14082015

Page 2

2

www.egemen.kz

Н

А

Қ

Т

Ы

қ

а

д

а

м

14 тамыз 2015 жыл

БЕС РЕФОРМА – ЎЛТ ЖОСПАРЫ

Елбасы Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу салтанатында: «Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл əлемге паш етті. Ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке сенімін танытты. Мəңгілік Елдің мызғымас ұстындарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның таңдауы!» – деп тебірене сөзін бастаған еді. Иə, ғасырлар тоғысында, яғни XX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басында Қазақ мемлекеттілігінің тəуелсіз, еркін туы қайта желбіреп, шаңырағы бəйтеректей биіктеді. Орта ғасырларда қазақ мемлекеттілігінің бастауын қалаған, сол кездегі алып империялармен иық тірескен Түрік қағанаты Күлтегін бітіктасына Мəңгілік Ел мемлекеттік идеологиясын халқына саяси манифест, үндеу ретінде жариялаған еді. «Осы құндылықтарға адалдық біздің Мəңгілік Ел – ғасырларға ұласатын күшті де тиімді мемлекет құру туралы арманымызды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», – деп, Елбасы президенттік сайлаудағы жеңісіне арналған ұлықтауда қуаттай түсті. Ал, осы егеменді мемлекеттің бастап қы қиын-қыстау кезеңінен бастап, бүгінгі

Мəѕгілік Ел мўратына адалдыќ Сатай СЫЗДЫҚОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, Күлтегін сыйлығының иегері.

өркендеген Қазақстанға əлемдік өркениеттілік кеңістігіне кіретін үлкен тарихи жолдың көшбасшы тұлғасы кім десек, əрине, президенттік сайлауда жеңіске жеткен Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың өзі. Енді, міне, Елбасының ант беру рəсімінен кейін, халыққа өзінің Ұлт жоспарын түсіндіре отырып, алға қойылған міндеттерді шешудің жолдары еркіндік пен елдікті аңсаған ата-бабалар дəуірінің мұратына деген адалдық пен тарихи сабақтастықтан бастау алатынын көрсетті. «Дағдарыстар мен жанжалдар дүниенің төрт бұрышын біздің көз алдымызда тітіркендіріп отыр. Азаматтары қайыршылықта өмір сүріп немесе əскери жанжалдарда қаза тауып жатқан жолы болмаған мемлекеттер саны ұлғая түсуде. Тұрақсыздық Орталық Азияның шекараларына да тым жақын келіп тұр. Соңғы 2-3 жылда жаһандық проблемалардың өсе түскенін көре отырып, мен Қазақстанымызды қалай нығайту мен қауіпсіздендіру жəне аса табысты 30 елдің қатарына ену жолынан адастырмау туралы ойладым. Мен жағдайды басқа мемлекеттердің көшбасшыларымен талқыладым. Барлық жауапкершілікпен ұлтқа мына жайды ескерткім келеді. Біздің əрі қарайғы дамуымызға əлі 5 жаңа сыртқы сын-қатерлер қауіп төндіруін жалғастыруда», дей келіп, Елбасы оларды атап өтіп қана қоймай, одан сүрінбей өтудің тетіктерін де айшықтады. Шынында да, алғашқы қоғамдық құрылыстан кейінгі замандардың қай-қайсысы да болсын, адамзат қоғамы мемлекет құру жолынан өтті. Өйткені, адамдар қоғамының өмір сүруінің басты шарты – мемлекет болды. Онсыз ол қоғамның тұрақты ғұмыр сүруі мүмкін емес еді. Сол даму сатысында тұрған қоғамның талап-тілегіне сай мемлекеттік институттар түрлі формаларда қалыптасты жəне оның өзі сол қоғамды реттеп отырды. Бірақ, оларды құру өздігінен жасалған жоқ. Қоғамның өз ішінен ерекше тұлғалар шығып, мемлекет құруға барлық күш-жігерін жұмсады. Ғұн-сақ заманында Еділ патша Шығысы – Тынық мұхиты, ал батысы – Атлант мұхитының жағалауларына дейінгі аралықта қуатты империя құру жолында күрессе, Бумын, Естеми, Күлтегіндер батысы – Қара теңіз, шығысы – Сары теңіз (Тынық мұхиты) аралығында қуатты қағандық құра алды. Сондықтан да Күлтегін тас жазуындағы: Ілгері – күн шығысында, оң жақта –күн ортасында, кейін – күн батысында, сол жақта – түн ортасында осының ішіндегі халықтың бəрі маған қарайды, халықты осыншама көп еттім, – деген жазулар бабалар заманының ұранына айналды. Биыл 550 жылдық мерейтойы атап өтілгелі отырған Қазақ хандығы да заманында «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» арқылы Дешті Қыпшақ жерінде мемлекет құрып, Еуразия кеңістігінде өзін мойындатты. Елімізде тəуелсіз мемлекеттіліктің негізін құруды іс жүзінде жүзеге асыра отырып, Елбасы оның теориялық негіздемесін жасау үшін де көп еңбек етті. Еліміздің тəуелсіздік алып, дербес мемлекетін құру жолына түсуінен бастап, бүгінгі өркендеген шағына дейінгі кезеңде шешуіне тура келген əрқилы мəселелеріне қатысты Елбасы ғылыми негізделген еңбектер жазып қана қоймай, оның іс жүзінде жүзеге асуын да қамтамасыз етті. Сөйтіп, əлемде «қазақстандық экономикалық ғажайып» термині қазірдің өзінде пайда болса, ол Елбасының теория мен практиканы, саясат пен экономиканы тиімді ұштастыра отырып жүргізудегі өлшеусіз еңбегінің нəтижесі десек қателеспейміз. XIX ғасырдың екінші жартысындағы мемлекеттің қалыптасуы жəне дамуы проблемаларының дүниежүзіне танымал зерттеуші, белгілі орыс ойшылы Б.Н.Чичерин мемлекет құрылуының алғашқы кезеңінде басқа факторлар қатарынан жеке тұлғаның шешуші рөл атқаратынына айрықша көңіл бөліп, «Жеке адамның тарих пен саясаттағы рөлі еш жерде дəл мемлекеттің құрылуы немесе

