27082015

Page 9

www.egemen.kz

27 тамыз 2015 жыл

9

ҰЛТТЫҚ БАНК ХАБАРЛАЙДЫ, ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРЕДІ, ТҮСІНДІРЕДІ

АХЌО ќаржы орталыєы: еѕ їздік əлемдік Ислам банкингі тəжірибеге сəйкес Ислам банкингі мəселелерін реттейтін кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгеннен кейін, Қазақстанда исламдық сақтандыру, тауарлы мурабаха жəне ислам лизингі тəрізді ерекше қаржылық құралдардың пайда болуы үшін жағдай жасалды.

Ќолдану аясы кеѕейеді Динара ЮСУПОВА.

Мемлекет басшысының ағым дағы жылдың сəуір айында «Сақтандыру жəне исламдық қаржыландыру мəселесі бойынша ҚР-дың кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті заң жобасына қол қоюы оған жол ашты. Оны ҚР Ұлттық Банкі жасап, бастамашы болды. Қазақстан қазірдің өзінде ислам банкингін дамыту мəселесі бойынша өңірдегі жəне кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі көшбасшы болып танылды. Ұлттық Банк өкілдерінің сөзіне қарағанда, республикада исламдық қаржыландыру Президент Н.Ə.Назарбаевтың қолдауы арқа сында белсенді даму үстінде. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылға дейінгі исламдық қаржыландыруды дамытудың Жол картасы жасалып қабылданды. Оны жүзеге асыру исламдық қаржылық қызмет көрсету индустриясын тұрақты дамыту, эмитенттердің, инвесторлардың жəне нарыққа қатысушылардың массаларын құру үшін жағдай жасауға ықпал етеді. Əсіресе, заңнамаға сəйкес, діни қатыстылығы исламдық қаржылық қызмет көрсетуге қолжетімділікті шектеудің шарты болып табылмайды. Ис ламдық қаржылық қызмет көрсетуді алудың негізгі шарты – исламдық қаржыландырудың қағидатына клиент қызметінің сəйкестігі болуы. Тəжірибе көрсеткеніндей, ислам банкингі күнделікті тіршілікке біртіндеп кіру үстінде. Мəселен, дағдарыс жылдары елге Таяу Шығыстан инвесторлар тартылып, исламдық қаржыландыру бойынша заңнама қабылданды жəне 2010 жылы алғашқы Al Hilal исламдық банк ашылды. Қазір банк отандық қаржы жүйесімен ойдағыдай ықпалдасып, Алматыда бас кеңсесін, Астана жəне Шымкент қалаларында филиалдарын ашып, өз клиенттерін тапты. Ал басқа исламдық құралдардың өзіне тəн қырлары қандай жəне республикада олардың дамуын қалай күтеді? Ұлттық Банктің мамандары осының аражігін ажыратуға көмектесті.

Исламдыќ саќтандыру

Ол барлық сақтандырушылар арасында өзара көмек қағидаттарына жəне тəуекелдердің ұжымдық бөлуіне негізделеді. Жинақталған сақтандыру сыйлықақылары сақтандыру ұйымдарының меншігіне өтпейді, жеке баланстан тыс шотқа (такафулқор) аударылады, ол барлық сақтандырушылардың жалпы үлестік меншігі болып табылады.

Үкімет пен Ұлттық Банк ұзақ мерзімді перспективаға «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру жəне дамыту бойынша бірлескен ісəрекеттер жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Ада ДЕМИНА.

Яғни, исламдық сақтандыру ұйымы тек сақтандыру төлемдерінің операторы болып, исламдық сақтандырудың қабылданған үлгісіне сəйкес сыйақы активтерін басқаруды қолына алады. Исламдық сақтандыру ұйымы, сондай-ақ, исламдық банктер ретінде ысырапшылдыққа тосқауыл қою, пайыздарды есептеу жəне алу, темекі, алкогольді өнімдер, қару жəне оқ-дəрі өндірісіне, құмар ойын бизнесіне байланысты сақтандыру жəне қаржыландыру қызметіне тосқауыл қою ретінде осындай қағидаттарға сəйкес жұмыс істейді. Қазірдің өзінде республикада «Такафул» өзара халал сақтандыру қоғамы» АҚ исламдық сақтандыру компаниясы əрекет етеді. Ол сақтандырудың дəстүрлі түрі қамтылмаған тұлғалар үшін сақтандыру қызметтерін ұсынады.

