№3 (40)

Page 20

20

БІЛІМДІ ЕЛ ОБРАЗОВАННАЯ СТРАНА Читайте нас на сайте www.bilimdinews.kz

№3(40) 9 февраля 2016 г.

bilimdi_el@mail.ru

Ж.ЖАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА - 170 ЖЫЛ

Жамбыл – заманының ұлы ақыны Әсем МҰСТАХМЕТОВА, Қазақ МемҚызПУ Ғылыми кітапхана қызметкері

Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең-сөздің дүлдүлі, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толу мерейлі тойы елімізде атап өтілмек. Жамбыл Жабаев халықтың мұң-мүддесін қорғаған, қазақ халқының болашағын армандаған Абай, Махамбет, Шернияз, Сүйінбай секілді ақындар мектебінің ірі өкілінің бірі. Қазақ халқының ақындық өнерінің даму тарихында Жамбыл Жабаевтың алатын орны айрықша зор. Туған жері – Жамбыл тауының етегі. 1846 жылы 28 ақпанда дүниеге келген. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбыл Жабаев 13 жасынан бастап домбырасын қолға алып өлең айтқан. Ауыл-ауылды аралап, өзі тұстас біраз ақындардың аяқ алысын байқап, олармен өлең-жыр жарыстырып сынға түскен. 14-15 жасында Сүйінбай ауылына келіп, одан бата алған. Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді. Жамбыл Жабаев өзіне дейін өмір сүрген атақты жыраулардың, өзімен қатарлас ақындар мен жыршылардың бай мұрасын, халық поэзиясын толық меңгеріп, шығармашылығына тұғыр еткен. Май-

«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» Сәкен Сейфуллин лықожа, Досқожа, Нысанбай, Асан қайғы, Бұқар жырау, Сүйінбай және т. б. ақындарды үлгі тұтқан. Жиырма жасында-ақ ел арасына нағыз ақын ретінде танылады. Жамбыл атамыз сол кездерде Шықай, Жаныс, Омар, Айкүміс, Бұрым, Құлманбет және көптеген ақындармен айтысып жеңіске жетеді. Ол қырғыз еліне бірнеше рет барып, неше түрлі өнерпаздарымен, ақындарымен сұхбаттасқан, тұрмыс-тіршілігімен танысқан. Қырғыздың ақыны Тоқтағұлмен айтысып, олардың арасы достыққа ұласады. Жамбыл атамыз жас шағында өлең шығарып, ән-жыр айтумен шектелмей домбырамен күй тартып, қобыз тартқан. Нағашысы Қанадан күйді жақсы тартатын кісі болған, сол кісіден біраз күй үйренген. Нағашысы Жамбылға батасын берген. «Қалипа-Қалыш» күйін жиі тартқан. Елуге тарта күй білген және солардың бәрін шебер орындаған деседі. Жамбыл өмір шындығының жалынды жыршысы болған. Өлеңдерінің әлеуметтік сарыны, қоғамдық мазмұны – күннің шуағындай қуанышты, кей өлеңдері қайғылы да қасіретті еді. Шындықты айтып, замана болмысын жасырмай суреттеді. Мысалы: «Менің өмірім», «Шағым», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық», «Жылқышы» өлеңдері. Сонымен қатар «Өтеген батыр» және «Сұраншы батыр» деген дастандары бар. Қазан төңкерісі, социалистік дәуір

Жамбыл поэзиясына жаңа сыр, жаңа идея қосты. Ол 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің онкүндігіне қатысты. Осы сапарында Мәскеу қаласын аралап, үкімет басшыларын көргенде, соларға арнап бірнеше жырлар шығарды. Мысалы: «Қаһарман халық достығы», «Москва менің қамалым» және т. б. 1938 жылы мамыр айында ақын еңбегін аса қадірлеген Кеңес өкіметі Жамбылдың шығармашылық қызметіне 75 жыл толу мерекесіне орай, Ленин орденімен наградтады. Бұл мерекеге Отанымыздың шет елдегі достары да, белгілі ақын, жазушылары да құттықтауларын жолдады. Жамбыл Жабаевтың 91 жасқа толуына байланысты, ақынды Одақтық үкімет Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. Ақын «Туған елім», «Менің өмірім» атты толғауларын жазып шығарды. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, «Правда» газетіне басылып шықты. Ұлы Отан соғысы басталғанда Жамбыл атамыз 95 жаста еді. Соғыс жылдарында шығарған өлеңдері: «Екі дүние айқасты», «Аттан, батыр ұрпағым», «Совет гвардеецтеріне», «Ленинградтық өрендерім». Ақынның жыр-өлеңдері майдандағы жауынгерлердің жүрегіне жетіп, жігерін қайрады. Сұрапыл соғыста қайтыс болған ұлы Алғадайға арнап шығарған өлеңі: «Алғадай туралы әрбір ой». Жамбыл Жабаев қай кезде болмасын халықтың ең басты арманын жыр-