күшеюі кезеңіндегідей жарқын көрінбейді», – деп турасын əділ айтқан еді. * * * Ата-бабаларымыз қай кезде болсын, сол өзі өмір сүрген қоғамда өмір сүру ережелері мен қағидалары негізінде заң шығарушылықты жете меңгере білгені белгілі. «Жазылмаған заңдар» халықтың ауызекі есінен ұрпақтанұрпаққа беріліп отырды. Бұл шаруашылығы негізінен көшпелі болған ел үшін табиғи құбылыс еді. Əйтсе де осы уақытқа дейін жеткен «Жеті Жарғы» заңдар жинағы біз үшін асыл мұра болып қала бермек. Ортағасырлық түркілердің Қарахан мемлекетінің Ата заңының басты принциптерін көрсеткен Жүсіп Баласағұн өзінің «Құтты Білік» шығармасында Мəңгілік Елдің мемлекеттік-құқықтық негізін жасап кеткен еді. Бүгінгі таңда қос палаталы Парламент пен парламентаризмнің теориялық негіздемесін жасап, оның бас саяси сəулетшісі Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың болғандығы жəне болашаққа мемлекетіміздегі заң шығарушы органның дəрежесі артып, қуатты өкілеттілікке ие болуы Елбасының саяси ұстанымы мен жіті көзқарасына тығыз байланысты екендігіне күмəн жоқ. «Ұлт жоспары» деп атаған Елбасы белгілеген 5 реформаның біріншісі – мемлекеттік қызмет жүйесін реформалау, онда қызметшілер азаматтар құқықтарын құрметтеп жəне олардың заңды мүдделеріне қызмет ететіндей мөлдір де тиімді модельді қалыптастырады. Мемлекеттік қызмет меритократия («лайықтылар билігі») қағидаты негізінде барлық азаматтарға өз қабілеттерін жүзеге асыру үшін бірдей мүмкіндіктер берілетін əділ қазақстандық қоғамның түп бейнесіне айналады. Түрік қағанатын қуатты мемлекетке айнал дыру үшін сонау батысында Қара теңізден, шығысында Сары теңіз (Тынық мұхитындағы) аралығында бытырап жатқан түркі тайпаларының басын қосып біріктіру керек болды. Осы жерде Түрік қағандары, қолбасшылары мен данагөйлері бірде ақ найзаның ұшымен, ал кейде бейбіт келісім арқылы жүзеге асыру үшін барлық күш-жігерін аямай жұмсады. Нəтижесі ойлағандай болды. Тарихта II Түрік қағанаты немесе Шығыс Түрік қағанаты деген атпен мəңгі өшпес із қалдырды. Қазіргі еліміздің, мемлекетіміздің күш-қуаты онда тұратын халықтар ынтымақтастығында, түрлі діндер мен конфессиялардың төзімділігі мен толеранттық қатынаста болуын қамтамасыз етуге байланысты. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Елбасы əп дегеннен өзінің бар күш-жігерін аямай, терін төкті. 1993 жылы 28 мамырда Елбасы Ордабасының ең шырқау тұсындағы Қарауылтөбенің басына шығып, тұңғыш рет тəуелсіз мемлекетіміздің туын көтеріп, «Береке басы – бірлік» атты тарихи баяндамасын жасады. Сол баяндамада Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылатындығы да алғаш рет осы Ордабасында жария етілді. Осы кезді Қорқыт ата кітабындағы ежелгі түркілер қағандарының өмірінен де көзге елестете аласың: «Бір күні Ұлашұлы Төле құстың түлегі, біз жарлының үміті, Амид суының арыстаны, Қарашықтың қабыланы, Қоңыр аттың иесі... – Салор Қазан орнынан тұрды. Тоқсан баулы ордаларын қара жердің үстіне тіккізді. Тоқсан жерге қызылала, қалы кілем төсетті. Тоқсан төбеге шатыр құрғызды... Ол жүгіне отырып былай деді...». Бұл жолы да Елбасы Ұлт жоспарының төртінші буыны ретінде: «Біздің қоғамымыздың көптүрлілігі – біздің əлсіздігіміз емес, күшіміз. Барлық азаматтар құқықтың бірдей көлемін пайдаланып, жауапкершіліктің бірдей жүгін арқалап жəне түрлі мүмкіндіктерге бірдей қол жеткізуі тиіс. Біздің қоғамымыз неғұрлым қуатты жəне біртұтас бола отырып, тарихи тұрғыда көптеген тілдерден жəне мəдениеттерден қалыптасты. Бүгінде бізді Мəңгілік Ел құндылықтары: азаматтық теңдік, еңбексүйгіштік, адалдық, оқымыстылық культі, толеранттылық, шын берілгендік пен патриотизм біріктіреді. «Егер алдағы бір жылды ойласаңдар – астық өсіріңдер; егер алдағы жүз жылды ойласаңдар – ағаш өсіріңдер; егер мəңгілікті ойласаңдар – Адамды тəрбиелеңдер» деген біздің ата-бабаларымыз. Мəңгілік Ел

