07/02/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Мемлекеттік маңызы зор мәселе

4-бет

Майданның бергі бетінде

6-бет

№62 (28001) 7 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Қауіпсіздік қамындағы қарекет Қарқаралы қарлығашы

7-бет

8-бет

Ќазаќстан-Испания:

Ґзара сенімнен берік саяси серіктестікке

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрнағы күні жұмыс сапарымен Испания Корольдігіне келгені белгілі. Қазақстан басшысы жұмыс сапары аясында Испания Королі Хуан Карлос I-мен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында екі елдің мəдени-гуманитарлық саладағы, туризм мен халықаралық саясат саласындағы өзара іс-қимылы мəселелері қаралды. Қазақстан-Испания қаты настарын нығайтуға жəне дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Хуан Карлос I Қазақстан Республикасының жоғары наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапатталды. *** Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары аясында Испания Корольдігі Үкіметінің Төрағасы

Мариано Рахоймен кездесу өткізді. Кездесуде сауда-экономикалық жəне инвестициялық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың ауқым ды мəселелері талқыланды, сондай-ақ халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер бойынша пікір алмасылды. Бүгінде Испания Еуропадағы негізгі саяси серіктестердің бірі бо лып табылады, Қазақстанмен Стратегиялық серіктестік туралы шартқа қол қойған Еуропадағы екінші елге айналып отыр. Сонымен қатар, Испания – қыл мыстық-құқықтық са ла дағы ынтымақтастық туралы

шарттардың бүкіл топтамасы жасалған ЕО-ға мүше алғашқы ел. *** Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігіне сапары аясында «Максам», «OHL» жəне «Next Limit Technologies» компанияларының басшыларымен кездесті. Кездесулер барысында Нұрсұлтан Назарбаев испаниялық жетекші компаниялардың басшыларымен экономиканың түрлі салаларындағы өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады. Осы орайда құрылыс жəне таукен өнеркəсібін, теңіз порттарын, əуежайларды, автомобиль жолдарын жəне темір жолды қоса алғанда, азаматтық мақсатта пайдалану үшін жарылғыш қолдану жүйесі өндірісі саласындағы ынтымақтастық мəселелері қаралды.

Тїсіністік тамыры тереѕде Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми Рим Папасы Бенедикт XVI-мен жəне Киелі Тақтың өзге де жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті. Яғни Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қ.Мəмидің Ватиканға сапары Рим Папасымен кездесуден басталды. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» – Ватиканнан.

Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасындағы дипло матиялық қатынастар орнағанына 20 жылдан асты. 1992

жылы басталған осы қарымқатынастардың жемісті өрбуіне 1998 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен 2001 жылдың күзінде Рим Папасы Иоанн Павел II-нің елімізге жасаған мемлекеттік сапары өте зор ықпал етті.

Қайтыс болған соң əулиелер сапына енген понтификтің бұл сапары бір аймақта ғана емес, əлемде үлкен саяси резонанс тудырды. Алдында ғана төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп, Нью-Йорктегі егіз мұнараны жарған террорлық акт өтіп, мұсылман əлеміне көзқарас оң болмай, Жер шары бір тарының қауызына сыйып тұрған алмағайып кезеңде жоспарланған сапарынан бас тартпай бас католиктің Астанаға жол тартуы ерік-жігердің, парасат пен ізгі пайымның биік өлшеміндей көрінген.

Сонымен қатар, ғылыми жəне инженерлік зерттеулер үшін түрлі үдерістерді компьютерлік ынталандыру мақсатында пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді əзірлеу саласындағы серіктестік мүмкіндіктері талқыланды. «Максам» компаниясына əлемнің 40 еліндегі өндірістік қуаты бар 140-тан астам кəсіпорын кіреді. Ол Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркəсібінде 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Қарағанды, Ақмола жəне Қостанай облыстарында өнеркəсіптік мақсаттағы жарылғыш заттар өндіретін үш зауыт салды. Компанияның еліміздегі персоналының саны – 181. «OHL» компаниясы инфрақұрылымның түрлі нысандарын жобалауға, құрылысын жүргізуге жəне пайдалануға беруге мамандануда. Нысандар құрылысы 39 елде

2001 жылы Отанымыздың «Достық» ордені Ватиканның Мемлекеттік хатшысы А.Соданоның кеудесінде жарқыраса, сол жылы Елбасымызға шетелдердің мемлекет басшысына ғана берілетін Ватиканның ең жоғары наградасы – Пий ордені мен осы Орденнің рыцары деген грамота табысталғаны есімізде. Иоанн Павел II қайтқан соң да арадағы байланыстардың ізі суыған жоқ. Қайта жаңадан сайланған Папа Қазақстанның діндер арасындағы түсіністікті арттыруға жұмсап жүрген жұмыстарын өте жоғары бағалап, арадағы байланыстарды дамыта түсудің маңыздылығына мəн беруде. (Соңы 2-бетте).

Елдіѕ алєысын алєаннан артыќ абырой жоќ Соңғы кездері Созақ, Сарыағаш аудандары теледидар, газет беттерінен түспейтін болды. Тіпті, Таукент қалашығының тұрғындары «Көршілерімізді ауылдан емес, көгілдір экраннан жиі көретін болдық қой» деп қалжыңдайды екен. Иə, шынында Созақта дүлей дауыл тұрып, Сарыағаштың кейбір ауылдарын су басып, бұл жақ жаңалықтардың нағыз қайнаған ортасына айналып жүре бергені рас. Əйтсе де, ең бастысы, ел аман, жұрт тыныш. Елдің басына осындай қиын жағдай түскенде Үкімет, жергілікті билік тарапынан үлкен қолдау болды. Соның арқасында бас-аяғы он күннің ішінде табиғи апат салдарынан қираған нысандар тез арада қалпына келтірілді. Кеше Созақта атқарылған осынау жұмыстарды ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев келіп көріп, тұрғындармен жүздесті.

Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Қаңтар айының басында Оңтүстік Қазақстан облысының 4 ауданында ауа райының күрт өзгеруі, дауылды жел мен толассыз жауған жаңбырдың салдарынан 2098 нысан, оның ішінде, 1973 тұрғын үй мен 53 əлеуметтік-мəдени нысан зардап шекті. Соның ішінде Созақ ауданының 44 860 тұрғын тұратын 8 ауылды округтің 29 елді мекенінде 9745 тұрғынның өмір сүру жағдайы нашарлады. 42 əлеуметтік нысан мен 1949 жеке тұрғын үйдің шатыры, 23 өндірістік нысан, 9 мешіт, 6 аудандық су шаруашылығы нысаны, 564 мал басы, оның ішінде 22 ірі қара мал шығыны болды. (Соңы 2-бетте).

жүзеге асты. Қазіргі жобалар 30 мемлекетте іске асырылуда. «Next Limit Technologies» компаниясы компьютерлік ынталандыру саласындағы өздерінің бағдарламалық өнімдерінің сапасы мен қуатының арқасында бүкіл əлемге танымал. Техникалық қызметкерлері алыста, Еуропаның көптеген елдерінде, сондай-ақ АҚШ-та жұмыс істейді. *** Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Эйрбас Милитари» компаниясының басшысы

Доминго Уренья-Расомен де кездесу өткізді. Кездесуде одан арғы ынтымақтастыққа, соның ішінде əскери-көлік авиациясына техникалық қызмет көрсету саласына байланысты ауқымды мəселелер қаралды. Қазақстан Президенті «Эйрбас Милитари» компаниясымен бірқатар бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету қажеттігіне тоқталды. Өз кезегінде Д.Уренья-Расо компанияның Қазақстандағы ұзақ мерзімді қызметі екі ел үкіметтерінің

жақсы қарым-қатынастарының арқасында қалыптасқанын жəне қол жеткізілген келісімдер аясында жүргізіліп келе жатқанын айтты. Сонымен қатар, «Эйрбас Милитари» басшысы компанияның Қазақстандағы авиация индустриясын дамытуға қатысуға дайын екенін мəлім етті. Келіссөздер қорытындысы бойынша «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ пен «Эйрбас Милитари» арасындағы Ынтымақтастық жөнін дегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. (Соңы 2-бетте).

