www.egemen.kz
1 наурыз 2014 жыл
МƏЅГІЛІК ЕЛ
5
«Достарымныѕ барлыєы ќазаќ» дейді армян жігіті Давид СУКИАСЯН
Сатыбалды СƏУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бір атаныѕ балаларындай Кеңес Одағы тұсында еліміздің «120 ұлттың лабораториясы» деген қосымша атауы болғаны əмбеге аян. «Көп ұлтты» ауылдар да болды. Қиян алыс, қиыр шет – құм ішіндегі ТүгіскенТоғызкент ауылы (Сарысу ауданы) өзіне сол тұста телінген «интернационалдық» мəртебесіне қазір де шық жуытпай отыр. Грек Савва, түрік Назар, чешен Лем секілді азаматтардың өздері де, ұрпақтары да жергілікті тұрғындармен етене-туыс болып, біржола сіңісіп те кеткен. Олар өткен ғасырдың 90-жылдарында еліміз аумағындағы ұлт шашырандылары тарихи отандарына көш бетін бұрып жатқан тұста да ірге қозғалтпады. Көп жылдар бойы автоклуб меңгерушісі болып қызмет етіп, аудан мəдениетінің дамуына өзіндік үлесін қосқан Владимир Эбель Германиядағы туыстары қанша жерден қолқалап шақырса да ықтияр бермеді, мəңгілік мекенін де осы киелі топырақтан тапты. Туған жер, өскен-өнген ортаға, Отанға деген сүйіспеншіліктің, адалдықтың бұдан асқан мысалы қайда бар! Кіндік кесіп, кір жуып өскен жерді сүю, ұлықтау сезімі ойықтық неміс ағайындардың да бойында жетіп артылады. Олардың да біразы тарихи отандарына көшкен. Андрей, Оскар, Альма бастаған топ тарихи отандарына табан іліктірісімен, бұл жақтағы ауылдастарын ұмытпай, түрлі сəлемдемелерін жылма-жыл жіберіп те тұрды. Ауылдықтарға қолдарындағы барымен қарайласқан түрлері ғой! Сол бір ауыр да қиын кезең көбіміздің есімізде. Андрей,
Альмалардың айтуымен, олардың ұл-қыздары бұрнағы жылы Ойық ауылына (Талас ауданы) келіп, бір кездегі сыныптастарының үйінде біраз күн ерулеп жатты, ауылды, туған үйлерін аралап көріп, мауқын басып, тəуелсіздік жылдарында ауылдың бүтіндей өзгере түскеніне, тұрғындарының бақуаттылығына көңілдері толды. – Сендер бес-он жылда əбден байып алыпсыңдар. Астарыңда бірбір жеңіл көлік! Əр сенбі, жексенбіде көкпар, той! Қандай бақыттысыңдар! – деп сыныптастарының өміріне қызыға-қызыға кетіпті олар. Көп ұзамай олардың екіүшеуінің кері оралғанынан да хабардармыз. Өзге ұлт өкілдерінің, оның ішінде орыс пен немістің еті тірілеу, іскер, техникаға, бірді екі етуге бейім келетіні белгілі. Олардың туған жеріне туын тігіп, ірге қозғалтпай отырғандарының ішінде тұрмысы жүдеулері жоқтың қасында. Эбель қарияның да ұлы Тоғызкенттегі қара шаңырағының түтінін өшірмей, мыңғыртып қой-ешкі өсіріп отыр.
