен ерлігін бїгінгі ўрпаќќа їлгі-ґнеге етудіѕ жинаќталєан тəжірибелері ґѕірде ґз ќолдауын тауып келеді Ескендір ЕЛЕУСІЗОВ,

Солтүстік Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері.

Мен сөзімді Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Республикалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер!» атты фестивальдан бастағалы отырмын. Олай болатын реті бар. Өйткені, бұл шара 13 ауданды түгел қамтып, ақтық мəре Погодин атындағы орыс драма театрында жалғасты. Қорытынды байқауға соғыс ардагерлері, еңбек майталмандары, қоғамдық ұйым өкілдері, жастар, қала жұртшылығы қатысып, Отанды дəріптеу, елді, жерді сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді қазақстандық патриотизмнің айшықты үлгілері жан-жақты насихатталды. Бұл байқау, бір жағынан, өнер ұжымдарының шығармашылық зор қуатын арттырудың, кəсіби шеберлігін жетілдірудің бір көзі ретінде де есте қалды. Əр шаңыраққа зор қайғы-қасірет əкелген, əкені баладан, баланы анадан айырған қанды қасаптың, қолдарына қару алып, асқан жанқиярлықпен шай қасқан сарбаздар мен сардар лардың биік тұлғасын көз алды мызға елестететін сахналық қойылымдар ұсынылып, майдан əндері шырқалды. Гала-концерт те жоғары деңгейде өтті. Облыс əкімінің бірінші орынбасары Сапарбек Айдаров аймақ басшысы Е.Сұлтановтың ыстық ықыласқа толы құттықтауын жеткізіп, фестиваль жеңім паздарын марапаттады. Осындайда Президент Жолда уындағы «Отанды сүю – бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту жəне кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмы сының түпкі мəні – осы!» деген ұлағатты сөздері ойға оралады. Иə, Елбасының сүттей ұйыған ауызбірлікке, береке-ынтымаққа жетелейтін сындарлы саясаты арқасында қазақстандықтар ұлтаралық жарасымды сабақтастықты жалғастырып, талай биік белестерді бағындырып келеді. Аға ұрпақтың тілегі – ел тыныштығы, баға жетпес басты құндылығымыз Тəуелсіздік тамырының беки түсуіне өз үлестерін қосу. Бүгінде облыс тұрындарының жетіден бір бөлігін зейнеткерлер құраса, 23 мыңдайы – мүгедектер. Əлеуметтік қорғау жүйесіндегі интернат-үйлерде 2 мыңға жетеғабыл жалғызілікті жандар тұрады. Олардың арасында от пен оқтың арасынан аман-есен оралып, бейбіт өмірде ең бектің тамаша дəстүрлерін қалыптастырған майдангерлер саусақпен санарлықтай. Баржоғы 300 ғана. Ең жасы 90ды алқымдап қалғанын ескерсек, Нұрсұлтан Əбішұлының жаңа жыл қарсаңында еліміздегі барлық соғыс ардагерлеріне өз атынан арнайы сый-сияпат жасап, жергілікті билік орындарына əлеуметтік қолдау көрсетуді күшейту жөніндегі тапсырмалары ардақтыларымызға көрсетілген мемлекеттік қамқорлықтың тағылымды өнегесі болып табылары даусыз. Осыған орай облыс əкімі Ерік Сұлтанов бірнеше ардагердің отбасында болып, Мемлекет басшысының жүрекжарды құттықтауын, тартутаралғыларын жеткізді. Алдымен 94 жастағы Анна Васяноваға арнайы атбасын бұрып, ілтипат көрсетті. Адам жанын шуаққа бөлейтін жылы лебіздерді Мұқатай Айтбаев, Анатолий Гершунов, Қуанышбай Байманов, Бронислава Голова секілді 90нан озған қариялар да үлкен қошеметпен, терең тебіреніспен қабыл алды. Мұндай сияпаттар аудандарда да жалғасып, Елбасының ашық хаты, азықтүлік салынған себет пен гүл шоғы 283 қарияға салтанатты түрде тапсырылды. Былтыр қайырымдылық шараларынан түскен қаражаттан 79 мың зейнеткер 140 миллион теңге көмек алса,

суық окоптарда қар жастанып, мұз төсенген аға ұрпақ өкілдеріне, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне мұндай қаржылық демеу, басқа да қолдау акциялары одан əрі жалғасатын болады. Ұлы Отан соғысы жылдарында облыстың 92 мыңнан астам тұрғыны əскерге алынып, 34 адам еңбек армиясына шақырылған. Соғыстан 45 364 боздақ оралмаған. Яғни, майданға аттанған екеудің біре уіне топырақ жат жерден бұйырған. 1941 жылдың жазында Петропавл қаласында 314-ші атқышдар дивизиясы жасақталып, Мəскеу, Сталинград, Курск иіні бағыттарындағы жойқын жорықтарға, Еуропаны фашизмнен азат етуге атсалысқан. Соғыс өрті шарпыған аумақтардан 20 зауыт көшіріліп, қорғаныс кəсіпорындарының кешені топтастырылған. Шаруа шылықтар Сталинградтың, Донецк теміржолының, Орел облысының қалпына келтірілуіне мол қаржы аударған. Украинаға мыңдаған бас мал жөнелтілген. Солтүстікқазақстандықтардың жанқиярлық ерлігінің белгісі ретінде 53 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атағының, 11-і «Даңқ» орденінің толық иегері болған. Бір сөзбен айт қанда, Қызылжар өңірінің тұрғындары да «Бəрі жеңіс үшін, бəрі майдан үшін!» ұранына қызу үн қосып, бар күш-қуаттарын бақайшағына дейін қаруланған жауды өз ұясында талқандауға жұмылдырғанын мақтаныш сезіммен айта аламыз. Олай болса, күн өткен сайын қатары сиреп бара жатқан, дені өздігінен жүре алмайтын халге түскен əр майдангерді жеке қамқорлыққа алып, құрмет көрсетуден айбынымыз аспаса, абыройымыздың кемімесі анық. 2015 жыл ТМД аумағында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жылы ретінде жарияланғаны белгілі. Өңір басшысының қатысуымен өткен ардагерлер активінде Жеңіс күніне əзірлік барысы талқыланып, бірқатар ұсыныстар оң шешімін тапты. Ал Астана мен Мəскеуде өтетін Жеңіс шеруіне 17 ардагер қатысатын болады. Өткен жылы əр соғыс ардагеріне 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір реттік жəрдемақы берілсе, биыл бұл сома екі есеге ұлғайды. Сонымен бірге, ТМД аумағында бір рет пойыз, болмаса ұшақпен тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған. Қабылданған іс-шаралар жоспары шеңберінде 24 томдық «Жеңіс жауынгерлері» кітабы дайындалып, соғыстан оралған 30 мыңға жуық жерлесіміздің аты-жөндері кіргізілді. Облыс орталығындағы «Жеңіс саябағында» арнайы аллеяның іргетасы құйылып, көктемге салым Кеңес Одағының батырлары мен «Даңқ» орденінің толық иегерлерінің есімдері мен ерліктері жазылған айшықты панорама бой көтереді. Тың еңбеккерлеріне де осы үрдісте қошемет көрсетіледі. Мұның бəрін ерлікке тағзымның, елдіктің белгісінің нақты шаралары ретінде қабылдаған жөн. Қарастырылған шаруалар аясында майдан даласында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне орнатылған 500-ден астам ескерткішті жаңғыртып, қалпына келтіруге, абаттандыруға аудан əкімдіктерінің, жеке кəсіпкерлердің қаражат бөліп отырғаны құптарлық. Облыста бірнеше іздестіру топтары жұмыс істейді. Олар жыл сайын соғыс ізі сайрап жатқан өңірлерде болып, жерлестеріміздің сүйегін табуда, аты-жөндерін анықтауда зор жұмыстар атқарып жүр. Биыл да белгіленген бағдарлама бойынша Ресей, Украина, Беларусь жерлеріне аттануды белгілеп отыр. Кешегі жауынгер, бүгінгі ардагер аға ұрпақтың ерлігі ешқашан ескірмейді, ұмытылмайды. Олардың өмір, еңбек жолдары əр қазақстандықтың жүрегінде мақтаныш сезімін оятып, көпұлтты, көпконфессиялы ынтымақты шаңырағымыздың іргетасын беріктендіре түсуге қалтқысыз қызмет ете беретін болады. ПЕТРОПАВЛ.


8

www.egemen.kz

31 қаңтар 2015 жыл

 Ақтаңдақтар ақиқаты Өткен жылдың аяғында Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Жанна Қыдыралина Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен əзірленіп, іске асырылып жатқан «Халық тарих толқынында» бағдарламасының шеңберінде Мəскеуге іссапармен барып, Ресейдің құпиялығы 2013 жылы ашылған архивтік қорларымен алғаш рет танысып қайтты. Олардың арасында Мемлекеттік, əлеуметтіксаяси тарих, жаңа кезең тарихы, Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФҚҚ, бұрынғы КГБ) мұражайлары қорларының құжаттары бар екен.