құндылықтары біздің бақуатты болашағымызға бағдарлама болады. Сондықтан біз елдің бірлігі мен топтасқандығы үшін одан əрі де өзіміздің ортақ азаматтық біртектілігімізді нығайтуымыз керек», – деп сөзін түйіндеді. Қазақстан халқы Ассамблеясы – елімізді мекендейтін 140-тай этнос өкілдерінің мүддесін қорғайтын ұлттық мəдени орталықтардың жиынтығы. Сонымен бірге, еліміздегі саяси тұрақтылықтың, халықтар арасындағы ынтымақ-бірліктің, ұлтаралық татулықтың діңгегі. Сол Қазақстан халқы Ассамблеясына биыл 20 жыл толды. Бүкіл əлемдік халықаралық ұйымдар Қазақстандағы ұлтаралық қатынастарды нығайтудағы біздің Ассамблея тəжірибесін зерделей келіп, оны өздерінде іске асыруға ұмтылуда. Сайлауда Н.Назарбаевтың жеңіске жетуіне байланысты Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақстан халқы Мəңгілік Ел идеясының негізі болып табылатын тұрақтылық пен қоғамдық келісімді жақтап дауыс берді», деп əділ бағасын берді. Қоғам бірлігі, елдің біртұтастығы қазіргі кезеңде белгілі дəрежеде ондағы тұратын халықтардың діни наным-сенімдері арасындағы төзімділікке, толеранттық қатынасқа да байланысты болып отыр. Бұл жағынан да ата-бабаларымыз үлкен өнеге, үлгі қалдырып кетті.Тек қана əуелгі ортағасырлық Қазақстан жерінде пұтқа табынушылық, христиандық (несториан), буддалық, манихейлік жəне ислам діндері өмір сүрді. Қазақ халқы этногенезінің қалыптасуында үлкен рөл атқаратын Хазар қағанаты діндер тоғысының өркениеттілік үлгісін жасады. Жоғарыда айтылғандар Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиясында орын тепті. Ол былай басталады: «Ежелгі қазақ жерінде халықтардың, өркениеттердің, мəдениеттер мен алуан діни сенімдердің бір мемлекетте бейбіт қатар өмір сүруінің бай да бірегей тəжірибесі жинақталған». Осылардың барлығы «Бақытқа жету мақсатымен азаматтары бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам», – деп айтып кеткен ұлы əл-Фараби бабамыздың сөздері шындыққа айналып келе жатқанының көрінісі болмақ. * * * Бабалар тарихындағы қай қоғам болмасын, ондағы биліктің тұрақтылығы сол елдің шаруашылық жай-күйіне тікелей байланысты. Ал негізінде жоғарыдығы қағанның аузынан шыққан жыр жолдары Түрік қағандығының негізі көздеген мақсаты елін, халқын байлыққа молшылыққа кенелту екендігі көрініп тұр. Бұл тұрғыда əлемге əйгілі Ұлы Жібек жолының гүлдену кезеңі осы Түрік қағанатымен тұспатұс келуі де кездейсоқ емес еді. Өкінішке қарай, біз, əсіресе, тарихшылар, ата-бабалар кұрған қағандықтар мен мемлекеттердің шаруашылық өмірі экономикасына жете көңіл аудармай келеміз. Əдетте, шаруашылығын айтқанда, оның тек түрлері ғана атап өтіледі. Ал оның даму эволюциясы жəне оның саяси тарихқа ықпалы назардан тыс қалады. Сондықтан да болар, өткен замандардағы Қазақстан жерінде болған мемлекеттер тарихи сырт көзге көбінесе саяси оқиғалар (жаугершілік, шапқыншылық, т.с.с) тізбегінен ғана тұратын сияқты. Ал шын мəнінде саяси оқиғалардан гөрі ата-баба тарихы өркениеттің эволюциялық үрдістері арқылы қолы жеткен шаруашылық пен мəдениеттің бай тəжірибесіне толы. Міне, осыған барынша көңіл бөлу қажет. Кейінгі кезде посткеңестік кейбір елдердегі саяси дағдарыстар қазіргі Елбасымыздың ұстанған саясатының дұрыс екендігін айқын көрсетті. Қай қоғамда болмасын, саяси өзгерістер экономиканың дамуымен негізделгенде ғана өз қойған мақсатына жете алады. Бұрынғы замандағы бір данышпан айтып кеткендей: «Кедейлер үшін биліктің ауысуы билеушісінің аты өзгергенінен басқа еш нəрсе əпермейді» (Федр) Сол сияқты билік ауысқанмен жоғарыда аталған елдерде қарапайым қара халық молшылыққа кенелді ме? Қайта əлеуметтік қайшылықтар күшейіп, экономикасы тығырыққа тіреліп, бұрынғы жеткен дəрежесінен де төмендеп кеткенін көрдік. Ал,

