24122013

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№280 (28219) 24 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Ел тынысы: мың бір мысал

Елбасыныѕ Ресейге жўмыс сапары

ТЎЩЫ СУ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Мəскеуге келді. Сапар барысында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу жоспарланған, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Аќтауда оныѕ жаѕа ќондырєысы іске ќосылды

Отырыста интеграциялық құрылымдар – Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік аясындағы өзара ықпалдастықтың негізгі аспектілері, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыруға қатысты мəселелер талқыланатын болады.

Маңғыстау туралы «теңіздің жағасында отырып, суға жарымайсыңдар» деп əзіл-шыны аралас қағытып қалады көрші аймақтағылар. Рас-ақ. Ағын су емес, тостағанға тұнған көжедей томаға-тұйық болғандықтан, тұздылығы өте жоғары теңіз суын тұщытып кəдеге жарату керек. Ал бұл – үлкен жұмыс. Ақтауда осы жұмысты «МАЭКҚазатомөнеркəсіп» ЖШС мойнына алған. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Маңғыстауда «МАЭК» мекемесінің мəртебесі зор, өйткені, ауыз судан бөлек тұрмысқа қажетті ыстық жəне суық суын айырып, жылу жəне жарықпен қамтамасыз ететін мекемені білмегенде ше?! «Дүниені нұрландыра түсейік» деп ұрандататын маңғыстаулық «МАЭК-тің» емханасы да елге мақтаулы. Өз қызметкерлерін алдымен қабылдайтын емханада ұзақсонар кезек күтетін тұрғындар, мұнда ең бастысы, білікті дəрігерлердің барына шүкір етеді. Қазіргі таңда 4 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып отырған кəсіпорында су тұщытатын қондырғылар көнергендіктен, оларды жаңамен ауыстыру мəселесі өзектілікке ие болатын. Осыдан оншақты жыл бұрын пайдалануға берілген қондырғылар ескірумен бірге, тұрғындар саны ол жылдардағыдан əлдеқайда артқан аймақтың қажетін өтеуге қауқар-қуат жағынан қиналып

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Ќазаќстан Республикасындаєы кəсiптiк жəне ґзге де мерекелер туралы» Ќазаќстан Республикасы Президентiнiѕ 1998 жылєы 20 ќаѕтардаєы №3827 Жарлыєына толыќтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасындағы кəсіптік жəне өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., №1, 1-құжат; 2003 ж., №44, 469-құжат; 2007 ж., №18, 197-құжат; 2008 ж., №23, 212-құжат; 2009 ж., №32, 293-құжат; 2011 ж., №58, 822-құжат; 2012 ж., №68, 977-құжат; 2013 ж., №19, 316-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын дағы кəсіптік жəне өзге де ме ре келердің тізбесі мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: «9-1. Мемлекеттік қызметші күні – 23 маусым». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 20 желтоқсан. №716

та қалатын. Жұмыс істеп тұрған 7 қондырғының ең жаңасы осыдан бес жыл бұрын қолданысқа енгізілген екен. Егер су тұщыту қондырғылары жаңарса, тұшытылатын су көлемін де, оның сапасын да арттыруға болатындығын айтатын мамандар. Жақсы ой ұлық мерекеге орай оңғарылды. Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы В.Школьник Маңғыстауға келіп, «МАЭК-тегі» қос қуаныштың басы-қасында болды. Аймақ басшысы А.Айдарбаев жəне «Қазатомөнеркəсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы В.Школьник жаңадан су тұщыту қондырғысын іске қосу салтанатына қатысты. Су тұщыту саласындағы жаңа үлгі саналатын көлбеу түтікті пленкалық буландырғышпен жабдықталған қондырғы Францияның «SIDEM» компаниясында жасалған. Каспий теңізінің ащы суын «МАЭК-тің» сүзгісінен өткізіп, ауыз су ретінде тұтынатын тұрғындар сапалы

 Əлем жəне Қазақстан

G-Global – даєдарысќа ќарсы ўстаным

Үшінші мыңжылдықтың басы, барлық болжамдарға қарамастан, өркениеттің эволюциялық-технологиялық дамудың жаңа деңгейіне өтуімен есте қалуы тиіс еді. Алайда барлығы да керісінше болып шықты. ХХІ ғасырда əлем бұрынғы дағдарыстық белгілерден құтыла алмауымен қатар, одан да көлемді экономикалық жəне қаржылық күйзеліске тап болды.

Ўлттыќ мерекеге орай ќўттыќтаулар

Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тəуелсіздік күніне байланысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хаттары мен жеделхаттар келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Қазақстанның белсенді атсалысатыны атап өтілген. Ресей Федерациясының Президенті В.Путиннің құттықтауында Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне ғылыми-техникалық дамуындағы таңданарлықтай табысқа жеткені, сондай-ақ, елдің халықаралық беделінің арта түскені айтылған. «Таяуда қол қойылған XXI ғасырдағы тату көршілестік пен одақтастық шарты негізінде біз екіжақты байланыстардың өзара тиімді бүкіл кешенін одан əрі белсенді түрде ұлғайта түсетінімізге сенімдімін», – делінген хатта. Америка Құрама Штаттарының Президенті Б.Обама өз құттықтауында екі ел серіктестігінің орнағанына ұзақ уақыт өте қоймаса да, ол халықтарымыз бен үкіметтеріміз арасындағы ынтымақтастықтың барлық саласын мейлінше қамтып, дамып келе жатқанына тоқталған. (Соңы 2-бетте).

Бала саудалауєа болмайды («Ұрпақтан артық қандай байлық бар?», «ЕҚ», 6 желтоқсан, 2013 жыл) асырауға берілген он мыңға жуық қазақстандық балалардың кейбіреулерінің ол жақта қорлық жағдайларда жүргеніне біз осылай шыдай береміз бе? «Қазақстанның халқын қайтсек көбейтеміз?» деп жүргенде асыраушысы жоқ тұл жетім балаларымызды шетелдерге беруді үзілді-кесілді тоқтату керек. Ондай тұл жетімдерді асырап алып, өсіруге, тəрбиелеуге тек өз Отанымыздың азаматтарына ғана рұқсат етілетін болсын! Онда да ол жетімдерді алғандар қалай тəрбиелеп жүргені қадағалауда болуы керек. Бала саудалаушылар қатаң жазалансын! Тұл жетім балаларды асырап,

Парламент Сенатының депутаты.

Назарбаевтыѕ ўсынысы – болашаќты стратегия арќылы кґру

Маңғыстау облысы.

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Бас басылымда осыдан екі апта бұрын жариялаған «Ұрпақтан артық қандай байлық бар?» атты мақаланың авторы Сүлеймен Мəметке шын жүрегімнен көптен көп рахмет айтамын. Аса маңызды мəселе мақалада мұқият, жанжақты, терең зерттелген. Мен бұрын да америкалықтарға асырап алуға бала берген біздің елдің тұл жетім сəбилерінің ол жақта қорлық көріп, мазаққа ұшырап жүргені туралы бір газеттен оқып, қатты ренжіп: «Бұл мəселені көтеру керек, Үкіметтің алдына қою керек!» – деп сіздерге жазбақ болып жүр едім. Сіздер мұны аяғына жеткіздіңіздер. Америкалықтарға

Серік НӨГЕРБЕКОВ,

суға қол жеткізеді деген үміт бар. Кəсіпорындағы екінші жаңалық – «МАЭК-Қазатомөнеркəсіп» ЖШС-ның жөндеуден өткен дəрігерлік-санитарлық бөлімінің іске қосылуы болды. Бір ауысымда 150 адамды қабылдай алатын емханада 79 дəрігер қызмет етеді. Жатып ем аламын деушілерге 20 төсектік орын да бар. Жөнделген жаңа емхананың мерейі дəрігерлердің сапалы қызмет көрсетуімен асқақтай түссе дейміз.

 Президент поштасынан

Тəуелсіздік күнін атап өтуге байланысты Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шет мемлекеттер басшыларынан, халықаралық ұйымдар жетекшілерінен, қазақстандық жəне шетелдік мемлекет əрі қоғам қайраткерлерінен, кəсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ұжымдарынан, сондай-ақ, еліміздің жекелеген азаматтарынан хаттар мен жеделхаттар көптеп келіп түсті. Құттықтауларда Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан қысқа тарихи кезеңде халықаралық аренадан лайықты орнын алып, елде ауқымды саяси жəне əлеуметтік-экономикалық реформалардың жүзеге асырылуы арқасында халықтың əлауқатының жоғары деңгейі мен мемлекеттің өсіп-өркендеуі қамтамасыз етілгені атап өтілген. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мун жолдаған хатта Ұйымның бейбітшілік, даму жəне адам құқығы секілді ортақ мақсаттарды ілгерілету ісіндегі қызметіне

Тəуелсіз Ќазаќстанныѕ жеті ќазынасы: индустриялыќинновациялыќ экономика 3-бет Батырлыќтыѕ бастауы 5-бет Алаштыѕ арман-аѕсары 6-бет Білікті єалымдар білім ошаєын неге тастап кетеді? 7-бет

өсіремін, бала қылып аламын деушілер өз отандастарымыздың арасынан табылмаған жағдайда, ондай тағдыр тəлкегіне түскен ұл-қыздар мемлекеттік балалар үйлерінде тəрбиеленсін. Ол мекемелердің де жұмысы мемлекет, қоғам тарапынан қатаң қадағалауда болуы керек. «Егемен Қазақстанға», бəріңізге үлкен табыс тілеймін. Оңалбек ƏШІРБАЙҰЛЫ, еңбек ардагері, Шардара ауданының құрметті азаматы. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ.

Алдаєы жылєа арналєан іс-шаралар жоспары бекітілді

Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалық еткен Парламент Сенатының бюро отырысы Сенатқа түскен заң жобаларын бөлуге жəне Жоғарғы Соттың судьяларын босату жəне сайлау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынымына, палатаның кезекті отырысының күн тəртібіне қатысты бірқатар қаулылар қабылдады, сондай-ақ, Сенаттың 2014 жылғы негізгі іс-шараларының жоспарын негізінен мақұлдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Палата комитеттеріне тиісті заң жобалары бөліп берілген соң, Сенаттың 26 желтоқсандағы кезекті отырысының күн тəртібі бекітілді. Бюро мүшелері, сон дай-ақ,

Парламент Сенатының 2014 жылға арналған негізгі іс-шаралар жоспарын негізінен мақұлдады. (Соңы 2-бетте).

Тапсырмалар жїзеге асырыла бастады

Өткен сенбіде Премьер-Министр Серік Ахметов Мемлекет басшысының үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанындағы Индустрияландыру күнін өткізу барысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мəселесі бойынша кеңес өткізді. Кеңеске орталық атқару органдары мен ұлттық компаниялардың басшылары, салалық ассоциациялардың жетекшілері қатысты. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Индустрияландыру, шағын жəне орта бизнесті дамыту мəселелері бойынша ПремьерМинистрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешев,

Өңірлік даму вице-министрі Серік Жұманғарин, «Атамекен одағы» Қазақстанның ұлттық эко номикалық палатасының» бас қарма төрағасы Абылай Мырзахметов баяндамалар жасады. (Соңы 2-бетте).

АҚПАРАТТАР аєыны  Алдағы жылы «Даму» қоры қолдайтын жобалар саны артады. Қордың басқарма төрайымы Лəззат Ибрагимованың айтуынша, биылғы жылы бағдарлама аясында субсидиялаумен 3 300 компания қамтылған.  Астанада биылғы 11 айда 20 699 бала дүниеге келді. Айта кетейік, елордада туу көрсеткіші жыл сайын орта есеппен 1,1 пайызға артып келеді, ал 2013 жылғы желтоқсан айында бұл көрсеткіш 1 мың адамға шаққанда 27,67-ні құрады.  Екібастұз жылу-электр стансасы өзінің 20 жылдығын тойлады. Ол 1993 жылғы 22 желтоқсанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен іске қосылып еді. Оны салып, осында қалған құрылысшылар бүгінде белгілі мамандар атанып отыр.  Бүгіннен бастап «Алматы–Талдықорған» жолаушылар пойызы қатынайды. Пойыз Алматыдан жұп күндері,

2007-2009 жылдардың жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысы капитал əлемін тұрлаусыздықтың «бесінші бұрышына» қойып, іс жүзінде болып жатқан терең факторының көрінісінен алшақтатып, халықаралық сарапшылардың барлық «бірқалыпты» болжамдарын жоққа шығарды. Осы жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылғы ақпанда «Ресей газетінде» жарияланған «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласында қазіргі заманның қаржы-экономикалық дағдарысының мəнісіне жан-жақты салмақты ғылыми түсініктеме берді. Сол іргелі мақаласында Елбасы бұл табиғи апат жəне де кездейсоқ жағдайлар тоғысының нəтижесі еместігін, ал əлем экономикасының терең қателігінің заңды салдары екендігін атап өтті. Елбасының пі кірінше, дағдарыс бастауы əлем дік қаржы-экономикалық сəулеттің тұрақсыздығында жасырын жатыр. Осыған байланысты, қолданыстағы халықаралық валюталардың бірі де өркениеттің ұзақ мерзімді жəне үйлестірілген дамуына негіз бола алмайды, себебі, олардың барлығы «тауарлар мен қызметтер құнын бұлдыр бағалау» құралдарының ескірген қатарына жатады. «Біз əлемдік дағдарысқа бүкіл əлем болып ендік жəне осы жаһандық кілтті бүкіл əлем болып қана бұрай аламыз. Барлығы өзімізге байланысты», деді Н.Ə.Назарбаев «Дағдарыстан шығу кілті» атты мақаласында. 2009 жылдың наурыз айында II Астана экономикалық форумының мінбесінен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев əлемдік қаржы-экономикалық сəулетті реформалаудың қажеттілігі туралы негіздеп айтты жəне тауарлар мен қызметтердің нақты

Талдықорғаннан тақ күндері шығады. Жолда жүру уақыты 8 сағат 55 минөтті құрайды.  Өскеменде гигиеналық қағаздар шығару өндірісі іске қосылады. Жаңа өнеркəсіпте күніне 20 мың орама қағаз шығарылады. Оны кəсіпкер Ерлан Жармұхаметов мемлекеттен қайтарымсыз 3 млн. теңге алу арқылы жүзеге асырды.  Степногор қаласында «Жастар ойы» медиа орталығы ашылды. Оны «Таңшолпан» жастар-жасөспірімдер орталығы белсенділері дүниеге келтірді. Орталық 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Ұйымда балалар көркем-эстетикалық жəне əлеуметтік-педагогикалық бағыттарда жұмыс жасайды.  Қарағанды облысында əскери қызметшілер жолда қалған 120 адамды құтқарды. Осындағы №36352 əскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты.

құнын көтере алатын жаңа түрдегі бірыңғай ұлттық валюталардан жоғары валюта құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. «Жаңа үйлесімді жүйе құрудың негізі жаңа əлемдік валюта болуы тиіс екендігіне сенімдімін. Ол үшін, ең алдымен, əлемнің көптеген елдері қол қойған жəне БҰҰ мақұлдаған əлемдік валюта туралы жалпыға ортақ заң қабылдау қажет…», деп атап өтті Елбасы. Бұл идеяны ІІ Астана экономикалық форумының қатысушы лары, соның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары Роберт Манделл мен Эдмунд Фелпс, алдыңғы қатарлы халықаралық даму институттарының сарапшылары, сондай-ақ, Еуразияның аса ірі корпорацияларының басшылары ықыласпен қолдады, ол кейін «жиырмалар тобына» арналған қорытынды ұсыныстарда көрініс тапты. Бүкілəлемдік инновациялық қордың президенті Дэвид Стюарт Хиллдің пікірінше, «Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы – бұл тек саналы қадам ғана емес, сонымен қатар, болашақты стратегиялық көру. Оның дəлелдері мен қорытын дыларын көптеген саяси басшылар назарға алулары қажет. Ол əлемдік жағдайды толық көріп отыр...». 2009 жылдың сəуір айында Боаос Азиялық форумының конференциясында сөз сөйлей отырып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Конфуцийдің: «Өзгеріс желін сезінген кезде ақымақ желден қорғаныс салады, ал данышпан диірмен салады», деген қанатты сөзін келтірді. Осылайша ол Азия форумына қатысушыларға ескі даму парадигмасын ауыстыруға бірегей «тарихи мүмкіндік» барын ескертті. Сол жылдың қыркүйек айында «Известия» газетінде жарияланған «Бесінші жол» ғылымиіргелі мақаласында автор экономикалық құндылықтардың заманауи жүйесіне объективті жəне терең баға берді. Сонымен қатар, экономиканың іргелі өзгерісі ағымында өтіп жатқан əлемдік үрдістерді тұрақты өлшеу жəне түзету маңыздылығы атап өтілді. (Соңы 4-бетте).

 Алтынның құны соңғы төрт жылда ең төменгі деңгейге жетті. Goldman Sachs сарапшыларының пікірінше, сары металдың бағасы келесі жыл бойы төмендеп, 2015 жылдың бас кезіне қарай (тройск унциясы – 31,1 г.) 1050 долларға дейінгі деңгейге жетеді. Жыл басынан бері алтын 29 пайызға төмендеген. Алтын өндіруші компаниялардың баға кесімі биылғы жылы 23 млрд. долларға, биржалық үлеспұлдық қоры осы уақытта 73 млрд.-қа төмендеген.  Қазақстан-Қытай шекарасында ресми түрде «жасыл дəліз» іске қосылды. Еске сала кетейік, екі елдің ауыл шаруашылығы өнімдерін кедендік бақылаудан тез өткізу бойынша «жасыл дəліз» құру жөнінде келісімге ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қыркүйек айында Қазақстан Республикасына жасаған сапары барысында қол жеткен болатын. «ҚазАқпарат», Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.


2

www.egemen.kz

24 желтоқсан 2013 жыл

Ўлттыќ мерекеге орай ќўттыќтаулар (Соңы. Басы 1-бетте). «Өз тəуелсіздігін алған кезеңнен бергі 22 жылда Қазақстан мəдени, конфессиялық жəне этностық алуандылығынан қуат алуын жалғастырып келеді. Үкімет пен халық орасан əлеуетін танытатын нарықтық экономика құрды. Қазақстан халқы осы жетістіктерін орынды мақтаныш ете алады», – делінген хатта. Өзінің жүрекжарды тілегін Түрік Респуб ли касының Пре зиденті А.Гүл де жолдай отырып, Қазақстан мен Түр кия арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып отырғанына назар аударған. Сондайақ, ол стратегиялық серіктестік деңгейіне қол жеткізген көпжақты қарым-қатынастарды одан əрі нығайту жөніндегі жұмыстардың жалғасын табатынына сенім білдірген. Өз кезегінде Түрік Республикасының Премьер-министрі Р.Ердоған жолдаған құттықтауында Қазақстан белсенді сыртқы саяси қызметі арқылы бүгінде халықаралық қоғамдастықтың құрметті мүшесіне айналып отырғанын атап көрсеткен. Өз құттықтауында Үндістан Республикасының Президенті П.Мукерджи мемлекеттеріміз арасындағы екіжақты қарымқатынастар аясының кеңейе түскенін жеткізген. «Сіздің дана басшылығыңызбен Қазақстан прогреске тез жетті, ал Үндістан Сіздің еліңіздің табыстарына қуанады», – делінген хатта. Корея Республикасының Президенті Пак Кын Хе жолдаған құттықтау хатта өткен жылдар ішінде Қазақстан мен Кореяның өзара түсіністігі мен ынтымақтастығы айтарлықтай артқаны атап өтілген. «Мен екі ел халықтарының өзара мүддесі негізінде түрлі салалардағы біздің достығымыз бен ізгі қарым-қатынастарымыз болашақта одан əрі нығая береді деп үміттенемін», – делінген құттықтау хатта. Монако Князі Альбер II мерекеге байланысты шынайы тілегін жолдап, екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың одан əрі нығая түсетініне сенім білдірген. Швейцария Конфедерациясының Президенті У.Маурер мемлекеттеріміз арасындағы табысты дамып келе жатқан сенім мен достық қарымқатынастары алдағы жылдары да өркендей түсетініне сенім артқан. Өз құттықтауында Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко ҚазақстанБеларусь қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік сипат алып, жыл өткен сайын айтарлықтай мазмұнды жəне қарқынды бола түскеніне тоқталған. Украина Президенті В.Янукович Мемлекет басшысының басшылығымен елді жүйелі жаңғырту жолындағы жоғары нəтижелерге одан əрі қол жеткізудің сенімді іргетасы болып саналатын экономикалық жаңарулар мен əлеуметтік-гуманитарлық жобалар қарқынды іске асырылып жатқанын атап өткен. Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримов стратегиялық серіктестіктің берік қағидаттарына, көпғасырлық достық дəстүрлеріне, тату көршілестікке, өзара қолдау мен құрметке негізделген көпжоспарлы Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастары көршілес елдер мен халықтардың мүдделеріне сай алда да мүлтіксіз дами түсетініне жəне нығая беретініне сенімін білдірген. Қырғыз Республикасының Президенті А.Атамбаев өзінің құттықтау жеделхатында екі мемлекет халықтарының игілігі жолындағы Қазақстан-Қырғызстан стратегиялық серіктестігі одан əрі жан-жақты дамитынына жəне нығая беретініне сенім білдірген. Түркіменстан Президенті Г.Бердімұхамедов

жолдаған құттықтауда Қазақстанның тəуелсіздік жылдары саяси, экономикалық жəне əлеуметтік салаларда қол жеткізген табыстары, сондай-ақ, екі ел арасында қалыптасқан жанжақты қарым-қатынастардың деңгейі жоғары екені атап өтілген. Тəжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон достықтың берік дəстүрлері мен өзара құрметке негізделген, ғасырлық тарихи тамыры бар Қазақстан-Тəжікстан өзара ықпалдастығының қарқынды дамып келе жатқанын қанағаттанушылықпен атап өткен. Ізгі тілекке толы хаттар Ресей Федерациясынан – Ингушетия Республикасының басшысы Ю.Евкуровтан, Ресей Федерациясы Пенза облысының губернаторы В.Бочкаревтен келіп түсті. Өз құттықтауларында АҚШ Конгресінің мүшелері М.Фицпатрик, Л.Ланс, Г.Мэнг жəне М.Мидоус Қазақстанның беделі артып келе жатқанын, оның Орталық Азия мен Ауғанстанда тұрақтылық пен бейбітшілікті ілгерілетудегі маңызды рөлін, сондай-ақ, терроризммен халықаралық күреске тұрақты түрде қолдау көрсетіп отырғанын атап өткен. Бұған қоса, Эскишехир қаласының мэрі А.Тун Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, қала түрік əлемі мəдениеті астаналары мəртебесін Астанадан қабылдағанына қанағаттанушылық білдірген. Халықаралық ұйымдардың жетекшілері де Мемлекет басшысының атына ең ізгі ниетті тілектерін жолдап, жемісті ынтымақтастықты жалғастыру туралы өздерінің ниеттерін білдірген. ЕурАзЭҚ бас хатшысы Т.Мансұровтың құттықтауында Мемлекет басшысының еуразиялық интеграция авторы жəне идеялық жетекшісі ретіндегі халықаралық беделі интеграциялық үдерістердің табысты болуын айқындап бергені атап өтілген. Сонымен қатар, өз құттықтауларын ТҮРКСОЙ бас хатшысы Д.Қасейінов пен ТМД Парламентаралық кеңесінің бас хатшысы А.Сергеев, Мемлекетаралық авиация комитетінің төрайымы Т.Анодина, Еуропа геронтология жəне гериатрия қауымдастығының президенті В.Хавинсон, «МИР» МТРК төрағасы Р.Батыршин жолдаған. Тəуелсіздік күніне орай құттықтауларды шетелдік жəне қазақстандық іскер топтар өкілдері жолдады. Олардың қатарында «РуссНефть» МК» ААҚ президенті М.Гуцериев, «Роснано» ААҚ басқарма төрағасы А.Чубайс, «Шеврон» корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры С.Дэвис, «Транснефть» АК» ААҚ вице-президенті В.Рушайло, бизнесмендер Б.Паколли мен А.Паколли, «Алматықұрылыс» ҰХК» АҚ президенті А.Ермегияев, «ҚАЗКА» Қазақстан кəсіпкерлері қауымдастығының басқарма төрағасы Ж.Жанықұлов, Оңтүстік Қазақстан облысынан «Саутс-Ойл» компаниясының президенті С.Сейітжанов, Шығыс Қазақстан облысынан «Normal Work» ЖШС директоры А.Бəкімбаев бар. «Қазмырыш» ЖШС компаниясына қарасты мыңдаған мүшесі бар ұжымдардың атынан жолдаған өз хатында компанияның басқарма төрағасы Н.Попович Мемлекет басшысының адам капиталы мəселесіне көңіл қоятынына тоқталған. Мемлекет басшысын барша азаматтар үшін ең басты мерекемен еліміздің ғылыми интеллигенциясы құттықтады. Олардың арасында Қазақстан Ұлттық ғы лым академиясының президенті М.Жұрынов, Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғ.Мұтанов,

Молекулярлық биология институтының бас директоры Н.Айтхожина, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры А.Ғазалиев бар. РҒА академигі В.Садовничий Нұрсұлтан Назарбаевқа М.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті мен Еуразиялық университеттер қауымдастығының мыңдаған мүшесі бар ұжымдары атынан құттықтау хат жолдаған. «Сіздің халықаралық ынтымақтастықты нығайту жəне еуразиялық интеграция идеясын ұстану жөніндегі белсенді ұстанымыңыздың арқасында Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру, еуразиялық білім беру кеңістігін нығайту жəне дамыту жөніндегі прогрессивті іс-əрекеттеріңіз жүзеге асуда», – делінген құттықтау хатта. Мұндай мазмұндағы құттықтаулар осы университеттің Қазақстандағы филиалының профессорлық оқытушылар құрамынан да келді. Өз кезегінде директоры Б.Сұлтанов бастаған Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының қызметкерлері Тəуелсіздік мерекесі Мемлекет басшы сы ның есімімен тығыз байланысты екенін атап өткен. Сондай-ақ, өздерінің шын жүректен шыққан құттықтауларын жазушы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты С.Досанов, Алматыдан ақын М.Айтхожина, Қазақстан Кəсіподақтары федерациясының төрағасы Ə.Құсайынов, Қазақстанның татар жəне башқұрт қауымдастығының президенті Г.Хайруллин, Ардагерлердің республикалық кеңесінің төрағасы Ө.Озғанбаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Т.Мамашев жолдады. Ауғанстан соғысының мүгедектері республикалық кеңесінің төрағасы, Кеңес Одағының Батыры Н.Кремениш ұлттық мерекеге байланысты ізгі ниетті құттықтау жолдап, Тəуелсіздікті еліміздің өз тағдырын өзі анықтауға мүмкіндік беретін іргелі құндылық деп атаған. «Бұл мереке шын мəнінде бостандық пен біздің мемлекетіміздің күш-қуатының символы болып табылады. Қазақстанның ұлы тарихындағы Тəуелсіздікті халқымыз жаңа жетістіктерімен жəне табысты жаңаруларымен тамаша жалғастырды», – делінген хатта. Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Астана жəне Қазақстан митрополиті Александр, Орал жəне Ақтөбе архиепископы Антоний өздерінің құттықтауларында еліміздің одан əрі өсіп-өркендеуіне қатысты ізгі тілектерін білдірген. Велоспорттан Олимпиада чемпионы А.Винокуров Нұрсұлтан Назарбаевтың елімізді жаңа жеңістер мен биіктерге сенімді бастап келе жатқанын, соның арқасында оның имиджі мен күмəнсіз беделі бүкіл əлем алдында нығая түскенін атап өткен. Ал Мемлекет басшысына деген игі тілектерін Астана тұрғындары Г.Шишов, Б.Омаров, Е.Мақтаев, Маңғыстау облысынан Т.Тұрова өлеңмен жолдаған. Құттықтау хаттары мен ізі ниетті тілектерін жолдаған азаматтар қатарында Астанадан Ə.Қарбайұлы, Алматы облысынан О.Бəрібеков, Алмалыбақ ауылындағы дарынды балаларға арналған мектептің 4-сынып оқушысы Е.Ғаниұлы, Жетіген ауылындағы №11 мектептің 2-сынып оқушысы Е.Тілеубекқызы, Ақмола облысынан Б.Ормантаев, Шымкент қаласынан О.Көмекбаев, Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан Е.Оразалин, Қызылорда облысынан С.Шымырқұлов, сондай-ақ, А.Тұрғанбеков бар. Сонымен бірге, құттықтаулар министрліктер мен ведомстволар жетекшілерінен, облыстар əкімдерінен, Парламент палаталарының төрағалары мен депутаттарынан, елшілерден, Қазақстан Республикасы ұлттық компаниялары мен мемлекеттік мекемелер басшыларынан келіп түсті. Өз атына келіп түскен барлық құттықтауларды мұқият оқып шыққан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ізгі ниетке толы құттықтаулар мен тілектер үшін шын жүректен алғысын білдірді.

