02/05/2013

Page 1

Кеше Астана тұрғындары мен меймандары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Қазақ Елі» монументінің алдында ұйымдастырылған 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін кеңінен атап өтті.

№119 (28058) 2 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

ИƏ, СОЛАЙ! ИƏ, СОЛАЙ! ЌАЗАЌ ЕЛІ ОСЫНДАЙ!

Салтанатты шаралар «Қазақ Елі» монументінің алдында ұйымдастырылды. Кешеге дейін түнеріп тұрған Астана аспаны бұл күні шайдай ашылып, қазақстандықтардың басты мерекелерінің бірін қуанышпен атап өтуіне еркін жағдай жасады. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Жарқыраған ашық аспан астында қызылды-жасылды киінген өнерпаздар мен қуанышты жүздері бал-бұл жанған қалалықтар «Қазақ Елі» монументі алаңын сəнді салтанатқа айналдырып жіберген. Түрлі қойылымдарды халықтың еркін тамашалауы үшін негізгі жəне екі қосымша сахна құрылған. Олардың жалпы ауданы 3 мың шаршы метрді құрайды екен. Ал көрермендер үшін ашық аспан

астында жасалған орындардың саны 5 мыңнан асатын көрінеді. Күндізгі сағат тура 11.00 болғанда салтанатты алаңға Ел басы Нұрсұлтан Назарбаев келді. Жиналған ха лық Президентті қуанышты көңіл-күймен, жалынды сəлем жолдаған көтеріңкі үнмен, қолдарындағы жалаушаларын желпілдетіп, орындарынан дүркірей тұрып қарсы алды. Осы жерде Қазақстанда тұратын талай этнос өкілдері жи налған олар бəрі де бір кісідей жұмылып, Президентке деген қошеметтерін біртұтастықпен көрсетіп жатты.

АҚПАРАТТАР аєыны  Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы 1 млн. тоннаға жуық арзандатылған астықты өңірлерге жеткізеді. Жалпы алғанда, құрылым 2012 жылдың тамызынан 2013 жылдың сəуіріне дейін тоннасы 28 000 теңгеден белгіленген бағада 1 млн. тоннаға жуық арзандатылған астықты таратты.  Алматыда Қазақстан халқының бірлігіне арналған фестиваль өтті. «Нұр Отан» ХДП Алматы қалалық филиалы ұйымдастырған шарада ұлттық тағамдарды көрсету, қолданбалы өнер жəне қолөнер бұйымдарының көрмесі, ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар мен шығармашылық ұжымдардың концерттері болды.  Қазақ тазысы туралы тұңғыш тарихи-этногра фиялық ғылыми зерттеу кітабы жарық көрді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай шығарған бұл кітаптың тұсаукесері Алматыда болды. «Кітаптың мазмұны қалай бай болса, сыртқы мұқабасы мен ішкі безендірілуі соған сай ең соңғы полиграфиялық жетістіктер мен мүмкіндіктерді пайдалана отырып шығарылды», – дейді «Атамұра» баспасының вицепрезиденті Рахима Абрарқызы.  Павлодарда облыс мектептеріндегі педагогикалық

сыныптардың оқушылары арасында олимпиада өтті. Оның тапсырмалары шеңберінде оқушылар өздерінің қиялдарын паш етіп, болашақтағы мектептің үлгісін жобалады. Ал «Біздің мұғалімдер» байқауында олар кəсіпті таңдауға əсер еткен ұстаз жайлы əңгімеледі.  Петропавлда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 17 жоба қолдауға ие болды. Бұларға жалпы сомасы 326,4 млн. теңге бөлініп отыр.  Оралда Махамбеттің 210 жылдығына орай кезекті шара ұйымдастырылды. «Махамбет оқулары» түрінде өткен бұл байқауда облыс мектептерінен дарынды оқушылар қатысып, ақын шығармаларын жатқа оқу, өлең жəне шығарма жазудан сынға түсті.  Қызылорда «жедел жəрдем» стансасы жедел жəрдемге мұқтаж. Қазір кезек күттір мейтін сала болып тұрған жүйеге 6 бригада қосып, 15 автокөлік айналымға енгізілмесе, тұрғындардың сұранысы өтелмеген күйі қала бермек. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

Осының өзі Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында айтқан: «Жиырма жылда Қазақстан ұлтаралық келісім мен саяси тұрақтылықтың үлгісі болып, жаңа тəуелсіз елдер үшін ұлттық табыстың үлгілі моделіне айналды. Бұл – тек күшті халықтарға ғана тəн ұлы қабілет. Біз осындай халыққа айналдық жəне осы биікте қалуға тиіспіз», деген сөзін іс жүзінде көрсеткен құбылыстай болды. Нұрсұлтан Əбішұлы бастаған топ мəртебелі қонақтарға арналған орындарға өткен соң концерттік нөмірлер басталды. Алғашқы болып көпэтносты қазақстандықтардың ұлттық билерінен жасалған композиция қойылды. Əртүрлі ұлттық киімдегі бишілер ойналған музыканың қай халықтікі екеніне қарамай, жүз айналып, мың бұралып,

Айбын

билеп ала жөнеледі. Осынау, түрлі би ұжымдарынан жиналған мыңнан артық өнерпаз қатысқан қойылымдар барша көрерменді көтеріңкі көңіл-күйге бөледі. Алғашқы би нөмірлерінен соң аспанға мың сан түрлі-түсті шарлар да ұшырылды. Бұл көрініске, əсіресе, жас көрермендердің қуанышты үндері қосылып, кең алаңды көңілді шаттыққа бөледі. «Кең байтақ даласы бар, салтанатты қаласы бар, ел бастаған данасы бар Тəуелсіз Қазақстанмен мақтанамын» деген диктор сөзінен кейін Маржан Арапбаеваның орындауындағы патриоттық əнге кезек берілді. Одан əрі Парвиз Назаров, Еділ Құсайынов, Мəдина Сəдуақасова, Əлішер Кəрімов, Алмас Кішкенбаевтар орындаған əндер де қазақстандық бірлік пен ынтымақты мадақтаған

тамаша əндер болды. Сонымен бірге, осы сахнадан «Дервиши» ұжымы, Грузияның ұлттық балеті, Өзбекстан мен Ресейдің би ұжымдары да өнер көрсетті. Айта кететін жайт, əртістер сахнада өнер көрсетіп жатқан сəтте үлкен экрандардан Қазақстан халқы қолөнерінің көркем туындылары да көрсетіліп тұрды. Соның ішінде қазақ халқының кілем, алаша тоқу, білезік, сырға соғу сияқты көздің жауын алатын өнерлері сахна сəнін арттыра түсті. Өнерпаздар ұжымдарын сахнадан біршама тамашалаған Елбасы одан əрі жанындағы ресми адамдармен бірге этномəдени бірлестіктердің 10 шатыры орналасқан қалашықты аралап көрді. Əр шатырда 2-3 этномəдени бірлестік орналасқан екен. Олар қолөнер бұйымдарын, ұлттық

киімдер, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттарды көрмеге қойыпты. Сонымен бірге, тіл үйіретін ұлттық дəмдерін жайып қойған дастарқандар да болды. Мемлекет басшысы олардың əрқайсысына аялдап, үлкен мерекемен бəрін де құттықтады. «Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі ең ұлы мейрамдарымыздың бірі, – деді Президент. – Бірлік адамзат тарихында əрдайым бағаланған. Біз де бірлік арқылы зор биіктерге жеттік, өмірімізді жақсарттық. Қазақстан халқы тəуелсіздік жылдарында бір отбасындай өмір сүрді. Соның арқасында біз табысты мемлекет құра алдық жəне оны күллі əлемге таныттық. Біз бір халық – бір ел – бір тағдырмыз». Сөзінің соңында Нұрсұлтан Əбішұлы қазақстандықтарға бақыт, əр үйге амандық, өсіп-өркендеу тіледі.

Жауынгерлік парадќа əзірлік ќыза тїсті

Отан қорғаушы күні құрметіне өткізілетін жауынгерлік парадта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің 51809 əскери бөлімі С-125 заманауи көп функциялы зениттік-зымырандық кешеннің жауынгерлік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жауынгерлік парадқа дайындық аясында «Отар» 40 əскери базасының полигонында əуе шабуылына қарсы қорғаныс əскерлерінің С-125 ЗЗК мамандары жерүсті нысаналары бойынша жауынгерлік оқ атулар жүргізді. Заманауи зениттік-зымырандық кешен қазіргі орналасқан жеріне жеке құрамымен бірге Ақтаудан келіп жетті. Əскери қызметшілер темір жол көлігімен бірнеше мың шақырымдық марш жасады. Оқу-жаттығу өткізілетін ауданға

Осы күні Астананың еңбектеген жасынан еңкейген кəрісіне дейін «Қазақ Елі» алаңына жиналғандай көрінді. Солардың арасынан біз республикалық Ардагерлер ұйымы Орталық кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев ағамызды құттықтап, мерекедегі көңіл-күйін білген едік. «Бұл мереке біздің қуанышты шаттықпен атап өтетін айрықша мейрамымыз. Қазақстан халқы өзінің бірлігінің арқасында зор табыстарға жетіп отырғанын бүгінгі күні бүкіл əлем біледі. Елбасы Н.Назарбаевтың бірлік пен ынтымаққа бастап отырған сарабдал саясатының арқасында Қазақстан бұрын айтып ауызға алудың өзі мүмкін болмайтын зор табыстарға жетті. Мəселен, кешегі ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткеніміз, бүгінгі ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқын еуропалық елдерден жеңіп алғанымыз тəуелсіздігін бізбен бірге алған көптеген елдердің түсіне де кірмейтін табыстар. Сондықтан да мен, аға ұрпақтың өкілі ретінде, еліміздің бірлігі нығая беруін тілеймін. Сонда зор табыстарға қол жеткізе беретін боламыз», деді ол. Осы жерде Қытайдан келген мейман Күлəнда Тұрысбекқызы да жүр екен. «Мен қуанышымды айтып жеткізуге сөзім жетпей тұр. Қазақ халқының осындай табыстарға жетіп, мерекені қуанышпен атап өткендеріне қалай тебіренбессің. Өзіміз Қытайда тұрғанымызбен, біздің көңіліміз осы жақта. Екі балам да осында келіп, қызмет істеп жатыр, енді өзіміз де келеміз», деді ол. Ноғай этномəдени бірлестігінің төрағасы Арсланбек Сұлтанбеков ұйымдарының 2008 жылы құрылғанын, қазір Қазақстанда екі мыңға жуық ноғай барын жеткізді. «Біздің балалар қазаққа оңай сіңіп кетеді, өйткені, біздің тіліміз де, діліміз де бір. Қазақ халқының кеңпейілді мінезін біз жоғары бағалаймыз», – деді ол. «Иə, солай! Иə, солай! Қазақ елі осындай!» деп Маржан Арапбаева орындаған əнде айтылғандай, біртұтас Қазақстан халқы осындай. Бірлігі тұтас берекелі ел. Достығы жарасқан мерекелі ел.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

келіп жетісімен жеке құрам тəулік бойы жауынгерлік кезекшілік атқаруға кірісіп кетті. Əуе шабуылына қарсы қорғаныс əскерлері есептоптарының жаттығулары түнгі жəне күндізгі жағдайларда өтуде. Сабақтар барысында есептоптар кешенді өрістету жəне оны ұшыру мəселелерін пысықтауда. Мұнда уақытқа жұмыс істеу шешуші рөл атқарады. Бригада командирі, полковник Жасұлан Берниязов былай дейді: – Барлық нысаналар уақтылы зақымдалды. Көпфункциялы кешеннен зымырандарды ұшыру арнайы жерүсті нысаналары бойынша жүргізілді. Əскери қызметшілер күрделі жағдайларда жауынгерлік үйлесу мəселелерін пысықтады. Барлық жаттығулар штаттық режімде өтуде. Шағын қашықтыққа арналған мобильді С-125 зениттік-зымырандық кешен жылдамдығы жоғары, төмен ұшатын жəне өлшемдері кіші əуе нысаналарын 50ден 20 мың метрге дейінгі биіктікте жəне 40 шақырымға дейінгі қашықтықта жоюға арналған. Ол, сонымен бірге, жерүсті нысаналары бойынша оқ атуға қолданылуы мүмкін. «Егемен-ақпарат».

Бїгінгі нґмірде: Еліме аман жеткеніме ќуанамын 4-бет

Аќ алмастыѕ бір ќыры 5-бет

Халыќшыл Хайретдин 7-бет


2

www.egemen.kz

2 мамыр 2013 жыл

БІРЕГЕЙ БІРЛІГІМІЗ Мен ақтөбеліктерге орыстың халық əндерін сыйлаймын. Өңірдегі бірлік пен татулыққа тəнті болдым. Шынында да, Қазақстандағыдай ынтымақ еш жерде жоқ деп айтуға болады, – деді ол. Саябақтың кіре бергендегі

 Алматы

оң қапталында қатарласа қойылған этномəдени бірлестіктердің ұлттық киімдерінің, тұтынатын заттарының жəне қолөнер бұйымдарының көрмесі де көз тартады, көңіл арбайды. Таңертең басталған мерекелік сауда

мен мəдени-көпшілік шаралар кешкілік Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мəдениет жəне демалыс саябағының маусымдық ашылуына арналған «Тағы да армысыздар!» концерттік бағдарламасына ұласты.

мерекеге ерекше дайындалады. Əр этномəдени бірлестіктер мүшелері өздерінің ұлттық киімдерімен алаң сəнін келтіріп, жұртшылықты өнерлерімен тəнті етуге ынталы екенін танытады. Мəселен, «Татулық» татар-башқұрт этномəдени бірлестік өкілдері «Сабантой» көрінісіне ерекше дайындалып келіпті. Олардың осынау ұлттық мерекені нəшіне келтіре көрсеткен көрінісі алаңдағы жұртшылықтың көңіліне жол тауып жатты. Ал «Иверия» грузин этномəдени бірлестігі дайындаған үйлену тойы грузин халқының адам өміріндегі ұмытылмас сəтін бейнелеуімен ерекшеленді. Татулық пен достықтың қадірін білетін əр адам бұл күні бір-біріне ең ыстық тілегін ақжарма көңілімен білдіретініне куə болдық. Мəселен, «Вайнах» чешен этномəдени бірлестігінің төрағасы Сейтамин Акаев: «Қазақтың

«Бірліксіз тірлік жоқ» деген мақалын ұдайы есте ұстап жүремін. Шыны да солай ғой, ағайынның арасында бірлік болмаса, бақуатты тұрмысқа қол жеткізу мүмкін емес қой. Сол себептен, бір елде өмір сүріп жатқан көп ұлтты қазақстандықтарға əр кез жақсылық тілеймін. Еліміздегі татулықтың ұрпағымызға жалғасқанын қалаймын», деп өзінің пікірімен бөлісті. Қазақтың қызына үйленіп, қазақ жерінде бақытты тұрмыстың кілтін тапқан Сейтамин Акаевтың бұл пікірін «Иверия» грузин этномəдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе мен «Татулық» татар-башқұрт этномəдени бірлестігінің төрайымы Гүлсина Байкенова секілді өзге этностың өкілдері де ұдайы қоштайды. Бұған кешегі мереке күні тағы да көзіміз анық жетті.

 Атырау Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Табиғаттың ғажабына дауа жоқ қой. Сəуірдің соңғы онкүндігіндегі өңменіңнен өтетін қара суық сап тыйылып, бұл күнгі мамыражай шуақ баршаның көңілін бір жайландырды. Атыраудағы басты алаңның бірі – Исатай-Махамбет алаңына ағылған жұртшылықтың жайдары күлкісінен осы бір шуақты мерекені көптен күткені аңғарылып-ақ тұрды. Алдымен алаңдағы жұртшылық алдында өңірдегі кəсіпорындар мен этномəдени бірлестіктер өкілдерінің шеруі өтті. Сонан соң облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жұртшылықты бірлік пен ынтымаққа шақырған мерекемен құттықтап, көп ұлтты Қазақстандағы татулықтың маңызына жəне бір рет тоқталды. Атыраудағы əр ұлттың өкілі бұл Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан»,

Алматы қаласы көп ұлттың шоғырланған үлкен қазаны іспетті. Бұл қаланың мерекесі де, берекесі де бөлек. 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін салтанатты атап өту кезінде қала көшелері қызыққа толып, қала халқы мен қалаға келген қонақтар мерекенің сəнін де, мəнін де кіргізіп жатты. Жылда көктемнің көркем мерекесінде Алматы көшелерінде, қаланың үлкен алаңдарында жас ұрпақ пен танымал əншілер қатар шығып, елдің бірлігі мен ынтымағын кең көлемде насихаттау бұлжымай атқарылып келе жатқан шара. Елімізді мекендеген түрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық əн-биін орындап, жүздері бал-бұл жайнаумен көрерменінің көңілін көтеріп, біртұтас Қазақ елінде тату-тəтті күн кешіп

жатқанын барша əлемге паш еткендей. Ел алдына шығып жанды жайнататын концерттік бағдарламаның ұстанған міндеті – Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайту, жастарға эстетикалық, рухани ізгілік тұрғыдан тəрбие беру, жас буынның туған елге деген патриоттық сезімін арттыру, түрлі этностық топ өкілдері арасында қазақ əн өнері мен мəдениетін терең меңгерген жастарды көпшілікке танытумен қатар, оларға қолдау көрсетіп, үлкен сахнадан көрінулеріне ықпал ету екендігі қуантады. Алматы қаласында мерекеленген 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнінде қала көшелерінде ұлттық этномəдени бірлестіктердің өкілдері қазақ əн өнерінің үздік шығармаларын насихаттап, Қазақ елі туралы өз ана тілдерінде жазылған əндерді орындады. Бір мемлекетте біртұтас халық болып

бейбіт өмір сүрудің үлкен бақыт екенін, Қазақстан халқы жаңа əлемдегі жақсы тұрмыс кешетін саламатты ел екенін көрсетті. Қала əкімі Ахметжан Есімов мерекесі мен берекесі жарасқан бұл күні қаланың бірнеше ауданында болып, тұрғылықты халықпен етене жақын тілдесті. Еліміздің алға басқан жетістіктері мен қаланың тыныс-тіршілігі, тікелей Алматы қаласында болып жатқан істер туралы əңгімеледі. Елдің біртұтастығына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды шақырып отырғандығын баян етті. Елдік пен теңдікті насихат еткен мереке Қазақстан эстрада жұлдыздарының гала-концертімен, Алматы аспанын əсем көрікке бөлеген от-шашумен жалғасты. -----------------------------------

Суретті түсірген Берсінбек СƏРСЕНОВ. Суретті түсірген Сұлтан СЕЙІТОВ.

 Ақтау Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Көңілін салтанаттың сазы шарпып, мерекелік шеруге жиылған Ақтау тұрғындары мен қонақтары ақмаржан қаланың орталық көшесі саналатын кең де таза Президент даңғылы бойына лық толды. Даңғыл бойына орналасқан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тың еңселі ғимараты алдынан басталған шеру көше шетіндегі Астана алаңына дейін жалғасты. Қос дөңгелегі зырылдаған мотоциклді ауыздықтап мінген байкерлер бастап берген шеруді Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы, облыстағы этномəдени бірлестіктер өкілдері жалғастырды. «Бірлік – біздің қасиетті туымыз», «Бізді бір Отан біріктіреді», «Бір халық – бір

ел – бір тағдыр», «Тəуелсіз Қазақстан жасасын!» деген алуан түрлі əдемі ұрандарды, шағын жалаушаларды көтере шерулеткен нөпірді көлемді-көлемді 19 топ құрады. Банктер ұжымдары, Ақтаудағы оқу орындар мен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, білім беру жəне мəдениет саласының өкілдері, мұнайшылар мен ардагерлер, спортшылар, өзге де əлеуметтікөндірістік ұжымдар кең көшенің екі бетін қайыстырып тұрған көрермендер арасын қақ жарып өтті. Бірлік күнгі мереке тек достық жалауын желбіреткен шерумен шектелген жоқ. Күні бұрын басталған түрлі мəдени жəне спорттық шаралар Астана алаңына орналасқан өзге ұлт өкілдерінің көрмесіне ұласты. Шаңырағы мен уығы бар, қазақтың киіз үйі пішіндес арнайы орындарда қырғыз, қарақалпақ, татар,

лезгин ұлтының өкілдері өздерінің ұлттық аспаптары, дəмдері, ыдыс-аяқтары, киімкешектері мен жасау-жабдығы қойылған көрмелерді келушілерге тынбай таныстырып жатты. Жан-жағын мекені бір халықты ауызбіршілікке, ортақ Отанымызды одан əрі дамытуға шақыратын ұран сөздер көмкерген еңселі сахнада облыс өнерпаздары концерт берді. Көк теңіз жағасында таранған аққудай əсем Ақтаудың көшелеріне күн сəулесі мол құйылып, жан біткеннің жүрегіне достық нұрын себезгілеп тұрғандай, айнала маңайды берекебірліктің шуағы тербеткендей осы күні табиғат та кешеге дейін аумай тұрып алған өткір желінен жаңылып, ерекше жылып сала берді.

-----------------------------------

 Көкшетау Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі «Бір шаңырақ астында» фестивалімен басталды. Қаланың басты алаңдарындағы шағын аудандарындағы, көркем даңғылдарындағы шаттық шаралары осынау достық фестивалінің ортақ үйіміздегі бірлік, бейбітшілік пен түсіністік, адами құндылықтар мен қазақстандық патриотизмді асқақтату идеясымен сабақтасып жатыр. Кең пішінді бейнероликтер, радиогазеттер, «тілдік алаңдар» Ақмола өңіріндегі 120-дан астам этностар мен этностық топтардың тату-тəтті тіршілігін, қоғамдық өмірдегі белсенділігін айшықтайтын хабарлар таратуда.

