25.01.2013

Page 4

4 Міне, жыл басынан елімізде зейнетақы мен жəрдемақы 9 пайызға өсіп, ақшалары аз əлеуметтік топқа бұл біршама көмек болып қалды. Дегенмен, тұрғындар дəрі-дəрмек, азық-түлік жағы тағы да біраз қымбаттап кете ме, жоқ па соны ойлауда. Семейде негізгі азық-түлік өнімдеріне баға бірқалыпты. Бұлардың барлығы да тұрақтандыру қорының жақсы жұмыс істеуінің нəтижесінде. Халық үшін аса маңызды əлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсіп кетпеуін

www.egemen.kz

ұн, дəнді дақылдар, ет, сүт өнімдеріне бағаның сəл көтерілуі желтоқсан айында байқалған. Бірақ бұл маусымдық өзгеріс, дейді кəсіпкерлік бө лімі. Қалалық мəслихат депутаттары Қ.Мусин, Х.Ангаев, А.Арғынбекова, С.Родионовтар мəслихат хатшысы Ж. Елубаевпен бірге қаладағы бірқатар сауда орындарын аралап, «Ертіс СПК» ҰК» АҚ-тың тұрақтандыру қорының азық-түлік пен

Азыќ-тїлік баєасы тўраќтандырылуда

қамтамасыз ету үшін, əсіресе, маусымдық ауысу кездерінде барлық жағдай жасалуда. Мəсе лен, көктем, жаз бойы көкөніс, картоп өнімдері пісіп, арзан бағаға саудаланғанмен, қыс мезгілінде бұл өнімдер біздің өңірде өспейтіндіктен бағасы да шарықтап кетуі əбден мүмкін. Қалалық кəсіпкерлік бө лімі қызметкерлерінің айтуынша, тұрақтандыру қорының өнімдерінің сапасын əрі бағасын үнемі қадағалап отыру үшін арнайы комиссия сауда орындарындағы бағаларға мониторинг жүргізіп отырады. Жеке кəсіпкерлер мен əкімдік арасындағы меморандумға сəйкес, барлық жерде саудалық үсте мақы 10 пайыз ғана. Қалада тұрақтандыру қорының өнімдерін өткізумен жиырмашақты сауда орындары мен «Шығыс Самғау» ЖШС-інің жеті жылжымалы автокөлігі айналысады. Тек қалада ғана емес, қала маңындағы Шүлбі, Шаған, Знаменка, Озерка, Достық, Жиеналы округтерінде де арнайы дүкендер жұмыс істеп тұр. Семей қаласының статистика басқармасының мəліметінше,

Кəсіпкерлер жобасы ќолдау табады Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Атырау облысының əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов өңір кəсіпкерлерімен кездесіп, тың жобаларға қолдау көрсетілетінін мəлім етті. Облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасына жиырмадан астам жаңа жобалар ұсынылып отыр. Олардың арасында индустриялық, ауыл шаруашылығы, шағын жəне орта кəсіпкерлік жобалары бар. Сонымен қатар, баламалы қуат көздерін өндіруге де талпыныс жасайтын жобалар назар аударарлық. Мəселен, «Келешек» ƏКК-нің басқарушы төрағасы Бейбіт Бисекеш Атырау өңірінен ешкі сүтін өндіретін өндіріс ашуды көздейді. Тəулігіне үш тонна сүт, балалар сүті мен йогурт, қаймақ өндіруді жоспарлап отырған өндірістің жобасы жүзеге асырылуға толығымен дайын. – Қажетті құрал-жабдықтарды Германиядан алуды көздеп отырмыз. Еуропадан əкелінетін ешкілер Атыраудың табиғатына төзімді болады, – деп сендіреді Б.Бисекеш. Кəсіпкер Данияр Сүлейменовтің спорт-сауықтыру кешені жобасы да қолдауға ие болды. Бұл кешеннің ерекшелігі, мұнда картинг мектебін ашып, жасөспірімдерді халықаралық деңгейдегі турнирлерге тəрбиелеу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, əлеуметтік нысандармен қатар, ауыл шаруашылығы саласын дамытатын бірнеше жоба ұсынылды. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу, алкогольсіз сусындар шығару өндірістерінің жобалары қызығушылық тудырады. – Кəсіпкерлер ұсынған жобалардың барлығы да маңызды. Солардың ішінен облыс экономикасын өркендетуге қажет деп танылған жобалардың кедергісіз жүзеге асуына жан-жақты қолдау көрсететін боламыз, – деді облыс əкімі Б.Ізмұхамбетов. Атырау облысы.