Оның да таңдаған өмірлік серігі қазақтың қаракөз бір аруы. Ол əкесіне ұқсап өнер қумады, бірақ. Нəсібін басқа кəсіптен тапты. Бүгінде ауылдағы № 25 балалар жəне жасөспірімдер спорт мектебінің бас есепшісі. Осындағы орта мектепте оқушыларға қазақ тілі мен əдебиеті пəнінен сабақ беретін жары Айжан Сейдахметова екеуі екі ұл, бір қыз тəрбиелеп өсіріп отыр. Балаларының есімдерін де Рауан, Асылан, Ақерке деп қазақша қойыпты. – Жасым биыл 41-ге қарады. Мен туғанда ауылымызға кезекті гастрольдік сапармен концерт қоюға Сарысудан түлеп ұшқан өнер майталмандарының бірі, танымал биші Байдаулет Сазабеков келе қалады ғой! Соның құрметіне есімімді нағашы атам Байдəулет деп қойыпты. Міне, осылай бір пəсте Байдаулет Владимирович Эбель болдым да шықтым! – дейді ол. Оның бауырлары Геннадий, Роман, Юрий, Мараттар да үйлібаранды, еліміздің түрлі қалаларында өздері таңдаған мамандықтары бойынша еңбек етеді. Қазақшаға судай бəрі де, сөйлеп кетсе, қазақтардың өзін сүріндіреді. Осындайда жуықта «КТК» телеарнасынан қалалық бір орыс келіншегінің қазақшаға тілін сындыру үшін ұл-қыздарын жазғы демалысында ауылдағы таныс
қазақ отбасыларының қолына беріп қоятынын айтып: «Балаларым жаз бойы таныстарымның үйінде болып, қолқанаттыққа жарап, ширап, шыңдалып қана қоймай, ауыл тіршілігімен танысып, қазақ тілінде сөйлеуді де жап-жақсы меңгеріп қалды», дегені ойға орала береді. Шынында да, ауыл біле білгенге ділді, тілді, дінді түзеудегі басты тəрбиеші де ғой! Тоғызкенттегі Алексей Семеновичтің отбасымен де бұдан он-шақты жыл бұрын таныс-біліс болғанмын. – Е, Леханы айтамысың? Ол қазақпен қазақ болып кетті ғой! Қазақтан еш айырмасы жоқ. Жұбайы Лида екеуі тоғыз бала тəрбиелеп өсіріп отыр. Лиданың анасы орыс болғанмен, əкесі қазақ қой. Былайша айтқанда, өзіміздің қызымыз! Мына күйеу бала да, жиендер де қазақша сайрап-ақ тұр! – деп сыр айтты оның құдайы көршісі əрі досы Əбдіхалық Сайлыбаев. Кезінде ауданда рентгенолог маман жеткіліксіз болуы себепті Алексей бұл жаққа арнайы жолдамамен келіп, біржола тұрақтап та қалған екен. Сол күні күн кешкіре мал өрістен қайтарда Леха – Алексейдің тоғыз ұлымен «танысудың» сəті түскен. Тоғыз ұл бірдей далаға өріп шығып, кішкентайлары мая шөптің үстінде, ересектері етекте, «мал көздеп» тұр екен. Малсақтығын қоя
қал енді! Сəлден соң екі-үшеуі жүз қаралы уақ малды алдарына салып айдап келді. – Көршім малды-жанды. Жүзіктің көзінен өткендей пысық өзі, – деп қойды Əбекең риза пейілмен. Бұл бұдан он жыл бұрынғы жай ғой. Бүгінде Əбдіхалық Тараз қаласына, Алексей Жамбыл ауданының Бесағаш ауылына қоныс аударып келген. Бұрынғы көршілер, олардың балалары əлі де етене, жақын-жуық араласады екен. Айтпақшы, Алексей Семенович бес баласымен қаладағы танымал құрылыс мекемесіне жұмысқа тұрыпты. Бірі краншы, екіншісі жүргізуші, үшіншісі құрылысшы дегендей, «Биномның» біраз жүгін отбасы болып иіндерімен көтерісіп жүрген жайлары бар. Өз ісінің жетік мамандары қай салада да қажет қой. Бір ауылдағы түрлі ұлыс өкілдерінің ортақ үй – Отанымызға, ана тілдерін, салт-дəстүрлерін, өнерін сақтап дамытуға жан-жақты жағдай, мүмкіндік жасап отырған мемлекетке деген сүйіспеншілігі, перзенттік борышқа адалдығы, ұл-қыздарының бойына сіңірген тəлім-тəрбиесі, міне, осындай. Бір қараған кісіге, бір атаның балаларындай, өздері. Баймаханбет АХМЕТ, журналист. Жамбыл облысы.