Елбасының экономика бірінші, одан кейін саясат ұстанымының өміршең екендігін өмірдің өзі дəлелдеп отыр. Бүгінгі таңда Ұлт жоспарының үшінші шешуші міндеті ретінде: «Қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарту. Бұл кең көлемде орта тапты құру үшін қағидатты түрде маңызды. Индустрияландыруға негізделген экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін біз түбегейлі құрылымдық реформаларды жүзеге асырамыз. Білім беру мен денсаулық сақтау – Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымына мүше елдердің стандарттарына бағдар ұстанатын болады. Экономиканы əртараптандыру үшін біз өңдеу өнеркəсібіне трансұлттық компанияларды тартамыз, ол Қазақстанның əлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз етеді, – деп нық сеніммен айтты. Түрік қағанатының саяси тарихы сол кездегі алпауыт көрші елдермен (Қытай, Иран, Византия, Русь жəне т.б.) жүргізген қарым-қатынастары мен сыртқы саясаттың небір жемісті іс-шараларына толы екендігі мəлім. Сол заманнан басталып, Қазақ хандығы жəне оның жалғасы болып табылатын Қазақстан Республикасының кең-байтақ жері мен елін сақтап қалуы белгілі дəрежеде əр заманның басшы тұлғаларының іскерлік, саяси көрегендік, «шығысқа тəн сабырлылық пен даналық» қасиеттеріне байланысты болды. Қазақ хандығы тұсында ханға кеңесшілік рөл атқарған билер институты сыртқы саясат пен көрші елдермен бейбіт қарым-қатынастың небір тамаша үлгілерін көрсеткені тарихтан мəлім. Елбасы Н.Назарбаевтың ұзақ жылдар бойы жүргізген сыртқы саясаты нəтижесінде ұзындығы 7 591 шақырым шекара мəселесі сəтті шешілді. Өз сөзімен айтқанда: «Тарихымызда тұңғыш рет біз өзіміздің стратегиялық əріптесіміз Ресеймен заң жүзінде ресімделген мемлекеттік шекараға ие болдық». Бұл – қазақ жері үшін қажымай-талмай күрескен атабабаларымыздың аруағы бір аунап түскен кез болды». Бұл жерде ғұн-сақ заманындағы Модэ қағанның көрші империя патшасы сұрағанда астындағы сəйгүлік атын, қойнындағы сұлу жарын берсе де, ұлтарақтай жерді беруге мүлде қарсылық білдіріп, жанкештілікпен шайқасқа шыққаны тарихтан еске түседі. «Біз өзіміздің стратегиялық əріптестеріміз – Ресеймен, Қытай Халық Республикасымен, АҚШ-пен, Еуропалық Одақ елдерімен, Ислам əлемімен ынтымақтастықты жалғастырамыз. Біз халықаралық ұйымдарда белсенді жұмыс істейтін боламыз. Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде Қазақстан біздің өңіріміздегі қауіпсіздік пен экономикалық дамудың ортақ архи тектурасына қолдау көрсетеді. Біздің Еуразиялық экономикалық одақ бойынша өзіміздің ең жақын əріптестеріміз – Ресеймен, Беларусьпен, Қырғызстанмен жəне Армениямен қатынастарымыз айрықша болмақ. Қазақстандық дипломатия ислам əлеміндегі жəне посткеңестік кеңістіктегі өткір өңірлік даужанжалдарды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі күш-жігерін ұлғайта түсетін болады», – деп Елбасы Ұлт жоспарын табысты орындаудың кепілі ретінде қолайлы халықаралық ахуалын қалыптастыру шарттарын да айқындап берді. * * * Түрік қағанаты екінші рет бой көтеріп, мемлекетін күшейту кезінде орталық Орда орнын дұрыс сайлап, шешудің маңызы зор болды. Əсіресе, қағанаттың оңтүстігіндегі қуатты империядан қауіпсіз болу үшін, стратегиялық жағынан Моңғолия Алтай таулы өлкелерінің солтүстігіндегі Өтүкен қойнауы өте қолайлы болды. Екінші жағынан, ол жер түркі жұртының негізінен айналысатын мал шаруашылығына да, егіншілігіне де жайлы еді. Сондықтан халықтың тоқтығын да, қауіпсіздігін де армандаған Түрік қағаны осы Өтүкен қойнауын Ел Орда ретінде белгілеген болатын. Ел Орданы таңдау, іздеу, оның орнын белгілеу, орнығу талай рет ата-бабаларымызды толғандырған, тіпті аңызға айналғаны да мəлім. Оған Жерұйықты іздеп, жер шарын аралаған Асан қайғы бабамызды еске түсірсек те жеткілікті. Бүгінгі тəуелсіз Қазақстанға да Ел Орданы жан-жақты ойластырып барып белгілеу тікелей Елбасы ісінің жемісі. «Сын-қатерлерге қарамастан, біз жаңа елордамыз – Астананы, барлық қазақстандықтардың мақтанышын салуды бастадық», – деп Елбасы тебірене толғанды. Шынында да Елбасының Ақмоланы таңдауы көрегендіктің, саяси батылдықтың үлгісі ретінде тарихта қалатыны сөзсіз. Елбасы ендігі алда тұрған мақсатты айшықтай келе: «Тəуелсіздік алған алғашқы жылдары біз егемен мемлекеттің негізін қаладық. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың бірінші сатысы болатын. Одан кейін нығайып алған соң, біз қалыптасқан мемлекетке қарай қадам жасадық. Бұл екінші саты болатын. Енді ұлы реформаларды бастай отырып, біз Мəңгілік Елге жол саламыз. Бұл біздің мемлекеттік құрылыстың үшінші сатысы болмақ», – деп өзінің сөзін тиянақты қорытындылады. Иə, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев – өткенге үңіліп, бабалар аманатын орындап, бүгінді бүтіндеп, ел болашағының қамын жеп келе жатқан Алаштың біртуар азаматы, тарихта алтын əріппен жазылуға тиіс ұлт перзенті дер едік. Сөз соңында айтарымыз, егер де Қорқыт бабамыз бір сəт тіріліп келсе, ежелгі түркі бабаларымыздың Мəңгілік Ел мұратына Елбасының адалдығы мен берген антына қуана қол жайып, өзінің мына бір батасын берер еді: Қарлы қара тауларың құламасын! Көлеңкелі қаба ағаштарың кесілмесін! Күркіреп аққан суларың сарқылмасын! Қанаттарыңның ұшы қырқылмасын! Бəйгеге жіберген Ақбоз атың мүдірмесін! Қара болат қылышың мұқалмасын! Шашақты найзаң сынбасын! Ақ шашты Ананың жатқан жері пейіш болсын! Ақ сақалды Бабаңның жатқан жері ұжмақ болсын! Хақ жандырған шырағың жана берсін!