Жеті жыл бўрынєы жўмбаќ жаєдайдыѕ жаѕєырыєы Жеті жыл бұрынғы жұмбақ өлім жайлы жаңа мəліметтер жария болғалы бері қоғамда Алтынбек Сəрсенбайұлы мен оның оққағары Бауыржан Байбосын жəне жүргізушісі Василий Журавлевтің өліміне қатысты түрлі əңгіме гулеп кетті. Ел ішінде үлкен қоғамдық жаңғырыққа ұласқан бұл «жаңалыққа» алыс-жақын шетел мемлекеттері де құлақ түріп, елең ете қалды.

Өмірінің соңғы жылдары Қазақстандағы оппозиция жетекшілерінің бірі болған саясаткер Алтынбек Сəрсенбайұлының өлімі шынымен де Рахат Əлиев пен Əлнұр Мұсаевтың қанды жоспары ма? Алтынбектің ажалы Əлиевке қандай пайда алып келді? «Тапсырыс беруші» ретінде 20 жылға бас бостандығынан айырылып, оның жеті жылын өтеген Ержан Өтембаевтың ендігі тағдыры не болмақ? Бұл қанқұйлы оқиғадағы басты кейіпкердің бірі – қылмысты тікелей ұйымдастырушы əрі орындаушы Рустам Ибрагимов ақиқаттың астарын неге жеті жылдан кейін ашып отыр? Себеп-сыры неде? Құпияның кілті кімде? «Ибрагимовтің ауызша жəне жазбаша берген мойындауы шындыққа сəйкес келеді», деп қорытынды шығарған АҚШтың Федералдық Тергеу бюросына қаншалықты сенуге болады? Көпті сеңдей соқтырған сұрақтар осы еді. Естеріңізде болса, газеттің өткен санында («Алтынбек Сəрсенбайұлын атқызған – Рахат Əлиев», 21 желтоқсан, 2013. №279) осы іске қатысты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жасаған ресми хабарлама туралы мəлімдеген болатынбыз. АҚШ-тың Қазақстан

Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейдің қатысуымен өткен баспасөз мəслихатында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко биылғы жылдың 19 желтоқсанында Жоғарғы Сот бұл қылмыстық істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қайта қарауға жібергенін хабарлаған болатын. Демек, бұл сот тиісті шешім шығарғаннан кейін Əлиев пен Мұсаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалады деген сөз. Енді көптің көкейін тескен жоғарыдағы сұрақтарға жауап іздеп көрелік. Ең бірінші БАҚ-тың барлығы басымдық берген АҚШ-тың Федералдық Тергеу бюросы жайлы айтып өтсек. ФТБ (ФБР) кез келген елдің құқық қорғау органдарына ғана емес, алыс ауылдағы еңкейген кəріден еңбектеген балаға дейін жақсы таныс. Іргетасы 1908 жылы қаланған тергеу бюросының кəсібилігіне ешкім күмəн келтірмейді, біліктілігіне бек сенеді. Қазақстандық заңгерлер де Рустам Ибрагимовтің арызын сан сүзгіден өткізіп, жалғандық детекторынан өткізген америкалық тергеушілердің қорытындысына шек келтіріп отырған жоқ. Бұл жайында АҚШ-тың Қазақстан

Республикасындағы уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейдің өзі брифинг барысында ойын ашық білдірген еді. Белгілі қоғам қайраткерінің өлімінің аққарасын ажырату барысында АҚШ-тың Федералдық Тергеу бюросы бұл атышулы іске қатысты барлық құжаттарға еркін қол жеткізгенін тілге тиек еткен Дж.Ордвей: «ФТБ қылмыстық істі ешбір кедергісіз, тəуелсіз жүргізді. Барлық куəгерлердің, атап айтқанда, басты куəлар – қылмысты орындаушы Рустам Ибрагимовпен сол кезде тапсырыс беруші ретінде ұсталған Ержан Өтембаевты арнайы полиграфтарда тергеу-тексеру процесі қазақстандық құқық қорғау органдарының қатысуынсыз өткенін де айта кету керек. ФТБ жасаған тергеу іс-шараларының қорытындылары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы ұсынған тұжырымшешімдермен де сəйкес келді», деді. Алтынбек Сəрсенбайұлының денесі Талғардағы тау етегінен табылғанда, қазақстандық құқық қорғаушылардың бұл іске нақ осы дүниежүзі бойынша іргелі тергеу органына иек артуы да осыдан болса керек. Себебі, ел-жұртты есеңгіретіп тастаған бұл қылмыстық оқиғаның көпке құпия болған қырсырын ашу үшін сол кезде-ақ олар АҚШ Федералдық Тергеу бюросының білікті мамандарын шақырған болатын. Ал бюро тергеушілері Рустам Ибрагимовтің сөздерін толық растап отыр. Келесі көңілді күпті еткен жайт Ержан Өтембаевқа қатысты. «Егер ол Алтынбек Сəрсенбайұлын өлтіруге

Алдаєы жылєа арналєан іс-шаралар жоспары бекітілді (Соңы. Басы 1-бетте).

Құжатта Президент Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем лекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын, сонымен қатар, Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарды іске асыруға бағытталған депутаттардың заң шығару жұмыстары көрініс тапты. Сенатта жыл ішінде жаңа бюджет саясаты, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру, ақпараттық қауіпсіздік, денешынықтыруды дамыту, бұқаралық спорт жəне саламатты өмір салтын қалыптастыру мəселелері бойынша үкіметтік сағаттар өтеді. Еліміздің жасыл экономикаға көшу мəселелері бойынша парламенттік тыңдау 2014 жылғы ІV тоқсанға жоспарланды. Сенат комитеттері еліміздің аймақтарында тақырыптық

көшпелі отырыстар өткізетін болады. Онда мемлекеттік шекара туралы заңнаманы іске асыру, индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, «Жұмыспен қамту-2020» бағдар ламасын жүзеге асыру, шағын жəне орта бизнесті дамыту, құқық қорғау органдары мен соттарды реформалау, бюджет үдерістерін жетілдіру жəне балық шаруашылығын дамыту мəселелерін талқылау көзделіп отыр. Сенаттағы бірқатар дөңгелек үстелдер мен ғылыми-тəжірибелік конференциялар аймақтарды газбен қамту, ғылыми-техникалық білім беру жүйесін дамыту, қылмыстық-атқару жүйесінің проблемалары, əкімшілік заңнамасын реформалау, кооперация мəселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру, ғылыми зерттеулердің тиімділігін құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету, сондай-ақ, салық жеңілдіктерін оңтайландыру жəне олардың тиімділігін арттыру мəселелеріне арналатын болады.

Сенаторлар орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың, даму институттары мен оқу орындарының басшыларымен кездесулер өткізеді. Депутаттар тоқсан сайын аймақтарға дəстүрлі сапарға шығады. Жергілікті өкілді органдармен, оның ішінде «Өңір» депутаттық тобы арқылы өзара ісқимыл жалғасатын болады. Сенаттың халықаралық шаралары арасында 2014 жылғы қыркүйекте өтетін Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІІ отырысын, Сенат Төрағасы мен депутаттары БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Еуропа Кеңесі, НАТО парламентаралық форумдарының, «Қазақстан Республикасы – Еуропа Одағы» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің шараларына қатысатынын атап өту керек. Одан басқа, екіжақты ресми сапарлар, сонымен бірге, шет мемлекеттер парламенттерімен ынтымақтастық топтары бойынша кездесулер жоспарланды.

Тапсырмалар жїзеге асырыла бастады (Соңы. Басы 1-бетте). Президент тапсырмаларын жүзеге асыру мəселелеріне қатысты Серік Ахметов министрліктер мен ведомстволар қызметінің басым бағыттарын атап көрсетті. «2014 жылдың бірінші жарты жылдығының соңына дейін біз индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасын əзірлеп, оған мұнай-газ өнеркəсібі, таукен, металлургия, агроөнеркəсіп секілді экономиканың базалық салаларын кешенді дамыту жоспарын ұштастыруымыз қажет», деген Премьер-Министр осыған байланысты еліміздің өнеркəсіптік дамуы жөніндегі комиссия құруды жеделдетуді тапсырды. «Оның үстіне индустрияландырудың екінші бесжылдық бағдарламасын əзірлеу кезінде біздің өнеркəсіптік саясатымыздың икемді болуын, ол əлемдік ағымдардың өзгерістеріне жедел бейімделуге қабілетті болып шығуын ескеруіміз керек», деді Серік Ахметов. Мұнымен қоса, Үкімет басшысы барлық мүдделі мем ле кет тік органдарға шағын жəне орта бизнестің дамуына кедергі келтіріп отырған нормаларды анықтап, олардың күшін жою бағытында қолданыстағы заңдылықтарға тексеру жүргізуді тапсырды. Жекеменшік институтын одан əрі нығайту, өз ісін жаңа бастаған кəсіпкерлерге қызметтерінің перспективалық бағыттарын айқындау үшін қолдау көрсету мəселелеріне қатысты стратегиялық əдістəсілдерді айқындайтындай ұсыныстарды əзірлеу қажеттігін де баса көрсетті. «Бизнесті қолдаудың əдіс-тəсілдері мен тетіктері жөніндегі ақпараттарды əрбір кəсіпкерге дейін жеткізуіміз қажет. Осы бағытта ісін жаңа бастаған кəсіпкерлерге арналған жолбасшылық кеңес беру анықтамалықтары халық арасында кеңінен насихатталатын болсын. Кəсіпкерлерге қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын осы мəселелерде барынша тиімді етуіміз жəне пайдалануымыз керек», деді Премьер-Министр. Сонымен қатар, Үкімет басшысы кəсіпкерлік субъектілерін негізсіз жəне жоспардан тыс тексерулерді тоқтату туралы бар лық министрліктер мен ведомстволарға тапсырмалар берді. Кеңесті қорытындылай келе, Президенттің барлық тапсырмалары нақты жəне тура белгіленген мерзімінде орындалуы қажеттігін қатаң ескертті.

нұсқау бермесе, жазасы қаншалықты жеңілдейді?» деген сұрақ ресми хабар таратылысымен-ақ қалың жұртта қылаң берген еді. Алайда, бұл сұраққа да брифинг барысында жанама жауап берілген болатын. Ресми əрі заңды тілде болғандықтан, дүйім жұрттың дені бұған мəн бере қоймаған секілді. Себебі, сөз басында-ақ Андрей Кравченко Бас прокуратура, ҰҚК мен ІІМ-нің білікті қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел-тергеу тобы бұл істі қайта тексеріп жатқанын мəлімдеп, Ержан Өтембаевқа қатысты бұдан бұрын қаулы етілген үкім ішінара бұзылатындығын да хабарлаған еді. Яғни, 20 жылға кесілген сот үкімі толықтай бұзылмайды. Себебі, алдын ала тергеу барысында Рустам Ибрагимов Ержан Өтембаевтан расымен де Алтынбек Сəрсенбайұлын соққыға жығу туралы тапсырма алғанын бірден мойындаған. Алайда, тапсырма тек жұдырық жұмсап, сабақ берумен ғана шектелген, өлтіру туралы сөз болмаған. «Тəубеге келтірудің» осы тəсілін таңдап алған Өтембаев ұрып-соғу арқылы Алтынбек Сəрсенбайұлында кеткен кегін қайтарып алмақ болған. Өз сөзімен айтсақ, Сəрсенбайұлы оның «жеке басының намысына тиіп кеткен». Сондай-ақ, Өтембаев Сəрсенбайұлына қастандық жасалатыны туралы біле тұра, бұл маңызды ақпаратты құзырлы органдардан жасырып қалғаны үшін де жазадан аттап кете алмайды. Себебі, Рустам Ибрагимов оған бұл «тапсырма» туралы Рахат Əлиев пен Əлнұр Мұсаевтың естіп, Өтембаевтың «жұдырық жұмсау туралы өтінішін» «өлтіру керек» деген үкіммен ауыстыру туралы ұсыныс тастағанын жасырмай айтып берген. Кейіннен қанды жоспар толығымен орындалып, ол туралы өзіне «есеп берген» кезде

де Өтембаев үнсіз қалған. Жаңадан ашылған жайттарға байланысты Ержан Өтембаевқа қатысты кей баптардың өзгертіліп, сəйкесінше, жазасы да ішінара өзгертілетіні анық. Ал, жеті жыл өткеннен кейін ғана Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына арыз жолдап, болған оқиғаны бүге-шігесіне дейін баяндап, ақиқат-шындығын жайып салған Рустам Ибрагимовтің қылығына келер болсақ, бұл жерде жаңалық ашудың қажеті шамалы сияқты. Себебі, кісі қанын жүктеген қаскөйдің өзі Əлиев пен оның басты сыбайласы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Мұсаевтың қатыгездігін өзгеден жақсы білген. Жалдамалы жендет бұл екеуінің қандай қаныпезерлікке баратынын, барғанын, бара алатынын да əу бастан түсінген. Қазақстандық банкирлер Жолдас Теміралиев пен Айбар Хасеновті, сондай-ақ, «НТК» арнасының тележүргізушісі Анастасия Новикованы асқан жауыздықпен өлтірген адамның ештеңеден тайынбайтынын түйсінген ол ең басты қорғаныш – ақиқатты жасырып қалу деп түйген. Ибрагимов өзі үшін емес, отбасының амандығы үшін жұмбақ өлімді жабулы күйінде қалдырмақ болған. Б ү г ін де Ə л и ев т і ң А л т ы н б ек Сəрсенбайұлын атқызудағы бас ты себебі анық болып отыр. Ол – бұл өлімнің астарына саяси мəн бергізіп, биліктің халық, ел, дүниежүзі алдындағы абыройын төгу еді. Алтынбектің ажалы Əлиев армандаған мемлекеттік төңкеріс жасау жоспарының бір бөлігі ғана болатын. ФТБ қызметкерлері қазіргі таңда түбегейлі бір тоқтамға келіп отыр: ол – Алтынбекті атқызған Əлиев деген шешім. Бану РАХЫМБАЙҚЫЗЫ, журналист.

Ќаржы нарыєындаєы ахуал тўраќты

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткізіліп келе жатқан дəстүрлі брифингтің бұл жолғы қонағы Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов болды. Ол өз кезегінде еліміздегі қаржы нарығындағы жағдай жөнінде əңгімеледі. Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

– Республикамыздағы валюта нарығындағы жағдай тұрақты. Ұлттық валютаға əсер ететін ешқандай жайт орын алған жоқ. Еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету – Ұлттық банк үшін басты міндет. Өздеріңізге белгілі, ағымдағы жылдың аяғына дейін инфляцияның жалпы көрсеткіші 5 пайыздың маңайында, бұл өткен он жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіш болғанын айтқым келеді, – деді Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов. Сондай-ақ, ол ұлттық валютамыздың тұрақтылығы Ұлттық банкке еліміздің алтын-валюта қорын одан əрі қарай арттыруға мүмкіндік бергенін жəне бүгінгі таңда оның көлемі 93,9 млрд. доллардан асып отырғанын жеткізді. «Біз Елбасының тапсырмасына сəйкес, ендігі жылы 100 млрд. доллардан астам бірлескен халықаралық резервке ие боламыз деп ойлаймын», – деді ол. Үстіміздегі жылғы қарашада теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 доллар үшін 152,72–154,34 теңге аралығында өзгерген. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір айда 0,4 пайызға төмендеп, бір АҚШ доллары үшін 153,68 теңге болған. Сонымен бірге, осы қарашада қосымша саудасаттықтардағы мəмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қазан айымен салыстырғанда 12,3 пайызға ұлғайған. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 0,5 пайызға төмендеген. Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі биылғы жылдың қазанымен салыстырғанда 8,5 пайызға көтерілген. 2013 жылғы қазан айында орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі қыркүйек айымен салыстырғанда 3,1 пайызға өскен. Ал теңгемен орналастырылған аталған депозиттер 26,6 пайызға көтеріліп, 130,4 млрд. теңгені құраған. Доллармен орналастырылған депозиттер 15,8 пайызға артса, Ресей рублі жəне еуромен депозиттер 0,3, 0,2 пайыздарда болған. Ұлттық банктің банктерден тартқан депозиттерінің көлемі қазан айында қыркүйекпен салыстырғанда өзгермеген. Яғни, 82,5 млрд. теңгені құрап отыр. Банктердің экономиканы кредиттеуінің жалпы көлемі қазан айында 11040,4 млрд. теңгені құрап, 1,0 пайызға өскен. Ұлттық валютадағы кредиттер 7768,5 млрд. теңгеге дейін, ал шет ел валютасындағы кредиттер 3272,0 млрд. теңгеге дейін ұлғайған. Ұзақ мерзімді кредиттеу 8990,2 млрд. теңге, ал қысқа мерзімді кредиттеу 2050,3 теңгеге дейін болған. Ұзақ мерзімді кредиттеудің үлес салмағы бір айда 81,5-тен 81,4 пайызға төмендеген. Басқосуда Ұлттық банк төрағасы 20 мың теңгелік валютаны айналымға шығару мəселесіне келгенде оның əлі ертерек екеніне тоқталды. «Бүгінде бізге 200, 500 жəне 1000 теңгелік купюралар жетіспейді. 5000 жəне 10000 теңгені айналымнан шығару жұмысын тоқтатпағанда, ол да тапшы болатын еді. Сондықтан қазір біз 200, 500 жəне 1000 теңгелік купюраларды қосымша шығару бойынша жұмыс жасап жатырмыз», деп атап өтті. Жиында көптің көкейінде жүрген сауалдардың бірі несиеге пəтер алу жайы да сөз болмай қалмады. Бұл ретте бас банкир қазақстандықтардың тек 5-10 пайызы ғана несиеге пəтер алуға қауқарлы екенін айтты. «Қазіргі күнде елімізде пəтер алуға банктер беретін несиенің пайыздық мөлшерлемесі тым жоғары. Олай болуы да тиіс. Өйткені, бұл қаржы қызметінің халықтың төлем қабілеті жоғары тобына арналған сегмент», деді. Брифингте Ұлттық банк төрағасы Қ.Келімбетов БАҚ өкілдерінің өзге де бірқатар сұрақтарына жауап берді.


24 желтоқсан 2013 жыл

www.egemen.kz

3

Елдік мінбері

ТƏУЕЛСІЗ ЌАЗАЌСТАННЫЅ ЖЕТІ ЌАЗЫНАСЫ:

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКА

«Төртінші қазынамыз: индустриялық-инновациялық экономика. Индустриялық бағдарлама – біздің экономикамыздың болашағы». Н.Ə.НАЗАРБАЕВ, Тəуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзден. Тəуелсіздігіміздің 22 жылын атап өттік. Оның тартуы ретінде халқымыз ие бол ған өте құнды жеті қазына Елбасы баян дамасының негіз гі ар қауы болды. Со ның бірі – индустриялық-инновациялық экономика. «Индус трия лық бағдарлама – біздің экономикамыздың болашағы. XXI ғасырда барлық табысты ұлттардың жолын индустриялық əлеует пен инновациялар айқындайды. Сондықтан индустриялық-инно вациялық дамудың жоғарғы нəтижесі – Тəуелсіз Қазақстанның экономикалық бекемдігінің басты мəселесі», деп атап көрсетті Елбасы. Аталған бағдарламаның алғашқы нұсқасы, ол туралы шешім бізде сонау 2003 жылы алынып еді. Содан кейінгі 5 жыл ішінде индустрия лық дамудың бағыт-бағдары ай шықталды, ұлттық инновациялық жүйе жасауды бастадық, осы саладағы шетел тəжірибелеріне көз жібердік. Десек те, осы индустриялық-инновациялық бағдарламаны іске асыру жолында сол жылдары айтарлықтай нəтижеге қол жеткізе алмадық. Экономикалық даму сол сыңаржақ қалпында қалды, технологиялық деңгейіміз өспеді. Осындай жағдайдың екі себебін айтып кетуіміз керек. Біріншіден, аталған бағдарлама – экономикалық дамудың жаңа бағыты, жаңа жолы. Оның қырсырын, тиімді тетіктерін меңгеру үшін біршама уақыт керек болды. Екінші себеп – осы бағдарламаны орындауға жауапты басшылар мен мекемелердің енжарлығы, олар тарапынан тиісті белсенділіктің болмауы. Сол жылдары мұнай бағасы тоқтамай өсіп, оны сатудан түскен қаржылар елімізге көптеп құйылып жатты. Осының арқасында көптеген салаларда тоқмейілшілдік орын алды. Өз кезегінде ол аталған бағдарламаны орындауға ынтажігерімізді өсірмеді. 2007-2008 жылдары əлем экономикасы мен қаржы саласы үлкен дағдарысқа тірелді. Көп ұзамай оның салқын əсері бізге, Қазақстанға да келді. Шетелден келетін несие қаржылар, инвестициялар кілт тоқтады, банктер алған қарыздарын өтей алмай, банкрот болуға таянды. Біз шетелдерге шығарып, содан негізгі табысты таба тын мұнай, басқа да шикізат қорына сұраныс азайды, олардың бағасы да төмендей бастады. Жалпы айтқанда, қаржы тапшылығы, біздің негізгі экспорттық тауарларымызға сұраныстық азаю ел экономикасын тығырыққа тіреді. Осыдан кейін əртүрлі шаралар қолданып, əсіресе, қомақты ұлттық қорымыздың арқасында тығырықтан шықтық десек те, экономиканың даму қарқыны əлі де төмен. Осыған байланысты эко номиканың тұрақты даму жолының тетіктеріне ерекше көңіл бөлу керектігі бұрынғыдан да анық болып, күн тəртібінде тұрды. Тұрақты экономикалық дамудың бірденбір тиімді жолы индустриялықинновациялық даму екені айқындала түсті. Міне, осындай стратегиялық қажеттіктен туған, ел экономикасын тұрақты дамытудың басты арнасын қалыптастыратын 20102014 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама Елбасының тікелей қолдауымен дүниеге келді. Биыл төртінші жыл оны орындап жатырмыз. Қол жеткізген нəтижелеріміз, əлі де шешімін таппаған мəселелер туралы кейінірек тоқталармыз. Ең алдымен, осы индустриялықинновациялық дамудың маңызы неде, ол не себептен, Президент айтқандай, біздің экономикалық бекемдігіміздің басты мəселесі. Бұл бағдарламаның негізгі нысандары, көздеген мақсаттары неде, экономикада орын алып отырған қандай күрделі проблемаларды шешуге жол ашады. Міне, осыларға тоқтайық. Бірінші мақсат – ел ішіндегі өндірісті жаңа заман талабына

Кенжеғали САҒАДИЕВ, академик.

сəйкес негізде жан-жақты дамыту, оны əртараптандыру, əсіресе, өң деуші саланы жедел дамыта отырып, Қазақстан экономикасын сыңаржақтықтан шығару. Кешегі əлемдік дағдарыс тұсында экономиканың тұрақты дамуының бірденбір тетігі жан-жақты дамыған, əртараптандырылған өндіріс екеніне көптеген елдердің, оның ішінде біздердің де көзіміз жетті. Бүкіл Еуроодақ елдері күйзеліске түскенде тек қана Германия бұрынғы қалпын өзгертпей, тұрақты даму үстінде. Себебі, жан-жақты дамыған өз елінде өндірісі бар. Осындай əртараптандырылған өндіріс бұрынғы кездерде Америка Құрама Штаттарында да бар еді, бірақ ондағы кəсіпкерлер бұрынғыдан да мол табыс көздерін іздеп, соңғы 30-40 жыл шамасында өз кəсіпорындарын Америкадан басқа, жұмыс күші арзан елдерге не ауыстырып, не сол жерлерге жаңадан сала бастады. Мұны аутсорсинг немесе экономиканы дамытудың тиімді саясаты деп мақтанышпен айтқан америкалықтар кешегі əлемдік дағдарысқа экономиканың тірегі болатын өндіріссіз келді, осының салдарынан бүгін де күйзеліс үстінде. Өндірісі шамалы, əртүрлі қызмет көрсетумен негізгі табысын тауып отырған елдер де күйзеліске ұшырады. Қызмет көрсету саласын дамыту керек, бірақ ол экономиканың тұрақты дамуының негізі бола алмайтынына көптеген елдердің көзі жетті. Бізде ішкі жалпы өнімнің қомақты саласын қызмет көрсету саласы береді, бірақ кешегі тығырық заманында ол тұрақты дамуды қамтамасыз ете алмады. Сондықтан, ішкі жалпы өнім, оның жан басына шаққандағы мөлшері басқа елдермен салыстыруға жарағанмен, оның негізі неде: шығарған тауарларда ма, əлде қызмет көрсету саласында ма. Осыған мұқият қарауымыз керек. Қорыта айтсақ, индустриялықинновациялық даму дегеніміз – əртараптандырылған, өңдеуші саласы жетекші болатын өндіріс кешендері. Бізге осыны жасау керек. Бұл – бірінші мақсат. Екінші мақсат – жаңа технология, техника негізінде салынған жаңа кəсіпорындар немесе күрделі жаңғыртудан өткен бұрынғы кəсіпорындар негізінде өндіріс саласындағы еңбек өнімділігін еселеп арттыру. Неге АҚШ, Еуропа елдері озық дамыған елдер деп аталады. Себебі, біреу-ақ. Ол елдердегі еңбек өнімділігі басқа елдерден, əсіресе, біздерден сан есе артық. Сондықтан еңбекпен алынған табыс – ол елдердегі байлықтың негізгі көзі. Біз – Президентіміздің «2030», «2050» бағдарламалары арқасында алысқа көз жіберіп, əлем өркениетінің жоғары сатыларына шығуға бет бұрған елміз. Осыған жетудің

бірден-бір жолы – еңбек өнімділігін еселеп арттыру. Сондықтан үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының діттеген мақ сатының бірі, тіпті, бірі емес, бірегейі – өндіріс саласында, осы арқылы жалпы экономикада еңбек өнімділігін арттыру. Аталған бағдарламаның тағы бір мақсаты – экономиканы инновациялық тұрғыдан дамыту, тиімді жұмысты қамтамасыз ететін ұлттық инновация жүйесін жасау. Президент айтқандай, инновация жайдақ ұран болмауы керек. Бізге еңбек өнімін өсіретін, ұлттық бизнестің, кəсіпкерліктің бəсекеге бекемдігін арттыратын, техниканы, технологияны күрделі жаңартатын, жақсартатын инновациялық шешімдер, əдістер, жаңалықтар керек. Əлем тəжірибесіне қарасақ, алдыңғы қатардағы елдерде бүгін ішкі жалпы өнімнің үлкен бөлігі осы инновациялық даму арқылы өндіріледі, дəлірек айтсақ, Еуроодақ елдері соңғы уақытта ішкі жалпы өнімнің 40-50 пайызына дейін осы инновациялық негізде алып отыр. Мына заман – бірінің артынан бірі туып жатқан жаңалықтардың, жаңа технологиялардың, жаңа əдістемелердің, оларды тезірек игеруге, тиімді пайдалануға əлем деңгейіндегі үлкен бəсекелестіктің заманы. Оған қабілеттілер ұтады, қабілетсіздер ұтылады. Сондықтан бізге тек əртараптандырылған өндіріс қана емес, тиімді жаңалықтармен, инновациялық шешімдермен сусындаған өндіріс керек. Шетел тəжірибесіне жүгінсек, жоғары технология, дамыған ғылым, жаңалыққа ынталы, құштар мамандар даярлаған елдер соңғы 25-30 жылда осы инновациялық даму жолына түсті. Сондықтан да əңгіменің арқауы болып отырған бағдарлама осы инновациялық дамуды қамтамасыз етуі керек, сондықтан да оны біздер индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы дейміз. Оның тағы бір үлкен мақсаты – жаңа заманның өктем талабына жауап бере алатын ұлттық кадрлар құрамын жасау, олардың білімі мен білігін арттыратын кешенді шараларды іске асыру, ғылыми ізденістерді ең өзекті мəселелерге, шешуші салаларға бұру, ел экономикасының, жалпы халықтың жасампаздық əлеуетін өсіру. Шикізат емес, табиғи байлық емес, адамның білімі мен білігінің, жасампаздығының негізінде қалыптасқан экономика тұрақты дами алады. Оны біршама елдердің озық үлгісі көрсетіп отыр. Əлеуметтік-экономикалық дамудың негізі бүгінгі таңда, əсіресе, келешекте адам факторы болуы керек. Өркениеттің көкжиегі де осы адами факторға, оның биік дəрежеде сомдалуына байланысты. Ұлттық кадр десек, оның айтылған жоғары талаптарға сəйкес болғанын талап етеміз. Индустриялық-инно вациялық бағдарламаның көздеген нысанасының бірі – осы сапалы

