25122015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№246 (28724) 25 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2015 жылы мəдениет саласында мемлекеттік стипендиялар беру туралы 1. Осы өкімге қосымшаға сəйкес 2015 жылы мəдениет саласында мемлекеттік стипендиялар берілсін. 2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Жаѕа ќызметтіѕ жаќсылыєы кґп 4-бет Кетбўќаныѕ соѕєы кїйі 5-бет Алаштыѕ Алтыншашы 6-бет Ќайсарлыќ 9-бет

 Өңір өмірі

Келешегі кемел кəсіпорын

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 23 желтоқсан. № 42 –––––––––––––––– Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 42 өкіміне қосымшаны 2-беттен оқисыздар.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Саян Қылышұлы Ахмет жанов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Əнуар Жоламанұлы Сабы ров Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы қызметіне тағайындалды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Нематұлы Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сəйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері: Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Владимир Сергеевич Школьниктің – 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы; Ақмола облысының əкімі Сергей Витальевич Кулагиннің – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы; Алматы облысының əкімі Амандық Ғаббасұлы Баталовтың – 2020 жылғы 22 қарашаны қоса алғандағы; Атырау облысының əкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің – 2016 жылғы 1 қыркүйекті қоса алғандағы; Қазақстан Республикасының Ауғанстан Ислам Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Өміртай Мақашұлы Бітімовтің – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы; Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Нұрлан Жұмағалиұлы Дəненовтің – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сəйкес зейнеткерлік жасқа толған келесі мемлекеттік саяси қызметшілердің өкілеттіктері: Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Базарқұлұлы Қасымбековтің – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы; Қазақстан Республикасы Əділет министрінің орынбасары Зəуреш Хамитқызы Баймолдинаның – 2018 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Карпович Божконың – 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының бірінші орынбасары Дабыр Қамысбайұлы Іңкəрбаевтың – 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы; «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы» мемлекеттік мекемесінің директоры Алма Сағынғалидың – 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы мерзімге дейін ұзартылсын. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Астық өңдеумен айналысатын «Жаңа Əлжан ұн комбинаты» ЖШС «Астық индус триясы» компаниясының Батыс Қазақстан өңіріндегі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мұнда «Корона» жəне «GRANUM» брендімен шығарылатын ұнға тұтынушылар тарапынан сұраныс жоғары. Компанияның филиалдары Батыс Қазақстан, Қостанай жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарында жұмыс істейді. Қазір еліміз əлемдік нарыққа ірі ұн жеткізуші болып табылады. Бұл кəсіпорын бидай, ұн, макарон сияқты өз өнімдерінің басым бөлігін қазірдің өзінде ішкі нарықты былай қойғанда, Өзбекстанға, Тəжікстанға, Түрікменстанға, Ауғанстанға жəне Кавказ

● Оймақтай ой Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді. Əбу Наср əл-ФАРАБИ.

Палата Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялады. Келісім республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін 1 миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қарыз беруді көздейді. Қарыз үш жылдық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, бес жылда өтеу мерзіміне беріледі. Қаржы мемлекеттік қаржылар мен республикалық бюджеттік бағдар ламаларды уақтылы қаржылан дырудың теңгерімділігін

қамта масыз етеді. Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді жəне төлеуді Қарыз туралы келісімде белгіленген қаржылық жағдайға сəй кес республикалық бюджет қара жа ты есебінен еліміздің Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады. Сенаторлар «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасын қабылдады. Құжаттың мақсаты халық қауіпсіздігінің жəне халық денсаулығын тиімді қорғаудың тиісті деңгейін, атом энергиясын

пайдалану кезінде ядролық қаруды таратпау режімін қамтамасыз ету жəне атом энергиясын пайдалану кезінде туындайтын қатынастарды жетілдіру болып табылады. Қауіпсіздік талаптарының аражігін ажырату мақсатында қондырғылар мен иондандырушы сəулелену көздерінің радиациялық қауіптілік санаттарын белгілеу, ядролық қондырғыларды жəне көму пункттерін салу туралы шешім қабылдау тəртібі, атом энергиясын пайдалану саласында қызметін жүзеге асыратын кəсіпорындар үшін талаптар көзделеді. (Соңы 2-бетте).

Халыќ мїддесіне сай кодекс Кеше «Нұр Отан» партиясының Астанадағы баспасөз орталығында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгелі отырған Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексіне байланысты брифинг өтті. Оған Парламент Мəжілісінің депутаты Ирина Аронова, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов жəне Қазақстан Кəсіподақтары федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева қатысты. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Жалпы, жиын барысында жаңа Еңбек кодексі шеңберінде мемлекет тарапынан еңбек стандарттары, жұмысшыларға арналған базалық

кепілдіктер мен өтемақы мөлшері белгіленіп, негізгі құқықтар мен міндеттер айқындалып, сондайақ, жұмыс берушілердің тарапынан олардың қатаң сақталуына бақылау қамтамасыз етілетіні кеңінен сөз болды.

Бірінші кезекте сөз алған депутат Ирина Аронова аталған Кодекстің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары аясында қабылданғанын айта келіп, оның əбден сүзгіден өтіп, уақыт талабына сай түзілгенін атап өтті. «Біздің заңдардың қаталдығы мен икемділігі тек инвесторлар үшін ғана емес, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары мен халықты еңбекпен қамту көздері болып табылатын отандық кəсіпорындар үшін маңызды болып келеді», – деді Мəжіліс депутаты. (Соңы 2-бетте).

Жақында кəсіпорын базасында жылына 12 мың тонна 38 түрлі макарон өнімдерін шығаратын фабрика пайдалануға берілді. Қазір мұнда іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Серіктестік директоры Қанат Тапаевтың айтуынша, бұл нысанға салынған 500 миллион теңге инвестиция толықтай кəсіпорынның өз қаржысы. Жобаның бірегейлігі сол жаңа өндірісте шығарылатын макарон өнімдері ISO 900, HASP халықаралық стандарттары бойынша өндіріледі. Макарон өнімдерін дайындауға кəсіпорында шығарылатын ұнның «GRANUM» маркалы сапалы жаңа сорты пайдаланылады. Жаңа фабриканы іске қосу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды. Фабрикаға комбинат аумағындағы бұрынғы құрамажем

зауытының ғимараты бөлінді. Ол толықтай қайта жарақтандырылды. Оған Италияның жоғары технологиялық желісі сатып алынып, орнатылды. Фабрикада жұмыс істеуге негізінен кəсіпорынның байырғы өз кадрлары тартылды. Оларды даярлау үшін консалтингтік компания мамандары шақырылды. Қондырғыларды жеткізушілер де жұмысшыларды фабрикада тəжірибеден өткізе отырып, оқытып даярлады. Қазір жаңадан пайдалануға берілген өндірісте 50ге жуық адам еңбек етеді. Өндірістік желі толық іске қосылғанда тағы 20 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. (Соңы 4-бетте).

–––––––––––––––

Суреттерді түсірген Жұбаныш БАЙГУРИНОВ.

Ассамблея – тўраќтылыќ пен келісім кепілі Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы Елбасы Н.Назарбаевтың тарихи үлесі жəне Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» атты тақырыпта актілік дəріс оқыды. Жақсыбай САМРАТ,

2015 жыл – Парламент тарихындаєы ерекше жыл Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен палатаның биылғы соңғы жалпы отырысы болып өтті. Онда алты заң жобасы қаралды.

елдеріне шығарады. Ресейдің Оңтүстік Урал өңірінде 10 миллион халық тұрады. Оларға ұн Орталық Ресейден жеткізілуде. Сондықтан, Орынбор, Самара, Челябі, Свердлов облыстарын сапалы қазақстандық ұнмен қамтамасыз ету бағытында да жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мұнда 2006 жылы Италияның қондырғысы орнатылып, өндіріс жаңартылды. Осы заманғы диірмен кешені тəулігіне 550 тонна ұн өндіруге мүмкіндік береді. Мұнда 250 адам еңбек етеді. Кəсіпорын жылына 120 мың тоннаға дейін астық өңдейді. Соның 90 мың тоннасы жоғары, 1 жəне 2 сортты ұн болып табылады. Серіктестік Ресей нарығына жаңа сауда маркалы макарон өнімдерін шығаруға талаптануда. Дайын өнімдер темірмен, йодпен жəне басқа микроэлементтермен байытылады.

«Егемен Қазақстан».

Мемлекеттік хатшы өзінің кіріспе сөзінде 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы, Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы жəне Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы аталып өткен жыл болғанын айтты. Г.Əбдіқалықова тыңдаушылар назарын Нұрсұлтан Назарбаевтың

мемлекет қайраткері ретіндегі тұлғалық ауқымы, əсіресе, «қазақстандық экономикалық жəне əлеуметтік таңғажайып құбылыс» деп аталатын оның «Қазақстан жолын» əлемге танытқан бейбітшілік пен келісім саясатында айқын əрі ерекше көрініс табатынына аударды. Көптеген сарапшылар біз өмір сүріп жатқан уақыт кезеңін «Назарбаев дəуірі» деп атайтынына кəміл сенімді. Шын мəнінде, өзге мемлекеттерге мұндай

жетіс тік терге қол жеткізуге ондаған жылдар қажет етілсе, біз тəуелсіздік жылдарында дəуірлік өзгерістердің аса қуатты қабатын қалыптастырдық, – деп атап өтті Мемлекеттік хатшы. Г.Əбдіқалықова Еуразияның ортасында орналасқан Қазақстан мейлінше қолайсыз геосаяси, экономикалық жəне əлеуметтік жағдайлардың өзінде дамудың сатылы серпілісін жасау мүмкін екендігін айқын көрсеткеніне тоқтала келе: «Сіздер білесіздер, дамыған индустриялық елге айналу үшін Ұлыбританияға 50 жыл қажет болды, АҚШқа 50 жылдан астам, Оңтүстік Кореяға 10 жыл мерзім кетті. Сингапур, Тайланд, Малайзия, Индонезия сынды мемлекеттер

де қысқа уақытта жетіс тікке жете алды. Меніңше, Қазақстан да сол елдердің қатарына көп ұзамай енетін болады. Тəуелсіз Қазақстанның тарихы, қазір гі заманғы мемлекеттің даму тиімділігі харизматикалық, пассионарлық жəне жалпыұлттық Көшбасшысының болуымен айқында латынын сөзсіз дəлелдеді. Қазақстан үшін мұндай тұлға, сөзсіз саяси ерік-жігердің арқасында Қазақстан халқын топтастырған, сол арқылы Қазақстанның əлеуметтік-экономи калық жəне қоғамдық-саяси тұрғыда түбегейлі өзгерістерді берік негізіне айналдырған – Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев», – деді. (Соңы 2-бетте).

● Кəсібің – нəсібің

Студент – їздік аспаз Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Аудан орталығындағы аграрлық-техникалық колледжде бұл байқауды облыстық кəсіпкерлер палатасының ұсынысымен аудандық əкімдік бірлесіп өткізді. Аспаздар байқауына Алтай өлкесі, Благовещенский лицейінің де оқушылары қатысты. Байқауға Дмитрий Стебеняев, Кристина Аксенчик, облыс орталығындағы «Думан» кафесінің аспазы Екатерина Алехина, «Қаршыға» кафесінің аспазы Елена Гоппе, өндірістік білім беру маманы Иван Воронов, Петр Мозговой, Иван Беззубов сияқты колледж студенттері қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, таңдаған мамандықтары туралы айтып берді. Екінші кезеңде кəсіби шеберліктері бойынша сынға түсіп, құс етінен ыстық тамақ дайындады. Соңғы кезеңде үй тапсырмасына сай алдын ала дайындаған тағамдарын əділқазылар алқасына дəм татуға ұсынды. Сөйтіп,

«Мүкжидек қосылған үйрек сүзбесі», «Тауық етінен галантин» жəне «Қамыр дағы тауық саны» тағамдарын дайындау барысында байқау қыза түсті. Үй тапсырмасы бойынша «Ірімшік пен банан қосылған десерт», «Ертегі», «Хеопс пирамидасы», «Сүйіктім үшін» деп аталатын ірімшік десерті сияқты таңғаларлық, дəмі тіл үйірген тағамдар ұсынылды. Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Шарбақты колледжінің студенті Иван Беззубов жеңіп алды. Екінші орын Благовещенск лицейінің студенті Кристина Аксенчикке бұйырса, үшінші орынды «Думан» жəне «Қаршыға» дəмханаларының аспаздары Екатерина Алехина мен Елена Гоппе бөлісті. Байқау соңында жеңімпаз аспаздарға аудан əкімі Балғабай Ыбыраевтың алғыс хаттары мен сыйлықтары табыс етілді. – Ал бірінші орынды кəнігі аспаздар емес, тағам жасауда бар өнерін көрсеткен колледж студенті, болашақ аспаз, шебер тағам жасаушы Иван Беззубов

жеңіп алғаны басқа студенттерге үлгі, – дейді облыстық кəсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің өкілі Айгүл Есеналиева. Иван білім алатын бұл колледжге алдағы жылы 70 жыл толмақшы. Осы жылдар ішінде кəсіптік білім алғысы келетін ауыл жастарын қатарға қосқан

колледж бүгінде жаңарған, қазіргі заман үрдісіне сай əртүрлі бағытта білім беруде. Аудан əкімдігінің хабарлауынша, кəсіптік білім беру бағыты бойынша алда тағы да байқаулар өтпекші. Павлодар облысы, Шарбақты ауданы.


2

www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

2015 жыл – Парламент тарихындаєы ерекше жыл (Соңы. Басы 1-бетте). Палата заңнамаға атом энергиясын пайдалану мəселелері бойынша түзетулерді екі оқылымда қарап, қабылдады. Құжат Экологиялық кодекске радиоактивті материал дарды, атом энергиясын пайда лануға жəне радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын экологиялық талаптарды нақтылау бөлігіне өзгеріс енгізуді көздейді. Сонымен қатар, заң жобасымен «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Заңға ұғымдық тұрғыда нақтылау бөлігіне, «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңға экономика, білім беру, ғылым мен техника саласында мемлекеттік құпияларына жататын мəліметтердің тізбесін түзету бөлігіне, сондай-ақ «Рұқсаттар жəне хабарламалар туралы» Заңға атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияларды берудің ерекше шарттары туралы түзетулер енгізіледі. Отырыста «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» заң жобасы да қабылданды. Құжат бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізатты, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік жəне басқа бұйымдардың айналымы саласындағы Үкіметтің, уəкілетті органның, Ұлттық банктің құзыретін айқындайды. Құжат отандық зергерлік өнеркəсіпті қолдауға жəне Қазақстан аумағындағы құрамында алтыны бар шикізатты мейлінше

өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Отандық өндірушілердің бəрі шикізатты өңдеуден бас тартса немесе уəкілетті орган осындай бас тартудың барлығы туралы растаса ғана құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын шетелдерге өңдеуге шығару мүмкін болады. Қазақстан аумағында ғана емес, шетелдерде отандық шикізаттан өндірілген аффинирленген алтынды алуда Ұлттық банк басымдық құқығына ие болады. Зергерлік жəне басқа да бұйымдарды міндетті түрде сынамалау жəне таңбалау туралы ереже енгізілді, зергерлік жəне басқа да бұйымдарды сатуға қатысты ережелер реттелді. Заңнамаға спорттық жəне спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мəдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша түзетулер екінші оқылымда қаралды. Заң жобасы жергілікті атқарушы органдардың бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатыстырылған ұйымдардың қызметін үйлестіретін ұйымдастыру комитеттерін құруын қарастырады. Ұйымдастырушыларға іс-шараға қатысатын көрермендердің болжалды саны туралы, сатылған билеттердің, тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарды уақтылы хабардар ету жөніндегі міндеттер жүктеледі. Аза мат тардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаларға іс-шараларға барған кезде тыйым салулар

мен шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, стадиондарға алкоголь өнімдерін, шыны жəне металл ыдыстағы өнімдерді, пиротехникалық өнімдерді алып кіруге, адамдар өміріне қауіп төндіретін кез келген заттарды мінбелер мен спорт алаңдарына лақтыруға, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық жəне діни араздық туғызатын плакаттар мен эмблемаларды пайдалануға тыйым салынады. Бұл заң бойынша сөз алған сенатор Дулат Құсдəулетов заң жобасын əзірлеуші мемлекеттік органдар қалыптастырып алған, бүгінде жағымсыз көріністерге ұласып, жүйелі сипатқа ие болып отырған қасаң тəжірибеге назар аударды. «Мемлекеттік органдар заң жобалары Сенаттан өткен кезінде ескертпесіз кетуіне мейлінше күш жұмсайды. Ол үшін мемлекеттік органдар

заңның сапасына мəн берместен, Мемлекет басшысының шұғыл қабылдауға берген тапсырмасын алға тартады. Біз оларға түсіністік білдіріп, бір отырыста заң жобаларын екі оқылымда қарайтын кездеріміз де бар. Ал депутаттардың негізделген жəне құқықтық тұрғыда тексерілген, заң жобаларын елеулі түрде жақсартатын ескертпелері мен ұсыныстары ескерусіз қалады», – деді сенатор. Депутат «Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға түзетулер бойынша жұмысты мысалға келтірді. Жан-жақты талқылаудан кейін құжат сенаторлардың түзетулері мен Мəжіліске жіберілді. Шараны ұйымдастырудағы талаптардың бұзылғаны үшін əкім шілік жауаптылық белгіленді. Шара өтетін орын

Ассамблея – тўраќтылыќ пен келісім кепілі (Соңы. Басы 1-бетте).

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы студенттер алдында оқыған дəрісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ішкі тұрақтылық пен ұлтаралық келісімге қосып келе жатқан үлесі мен рөлі, Н.Назарбаевтың басты ұлттық жобалары жəне халықаралық бастамалары туралы тақырыптарды да көтерді. «Қазақстан халқы Ассамблеясының сараптарына қарағанда, Нұрсұлтан Əбішұлы Қазақстан халқының сеніміне абсолютті түрде ие болып отыр. ҚХА-ның зерттеулерінше, этносаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің Президент

Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген үлгісі еліміздің бес аса ірі жеңіске қол жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр. Оның ең біріншісі халық арасында табысты интеграция болып, қазақстандықтардың 95 пайызына «біз республиканың біртұтас халқымыз» деген мəлімдеме жасатты. Екіншіден, Қазақстан қауіпсіз жəне тұрақты елге айналды. Сауалдамаға жауап бергендердің 85 пайызы осылай деп отыр. Үшіншіден, Қазақстанның полиэтностығы елдің стратегиялық ресурсына айналды. Сонымен қатар, халықтың 94 пайызы Қазақстандағы этносаралық қатынасты тұрақты деп жауап берген. Ал респонденттердің

84 пайызы барлық азаматтарға бірдей құқық беріліп, мүмкіндіктер ашылған дегенді айтқан. Ал Елбасы өзінің этностық құқығын қорғайтынына сенімдімін деп сауалдама жүргізілгендердің 97 пайызы мəлімдеген. Осының өзі биылғы жылғы президенттік сайлауда айқын көрінді», – деді Мемлекеттік хатшы. Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда саяси тұрақтылық, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік қазақстандық өмір салты екенін, ал этностық, мəдени жəне діни əралуандық жасампаздық пен даму ресурсына айналғанын үлкен сеніммен атап көрсетті. Ассамблеяның 20 жылдық

Халыќ мїддесіне сай кодекс (Соңы. Басы 1-бетте). Брифингте айтылып өткендей, жаңа Кодекс бойынша, біріншіден, жұмыс берушілер үшін жұмысқа алу, кадрлық ауысу, жұмыстан босату, жұмысшылардың еңбек шарттары мен еңбекақы төлеу рəсімдері жеңілдетіліп, екіншіден, жұмысшылардың базалық еңбек кепілдіктері мен құқықтары айқындалып, оларды жеке, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдер арқылы өзгертуге мүмкіндік беріліп отыр. И.Аронованың сөзіне қарағанда, жаңа Кодексте, бірінші кезекте, қарапайым еңбеккерлердің мүддесі барынша қорғалған. Мəселен, бұл Кодекс бойынша, зейнетке шығуына екі жылдан аз уақыт қалған зейнеталды жастағы жұмысшылармен еңбек шартын бұзуға тыйым салынған.

Вице-министр Біржан Нұрымбетов келесі жылдың басында күшіне енетін Еңбек кодексі шеңберінде жұмысшылардың құқықтарын қорғау тетіктеріне тоқталып өтті. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілгендей, біздің алдымызға еңбек нарығын ырықтандыру міндеті қойылып отыр. Сондықтан, осы міндетті орындау мақсатында қабылданған жаңа Еңбек кодексін дайындау барысында əлемдік тəжірибелер молынан ескерілді. Əсіресе, біз жұмысшылардың құқығын қорғау тəжірибелеріне баса назар аудардық», – деді Б.Нұрымбетов. Вицеминистрдің айтуынша, жаңа Еңбек кодексі жұмысшылардың Конституциямен белгіленген құқықтарын толығымен қамтамасыз етеді. Өз кезегінде Кəсіподақтар

федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева Кодекс жобасын қарастырудың бірыңғай амалын ойластыру үшін Федерация жанынан жұмыс комиссиясы құрылып, құрамына салалық кəсіподақтардың өкілдері мен аппарат қызметкерлері енгенін сөз етті жəне аймақтарда, салалар мен еңбек ұжымдарында кең ауқымды талқылаулар жүргізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, комиссия жұмыс істеген уақыт ішінде 200-ден астам ұсыныс пен толықтырулар түсіп, түпкі нəтиже ретінде олардың 117-сі Еңбек кодексінің жобасына енгізілген. Гүлнар Жұмагелдиеваның мəліметінше, еңбек заңдылықтарының сақталуына қоғамдық бақылау жасау тек кəсіподақ тарға ғана бекітіліп берілген. Кəсіподақтар жаңа Еңбек кодексінің жобасында

Партия ќатары танымал азаматтармен толыќты «Ауыл» ХДПП-ның орталық аппаратында партия қатарына жаңадан қабылданған еліміздің белгілі азаматтарына – əнші, ақын-жазушы, спортшылар мен шаруа қожалықтарының иелеріне партия билетін салтанатты табыстау рəсімі өтті. Шара барысында партиялықтар «Ауылдың» жаңадан құрылып, жасақталу үдерісінің аяқталғанын айтты. Олардың айтуларынша, партия мүшелері мен жақтастары ел экономикасы мен əлеуметтік саласын дамытуға бағытталған шараларды жүзеге асыруға білек сыбана кірісуге дайын көрінеді. Сонымен қатар, «Ауыл» партиясы республикада болып жатқан барлық оң өзгерістердің ұйытқысы болуға ұмтылатыны атап өтілді. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы қоғамның барлық тобын, барлық аумақтық бөлімшелер, кəсіпорындар мен шаруашылықтарды қамтитын біртұтас, жинақталған, жұмысқа қабілетті партиялық құрылымды жасақтауды мақсат тұтып келеді. «Партия атын нақты істер шығаруы тиіс. Бұл – біздің басты ұстанымымыз. Кішігірім болса да нақты əрі тиімді істер идеологиясы – партияның басты басымдығы», – деп атап өтті партия

төрағасы, Сенат депутаты Əли Бектаев. Қысқа мерзім ішінде «Ауыл» ХДПП өз жақтастарының институтын құрды. Партия бастамаларын талқылау кезінде олар салиқалы ой айтып, ұсыныстарын алға тартады. Бұл – партия қатарын толықтырудағы біздің əлеует. Дəл осы жақтастар ортасында бағалы да құрылымды ұсыныс-пікірлер жинақталады, олар партия идеяларын ел ішінде таратушы күш жəне, ең бастысы, партия қатарын толықтыратын резерв», – деп атап өтті төраға. Қоғамда «Ауыл» партиясының алдағы жұмысына деген оң көзқарас, сенім қалыптасқан, ендігі міндет – осы үмітті ақтау. Партияның ел дамуына сүбелі үлес қосатындай қуаты, қоры, жəне ең маңыздысы – ниеті бар екенін көрсету, дəлелдеу. Ауыл партиясы Орталық аппаратының ұстанымы осындай. «Егемен-ақпарат».

санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмесе, анықталған тəртіп бұзушылықтар жойылғанға дейін шараны өткізуге тыйым салынады. Отырыста заң жобалары бойынша Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, Энергетика министрі Владимир Школьник, Инвестициялар жəне даму министрі Əсет Исекешев қажетті түсініктер берді. Депутаттар ұйымдастыру мəселесін қарап, сенатор Аңсар Мұсаханов Парламент Сенатының Аграрлық мəселелер, табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі болып сайланды. Отырысты қорытындылай келіп, жоғарғы палата басшысы Қ.Тоқаев өтіп бара жатқан жыл ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша қарқынды жұмыстарға толы болғанын атап өтті. «Парламент Елбасының стратегиялық бағдарламаларын іске асыру мақсатында 167 заң жобасын қарастырып, дер кезінде қабылдады. Олардың басым көпшілігі «Нұрлы Жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын құқықтық жағынан қамтамасыз етуге арналғанын айрықша атап өту қажет», – деді Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы ел дамуы үшін аса маңызды кешенді шараларды жедел жүзеге асыру үшін депутаттардың заң жобасы бастамашыларымен жəне палата аппарат қызметкерлерімен үйлесімді қызмет еткенін атап өтті. Қ.Тоқаев алға қойылған міндеттер жаңа жылда да табысты іске асырылатынына сенім білдірді.

дамуының қорытындысын шығара отырып, Г.Əбдіқалықова Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің, қоғамның ықпалдасуының конституциялық қағидаттары орныққанын жеткізді. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның ортақ міндеті – «Баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет»: 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын іске асыруға этномəдени бірлестіктердің, жұртшылықтың, барша халықтың белсене қатысуын қамтамасыз ету болып табылады, дей келіп, дəрістің соңында

Қазақстан халқы Ассамблеясының басты миссиясы мен міндеті – ел халқын біртұтас етіп біріктіру ісінің табыспен орындалғанын жəне алдағы уақытта да осы істі жалғастыратынын көлденең тартты. «Бүгінде Ассамблея – тұрақтылықтың сенімді факторы, қоғамдық келісімнің берік іргетасы, орнықты дамудың кепілі», – деді ол. Іс-шараға Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен осы ұйымның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, мемлекеттік ор гандардың, этномəдени бірлес тіктердің өкілдері, ғылым мен өнер қайраткерлері, Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының студент жастары қатысты.