Суретте: алғашқы жастұлпарлықтар А.Байсалов, М.Əуезов, Қ.Сүлейменов. 1963 ж., Мəскеу қ.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Солардың ішінде ғалым КГБ-ның атақты «Жас тұлпар» ұйымына қатысты ақпараттарымен де танысқан екен. Өзі де 2004 жылдан бері ҰҚК мұрағаттарындағы деректерді зерттеп, осы тақырыпқа қалам тартып жүргендіктен, Жанна Қыдыралина бұл құжаттарға да ерекше мəн беріпті. Естеріңізге сала кетейік, 60-шы жылдардың басында елдің ішінде жібімес тоңдай қатырып тасталған ахуалды жұмсартуды көздеген Хрущевтің «жылымығына» сəйкес зиялы қауымның, студенттік ортаның қоғамдық белсенділігі күрт артты емес пе? Осындайда кеңестік ұлттық саясаттың оспадарлығына қарсы болып, наразылығын ешкімге айта алмай, іштерінен қан жылап жүретін қазақтың озық ойлы, Мəскеуде оқитын жастары Мұрат Əуезовтің басшылығымен халықтың арасына шығып, оны рухани тұрғыдан оятуды, ұлттық рухты көтеруді мақсат етіп, 1963 жылы «Жас тұлпар» ұйымын құрған еді ғой. Əрине, олар негізгі мақсаттарын тура айтпай, өздерінің алдына халық арасына шығып, қазақтың əдебиеті мен өнерін насихаттаймыз, қазақ жастарына техникалық білімді, орыс тілін қалай оқып-үйренуді таратамыз деген секілді мұраттарды қоятындарын айтады. Мұндай ұйымнан ешкімге зиян келмесі белгілі, сондықтан оны Қазақстанның Мəскеудегі өкілдігі де қолдайды. Жанна Қыдыралина осы фактілерді айта келіп, орыс жастарының арасында да осыған ұқсас «Отечество» қоғамдық ұйымының құрылғанын еске салады. Оқыған қазақ жастары ондай ұйымды өз істеріне шебер пайдаланып, ресми орындарға барғанда оны өздерінің беттеріне ұстаған екен. 2014 жылы осы ұйымның құрылғандығына 50 жыл толғандығы аталып өтіп, соған орай Əміржан Əлпейісовтің «Жас тұлпар» дүбірі» атты кітабы да жарық көрген. Онда ұйым жайлы біршама тың деректер бар. Алайда, оларды «тəуелсіздікті аңсаған тұңғыш жастар» деген сияқты артық бағаланған анықтамалар да кетіп қалған. Ол кезде Қазақстан тəуелсіз ел болсын деп ешкім де аңсаған емес, тек сананың тəуелсіздігін ғана ойлады десек, лазым болар. Сталиндік темір құрсаудан кейін Қазақстанның жеке ел болуы,

? і д й е ед

н

тəуелсіз мемлекет болуы деген ұғымдардың мүлде тұншықтырылғаны анық. Жастұлпарлықтар да оны айтқан жоқ, олардікі тек ұлттық саясаттағы ұлыорыстық озбыр лыққа қарсы əрекет етіп, рухани дүниелердің жандануына, тілдің, ділдің ұмытылмауына мұрындық болу еді. Əдебиет, мəдениет, өнер туралы лекциялары мен əңгімелері, қойған концерттік нөмірлері жақсы бағаланып, олар Қазақстан лениншіл коммунистік жас тар одағынан (ЛКЖО) алғыстар да алып отырған. Алайда, құлағы түрік КГБ олардың айтқан сөздерін, келтірген азат ойлы пікірлерін жіпке тізе берген. Осының əсері ме екен, кім білсін, 1966 жылы Жастар одағының бөлім меңгерушісі Зейнелғабиден Мұхамеджанов жастұлпарлықтарды Алматыға іссапарға шақыру туралы ұсыныс жасағанда сол кездегі билік өкілдері бұл ұсынысты қолдамайды. Алайда, каникул кезінде Алматыға өздері келген жастұлпарлықтар Қазақстандағы ірі оқу орындарында өздерінің ұйымдары секілді орталықтар құруды көздеген. Осы іске көмек көрсетуді сұрап, тағы да сол З.Мұхамеджановқа барады. Бұл азамат Павлодар, Семей, Қарағанды, Шымкент қалалары жастар ұйымдарына өздерінің өкілдерін Алматыға жіберуді талап етеді. Сондай-ақ, Алматының қалалық жастар ұйымына жастұлпарлықтардың жиынын өткізетін орынды табуды тапсырады. Осы істердің бəрін жіпке тізіп отырған КГБ өздерінің анықтамасында Мұхамеджановты қаралап, ол кеңесте болатын «нездоровое настроениені» білді, білсе де соны ЛКЖО ОК хатшыларына айтқан жоқ, деп төндіреді. Əрине, сөйлеуге ерік

берілген соң бастарына бұғалық тимеген асау жастар ащы шындықтарды айтып отырған. Алайда, ешқайсысы Кеңес өкіметіне қарсы қарулы күреске шығайық демегені анық. Бірақ тар қалыптағы құрсаулы санамен қарысып қалған КГБ-шылар олардың ойларын еркін білдіргеннің өзін өкіметке қарсы шыққандық, ұлттық қауіпсіздікке қатер деп бағалайды. Бұл азат ойдан тек қана қауіп күтетін тоталитарлық жабық жүйенің ерекше белгісі, əрине. КГБ-шылар жастұлпарлықтардың ізімен жүрген жансыздарының айтуына сүйеніп жазған анықтамасында Жазушылар одағының үйінде жастардың 8-9 ақпанда 40-50 адаммен кездескенін, оған басында ЛКЖО жетекшілері мен белгілі жазушылардың да қатысқанын айтады. Бірақ жастардың ащы шындықтарды ашық айта бастаған сөздерінен бастарын ала қашып, жетекшілер мен жазушылар жиналыстан шығып кетіпті. Олардың кеткенін кездесудің «не совсем здоровый» сипат алып бара жатқанынан болды деп түсіндіреді жансыз. Осыдан əрі КГБ анықтамасы жастұлпарлықтардың ҚазМУ-дің студенттерімен кездескенін, ал Мəскеуге кетіп бара жатқан жолда қарағандылық студенттермен жүздескенін жазады. Яғни, қашан Қазақстаннан кеткенше олардың басқан ізі аңдулы болыпты. Əрине, жастұлпарлықтардың істерінен қауіп күтіп жүрсе де КГБ олардың көтерген проблемаларын да өкіметке жеткізеді. Соның ішінде олардың «қазақ мəдениетін қолдау төмендеп бара жатыр, ұлттық киім үлгілері мен дəстүрлер ұмытылуда, жастар ана тілін ұқпайды, зиялы қауым қазақ тілінде сөйлемейді, қазақ мектептері жылдан жылға азаюда, қазақ тіліндегі баспа өнімдері, əдебиеттер аз шығуда, алыстағы ауылдарда мəдени-тұрмыстық жəне медициналық қызмет көрсету сапасы

төмен, балалар өлімінің өсімі тым жоғары, республика өкіметі қазақ мəдениетін жандандыруға, ұлттың өрістеуіне жеткілікті дəрежеде көңіл бөлмейді, тың көтеру Қазақстан дамуын кем дегенде бес жылға артқа жіберді, Қазақстан ЖОО-ларында қазақша оқытпайды» деген секілді сөздері мен пікірлеріне өкіметтің назарын аударды. Əрине, өкімет: олары дұрыс екен, дереу шешіп тастайық деген жоқ, бірақ ішінен оның бар екенін, жастардың соларға наразы екенін біліп отырды. Сонымен бірге, КГБ анықтамасында жастұлпарлықтардың қазақ жастары арасында қой бағудың қатты насихатталатынына, жас шопандардың слеті секілді шаралардың қатты жалауланатынына наразылық білдірілгені жеткізіліпті. Мұны жастар «қазақ жастарын қой соңына байлап қою» («чабанизация») деп сынағаны айтылады. КГБ жансыздарының да барлық кеңес жүйесіндегі секілді аз ұлттардың есімдерін жазуға келгенде сауатсыз əрі тиянақсыз бола қалатындарын бұл анықтама да паш етіпті (Бұл да астамшылықтың белгісі). Мəселен, ол сол кезде Мəскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (МГИМО) оқыған Болатхан Тайжановтың да фамилиясын дұрыс жазбай, «Тальжанов (МГИМО)» деп қойыпты. Жансыз оның: «Біздің барлық сөздеріміздің, ойларымыздың, істеріміздің қайнар көзі ұлттық принцип болуы керек», деген пікірін айрықша, астын сызып көрсеткен екен. Мұрат Əуезовтің де мына: «Біз көркемөнер тобы болып қала бермейік. Ұйымымыз өзінің саяси тұғырнамасын жасауы керек», деген сөздері осы, үрке қараған қатардан орын алыпты. Сондай-ақ, оның ұжымдастыру жылдары қазақтың миллионнан ар тығы, ал 1937 жылы ұлттың бетке шығар қаймақтары тегіс қырылды деген деректері де КГБ-ны қатты шошытқаны байқалады. Өз баяндамасында үндістандық күрескер М.Гандиден келтірген: «Менің үйімнің терезесі барлық желдерге ашық. Бірақ осы желдер дауылға айналып, үйімді құлатпағанын қалаймын», деген сөздері де анықтамада қауіпті пікір ретінде тура жеткізіліпті. Айта кететін жайт, Ж.Қыдыралина дəл осы, «Жас тұлпар» жиын өткізген күндерден кейін Алматы медициналық институтының 100-ден астам студенті өздерін қазақша оқытпағанға наразылық білдіріп, сабаққа шықпай қойғанын айтады. Бұл шешімді студенттер жатақханаларында болған жиналыстарында қабылдапты. Міне, осының өзі ұлттық дүниеге келгенде самарқауланып қалған санаға шоқ түсіргендіктің белгісі емес пе? Əрине, КГБ мұны да жастұлпарлықтардың істерін айыптауға дерек еткен. «Жас тұлпардың» дүбірі барлық кеңестік жүйені солқылдатпаса да үркітіп кеткен. КГБ-ның сол кездегі бастығы В.Семичастныйдың өзі «Қазақ КСР-інің аумағындағы студент жастар мен зиялы қауым арасындағы ұлтшылдықтың көрінісі» деген хатпен КОКП ОК-ні де хабардар етеді. Осының дүмпуімен «Студент жастардың кейбір бөліктері арасындағы қауіпті, саяси сауатсыз ұстанымдар туралы» деген тақырыппен алдымен Қазақстан жастарының ЛКЖО-да, артынан БЛКЖОда мəселелері қаралады. Осы кеңесте З.Мұхамеджанов «саяси қырағылық таныта алмадым» деп бар «кінəні» өзінің мойнына алып, басқаларды қатерден қағып қалады. Артынан ол қызметінен босатылады.