Тауарлы мурабаха

Бұл исламдық қаржыландырудың ең талап етілетін құралы. Мурабаханы жалпыға бірдей қолжетімді түсіну – бұл сауда келісімі, онда сатушы келтірілген шығындарды көрсетіп, алғашқы құнына баға қосып басқа тұлғаға сатады. Ол сатып алушыға бұрыннан белгілі. Тауарлы мурабаха – айналымдағы капиталды қаржыландыруға бағытталған өнім жəне тауарлы-материалдық запастарды сатып алу-сату арқылы жүзеге асырылады. Заңнамаға түзету енгізілгеннен кейін, тауарлы мурабаха исламдық банктердің банктік операциясымен танылады жəне оған исламдық банктердің клиенттері ҚҚС есебінен пропорционалды əдіс қолданылады. Мəселен, 2012 жылғы шілде айында Қазақстанның Даму банкі өңірде алғаш рет 240 млн. малайзиялық ринггит (76,7 млн. доллар) сомасына «Сукук «альМурабаха» исламдық облигацияларын шығарды. Шығарылымның 62%-ын шетелдік инвесторлар сатып алды.

Исламдыќ лизинг

Немесе иджара. Бұл құрал лизинг беруші меншігіне исламдық лизинг затын сатып алу тиістілігі жағдайында əдеттегі лизингтен ерекшеленеді. Жəне де осыдан кейін иджара шарты жасалады. Исламдық лизинг кезінде лизинг алушының кəсіпкерлік қызметінің саласы шектеледі. Жекелей алғанда, темекі, алкоголь өнімдері өндірісіне, құмар ойын бизнесіне байланысты кəсіпкерлік қызметке пайдалану үшін мүлікті лизингке беруге немесе алуға тыйым салынады жəне пайыз түрінде сыйақы алуға тыйым салынады. Исламдық лизинг ұйымдары үшін жəне басқа исламдық қаржылық институттар үшін исламдық қаржыландыру немесе сыртқы сарапшылардың қағидаттары бойынша Кеңестің болуына талап қою белгіленген. «Қар жылық лизинг туралы» Заңға енгізілген түзетулер ұйымдардың құқықтық негіздерін жəне исламдық қаржыландыру қағидатта рына негізделген ли зингтік опе рациялардың қызмет етуін белгілейді. ҚР Үкіметі мен Ұлттық Банк жүргізіп отырған жүйелі жұмыс республикада исламдық қаржыны дамыту жəне исламдық қаржылық хаб ретінде Қазақстанда қалыптасуын жақында Алматыда өткен Исламдық қаржыландыру қызметтері бойынша кеңестің 12-саммитінде (Islamic Financial Services Board – IFSB) қатысушылар жақсы қырынан бағалады. «ҚР Ұлттық Банкі қаржылық сектордың жүйелі мəселелері бойынша кешенді көрегендік танытуда, оның негізгі ережесі 2030 жылға дейін ҚР қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасында баяндалған, – деп атап көрсетілген Қазақстанның Ұлттық Банкінде. – Оның ішінде исламдық қаржыландыруды дамытудың мəселелері де бар. Жəне біздің стратегиямызды Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдады».