көкөністерінің бағасын тексерді. Аралау барысында депутаттар атқарушы билік орындарының бағаны тұрақтандыру үшін атқарып отырған шаруаларына ризашылықтарын білдірді. Мəселен, картоп, сəбіз, орамжапырақ, қызылша килосына 57 теңгеден, ал өсімдік майы – 250 теңге, ұн – 51 теңге, нан 45-48 теңгеден саудалануда. Депутаттар қарапайым халықпен əңгімелескенде олар осындай сауда орындары қалада көбейе берсе екен деген тілектерін айтты. Сондай-ақ, депутаттар қала маңындағы Суықбастау кентіндегі Сары базарына да атбасын бұрды. Қаладағы Сары, «Турист» қонақ үйі базарында əр сенбі, жексенбі күндері халыққа тиімді бағамен ет жəне сүт өнімдері саудаланып жатады. Бұл жолы өз өнімдерін облыстың Бородулиха аудандары əкелген екен. Сиыр еті 900-1000 теңгеден, қой еті 900 теңге жəне бал, өсімдік майлары да арзан бағада саудалануда. Бұл жерде «Ертіс» СПК-ның да тұрақтандыру қорынан азықтүліктер саудаға шығарылыпты. Мəселен, қант килосы 150 теңге,

25 қаңтар 2013 жыл

ҮКІМЕТ ал 50 килолық қабы 7500 теңгеден босатылды. Өсімдік майының литрі 250 теңгеге шығарылған. Сондай-ақ, алдағы уақытта ауыл шаруашылығы жəне ветеринария бөлімімен сүт, жұмыртқа құс етіне деген бағаны да тұрақтандыру жұмыстары бірлесе атқарылмақ. Бұл ең алдымен өз қаламыздағы отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін қолға алынған шаруа. Өз өнімдеріміз арзан бағада саудаланса, халық америкалық құс еттері мен ресейлік қымбат жұмыртқалардан əрине, бас тартары анық. Қала халқының өмірін жеңілдетеміз деген мақсат алға қойылғанмен электр энергиясы, су жəне тағы да басқа төлемдердің ақысы біраз көтеріліп, бұл кəсіпкерлердің өнімдеріне де əсерін тигізуде. Семейдегі денсаулық сақтау бөлімінің мамандары айтқандай, жыл басынан бері дəрі-дəрмекке баға көтерілген жоқ. Себебі, 2012 жылы фармкомпаниялар мен əкімдік арасында іскерлік байланысқа орай келісім жасалған. Соған орай тіпті 200-ге жуық дəрі түрлері арзандатылған бағамен босатылуда. Биыл да осындай меморандум болады деп күтілуде. Денсаулық сақтау бөлімінің маманы Р.Кауменбаеваның айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 2013 жылға арналған адам өмірі үшін аса маңызды дəрілерге жаңа тендер өткізбек. Əзірше маңызды дəрілерді фармацевтикалық компаниялар қосымша келісім арқылы беретін болады. Денсаулығына байланысты тіркеуде тұрған сырқаттар үшін жеңілдікпен немесе тегін берілетін дəрілер дəріханаларға жаңадан дəрілер түсісімен ілініп қойылады. Қалалық ветеринария жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Шаған Жұмақсановтың айтуынша, биыл шаруашылықтар Семей өңірі бойынша 35 950 тон на көкөніс түрін жинаған. Бұл өнім тіпті мамыр айының соңы на дейін молынан жетеді. Жиналған өнімдер арнайы көкөніс қоймасында сақталуда. «Приречное Агрофирмасы» ЖШС-де жаңадан салынған өте қолайлы қоймалар өнімнің жақсы сақта луына кепілдік береді. Биыл көктемгі егіс жұмыстары аяқталысымен серіктестік арнайы тоңазытқыштармен жабдықталған қойма салуды қолға алмақшы. Бұл қоймада өнімдер күннің ыстығында да сақталынатын болады. Раушан НҰҒМАНБЕКОВА. Сурет автордікі. СЕМЕЙ.