 Ізгілік иірімдері

Жыл ы жалына жармас ан міт Өңір жаңалықтарына құлақ түре жүріп «Балаларға денсаулық» атты қоғамдық қор туралы естіп қалатынымыз бар. Алғашында қаптаған қорлардың бірі болар деп аса көп мəн бере қоймаған едік, алайда аталмыш қордың науқас балаларды емдеуге шындап кірісіп, қанаттана жұмыс жасауы ол туралы білуге ұмтылдырды. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Өзімнің ұлым сал ауруымен ауырды. Ұлымды арқалап бармаған жерім, баспаған тауым қалмады. Қазір ол өз аяғымен жүретін дəрежеге жетті, бірақ əлі сөйлей алмайды, деп əңгімесін мұңая бастаған Елена Дедованың «Балаларға денсаулық» атты қор құрып, шырылдай жұмыстануының себебі осында екен. Баласын емдете жүріп, емдомның қыр-сырын меңгеріп алған ол баласының емін өзі жасап, ақыры аяқтан тұрғызады.

Осыдан соң-ақ оған тағдыры, мұңы бір ата-аналар хабарласа бастаған. Сауда саласының маманы болса да нарық заманында базардың немесе кəсіпкерліктің қазанын қайнатпай, балалардың амандығы үшін білек сыбана күресіп жүрген 41 жастағы келіншектің басқаруындағы қоғамдық қор қазір Ақтауда белгілі орынға айналды. Осыдан 8 жыл бұрын ата-аналардың бастамасымен құрылған қор алғашында 22 балаға қызмет көрсетті. Жылқы шаруашылығының басшысы Виктор Кобзевтің көмегімен қорға тіркелген балаларды

нұсқаушы тегін негізде жылқыға мінгізіп, емдеп, жаттықтырды. Балаларды иппотерапиямен бірге жан-жақты емдеу керек екендігін сезген Е.Дедова қорға психолог маманды жұмысқа алды. Алғашқы оң нəтижелердің белгісі ата-аналар назарын бірден аударған болу керек, 2009 жылы емделуші бала саны бірден үш еселенген. Сырқат балалар санының көптігі жəне емдеуді қолға алғандардың белсенділігі кең қолдау тауып, Р.Жұмағалиеваның жеке емханасы балаларды тегін емдеуге көмектесіп, Қытайдан келген дəрігерлердің ем жүргізуіне жағдай жасаған. Олар үш жыл бойы балаларды емдеп, орталық мамандарына тəжірибелік тұрғыда көмек береді. Осы кезден бастап арнайы сауықтыру орталығын ашсам деген мақсат пайда болды, дейді Елена. Сол жылы бала саны 170ке жетіп, тұрақты демеушілер мен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен ғимарат жалдап, сырқаттарды кешенді негізде емдей бастайды. Айына 550 мың теңгеге ғимарат жалдағанмен, балаларды тегін емдейді, бірақ мамандардың тұрғындарға ақылы негізде кеңес беруіне тура келеді. Оның үстіне мамандарға төленетін жалақыны қосыңыз! Əртүрлі əлеуметтік

тапсырыстар мен гранттарды ұтып алып, бірін біріне жеткізіп т і р л і к е т к е н қ о р қ а н ш а ма қиындықтарды артқа тастап бүгінде аяғын өзі де нық басуға жарады. Қазір реаорталықта тіркелген 16 жасқа дейінгі сал ауруы, жүйке аурулары, дауна, аутизм, т.б. сырқаттары бар 344 балаға кешенді түрде массаж, емдік жаттығулар, вакуумдық терапия, шағын сауна, физиотерапия емдері көрсетіліп, психолог, аллерголог, логопед-дефектолог, невропатолог, жүрек жəне көз дəрігерлері қызмет етеді. Жүйке жүйесін емдеуге арналған «Атлант» костюмдері мен өзге де жаттығу, емдеу құралдары сатып алынған. Маңғыстаудың көрікті жерлеріне, табиғат аясына серуен ұйымдастырылады. Орталық ұсынған емді жүйелі жəне үздіксіз жүргізу үшін ата-аналармен арнайы жұмыс жүргізіледі. Балалар үшін арнайы екі жылқы сатып алынып, нұсқаушының көмегімен балалар ат қораға барып жаттығады, жылқыға мініп серуендейді. Қуаныштысы – жүйелі жүргізген жұмыс нəтижесіз емес, дəлелі – өз қолымен қасық ұстап, тамақ жеуді үйренген жəне аяғына тұрған балалар! Е.Дедова жетекшілік

ететін қор аясындағы сауықтыру орталығының оң істері туралы естіген ата-аналар мен сəбилер республиканың өзге өңірлерінен де келіп, ем, кеңес алатын көрінеді. Қор рес публикалық, ха лық аралық деңгейдегі сыйсияпаттардан кенде емес. Мұның бəрі алға – ілгерілеудің, жұмыс жа сау дағы əдіс-тəсілдерді жетілдіріп отырудың, заманауи құрал-жабдықтар алып, оны іске сəтті қоса білудің жемісі. Жеке ғимаратымыз болса, ірі көлемдегі қаражатқа ғимарат жалдағанша, сол қаржыны науқас балаларды оңалтуға жұмсар едік, сондай-ақ, қыс мезгілінде ашық алаңқайда жылқымен жаттығу өткізу сырқат балалар үшін қиындық тудырады, жабық алаң болса деген екі арманды алға қойған Елена оған жету жолында тынбай жұмыстанып келеді. Жеке ғимаратқа қол жеткізетін күн де алыс емес секілді, Ақтау қаласының жаңа шағын аудандарының бірінен ауқымды жер телімі бөлініп, құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. «Бұл – ең бастысы. Енді сырқат балаларды алаңдамай емдеуге, əлемдегі озық тəжірибелерді үйренуге жəне қолдануға сенімді кірісетін боламыз», дейді Е.Дедова. Еленамен əңгімелесу барысында орталыққа келушілердің көптігін аңғардық. Əр бөлмеден мамандардан ем алған, ешнəрседен хабарсыз нəрестелер мен жанын мұң мен үміт мазалаған аналарды көзіміз шалды. Дəрігерлік мамандықты таңдамай-ақ, сырқат балалар арасына қанатымен су сеп кен қарлығаштай болып денсаулықтың үмітін жа ғып жүрген Еленаның табан дылығына сүйсінбеске болмайды. Маңғыстау облысы.

 Діндер жақсылыққа үндер

Бірлікті саќтаудаєы исламныѕ орны Тарих бетін парақтасақ, қай дəуір, қандай қоғам болмасын, діннің орны ерекше болғанын байқаймыз. Белгілі бір сенімсіз жүйе болмағанын көреміз. Яғни, дінсіз өмір күнсіз тірлік кеше алмайтының секілді анық нəрсе. Ақиқаты осы. Ғасырлардың қойнауына сіңіп кеткен қай заманның жүйесін, ой-танымын алып қарасақ та, тіптен бірнеше сенім қатар дамыған қоғамды алсақ та, сан ғасырлар қалыптасып, өзінің негізін, мектебін қалыптастырған діндер əрқашан да адамзат баласы үшін айрықша мəнге ие екендігін аңғарамыз. Зайырлы қоғамның тыныс-тіршілігінің тұрақты, ынтымақты болуының алғышарты да осы – дəстүрлі, тамыры терең діни сенім жүйесі. Дəстүрлі дін мемлекет іргетасының берік болуына септігін тигізеді. Алайда ағысы алабөтен, көздегені бірлік емес, «бөліп алып билеу», жікшілдікке жол бастайтын жат ағымдардың да ел бірлігіне сызат түсіріп, мемлекет ұстанымына қайшы келіп, қайсыбір жағдайларда қауіп төндіріп жататынын да айта кетуіміз керек. Бұл сөзімізге алыс-жақын елдерде орын алып отырған діни сенімді саяси ойынға айналдырып, белгілі бір топтың томағасына тоғытып, адамилықтан ада соғыс, бүліктер дəлел болады. Дəстүрлі дін негіздерін ел ішінде орнықтырып, ауызбіршілікті арттыруға күш салу керектігін де осындай келеңсіздіктерге қарап жете ұғынуымыз қажет. Сабақ алуымыз керек. Дін мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі болып саналады. Елдегі ортақ ұйғарым, ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дəстүрлі діндердің басты ұстанымы. Татулықты ту еткен асыл дініміз Ислам XV ғасырға жуық уақыттан бері күллі адамзатты түрі мен түсіне, ділі мен тіліне, ұлты мен ұлысына қарамастан, ынтымақ, бірлікке шақырып келе жатқан соңғы дін. Бұған иісі мұсылман баласы үшін қасиетті Құран Кəрім айқын дəлел. Исламның туын желбіреткен сахабалар бірлік пен ынтымаққа қаншалықты мəн берді?! Олар халыққа дініміздің хақтығы мен пəктігін паш етіп, Алла мен Расулалланың жолына шақырғанда, сол жолда күрескенде, алауыздыққа жол бермей, бір-бірімен араздасудан қалай сақтады десеңізші! Саңлақ сахаба Абдулла ибн Масғұд (р.а.) хұтпасында былай деген: «Ей адамдар! Басшыға бағыныңдар, жамағаттан бөлінбеңдер. Өйткені, жамағат – Алланың бұйырған мығым арқаны. Жамағаттың арасында жүріп, ұнатпаған қандай да бір нəрсе, сендердің бөлініп, алауыз кездеріңдегі көңілдеріңе майдай жаққан нəрселеріңнен əлдеқайда қайырлы». Бұл жерден байқайтынымыз – көпшілікпен бірге болудың адам баласы үшін ең дұрыс шешім болатындығы. Қазақ халқында бірліктің мəнін «Бөлінгенді бөрі жейді» деген орамды оймен қысқа қайырады. Алла тағала «Һүд» сүресінің 118-ші аятында: «Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын!) егер Раббың қаласа, адамдарды бір-ақ үммет қылар еді. Олар үнемі қайшылықта тұруда. (118) Бірақ Раббыңның рақымына бөлеген басқа», дейді. Аяттан аңғаратынымыз, Алла тағала рақым-мейіріміне бөлегендерден басқасы үнемі қарама-қайшылықта болады. Тек, Жарат қан ның жарылқауына лайықты болған жандар ынтымақ-бірлікте ғұмыр кешері сөзсіз. Ал Құдай тағаланың рақымынан құр қалған пенделер саналары сан-саққа жүгіріп, қырық пышақ болып бөлшектенерін осы аят айқындап тұр. Алаштың ардақты азаматы Əлихан Бөкейханов: «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады. Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана», деп бұқараны бірлікке шақырады. Ал ынтымақбірлікке апаратын жол халықтың өзара тату тірлік кешуімен ғана келетіні əмбеге аян. «Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын): «Үш адам жайлы сұрама, олар: «Жамағаттан бөлінген кісі, басшыға қарсы шыққан адам, күнə жасаған күйінде көз жұмған пенде», деп ескертті. Имам Бухари мен Муслимде келген сахих хадисте пайғамбарымыз Хузайфата ибн əл-Яман деген сахабасына келешекте