біліммен, озық тəжірибемен суарылған, өндірісті, жалпы экономиканы, оның басқару жүйесін нəти желі жүргізе, басқара алатын креативті кадрлар жасақтау. Маман, оның біліктілігі, заман талабына дайындық деңгейі – біздің болашақта əлем елдерінің арасында алатын орнымыздың шешуші факторы. Осыған жол ашатын үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының, оның тиянақты орындалуының біз үшін маңызы өте зор. Жоғары тиімді экономикалық шаруашылықпен араласпайтын азаматтар Қазақстанда баршылық. Жалпы, жұмыссыздық деңгейі елімізде төмен болғанымен, көптеген жұмыс орындарының технологиялық деңгейі, ондағы еңбек өнімділігі өте төмен. Егер жағдай дұрысталмаса, тиімді экономика жасай алмаймыз, көздеген нысанаға жете алмаймыз. Қазір Қазақстанда өз шаруасымен айналысып жүрген 2,7 млн.ға жуық адам бар. Көбісі сауаты аз, кəсіби мамандығы төмен, техникасы жоқтың қасы, қарабайыр жұмыскерлер. Олардың тапқантаянғандары мемлекетті байытпақ түгілі, өз отбасын асырауға бірде жетіп, бірде жетпейді. Бұларды жұмыссыздар немесе жұмысының тиімділігі жоқтың қасы десек те болады. Жаңа технологиялық деңгейде кəсіпорындар салып, жұмысы жоқтарды немесе мардымсыз жұмыс істеп жүргендерді осындай кəсіпорындарға тарту керек. Жаңалыққа үйретіп, олардың еңбек өнімділігін арттыру керек. Енді бір осы бағдарлама арқылы нысанада тұрған мəселе – ел экономикасының бəсекеге қабілеттігін арттыру. Көптеген əлем елдерімен сауда-экономикалық байланыстамыз. Біздің кəсіпорындар əлем нарқында өзі өндірген тауарларымен басқа елдердің осындай тауарларымен сапасы мен бағасы жағынан бəсекеге түседі, сапасы жоғары, бағасы төмен бұйым сұранысқа ие болады. Ал сапалы бұйым жасау үшін сапалы технология керек, бағаны төмендетуге мүмкіндік беретін еңбек өнімділігінің өсуі осы технологияларға байланысты. Міне, осыларға қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын да үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, оны толығымен орындау. Біз аталған бағдарламаның маңызы мен мақсатына біраз тоқталдық. Айтқанымызды қорыта келе, бұл бағдарлама – Қазақстан экономикасының болашақ бет-пердесін айқындайтын, оның Президент айтқандай, бəсекеге бекемдігін сомдайтын бағдарлама. Əлем елдерінің алдыңғы тобына жету мүмкіндігі де осы бағдарламаның орындалуына байланысты. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама елімізде екі бесжылдықтың ішінде толығымен орындалуы тиіс. 2010-2014

жылдардағы бесжылдықтың биыл төртінші жылы аяқталып келеді. Осы жылдары индустриялықинновациялық бағдарлама тетіктері жан-жақты заңдастырылды, индустрияландыру картасы, өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жобасы, өңірлерді индустрияландыру картасы, 100-ден аса мемлекет тарапынан демеу шаралары іске қосылды. «Еңбек өнімділігі-2020», «Бизнестің жол картасы-2020», 30-дан астам салалық жəне өңірлік даму бағдарламалары жасалды. Бір сөзбен айтсақ заң, демеу, қолдау тетіктері жан-жақты жасалып, бағдарламаны ойдағыдай орындайтын мүмкіндіктер туды. Ал енді осы өте ауқымды шараларды орындаудағы 4 жыл ішінде қол жеткен нəтижелер қандай? Президент Н.Назарбаев Тəуелсіздік күніне арналған салтанат ты жиналыстағы сөзінде: «Индустрияландырудың алғашқы «бесжылдығын» жүзеге асыра отырып, біз 200 мыңнан астам жұмыс орны құрылған 700 жаңа кəсіпорын салдық. Оған біз 2 триллион 100 миллиард теңге жұмсадық, бірақ бұл кəсіпорындар тек биылғы жылдың өзінде 2 триллион 300 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Осылайша, салынған қаржы қазірдің өзінде өзін өзі ақтап жатыр», деп атап көрсетті. Яғни, бағдарламаны орындауға жұмсалған қаржы толығымен қайтып жатыр. Бірінші бесжылдықта осы бағдарламаның негізінде ішкі жалпы өнім (ІЖӨ) ең кемі 7,0 трлн. теңгеге немесе оның 2008 жылғы деңгейінен 2 есеге жуық өсіп, ІЖӨ-нің нақты өсуін 5 жылда 15%-ға жеткізу көзделіп еді, дегенмен, 2011 жылы, яғни бағдарлама қабылданған кейінгі 3-ақ жылда, осы көрсеткіштерге қол жеткіздік. ІЖӨ-нің нақты өсуі алғашқы үш жыл ішінде 16,7%-ды құрады. ІЖӨ-нің құрамында өндірістің өндеу саласының үлесін 5 жылда 12,5%-ға жеткізу көзделген еді, оған төрт жылда, яғни 2013 жылдың ішінде қол жетеді деген болжам бар. Өңдеуші өндірісте бірінші бесжылдықта еңбек өнімділігі кем дегенде 1,5 есе өсуі жобаланған болатын, алғашқы үш жылда ол 32,1% өсті, ал 2014 жылы, яғни бірінші бесжылдықтың соңғы жылы осы көрсеткіш артығымен орындалады, дейді сарапшылар. Өндірістің өңдеуші саласындағы еңбек өнімділігінің өсу қарқыны жалпы экономикадағы еңбек өнімділігі өсу қарқынынан 2,3 еседей артық. Осы көрсеткіштер – экономикада орын алып отырған сыңаржақ (тек шикізат негізінде) дамудан оны əртараптан дыруды көздеген алғашқы қадамдар жасалғандығының айқын айғағы. Жоғарыда осы жылдарда 700 жаңа кəсіпорын салынып, іске қосылды дедік. Олардың ішінде экономика дамуына елеулі үлес қосатын ірі кəсіпорындар бар. Мысалы, Мойнақ гидроэлектростансасы, Екібастұзда,

еліміздің бірнеше өңірлеріндегі жылу электр стансалары Отанымыздың энергетикалық қуатын күшейтті. Нəтижесінде Дүниежүзілік энергетикалық конгрестің есебі көрсеткендей, Қазақстан энергетикалық тұрақтылық индексі бойынша есепке алынған 129 əлем елдерінің ішінде 59-шы орында. Ал энергетикалық қауіпсіздік индексі бойынша сол елдердің ішінде 6-шы орында. Халықтың энергия көздерін пайдалану мүмкіндігі бойынша сол 129 елдің ішінде 35-ші орында. Бəрі де қанағаттанарлық көрсеткіштер. Жалпылап айтсақ, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын орындау бойынша елімізде соңғы 4 жылда серпіліс бар. 200-ге жуық жаңа экспорттық əлеуеті бар тауарлар шығарыла бастады. Бізде жасалған бұйымдар əлемнің 110 елінде сұраныс тауып отыр. Қазақстанның экономикалық əлеуетін айқындайтын көптеген халықаралық рейтинг, əртүрлі көрсеткіштер жылдан-жылға жақсаруда. Дегенмен, осындай нəтижелеріне қарамай, аталған бағдарлама ойдағыдай, дəлірек айтсақ, жоспарлағанымыздай орындалып отыр деп айтуға негіз жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарында осы бағдарламаның аяқ алысы жөнінде сын, тіпті ащы сын, пікірлер айтылады. Индустриялық-инновациялық дамудың бүгінгі қарқынына онша көңілі толмайтынын Елбасы да бір-екі рет білдірді. 600 немесе 700 жаңа кəсіпорынды іске қостық дейміз, бірақ олардың ел өндірісінің технологиялық деңгейіне ерекше əсері білінбейді. Жаңа технология, жаңа кəсіпорын деген ұранмен алғашқы кезде Индустрияландыру картасына кейбір қарабайыр өндіріс орындары да кіріп кеткен, аталған картаны олардан тазалауға мəжбүр болдық. Өңірлердің, олардың басшы мекемелерінің жаңа, тиімді технологиялар негізінде салынатын кəсіпорындарды сараптау ұқыптылығы төмен. Салынатын нысандардың сапасы емес, саны мен оған бөлінетін қаржы көрсеткіштеріне еліктеу əр өңірден, олардың басшыларының сөзінен жиі байқалады. Осының салдарынан Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігінің сарапшылары мен басшылары өңірлерден Индустриялық картаға енгізуге ұсынған 200-дей болашақта салынатын кəсіпорындар тізбесінің тең жартысын қабылдамай, қайтарып тастауға мəжбүр болды. Аталған министрліктен басқа осы үлкен іске, мемлекеттік стратегиялық дəрежесі бар бағдарламаға үлкен жанашырлық өзге мекемелерден аса байқалмайды. Ең өзекті мəселе – біздің мол табиғи байлығымызды шикізат ретінде емес, терең өңделген, қолдануға дайын бұйым ретінде шығару мəселесі айтарлықтай ілгері баспай отыр. Сонау тəуелсіздіктің

алғашқы жылдарынан бастап осы мəселе күн тəртібінде тұр. Қанша бағдарламалар алынды, жобалар жасалды, үлкенді-кішілі басшылардың уəделерін де естідік, бірақ бүгінге дейін сыртқа өңделмей кетіп жатқан мұнай, металл, астық, т.т. Қазақстан емес, біздерден сатып алған шикізатты терең өңдеп, бізден еселеп артық табыс тауып жатқан шетелдік кəсіпорындарға тиімділік беруде. Алдағы бесжылдықтағы индустриялық-инновациялық дамудың мақсатын, бағыт-бағдарын, ерекшеліктерін, осы жолда кездесетін қай шылықтарды, оларды түзеу жолдарын Елбасы кешегі өткен жал пыұлттық телекөпірде жанжақты талқыға салды. Көптеген салаларға шашыла бермей, тек қана өзіміздің табиғи байлығымызды терең өңдейтін салаларды дамытуымыз керек екендігін айтты. Олар мұнай-газ, тау-кен, металлургия өндірістері, агроөнеркəсіп кешені. Бұл, біздің жоғарыда айтқанымыздай, бірден-бір дұрыс шешім. Индустрияландыру бағдарламасына кедергі болған бірнеше қолайсыз жағдайлар Елбасының сөзінде ашық айтылды. Мысалы, шағын жəне орта бизнестің ойдағыдай дамымау себебі, құқық қорғау мекемелерінің оларды дамылсыз тексерумен құрсап отырғаны жəне де көптеген министрліктер мен жергілікті əкімдіктердің оларды дамытуға қолайлы жағдай жасай алмай отырғаны. Өз тарапымнан осыған қосарым, кешегі дағдарыс кезінде экономиканы «қолдан басқаруға» көшіріп, осы саланы мемлекеттік реттеуді күшейтіп едік, сол тəртіп əлі күнге сақталып тұр. Осының салдарынан нарық шеңбері, бəсеке кеңістігі айтарлықтай шектелді. Бұрын хабарланған меншікті жекешелендіру, халықтық IPO бағдарламалары орындалмай жатыр. Оларсыз экономикада серпіліс жасауға болар, бірақ бұл өте қиын əрі қымбатқа түседі. Сонымен, Елбасының қолдауымен 2015-2019 жылдардағы индустриялық-инновациялық дамудың басты міндеттері, бірінші кезекте, индустрияландыруды қажет ететін өндіріс салалары, осы үлкен істегі орын алып отырған кемшіліктерді жою жолдары, оған жауапты мекемелер атап айтылды. Алдымыздағы жарты жылда салынатын басты нысандар, алынатын заңдар мен ережелер бесжылдық индустриялық-инновациялық даму жоспарына мұқият дайындалып енгізілуі керек. Қандай деңгейге жетеміз, экономиканың əлеуеті, əсіресе, экспорттық əлеуеті қанша өседі, өндірістің өңдеуші саласы қандай қарқынмен дамиды, əртараптандыру қадамы қанша нəтиже береді. Осы бағдарламаны орындауға қанша жұмыс күші керек, олар қанша, қашан жəне қалай дайындалады. Қаржы қанша керек, бюджет пен бизнестің үлесі қандай, ішкі жəне сыртқы қаржы көздерін ұтымды пайдалану үшін қандай тетіктер жасауымыз керек. Міне, осы мəселелер жарты жыл ішінде тиянақты шешімін табуы тиіс. Бұл жаңа бағдарлама десек те, үстіміздегі бесжылдықтан жинаған тəжірибеміз бар, экономика, өндіріс басшыларының, қызметкерлерінің осы салаға бетбұрысы басталды. Бұл – үлкен мемлекеттік, стратегиялық маңызы жоғары бағдарлама. Олар туралы мақала басында айттық. Мағынасының үлкендігі сондай, егер осы бағдарлама ойдағыдай орындалса, Президенттің «2030» жəне «2050» бағдарламаларында өркениеттің біз көздеген жоғары сатыларына күмəнсіз жетеміз. Сондықтан да индустрияландырылған экономика – бұл ұлттық қазына, осы қазына байлығымен біздің əлем кеңістігіндегі алатын орнымыз анықталады. Осы қазына байлығымен тұрмысы жоғары, бақуатты ел санатына енеміз.

Əр елдің өз дамуының ерекшелігі бар, дегенмен, 2019 жылы, яғни индустриялық-иннова циялық даму жобасының соңғы жылы Қазақстанның тəуелсіздігіне 28 жыл толады екен. Ойдағыдай орындалған аталған бағдарламаға сəйкес тəуелсіз Қазақстан əлемдегі озық елдердің жолымен жүріп, олар жеткен биікке шығып, əлемдік қоғамдастықтың беделді мүшесі болып марқаятыны сөзсіз. Ісімізге сəттілік тілейік.


4

www.egemen.kz

24 желтоқсан 2013 жыл

G-Global – даєдарысќа ќарсы ўстаным (Соңы. Басы 1-бетте). Қазақстан Республикасы Президентінің мақалаларында жəне халықаралық форумдарда сөйлеген сөзінде баяндалған жанжақты таразыланған ғылыми көзқарастары бүгінгі таңда тұрақтанудың əлеуметтікке қарсы, соның ішінде протекционистік шаралар емес, түпкілікті қайта құруды талап ететін қазіргі заманның объективті шындығымен қарама-қайшылыққа түскен ескі даму парадигмасының теориялық кіріспесіне айналды. Сонымен бірге, қазіргі заман тарихына шын мəнінде айрықша мəні бар əлемдік экономиканың жаңа құрылымын құру бастамасы жалпыға ортақ халықаралық талқылаудан бастап, оны жаһандық саяси салаға ілгерілетудің алғашқы қадамдарына дейін көптеген эволюциялық жолды басынан кешті. Бұл үрдістің локомотиві 2008 жылы Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен құрылған Еуразиялық экономикалық клубының бірегей ғылыми-ықпалдастық тұғырнамасы болды. Бұл жоба іске асуға 2007 жылда-ақ, Елбасы Санкт-Петербургтегі халықаралық экономикалық форумда сөз сөйлей отырып, бірыңғай бірлестік шеңберінде əлем ғалымдары мен практиктерін шоғырландыру идеясын алға тартқанда жолдама алды. Мұндай ғылыми-ықпалдастық тұғырнама əлем тарихындағы теңдесі жоқ дерек екенінде шүбə жоқ. Нақты тəжірибеде заманауи саясаткерлердің ешбірі өз əрекеттерінде ғылым мен тəжірибе секілді прогрестің мұндай жетекші күшіне сүйенген жоқ. Осы ықпалдастыру құрылымын құра отырып жəне оның зияткерлік əлеуетін дағдарысқа қарсы іс-қимылдың көлемді жобаларына бағыттай отырып, Қазақстан Республикасының Президенті уақыттың қуатты мейнстриміне – қазіргі заманның жаһандық талаптарына шоғырландырылған жауап іздеуге бастама берді. «Ойын теориясы» патриархы, Нобель сыйлығының лауреаты Джон Нэштің айтуынша, ғаламшардың алдыңғы қатарлы сарапшыларын біріктіре отырып, Қазақстан дағдарысқа қарсы халықаралық үнқатысудың ірі ошағына ғана емес, жаһандық өзгеріс желі соға бастаған жерге айналды.

«G-Global» пішініндегі жаѕа шындыќ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық бастамаларын жүзеге асыру жөніндегі жүйелі жұмыстарда радикалды тұғырнама ретінде Ғалымдардың еуразиялық экономикалық ассоциациясы дағдарыс кезіндегі ғана емес, сонымен қатар, дағдарыстан кейінгі де дамудың оңтайлы механизмдерін жасауда халықаралық ғылым мен тəжірибенің біріккен күштерінің əлеуетті мүмкіндіктерін əлемге паш етті. Осы

Өткен сенбі, жексенбі күндері, яғни екі күн қатарынан Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тағам өнімдерінің жəрмеңкесі болып өтті. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Осы жəрмеңке болады деген хабарды күні бұрын естіген біз сенбі күні таңғы сағат тоғыз жарымда Астана қаласы əкімдігінің алдындағы сайланған орынға келгенімізде қазқатар тізілген сөрелерде самсаған тауарларды, сауданың қызығына беріліп кеткен халықты көріп, біршама таңданып қалдық. Өйткені, дəл осы күні Астананы аяз кернеп тұрған болатын. Оның үстіне əдеттегі сауда орындарының таңғы сағат оннан кейін барып, қимылқозғалысқа келе бастайтындығы бар. Демек, шығысқазақстандықтардың жəрмеңкесі өтетіндігін астаналықтар да біз секілді күні бұрын біліп, аязға қарамастан, əкімдік алдындағы алаңға ерте рек жиналған. Міне, осыған қарап-ақ шығысқазақстандық ауылшаруашылық құрылымдарының сапалы өнімдерінің ел ішінде брендке айнала бастағандығын байқауға болады. Біз тілші ретінде өз жұмысымызды осы жəрмеңкені ұйымдастырушылармен жолығудан бастадық. Мұндағы шаруаның

бірлестік шеңберінде белсенді қызмет еткен жылдарында əлемдік ғылым мен тəжірибе өкілдері ағымдағы дағдарыстың теңдессіз көлемді сараптамасын жасады. Нəтижесінде олар заманауи экономикалық тəжірибенің көптеген шиеленген мəселелерін, соның ішінде əлемдік қаржы-экономикалық сəулетін реформалау тақырыбын Астана экономикалық форумы, Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференция жəне «G-Global» коммуникативтік пішінде халықаралық талқылау деңгейіне шығарды. Бұл пікірталастардың қорытынды құжаттарын БҰҰ-ның сарапшылары, «G 20» елдер тобы, алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдар мен даму институттары əлем экономикасын тұрақтандыруға айтарлықтай қосқан үлес ретінде қарастырады. Мұның өзінде еуразиялық ықпалдастыру тұғырнамасының жаһандық даму үшін оңтайлы дағдарысқа қарсы механизмдер жасаудағы маңызы да одан əрі жоғары бағаланып келеді. 2012 жылдың маусым айында өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының пленарлық сессиясында V Астана экономикалық форумының ұсыныстарын «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясының басшысы БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға, БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті Насир Абд əл-Азиз ан-Насерге, сондай-ақ, Мек сиканың Сыртқы істер министрінің орынбасары, «G 20»-дағы Мексиканың шерпасы Лурдес Аранде Безауриге тапсырды. Өзінің жауабында БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун былай деді: «Мен құрметті Қазақстан Республикасының өкіліне өткен айда болған V Астана экономикалық форумының нəтижесі болып табылатын, бізге берген жақсы ұсыныс тары үшін алғыс айтқым келеді. Олар назарға алынатынына жəне «G 20» елдері басшыларымен, сондай-ақ, «G 20»-ның Мексикадағы өкілдігінің өкілдерімен талқылауда менің жолдауымның күн тəртібінде көрініс табатынына сенімдімін. Өз кезегінде «G 20»-дағы Мексика шерпасы Лурдес Аранде Безаури «қазіргі заманның экономикалық талаптарына халықаралық қарсы шығудың ажырамас бөлігі болып табылатын...» Астана экономикалық форумы ұсыныстарының жоғары сапалы мазмұнын атап өтті. Əлемдік қоғамдастықтың Астана дағдарысқа қарсы пікірталастарына қызығушылығының артуы – Қазақстан Рес публикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары ағымдағы дағдарысты жоюда да, дағдарыстан кейінгі дамудың жаңартылған үлгілерін құру үшін де өзекті екендігінің жарқын көрінісі. Сонымен қатар, қаржы саласының жүйелі қателіктері тек экономиканы қозғап қана қоймайды. Олар өздерінің кері əсерін жалпы жаһандық əлеумет жағдайына тигізеді. Бұл жағдайларда дамудың экономикалық жəне өзге де аспектілерінің көптеген өзекті мəселелерін үнқатысудың тар, атап айтқанда, «G 8» жəне «G 20» пішінінде шешу заманауи өзгерістер

мен əлем экономикасының беталыстарының жүйелі сипатының əсерінен мейлінше ауыр болып барады. Осыған байланысты V Астана экономикалық форумында Елбасы əлемдік қоғамдастықты шынайы адамгершілікке, төзімділікке жəне шыдамдылыққа негізделген ХХІ ғасырдағы əлемді құрудың жаңа «G-Global» қағидаларын құруға шақырды. Халықаралық экономикалық саясатты одан да конструктивті құру жəне дағдарысқа қарсы жаһандық шешімдер іздестіру мақсатында ол қазіргі «G 20» үнқатысу пішініне қосымша ретінде «G-Global» елдері тобын құру туралы ұсынысын алға тартты. Форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Астанада Əлемдік дағдарысқа қарсы жоспарын жасау үшін Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференция өткізу қажеттілігі туралы айтты. Мұның өзінде əлемді экономикалық өзгерту жұмыстары БҰҰ-ның қамқорлығымен өту керектігі атап өтілді. Мұндай қажеттілік экономиканың барлық үдерістерінің үдемелі жаһандануымен еріксіз қабылданып отыр, ол БҰҰ қызметінің экономикалық құрамасының парадигмасын ауыстыруды меңзейді. Сондай-ақ, Елбасы əлем дағдарысы себептерін болжау жəне жою валюталық жəне сауда-экономикалық реттеу саласындағы əлемдік құрылымдар жұмысының басты мəні болуы тиіс екенін атап көрсетті. 2012 жылғы 21 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен Астана қаласында Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференция өткізу туралы ұсынысты БҰҰ-ға қатысушы барлық 193 ел қолдады. Астана экономикалық форумының халық аралық экономикалық күн тəртібін қалып тастырудағы көпполярлы əлемнің логикасын жеткізуші ретінде рөлінің өсуін есепке ала отырып, ағымдағы жылда Қазақстанға VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференция шеңберінде «G 20»-ның Ресейлік өкілдігінің аутрич-шарасын өткізу сеніп тапсырылды. Бүкілəлемдік экономикалық форумның негізін салушы жəне атқарушы төрағасы Давос Клаус Швабтың пікірінше, капиталистік жүйе жəне оның бүгінгі пішіні қазіргі заман үлгісімен үйлеспейді. Осыған байланысты саяси жəне қаржы истэблишментіне ынтымақтастықтың «жаңа стилін» құрған дұрыс болады, ол пайда болып жатқан қиыншылықтарды бірлесе жеңуге мүмкіндік береді.

Бўл – Ќазаќстанныѕ абсолютті мойындалуы 2013 жылы VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференция пікірталасына əлемнің 12 мың делегаты, соның ішінде дүниежүзінің 136 елінен 3200-ден астам өкіл қатысты. Орталық банктер басшылары, экономика жəне қаржы министрлері деңгейінде өткізілген алғашқы

Дағдарысқа қарсы бүкіл əлемдік конференция əлемдік экономиканы сауықтыру бойынша алдағы бірлескен əрекеттердің шегін анықтады. Астанада Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференция қазіргі заманның негізгі проблемаларын БҰҰ Бас Ассамблеясының жəне «G 20» елдері тобы өкілдігінің тікелей қолдауымен елдерді дағдарыссыз əлемге ілгерілетуде біртұтас оқиғаға айналды. Мұның өзінде конференция БҰҰ шеңберінде үзілген пікірталастарды жалғастырып қана қойған жоқ, сонымен қатар, əлемдік дағдарысқа қарсы дискурста өзіндік мəртебесі, орны жəне маңызы бар дербес формат ретінде қалыптасты. VI Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік ко н ференцияның пленарлық отыры сында сөз сөйлеген Қазақстан Респуб ли ка сы ның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «G-Global» коммуникативтік тұғырнамасының негізінде халықаралық өзара əрекет ету маңыздылығын атап өтті. БҰҰ-ның Дағдарысқа қарсы жоспарын жасауға халықаралық қоғамдастықтың жоғары назары жағдайында «G-Global» интерактивті тұғырнамасы дағдарысқа қарсы саясаттың жаңа акценттерін ғана емес, ескі ойлау стереотиптерінен еркін дəуірдің жаңа дүниетанымын қалыптастыратын жаһандық коммуникация болып табылады. Жылдар көкжиегінде əлемді бүгінгі миллиард адамның санасында контур қалыптасқан шындық қана күтеді. Санкт-Петербург қаласында өткен «G 20» Саммитінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көптеген дамып келе жатқан елдердің көзқарастары аса маңызды шешім қабылдаған кезде түпкілікті назарға алынбайтынын атап өтті. «...Қазақстан секілді елдердің даусы тыңдалуы үшін мен екі жыл бұрын G-Global жобасын алға тарттым. Бұл «G 8» жəне «G 20»-ның баламасы емес, ол ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асып жатқан ғаламдық үнқатысудың қосымша құралы», – деді Елбасы. Саммит шаралары шеңберінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун экономикалық қауіпсіздіктің халықаралық саясатын қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасы Президентімен кездесу барысында ол былай деп атап өтті: «Қазақстанды «G 20» Саммитіне шақыру елдің экономикалық дамуындағы табыстары мен жетістіктерін абсолютті мойындау, оның халықаралық мəртебесінің артқаны, сондай-ақ, мемлекеттің жаһандық экономикалық мəселелерді шешудегі рөлінің куəсі деп білемін. Сіз Қазақстанды өңірлік қауіпсіздікте маңызды рөл атқаратын елге айналдырдыңыз жəне мұның бəріне Сіздің лидерлік қасиетіңіздің арқасында қол жеткізіліп отыр. БҰҰның Дағдарысқа қарсы жоспарын əлем мемлекеттерінің көпшілігінің жасау жəне қабылдау үрдісін одан əрі демократиялау жəне ғаламшардың əрбір тұрғынына шын мəнінде ғаламшарлық мəні бар жоба жасауға тікелей қатысуға құқық беру мақсатында G-Global виртуалды пішінінде пікірталас үздіксіз түзімде жүргізіледі. 2014 жылдың мамыр айында VII Астана экономикалық форумы кезінде өткізілетін ІІ Дағдарысқа қарсы бүкілəлемдік конференцияда əлемдік қоғамдастық БҰҰ-ның Бүкілəлемдік Дағдарысқа қарсы жоспары жобасын қабылдауы тиіс, оны жүзеге асыру жаһандық экономиканың жəне тұтастай алғанда, өркениеттің алдағы тағдырын белгілейді». Əлемдік қоғамдастық Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевты мүмкіннің жəне мүмкін еместің шегін кеңейту қабілеті бар лидер ретінде мінездеме бере отырып, оның қазіргі заманның жаңа экономикалық саясатын қалыптастырудағы рөліне жоғары баға береді. Оның шын мəнінде үздік бастамаларын жан-жақты қолдай отырып, əлем ғалымдары мен саясаткерлері жаһандық тұрлаусыздық жағдайында Қазақстан басшысының нақ өзі қазіргі заманның айқындаушы мейнстриміне айналған жаңа экономикалық даму ықпалын анықтай алғанын атап өтеді. Жер бетін топан су баса алмайды, əрқашан күн бар, дейді. Дағдарыс пен аласапыран əлем экономикасын күйзелтпес үшін оның қаржылық негізін іргелі түрде тұрақты ету қажет. Бұл бүгінгі таңда барлық өркениет басымдықтарының артықшылығы болып табылады.