жұмыскерлердің еңбекақысындағы негізгі еңбек ақының үлесі, бір жолғы ынталандыру төлемдерін есепке алмағанда, 75 пайыздан кем болмауын қамтамасыз етуді қорғап қалған. Жұмыс уақытынан тыс, түнгі мезгілдегі, мереке жəне демалыс күндеріндегі жұмыстар үшін төленетін еңбекақы жұмыскердің күндізгі (сағаттық) еңбекақы мөлшерінің 1,5 есе көлемінен кем емес мөлшерде белгіленген. «Жаңа Еңбек кодексіне сəйкес, жұмыс беруші мен жұмыскердің ара қатынасы көп жағдайда ұжымдық келісімшарт арқылы қалыптасатын болады. Ұжымдық келісім шарт тиімді əлеуметтік үнқатысу орнату мүмкіндігі беріліп, сонымен қатар, үлкен жауапкершілік жүктелетін кəсіп одақ тар дың мəртебесі мен рөлін арттыратын негізгі құқықтық құжатқа айналады», – деді Гүлнар Жұмагелдиева. Кəсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары жұмыс

берушілердің еңбек заңды лықтарының талаптарын, оның ішінде ұжымдық келісімшарт жасау жөніндегі келіссөздерді жүргізуден бас тартқанын, жасалған ұжымдық келісімшарт пен келісімдердің талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілігі күшейтілгенін де атап айтты. Жиында белгілі болғандай, аталған мəселеге қатысты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аясында бастауыш кəсіподақ ұйымдарының 13 мыңнан астам төрағалары мен кəсіподақ белсенділері тартылыпты. Оқыту семинарлары, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп, өңірлерде қоғамдық қабылдаулар жұмыс істей бастаған. Сондай-ақ, жаңа Кодекстің халыққа қыр-сырын түсіндіру мақсатында Кəсіподақтар федерациясының ресми сайтында арнайы айдар ашылған жəне осы бағытта ресми баспасөз беттерінде мақалалар жариялану жолға қойылған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 42 өкіміне қосымша 2015 жылы мəдениет саласында мемлекеттік стипендия берілген адамдардың ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ Əдебиет қайраткерлері - 1976 жылы туған, ақын - 1946 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ашықбаев Ертай - 1956 жылы туған, ақын, аудармашы Баянбай Қастек - 1936 жылы туған, жазушы Дəутайұлы Несіпбек - 1947 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты Елубаев Смағұл - 1947 жылы туған, жазушы Естенов Арасанбай - 1953 жылы туған, жазушы, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты Жұртбай Тұрсын - 1950 жылы туған, сыншы, əдебиеттанушы Исабаев Нұртас - 1954 жылы туған, ақын Кемелбаева Айгүл - 1965 жылы туған, жазушы, əдебиеттанушы, кинодраматург, эссеші, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Комов Сергей - 1967 жылы туған, ақын, жазушы, аудармашы Құлиясов Табыл - 1935 жылы туған, жазушы Лушникова Надежда - 1940 жылы туған, ақын Мақсатова Патигул - 1959 жылы туған, ақын Намазшамова Сағыныш - 1978 жылы туған, ақын, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің жүлдегері Ниязбек Рапилбек - 1943 жылы туған, ақын Нұржан Светқали - 1962 жылы туған, ақын, аудармашы, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Нұржекеев Бексұлтан - 1941 жылы туған, жазушы Нұрмағамбетов - 1945 жылы туған, жазушы Тынымбай Омарова Құралай - 1983 жылы туған, ақын, халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің лауреаты Оразбаев Иранбек - 1947 жылы туған, ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Отарбаев Рахымжан - 1956 жылы туған, жазушы-драматург Сарбалаев Бақыт - 1947 жылы туған, сыншы, халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің кавалері Сегізбайұлы Кəдірбек - 1941 жылы туған, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шашкова Любовь - 1951 жылы туған, ақын, «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталған Ақынбаба Ақсұңқар Ахметова Күлəш

Өнер қайраткерлері - 1979 жылы туған, киноактер - 1984 жылы туған, театр жəне кино актері - 1970 жылы туған, əнші, композитор - 1946 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық əртісі Батай Жандəулет - 1984 жылы туған, театр жəне кино актері, əнші-композитор, халықаралық конкурстардың лауреаты Бекбосынов Қажыбек - 1946 жылы туған, əнші, Қазақстанның халық əртісі Воронцова Анастасия - 1985 жылы туған, актриса Есенғұлова Шахарбанум - 1946 жылы туған, актриса, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген əртісі Жармұхамед Тасқын - 1981 жылы туған, композитор, халықаралық жəне республикалық конкурстардың лауреаты Жұбатырова Рахима - 1943 жылы туған, əнші, Қазақстанның халық əртісі Зұлқаш Чапай - 1938 жылы туған, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Иханова Аманкүл - 1948 жылы туған, сəндік-қолданбалы өнер суретшісі Құли Есенбай - 1976 жылы туған, əнші-композитор Лебедев Игорь - 1937 жылы туған, дирижер, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің кавалері Мақажанова Жанель - 1987 жылы туған, актриса Манская Инесса - 1945 жылы туған, балет əртісі, Қазақстанның халық əртісі Мəдиев Санжар - 1986 жылы туған, кино актері Мукарам Авахри - 1983 жылы туған, хореограф, режиссер Мұхамедқызы Майра - 1965 жылы туған, опера əншiсi, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нарымбетов Сатыбалды - 1946 жылы туған, кинорежиссер Нөгербек Бауыржан - 1948 жылы туған, кинотанушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Омаров Қанат - 1988 жылы туған, дирижер Рысқали Ерлан - 1982 жылы туған, əнші Турпаян Людмила - 1946 жылы туған, актриса, Қазақстанның халық əртісі Тыныштығұлова Сара - 1942 жылы туған, əнші, Қазақстанның халық əртісі Айтжанов Берік Ахметов Əділ Əбдіқалықова Елена Əспетова Гүлжан

Ќўнды шыєармаларєа ќўрмет пен ќолдау 2016 жылєы Əдебиет пен ґнер саласындаєы Ќазаќстан Республикасыныѕ Мемлекеттік сыйлыєынан їміткерлерге КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ Əдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссиясы 2016 жылғы Мемлекеттік сыйлыққа конкурс жариялайды. Əдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы отандық мəдениетті дамытуға ерекше бағалы үлес деп танылған əдебиет пен өнер саласындағы аса үздік шығармалары үшін беріледі. Конкурстық шығармаларды қабылдау 2016 жылдың 1 наурызына дейін жүргізіледі. Мемлекеттік сыйлыққа үміткер авторлар, олардың конкурсқа ұсынған еңбектерінің тізімдері жəне үміткерлерді ұсынып отырған ұйымдардың аттары ашық жариялылық түрде кеңінен талқылану мақсатында республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сəйкес Мемлекеттік сыйлықты алуға жұмыстарды қабылдау аяқталғанға дейін бес жылдан əрі емес

жəне кемінде бір жыл бұрын көпшілік айналым үшін орындалған бір автордың немесе авторлар ұжымының жұмыстары қабылданады. Жұмыс Мемлекеттік сыйлыққа бір рет қана ұсыныла алады. Бұрын Қазақстан Республикасы сый лықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттік сыйлық алу конкурсына жіберілмейді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы лауреатының жаңа жетістіктері болған ретте бұл сыйлық оған қайтадан, бірақ көрсетілген сыйлық осының алдында берілгеннен кем дегенде бес жылдан кейін берілуі мүмкін. Əдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған ізденушілер ұжымы 5 адамнан аспауы тиіс. Бір ізденушінің кандидатурасы Мемлекеттік сыйлыққа екі жəне одан да көп жұмыстар бойынша ұсыныла алмайды. Бір автор немесе авторлар ұжымы Мемлекеттік сыйлыққа қатарынан екі рет ұсыныла алмайды.

Тұлға мемлекеттік сыйлық алуға ұсын ғаннан кейін қайтыс болған жағдайды қоспағанда, Мемлекеттік сыйлық қайтыс болғаннан кейін берілмейді. Бұл жағдайда қайтыс болған лауреаттың дипломы, төсбелгісі мен ақшалай сыйақысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мұра бойынша беріледі. Үміткерлердің кандидатураларын мемлекеттік органдардың алқалары, шығармашылық одақтар мен ұжымдар ұсынады. 2016 жылғы Əдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі шешім Қазақстан Рес пуб ликасының Тəуелсіздігі күні қарсаңында республикалық баспасөз беттерінде жарияланады. Ұсынылған еңбектерді тіркеу үшін мына құжаттар қажет: 1. Мемлекеттік органның немесе шығармашылық одақтың ұсынысы. 2. Жиналыс хаттамасы. 3. Шығармашылық мінездеме. 4. Үміткердің жеке іс қағазы. 5. 2 дана суреті (3х4). 6. 20 дана

ұсынылған еңбек. 7. Тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесі. 8. Шығарманың авторы жəне шығарма жөнінде қысқаша нақты мəлімет (мемлекеттік жəне ресми (орыс) тілдерінде). 6-шы пунктке байланысты түсініктеме. Кітаптар, ноталық жазбалар, бейнелеу өнері туындыларының репродукциялары, сəулет өнерінің схема-сызбалары, ғимараттардың, кешендердің т.б. фотосуреттері, кинофильмдер мен спектакльдерден бейнетаспалар немесе фотокөріністер, концерттік қойылымдар мен орындаушылық өнердің бейне немесе аудио-таспалары 20 дана етіп ұсынылады. Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылатын еңбектер жəне тиісті құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8, «Министрліктер үйі», Қазақстан Республика сының Мəдениет жəне спорт ми нистр лігі, 15-кіреберіс, 5-қабат, 521-бөлме. тел.: 8 (7172) 74-04-75


3

www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

БƏСЕКЕДЕ БƏСІМІЗ БИІК Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев күмəн мен күдікке толы сонау жылдардан бастап, туған халқының тағдырына қатысты мəселелерді жүз ойланып, мың толғанып оң шешімін табуы үшін түн ұйқысын төрт бөлгенін жақсы білеміз. Ол Қазақстан халқын құрайтын сан ұлт өкілдерінің өзара татулығына арқа сүйеді. «Кемедегінің жаны бір» дегендей, ұлттар достығы деген сөзді шегелеп жеткізді. Бұл мəселеге байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған жұмысы киелі шаңырақтағы бірліктің уығын бекітіп, шаңырағын шаттыққа бөлегеніне күн сайын көз жеткізіп келеміз. Елбасы бұл мəселеде де аса көрегендік танытып отыр. Міне, қоғамда қалыптасқан бүгінгі ахуалға байланысты Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» халыққа арнаған Жолдауында тың міндеттерді алға тартты. Халық оны ынта-ықыласпен қабылдады. Дағдарыс төрімізге шықпаса да есігімізді қағып, дүрбелеңге толы дүниенің əрбір күні көңілге алаңдаушылық əкелді. Сөйтіп, санаға салмақ салып отыр. Бірден айту керек, Жолдау көңілдегі көп күдікті сейілтті. Алаң көңілді орнына түсірді. Уақытша қиындықтарды жеңетінімізге, жүзеге асырылып жатқан түбегейлі өзгерістердің нəтижесінде болашағымыз жарқын болады деген сенімді нығайта түсті. Елбасы мұндай қиындықтар қазіргі

Сенімді ўштай тїсті Лаззат ТҰРЛАШЕВ,

Парламент Сенатының депутаты.

Тəуелсіздіктің туын көтергенше қазақ халқының қаншама тауқымет шеккенін тарлан тарих жақсы біледі. Əрине, оны еске алып, ежіктей бергеннен енді ұтарымыз да шамалы. Десек те, ширек ғасыр аралығында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мүлдем жаңа мемлекет құрғанын жəне оның керегесі кең, шаңырағы биік екенін ерекше мақтанышпен əрдайым еске алып отырғанымыз жөн. Қазақстан – киелі, қасиетті, үлкен шаңырақ. Оның астына тағдырдың тəлкегімен төрт тарапқа түгелдей шашырап, босып кеткен, өзге мемлекеттерді паналаған қандас бауырларымыз жиналды. Олар атабабасының кіндік қаны тамған атамекеніне оралуға мүмкіндік алды. Сөйтіп, ортамыз толды. Елім деп келген ағайынға мүмкіндігінше əлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалды. Қазір олардың алды бақуатты бизнесмендер, қалталы азаматтар қатарынан саналып жүр. Ал көпұлтты еліміздегі достық пен бірлікке келсек, бұл

мəселе де оң шешіліп отыр. Қазақ жерінен бақыт тапқан өзге ұлт өкілдері салт-дəстүрін, тілі мен дінін сақтап, өнегелі тұрмыс кешуде. Біздің елде жасалып жатқан игіліктің бəрі, бəрі – халық үшін. Жақсы, жаңа бастамалар мен оң реформалардың авторы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мəңгілік Ел болу үшін бізде бəрі бар. Тəуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – Тəуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, тілегіміз – бірлік! Мен халқыма сенемін», деген сөзін бүгінгі күннің басты бағдары, қазақстандықтарға жүктелген зор жауапкершілік деп қабылдаған жөн. Адам жақсылыққа тоймайды. Шығыс даналығына сай, «Жақсылықты үнемі жасап отыру қажет» деген тəмсілге сүйенсек, жақсылық жасаған адамның да жақсылығын ұмытпай, үнемі жадында ұстап, айтып отыру қажет. Мұны айтып отырғаным, Қазақстан

əлемдегі экономикалық саясаттың салдарынан болып отырғанын, дағдарыстың əлі де жаңа толқынының келетінін, оған дайын болу керектігін бұған дейін де айтқан. Жолдаудағы: «Сəт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Ең жақсы жоспар – уақыт талабына бейімделе алатын жоспар. Біз де заманның беталысына қарай межелерімізді белгілеп, жоспарларымызды жөндеп отырамыз», деген тұжырымдар ойға оралады. Расында, біз заман ағымына қарай жоспарларымызға тиісті өзгерістер енгізіп, қандай жағдайға да сақадай-сай болу жайын ойластыра бастадық. Бұған мұнай баррелінің бағасы 30 немесе 20 долларға дейін төмендеген жағдайға арнап жасалған іс-қимыл жоспар-нұсқасының əзірленгені дəлел бола алады. Тіпті, сондай жағдайдың өзінде, Елбасымыз атап өткендей, біз халықты əлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыруды жалғастыратын боламыз. Жолдауда көрсетілгендей, нарықтық

экономика – шын мəніндегі күштілердің бəсекесі. Сондықтан да, замана көшінен қалмай, барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, қуатты елдердің қатарынан көрінуге, ол үшін, ең алдымен, бəсекеге қабі летті болуға ұмтылуымыз керек. Нұр сұлтан Əбішұлы содан кейін де «Қазақстанда жасалған» əрбір бұйымның сапалы да ыңғайлы, əдемі де арзан болуы қажеттігін ескертті. Сонда ғана ісіміз өнімді, тауар өтімді болатынын тұжырымдады. Бұл – кəсіпкерлер мен іскер азаматтарға берілген нақты тапсырма. Осы тапсырма өз дəрежесінде орындалғанда ғана бəсекеге қабілеттілік жайында əңгіме қозғауға болады. Дана халқымызда «Кеңесіп іс басқару – келелі елдің белгісі, Жұмыла жұмыс атқару – өрелі елдің белгісі» деген ұтымды бір нақыл бар. Құнды құжаттың əр жолы осындай келелі кеңеске, нақты тапсырмаға құрылған. Оқи отырып, Елбасының туған халқының ертеңіне деген алаң көңілін ұғасың. Мəселен, Нұрсұлтан Əбішұлының алдағы бірнеше жылды ғана емес, əлденеше онжылдықтарды ойластырып, Ұлттық қор құрғандығы Мемлекет басшысы ретіндегі көрегендігін көрсетеді. Аталған қорда жинақталған қаражаттың қиын-қыстау шақта пайдасы тиді, алдағы уақытта да көмегі ұшан-теңіз болатыны сөзсіз. Тек ол қаражатты ағымдағы шығындарды жабу үшін жұмсай беруге болмайды. Жолдауда нақ осы мəселенің көтерілгені де өте орынды болды. Елбасы Үкіметке Ұлттық қор дағы қаражатты қа лыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжы рымдамасын əзірлеуді тапсырды. Алдына биік мақсаттар қойған мемлекет қана толымды та быстарға қол жеткізе алады. Сол ақиқатты негізге алған Елбасы Қазақстанның алдына таяудағы онжылдықта жүзеге асырылатын күрделі міндеттер қойып отыр. Оның қай-қайсысы да жүйелі жұмыс жасауды жəне орасан күшжігер жұмсауды талап етеді. Экономиканың жыл сайынғы өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету, өңделген тауарлардың экспортын 2015 жылмен салыстырғанда кем дегенде екі есе ұлғайтып, оны жылына 30 миллиард долларға дейін жеткізу, экономикаға жыл сайынғы инвестициялардың көлемін 10 миллиард доллардан астамға ұлғайтып, тұтастай алғанда, 10 жыл ішінде кем дегенде 100 миллиард долларға жеткізу, 660 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрып, еңбек өнімділігін екі еседен астамға арттыру сияқты ғаламат жоспарларды жүзеге асыру, бір қарағанда, мүмкін еместей көрінеді. Алайда, Жолдау мəтініне тереңірек үңілген сайын мұндай міндеттердің нақты есепке, ғылыми негізі бар болжамға құрылғандығына көзіңіз жете түседі. Бұл шаралардың бəрі нақты сипатқа ие, əдеттегіше сенімді қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Содан кейін де дағдарысты еңсеру, өсу мен өркендеу жоспа ры ның орындалатынына шүбəсіз сенесің. Жаһандық ахуал тек əртараптандырылған экономиканың ғана дағдарысқа қарсы тұра алатынын көрсетті. Индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудағы мақсат та осыған келіп тіреледі. Бұл бағытта жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар шикізат экспортына, оның бағасына тəуелділіктен құтылатын жақсы күннің алыс еместігін дəлелдей түседі. Нұрсұлтан Əбішұлының: «Дағдарыстардың бəрі өткінші, өтеді де кетеді. Ел тəуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар ғана мəңгі. Мен айтып өткеннің барлығы жеңуге болатын, біз жеңе алатын бөгеттер. Біз көлденең шыққан кедергілерге кідірмей, дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсатына қадам басамыз», деген сөздері бұл орайдағы сенімімізді одан əрі ұштай түседі. Түптеп келгенде, еліміз дамудың жаңа шептеріне шығып, Елбасымыз айтқандай, жаһандық дағдарысты жеңетінімізге кəміл сенеміз.

Абайдыѕ «кəсіпкерлік идеясына» їѕілейік Бақытжан САТЕРШИНОВ,

Білім жəне ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану жəне дінтану институты дінтану бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы əлем елдерінің көпшілігін қамтыған жаһандық дағдарыс жағдайында жарияланды. Дүниені дүр сілкіндірген саяси дағдарыстар елдің құлағын елеңдетіп отырса, қазіргі əлеуметтікэкономикалық жағдай халықты белдікті бекемірек бууға итермелейді. 2007 жылы болған жəне қазір қайталанып отырған ғаламдық дағдарыс əр елдің ішкі жағдайына өзінің үлкен ықпалын тигізуде. Əсіресе, əр алуан трансформацияларға экономика саласы, оның ішінде, қаржы секторы барынша сезімтал екендігін көрсетуде. Кез келген мемлекеттің мұндай қатерге қарсы тұра білу қабілеті оның экономикалық жəне қаржылық қуатымен айқындалады. Ол мемлекет өзінде бар қаржылық жəне ақшалай кредиттік құралдармен экономикасын реттей алуы керек. Қазіргі қаржылық-экономикалық дағдарыстар

қаржы секторынан асып, өндіріс саласына өтуде. Ол жекелеген елдердің экономикасындағы ғана емес, жалпы əлем дік шаруашылыққа тəн қайшылықтардың бар еке нін айғақтайды. Негізгі əлемдік валюталармен қатар, ұлттық валюталардың да тұрақсыздығы тауарлар мен қызметтердің құнын шынайы бағалаудан, өлшеуден, айырбастаудан алшақ екен дігін, өндіріспен қатар, қаржылық-экономикалық саладағы диспропорцияны байқатады. Экономикадағы дисбаланс девальвация, инфляция, əлеуметтік тұрақсыздық құбылыстарына əкеледі. Əр мемлекет, оның ішінде Қазақстан мұндай салдарлардың алдын алу үшін өзінің ұлттық экономикасы мен қаржылықэкономикалық қауіпсіздігімен қатар, ысырап пен қазына қорын мақсатсыз жұмсаудан айығып, қанағатшылық, үнемділік, шүкіршілік тəрізді ұлттық рухани құндылықтарды жаңғыртуы тиіс. Президент мұны «шамаңа қарап өмір сүру» деп қадап айтты. Елбасы өзінің Жолдауында Қазақстанның Дүниежүзілік

сауда ұйымына енуі барысында бəсекеге қабілеттілікті арттыруға, Мəңгілік Елге реформа, өсу жəне даму арқылы жетуге, қазіргідей сыртқы ық палдарға қарсы нақты ішкі мүмкіндіктерді қарсы қою арқылы жетуге үндеді. Мемлекетке қол жаюға дағдыланған əдеттен арылып, жеке бастамаларға бағдар ұстанатынын айтты. Тиімсіз, бəсекеге қабілетсіз кəсіпорындарды банкротқа шығарып, «сапалы, ыңғайлы, əдемі əрі арзан» тауарлар шығаратын өндіріс ошақтарына мəн беруді ұсынды. Елбасының тағы бір мəн берген мəселесі – бұл еңбекке деген қатынасты өзгерту. Жалқаулықтан арылуды, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыруды еске салды. Жолдаудың тағы бір үлкен жаңалығы – жастарға тегін кəсіптік-техникалық білім беру. Бұл жаппай жоғары білімге ұмтылатын үрдістен тыйылып, еңбектің де адамды тəрбиелеуші, тазартушы күшке ие екендігін білдіруге үндейді. Иə, сонау қазақтың «мұңсыз-қамсыз қоғамынан» (Шоқан Уəлиханов) бері, қазақ ағартушыларының сынынан

бері еңбектің қазақ үшін өзектілігі күн тəртібінен түскен емес. Қазақ əлі күнге дейін құрылысқа сырттан келген гастербайтерлерді тартады, өндіріске сырттан инвестиция іздейміз. Ал ішкі ресурстарға мəн бермейміз. Қазақ кəсіпкерлері бəсекеге қабілетті болуы үшін, жекешелендірудің екінші толқынына белсене қатысуы үшін өзінің даралығы, ұлттық нақышы болуы керек. Ол сонысымен тартымды, өтімді бола алады. Батыстың бизнес жүргізуін жаттап қана қоймай, Абайдың «кəсіпкерлік идеясына» үңілген жөн. Ұлттық кəсіпкерлік пен шаруашылық жүргізу төлтума мəдени жəне рухани құндылықтарға иек артуы тиіс. Біз капитализм рухының протестанттық этикамен байланысты екендігін (М.Вебер) жақсы білеміз де, исламдық құндылықтарға негізделген бизнестің анағұрлым гуманды екендігін ескермейміз. ХIХ-ХХ ғасырларда білім мен ғылымға, ізгі шараларға үлкен үлесін қосқан қазақ байларының, меценаттарының үлгісін насихаттай білу керек. Ислам банкі мен исламдық қаржыландырудың əрекетін кеңейту қажет. АЛМАТЫ.

Сындарлы саясат – басты кїшіміз Халыққа арнаған Жол дауында Елбасы: «Бұл – тəу елсіздікті нығайту жолын дағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сəт. Тəуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекетімізді мызғымастай нығайта түсу үшін бізге əлі де өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді», – дей келіп, жаңа қатерлер мен тың мүмкіндіктер қатар өрбіген қазіргі жаһандық жағдайда дамудың басты бағыттарын жария етті. Президентіміздің ішкісырт қы ұстамды саясатының арқасында Қазақстан қаржылық дағдарыс шырмауына ілікпей сын-қатерлерден аман шығудың нақты жолдарын таба білді. Десек те, Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, қазіргі жаһандық дағдарыс жаппай қамту сипатына ие болып, барлық əлемдік рыноктар тұрақсыздықты бастан кешу де. Еліміздің экспорттық өнімдеріне сұраныстың күрт азаюы салдарынан экономикалық өсім нің баяулауы байқалады. Бұл – жаһандық шаруашылық байланыстарға қосылған барлық мемлекеттерге тəн. Сондықтан, барлығымыздың мойнымызда экономикамызды, мемлекетіміз бен қоғамымызды нығайтуды белгілеп берген шараларды жүзеге асыру міндеттері тұр. Осы тұрғыдан əңгімелейтін болсақ, тəртіп сақшылары да еліміздің күрделі, қиын кезеңнен аман-есен өтуіне қолдан келгенше қажыр-қайратын аямауға дайын. Президентіміздің Жолдауын Қазақстан халқы үшін жұмыла, күш біріктіре отырып, кез келген асуды бағындыруға арналған нұсқаулық деп те бағалауға болады. Қазақстан халқын татулық пен бірлікке ұйытып отырған Елбасының бастамалары бізді аянбай еңбек етуге жетелейді. Алдағы жылдың қаңтар айынан бастап жаңа қылмыстық заңнама қолданысқа енеді. Жаңа құжат авторлары биыл өңірімізге арнайы келіп, полицейлерге Қылмыстық процестік кодекстің ұтымды тұстарын түсіндірді. Бұдан бөлек, ғылымитəжірибелік семинарларда жаңа заңдардың негізгі ережелерінен жан-жақты мағлұмат беріліп, құқықтық саладағы проблемаларды шешуге қатысты келелі ойпікірлер айтылды. Əріптестікті дамыту, ынтымақтастық орнату мақсатында Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында ішкі істер департаментінің үйлестіру тобы мен Ресей Федерациясының Қорған, Омбы, Түмен облыстарының Ішкі істер министрлігі басқармасының қатысуымен мəжіліс өтті. Кездесу барысында екі елдің құқық қорғау органдарының арасында

қылмысқа қарсы ісқимыл жəне құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету жөніндегі өзара бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Полицияның же дел-қыз меттік жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық кеңестің жұмысы барынша жандандырылды. Кеңес мүшелері ішкі істер департаментінде өткізілген барлық іс-шараларға, жедел мəжілістерге қатысып, тəртіп сақшыларының жіберген қателіктеріне объективті баға береді. Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің мүшелерінің қатысуымен көшпелі кеңестер өткізу қолға алынды. Біздің департаментте жас қызметкерлер мен ардагерлер қызметінің сабақтасты ғын қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді. Жас кадрлар үшін тəлімгерлік институт, жауынгерлік жəне қызметтік дайындық мектебі жұмыс істейді. Жас сержанттар негізгі қызметімен бірге спорттық жарыстарда қабілеттерін байқатып, шығармашылық байқауларға белсене қатысады. Ал ішкі істер органдарының ардагерлері жастарға үнемі дұрыс жол сілтеп, ағалық ақылдарын айтып отырады. Бізде ардагерлерді «Қазақстан» шипажайына тегін емделу курстарына жіберу игі дəстүрге айналды. Жақында Тұңғыш Президент күні қарсаңында облысымыздың барлық аудандарынан келген 19 ардагер арнайы жолдамамен демалып қайтты. Жыл басынан бері Алматы қаласындағы шипажайға бұрынғы полицейлердің төрт легі барды. Қылмыстың алдын алу, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын енгізу жəне қоғамда тəртіпті сақтау бойынша жұмыстарды бір сəтке те босаңсытпаймыз. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыс пен топтық қылмыс саны əжептəуір азайды. Мүліктік қылмыстың жолын кесу мақсатындағы жұмыс нəтижесінде бөтеннің мүлкін ұрлау – 6,2 пайызға, ауыр қылмыс түрлері 29,3 пайызға азайды. Азаматтық қоғам институттарымен, бұқаралық ақ парат құралдарымен тығыз ынтымақтастық орнаған. Əрине, ауқымды жұмыс тындырылса да, алда шешімін күткен мəселелер жеткілікті. «...Бізде ең жақсы техникалық кадрлар, əлемдік деңгейдегі инфрақұрылым болуы, қоғамдық тəртіп пен адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс», – деген Елбасының сөздері бізді осы жылдың басты құжатында белгілеген нақты бағдарларды жүзеге асыруға міндеттейді. Берік БІЛƏЛОВ, Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры.

ПЕТРОПАВЛ.

Еѕбек – бəрін де жеѕбек Елбасымыз биылғы кезекті «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформа, даму» атты халыққа Жол дауында бүкіл əлемде жүріп жатқан экономикалық дағдарыстан шығуда аянбай еңбек етіп, өзіміздің дайындаған отандық тауарларымызды елімізде жəне сыртқа сату арқылы жағдайымызды жақсартуға болатындығын баса айтты. Қазақстанның əрбір тұрғынының арнайы білімі болуы керектігін əрі тауарларды жасап жатқан жұмысшылардың еңбегін бағалау қажеттігіне назар аударды. Елбасы енді 2017 жылдан бастап тегін кəсіптік-техникалық білім беру жүйесі енгізілетіндігін мəлімдеді. Шетел инвестициясын жəне жаңа технологияларды тарта отырып, өндірілген тауарлар экспортын ұлғайту арқылы көп қаржы елімізге келетін болады. Дүниежүзілік сауда ұйымына толық мүше болу арқылы елімізге жаңа сапалы өнімдер келетін болғандықтан Қазақстан тұрғындары арзан тауарларды сатып алу жəне өзімізде өндірілген тауарларды сату арқылы тұрмыс жағдайын көтеретін болады. Барлық қиындықтарға қарамастан

халықты əлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру жалғасып келеді. 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда 28 пайызға дейін, білім беру саласы қызметкерлерінікі – 29 пайызға дейін, əлеуметтік қорғаудағы қызметкерлердікі 40 пайызға дейін артатынын айтты. Ал 2016 жылы «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы 30 пайызға өсірілетін болады. Кадрларды кең ауқымды қысқа мерзімде қайта даярлау мен біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатыны белгілі болып отыр. Бұл əлеуметтік салаға үлкен қолдау жəне халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға көрсетілетін көмек болмақ. Алдағы уақытта еліміздің атқарған сапалы еңбегіміздің арқасында дамыған 30 елдің қатарына қосылатындығына сенімдімін. Осы бағытта күш-қайрат көрсетуіміз қажет. Төле НАРЖАНОВ, Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің бас бухгалтері.

Жамбыл облысы.


4

www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

 Көкейкесті Жақында Мемлекет басшысы «Үкімет азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясын құру туралы Заңға қол қойды. Бірінші кезеңде бірқатар əлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсететін төрт республикалық мемлекеттік кəсіпорын бір мемлекеттік корпорацияға біріктіріледі. Бұған дейін мемлекеттік кəсіпорындарға жүктелген барлық қызметтерді енді азаматтар бір жерден алатын болады жəне барлық үдерістер осында жүзеге асады. 2016 жылдың басынан жұмысына кірісетін корпорация туралы біз Инвестициялар жəне даму министрі Əсет ИСЕКЕШЕВПЕН əңгімелескен едік.

Жаѕа ќызметтіѕ жаќсылыєы кґп – Əсет Өрентайұлы, жаңадан құрылатын мемлекеттік корпорацияға қандай міндеттер жүктеліп отыр? Бірнеше кəсіпорынды бір жерге біріктіргеннен ұтарымыз не жəне бұған дейін жұмыс істеп келген ХҚОлардың ендігі тағдыры қалай болмақ? – Ең басты мақсат – бюрократияны азайту, көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етіп, оны ұсыну мерзімін барынша қысқарту. Барлық əкімшілік кедергілер жойылады жəне бизнес-үдерістерді оңтайландыру мен автоматтандыру арқылы шенеунік пен халықтың арасындағы тікелей байланыс мейілінше азаятын болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚО) 212 қызмет түрі ұсынылса, мемлекеттік корпорация 522 қызмет түрін көрсететін болады. Ал екінші кезеңде олардың саны 700-ге жетпек. ХҚО-лар тағдырына алаңдаудың қажеті жоқ, себебі мемлекеттік корпорация осы халыққа қызмет көрсету орталықтары негізінде құрылады. Корпорация күнделікті сағат 9.00-ден кешкі 20.00-ге дейін, тіпті, сенбі күні де жұмыс істейді. Мемлекеттік мекемелердің ақпарат тық жүйесіндегі интеграцияның есебінен қызметті ұсынудың мерзімі айтарлықтай қысқарады. – Сонымен, қандай құрылымдар біріктіріледі, нақтылай кетсеңіз? – Бұлар қызметін халық көп пайдаланатын кəсіпорындар. Атап айтқанда, «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталық», «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық», «Зейнетақы төлеу жөнін дегі мемлекеттік орталық» жəне Халыққа қызмет көрсету орталығы. – Мемлекеттік корпорацияға бірнеше кəсіпорын бірігетін болды. Бұл жаппай қысқартуға əкелмей ме? Корпорация жұмысына қанша адам тартылады? – Бірден айтайын, қысқарту болмайды. Көрсетілетін қызмет түрлері көбейетінін жоға рыда айттым ғой, демек қызметкерлерге жүктелетін міндет те артады. Дей тұрғанмен, əкімшілік қызметкерлері арасында оңтайландыру болуы мүмкін. Бірақ оларға сəйкесінше осы салада басқа жұмыстар ұсынылады. – «Үкімет азаматтар үшін» корпорациясы қазақ стандықтарға қандай мүмкіндіктер береді? – Мемлекеттік корпорация құру – көрсетілетін мемлекеттік қызметті дамытудың кезекті қадамы. Жер телімдерін беру, құрылысты жəне салынған үйді пайдалануға беру үдерісі мейлінше ашық болады. Біз сараптама жүргіздік. Бірқатар жағдайларда жер телімін ресімдеуден бастап, құрылыс салып, оны пайдалануға беру кейбір азаматтар үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт алады екен. Бұл деген өте көп уақыт. «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңның күшіне енуі жəне мемлекеттік корпорацияның құрылуы уақыт үнемдеп, бизнесүдерістің ашықтығын қамтамасыз етеді. Өйткені, азаматтарға ендігі жерде əкімдік пен монополиске барудың қажеті жоқ. Тек мемлекеттік корпорацияға келіп, құжаттарын өткізсе болғаны, əрі қарай корпорация жергілікті атқарушы органдармен жəне монополистермен өзі жұмыс істейді. Стандарттарда мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты мерзімі белгіленеді. Егер кімде-кім осы мерзімде жұмысты аяқтамаса ол ақпараттық жүйеде тіркелетін болады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері өтініштер қабылдап, дайын құжаттар берумен бірге, оларды өңдеумен де айналысады. Азаматтар мемлекеттік қызметті аудандар мен қалаларда ХҚО-лар арқылы, сонымен бірге, электронды жəне мобильді үкімет арқылы ала алады. Ал шалғайдағы ауыл тұрғындарына «Қазпошта» АҚ жəне мобильді ХҚО инфрақұрылымын пайдалануға болады.

