22012016

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ел тўтас болмай, жер тўтас болмайды 6-бет Келер кїнге кїмəн кґп 7-бет Кекті бесік 8-бет Жаќаудыѕ жазушылыќ жолы 9-бет

№13 (28741) 22 ҚАҢТАР ЖҰМА 2016 ЖЫЛ

Тапсырмалар орындалуымен ќўнды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады, деп хабар ла ды Пре зиденттің баспасөз қызметі. Б.Сапарбаев Мемлекет басшысына өңірдің 2015 жылғы əлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен таяу кезеңдегі даму перспективалары туралы баяндады. Қазақстан Президенті Ақтөбе облысының өндірісі дамыған, өсім қарқыны жоғары, экономикасы əртараптандырылған аймақ екенін атап өтті. Облыс аумағы арқылы автомобиль жолдары, соның ішінде «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық көлік дəлізі, теміржол желілері, газ құбырлары өтеді. Олардың маңайында сервистік орындарды дамытып, жұмыс орындарын ашуға болады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Парламент Мəжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізуге байла нысты халық арасында кеңі нен түсіндіру жұмыстарын жүр гізу қажеттігіне назар аударды. Жаһандық дағдарыс əлемнің көптеген елдерін қамтыды. Сондықтан бұл орайда əлеуметтік тұрақтылықты сақтау, халықты жұмыспен қамту, шағын жəне орта бизнесті қаржылық жағынан қолдау, «Нұрлы Жол» бағдарламасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету маңызды, – деді Қазақстан Президенті.

Ақтөбе облысының əкімі Қазақстан Президенті тапсырма сының жəне өңірде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалардың арқасында азаматтардың жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, облыс экономикасының өсіміне қол жеткізілді. Маңызды бағыттың бірі халықтың жұмыспен қамтылуын қамта масыз ету болып саналады. Жұмыссыздық деңгейі 4,8% болды. Өңірдегі бірқатар ірі кəсіпорындармен арада жұмыс шыларды қысқартуға жол бермеу, еңбекақыны уақтылы төлеу жəне ұжымдық шарттарды орындау жөнінде дағдарысқа қарсы

меморандумдар жасалды. Сонымен қатар, Сіз берген тапсырмалар аясында «Қазхром», «Русская мед ная компания» жəне «Восход-Oriel» сияқты компаниялар өз жұмысшыларының еңбекақысын 1 қаңтардан бастап 1015 пайызға көтерді. Бұл бағыттағы жұмыстар өзге кəсіпорындарда да жүргізіліп жатыр, – деді Б.Сапарбаев. Ол бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру үшін қосымша резервтер іздеу мақсатымен мемлекет пен жекеменшік серіктестігін дамыту, халықаралық қаржы институттары мен инвесторлардың қаражатын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Мə селен, мемлекет пен

жекеменшік серіктестігі аясында 29 жоба қарастырылып жатыр, солардың қатарында жедел медициналық жəрдем қызметі ғимараты, қалалық балалар стоматологиялық емханасы, мұз сарайы, жекпе-жек сарайы, футбол манежі, 7 балабақша, 3 емхана, 1 аурухана жəне 1 мектеп құрылысы бар. Сонымен қатар, облыста іш кі өсім резервтерін іздеп табуға арналған іс-шаралар жоспары əзірленді. 2015 жылы бюджет 9,2 миллиард теңгеге оңтайландырылса, биыл қосымша тағы 2,3 миллиард теңгеге оңтайландыру жоспарланып отыр. Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатымен əлеуметтік нысандарды, мемлекеттік меке мелердің автокөліктерін газ отынына көшіру қарастырылған, бұл жыл сайын шамамен 500 миллион теңге үнемдеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алу үдерісі аясында жергілікті өнімдер көлемі мен олардың əлеуметтік жауапкершілік деңгейі арттырылады. Мысалы, Ақтөбе кəсіпорындары 2016 жылы əлеуметтік жобаларға 6,6 миллион доллар бөледі. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша Б.Сапарбаевқа жұмыспен қамтуға, өңір халқының əлауқатын арттыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді, сондай-ақ, облысты əлеуметтік-экономикалық дамытуға байланысты қойылған барлық мақсаттар мен міндеттерді сапалы жүзеге асыру қажеттігін айтты.

Келешегі бар жобалар талќыланєан ќабылдау

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының əкімі Сергей Кулагинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өңірдің қазіргі əлеуметтікэкономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде облыстар арасында өзара тауар алмасуды күшейту қажеттігін, сол мақсатпен əр өңірде өндіріс пен тұтыныс теңгерімін жүргізу керектігін атап айтты. Ақмола облысының əкімі 2015 жылы өнеркəсіп өндірісінің нақты көлемі 6,9%, ауыл шаруашылығы өнімдері 2,1%, құрылыс жұмыстары 6,1% өскенін жеткізді. С.Кулагин өңірде азық-түлік тауарлары бағасының өсімін тежеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысына Индустрияландыру кар тасының жүзеге асырылу барысы туралы да баяндалды. Соңғы екі жылда индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жалпы құны 63,6 миллиард теңге болатын 21 жоба іске қосылып, 1,7 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Сонымен қатар, Астананың «азық-түлік белдеуі» аясындағы перспективалы жобалар талқыланды. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

––––––––––––––––––––

Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

ХАЛЫЌ ЌАЛАУЫНА ЌАПЫСЫЗ ЌАДАМ Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Заѕ шыєару ќызметін атќаруєа кірісті Отырысты аша келіп, Сенат Төрағасы Қазақстан Респуб ликасының бесінші шақырылған Парламенті Мəжілісінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жəне Парламент Мəжілісінің жəне барлық деңгейдегі мəслихаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Елбасының Жарлығы шығуына байланысты жоғарғы палата алдында тұрған міндеттерге сенаторлардың назарын аударды. «Президенттің бұл шешімі қоғам мен мемлекет үшін өте маңызды реформаларды жүзеге асыруға жедел кірісіп, дағдарысқа қарсы шараларға жаңа серпін беретіні

сөзсіз», – деп атап өтті Қ.Тоқаев. Конституцияға сəйкес, Мəжіліс уақытша болмаған кезде Парламенттің заң шығару қызметін Сенат атқарады. Бұл жағдайда Елбасының Ұлт Жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін Сенат Үкіметпен бірлесіп ауқымды жұмыстарды үйлесімді түрде жалғастыратын болады. Қ.Тоқаев Сенат депутаттары қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуына аса қажетті заңдарды қабылдауда, өздерінің мол тəжірибесі мен терең білімін аямай жұмсайтынына күмəн жоқ екенін айтты. (Соңы 2-бетте).

Жўрттыѕ ґзі сенетін адамдарды таѕдауєа мїмкіндіктері бар

Кеше Алматы қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 20 наурызда өтетін Парламент Мəжілісі жəне барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарын сайлау науқаны туралы жиын өтті. Оған «Заңгерлер əділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірəлі Қопабаев қатысты. Іс-шарада бірлестік төрағасы бірлестіктің қорытындылары мен Мемлекет басшысының кезектен шешімдері тек заңдық сараптама тыс Парламент сайлауын өткізу құралдарына негізделгендіктен туралы шешімі халыққа елдің əділ əрі шынайы болған. қазіргідей жаңғыру кезеңінде өз Сонымен қатар, сарапшы өз тағдырларын сеніп тапсыратын сөзінде: «Мəжіліс пен барлық жандарды таңдауға мүмкіндік деңгейдегі мəслихаттардың алдағы беретінін айтты. сайлауы жергілікті жерлердегі « З а ң г е р л е р ə д і л с а й л а у жағдайларды тез арада талдап, үшін» республикалық қоғамдық азаматтар мен билік арасындағы бірлестігі 10 жылдан бері жұмыс байланысты тереңдете түсуге істеп келеді. Біз сайлау үдерісін мүмкіндік береді. Дəл қазір халықəділ бақылаумен қамтамасыз етеміз, қоғамдық мониторинг та елдің жаңаруы кезінде басталған жүргізіп, тəртіп бұзушылықтарды жұмыстарды одан əрі іске асырусараптаймыз. Сондай-ақ, сай- ды сеніп тапсыратын адамдарды лау үдерісінің субъектілері мен таңдау мүмкіндігі туды. Бұл өте мемлекеттік органдарға кеңес маңызды нəрсе», – деді. Сөз соңында, ол бірлестіктің береміз. Бірлестігіміз 2005 жылы əділет органдарында мемлекеттік Парламент Мəжілісінің алтынтіркеу рəсімінен өтті. Содан бері шы шақырылымы мен жергілікті ол бақылаушы ретінде барлық өкілетті органдар депутаттарының Президент жəне Парламент сай- кезектен тыс сайлауында бақылау лауына белсене қатысып келеді», жүргізуге дайын екенін жеткізді. – деді Ө.Қопабаев. Оның сөзіне қарағанда, бақылау Қанат ЕСКЕНДІР, нəтижесі бойынша ұсынылған «Егемен Қазақстан».

«Нўр Отан» саяси партиясыныѕ Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ «Бесінші шаќырылєан Ќазаќстан Республикасы Парламентініѕ Мəжілісін тарату жəне Ќазаќстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауын таєайындау туралы» Жарлыєына ќатысты МƏЛІМДЕМЕСІ «Нұр Отан» партиясы Мемлекет басшысына депутаттардың бастамасына қолдау көрсеткені жəне «Бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісін тарату жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қойғаны үшін ризашылығын білдіреді. Біз жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында бізге биліктің заң шығару органының құрамын сапалық жағынан нығайту жəне жаңарту қажет деп санаймыз. Барлық саяси партиялар үшін бұл – халыққа көптеген көкейкесті мəселелерді шешудің жолдарын көрсетудің, халық сенімінің сынағынан өтіп, мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде Мəжілістің жаңарған құрамында өзін тиімді дəлелдеудің жаңа мүмкіндігі. Тəуелсіз Қазақстан өзінің ырғақты дамуының ширек ғасырында қуатты, негізгі құндылықтары тұрақтылық, бірлік жəне халықтың келісімі болып табылатын бүкіл əлемдік қоғамдастық тарапынан танылған мемлекет құруда үлкен жолдан өтті. Бүгінде еліміз институттық реформалардың «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын практикалық жүзеге асырумен байланысты дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Жəне осындай жағдайда қоғамдық-саяси дискурстың басты алаңдарының бірі ретінде Парламенттің рөлі айтарлықтай жоғарылайды. Парламент Мəжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешім əрбір қазақстандыққа өзінің патриотизмін іс жүзінде көрсетіп, ел үшін осы маңызды кезеңде реформалар бағытын ілгерілетуге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Біз 940 мың партияластарымыздың атынан еліміздің барлық азаматтарын мемлекеттік құрылыстың жаңа кезеңінде топтасу мен бірлікке шақырамыз.

«Аќ жол» демократиялыќ партиясыныѕ Мемлекет басшысыныѕ «Бесінші шаќырылєан Ќазаќстан Республикасы Парламентініѕ Мəжілісін тарату жəне Ќазаќстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауын таєайындау туралы» Жарлыєына ќатысты МƏЛІМДЕМЕСІ Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың салмақты да көреген саясаты қашанда елімізге жаһандық экономикалық дағдарыс туындатқан көптеген қиындықтардан айналып өтуге мүмкіндік беріп келді. Жəне бүгінде, Қазақстан жаңа əлеуметтікэкономикалық жаңарулардың табалдырығында тұрған кезде, Отанымыздың кең ауқымды жаңғырту бағыты өзінің нақты келбетіне ие болып үлгерді. Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде 80 жаңа заң қабылданды. Жоспардың əрбір бағыты бойынша жол картасы жасалды жəне барлық жаңаруларды жүзеге асырудың нақты жоспары бар.

Нақты істерді жүзеге асырудың жаңа кезеңі басталуда. Жəне дəл бүгін біз барлық жоспардың толықтай жəне мерзімінде орындалатынына сенімді болғымыз келеді. Өзінің қатарында жеке бизнестің, кəсіпкерлердің өкілдерін біріктіре отырып, «Ақ жол» партиясы қазірдің өзінде көрініс беріп отырған əлемдік экономикалық дағдарыстың салдарымен алғаш бетпе-бет келген адамдардың мүддесі үшін жұмыстануда. Осындай жағдайда біз өзіміздің сайлаушыларымызға, əріптестерімізге жоспарларымыз бен уағдаластықтарымыздың орындалатынына нақты кепілдік беруге тиіспіз.

Біз Ұлт Жоспарының, еліміздің болашағына қатысы бар барлық реформалардың табысты жүзеге асырылатынына сенімді болуымыз керек. «Ақ жол» партиясының мүшелері Мемлекет басшысына депутаттардың Мəжілістің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы бастамасын қолдағаны үшін ризашылықтарын білдіреді. Біздің сайлаушыларымыз өздерінің сайлаған адамдарына толықтай сенімді болулары тиіс, ал депутаттар Қазақстан азаматтары өздеріне толықтай сенетініне сенімді болулары керек. Біз жаңа Қазақстанды, ортақ Отанымыздың жарқын болашағын қалаймыз!

«Ауыл» халыќтыќ-демократиялыќ патриоттыќ партиясыныѕ Парламент Мəжілісін тарату жəне Ќазаќстан Парламенті Мəжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауын ґткізу туралы Жарлыќќа ќатысты МƏЛІМДЕМЕСІ Біз, «Ауыл» партиясының басшылары мен мүшелері, депутаттардың Мəжілісті таратып, Мəжіліс жəне барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының сайлауларын кезектен тыс өткізу туралы бастамасына қатысты Мемлекет басшысының оң шешім қабылдап, тиісті Жарлыққа қол қойғанын қуана құптап, қабыл алдық. Бүгінде Қазақстан астық, дəнді-дақылдар, сүт, ет өнімдерінің, балық жəне басқа да азық-түлік түрлерінің ірі экспорттаушысына айналды. Десек те, жаһандық экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны қарсаңында біз өз болашағымызға, күшімізге сенімді болуымыз керек. Сондықтан еліміздің алдында Президент ұсынған бес институттық реформаны сəтті жүзеге асыру арқылы əлемдік дағдарыстың салдарын жеңілдету міндеті тұр.

Ќазаќстан Коммунистік халыќ партиясыныѕ Мемлекет басшысыныѕ Жарлыєын ќолдау туралы МƏЛІМДЕМЕСІ Қазақстанның Коммунистік халық партиясы Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлығын қолдайды жəне қабылданған шешімді уақтылы жəне негізді деп санайды. Дамудың заманауи кезеңі жаһандық экономикалық дағдарыспен сипатталады. Дағдарыстың салдарын қарапайым еңбек адамдары мен қоғамның ең əлсіз қорғалған жіктері аса өткір сезінеді. Күрделі кезеңде мемлекеттің қай даму жолы қоғам мүддесіне жауап беретінін жəне қандай партиялар сайлаушылар еркін жауапкершілікпен орындай алатынын бірлесіп шешудің маңызы зор. Жұртшылықты жұмылдыра білу барлық əлеуметтік топтардың мүддесі үшін күресетін халық сенімі Парламентін жасақтауға мүмкіндік береді. Бұл «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде жүргізіле бастаған реформаларға жаңа серпін беріп, кең ауқымды бүкілхалықтық қолдауға ие болған Парламенттің жаңа құрамда қарқынды жұмысқа кірісулеріне жағдай туғызады.

Мəжіліс пен барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының сайлауларын кезектен тыс өткізу арқылы біз халық қалаулысы болуға ең лайықты, білікті, Қазақстанның нағыз жанашыр патриоттарын іріктей аламыз. Сонымен қатар, бұл – мемлекет құрылысының жаңа кезеңінде жаңадан жасақталған Парламентте өз қарым-қабілетін көрсету үшін өзге де партияларға беріліп отырған зор мүмкіндік. Осы орайда, ауыл жұртының, қарапайым шаруалар мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші кəсіпкерлердің партиясы ретінде біз Парламент депутаттарының дер кезінде көтерген бастамасын қолдаймыз жəне оған қатысты оң шешім қабылдаған Елбасына зор алғысымызды білдіреміз.

«Бірлік» саяси партиясыныѕ Ќазаќстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауын ґткізуге байланысты МƏЛІМДЕМЕСІ Қазақстанның «Бірлік» демократиялық партиясы партия мүшелерінің атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Мемлекет басшысы қабылдаған шешімді қолдайды. Мəжіліс мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде елімізді жаңғыртудың кешенді стратегиясының негізгі элементтерінің бірі болып табылатын «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын жүзеге асыру үшін заңнамалық негіз қалыптастыру бойынша маңызды міндетті орындады. Бүкіл дүниежүзі бастан кешіп отырған айтарлықтай күрделі экономикалық жағдайда

халықтың биліктің заң шығарушы тармағына сенім мандатын қуаттауы бірінші кезектегі міндет болып табылады. Біз кезектен тыс сайлаудың мемлекетке өз назарын дағдарысқа қарсы саясатты жүзеге асыруға аударып, жаһандық дағдарыстың ықпалын табысты еңсеруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Біздің партиямыз Елбасының кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін қуана құптайды. Сайлау – міндеті ел бірлігін нығайту болып табылатын əр қазақстандық үшін маңызды патриоттық қадам.


2

www.egemen.kz

22 қаңтар 2016 жыл

ХАЛЫЌ ЌАЛАУЫНА Сенаттыѕ бюро мїшелері

Оѕды шешім ќолдау табуы тиіс

палатаныѕ жаѕа Мəжілістіѕ сайлауына дейінгі жўмысын талќылады

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жо март Тоқаев Сенат бюросының мүшелерімен кеңес өткізіп, Мəжілістің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты палата алдында тұрған міндеттерге əріптестерінің назарын аударды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Елбасының ауқымды рефор- əріптестерін жұмысты мұқият атмаларын іске асыру кезеңінде қаруға шақырды. Төраға депутателіміздің саяси партияларына тардың сапалы заң шығару қызсайлаушылардың жаңа сенім ман- метін тиісті дəрежеде қолдауды датын алу аса маңызды, деп атап қамтамасыз етуге Сенат Аппараөтті Сенат Төрағасы. тына тапсырма берді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конс- Сенатта заң жо баларын қарау титуциясының 55-бабындағы 5) барысында талқы лаудың жəне тар мақшаға сəйкес, өкілеттігі қабылдаудың белгіленген тəртібін мерзімінен бұрын тоқтатылуына қатаң сақтауға назар аударды. байланысты Мəжілістің уақытша Сенат Төрағасы Мəжілістің болмаған кезінде Парламенттің заң шығару қоржынында 56 заң конституциялық заңдар мен жобасы болғанын айтты. Сенат заңдар ды қабылдау жөніндегі Рег ла ментіне сəйкес, Мəжіліс міндеттерін Сенат атқаратын бола- уақытша болмаған кезде Сенаттың ды. Осыған байланысты Қ.То- қарайтын жəне қабылдайтын заң қаев сенаторларға зор жауапкер- жоба ларының тізбесін палата шілік жүктелетінін атап өтіп, басшылығы белгілейді.

Заѕ шыєару ќызметін атќаруєа кірісті (Соңы. Басы 1-бетте). Отырыс барысында Сенат Қазақстан мен Халықаралық Қайта құру жəне Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту жəне жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялады. Келісім біліктілікті тəуелсіз бағалау жəне сертификаттау жүйесін енгізу жəне жетілдіруге, жұмыспен қамту қызметін жақсартуға, еңбекке жарамды халықты оқуға қол жеткізуін кеңейтуге бағытталған. Жобаның құны – 25 345 миллион теңге – 137 миллион АҚШ доллары, оның ішінде сыртқы қарыздарды республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру есебінен 6,8 миллиард теңге – 37 миллион АҚШ доллары, сыртқы қарыз есебінен 18,5 миллиард теңге – 100 миллион АҚШ доллары. Жобаны 2020 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр. Сенаторлар заңнамаға спорттық жəне спорттық-бұқаралық, ойынсауық, мəдени-бұқаралық ісшаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша түзетулерді қабылдады. Құжат жергілікті атқарушы органдардың

бұқаралық іс-шараларды өткізуге қатыстырыл ған ұйы мд ард ы ң қызметін үйлестіретін ұйымдастыру комитеттерін құруын қарастырады. Ұйымдастырушыларға іс-шараға қатысатын көрермендердің болжалды саны туралы, сатылған билеттердің, тұрақ орындарының саны туралы жергілікті атқарушы органдарды уақтылы хабардар ету жөніндегі міндеттер жүктеледі. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаларға іс-шараларға барған кезде тыйым салулар мен шектеулер енгізіледі. Атап айтқанда, стадиондарға алкоголь өнімдерін, шыны жəне металл ыдыстағы өнімдерді, пиротехникалық өнімдерді алып кіруге, адамдар өміріне қауіп төндіретін кез келген заттарды мінбелер мен спорт алаңдары на лақтыруға, əлеуметтік, нəсілдік, ұлттық жəне діни араздық туғызатын плакаттар мен эмблемаларды пайдалануға тыйым салынады. Депутаттар, сонымен қатар, сенаторларды халықаралық парламенттік ұйымдарға жəне Сенат тың шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтарына жіберу туралы мəселені қарады.

Мїгедектер мəселесі кґтерілген мəслихат

Алматыда «Мүгедектерді Мəжіліске жəне мəслихаттарға сайлау» тақырыбында баспасөз мəслихаты өтті.

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан баспасөз клубы ұйымдастырған жиынға Қазақстан Мүгедектер одағының төрағасы, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің кеңесшісі Əли Аманбаев, «Шырақ» мүгедектігі бар əйелдер қауымдастығының төрайымы, Денсау лық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің кеңесшісі Лəззат Калтаева, «Намыс» жоғары білімі бар мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрінің кеңесшісі Қайрат Иманалиев қатысып, көтерілген мəселелерге қатысты ұстанымдары мен ұсыныстарын білдірді. «Бүгінгі таңда Мүгедектердің құ қықтары туралы конвенция бекітілген. Осы конвенцияға сəйкес мүгедектер мү гедектігі бар адамдарға байланысты түрлі стратегияларды, саясатты жə не бағдарламаларды əзірлеуге қатысуы тиіс. Сонымен қатар, бұл конвенция мүгедектерді үкіметтің атқарушы жəне заң шығарушы органдарының жұмысына белсенді

қатысуға шақырады. Осыған орай, Мəжілістің тарауы туралы жəне Мəжіліс пен мəслихаттарға қос сайлауды қатар өткізу жайлы шешімді қолдаймыз. Ұлттық деңгейде Мəжіліске жəне аймақтық деңгейде мəслихаттарға мүгедектігі бар адамдар арасынан депутат сайлайтын уақыт келді. Мүгедектер арасында заң актілерін əзірлеуге, түрлі зерттеулер жүр гізуге, арнайы əлеуметтік қызмет ұсы ну бағдарламаларын жасауға белсене қатысқан жоғары білімді жандар бар. Сондықтан, ондай адамдардың Парламент жəне мəслихаттар жұмыстарына қатысуы қажет деп ойлаймыз. Олардың білек түріп, ұлттық жəне аймақтық деңгейде заң шығару қызметіне белсене араласуы мүгедектердің тұрмыс сапасын жоғарылату үшін лайықты жағдай жасауға мүмкіндік береді. Барлық партияларды Мəжіліске жəне мəслихаттарға өзде рінің сайлау тізімдеріне мүгедек тер ұйымдарының өкілдерін енгізуге шақы рамыз», – деді баспасөз мəслихатында сөз алғандар.

АЛМАТЫ.

Кеше Астанада Қазақстан Коммунистік халық партиясының (ҚКХП) өкілдері арнайы баспасөз мəслихатын өткізді. Оған 5-ші шақырылымдағы Парламент Мəжiлiсi «Халық коммунистерi» фракциясының басшысы, ҚКХП жетекшісі Владислав Косарев, партия хатшысы Тұрсын Сыздықов, ұйым мүшелері Галина Баймаханова мен Виктор Смирнов қатысты. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Сын саєаты: жаѕа мїмкіндік Елбасының 5-ші шақы рылымдағы Қазақстан Парламенті Мəжілісін тарату жəне Қазақстан Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қоюына байланысты қоғам қайраткерлері мен ірі үкіметтік емес ұйымдар өкілдері өз пікірлерін білдіруде. Кеше Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг те осы мəселеге арналды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Қазақстан Кəсіподақтары федерациясының төрағасы Əбілғазы Құсайынов өз сөзін былай бастады: «Əрине, бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарынан еліміздегі болып жатқан жағдайларды көріп, біліп, естіп жатырмыз. Көптеген өзгерістер болуда. Егер бүкіл əлем тұрғысынан қарастырсақ, дағдарыс кеңінен белең алып барады. Əрбір елде, əрбір отбасында күрделі мəселе аз емес. Оның себебін шикізаттың, оның ішінде мұнайдың бағасының түсуімен де байланыстыруға болады. Мұндай күрделі кезең біздің елімізде бұрын да өткен. Егер, естеріңізде болса, еліміз 90-шы жылдары үлкен дағдарысты бастан кешті. Тəуелсіздік алғаннан кейін біздің еліміз 10 жылдай сол дағдарысты еңсеріп, жаңа реформалар негізінде өз еңсесін тіктеген еді. Одан кейінгі 2009, 2011 жылдарда болған дағдарыстар да белгілі. Ал қазіргі экономикалық дағдарыстың жөні тіптен бөлек. Бұған қоса, кейбір мемлекеттерде орын алып жатқан саяси жағдайлардан да хабардарсыздар. Ол да жақсылық əкеліп жатқан жоқ. Бұрынғы қалыптасқан қарымқатынастар бұзылып, айналамыз өзгеріске ұшырай бастады». Осылай деген ол Елбасының 5-ші шақырылымдағы Парламент Мəжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қоюын, сондайақ, Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты халыққа үндеуін құрамында 2,2 млн. мүшесі бар Кəсіподақтар федерациясы толықтай қолдайтынын жеткізді. «Бір аптаның ішінде бір-бірімізбен пікір алмасып, сөйлестік. Біріншіден, бір жылдың

ішінде 2 сайлау өткізу дұрыс емес. Себебі, дағдарыс кезеңінде қаншама қаражат кетеді. Екіншіден, сайлауды дайындау үшін үлкен жұмыстар жүргізіледі. Қаншама сайлау уачскелері ашылуы қажет. Ал осындай қиын-қыстау кезеңде біз өзіміздің бар күш-жігерімізді елді дамыту жолындағы жұмыстарға бағыттауымыз керек. Ол үшін əрбір теңгені тиімді жұмсағанымыз жөн. Сондықтан, бұл – үлкен мəселе. Оны Елбасы жан-жақты айтып берді»,– деді өзінің сөзінде Ə. Құсайынов. Сондай-ақ, Кəсіподақтар федерациясының төрағасы бүгінгі ахуалды ескере отырып, Мəжіліске əр саланың сауатты əрі еліміздің мүддесіне толығымен берілген кандидаттар келуі керек екенін, ол үшін мықты заңгерлер мен экономистерді, яғни креативті ойлай алатын азаматтарды жаңа Мəжіліске сайлау қажеттігін, бұл жергілікті жерлердің де жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті. «Сондықтан саяси партиялар фракциялары қазіргі жағдайды түсіне отырып, өте дұрыс бастама көтерді. Жалпы, Парламент Мəжілісін тарату туралы шешімге қазіргі жағдайды тереңнен саралау арқылы келіп отырмыз. Ал елімізде қолға алынып жатқан реформалар мемлекеттің дағдарысты еңсеруіне сеп болады деп ойлаймыз», – деді Ə. Құсайынов. Қазақстандағы білім жəне ғылым қызметкерлерінің салалық кəсіподағының төрайымы Майра Амантаева да бұл сайлаудың өткізілуін құптайтынын айтты. «Бүгінде 7,5 мыңнан астам мектепте 300 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді, бұған қоса, бізде 11 мыңнан астам бастауыш кəсіподақ ұйымы бар. Дүниежүзінде болып жатқан дағдарысқа қарамастан, мемлекетіміз білім саласында жүрген қызметкерлердің еңбекақысын

29 пайызға, денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысын 28 пайызға көтерді, сондай-ақ, əлеуметтік салаға да айрықша көңіл бөлінуде. Білім саласында көптеген өзгерістер мен реформалар жүргізіліп жатыр. Солардың бірі – жастарға тегін кəсіптік-техникалық білім беру. Біз алдағы уақытта осы реформалардың нəтижелі жүзеге асуын қалаймыз, оған білім-ғылым саласының мамандары күш сала беруі керек», – деді М. Амантаева. «Қазпрофметалл» тау-металлургиялық салалық кəсіподағының төрағасы Асылбек Нұралин өз сөзінде: «Жалпы, бұл саяси партияларға үлкен мүмкіндік береді. Себебі, біз əлемдік дағдарыс салқынын тигізіп отырған кезеңнен шығуымыз керек. Сол үшін Парламентте жаңа заңдар қабылданғаны жөн. Жаңадан жасақталған Парламент депутаттары алдағы уақытта соған ықпал етеді деген үмітіміз бар», – дей келе, Парламенттің 5-ші шақырылымындағы депутаттар да көп заңның, мəселен, «Еңбек туралы» Кодекстің, «Кəсіподақтар туралы» Заңның қабылдануына ықпал еткенін жеткізді. Сонымен қатар, ол 20 наурызда өтетін саяси науқанға тау-кен металлургия сы саласының жұмысшылары атсалысатынын жеткізді. «Жаңа Парламент елдің индустриялық-инновациялық дамуына, экономикаға инвестиция тартуға сеп болатын заңдардың қабылданып, олардың жүзеге асуына ықпал етеді деп ойлаймыз. Сондықтан, бұл – саяси партиялар үшін өз мүмкіндіктерін көрсетуде жақсы кезең болып тұр», – деді А. Нұралин. Химия, мұнай-химия жəне осы тектес өнеркəсіп қызметкерлерінің салалық кəсіподағының төрағасы Керім Пірімқұлұлы қазіргі таңда қалыптасып отырған жағдайларды ескере келе, Парламент Мəжілісіне ең алдымен, өз сайлаушылары толықтай сенген жəне сол сенімге сəйкес, үлкен жауапкершілікті мойнына алған білімді де білікті кəсіби мамандар келуі қажеттігіне тоқталды. «Қазір Еңбек туралы» жаңа Кодекске байланысты барлық еңбек ұжымдарында ұжымдық келісімшарттар əзірленіп, сол бойынша арнайы комиссиялар құрылды. Алдағы уақытта да елімізде оң өзгерістер болады деген сеніміміз мол. Бұл Елбасының басшылығымен сын сағаттардан сүрінбей өтуіміз үшін, игі бастамаларды жүзеге асыру үшін де қажет», – деді ол.