Чупрундардыѕ туєан кїндері таѕєаларлыќ
Александр – 6 шілдеде, зайыбы Марина – 16 желтоќсанда, ал ўлдары Самсон 1 желтоќсанда ґмірге келіпті Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Расында да таңғаларлық жайт. Жас отбасы Александр мен Марина облыс орта лығында тұрады. Алек сандр Чупрун Иннова циялық еуразия университетін бітірген соң, мамандығына сай бұл күндері өндірісте, жіксіз сым құ бырларын шығаратын «KSP Steel» зауытында еңбек етуде. Ал Марина тіс дəрігері болып істейді. Кішкентай Самсон – бір жарым жаста. Екеуінің де əке-шешелері, туған-туыстары ауылда, яғни облыстың Железин ауылындағы, Қалқаман кентінде тұрады. Қазақ еліне тың игеру кезінде келіп, осы жерді
Отаным деп бауыр басып тұрып қалған украин жəне орыс отбасыларының ұл-қыздары. – Өзіміз де, дос-жаран, туғантуыстар да туған күндеріміздің еліміздің ерекше күндерімен қатарлас келгеніне таңғаламыз. Əрине, біз де өзіміздің туған күндеріміздің ерекше болғанына қуанамыз. Еліміздің мемлекеттік мерекелері біздің өмірімізден орын алды. Осы елде, осы жерде, ауылдарда, қазақ ортасында туып-өстік, біз – қазақстандықтармыз, – дейді Марина Егоровна. Енді, міне, Самсон Чупрун да – қазақстандық. Ұлдары бұрнағы жылы елімізде алғаш рет атап өтілген Тұңғыш Президент күні дүниеге келіпті. Елбасының былтырғы
Жолдауында: «Біздің топырағымызда туған кез келген сəби – қазақстандық. Бала тəрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция...», деп ай тыл ғаны белгілі. Олай болса, туған күндері ерекше отбасында дүниеге келген кішкентай Самсон да енді бір-екі жылда еліміздегі жүзеге асырылып жатқан «Балапан» бағ дарламасы аясында балабақшаға баратын, облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде білім алатын, Астанадағы Назарбаев Университетінің студенті атанатын, «Болашақ» бағдарламасы арқылы алыс шетелде оқуын жалғастыратын болар. Жақсы сөз – жарым ырыс. ПАВЛОДАР.
Давидтің арғы түбі ақтөбелік болғанымен, қазір Астанада тұрып жатқандықтан, телефон арқылы əңгімелесуге тура келді. Адамның қандай екені сөзіненақ аңғарылып тұрады емес пе. Алғашқы амандасуы мен сөз саптауынан-ақ ақкөңіл жан екені байқалды. Жүзін көрмесек те койған сауалымызға жайдары жауап берген жас жігіттің тəрбиелі ортада өскеніне көз жеткізгендей болдық. Телефонмен сөйлескенімізге қарамастан əңгімеміз жарасып жүре берді. Бəрінен бұрын сұхбаттасымыздың инабаттылығы мен өте кішіпейілділігі ұнады. «Аузын ашса, көмекейі көрінеді» дейді қазақ мұндайларды. Жастығына қарамастан сөзі сабырлы да ойлы. Давид Сосунович Ақтөбе қаласында туып-өскен. Əкесі Сосо осындағы такси паркінде қарапайым жүргізушіден бас механиктік еңбек жолынан өткен. Анасы Валентина Петросовна мұғалім болған. Қазір екеуі де жеке кəсіпкерлікпен айналысады. Ағасы Артур инновациялық компанияда еңбек етеді. Яғни, олар еңбекпен етене өскен отбасы. – Мен Ақтөбедегі №25 орта мектепті тəмамдадым. Оқуда үздік, тəртіпті болдым, қоғамдық жұмыстарға араластым. Содан кейін Алматы экономика жəне статистика академиясында оқып, бизнес əкімшілігі менеджменті мамандығын алып шықтым. Академияда оқып жүргенде, Қазақстан студенттер Альянсы, Қазақстан жастар Конгресі жұмысына белсене қатыстым. Бұл