Банк белсенділігі ќызметінен танылады Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен кешегі жалпы отырыста Еуропа Қайта құру жəне даму банкіне қатысты заң жобалары қаралды. Сонымен бірге, депутаттар бəсекелестік мəселелері бойынша Сенат енгізген өзгерістерді қарады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Күн тəртібіндегі бірінші болып қаралған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бəсекелестік мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерге палата өз келісімін берді. Заң жобасы Қазақстан, Беларусь жəне Ресей Біртұтас экономикалық ке ңістігінің нормативтік-құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде Кеден одағына қатысушы елдердің монополияға қарсы заңнамасын үйлестіруге жəне еліміздің қол даныстағы монополияға қарсы заңнамасын одан əрі жетіл діру ге бағытталған. Осы ретте нарық субъектілері үшін əкім ші лік кедергілерді қысқарту да көзделетіндігін айта кету керек. Мəжілісте бұған дейін мақұлданып кеткен құжатқа Сенат редакциялық жəне нақтылау сипатындағы 14 түзету енгізгендіктен, палата олармен келісуді ұйғарды. Жалпы, отырыс барысында Еуропа Қайта құру жəне даму банкіне қатысты екі заң жобасы қаралды. Алғашқысы «Еуропа Қайта құру жəне

даму банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік жəне Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы деп аталады. Ол бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жəмішев түзетуде Оңтүстік жəне Шығыс Жерорта теңізі елдерін кіргізе отырып, банктің мандатын қолдау, географиялық аясын кеңейту, сондай-ақ банк ресурстарын алушы елдердің қатарына қабылдау шарттары көзделгендігін тілге тиек ете кетті. Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріндегі болып жатқан тарихи өзгерістерге байланысты, сондай-ақ көппартиялы демократия қағидаттарын басшылыққа ала жəне нарықтық қағидаттарын ұстана отырып, банк осы өңірді дамытуда өз тəжірибесімен бөлісу ниетінде екендігін білдіріп отыр. Министрдің айтуынша, еліміз аталған банктің мүшесі болғанымен, оның жарғысындағы үлесі 0,23 пайыздан аспайды. Жалпы, банк елімізде өз қызметін бастағалы 15 миллиард АҚШ доллары құйылыпты. Сонымен қатар техникалық көмек ретінде 79,3 миллион доллар салғаны мəлім болып отыр. Біраз сұрақ-жауаптан кейін заң

жобасы тұтастай мақұлданды. Екінші заңдық құжаттың атауы «Еуропа Қайта құру жəне даму банкін құру туралы келісімге алушы елдерде жəне əлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы» заң жобасы деп аталады. Онда банктің алушы елдерде ғана емес, сонымен қатар, əлеуетті алушы елдерде де өзінің арнайы қорларын пайдалану мүмкіндігін көздейтіні қарастырылған. Түзету əлеуетті алушы елге қойылатын талаптарды белгілейді. Депутаттар түзетуді оң тұрғыдан бағалап, оны ратификациялауды ұйғарды. Нəтижесінде заңдық құжат палата тарапынан мақұлданды. Заң жобалары бойынша өз ойын ортаға салған палата спикері былай деді: «Бұл – өте маңызды құжат. Өйткені, əрбір ратификация – халықаралық қатынастардың жолына жақындататын нақты қадам. Со лардың нəтижесінде Қазақстан əлемдік қоғамдастықпен бұрынғыдан да тығыз ықпалдастыққа түседі». Шынында да ЕҚДБ өзінің еліміздегі жұмысын бастағалы айтарлықтай қаржы құйыпты. Тек 2013 жылдың 1 қаңтарына дейін банкпен құны 2,5 миллиард АҚШ долларын құрайтын 85 жобаны қаржыландыру туралы келісім-шарттар жасалған көрінеді. Ал жоғарыдағы түзетулердің ратификациялануымен бұл үрдіс артатыны айтпаса да түсінікті.


2

www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

Ќазаќстан-Испания:

Ґзара сенімнен берік саяси серіктестікке

(Соңы. Басы 1-бетте). Испанияның «Эйрбас Милитари» компаниясы Еуропа Аэроғарыш жəне қорғаныс концернінің (EADS) құрамына кіретін Airbus SAS авиақұрылыс компаниясының бөлімшесі болып табылады. *** Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испания Корольдігіне жұмыс сапары аясында сондай-ақ «Patentes TALGO S.L.» компаниясының президенті Карлос Паласио Ориольмен кездесу өткізді. Кездесу барысында темір жол жабдықтарын əзірлеу, өндіру мен техникалық қызмет көрсету жəне жайлылылығы мен қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі жолаушылар вагондарының бірлескен өндірісі саласындағы өзара ісқимыл мəселелері қаралды. Қазақстан Президенті «Talgo»

компаниясымен ынтымақтастықты дамытудың келешегі зор екенін, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-пен бірлескен вагондар өндірісі жобасы іске асырылып жатқанын айтты. – Қазірдің өзінде 70-тей вагон құрастырылды. Таяу келешекте оның өндірісін 150-ге дейін жеткізу жоспарлануда. Испания Королі Хуан Карлоспен темір жол саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаласқанымыз есімде. Бүгінде нақты нəтижеге қол жеткізілді. Қазір біздің алдымызда Астана мен Алматы арасында жоғары жылдамдыққа арналған темір жол құрылысын салу міндеті тұр. Біз бұл салада одан əрі жұмыс істей береміз деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. К.Ориоль өзінің компаниясы 10 жыл бойы қазақстандық серіктестерімен бірлесіп іс-қимыл жасап келе жатқанын, бүгінде бұл жұмыста нақты нəтижелер бар екенін атап өтті.

Тїсіністік тамыры тереѕде (Соңы. Басы 1-бетте). Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ватиканға 2009 жылғы ресми сапары кезінде қазіргі Папа Бенедикт XVI еліміздің халықаралық аренадағы жоғары беделін атап өтіп, Ватикан ЕҚЫҰ төрағалығын мақсат тұтқан еліміздің ынтасына зор қолдау көрсететінін білдірген болатын. Ватикан əр кезде Қазақстан тарапының игі бастамаларына оң ниет, түзу көзқарасын танытумен келеді. Оның басты дəлелінің бірі – елімізде өткізіліп жүрген Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне деген ықылас. Осы жолғы Сенат Төрағасы – Съезд Хатшылығының басшысы Қайрат Мəмидің сапары Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша əрі Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары бас қосатын ұлы жиын – Съезді шақыру туралы бастаманың 10 жылдығы аясында жүруде. Қайрат Мəми Рим Папасы Бене дикт XVI-ға жəне Киелі Таққа Съезге деген жан-жақты қолдауына ризашылығын білдіріп, оны шақырудың бастамашысы – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ізгілікке

толы сəлемін жеткізді. Рим Папасы өз сөзінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми бастаған Қазақстан делегациясын қабылдап отырғанына қуанышты екенін білдіріп: «Қазақстан басшылығының дінаралық, мəдениетаралық үнқатысуларды дамытуда атқарып жүрген жұмыстарына жəне бейбітшілікті бекемдеудегі істеріне жеміс тілеймін. Оған өзімнің апостолдық шапағатты батамды беремін», деді. Сенат Төрағасының сапарына деген қызығушылық танытқан италиялық «RAI» телекорпорациясының журналистеріне берген сұхбатында Қайрат Мəми еліміздің қазіргі таңдағы даму үдерісін жəне Мемлекет басшысының барша қазақстандықтардың ал дағы міндеті етіп қойып отырған «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасы жайында айтып, журналистер қойған сауалдарға жауап берді. Понтификпен кездесуден соң кешкілік бірнеше маңызды шаралар өткізіледі. Атап айтқанда, Папа Кеңесінде дінаралық үнқатысу бойынша дөңгелек үстел отырысы жəне Съездің 10 жылдық тарихын бейнелейтін фотокөрме ұйымдастырылады деп күтілуде.

Бірыѕєай жинаќтаушы зейнетаќы ќоры туралы маєлўмат Премьер-Министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов Елбасының осы жылғы 23 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында акцияларының 100 пайызы Ұлттық банкке тиесілі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры арқауында салымшылардың жеке зейнетақылық шоттарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ретінде біріктіру туралы тапсырмасы жөнінде толық мағлұмат берді. Бірыңғай жинақтаушы зей нетақы қорының меншік иесі Қазақстан Үкіметі болады. Бірыңғай жинақ таушы зейнетақы қорын құру жинақтаушы зейнетақы жүйесінің принциптеріне еш əсер етпейді: Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында да жеке жинақтаушы шоттар жүйесі сақталады. Міндетті зейнетақы салымдарының барлық түрлері бойынша олардың біртұтастығы бойынша мемлекеттік кепілдік сақталады. Азаматтардың зейнетақылық жинағын аудару толық түрде жүзеге асырылады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру – зейнетақылық жиналымдардың мемлекет меншігіне өтуі деген сөз емес, зейнетақылық жиналымдар азаматтардың өз меншігінде болмақ. Зейнетақылық жиналымдар

Ұлттық банкте сақталады (Ұлттық банк банк-кастодиан болады). Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын Ұлттық банк БЖЗҚ басқару кеңесінде бекітілген инвестициялық стратегияға сəйкес басқарады. Кеңестің жеке құрамын Президент бекітеді. БЗЖҚ зейнетақы активтерін инвестициялау диверсификация, оның табысының қажетті деңгейде болып, біртұтастығын қамтамасыз ету принциптері бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі ЖЗҚ-лар өз жұмыстарын инвестициялық портфельді бас қарушылар (заң бойынша зейнетақылық активтерді басқару лицензиясын инвестициялық портфельді басқару лицензиясына ауыстыру мүмкіндігі беріледі) немесе ерікті түрдегі жинақтаушы зейнетақы қорлары басқарушылары ретінде жалғастыра береді. Осы іс-шараларды жүзеге асыру үшін еліміздің 8 кодексі мен 22 заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі тиіс, ол іс-шаралар алдағы айларда жүзеге асырылмақ. Азаматтардың барлық зей нетақылық жиналымдары Жинақтаушы зейнетақы қорына 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін шоғырлануы тиіс. «Егемен-ақпарат».