Ақмола облысының əкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Қосман Айтмұхаметов жиналған қауым мен қала қонақтарын, мерекелік шеруге қатысушыларды еліміздің ерен мейрамымен құттықтады. «Бүгінгі мереке барша қазақстандықтар үшін аса қымбат, – деді ол. – Бірлік, бейбітшілік, келісім біздің қоғамымыздың шешуші құндылықтары. Бұл осынау үш ұғымды арқау еткен Мемлекет басшысы Н.Ə.Назарбаев жүргізіп отырған сарабдал саясаттың басты өзегі болып табылады. Облыс тұрғындары Елбасы ұстанымын іргелі істерімен ілгерілетуде. Елімізді индустрияландыру бағдарламасын орындау, ауыл шаруашылығын өркендете

отырып, Астананың азық-түлік белдеуін қамтамасыз етуде табыссыз емеспіз. ЭКСПО-2017 көрмесі аясында астаналық облыс жаңашыл ізденістерімен көзге түспек. Ынтымағы жарасқан ел Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда нық қадамдар жасайтынына сенімдімін». Мереке үстінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Ибрагим Жанғоразовқа, облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ғосман Төлеғұлға, «Истоки» славян мəдениағарту орталығының» төрайымы Галина Булычеваға «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалі тапсырылды.

жырау даңғылы төрінде бас қосып, төс қағыстырып, қол ұстасып шеру құрайтын қала жұртшылығы таңертеңгілік саф ауамен, көгілдір көктемнің əсем иісімен сүйсіне тыныстай сап түзеп, Орталық алаңдағы Тəуелсіздік ескерткіші алдында түйісті. Қалың қауыммен қауышу ортасында аймақ басшысы Бауыржан Əбдішев облыс тұрғындарын бірлік пен тұтастықты, береке мен өркендеуді мерейлендірген тамаша мерекемен құттықтады. Осындай мəртебелі оқиғалар қуанышын жергілікті еврейлер қауымдастығы атынан бірге бөлісетін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, II дəрежелі «Даңқ» орденінің иегері, Қарағанды мемлекеттік медицина

университетінің проректоры Вилен Молотов-Лучанский «Тыныштық пен тұрақтылықты сақтауды, этностық топтар барлығының бейбіт өмір сүруін қалыптастыруды қасиетті мақсат тұтқан сүйікті Қазақстанымыздың гүлденіп, көркеюі осындай салиқалы саясат жемісі. Ұлтаралық бірлік пен тірліктің өзге елдерге үлгі боларлық үрдісін мақтан тұтамыз», деп жүрекжарды сөзін жеткізгендей, жиналушылардың барлығына бірдей ортақ ой екені білінді. Мерекелік қуаныштар алаңдар мен көшелер бойларында орнатылған, сондай-ақ, мəдениет ошақтары сахналарында жалғасып, өлкеде тағдырлары тоғысқан ұлттар мен ұлыстардың əнкүйлері əуендеріне тербелді.

өкілдері жағалай дастарқан жайды. Əрқайсысы өзінің ұлттық тағамдарын ұсынды. Облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов бастаған облыс жəне қала басшылары этномəдени бірлестіктер мүшелерінің жағалай жайған дастарқанынан ұлттық тағамдарды қызықтады. Астан ұлық ешкім жоқ, əр ұлттың тағамынан ауыз тиіп көрді. Қазақтың еті мен бауырсағынан басталған ұлттық тағамдар украинның борщы мен пампушкиі, чешеннің жишиг галнашы, əзербайжанның шах ашы, армянның лавашы мен арисасы, өзбек пен тəжіктің палауы мен күлшесі, татардың үчбучмагы мен кыстыбыйы, корейдің пигодиі мен толып жатқан салаты болып жалғаса береді. Адамдар ұлттық дастарқаннан дəм татумен қатар, этномəдени бірлестіктер мүшелерінің əн мен биін, айтқан

əңгімесін тыңдап тамашалады. Корейлер дастарқан тұсына үкілі бөрік, қос етек көйлек киген қазақ қызының ханбок киген корей жігітіне бауырсақ ұсынып тұрған суретін бүгінгі мерекенің басты мазмұны етіп іліпті. Облыс əкімі Нұралы Сəдуақасов қостанайлықтар мен қала қонақтарын Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Алаңдағы үлкен сахнада түрлі ұлттың əні қалықтады, мерекеге жиналған жұртшылық ұлттық киімдегі сан ұлттың биін, өнерін тамашалады. Түріне, түсіне, діні мен тіліне қарамай, мерекеде қауышқан дос құшақтар да жарасымды еді. Ұлттық аспаптардан төгілген əуен делебені қоздырды, алаңға барғанның билемегені кемде кем шығар. Халық бірлігі күнінің халықтық мереке екенін айтып тұрғандай.

Суретті түсірген автор.

 Қарағанды Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Бүкіл отандастарға қуанышы ортақ, мерейі ыстық, қадірі қымбат, құлпырған көктемнің өзіндей барша жаратылысқа құшағы жарқын 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі кеншілер шаһарында үлкен шаттықпен қарсы алынды. Сүттей ұйыған ынтымақ пен татулық аясында өркенді өмірлері мəні мен сəні жарасқан 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейтін өндірісті өлкенің қалаларынан, аудандарынан ескен қуаныш лебі Қарағандыда да жараса жаңғырды. Елдің ең айтулы мерекелерінде қаланың бас көшесі – Бұқар

 Қостанай Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

 Ақтөбе Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Мамырдың мамыражай таңы айналаға шұғыласын төгіп, нұрын шашып атты. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясындағы негізгі мəдени-көпшілік шаралар облыс орталығындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мəдениет жəне демалыс саябағынан бастау алды. Жүздері жадыраңқы ақтөбеліктер мерекелік

көңіл-күйде осы саябаққа ағылып келіп жатты. Мұнда əуелеген асқақ əуен мен шат-шадыман тірлік мерекенің сəнсалтанатын асыра түсті. Саябақ ортасында орнатылған сахнада облыстық «Халық достығы» фестиваліне қатысқан өңірдегі этномəдени бірлестіктердің «жүзден жүйрік» шыққан өнерпаздары мен Ресейдің Орынбор қаласынан келген өнер ұжымдарының «Береке басы – бірлік» атты концерттік бағдарламалары

басталып та кеткен болатын. Мерекелік салтанатқа жиналғандар алдында Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Қыдырғали Ермұхан қысқаша сөз сөйлеп, ақтөбеліктерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады. Орынбордан келген əнші Антонина Дубровинаны сөзге тартқанбыз: – Ақтөбеге бірінші рет келіп тұрмын. Қала таза əрі əдемі екен, ал адамдары қандай иманжүзді десеңізші.

Қазақстан халқының бірлігі күні – қостанайлықтар асыға күтетін мереке. Арқаның ауа райы біресе дауылдатып, біресе жауындатып тұрғанымен, мереке салтанатын бұза алған жоқ. Көктем күнінің құбылуы адамдардың көңілін тұнжырата алмады. 1 мамыр мерекесі бар салтанатымен қадам басқандай. Қазақ пен орыс, украин, өзбек пен тəжік, чешен мен татар, əзербайжан мен армян, корей өкілдерінің киген ұлттық киімдері адамдардың достық, бірлік деп соққан жүрегін одан сайын мейірлендіре түскендей. Дастарқан – қасиетті ұғым! Қостанай қаласының орталығындағы алаңда осы жерді мекендеп, ауасын жұтып, суын ішіп, өзінің екінші Отанына айналдырған сан ұлттың


3

www.egemen.kz

2 мамыр 2013 жыл

БЕРЕКЕГЕ БАСТАЙДЫ  Қызылорда Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Бүгінде əлем бойынша ұлтты кемсітуге қарсы үлкен жұмыс жүріп жатыр. Құптарлық бастама. Дегенмен, Абай атамыздан «Адамзаттың бəрін сүй бауырым деп» деген сөз қалған. Хакімнің көрегендігі, данышпандығы, білгірлігі осы бір ауыз сөзден-ақ көрініп тұрғандай. Абай айтқан аманатқа бүгінгі Қазақстан адал деп ойлаймыз. Себебі, 130 ұлт пен ұлыстың баласы осы жерде тату-тəтті өмір сүріп жатыр. Бірбіріне алакөзденбейді. Бірі екіншісінің маңдайынан шертпейді. Кеше еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекеледі. Мерейлі мерекені Сыр жұртшылығы да өз

 Павлодар дəрежесінде атап өтті. Қызылорда өңірінде бірнеше жылдан бері бірлік мейрамы қарсаңында салтанатты шеру өтетін дəстүр бар. Аталған үрдіс биыл да үзіліп қалмады. Жалғасын тапты. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, БАҚ өкілдері, мемлекеттік жəне бюджеттік мекеме қызметкерлері, үкіметтік емес ұйым өкілдері, мұнай компаниялары, дəрігерлер мен мұғалімдер, қысқасы, қоғамның барлық өкілі парадқа шықты. Орталық алаң жасанып, əртүрлі ұлт өкілдері өздерінің ұлттық киімдерін киіп, мəз-мейрам болып, бір-бірін құттықтап жатты. Түрлі ұлттың əні айтылды, биі биленді. Салт-дəстүрі паш етілді. Мерекеге жиналған жұртты аймақ басшысы арнайы құттықтады.

– Қасиетті Сыр елі – Ұлы ұзан Қорқытатаның Отаны. Мəңгілік өмірді музыкадан іздеп тапқан Қорқыт бабамыздың қобыз үні Жер-жаһанға Ұлы Дала жайлы, оның ақ пейілді жандары, бірлігі жарасқан көпұлтты халқы жайлы, адамзат баласына ғарыштық мəңгілікке, жұлдыздарға жол салып берген Байқоңыр жайлы жар салады. Сұлу саз əуені арқылы бар əлем Қазақстанды, Қызылорданы танып білді. Бұлжымас бағдары бар ынтамағы жарасқан елдің болашағы жарқын бола бермек,– деді облыс əкімі Қырымбек Көшербаев. Бір ұлттың баласы екіге жарылып, бір-біріне қару тақанып отырған мына заманда түрлі ұлт өкілдері тату-тəтті өмір сүріп жатқан Қазақстанды көргенде көп нəрсеге шүкір дейсің.

 Орал

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыс орталығында «Достығымыз мызғымас» атты Қазақстан халқының ел бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама барысы ертеңгілік «Достық дастарқаны» атты этномəдени бірлестіктер жасаған ұлттық тағамдар жайылған кең дастарқан басынан басталды. Алаңға ерте келе бастаған жұртшылық тамсана ауыз тиіп жатты. Ал, бұл уақытта «Достық» үйінде «Ақсақалдар алқасы» атты əр ұлт өкілдері қарттарының бас қосатын офисі ашылды. Осы орталықта облыс əкімі Ерлан Арын этномəдени бірлестіктер басшыларын жинап, жыл сайынғы дəстүрмен ақшалай гранттар тапсырды. Мұның алдында этномəдени бірлестіктер мүшелері қазақ тілінде сөйлеп жүрген əртүрлі ұлт өкілдерінің ұл-қыздарына гранттар берді. Одан соң барлығы жиналып, қаладағы «Бірлік жəне келісім» монументіне барып гүл шоқтарын қойды, орталық алаңда «Этноауылдар» шеберлерінің жасаған қолөнер бұйымдары көрмесін тамашалады. Алаңда – қызыл-жасыл түске боялған əуенді мереке. Жəрмеңкелер, тəттілер дастарқаны, ойын-сауық, əн-билер шырқалуда. Күн де ашылған, жайдары,

жылы. Алаң толы халық. Қазаққа еркелеген өзге ұлт өкілдерінің көңіл-күйлері жақсы. Осы жерден біз «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық байқауының жүлдегері №1 балабақша тəрбиешісі Надежда Лисунованы кездестірдік. «Қазақ тілін бала кезден білеміз. Жаңалық емес. Мереке бір күн, ал біздің жүрегімізде Отан мəңгілік сақталады

ғой», – дейді ол. Облыс орталығындағы алаңда осында арнайы келген əйгілі «ДосМұқасан» ансамблінің жігіттері өткен жылдардан келе жатқан достық, махаббат, туған жер, елге деген сүйіспеншілік туралы əндерін шырқады. --------------------------------------------

Суретті түсірген Валерий БУГАЕВ.

 Петропавл Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Иə, бірлік – барлық табыстарымыз бен жеңістеріміздің бастауы. Бірлік ұғымы қағаздар мен құжаттарда, электрондық ақпараттар ағымында емес, адамдардың күнделікті қарым-қатынастарында орын алса ғана баянды болмақ. Бұл орайда Ақжайық өңірін мекендейтін сан түрлі ұлт өкілдерінің бүгінгі жарасымды тірлігі мен бірлігі, тұтастай алғанда, ел ырысын еселеуге, сəнді де мəнді ғұмыр кешуге жол ашып отыр. Бұған дейін аймақта қалыптасқан достық пен туысқандық ахуалы кешегі күні Орал қаласының орталық алаңында өткізілген еңбек ұжымдарының шеруі кезінде де анық байқалды. Қасиетті қазақ топырағы тағдырдың теперішіне тап болған талайлардың

бақытын ашты. Бүгінде олар ортақ үйіміз – Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосып келеді. Осы тұрғыда мереке күні Батыс Қазақстан облыстық кəрістер қауымдастығының төрағасы Максим Пак газет тілшісіне өз тілегін былайша жеткізді. – Біздерге, кəрістерге, тағдырдың жазуымен қазақ жерінен баспана мен дəм бұйырды. Бүгінде жаңа қарқынмен дамып келе жатқан Қазақ елінде кəрістердің алтыншы буыны тамыр жайып келеді. Сол үшін де біз өзімізді құшағы өзінің даласындай кең, əрі айқара ашық қазақ халқына қарыздармыз деп есептейміз. Бүгінде біздің айдай əлемге жар салып, бар дауыспен мақтан тұта айтатын басты құндылығымыз – Қазақстан азаматы дейтін биік атау. Еліміздің батыстағы қақпасында тұратын азаматтар өз тағдырларын

тұтас елдің тағдырынан бөле-жара қарай алмайды. Бұлар – олар үшін біртұтас ұғымдар. Осындай азаматтық биік ұстаным Жайық жастарының бойында да қалыптасып үлгергені қандай жақсы. Бұл жөнінде қазақ тілінде төгілтіп еркін сөйлей алатын беларусь қызы, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Ольга Рапацкая айтып берді. Бірлік – бір күннің ісі емес. Оның ғұмыры ұзақ. Тым ұзақ. Бірлік жасанды іс-шаралармен көмкерілмей, табиғи сипатпен рең алса ғана алға қойған адами асқақ мұратын аяғына дейін орындап шыға алады. Кешегі күні Ақжайық өңірінде кеңінен аталып өткен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі жөнінде де дəл осындай ой түйе аламыз. --------------------------------------------

Суретті түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.

 Өскемен

Солтүстікқазақстандықтар да Қазақстан халқының бірлігі күнін көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, уақыт сынынан өткен сенім мен төзімділіктің үнқатысуы ретінде атап өтті. Өзара татулық пен келісімде өмір сүріп келе жатқан сан алуан ұлттар мен ұлыстардың өкілдері басты құндылықтарымызға адалдығын танытып, тығыз топтасқандықтың үлгісін көрсетті. Бұл күні облыс орталығы ерекше безендіріліп, жүздерінен шаттық лебі ескен петропавлдықтар қаланың шағын аудандарында сəн-салтанатқа толы қызықты мəдени-спорттық шараларды тамашалады. Мерекелік шеру «Есіл» мейрамханасы алдынан бастау алды. Оқу орындары мен этнобірлестіктерден тартылған жарты мыңға тарта адам

колонналарға сап түзеп, М.Жұмабаев, К.Сүтішев көшелерін бойлай жүрді. Одан əрі Достық алаңын бетке алып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздері бейнеленген композиция алдына келіп тоқтады. Ұлтаралық, конфессияаралық татулықты паш ететін транспаранттар мен ұран сөздер Қазақстанды ортақ үйіне айналдырған облыс тұрғындарының еңбексүйгіштік, мақсаткерлік, келешекке сенімділік, елге, жерге құрмет сезімдерін асқақтата түскендей. Мерейлі мерекеге арналған салтанатты жиында сөз алған өңір басшысы Самат Ескендіров барша қауымды мейраммен құттықтап, елімізге тұрақтылық, ұлтаралық жарасымдылық, жарқын өмір, бақуатты тұрмыс тіледі. Достық, татулық жəне келісім бүкіл жетістіктеріміз бен өзгерістеріміздің негізі екенін, оның қазақстандық тəжірибесі өзгелерге үлгі болып табылатынын, «Қазақстан-2050» Стратегиясы

міндеттерін жүзеге асыруға Қызылжар өңірінің еңбеккерлері де лайықты үлес қосып келе жатқанын атап көрсетті. Қалалық мəдениет жəне демалыс саябағында балалардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен «Наш веселый хоровод» бағдарламасы жалғасса, «Достық» үйі алдында мəдени бірлестіктердің этноауылдары орналасып, жұртшылыққа дəмділігі тіл үйіретін ұлттық тағамдар мен халықтық қолөнер бұйымдары ұсынылды. Шағын жəне орта бизнес өкілдері көп балалы отбасыларға, аз қамтылған жандарға, зейнеткерлерге демеушілік қолдарын созып, қайырымдылық акцияларын ұйымдастырды. «Қазақстан – достықтың берік тұғыры» атты мерекелік концертті қызықтаушылар қатары көп болды. «Жігіттер» тобының асқақтата салған əндері мереке шырайын аша түсті.

тату-тəтті еңбек етуде. Олардың берекесі мен бірлігін уыздай ұйытып отырған қазақ халқына жүктелер мерейлі міндет те көп. Сондықтан бірлікті береке бастауы деп білетін елдегі өнегелі тірлікте Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық филиалының қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты сақтауға қосып отырған үлесі үлкен деп атап айтуымыз керек. Оған ардагерлер қоғамының, барлық зиялы қауым өкілдерінің ел тұтастығына, ұлттар достығына аянбай қызмет етуін қосыңыз. Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақты болуына азаматтық қоғам институттары да ойдағыдай қызмет жасауда. Мысалы, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар жəне басқа да қоғамдық бірлестіктер достық тұрғысындағы

іс-шараға келгенде белсенді. Тараз қаласындағы «Достық» алаңында, аты айтып тұрғандай, тек қана достықтың күйі ойналып, бірліктің биі биленеді. 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінде ой тербетер, жүрек тебірентер осындай мəдени іс-шаралар көптеп ұйымдастырылып, жоғары оқу орындарының, кəсіпорындардың, облыстық жəне қалалық мекемелер ұжымдарының əсем безендірілген автокөліктерден жəне бірлікті баян еткен транспаранттар көтерген жаяу адамдардан тұратын барлығы 30 колоннадан тұратын салтанатты шеруі елдегі нағыз береке мен бірліктің үлгісін көрсетті. Достық, бірлік, ынтымақ мерекесінің соңы, əлбетте, дарынды өнерпаздардың үлкен концертіне ұласты.

Елбасының сарабдал саясатын жержерде жүйелі түрде əрі өз мəнінде жүргізудің жемісі. Əлбетте, «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген сөзді де дана халқымыз бекер айтпаса керек, – деп Жетісудың кіндік қаласының орталық алаңындағы салтанатты жиынды Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов ашып, халық бірлігі күнімен дүйім жұртты құттықтады. Биылғы Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесінің бір ерекшелігі – қымызқала Талдықорғанда 32 үй тігіліп, қымызбен, шұбатпен елді сусындатуды бастады. Мерекенің тағы бір думаны нағыз жігіттер сыны тайлақты мойнына салып көтеріп отыз қадам жүрген азаматқа сол тайлақты тегін сыйлау болды. Рас, бірінен

екіншісі асқан үміткерлер кезектесе шығып бақтарын сынағанымен, ойсыл қара тұқымын бел гіленген ережеге сай көтере алмады. «Қуанса, бала қуансын» деген емес пе. Бүлдіршіндер тасжолға неше түрлі суреттер салып жарысқа түссе, жігіттер қол күресі, арқан тарту, тіпті шахмат ойнап думанды қыздыра түскені болды. Бұл бəсекелер жеңімпаздарына қала əкімдігі тарапынан мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етіліп, думанды қыздыра түсті. Қорыта айтқанда, Қазақстан халқының бірлігі күні талдықорғандықтар ата-баба дəстүрін жаңғыртып, қала тұрғындарын, қонақтарын қазақтың 3000 жылдық сусыны – қымызбен сусындатудан бастағаны қуантады.

