23092015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ўлы Дала елін асќаќтату – ўрпаќ парызы

№182 (28660) 23 ҚЫРКҮЙЕК СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

3-бет Жаћанныѕ жанды жері – Таяу Шыєыс тарабы 4-5-беттер «Кґтеріп ќазыєа салармын»... 6-бет Ќазира əжейдіѕ ши бауырсаєы-ай! 10-бет

● Өзгеріс өлшемі – өндіріс

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады.

26-29 қыркүйекте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-сессиясына қатысу үшін ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен Америка Құрама Штаттарына барады. Елбасы Бас Ассамблеяның Жалпы дебатында баяндама жасап, БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру жəне Орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитке, сондайақ, Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Бас Ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделуде. Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft жəне басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындаєы адамдарды ўстап беру туралы шартты ратификациялау туралы 2015 жылғы 22 қаңтарда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 21 қыркүйек. № 348-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындаєы ќылмыстыќ істер бойынша ґзара ќўќыќтыќ кґмек кґрсету туралы шартты ратификациялау туралы 2015 жылғы 22 қаңтарда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 21 қыркүйек. № 349-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындаєы ќылмыстыќ істер бойынша ќўќыќтыќ кґмек туралы шартты ратификациялау туралы 2014 жылғы 14 қарашада Софияда жасалған Қазақстан Республикасы мен Болгария Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 21 қыркүйек. № 350-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы Ќылмыстыќ істер бойынша ґзара кґмек туралы америкааралыќ конвенцияны ратификациялау туралы 1-бап. 1992 жылғы 23 мамырда Нассауда қабылданған Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенция ратификациялансын. 2-бап. Қазақстан Республикасының атынан орталық орган болып Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 21 қыркүйек. № 351-V ҚРЗ

Балќыту цехында жаѕа пеш іске ќосылды Ақсу ферроқорытпа зауытының металлургтері еліміз Конституциясының 20 жылдығына орай осындай сыйлық жасады. Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

(ERG) Еуразиялық топтың құрамына кіретін еліміздегі «Қазхром» трансұлттық

● 24 қыркүйек – Құрбан айт мейрамы

Мїбəрак мереке ќўтты болсын!

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті бауырлар! Баршаңызды мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын! Айтқа аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар тəн! Халқымыздың сан ғасырдан бергі саналы ғұмырында рухани тірек болған асыл дініміздегі айтулы мереке – Құрбан айт мейрамы айрықша аталып келеді. Ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, мейірім мен кешірімге бастаған мүбəрак мейрам – Құрбан айт құтты болсын! Айт – ағайын арасын жақындастыра түсетін, адамзат баласын имандылыққа ұйытып, қанағат пен тəубеге үндейтін ұлық мереке. Бұл күндері барша мұсылман ізгі амалымен Алланың разылығына бөленеді. Айт күндері қасиетті Меккеде қажылық парызын өтеп жатқан мұсылман үмбеті Жаратушыға жалбарына дұға жасап, құрбандық шалады. Қаржылық мүмкіндігі жоқ адамға құрбан шалу

Таєайындау

Мемлекет басшысының Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен босатылды.

«Бəйтерек» холдингі əлеуметтік жалєа алу тўрєын їй баєдарламасы бойынша ќаржыны игеруде «Нўрлы Жол» мемлекеттік баєдарламасы аясында алматылыќ 275 отбасын ќоныстандыруды бастады Осыдан бес жыл бұрын Алматының солтүстік батысында қанат жайған «Ақкент» шағын ауданына жолымыз түскен-ді. Сол жолы Елбасы аталмыш шағын ауданның алғашқы тұрғындарына мемлекеттік бағдарлама аясында өз қолымен пəтер кілттерін табыстап тұрып, амандық болса халықтың көрер қызығы əлі де алда дегені есімізде. Зымырап жатқан уақыт. Содан бері де «Ақкент» əбден өзгеріпті. Керектінің бəрі айналадан табылатын абаттанған қалашыққа айналыпты. Айнаш ЕСАЛИ, көпшіліктің үстінен түстік. «Егемен Қазақстан». Осылайша, Алматы қаласындағы «Ақкент» тұрғын үй кешеСонымен өткен жұмада «Ақ- нінде «Əлеуметтік жалға берілетін кентке» тағы да қуанышты жағ- тұрғын үй» бағдарламасы аясында дайда жолымыз түсті. Су жаңа қала тұрғындарына пəтер кілтпəтердің кілттерін Алматы қала- тері табыс етілді. Салтанатты сының əкімі Бауыржан Байбектің шараға Алматы қаласының əкімі қолынан алып, қоныс тойларын Бауыржан Байбек, «Бəйте рек» тойлап, жүздері бал-бұл жанған ҰБХ» АҚ басқарма төраға сы

компаниясы» АҚ филиалы – «Ақсу ферроқорытпа зауыты» алып кəсіпорындар қатарында. Өндіріс орнында 7 мыңдай адам еңбек етуде. Жылына 1,2 миллион тонна ферроқорытпа өндіретін зауыт біздің

елімізде ғана емес, əлемдік металлургия нарығындағы алып кəсіпорындардың бірінен саналады. Ал, зауыттың №2 балқыту цехындағы №27 пештің күрделі жөндеуден кейін қайта іске қосылуы кəсіпорынның инвестициялық бағдарламасы аясын да жүзеге асты. Күрделі жөндеу барысында пештің

Қуандық Бишімбаев жəне «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ басқармасының төр ағасы Азамат Ибадуллаев қатысты. Жалпы көлемі 19 195 шаршы метр болатын тұрғын үй кешеніндегі барлық пəтерлер таза əрленген күйінде тапсырылды жəне қоныс аударуға толықтай дайын. Осыншама отбасы үшін естен кетпейтін бақытты күнде алдымен Алматы əкімі иелеріне пəтер кілттерін табыстап тұрып, тұрғын үймен қамтамасыз ету мегаполисті дамытудың басты шарттарының бірі екендігін атап өтті. (Соңы 3-бетте).

– міндет емес. Құрбандық еті ағайын-туыс, көршіқолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектер мен науқас жандарға таратылады. Алланың разылығы үшін құрбан шалу – пенденің иманын күшейтіп, тақуалығын арттырады. Қасиетті Құранда: «Ұмытпаңдар, олардың еті де, қаны да ешқашан Аллаға жетпейді. Оған жететін нəрсе – жүректеріңізге ұялаған тақуалық, Аллаға деген құрмет» («Хаж» сүресі, 37-аят), – деп баяндалған. Мүбəрак мейрамның құрметі үшін барша жамағатты, азаматтарды мүгедектер, жетімдер мен жесірлер, əсіресе, қараусыз қалған ата-аналарға қайырымдылық жасауға шақырамын. Алла Тағала дұға-тілектеріміз бен ізгі амалдарымызды жəне шалған құрбандықтарымызды қабыл еткей. Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, жұмыстарыңызға береке тілеймін. Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.

құрал-жабдықтары түгелімен дерлік ауыстырылып, іргетасы ұлғайтылды. Сонымен бірге, пешке жаңа механикалық, электр жəне мөлшерлеу жабдықтары жəне қазіргі заманғы есептеу жəне өлшеу сандық аспаптары орнатылды. Зауыт мамандарының айтуынша, жаңадан орнатылған бұл құрылғылардың өндірістің техникалық-экономикалық көрсеткіштерін көтеруге мүмкіндік берді. Өйткені, бұған дейін №27 балқыту агрегатында мұндай құрылғылар мүлде болмапты. Нəтижесінде, қайта жөндеу үдерісінде пешке зауыт мамандарының өздері дайындаған қазіргі заманғы жəне сенімді электрмен жабдықтау желілері орнатылған.

Астыќ жинау мен жылыту маусымына дайындыќ ойдаєыдай Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев бастаған бірқатар министрлер баспасөз мəслихатын өткізді. Онда Үкімет отырысында қаралған астық жинау науқаны мен алдағы жылыту маусымына дайындық, сондай-ақ, жекешелендіруге қатысты жұмыстар туралы айтылды. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Осы кезге дейін елімізде 10,6 млн. тонна астық бастырылыпты. «Биылғы жылы көктем кеш келгені мəлім. Соның салдарынан егіс жұмыстары кешірек басталған еді. Бұдан бөлек, басқа дақылдарды егу кезеңінде де бірқатар өңірлерде ауа райы қолайсыз болды. Сондайақ, маусым айында жауын-шашын қажетті мөлшерден кем түсті.

Əріптестік əлеуеті зор

Ќазаќстан арќылы ґтетін Ќытай – Еуропа – Ќытай транзитініѕ контейнерлік сервисі – 3 есе ґсім 21-22 қыркүйекте Ляньюньган қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниясының президенті Асқар Мамин бастаған делегация «Қытай – Жібек жолы» екінші халықаралық логистикалық форум жұмысына қатысты, деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың баспасөз қызметі. Тұтастай алғанда, форумға Қытайдың, Жапонияның, Оңтүстік Кореяның, Қазақстанның, Тайваньның, Еуропа жəне басқа да елдердің 200-ден астам логистикалық жəне теңіз компанияларының өкілдері келді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың басшысы Қазақстанның транзиттік əлеуетін дамыту тақырыбында сөз сөйледі. Сөзінің барысында А . М ами н Қ ы т ай Х а л ық Республикасының «Бір белдеу – бір бағыт» бағдарламасымен өзара синергиясы мəн-мəтінінде Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатының тұсауын кесті. Сондай-ақ, Қытай – Еуропа – Қытай бағытындағы контейнерлік пойыздар саны 2015 жылдың 8 айында 2014 жылдың сəйкес кезеңімен салыстырғанда 105 контейнерлік пойыздан 291 контейнерлік пойызға дейін ұлғайғаны жəне өзінің 14 айлық қызметінде 150 мың контейнерді өңдеуден өткізген «Ляньюньган қаласындағы Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық компаниясының» жоғары серпінді қимылы атап өтілді. Аталған көрсеткішті 2020 жылға қарай 500 мың контейнерге дейін ұлғайту жоспарлануда. Сапар шеңберінде Цзянсу провинциясының губернаторы

Лю Сюеюнмен жəне Ляньюньган қаласының мэрі Чжао Сяоцзянмен екіжақты кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында Қазақстан

(Соңы 2-бетте).

Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХРға сапары кезінде, яғни 2015 жылдың 31 тамызында қол қойылған «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы индустриялық жəне логистикалық аймағын дамытуға арналып 600 миллион АҚШ долларын инвестициялау туралы келісімді орындау бойынша іс-шаралар жайы талқыланды. Бұдан бөлек, «Ляньюньган

Бірақ, соған қарамастан биылғы жылы егін жинау жұмыстары өз мерзімінде басталып, жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға фермерлердің сұраулары бойынша 60 млрд. теңгеге жуық несие берілді. 421 мың тонна жанармай жеңілдетілген бағамен бөлінді. Оның ішінде бүгінгі күні фермерлерге 300 мың тонна жанармай жеткізілді. (Соңы 2-бетте). қаласындағы Қазақстан-Қытай халықаралық логистикалық компаниясы» қызметін кеңейту шеңберінде Ляньюньган теңіз портының жаңа аумағында Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдер логистикалық паркін техникалықэкономикалық негіздеу жобасы қаралды. Анықтама үшін айта кететін болсақ, Цзянсу провинциясы – 78 миллион халқы бар дамыған экономикалық өңір. ІЖӨ көлемі 1,2 триллион доллардан асады. Ал Ляньюньган порты Қытайдағы аса серпінді дамып келе жатқан порттардың бірінен саналады. Ляньюньган қаласында 5 миллион адам тұрады.


2

www.egemen.kz

23 қыркүйек 2015 жыл

Астыќ жинау мен Тарбаєатайдаєы жылыту маусымына толайым табыстар дайындыќ ойдаєыдай

Барқытбелдің барақатты баурайында орналасқан Тарбағатай ауданындағы толағай жұмыстар, толайым табыстар туралы бас басылымда аз жазылып жүрген жоқ. Негізінен, мал шаруашылығына бейімделген аудан экономикасы соңғы жылдары соны бағыт тауып, суармалы жерлерді игеруге ден қойды. Елге ел, жерге жер қосылып, егістік алқаптары, мал басы көбейіп, берекесі артып келе жатқан ауданның тынысы һəм Елбасының 100 нақты қадам аясындағы тапсырмаларының жүзеге асырылуы туралы Тарбағатай ауданының əкімі Ділдəбек ОРАЗБАЕВПЕН əңгімелескен едік. – Ділдəбек Тəжібайұлы, Ұлт жоспарында белгіленген 100 нақты қадамның алғашқы бөлігі кəсіби мемлекеттік аппарат құру ісіне арналғаны белгілі. Елбасы барлық мемлекеттік қызметкерлердің еңбек сатысын төменнен басталуы керектігін қадап айтты. Қарапайым жұмысшыдан бастап, экономист, бас агроном, кеңшар директоры, кəсіпорын басшысы жəне еліміздің су ресурстары комитетінде жауапты қызметтер атқарғанда жинаған мол тəжірибеңіз бүгінде өзіңіз жетекшілік ететін ауданның ауыл шаруашылығын дамытуда кəдеге асқан сыңайлы. Мəселен, Президент 35-қадамда жер телімдерін нарықтық айналымға енгізу жөнінде тапсырма жүктеді. Осы орайда ауданға былтырдан бері оңтүстіктен жер жағдайына жетік мамандар көшіріп əкелініп, суармалы жер көлемі көбейіп келе жатқанын білеміз. Бұл бағытта биыл қандай жұмыстар атқарылуда? – Жалпы, Тарбағатай ауданы бойынша 29 мың гектарға жуық суармалы жер бар. Оның жартысына жуығы шаруашылық құрылымдарына бекітілген. Аудандағы «Қандысу» су қоймасы арқылы 8 мың гектардай алқапты суаруға болады. Елбасы жүктеген суармалы жерлерді нарықтық айналымға енгізу жұмыстары соңғы жылдары қарқынды түрде қолға алынды деуімізге толық негіз бар. Айталық, ағымдағы жылы 2823 гектар суармалы жер игерілді. Ал жерді игере алмаған шаруашылық құрылымдарынан 1428 гектар суармалы алқап мемлекет қорына қайтарылып, инвестициялық жоба ретінде ұсынылып отыр. Сонымен қатар, ауданымызда «Базар», «Тебіске» жəне «Қарғыба» су бөгеттері бар. Тоқырау жылдарынан бастап қараусыз қалған бұл су қоймаларына қазір жөндеу жұмыстарын жүргізудеміз. Тебіске өзеніндегі су тоспасы мен магистральды каналдарын күрделі жөндеуден өткізуге 462 млн. теңге қаржы бөлінді. Оның 29 млн. теңге қаражаты өткен жылы игерілді. Биыл құрылысты жалғастыруға 100 млн. теңге бөлінді. Келер жылы қосымша 333 млн. теңге қарастырылмақ. Нəтижесінде, Тебіске өзені бойындағы 731 гектар суармалы алқапты 22 шаруашылық құрылымы игеріп отыр. Құрылыс нысандары толық аяқталғанда 2200 гектар суармалы жер толықтай игерілетін болады. Ал Базар өзеніндегі су тоспасын қайта жаңғырту жұмыстарына 823 млн. теңге қаржы бөлінді. 2014 жылы 291 млн. теңге игерілсе, 2015 жылы – 504 млн. теңгенің жұмысы атқарылуда. 2016 жылы 27,83 млн. теңге игерілетін болады. Биыл Базар өзені бойынан 966 гектар суармалы егістік жерді 8 шаруашылық құрылымы игерді. Құрылыс аяқталғанда 3600 гектар суармалы егістік алқап пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, екі магистральды канал есебінен 3105 гектар суармалы жер инвестициялық жоба ретінде ұсынылды. 2013-2014 жылдары бұрынғы облыс əкімі, Б.Сапарбаевтың тапсырмасымен суармалы жерлерді игеру үшін оңтүстік өңірлерден қоныс аударушыларды ауданға тарту жұмыстары басталған болатын. Облыс əкімі Д.Ахметовтің суармалы алқаптарды тиімді пайдалану, бос жатқан жерлерді инвестициялық пакет есебінде инвесторларға ұсыну жөніндегі тапсырмасына сəйкес бұл жұмыстар биыл жалғасын тапты. Нəтижесінде, Оңтүстік Қазақстан облысынан 42 отбасы көшіріп əкелініп, «Мырзашөл» өндірістік кооперативі құрылды. Кооперативке 2040 гектар жер берілді. Кооператив мүшелері осы жылы 602 гектар жерді игеріп, 430 гектарға қытай

бұршағын, 65 гектарға картоп, 40 гектарға күнбағыс, 20 гектарға бақша, 47 гектарға көкөніс салды. Келер жылы қосымша 2 мың гектар жерді игереді деп жоспарлап отырмыз. – 60-қадамда сүт өнімдері мен өндірісін дамытуға инвесторлар тарту міндеттелді. Жуырда Ақжар ауылында сүт өңдеу цехы ашылғанын білеміз. Жалпы, аудан халқын жергілікті сүт өнімдерімен қамтамасыз ету қалай жүргізілуде? – Тарбағатай ауданының шаруашылық құрылымдары негізінен ет бағытындағы қазақтың ақбас сиырын өсірумен жəне қой шаруашылығымен шұғылданады. Ауданда жыл басында 96 576 бас ірі қара тіркелген болатын. Қарапайым арифметикаға жүгінсек, ауданда тұтыну балансы бойынша 1 адамға жылына 84,5 литр сүт қажет. Яғни, ауданның есептегі халқын сүтпен толық қамтамасыз ету үшін 3675,7 тонна сүт керек. Ал бізде, аудан халқы мен шаруа қожалықтары өндірген сүт өнімі 68300 тоннаға жетіп, 16 есе артығымен өндірілуде. Артық өндірілген сүт өнімі аудан көлемінде бекітілген кестеге сəйкес Ақсуат жəне Тұғыл ауылдарында өтетін жəрмеңкелер мен Өскемен қаласындағы аудан күндерінде сүт өнімдерінен өндірілген сары май, қатық жəне сүзбе түрінде саудаланады. Облыс əкімінің тапсырмасы бойынша сүт қабылдау пункттерін ашу, заманауи инфрақұрылым құру жұмыстары қолға алынды. Жуырда Ақжар ауылынан Б.Құнафияновтың жетекшілігіндегі «Қоныс» шаруа қожалығы базасы жанынан сүт өңдеу цехы ашылды. Оған «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 12 млн. теңге бөлінген болатын. Цехтың қуаты күніне 2 тонна сүтті қабылдап, өңдеуге жетеді. Бір жарым ай бұрын іске қосылған кəсіпорында жаңадан 7 жұмыс орны құрылды. Аудандағы екінші сүт өңдеу цехын Көкжыра ауылдық округіндегі жеке кəсіпкер Н.Садықов қолға алды. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы 6 млн. теңге қаражатты игерген кəсіпкер цехқа қажетті құрылғыларды сатып алды. Қуаты күніне 1 тонна сүтті қабылдап, өңдеуге жететін жоба қазан айында іске қосылатын болады. – Тарбағатай ауданы – мал шаруашылығына ерекше ден қойған өңірлердің бірі. Тұқым түрлендіруде республикадағы жетекші орынға ие болдыңыздар. Ұлт жоспарының 61-қадамында белгіленгеніндей, аудандағы ауылшаруашылық өндірушілері ет өндіру мен өңдеу саласын дамытуға қаншалықты үлес қосуда? – Иə, республика көлемінде ірі қараны тұқымдық түрлендіру жұмыстары бойынша бірінші орынға ие болдық. Жалпы, Тарбағатай ауданы бойынша тұқымдық түрлендіру жұмыстарына 227 шаруа қожалығының 17 мың ірі қарасы тартылды. Биыл асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығы өнімділігі мен өнім сапасын арттыру бойынша субсидия алуға өтініш білдірген шаруа қожалықтарының қатары артып отыр. 96 шаруа қожалығы ірі қараның аналық тұқымын түрлендіру жұмыстарына 101 млн. теңгеден астам субсидия алды. 46 шаруа қожалығы өздері сатып алған 230 бас асыл тұқымды ірі қара үшін 35 млн. теңгеден астам субсидия қаражатына ие болды. «Барқытбел-Несие» ЖШС арқылы «Сыбаға» бағдарламасымен 84 млн. теңгеге – 383 ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 20 млн. 475 мың теңгеге – 727 бас мүйізді ұсақ мал, «Құлан» бағдарламасы бойынша 17 млн. 210 мың теңгеге 59 бас жылқы сатып алынды. Ал «Егінжай»

бағдарламасымен 20 млн. 270 мың теңгенің несиесі алынды. Бұл жұмыстар əрі қарай жалғасатын болады. Жалпы, Тарбағатай ауданында асыл тұқымды мал өсіретін 46 шаруашылық тіркелген. Жыл соңына дейін асыл тұқымды шаруа қожалықтарының санын 56-ға жеткізуді көздеп отырмыз. – Облыс басшысы Тарбағатай ауданы мен Аягөз ауданы аралығындағы жолды жөндеуге тапсырма берді. Елбасының «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында аудан аумағымен өтетін республикалық, облыстық, аудандық жол тармақтарының жағдайын жақсарту жұмыстары қолға алынды ма? – Аудан аумағымен өтетін республикалық маңызы бар жолдың ұзындығы 265 шақырымды құрайды. «Қарағанды – Аягөз – Боғас» жəне «Омбы – Майқапшағай» автокөлік жолдарының асфальт жамылғысы 198 шақырымға, құм-қиыршық тас жамылғысы 67 шақырымға тең. «Қарағанды – Аягөз – Боғас» жолымен орта есеппен күнделікті 12 автобус, 300 жеңіл жəне 100 жүк автокөліктері қатынайды. Алайда, жолдың нашарлығы жолаушыларға қолайсыздық туындатып отыр. Сондықтан аталған жолға орташа немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл жөнінде тиісті мекемелерге қызметтік хат жолданды. Сондай-ақ, 211 шақырымға тең облыстық дəрежедегі автокөлік жолдары бар. 2014 жылы Ақмектеп-Ақжар жолының 45 шақырымына күрделі жөндеу, 20 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл Ақжар, Ақжар – Қарасу, Ақжар – Шілікті секілді облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына «Облшығысжол» мекемесі тарапынан ағымдағы жөндеу жəне күтіпұстау жұмыстары атқарылды. Ал 416 шақырымдық аудандық автомобиль жолдарына «Тарбағатай жолдары» КМК арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізіліп келеді. Былтыр Тұғыл ауылының кіреберісіндегі 5 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Сонымен бірге, Жаңаауыл, Жетіарал, Қабанбай ауылдарына кіреберіс жолдарды жөндеуден өткізу жоспарланып отыр. «Тарбағатай жолдары» КМК қазіргі кезде аудандық дəрежедегі жолдарды алдағы қыс маусымына дайындауда. – Оңтүстіктің тумасы болсаңыз да, өңір тұрғындары сізді Шығыстың азаматы ретінде қабылдайды. Аудан тұрғындарының жылы сөзін жиі естиміз. Бұл – ауданда ауқымды жұмыстың атқарылғанына берілген баға. Тарбағатай ауданын əлеуметтікэкономикалық дамытуда қандай жоспарларыңыз бар? – Лебізіңізге рахмет. Бұл – жұмысты, шаруашылықты үйлестіруге байланысты туатын пікір ғой. Тиімді ойластырылса, кез келген шаруаның нəтижесі болады. Бұл ретте Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың барлық салада тайға таңба басқандай белгілеп берген 100 нақты қадамын басшылыққа аламыз. Алдағы уақытта құны 6252,4 млрд. теңге болатын 14 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде, Ақсуат ауылындағы 140 орынға арналған мектеп, Көктүбек ауылындағы 80 орынға арналған мектеп, Көкжыра ауылындағы 75 орындық интернат құрылысының жобалары бар. Ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Ақсуат, Қызылкесік, Жетіарал, Үштөбе, Тұғыл, Жаңалық, Қарғыба ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланған. Сондайақ, Жəнтікей ауылында 150 орындық мəдениет үйін, Көкжыра ауылында 200 орындық мəдениет үйін салу ойымызда бар. Ақсуат ауылында 1 пəтерлі 40 тұрғын үй, Ақжар ауылында 30 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады. Осы арқылы ауданымызға сұранысқа ие жас мамандарды шақырып, баспанамен қамтамасыз ететін боламыз. Əңгімелескен Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан».

Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы.