– Қазақстан Президентінің темір жол саласын, алғашқы кезекте жоғары жылдамдыққа арналған темір жол көлігін дамытуға қарымды жəне айқын көзқарас танытатыны бізді қуантады. Біз үшін Қазақстанмен ынтымақтастық маңызды болып табылады. Біз оның екі тараптың игілігі жолында одан əрі дами беруі үшін қолдан келгеннің бəрін жасаймыз, – деді «Patentes Talgo S.L.» компаниясының басшысы. Бүгінде Қазақстанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ пен «Patentes Talgo S.L.»-ның бірлескен жобасы – «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушылар вагондары өндірісі зауыты жұмыс істейді. Жобаның мақсаты ішкі нарық пен ТМД елдеріне экспорт сұранысын өтеу үшін жылына 150-ге дейін жолаушылар вагондарын шығару болып табылады. ––––––––––––––––– Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Елдіѕ алєысын алєаннан артыќ абырой жоќ (Соңы. Басы 1-бетте). Аудан бойынша материалдық шығын 470, 212 млн. теңгені құрады. Ал су тасқыны салдарынан Сарыағаш ауданының 3 елді мекенінде 16 жеке тұрғын үй, 1 бастауыш мектеп зардап шеккен, су алған тұрғын үйлердің екеуі құлаған, 165 мал шығыны келген. 550 шақырым автокөлік жолы, 4 көпір, 26 өткел мен 2 тюбинг бұзылған. Дүлей дауыл Түлкібас, Бəйдібек аудандарына да əлек салып, біраз шығынға батырды. Облыс бойынша төтенше жағдайдан келген материалдық шығын көлемі 1069,512 млн. теңгені құрады. Бүгінгі таңда барлық төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен жеке тұрғын үйлер мен əлеуметтік нысандарды қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстарына облыстың 14 аудандары мен қалаларынан 20 құрылыс мекемесі, 68 мамандандырылған техника, 1184 адам жұмылдырылды. Б.Сағынтаев алдымен Таукент қалашы ғының тұр ғындарымен жүздесіп, жағдайларын біліп, жаңадан жөнделген тұрғын үйлерді аралап көрді. Ауыл

тұрғыны Шəргүл Сырғабаева «Дауылдан қатты абдырап қалдық. Шынын айту керек, бұл табиғи апаттың шығындарының бəрін Үкімет көтеріп алады дегенге анау айтқандай, сене қойған жоқ едік. Жоқ, жергілікті билік те, Үкімет те дер кезінде көмек қолын созды. Сондықтан, ең алдымен елдің əлеуметтік жағдайына алаңдайтын Елбасымыздың салиқалы саясатына рахмет. Ел абдырап қалғанымен, əкімдер тосылып тұрып қалған жоқ. Дауылдан кейін жылу бір тəулік, ал жарық үш тəуліктен кейін берілді. Жел ұшырып кеткен шатырымызды Сайрам ауданынан келген жəрдемшілер екі-үшақ күнде бүтіндеп берді. Қазір ауылдың өмірі қайтадан өз арнасына түсті. Үрей басылды, қорқыныш сейілді», деп ағынан жарылды. Бұдан кейін Бақытжан Əбдірұлы Жыныс ауылындағы Сүгір Əліұлы атындағы жалпы орта мектептің жайкүйімен танысты. Дауыл кезінде шатыры түгелдей ұшып, қатты зардап шеккен бұл мектеп екі аптаның ішінде қалпына келтірілді. Бүгінде мұнда оқушылар алаңсыз білім алып жатыр. Осы

жерде облыс əкімі Асқар Мырзахметов облыстың 4 ауданында болған табиғи апаттың зардаптары мен оны жою үшін атқарылған жұмыстардың жай-күйін талдап, түсіндіріп берді. «Осынау елдің жағдайы мен атқарылған жұмыстарды көру үшін Елбасының тапсырмасымен арнайы келіп отырмын. Елдің Елбасыға деген ниет, лебіздері ерекше. Үлкен жəрдем көрдік, қолдаушымыз бар екенін сезіндік деп жатыр. Дəл қазір жергілікті əкімшілік тарапынан Үкімет қорынан 836 млн. теңге көлемінде қаражат бөлу жəне Үкіметтің материалдық резервінен 3,0 мың текше метр көлемінде құрылыс материалдарын босату туралы хаттар жолданды. Алдағы күндерде бұл өз шешімін табады. Ең бастысы, ел риза. Елдің ризашылығына ештеңе жетпейді. Елдің риза болғаны – мұнда жұмыстардың жүйелі жəне өте тиімді əрі сапалы ұйымдастырылғанын білдіреді» деп Бақытжан Са ғын таев атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Біріккен бітіреді, ўйымдасќан ўтады Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев облыстағы жұмыс сапарын Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласынан бастады. Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бүгінде Жаңатас қаласы бойынша көп пəтерлі 64 үйдің 12-інде қайта қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал аудан бойынша 41 əлеуметтік нысанның 24-і жөнделді. Оның 6-ы мектеп, 5-і балабақша, 4-і денсаулық сақтау мекемесі жəне 6-ы мəдениет ошақтары. Аудан бойынша 10 əкімшілік ғимараттың 4-і қалпына келтірілді. Жаңатас қаласындағы зақымдалған 7 ғимараттың 2-інде жөндеу жұмыстары аяқталды. Бүгінде Жаңатас қаласы бойынша 88, ал аудан бойынша 116 нысанда құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Оның 46-сы ағымдағы, ал 70-і күрделі жөндеу жұмыстары. Сарысу ауданы мен оның орталығы Жаңатас қаласында қалпына келтіру жұмыстары жартылай аяқталды. Құрамында 1200 құрылысшы мен 60 техникасы бар 45 мердігерлік құрылыс мекемелері табиғат апатынан зардап шеккен қалған нысандарды қалпына келтіруде. Бүгінде аталмыш аудан мен оның орталығы электр қуатымен, жылумен жəне телефон байланыстарымен толықтай қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау мен білім беру мекемелері қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Б.Сағынтаев Жаңатас қаласындағы көп қа батты тұрғын үйлер мен аудандық орталық аурухананың ғимаратына жүргізілген жөндеу жұмыстарымен мұқият танысып, істі сапалы жəне жеделдете жүргізу жөнінде ескертпелер мен тапсырмалар берді. Бақытжан Сағынтаевтың жұмыс сапары

бұдан кейін Талас ауданының орталығында жалғасты. Бүгінде Талас ауданы бойынша дауылдан зардап шеккен 184 нысанның 103і қалпына келтірілді. Қаратау қаласындағы көп пəтерлі 123 үйдің 74-інде қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал аудан бойынша 46 əлеуметтік нысанның 19ында жөндеу жұмыстары толығымен бітті. Олардың 7-і мектеп, 5-і балабақша жəне 5-і денсаулық сақтау мекемесі. Сондай-ақ, дауылдан қираған 14 əкімшілік ғимараттың 9-ы қалпына келтірілді. Аудан мен оның орталығы электр қуатына қосылып, телефон байланысы қайта қамтамасыз етілген. Денсаулық сақтау мен білім беру мекемелері қалыпты режімде жұмыс істеуде. Жалпы, облыс бойынша дауылдан зардап шеккен 371 нысанның 210-да жөндеу жұмыстары аяқталды. Ақпан айының алғашқы аптасындағы ақпаратқа сүйенсек, апат салдарын қалпына келтіру жұмыстары облыс бойынша 56,6%-ға аяқталған. Соған қарамастан, жергілікті атқарушы билік өкілдері жөндеу жұмыстарын ақпан айының алғашқы онкүндігінде аяқтауды жоспарлап отыр. Халқымыздың «Біріккен бітіреді, ұйымдасқан ұтады» деген қанатты сөзінің мысалы осы. Б.Сағынтаев Талас ауданының орталығында қолға алынып жатқан осынау жұмыстармен жете танысу үшін Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияны, Əлия Молдағұлова атындағы көшедегі көп пəтерлі тұрғын үйді жəне апаттан үлкен зардап шеккен орталық қазандықты көріп, оларды қалпына келтіру жұмыстары

бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын байқады. Ол бұдан кейін төтенше жағдайлар жөніндегі комиссияның отырысына қатысып, апатқа байланысты атқарылып жатқан жұмыстарды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бақылап отырғанын жəне апаттан болған залалдарды тез арада қалпына келтіруге байланысты Үкіметке қатаң тапсырма бергенін жеткізді. Сондықтан, оқиға орын алған жердегі жағдаймен танысып, Үкіметтен тағы қандай көмек керек екенін білу үшін арнайы келіп отырғанын айтты. Б.Сағынтаевтың айтуынша, дүлей дауылдан болған апатқа байланысты екі қаулы қабылданыпты. Мысалы, бірінші қаулы бойынша еліміздің резервтік қорынан бөлінген қажетті материалдар мемлекеттік ғимараттар мен жеке тұрғындардың үйлерін жөндеуге жұмсалуда екен. Оны халықтың өзі де көріп, біліп Елбасына, Үкіметке рахмет айтуда. Əрине, жөндеу жұмыстарын жоғары деңгейде ұйымдастыра білген облыс əкіміне де ел алғысы шексіз. Екінші қаулы бойынша, табиғат апаты орын алған өңірге Үкіметтен 800 миллион теңге бөлінгені белгілі. Оның қаншалықты игерілгенін Б.Сағынтаев өз көзімен көрді. Əрине, əлі де жұмыс көп. Сол себепті облыс əкімі Қанат Бозымбаев Үкіметке қосымша қаражат бөлу жөнінде ұсыныспен шығыпты. Облыс əкімдігінің Үкіметке берген мəліметі бойынша, дауылдан болған шығынның көлемі 3 миллиард теңгені құрайды. Енді, осы соманың қаншалықты дұрыстығын комиссия қарап, егер, дұрыс деп тапса, онда Үкімет белгіленген тəртіппен тағы да қаражат бөлмекші. Жамбыл облысы.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған делегация Египет Араб Республикасының астанасы – Каир қаласында басталған екі күндік Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының 12-ші саммитіне қатысуда, деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ўйымдаєы ўстанымымыз айќын Ислам қауымдастығының жаһандық ірі форумы Қазақстан үшін маңызы зор. Қазақстан 38-ші ИЫҰ СІМК төрағалығы тұсында өзінің белсенді іс-əрекетімен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының басты бағдары мен миссиясын ілгерілетудегі ұстанымын айқындады. Қазақстан сыртқы саясат ведомоствосының басшысы саммитте баяндама жасап, форум аясында ИЫҰға мүше мемлекеттердегі өзінің бірқатар əріптестерімен жəне Ұйымның Бас хатшысы Э.Ихсаноғлымен екіжақты кездесулер өткізетін болады. ИЫҰ саммитіне қатысатын 26 елдің басшылары мен Үкімет басшылары, олардың қатарында Иран, Индонезия, Малайзия, Нигерия, Пəкстан, Сауд Арабиясы, Түркия басшылары бар, ислам əлеміне қатысты кең ауқымды мəселелерді талқылауды көздеп отыр. Атап айтсақ, «Ислам əлемінің жаңа сын-қатерлері мен мүмкіндіктері» тақырыбында біріктірілген саммиттің жұмыс сессияларында ИЫҰ мемлекеттері арасындағы көп жоспарлы ынтымақтастықты ілгерілету, мұсылман елдеріндегі шиеліністердің жəне олардың ауыр гуманитарлық зардаптарының алдын алу жолында өзара бірігіп əрекеттесу мəселелері қарастырылатын болады. Мали мен Сириядағы ахуал, Ауғанстан, Судан, Йемен жəне ИЫҰ-ның тағы басқа мемлекеттеріндегі қазіргі жағдай мен сол елдерден шығатын қатерлердің аумақтық қауіпсіздік мəселелері саммитке қатысушылардың назарында болмақ. Исламафобия жəне оны жаһандық деңгейде шешу мəселесі өз алдына жеке тақырып болады. Атап айтқанда, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Альянс өркениеті» ынтымақтастығының даму шеңберінде ұлтаралық жəне мəдениетаралық үнқатысу үдерісіне белсендірек араласу идеясы қарастырылады деп күтілуде. Саммитке қатысушылар Ұйымның 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған 10 жылдық жоспарында қарастырылған көпжақты ынтымақтастықты дамытудың мүмкіндігін бірігіп талқылауды да жоспарлап отыр. Форум жұмысы мəлімдеме қабылдаумен қорытындыланатын болады. ИЫҰ-ның бұған дейінгі 11-ші тұрақты саммиті 2008 жылы Сенегалда (Дакар қ.) өткен болатын.


Троицк ГРЭС-і Қостанай мен Челябі облысына қарайтын Троицк қаласының шекарасында тұр. Көмір пайдаланатын ірі электр стансасынан ұшқан күл Қарабалық ауданы аймағының экологиясын бұзып, егістік аймақтар мен жайылымдардың құнарын кетірді. Бұрын Кеңес Одағы кезінде ауыз аштырмаған мəселе еліміз тəуелсіздік алған жылдардан бастап үздіксіз көтеріліп келеді. Алайда, мұнан жеткілікті нəтиже шықпаған еді.

Троицк ГРЭС-і айыппўл тґлейді Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Тексеру барысында «ОГК-2» ААҚ филиалы болып саналатын Троицк ГРЭС-інің қоршаған ортаны ластайтын зат пен күлді нормадан тыс шығару фактілері анықталды. Қазақстан жағы əкімшілік құқық бұзушылық жөнінде хаттама жасап, табиғи ортаға келтірген залалы үшін электр стансасына 51 218 649 теңге айыппұл салды. Алайда, кəсіпорын бұл қаулыны мойындамай, сотқа жүгінді. Сот үдерісіне қатысқан Қостанай облыстық прокуратурасы органдары істің аққарасын қарай келіп, экологтардың талабы негізді жəне дұрыс деп тапты. Негізі, Троицк ГРЭС-і өткен ғасырдың 70-шы жылдарынан бері шыққан күлін Қарабалық ауданындағы Шұбаркөл көлінің орнына əкеліп төгетін. Кеңес

одағы кезінде бұл шешімді «орталықтан» қабылдаған соң, бұл сол уақыттың өлшемімен көмір жағу арқылы электр энергиясын өндіретін стансалар үшін стандартты көрініс болып табылатын. Қазір Ресейдің электр стансасынан ұшқан күл мен улы заттар даланы бүлдіріп, жердің құнарын құртып бара жатқаны жанға батады. Өткен жылдың аяқ кезінде Ресей мен Қазақстан арасындағы үкіметаралық отырыста күл тастайтын орынды 2018 жылдың ортасына дейін пайдаланбау туралы шешім қабылданды. «ОГК-2» акционерлік қоғамы өз қаржысы есебінен күлден бүлінген жерді техникалық жəне биологиялық өңдеуден өткізіп беруі тиіс. Оның қалай орындаларын уақыт көрсетеді.

«Егемен Қазақстан».

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру жəне авариялық-құтқару жұмыстар қызметі» мен орталық бөлімшелердің даярлығына тексеру жүргізді. Бұл орайда құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшін жоғары өтімді техниканың жəне жеке құрам дайындықтары қатаң тексерілді. Апатты жағдайлардан құтқару жұмыстарын жүргізу барысында, яғни төтенше жағдайлардың пайда болуы кезінде адам өліміне жол бермеу үшін қажетті ісшаралар қабылданды. Бұл дайындық жұмыстарына 43 бірлік техника жəне жеке құрамнан 243 адам қатысты. Биылғы қыс төтенше жағдайлар басқармасы үшін аса мазасыз болғаны белгілі. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер қар басқан жолдардағы адамдарды сан мəрте құтқарып, бірнеше көліктерді шығарып алды. Қарлы боран облыс жолдарындағы қозғалысқа қиындық келтірді. Мысалы, 26 қаңтарда таңғы сағат үш жарымда Тереңкөл ауылынан 20 шақырым жер де Павлодар-Омбы бағытындағы

рейстік автобус жолдан шығып кетті. Автобуста 40 адам жолаушы, 2 бала болды. Құтқарушылар барлық техниканы қолданып, қарлы боранда таң атқанша жолды тазалады. Ал, жүргізушілер мен жолаушылар жылы жерлерге орналастырылды. Ыстық тамақ берілді. Келесі күні автобус қайта жолға шықты. Сол күні кешке Қашыр ауданының өрт сөндірушілері Тереңкөл-Ивановка жолынан «Орал» көлігін қарға батқан жерінен шығарып алды. Ал Успен, Павлодар аудандары автожолында əрқайсысында 40 жолаушыдан бар «Павлодар-Новосібір», «ТомскПавлодар» бағыттарындағы автобустар қалың қар құрсауында қалды. Оларға тағы да құтқарушылар көмекке келді. Жолаушылар тынығып, жылы тамақ ішіп үйлеріне жетті. Биылғы қыс осындай қалың қарымен əлекке салса, енді алда тасқын су қаупі тұр. Сондықтан, қысы-жазы табиғаттың дүлей күшімен бетпе-бет келетін төтенше жағдай департаментінің құтқарушыларында бір тыным жоқ. Павлодар облысы.

Жаѕа техникалар – жаѕаша жўмыс Астаналық су арнасының бас директоры коммуналдық кəсіпорынның ведомстволық бөлімшелерінің бастықтарымен бірге «Астана су арнасы» МКК техникаларына бақылау жүргізілді. Мұндай тексерулер жүргізуде су арнасының тəжірибесі мол. Бақылаудан өткізуге ағымдағы апаттарды жою үшін пайдаланылатын заманауи техникалар ұсынылды. Кəсіпорынның жөндеу бөлімшелері жабдықталған арнайы техниканың мүмкіндіктері, шағын механикаландыру мен телеметрияның құралдары нағыз парадты еске түсіргендей болды. Кəсіпорын басшылығы техниканы, оның жұмыс жағдайын, жүргізушілердің жəне жұмысшылар бригадасының кəсіпқойлығын мұқият тексерді. Уəлихан Досаев кəсіпорынның жұмыскерлеріне жүгіне отырып, ағымдағы жұмысты жо ға ры деңгейде жүргізудің маңыздылығын ескертті. Ауыр жүк техникаларына ерекше назар аудару қажет. Желілерге жаңа заманауи техниканың көмегінсіз сапалы қызмет көрсету мүмкін емес. Бүгінгі таңда компания арнайы техниканың алуан түрлерін пайдалануға береді, оларды жаңарту кəсіпорынның ең басты міндеттерінің бірі болып табылады. Алдыңғы қатарлы техникаларды игеру – қала үшін ең маңызды қадам. Бұл апаттық жағдайларды жою мерзімін қысқартып, желілерге сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін болады. Ал ин вес тициялық бағдарламаның одан əрі дамуы келешекте сумен қамтамасыздандыру жəне кəріздендіру бойынша қызмет көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға жəне қаланың экологиялық қауіпсіздігін арттыруға жағдай жасайды. Қорыта келгенде, бұл Астана қаласының барлық тұрғындары өмірінің сапасына

 Инвестиция – игергенге игілік

Бірінші бірлескен кəсіпорын «Ќазаќтїрікмўнай» ЖШС еѕбек пен əлеуметтік парызєа адалдыќтыѕ їлгісін танытып келеді Жуықта еліміздің мұнай-газ саласына инвестиция тартып, шетелдіктермен бірлескен кəсіпорын құрудың алғашқы қарлығашы саналатын «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің құрылғанына 20 жыл толды. Осы мəселеге орай аталған кəсіпорынның бас директоры Нұрпейіс МАҚАШЕВТЫ əңгімеге тарттық.