ауызбіршілігін ұлықтайтын мемлекеттік мереке. Орталық алаңға жиналған көпшілікті Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов құттықтап, елдің ынтамағы мен бірлігін арттыруға үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Еліміз тəуелсіздік жылда ры толағай табыстарға қол жеткізіп, қарқынды дамып келеді. Мұның барлығы да бейбіт күннің, ынтымақ пен татулықтың арқасында қол жеткізген ортақ табыстарымыз. Ал халқымыздың ынтымағын, ауызбіршілігін нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының орны ерекше. «Ынтымақ болған жерде қашан да

ырыс мол болмақ. Ендеше, əрқашан бірлігіміз берік, елдігіміз еңселі болсын. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан əрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық əрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мəңгі жасай берсін», деді Шымкент қаласының əкімі Қайрат Молдасейітов. Бұл күні əрбір этномəдени бірлестіктер өкілдері əн айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дəстүрі мен салттарын паш ететін түрлі көріністер қойды. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі мерекелік іс-шаралар, спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

 Тараз Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Жыл өткен сайын жасарған, Жамбылым қандай тамаша!» – Талас толқынында тербеліп, Қаратау қойнауынан нəр алған Шона Смаханұлы бір кездері осылай деп тебірене жырлаған. Ақын айтса айтқандай, мамыр мерекесі қайта айналып келгенше Жамбыл өңірі бір жасарып қалады. Жыл ішінде бой көтеріп, сап түзеген тың архитектуралық ансамбльдер мен жаңа өндіріс орындары, міне, осы сөзіміздің айғағы. Бұл қуаныштың иелері ең алдымен, əлбетте, облыстағы түрлі ұлттар мен ұлыстардың өкілдері. Бүгінде облыста жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бір атаның баласындай

 Талдықорған Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Жер жəннаты Жетісудың кіндік қаласы Талдықорғанда да Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі шадыман шаттықпен аталып өтті. Ертелете көк аспанды тұмшалаған бурыл бұлттар сейіліп, арасынан алтын күн нұрын төккен сайын ел жадырап, шадыман шаттықпен орталық алаң лық толды. – Қазақта «Ырыс алды – ынтымақ» деген аталы сөз бар. Бір шаңы рақ астындағы халық бірлігі нығайып, өзара түсіністігінің одан əрі жалғасуы, ұлтаралық татулықтың берік болып, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың жалғасын табуы

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Арайлап көктемнің тағы бір таңы атты. Өзендер өрнектеген Өскеменде бүгін күн шайдай ашық, сəл самал жел соғып тұр. Таңғы сағат 11.00-де Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған қала жұртшылығының шеруі басталып кетті. Алдымен Республика алаңындағы хакім Абай ескерткіші алдында жүздеген балдырған шығып би биледі. Сосын қаладағы 50-ден астам мектептің, онға тарта колледждер мен орта білім беретін оқу орындарының, Шығыстағы жоғары білім беретін Д.Серікбаев атындағы Шығыс

Қазақстан мемлекеттік техникалық, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік, Қазақстан-Америка біріккен университеттерінің мыңдаған ұстаздары мен студенттері, «Казцинк» ЖШС-і мен Өскемен титан-магний комбинаты, «Үлбі металлургия зауыты», «Өскемен арматура зауыты», басқа да еңбек ұжымдары бірінен соң бірі сап түзеп, əндетіп өтіп жатты. Еңбек шеруі бір сағатқа созылды. Бұдан кейін облыс əкімі Бердібек Сапарбаев қала жəне өңір тұрғындарын Қазақстанның бірлігі күнімен құттықтады. – Құрметті жерлестер, мереке құтты болсын. Бір апта бойы өңірде «Бір шаңырақ астында» атты адамдарды

достық пен татулыққа, бейбітшілік пен ынтымаққа шақыратын акция өтіп жатыр. Жақында ғана аяқталған Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында Елбасы Н.Назарбаев елімізде татулық пен тұрақтылықтың салтанат құрып, ынтымақтың жарасуынан экономика мен əлеуметтік салада өркенді өзгерістердің болып жатқанын айтқан еді. Қазақстанның абыройы артып, атақ-даңқы шарықтай берсін! – деді өңір басшысы. Бұдан кейін түрлі этномəдени бірлестіктер өкілдері, өнерпаздар мен мектеп оқушылары кеш бойы əн мен күйден шашу шашты.

-----------------------------------

Суретті түсірген автор.

 Шымкент Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Ежелден татулық пен бірліктің, достық пен ынтымақтың жақсы дəстүрі қалыптасқан Оңтүстік жұрты 1 Мамыр мерекесін зор ықыласпен атап өтті. Бүгінде Оңтүстік Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тəтті өмір сүріп, облыстың көркейіп, дамуына өз үлестерін қосуда. Олардың өз тілдері мен дəстүрлерін жаңғыртып, дамытуына барлық қажетті жағдай жасалған. Бүгінде осы мақсатта 20 этномəдени бірлестік жұмыс атқаруда. 1 Мамыр – еліміздегі тату-тəтті тірші лік кешіп жатқан ұлт өкілдерінің


4

www.egemen.kz

Уақыт – зымыран. Аз ғана уақытта Қазақстан əлем сахнасындағы өзінің айшықты орнын белгілеп үлгерді. Тегеурін жаман емес. Соңғы он бес жылдың ішінде мемлекетіміз əлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді.

«Бірлік» болмай, тірлік болмайды Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Əлемнің барлық елдері өз дамуын салыстыратын мойындалған рейтингтер бар. Осыдан алты жыл бұрын мен алдымызға əлемнің бəсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру жөнінде жалпыұлттық міндет қойдым. Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингінде 51-орынды иеленді. Біз бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық», дегені белгілі. Расында да, ел тарихының сапалық жаңа кезеңі үлкен қарқынменен жүріп жатқанын ешкім жоққа шығара алмайды. Ал бұл істе «Нұр Отан» партиясы қашанда тың ойлар мен баянды бастамалардың ұйытқысы болып келеді. Партияның белсенділігі арқасында ел игілігі жолында талай істер қолға алынып, жүзеге асырылуда. Ал бұл істердің қай-қайсысының артында да қоғамның мүддесі, халықтың талабы жатқаны анық. «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының «Бірлік» филиалы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы 17 бастауыш партия ұйымының арқауында құрылғанына биыл он жыл толғалы отырғанына қарамастан, қоғамда едəуір жұмыстардың атқарылуына мұрындық болып келе жатқанын мақтанышпен айта аламыз. «Бірлік» филиалын Президенттің Іс басқарушысы Абай Бисембаев басқарады. Биылғы жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштері бойынша партияның құрамында еліміздің əр саласында жұмыс жасайтын 5063 мүшесі бар. Филиалдың құрамына 42 бастауыш партия ұйымы мен Сенаттың 1 депутаттық тобы, Парламент Мəжілісінің 1 депутаттық фракциясы еніп отыр. Саяси кеңес, Саяси кеңестің бюросы, Бақылау-тексеру комиссиясы бар «Бірлік» филиалы қазіргі таңда «Нұр Отан» ХДП Жарғысы мен Бағдарламасының негізгі ережелерін түсіндіру, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларын, партия съездері шешімдерін, Президент, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмаларын түсіндіру, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру, патриотизм, саламатты өмір салты сияқты құндылықтарды насихаттау, партия мүшелерінің Астанамыздың қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуы жөніндегі əртүрлі пішіндегі шараларды жүзеге асыруда. «Бірлік» филиалы партиялық қызметінің басым бөлігін қайырымдылық акцияларына арнап отыр. Жыл сайын «Жақыныңа жəрдем бер!», «Балғынды мектепке дайындайық», «Бүлдіршінге кітап сыйла», Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлеріне тағзым ету, халықтың əл-ауқаты нашар тұрғындарына жəрдем беру секілді жұмыстар атқарылып келеді. «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы Саяси кеңесі бюросының қаулысымен бекітілген жоспарға сай еңбек ұжымдарында кездесулер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, мəдени-көпшілік, спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Мұның бəрін өткінші шаралар деп қабылдамау қажет. Атқарылып жатқан əр жұмыстың кешенді жалғастығы бар. Қарт адамдарға жəрдем ретінде бағытталған «Ардагердің денсаулығы» атты акциясы ел арасында əжептəуір ыстық ықылас тудырып отыр. Осы акцияның аясында соғыс жəне еңбек ардагерлері, мүгедектер Қазақстан Президенті Іс басқармасының Ме ди ци налық Орталығында тегін медициналық тексеруден өтті. Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 9 мамырда, əйел-ардагерлерге 8 наурызда құрмет көрсету кəдімгі дəстүрге айналды. Балалармен жұмыс жасау, мүгедек балаларды, жетімдерді қолдау жөніндегі жұмыстарға филиал ерекше көңіл бөліп келеді. Ата-анасынан, асыраушысынан айырылған 70 бүлдіршін психоневрологиялық балалар диспансерінде ем қабылдауда, ал оқу жылы қарсаңында балалар үйлеріндегі, əл-ауқаты нашар отбасыларындағы 220 бала мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді. Тағы да қайталап айтайық, атқарылып жатқан қандай да бір шара бұл науқандық жұмыстар емес. Оның кешенді ойластырылған бағыты бар. Сонымен қатар, «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры» да бұл игілікті шараға көп көмегін көрсетуде.

«Бірлік» филиалы өз жұмысында жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың қас жауы екенін де тілге тиек еткім келеді. Жасыратын несі бар, бұл індет ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретінін ешкім жоққа шығара алмайды. Филиалдың бастауыш партия ұйымдарында жемқорлыққа қарсы пəрменді жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік қызметкерлердің, лауазымды тұлғалардың арасында орын алып жатқан келеңсіз фактілерге тосқауылдар қойылуда. Тек соңғы үш жылдың ішінде коррупциялық қылмыстары үшін 13 адам партия қатарынан шығарылды. Əрине, бəрі ойдағыдай деп айтуға болмайтын шығар. Бастауыш партия ұйымдарының жұмыстарын жетілдіре түсуде ақаулар да бар. Жас мамандарды партия қатарына тарту тиісті деңгейде емес. Бастауыш партия ұйымдарының кейбір төрағалары сенім үдесінен шыға алмауда. Елбасы Н.Ə.Назарбаев кейінгі Жол дауында: «Дүниеде болып жатқан өзгерістердің сипаты мен тереңдігі, жаһандық өзара іс-қимыл ұзақ мерзімді дамуды талап етеді. Көптеген елдер қазірдің өзінде 20302050 жылдардың арғы жағына көз жіберуге тырысады», деген еді. Демек, күні ертеңгі жетістігіміздің іргесі осы бастан қалануы шарт. Ол үшін не істеу керек? Тек үлкен жауапкершілік керек! Біз жыл бойына атқарылатын жұмыстардың барысын жоспарымызға енгіздік. Ол жүйелі түрде атқарылып келеді. Алда өтетін мынандай негізгі шаруаларға тоқталғым келеді. - «Нұр Отан – саламатты Қазақстан үшін!», Авиация мен ғарышкерлер күніне арналған «Біз ғарышты ба ғын дырамыз» акциясы, қаланы абат тандыруға байланысы көшет отырғызу; - «Ұлттық бірлік – біздің стратегиялық таңдауымыз», «Ардагерлерді ардақтайық» патриоттық акциялары, «Мемлекеттік рəміздер – Отанымыздың жүрегі» мемлекеттік символдар күніне орай өткізілетін шаралар; - спорт фестивальдерін өткізу, Қазақстан халқының мəдениетін, дəстүрі мен тілдерін білу конкурсы аясында мемлекеттік тіл күнін өткізу, жемқорлыққа қарсы күрес; - «Нар тұлға; жүрек жылуы» республикалық акциясына қатысу, Тəуелсіздік күніне арналған спорттық акциялар, «Тұңғыш Президент күніне» арналған мерекелік шараларды ұйымдастыру, «Аяз Атаның сыйлығы – балаларға» мүгедек-балаларға көрсетілетін қайырымдылық акциясы. Бұл атқарылатын жұмыстардың бір парасы ғана. Жоспарымызға енген басқа да тірліктер жеткілікті. Яғни, күні ертеңгіні болжағанымыз абзал. «Қамданбаған – қапы қалады» демекші, бұл жай жалаң сөз, құрғақ уəде емес, нақты жасалатын жұмыстар. «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы «Ғылым» бастауыш партия ұйымының жұмысына аз-кем тоқтала кетейін. Былтырғы жылдың жазында іргесін қалаған «Ғылым» бастауыш партия ұйымы өзінің қатарын «Ғылым қоры» АҚ-тың бір топ қызметкерімен толықтырып, Отан алдындағы парыздарын белгілі бір дəрежеде атқарып келеді. Жоғарыда тілге тиек етілген қарттарға қамқорлық, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға көмек назардан тыс қалып көрген емес. Мəселен, былтырғы шілде айының 20-сында «Ғылым» бастауыш партия ұйымы мүгедек балалар үйінің аумағында демалыс сəкілерін салып берді. Мектеп оқушыларын ғылымға тарту жұмыстары жақсы бағытта ұйымдастырылып отыр. Адамзат баласының басты парызы – жақсылық жасау десек, «Нұр Отан» ХДП құрамындағы «Бірлік» филиалы да, оның қатарындағы «Ғылым» бастауыш партия ұйымы да алдағы уақытта бұл игілікті жұмыстарын үлкен ризашылықпен жалғастырады. Елбасының «Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы, Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары бастауыш партия ұйымы өкілдері арасында ұдайы талқыланып, пікір алмасулар өтіп тұратынын айтсақ, əр қазақстандық азамат ел абыройы жолында алдағы кезеңде де қоғам өміріне белсене араласады деген сенімдемін. Қуатжан УƏЛИЕВ, «Нұр Отан» ХДП «Бірлік» филиалы саяси кеңесінің бюро мүшесі.

2 мамыр 2013 жыл

 Өнеге

Еліме аман жеткеніме ќуанамын – дейді соєыс жəне еѕбек ардагері Їбієожа Əйкебаев Үбіғожа Əйкебаев Абай ауданы Ұзынбұлақ ауылында туыпөсті. Əкесі өмір-бақи ата кəсіп – шопан таяғын ұстап еңбек етті. Несін айтасыз, ашаршылық жылдары халықтың басына түскен тауқымет бұл отбасын да айналып өтпеді. Отбасындағы тоғыз баланың екеуі ғана тірі қалды. Үбіғожа еңбекке ерте араласып, жасынан шынығып өсті. Балалық шағында жалаңаяқ, жалаңбас, жартылай ашқұрсақ жүрсе де, ештеңе тіленбестен, маңдай тер еңбегімен нанын тауып жеуді үйренді. Ауыл мектебінде сегізінші сыныпқа дейін білім алды. Сөйтіп, ержеттім деген кезде Ұлы Отан соғысы басталып, 1942 жылдың қараша айында Абай аудандық əскери комиссариаты майданға аттандырады. Бұғанасы қатпаған 16 жасар бала Өзбекстанда үш ай бойы жаттығу жұмыстарын өткізіп, Украинаның Закарпатьесіне соғысқа жіберілді. Бала-солдатты аяған украиналық, белоруссиялық əжелер мен апалар көздеріне жас алып, нандары мен сүттерін тасып, балаларындай тамақтандыратын. Олар неміс əскерлерін Украина, Белоруссия жерлерінен азат етті. Аяусыз өртенген жерлер Үбіғожаның əлі көз алдында. Күніне 45-50 шақырым жерді жаяу жүріп өту керек. Үстіне киімі шақ болмағандықтан, бұл оған өте қиынға түсті. Аяғында қолпылдаған үлкен етік, үстінде етегі жер сызған шинель. Оның жағдайын көзбен көрген старшина капитанға жағдайды түсіндіріп, капитан тігінші іздейді. Тігінші де солдаттардың арасынан аяқ астынан табыла кеткені. Бірден арбаның үстінде, жол бойы кетіп бара жатып, Үбіғожаға шақ киім тігеді. Оны барлығы «Полк баласы» дейтін. Ұзын винтовка бойына шақ келмегендіктен, оған шағын автомат береді. Үйіне хатты қолы тимейтіндіктен, ара-тұра ғана жазатын, əкесінен де хат жиі келе қоймайтын. Өйткені, əкесі сауаты жоқ адам болғандықтан, амандығын білдіріп, біреулерге жазғызатын. – Соғыс оңай болған жоқ, – дейді Үбіғожа аға сол сұрапыл шақты есіне алып, – жауынгерлер аш-жалаңаш, жуынуға мүмкіндік те жоқ. Тек Отанға деген, туған

жерге деген сүйіспеншілік, махаббат бізді алға сүйрейтін. Егер де өлген немісті көрсек, оның азық-түлігін тексеретінбіз. Бізге ең бастысы жүрек жалғап алып, алға қарай жылжу керек болды. Олар онсыз да қашып бара жатты. Немістердің қашып бара жатса да тамақтары тоқ еді. Ыстық тамағы былай тұрсын, кем дегенде нан мен май əрқайсысынан табылатын. Кім бірінші тапса, сол жейтін. Біз сияқты автоматшыларға үш күнге қытырлақ кепкен нан ғана берілетін. «Полк баласы» Үбіғожа ұрыстан қолы босаған сəттерінде жаудың офицерін, солдатын бір емес, бірнеше рет тұтқынға түсіріп, «тіл» əкелген кездері де болыпты. Оның айтуынша, бала болса да жалғыз өзі «тілді» қалай қолға түсіргендігін орыс тілін жөнді біле қоймағандықтан, басшыларына айтып-жеткізуі де біраз қиынға соғыпты. Тек, əйтеуір, қимылмен бірдеңе түсіндіргендіктен, каптитан бала жауынгерге екі аптаға демалыс береді. Мəскеу дереу Үбіғожа ағаны жауынгерлік «Қызыл Ту» орденімен марапаттайды. Бір қызығы, бұл орден дер кезінде берілмей, тек 30 жыл өткен соң ғана, яғни 1973 жылы табысталады.

Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Гвинея-Бисау Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдері деңгейінде Бірлескен коммюникеге қол қою арқылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Гвинея-Бисаумен ќатынас орнады Қазақстан тарапынан құжатқа біздің еліміздің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Бірғаным Əйтімова қол қойса, Гвинея-Бисау Республикасы тарапынан осы елдің БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Жоао Соареш Да Гама қол қойды. Кездесу барысында Гвинея-Бисау елшісі өз елі Қазақстанның сыртқы саяси жетістіктерін əрдайым назарда ұстап отыратындығын жəне Қазақстанның халықаралық бастамаларын қашанда қолдайтынын жеткізді. Шетелдік дипломат атап өткендей, оның мемлекеті Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастықты, соның ішінде туризм саласындағы өзара ықпалдастықты дамытуға ынталы. Гвинея-Бисау ИЫҰ-ға мүше мемлекет болып табылады.

Їнді тарапыныѕ ќызыєушылыєы Үндістан Республикасы өңірлерінің мүмкіндіктерімен танысу жəне ынтымақтастық орнату жолдарын қарастыру мақсатында Қазақстанның Үндістандағы елшісі Дулат Қуанышев Пенджаб жəне Уттаракханда штаттарында жұмыс сапарымен болып қайтты, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Сапар барысында Д.Қуа- сек торындағы жергілікті нышевтің Пенджаб губерна- əріптестерімен қатынас торы Шиврадж Патил, Бас орнатуға қызығушылық министрдің орынбасары танытты. Осы орайда, олар Сухбир Сингх Бадал жəне таяуда Грузияда ашылған Уттаракханд губернаторы б і р н е ш е п е н д ж а б т ы қ Азиз Куреши мен Бас ми- ауыл шаруашылығы өнернистр Виджай Бахугунамен кəсіптерін мысал ретінде бірқатар екіжақты кезде- келтіріп, Қазақ станның сулері өтіп, тараптар екі аграрлық секто рында да мемлекет арасындағы ынты- бірлескен кəсіп орындар мақтастық шеңберінде өңір- ашуға дайын екендіктерін аралық қарым-қатынас жəне білдірді. сауда байланысын орнату Сонымен қатар, үнді тарамəселелерін талқылады. пы ЕХРО-2017 халықаралық Аграрлық индустриясы мамандандырылған көржетік дамыған Пенджаб месіне қызығушылық таныштаты (штат Үндістанның тып, жалпы Қазақстанның 10,26 % мақтасын, 19,5 % жетістіктері мен Елбабидайын жəне 11 % күрішін сының бастамаларын жоөндіреді) Қазақстанның ғары бағалайтындарын мəа у ы л ш а р у а ш ы л ы ғ ы лімдеді.

– Бізге жақтас өзге де мемлекеттер тізе қосып, екінші майдан ашқан кезде, олардың жақсы техникасымен Одер, Висла өзендеріне дейін жеттік, – дейді аға өткен күндерді есіне алып. Висла өзенінен өту əркімнің маңдайына əртүрлі жазылды. Үбіғожаға кішкентай тақтай бұйырады. Жолай снарядтың жарықшақтары тиіп, оң иығынан жараланады. Санитарка жарасын таңып, ол бір айға госпитальге жатып, емделгеннен кейін қан майданға қайта оралады. Ауыр жаралану деген оңай дейсің бе, Үбіғожа оғы қарша бораған соғысқа қайта барғысы келмейтіндей жүрегі қайтып қалған еді. Бірақ оған кім қарасын? Жалпы, ол тірі қаламын деп ойламады. Əсіресе, соңғы шайқаста қаза тапқандардың саны артып кетті. Бəрін арулап жерлеу мүмкін болмағандықтан, жерді ұзыннан ұзақ қазып, 200-300 адамды қатарынан бірақ жатқызатын. Кімнің əскери билеті болса, бірден суырып алып, үстіне топырақ үйіп, белгі ретінде таяқ қадап кететін. Соғысты 1-ші Украина майданында 410-шы полктің 39шы батальонында бастаған бала жауынгердің маңдайына сонау Берлинге дейін бару жазған екен.