(Соңы. Басы 1-бетте). Астық қабылдау кəсіпорындары мен фермерлерде астық сақтауға арналған орындардың сыйымдылығы 26 млн. тоннадан асып жығылады. Бұл көлем жаңа егін мен өткен жылғы астықты сақтауға жеткілікті», деді Б.Сағынтаев. Үкімет басшысының бірінші орынбасары биыл 17,3 млн. тонна астық бастырылғалы тұрғанын айтып, одан бөлек қоймаларда өткен жылғыдан сақталған 5 млн. тонна астық барын жеткізді. «Бүгінгі күні əкімдіктер берген мəліметтерге қарасақ, 9,1 млн. гектар алқаптың дəнді-дақылы жиналды. Бұл жалпы егістік алқабының 62 пайызын құрайды. Өнімділігі гектарына – 11,6 центнер. Мұны өткен жылмен салыстырғанда, 0,7 центнерге артық. Осы кезге дейін 10,6 млн. тонна астық бастырылып болды», деді ол. Шара барысында қазіргі жиналып жатқан астықтың қаншасы экспортқа шығарылатыны да айтылды. «Болжам бойынша айтсақ, 17,5 млн. тонна астық бастырылады деген үміт бар. Негізі, біздің экспорттық əлеуетіміз шамамен 7 млн. тоннаны құрайды. Бұл ұзақ жылдардағы орташа деңгейден сəл артық», деді бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Бұған қоса ол қазақ астығының экспорттық географиясында ешқандай өзгеріс жоқ екендігін қадап айтты. Жылыту маусымына дайындық барысы туралы да нақты мəліметтер келтірілді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары ТКШ жүйелерінің күз-қыс маусымына дайындығының аралық қорытындылары жөнінде əңгімеледі. «Қазіргі таңда əкімдіктер 4 898 қазандықты жөндеді, бұл жалпы санының 97 пайызын құрайды. Бүгінде жұмыстар 3,7 мың км. жылу желілерінде аяқталды. Мұнымен бірге, сумен жабдықтау жəне су бұру желілерінің 95 пайызы жөндеуден өтті. Сондай-ақ, білім беру нысандары күз-қыс маусымына толық əзір екені белгілі болды, медицина мекемелерінде де жөндеу жұмыстары 99 пайызға аяқталды. Ал, тұрғын үй қоры бойынша жоспарланған кестеге сəйкес келе жатырмыз. Бұйыртса, 15 қазанға қарай барлық нысандар жылыту маусымына дайын болады. Жалпы, жұмыс жоспарына сəйкес 2015 жылдың 15 қыркүйегіне қарай тұрғын үй қоры нысандарының дайындығы – 90, 15

қазанға қарай 100 пайызды құрауы тиіс еді», деді Б.Сағынтаев. Үкімет отырысында өңір əкімдеріне жылыту маусымына дайындықты жеделдету бойынша барлық қажетті ескертулер мен тапсырмалар берілгенін айтқан бірінші Вице-премьер, дайындық жұмыстарын кешеуілдеткен бірқатар əкімге ескерту жасалғанын да жасырмады. «Дегенмен, бірқатар облыстар əкімдеріне ескертулер жасалды. Ол жақта жұмыстар өз уақытынан кешіктіріліп жүргізіліп жатыр. Мəселен, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарына жөндеу жұмыстарын жеделдетіп аяқтау жөнінде тапсырмалар берілді», деді ол. Еліміз ауқымды жекешелендіруге кіріскені де əңгіме өзегіне айналды. Бірінші Вице-премьердің сөзіне қарағанда, Үкімет жекешелендіруге жататын нысандардың жаңа тізбесін əзірлепті. Оның құрамына негізінен «Самұрық-Қазына» қорының, «Бəйтерек» пен «ҚазАгро» холдингтерінің меншікті нысандары кіріпті. «Басымдық берілген тізбе 60 ірі компаниядан тұрады. Оның ішінде «Самұрық-Қазынаның» – 38, «Бəйтеректің» – 4, «ҚазАгроның» – 4 жəне республика меншігіндегі 14 нысан бар. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорының меншігіндегі басқа да компанияларды бəсекелестік ортаға беру туралы ұсыныс келді. Енді барынша ірі активтерді стратегиялық серіктестердің қатысуымен IPO жəне SPIO механизмдері арқылы қор нарығына, оның ішінде 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін елордада құрылатын Халықаралық қаржы орталығы алаңына шығару арқылы сату көзделіп отыр. Егер жеке инвестор қатысушы болса, басқа компанияларды тікелей саудалау əдісін пайдалану арқылы аукционда сату ұсынылады. Бүгінгі күні компаниялардағы мемлекеттің қатысу үлесі 100 пайызды құрайды. Сатылымға бақылаушы жəне тосқауылдаушы акциялар топтамасы, яғни 25-тен 50-пайызына қосымша 1 жəне одан да көп акция шығарылады», деді бұл жөнінде Б.Сағынтаев. Сөйтіп, жекешелендіру үдерісі барынша ашық болатындығын баса атап өтті. Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бағам айырмасы бойынша азаматтардың салымдарының орнын толтыру механизмі құрылып жатқанын жеткізді. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде бағам айырмасы бойынша

азаматтардың салымдарының орнын толтыру жұмысын Президенттің тапсырмасы бойынша «Бəйтерек» xолдингі мен Үкімет жасап жатыр. Тараптар үшін бірдей салмақ салуға бағытталған меxанизмдер əзірленуде. Пайданың жартысын «Бəйтерек» пен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бірлесіп, қазір мемлекет тарапынан бөлініп жатқан субсидиялардың көбеюіне жұмсайды», деді ведомство басшысы. Министрдің сөзіне қарағанда, қандай шешім қабылданғаны жақын арада жарияланады. Баспасөз мəслихатының екінші бөлімінде спикерлер журналистердің қойған сұрақтарына жауап қайтарды. Қазақфильмге қатысты сұраққа Үкімет басшысының бірінші орынбасары өзі жауап берді. «Біз «Қазақфильмді» толығымен сатайық деп отырған жоқпыз. Міндет – оның өз қалпын сақтап қалу. Біз жыл сайын түрлі фильмдер түсіруге шамамен 5 млрд. теңге бөлеміз. Бұл мүмкін мүлдем аз шығар. Ол жақта сапалы фильмдердің түсірілгенін қалаймыз. Біздің фильмдерімізді басқа да елдерге көрсеткіміз келеді. Біздерге инвесторлар келуі мүмкін. Кім біледі, мүмкін Голливудтан қандай да бір компания келіп қалар. Сондықтан мəселе сол күйінде қала береді. Стратегиялық инвесторға 49 пайыз акцияны сату ұсынылады», деген Б.Сағынтаев, мұндай əдіс басқа да мəдениет нысандарына қатысты қолданылуы тиіс екенін айтып өтті. Журналистердің бензин бағасына қатысты сұрағына Владимир Школьник жауап берді. Оның сөзіне илансақ, Қазақстанда АИ-92 бензинінің жеткілікті қоры бар. «Бүгін біз ең өтімді АИ-92/93 бензиндері туралы айтатын боламыз. Өздеріңіз білетіндей, біз оны жылына 2 млн. тонна көлемінде өндіреміз, ал қажеттілік жылына 3 млн. тонна. 1 млн. тоннаны біз сырттан əкелеміз. Енді бағасына тоқталсам, Ресейде АИ92 бензинінің 1 литрі 143 теңге болса, біздегі орташа бағасы 125 теңге. Дегенмен, көтерме бағамен сатып алған кезде Қазақстанға біршама тиімді. Сондықтан да еліміз көрші елден бензин тасымалдауда. Тамыз айында, тапшылық орын алады деп қорыққан кезімізде көрші елден 74 мың тонна бензин əкелдік. Бүгінгі күнге дейін тағы 41 мың тонна алдық. Қазіргі уақытта біздің қорымыз 214 мың тоннаны құрайды. Өткен жылы 94 мың тонна қорымыз болған еді. Яғни, АИ-92 бензинінің қоры жеткілікті», деді В.Школьник.

Даєдарысты еѕсеруге ел ќуаты жетеді Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында «Жаңа жаһандық экономикалық сын-қатерлер» тақырыбы талқыланған дөңгелек үстел өтті. Оған қазақстандық жəне шетелдік зерттеу орталықтарының сарапшылары, сондай-ақ, елордадағы жоғары оқу орындарының ғалымдары жəне де ҚСЗИ мен мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлері қатысты. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

Баршаға белгілі, қазіргі таңда көңіл көншітерлік жағ даяттардың орын алмай отырғандығы, əлемдік эконо микалық ахуалдың күрде лене түсуі көпшілік сана сына сансыз сұрақтар ұялатып отырғаны рас. Бұл ретте осылардың қатарында еуроаймақтағы бірқатар проблемалар, Ресей рублінің төмендеуі мен алып Қытай эконо микасының əлсіреуі,

мұнай бағасының түсуі мен Таяу Шығыстағы дағдарыс, құрлықтардағы деваль вациялардың артуы біздің экономикаға да салқынын тигізіп отырғандығы жасырын емес. Осыған орай, отандық сарапшы мамандар мен шетел сарапшылары бұл түйткілдің түйінін ағытуға, осының маңайындағы əртүрлі проблемалардың алдын алуға жиылған болатын. Жиын барысында бірқатар талқылаулардан кейін өзіндік пайымын жеткізген

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов əлемдік қаржылық дағдарыс еліміз үшін игілік бола алатындығын айтты. Оның сөзіне қарағанда, əлеуетті немесе қазіргі əлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында тағы бір қызықты аспект бар. Мемлекетіміз үшін тосын болса да, мұндай дағдарыстың оң жағы бар, тіпті, оны игілік деп те атауға болады. Өйткені, жаңа дағдарыс жəне дамыған елдердің қаржы нарығының күйреуі орын алған жағдайда бұл дамыған елдердің орталық банктерін, бірінші кезекте АҚШ Федеральды резервтік жүйесін барынша белсенді қимылдауға мəжбүрлейтін еді. Айтар болсақ, мұндай сценарий барысында Федеральды резервтік жүйе

Балќыту цехында жаѕа пеш іске ќосылды (Соңы. Басы 1-бетте). Сондықтан, енді жаңартылған пештегі технологиялық жұмыстар автоматты түрде жүргізіледі. Жұмыс барысында қателікке жол бермейді. Сонымен қатар, қазіргі автоматика, электродтардың қуаттылығын тиімді пайдалану жəне олардың ток режімін тұрақтандыру арқылы энергия үнемдейді. Үшіншіден, балқытушылардың еңбек қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді. Пеш тиімді газ тазарту қондырғысымен жабдықталыпты. Бұған дейін де №28ші, №№63, 46, 45 жəне 12 пештердің күрделі жөндеуден өткендерін газет беттерінде жаздық. Қайта жаңарған пештердің экологияға зиянсыздығы мен қауіпсіздігіне де кепілдік береді. Күрделі жөндеу нəтижесінде алып пештер ұлғайтылды, энергиямен жабдықтау жүйесі жаңартылды, сондай-ақ, автоматтандыру жүйесінің

заманауи аспаптары жəне тиімділігі жоғары газ тазарту қондырғысы орнатылыпты. Зауыттың өз мамандарымен жасалған пештердің күрделі жөндеу жұмыстары біздің елімізде де əлемдік деңгейде ферроқорытпа өндірісін өндіруді жүзеге асырудың тағы бір көрінісі. Балқыту пештерін үнемі жаңғырту өнімділікті, сондай-ақ, өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігін дамытудың басты факторы, дейді мамандар. –Ақсу металлургтері мемлекеттік мерекелерді ерен еңбекпен жəне жаңа өндірістік жетістіктермен қарсы алуда, – дейді АқсФЗ директоры Сергей Прокопьев. «Қазхром» компаниясының қуатты инвестициялық бағдарламасы барлық филиалдарға жоспарлы жөндеулерді уақытында жасауға, жабдыққа кезеңмен жаңарту жүргізуге, экологиялық бағдарламаны жүзеге асыруға, зауыттықтардың еңбек жағдайларын жақсартуға, еңбек

«сандық жұмсарту» деп аталатын соңғы бірнеше жыл бойы жүзеге асырып келе жатқан монетарлық ынталандыру бағдарламасын тағы іске қосуына тура келеді деп болжауға болады. Осы ретте ақша мұндай көлемде АҚШ-тың қаржылық жүйесіне түсетін болса, онда оның бір бөлігі алыпсатар арналар арқылы тауар нарығына құйылады. Осылайша, біздің мұнайымыздың баға белгілеуінің жоғарылауына түрткі бола алады. Сонымен қатар, оның атап өтуі бойынша, мемлекетіміз барша əлемдік экономика секілді, қазіргі алып дағдарыс – мұнай бағасының төмендеуі сияқты ауыр ахуалды бастан кешіріп те үлгерді. Ал 2008 жылғы дағдарыстан бөлек, сыртқы кредиттеуге тəуелділік факторы елімізге салқынын тигізе алмайды.

өнімділігін жəне жоғары сапалы өнім көлемін арттыруға мүмкіндік беруде. Күрделі жөндеу сəтті аяқталды, – деді өндіріс ұжымын құттықтап. Пештің қуаты – 21 МВА. Жылдық өнімділігі – 33 мың тоннадан аса жоғары көміртекті феррохром. Пешті қайта жөндеуге шыққан жалпы шығын 1 млрд. теңгені құрайды. Зауытта өндірісті жаңғырту, қайтадан жарақтандыру жұмыстары кезең-кезеңмен жүргізілуде. Пештер қайта жөнделіп, жаңарып өндіріске қосылған соң, өнімнің сапасы мен бəсекеге қабілеттілігі де артады. Өндірістің озық технологияларын қолдану жəне жаңғырту арқылы жоғары көміртекті феррохром өндірісін арттыруға жағдай жасайды. «Қазхромның» инвестициялық бағдарламасы аясында жыл сайын компанияның ферроқорытпа зауыттарында жоспарлы түрде балқыту пештерінің агрегаттарын күрделі жөндеуден өткізуді жүзеге асыруда. Бұл, алып қуатты пештер бірінен соң бірі жаңа заманғы жөндеу сатыларынан өтіп, өндіріске жолдама алуда деген сөз. Павлодар облысы, Ақсу қаласы.


Қазақ хандығының 550 жыл дығына арналған «Ұлы Дала елі» республикалық тарихи-мəдени экспедициясы бірнеше күн бойы Қызылжар өңірін аралап, танымдық кездесулер ұйымдастырды.

бірліктің қазақстандық үлгісі негізінде дəрістер ұйымдастырылатынын жеткізді. Фестивальде мемлекеттік тілді жетік меңгерген Алек сандр На заренко, Татьяна Нику лина, тағы басқалары сөз алып, рухани-адамгершілік құн-

Бабалар жїрген жолмен Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім мемлекеттік мекемесі ғылыми-талдау жəне əдістемелік қамтамасыз ету қызметінің жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы Нұрбек Шаяхметов бастап келген делегацияның алдымен аялдаған жері М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан халқы тілдерінің 17-ші облыстық фестивалі болды. Онда топ мүшелері ұлттық құндылықтар мен қолөнер бұйымдары қойылған көрмені тамашалап, этномəдени бірлестіктердің жетекшілерімен, тіл жанашырларымен кездесті. Мерекеге қатысушыларды аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтап, еліміз Тəуелсіздік алғаннан бері халық арасындағы бірлік, достық саясатына айрықша назар аударылып келе жатқанын атап өтті. «Ұлы Дала елі» республикалық тарихи-мəдени экспедициясының

мүшесі Ғосман Төлеғұл өз сөзінде акция Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «біртектілік жəне бірлік» бағыты бойынша «Ел мұраты – ел бірлігі» тақырыбында кездесулер, Қазақ хандығының тарихына арналған «Жер тарихы – ел тарихы» бойынша сұхбаттар, Елбасының қоғамдық келісім мен ұлттық

дылықтарды ұлықтауға шақырды. «Абылай хан резиденциясы» музейі Президенттің қатысуымен 2008 жылы ашылған болатын. Содан бері мұнда келу шілер қатары толастаған емес. Əсіресе, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру дегі рөлі өте зор екеніне экспе диция мүшелері көздерін

Ўлы Дала елін асќаќтату – ўрпаќ парызы Елбасымыздың бастамасымен үстіміздегі жылы елімізде кеңінен аталып өтіліп жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы – тарихи жəне саяси мəн-маңызы терең мереке. Шетелдік кейбір саясаткерсымақтар əлдебір жымысқы оймен айтып жүргендей, біздің мемлекеттігіміз өз бастауын Қазақстанның Тəуелсіздігі жарияланған күннен емес, осыдан бес жарым ғасыр бұрын хандық құрылған кезден алады. «Қазақстан мен Орта Азия елдерін кеңес заманындағы Орта Азия əскери округінің үлгісімен Ресей Федерациясының бір субъектісіне айналдыру керек», – деп сандырақтауға дейін барып жүрген, пиғылы жат, атышулы тұлғалар, тіпті, кешегі Кеңестік Социалистік Республикалары Одағы кезінде біздің еліміз автономиялық емес, 15 одақтық мемлекеттің бірі болғанын елепескермеуге тырысып, адам сенбейтіндей «ұмытшақтық» танытатындығын қайтерсіз. Сол Кеңес Одағының Конституциясы бойынша Қазақ КСР-інің одақтас республика ретінде кеңес империясы тараған уақытқа дейін-ақ өзін өзі билеуге заңды құқығы бар болатын. Əрине, Кеңес өкіметі өзінің Негізгі Заңында жазылған осынау қағиданың іс жүзінде орындалуына жол бермеуге тырысыпбаққанымен, 1991 жылы Беларусьтің Беловежье нуындағы келісімге сəйкес күні өткен Одақ бейбіт те заңды жолмен таратылып тынғаны мəлім. Соған орай, бұрынғы одақтас республика болған еліміз өзге он төрт елмен, соның ішінде Ресеймен қатар, өзінің Мемлекеттік тəуелсіздігін жариялап, «Егемен болмай, ел болмас» дегендей, өзін өзі билеу құқығын жүзеге асыруға кіріскенді. Сондықтан да біз еліміздің бейбіт жолмен ие болған Тəуелсіздігі үшін де көлемі жағынан əлемде тоғызыншы орын алатын, кең-байтақ аумақта ұлттық мемлекетімізді құрып, кейінгі ұрпақтарына өздерінің қаны мен тері сіңген, қасиетті жерді мұраға қалдырып кеткен қаһарман да қайраткер ата-бабаларымыздың рухы алдында мəңгі-бақи тағзым етуге тиіспіз. Осы, қасиетті

3

www.egemen.kz

23 қыркүйек 2015 жыл

жеріміздің бір уыс топырағына еш нəрсе жетпейді бұл өмірде! «Кеңес Одағы заманында Қазақстан мектептерінде оқушылар «КСРО тарихы» атты ортақ оқулықтан білім алды. Сон дықтан жас ұрпақ ата тарихынан мүлде алшақтап қалды. Оның үстіне, Қазақ хандығының шаңырағын көтеріп, айбынын асырған ұлы хандарымыз бен даңқты батырларымыздың есімдері біртіндеп ел жадынан өшіріле бастады. Өз ішімізден шыққан оларды жамандағыштар құрметке бөленді. Елімізде ханның, не батырдың ескерткіші тұрмақ, олардың атында білім мен мəдениет нысандары, керек десеңіз, жалғызжарым көше де болған жоқ... Тəуелсіздік қазақ халқының өшкенін жандырып, өлгенін тірілтті. Алматы мен Астанада, облыс орталықтары мен ірі елді мекендерде Керей мен Жəнібек, Абылай мен Əбілқайыр сияқты əйгілі хандарымыздың, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлардың еңселі ескерткіштері бой көтеріп, олардың есімдері елді мекендерге, жоғары оқу орындары мен мектептерге берілді», – деді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қаласындағы Тəуелсіздік сарайын да өткізілген салтанатты жиында сөйлеген сөзінде. Сол сəтте менің көз алдымнан Елбасының бастамасымен жүзеге асырыл ған «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының аясында Петропавл қаласында орнатылған, ат үстіндегі Абылай хан ескерткіші жəне оның жанындағы еңселі Ақ үйі елес беріп өтті. Елдің шетінде, желдің өтінде орналасқан өңірімізге айбын болып, кемеңгерлік пен қаһармандыққа үндеп тұрған ұлы бабамыз əлі де бізбен бірге сияқты... «Қазақ хандығы бұдан бес

жарым ғасыр бұрын ғана шаңырақ көтерсе де, Еуразияның ұлы даласында орнаған арғы дəуірдегі сақ, ғұн, үйсін мемлекеттерінің, бергі замандағы Ұлы түрік қағандығы, Дешті Қыпшақ пен Алтын Орда мемлекеттерінің заңды мұрагері болды. Арғы дəуірлерге бармайақ, таза түркілік заманымызға зер салар болсақ, əйгілі Рим империясы құлап, Еуропадағы осы күнгі мемлекеттердің нобайы да əлі қалыптаса қоймаған, ал Қытайда үш патшалық пен алуан əулет өзара қырқысып жатқан VI ғасырда – 552 жылы Алтайда Ұлы түрік қағанаты атты қуатты, күшті мемлекет дүниеге келді. Ол небəрі жарты ғасыр ішінде Алтай мен Кавказ арасындағы алып далада жеке-дара билік жүргізді. Дəуірлеп тұрған кезінде Византия мен Ираннан, Қытайдың екі патшалығынан алым алған ер түріктің берекесі кетіп, өз ішінде билікке талас бастағанда, əуелі батыс жəне шығыс болып ажырап, кейін оғыз, қарлұқ, қыпшақ болып бөлініп, жауларына жем болды. VIII ғасырда тасқа қашалған Күлтегін жазуында: «Алдау мен ар бауға арандаған түрік халқы бірлігінен айырылды. Табғаштарға қайсар ұлдары құл, көрікті қыздары күң болды», – деп жазылған. Қай заманда болсын, барлық жеңістеріміздің бастауы берекебірлік екенін жас ұрпақ ешқашан ұмытпай, өткеннен сабақ алуы үшін Күлтегін жазуының көшірмесін жасатып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің атриумына қойғыздым. «Абылай хан: «Үш арманым бар еді. Біріншісі – елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім, қан көп төгілді. Екіншісі – халқыма қала, кент сала алмады. Үшіншісі – елдің басын біріктіре алмадым», – деген екен. Абылайдың асыл армандары Тəуелсіздік тұсында түгелдей орындалды. Қазақтың ішіндегі берекебірлігі күшті болуы керек. Данышпан Абайдың: «Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бəрі бос», деген өсиетін əрдайым естен шығармайық, ардақты ағайын! Алда қандай сын-қатерлер күтіп

жеткізді. Төрт экспозициялық залда атақты қоғам қайраткерінің өміріне, хандық құрған кезеңіне қатысты құнды жəдігерлер топтастырылған. Экскурсия жетек шісі Ақмарал Елеусізова мəртебелі қонақтарға облыстық тарихи-аймақтық музейдің 1924 жылы құрылғанын, 13 зал жұмыс істейтінін, 350 мыңға жуық экспонаттар топтастырылғанын, оның ішінде егеменді еліміз жайлы сыр шертетін деректер молынан қамтылғанын айтып берді. С.Мұқанов əмбебап кітапханасында ұйымдастырылған «Жер тарихы – ел тарихы» атты дөңгелек үстел мазмұн ды лығымен ерекшеленді. Нұрбек Уахапұлының, Қазақстан халқы Ассамблеясы ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшесі Ғос ман Төлеғұлдың, Əзербайжан этномəдени бірлестігінің президенті, «Тұран-Экспресс» халықаралық газетінің бас редакторы Видади Салаховтың, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті Жəнібек Сəбиттің ғылыми-танымдық əңгімелері əсерлі шықты. СҚМУ тарих факультетінің деканы Зəуре Қартованың «Қазақ хандығының 550 жылдығы: идеологиялық жəне тарихи бағалаулар» атты баяндамасын жиналғандар ұйып тыңдады. Басқа жүздесулер де тарихимəдени мұраларды зерделеу тұрғысында есте қалды.

Солтүстік Қазақстан облысы. тұрса да, бірлігіміздің арқасында біздің болашағымыз бүгінгіден де жарқын деп кəміл сеніммен айта аламын», – деді қазіргі алмағайып заманда ұлтымызды алға бастаған Көшбасшымыз нық сеніммен. Елбасының жігерлі сөзі біздің көңілімізді де көкке өрлетіп, ел болашағына деген сенімімізді нығайта түсті. «Біздің қасиетті жерімізді ықылым замандардан Ұлы Дала деп, ал бабаларымызды Ұлы Даланың ұрпақтары деп атаған. Біз – солардың жалғасымыз, Ұлы Даланың мұрагерлеріміз. Осынау кең-байтақ Ұлы Даланың көгінде халқымыздың бақ жұлдызы болып Жаңа Қазақстан дүниеге келді. Біздің Қазақстанымыз – ұлы істердің ұйытқысы болған Ұлы Дала елі!» – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Расында да, өткен ғасырлардағы көптеген шетелдік зерттеушілер өздерінің ғылыми еңбектерінде Қазақ елін Ұлы Дала деп атағаны белгілі. Бұл, шын мəнінде, ұланғайыр жерімізге иелік етіп қана қоймай, оны сыртқы жаулардан ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған баһадүр бабаларымыздың ұлы ерлігіне берілген əділ баға еді. Сондықтан да Елбасымыздың туып-өскен Отанымызды Ұлы Дала елі деп атауды ұсынуы, тарихи тұрғыдан алғанда, нық негізді екендігі сөзсіз, əрі мұны сол, ұшқан құстың қанаты талатын кең даланы бізге мирас етіп қалдырған ұлы бабаларымыздың ерлігіне көрсетілген құрмет белгісі деп те ұғынғанымыз абзал. Атақты ақынымыз Олжас Сүлейменовтің: «Тауларды аласартпай, даламызды асқақтатайық!» – деген қанатты сөзі бар. Бұл сөздер Тұңғыш Президентіміз – Елбасының ұсынған идеясымен үндес. Біз, бүгінгі ұрпақ үшін Ұлы Дала елінің иелері екенімізді мақтан тұтып қана қоймай, оны ұшар басына қарасаң, басың айналатындай заңғар таулар жеткен биікке – «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқындалған, дүниежүзінің ең мықты отыз мемлекетінің деңгейіне дейін асқақтату – басты парыз. Кəрібай МҰСЫРМАН, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы.

ПЕТРОПАВЛ.

Мотошерушілер – Ќызылжар жерінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған республикалық мотошеруге қатысушыларды петропавлдықтар дəм-тұзбен, гүл шоқтарымен қарсы алды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен жылы жүзді кездесуде қала əкімі Марат Тасмағанбетов 29 тамыз күні Алматыдан шығып, Шығыс Қазақстаннан Қызылжар өңіріне атбасын тіреген байкерлерге үлкен қошемет көрсетті. Акция қазақстандықтардың үлкен қолдауына ие болғанын атап көрсетті. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Мотошеру көшін бастап жүрген Дмитрий Петрухиннің есімі Қазақстан жұртшылығына жақсы таныс. Ол 10 жылдың ішінде əлемнің 150 елінде болып, 250 мың шақырым жолды жүріп өткен. «Құрмет», «Достық» ордендерінің иегері қайда жүрсе де еліміздің ғасырлар тереңінен

басталатын тарихын əңгімелеуден жалыққан емес. – Біз 12 қаланы басып өттік. Сапар мақсаты – жастарымызға тəуелсіздік секілді асыл құндылықтарымызды ұғындыру. Мотожарыс 45 күнге созылып, Тараз қаласында аяқталады. 9 қазанда байкерлер Қазақ хандығы туының көшірмесін Мемлекет басшысына салтанатты жағдайда

табыс ететін болады, – деді Д. Петрухин жиналғандарға арнаған сөзінде. Мотошерушілер шарасына қатысушылар «Абылай хан резиденциясы» кешеніне саяхат жасап, құнды жəдігерлермен танысты. Жеңіс саябағындағы ескерткішке тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

Солтүстік Қазақстан облысы.