лап өтті. Ол жеңіс тойынан кейін ұзақ жасамады: 1945 жылы маусым айының 15-і күні сырқаттанып, ауылынан Алматыға қазіргі Министрлер Советінің ауруханасына түсіп, 22 маусым күні дүниемен біржола қоштасты. Көзі тірісінде аңызға айналған қазақ жырының дарабозы, ғасырға жуық ғұмыр кешті. Қазақ мәдениетіне, әдебиетіне өлшеусіз мұра, сарқылмас қазына қалдырды. Ұлы ақын өмірден өткенімен, оның бай мұрасы халық жүрегімен бірге мәңгі жасайды. Жамбыл жырлары тек қазақ халқының ғана емес, дүние жүзіндегі барлық елдердің рухани асыл қазынасына айналды. Бүгінгі таңда біздің кітапханада Жамбыл Жабаевтың кітаптары және ақын туралы жазылған еңбектер бар. Мысалы: «Жамбыл Жабаев творчествосы» (1989 жылы), Е.Ысмайыловтың «Жамбыл және халық ақындары» (1996 жылы), Ж.Шаштайұлының «Жыр-жолбарыс» (1996 жылы), Я.Амандықовтың «Жамбыл өнер әлемінде» (1998 жылы), Жамбыл «Туған елім» (2006 жылы), Е.Сыздықовтың «Жамбыл» (2015 жылы) және т. б. кітаптары жарық көрген. «Жамбыл – менің жай атым», – деп ұлы ақын тегін айтпаған. Бұл сөзде үлкен данышпандық ой бар. Шынында да, Жамбыл атамыздың жырларында қазақ халқының тарихы, ерлігі баяндалады. Жырлары, өлеңдері бүгінгі жастарға үлкен өнеге, жас ұрпаққа қалдырған мәңгілік мұра.

ӘДІС

Білім берудегі диалогтік оқытудың маңызы Сапалы білім беруде түрлі оқыту әдістерінің рөлі маңызды. Солардың ішінен диaлогтiк оқыту әдici cөз өнeрiнiң қыр-cырымeн тaныcтырa отырып, eркiн cөйлeй бiлугe дaғдылaндырады. Диалогтік оқытуда негізге алынатын міндеттер – оқушылaрды cындaрлы cөйлeугe ынтaлaндыру; оқушылaрдың бiлiм дeңгeйiн көтeру; пiкiрлeрiн еркін ортаға сала алуғa, оны қорғaй алуғa мүмкiндiк бeру; оқушылaрды caбaқтaғы ic-әрeкeткe сын-пікір бере алуларына үйрeту. Сыныптағы диалогтің маңыздылығы топтық, жұптық жұмыстарында айқын көрініс табады. Сабақта диалогті қолдану арқылы балалардың білім алу сапасын арттыруда әсерінің зор екенін байқадық. Әңгімелесу түрлерінің беретін нәтижесіне көңіл бөлсек, диалогтік оқытуды үнемі жүзеге асыра отыра зерттеушілік әңгіме арқылы да жақсы нәтижеге жетуге болады. Диалогтік оқыту өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бір-