– Мемлекеттік корпорация құрылғаннан кейін азаматтарға көрсетілетін қызметтердің құны өспей ме? – Жоқ, бағалар көтерілмейді. Керісінше, қызметтерді автоматтандыру мен оңтайландырудың есебінен республикалық бюджет шығындарын азайту шаралары қолға алынады. Бұл азаматтарға тегін алатын мемлекеттік қызметтер тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді. – Жемқорлық пен қызмет бабын асыра пайдалану сияқты келеңсіздіктерді болдырмаудың қандай амалдары қарастырылған? – Мемлекеттік корпорацияның құрылуымен бірге көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру одан əрі жалғасады. Яғни, мұның бəрі барлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету үшін жасалып отыр. Қандай да бір мəселені жасырып қалу, уақытынан кешіктіру деген болмайды. Қызметті тұтынушы барлығын қадағалап отырады. Бұл жерде жемқорлыққа жол берілмейді, себебі шенеунік пен азаматтың арасында тікелей байланыс болмайды. Барлығы екіақ терезе болады – «Электронды үкімет» жəне мемлекеттік корпорация. Азамат əрбір мекеменің есігін қағып жүрмейді. Мемлекеттік қызметті корпорация арқылы алады. Бұл жерде барлық үдеріс автоматтандырылған – электронды кезек, кедергісіз қызмет көрсету. Ол ақпараттық жүйеге тіркеліп отырады, ал біз мониторинг жүргізіп, бейнекамера арқылы қадағалап отыратын боламыз. Бізде ситуациялық орталық бар. Онда келген адам кезекте қанша тұрды, оған қалай қызмет көрсетті – барлығын көріп отырамыз. Стандарт бойынша бізде 25 минуттан артық кезекте тұрмауы керек. Ал уақыттан асып бара жатса, мəселені тездетіп шешуге əрекет жасаймыз. Ең басты мақсат – жемқорлықты болдырмау, барлық үдерістердің ашықтығын қамтамасыз ету. – Осынау тың бастаманы жүзеге асыруда шетелдік тəжірибелер ескерілді ме? Халыққа қызмет көрсетудің осындай үлгісі қандай елдерде бар? – Таяуда ғана қазақстандық делегация Service Canada мысалындағы мемлекеттік қызмет көрсетудің канадалық тəжірибесін зерттеп қайтты. Аталмыш ұйым Канаданың жұмыспен қамту жəне əлеуметтік даму министрлігі бағдарламасының бір бөлігі болып саналады. Ведомствоның негізгі мақсаты – неғұрлым күшті, бəсекеге қабілетті мемлекет құру жəне канадалықтардың өмір сапасын жақсарту. Қазақстандағы сияқты Service Canada ұйымы жұмысының негізгі қағидаты азаматтарға «бір терезе» тəсілі бойынша бір жерден түрлі қызметтер көрсету болып табылады. Дегенмен, мұнда жұмыссыздық бойынша жəрдемақылар, зейнетақылар мен сақтандыру ақыларын төлеу бойынша жағдайлар жасауға салмақ салынған. Оның сыртында Service Canada Канада үкіметінің өзге де 25 министрліктері мен агенттіктері үшін белгілі бір қызметтер көрсетеді. Қазіргі күні Service Canada

ұйымының елдің бүкіл өңірлерінде орналасқан 550 орталығы əртүрлі мемлекеттік қызметтер ұсынады. – Мүмкіндіктері шектеулі жандарға мемлекеттік қызмет көрсету барысы қалай болмақ? – Өздеріңізге мəлім, мүмкіндіктері шектеулі жандарға қызмет көрсету тəжірибесі халыққа қызмет көрсету орталықтарында та бысты қолданылып келген болатын. Ендігі жерде ол «Үкімет азаматтар үшін» корпорациясының жұмысында да пайдаланылмақшы. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері клиенттің өтінімдері бойынша оларға үйлерінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін І жəне ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдардың үйлеріне барып тұратын болады. Сөз орайында айта кетсек, өтінімді Бірегей байланыс орталығының 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы қалдыру мүмкіндігі қарастырылған. Бұған дейін І жəне ІІ топтағы мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі жандар өз үйлерінде тек Қазақстан Республикасының халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтерді ғана ала алатын. Бұдан былайғы жерде оларға Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының, Техникалық инвентаризациялау бюросының жəне Жер кадастры ғылыми-өндірістік орта лы ғының қызметтері де қолжетімді болмақ. Басқаша айтқанда, аталған мекемелерге барып уақыт шығындаудың қажеті болмай қалады, клиент үйінде отырып-ақ жер учаскесін немесе зейнетақысын ресімдей алады. Сол сияқты, өтінім білдіруші келісімін берген жəне оның үйінде интернетке қосылған дербес компьютері болған жағдайда, корпорация қызметкері оларды «Электронды үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет түрлерін алуға үйрететін болады. Айтқандай, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін қызметтердің ең бір кең тараған түрі ақпараттық, яғни мекен-жай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама, зейнетақы төлемдері туралы анықтама беру болып табылады. Сол сияқты, мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жəне кезекке қою, төлқұжаттар мен жеке бас куəліктерін ресімдеу жəне тұрғылықты жері бойынша тіркеу сияқты қызмет түрлері неғұрлым жиі талап етілетін қызметтерге жатады. – Ақпараттық техно логияларға қол жеткізуде ел азаматтарының мүмкіндіктерінің бірдей емес екендігі белгіл і. Əңгіме интернетке қолжетімділік жөнінде болып отыр. Бұл мəселе болашақта қалай шешілмекші? – Көптен бері жəне жиіжиі айтылып келе жатқан азаматтардың мемлекетпен өзара байланыстылығының мөлдірлігі мен қарапайымдығы біртіндеп жүзеге асып келеді. Ақпараттық технологиялар мен интернет желісінің халықтың қалың топтары үшін қолжетімді бола түсуі мемлекет пен азаматтардың бірлескен жұмысын тиімді

жолға қоюға жағдай жасайды. Ең бастысы, бұл үдерістен сырт қалмай, бүгінде мемлекет ұсынып отырған тетіктерді пайдалануға белсенді атсалысу қажет. Ресми статистикалық мəліметтерге сəйкес, 2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан тұрғындарының 68,1 пайызы бүгінде интернет пайдаланушылар болып табылады. Сонымен бірге, интернетті пайдаланушылардың тығыздығы қалаларда 76,9 пайызды, ал ауылдық елді мекендерде 56,4 пайызды құрайды. Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында ауылдық елді мекендерде мемлекеттік бюджет ақшасын шығындамай-ақ, жеке əріптес қаржылары есебінен талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысын жүргізу туралы шешім қабылданып отыр. Ол үшін «Қазақтелеком» АҚ пен жеке əріптес өздерінің жəне тартылған қаржылардың есебінен инфрақұрылым құрылысын жүргізетін жобалаушы компанияны құратын болады. Осылайша мектептерді, ауруханаларды, пошта бөлімшелерін, түрлі мемлекеттік ұйымдар мен бюджеттік мекемелерді жоғары жылдамдықты интернетке қосуды қамтамасыз ететін байланыс инфрақұрылымы пайда болмақ. Оның сыртында талшықтыоптикалық байланыс желісінің құрылысы ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға жəне электронды мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдай жасайтын болады. – Егер нақтырақ айтар болсақ, «Үкімет азаматтар үшін» корпорациясы жұмысының басты ерекшелігі қандай болмақ? – Мысал үшін мынадай бір жағдайды алайық. Айталық, бір азамат өзіне жеке үй салу жөнінде шешім қабылдады делік. Ол үшін жер учаскесін, құрылысты жүргізуге рұқсат алу керек, сонымен бірге, жобаны əзірлеп, келісу, жылу, жарық, байланыс жəне басқа да қызметтерді ұсынатын түрлі сервистік компаниялармен техникалық шарттар бойынша келісімге келу қажет. Ал барлық ведомстволар мен ұйымдардың түрлі жүйелерде жұмыс істеп, түрлі карталарды пайдаланатыны белгілі. Оның сыртында үдерістер көбіне-көп бір бірімен байланысты емес жəне тек қағазға жазылған ақпараттар ғана пайдаланылады. Осындай олқылықтардың салдарынан Қазақстан құрылысқа рұқсат алу жөнінен Doing business рейтінгінде 189 елдің ішінде 154-ші орын алып отыр. Осы проблеманы шешу үшін біз өтінім берушілер, мемлекеттік органдар, коммуналдық жəне жеке кəсіпорындар үшін бірегей терезеге айналатын ұлттық геоақпараттық жүйе құруды жоспарлап отырмыз. Қандай да бір шаруасы бар адам өзіне қажет қызметті «Электронды үкімет» порталы арқылы өтінім бере отырып ала алатын болады. Сұраным автоматты түрде бірегей жүйе бойынша мемлекеттік органдар мен коммуналдық кəсіпорындарға жіберіледі. Қызметшіге көлемі жағынан əртүрлі болып келетін қағаздағы карталарды өзара салыстырудың қажеті болмай қалады. Нысандар бірден картада орналастырылып, пайдаланушының көз алдында тұрады. Осылайша бір жұмыс үстелінде бір көкейкесті электронды картамен жұмыс əсері пайда болады. Жүйенің негізгі ерекшелігі сол, үй болсын, жол немесе электр тарату желісі болсын, жаңадан пайда болған əрбір нысан үнемі жаңара отырып, картада көрініп тұратын болады. – Сонда жаңадан құрылатын мемлекеттік корпорация шамамен алғанда қанша қызмет түрін көрсетпек? – Мемлекеттік корпорация жоғарыда айтқанымдай, қызметтің 522 түрін көрсететін болады. Сонымен бірге, бұл ретте шенеунік пен азаматтың арасында ешқандай байланыс орнамайды. Небəрі 2 терезе ғана болады, олар – «Электронды үкімет» жəне мемлекеттік корпорация. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызмет көрсету стандарттары азаматтардың талаптарын айтарлықтай жоғары дəрежеде қанағаттандыратындықтан мемлекеттік корпорация ХҚО-лар базасында құрылады деп шешім қабылданып отыр. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан». –––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

«Ќазаќтелеком» жўмыс жоспарымен таныстырды Парламент Мəжілісіндегі «Нұр Отан» фракциясы жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің бірлескен отырысында «Қазақтелеком» АҚ басшылығы депутаттарға ел өңірлеріндегі сапалы байланыс қызметін жəне цифрлық теңсіздікті жоюға бағытталған жұмыс жоспарын таныстырды. Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ қызметінің негізгі бағыты талқыланды. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Бұл ретте ұзақ мерзімге белгіленген мақсаттарды іске асыруға арналған «Қазақтелеком» АҚтың стратегиялық бағыттары да баяндалды. Жиын шеңберінде индустрияландыру мен өңдеу секторын экономикалық өсімнің қозғаушысына айналдыру, смарттехнологиялар жəне тағы да басқа көптеген салаларда құзыреттілікті дамыту жөніндегі міндеттер əңгіме арқауына айналды. Бірлескен отырыс барысында «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев Елбасы Жолдауының басым міндеттерін жүзеге асыру бойынша жобалар жөнінде кеңінен əңгімеледі. Оның айтуынша, жетістіктерге қол жеткізу негізгі стратегиялық бастама аясында əрекет ететін «Өрлеу» бағдар ламасын іске асырудың арқасында мүмкін болды. Ендеше, компания мультисервистік оператор рөліне өтті. Бұл да өз кезегінде қызметтер ауқымын кеңейтуге жəне тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейін көтеруге ықпалын тигізді. «Бүгінгі іс-шара – атқарылған жұмыстардың нəтижесін көрсету мүмкіндігі. Сонымен қатар, жос парды айқындап, оны мемлекеттік органдармен жəне Парламент Мəжілісі депутаттарымен бірлесіп іске асыру болып табылады. Біздің компаниямыз ұзақ мерзімді мақсаттарды жүйелі түрде жүзеге асыруды жалғастыра береді. Сондай-ақ, алдағы уақытта бұл жұмыстар Елбасының Жолдауындағы міндеттерге сай орындалуы қажет», деді Қ.Есекеев. Отырыс барысында «Нұр Отан» фракциясы жанын дағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің төрағасы Мейрам Пішембаев «Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасы жəне басқа да бағдарламалық құжаттардың аясында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, ел тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып келетіндігін жеткізді.

Заманауи көлік инфра құ рылымының негізінде респуб ликаның ірі ақпараттық-коммуникациялық операторы ретінде «Қазақтелеком» АҚ М2М жобаларын дамытады. Еліміздің бүкіл шағын жəне орта бизнесін қамтитын бақылау-кассалық машиналарын қолданысқа енгізу арқылы мемлекеттік стратегиялық жобаларды жүзеге асырып қана қоймай, сонымен бір мезгілде өзінің қызметін В2С жəне В2В секторларында да жүзеге асыруда. Компания ақпараттық қоғамды дамытуда мемлекеттің негізгі серіктесі бола отырып, өңірлер мен кəсіпорындарда ұлттық телекөпірдің ұйымдастырылуына кең ауқымды іс-шаралар өткізуге техникалық қолдау көрсетіп келеді. Компания бірнеше жыл бойына жергілікті телекоммуникация желілерін цифрландыруды қамтамасыз етуде. Сервистерді, data-орталықтарын, электронды коммерция жобаларын дамытуға да белсенді жұмыстар жүргізілуде. Содан кейін сөз алған «Қазақтелеком» АҚ стратегиялық басқару жөніндегі бас директоры Батыр Маханбетəжиев компанияның негізгі төрт бағытын атады. Олардың қатарында азаматтардың тұрмыс-тіршілігін жақсартуға арналған «Барлық отбасылар үшін супермаркет қызметі», шағын жəне орта бизнесті дамытуға бағыт талған «Қазақстандық бизнестің ақпараттық іргетасы» жəне «Біріктірілген оператор» мен «Тиімді бизнес-модель» бағыттары бар. Үстіміздегі жылдың соңына дейін «Қазақтелеком» цифрландыруды 100 пайызға жеткізу мақсатын көздеп отыр. Ел тұрғындарының интернетті қолдану құрылымы өзгерді. Қазіргі таңда жұртшылық ұялы телефон қызметін жаппай қолдануда. Егер өткен жылы ұялы байланыс абоненті 851 мыңға жуық болса, биыл бұл көрсеткіш бірнеше есеге артты, деді ол. Үстіміздегі жылдың 20 желтоқсандағы жағдайы бойынша «Қазақтелеком» арқылы тіркелген желі көрсеткіші 3 млн. 881 мың бір лікті құрады. Бүгінгі таңда

цифрландыру деңгейі 99,7 пайызды құрап отырса, осы көрсеткіш жыл соңына дейін 100 пайызға жетеді деп күтілуде. Цифрлы Қазақстан бағдарламасына зер салсақ, оның сервистік қызметіне азаматтардың белсенділігін толық қамтитынын аңғаруға болады. Оның ішіне мемлекеттік қызметтер, өндіріс, туризм жəне ауыл шаруашылығы, сауда-саттық, коммуналдық қызметтер мен қауіпсіздік мəселелері кіреді. Егер де цифрлы Қазақстан бағдарламасын графикалық тұрғыда үй түрінде елестетсек, онда бұл үйдің іргетасы табиғи жағдайда осы жаңа бағдарламаға басты назар аударатын инфрақұрылым болып табылады. Сонымен қатар, компания DWDM магистралды оптикалық желісін белсенді түрде дамытуда. Қазақстан арқылы транзиттік телекоммуникациялық ағындар кеңейтіле түсіп, мұның сыртында елдің аумағында абоненттер үшін телефония жəне деректерді беру қызметтерін ұсынуды қамтамасыз ететін спутниктік байланыс желілері қызмет атқаруда. IPTV интерактивті теледидар желісі үзіліссіз жұмыс істеуде. Астана, Алматы қалаларында, барлық облыстық орталықтарда, сондай-ақ, бірқатар елді мекендерде GPON технологиясы бойынша FTTH оптика лық кең жолақты желі салынған. «Қазақтелеком» компания сы тіркелген жəне ұтқыр қызметтерді біріктіре отырып, осылайша Қазақ станның барлық аумағында конвергенттік қызметтерді дамытты. Бүгінгі уақытта ғаламтор мүмкін дігін қолданып отырғандар 4,3 миллион болса, оның ішінде кең жолақты ғаламторды қолданушылар саны 4,2 миллион адамды құрайды. Бірлескен отырыс барысында тараптар өзара байланысты жақсартуға бағытталған ұсыныстарды жəне атқарылып жатқан ісшаралардың тиімді тұстарын да талқылады. Ауылдық жерлерде цифрлық теңсіздікті жою бойынша ұсынымдар əзірленді. Алқалы отырысты қорытындылай келе, Мəжіліс депутаттары байланыс операторының инфрақұрылымы жоғары деңгейде дамығандығын, компанияға республика өңірлерінде байланыс қызметтерін дамыту, сондай-ақ Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру жұмыстарын жалғастыра беру қажеттілігін атап көрсетті.

Келешегі кемел кəсіпорын (Соңы. Басы 1-бетте). Фабрикада алғашқы сынамалық өнім шығару күткендегідей нəтиже берді, макарон өнімдерінің сапасы өте жоғары болды. Қанат Тапаевтың айтуынша, егер өнімді италиялық бренд бойынша қаптағанның өзінде тұтынушы ештеңе сезбейді екен. Жоғары сапалы еуропалық өнімдермен бəсекеге қабілетті. Ең басты артықшылығы, мұнда қандай да сапалы ұн өнімдерін дайындауға болатын отандық шикізаттың пайдаланылатындығында деу орынды. Əзірге өндірістік желіде қысқа кесілген 15 түрлі макарон шығарылуда. Кейін спагетти жəне басқа макарон түрлерін шығару жолға қойылатын болады. Алдағы жылы өндірістік желіні жобалық қуатына шығару көзделуде. Фабриканы іске қосу кəсіпорынның ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары болып табылады. Қазіргідей нарықтық қатынас жəне бəсекелестік жағдайында тек ұн шығарумен ұзаққа бара алмасың белгілі.

Сондықтан, мұнда өнім өңдеу көлемін арттыра отырып, өндірілетін өнімдер түрлерін көбейту қарастырылған. Сондайақ, кəсіпорынды жаңғыртудың алдағы кезеңінде макарон өнімдерімен бірге, жармақ дақылдарын өндіру жолға қойылмақшы. Өткізу нарығынан қорқыныш жоқ, оларға сұраныс қазірдің өзінде жоғары болып отыр. Кəсіпорында ішкі нарыққа, сондай-ақ облыстан тысқары жерлерге өз өнімдерін өткізу бұрыннан жолға қойылған. Ең бастысы, көршілер дəмді де сапалы табиғи ұн өнімдеріне қызығушылық танытуда. Серіктестік елімізде мал шаруашылығының дамып келе жатқанын ескере отырып, өзінің құрамажем зауытын жəне жылыжайын салуды ойластыруда. Кəсіпорын ұн, макарон, құрамажем жəне көкөніс өнімдерін шығарудың өндірістік кластерін құруды жоспарлауда. Бұл бағыттағы ауқымды жұмыстардың алғашқы асуы алынды. Болашақта макарон фабрикасында əртүрлі өнімдер үшін еуропалық

стандартқа сай ұсынатын жаңа қаптама қондырғыларын орнату көзделуде. Мұның өзі еңбек өнімділігін арттырады жəне өндірілетін өнімдердің тауарлық түрін жақсартады, тұтынушыларды тарта түседі. Жергілікті супермаркеттерде ұн комбинатының «Қазақстанда жасалған» маркасымен шығарылатын өнімдері тұтынушылардың жоғары сұранысына ие болып отырғаны бұған нақты дəлел болады. – Біздің өнімдеріміз сапалы да табиғи таза. Сондықтан да өнімдерімізге ішкі нарықты былай қойғанда, экспортта да сұраныс жоғары болатыны сөзсіз. Сондықтан, біз өнім өндіруді арттырмасақ, кемітпейміз. Өзімізде өндірілген өнімдердің сырттан келетіндерден еш кемдігі жоқ. Сондай-ақ, экспортқа шығарылатын өнімдеріміздің бəсекеге қабілеттілігін арттыруды да қаперде ұстаймыз, – дейді «Жаңа Əлжан ұн комбинаты» ЖШС бас директоры Қанат Тапаев. Ақтөбе облысы.


5

www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

 Жыр жаһаны

ың ...Күш-қуат пұл саудаланып болғын, қ а с , ң ы с р бола үшті елге к і т е р ы д Құ сың, сақ р а л о б л ұ қ болғын. ҰҚА. КЕТБ

й билерден а д а қ ұ б т е К р күн Кеңес сұра қайда? ЖЫРАУ. Т

ДОСПАНБЕ

Ғазиз ЕШТАНАЕВ,

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

...Кетбұқа бүгін шатырынан шыққан жоқ. Хал-жағдайын сұрап шықпақ болған жанашыр жандардың да қасында болуын қаламады. Алқалы топтың алдында ақтарылып сөйлейтін, қағанның алдында да қасын қақпайтын жыраудың еңсесін басқан əлдеқандай ауыр ой бойын жаздырмады. Қабағынан қар жауып, түнеріп алған. Құлағына іліп қоятын мұртын «мұрт емес, қайқы қылыштың жүзі» дерсің. Бетəлпетінен əдеттегі нұр емес, қасірет күй сезіледі. Ғауаң қалың ой үстінде отыр. Қарақорымнан қайғылы хабар жеткен. Мөңке қаған да дүниеден өтті. Құлағуды нөкерімен ұзақ жолға шығарып салып, қалың қолмен шекараны күзетіп өзі қалды. Алда үлкен шайқас тұр. Мысыр еліне аттанады. Құтыздың самсаған əс ке рімен соғысар күннің сұмдығын іштей сезеді. Ойы сан-саққа жүгірген Кетбұқаның көз алдынан өткен күндердің суреттері тізбектеліп өте бастады. Хангай тауындағы жеңіліс, Таян ханның өлімі, Найман мемлекетінің қасіретті күйі, Күшілік ханның соңғы тырбанысы, үдере көшу қияметі – бəрі-бəрі күні кеше ғана болғандай санада сайрап тұр. Сағымға айналған сона-а-ау жылдардың сарыны келді көмейге. – Қайран басым, тауға соқтым, тасқа ұрдым, Жаным жалын, Мен де дертпін, Асқындым. Айналама күжірейтіп жалымды, Айға қарап мұң шағатын қасқырмын. Қарсы тұрар қалмады ғой амалы, Қалың найман жолбарыстай жаралы. Ақыр соңы Алтайға да тиген-ді Тапап келе жатқан жаудың табаны. Жау тигенде батыры үнсіз жатқан ба? Аттан салып атқа мінді ақ таңда. Ой, дүние-ай, жиырмадағы жігіт ем, Хангай тауы қансоқта боп жатқанда. Қалың моңғол жыланша орап жан-жақты, Шырылдаумен шығар-шықпас жан жатты. Сол сойқаннан Орхон боздап аққан-ды, Қара Ертістің жағалауын қан жапты. Қырық бөлек қылса дағы етімді, Қалың найман берілмеуге бекінді. Жау жебесі жауды аспаннан, Жебе емес, Сұм ажалдың түкірігі секілді. Ғайып болды ғажайып шақ, ғазал күн, Күң бола ма құшам деген ажарлым? Самсаған жау суылдатты қылышын, Қылыш емес, Күрек тісі ажалдың. Көкірегіме жау найзасын түйреді. Тəңірімнен мен тілеген күй ме еді?! ...Азияның алып төсін жайлаған, Ұлы Найман мемлекеті күйреді. Төтеп берер күш болмады тасқынға, Үркек бақыт, сен де менен қаштың ба? Ата жұртым жатыр əне жаншылып, Шыңғыс ханның табанының астында. Кім көрді екен мына мендей сорлыны, Күйреген ел күңіренді. Соңғы үні! Көресіні көрген мына көзімнен, Қан аққан-ды сол күні. Ақиқат сол, шығара алман жасынға, Жылап тұрдым, болмады ешкім қасымда. Қарғыс айттым қайғы шашқан ғасырға. Тимучинді хан таныған сол күні, Сабрақ батыр рухы бірге жылады, Текті Алтайдың басында.

«Төлегатай» қайырымдылық қоры дастандарға жабық мүшəйра жариялап, соның қазылар алқасының төрағасы болу маған тапсырылып еді. Қарауымызға 35 шығарма келіп түсті. Бəрін ыждағаттап оқыдық. «Кетбұқаның соңғы күйі» деген лирикалық поэма бірден басымды шұлғытты. Былтыр өзім де Кетбұқаға арнаған қаһармандық жырлар жазуыма орай тақырып маған аса таныс болатын. Жошының əскербасы, Құлағудың аталығы болған ұлық би, «Ақсақ құландай» шешен күйдің авторы, Алтайда туып-өсіп, сексеннен асқан шағында Палестинаның Айн-Жалуд деген мекенінде мəмлүк Құтыздың қолынан мерт болып, мүрдесі Шамда қалған Кетбұқа тағдыры бізден кейін де талай шайырды шамырқандырса, таңданатын түгі жоқ. Мына лирикалық поэманың жұмбақ авторы Кетбұқаның ішіне, жүрегінің түбіндегі иірімдерге үңіліпті. Сауыт киіп, садақ асынған қаһарлы қолбасының адам ретіндегі оңаша ойларына, жан азабына ден қоя отырып, соғыс суреттерін де көркем бейнелеген кəнігі шеберлігі қайран қалдырды. «Қырық бөлек қылса дағы етімді, Қалың найман берілмеуге бекінді. Жау жебесі жауды аспаннан, Жебе емес, Сұм ажалдың түкірігі секілді! Ғайып болды ғажайып шақ, ғазал күн, Күң бола ма құшам деген ажарлым? Самсаған жау суылдатты қылышын, Қылыш емес, Күрек тісі ажалдың!» – деген шумақтарды оқығанда-ақ өз басым автордың бір ғажайып шешіммен ойын түйіндейтініне кəміл сендім. Кетбұқаны пенде деп айт шерменде, Мына өмірге қос Кетбұқа келген де.

«Бір Кетбұқа Шам елінде əмір» де, «Бір Кетбұқа Өр Алтайда өлген» де», – деген шынайы шумақтың сол оқыс шешімге бастап əкеле жатқанын аңғардым. Өйткені, «Кетбұқа кім? Жаһанға аян өрлігім, Соңыма ерді жер қайысқан қол бүгін. Төңкеріле көшсем дүлей тасқынмын, Бейкүнəға өтті, білем, зорлығым. Аттан түсіп жалғыз қалған шағымда Ойға жем боп отыратын сорлымын», – деп тебіренетін, өзін-өзі жан отына күйдіретін екіоқты тұлғаның тағдыры ажалдың бұлтартпас табалдырығына таянып қалып еді. Əміршінің пəрменімен ұшса құстың қанаты талатын, шапса тұлпардың тұяғы тозатын жеті қиян жер түбінде, туған топырақтан жырақта жүріп, баз кешуге айналған ұлы күйші соңғы күйін толғамас па: «Бір дəуірге сөз жүргізген би еді, Туды Алтайда, қалды Шамда сүйегі. Екі өлкені жалғап жатқан Құс жолы, «Сағындым» деп аталатын күй еді». Кетбұқаның соңғы күйі сол екен. Неткен əдемі, сұлу шешім. Біз осы шығарманы соңғы жылдары жазылған поэмалардың ішіндегі шоқтығы биік туынды, өлең сөзіміздің олжасы деп бағаладық. Жабық мүшəйраның шартымен қосымша конвертті ашып көрсек, поэманың авторы – Ғазиз Ештанаев болып шықты. Ақын бауырымызды жыр жарысында тақымына басқан темір тұлпарымен құттықтай отырып, шырайлы шығарманы еліміздің бас газетіне ұсынғанды жөн көрдік.