● «Егемен Қазақстан» газеті» көшесі, 5/13

Биік баєа

Кеше «Егемен Қазақстан» газетінің редакциясына қазақтың екі азаматы арнайы атбасын бұрды. Олар – Моңғолия Ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Ислам Қабышұлы мен Моңғолия Жазушылар одағының мүшесі, біраз жылдан бері қазақ жеріне қоныстанып, бүгінде газеттің белсенді авторларының бірі болған Үзбен Құрманбайұлы. Қарашаңыраққа келген қонақтар басылым басшысы Сауытбек Абдрахмановқа Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академигі атағы берілгенін хабарлап, аталған академияның дипломы мен алтын төсбелгісін табыстады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Осыдан бір күн бұрын мұндай құрметті биік марапат халқымыздың ардақты азаматы, руханият жанашыры, Қазақ стан Республикасының Қорға ныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке табыс етілген болатын. Иманғали Нұрғалиұлының халық үшін, тарих үшін еткен ерен еңбектерінің арасында Елбасының тапсырмасы бойынша Моңғолия же рі нен Күлтегін жазуының көшірмесін алдыртып, жасатып, елімізге жеткізгені бөлекше атап айтарлық. Кездесу барысында сөз алған Ислам Қабышұлы қай елде, қай жерде де руханияттың, көркемсөздің ұстынына айналған басылымдары үлкен рөл атқаратынын, бұл ретте өзі 30 жыл бойы жұмыс істеген Моңғолияның бас басылымы «Үнэн» газеті мен

Қазақстанның бас газеті «Егемен Қазақстанды» мысалға келтіруге бола тынын жеткізді. «Сонау Орхон жағасындағы тарихи жазбалардың өзіне де 1500 жыл толыпты. Көшпенділердің жазу-сызуы болғанын əлем халқы 1893 жылы, ұлы дат лингвист ғалымы Вильгельм Томсеннің арқасында ғана мойындаған еді. «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде əлем тарихының, қазақ тарихының небір маңызды мəселелері сан қырынан қозғалып келеді. Қазақ ханды ғының 550 жылдығына орай бұл тақырыптағы жарияланымдар бұрынғыдан да тереңдеп, жүйелі сипат ала түсті. Газетте Қазақ хандығының Алтын Орданың заңды мұрагері екендігін дəлелдейтін көптеген мақалалар, сұхбаттар жарияланды. Біз мерейтойға орай, руханият саласында өзіндік орны бар «Егемен Қазақстан» газетінің басшысына түркі-моңғол халқының, Ұлы

Даланың əлем өркениетіне қосқан рухани үлесін зерттеп, саралау дағы еңбегін бағалай келе, Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясының академигі атағын беру мəселесін көтердік, бұл ұсынысымыз академия басшылығы тарапынан қолдау тапты», – деді И.Қабышұлы. Ал Үзбен Құрманбайұлы басылымның руханиятқа қосқан үлесіне тоқтала келе, басшының осындайлық биік абырой арқалауына көмектескен ұжым журналистеріне шығармашылық табыс тіледі. Сауытбек Абдрахманов бұл сыйдың, ең алдымен, газет үшін, газеттің еңбегі үшін беріліп отырғандығын жеткізді. «Бұл атақты ең алдымен «Егемен Қазақстан» газетінің бетінде біздің төл тарихымыздың жазылуының бағасы деп білеміз. Кешегі ұлы жиында: «Біз Алтын Орданың заңды мұрагеріміз» деген тұжырым айтылды. Расында да, біздің тарихымызда Шыңғыс хандай ұлы тұлғаның алар орны айрықша. Басқасын былай қойғанда, бейіті қазақ жерінде жатқан Жошыдан бастап, оның үлкен ұлы Орда Еженнен тартып, Қазақ хандығын құрып, дербес ел еткен Керей мен Жəнібектен кешегі соңғы ханымыз Кенесарыға дейінгі асылдарымыздың бəрі Шыңғыс хан ұрпақтары екенін айтудың өзі əрқайсымызды көп ойға қалдыруға тиіс. Газет жарияла ным дарына мұндайлық баға бер гені үшін академия басшылығына көп рахмет айтамыз. Дүниежүзілік Шыңғыс хан академиясы қабылдаған шешімді ел газеті «Егемен Қазақстанның» абыройы, халықаралық аренада танылуының бір көрінісі деп қарайық. Шын мəнінде, қазіргідей, бүкіл əлемде баспа газеттердің таралымы қусырылып, басқа тенденциялар белең алып бара жатқан заманда біздің басылым таралымының деңгейі сақталып отырғанының өзі жетістік болар еді. Газет таралымы жылдан жылға өсіп, соңғы кезде 200 мыңдық орнықты қалыпқа келді. Ал біз оны жыл сайын аз да болса арттыруға ұмтылып келеміз», – деді С. Абдрахманов. ––––––––––––––––– Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

«Бəйтерек» холдингі əлеуметтік жалєа алу тўрєын їй баєдарламасы бойынша ќаржыны игеруде (Соңы. Басы 1-бетте). – Бүгінде қалада 15 мыңнан астам адам кезекте тұр, біз баспанаға мұқтаж жандарды іріктеуді барынша жариялы етеміз жəне ол ақпарат интернетте жарияланады. Қазір əлемдегі жəне ел экономикасындағы жағдай күрделі, бірақ Елбасы жүргізіп отырған саясатты көріп отырғанымыздай, егер өткен жылы кезекте тұрған алматылықтардың небəрі 10 пайызы ғана пəтерге ие болса, биыл олардың саны екі есеге артты, – деді Бауыржан Байбек. Əкім тұрғын үй салумен қатар, «Ақкент» шағын ауданы орна ласқан Алатау ауданының келе шегіне қатысты маңызды жобаларға тоқтала келе, əлеуметтік инфрақұрылым – балабақшаларды, ауруханалар мен дүкендерді, спорт алаңдарын салудың маңызды екендігін қадап тұрып айтты. – Біз жеке бизнестің арзан үйлерімен қатар өз қаржыларымен балабақшалар салуларына ықпал етеміз. Тіпті, бірігіп жұмыс істеп, серіктестік қағидаты бойынша сапалы мектептер, сапалы балабақшалар салатын боламыз, балаларымыз сонда ғана терең əрі сапалы білім алады, – деді қала басшысы. Сөз кезегі «Бəйтерек» холдингінің басшысы Қуандық Бишімбаевқа берілгенде, ол əлеуметтік жалдамалы тұрғын үйді салу мен сатып алуға еліміздің Ұлттық қорынан 2015 жылға 92,5 миллиард теңге бөлініп, осы күндері «Бəйтерек» холдингі құрылыс салушылармен 86,4 миллиард теңге сомасына шарттар жасасқанын мəлімдей келе: – Бүгінгі күні ел Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде қазақстандықтардың ең маңызды проблемасы – баспана тапшылығы біртіндеп шешімін табуда. «Бəйтерек» холдингінің еншілес компаниясы «ҚИК» АҚ үлкен жұмыстар атқаруда. Республика бойынша үстіміздегі жылдың наурыз айынан бастап əлеуметтік

жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы аясында 4 мың пəтер салы нып, пайдалануға берілді, жыл аяғына дейін қосымша тағы да 3 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, – деді. Жалпы, «Өңірлерді 2020 жылға дейінгі дамыту бағдарламасын» іске асыру шеңберінде холдинг 2015 жылы кемінде алаңы 400 мың шаршы метр болатын баспана салу мен сатып алуды жоспарлап отыр, бұл əлеуметтік жалдамалы тұрғын үймен Қазақстан бойынша 7 мың отбасыны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Астана, Алматы, Шымкент, Ақтө бе, Көкшетау, Қостанай, Семей, Тараз, Қарағанды, Ақтау, Талдықорған жəне Қызылорда қалаларында ауданы 226,4 шаршы метр 3 983 пəтерді пайдалануға беру қамтамасыз етілді. Бағдарламаны іске асыруда осы 5 жылдың ішінде жалдамалы тұрғын үйдің шамамен 1 483 шаршы метрін беру жоспарланған. Бұл – 29 мыңға жуық пəтер. Осы арада «Əлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасын «Бəйтерек» холдингі «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ-пен бірге «Нұрлы Жол» жəне «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламалары аясында жүзеге асырып келе жатқанын айта кетелік. Жоғарыда

атап өткендей, Алматы қаласы əкімдігі де бұл мақсаттың орындалуына белсене атсалысуда. Бұл бағдарламаға жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жетім балалар, оралмандар, мемлекеттік қыз меткерлер, əскери қызметкерлер жəне бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне қатысуға рұқсат беріл ген. Тағы бір айта кететін жайт, бағдарлама бойынша пəтерлердің 50 пайызы аталған санаттар бойынша жасы 35тен аспаған жас отбасыларына беріледі. Бұл жерде пəтерлер 20 жылға жалға беріледі. Осы мерзімнен кейін пəтер жалға алушының меншігіне өтеді. Алматы мен Астана қалаларында жалға берілетін 1 шаршы метр тұрғын үйдің жалға алу бағасы 1120 теңгені құраса, өңірлерде шамамен – 923 теңге болады. Тұрғын үйді бес жылдық жалға алу мерзімінен кейін, қалдық құны бойынша сатып алуға рұқсат етілген. Қалдық құн бұдан кейінгі қалған ай сайынғы жалдық төлемдердің сомасына тең. Сондай-ақ, тұрғындар бұл бағдарлама бойынша алғашқы жарна төлемейді. АЛМАТЫ.


4

www.egemen.kz

23 қыркүйек 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ЖАЋАННЫЅ ЖАНДЫ ЖЕРІ –

Дəл қазіргі таңда шынында да жаһанның ең жанды жері Таяу Шығыс тарабында тұрғаны айдан анық. Ол біраз уақыттан бері лаңкестіктің сан түрлі зұлым əрекеттерінен бастап, ұлысаралық ұйпа-тұйпа ұрыстардың да нағыз бықсыған ошағына айналды. Осы арқылы Еуропа елдерінің «сау бастарына сақина» салып беріп, түпсіз тығырыққа тіреп отырған босқындардың толассыз көші-қон мəселесі де туындап отыр. Бүгінде бұл проблемалардың бір-бірлерімен алғаусыз астасып, шырмауықтай шатасып жатқаны да ешкімнің күмəнін тудыра алмайды.

Апта əлі де осы оқиғалардың айналасынан шыға алмай тұр. «Сұрап алған аурудың емі жоқ» дегендей, əу басында адамдардың өз қолдарымен жасалған, соның ішінде «қойдан да қоңыр» болып, бейбіт тыныш жатқан еңселі елдерге сыртқы күштердің араласуы салдарынан өріс алып кеткен бұл аласапыранның аяқталар шамасы аңғарылар емес. Алайда, осыған қарай қадам басудың алғаш жасалып жатқан ишарасы да бой көрсетіп қалған сияқты. Одан қандай нəтиже шығатынын өз мерзімі көрсетеді.

АЌШ Ресейге бетін бўра бастады Вашингтон қазір Ресей мен Иранды президент Башар Асадпен диалог жүргізуге дəнекер болуға шақыра отырып, Сириядағы жанжалды саяси тұрғыда шешудің келіссөз үдерісін бастауға барынша ынталы болып отыр. Осы өтініштің сыңайында АҚШ енді Сирия лидерінің тез арада қызметтен кетуі туралы мəселе көтеріле қоймайтынын білдірді. Мұны жеткізген мемлекеттік департамент басшысы Джон Керри тараптардың Сирия жөніндегі позициялары бір-бірлеріне жақындай түскенін атап өтті. Алайда, бұл тұрғыда Ресеймен ынтымақтас болуды Америка элитасының өкілдері түгелдей қолдап отырған жоқ. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри сенбі күні Ресей мен Иранға өз беделдерін пайдаланып, Сирия президентін елдегі жанжалды реттеу үшін саяси келіссөз үстеліне отыруға көндіру жөнінде өтініш жасады. «Біз келіссөзге кірісуіміз керек. Мұнда бізге Ресей мен Иран секілді ықпалы жүретін мемлекеттер көмектеседі деп үміттенеміз», – деді Джон Керри Ұлыбритания сыртқы істер министрі Филип Хаммондпен кездесуі кезінде. Дамаскінің аймақтағы негізгі одақтастары болып табылатын Ресей мен Иранға Асадты саяси келіссөзге көндіріп беру жөнінде ұсыныс айту – АҚШ тарапынан бұл тарапта болып отырған

бірінші бастама. Мемлекеттік хатшы өзінің мəлімдемесін келесі күні АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер мен Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгудің телефон арқылы Сириядағы жағдайды талқылағандарынан кейін жасады. Пентагонның хабарламасына қарағанда, АҚШ əскери ведомствосының басшысы өз əңгімесінде «Сириядағы саяси транзиттің негізі болып табылатын дипломатиялық келіссөздермен қатарласа жүргізілетін мұндай кеңестердің қажеттілігі мен маңыздылығына» баса назар аударған екен. Немістің Bild am Sonntag басылымы жексенбі күні өзінің мəнбелеріне сілтеме жасай отырып, АҚШ пен Ресей барлау ұйымдары өкілдерінің Сирия жөнінде ақпарлар алмасу үшін Мəскеуде кездескенін хабарлады. АҚШ «Ислам мемлекетіне» қатысты барлау мəліметтерін Мəскеумен бөлісуге мүдделі болып отыр, деп жазады басылым осы ретте. Ресей мен АҚШ-тың Сирияға қатысты келіссөздері Владимир Путин мен Барак Обаманың қыркүйек айының соңында Нью-Йоркте өтетін БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында жалғасын табуы мүмкін. Əзірге бұл кездесу жөнінде алдын ала келісім болмаған. Алайда, сарапшылар «қысқа уақытқа созылса да, ондай ұшырасудың» болуын жоққа шығарып отырған жоқ.

Американыѕ əскери істерін гей басќаруы мїмкін АҚШ президенті Барак Обама армия істері министрінің орынтағына гей екені айдан анық Эрик Фэннингті ұсынды. Аталмыш кадр соңғы кездері Пентагонда басшылық қызметтер атқарып келген екен. 47 жастағы Фэннинг мұнда «жарық жұлдыз» саналады. Оны əріптестері ең білікті мамандар қатарына жатқызады. Обаманың айтуына қарағанда, Фэннингтің əскери қызмет саласында көп жылдардан бері жинақталып қалған бай тəжірибесі бар жəне лидерлік қасиеттерден ада емес. «Мен оның біздің ерлер мен əйелдерден құралатын əскери қызметкерлерімізге жақсы қарайтыны үшін разымын. Мен енді оның Америка солдаттарына да жақсы басшылық жасай алатынына сенімдімін», – деді АҚШ президенті. Бұрын CBS News телеарнасының журналисі болған Фэннинг кейінгі жылдары АҚШ-тың Эштон Картер басқаратын қорғаныс министрлігінде штаб бастығы болып қызмет атқарған. Бұған дейін əуе қарулы күштері министрінің орынбасары болған. Енді сенат келісім берсе, Фэннинг бұрын республикалық партия атынан конгресмен болған, биыл өзінің отставкаға кететінін жариялаған министр Джон Макхьюдің орнын басқалы тұр.

Нобель комитетінде жаѕа жанжал бас кґтере жаздап тўр Нобель комитетінің бұрынғы хатшысы Гейр Лундестадқа құпия ақпарларды таратып жіберді деген айып тағылып жатыр. Бұған норвег маманының «Əлемнің құпиялары» деген мемуар шығарғаны себеп болып отыр. Аталмыш фолиантта комитеттің бұрынғы қызметкері соңғы 25 жылдың ішінде беделді сыйлықтың кімге жəне не үшін берілгенін толық ашып жазыпты. Соның ішінде ол АҚШ

президенті Барак Обамаға мұндай тартудың тағайындалуы үлкен қателік жəне əділетсіздік болғанын алға тартады. Лундестадтың пікірінше, Америка президентіне Нобель сыйлығының берілуі орынсыз ғана болып қоймаған, Ақ үйдің иесі сонымен қатар кейін үмітті де ақтамаған. Комитетте ширек ғасырдан астам уақыт еңбек еткен қызметкердің Нобель комитеті

Венгрия: Еуропаєа 35 млн. босќын келе жатыр Еуропа елдеріне шекаралары шептерін күшейте түсуге тура келеді. Себебі, Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерінен, Ауғанстан мен Пəкстаннан бұлай қарай тағы 30-35 миллион адам шамасында босқын бағыт алып келе жатыр. Бұл туралы Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сиярто мəлімдеме жасады. Оның пікірінше, Еуроодақ елдері шекараны бекітудің айдан анық қажеттілігін қаперлерінен шығарып, затты өз атымен атауға бата алмай отыр. Ол өз сөзінде «халықаралық БАҚ-тардың жалған хабарламалары» негізінде əрекет жасап келе жатқан билікті сынға алды. Венгрия кəрі құрлықтың жүздеген мың немесе миллион мигрантты қабылдауға шамасы келмейді. «Біз тек Шенген режіміне қолдау көрсетіп, оны күшейткенде ғана дағдарысқа иелік ете аламыз», – деді Сиярто.

Қыркүйектің 15-інде Венгрия заңына шекарадағы бақылауды айтарлықтай қатайтуға бағытталған түзетулер енді. Жаңа ереже мемлекет шекарасын күзетуге армияны қатыстыруды, белдеуден астыртын өтіп кеткендерге қылмыстық жаза қолдануды, баспана беру жөніндегі өтінішті жедел шешуді қарастырады. Өзгертулер, сондайақ, жасырын өтетін мигранттарға жəрдем беретін контрабандашыл топтарды жазалауды да күшейтеді. Нəтижесінде босқындар енді бұған баламалы бағыттар іздестіретін болады. 2015 жылдың басынан Еуроодақ елдері өздерінің территорияларына 500 мыңға жуық мигрантты қабылдап үлгерді. Олардың қатары күн санап мыңдаған адамға артып отырды. Осы ретте Еурокомиссия қазіргі көші-қон дағдарысын Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі аралықтағы ең ірісі болып отырғанын атап өтті.

Спиртті ішімдік талай елдіѕ тїбіне жететін тїрі бар

мүшелері мен лауреаттары арасындағы қарым-қатынасты бүге-шігесіне дейін ашып көрсетуі оның бұрынғы əріптестеріне ұнамай қалыпты. Мұны олар құпияны сыртқа шығармау жөніндегі келісімді бұзушылық деп есептеп отыр. Ал келісімге сəйкес, бұл жерден қызметтен кеткен адам комитеттің ішкі мəліметтерін сонан соңғы 50 жылға дейін құпия ұстауға тиіс екен.

Моңғолияда спирттік ішімдікке үйір болу адамдардың ерте өліміндегі екінші маңызды фактор болуға айналды. Билл жəне Мелинда Гейтстер қоры аясында 188 елде жүргізілген зерттеу жұмыстары адамдарды өлімге итермелейтін негізгі факторларды анықтауға арналды. Зерттеу зорлық-зомбылықтан келетін өлім-жітімнің 15-орында тұрғанын көрсетті. Ал нашақорлық пен алкогольден ажал құшатындар саны 7-орынға келіп тұр.

Егер XX ғасырдың соңында ең көп өлім аштықтан келген болса, қазір дұрыс тамақтанбау, яғни ауқаттанудың ережелерін сақтамау ең алдына шығыпты. Тəуекелшілдік жағынан екінші орынға қан қысымының көтеріңкі болу факторы жайғасыпты. Зерттеудің жетекші авторы Мохаммед Форузанфардың пікірінше, дұрыс тамақтанбау мен гипертензия салдарынан болатын өлімнің санын азайту қосымша

қаржы төгуді керек етпейді. Бұл үшін «азық-түлік өнімдеріндегі натрийдің мөлшерін азайтып, тұздың орнына қолданылатын қоспаларды пайдаланса жетіп жатыр». Айтқандай, таяу уақыттары Ресейде, Моңғолияда жəне Кореяда тұзға емес, алкогольге шектеу енгізуге тура келеді. Бұл елдерде спиртті ішімдіктер адам өлімін шақыратын екінші фактор болып отыр.


23 қыркүйек 2015 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

ТАЯУ ШЫЄЫС ТАРАБЫ Тїркия жаєалауынан 4 жасар ќыздыѕ денесі табылды

Ќатыгездік əкелген ќасірет

«Əл-Каида» террорлық тобырының содырлары сириялық көптеген əскери қызметкерді атып өлтірді. Жаппай атып өлтіру бұдан бірнеше күн бұрын Сирияның солтүстік-батыстағы Идлиб провинциясында орналасқан авиабаза аумағында орын алған. «Əл-Каида» тобымен байланыстары бар содырлар тамыз айында осы базаны басып алыпты. Қазіргі күндері Сирия мен оған шекаралас мемлекеттерде бірнеше исламистер топтары əрекет етіп келеді. Олардың арасында «Əл-Каида» мен «Ислам мемлекеті» топтарының əлеуеттері күштірек. Еске сала кетейік, ИМ биылғы мамыр айында Пальмирада 400 бейбіт тұрғынды атып өлтірген болатын. Қазір аумағын азамат соғысы жайлап, ИМ содырлары басып алған Сирия Еуропаға қарай босқындар ағылуының негізгі қайнар көзіне айналып отыр. Ал кейбір терроршылардың бейбіт мақсаттағы мигрант ретінде Германия жеріне жетіп алуға тырысатындарын ешкім қазір жоққа шығара алмайды.

Түріктің Бодрум қаласы түбіндегі жағалаудан 3 жасар сириялық араб баласының өлі денесі табылып, дүйім жұртты дүр сілкіндіргеніне бірнеше күн өткен соң тағы бір сондай оқиға қайталанды. Енді сириялық 4 жасар қыздың мəйіті шықты. Əзірге теңізде қазаға ұшыраған бүлдіршін қыздың аты-жөні анықталған жоқ. Оның өлі денесі Түркияның батысындағы Измир провинциясының теңіз жағалауына ағып жеткен. Алдын ала мəлімет бойынша, кішкентай қыз басқа да мигранттармен бірге грек аралдарына бара жатқан қайықтың ішінде болған. Ал су кемесі аударылып кеткен кезде, ондағы 14 жолаушыны құтқарып алудың орайы келген. Олардың 8-і бала. Ал қайықта барлығы 15 адам отырған. Сонда қазаға ұшыраған жалғыз осы қыз болған.

Əзербайжан Еуропарламентпен ќатынасын їзеді Əзери елінің жоғары заң шығарушы органы – Милли меджлис Еуропарламентпен қатынасын үзуді ұстанатын қаулы қабылдады. Мұның өзі Еуропарламенттің елде «ұдайы адам құқығы бұзылып тұратыны», «азаматтық қоғам мүшелерін үздіксіз қуғын-сүргінге салатыны» үшін Əзербайжанды айыптаған қарар қабылдауына жауап ретінде пайда болды. Президент Ильхам Əлиев оқиғаға түсіндірме бере келіп, өз елінің парламентарийлеріне қолдау білдірді. Ол еуропалық ұйым қарарын «ештеңеге негізделмеген, жалғандықтан, жала мен біржақты көзқарастан құралған саяси арандату» деп атады. «Біріншіден, біреуді айыптамас үшін сен алдымен өзіңе қарап ал. Бүгінде Таяу Шығыстан Еуропаға қарай ағылған босқындар тағдырларының қалай болып жатқанын бүкіл əлем көріп отыр. Бұл адамдардың бəрі сырттан араласушылық салдарынан елдерінің бүліншілікке ұшырауының құрбандары болып табылады. Мұны жасаған кімдер? Сыртқы күштер бұл елдердің астаң-кестеңін шығарды, территориялық тұтастықтарына нұқсан келтірді, миллиондаған адам жақындарынан айырылды. Екіншіден, Еуропаның өзінде не болып жатыр? Исламофобия, нəсілшілдік, ксенофобия. Осы ма еуропалық құндылықтар? Егер Еуропарламент басқаны қойып, тікелей осы істермен айналысса, тіпті, дұрыс болар еді», деп мəлімдеді Əлиев. Егер бұл мəселеге барлық жағынан көз салып қарасақ, Əзербайжанның негізгі діні ислам болып табылатын елдер арасындағы мейлінше зайырлы мемлекеттер қатарына жақын тұрғанын байқауға болады. Сондықтан Еуропарламенттің Бакуге қатысты осыншалықты радикалды сипатта үн қатуы күтпеген оқиға сияқты көрініс тапты. Əдетте, Батыста мұндай қатқыл дауыс ұстанған бағыты америкалықтарға кедергі келтіріп отырған елдерге ғана қарата көтеріледі. Міне, еурократтардың байқатып тұрғаны да осындай пиғыл. Қолайсыз азаматтарына шектен шыққан қуғын-сүргін көрсетеді, деген желеумен Əзербайжанға қарсы санкция енгізу

5

www.egemen.kz

қажеттігі туралы жаңалық əзербайжан фольклоры аясында шетелдік туристер биді қыздырып жатқан кезде жетті. «Бұлар айтса адам сенгісіз ақжарқын адамдар. Ал Еуропадағылар бұл жақты сұмдық қорқынышты жер етіп көрсете береді. Себебі, олар Əзербайжанның шынайы келбеті жөнінде өте аз біледі», – деді шетелдік туристер осыған орай. Жылдам қарар қабылдағандарына қарағанда, Еуропа парламентарийлері бұдан гөрі анық басқаша пікірде болса керек. Олар өз кабинеттерінен шықпай отырыпақ, Əзербайжандағы адам құқығының бұзылуы турасында 24 тараудан тұратын құжатты ойдан жазып шығыпты. Еуропа парламентінің əзербайжан шенеуніктеріне, ресми тұлғаларына, тіпті, судьяларына нақтылы атаулы санкциялар енгізбек болып жасаған қоқан-лоққысына мемлекет басшысы Ильхам Əлиевтің өзі жауап қайтарды. «Еуропарламенттің қабылдаған қарары біз үшін, президент ретінде мен үшін жай бума қағаздан артық құны жоқ. Мен бұған пəлендей мəн бермеймін, бірақ, əрине, оны айыптаймын. Енді Əзербайжанды өзіне қаратып алғысы келетін сырттағы жұрттың бəріне айтарым: сіздердің əрекеттеріңізден түк шықпайды. Бірде-бір сыртқы күш арандату жəне өсек-аяң тарату жолымен ұлттық мүдде саясаты негізінде қалыптасқан тəуелсіз Əзербайжан мемлекетіне қысым көрсете алмайды», деп атап өтті Əлиев. Еуропарламенттегілер осы қағазды құрастырып отырғанда, негізсіз айып тағып, жалған тұжырымдар жасаудан ешбір шімірікпеген. Мəселен, журналист Расим Əлиевтің өлімі үшін Əзербайжанды айыптай отырып, мұның қазіргі билікті сынағанына орай жасалғанын мəлімдейді. Бірақ бұл – барып тұрған жалған. Жұрттың бəріне белгілі оқиға былай болған. Бакуде Əзербайжан мен Кипр футболшылары ойнап жатқан кезде ойыншылардың бірі фанаттар жағына қарап тұрып, əдепсіз ишара көрсеткен. Расим осы туралы Интернеттегі парақшасына жазып, мұндай футболшының құрама сапында ойнамауы керек екенін білдіріпті. «Олар менің