менің азамат болып қалыптасуыма, өз ойымды еркін білдіруіме ықпал етті, өзіндік тұжырым жасауға үйретті. Ал «Болашақ» бағдарламасымен АҚШ-тың Нью-Йорк университетінде магистратурада оқуыма əкем Сосо себепші болды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теледидардан «Болашақ» бағдарламасы туралы сөзін естіп қалып, мені осы бағдарламаға қатысуға шақырды. Сөйтіп, əкемнің ақыл-кеңесімен «Болашақ» бағдарламасына қатысып, жолдамасына ие болдым. Бұл мен үшін үлкен қуаныш еді. АҚШ-та магистратура бітіріп келіп, қазір Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлерінің ұлттық палатасының орталық аппаратында халықаралық қатынастар департаментінде жоғары категориялы сарапшы болып жұмыс істеп жатырмын. Мен мұны біздің елдегі жастарға деген сенім, олардың өз білім-білігін пайдалы іске қолдануға деген мемлекеттік қолдау деп бағалаймын. Біз осы сенім үдесінен көрінуге міндеттіміз,– дейді Давид Сосунович. Оның Қазақстандағы татулық пен бірлік, өзара ынтымақтастық туралы ойлары да айқын. Осындай бірлігі мығым, берекелі елде тұрып жатқанын мақтаныш тұтады. Ақтөбеде армяндардың үшінші ұрпағы тұрып жатқанын тілге тиек ете келіп, əркез осы достықты қадірлейтінін, татулыққа сызат түспеуін тілейтінін жеткізді. Мен Давидтің осы пікірін жандандырғым келіп, қазақша білесіз бе? – деп сұрадым. Қазақ тілінде ауызекі сөйлей аламын, жалпы жақсы түсінемін, деген жауабын естіп риза болып қалдым. Сөйтсе, ол кішкентайында қазақ балабақшасына барыпты. Оның достарымның барлығы дерлік қазақтар дегенін естіп, «жақсыда жаттық жоқ» екенін жадымда жаңғырттым. Қазақшасы тым-тəуір Давид армян, ағылшын жəне орыс тіліндерінде ойын жатық жеткізе алатын болып шықты. – Мен Қазақстанда тұратындар қазақ тілін білуі міндетті деп ойлаймын. Рас, кеңестік тəрбиені көрген аға ұрпаққа қазақша үйрену қиынға соғар. Қазіргі жастар жағы мемлекеттік тілді меңгеруге талпынуы керек. Ол үшін қазақ тілін оқытып-үйретуге басымдылық берілуі тиіс. Қазақ тілін оқыту бағдарламаларының сағатын көбейту қажет, озық технологияларды пайдалану керек. Бұл бір жағынан мемлекет құраушы ұлт – қазақтарға құрмет болса, екінші жағынан өмірлік қажеттілік деп түсіну керек, – дейді ол. Əркім өз елінің патриоты болуы тиіс деп есептейді Давид. Өзің туып-өскен елге деген сүйіспеншілігің сенің оның даму мен өркендеуіне қосқан перзенттік парызыңды қалай орындағаныңмен өлшенсе керек. Шетелде оқып, сол жақта жайлы жер іздеп қалғандарды түсінбейтінін айтады. Оқытып-тоқытып, өсіріп, Қазақстанның ертеңіне қызмет етеді деген сеніммен шетелге жіберген еліне оралмау үш ұйықтаса түсіне кірмейтін ой көрінеді. «Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» демей ме қазақ. Маған да шетелде қалуға ұсыныстар түсті. Алайда, өзім туыпөскен Қазақстанымды, қазақ достарымды ойладым, осындағы барша халықты біріктіріп отырған достық пен татулықты қимадым», дейді ол. «Тілі басқа болғанмен, тілегі бір» Давид уақытының тығыздығына қарамастан, бізбен біршама ұзақ əңгімелесті. Əңгімелескенде ақжарыла сыр бөлісті деуге болады. Туған жері Ақтөбеге деген сағынышын да жасырмады. «Əркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген осы-ау. Ақтөбе облысы.