ѕ ы н а ќ ў б Кет йі ї к ы соѕє (лирикалық поэма)

Тағдырымның тартты алысқа жолдары. Ертістен де елің пана таппады, Жетісу да жанға сая болмады. Дала төсі таланғандай зар-мұңға, Баяны жоқ бақыттың да, бардың да. Ойлап па едім пана сұрап тұрам деп, Қара қытай гурханының алдында. Ұлы Найман бақ-дəулеті басқа жұртқа көшті анық, Тап осындай тағдырдан сын тоспадық. Маған енді қоныс болар ма екенсің, Баласағұн, Бесбалық? Қанды кектен жарылардай жүрегім, Қидан жұрты, жанашырдың бірі едің. Еміл, сенің көш тоқтаттым жағаңа, Қойлық, саған аттың басын тіредім. «Суы қайтқан арнадаймын, жел мүжіген кемерін, Ей, Күшілік, «Найман елін тік тұрғызам» деп едің. Инаншы атаң сияқтанған өр едің, Жылап көшкен жұртты ұранмен демедің. Таян ханмен ата жұртта бірге өлмей, Саған ғана сенім артып кеп едім. Қалжыраған қайран жұрттың қамын же, Осы болсын берерің! Ей, Күшілік! Кетті жауда көп есең, Сен бөлерсің баққа жұртты бөлесең. Өлімші боп келген жұрттың есін жи, Өр Алтайың өксіп өлсін демесең». Үміт өшті, жиылмады ел есі, Қайырлады қайран күннің кемесі. Соңғы үмітім Күшілікпен бірге өлді, Үзді үмітті Жебе ноян жебесі. Қасіретім тұрса дағы асқынып, Қиындыққа тіктім мына басты нық. Жылап тұрдым соңғы ханы найманның Күшілікті қара жерге тапсырып. Қайран басым, тауға соқтым, тасқа ұрдым, Жаным жалын, Мен де дертпін, Асқындым. Айналама күжірейтіп жалымды, Айға қарап мұң шағатын қасқырмын. Жаным дертті, кім жазады жарасын? Танып білдім өмір, өлім арасын. Бар арманым: өлтірмеуге бекіндім, Соңыма ерген қалың найман баласын. Көшу керек. Дұрыс шығар осыным, Кетбұқаның тірегі – серт, досы – мұң. Бет алғаным – Арғанаты, Ұлытау, Барар жерім – ақ ордасы Жошының. Қош бол, Алтай – алтын арай, ақ таңым, Топырағыңнан тамыр тартып жатты əнім. Көштің басын Сарыарқаға бұрдым мен, Кешір мені, басқа амалын таппадым.

Жұмақ күндер жұтылғанмен жылымға, Қайтарымы болар дедім мұның да. Амалым не, ата жұрттан ауды жұрт, Сабрақ қалды Өр Алтайдың шыңында.

Кешір мені, Тарбағатай – тамырым, Сен де түсін жүрегімнің əмірін. Ұлытаудың жерін басып көрейін, Маңдайыма не жазды екен Тəңірім?!

Кешір, баба! Елің солай сорлады,

Тірлігіңде танып білген өреңді ел, Кешіріңдер, бабаларым кемеңгер.

Жүрсін ЕРМАН, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Кетбұқа кім? Апанының аузында Қылтасынан қақпан қиған бөрімін. Жөнім жоқ ед күңіреніп, күрсінер, Дабылымнан дұшпан жаны түршігер. Ат үркітер атақ-даңқым жетеді, Бірақ менің еңсемді езіп батпан ой, Адымымды аштырмайды қыл шідер. Айт барлығын. Ішкені у мен бал болған Кетбұқаның кім екенін білсін ел. Ноянның қолына алған нар қобызы аспан мен жердің арасын жабыстырып тастардай боп қуырылып сөйледі, күңіреніп сөйледі. Желді күнгі теңіз суындай көбік шашып долданды, жағалауды ұрғылады. Бір сəт ботасы өлген бозінген болып боздады. Қос ішектен төгілген зар ақ шатырдан асып, сырттағы жұртқа жетіп жатты. Бақан таңбасы салынған шашақты найзасын қолына алса құдіреттеніп кететін Кетбұқаны білетіндер мына қобыздың не айтып тұрғанын түсіне алмады. Түсінгендері жетпістің бесеуіне шыққан қолбасшының əлеміндегі əлдебір құпия сырдың қотарылып жатқанын ұқты. Кенет ащы дауыс естілді. – Мəмлүктер! Айн-Джалут бойына Құтыз əскері келді! Мысыр əміршісі Құтыздың жер қайысқан қалың қолы Шам елінің іргесіне ат ойнатып тұрған еді бұл кезде. «Сағындым-ау!» деп барып тоқтаған қобызын лақтырып жіберген Кетбұқа əпсəтте жауар бұлттай боп түнере қалды. Көзі қанталап, қабағы түксиіп, шатынап шыға келді. Əлгі хабарды естіген сəтте қаны басына тепті, жанарында от ойнады. Лақтырып жіберген қобызының ішегі əлденеге тиіп барып жерге түсті ме, қияқ тимеген қылдан ащы дыбыс шықты. «Сағындым-ау!». *** Дүр сілкінді. Қанға толып жанары, – Құтыз қайда?! Оқты көзін қадады. Лап еткен от алпыс екі тамырмен Тұла бойға тарады. ...Қобыз емес, қос қолына қылыш ап, Кетбұқа, əне, қолды бастап барады.

«Жаның сонша артық па еді басқадан, Туған жерде неге өлмедің» демеңдер. Қорқытқан жоқ, қорқыта алмас мені өлім, Қылыш алсам қай найманнан кем едім. Түу алыстан туырлықтай жер тауып, Ерген жұртқа ес жиғызсам деп едім.

Кетбұқа кім? Жаһанға аян өрлігім, Соңыма ерді жер қайысқан қол бүгін. Төңкеріле көшсем дүлей тасқынмын, Бейкүнəға өтті, білем, зорлығым. Аттан түсіп жалғыз қалған шағымда, Ойға жем боп отыратын сорлымын.

Кеше елімді талқан қылған Қағанның. Жаза алған жоқ уақыт жанның жарасын, Таба алғам жоқ байлықпен де жарасым. Бақытына жеткізсем деп ойладым, Басымды емес, Бағаналы баласын.

Батырың ем жанға сауға сұрамас, Менің мұңым – Алтай жұрты, мына Алаш. Қалған елге қам қылайын, Кеудемде, Қашанғы аман жүрер дейсің мына бас. Өткен күннің қасірет-қайғысын еске алған Кетбұқа əлгі оқиғаларды тап кеше ғана болғандай етіп сөйледі. Даусы бірде ап-айқын, анық естіліп, бірде жұтылып, түсініксіз күбірге айналып кетеді. Айтып отырғаны – кешегі қырғын, кешегі басы ауған жұрт, Шыңғыстың шеңгеліне түскен қалың найман. Соңынан еріп үдере көшкен үркердей жұртының «енді не болар екен?» деген тағдыр-талайы. Кетбұқа қолын жанында жатқан қобызына қарай соза берді.

Кетбұқа кім? Таныды жұрт, көрді елі, Атақ-даңқым шыңнан шыңға өрледі. Құлдық ұрып мен жаулаған бай өлке, Атаныма алтын-күміс теңдеді. Топ бастасам Кетбұқамын данышпан, Оңашада танымайсың сен мені. Сырты дүрдей, іші дертті денемін, Бір кездері асқақ едім, өр едім. Елу төрт жыл мен Алтайдан кеткелі, Елу төрт жыл жанымды жеп келемін.

Мені осыған талпындырды отты арман, Жүлдемді алдым тірлік дейтін көкпардан. Бас деген не? Жошы өлімін естірткенде Шыңғысқа, Басымды алып тастаса екен деп барғам. Сол бас, міне, кеудемде əлі келеді, Сүйреп əлі келе жатыр денені. Бір сөзінде Тата тұңға: «Кетбұқа, халық бассыз қалмау керек!?», – деп еді.

Қайран Алтай асқақ еді, өр еді, Қалың найман қай жұртыңнан кем еді. ...Қабағынан қар жаудырған Сабрақ пен Инаншы хан түсіме ене береді.

– Сөйле, бейбақ, тілің жұтып жатпа құр, Тарқат шерді, айт барлығын, ақтарыл. Шыңғыс ханға сөз өткізген Кетбұқа, Босаңсыған шақта бұл.

Бір кемістік болды ма екен ісімде? Амалым жоқ, жүрдім оттың ішінде. Тата тұңға жекіп-жекіп алады, Құбатегін күрсінеді түсімде.

Сөйле, қобыз, жан серігім, қоңырым, Екеумізді сынап бақты долы күн. Шыңғыс хан жоқ, Жошы да жоқ бұл күні, Құлағудың қылыш ұстар қолымын.

Сағынтады салқын самал, сайран күн, Сағыныштан мен де шерге айналдым. Құлағымнан кекті сөзі кетпейді, Күшіліктің, соңғы ханы найманның.

Тарлық етіп мынау алып кеңістік, Байлық үшін қан төгістік, керістік. Шам елі де дəргейіме жығылды, Мысырды да алмақшымыз өріс қып. ...Тарлық етіп мынау алып кеңістік! Кетбұқа кім? Қолбасшы де, ақын де, Дұшпанына ат ойнатқан батыр де. Ұлы Шыңғыс ұрпағына қызмет қып, Шам елінде билік құрып жатыр де.

Тап сол шақта өр Алтайға тарап мұң, Төбемізден мүсіркеді қарап Күн. Ақтарылып, ағыл-тегіл жылағам, Қу тамырын құшақтап ап дарақтың. Сосын... сосын... Басқа амалым қалмады, Көштің басын Ұлытауға қараттым. Баурын еркін жайласам да даламның, Бір басыма жетіп жатты алаң, мұң. Мен де еріксіз дегеніне жығылғам,

Қу тірліктен тауып нəрін, қорегін, Басымды əзір аман сақтап келемін. Ей, шерменде қара қобыз, айт бəрін, Кетбұқаның ел білмейтін дерегін. Мың бұраулы менің мұңлық жанымды, Сен түсініп, сен ұғар деп сенемін. Сөйле, бейбақ, тілің жұтып жатпа құр, Тарқат шерді, айт барлығын, ақтарыл. Шыңғыс ханға сөз өткізген Кетбұқа, Шер тарқатқан шақта бұл. Ақтар бəрін, Сырым жетсін елге де, Кетбұқаны құпиялы көмбе де. Кетбұқа де кеңес айтқан Шыңғысқа, Сөйтіп жүріп, шер жұқартқан пенде де. Кетбұқаны пенде деп айт шерменде, Мына өмірге қос Кетбұқа келген де. «Бір Кетбұқа Шам елінде əмір» де, «Бір Кетбұқа Өр Алтайда өлген» де. Қу дүние-ай, дүрбелеңі, дауы мың, Кешіп жүр де тағдыр сынын, дауылын. Құлағудың қолын бастап жүргенмен, Аңсайды де ұлы найман дəуірін. Сыр қылып айт, сенім артқан серігім, Сөйлеп берсең тоқтата алар сені кім?

Ақ шатырда қобыз қалды жылаған, Жарықтықты көтерген жоқ бір адам. Айн-Джалут бойындағы шайқастан, Ғауаң қайтып оралар деп дін аман. Айн-Джалут бойында Кетбұқа ноянның он мың əскері мен Құтыздың қырық мың əскері кездесті. «Шегініп, қосымша күш келгенше шешуші соғыс жасамайық», дегендер де болыпты. Қарсы келген жауынан қашқалақтап шегінуді білмейтін Кетбұқа оймақтай ғана он мың əскермен төрт түмен болған Құтыз əскеріне қарсы шайқасқа кірді. Сол қанды ұрыста ұлы жырау, даңқты қолбасшы, кемел ойлы кеңесші, көзсіз батыр атанған Кетбұқа қаза тапты. *** P.S. Қаза тапты бір қауымның көсемі, Сұмдықты естіп күңіренді дос елі. Тіршіліктен тыншу таппай жүретін Кетбұқаның қалауы да осы еді. ...Қаза тапты бір қауымның көсемі! Бізге жеткен ескі əңгіме кешегі: Кетбұқаны ер еді дер көшелі. Жөн білген жұрт Кетбұқа мен қобызды, Бір қабірге қатар қойды деседі. Маң ғасырлар тарих көшін сүйретті, Алмасты ұрпақ заманға сай күйге епті. Өкініш сол: Кетбұқа мен қобыздың, Өзегінде біз білмейтін күй кетті. Беу, дүние-ай, тартар сыйы – мың бір сын, Мың бір сында кім жадырап, кім күлсін? Тірі қалса шерге толы сол күйін «Сағындым!» деп атар ма еді, кім білсін? Бір дəуірге сөз жүргізген би еді, Туды Алтайда, қалды Шамда сүйегі. Екі өлкені жалғап жатқан Құс жолы, «Сағындым!» деп аталатын күй еді. ЖЕЗҚАЗҒАН.


6

www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

Əлеуметтіѕ əлеуетін ќорєаєан компания

 Есімі елге елеулі

Бір өзі – шығармашылық адамы, беделді басылымның басшысы, саясаткер əрі жар, əрі ана болудың салмағы жұмыр басты жанға қаншалықты батпан жүк артатынын дəлелдеп жату артық болар. Тіршіліктің басқа да бітпейтін ұшы-қиырсыз мың-сан шаруасын тіпті тізбей-ақ қоялық. Міне, бүгінде танымал талант иесі, қазақтың қайсар қызы Алтыншаш Жағанова осынау жауапкершіліктің бəрін қайыспай көтеріп келе жатқан, қолынан қаламын да тастамай, саясаттың да сұңғыла сардарына айналған күрескер сайыпқыранның өзі екені талассыз. Ал енді осы күрескер деген сөздің түптөркініне үңілсек, бұл қасиет Алтыншаш апамыздың қанына қаршадайынан бітіп қана қоймай, біте қайнасып кеткен секілді. Арқа төсіндегі Ақмоланың қазағынан көк көз келімсегі басым Астраханка ауылындағы орыс мектебінде оқып, сол дəуірдегі дəурені жүріп дандайсыған астамшыл ұлттың ұл-қыздарымен бойындағы буырқанған намысын қолдан бермей, арпалысып өсіп, қайтпас қайсарлығымен бөтеннен де бедел жия білген «тентек» қыз мектепті бітірісімен басқабасқа емес, тура Мəскеудің өзіне, екінің бірінің жүрегі дауалай бермейтін М.Горький атындағы Əдебиет институтына жол тартқанда əуелгі кездері көзінің қаралығы үшін ғана қырын қараған кейбір ұстаздары: «Иə – ə, бұл Алтыншаш қой!» – дегеннен өзге айтар уəж таппаған.

Алаштыѕ Алтыншашы

Өйткені, алақандай Астраханкадағы ұстаздары Алтыншаштың мектепке барғанша ұлдарша киініп, үлкен ағасына еріп, аң аулауға баратынынан да, мылтық атып, тіпті, бытырадан оқ жасауды білетінінен де, ұлдармен төбелескенде шықшыттан ұрып, шалқасынан түсіретінінен де, діттегеніне жетпей тынбайтын табандылығынан да, сабағына келгенде қамшы салдырмайтын қағілез алғырлығынан да жақсы хабардар болатын. Кейін олар Алтыншаштың парашют спортымен айналысып, аспаннан жерге секіргенін естігенде де аса таңдана қоймаған. Бірақ олар қазақтың қаршадай қызының мектепте жүргенде жазу-сызуға қабілеті болғанын байқағанымен, арада көп уақыт өтпей «Амина, волки и конец света» деген шығармасы айды аспанға шығарып, жарқ ете қалғанда барып, «Бұл біздің Алтыншашымыз ғой, біздің!» – десіп, жарияға жар сала қуанған. Содан бері күллі астрахандықтар – орысы-қазағы бар Алтыншаш десе, ішкен астарын жерге қояды. Еңбек жолын сол қарсаңдағы Целиноград қаласының аудандық жəне облыстық комсомол комитеттерінде бастап, одан Алматы келіп, «Қазақстан» баспасында редактор, ал 1970 жылдан «Жазушы» баспасында орыс редакциясын басқарып жүрген кезінде ғой Олжас Сүлейменовтің «АЗиЯ» кітабын баспадан шығаруға ұйтқы боламын деп бастары дауға қалып, ақыры жұмысынан шеттетіліп тынатыны. Бұл жылдар оның «Аққоян – құмай тазы», «Шалунья» повестері баспадан шығып үлгеріп, елге танылып, қалың көрермен мен зиялы қауымның назарына ілігіп қалған кезі болғандықтан ба, əйтеуір, дау-дамай басылды-ау деген кезде Алтыншаш Жағанованы Қазақ КСР Мемлекеттік киностудиясына бас редакторлыққа бекітеді. Алтекеңнің журналистикадағы алғашқы қадамы да осыдан кейін «Жаңа фильм» журналында бас редактор болуынан басталған. Ал бес жылдан соң Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінде нұсқаушы болып жүрген А.Жағанова «Қазақстан əйелдері» журналына бас редактор болып келгенде былайғы жұрттан «Орысшадан алдына жан салмайтын Алтыншаш енді қайтер екен!» – деп сынай қарағандар да болған. Бұл қарсаңда жазушы ретінде ғана емес, қоғамдық көкейкесті мəселелер мен ел ішіндегі елеулі проблемаларына белсене үн қосып, алқалы жиындардың биік мінберлерінен батыл ұсыныстар айтып, көпшілікке танылып үлгерген А.Жағанова журналдың тамырына да қан жүгіртіп, оның нарықтың əлегінен əлсіреп, құрдымға кете жаздаған таралымын қайта жандандырған. Алтыншаш апайдың ел мүддесі дегенде енжарлық таныта алмайтын сол қоғамдық белсенділігі қалың жұртшылықтың да назарынан тыс қалмай, 1990 жылы бірінші рет ҚР Жоғарғы Кеңесіне

депутат болып сайланып, Жоғарғы Кеңестегі Əйелдер ісі, ана мен бала жəне отбасын қорғау комитетінің төрайымы қызметін атқарады. Ал 1994 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесіне екінші рет сайланғанда Мəдениет, баспасөз жəне бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестіктер жөніндегі комитетті басқарып, өзінің нағыз іскерлік, ұйымдастырушылық талантын бар қырынан жарқыратып көрсетеді. Шын мəнінде, бұл жылдар мемлекеттің, ұлттың тағдыры қыл үстінде қалт-құлт етіп тұрған ең бір ауыр да аса жауапты, талас пен тартысқа толы кезеңдер болғанын тəптіштеп айтып жатпасақ та түсінікті болар. Осынау ел тағдырының ең бір шешуші сəттерінде Алтыншаш апайдың да шырқыраған даусы жиі естіліп жататын. Сол 1993 жылы Ватиканда болып, Рим Папасымен жүздесіп, кең отырып пікір алысқан Алтыншаш апамыз сонда əлемнің əр түкпірінен келген 6000 адамның алдында мінберге шығып, жас тəуелсіз мемлекеттің сол кезеңдегі хал-ахуалы, тапшылық пен таршылықтың тығырығынан шығу жолындағы игілікті қадамдары, егемен елдің ертеңі жайында жан-жақты əңгімелеп берген-ді. Бұл ғана емес, сол жылдары БҰҰ-ның атақты Нефрид залының мінберінен де сөз сөйлеп, ол кездегі Бас хатшы Кофи Аннанмен де мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық пен халықтардың бейбіт өмірінің проблемалары жайлы еменжарқын əңгіме өткізгенін де бүгінде екінің бірі біле бермес. Əлбетте, біреулер осы да мақтаныш па екен деуі бек мүмкін. Мəселе мақтанышта емес, жүрегі елім, халқым деп соққан Алтекеңнің сондай мəртебеге сай биік деңгейінде, рухани дүниесінің кеңдігі мен тереңдігінде жатыр. Егер Алтыншаш апаның жүрегі соншалықты кең, адамға деген мейірім-шапағаты мол болмаса, тоқсаныншы жылдары еліміздің шығысы – Зайсанда орын алған, зардабы ауыр қасіреттерге ұшыратқан зілзаладан кейін депутаттарға дабыл қағып, жедел түрде шұғыл шаралар қолдану керектігін айтып, қайта-қайта мəселе көтерер ме еді?! Мəселе көтеріп қана қоймай, сол кездегі Үкімет басшысының орынбасары қызметін атқарған Макиевскиймен арпалысып жүріп, төрт жыл бойы Зайсандағы зілзала зардаптарын жою, қираған үйлерді, өндіріс орындарын қалпына келтіру жұмыстарының басы-қасында болар ма еді?! Бұдан артық қандай əлеуметтік белсенділік, қоғам ісіне деген жанашырлық, адамға қамқорлық керек?! Елім деп еміреніп, «жарғақ құлағы жастыққа тимейтін» сол тынымсыздығы 1995 жылы Жоғарғы Кеңес таратылғанда Алтыншашты Қазақстанның Дəуірлеу партиясын құруға мəжбүр етті. Сондағы не үшін дейсіз ғой, атақ та, мансап та емес, қарапайым халыққа теңіздің тамшысындай

болса да шарапатымызды тигізсек, бұқара мен биліктің арасындағы түсіністікке дəнекер болсақ, ана мен балаға мемлекет тарапынан риясыз қамқорлыққа қол жеткізсек, рухани құндылықтарға шынайы көзқарасты қалыптастырсақ деген ізгі ниет қана. Сол үшін тіпті шығармашылығын да жиып қойып, отқа да, суға да түскен кездері аз болған жоқ. Ал енді республиканың Көші-қон агенттігін басқарған кезіндегі атқарған қызметі орасан. Шын мəнінде нағыз қым-қуыт, қарбалас жұмыстар жүріп жатты. Сол қарсаңда, адам айтса сенгісіз, 500 мыңға жуық оралман елге оралып қана қоймай, олар тұрғын жаймен де қамтамасыз етілді десек, ертегідей қабылдарсыз. Бірақ шындық солай. Қазір бұлардың қатарының миллионға жетуінде де Алтыншаш апа еңбегінің іздері сайрап жатыр. Туған топырақтың есігі олар үшін айқара ашылды, азаматтық алуды жеңілдететін заңның қабылдануына да ұйытқы болғанын ешкім жоққа шығара алмас. Ауғанстандағы от пен оқтың ортасында қырылудың аз-ақ алдында тұрған қандастарымызды лаулаған өрттің арасынан қандай қиыншылықпен алып шығып, атажұртына жетуіне қосқан үлесін ерлік демей, не дерсіз. Оралмандарға байланысты мұндай ерлік пен елдікті паш ететін жағдайлар өте көп. Əйтсе де елдің бəрінің бірдей көңілінен шыға беру оңай емес қой. Мұндайда орал мандардың да өздерінің арасынан түсінбеушіліктер, тіпті бірін-бірі көре алмай, сол үшін агенттікті кінəлап, арызданушылар да орын алып, бар еңбекті зая ететін жағдайлар да кездеспей қалмаған. Оларды өзіміздегі кейбір басылымдар түймедейді түйедей етіп көрсетіп, жөнсіз жалаулатқан жағдайлар да кездеспей қалмағанын несін жасырайық. Осының бəрі жұмысқа аз кесірін тигізбей қоймайтын. Алтекең болса мұндайдың бірін де ескерусіз қалдырмай, анық-қанығына жетіп, əділдік үшін күш салатын, қызметкерлерін тазалық пен сабырға шақырғанының талай рет куəсі болғанымыз бар. Ал əділетсіздікті көрсе кешірмейтін, бетің бар, жүзің бар демейтін турашылдығын да айналасы жақсы білетін. Рас, «турасын айтып, туғаныңа жақпайсың» демекші, Алтыншаштың бетке айтар осы мінезі бəріне бірдей жаға бермейтіні де бар. Алтыншаш апаның тек танымал тұлғалармен ғана емес, ауылдағы апа-əжелеріне де жиі сəлем бере барып, сый-сыяпатын ұсынып жатқанын талай көргенім бар. Оны айтасыз, менің туған жерім Шиелі топырағында да Алтекеңнің апалары мен сіңлілері жетерлік. Апаларын əрдайым жол пұлдарына дейін төлеп үйіне қонаққа шақырып, сыйлыққа малындырып қайтарып жатады. Сол Шиеліде жиырма жылдан астам аудандық білім бөлімін басқарған керемет азамат Жағыпар Зермұхамедов деген ағамызды қаншама жыл өкіл аға тұтып, ол дүниеден озғанда қайғысын ғана емес, артынып-тартынып барып, бар тауқыметін де көтеріскен адамгершілігін қалай айтпай кетерсің. Өзінің Жиенбай ата бастаған арғы бабаларының да сүйегі жатқан осы Шиелідегі Оқшы Ата мазаратына жыл аралатып барып, ас беріп, Құран бағыштатып жататын мəрттігі мен əруақтарға деген құрметін де шалғайда жатқан ел аңыз ғып айтады. Ал Алтыншаш апамыздың жары жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Əнес Сарай ағамыздың жөні шынында бөлек. Екеуін – Əнекеңді Ресейдің Астраханынан, Алтыншаш апамызды Қазақстанның Астраханынан əкеліп, Алла тағала əдемі қосқан тəрізді. «Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды» деуші еді. Бекер-ақ айтқан, сыяды екен. Сыйғанда да сыйластығымен əдемі үйлесім тауып тұр. Өзге жұрт ауылдан қалаға қашса, Əнекең мен Алтекең қаладан ауылға қарай қоныс аударып, Астанадан 18 шақырым жердегі Талапкер ауылына барып, екі қабатты еңселі үй көтеріп отыр. Мəскеудің Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген Əлішері бүгінде танымал актер, кинорежиссер, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Қарагөзі – өнертану кандидаты, əнші, ол да «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ал күйеу балалары Досхан Жолжақсыновты білмейтін қазақ жоқ, ең кенжелері Сайлан – кəсіпкер. Біз бұл мақаламызда жазушы-драматург, қо ғам қайраткері, «Қазақстан əйелдері» жур на лының президент-бас редакторы Алтыншаш Жағанованың шығармашылығына талдау жасап жатпай, қазақ оқырмандары мен көрермендері жоғарыда аталған еңбектерінен өзге «Еркежан», «Эхо по кругу» кітаптарын оқып, «Бəрі де Анадан басталады», «Ала жіп аттағандар», «Беймаза əйел» пьесалары бойынша қойылған спектакльдерді жəне оның сценарийі бойынша түсірілген «Мүслима» атты көркем фильмді көріп, рухани лəззат алғандарына сенімдіміз. Соның бəрін тізіп, тəптіштеп жатпауымыздың мəнісі де сондықтан. Бүгінде жетпіс деген мерейлі жастың биігінен қол бұлғаған Алаштың Алтыншашы азаматтықтың асқарынан, шығармашылықтың шыңынан көріне берері кəміл. Мұрат КҮЛІМБЕТ.

Қазіргі таңда абырой-беделі жоғары компания қоғам мүддесімен санаспай тұра алмайды. Бизнесті халықаралық талаптарға сай жүргізу жəне əлеуметтік жауапкершілік ұғымы соңғы он жылдың ішінде етене сіңді. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, бұл – бизнес құрылымдарының экономиканы қарқынды дамыта отырып, халықтың əлеуметтік жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, өз қызметкерлерінің жұмысы мен тұрмысына сапалы жағдай жасау. Бизнестегі қомақты жетістіктерімен қатар, қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін орындауда алғы шепте келе жатқан өндіріс алпауыттарының бірі «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы. Бұл өзекті əлеуметтік мəселелерді шешуге көп үлес қоса отырып, бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі туралы оң көзқарас қалыптастырған компания. Бүгінгі таңда мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық оператордың əлеуметтік жобалары ауқымдылығы жағынан оның өндірістік қызметінен кем түспейді. «ҚазТрансОйл» АҚ аппарат басшысы Алмас Асқарұлы ОҢҒАРСЫНОВТЫҢ айтуынша, компанияда бұл бағытта атқарылып жатқан іс-шаралар еш уақытта назардан тыс қалған емес.