– Сөйтіп, Берлинге де жеттік, – дейді Үбіғожа аға алыста қалған ауыр күндерді еске алып, – тұрғындар біздің келе жатқанымызды көріп, үйлеріне жасырынып қалатын. Қаланың ішінде ара-тұра мияулаған біренсаран мысықтан басқа ешкім кезікпейді. Соғыс екендігіне қарамастан, таңғалғаным, көшелері тап-таза. Бір бос жатқан темекінің тұқылын көрмейсің. Тазалық деген керемет. Германияның жеңілгендігі ресми жарияланғаннан кейін барлық жерде ақ тулар желбірейді. Сталиннің бұйрығымен бізге Берлиннің көшелерін беталды жүріп аралауға тыйым салынды. Ал тыңдамай шығып кеткендерден хабар-ошар үзіп қалатынбыз. Соғыс аяқталған соң тек екі жылдан кейін ғана 1947 жылы туған жері Семей өңіріндегі Абай ауданына қайтуға мүмкіндік туады. «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» деген осы шығар, балалық шағын соғыс жылдарымен бірге артқа тастаған Үбіғожа аға енді бейбіт өмірге бейімделе бастайды, автомектепке шофер оқуына түседі. 1949 жылы Қанаткүл есімді қызға үйленіп, жеті баласы өмірге келеді. Бір ғана Абай ауданынан 2

мың жауынгер соғысқа аттанса, соның 500-іне ғана туған жермен қауышу бұйырған екен. Десе де, ауылы Семей полигонынан 60-ақ шақырымда орналасқандықтан, жұбайы отасқандарынан кейін небəрі 9 жыл өткен кезде сырқаттанып ерте қайтыс болып кетеді. Ал Семей полигонындағы алғашқы сынақ сол 1949 жылы 29 тамызда жасалғаны белгілі. Бұл енді Үбіғожа ағаның басына түскен тағы бір ауыртпалық болады. Десе де ол қайғыдан мойымайды. Балаларын өзі өсіріп жеткізеді. 1956 жылы Үбіғожа аға «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен марапатталады. Соғыс жəне еңбек ардагерінің «194145 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Батыры П.И. Жуков» атындағы медальдары, «Ұлы Отан соғысы» ордені, «Украинаның фашистерден азат етілгеніне 60 жыл» медалі жəне тағы басқа да марапаттары қазіргі жастарға үлгі-өнеге, патриоттық тəрбиенің негізі деуге болады. Үйіне кірсеңіз, оның жазу үс телінде үнемі соғыс туралы, генерал Панфилов жайлы кітаптар жатады. Немерелерінің маңдайынан сүйіп, оларға майдан жайлы əңгімелеп береді. Тек немерелері ғана ма, Үбіғожа ағаның сол бір сұрапыл күндер жайлы естеліктерін тыңдауға қала мектептері, колледж, жоғары оқу орындарының ұжымдары да асығады. Халқының қалаулысы, елінің елеулісі атанған ардагердің өмір жолы, қажыр-қайраты жасқа да, кəріге де өнеге мектебі деуге болады. Жақында ғұмыр на малық жинақтар сериясы бойынша «Дəуір баспасынан «Қазақ жерінің зиялы азаматтары» кітабы шыққан екен, соған Үбіғожа ағаның есімі құрметпен кіргізіліпті, соны көрген ардагер қуаныштан бір жасап қалды. Еліме қалтқысыз еңбек сіңірдім, соны бағалаған Қазақстаныма мың да бір рахмет, дейді шын көңілімен, ақ пейілімен риза болған Үбіғожа аға. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

––––––––––––– Суретте Əйкебаевтар отбасы. Суретті түсірген автор.

 Əлеуметтік қорғау əлеуеті

Маќсаты тїсіндірілді Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Солтүстік Қазақстан облысында болып қайтты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Сапары барысында министр Солтүстік Қазақстан об лы сының əкімі Самат Ескен діровпен, сондай-ақ облыс активі – жергілікті атқарушы орган дардың қызметкерлерімен, мəслихат депутаттарымен, банктердің, кəсіпорындардың, ұйымдардың басшылығымен, облыс жұртшылығы жəне бұқаралық

ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында зей нетақы жүйесін жаңғырту мəсе лелері талқыланды. Көпшіліктің алдында сөйлеген сөзінде Н.Қаппаров зейнетақы жүйесін жаңғыртуды жүргізудің негізгі мақсаттары, сондайақ, зейнетақы жинақтарының

сақталуы мен өсімін, жүйенің ашықтығын қамтамасыз ететін жаңа бастамалар бойынша түсініктемелер берді. Ол ұсынылып отырған шаралардың болашақта зейнетақы мөлшерін лайықты деңгейге жеткізу мүмкіндіктерін туғызатындығын атап өтті. Сапар барысында министр Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында ор наласқан «Молсервис» ЖШС жəне Петропавлдағы балық өсіру тəлімбағы ұжымдарымен кез десіп, кə сіпорындардың жұмы сымен танысты.

Жаќсы жобаныѕ берері кґп Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында энергияның баламалы түрлерін дамытуға, күн мен жел энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге басымдық бере отырып, осы ғасырдың ортасына қарай елде энергияның баламалы жəне жаңғыртылатын түрлерін қоса алғандағы барлық энергия тұтынудың кем дегенде жартысы келуге тиістілігін, бұл орайда инвесторларды ең заманауи өндіру жəне қайта өңдеу технологияларын беру шартымен ғана тарту міндеттілігін атап көрсеткен болатын. Ұлт болашағы мен мемлекет қауіпсіздігі мүддесі тұрғысынан ойластырылған озық жобалар мен бағдарламалар энергия ресурстарын қайта өңдеу мен аса жаңа технологиялармен алмасу саласында шетелдік алпауыт қаржыгерлермен тың ынтымақтастыққа жол ашары анық. Қазақстандағы қолайлы əлеуметтік-экономикалық ахуалға орай қомақты инвестиция салу мақсатын көздеп келген финдік Гэбвелл компаниясының өкілдері Қызылжар өңіріне арнайы атбасын тіреді. Əкімдікте өткен іскерлік

кездесу барысында облыс əкімі Самат Ескендіров шетелдік инвесторлардың ұсынысына ерекше қызығушылық танытып, жанжақты сұрастырып білді. Елбасы халыққа арнаған Жолдауында табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесін белгілеп, оны еліміздің маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде пайдалану міндетін қой ды. Мұның өзі бүгінгідей жаһандану үрдісінде табиғи ресурстарды өндіру мен əлемдік рынокқа жеткізу қарқынын жеделдету факторына айналары анық. Осы талаптар үдесінен шығу үшін энергиялық шығындарды мейлінше азайтатын баламалы ресурс көздерін талмай іздестіру міндеттері тұр. Тың бастамаларды қолдауға əркез əзірміз, дей келіп, Самат Сапарбекұлы сөзді компанияның иесі Хулкконен Тимо Маркус Ялмариге берді. Ол алдымен ұзақ мерзімді əріптестік орнату ниеті екі ел табиғатының, ауа райының ұқсастығынан, екі тараптың достық қарымқатынасынан туындағанын атап өтті. Оның айтуына қарағанда, тəжірибеде əбден сыналған жоба көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көрінеді. Финляндияда орталықтандырылған жылу желісіне қосылмаған елді

мекендер мен үйлер компания қызметін тұтынады. Жердің жылуын энергия көзі ретінде пайдаланатын кешенді жылыту қондырғысының тиімді жақтары көп. Сағатына 10 кВтға дейін энергия өндіре алады. Қолданысқа енгізілген жағдайда жергілікті бюджет қаржысының үнемделетіні өз алдына, жер қой науындағы бір гигакалория энергияны сыртқа шығарғанда қуаттылығы 4 есеге дейін артады. Температуралық режім 60 градусқа дейін көтеріліп, қолмен де, автоматты түрде де реттеуге болады. Демек, ақ көрпесін 6-7 ай айқара жамылатын өңірге орнатылса, ұтылмасы анық. Ал, ыстық күндері суыту жүйесімен алмастыру қиын емес. Компания басшылары 150-160 метр тереңдікке дейін созылатын бұрғылау жұмыстарын өз міндеттеріне алатынын қадап айтты. Аймақ басшысы геотермалды жылыту қондырғысын жергілікті жерлерде сынап көру ұсынысын мақұлдап, ол үшін əлеуметтік обьектілерді жəне қажетті қаржы көлемін анықтауды, алдағы жылыту маусымына дейін мамандар оқытып шығаруды тапсырды. Солтүстік Қазақстан облысы.


www.egemen.kz

2 мамыр 2013 жыл

5

Есімі елдің есінде Еуразия ұлттық университетінен келген шақыру ойға осыдан он жыл бұрынғы мұңды күндерді оралтқаны. 3 мамырда университетте «Зəки Ахметовтің ғылыми зерттеулері жəне қазіргі əдебиеттанудың теориялық мəселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылады екен. Бұл іс-шара атақты академиктің туғанына 85 жыл толуына орайластырылып отыр. Осыдан он жыл бұрын, Алматының зиялы қауымы академик Зəки Ахметовтің 75 жылдығын ғалымның өзінсіз өткізген болатын... «Қазақ үшін қайғылы күн болып саналатын желтоқсанның он жетісі халыққа тағы да қасірет əкелді. Ақшам жамыраған шақта Алматының көшесінде көрнекті əдебиеттанушы-ғалым, академик Зəки Ахметовті шетелдің есік пен төрдей мəшинесі қағып кетті. Бұл əйгілі ғалымның үйінің іргесіндегі «Динамо» стадионына барып, жүгіріп, жаттығу жасап қайтатын уақыты болатын. Ертеңіне Семейге, Шəкəрім шығармашылығына арналған ғылыми конференцияға жол жүрмек еді. Жасы жетпіс беске таяғанға дейін төсекке таңылып көрмеген, тіпті ауру-сырқауға бой алдырмаған ардақты азамат қапыда көз жұмды. Ажал болып жолыққан бір жүгермектің жаңылыс қадамы əдебиеттанудың алып бəйтерегін құлатып кетті...», деп жазды сол тұста «Алты алаштың ардағы» атты эссе-реквиемінде ғалымның шəкірті, бүгінде Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Бауыржан Омаров. Біз Зəки Ахметовтің еңбектерінен бұрын есіміне қаныққан жайымыз бар. Зейнолла Қабдолов ағайымыз бірінші курста əдебиет теориясынан өлең құрылысы туралы дəріс оқып тұрып, бір кітапқа қайта-қайта сілтеме жасады. «Казахское стихосложение» деген осы еңбекті тауып, тістерің батқанша оқуға тырысыңдар. Зəки Ахметов деген адам ұсақ тақырыптарға бармайды. Тереңнен қопарып, үлкен еңбектер жазады. Ол фундаментальный ғалым», деді ұстазымыз. «Фундаментальный» дегенді орысшалап, екпін түсіре айтқаны есте бірден қалды. Кітапханадан табуын тапқанымызбен, сол кітапты бірінші курстың бірінші семестрінде түп-түгел түсініп тастауға тісіміз батпағаны рас. «Казахское стихосложение» кəдімгідей филологиялық дайындықты қажет етеді екен. Зəки Ахметов кітаптары сонысымен де біз үшін қадірлірек, құндырақ көрінгені есте. Уақыт өте келе Зəки Ахметовтің «О языке казахской поэзии», «Өлең сөздің теориясы», «Современное развитие и традиции казахской литературы», «Поэтика эпопеи «Путь Абая» в свете ее создания», «Абайдың ақындық əлемі» сияқты еңбектерін бірінен кейін бірін оқи жүріп, ғұламаның қадір-қасиетіне жете түстік. Оның əр еңбегі академиялық тұрпаттағы оқымыстының, классикалық филология мектебі қалыптастырған ғалымның кең құлашын, саралай сөз саптауын, терең талдауын танытып тұратын. Əдебиет сыншыларының бір-біріне жалғасқан рецензияларының басын қосып, кітапқа айналдырса болды əдебиеттану ауылына апарып, ғылымның қоржынына қоса салатын сол кезде Зəки Ахметов зерттеулері нағыз филологтар үшін үйренерлік үздік үлгі болғаны анық. Ең бастысы – қазақ ғалымының іргелі еңбектері ол тұстағы Одақтың мəдениет бəсекесінде бəйгенің алдында жүргені. Филологиялық зерттеулері КСРО көлемінде даусыз мойындалған аз əдебиетшінің бірі де бірегейі Зəки Ахметов екенін басын аша айтудың артықтығы жоқ. Мəскеу ден шығатын «История всемирной литературы», «История советской многонациональной литературы», «Краткая литературная энциклопедия», «Народы мира», «Тургеневский сборник», «Лермонтовская энциклопедия» сияқты беделді басылымдардың белді авторларының бірі Зəки ағамыз болатын. Əдебиеттану əлемінде «цитируемость» дегенге қатты мəн беріледі. Ғалымдар кімнің еңбегіне көбірек жүгінсе, сол автор қадірлірек саналады. Əрине, сілтеме жасаудың жиілігі зерттеудің құндылығының жалғыз белгісі емес. Басы дауға түскен кітаптың да газетжурнал бетін бермейтіні болады. Сонда да дəйексөз алу баға берудің бір түрі екені талассыз. Баға өзінен өзі бағалы бола салмайды. Бағаның бағасы оны кімнің бергеніне байланысты. Біреудің «керемет!» дегенінен біреудің «тəуір екен» дегені артық болып шығуы да əбден мүмкін. Бұл тұрғыдан қарағанда Зəки Ахметов өзінің де, сөзінің де бəсі биіктерден жоғары бағаны жастай алған бақытты ғалым. «Өзінің теориялық кемелдігі жағынан, сондай-ақ жаңалығы мен деректілігі, талдау дəйектілігі жағынан да З.Ахметовтің докторлық диссертациясы мен бірнеше мақалалары ерекше құнды еңбектер қатарында атап өтілуге лайық» – осыдан он жылдан сəл астам уақыт бұрын екі кештің арасында аһ ұрғызып, арамыздан өтіп кете барған асыл ағамыз, академик Зəки Ахметов жетпістің бесеуіне жақын жыл ғұмыр кешкен өмірінде мұнан асқан, аспандатқан мақтауларды да талай естігеніне тіпті де күмəн келтірмейміз. Бірақ, мына бағаның жөні бөлек. Өйткені, бұл бағаны академик В.М.Жирмунский берген. Бергенде де бір жазбаша пікірінде немесе мақаласында емес, Бүкілодақтық бірінші түркологиялық конференцияда, кешегі Кеңес Одағы ғалымдарының ығайы мен сығайы жиналған жерде айтқан. Дуалы ауыздан шыққан сыйлы сөз қазақ əдебиеттану ғылымының абыройын асырған. Көрнекті фольклоршы, Мемлекеттік сыйлықтың

лау реаты Сейіт Қасқабасов «Егемен Қазақстан» газетінің (2003 жыл, 5 мамыр) «Алаштың ардақтысы» айдарының аясында жарияланған мақаласында академик Зəки Ахметовтің еңбектері халықаралық ауқымда кең танылғанын, əлемдік деңгейдегі ғалым ретінде толық мойындалғанын келісті көрсеткен. «1955 жылдардың ортасынан бастап қазақ поэзиясындағы ұйқас, ырғақ, буын, бунақ, шумақ мəселелерімен шұғылданып, көптеген мақала жазған ол 1964 жылы «Казахское стихосложение» атты іргелі монографиясын жариялады. Кезінде бұл еңбек өте жоғары бағаланды. Оның құндылығы жөнінде В.Жирмунский, Қ.Жұмалиев, И.Стеблева, М.Сильченко, Н.Смирнова секілді ғалымдар бүкілодақтық, республикалық басылымдарда мақала жариялады. Ол кітапқа көптеген зерттеушілер арқа сүйеді, оны теориялық еңбек ретінде пайдаланды. Мəселен, поэзия теориясының білгірі, академик В.Жирмунский өзінің түркілер поэзиясы туралы зерттеулерінде Зəки Ахметовтің кітабына көп сүйенеді жəне ондағы зерттеуші ашқан қазақ поэзиясындағы клаузула мен элизия құбылыстарына айрықша мəн береді де, оның жалпы поэзияға тəн заңдылық екенін айтады», дейді С.Қасқабасов. Орысша да, қазақша да қатарынан көсілте жазған ғалымның сөз өнерінің теориялық мəселелеріне, қазақ өлеңінің құрылысына, əдебиеттану методологиясына қатысты еңбектері, Абайтану мен Əуезовтануға қомақты үлес болып қосылған монографиялары, текстологиялық зерттеулері жөнінде біз қалай мақтана сөз етсек те жарасады. Əсіресе, 1964 жылы жарық көрген «Казахское стихосложение» əлемдік филологиядағы классикалық еңбектердің біріне айнал ғанын сонан бергі елу жылдайғы уақыттың өзі даусыз дəлелдеді. Мұнымыз «жоғалған пышақтың сабы

керекті көркем бейнелерді інжудей іліп алатын қасиетінен де көрінеді. «Теректің сыйындағы» «Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып, жол салған, тасты жарып. Арыстанның жалындай бұйра толқын, Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып» деп келетін алғашқы шумаққа кезінде талай əдебиетші тамсанып, «Терек воет, дик и злобен, Меж утесистых громад. Буре плач его подобен, Слезы брызгами летят» деген шумақтан Абай осындай сурет шығарады деп жазатын. Зəки Ахметов ол теңеудің де Лермонтовтың өзінен алынғанын, «Демон» поэмасындағы «И Терек, прыгая, как львица, С косматой гривой на хребте, Ревел – и зверь степной, и птица, Кружась в лазурной высоте, Глаголу вод его внимали» деген шумақтан өлеңге сіңірілген сұрапыл сурет екенін дəлелдеп берді, əрі Лермонтовтың жаңылыс басқан жеріне (арыстанның ұрғашысында жал болмайды екен) назар аудартты. Зерттеушінің Абайдың төл туындылары мен тəржімелерінің арасындағы сарындастықты, іштей тамырластықты соншалықты дəл табатынына тəнті боласыз. «Альбомға» атты өлеңінде Абай поэзиялық шығарма кімнің қажетіне жарайды деген мəселені қозғайды. Бұл тұста «қарасөздердің» бас жағында келетін мына жолдар ойға оралады: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нəрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, «керегі жоқ» десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Осындай пікірін Абай өлең жайында да айтқан («Өзгеге көңілім тоярсың»). Енді Абай Лермонтовтың өзіне үндес шығармасын аударып, мынаны айтып отыр:

Аќ алмастыѕ бір ќыры Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

алтынның» кебі емес. Біз Зəки аға арамызда жүргенде-ақ, «Адамзат күнтізбесі» атты кітабымызда («Елорда», 2002 жыл, 118-бет) дəп осылай жазған болатынбыз. «Құшақ жетпесті құшақтай алмайсың» деген нақыл бар. Зəки ағаның кітаптарын газет мақаласында көктей шолып, мына еңбегінде қазақ өлеңінің құрылысын жіліктей талдады, ана еңбегінде төл жырымыздың тілін тамаша таразылады, мына еңбегінде бүкіл əдебиетіміздің даму үрдістерін байыпты бағамдады, мына еңбегінде Абайдың ақындық əлемін айқара ашты, ана еңбегінде Əуезовтің əлемге əйгілі эпопеясының бар бағасын берді деген сияқты желе жортып жазып жату жөнсіз. Академик Ахметов сынды энциклопедиялық өредегі тұлғалар жарқ-жұрқ етіп тұратын алуан қырлы ақ алмасты көзге елестетеді. Біз бұл жолы сол ақ алмастың бір ғана қырын – өзімізге біртабан жақын аударма өнеріне қатысты ой-толғамдарын əңгімелемекпіз. Негізінде, академиктің аты аударматанумен көп астастырыла да бермейді. Зəки Ахметов еңбектерінің сан салалылығын көрсететін жайдың бірі бұл. Қазақтың өлең құрылысын жеріне жеткізе талдаған ғалымның талай кітабында аударма өрнектері жайында да кеңінен қамти əңгіме өрбіткенін, оның өзі де бірқыдыру еңбек екенін ескере отырып, біз бұл жолы негізінен Абай аудармаларына орай айтқан пікірлерін тілге тиек етеміз. Мұның жөні де бар. Зəки Ахметовтің алғашқы монографиясы – 1951 жылы қорғаған кандидаттық диссертациясының негізінде жазылып, 1954 жылы жарық көрген «Лермонтов и Абай» зерттеуі. Жас ғалым өз еңбегінде əдебиеттің сақа сарапшысының сөзін сөйлейді. Лермонтовтың Пушкиннен кейінгі дəуірдің, өткеннен үміт үзіп, алдан жаңалық іздеген дəуірдің жыршысы, жаршысы, арынды жігер, қажырлы қайрат, əрекет-күрес сағынған ақын екенін айта келіп, Абайдың оның өлеңдерін, поэмаларынан үзінділерді аударуында заңдылық барын, яғни, «өз ойпікірлерімен жанасып, жалғас келетін, өз көңіл-күйіне үйлес, үндес өлеңдерді аударуды қажет деп санағанын» дəлелдейді. З.Ахметовтің аударма туралы еңбектерінде теориялық тұрғыдан тұғыр етіп ұстанатын концепциялық ойлар баршылық. Солардың бірі «ақынның аударма өлеңдерінің ешқайсысы оның төл шығармаларынан бөлекше, екінші қатардағы шығарма деп саналмауы керектігі» жөнінде айтқаны. Алпысыншы, жетпісінші жылдардан бері қарай көп кітапта жазыла-жазыла көз үйренгені болмаса, бұл кезінде тың пікір еді. «Көп ретте ақынның шеберлігін, өнерпаздық өнегесін сөз еткенде аударма деп саналған өлеңдер есепке алынбайды, оларға пəлендей мəн берілмейді. Ал шынына келгенде ақынның өнер жарысына түсетін, сыналатын бір тұсы – осы, басқа ақындардың шығармасына үңіліп, соны өзінше қалай айтып жеткізетіні десек,