алауыздықтар мен басшылыққа қарсы шығу бүліктері болатынын хабардар еткенде, Хузайфа: «Уа, Алла елшісі! Сол заманға кезіксем, маған нені бұйыратын едіңіз?» – деп сұрады. Сонда, ардақты пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын): «Мұсылман жамағатымен жəне олардың басшысымен бірге болуың керек», – деп кеңес берді. Жер шары – күллі адамзатқа ортақ шаңырақ, құт мекен. Оны сақтау бəріміздің алдымызда тұрған адамзаттық борышымыз. Хазіреті пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын) ғибратты өмір жолына қарасақ, кəпір болсын, мүшрік болсын, кітап иелерімен татулық пен жарастықта өмір сүргенін көреміз. Келісімдер, достық қарымқатынастарда болу, сауда серіктестіктерін құру – Исламдағы дінаралық татулықтың аса маңыздылығын байқатады. Мұндай мысалдар хазіреті пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын) барша адамзат үшін көрсеткен үлгісі болғандықтан, бұл барлық мұсылмандар үшін де маңызды болмақ. Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын) бірде қайтыс болған яһудиді жерлеуге апара жатқандарды көргенде, орнынан тұрып құрмет көрсеткен. Қасындағы сахабалары оның яһуди екендігін айтқанда, «кім болса да адам емес пе», деп адамдық ардың биік үлгісін көрсетеді. Қасиетті Құранның төмендегі аяты мұсылман жұртшылығын қоғамдағы ынтымақ-бірлікке шақырады. «Хужурат» сүресінде: «Уа, Адамзат! Біз сендерді бір еркек пен бір əйелден жараттық. Бірбірлеріңмен танысып, білісулерің үшін сендерді ұлыстар мен түрлі ұлттарға бөлдік. Араларыңдағы ең ізгілерің тақуалықта тым жоғары болғандарың», делінеді. Бұл аятқа терең үңілсек, барша адамзат бір ата мен бір анадан өрбіп өскендіктен, баршамыздың арғы тегіміз бір. Бір атаның балаларымыз. Сондай-ақ, біздердің əртүрлі ұлыстар мен ұлттарға бөлінуіміздің астарында танысу мен білісу жатыр. Ал танысу мен білісу жолы – өзара татулық пен бірлік екендігі сөзсіз. Бүгінде бірлікті басты ұстанымы еткен елімізде жыл сайын Халықтар достастығы күнінің айтулы дата ретінде бекітіліп, аталып өтілуінің де өзектілігі осында. Бірлік – біздің басты ұстанымымыз. «Алтауы ала» елдің алдағы уақыттан алары аз. «Төртеуі түгел» елдің болашағы зор. Болашағымыздың жарқын болуы бүгінгі бірлігімізге тікелей байланысты. Бірлігімізге бекем болсақ, болашағымыз баянды, берекелі болары хақ. Алла Тағала адамзат баласын: «Бөлінбеңдер», – деп бауырмал болуға бұйырған. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен сəлемі болсын) басшыға бағынып, бүлік шығармауды үгіттеуінде үлкен мəн бар. Халқымызда: «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», – деген нақыл сөз бар. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, біздің Бас мүфтиіміз халықты имандылыққа үндеп қана қоймай, адамдарды ауызбіршілікке шақырып келеді. Елдің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау – біздерге, дін өкілдеріне де жүктелген үлкен жауапкершілік. Біздер, мешіт имамдары жұма уағыздарымызда бірлігі жарасқан елге Алланың назары түсетінін айтып, халықты қанаттандырып отырамыз. Өйткені, діннің мақсаты – ізгілік. Ислам діні мемлекетте, қоғамда тыныштық, əділдік болуын көздейді. Адамды соған тəрбиелейді. Еліміздегі барлық мешіттер мен медреселер бейбітшілік пен бірлікті нығайту жолында қызмет етіп келеді. Ұйымшылдыққа ұйытқан ізгі істер алдағы уақытта да нəтижелі болатынына сенеміз. Бізге ынтымағы артып, бірлігі жарасқан тыныш елдің тұрғыны болуды жазған Алла тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Жаратушы Иеміз халқымыздың бірлігі мен берекесін, ауызбіршілігін арттырғай. Тəуелсіздігімізді мəңгілік етіп, болашаққа басқан қадамымызды берекелі еткей! Тілегіміз қабыл, мұратымыз асыл болғай! Əмин! Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ, ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы.


 Өнеге

Тўрысжанов тўєыры Еңбегі – дəулеті, беделі – сəулеті. Бекболат ақсақал туралы қысқаша осылай айтуға болады. Ұзынсонар соқпақты соңына қалдырып, сексеннің сеңгіріне шыққан Бекболат Тұрысжановтың өмірі – өнегелі, ғұмыры – ғибратты. Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Бекболаттың əкесі Тұрысжан – сталиндік қуғын-сүргін құрбаны. Ол 1922 жылы Жамбыл ауданы Қастек ауылының комсомол хатшысы, Қордай, Жамбыл, Шу аудандарында аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. Сарқан ауданында қызметте жүргенінде Мəскеудегі жоғары партия мектебіне шақырылды. Алайда, əке-шешесі қарсы болғандықтан Алматыдағы партия мектебіне оқуға келеді. 1937 жыл. Сабақ басталғалы үш күн өткенде НКВД адамдары Тұрысжанды аудиториядан алып кетті. 1938 жылы наурызда Алматының іргесіндегі Жаңалық ауылында бір топ мемлекет қайраткерлерімен бірге Тұрысжан да атылды. Бұл кезде бала Бекболат үш-ақ жаста еді. – Қарындасым екеуміз шешемнің қолөнерінің арқасында аман қалдық. Шешем 1903 жылы туған. Бар-жоғы 34 жасында жесір қалды. Түн баласына дейін темекіде жұмыс істеді. Ұйықтап отырып та темекі жапырағын тіге беретін, – деді ақсақал сұрапыл жылдарды еске алып. Бекболат 1958 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойын ша тəмамдады. Жас маман еңбек жолын №23 Қастек училищесінде ұстаздық қызметтен бастады. Содан соң Жамбыл ауданындағы «Жаңа өмір» колхозында инженер-механик болды. Ауылда көркемөнерпаздар ұйымына жетекшілік етті. 1959 жылы партия қатарына өтіп, Алматы облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, Амангелді атындағы колхозда бас инженер, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бас инженері, обкомда нұсқаушы, одан кейін ауыл шаруашылығы бөлімінің орынбасары болып қызмет атқарды. 1969 жылы Талғар аудандық партия комитетінің екінші хатшылығына ұсынылды. Барлық жерде жемісті еңбек еткен Бекболат Тұрысжанов 1972 жылы Алматы облысында жаңадан құрылған Күрті ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне шақырылды. Бұл – оның ғұмырындағы ең жарқын кезеңдер еді. – Бір күні Алматы обкомының бірінші хатшысы Асанбай Асқаров қоңырау шалды. Өзіне шақырып алған ол: «Біз жаңадан Күрті ауданын ашып жатырмыз. Осы ауданға сенің кандидатураңды лайық көріп отырмыз. Басқаларға қарағанда жассың, жүгіріп жүріп жұмыс істеуге шамаң жетеді», деді. Мен келісімімді бердім. 1972 жылы 14 наурызда Дінмұхамед Қонаев жаңадан құрылған алты ауданның бірінші хатшыларын қабылдады. «Ал, Бекболат батыр, қалай жағдайың? Сені Күрті ауданына жіберейік деп отырмыз. Қарсылығың жоқ па? Асанбай Асқарұлы маған ауданның жобасын жасап қойғанын айтты. Бұл – жаңа аудан, құмды өлке. Қорықпа, жассың ғой, істеп кетесің, жолың болсын! – деді. Димекеңнің сөзі дем беріп, іске кірісіп кеттік. Ауданда қиындықтар көп болды. Жол жоқ. Су ащы. Келген адамдар бір апта ауырады. Таза суды цистернамен тасимыз. Түнде жүруге тура келеді. Үнемі құмды дауыл соғады. Күндіз тоқтап қалсаң, құм арасында шөлден қаталайсыз. Құйған сияқты алыс совхоздарға 300 шақырым жол жүруге тура келеді. Əйтсе де, бар күш-жігерімізбен еңбек еттік. Негізгі міндетіміз бойынша шөп əзірлеп, мал өсірдік. Бізге ірі қараның салмағын көбейту тапсырылды. Көрші орналасқан Балқаш ауданының ірі қарасы 220-230 кило тартатын. Біз бордақылау алаңдарын құру арқылы ірі қара салмағын 230 килодан 280-ге, келер жылы 350-400 килоға жеткіздік»,

