15072014

Page 4

4

www.egemen.kz

15 шілде 2014 жыл

 Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі

 Еркін елдің ертеңі

Астана

Астана, құтты болсын туған күнің! Əн мен күй, сауық-сайран болып түнің. Аңыз боп қала берші, жер-жаһанға , Тал бойыңда, жоқ сенің ешбір мінің. Қаламда ерке сұлу, Есіл аққан, Бұралып сұлу қыздай, шолпы таққан. Əсем, зəулім ғимарат жиегінен, Арайлап, нұрға бөлеп, таңым атқан. Астана жасай берші, жасай берші, Халқымды ізгі жолға, бастай берші. Арманы сан ғасырдың өзің шығар, Жаратқан!Тіл-көзіңнен сақтай көрші. Астана, Еуразияда жаңа қала, Ерекше көз тартады, жеке-дара. Бағына халқымыздың берген шығар, Елбасын, Нұрекендей асқан дана! Кəрім ОМАРОВ, еңбек ардагері. АСТАНА.

Елордамыз – маќтанышымыз Əлемде өз елінің астанасын мақтан тұтпайтың халық жоқ. Бірі оның сұлулығын, енді бірі өнер мен шығармашылықтың ордасы екенін айтып мақтанады. Үшіншілері жаһандық келіссөздер жүргізетін орталыққа айналғанын алға тартады. Осылардың қатарынан тəуелсіз еліміздің бас қаласы Астана да ойып тұрып орын алатыны анық. Қазақстандықтардың барлығы Сарыарқа төсіндегі əсем Астанасымен мақтанатыны сөзсіз. Еуразия құрлығының бел ортасында орналасқан Астана қазақ ертегісіндегі алып батырлардай күн санап өсуде, өркендеуде десем, артық айтқандық болмас. Біршама уақыт жолыңыз түспей, кейін барғанда қаланың көркіне көрік қосып тұрған жаңа зəулім ғимараттар мен сəулетті үйлерге таңдана да, тамсана да қарайсыз. Астанаға жолым түскенде уақыт тауып, қаланы аралауға тырысамын. Сонда ерке Есілдің жағасындағы жаңа қала, шынымен де өте сұлу екеніне көз жеткіземін. Астана дегенде, алдымен ауызға ілігетіні – Бəйтерек кешені. Керемет бұл құрылыс нысаны бас қаламыздың символы. Одан елордамыздың əсем көрінісін алақандағыдай тамашалауға болады. «Атамекен» этнографиялықмемориалдық кешені де маған өте ұнады. Ашық аспан астындағы бұл мұражайда кең-байтақ еліміздегі 14 облыс, Астана мен Алматы қалаларының шағын макеттері қойылған. Қазақстанның кішірейтілген нұсқасы іспеттес.Сонымен қатар, адамның жанын жадыратып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын сазды субұрқақтар бағын тамашаламау мүмкін емес. Сыртқы пішініне қарап ел Пирамида атап кеткен

Бейбітшілік жəне келісім сарайы, Тəуелсіздік сарайы, «Қазақ елі» монументі, «Хан Шатыр» ірі саудаойын орталығы, «Қазақстан» концерт залы, «Астана Опера» театры, өзге де өнер ордалары, жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар, заманауи сауда кешендері, саябақтар, гүлзарлар, тағысын-тағылар... Иə, айта берсең, елордамыздың мақтауға тұрарлық көрікті жерлері көп! Ал Сарыарқаның ауа райына байланысты Астананың айналасын қоршай бірнеше шақырым жерге отырғызылған ағаш бүгінде жасыл орманға айналған. Ерке Есіл де Астанаға ерекше көрік беріп тұр. Бұл туралы Елбасы естелігінде: «1992 жылы Қазақстанның президенттігіне бүкіл халық болып сайлағаннан кейін, мен Ақмолаға келдім. Есілден көлденең тартылған ескі көпірдің ортасында тұрып өзенге қарадым. Маған қашанда қаланың қақ ортасынан ағып жатқан өзен ұнайтын. Өзен қалаға ерекше бір көрік береді, мəртебесін көтереді»,–деп жазады. Шынында да, əлемдегі көптеген мемлекеттердің əсем астаналары өзеннің жағасында орналасқан. Айталық, Париж – Сенаның, Лондон – Темзаның жəне Мəскеу өзі аттас өзен бойына салынған.