Дала диќандары (Соңы. Басы 1-бетте). Жерді де емуге болатынын түсінген қайратты жас бірте-бірте бақшасының көлемін ұлғайта берді. Корейлік диқандардың жерді пленкамен жабулау əдісін меңгеріп алған Рауль игерілетін жер телімін арттыруға мүмкіндік туғанын айтады. – Жердің бетіне пленка тартып тастаймыз. Мұның ерекшелігі, өсімдіктің айналасына арамшөп шықпайды, ылғал жақсы сақталады. Бұрын бақша суарған соң үш күннен кейін арық кеуіп кетіп, қайта суаруды қажет ететін. Пленка технологиясы бойынша ылғал 15 күнге дейін жақсы сақталады. Қытайда жасалған пленканың жарамдылық мерзімі – бір маусым. Ала жаздай күнге күйіп, үгітіліп, өздігінен жоғалып кететіндіктен қоршаған ортаға зияны жоқ, деді Р.Мəжитов. Біз пленканың қиярқызанаққа тартылғанын байқадық. Ал қыстық қырыққабат күннің қызуын еркін сезініп, домаланып, күннен-күнге жапыраққа оранып өсіп келеді. Алты жұмыс орнын құрған Рауль балалары Ринат пен Рамильдің де ата жолын қуғанын мақтанышпен айтты. Қолдарында дипломы бар жас жігіттер жеке шаруашылықта жұмыс істеуді жөн деп тауып, əке жанынан табылыпты. Келіншегі Алмагүл де болысып келеді. Мəжитовтердің өнімі аудан мен облыс көлемінде сатылады. Мектеп пен балабақша, шекара отрядынан мемлекеттік тапсырыс тұрақты түрде түсіп тұрады. Бақшашы мемлекет тарапынан көрсетілер көмектің үлкен екенін жеткізді. Мəселен, гектарына картоп пен бақша өнімдеріне 120 мың, жоңышқаға 12 мың теңгеден субсидия төленеді екен. – «Ринат» шаруа қожалығы бизнестің əлеуметтік жауапкершілігі аясында жыл сайын 1 млн. теңгеден астам қаржыға ауыл мектебі мен балабақшасына демеушілік көрсетеді. Асханаға бақша өнімдерін тегін береді. Əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектеседі, – деді Кеңсай ауылы əкімдігінің бас маманы Нұршат Əшімханова.