Береке ќайнары

басында Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Дүйсенбай Селиханов жүр екен. – Егер сəл шыдасаңыздар осы жерге облысымыздың əкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі де келеді. Бұл жəрмеңке сол кісінің бастамашылдығымен ұйымдастырылу үстінде. Демек, негізгі əңгімені де сол кісінің аузынан естігендеріңіз жөн болар. Ал, бізді астаналықтар жаман қабылдап жатқан жоқ. Күннің аязына қарамастан, міне, көріп отырсыздар таңертеңнен бастап-ақ саудамыз қыза бастады, – деді Дүйсекең. Биыл егіншіліктен жоғары өнімге қол жеткізіп, 1 миллион тонна астық жинаған шығыс қазақстандық шаруалар көңілді екен. Осы жəрмеңкенің өзіне жүзден астам қожалық өнімдерін əкеліпті. Біз осы жерден өзімізге қажетті мəліметтердің біразын алдық. Шығыс Қазақстан облы сы ауыл шаруашылығы басқар масының тамақ жəне қайта өңдеу бөлімінің басшысы Жəния Мұхамед қалиеваның айтуынша, шығысқазақстандықтар жəрмеңкеге 57 тонна ет, 31 тонна бал, 12,5 тонна өсімдік майын, 6,5 тонна шұжық өнімдерін, 6,2 тонна қы мыз, 3,6 тонна сары май мен ірімшік, 6,2 тонна жарма, бұршақ, қарақұмық өнімдерін, 2 тонна құс етін, 3,7 тонна

балық өнімдерін, сондай-ақ, бұғыдан алынатын емдік қасиеті күшті панты өнімдерін əкеліпті. Бұл өнімдердің бағасы Астана базарларындағыдан 20 пайыздай арзан екен. Əрі сапасы да көңілдегідей. Сондықтан болар аязға қарамастан сауда жасаушы астаналықтар көңілді. – Шығысқазақстандық шаруалар биылғы жылы осымен екінші рет Астанаға өз өнімдерін əкеліп саудалап отыр. Олардың бағалары арзан. Сондықтан осы жəрмеңкеде біраз азық-түлік өнімдерін сатып ал дық. Осы істі ұйымдастырған Шы ғыс Қазақстан облысы мен Астана қаласы əкімдіктеріне ерекше

ризашылығымызды білдіреміз, – дейді қала тұрғыны Райхан Əшімбаева. Жəрмеңкеден ет, бал өнімдерін сатып алған Данағат Мұратбекұлы да мұндағы бағаның арзандығына өз ризашылығын жеткізді. Расында да, жəрмеңкені аралап көрген кезімізде бұл жерде сиыр етінің килограмын 800 теңгеге, балықты 200 теңгеге, дүние жүзіне атағы шыққан Алтай балының килограмын бар болғаны 800-900 теңгеге сатып алуға болатындығына көз жеткізіп, риза болып қалдық. Оның үстіне бұл жəрмеңкеде былайғы халыққа таңсық, тек Шығыс

Қазақстан жерінде ғана өндірілетін өнімдер де баршылық екен. Мəселен, бұғы мүйізінен жасалынатын панты өнімдерімен қатар, марал еті де саудалануда. Сондай-ақ, жəрмеңкеге шығысқазақстандықтардың қолөнерлік бұйымдары да қойылыпты. Біраздан кейін жəрмеңкеге Астана қаласының əкімі Иманғали Тасмағамбетов пен Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев та келіп, жəрмеңкені аралап көріп, тілшілерге шағын сұхбат берді. – Астанада мұндай жəрмеңкені ұйымдастыру екі жаққа да бірдей тиімді. Астаналықтар шығыстан келген арзан өнімдерді сатып алғандықтарына ризашылық танытса, екіншіден, біздің шығыс қазақстандық шаруалар өз өнімдерін өткізу мүмкіндігіне ие болады. Демек, ауылшаруашылық өнімдерін жарнамалап өткізудің ғасырлар қойнауынан келе жатқан тиімді тəсілі – жəрмеңке мүмкіндіктерін пайдалана білуіміз керек, – деді облыс əкімі. Иманғали Тасмағамбетов өз кезегінде Шығыс Қазақстан ауыл ша руашылығы тауарларын өндірушілерге Астана тұрғындарының атынан алғысын білдірді. Расында да, облыс əкімі айтқандай, Астанада екі күн бойы өткен Шығыс Қазақстан облысының ауылшаруашылық өнімдерінің жəрмеңкесі бізге береке бастауындай болып көрінді. Осы арқылы өңірлер бір-біріне жақындай түскендей сезілді.

ШАРАЙНА

Əлем жаңалықтары

Кандидаттарды тіркеу полиция бґліміне ауыстырылды Таиландтың сайлау комиссиясы елде мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлауға қатысатын партияларды тіркеуді полиция бөлімінде жүзеге асыруға мəжбүр болды. Жергілікті басылымдардың жазуынша, алғашында партиялық тізімдерді тіркеуді жақын маңдағы стадионда өткізу жоспарланған екен. Бірақ, оған баратын жолды оппозиция қоршап алғандықтан, стадион аумағына тек тоғыз партияның өкілдері ғана кіруге жол тауыпты. Қалған партиялардың өкілдері ғимаратқа кіре алмаған. Бұл елде парламенттік сайлау 2014 жылдың 2 ақпанына белгіленген. Өтініштер 23-27 желтоқсан аралығында қабылдануы тиіс. Ал «Пхыа Тхан» билік партиясының тізімінде премьер-министрдің міндетін атқарушы Иинглак Чинават бірінші болып тұр.

Себеп-салдарын тексеретін комиссия ќўрылды Египетте елдің бұрынғы президенті Мохаммед Мурсиді биліктен тайдыруға қатысты мəселелерді тексерумен айналысатын арнайы комиссия құрылды. «Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, комиссия құру туралы жарлыққа Египет президентінің міндетін атқарушы Адли Мансур қол қойған. Мансурдың мəлімдеуінше, бұл тəуелсіз комиссия Мысырда 30 маусымнан бастап бүгінгі күнге дейін болған жағдайларды тексеруден өткізеді. Комиссияның құрамында бес адам бар. Оған судья Фуад Рияд басшылық етеді. Комиссия жұмысының алғашқы нəтижесі алты айдан соң шығарылмақ.

Дауыл мен жауын электр жарыєынсыз ќалдырды Канадада қатты соққан дауыл мен мұз аралас жауын салдарынан 400 мыңға жуық адам электр жарығынсыз қалды. Кейбір ақпараттарға қарағанда, табиғат апатынан елдің Онтарио жəне Торонто провинциялары едəуір зардап шеккен. Қазір осы провинцияларда электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары күні-түні жүргізіліп жатыр. Оған кем дегенде 72 сағаттай уақыт керек. Ауа райының қолайсыздығынан ел аумағында жүздеген апат болған. Соның салдарынан бес адам мерт болған көрінеді. Бұлардан бөлек бірнеше қаланың əуежайларында көптеген авиарейс кейінге қалдырылып отыр.

Қысқа қайырып айтқанда:

● Түрмеден босатылған Михаил Ходорковский Берлинде өткізген баспасөз мəслихатында Украина президенті Виктор Януковичті ресейлік əріптесі Владимир Путиннен үлгі алуға шақырды. Бұл Юлия Тимошенкоға қатысты болды. ● Токионың орталығындағы мектеп ауласында ер адам өзіне жəне ойнап жүрген бір балаға өрт қойды. Екеуі де қатты күйгендіктен, ауруханаға жатқызылды. Оқиға кеше таңертең болған. ● Бортында 182 жолаушысы бар Ұлыбритания авиакомпаниясының Боинг 747 ұшағы Йоханнесбург əуежайында бір қанатымен ғимарат қабырғасына соғылды. Зардап шеккендер жоқ. ● Швецияның Транос аталатын қаласында аты-жөні аталмаған бір жас жігіт ішінде төрт жастағы бала отырған автомашинаны «қуып» кетіпті. Машинада бала бар екенін білген ол 100 метрдей жүргеннен соң оны түсіріп тастаған. Ал өзі үш сағаттан кейін қолға түскен.

Сайлау ґткізу мїмкін еместігін мойындады Украина ішкі істер министрлігінің бұрынғы басшысы, қазіргі «Еуромайдан» жетекшілерінің бірі Юрий Луценко Украинада мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу мүмкін еместігін мойындады. Мұны ол Киев орталығындағы акцияға қатысушылармен бейресми жағдайда болған əңгіме кезінде мəлімдеген. Саясаткердің атап өтуінше, оппозицияның басты мақсаты 2015 жылы өтетін президент сайлауына дайындық болып табылады. «Бізге бір ғана көсем керек, он көшбасшымен соғысқа бару мүмкін емес, – деп айтыпты Луценко. – Сайлауда оппозициялық кандидаттың 80 пайыздық есеппен жеңуіне қол жеткізу қажет». «Еуромайданға» қатысушылар талабының бірі – елде мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу болатын.

Ауєандыќ босќындар талаптарын осылай білдірді Ауғандық 200-ден астам босқын Бельгияның батысындағы Монс қаласында қарсылық лагерін ұйымдастырды. «Франспресс» агенттігінің хабарлауынша, олар осы арқылы елдің премьер-министрі Элио де Руподан өздеріне осы елде тұрақты тұруға көмектесуді сұрамақ көрінеді. Босқындар Брюссельден Монс қаласына дейінгі 70 шақырымдық жолды жаяу жүріп келіпті. Ауғандық босқындар қазіргі кезде ел астанасындағы шіркеуде тұрып жатыр екен. Үкімет өкілдері бұл босқындардың талабы стандарттық тəртіппен қаралатындығын мəлімдеген. Бельгия үкіметінің басшысы Рупо, сондай-ақ, Монс қаласының мэрі де болып табылады. Қазір ол іссапарда жүр екен.

Сот ќала басшысыныѕ ґкілеттігін тоќтатты Тбилисидің қалалық соты Грузия астанасының мэрі Гиги Угулаваның өкілеттігін тоқтатты. Қала басшысы осының алдында бюджет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталған болатын. Тергеу мəліметтеріне қарағанда, Г.Угулава 2012 жылы Тбилисиді дамыту қорына тиесілі 30 миллион долларға жуық қаражатты «Біртұтас ұлттық қозғалысының» сайлауалды кампаниясына пайдаланған сияқты. Сондай-ақ, оның бес орынбасарына да айып тағылып отыр. Айта кетейік, қала басшысы Грузияның экс-президенті М.Саакашвилидің жақтасы болып саналады. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


24 желтоқсан 2013 жыл

● Кино

● Білім. Бағдарлама. Білік «Намысты нанға сатпа», «Опасызда отан жоқ», «Ел үшін аянба – ерлігіңе сын», «Ердің туы – намыс», «Ердің Еділ тобығынан келмейді», «Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады» деген қанатты қағидаларының қашанда халқымыздың қастерлі ұғымы болып сақталып қала беретіні сондықтан. Отанға обал жасаған оңбайды. Момышұлының батальоны Волоколам тас жолындағы Матренино ауылы маңында қаһармандықпен жауға қарсы күреседі. Қазақстандық жауынгерлер неміс басқыншыларын үш күн бойы тырп еткізбей, адымын аштырмай қояды. Қорғаныспен шектеліп қалмай, оңтайлы тұста жауға опық жегізетін сəттер сериалда қылаң беріп қалады. Сондай арнайы тапсырманың бірінде үлкен олжаға кенеледі. Жаудың азық-түлік қорын қолға түсіреді. Түсірілімнің Алматы маңындағы Талғар, Қапшағай жерлерінде, сондайақ, Минскінің «Беларусьфильм» киностудиясында өтуі оқиғаның нанымды көріністермен өрілуіне əжептəуір септігін тигізген деуге негіз бар.

Мыѕбўлаќ бўрымы «Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай, Ішсем суы татиды шекербалдай. Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа, Сенен артық жер шіркін

үлкен қаламгер атанды. Бақытжан Момышұлы есімін бүгінде білмейтін қазақ кемде-кем.

Тґл сериалєа – тґрден орын «Бауыржан Момышұлы» сериалындағы басты рөлді сомдаған Еркебұлан Дайыровтың есімін өз басымыз мұндай ірі жобалардан алғаш рет көруіміз. Бұған дейін «Тағдыр» туындысына қатысқан екен. Жай кездейсоқ келіп қал ған жан емес. «Серпер» жас тар сыйлығының иегері, М.Əуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театрының əртісі. Мұның бəрін айтпағанда, сыртқы түр-келбеті, тұрпаты жағынан бұл таңдау кейіпкерге өте лайықты табылған деу орынды. – Əрбір актер үшін Бауыржан ағамыз сияқты абзал тұлғаның рөліне таңдалу үлкен арман. Мұндай жүк артылған соң, жұрттың өзіңе сеніп тапсырған міндетін иығыңнан аударып алмай, лайықты атқарып шығу абыройлы парызың. Əрине, биік белесті бағындыру үшін қолымнан келген барлық күш-жігерімді аянып қалғаным жоқ. Қаһармандығы мен қайраткерлігі исі қазаққа үлгі тұлғаларды өсіп келе жатқан кейінгі ұрпаққа насихаттауға титтей бір септігімді тигізе алған болсам, сол сенімнің ақталғаны. Ұлттың ұстынын ұлықтайтын осынау жобаға

БАТЫРЛЫЌТЫЅ БАСТАУЫ «Бауыржан Момышўлы» телесериалы туралы толєаныс Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Əн мен їн Халық батыры Бауыржан Момышұлының көзі тірісінде, 1967 жылы белгілі кинорежиссер Мəжит Бегалин «Ел басына күн туса» фильмін түсірді. Сценарий авторлары – Мəжит Бегалин мен мəскеулік Василий Соловьев еді. Фильм алғашында Александр Бектің «Арпалыс» повесінің желісімен дүниеге келуі тиіс болатын. Басты кейіпкер – қазақтың қаһарман ұлы. Кеңестік саясаттың қылышынан қаны тамып тұрған кезде көзі тірі адамға арнап көркем фильм түсіруге кім рұқсат беріпті. Жəне мұнда ұлттық рухты көтеретін керемет бір көрініс бар. Жаудың Мəскеуге барар жолын кесуде Бауыржан бастаған батальон жойқын ерлік көрсетеді. Анталаған дұшпанның оғы сарбаздарды алға бастырмай қояды. Ол үшін кеудедегі намыс отын үрлейтін, қасарысқан дұшпанның жігерін құм ететін батыр ұлдың ұраны керек еді. Жер бауырлап алға ұзай алмайсың. Кенет ортадан суырылып «Отан үшін! Ел үшін!» деп ұмтыла берген сарбаз əп-сəтте жау оғынан жер құшты. Арада сəл уақыт өтпестен тағы бір намысты ұл айбарлы үнмен атылып шыға келгенде жаңбырша жауған оқтан лезде мерт болды. Осы тұстағы орындалған «Жас қазақ» əнінің құдіреті сұмдық. Екі көзге мөлтілдеп жас келеді. Тұла-бойыңыз елжіреп, əн аяқталғанша жан-дүниеңізді бөлек күй тербейді. Одан бері арада қаншама жылдар өтті. Құстар əнімен дала құлпырып, бұлақ үнімен жан семірді. Алайда, бірақ əлі де сол əннің бойға тараған құрыш қуаты құлағыңның түбінен кетпей тұрып алады. Əн əсері осыншама өткір болар ма? Мəскеудің ержүрек қорғаушылары жайлы фильмді қолға алған Мəжит Бегалин идеясының біраз уақыт жүзеге аспай, алдынан түрлі кедергілердің кесе-көлденең шыға беруіне мүмкін осы бір əн қатты əсер етті ме деп ойлайсың. Өйткені, мұнда ұлттық рухтың иісі аңқып тұрған еді. Батыр Баукеңнің соңынан ерген қазақ сарбаздарының бейнесін алпысыншы жылдардың соңында бұлай ерекше екпінде баяндау, расын айтқанда, ерлікпен барабар еді. Фильм Мəскеуді жанқиярлықпен қорғап қалған қазақ дивизиясының ерлігін еш қымсынбай елге ұсынуымен ел есінде мəңгі қаларына біз де бүгін нық сенім білдіреміз. Адамның басы, мойны, кеудесі, аяғы болатыны сияқты, фильм де тірі ағза. Тыныс алады. Өмір сүреді. Ғұмыр сыйлайды. Көркемдеп бейнелесек, мұндағы музыка, əн – соғып тұрар жүрек. Жүректегі нəрсе өшпейді. Баукең туралы тəуелсіздік тұсында дүниеге келген экрандық туынды бұл талапқа қалай жауап береді? Еркін самғаған елдің еріне көрсеткен құрметі көңіл көншіте ме? Ұлттық рухтың оты ортақ мүддеге ұйыстыра ала ма? Бұл туралы сəл кейінірек тоқталайық. Алдымен бастаған ойымызды аяқтап алайық. Соңына қарай сценарийі Бауыржан Момышұлының кітабы мен оның материалдары негізінде жазылған туындының тарихы жайында бір білетін əңгімеміз, бұл фильмнің тоқтап қала жаздаған жүрегін Баукеңнің үні қайта тірілткен көрінеді.

5

www.egemen.kz

Мемкино өмірде бар адам туралы фильм түсіруге болмайды деген қисынды алға тартып, қисайып тұрып алады. Тарихтың тартпасындағы шындықты тат баспайды. Тауып алдық. Қазақстанның сол кездегі Мəдениет министрі Ілияс Омаров Бауыржан Момышұлына түсіруші топқа барып көмек беруін сұраған екен. Қашанда əділдік пен адалдық жолында ақ найзадай жарқылдайтын Баукең алғашында бұл ұсынысқа қарсылық білдіргенмен, соңынан келіседі. Мемлекеттік кино комитетінің бастығы Алексей Романовқа жолығады. «Егер көзі тірі адам жайлы фильмге тыйым салу ойы мемлекет деңгейінде қолдау табады деп есептесе, онда қазір «Москва» қонақ үйінің 720-шы нөмірінде тұрып жатқан полковник Момышұлын өлтірсін деп бұйырыңыз. Сонда жолдас Баскаковтың ойы да іске асады, мемлекеттік ақша да желге ұшпайды. Адамдардың еңбегі де бекерге зая кетпейді», – деп бір ауыз сөзбен мəскеулік басшылардың мысын басып тастайды. «Ұялған тек тұрмас» демекші, ұтқыр сөзден ұтылған Мемкино бастығы орынбасары Баскаковқа табанда қоңырау шалады: «Фильмді тез арада қабылдаңыз». Осы арада айта кетейік, мұндағы генерал-майор Панфиловты мəскеулік актер Всеволод Санаев сомдаған болатын. Ал Бауыржан Момышұлының экрандағы ең алғашқы көркем бейнесін бекіткен адамның кім екенін біреу біліп, біреудің білмеуі кешірімді. Себебі, «Ел басына күн туса» фильмі өз кезеңіне, тұтас ұрпақтар армиясына адал қызмет көрсете алды. Өзінің миссиясын орындауда ешкімнің алдында қарыздар болып қалған жоқ. Бауыржан Момышұлының жастығы мен қартайған кезін ойнаған қырғыз актері Асанбек Өмірəлиев пен Кəукен Кенжетаевтың да кейіпкер бейнесін дəл беру нысанасынан мүлт кеткен жайы байқалмайды. Енді бауыржантанудың жаңа кезеңінің беті басталды. Тұлғаны бүгінгі ұрпақ танымымен пайымдау парағы ашылды.

Ўлттыќ жобаныѕ ўстыны Белгілі кинорежиссер Ақан Сатаев Кеңес Одағының Батыры, көзі тірісіндеақ аты аңызға айналған алып тұлғалы жауынгер рухына арнап «Бауыржан Момышұлы» атты төрт сериялы телехикая түсірді. «Хабар» агенттігінің тапсырысы бойынша дүниеге келген телехикаяның сценарийін Тимур Жақсылықов жазған. Идея авто ры – Айдос Үкібай. Қоюшы-операторы – Хасан Қыдырəлиев. Екінші дүниежүзілік соғыста асқан ерлігімен, кесек мі незімен ерекшеленген батыр туралы экрандық туындының сюжетіне Александр Бектің «Арпалыс» («Волоколам тас жолы») повесі арқау етілді. Телехикаяның бірінші сериясы 1941 жылдың шілдесінен өрбиді. Аға лейтенант Бауыржан Момышұлы əскери комиссариатта қызмет етіп жүргенде майданның алғы шебіне сұранады. Бірақ бұл ойы тез арада жүзеге аса қоймайды. Алматыға дивизия жасақтау мақсатымен генерал-майор Панфилов келеді. Көп сыннан өткен, кəнігі маман ретінде өзіне үлкен міндет жүктелген ол

Бауыржанға əскерге сарбаз жасақтауды тапсырады. Батальонға командир етіп тағайындайды. Талғардағы шағын білім ордасы сарбаздарды майданға дайындайтын əскери мектепке айналады. Қолына қару ұстап көрмеген ауыл түлектері бейбіт өмірде түрлі кəсіпті меңгергенмен, əскери ереже мен тəртіптен мүлде бейхабар. Аз уақытта оларға қолға қалай қару ұстауды, нағыз сарбаз өзін қалай тəрбиелеу керектігін үйрету оңайға түспесі анық. Əскери адам үшін назарда ұстайтын ең басты нəрсе – қашанда қатаң тəртіп. Мұнсыз алға қойған мақсат орындалмайды. Ортақ ережеге көндіре білу қаншалық қиындық туғызса, оларды бір идеяға топтастыру да соншалық күрделі шаруа. Ол үшін алдымен өзің сол жолда адал болуға тиіссің. Айтқан сөзің мірдің оғындай өткір, атқарған ісің азаматқа лайық өнегемен өріліп жатуы тиіс. Олай болмаған жағдайда бес саусақ бірікпейді. Бес саусақ жұмылып, жұдырық болуы үшін қатардағы сарбаздармен бірдей тұрып, олар шығар белеске де теңдей араласу маңызды. Мұндайда беттеген биігіңді белден кесіп тастауға дайын қарсыластар да бой көрсетпей тұрмайды. Қарсылыққа қалай жауап беру керек? Ең бастысы, өз ісіңе адал, өз міндетіңе тастай мығым болуың керек. Талғар жеріндегі күнделікті əскери дайындық барысында соның бəрі кейіпкерді шыңдай түседі, кəсібіне сүйіспеншілікті арттырады. Өзгелердің өзіне деген сенімін нығайтады. Телехикаяның алғашқы екі сериясы түгелдей Бауыржанның жас сарбаздарды əскери əдістəсілге баптау шеберлігіне арналады. Бəрінен маңыздысы, ол өз талабының орынды екендігіне, алған бағытының дұрыстығына сенімді. Ол бастап барған батальонның жау екпінін бөгеудегі жойқын ерлігі сол мақсаттың ойдағыдай орындалғанына көз жеткізеді. Қиындыққа шыдай алмай, қырын қараған əріптестері саптан шығып, сағы сынады. Басқан ізін аңдып, тырнақ астынан кір іздеген базбір «партияшыл» бақталастары балтасының жүзі қайырылып, бармақ тістейді. Үшінші серияның соңы мен төртінші серия батырдың майдан барысындағы əрекеттеріне құрылған. Соғыстан тайсақтап, жан сауғалап қашқан солдаттардың азғыруына жол бермей қарсы тұра білген келбеті мығым. Ер мінезі сыналар сəтте ездік танытқан қоян жүрек қорқақтарды аямайды. Қатардан қашып, қалтарыста өз қолын өзі атып келген қандасын қалың топтың алдында ату жазасына үкім шығарады. «Ағатайлап» алдына жығылған байғұстың кінəсін бір жолға кешер деген ойға байланып отырғанда, бұйрық орындалады. Қазіргі заманның көзімен, əрине, тым қатал, тым асығыс шешім болып көрінуі мүмкін. Бірақ Панфилов тарапынан бұл əрекеті құпталады. Отаның отқа оранып, ордаңа озбыр жау ойран салып жатқанда мұндай сатқындыққа барабар бас сауғалауды кешірудің өзі күнə болар еді. Əрі майданның мағынасын баршаға ұқтырған ащы сабақ болып қалды. Қарудан қалыстырмай қаламды қатар ұстаған қаһарманның: «Отан үшін отқа түс – күймейсің», «Адал ұл ер болып шықса – ел тірегі», «Арсыздан айуан артық», «Олжа елдікі – оған тимегін»,

өтер қандай. Көк орай шалғын кең өлкем жерің дəнді, Жазың салқын, жайлауың малға жайлы, Сағынып алыс жерден келгенімде, Көзім тойып көркіңе, мейірім қанды», – деп келетін Баукеңнің 1942 жылғы өлеңі батырдың бірбеткей кесек келбетін ғана емес, жайсаң жаны мен нəзік сезімін айқындап тұрады. Телехикая негізінен Б.Момышұлының тікелей əскери қабілет-қарымын баяндауға құрылғанмен, өмірлік жары Бибіжамалмен арадағы қарымқатынасы арқылы ел алдындағы парызы асқар таудай тұлғаның жар жанындағы кішіпейіл де кіршіксіз бейнесі қалтқысыз есте қалады. Бибіжамал апайдың рөлін ойнаған жас актриса Əсел Сағатоваға айбыны мен айбары асқақ ірі тұлғаға лайық жар бола білген аяулы жанның бейнесін сомдау оңайға түспегені талассыз. Қазақ əйелінің бойындағы барша ізгі қасиет азғантай көріністе айқын аңғарылуы əсте мүмкін емес, тек бірен-саран ғана жағы назар аудартады. Соның бірі – ерге деген ерекше құрметі. Ұстамдылығы. Аяғы ауыр келіншектің үйдегі барлық шаруа өз иығына артылып қалғанына қарамастан Баукеңнің артынан іздеп келетін сəті. Тəртіп, талап баршаға бірдей. Өзіне келгенде өзегін ашып, ал өзгеге өктем заң қолдану Баукеңнің мүлде қанында жоқ қасиет. Əскери борыш əдетте туралыққа бағынады. Сол себепті сүйген жарын өткізуге тыйым салып, кері қайтаруға бұйрық береді. Əскери штабқа бөгде адамдардың кіруіне рұқсат етілмейді. Жамалын сырттай терезеден ұзатып сала берген кездегі қимас сезімі қатаң талап пен берік тəртіпке жүгінген жүректің сүйген жарға келгендегі көңілінің соншалық ақ, адал екендігін білдіріп тұрады. Бəрінен де жауынгердің ғұмырнамалық туындыларында аса көп мəн берілмей келген алғашқы сүйген жарының жарқын бейнесі экрандық туындының айта кетерлік тағы бір жаңа қырына жатады. «Алапат ерліктің символы Бауыржан Момышұлын туған халқы қашанда қаһарман ұл деп танитыны рас. Алайда, мұндай асқан ұлылық ұялаған жанның түпсіз тұңғиығында қандай сыр жатты, қамқор əке, абзал жар ретінде нені көксеп, не нəрсеге көңіл бұрды. Жан айдыны батырлығының жанында көп айтылмай, ашық көрінбей қалып қойып жатқан жоқ па деген мəселеге ерекше мəн беруге тырыстым. Сол үшін де даңқты батырды майданға аттандырып салған Бибіжамал апайдың шынайы бейнесін табуға көп іздендім. Ол туралы ақпараттың аздығына қарамастан келіні Зейнеп апаның ақыл-кеңесіне құлақ аса отырып, кейіпкерімді тапқандай болдым. Мен осы арқылы өмірдің үлкен есігін ашқандай əсер алдым», – дейді рөлді сомдаушы актриса Əсел Сағатова. Барша қазақ əйелі секілді Бибіжамал да ерінің майданнан аман оралуын тілейді. Егіліп, көз жасына ерік береді. Мұңға батады. Майданға аттанардағы екеуінің отбасылық диалогы аса көп те емес. Бірақ осы бір қып-қысқа мезетте бүкіл сыр бүкпесіз ашылғандай. Ішкі түйсіктер бір-бірін тапқандай. «Ұл босансаң, атын Бақыт деп қой» деген тілек аузына тегін салынбаған екен Баукеңнің. Сол есіммен жарық дүниеге келген ұл кейін елімізге белгілі

қатысқаныма қуаныштымын əрі алдағы уақытта мұндай бастамалардың жалғаса беруін тілеймін, – дейді басты кейіпкерді сомдаған актер журналистерге берген сұхбатында. Генерал Панфиловты сомдаған Виктор Ашанин мен лейтенант Қасеновтің рөлінде ойнаған Саят Исембаевтың да көрерменге көп бейнелер арқылы жақсы таныс екенін білеміз. Осыған дейін «Жаужүрек мың бала», «Рэкетир», «Ликвидатор» сынды фильмдерімен танылған режиссердің екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбына арналған тырнақалды туындысына атсалысқан композитор, белгілі өңдеуші Ренат Гайсиннің жөні өз алдына бір бөлек. Тарихи кинотуындыны жанды картиналармен жандандыруда қоюшы-суретшілер сіңірген еңбек едəуір. Телехикаяға тартылған қатысушылардың қай-қайсысын алып қарасаңыз да өз ісін жетік білетін кəсіби мамандар. Көп сериялы экрандық туындының «əттеген-ай» деп қалатын жерлері де жоқ емес, əрине. Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбы бізде өте аз түсіріледі. Бірінші себебі соған байланысты болса керек. Майданның мағынасын толықтай ашып көрсету үшін оған қаншама соғыс техникасын қамту керек. Ондай əлеуетке əлі біз жете қойған жоқпыз. Мұнымен екі болады. Қарапайым көрермен ретінде байқаған жағымызды айтып отырмыз. Мамандар талдап, талшық-жігін ары қарай ажырата жатар. Біз кейінгі жас ұрпаққа Бауыржандай даңқты қолбасшының ерлігін баяндайтын тың туындының дүниеге келгенін қуанышпен хабарлауды мақсат еттік. Əзірге кинотуындының бірінші маусымы ғана аяқталыпты. Бұл бар болғаны төрт серия. Ол Баукеңнің Алатаудай жоталы биігінің ширегіне жетпейтін дүние. Мұның көп кешікпей екінші, үшінші, төртінші маусымдары жалғасын табады деген үміттеміз. Əрине, бітпеген іске сын айтып жату жараспас. Əйтсе де келер серияларда фильмнің оқиғалық арқауы қазіргіден ширатыла, шымырлана түссе деген тілегімізді де жасырып қалудың жөні жоқ. Алғашқы серия түгелдей дерлік Бауыржанның қайтақайта майданға сұрануына, жары Бибіжамалды жұбатуына, оған ердің орны соғыс төрі екенін түсіндіруге кеткендей сценарийлік сылбырлық осылай сақтала берсе Баукең оқ пен оттың ортасына түсетін тұстарда тіпті бадырайып кетуі, көрермен көңілін көншітпеуі мүмкін екенін ескерсе дейміз авторлар. Тағы да Ресейді мысалға алды дейсіз-ау. Алмасқа амал жоқ. Екінші дүниежүзілік соғыстың, бірінші дүниежүзілік соғыстың жылда белгілі тұлғаларына арнап ұзақ-ұзақ сериалдар ұсынып жатады. Былтыр Жуков, биыл Василий Сталин туралы туындыларын көрсетті. Ал біздің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың əрқайсысы бірбір киноэпопеяға лайық сырларын ішіне бүгіп əлі жатыр. Əрине, хас батыр Қасымға арналған фильмнің қуанышына көпке дейін марқайып жүрдік. Ұлтын сүйген ұлдарының енді міне, тағы бірімен жыл аяғында қауышып жатырмыз. Тəубе деп қойдық. Корейдің, түріктің сериалдарынан үйіңіздегі өрімдей жастарға үлгі ететін түк те жоқ. Соған орай төл туындылардың қазір қалай түсірілгені емес, көбейгені маңыздырақ болып тұр.