Жуырда Ауыл шаруашылығы министрлігінде биылғы жылдың көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге дайындық барысы жөнінде селекторлық кеңес өтті.

Кґктемгі дала жўмыстарына əзірлік ќандай? Аймақтардан алдын ала беріл ген деректер бойынша осы жылы ауылшаруашылық дақылдарын 21,3 млн. гектар жерге орналастыру жоспарланса, бұл өткен жылдың деңгейінен 1%ға төмен. Көктемгі егін себу жұмыстары 18,5 млн. га алқапта жүргізілмек. Дəнді дақылдар шамамен 15,9 млн. га алқапта орналастырылмақ, оның ішінде бидай егістігінің көлемі 13,1 млн. га болғалы отыр. Бидай алқабы 2012 жылдың деңгейінен 329 мың гектарға (2%) қысқартылады деп күтілуде. Сондай-ақ күріш – 6,0 мың га (7%), жүгері алқаптарын бидай егістігі үшін кеңейту 5 мың га жəне басқа да дəнді дақылдар – 22 мың га. 2013 жылы майлы дақылдарды – 1,8 миллион, мақтаны –148 мың гектар аймаққа, көкөніс жəне бақша дақылдары мен картоп – 393 мың га, азықтық дақылдарды 3,0 млн. га жерге орналастыру жоспарланыпты. Өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялауға 31,4 млрд. теңге бағытталмақ. Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстардың əкімдіктерімен

АШТӨ үшін көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуде дизель отынына қажеттілік шамамен 360 мың тоннаны құрап отырғанын анықтаған. Министрлік 2013 жылы көктемгі егіс жұмыстарын өткізуге АШТӨ үшін дизель отынының литрін 81 теңге көлемінде ұсынып отыр. Бұл өткен жылдың күзгі уақытындағы дизель отынының бағасына сай. Үстіміздегі жылы алғаш рет тек отандық қана емес, соған қоса шетелдік өндірістегі гербицидтер де субсидияланбақ. Бұдан басқа, гербицидтер мен тыңайтқыштарды субсидиялау механизмінің өзгертілуі қарастырылуда. Аграршыларға арзандатылған бағамен отандық зауыттардан сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. Бұл ретте субсидияны зауыт алады. Ал жаңа механизм бойынша субсидия соңғы тұтынушыға, яғни еркін рынокта, шетелдік жəне отандық өндірістегі гербицидтер мен тыңайтқыштарды сатып алатын ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне беріледі. «Егемен-ақпарат».