Саяси сайыс, сындарлы сынаќ

Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мəжілісі депутаттарының жəне 2016 жылғы 21 наурызға тағайындалған Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Парламент Мəжілісі депутаттарының сайлауын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі сайлау рəсімдерін түсіндіру бойынша баспасөз мəслихаты болды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Ортсайлауком Төрағасы Қ.Тұрғанқұлов бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін 20 қаңтарда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аталған сайлау науқандарын əзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларын бекіткені туралы ақпараттандырды. «Жалпы, Мəжіліс депутаттары мен мəслихаттар депутаттарын сайлауды қоса өткізу қазіргі экономикалық жағдайда объективті негізделген шешім деп санаймыз. Бұл сайлау науқандарын өткізуге бөлінген бюджет қаражатын едəуір үнемдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал бұл шамамен – 4,8 миллиард теңге», – деді Қ.Тұрғанқұлов. Бекітілген күнтізбелік жос парларға сəйкес сайлау науқан дары ның негізгі кезеңдері келесідей мерзімдерде өтеді. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын

Парламент Мəжілісінің депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 8 ақпанға дейін, ал партиялық тізімдерді тіркеу 19 ақпанға дейін жүргізіледі. «Сайлау туралы» Заңға сəйкес партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мəжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы саяси партияларға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мəжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну құқығы Ассамблея Кеңесіне тиесілі. Мəжіліс депутаты болып сайлану үшін азамат Қазақстан Республикасының Конституциясы белгілеген талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда, еліміздің Ата Заңының ережелеріне сəйкес, Мəжіліс депутаты болып 25 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын жəне оның аумағында соңғы он жыл тұрақты тұратын азамат бола алады. Сот іс-əрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған

азаматтардың сайлау жəне сайлану құқы жоқ. Мəжіліс депутаттығына сайлану үшін партиялық тізімге енгізу саяси партияның жоғарғы органы мүшелерінің жалпы санының көпшілігімен жүргізіледі. Бұл ретте, саяси партиялар партиялық тізімдерге осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын адамдарды енгізуге құқығы жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мəжіліс депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау ресімдерінің мерзімдері партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мəжіліс депутаттарын сайлау үшін айқындалған мерзімдермен тұспа-тұс келмейді. Қазақстан халқы Ассамблеясынан Мəжіліс депутаттығына кандидаттарды ұсыну 29 ақпанға дейін созылып, ал оларды тіркеу 29 ақпан – 5 наурыз аралығында өтеді. Мəслихаттар депутаттарын сайлауда кандидаттарды ұсыну 2016 жылғы 19 ақпанға дейін жүргізіледі. Бұл ретте мəслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсынуды белгіленген тəртіпте тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ, олардың құрылымдық бөлімшелері жəне өзін-өзі ұсыну жолымен азаматтар жүзеге асырады. Баспасөз мəслихаты барысында Ортсайлауком басшысы қазіргі уақытта

Бірінші кезекте сөз алған Владислав Косарев елiмiзде Парламент Мəжiлiсi сайлауын кезектен тыс өткізу жөніндегі бастаманың орынды көтерілгеніне, оның ел дамуына тың серпін беретініне тоқталды. «Бiздер, қазақстандық коммунистер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент Мəжiлiсiн тарату туралы шешiмiн бiрауыздан қолдап-қуаттаймыз. Өйткені, қазіргі таңда əлемде адамзатты толғандырған мəселелер көбейіп кетті. Əсіресе, экономикалық дағдарыс, əртүрлi саяси кикілжіңдер иектеп алды. Елiмiзде өтетiн сайлау халыққа, барлық сайлаушыларға, қоғамдық күштерге, саяси партияларға бүгінгі жағдайда елiмiздiң өмiрi мен қызметiне, мүмкіндіктеріне талдау жасауға жəне Мемлекет басшысының биылғы Жолдауынан туындайтын мақсатміндеттерімізді анықтауға жол ашады. Осы жылдары Қазақстан коммунистері, партиямыздың Мəжілістегі фракциясы белсенді жұмыс істеп, еліміздің қарапайым тұрғындарының мұң-мұқтажын айтып, мүддесін қорғай бiлетiн ұйым екенін көрсете білді», – деді В.Косарев. Спикердің сөзіне қарағанда, партия 2004 жылдан бері барлық президенттiк жəне парламенттiк сайлауларға қатысып, өзінің саяси белсенді күш екенін таныта алған. Оның айтуынша, 2012 жылғы парламенттік сайлауда партия 7,19 пайыз дауыс жинаған, яғни барлық сайлаушылардың 500 мыңы ҚКХП үшiн дауыс берген. ҚКХП Орталық комитетiнiң хатшысы Тұрғын Сыздықов та өз партияластары Президенттiң Парламент Мəжiлiсi сайлауын мерзiмiнен бұрын өткiзу туралы Жарлығын қолдайтынын жеткізе келіп, соңғы кездері елімізде атқарылып жатқан игі шараларға назар аударды. «Бiз Парламент Мəжiлiсi депутаттарының үндеуiн дұрыс бастама ретінде қабылдадық. Сондықтан, Президенттiң Парламент Мəжiлiсi сайлауын мерзiмiнен бұрын өткiзу туралы Жарлығын бiрауыздан қолдап отырмыз. Қазiргi таңда экономикалық дағдарысқа қарсы күресте елiмiздің ширыға түсуі үшін тиісті жоспарлар қабылданып, ауқымды шаралар қолға алынуда. Мəселен, Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы, «Нұрлы Жол» бағдарламасы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары сияқты көптеген бағдарламалар еліміздің дағдарысты еңсеруіне мол мүмкіндік береді. Бiз осынау бағдарламаларды жаңа, тың күшпен жүзеге асыруымыз керек. Ол үшiн бiрлiк, ынтымақ керек», – деді Тұрғын Сыздықов. Сондай-ақ, Қазақстан Коммунистiк халық партиясы Орталық комитетiнің хатшысы еліміздің iшкi мəселесін ешкiм келіп шешiп бермейтінін айта келіп, Елбасы саясатының арқасында мемлекетімізде Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы құрылғанын, оның ҚКХП бағдарламасына сəйкес келетінін атап өтті. Жиында сөз алған 5-ші шақырылымдағы Парламент Мəжiлiсiндегi «Халық коммунистерi» фракциясының мүшесі Галина Баймаханова да өз əріптестерінің сөздерін қолдай отырып, сайлауға қатысты шыққан Елбасы Жарлығының мəн-маңызы жөнінде əңгімелеп берді. Ортсайлаукомда сайлауды өткізуге қажетті барлық кадрлық жəне материалдық ресурстар бар жəне оған дайын екенін атап өтті. Азаматтарға жəне сайлау үдері сіне қатысушыларға өздерінің конституциялық құқығын еркін іске асы ру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Сөзінің соңында Ортсайлауком басшысы жақын арада сайлауды əзірлеу мен өткізу уақытына тұрақты түрде жұмыс жасайтын баспасөз орталығының ашылатындығы туралы айтты. Баспасөз мəслихаты барысында Ортсайлауком мүшелері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Атап айтқанда, еліміздің сайлау органдарының маңызды міндеттерінің бірі – сайлауды ұйымдастырудың, əзірлеу мен өткізудің негізгі халықаралық қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Сайлау үдерісінің барлық кезеңдеріндегі оның ашықтығына, жариялылығы мен транспаренттігіне сондай-ақ отандық жəне шетелдік сарапшылардың сайлауды байқауға белсенді қатысуы ықпалын тигізетін болады. Ол үшін Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп халықаралық байқаушылар институты жұмыс істемек. Ортсайлауком сайлау органдарына қажетті ұйымдастырушылық, əдістемелік жəне ақпараттық қолдау көрсетеді. Тиісті құралдар, кі тап шалар, баспа, сондай-ақ, дыбыс жəне бейнематериалдар əзірленуде.


3

www.egemen.kz

22 қаңтар 2016 жыл

ЌАПЫСЫЗ ЌАДАМ Уаќыт талабы туєызєан їдеріс Мемлекет басшысының Парламент депутаттарының Мəжілісті тарату жəне Пар ламент пен барлық деңгейдегі мəслихаттардың сайлауларын өткізу туралы бастамасын қол дап, Жарлыққа қол қойғанын барша қазақстандықтар қуана қарсы алды. Қазіргі жаһандық дағдарыс барлық елді, тіпті, дамыған жетекші мемлекеттерді де қамтуда. Бүгінгідей бүкіл əлемде үлкен толқыныс тудырған аласапыран кезеңде жұдырықтай жұмылып, бір арнаға күш біріктірудің маңызы зор. Мемлекетіміздің алдында осындай үлкен міндеттер тұр. 30 елдің үдесіне көтерілуді мақсат еткен Қазақстан үшін қазір нағыз сын уақыты. Алға қарай

Халыќ пен елдіѕ игілігі їшін Дүние дидарын дағдарыс тұмшалап тұр. Бірақ, оның біздің елге əсері болмауы үшін алдын ала іс-шаралар қолға алынып отыр. Елбасы кешегі халыққа арнаған үн деуінде халықаралық ахуал дың күрделеніп, елдер арасындағы қайшылықтардың ұлғайып, санкциялық текетірестің күшейе түскеніне тоқтала келіп, «Баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар, ол мақсат –халық пен елдің игілігі! Бəріміз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз бірлесе отырып, бүгінгі заман алдымызға тосып отырған барша қиындықтар мен сын-қатерлерді міндетті түрде еңсеретін боламыз», – деді. Иə, біздің алдымызда үлкен мақсат бар. Ол –дағдарыстың дауылына қарсы тұра білу, сөйтіп, елдің өркендеуі мен гүлденуін одан əрі жасампаз істермен жалғастыра беру. Бұл біздің еліміз үшін алынбайтын асу емес, қол жетпес биік емес. Өйткені, біз тəуелсіздіктің 25-ке таяу жылында талай қиындықты еңсердік, елімізді əлемге жаңа қырынан –өркениетті, демократиялық мемлекет ретінде таныта алдық. Жаңа технологиямен жұмыс істейтін зауыт-фабрикалар ашылып, көлік жəне теміржол тармақтары жаңғыртылды. Тіпті алыстағы ауылдар да еңсе тіктеді. Елімізде бұрын-соңды кездеспеген жаңа өнімдер шығарылып, жаңа мамандықтар игерілді. Əлемдегі озық технологиялар өндірістің əр саласына енгізіліп, сол технологияларда жұмыс істейтін бəсекеге қабі летті мамандарымыз шетелдің таң дау лы университеттерінде білімін жетілдіруіне жол аштық. Қазақтың жерін баянды мекеніне айналдырып, тəуелсіз Қазақстанды

ешбір елмен алмастырмас Отанына балаған сан алуан этностардың татулығы мен ынтымағы жаһан жұртының қызығып та, қызғанып қарайтын үлгісіне айналды. Ел экономикасын өркендетудегі жасампаз істерге шағын жəне орта бизнестің өкілдері де, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер де өзінің үлесін қосып келеді. Дегенмен, барша қазақстандық өзінің азаматтық жауапкершілігін жете сезінуі тиіс. Бұл, əсіресе, қазіргі заман алдымызға əлемдік қаржы дағдарысы секілді қиындықтар мен түрлі сын-қатерлерді тосып отырған сəтте аса маңызды бола түседі. Əсіресе, жас буынның жүрегіндегі отаншылдық сезімнің мөлдірлігі мен елге адал қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетер сəтімен ұштасып жатуы тиіс. Əрине, жас ұрпақты отаншылдық сезімге баулу, сонымен бірге, елдің бірлігі мен ынтымағын одан əрі нығайта беру – баршамыздың міндетіміз. Əсіресе, алдағы Парламент Мəжілісі мен мəслихаттардың кезекті сайлауында да біздің бірлігіміз бен ынтымағымыз танылады, қуатты мемлекетіміз – Қазақстанымыздағы демократиялық даму үрдісін жаңа биікке көтеретінімізге сенімдімін. Өйткені, біздің мақсатымыз бен мүддеміз де, таңдауымыз бен аңсарымыз да – «Мəңгілік Ел». Біз осы идеяға топтастық, демек, халық пен елдің игілігі үшін барлық қиындықты еңсереміз, барлық биікті бағындыра аламыз. Бейбіт МАМРАЕВ, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор.

«Нўр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар ќанатыныѕ «Парламент Мəжілісін тарату жəне Парламент Мəжілісі депутаттарыныѕ сайлауын кезектен тыс ґткізу туралы» Жарлыќќа байланысты МƏЛІМДЕМЕСІ

жылжуымызға бесінші шақырылған Пар ламент Мəжілісі зор үлес қосқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Дегенмен, өмір орнында тұрмайды. Уақыт талабы басқа. Жарқын болашақ жолында тынымсыз ізденістердің, тың күштердің, қарымды қадамдардың қажет екенін ескерсек, кезектен тыс сайлау өткізуден ұтарымыз көп. Оның үстіне, үндеуде айтылғандай, Мəжіліс пен мəслихаттар сайлауын бір мезгілде өткерсек, қаржылық жəне ұйымдастырушылық жұмыстары жағынан да көптеген жеңілдіктер туар еді. Сондықтан біз XXI ғасырдың жаңа сын-қатерлеріне жауап беру үшін қоғам болып топтасып, жаңа мемлекет құру жолында жұмыс

істеуіміз қажет. Дəл осындай жауапты сəтте дағдарысқа қарсы іс-қимылдарды тиімді жүзеге асыру үшін кең ауқымды қоғамдық бірігу – кезек күттірмейтін іс. Тиянақты шешімдер мен тындырымды тірліктер жəне, ең бастысы, берекелі ел бірлігі ғана түрлі экономикалық соққыларға қас қайып қарсы тұруға мүмкіндік береді. Жаһандық дағдарыстың жаңа толқынын еңсеруге жəне Мемлекет басшысының мемлекетімізді жаңғыртуға серпін беретін Ұлт Жоспарын орындауға жаңадан сайланатын Парламент сүбелі үлес қосады деп ойлаймын. Бауыржан ИМАНҒАЛИЕВ, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

АСТАНА.

Ќазаќстан Республикасы Ауєан жəне жергілікті соєыстар ардагерлері одаєыныѕ «Бесінші шаќырылєан Парламент Мəжілісін тарату, сондай-аќ, Парламент Мəжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауын таєайындау туралы» Жарлыќќа байланысты МƏЛІМДЕМЕСІ

«Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты Елбасының «Парламент Мəжілісін тарату жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының сайлауын кезектен тыс өткізу туралы» Жарлыққа қол қою жөніндегі шешімін зор қуанышпен қабыл алды. Жас мемлекетімізді жаңғырту жолында жастарға көп үміт артылып отыр. Бұл сенім бізді қанаттандырып, жаңа жетістіктерге ынталандырады. Біз – Мемлекет басшысының əрбір өміршең идеясы мен көреген саясатын ілгері бастайтын жасампаз ұрпақпыз. Əлеммен бірге Қазақстан да бетпе-бет жүздескен дағдарыстар заманында халқымызды сынала отырып шыңдалатын сəт күтіп тұр. Бұл ретте, жаңадан жасақталған Парламент еліміздегі демократиялық үдерістерді жандандыруға жаңа серпін беріп, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыратынына сеніміміз мол. Елімізде сайлау науқанын тезірек өткізіп, бес институттық реформаның Ұлт Жоспарын сəтті жүзеге асыру арқылы Мəңгілік Еліміздің іргесін одан əрі нығайту – басты мақсатымыз. Осы орайда, депутаттардың Мəжіліс сайлауын кезектен тыс өткізу туралы ұсынысына көрсеткен Елбасының қолдауын жастар қауымына білдірген кезекті сенімі деп қабылдаймыз жəне осы жолда аянбай еңбек етуге дайынбыз.

Біз, Қазақстан Республикасы Ауған жəне жергілікті соғыстар ардагерлері одағының мүшелері Мемлекет басшысы Жарлығының дұрыс шешім екендігіне сенімдіміз. Елбасы межелеп берген бағытқа сəйкес, бүгінде барша қазақстандықтардың алдында бес институттық реформа мен еліміздің əлемдік дағдарысқа қарсы стратегиясын жүзеге асыру сынды маңызды міндеттер тұр. Сонымен бірге, əлемдік экономиканың беталысына қарасақ, алдымызды сын кезең кес-кестейді. Ендеше, жаһандық дағдарыстың келесі, қуатты толқыны келмей тұрып, еліміздің сайлау науқанынан тезірек өтіп алғаны жəне басқа ештеңеге алаңдамай, дағдарысқа қарсы шараларды мұқият жүзеге асырғаны айрықша маңызды. Осы жауапты сəтті пайдаланып, Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауларын өткізу туралы Жарлыққа толықтай қолдау білдіретінімізді мəлімдейміз жəне барша халқымызды осы шешім төңірегінде ұйысуға шақырамыз.

«Мемлекеттік тілді дамыту ќоры» корпоративтік ќорыныѕ «Бесінші шаќырылєан Парламент Мəжілісін тарату, сондай-аќ Ќазаќстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауын таєайындау туралы» Жарлыќќа байланысты МƏЛІМДЕМЕСІ

«Ќаћарман ўрпаќ» ќоєамдыќ ќорыныѕ «Бесінші шаќырылєан Парламент Мəжілісін тарату, сондай-аќ, Парламент Мəжілісі депутаттарыныѕ кезектен тыс сайлауын таєайындау туралы» Жарлыќќа ќатысты МƏЛІМДЕМЕСІ

«Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қорының ұжымы Елбасының «Бесінші шақырылған Парламент Мəжілісін тарату, сондай-ақ, Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлыққа қол қою шешімін қолдайды. Тəуелсіздігіміздің мерейлі белесі Қазақстанды түбегейлі жаңғыртудың шешуші кезеңіне жəне жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың күрделі шағына тұспатұс келіп отыр. Еліміз аса жауапты сынақтарды абыроймен өткеруі керек. Парламент депутаттары өткен жылы бес институттық реформаны заңнамалық қамтамасыз ету бағытында орасан зор жұмыс атқарды. Енді, оны нақты іс жүзіне жүзеге асыру кезеңі келді. Біз құрамы қайта жаңарған Парламент Ұлт Жоспарын жүзеге асыруға жəне «Қазақстан-2050» Стратегиясының асқақ міндеттерін мүлтіксіз орындауға серпін береді деп сенеміз. Осы пайымдарды ұстана отырып, «Мемлекеттік тілді дамыту қоры» корпоративтік қоры ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, еліміздің одан əрі өркендеп дамуына өздерінің белсенді үлестерін қосуға дайын екенін жəне аталған Жарлықты толықтай қолдайтынын мəлімдейді.

Біз, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының ұжымы, Президенттің «Бесінші шақырылған Парламент Мəжілісін тарату, сондай-ақ, Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығын зор ықыласпен қарсы алдық. Жаһандық деңгейде белең алып отырған экономикалық жəне саяси дағдарыстарға қарамастан, Елбасының сындарлы саясатының арқасында еліміз тұрақты даму үстінде. Қазақстан əрқашан кез келген сынақтан жаңғырған, қуатты ел болып шығып келеді. Осынау жауапты сəтте тек барша қазақстандықтардың бірлігі мен келісімді іс-əрекеттері ғана əлемдік экономикалық соққыларға қарсы тұруға мүмкіндік береді. Осы орайда, қоғамдық қор ұжымы жаңа белестерді еңсеру жолында Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының бастамасын заңдастырғаны үшін Мемлекет басшысына алғысын білдіреді жəне Қазақстан халқын Жарлықты қолдауға шақырады.

Басты маќсат – баршаныѕ мїддесі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа үндеуі еліміздің батыстағы қақпасын мекендейтін елжұрт пен көпэтносты тұрғындар арасында тиісті қолдау мен терең түсіністік тауып отыр. Солардың қалың бір тобын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері құрайды. Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.НЫҒМЕТПЕН қысқаша əңгіме осы тақырып төңірегінде тоқайласты.

– Кенжебай Əлжанұлы, Мемлекет басшысының Жарлығы мен үндеуінен көңілге қандай ой түйдіңіз? – Бүгінгі таңда жоғары деңгейдегі билік тармақтары мен жергілікті жердегі атқарушы билік пен сайланбалы орган өкілдерінің бір-бірімен өзара байланыста жұмыс істеуі өте маңызды. Əрі мұндай қадамның өзі ел мен халықтың мүдделері мен мұңмұқтаждары үшін жергілікті жəне мемлекеттік деңгейде оңтайлы шешімдер қабылдауға септігін тигізеді. Ең бастысы – бұған тиісті конституциялық жəне заңдылық негіздер жасалып отыр. Тіпті, осындай заңдылық тетіктер арқылы кез келген ықтимал араңдатуларға да тойтарыс беруге болатынын кешегі халыққа

үндеуінде Мемлекет басшысы да атап өткен екен. Республика Президентінің халыққа үндеуінің əр жолы сындарлы ұсыныстар мен ойпікірлерге толы. Жарияланған Жарлықта қазақстандықтарды қазіргі күрделі дағдарыстық кезеңнің зардабын көп тарттырмай алып шығудың тактикасы мен тетіктері жан-жақты көрініс тапқан. Үндеу осынысымен де бағалы əрі құнды деп білемін. Қазіргі күні жеке мүдделерден гөрі елдік мүдделерді алғашқы кезекке қоюдың мəні зор. Бұл үшін елдің əр азаматының патриоттық сезімі терең болғаны жөн. Бұл арада əрқайсымыз мемлекет бізге не берді дегеннен гөрі, біз мемлекетке не бердік деген мəселені де терең түйсінгеніміз жөн секілді

көрінеді. Дəл осындай ойлау жүйесінің сəті мен кезі келгені де кəміл. Міне, жеке өз басыма қатысты алғанда үндеуден түйген тағы бір тағылым осындай. Түптеп келгенде, Президент үндеуі мен Жарлығының басты мақсаты ел мүддесіне бағытталған. –Алдағы наурыз айында сайланатын Парламент жəне жергілікті мəслихаттар депутаттары корпусының келбеті қандай болғанын қалар едіңіз? – Елбасының Жарлығы мен үндеуі елімізге дамудың адам айтқысыз шыңдарын бағындыруға мүмкіндік береді. Бейбітшілік, тұрақтылық жəне келісім тəуелсіз Қазақстан табыстарының əлем таныған нышандарына айналды. Бүгінде, əлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында, Қазақстан халқы Мəңгілік Ел идеясымен рухтанып отыр. Сондай-ақ, елдің барлық ресурстарын өсімнің жаңа көкжиектерін бағындыру үшін жұмылдыруға шақырады. Біз, Орал қалалық ардагерлер кеңесі алдағы наурыз айында сайланатын Парламент Мəжілісі мен мəслихаттарға ел дамуының жаңа, жауапты кезеңінде жоғары сенім білдіреміз. Еліміздің жаңа депутаттық корпусы барлық

саяси партиялардың өзара ісқимылының тиімді тетігі болуы, біздің ілгерілеуіміздің іргетасы ретінде бейбітшілік пен келісімді нығайтуды қамтамасыз етуі тиіс. Бұл мəселеде іске басшылық Елбасының кешегі күні жарияланған Жарлығы мен халыққа үндеуі болып табылады. Баршамыз əлемдік экономикаларда орын алған жаһандық дағдарысты көріп отырмыз. Барлық елдердің экономикалары қиын кезеңнен өтіп жатыр. Осыған біздің еліміздің лайықты жауабы ретінде бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» – Ұлт Жоспары болып отыр. Осы жағдайда жаңадан сайланатын депутаттар ел мүддесі үшін жанқиярлықпен жұмыс істеуі үшін жаңа сенім мандатын алуы керек. Елбасы үндеуінің басты құңдылығын мен осылай түсінемін. Ұлт Жоспарына сəйкес қызмет атқарып оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін депутаттар жаңа сенім мандатын алуы керек Елбасы Жарлығының басты бір мəні, əрі басты бір құндылығы да осында деп ой түюге болады. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан».

Батыс Қазақстан облысы.


4

www.egemen.kz

22 қаңтар 2016 жыл

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЫНА Халық дұрыс қабылдады

Елбасы ел күткендегідей салиқалы сөзін айтып, заңнама талабына сəйкес тиісті тұлғалармен кеңесе отырып, төменгі палатаны тарату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл қадамды халық түсіністікпен дұрыс қабылдады. Шыны керек, Елбасы Жарлығын зиялы қауым ғана емес, қарапайым жұмысшылар да елегізи тосқаны жасырын емес. Сол елдің ішкі ойын айтқызбай-ақ түсінгендіктен орталарына барысымен осынау қуанышты хабарды жеткізген едім. Сондықтан бұл қадамды еліміздегі саяси тұрақтылықтың бір жемісі деп бағалаймын. Ендігі мақсат – экономикалық дағдарыстан аман өту. Əлемдегі саяси ахуалды айтпағанда экономикалық дағдарыстың өзі күннен-күнге қиындап барады. Мұнайдың баррелі 28 АҚШ долларына дейін төмендеуі көп жайды аңғартады. Амал нешік. Бірақ қол қусырып қарап отыруды уақыт көтермейді. Қолда бар мүмкіндіктің бірі – біздің ауданымыздың аумағынан ашылған Құрғақ портты тиімді пайдалану керек. Бұл ретте елімізде мемлекеттік бағдарламаларға сəйкес басталған жұмысты жалғаудың маңызы зор. Өз тəжірибеме сүйене отырып ойымды сабақтасам, өркениетті дамыған елдердегідей сан-сала бойынша инвестиция тарту арқылы дағдарыстан да өте шығатынымыз анық. Зерделесек, бұл қадамның да жолы ашылған. Тек ақылмен, аптықпай əрекет ете білу керек. Бүгінде жазиралы Жаркент жерінде де мемлекеттік саясатқа сай Ұлт Жоспарын жүзеге асыру жұмысы жүйелі түрде басталып, екпін алып келеді. Шағын ұжымымызда қалыптасқан еңбек ырғағы жалғасын тауып, алдағы көктемде басталатын үлкен жұмысымызға дайындық жүруде. Нақтылай түссем, Құрғақ порттың ашылуына орай салынатын өндіріс орындарының біріне инвестиция тартудың алғашқы қадамын жасап, өз ұсынысымызды тиісті орындарға жібергенбіз. Уақыты келгенде сол ұсыныс қаралып, оң шешім қабылданып жатса, біздің де еңбегіміз жанып қалар. Олай дейтінім, инвестиция тартумен шектелмей мемлекеттік саясатқа сай өндіріс орнын ашып, оған жергілікті халықты тартуды басты мақсат етіп отырмыз. Нəтижесін уақыт атты төреші көрсетеді. Тасқын ЖАПАРҚҰЛ, «Ернар» шаруа қожалығының төрағасы.

Алматы облысы, Панфилов ауданы.

Келер күнге үміт мол Парламент Мəжілісінің сайлауды кезектен тыс өткізу туралы үндеуі өзінің дер кезінде көтерілгендігімен көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Елбасымыз Н.Назарбаев мəжілісмендердің ұсынысын қолдап, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарын кезектен тыс сайлауға келісімін беріп, арнайы Жарлыққа қол қойды. Бұл қазіргі таңдағы əлем елдерін елеңдетіп отырған жағдайларға қарап, депутаттардың сындарлы шешім қабылдауы болды. Əлемнің бірқатар елдеріндегі геосаяси жəне геоэкономикалық өзгерістер өздерімен интеграцияланған елдердің əрқайсысына іріліұсақты ықпалын тигізетін болады. Біздің Президентіміз Н.Назарбаев халықаралық жағдайларды ескере отырып, Қазақстанның беріктігі мен болашағына жұмыс істейтін Бес институттық реформаны іске асыруды тапсырды. Реформаны жүзеге асыру үшін арнайы «Ұлт Жоспары» қабылданды. Мұның бəрі Қазақстанның қандай экономикалық жағдайларға да белін бекем буып, дайын тұруына жасалған қадам. Енді Елбасымыздың кезектен тыс Мəжіліс сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қоюы көптің көкейіндегіні дəл басқан оқиға болды. Енді біздің алдымызда өз болашағымыз үшін, ортақ Отанымыз – тəуелсіз Қазақстанның бірлігі, берекесі үшін жалынды, жігерлі азаматтарды таңдау міндеті тұр. Мəжіліске лайықты депутаттарды сайлау жолында бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруға шақырамын. Магомед ЛОРСАНОВ, «Вайнах» шешендер мен ингуштер этномəдени бірлестігінің төрағасы.

Маңғыстау облысы.

Жас парламентшілер көбейсе деген тілек бар

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс Парламент Мəжілісінің жəне жергілікті мəслихаттардың сайлауын өткізу туралы халыққа жолдаған үндеуінде еліміздің болашағы жолындағы тұтастығымыз бен бірлігімізді тағы да танытуға шақырды. Осы орайда, шығысқазақстандық жастардың Елбасымен əрдайым бірге екенін айтқым келеді. Кенді Алтай жерінде жастар Президент бастамаларының төңірегіне топтасқанын айқын аңғаруға болады. Айталық, өңірдің белсенді жас тары облыс орталығында Ертіс өзенінің сол жағалауындағы Комсомол аралында «Бір ел – бір тағдыр!» атты ауқымды шара өткізді. Үш жарым мыңға жуық жастар жиналған акция аясында Тəуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды. Акцияның тұсаукесері болған хореографиялық композициялық қойылым еліміздің ертеңгі күнге деген сенімі мен жұдырықтай жұмылған бірлігін паш етсе, Тəуелсіздік мерейтойының құрметіне студент-жастардың флэшмоб акциясы мен 25 шақырымдық шаңғы жарысы өтті. Бұл шаралар А.Пушкин атындағы облыстық кітапханада, облыстық драма театрында жəне өңіріміздің өзге қалалары мен аудандарында өткен шаралармен мазмұнды түрде жалғасып жатыр. Сондықтан, шығыс өңірінің жастары алдағы кезектен тыс Парламент Мəжілісінің сайлауына бір кісідей қатысады деп ойлаймын. Бұл сайлау 20 наурызға белгіленіп отыр. Күн мен түн теңелетін ұлық мереке парламенттік сайлаудың да мерекелік көңіл күймен өтетініне жетелейді деген сенімдемін. Себебі, еліміздің жас буыны халықаралық қоғамдастықтағы саяси һəм экономикалық дағдарыстардың жай-күйін жақсы түсініп отыр. Президентіміздің парасаты мен пайымына арқа сүйеген жастарымыз еркін елдің ертеңі жарқын болатынына сенеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен Ұлт Жоспарында белгіленген міндеттер мен межелерге жету жолында күш салуға құмбыл. Осы орайда, жаңа парламентшілер құрамында жастар ұйымдарының да өкілдеріне көптеп орын берілсе деген ұсынысымыз бар. Арайлым ЕСІМБЕКОВА, Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығы» КММ директоры.

ӨСКЕМЕН.

Үнемдеуді үйренуіміз керек Қазақстан жаһандық үдеріс шаңына жұтылып кетпей, тарих жылнамасынан өз орнын ойып тұрып алуы керек. Ол үшін жасайтын жұмыстар жеткілікті. Ең бастысы, елімізді тура жолдан адастырмайтын, жаһандық сын-қатерлерге ұрындырмайтын, дағдарысқа қарсы бағдарламаларды қамтитын Ұлт Жоспарымыз бар. Осындай жағдайда Парламент Мəжілісі депутаттарының өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуын сұраған үндеуін қабылдап, Жарлыққа қол қойған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «мен депутаттардың бастамасын Қазақстан мен қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыдан қамқорлық танытудың көрінісі деп қабылдаймын», деді. Бұрынғы Парламент Мəжілісі депутаттарының Парламенттен бөлек түрлі деңгейдегі мəслихаттар сайлауларын артық қаржы шығынсыз бір мезгілде өткізуге үндегені де елдің қамы деп түсіндік.

Біз шикізаттан түсетін табысқа малдана бермей оның бағасы төмен жағдайда да өмір сүруге талпынуымыз керек. Əлемде табиғи қазба байлықтары жоққа тəн болса да шекесінен шеруен атып, ғылым мен жаңа техно логиялар дың арқасында байлыққа батып отырған мемлекеттер бар. Біздің елде де жаңаша ойлай алатын, əлемдік ғылыми жаңалықтардың иесі, идеяларын өндіріске қолданса үлкен табысқа кенелтетін ғалымдарымыз жеткілікті. Қазақстанның келешегі шағын жəне орта бизнесте. Ұлан-ғайыр жеріміз мыңғырған мал өсіруге де, бау-бақша, көкөніс, астық егуімізге де молынан жетеді. Бұл туралы Елбасымыз талай рет айтқан. Жайылымдыққа жер таппай отырған мемлекеттер де бар. Мəселен, жоғары сұрыпты сиыр етін дайындаумен аты шыққан, күреп табыс тауып отырған Оңтүстік Корея мемлекеті мал бордақылау концерндеріне азықтық жем дайындау үшін қажет

шөп, дақылдарды Амери кадан бастап біраз шетелдерден тасымалдайды. Өзінде жер жетпейді. Қазір оңтүстіккореялық кəсіпкерлер Сарыағаш ауданында жылыжай салу, бау-бақша өнімдерін өсіру жөнінде əкімдікпен келісімшарт жасасып, инвестиция салып жатыр. Мемлекет басшысы Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сай лауын тағайындауға байланыс ты халыққа үндеуін де индустрияландыруды алға бастырып, шағын жəне орта бизнесті дамыту керектігін айтты. Бұл бағытта облыс басшысы Бейбіт Атамқұлов толымды жұмыс жасап жатқандығын айту керек. Мемлекет басшысы «Қазақстандағы үшінші қала Шымкент» деп баға берген шаһар əкімі Ғабидулла Əбдірахимов те Шымкенттің сəулетін арттыратын, байлығын еселейтін, халықтың əл-ауқатын көтеретін жобалар дайындап, үлкен инвестициялардың құйылуына ұйытқы болып отыр. Қазіргідей қиын жағдайда ысырапсыз өмір сүріп, ресурстарды үнемдеп,

Қолдау тапқаны қуантты Елбасы Жарлығымен төменгі палатаның құрамы таратылып, жаңа Мəжіліс депутаттарының сайлауы белгіленді. Бұл жолғы халыққа арнаған үндеуінде не үшін осы сайлаудың қажет екенін де айтып берді. Кезектен тыс Мəжіліс сайлауын өткізу қоғам тарапынан да қызу талқылауға түсіп, нақты қолдауға ие болғанын көріп отырмыз. Президент депутаттардың бастамасын қол дады. Жаңа бастамалар, идеялардың келуі саяси өмірдің де жаңарып, жаңғыруына жол ашады. Өйткені, Парламентті жаңартуға қоғам мен биліктің өзі мүдделі. Енді Мəжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы жəне өңірлердегі кезекті мəслихаттар сайлауы 20 наурызда өтетін болды. Сондықтан, Елбасы депутаттардың

бастамасын қазақстандықтардың тағдырына отаншылдық тұрғыда қамқорлық танытудың көрінісі деп атап өтті. Расында да, қазір ел жағдайы 1991 жылғыдай емес, «еңбекке шыңдалып, табысты қалыптасып, əлемге сыйлы мемлекет құрған біртұтас халыққа айналдық», деген салиқалы сөздер айтты. Қазір Ұлт Жоспары мен 5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша практикалық қадамдарды орындау жұмысы басталды. Мысалы, ауданымыздағы 557 бірлік шағын кəсіпкерлік нысандарында 2501 адам еңбек етуде. Өткен жылы ауданда жаңадан 76 шағын кəсіпорын ашылды. Олардың 3-уі ЖШС, 31-і шаруа қожалықтары, 30 бірлік сау да орындары жəне басқа да қызмет көрсететін 12 нысан бар. Ол қатарға кəсібін жаңадан бастаған жас кəсіпкерлер

қосылды. Осы жұмыстардың бастауында аудандық филиал қызметкерлерінің де үлесі бар. Ауылдарға жиі шығып, кəсіпкерлікпен айналысудың қыр-сырын үйретіп, оларды қолдап отырған жаңа бағдарламалар, құжаттар ресімдеу жəне тағы басқа жайлар туралы кездесулер, семинар-тренингтер өткізіп отырады. Жаңадан кəсіп ашу – халық тұрмысын жақсарту үшін қажет. Кəсіпкерлікті қолдау мен дамыту бар. Кəсіпкерлерге аудандық филиал қызметкерлері көмектің барлық түрін ұсынуға əзір. Елімізде шағын жəне орта бизнесті қолдау үшін көптеген бағдарламалар дайындалады, əртүрлі жеңілдіктер қарастырылды жəне отандық кəсіпкерлерге көп үміт артылды. Биыл жергілікті кəсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды, ол – еліміздің ДСҰға толық құқылы мүше болып енуі. Бұл ел дамуының негізі болып отырған шағын жəне орта кəсіпкерліктің экономикалық

жұмыс орындарын сақтамасқа болмайды. «Қазір елдің əрбір азаматының патриоттығы сынға түсуде. Бізде тағдырға мойынсұнып, əйтеуір бір уақыттары бəрі орнына келетініне, мұнай бағасы көтеріліп, жағ дайдың жақсаратынына үміттеніп отыруға уақыт жоқ. Бүгінде кез келген жаһандық сынқатерге үнемі жүйелі əрі алдын ала жауап беру жəне тиісті шаралар қабылдау маңызды. Бізге «Қазақстан-2050» Стратегиясының бағытын жалғастырып, дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыру, Ұлт Жоспарын орындау керек. Мыңдаған азаматтарымызға жұмыс бере отырып, «Нұрлы Жол» бағдарламасын белсенді жүзеге асыру қажет. Үкімет, министрлер мен барлық деңгейдегі əкімдер бұрынғы дағдарыс тəжірибесі мен инфрақұрылымдық құрылыс мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмыс орындарын ұсыну арқылы шығындарды қысқарту, аппаратты оңтайландыру үшін резервтер іздестіруі тиіс», деді Елбасы. Біз осы үдеден табылуға тиістіміз. Бейсенбек ЖАНБОСЫНОВ, Шымкент қаласы əкімінің орынбасары.