ЭКСПО-2017 жоғары технологиялы инфрақұрылым базасында айрықша мəртебедегі АХҚО құру қажеттілігі туралы Президент Н.Назарбаев 2015 жылғы 29 сəуірде мəлімдеді. Осы мақсатта Астана қаласы маңындағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аумағында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру ұйғарылды. Орталықтың жоғарғы басқарушы органы етіп ҚР Президенті жанындағы АХҚО дамыту бойынша кеңесті тағайындау белгіленді. Аталған орган ұзақ мерзімді перспективаға орталықты дамытудың негізгі бағыттарын бекітіп, оны дамытуға ықпал ететін уəкілетті биліктің барлық органдарының қызметін үйлестіріп, іс-шаралардың жүзеге асырылу барысына бақылау жүргізетін болады. АХҚО-ны құру үдерісін жүргізуге байланысты Үкіметтің 2015 ж. 31 мамырдағы №393 қаулысымен ұзақ мерзімді перспективаға АХҚО құру жəне дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірлескен ісəрекеттерінің жоспары бекітілді. Аталған жоспар 2016-2025 жылдардағы кезеңге Орталықты дамытудың стратегиялық бағытының іс-əрекетін айқындайды, əр бағытты тиімді дамыту бойынша өзекті ұсынымдарды қалыптастырады, сондай-ақ барлық мүдделі тараптармен бірлесіп оны жүзеге асыру жөнінде егжей-тегжейлі ісшараны ұсынады. «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру кезінде үлгі ретінде Дубай халықаралық қаржы орталығының құрылымы таңдап алынды. Дубайдың тəжірибесімен қатар Ұлыбританияның, Сингапурдың жəне АҚШтың ағылшындық-саксондық тəсілі үздік үлгі ретінде тиянақталып, əлемнің басқа жетекші қаржы орталықтарының тəжірибесі де зерделенді. Бұл жағдайда Дубай АХҚОтың негізгі серіктесі болады. Оны құру кезінде жəне одан кейінгі қызметінде де қолдау көрсетеді. «Астана» халықаралық қаржы орталығы бастапқы кезеңінде бірнеше өзекті стратегиялық бағыттар шеңберінде дамиды. Оның алғашқысы капиталдың (capital markets) жергілікті рынокторын дамытуды көздейді. Оларды белсендендіру біріншіден, мемлекеттік қазынашылық облигацияларды шығаруға жəне орналастыруға ықпал етеді; екіншіден, жергілікті нарықта IPO квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың ең тартымды инвестициялық жоспарына шығады. Əңгіме орналастырылған акциялардың кемінде 25% мөлшері туралы болып отыр. Жəне, үшіншіден, мүмкіндігі бойынша, - капиталдың қайталама нарығында белсенді ойыншы ретінде БЖЗҚ рөлін белсендендіру механизмін енгізу де бар. Екінші бағыт АХҚО аумағындағы жетекші халықаралық басқарушы компанияларды жергілікті ету ұлттық қорлардың қаржысын пайдалану есебінен активтерді басқару (asset management) бойынша нарықты жəне сараптаманы дамыту болып табылады. АХҚО-ны дамытудың үшінші стратегиялық бағыты жеке тұлғалардың (private banking) əл-ауқатын басқару болады, – деп Ұлттық

Банкте атап көрсетілді. Ол активтерді басқару, жергілікті дəулетті жеке тұлғаларға қызмет көрсету бөлігі ретінде, сондай-ақ Орталық Азия елдерінен репарациялық төлемдерді жəне тартылған қаржыны басқару саласы бойынша бағытпен бірлесіп дамиды. Жəне төртіншісі, исламдық қаржыландыру (Islamic finance) нарығын құрудың маңызды бағыты жəне тəуелсіз исламдық бағалы қағаздар шығаруға жағдай жасау. Бұл бағыт елімізге құйылатын исламдық капитал ағынын ынталандыруды жəне дəстүрлі түрде толықтыруға баламалы банктік секторды дамытуды қамтамасыз етеді. Баламалы инвестициялар класын (private equity finds – тікелей инвестиция қорлары, hedgefunds – хэдж қорлар жəне venture capital – еншілес капитал) дамыту ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының жобасындағы өтімділікке жəне сараптамаға «құюға» мүмкіндік береді.

ор талығының шеңберінде қатысушылар, сондай-ақ АХҚО-қа қатысушы-қызметкерлер үшін бірқатар салық жеңілдіктерін енгізу ұйғарылған ол квота жəне рұқсат алусыз шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі жеңілдіктерді көздейді. Орталықтың аумағында визаларды, жұмысқа рұқсаттамаларды жəне басқа сұраныстарды беру кезінде «бір терезе» қағидатымен тіркеудің жеңілдетілген режімі енгізіледі. Іс-əрекет жоспары АХҚО-дағы реттеуші жəне салық төрелігін болдырмайды. Өйткені, қаржы индустриясында жаңа бағыт құрылады. Бұған дейін Қазақстанда ол дамыған жоқ еді жəне қаржы секторын толтырған емес. Бұл былайша айтқанда, баламалы қаржылық қызмет көрсету класы ретінде аталады. Олардың құрамында салық жəне заң консультанттары, халықаралық сыныптағы активтерді басқарушылар, жеке тұлғалардың əл-ауқатын басқарушылар болады. Қазақстандықтар да, сондай-ақ шетелдік ойыншылар да, инвестициялық жəне ис-