ҚОСТАНАЙ.

Ќўтќарушыларда тыным жоќ

Фарида БЫҚАЙ,

3

www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

жақсы жағынан əсер етеді, – «Астана су арнасы» МКК бас директоры Уəлихан Досаев техниканы қарап тексеру барысында осылай деп атап өтті. Астаналық су арнасы шетелде шығарылған арнайы техниканың барлық түрлерімен қамтамасыз етілген. Біз тəуліктің кез келген уақытында, толықтай автономды түрде жұмыс жасай отырып, мəселен, электр энергиясы болмаған жағдайда да апатты жоя аламыз. Біздің мамандар құбырлардағы зақымдарды қысыммен, яғни тұтынушыны ажыратпай-ақ жояды. Бұл өте жақсы көрсеткіш, деді бас директордың бірінші орынбасары А.Елжасов. Кəсіпорын мамандары түрлі ауа райы жағдайларында кез келген жұмысты орындауға дайын. Кəсіпорын қызметкерлері Астана қаласы тұрғындарына күнделікті тоқтаусыз қызмет көрсете оты рып, нақты жағдайларда да өз кəсіпқойлығын сəтті көрсетуде. «Егемен-ақпарат».

– Нұрпейіс Мақашұлы, ел тəуелсіздігінің, оның дербес саяси жəне экономикалық субъект ретінде шетелдермен өзара тиімді қарым-қатынас орнатуының төлтумасы ретінде өмірге келген сіздің кəсіпорынның құрылғанына 20 жыл толып отыр екен. Сіз басқарған ұжымды осы мерейлі мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Осы 20 жыл ішінде кəсіпорын қандай жұмыстарды жүзеге асырды? Осыған тоқтала кетсеңіз. – Біздің кəсіпорынның құрылуына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бауырлас түрік елімен тəуелсіздігіміздің алғашқы сəтінде-ақ ынтымақты қарым-қатынас орнатуы себеп болғандығын айта кетуіміз парыз. Екі ел басшылығының барыс-келіс жасап, экономикалық мүдделеріміздің тиімді нүктелерін айқындауының нəтижесінде біздің еліміздің Геология жəне жер қойнауын қорғау министрлігі мен Түрік ұлттық компаниясы арасында 1993 жылдың 9 қаңтары күні бірлескен кəсіпорын құру туралы келісім-шартқа қол қойылған екен. Сөйтіп, біздің елімізде мұнай бизнесі саласындағы құрылған тұңғыш бірлескен кəсіпорын ретінде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС 1993 жылдың 4 ақпанында аталған министрліктің есебінде №1 хаттама бойынша тіркеуден өткен. Мұның өзі «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің еліміздің мұнай-газ саласында құрылған бірінші бірлескен кəсіпорын екендігін дəлелдейтін құжат. 1997 жылдан бастап Қазақстан тарапынан кəсіп орын құрылтайшысы болып «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясы белгіленсе, қазіргі күні бұл мін детті «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарып келеді. Кəсіпорынның акциялары пакетінің 51 пайызы Қазақстан жағында, 49 пайызы түрік еліне тиесілі. Яғни, басқару тізгіні Қазақстанның қолында деп айтуға болады. Бірлескен кəсіпорынның бірінші бас директоры Бақтықожа Ізмұхамбетов оны құрып қалыптастыруда елеулі жұмыстарды жүзеге асырды. Мұнан кейін оны Нұрлан Ноғаев басқарды. Осы екі азамат та қазіргі күні облыстарды басқаруда. Осыған қарап-ақ бірлескен кəсіпорынның жұмысы кадрлар үшін шыңдалу мектебі болғандығын аңғаруға болады. Жасалған келісім-шартқа сəйкес кəсіпорынның алдына еліміздің батыс өңірлерінде мұнай қорларын іздестіру жəне барлау жұмыстарын жүргізу, ашылған кен орнын өндірістік тұрғыдан игеріп, экономикалық пайда əкелу міндеті жүктелген. Осы іске жұмсалатын шығындарды түрік жағы өз мойнына алып, кəсіпорынды қаржыландыру үшін 270 млн. доллар инвестиция салған. Бұл шығындарды мұнайды игерген кезде түсетін пайда есебінен қайтару көзделген. «Қазақтүрікмұнай» ЖШС мұнайды іздестіру жұмыстарын Батыс Қазақстанның 4 облысының (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау жəне Маңғыстау облыстары) 25,9 мың шаршы шақырымды қамтитын 45 барлау алаңында жүргізді. Олардың 14 алаңынан оң нəтижелер байқалып, белгілі болған көмірсутек қорлары мемлекеттік есепке енгізілді. Осы кезеңде бірлескен кəсіпорынның құрылуы көптеген еңбек ұжымдарын сақтап қалуға жəне бұрын басталған мемлекеттік геологиялық бағдарламалардың ұштасып орындалуына мүмкіндік туғызды. Өйткені, кəсіпорын тапсырыстары бойынша бірқатар мердігер мекемелер жұмыстар жүргізді. Қазіргі күні кəсіпорын Ақтөбе облысындағы Лақтыбай жəне Оңтүстік Қаратөбе кен орындарында мұнайда өнеркəсіптік өндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының Батыс Елемес, Шығыс Сазтөбе, Оңтүстік-шығыс Сазтөбе, Солтүстік-шығыс Сазтөбе кен орындарында өнеркəсіптік өңдеу жұмыстарын қолға алып отыр. Өзі құрылған уақыттардан бері жиыны 3 млн. 780 мың тоннадан астам мұнай өндірді.

Түрік тарапынан салынған инвестицияны кері қайтару 2000 жылдан басталды жəне өндірісті бұдан əрі дамытуға өз қаражаты есебінен қаржы сала бастады. Өткен жылдың соңындағы мəлімет бойынша инвестиция бойынша қарыз 57 млн. долларды құрап отыр. Бұл қарызды кешіктірмей өтейтіндігімізге сенім зор. Қазіргі күні кəсіпорында 400 адам еңбек етеді. Егер олардың отбасында 5 адам бар деп есептегеннің өзінде кəсіпорынымыз 2000 адамның тұрмыс жағдайына тікелей ықпал етеді екен. Мұның сыртында бюджетке төлейтін салығымыз, өзіміз еңбек ететін өңірлерге көрсететін демеушілік көмегіміз, басқа да кəсіпорындарға беретін тапсырыстарымыз бар. Осылардың бəрінің басын қосатын болсақ, кəсіпорын өзінің 20 жылдық тарихында ондаған мың адамның тұрмысын түзетуіне ықпал еткендігін байқауға болады. Яғни, ол өзіне жүктелген міндетті барынша адал жəне жүйелі жүзеге асыру үстінде. – Кəсіпорынды соңғы 6 жылдан бері сіз басқарып келесіз. Осы 6 жылда мұндағы мұнайшылардың əлеуметтік жағдайын жақсартуда үлкен жұмыстардың жүзеге асы рылғандығына, мұның сыртында кəсіпорын еңбек еткен өңірлерде ірі-ірі əлеуметтік жо балар жүзеге асып, халықтың көзайымына айналғандығына куə болып отырмыз. Соның бір жарқын дəлелі «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-іне 2011 жылы Елбасының «Парыз» сыйлығының берілуі болып табылады. Осы туралы ашып əңгімелей кетсеңіз. – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-іне келгенге дейін де талай басшылық қызмет атқардық. Атырау қаласының əкімі, облыс əкімінің орынбасары, «Ем бімұнайгаз» өндірістік филиалының директоры, Парламент Мəжілісінің депутаты секілді қызметтерде болдық. Елмен араласа жүріп, еңбек еткендегі бір байқағаным егер басшы адам əлеумет қамын дұрыс ойлап, өзімбілемге салынбай, көп мəселені ұжыммен ақылдасып отырып шешетін болса, оның ісі өнімді болмақ. Осы кəсіпорынға бас директор болып таға йын дал ғаннан кейін ұжым жағдайымен жете танысу үшін кəсіпорынның басшылық құрамын бірге ертіп алып, өндірістің басында болып, мұнайшылармен бірнеше кездесу жасадым. Онда кəсіпорынның алдында тұрған міндеттері туралы айтылып, сол міндетке қол жеткізу үшін ұжымға қандай жағдай керегі жан-жақты сөз болды. Осы сапарлардың қорытындысында біз Қазақстанда алғашқылардың бірі болып кəсіпорындағы жұмыс шылармен ұжымдық əлеуметтік келісімшарт жасасу ісін қолға алдық. Осы шарт бойынша ұжымдағы барлық еңбеккерлерге көрсетілетін əлеуметтік жəрдем пакеттерінің топтамасын жасап ұсындық. Онда жұмысшыларды тегін медициналық сақтандырудан бастап, олардың еңбек жəне тұрмыс жағдайына əсер ететін басқа да бірқатар жеңілдіктер қарастырылды. Мұның сыртында кəсіпорында еңбек еткен адамдардың жалақыларын əр жыл сайын 10 пайызға өсіріп отыру дəстүрін енгіздік. Сөйтіп, соңғы 5 жылдың өзінде ғана жұмысшылардың жалақылары 50 пайызға өсіп отыр. Мұның сыртында адамның кəсіпорында істеген еңбек өтіліне байланысты үстеме тағы қосылады. Мəселен, біздің кəсіпорында еңбек еткен əр жылына 1 пайыздан қосып отырамыз. Егер 10 жыл еңбек ететін болса 10 пайыз үстеме алады. Бұл үстемені 30 пайызға дейін өсіруге болады. Біздің кəсіпорнымыз соншама үлкен емес, бар-жоғы 400 адам еңбек етеді. Бірақ, кəсіпорын жұмысшыларына біздің жасап отырған қамқорлығымыз мұнай алпауыттарынікінен кем емес. Осыны ұжым мүшелері дұрыс бағалап келе жатыр деп есептеймін. Айта кетерлік бір мəселе, біздің компанияда бірде-бір адам жұмыстан қысқарған емес. Қайта өндірісті кеңіту негізінде жаңа адамдарды жұмысқа қабылдауды ойластырамыз. Мəселен, мен келген кезде бұл ұжымда 379 адам еңбек етіп жатыр екен. Қазір олардың саны, жоғарыда айтқанымыздай, 400 адамға жетіп отыр. Міне, осындай жағдайлардың барлығы ұжымның тұрақтылығына, еңбек дауларының болмауына қолайлы əсер етуде. Екінші бір айта кетер дүние, кəсіпорын мұнай саласында қызмет ететін болғандықтан, оның əсерін жергілікті халық та сезінуі тиіс. «Құзғын бауырына басып жейді, сұңқар шашып