сарынды сынып сабағындағы үндемес оқушылар диалог кезінде өте белсенді болады. Өйткені, ол тең құқыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдынғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып пікірін, ойын дұрыс айта біледі. Сабақ барысында бірлесіп оқуда оқушының сыни ойлауы қалыптасып, ынтымақтастыққа төселгендері көрінеді, тақырыпты өз беттерінше мүмкіндіктеріне қарай меңгереді, сахналауда жауапкершілікті сезінеді, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтары дамиды, сөйлеу мәдениеттері, мәнерлері қалыптасады. Оқушылар өзіндік ой-пікірлерін ортаға салу арқылы жүйелі, нақты және еркін дәлелді жауап беруге дағдыланады. Әрине әр сабақ кезеңінде мұғалім диалог жүргізу арқылы сабақ үдерісін қадағалауы тиіс. Тіл – бірден-бір қарым-қатынас құралы. Бұл орайда, диалогті қолдану арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасқа түсе отырып сабаққа қызығушылықтары мен белсенділіктерінің артатынын байқауға болады. Бұл кезеңде дарынды оқушы да үнсіз оқушыны жетелейді. Себебі, тіл мен әдебиетте тіл не сөз өнерінің орны маңызды. Оқушылардың ойлау деңгейлері әр түрлі болғандықтан, әрқайсысы түрлі

идеялар айтады. Бір-бірінің пікірлеріне сыни көзқарастарын таныта отырып, алынған ақпаратқа, жасаған жұмыстарына баға бере алады. Сонымен бірге, өз пікірін ортаға салғысы келетін оқушы белсенділік таныта негізгі ойын жеткізуге ұмтылып өзара пікіралысу барысында жіберілген қателерді елеусіз түзетуге мүмкіндік алады, яғни caбaқ үcтiндe оқушылaрдың пiкiр aлмacып, cөйлeу дaғдыcын дaмытa отырып, нaқты жәнe тeрeң бiлiм aлуғa жaғдaй туғызaды. Тaқырыпқa cәйкec пыcықтaуғa, тaқырыптaн туындaғaн cұрaқтaрғa бaйлaныcты ойлaрын нaқты жинaп, өзiндiк пiкiр болуын бaғдaрлaп, cол пiкiрiн aшық aйтa aлуғa, дұрыc жaуaп бeругe, дәлeлдi cөйлeй бiлугe нeгiздeйдi. Диaлогтiк оқыту әдici логикaлық жүйeнi caқтaй aлуғa, зeйiн қойып қaбылдaй бiлугe бeйiмдeйдi. Оқушылaрдың қaбiлeттeрiнe, қaжeттiлiктeрiнe қaрaй бeйiмдeп, cонымeн қaтaр, жac eрeкшeлiктeрi ecкeрiлiп диaлогтiк жұмыc жacaғaн кeздe әр оқушы өзiн eркiн ceзiнiп, өз ойын бөлice aлaды. Әринe, жaлпы cынып оқушылaрының бойындa бiрдeн өзгeрic болуы мүмкiн eмec. Жазылым дағдысы арқылы диaлогтiк жұмыcты ұйымдacтыра шығармашылық қабілеттерін де дамыта аламыз. Сонымен

қатар, оқушылaрдың тaқырыпты өмiрмeн бaйлaныcтыра қалам ұштауына мүмкiндiк туғызaды. Диалогтік әдісті қолдануда оқушылaрдың пәндi оқуғa қызығушылықтaрының aртуына, бiр-бiрiнiң aрacындa доcтық қaрымқaтынac орнaта алуларына, кейбірінің ұялшaқтықтaн aрылып өз пiкiрлeрiн ортaғa caла eркiн cөйлeй бacтaуларына септігін тигізеді. Диaлогтiк жұмыc оқу мaтeриaлын толық мeңгeругe мүмкiндiк бeрeдi. Қорытындылай келе, өздігінен білім ала отырып жан-жақты ізденетін, күнделікті өмірін өзі болжай алатын, алған білімін өмірмен байланыстыра қолдана алатын тұлға тәрбиелеу ұстазға байланысты. Әр әдісті әр мұғалім өз шеберлігімен ұштастырады. Осы әдістердің бірі – диалогтік оқыту әдісін қолдануда түрлі тапсырмалар құра отырып, оқушының жан-жақты дамуына түрлі жұмыстарды ұйымдастыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

А.САУЛЕБАЕВА, С.ОРАЗҒАЛИЕВА, Қостанай қаласындағы физикаматематикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.