Сондай-ақ, Ұлттық Банк толыққанды халықаралық қаржы орталығын жүзеге асырусыз мүмкін болмайтын тағы бір маңызды аспектіні атап көрсетеді. Ол бүкіл əлемде танылған құқық стандартын енгізу турасында – АХҚО аумағында ағылшындық құқық тəртібін енгізіп тарату болып отыр. Дау-дамайларды қарау кезінде оны қолдану Қазақстанға шетелдік инвесторлардың сенімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Мəселен, Дубай ағылшындық құқықты қолданудың табысты үлгісін көрсетіп отыр жəне оның тəжірибесі АХҚО құру кезінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл бағытты дамыту үшін іс-əрекет жоспарында жетекші əлемдік орталықтар стандарттарының, іс жүргізуде ағылшын тілін пайдаланып ағылшын құқығы қағидаттары мен нормаларының, оның ішінде сот өндірісі стандарттарының негізінде АХҚО қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты реттеуді қарастырады. Орталықта шетелдік соттарды, сондай-ақ АХҚО-қа Халықаралық төрелік орталығын тартумен қаржылық сотын құру жоспарлануда. Аталған мəселеде АХҚО Дубай соттарының табысты тəжірибесіне сүйенетін болады. Бұл орталық БАƏ-де қабылданған заңдардан ерекшеленетін, азаматтық жəне коммерциялық құқықтың өзіне тəн меншікті нормаларымен, ағылшындық құқық қағидаттарына негізделген тəуелсіз заң шеңберінде жұмыс істейтіндігімен белгілі. «Астана» халықаралық қаржы

ламдық банкинг те АХҚО қатысушылары бола алады. Бұған бөлшектелген банктер кірмейді. Орталықта баламалы инвестицияларды басқарушылардың, сондай-ақ жобаларды сүйемелдеу жөніндегі қызметтердің толық спектрін ұсынатын шетелдік заңгерлік, аудиторлық жəне консалтингтік компаниялардың жұмыс істеуіне барлық жағдай жасау жоспарлануда. Іс-əрекет жоспары бірқатар логистикалық шараларды қарастырады. Жекелей алғанда, Қазақстанның елордасымен авиақатынасты дамыту, «ашық аспан» қағидаты бойынша шетелдік тасымалдаушылар үшін Астана əуежайына əуе тасы малдарының шарты кезең кезеңімен ырықтандырылады. Сонымен бірге, Біріккен Араб Əмірліктерінің, Малайзияның жəне Сингапур Республикасының азаматтары үшін мерзімі 30 күнге дейін визасыз режім енгізіледі. Орталықтың қызметкерлері, қатысушылары жəне олардың отбасы мүшелері үшін 5 жылға дейінгі мерзімімен арнайы визалық режім орнатылады. Енді АХҚО жұмысшылары мен бақылаушы органдары туралы айтудың реті кел ген сыңайлы. Орталықтың қызметін жəне басқаруын қамтамасыз ету үшін DIFC Authority-ға тұрпатты АХҚО əкімшілігін, сондай-ақ Dubai Financial Services Authorityға ұқсас АХҚО қатысушыларының қызметін реттеу жөніндегі уəкілетті орган құру жоспарлануда.

Ќолда бар аќшадан да сенімдірек Егер де шетелге демалысқа баруға жолға шықсаңыз, сізге банкирлер өзіңізбен бірге халықаралық жүйенің төлем карточкасын алып жүруге кеңес берер еді. Мұндай төлем жүйелерінің «Пластиктегі» Visa International, MasterCard Worldwide, American Express International қандай банкте жəне олар қандай елде шығарылғанына қарамастан əлемнің барлық нүктелерінде іс жүзінде қызмет көрсетіле береді. Алла ДЕМЕНТЬЕВА.

Əрине, халықаралық резервтік валютадағы «қолда бар ақша» немесе жергілікті валютасы бар елде ол қажетіңізді қашанда өтейді. Мəселен, жергілікті базарда есеп айырысқанда, даяшыларға қызметі үшін үстеме ақша берсеңіз, такси немесе велорикша жүргізушісіне ақы төлегенде əбден жарайды. Дегенмен, зат сатып алатын болсаңыз, онда төлем карталарын жиірек пайдалану ұсынылады. Тəжірибе көрсеткеніндей, «қол да бар ақшаның» қомақты сомасын алып шықсаңыз, əрине сізге тиімді болудың орнына, қауіптілігі жоғарылай түсетіні тағы бар. Сондықтан да, Қазақстан Рес публикасының Ұлттық Банкінде шетелде демалыста болған кезіңізде төлем картасын пайдалануыңызға кеңес береді. Бұл ретте алдымен қайда жəне қандай халықаралық төлем жүйелері