жейді» деп айтылғандай, өз жерлерінен шығып жатқан мұнай мен газдың игілігін жергілікті халық жақсы сезінген жағдайда ғана ол ортамен толық түсіністік орнатуға болады деп есептеймін. Міне, осындай мақсаттарды алға қоя отырып, Байғанин ауданындағы Оңтүстік Қаратөбе кен орнына жақын маңда орналасқан Жарқамыс ауылының халқын тегін газбен жабдықтау ісін қолға алдық. Осы үшін Оңтүстік Қаратөбе мен Жарқамыс ауылының арасындағы 5 шақырымдық қашықтыққа диаметрі 159 мм-ді құрайтын құбыр орнатылды. Оңтүстік Қара төбеден электр энергиясын өңдеу үшін газ поршеньді электр стансасы салынды. Жарқамыс ауылындағы қосалқы станса қайта жаңғыртылды. Басқа да жұмыстар жүзеге асты. Сөйтіп соңғы 5 жылдан бері Жарқамыс ауылының тұрғындары біздің кəсіпорын өндіретін газды тегін пайдалану мүмкіндігіне ие болып отыр. Мұның сыртында газ жабдықтау жүйесінің ауыл ішіндегі құрылысы

үшін Байғанин аудандық əкімдігіне қосымша 3 745 500 теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысындағы кен орындарында да леспе газды кəдеге жарату жүйесі пайдалануға берілді. Бұл жұмыстың тағы бір қыры бұрын алау боп жанып тұратын ілеспе газды кəдеге жарату еліміздің экологиясына да əсері бар. Қазіргі уақытта Үкіметтің мұнай саласындағы компанияларға қоятын үлкен бір талабы кен орындарында леспе газ арқылы жанып тұрған алауларды сөндіріп, оны өңдеп, іске жарату болып табылады. Міне, біз осы іспен толық көлемде шұғылдану үстіндеміз. Осыған байланысты газ құбырлары тартылып, компрессорлық стансалар салынуда. Қазіргі күні жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде еліміздің ішкі рыногындағы тұтынушылардың қажеттілігін өтеу үшін осы мақсаттағы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-тың газ тасымалдау жүйесіне құрғақ газ беру жұмыстарын жүзеге асыру үстіндеміз. Бұл жөніндегі өндірістік көрсеткішіміз жылдан-жылға қарқынды түрде арту үстінде. Мəселен, 2011 жылы берілген газ көлемі 7,6 млн. текше метрді құраса, өткен жылы 55 млн. текше метр болды. Ал биылғы жылғы көлемді 75 млн. текше метрге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Аталған іске 25 млн. 858 мың АҚШ долларын жұмсадық. Сөйтіп, біздің кəсіпорын Қазақстанда бірінші болып ілеспе газды кəдеге жарату бағдарламасын жүзеге асырды. Біздің бұл жөніндегі көрсеткішіміз 95 пайызға дейін жетіп отыр. – Компанияда басқа қандай əлеуметтік жобалар жүзеге асырылуда? – Оның бəрін айта берсек, мақ танғандай болармыз. Бірақ, сіз сұрап отырған соң бірқатарына тоқтала кетейін. Компания құрылған кездегі «Қазақтүрікмұнай» ЖШС мен Инвестициялар жөніндегі агенттік арасында жасалынған келісімге сəйкес Ақтөбе

облысындағы инфрақұрылымдарды дамыту үшін өңірге жыл сайын 100 мың АҚШ доллары көлемінде қаржы беріліп келеді. Бұл қаржы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін баспанамен қамтуға, бөбектерге балалар бақшаларын салуға, əлеуметтік орындар мен ауыл тұрғындарын газбен қамтамасыз етуге жұмсалады. Мұның сыртында 1996 жылы Маңғыстау облысы ның Ақтау қаласында ұзақ жылдар мұнай-газ саласында еңбек еткендер мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 78 пəтерді сыйға тарттық. 2010 жылы осы облыстың Бейнеу ауданындағы Бұранқұл ауылында алғашқы медициналық көмек орталығының құрылысын жүргізуге 8 миллион теңге қаржы бердік. Атырау қаласындағы спорттық сауықтыру кешенін, Геолог кентіндегі жылу орталығын қайта жөндеу, балабақша, оқу комбинаты ғимараттарын жөндеу жұмыстары жүргізілді. Маңғыстау ауданы, Оңды ауылындағы орта мектепке кітапхана сыныбы жасақталып берілді. Басқа да көптеген əлеуметтік шараларды жүзеге асыруға демеушілік көмектер көрсетудеміз. – Осындай еңбектеріңіз ел кө лемінде лайықты бағаланып келе жатқандығын естідік. Президенттің «Парыз» сыйлығына

ие болдыңыздар. 20 жылдық мереке қарсаңында Елбасымыз арнайы хат жолдап, құттықтаған екен. Басқа да алып жатқан марапаттарыңыз бар шығар? – Əрине, жоқ деп ауыз сүрту ге кел мес. Компания мыздың ел игілігі жолында жүргізген жұмыстары отандық, əлем дік деңгейде оң ба ғасын алуда. Мəсе лен, 1999 жылы Францияның ұлттық өнеркəсіпті қол дау ассоциациясының «Алтын» жүлдесін жеңіп алдық. 2008 жылы экономика саласындағы тиімді ын ты мақ тастықты нығайтқанымыз үшін Ресей Думасында өткен арнайы шарада «Звезда Содружества» дипломымен марапатталдық. Ал «Үздік əлеумет тік жыл жобасы» номинация сы бойынша бізге Елбасының «Парыз» сыйлығының берілуі – біздің жұмысымыз үшін берілген үлкен баға. Түптеп келгенде, біздің негізгі мақ сатымыз компанияның алдына қойылған негізгі міндеттерді жүзеге асыру арқылы ел экономикасының да муы на лайықты үлес қосу. Егер жұмыс өнікті болса, тұрмыс та жайлы болатындығы ақиқат. Компаниямыз бұл қағидатты жыл өткен сайын дəлелдеу үстінде. Халқымыздың «Еңбек етсең – емерсің» деп айтқанындай, осы еңбектің арқасында компания жұмысшыларының əлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Осы мəселені мен үздіксіз қадағалап отырамын. Компанияның жауапты қызметкерлері айына екі рет аймақтағы жұмысшылармен кездесуге барады. Компания жұмыс жасайтын өңірлер халқының əлеуметтік жағдайын жақсартуға да үздіксіз үлес қосу үстіндеміз. Қысқасын айтқанда, өзіміздің 20 жылдық мерекемізге ешқандай бір айғай-шусыз, ың-шыңсыз еңбек пен тұрмыста өрлеу үстінде жеттік. Осыған шүкір дейміз. Əңгімелескен Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».


4

www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

 Көкейкесті Елбасы Жолдауында алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыру табандылықпен жалғаса беретіндігі, əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көшіруі үшін осы бастан кірісуіміз керектігі, сондай-ақ, терминология мəселесінде де қолға алар істердің əлі баршылық екендігі қадап айтылды. Тілші-ғалым ретінде, мемлекеттік маңызы зор жоғарыда айтылған мəселелерге бей-жай қарамай, өзіміздің көзқарасымызды білдіріп, Елбасы көрсеткен міндеттерді іске асыруда бірінші кезекте қолға алынатын іс шараларға тоқталсақ дейміз.