9

www.egemen.kz

31 қаңтар 2015 жыл

– деп Бекболат ақсақал өткенді еске түсірді. Бірде обкомда Димаш Ахметұлының қатысуымен актив болды. Пленумда сөз алған Б.Тұрысжанов: «Биыл біз 2 миллион пұт астық береміз», деп уəде етті. Күрті ауданы басшысының сөзіне залдағылар ду етіп күледі. Қаскелең ауданының Зайко деген бірінші хатшысы: «Тұрысжанов құм өткізгелі жүр ме?» деп мысқылдапты. Десе де, аудандағы мал басының көбеюіне, аудан тарихында болмаған астық жиналуына тікелей мұрындық болды. Алғаш рет құмды шөлейт жерден 2 миллион пұт астық жиналды. 1979 жылы «Правда» газеті: «Қазақстан жерінде еңбекте жаңа жетістігіне қол жеткізілді. Отан қоймасына тұңғыш рет 1 миллиард 250 миллион пұт астық құйылды. Республиканың астық өндіретін 17 облысы жоспарларын асыра орындады, 48 ауданның əрқайсысы 10 миллион пұт жəне одан да артық астық тапсырды», деп жазды. Астық бойынша жоспарды асыра орындаған 48 ауданның бірі – Алматы облысының Жамбыл ауданы еді. Бұл уақытта ауданды басқарып отырған Б.Тұрысжанов болатын. Аудан еңбеккерлері мемлекет қамбасына 10 миллион пұт астық құяды. Осы кезде Димаш Ахметұлы жас та жігерлі басшының қолын алып, Еңбек Қызыл Ту орденін тапсырды. Белгілі қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев бір сөзінде Бекболаттың ұйымдастырушылық қабілеті, біліктілігі мен іскерлігі жоғары екенін, өзінің Алматы облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болған жылдары ол басқарған Жамбыл ауданында қойдың басы 1 миллионға жеткенін ризашылықпен айтқан еді. Ол Балғабек Қыдырбекұлы, Сейдахмет Бердіқұлов сынды қазақтың қабырғалы қалам герлерінің қамқорлығын да көрді. Əсіресе, Сейдағамен бала кезінен бірге өсті. Айтуынша, Сейдахметті анасы «Шекен» деп еркелетіпті. – Сейдахмет көбінесе волейбол, футбол, ал біз қара бие деген ойын ойнайтынбыз. Ол бізге қосылмайды. Тоқаш кертіп қойып, кітабын оқып отыратын. Бірде нөсер жаңбыр жауып тұрды. Күн суық. Екеуміз сиырдың алдынан шыққанбыз. Тоңған соң бір үйдің шатырының астына келіп тұрдық. Бір кезде: «Мен бүгін қатты ренжіп тұрмын» деді. «Неге?» деп едім: «Шешем ұрысты. Осыдан бəлем, шетел аралап кетсем бе екен», деді. «Кетпе», деп жұбатқан болдым. Сол кезде Құдай аузына салды ма, шынында кейін шетелдерге көп шықты. Төртінші курста Петропавл қаласына өндірістік тəжірибеге бардым. Сол жерде болашақ жарым Рəзиямен таныстым. Сейдахмет аға осы қызға үйленуіме бірден-бір себепкер болды. Екінші қайтара барғанымда өзі билет алып беріп: «Барып келме, алып кел», деді. Міне, содан бері 58 жыл өтіпті», – дейді Бекболат ақсақал. Алпыс жылға жуық отасқан қос қария бүгінде оннан астам немере, екі шөбере сүйіп отыр. Екі мəрте Еңбек Қызыл Ту жəне «Құрмет Белгісі» ордендерімен мара патталған, Алматы облысы мен Жамбыл ауданының құрметті азаматы атанған Бекболат Тұрысжанов: «Адамды еңбек өсіреді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбек туралы жиі айтуы бекер емес. Сексеннің сеңгіріне көтерілуіміз əуелі Алланың, сонан кейін еңбектің арқасы. Еңбек еткен адам жасарады. Көңілі тоқ болады. Сондықтан, бала-шағамызды адал еңбек етіп, маңдай терін төгуге тəрбиеледік. Бүгінде əрқайсысы үлкен үй болып отыр. Мемлекеттің көркеюі əр əулеттің көркеюінен басталады», – деді. АЛМАТЫ.

Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиядан Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия 2015 жылғы Қазақстан Республикасының əлФараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алуға жұмыстарды қабылдауды бастағаны туралы хабарлайды. Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсыну, ресімдеу жəне беру əдістемесі төменде жарияланған жəне Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің www.scedu.kz сайттарында орналасқан. Қойылған талаптарға сəйкес рəсімделген құжаттар мен материалдар авторлардың өздерінен немесе сенім білдірген тұлғаларынан Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясында 2015 жылғы 1 наурызға дейін мынадай мекенжай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 1045-бөлме, жабық тақырыптар бойынша 924-бөлмеде. Аңықтама телефоны: 8(7172) 74-24-68. Қазақстан Республикасы Бiлiм жəне ғылым министрiнiң 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 38 бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсыну, ресімдеу жəне беру ƏДІСТЕМЕСІ Осы Əдістеме «Қазақстан Республикасының əлФараби атындағы ғылым мен техника саласындағы жəне əдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының əл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтарын алуға арналған жұмыстарды ұсынуға, ресімдеуге жəне беруге қойылатын талаптарды белгілейді. 1. Жұмыстарды ұсыну 1. Жұмыстарды Мемлекеттік сыйлық алуға ұсынуды мемлекеттік органдардың алқалары, ғылыми, оқу ұйымдарының ғылыми, ғылымитехникалық, ғалымдар кеңестері мен басқа да алқалы органдары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар жүргізеді. Жұмысты бірнеше ұйымдар бірлесіп ұсынуы мүмкін, бұл ретте жалпы келісім бойынша олардың біреуі басты ұсынатын ұйым болып анықталады. 2. Ізденушілер ұжымына жұмысты орындау процесінде тек əкімшілік, консультативтік немесе ұйымдастыру функцияларын жүзеге асырған тұлғаларды енгізуге жол берілмейді. 3. Мемлекеттік сыйлықты алуға арналған жұмыстарды ұсыну ақпараттық ашықтық қағидаттары негізінде жүргізілуі тиіс. Жұмыстарды талқылауда Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынылған зерттеулер мен əзірлемелердің нəтижесін қолданатын ұйымдар (кəсіпорындар) өкілдерінің қатысуы міндетті болып табылады. 4. Жұмысты орындаушылардың жалпы санынан авторлық ұжымға (авторлар) кандидаттарды ұсыну олардың əрқайсысының шығармашылық үлесіне баға беру арқылы жүргізіледі. Авторлық ұжымның əрбір мүшесінің кандидатурасы оның негізгі қызмет орны бойынша талқылануы тиіс. Мемлекеттік сыйлықты алуға арналған жұмыс