ұлымды ортаға алып, ұра бастады. Сөйтіп, Расимді сайтта жазған жазулары үшін жазаламақшы болды. Расим ешқашан саясатпен айналысқан емес», – деп жазды кейін оның анасы Тейфура Əлиева. «Қарарда тұрмыстық қылмысты қолдан саясаттандырып жіберген. Бұл – баяғыдаақ өзінің құнын жоғалтқан тəсіл. Бұл – белгілі бір елдер жөнінде нашар пікір қалыптастырып, оған қысым жасаудың əдісі. Олар осылайша үйдің иесі кім екенін көрсеткілері келеді», – деп атап өтті Милли мəжілістің халықаралық қарым-қатынастар жəне парламентаралық байланыстар комитетінің төрағасы Самед Сеидов. Еуропа парламентінің тағы бір талабы Əзербайжан территориясында үкіметтік емес ұйымдарды тез арада қалпына келтіруге бағытталған. Айтқандай, əзери елі бұл жолдан да өтіп көрген. Сыртқы күштерге аталмыш ұйымдардың не үшін керек болатыны, шетелдік агенттердің Əзербайжан саясатына араласа бастағанда жағдайдың қалай өзгеретіні 2013 жылғы президент сайлауы қарсаңында белгілі болып қалған. Олар Батыстың мол ақшасына күн сайын жаппай тəртіпсіздіктер ұйымдастырып, халықтың əбден берекесін алып біткен. Шерушілер алдымен армиядағы бетімен кетушілікті айыптаған болып митингіге шықты. Сосын арада бір сағат өтпей жатып, ұрандарын «Əзербайжанға бостандық берілсін!» жəне «Үкімет отставкаға кетсін!» дегенге өзгертіп шыға келді. Олардың керемет ұйымдасқан топ екені де сол сəттен аңғарыла бастады. Əр қатарда 10 адамнан жүріп келе жатты. Алдағы адамның оң жұдырығы жоғары көтерілсе, сап камера мен фотоаппарат асынғандар келесі қапталға қарай ауысып үлгерулері үшін ақырын жүре бастайды. Бəрі қара түсті бешпет киген. Ал үйлестушілерінің киімдері ақ түсті болған. Шерудің алдыңғы шебінде пиджак киген кісі оң қапталдың артта қалып қоймауын үздіксіз қадағалап тұрады. Тексере келгенде, ақ жейделі кісі Американың «Демократия ұлттық институты» ұйымының штаттағы қызметкері Руслан Асад екені белгілі болады. Ұйым

штабы Вашингтонда орналасқан. Оның өкілдері кейінірек митингінің алдын ала дайындалғанын да мойындайды. Бұлардың бəрі əлеуметтік желілер арқылы бірбірлерімен тез кездесіп тұрған. Бұдан үш ай алдын Бакуде тарихтағы бірінші Еуропа ойындары ойналды. Осы кезде кəрі құрлықтың көптеген елдерінің басшылары оған байкот жарияламақшы да болды, бірақ оны жүзеге асыра алмады. Ойындарға 50 елдің спортшылары келді. Əзербайжанмен көптен жанжал жағдайында отырған ел – Арменияның боксшысы Геворг Манукян күміс медаль алғанда, оны президент Ильхам Əлиев өз қолымен тапсырды. Сол кез фанаттар боксшыны ысқырып қарсы алмақ болғанда, мемлекет басшысының өзі оларды ишарамен тыныштандырды. «Бүгінгі Əзербайжан – мұсылман елдері арасындағы тұрақтылықты сақтап тұрған бірден-бір мемлекет. Оның Ресеймен тауар айналымы өсіп бара жатқаны да Батыстың наразылығын тудырмай қоймайды», – деп атап өтті Trend News агенттігі орыс қызметінің жетекшісі Эльмира Таривердиева. «Біздің Ресеймен қарым-қатынасымыз біреулерді анық ызаландырады. Біздердің Сириядағы мигранттар жөніндегі позицияларымыз бір-бірімен өте ұқсас. Таяу Шығысты құмырсқаның илеуіндей астаңкестең еткен Батыс. Бəрі Тунистен басталды, сосын кезек Ливия мен Иракқа келді», – деді Батыс университетінің профессоры, халықаралық қатынастар жөніндегі сарапшы Фикрет Садыхов. Осы ретте сарапшылар Еуропарламент қарарының Əзербайжанға бірнеше жылдан бері жақындасуды ұсынып жүрген НАТОның мақсатына жете алмауына байланысты пайда болғанын ашық айтып отыр. Ал ұсыныс тоқтаусыз айтылып келеді. Альянстың мұндағы бар қол жеткізгені Бакудің базаларына транспорт таситын ұшақтарын қондырып тұруға рұқсат алулары ғана болды. Онда да тек «ұшпайтын жүктерді» тасымалдауға ғана рұқсат етілді. Бірақ қарудан басқа ештеңені алып өте алмау НАТО-ны қанағаттандырып отырған жоқ. Бүгінде Əзербайжанның шығыстағы бөлімдерінің біріндегі əскери аэродромға НАТО ұшақтары тұрақты қонып тұрады. Жүк одан əрі Каспий теңізі арқылы Ауғанстан территориясына жөнелтіледі. НАТО басшылығы өзінің Əзербайжан территориясындағы техникасы санын көбейту мақсатында Украинадағы қырғын қызып жатқан кезде құпия бір құжатқа қол қойыпты. Оның басты межесі Əзербайжанмен əскери ынтымақтастықты шұғыл түрде кеңейте түсу болған. Бірақ, түпкі көздегені Ресейге осылайша қыр көрсету көрінеді. Баку болса, бұған жауап ретінде өзінің атқыштар винтовкаларын өндірістен шығаруға кірісіп кетті, ал НАТО-ға кіру туралы мəселені, тіпті, қарап та əуре болмады. Мұның есесіне, Ресеймен қарымқатынасын жыл санап нығайтып келеді. Мəселен, 2015 жылдың басынан бері екі ел арасындағы тауар айналымы 6 пайызға өскен. Сарапшылар мұның əлі шек емес екенін, бұл көрсеткіштің алда көтеріле түсетінін айтып отыр. Ресей сөрелерінде əзербайжан көкөністері мен жеміс-жидектері күн санап артып келеді. Олар топтап тасылып емес, кеден жүйесіндегі «жасыл дəліз» арқылы жеткізілуде. Бұған қосымша Əзербайжан Ресейдің миллиард текше метр газын алуға қол жеткізгелі тұр – «Газпром» Баку мұнай компаниясымен бұл жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр, ал алғашқы өнім жылдың соңына дейін жөнелтіліп қалады.

Айқарма бетті дайындаған Серік ПІРНАЗАР, «Егемен Қазақстан».

ШАРАЙНА

Əлем жаѕалыќтары

Ресми ґкіл тїсіндіріп ґтуді лайыќ кґрмеді АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Джон Кирби Ресейдің Сириядағы елшілігінің атқылануына, сондай-ақ, БАҚ-тардың Ресейден осы елге əскери техникалардың жеткізілгендігі жөніндегі ақпараттарға қатысты түсінік бергісі келмеді. «Бұған қатысты ешнəрсе айта алмаймын», – деді Джон Кирби Ресей елшілігінің атқыланғаны жөніндегі сұраққа байланысты. Сонымен қатар, ол Сириядағы Ресей ұшақтарына қатысты ақпаратты нақтыландырмады. Бұл тақырып бойынша Мəскеумен сөйлесу қажет, деп мəлімдеген ресми өкіл. Бұған қоса Кирби АҚШ басқаратын халықаралық коалиция «Ислам мемлекеті» топтарына қарсы күресті жалғастыруға ниетті екенін атап өткен. Өткен жексенбі күні Ресейдің Дамаскідегі елшілігін қарулы оппозиция минометтен атқылаған еді.

Ерекше дайындыќ жасалєаны байќалып тўр Қытайдың «Жэньминь жибао» газеті Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің АҚШ-қа жасайтын сапарына арнап ағылшын тілінде əліпби шығарды. Таратып айтар болсақ, «А» əрпі 2013 жылы Анненбергте өткен Барак Обама мен Си Цзиньпиннің кездесуіне арналған. «В» əрпінде екі ел басшыларының туған күндері жөнінде айтылады жəне Қытай төрағасының АҚШ президентінен 8 жас үлкен екендігі атап өтіледі. Ал «І» əрпінде 1985 жылы Си Цзиньпиннің жүгері өсіруді оқып-үйрену үшін АҚШ-тың Айова штатына барғандығы баяндалады. Басылым беттерінде, сондай-ақ, ҚХР төрағасының жастарға қамқорлығы, сыбайлас жемқорлықпен күрес, елдің экономикасы көрсетілген. Қытай басшысы АҚШ-қа ресми сапармен кеше барды. Екі елдің басшыларының кездесуінде Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аралға байланысты, экономикалық қиындықтар мен адам құқықтарына қатысты өзекті мəселелер талқыланбақ.

Ќылмыстыќ топ ќўрєандар ќамауєа алынды Ресейдің тергеу комитеті Коми республикасындағы сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істің басты күдіктілерінің бірі Александр Зарубинге іздеу жарияламақ. Мұны аталған ведомствоның ресми өкілі Владимир Маркин хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Зарубин Ресей аумағынан тыс жерде жүр. Жақын уақытта оған іздеу жарияланады. Өйткені, комитет оны қылмысты ұйымдастырғандардың бірі деп есептейді. Тоқталып өтейік, бұған дейін сот Коми республикасының басшысы В.Гайзерді, республика үкіметі төрағасының орынбасары К.Рамадановты жəне бұрынғы сенатор Е.Самойлованы тұтқындау туралы санкция берген еді. Бұлармен қоса 19 адамға 2006-2015 жылдары аралығында мемлекет мүлкін иемдену мақсатында ұйымдасқан топ құрып, қылмыстар жасады деген күдік келтіріліп отыр. Ал А.Зарубин 2004-2009 жылдары əнші Лолита Милявскаямен некеде тұрған екен.

Ќысќа ќайырып айтќанда:

● «Рейтер» агенттігінің таратқан ақпараттарына қарағанда, Қытай билігі құнды қағаздар рыногын реттеу жөніндегі комиссия төрағасының көмекшісі Чжан Юйцзюньді қызметінен босатқан. ● Пентагон Ресейдің Сириядағы ұшақтары бейнеленген суретті жариялады. Ол спутник арқылы түсіріліпті. Америкалық əскерлер ұшақтардың Су-30 СМ жəне Су-25 екенін айтады. ● СИРИЗА партиясының жетекшісі Алексис Ципрас Грекияның премьер-министрі ретінде ант берді. Салтанатты рəсім мемлекет басшысы П.Павлопулостың қатысуымен перзидент сарайында өтті. ● Аушвиц-Биркенау концлагерінде кезінде қызмет еткен 91 жастағы кейуанаға соғыс жылдары оның 260 мың адамның өліміне қатысы бар деген айып тағылды. Ол лагерь комендантының байланысшысы болған көрінеді.

Ќўрбан болєандар да, жараланєандар да аз емес Нигерияның солтүстік бөлігіндегі Майдугури қаласында болған жарылыстан 54 адам қаза тауып, 90 адам жараланған. Бұл ақпаратты «ВВС» агенттігі таратты. Осы қайғылы оқиғаға байланысты Нигерия полициясы: «Боко харам» содырының Аджилари мешітінде қолдан жасалған жарылғыш затты іске қосқанын жəне бірнеше содырдың дəл сондай жарылғыш құралдарды қаладағы ақпараттық-туристік орталығының ғимаратына қойғанын шамалап отырмыз», – деп хабарлаған осы жөнінде. Майдугири қаласы орналасқан Борно штаты «Боко харам» ұйымы содырларының шабуылына жиі ұшырап тұрады. Олардың жасаған террорлық əрекеттерінен опат болған жандар да аз емес. Кейбір мəліметтерге қарағанда, соңғы үш айдың ішінде «Боко харам» содырларының қолынан 800-ден астам нигериялық қаза тапқан.

Əлемдегі еѕ ќымбат ќалалар аталды Бұқаралық ақпарат құралдары əлемдегі ең қымбат 10 қала белгілі болғанын жарыса хабарлап жатыр. Көшті Швейцарияның Цюрих қаласы бастап тұр. Атап өтейік, рейтингте тұрғындардың жалақысы мен тұтынатын тауарларының құны ескерілген. Мысалы, Цюрихте үш адамнан тұратын отбасының қалыпты өмір сүрулері үшін айына 3600 доллар қажет екен. Ескерте кетейік, рейтингте олардың пəтер жалдап тұруға кететін қаражат шығыны есепке алынбаған. Екінші орынға Швейцарияның тағы бір шаһары, яғни Женева көтеріліп отыр. Ал үшінші орын АҚШтың Нью-Йорк қаласына беріліпті. Əлемдегі ең қымбат қалалардың рейтингін швейцариялық UBC банкі түзген. Əр үш жыл сайын мəліметтер жаңартылып тұрады екен.

Їшінші орыннан ыєыстырды «Блумберг» агенттігінің Қытай бас кеден басқармасының мəліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, осы жылдың тамызында Қытайға мұнай жеткізу көлемі бойынша Ирак Ресейді үшінші орыннан төменге ығыстырды. Бүгінде Қытайға мұнай жеткізуде бірінші орында бұрынғысынша Сауд Арабиясы (3,91 миллион тонна) тұр. Екінші орында тамыз айында мұнай экспорттау көлемін едəуір арттырған Ангола (3,52 миллион тонна) келеді. Ресейліктердің Қытайға мұнай жеткізуі 3,77 миллион тоннадан 3,1 миллион тоннаға дейін қысқарған. Олардың негізгі экспорттаушысы «Роснефть» компаниясы болып табылады. Бұл компания 2018 жылға қарай Қытайға мұнай экспорты көлемін жылына 50 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға ниеттеніп отыр. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


6

www.egemen.kz

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы, құрылымы мен дамуына қатысты тарихшы ғалымдар арасында əлі күнге түрлі тұжырым бар. Кейбір зерттеушілер мыңдаған жылдар бойы Еуразияны мекендеген көшпелі қазақ ұлты құрған елде мемлекет атауына лайықты билік жүйесі болмады деген ой айтады. Ал Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл АРТЫҚБАЕВ мұндай сарында еңбек жазып жүрген авторлардың пікірі қисынсыз екенін алға тартады. – Көп заман батыс жəне орыс тарихшылары мемлекет деген ұғымды тек отырықшы елдерге тəн, көшпелілерге жат құбылыс деп санап келді. Бұл көзқарас бізде əлі де орын алып отырғандай. Осы туралы не дейсіз? – Кеңестік тарихи-этнологиялық ғылымда көшпелілердің қоғамдық-саяси тарихы туралы ХХ ғасырдың 70-80-жылдары жарық көрген зерттеулердің басым бөлігінде былай жазылды: «...Кочевники не успели осесть, создать культуру, государство». Қызығы сол, кеңес ғалымдары осындай олақ ойға құрылған зерттеусымақтарына өзгені де, өзімізді де сендіріп бақты. Бұл, əрине, еуроцентристік тезиске маңайлайтын пікір екені даусыз. Ал қазір, шүкір. Бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттер тəуелсіздіктерін алып, əр ел өз тарихын зерттеп-зерделей бастады. Өкінішке қарай, посткеңестік жүйедегі зерттеушілер əлі де болса, бұған дейін қалыптасқан көзқарастар шеңберінде қалып отыр. Соның бірі ресейлік ғалым Н.Н.Крадин. Ол өз еңбектерінде көшпелілер империясының үш моделі бар дейді: «1) кочевники и земледельцы сосуществуют на расстояний... 2) землевладельцы зависят от кочевников... 3) номады завоевывают земледельческое общество и переселяются на его территорию... Вне всякого сомнения, данную политическую систему нельзя считать государством» (Крадин Н.Н. Империя хунну. М., 2006. с.30). Жалпы, зерттеушiлердiң көпшiлiгi мемлекетке қатысты тақырыпқа арнайы барғанның өзінде оның басқару құрылымы мен дəстүрлерін үстірт қана қарастырады немесе саяси оқиғаларды сипаттаудан шыға қоймайды. Соңғы кезде Шыңғыс ханның өзіне немесе оның ұрпақтарына арналып жарияланып жатқан əртүрлі жорамал дүниелер мен насаб-нама тізбелерін салмақты ғылыми еңбек деп қарастыру мүмкін емес. Тіпті, көптеген монографиялық зерттеулерде «Қазақ хандығы немесе Қазақ мемлекеті деген ұғым көмескіленіп, «Қазақ хандықтары» деген ұғым басым қолданылады. Осы ұғымды зерттеушілердің көпше түрде қолданудың өзі қазақ мемлекетін біртұтас, бір саяси құндылықтарды ұстанған құбылыс есебінде қабылдамағанын көрсетеді. Шын мəнінде, Қазақ хандығы – ХІХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейін көнеден алатын тамырын үзбей, бір бəйтеректей өмір сүрген мемлекет. Əрине, оның жарқырап көрінетін жарқын тұстары да, өзегін өрт шалып от-жалын құшатын тұстары да көп. Бірақ қазақ «жалғанның жалпағын өрт алса да, бір түп көде аман қалады» дегендей, түп негіз қашанда сақталып, қайта өркендеп, көркейіп отырған. Зерттеушілер күрт өзгерiстердiң келген уақыты ХІХ ғасыр дейдi. Əрине, егер қазақ-орыс қарым-қатынасы тұрғысынан қарасақ, солай болып та шығатын сияқты. Қазақ хандығының саяси өмiрiне ХVІІІ ғасырда Ресейдiң тығыз араласа бастағаны анық. Алайда, ел тарихы тек саяси қарым-қатынаспен шектелмейді. Орыс халқы қазақ жерiне iргелес қонғанымен, көшпелi елдiң iшкi тiршiлiгiн бұл ғасырда өз дегенiне көндiре алған жоқ. Қазақ шаруашылығы, этностық құрылымы, əлеуметтiк жағдайы, iшкi саясаты бəз-баяғы қалпында қалды. Мыңдаған жыл бойы Еуразияда қалыптасқан көшпелiлердің мемлекеттік мəдениетiнiң түпнұсқасы XVIII ғасырдан аман өтіп, ХІХ ғасырдың ортасына дейін жетті. – Тарихи шындық пікірталастан туындайтыны заңдылық. Ендеше, тарихшы ғалым ретінде қазақ мемлекеттілігіне қатысты сіздің ой-тұжырымыңыз қандай? – Еуразия кеңістігінде мыңдаған жыл бойы мекендеп келе жатқан ұлттың мемлекеті болмады деу ешқандай қисынға келмейді. Тіпті, өз басым мұндай пікір айту бүтін бір ұлтқа жасалған қиянат деп білемін. Біздіңше, жоғарыдағыдай ғылыми жұтаң ой айтатындар мынандай қателіктерге бой алдырып жүр: – біріншіден, қазақ мемлекетін жоққа шығарушылар өз зерттеулерін көшпелі мемлекет ауыр дағдарысқа ұшыраған ХVІІІ-ХІХ ғғ. деректеріне негіздейді; – екіншіден, олар қазақ деректерін түкке тұрғысыз етіп, оларды тарихи факт есебінде қолдану мүмкіндігін жоққа шығарумен айналысады. Олар түпнұсқа дерек (первоисточник) есебінде тек қағазға түскен құжаттарды (Ресей, Қытай шенеуніктерінің жазбаларын) мойындайды; – үшіншіден, «жаңаша зерттеу əдістері мен қосалқы зерттеу əдістемесін» пайдалану қажет» деген желеумен ғылыми жылтырақ терминдерді қолдану арқылы негізгі мəселені көмескілеп, оқырманның назарын екінші қатардағы немесе түкке тұрғысыз мəселелерге бағыттап жібереді; – төртіншіден, қазіргі тарихшылар патшалық жəне большевиктің тарихнаманың қазақ мемлекеттік дəстүрлерін санадан өшіру үшін талмай күрес жүргізгенін еске де алмайды. Осындай əділетсіздікке ашынып, қазақтың ежелден бір тудың астына бірігіп, мемлекет құрғанын дəлелдеу үшін ХХ ғасырдың басында Алаштың талай баласы басын бəйгеге тікті. Соның бірі – тарихшы Е.Бекмаханов. Ол қазақ тарихы жайында ақиқатқа негізделген ғылыми еңбегі үшін халық жауы атанып, сотталар алдындағы соңғы дискуссиялардың бірінде: «По их понятию, казахский народ, живший на огромной территории и имевший экономическую и культурную обшность, жил вне государства, как аморфная масса» (Бекмаханов Е. Стенограмма // Сочинения в семи томах. Т.6. Павлодар, 2006, с.299), – дейді. – бесіншіден, мемлекетті жоққа шығарушылар қазақ тарихына қатысты түпнұсқа деректерді пайдаланудың орнына Ресей зерттеушілерінің ХVІІІ ғ. соңы – ХІХ ғ. еңбектерін көшірумен айналысады. Белгілі мəдениеттанушы Ə.Қодар жазғандай, «недостаток данного дискурса в том, что в нем исследование самой проблемы подменяется переписыванием переписанного, т.е. тавтологическим пережевыванием давно известных трактовок...» (Кодар А. Мировоззрение кочевников в

свете Степного знания // Культурные контексты Казахстана: история и современность: Материалы международного семинара, посвященного 100-летию М.О.Ауэзова. Алматы, 1998, с.56). – Яғни, бұл осыған дейін біздің мемлекеттік құрылымды зерттеген кей ғалымдардың зерттеулерінде шикілік бар деген сөз ғой? – Əлбетте. Олар тарихымызды жан-жақты зерттей алмады. Ал біз ғасырлар бойы ұлтымыздың жадында сақталған ауыз əдебиетіне, архив қойнауларында сақталған түрлі жазба деректерге, шығыс тарихшыларының еңбектеріне сүйене оты-

23 қыркүйек 2015 жыл

хандары бар, өзара ақылдасып, бір атаның баласындай болайық, бəріміздің түбіміз бір деп уағда байласқан. Біз сол нұсқамен əлі де өмір сүріп келе жатырмыз. Сондықтан, қоғамның тірегі, өзегі туыстық қарым-қатынастар болғандықтан, əр ру өзін өзі басқарып, хандық биліктің күшеюіне жол бермей келгендігі осы. – Жоғарыда сіз мемлекеттің қалыптасуына түрткі болған саяси-қоғамдық институттар дегенді айттыңыз... – Иə, əсіресе, қазақ халқының саяси тарихында төре тұқымының алар орны ерекше. Қазіргі заман тілімен түсіндірсек, «төре» дегеніміз – мемлекет қызметкері, мемлекет заңының орындалуын қадағалаушы адам. Төре сөзінің шығу тегі қазіргі қолданыстағы «мемлекет» сөзінен де əрі. Араб тілінен тəржімалағанда «мемлекет» – империя, мемлекет, патшалық деген ұғымды білдіреді. Еуразияның көне тұрғындары көп заман мемлекет сөзінің орнына «ұлыс» атауын қолданып келді. Көне түрік кезеңінде бұл сөз «заң», «ереже», «тəртіп» мағынасында қолданыста болған. «Төре» сөзіне қатысты Махмұт Қашқаридың «Түрік сөздігіндегі» «күш елден кірсе, төре

отырды. Соның бірі – «Аталық мансабы». Бұл мансап Орталық Азия мемлекеттік тарихының негізгі белгілерінің бірі саналады. Ал аталық институтының түп төркіні көне ғасырлардың қойнауына қарай бастайды. Құрбанғали Халид «Тауарих хамса» кітабында ХІХ ғасырдың ортасында Қоқан билігіне өте белсенді араласқан Қанағат шах туралы: «Хан Қанағат шахқа «аталық» мансабын берді. «Аталық» (уəзір ағзам) – бас уəзір мəніне келеді. Нəсілі өзбек, жасы ханнан үлкен болып, қызметпен уəзір дəрежесіне жетсе, «аталық» деген атақ берілетін ғұрып болатын. Ал жарлыққа оның мөрі хан мөрімен бірдей жүреді. «Аталық» атағын алмаған уəзірде ондай дəреже болмайды», дейді. Аталық институты – мемлекеттік билікті күшейту құралдарының бірі. Ол – ру-тайпалық құрылым мен саяси билік арасындағы дəнекер, хандық биліктің қазықтарының бірі. Ол көшпелілерге тəн сепаратистік көңіл ауанын басып, генеалогиялық жолдармен елді ұйымдастырып, хан маңына топтастырады. Аталықтар орда қызметін басқару арқылы хан жанында белгілі бір мерзімде жиналатын Хан

«Кґтеріп ќазыєа салармын»...

Суретті салған Рашид КУЛЬБАТЫРОВ.