Міндеттер мен межелер жолдары, оның экономикалық негіздері жасалып, əр кезеңдерге арналған нақты міндеттерді іске асыратын мемлекеттік органдардың жауапкершілігі тиянақталып, толық жаңа жазуға көшу мерзімі көрсетілетіндігі жайлы бүгіннен бастап жазылуы да керек, айтыла беруі де керек. Қорыта айтқанда, көпшілікке ақпараттық мəліметті дер кезінде жеткізуді қамтамасыз етуге көңіл бөлгеніміз жөн. Сонда ғана қолға алынып отырған күрделі мəселеде пікірталасты азайтып, нақты бір бағытта

Мемлекеттік маѕызы зор мəселе Кəрімбек ҚҰРМАНƏЛИЕВ,

Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор.

Жалпы, латын əліпбиіне көшу туралы бұған дейін де əңгіме қозғалған болатын. Сонау өткен ғасырдың 90-жылдарынан бері, яғни тəуелсіздік алған кезден бастап, түркі тілдес халықтардың латын қарпіне көшу мəселесі көтеріліп келеді. Елбасымыз 2006 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында қазақ тілін латын графикасына ауыстыру бойынша зерттеулер жүргізіп, латын қарпіне көшкен түркі тілдес мемлекеттердің тəжірибесін жинақтап, ұсыныс енгізуді тапсырған болатын. Іле-шала Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Премьер-Министр басқаратын Мемлекеттік комиссия құрылып, нақтыланған іс-шаралар жоспары бекітіліп, Білім жəне ғылым министрлігі осы мəселе бойынша негізгі жауапты мемлекеттік орган ретінде айқындалған еді. Тиісінше, министрлік жанынан жұмыс тобы құрылып, оған басшылық ету маған жүктелген болатын. Сол кезде жоғары білім беру департаменті мен ғылым комитеті бірлесіп біршама іс атқарды. Атап айтқанда, Ғылым комитеті басшыларының бірі – профессор Əбдікəрім Зейнуллиннің төрағалығымен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдерінен құрылған құзыретті комиссия түркі тілдес мемлекеттерге іссапарға шығып, ол елдердегі латын қарпіне көшу тəжірибесін зерделеген болатын. Жүргізілген кешенді зерттеулер Білім жəне ғылым министрлігінде талқыланып, талдау қорытындысы Үкіметке жолданған-ды. Ол кезде латын əліпбиіне қашан өту керектігі туралы нақты саяси шешім қабылданбағандықтан, ғалымдар тек ұсыныс деңгейінде ғана шектелген еді. Ал Елбасы өз Жолдауында «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын қарпіне, латын əліпбиіне көшу үшін дайындыққа осы бастан кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз», деп өту мерзімін нақтылап берді.

Атқарылатын іс-шаралардың нақтылығына аса зор мəн берілуі керек. Ол үшін не істеу керек? Біріншіден, жұмысты тиісті комиссия құрамын жасақтау мен оның құзыреттілігін анықтап алуымыз керек. Өйткені, «əуелі бұл шіркінді бастау қиын» дегендей, белгілі алға қойған мақсаттарға жету үшін тиянақты жоспарлар түзілу керек. Міндеттер айқындалып, оларды жүзеге асыру кезеңдері мен қаржыландыру көздері нақтыланып, жауапты мемлекеттік органдар айқындалуы керек. Екіншіден, латын əліпбиі жобасын ұсынатын мерзімді нақтылау керек. Бұл жерде жалпақшешейлікке жол беріп, кез келген ұсынысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауда сақ болу керек. Себебі, соңғы кездері БАҚ-та ұйымдастырылған пікірталастар газетжурналдарда жарияланып, теледидардан көрсетілуде. Осындай іс-шараларда оқырман да, көрермен де латын əліпбиіне «ертең-ақ өтіп кетуге болады», «биыл өтуіміз керек», «үстіміздегі оқу жылы басталысымен», т.с.с. ұсыныстарды қардай боратып жатыр. Мұндай жолды тиімді деп есептей алмаймыз. Латын əліпбиіне көшу – зор жауапкершілікпен, тиянақты дайындықпен іске асырылатын мемлекеттік мəні зор мəселе екенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан, Елбасының Жолдауын іске асыруға байланысты Ұлттық жоспардың жасалғанын, осы жоспарда көтеріліп отырған мəселенің орындалу кезеңдері, жауапты мемлекеттік органдардың белгіленгенін еліміздің республикалық ресми басылым беттерінде жариялау керек. Сондықтан, жұртшылықты дер кезінде мемлекет жоспарымен де хабардар етіп отырсақ, бұдан ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Ал енді жазуымызды латын қарпіне

көшіруде атқарылатын іс-шараларға тоқталсақ... Үкімет белгілеген жоғарыда көрсетілген мерзімге осы күнге дейін жиналған латын əліпбиіне қатысты 100-ге тарта жобаны сараптамадан өткізуді тезірек қолға алу керек. Мақаланың басында айтып өткеніміздей, Президенттің 2006 жылы берген тапсырмасы негізінде Білім жəне ғылым министрлігінің лингвистикалық, педагогика-методикалық, əлеуметтікпсихологиялық, экономикалық жəне саяси тұрғыда кешенді түрде əзірлеген ғылымисараптамалық талдауларды басшылыққа ала отырып, содан бергі 5-6 жыл ішіндегі еліміздегі экономикалық жаңғыртуға байланысты орын алған оң өзгерістерді негізге ала отырып, Мəдениет жəне ақпарат министрлігі кешенді жұмыс жоспарын түзсе, нұр үстіне нұр болар еді. Біздің айтып отырғанымыз, орындалған жұмысты одан əрі мазмұндылығымен толықтыра түссек, біз уақытты да ұтар едік əрі ел күтіп отырған, Елбасы тапсырған міндеттің дер кезінде үдесінен шығар едік. Мемлекеттік комиссияның құрамы

анықталғанға дейін, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында жинақталған жобалардың ішінен 10 шақты нұсқасын сұрыптап алып, талқыға салған жөн болар еді. Өйткені, жоғарыда айтқанымыздай, 100-ге тарта жобаны ұсынып, жұртшылықты дүрліктірудің қажеті шамалы. Өзіміз араласып, ұсынылған жобалардан хабардар болған соң айтып отырмыз. Көпшілікке түсінікті болу үшін, жобалардың негізгі-негізгі тұжырымдарына тоқталсақ, төмендегі ұсыныстарды байқауға болады. Жобалардың ішінде латын қарпіне ауыстырғанда, қазақтың төл дыбыстарына негізделуін талап ететіндер, А.Байтұрсыновтың əліпбиі негізінде жазылса дұрыс болар еді дейтіндер, компьютердің клавиатурасындағы 26 латын əріпіне 42 əріпті сыйдыру жағын жақтайтындар, латын əліпбиінің негізгі нұсқасын алып, үндестік заңына байланысты бірлескен əріптермен жасау қиын емес дейтіндер, кейбір тілдердегі сияқты дыбыстарды 2-3 əріптермен берейік дейтіндер, төл дыбыстарға жаңа символдар дайындауды ұсынатындар, төл дыбыстарды белгілеу үшін төбесіне нүкте, үтір, сызықша сияқты белгі қоюды қалайтындар, сондай-ақ, түркі жұртына ортақ 34 таңба үлгісін ұсынған ұсынымдарды іріктеп алуды қолдайтындар т.с.с бар. БАҚ-тарда жарияланған мақалалардың көпшілігі латын əліпбиін ресми бекіткен күні бəріміз əліпбиімізді бір уақытта латын қарпіне көшіріп жіберетіндей əсер қалдырады. Шын мəнінде олай емес екендігін қарапайым халыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуіміз керек. Мемлекеттік маңызы зор бұл мəселе бойынша арнайы Мемлекеттік бағдарлама қабылданып, латын қарпіне көшу кезеңдері нақты көрсетіліп, қаржыландыру