ҮКІМЕТ

Краншы келіншек Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

ENRC корпорациясының құрамындағы «Казхром» ТҰК филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытында кран машинисі мамандығын меңгерген 121 ару қыз-келіншек еңбек етеді. Олар ер адамдармен қалыспай өндіріс ауыртпалығын көтеріп келеді. Сол арулардың бірі – №2 балқыту цехының кран машинисі Флюра Қайрақбаева. Қазіргі техника мен технология дамыған заманда қыз-келіншектер араласпайтын сала жоқ. Əйтсе де өндірістегі кран машинисі мамандығының өзіндік ерекшелігі де, қиындығы да бар. Ерлермен иық теңестіріп, жұмысы бір саябырламайтын ыстық балқыту цехында еңбек ету де қажырлылықты, шеберлікті, өз кəсібіне берілгендікті қалайтыны сөзсіз. Ол – жоғары дəрежелі өз ісін жетік меңгерген маман. Осы салада отыз жыл еңбек ететін оның мол іс-тəжірибесі, табысты еңбек көрсеткіші əріптестеріне үлгі, ұжымына мақтаныш. Иə, 30 жыл бойы күн-түн демей, кейде таңмен таласа келіп, ымырт үйірілгенге дейін, кейде таң атқанша қарбалас ауысыммен жұмыс істеу айтуға ғана оңай. Дегенмен, биіктен кранның терезесінен балқытылған металға қызыға қарау Флюраны тың табыстарға, алғы күндерге жетелей түседі. Қарайды да, əлемдік хром бəсекесінде жетекші орны бар кəсіпорындағы шығып жатқан

Ақмола облысында «Даму» қорының бастамасымен жəне «Казкоммерцбанктің» «Құс жолы» корпоративтік демеушілік қорының қолдауымен ұйымдастырылған мүгедек кəсіпкерлер арасындағы «Жұлдыздарға қара» конкурстық бизнес жобалар байқауының екінші кезеңі қорытындыланды.

Жарќырайды «Жўлдыздар» Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Мүмкіндігі шектеулі жандардың тартымды бизнес-идеяларын қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы олардың материалдық жағдайын көтеруді мақсат ететін жоба 2005 жылдан бері іске асырылып жатса, былтыр əріптестер қатарына «Даму» қорының қосылуы аталған қозғалысқа өзіндік серпін əкелгенін айту керек. «Даму-Көмек» бағдарламасының сараптауы бойынша, Ақмола облысының кəсіпкерлікті жаңа бастаған 11 тұрғынының əрқайсысы 100 мың теңгелік арнайы грантқа ие болды. – Екі аяғымнан бірдей айырылған маған өмір сүруге қайтадан машықтануға тура келді, – дейді І топтағы мүгедек Александр Авдейко. – Өзімнің атам мен əкемнен ағаш ұсталығы кəсібін үйренгенім көп септігін тигізуде. Алғашында көршілерімнің үстел-орындықтарын, есік-терезелерін жөндеумен айналыстым, қазір одан да зор тапсырыстар түсуде. Байқауды ұйымдастырушылардың өзі маған кездесіп, жігерімді қайрағанына, бизнесжобама қызығушылық танытқанына алғысымды айтамын. Енді грант қаржысына тиісті құралжабдықтар сатып алуыма мүмкіндік туды. Грант иегері, Атбасар қаласының тұрғыны Антонина Суворкинаның қуанышы да шексіз. Ол 2006 жылдан бері екі сиырының өнімін талшық етіп келеді. Іргедегі базарда тұрақты сатып алушылары көп. Бұдан былай «Даму» қорымен байланысын жандандырмақ. Ол алдағы уақытта мал басын көбейтіп, өнеркəсіптік тоңазытқыш, тетрапакеттер сатып алуды жоспарлап отырғанын айтады. Ақмола облысы.

металдың құрамында кішкентай болса да өз үлесі бар екенін ойлап бойын мақтаныш сезімі билейді. Елінің экономикалық нығаюына қызмет етіп жатқан өндіріс орнында еңбек етудің лəззатына бөленеді. Краншы келіншек жұмыс барысында техника қауіпсіздігін қатаң сақтай отырып, берілген тапсырманы орындау кезінде келеңсіз оқиғалар орын алмауына ден қояды. Өйткені, тəжірибе мол, ынта-жігер, жауапкершілік басым. №2 балқыту цехында балқытылған металды ыдыстарға құю, тиеу сияқты күрделі əрі жауапты жұмыстардың