артық емес» – міне, бұл ойдың да аударма мəселесімен айналысамын деген адамға айтары көп. Зəки Ахметов Абайдың қай аудармасын талдаса да ұлы ақынның тəржімеге таңдаған туындыны өз тілінде қалай жеткізуді ғана мұрат тұтып қоймағанын, сол шығармаларды қолға алу арқылы Пушкинмен, Лермонтовпен, Крыловпен «өнер жарысына түскенін» тиянақты дəлелдеп береді. Жиырмадан жаңа асқан шағында, Ленинград университетінің аспирантурасын бітірер тұста жазған (кандидаттық диссертациясын 23 жасында қорғаған) сол еңбегінде Зəки Ахметов салған жерден бірнеше тың тұжырымдарымен танылған болатын. Алдымен жас зерттеуші бұған дейін Абайдың төлтума шығармалары деп саналып келген бірнеше өлеңнің Лермонтовтан аударма екенін, сонымен қатар Лермонтовқа телініп жүрген кейбір өлеңдердің («Құлақтан кіріп бойды алар» («Звуки»), «Ал сенейін, сенейін» («Я верю, обещаю верить»), «Күлімсіреп аспан тұр» («Выхожу один я на дорогу»), «Күнді уақыт итеріп» («Вечер»), «Қайтсе жеңіл болады жұрт билемек» («Легко народом править, если он одной общей страстью увлечен»), «Рахат, мені тастап қоймадың тыныш» («Хоть давно изменила мне радость»), т.б.) Я.Полонскийге,

жақұт-жауһарларын тап осы Лермонтовтың өлеңдерін аудару арқылы жасаған. Бұл аудармаларды біз сарындастық салтанаты санаймыз. Абай жаны, Абай мұңы, Абай драмасы Пушкиннен гөрі Лермонтовқа жақын деп білеміз. Абай өз жанының қажетін Лермонтовтан көбірек тапқандай. Мұның өзі оның Лермонтов өлеңдерінің денін таза аударма күйінде шығаруынан, ал Пушкинге келгенде еркіндікке дес беріп, өз бетінше пайымдама жасауға, кейіпкерлердің мінез бітімін, кісілік болмысын өзгертуге бейімдігінен де көрінеді. Пушкинге Абай жарыса сөйлесе, Лермонтовқа қосыла сөйлейді. Негізінде, аудармашы өзіне жақын, рухтас, сарындас қаламгерлердің туындыларына қол артады деген сөз қазіргі кəсіби əдебиетшілікке дəйім дəл келе бермес, бірақ өткен ғасырларға, соның ішінде əдебиет кəсіпке айнала қоймаған Абай заманына дəл келері күмəнсіз. Абай Лермонтов шығармаларын өзінің көкірегін кернеген күрсіннің күңіренісіндей көрген болса керек. «Сал демеймін сөзіме ықыласыңды, Қайғылы өлең еттім өз басымды. Көкірегім, бар сырым өз əлінше, Көрінгенге көрсетпей, көп жасырды» деген жолдарды Абай, əрине, орыс поэзиясын қазақ даласына насихаттау үшін жазған жоқ.

«Көп ретте ақынның шеберлігін, өнерпаздық өнегесін сөз еткенде аударма деп саналған өлеңдер есепке алынбайды, оларға пәлендей мән берілмейді. Ал шынына келгенде ақынның өнер жарысына түсетін, сыналатын бір тұсы – осы, басқа ақындардың шығармасына үңіліп, соны өзінше қалай айтып жеткізетіні десек, артық емес». А.Мицкевичке, А.Дельвигке тиесілі екенін дəлме-дəл көрсетіп бергенімен де жұрт назарын бірден аудартқан. Сөйтіп, Зəки Ахметов əуелден-ақ Абай текстологиясына түзетулер енгізе келді. Зерттеуші бұл жаңылыстардың себебін де нақпанақ түсіндіреді. Сөйтсе, Полонскийдің «Сердце» деген бір өлеңі абайсызда Лермонтовтың 1891 жылғы толық шығармалар жинағына еніп кеткен екен. Тегінде, Абайдың қолына дəл сол басылым түскен сияқты, өйткені, Мүрсейіт қолжазбасында өлең Лермонтовтан аударма деп анық көрсетілген. Кезінде зерттеушінің бұл жазғанына байланысты «Абайды жан-жаққа тартқылап, таратып бергеннен не шығады» деген сияқты күңкіл сөздер айтылғанымен, бара-бара ол өлеңдердің барлығы да Абайдың жан-жүрегінен шыққан, өзегінен өткен өз сүйініш-күйініші екенін, Абай аудармаларының сипаты «еркін тəржімелеп, сарындас өлең жазуға» көбірек келетінін тағы да автордың өзі тиянақты дəлелдеп берген соң бəрі де уақыт өте келе орын-орнына қойылғанын білеміз. «Лермонтов и Абай» аталған сол зерттеудің тағы бір құнды тұсы – автордың Абайдың аудармашылық еңбегі оған дейін қазақ əдебиетінде қолданылмаған он беске таяу өлең өлшемін енгізуге мүмкіндік бергенін нақты дəлелдеуі. Абайдың алыптығы Лермонтовтың аудармаларынан тіпті бөлекше көрінеді. Ақын қазақ поэзия тəржімесінің

Абай аударманы Лермонтовтан бастаған, Лермонтовпен аяқтаған. Ақын шығармашылығындағы жаңа белестің сол сексенінші жылдардан (Лермонтовтан алғашқы аударманы 1882 жылы жасаған) желі тартатыны тіпті де тегін емес. Зəки Ахметов Лермонтовтан аударған өлеңдері Абай тəржімешілдігінің ең үлкен бөлігі екендігіне бірден назар аударады: «Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше болды. Ол орыс ақынын айрықша жақын көрді, сырлас, мұңдасын тапқандай болды. Орыс поэзиясына бейімдене ден қойған Абайдың ең көп үндестік тапқан ақыны, ең бір өзіне үндес сезінген адамы Лермонтов еді десек, артық бола қоймас. Абай ұлы ақынның, тіпті сол кездегі орыс қауымының тілекталабын, мұңын ұға алатын дəрежеде еді. Ол мұңын ұққан халықтың жырын да ұқты. Лермонтовтың ыза-кегі, наразылығы орыс халқының, езілген қауымның кегін, наразылығын танытатынын, оның қайғымұңына налуынан ел мұңы көрінетінін сезінді. «Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен», «мыңмен жалғыз алысқан» жырларына нəр еткен-ді. Оның «қаны қара бір жанмын, жаны жара» деп ашулы мұң шерткені де белгілі. Лермонтовты ол «ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен уланған» деп, өте-мөте іш тартып, жақын көрді». Абайдың дара дарыны Лермонтов шығармаларындағы сан түрлі сарындарды сапырылыстырғандай етіп, өзіне

Қол жазуды ермек ет, жатпа бекер, Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер. Өзі қысқа, өзі асау тентек өмір, Арттағыға бір белгі қойса нетер. Кім біледі, кез болса, арттағылар, Ойға салып оқыр да, сөзін сынар. Көзін салып, ойланып кейбір сөзін, «Рас-ау», – деп, мағынасын ол да ұғар. Кім білер, жабырқаңқы жазған сөзім, Жібермей кеп, тоқтатар оның көзін. Жолаушы жол үстінде тамаша еткен, Сықылды өлген жанның бір күмбезін. Сөйтіп, Лермонтов шығармасын аудара отырып, Абай өз пікірін де анық білдірген». Тоқтайтын тұжырым. Сонымен бірге, зерттеуші бара-бар, дəлме-дəл аудармаларында Абай Лермонтов шығармасының ішкі əлемін, оның толқын-лебізін, жаңа сапасын қазақ тілінің суреттеу мүмкіншіліктерін пайдаланып, мол жеткізетінін айтады. «Абай Лермонтов оригиналын барлық жарастық сəнімен, бар ерекшелігімен қазақ тілінде қайта туғызады», дейді З.Ахметов. Міне, осы сөз – «қайта туғызу» – зерттеушінің Абай аудармаларының өзіндік сипатын ашатын басты түйіні. Аударма өнерінің асыл мұраты, ұмтылар асқар биігі – бір кезде түпнұсқа сол тілді оқығандарға қандай əсер етсе, аударылған тілдің оқырмандарына да сондайлық əсер ететіндей, мүмкіндігі болып жатса одан да асып түсетіндей туынды жасау. Зерттеуші əу баста Гетеден шығып, Лермонтов арқылы бізге жеткен «Горные вершины» Абай аудармасында түпнұсқадан асып кеткенін нақпа-нақ дəлелдей алған. Зəки Ахметов Абай аудармалары арқылы казақтың əдеби тіліне қандайлық тың тіркестер, жаңа орамдар, бейнелі соны сөздер енгенін де əдемі дəлелдейді. Мысалы, «Жартасты» аудару кезінде Абайдың «тучка» сөзіндегі кішірейтілген реңкті дəл аңғарып, оны «жас бұлт» деп алғанын, ал «утес-великаннан», керісінше, көпті көргендікті танып, «кəрі жартас» ұғымын туындатқанын, осындай жаңа фразеологизмдердің тілге табиғи түрде өріліп кеткенін айтады. Кейіннен Пушкиннен Абай аудармалары туралы жазған тұстарында академик қазақ тіліне Абай енгізген фразеологизмдердің талайы оның аударма өлеңдерінде кездесетінін нақты мысалдармен келтірген еді. Аудармашы өз оқырманының талғамын жаңа өрістерге тартып жатса, күнес биіктерге көтеріп кетсе ғанибеттің ғанибеті. Əрине, бұл қиынның-қиыны. Өзге тілдегі үздік үлгіні қолға алған ақын өз оқырманының эстетикалық тұрғыдан қабылдампаздығын тəрбиелеуді де дəйім есте ұстағаны, өзге ұлттық мəдениеттердің өлең өнеріндегі құнды қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі өлең өрімдерінен өзімізге де өнеге болатындай өрнектер тауып жатқаны абзал. Абай Пушкиннен жасаған аудармаларында да осы биіктен көрінді. «Пушкин ұлылығын сол заманда, сол ортада отырып тани, бағалай білгендігі – Абай ұлылығының бір жарқын көрінісі» деген З.Ахметов Абайдың қазақ əдебиетінде өз дəуірінде бір кезде Пушкин орыс əдебиетінде атқарған қызметті атқаруды, сондай жүкті көтеруді мақсат еткенін əдемі əдіптейді. «Абайдың «Евгений Онегин» сарынымен шығарған өлеңдері, бара-бар немесе еркін аударғаны бар, жанынан қосқаны бар, түгелдей алғанда бір желіге түсірілген, біртұтас топтама шығарма деуге лайық» – автордың бұл айтқаны да Абай аудармасының табиғатын тамаша танытатын тұжырым. Расында да, Абайдың үзінді-үзінді етіп жасаған аудармаларының өзі сол кездегі қазақ қауымының Пушкин романының барлық қыры мен сырына қанығып, кейіпкерлермен бірге сүйініп, бірге күйінуіне, шығарманың негізгі ойын терең түсінуіне толық мүмкіндік берген.

Əрине, қалай дегенде де аудармашы өз тіліндегі оқырман үшін жазады. Оның үстіне өз заманындағы оқырман үшін жазады. Сондықтан да аудармашы ұлттық өлең мектебінде тəрбие алған оқырманның түсінік-пайымын, таным деңгейін, талғамын, қалыптасқан дəстүрлерді ескермей отыра алмайды. Абайдың өз тұсындағы оқырман талғамымен санасуына нақты мысалдар келтіре отырып, зерттеуші түпнұсқадан алыстап кететін жекелеген тұстарды былай түсіндіреді: «Бұл жерде мықтап есте болатын нəрсе, Абайдың аударма өлеңдерін бүгінгі аударма туралы ұғым-түсінік тұрғысынан келіп бағалау дұрыс емес. Аудармаға қойылатын қазіргі талап басқа. Біздің заманымызда қалыптасқан ұғым бойынша аудармашы – төл шығарманы мүмкіндігінше мазмұн-мəнін, көркемдік қасиеттерін толық сақтап, əлсіретпей басқа тілде жеткізуші, сондықтан ол туғызған аударма өлең қалайда төл шығарма емес, оның екінші тілдегі басқа нұсқасы, туынды шығарма. Ал Абай болса, ол қазіргі аудармашылардай тек түпнұсқаны бар қалпында жеткізуді ғана мақсат етпеген. Қай шығарманы болсын өз көңіл-күйіне үйлестіре, қысылмай, қымтырылмай еркін тəржімелейді. Сонда да кейбір аударма өлеңдері түпнұсқамен өте жақын келіп, мейлінше үндес шығып жатса, ол – оның ақындық шеберлігінің бір қырынан көрінуі, қызықтап, қазақшалап отырған түпнұсқаның сарыны мен өз ой-сезімінің арасындағы үйлестіктің нəтижесі». Зəки Ахметов Абайдың «Евгений Онегиннен» аудармалары «сол кездегі қазақ жұртшылығына жақсы таныс Шығыс поэзиясының дəстүріне жақындата» жасалғанының сырын осылайша пайымдатады. Зерттеушінің мына пікірі де назар аударарлық: «Өлеңдердің кейбіреуі хат түрінде, ал бір тобы кейіпкерлер сөзі (монологы) түрінде берілген ғой, автордың атынан айтылған сипаттама («Онегин сипаты») жəне бар. Өлеңдер түгелге жуық кейіпкерлер атынан айтылған сөз (не хат, не монолог) болғандықтан, оларда лирикалық драманың сипаты бар деуге де қисын жоқ емес». Мұны да тың көзқарас ретінде қарастырып, осы төңіректе ой өрбітуге де болар еді. Əсіресе, түйінді тұсы тұспалға құрылатын, сюжет желісі аяқталмаған сияқты болып қалатын «Евгений Онегиндей» күрделі шығарманы өз атынан «Онегиннің өлердегі сөзін» жазып барып ұсынуы Абайдың сол замандағы əдеби дəстүрді де, оқырманының ерекшелігін де ескергені екені ғалымның осы сөзінен жақсы аңғарылады. З.Ахметовтің Абай аудармаларын ақынның өнер жарысына түсуі деп жазғаны бар. Осы тұрғыдан қарасақ, Абай Пушкиндей құдіретті дарынмен өнер жарысында өзінің даралығын даусыз дəлелдеді, алыптығын анық танытты. Жүз жылдан астам уақыттан бері ақын атаулыға аудармада да асуын алдыртпай келе жатқаны – Абайдың асқаралы биіктігінің бір белгісі. Академиктің Абайдың Крыловтан жасаған аудармаларына қатысты ойлары да өте қызғылықты. «Олар толық мағынасында аударма емес, көбінесе белгілі бір сюжет еркін баяндалады. Абай орысша мысалдың тексін дəлмедəл тəржімелеуді мақсат етпеген, уақиға желісін сақтай отырып, бірақ мысалдағы жай-жағдайларды қазақ өміріне, ұғымтүсінігіне, ойлау, сөйлеу ерекшелігіне жанастырып, өзінше бейнелеуге ұмтылған. Сондықтан Абайдың мысал өлеңдерін орысша текске сəйкестігі тұрғысынан қарап, ана жері дəл түскен, мына жері дəл емес, кем түскен деудің ешбір қисыны жоқ». Осылай санағандықтан да автор: «Абай мысалдары оның ақындық шеберлігін танып-білу жағынан бағалы екенін атап айтуымыз керек», деп ой түйеді. Байқайсыз ба, «Абай мысалдары» деп тұр. Оның алдында былай жазғаны да бар: «Қорқытпа мені дауылдан» дейтін өлеңінде Абай өмірдің құр əншейін күн өткізу емес, мағыналы, үмітке, ізденіске толы болуын, адамның үлкен мақсатқа жетуге күш жұмсай алатындай батыл, қайсар мінезді келуін аңсайтынын да айта кету орынды дейміз». Тағы да сол ой қисыны: Бунин өлеңін Абай өлеңі деп тұр. Санасының сүзгісіне салып, өзегінен өткеріп барып, жүрегінен қайта туғызған тұста аударған өлеңі ақынның өз өлеңіне айналып кетеді. Сонда ол шығарма аударылған тілдің өз əдебиетінің қазы насына қосылады. Абай аударған Пушкин, Лермонтов, Крылов туындылары орыс əдебиетінің қазақ тіліндегі нұсқалары күйінде қалмай, қазақ əдебиетінің төл туындыларына айналатынының сыры осында. Сөзді бағаның бағасынан бастап едік қой. Сол оймен түйіндейік. Əдебиеттанушы ағаларымыздың бірі Рымғали Нұрғалидың мынандай жайды еске алғаны бар. Мəскеуге сапар кезінде үлкен жиыннан кейін дастарқан жайылады. Жаңағы жерде атақты ғалым, профессор Александр Овчаренко (ол өзі жанды менсінбейтін, тəкаппар мінезімен де белгілі тұлға екен) қазақ əдебиетшілері отырған тұсқа келіп, жұрттың бəрін өзіне қарата былай дейді: «Одақ бойынша Лермонтов шығармашылығын зерттеушілер өте аз. Саусақпен санарлық. Еліміздегі ірі лермонтовтанушылардың бірі – Зəки Ахметов. Осы кісінің денсаулығы үшін тост көтеруді ұсынамын. Бұл адамды қазақтар мақтаныш ете алады!». Отырған жұрт дуылдап, қолдай жөнеледі. Иə, халқымыздың асыл перзенттерінің бірі Зəки Ахметов – Алаштың мақтан тұтар ардағы.


6

www.egemen.kz

2 мамыр 2013 жыл

 Біз – қазақстандықтармыз!

Достыќтыѕ алтын ўясы Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

балшық пен лай суды кешіп келе жатыр. – Мұның бəрін неге айтып отырмын? – дейді Латиф Əмзеұлы. – Өйткені, Қазақстандағы күрд этносының бүгінгі шат-шадыман тұрмысы, ғылым мен білімдегі жетістігі, бизнестегі табыстары, бəрі-бəрі қазақ деген кең жүректі халықтың өзге ұлттар мен ұлыстарға деген достық сезімінің арқасы. Мен əлемде қазақтардай достарға құшағы ашық халық жоқ деп білемін. Қараңыз, 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өмірін, еңбегін, бақытын қамтамасыз етіп отыр. Маған «Қазақ тілін білесің бе?» деген сұрақты көп қояды. Дəл осы сұрақты маған Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы да қойды. «Əрине, білемін, өйткені Қазақстан менің туған елім ғой» деп жауап берем мен. Міне, осы жауаптан кейін кез келген қазақпен əңгімем жарасып жүре береді. Мен бүгінде Күрдістанды менің отаным деп айта алмаймын. Менің отаным – Қазақстан, менің Отаным – өзім өмірге келген Арыстанды, Түркістан ауылдары деймін. Басқа отан менде жоқ. Ал қазақ тілі мен үшін туған тілімдей болып кетті. Барлық қазақтар мен үшін құда. Өйткені, сүйікті қызым қазақ жігітіне тұрмысқа шықты. Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың арасында ежелден-ақ бірбіріне деген бір атаның баласындай ерекше бір құрмет қалыптасқан. Мысалы, күрдтер қазақ халқының əнін айтып, биін билеп, күйін тартуға құмар. Тараз қаласында Хамза деген атақты домбырашымыз бар. Ол бүгін де қалалық ауруханада дəрігер. Сол күрд ағайынымыз домбыраны кез келген қазақтан кем ойнамайды. Міне, осының бəрін Қазақ еліндегі қазіргі татулықтың, ауызбіршіліктің, достықтың көрінісі деп білемін. Біздің күрд ағайындар ылғи: «Бізді басқа емес, қазақтай дарқан елдің жеріне келуімізге жəрдем берген Алла Тағаланың сүйіспеншілігіне мың да бір рахмет», деп тəубесін айтып, дұғасын оқып отырады... Латифтің сөзінің шындығына анасы туралы айтқан кезде көзім анық жете түсті. Өйткені, оның анасы орыстың сонау ну орманы арасынан қазақ даласының бір қиян түкпіріне алғаш рет келген кезде оған қазақ Жұмағұл Ақатовтың отбасы пана болыпты. Яғни, сол үйдің отанасы ана орнына ана болса, отағасы əке орнына əке болған. Ал өзі сол

үйдегі Жұмағұл ақсақалдың сүйікті қыздарының біріне айналып кеткен. Тіпті, ауыл тұрғындары Анастасияны «Жұмағұлдың қызы» деп атайтын болған. Латиф болса, Жұмағұлды бүгінде туған нағашы атасындай сағына еске алса, оның ұрпақтарын туған нағашы бауырларындай жақсы көреді. Ал Латифтің əйелі Людмила Шлетгауэр болса, неміс қызы. Ендеше, осы бір мəуелі де мамыражай отбасын достықтың алтын ұясы деп қалайша мақтан тұтпасқа! Қазақтарда «Өзі жақсы кісіге бір кісілік орын бар» деген мақал бар. Латиф туған ауылындағы орта мектепті үздік бітіргеннен кейін Шымкенттегі химия-технология институтын тəмамдайды. Содан бері не қызметтен, не лауазымнан кенде қалған тұсы жоқ. Білімі мен білігіне қарай ылғи жауапты қызметтерде істеді. Бизнесті де алғашқылардың бірі болып бастады. Сөйтіп жүріп, ірі жобаларға қол жеткізді. Бүгінде оның жиһаз жасаумен айналысатын үлкен фабрикасы, думанханалар кешені, салтанатты жиындарды ауа шарларымен безендіретін компаниясы бар. «Шармен безендіру» бизнесін кейбіреулер менсінбейді, бірақ бұл еліміздегі өте сирек кəсіп болғандықтан, табысы да мол екенін ұмытпау керек. Латифтің компаниясы, сондай-ақ, құрылыс жұмыстарымен де айналысады. Егер Қазақстанда осының бəрін жасауға мүмкіндік берілмеген болса, Латифтің айтқанының бəрін өтірік деуге болар еді. «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасының облыстық филиалын басқара жүріп, Қазақстанда бизнесті дамытуға барлық мүмкіндіктер бар екеніне Латифтің өзінің де көзі анық жеткен. – Мысалы, «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасын алыңыз. Осы бағдарлама бойынша 14 пайызбен несие алсаң, үкімет оның 7 пайызын өзі төлейді. Сонда бұл бизнесменге 7 пайызбен несие беріліп отыр деген сөз емес пе. Мысалы, мен 12, 5 пайызбен несие алып, үкімет оның 7 пайызын «кесіп» тастап еді, қазір 5 пайыз ғана төлеп отырмын. Мұндай қамқорлықты басқа елдерден іздеп таба алмайсың. Бұл –Елбасының кəсіпкерлерге деген үлкен қамқорлығы. Мұндай қолдау Ресейде де бар, бірақ дəл біздікіндей емес. Елбасының шағын жəне орта бизнесті тексеру жұмыстарына əрдайым мораторий жариялап отыруы да нағыз жанашырлық. Елдің Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.