Оңтүстік Қазақстан облысы. жəне əлеуметтік рөлін жетілдіре түсуде үлкен үміт, зор сенім туғызады. Өйткені, бизнес халықтың əл-ауқатын жақсартып, олар үшін ең бірінші қажеттілік – еңбекпен айналысуға мүмкіндік береді, жұмыспен қамтамасыз етеді. Ал, осындай кезде елімізге кəсіби, біліктілігі жоғары Парламент керек деген пікірлер дұрыс көтерілді. Енді жаңадан сайланатын Мəжіліс құрамына үлкен сенім жүктелетіні сөзсіз. Жаңаша ойлайтын депутаттардың қолдарынан іс келуінен ел де үмітті. Жуырда ғана «Егеменде» жарияланған «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты жобасында экономиканың, саясаттың жəне əлеуметтік салалардың барлық бағыттарына қазіргі кезеңге сай анық жəне дəлелденген бағдар берілді. Нариман РАХЫМЖАНОВ, облыстық кəсіпкерлер палатасы аудандық бөлімінің басшысы.

Ақтоғай ауданы, Павлодар облысы.

«Мәңгілік Ел» мұраттарына адалдық 2016 жылғы 20 қаңтар Елбасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мəжілісінің V шақырылымының депутаттарының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі Жарлыққа қол қойған жəне кезектен тыс сайлау өткізу белгіленген тарихи күн. Мемлекет басшысы осыған қатысты үндеуінде Мəжілістің өзін-өзі тарату жөнінде бастама көтеруі депутаттардың ел тағдырын ойлап, едəуір белсенді жаңа халық қалаулыларын таңдауға мүмкіндік беретінін жəне еліміздегі саяси плюрализмнің одан сайын дамуына жағдай жасайтынын атап көрсетті. Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы еліміздің демократиялық дамуын айқындап, жарқын болашаққа бастар ұтымды қадам болып табылады. Кезектен тыс сайлау еліміздің барлық саяси партияларына Парламентте өкілдік етуге тең мүмкіндік беріп, заманға сай бейімделген, бүгінгі күннің өткір мəселелерін шешуге икемделген

іс кер адамдарға жол ашады. Мұнымен қоса, Қазақстандай өрелі үлгісі, берік мақсаты бар берен мемлекеттің тарихы да баянды болуы керек. Сондықтан, ұлағатөнегесі шетелдіктер тарапынан «Қазақстандық жол» деп аталған елімізге осындай күрделі де батыл шешімдер қабылдау заман талабынан туындаған қажеттілік деп білемін. Алдағы сайлауға отандастарымыз жаппай қатысатынына кəміл сенемін. Осы орайда, əлемдік дағдарыс салдарынан туындаған экономикалық жағдайға байланысты, Мəжіліс депутаттарының сайлауымен бірге жергілікті мəслихаттар депутаттарының сайлауын қатар өткізу қаржылық жағынан ел бюджетіне тиімді болатыны анық. Марат ӨТЕГЕНОВ, Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты.

Ақмола облысы.


www.egemen.kz

22 қаңтар 2016 жыл

5

ҚАПЫСЫЗ ҚАДАМ

Елбасының Жарлығын қолдайды елдің барлығы

Оқырман қауым бұл жөнінде мəселе көтерілгеніне бірнеше күн болып қалғанын жақсы біледі. Нақты айтқанда, қаңтардың 13-і күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісінің депутаттары Парламент Мəжілісі мен барлық деңгейдегі мəслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы үндеу қабылдаған болатын. Депуттардың бұл бастамасын республика тұрғындарының басым бөлігі қызу қолдады. Бірақ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жауап қайтаруға асыға қоймады. Елбасы осы тұрғыда бірнеше жоғары лауазым иелерімен ақылдасып, пікір алмасты. Содан соң ғана Конституцияның осыған мұрсат беретін тиісті баптарына сүйене отырып, түйінді шешім шығарды. Президент қолы қойылған бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мəжілісін тарату жəне Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Жарлық бұрнағы күні кешке қарай жарыққа шықты. Бұл жаңалық электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстар арқылы сол заматында кеңінен тарай бастады. Көпшіліктің бірнеше күннен бері хабардар болып, құлақ түріп отырғанынан да шығар, онымен танысушылардың қатары сəт сайын көбейе берді. Біз мұны өз газетіміздің сайтында жарияланған «Парламент Мəжілісінің сайлауы биылғы 20 наурызда өтетін болды» деп аталатын хабардың соңына тоқтаусыз түсе бастаған комменттер бойынша да байқап отырдық. Ал пікір иелерінің барлығы бұл шешімді қолдайтындықтарын білдіріп жатты. Енді сол ой-толғамдардың бірқатарын оқырман назарына ұсынамыз.

Бірліктің берік байламы Уақыт талабымен алға тартылған бастаманың Президенттен де, қалың жұртшылықтан да қолдау табатынына имандай сенгенмін. Себебі, бұл қоғамдық өміріміздің бүгінгі ақиқат биігінен қарағанда ұтымды ұсыныс, ұлағатты ұстаным болатын. Соңғы сөзді Елбасы айтатынын ескеріп, еліміздегі жаңалықтарға елеңдеп жүргеніміз де шындық. Президенттің Парламент Мəжілісінің өзін өзі тарату жəне Мəжіліс пен барлық деңгейдегі мəслихаттар сайлауларын кезектен тыс өткізу жөніндегі үндеуін қолдағанын, Мəжілістің кезектен тыс жəне мəслихаттардың кезекті сайлауын өткізу туралы арнайы Жарлыққа қол қойғанын теледидардан көріп тыңдадым. Мемлекет басшысы əлемдегі геосаяси жəне экономикалық жағдайдың күрделі екенін айта келіп, осындай кезде ілкімді іс-қимыл қажеттігіне баса назар аударды. Өзінің Мəжіліс депутаттарының үндеу ін қолдап,

шешім алғанын, бұл бастаманың отаншылдықтан туын да ғанын атап өтті. Сонымен, Мəжіліс пен өңірлердегі мəсли хаттардың сайлауы биылғы жылғы 20 наурызда өтетін болды. Қазір ырғалыпжырғалатын уақыт емес. Əлемді алқымынан алып тұрған қаржы дағдарысы ілкімді іс-қимыл жасауды алға тартуда. Қоғамдық дамудың екпініне ілесіп емес, оның алдын алудың қайтарымды қадамдарын жасау ғана ұтымды болатынын көріп отырмыз. Қазақстанда «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында 5 институттық реформаны жүзеге асырудың басым бағытары айқындалып, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында оларды жүзеге асыру жолдары жүйелене түсті. «Ұлт Жоспары – қазақстандық

арманға бастайтын жол» атты мақаласында Ұлт Жоспарын жүзеге асырудың тəжірибелік тетіктерін нақтылап берді. Бір сөзбен айтқанда, əлемдік дағдарыстың салдарларын анағұлым жеңілдетудің барлық тетіктері іске қосылуда. Мен Пар ламент Мəжілісінің үндеуіне құлақ асып, Мəжіліс пен мəслихаттар сайлауларын бірге өткізуді осындай оңтайлы шешім ретінде бағалаймын. Қазіргідей күрделі кезеңде елдіктің мүддесі тұрғысынан қадам басу осылай болса керек-ті. Шүкір, бұл бағытта еліміздегі ынтымақ пен тұтастықтың тұғырлылығы көздеген мақсатымызға жетуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Президенттің Мəжілісті тарату жəне кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін еліміздің есейгендігінің жəне мемлектетіміздің тұтастығының

Ел сенімін ер ақтасын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 5-ші шақырылымдағы Пар ламент Мəжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қойып, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Мəжілісі де путаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты халыққа үндеу жариялады. Бұл, шын мəнісінде сындарлы шақтың тегеурініне төтеп бере алған, қоғамға қозғау салған шешім болды. Егер де ырғалыпжырғалып жүріп алған болсақ, мұндай жайбасарлығымызды қатал да жүйрік уақыт кешірмес еді. Елбасы Жарлыққа қол қойды – ендігі кезек халықтың таңдауына

келді. Осындайда ел сенім артқан ерлеріміз қиынның қиясына қиналмай шығып, халқына абыроймен қызмет етсе екен деп тілейсің. Мəжілісте, жергілікті мəслихаттарда бүгінгі заман менеджментін мықты меңгерген, жаңа мазмұндағы ойлау жүйесіне жүгінген, нағыз мемлекетшіл, саламатты өмір салтын ұстанатын депутаттар отыруы керек деп санаймын. Жəне де жылы орын, жұмсақ кресло іздегендер бұл жерге жоламауы тиіс. Спортшы қауымы үшін биылғы жыл жауапкершілікке толы жыл. Алдымызда Рио-2016 Жазғы Олимпия ойындары тұр. Біздің еліміз

экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, спортшыларымыздың осы жауапты сынға алаңсыз дайындалуына барлық жағдайды жасайды деп сенемін. Ал өз кезегінде Олимпиада додасына қатысатын саңлақтарымыз ел намысын қолдан бермей, табысты өнер көрсетулері керек. Мұның өзі қиыншылық титығын алған елдің рухын көтерер ұлы күш! «Баршамыздың бір ғана мақсатымыз бар, ол мақсат – халық пен елдің игілігі! Бəріміз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында еңбек етіп, бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Біз бірлесе отырып, бүгінгі заман алдымызға тосып отырған барша қиындықтар мен сын-қатер лерді міндетті түрде еңсеретін боламыз. Мен барша қазақстандықтарды,

нақты көрінісі деуге болады. Қай істе де осылай «Бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығаратын» қалпымыздан айнымалық, дəйім. Халқымыздың ұйымшылдығы мен бірауыздылығының арқасында ғана сын-қатерлерге қарсы тұра аламыз. Ал Мəжіліс пен мəслихаттарға жаңадан сайланатын азаматтар тың ойларымен, ілкімді істерімен дағдарысты еңсеруге жəне дамуға серпін береді деп күтеміз. Алдағы сайлауда елдің қамын ойлайтын, саясаттың қыр-сырына қанық, білімді де білікті азаматтар сайлануына халықтың белсене қатысатынына сенім мол. Оны Мəжілістің үндеуін қолдаудағы халықтың белсенділігінен де аңғаруға болады. Темірхан БЕКТАУБАЕВ, «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесі Ақтөбе филиалының басшысы.

Ақтөбе облысы. барлық саяси партияларды біздің ортақ шаңырағымыздың тағдырына жауапты қарауға жəне Отаншылдығымызды нығайта түсуге шақырамын», деді Елбасы өзінің үндеуінде. Елбасының жігер берген үндеуі, жаңа сайлау, халықтың ерікті түрде жасаған дұрыс таңдауы қиыншылықтың қабырғасын сөгіп, Ұлы мұраттарға бастаған нұрлы жолды сəулелендіре түседі дегенге күмəнсіз сенемін. Ал сенімсіз адам өмірде де, спортта да жеңістерге жете алмайды. Жанат БАЙШОЛАҚОВ, Олимпиадалық резервтерді даярлау орталығының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты.

ҚАРАҒАНДЫ.

Омар, Астана қаласы Негізі, бұл дұрыс шешім болды. Əнеукүннен бері жұрттың аузында жүрген сөзге бір нүкте қойылды. Серпіліс керек. Жаңа сайланатын Парламент сол серпілісті əкелетін шығар деген зор үміттемін. Бөрілі байрақ Елбасы Жарлығының қажетті шешім екенінде дау жоқ. Бірақ мені бір нəрсе ойландырады. Өткенде осы кеткелі жатқан депутаттардың біразы жаңа сайланатын Парламентке қайта келгілері келетіндерін айтып қалып жатыр. Егер шынында тап солай болса, жаңа сайлаудың да, жаңа Парламенттің де не керегі бар? Шын мəнінде ол ешқандай да жаңа Парламент болып шықпайды ғой. Қасым Өз басым жаңа Парламент шынында жаңа болса, оған расында жаңа адамдар келсе екен деп тілеймін. Тұрар Өмірғали Болашақ үшін жасалып жатқан істе кемшілік болмайды. Бұл идеяның ертең нəтижесін көргенде «е, солай екен ғой!» дерміз. Тəуелсіздік тарихында талай болған жағдай ғой. Сондықтан, бұл шешімнің ар жағында тағы да игілікті идея жатқанына сенемін. Асылзат Дүйсен Біз қандай қиын сəттерде де Елбасының халықты алдамағанын білеміз. Алдағы болашақта болатын жағдайға алдын ала болжам жасай білетін зор қабілеті бар адам. Елдің аман, жұрттың тыныш отырғаны соның арқасы. Сайлауға бір кісідей қатысқан дұрыс. Бізге қазіргідей ал мағайып за манда, не айтса соған бас шұлғығыштар емес, дұрыс идея айта алатын адамдар керек жəне олар Елбасының айналасынан табылуы тиіс. Ақылбек Жаңа ұжым өзімен бірге ылғи да тың идеяларын қоса алып келеді. Дағдарыс кезінде Қазақстан үшін əрбір ұтымды ой, еліміз үшін пайдасы зор бастамалардың қажеті болыпақ тұр. Ал ендігі Мəжіліс құрамына білімді азаматтардың келгенін тілеймін. Батырбек Төменгі палатаның тарағаны дұрыс-ау, алайда, алдағы сайлаудан үлкен мінбелерде ұлттың, қазақстандықтардың, экономика мен саясаттың сойылын соғатын шынайы депутаттар өтсе ғой. Бізге қалғыпмүлгіп отыратын мырзалар емес, көкірегі ояу жандар керек. Нұр-Хан Алдағы сайлау нағыз тартысқа толы, елім деп еңірейтін білімді азаматтар бəйгеге түсетін дода болса деп тілеймін. Осы тараған Парламенттің 40 пайызы ғана ел қамын ойлады деп білемін. Қалғаны ұйқыбастар. Қазіргі жаһандық дағдарыста елге пана, Елбасына адал, Отанын сүйетін патриот азаматтар депутат болуы керек. Бағдат Айназар Елбасы мың ойланып, жүз толғанып барып, Жарлыққа

қол қойды. Осы арада əңгіменің ашығын айтсақ, неге Елбасы көп ойланды? Өйткені, біз сайлауды өткізерміз, қыруар қаржы жұмсалар, бірақ қайта жасақталған Парламент ел үдесінен шыға ала ма? Міне, гəп осында болды. Сондықтан Назарбаев бірден шешім шы ғар мады. Мен осындай сабырлылығы үшін Елбасын құрметтеймін. Базылхан Қызырханұлы, Шығыс Қазақстан облысы, Үржар Елбасы елдің тілегін ескерді. Сайлау өтетін болды. Бек қуаныштымыз. Енді осы сайлау арқылы қоғамға қажет адамдар мандатқа ие болса дейміз. Əсіресе, алыстағы ауылдардың тыныс-тіршілігін ойлайтын, халық қамына қабырғасы қайысатын азаматтар депутат болса деген тілегіміз бар. «Ауыл» партиясы арқылы ауылдағы ағайынға жұмыс беріп отырған мықты фермерлер, агросектор өкілдері кандидат болуы тиіс. Сонан кейін Ассамблея өкілдеріне мандат берген сияқты, оралман ағайынға да Мəжілістен орын берілсе, бұл Парламентке өзгеше демократиялық, ұлттық реңк берер еді. Адам факторының рөлі зор. Өз ойы мен ұсынысын ашық жəне сауатты айтатын кандидаттар керек. Айгүл Амангелдіқызы, Семей Біздің Семей қаласының инфрақұрылымын реттейтін заңдар қабылдануы керек. Қалаға республикалық мəртебе берілсе, бұл мəселе шешімін табар еді. Семей – қазақтың рухани ордасы. Сондықтан, қаламыздың үнін айтар азаматтардың депутат болғанын қалай мын. Елбасы сайлауды өткізу жөніндегі халықтың тілегін ескерді ғой. Енді семейлік ағайынның жағдайына да қарайласса жақсы болар еді. Əрине, Семей соңғы жылдары ақырындап дамып келеді. Бизнес-субъектілері көбейді. Былтыр Елбасы өзі келгенде де көрді ғой. Дегенмен, көптеген көшелер ойқы-шойқы бұзылып бітті. Қалада ыстық су мəселесі шешімін тапқан жоқ. Жұмыс орындарын құру қажет. Осы мəселелер депутаттыққа үміткерлердің есінде болуы тиіс. Айтжан Сайлау – халыққа өз таңдауын жасап, елдің дамуы үшін өзіндік үн қосатын тамаша құрал. Біздің халыққа тағы бір осындай мүмкіндік бұйырып отыр екен. Құтты болсын. Əдеттегідей қазақстандықтар таңдау жасауда қателеспейді деп ойлаймын. Қайрат, Қордай Меніңше, Мəжілістің жаңа құрамына таңдау өте қатаң болатын сияқты. Шынында алғыр, іскер адамдар өтуі керек қой. Заман, уақыт соны талап етіп отыр. Мұхит Ғарифуллин Қазір əлем үлкен жолайрықтың алдында тұр. Өйткені, жаһандық дағдарыстың салқыны адамзаттың дамуын тежеп, кері əсер етуде. Осындай қысылтаяң шақта елдің ертеңі

үшін игі істер жасап, келешегіміздің келбетті болуы үшін батыл қадамдарға бару – əр қазақстандықтың басты міндеті. Замана көшінен қалмау үшін білек сыбанатын кез енді туды деп санаймын. Сондықтан Елбасы көрегенділік танытып, Парламент сайлауын өткізуге байланысты Жарлыққа қол қойыпты. Ендеше, əрқайсымыз Президентіміздің шешімін қол дап, сайлаудың жоғары деңгейде өтуіне бір кісідей атсалысайық дегім келеді. Рауғаш Меніңше, бұл өте дұрыс шешім. Сайлау халыққа тың серпіліс, жаңа қарқын, жаңа күш-жігер береді. Қазіргі тар жол, тайғақ кешуде тек бізге емес, бүкіл əлемге осындай бір батыл шешімдер қажет. Президентіміздің реформалары мен стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асыру үшін де жаңаша ойлайтын мамандар керек. Осы сайлаудан Мəжіліске сондай соны идеялары бар жандар келеді деп үміттенемін. Гүлсара Дер кезінде қабылданып отыр. Болашақ күтіп тұрған дағдарыстық ушығуларға жаңа құраммен бірге төтеп беретін боламыз. Мен Елбасымыздың шешімін қолдаймын. Жанғабыл Спикерлер үшін бұл науқан өздерінің қолынан не келетінін көрсететін кез. Сондықтан оларға сəттілік тілейміз. Жамбыл, Маңғыстау облысы Сайлау дүркіретіп өткізе салатын той-мереке емес, ол – елдің болашағы, бүгінгі дағдарыс кезеңінде байыпты бағдар, байсалды болмыс пен жаңаша іс атқара алатын лайықты азаматтарды іс басына, жауапты орынға шақыру, сол орынды оларға жауапкершілікпен ұсыну. Сайлаудың маңызын халық та, сайлауға қатысатын кандитаттар да, сайланған депутаттар да терең түсінуі тиіс. Сайлауды асқан жауапкершілікпен, ұйымшылдықпен өткізуге барлығымыз қатыссақ деймін. Айша, Оңтүстік Қазақстан облысы Нақты күні де белгілендіау! Ендігі кезекте сол орынға лайықты адамдарды қойса деп тілеймін. Қысылтаяң кезде болмашы идеяларымен емес, тығырықтан шығудың жаңа жолдарын көрсете білетін, халқын өрге сүйрейтін азаматтар жайғасады деген үміттемін! Cамат Аманғалиұлы, Атырау облысы Бұл сайлаудың маңызы ерекше. Оны Елбасы өз үндеуінде орынды айтып берді. Елдің, халықтың игілігі үшін қызмет ететін ұлтжанды, елжанды депутаттар сайланады деген үмітім бар. Қазір бізге елдің экономикасын дағдарысқа ұшыратпай, қиындықтан шығуға бағыт беретін заңдар қабылдауда сауаттылық танытатын депутаттар қажет. Оларды əрине, партиялар таңдайды. Алайда, əр партияның ел мүддесін ойлайтын кандидаттар ұсынатынына сенемін.


www.egemen.kz

22 қаңтар 2016 жыл

Құпия ақпараттар өзара қорғалады

 Көзқарас

Ел тұтас болмай, жер тұтас болмайды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою рəсімі өтті.

Құжатқа қол қою екі ел арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтіп, мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіндегі ақпарат алмасуды жандандыруға мүмкіндік береді. Қол қою рəсімінен кейінгі кездесу барысында еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Словак Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Петер Юза Қазақстан-Словакия ынтымақтастығының жағдайы мен оның дамуының өзекті мəселелерін талқылады. Тараптар арада қалыптасқан достық байланыстарды одан əрі нығайта түсуге өзара қызығушылықтарын тағы да қуаттады. Қазақстан Словакияны Орталық-Шығыс Еуропа аймағында жəне жалпы Еуропалық одақта өзінің сенімді саяси жəне экономикалық тұрақты əріптесі, сондай-ақ, достас мемлекет ретінде таниды. «Егемен-ақпарат».

Топ белсенділігімен танылды Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі дамуымыздың басты құжатында: «Қазақстан халқына Жолдауымдағы барлық міндет терді жү зеге асыруда мен «Нұр Отан» партиясына ерекше орын беремін... Кең көлемді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, адамдарды жұмылдыру, қойылған барлық міндеттерді орындауда біріктіру керек. Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысуға шақырамын», деп атап көрсетті. Бұл партияның сенімді қолқанаты «Жас Отан» жастар қанатына қойылған тіке лей тапсырма екендігі анық. Мұны жақсы түсінетін Жарқайың ау дандық жастар ұйымында маңызды құжаттың қағидаттарын жұртшылыққа жеткізу мақсатында қоғамдық ақпараттық-насихаттық топ құрылған болатын. Жуырда «Нұр Отан» пар тиясының аудандық филиалында Державин қаласының жастарымен кездесу болып өтті. Басқосуды топ басшысы, жастар ресурстық орталығының директоры, аудандық «Жас Отан» ЖҚ жетекшісі Фархат Байқасов ашып, өз сөзінде Елбасы Жолдауындағы негізгі тұжырымдарға тоқталып өтті. – Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев «Қа зақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында жастарға үлкен міндеттер жүктеді. Жолдаудағы: «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар... Ерінбей еңбек еткен,

талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бəрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда», деген ұлағат бізді үлкен жауапкершілікке бастайды. Аудан жастары осынау абыройлы міндеттер үдесінен шығады деген сенімдемін, – деді жастар жетекшісі. Сонымен қатар, қатысушылар алдында ауданның белсенді жастары Бақытгүл Даринова, Мəдина Қаратаева, Тоқтар Шпанов, Əділ Нұр беков сөз алып, Жолдаудың негізгі бағыттары жайлы əңгімеледі. Осымен бір мезетте қала жастарының Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың жуырда жариялаған «Ұлт Жоспары – Қа зақ стандық арманға бастайтын жол» мақаласы жайлы қызу пікір алмасуы ұйымдастырылды. Топ мүшелері келесі күні аудан орталығындағы Ақпан Үкібаев атындағы орта мектептің мұғалім дерімен жəне жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Жасөспірімдер өз болашағына бейжай қарамайтынын аңғартып, білім беру саласына байланысты көптеген сауалдарын қойды, оның ішінде қандай мамандықты таңдау қажеттігі, техникалық мамандық беретін оқу орындары, жұмысқа орналасу мəселесі тура лы толғаныстарға тыңғылықты жауаптар қайтарылды. Қоғамдық ақпараттық-наси хат тобы таяу арада өтетін ауыл жастарымен кездесуге қызу дайындалуда.

Ақмола облысы, Жарқайың ауданы.

Елдіктің ертеңін ойлағанда, бүгінгінің кедір-бұдыр кемшіліктері əдіра қалады. Біртұтас деген елдің іргесінен содыр саясаттың суық желі соққанда, ел ішінде кəдімгідей дүрбелең басталады. Оған Таяу Шығыстағы ауыр ахуал арқылы əбден көзіміз жетіп отыр. Кешегі біртұтас Украинаның бүгін Қырымнан айырылуы да көп жайды аңғартады. Аласапыран мына дүниеде əр елдің өзіне тиесілі несібесі болғанымен, ықпалдылардың басқалармен санаса қоюы қиын. Олардың өз мүддесі бар. Біздің де, Қазақ елінің де алдына қойған өзіндік жөн-жоспары бар. Алдағы күннен күткен арман-аңсардың да жөні басқа... Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Қараңғы бөлмеден қара мысық іздеген сияқты, АҚШ бастаған алпауыт елдердің Ирактан ядролық қару іздегенінен түк шықпады. Қару табылмады. Керісінше, ел іші бүлінді, бірнеше бөлікке бөлініп кетті. Білдей бір мемлекеттің басшысы жау қолынан қазаға ұшырады. Оның құнын сұраған кісі болған жоқ. АҚШ жағы ядролық қару табылмады деді де, қоя салды. Айт, айтпа, елдің іші бір бүлінгеннен кейін оны үйлестіру оңай емес. Қиюы кеткен келіссөздің ақыры қарапайым халықтың елден безіп, жатжұрттан пана іздеуіне тура келді. Сыртқы ықпалды күштердің Ирак халқын өзара қырқыстыруы, Саддам шыққан сүнниттің азшылығына көпшілік шииттерді қарсы қойып, қалың шоғырланған күрдтерге дем беруі арқылы бейбіт өмір кешкен халықтың берекесі кетіп, туған жерінен безгендер қатары көбейді. Адам баласы өз ырысын өзі тебетіні рас сияқты. Қазекең «семіздікті қой ғана

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Тұңғыш Президент − Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Тимур Шаймергеновтің спикерлігімен Жібек жолы экономикалық белдеуіне қатысты дөңгелек үстел өтті. Оған Қытайдың Қазақстандағы елшісі, танымал саяси қайраткер У Цзяньмин жəне екі елдің сала бойынша бірқатар сарапшылары қатысты.

Бір белдеу, бір жол Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Қазіргі таңда жаңғырып жатқан Жібек жолының жүзеге асырылуына əлемнің жетекші елдері көз тігіп отырғанын жеткізген спикер, саладағы негізгі мəселелерге тоқталды. Сөйтіп, Аспанасты елінің елшісіне сөз кезегін берді. Ел ші мырза соңғы жылдары əлемде орын алып отырған экономикалық қиындықтарға назар аударды. Əсіресе, Азияның батыс жағындағы елдердегі соғыс əрекеттерінің себебі мен оның ауыр салдарларына өзінің көзқарасын білдірді. «Бүгінде дамыған деген Батыс елдерінің өзінде дағдарыс бар. Сондықтан біз əлем елдері болып, осы қиындықтардан шығу жолдарын іздестіруіміз лəзім. Тек оны соғыс жолымен емес, мəселені шешуді елдермен əріптестік жасап, бейбіт келісім арқылы іздестіргеніміз жөн. Осы тұрғыда Қазақстанның іс-əрекеті көп елге өнеге. Сондай-ақ, Қытай тарапынан ұсынылған Жібек жолы экономикалық белдеуін жасау туралы ұсынысты Қазақ елі қызу қолдап, осы бағытта өз əлеуетін таныта білді», деді У Цзяньмин. Шарада ҚХР сауда министрлігі жанындағы ха лықаралық сауда жəне эконо микалық ынтымақтастық академиясының, Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар Қытай академиясының жəне Қытай Халық университеті жанындағы Халықаралық энергетикалық даму орталығының жетекші сарапшылары Жібек жолы эко номикалық белдеуін жасау туралы жəне оның аймақ елдеріне келтіретін ұшан-теңіз пайдасы жөнінде əңгімеледі. Əсіресе, Қытай мен Қазақ елінің түпкі армандары бір екенін жəне бақытты

ғұмырға жету жолындағы даму бағдарламалары да бір-біріне өте ұқсас екенін айтты. Бұған қоса, қытайлық жетекші сарапшылар 2013 жылы Астана қаласындағы «Назарбаев Университетте» ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин таныстырған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» ірі трансеуразиялық жобасын дамыту жəне жүзеге асыру жөнінде ҚХР-дың ұстанымы мен болжамын Қазақстанда алғаш рет қоғамдық кең аудитория алдында ұсынылғанын жеткізді. Бұлармен бірге «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасы аясындағы Қытайдың сыртқы экономикалық саясатының қазіргі кезеңдегі жағдайы, сонымен қатар, бастаманың қазіргі таңдағы жүзеге асырылу нəтижелері жөнінде баян етті. Қазақстандық сарапшылар да халықаралық жобаны жүзеге асыру жолдары жөнінде өз пікірлерін ортаға салды. Тұңғыш Президент – Елбасы кітапханасының аға ғылыми қызметкері Қазбек Майгелдинов «Жібек жолының» экономикалық белдеуі» жобасы мен «Нұрлы Жол» бағдарламасы сабақтас екеніне тоқталды. «2013 жылы Еуразияның кіндігінде, Астана қаласында Қытай елінің басшысы Си Цзиньпин мырза «Жібек жолының» экономикалық белдеуі» жобасын ұсынған болатын. Ірі трансеуразиялық жоба болып саналатын «Жібек жолының» экономикалық белдеуі» бойынша қытайлық əріптестер ең алғашқы рет Қытайдың ұсыныстары туралы кең аудиторияға айтып отыр. Бұл тұрғыда атап өтетін екі мəселе бар. Біріншіден, бұл жоба 2013 жылы Қытайдың экономикалық белдеуінің құрылысы, яғни 20162020 жылдардағы даму жобасы аясында ұсынылған болатын. Ал біздің елімізде 2014 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.