пен авторлық ұжымды (авторлар) ұсыну туралы шешім жасырын дауыс беру арқылы кəсіпорынның, ғалымдар, ғылыми немесе ғылымитехникалық кеңестің, оқу орнының немесе ұйымның (кəсіпорынның) алқалық органының отырысында қабылданады. 2. Жұмыстарды ресімдеудің жəне ұсынудың тəртібі 5. Жұмыс түптелген бір том түрінде, мемлекеттік жəне орыс тілдерінде 3 данада ұсынылады. Оған бір парақта (6 дана) қысқаша аннотация қоса тіркеледі. Мəтін А4 (297x210) форматында парақтың бір бетіне басылады, томдардың мұқабасында жұмыстың атауы, авторлардың тегі, аты-жөні көрсетіледі. 6. Аннотация бір парақта ресімделеді жəне мыналарды қамтуы тиіс: беттің бір жағында: жұмыстың атауы; ұсынып отырған ұйымның толық атауы; авторлардың тегі, аты, əкесінің аты, жұмыс орындары, лауазымдары, ғылыми дəрежелері мен атақтары; беттің екінші жағында: жұмыстың қысқаша мазмұны (мəтіні 1500 таңбаға дейін), оның негізгі ғылыми-техникалық идеясы, өндіріске енгізудің нəтижесі мен оны іске асырудың экономикалық жəне (немесе) əлеуметтік маңызы; жетекшінің немесе жұмыс авторларының бірінің қолы. 7. Бірінші том жұмыстың техникалық сипаттамасын қамтиды. Сипаттама мəтіндік құжаттарға қойылатын стандарттық талаптарға сəйкес ресімделеді. Сипаттау мəтінінің көлемі 100 парақтан аспауы тиіс. Безендіру (иллюстрация) мəтін бойынша орналастырылуы немесе жеке ұсынылуы мүмкін. 1) Жұмыс сипаттамасының мұқаба бетінде жұмысты ұсынушы ұйымның атауы, жұмыстың атауы, ізденушінің тегі, аты-жөні ұйымдар бойынша əліпби ретімен жазылып, олардың қолдары қойылады. Жұмыстың жетекшісі тиісті белгімен (жетекші) тізімде бірінші көрсетіледі. Мұқаба беті мемлекеттік жəне орыс тілдерінде жазылады. 2) Сипаттама басында маңызды жəне жаңа нəтижелері бар іргелі зерттеулер, жаңа технологиялар жəне техникалар, қолданбалы жұмыстар (көлемі 10 парақтан кем емес) қайда жəне қандай масштабта жұмыс іске асырылғаны, оны Қазақстанның дамуында қолданған жағдайда кандай техникалықэкономикалық нəтижелер болатыны көрсетілген аннотация келтіріледі. Жұмыстың сипаттамасында оның мазмұны, ұқсас əлемдік үздік еңбектермен салыстырмалы нақты сипаттамасы, енгізу жағдайы (экономикалық немесе əлеуметтік əсері) баяндалады, осы нəтижелерді пайдаланудың болашағы айқындалады, жұмыстың ғылыми-техникалық жəне техникалық-экономикалық көрсеткіштері келтіріледі. Жаңа технологиялардың, техниканың, кұралдар мен материалдардың, заттардың, пайдалану жағдайларының негізгі сипаттамасы келтіріліп, əзірлемелердің патенттік-лицензиялық құндылығы көрсетіледі. Сипаттаманың соңында авторлардың жұмыс тақырыбы бойынша еңбектерінің, жаңалықтары мен өнертабыстарының, патенттердің, авторлық куəліктердің, сынақ актілерінің, өндіріске енгізу актілерінің тізімі, мекемелер мен кəсіпорындардың сын-пікірлері, сарапшылардың қорытындылары келтіріледі. Сонымен бірге, автордың ғылыми жарияланымдары мен патенттерінің толық тізбесі, сондай-ақ цитата алу индексі жəне халықаралық рейтингілік

басылымдардағы жарияланымдары туралы мəліметтер ұсынылады. 8. Екінші томда (құжатты ұсыну) мыналар қамтылады: 1) Əрбір ізденушінің тегін, атын, əкесінің атын, ғылыми дəрежесін, жұмыс орнын, лауазымын, ведомствосын, тырнақшада оның мазмұнын нақты көрсететін жұмысының атауын көрсете отырып, ұсынушы бас ұйымның бланкісіндегі ұсыныс-хат. Одан əрі хатта мыналар көрсетіледі: жұмыстың қысқаша мазмұны, оны ұсынудың негіздемесі, жұмысты жалпы бағалау, оның басталу жəне аяқталу мерзімі жəне нəтижелерді практикалық іске асыру кезеңі, іске асырылу ауқымы, ғылыми-техникалық жəне техникалықэкономикалық көрсеткіштері, одан алынған экономикалық жəне əлеуметтік əсер. Ұсыныс-хатқа ұсынушы ұйымның басшысы қолын қойып, елтаңбалы мөрімен растайды. Егер жұмысты бірнеше ұйым ұсынатын болса, онда хатқа əрбір ұйымның басшысы қол қояды. Барлық жағдайда басшылардың қолдары елтаңбалы мөрмен бекітіледі. Авторларды ұсыныс-хатта тізбектеп жазу ұйымдар бойынша алфавит ретімен жүзеге асырылады. Егер жұмыстың жетекшісі белгіленсе, ол «жетекші» белгісі қойылып, тізімде бірінші болып көрсетіледі. Егер қайтыс болған автор сыйлыққа ұсынылса, оның соңғы лауазымы мен жұмыс орны көрсетіледі. Сонымен қатар, конкурсқа ұсынылған жұмыс бұрын республикалық бюджет қаражатынан төленетін сыйлыққа лайық болмағаны туралы мəліметті көрсету қажет. 2) Ашық баспасөзде жұмыстың атауы мен мазмұнын, авторлардың тегін, лауазымдарын, жұмыс орнын жариялау рұқсаты туралы хат (ұсынушы ұйымның бланкісіне жазылып, басшының қолы қойылады). 3) Жұмыстың толық атауын, барлық авторлар ұжымының құрамын (əрбір автордың тегі, атыжөні, оның лауазымы, жұмыс орны) көрсете отырып, кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қойып, ұйымның мөрімен расталған төралқа, алқа, ғалымдар, ғылыми немесе ғылыми-техникалық кеңес, кəсіпорын, ұйым кеңесі, еңбек ұжымы отырыстарының жұмысты сыйлыққа ұсыну туралы хаттамасынан (хаттамаларынан) үзінді (үзінділер). 4) Есеп комиссиясының төрағасы мен хатшысы қол қойып, ұйымның мөрімен расталған кеңес мүшелерінің санын, дауыс беруге қатысқандардың санын жəне жасырын дауыс беру нəтижелерін көрсете отырып, есеп комиссиясының хаттамасы (хаттамалары). Авторлық ұжымның құрамына жұмысты ұсынып отырған ұйымның қызметкері болып табылмайтын адамдар кірген жағдайда, кеңестер мен есеп комиссиялары отырыстарының олардың негізгі жұмыс орындары бойынша хаттамаларынан сол адамдарды авторлық ұжым құрамына енгізу жөніндегі ұсынымдамаларға қатысты үзінділері ресімделеді. 5) Шығармашылық үлесі туралы анықтама əрбір ізденушіге оның тегі, аты, əкесінің аты, жұмысты орындаған кездегі атқарған лауазымы, сондайақ оның жұмысқа қосқан нақты шығармашылық үлесінің сипаттамасы жəне оны авторлық ұжымның құрамына енгізу негіздемесі көрсетіле отырып жеке ұсынылады. Анықтамаға автордың Мемлекеттік сыйлықты алуға ұсынған жұмысты орындау кезіндегі жұмыс орны бойынша ұйымның басшысы, сондай-ақ ұсынушы бас ұйымның басшысы қол қояды жəне олардың мөрлерімен расталады. Егер ұсынылған жұмысты бір автор орындаған болса, қосқан үлесі туралы анықтаманы ұсыну талап етілмейді. 6) Ұсынылған жұмыстың ізденушілері туралы

мəліметтер ізденушінің негізгі жұмыс орны бойынша ұйым бланкісінде ұсынылады. Мəліметтер қатаң түрде төлқұжат (куəлік) бойынша мынадай түрде мемлекеттік жəне орыс тілдерінде ресімделеді: тегі, аты; əкесінің аты, туған жылы, төлқұжат деректері; мамандығы; құрметті атағы (егер ізденуші лауреат болса, міндетті түрде қандай сыйлық, қай жылы алғаны көрсетіледі); марапаталған күнін, не үшін алғанын көрсете отырып, соңғы бес жылда алған мемлекеттік наградалары; ғылыми дəрежесі жəне ғылыми атағы; ведомстволық бағыныстылығы көрсетілген жұмыс орны; атқаратын лауазымы; мекенжайы жəне телефоны (қызметтік жəне үй); мəліметтерге ізденуші қол қояды, оны кадрлар бөлімінің қызметкері растап, мөрін басып, толтырылған күнін көрсетеді; зейнеткерлер үшін мəліметтер ізденуші соңғы жұмыс істеген ұйымда (ұйым бланкісінде) дайындалады; егер автор қайтыс болған соң ұсынылатын болса, мəліметтерде оның қайтыс болған күні, сондай-ақ мұрагерінің тегі, аты, əкесінің аты, үйінің мекенжайы, телефоны көрсетіледі. Егер қандай да бір авторды ұсынғаннан кейін ол туралы мəліметтерде өзгерістер болса, онда анықталған деректер көрсетілген нысанда қосымша хабарланады. Жұмыстың атауы, авторлардың лауазымдары мен жұмыс орындары құжаттардың барлығында бірдей жазылуы тиіс. Ұйымдардың атауларын қысқартуға жол берілмейді, аббревиатуралар құжатта олардың ашылып жазылу тізімі болғанда ғана пайдаланылады. 9. Ұсынуға жарияланған ғылыми жұмыстар (кітаптар, монографиялар, брошюра баспа мақалалары – 5-тен артық емес); конструкторлық, техникалық əзірлемелердің, технологиялық процестердің жəне басқа да инновациялық жетістіктердің авторлығын дəлелдейтін, оларды жасағаны үшін авторы (авторлар ұжымы) Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылып отырған құжаттар (патенттер көшірмелері, авторлық куəліктер, сынақ актілері, өндіріске енгізу актілері) қоса тіркеледі. 3. Мəліметтері жариялауға жатпайтын жұмыстар бойынша құжаттар мен материалдарды ресімдеу жəне ұсыну 10. Мəліметтері жариялауға жатпайтын жұмыстар бойынша барлық құжаттар мен материалдар үш данада ұсынылады жəне Қазақстан Республикасындағы құпиялық режімді қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасына жіберіледі. «Қызмет бабында пайдалану үшін» (ҚБПҮ) деген белгісі бар жұмыстар толық данада ұсынылады, тиісті белгіде негіздеме беріледі. 4. Құжаттарды қабылдау 11. Көрсетілген талаптарға сəйкес ресімделген барлық құжаттар мен материалдар Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінде тікелей автордан немесе оның сенімді адамынан мына мекенжайы бойынша қабылданады: Астана қаласы, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, 1045-бөлме, жабық тақырып бойынша 924-бөлме. Анықтама телефондары: 8(7172)742029, 742468. 12. Көрсетілген талаптар бұзылып ресімделген құжаттар қабылданбайды.