Ұлы Мұхтар Əуезовтің «Түркістан осылай туған» деп аталатын очерктер циклын біреу білсе, біреу білмес. Қазақ əдебиетіндегі тың туралы тандаулы шығармалардың бірінен саналатын осы дүниесінде кемеңгер жазушы Жамбыл облысына қарасты Сарысу ауданындағы Түркістан ауылының жаңа тыныс-тіршілігі туралы кеңінен толғанған. Біздің кейіпкеріміз Латиф Айдаров сол дара тұлғаның табаны тиген ауылда дүниеге келген. Бүгінде оны күрдтердің Қазақ еліндегі жанжағына жапырақ жайып, жайқала өскен мəуелі бір дарағы десек те болады. Кеңестік саясаттың пəрменімен Түркістан кеңшары «тың өлкесі» санатына қосылып, оны игеру туралы ұран көтерілгенде қазақтармен бірге көптеген орыстар, немістер, күрдтер де үн қосқан. Сондықтан болар, шалғайдағы қалың қазақ қоныс тепкен ауылдың төрінен орыс орта мектебі шаңырақ көтерді. Кейін заман талабына сай одан да үлкен, тіпті, спорт залына дейін бар жаңа мектептің ғимараты салынды. Бүгінде «Қазақстан күрдтері «Барбанг» ассоциациясының облыстық филиалының төрағасы, «LL» өндірістік-сауда кешені» ЖШСның директоры Латиф Əмзеұлы Айдаров сол мектепте орыс тілінде білім алды. Қал-қадерінше неміс, француз, ағылшын тілдерін үйренді. Тарихқа көз жүгіртсек, күрд этносы қазақ жеріне кеңестік қатаң режімнің тұсында, сталиндік жазалау мен қуғын-сүргін кезінде кезеңкезеңмен, бірінші рет 1937 жылы, екінші рет 1939 жылы «жер аударылды». Ол кезде Латифтің əкесі Əмзе бар болғаны 15 жаста еді. Əкесінің туған жері бүгінде тарихта Таулы Қарабақ деген атпен белгілі. Содан 1939 жылы екінші этаппен келген күрдтердің біразын Алматы облысына, енді біразын Жамбыл облысының Шу ауданына, енді бір бөлігін Талас ауданындағы «Қаратау» кеңшарына, Қасқабұлақ елді мекеніне, Сарысу ауданындағы «Түркістан» кеңшары мен оның бөлімшесі Буденовка ауылына бөліп-бөліп орналастырады. Қазір Латифтің кіндік қаны тамған шағын ғана Буденовка ауылы Арыстанды деп аталады. Латифтің əкесі күрд ұлы болса,

анасы орыс қызы Анастасия Лобастова 1941-1945 жылдары қан-қасап соғысқа қатысып, неміс фашистеріне қарсы ерлікпен шайқасқан жауынгерлерді дəрігер ретінде емдеуге атсалысқан ақ желеңді абзал жан еді. Мамандығы дəрігер болған соң, сол кездегі саясаттың нұсқауымен алыстағы ауылдардың біріне қызметке жіберілген болатын. Міне, осы жерде Анастасия Латифтің əкесі Əмземен танысып, тұрмыс құрды. Олардың отбасында бірінен кейін бірі 5 нəресте өмірге келеді. Яғни, Латифтің өзінен үлкен екі əпкесі жəне өзінен кіші бір інісі мен бір қарындасы бар. Күрдтер қазақ жеріндегі Қаратау сынды таулы өңірге келгенде, алғашқыда өз жеріне келгендей сезімде болыпты. Кейін таулы өңірдегі қазақтармен туыс болып кеткендері сонша, сол ауылдағы күрд – қазақ тілін, ал қазақ – күрд тілін жақсы меңгеріп алған. Күрдтер қазақтарға дін жағынан да жақын. Олардың көптеген бөлігі сүнниттер қауымына жатады. Бүгінде əлемдегі жалпы саны 40 миллионға жететін күрдтер өзінің тамырын тереңге, құлашын кеңге жайған деуге болады. Олардың дені негізінен Иран, Түркия, Сирия жəне Ирак елдерінде тұрады. Еуропа елдерінде де көптеген күрдтер өмір сүріп жатыр. Сондайақ, Қазақстандағы күрдтер де өздерін елдегі бақытты, тату-тəтті өмір сүріп жатқан басқа этностармен терезесін тең санайды. Жамбыл өңірінің өзінде 20 мыңнан астам күрд өмір сүріп, жемісті еңбек етуде. Ұл-қыздары Қазақ еліндегі жоғары оқу орындарында білім алуда. Белгілі спортшылары да баршылық. Олар əлем, Еуропа чемпиондары. Білімді, зиялы тұлғалары да көп. Белгілі ғалым, академик Нəдір Нəдіров, мысалы, біздің кейіпкеріміз дүниеге келген Буденновка ауылында кіндік қаны тамған азамат. Бірақ ол кісінің отбасы кезінде Қаратауға, одан Оңтүстік Қазақстан облысына, кейін Алматыға қоныс аударған. Латиф Əмзеұлының отбасылық альбомында тарих қасіретін қазқалпында көз алдыңа əкелетін бір сурет бар. Онда Қазақстанға «жер ауып» келген күрд халқының өкілдерін пойыздан түсіріп жатқан кез бейнеленген. Міне, тарихи деректі айна-қатесіз көрсететін сол суретте бүгінде Қазақстандағы «Барбанг» күрд ассоциациясының құрметті президенті, академик Нəдір Нəдіров бес жасар бала бейнесінде

тұрмысын жақсарту, бизнесті дамыту үшін жасалған мұндай қамқорлыққа рахметтен басқа не айтуға болады, – дейді Латиф. Латиф бизнеспен сонау 1988 жылдан бері айналысып келеді. Ең қиын кездерді басынан өткерді. Ол кезде адамдардың бəрі бірдей «бизнес» деген сөзді əлі түсіне қоймаған. Ал қазір ше? Қазір бəрі түсінікті, бəрі бар, бəріне мүмкіндік жасалған. Күрд тіліндегі «Барбанг» сөзі қазақ тілінде «Шығыс» деген мағынаны білдіреді. Облыстағы «Барбанг» этномəдени бірлестігі елдегі достықты насихаттауда өте үлкен жұмыстар атқарып отыр. Олар осы өңірдегі барлық күрд азаматтарын паспорттауды аяқтап қалды. Онда «Кім қанша жаста?», «Кім қанша тіл біледі?» дегеннен бастап, күрд этносына қатысты барлық деректер қамтылған. Міне, осы деректер бойынша облыстағы күрдтердің 90 пайызы қазақ тілінде еркін сөйлейтіні белгілі болған. Күрд этномəдени бірлестігі Ташкенттен, Түркістаннан, Алматыдан қонақтар шақырып, Тараз қаласында үлкен салтанатты жиын өткізді. Оған күрд халқының ең танымал əншісі, Шығыс пен Батысқа, тіпті, Америкаға да концерттік бағдарламалармен шығып жүрген Шван Парвар атты аты аңызға айналған азаматының өзі келді. Бір концерті кем дегенде 50 мың АҚШ доллары тұратын осы əнші «Сізді Жамбыл облысындағы 20 мың күрд ыстық ықыласпен шақырып отыр» дегенді естіп, тегін концерт қойып беріп кетті. Бір таңғаларлығы, Шван Парвар ұлы ақындар Абайды, Пушкинді, Лермонтовты, дана жазушылар Толстой мен Айтматовты күрд тілінде жатқа оқиды екен. «Соғыс жəне бейбітшілікті» түгелге жуық жатқа айт десеңіз жатқа айтуға бар. Сонымен бірге, ол ағылшын, неміс, француз тілдерін де еркін меңгерген. Қазақстанға да, қазақ халқына да рахметін айтып, тарихи қаладағы Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун, ежелгі Қали Жүніс моншасы сияқты тарихи орындарды аралап, риза болды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауда «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты жəне көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» деген бөлім бар. Сонда «Қазақстан патриотизмінің іргетасы – барлық азаматтардың тең құқылығы жəне олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі» деп жазылған. Жаңа қазақстандық патриотизм деген не? Бұл сауалға Елбасының: «Болашаққа деген сенім болмаса, толыққанды мемлекет құруға болмайды. Мемлекет пен азаматтың мақсаттары барлық бағыттар бойынша сəйкес келуі өмірлік тұрғыдан маңызды. Мемлекеттің басты міндеті де осы. Азаматтар мемлекетке болашақ бар болса, даму үшін, жеке жəне кəсіби тұрғыдан өсу үшін мүмкіндіктер болса ғана сенім артады. Мемлекет жəне халық мұны сезініп, бірлесіп жұмыс істеуге тиіс. Өз бойымызда жəне балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тəрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге жəне оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады», деген сөзімен жауап береміз. Біз мұндай жаңа қазақстандық патриоттық сезімді Латифт Əмзеұлының əңгімесінен де ұқтық. Ол жантəнімен өзінің жаңа қазақстандық патриотизмді қолдайтын, құрметтейтін азамат екенін көрсетті жəне көрсете де береді. Өйткені, біздің еліміздің əрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс. Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептеу керек. Ешқандай этносқа ешқандай артықшылық болмайды жəне болмауға тиіс, барлығының құқықтары мен міндеттері бірдей. Міне, осының бəрі «Қазақстан-2050» Стратегиясында айқын жазылған. Жамбыл облысы.

Шаѕыраќ аясындаєы шаттыќ їн Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясынан оралысымен маңғыстаулық делегация мүшелері шаттық шараларына кірісіп кетті. Ынтымақ пен бірліктен асқан бақыт жоқ екендігін, тəуелсіз Қазақстанның шаңырағын биік ету үшін өздерінің нық уық болуы қажеттігін жақсы түсінетін олар 1 мамыр мерекесі қарсаңын көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын салтанатты шараларға толтырды. Киелі Маңғыстау өңірі – қашаннан бірнеше ұлттың ұрпағы өрбіген алтын бесік. Қазаққа тəн қонақжайлықпен өзге ұлттарға құшағын ашып, қиындықтардан қол ұстасып бірге шыққан олар азат елдің арайлы тірлігін бірге кешуде.

Маңғыстау жерін зерттеу үшін немесе жер аудару арқылы келу секілді арғы тарихтың кейбір деректерін айтпағанда, берідегі түбектегі кен орындарын барлау, мұнайды игеру, Ақтау қаласының іргетасын қалау сынды сүбелі істердің басында жергілікті ұлтпен бірге өзге ұлт өкілдерінің қажыр-қайраты тұрғандығын айтуымыз керек. «Бір шаңырақ астында» деп ұрандатқан Маңғыстау облыстық Ассамблея хатшылығы мен этномəдени бірлестіктер төрағалары бірлік мерекесі мен Маңғыстау облысының – 40, Ақтау қаласының 50 жылдық мерейтойларын тойлауды сəуірдің соңына таман бастап кетті. Бұл қуаныш санатынан облыс пен облыстық Ассамблея хатшылығының өзара бірлесе жұмыс істеуінің 10 жылдығы да қалыс қалған жоқ. Он жыл бойы достықтың ұясындай болып

келген қаладағы №6 мектепте этномəдени бірлестіктерге арналып көрме дайындалып, əр ұлттың киімі киіліп, əні шырқалды. Əсіресе, бірнеше ұлт өкілдерінің қазақша «Жаса менің қазағым, жаса Қазақстаным!» деп хормен тербеле əн шырқағаны əсерлі шықты. Маңғыстау облыстық жастар саясаты орталығы мен қаладағы 4 орта кəсіптік білім мекемелерінде болып, жастармен жүздесті. «Ел бірлігі – ертеңіміз» тақырыбындағы кездесуде жастарға қазақ тарихы, еліміздің қазіргі даму үрдісі, Ассамблея мен оның құрылымы, ұлтаралық жəне діни татулық тұрғысында түсінік берді. «Мемлекеттік тіл – менің тілім» байқауында 15-30 жас аралығындағы 24 үміткердің қазақ тілін білуін сарапқа салған ұйымдастырушылар бұл байқауда лезгин, құмық, əзербайжан, орыс, украин,

беларусь жастарының арасынан табылды. – ІІД-нің «Күзет» мекемесі мен Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі «Батыс» өңірлік басқармасы өздеріне шақырып Қазақстан қоғамындағы ұлтаралық келісім тақырыбында дəріс оқуды өтініш етті. Қазір Ассамблея хатшылығы мен этномəдени бірлестіктер төрағалары осы дəрістерді оқу үстіндеміз, – дейді қашанда зыр жүгіре қызмет етіп, татулыққа дəнекер болып жүретін, жоғарыда айтылған бүкіл шараның ұйымдастырушысы – Маңғыстау облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының төрайымы Гүлжан Исмурзина. Маңғыстаулықтар достық мерекесін күнілгері осылай бастап кеткеніне көпшілік куə. Маңғыстау облысы.

Өнеге

Єўмырын єылымєа арнаєан Қасиетті Сыр өңірі топырағынан кімдер түлеп ұшпаған?! Солардың бірі Қорқытата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қалыптасуы мен дамуына өзіндік үлесін қосқан, ел көшін алға сүйреген философия ғылымдарының кандидаты, Əлеуметтік ғылымдар академиясының, Халықаралық педагогикалық білім беру академиясының академигі, Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор Мұстафа Матайұлы Матаев. Балалық шағы соғыс жылдарына тап келген бала Мұстафаны өмір маңдайынан сипай қойған жоқ. Бірінші сыныпты бітірген жылы соғыс басталып кетті. Ол ерте есейді. Үлкендермен бірге тынымсыз еңбек етті. Қиыншылықтарға мойыған жоқ. Үміті мен арманын қамшылап, тек қана алға ұмтылды. «Табаныңды жерге, арқаңды елге тапсырдым» деп əкесі Матай батасын беріп бозбала Мұсекенді Алматыға оқуға аттандырды. Ол енді ғылымның биік шыңына шығуға бар күш-жігерін жұмсады. Оқу орнын бітірген соң, еңбек жолын 19551957 жылдары Қазалы ауылшаруашылық техникумынан бастады. 1961-1969 жылдары Қызылорда облыстық партия комитеті лекторлар тобының жетекшісі қызметін атқарып, 1964-1967 жылдар аралығында Москвада КОКП Орталық Комитетінің жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының аспирантурасында оқыды жəне 1967 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор М.Розентальдің жетекшілігімен кандидаттық диссертациясын қорғап шықты. 1969 жылы Н.В. Гоголь атындағы Педагогика институтының маркстік-лениндік философия кафедрасының меңгерушісі болды, 1971 жылы доцент атағы берілді. 1980-1992 жылдары Н.В. Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетінің деканы, 1992-2002 жылдары «Құқықтану», кейіннен «Мемлекет жəне құқық теориясы мен тарихы» кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2002 жылдан осы кезге дейін осы кафедраның құрметті меңгерушісі, кафедра профессоры. Қашан да қарапайым қалпынан танбайтын, кеуде көтермейтін Мұстафа Матайұлы атақ іздеп алқынатын адамдардың қатарынан емес. Атақ оны өзі іздеп табады. Ол қай биікке шықса да ақ адал еңбегімен, тынымсыз еңбекқорлығымен жетті. Қызылорда қаласының жəне Қазалы ауданының құрметті азаматы. 1992 жылы Қызылорда педагогикалық институтында «Құқықтану» кафедрасы ашылғанда оны басқару жауапкершілігі мол, біліктілігі жоғары, іскер ұйымдастырушы ретінде Мұстафа Матайұлына тапсырылды. Сол бір қиыншылығы мол күрделі кезең туралы Мұстафа Матайұлы былайша еске алады: «Алматыға барып, Əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінің ұстаздарына жүгіндім. Құқықтану саласына көп еңбек сіңірген академик, заң ғылымдарының докторы Сұлтан Сартаевтың көмегін əлі де ұмытпаймын. Тез арада бағдарламалар, нұсқаулықтарды алдыртып, барынша қолдады. Мамандармен таныстым, оларды дəріс беруге Қызылордаға шақырдым». Осылайша, жетілдірілген шаралар арқылы 2000 жылы университет «Заңгер» мамандығымен студент дайындауға мерзімсіз лицензия алды. Ол осылай болашақ заңгерлерге темірдей тəртіп пен жоғары талап қоя отырып, кафедраның ғылыми əлеуетін қалыптастырды. Мұстафа Матайұлының талапшылдығының нəтижесі болар, өздерінің ізденісі де аз емес, Жанна Исаева облысымызда бірінші болып «Арал өңірін экологиялық сауықтыруды құқықтық реттеу» тақырыбында диссертация қорғады (1999). Одан кейін осы мамандықтың ең алғашқы түлегі Елена Милова «Проблемы правового нигилизма» тақырыбында (2003), Мəдина Жүсіпбекова «Нарықтық жағдай кезіндегі ҚР аграрлық секторының мемлекеттік реттелуінің құқықтық негіздері» тақырыбындағы еңбегін (2003) сəтті қорғап шықты. Екі оқытушы Л.Қаржаубаева мен Е.Алтаев университеттің демеуімен Мəскеу Мемлекеттік заң академиясында аспирантурада оқып, 2010 жылы кандидаттық диссертацияларын қорғап келіп, қазір университетте қызмет етіп жүр. Жадыра Шөкенова Х.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде PhD докторантурада оқып жатыр. Мақтанышпен айтатын жайт – осылардың жетеуі өзіміз тəрбиелеп оқытқан түлектеріміз. Университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов заңгер мамандығының бəсекеге қабілеттілігін күшейту үшін жыл сайын оның материалдық-техникалық базасын толықтыруға ден қойды. Арнайы оқулықтар қоры толықтырылып, криминалистикалық полигон, оқу сот залы жасақталды. «Құқықтану» мамандығын бітірген түлектер бүгінгі күні республика, облыс, қала, аудан көлемінде мемлекеттік басқару, құқық қорғау жəне экономика салаларында абыройлы қызмет атқаруда. Университеттегі құрылымдық өзгерістерге байланысты «Тарих жəне құқық», «Экономика» факультеттері біріктіріліп, «Тарих, құқық жəне экономика» институты болып қайта құрылды, заңгерлерді даярлайтын «Мемлекет жəне құқық тарихы» мен «Арнайы құқықтық пəндер» кафедралары біріктіріліп, «Құқықтану» кафедрасы қайта құрылды. Басталған іс жемісті жалғасын табуда. Осындай іс-қимылдың бастауында туған жерінің перзенті, шəкірттердің аяулы ұстазы, елінің азаматы – Мұстафа Матайұлы тұр. Кеше əке баласына жол сілтесе, бүгін оның өз баласы өсіп-өніп, бүкіл халықтың жоқтаушысы, тілекшісі болып отыр. Ендеше, саналы ғұмырын ғылымға, халқына қызмет етуге арнаған əріптесімізге əрдайым мерейіңіз үстем бола берсін дейміз. Наурызбай БАЙҚАДАМОВ, Қорқытата атындағы ҚМУ проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.