6

«Нұрлы Жол» бағдарламасын ұсынған еді. Қазіргі таңда осы екі жоба өзінің сабақтастығын көрсетіп отыр», деді ол. Расында, «Жібек жолының» экономикалық белдеуі» Еуразиядағы инфрақұрылымды дамы туға арналған. Ал «Нұрлы Жол» бағдарламасы – Қазақстанның индустриялықинновациялық дамуына орай жасалған жоба. Осыны айтқан ғылыми қызметкер Аспанасты елінің жобадағы мүддесі жөнінде айтып өтті. «Қазіргі таңда Қытайдың күрделі ішкі мəселелері осы «Жібек жолы» бағдарламасы аясында шешіліп отыр. Бір ғана мысал келтірсем, Қытайдың шығыс экономикалық аймағы өндірістік жағынан өте дамыған, экспортқа бағытталған. Ал батыс жəне орталық экономикалық аймақтары бұл жағынан баяу болып тұр. Сондықтан осы экономикалық аймақтарды дамыту мақсатында қолға алынған жоба өзінің нəтижесін көрсетіп отыр. Америкалық белгілі ғалым Фрэнсис Фукуяма өз мақаласында «Егер осы ірі трансеуразиялық «Жібек жолының» экономикалық белдеуі» жүзеге асатын болса, Индонезиядан Польшаға дейінгі Еуразия аймағы үлкен өзгеріске ұшырайды. Сондай-ақ, Орталық Азия мемлекеттері жаһандық экономикалық аумақтағы шеткі аймақтардың бірінен орталық дамыған аймақтардың біріне айналады», деген еді. Бұдан жасайтын қорытынды, бүгінгі таңда елімізде жүргізіліп жатқан «Нұрлы Жол» бағдарла масы мен Қытайдың «Бір жол – бір белдеу» стратегиялық бағдарламасы өзінің өзектілігін көрсетіп отыр. Болашақта бұл екі жоба сабақтаса отырып, іске асса, үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз», деді Қ.Майгелдинов.

көтереді» дегенді бекер айтпаған болар. Əйтпесе, «адам көтереді» деп айтқан болар еді ғой. Олай дейтініміздің жөні бар. Басқасы басқа, ливиялықтардың бейбіт қана емес, бақуатты өмір сүргені де белгілі. Түлен түртті ме, əлде америкалықтардың айтағына ерді ме, əйтеуір ырысты тайқазанын Каддафидің қандастары өздері төңкеріп тастады. Каддафи билеген кезеңде Ли вия халқы төмен деңгейде емес, төмендегідей деңгейде өмір сүріпті: Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 14 192 доллар; мемлекет тарапынан отбасының əрбір мүшесіне жыл сайын 1000 доллар шамасында дотация төленді; жұмыссыздық жəрдемақысы 730 доллар; медбикенің жалақысы 1000 доллар; əрбір туған нəрестеге 7 000 доллар төленеді; отау құрған жастарға пəтер сатып алу үшін 64 000 доллар сыйға тартылады; білім беру мен медицина тегін; автомобиль сатып алу үшін қарапайым адамдар үшін 50 пайызына дейін, халық жасағы жауынгерлеріне 65 пайызына дейін мемлекет төлейді; автомобиль жəне үй салып алу үшін несие

пайызсыз беріледі; 1 литр бензиннің құны – 0,14 доллар. Керемет дерлік жағдайда өмір сүрген ливиялықтар қандай жұмақты аңсағанын кім білсін, əйтеуір «коммунизм орнатқан» көсемдерін қорғай алмады. Көсемдерін ғана емес, өздерінің бақуатты өмірінен баз кешіп, жатжұрттықтардың қолшоқпарына айналғанын өздері де аңғармай қалды-ау... Осындайда халыққа тағылымын көрсетер ұлт зиялы ларының мем лекеттілік мəсе лесі мен ұлттық идеология тө ңі регіндегі ұстанымының жақындығы өте маңызды. Өткен тарихтың ащы сабағы осыған үндейді. Қанша жерден елдік мүддені, ұлттың болашағын көздеді дегенмен, төңкерісті жақ тап, социа лизмнің сойылын соққан қазақ тұлғаларының қимыл-əрекеті қайда апарып соқтырғанына куə болып отырмыз ғой. Төңкерісшілердің саяси көзқарасы тұтас бір ұлттың қырғынға ұшырауына əкел ді. Коммунистік режімнің қазаққа əкелген жақсылығынан тартқызған зардабы көп екені қасірет жылнамасында жазулы тұр. Ақыры қалай болатынын бір Алла біледі, алайда, бүгінде Ресейді түсініксіздеу бір елес кезіп жүрген секілді. Осы орайда атап көрсететін бір жайт, Ресейде демократиялық күштердің үні бəсеңсіді. Осы жерді қор ғау жолында, жат жұртқа тоқымдай жер бермес үшін бабаларымыз қынадай қырылды, қуғынсүргінге де ұшырады. «Мың өліп, мың тіріле» жүріп ақырында тəуелсіздікке қол жеткіздік. Көпвекторлы саясатқа жүгінудің қиындығы осы тұста басталды, өйткені, «қам қор шылар» көбейе түсті. Бұрынғыдай ықпалды көршілерге қоса, енді əлемдік аренада «сөз қозғайтындар» да өзіне қарай жəукемдегісі бар. Былай қарасаң, БҰҰ бастаған іргелі ұйымдар төрткіл дүниеде болып жатқан оқиғаларға орай өз пікірін білдіріп жатады. Əйтсе де, іргелі ұйымның өзі де жарнасының 75 пайызын төлейтін АҚШ секілді ықпалды елдердің қанжығасында кететін сəті аз емес. Сол сияқты, халықаралық құқықтық нормалардың да аяқасты болып жатқанына куə болып жүрміз. БҰҰ бастауынан бұзылғаннан кейін басқа ұйымдар жөнінде не айтуға болады? Сол себепті іргелі ұйымдарға түбегейлі үміт артудың ақыры жаңсақтыққа ұрындыратыны сөзсіз. Демократияның көшін алға бастаған алпауыт елдердің өзі жеке мүддесіне келгенде адам құқығын аяқасты ете салатынын, миллиондаған адамның тағдырын құрбандыққа шалатынын көз көріп отыр ғой. Сондықтан басқалар жарылқайды деу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2015 жылғы 31 желтоқсан

№1191

Астана, Үкімет Үйі

Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды бекіту туралы «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

К.МӘСІМОВ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1191 қаулысымен бекітілген Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар 1. Жалпы ережелер 1. Осы Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар (бұдан әрі – Үлгілік талаптар) «Қоғамдық кеңестер туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді. 2. Осы Үлгілік талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) қоғамдық тыңдау – мыналарды: бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, стратегиялық жоспарлардың немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын; азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын; қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін; мемлекеттік органдардың қоғамдық мәні бар шешімдерін олардың қоғамдық мүдделерге сәйкестігінің мәселелері бойынша жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асыратын қоғамдық бақылау рәсімі; 2) уәкілетті орган – «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған республикалық немесе жергілікті мемлекеттік басқару органы; 3) қызмет бағыты бойынша комиссия (бұдан әрі – комиссия) – Қоғамдық кеңес мүшелері қатарынан Қоғамдық кеңес қалыптастыратын, оның ішінде қоғамдық тыңдауды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру әрекеттерін жүзеге асыратын алқалы орган; 4) шақырылғандар – мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми, кәсіподақ және өзге де ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сарапшылар мен қоғамдық тыңдауға қатысу үшін Қоғамдық кеңестің шешімі бойынша шақырылған басқа да мамандар. 2. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар 3. Қоғамдық тыңдау Қоғамдық кеңес мүшелерінің бастамасы бойынша өткізіледі. Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы шешім Қоғамдық кеңес отырысының хаттамасына енгізіледі. 4. Қоғамдық тыңдауды Қоғамдық кеңес Заңның 1-бабының 5 және 6-тармақтарында айқындалған республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен келісілген мерзімдерде жүргізеді. 5. Қоғамдық тыңдауды өткізу туралы шешімде мыналар көрсетіледі: 1) қоғамдық тыңдау тақырыбы; 2) өткізілетін күні; 3) қоғамдық тыңдауды дайындауды, өткізуді және сондай-ақ оның қорытындысы бойынша ұсынымдарды әзірлеуді жүзеге асыратын комиссия. 6. Қоғамдық кеңестің қоғамдық тыңдауды өткізу туралы шешімі негізінде уәкілетті органның басшысы немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адам шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қоғамдық тыңдауды дайындау және өткізу жөніндегі комиссия қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты құрылымдық бөлімшені айқындайды. 7. Комиссия қоғамдық тыңдауды дайындауды және өткізуді мынадай тәртіппен жүзеге асырады: 1) қоғамдық тыңдау тақырыбы бойынша ұсынылатын мәселелердің нақты тізбесін анықтайды; 2) жұмыс жоспарын жасайды, комиссия мүшелері арасында міндеттерді бөліседі және қоғамдық тыңдауды дайындау мен өткізу міндеттерінің тізбесін айқындайды; 3) өткізу белгіленген күнге дейін отыз күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында және уәкілетті органның интернет ресурсында қоғамдық тыңдау тақырыбы мен мәселелерінің тізбесін жариялауды қамтамасыз етеді. Қоғамдық тыңдауда нормативтік құқықтық акті жобасы қаралған кезде, оның толық мәтіні де тұрғындардың танысуы үшін, өткізілетін күннен күнтізбелік он күн бұрын жарияланады; 4) шақырылғандардың тізбесін айқындайды және оларға талқылауға ұсынылатын мәселелер бойынша өздерінің ұсынымдары мен ұсыныстарын беру туралы өтінішті қоғамдық тыңдауға шығарылатын барлық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, оларға ресми өтініш жібереді; 5) қоғамдық тыңдауға қатысушыларға қоғамдық тыңдау тақырыбы бойынша ұсынымдарды дайындау үшін қажетті ақпаратты алуға жәрдемдеседі; 6) қоғамдық тыңдауға ұсынылатын әрбір мәселе бойынша ұсынымдар мен ұсыныстардан тұратын қорытынды хаттама жобасын осы Үлгілік талаптарға қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындауды ұйымдастырады; 7) тұрғындарды қоғамдық тыңдау өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей хабардар етеді. Жарияланатын ақпарат қоғамдық тыңдау тақырыбы және мәселелері, тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы мәліметтерді, комиссияның байланыс ақпараттарын қамтиды; 8) Қоғамдық тыңдауға қатысушыларды тіркейді.

балаң ойдан туған соқыр сенімнің серігі іспеттес. Кейде «ысқырығы жер жаратын ағайындар» демократияға, пікір алуандығына қатысты көңіл толмастығын жеткізіп жатады. Демократиялық үрдісі дамыған, пікір алуандығына əр берген мемлекеттердің сыртқы саясат мүдде сіне келгенде нені бүлдіріп отыр ғанына куə болып отыр емеспіз бе? Америкалықтар «Ирактың, Ливияның, жалпы, Таяу Шығыстың халқын неге қырып жатырсыңдар» деп билігіне тоқтау неге салмайды? Мемлекеттік мүддеге келгенде, алпауыт елдердің халқы билігімен үнсіз келіседі екен... Басқалардың тəжірибесіне ден қояр болсақ, пікір алуандығы дегеніміз – сыртқы ықпалды күштердің ережесімен «ойнайтын», солардың ұпайын түгендейтін пікірге басымдық беру деген сөз емес екен. Өйткені, қазірдің өзінде «орыстың оқуы өтіп кеткендердің» бүй регі қайда бұратындығына көзі міз əбден жетті. Батыстың «демократиялық құндылықтарын бойына сіңіргендер» де солардың «қасиетін» қазақ топырағынан көргісі келеді. Оның бер жағында араб əлемінің ықпалымен «таза мұсылмандық жолды мұрат тұтқандар» да өздерінің арман-мұратын жүзеге асыруға жанұшырып жүр. Осының бəрі елдің тұтастығына селкеу түсіріп, тіпті, сына қағуға дейін апаратын əрекеттер деп ашық айтуға тура келеді. Алаш қайраткері Амангелді Айталының: «Əртүрлі мүдделерді үйлестіру, мемлекеттік тұрғындардан мемлекеттің азаматына айналдыру, территориядан елге айналдыру – біздің ең бас ты мақсатымыз болды жəне бола береді», деп айтқаны бар еді. Біздің ойымыз да осыған қоңсылас қонады. Біртұтас территорияда өмір сүрген тұрғындар өз мемлекетінің нағыз азаматына айналмай, елдіктің тұтас болуы неғайбыл. Елдік тұтас болмаған жерде жердің тұтас болуы тағы қиын. Ендеше, нағыз отаншыл азаматты тəрбиелеу бағытында əртүрлі мүдделердің мемлекеттік мүдденің аясында үйлесім табуы ең маңызды мəселе болмақшы. Ел тұтас болмай, жер тұтас болмайды. Ендігі жерде қазақ ұлты бас болып, өзінің ынтымақ-бірлігін көрсетіп, басқа этностарды айналасына топтастырып, шын мəнінде елдіктің тұтастығын қамтамасыз ететін шараларды жалғастыра беруі тиіс. Ұраншылдық үшін емес, нағыз мемлекеттілікті орнықтыру үшін!

8. Қоғамдық тыңдау басталмастан бұрын сөйлеуге тіркелген шақырылғандар мен азаматтар сөйлеу құқығына ие болатын қоғамдық тыңдауға қатысушылар болып табылады. Республикалық деңгейде өткізілетін қоғамдық тыңдауға ол басталар алдында тіркелген азаматтар қатыса алады. Жергілікті деңгейде өтетін қоғамдық тыңдауға ол басталар алдында тіркелген тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің тұрғындары қатыса алады. 3. Қоғамдық тыңдауды өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптар 9. Қоғамдық тыңдау басталар алдында комиссия қатысушыларды тіркейді. 10. Қоғамдық кеңес төрағасы (немесе оны алмастыратын тұлға) (бұдан әрі – төраға) қоғамдық тыңдауды ашады, оны өткізу тақырыбын, күн тәртібін, қатысушылардың сөйлеу регламентін жариялайды. 11. Қоғамдық тыңдауды өткізу барысында хаттама жүргізіледі, онда қоғамдық тыңдауды өткізу күні мен орны, қатысушылар саны, қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны көрсетіледі. 12. Қоғамдық тыңдауға шақырылғандар мен басқа да қатысушылардың сөйлеу уақыты сөйлеушілердің саны мен отырысты өткізуге бөлінген уақытқа қарай айқындалады. 13. Шақырылған адам сөйлеп болғаннан кейін төраға қоғамдық тыңдауға қатысушыларға нақтылаушы сұрақтар қою құқығын береді және сұрақтарға жауап беру үшін қосымша уақыт береді. Сұрақтарға жауап беру уақыты шақырылған адамның сөзіне бөлінген негізгі уақыттан аспауы тиіс. 14. Шақырылғандардың өздерінің ұсынымдарын алып тастауына және/немесе қоғамдық тыңдаудың басқа шақырылғандарының ұсынған ұсынымдарына қосылуына жол беріледі. 15. Шақырылғандар қоғамдық тыңдау күн тәртібінің барлық мәселелері бойынша сөздерін аяқтағаннан кейін төраға қоғамдық тыңдау қатысушыларына, оларды тіркеу кезінде айқындалған кезек тәртібіне қарай сөйлеу үшін сөз береді. 16. Барлық сөйлеушілер сөздерін аяқтағаннан кейін төраға қоғамдық тыңдаудың қорытындысын жасайды. 17. Қоғамдық тыңдау нәтижелері бойынша қорытынды хаттама қабылданады, оған қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысы қол қояды. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасы, егер оған Қоғамдық кеңестің қатысып отырған мүшелерінің жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. 18. Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасында: 1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат; 2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар; 3) нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады. 19. Комиссия қоғамдық тыңдаулардың қорытынды хаттамасы қабылданған күннен бастап бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган интернет ресурсында және (немесе) мерзімді баспа басылымдарда оның жариялануын қамтамасыз етеді. 20. Қорытынды хаттама негізінде қабылданған ұсынымдарды Қоғамдық кеңес төрағасы он күн мерзімде: 1) мемлекеттік органдарға, қоғамдық бақылау субъектілеріне; 2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға; 3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді. 21. Тиісті мемлекеттік орган бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның қолы қойылатын дәлелді жауапты осы ұсыным түскен кезеңнен бастап Заңның 5-бабының 1-тармағының 5) және 6) тармақшалары бойынша – қоғамдық кеңестен ұсыным келіп түскен сәттен бастап бір ай ішінде, ал Заңның 5-бабының 1-тармагының 1) тармақшасы бойынша он жұмыс күні ішінде береді. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарға қосымша Қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасы Қоғамдық тыңдау ________________________________________________ 201__ жылғы «___» _____№_____шешімімен тағайындалды Қоғамдық тыңдау тақырыбы: ________________________________________________________________ Өтетін күні және орны: ___________________________________________________________ Р/с №

Талқылауға ұсынылған мәселелер

Бақыланатын Қоғамдық тыңдау Нормативтік мемлекеттік барысында құқықтық органдар мен анықталған, актілерге олардың лауазым- жеке және заңды өзгерістер ды адамдарының тұлғалардың мен Қазақстан құқықтары мен толықтырулар Республикасының заңды мүдделеріне енгізу заңнамасын сақтауы нұқсан келтіретін жөніндегі туралы ақпарат немесе оларұсыныстар ды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар

Қоғамдық тыңдау төрағасы Қоғамдық тыңдау хатшы

Ескертпелер


22 қаңтар 2016 жыл

● Дүние жəне дағдарыс

КЕЛЕР КЇНГЕ КЇМƏН КҐП

ОПЕК баяндамасы бўлыѕєыр

бойынша, 2016 жылы мұнайға деген сұраныс 1,26 миллион баррельге артпақ. Егер өткен жылы планетамызға тəулігіне 92,92 миллион баррель мұнай қажет болған болса, 2016 жылы болжам бойынша бұл көрсеткіш тəулігіне 94,18 миллион баррельге өседі. Сонымен бірге, ОПЕК-тің экономистері картельдің өзінде де мұнайға деген сұраныстың өсетіндігін болжап отыр. Олардың айтуынша, биылғы жылы ол 1,7 миллион баррельге өсіп, тəулігіне 31,6 миллион баррельді құрамақ. ОПЕК-тің болжамдары осылай болғанымен əлемдік нарықтағы жағдай мүлде басқаша құрылуда. Бейсенбі күні мұнай бағасы 12 жыл бұрынғы деңгейге дейін төмендеді. Лондон биржасында Brent маркалы мұнай баррелі тағы да 1,2 пайызға төмендеп, 27,54

долларды құрады. WTI маркалы мұнайы Нью-Йорк тауарлы биржа сының электронды саудасы бойынша 2012 жылдың мамыр айынан бергі ең төменгі деңгейге дейін құлдырап, 1 баррелі 28,04

доллар ды құрады. Bloombreg сарап шыларын ың болжамы бойын ша АҚШ-тың тауарлы мұнайының көлемі өткен жұмада 2,2 миллион баррельге көбейген. Бұл мұнай бағасының одан

əрі төмендеуіне себеп болмақ. Осыған байланысты Венесуэла мемлекеті ОПЕК-ке мүше елдерді мұнай бағасын тұрақтандыру шараларын белгілеу үшін кезектен тыс мəжіліс өткізуге шақырады.

АҚШ қор рыногының жəне мұнай бағасының төмендеуі əлі толық аяқталған жоқ, деп мəлімдеді BlackRock-тің бас инвестициялық стратегі Расс Костерич Блумберг агенттігіне берген сұхбатында.

«Қор рыногы мен мұнай бағасының тұрақтануы үшін ерекше бір жағдай керек. Əзірге мұндай ахуал қалыптасқан жоқ», дейді Костерич. АҚШ акциялары арзандады. Алайда, ол инвесторлардың жаппай сатып алуын қалыптастыратын дəрежеге жеткен жоқ. АҚШ қор рыногында жаппай акциялар сататын кезең əлі алда, деп болжайды сарапшы. Костеричтің айтуы бойынша, АҚШ-тағы тақтатас мұнайын

өндірушілердің жұмысы тиімділік беретін емес. Таяу Шығыстың көпте ген елдерінде мұнайдың өзіндік құны рыноктағы бүгінгі бағадан тө мен. Сондықтан мұнай рыногында баға одан əрі құлдырауы мүмкін. Өткен жылғы мамыр айынан бергі əлемдік қор биржаларының жалпы капиталдандырылуы деңгейі 15 триллион доллардан астам деңгейге төмендеген. Бұл бүкіл қор биржаларында ерекше алаңдаушылық туғызып отыр.

Кельн оќиєасы жаєдайды ушыќтырды Сенім биік емес Жаңа жыл күндері Кельн қаласында орын алған оқиғалар Германия федералдық өкіметі үшін, əсіресе, оның басшысы үшін үлкен зардаптар əкелетін түрі бар. Канцлер Меркель өзінің отандастарына мигранттар проблемасын шешу үшін уақыт керек екендігін үнемі айтып келген болатын. Алайда, Кельн оқиғасы канцлер үшін сол уақытты жоққа шығарды. Ангела Меркель қазір өте қатерлі цейтнот жағдайына тап болды. көңілін күпті қылған бірқатар сұрақтарды күн тəртібіне шығарды. Осыған байланысты канцлердің рейтингі 2011 жыл ғы қазан айындағы ең төменгі деңгейіне жетті. Канцлерді былай қойып, одақтастар Германияның өзінен де сырт айнала бастады. Мəселен, Швеция үкіметі елдің шекарасындағы бақылау шараларын күшейте бастаса, Австрия, тіпті, Шенген келісімін уақытша тоқтатуға дейін барып отыр. Ал Еуропалық одақта бұл елдердің жақтастары көптеп саналатындығы да даусыз. Spiegel журналының хабарлауынша, канцлер кеңсесіне 44 консерватор депутаттар қол

ТОЛЫ ДЇНИЕ

Тайваньда – тўѕєыш əйел президент Өткен сенбіде Тайваньда президент жəне парламент сайлаулары болды. Бұл шым-шытырық тарихы бар Тайвань елінде алғаш рет əйел азамат президент болып сайланды – Демократиялық прогрессивтік партияның көсемі Цай Инвэнь жеңіске жетті.

АЌШ акциялары арзандады

Еуропаны үлкен тығырыққа тіреген заңсыз мигранттар мəселесі канцлер Меркельді де 10 жыл билік басында болған жылдар ішінде алғаш рет ерекше күрделі жағдайға қалдырды. Босқындар мəселесінде босаңдық таныту канцлердің саяси беделіне өшпес нұқсан келтіреді, деп жазады немістің Spiegel журналы. Қазір Еуропалық одақтың құндылығы болып табылатын ашық шекара мəселесін сынайтын саясаткерлер қатары күннен-күнге көбейіп келеді. Мұндай сын Меркельдің өз партиясындағы əріптестерінің арасында да өсіп отыр. Сарапшылардың айтуынша, Кельн оқиғасы неміс халқының

ДҮБІРГЕ Мамадияр ЖАҚЫП, журналист.

ОПЕК-тің желтоқсан айындағы кезекті есебі алдағы жылға құнды болжам жасауымен сарапшылардың назарын аударды. Бұл ретте баяндама авторлары біршама болса да инвесторлардың көңілін аулағысы келген сыңайлы. Картель өткен жылдың желтоқсан айында тəулігіне 32,2 миллион баррель мұнай өндірді. Бұл қараша айымен салыстырғанда 200 мың баррельге кем. Бұл көңілге біршама сенім ұялататын жаңалық болғанымен, мұнай нарығындағы ахуалды өзгерте алмайды. Оны ОПЕК баяндамашылары да мойындайды. «Əлемдік рыноктағы мұнай өнімдерінің сұраныстан артып кетуі, сонымен бірге, Қытай экономикасы өсімінің төмендеуі мұнай нарығын тұрақтандыруға мүмкіндік беретін емес», деп атап көрсетілген баяндамада. Баяндама бойынша, 2015 жылы ОПЕК елдерінің шикі мұнайға деген сұранысы тəулігіне 29,9 миллион баррельді құраса, картель тəулігіне 31,85 миллион баррель мұнай өндірген. Болжам

7

www.egemen.kz

қойған хат келіп түскен. Онда депутаттар босқындар мəселесіне қатысты саясатты жедел өзгертуді талап етеді. Хатта көрсетілген талаптар бойынша, Германияға қабылдайтын мигранттар санын жылына 200 мың адамға дейін шектеу, шекараны жабу шаралары алға тартылған. Меркель жəне оның айнымас жақтасы, Германия мемлекетінің қаржы министрі Вольфганг Шойбленің пікірінше, шекараны жабу Шенген келісімінің болашағына балта шаппақ. Сондықтан, мұндай қадамға ешқашан жол беруге болмайды. Сарапшылардың пікірінше, Еуропадағы босқындар мəселесі

ушығудың нағыз шегіне жетті. Оған тек қана Кельн оқиғасын кінəлауға болмайды. Ангела Меркель өткен жылы Еуропаға ағылған босқындар санын кеміту мүмкіндігіне қол жеткізе алмады. Ол бұл орайда Түркия мемлекетіне сенген еді. Алайда, Түркия билігі Меркельдің сенімін ақтамады. Кəрі құрлықты күрделі ахуалға ұрындырып отырған босқындар мəселесінде Ангела Меркель Еуропалық одақтағы əріптестеріне де үлкен сенім арта алмайды. Əрине канцлерге Еурокомиссия төрағасы Жан-Клод Юнкер барынша қолдау көрсетіп келеді. Алайда, «жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың аты шықпас» дегендей, жалғыз Жан-Клод Юнкердің қолдауы Еуропалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының барған сайын өзгеріп бара жатқан пікірлеріне қарсы тұра алмайды. Еуропалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары арасындағы бірауыздылықтың болмауына байланысты босқындарды бөлу квотасының да күлі көкке ұшты. 2015 жылдың қыркүйек айында Одаққа мүше мемлекеттердің барлығына квота бойынша 160 мың босқын бөлу белгіленген еді. Алайда, күні бүгінге дейін бұл квота бойынша бар болғаны 272 босқынды орналастыруға мүмкіндік жасалды. Соңғы кезде канцлердің саясатына қарсы үкімет мүшелері арасында да пікір білдіргендер көріне бастады. Мəселен, Германия үкіметінің көлік министрі Александр Добриндт Кельн қаласындағы оқиға неміс тердің қауіпсіздігіне қатер төндіргендігін атап көрсетіп, босқындар мəселесінде шұғыл шаралар қабылдауды талап етті. Ал Австрия мемлекетінің шекараны жабу жөніндегі шешімі Меркельдің ашық саясатына соңғы соққы болып отыр.

Əлемдегі ең ірі компаниялардың топменеджерлері арасында жүргізілген сұрау салу жаһандық экономиканың болашағы бұлыңғыр екендігін көрсетті. Сұрау салу қорытындысы бойынша, дүниежүзіндегі ірі компаниялар басшыларының 27 пайызы ғана биылғы жылы жаһандық экономиканың өсетіндігіне сенеді екен. Өткен жылы олардың қатары 37 пайызға тең болған еді. Жыл сайын Давос бүкілəлемдік экономикалық форумы қарсаңында PwC зерттеу компаниясы əлемдегі ең ірі компаниялардың басшылары арасында сұрау салу жүргізеді. Биылғы жылы бұл шараға 83 мемлекеттен 1 409 компания басшысы қатысқан. Аталған компания басшыларының 23 пайызы əлемдік экономиканың дамуы төмендейтіндігін күтеді. 2015 жылдың басында олардың қатары 17 пайыздан аспаған болатын. Компания басшылары өздері басқарып отырған ұжымдарының да биыл мол табыс табатындығына сенімі аз көрінеді. Мəселен, Қытай компаниялары басшыларының 24 пайызы (2015 жылы 56 пайыз болған), АҚШ компаниялары басшыларының 33 пайызы (2015 жылы 46 пайыз болған), Германиядағы ірі компаниялар басшыларының 28 пайызы (2015 жылы 35 пайыз болған) өз компанияларының биылғы жылды табыспен аяқтайтындығына сенеді екен.

Топтаманы дайындаған Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Тайвань туралы айтқанда, əсіресе, ресми адамдар байқап сөйлейді. Əлем елдерінің көпшілігі «Бір Қытай қағидатын» мойындағандықтан да, Тайваньды ресми түрде жеке мемлекет санамайды. Бірақ əлемде талай мықты дейтін елдермен тайталасатын Тайвань дейтін экономика барлығын мойындамай жəне тұра алмайды. Көп ел онымен экономикалық қарым-қатынас жасайды, саудасын жүргізеді, халықаралық қоғамдық, мəдени ұйымдардың да онымен байланысы бар. Айталық, спортшылары əлемге танылған. Мұның мəнін тереңірек түсіну үшін тарихқа жүгінген жөн. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайда бұрын агрессорларға қарсы күресте Чан Кайши басқаратын Ұлтшылдар партиясы (Гоминьдан) мен Мао Цзедун басқаратын Компартия бірлесіп қимылдаса, соғыстан кейін билікті бөлісе алмай, елде азамат соғысы етек алған. КСРО-дан көп көмек алған Компартия жеңді де, Чан Кайши Тайвань аралына барып паналады. Ал бұл кезде 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланып, кейін алып елге айналды. Бұл ел Тайваньды өзінің бір бөлшегі санайды. Ал бұл аралдағы мемлекет өзінше өмір сүріп жатыр: мықты экономикасы өз алдына, президенті, парламенті бар, саяси партиялар елдің саяси жүйесін айқындайды. Арал-мемлекетте жетекші екі партия бар, басқалары олармен коалицияға бірігеді. Чан Кайши негізін қалаған Ұлтшылдар партиясы (Гоминьдан) ұзақ мерзімде билік басында болса, соңғы кезде Демократиялық прогрессивтік

партия (Миньцзиньдан) айтарлықтай беделге ие болды. Олар 2000-2008 жылдарда билікке жетсе, 2008 жылы Гоминьдан билікке қайта келген. Міне, енді тағы да билік ауысып отыр. Осы жерде бұл партиялардың ұстанымына тоқталу қажет-ақ. Кезінде Тайвань антикоммунистік қамалға айналса, бүгін гоминьданшылар өмірге біршама шынайы лықпен қарап, материктік Қытаймен байланысты жақсартуды қалайды. Бұл – өмірдің талабы, тіресе бергенмен мəн шықпайтыны белгілі. Тайваньның дербестігін, тəуелсіздігін ұранға шығарды. Жалпы, халыққа тəуелсіздік идеясының ұнайтыны белгілі. Миньцзиньданшылар арал-мемлекеттің тəуелсіздігін жариялаймыз демегенмен, материктік елмен мүмкін болғанша арада алшақтық сақтауды қалайды. Осы идея оларға жеңіс əкелді. Цай Инвень кəнігі саясат шы қайраткердің, парасатты тұлғаның сөзін айтты. Жеңіске жетіп, тəуелсіздік туын көтереміз деген жоқ, материктік Қытаймен байланысын үзбейтінін мəлімдеді. Өз кезегінде Бейжің де жаңа президентті ойланбаған қадамдардан сақтандырды. Ал жаңа президент ең алдымен АҚШ-пен байланысын нығайтуға ұмтылатынын жасырған жоқ. Вашингтон да дипломатиялық тілмен сөйледі. Алдымен кеткен президент Ма Инцзюге жақсы əріптестігі үшін рахметін айтты. Бір жағынан бұл жаңа президентке де құлаққағыс. Цайдың өзін құттықтап, АҚШ пен Тайвань халқының бейресми байланысын нығайтуға мүдделілігін білдірді. Бұл – сыртқы жаққа қатысты жай. Ел іші айтарлықтай толқыды. Цайға халықтың 56,28 пайызы дауыс берсе, Гоминьдан кандидаты Жаңа Тайбэй мэрі Эрик Чуды 31,04 пайыз сайлаушы қолдапты. Əсіресе, жастар жағы сайлау нəтижесін өз жеңісіндей қабылдаған. Чу болса, бірден партия көсемі орнын тастап кеткен. Қалай дегенде де, бұл аралелдегі жағдай шектен шықпайтыны аңғарылады.

Шенген аймаєы тарылатын тїрі бар

Жақында газетімізде Австрияда Шенген келісімі уақытша тоқтатылатыны туралы федералдық канцлер Вернер Файманның мəлімдемесі жайында жазылды. Бұл қазір жалпы Еуропалық одақ елдері үшін өткір проблемаға айналып отыр.