Сояшы Болатбек Болатбек Мизамхан 2005 жылы Қытайдан атамекенге қоныс аударған екен. Жарсу ауылының жанынан «Жоңғар» шаруа қожалығын құрып, соя шаруашылығымен айналыса бастағанына биыл үшінші жыл болыпты. Ағымдағы жылы 130 гектар алқапқа соя еккен. Мамыр айында егілген сояның шығымы жақсы. Жайқалған жасыл алқап белуардан келеді. Күнге тотыққан Бөкең сояны үшінші мəрте суарып жатқанын жеткізді. – Сояның басты ерекшелігі – базарында. Өткен жылы килосы 70 теңгеден болған еді. Биылғы баға əзірге белгісіз. Барлығын нарық өзі белгілейді ғой, – деді кетпеніне сүйеніп жұмысын жалғастырған жігіт ағасы. Болатбек өз өнімін Семей қаласына апарып өткізіп жүр. Сояны өңдеп, одан сұйық май, құс жемі, тіпті, шұжыққа дейін жасайды. Қытайда соядан ақ ірімшік жасайтын көрінеді. Көрші елде бұл шаруашылық кеңінен тараған. Өйткені, Қытай халқының басым бөлігінің күріштен кейінгі тұтынатын тамағы – соя. Ал елімізде негізінен күнбағыс сияқты сығып, майын алады. Бір ерекшелігі, аталған өсімдік жерді құнарландырады, топырақ қыртысына азот жинап, тозуына жол бермейді. Болатбек сояны бір алқапқа үшінші жыл қатарынан егіп отырғанын жеткізді. – Бұл қазаққа таңсық шаруа ғой. Сондықтан, жергілікті диқандар қызығушылық білдіріп, сұрап жатады. Олардың қатары əсіресе, биыл көбейді. Жетісу жерінде сояны жақсы егеді. Жалаң мал баққанша, қосымша егістікпен де айналысқан жөн. Қытайда да соя еккен едім, сондықтан атамекеніме келгенде осы кəсіппен айналысқанды жөн көрдім, – деді «Жоңғар» шаруа қожалығының жетекшісі.