басы-қасында жүру оны ылғи да жинақылыққа, ұқыптылыққа тəрбиеледі. – Өндірістегі кран машинисі мамандығын меңгерген арулардың басты тілегі – өзіңе де, өзгеге де залалыңды тигізбей, алаңсыз, жазатайым оқиғасыз еңбек ету. Осы зауытқа келуіме себепкер болған құрбым Айман Дəрібаеваға алғысым шексіз. Құрбым болмағанда осындай алып зауытта кран машинисі болып еңбек етпес пе едім, кім білсін! Сондай-ақ өзіме тəлімгер болған Айжан Келібаева сияқты кəсібіне зор жауапкершілікпен қарайтын, өз ісінің хас шебері атанған краншы апайдан үйренгенім көп. Менің қалап алған мамандығым салғырттықты, немқұрайлылықты кешірмейді. Сондықтан да ұдайы жинақы жүруге, еңбек жəне өндіріс тəртібін қатаң сақтауға дағдыланғанмын, – дейді ол. Озат жұмысшының əрдайым еңбегі елеулі. Краншы келіншек «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, III дəрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері атанды. Жақында оған зауытта ұзақ жылғы еңбегі ескеріліп, кəсіпорынның салған тұрғын үйінен жаңа пəтердің кілті тапсырылды. Ұжымдағы жас мамандардың ақылшы ұстазтəлімгері. Отбасы жылуының, берекелі тіршіліктің ұйытқысы болып, өмірлік жары Сəбит екеуі ұлдары Арман, Даниярға жақсы тəлім-тəрбие берді. Ана ретінде отбасының жағдайын жасап, бала тəрбиелеумен қатар өндірісте өз ісінің білікті маманы атанған Флюра Қайрақбаева əлі талай еңбек белестерін бағындырып, зауыттың өсіп-өркендеуіне еселі еңбегімен үлес қоса беретініне сенім мол. Ақтөбе облысы.

Жаѕа пəтерлер кґбеюде Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Аудан орталығы Железинка ауылында 16 пəтерлі екі қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл үй «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынды. Сөйтіп, жаңа пəтерлерге жас отбасылары, еңбек ардагерлері мен мемлекеттік қызметшілер қоныстанды. Құрылыс жұмыстарын жергілікті жердегі «СтройПроект» фирмасы жүргізді. Жалпы, аудан орталығындағы 350 пəтер тұрғындары қаладағыдай өмір сүруде. Аудан орталықтандырылған жылу жəне су құбырларымен қамтылуы жағынан өзгелерге үлгі. Жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша Абай жəне Пушкин көшелерінің бойындағы көп пəтерлі үйлер жөнделіпті. Аудандық мəдениет үйінде неміс, татар, башқұрт жəне славян этно-мəдени бірлестіктерінің филиалдары қызмет жасайды. Лесной жəне Веселая Роща ауылдарында грек, беларус этно-мəдени бірлестіктері бар. Жаңа пəтер алғандар-

дың бірі – Əлібек Əбілқасов. Аудандық ішкі істер бөлімінде қызмет атқаратын Əлібек бұл күнді жылдар бойы күткенін айтады. Ал, Анастасия Лещенконың айтуынша, бөлмелер кең əрі жылы. Тіпті, подъезге де жылу құрылғылары орнатылыпты. Аулада балаларға арналған ойын алаңы бар. Қыздарым Ксения мен Ангелина үшін де қуаныштымын, дейді Анастасия. Пəтер кілттерін Нұрышев Жамалиден, Иманқұл Шамен, Бекбатырова Альфия,

Дүйсенов Рустам, Жакин Асхат жəне басқа да отбасылары алды. Бəрі де жайлы, ыстық су, орталықтанған жылуы бар үйден пəтер алғандарына қуанышты. Ресеймен шекаралас орналасқан аудан орталығы жарқырап, жаңарып келеді. Бұдан бұрын да жаңа мектеп, жаңа аурухана, балабақша салынды. Биыл жаңа монша кешені, кондитерлік цех іске қосылды. Павлодар облысы, Железинка ауданы.