Бұл проблема сонау Африка, Азия құрлықтарындағы елдердегі саяси тұрақсыздықтан Еуропаға ағылған мигранттардың келуінен туындап отыр. Мəселен, соңғы 5 жылда Сириядан Еуропаға 507 мың мигрант келді. Соғыстан берекесі қашқан халық тыныш елдерге ұмтылады. Қанша бақуатты болғанмен, Еуропадағы елдер негізінен өз халқына лайықты ырыздық дайындайды. Сырттан келгендердің біразына рыздығынан бөліскенмен, артық адамды асырауға Австрия сияқты ауқатты елдің де шамасы келе бермейді. Содан да олар келімсектер тасқынын тоқтатуға мəжбүр. Біршама ақпарат құралы Еуропа елдері сырттан келген бос қындарды жөндеп қарсы алмай жатыр деп айыптауға құмар. Əділдікке жүгінгенде, қайырымды кəрі құрылық – Еуропаның сырттан күн көре алмай келгендерге қолынан келгенше қамқорлық көрсетіп жатқанына рахмет айтқаны жөн шығар. Сын айтсақ, айыптасақ, өз халқына жағдай жасай алмаған, амалсыздан басқа жаққа босып кетуіне итермелеген елдерді, олардың билігін айыптаған жөн шығар. Шенген келісімінің кейбір елде тоқ татылуына келсек, бұл енді – мəжбүрлік əрекет. Қазіргі күнде өз елдерінің шекараларында құжаттық бақылау енгізген ел жалғыз Австрия емес, бұл тəртіп бұдан бұрын-ақ Норвегия, Швеция,

Дания, Германия, Франция жəне Мальтада да енгізілген. Осы жерде жалпы Шенген келісімі туралы аз-кем айта кеткен жөн. Келісімге 1985 жылы 14 маусымда қол қойылды. Алғашында оған бес ел – Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Франция жəне Германия мүше болды. Бұл келісімнің негізді де тиімді екеніне көздері жеткен соң, оған басқалар да қосылды. Қазір оған Еуропаның 26 елі мүше. Елдердің бір-бірімен шекарада тексеру-бақылауды алып тастауы экономикалық байланысты өрістетуге жол ашатыны өз алдына, өзара сенімді де нығайтады, бұл елдердің саяси бір лігін де күшейтеді. Бұған бұрын бас қа аймақтағылар қы зыға да қыз ғана қараса, енді соған селкеу түсті. Əсте де бұл Шенген ай ма ғындағы елдердің ынты мағының əлсірегенінен емес, сыртқы жағдайдың, басқа жақтардағы тұрақсыздықтардың салдарынан болып отыр. Еуроодақ елдерінің бұған қатты мазасыздануы да шындық. Еуро палық кеңестің төрағасы Дональд Туск еуропарламентарийлер алдында сөйлеген сөзінде өзінің сыртқы шекарасын қорғай алмаса, Еуроодақ саяси жоба ретінде күйреуі де мүмкін десе, Еурокомиссияның басшысы ЖанКлод Юнкер де Шенген аймағының жойылуы Еуроодақтың өзіне де қауіпті дегенді айтып жіберді. Бұл енді қатаң айтып, қауіппен сақтандырудың да жолы шығар. Дегенде, қауіп үлкен. БҰҰның есебінше, биыл, 2016 жылы Еуропаға ағылған мигранттар тасқыны екі есе, ал Еуроодақтың есебі бойынша үш есе артпақ. Оның салқыны бүкіл əлемге тиеді. Кейбіреулердің Шенген аймағының сетінегеніне қуанғандай табалауы – пендешілік пиғыл.


8 Х

АТШЫЛАР мен деректанушылар айтса – айтқандай, керей қызы Сорқақтан «қара шаңырақтың» да, өзінің «алтын ұрықтарының» да, керей төркіндерінің де қамын кеңінен қарастырыпты. Осы үш мақсатқа жету үшін, əрине, өз мүддесіне орай, барлық бопса мен былғаққа көніпті. Бұл үш мүдде, шындығында да бопсалауға татитын мүдде. Мысалы, дүниені уысында ұстаған Күйік қаған заһарын төге: «Əмеңгерлік жолымен менің үлкен ұлыма ти» деп зекігенде, жайдары ғана: «Қаған жарлығына қалай қарсы шығайын. Алайда, менің мақсатым: балаларымды ес біліп, өз еркін өздері билегенше тəлімді етіп тəрбиелеу, бірбіріне жат бауыр етпеу, сөйтіп, олардың татулығы арқылы қағанатқа қандай да бір септігін тигізу», дейді. Орынды сөзге оспадар Күйік те уəж айта алмаған. Сондай-ақ, Толудың еншісіне, яғни, тікелей өзіне тиесілі жұлдыз (сұлдыз) тайпасынан жасақталған екі мың шерікті Күйіктің екінші ұлы Қоданның қарауына беру туралы жарлығына да ырқымен көнеді. Қарашыларына: «Үгедей қаған Шыңғыс қаған құрған мемлекеттің заңды иесі, ұлыс та, аймақ та соның дəргейінде, жер де, ел де соныкі. Сондықтан да, жарлыққа бағынуымыз керек», – деп басу айтады. Тіпті, өзінің төрт ұлына Қоданмен қолтықтасып өсуді тапсырады. Оның есесіне, Қытайдағы Хыбей аймағын: «Менің марқұм күйеуім Толу жаулап алған жер» деп, «күйікті Күйік қағанның» өзіне бермейді. Тағы бір ретте Еуропаны жаулаған кезде Белградта тұтқынға түскен француз зергері Вильгельмді Күйік қағаннан өзіне тиесілі «заңды мұрагерлік əскери олжа» ретінде сұратып алады. Ал сол зергер (əрине, Сорқақтанның тапсыруымен жасалған) осы күнге дейін моңғол ұлты қасиет тұтып, қадарлы қада қатарында бағаланатын, төрт шүмегінен төрт түрлі шарап пен сусын ағып тұратын мықан ағаш үлгісіндегі күміс қауызды Мөңке қағанға сыйға тартты. «Сорқақтан қатын»: Толудың қара шаңырағының иесі ретінде Күйік қағаннан қағанатқа еркін «кіріп-шығатын, жеңілдікке ие «ортақшы көпестердің» құрамына мұның да саудагерін енгізуді талап етті. Қазынасының қорын молайтудың жолын осылай тапты. Сөйтіп, «шаңырақ ағасы» шораяқ Батыйдан бастап тұқыртып, «қарашыларының терісін сыпырудан тайынбайтын» Күйіктің тілін тауып, дегеніне көндірді. Үгедей бұған қоса Сорқақтанға: ордаға келіп түскен сый-сияпат пен олжаны бөліп беретін құрметті Бас бəйбішелік құқықты берді. Соның нəтижесінде, «Сорқақтан қатын» «қара шаңырақтың» төрінен дəмелі, тұңғыш ұлы Мөңке қаған болып тұрғанда жəне «Найманжин қатынның» тұсында (Үгедейдің ханымы) аса қуатты күшке айналды» (Рашид ад-дин). Күйіктің осы жақсылығын керей қызы – «қара шаңырақтың бегімі» Сорқақтан қалай қайтарды дейсіз бе? Қайтаруын – қайтарды. Бірақ Үгедей мен Шағатай тұқымдарын қайтып қатарға қосылмайтын етіп, «тұрымтайлатып – тұсына, бозторғайлатып – бұтаға қонақтатып» жіберді. Күйік қаған «күйіп кетпей» үш мұратына жету мүмкін емес еді. Сондықтан да, қара шаңырақтың ағасы Батый шораяққа: «Күйік қалың қолымен сізді шапқалы аттанып барады. Сақтаныңыз!» деп астыртын хабар жібереді. Ақыры, Күйік Самарқан шаһарында белгісіз жағдайда ажал құшады. Содан кейін Күйіктің қатыны, Меркіттің қызы Үгіл-Қаймышты қайқаңдатпай, қарасын батырудың қамына кіріседі. Мөңке бас татқан ұлдарына: «Күйіктен туған ханзадалар «шаңырақ ағасын тыңдамайды, енді сендер сəлем бере барып, сырқат аталарыңның көңілін сұрап қайтыңдар», дейді. Ақылды ананың айтқаны орын далады. Шораяқ Батый батасын береді. Інілері Берке мен Тоға-Темірді Қарақорымға жіберіп, құрылтайды шақырудан бойын аулақ сап, саяқ жүрген Күйіктің тұқымдарын: құрылтайды өткізуден бас тартты-мыс дегізіп, Толудың ұлы Мөңкені ұлы қаған сайлатып тынды. Сөйтіп, «Сорқақтан қатын» алғашқы мұратына жетті. Бұдан кейін төрт ұлының отырған тағын қауіпсіздендіруге кірісті. Онсыз олардың басынан өлім қаупі мəңгі кетпейтін. Бұл – кез келген шеше үшін ең басты үрей еді. Ол үшін Үгедей мен Шағатайдың шаңырағын ортасына түсіру қажет болатын. Шыңғыс ханның баталы қосағы, керей қызы əрі əпкесі Абике-бегімнің (Айбике-бегім) кегін Үгіл-Қаймыштан қайтармай көңілі көншімейтіні де анық. Сонымен, қағанатқа қарасты «қатындар сотының» төрайымы дəрежесін алып, келеге кіріседі. Шағатайдың немересі, Күйік хан тақтан ысырған керей қызы, сіңілісі Ергене қатының күйеуі, қазақша айтқанда, күйеу баласы Қара-Құлағуды Шағатай ұлысының хандығына қайта тағайындатады. Сөйтіп, Үгіл-Қаймыш жəне Тоғашы қатын бастатқан Үгедей мен Шағатай əулетінің ханымдарын «киізге орап, суға ағызды». Жетпістен аса ханшалар мен бегімдер солардың керін құшты. Темужиннің шешесі Өлеуін-үжінмен тең дəрежеде бағаланып, өзінің ұлдарын немере ағаларының алдын орап қағандық дəрежеге жеткізген (Мөңке), жеке ұлыстарға хан сайлатқан (Құбылай – Қытайға, Құлағу – батысқа) «Сорқақтан қатын» «даңқты, сүйкімді, сабырлы жəне ------------------------------(Жалғасы. Басы 12-нөмірде)

www.egemen.kz

22 қаңтар 2016 жыл

Зерде қайырымды» Алан-гуадан кейінгі «Ешиқатын» – Бесік қатын (Ханша – корень рода) деген марапатпен 1252 жылы наурыз айында Пекинде дүниеден өтті. Ол өзінің туған ұлысы керейлерге мəңгілік меншікке алып берген Гансу өлкесіндегі Чжанье қаласына жерленді. Ал осы Гансу өлкесінде дəл қазір – ескіден қалған, бірақ қытайланып кеткен көне керейлер де, ХІХ ғасырдан бастап Алтай асқан, Шұғай мен Бағылық тауын басқан кейінгі керейлер де мекен етеді. Алдыңғыларын – еңселі бойынан, етжеңді денесі мен қара қою қасынан шырамытасың. Ал кейінгілері Анадолы мен Астананың арасында емін-еркін «көшіп жүр». Осыданақ «Сорқақтан қатынның» үшінші мұратына да жеткенін мойындайсың. Ол үш мұратына ғана жетіп қойған жоқ, Үгедей мен Шағатай ұлысын да тізелетіп кетті. Ол ұлысқа Мөңке мен Құлағудың «алтын ұрықтары» себілді. Тек кіші ұлы Арық-бұға ғана өзінің туған ағасы Құбылайдың тепкісіне ұшырап,

жариялап, Ергене-бегімді тұтқындауға жарлық берді. Алайда, Арық-Бұға оны жол үстінде қолға түсіріп, өлім жазасына кесті. Ергене-бегімнің де еңбегін еш кетіріп, ұлыстың билігін Шағатайдың немересі Алғиға берді. Алғи да Арық-бұғаға «осы сыйды» көрсетіп, Құбылайға қарсы əскер жинауға жіберген елшілерінің жанын жаһаннамға жіберіп, Құбылай жаққа құбылып түседі. Алайда, Арық-Бұға Іле өзенінің бойындағы бас астана – Алмалықты басып ап, Алғиды қашқын атандырады. Бұл жеңіс те ойраттың күйеу баласын ұшпаққа жеткізбейді. Əскері аштыққа ұшырап, Құбылайдың қоршауында қалады. Үлкен ағасынан кешу өтінеді. Ал бұл аралықта Атбасыдағы (Атбашы, Ыстықкөлдің жағасы) ордасында бас сауғалайды. Ұлыстың қарашыларының арасында орасан беделге ие Ергене-бегімге Алғи сөз салады. Ұлы Мүбəрəкшаһты таққа отырғызуға уəдесін алып, Ергене-бегім үшінші рет төсек жаңғыртады.

Қаған таққа отырғанда таңғұт ламасының батасын алу «қасиетті парыз» ретінде саналды. Кім де кім Бас ламаның батасын алмаса, не Тибеттен жолдаған жазбаша келісімін алмаса, құрылтайдың шешіміне қарамастан, заңсыз тақ иесі – деп есептелді. Пұт дініне мұндай басыбайлы табыну Құбылайдың патшалығын ғана емес, бүкіл моңғол қағанатының тəркі дүниеге көшіп, іштей божырауына алып келді. Заман өте, еркек кіндік атаулының тұқымы қалмай жорыққа аттанып, ержеткен ұлдың барлығы қағанат кешіктені – ұланы қатарына алынып, «қара шаңырақта» тек қатын-қыздар ғана қалған тұста, еркек тұқымды сақтап қалу үшін шешелері ұл атаулының барлығын «кешілдікке» берді. Ал олардың үйленуіне пұт рəсімі бойынша тыйым салынатын. Сөйтіп, ұлы қағанаттың «қара шаңырағы» – ондап қатын алып, отыз-қырық бала таптыратын «алтын ұрықтардың» ұлан-ғайыр ата мекені – өсімсіз қалды.

үшін, наубайханада пісірілетін тоқаштың ішіне: «1368 жылы қыркүйектің 31 жұлдызы күні түнгі сағат 12-де əркім өзінің моңғол қожайынын өлтірсін. Сол сəттен бастап ұлт-азаттық көтеріліс басталады», – деген жасырын үндеу салып таратады. Сол кездің өзінде жүз миллион қаралы қалың қытай бір түннің ішінде паң-шұңсыз жатқан моңғолқожайындарын шетінен бауыздап шығады. Дереу Ханбалықты (Бейжіңді, яғни, солтүстік астананы) басып алып, моңғолдың соңғы қағаны Тоған-Темірді Көкжайлауға – Шандуге ығыстырады. Келер жылы 20 шілде күні одан да қуып шығады. Тоған-Темір келер жылы, яғни, 1370 жылы қазіргі Ішкі Моңғолияның Тұңияу аймағында құсадан өлді. Осыдан кейін моңғол империясы алғашында: шығыс-солтүстік, батыс-оңтүстік хандығы болып екіге бөлінді. Бірі – негізінен халха моңғолдар, қытайлардың бодан хандығы, екінші жартысы – АрықБұғаның дəргейіндегілер жартылай дер-

Кекті бесік немесе «кекті ќатындар» мен «кекті жатырда» ўйыєан хандыќ Тұрсын ЖҰРТБАЙ.

қалған ғұмыры тебін мен қуғында өтті. Жай қашып жүрмей, сыртқы Моңғолия мен Шығыс Түркістанды ойранды былғаққа ұшыратты. «Жоңғар – сол қол» атты дүлейді оятып, Сары өзен мен ЕділЖайықтың арасын қанды шаңға көмді. Сөйтіп, керей қызы «Сорқақтан қатын» болашақ жоңғардың кіндік əкесін тербеткен «бесік анасы» болып есептеледі. Əрине, оған ойрат Құтуқа бектің қызы Ергене бегімнің де тікелей септігі тиді. «Қаса сұлуға тəн жарасымнан жаратылған, мұндай сүйкімді, бұралып тұрған сымбатты, кербез келіншектің суретін ешқандай суретші келістіріп сала алмайды» – деп Уəссап парсы тамсана суреттеген Ергене – ойрат Құтуқа-бектің ұлы Төрелші мен Шыңғыс ханның кіші қызы Шешектен туған. Ол Шағатайдың үлкен ұлы Мұтығанға ұзатылады. Бір əпкесі Елшікміш – Арық-бұғаға (есте ұстаңыз), екінші əпкесі Құбақ-қатын – Құлағуға, үшінші əпкесі – Батыйдың ұлы Тоғанға (Алтын орданың ханы Меңгі Темірдің шешесі) тұрмысқа беріледі. Осыданақ Ергене бегімнің қағанаттың мысын еркін басуының себебі аңғарылады. Мұтыған төрт ұлды таптырып, дүние салады да, Ергене əмеңгерлік жолымен Қара-Құлағуға бұйырады. Ал ол «Сорқақтан қатынмен» тізгін ұшынан жалғасып, Шағатай ұлысының хан тағына отырады. Есу-Мөңкенің ханымы Тоғашы-қатынның бұған көрсеткен қорлығына – қорлық көрсетіп жауап береді. Күйеуі Есу-Мөңкенің көзінше Тоғашы-қатынның он екі мүшесін бірбірлеп сындырып, қинап өлтіреді. Таққа отыруға бет алып бара жатқан жолда – Алтай аңғарында Қара-Құлағу көз жұмады. Одан туған жас бала Мүбəрəкшаһты ұлыстың ханы етіп бекітеді. Сөйтіп, Ергене-бегім Мөңке қағанның жарлығымен «аманат билік иесі» деп жарияланады. Мөңке мен Жошы ұлысы – Шағатай мен Үгедей əулетінің шығысы мен батысын қосып алып, Ергене-бегімге «елеусіз ғана үлес – «оңтүстік батысты» қалдырып еді. Ал мұның өзі тұтастай Мəуренаһр өңірін қамтитын. Ергенебегім билеген тұста дінге еркіндік берді, ұлы – Мүбəрəкшаһ мұсылмандыққа өтті. Ұлы қағанның жарлығына сай Ергенебегімге: «Шағатай мен Үгедей əулеті дерліктей мойынсұнды. Əкімшілік пен аймақты тəртіпке келтірді, қаржы-қаражатты есепке алды. Мұсылмандар мен пұтқа табынушылар тату тұрды. Бағдат халифтарына жорыққа аттанған Құлағуды Алмалықтағы ордасында салтанатпен қарсы алып, бір жыл күтті. Бұл шағатай ұлысының алтын дəуірі еді. Тіпті, ұлыстың атын «Ергене ұлыс» деп атауға дейін барды», – деп тəпсірлейді жазба иелері. Бірақ 1259 жылы Мөңке қаған дүниеден өткен соң ұлы қағанаттағы ұлы былғақ басталды. «Сорқақтан қатынның» екі ұлы – Құбылай мен Арық-бұға «ұлы жұрттағы» «қара шаңырақ» үшін таласқа түсті. 1260 жылғы құрылтайда екеуі де хан деп жарияланды. Ал бір қағанатта екі хан болмайды. Құбылай – қытайда «Моңғол империясын» – «Юань патшалығын» құрды. Сол құрылтайда Ергене-бегім ойрат қызы, туған əпкесі Елшікміштің күйеуі – Арық-бұғаға қолдау көрсетіп, бұрынғы ұлы қағандардың ұлы – Асутай мен Ұрынтастың (Мөңке), Алғидың (Шағатай немересі) дəргейімен таққа отыру салтанатына қатысты. Құбылай мұны құп көрмей Шағатайдың тағы бір тұқымы Абышқаны ұлыс ханы етіп

Еліне жаққан Ергене-бегім біздің ұстанымымызға тікелей қатысты: ойрат хандығын құруға, яғни, Арық-бұғаны құрылтайда хан сайлатуға ұйытқы болғаны, сол арқылы ойраттарды тақтан дəмелендіріп, тақ мұрагерлігіне таласқа түсіп, ойраттардың тарих сахнасына шығуына мүмкіндік берген демеуі үшін əфсанамызға арқау болды. Хандыққа кəніккен Арық-бұғаның қайынжұрты бірте-бірте Шыңғыс қағанатының шаужайына жабысты. Ал ойраттардың рухын ұйытып, сөйтіп, болашақ қазақ хандығының «ата жауының» сана бесігін тербеткен – қоңырат Дай шешенің ұлы Алғидың қызы Шəпи еді. Қағанаттың қызығын алаңсыз көрген Шəпи қыз – төрт құбыласы түгел, қамсыз бой жетті. Бөрте үжіннің сіңілісі, шораяқ Батыйдың балдызы (Үкі қатын – туған əпкесі, «Сорқақтан қатын» «киізге орап, суға ағызған» Қатағаш қатын жиен əпкесі) болатын. Құбылайды құрығында ұстау үшін Мөңке қаған келіні Шəпиді өзімен бірге жорыққа алып жүрді, яғни, аманатқа ұстады. Мөңке іш сүзегінен, не қаңғыған оқтан қаза тапқанда қағанды жоқтаған үш қатынның бірі осы Шəпи. Қара шаңырақтың иесі Арық-бұғаның: «құрылтайдың қауіпсіздігін сақтау үшін» деген сылтаумен Құбылайдың əскерін өзінің қарауына жіберу туралы жарлығын күйеуіне кешіктіріп жеткізіп, алдын ала сақтандырған да Шəпи. Құбылай Арық-бұғаның қағандығын мойындамай, дербес қытай патшалығын (Юань) жариялағанда «қағанат қатын» – императрица боп жарияланды. Сөйтіп, азамат соғысы басталып, ақыры Құбылай жеңіске жетті. Шəпи – Құбылай қағанның өзі сөзін екі етпейтін ақылман ханым болды. Күйеуін талай рет əбес шешімнен қақпайлап қалды. Ал өзінің жеке басына келсек: ғылым мен өнерге ерекше ықылас қосып, қолдау көрсетті. Ұрпағының қамын ойлап, олардың «мың жылда да тақтан түспеуіне алаңдап» өмір сүріпті. Көрпенің құрағын да рəсуа еткізбейтін шебер, қойдың сирақ терісін сыпыртатын сараң аты шығыпты. Күйеуі Құбылай садақ тартқанда көзіне күн түспес үшін күнқағарды ойлап тапқан да Шəпи көрінеді. Бұл күнқағар кейін қағанаттың бас киімінің тұрақты үлгісіне айналыпты. Ал Шəпидің ең ұлы ісі – пұт дінін моңғол мемлекетінің ресми дініне айналдыруында. «Хан – империяның иесі, лама – рух патшасы» деп жариялатты. Пагба ламаны «Дін қорғаны» деп дəріптеді. Алғашқы пұтхана мектебін ашты. Тибет – рух байтағы атанды. Шəпи сол арқылы ойрат тұқымын «рух патшалығына» жеткізіп, қағандықтың заңды үміткері етті. Шəпи төрт ұл, бес қыз тапты. Жылна машылар мен хаткерлер Шə пи «асқан сұлу əрі талантты» деп жазды. Р.Ю.Почекаева мен И.Н.Поче каевтың айтуынша, «Юань» əулетінің патшайымдарының ішіндегі бізге жеткен, əлде қытай, əлде моңғол, əлде түркі суретшісінің қылқаламына ілінген бейне де осы Шəпидің портреті. Осында Шəпидің дидары Пұттың, яғни, Будданың портретіне ұқсатылып салы нуы патшайымға көрсетілген үлкен құрмет. Пұт құдайының атажұрты Тибетті, яғни, таңғұттарды мемлекетке – қағанатқа бағынбайтын, алым-салық төлемейтін, əскерге адам бермейтін, қағанмен тең құқыққа ие, «екі заң», «екі билік» қатар жүретін «рух патшалығы» – деп жариялатқан Шəпиді пұт тақуасына ұқсатса – ұқсатқандай еді. Лама – «ақылдың кені», «əдептің əдібі», «тіршіліктің тігісі», «жанның ұясы» деп танылды.

Ақыры, бес ғасыр бойы «белі суыған қағанат» – қытайланып, таңғұттанып, түр кіленіп, арабтанып, парсыланып, орыс танып, ойраттанып тынды. Пұт діні – ұлыстық дінге айналып, ұрығын ұйытқан «ойрат жиендер» – таңғұттардан тəлім алып, дін басы, «алтын ұрықтың» қонтайшысы – жиені атанды. АрықБұға ханның сенімді шерігі, қағанаттың қормалы, Құбылай қағанның дін тірегі атанған ойраттар «тоқаш тойынан» кейін (1368) қағанаттың заңды «солтүстіктегі сол қолынан» – жоңғарға, еуропалықтардың атауынша «көшпелілердің соңғы империясына» немесе «соңғы көшпелілер империясына» айналды. Бұл империя – батыс қағанатқа – барунғарға, яғни, «Алтын ордаға» ұмтылды. Ал ол жолды қазақ даласынсыз аттап өте алмайтын. Ойраттар «рух патшалығына» қандай құдіретпен ие болса да, екінші билікке – мемлекет билігіне дербес əскер жасақтамай, өз ішінен хан сайламай ие бола алмайтын. Қоңыраттың Шəпи қызы берген «рух иелігі» құқына ойрат қызы Мандухай «тақ иелігі» құқын қосып берді. Мұндай ұлы мүмкіндік Шыңғыс ханның өзінен кейін ешкімге берілмеген еді. Мұқым қытайдың келешек тағдырын анықтап, жалпыға ортақ пұт дінін кіргізуі арқылы оларды бір таным мен мүддеге біріктіріп кеткені үшін де Шəпи патшайымға миллиардтар елі қарыздар. Бірақ, Шəпидің «Шан дуды» – Көкжайлауды жазғы сарай еткен ақылының қайыры ұзаққа созылмады. 1368 жылы «тоқаш тойы» басталып, моңғол империясының ұлы қағаны Тоған-Темірді қытай жерінен қуып шықты. Жоңғардың – жоталануы, жоңғарлардың, соған ілесе моңғолдардың, соларды өкшелей қуған мəнжулердің, сол «жорық көшінің» орнын иемденіп қалған кейінгі қытай империясының қазақ даласына қарай жаппай қотарылуы осы «тоқаш тойына» тікелей қатысты. Мұны білмей, біздің ұлтымызға зауал боп төнген «жоңғар шапқыншылығының» түпкі мəті бін түсіну мүмкін емес. Сондықтан да, осы арада қысқаша қайыра кетеміз. Оның мəнісі мынадай: моңғолдарға əбден кектенген қытай шектілері оларды қалайда құлатуға тырысады. Сол мақсатқа жету

бес хандық құрды. Тоған мен Есеннің ойрат хандығы тарих сахнасына шыққанда аумалы-төкпелі өмір сүрді. Ақыры, əуелі – қытайдың Миң патшалығының жаяу шеріктерінің екпінінен, содан кейін мəнжулердің атты əскерінің тепкісінен ығысқан жоңғарлар қазақ даласының етегін басты. Ұлы қазақ-ноғай даласынан басқа олардың жаны қонақ табатын кеңістік те қалмап еді. Ал Сарыарқа мен Ертіс, Еділ-Жайық, Сырдария бойында оларды тағы да сол сонау Сарыөзен (Хуанхэ) мен Сардалада (Ордоста, бүгінгі ҚХР-дағы Ішкі Моңғолияда) «мəңгілік қалған» жалайырлардың, наймандардың, меркіттердің, қоңыраттардың, алшын дардың екі жүз елу жыл бұрын батысқа ығысқан екінші жартысы қылышын жалаңдатып күтіп тұрды. Олар өзінің бұрынғы ру атауларына ортақ алаш ұранын алып, Қазақ хандығын құрып, ұлт болып ұйып келе жатыр еді. Ойраттардың тілдік жəне əскери дəстүріне бейімделген түркітектестер бірте-бірте моңғолтілдене бастады. Бұларды, қазақтар (қалғандар, мəңгілік сонда қалмақ» деп) сол ғасырдан бастап оларды «қалмақ» атандырды. Кейін бұл атау «жоңғарларға» бұйырды. Сол «тоқаш тойынан» кейін араға ондаған жылдар салып барып қағанаттың ойрат пен қытайға, мəнжуге кеткен қарымын ойрат қызы Мандухай қайтарды жəне жай қайтармай, ойраттардың жалын күдірейтіп кетті. ТЫ аңызға айналған «Шыңғыс қағанатын мүлдем құрып кетуден сақтаған», «қағанаттың құтқарушы анасы», «Шыңғыс қағанның рухын оятқан», «данышпан ханым», «Шығыстың Жанна д* Аркі» атанған, кейінгі қазақ хандығының «ата дұшпаны» – жоңғарлардың тарих сах насына шығуына мүмкіндік берген даңқты «Мандухай қатын» кім еді жəне алтын ұрықтың хандары мен ханзадаларының бір де бірі жетпеген даңққа ойрат қызы Мандухай қалай жетті? Тағы да сол ерлі-зайыпты Роман мен Ирина Почекаевтардың пайымдауымен қысқаша тəпсірлеуге көшеміз. Ұстанымымыз – ұғымды болуы үшін осы оқымыстылардың: «Сонымен қатар, жоғары билікке ұмтылғандардың ішінде, Шыңғыстың өз əулетіне жатпайтын,

А

Шыңғыс ханның аға-бауырларының тұқымдарымен қатар, «алтын ұрыққа» əйелдер (қатындар) əулеті жағынан алыстан кеп қосылатын жиендер – ойрат ұлысының билеушілері де болды» – деген пікірін назарға іліктіре кетеміз. Сонымен, Мандухай қыз кім? Əлқисса, мұны пайымдамас бұрын, өткенді еске түсіре кетуге мəжбүрміз. «Алтын ұрықтың» тозығы шыға бастаған тұсында бойжеткен Мандухайдың болашақ бақ-талайын анықтап берген де сол азған ұрпақтың арсыз нəпсіқұмарлығы еді. Тақ мұрагерлігі үшін ғана емес, бірінің əйеліне бірі құмартып, ағасы туған бауырын өлтіріп, келінін бауырына басты. Сондай бейбастыққа Елбек хан да (1392-1399) барып, туған ұлы Қарғысұқ қонтайжыны ойраттардың көсемі Құқайтайдың қолымен өлтіріп, келінін қойнына салды. Бірақ Үлзейті үжін намысты болып шықты. «Жеңгетайың Құқай-тай мені зорламақ болды» – деп ақ төсіне ырықсыз қонған құзғынды арандатып тынды. Елбек хан «женгетайын» табан астында өлтірді. Кейін мұның жалған екендігі анықталған соң, өзінің туған қызы Самурды «жеңгетайының» ұлы Батулы-шинсанға ұзатты. Соған қарамастан, Құқай-тайдың ұлдары əкесінің кегін кектеп, Елбек ханды өлтіріп тынды. Осы арада жоңғарлардың «кекті бесік енесі» болып табылатын жəне біздің тақырыбымыздың нысанын ашатын моңғол-ойрат арасындағы «Үлзейті келін» туралы əфсананы толық келтіруді орынды санадық. Əлқисса, «Елбек хан ит жылы (1394) таққа отырды. Бір жолы аңға шыққанда қар үс тінде өліп жатқан ақ қоянды көріп: «Еті қардай аппақ, ал ажары мына қан сияқты қырмызы əйел бар ма екен дүниеде?» – деп нөкерлерінен сұрайды. Сонда ойрат Құтқай-Тафу (Құқай-тай) өзінің сорына орай: «Неге болмасын, бар» – деп жауап береді. «– Ол кім? Көруге болмас па екен?» – дейді ынтығып. « – Егер сіз оны шынымен көргіңіз келсе, айтайын, ол сіздің туған келініңіз» – дейді Құтқай-Тафу. Сонда Елбек хан Құтқай-Тафуға: «Уа, көрмегенді – көргізген, шөл қандыратын алыстағы сусынды аңсаттырған, сен, менің Тафуым, жөнел де жолын тап!» – дейді. Ол Бегеджі (Үлзейті) келінге: «Сіздің айдай жүзіңізді бір көруге құмартып, мені жеңгетайлыққа жіберді» – деп ханның сəлемін жеткізеді. Бегеджі келін ашуланып: «Жер менен көк қосыла ма екен, өзінің келінін ханның өзі қойнына сала ма екен? Қара төбетке ұқсаған əкесінің қылығын ханның ұлы Дүгірен-Темір көрсе қайтеді?» – деп жауап береді. Келінінің бұл сөзін көңіліне де алмастан нəпсінің буы көзін байлаған Елбек хан өзінің туған ұлын өлтіріп, келінін қойнына салады. Даруға дəрежесінен дəметкен ҚұтқайТафу ордаға келеді. Бегеджі (Үлзейті келін) Тафуды отауына шақырып, ханды осында күте тұруын өтінеді. Өзі екі қалталы торсық алдырып, бір жағына ең зəрі күшті шарап, екінші қапталына кəдімгі су құйып, суды өзі ішіп, Тафуға: «Сен менің аз беделімді зорайттың, менің мəнсіз тəнімді мəнді еттің, Бегеджі келін атымды – «қатын» (императрица) еттің. Кел!» – деп шарап ішкізіп, сылқита мас қылады да, Тафуды өзінің төсегіне жатқызады. Содан кейін шашын жайып жіберіп, бетін тырнап жыртып, ханға: «Сен жоқта Құтқай-Тафу мені зорлады» – деп шапқыншы жібереді. Ашуланған Елбек хан Құтқай-Тафуды қуып жүріп өлтіреді. Өзінің бір саусағынан айырылады. Құтқай-Тафудың жон арқа етін білеулей тіліп «қатынына» сəлемдеме ретінде жолдайды. Бегеджі келін ханның саусақ қаны мен Тафудың жон етінің майын шырынға қосып шайқап жіберіп: «Өзінің ұлын өзі өлтірген ханның қаны мен менің мырзамның өліміне себепкер болған Құтқай-Тафудың жон майы маған тəбəрік боп бұйырыпты. Міне, қатынның кегі қарымтасымен қайтты деген осы! Бəрібір бір өлім!» – деп ішіп салады. Өзінің кінəсін өзі мойындаған хан əрі келіні, əрі қатынына жақ аша алмайды (Е.И.Кычанов). Ал Құтқай-Тафудың жазықсыз екеніне көзі жеткен Елбек хан оның ұлдары – Банула-жайсан мен Үгуші-хашиғудың қарамағына 40 мың ойрат жасағын береді. Олар 1399 жылы Елбек ханды өлтіріп, əке кегін қайырып, моңғолдардан бөлініп шығып, ойрат ұлысын құрады. Міне, жоңғар қонтайшылары өмірге келген кекті бесіктің алғашқы «қанды əлдиі» осындай. Ал Елбек ханның қызы Самур ханшайымнан туған Тоған мен Есен қонтайшылар, яғни, жиендер, 1438 жылы Үгедейдің немересі Адайды өлтіріп, үлкені – Тоған хан тағына отырды. Ол бүкіл ойраттың басын қосқан соң енді мұқым моңғолды біріктіруге ұмтылды. 1440 жылы қытайға жорыққа аттанып бара жатып, жолай Шыңғыс ханның əруағы қонған «сегіз ақ боз үйге» тəу етеді. Рəсім кезінде: «Сенің қағанат құрған кезіңдегі ұрығыңнан менің бойымдағы ұрық еш кем емес» – дегені үшін қағанның əруағының қарғысына ұшырапты-мыс. Киіз үйден сыртқа шыққанда арқасына қадалған екі жебенің жарақатынан қан саулап тұрыпты. Бұл қадалған жай жебе емес, қағанның қарғыс жебесі екен-мыс. Бірақ, тарихшылар Тоған хан өзінің ойраттарының, не қытай жансыздарының қолынан қаза тапты деп пайымдайды. (Жалғасы бар).