Тарышы Мақсат Қарабұлақ ауылы – тарының отаны. Кəдуілгі сөк, жент жасайтын керемет тіл үйірер тарыңыз Зайсанның Қарабұлағында өсіріледі. Ауыл агрономы Амангелді Базылхановтың айтуынша, биыл қарабұлақтық диқандар 300 гектарға жуық жерге тары егіп отыр. 2004 жылы Қытайдың Көктоғай ауданынан қоныс аударған Мақсат Зиябайұлы бірге көшіп келген қандастарының басын қосып, тары салыпты. Ол Көктоғай ауданының Күрті ауылында əкім болып, жеті жыл жұмыс істеген. Өзі де ойға жүйрік, тілге шешен азамат екен. Мотоцикліне мінгестіріп алып, тары алқабына жеткенше, біраз əңгіме тиегін ағытты. – Бір дастарқан тұрмақ, бір нанды біржола жей алмайсыз. Сондықтан, бəріне бірден қол созу əбестік болады. Бір қуанатынымыз, Қазақстан ұшқан құстай тез дамуда. Дархан халықтың санасы нарыққа біртіндеп бейімделіп келе жатыр. Мемлекеттің мал мен егін шаруашылығына деген қамқорлығы зор. Үкімет тарапынан субсидия беру, жебеп, жетектеу саясаты дер кезінде қолға алынды, деді ол. – Шаруа қожалығының аты – «Асыл арман». Атамекенге келу – асыл арманым еді. Сондықтан, осылай атағанды жөн санадым. Жалпы, тары адам ағзасына өте пайдалы. Нарықта сұраныс жоғары. Қазақстан тарысы табиғи таза өнімге саналатынын шет жұрттар да біледі. Мəселен, біз ешқандай тыңайтқыш бермей-ақ жусан мен изен өсіп тұрған кең даланы жыртып, егіп отырмыз, – деді М.Зиябайұлы. Айтуынша, 15 отбасы бірігіп, 200 гектар алқапқа тары еккен екен. Мақсаттың өзі 70 гектарға тары салған. Бір гектардан орта есеппен 2,5 тонна өнім алады. Таяуда ескі комбайн сатып алып, тары оруға арнап, қайта жасап шығарыпты. Ресей мен Қытайда тары оруға арналған арнайы техника шығарылмайды. Тары тұқымдас ұсақ дақылдарға арналған комбайн болғанымен, ол қауызы қатты тарыны оруға жарамайды. Мақсат арнайы мамандандырылған комбайнды екі жылда жасап шыққанымен, патент алуға қаражат тапшылығы қолды байлағанын айтты. – ДСҰ-дан күтеріміз көп. Əлемдік нарықта біздің тарымыз бəсекеге төтеп бере алады деген ойдамын. Бұл біз үшін жаңа көкжиек болуы ықтимал, – деді диқан. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.