Мемлекеттік саясаттыѕ ўлттыќ мектебі: алєашќы адымдар, алдаєы асулар Төлеуғали БӨРІБАЕВ,

философия ғылымдарының докторы, «Əлеуметтік саясат» кафедрасының профессоры.

2008 жылы Президент Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік Басқару академиясы құрамында мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі құрылған болатын. Бұл құрылым осы жылдар ішінде өзінің қалыптасу жолдарын бастан өткізіп, мемлекеттік қызметкерлердің жоғарғы элиталық топтарын дайындауда сапалы да тиімді еңбек етіп келеді. Осы жолдағы басты көрсеткіш мемлекеттік қызметкерлердің стратегиялық деңгейдегі ойлау қабілетін, мемлекетшілдігі мен отансүйгіштік қасиеттерін арттыру болып табылады. Елбасы қойып отырған бұл талаптарды жүзеге асыру барысында мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі əлемдік тəжірибені ұтымды пайдалануда. Əсіресе, Дьюк университетінің Сэнфорд мектебі, Ли Куан Ю атындағы Сингапурдың мемлекеттік саясат мектебі, Лондондық экономика жəне саяси ғылымдар мектебі, Француздың мемлекетті басқарудың ұлттық мектебі тəжірибелерін оқу үдерісінде қолданудың маңызы зор екенін өмірдің өзі дəлелдеп отыр. Сонымен бірге, ұжым алдында тұрған міндеттерді орындау үшін республика деңгейіндегі мемлекет қайраткерлері, ұлттық компаниялардың, шетел дипломатиялық миссиясының өкілдері, шетелдік жəне елімізге белгілі ғалымдар тартылуда. Биылғы жылдың өзінде 16 магистрант Дьюк университетінде 3 айлық тəжірибеден өтіп, мемлекет басқарудың қыр-сырын үйреніп, академияға сертификатпен оралды. Олар, мемлекеттік емтихандарын жоғарғы деңгейде тапсырып, магистрлік диссертациясын қорғау үстінде. Бұл дəстүрдің алдағы жылда да өз жалғасын табатынына академия басшылары сенімді. Ең бастысы, шетелдік тəжірибе магистранттардың диссертациясында бір жүйеге түсіріліп, олардың біліктілігі мен кəсібилігін арттыруға пайдасы тиетіні сөзсіз. Ең бастысы, сөз етіп отырған мектеп өз түлектерін мемлекеттік басқарудың «А» корпусының резервіне ұсына алады. Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі оқу көкжиегін кеңейте отырып, өз дамуында жаңа белестерді бағындыруда. Қазір «Саясаттану» мамандығы бойынша магистранттарды дайындау қолға алынуда. «Мемлекеттік саясат», «Əлеуметтік саясат» кафедралары бұл істе инновациялық технологияларды пайдалана отырып, бірегей оқу бағдарламасын ұсынуда. Саясатты талдаудағы аналитикалық жəне практикалық тəсілдер, бюджеттік саясаттың экономикалық астары, мемлекеттік шығындарды талдау, жүйелік реформаларды басқару мəселелері саясаткерлерді дайындаудың жаңа бір белесі болмақшы. Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінде «Əлеуметтік жұмыс» бағдарламасы бойынша (Doctor in Public Policy) 3 жылдық докторантура да өз жұмысын тиімді жалғастыруда. Оқу бағдарламасының басты ерекшелігі болашақ маманға əлеуметтік жұмыстың негізі болып табылатын этикалық нормалар мен қағидаларды санасына сіңдіру, оны іс-əрекеттің басты өлшемі ретінде қарауға үйрету болып табылады. Бұл жетістіктер негізінде жатқан фактор мемлекеттік басқару саласына кадр дайындауға жүйелі, концептуалды тұрғыдан келу болып табылады. Отандық жəне шетелдік тəжірибелерді жинақтай отырып, мемлекеттік басқарудың жаңа моделін қалыптастыру болмақшы. Қазір мемлекеттік қызметкерлерді арнайы дайындықтан өткізудің маңызы зор. Мемлекеттік қызметкердің білімін үнемі шыңдап, біліктілігін көтеріп отыру бүгінгі күн талабы. Мемлекеттік басқару жүйесінде қабылданатын қандай да болмасын шешім ғылыми негізде жүру қажет. Білімге деген ынтызарлық, құштарлық мемлекеттік қызметкердің бəсекелестік қабілеттілігін арттырып, оның тиімділігін , стратегиялық ойлау жүйесін қалыптастырады. Демек, мемлекеттік басқару мемлекеттік қызметкерден білімділікті, кəсіби шеберлікті, ерекше қабілет пен талантты қажет етеді. Осы талаптарға сай үміткер ғана мемлекеттік басқаруға араласа алады. Бұл Елбасының талабы. Əлеуметтік, сая си жаңғыртудың негізі де осында. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясы Елбасы қойып отырған осы талаптарды орындау үшін тыңдаушылар мен магистранттарға жоғары талап қоя отырып, олардың кəсібилігін, моральдықэтикалық қасиеттерін шыңдауға да ерекше назар аударуда. Академия ректоры Болатбек Əбдірəсіловтің басқаруымен қабылданған академияның даму концепциясы да осы аталған талаптарды орындауға бағытталған. Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі мемлекет қызметкерлерінің жаңа толқынын дайындауда еңбегін еселей түсері сөзсіз. Жаһандану заманында білімі мен адамгершілігі ұштасқан, елін сүйетін шынайы патриоттар мен мемлекетшіл қызметкерлерді дайындау жалпы мемлекеттік міндет екенін академия ұжымы толық сезінеді жəне оны орындауға асқан жауапкершілікпен қарайды.


6

www.egemen.kz

24 желтоқсан 2013 жыл

 Тарих толқынында Он сегізінші ғасырдағы Абылай хан бастаған қазақ елі жоңғарлардың, Еділ қалмақтарының, Қытай империясының, қырғыздардың тарапынан болған шапқыншылықтың бетін қайтарып, біртұтас қазақ мемлекетінің тəуелсіздігін сақтап қалғанымен Қазақ хандығы бəрібір бейбіт өмір сүре алмады, он тоғызыншы ғасыр басталысымен Ресей империясы ашық түрде қазақ жеріне қол салды, үлкен отарлау саясатын жүзеге асыру үшін өзінің əскерін ғана пайдаланып қойған жоқ. Ол əрқилы амал-əдісті қолданып, қазақ қоғамының ішіне іріткі салып, бір жарым ғасыр бойы қазақ халқымен күресті. «Қазақ жерін толық бағындыруға Ресей империясы 130 жылдан артық уақыт жұмсаса, мемлекеттілігін түпкілікті жою үшін 116 жыл қажет болды. Империя құрамына кірген ортаазиялық бірде-бір халық мұншама ұзақ қарсылық көрсете алған жоқ» (Аяған Б.Ғ., Əбжанов Х.М., Исин А.И. Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы. Алматы, 2011. 26-б). Осындай ұзақ күресті ұйымдастырып, басқарған Сырым, Исатай, Махамбет, Саржан, Кенесары тəрізді тұлғалардың есімі ұлт тарихында алтын əріппен жазылып, халық жадында мəңгі сақталары күмəнсіз. Ұлан-байтақ қазақ сахарасының əр тұсында болған ұлт-азаттық күрестердің ішінде өзінің бүкілхалықтық сипатымен, қайт пас екпіндігімен ерекшеленетіні – Кенесары Қасымұлының басшылығымен жүргізілген майдан. Бұл соғыс жəй ғана стихиялық түрдегі бас көтеру еместі. Тарихтан белгілі: ХІХ ғасырдың 20 жылдары-ақ Ресей мен Орта Азия əмірлеріне қарсы көтерілістер басталған

Одан Қасым туған. Ол «өзге ұлынан асып туған, Көңілін дұшпанының басып туған. Қарнында анасының қан шеңгелдеп, Қызартып екі көзін ашып туған», – деп Кенесарының əкесі Қасым ерекше адам болғанын айтады. Ал, одан туған Кенесары да – тегін емес деген ұғым жатыр мұнда. Қасымның төрт ұлының ішінде бөлек туған Кенесары, ол сол себепті хан болды, – дейді халық жыршысы. Дəл осындай пролог «Абылай, Кенесары» атты жырда да бар. Мұнда да Абылайдың қалмақ ханы Қалданның қызын алуы, одан қан шеңгелдеп, екі көзін қызартып Қасымның тууы, оның 14 жаста хан болуы, Қасымнан төрт ұл туғаны айтылады да: Кенесары – хан болды, Үлкен ұлы Қасымның, Шұғаның қиқымы, Сынығындай асылдың. Ғылымның білді жасынан Неше түрлі пасылдың! – деп сипатталады Кенесары аталмыш жырда. Көңіл бөліп айтатын нəрсе: қолда бар фольклорлық мəтіндерде Кенесары бейнесі айтарлықтай эпикалық əсірелеуге ұшырамаған. Оның іс-əрекетінде оқшау тұрған гиперболалық белгі жоқ. Демек, Кенесары туралы аңыз-əңгімелер классикалық фольклордың поэтикасын бойына түгел дарытпаған. Мұның өзі Кенесары бейнесі фольклорлық кейіпкерге толық айнала қоймағандығын байқатады. Ол халық түсінігіндегі шындыққа жақын бейнеленген, бірақ соған қарамастан Кенесары – идеалды кейіпкер, мінсіз адам, əділ хан ретін-

жатқанымызда Қарқаралы Қазылыққа Имантай Бөкейоғлы правитель болып, ешбір күнəсіз үстімізден дұшпанлық көрсетіп, Дуанбасы Иван Семенович Карбышев дегенге үш жүз орыс, бір жүз қазақ қырғыз я балақ басы сұлтан Саржан Қасым оғлының он ауылын жəне тоқа, тамаж деген еліне шапты. Қазығұртта алпыс төрт кісіні өлтіріп қанша мал алып кеткені бихисапсыз... 27-жылы Көкшетаудан екі жүз орыс, – бастығы команданың Минграву майор əлике шұбыртпалы деген елін шапты. Терісаққанда елу сегіз кісіні өлтіріп кетті, алған малдарының қисабы жоқ... 37-жылы Көкшетаудан төрт жүз орыс Семенович Карбышев һəм Ян Яноғлы бас болып, əлике, алтай, қалқаман, төртуыл деген елларны шапты. Басы Иман Қаралы үш жүз елу кісі өлтіріп кетті. Арғанатыдан қанша мал, қанша қазына алғаны бихисапсыз... 40-шы жылы Қазылықтан үш жүз орыс бастығы қандай адам екенін білмеймін Саржан сұлтанның ауылын алтай, қанжығалы деген елін шапты. Қырық кісіні өлтіріп, жиырма қыз-қатынды жесір қылып, екі мың үш жүз жылқы, үш жүз түйе, үш мың қой, жүз сиыр алып кетті. Білеуітінің Қалмақ қырған жерінде» (Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (Құжаттар жинағы). Алматы, 1996. 36-37-бб). Тізім мұнымен бітпейді, біз əр жылдан бір-бір фактіні ғана алдық. Он алты жылдың ішінде орыс басқыншылары жасаған зорлық-зомбылық əсте мұнымен бітпесе керек. Мынадай қорлықты, намысқа тиетін масқараны көріп тұрып, Кенесары секілді рухы биік, ержүрек

Алаштыѕ арман-аѕсары (Кенесары хан халыќ əдебиетінде)

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ,

Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

болатын. Осы кездегі көтерілістердің тарихын зерттеген Е.Бекмаханов былай деп жазады: «Возмущение народных масс, вызванное активизацией колонизаторской политики в Казахстане и агрессией среднеазиатских ханств, нарастало постепенно, прежде чем приняло характер широкого и длительного восстания под руководством Кенесары Касымова. В 20-х и 30-х гг. проходило в локально ограниченных рамках в форме сравнительно быстро затухавших вспышек, в которых уже чувствовались признаки надвигавшейся бури. Таким предвестником восстания Кенесары Касымова было движение Саржана Касымова и Жоламана Тленчиева в 20-30-х годах ХІХ века. Батыр Жоламан Тленчиев возглавил борьбу казахов Младшего жуза. Впервые он выступил еще в 20-х годах ХІХ в. во главе Табынского рода против царских колонизаторов, отобравших у его рода Ново-Илецкий район, богатый пастбищами, реками и соляными копями» (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. Изд. 2-ое. Алматы, 1992. С.197). Кенесары көтерілісі басталғанда Жоламан өз жасақтарымен Кенесарыға көмекке келіп, Кіші жүз қазақтарын Кенесары əскеріне қосылып күресуге шақырады. Кенесарыдан бұрын көтеріліс бастаған Жоламан сияқты, Кенесарының ағасы Саржан да 1824-1836 жылдары Ресей отарлауына қарсы шығып, жасақ ұйымдастырып, қол бастаған. Саржанның талабы Жоламандікінен өзгеше, ол саяси мəні бар талап қойып, тартып алған жерімізді қайтар деумен шектелмейді, Ресейдің бүкіл қазақ жерінен кетуін, қазаққа еркіндік беруін талап етіп отыр. Бұл талаптың арғы түбінде, Е.Бекмаханов айтқандай, Абылай хан ұрпақтары басқаратын Қазақ мемлекетін қайта қалпына келтіру идеясы жатқаны аңғарылады. Ресейдің Қазақстанды отарлау жолында жүзеге асырған іс-шаралары қазақ жұртының тарапынан наразылық тудырып, əлсін-əлсін жасаған көтерілістерін аяусыз басып-жаншып, көтерілісшілердің өздерін ғана жазалаумен шектелмей, олардың отбасын, туыстарын, ауылдары мен руластарын да шауып, адамдарды қырып-жойып, тұтқындап, малдарын, дүние-мүлкін талан-таражға түсірген. Отаршылдардың айуандық істерінің елге қаншалықты ауыр тигенін Кенесарының Орынбор əкімшілігіне жазған хаттары мен арыздарынан анық көруге болады. Мəселен, 1841 жылы 7 июньде Кенесары мен Күшік сұлтандардың Орынбор Шекара Комиссиясының бастығы генералмайор Генске жазған хатында 1825-1841 жылдар аралығында қазақ жұртына жасалған шапқыншылықтың, оның зардабын атап көрсеткен фактілері бар. Əр жыл сайынғы фактіні түгел тізбей, бірнешеуін мысалға келтіру қажет деп білеміз. «1825-жылы Есіл, Нұраны жайлап жүрген уақытларда ешнəрсе ойларымызда жоқ еділəр. Ол ұлуг император ағзам хузретлеріне атамыз Абылай хан ант етіп һəм бізлəрде атамызның жолы бойынша Россия жұртына қаралық деп

азаматтың қай-қайсысының да зығырданы қайнап, қолына қару алып, атқа қонбауы мүмкін емес, ол адамның көтеріліске шығары анық. «Ашынғанның тілі шығады, ашыққанның қолы шығады» дегендей, малынан айырылып, туысының көз алдында өлгенін көрген адамның тілі де, қолы да шығады. Бұл бір. Екіншіден, Кенесары сұлтанның маңайына топтасқан батырлар мен көтеріліске қосылған шаруалар тек өз басының қамы үшін емес, елдің тыныш өмір сүруі үшін, қазақ жерінің өз қолында болуы үшін де басын бəйгеге тігіп, отаршылармен аян бай күреске шыққан, осы күрестің шайқастарында ежелгі батырларша қимылдап, ерлік көрсеткен қазақ халқының қайсарлығы, намысты қолдан бермейтін рухы, күштілігі айқын көрінеді. Табаны күректей он жылға созылған Кенесары қозғалысы халық жадында ұмытылмастай із қалдырды. Кене сарының өзі, оның сарбаздары мен батырлары жөнінде фольклорлық та, əдеби де туындылар сол заманның өзінде-ақ пайда болған. Көтерілістің ішінде болған Нысанбай жырау мен хан ордасында жүрген Досқожа ақындардың өлеңдері мен толғаулары – тарихи оқиғалардың шежіресі іспетті. Көтерілістің тұсында, одан кейін де əртүрлі əңгімелер, аңыздар, дастандар туған. Олардың біразы – авторлық шығармалар болса, енді бір тобы – фольклорлық, авторсыз дүниелер. Бұл екі топтағы туындылардың ұқсастығымен қатар айыр машылықтары да бар. Авторлық шығармалар əдебиетке жатады, оларда автордың даралық ерекшеліктері бой көрсетеді де, бейнеленіп отырған оқиға мен кейіпкердің іс-əрекеті автордың ой елегінен өтеді. Яғни автор объектісін өзінің мақсатына, талап-талғамына сəйкес суреттейді. Сол себепті көтеріліс туралы ертедегі, сондай-ақ, кейінгі замандағы əдеби шығармаларда Кенесары мен оның серіктестері туралы, олардың атқарған қызметі жайында жеке автордың ой-өрісі, түсінік-пайымы көрініс табады. Ал, фольклорда олай емес. Кез келген фольклорлық туынды ең əуелі халық түсінігін, халықтың көзқарасын, ойын білдіреді. Сол себепті ол оқиғаны да, бас кейіпкерді де халық ұғымына, халық пайымдауына сай бейнелейді. Фольклордың негізгі көркем əдісі – романтика, ал көркем мұраты – идеал болғандықтан болмыс та, адамдар да дəріптеле суреттеледі. Сондықтан қай оқиға болса да, қай тарихи тұлға болса да дəлме-дəл, сол күйінде көрсетілмейді, керісінше «солай болса екен» деген тұрғыда бейнеленеді. Екінші сөзбен айтқанда, фольклорда өмірдегі шындық емес, қиялдағы шындық суреттеледі. Міне, Кенесарының фольклордағы бейнесін осы тұрғыдан түсіну керек. Кенесары туралы фольклорлық шығарма айтарлықтай көп емес. Шынын айтқанда, хатқа түскенінен гөрі ел аузында айтылып, əлі жиналмағаны көбірек секілді. Ал, қолда бар мəтіндер жанрлық жағынан да, мазмұн жағынан да əр алуан. Əзірше мəлім шығармалардың дені – шағын өлеңдер, аңыздар мен əңгімелер. Арасында «Абылай, Кенесары» сияқты эпикалық туындылар да бар. Ал, «Наурызбай-Ханшайым» атты шығарма тарихи жырдан гөрі халық балладасына жақын, онда Кенесары ешкіммен соғыспайды. Жалпы, Кенесары туралы фольклорлық шығармаларда нақты бір тарихи

оқиға баяндалмайды. Мəселен, 1838 жылы Кенесары орыс отрядтары мен бір неше рет шайқасқа түскен, орыстардың бекеттеріне шабуыл жасаған. Е.Бекмаханов мынадай бір соғыс туралы жазады. «К осени 1838 года вооруженные столкновения Кенесары с карательными отрядами приняли характер длительных и упорных военных действий. Особенной ожесточенностью отличалась борьба за Акмолинский приказ. Акмолинский приказ был сильно укрепленным районом. Вокруг него были вырыты глубокие рвы. Все ближайшие подходы были забаррикадированы. Акмолинск охранялся отрядом старшего султана Конур-Кулжа Кудаймендина и гарнизоном крепости во главе с войсковым старшиной Карбышевым.

жəне қырғыздарға қарсы шабуылы туралы айтылады да, соғыс эпизодтары суреттелмейді. Мəселен, Ресейдің қазақ жеріне дендеп кіргеніне қарсы күресі жайында Емді, Адырлы деген екі қаланы шапқаны айтылады, бірақ қала тұрғындарымен болған шайқас бейнеленбейді, оқиға жалпылама түрде ғана əңгімеленеді: Бес жүз əскер жігітпен Емдінің шапты қаласын. Бес жүз сиыр, мың сарық Төлеңгітке айдатты. Болат қақпа, тас кілт Көрсетіпті ерлер қайратты. Жолындағы Адырлы, Оны да шауып сорлатты. Көп ажалға қарамай, Онан алды қырық атты, Қалғанына өрт қойып,

де суреттеледі. Ол бірнеше сипатта көрінеді. Егер жүйелеп айтар болсақ: Кенесары – идеалды қаһарман, билік тізгінін мықтап ұстаған əмірші, күллі қазақты өзіне қаратқан хан. Оның қол астына атақты батырлар жиналған. Олар ханның ордасын – мемлекет орталығына айналдырған. Жыршыны тыңдайық: Хан болды Кенесары Орта жүзге, Жайылды əруағы өзге жүзге. Хакім боп, жеті жұрттан иығы асты, Жарамас шөп салуға басқан ізге. Кенесары – жай ғана хан емес. Ол – ел қамын жеген хан. Қазақ елінің еркіндігін, елдігін сақтауға күш салған əмірші. Жұртқа өз ойын ашық айтып, бостандыққа шақыратын көшбасшы. Міне, Кенесарының халыққа айтқан сөзі: «Біздің бұл Сарыарқадағы қазаққа: «Бізге бағын, қара», – деп, Ресей патша-

Иллюстрацияны салған Алмас СЫРҒАБАЕВ.

Наступление Кенесары началось на рассвете 7 августа 1838 года. Его стрелки обстреливали крепость из луков, прикрепляя к остриям стрел легко воспламеняющиеся осмоленные тряпки. В крепости возникли многочисленные пожары. В тот момент, когда часть гарнизона бросилась на борьбу с огнем, один из отрядов Кенесары, возглавляемый батыром Басыгара, ворвался в город. Во время штурма крепости смертью героев пал сам Басыгара-батыр. Его отряды начали под напором гарнизона отходить, но Кенесары приказал ни в коем случае не оставлять тела Басыгара и не отступать от занятых позиций. Воодушевленные призывом Кенесары отряды Агыбая, Имана и Наурызбая снова проникли в укрепление. Начался жестокий уличный бой, длившийся с неослабевающим упорством до наступления темноты. Ночью войсковой старшина Карбышев и КонурКулжа с небольшими отрядами бежали. На следующее утро крепость, превращенная в развалины, все еще пылала пожарами. Кенесары достались трофеи и военнопленные» (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 годы ХІХ века. Алматы, 1992. С.235-236). Кенесары туралы фольклорлық үлкен туындыларда бұл оқиға бейнеленбейді. Оларда ханның орыс қаласын шапқаны

Шүлдірлетіп шулатты, – делінеді жырда. Осы шығармада жəне тағы «Кенесарының сөзі» деген өлеңде Кенесарының қазақ елі Ресейдің отары болуына қарсы екені ашық айтылады. Оны Кенесарының өз сөзінен анық көруге болады: Бағынба, қазақ, орысқа, Бағынсаң, қазақ, орысқа, Осы бастан амандас Сарыарқа дейтін қонысқа. Береке кетер асыңнан, Билігің кетер басыңнан... Бір айтатын нəрсе – Кенесары образы біздің түсінігіміздегі эпикалық планда көрінбейді. Ол ежелгі батырларша қалың жауға жалғыз өзі шаппайды, мыңдаған қолды жайратпайды, қамалды бұзып, ойран салмайды. Рас, кейбір шығармаларда фольклордың шежірелік тұтастану заңдылығы байқалады. Əдетте, ескі батырлар жырында қаһарманның ерекше болып туатындығы туралы пролог болады. Онда болашақ батырдың ата-анасы, бабасы жайында əңгімеленеді. Осы дəстүр Кенесарыға байланысты да аңғарылады. Мысалы, «НаурызбайХаншайым» атты эпикалық туындыда Кенесарының ерекше екенін айту үшін оның бабалары туралы баяндалады. Онда былай делінеді: Абылай бүкіл мұсылманға хан болған, Қалмақ Қалданның қызын алған,

лығынан келді... Екінші жағынан Қытайдан да елші келіпті». Сонда Кенесары: «Қарама, өзіміз ел боп тұралық. Қазақ хандығын құралық», депті. Сол замандағы қазақ батырлары өздерінің жасақтарымен Кенесарының қасында болып, оның бұйрықтарын екі етпей орындап, жеңіске жетіп жүреді. Бір аңызда былай делінеді: «Кене ханның қол астына қазақтың батырлары бастаған 14 мың қол жиналды, ат жақсысын мінді, сауыт жақсысын киді. Бұлар өздерінің ордасын АлтайҚарпықтың ортасы – Құланөтпеске тікті. Кіші жүз, Ұлы жүзден де қайраты бойына сыймай келген атақты батырлар да Кененің қолына қосылып жатты». Тағы бір мəтінді оқып көрелік: «Қайраты қара бастан қайтпаған алып ер Тамадан Жолдыаяқ батыр, Өмірзақ Тоғалақ батыр, Құшақ Бəйтелі батыр, Тарақты Құлжан батыр бастаған батырлар 10 мың əскермен Кененің Көкшетаудағы бекініс қамалына қосылды. Əскері көбейіп, күші артып, енді Николайға ойран салуға ойлады». Келтірілген мысалдардан Кенесары ұлы күрестің ұйымдастырушысы, басшысы екенін көреміз. Кейбір əңгімелерде Кенесары жауынгерлерінің Ресей əскерімен ұрысы баяндалып, ханның ақылды да айлалы қолбасшы болғаны көрсетіледі. Осы ұрыстарда да, басқа да қиын

жағдайларда Кенесары алды-артын ойлап, кең пішетін басшы ретінде көрінеді. Кенесары – ақылшы, батагөй абыз, тапқыр шешен, бекзат болып бейнеленеді. Əрбір жауапты, қиын іс Кенесары бата бермей істелмейді. Жорыққа шығарда, шайқасқа енерде ол бата беріп, ақ жол айтып кіріседі. Оның батасы фольклор дəстүрінде болып келеді. Мысалы, Тілеуқабақ жұртына кетіп бара жатқан Наурызбайға берген батасы мынадай: Он сегіз мың əлемге Патша болған құдайым, Көз жасымды қабыл ет, Мінəжат етіп жылайын, – деп бастап, 124 мың пайғамбарға, 33 мың сахабаға, 4 шарияға, т.б. əулиелерге жалынады, Абылай хан аруағынан көмек сұрайды. Бұл бата халық ұғымына сəйкес. Жыршы Кенесарының аузына əдеттегі батаны салып отыр. Оның ойынша Кенесары халықтан алшақ емес. Кенесары əділ би, шешен ретінде əртүрлі ережелер мен шарттарды да заңдастырып, жүзеге асырып отырады. Сөзіміз дəлелді болуы үшін мына бір аңызға көңіл бөлейік. Кенесары, Наурызбай, Балаби, Басығара жиналып отырғанда Ағыбай ханнан сұрайды: – Егер бір қарашы екіншіні өлтірсе, құны не болады? – деп. Хан: – Ердің құны 30 түйе болсын! – депті. – Төренің құны не болады? – депті Ағыбай. – Төренің құны – 100 түйе һəм таңдамалы қыз, қара кілем, қара нар болсын! – депті Кенесары. – Ұрғашының құны қандай? – депті Ағыбай. – Қалың малы қандай болса, құны сондай жəне 20-30, 5-10 түйе үстіне артық төлейді, – депті хан. Міне, бұл мəтін – кəдімгі шешендік сөздің үлгісі. Фольклорда жиі кездесетін «сұрақ-жауап» түрінде құрылған тапқырлық сөздерді айтқызу арқылы Кенесарыны ақылгөй, білгір шешен етіп көрсетеді аңыз. Бұл да – Кенесарыны дəріптеу. Кенесары бекзаттықты, хандық жолды бəрінен жоғары қояды жəне өзі кісілікті, жомарттықты қатты ұстанады. Бір ғана мысал келтірейік. Наурызбай мен Ағыбай Тілеуқабақтың жылқысын барымталайды. Оларды Ханшайым қуып жетіп, өзінің тапқырлығымен, ержүректігімен Науанды тəнті етеді. Науан айдап келе жатқан жылқыны Ханшайымға сауғаға тастап кетеді. Ордаға келіп, Кене ханға болған жағдайды айтады. Риза болған Кенесары: Етіпті, – деп – қарағым, хандық жолды, Жылқы алғаннан бұл ісі он есе артық, – дейді де, елді шақырып, ұлан-асыр той жасайды. Кенесары ханның байлығы, сəн-салтанаты кəдуілгі Шы ғыс елде рі нің падишаларынан кем емес. Оның жомарттығы, кеңпейілдігі хандық затына сай. Жыршылар Кененің мырзалығын көтермелей айтып, оның пайым-түсінігін, ақсүйекке лайық заттылығын барынша дəріптейді. Мысалы, қалыңдығына кетіп бара жатқан Наурызбайға берген сыйы мынандай: Қазына-жабдық артты тоғыз нарға, Барсын деп салтанатпен мəхбур жарға. Қос берді падишалық алтын шатыр, Дүние мұқтаж емес еш оларға... Не асыл інжу-маржан алды тастан, Жабдығын тəмамдады аянбастан. Кене хан аттандырып, амандасып, Айтады ақыл-хайла бір-бір бастан. Бұдан да артық сый-сияпатты Кенесары хан Наурызбайдың қайын ағасы Мұсаға, онымен бірге келген жолдастарына жасап, қазақтың «тоғыз сыйлау» салтын толық орындайды. Келтірілген мысалдардан көретініміз – халықтың «хан қандай болуы керек» – деген түсінігі. Өмірде Кенесары осындай кең, осындай жомарт болды ма – белгісіз. Бірақ фольклор оны осындай етіп бейнелеп отыр. Фольклордағы Кенесары – көріпкел, сəуегей, келешекті болжаушы. Үйде, Ордада отырып, түзде болып жатқан оқиғаны сезіп, біліп отырады. Наурызбайды, Ағыбайды, басқа да батырларды сынап, олардың қасиеттерін, ерекшеліктері мен кемшіліктерін жіті аңғара біледі. Кенесарының тағы бір қасиеті – түс жорып, алдағыны болжауы. Бірде ол Ағыбайға өз атасы Абылайдың түсін еске алып: «Менің Сыздығымнан кейін солай боламыз ғой!» – дейді. Кенесары өзінің көрген түсін Ағыбайға жорып, былай депті: «Біздің бағымыз алдымызда, артымызда қалатын бақ жоқ, өзімізбен бірге кетеді, ал сенің бағың артыңда қалды». Халық аңызының айтпағы – Кенесары өз тағдырын, əулетінің болашағын алдын ала болжап, біліп кетті. Өзінен кейінгі ұрпағы көптің арасына сіңіп кететініне, бүкіл ата-бабасынан келе жатқан бақ пен даңқтың өзімен бірге өшетініне көзі жетіп кетті, – демекші аңыз. Халық түсінігіндегі Кенесары – тек ақылды хан емес. Сонымен бірге ол ерекше адамға даритын керемет қасиеттердің иесі. Ол іспен, сөзбен ғана емес, көзбен де, ниетпен де нəтижеге жете алады. Ендеше, халық ұғымындағы Кенесары – жай адам емес, құдайдың таңдап алған құдіретті адамы, сол себепті оның өзі де, ісі де айрықша. Фольклордағы Кенесары – халықтың «əділ де, мінсіз патша» туралы идеалды образы. Оның бойында ханда болуға тиісті ізгілікті қасиеттің бəрі жинақталған, халық қиялындағы, ел арманындағы ханның бейнесі көрініс тапқан.