22 қаңтар 2016 жыл

 Əдебиеттің əңгімесі Жайсаң мінезді, абзал азамат – Жақау Дəуренбековті бозбала кезінен білетін кісілердің бірімін. Сондықтан да мына мүшелтойы тұсында ол туралы көкейімде жүрген сырымды сабақтай отырып, өз ойымды ортаға салғанды жөн көрдiм. Ал бізді туыстай табыстырып, ағайындай араластырған тек қана қызметтес («Лениншіл жаста»), қаламдас болғандық емес, көңіліміздің бірлігі, жандүниеміздің жақындығы шығар шамасы. Жақаудың біртоға, сыпайы, сырбаз, жібектей жұмсақ мінезі кісіні өзіне тартып тұратыны сондай, онымен бір көрген кісінің өзі алаңсыз ашылып, ақтарыла, сырласа-сөйлесе жөнелетіні маған баяғыдан мəлім адами қасиетінің бір ұштығы. Киелі сөз өнерінің қос қанаты – журналшылық пен жазушылықты өмірлік серігі, жан сарайының сыр сандығы ретінде ұлықтап жүрген Жақаудың шығармашылық жолына ой жүгіртіп, сыр шертер сəтте сөз басында оның журналшылық қызметіне қысқаша ғана тоқтала кеткен дұрыс болар. Иə, əуелі мектепте, сосын университетте жүрген кезінен өзін қызықтырған түрлі тақырыптарға мақала жазып машықтанған Жақау «Лениншіл жасқа» (қазіргі «Жас Алаш») қызметке қабылдана сала газет жұмысына қызу араласып кетті. Шабыттана, шалқыта, көсілте, бұрқырата жазды. Сылдыр сөзге салынбай, салмақты ой-пiкірін мəн-маңызды мəселелерді қозғауға арнауға асықты. Елдік мұрат, ұлттық мүддені көздеп те көксеп жазған көсемсөздері, өнегелі жастардың өмірі туралы көркем очерктері ел есінде жүрсе керек. Ол журналшылық жолында да азаматтық сөзін айтудан айныған емес. Ақиқатын айтып, адалынан жарылып, жақсыға сүйініп, кемшілікке күйініп жанын салып жазудан жаңылмаған қанатты қаламгер болып қалыптасты. Оның қабілет-қарымын айғақтайтын жазбалары өзінен кейінгі жастарға үлгі болғандығы да шындық. Жақаудың журналшылық шеберлігін саралай талдап жатпай-ақ оның елді елеңдеткен қайсыбір көкейтесті мақалаларының атын тізбелеу арқылы-ақ бағалай беруге болады ғой деген пікірдемін. Мысалы, мына: «Тағы да тақия киіп қайтамыз ба?», «Сегіз бағдарлама, он тоғыз жоба», «Бақ пен тақ», «Кісеннен шындықты кім босатады?», «Ел ертегі іздеп жүр», «Он жыл тағы омбылаймыз ба?», «Астана – мемлекеттің жүрегі», «Ауылды көтеру – абыройлы іс», «Күрес кардиограммасы», «Қазаққа кітап керек пе?», т.б. деген мақалалардың нендей маңызды мəселелерге арналғандығын айтпай-ақ аңғарасың. Өмірдің қыры мен сырына терең бойлап, сөз өнерінің өрісі мен өресін жүрегінде жұптап, жазу машығының мəйегі – көркем тілді көкейіне қондырған соң ғана жазушылық жолға түскен Жақаудың қаламы төселіп, қанаттанып, қабырғалы қаламгерлер қатарына қосылды. Өткеннің өнегесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болсын деген дегдар ақ ниетпен жазылған сондай шығармалар қатарына Жақаудың да өзіндік үлес қосқанын айту парыз. Осы орайда Жақаудың «Дала хикаялары» топтамасы қазақ əдебиетінің классигі Əбіш Кекілбаевтың əйгілі «Дала балладалары» шығармасымен үндес келетін көркем туындылар екендігіне назар аударамыз. Бірақ ол тақырыбы жағынан тамырлас бола тұра жазылу мəнері жөнінен мүлде басқаша, өзіндік өрнегі, төтенше түйіні бар туындылар. Мысалы, «Көкжалда» қазақтың атақты батыры Жанқожаның шау тартқан шағының бір сəті – дарабоздың дұшпанымен соңғы шайқасында шəйіт болған оқиғасы əдемі, əсерлі əңгімеленген. Ақ патшаның алдынан өтіп, құзырына бағынайық деп қолқа салған Арынғазы сұлтанның сөзіне ермеген Жанқожа батырдың ойлағаны басқа. Арынғазының арманы хандық билікке жету. Жанқожаның сұлтанға ермеу себебі: Арынғазыға қолдаушы керек болса, халқына қамқор қорғаушы керек. Сұлтан биліктің төріне шығуды армандаса, батыр атақонысын, ел-жұртын қорғау жолына белін бекем буған ер. Жанқожаның жанын қинайтын жалғыз сауал: елімнің ертеңі не болмақ?! «Бетке шығар деген қазақтың қаймақтарының жүрісі анау: бірі – түлкі, бірі – қасқыр, бірі – қабылан. Хиуа ханы қазаққа хан қоям десе сол бірін-бірі талап жеп, жұлмалап жатыр. Бірін-бірі шабады, бірін-бірі қабады. Ортада шырқырап, ошағының күлі бұрқырайтын сорлы халық қана... Əр таңы алаңмен атып, елеңмен бататыны содан». Жанқожа батырдың соңғы шайқасқа шығар алдындағы жанын жеген осындай ойларын қағаз бетіне түсірген жазушының көздеген мақсат-мұраты əріде. Ол өткенді айтып, тəуелсіздіктің туын жығып алмаудың амалын да еске салуды саралай санамызға сіңіруге құлшынған. Келесі «Үзеңгі дос» хикаясы да жоғарыда сөз болған «Көкжалмен» тақырыптас туынды. Мұнда да елі мен жерін қорғап, бүгінгі ұрпақ – біздердің кең-байтақ өлкеде өкінішсіз ғұмыр кешуімізді ойлап опат болған Ақтан батырдың «Көк теңіз бен дарияны зерттеп, қайық саламыз. Сіздерге тиіспейміз. Бізге керегі тыныштық пен түсінушілік» деген орыс отаршыларының арбауына сеніп, артынша алданғанына опынып, санын соғып қалатын сəті суреттелген. Ұзамай уəде бұзылып, өңірге

9

www.egemen.kz

орыс əскері қаптап келе бастаған. Сөйтіп, алмағайып күн алқымға алған соң үзеңгілес досы Жанқожа екеуі бəтуаласып, шабуылға шыққан. Ақыры бұл айқас қос батырдың мылтық кезеп, зеңбіректен оқ жаудырған жаудан жеңіліп, кері шегінуімен аяқталады. Қанша қаһарланса да қара сойыл, сары садақ отты қаруға қалай қалқан болсын. Сондағы қос батырдың байламын жазушы бізге былайша жеткізген: «Жер құлансыз, ел ұлансыз болмас. Естісі елер, ұрпағы ұғар. Ұранымыз ұрпаққа аманат!». Ал енді батыр бабалар аузына осындай дуалы тілек салған жазушыға қалайша риза болмассың!

жетелеген жазушы мақсатының ізгілігіне жеткізетініне риясыз сенеміз. Егіздің сыңары «Өмірсерік» əңгімесі де бүгінгі өмірдің шындығы. Аз күн отасып, əскери борышын өтеуге аттанып, артынша Ауғанстанда опат болған Төлештің сүйген қызы Сымбат жүкті болып қалған. Қанша қайғырып қамықса да өзінің жалған дүниеде жалғыз қалғанын сезініп қапаланса да, одан құтылудың амалы Төлештің ата-анасының алдынан өтіп, ұлдарынан ұрпақ қалғанын жандарына медет ету еді. Жалғыз ұлдарының қайғылы қазасы жандарын жегідей жеген сүйіктісі Төлештің ата-анасының үмітін үзбей, ұрпағының жалғасы барлығын айту үшін Сымбат жолға шығады. Міне, ұзын сонар əңгіменің желісі осындай. «Үміті өмірсерігіне айналды деген осы да» деп аяқталатын əңгіменің түйіні пəлсапалық парасатымен ерекше есте қалары сөзсіз. Жаныңды жеп, ойыңды онға бөліп, əрі-сəрі күй кештіріп, тоқсан тарау толғанысқа түсіріп, ақыр соңында жарық дүниенің жақсылығына сендірген ізгі сезімге бөлеп, өзегің өртене өмірді сүюге құлшындырған жазушы қаламының қасиетіне бас иесің... Ендігі кезекті жазушының повестеріне

түсіп, ұзамай кандидаттығын қорғап алған-тын. Келе-келе, жағыну мен жағдай түзеудің қыр-сырын жетік меңгеріп, өзінің де декандыққа қолы жеткен. Ал бүгінде ректор Рекеңнің оң қолы. Сол кісіні, қасындағы өзі сияқты көңілін тапқан қызметтестерін қоса, қонаққа шақырып қойған Сардарбек жеделхат алған сəтте қатты сасады. Жағдайды айтсам түсінер ме екен. Қабағына кірбің түсіріп, ренжітіп алсам, ертеңгі күнімді ойламағаным емес пе, қонағымды күтіп алып аттансам да болар деген шешімге тоқтаған. Ол іштей пендешіліктің ығына жығылып отырғанын сезіп отыр. Сол сəт Сардарбекті ой қамап, сарсаңға түседі. Жазушы кейіпкерінің көкейін тескен ойын былайша жеткізіпті: «Əй, Сардарбек, өсіп келе жатқан ұлың бар, қызың бар. Ертең сен де белің бүгіліп, жағың суалып қартаясың. Алдыңа келсе қайтесің, алдыңа?..». Тап осындай пікірді əр нəрсені сылтауратып, əке-шешесінің жағдайын ойлап, жаны ашымайтынына ашуланып, ауылға бірге келе жатқанда інісі Жандарбекке апайы Сəлима да айтып салады: «...Анау ағаларың да құдайларын ұмытқан. Біріңнен бірің өткенсіңдер... Осы безбүйректеріңді

қатысты пікір алмасуға арнамақпын. Олар дың бəрін қатар қамту мүмкін болмағандықтан екеуін ғана еншілеуге мəжбүрмін. Олар «Жұмақтың кілті» мен «Бір нəзік сəуле». Екеуі де елеулі тақырыпқа арналған, ой-мақсаты кең арналы, көркемдік кестесі келісті, қазіргі кезеңнің нағыз маңызды мəселелерін тереңнен қозғайтын тамаша, татымды туындылар. Оқып шыққан адамның жаны байып, зердесі зерделеніп, ақылсанасы нұрлана түсері тағайын. Айталық, «Жұмақтың кілтінде» бір отбасының тағдырын тарата əңгімелеу арқылы бүгінгі замандағы қазақ ұлтының өмір-тұрмысындағы жəне адамдардың санасындағы психологиялық өзгерістерді, олардың жаңарған жан дүниесін көрсетудің əдемі əдеби тəсілін тауып, əдіптей білген. Қоғамдық-əлеуметтік өмірдегі құбылыстарды жəне сол заманға сай адамдардың да мінез-құлқы, түсінік-түйсігі, ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрді сақтап, бағалауы, мақсат-мүддесі жаңарып отыратыны белгілі. Көркем əдебиетте сол жаңа өмірдің бет-бейнесі боямасыз, барша шындығымен суреттелуімен құнды. Міне, аталған повесть осы талапқа толық сай шығарма. Оқи отырып оны көркем шығарма емес, күнделікті өмірде көріп, естіп, бастан кешіп жатқан қалыпты, белгілі жағдаят деп қабылдайсыз. Біздің пайымдауымызша өмір шындығы деген нің сыр-сипаты осы болса керек. Осы заманның нағыз күйіп тұрған мəселелерінің бастысы – адамдардың адалдық, арлылық, адамгершілік, кісілік қасиеттерінің түбегейлі өзгеріске түсуінің себептерін түсініп-түйсіну. «Жұмақтың кілтінде» əке-шеше мен балаларының арасындағы қарым-қатынас, сыйластық сырын баяндау барысында жазушы осынау толғақты сауалдың жауабын дəл тапқан. Повестің құрылым-пішімі – əдеби тəсілдегі жаңалық. Сөз басында алыс ауылдағы төрт қалаға жеделхат жөнелтілгені айтылады да, артынша сол əкелері əл үстінде жатқандығы туралы жайсыз хабарды естіген сəттегі төрт баласының көңіл-күйі, сондай-ақ, ғұмыртіршілігі, кісілік болмыс-бейнелері, қысқасы, қандай адамдар екендігі жеке-жеке əңгімеге арқау болған. Əлгі, «Бір биеден ала да туады, құла да туады» деген мəтелдің мəнісі осы повесте анық ашылған. Хикаятта алғашқы əңгіме баланың үлкені Сардарбекті сипаттаудан басталады. Студент кезінен өзінің еті тірілігі – пысықтығы арқасында деканымен тіл табысып, тапсырмасын орындап, қолын ұзартып, қадірлі қонақтарына арнап ауылдан қой сойдырып əкелгені де бар. Соның арқасында аспирантураға

көріп өскен балаларың ертең өзіңді кəріқұртаңдар үйіне тапсырып жібереді. Қара да тұр». Міне, ұлдардай ұмытшақ емес, жатжұрттыққа жаралса да, қарт əке-шешесінің қамын жеп қамыққан, жүрегі жұмсақ, санасы сары, көңілі ояу қыз баланың қайырым-мейірімге толы жан толғанысын жазушы қисынын келтіріп, жеткізе білгенін байқаймыз. Жарық дүниемен қоштасқалы жатқан əкенің балаларына ренжитін де реті бар. Ауылға жылына бір соғып, онда да асығыс-үсігіс аттанып кететіндері несі. Қара шаңырақтың астында, кемпіршалдың көңілін аулап, апталап жатып, немерелерін сүйгізіп, сағындырған мауықтарын басып қайтса да болар еді ғой. Қария балаларының қызметі, өз отбастарының шаруалары шашетектен екенін білмейді емес. Сонда да болса перзенттеріне деген ақпейілін, сарқылмас сағынышын баса алмай əлек. Жазушы көкірек көзі ояу, қазақы дəстүрсалтқа ұстанымы берік қарияның бүгінгі заманның талабы да, толғауы да өзі ғұмыр кешкен кездегіден мүлде өзгеріп кеткенін біледі. Бұл көкірегі алтын сандық дала данагөйі, қазақ ақсақалының сом тұлғасы. Оған біз қарияның ой-толғанысы, сөз саптауы, дүние құбылыстарын саралауы барысында көз жеткіземіз. Қара шаңырақта бір түнеп, шалкемпірдің көңілдерін өсіріп, шырайлары кіріп қалғандарына қуанып, əзірге амансау отырғандарына шүкіршілік білдіріп, алайда ежелгі əдеттерінше, түрлі сылтаусебептерін айтып, қалалықтар қайтуға жиналғанда əкелері кейде қамыққан ойға батып, жат болып жатырсыңдар-ау деп жабығатынын жасырмай айтып: «... Шырақтарым-ай, пенде үшін бұл тірліктің ұшпағы – өмір, ұжмағы – өлең төсегі, өз үйі болмақ. Ықылымның жаратылысы солай емес пе?.. Тамырынан айрыл ған ағаш та көркінен айрылып қурай бастамай ма? Шаңырақ киесінің шырылдап дүниеге келген иесін іздейтінін естеріңнен шығармаңдар, шырақтарым...». Қария қалың ойының бір қатпарын осылай өрбіткен. Бұл балаларының оқып-тоқып, бүгінгідей дəрежеге қара шаңырақтың бойларына дарытқан қадір-қасиетінің арқасында жеткенін, соның желеп-жебеуімен жер басып жүргендерін естеріне салып, киелі ұғымды ұмытпауын өсиет еткен əке сөзі. Иə, жазушының ойынша, қазақтың тұжырымдауынша, жұмақтың жұмбақ кілті осылай ашылған. Ғажап емес пе?! Көркем шығарманың оқиғасын оқыстан бастап, сюжетін сұйылтпай, таптаурын тəсілден жазуын аулақ қондырған жазушының ізденістен туған

Жаќаудыѕ жазушылыќ жолы

Жалпы, Жақаудың «Көктемір», «Асау» деген хикаялары да оқиғаларының тартымдылығына, көркемдігінің келістілігіне қоса тəлім-тағылымының айрықша мəнмаңыздылығымен, мақсаткерлігімен жадыңда жатталып қалатын, шырайлылығына қоса шындығымен де баурап алатын біртума хикаялар. Əдебиет туралы əңгіме қозғала қалса, əредік қазіргі заман, бүгінгі адамдар жайында көркем шығармалар жазылмай жатыр деп шыр-пыр болып жатамыз. Дегенмен, бұл тегі қисынсыз қынжылыс. Рас, бұрынғыдай сүйекті, қалыңдығы қос қарыс романдар жарыққа шыққан жоқ. Оған толғанып, ой сүзгісінен өткізіп, типтік бейнелер болатын кейіпкерлер тауып, оған қоғамдық-əлеуметтік өмірдің өзекті мəселелерін ұштастыра сыр сабақтауға мұрша келмей жатыр. Бұған сайып келгенде қаламгерлердің тоқырауға түскені емес, үлкен толғаныстың тұсауын кесуге əлі де уақыттың пісіп-жетілмегені дəлел. Ал əңгіме, хикаят сынды шағын жанрда жазылған шығармалардан əсте кенде емеспіз. Жақау да əдебиеттегі əріптестері Мархабат Байғұт, Нұрғали Ораз, Жүсіпбек Қорғасбек, Асқар Алтай сынды əңгімені өндіре жазып жүр. Бірсыпыра хикаяттары да бар. Олардың бəрі де бүгінгі күннің сыр-сипатын айшықтайтын айтулы туындылар. Жақау əсте оқиға қуалап, тіл безеп, судырата жазуға əуестенбеген. Ол ең алдымен болашақ шығармасының идеясын, яғни мақсатын ойына түйіп, санасына сіңіріп, содан кейін барып оны жүзеге асырудың оңтайлы амалтəсілін іздестіретіні, оқиға мен образ сомдауды түйіндестіре, үйлестіре сабақтастыратыны көкейге қонымды. Сондай-ақ, Жақау жалаң баяндау, шығарма оқиғасымен де, идеясымен де қабыспайтын бөстекі əңгіме желісіне қызықпайтын қаламгер. Жазушы шығармасының басты ерекшелігіне оның ішкі монолог, ой ағынына көбірек көңіл бөлетіндігі дер едім. Сөзімді тірілту үшін «Жарық дүние» деген егіз əңгімесіне зер салып көрейік. Егіз əңгіменің айтары айқын, түйіні түсінікті. «Елес» жазғы каникулға келген студент, сұлу жігіттің балаң қыздың жүрегін жаулап алып, артынан ұмытып кеткені жанын жаралап, жалғыздыққа душар еткені жайлы мұңды жырға балайтын əңгіме. Бір түнгі қызықтан жүкті болып қалған. Өйткені, ынтық сезіміне сенген бойжеткен бозбаланы бір көргеннен ұнатқан. Жігіт те сондай қылық көрсеткен. Сөйтсе бəрі сəттік сезім екен, алдамшы екен, адастырған екен. Оң жақта отырып аяғы ауырлап қалғанына күйінген қыздың жан арпалысын, ел-жұрттан ұялып, шарасыздықтан шер-мұңға батқан көңіл күйін, ойран салған ой-санасын жазушы сондай бір тебіреніспен, толғаныспен жазғанына жаның сүйсінеді. Осындай жан күйзелісіне шалдыққан қыздың есін алған елестен, жалғыздықтан құтылуына сол ойда жоқта бойына біткен сəбидің дүниеге келуі. Сөйтіп, өмірдің тамырын жалғап отыратын ананың тар құрсағын кеңітіп, жарық дүниеге келген бала екені құса көңіл жас қыздың жан жарасын жазып, жалғыздықтан құтқарады. Есін елес алған бойжеткеннің өмірі өңге айналған сол бір сəттің тірі суреті жаныңды жадыратып, ізгі ойларға жетелейді. Қайғықападан, өмірден түңілуден үкілі үміт қорғап қалады. Ертеңгі күннен түңілу жоқ. Сондай сезімге, сондай қуанышқа

жемісіне кезекті бір шығармасы «Бір нəзік сəулені» жатқызамыз. Повесть емтиханда шығарма жазу оқиғасын өрбітумен басталып, аяқталады. Битан мұғалімнің мінезі мен дағдылы əдеті шəкірттеріне ежелден мəлім. Шығарма тақырыбы тізбелеп тақтаға жазылған соң қалғаны өз еріктерінде деген сыңаймен ұдайы қолында жүретін кітабын оқуға кірісіп кететін де, ал балалар оқулықтан таңдаған тақырыбына қажетті бетті тауып алып, асықпай, алаңсыз көшіруге кірісетін. Бұл жолы да солай еді. Балалар жаппай көшіруге кіріскенде Кəкінтай да ұнаған тақырыбын жазуға бекінген. Сөйтсе, іздеген кітабы орнында жоқ. Біреудің əдейі қастандығы деген суық ой сап етіп, артында отырған Тəліпке бұрыла қараса, ол тілін шығарып, ақсия күліп, мазақ етеді. Енді қайтер екенсің, пысығым дегенін түсінді. Үн-түнсіз отыр. Жұрт жаппай жазып жатыр. Енді қайтерін білмей қайран қалып бұл отыр. Бір кезде тақтаға көз жүгіртіп, ең болмаса еркін тақырыпты байқап көрмекке бекінген. «Менің құрметтейтін адамым». Кімді мысалға аларын ойлай-ойлай келе Сəду етікшіге тоқтаған. Кешегі Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан қарт солдаттан артық құрметтелетін кім бар дейсің. Тек мінезі тік кісі. Онда тұрған ештеңе жоқ. Əркімнің де өзіне тəн мінезі бар. Сөйтіп тəуекел деп еркін тақырыпқа ен салған. Сəду етікшімен ара-тұра араласа жүріп, əңгімесін естіп, қайсыбір іс-əрекетіне куə болған сəттерін ойына түсіріп, қолына қаламын алған. Əкесі облыс орталығынан Аралға қызмет ауыстырып келгелі екі жылдың жүзі өтіпті. Жаңа ортада жанына жақын тартқан адамы сыныптас бір-екі балаға қоса осы Сəду етікші. Бəтеңкесіне нəл қақтыра келгенде танысқан. Əңгімесі ұнады ма, əлде əйтеуір ара-тұра етікшінің күркесіне соғып тұруды дағдыға айналдырған. Бір жолы сары жезден жұлдыз жасап жатқанда, шіренген біреу келіп, алдыңдағы шегең мен балғаңды білсеңші. Басқаны қайтесің деп тиісе сөйлеп, тезірек нəл қағып бер деп тіксіне тіл қатқанда, əлгіге тосын сұрақ қойды: «Сен соғысқа қатыстың ба? Ал мен бір емес, екі соғысқа қатысқан героймын! Əуелі фашистпен соғыстым, одан соң гоминданмен соғыстым, білдің бе? Біздер өліп-тірілген жанбыз... Ал тірілмей қалғандар қаншама, көмілмей қалғандар ше? Сонда... Қолбасшы бізге: «Сендердей герой ешбір елде жоқ. Бұдан былай сендер елдің мақтанышысыңдар... деген. Бірақ оны сендейлер қайдан білуші едіңдер?!». Сөйтсе, бұл қыжыл дікіңдеген месқарынға ғана емес, қырағы тұрған майдангер-ардагер етікшінің қирағалы тұрған үйін емес, көршісіндегі сыңғырлап тұрған дүкеншінің өтінішін өтеуге келген бастықсымақтарға айтқан уəжі өтпей, келер жылдары көрерміз деген шығарыпсалма сылтауына көңілі қалған Сəду етікшінің өкініші екен. Қандай əдемі, орынды табылған деталь. Осы бір шағын шығармасында жазушы кезінде қанқұйлы соғысқа қатысып, тəні де, жаны да жаралы болып оралған, ендігі ғұмыры да елеусіз, ескерусіз өткен Сəду етікшінің тағдыр тауқыметіне толы өмір жолынан үзік сыр ақтарып, бүгінгі аумалы-төкпелі қоғамнан да, алакөңіл адамдардан да мейірім-қайырым көрмесе де, ешкімге өкпелемей, тəубесінен танбаған ары таза, жаны жайсаң, адалдықтан жаралған қарапайым да қасиетті кісінің бекзат болмысын сомдаған-ақ екен. Өмірі мен өнердегі жолын жорналшыдан бастаған Жақау шығармашылығы іргелі, жемісті ізденістерге толы, үнемі өсу-өрлеу үстінде таланты толысқан қанатты қаламгер. Жазушының бірқатар əңгімеповестерін саралай талдап, оның жалпы шығармашылық ерен еңбегіне тəн сипатын былайша түйіндесек артық болмас. Оқиға желісінің жаңалығы, кейіпкерлер тағдырының тосындығы, тілінің көркем дігі, ойының тереңдігі, сюжет, пішім-құрылысының өзгешелігі, өмір шындығын өрнектеудегі тапқырлығы, ең бастысы идеясының иланымдылығы мен мақсатының мəнділігі – міне, бұл жазу шының бағын ашып, абыройын асырып, жұлдызын жандырып тұрған оның осындай-осындай көркем прозаға қойылар биік талаптың үдесінен шыға білгендігінен дейміз. Біз бұл жерде мақал-мəтел мəндес озық ойдың кəусар бұлағындай «Ойдауа» кітабы, «Пенделер» деген алақандай əңгімелері арнайы мақала арнауға болатын пəлсапалық пайымдаулар жинақталған жазушының көсемсөз бен көркемсөзден кейінгі үшінші қыры екендігін айтумен ғана шектелеміз. Бірақ та жазушының көркем ойыңызды кемелдендіруге қосқан үздік үлесін айту парыз. Бүгінде ақырын жүріп, анық басқан қаламгердің көпшілігі өмірден өзіне тиесілі бағасын алмай жүргені ақиқат. Əйтсе де Жақау атақ алып, атын шығаруды мақсат еткен жазушы емес. Ол өзін толғандырған ғұмырлық ғибраты, өмірлік өнегесі бар мəнді мəселелерді ортаға салып, елжұртымен пікірлесуді ғана көксейді. Мен мерейтой тұсында сөзімді жазушыны жалпы сөзбен мақтамай, оның бірқатар шығармаларын талдауға арнадым. Себебі, жазушының жазу шеберлігіне, ерекше қолтаңбасына қарап-ақ оның талантын тануға болатынын ескердім. Қуанышбай ҚҰРМАНҒАЛИ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Сын саєаттаєы сындарлы жўмыс Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Бүгінгі таңда еліміздің құқық қорғау органдары жаңа талаптар негізінде жаңа бағытта жұмыс істеуде. Елбасының құқық қорғау органдары алдына қойып отырған сындарлы міндеттеріне сай атқарылып жатқан жұмыстардың нəтижесі де айтарлықтай екендігі көрініп отыр. Соның бірі ретінде кеше Ішкі істер министрлігінің өткен жылғы жұмысын қоры тындылап, алда тұрған міндеттерді саралаған кеңейтілген алқа мəжілісінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты ел халқына Жолдауындағы талаптары аясында алға қойылған маңызды міндеттер талқыланды. Алқа мəжілісіне Ішкі істер министрі Қ.Қасымов төрағалық етті. Оның жұмысына Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Қ.Ақсақалов, Бас Прокурор А.Дауылбаев жəне министрліктің орталық аппа раты ның, комитеттерінің, өңірлік ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар депар таменттерінің басшылық құрамы, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылары жəне ведом стволық оқу орындарының бастықтары қатысты. Сонымен қатар, атап айтарлық жайт, ІІМ алқа мəжілісінің жұмысына алғаш рет облыс əкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ, Мемлекет басшының «Бес институттық реформасы бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт Жоспарында берілген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құрылған жергілікті полиция қызметінің облыс, қала жəне аудан деңгейіндегі басшылары да қатысты. Министр Қалмұханбет Қасымов өткен жыл Қазақстанның ішкі істер органдары үшін жауапты кезең болғанын айта келе қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделінің іске асырылуына орай ұйымдастыру жұмысына елеулі өзгерістер енгізу, қылмыстарды ашу жəне тергеудің жаңа тетіктерін əзірлеу қажеттілігі туындағанын сөз етті. Сонымен бірге, жаңа қылмыстық жəне қылмыстық-процессуалдық заңнамасын пайдаланудың бір жылдық тəжірибесі оның жекелеген заңнамалық бөлімдерін қайта қарау қажеттігін, сондықтан осы мəселелерді Бас прокуратурамен, өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе қарап, қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу керек екенін баса айтты. Алқа отырысында бес институттық реформаны іске асыру бойынша Елбасының тапсырмаларына сəйкес жыл басынан бері жұмысын бастаған жергілікті полиция қадамына үлкен мəн берілді. Ішкі істер министрі жаңа қызметтің құқық қорғау органдарын халыққа жақын ете түсетінін, ішкі істер органдарына деген халықтың сенімін арттыруға ықпал ететінін айтты. Министр ағымдағы жылы ішкі істер органдарына жəне бөліністеріне Президент Н.На зарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген ауқымды міндеттерді іске асыру үшін қажетті жағдай туғызу керек деп тапсырды. Оның ішінде қызметтер мен бөліністердің жедел-қызметтік жұмыс көрсеткіштерін төмендетпей, қылмыс туралы барлық арыздар мен хабарламаларға жедел əрекет етуді қамтамасыз ете отырып, қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделін іске асыруды жалғастыру қажеттілігіне тоқталды. Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қылмыстықатқару жүйесін жаңғырту, оның ішінде еңбекпен қамтуды одан əрі жалғастыру жəне пробация қызметін дамыту шаралары қамтылды. Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс бөліністерінің қызметін жетілдіру, оның қатарында табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупінің туындауының алдын алу, олардың салдарын жою мəселелері қаралды. ІІМ алқа отырысының қорытындысында министрліктің орталық аппараты қызметтерінің жəне өңірлік департаменттерінің басшыларына тағы да басқа қаралған мəселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді. Өйткені, сын сағаттағы сындарлы жұмыс қашанда шыңға шығара алатыны анық.