– Компания жүзеге асырып жатқан жобалар еліміздің 10 өңірін қамтиды. Маңызды əлеуметтік жұмыстар қатарында, денсаулық сақтау, білім беру, мəдениет, спорт жəне экология салаларын дамыту бағытында белсенділік көрсетуде. Қазіргі таң біз үшін жүзеге асырған жұмыстарымызды саралап, келер жылға жоспар құратын кез. 2015 жылы аталмыш бағытта іске асқан бірнеше ірі жобаны атап өтуге болды. Мəселен, биыл жаңа оқу жылының басында Атырау облысының Құлсары қаласында 300 орынға шақталған мектеп аштық. Білім ордасы техниканың соңғы үлгілерімен, қажетті оқу құралдарымен жабдықталған. Жаңа білім ордасы орын тепкен «Аэропорт» шағын ауданы үшін бұл мектептің маңызы бөлек. Өйткені шағын аудан балалары бұған дейін шалғай жерде орналасқан мектепке жаяулатып барып, оқуға мəжбүр болған еді. Сондықтан да жаңа мектептің пайдалануға берілуі – ата-аналар мен балаларды ерекше қуанышқа бөледі. Осы кезеңде Павлодар қаласында 320 бүлдіршінге арналған жаңа балабақша жұмыс істей бастады. Сонымен қатар, балабақшада жаңадан 70 жұмыс орны ашылды. Онда ойын бөлмелерінен бөлек спорт жəне музыка залдары, қазақ тілі, өзін-өзі тану, ағылшын тілі кабинеттері, компьютерлік сынып бөлмесі бар. Ауласына балалардың ойын-сауығына арналған жабдықтар орнатылған. Заманауи талаптарға сай келетін мектепке дейінгі тəрбие кешені қала орталығынан алшақ жатқан шағын ауданда бой көтерді. Бұл жобаның жүзеге асырылуы аталған аймақтағы балабақша тап шылығы мəселесін шешуге қо сылған үлес болды. Ашылу салтанатына қатысқан педагог мамандардың айтуынша, мұндай зəулім, көрікті əрі мүмкіндікері мол балабақша Павлодарда бұрынсоңды болмаған. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданының Шолаққорған ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы жобасын қаржыландырып жатырмыз. «Бір жылдығыңды ойласаң бидай ек, он жылдығыңды ойласаң терек ек, жүз жылдағы болашағыңды ойласаң ұрпақ тəрбиеле» деген сөз бар. Сол себепті, осының барлығы бірінші кезекте келер ұрпақтың кемел болашағы үшін жасалып жатқан игі істер. Сол игі істердің қатарында қызметкерлеріміздің балалары үшін жыл сайын ұйымдастырылатын жазғы демалыс бағдарламасы да бар. Компания қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің денсаулығына күтім жасауды, сырқаттанған жағдайда қажетті сапалы дəрігерлік жəрдем көрсетуді қамтамасыз ету үшін медициналық сақтандыру бағдарламасы да қарастырылған, – дейді Алмас Асқарұлы. – Бүгінгі таңда компания 8 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтып отыр. Олардың басым бөлігі еліміздің батыс өңірінде өндірістік салада істейді. Компанияда сол мамандардың кəсіби біліктілігін жетілдіру мақсатында қандай жұмыстар жүргізіледі? – Компания шикізатты ішкі нарыққа тасымалдаумен

қатар, экспортқа да шығарады. Сондықтан біз өндірісті халықаралық деңгейде жүргізуге міндеттіміз. Оның үстіне мұнай тасымалдау əдіс-тəсілдерінің негізі өзгермегенімен, бұл салада жыл сайын жаңаша технологиялар пайда болып жатады. Өндірістің тиімділігін одан əрі арттыру мақсатында біз бұл үрдістен қалысп аймыз, мамандарымыздың кəсіби деңгейін ұдайы жетілдіріп отыру өте маңызды. Акционерлік қоғамның Батыс филиалында оқу-курстық комбинат жұмыс істейді. Бұл оқу-курстық комбинаты мұнай-газ секторындағы мамандарды дайындауды жəне қайта даярлауды жүзеге асыратын үздік мекеменің бірі болып есептеледі. Биылғы жылдың 11 айында аталған комбинатта 4 719 адам оқудан өтіп, біліктілігін жетілдірді. Шеберліктің шыңына жете білсең, мамандықтың бəрі жақсы. Сондықтан қызметкерлеріміздің қай-қайсысының да өз кəсіби біліктілігін арттыруға қашанда ұмтылысы зор. Мамандықты шың дауға дəстүрлі «Үздік маман» сайысы серпін береді. Бұл өндірістік қызметтің сан қырлы астарын меңгерген мамандардың шеберлігін таныту шарасы. Конкурс кезінде қызметшілердің кəсіби біліктілігі, білімі, дағдысынан өзге қауіпсіздік амалы нормаларын сақтай білуі де бағаланды. – Өндірістегі қызмет бөлек, күнделікті тіршілікте саламатты өмір салтын қалыптастыруға компанияның қосып жатқан үлесі қандай? – «ҚазТрансОйл» компаниясы саламатты өмір салтын насихаттауды ең алдымен өзінен бастайды. Бұл мақсатта жыл сайын қызметкерлеріміздің арасында спартакиада өткізуді жақсы бір дəсүрге айналдырдық. Биыл ол Қарағанды қаласында өтті. Онда мұнай тасымалы саласының мамандары спорт түрлерін де едəуір деңгейде меңгергенін көрсете білді. Өзгелерге үлгі болумен қатар, отандастарымызға спортпен айналысуға барынша мүмкіндік жасауды көздеген компания биыл Батыс Қазақстан облысындағы Ақжайық ауданының Ілбішін ауылында жəне Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы тұрғындары үшін əмбебап спорттық алаңдар аштық. Жоғарыда тізіп айтқан барлық кешен құрылысын «ҚазТрансОйл» АҚ толығымен қаржыландырды. Сонымен қатар, компания қолдауды, қорғауды аса қажет ететін əлеуметтік топтарға демеушілік көрсетуге айрықша көңіл бөледі. Ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға, соғыс жəне еңбек ардагерлеріне, мүгедектерге қайырымдылық көмек көрсетеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-та ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, зейнетке шыққан еңбек ар дагерлеріне ықылас танытуды жалғастырып келеміз. Биыл құбыр көлігіне 80 жыл толу мерейтойына орай «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс жəне Шығыс филиалдарының дамуына үлес қосқан қызметкерлердің еңбек жолы жайлы баспасөз беттеріне мақалалар жариялап, көпшіліктің назарына ұсынылды. – 2012 жылы «Халық IPO» бағдарламасы жобасын бастап

берген «ҚазТрансОйл» АҚ-ты нағыз халықтық компания деп атауға толық негіз бар. Бұл да компанияның өз мойынына артқан тағы бір жауапкершілігі емес пе? – Иə, солай. Біз қазақстандық компаниялар арасында акцияларымызды отандық құнды қағаздар нарығына бірінші болып шығардық. Акцияларымызды халық сатып алды. Енді біз жыл сайын табысымыздың бір бөлігін құнды қағаз иелеріне ди виденд түрінде төлейміз. Мəселен, 2014 жылда атқарылған жұмыс нəтижесі бойынша 46,4 млрд. теңге көлемінде дивиденд төленді. Сондықтан да біз үшін мұнай тасымалы саласын дамыту, жетістіктерімізді ұлғайту – компанияның ғана емес, бірінші кезекте халықтың, мемлекеттің мүддесін қорғау дегенді білдіреді. – Алмас Асқарұлы, Елбасымыз айтқандай, экономикамыз жауапкершілігі зор кезеңді бастан өткеруде. Сіздің ойыңызша, осы уақытта барлық сынақтан сүрінбей өтіп, соққыларға төтеп беріп, əлсіздікке жол бермей, керісінше, шынығып шығудың формуласы қандай? – Жоғарыда атап өткен қайы рымдылық шаралардың, əлеуметтік жобалардың өміршең болуы – «ҚазТрансОйл» АҚ-тың тұрақты дамуы, жыл сайынғы жетістіктерінің арқасы. Мұнай тасымалының бас операторы ретінде біз мойнымызға артылған барлық міндетімізді орындап, табанды еңбек етіп, өндірістік даму жолын одан əрі өрбітіп, бəсекеге қабілетті, қар жылай тұрақты компания екендігімізді дəлелдеп отырмыз. Осы алған бетімізден тайынбай, алда тұрған экономикалық сынақтардан тайсалмай өтуге барлық мүмкіндігіміз бар. Бүгінгі заман талаптары баршамызға жаңа міндеттер артып отырғаны рас. Дегенмен, қандай ауыртпалық болсын, болашақта Қазақстанның жаңа экономикалық табыстарға жететініне сенемін. Біз өзіміздің даму көрсеткіштеріміз арқылы əлемді мойындатуға тырысуымыз қажет. Ол үшін бізге ең алдымен əлеуметтік тұрақтылықты сақтап қалу маңызды. Бұл өлшемсіз өндірісті жаңғырту мүмкін емес. Екіншіден, дағдарысты еңсеруге əркім өз деңгейінде үлес қосқаны жөн. Бір-бірімізге сенім артып, ортақ мүддені көздеп, аянбай еңбек етсек қана мақсатқа жете аламыз. Сондықтан да сенім мен еңбек түйіскен жерде оң нəтиже де болады. Ағымдағы жылы Елбасы Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауындағы бүгінгі заман талабына сəйкес көрсетілген ше шімдер санамызға ерекше серпіліс беріп, алдағы күнгі міндеттерімізді айқындап, мақ сатқа жету жолында аянбай, барлық күш жігерімізді жұм сау ға ұмтылдырды, – деп ойын түйіндеді Алмас Асқарұлы. Осылайша компания алдағы уақытта да халық үшін əлеу меттік маңызы зор жобаларды қаржыландырып, қалың бұқараның кəдесіне жарайтын өзге де бастамаларға ұдайы қолдау көрсетуді жалғастыра бермек. Айсамал ƏБІЛХАН.


25 желтоқсан 2015 жыл

ҮКІМЕТ

ҮКІМЕТ

Аќтоєайда алєашќы катодты мыс алынды

Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Келешекте еліміздегі ең маңызды өндіріс орындарының біріне айналатын Ақтоғай кен орнында бүгінде жұмыс қызу. Əлемдегі игерілмеген алып кеніштер қатарына жататын кен орны таяуда ғана тотықты кеннен тұңғыш катодты мыс өнімін алды. Осылайша, Тұңғыш Президент күніне тарту ретінде Аягөз ауданындағы алып өндірістің

өрісі ашылды, тұсауы кесілді. Ақтоғай кен байыту комбинатында тотықты кенді өндіру мен өңдеу 11 жылға есептелген. Кеніштің келешегі сульфидті кен концентратын алуда жатыр. Зерттеу жұмыстарының нəтижесі көрсеткендей, оның негізгі қоры – 1,5 млрд. тонна. Жалпы, Ақтоғай кен орны сонау кеңестік кезеңде белгілі болғанымен, қайласын сайлаған кеншілер мұнда келмеген еді. Мемлекет басшысының тапсырмасы

бойынша, 2000 жылдардың басында қайтадан геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, жаңа кен орнын игеру мақсатындағы шаруалар қызу қолға алынды. Бұрғылау жұмыстары арқылы қазбасы мол аумақ анықталып, кеншілер мен кен өндіруге арналған нысандардың құрылысы салына бастады. Тотықтанған кен қалай алынады? Тау-кен инженерлерінің айтуынша, бастапқыда тотықтанған кенді сілтісіздендіру қажет. Бұл 5-6

айды қажет ететін үрдіс. Осы орайда өндіріс орнындағы алғашқы тотықты кеннің сілтісіздендіруге арналған шоғырландыру алаңына ағымдағы жылдың маусым айында түскенін айта кетейік. Одан кейін үйіндіні сумен шаю сатысы орындалып, электролиз зауытында катодты мыс алынды. Тотықты кенді қайта өңдеу кешені жарты жылдан кейін жылына 15 мың тонна катодты мыс өндіру қуатына жетеді деп жоспарланып отыр. Жаңа өндірісті іске қосу шарасына қатысқан Аягөз ауданының əкімі Бақытжан Байахметов кеніштің келешегі кемел екенін жеткізді. – Ақтоғай кен байыту комбинаты өңір экономикасының жыл сайынғы өсімін қамтамасыз етумен бірге, өңделген тауар экспортын ұлғайтуға, экономикаға тартылатын инвестиция көлемін көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын көптеп құруға оң ықпал етеді. Бұл – Елбасымыз Қазақстан халқына Жолдауында атап көрсеткен дағдарысқа қарсы іс-шаралардың аясына енетін маңызды міндеттемелерді орындауға жəрдемдеседі, – деді Б.Байахметов. Сондай-ақ, сульфидті кенді өңдеуге арналған байыту фабрикасының құрылысы да кестеге сəйкес жүргізіліп жатыр. 2017 жылы аталған фабриканы пайдалануға беру жəне сульфидті кеннен алынатын мыс концентратының өндірісін бастау жоспарланып отыр. Өндіріс көлемі алғашқы 10 жылда 90 мың тонна мысты құрайды. Сонымен бірге, жылына 15 мың тонна катодты мыс өндірілетін болады. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы.

Жаѕа нысандар бой тїзеді

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Шардара аудан орталығында 24 пəтерлі үй пайдалануға берілді. 162 млн. 182 мың теңгеге салынған үйде қоныс тойын тойлаушылардың қуанышы ерек. Өйткені, олардың пəтер кілтіне қолдары еліміз

7

www.egemen.kz

Тəуелсіздігінің 24 жылдығына тойланған шақта тиді. Сол күні «Достық» ауылында 400 орындық Мəдениет үйі де салынып бітіп, ауыл тұрғындарына есігін айқара ашты. Тəуелсіздік күні – Алаш жұрты үшін ең қасиетті күн. Аудан, қала əкімдерінің салынып жатқан нысандардың ашылу салтанатын

осы күнге орайластырғанынан оғаштық көруге болмайды. Мұны Тəуелсіздікке тарту деп түсіну керек. Сол күні Төле би ауданында екі балабақша пайдалануға беріліп, үш елді мекенге табиғи газ келді. Ал Сарыағаш ауданында екі бірдей жаңа мектеп оқушыларға есігін ашса, Түлкібас ауданында

жеті əлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Ал Ордабасы ауданы жаңа бес нысанмен толықты. Басқа аудан, қалаларда да осындай нысандар ел игілігіне беріліп, бес жүзден астам адам қызметпен қамтылды.

Ынтымаќтастыќ ырысќа бастайды Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі таңда Қарағанды облысы индустриялы өлкенің игілігін еселеп арттыруға мүмкіндік беретін əріптестік негізіндегі ынтымақтастық шараларына қатты ден қоя бастады. Таяуда ғана облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің аса ірі мұнай-газ компаниясы «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» холдингінің бас директоры Ренато Маролимен өзара іскерлік қарым-қатынас орнату жайын талқылаған кездесуін жоғарыдағы сөзіміздің бір мысалы ретінде қарастыруға болады. «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг» консорциумының құрамына əлемдегі мұнай-газ конденсаты кен орындарын игеру үшін біріккен «BritishGasGroup» (Ұлыбритания), «Eni» (Италия), «Шеврон» (АҚШ), «Лукойл» (Ресей), «ҚазМұнайГаз» (Қазақстан) сияқты халықаралық аренадағы жетекші мұнай-газ компаниялары енеді. Өзінің кезекті Жолдауында инвестициялық саясатты жетілдіру туралы айтқанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі дəл осындай ірі инвесторларды тарту қажеттілігін меңзеген болатын. Кездесу барысында Ренато Мароли Қарағанды облысының өнеркəсіп, əлеуметтік жəне инвес тициялық жобаларымен танысты. Мəртебелі қонаққа облыстың экономикалық əлеуеті жайында жан-жақты ақпар бере келе, облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібеков былай деді: – Қарағанды облысының барлық əлеуетін айтып жеткізу мүмкін емес. Біздің өңірде екі бірдей жаңа теміржол желісінің іске қосылуы мүмкіндікті молайта түскенін атап өткен жөн. Бұл жағдай облыстың логистикалық қабілетін арттырды. Компаниямен өзара ынтымақтастық негізіндегі ұзақ мерзімді əріптестікке негіз болады деп сенемін. Ренато Мароли өз кезегінде, Қарағанды өңірінің экономикалық тұрғыда тартымды екенін атап өтіп, облыс кəсіпкерлерімен

арадағы бұл ынтымақтастықтың болашағы зор боларына сенім білдірді. – «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» холдингі – ірі компания. Компаниямыз іскерліктің барлық түрін дамытуға ынталы. Бүгінгі шара Қарағанды облысымен іскерлік қарым-қатынасты одан əрі нығайта түседі деп ойлаймыз, – деді Ренато Мароли. Кездесудің нəтижесі жемісті болып, компания мен облыс əкімдігі арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды. Кездесуден кейін компанияның бас директоры «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағында болып, облыстың 50-ден астам кə сіпорнының тыныс-тірлігімен танысты. Дəл осы жерде компания басшылығы өңірдегі өндірістік əлеуеттің мүмкіндігіне көз жеткізіп, алуан түрлі ұсыныстарды естіді. Мысалы, «Бемер Арматура» зауытын алайық. Бұл фирма ілмекті арматураның 150 түрін шығарады. Бұлардың бəрі де мұнайгаз жəне жылумен қамту салаларына арналған. Осы жерде айта кеткен жөн, «Бемер Арматура», «Изоплюс» жəне басқа да ірі фирмалардың ғимарат нысандары «Завод Металл Профиль» ЖШС шығаратын полимер жалатылған темір құрылғылармен салынған. Бүгінгі күнде Қазақстан бойынша зауыттың жеті бірдей бөлімшесі

бар. Олар жылына 800 тоннаға жуық болатты қайта өңдейді. Сондай-ақ, бірде-бір мұнайгаз компаниясы нығыздағыш материалсыз жұмыс істей алмайды. Ал өнімнің мұндай түрін шығаратын «АТИ - Қазақстан» ЖШС ұзақ уақыттан бері «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром» АҚ сияқты ірі кен орындарын игерушілермен тізе қосып жұмыс істеп келеді. Фирма өкілдері сəтін салса, енді «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясымен де тығыз қарымқатынас орнатудан үмітті екендіктерін жеткізді. Ал шыны талшықты полимер құбырларын өндіретін қарағандылық «Жакко-Қарағанды», «ҚазПласт», «Bekem-Plast» фирмалары өздерінде шығарылатын өнімнің қандай түрін болса да ұсынуға дайын екендіктерін жеткізді. Отқа төзімді, аязға шыдамды бояу түрлерін өндіретін «Alian-paint» фирмасы да ірі компаниямен істес болуға ынталы екендіктерін жасырмады. Өңірдегі қабырғалы өндіріс орындарының əлеуетті мүмкінді гімен жете танысқан ком пания басшылығы бұл кездесудің əріптестік негіздегі ынтымақтастықтың көкжиегін кеңейтіп, өзара тиімді экономикалық қарымқатынас орнатуға даңғыл жол ашатынын ризашылықпен атап өтті. ҚАРАҒАНДЫ.

Екі ел арасындаєы салыќ мəселесін талќылады

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Єылыми ой жəне ґнертапќыштыќ Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Еуразиялық топтың (ERG) құрамына кіретін «Қазхромның» VIII ғылыми-техникалық жастар конференциясы компания жұмыс істейтін еліміздің үш облысының алдыңғы қатарлы жастарының басын қосты. Олар Дөң кен байыту комбинаты, «Қазмарганец» кен басқармасы, Ақсу жəне Ақтөбе ферроқорытпа зауытының, сондай-ақ, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік универси те т і мен Р есей дің Челя бі қала сындағы Оңтүстік-Урал

мемле кеттік университетінің əрқай сынан шақыртылған екі өкілі қазылар алқасына металлургия, тау-кен ісі, энергетика, экология, техника қауіпсіздігі жəне ақпараттық технологияға байланысты зерттеулерін ұсынды. Конференцияға алты секция бойынша 38 спикер қатысты. «Қазмарганец» кен бас қармасынан Дмитрий Исмайлов жəне Жəнібек Ильясов, Ақсу ферроқорытпа зауытынан Самат Инцибаев жəне Ильдар Хаиров, Ақтөбе ферроқорытпа зауытынан Теміржан Тойманқұлов, сондайақ, Дөң кен байыту комбинатынан Асылбек Жалмұханбет

өздері қа тысқан секцияның жеңімпаздары атанды. – Конференцияға бірінші рет қатысқандар қазіргі таңда біздің филиалдарда жəне басқарма аппаратында жұмыс істейді. Өнертапқыштық ізденіс, ең бастысы, жастарды қызықтырады жəне олардың ары қарай дамуына жол ашады, – деп атап өтті компания президенті Виктор Тиль. Қатысушылардың өздері атағандай, ғылыми-техникалық конференция ұйымдастырған жылдарда 200 жас ғалым мен өнертапқыш өз жұмыстарын ұсынды, олардың 70 пайызы өндіріске енгізілді немесе жүзеге

Жыл жобалары жеміс тґкті Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Индустрияландыру картасы аясында Ақмола облысында 2015 жылы 41 миллиард теңгенің 11 инвестициялық жобасы іске асырылып, 976 тұрақты жұмыс орны құрылды. Жаңа кəсіпорындардың барлығы да озық технологиямен жарақтандырылып, жоғары еңбек өнімділігімен жұмыс істеуде. Мəселен, Көкшетау қаласындағы «Ақмола Бидай» ЖШС

70 адамды жұмыспен қамтып, жылына 57 мың тонна астық өңдеу жөніндегі жобалық қуатты еңсеру қадамдарын бастады. Ал Еңбекшілдер ауданындағы «ҚазГерҚұс» жəне Көкшетаудағы «Бижан МПЗ» ЖШС-да 3434,1 миллион теңгенің инвестициялық құйылымдары игеріліп, 113 адамға жұмыс берілді. Агломерациялық аймақтағы Ақмол ауылында жылына 150 мың дана құрылыстық күрделі темір-бетон құрылғыларын шығаратын зауыт пайдалануға берілді. Облыстағы көшбасшы өнеркəсіптік

асырылуда. Оның айқын дəлелі ретінде Ақсу ферроқорытпа зауыты өнертапқыштарының ұлттық өнертапқыштық байқауында жеңімпаз болғанын айтуға болады. Бұл жеңіс жаңалық авторларына 2,5 миллион теңге алып келді. Еуразиялық топ мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында жалпы құны шамамен 2,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 12 инвестициялық жобаны жү зеге асырды. Мұнда жас өнертапқыштардың да үлесі мол. Ақтөбе облысы.

қала Степногорда тыңайтқыш шығаратын зауыт пен подщипник зауытының өндірістік буындары қуаттандырылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру күніндегі тікелей эфир барысында Ерейментаудағы «Бірінші жел электр стансасы» мен Целиноград ауданындағы «Capital Projects Ltd» құс фабрикасын іске қосты. Жалпы, облыстың индустрияландыру картасына 622,2 миллиард теңгенің 90 жобасы енгізілген. Бұл қосымша 12745 тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Ақмола облысы.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Əрине, көрші жатқан Қырғыз Республикасының үстіміздегі жылдың тамызынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуының біз үшін тиімді тұстары өте көп. Енді екі ел шекарасында кедендік ресімдеумен байланысты кедендік жəне басқа да баждар жоқ, импорттаушыға қосымша құн салығын төлеуге 1,5 айға дейін мерзім берілді. Кедергісіз тауар тасымалы артты. Əйтсе де қазақ-қырғыз шекарасындағы кедендік бақылауды алу мемлекеттік кірістер органдарының жұмысында бірқатар мəселелер туындатқаны да жасырын емес. Мемлекеттік шекара арқылы заңсыз өткізілетін контрабандаға, соның ішінде экономикалық, тыйым салынған заттар мен есірткіге қарсы əрекет ету қиындады. 2014 жылмен са лыстырғанда Қытай Халық

Республикасынан импортталатын тауарлардың көлем құны 42,8 млн. АҚШ долларына азайды, бұл кедендік төлемдер мен салықтардың төмендеуіне əкеліп соғып отыр. Ел аумағына импортталатын тауар ларды тарату кезіндегі салық тарды төлеуге бағытталған салықтық бақылаудың айқын тетігі жоқтығынан салықтық төлемдерден жалтаратын салық төлеушілердің жымысқы əрекетіне мүмкіндік тууда. Мемлекеттік бақылаудан өткендігін растайтын ҚР ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық құрылымдық бөлімшелерімен берілетін талон түрлері де салықтық əкімшілендіру жүргізуге мүмкіндік бермей отыр. Осыған орай Жамбыл облысының Қордай ауданы орталығында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Ерғожин мен Қырғыз Рес публикасы Бас салық қызметінің төрағасы З.Османовтың

кездесуі өтті. Бұл кездесу екі мемлекет арасындағы салықтық əкімшілендіру проблемаларын шешуге бағытталды. – Мұнай өнімдері жəне өзге де тауарларды тасымалдау бойынша бірқатар өткір мəселелер бар. Жалпы, барлық проблемалар бойынша бірігіп əрекет етуге келістік. Өз елімізде біз тиісті шараларды қолға алуды бастаймыз. Ортақ міндет – барлық қарым-қатынастың заңға сəйкес жүруіне жағдай жасау, – дейді Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дəулет Ерғожин. Ал Қырғыз Республикасы Мемлекеттік салық қызметінің төрағасы Замирбек Осмонов кемінде жарты жыл сайын кездесіп, мəселелерді талқылап тұрсақ жұмысымыз нəтижелі болады дейді. Басты мақсат – азаматтарға Еуразиялық экономикалық одаққа кірудің пайдасын барынша ұғындыру. Жамбыл облысы.

1


8

www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

ҮКІМЕТ

Халыќаралыќ стандартќа сай Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе қаласында мейрамханалар мен жанар-жағармай құю бекеттері жоқ емес, баршылық. Алайда, бұл жолы ашылған «Бурге Кинг» мейрамханасы мен «Компас» жанар-жағармай жəне газ құю бекетінің өзіндік артықшылықтары бар. Олардың тұтынушыларға ұсынатын қызметтері халықаралық стандарттарға сай келеді. Мұндай нысандар кешені əзірге тек Алматы, Астана жəне Ақтөбе қалаларында ғана ашылып отырған көрінеді. «Бургер Кинг Ақтөбе Компас» бірлескен жобасы өңірімізде жаңа форматта – автоэкспресс түрінде ашылған кешен. Қала тұрғындары мен қонақтары ұсынылған қызметтің жаңа түрі арқасында автокөліктерінен шықпай-ақ «Бурге Кинг» мейрамханасының қызметін пайдалана алады, яғни тамақтана алады. Халықаралық стандар ттарға сай экспресс-қызмет көрсету мей рамханасының ашылуы жəне жанар-жағармай құю жəне газ бекетінің пайдалануға берілуі қаладағы қызмет көрсету сапасының дамуына жəне тұтынушыларға жағдай жасалуына ықпал етеді. Сондықтан да болар, облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бұл нысандардың салтанатты ашылуына арнайы келіп, жұмыстарына сəттілік тіледі. Мұндай сервистік қызметтің көкжиегінің кеңейюіне мүмкіндік мол екенін жеткізді. Өңір үстімен «Батыс Еуропа

– Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізі өтіп жатқанын, «Астана– Арқалық – Ақтөбе – Ақтау» күре жолы салынатынын айта келіп, осы бизнесті күре жолдардың бойында дамытуға болатынына тоқталды. Компания иелерінің айтуынша, «ОSR» ЖШС-нің Ақтөбе қаласындағы екінші мейрамханасы ашылып отыр екен. Мұның өзі облыстың инвестициялық тартымдылығын көрсетеді. – Біз «Компас» жанар-жағармай жəне газ құю бекеті желісін дамыту үшін сыйымдылығы 9 мың текше метр мұнай базасын, 11 жанар-жағармай құю бекетін сатып алдық. Болашақта тағы бір осындай бекетті пайдалануға беру көзделуде. Біздің бұл жанаржағармай жəне газ құю бекетіндегі бензин «Еуро-5» халықаралық стандартына сай келеді. Сондайақ, автотұрақ жұмыс істейді. Тұтынушылар осы жерден автокөлігіне жанармай немесе газ құйып, мейрамхана мен супермар кет қызметін пайдалана алады. Біздегі қызмет пен тауарлар басқаларға қарағанда, анағұрлым арзан. Бұл тұтынушылардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге алғышарт жасайды, – дейді «Новая АЗС» ЖШС директоры Əнуар Келдияров. Екі жобаға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 1,2 миллиард теңге құрайды. Жаңадан 50 жұмыс орны ашылған. Ақтөбе облысы.

Семей қаласының тізгінін жарты жыл бұрын облыс əкімінің орынбасары қызметін атқарған, Глубокое ауданының, Риддер жəне Зырян қалаларының əкімі жəне бірнеше облыстық басқармаларға жетекшілік еткен білімді де білікті басшы Ермак Сəлімов ұстаған еді. Жақында Семейде іссапарда болған кезімізде қала əкімімен жүздесіп, тілдестік. Əу дегеннен қала басшысы үдемелі индустриялық-инновациялық жобалардың қалай жүзеге асып жатқанынан хабардар етті. – Үдемелі индустриялықинновациялық бағдарлама бойынша Семей қаласының үлесіне жалпы құны 27,2 миллиард теңге болатын 17 жоба енгізілген болатын, – деп бастады əңгімесін Ермак Бидахметұлы. – 2010-2014 жылдар аралығында 10,7 миллиард теңгенің 10 жобасы жүзеге асты. Олардың қатарында «Шығысбройлер», «Алина Про», «Сəт транс», «Комфорт технологиясы» жəне «Приречное» агрофирмасы бар. Қазір аталған кəсіпорындар жобалық қуатының 90 пайызы мөлшерінде өнімдер шығарып жатыр. Семей былғары-тері комбинаты, «Тамаша» макарон фабрикасы, «СемАЗ», басқа да бірнеше кəсіпорындар өз қуатын 50 пайыз мөлшерінде арттырды. Ал үстіміздегі жылдың соңына дейін «Игеру» ШҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалануға берілмек. «СемАЗ» серіктестігі бұдан бірнеше жыл бұрын «Беларусь» тракторларын шығаруды қолға алған. Осы уақытта зауыт тан бірнеше мың трактор шығарылып, өңірдің шаруа қожалықтарына сатыла бастады. Қуатты тракторлардың бағасы 15-20 пайызға арзан болғандықтан, оны тұтынушылар қатары көбейіп келеді.

ҮКІМЕТ

– Алдағы уақытта басқа да көлік түрлерін шығару ойда бар, – дейді СемАЗ» кəсіпорнының жетекшісі, облыстық мəслихаттың депутаты Əсемхан Досқожанов.— Оңтүстік Кореяның автобус шығаратын концернімен бірлесіп

Серпінді жобалар қатарына енгізілген жобалардың бірі – киізбайпақ өнімдерін шығаратын кəсіпорын. Бұл кəсіпорын тек киізбайпақ өнімдерін ғана шығармай, оны авиацияда қолдану мақсатында жаңа өнім түрлерін

орталығы Шыңжан қаласында болып, бірқатар тиімді келісімдерге қол жеткізді. Бұл топта мен де болдым. Себебі, Семей қаласын жылумен қамтамасыз етуде əлі де шешімін таппаған проблемалар бар. Ресей, Түркия, енді міне,

«ДЭУ-Бус»» автобусын өндіре бастағанымызға бірнеше жыл болды. Сапасы жақсы, бағасы қымбат емес көліктің бұл түріне тапсырыс көбеймесе азайған жоқ. Қытайдың «Хове» деген маркалы жүк таситын ауыр салмақты машиналарын шығаруды қолға алдық. Бір кездері Семей былғарытері зауытының атақ-даңқы қандай еді? Нарық табалдырық атта ған сонау жылдары ол жабылып қалды. Кəсіпкерлердің қолдауымен оның екінші «тынысы» ашылды. Алайда шикізаттың тапшылығы салдарынан кəсіпорын нық қадам жасай алмауда. Серпінді жобалар тізіміне енгізілген соң 2012 жылы серіктестікті шикізатпен қамтамасыз ететін «Семей» атты сервистік дайындау серіктестігі құрылды. Облыстық бюджеттен 200 миллион теңге бөлінді. Қазіргі күні кəсіпорынды қажетті тері өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында мал соятын орталықтар құрылып жатыр. Бүгінгі күні «Семей былғары-тері» ЖШС-да 70 адам жұмыс істеуде. «Евразия-Агрохолдинг» серіктестігі аталмыш өндіріс орнын қаржымен қамтамасыз етіп, қолғабыс жасауда. Алдағы уақытта зауыттың қуатын екі есеге дейін арттыру көзделген.

шығармақ. «Роза» киіз-байпақ» серіктестігі алдағы уақытта жаңа өнім түрлерін шығаруды қолға алмақ. Екінші бесжылдықта қала бойынша 7 инвестициялық жоба жүзеге асуы тиіс, оның ішінде үшеуі биылғы индустриялық картаға енгізілді. Атап айтар болсақ, «Семей» машина жасау зауыты», Семей асбест-цемент бұйымдары зауыты, ет өнімдерін шығаратын зауыттың құрылысы маңызды ғимараттардың бірі. – Жақында облыс əкімі Д.Ахметов бастаған топ көрші Қытай мем лекетінің ШыңжанҰйғыр автономиялы облысының

Қытай мемлекеті бізге инвестиция салу жөнінде ұсыныс жасады. Семейдегі жылу беретін қуаттарды арттыру мақсатында біршама істер жүзеге аспақ. Сонымен бірге, көршілер теміржол тарту, көпір құрылысына қомақты қаржы бермек. Қазір Семейдегі 17 ЖЭО, жүздеген жекеменшік ұсақ жылу беретін қазандықтар 1050 көпқабатты, 3 мыңға жуық жекеменшік үйлерді жылумен қамтамасыз етуде. Қазір жылу барлық үйлерге берілген, алдағы уақытта қала тұрғындарының арыз-талабы болса көмек көрсетуге əзірміз, – дейді қала əкімі Е.Сəлімов.