көрсетілетінін күні бұрын анықтап алғаныңыз жөн. Сөз карточка үлгісін таңдау демалысқа шығушы адам қандай валютада оны пайдаланатынына байланысты. Егер, демалысты Қазақстанда өткізгіңіз келсе, онда төлем үшін карточканың түрін көрсетудің қажеті жоқ. Қолма қол валютадан карталардың артықшылығы мынада, кеденнен өтер кезде карточкадағы ақшаны декларациялау керек болмай қалады. Бұдан басқа, банктік шотты негізгі валюталар – теңгемен, ресей рублімен, доллармен, еуромен ашуға болады. Сатып алынған заттарды төлеу кезінде ақша барған елдің валютасына автоматты түрде еркін айналыста болады. Əмияндағы карточка күтпеген түрлі жағдайда иесін сенімді сезінуіне мүмкіндік береді. Мысалы, зат сатып алуға ақшаңыз жетпей қалды делік. Таныс емес қалада немесе бөтен елде қарызға валютаны дереу кім бере қояды əрі оны алу

өте күрделі. Карточкаңыз болса түйткілді тез шеше аласыз. Туысқандарыңызға немесе таныстарыңызға хабарлассаңыз жеткілікті, олар карт-шотқа қажетті соманы аударып жібереді. Егер карта дебетті-кредиттік болған

жағдайда ғана бұл түйткіл шешіледі: қашанда өз банкіңізден «қалауыңызша алуыңызға» болады. Мұндай артықшылыққа картаның қосымша «бонусы да» жатады: кейбір елдерде қызмет көрсетудің тізбелері бар, оны тек

төлем карточкаңыз болса ғана ала аласыз. Мəселен, VIP-күту залдарының қызметтерін, авиабилеттерді брондау, автомобилді жалға алу. Шетелде картаны барынша тиімді пайдалану үшін, ҚР Ұлттық Банкі бірнеше қарапайым кеңес береді. Олар саяхатшыны кез келген күтпеген жағдайда қауіпсіздігін 100%-ға сақтауға көмектеседі: • Шетелде қаражатсыз қалмау үшін карточкаңыздың қолданыстағы мерзімін уақтылы тексеріңіз; • Телефон кітапшаңызға банкті қолдау қызметінің нөмірін жазып қойыңыз, онда кез келген пластиктің сыртқы бетінде жазу бар. Бұл карточкаңыз жоғалғанда немесе ұрланған жағдайда қажет. Егер мұндай оқиға орын алатын болса дереу банктің байланыс орталығына хабарласып, карточканы оқшаулаңыз; • Əртүрлі төлем жүйесінің екі карточкасы болуы ұсынылады. Бұл сізді белгілі бір төлем жүйесінің карточкасы бойынша немесе тек бір төлем жүйесіндегі карточкамен төлемді сауда жəне сервис кəсіпорны қабылдаған жағдайда операцияны жүргізуге мүмкін болмайтын техникалық жағдайда сақтандырады; • Егер де сіз картамен еш қиындықсыз есеп айырысатын озық еуропалық елге сапарлап бара жатсаңыз да, бəрібір

өзіңізбен бірге қолма-қол ақшаның қажетті сомасын алғаныңыз жөн. Төлем жүйесі тарапынан да, сондай-ақ банк тарапынан да техникалық сипаттағы проблемалар туындауы ықтимал. Мəселен, нақты банкомат жұмыс істемей қалуы мүмкін; • SMS-банкинг қызметін міндетті түрде пайдаланыңыз, өйткені оның көмегімен өзіңіздің карточка бойынша барлық операцияларды жедел бақылай аласыз. Роумингтің болуы жағдайында SMS-банкингтің бүкіл опциялары Қазақстаннан сырт жерлерде де қолжетімді болады; • Екінші деңгейдегі əрбір банкте төлем карточкасын пайдалану кезінде рұқсат етілмеген (алаяқтық) транзакциялардың тəуекеліне тап болатын елдердің тізбесі бар. Бұл фродо-қауіпті елдер деп аталады. Сондықтан да төлем карточкасын ұстаушыға кез келген елге сапар шегер алдында өз банкіне барып, ол елдегі төлем карточкаларын пайдаланудың ықтимал шектеулері туралы ақпарат алу артық болмайды; • Белгілі бір жағдайларда қолма қол ақшаны пайдалану ыңғайлы, бірақ ыңғайына қарай саяхатшы тек карточканы қолданғаны жөн, өйткені уақыт үнемделеді əрі жұмысын тездетеді.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
27082015 by Egemen - Issuu