 Тағзым

 Əріптес туралы əңгіме

Халыќшыл Хайретдин 2009 жылы Долинка кентінің Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау мұражайына келгенде Алашорда тарихына, қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ зиялыларына қатысты деректерді іздестіріп, ештеңе таппай аңтарылдым. Тек, қамауда отырған жылдары қызыл жендеттердің: «Мұхтар Əуезовке қарсы куəлік берсең, түрмеден босатамыз» деген бопсалауына көнбеген, сол үшін талай азаптаулардан өткен қайсар ғалым Қайым Мұхамедханұлының мұрасын зерттеуші қызы Динаның өзі əкеп тапсырған əкесінің Карлаг тұтқыны болғаны туралы деректер ғана бар екен. Алашордаға қатысты одан басқа мəлімет там-тұм, саусақпен санарлық: бірнеше газет қиындысы, құжат, фотосурет көшірмесі. Қордағы құжат-қағаздың бəрі «ұлы ұлт» пен депортацияланған халықтардың тарихына қатысты. Осыған қарап, «Құдай-ау, қазақ құдды кеңес өкіметінен қасірет шекпеген бе дерсің?!» Сонда 1921-23 жылдағы аштықтан 1,5 миллион, 1931-33 жылдағы аштықтан 2,3 миллион барлығы (3,8 млн.) адам қырылып, 1915 жылы 6 миллионға жеткен қазақтың 60 пайызы жоқ болып, 1,2 миллионы атамекеннен жер аумаған сияқты. Бұдан басқа 120 мың қандастың Сталин лагерьлеріне қамалып, 25 мыңының атылып кеткені қайда? Сол кездегі мұражай директоры М.Клышниковаға осы сауалымызды төтесінен қойдық. «Алашордаға қатысты материалдарды өзің жинасаң қайтеді?» деп ол кісі өзіме қолқа салды. Директорды түсінуге болады, айналдырған 3-4 қызметкері бар, олар өзге ұлт өкілдері, қазақ тарихынан хабары аз, Алашорданың атын еміс-еміс естігендері болмаса, жарытып білетіні шамалы... Сөйтіп, түрлі ақпарат көздерінен, облыстық Қарқаралының аудандық мұрағаттарынан қазақ интеллигенциясына, алашордашыларға қатысты материалдарды жинақтауға кірістім. Алаш ұлдарының есімі аталмай қалуы мені қатты қынжылтты. Алашорда залы ашылар 2010 жылы қолда жинақталған материалдардың бəрін мұражайдың бүгінгі директоры Жазира Күлбаеваға тапсырып кеттім. Айта кету керек, тек бұл зал ғана емес, жалпы мұражайды қайта жасақтауға облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бұрынғы директоры Күлəнда Темірғалиқызының, белгілі журналистзерттеуші Екатерина Кузнецованың көмегі көп тиді. Оның қоры облыстық мəдениет басқармасы мамандарының Мəскеудің, Санкт-Петербордың мұрағаттарынан əкелген материалдарымен толықты. Оған еліміздегі алаштанушы ғалымдардың, Карлаг туралы алғашқылардың бірі болып толымды зерттеу кітабын жазған ғалым Дүйсетай Шаймұхановтың, профессор Сəуле Шаймұханованың, Света Елеуханованың, т.б еңбектері пайдаланылды. Осыдан кейін қалалық «Шахтинский вестник» газетінде айына бір рет «Алаштану» айдарын аштым. Осы айдар арқылы алаштанушылардың арыстарға қатысты барлық естелік, зерттеу материалдарын бүгінге дейін беріп келе жатырмыз. Алайда, шағын газеттің көлемі көтермейтіндіктен материалды ықшамдап, қысқартып жариялаудан басқа амалымыз жоқ. Сондағы басты мақсат – көпшілік жұртты Алаш рухымен қайта табыстыру, қайта қауыштыру, ұлт ардагерлерінің еңбектеріне деген қызығушылықтарын ояту. Хайретдин Болғанбай кім болған деген сұраққа тоқталалық? Қалалық газетте аталмыш айдарды жүргізе бастағаныма көп бола қоймаған еді. Бір күні маған Шахтинск қаласы əкімінің орынбасары Достық Тұяқұлы Кəмелов деген азамат жолықты. Ол кісі «Алаштануды» үзбей оқып тұратынын, өзінің туған нағашысы белгілі алашордашы Хайретдин Болғанбай екенін айтты. Нағашы атасы туралы əңгімелей келіп, шешесі Гүлнəр əжейдің (Хайретдиннің қызы) бала күнінде анасы Рахимамен бірге Сібірге жер аударылғанда іздеп Архангельскіге барғандарын, сосын олардың отбасылары

7

www.egemen.kz

2 мамыр 2013 жыл

Сыктывкарға (Коми АССР-і) көшкенін, ол жақтағы тұрмыс тауқыметі туралы бірталай естеліктердің шетін шығарды. Кейін Досекең екеуміз тағы кездесіп, кең отырып əңгімелестік. ...Сонымен Алаш арысы Хайретдин Əбішұлы (Əбдірахман) Болғанбай халқына қандай қызметімен құрметті? Хайретдин – Əлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мұстафа Шоқай, Əлімхан Ермекұлы, Халел мен Жаһанша Досмұхамедов, т.б қатарындағы ұлт арыстарының бірі. Х.Болғанбай – ұлттық журналистика мен баспасөзінің іргетасын қалауға атсалысқан азамат. Оның елге-жерге деген жан толғантарлық мақалалары «Қазақ» (1913-1918 ж.ж.), «Сарыарқа» (1917-1919 ж.ж.) газеттерінде жиі жарияланып тұрған. Бірқауым уақыт «Бірлік туының» редакторы болған. Осы газетті бас болып шығарысқандардың бірі. Ол ағарту ісіне де өлшеусіз үлес қосқан. Қызылжарда, Ақмолада, Ташкентте оқубілім жұмыстарын ұйымдастырған. Өмірінің соңында, Сібірге жер аударылып қайта оралған соң, Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Қапланбек кеңшарында мал дəрігерін əзірлейтін техникумында жағрафиядан сабақ берді. Алаш партиясының басына əлдеқандай қара бұлт төнгенде Хайретдин Мұстафа Шоқаймен, башқұрт Зəки Уəлиди Тоғанмен бірге исі түркі жамағатына ортақ Түркістан автономиясын құруға белсене кіріскен. Бəзбіреулер Түркістан үкіметі қазақты екі бөлді, Алаш үкіметінен бөлек саясат жүргізді дейді. Шынтуайтына келгенде, бұл Советтерге қарсы барша мұсылман қауымының күшін біріктіріп күресудің бір амалы екен. Өйткені, Мұстафа Шоқайдың бір мезетте Алашорданың да, Түркістан автономиясының да мүшесі болуы, екі тарапта да басшылық қызметте жүруі осыны аңғартса керек. Ал, Хайретдин «Алашорданың» Ақмола комитетінің төрағасы болған. Сондай-ақ, тарихи деректердің барлығында дерлік алашордашылар мен түркістандықтардың өте тығыз қарым-қатынаста болғанын көреміз. Белгілі алаштанушы Дихан Қамзабекұлы өз еңбектерінің бірінде былай дейді: «II жалпықазақ съезінде (Орынбор, 1917 ж., 5-13 желтоқсан) Алаш автономиясын тездетіп жариялау-жарияламау мəселесі дауысқа салынды. Көпшілік (Ə.Бөкейхан, А.Байтұр сынұлы, М.Дулатұлы, Х.Ғаббасұлы, М.Мақұл, Х.Болғанбай, т.б) жағдайға қарап, кейін жариялауды жақтады. Азшылық (Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, У.Танашұлы, Ғ.Жүндібайұлы, Ғ.Қараш, т.б) тездетіп жарияламасақ, Түркістан автономиясына кірейік деді. М.Шоқай, Ə.Кенесары, А.Шегір қалыс қалды. Нəтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді... Бірақ жағдай ауыр еді. Көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы амалсыздан жұмысын тоқтатты. II съезінде қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөртабаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталған» («Тəуелсіздік жəне Алаш мұраты», «Егемен Қазақстан» газеті, 13 қыркүйек, 2011 жыл). Хайретдин Алаш идеясы мен Түркістан бірлігін бөлек қарамады. «Алаш автономиясы» атты мақаласында: «Алаш автономиясы – неше миллион Алаш ұранды қазақ-қырғыз халқының ұлұғ арманы. Алаш аман болса, мұның көгеріп жарыққа шығуына күмəн жоқ. Осы күні бостандық, теңдікке ұмтылған барлық жұрттарға қарсы шауып жатқан мынау қара күштің ғұмыры көктемдегі қысқа түндей шоп-шолақ. Алаштың бұл ұлұғ тілеуі болса, көктегі күн сөнбестей ұзақ», деп жазды («Бірлік туы» газеті, 1918 жыл, 7 наурыз). Түркістан автономиясы 1918 жылдың 11 ақпанында бəлшебектердің күшімен аяусыз талқандалып, қырғынға ұшырап тарап кеткен. Сонымен бірге, біртұтас ұлттық автономия құрамыз деген Алаш идеясы да көздеген мұратына жетпей үзілген.

Хайретдин қалай «табылды?» Бір қызығы, Алаш рухты Хайретдиннің артында ұрпақтары қалғанын ғалымдар көпке дейін біле қоймаған. Оның тұңғышы мал дəрігерлер ғылымдарының кандидаты Ерік ұзақ уақыт партияның орталық комитетінде ауыл шаруашылық бөлімінде істесе, қызы Гүлнəр Астананың дəл іргесіндегі Қорғалжын ауданы Сабынды ауылында мектеп директоры болған. Кенжелері Мұрат Ауыл шаруашылық министрлігінде жауапты қызмет атқарған. Өкінішке орай, қазір осы асыл текті тұяқтан тек Мұрат қана бар, зейнетте, Астанада тұрады. Елордадағы С.Сейфуллин атындағы мұражайда тарихи тұлға лар ды еске алу шарасы өтіп жатқан кезде Гүлнəр апамызға ғалым Дихан Қамзабекұлы іздеп барып алғаш жолыққан екен. Хайретдиннің мұрасын жинақтау ісі сол кезден бастап қарқын алған. Өйткені, осы кездесуден кейін Гүлнəр Хайретдинқызы мұрағаттардан əкесінің мұраларын жинақтауға кіріскен. 2005 жылы Х.Болғанбай ұрпағы өз қаржысына «Парасат əлемі» баспасынан «Хайретдин Болғанбаев. Шығармалары. Тағылымы» атты кітап бастырып шығарды (құрастырған – Д.Қамзабекұлы). Екінші кітап та Д.Қамзабекұлының құрастыруымен «Иман күші» атаумен «Арыс» баспасынан 2009 жылы жарық көрді. «Иман күші» – Хайретдин мақаласының аты. Расында, тəуелсіздікке жетуге, ақтаңдақ еңбектердің қайта шығуына халықтың бойындағы иман күші əсер еткені сөзсіз. Аталған кітаптарда Алаш арысының шығармалары мен ол туралы естеліктер, зерттеу материалдары енгізілген. Əрине, Х.Болғанбайдың жеке тұлғасы мен еңбегі осымен толыққанды зерттеліп болды деп айтуға əлі ерте. Оның өмірбаянында əзірге көпшілікке беймəлім ақтаңдақ беттері бар. Мысалы, біз М.Шоқай мен Х.Болғанбайлар шығарған «Бірлік туы» газетін халыққа толық жеткізе алмай отырмыз. Сондай-ақ, кей ғалымдардың Хайретдин туралы зерттеулерінде қайшылықтар да кездеседі. Қазаққа қадірлі ұлтжанды азамат, белгілі алаштанушы Тұрсын Жұртбайдың СССР Халық комиссарлары Советі жанындағы ОГПУ-дың 1930 жылы 4 сəуірдегі тергеу қаулысына («он төрттің ісі»), соның негізінде 1988 жылы Қазақ ССР Жоғары Сотының алқа мəжілісінің Алаш арыстарын ақтау туралы шешіміне сүйене отырып жазған еңбегінде (Бес арыс. Алматы: Жалын, 1993,173 бет): «...1921 жылы Орынбор қаласында контрреволюциялық ұйым құрып, Орта Азиядағы пантюркистік ұйымның бастығы Валидовпен байланыс жасағаны үшін; Далаға барып қарулы көтеріліс ұйымдастыру туралы жиналыс өткізгені жəне далаға сіңіп кетуге дайындалғаны үшін; 1927 жылы ВКП(б) Қазақ өлкелік комитетінің секретары Голощекинге қастандық əрекет жасауға тырысқаны үшін...» тоғыз адам – А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, М.Есполұлы, Ғ.Бірімжанұлы, Х.Ғаббасұлы, Ж.Аймауытұлы, Д.Əділұлы, Х.Болғанбай, А-С Юсупұлы ату жазасына кесіліп, алдыңғы төртеудің ісі қайта қаралып, он жылға бас еркінен айыруға ауыстырылып, соңғы бесеудің атылып кеткені айтылады. (Аталған тоғыздан басқа тағы бес адам – М.Жұмабайұлы, Е.Омарұлы, Д.Битілеуұлы, А.Байтасұлы, К.Жəленұлы əрқайсысы 5-10 жылға концлагерьлерге айдалған авт.). Көріп отырсыздар, Тұрсын Жұртбай ағамыз Хайретдин Болғанбайды 1930 жылы атылып кеткен дейді. Бірақ, Гүлнəр апайдың жоғарыда аталған кітабында əкесінің алғаш ұсталғанда тірі қалғанын, бірақ жер аударылғанын айтады: «Əкем екі рет репрессияға ұшырады:1930 жəне 1937 жылы. Бірінші рет этаппен Қиыр Сібірге жер аударды, екінші ретінде атылды» дейді. Гүлнəр Болғанбайқызы осы естелігінде шешесі Рахима, аға-інісі Ерік пен Серік, өзі, шешесінің немере інісі Нүкіш бесеуі 1930 жылы жазда Архангельскіде айдауда жүрген əкесін іздеп барып қайта табысқандарын, сол жақта ауырып Серіктің қайтыс болғанын, 1932 жылы інісі Мұраттың дүниеге келгенін, сосын 1934 жылы көктемде Хайретдиннің «айыпталу» мерзімі бітіп, елге оралғандарын айтады. Əлбетте, біз бұл жерде Гүлнəр апайдың, болмаса белгілі ғалым Тұрсын Жұртбайдың келтірген деректерінің дұрыс-бұрыстығын кесіп айтпаймыз, оған хақымыз да жоқ. Дегенмен, осы оқиғаларды көзімен көрген Гүлнəр Хайретдинқызының əкесі туралы естелікті бұрмалап отыр деуге негіз жоқ секілді. Сондай-ақ, кейінгі зерттеушілер де Х.Болғанбай 1930 жыл емес, 1937 жылы атылған деген пікірді ұстанады. Екінші дүниежүзілік соғыстан аман оралған Тұяқ Кəмелұлымен 1946 жылы Гүлнəр Хайретдинқызы шаңырақ көтереді. Жеті бала тəрбиелеп өсіреді. Əрине, «халық жауының» қызына үйленген Тұяққа жекелеген «шолақ белсенділерден» түртпек аз болмады. Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылында өзі бас болып жүріп аштырған мектеп директоры қызметінен «қуалап» жіберуі сол зорлық саясаттың салдары еді. Адал жарынан 37 жасында айырылған Гүлнəр шешей балаларының барлық тəлімтəрбиесін бір өзі көтерген. Гүлнəр Хайретдинқызы омырауына Ленин орденін тағып, бұрынғы Целиноград облыстық кеңесінің депутаты болып сайланған. Осы мақаланы жазуға себеп болған өткенге зер салып жүретін Достық Тұяқұлы еңбек жолын əке-шешесінің тері сіңіп, құрметі өткен Сабынды ауылында жүк өлшеушіден бастап, экономист, бас экономист қызметтерін жəне Қорғалжын, Теңіз аудандарының комсомол комитеттерінде бірқатар жауапты қызметтер атқарған. Кезінде журналист Қайнар Олжай Досекең туралы керемет очерк жазғанын да білеміз. Бүгінде ол Қарағанды облысы Шахтинск қаласы əкімінің орынбасары болып еңбек етіп жатыр. Дəулетқали АСАУОВ.

Аќын. Єалым. Ўстаз

Азаматтың қоғамдағы орнын анықтайтын өлшем не десек, бұған көзі тірісінде академик ағамыз Манаш Қозыбаев былай деп жауап берген екен: «Біреулер ол өлшемді жаспен мөлшерлейді, екіншілері істеген қызметінің лауазымымен межелейді, үшіншілері бір жерде ұзақ істеген қызмет мерзімімен бағалайды. Меніңше, ол өлшем – пенде ата-анасынан, қоғамнан алған тəрбиесінен өсіріп, көңіліне, жадына, жанына ғана емес, маңына, қоғамға жақсылық себуінде... Арды, ұятты, намысты, парасатты бойыңа дарытуда, еліңе арнап қарымды, қажырлы еңбекті ағытуда, ата салтын дамытуда». Шынында да адамның азаматтығы ғылыми атағында, істеген қызметінің лауазымында, жасаған жасына қарай сарапқа салынбай, оның қоғамда жинаған беделабыройында жəне ар-ұятты берік ұстанып, айналасына жақсылықшапағатын шашып жүруінде жатса керек. Біз бүгін осынау биік меже тұғырынан көрініп жүрген азаматтардың бірі – ақын, ғалым, ұстаз Бауыржан Жақып туралы сөз етпекпіз. «Бала Абай мен дана Абай су ішкен», «Шəкəрім бетін шайған», «Əуезовтің үні тұнып, сөзі тұнған» «Қасқабұлақтан» су ішу бақыты бұйырған Бауыржан Жақыптың «өлең деген өңірде жыр түлетпеуі», əрі оған табиғаттың өзі «өрелі өлеңді сыйға тартпауы» мүмкін емес сияқты көрінеді маған. Қазақ поэзиясында Б.Жақыптың «Аудитория» (1984), «Баспалдақтар» (1987), «Бір кеменің үстінде» (1987), «Парусь времени» (1987), «Аралым – арым, Балқашым – бағым» (1988), «Көзімнің нұры» (1990), «Айдындағы аспан» (1996), «Ақ лақ» (1997), «Қолтаңба» (2001), «Уақыт ұршығы» (2004), «Қазақ», «Қызыл қайың» (2008) жыр жинақтары жарық көрді. Оның шығармалары орыс, түрік, украин, македон, түркімен, қырғыз тілдеріне аударылған. Поэзия əлемінде жүріп қаламгер бірнеше атақтарды да иеленген, атап айтар болсақ, Қазақстан Журналистер одағының С. Садуақасов атындағы сыйлығының ие гері (1998), жастардың «Жігер» фестивалінің лауреаты (1984), «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1999). 2004 жылы Бакуде өткен Бүкіл түркі дүниесі ақындарының 11 «Хазар шеир ақшамдары» фестивалінің лауреаты, міне осылайша тізбектеле береді. Бауыржан Жақып – елімізге өзінің сүбелі ғылыми еңбектерімен танылған ғалым. «Мұхтар Əуезов – публицист», «Ұлы суреткер», «Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары», «Публицистикалық шығармашылық негіздері» атты ғылыми-зерттеу монографиялар жазған. Ғылыми еңбектеріне ден қойсаңыз, ғалымның ғылыми тұжырымдарынан ой өзегінің қазақтың көл-көсір сөз байлығынан тамыр тар тып, сөз дəйектеудің негі зіне айналғанын тануға болады. Сон дай салмақты еңбектерінің бірі – «Публицистикалық шығармашылық негіздері» оқулығы. Бұл еңбекте қазақ публицистикасының бастаулары – көне жазба ескерткіштері, батырлар жыры, жыраулар поэзиясы, шешендік сөздер екендігін ғалым алғаш рет жүйелеп берді. Журналистердің бірнеше буынын тəрбиелеп, абырой-атаққа бөленген ағаларымыз журналистер қанат қаққан қасиетті қара шаңырақ журналистика факультеті туралы сырттай жылы лебіздер біл діріп, жанашыр пікірлерін ай тып, шəкірттерін бір ауыз жы лы сөзбен қанаттандырып

отыруды да ұмытпайды. Бауыржан Жақып ағамыз да студент шағынан өлең деген арғымақтың жалынан сипап, өз дауысын таныта білген, «найзағайлы нөсер боп шатырлаған КазГУ ақындарының» (Қ.Бегманов) көшін бастаған ақын. Ақынның өзі айтқандай «əйтеуір ғажайып бір қиялға бергісіз күндері» мол студенттік шақты бастан кешіп жүріп, білімнің қара шаңырағының мерейтойына «Кеудемде қыс гулеген, жаз гулеген, Біреу бар елу жаста КазГУ деген» – деп жырдан шашу шашты. Бауыржан Жақып журналистің «жазған кітаптарыңыз біршама, əрбір кітапқа қанша уақытыңыз кетті?» деген сұрағына («Абайақпарат»), «Осы уақытқа дейін ме нің 7 өлеңдер жинағым жарық көріпті. 2 монографиям, 1 оқулығым баспадан шықты. Оларды алдын ала жоспарлы түрде емес, өмір бойы жазып келемін. «Шығармашылық – менің өмірім» деп жауап беріпті. Бұл автордың ізденгіштігін, қажырлы еңбектің