Қазіргі таңда Астана еліміздің əкімшілік қана емес, жаңа бастамалардың, тың идеялардың, шығармашылық пен ғылыми жаңалықтардың орталығына айна лып үлгерді. Бүгінде сəнсалтанаты жарасқан, жаңа тұрпатты Астананы əлем біледі. Өйткені, төрткүл дүниеге тек тұрақтылық, бейбітшілік арқылы танылған еліміздің бас қаласында қаншама жаһандық жиындар өткізілді. Айталық, 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының саммиті, дəстүрлі діндер көшбасшылары съездері, Астана экономикалық форумдарының өткізілуі Астананың абыройын асқақтатып, дүние жүзіне атын шығарды. Мұндай ауқымды іс-шаралардың елордада алдағы уақытта да өткізілетініне еш шүбəміз жоқ. Себебі, Астанаға əлем сенеді. Оның бір дəлелі Сарыарқа төсінде 2017 жылы «ЭКСПО» халықаралық көрмесінің ұйымдастырылатыны дер едік. Жұмыр жер бетінен бес миллионға жуық тұрғынның Астанаға ағылуына сеп болатын бұл іс-шараға əзірлік қазір қызу жүргізілуде. Күні кеше ғана Астана тағы бір тарихи оқиғаға куə болды. Бұл күн де Астана шежіресіне алтын əріптермен жазылатыны анық. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь елдерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Аталған ықпалдастықтың аясында үш мемлекеттің арасындағы алысберіс, барыс-келіс жеңілдетіліп қана қоймайды, сонымен қоса

мəдени-гуманитарлық, ғылыми, əлеуметтік байланыстар жаңа деңгейге көтеріледі. Өйткені, Қазақстан кіруге талпынып отырған əлемдегі ең озық отыз елдің басым бөлігі жетістіктерге интеграция арқылы жеткен. Сондықтан бұдан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Даму, өсіп-өркендеу, ілгерілеушілік бейбітшілік орнаған, түтіні түзу ұшатын елде ғана болатын үдеріс екені талас тудырмайтын аксиома. Бұл ретте Қазақстанның тəжірибесін талайлар үлгі етіп жүргені де рас. Жүзден астам ұлт пен ұлыстың татутəтті өмірлеріне қызыға қарайтындар көп, қызғанатындар да жоқ емес. Еліміздегі ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайта түсуде Елбасының бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының қосып келе жатқан үлесі орасан. Келесі жылы өзінің жиырма жылдығын атап өткелі отырған осынау бірегей институт «Бір ел – бір тағдыр» деген қағида бойынша қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мен бірлікті бекемдеуде басты тетіктердің біріне айналды. ОҚО иран этномəдени орталығы 1977 жылы құрылған. Мен осы орталыққа 2000 жылдан бері төрағамын. Біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, алуан түрлі іс-шараларымыз Қазақстанның тұрақтылығын, еліміздегі ынтымақ пен бірлікті көздің қарашығындай сақтауға бағытталады. Біз, қазақ жерінде тұратын ирандар бейбітшіліктің бағасын жақсы білеміз, тұрақтылық тұғыры татулық екенін терең түсінеміз. Ирандар Қазақстанға алғаш сонау 1918-1919

жылдары, екінші мəрте 1937-1938 жылдары, үшінші ретте 1947 жылы тағдыр талқысына байланысты келген. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1947 жылы айдалып келгендер өңшең жас жігіттер еді. Олар сталиндік саясатқа байланысты иран əскерінде алданып қалғандар болатын. Жап-жас солдаттарды алғаш Архангельскінің ормандарында жұмысқа жекті. Қырыла берген соң Қазақстанға, Арыс стансасына əкелді. 1950 жылға дейін Шымкент зауыттарында жұмыс істеп, одан кейін аудандарға жіберді. Сөйтіп, «Шалдар», «Қабланбек», «Рабат», «Арыс», «Сүткент», «Қожатоғай», «Шəуілдір», «Жылға» дейтін шаруашылықтарда тұрақтады. Міне, сол жауынгерлердің перзенттері – мына біздерміз. Қазақ бауырларға мың да бір рахмет. Əрине, тəуелсіздік алғалы Иран еліне оқтатекте барып қайтамыз. Ағайынтуыстарымызды да таптық. Бірақ, Иранға бір де бір иран кеткен жоқ. Иран елшілігімен тығыз байланыстамыз. Жастардың өз тілімізді ұмытпау жағын да ойластырамыз. Орталығымыздың жастар қанаты жұмыс істейді. Наурыз – біз үшін ең ұлы мейрам. Қазақ бауырлармен бірге жасарамыз, тазарамыз. Оңтүстік Қазақстандағы ирандардың бəрі дерлік қазақша сөйлейді, мемлекеттік тілде оқиды. Ассамблеямен, «Ырыс алды − ынтымақ» қоғамдық форумымен əрқашан бірге жұмыс істейміз. Біз Қазақстанымызды сүйеміз. Астанамызды айбынымыз деп мақтан етеміз.