Инновациялыќ жобалар тізіміне енді Өмір ЕСҚАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Өңірде үй құрылысы комбинаты салынатын болды. Инновациялық жобаға шетелдік инвесторлар тартылып, қаржы салуға келісім берді. «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы жүзеге асырылғалы жергілікті жерлерде де ілгерілеулерді байқау қиын емес. Алайда, құрылыс ісінің қарыштап дамып, тезірек өркен жаюына кедергілер кездеспей қоймайды. Əсіресе, аса қажетті құрылыс материалдары сырттан тасымалданатындықтан, өнімнің өзіндік құны тым қымбатқа соғып жатады. Енді осындай мəжбүрлік, тəуелділіктен арылудың жолы табылған сыңайлы. Германияның «Ликон» компаниясының ұсынысы құрылысшыларды елең еткізсе, жас отбасылар қуанышқа бөленді. Десек те, тұрғындар көңілінде сенімнен де күдік басым еді. Осы мəселе бойынша облысқа арнайы келген германиялық фирманың президенті Виктор Лихтнер үй құрылысы комбинатын қаржыландыруды өз міндеттеріне алатынын мəлімдеді. Үй құрылысына қажетті материалдарды бір жерден кешенді түрде өндірудің артықшылықтарын айта келіп, тек жер телімдерін бөліп беруді өтінді. Оның əр сөзінен неміс халқына тəн іскерлік, шаруақорлық сезіліп тұрды. Аталмыш компания əлемдік рынок қатынасында жарты ғасырдан

астам табысты жұмыс істеп келе жатқан, құрамында машина жасау кəсіпорындары, үй құрылысы комбинаттары бар ірі холдингтің жетекші буыны болып саналады. 1999 жылдан бері ТМД аумағында тығыз əріптестік қарым-қатынас орнатып, ондаған жобаларды өмірге енгізген. Петропавлда бой көтеретін үй құрылысы комбинатының бизнес-жоспарын əзірлеуге білікті мамандар қатыстырылып, 25 миллион АҚШ доллар инвестиция құйылатын болыпты. – Комбинат үй құрылысымен қатар ауыл шаруашылығы нысандары құрылысына да қажетті материалдар шығарып, қайтадан қалпына келтіру жұмыстарымен де айналысатын болады. Тайландта жұмыс істейтін кəсіпорын айына 500-ге жуық панелді коттежд құрастыра алатын зор əлеуетке ие,–деді компанияның Ресей жəне ТМД елдері бойынша өкілі Александр Обыденик тұсаукесерде. Бүгінде арнайы комиссияның ұйғарымымен қаланың шеткері аумағынан 10 гектар жер телімі бөлініп, су, жылу көздерін, кəріз құбырларын тарту шаралары жүйеленді. Комбинаттың құрылысын ерте көктемнен бастап, бір жылдың ішінде аяқтау көзделіп отыр. Солтүстік Қазақстан облысы.

Орталыќ мемлекеттік органдардыѕ интернет-сайттары:

2

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ішкі істер министрлігі Қорғаныс министрлігі Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Білім және ғылым министрлігі Сыртқы істер министрлігі Денсаулық сақтау министрлігі Көлік және коммуникация министрлігі

www.government.kz www.mvd.kz www.mod.kz www.eco.gov.kz www.edu.gov.kz www.mfa.kz www.mz.gov.kz www.mtk.gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қаржы министрлігі Әділет министрлігі Төтенше жағдайлар министрлігі Мәдениет және ақпарат министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігі Экономикалық даму және сауда министрлігі

www.enbek.gov.kz www.minfin.kz www.minjust.kz www.emer.kz www.mk.gov.kz www.minagri.kz www.minplan.kz

Мұнай және газ министрлігі Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Статистика агенттігі Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

www.memr.gov.kz

wwww.mit.kz www.stat.kz www.mts.gov.kz


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.