рып, Қазақ хандығының өзіне тəн ерекше басқару жүйесі болған деп есептейміз. Жалпы, зерттеушілер биліктің, яғни басқарудың екі түрі бар дейді. Оның бірі – монархиялық, екіншісі – республикалық. Біріншісі – жеке адамның немесе белгілі бір əулеттік топтың шексіз билігіне негізделсе, екіншісі – халықтың өзін өзі басқару институттарына арқа сүйеді. Басқарудың екі жүйесінде де толып жатқан ерекше формалар кездеседі. Мəселен, монархияның тарихи түрлерінің өзі бірнешеу (шығыстық, батыстық, оның ішінде римдік). Конституциялық монархия əлі күнге дейін əлемнің əр тарапында бар (Англия, Швеция, Жапония, т.б.). Ал республикалық басқару жүйесі де өзінің тарихи түрлерінен бастау алып (Спарта, Афина, Рим аристократиялық республикасы), қазіргі уақытта парламенттік жəне президенттік нұсқаларымен жиі кездеседі. Ал қазақ қоғамының немесе көшпелілердің басқару жүйесін біз осы белгілі екі жүйенің қайсысына жатқызамыз? Міне, алдымен осы сауалға жауап беру керек. Неге екені белгісіз, зерттеушілердің дені мемлекеттің басқару аппаратын бюрократия түрінде ғана қабылдайды. Мүмкін, бұл көршілеріміз Қытай мен Ресейде мемлекет қашанда бюрократиялық билікке негізделіп, мемлекет қызметі шенеунікпен байланысты болғандықтан шығар. Бұл ұғымның ішінде қазақ қоғамында қалыптаса қоймаған əкімшілік-аумақтық жүйе, билік жасаушы мемлекеттік алым-салық пен кеден, əскери жəне қауіпсіздік қызметі сияқты толып жатқан билік жүйесінің құрамдас бөліктері мен тетіктері бар. Бұл атрибуттардың бəрі де ХV-ХVІІІ ғғ. басына дейінгі Қазақ хандығында кездеседі. Тіпті, бір қарағанда, қазақ қоғамында монархиялық биліктің нұсқасы да бар сияқты көрінеді. Көшпелілердегі билік институты бір қолға, мысалы, хандардың қолына жинақталуы мүмкін емес. Ол билік өздерінің ортасынан шыққан билерінде де шамалы. Себебі, олардың өздері де ел ортасындағы беделді ақсақалдармен кеңеспей бір шешімге келе алмайды. Осы себептерге байланысты түр-сипаты жағынан қазақ билігін «монархиялық билік», ал мазмұны жағынан «демократиялық билік» деп атауға болады. Егер, біз қазақтың өз түсінігіне қарай сипаттасақ, бұл жерде ұлыстық жəне рулық биліктің өзара күресі мен тепе-теңдігін көреміз. Шынтуайтына келгенде, бүкіл қазақ ертеде мемлекет болған, тарихта егеменді ізі сайрап жатқан ірі ру одақтарынан бастау алады. Бірақ Қазақ хандығы деген мемлекетті ХV ғасырдың ортасында құрған уақытта ақсақалдар, билер мен

түндіктен шығар» деген мақал да ең бастысы тəртіп туралы айтып тұрғаны сөзсіз. Яғни, елге бұлғақ, жаманшылық, бейəдептік кірсе, заң, тəртіп, ереже түндіктен ұшып кетеді дейді (Қашқари М.Түрік тілінің сөздігі: «Диуани лұғат ат түрік». 3 томдық. Аударған, түсініктемелер жазған А.Егеубай. Алматы,1997 жыл, ІІІ, 301-б.). «Төре» сөзін қазақ авторларынан басқа бізге жақын ел тарихшылары да қолданады. Мысалы «Тарих-и Қыпшақ хани» кітабының авторы Қожамқұл бек Балқы Бұхар жұртын билеген Əбілпейіз хан туралы жаза келіп, Балх қаласындағы бас көтеру туралы былай дейді: «После того как узбеки Балха услышали о проишествии с Убайдолла ханом (они) собравшись к Адил аталыку, сказали: «Впредь мы не желаем подчиняться бухарскому хану». Адил аталык смекнул, что в дальнейшем управлять этой страной без тюры не представляется возможным. После гадания и совещания жребий султанствования в Балхе пал на потомка Вали Мухаммад-хана, обосновавшегося к тому времени в Герате...». Бұл Мəуреннахр өлкесінде ХVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде жазылған еңбекте төре сөзі қазақ ортасындағы мағынасында қолданылып отыр. Бұхара хандығына жаңа хан тағына отырған он алты жастағы Əбілпейізді мойындамай, Балқы өлкесі өздеріне жергілікті төрелердің бірін таңдайды. Шыңғыс ханға дейін қазақ даласында төре атағымен қызмет атқарған өзге де билеуші əулеттер болғаны сөзсіз. Бірақ та, қазақта хан тек төре əулетінен, яғни Шыңғыс хан тұқымынан ғана сайланады. Бұл, шамасы, Əбілқайырдан бөлініп 1457 жылы Таңбалы таста алғашқы кеңес өткізгенде Орда Ежендік төрелер Керей мен Жəнібектің көтерілген елдің басында болуына байланысты қалыптасқан дəстүр. Мемлекеттік жоғары билік жүйесі де осы кезеңде қалыптасқан болуы керек. Оның бірінші ережесі Шыңғыс тұқымы ішіндегі əулеттік жол ережесі жəне соған сəйкес үлкен ханды сайлау. Əуел баста үлкен ханды сайлау Сарайшықта (Керей, Жəнібек, Бұрындық), одан кейін Ұлытауда (Қасым, Тоғым, Бұйдаш) өткізіліп, кейін келе Түркістанға – Əзірет Сұлтан мешітіне келгенге ұқсайды. – Шыңғыс хан ұрпағы – төре тұқымының Қазақ хандығының құрылуына əсері болғанын тарихтан білеміз. Дегенмен, хандық дəуірде төрелер ғана бүтін бір мемлекетті өздері басқарды дей аламыз ба? – Дұрыс айтасыз. Ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан империяны бір орталықтан басқару оңайға соқпайтыны рас. Сондықтан, төре тұқымынан өзге ел ісіне əртүрлі мансап иелері де араласып

кеңесіне тікелей ықпал ететіні анық. Əз Тəуке хан заманында «Жеті жарғы» жұмысын үйлестірумен Барқы аталықтың айналысқаны тарихи шындық. Сонымен бірге, аталық күшті рулардың өкілі болғандықтан, əскери-жауынгерлік қосындарға басшылық ету функциясын да атқарады. Кез келген жағдайда өз ру-тайпасының күшіне сүйене отырып, бағынбаған елдерді хан дəргейіне келтіру аталықтың міндеті. Аталық институты хандық билікті күшті ру-тайпалар арқылы қолтықтау, демеу деп айтуға болады. Мəшһүр Жүсіп Күдері қожаның бір толғауына түсінік бере келіп: «Егіз, Тайым – Малай-Жəдігерден шыққан батырлар заманында «Аталық» атанып, хандардың көші-қонын билеген ерлер», дейді. Бұл Егіз, Тайым Бөкей хан əулетіне қызмет жасаған. Бір жағынан хан қашанда елмен санасуға мəжбүр, екінші жағынан ол өз саясатын аталық сайлап отырған күшті ру арқылы өткізе алады. «Аталық» қалыптасқан тəртіп бойынша ең бірінші хан билігіне, яғни орталық билікке қызмет етуі керек. Қазақтың дəстүрлі билік жүйесі дегеніміз осы «аталық» институтынан нақты көрінеді. – Аталық институты атқаратын жұмыстың ауқымы кең болған екен. Бірақ, бізде осыған ұқсас билер институты да бар емес пе? Ендеше, осы екеуінің айырмашылығына тоқталып өтсеңіз. – Қазақ қоғамындағы би (ерте дəуірде – бек) ру басшысы, оның мүддесінің қорғаушысы, т.б. Ол өзіне тапсырылған ең басты шаруа – ру ұжымының барлық ішкі жəне сыртқы саяси шаруаларын өзі басқарады, өзі тексереді, өзі жазалайды. Би өз ағайын-туысының ағасы да, соты да, жазалаушысы да өзі. Жаугершілік кезеңдерде рудың қарулы азаматтары өздерінің билерінің соңынан ереді. Рудың билері ерліктері кəміл азаматтардан сайланады. Би – сайланбалы қызмет емес. Қазақ арасында ел ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-дəстүрін білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, шаруасы түзу, ата-тегі белгілі жəне елге беделді, сыйлы адам би болады жəне бұл – жас ерекшелігіне бағынбайтын қызмет. Би – атадан балаға қалатын мұра емес. Əркім өз жігерімен, білімімен жететін абыройлы атақ. Қазіргі тілімізбен айтсақ, дəстүрлі қоғамдағы би біздің əртүрлі деңгейдегі əкімдер. Олардың ішінде орда билері жүз деңгейінде билігі жүреді. Жалпыхалықтық жиындарда жүздің атынан сөйлейді. Ұлыс билерінің билігі облыс көлемінде, яғни басшылығында сұлтаны бар елге жүреді. Ру биі рулы елге иелік жасайды. Даушарына төрелік айтады, ағайынды бір-бірімен табыстырады, өзге жерде қорғайды. Қорыта айтатын болсақ, ру, тайпа, жүз деген ұғымдар Қазақ хандығының əкімшілік-аумақтық бірліктері жəне

бұл құрылымның Қазақ хандығы өмірге келген ХV ғасырдың ортасында жасақталғанына толып жатқан мысалдар бар. Генеалогиялық қарым-қатынастарға тек қана белсенді қызмет ететін рулық байланыстар ғана емес, сонымен бірге, Қазақ хандығы аталатын саяси-мемлекеттік құрылым сияқты саяси иеарархия да негізделеді. Бір ескеретін жағдай, қазақтың рулық құрылымы этностың жəне мемлекеттің шекарасымен шектелмейді. Туыстық жүйе белсенді əрекет ететін əлеуметтік-мəдени кеңістік Орталық Азия көшпелілерінің өркениетінің басты құндылығы ретінде жеке этностық саяси, аумақтық ағзадан əлдеқайда алысқа шығады. – Сіз «Аталық» институты жайында айттыңыз. Соған орай, есімізге бертінге дейін сақталып келе жатқан ақсақалдар институты түсіп отыр. – Дəстүрлі ру-тайпалық құрылымның негізінде «ата баласы» аталатын отбасылық-туыстық топ қызмет атқарады. Бұл – экзогамды бөлімше, қандас туыстардың кішкене ұясы. Бірақ олардың қызмет ауқымы кең. Себебі, олар жеті атаға дейінгі туыстардың басын біріктіреді. Қоғамның басын құрайтын туыстық қағидалар осы деңгейінде қалыптасады. Бұл əлеуметтік топтардың көш басында жасы үлкен абыройлы ақсақалдар тұрады. Бірақ туыстықтың келесі деңгейі – рудың этноəлеуметтік ағзаның құрылымдық бөлшегі ретінде саяси мағынасы басым, ол саяси құрылымның бірлігі. Бұл топты басқару əдетте мұрагерлік тəртібімен жəне ақсақалдардың шешімімен белгілі бір отбасыларға жүктеледі. Билік құратын отбасы саяси топқа кіретін отбасылық-туыстық топтардың қарым-қатынасын реттеп отырады. Бұл деңгейде қандас туыстық өзінің орнын генеалогиялық туыстыққа береді жəне ол жерде ұрпақ сатыларын, адам санын немесе территорияны реттеп отыратын қағидалар жоқ. Бұдан əрі этноəлеуметтік ағзада саны мол одақтар мен қауымдастықтар жəне жоғары таксономиялық деңгейлердегі бөлімдер (арыс, тайпа, жүз) қызмет атқарады. – Сіз өз еңбектеріңізде қазақ мемлекетінің қоғамдық-саяси өміріне аталған институттардан өзге төлеңгіт тайпасының да қосқан үлесі зор дегенді жазып жүрсіз. Ал енді осы төлеңгіттер нақты қандай шаруамен шұғылданды? – Қазақ халқының саяси-аумақтық құрылымының негізгі элементі – жүз мəселесіне келетін болсақ, оған тек қана ру-тайпалық бірліктер ғана емес, сонымен бірге, көптеген субэтностық топтар мен əлеуметтік страттар да енеді. Біз қазақ қоғамындағы жоғары биліктің өкілдері – төрелер жөнінде айттық. Хан ордасы маңында төрелердің жанында төлеңгіттердің көп жиналуы орталық билікке жағымды, ол – бір жағынан əскери қосын, бір жағынан нөкер, бір жағынан хан-сұлтанның шаруасын атқаратын адамдар. Ресейде Иван Грозный тұсында қалыптасқан дворяндықтың біздің төлеңгіт институтынан айырмашылығы шамалы. Жаугершілік тұсында сырттан түскен тұтқынның көпшілігі төлеңгіт атанып кетеді, құлдарды азаткер қылса, олар да төлеңгіт қатарына қосылады. Өзге елді шауып-шаншып айдап келсе, олар бала-шағасымен төлеңгітке кіреді (мəселен, Абылай заманында қырғыз, қалмақ, башқұрт, түрікмен, т.б. тұтас ауылдарымен төлеңгіт қатарына енген). Төлеңгіттер хан ордасы маңында тек шаруашылық істермен ғана айналыспайды. Сонымен бірге, саяси өмірден туындайтын күрделі тапсырмаларды да орындайды. Осы себепті, төлеңгіттерді біз əртүрлі елшіліктер құрамынан, сауда керуендерінің қорғаушылары арасынан, хат-хабар қызметінен, сыртқы елден келген елшіліктерді қарсы алушылар ішінен, халықаралық кездесулерден жиі көреміз. Атыраулық зерттеуші А.Шамғонов: «1757 жылы Жəнібек сұлтан Петербург қаласына сапар шеккенде орыс үкіметі олардың жолақысын төлеген. Мысалы, сұлтанға күніне 50 тиын, би-батырларға 20 тиын, төлеңгіттерге 10 тиын, тілмаштарға 5 тиын, ал солдаттарға 3-ақ тиын берілген. Осының өзі төлеңгіттердің хан сарайында алатын орнын анық көрсетіп береді», дейді. Бұл пікірге толық қосыламыз. – Сіз айтқан институттардың дені ішкі мəселемен шұғылданған. Дегенмен, ханға сыртқы саясатты жүргізуге септескен институттар да болған шығар? – Орынды сұрақ. Жалпы, Қазақ хандығының билік жүйесі мен институттарын əңгімеге арқау еткенде, Қазақ ұлтының атауына негіз болған қазы институтын ұмытпаған лəзім. «Қазы» дегеніміз, жалпы жауынгер жасақтың, қалың жауынгер елдің жиыны, мəжілісі. Қазыға көп адам жиналады, оның шешімдері де дауыстың басымдығымен шешіледі. Дау болып ел екіге жарылса, қай жақтың дауысы басым болса, сол жақ жеңеді. Міне, осындай жерде билердің өнері сыналады, ол жерде шеберлік те керек, шешендік те керек, дауыстың да сынға түсетін жері осы. Бүкіл қазақ жиынын меңгеріп кету оңай емес. Қазыда мемлекеттің сыртқы саясаты, хан тағына мұрагерлік, жер мен ел билігі, т.б. жалпыхалықтық мəселелер талқыға түседі. «Қазы» – нағыз халықтық, демократиялық институт. Ол – ел басшыларын халық тілегімен санасуға мəжбүр қылатын, ел азаматтары сынға түсетін қасиетті орын. Қазақ саяси ой-пікірінің, этностық санасы мен елдік қасиеттерінің қалыптасуында өлшеусіз еңбек атқарған Бұқар жырау Абылай ханды қатерлі шаруалардан тоқтатқысы келсе: Ашуланба, Абылай, Ашулансаң, Абылай, Көтерермін, көрермін, Көтеріп қазыға салармын, – дейді. Қай мəселені қазыға салу халықтық жиындарда ірі мемлекет қайраткерлерінің, ру басы көсемдерінің қолдауымен шешіледі. Егер осы ұсыныстарды қазы қолдаса, онда бүкіл ел қырылып, жойылса да сол шешімді орындайды. Қазының маңызын ХVIII ғасырдың аумалытөкпелі заманында басын бəйгеге тіккен ел азаматтары ғана түсінсе керек. Біз қазының маңызын қазақ халқының сол алмағайып заманда тарих сахнасынан жойылып кетпей, аман қалған мысалынан көреміз. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

АСТАНА.


23 қыркүйек 2015 жыл

 Өнеге

 Əкім бол, халқыңа жақын бол! Бұған дейін еліміздің үш өңірін басқарып, министр, ПремьерМинистрдің орынбасары лауазымды қызметтерін абыройлы атқарған Бердібек Сапарбаев облысқа əкім болып тағайындалғанда ақтөбеліктердің іштей ертеңіміз бүгінгіден де ажарлы болады деп үміттенгенін жасырудың реті жоқ. Əрине, бұл өңірдегі бұған дейінгі қол жеткен табыстар мен игі істерді жоққа шығарғандық емес, қайта осындай күрделі қаржылық жағдайда да дамудың қарқынын төмендетпеуге жаңа басшының білім-білігі, тəжірибесі жететініне деген сенім болатын. Басшылық қызметте өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан азамат келе білек сыбанып іске кірісіп кетті. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев жұмысын қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындықтан бастады. Өңір басшысы облыс орталығын азық-түлікпен қамтамасыз ету, жылумен, сумен жəне электр қуатымен жабдықтауға көз жеткізу үшін осы салалардағы кəсіпорындардың жұмысымен танысуды жөн деп тапты. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Облыс əкімі алдымен кезекті ауыл шаруашылығы жəрмеңкесі өтіп жатқан «Табыс» коммуналдық базарына барды. Базар алаңына орналасқан павильондарда қарбыз-қауын, көкөністің түр-түрі толып тұр. Дені оңтүстік облыс тардан əкелінгенмен, арасында жергілікті жерде өсірілгендері де бар. Өңір басшысы қарбыз бен қауынның бағасының арасындағы екі еседей айырмашылыққа назар аударды. Сондай-ақ, павильон үшін жалдық төлем көлеміне де қызығушылық танытты. Сатушының бір павильон үшін айына 40 мың теңге төлейтінін естігенде қымбат емес пе дегендей шырай байқатты. Бердібек Мəшбекұлы «Болат ЛТД» ЖШС өсірген таңқурай жанына аялдады. Серіктестік басшысы Марат Мұхамбетов былтыр 1 гектарға, ал биыл 5 гектарға таңқурай өсіргенін, əр килосын 1 мың теңгеден өткізіп жатқанын баян етті. Тіпті, 250 грамнан пластмасса қорапқа салып, тауарлық түрін жақсарта түскен. Қазір күн сайын 250 кило таңқурай жиналады екен. Танаптан тамыз айынан қазанға дейін өнім жиналады. Ол тың шаруаны қолға алған кəсіпкерге риза болды. Базардың ішіне кіріп, мал өнімдерін өткізу жағдайымен танысқан өңір басшысы Қарғалы ауданының «Степное» ЖШС ет өнімдері қойылған сөреге көз салды. Серіктестік басшысы Аманғос Төлеуов 500 кило сиыр, 500 кило жылқы, 500 кило қой етін, əртүрлі шұжық жəне ысталған ет өнімдерін əкелгенін, базар бағасынан 15-20 пайыз арзанға сатып жатқанын жеткізді. Алайда, іргелес сөреде ет сатып тұрған келіншектің баға жазылған қағазында бір кило ет 650 теңгеден дегеніне күдіктенді ме, ол қағазды төңкеріп қалып еді, аржағындағы 1100 теңгеден деген жазуды көріп, көзалдаушылықтың үстінен түсті. Халықты бұлай алдауға болмайтынын ескертіп, сатушы келіншекті ұялтты. Əкім базардағы адамдармен еменжарқын əңгімелесті. «Париж коммунасы ХХІ» ЖШС-нің шошқа етін сатып тұрған сатушыдан қанша табыс табатынын, отбасы жағдайын, тапқан табыстары тіршіліктеріне жететінін-жетпейтінін сұрады. Ет сатушы жағдайлары жақсы, саудадан түсетін табысына риза екенін айтты. Өңір басшысы «Айс» ЖШСнің сүт өнімдерін де айналып өтпеді. Серіктестік басшысы Қуандық Есжанов шаруашылықтарында 1 мың сиыр бар екенін, 40-тан астам сүт өнімдерін өндіретіндіктерінен хабардар етті. Облыс əкімін қызықтырған өнім ол – бөдене жұмыртқалары болды. Жеке кəсіпкер Армен Абрамян қырыққа жуық шұжық өнімдерін өңдеумен айналысып келген екен, үш жылдан бері бөдене өсіріп, жұмыртқасын өткізіп, пайдасын көруде. Қазір оның 8 мыңға жуық бөденесі бар, болашақта 30 мыңға жеткізуді ойластыруда. Жаңа шаруаны жолға қойған кəсіпкерге риза болған Бердібек Мəшбекұлы «өтімді өнім» деп кəсіпкерге қолдау білдірді, сəті келгенде шаруаларымен танысуға уəде берді. Аталған жəрмеңкеге Қарғалы, Ырғыз, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жəне қайта өңдеу кəсіпорындары қатысты. Алпыс төрт жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен шаруа қожалықтары, сондай-ақ жылыжайлар өз өнімдерін жəрмеңкеге шығарды. Қала тұрғындарына жалпы құны 14,9 миллион теңгеге 8,5 тонна сиыр, 2 тонна жылқы, 1 тонна қой, 5 тонна шошқа еті, 3 тоннадан астам сүт өнімдері, шамамен 1 тонна балық, 5,7 тонна қызанақ пен қияр, 16,7 тонна картоп пен басқа да көкөніс өнімдері 10-15 пайыз төмен бағамен сатылды. Облыс əкімі базар ішіндегі жергілікті, отандық өнімдерді қарап, статистикалық мəліметтермен базар бағасын салыстырды.

7

www.egemen.kz

Соңғы кездері мені мазалап жүрген бір проблема – ол Қазақстанның құрғақ далалық жəне шөл-шөлейттік аймақтарындағы өсімдік жамылғысының фитоценотикалық жəне флористік жарымжандығы мəселесі. Əдетте, экожүйелердің антропогендік өзгеруі кезінде доминант түрлер қысқарып, өзінің орнын арамшөптерге береді. Сөйтіп, табиғи фитоценоздың ішкі құрылымы өзгеріп, табиғаты мен рөлі басқаша сипат алады. Бұл жасушалық, геномдық деңгейдегі ГМО құбылысына ұқсас процесс. Осы мəселені талқылап, пікір алысайыншы деп, көктемнің бір шуақты күнінде Абай САҒИТОВҚА телефон шалып, қабылдауын сұрадым.

Жер-Ананыѕ жанашыры Нұғман АРАЛБАЙ,

биология ғылымдарының докторы, профессор.

Ќыстыѕ ќамы ќазірден «Баға əртүрлі. Адамдарды алдауға болмайды», деді Бердібек Сапарбаев. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен сұрыпталуын бақылаған өңір басшысы азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу үшін «Нұр Отан» партиясының мүшелері жəне облыстық мəслихат депутаттарына күн сайын мониторинг жүргізуді тапсырды. Облыс əкімінің «Табыс» коммуналдық базары бағынатын «Азияагрохолдинг» компаниясының басшылығына айтқан ескертпелерінен осындағы сауда мəдениетіне, сатушылардың сауда орындарына төлейтін төлемдерінің қымбаттығына, санитарлық тазалық мəселесіне, сауда алаңдарын тиімді пайдалануға көңілі толмайтыны аңғарылды. Бұлай азық-түлік сатуға болмайтынын қадап айтты. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қаладағы орталық базарда да болды. Мұнда келетін көшедегі көлік кептелісін көрген өңір басшысы базарға жаяу баруды жөн көрді. Базарда самса сататын дүңгіршектерде санитарлық талаптың жоқ екеніне реніш білдірді. Азықтүлік санитарлық талаптар сақталмай сатылуда. Базар басшылығының əр метр жерден тек пайда табуды көздеп, ашкөздікке салынып, сауда жасаушыларға жағдай жасамай отырғанына реніш білдірді. Құмырсқаның илеуіндей бір-бірімен тығыз орнатылған сауда қатарларындағы жағдайды, олардың арасындағы бір адам əзер өтетін қыл көпірлерді көзімен көрген өңір басшысы: «Мұнда санитарлық талап сақталмаған. Тамақ пен киім-кешек бір жерде сатылады. Өрт қауіпсіздігі де реттелмеген», деп орталық базардың директоры Асқар Ермахановтың жұмысын сынға алды. Базардағы жүйесіздікті уақыт оздырмай дереу ретке келтіруге тапсырма берді. Өңір басшысы «КЕГОК» АҚ жəне «Энергожүйесі» ЖШС диспетчерлік пунктімен танысты. Кəсіпорындардың тұтынушыларға қанша электр қуатын қандай бағамен жеткізетінін егжейтегжейлі сұраған өңір басшысы қысқы кезеңге əзірлікке баса назар аударды. Иесіз электр жүйелерін түгендеуге енді ғана кіріскен «Энергожүйесі» ЖШС директоры Александр Евдаковқа күмілжуге тура келді. Бұдан жиырма жыл бұрын басталған бұл шаруа кəсіпорында енді ғана қолға алынып жатыр екен. Облыс əкімі «Ақтөбе ЖЭО» АҚ өндірістік кешеніне барды. Акционерлік қоғам төрағасы Рахым Мұхамедғалиевтің баяндауынша, алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарына 546 207 мың теңге қарастырылған, соның ішінде 289 236 мың теңге күрделі жөндеу жұмыстарын, 256 971 мың теңге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етпек. Сонымен бірге, қазандық жəне турбиналық жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыстар 79 пайыз аяқталған. Бұл жөндеу жұмыстары «Ақтөбе ЖЭО» АҚ кестесіне сəйкес жүзеге асырылатыны атап өтілді. Мұндағы қазандықтар мен турбиналардың қуаты жалпы тұтынушылардың 85 пайызын жылумен қамтамасыз етуге толық жетеді. Болашақта тағы бір турбинаны іске қосу көзделуде. Биылдың өзінде 1,5 миллиард теңге инвестиция салынып, соның 980 миллионы игерілген. Өңір басшысы осындағы құбырлардың бойында тат тұрып қалмас үшін су тазартатын цехтағы осы заманғы озық технологияны да көрді. Сондай-ақ, 2013 жылғы желтоқсанда пайдалануға берілген 220/35/10кВ «Ақжар-2» қосалқы стансасында болды. Мұнда Германияның «Сименс» маркалы жəне Ресейдің қондырғылары орнатылған, Облыс тұтынушылары үшін электр құнын төмендетуге айтарлықтай мүмкіндік беретін бұл станса болашақта бүкіл батыс өңірі өндірушілері үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасап, облыстағы қуат жүйесінің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қосалқы стансаға рельс арқалықтары зауыты жəне индустриялық аймақ толығымен қосылған. Келешекте «Нұр-Ақтөбе»

тұрғын үй алабындағы, «Ақжар-2», «Украинка», «Ақшат», «Заречный-3», «Рауан» шағын аудандарындағы жеке тұрғын үйлер қосылады. Бердібек Мəшбекұлы Жіңішке өзені маңындағы жəне 312-атқыштар дивизиясы даңғылы бойындағы жылу құбырларын қайта қалпына келтіру, жаңарту жұмыстарымен танысты. Облыс əкімі «Трансэнерго» АҚ-тың орталық диспетчерлік апаттық қызметін, «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданындағы жылу қазандығын жəне сорғы стансасын қарады. Акционерлік қоғам директоры Мəжит Бекмеевтің айтуынша, кəсіпорын қызметін пайдаланатын заңды тұлғалардың 26 пайызына, пəтер иелерінің 99 пайызына есептегіш қойылған. Мұнда 800-ге жуық адам еңбек етеді. Жұмысшылардың айлық еңбекақылары 74 мың теңге шамасында. Кəсіпорынға қарасты 155 шақырым құбырдың 68 пайызы тозған. Биыл 16,7 шақырым құбыр жаңартылған. Жылу беру маусымына кəсіпорын сақадай-сай дайын. «Трансэнерго» АҚ инвестициялық бағдарлама аясында Қазақстанда алғашқылардың бірі болып жылыту жүйесін ақпараттық жылу беру жүйесі арқылы басқаруды енгізді. Бұл жүйе жаңа нысандарды шектеусіз қосуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта «Трансэнерго» АҚ орталықтандырылған диспетчерлік пунктке барлық нысандарды қосуды жоспарлап отыр. Жылу, су жəне электрмен жабдықтау нысандарын аралау кезінде облыс басшысы ағымдағы жағдаймен танысып, қазіргі тарифтер жайында сұрап, өзге өңірлерге қарағанда қымбат-арзан екендігін салыстырды. Кəсіпорын басшыларымен əңгіме барысында ол жұмыс орындарының қысқаруына жəне жалақы берешегіне жол бермеу керектігін, құбыр бойындағы су, жылу шығындарын мейлінше азайту қажеттігін қадап айтты. Бұдан кейін облыс əкімі «НұрАқтөбе» шағын ауданын аралады, осы ауданда салынып жатқан 1200 орындық орта мектептің құрылысымен танысты. Аталмыш ауданның көлемі шамамен 250 мың тұрғынға есептелген. Жоба бойынша бұл шағын аудан 15-20 жыл ішінде тұрғызылатын болады. Қазіргі уақытта №1, 2, 3, 4, 8 шағын аудандардағы тұрғын үй алаптарының жобасы бекітіліп, олардың əрқайсысында 1000-1200 орынға арналған мектеп жəне 280-320 орындық 4 мектепке дейінгі мекеме қарастырылған. Бүгінде екі шағын аудан барлық қажетті инженерлік желілермен қамтылған. Қазіргі уақытта мұнда 9 қабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы салынып жатқан үйлердің басым бөлігі баспанаға мұқтаж жандарға беріледі. Бір-бірінен аумайтын тұрғын үйлерді көрген Бердібек Сапарбаев: «Бұл үйлердің барлығы біркелкі салынған. Қазір мүмкіндік көп. Сондықтан, үйлердің сырт келбетін өзгертуге болатын еді ғой. Болашақта мұны ескеру керек», деді. Мектеп құрылысын аралап танысқаннан кейін облыс əкімі жыл аяғына дейін нысанды аяқтау керектігін, ол үшін қажетті қаржы көзі қарастырылатынын жеткізді. Содан кейін облыс əкімі «Ақбұлақ» АҚ нысандарын, Жүргенов көшесінің бойындағы кəріз сорғы стансасын аралап көрді. Мұнда су айдау жəне тарту қондырғылары мен сорғылары Германия компаниясының өнімдерімен жаңартылған. Олар тиімділікке жеткізіп, өзін бір жылда ақтап шығыпты. Ол сондай-ақ, Ақтөбе рельс арқалығы зауытының жұмысымен танысып, индустриялық аймақтың құрылысын аралап көрді. Сапар соңында облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қала басшысы Ерхан Омаровқа нақты тапсырмалар берді. АҚТӨБЕ.