Облыс орталығынан елу шақырым жерде орналасқан Ақсу қаласы еліміздің өндірісті өңірлерінің бірі болып саналады. Бұл жерде өндіретін өнімдері жыл сайын халықаралық деңгейде сапасы жоғары бағаланатын Ақсу ферроқорытпа зауыты жəне Еуразиялық энергетикалық корпорациясы атты екі алып кəсіпорын жұмыс істейді. Көпшілік қала тұрғындары осы өндіріс орындарында еңбек етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев облысқа келетін жұмыс сапарлары кезінде еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жатқан Ақсудағы осы екі алып өндіріс орындарының жұмысшыларымен, энергетиктермен жүздесіп қайтады. 2008 жылдың 2 шілдесі ақсулықтардың есінде. Сол күні «Бейбітшілік» аталатын қаланың орталық көшесі 50 жылдан кейін жаңарып, жаңғырып, елорданың 10 жылдық тойына тарту ретінде «Астана» көшесі деп аталды. Ұзындығы 2 шақырым 450 метр көше бойындағы 36 көп қабатты тұрғын үйде 7 мың 500 адам тұрады. Қалалық əкімдік, Ардагерлер үйі, Иманжүсіп атын дағы спорт сарайы, Жаяу Мұса атындағы музыка колледжі, «Ауыл» коммуналдық базары, орталық кітапхана, балалар шығармашылық үйі, «Агидель», «Светлана», «Сəуле», «Караван» сияқты сауда үйлері орналасқан. 2009 жылы 6 шілдеде, Астана күні құрметіне «Ақмола еліміздің астанасы болуы керек» деп Алаш арыстарының армандарын жеткізіп кеткен Қаныш Сəтбаевтың да мүсіні қалалық əкімдік бағынан орын алды. Бұл

көшеде еркін күрестен спорт шебері Ержан Бақырбеков, Ауған соғысының ардагері Қайырбек Құлымбеков тұрады. Қаланың кіреберісінен басталатын көше гүлге оранған гүлзарларымен, түрлі ертегі кейіпкерлері орналасқан ғажайып мүсіндерімен, көкке атқылаған субұрқақтарымен қарсы алады. Əсем көріністі «Керуен» сауда үйінің алды да қалалықтардың көңілді демалыс орнына айналған. «Астана» көшесінің тағы бір ерекшелігі Мұхтар Əуезов көшесімен қиылысқан жерінде дөңгелене түрлі-түсті гүлдер галереясы шаңырақ бейнесін жасап, құлпырып көз тартып тұр. Осы көше бойындағы Жаяу Мұса атындағы музыкалық колледждің бұрын ғы жатақханасына «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ күрделі жөндеу жүргізіп, өндіріске келген отбасылы жас мамандарына табыс етті. Үй маңайындағы балалар алаңдарында қазір олардың кішкентайлары ойнап жүр. Болашақ энергетиктер өсіп келеді деген сөз. Жаңаша жөндеу жасалған бұрынғы жатақхана қаланың кіреберісіне ерекше көрік беріп, жайнап тұр. Қаланың кіреберісіне Ақсу қаласының ресми нышан белгісі болып табылатын жергілікті кəсіпорындар мен кəсіпкерлер өз үлестерін қосқан осы заман үлгісінде жасалған зəулім стелла құрылысы аяқталды. Қаныш Сəтбаев атындағы ЕртісҚарағанды су арнасы басып өтетін əсем Ертіс өзені жағасында орналасқан шағын қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігі қуантады. Бұл күндері Ақсу мен облыс орталығының арасын қосатын жаңа заман көпірінің құрылысы жүргізілуде. 2008 жылы 1200 орындық жаңа қазақ мектебі салынды. 1997 жылға дейін Ақсу қаласы аудан орталығы