иесі екендігін, табандылығын көрсететін айғақ болса керек. Бауыржан Жақыптың еліміздің қазіргі журналис тикасы туралы ой толғаулары да ел мүддесі үшін қызмет етуді басты ұстаным етіп алған азаматтарды ойландырып, нақты істерге жетелейтініне үміт артамыз. Журналистика теоретигінің журналистикадағы еркіндік туралы «Журналистика – жазғың келгеннің бəрін жаза беру, айтқың келгеннің бəрін айта беру емес», «...абсолютті еркіндік, сөз бостандығы ешбір мемлекетте жоқ. Мемлекет болған соң идеология оның тəуелсіздігіне нұқсан келтірмеу бағытында жүреді» («Заң» газеті, 17 ақпан, 2012 жыл) – деген пікірі қоғамдағы «қазақ баспасөзінде еркіндік жоқ» деген қасаң пікірді өзінің негізділігімен жоққа шығарады. «Ғаламтор қолданысқа кеңінен кіреді, енді газеттер оқылмайды» деген пікірге ғалым үзілді-кесілді қарсы шығады, «АҚШ, Жапония жəне Еуропа мемлекеттерінде ғаламтор бізден де ерте барып, көш ілгері дамып кеткен. Соған қарамастан, сол елдерде газеттер əлі күнге дейін оқылады. Мен АҚШ университеттерінде оқутəжірибе жұмыстарымен алмасу мақсатында бірнеше рет болдым. Сонда байқағаным, олардың əрбір газетінде промоушн саласы жақсы дамыған екен. Яғни, əрбір газеттің өзін-өзі жарнамалауы, көпшілікке таныстырылуы жолға қойылған. Олар сол бағытта көп жұмыс істейді. Əр газет өзінің логотипін қаламға, блокнотқа, күнтізбеге, тіпті, кофе ішетін ыдысына салып қойған». ...Қазір шет тілдерін білетін журналистерді дайындауға баса мəн беруіміз керек. Өйткені, шет мем лекеттер əр ел де өздерінің

журналистерін ұс тайды. Тə уел сіздік алға ны мызға 20 жыл болды. Енді шет мемлекеттерде біз де өз журналистерімізді ұстайтын уақытқа жеттік деп санаймын. Журналистерді көптеген елдердегі елшіліктеріміздің жанынан ұстаған жөн. Сонда ол елдегі болып жатқан түрлі оқиғалар жайлы ақпараттарды сол өзіміздің журналист арқылы алып отыратын боламыз» («Заң» газеті, 17-ақпан 2012 жыл). Ғалым журналистердің не мемлекеттік, не əлеуметтік сала қызметкеріне жатпай, яғни, нақты мəртебесі айқындалмағанына қатысты да нақты ұсыныстар білдіреді: «Менің пікірімше, біздің мемлекетте журналистердің мəртебесі белгіленуі керек. Мəселен, мемлекеттік қызметкерлерге бері летін əлеуметтік жеңілдіктер журналистерге де тиесілі болса құба-құп болар еді. Өйткені, елдің дамуы, тəуелсіздіктің нығаюы жолында қыруар жұмыс атқарып жатқандардың бірі – журналистер қауымы. Мемлекеттік ақпарат құралдарында қызмет ететін журналистерді мемлекет қамқорлығына алсын. Себебі, олар мемлекеттік қызметкерлер секілді не үй ала алмайды немесе басқа да жеңілдіктерге ие емес. Тапқан-таянғанын талғажау етумен келеді. Ал жекеменшік корпорациялардың құрамындағы тілшілердің əлеуметтік мəселесін сол корпорация шешуі қажет. Ал журналистің кəсіби шеберлігіне қатысты ойын былайша тұжырымдайды: «Жалпы, əр адам өзінің алған мамандығы бойынша жұмыс істесе, өз терісінің пұшпағын илесе ғана қоғам қалыпты дамиды. Сондықтан, маман журналистерді тарту керек. Мысалы, «Қазақ энциклопедиясына» келгелі мұнда бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан тəжірибелі ғалым-энциклопедистерді сақтай отырып, қолынан жазу келетін жас мамандарды да тарттық. Ақпарат құралдарында да сондай саясат жүргізілуі тиіс деп ойлаймын». Ғалым отандық телеэфирдің шетелдік арзанқол дүниелермен толтырылып жатқанына қатысты «Расында, қазір телеарналар көп жəне олардың басым бөлігі арзан музыкалық шоу-бағдарламалар жасаумен айналысып кетті. Танымдық-тағылымдық мəні зор төл бағдарламалардың үлес салмағы тым аз. Өйткені, оған көшірме хабарлар эфирден орын бермей тұр. Шетелдік хабарларды аударып беріп тыныш отыра береді. ...Маған Қазақстанда əлі күнге Ресейдің ақпараттық ықпалы басым болып көрінеді. Жанымды ауыртатыны да – осы. Бізге ешқайда, ешкімге жалтақтамай, ұлттық ақпараттық саясатымызды басым жүргізетін кез келді. Елімізде оған шамасы жететін жақсы маман кадрлар бар. Тек соларды сол бағытқа ұйыстыру жағы кемшін». Қожаберген жырау: «Ердің азбауы, елдің тозбауы – ел мүддесі» дейді. Олай болса «Тəуелсіз елімізге адал қызмет етуді өзінің азаматтық ұстанымы» деп білетін Бауыржан Жақыптың елімізге, ғылымға сіңірген еңбектері де өз деңгейінде бағаланып жатқанын мақтанышпен айтуға болады, өткен жылы ол ҚР ҰҒА корреспондентмүшесі ғылыми атағына ие болды, бұл қазақ баспасөзінің даму тарихын терең саралаған ғалымның қазақ ғылымына қосқан үлесінің өз деңгейінде бағалануы деп білеміз. Орынтай ОШАНОВА, Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің журналистика факультетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты.

Тґле биге арналды Биыл дарабоз би – Төле Əлібекұлының туғанына 350 жыл толып отыр. Осыған орай Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті жəне жол-көлік институты Төле бидің саясаткерлігі мен елі үшін атқарған іргелі істерін насихаттау жəне де оның бейнесін жас ұрпаққа шынайы сіңіру мақсатында «Төле би – қазақтың данагөй абызы» атты аймақтық ғылыми-тəжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференцияны өткізуге ҚарМТУ ректоры Арыстан Мəуленұлы мен осы оқу орнының кафедра меңгерушілері Қ.Сағындыққызы,

С.Балшекеев, Б.Нұғыман сынды ғалымдар мұрындық болғанын айту лəзім. Жиынға оңтүстіктен Төле бидің ұрпақтары, Алматыдан төлебитанушы белгілі қаламгерлер, Астанадағы Гумилев атындағы Еуразиялық университеттің профессорлары, сондай-ақ, ҚарМТУ мен Қарағандыдағы жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, студенттері қатысты. Конференция басталмас бұрын жиналған қонақтар мен ғалымдар университет ғимараты алдына былтыр орнатылған Қазыбек би мен ҰҒА академигі, аталмыш оқу орнын көп жыл басқарған Əбілқас

Сағынұлының ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Жиынды ашқан университет ректоры Арыстан Мəуленұлы Төле би тағылымы жайлы сөз сабақтады. Одан соң сөз алған Төле бидің тікелей ұрпағы Өмірбек Темірұлы, жазушы Момбек Əбдəкімұлы, белгілі зерттеуші Сəрсенбі Дəуітұлы, профессорлар Жандос Смағұл, Берік Рахым, Рысбек Бейсетай, басқа ғалымдар əз Төленің өткен ғасырларда атқарған өнегелі істері мен шешендік сөздері, қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы кеңінен баяндады. Момбек ƏБДƏКІМҰЛЫ.


8

www.egemen.kz www.egemen.kz

2 мамыр 2013 жыл

Достық дастаны

Суреттерді түсірген Сұлтан СЕЙІТОВ.

Спорт

Бəрекелді!

Спорт жəне дене шынықтыру істері агенттігі 8-9 мамыр күндері Алматыда БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан көрнекті жазушы, публицист Сейдахмет Бердіқұловты еске түсіруге арналған турнирдің өтетінін хабарлады.

Журналистер турнирі жалєасады Турнирдің мақсаты – елімізде бұқаралық ақпарат құралдары арасында бұқаралық спортты дамыту, саламатты өмір салты мен спортты, соның ішінде қазақ футболын халық арасында насихаттап, турнир арқылы ең үздік өнер көрсеткен БАҚ командаларының өкілдерін анықтау. Турнирге БАҚ-тардың ұжымдық командалары қатыса алады. Оған мерзімді баспасөз бен электоронды ақпарат құралдарының жасы 21-ден 60-қа дейінгі бас редакторлары, жауапты хатшылары, редакторлары, тілшілері, фототілшілері, бейнеоператорлары мен корректорлары кіреді. Команданың құрамы 13 адамнан болуы тиіс. Яғни, 12 ойыншы мен 1 жаттықтырушы болуы керек. Аталмыш додаға командалар дəрігердің анықтамасы, фотосуреті бар қызметтік куəлігі, еңбек кітапшасы мен жарысқа қатысу жөнінде мандаттық комиссияға ұсынған өтініші болған жағдайда жіберіледі. Жарысқа Қазақстан Республикасы ұлттық командаларының мүшелері, ел чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысушылар, кəсіпқой спортшылар мен БАҚ-тарда жұмыс істейтін жүргізушілер, инженерлер, коменданттар, күзетшілер жіберілмейді. Материалдар мына телефон

жəне факс арқылы қабылданады: 8 (7172) 75 31 49, 75 35 19 немесе оларды nur-78@bk.ru электронды поштасына жіберуге болады. Турнирге қатысуға өтініштерді агенттіктің мына мекен-жайына жіберу керек: Астана қаласы, Абай көшесі, 33 а. Тел/факс: 8 (7172) 75 30 68, 75 35 19, 75 31 49 немесе Штаттағы ұлттық командалар жəне спорт резерві дирекциясының баспасөз қызметінің 8 (7172) 91 15 29 телефоны. Жарысқа қатысуға өтініш білдірген команда мандаттық комис сияның отырысына өтініштерін, жеке жəне қызметтік куəліктерді, жұмыс орнынан берілген анықтаманы көрсетуге міндетті. Ал, турнирдің мандаттық комиссиясының отырысы 7 мамыр күні сағат 18.00-де Штаттағы ұлттық командалар жəне спорт ре зерві дирекциясының Алматы қаласының Жамбыл мен Наурызбай көшелерінің қиылысындағы филиалының 2-ші қабатында өтеді. Турнирдің өзі 8-9 мамыр күндері Тимирязев пен Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан республикалық спорт колледжінің алаңында өтеді. Жарыс сағат 10.00-де басталады. «Егемен-ақпарат».

Ќытай єалымы ќазаќша баяндама жасады мəдени контекстегі жырау мен жыршының тұлғалық қасиеттері» тақырыбындағы Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясы Ұлттар əдебиеттері институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Хуаң Жуңшяңның қазақ тілінде жасаған баяндамасы зор қызығушылық туғызды. Қазақ эпосын зерттеп, оның інжу-маржандарын қытай, ағылшын тілдеріне аударып, əрі зерттеп, оны басқа халықтарға танытып, насихаттап жүрген қытай ғалымына жиынға қатысып отырғандар ризашылық сезімін білдірді. Малайзиядағы Кебангсаан уни вер ситетінің профессоры Че Хусна Азхари «Ажырамас қа рым-қатынастар əлемінде: əде би шығармалар негізіндегі

Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Сəуір айының соңғы күндерінде Сүлеймен Демирел атындағы университетте «Мəдениеттер тоғысын дағы тіл, əдебиет, аударма жəне журналистика мəселелері» тақырыбында дəстүрлі V халықаралық конференция болып өтті. Жүзден астам қазақстандық оқымыстыларымен бірге Бруней, Біріккен Араб Əмірліктері, Катар, Қытай, Малайзия, Түркия, Украина, Ұлыбританиядан 28 ғалым қатысқан ғылыми жиында жа һандану дəуіріндегі тіл мен əдебиеттің, жалпы мəдениеттің жай-күйі, қоғамдық ғылымдардың алдында тұрған міндеттер кеңінен талқыланып, ортаға салынды. Пленарлық мəжілісте «Əлемдік

Оңтүстік-Шығыс Азияның мəдени байланыстары» жайлы айтқанда, жа һандану дəуіріндегі ұлттық əдебиеттердің дамуында кездесіп отырған проблемаларды кеңінен тал дады. Үндістандық Ананта

Маќтансаѕ, мемлекетіѕмен маќтан! «Егемен Қазақстан».

Құдайға шүкір, бүгінгі ұрпақтың тамағы тоқ, қайғысы жоқ. Олардың арасында бақуатты əке-шешелерінің байлығы мен шайлығының арқасында жұмыс істеуге мойны жар бермей жүргендер де аз емес. Міне, осы тамағы тоқтық һəм қайғысы жоқ тық адамдарды дандайсытып жіберді. Астамшылыққа ұрындырды. Қысқасы, кейбіреулер ауыздарына келгенін айтатын, ойларына келгенін істейтін болды. Əйтпесе, автокөліктері арқылы «жү зін», «руын» жарнамалап жүргендердің қылығын қалай бағалауға болады. Бұл не сұмдық?!

Қазақстанда 151 мың жасөспірімнің мүмкіндігі шектеулі.

Əлемде

Виллем-Александр Нидерландының жаңа королі. Страсбург соты Тимошенконың ісінде қылмыстың ізі жоқ деп тапты.

Оќиєа

«Ақжайық» қорығындағы өрт бір аптадан бері басылмай тұр. Қостанайда бұйрыққа бағынбаған майор 7 тəулікке қамауға алынды. Көкшетауда полиция подполковнигі медициналық тексерілуден өтуден бас тартқаны үшін жүргізушілік куəлігінен айрылды.

Меншік иесі:

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Ќылмыс

Қарағанды облысында 11 сынып оқушысы құрдасын пышақтап өлтірді.

Бұрынғы өткен қай ата-бабасы ертоқымына, жүгеніне, тізгініне немесе қамшысына «Ұлы жүз», «Орта жүз» немесе «Кіші жүз» деп жазып жүріп еді? Əрине, ешқашан! «Біреу тоңып секіреді, біреу тойып секіреді». Бірақ «тойып секірудің» де жөні бар емес пе? Мақұл, желіккен жастардан бір білместік кетті делік. Ау, сонда олардың отбасындағы, ауылаймағындағы ұлағатты адамдар: ата-анасы, ағайын-туысы қайда қарап отыр? Маңайларынан «мыналарың не сұмдық?» дейтін бір жанның шынымен-ақ табылмағаны ма? «Қазақ халқына «Қазақстан» деген сөзден қымбат ештеңе жоқ!» деп, желөкпелерді жөнге салатын ауыл данагөйлері

қайда? Ауыздарына кім қақпақ болып отыр олардың? Бір шолақ ойлы жастың, бəлкім, жасамыстың басына шошаң етіп келе қалған жаңсақ ойдың бүкіл елді алатайдай бүлдіретінін айтып, басалқылыққа шақыратын да солар емес пе? Əр қазақ өзінің «жүзін» жарнамалап, «руын» ұрандай берсе, «бір халық – бір ел – бір тағдыр» деген ұлтты ұйыстырар ұлағатты сөздің мəнісінен не қадір қалмақ? Көлік нөмірін қадайтын пластикке мұндай алауыздық туғызатын жазуды кім, қайда, қалай жазып жүр? Мұны қадағалау органдары тексеріп, неге шара қолданбайды? Жамбыл облысы.

Жаѕа мектепке – жаѕашыл мўєалім

Дəулет

Оралда екі адамды заңсыз ұстап, оларды ұрып-соққан бес полицей сотталды Павлодарлық Николай Храмов отын үнемдейтін жаңа пеш ойлап тапты

Дода

Футбол. Чемпиондар лигасы. «Боруссия» – финалда! Бұл материалдарды сіздер газеттің www.egemennews.kz сайтынан оқи аласыздар.

Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігінің қолдауымен «Балдəурен» РМҚК РОСО базасында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз»

атты жас педагогтардың І Республикалық байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Жас педагогтардың əлеуметтік мəртебесін жəне шығармашылық əлеуетін арттыру, кəсіби шеберліктерін жетілдірулеріне жағдай жасау мақсатын көздеген байқауға 176 ұстаз қатысып, екінші кезеңде 81 жас педагог сынға түсті. Олардың 15-і ақтық сайысқа қатысып, Білім жəне ғылым министрлігінің нормативтік құжаттары бойынша тест тапсырмаларын орындады. Нəтижесінде «Гран-При» Ақмола облысының өкілі Айнаш Кажкеноваға бұйырды. Сол сияқты, Мөржан Сакимова, Алтынай Құлмағанбетова, Шуақ Нұсқабаев сынды ұстаздар да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Жұлдызай Ердібекова (Қызылорда облысы) бірінші орынды, Ақгүл Сəдуақасова мен Эльдар Шумеков екінші орынды еншіледі. «Егемен-ақпарат». –––––––––––––––––––––––– Суретте: «Балдəурен» РОСО бас директоры М.Төлепбай жеңімпазды марапаттауда.

Безбїйрек аналар балаларын сатуды кəсіпке айналдыруда Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,

«Егемен Қазақстан».

Жұмыр басты пенденің жүйкесін шымырлатқан бұл оқиғаның орын алуының себебі неде? Жаңа ғана өмірге келген нəрестені саудалауға ананы не итермелейді? Бұл əлде қоғамның немесе сол қоғамды құраушы адамның азғындығы ма? Бұрын-соңды елімізде болып көрмеген мұндай кесапаттың себеп-салдары не? Ана сəбиінен неліктен жериді? «Жетісу өңірінің жұртшылығы бұрын-соңды «анасы баласын сатты» дегенді көрмек түгілі, естімепті. Сондықтан көнекөз қариялар құдайдың жаратуымен тоғыз ай құрсағында көтерген қызылшақа баласынан жеріген ананы адам деуге болмайтынын, мұндай бей бақтарды халық алдында жазалау қажеттігін айтуда», деді Алматы облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Гүлнəр Ермекбаева. Талдықорғанда баласын сатуды əуелі астыртын хабарлап, білек сыбана кіріскен безбүйрек ананы құрықтаудың заң нама шеңберінде жүзеге асырылуына басшылық

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728-2) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

АЛМАТЫ.

Таяуда ғана Талдықорғанда Ирина Казлова шешесі Алла Казловамен бірлесіп екі жасар баласы Александр Казловты 30 мың американ долларына бағалап, «Лотос» қонақ үйінде Гүлмира есімді əйелге сату барысында құрықталған еді. Бұл туралы хабарды телеарналар жарыса көрсетіп, елді елең еткізді. Безбүйрек ана келісілген соманың 13900 АҚШ долларын санап алғаны да айтылды.

«Жїзін» жарнамалап жїргендерге кім тоќтау салады? Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ,

институтының доценті Үрімжібай Жетібайұлының «Тоныкөк жайлы деректер жəне Тоныкөк бейнесі», осы институттың доценті Срайыл Ысқақұлының «Қытай таяу заман қазақ əдебиетіндегі нə зиралық дəстүр», доцент Ясын Жұпбаевтың «Таңжарық поэзиясы жəне фольклорлық дəстүр», Үрімжідегі Шыңжаң оқу-ағарту университетінің профессоры Бірлік Нəукенұлының «Қазақ ырымдарының ұрпақ тəрбиесіндегі рөлі», Шыңжаң Ғылым ака демиясының қызметкері, профессор Ясин Құмарұлының «Гри фоннан бөрі тотеміне дейін» тақырыбындағы баяндамалары тың деректерімен, соны тұжы рымдарымен ерекшеленді.

Масқара!

Айтайын дегенім...

Ұстаздық – ұлы ұғым

Ќазаќстанда

Выжая өз баяндамасында көп тілді үнді халықтарының əдебиетіне ағылшын тілінің тигізіп отырған ықпалын əңгіме арқауы етті. Тоғыз секцияда өткен қызу пікір алысулар барысында əртүрлі мемлекеттерден келген түрлі қоғамдық, рухани ортада өмір сүріп жатқан, əртүрлі маман дықтағы ғалымдар бүгінгі дəуірдің өзіндік өзгешеліктері, адамзат қоғамының болашағы жайлы қызғылықты ойлар айтты. «Мəдениеттер тоғысындағы əдебиеттану ғылымы: өткені, бүгіні, келешегі» атты профессор Дандай Ысқақұлы басқарған секцияда қазіргі дəуірдегі ұлттық əдебиет, оның келешегі хақында қазақстандық жəне шетелдік ғалымдар келелі ойлар қозғады. Қытайдан келген Іле педагогикалық

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru А Материалдың жариялану ақысы төленген. Жарнама, хабарландырудың мазмұны мен мəтініне тапсырыс беруші жауапты.

Газет мына қалалардағы: 010000, Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Атырау-Ақпарат» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

жасаған, Алматы облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Таңат Назанов «Алматы облысында адам сату əрекеті, оның ішінде жыныстық қатынасқа пайдалану мақсаты деп те бірінен екіншісі асып түсетін қылмыстық істер бойынша 37 қылмыстың беті ашылды. Талдықорғанда екі жасар баласын сатуға əрекет еткен ана секілді ағымдағы жылдың ақпанында Қарасай ауданы ның тұрғыны 1984 жылғы Алла Викторовна Славянка деген азаматша да тоғыз ай көтеріп, дүниеге əкелген 7 күн дік нəрестесін сату сəтінде əшкереленді. Ол интернет желісі арқылы дені-қарны сау баласын сенімді адамға асырап алуға беретіндігі жөнінде хабарлама берген. Одан арғы жоспары баланы сату болған. Ақпаратты зерделеу барысында безбүйрек əйелдің барлық əрекеті ашылды. Тұтастай алғанда, ақпаратты полицейлер зерттеп, қылмыскерді оқиға орнында ұстады. Оған ҚР ҚК 133-бабымен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде», деді. Алматы облысы.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Жақсыбай САМРАТ.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 4 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. «Егемен Қазақстанда» жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Сілеті к-сі, 30, «ERNUR» Медиа холдингі» ЖШС-те басылды, тел. 99-77-77. Тапсырыс №50 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.