«Асылхан-Агро» ЖШС (бұдан əрі – компания) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 16.02.2015 жылы сағат 10.00де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Сергеевка қаласы, Степная көшесі, 9-үй. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. «Цеснабанк» АҚ (бұдан əрі – банк ) жəне компания арасында жасалған 10.02.2014 ж. №120/0033-14 банктік займ шарты (бұдан əрі – займ шарты) бойынша қаржыландыру шартының өзгеруі, атап айтқанда «Цеснабанк» АҚ шартының займ шарты іс-əрекетінің мерзімін ұзарту. 2. Займ шарты жəне оған қосымша келісімдер бойынша міндеттемелерді компанияның орындамауы жəне/немесе тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты банкке беру. 3. Компанияның атқарушы органына мəмілелер жасауға жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттіктерді беру.

«Терновское» ЖШС (бұдан əрі – компания) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 16.02.2015 жылы сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Терновка а. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. «Цеснабанк» АҚ (бұдан əрі – банк ) жəне компания арасында жасалған 10.02.2014 ж. №120/0037-14 банктік займ шарты (бұдан əрі – займ шарты) бойынша қаржыландыру шартының өзгеруі, атап айтқанда «Цеснабанк» АҚ шартының займ шарты іс-əрекетінің мерзімін ұзарту. 2. Займ шарты жəне оған қосымша келісімдер бойынша міндеттемелерді компанияның орындамауы жəне/немесе тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты банкке беру. 3. Компанияның атқарушы органына мəмілелер жасауға жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттіктерді беру.

«Меркурий» ЖШС (бұдан əрі – компания) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 16.02.2015 жылы сағат 11.00-де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша ауданы, Озерное а. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. «Цеснабанк» АҚ (бұдан əрі – банк ) жəне компания арасында жасалған 10.02.2014 ж. №120/0031-14 банктік займ шарты (бұдан əрі – займ шарты) бойынша қаржыландыру шартының өзгеруі, атап айтқанда «Цеснабанк» АҚ шартының займ шарты іс-əрекетінің мерзімін ұзарту. 2. Займ шарты жəне оған қосымша келісімдер бойынша міндеттемелерді компанияның орындамауы жəне/немесе тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты банкке беру. 3. Компанияның атқарушы органына мəмілелер жасауға жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттіктерді беру.

«Червонное-Агро» ЖШС (бұдан əрі – компания) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 16.02.2015 жылы сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, Червонное а. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. «Цеснабанк» АҚ (бұдан əрі – банк ) жəне компания арасында жасалған 10.02.2014 ж. №120/0038-14 банктік займ шарты (бұдан əрі – займ шарты) бойынша қаржыландыру шартының өзгеруі, атап айтқанда «Цеснабанк» АҚ шартының займ шарты іс-əрекетінің мерзімін ұзарту. 2. Займ шарты жəне оған қосымша келісімдер бойынша міндеттемелерді компанияның орындамауы жəне/немесе тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты банкке беру. 3. Компанияның атқарушы органына мəмілелер жасауға жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттіктерді беру.

Ќылмыстыѕ алдын алу – міндет Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Қылмыстық-атқару жүйесінің Алматы облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары, əділет полковнигі Ернат Ақылжановтың ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының мəжіліс залында кеңес өтті. Оған аталған жүйе жəне ЛА-155/16 мекемесі мен Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жем қорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері қатысты. «Елбасының ел экономикасын дамытудағы саясатын жүзеге асыруда өңірлердің өркендеуіне, əлеуметтік дамуына кедергі болып отырған өзекті мəселе – сыбайлас жемқорлық. Құқық бұзушылықтың алдын алу, жою, жол бермеу бағытында біздің тарапымыздан

бірқатар шаралар атқарылуда. Алайда, қылмыстық-атқару инспекция қызметкерлері арасында арамза, теріс ойлы, өзгенің меншігіне қол салатын адамдар анықталды. Заңды белден басу құқықтық жүйеге салған таңба болып табылады» деді Ернат Ақылжанов. Келесі кезекте, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу жайында айтты. Кездесу соңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның аясында қалмыстықатқару жүйесінде тəртіп сақтау жəне заң бұзушылықтардың алдын алу, ескерту, жолдарын кесу ісшараларын күшейту жұмыстарын жалғастыру жөнінде шешім қабылданды. ТАЛДЫҚОРҒАН.

«AMF Group» АҚ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының талаптарына сəйкес өзінің артықшылықты акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы хабарлайды. 1) қоғамның атауы, орналасқан жері, банктік жəне өзге деректемелері: «AMF Group» АҚ, Астана қ., Тұран д-лы, 7-үй, БСН 960640000091, ИИК KZ10549C0398R7002744 «Qazaq Banki» АҚ-та, БИК SENIKZKA, Кбе 17 2) дивидендтер төленетін кезең: 2014 жыл 3) бір артықшылықты акцияға есептегенде дивиденд мөлшері: 120 теңге 4) дивидендтер төлеудің басталатын күні: 2015 жылғы 5 ақпанда 5) дивидендтер төлеудің тəртібі мен нысаны: Банктік аударыммен. Дивидендтер төлеуге арналған артық шылықты акцияларды ұстаушылардың тізілімі 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тіркелген.

«Жосалы-Агро» ЖШС (бұдан əрі – компания) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын 16.02.2015 жылы сағат 10.00-де мына мекенжайда өткізу туралы өз қатысушыларына хабарлайды: Ақтөбе облысы, Мəртөк ауданы, Родниковка ауылы. Күн тəртібінде мынадай мəселелер қаралады: 1. «Цеснабанк» АҚ (бұдан əрі – банк ) жəне компания арасында жасалған 10.02.2014 ж. №120/0036-14 банктік займ шарты (бұдан əрі – займ шарты) бойынша қаржыландыру шартының өзгеруі, атап айтқанда «Цеснабанк» АҚ шартының займ шарты іс-əрекетінің мерзімін ұзарту. 2. Займ шарты жəне оған қосымша келісімдер бойынша міндеттемелерді компанияның орындамауы жəне/немесе тиісті орындамауы жағдайында кепілге берілетін мүлікті соттан тыс сатуға құқықты банкке беру. 3. Компанияның атқарушы органына мəмілелер жасауға жəне қажетті құжаттарға қол қоюға барлық өкілеттіктерді беру.

ТОО «Ладыженка» извещает своих участников о том, что 16 февраля 2015 г. по адресу: Акмолинская обл., Атбасарский район, а.Есенгельды, состоится собрание со следующей повесткой дня: 1. Получение займов, гарантий либо кредитных линий, изменению условий финансирования по действующим обязательствам в АО «DeltaBank». 2. Предоставление имущества ТОО «Ладыженка», а именно движимое и не движимое в количестве, достаточном для покрытия обязательств, в залог АО «DeltaBank» в обеспечение своих обязательств. 3. Предоставление согласия на внесудебную реализацию залогового имущества в случае неисполнения либо ненадлежащего исполнения своих обязательств перед АО «DeltaBank». 4. Предоставление всех полномочий на совершение сделки по получению займов, гарантий либо кредитных линий, изменению условий финансирования, предоставления в залог на вышеуказанных условиях исполнительному органу ТОО «Ладыженка». 4 қараша 1998 ж. Дəулетхан Алгазиевтің атына берілген кадастрлық нөмірі 03-047294-501 жер учаскесіне меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын беретін №0029807 акт жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы саясаттану кафедрасының меңгерушісі Гүлнар Өрленбайқызы Насимоваға анасы Дина ЖАЙБЕРГЕНОВАНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас ауыр қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақстанның Бас редакторлар клубы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика жəне саясаттану факультетінің деканы Қайрат Саққа анасы Несіпкүл АҒАБАЙҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Астана жəне Алматы қалаларындағы жолдастары мен достары қаламгер Қанат Тəкебаевқа ІНІСІНІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

31 қаңтар 2015 жыл

 Буырқанған бояулар

Жеѕістіѕ жеѕісі Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Ойдың иірімін бояу тілінде сөйлету арқылы өзінің қолтаңбасын қалып тас тырған Жеңіс Кəкенұлы жақында

Сəтті сынаќ

Батыс Қазақстан машина құрастыру компаниясы америкалық Lancair əуе фирмасы мамандарымен бірлесе отырып турбовинтті қозғалтқышы бар шағын ұшақ құрастырып шығарды. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Аталған тəжірибелік жобаны отандық өндірісшілер жаңа технологиялық əуе тəсілдерін игеру мақсатында іске асырған. Қазақстандық ұшақ құрастырмалы көмірсутегі материалынан жасалған. Мұның өзі оған көк жүзінде еркін қалықтауына мүмкіндік береді, дейді жоғарыда аталған компания басшысы Əліби Ахмеджанов. Сондай-ақ, оның мəлімдеуінше, бірлескен ұшақ жобасын құрастырып сынақтан

өткізуге мемлекет тарапынан ешқандай қаржы жұмсалмаған. Компанияның бас конструкторы Владимир Гаслов алдағы уақытта мұндай ұшақты жинақтауды бір айдың ішінде аяқтауға болатынын айтып берді. Мəселе сұраныста жəне оның санының мөлшеріне байланысты. Отандық шағын əуе кемесінің сенімділігі осы тектес барлық үлкенді-кішілі ұшақтар секілді 99,9 пайызға тең. Оның қауіпсіздігі мен жарамдылығын жүз пайыздық деп айтпасақ та, сауатты əлі білікті түрде пайдаланылған жағдайда бұл толығымен

Американың Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық конкурста «Қала пейзажы» аталымы бойынша «Алтын қыран» атты бас жүлдені жеңіп алып, Қазақ елінің тағы бір мəртебесін өсірді. Оның абыройын асырған Арқа төсіндегі Есіл

өте сенімді ұшақ деді ол одан əрі. Lancair 4-тің қуаты жеті жүз аттың күшіне тең. Коммерциялық мақсатты көздемейтін шағын ұшақтың салоны үш жолаушыға арналған. Бұл тұйғындай ықшам əуе көлігі сағатына 500 шақырым жылдамдықпен екі мың километрге дейін тоқтамастан ұша алады. Оның бір сағатта жұмсайтын жанармайының көлемі 160 литр. Өткен аптада Орал əуежайында өткізілген көрсетілімдік əрі сынақтық ұшу кезінде отандық ұшақ көкке емін-еркін көтеріліп, əуежай аумағын бір-екі рет айналып ұшып өтіп, содан кейін мұндағы ұшу-қону жолағына төмендеп келіп қонды. Осы арқылы ол өзінің шассиінің беріктігін дəлелдеп берді деуге болады.