еді. Облыстағы əкімшілік аумақтық өзгерістерге байланысты кейіннен аудан аты алынып, Ақсу қаласы деп қана аталатын болды. Ал, бұл күндері 68 мыңдай тұрғыны бар Ақсу қаласының аумағына 24 мыңдай ауыл халқы бар 14 ауыл, Қалқаман кенті енеді. Сөйтіп, қала индустриялықөндірістік бағытпен бірге ауыл шаруашылығын қоса дамытатын қалаға айналды. Еліміз тəуелсіздігін алған алғашқы жалдардағы қиындықтан шығу үшін жасалған, бірінсіз бірінің күні жоқ қала мен ауылды

«Егемен Қазақстан».

Елдік мерейімізді асырған тағы бір игілікті шара елордада көрініс тапты. Ол физика пəнінен оқушылардың 45-ші Халықаралық олимпиадасы еді. Астанамыздың айбынын асырған Бейбітшілік жəне келісім сарайында тұсауы кесілген ақылдылардың білім сайысын Білім жəне ғылым министрі Аслан Сəрінжіпов ашып, 88 мемлекеттен келген 1000-ға тарта адамға еліміздің оқу жүйесіндегі стра тегиялық мақсат, міндеттерді таныстырды. Ұлттық модельдің басым бағыты – зияткерлік элитаны қалыптастыру екенін тілге тиек етті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың салаға жасап жатқан ерекше қамқорлығын тарата айтып, дарынды оқушыларымыздың əлемдік білім сайысында топ жарып жүргенін, оған осының алдында Сингапурда болған олимпиадада үш бірдей алтынды қанжығаға байлағанымызды дəйекке келтірді. Ол бұдан кейін, төрткүл дүниеден білім бəйгесіне келген 700 оқушыға сəт сапар тіледі. Сол секілді, физика пəні (ІРһО) бойынша Халықаралық олимпиада президенті Ханс Йорданс сөз алып, Қазақ елінің көркейген Астанасы өзін де, өзгелерді де тəнті еткенін атап өтті. Олимпиадаға дүние жүзінен келген оқушылар осындай жас қаланы қай уақытта да естерінде ұстап, ілтипат көрсететінін қадап айтқан ол, мұндай білім сайысы

барлық жерде бола бермейтінін де назарға салды. Əлемдік деңгейде өтіп жүрген білім бəйгесінде қазақстандық оқушылардың əркез топ жаруы да бұл игілікті іске септігін тигізгеніне дəйектер келтірді. Шынында, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының деректеріне қарасаңыз Отанымыздың мыңнан тұлпар шыққан таланттары өткен жылы оқушылардың халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсында 967 жүлдені иемденіпті. Оның 188-і алтын, 298-і күміс, 463-і қола медаль екен. Олимпиаданың салтанатты ашылуы үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтіп, ұлттық үлгіміздің небір жауһарлары сахна төрінен орын алды. Шашу шашылғанда түстері бөлек болған мен, тілектері бір оқушылар ерекше ілтипат танытты. Ұлттық салт-дəстүрімізге, киім үлгілеріне, əнші Ар дақ Балажанова «Пай-Пай» этно-фольклорлық ансамбліне қосылып «Қара жорға» əнін шырқағанда жүздері бал-бұл жанып, тас паға, суретке түсіріп жатты. Кейбіреулерімен тілдескенімізде: «Ұлттық жауһарларыңыз қандай керемет, қарап отырғанда ертегілер елінде жүргендей күй кешеді екенсің», деді таңданыстарын білдіріп. Бұл білім бəйгесіне Қазақ елі бес ұланын үкілеп қосып отырғанын айта кетелік. Алты күн ішінде ақылды оқушылардың білімі анықталып, жүзден жүйріктерді марапаттау 20 шілдеде болады.

Мґлдір бўлаќ

«Нұр Отан» партиясы, қала əкімдігі, «АРС» продюсерлік компаниясы мен «Еуразия» бірінші арнасының ұйымдастыруымен өткен «Аялаған Астана» балалар телевизиялық музыкалық байқауы өз мəресіне жетті. Аламан бəйгеде озып шыққан Мұхаммедəли Жүгінісов ендігі кезекте Қазақстанның атын «Детская новая волна» байқауы арқылы əлемге танытады деген сенім бар.