10

www.egemen.kz

22 қаңтар 2016 жыл

 Тағзым

 Өңір өмірі

Ардақты аға, арқалы ақын, əйдік əнші Қабдыкəрім Ыдырысовпен жақсы сыйлас, жақын сырлас болған едім. Отыздың ішінде Жазушылар одағының хатшысы болып сайланып, қазақ əдебиетінің қос алыбы, қос Ғабеңмен істес болып, қызмет көрсеткен қадірлі азамат жас қаламгерлерді төңірегіне тартып көп көмек жасаған-ды. Одақтан ауысқан соң, Үлкен үйдің ұйғарымымен шығармашыл жастарға арналған «Жалын» баспасын ұйымдастыруды қолға алып, аз уақыттың ішінде мəртебесі биік, беделді мекеме құрды. Оған басы «Білім жəне еңбек» журналының бас редакторы Қалдарбек Найманбаев сияқты кілең қарымды қаламгерлер мен сауатты редакторларды қызметке тартты. Соның арқасында жазушы мен саяси баспаларды сағалайтын қаламгер қауымның дені енді «Жалынға» қарай ойысты.

Текті əулеттіѕ тўяєы Аяулы əкесі солақай саясаттың құр баны болып, он жасынан бастап тартқан жетімдіктің зардабынан, жастай арқалаған жауапкершіліктің салмағынан жəне ұдайы көптің көңілін табуды ойлас тыратын ұйымдастыру жұмысының ауырлығынан ақын жүрегі ерте сыр беріп, жетпісінші жылдардың орта шенінде ауру ханаға жиі түсіп қалып жүрді. Сондай сəттердің бірінде екеуміз бір бөлімшеде, бір бөлмеде жатып бірге ем алғанымыз бар. Жүректен ауырғанына біраз болған ағамыз аурухана дəрігерлерінің бəрімен танысып, əбден ауыл-үй қонып алыпты. Жаратылысынан ақжарқын ол кез келген дəрігермен ортақ тіл тауып, əзіл-қалжың айтып, шүйіркелесіп жүре береді. Бірде жасы отыздарға тақап қалған сұңғақ бойлы, сұлу мүсінді аққұба бір дəрігер қыз кезекшілік міндетін өтеп, халімізді білуге кірді. Қызды көргенде Қауаңның жүзі жайнап, көзі ойнап кетті. – Охо! Қалқам-ау, бұрын көрінбей қайда жүргенсің?! Келісті-ақ қыз екенсің, күйеуің бар ма өзі? – деп ақын аға бірден қалжыңға басты. – Құда түсейін деп пе едіңіз, басым бос, – деп қыз да əзілмен іле түсті. – Бұрын көріспегеніміз біздің жұмыс оташылардан кейін басталады. Отадан соң ес-түссіз жатқан сырқаттың есін жиғызып, тірілтіп алатын анестезиолог боламыз. – Пəлі, басың бос болса, мынау деген бір жігітпен таныстырайын. Менің Əлихан деген құрдасым бар, өзің сияқты өте сұлу азамат, көресің əлі, қыз мінезді жігіт. – Жарайды, қыз көретін жігітті біз де көрейік əуелі, – деп əзілге алдырмайтын дəрігер қалжыңдай күліп, қан қысымызды өлшеп кете барды. Ол кеткен соң: – Қаба, əлгі жер-көкке сыйғызбай сыртынан қалыңдық таңдап жүрген жігітіңіз кім? – деп сұрадым. – Өй, сен білмеуші ме едің, өзіңнің жерлесің көкшетаулық Əлихан Қазтаев деген дөкей жур налист. Қазір «Қазақстан» баспасында аға редактор, жақсы аудармашы, алғаш «Жазушы» баспасында аударма редакциясында істеп, қазақ оқырмандарын шетел классиктерінің туындыларымен таныстыруға атсалысқан қаламгер. Орысшаға да, қазақшаға да жетік, өте сауатты азамат, – деді. Қабдыкəрім құрдасының кө ңілін сұрай келгенде Əлиханмен алғаш етене танысқан едім. Ақын айтса айтқандай, ол шынында да əйел заты көз қиығын тастамай өтпейтін аса ажарлы жігіт екен. Бойы ортадан жоғары. Артық еті жоқ. Сымға тартқандай сымбатты, аққұба кісі. Оңға қайырған қара шашының алды толқындап, жазық маңдайын аша түскен. Көп сөзге жоқ, тоқетерін ғана айтып бір-ақ қайыратын біртоға сияқты. Қыз мінезді, қой аузынан шөп алмайтын момын екені бірден байқалады. Болған жерден шыққан болпыш, бап адам екені қылап бой-бітімінен-ақ менмұндалап тұр. Қабекең ем алуға кеткенде екеуміз оңаша қалып суырт пақтап сыр тарта отырып, біраз жайға қанықтым. Əлихан атақты Жанботадан кейін Күрсары керейлердің болысы болған Құн дақ байдың ұрпағы екен. Əкесі елі еркелетіп Қазтай атап кеткен Ғабдұлғазиз Құндақұлы ата салтымен кейін бүкіл Ақ көл, Бұланды өңірін билеп, аты Ақмола, Көкшетауға кең жайылған атақты болыс. Бай-болыс десе аза бойы қаза тұратын ке ңес өкіметінің көзіне сүйелдей қа далып, билігімен қоса мал-мүлкі түгел тəркіленіп, кезінде Атырау жаққа жер аударылған. Одан Ом бы жаққа көшіріліп, отыз екінің ашаршылығы тұсында Жанақ ауылында дүниеден өтіп, сүйегі туған жерден түу алыста қалыпты. Əкеден алды жеті жаста, арты бесікте жетім қалған шиеттей төрт баламен тағдыр тақсыретін тар тып, тұрмыс тапшылығы жа нына батқан Көштай ана күнкөріс қамымен жамағайын қайныларының бірі, бастауыш мектеп мұғалімі Кəрібайға тұрмысқа шығып, Степняк қаласынан қазіргі Алтынды (бұрынғы Даниловка) ауылына көшіп келеді. Қаладағы қазақ мектебінің жеті сыныбын үздік бітірген Əли хан ауылдағы орыс-қазақ мектебінің сегізіншісін өте жақсы тəмамдайды. Сол жылы соғыс өрті бұрқ етіп, арқасүйер отағасы қыс ортасында майданға аттанып, отбасының тауқыметі тағы да ана мойнына түсіп, ағайынды сағалап Ақмола жақтағы Кален ауылына көшіп баруға тура келеді. Буыны бекіп, бұғанасы қат паған Əлиханның соғыс жылдарындағы балалық шағы тылдағы ауыр еңбекпен езіліп, осы ауылда өтеді. Бас көтерер азаматтардың бəрі майданда. Ауылда

қалған кемпір-шал, қыз-келіншектермен бірге бес-алты жас жеткіншектің иіні жастай жаншылып, ұжымшардың бар ауыр жұмысын атқаруына тура келді. Меншіктің сиырын соқаға жегіп, көктемде жер жыртып, жазда қол шалғымен шөп шапты, күзде егін орды, қыста өгіз шанамен 50 шақырым жердегі Ақкөл элеваторына астық тасыды. Осылай үш жыл бойы күннің қалай батып, таңның қалай атқанын білмей бой жазбай жұмыс істеді ол. Бұндай батпан бейнеттен Əлиханды əскерге шақырылуы да құтқара алмады. 44 жылдың 15 желтоқсанында тура 18-ге толған туған күнінде əскерге шақырылған оны соғысқа бірден жөнелтпей, «Тыл майданының жауынгерісің» деп Ақмола паровоз депосына машинист көмекшісі, кочегар етіп жіберді. Жеңіс күнін ол маңдай терін тамшылатып, қып-қызыл боп жалындаған паровоз пешінің көмейіне темір күрекпен көмір лақтырып, оны сүйменмен көмейлете тұрып ұзын жолдың үстінде қарсы алды. Əйткенмен жеңіс деген жеңсік сөз жас жігіт үшін еркіндіктің желі боп есті. Енді жұмысты тастап оқуымды жалғастырамын деп ойлаған ол депо басшылығынан жұмыстан босатуын өтінді. Темір жолдың əскери тəртіпте жұмыс істейтінін, өзінің əскери борышын өтеп жүргенін білген де жоқ. Басшыларының жоғарғы жақтан бұйрық келгенше босата алмаймыз дегеніне қарамай, балалық жасап жұмысқа шықпай қойды. Балалығы шалалық болып танылып, əскери трибуналдың шешімімен міндетті борышын өтеуден бас тартқан қашқын ретінде алты жылға сотталып, Қарлагтан бір-ақ шықты. Əйтеуір, үш жылдан соң кешірім жарияланып, 48-дің тамызында қамаудан босады. Ауылда бір-ақ апта болып, Ақмоланың мектепинтернатына келіп, тоғызыншы сыныпқа түсіп, 50-ші жылы орта білімнің аттестатын алып шықты. Жоғары оқу орнына түскелі мектеп жолдама берген балалармен бірге бір мұғалім бастап Алматыға аттанып бара жатқан жолда (онда пойыз Омбы, Новосібір, Барнаул арқылы жүреді) Ақкөл бекетінен əке орнындағы ағасымағы түсіріп алып, ауылда есепші болып, отбасына көмектесесің деп ол жылы оқуға жібермей қойды. Келесі жылы нағашыларының көмегімен оқуға қайта аттанып, ҚазМУ-дың журналистикасына келіп түсті. Бірінші курсты кілең беске бітіріп, жазғы каникулға келсе, Кəрібай ағасы тағы да тосын сый əзірлеп, қалыңдық сайлап отыр екен. Бұның не ойы барын сұрап бас ауыртып жатпай, баса-көктеп ауылдық кеңесте хатшы болып істейтін өзімен жасты Бағыш деген қызға үйлендірді. Бұрыннан таныс-біліс ауыл қызы ғой. Шешеме көз қырын салар деген оймен бұл да көп қарсыласпай, үй ішінің шешіміне бойұсынды. Келесі жылы каникулға келгенде Əлихан бесікте жатқан тұңғыш ұлы Бал қайды көрді. Ағайын-туғандар арасында бірер ай мауқын басқан соң астанаға қайтып, алаңсыз оқуын жалғастырды. Алайда араға арапшы түсіп, əрекет аралайын десе қиын емес екен. Үшінші курсты да кілең беске тапсырып, əскери кафедраның жаз айларындағы жаттығуларына қатысып, ауылға баруға уақыты жетпей қалады. Оның үстіне кейінгі кезде қолында шешесі мен екі жасар қызы бар бір жерлес келіншектің үйіне ара-тұра барып, шай-пай ішіп жүретінін Бағыштың заң факультетінде оқитын інісі көргені бар. Каникулға келмеген соң жарын күткен əпкесіне соны дəптетпей ме ол. Мұны ести сала Бағыш тас-талқан боп тулап, ақылын ашуға жеңгізіп, Хрущевтан бастап Қонаевқа дейін, университет ректорынан бастап партия, комсомол ұйымдарын тегіс түгендеп, Əлихан Қазтаев атылып кеткен халық жауының баласы, патша заманында болыс-би болған шынжыр балақ, шұбар төстің тұқымы, өзі əскери борышын өтеуден бас тартқан қылмыскер,

кеңес сту дентінің қатарында болуға қақысы жоқ деп арызды қарша боратады. Домалақ арыздың басты да, тасты да жаратын кезі ғой. Университет басшылығы қызыл дипломмен бітіріп, ғылым жолына түседі деп үміт артып жүрген студентін оқудан шығаруға мəжбүр болады. Елге қарар бет жоқ, ауылға барар ниет жоқ, жар дегені жарға жығып, өкпеге қиып, өмірін өксіткен Əлихан Алматыда бір жылдан астам тұрақты жұмыс таппай, əр нəрсенің басын бір шалып жүрді де ақыры Қазақ мемлекеттік көркем əдебиет баспасына корректор болып кірді. Білімдарлығын байқаған басшылық төрт ай өтер-өтпесте редакторлыққа жоғарылатты. Сөйтіп, 57-ші жылы оның табаны күректей қырық жылға созылған қиын да күрделі, жауапты да жанкешті қыз меті басталды. Жаны жастай қалаған журналистиканы араға төрт жыл салып, сырттай жалғастырып, дипломын тамаша қорғап шықты. Кейін ол он бес жылдай «Қазақстан» баспасында аға редактор болып, одан республика Компартиясы Орталық Комитетінің жа нындағы марксизм-ленинизм классиктерінің шығармаларын қазақша аударып шығаратын бас редакцияға аға ғылыми редакторлыққа шақы рылып, Ке ңес Одағы тарағанша сонда жемісті қызмет атқарды. Соңынан алты жылдай «Санат» баспасында аға редактор болды. Жазушы жазады, редактор жандандырады, деген бір қисын бар. Жақсы редактор түзейді, жаман редактор күзейді деген сөз жəне бар. Ал Əлекең қол жазбаның жанын кіргізіп, əрін енгізетін білімді де білікті редактор болған. Баспа редакторларының арасынан Қазақстанның еңбек сіңірген мəдениет қызметкері құрметті атағын алғаш алғаны соның айғағы болса керек. Кезінде ол алған «Құрмет белгісі» ордені мен Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасы да кез келген қаламгерге бұйыра бермейтін мəртебелі марапат. Əрине, мұндай абырой-атаққа ол тек аянбай еткен адал еңбегінің ғана арқасында жетті. Əйтпесе, оны өмір еркелеткен жоқ. Тегі жат деп көзтүрткі етіп, тырнақ астынан кір іздеген қытымыр қоғам оны қаршадайынан қыспаққа салды. Бақытын да, байлығын да білімнен табамын деген құлшынысы ұдайы кедергіге тап болып, үзіле берді. Өзім деген жары өзіне жау болып шығып, алғашқы отбасы быт-шыт бол ды. Амал жоқ, өсек-аяңға қолды бір сілтеп, кіммен қарайсаң, сонымен ағар деп, қиналып жүргенде қолұшын беріп, жылы қабақ танытқан жерлес келіншекке үйленуге тура келді. Дегенмен, ниеті түзу, көңілі пəк екен. Гүлнəр бұған Асылан мен Төлеш деген балпанақтай екі ұл сыйлады. Алайда ол балаларының қызығын көре алмай, 70-ші жылдардың басында дүние салды. Қабдыкəрім ағаның қалыңдық іздеп жүргені Əлиханның шын жарынан айырылып, үш сəбимен соқа басы сорлап жүрген кезі екен ғой. Аққа құдай жақ деп, əйтеуір оған адал сүт емген Жеміс атты кітапханашы қыз кездесіп, үш баланы бірге көтерісіп, етек-жеңін жиғызып, ержеткізді. Онымен қоймай, Жеміс Əлиханға Шоқан, Кемел сынды тағы да торсық шеке екі ұл туып берді. 90-шы жылдардың аяғында көз жанары күрт нашарлап, отаға да, емге де көнбей жартылай зағип болып қалғанда Əлекеңді ол баладай аялап, мəпелеп күтті. Көз дəрігеріне жетектеп əкеп, қолтықтап алып жүрді. Сондай күндердің бірінде көз дəрігерінің қабылдауында ұшы расып қалып, даусымнан таныған Əлихан ағаның: – Жазғандарыңды жібермей оқып разы болып жүруші едім. Енді одан айырылдым, – деп бір күрсініп алып, дəрігерге бұрылып: – Алтын қалқам, мынау қазақтың қазіргі керемет журналисі екенін білесің ғой, енді осының жанарын аман сақтаңдар, – дегені əлі күнге дейін құлағымда. Оған да алты-жеті жыл болып қалдыау деймін. Бертін олар Астанаға көшіп кетіп, хабарсыз жүр едім. Биылғы жазда жасы тоқсанның төріне қарай аттаған шағында Əлихан ағаның өмірден озғанын газеттерден оқып, қатты күйзелдім. Тегі жақсы жампозға өзі шыр етіп дүние есігін ашқан Құндақ жерінен, қазіргі Ақкөл кентінің маңынан топырақ бұйырыпты. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болып, иман байлығына шүйгісін. Орнында бар оңалар дейді ғой. Артында арыстай төрт ұлы, Алдияр бастаған асыл текті немерелері барында Əлекеңнің аты ұзақ жасайтынына сенім кəміл. Сарбас АҚТАЕВ, жазушы.

Алматыда əйгілі «Үшқоңыр» автобекеті араға 9 жыл салып, қайта іске кірісті. Өткен жылдың аяғында төлқұжатын жаңаша ресімдеген сауда орталығы бастапқыдағы «Үшқоңыр» автобекеті атауын қайтарып алды. Осыған байланысты қалааралық «Үшқоңыр» автобекетінің директоры Берік Ырысбайұлы АБДРАХМАНОВТЫ əңгімеге тарттық.

«Їшќоѕырдыѕ» їшінші тынысы

Ќалааралыќ автобекет жолаушыларєа ќайтадан ќызмет кґрсете бастады – Берік Ырысбайұлы, ауқымы мен халқының саны ай санап емес, күн санап өскен алып Алматының «Үшқоңыр» автобекетіне қатысты жыры осымен аяқталды деп айтуға бола ма? – Өздеріңізге мəлім, Қарасай ауданының жер аумағында 2007 жылы тұрғызылған «Үшқоңыр» автобекеті, өкінішке қарай, сол кезеңде толыққанды өзінің кəсіби мақсаттағы қызметін атқара алмады. Оның себептері көп... Көз үйренген, ет үйренген Алматыдағы қалааралық «Сайран» жолаушылар тасымалдайтын автобекетінен жолаушылар да, көлік жүргізушілер де бір мезетте қош айтысып кете алмады. Бірқатар мүдделі азаматтар да автобекеттің қаланың ішінде болғанын қалады. Сондықтан да сол жылдары «Үшқоңыр» амалсыздан автобекет емес, сауда орталығына айналды. Жасыратын несі бар, сауда айналымы «Үшқоңырды» ұшпаққа ұшырмады. Қоғамдық ұйымдар, халық мұның бəрін көзімен көріп жүрді. Сіздің «жыры таусылды ма?» деген сауалыңыз соған байланысты айтылып отыр деп ойлаймын. Міне, бүгінгі таңда «Үшқоңыр» автобекеті өзінің əуел бастағы кəсіби қызметіне кірісті. – Автобекеттің бастапқы қызметін қайтарып алуына себептер де болған шығар? – Алматы қаласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына сəйкес үлкен қалаға қызмет ететін үлкен үш автобекет салынуы тиіс. Қазіргідей дағ дарыс жағдайында қандай да бір ауқымды құрылыс нысанын салуды жобалағанмен, оны тұрғызу да оңай шаруа емес. Осы орайда, «Үшқоңыр» барлық тараптан сараптап келгенде де қазіргі заманғы автобекеттік талаптар үдесінен шықты. Алматы қа ласы мен Алматы облысының əкім дігі мен көлік жəне жолаушылар тасымалына қатысы бар барлық құзырлы ұйымдардан құралған комиссия мүшелері «Үшқоңырға» келіп, оның болашақта атқаратын қызметі жəне міндетімен кеңінен танысты. Комиссия бірауыздан біздің автобекеттің мемлекеттік жоспардағы үш нысанның, оның ішінде оңтүстік бағыттағы автобекеттің орнын толықтай басатынына, қызметін

атқаратынына сенім білдірді. Тиісті орындар автобекеттің құжатын заңдастырып берді. – Қалааралық автобекеттің дəл бүгінгі күндердегі халыққа қызмет көрсету жайы туралы не айтуға болады? – Сметалық жоба бойынша бұл автобекетте 2100 жолаушы аялдайтын күту залы мен 200 автобусқа арналған тұрақ алаңы бар. Қазіргі біздің болжамымыз бойынша – қажет болған күнде «Үшқоңырдың» 4000 адамға дейін қызмет көрсетуге шамасы жетеді. Ол үшін экономикалық мүмкіндігі де, заңдастырылған жер телімі да бар екенін айта кеткім келеді. – Қандай проблема бар? – Ең бірініші проблема – мейманхана мəселесі. Біздің аумақта бар болғаны жалғыз ғана 42 орындық қо нақ үйі салынған. Алыс жолдан келген автобус жүргізушілері үшін дұ рыс тап ты нығып, жолға қайта шығу өте маңызды мəселе саналады. Сол се бепті де, біз қасымызда тиіп тұрған Қаскелеңнің атақты «Барыс» автомобиль сауда орталығының қонақ үйлерін жалға алмақпыз. Жүргізушілердің бірқатары өздері үйреніп алған «Алтын Орда» сауда орталығының мейманханаларына барып тынығып жүр. Өз тарапымыздан айтарым, көктем шығысымен автобекеттің оңтүстік-шығыс аумағында екі қабатты үлкен қонақүйдің құрылысын бастаймыз. Мұның барлығы да таяу арада шешілетін мəселелер. Ең басты проблемамыз осы ғана... – Мəселен, 1000 немесе 500 шақырым жол жүріп келген жолаушы Алматыға жету үшін «Үшқоңырдан» көлік ауыстырып мінген сəтінде міндетті түрде «Алтын Орданың» кептелегіне түседі. Ең үлкен проблема осы емес пе? – Оныңыз рас... Бірақ, біз мұның барлығын да алдын ала ойластырып қойдық. Бізге Қаскелең автобус паркінен 50 «ГАЗель» микроавтобусы мен қырық орындық 3 жайлы автобус қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, бұлардың қатарына алматылық №303 маршруттық жолаушылар автобусы қосылды. Біздің болашақ мүддеміз үшін жəне де ең алдымен, жолдан шаршап жеткен жолаушылардың көңілдеріне кірбің ұялатпау жағын

Топ-менеджерлер жолсерік ретінде Арќалыќќа аттанды Күні кеше «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың топменеджерлері тұңғыш рет «Астана – Арқалық» жолаушылар пойызының жолсеріктері ретінде сапарға аттанды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-тың баспасөз қызметі. Олардың қатарында компанияның сатылым жөніндегі атқарушы директоры Айгүл Əбутəліпова, сервис жөніндегі «ПрогрессВторресурсы» ЖШС Шығыс Қазақстан облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 18.01.2016 ж. ұйғарымымен «ПрогрессВторресурсы» ЖШС-ға қатысты оңалтудың жеделдетілген іс-жосығын қолдану туралы өндіріс қозғалғандығы жөнінде хабарлайды.

В связи с утерей прошу считать недействительным кассовые аппараты марки МИНИКА 1102 Ф, заводской номер 1240038, номер паспорта 1240038, год выпуска 2000, марки ЭКР 2102 Ф, заводской номер 512609, номер паспорта 512609, год выпуска 2002, зарегистрированные на Астанинскиий филиал ТОО «Кеденброк» БИН 011041004408.

алдын ала қарастырдық. Біздің автобустарымыз «Алтын Ордадан» кідіріссіз өтіп жатыр. Жолаушылар тарапынан да, жүргізушілер тарапынан да бізге ондай шағым əзірге түскен жоқ. – Мұныңыз адам сенгісіз əңгімеге ұқсап кеткен жоқ па? – Ол рас. Оның тағы бір себебі, жолаушылар бізге жол кестесі бойынша таң мезгілінде келеді. Немесе түн ортасында дегендей... Бұл уақытта «Алтын Ордада» жол кептелегі болмайды. Рас, алғашқы күндері автобустан Алматыға жетпей түскен жолаушылар абдырап, не істерін білмей қиналғаны рас. Біздің қызметкерлер дереу жол сілтеді, көмектесті. Қалаға баратын микроавтобустарға отырғызды. Қазір бəрі де орын-орнына келді. Автобустан түскен жолаушы 100 теңгесін төлейді де, микроавтобусқа мініп, діттеген жеріне жетеді. Асықса, қызмет көрсетуге дайын фирмалық таксилер тізіліп тұр. Қазіргі таңда Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз қалаларынан келген автобустар жаңа автобекетте тұрақты түрде орнығып жатыр. Болашақта еліміздің солтүстік жағынан келетін жолаушылар көлігін қабылдау мəселесі күн тəртібінде тұр. – Халық көп шоғырланған жерде ең алдымен өзіңіз айтқан демалатын жай, сол секілді, əрине, тамақтанатын орын болуы міндетті? – Иə, ол рас, ас – адамның арқауы. Қазір бізде жолаушыларға алғаш қылардың бірі болып «Ақ дастархан» дəмханасы дəм-тұзын ұсына бастады. Келушілер дəмхана қызметіне риза. «Ақ дастарханның» қатарынан орын алмақ ниеттегі тамақ дайындаушылардан ұсыныстар түсуде. Бəріне де қолдау білдіруге дайынбыз, алайда, біз ең алдымен халыққа қызмет көрсетудің мейлінше мінсіз болу жағын өте-мөте қатаң қадағалаймыз. Үміткерлерге осы жағын ескерттік. – Қазіргі «Үшқоңыр» автобекетінде қанша адам халыққа қызмет көрсетеді? – Мекемеде мені қосқанда штат бойынша 32 адам бар. Қызмет ауқымы өскен тұста штаттық адам саны қосылуы мүмкін. Əзірге осы топ «Үшқоңырдың» жұмысын дөңгелетіп жүр. Жалпы, біздің автобекет аумағында 200-ге жуық сауда нүктесі бар. Ісіміз алға жүргелі олардың барлығы да терезесін ашты. Мұның өзі қазіргі заманның талабымен өлшем жасағанда, əрбірінде екі адам бар деп есептегенде, біз бір мезгілде 400 адамды жұмыспен қамтамасыз еттік. Дағдарыс жағдайында мұның маңызы бар деп айтар едім. Сол секілді барлығы 7,5 гектар жер аумағының 5 гектары ғана автобекет аумағы болып саналады да қалғаны сауда орындарын қоныстандыруға бейімделген. Мұның сыртында көктем шыға автобустарға техникалық қызмет көрсететін орындарын ашамыз. Ол да қосымша жұмыс орны емес пе? Бір сөзбен айтқанда, автобустардың тек қана жасалған кесте бойынша мезгілінде жүріп-тұруы үшін бар жағдай бар. Ол біздің жұмысымыздың негізгі көрсеткіші болып саналады. Кассалық орындар, диспетчерлік орталық бəрі де ойдағыдай жұмыс жүргізіп келеді. Ұжымның бұл саладағы жұмысында мін жоқ. – «Үшқоңырдың» болашағын көз алдыңызға елестетіп көріңізші... – Ол бір ғажап кезең болғалы тұр. Өзіңіз білесіз, Алматы қаласының ауқымы ұлғайған үстіне ұлғаюда. Өткендегі бізбен ресми кездесуінде қала басшыларының айтқаны, «Алматы-2020» мемлекеттік бағдарламасында метро таяу болашақта біздің бағыттағы «19 шақырым» атты елді мекеніне дейін созылады. Одан бері қарай Қаскелең қаласына жеңіл құйылған рельсті көліктер жүргізу жоспарда бар дейді. Демек, бұл «Үшқоңырдың» үшінші кезектегі нағыз қызмет тынысы өрісті болады деген сөз. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Талғат СҮЙІНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

АЛМАТЫ. атқарушы директор Нұрлан Исабаев, кадр бөлімінің бастығы Айгүл Нұралина, жабдықтау қызметінің бастығы Сапар Баймағамбетов бар. Менеджерлер сапар барысында жергілікті жағдаймен жете танысып, пойыздардағы қызметтер мен сервистің сапасын арттыруға нақты қолғабыс жасайтын болады. Осы жылдың 20 қаңтары мен 30 наурызы аралығында компанияның 30-дан астам басшы құрамының қызметкерлері 18 бағыт бойынша жолаушылар пойыздарында жолсеріктердің міндеттерін атқармақ. Бұл бастама жолаушылар пойыздарындағы сервис сапасын арттыруға бағытталған кешенді жоспардың аясында жүзеге асырылып отыр.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұжымы журналистика жəне саясаттану факультеті телерадио жəне қоғаммен байланыс кафедрасының доценті, белгілі ақын, мəдениеттанушы Оңайгүл Ізтұрғанқызы Тұржанға анасы Ақсырға НƏСІРҚҰЛҚЫЗЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты орны толмас қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


22 қаңтар 2016 жыл

 Бəрекелді!

1000 жылдыќќа – 1000 ќайырымды іс

АЛМАТЫ.

 Мерей

Миллионыншы абонент Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Сайрам ауданы Ақарыс ауылының тұрғыны Тамара Биназарова «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісінің миллионыншы абоненті болып анықталды. «OTAU TV» мерейтойлық абонентке теледидар тарту етті. Сонымен қатар, Тамара енді «Толық» ақылы арналар топтамасын бір жыл бойына ақша төлемей-ақ көре алады. Тамара Биназарованы құттықтаған облыс əкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов «Мерейтойлық абоненттің дəл осы Оң түстік Қазақстан облысынан шыққаны тегін емес. Шекаралас жатқан əрі халқы тығыз орналасқан өңір үшін ақпараттық қауіпсіздік мəселесі өте өзекті. Осы мақсатта 2015 жылы республика бойынша шекаралас аймақтарда 297 РТС салынса, оның 66-сы ОҚО аумағында қолданысқа берілді. Көптеген жыл бойы шекаралас аумақтардың тұрғындары жерсеріктің көмегімен көршілес елдердің телехабарын қарап

келген. Сонымен қатар, таяу жылдарға дейін облыстағы 67 елді мекеннің тұрғындары аналогтық желіде небəрі 1-2 телеарнаны тамашалаған. Енді цифрлық жерсеріктік жəне эфирлік телехабар тарату желілері іске қосылғалы бері, оңтүстікқазақстандықтар цифрлық сападағы отандық телеарналар хабарларымен толық қамтамасыз етілді», деді. «OTAU TV» жерсеріктік желісі 2011 жылы Елбасының тікелей тапсырмасымен елімізде тұңғыш рет қосылған. Бүгінде ол Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді болды. «OTAU TV» арқылы 40 телеарнаны тамашалап, 14 радиохабарларын тыңдауға болады. Бұл туралы миллионыншы абонентті құттықтауға арнайы келген «Қазтелерадио» бас коммерциялық директоры Бақтияр Ошурбаев айтты. Бүгінде шамамен «OTAU TV» өнімін еліміздің төрт миллион адамы, яғни 23 пайызы көреді екен. Ал оның əрбір төртінші абоненті оңтүстік тұрғындарына тиесілі. ШЫМКЕНТ.

 Мəселенің мəнісі

Баспанасыз əрі ќўжатсыз отбасыєа кґмек кґрсетілуде Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырауда бір отбасының құжатсыз, баспанасыз қалғаны, қазіргі уақытта жылусыз уақытша сарайда тұрып жатқаны анықталды. Осыған орай Атырау қаласының əкімдігі төменде анықталған жайттар туралы ресми мəлімдеме таратты. Шындығында, 1962 жылы туған Н.Орлов пен 1974 жылғы Е.Приданованың азаматтық некеден үш баласы бар екен. Балалары 2011, 2013 жəне 2015 жылы өмірге келген. Отбасы мүшелерінің барлығының да жеке басын куəландыратын құжаттары жоқ екені анықталып отыр. Қала іргесіндегі шаруа қожалығында ұсынған баспанасы өртеніп кетіпті. Осы жайттарды анықтаған əкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия шешімімен Н.Орлов тұрғылықты мекенжайы анықталмаған тұлғаларды бейімдеу орталығына, ал Е.Приданова үш баласымен бірге əйел дерге арналған дағдарыс орта лығына орналастырылды. Енді қа лалық əкімдіктің жұмыспен қамту жəне əлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің мамандары АХАЖ қызметкерлерімен бірге жеке басын куəландыратын құжаттарын қалпына келтіруге жəне Н.Орловты жұмысқа орналастыруға көмегін бермек. Сонымен бірге, 1 жасқа дейін гі бала күтіміне байланысты жəне балалар жəрдемақысын ресімдеуге де көмек беріледі. Комиссия мүшелері Н.Орлов пен Е.Приданованың жеке иелігінде тұрғын үйінің бар-жоғын анықтауға да кірісті. Олардың аттарында тұрғын үй тіркелмеген болса, оларды баспана алу кезегіне қою үшін құжаттары жинақталмақ. Мына дерек те жұртты таңдандырып отыр. Азаматтық некедегі жарынан үш бала тапқан Е.Приданова із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болып шықты. Оған туыстары іздеу салып, тіпті, мүрдесін таныған сыңай танытыпты. Өмірде ұқсас жандар аз дейсіз бе, бəлкім, туыстары оны əл де біреумен шатыстырған болар. Қалай дегенде де, қазір баспанадан да, құжаттан да жұрдай отбасы Атырау қалалық əкімдігінің бақылауына алынды. АТЫРАУ.

Жуабай ТƏШЕНОВ.

АЛМАТЫ.

«Ала биеден ала да туады, Құла да туады». Ал, біздің шалақазақтан Шабан аттай «шабысы» жоқ, Не ұлттық намысы жоқ, Салт-дəстүрін білмейтін, Өзінен ассаң күндейтін, Шала-шарпы бала да туады. Былдыр-былдыр етеді, Ағылшын мен орыс тілін, Шарайнадай компьютерін, Шала-пұла білсе болды, Нан табуға жетеді. * * * Қара есекке мініп өскен, Ана тілін біліп өскен, Шалабай əкесі мəз болады, Ауылдың қара баласы кешегі.