 Толғандырар тақырып

 Көзқарас

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.

Қазіргі таңда əлемдік қауымдастық «абсолюттік инновациялар» басты ережесі болып табылатын технологиялық үдерістің жаңа даму кезеңіне аяқ басып келеді. Үшінші мыңжылдықтың экономикасы – бұл білімдер экономикасы, демек, бұл – өзгермелі жағдайға икемделуге қабілетті жоғары өнімді, креативті жəне кəсіпқой адамдардың дəуірі. Жамбыл ƏЙМЕНОВ,

М.Əуезов атындағы ОҚМУ-дің бірінші проректоры, академик.

Жалпыұлттық идея ретінде Елбасы ұсынған адам капиталын дамыту тұжырымдамасы бүкіл қоғамның жігерін қажет етеді. Азаматтардың өз білімін тұрақты жаңартып отыру жəне жаңа құзыреттіліктерді игеру мүмкіндігін ұсынуды қоса алғанда, мектепке дейінгі оқытудан бастап, барлық деңгейлерде білім беруді жақсартуға басты назар аударылуы тиіс. Осы міндетті орындау үшін, білім беру жүйесі əр ба ла ның əлеуетін ашуға, жалпы адами құ ндылықтарын ны ғ айтуға, жастардың бойында шығармашылық рухы мен инновацияларды тəрбиелеуге бағытталуы тиіс. Əр оқушыға табысқа жету мүмкіндігін қамтамасыз ете алатын білім жүйесі ғана күшті болмақ. Əрбір педагог, əрбір білім беру ұйымы жастардың барынша жаңа білім алуына жəне өз əлеуетін ашуға мүмкіндік алатын шығармашылық орта құруға бағытталуы тиіс. Білім беру жүйесінің соңғы деңгейі болып табылатын жоғары мектеп жаңа білімдерді меңгерген, осы білімдерді жинақтауға, ең бастысы, оны қолдана білуге үйренген жоғары білікті кəсіпқой мамандар дайындауда ерекше жауапкершілікке ие. Осындай жанжақты ойлай білетін азаматтарды дайындау – университеттердің ең басты міндеті, мұның өзі жоғары оқу орны менеджментінің бүкіл жүйесін түпкілікті қайта құруды, жұмыстағы формальды аспектілер мен прагматикалық əдістерді еңсеруді қажет етеді. Қоғамдық пікірді зерттеу көрсеткендей, біздің бітіру шілеріміз өндірісте жұмыс істеу үшін кəсіби мінез-құлық этикасын, коммуникативтік дағдылар, топтаса жұмыс істеу қабілетін қоса алғанда, жеткілікті құзыреттіліктерге ие емес. Қалыптасқан жағдайдан шы ғу үшін, университеттердің дербестігін қамтамасыз ете отырып, олардың мəдениетін нығайту, сыртқы мүдделі тараптармен ынтымақтастықты кеңейту, білім мазмұнын жаңарту, ең бастысы, білім ордасына үздік оқытушыларды тарту қажет. Алғашқы кезекте жоғары оқу орнында тиімді корпоративтік

таңда жоғары оқу орындарына университеттің «бет-бейнесін» көрсететін жəне оның ұлттық жəне халықаралық кеңістіктегі беделін қалыптастыратын өзіндік жеке білім бағдарламалары қажет. Білім берудегі əлемдік трендтерге жүйелі талдау жасап, басқа жоғары оқу орындарында пайда болған тəжірибе мен жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды өз білім бағдарламаларына енгізу керек. Қазіргі таңда заманауи жоғары оқу орны, ең алдымен, бетке тұтар оқытушылар құрамымен ерекшеленеді. Мұндай жоғары оқу орындарында шəкірттердің сол оқытушылардан ғана білім алғысы келетін, сол оқытушылардың ғана берген білімі шынайы əрі болашағы зор болып көрінетін адамдар дəріс береді. Демек, жақсы мектеп қалыптасқан. Мұнда білім тікелей адамнан адамға, ұстаздан шəкіртке беріледі. Егер профессор ғылымға шын көңілімен ден

Білікті єалымдар білім ошаєын неге тастап кетеді? басқару жүйесін құру керек. Негізінде, жақсы жоғары оқу орны қатаң иерархиядан азат болуы жəне дамыған демократиялық ішкі ортаға ие болуы тиіс. Оқу дəрісханаларында түрлі көзқарастарға ие түрлі əлеуметтік қабат өкілдері тең дəрежеде білім алса, ал профессор сөзсіз беделді тұлға емес, тең құқылы адамдардың ішіндегі бірінші адам ретінде көріне білсе, неғұрлым тиімді əсерге қол жеткізіледі. Білімді басқару мамандары атап өткендей, мұндай либералдық жағдай білім айналымына өзіндік игі ықпал етеді. Студенттерді өз пікірлерін ашық айтуға, өз шешімдерін ұсынуға баулу қажет. Жоғары оқу орындарының қауымдастығы университеттер дербестігінің кеңейтілуіне үлкен үміт артып отыр. Білім жəне ғылым министрлігі тарапынан бұл мəселе жоғары мектеп менеджментіндегі басты мəселелердің бірі ретінде қойылып келеді, мұның өзі əділетті жəне дер кезінде қойылған мəселе болып отыр. Алайда, жоғары оқу орындарының дербестігін кеңейту олардың адам əлеуетін дамыту сапасы үшін əлеуметтік жауапкершілігін арттыру тұрғысынан қарастырылуы тиіс. Дербестік ғалымдардың ғылыми зерттеулерін өндіріске енгізуіне, жетекші шетел университеттерімен бірлесе жұмыс атқаруға, инфра құрылымды, қосымша білім берудің тармақталған жүйесін қарқынды дамытуға, сондай-ақ, халықаралық нарықта бəсекеге қабілетті білім бағдарламаларын əзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл жағдайда

жоғары оқу орындарының қызметі сыртқы ортаға жəне оқытушыпрофессорлар құрамына қатынасы бойынша ақпараттық ашықтық пен айқындылыққа ие болуы тиіс. Экономикалық тұрғыдан қарас тырғанда, дербес университеттер кəсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға кірісе алады, түрлі қаржы көздерін тартып, көпарналы қаржыландыруды қамтамасыз ететін болады. Осыған байланысты қоғамның барлық мүдделі топтарының Бақылау жəне Қамқорлық кеңестерінде өкілдік ашу мəселесі туындайды. Осы кеңестерге жоғары оқу орнының тұрақты дамуы жəне олардың өз ағартушылық міндеттерін атқаруы бойынша үлкен жауапкершілік артылады. Жоғары оқу орындарында корпоративтік басқару əдістерін енгізу, əсіресе, университеттердің зерттеу қызметін ұйымдастыруда топтаса жұмыс істеу тəжірибесін белсенді пайдалануды қажет етеді. Қазіргі таңда икемді əрі ұт қыр шығармашыл ұжымдар дəуірі туып келеді, мұнда студенттер мен оқытушылардың зияткерлік қарым-қатынасы іске асы рылып, жаңа идеялар, зеректік, озық ғылыми ойлар пайда болады. Əлемдік тəжірибе көрсетіп отырғандай, жал ғыздара зерттеушілер мен өнертапқыштардың заманы келмеске кетті, қазіргі таңда жаңалықтар үлкен ұйымдасқан топтар тарапынан ашылып келеді. Сондықтан оқытушылармен жəне болашақ əріптестермен бірлесе отырып, өнімді жұмыстар атқару қажет. Осыны негізге ала отырып, бизнес құрылымдарымен жəне

еңбек нарығымен тиімді байланысты қалыптастыруға болады. Білім бағдарламаларын əзірлеуде бітірушінің өндірісте қажет болатын дағдыларды игеруіне назар аударып, сондай-ақ, көшбасшылық дағдыларын игеруіне де көңіл бөлу керек. Осыған орай студенттер ортасында саламатты студент тік бəсекелестік жағдайын қалыптастырған маңызды. Инноваторларды дəстүрлі əдіс жəне технологиялармен тəрбиелеу мүмкін емес. Талантты жастар ортасында кез келген бəсекелестік өз жемісін береді. Жастар бір-бірімен жарыса отырып, барынша үздік атануға тырысады. Сонымен қатар, студент жаңа білім алу механизмдерін игеріп, өзін-өзі оқып-үйренуге жəне өз бетінше білім алуға деген өмірлік қасиеттерге тəрбиелейді. Үйренгісі келмейтін адам, оның ішінде, талапсыз шəкірт неғұрлым күрделі мамандықтарды игерген сайын, тығырыққа тіреле бастайды. Қазіргі жағдайда жоғары оқу орындары гуманитарлық жəне жаратылыс ғылымдарындағы іргелі білімдерге жəне кең дүниетанымға ерекше көңіл бөлуі тиіс. Бүкіл əлемде кəсіби мамандану бастапқы курстардан емес, магистратура сатысында ғана орныға бастайды. Сондықтан оқу барысында ықыласы өзгере бастаса, белгілі бір кезеңде мамандығын қиналмай ауыстыруына болады. Отандық жоғары оқу орындарында мамандану бакалавриаттың бастапқы курстарында-ақ орныға бастайды, мұның өзі пəндердің ұлғаюы мен оқытушылар жүктемесінің арта түсуіне əкеледі. Қазіргі

қоймаса, ол қалай ғана жаңа идеялар мен əдістерден дер кезінде хабардар болып отырады? Жоғары оқу орны оқытушыларының еңбекақы деңгейінің төмен болуы педагогтардың кəсіби деңгейінің артуына кедергі болып отыр. Талантты ғалымдардың бизнес құрылымдарына кетуі жалғасын тауып келеді. Осы бір қауіпті дертті еңсеру үшін университетке мемлекеттік қолдау қажет болып отыр. Ертеден келе жатқан салтдəстүрлері бар, оқытушылар құрамы күшті, оқу бағдарламасы озық болып келетін жоғары оқу орындарында студенттерді əлдебір нақты мамандыққа үйретіп қана қоймай, сонымен қатар, ерекше ойлау мəдениетін қалыптастырады, жаңа кəсіпті тез əрі сапалы меңгеруге үйретеді. Студенттік жылдарда туындайтын кəсіби байланыс тар жас ұрпақтың бүкіл кейінгі өміріне өз əсерін тигізетін болады. Мұнда шынайы маңызды байланыстар орнап, өз құндылықтары мен басымдықтарына ие бірегей ортадағы пікірлестер шеңбері құрылады. Еліміздің жоғары оқу орны мен студент жастары Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясының ұлан-асыр ойларын іске асыруда басты ресурс болып табылады. Қоғам қажеттілігіне сəйкес болу жоғары оқу орындарынан Тəуелсіз Қазақстан игілігі үшін тұрақты жақсару мен ілгері дамуды талап етеді.

роторлы жəне бір шөмішті экскаваторларды жаңарту жобасын аяқтады. Компания əлемдік өндірушілердің көмір кеніштеріне арналған автоаударғыштар сатып алды. Кеніштерде «Caterpillar», «Komatsu» жəне «БелАз» сияқты машиналардың 27 бірлігі жұмыс жасайды. «Богатырь Көмір» ЖШС экологиялық қоршаған ортаны қорғауға байланысты көп көңіл бөлуде. Келесі келген бағытымыз – Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы МАЭС-1 стансасы. Электр энергиясын өндірумен жəне таратумен айналысатын жылу электр стансасының белгіленген қуаттылығы 4000 МВт. Бұған дейін оны теңдей үлеспен «СамұрықЭнерго» акционерлік қоғамы мен «Қазақмыс Тобы» иеленіп келді. Жуырда Қазақмыс тобы Екібастұз МАЭС-1 мен «Қазгидротехэнерго» ЖШС-дегі үлесін сату туралы «Самұрық-Энерго» АҚ-пен келісімге қол қойды. Оның жалпы құны 1,3 млрд. долларды құрайды. Ал келісім «Қазақмыс» тобының тəуелсіз акционерлері мен еліміздің мемлекеттік органдарының басым бөлігі қолдау көрсеткен жағдайда ғана жасалатын көрінеді. Бұл келісім Екібастұз МАЭС-1 стансасы мен «Қазгидротехэнерго» ЖШС-ге бастапқы инвестициялардан пайда табу мүмкіндігін береді. Станса Екібастұздың тас көмірін пайдаланады. Өндірген электр энергиясының басым бөлігі еліміздің энергетикалық нарығында таратылады. Ал бүгінде бұл стансада жалпы құны 1 млрд. АҚШ долларынан асатын Қазақмыс тобы мен «Самұрық-Энерго» АҚтың ұзақ мерзімді инвестициялық бағ дар л амасы іске асыр ыл у да. Бағдарлама іске қосылмай тұрған екі энергоблокты қалпына келтіруді жəне қолданыстағы бес энергоблокты, жалпы, стансалық жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізіп, жаңартуды, тазартушы

электр сүзгілерін орнатуды көздейді. Ал жаңарту мен жобалық қуаттылықты қалпына келтіру кестесі 2016 жылға дейін жасалған. Бұл бағдарламаның жалпы құны 280 млрд.-тан астам теңгені құрайды. Қазіргі уақытта екі энергоблок та қалыпты жұмыс істеуде. Бұдан басқа екі энергоблок қосалқы əзірлікте тұр. Негізінде стансадағы барлық 6 энергоблок жұмысқа кіріскенде 3000 МВт қуаттылыққа жетеді. Биылғы жылдың 9 айы ішінде МАЭС-1 стансасында 10 032 млрд. кВт сағат электр энергиясы өндіріліпті. Қазіргі кезде отынның қоры 465 357 тонна көмірді, 1771 тонна мазутты құрайды. Жыл аяғына дейін тағы да 1 500 тонна мазут сатып алынбақ. Сонымен бірге, № 4, 6 жəне 8 энергоблоктары жөнделді. №8 энергоблок өткен жылы стансаға 15 млрд.-тан астам киловатт сағат электр энергиясын өндіріп шығаруға мүмкіндік берді. Станса мамандарының айтуынша, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 13,15 пайызға артық. Ал, №5 жəне №3 энергоблоктарына электр сүзгілері орнатылса, №7 энергоблокта күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен бірге, №2 энергоблокты қалпына келтіру жұмыстары мерзімінен бұрын басталды. Бұл энергоблокта қазандық жабдықтары, турбина, генератор айырбасталады, қосалқы жабдықтар қалпына келтіріледі, электрлі сүзгілер орнатылады. Жоспарлы шығындар құны 61,5 млрд. теңгені құрайды. Тиімділігі жоғары болатын ауа тазартушы екі электр сүзгінің орнатылуы ауаға таралатын зиянды заттардың ауқымын қысқартады. Заманауи электр сүзгілер стансада жұмыс істеп тұрған барлық энергоблоктарда орнатылды. Оларды күзгі-қысқы кезеңге даярлау үшін стансада 64 іс-шарадан тұратын бағдарлама іске асырылды.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

 Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Ел дамуын кəсіпорындар їлесі айќындайды Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Жалпы, 2009 жылдан «Богатырь Көмір» ЖШС қазақстандық «Самұрық-Энерго» АҚ пен компания акциясы пакетінің 50 пайызын иеленген ресейлік РУСАЛ компаниясымен бірлескен кəсіпорынға айналды. Яғни, акционерлердің бірлескен шешіміне сəйкес, компанияны басқару əр бес жыл сайын ауысып отырады. Белгіленген кезең аяқталып қалды, енді алдағы 2014 жылдың қаңтарынан бастап кəсіпорын «Самұрық-Энерго» АҚ басқаруына өтеді. Бұл күндері «Самұрық-Энерго» АҚ еліміздегі көмір, электр қуатын өндірумен жəне таратумен айналысатын, сондай-ақ, тұтынушыларға сатуды қолға алып отырған іскерлік жүйелері жан-жақты жұмыс істейтін компанияға айналып отыр. «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Виктор Щукиннің айтуынша, бірлескен кəсіпорынның үлесіне елімізде өндірілетін энергетикалық шикізаттың 40 пайызы тиесілі. Көмір өндіру көлемі жағынан еліміздегі 30 озық кəсіпорынның қатарына қосылды. Жыл сайын «Богатырь» кеніші 40 миллион тоннадан астам көмір өндіреді. Келер жылдары яғни, алдағы онжылдықтың соңына дейін біздің еліміз Ресейдің электр стансаларына 50 миллион тоннадан астам көмір жеткізбекші. Осындай үлкен мақсат кеніште еңбек етіп жүрген əрбір кенші еңбегіне жігер, сенім қосары сөзсіз. Ал «СамұрықЭнерго» АҚ болашақта еуразиялық маңызы бар бəсекеге қабілетті электр қуатын өндіретін алып энергетикалық холдинг, яғни осы салада Ұлттық

7

www.egemen.kz

24 желтоқсан 2013 жыл

оператор болуды жоспарлап отыр. Өйткені, мұндай үлкен мақсаттарға жету үшін «Самұрық-Энерго» АҚ біздің елімізде ғана емес, сонымен қатар, өзге елдерде де көмір шығару жəне өндіру бойынша өндірісті дамытуға ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар жасады. Қазір екібастұздық кеншілер алдында «Богатырь» жəне «Шығыс» кеніштерінде көмір өндірудің озат, инновациялық технологияларына көшудің жəне көмір өндіру тəсілдерін жаңарту жобалары күтіп тұр. Бұл жылына 16,0 миллион тонна көмір өндіру деген сөз. Аталған жетістікке өндірістік қуатты нығайту арқылы жетпекші. Байқап қарасаңыз, қазір еліміздің күнделікті тыныстіршілігінде қуат көздеріне қажеттілік қарқынмен өсуде. Сондықтан, «Богатырь Көмір» компаниясы да осы қажеттілік үдесінен шықпақшы. Мысалы, алдағы жылдары Екібастұз МАЭС-1 стансасының қуаттылығын қайта құруға арналған жұмыстар аяқталады, Екібастұз МАЭС-2 стансасы (акционерлерінің бірі Ресейдегі «РАО ЕЭС» АБҚ болып табылады) №3 энергоблокты іске қоспақшы. Сол кезде бұл стансалардың көмірге деген қажеттіліктері бір жылда 18 миллион тоннаға дейін жетеді. Бұған Астана, Қарағандының жылу электр стансаларының қуаттылығын қосыңыз. Тіпті, құрылысы Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағасынан бастау алатын «Балқаш жылу электр орталығы да екібастұздық «Богатырь» үшін көмір сатудың жаңа бір нарығына айналады. Жыл сайын Балқаш жылу электр орталығына 9 миллион тонна көмір жеткізіледі. Сөйтіп, 2020 жылға дейін

еліміздің индустриялық картасында «Богатырьдың» көмірін тұтынатын өзге де энергетикалық қуатты кəсіпорындар қатары да көбейе түседі. Жалпы, «Богатырь» кеніші үнемі жаңғыртылып жаңар тудан өтіп отырмақ. Бұл күндері мұнда көмір өндіру 280 метр тереңдікте жүргізілуде. Кеншілер үшін бұл көмір тиеудің мөлшерін өсіруде əрі техниканың өндірістік өнімділігін төмендетеді, өнімнің бағасына да теріс əсерін тигізеді. Сондықтан, 2016-2018 жылдар аралығында кəсіпорын көмір тасымалын жақсартудың циклдіарналы технологиясына көшпек. Алдағы жылдары энергетиканың көмірге деген қажеттілігі өсе береді. Осыған сай, кəсіпорында «Шығыс» кенішін кеңейу, жаң ғырту жобасының жұмыстары басталып та кетті. 2020 жылдан соң бұл кеніштің қуаттылығын 8 миллион тоннаға дейін өсіретін циклді-арналы технологиялық жүйе енгізіледі. Осының есебінен «Богатырь Көмір» компаниясының жалпы өндірістік қуаттылығы жылына 58 миллион тонна көмірге жетеді. Əрине, қазір көмір нарығы тұрақты емес, оның маусымдық өзгерістері де бар. Мысалы, 2008 жылы кəсіпорын тұтынушыларға – 46,2 млн. тонна, 2009 жылы – 35,4 млн.тонна, 2010 жылы – 38,7 млн.тонна, 2011 жылы – 40,1 млн.тонна, 2012 жылы – 44 миллион тонна көмір жіберді. Ал, биыл кəсіпорын Ресейдің электр стансаларына 41,5 миллион тонна көмірді жібермекші. Кəсіпорынның дамуы өндірісті жаңартуға, жаңғыртуға, жаңа технологияға байланысты. Қазір «Богатырь Көмір» ЖШС

Павлодар облысы.

Етістіктен «анайылыќ» тапќандар

Мемлекеттік тіл мəртебесі бола тұра əлі күнге талқыдан түспеген, басынан қиқу арылмаған қазақ тілінің еліміздің басқа аймақтарындағы жай-күйін жете біле қоймаймын, ал біздің Қарағанды облысында бұл тұрғыда кері үдеріс жүріп жатыр. Қағаз жүзінде мемлекеттік тілге 2010 жылы көшкенімен, іс жүзінде орыс тілінің мысы басып тұр. Олай дейтінім, құжаттардың көбі əуелі орыс тілінде əзірленіп, содан кейін қазақ тіліне аударылады. Іріліұсақты жиналыс, отырыстардың басым көпшілігі орыс тілінде өтеді. Осындай жиналыстарға қатысқан таныс та бейтаныс басшылардың өзі «арамызда бірде-бір орыс (басқа ұлт өкілі деп түсініңіз) болған жоқ, жиналыс бастан-аяқ орыс тілінде өтті» деп қынжылыспен айтады. Соңғы кезде брифинг деген сəнге айналды. Бүкіл басқармалар, аудандар мен қалалар əкімдіктері тайлытаяғы қалмай ақпараттар, слайдтар дайындайды. Əлбетте, орыс тілінде. Басында арқаны кеңге салып «қазақ тілінде қажет емес» деп соғады. Алқалы жиын жақындаған бетте «срочно қазақшаға аударыңдар» деп, өздері айтқандай «авралом», біздерше айтқанда «аттың жалы, түйенің қомында» соры қайнаған сорлы аудармашыларға салмақ салады. Осы сала құлаш құжаттарды бірнеше топ адам ай бойы дайындаса, аудармашыларға табанда аудар дегендей сыңай танытады. Бұрын мемлекеттік мекемелерде аудармашылар қос-қостан болушы еді, бүгінде бір-бірден қалған. Күн демей, түн демей, лəм деп үндемей, тұралап жығылардай болып аударып шығады, əйтеуір. Аңдап қарасаңыз, Бұқар жырау даңғылының, Ерубаев жəне Əлиханов көшелерінің бойында құшақ-құшақ қағаз көтерген

қою кешеуілдеп жатса, оған əр деңгейдегі əкімдер аппараттары қызметшілерінің де кінəсі жоқ емес. Айталық, Қарағанды облысы əкімі аппаратының құжат тамалық қамтамасыз ету бөлімінің қызметшілері бүйректен сирақ шығарып, етістік сөздерден «анайылық» тауып алуды шығарыпты. Былай қарасаңыз, тіпті сөз қылатын əңгіме емес. «Курирующий заместитель акима области» деген сөз тіркесі қай заманнан «облыс əкімінің жетекшілік ететін орынбасары» деп аударылып келген. Сайтан түртті ме, «ететін» деген көмекші етістікті анайы деп тауып, оны «жасайтын» деген көмекші етістікпен ауыстыру керек деп ұйғарыпты бұлар. Сонда қалай, бұрын «облыс əкімдігі қаулы етеді», «облыстық мəслихат шешім етті» деп жазылып келіп еді, енді бұдан былай «облыс əкімдігі қаулы жасады», «облыстық мəслихат шешім жасады» дейміз бе? Қашаннан құлаққа да, көзге де үйреншікті болып кеткендей, бұрынғысынша: еңбек етеді, жұмыс істейді, машина жасайды, қызмет етеді демейміз бе? «Еңбек жасайды» деген сөз тіркесінен не ұтамыз? Тіпті осы əкім аппаратының өздері қызмет етіп отырған құрылымдық бөлімшесінің атауы «Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі» ғой. Енді осы атауды өзгертіп «Құжаттамалық қамтамасыз жасау бөлімі» дей ме? Əрі-беріден соң жасайды сөзінің де ауыспалы анайы мағынасы бар: «жүріс жасайды», «ойнас жасайды», «зина жасайды» деп кете береді... Сонда бұл кісілер жұмыста, қызмет бабында отырғанда, олардың ойларына етістіктің өңкей бір анайы мағыналары келе ме? Өзім тіл маманы болғандықтан, осы жерде бұрынғы əріптестеріме (14 жыл бірге қызмет атқардым)

Суретті салған Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ.