Семейдегі серпіліс

Бірінші бесжылдыќтыѕ їздігі «ҚазГерҚұс» ЖШС мемлекеттік үдемелі индустриялықинновациялық даму бағдарламасының бірінші бесжылдығында бой көтерген іргелі кəсіпорын. Ауыл төсіндегі заманауи фабрика жылына 300 миллион дана жұмыртқа жəне 100 тоннадан астам құс етін дайындайды. Серіктестік биыл 114 миллион теңгенің өнімін өткізді. «Егемен Қазақстан».

«Керемет ПВ» керемет пəтерлер сыйлады

Бұл күн 5 қыз, бір ұлы бар Əлия Қатыренова апайымыздың əулеті үшін мəңгі есте қалады. Балалышағалы отбасы 3 бөлмелі пəтер кілтін алды. «Күміс алқа» иегері Əлия апайдың отбасына көрімдікке теледидар сыйлаған облыс əкімі Қанат Бозымбаев «Менің де 5 балам бар, бұйыртса, алтыншысы да болып қалар», деп жатты қуанышқа қуаныш қосып. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында əнші Майра көшесі, 27/2 мекен жайы бойынша жаңадан жарқыраған 9 қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бір сəтте 180 отбасы бірбіріне құтты болсын айтып, жаңа пəтер иелері атанды. Тұрғындарды қуанышқа бөлеген тұрғын үйдің құрылысын «Керемет ПВ» серіктестігі жүргізді. Ал, бұл үйдің тұрғындары «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы баспаналы болу үшін қаржы жи нады. Яғни, «Өңірлерді дамыту-2020» мемлекеттік бағдарламасының аясында салынған тұрғын үй иелеріне несие талаптары едəуір жеңілдетілді деген сөз. Облыс əкімі тұрғындарды қоныс тойларымен құттықтады. Əр шаңыраққа бақ-береке тіледі. – Алдағы жылы облыс

2

орталығындағы «Сарыарқа» шағын ауданында қазір құрылысы жүргізіліп жатқан көпқабатты 4 үйді қол данысқа беруді жоспарлап отырмыз. Əр қазақстандық пəтерге қол жетуі үшін мемлекет тарапынан мүмкіндіктер жасалуда, – деді Қ.Бозымбаев. «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Айсұлтан Акчурин де тұрғындар қуанышына ортақтасып, алда талай тамаша жарқыраған осындай керемет үйлердің тұрғызылуы үшін компания күш-жігерлерін жұмсайтынын жеткізді. Айтпақшы, Жаңа жыл алдында тағы да облыс орталығында 108 пəтері бар екі үй пайдалануға беріледі. ПАВЛОДАР. –––––––––––––––

Суретті түсірген Валерий БУГАЕВ.

Инфрақұрылымды дамыту үшін «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында бөлінген 250 миллион теңге қаржы толық игерілді. Ауқымды жобаны жүзеге асыру нəтижесінде 250 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етілді. Олардың орташа айлық еңбекақысы 87 мың теңгені құрайды.

Кəсіпорын Президент Н.Назарбаевтың жуырдағы Жолдауындағы мемлекет-жекеменшік əріптестігін қолдау жөніндегі пікірлеріне қолдау білдіруде. Мəселен, «ҚазГерҚұс» басшылығы Степняк қаласында балалар бақшасын жəне төрт қабатты тұрғын үй құрылысын бастау ниетінде екен.

«Алтынтау-Кґкшетау» алєа шыќты Геологиялық барлау жəне кең көлемді технологиялық зерттеу қорытындылары нəтижесінде, 2006 жылы Зеренді ауданындағы Васильков кенішінде заманауи алтын айыру фабрикасын салу қолға алынған болатын. Оның жылдық қуаты 8 миллион тонна руда немесе 12,5тонна алтын (Доре қорытпасы түрінде) алуға лайықталған. Елбасы Н.Назарбаев тың қаты суымен 2010 жылы өндірістік қуаты жөнінде ТМД аумағында теңдесі жоқ фабрика пайдалануға берілді. Индустриялықинновациялық жобаның жалпы құны 58514 миллион теңгені құрайды. «Алтынтау-Көкшетау» ЖШС бас директоры Игорь Когай руда алу автомобиль жəне конвейерлік желі арқылы карьерлік əдіспен атқарылатынын айтады. Бүгінгі күні карьердің тереңдігі 220

Оңдасын ЕЛУБАЙ.

СЕМЕЙ.

Əлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуды мақсат тұтқан мемлекетімізде бəсекеге қабілетті мамандар дайындау талабы туындап отыр. Білімді əрі білікті маман болу үшін ана тілімен қатар, өзге тілдерді меңгеру – еңселі еліміздің басты мақсаттарының бірі.

Їш тілді жетік меѕгерген

Бақберген АМАЛБЕК,

Елбасының Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында серіктестік өзінің жобалық мүмкіндіктерін кеңіту жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні мұнда балапандарға арнал ған екі цех жəне мекиендер үшін 8 цех пайдалануға беріл ді.

Ауыл шаруашылығы саласында да өркенді өзгерістер бар. Атап айтқанда, жыл басынан бері ауыл шаруашылығында 13,1 миллиард теңгенің жалпы өнімі шығарылды. Сүт өндіру – 1,1, ірі қара – 5,4, жылқы – 5,9, құс өндіру 4,9 пайыз өсті. Атқарылған құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 15,2 миллиард теңгеге жетті. Жыл басынан бері 52,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол жыл аяғына дейін 104 мың шаршы метрге жетпек. Семейде шағын жəне орта кəсіпкерлік жақсы дамыған. Қала бойынша 3802 тіркелген шағын жəне орта кəсіпкерлік ұжымдары бар, алайда, олардың біразы көңілдегідей жұмыс істей алмай отыр. Бүгінгі таңда шағын жəне орта кəсіпкерлікпен шұғылданатын кəсіпорындарда жаңадан 1720 жұмыс орны ашылды. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 111 жобаға 14 миллиард 337 миллион теңгенің несиесі беріліп, 861,4 миллион теңгенің 19 жо басы жүзеге асты. Олардың ішінде денсаулық сақтау, көлік, білім беру, ауыл шаруашылығы, басқа салаларда атқарылған оң істер бар. Семей қаласы өсіп-өркендеп келеді, серпілістің бар екені анық байқалады. Əлеуметтік мақсаттағы ғимараттарды салуда да алға жылжу бар. Биыл 300 орындық екі жекеменшік балабақша ашылды, 1290 орындық 5 балабақша алдағы уақытта бүлдіршіндерге есігін айқара ашпақ. Заманауи талаптарға сай мектептер мен денсаулық сақтау мекемелері де келешекте бой көтере бермек.

метрге жетеді. Бұл жобалық меженің жартысына жуығы. Үстіміздегі жылдың 11 айында ұжым 35,6 миллиард теңгенің өңделмеген жəне жартылай өңделген 16632 килограмм алтын өндірді. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен анағұрлым артық. Мұның өзі жаңа жылдық межелері де биік болатынына сенім қалыптастырады. Серіктестік қазір Васильков алтын кенішін толық жобалық қуатына жеткізу бағытында жұмыс істеуде.

«Алтынтау-Көкшетау» өзінің əлеуметтік бастамаларымен де жұртшылық ризашылығына бөленуде. Кəсіпорын мемлекетжеке меншік əріптестігі негізінде 416 миллион теңге қаржы шығарып, 320 орындық «Алтын бала» балабақшасын қалалықтар игілігіне берді. Сондай-ақ, көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге тиесілі тұрғын үйлер құрылысына қомақты қаржы бөлді. Ақмола облысы.

Президентіміз Н.Ə.Назарбаев білім беру жүйесінде үш тілдің — мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін жəне əлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген бəсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткен еді. Сондықтан да Елбасының тапсырмасына сай «Үштұғырлы тіл» идеясы жемісті жүзеге асып, бəсекеге қабілетті ұлт болуға басымдық беріліп отыр. Кемел келешектің тұтқасын ұс тайтын жастардың шет мемлекет терде білім алуына жол ашылып, əлемдік өркениеттің озық үлгілерімен танысуына мүмкіндік туды. Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық жəне мəдениетаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарымқатынасы артып отырған шақта ағылшын тілін еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамдардың бəсекеге қабілеттілігі жоғары. Қазіргі уақытта қоғамның қай саласын алып қарсаңыз да, заман талабына сай үш тілді жетік меңгерген мамандар баршылық. Еліміздің болашағы бұлыңғыр болмауы үшін өркениеттен кенже қалмай, көп тілді меңгеруіміз қажет-ақ. Үш тілде еркін сөйлеп, жаза алатын бəсекеге қабілетті мамандардың бірі – «Қаражанбасмұнай» АҚ əлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаментінің директоры Марат Себасов, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар жəне инжиниринг университетін машина жасау технологиялары мамандығы бойынша бітірген Марат Бақбергенұлы еңбекке араласқан жылдарда ағылшын тілінің қажеттілігін

сезініп, үйрену үшін арнайы курстарға қатысты. 2012-2013 жылдары «Болашақ» бағдарламасы бойынша Лондондағы қаржы жəне бизнес мектебінде экономика жəне халықтық шаруашылықтарды басқару мамандығын игерді. Үш тілді үздік меңгерген ол елге оралғаннан кейін бəсекеге қабілетті мамандардың қатарын толықтырып, еңбек жолын жалғастырды. – Көптілділіктің іргетасы ана тілінен қаланады. Ана тілінде көп ізденіп, кітаптарды көп оқитындықтан сөздік қорым мол деп айтуға болады. Ұлтаралық қатынас тілі арқылы танымтүсінігімді кеңейтіп, білімбілігімді толықтыруға мүмкіндік алдым. Жаһандық экономикаға кірігу тілінің көмегімен озық ілімбілімді меңгеріп, жаңа технологияны игеруге болады. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, əлеуметтікэкономикалық жағдайының жақсаруына қызмет етіп жүрген əріптестерімнің арасында өзге ұлт өкілдері де бар. Жұмыс барысында үш тілді де қатар пайдаланамын. Тіл білгеннің пайдасы мол деп есептеймін. Кез келген ақпаратты, өзіме қажет болған мəліметтерді іздеп, түсінуге, өзге ұлт өкілдерімен тəжірибе алмасуға мүмкіндік мол. Балаларыма үй тапсырмасын орындауға, əсіресе, орыс жəне ағылшын тілдері сабақтарынан көмектесемін, – дейді Марат Себасов. Қазіргі таңда еліміздің кемел келешегі үшін өскелең ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына, кəсіби маман болуына мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермей, өз тілін құрметтеп, өзге тілдерді меңгерген маманның болашағы жарқын болмақ. Фарида ҚАРШЫҒАТЕГІ.

Маңғыстау облысы.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары: Қазақстан Республикасының Үкіметі

www.government.kz

Денсаулық және әлеуметтік

Ауыл шаруашылығы министрлігі

minagri.gov.kz

Ішкі істер министрлігі

mvd.gov.kz

даму министрлігі

www.mzsr.gov.kz

Энергетика министрлігі

www.energo.gov.kz

Қорғаныс министрлігі

www.mod.gov.kz

Қаржы министрлігі

www.minfin.kz

Ұлттық экономика министрлігі

www.minplan.gov.kz

Білім және ғылым министрлігі

www.edu.gov.kz

Әділет министрлігі

www.adilet.gov.kz

Инвестициялар және

Сыртқы істер министрлігі

www.mfa.gov.kz

Мәдениет және спорт министрлігі

www.mki.gov.kz

даму министрлігі

www.mid.gov.kz


www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

9

 Зерде Егемендігін алған соң еңсесін көтерген еліміздің ертеңі ерекше екенін Елбасымыз қашанда қадап айтып келеді. Бұл сөздің жаны бар. Өз елінде бақуатты өмір сүргісі келетін адам үшін, алдымен, қауіпсіздік пен тыныштықтан артық ештеңе жоқ. Бейбіт еңбек етуді қалайтын адам өз қауіпсіздігінің кепілдігіне көз жеткізе алса ғана сенімі де нығая түседі. Тыныштық үшін мемлекет кепілдік танытып тұрған жерде халықтың бір кісідей ортақ іске атсалысары да сөзсіз. Ал бірақ əлем ешуақытта тыншыр емес. Біресе қауіп-қатер, біресе дағдарыс дауылы соғады да тұрады. Одан сақтанбаса, алдын алмаса болмайды. Сəт сайын құбылған аласапыран заманға сай амал болуы керек. Міне, бұл орайда мамандығы да, еңбегі де ерек адамдардың мемлекет үшін іс-амалы айрықша қажет болатыны бар. Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Өйткені кез келген түрлі бағыттағы мемлекетте əр саланың өз құпиясы болатыны белгілі. Бірақ «Сырт көз – сыншы» дегендей, əр адамның бойында өзі байқамайтын мінезі бар секілді, əр мемлекеттің де осал тұстары болатыны сөзсіз. Сол əр саланың етек-жеңін жиып, жаманын жасырып, жақсысын асырып, ал өзге елдің жасырын сырын тірнектеп жинақтап жүрген жандардың ісі ізгілікті болса да ашық айтыла қоймайтыны тағы бар. Сондай жандардың бірі – генерал-лейтенант Жеңісбек Мұхамедкəрімұлы. Əрине, ол қазір зейнет жасында. Бірақ əлі ат үстінен түскен жоқ, сара бағытынан жаңылған жоқ. «Барлаушы» деген ізгі атын одан əрі нығайту үстінде. Зейнетке шыққанымен тарихқа барлаудағы ізі сайрап түсіп қалғаны да рас. Еліміздің қауіпсіздігі мен мүддесі үшін еңбек етуде Жеңісбек салған сара жолдардың бірқатарымен жүріп өткенді жөн көрдік. Иə, несін айтасыз, о баста Жеңісбектің алдында сан тарау бұралаңдаған жол жатты. ҰҚК төрағасы, «Барлау» қызметі директорының орынбасары секілді ірі лауазымды дəрежелер оны сол кезде əлі алда күтіп тұрған болатын. Оған жету жолындағы бір биікте Жеңісбек ҰҚК Жамбыл облыстық басқармасын басқаратын. Ол уақыт əлемнің астан-кестеңі шыққандай аумалытөкпелі кезең. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары, ел болып енді етек жия бастаған кез. Соған орай егемендікті сақтап қалатын ең бір күрделі мемлекеттік мəселелерді іске асыратын айтулы сəт туған. Соның бірі – төл теңгемізді бір-ақ сəтте айналымға жіберу керектігі. Бірақ мұны жан адам білмеуі тиіс болды. Сондықтан бұл жайдан республика бойынша санаулы адамдар ғана хабардар еді. Ал Англияда жасалған алғашқы теңгелер алдымен Таразға жеткізіліп, сосын жан-жаққа таратылуы қажет. Негізгі шешім солай. Мұндай маңызды қызметті іске асыру үшін Тараз қаласы текке таңдалмады. Осыған орай бұл қызметтің де негізгі құпиялығы Жеңісбектің иығына жүктелді. Əрине, алғашқы теңгенің бəрі елімізге бірақ күнде сау етіп, əке ліне қалған жоқ. Оны тү гел жинауға 4-5 ай уақыт кетті. Ұшақ пен біртіндеп жеткізіліп жатқан теңгелер жасырын түрде арнаулы қоймаға жиналды. Бірде-бір адам елімізге елдігіміздің ертеңін айқындайтын төл теңгеміздің келіп жатқанын білмеуі керек болды. Сондықтан теңге тиелген ұшақтар əуежайға таңғы төрттерде келіп қонатын. Бұл кезде, əрине, адамды нағыз тəтті ұйқының қысатын кезі ғой. Ал ұшақтағы қара жəшіктердің ішінде не бар екенін, жоғарыда айтқанымыздай, тек Жеңісбек секілді саусақпен санарлық адамдар ғана білетін. Тіпті, ұшқыштардың өзі де түк сезбеді. Бірақ өте əуесқой адамдардың да көп болатынын ескере отырып, еш күдік тудырмас үшін əлгі жəшіктердегі ойын билеттері деген аңыз таратылды. Тіпті, облыс əкімі де білген жоқ. Оған, əрине, операцияның соңын ала айтылғаны белгілі. Сондықтан Жеңісбек бастаған топқа күнітүні көз ілмей жұмыс істеуге тура келді. Əзір ақшаны қабылдап, жинап қою бір басқа да, енді оларды теміржол, əуе жолдары арқылы облыс орталықтарына істің жымын білдірмей тарату, айтуға ғана оңай. Бұл республикалық аумақтағы жасырын операция еді. Өйткені, теңге белгіленген күні, барлық жерде бірдей, бір-ақ сəтте жаппай қолданысқа енгізілуі керек. Сол үшін де құпиялы амалдардың орыны бөлек болды. Сөйтіп, ақыры бұл операция да ың-шыңсыз сəтті аяқталды. «Отан үшін отқа түс – күй мей сің» деп Бауыржан атамыз айтқандай, елдің қамы үшін қызмет ету жеке бастың мүддесі үшін күйбең тіршілік ететіндерге алынбас асу болып қала бермек. Сондықтан да болар, жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жылжып, əзірге майшелпекке бөгіп отырған небір шенеуніктердің арасында «Жаным – арымның, арым – жанымның садағасы» дейтін адамдарды əлі күнге түсіне аламайтындары бар көрінеді. Оларға ондай жандардың «Отан үшін жаным пида» дейтіндері мүлде ақылға сыйымсыз əрекет болып табылады екен. Мүмкін барлаушының көптеген шенеуніктерден артықшылығы да осындай ерекше қасиеттерге кеңдігінен шығар. Мұндай қасиет іс-əрекетті ерлікке ұластырады. Осы сөзіміздің айғағындай, Жеңісбектің иығына қандай міндет артылмасын, алдымен ол барлаушы екендігін естен шығармады. Өйткені барлаушылық – білімділік, төзімділік, қайтпас қайсарлық жəне асыл зиялылық пен жауаптылық. Демек, бұл асыл қасиеттерді бойына жинаған адам асқан артықшылыққа бай деген сөз. Мұнда адам, алдымен, өзінің елі, халқы үшін қызмет ететінін естен шығармайды. Міне, кезінде Жеңісбек Шанхай ынтымақтастық ұйымына қарасты өңірлік терроризммен күрес құрылымы директорының орынбасары қызметінде жүргенде де бұл сара жолдан тайған жоқ. Иə, сөйтіп жүргенде бірде оған Үндістанға сапар шегуге тура келді. Ал Үндістан салыстырмалы түрде айтқанда, Германия немесе Швейцария секілді жанжақты дамыған ел емес. Онда жағдай басқаша. Санитарлық жағдай да мəз емес. Адамы көп əрі əлеуметтік-тұрмыстық деңгейі осалдау елде медицинаның да дəрмені белгілі. Бірақ солай екен деп, маңызды іссапардан тартынуға тағы болмайды. Тапсырма орындалуға тиіс. Жауапкершілік қымбат. Дəл осы бір сəт сынға салынғандай қысылтаяң шақта Жеңісбектің аяғын

мейірімділігі азайып барады, көбіміз «заман сондай болып кетті ғой» деп əбден бүліндік», дейді. Алдында айтып өткеніміздей, өткен ғасырдың 90-шы жылдардың аяғында елімізде «Барлау» қызметі құрылды. Оның төрғағасының орынбасары болып сол кезде Жеңісбек Жұманбеков тағайындалды. Əрине, бұрын да осы салада қызмет етіп келе жатқан Жеңісбек үшін бұл бағыт таңсық емес еді. Алайда, мұндағы жұмыстың аса қауіптілігімен қатар екінің біріне ашыла қоймайтын тылсым жұмбағы көп болатын. Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қарбалас шақ елге оңай тимегені анық. Сол елдің еңсесін тездетіп тіктеу үшін қолға қауырт жұмыстар алынды. Соның бірі ретінде шетел инвестициясын тартып, экономикалық байланыстарды күшейту келелі міндеттер қатарына қосылды. Сөйтіп, халықтың тұрмысын түзеу жолындағы

туса, амал жоқ, оны жарып жіберу керектігі туралы саяси жетекшілерге қатаң ескертілді. Қандай қиын-қыстау кезең тумасын Мұхамедкəрім жетекшілік еткен құрама жауға жаналғыш қару атанған «Катюшаларды» аман сақтай білді. Бірақ жау жаяу əскердің де, техникаларының да үнемі күлін қаққан қаруды қалайда қолға түсіруге талпынып бақты. Сондай бір қысылтаяң шақта «Катюша» құрамының командирі оққа ұшты. Ал ентелеген жау сауытты техникасымен қос «Катюшаны» екі бүйірден қысып, тығырыққа тіреді. Ақыры шегінуге тура келді. Кім біледі, соғыстың аты – соғыс, олай-бұлай сəт туса қапы қалмас үшін алдын ала қос «Катюшаға» да жарылғыш заттар орнатылды. Бірақ Мұхамедкəрімнің жанқиярлық жетекшілігі арқасында бір «Катюша» қыспақтан шығарылып, қауіпсіз жерге əкетілді. Мұны көрген жау тіптен ұмтыла

ЌАЙСАРЛЫЌ

белгісіз бір зиянды жəндік шағып алды. Оның аса қатерлі улы жəндік екені бірден байқалды: аяқ күп болып ісіп шыға келді. Бірлі-жарым қараған дəрігерлер оған шұғыл түрде ауруханаға жатуы керектігін ескертті. Алайда, дəл сол сəтте Жеңісбекке жүктелген тапсырманың шарықтау шегіне шыққан кезі еді. Демек, не тапсырма, не денсаулық дегендей, оның алдында екі жол таразыға тартылды. Оның үстіне Үндістандағы жиналысын аяқтаған оған, енді бірден кідірместен Делиден Бейжіңге ұшуы керек болды. Не істеу керек? Шенеуніктер секілді аяқты аспанға көтеріп, аурухананың ақ төсегіне таңылуы қажет пе? Əлде тапсырманы аяғына дейін қалайда атқарып шығуы тиіс пе? Аяғы добалдай болып ісіп, солқылдатып алып барады. Соған қарамастан бір сəтке де кідірмеген Жеңісбек түк болмағандай Қытайға ұшып барды. Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына қарасты өңірлік терроризммен күрес құрылымы кеңесінің отырысына қатысуы қажет. Қытайда да дəрігерлердің ескертуіне қарамай жиналысты дер уақытында ашып, басынан аяғына дейін оны өткізді. Тек бəрі сəтті аяқталған кезде Жеңісбектің де денсаулығы сыр берді. Ақыры генералды Ташкентке зембілмен жеткізді. Келуін келгенімен оны алдан суыт хабар күтіп тұрды. Күп болып іскен аяқ еш ем көрсетілмегендіктен, одан əрі домбығып, жансыздана бастаған. Аяғын баса алмай зембілге түскені де сол екен. Қауіп одан да зор болды: дəрігерлер улы жəндік шаққан аяғын кесіп тастау мəселесін алға тартты. Əйтпесе у бүкіл денеге жайылуы да мүмкін көрінеді. Мұны естігенде Жеңісбек өз құлағына өзі сенбеді. «Мүмкін емес!» деді іштей. Барлаушының аяқтан айырылуы өліммен барабар. Ендеше, Жеңісбек секілді ел мұраты үшін жанын аямай қызмет етіп жүрген адамның ауруы мүмкін емес. Өзгелерге жақсылық жасаушы адамның ісін өзгелер білмегенмен, көрмегенмен Алла тағала біледі, көреді дейді. Сол рас екен. Алдымен Алланың құдіреті, екінші дəрігерлердің көмегі жəне əрине генералдың құдай берген денсаулығының арқасында Жеңісбек аяғынан тік тұрды. Сөйтіп, барлаушы Жеңісбек Отан алдындағы қызметтік тапсырманы орындау үшін өмірін де алмастыруға бар екенін сөзбен емес, нақты іспен көрсетіп берді. Шанхай ынтымақтастық ұйымына қарасты Ташкент өңірлік терроризмге қарсы күрес құрылымы директоры қызметін атқара жүріп Орталық Азиядағы халықаралық терроризм мен діни экстремизмге қарсы осы іске сүбелі үлес қосып, адам баласына жасалатын зұлымдыққа кеуде тосып, қайрат көрсетті. Сонда түйген ойларына сай: «Жер бетінде негізінде зұлымдық жоқ, зұлымдық адамнан мейірімділік кеткен кезде ғана пайда болады, мейірімділіктің орнына келеді. Сондықтан жастардың экстремистік, террорлық топтардын арбауына ілігіп, зұлымдық жолына түсуіне сол мейірімділіктің жоқтығы себеп болады. Отбасындағы мейірімділік, қоғамның

игілікті істер жаппай жүзеге асырыла бастады. Алайда, бұл халыққа алқаның көрініп тұрған жағы болса, оның көзден қалтарыс қалатын тұсы да бар екені белгілі. Міне, осы орайда сырттан елдің жағдайын жақсартамыз деп ұмтылған талай шетелдік түрлі фирмалар мен компаниялар аясында сол елдердің сыртқы барлау қызметінің өкілдері де ішке ілесе енбесіне еш кепілдік жоқ еді. Ал қашанда қазақ жеріне деген жат жұрттың қызығушылығы əлімсақтан басталып, енді одан бетер күшейе түскен. Демек, сырттан қаптаған жандардың жансызы кім екенін айыру сол кезде осы Жеңісбек басқарған барлаушылар тобына бұйырды. Жоғарыдағы міндеттер Жеңісбектің иығына тікелей артылған соң, оған бұл саладағы бар жауапкершілік те жүктелді. Жауапкершілік жүгі ауыр дегендей, кезінде осы еңбегі мен іскерлігі арқасында ҰҚК төрағалығына дейін көтеріліп, енді «Барлау» қызметіне келген оған батылдық пен біліктілік жаңа сындарлы жол ашты. Ол қашанда шындықтың бетіне тура қарай білді. Қандай жағдай болса да ақиқатты ашық айтатын оның осы батырлығы мен қайсарлығы жаңа мүмкіндікке мұрындық болды. Сондықтан да болса керек, ол кезінде «Арыстан» арнайы қызметін қалыптастыруға, құруға барынша еңбек сіңірді. Оның атын «Арыстан» деп те қойған өзі болатын. Осы қызметтегі жігіттердің бəрі шын мəнінде арыстандай айбатты да, батыл əрі қайсар болуын қаласа керек. Барлаушыға тəн қасиет екінің бірінде бола бермейтіні белгілі. Əсіресе, батырлық пен қайтпас қайсарлық, табандылық, қай уақытта болмасын жағдайды жетік аңғару мен соған сай білікті əрекет ете алуға жетелейді. Мұн дай қасиет Жеңісбектің бойына аспаннан түсе қалған жоқ. Оның бойындағы батырлық, барлаушылық қасиет əкесінен бұйырған екен. Жеңісбектің əкесі Мұхамедкəрім 1941 жылы саяси жетекшілерді дайындайтын курсты аяқтаған соң Ұлы Отан соғысы жылдарында алғашқы шығарылған айбынды отты қару – «Катюша» құрамының саяси жетекшісі болып тағайындалды. Бұл қарудың алғашқы зымыран жарылғыштары қаптаған жаудың басына жауғанда бірде-бірі жандарын сақтай алмады. Қашып та құтыла алмады. Қапқара күйік шалған денелері майдан даласында шашылып жатты. Осылайша «Катюшалар» бірден соғыстың бетін өзгертті. Сондықтан да болса керек, немістер айдаһардай жалын шашқан белгісіз қаруды қолға түсіруді мақсат етті. Бірақ Мұхамедкəрімдер де қарудың құнды екенін о бастан түсініп, сақтық шараларын алдын ала қамтамасыз етті. Мұхамедкəрім жанталасқан жаудың «Катюшаны» қолға түсіру үшін небір əрекеттерге баратынын білді. Ол жаудың қандай амал-шарғы қолданатынын да түсінді. Бұл жағдайды алдын ала барлап, соған сай қалай қимылдау қажеттігіне мүмкіндік берді. Əрине, егер кенеттен басым жаудың екпіні амалсыз ысырып, əйгілі қару жау қолына түсер сəт