ХИРУРГ ПА, ¨АСАПШЫ МА?..

Сол бір кез хикаясы Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының ортасы. Бурабай ауылындағы орыс-қазақ орта мек тебінде тарихтан сабақ бе ріп жүрген кезім. Комму нис тік партияға мүшелікке өту үшін Күршім аудандық партия комитетіне келдім. Оның шағын қабылдау бөлмесінде қайсымызды шақырады деп 10-15 адам кезек күтіп тұр ғанбыз. Бір уақытта бюро өтіп жатқан бірінші хатшының бөлме сінен толағай тұлғалы «Қалғұтты» қой совхозының парткомы Тұрсынғали Молжігітов моншадан бусанғандай терлеп-тепшіп шықты. Қатты ренжулі. Оның соңынан шағын денелі, аласа бойлы, қарапайым еңбек адамы ілесе келеді. Сөйтсек, жағдай мына төмендегідей болыпты. «Естімеген елде көп» деген осы ғой. Партия мүшелігіне кандидат – бала жасынан мал баққан, еңбегімен танылған озат шопан, жетімдікті көп көрген, бірде-бір сынып бітірмеген, оқымаған адам екен. Одан бюро мүшелері ананымынаны мөлшерлеп сұрапты. Ол болса татымды жауап қайтармаған. Ақыр аяғында бірінші хатшы Ақаш Ибежанов: «Осы отырғандардан кімді танисың?» – депті. Сонда ол

«НАН ТАБУ А ЖЕТЕДІ...»

ұзын бойлы, толық денелі аудандық халық бақылау комитетінің төрағасы Əбілқайыр Сембаевты қолымен көрсетіп: – «Біздің Ақши фермасында болып, мал отарларын аралаған. Менің үйімнен ет жеп, арағын ішіп, түстеніп кеткен», – депті қаннен қаперсіз. Ұзын стол басындағылар аруақты еске алғандай үнсіз қалыпты. Бірер минуттан кейін Ақаш Жақыпбекұлы: «Малы аман, семіз, күйлі, алған төлі, қырыққан жүні жақсы, қабылдансын», деп ұсыныс жасапты да: «Жолдас Молжігітов, коммунистердің саяси сауатына ерекше көңіл бөліңіз» депті. Үмітхан НҰРҒАЛИЕВ, зейнеткер-ұстаз.

ӨСКЕМЕН. Шетелдің нəн де өте қымбат көлігінің артындағы жазу: «Мені тегі болмаса сүйкеп өтесіздер ме, өйткені маған да ақша керек еді...» Зейнетақысы 10 пайызға өсіп еді, əжейге немерелері де келуін 10 пайызға жиілетті...

«Қара ешкіге – жан қайғы, Қасапшыға – мал қайғы». Денсаулығы өгіздей, Қаны тасыған теңіздей, Спортшымыз Сегізбай Көп жегендей əңгелек, Іші кеуіп, ісініп,

құдасына барамын деп отыр еді. Ой, шын іздеген адам оңай табады. Құдыштың үйінен кейін кілт бұрылып тауға қарай жүрсең алдыңнан көк қақпалы Қапастың үйі кезігеді. Соған жетпей оңға бұрылып «Сөз сойыл» əзіл-оспақ отауының белсенді авторы Тұрлыхан Кəрімнің бұдан бұрын «Құбыжық», «Күлдіргім келіп тұрады», «Еркек қалай күн көреді?» атты сатиралық жинақтары жарық көрсе, енді міне Алматы облысы əкімдігінің қолдауымен «Мəдени мұра» бағдарламасы бойынша «Тілімнің тікені бар» атты əзіл-сықақ кітабы жарық көріпті. Сатирик-жазушы Т.Кəрімге жазар көбейсін, тың туындыларыңыз алдымен «Сөз сойыл» оқырманына бұйырсын дейміз.

кетсең суы жоқ көлденең арық жатыр. Түсіп кетпей солға қарай жылжысаң бір кісілік ағаш көпір… Өтесің де тура тартасың… Аты жоқ екі көшеден өткеннен кейінгі

СТУДЕНТТІК «С Р» СœЗ

Екі студенттің əңгімесінен: – Сен неге ерте үйлендің, əлде бойдақтықтан тез жалығып кеттің бе? – Жоқ, бойдақтықтан қарным ашып кетті... * * * Екі студенттің əңгімесі: – Қанша емтиханнан құладың? – Ертеңгімен бесеу болады.

* * *

Студент үйіне келіп, əкесінен ақша сұрап жатыр: – Əке, 5 мың теңге берші. – Оны қайтесің? – Ауыстырамын. – Қаншаға? – Төртке. – Сонда қандай курс бойынша? – Математика пəнінен...

Дау-дамайым жоқ» деген, Өзі жазған қолхаты бар, Амалсыздан шыдады. Болса дағы жақын танысы, Жоқ қой сірə намысы, Хирургымыз мұрты қияқты, Танисыздар ғой Мұратты, Ұмытып мүлде ұятты, Алпыс мың ақша сұрапты ! – Ой, бауырым, мынауыңа Менің шамам жете ме? Барып қайтатын қаржы ғой Жырақтағы Меккеге !?. – Жан керек болса бересің, Əйтпесе, соқырішегің жарылып, Табанда өлесің!.. – Деген соң Сегізбай қоразданып, Қарызданып-құрызданып, Алпыс мыңын санап берді. Хирург ішек-қарынын ақтарып, Соқырішегін кесіп тастап, Қарынын «жамап берді»... * * * Қазіргі нарық заманында, Дəрігерлердің құлқы басқа ғой. Ойлайтыны адамдардың денсаулығы емес, Сытырлаған ақша ғой... Нұртан ТӨЛЕПБЕРГЕНҰЛЫ.

АЛМАТЫ.

Тіркелмеген деген анықтама ала қояйын деп психиатрға барып... кезек ұзақ-сонар, кезексіз кірушілер жүйке жұқартып, бұл амалсыз ашуға беріліп, ақыры айғай-сүреңге ұласып, соңында бұны «психикалық ауыруы бар» деп тіркеп тынды...

Дəрі ала қояйын деп барып, бағасы удай... бүйткенше өле қалған жөн шығар деп жерлеу мекемесіне барып еді... мұндағылардың қызмет көрсету бағасы тіптен удай... қайта дəріханаға қарай шапты...

 Түрік əзілдері Зоопарк күзетшісі: – Маған екі мың доллар жинап берсеңдер мен арыстанның торына кіріп қана қоймай, қолаяқ, басыма дейін оның аузына тыға аламын деп, – кеуде соқты. Келгендерге де қызық керек, əлгінікін жинап бере қойып еді... пəлекет күзетші торға кіріп қана қоймай, бас-аяғын арыстанның аузына кезекпе-кезек тығып ерлік жасағаны бар... Сөйтсек, пəлекет күзетші соның алдында ғана 200 долларға 30 килограмм шошқа етін сатып алып, арыстанды аузы-мұрнынан шығара тамақтандырып қойған екен...

КЕШІР, АРНАЙЫ ША¨ЫРАМЫН...

Əйелім түнгі кезекке жұмысқа кетіп, маңдайымызға біткен төрт баланы тамақтандырып отырғанмын. Біреуі – нан, екіншісі – айран, үшіншісі – көже, төртіншісі талқан сұрап есімді шығарды. Осыны аңдығандай апталап жөнделіп, айлап үні өшетін төрдегі телефонға тіл біткені. «Тамақ жасауға тапсырыс бергелі отырған бəйбішем шығар», деп қалталақтай барып қондырғысын көтердім. Жоқ, ішіп кеткен еркектің дауысына ұқсайды. – Əлеу, кім екен? – дедім. – Көкішпін ғой, институтта бірге оқыған... – Ой, ит-ау, қайдан звондап тұрсың? – Вокзалдан… – Ойбу, енді не істедім… Он жылдай болды, аты жоқ көшеде тұрамыз. Əйелім түнгі жұмыста, балаларға қарап отыр едім. Кете қалсам, мына қағынғырлар үйді өртеп жіберуден тайынбайды. Қап! – Былай… жобалап жолын айтсаң да тауып алармын. –Тыңда онда… Айналма жолмен барып теміржол көпірінен өткесін оң жағыңда коммунистер, сол жағыңда Шевченко көшесі… Оған жетпей бес переулок бар. Орталарында ескі монша, Үсенбайдың ескі үйі, өте қалғаныңда Өтештің өрт сөндіретін машинасы тұрады, ол иттің өрт жоқ кезде аң аулап кететіні бар… Егер өрт сөндіретін машина көрінбесе, сол жағындағы Құдыштың үйіндегі көк мотоциклді көресің. Ол ит те

Мұрттай ұшты дөңгелеп. Талай үлкен жарыста Жібермейтін намысты, «Өгіз палуан» атанған Есіл Сегізбайымыз Ауруымен алпарысты. Қай жері екен ауырған, Бүйрек пе, əлде бауыр ма? Əшейінде Құдайды Еске алмайтын Сегізбай Жалбарынды Тəңірге. «Жалмауызға да жан керек», Төсегінде дөңгелеп, Ыңырсынып, ышқынып, Қорқынышты түс көріп, Көтеріліп ыстығы, Басы айналып, құсты да... Шыдамсыз байқұс Сегізбай, Қиналғанда қу жаны, Өкірді кеп өгіздей. Əркімнің бар есебі, Мұндайда жайлы көрінер Аурухана төсегі... Болса дағы жерлесің, Құдай басқа бермесін, Хирург жігіт күші ағын, Кесердей болып тұсауын, Жалаңдатты пышағын. Есі кеткен Сегізбай, Өкірейін десе өгіздей Еркек деген аты бар, «Алда-жалда шейт болсам,

бұрылыста біздің көше. Сəл төмен түссең, бір жағы жабылмайтын ағаш қақпамыз көзге ұрып тұр. – Түк түсінсем бұйырмасын! – деді досым бұлқан-талқан болып. – Басқадай төте жол жоқ па?.. – Ей, онда сен пойыздың астынан еңбектеп өт те, құмдауыт шағылдың арасындағы соқпақ жолға түс. Алдыңнан биік мұнара көрінеді. Содан көз алмастан ілгері жүргеніңде Ескермес шалдың ескі үйі тұр. Соған жетпей солға бұрылсаң бұзылған мектептің орны жатыр. Оған тоқтама, түнде ұрылардың бəрі сол жерге жиналады. Сəл жүргеннен кейін оңға бұрылсаң… өй, өзің көресің… Шатырбайдың қорасын айналып өткенде шағын көше көлденеңдейді. Бас жағынан санағанда алтыншы үй… Көршілерден сұрайсың ғой… – Түн ішінде кім мені үйіне кіргізеді дейсің?.. – Біздің жақтағылар есігінің ілгегін салмайды. Іркілмей кіріп, тезірек шықсаң болғаны. Мен майға кеспе басқанша келіп те қаласың. Давай, құшақтасып көріскенше, досым… Тағатсыздана күткенімді қайтейін, досымды біздің үйдің дəмі тартпады. Түні бойы тентіреп, таңғы пойызбен тартып кетіпті. «Кешір. Көшемізге ат берілген күні нөмірін көрсетіп, əйелің екеуіңді арнайы қонаққа шақырамын» деп, қалаға кетіп бара жатқан Қапшықбайдан хат жолдадым.

Тіл

Темел Англияға қонаққа келіп орналасып болған соң одан Жамал сұрапты: – Ағылшын тілін білмейсің, мұнда жеткенше қатты қиналған шығарсың? – Жоқ-а, ұшақтан түскеннен осында жеткенше ағылшындардың өздері қиналды...

Дəрі

Темелдің жөтелі басылмай ауруханаға барса, дəрігер қателесіп Темелге іш өткізетін дəрі жазып береді де: – Бір апта бойы тамақтан кейін іш те, дəрі біткеннен кейін келесің, – депті.

Конгресс

Генетика тақырыбында халықаралық конгресс өтіп, ағылшындар: – Біз зерттеудің нəтижесінде балық пен түйенің тұқымын бірбірімен қосып едік, холестиринсіз ет өндіре бастадық, – деп мақтанады. Одан кейі сөз алған француздар: – Біздің ғалымдар тауық пен

Суретті салған Нұрлан ТАЗАБЕКОВ.

Бір аптадан кейін дəрігер сұрапты: – Қалай, жөтелің қойды ма? Темел жан-жағына көз тастап: – Шынымды айтсам, жөтелуге батылым бармайды, – депті Темел.

сиырдың тұқымын қосып, етке қатысты мəселенің барлығын шешті, – деп кергиді. Сонда Темел мінбеге шығып: – Ол ол ма, біз қарбыз бен қоңыздың тұқымын қосып көріп едік, қарбызды сойғанда шопақтары өздігінен жан-жаққа қашып кететін болды. Қазір түріктер шопақсыз қарбыз жейді... – деген екен.

Араздыќ

Тұрлыхан КƏРІМ.

ТАЛДЫҚОРҒАН. * * * Тест сұрағы: «Абылай ханның арбакешінің көршісінің қайын атасының құдасының немере ағасы болып келетін жылқышының жездесінің аталас руынан шыққан бақсының жылқысының аты кім?» Жауабы: «Абылай ханның арбакешінің көршісінің қайын атасының құдасының немере ағасы болып келетін жылқышының жездесінің аталас руынан шыққан бақсының жылқысының атын итім біліп пе?»

берсеңіздер жетеді» – дейді. Бірнеше жылдан кейін ғарышкерлер жерге қонады. Неміс қампиған дəу қарнымен асықпай түседі. Француз əйелімен бірге екі баласын ертіп шығады. Темел темекісін қолына алып, кабинадан атып шығып: – Жерлестерім, сіріңке бар ма? – дейді, сəлем берген жұртқа.

 Əзілің жарасса...

«Алматының 1000 жылдығы – 1000 қайырымды іс» жоспары аясында мегаполистегі G38 жастар ұйымы бизнес-қауымдастықпен, үкіметтік емес ұйымдармен жəне жəй ғана алматылықтармен ұдайы қарым-қатынаста болып, көмекке мұқтаж жандарға мың түрлі қайырымдылық көрсетпек. Осынау акция ҰОС ардагерлерін, қарттарды, тұрмысы нашар отбасылар мен көпбалалы үйлерді қамтиды деп күтілуде. Қайырымды жастар балалар үйлеріне де барып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қарайласатын болады.

Мың мейірімге толы тірліктің ішіне үй жинап беру, қолғабыс ету, азық-түлік сатып əперу, шипажайларға жолдама ұйымдастыру, дəрі-дəрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау мекемелерінде емделуге септесуден бастап, бəрі-бəрі кіреді. Акцияны ұйымдастырушылар осынау сауапты іске қаладағы ЖОО-лардың студенттерін де тартып, оларды жұмыспен қамтамасыз етуді көздеп отыр. Аталмыш акция 20 қаңтарда Алматыдағы Оқушылар сарайынан бастау алып, енді жыл аяғына дейін жалғасады.

– Бұл ұзақ та ауыр сапарға аяғым шыдай қояр ма екен?! – дейді жазушы Герольд Бельгер Маңғыстау өлкесіне ұшып бара жатып. – Мен саған аяғымды бере тұрайын, сен маған қарныңды бере тұр! – дейді мұндай талай сапарды, əсіресе, қазақ дастарқанын барынша көп көрген дала перзенті, ақын Қадыр Мырзалиев. – Мынау байтақ Қазақстанда, қанша байтақ болса да, салмақ аяққа түспейді, қарынға түседі! * * * – Заман болса өзгеріп барады. Өз мамандығыңмен күн көру мүлдем қиындап кетті. Жұрт үйреншікті қызметтерін тастап, басқа бір тиімді жұмыстарға ауысып жатыр. Енді Абай атамыз айтқандай «есектің артын жауып мал таппасақ», күн көре алмайтын түріміз бар! – дейді бір жазушы. – Рас, қазір заман өзгерген. Енді бір есектің ғана артын тазалап күн көре алмайсың. Не ол, бір емес, бірнеше есек немесе арты сондай үлкен есек болуы керек! – деп түзетеді Қадыр əріптесі.

 Сүйінші!

«Егемен Қазақстан».

CӨЗ СОЙЫЛ ƏЗІЛ - ОСПАЌ, СЫН - СЫЌАЌ

 Бірде...

Айнаш ЕСАЛИ,

11

www.egemen.kz

Темекі

Ғарышқа неміс, француз жəне түрік ұшпақ болады. Түркияның атынан ұшатын Темел бар дайындығын жасап үлгерген. Ғарыш стансасының бастығы: – Сіздер бірнеше жылға ұшып кетесіздер. Сондықтан қалаған нəрселеріңіз болса ғарышқа алып баруға рұқсат береміз, – деп ғарышкерлерді қуантады. Неміс минералды су сұрайды, француз əйелін бірге алып кетуді өтінеді, Темел болса «Темекі

Темел мен Тұрсын бір-бірімен ренжісіп қалады. Бір күні Тұрсын ешкісін сату үшін қаладағы базарға келе жатып жолда Темелді кездестіреді. Темел Тұрсынның қасынан өтіп бара жатып: – Есекпен бірге қайда барасың? – деп қағытады. Бұған Тұрсын бұлқан-талқан ашуланып: – Қөзіңді ашып қара, жетегімдегі есек емес, ешкі, – дейді кейіп. Сонда Темел Тұрсынға ожырая қарап: – Саған тіл қатқан ешкім жоқ, ешкіңе айтып отырмын... – деген екен. Түрік тілінен тəржімалаған Мəлік ОТАРБАЕВ.

Мїйісті жїргізетін Берік САДЫР


12

www.egemen.kz www.egemen.kz

22 қаңтар 2016 жыл

 Еркін елдің ертеңі

 Масқара!

Бейбарыс пен Ермахан

Жастарымызєа жетпей жатќаны – иман мен тəрбие

«Тґтенше жаєдайдаєы ерлігі їшін» тґсбелгісімен марапатталды Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Өткен жылдың жазында Құрманғазы ауданында тұратын Ермахан мен Бейбарыс есімді қос өреннің өзенге батып бара жатқан əйелді құтқарғаны туралы жазған едік. Сол оқиғаны қысқаша баяндар болсақ, жаздың аптап ыстығында суға түсіп, бой сергітуге келген олар көмек сұраған əйелдің дауысын естіген. Қас-қағым сəтте екеуі де өз өмірлерін қатерге тігіп, өзенге секіреді. Сөйтіп, көмек күтіп арпалысқан анасындай жанды судан алып шыққан. Олардың ерлікке пара-пар ісі ескерусіз қалмады. Екеуі де «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

 Қаз-қалпында

Мектепке санкция салынды «Санкция» деген сөзден құлақ сарсыды. Бұл санкция дегеніңіздің жүрмейтін жері жоқ екен. Солтүстіктегі көршіміздің екі аяғын бір етікке тыққан бұл шіркін Сарыарқаның сайын даласында бұйығып жатқан Қарағой ауылында не жоғалтты екен? Құстың ұясындай ғана Қарағой мектебінде 8 оқушы, 2 мұғалім жəне 3 техникалық қызметкер болған. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Қанат Бəкіровтің айтуынша, тиісті орындар аталған кемшіліктерді бұдан бір жыл бұрын анықтаған екен. Бірақ та, өзіне дейінгі басшы кемшіліктермен дер кезінде күреспей, енді келіп

Қайрат ƏБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан».

Ақтоғай ауданындағы Қарағой ауылының бастауыш мектебі біліктілік талаптарына сай келмегендіктен жабылып, санкцияның шеңгеліне ілікті. Неге десеңіз, аталған мектепте медициналық бөлме медбикесімен қоса жоқ екен. Асхананы атамаса да болады.

салғырттықтың кесірі мектепке тиіп отыр... Жақында болған сот отырысы «Қарағой ауылының бастауыш мектебі» мекемесін əкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінəлі деп тапты. Мектепке мемлекеттің пайдасына деп 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (198 200 теңге) айыппұл салынды жəне ол бұдан былай білім беру ісімен айналысу құқынан айырылды. Қазіргі таңда жергілікті билік санкция салынған Қарағой мектебінің оқушылары мен ұстаздарын басқа білім ұясына орналастырумен айналысып жатыр. Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы.

 Бəрекелді!

Жас ґнертапќыштыѕ жарќын жобасы Қызылордада Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ақмарал Бисенова қысқа толқынды пешке хош иістендіргіш жасаудың жаңа тəсілін ойлап тапты. Оның айтуынша, аталған тəсіл арқылы 5 минутта кез келген ғимаратты қажетті жұпар иіске бөлеуге болады.

Инновациялық жобаның жетекшісі Нұрбол Аппазов: «Бұл өнертабыс əлемдегі белгілі порфюмерлердің сұранысын тудыруы мүмкін. Оны басқа салада да пайдалануға мүмкіндік зор», – дейді. Сондай-ақ, ол əзірленген əдісті фармацевтік өнеркəсіпте, яғни дəрі дайындау кезінде, тағам мен бояу өнеркəсібінде ерітінділерге пайдалануға болатынын айтты. Əдетте, хош иістендіргішке негіз ретінде мұнай қалдықтары қолданылады. Өйткені, реакцияға ас сірке суы мен катализатор қатысады. Ал жас өнертапқыштың бұл жобасындағы хош иістендіргіште затты өндіру кезінде қалдық шықпайды əрі қоспадан тазалау үшін қосымша шығын талап етілмейді. Сондықтан да мамандар Ақмаралдың осы тəсілін экономикалық тұрғыда өте тиімді дейді. Айта кетейік, өнер иесі болашақта өз жетекшісімен бірлесіп бизнес-жоспар əзірлеп, демеуші тауып, жобаны қолданысқа енгізуді көздеп отыр. Төребек ТҰРМАНОВ.

 Қылмыс

Алаяќтыѕ да алаяєы болады Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстікте жұмысқа тұру оңай шаруа емес. Адам көп, қызмет аз. Сондықтан, көпшілік пара берсем жұмысқа орналасамын деп ойлайды. С. деген азамат осыны өз мақсатына пайдаланудың өзіне тиімді жолын тапқан. Сықиып киініп алады. Түрі ұртына май жаққандай жылтырап тұр. Облыстағы үлкен қызмет орнындағы ірі мансап иесі. Ең бастысы, ол кімді болса да жұмысқа тұрғыза алады. Осындай деп сыбыс жібереді. Мұндайда кім аянып қалсын. Соңынан құлай жүгіреді. С. бір жігітті Созақтағы ірі кəсіпорындардың біріне орналастырмақ болып 40 мың теңгесін алған. Дұрысы, ана азаматтың өзі əкеп берген. Апта өтеді, ай өтеді, жұмыс жоқ. Жыл өтеді, жұмыс жоқ. С. сырғақси берген соң əлгі ашынған азамат Шымкент ҚІІБ Абай аудандық ІІБ-ның

кезекші бөліміне хабарласады. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын жүргізіп, 1969 жылы туған күдікті азаматты қолға түсіреді. Сөйтсе, елді жұмыспен жарылқаймын деп жүрген С.-ның өзі жұмыссыз екен. Тексеру барысында оның алаяқтық бойынша 30 дерекке қатысты болғандығы анықталды. Бұл енді анықталғаны ғана. Жəбірленушілерге келтірген шығын 2 млн. теңгеден асып отыр. Баяғыда елді алдап бас пайдасын көздейтін біреу «бір секірдім – құтылдым, екі секірдім – құтылдым, үшіншіде тұтылдым» депті. С. екі-үшеуді қанағат қылмай, 30 рет се кіріп аман қалып, өзінің пы сық тығына əбден сенген сыңайлы. Енді оның үстінен ҚК-нің 190-бабы бойынша қыл мыстық іс қозғалды. Ол қамауға алынды.

АТЫРАУ. ––––––––––––––

Суретті түсірген Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

 Қазақы қалып

«Мырзаєа» мен «Бикеш» Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Жуырда ауылға бардым. Ағайын-туғанмен амандасқанда Еркін жеңешем «Мырзаға» деп көрісті. Жү регім езіліп кете жаздады... Осы Еркін Қамшыбек көке ме келіншек болып түскенде есімді білер-білмес бес жаста едім. Өмірі атымды атаған емес. Үшбұлақтың қызы. Оның інісімен құрдас болдық. Ойнап-күліп бірге өстік. Ыбырашты Ыбыраш дейді, мені «Мырзаға» дейді. Біз ағайынды бесеуміз. Ұлдардың бəрі – «Мырзаға». Шатасып кетпес үшін қосып айтатын жанама лақаптары тағы бар. Мəселе онда емес, «Мырзағада». Екі қыз. Қыздарға бұйырғаны «Бикеш» болды. Əпəдемі аттары болса да атамайды. Аталар мен апалар туралы басқа əлем... Екі-үш күннен кейін қалаға қайтамын. Алдымнан «пəленбай түгенбаевич» шығады-ау! Қайран «Мырзаға» мен «Бикеш»...

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ

Бас мїфти баланы далаєа тастау туралы пікірін білдірді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қоғамның талқылауына түскен мектеп оқушыларының ерте жүктілікке тап болуы, жаңа туған сəбиді тірідей далаға тастау оқиғаларына орай ойларын ортаға салды, деп хабарлады ҚМДБ-ның баспасөз қызметі. «Əке əкелік міндетін атқарып, балаға рухани тəрбие бермесе, ана аналық парызын орындап, мейірімін төкпесе, бала ата-ананың қамқорлығын сезінбесе, үлкендерге құрмет көрсетіп, батасын алуды үйренбесе, онда сол отбасының ойраны шықпайды деп кім айта алады? Кейбір қарын дастарымыз, қыздарымыз бол машы тұрмыстық сынаққа сабыр ете алмай, бауыр еті баласын тірідей далаға тастап, болмысымызға жат мінез танытып жатқаны жанымызға батады», – дейді ҚМДБ төрағасы. Бас мүфтидің айтуынша, қыздарымыздың орта мектепті де бітірмей жатып, ерте жүктілікке тап болатын жағдай қазіргі

қоғамда үлкен мəселеге айналды деуге болады. «Жастарымыз асығыс шешім қабылдауға бейіл тұрады. Неге? Мұның себеп-салдарын айтқанда, қайтадан сол тəрбиені, имандылықты, ізгілік пен сенімді тағы сөз етеміз. Шығыс даналығында: «Бос арбаның сыл дыры көп», – деген сөз бар. Тамыры терең тартпаған талдың да жел шайқаса құлауға шақ қалатыны секілді, тұла бойы иманға толмаған адамның ғұмыры баянсыз болады. Қаладағы кейбір ата-аналарымыз уақытының көп бөлігін жұмыста өткізеді. Былайша айтқанда, өз үйіміздің «пəтершісіне» айналдық. Əрине, ақша кімге қажет емес. Бəріне керек. Алайда, үйдегі

баланың тəрбиесі одан да маңызды екенін əбден ескеруге тиіспіз», – деген кеңесін жеткізді. «Өткен жолы ақпарат құралдарынан сəбиін көлікте босанып, далаға тірідей лақтырып жіберген қарындасымыз туралы қайғылы хабарды мен де естідім. Денем тітіркеніп, ұзақ мазасыз күй кештім. Əрине, өкінішті жағдай. Қызды қырық үйден тыя білген халықпыз ғой. Баяғыда бойжеткен қыздар отбасын құру туралы анасымен, жеңгесімен сырласатын. Қазір бұл үрдіс азайып барады. Өкінішке қарай, ұл-қыздарымыздың тəрбиесі екінші кезекте қалып қойды. Баласын тірідей өлімге қиған сол қарындасымызға қаражат, киім, баспана, тағы басқа нəрсе жетпей жатыр деп айта алмас едік. Жастарымызға жетпей жатқаны рухани азық, иман, тəрбие. Өйткені, Ислам – екі дүние бақытының кілті», – дейді Ержан қажы Малғажыұлы.

ы д а є ы ш п е т к е т е ж Ит ы ш ѕ а а є р ы ад

КӨКШЕТАУ.

 Мəссаған!

Бґгде елдегі берекесіз тірлік Мемлекетіміздің шекара маңында заңсыз жұмыс істеп жүрген үш Өзбекстан азаматы ұсталды. Солтүстіктің қақаған аязына да төселіп алып, нəпақа тауып жүрген ала шапанды ағайындар Павлодар шекара отрядының «Железинка» шекара комендатурасынан жасақталған нарядтың «Львовка» жəне «Қашыр» деген ауылдарға жасаған рейдтерінің барысында қолға түсті. Ұсталғандар Қашыр аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ-ның баспасөз қызметі.

Фотоэтюд

Суретті түсірген Сəрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.

 Апырай, ə!

Адамныѕ басын ауыстыру мїмкін бе? Еламан ҚОҢЫР,

«Егемен Қазақстан».

Осыдан 50-60 жыл бұрын адамзаттың бүгінгі мүмкіндігі «үш ұйықтаса түске кірмейтін» дүниелер болғаны рас. Ал қазіргі таңда ғарышты игерген адам одан да зор ғылыми жаңалықтарға иек артуда. Мəселен, осы аптаның сейсенбісінде АҚШтың Чикаго қаласында жұмыс істейтін италиялық нейрохирург Серджио Канаверо мен оның қытайлық əріптесі Жень Сяотин осы саладағы сенсациялық жаңалықты жариялады. Олардың айтуынша, бүгінде хирургтер адамның басын ауыстыратын оталарды жасауға дайын екен.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

Меншік иесі:

Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Бұрнағы күні облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов алыс ауданда тұратын Ермахан мен Б ей барысты А тырауғ а арнайы шақырды. Өңір басшысы қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жəне жоюдың іс-шаралары туралы мəселеге қаныққан облыстық мəслихат депутаттары алдында Ермахан Насихан мен Бейбарыс Қайроллаұлына аталған төсбелгілерді тапсырды. Сонымен бірге, ержүрек балаларға бағалы сыйлықтар ұсынды.

Бұл жөнінде дəрігер Канаверо: «Біздің жаңалығымыз негізсіз емес. Осы кезге дейін əртүрлі жан-жануарға тəжірибелер жүргізіп, оң нəтижеге қол жеткіздік. Осымен тəжірибе кезеңін аяқтаймыз. Енді мұндай оталарды адамға жасауға дайынбыз. Осы ретте аталған отаға зəру ресейлік науқас Валерий Спиридоновтың ем-домына көмектесіп, сол елдегі əріптестерімізге қолұшымызды созғымыз келетінін айтқым келеді», – деп мəлімдеді. Алайда, ғалымдар əлемдік ме дицинаны дүр сілкіндіретін осы жаңалықты жүзеге асыру үшін материалдық жəне басқа да мəселелерді шешу қажет екенін

МЕКЕНЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-07-87.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87 Электронды пошта: egemenkz@maіl.ru. Интернет-редакция: ekazakhstan@mail.ru Алматыда: факс (727) – 273-07-87, электронды пошта – egemalm@mail.ru

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – 8 (717-2) 37-54-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – 8 (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – 8 (712-2) 31-74-13; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – 8 (716-2) 25-76-91; Қарағанды – 8 (721-2) 43-69-31; Қостанай – 8 (714-2) 39-12-15; Қызылорда – 8 (701) 772-70-74; Орал – 8 (775) 336-47-57;

Өскемен – 8 (778) 454-86-11; Павлодар – 8 (718-2) 54-31-56; Тараз – 8 (726-2) 43-37-33; Шымкент – 8 (701) 362-63-76; Петропавл – 8 (715-2) 50-72-50.

Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-07-26, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-Полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Достық-Дружба даң., 215 А, «WESTA» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Алматы қаласы, Мұқанов к-сі, 223 В, «АлматыБолашақ» АҚ, 070002, Өскемен қ., Абай д-лы, 20, «Печатное издательство-агентство Рекламный Дайджест» ЖШС баспаханаларында басылып шықты.

айтып отыр. Себебі, мұндай ота АҚШ пен Еуропада 100 млн. доллар тұрса, Ресейде оны 20 млн. долларға жасауға болады. «Ресейде өзге елдерден арзан болуына медициналық құрылым мен хирургиялық дəстүрдің мол тəжірибесі себеп», – деді С.Канаверо. Ал Ресейдің Владимир қаласында тұратын, бағдарламашы Валерий Спиридоновтың өзі италиялықтың ұсынысынан бас тартпайтынын айтты. Туғаннан арқа бұлшық еттерінің атрофийімен ауыратын науқас бүгінде өз денесін басқара алмайтын халге жеткен. «Мұндай отаға шамамен 36 сағат қажет. Осы уақытта науқастың терісі бұзылмас үшін оның денесі мен басын арнайы мұздатқыш арқылы салқындатып отырамыз», – дейді дəрігерлер.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 210 932 дана. Нөмірдің кезекші редакторы Александр ТАСБОЛАТОВ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 6 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №13 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.