қыз-келіншектерді көресіз. Бұл – электронды құжат айналымына көшудің жемісі. Сөз жүзінде осындай үрдіске көшкенімен, қағаз нөпірі толастар емес. Бұрынғыдан көбейіп кетті. Құжатты электронды поштамен жөнелткеннен кейін, оны растау үшін əуелі сканерленген нұсқасын, содан кейін түпнұсқасын жеткізу керек. Қанша жыл болды, электрондық құжат айналымының жүйесі дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ. Кіріс-шығыс құжаттарын мемлекеттік тілде тіркеуге ты рыс қанымен, ол құ жаттардың мазмұны қазақша əріптермен дұрыс таңбаланбай, ирек-ирек иеороглиф жазбалар түседі. Сондықтан əр деңгейдегі басшылар бұрыштаманы орыс тілінде жазуға мəжбүр болады. Тым болмаса тапсырмамды түсінсін дейді ғой деймін. Ал құжаттың мəн-жайын өздері бірдеңе ғып бажайлап алар деген сыңайлы. Бүкіл мемлекеттік мекемелер облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына ай сайын кіріс жəне шығыс құжаттарының саны туралы есеп береді. Осы есептердің дұрыстығына күмəнім бар. Өйткені, құжаттардың қай тілде келіп түскенін ажыратып, реттеп отыратын бағдарламалар барлық мекемелерде орнатылмаған. Ал орнатылған мекемелерде бұл мəселеге кеңсе мамандары жіті көңіл бөле бермейді. Оған бір жағынан құжаттардың екі тілде ресімделуі себеп: қазақ тілінде тіркелгенімен, бұрыштама орыс тілінде болса, орыс тіліндегі құжаттар санатына қосылып кетеді. Сондықтан, біраз мекемелерде бұл есепті кіріс жəне шығыс құжаттарының журналдарын алдарына өңгеріп, баяғы колхоз кезіндегідей қолмен санап бəлен сағат отырып əрең бітіреді. Егер қайсыбір құжаттарға қол

қазақ тілінен ликбез өткізуіме тура келіп тұр. Тілде құранды етістіктер деп аталатын, есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер бар. Құранды етістік жасайтын белгілі көмекші етістіктер көп емес. Атап айтқанда, олар мыналар: ет, қыл, бол, тарт, ат, соқ, бер, ұр. Бұлардың ішіндегі ең өнімдісі – ет көмекші етістігі. Ол арқылы өте көп құранды етістіктер жасалған: еңбек ет, əуре ет, ел ет, ұжым ет, құрал ет, алданыш ет, жар ет, бала ет, қорғаныш ет, сүйеу ет, бағынышты ет, құрбан ет, азат ет, дұшпан ет, қастық ет, жақсылық ет, айқын ет, кедергі ет, қыңқ еткізбе, зырқ етті, сыр етті, бұрқ-бұрқ етті, былш етті т.б. Осы сөздерімізді дəйектеу үшін, өз пікірімізді дəлелдеу үшін, астапыралла дейік, Құран көтермей-ақ қояйық. Қобыратып газеттерді де ақтармай-ақ қояйық, қазір бүкіл ел ден қойған Ғаламтордағы сайттардан бір-екі мысал келтірсек те жеткілікті ғой деп ойлаймын. Мына бір мысалды «Қазақстан Республикасының Үкіметі» сайтынан алып отырмын: «Жаңалықтар > 2011 > Желтоқсан > Өмірзақ Шөкеев жетекшілік ететін үкіметтік комиссия Маңғыстау облы сының Жаңаөзен қаласын қал пына келтіру жұмыстарын жал ғастыруда». BNews.kz сайтының кезекті бір ақпаратында: «АСТАНА. 29 қаңтар 2013, 15:41... «Комиссияға Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жетекшілік етеді», – делінген. Жарайды, осы да жетер. Бүйректен сирақ шығарып, қазақтың əр сөзінен анайылық іздеп шала бүлінбейік, ағайын...

ҚАРАҒАНДЫ.

Сəбит БЕКСЕЙІТ.


8

www.egemen.kz

24 желтоқсан 2013 жыл

 Өңір өмірі Иə, 2013 жылға өкпе жоқ. Мерейлі де берекелі биылғы жылы шырайы кірген Шығыста ел есінде қалатындай елеулі оқиғалар орын алды. Индустриялық-инновациялық жобалар бойынша кенді Алтайда 611 миллиард теңгенің 39 жобасы жүзеге асуы тиіс болса, ол орындалуға жақын. Түсті металлургияның көш басында тұрған «Қазцинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Үлбі металлургия» зауыты» АҚ-та, Өскемен титан-магний комбинатында жəне Шығыс Қазақстан машина жасау зауытында жаңа қуаттар іске қосылып, мыңдаған жұмыс орындары ашылды. Қазақстанның индустрияландыру картасына енген жобалардың ішінде тау-кен металлургия саласы ерекше орынға ие. Бұл сала бойынша 8 жоба іске асты.

Индустриялыќ жобаларєа – кеѕ ґріс

Курчатовта ғылыми қала құру жө нінде бастама қызу қолдау тауып отыр. Қаланың басты нысаны – ғылымды дамыту жəне жаңа технологиялар енгізу саласында бай тəжірибесі, қажетті кадрлық əлеуеті, күрделі ғылыми инфрақұрылымы бар Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы болып табыла ды. Орталық қызметін жетілдіру үшін халықаралық талаптарға сай жұмыстар атқарылмақ. Ұлттық ядролық орталық негізінде өткізілетін шаралар атомдық энергетика, радиоэкология, ядролық жəне радиациялық физика, сейсмология саласындағы ғалымдар мен мамандардың назарын аударуда. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан мен Ресей Федерациясының шекара маңы ынтымақтастығы форумы барысында Курчатов қаласында ғылыми қала құруға ресейлік компанияларды шақырғанының өзі болашаққа жасаған батыл қадам екенін мойындаған жөн. Еліміздегі серпінді жобалардың бірі – «АзияАвто Қазақстан» зауытының құрылысы. Оған Ресейдің «АвтоВаз» компаниясы белсене араласуда. Құрылыстың басталғанына үш ай өтті. Жаңа зауыт толық қуатына енгенде жылына 250 мың көлік шығарылып, 12 мың жұмыс орны ашылмақ. Жыл басынан бері 20 мыңға тарта сапалы да жүрдек көлік шығарылды. Қазіргі таңда Өскеменде шығарылып жатқан жеңіл көліктерге сұраныс көп, алдын ала тапсырыс бергенде ғана бірер айдан кейін алуға болады. Сонымен бірге, Семей қаласындағы «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұса уын кескелі еліміздегі аграрлық сектордың шаруалары еркін тыныс ала бастады. Неге? Себебі, бұрындары Ресей мен Беларусьтан жеткізілетін техниканың бағасы шарықтап, оны алу мүмкіндігі қиындап кеткен. Ақыры іскер азаматтар зауытты пайдалануға берді. Минскінің трактор зауытымен бірлесіп тұсауын кескен зауыт жылына бір мың дана темір тұлпар шығарып ауылдарға жөнелтуде. Оның бағасы басқаларға қарағанда 30 пайыз төмен. Биыл серіктестіктің қуаты екі есеге артқан, жанармайды аз тұтынатын қуатты тракторларды шығара бастады. Оның екі данасын қараша айында Жарма ауданының Шарық ауылындағы қожалық иелері даңқты балуан Дəулет Болатұлынан тегін сыйға алды. Сол жолы Шарықта дəріхана, дəмхана, футбол алаңы ашылып, өңір басшысы Б.Сапарбаев іскер азаматтарға алғысын білдірді. Ізденсе резервтер көп. Ауылы аралас, қойы қоралас, бір-бірімен көрші жатқан өңірлер экономика мен ауыл шаруашылығында, басқа салаларда да ынтымақпен, қоян-қолтық жұмыс жасаса табыс еселене түсетіні белгілі. Шілде айында Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды жəне Павлодар облыстарының ықпалдастығы аясында өңіраралық ынтымақтастық республикалық форумы болып өтті. Шығыс Қазақстанның түсті металы көрші облыстардың кəдесіне жараса, Алматының көкөнісі басқа аймақтарға қажет. Павлодар мен Қарағандының өнеркəсіп өнімдеріне басқа аймақтар зəру. Форум аясында жүзден астам меморандум жасалды. Алдағы уақытта да осындай тиімді кездесулер жалғаса бермек. Сондай-ақ, Семей қаласында өткен «Сабантой» мерекесіне Татарстан Республикасының тұңғыш президенті М.Шаймиевтің қатысуы өңір тұрғындарының есінде сақталмақ.

Ауыл-аймаќ ажарланып келеді

Ауылдар ажарланып келеді. Өңірдегі тірек ауылдары тізіміне 50 елді мекен енді. Қазір ол ауылдарға барсаңыз, танымай қаласыз. Соңғы екі жылда ғана тірек ауылдарына жүздеген миллион теңге қаржы бөлінді. Ауылда да серпінді жобалар қанат жая бастады. Ол елдің еңсесін көтеруде. Мəселен, серпінді жобалар қатарына енген Өскемен құс фабрикасында құс етін тереңдетіп өңдейтін қуат іске қосылды. Оның құрылысына бір жарым миллиард теңге қаржы жұмсалды. Бизнестің

Ќазыналы аймаќтаєы ґркенді ґзгерістер

Шыєыс Ќазаќстан облысы жылды толайым табыстармен ќорытындылады Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

жауапкершілігімен бой көтерген нысанда 120 адам еңбек етіп жатыр. Аталмыш кəсіпорынның тоңазытылған 150 тағам түрі көрші Ресейге экспортталады. Ауыл шаруашылығы саласында да өркенді өзгерістер бар. Биыл облыс диқандары бұрын-соңды болмаған табысқа қол жеткізді. Ауа райының жауынды-шашынды болуына қарамастан ауыл шаруашылығының қызметкерлері қажырлы еңбек етіп мемлекет қамбасына 1 миллион тоннадан астам алтын дəн құйды. Күнбағыс дақылынан да мол өнім алынды. Өңірде теңбіл бұғы, марал саны арта түсті. Алтай балының атағы алысқа кеткен. Осымен үшінші рет облыс əкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен халықаралық бал фестивалі болып, оған ондаған мемлекеттен омарта шаруашылығының шеберлері қатысып, тəжірибе алмасты. Германия, Голландия, Қытайдан жəне мұхиттың ар жағынан келген шетелдіктер Алтай балының

сапасы ерекше екенін, ол Шығыстың брендіне айналу үшін көп ізденіс таныту қажеттігіне тоқталды. Тамыз айында Абай ауданында «Шыңғыстау» жəрмеңкесі өтіп, оған барлық облыстардан ауыл шаруашылығы мамандары мен қожалық иелері қатысып, асыл тұқымды мал сатып алу жөнінде жүздеген шартқа отырды. Алдағы уақытта маңызды шара жыл сайын өтіп тұрмақ. Сондай-ақ, Өскеменде өткен тұңғыш ауыл жастары халықаралық конгресінің тағылымды жақтары мол болды. «Дипломмен – ауылға!» бастамасымен кіндік қаны тамған жерге аяқ басқан жастарға қамқорлық жасаудағы кемшіліктер айтылып, оны түзеудің жолдары қарастырылды. Үстіміздегі жылдың маусымында Елбасы Н.Назарбаев жұмыс сапарымен кенді Алтайға келді. Семей қаласының қыс маусымына қалай əзірленіп жатқанына көңіл бөлді. Елбасы жылу беру орталығында болған кезде біршама істердің атқарылғанын көріп, жұмысты ширата түсу қажеттігін шегелеп тұрып тапсырды. Бұдан кейін «Семей инжиниринг» акционерлік қоғамының жұмысымен танысты. Өскемен қаласындағы бірқатар кəсіпорындар, күн қуатымен жылытатын табақшаларды жасайтын зауытта, Ана мен бала орталығында болған кезде Елбасы өңірде өркенді өзгерістердің болып жатқанын атап көрсетті. Облыс əкімі Б.Сапарбаев командасының жұмысына оң баға берді.

Мамыр айында «Алтай – біздің ортақ үйіміз» атты халықаралық форум болып өтті. Оған Қазақстан, Ресей Федерациясы, Қытай жəне Моңғолия елдерінің өкілдері қатысты. Облыс əкімі Б.Сапарбаев форумда баяндама жасап, Шығыс Қазақстанда табиғи қорықтар мен саябақтардың, резерваттардың аумағы 2 миллион гектарға, ал ұзын саны 14-ке жеткенін атап көрсетті. Жасыл технологияны батыл енгізуді насихаттай отырып, алда келе жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуде ізденіс пен ілкімділік таныта беретінін тілге тиек етті. «Жасыл экономика – Қазақстан дамуындағы жаңа бағыт» үшінші халықаралық экологиялық форумы да көкейкесті мəселені қозғады. Облыстың экологиясын жақсарту үшін не істеу керек, ауаны ластайтын ірі кəсіпорындар бұл орайда не тындырып жатыр деген сауалдарға тұрғындар жауап алғандай болды. Форум жұмысына Қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров, Индустрия жəне жаңа технологиялар, Өңірлік даму министрліктерінің өкілдері, Корея Республикасы мен Қытай Халық

Республикасының елшілері жəне басқа да шетелдік ұйымдардың өкілдері қатысты. «Қазақстан-2050» Стратегиясында күн, жел қуаттарынан энергия алу міндеті қойылғаны белгілі. Бұл бағытта да өңір басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен қыруар жұмыстар жүргізілуде. – Бізде жел энергиясын пайдалану əлеуеті бар, – деді осы форумда өңір басшысы. – Бүгінгі күннің өзінде Абай, Күршім, Аягөз, Үржар аудандарының шалғайдағы шаруа қожалықтарында 20-дан астам жел электр генераторы мен 1 мыңнан астам күн батареясы орнатылған. Ағымдағы жылы Өскеменде күннен қуат алатын батареяларға арналған фотоэлектрлік модульдер өндіретін зауыт іске қосылады. Форумда бірқатар меморандумға қол қойылды. Оның ішінде құны 18,1 миллиард теңге болатын жел электр стансасын салу ұйғарылды.

Дүйсен Қасейінов, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Əбдіжəміл Нұрпейісов, əлемнің 12 мемлекетінен ғалымдар, мəдениет жəне өнер қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл маңызды форумға Елбасы Н.Назарбаев құттықтау хат жолдады. «Ардақты ағайындар! «Алтай – түркі əлемінің алтын бесігі» атты халықаралық форум екінші рет өтіп отыр, ол ұлықтауға лайық ұлағатты іс. Форум біздің ежелден қалыптасқан байланыстарды нығайта отырып, келешек қарым-қатынастарымызды айқындап, ата тарихымыздың бастауы Алтайда табылған рухани құндылықтарды игеруге жаңа мүмкіндік ашуға тиіс», делініпті онда. – Иə, өмір толқынында талай халықтар құрып кетті. Тек ең мықтылары ғана, соның ішінде ХХІ ғасыр ға қазақтар да аман-есен жетті. Əри не ақтаңдақтар кезінде қазақтар да нəубетке ұшырады, талай дарынды боздақтар кінəсіз ажал құшты. ХХ ғасырда халқымыздың тең жартысынан айырылдық. Сондықтан біз бəріміз қайдан екенімізді, кім екенімізді есте ұстауымыз керек. Біз əрқайсымыздың атымызды есімізге түсірдік, ал тегіміз бір – түркі, – деп Олжас Сүлейменов ағынан жарылды. Түркі дүниесінің тұтастануына арналған бұл форумның маңызы аса зор. Конференция барысында түркология мен алтаистика мəселелері, Еуразия кеңістігіндегі экономикалық интеграция, түркі əлемінің тарихы мен археологиясы, экология мəселелері талқыланды. Алтайдың таңғаларлық табиғатына ар налған флора жəне фауна, кітап көрмелері ұйымдастырылды. Талантты жазушы Оралхан Бөкейдің 70 жылдығына арналған мəдени шараның тəлімді жақтары мол болды. Белқарағай, Өрел, Шыңғыстай ауылдарында талант иесін еске алуға арналған кездесулер өткізілді. Катонқарағай ауылында жазушыға еңселі ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің ашылуында облыс əкімі Бердібек Сапарбаев аудан жұртшылығын құттықтап, жазушыны мəңгі есте сақтау үшін ескерткіш қойылғанын, көшеге есімі берілгенін атап айтты. Салтанатқа

Əшімханов жəне тағы басқалар естеліктер айтты.

Туєан ел – алтын бесігім

Зайсан қаласы мен ауданның 24 елді мекені көгілдір отынды тұтынатын болды. Сарыбұлақ – Майқапшағай 92,5 шақырымдық газ құбыры қараша айында пайдалануға берілді. Облыс əкімі Б.Сапарбаев газды алғаш пайдаланған 87 жастағы Күлəш Файзрахманова əжейдің үйіне барып, қуанышымен бөлісті. Бұдан кейін Əуезов атындағы орта мектепте болды. Зайсан ауданының əкімі Алмас Оңдақановтың айтуынша, көгілдір отын 470 үйге қосылыпты. Жұмыс одан əрі жалғасу үстінде. Келер жылы 9 елді мекенге газ құбыры тартылмақ. «Туған елге – тағзым!», «Туған ел – алтын бесігім!» акцияларының бес жылдығы кең көлемде аталып өтті. Айтулы оқиғаға арналған салтанатты жиын Жарма ауданының орталығы Қалбатау ауылында өтті. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев мəдениет пен өнер саласының үздіктеріне бағалы сыйлықтар табыстады. Жүлде алған озаттарға құрмет көрсетілді. Облыс əкімінің орынбасары Жақсылық Омар 2009-2011 жылдары 40-тан астам қонақүй, мейрамхана, сауда үйлері мен тұрмыстық қызмет көрсететін нысандар пайдалануға берілгенін тілге тиек етті. Жақында бұл шараның бесжылдығы Өскеменде де аталып өтті. Онда қайырымдылық шараларына белсене араласқан, өз қаржыларына қонақ үйлер, мəдениет мекемелері мен спорт кешендерін салып берген 18 азамат облыс əкімінің Алғыс хаттарына ие болды. Бес жылда өңірден шыққан іскер азаматтар 20 миллиард теңгеден астам өз қаржыларын қайырымдылық шараларына жұмсапты. Шығыс Қазақстан облысы қашан да алдыңғы орыннан көрініп жүр. Тамыз айында өңір басшысы Б.Сапарбаев облыстар арасында бірінші болып Астанада брифинг өткізіп, қол жеткізген табыстар жайлы айтып берді. Индустриялық жобалар бойынша көш басында келе жатқан өңірдің экономикалық əлеуеті елді қызықтырды. Қазан айында Алматы қаласында

Тїркі дїниесініѕ тўтастануына арналды

Өңірдегі есте қалатын маңызды оқиғаның бірі – Өскеменде өткен «Алтай – түркі əлемінің алтын бесігі» ІІ халықаралық форумы. Халықаралық ғылыми-практикалық конференциямен басталған дүбірлі жиынға республика Мəдениет жəне ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, атақты ақын Олжас Сүлейменов, академик Жабайхан Əбділдин, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы

қатысқан Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы Жанна Құрманғалиева министр Мұхтар ҚұлМұхаммедтің құттықтау хатын оқып берді. Ғылыми-практикалық конференцияда жазушының қаламдас достары мен інілері Төлен Əбдік, Кəдірбек Сегізбаев, Марат Мəжитов, Əлібек Асқаров, Қайырды Назырбаев, Дидахмет

Шығыс Қазақстанның мəдени күндері ұйымдастырылды. Оған Бибігүл Төлегенова, Майра Ілиясова, Толқын Забирова, Вячеслав Ткач, Гүлдана Ноғайбаева, Əсел Нұрланова, Нұргүл Қабдоллаева тəрізді өнер жұлдыздары қатысып, келушілерді əнге бөледі. Жəрмеңкеде ондаған тонна ет пен Алтай балы саудаланды. Сондай-ақ, Астана

қаласында да Шығыс Қазақстанның мəдени күндері жалғасын тапты.

Ќазаќстан футболына бір єасыр

Семей қаласында Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойы ел есінде қалатындай тартымды өтті. Оған сонау 60-70 жылдардағы футбол жұлдыздары қатысты. Осы мереке шеңберінде «Спартак» командасы мен ардагерлер арасындағы жолдастық кездесу тартымды өтті. Облыста футболдан екі команда бар. Семейдің «Спартагы» келер жылдан бастап супертопта өнер көрсетпек. Өңірде спортқа ерекше көңіл бөлудің нəтижесінде саңлақтарымыз топ жара бастады. Өскеменде жекпе-жек сарайы салтанаты жағдайда ашылып, оған даңқты балуан Дəулет Тұрлықанов, Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова, бокстан Əлем чемпионы Мерей Ақшалов қатысты. Жақын арада жеңіл атлетика манежі іске қосылмақ. Жүзу кешені құрылысы да аяқталып қалды. Жыл басынан бері өңірде жүздеген мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті. Спортқа көңіл бөлудің арқасында Шығыстың өрендері өңірдің атағын шығарып келеді. Жақында облыс əкімі атақты шаңғышы Алексей Полторанинге құрмет көрсетіп, Риддер қаласынан үш бөлмелі пəтердің кілтін табыс етті.

Тўѕєыш Президент кїніне орай ґткізілген онкїндік

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеуге арналған онкүндікті өткізу жөніндегі бастаманы алғашқы болып көтерген біздің өңір. Ең алдымен он күн бойы түрлі шаралар өтті. Шығыс ауылында пəтер кілттерін алған 12 отбасы қоныс тойын жасады. Семей қаласында 50 отбасы жаңа пəтерлерге ие болды. Шемонаиха қаласында «Туған тілім – ардағым» атты форум өтіп, жаңа мектеп-интернат пайдалануға берілді. Онкүндікте Өскеменде 78 пəтерлік тұрғын үй пайдалануға беріліп, 22 көпбалалы аналар, жетім балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері қуанышқа кенелді. Қамысты ауылында 12 үй салынып бітуге таяу. Ұлан ауданының Айыртау ауылында əлеуметтік дүкен мен жаңа дəмхана, Үржар ауданында да бірқатар əлеуметтік нысандар ашылды. Үржарда екі жыл ішінде салынып жатқан 8 мектептің пайдалануға берілетінін де айта кеткен жөн. Оның төртеуі есігін айқара ашты. Күршім, Көкпекті аудандарын байланыстырып тұрған «Күршім» паромы күрделі жөндеуден өтіп, оның салтанатты ашылуына өңір басшысы, аудан тұрғындары қатысты. Абай, Бесқарағай, Жарма, Аягөз, Тарбағатай, Зайсан жəне басқа аудандарда да онкүндік кезінде жүздеген ғимарат ашылды. Риддерде соңғы 30 жылда бірде-бір тұрғын үй салынбаған екен. Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында 60 пəтерлік тұрғын үй, 50 орындық балабақша ашылды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша да əлеуметтік нысандар Жаңа жыл қарсаңында ашылып жатыр. Шағын қалалар тізіміне енген Риддер, Зырян, Серебрянка, Курчатов қалаларына ондаған миллиард теңге қаржы бөлініп, экономика мен ауыл шаруашылығына да қан жүгіре бастады. Өңірде қазіргі таңда 50 елді мекен тірек ауылдары тізіміне еніп отыр. Ауылдар адам танымастай өзгерді. Шығыс Қазақстан облысының еңбеккерлері 2013 жылды толайым табыстармен қорытындылап отыр. Та биғат-ана сыйлаған ен байлықты халық игілігіне жаратып, адамдардың əлеуметтік жағдайларын жақсартуда міне, осындай оңды істер атқарылып жатыр. «Қазақстан-2050» Стратегиясында атап көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында көп ізденіс пен ілкімділіктің қажет екені айтпаса да белгілі. Шырайы кірген Шығыстың əлеуеті арта беріп, халықтың əлеуметтік жағдайы дұрыстала беретіні сөзсіз. Шығыс Қазақстан облысы.


Əлеуметтік саќтандыру əлеуеті Ел Конституциясының нормаларын орындау жəне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жəне Елбасының «Əлеуметтік жаңғырту: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында қойылған міндеттер мен талаптарды жүзеге асыру тұрғысында мемлекет саясатының басты басымдығы адам капиталының дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасының өсуі болып саналады. Осы мақсатта іске асырылатын əлеуметтік бағдарламалар – жұмыспен қамтуды сақтауға, табыс көлемін арттыруға, халықты əлеуметтік қорғауға бағытталған. Гүлбағила БОЛАТБЕКОВА,

«Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Стратегиялық даму жəне инвестициялық басқару департаментінің директоры.

«Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңына сəйкес зейнетақы төлемдерін алушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жəне оның аумағында табыс əкелетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, қызметкерлер, өзiнөзi жұмыспен қамтыған адамдар мiндеттi əлеуметтiк сақтандыруға жатады. Əлеуметтiк аударымдарды төлеушi – Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорына (бұдан əрі – Қор) əлеуметтiк аударымдарды есептеудi жəне төлеудi жүзеге асыратын жұмыс берушi немесе өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам. Заңда қолдануға болатын – өздерiне табыс əкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн жеке кəсiпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам болып табылады. Əлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi – жұмыс берушiнiң қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн табыс түрiнде төлейтiн шығыстары, ал өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамның əлеуметтiк аударымдарын есептеуге арналған объектісі оның алатын табыстары болып табылады. Əлеуметтiк аударымдардың мөлшері əлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсiнің 5 %-ын құрайды. Егер күнтізбелік ай үшін əлеуметтiк аударымдарды есептеу объектiсi республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген жалақының төменгі мөлшерінен (бұдан əрі – ЖТМ) кем болса, онда əлеуметтік аударымдардың мөлшері 1 ЖТМ анықталады. Сонымен қатар, əлеуметтік аударымдарды есептеу үшін ай сайынғы табыс 10 ЖТМ-ден аспайтын мөлшерде қабылданады. «2014-2016 жылдарға арналған

 Бəрекелді!

Талдыќорєандыќтардыѕ таєы бір ќуанышы 50 пəтерлі коммуналдыќ-тўрєын їй əлеуметтік тўрєыдан аз ќамтылєан отбасыларына берілді Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Тəуелсіздік күні қарсаңында талдықорғандықтар тағы бір қуанышқа кенелді. Осыған дейін қаланың шығысында Қаратал, батысында Жастар ықшамаудандары бой көтеріп, облыс орталығының сəні мен салтанатын асырғаны мəлім. Енді қаланың оңтүстігіне де қан жүгіріп, уақыт талабына сай дамытылып, кеңестік дəуірден кейін қаңырап тұрған ғимараттар қайта жөндеуден өтіп, көпқабатты тұрғын үйлерге айналуда. Мұны Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсахановтың мемлекеттік саясатқа сай жасаған қадамы деп те бағалаған дұрыс. Өйткені, 50 пəтерлі коммуналдық-тұрғын үйдегі бір, екі бөлмелі пəтерлердің кілті əлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар, яғни мүгедектер, көпбалалы аналар, толық емес отбасылар, зейнеткерлер, жетімдер, ҰОС жəне ауған соғысы ардагерлеріне тапсырылды. Пайдалануға берілген нысанға инженерлік-коммуникациялық жəне абаттандыру жұмыстары сапалы жүргізілген. Автотұрақ, балалар ойынына арналған алаң, түрлі ағаш көшеттерін тігетін жəне газон егетін орын да қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус құрылғылары да ұмыт қалмаған. Айта кетер жайт, «Өмірімде бірінші рет қуанып отырмын» деп ағынан жарылған жарымжан ана мен көпбалалы ана, жалпы, пəтер кілтін аламыз ба, алмаймыз ба деп дүдəмал күйде жүрген жандар дүйім жұрттың алдында облыс əкіміне алғысын ағытуы болды. «Жергілікті бюджет есебінен қайта жөнделіп қол жеткізген бұл қуанышымыз – Елбасының ерен еңбегімен келген Тəуелсіздік күніне тартуымыз» деді Аңсар Мұсаханов. ТАЛДЫҚОРҒАН. 20.07.2004 жылы қайтыс болған Досболова Əтіркүлдің мүлкіне істің ашылуына байланысты, барлық мұрагерлерін Қызылорда қаласының нотариусы Өмірзақ Сəуле Өмірзаққызының кеңсесіне өтініш берулерін сұраймыз. Мекенжайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі, 7/16, тел. 275878, 8 7057876805.