– дейді ќаладаєы «Еуразиялыќ энергетикалыќ корпорациясы» АЌ-та еѕбек етіп жїрген жас мамандар. Фарида БЫҚАЙ,

Сүлеймен МƏМЕТ,

Нурсбек КАПАР-ПУР, Оңтүстік Қазақстан облысы иран этномəдени бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

«Біз Астана кґшесінде тўрамыз!» «Егемен Қазақстан».

Аќылды оќушылар аламаны

біріктіріп бұлай қосу өңірдің əлеуметтікэкономикалық дамуы ның өркендеуіне сай ойластырылды. Шағын кəсіпкерлік жақсы жолға қойылды. Ауыл дықтар өндірген өнімдерін сату үшін қалада «Ауыл» коммуналдық базары ашылды. Жақсылыққа жақсылық жалғассын дейміз. Павлодар облысы, Ақсу қаласы. Суретте: Астана көшесінен көрініс.

Жақында «Еуразия» арнасының тікелей эфирінен «Аялаған Астана» телевизиялық музыкалық балалар байқауының ақтық сыны көрсетілген болатын. Финалда Қазақстанның əр аймағынан жиналған 17 дарын иесі ерекше қойылымдарымен көпшілік алдында өнер көрсетті. Балалар алдына əуелі байқауда озып шығуды, сөйтіп, 1 миллион теңгені қанжығаға байлауды мақсат етіп қойған еді. Бұл меже орындалды. Ендігі шың «Детская новая волна» сайысының биігін бағындыру, Қазақстанды таныстыру болып табылады. Телевизиялық шоуда жас өнерпаздар Руслан Ботабаев бастаған «Zaratushtra Band» оркестрімен жанды дауыста əн шырқады. Кейбір қатысушылар дуэтте, енді бірі триода өнер көрсетті. Жалпы концерттік бағдарламаға 12 қойылым əзірленді. «Балалық шақтың əнұраны» атты байқаудың алғашқы күні қатысушылар балалар əндері репертуарынан музыкалық шығармалар орындаса, екінші күні əйгілі мультфильмдердегі əлемдік хиттерді, ал «Атамекен» атты қоры тын дыда балғын əншілер Астанаға, барша қазақстандықтарға арнап əн салды. Халықаралық қазылардың шешімі мен тікелей эфирден SMS арқылы дауыс берудің нəти жесі бойынша елордалық Мұхаммедəли Жүгінісов «Аялаған Астананың» жеңімпазы атанды. Ол байқаудың үш күнгі нəтижесінде де қатарластарынан оқ бойы озық көрініп, қазылар алқасының ең

жоғары бағасына ие болды. Айта кету керек, ерекше дауыс иесі биыл Қазақстанды «Детская новая волна» байқауында таныстырмақ. Бақытты сəтін ірке алмай жанарына жас тұнған өрен: «Менің арманым «Детская новая волна» байқауына қатысып қою ғана емес, əлемдік эстраданың жарық жұлдызы атанған Майкл Джексон секілді жəне өзімнің туған ағам Рүстем Жүгінісов сияқты атақты əнші болу», – дейді. Өнер сайысының бірінші жүлдесі – Орал қаласынан келген Дания Ишанқұлованың, екінші орын – «Балапандар» триосындағы Луиза Нұрқуатова (Ақтау), Алдияр Орекен (Екібастұз), Жанайкерім Өтегенованың (Қостанай), ал үшінші жүлде алматылық Ясмин Мəжитованың еншісіне тиді. Бұған қоса, Д.Ишанқұлова көрермендер көзайымына айналды. Астана қаласы əкімдігінің арнайы сыйлығы Павлодар қаласының намысын қорғап келген Настя Першиковаға бұйырды. Ал, Сыр елінің саңлағы Диас Омар «Нұр Отан» партиясының сыйлығына ие болды. Еске сала кетейік, алғаш рет бұл жоба былтыр жүзеге асқан болатын. Іріктеу кезеңінде Қазақстанның 16 қаласынан 8 бен 12 жас аралығындағы 1000-ға жуық дарынды бала бақ сынады. Əнді сүйетін, сахнада өнер көрсетуді армандайтын балалар үшін бұл нағыз мерекелік тарту болды десек, қателеспейміз. Торғын ƏБУШАХМАН.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.