түсті. Ақыры екінші «Катюшаға» жау қолына түсу қаупі төнді. Жау өлген-тірілгеніне қарамай қаруды қоршай бастағанда Мұхамедкəрім бұйрығы бойынша жарылғыш зат іске қосылды. Соңғы сəтінде де қайран «Катюша» қопарыла жарылып, сансыз жастығын ала кетті. Артынша қауіпсіз тұсқа шығарылған «Катюшаның» отты жарқылы қалған жаудың бетін қайтарып, тысқырып тастады. Кіші лейтенант Мұхамедкəрімнің бұл ерлігі соғыс тарихында жазылып қалды. Ал Жеңісбек кейін мұны есіне алғанда: «Қарамағындағыларға қашанда өз балаларындай қарап, дұрыс бағыт, тəрбие беруге тырысу керек. Жеңіс тек үлкен күреспен келеді. Сол сияқты жақсы өмір, лайықты өмір тек біліммен, тек еңбекпен келеді деп баулу керек. Менің əкем де, анам да ұстаздық етті, өзіміз əлі күнге дейін ұстаздарымызды жылы лебізбен еске аламыз. Өзім де қазір ұстаздық етудемін. Біздің бала кезімізде мектеп мұғалімі деген ауылдағы ең құрметті адам болатын. Ал қазір ұстазға деген көзқарас мүлде бөлек. Өткенде бір мақала оқыдым. Қытайдың мұғалімі Жапонияға білімін жетілдіруге барғанын, сөйтіп ол елдегі ұстазға деген қошеметті тамсана отырып жазыпты. Жапондық оқытушы екеуі метроға кірсе, жасы үлкен ақсақал орын ұсынады. Сөйтсе, кеуделеріндегі мектеп мұғалімі деген төсбелгілерін көріп, осындай құрмет көрсеткен. Содан метродан шығып, жолда бір дүкенге кіреді. Бұл арнайы дүкен екен, мұнда мұғалімдерге деген жеңілдіктер қарастырылған. Дүкен қожайындары ұстаздардың олардың дүкенінен керек-жарағын алатындарын өздеріне мақтан тұтады екен. Соны қытайлық ұстаз қызығып жазыпты. Шынымен де қызығарлық жай. Бізде де жасауға болады ғой. Айлықтарын көтеруге бюджеттің жағдайы жетпесе, қоғам тарапынан, бизнес тарапынан осындай көзқарас болса, ұстаздарға қандай қуаныш сыйлар еді», дейді. Иə, Жеңісбек əкесінің Отан үшін шайқаста жанын аямай осындай ерліктер көрсеткенін жақсы біледі. «Балам, адам бол, жоғары білім ал, халқың үшін аянбай еңбек ет» деген аталы сөзін үнемі есіне ұстады. Сол əке аманатын арқалап Мəскеудегі тамақ өнеркəсібі технология институтына түсіп, студент атанды. Сонда оқып жүріп, Райхан атты арумен шаңырақ құрды. Оқуды қызыл дипломға бітірген соң Астық өнімдері министрлігіне қарасты құрамажем өндірісі жөніндегі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтына ғылыми қызметкер болып қабылданды. Көп ұзамай онда комсомол ұйымының жетекшісі болып сайланды. Бір сөзбен айтқанда, Жеңісбек институттың беделі мен көркіне айналып шыға келді. Сондықтан да болса керек, бір күні оны аудандық комсомол комитетінің хатшысы шақыртты. Барса, таныс емес бір адамдар отыр. Олар əңгімені көп созбай бұл туралы жақсы хабардар екендіктерін, өздерін мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен келгендерін, оны осы салаға қызметке шақыратындарын жеткізді. Иə, Жеңісбек көп ойланып жатпады, өйткені

мұндай мүмкіндік екінің біріне беріле бермейтіні анық. Оның үстіне атадан қалған ізгі қасиетті жалғастыру мүм кін дігі де бұйырып тұр. Кез келген мамандық бойынша Отанға адал қызмет етуге болатындығы белгілі. Дегенмен, арнаулы қызметтің өз ерекшелігі бар дегендей, оның жөні бөлек. Сөйтіп, Жеңісбек мемлекеттік қауіпсіздік органына кіші жедел қызметкер болып қабылданды. ҰҚК Алматы облыстық басқармасында жедел қызметкер болып жұмысын бастаған Жеңісбек бірте-бірте бөлімше бастығы, бөлім бастығының орынбасары, бөлім бастығы, т.б. баспалдақпен көтеріле бастады.Талай асулардан өтіп, Қарағанды облыстық басқармасы жанынан ашылған ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімге басшылық етті. «Əрине, қашанда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте біз ұлттық қауіпсіздік деген терминді жиі қолданамыз. Ол не? Ұлттық қауіпсіздік ұғымы саяси, экономикалық, əлеуметтік, экологиялық, əскери, рухани-моральдық, ақпараттық, азық-түлік жəне тағы басқа салалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуден құралады. Бұл қауіпсіздік түрлерінің бəрі мемлекеттің егемендігін, оның жарқын болашағын қамтамасыз етуді көздейді. Бұларды өзара ұйымдастыра, сабақтастыра жүргізбей, біреуіне немесе бірнешеуіне ғана ерекше көңіл бөліп, басқаларын екінші кезекке ығыстыратын болсақ, жақсы нəтижеге қол жетпейді. Сондықтан да ұлттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекет көп салалы, көп тармақты саясатты терең ақылмен, шыдамдылықпен ұдайы жүргізе беруі керек», дейді Жеңісбек. Оның адамдарға, əсіресе, жастарға деген қамқорлығы Ақтөбе облыстық басқарма бастығының орынбасары болып келгенде ерекше байқалды. Бұл жəне əр қазақтың жүрегіне жатталып қалған 1986 жыл болатын. Байқаса, қазақтың жігіттері бас қармада саусақпен санарлықтай ғана екен. Əсіресе, Ресейдің əр түкпірінен келген жергілікті жағдайды да, салт-дəстүрді де мүлде білмейтін, қазақ мəдениетінің исі мұрындарына кіріп шықпаған өзге ұлттың өкілдері өріп жүр. Желтоқсан оқиғасының салқыны мұнда да келіп жеткен. Жоғарыдағы өзге ұлттың адамдары кімді аясын, бірі де ақылға салар емес. Сондықтан Жеңісбек қазақ жастарын қатерден арашалау үшін қарағайға қарсы біткен бұтақтай жаппай жазалау дегенге қарсы шықты. Облыстық ішкі істер де, прокуратура да ешкімді аяр емес. Бірақ Жеңісбек сонда шаш ал десе, бас алғалы тұрған олардың бəрін өзінің салқынқанды салиқалы сындарлы сөздерімен басу айтып қайтарып, сабырға түсірді. Сондықтан да бүгінде Жеңісбек туралы «Елге, жерге шуағын төккен, мемлекеттік деңгейдегі тұлға» деп ашық айтуға болады. Ж.Жұманбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетіне төраға болып келген жылдары, шынымен де бұл сала əлі де болса кеңестік (КГБ) МҚК-нің көрпесінен толық шығып үлгермеген болатын. Кадрлардың пайыз салмағы сол кеңестік кезде тағайындалған офицерлер жағына қарай басым еді. Жұманбеков ұлттық идеологияға бағытталған, ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін жүйе құра білді. Ұлттық кадрларды тəрбиелеп өсірді. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетін кешегі одақтық МҚК-нің аймақтық бөлімшесі деңгейінен Тəуелсіз Қазақстанның тəуелсіз қауіпсіздік органына айналдыра білді! Жалпы білетіндер Жеңісбек Мұхамедкəрімұлын батыл шешімдер қабылдаудан тайсалмайтын, іске деген жаңа қатынастарды жалтақтамай енгізе алатын қайсарлығымен даралайды. Ол кісі əрдайым «Кезекті істер кимелеп, кесекті іс қалып қоймасын» дейді екен. Бұл сөзінде жан бар. Оған нақты дəлелді өз бойынан таба білді. Ж.Жұманбеков ҰҚК төрағасы, «Барлау» қызметі директорының орынбасары болып, одан кейін жедел қызметке сұранды. Барлаушылардың тілімен айтсақ, жеке өтінішімен нақты барлаушылыққа кеткен. Бұл жерде генерал қатардағы барлаушының қызметін атқарды. Яғни, өзі қажетті ақпарат іздеді, тапты, оны өзі дайындады, сосын оны өзі жеткізе білді...1998 жылы «Барлау» қызметі ҰҚК қарамағына қайта оралғаннан кейін генерал-лейтенант Жеңісбек Жұманбеков ҰҚК Өзбекстандағы ресми өкілі ретінде жіберілді. Содан Орталыққа кезекті бір есеп беру іссапарында оның қаржылық шығындарға байланысты кейбір құжаттарын тиісті бөлім қабылдамай қояды. «Бұл қалай? Бəрін дұрыс істегендей едім ғой, логикаға салсақ бəрі дұрыс», дейді. Бұл генералдың пайымдауы. Бірақ «Барлау» қызметкері де қайтпайды, «Сізбен мен де келісемін генерал мырза, негізі осылай болуы тиіс, бірақ осы бағытқа арнайы шығарылған қызметтік бұйрық бойынша бұлай болмайды, сондықтан қабылдай алмаймын», дейді есепші. «Ой, ондай бұйрықты шығарып жүрген кім?» деп сұрайды генерал. Жедел қызметкер дереу бұйрықтың көшірмесін əкеле қояды. Сөйтсе, бұйрықта сол кездегі ҰҚК төрағасы болған Жеңісбек Мұхамедкəрімұлының өз қолы тұр. Генерал барлаушының «қалжыңына» əбден риза болып, жақсылап бір күліп алады да, арқасынан қағады. Генералмын демей, сол жерде отыра қалып, қатардағы қызметкермен бұйрықтың тармақтарын талдауға кіріседі. Ол бұйрықтың кезінде жұмыс істегенімен, дəл қазір заман талабына сай келмейтінін, өзгертуді қажет ететіндіктеріне көздері жетеді. Генералдың араласуымен ол бұйрық тез арада қайта қаралып, қажетті толықтырулар енгізіледі. Ал түзде, «далада» жедел қызметте жүрген басқа барлаушылар да сол бұйрықтың өзгертілуін көптен күтіп жүрген еді. Міне, қолынан «қаруы» түспеген генерал бүгінгі күні де алдыңғы шептен көрінуде. Ресей президенті Владимир Путин «Сіз президенттіктен кеткен соң немен айналысасыз?» деген сұраққа, нақты да қысқа: «Мен саптан өз орнымды əрдайым табамын» деп əскерилерше жауап қайтарғаны белгілі. Сол айтқандай, генерал-лейтенант Ж. Жұманбеков əрдайым сапта. ҰҚК академиясында жас чекистерге дəріс беруде. Академияның құрметті профессоры барлау мен қарсы барлау кəсібінің қыр-сырын үйретеді. «Бұрынғы барлаушы болмайды» дегендей, біздің генерал да жедел жұмыстан қол үзбей «Əскери-стратегиялық зерттеулер орталығында» бүгінгі күннің өзекті мəселелері төңірегінде ақпараттық-сараптамалық жұмыстарды əлі жалғастыруда.


10

www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

 Бəрекелді!

Шаттыќќа толтырєан шапаєатты іс

«Бəйтерек» холдингі 2015 жылдыѕ ќорытындылары бойынша Ќазаќстанда жалдамалы тўрєын їйді енгізу жґніндегі жоспарын асыра орындады Халықтың əлеуметтік əлсіз топтары үшін жалдамалы тұрғын үй салу бөлігінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алғашқы жылдың қорытындылары бойынша «Бəйтерек» холдингі тұрғын үйді енгізу жөніндегі жоспарды осы жылы 6,6 %-ға асыра орындады. Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Айталық, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сəйкес холдинг алдында 2015 жылы Қазақстан бойынша 401 мың шаршы метрді немесе шамамен 7 мың пəтерді пайдалануға тапсыру міндеті тұрды. Бүгінгі күні тұрғын үйдің 416,8 мың шаршы метрі немесе 7 062 пəтері пайдалануға берілді. «Жыл соңына дейін қосымша тағы да 10,7 мың шаршы метрді немесе 175 пəтерді тапсыру жоспарланып отыр. Осылайша, 2015 жылы барлығы 427,5 мың шаршы метр немесе 7 237 пəтер пайдалануға беріліп, тұрғын үйді енгізу жөніндегі осы жылғы міндетіміз 6,6 %-ға асыра орындалады», деп хабарлады «Бəйтерек» холдингінің баспасөз қызметі. Бүгінгі күннің жағдайы бойынша мынадай қалаларда жалдамады тұрғын үйді енгізу қамтамасыз етілді: • Астана (алаңы 23 мың шаршы метрлік 394 пəтер); • Алматы (алаңы 111,5 мың шаршы метрлік 1 885 пəтер); • Шымкент (алаңы 85,9 мың шаршы метрлік 1 572 пəтер);

• Ақтөбе (алаңы 31,3 мың шаршы метрлік 478 пəтер); • Тараз (алаңы 28,5 мың шаршы метрлік 450 пəтер); • Қарағанды (алаңы 10 мың шаршы метрлік 152 пəтер); • Қостанай (алаңы 5,5 мың шаршы метрлік 91 пəтер); • Семей (алаңы 9,5 мың шаршы метрлік 192 пəтер); • Қызылорда (алаңы 59,6 мың шаршы метрлік 950 пəтер); • Талдықорған (алаңы 1,7 мың шаршы метрлік 30 пəтер); • Павлодар (алаңы 10,6 мың шаршы метрлік 215 пəтер); • Ақтау (алаңы 19,4 мың шаршы метрлік 316 пəтер); • Көкшетау (алаңы 19,9 мың шаршы метрлік 337 пəтер). Қалған 175 пəтер желтоқсан айының соңына дейін Өскемен (алаңы 7,8 мың шаршы метр 140 пəтер) жəне Қостанай (алаңы 2,8 шаршы метр 35 пəтер) қалаларында енгізілетін болады. Жалдамалы пəтерлерді жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған азаматтар санаттары, жас отбасылар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар,

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, толық емес отбасылар, əскери қызметшілер алуда. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы 2014 жылғы қарашадағы «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында қолжетімді үй салу тəсілдерін қайта қарауды жəне қазақстандықтарды қолжетімді, сапалы əрі арзан баспанамен қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған орай, Үкімет Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекітті, оның шеңберінде жалдамалы тұрғын үй мəселесіне ерекше көңіл бөлінуде. Кезекте тұрғандардың тізімдерін жергілікті атқарушы органдар іріктейді жəне оларды төлем қабілеттілігін растау үшін холдингтің еншілес құрылымы «Қазақстандық Ипотекалық Компания» АҚ-ға жолдайды. Тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалға алудың құны орташа есеппен Алматы жəне Астана қалаларында 1 120 теңгеге дейін, қалған өңірлерде 923 теңгеге дейін құрайды. Жалдамалы тұрғын үй сатып алу құқығымен алғашқы жарнасыз 20 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін жылжымайтын мүлік жалға алушының меншігіне өтеді. Жалға алудың 5 жылы өткеннен кейін тұрғын үйді қалған сомасы бойынша сатып алуға болады, ол сома қалған ай сайынғы жалдық төлемдерге тең.

 Замандас

Азамат деген атќа лайыќ Бұл дүниеде кей адамдарға сыртынан жақын тартып, бір көргеннен ұнатып кететін жағдайларың сирек те болса кездесіп қалады. Себебі, сол тектес тұлғалармен арада өзіңнің іштей бір жақындығыңды, рухани жағынан ұқсастығыңды сезініп, соның сабақты жібін іздеп тұрады екенсің. Мен үшін сондай сараптағы жандардың қатарынан Нұрмаханбет Исаев та бірден табылып еді. Ал алғаш рет жүздесіп, тіл қатыса бастағаннан бүгінде заң саласының білгір де білікті маманы ретінде дүйім елге танылып отырған арқалы азамат өзімнің қателеспегенімді бірден аңғартты. Онымен сөйлесіп, сырласа бастағаннан əріптесімнің өзінше бір қайнар қазына екеніне көзімді жеткізе бастадым. Оның адамгершілігі мен биік парасатына тəнті тұрдым. «Сөнген ойды жандандыруға жан беретін сөз керек» деп қазақтың белгілі ақыны Шəкəрім айтқандай, бұл кісімен қанаттас, үзеңгілес һəм сыйластық қалпына келгелі бері əр сөйлескен сайын оны жаңа қырынан танығандай болып келе жатырмын. Өйткені, əр адам өзінше бір сыр-сандық. Ал Нұрекең сол сан ды қтардың да ішіндегі ең сыр лыларының қатарынан табылатын толымды тұлға. Осындайда ұлы Абайдың: «Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла», деген жолдары ойға оралады. Міне, біз сөз етіп отырған Нұрмаханбет Молдалыұлы да сондай қырық қатпарлы, алуан астарлы айтулы азамат. Бірақ ол осылай бір көргенде ғана жұмбақ жан болып сезіледі. Ал емен-жарқын сырласып, сөйлесе бастасаң, жан дүниең жадырап, көңілің көтеріліп сала береді. Нұрмаханбет Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы (бұрынғы Бөген) аудан ындағы Бадам стансасында туған. Қазақ тарихының шежіресіндей болған өңірдің қасиетті ескерт кіш-кесенелері рухында жастай тəлім алып өскен осы өлкеде бір рет болсаңыз, оны тере ңінен тани түскендей күй кешетініңіз хақ. Осындай тарихи тарапта өмірге келіп, дүние тани бастаған Нұрекең бала жасынан еңбексүйгіштігімен көзге түскен. Қатарының алды болған ол мектепті үздік бітірді. Көп оқыды. Нəтижесінде Қазақ мемлекеттік университетіне түсіп, оны 1978 жылы заңгер

мамандығы бойынша бітірді. Сол жылдан Жамбыл облысының Жамбыл аудандық прокуратурасында тағылымдамадан өтіп, тергеуші, облыс прокурорының көмекшісі, Мерке ауданының жəне Шу қаласының прокуроры болып қызмет істеді. Сөйтіп, заңгерлік жолда мансап баспалдақтарымен биікке өрлей бастады. Жоғары органдағы басшылар оның ел мүддесін қорғаудағы қоғамдық белсенділігін көріп, 1995 жылы Қазақстан Республикасы Бас про куратурасының адам жəне аза маттық құқықтары мен бостандықтарын сақтау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы лауазымына тағайындады. Кейінірек, 1997-2009 жылдары Алматы облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура құқықтық статистика жəне ақпарат орталығы бастығының бірінші орынбасары, Бас прокурордың аға көмекшісі, департамент бастығы, Алматы жəне Астана қалалары прокурорының орынбасары, Павлодар облысының прокуроры қызметтерін атқарды. Ол бұл қызметтерде заң талаптарының орындалуын үздіксіз əрі біліктілікпен көтере отырып, істің əділ шешілуіне барынша атсалысты, мемлекеттің заң қадағалаушы құзырлы жоғары органның ең белсенді мүшелерінің бірі болды, өзін білікті де білімді маман, білгір ұйымдастырушы ретінде танытты. Осының нəтижесінде 2010-2011 жылдары Бас прокуратураның тергеу жəне анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы лауазымына келді. Ал 2011 жылдың қыркүйегінен Бас прокурордың орынбасары қызметін атқарып келеді. Нұрмаханбет Исаев қашаннан биік мінбелерден талай толымды

ой, толысқан пікір айта білуімен көзге түсіп жүр. Сондықтан да оның əділдік жолындағы келелі ұсыныстары жұртшылықтың ұдайы на зарында. Білікті басшының, əсіресе, азаматтардың құқықтық мəселелерінің əділдікпен шешілуі жолында аянып қалған кезі жоқ. Бұған көп жағдайда оның турашылдығы, ешнəрсеге бей-жай қарай алмайтындығы айтарлықтай серпін береді. Сонымен қатар, əріптестері оның уəдеге беріктігіне, айтқан сөзінде тұра тындығына сүйсініп отырады. Бұған қоса, оның азаматтығы мен досқа деген адалдығы тұлғасын тағы көтере түседі. Нұрекең, сондай-ақ, қай уақытта болсын орынды, дəлелді сын айтудан тартынбайды, ортақ кемшіліктерді жою жолдарын да ортаға салады. Мұның өзі оның жанашырлығын, жұмысқа деген жоғары жауапкершілігін білдіріп тұрады. Жаратылысынан адамдарға қамқор болуға құштар Нұрмаханбет Молдалыұлының сыныптық шені – 3-дəрежелі мемлекеттік əділет кеңесшісі. Қарапайым да парасатты мінезімен елге сыйлы азамат марапаттардан кенде емес. Ол Қазақстан Республикасы Прокуратурасының құрметті қызметкері. Тынымсыз еңбегі мен прокуратура саласындағы мінсіз қызметі үшін Елбасы Жарлығымен мемлекеттік награда ІІ дəрежелі «Даңқ» ордені жəне бірнеше медальмен наградталған. Жалпы, оның ойы, атқарған жұмысы, сол жолдағы жасампаздығы мен ізденімпаздығы қандай да болса құрметке лайық. Нұрмаханбет Молдалыұлы ізденімпаз адам. Бұл сөздің ақиқатына, азаматтық өмір жолына үңілгенде көзіңіз жете түсері кəміл. Осы бір тамаша адам жайлы тағдыр тоғыстырған əріптестерінің бірі ретінде аса бір ілтипатпен айта аламын. Өйткені, Нұрекең көбімізге ұстаз, тағылымды тəлімгер бола білді. Таңдаған мақсатына адалдығын айқындай түскен ғұмырының ең бір өрелі шақтары Бас прокуратурада өт кен. Сондықтан болар, бір шаруаны тындырдым деп байыз тауып отыра алмайды. Əруақытта өз тіршілігінде бір жаңалық ойлап, соны өмірге енгізуге құштар. Бұл да болса Нұрекеңнің білімділік мүмкіндігі мен білгірлік қасиетін көрсетері анық. Ат жалын тартып мініп, азамат болып, ел жүгін ар қалаған кісінің мұндай ізденімпаздығы адам жанына жылы шуақ түсіреді. Мұның өзі сана мəдениетінің көрінісі болса керек. Сапарбек НҰРПЕЙІСОВ, Қызылорда облысының прокуроры.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми хабары Алматы

2015 жылғы 25 желтоқсан

Ескерткіш монеталарды айналысќа шыєару туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының № 2155 Заңына сəйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 25 желтоқсанда номиналы 500 теңгелік, «proof» сапасымен «Дала қазынасы» монеталар сериясынан «Алқа» ескерткіш күміс монеталарын, номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен күмістен жəне номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Қазақстан халқының ертегілері» монеталар сериясынан «Шығыс ертегісі» (Қожанасыр) ескерткіш монеталарын, номиналы 500 теңгелік «proof» сапасымен биколорлы жəне номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Ғарыш» монеталар сериясынан «Венера-10» ескерткіш монеталарын, номиналы 50 теңгелік нейзильбер қоспасынан «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» монеталар сериясынан «І. Есенберлинге 100 жыл», «Ж.Тəшеневке 100 жыл», «Е. Бекмахановқа 100 жыл» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады.

массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 2 мың дана; - «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана. «Венера-10» монеталарының сипаттамасы: «ЖҰМАБЕК ТƏШЕНЕВ» деген жазба, Қазақстанның мемлекеттік рəмізінің элементі, «100 ЖЫЛ» деген жазба жəне соғылған жылы бейнеленген. «Е. Бекмахановқа 100 жыл» монеталарының сырт жағының сипаттамасы:

«Алқа» монеталарының сипаттамасы:

Монетаның пішіні төрт қырлы. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілдегі «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жəне ағылшын тіліндегі «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген ойылған жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан, монета дайындалған металды, оның сынамын жəне массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу бар. Монетаны айналдыра ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде мемлекеттік тілде «ДАЛА ҚАЗЫНАСЫ · АЛҚА», ағылшын тілінде «TREASURES OF THE STEPPE · PENDANT» жазуының жəне ұлттық ою-өрнектің қоршауында алқаның алтындатылған бейнесі орналасқан. Монетаны айналдыра ұлттық ою-өрнектің элементтері орналасқан. Монетаның бет жəне сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ. Монеталар 925 сынамды күмістен дайындалған, массасы – 31,1 грамм, сипатталған шеңбер диаметрі – 43 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 3 мың дана. «Шығыс ертегісі» монеталарының сипаттамасы:

Нейзильбер қоспасынан жасалған монетаның жəне биколорлы монетаның бет жəне сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы биколорлы монетадағы бейне жылтыр бетке салынған. Биколорлы (құрамдас) монета ортасында сақина мен дискі орналасқан шеңбер түрінде. Монетаның ішкі дискі түсін қара қошқылға өзгерту технологиясын қолдана отырып танталдан, сыртқы сақинасы күмістен жасалған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) ортада адам мен ғалам бірлігін, өткен мен бүгінгі күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Оң жақ секторда монетаның номиналы (биколорлы монетада «500 TЕҢГЕ», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50 ТЕҢГЕ») орналасқан. Номиналдың астында екі жолға орналастырылған жəне монета дайындалған металды, оның сынамын жəне массасын білдіретін «Ag 925 14,6 g Та 26,8 g» деген жазу (биколорлы монетада) бар. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жəне ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу орналасқан. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) ортасында Венера планетасына жақындаған «Венера-10» ғарыш аппаратының бейнесі орналасқан. Айналдыра мемлекеттік тілде «Венера-10», соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан жəне ағылшын тілінде «VENERA-10» деген жазу бар. Айналдыра жазулар жұлдызшалармен бөлінген. Монеталардың бет жəне сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек. Монеталар: 1) биколорлы орындауда, сақинасы 925 сынамды күмістен, массасы 14,6 грамм, дискісі массасы 26,8 грамм танталдан жасалған, диаметрі – 38,61 мм, «proof» сапалы, ең көп дайындау таралымы – 3 мың дана, қыры (гурты) бедерленген; 2) «нейзильбер» қоспасынан, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – 100 мың дана, қыры (гурты) бедерленген. «І. Есенберлинге 100 жыл», «Ж. Тəшеневке 100 жыл», «Е. Бекмахановқа 100 жыл» монеталарының бет жағының сипаттамасы

Күмістен жəне нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бет жəне сырт жақтарындағы бейнелер бірдей. «Рroof» сапалы күміс монеталардағы бейне жылтыр бетке салынған. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде қазақ жəне шығыс оюөрнектерінен жасалған ою-өрнек аясында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін сан (күміс монетада «500», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «50») жəне «ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Сол жəне оң жағында бір-біріне қарамақарсы ұлттық ою-өрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» жəне орыс тілінде «РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазу бар. Монеталардың сырт жағында (реверсінде) шығыс базарына есекке мініп келе жатқан Қожанасырдың бейнесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің эмблемасы жəне соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚОЖАНАСЫР», өзбек тілінде «NASRIDDIN AFANDI» деген жазу жəне монета дайындалған металды, оның сынамын жəне массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу бар (күміс монетада). Монеталардың бет жəне сырт жағындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар: - 925 сынамды күмістен дайындалған,

Ескерткіш монеталардың бет жақтарындағы бейнелер бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінен оңға қарай «ҚҰБ» аббревиатурасы орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Номиналдан солға жəне оңға қарай ұлттық оюөрнектің элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба орналасқан. «І. Есенберлинге 100 жыл» монеталарының сырт жағының сипаттамасы:

Монетаның сырт жағында (реверсінде) қазақтың классик жазушысының бейнесі, оның туындыларына иллюстрациялар үзіндісі, «ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН» деген жазба, «100 ЖЫЛ» деген жазба жəне соғылған жылы бейнеленген. «Ж. Тəшеневке 100 жыл» монеталарының сырт жағының сипаттамасы: Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның мемлекет қайраткерінің бейнесі,

Монетаның сырт жағында (реверсінде) Қазақстанның тарихшы ғалымының бейнесі, «ЕРМҰХАН БЕКМАХАНОВ» деген жазба, «100 ЖЫЛ» деген жазба, оның факсимилесі жəне соғылған жылы бейнеленген. Монеталардың бет жағындағы жəне сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерленген. Айналдыра шығыңқы жиек. Қыры (гурты) бедерлі. Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм, таралымы – əрбір атауынан 100 мың дана. Номиналы 500 теңгелік жəне 50 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін жəне аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады жəне айырбасталады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы ресми хабарға түсіндірмесі «Алқа» ескерткіш монеталары монеталардың бетіне алтын жалату технологиясын қолдана отырып дайындалған. (Алқа. Алтын. Б.д. I – II ғғ. Қарғалы қазынасы. Жетісу). Қожанасыр – өзбек ертегілерінің фольклорлық кейіпкері жəне Шығыс халықтарының күлкілі қысқа миниатюраларының кейіпкері. Қожанасыр əдеби кейіпкерінің негізгі ерекшелігі – ұтқыр сөздің көмегімен кез келген жағдайдан жеңімпаз болып шығу. Қожанасырдың жиі қолданатын тəсілдері – жалған надандық жəне сандырақ қисыны. Қожанасыр бейнесінің ажырамас бөлігі – көптеген тəмсілдерде Қожаның серігі болатын есек. «Венера-10» ғарыш аппаратын 1975 жылғы 14 маусымда «Протон» ракета тасымалдағышы жіберді. 1975 жылғы 25 қазанда «Венера-10» автоматты станциясының аппараты «Венера-9» аппаратының қону нүктесінен 2200 км қашықтықта планетаның жарық түсетін жағына сəтті қонды. Аппараттан Жерге Венера бетінің телевизиялық бейнелері берілді. «Венера-10» станциясының орбиталық бөлігі Венераның айналасындағы орбитаға шықты. Биколорлы (құрамдас) монета əуеғарыш өнеркəсібінде кеңінен пайдаланылатын металл – танталды қолдана отырып дайындалған. Монеталарды дайындаған кезде танталдың түсін өзгерту технологиясы қолданылды. «Венера-10» ескерткіш монеталары «Ғарыш» монеталар сериясын аяқтайды. Ілияс Есенберлин – қазақтың классик жазушысы, «Көшпенділер» трилогиясының жəне басқа да əйгілі əдеби туындылардың авторы. Жұмабек Тəшенев – Қазақстанның мемлекет қайраткері, Солтүстік Қазақстанның бес облысының аумағын көрші республикаға беруден сақтап қалған Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің бұрынғы төрағасы. Ермұхан Бекмаханов – Қазақстанның тарихшы ғалымы, Қазақ КСР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, «Қазақ КСР тарихы» алғашқы оқулығының авторы. Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кəсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сəйкес əзірленген. «Proof» сапасымен жасалған монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кəдесыйлық ораумен шығарылады жəне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған. Нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың алты мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған жəне сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған. Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, ал «proof» сапалы күмістен жасалған монеталарды ҚР ҰБ-тың www.nationalbank.kz сайтының «Ұлттық валюта» парақшасындағы интернетдүкен арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны (727) 273-83-98.


www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

11

 Өнеге

Біздіѕ би билігін айтќан Жаны жайсаң, көңілі дарқан, айналасына əркез шуақ шашып, ағайын-туыс, дос-жаранның ұйытқысына айналып жүретін жақсылар арамызда баршылық. Солардың бірі – Бақтияр Баймырза. Ол əл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті заң факультетінің түлегі. Мамандығы бойынша – заңгер. Кəсіби құқықтанушы. Ол бұған дейін құқық қорғау органдарында қызмет жасаған. Оны прокуратураның өз өкілі десе де болады. Осы жылдардың аралығында ол өз əріптестері арасында халыққа жақын болуымен ерекшеленді. Кезінде оған тұрғындар мен елжұрт тарапынан «халықтық прокурор» деген тіркес таңылғаны да алдыңғы пікіріміздің дəлелі. Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Оның 1981 жылы университетті аяқтағаннан кейін келген ұжымы – елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан Орда ауданының прокуратурасы болды. Алғашында заңгерлік жолын тергеуші болып бастаған Бақтияр Жақ сығалиұлы кейіннен он жылдан астам уақыт бойы Орда ауданының прокуроры болып қызмет жасады. Əрі текті топырақтың үлкен-кішісі арасында лайықты құрмет пен абыройға бөленді. Кейіннен Бөрлі ауданы мен Орал қаласының прокуроры, Отанымыздың Бас прокуратурасы Құқықтық статистика жəне арнайы есепке алу жөніндегі облысаралық департаментінің басшысы болып істеді. Қандай қызметте болмасын Бақтияр Баймырза тұрғындар мен азаматтардың жəне заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен конституциялық праволарын қорғау ісінде əркез адалдық пен тазалық танытып отырды. Ол қай кезде де құқық бұзушылық пен əділетсіздікке араша түсе алды. Азаматтардың ар-ожданы аяққа басылмауы үшін өзінің құқық жəне прокуратура саласындағы жинақтаған тəжірибесін жұмсай білді. Мұның мұндай еңбегі мен кəсіби біліктілігі лайықты бағаланып Бақтияр Баймырза «Прокуратураның құрметті қызметкері» атағына ие болды. Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы дейді халқымыз. Бұл орайда да Бақтиярдың бағы жанды деуге болады. Ол бүгінде сонау сексенінші жылдардың бас кезінде өзін Орда жерінде туған інісіндей қарсы алған əріптес ағасы Жеңіс Қапизовтің, Батыс Қазақстан облысы прокуроры болған, марқұм Қабдылмажит Талиповтің есімдерін əркез ілтипатпен еске алып отырады. «Өмір мектебінде олардан үйренген өнеге мен тəрбие-тəлімім көп», дейді ол. Жақсы адамның жанына адамдар үйірілгіш келеді. Өйткені, жақсы адамның бойынан тарайтын жағымды энергия мен жылы нұр жəне шырайлы шуақ бейнебір магнит тəрізді өзгелерді

өзіне тартып тұрады. Бақтияр Жақсығалиұлының бойындағы биік адамгершілік қасиеттер оның есімін елге танымал ете білді десек, шындықтан алшақ кетпейміз. Оның бұл бітім-болмысы прокуратура органдарында қызмет жасаған кезінде де əділдік іздеген заңды жəне жеке тұлғалар мүддесіне оң ықпалын тигізді деуге болады. Өйткені, адамдар өздерінің заңды құқықтары бұзылған кезде бірінші кезекте Бақтияр Жақсығалиұлына жолығуға жақын тұратын. Кейін Бақтияр Баймырза медиация қағидаларын Орал өңірі тұрғындары арасында орнықтыруға сүбелі үлес қосты. Қазақша ұғымға сайғанда мұның өзі өзара келісе алмай, татуласа алмай қалған екі адамның би төрелігіне жүгінгені секілді жайт емес пе. Ал əдетте атабабаларымыз тек əділ билік айта білген төреші мен билерге ғана жүгінгенін ескерсек, биге тəн осындай қасиеттің ұшқыны біздің Бақтиярдың бойында да бар екені бағаланып отыр. Адамдар мен қоғамдық ортаға тек жақсылық пен ізгіліктің нұрын себуге əзір тұратын азаматтың айналасында дос-жолдастары мейлінше көп болуы да табиғи жайт. Бақтияр өзінің басты байлығы – достары деп есептейді. Республиканың қай түкпірінде де оның тілегін тілейтін мүдделестері аз емес. Тіпті, еліміздің заң шығарушылық органы – Парламент депутаттарының арасында да Бақтиярдың сыйлас достары баршылық. Бұлар есімдері елге танылған халық қалаулылары Рамазан Сəрпеков пен Самиғолла Оразов десек қателеспейміз. Біздің Бақтияр досымыздың ортаның азаматы екені де бəріміз үшін мақтаныш. Осындайда халқымыздың өзі жақсы кісіге төрден қашан да бір кісілік орын табылады деген нақылға бергісіз сөзі дəл Бақтиярға қатысты айтылғандай көрінетіні де бар. Оның сөз саптасы қандай, əуелете əн салғаны қандай?! Тыңдаған жанның қай-қайсысының да жанын жадыратып, көңілін көкке қалықтата алады. Біздің Бақтияр осындай сегіз қырлы, бір сырлы азамат. Батыс Қазақстан облысы.