Уəделескен уақытта ол кісінің кабинетінде жолықтық. Əдіһəм Шілтерханов ағамыз айтқандай, «Он ақылдыдан бір мейірімді адам артық», деген бар. Іштей сүйсініп қалғанымды жасырмаймын. Келген шаруамды айта бастадым. Менің сөзімді бөлмей үнсіз тыңдады да соңында маған былай деді: «Нұғман, сенің айтып отырғаның өте күрделі, келелі, кешенді проблеманың бір құрамдас бөлігі ғана. Ол проблема – биологиялық қауіпсіздік проблемасы. Мен қазір қойылған эксперименттерді көруге асығып отырмын. Кез келген уақытта телефон соғып тұр», – деп келте қайырды. Тағы бір рет кездесуім керек деп шештім мен. Ол кездесуге дайындалып барайын деп, Абай Оразұлы туралы ақпараттармен танысайын деп энциклопедиялар мен интернет қойнауларын ақтаруға тура келді. Сөйтіп, Абай Сағитовты сырттай тəп-тəуір білемін дегенім асығыстық екенін түсіндім. Сағитов Абай Оразұлы – өсімдіктерді қорғау саласындағы көрнек ті ғалым-педагог, биология ғылым дарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстандағы фито нематология ғылымының негізін қалаушылардың бірі. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын бітіргеннен бергі уақытта ұдайы, үзіліссіз өсімдік қорғаудың ғылыми жолдарын зерттеумен айналысып келеді. 1969-1973 жылдары КСРО Ғылым академиясы Зоология институтының аспирантурасында оқып, кандидаттық диссертациясын табысты қорғады. Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін де, Абай Оразұлы фитонематодтар мен доминанттық фитопаразиттер туралы іргелі-теориялық зерттеулері мен ізденістерін жалғастыра берді. Нəтижесінде ауылшаруашылық дақылдары егістіктерінде ерекше зиянды түрлердің қалыптасу көздері мен жолдары анықталды. Бұл заңдылықтар оның докторлық диссертациясының негізін қалады. 1988 жылы Мəскеудегі К.И.Скрябин атындағы Бүкілодақтық гельминтология институтында тамаша қорғалған бұл докторлық диссертацияны Қазақстандағы фитонематологияның ғылыми тұғыры деуге толық негіз бар. Өзінің еңбек жолын академик Абай Сағитов 1968 жылы Қазақтың Өсімдік қорғау ҒЗИ-да лаборант болып бастады. 1989 жылға дейін кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі лауазымдарында қызмет атқарды. Сөйтіп, ғылыми тұрғыдан деңгейі өсіп, кемелдене түсті. Ол ТМД-да алғашқы болып зиянды организмдерден ауылшаруашылық дақылдары өнімінің кемуін жорамалдау моделін құрастырудың концептуалдық қағидаттарын негіздеді, бір деңгейлік жорамалдау моделінің параметрлерін есептеудің жаңа алгоритмдері мен бағдарламасын жасады. 1989 жылдан Абай Сағитов Қазақ ауыл шаруашылығы институтына педагогикалық жұмысқа ауысып, проректор қызметін атқарды. Ол кісінің белсенді позициясының арқасында жабылып қалған өсімдік қорғау факультеті қайтадан ашылып, мамандар дайындау қолға алынды. Осы салада проблемалық зертхана құрылды. 2001 жылы Өсімдік қорғау институтына директор болып қайта оралды. Қазақтың өсімдік қорғау жəне карантин ҒЗИ жұмысы академик Абай Сағитов келген соң жандана түсті.

Карантиндік зиянды организмдерді зерттеуге басымдық беріліп, құрамында энтомология, фитопатология жəне гербалогия зертханалары бар үлкен бөлім құрылды. Институттың ғылыми-зерттеулерінің нəтижелері өндірісте кеңінен қолданыла бастайды. Солардың бірі əрі бірегейі мақталық пен көкөніс дақылдарды зиянкестерден биологиялық əдіспен қорғау жəне ауылшаруашылық егістіктерде инновациялық энергия үнемдейтін агротехнологияларды пайдалану болып табылады. Ғалымның ғылыми жетекшілігімен бірқатар ауқымды халықаралық жобалар орындалып, іске асты. Ол кісі жасаған ғылыми баяндамалар АҚШ-та, Англияда, Голландияда, Чехияда, Польшада, Словакияда, Италияда, Испанияда, Грекияда, Германияда, Жапонияда, Қытайда, Түркияда, Аргентинада, Мысырда, Израильде, Австрияда, Ресейде жəне т.б. өткен халықаралық форумдарда жоғары бағаланды. Академик Абай Сағитов шетелдік əріптестерімен бірігіп өсімдік қорғау саласында биотехнологиялық жəне биологиялық əдістерді белсенді дамытуда. Осының нəтижесінде Қазақстанда алғашқы болып «Ақ көбелек» препараты дайындалды, өндіріске енгізілді. Одан басқа тағы да 15 препарат жасалынып, өндіріске ұсынылды. Академик 500-ден аса ғылыми еңбек жариялапты, оның ішінде 8 монография, 9 оқулық, 4 оқу құралы, 40 брошюра, 60 ұсыныстар мен əдістемелік құралдар бар. Ол кісінің ғылыми жетекшілігімен 27 кандидаттық жəне 8 докторлық диссертация қорғалды, 60 авторлық куəліктің жəне 140 патенттің иегері. Əрине, осындай ұлан-асыр еңбек мемлекет тарапынан да, халықаралық ғылыми қауымдастық тарапынан да ескерусіз қалған жоқ. Ол «Құрмет» орденінің иегері, Білім жəне ғылым минис трлігінің «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен жəне «Қазақстан Республикасының тəуелсіздігіне – 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған. А.И.Бараев атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. 2009 жылы Европалық ассамблеяның «Сократ сыйлығымен» марапатталыныпты. Оксфорд университетінің құрметті профессоры. Энциклопедиялар мен интернеттің қойнауларынан табылған академик Абай Сағитов туралы ақпараттың ұзын-ырғасы осындай екен. Сонымен, мен екінші кездесуге дайынмын деп есептеп, тағы да телефон шалдым, қабылдауын сұрадым... Екінші кездесуіміз өте қызықты, ғылыми-əлеуметтік тұрғыдан өте мəнді өтті. «Менің ойымша, – деді Абай Сағитов, – биологиялық қауіпсіздік дегеніміз – жердің, Жер-Ананың қауіпсіздігі, оның денсаулығы. Себебі, барлық тіршіліктің тұғыры – жер. Содан соң онымен тығыз байланыс ты əрі ықпал ете алатын

өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесі. Біздің институттың «Байсерке-Агро» атты оқу-ғылыми-өндірістік орталығы бар. Ол Алматы облысының Талғар ауданында 3 мың гектар жерге орналасқан. Осы орталықта ауыл шаруашылығындағы заманауи инновациялық технологияларды қолданып, өндіріске енгізудеміз. Заманауи технологиялар дегеніміз, жердің құнарлы қабатына зияны аз, биологиялық қауіп төндірмейтін, ғылыми негізделген кешенді іс-əрекеттерді қамтитын технологиялар. Осы технологияларды ұтымды пайдаланудың арқасында 20132014 жылдары өте жоғары өнімділікке қол жеткіздік, осы орталықта заманауи технологияларды байыта түсу үшін, өсімдіктерді əртүрлі зиянкестерден қорғауды қамтамасыз ететін эксперименттер мен технологиялық сынақтар да өткізіледі. Соның барлығын мен өз бақылауымда ұстаймын». Осыдан бір ай бұрын жұмыстан соң қауын алайын деп Алматыдағы көк базарға кірдім. Жеміс-жидек сатып жатқан қатарларда, əсіресе жүзімде əдетте құжынап жататын араны көре алмадым. Жалпы, Алматыда биыл араның былтырғымен салыстырғанда айтарлықтай кемігенін байқаған бір мен ғана емес екенмін. Биолог ретінде айтарым, бұл – алаңдаушылық тудыратындай жəне жан-жақты ғылыми ізденістер мен зерттеуді қажет ететіндей факт. Өз уақытында атақты Альберт Эйнштейн: «Ең соңғы ара өлгеннен соң төрт жылдан кейін адамдар да өледі», – деп ескерткен. Ғалымдар аралардың популяцияларының күрт кеміп бара жатқанын айтып, дабыл қағуда. Араның семьялары Австрияда, Германияда, Испанияда, Польшада, Швейцарияда жойылып, толық құрыған. Осындай жағдай Америка Құрама Штаттарында орын алып отыр. Сарапшылардың барлығы дерлік мұның басты себебі – трансгендік өсімдіктер деп есептейді. Трансгенді өсімдіктің гүлшырынымен (нектар) қоректенген аралардың көбею органдары дамымай қалады да, аралар ұрықсызданады. Осының салдарынан аралар құрып бара жатыр. Бұл тек қана араларға ғана қатысты проблема емес, көптеген елдер мен өлкелерде көбелектер кездеспейді, тарақандардың да күрт кемуі орын алған. Биологиялық, жалпы теориялық тұрғыдан қарағанда биологиялық қауіп-қатер қолдан сұрыптаудыңселекция, гибридизацияның нəтижесінде пайда болған. Қолдан сұрыптауды ары қарай дамыта отырып, гендік жəне молекулалық деңгейге дейін тереңдеп, биологиялық нысандар генетикалық трансформацияға ұшыраған. Қолдан сұрыптаудың зиянды əсерін залалсыздандырудың нақты жолы – табиғи сұрыптау. Биологиялық қауіпсіздік мəселесінің аясында рудералдық жəне арамшөптерді танып-білудің маңызы арта түспек. Өсімдіктерде тозаңданудың үш типі бар – бунақденелілермен тозаңдану (энтомофилия); желмен тозаңдану (анемофилия); өз-өзінен тозаңдану (апогамия, апомиксис). Жоғарыда айтылған аралар, көбелектер жəне т.б. жойылуына байланысты қауіп энтомофилді өсімдіктерге тікелей қатысты. Жер шарындағы өсімдіктердің басым бөлігі энтомофилдер. Сондықтан, энтомофилді өсімдіктер тозаңданбаса, жеміс, ұрық бермейді. Бұл жағдайда жер шөлге айналады деген ғалымдардың уайымы өте орынды. Ал арамшөптердің көпшілігі өз-өзінен тозаңданады. Мысалға, кəдімгі бақ-бақ, майдажелек, теңгежапырақ, қалуен, ассүттіген жəне т.б. Сондықтан, энтомофилдердің орнын рудералдар, арамшөптер басуы əбден мүмкін. Ал арамшөптің аты арам-шөп. Адам үшін оның пайдасынан гөрі əуресі көп. Əрине, рудералдық жəне арамшөптер жан-жақты зерттеуді, ғылыми талдауды қажет етеді. Ал энтомофилді өсімдіктерді қорғау үшін Қазақстанда трансгенді өсімдіктерге қатал карантин жариялау керек сияқты. Бұл мəселені шешу академик Абай Сағитовтың басқаруындағы Қазақ өсімдік қорғау жəне карантин институтына тапсырылса, өте орынды болар еді. Көк базарда аралардың жоқтығынан кейін осыны ойладым. «Биологиялық қауіпсіздік дегеніміз – Жер-Ананың денсаулығы. Оны емдеу үшін үлкен еңбек керек», – деген сөзінде терең мəн жатыр. АЛМАТЫ.

 Құқық қорғау қадамдары

Полиция пəрменін танытты Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы облысының əкімі Амандық Баталовтың төрағалығымен Талдықорғанда учаскелік полиция инспекторларының алқалы жиыны болды. Облыс орталығындағы «Жастар» спорт сарайын лықа толтырып, əдемі аппақ жейделеріне жараса иықтарында үлкенді-кішілі жұлдыздары жарқыраған полицейлер көңілі хош. Əуелгі кезекте облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұрат Ұрымханов өңірдегі қылмыстың түрі, жасалуы,

ашылуы жəне қоғамдық тəртіптің сақталуы туралы мағлұмат берді. Өңір басшысы Елбасы тапсырмасын дер кезінде əрі мүлтіксіз орындауда полицейлерге зор сенім артылатынына, «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарында полиция қызметкерлерінің

төл міндеттеріне қатысты ашық айтылғанына ерекше тоқталды. Мінбеге Кербұлақ, Жамбыл, Талғар аудандарының əкімдері көтеріліп өз есептерін берген соң, олардан жергілікті жердегі учаскелік полиция бөлімшелеріндегі жылу жүйесі секілді қажеттіліктерге

жөндеу жұмыстарының жүргізілгендігі, жазаларын өтеп келгендерді жұмысқа орналастыруға көмектесуді де тəптіштей сұрап, нақты тапсырмалар берді. Өз кезегінде Ескелді ауданы мен Талдықорған қаласының бас полицейлері де атқарып жатқан жұмыстарын баяндап берді. Амандық Баталов жиынды қорытындылай келе жалпы полиция қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету барысына тоқталып заңнама шеңберінде көмек көрсетілетінін де ашық айтты. ТАЛДЫҚОРҒАН.


8

www.egemen.kz

23 қыркүйек 2015 жыл

БАСТЫ БАЄЫТ – ТЕРЕЅ БІЛІМ, ТƏЛІМДІ ТƏРБИЕ Жастарымыздың білімді, денсаулықтары мықты болып өсулері үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз елінің шынайы азаматтары болып ержетуі жолында тер төгу – ұстаздар қауымына жүктелетін зор міндет. Еліміздің ертеңіне лайықты

терең білімді жас ұрпақ Қазақстанның болашағын көркейтіп, өркениетті елдер қатарына қосылуына кепіл болатыны сөзсіз. Əлбетте, сапалы білім берумен бірге, тəлімді тəрбие сіңіру жетісулық ұстаздардың басты бағытына айналып, берік

 Білім. Бағдарлама. Білік

 Ұлттық мектептің ұлы мұраты

Жаєдай жаќсарып, оќушы саны артуда Лəззат БАЗАРҚҰЛОВА,

Алматы облыстық білім басқармасының басшысы.

Биыл Алматы қаласының іргесіндегі елді мекендердегі мектептерде оқушы саны еселеп өсті. Себебі, заман талабына сай білім ордасында оқуға бірінші кезекте жасөскіндердің өздері ұмтылған болар. Сондықтан, конституциялық құқығына ешкім шектеу қоя алмайды. Бұл тығырықтан биыл 15 мектеп салып, пайдалануға бергеніміз шығарды. Бұрнағы жылдың есебі бойынша ағымдағы жылы үш ауысымдағы мектептерді қысқарту мүмкіндігі туғаны жасырын емес-тін. Біздің міндетті жүзеге асыруымызға облыстық бюджеттен 109 млрд. теңге бөлінген еді. Апатты жағдайдағы – 5, үш ауысымдық оқуды жою мақсатында 10 мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Қысқы жылыту маусымына дайындық баса назар аударуды қажет ететіні сөзсіз. Барлық білім нысандарының жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, мектеп ғимаратының ішінде орналасқан қазандықтарды сыртқа шығару үшін 69 білім беру мекемесінде 200 млн. 100 мың теңгеге жылжымалы қазандық сатып алынды. Бүгінгі таңда 304 балабақша мен мектеп жанындағы 426 шағын орталыққа 51910 бала қамтылған. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамытуда жекеменшік балабақшалар желісі 140 бірлікке артып, жалпы балабақша санының 46 пайызын құрады. Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында, «100 нақты қадам» бағдарламасында жəне білім беруді да мытудың 2011-2020 жылдарға ар налған Мем лекеттік бағдар ламасында ай қындалған мін деттерді іске асыру – баршамыздың міндетіміз. Орта білім беру жүйесін жаңғыртуда бірнеше жыл бойы оқыту инновациялары саласына озық халықаралық тəжірибені енгізгендіктен облыс орталығындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен меморандумға отырып, 37 инновациялық мектеп бекітілді. 12 жылдық білім

беруге кезең-кезең мен көшу аясында əзірленіп, білім стандарты бойынша республикада эксперименттік алаңға енгізілген 30 мектептің екеуі біздің облыстан қосылды. Педагогтың кəсіби іс-əрекетінің табысты болуы үшін облыс əкімінің қолдауымен 7 номинация бойынша өткізілетін кəсіби байқаулардан тыс республика деңгейінде өтетін «Орта білім беретін үздік ұйым», «Үздік педагог» байқауларына да облыс педагогтарының қатысуы дəстүрге айналған. Аталған байқауларда облысымыздың мұғалімдері жүлдегер атанып, өңіріміздің абыройын асырып жүргенін ерекше атауға болады. Осы орайда, «Қазіргі əдістемелік қыз мет жəне оның даму болашағы» атты республикалық семинар аясында «Қазіргі əдістемелік қызмет» тақырыбын қорғағаны үшін облыстық əдістемелік кабинеттің ІІ жүлделі орын алғанын ай та кеткен жө н . Ел іміз дег і ЮНЕСКО қауымдастырылған 21 мектебінің құрамына облыстың 2 мектебінің енгені тағы бар. Білім – кез кел ген халықтың интеллектуалды жəне рухани əлеуетін шоғырландыратын жəне дамытатын маңызды фактор. Елімізде стратегиялық маңызға ие TIMSS, PISA жəне PIRLS халықаралық зерттеулерінің нəтижесі бізге мұғалімдердің кəсіби шеберлігін дамыту қажет екендігін көрсетті. Оған алдыңғы халықаралық зерттеудің қорытындысы нақты дəлел бола алады. Осы мақсатта

«PISA халықаралық оқушылардың функционалды сауаттылығын дамыту» бағдарламасы бойынша үш бағытта 1641 тыңдаушы курстан өтті. Нəтижесін уақыт көрсетеді. Биыл Текелі қаласында 585 орындық туристік жəне өлкетану орталығы, Райымбек ауданының Кеген ауылында 250 орынға арналған өнер мектебі ашылды. Енді желтоқсан айында Талдықорғанда жобалық қуаттылығы 1800 орынға ар налған Оқушылар сарайын ашуды жос парлап отырмыз. Жас жеткіншектерге патриоттық тəрбие беріп, құқықтық тəртіпті сақтауға баулу мақсатында өткізілетін «Жас ұлан», «Қауіпсіз дөңгелек» байқауларында облыс оқушылары жыл сайын жүлделі орындарды иеленіп келеді. Үстіміздегі жылы республикалық «Жас ұлан» əскери-спорттық ойынында Көксу ауданының «Айбын» командасы 5 алтын, 1 қола медальді жеңіп алып, жалпы командалық есепте І орыннан көрінсе, «Қауіпсіз дөңгелек» байқауында Талғар ауданының командасы жүлделі І орынды жеңіп алды. Ағымдағы жылдың жаз кезінде балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы екі бағытта жүргізілуде. Сауықтырумен 1-10 сынып арасындағы 176 727 оқушы, ал жұмыспен145 221 оқушы, жазғы демалыстың барлық түрімен оқушылардың 96 пайызы қамтылды. Қазіргі таңда облысымызда жетім жəне атаанасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымда 817 бала жəне патронаттық тəрбиеде 56, 2779 балаға қамқорлық жəне қорғаншылық тағайындалып тəрбиеленуде. Облысымызда бүгінгі күні Еңбекшіқазақ, Қаратал, Тал ғар, Іле, Көксу, Райымбек аудан дары, Талдықорған мен Қап шағай қалаларындағы 56 патронаттық тəрбиеші бала тəрбиеленуде. Панфилов ауданында Бергембековтер отбасы үлгісіндегі балалар үйі ашылды. Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық жəне руханиадамгершілік құнды лықтарды нығайтудың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар

жоспары негізінде «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының бастамасымен жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру жинақтау жүйесі бойынша мемлекеттік білім салымдарын ашу үшін ұйымдастырылған «Бақытты балалық» партия жобасы аясында бүгінгі күні 124 балаға шот ашылып, салымдары салынды. Алдағы уақытта аталған санаттағы 300 балаға қамқорлық көрсету жоспарлануда. Облыс бойынша 2006-2014 жылдар аралығында мемлекеттік тұрғын үй қорынан балалар үйінің түлектеріне 66 пəтер ғана берілсе, 2015 жылдың 7 айында 51 бала тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасының «Мəңгілік Ел жастары – индустрияға» жобасы аясындағы «Серпін» бағдарламасының да маңызы зор. Бұл бағдарламамен өткен жылы 88 түлек колледждерге қабылданды. Аталған жоба бойынша облысымыз Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда. Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Қарасай аудандарындағы аталған санаттағы балаларға «Асыл арна» тұрғын үй кешенінен, «СамұрықҚазына» жылжымайтын мүлік қорынан 100 пəтер сатып алынса, Талдықорған қаласынан 60 пəтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде. Өңірде дарынды балаларды анықтау, қолдау жəне дамыту бағытында республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп жоспарлы түрде жұмыстар жүргізудеміз. Үстіміздегі жылы халықаралық интеллектуалды ойындарға 5727 оқу шы қатысты. Нақты ат қа рылып жатқан бір жұмыс қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша Венгрияда, Ұлыбританияда, Оңтүстік Кореяда, Мальтада жəне Кипрде өтетін халықаралық бейімдік ауысым мектептеріне белсенді қатысып білімдерін жетілдіреді. Облыстың жалпы орта білім беретін мектептерінен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарына 276 оқушы қатысып, 167 медальді иеленді, оның 31-і алтын, 44-і күміс, 92-і қола медаль болды. Бүгінгі таңда елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Сондықтан еліміздің келешегін сеніммен тапсыруға болатын ұрпақты тəрбиелеу ісінде асқан жауапкершілік таныту парыз.

 Үйренетін үрдіс

Жаркенттіктер жетістігі Адамның болашағы алған білімінің деңгейіне байланысты болатыны белгілі. Жаңа дəуірдің күн тəртібінде тұрған келелі мəселесі – білім беру, ғылымды дамыту десек, 1929 жылы құрылған Жаркент гуманитарлықтехникалық колледжі республикамыздағы педагогикалық технологиялық ғылым мен мəдениет орталығының бірі болып саналады. Білім берудің жоғары сапасы еңбек нарығында өз орнын табатын қабілетті маман дайындауда маңызы зор. «Жақсы маман – жақсы іріктеуден» шығады демекші, еңселі колледжде студенттердің болашақ мамандығына деген бейімділігі мен қарым-қабілеті басты назарға алынған. 13 мамандық бойынша студенттердің жан-жақты білім алып, ізденуіне деген барлық мүмкіндіктер жасалған. Білім жəне ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен 7 жыл бойы бірлесіп «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» педагогикалық олимпиада жобасымен жұмыс істеп, заман ағымына көшбастар болашақ интеллектуалды жастар ортасын талантты ұстаз ғана тəрбиелеп шығатынына көз жеткіздік. Болашақ талантты мамандарымыз олимпиадаға қойылған тапсырмаларды өз мамандықтарының ерекшелігі мен талабына сай, шығармашылық қабілеттерін қоса отырып, республикада мұғалімдік мамандық даярлайтын оқу орындарына дес бермей жеті жыл қатарынан бірінші орынды иеленді. Бұл ертеңгі күнге сенім мен дəлел, колледж қабырғасынан түлеп ұшқан талантты ұстаздар дарынды болашақ тəрбиелейді. Дарынды жастардың тынымсыз ізденісінен ғылыми-зерттеу оқу танымдық тұрғыдан алғанда ғылымға өз үлесін қосатын жас ғалымдарға колледж базасынан Кіші ғылым академиясының аймақтық филиалы құрылған. Бұл филиалда жас ғалымдар бес жылдан бері жұмыс істеуде. Филиал жұмысы

қалыптасқан. Сондықтан да осы мəртебелі міндетті атқаруда Алматы облысының ұстаздар қауымы ұлағатты істерімен əркез биіктен көрініп жүр. Бұл орайда арнаулы беттегі материалдар жеткен жетістіктер мен алда тұрған міндеттер туралы баяндайды.