9

www.egemen.kz

24 желтоқсан 2013 жыл

Төлеушілердің (жұмыс берушілер жəне (немесе) өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар) жалдамалы қызметкерлер үшін əлеуметтік аударымдарды уақытында жəне толықтай төлеуі төмендегідей əлеуметтік тəуекелдер туған жағдайда Қордан төленетін тиісті əлеуметтік төлемдерді қамтамасыз етеді: Еңбек ету қабілетінен айырылған, асыраушысынан айырылған, жұмысынан айырылған жəне бір жасқа толғанға дейінгі бала күтімі жағдайына əлеуметтік төлем тағайындағанда əлеуметтік аударымдар төленген соңғы 24 күнтізбелік айдағы қызметкердің ай сайынғы табысы ескеріледі. Жүктілігі, босануы жəне жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы жағдайына əлеуметтік төлемдер тағайындау үшін əлеуметтік аударымдар төленген соңғы 12 күнтізбелік айдағы қызметкердің ай сайынғы табысы ескеріледі. Осылайша, міндетті əлеуметтік сақтандыру

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік тәуекелдердің түрлері МӘСҚ Төленетін әлеуметтік төлемдер

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда ай сайынғы төленетін әлеуметтік төлем

10% МЗЖ, БЖЗҚ

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем

Жұмысынан айырылған 10% МЗЖ, жағдайда төленетін ай сайынғы БЖЗҚ әлеуметтік төлем

республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №148-V Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖТМ 19 966 теңгені құрайды. Осыған байланысты 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап əлеуметтік аударымдардың төменгі мөлшері 998,3 теңге (5 %*1 ЖТМ = 5 %* 19 966 теңге), ал жоғарғы мөлшері – 9 983 теңге (5 % * 10 ЖТМ = 5 % * 199 660 теңге). Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар үшін əлеуметтік аударымдардың төменгі мөлшері 1 ЖТМ табыстан анықталады, ал жоғарғы мөлшері есепті кезең үшін əлеуметтік салық есептелген сомадан аспау қажет. Уақытында аударылмаған əлеуметтік аударымдар сомасын салық органдары өндіріп алады немесе төлеуші есептелген өсімақысымен қоса аударады.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуына байланысты төленетін бір реттік әлеуметтік төлем Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлем

10% МЗЖ,

 Кəсібің – нəсібің Меркі ауданында Маделі Қадырқұлов есімді досым бар. Оның үй тұрмысына қажетті терезе шығаратын мекемесі бар. Жұмыс жасап жатқанына шамамен 7-8 жыл болып қалды. Бірде мен де үйімнің ауласында отырып, терең ойға батып кеттім. Ойыма «өзіміздің Шу ауданынан осындай орын ашсам қалай болады екен?» – деген идея келді. Есептеп көрсем, оны ашу үшін кемінде 1,5 млн. теңге қажет. Бірақ, мұнша ақшаны кайдан аламын?

Тапсырыс кґп, тапшылыќ жоќ Ґз ісіѕді ашу ќиын емес екен

Ел аузынан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Үкіметтен 7 пайызбен несие берілетінін көп еститінмін. Бірақ, күмəнданушы едім. Сонда да, үмітімді үзбей сұрастыра жүріп, бар қажетті кұжаттарды жинастырып, аудан əкімдігінің жұмыспен қамту бөліміне бардым. Мені онда жылы шыраймен қарсы алды. Жауапты қызметкерлерге келген себебімді түсіндіріп айттым. Олар дайындалған құжаттарды қарап шығып, 2-3 күннің ішінде қажетті соманы алуыма болатындығын жеткізді. Мұны естігеннен кейін қатты қуанып қалдым. Арада ол күндер де өте шықты. Аталмыш бағдарлама нəтижесінде 2 млн. теңге көлеміндегі қаражатты қолыма алдым. Ең алдымен, жұмыс жасайтын орын іздестірдім. Оны тапқаннан кейін қажетті станоктарды жеткізіп алдым. Содан кейін, уақыт өткізбей жұмысымды бастап кеттім. Бұл жұмыстың бастамасына Меркідегі жолдасымның қол астында жұмыс жасайтын екі жігіт келіп қолұшын берді. Күннен-күнге жұмысым алға басты. Аллаға мың да бір шүкір, бүгінде тапсырыс көп, тапшылық жоқ. 2011 жылдың соңында бұл ісім оңға басып, тынымсыз жұмыс істедік. Ауданымыздың біраз тұрғындары тапсырыстар беріп, кейде үлгермей де қалатын күндер болатын. Дегенмен, тапсырысты уақтылы өткізу керек. Осыған орай, түнгі ұйқыны төрт бөліп, жұмыс істеген

күндеріміз де болған. Сол жылдың кыс мезгілінде ауа райына байланысты 1-2 ай жұмыс тоқтап тұрды. 2012 жылдың көктем айынан бастап, кызу жұмыс кайта басталды. Бұл кезде, тіпті алдын ала тапсырыстар беріліп қойған еді. Намысқа тырысып, оны да атқардық. Бүгінгі таңда жұмыс қарқыны жақсы. Сұраныс күннен-күнге артып жатыр. Тіпті, Мойынқұм ауданынан да тапсырыстар келеді. Біз тапсырыстың 1 шаршы метрін 12 500 теңгеге жасаймыз. Оның ішіне көзделген орынға жеткізіп беру, орнату жəне басқа да қызметтер кіреді. Жалпы, бағдарлама жайында айтар болсам, ол өте тиімді. Белгілі бір кəсіппен айналысамын деушілерге көптеген жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жасалған. Берілетін несиенің пайызы да қолайлы. Сондай-ақ, бастаған істі аяқтандырып, жұмыстың көзін тапқанша бір жарым жыл несиені төлемеуге болады. Бұл уақытта біраз жұмысқа үлгеруге болады. Өзімдей қарапайым азаматтарға айтарым, бастар істен қорықпай, алға мақсат қойып, жұмыс атқарыңыздар. Еліміздің, ауданымыздың көркеюіне, дамуына, өсуіне өз үлесімізді қосайық. Өйткені, бұл біздің балаларымыздың болашағы. Жантелі ОМАРОВ.

Жамбыл облысы, Меркі ауданы.

БЖЗҚ

10% МЗЖ, БЖЗҚ

Асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнен басқа МӘСҚ төленетін барлық әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) ұсталып қалады және БЖЗҚ жіберіледі

жұмыс істейтін халықты əлеуметтік қорғаудың қосымша түрі болып табылады. Қазақстандағы халықты əлеуметтік қорғау жүйесі – əлеуметтік сақтандыру жүйесі мен мемлекеттік əлеуметтік қамсыздандыруды біріктіретін, өзін əлеуметтік қорғау үшін азаматтардың жеке жауапкершілігі мен жұмыс берушілердің жəне мемлекеттің ынтымақты жауапкершілігі қағидаттарына құрылған. Қор қызметінің стратегиялық бағыттары міндетті əлеуметтік сақтандырудың тұрақтылығына жетудегі мемлекеттік мақсаттар үшін үйлестірілген шараларды жүргізуге жəне əлеуметтік сақтандырудың жалпыға белгілі əлемдік базалық қағидаттары мен əлеуметтік əділеттілікті ескере отырып, қолданылатын ресурстардың тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 28-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «Интертич» Денсаулық сақтау мен Медициналық Сақтандырудың Қазақ Корпорациясы» АҚ-мен жергілікті кызметкерлерді сақтандыру жөніндегі келісімшартына тұрғанын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға –75 630 240 (жетпіс бес миллион алты жүз отыз мың екі жүз қырық) теңге. Міндетті жергілікті қамту (пайыз есебімен) – 91 %. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с АО «Казахская корпорация здравоохранения и медицинского страхования «Интертич» по предоставлению страховых услуг для местного персонала, в соответствии с подпунктом 28,пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком 75 630 240 (семьдесят пять миллионов шестьсот тридцать тысячи двести сорок) тенге.Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 91 %. «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 11-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «СпецЭлектроМонтаж» ЖШСмен өртті сөндіру жүйесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі келісімшартына тұрғанын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 2 016 000 (екі миллион он алты мың) теңге. Міндетті жергілікті қамту (пайыз есебімен) – 100 %. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с ТОО «СпецЭлектроМонтаж» по предоставлению технического обслуживания системы пожаротушения, в соответствии с подпунктом 11, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком 2 016 000 (два миллиона шестнадцать тысячи) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 100 %.

«Запорожье» ЖШС 2014 жылғы 9 қаңтарда Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Запорожье ауылы мекенжайында мынадай күн тəрті бімен жиналыс болатындығы туралы өз қатысушыларына хабарлайды. 1. «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-тан айналымдағы қаржыны толықтыру үшін займдар немесе кредиттік желілер алу, сондай-ақ қолданыстағы займдарды ұзарту. 2. «Запорожье» ЖШС міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде «Қазақстан Эксимбанкі» АҚ-ға жылжитын жəне/немесе жылжымайтын мүлікті кепілге беру. 3. «Запорожье» ЖШС атқарушы органына жоғарыда көрсетілген шартпен кепілге берудің банктік займын немесе кредиттік желі алу бойынша мəмілелер жасауға барлық өкілеттіктерді беру.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 24-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен Куталиева М.О. ЖК-мен сурет сатып алу жөніндегі келісімшартына тұрғанын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 330 000 (үш жүз отыз мың) теңге. Міндетті жергілікті қамту (пайыз есебімен) – 0 %. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с ИП Куталиевой М.О. на услуги по закупке картин, в соответствии с подпунктом 24, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком 330 000 (триста тридцать тысячи) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 0 %. «Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 ақпандағы № 133 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 272-тармағының 30-тармақшасына сəйкес бір көз негізінен «ИНФОТЕХ & СЕРВИС» ЖШС-мен «ПАРАГРАФ» ақпараттық жүйесінің қызметі жөніндегі келісімшартына тұрғанын хабарлайды. Жабдықтаушы ұсынған баға – 3 604 800 (үш миллион алты жүз төрт мың сегіз жүз) теңге. Міндетті жергілікті қамту (пайыз есебімен) – 100 %. Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау, настоящим объявляет о заключении договора способом из одного источника с ТОО «ИНФОТЕХ & СЕРВИС» по предоставлению комплекта Информационной Системы «ПАРАГРАФ», в соответствии с подпунктом 30, пункта 272, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 февраля 2013 года № 133. Цена, предложенная поставщиком 3 604 800 (три миллиона шестьсот четыре тысячи восемьсот) тенге. Обязательства по местному содержанию (в процентах) – 100 %.

«Электроэнергетика туралы» Заңның 12-бабының 3-тармағы 5-тармақшасына сəйкес, «Жанажолская ГТЭС» ЖШС 2014 жылға инвестициялық міндеттемелерді атқару туралы Келісімде қарастырылған, инвестициялардың көлемі жəне бағытталуы туралы мəліметтерді ұсынады. № Атауы р/с 1 «ЖГТЭС-ті 152 Мвт-ға дейінгі қуаттылыққа жеткізіп кеңейту» жобасын жүзеге асыру 2 «Жанажол-КС-13» МГ-дан ЖГТЭС-ке дейін газ құбырының құрылысы 3 Өрт сөндіру депосының құрылысы 4 АСУТП енгізу 5 Қолданыстағы активтерді жаңарту, қолдау, жаңғырту жəне техникалық қайта жарақтандыру 6 Жиыны:

Қаржы ресурстары мың теңгемен 1 552 381 50 108 54 309 334 004 99 500 2 090 302

 Еске алу

Аяулы азамат еді Көнекөз қариялар «о дүниеге де жақсы адамдар керек» деп отырушы еді. Өкінішке орай, сол сөздің растығына көзіміз жеткендей. Біздің аяулы досымыз, Зайсан ауданының құрметті азаматы, сонау 60-70-жылдары бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі болып, республикалық жарыстарда топ жарған, шаңғыдан да тамаша нəтижелер көрсеткен Марат Айтмұханбетұлы Орманбетовті ажал небəрі 66 жасында арамыздан алып кетті. Амал бар ма, артында аңырап зайыбы Гүлмира Зəкенқызы, қыздары мен неме релері қалды. Гүлмира кезінде «Егемен Қазақстан» газетінде ұзақ жылдар жемісті қызмет атқарған елімізге аты мəлім журналист, жазушы, Шығыстың аяулы азаматы, марқұм Кеңесхан Зəкеновтің туған қарындасы. Мараттың əкесі Айтмұханбет Орманбетов те ел басқарған, халық қошеметіне бөленген жан еді. Анасы Бəтіш апай екеуінің адамгершілік қасиеттерін көнекөз зайсандықтар əлі күнге дейін жыр етіп айтып отырады. Енді, міне, Мараттың өзі де бақилыққа аттанды. Марат сонау 1963 жылы Өскемен индустриялық техникумына оқуға түскен соң спорттың бокс жəне шаңғы түрімен мықтап шұғылдана бастайды. Азаматтық борышын өтеп жүрген кезде КСРО Қарулы Күштері арасындағы сайыста сан мəрте топ жарды. 1974 жылы Өскемен пединститутының денешынықтыру факультетін аяқтап, Зайсандағы орта мектепте дене тəрбиесінен сабақ береді. Сосын Зайсандағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде директор қызметінде жүргенде шəкірттерінің үлкен спортты сүюіне құштарлығын оятады. Мичурин кеңшарында жұмысшылар комитетінің төрағасы, Пржевальский ауылдық кеңесінің төрағасы, аудандық атқару комитетінде жауапты қызметте болып, 12 жыл аудандық оқу бөлімінің бастығы,

бес жыл аудандық мұрағат бөлімін басқарады. Соңғы алты жылда облыстық мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы бастығының орын басары қызметін атқарып, зейнеткерлікке шыққаннан кейін де өзі ұнататын спорт саласында адал қызмет етті. Марат өзінің адал, қарапайым мінезімен достарының арасында ерекшеленіп тұратын. Дайыр ауылдық округі бойынша аудандық мəслихаттың депутаты болған кезде ауылға су құбырын тартқызып, қосымша телефон нүктесін орнатқызып, мектептің материалдық базасын нығайтуға жағдай жасады. Марат досымыздың жарқын бейнесі ұмытылмайды. Өмірлік қосағы, 35 жыл ұстаз болған Гүлмира Зəкенқызы, қыздары Айжан, Динара, Гүлнұр, күйеу балалары Елдос, Нұрлан, Аслан, 9 немересіне, туысжұрағаттарына көңіл айта отырып, қайғыға мойымай, алдағы күндерден тек жақсылық тілейміз. Шығыс өңіріне сыйлы азамат Марат Айтмұханбетұлының пейіште нұры шалқып, жаны жəннатта болсын. Еске алушылар – Жанəділ Атаевтың, Оңдасын Елубайдың, Сұңғат Əліпбайдың отбасылары.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ұжымы талдау жəне мониторинг бөлімінің басшысы Евгения Жүсіпқызы Өмірқұловаға анасы Дəмеш Шалтақбайқызы ТӨЛЕГЕНОВАНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

24 желтоқсан 2013 жыл

 Үйренетін үрдіс

 Театр

Əкім студенттермен кездесті

Кездесуді Еуразия ұлттық университетінің ректоры Е.Сыдықов қысқаша сөз сөйлеп ашты. Одан соң Бердібек Мəшбекұлы жиналғандарға облыстың əлеуметтікэкономикалық даму қарқыны туралы баяндады. Облыс əкімі еліміздің түкпір-түкпірінде білім алып жатқан жастарды жұмыспен қамтудың басты назарда екенін айтты. Осы мақсатпен «Түлек» акциясы қолға алыныпты. Кездесу барысында облыс басшысына бірқатар тілектер де айтылды. Жазушы Т.Əбдірайымов Шығыстың тумасы Зəки Ахметовтың шығармаларын баспадан шығару ісін қолға алу қажеттігін айтса, телерадио жəне қоғаммен байланыс кафедрасының доценті М.Жақып Семей қаласының төріне Дулат Бабатайұлының ескерткішін орнатуды ұсынды. Б.Сапарбаев бұл кездесудің еліміздің əртүрлі аумағында білім алып жатқан шы ғысқазақстандық студенттердің халжағдайымен танысу, оларды туған өлкелерін де еңбек етуге шақыру мақсатында ұйым дастырылғанын еске салды. Бұған дейін де ол Астана қаласындағы Назарбаев университетінің, Алматыдағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерімен кездесулер өткізіпті. Бердібек Мəшбекұлы Астана қаласында оқитын 30 үздік студентке сыйақы табыстады. Ал Еуразия ұлттық университетіне əкімдік атынан шағын автобус сыйлады.

Шығыс Қазақстан облысының əкімі Бердібек Сапарбаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласында оқып жатқан шығысқазақстандық студенттермен жəне спортшылармен жүздесті.

Елордадағы Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында журналист, драматург Думан Рамазанның пьесасы негізінде белгілі режиссер Болат Ұзақов сахналаған «Абылай ханның арманы» қойылымы көрермен көзайымына айналды.

Елім деген ер бабалар Жас қаламгер мен танымал режиссердің тарихи туындыны таңдауда осымен екінші мəрте жолдары тоғысып отыр. Еске сала кетер болсақ, 2010 жылы шығармашылық дуэттің үндесуімен «Кенесары – Күнімжан» тарихи шығармасы дүниеге келген болатын. Ел іші ала тайдай бүлінген кешегі аласапыран замандардың қатпарында қалып қойған əлі қаншама қазына жатыр десеңші. Тарихтың тереңінен маржан терген сайын бұрын-соңды кезікпеген талайталай құндылықтың құндағы ашыла түседі. Соның бір белесі алты Алаштың баласының басын қосқан Абылай ханның 300 жылдық құрметіне елордалық театр сахналаған туындыда көрініс табады. Оқиға Абылай ханның жоңғар тұтқынына түскен кезінен басталады. Мұнда негізінен ба тыр бабаның қазақ халқын қиын-қыстау кезеңнен алып шығу жолындағы жанқияр батылдығы мен көрегендігі баяндалады. Егер сол уақытта дəл мұндай сарабдал да салиқалы көшбасшы болмағанда, қазақ халқы жоңғарлардың кебін киіп, жер бетінен ұлт ретінде мүлде жойылып кетуі əбден мүмкін еді. Сахналық туынды негізінен Абылайдың көшбасшылық қасиетімен бірге адами болмысбітімін, қайраткерлігін, саясаткерлігін, ержүрек батылдығы мен асқан ақыл-ой иесі екендігін ашып көрсетуге көбірек ден қояды. Ел бастаған көсемдігі мен қол бастаған батылдығының

Камшат ЖҰБАТХАНОВА, Еуразия ұлттық университетінің студенті.

 Тұсаукесер Жуырда елордада қазақстандық «Дода» көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Фильм Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының тапсырысымен, «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қоры мен «Нұр Отан» партиясының қолдауымен түсірілген.

«Дода» ўлттыќ ќўндылыќты дəріптейді «Шапағат Сервис» компаниясы түсірген фильмнің бас режиссері – Елдар Қапаров, бас продюсері – Артықбек Болғанбаев. Басты рөлдерде Нышанбек Жұбанаев, Еркебұлан Дайыров жəне Айгерім Құламбаевалар ойнаған. «Ұлттық ойын көкпар мен отба сы құндылықтарын дəріптеу фильмнің негізгі идеясы етіп алынған. Біз құқық қорғау органдарының нақты түсірілімдерін пайдалана отырып детективті сюжет жасауды шештік. Сондайақ, жолдағы ірі қылмыстар, үлкен жүк көліктерін тонаудың қойылымдық түсірілімдері жүргізілді. Кинотуындыда махаббат та, спорт та, шынайы достық та бей неленеді. Режиссер ретінде мен үшін техникалық жұмыстар қызғылықты болды, өйткені, жұмыстың 90 пайызы ашық аспан астында жүргізілді», – деді режиссер Елдар Қапаров. Қазақстандық көрермендер «Дода» картинасын жаңа жылдың басында көре алады. Фильмнің премьерасы 2014 жылғы қаңтардың соңына белгіленген. «Егемен-ақпарат».

Бүгін «Егемен Қазақстанның» интернет-басылымынан (www.egemen.kz) мына хабарлармен таныса аласыздар: Қарағандыда марал шаруашылығын дамытуға көңіл бөліне бастады. Калининград қаласы түбінде құны 1 млрд. рубль тұратын жақұт табылды. Applе ноутбуктері өз иелеріне қарсы тыңшылық құралына айналуы мүмкін. Ресейдің жүкті əйелдері 4 жылға дейін демалысқа жіберілетін болды. Францияда тұңғыш рет науқасқа жасанды жүрек қойылды.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Жаѕа шекара бекеті Жамбыл облысындағы Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекара шебінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Оңтүстік» өңірлік басқармасы Қордай шекара отрядында «Сортөбе» шекара бекетінің салтанатты ашылу рəсімі өтті. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын жайластыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында еліміздің оңтүстік жəне шығыс өңірлерінде биылғы жылы 20 бөлімше іске қосылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Əбіқаев «Сортөбе» бекетін аша отырып, бөлімше бастығына рəміздік кілтті тапсырды. Сонымен бірге, ол мемлекеттік шекараны жайластыру ауқымды мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда кезекті қадам жасалғандығын, тек 2013 жылы жаңа талаптарға сай 20 шекара бекетінің іске қосылғандығын атап өтті.

– Еліміздің іргесін бекемдеу мақсатында салынған бұл «Сортөбе» шекара бекеті заман талабына сай соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған. Радиолокациялық, бейнебақы лау аппараттары, бір өзі бірнеше функцияны атқаратын қондырғылар, ауа райы мен табиғи жағдайдың барлық өзгері сіне ыңғайландырылған мобильді техника жəне қозғалыс құрал дарының қажетті түрлерімен қамтамасыз етіліп отыр. Мемле кетіміздің тəуелсіздігі мен тұтастығын сақтау үшін ел шекарасын бекемдеу керек. Ұлттық қауіпсіздік мəселесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ерекше мəн беріп, барынша көңіл бөлуде, – деді Нұртай Əбіқайұлы. Комитет басшысының қолынан бекет шекарашылары

 Жағымды жаңалық

Куанышы кґп кїн «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында бүгінге дейін облыста 65,7 мың шаршы метрді құрайтын 594 баспана қолданысқа берілсе, жыл аяғына дейін 1252-ге дейін жеткізілмек. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

«Жас өркен», «Береке» секілді жаңа ықшамаудандар бой көтерді. Тəуелсіздік мерекесінде облыс əкімі Самат Ескендіров қоныстанушыларға 55 пəтерлі ипотекалық үйдің кілтін тапсырды. Ал, жас отбасылар үшін 75 пəтерлі тұрғын үйдің есігі айқара ашылды. Осы күні «Алпамыс» балабақшасының ашылу салтанаты болды. Онда 4 топ құрылып, 64 бүлдіршін мемлекеттік тілде тəлім-тəрбие алады. «Қазпошта» АҚ жергілікті филиалының бөлімшелеріне 18 «УАЗ» автокөлігі тарту етілді. Петропавл № 2 жылу электр орталығында «Қайта құру жəне жарақтандыру инвестициялық» бағдарламасы шеңберінде жаңа турбина іске қосылса, «Севказэнергосбыт» ЖШС жанынан қызмет көрсету орталығы өз жұмысын бастады. Солтүстік Қазақстан облысы.

 Мəссаған! Облыстық қаржы полициясының қызметкерлері құны 1 миллион 620 мың АҚШ доллары тұратын тепловоздарды заңсыз сыртқа шығару фактісін анықтады. Осыған байланысты қаржы полициясы «Желдоркомпания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі лауазымды адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғады.

жаңа пəтерлердің кілттерін алды. Парламент Сенатының депутаттары, Жамбыл облысының əкімі жəне басқа да шақырылған қонақтар шекара қалашығының инфрақұрылымымен, сондайақ, автокөлік жəне шекаралық қызметке қолданылатын арнайы техникалармен танысты. Оларға кезекші бөлімінен бастап офицерлер тұратын үйлерге дейін көрсетіліп, шекара сақшылары биылғы жылы алынған автомобильдер мен арнаулы техникалардың қалай жұмыс істейтіндігін іс жүзінде көрсетті. «Сортөбе» шекара бекетінде тиісті аймақты алыстан бақылау корпусы мен спорт залы, тікұшақ қонатын алаң, қызметкерлердің демалатын орны жəне шекаралық қызметтің аттары мен иттерін бағатын шағын қора-жайы да бар. Толықтай жабдықталған мұндай бекеттер елдің эконо микалық ахуалын да танытады. Сонымен қатар, былтыр ғана қабылдаған Шекара туралы Заң

да мемлекеттің тұтастығы мен ел тыныштығын сақтау міндетіне қызмет етеді. Айта кету керек, соңғы 2-3 жылдың көлемінде Жамбыл облысында 12 шекара бекеті пайдалануға беріліп отыр. Бір ғана Қордай ауданының өзінде 5 бекет салынуда. Шекара қызметі үшін бой көтерген бекеттер мемлекет территориясының тұтастығын сақтаумен қатар, сол өңірдегі кішігірім ауылдар мен елді мекендердің жағдайына да жағымды əсер етуде. Жаңа мектеп, балабақша мен емхана салынып, тақтайдай тас жол түсуде. «Сортөбе» шекара бекетін «Промхиммонтаж» АҚ 11 айда соғып, белгіленген мерзімде тапсырып отыр. Депутаттар Қазақстан шекарашыларының халық пен елдің мүддесіне риясыз қызмет ететіндігіне, əскери антқа жəне қызметтік парызға адал болатындығына сенім білдірді. АЛМАТЫ.

 Тіршілік түйткілдері

«Егемен-ақпарат». ––––––––––––––––––

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Желтоқсан. Далада қақаған аяз. От жағылмаған үйдің іші де тым салқын. Бөлменің бір бұрышында көрпеге оранып, қатты тоңған Əділет отыр. Жанында электрлі жылытқыш пеші, бөлмені жылытуға қауқары жетер емес.

Мўз болып ќатќан кґз жасы Бұл үйде төрт айдан бері тіршіліктің оты сөнгендей. Əділеттің анасы айықпас дерттен көз жұмған болатын. Жарының қазасына шыдай алмаған Ерсін ішімдікке салынып кеткен-ді. Ол əдеттегідей шөлмегін құшақтап, есіктен кіріп келеді. Аяқ жүрісінің дыбысын естіген Əділет: «Əкем таңдайға басар заттар əкелген болар», – деген үмітпен, есікке қарады. Алайда, əкесінің қолында шөлмектен басқа ешнəрсе де жоқ болатын. – Əкешім, қарным ашты. – Балам, сəл шыда. Əкең қазір мына жылытқыш пешті апарып сатады. Оның ақшасына үйге нан сатып

əкеледі, – деп пешті қол тық тап, теңселіп үйден шығып кетті. Əділет əкесін үмітпен ұзақ күтті. Алайда, оның шөлмектес достары кезігіп, сатқан ақшаға нан емес, арақ алып қарық болып жатты. Ертеңіне мастығы тарқағасын, қалған ақшаға азын аулақ нан алып, үйге келді. Үй іші тым-тырыс. – Балам, əкең нан əкелді. Оян қарағым! Ол баласын оянар деп күтті... Бəрі кеш болатын. Ұлының жүзіне назар аударғанында аштықтан аққан көз жасының мұз болып қатып қалғанын көрді. Қожахмет КЕҢЕСБЕКОВ.

Тепловозды да тїгімен жўтты Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Оларға Ресейге ТЭМ-18 маркалы екі тепловозды жөндетеміз деген желеумен заңсыз апарған деген күдік тағылып отыр. Сөйтіп, жалған құжаттар дайындап, тепловозды дайындаған зауыт нөміріне дейін өзгертіп жіберген. Жемқорлар піте секілді, тісі өтсе ешнəр седен қай мықпай жей береді. Енді

оларға тепловоз да түк болмай қалғаны ғой. Ал бұл техника «Желдоркомпания» мен акцияларының бақылау пакеті «Самұрық-Қазына» Ұлттық əл-ауқат қорына тиесілі «Альянсбанк» акционерлік қоғамы филиалының арасындағы қаржылық лизинг келісімшартына сəйкес кепілде тұрған зат екен. Қылмыстық іс тексерілуде. ҚОСТАНАЙ.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

арқасында бар қазақтың басын қосып, ел мен жердің тұтастығын сақтап қалған Абылай заманының мұраты əлі де сол биік күйінде қала бермек. Спектакль осыдан нешеме ғасыр бұрынғы оқиғаға арналғанымен тақырыбы күні бүгінге дейін өте маңызды, себебі, ел бірлігін, ұлт теңдігін насихаттайды. Ал елдік пен бірлікке үндейтін шығарма ешқашан артықтық етпейді. Батыр бабаларымыз ғасырлар бойы көз қарашығындай сақтап келген ұлан-байтақ қазақ даласының азаттығы үшін айқасқан тұлғалар туралы кез келген тарихи туынды біз үшін қымбат та қызықты. Тағы бір айта кетерлігі, тарихи қойылымға театрдың белді де жетекші актерлері түгел қатысты деуге болады. Мысалы, Абылай бейнесін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Сырым Қашқабаев сомдаса, Қалдан Серенді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Боранбай Молдабаев, Жолбарыс сұлтанды Жəнібек Мұсаев, Топыш сұлуды Ақмарал Танабаева, Қазыбек биді Аманжол Молдахмет, үш жүздің билерін Қазақстанның халық əртісі Тілектес Мейрамов, Болат Ыбыраев, Асхат Сұлтан, князь Иван Ураковты ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Нұрланов, Қытай елшісі На-Вангты Дастан Əлімов сомдады.

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 68-59-85; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Динара БІТІКОВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №211 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.