 Мейірім

Алєысым шексіз «Денсаулық – зор байлық» деп күнде айтып жүрсек те, оның қадірін ауырып-сырқағанда сезіне түсетініміз шындық. Биыл менің ұлым Нұрланұлы Нұриманым дүниеге келіп, туа біткен жүрек ақауына шалдықты. Дəрігерлер диагнозды анықтап, ота жасау қажеттігін айтты. Шыным сол, біздің елімізде жүрекке ота жасау ойдағыдай игерілгенін күнде естіп, біліп жүрсек те, қатты қобалжыдық. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының əкімшілік жəне кадрлық бөлімінің бас маманы Жұпар Құмашқызы, Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы Айнаш Жұбанышқызы, Орал қалалық №1 емханасының №3 отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Бибігүл Бақытжанқызы «Қорықпа, бəрі жақсы болады. Қазір бізде əлемдегі не жақсының бəрі бар. Дəрігерлеріміздің де біліктілігі ешкімнен кем емес», деп қолтығымнан демеді. Ақыры, ұлыма ота жасауға келісім бердік. Бəрі ойдағыдай өтті, аман-есен шаңырағымызға оралды.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ұлым сияқты мыңдаған сəбилерге көмек қолын созып, ажал аузынан арашалап қалған ақ желеңді абзал жандарға, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлына, облыстық денсаулық сақтау басқармасының əкімшілік жəне кадрлық бөлімінің бас маманы Жұпар Құмашқызына, Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы Айнаш Жұбанышқызына, Орал қалалық №1 емханасының №3 отбасылық денсаулық орталығының меңгерушісі Бибігүл Бақытжанқызына, «Ислам жəне өркениет» газетінің бас редакторының орынбасары Ескендір Тасболатқа, астаналық досым Майра Амантайқызына, қаржылай көмек берген иманды жандарға жүректен шыққан алғысымды жеткізгім келеді. Өмірдің бар жақсылығын тілеймін. Еңбектері жанып, халықтың құрметіне бөлене берсін дегім келеді. Нұрлан САМАТҰЛЫ, ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.

Кґше кїтіміне кґѕіл бґлінуде Семей қалалық тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімі мамандарының айтуынша, ком муналдық техникалар қысқы маусымға дайын. Биыл қала көшелерін тазартуға жүзге жуық техника жұмылдырылады. Қыс мезгілдерінде көше тазалау жұмыстарымен негізінен «Семей» көгалдандыру жəне көркейту мекемесі айналысады. Жəне қосалқы мердігер мекемелер «Гордорстрой» ЖШС, «Озон» ЖШС жəне «Бай мағамбет» ЖШС де қыс мезгілінде қала көшелерін қардан тазалау жұмыстарына қатысады. Семей қаласының əкімі Ермак Сəлімов коммуналдық техикалардың қыс маусымына дайындығын арнайы барып тексерді. – Коммуналдық техника лардың қысқы маусымға

дайындығымен танысып шықтым, – деді қала басшысы – биыл қаланың орталық көшелерінің тазалығына баса назар аударатын боламыз. Сонымен қатар, қоғамдық көліктер қатынайтын көшелерді қадағалаймыз. Қысқы тазалық жұмыстарына жауапты мекемелер басшылары міндеттерін талапқа сай орындаймыз деп сендірді. Əрине, қаланың орталығы ғана емес, шеткі аудандары да назардан тыс қалмайды. Қала шетінде тұратын тұрғындар тарапынан өтініштер келіп түсуде. Бұл орайда біз тек қана тазалыққа жауапты мекемелердің жұмысымен шектеліп қалмауымыз керек. Жекеменшік кəсіпорындардың қарамағында қаншама техника бар. Осы ретте жеке кəсіпорын техникаларын қысқы тазалық жұмыстарына тарту

мақсатында тиісті мамандарға тапсырма жүктелді. Қысқы маусымда Семей қаласының тазалығы қатаң қадағалауда болады. Коммуналдық техникалар дың қыс мезгіліне қан шалықты дайын екеніне көз жеткізу мақсатында қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі жəне автомобиль жолдары бөлімімен бірге жол-патрульдік полициясы жəне ТЖБ арнайы тексеру өткізген. Тексеріс нəтижесіне сəйкес, арнайы комиссия барлық қолда бар техникалардың жарамды екендігін анықтады. Жəне тұз ерітінділері мен көктайғақтан қорғайтын құм да алдын ала жеткілікті мөлшерде дайындалған. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

 Басты байлық

Сəулемен емдейтін бірегей орталыќ Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқу клиникалық орталығында сəулемен емдеу орталығы ашылды. Орталықтың салтанатты ашылуына Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова қатысты.

Єалымєа арналєан энциклопедия Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі таңда облыста алты мың адам қатерлі ісік ауруы бойынша тіркеуде тұр. Сəулемен емдеу бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Байзақовтың айтуынша, елімізде бірінші орында өкпе қатерлі ісігі, екінші – асқазан, үшінші сүт безі қатерлі ісігі тұр. Соңғы он айдың ішінде осы індеттен 500-ге жуық облыс тұрғыны көз жұмған. Жаңадан ашылған орталықта аталған дертке шалдыққан науқастарды жоғары деңгейде емдейтін америкалық «VarianMedicalSystem» фирмасының «TrueBeam» аппараты

 Жаңа кітап

іске қосылды. Жобаның жалпы құны 1435 ,0 миллион теңге тұрады, оның 1367,0 миллион теңгесі қондырғылар сатып алуға жұмсалған. Бөлімшенің дəрігерлері, медбикелері мен маман физиктері қазақ онкология жəне радиология ғылыми-зерттеу институтында, сондай-ақ, Əзербайжанда, Австрияда, Латвияда əлденеше рет оқып, тəжірибеден өткен. Америкада шығарылған аппарат дененің өзге ағзалары мен тіндеріне əсер етпей, тек қана қатерлі ісік ошағын сəуле арқылы

емдейді. Орталық еліміздің батыс өңірі, яғни Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының тұрғындарына қызмет көрсетеді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша қолға алынған жұмыстардың негізгі бөлігі қатерлі ісік ауруымен күрес жұмыстарына бағытталған. Аталған бағдарлама бойынша еліміздің төрт аймағынан ашылған мұндай орталық Ақтөбеден өзге Алматы, Астана, Семей қалаларында жұмыс істейді. Ақтөбе облысы.

Жекелеген ұлы тұлғаларға арналған тұлғалық энциклопедиялар шығару ісі өрістеп келе жатыр. 1995-2010 жылдар аралығында жарық көрген «Абай», «Шəкəрім», «Мəшһүр Жүсіп», «Сұлтанмахмұт» сынды энциклопедиялар қазақ ұлтының рухани кемелдену кезеңіндегі үлкен ізденісті көрсетеді. Қарағанды «Болашақ» университетінің ғалыммамандары да «Сəкен Сейфуллин», «Қаз дауысты Қазыбек би», «Бұқар жырау» энци цлопедияларын дайындап шығарып, бұл игі іске өз үлестерін қосқан болатын. Ал таяуда ғана баспадан шыққан «Əбілқас Сағынов» энциклопедиясын осы үрдістің заңды жалғасы деуге болады. «Əбілқас Сағынов» энциклопедиясында ғұлама ғалымның ерекше еңбегі сіңген, айқын

қолтаңбасы қалған Қарағанды көмір бассейні, Қарағанды политехникалық институты, Орталық Қазақстандағы ғылым мен білімнің дамуы, жал пы Қарағанды аймағының қалыптасуы мен өркендеуіне қатысты дерек-дəйектер кеңінен көрініс тапқан. Осы тұрғыда біртуар тұлғамен бірге жасасқан, мұраттас, мүдделес болған айтулы ғалымдар мен белгілі мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің, ұлағатты ұстаз əріптестерінің, шəкірттерінің, т.б. өмірбаяндары молынан қамтылған. Энциклопедия ішінде берілген сирек суреттер шоғыры кітап мазмұнын аша түседі. Əбілқас Сағыновтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарық көріп отырған бұл энциклопедияның тағы бір құндылығы – оқырман сұранысы мен аудитория өрісі ескеріліп, кітап қазақ жəне орыс тілдерінде əзірлеген. ҚАРАҒАНДЫ.

«Сочинское» ЖШС 11.01.2016 жылғы сағат 10.00-де Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Сочи ауылы мекенжайында мынадай күн тəртібімен жиналыс болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды: 1. «Сочинское» ЖШС директорымен еңбек қатынастарын мерзімінен бұрын тоқтату туралы. 2. «Сочинское» ЖШС атқарушы органын тағайындау туралы.

Открылось наследственное дело после смерти гражданина Нурлыбаева Куанышбека, умершего 30 июня 2015 года, наследников претендующих на наследство, просим обратиться по адресу: Алматинская область, Жамбылский район, село Узынагаш, улица Караш батыра, 102, к нотариусу Абильмажиновой Гульнар Рамазановне, в течение двух месяцев с момента выхода газеты с объявлением.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Дәуренбек Қайыркелдіұлы КҮЛЕЙМЕНОВ 2015 жылғы 22 желтоқсанда Назарбаев Университет Жоғары білім беру мектебінің аға ғылыми қызметкері Дəуренбек Қайыркелдіұлы Күлейменов мезгілсіз өмірден озды. Ол 1987 жылы 23 қарашада Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келді. 2005 жылы Балқаштағы С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназияны аяқтады. Бала кезінен жан-жақты, зерек те алғыр болып өсті. Мектеп қабырғасында жүргенде қалааралық, облыстық олимпиада мен сайыстардың жүлдегері атанды. Əңгімелері мен өлеңдері газеттерде жарияланды. 2005 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің əлеуметтік ғылымдар факультетіне түсіп, оны 2009 жылы үздік дипломмен бітірді. 2011 жылы əлеуметтанушы мамандығы бойынша магистратураны, ал 2014 жылы докторантураны тəмамдады. Осы университетте кафедра қызметкері ретінде студенттерге дəріс оқыды. Мəскеудің Ресей халықтар достығы, Германияның Маг дебург қаласындағы Отто фон Герик жəне АҚШ-тың Бостон университеттерінде тағылымдамадан өтті. Дəуренбек Күлейменов еңбек жолын 2010 жылы Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің Дін мəселелері жөніндегі ғы лы ми-зерттеу жəне талдау орталығында ғылыми қыз-

меткер болып бастады. 2014 жылдан өмірінің соңғы күніне дейін Назарбаев Университет Жоғары білім беру мектебінде аға ғылыми қызметкер міндетін атқарды. Қызмет барысында Ұлыбританияның Кэмбридж университетіне де барып жұмыс істеді. Оның əлеуметтану саласындағы бірнеше ғылыми еңбектері шетелдік баспасөзде жарық көрді. Дəуренбек Қайыргелдіұлы бойындағы туа біткен мейірімділік қасиетімен, қайырымдылық істерімен қашанда көптің алғысына бө леніп жүретін. Жол апатынан тосын келген сұм ажал Дəуренбегімізді ортамыздан алып кетпегенде, алдағы өмірінде бұдан да жоғары белестерден көрінетіні сөзсіз еді. Орны толмас ауыр қазадан кеудемізді өкініш пен өксік кернейді. Бəрімізге аяулы болған баламыздың жарқын бейнесі əрдайым жадымызда сақталады. Жаны жəннатта болып, нұры пейіште шалқысын. Ата-анасы, туыстары, жолдастары.

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшылығы Қазақстанның халық əртісі, белгілі əнші, педагог Бекен Бəкенұлы ЖЫЛЫСБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ұжымы Қазақстан Республикасының халық əртісі, профессор Бекен Бəкенұлы ЖЫЛЫСБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туысқандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера жəне балет театрының ұжымы Қазақстан Республикасының халық əртісі, Ұлы Отан соғысының ардагері, профессор Бекен Бəкенұлы ЖЫЛЫСБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасына, туған-туыстары мен шəкірттеріне қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы Қазақстанның халық əртісі, Ұлы Отан соғысының ардагері, ұлағатты ұстаз, əнші, профессор Бекен Бəкенұлы ЖЫЛЫСБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның профессоры, белгілі əнші Бекен Бəкенұлы ЖЫЛЫСБАЕВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Назарбаев Университет ұжымы Жоғары білім беру мектебінің аға ғылыми қызметкері Дəуренбек КҮЛЕЙМЕНОВТІҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның ата-анасына, туысқандары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып шын ниеттен көңіл айтады. Талғар қаласындағы №2 Сəкен Сейфуллин атындағы қазақ мектебін 1965 жылы бітірген түлектері кластастары Бостан жəне Жұмағыз Асановтарға қарындасы жəне қайынсіңлісі ГҮЛМИРАНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


12

www.egemen.kz

25 желтоқсан 2015 жыл

 Қазақстан қалалары

Ќызылорда

Суреттерді түсірген Нұрболат НҰРЖАУБАЙ.

 Мəссаған!

Тележурналист атындаєы дəрісхана

пікірімен келіспеске шарамыз жоқ. Мемлекет жəне қоғам қайраткері, журналистика саласындағы Президент сыйлығының иегері, Еуразия халықаралық телевизия жəне радио академиясының академигі, Еуразия ұлттық университетінің құрметті

Рауан ҚАЙДАР,

«Егемен Қазақстан».

«Қазақ теледидарының негізін қалауға еңбегі сіңген екі адам болса, біреуі – Сұлтан Оразалы» дейтін Фариза Оңғарсынованың айтқан

 Қылмыс

«Егемен Қазақстан».

22 желтоқсан күні таңғы сағат 05.35 шамасында Жедел басқару орталығының 102 арнасына суыт хабар түсті. Онда Тоқмағамбетов көшесі бойында орналасқан дəріханалардың бірінде кезекшілік атқарып отырған күзетшіге қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлаған. Дəріхананың кіре-беріс бөлмесінде орнатылған ойын автомат терминалын беттеріне медициналық маска киген бейтаныс үш азамат күзетшінің қарсылығына қарамай көтеріп алып кеткен. Аталған хабарлама бойынша, Жедел басқару орталығының кезекші-инспекторы полиция

лейтенанты Тамаша Есілбайқызы Қазыбек би жəне Тоқмағамбетов көшесінде орналасқан бейнекамералармен аумақты барлау барысында күдікті автокөлікті байқайды. Сөйтеді де жол-патрульдік полиция батальонының экипажына бағытбағдар береді. Оқиға орнына дереу жеткен экипаж қызметкерлері полиция аға лейтенанты А.Нұртаев, полиция сержанты Ж.Мамбетжанов жəне кіші сержант Қ.Ақтілеу санаулы уақыт ішінде Қызылорда қаласының 19 жасар, 20 жасар жəне 26 жасар үш тұрғынын ұстайды. Күдікті азаматтар ҚІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. ҚЫЗЫЛОРДА.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

ақырында тоқтам шошқаның жанарына жасалады. Соның нəтижесінде адамдарда пайдалану үшін ресми түрде аккредиттелген Acornea қарашығы пайда болады. Осы ретте айта кету керек, Acorneaны Қы тайдың басқа медициналық орталықтары да сынақтан өтіп келеді. Олардың нəтижелеріне қарағанда, қазір ауыстырып орналастыру сəттілігінің көрсеткіші 94,44 пайызды құрап отыр. Мұрат АЙТҚОЖА.

Мұрат АЙТҚОЖА.

––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Ќытайда пациентке осы жануардыѕ кґзі салынды

аудандық ішкі істер бөлімі нің қызметкерлері тексереді. Дəл осындай оқиға Қостанай шекара отрядының «Қайрақ теміржол» бөлімшесінде де кеше түнде орын алды. «Астана – Мəскеу» бағытындағы пойыздан сіңлісінің төлқұжатымен жол жүріп бара жатқан 1972 жылғы Дина есімді келіншек ұсталды. Ол Қазақстаннан шығуға тыйым салынған азаматтардың тізімінде екен. Бұл жағдайды ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Қытайдың Шаньдун провинциясында орналасқан офтальмологиялық институт тарихта бірінші рет қолға алынған ерекше операцияны сəтті аяқтап шықты. Дəрігерлер шошқа көзінің қарашығын алып адамға салды. Отаның сəтті жүзеге асқаны арада үш ай өткеннен кейін белгілі болып отыр. Себебі, пациенттің көру қабілеті осыншама уақыттан кейін қалпына келген. Осы арқылы тəжірибенің табысты болып шыққанына көз жетті. Пациенттің жасы 60-та екен. Ол

бұған дейін көз алдында 10 сантиметр радиуста қозғалған заттарды ғана аңғаратын болған. Ал аталған институтқа қаралуға келгенінде медиктер көпке дейін адамдар арасынан донор таба алмайды. Сосын мамандар жануар материалын пайдаланып көруге тəуекел жасайды. Мұның

 Тосын табиғат

Жолдар жабылды Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Ұялы телефонымыз дан тыныштық кетті. Сəт сайын СМС хабарламалар өңірдің əр тарабындағы жолдар жел екпінінің күшеюіне, қарлы бұрқасынға, шы ңыл тыр аязға байланысты жабылып жатқанын ескертіп жатты. Шығыс өңірінде желдің ұйытқуы секундына 30 метрге дейін жететінін, Қарағанды облысының шекарасы – Аягөз, Аягөз – Қал батау, Аягөз – Ақсуат, Қалбатау – Қайсенов, Михайловка – Риддер, Өскемен – Серебрянск, Шүлбі – Семей, Ресей Федерациясының шекарасы – Шемонайха, Өскемен – Тарғын – Самар бағыттарындағы қозғалыс тоқтатылғанын тиісті

қызмет орындары əлсін-əлсін хабарлап отырды. Сол сəттен бастап бірнеше жолдарда көлік керуені тізіліп қалды. Алматы – Өскемен бағытындағы жолдың Қалбатау ауылы тұсында іркілген көліктер саны 23 желтоқсан күні түнге қарай 130-дан асып кетті. Көлік керуеніне төтенше жағдайлар департаментінің арнайы жол талғамайтын көлігі көмекке келді. Нəтижесінде бес адам, оның ішінде аяғы ауыр келіншек пен екі бала құтқарушылардың көлігіне отырғызылды. Қарлы боран қара жолды көрсетпейтіндіктен кептелек кеше де жалғасты. Құтқару қызметінің мамандары дер кезінде көмек көрсетіп жатыр. Түстен кейін «Қазавтожол» Өскемен – Семей, Семей – Қалба тау жол дарындағы қозға лыс

ашылғанын мəлімдеді. Бұл күндері «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары облыстың таулы аудандарында қар көшкіні жүру қаупі сақталатынын жеткізді. Облыстық

ішкі істер департаменті жүргізушілердің республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысы туралы ақпаратты 8(7232)-26-2808 немесе 8(7232)57-42-52 телефон

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Ақтөбе облысының бірқатар дəрігерлері өздерінің «Гиппократ антына адал» екендерін барынша «дəлелдеп» жатыр. Олардың бұл тұрғыда белсеніп кеткендері сондай, əлдеқашан өліп қалған адамдардың өздеріне сырттарынан «ем жасай беретін» болып алған. Облыстық прокуратура қызметкерлері анықтаған бұл деректің астарындағы бар ақиқат аймақтың денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржыларды «игеруде» жатыр. Былайша айтқанда, сала мамандары мемлекеттің қаржысын талан-таражға салудың осындай оңай жолын тауып алғанға ұқсайды. Мұның бір дерегін Əйтеке би аудандық ауруханасы шығарған. Мұнда осындай жолмен марқұм болып кеткен (шамасы, бұрын осы мекеменің тұрақты пациенттері болған сияқты) 6 адамның аруағы дəрігерлердің «емін тұрақты алып тұрған». Орыстың əйгілі жазушысы Н.Гогольдің кейіпкерлері арғы ғасырмен бірге жоғалып кетпегенін Хромтау жəне Шалқар ауданының «ақ желеңді абзал жандары» да байқатады. Олардан Ақтөбе қалалық ауруханасы да қалыспайды. «Өлі жандар» қаһармандары қазіргі күндері біздің ортамызда да өмір сүріп жатқанын талассыз танытқан олар тап сол тəсілмен бюджеттің миллиондаған қаржысының түбіне су құйған. Бір қызығы, өлген кісілерден аямаған ақшаларын олар осыған заң жүзінде құқылы адамдарға қимаған. Сондықтан «абзал жандар» асқынған ауруларға тегін берілетін дəрілердің өзін соларға сатып келген. – Хромтау ауданында – 2, Шалқар ауданында 12 адам тегін берілетін тиесілі дəрілерін ала алмаған. Облыста медицина саласына жүргізілген екі айлық тексеру кезінде 208 заң бұзушылық анықталды. №3 қалалық ауруханада ең көп заң бұзушылық анықталып отыр, – дейді облыстық прокуратураның бірінші басқарма басшысы Маратбек Мырзамұратов. Облыс прокурорлары мектеп оқушыларының жаппай өкпе ауруына шалдығуы дəрігерлердің кінəсінен болуы əбден мүмкін екенін де айтып отыр. «Мұғалжар ауданында 9 сынып оқушысына дұрыс диагноз қоймауының салдарынан басқа балалар зақымданған. Өкпе ауруының ашық түрімен ауыратын бала оннан аса баланы зақымдаған», – дейді прокурор. Қазір прокурорлар жауапсыз дəрігерлердің істерін жан-жақты тексеріп жатыр.

Шошќаныѕ кґзі кəдеге асты

Ќараќшылар 15 минутта ќўрыќталды Ержан БАЙТІЛЕС,

тілектеспін, – деді алғаш болып сөз алған аталған оқу орнының ректоры Ерлан Сыдықов. Дəрісханада «журналистика» ма мандығы студенттері өзде рі нің теориялық жəне тəжі ри бе лік сабақтарын жүргізіп, шебер лік терін шыңдайды. Онда теле жур налистиканың үздік үлгілерімен танысып, журналистік машықты тəжірибе жүзінде нығайтуға мүмкіндік жасалынған. Студенттер тележурналист Сұлтан Оразалыұлының бай мұрасымен, еңбектерімен жəне мұрағат деректерімен таныса алады. Солардың қатарында ХХ ғасырдың 70-80-ші жылдарындағы бейнелік жазбалар, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Есенберлин, Шыңғыс Айтматов, Тахауи Ахтанов, Асқар Тоқпанов сынды мəдениет жəне əдебиет қайраткерлерімен жүргізген сұхбаттары да бар. Сонымен бірге, Сұлтан Оразалыұлының қатысуымен жасалған қазіргі мəдениет қайраткерлерінің шығармашылық портреттерімен де танысуға болады. Аудитория алдағы уақытта да жаңа жəдігерлермен толығып, байытыла береді.

 Естідіңіз бе?

Шекарашыларды алдамаќ болды «Мерке» шекаралық бақылау пунктінің шекара наряды «Сыпатай батыр авто» бақылау бөлімшесінде Құтболат есімді 37 жастағы қырғыз азаматын ұстады. Ол таң алдында шекарашылар байқамай қалады деп ойласа керек, өз елінен Қазақстанға қарай мемлекеттік шекараны бөтен адамның төлқұжатымен кесіп өтпек болған. Ол Аяз есімді 38 жастағы қырғыз азаматы екен. Оны енді ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігіне сай Жамбыл облысының Мерке

профессоры Сұлтан Оразалы қазақ мəдениетінің дамуына, мемлекеттік тіл саясатының біртұтас моделін қалыптастыруға, сонымен қатар, қазақ журналистикасының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлға. Ол теледидар саласына «Қымыз-

хана», «Кек», «Отырар ойраны» сынды телеқойылымдар, «Сұхбат», «Кездесу», «Сахна» тəрiздi əдеби публицистикалық туындылар, халық санасын оятқан «Айтыс», «Халық қазынасы» атты хабарларды алып келдi. Бұл хабарлар жарыққа шыққан сайын Қазақ теледидарының қадірі артып, көрермені көбейді. Жылдар бойғы еңбектің жеңісі мен жемісін көрсең арадағы ауыртпалықтың бəрі ауаға ұшқандай болады. Еңбегі ескеріліп, бағаланып жатса шығармашылық адамының шыққан биігі де сол болмақ. Қазақ ұлтым деген ұлдарын ұмытпаған, ұлықтаған. Сөзіміздің дəлелі ретінде кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті журналистика жəне саясаттану факультетінде Сұлтан Оразалы атындағы дəрісхана ашылды. – Əрине, жастардың жігері, аға ұрпақтың тəжірибесі ұштасқанда ғана телеөнеріміз дами түсері хақ. Сұлтан ағаның Қазақ журналистикасына сіңірген еңбегі орасан зор. Оны əдеби, мəдени мағыналы хабарларынан аңғару қиын емес. Ұрпақ тəрбиесіне, ел тағдырына экран арқылы өз пайдасын тигізген парасат иесі. Сіздің атыңызға ашылған дəрісханадан сізге ұқсаған қазақ руханиятына бейжай қарамайтын толқын шығарына

«Ґлі жандарды» емдеген

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

нөмірлерінен алуға болатындығын айтады. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік иелерін жолда абай болуға шақырды. Яғни, жолға шығар алдында жол жағдайын, ауа райын біліп алған абзал. Көліктің техникалық мүмкіндігін де ескеру, жылдамдықты шектен тыс асырмау керек. Өйткені, ішкі істер департаментінің əкімшілік полиция басқармасының қызметкері Ақгүл Атудинованың айтуынша, соңғы бір тəулікте 5 жолкөлік оқиғасы болып, 10 адам зардап шегіп, 1 адам құрбан болды. Көлік апатының негізгі себебі, əрине, табиғат райы болса-дағы, жүргізушілердің жауапкершілікті сезінбеулерінің де əсері бар дейді, полиция қызметкерлері. Сондықтан «Сақтансаң – сақтайды» деген қағиданы ұмытпау қажет. Шығыс Қазақстан облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Александр ТАСБОЛАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №719 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.