тек қана колледж студенттерін емес аудан жастарын ғылымға үлес қосуға жол ашуда. Сайып келгенде, мұның барлығы – осыған дейін тынымсыз атқарылған колледж ұжымының үздіксіз еңбегінің өтемі. Қазақы қалыптың қайнары саналатын дəстүрлерді дəріптеу барынша тынысты түр алған. Оған дəлел колледж ұжымы ішінен «Айқабақ» əжелер, «Айжан қыз» бишілер халықтық ансамбльдері, жастардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін паш ететін үйірмелер жетерлік. Сонымен қатар, колледж студенттерінің спорт жетістіктері де ауыз толтырып айтарлықтай. «Дене тəрбиесі жəне спорт» мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер грек-рим, қазақ, дзю-до күресінен, велоспорттан спорт шеберлері жəне спорт шеберлігіне үміткерлер де бар. Міне, осындай жүйелі жұмыстардың, ұтқыр ұйымдастырушылықтың арқасында өткен жылдың соңында колледж қоржыны халықаралық деңгейдегі марапаттармен толықты. Дүниежүзінің оқу орындарын сан түрлі бағыттар бойынша саралап отыратын Халықаралық «Үздік адамдар» энциклопедия сы басылымының жоғары

қоғамдық қоры 2013-2015 жылы осы оқу орнының директорын іскер басшылық жəне жұмысты жаңашыл ғылыми негізде ұйымдастырғаны үшін қордың «Құрмет» орденімен марапаттады. Аталған басылымға шығар машылық пен инновациялық негізде да рынды, талантты шəкірттер тəрбиелеп, білім-білік, өнер сайыстарына қатысқан 10 оқытушы жəне республикалық, халықаралық білім сайыстарының жүлдегерлері, спорттық жарыстардың халықаралық жəне əлем біріншіліктерінің алтын, күміс жүлдегерлері атанған 10 білім алушының енуі – тынымсыз төгілген тер мен еселі еңбектің жемісі. Осы еңбектің қайтарымы болуы керек, колледждің бақ жұлдызы жанып, 2013 жылғы желтоқсан айында Париж қаласында Францияның халықаралық өндірістік ғылыми ассоциациясының «SEIN» алтын медалімен марапатталып, «Инновациялық технологияларды дамыту» номинациясы бойынша лауреат атанды. Ал колледж директоры Сара Темірбаева кеудесіне Алтын медаль тағып қайтты. Бұдан кейінгі жылдары да колледж жоғары биіктен көрініп, көптеген көрсеткіштерге қол жеткізді. Талай марапаттарды алып, жетістіктерді еншіледі. Асыл арман мен ерен еңбек адамды биікке жетелейді, көкке кең құлаш жая самғатады. Жастайынан білімге құштар, оның құдіретін терең түсіне білетін Сара Нұрғалыққызының шыққан биігі ұзақ жылғы еңбегінің жемісі. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», дейді халық. Сандаған шəкірт тəрбиелеп, ғылымға сүбелі үлес қосқан қазақтың осындай шоқтығы биік ұстаздарының болуы келешек ұрпақ үшін үлкен мақтаныш, зор мəртебе екендігі аян. Нұрбол ОМАРБЕКҰЛЫ.

Батылдыќ биіктерді баєындыртады Отбасы болып біріге еңбек етіп, елге аса қажетті жеке кəсіптің тамырын басып, кілтін ашқанымызға аздаған жылдар өтсе де ойға алған ісіміз оңға басып, нəти жеге жетіп келеміз. Қазақ халқы қашанда тəуекелшілміз ғой, қолдағы бар қаржылық мүмкіндігімізді отбасымен бірлесе отырып ақылдасып, кеңесе келе Алматының іргесіндегі «Жаңа Қуат» шағын ауданынан заманауи үлгідегі екі балабақша салып, іске қосуды жөн көрдік. Сөйтіп, халық көп шоғырланған қала маңындағы тұрғындардың балабақшаға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатындағы бұл қадамымыз сəтті болып, жалпы аумағы 2226 шаршы метрді алып жатқан «Еркемай» балабақшасында осы күні 18 топ бойынша 2 жəне 6 жас аралығында 450 бала тəрбиеленуде. «Тəрбие – табалдырықтан» деп тегін айтылмаған, балабақшаны аттағаннан бастап балаларға жылы лықтың шұғылалы шуағын төгетіндей етіп безендендіруге бар күш-жігерімізді жұмсадық. Жаңа шағын ауданның сəулетіне сəн кіргізіп, 3 мыңға жуық тұрғынның алаңсыз еңбек етуіне мол мүмкіндік жасап отырған балабақшамызда бүгінгі таңда 130-дан астам адам еңбек етуде. Мұндағы тəрбиешілердің барлығы жоғары санатты, білімді де білікті жандар. Биыл тамыз айында кезекті аттестаттаудан сүрінбей өткен балабақшамыз осы адал ісіміздің айғағы. Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында «Шағын жəне орта бизнесті дамыту – ХХІ ғасырдағы Қазақстанды индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртудың басты құралы», деп атап көрсеткен болатын. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамтуды тапсырды.

Елбасы тапсырмаларының орындалуы мен жүзеге асуын назарға ала отырып, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің үш тілді: мемлекеттік тіл – қазақ тілін, орыс тілін жəне ағылшын тілін үйреніп шығуына баса көңіл бөлудеміз. Ағылшын тілін жақсы меңгеруді балабақша сатысынан бастауды көздеп, Филиппин, Кувейт елдеріндегі жекеменшік ағылшын мектептерімен қоян-қолтық араласып жұмыс істеп, сол мектептердің қолданып отырған əдіс-тəсілдерін зерделей келе, Филиппиннен ағылшын тілінің мұғалімдерін жұмысқа тартып отырмыз. Екі мұғалімнің де арнайы білімдері бар, 12-15 жыл еңбек өтілдерімен қоса шет мем лекеттерде жұмыс істеген ұстаздар. 1 қыркүйектен бастап мектепалды топтармен қоса бастауыш мектебімізде шетел мамандары өз жұмыстарын бастап кетті. Заманауи балабақшамызда балауса бал ғындарды театрландырылған көріністер қоюға баулитын театр студиясы, қолөнер студиялары жұмыс істейды. Сонымен қатар, əн айту, би билеу, тіл дамыту, хореография, таэквандо, қазақша күрес секцияларына қатысып, «сегіз қырлы, бір сырлы» өнер иесі болып қалыптасуларына толыққанды жағдай жасалынды. Талшыбықтай тербелген балдырғандардың дене бітімі мен ой өрісін жетілдіруде арнайы жабдықталған спорт залы түрлі спорттық-ойын құрылғыларымен жабдықталып, денешынықтыру жаттығуларын қызыға орындауына негіз болуда. Жаңа балабақшадағы заман талабына сай қалыптасқан жан-жақтылық болашақтың негізі болар – жас өскіннің оқуға, білуге, үйренуге деген ынта-ықыласын оятып, өркениетті елдерге тəн білім алуды, оқып-тоқуды үйретуде. Бұл – уақыт талабы. Осылайша отбасылық бизнестің өрісін кеңейтуді мұнымен ғана

шектемей, мектеп салу ісіне де нар тəуекел еттік. Сөйтіп, жалпы аумағы 1 гектар жерге 5882 шаршы метрлік жаңа мектеп ғимаратын жеке инвестиция тарапынан 420 млн. теңгеге салып бітіріп, 2014 жылы 1 қыркүйекте іске қостық. Халқымыздың ойы сергек, ақылға дана бүлдіршіндері білім алатын мектебімізді «Дана» деп атауды жөн санадық. Мектеп жаңа үлгіде бой көтергендіктен барлық заманауи техникалармен жəне оқушы балаларға арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бастауыш сынып балаларына арналған ойын алаңы, футбол алаңы, жүгіруге арналған арнайы жолақтармен жабдықталды. Балаларды еңбек етуге баулу үшін жер телімдері бөлініп, жер суару жүйелері орнатылды. Бүгінде мұнда 127 бала бастауыш сыныпта халықаралық деңгейде білім алуда. Коммуникативтік ақпарат технологиясын жəне инновациялық əдістемелерді қолдана отырып, жаңа пішімдегі осы заманға сай білім беруді алдыға зор мақсат ете отырып, еліміздің патриот балаларын тəрбиелеуде үлкен ұжым болып жұмыс істеудеміз. Мектепте 9 сынып жиынтықтары құрылды. Нəтижесінде 40-қа жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ұлттық білім, тəлім-тəрбие берудің сапасын жақсартумен қатар, үш тілді меңгеруде мектепалды сауатын ашып, өнерді тануға талпынған балдырғандардың болашағының жарқын, денсаулығының мықты болып, интеллектуалдық қабілет-қа рымының арта түсуіне білім-білігі мен барлық күш-жігерін арнап отырған ұжымымыздың алар асулары биіктей бермек. Күлəнда БАТЫРБЕКОВА, кəсіпкер, «Еркем-ай» балабақшасы мен «Дана» мектебінің құрылтайшысы.

 Дипломмен – ауылға!

Жаѕашылдыќќа жарќын жол Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Дипломмен – ауылға!» атты бағдарламаға сəйкес, Үкімет тарапынан көтермеақы төленіп, баспана, жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі туған кезде оқу орнын тəмамдап, туған топыраққа табан тіреп, еңбек майданына қызу араласып, жемісті еңбек етіп жатырмыз. Əрине, кəсіби тұрғыда қалыптасуымызға əр педагогикалық ұжымда жас мамандарға ата-аналар жиналысы мен тəрбие сағаттарын ұйымдастыруда, өзара сабаққа қатысу, семинар, тренингтер ұйымдастыруда жəне жоспар бойынша үнемі іс-əрекетімізді бақылап, кеңес беруге тəжірибелі тəлімгер-ұстаздар көмекке келеді. Облысымыздың бір топ жастары Көкшенің төрі Бурабайға «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты

жас педагогтардың ІІ республикалық байқауына қатысып, білім сайысында бақ сынастық. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жалындаған тоқсан жас маманның, тоқсан түрлі көзқарасы, тоқсан түрлі пікірі мен ойлары болды. Бір сөзбен айтқанда, «Көздерiнде от ойнар, Сөздерiнде жалын бар», деп М.Жұмабаев айтқандай, бəріміздің көкейімізде «Кім? Не? Қашан? Қалай?» деген сынды сан түрлі сұрақтар тұрды. Байқауға дайындық барысында «Балдəурен» республикалық оқусауықтыру орталығы ұжымының ұйымдастыруымен коучингтер мен шеберлік сыныптары өткізілді. Өткізілген іс-шаралар барысында жас мамандар өзіміздің кəсіби қоржынымызды толықтыруда бір-бірімізбен тəжірибе алмасып, ой бөлістік, білмегенімізді

үйреніп, білгенімізді үйреттік. Облысымыздан барған жастарымыздың жаңашылдықты қабылдауға ынтасы артып, инновациялық ізденіске деген құлшыныстары ерекшеленді. Ұйымдастырылған ісшараларға белсенділікпен қатысып, Алматы облысынан барған жастар командасы қорытынды есеп бойынша І орынға ие болдық. Бұл нəтиже шығармашылыққа деген жаңа серпіліс туғызып, шығар машылық тобымыздың жұмысын жаңаша жүргізуге ықпалын тигізіп, əрі қарай жас маманға өз жұмысын бақылауға, пе да го гикалық жаңалық ашуға, оны бағалауға жəне меңгеруге, болашақта жаңашыл тəжірибелерді өз жұмысында пайдалануға, жоспардағы іс-əрекеттің аяқсыз, нəтижесіз қалмауын қадағалауға бағыт-бағдар беріп отыр. Мөлдір МОЛДАҒАЛИЕВА, Қарасай ауданындағы Шамалған орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі.

Бетті дайындаған «Егемен Қазақстанның» Алматы облысындағы меншікті тілшісі Нұрбол ƏЛДІБАЕВ.


 Интеграция игілігі

 Зерде Адамды қоғамнан, қоғамды адамнан бөліп қарай алмайсың. Қоғамның дамуы адамның ақыл-парасатына, қарым-қабілетіне тікелей тəуелді. Оны тарихтың тереңіне, ғасырлардың өрлеуіне зейін-зердеңмен ой жүгіртсең, айқын аңғарасың. Данышпан Абай сол адамның мықтылығын, қоғамның алтын арқауы екенін: «Малда да бар жан мен тəн, ақыл мен сезім болмаса», дейді. Біздің алдағы сөзіміз осыдан бастау алып тұр десек, қателесе қоймаспыз. Дəл бүгінгі əлем дамуы, яғни бəсекеге төтеп бере білудің арқауы, негізгі өзегі – терең білім мен жетік ғылымға барып тірелері анық. Мұның негізі университеттік білім беру үрдісінен жол тартады. Ол үрдіс Қазақ елінде өткен ғасырдың отызыншы жылдары өрістеген еді. Оның дəлелі, Қазақ ұлттық университетінің сол дəуірде өз алдына шаңырақ көтеріп, ашылуында жатқаны айдай ақиқат. Білім ордасы алғаш С.М.Киров атындағы университет болып ашылғанымен, тəуелсіздік алып, ірге бекіткен соң Елбасының тікелей қолдауымен ұлы ғұлама əлФараби атын иемденді. Бұл айтулы оқу орны мыңдаған шəкірттердің қанаттануына, халықтың азаматы болып қалыптасуына мол мүмкіндік жасады.

Нардай еді-ау Нарєозы Барлық ғылымдардың патшасы саналатын, нақтылай түссек атақты неміс математигі Карл Гаусстың: «Арифметика математиканың, ал математика – ғылымдардың патшасы», деген сөзіне ден қойсақ, математиканың Отанымыздағы небір айтулы өкілдері, алда айтқан абыройлы Қазақ ұлттық университетінің түлектері, не сонда қызмет істеген саңлақ сардарлары екені белгілі. Оған ҚазМУ-дың жүздеген ұрпақты оқытып, ондаған дара таланттарды танытқан механика жəне қолданбалы математика факультетінің қосқан үлесі де ерекше деп ойлаймыз. Арғы-бергі ғасырларды шолып шыққанда қазақта да дарынды математиктер аз болмаған. Бола беретінін еске сала отырып, ұлт тан шыққан тұңғыш физика-математика ғылымдарының кан дидаты Ибадулла Ақбер геновтен бастап, академиктер К.Персидский, А.Тайманов, Т.Ама нов, О.Жəутіков, Ө.Жол дас беков, Ө.Сұлтанғазин, тағы басқа ерендердің болғанын мақтан ету – міндет. Олардың ізін басқан іргелілер де жетіпарты лады. Бұл арада абыройлы математиктерімізді түгел тізбелей беру шағын мақаланың еншісінде емес екенін еске сала кетсек дейміз. Солардың бірі де бірегейі, екі ғасыр тоғысында абырой-беделге ие болған көрнекті математик, өткен жылы алпыстың бел ортасынан ауған тұста өмірден озған Нарғозы Данаев еді. Ең бастысы, Нарғозы атына заты сай нардай азамат болатын. Ар алдында таза жүріп, адамдықтың, адалдықтың биігінен көріне білді. Жақсылыққа шын қуанатын, ақ ниетін біл діретін, жетістігіңе тарлық жасамайтын, қолда барын аямайтын. Қазақ халқының хас батыры, турашылдықтан таймай кеткен Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған өңірдің баласы болғандықтан шығар, Данаев та айтам дегенін бүгіп қалмайтын, кім болса да бет-жүзіне қарамай айтатын мінез иесі де еді. Оның көңіліндегі кірбің жібек орамал кепкендей уақытта жадырап шыға келуші еді. Бірден айтайық, Нарғозы Тұрсынбайұлы – жаңашыл ғалым болатын. Ғылымның жаңа бағыттарын дамытуға əрқашан зейін қойып, заманның талабына, дəуірдің талғамына сай қызмет жасау үшін зерттеу универ ситеттері мен ғылыми орта лықтарда инновациялық ауқымды бағдарламаларды жүзеге асыруға ұмтылған зерделілер қатарынан табылатын. Иə, Нарғозы Данаевтың да өмір жолы өзге замандастары секілді өзіндік соқпақтардан тұратын. Қарғадайынан математикаға ден қойған жалынды жас Жамбыл облысы, Талас ауданындағы орта мектепті үздік бітірген соң,

қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы, алда айтқанымыздай, университеттік білімнің бастау басы саналатын Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Білім ордасын жақсы аяқтаған соң, Ресейдің Новосібір Мемлекеттік университетінің аспирантурасына бет алады. Жас ізденуші онда стажер-зерттеуші, аспирант, аға инженер қызметтерін абыроймен атқарумен бірге, білім мен ғылымның арқауын ескен небір мықтылардан дəріс алады. Зейінді де зерек Нарғозы математика ғылымы зиялыларының назарына бірден ілініп, ілтипатына бөленеді. КСРО Ғылым академиясының академигі Николай Яненконың же текшілігімен кандидаттық диссертацияны табысты қорғап шығады. Бар мақсаты қазақ ғылымына, оның ішінде математиканың дамуына үлесімді қоссам деген ниеті оны өзі білім алған Қазақ ұлттық университетіне жетелеп келеді. Аға оқытушылықтан жұмысын бастаған ардақты азамат доцент, факультет деканы, қазақ математика ғылымында шоқ жұлдыздай жарқырап шығып, ерте ағып түскен, бірақ артына мол мұра қалдырған академик, өзі «Қазақ математикасының Мұхтар Əуезові», деп бағалаған Шалтай Смағұловпен бірге іргетасын қалап, шаңырағын көтерген ҚазҰУ-дің Математика жəне механика институтының директоры қызметін өмірінің соңғы кезіне дейін мінсіз атқарды. Көрнекті ғалым басшылық жұмыспен қатар, өзінің ғылыми зерттеулерін де жүргізе отырып, жүздеген шəкіртке білім үйретіп, жастар арасынан көрінген дараларға қамқорлығын бір сəт те аяған емес. Жүздеген іргелі зерттеулерінің нəтижесінде «Гидродинамика теңдеулерін шешудің тиімді сандық тəсілдері» деген тақырыпта докторлық диссертациясын жоғары деңгейде қорғағанының куəсіміз. Қазақ ғылымындағы математикалық модельдеу, есептеуіш математикасы, қолданбалы механика салалары бойынша да тың ізденістер жүргізді. Ол отандық өнеркəсіптің дамуына зор үлесін қосты. Оның бір мысалы, қол жеткен жетістіктері мұнай мен газ орындарында кеңінен қолданыс тапқанын ерекше атап өтуді парыз санаймыз. Өндіріспен тікелей байланыс жасау ісінде өзі басқарған Математика жəне механика ғылыми-зерттеу институты қолданбалы ғылым саласы бойынша ерекше мəн бергенінен хабардармыз. Кейде: «Біз тікелей пайдалы нəрселермен айналыса алсақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та, Үкімет те қамқорлық жасап, қаржы бөлуде. Соны дер кезінде іске асыра алмай, көптеген зерттеулерімізді «сөреде»

сарғайтып қойып жүрміз», дейтін. Отандық компаниялардың талап-тілегін ғылымның соңғы жетістіктерімен үйлестіре отырып ұйымдастыру ісіндегі табысы деп біз, «ҚазМұнайГаз», «ЖайықМұнай» секілді ірі өнер кəсіп орындарымен бірлік те жұмыс істегенін, соның нəтижесінде табыс та тауып, ғылымды да дамытуға мүмкіндік туғызғанын атасақ дейміз. Тіпті, мұнай-газ өндіріс саласындағы ғылыми зерттеулері шетелдіктердің де, əсіресе, Оңтүстік Корея компанияларының қызығушылығын туғызғанын, қомақты тапсырыстар бергенін білеміз. Оның ғылыми ізденістері көп жағдайда ғаламтор арқылы жұртқа жетіп, қолдау тауып жататын. ХХІ ғасырда үлкен сұранысқа ие болып отырған нанотехнологияға, табиғи ортаны қорғау технологияларына, құрал-жабдық жасау, мұнай химиясы, өзге де тəуелсіз елге керек қажеттіліктерді ол əркез күн тəртібіне шығарып, соны зерттеу жолдарын ұсынып, жас таланттарды қатарына тартуды бір сəт те естен шығармайтын. «Қазір экономикаға жаңалық енгіземіз, техника мен технологияны жаңартамыз десек, еліміздегі өндіріс ерекшеліктерін бағамдап, терең сараптаулардан өткізіп, ақпараттық құрылымын жасауға тиістіміз. Бұл игі бастама математикалық негіздеу арқылы іске асса жеміссіз болмайды», деп мұнай өндіру кезінде жер астына ыстық су, не бу, болмаса ілеспе газ жіберу технологияларын талдап, қымбатқа түсетін жұмыстарды жеңілдету тəсілдерін алға тартатын. Тəуелсіз қазақ елінің білімі мен ғылымын əлемдік үрдістермен ұштастыру жолындағы ізденістерді жүйелі жүргізу ісіне де өз замандастарымен бірге үлкен үлес қосты. Ұйымдастырушылық қабілеті де мол екенін еске сала кетуге тиістіміз. Мəселен, төрткүл дүниедегі математика, механика, физика саласының білгір ғалымдарын елімізге шақырып, тəжірибе алмасу ісі осы ғасырдың басында жақсы жолға қойылғаны белгілі. Бұған 2003 жылы Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Есептеуіш технологиялары институтымен бірлесіп өткізген семинар-кеңес дəлел дер едік. Ол алғаш рет Новосібірдегі Академиялық қалашықта өтіп, кейін əл-Фараби университетінде

жалғасын тапты. Алда айтқан дарынды математик Шалтай Смағұловтың алпыс жылдығына арналған Ресей мен Қазақстанның жетекші ғалымдарының алқалы жиы нының да тағылымы мол болған еді. Біз мұны неге айтып отырмыз? Себебі, ғылыми ізденіс пен білім беруді таразының басындай тең ұстаған Нарғозы Тұрсынбайұлы осындай келелі басқосуларды өткізу кезіндегі жұмысқа ұйытқы бола білгенін, ұйымдастыру қабілетінің ерекше екенін аңғарту ниетінен туындап отыр. Есімі елімізге ғана емес, əлемге танылған дара дарын иесі Нарғозы Данаев алда да айттық, тағы айтсақ артық болмайды, елімен бірге жасай беретін, кейінгіге үлгі етіп көрсететін, артына мол мұра қалдырған ғұлама ғалым деп топшылаймыз. Екі жүзге тарта ғылыми еңбегі мен жеті монографиясы, төрт оқулығы – ұлттың баға жетпес байлығы деуге тұрады. Өнертапқыш ретінде он бес авторлық куəлік алғаны жəне бар. Білімдар ғалым есептеуіш математикасы жəне математикалық модельдеу саласы бойынша жиырма кандидаттық, сегіз докторлық, төрт PhD диссертацияларға жетекшілік жасады. Ғылым əлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған Нарғозы Данаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ұлттық жəне Халықаралық инженерлік академияның академигі еді. 1994 жылы «Газ бен сұйық динамикасының есептеу моделі. Теория жəне есептеу тəжірибесі» циклды іргелі еңбегі үшін əріптестерімен бірге Қазақстан Республикасының ғылым, техника жəне білім саласындағы Мемлекеттік сыйлығын алды. Осы арада біз тəуелсіз қазақ елінің ғылымға, оның ішінде математикаға ерекше мəн беріп келе жатқанын атап өтуіміз керек. Бұл өзгелерге үлгі боларлық іс екені сөзсіз. Бұлай деуге себеп, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей қолдауымен егемендік алған жиырма жылдан аса уақыт ішінде азат елдің жеті математик ғалымы ең мəртебелі саналатын Мемлекеттік сыйлыққа ие болуын риза көңілмен атар едік. Иə, Нарғозы Тұрсынбайұлы алдағы атақтарына қоса «Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «Қазақстан Білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Қазақстандағы инженерлік істі дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен жəне «Механика ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» академик Ж.Ержанов атын дағы медальмен марапатталып, «Қазақстанның үздік оқытушысы», республикалық грантының иегері атанған еді. Мұның бəрі ғалым еңбегіне көрсетілген құрмет болатын. Шығыс ойшылы Жүсіп Баласағұнның: «Адамның мəңгі болмағы, оның ары мен елі үшін еткен еңбегінде», деген сөзін еске ала отырып, ендігі жерде атақты ғалымның бай мұрасын жаңғыртып отырумен қатар, есімін əспеттеу ісін қолға алу қажет деп ойлаймыз. Бұл іске біз де өз үлесімізді қосуға əзірміз. Осы арада ойға қазақтың құлагер ақыны Ілияс Жансүгіровтің: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді», деген екі жол өлеңі ойға түсіп отыр. Шынында, халқына қалтқысыз еңбек еткен азаматты осылай ардақтау қашан да абыройлы іс деп ойлаймыз. Бақытжан ЖҰМАҒҰЛОВ, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі, Юрий ШОКИН, Ресей Ғылым академиясының академигі.

 Өңір өмірі

Тозыєы жеткен їйлер жґнделуде Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Шымкентте сыртқы сылақтары түсіп, есік-терезелерін күн жеп, лифтісі істен шыққан, бірақ сүйегі мықты үйлер көп. Оны қаланың келбетін бұзып тұр деп трактормен сырып тастай алмайсың. Тұрғындарға жаңасын салып беру – бюджет үшін ауыр салмақ. Үкімет осы мəселенің көзін тауып, республика бойын ша мемлекеттік бағдарлама қабылдаған. Тозығы жеткен үй иелерімен келіссөз жүргізіп, бəрін жаңалап береді. Ал тұрғындар кеткен шығын, алынған заттардың есебін алып, мемлекет қаржысының орнын жабады. Ай

9

www.egemen.kz

23 қыркүйек 2015 жыл

сайынғы төлем қалтаны ұрмайды. Мəселен, қала орталығындағы «Имран» сауда үйінің маңындағы көп қабатты үйлер қазір жаңа үлгімен салынғандай көз жауын алады. Пəтер иелерін əбден шаршатқан лифт зырылдап жұмыс істеп тұр. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2011 жылы 6 көп қабатты үй, 2012 жылы – 24, 2014 жылы 34 көп қабатты үй күрделі жөндеуден өткен болатын. Биыл Шымкенттегі 34 үй күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бүгінгі күнге дейін осы үйлердің 28-інде жоспарлаған жұмыстар аяқталды. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен қаралған қаржының 85 пайызы игерілді. Бұл бағдарламаның

тиімділігінің арқасында қаланың сəнін кетірген ескі көп қабатты үйлер тозығы жеткен лыпасын жаңа үлгімен тігілген көйлекпен

ауыстырған бойжеткендей құлпырып келеді. ШЫМКЕНТ.