өзенінің екі жағында бой көтерген көрікті Астанамыздың көз тартатын əсем ғимарат тарын алуан түрлі айшықты бояулармен ажарын ашқандығында жатқаны анық. Халықаралық деңгейде өткен бұл

өнер сайысына əлемнің АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай, Жапония, Израиль, Өзбекстан, Қырғызстан, өзге де мемлекеттердің 1500 суретшісінің арасынан топ жарып шығу екінің біріне бұйыра бермейтін бақ екені белгілі. Осы тұрғыдан келгенде Жеңістің бұл жеңісі оның талантын танытып қана қоймай, қарым-қабілетінің де мықты екенін дəйектесе керек. Ол бұған дейін де талай өнер жарысында өзін таныта білген. Кейбір туындылары өзге мемлекеттердің мұрағаттарына қабылданып, орын алған.

Еселі еңбегін, шығармашылық жұмысын таныту үшін талантты суретші отандық жəне дүниежүзілік деңгейде елуге жуық көрмесін, əлденеше рет шығармашылық кештерін өткізіп, жұрттың ілтипатына бөленгенін де айта кетсек дейміз. Ол тек суретші ғана емес, ұшқыр ойдың қарымымен буырқанған бояуларды көркем тілде сөйлетіп жүр. Өнерлі азаматтың қаламынан туған «Ақ зер» атты кітабынан алар тағылым, үйренер үлгі аз емес. Қазақ жұртының мерейін асырған Жеңістің жеңісі тəуелсіз жұртымыздың тағы бір елеулі сəті деуімізге болады.

 Бəрекелді!

 Оқыс оқиға

Пошташылар да уланды

Халық əні «Қамажайды» білмейтін қазақ жоқ. Əсіресе, оның мақамымен орындалатын бидің орны бөлек. Ал енді осы қайталанбас туындыға шетелдіктер қызығып, нəшіне келтіре орындап жатса, əрине, қуанасың. Бұл бір жағынан төл өнеріміздің өзгені мойындатқан құдіретін білдірсе керек.

Бельгиялыќ беделді топ

«Ќамажайды» еуропалыќ мəнерде орындады Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

ОРАЛ. –––––––––– Суретте: отандық ұшақтың сыртқы көрінісі.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Өткен аптада Атырауда 22 оқушы мен мектептің бір қызметкерінің уланғанын хабарлаған едік. Енді арада бір апта өтпей, тағы да бес адамның улану дерегі тіркелді. «Қазпошта» акционерлік қоғамы Атырау филиалында жұмыс жасайтын əйелдің уланғаны анықталып отыр. Сəрсенбі күні түс ауа пошта қызметкерлері «жедел жəрдем» қызметінің көлігімен облыстық ауруханаға жеткізілген. Əзірге белгісіз

заттан уланған пошташылар алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілген. Оқиға орнында төтенше жағдайлар жəне жедел əрекет ету, құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын жүргізді. Түрлі зерттеулер үшін ауадан сынамалар алынды. Бірақ əзірге пошташылардың улануына не себеп болғаны белгісіз.

Күні кеше бельгиялық Julien Jaffres деп аталатын топ «Қамажайды» өз репертуарына енгізіп, оны еуропалық мəнермен ойнап шыққаны туралы хабар ақпарат кеңістігінде желдей есті. Мұны естіген бойда біз де Еуропа мен Америкаға танымал əлгі ұжымның халық əнін қалай орындағанын естуге асығып, интернет желісіне жүгіндік. Расында, олар əсем ту-

атақты туындыны өз репертуарларына қосқан. Бельгиялықтар əнді орындамас бұрын интернет арқылы көп ізденіпті. Олар бұл композицияның қалай шырқалатынына баса назар аударған. Ал мұның нəтижесіне өзіміз куə болып отырмыз. Енді бұл топ оны қазақ əншісімен бірге орындағылары келетінін жеткізіпті. Жалпы, əлемнің қазақ өнеріне деген ықыласы күн өткен сайын артып келеді. Оның жарқын мысалдары өте көп. Ал ұлттық

Атырау облысы. –––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

 Мəссаған!

Lexus «мінген» жеткіншек Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Қарағандыда мектеп жасындағы оқушы қыз шетелдік қымбат машиналардың бірі – Lexus көлігін мініп жүр деген хабарды ақпарат кеңістігінен байқап қалып, алғашқыда: «Осы жұрт не болса, соны жазып басты қатыратыны несі? Онда тұрған не бар?» деп аздап кейістік танытқанбыз. Бірақ сəлден кейін бұл хабардың интернетке босқа жарияланбағанын сезе қойдық. Өйткені, «Оқушы қыз машина мініп жүр» деген сөздің мəнісі басқада екен. Дəлірегі, ол заңды құқығы болмаса да көлік жүргізген. Оның қашаннан бері «шопыр» болып жүргенін өзі не жанындағы жақындары айтпаса, бір Алла ғана біледі. Бұл «сенсацияның» жариялану тарихына келер болсақ, жас қыздың осы əрекетін əлдекім бейнекамераға жазып алып, нəтижесінде «қызықты фильмді» кең құрсақ ғаламторға орналастырған. Бейне материалда

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

көрсетілгендей, оқушы қыз көліктің артқы орындығына сөмкесін қойып, өзі жүргізуші орнына отырады. Бұдан кейін көлікке баласын көтерген əйел келіп, «шопырдың» қасына жайғасады. Одан арғысы белгілі. Қыз бала көлікті оталдырып, машиналар ағылып жатқан көшеге беттеген. Осыған байланысты Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі арнайы түсінік берді. Полицейлердің айтуынша, көліктің иесі анықталып, ол заңнама аясында əкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Иə, ештеңе бүлінген жоқ. Бірақ əлі буыны қатпаған жас жеткіншекті қандай жағдай рөлге отыруға мəжбүр етті екен? Ол – бала. Көп нəрсенің байыбына бара бермейді. Бірақ үлкендер жағы не қарап отыр? Кəмелет жасына толмаған жалғыздарына «асау» көліктің тізгінін ұстатып, ақырында өмір бойы санасынан бір сəтке өшпейтін, жүрегіне қанжардай қадалған қайғыға тап болғандар аз ба? Ойланатын мəселе.

ындыны еуропалық нақышқа келтіре отырып, екі гитара, скрипка, волынка (үрлемелі аспап), барабан аспаптары көмегімен тəптəуір орындапты. Əрине, кəсіби музыкант емеспіз, сонда да болса айтайық, Julien Jaffres тобының келтірген мақамы жүрекке жылы тиіп, құлаққа жағымды естілді. Бəлкім, бұл қазақы ортаға белгісіздеу шетелдік өнерпаздардың «Қамажайды» лайықты бағалағанына разы болғандықтан туындаған сезімнің əсері шығар. Julien Jaffres тобының мүше лері қазақстандық телеар налардың біріне берген сұхбатында аталған халық əнін неліктен таңдағандарын түсіндіріп беріпті. Ұжымның бас гитарашысы Седрик Ватерсукттың айтуы бойынша, «Қамажай» əні қазақ халқының тарихында, мəдени өмірінде ерекше орын алады. Сондықтан олар

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 341-08-12.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 341-08-12, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-94-72; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 68-59-85; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 341-08-11, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 33, «Қарағанды полиграфия» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Смағұлов к-сі, 9 К, «Хабар-Сервис» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

шы ғар маларымызды шетелдіктердің орындауы сирек кездесетін жағдай. Сондықтан да, дархан даламыздың өзегінен жарып шыққан əндеріміз бен күйлерімізді, билерімізді ділі, болмысы, тілі бөтен ұлт өкілдері орындап жатса, мақтанып, марқайып, мерейленіп қалатынымыз рас. Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Бельгия əншісі Вим Роланд Абайдың «Көзімнің қарасы» əнін шырқаған болатын. Ал жақында қазақ композиторы Абай Бегейдің «Аспанға қараймын» əнін Кубаның беделді тобы өз оранжировкаларымен орындап, əнсүйер қауымды тағы бір мəрте дүрілдетіп тастап еді. Енді оның қатарына, міне, «Қамажай» да қосылып отыр. Бельгиялықтар орындаған «Қамажай» əнін газет сайтындағы мақаланың бейнетіркемесінен тыңдай аласыздар.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жақсыбай САМРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №491 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.