Экспорттыќ əлеуеті зор ґѕір

їшін Сочиде ґткен ґѕіраралыќ ынтымаќтастыќ форумы жаѕа серпін, тыѕ екпін берері аныќ Жуырда Сочиде «Агроөнеркəсіп кешені саласындағы ынтымақтастық жəне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының ХІІ өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Оған Президенттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин, сондай-ақ, салалық министрліктер мен ведомстволардың, өңірлердің жетекшілері қатысты. Солтүстік Қазақстан облысының делегациясын аймақ басшысы Ерік Сұлтанов бастап барды. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Форумда талқыланған өзекті мəселелердің жергілікті жерлерге де тікелей қатысы бар. Онда Елбасы атап көрсеткендей, елдер арасындағы тауар айналымының негізгі көлемі өңірлер арқылы жүр гізілетіндіктен, азық-түлік əлемдегі ең тұрақты валютаға айналған кезеңде маңыздылығы тіпті арта түсері анық. Күн тəртібіне шығарылған тақырып Солтүстік Қазақстан облысы үшін де өте өзекті саналады. Біріншіден, Ресей Федерациясының үш облысымен шектесетіндіктен, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде стратегиялық əріптестікті одан əрі нығайту қажеттілігі туындайды. Екіншіден, аймақ аграрлық жетекші рөлге ие болғандықтан, Қызылжардың сапалы астығына сұраныс мол. Соңғы жылдары ауыр өнеркəсіп саласында да нақты бетбұрыстар жасалып, озық технологиялар кеңінен қолданыла бастады. Облыстық əкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мəлімдемеде, сондай-ақ, аймақтар арасындағы экономикалық байланыстарға жаңа серпін, тың екпін беретін ынтымақтастық форумның қатысушыларымен Ерік Хамзаұлының шекаралас өңірлер арасындағы өзара іс-қимыл тəжірибесімен бөліскені айтылған. – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының шекаралас көршілерімен тиімді экономикалық жəне мəдени қарымқатынастарды одан əрі тереңдете түсу, аграрлық саланың мол мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану керектігін міндет етіп қойды. Солтүстік Қазақстан Ресейдің Қорған, Омбы, Түмен облыстарымен шекараласады. Жыл басынан бері бұл өңірлермен 25 бірлескен құжаттарға қол қойдық. Мұның өзі бүгінгідей қиын жағдайда жалпыға ортақ проблемаларды, оның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін тұрлаулы қамтамасыз етуді бірлесе шешуге жəрдемдеседі. Бұл орайда, Еуразиялық экономикалық одақтың, сыртқы нарықтың, экспорттық əлеуеттің артық шылықтарын ұтымды қолданып келеміз,– дей келіп, Е.Сұлтанов екі жақты келісімдердің жемісті

Жолаушыларды жəне жүкті тұрақты республикаішілік автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізу туралы хабарландыру Петропавл қаласы əкімінің аппараты Қазақстан Конституциясы к-сі, 23 мекенжайындағы № 401 кабинетте 2015 жылғы 21 қазанда болатын жолаушыларды жəне жүкті тұрақты республикаішілік автомобильдермен тасымалдау бағыттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды. 2. Конкурсқа мынадай бағыттар пакеттері (бағыттар) қойылады: № 1 бағыт № 21М «Вокзал – Көпір (Потанин к-сі)». 3. Конкурсқа жеке меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздермен автокөлік құралдары бар меншік нысанына тəуелсіз кез келген жеке жəне заңды тұлғалар қатысады. 4. Конкурсқа қатысуға қызығушылық танытқандар қала əкімінің аппаратына (облыстың, ауданның) «Қазақстан Конституциясы к-сі, 23, № 11 кабинет мекенжайына конкурстық құжат тар жинағын алу үшін жазбаша өтінім береді. 5. Конкурстық құжаттарды алу жəне конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдау үшін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2015 жылғы 8 қазан, сағат 18.30. 6. 2015 жылғы 24 қыркүйекте сағат 10.00де конкурстық комиссия конкурсты өткізу мəселелері бойынша алдын ала конференция өткізеді. 7. Анықтама алу үшін 46-88-71 телефонына хабарласыңыз.

дамуына нақты мысалдар келтірген. 2011 жылдан бері Ресеймен арадағы астық экспорты 2,5 есеге артқан. Алыс-жақын шетелдерге жылына 1,5 миллион тонна бидай, 150 мың тонна ұн, 200 мың тоннаға жуық майлы дақылдар тұқымы жөнелтіледі. Биыл диқандар кемі 5 миллион тонна астық жинауға серт беріп отыр. Соңғы 5 жыл бедерінде 50-ден астам элеваторлар мен астық қабылдау қоймалары бой көтеріп, жалпы сыйымдылық 6,5 миллион тоннаға жеткен. Биылғы ораққа «Sampo» еуропалық технология бойынша Петропавл қаласында «ҚазТехМаш» компаниясы құрастырған комбайндар алғаш қатысып, сынақтан ойдағыдай өткен. Келешекте Ресей нарығына жеткізу жоспарланған. Сөз арасында «ЭФКО» ресейлік компаниясының облыс аумағында 330 мың тонна майлы дақылдар өнімдерін өңдейтін зауыт салуды белгілеп отырғанын айта кеткен жөн. Мал шаруашылығы саласында да зор əлеуеттік мүмкіндіктер бар. «Ірі қара малы етін экспорттауды дамыту» бағдарламасы аясында 41 асыл тұқымды репродуктор, 16 мал бордақылау алаңы құрылып, етті жəне сүтті бағыттағы 10,5 мың бас асыл тұқымды мал əкелінген. Оның 2 мың басы Ресейге тиесілі. Жыл сайын 90 мың тонна ет, 470 мың тонна сүт өндіріледі. Былтыр шекаралас аймақтарға 1 мың тоннадан астам ет, 7 мың тонна сүт өнімдері сатылған. Ауылшаруашылық өнімдерін өнеркəсіптік жолмен қалдықсыз өңдеу ісіне басымдық берілген. 2015-2019 жылдар аралығында бұл салаға 90 миллиард теңге қарастырылып, 29 инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады. Омбының «Холливуд» фирмасының «Низкоцен» супермаркеттер жүйесін ірі аудан орталықтарында қолға алуы құптарлық. Жергілікті «AVAGRO» ЖШСнің де экспорттық мүмкіндігі үлкен. Мəселен, соңғы екі жылда 330 бірлік штангалы бүріккіш шығарып, бір бөлігін көрші елге жөнелткен. Форумда «Агроөнеркəсіп кешені саласындағы Ресей-Қа зақстан ынтымақтастығының келешегі» атты ауыл шаруашылығы көрмесіне елімізден 60 кəсіпорын

өз өнімдерін ұсынса, бестен бірін солтүстікқазақстандық тауар өндірушілер құраған. Олардың арасында «Зенченко жəне К», «Сұлтан», «Казмясопродукт», «Фрегат», «Маслодел» секілді бəсекеге қабілетті шаруашылықтардың өнімдері кəсіпкерлер тарапынан қызығушылық тудырған. Аймақ басшысының пікірінше форум жаңа инвестицияларды тартуға, инновациялардың өсуіне жəне тұтастай алғанда өңірдің ауыл шаруашылығының дамуына, азықтүлік жəне өнеркəсіп тауарларының импорт алмасуына жақсы серпін бермек. Облыста бірлескен кəсіпорындар, сапалы көлік-логистика инфрақұрылымын құру бағытында да озық жобалар қамтамасыз етіліп келеді. Солардың біріне транзиттік əлеуетті дамыту мақсатымен Көкшетау – Барнаул теміржолында Қызыл ту стансасынан «Русская поляна» стансасына дейінгі 100 шақырым жолды (40 шақырымы Омбы облысына тиесілі) қалпына келтіру жайы бірлесіп шешілетін болды. Бұл Батыс Сібір теміржо лын Орталық Қазақстанның теміржолдарымен жалғастыруға мүмкіндік береді. Түмен облысының губернаторы Владимир Якушевпен арадағы уағдаластыққа сəйкес өңір тұрғындарын табиғи газбен жабдықтау мəселесі Қазақ стан-Ресей үкіметаралық комис сиясының қарауына енгізу туралы шешім қабылданды. Аз инвестициялық шығындар жұм сай отырып, оның ішінде Оңтүстік Қазақстаннан Ресей Федерациясының шекаралас өңірлеріне жемістер мен көкөністер жеткізу бойынша да көлік-логистика орталықтарын ұйымдастырудың алғышарттары жасалды. Петропавл халықаралық əуежайы қайта жаңартылғаннан кейін Ресейдің ірі қалаларына жолаушылар, жүк рейстерін ашу қарастырылған. Облыс минералдық шикі заттарға бай. Бүгінге дейін 286 кен орны зерттеліп, уранның, түсті металдың, магний тұзының, граниттің мол қоры табылып отыр. Қоланың – 65, цирконийдің 37 пайызы біздің өңірде орналасқан. Қазірдің өзінде табиғат байлықтарын игеру жөнінде ресейлік инвесторлармен бірнеше келісім жасалған. Мəселен, «Майнинг Солюшн» холдингі Есіл ауданында алтын өндірудің бірегей жобасын қолға алып, қомақты инвестиция құйған. Айта берсе, жағымды сипаттағы мұндай мысалдар аз емес. Екі ел ара сындағы тату-тəтті көршілік жəне шекаралық байланыстарды дамы туға облыс өз үлесін қоса беретін болады. ПЕТРОПАВЛ.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының əкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ 2015 жылғы 13 сəуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде Астана қ., «Алтын Орда» бизнес орталығы, Орынбор көшесі, 4-үй мекенжайы бойынша магистратураға, докторантураға, резидентураға, тағылымдамаға құжаттар қабылдайды. Сонымен қатар, www.egov.kz «ҚР электронды үкімет» порталы жəне Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттар тапсыру мүмкіндігі бар. Байланыс телефондары: 8 (7172) 76 90 82, 76 90 83, 24 93 85, 24 93 86, www.bolashak.gov.kz Объявление о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов регулярных внутриреспубликанских автомобильных перевозок пассажиров и багажа Аппарат акима города Петропавловска объявляет о проведении конкурса на право обслуживания маршрутов внутриреспубликанских автомобильных перевозок пассажиров и багажа, который состоится 28 октября 2015 года по адресу: ул. Конституции Казахстана, 23, каб. №401. 2. На конкурс выставляются следующие пакеты маршрутов (маршруты): Лот № 1- маршрут № 21М «Вокзал – Мост (ул. Потанина)». 3. В конкурсе принимают участие любые физические и юридические лица, независимо от формы собственности, владеющие автотранспортными средствами на праве собственности или иных законных основаниях. 4. Желающие принять участие в конкурсе представляют в аппарат акима города (области, района) письменную заявку на получение комплекта конкурсных документов по адресу: ул. Конституции Казахстана, 23, каб № 11. 5. Окончательный срок приема заявок на получение конкурсных документов и приема заявок на участие в Конкурсе: 13 октября 2015 года, в 18.30 час. 6. 30 сентября 2015 года в 10.00 час. конкурсная комиссия проводит предконкурсную конференцию по вопросам проведения конкурса. 7. За справками обращаться по телефону: 46-88-71.

Шапауов Тулеген Сейтжановичке Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті берген ЖБ №0080645 дипломы мен қосымшасы жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын. Бір топ достары ұлтжанды азамат, 19851992 жылдары Павлодар облыстық телерадиокомитетін, 1992-2000 жылдары Павлодар облыстық мəдениет басқармасын, 2000 жылы республикалық «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық ұйымын басқарған, 2011 жылдан бері «Астана» қазақ тілі» қоғамы ұйымының жауап ты хатшысы қызметін атқарған Мұрат Мұсайбекұлы ƏБДІРАХМАНОВТЫҢ қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туыс-туғандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. Марқұмның жаны жəннатта, иманы жолдас болсын.

Қазақ мал шаруашылығы жəне мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Ибадулла Изатуллаұлы Үмбетаевқа ұлы БАУЫРЖАННЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ ауыл шаруашылығын механикаландыру жəне электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Қазақ мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Ибадулла Изатуллаұлы Үмбетаевқа ұлы БАУЫРЖАННЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтының ұжымы бас ғылыми қызметкер Болат Шайзадаұлы Қаратаевқа АНАСЫНЫҢ мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz www.egemen.kz

23 қыркүйек 2015 жыл

Їлкен ел – їлкен отбасы

 Тағзым

Ўрпаќтары ўмытпайды «Егемен Қазақстан».

Мəрмəр тастан қашалып жасалған ақын бейнесі Алматыдағы танымал өнер ордасы – Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының алдына қойылды. Жыр дүлдүлінің көркі көз тартар сымбатты ескерткішін қала халқы алаулаған гүл шоқтарымен көмкеріп тастады. Ескерткішті Алматы облысының əкімі Амандық Баталов ресми түрде ашып, ұлы ақынның туған күніне орайластырылған мəдени шара Алматы облысында жалғасын табатынынан хабардар етті. Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына орай арнайы құрылған алқалы кеңестің мүшесі, ақынның бүгінгі ұрпағы, жазушы-ақын Манарбек Ізбасаровты сөзге тарттық. – «Айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Əуезовтен асып Сүйінбай атамызға ешкім жоғары баға бермеген. Алматыда дүрілдеп өткен бүгінгі республикалық

айтысты соның дəстүрлі жалғасы десек, мына ескерткіш бабамызға деген халықтың, елдің шынайы құрметі деп бағалаймын. Ең үлкен шара қазанның 23-інде – Дүниежүзілік ТҮРКІСОЙ қоғамының бастамасымен Алматыда халықаралық ғылыми-дəрістік конференция өтеді, – деді Манарбек Ізбасаров. – Оның сыртында 21-22 қазанда ақындар Талдықорғанда республикалық жыр сайысына түспек. – Қазір ақынның туған жері Жамбыл ауданының Қарақастек ауылындағы музейі күрделі жөндеуден өтіп бітті, – деді сөзінің соңында. – Таяу күндері алғашқы келушілерін қабылдауға əзір. Ақындар мен батырлар ауылындағы мерейтойдың қорытындыланар сəтінде, яғни 24 қазан күні Қарақастекте Сүйінбай Аронұлы атындағы үлкен саябақ ашылады. Салтанат соңы бəйгеге ұласып, ұлттық ат спортынан жарыс болады.

«Егемен Ќазаќстан» газеті Ќазаќстан халќы Ассамблеясы жобасы аясындаєы республикалыќ фотоконкурсты жалєастырады

Суретті түсірген Амангелді УƏЛИЕВ.

Талғат СҮЙІНБАЙ,

АЛМАТЫ.

 Өнер

Айтыс ґтті Алматыда айта жїрер... Оның қала күні аясында «Азаттықтың алтын бесігі» деп айшықтала, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналғаны бір ғанибет Қорғанбек АМАНЖОЛ, «Егемен Қазақстан».

Бұдан бұрын да ақпараттық қолдау көрсетіп хабарлағанымыздай, Республика сарайында дүрілдеп өткен осынау ақындар айтысына Алматының əкімдігі демеушілік етті, «Нұр Отан» партиясы құптап қолпаштады. Елдің əр өңірінен келген шашасына шаң жұқпас кіл жүйріктер осы жолы, əсіресе, бабында-ақ екен. Аламанбасы Жүрсін Ерман: «Шу қаракөк!» деп бəйге жолына салып жіберген 22 айтыскер, 11 жұп жексенбіде жеті сағат бойы армансыз жырғатты. Суырыпсалма өлеңнің өрелі де өрнекті кестесі келісті үйлесіп, тақырыппен үндесе төгілді. Бұл айтыстың деңгейі кейінгі уақыттағы біраз айтыстардан жоғары болғандығын да қазылар алқасындағы Асанəлі Əшімов сияқты аузы дуалылар атап көрсетті. Ақындар хал қы мыз ордаланған хандық дəуірдегі қаһармандықты, бастан өткен қилы қияпат замандарды, бабаларымыздың ерлігін, қазақтың бүгінгі елдігін жырға

қосты. Алтыннан ардақты аяулы Алматыға да небір сөз маржаны түйдектете ағытылды. Қоғам өміріндегі көлеңкелі жайлар, кемшін тұстар, парақорлық, жемқорлық, мəңгүрттік пен салғырттық, тілбұзарлық пен ділбұзарлық сияқты індетті кеселдер де арынды һəм дарынды ақындар назарынан тыс қалмады. Айтыскерлердің көбісі-ақ алмас қылыштай жарқылдап, ой мен сезім бұрқасынын ақтарып, ақиқатты айтуға жан салды. Қостанайлық Айбек Қалиев, астаналық Мейірбек Сұлтанхан, қарағандылық Мақсат Аханов, оралдық Жансая Мусина, алматылық Болатбек Оразбаев пен Талант Арынғазиев, Ринат Зайытов алғашқы күні-ақ топ жарды, жыр құйылысының киеқұдіретіне тəнті етті. Əсіресе, астаналық Еркебұлан Қайназаров пен баянауылдық Аспанбек Шұғатаев арасындағы жыр сайысы бүгінгі қазақ айтысының шыққан биігін танытардай ерекше құбылыс болды. Ақыры, жеңімпазды анықтаған ақтық сайыста осы екі саңлақ

қайта жолықты. Аспанбек Құлагердей көсіле шапты, жауар бұлттай өрледі, қазақтың саз мəйегін өлеңнің өзегіне құйды, баяғы жыраулар поэзиясының селін қаптатып, оны бүгінгі айтыс мəдениетімен астастырды. Сөйтіп, Аспанбек Шұғатаев бас бəйгеге тігілген темір тұлпардың кілтін Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбектің өз қолынан алды. 1 миллион теңге жүлде сыйы тағайындалған бірінші орынды, əлбетте, Еркебұлан Қайназаров еншіледі. Ал белгілі көсемсөзші, «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп бастаған қазылар алқасы екінші орынға Мейірбек Сұлтанханды лайық деп тапса, үшінші орынның үш тұғырына Айбек Қалиев, Жансая Мусина, Мақсат Аханов жайғасты. Айтыстың елге қажеттігі, халықты қанаттандыратын қасиетті өнер екендігі осы жыр додасында жəне айғақталып айқындала түсті. Айтыс туы Алматыда бұдан əрі де желбірей бермек. АЛМАТЫ.

• Балалық шақтың бал күндері

 Бəрекелді!

 Ұят-ай!

Ќашќан ќыз ќайтып келді Қарағандыда айдың, күннің аманында жұрттың бəрін əбігерге салып, қыз жоғалып кетті Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Он тоғызға енді келген, ай десе аузы, күн десе көзі бар ару қыз. Əуелі ата-анасы шарқ ұрып іздеді. Қыз табылмаған соң амал жоқ, құқық қорғау органдарына барып, дабыл қаққан. Содан облыстың полицейлері əлгі қызды жабыла іздеді. Тіпті, суретін əлеуметтік желіге салып, жұрттан жақсы хабар күтті. Сөйтіп, сабылып жүргенде қыз да аман-есен табылды. Сөйтсе,

шөп желке сүйгенімен қол ұстасып, Шет ауданындағы ауылдардың біріне дəнеме деместен қашып кетіпті. Жұрт аяғынан таусылып, бір ай бойы іздеп жүргенде ол жігітінің құшағында махаббаттың ойынына масайрап жүріпті. «Қайтқан малда қайыр бар» деген, қыздың аман-есен табылғанына қуанған полиция қызметкерлері іздеуге қолұшын берген халайыққа алғыс айтты... ҚАРАҒАНДЫ.

 Мирас

Ќазира əжейдіѕ ши бауырсаєы-ай!

Қазира əже – отбасының ғана емес, бүкіл əулетінің ұйытқысы, ағайын-туғанның, абысын-ажынның бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы ана. Бүгінгі жастардың, əсіресе, қыздары мен келіндерінің тəрбиешісі əрі ақылгөйі. Қазира əженің айтары мол, берері көп. Əжені əдемі қартая білген жан деуге болады. Қария адамға əдеміліктің не қажеті бар дер, бəлкім, біреулер, бірақ та адамның жаратылғаны секілді əркімнің əртүрлі қартаятындығы шындық. Үрімбұтағының ғана емес, күллі жұрттың ықыласына бөленіп, ардақтысына айналып қартаю бұл күндері екінің бірінің маңдайына жазылмаған бақыт. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда кейбір ағаларымыз ата-аналарын қатыгездікпен қарттар үйіне өткізеді. Көніңіз, көнбеңіз, бұл да қазіргі замандағы қартаюдың бір түрі. Қартайған шағында қарттарға демеу болудың орнына, оларды сыйламай далаға тастайды. Бірақ бəріміз де өскенде ата мен əже атанамыз. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» дегенді мүлде ұмытқандаймыз. Сондықтан, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсететін, қарияларды аялайтын ежелгі

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

тарихымыздағы ұлттық этнопедагогика саласын жаңғырту мемлекетіміз үшін кезек күттірмейтін шаруаның бірі. Қазира Қабдоллақызы Аягөз ауданы, Қарауыл елдімекенінде туыпөскен. Сол маңдағы Кеңсай жайлауы

əуел бастан аталарының кіндік қаны тамған жері, атамекені болып саналады екен. Бүгінде жасы тоқсаннан асқан Қазира шешей əлі тың. Ауырыпсырқадым, менің өмірім қиын болды деп ешкімге мұңын шақпаған жан. – Мен 1923 жылы тудым. Ес

білген кезімде ашаршылықты, Алаш азаматтарын қудалаған уақытты жəне отызыншы жылдардағы аштық, репрессияны көрдім, Ұлы Отан соғысы басталғанда тылда еңбек еттім, – дейді ғасыр куəгері Қазира əже. – Сонда да мойымадық. Соғыс уақытында ауыл мектебінде бала оқыттым, ауылшаруашылық жұмыстарына да белсене араластым. Соның бəрі ел болашағы дұрыс болсын, халқымыз бақытты болсын, кейінгі жас ұрпақ біз көрген қиыншылықты көрмесін деп жанталастық. Сонау соғыс кезін де құр талқан, бидай, құрт-қатықпен отырғанда да дастарқаным жиналмайтын. Жартылай аш, жартылай тоқ өмір сүрген заманда ба ла-ша ғасы мен көрші-қолаң, туған-туысы үшін ши бауырсақ пісіріп қойғанды жақсы көреді екен. Содан болар, бұл күндері Сергиополь ауылының тұрғындары «Шіркін, Қазира əженің ши бауырсағы-ай» деп тамсана еске алады. Қазира əже 19 жасында соғыстан жараланып келген Мұхаметкəрім Исағалиұлын жолықтырып, тұрмысқа шығады. Кейінірек отбасы жағдайымен

туған жері Аягөзден Алматыға қоныс аударған кезде інілеріне, қарындасына əке орнына əке болып, үлкен ұлы Медғат Құлжанов анасы Қазира əжейге септесіп, бір жағына шығысады. Осы Медғаты Аягөз, Абай аудандарының құрметті азаматы атанады. Ел экономикасын өркендеткені үшін «Құрмет» орденімен марапатталады. Одан кейінгі ұлы Мақсұт Құлжанов та еңбек жолында үлкен белестерді бағындырып, меди цина ғылымдарының докторы, профессор болады. Бүгінде ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының комитет мүшесі. Ал Медеті болса бүгінде, «Қуатамлонмұнай» БК» ЖШС бас директорының орынбасары, Абай ауданының құрметті азаматы, Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері. Қызы Зейнеп те медицина саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, ел ықыласына бөленді. Əкесі Мұхаметкəрім қайтыс болғанда небəрі екі жаста болған Сырбай Құлжанов бүгінде іргелі кəсіпкерге айналған. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

АЛМАТЫ.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru, egemenkz@maіl.kz. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (777) 496-21-38;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, дүниетанымын дамытуға ықпал ететін жəне мемлекеттік тілді үйретуге арналған көп сериялы мультфильмді жарыққа шығарды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Анимациялық сериалдың негізгі идеясы – мултьфильм арқылы тіл үйретудің жеңіл əрі ойнақы тəсіліне негіздеп, балалардың жан дүниесіне жақын, жас ерекшелігіне сай анимациялық, мультипликациялық көріністер негізінде тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, тілін, сөздік қорын дамыту. Анимациялық сериалдың басты ерекшеліктері – сенімді өмірлік сюжеттің пайдаланылуы, мемлекеттік тілді насихаттау, үйрету тақырыбының кеңінен ашылуы, басты кейіпкерлердің мақсатты аудитория жасына сай келуі, анимация тəсілімен кейіпкерлердің мінез-құлқының ашылуы, негізгі мағынаны ашу үшін көркем бейнелердің пайдаланылуы, 3D – графикасы пайдаланыла отырып əрбір деталь бейнелі фонмен безендірілуі екенін айту керек. Анимациялық фильмнің сюжеті негізінде отбасы құндылықтары, ата-анаға сыйластық, отбасындағы үлгіөнеге, қарым-қатынас, əдептілік əліппесі, адамгершілік, ізгілік қасиеттер беру көзделген. Мультфильм мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тəрбиеленуші 3-7 жастағы жəне мектепалды даярлық тобы бүлдіршіндеріне, ата-аналарға арналған. Сондайақ, бұл анимациялық фильмдер балабақшалар мен шағын орталықтар жəне өзге де мектепке дейінгі мекемелердің педагогтарына өз тəжірибелік іс-əрекеттерінде қолдану үшін ұсынылады. Бұл өнімдер Ақтөбедегі мектепке дейінгі ұйымдарға тегін таратылады. «Менің отбасым», «Əдептілікəдемілік», «Кім болам?» «Менің Отаным» мултьфильмдері енді жол тартқалы отыр. Ал бұған дейін басқарма тарапынан ««Қазақ ертегілері» мен шет тілден қазақшаға аударылған ересек пен даярлық тобына арналған «Əдептану» ертегілер жинағы шығарылды. «Кел, ойнайық, балақай», «Қотыр торғай» кітаптары үш тілде жазылып, тақпақтар мен жұмбақтар жинақталған «Балаларға базарлық» кітаптары да шықты. Басқарма ең төменгі сатыдан – балабақшадан бастап ересектерге дейін тіл үйренуші оқу-əдістемелік құралдар шығаруда. Атап айтқанда, «Қызықты қазақ тілі», «Банк саласы қызметкерлеріне арналған көмекші құрал», «Ғажайып математика», «Қазақ тілін үйренейік», «Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтауға арналған тест жинағы», «Салық саласы қызметкерлеріне арналған грамматикалық анықтағыш», «Медицина саласына арналған кешен» оқу-əдістемелік құралдары да жарық көрді. АҚТӨБЕ.

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

Мемлекеттік тілді їйрететін мультфильм

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 203 394 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Эльмира МƏТІБАЕВА.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №655 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.