жүргізуге мүмкіндік туар еді дегіміз келеді. Елбасымыз Жолдауда: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мəселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, əбден орныққан халықаралық жəне шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мəселесін біржола шешу қажет» деп үлкен міндеттер жүктеді. Шынында да, Елбасы айтқандай, терминология бойынша бізде əлі даулы мəселелер жетерлік. Бізде пуризм ағымын ұстанып, бұрынғы француздар секілді бірде-бір шет тілі сөзін алмаймыз деп, терминнің бəрін аударып алу бағытын ұстанатындар да бар. Осындай мақсатпен кезінде халықаралық терминдердің кейбіреулерінің орынсыз баламамен берілгендерін несіне жасырамыз. Мəселен, телефонды –сымтетік, музейді – мұражай, телеграмма – жеделхат, балконды-қылтима, ресторанды – онда ас беру рəсімін де өткізетіндігімізге қарамастан мейрамхана деп аударып алдық. Академик Шора Сарыбаев ұстазыммен бірге бұл мəселенің орынды шешілу жолдарын қарастыру мақсатында ғылыми отырыстарда, бұқаралық ақпарат құралдарында, қоғамдық пікір тудыру мақсатында өз ой-пікірімізді кезінде білдірген болатынбыз. Халықаралық терминдерді қазақшаға аударуда басшылыққа алатын ұстанымдарды жариялағанбыз. Біз халықаралық терминдерді аудару ісінде сақ болуға шақырдық. Жұртты шатастырмау жағын көп ойластыру керектігін айтқанбыз. Енді бұл мəселеге Елбасының өзі араласып отыр. Мұның өзі терминжасам мəселесінің аса күрделілігін аңғартса керек. Күнде өзгеріп, жылдам дамып жатқан қоғам өміріндегі өзгерістерге сəйкес, тіліміздегі терминдер қолданысы да өзгерістерге ұшырап отыруы заңдылық. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамытудың ең басты жолдарының бірі – оны ғылым мен техника тілі ретінде одан əрі дамыта түсу жəне салалық терминологиялық сөздіктерді жасауды бір жүйеге түсіру, ретке келтіру мен жетілдіру болып табылады. Жеке ғылым салаларының терминдерінің қамтитын түрлі ғылым салалары бойынша құрастырылған сөздіктер саны кейінгі жылдары арта түскенін байқауға болады. Əрине, бұл – қуанарлық жағдай. Бірақ, əр кезеңде жарық көрген кез келген терминологиялық сөздіктер теориялық лексикография талаптарына толық жауап береді деп айтуға əлі ерте. Жарық көрген терминологиялық сөздіктердің кемшіліктері ретінде кең қолданысқа ие бола алмаған, сəтсіз жасалған терминдердің сөздіктерге енгізіліп кетуін, халықаралық терминдерді қазақшалағанда 2-3 нұсқасын қоса беру, терминдердің əр сөздікке əртүрлі нұсқада енгізілуі, сондай-ақ, Мемлекеттік терминология комиссиясында бекітілмеген, мамандардың жеке өзінің бастамашылдығымен басылып кеткен сөздердің көп екендігі байқалады. Айтқан кемшіліктерді жою үшін келешекте жарық көретін терминологиялық сөздіктерді жасау тұжырымдамасы, жаңа үлгідегі сөздіктер түзуде қандай ұстанымдарды басшылыққа алу керектігі жəне халықаралық терминдердің қазақша баламаларын қолданысқа түсіруде қандай ұстанымға иек артуымыз қажеттілігі туралы мəселелерді белгілі терминолог-ғалым, академик Өмірзақ Айтбай басқарып отырған халықаралық «Қазақ тілі» қоғамның белсенділерімен бірлесіп, ақылдасып шешкеніміз орынды болар еді. Елбасымыздың терминология мəселесін Үкімет реттегені жөн деп жол көрсетуі мемлекеттік терминология комиссиясының жұмысын одан əрі жетілдіре түсу керектігін айқындап берді. Ендеше, алдағы уақытта осы комиссияның құзыретін арттырып, Үкіметтің жанындағы тұрақты комиссия түрінде қайта құру керек деп ойлаймыз. Ол жерде барлық ғылым саласы бойынша маман кадрлар жалақысын алып, тұрақты түрде жұмыс істеулері, ал біз секілді ғалымдар өз салалары бойынша сарапшы ретінде қорытындылар əзірлеуге тартылса құба-құп. «Егер əрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз əлдеқашан Ата Заңымыздағы мəртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін», деп айтқан Елбасымыз бұл мəселеге бей-жай қарамау керектігін тағы да баршамыздың есімізге салды. Ендеше, қазақ тілінің шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілуіне, ұлт болып шешуге тиіс принципті мəселеге əрбір азамат өзінің хал-қадерінше атсалысып, мемлекеттік тіліміздің дамуына өзіндік үлесін қосуға тырысуы керек.

Статистикалыќ мəліметтерге ќолжетімділік ќамтамасыз етіледі Кеше елордада Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевтың қатысуымен Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мəжілісі өтті. Оның жұмысына Парламент депутаттары, Президент Əкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңесінің қызметкерлері, сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Алқа мəжілісінде агенттіктің өткен жылғы жұмыс қорытындысына талдау жасалды жəне 2013 жылға арналған негізгі бағыттары мен міндеттері белгіленді. Бұл мəселелер жөнінде Статистика агенттігінің төрағасы Əлихан Смайылов баяндама жасады. Төрағаның атап өткеніндей, агенттік жұмысының басым бағыттары ның бірі – технологиялық даму жетістіктерін енгізу болатын. Осыған байланысты агенттік ТМД елдерінің статистика органдарының арасында алғашқылардың бірі болып «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру жəне оны енгізу жобасын жүзеге асыра бастады. «Біз осы жобаның іске асырыла бастағанын маңызды жетістік деп санаймыз, – деді Əлихан Смайылов. – «е-Статистика» жүйесі статистикалық ақпараттарды жинау, өңдеу жəне тарату үдерістерін толықтай авто мат тандыруға жəне барлық пайдаланушылардың статистикалық деректерге қолжетімділігін шектеусіз қамтамасыз етуге бағытталған». 2011 жылға дейін агенттіктің ақпараттық жүйесі бағдарлама жасаудың əртүрлі құралдарында жазылып, жекелеген бағдарламалық кешендердің шашыраңқы жиынтығы түрінде дайындалып келген екен. Сол себепті бағдарламалық кешендер арасында деректер мен мəліметтерді автоматтандырылған негізде салыстырудың мүмкіндігі болмады. Сонымен қатар, əдістемелік өзгерістерді енгізу де белгілі бір деңгейде қиындықтар туғызды. Осыған

байланысты жүйе анық болмады əрі интеграцияланбады. «Агенттік биылғы жылы «е-Статис тика» ақпараттық жүйе сінің қорытынды кезеңіне кірісіп отыр, – деп атап өтті төраға. – Бұл жүйені өндірістік іске қосу осы жылдың соңына жоспарланған. Жобаны іске қосудың арқасында бірқатар нақты нəтижелерге қол жеткізіледі». Агенттік басшысының атап өтуінше, жоба толық іске қосылғаннан кейін 120 үлгіні он-лайн режімінде электронды түрде беруге мүмкіндік туады. Қазіргі кезде респонденттерге жүйенің 65 үлгісі қолжетімді. Биыл тағы 55 үлгі енгізілетін болады. Бұған қоса ақпараттық жүйені мемлекеттік органдармен ықпалдастыру арқылы статистика сапасын арттыру мақсатында əкімшілік мəліметтерді алу да автоматтандырылады. «Бұл респонденттердің статистикалық есептілігін статистика органдарына келмей-ақ жүзеге асырылуына мүмкіндік береді», деді Əлихан Смайылов. Баяндамада «Талдау» ақпараттықталдамалық жүйесі жөнінде де ай тылды. Агенттік басшысының атап өтуінше, «Талдау» жүйесі Интернетке шығуға мүмкіндігі бар кез келген пайдаланушы үшін статистикамен жұмыс істеудің аса ыңғайлы құ ралы болып табылады. Бүгінге дейін «Жеке кабинет», «Аналитика», «Автоматтандырылған жаңалықтар», «Инфографика» модульдерін əзірлеу, сондай-ақ «Талдаудың» жетілдірілген нұсқасына тағы 1400 статистикалық көрсеткішті енгізу жұмыстары аяқталған. Бұлар сынамадан өткізілгеннен кейін пайдалануға беріледі.

Жаѕа жылда – жаѕа міндеттер

Кеше Спорт жəне дене тəрбиесі істері жөніндегі агенттіктің өткен жылдың қорытындылары мен биылға жоспарланған жұмыстарына арналған алқа отырысы өтті. Отырыста сондайақ, келесі жылы Сочи қаласында өтетін ХХІІ Қысқы Олимпия ойындарына дайындық барысы қаралды. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Оған Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев, Парламент депутаттары, облыстық спорт басқармаларының басшылары, жаттықтырушылар мен басқа да мамандар қатысты. Отырыста негізгі баяндаманы Агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов жасап, өткен жылдың қорытындыларына жоғары баға беретінін айтты. Онда ол қазір елімізде спортпен айналысатын азаматтардың үлесі 21,6 пайызды құраса, былтыр республика бойынша 18,9 мың, соның ішінде ауылдық жерлерде 12,6 мың спорттық-бұқаралық ісшаралардың өткізілгенін, оларға барлығы 3 млн.-нан астам адам қатысқанын жеткізді. Сондай-ақ, ол отандастарымыздың былтырғы Олимпиададағы жеңістерінен кейін спортқа деген қызығушылықтың артқанын, қазір елімізде 1743 спорттық клуб болса, соның ішінде 89-ы балалар мен жасөспірімдердің, 537і балалар мен жеткіншектердің еншісінде екенін, 968-і дене шынықтыру-сауықтыру жəне 132-і спорт түрлерінен кəсіби клубтар болып табылатынын, оларда 373 617 адамның спортпен айналысатынын атап өтті. Одан əрі агенттік төрағасының орынбасары спорт түрлерінен

құрама командаларымыз 298 республикалық, 277 халықаралық жарыстарға қатысса, əлем чемпионаттары мен кубоктарында, Азия чемпионаттары мен ойындары, жарыстар мен турнирлерде спортшыларымыз 996 жүлдені иеленгенін, ал, ұлттық спорт түрлерінен отандастарымыз 226 медаль, соның ішінде 73 алтын, 66 күміс жəне 87 қола жүлдені алғанын айтты. Ал, биылғы жұмыстар туралы Е.Қанағатов мемлекет тарапынан спортты дамыту, насихаттау бойынша жұмыстардың жоспарлы түрде жүріп жатқанын жеткізді. Осыдан кейін отырыста Парламент Сенатының депутаты, Бокс федерациясының вицепрезиденті Юрий Цхай сөз алып, ғылыми-зерттеу институты мен оқу орнын ашуды ұсынды. Ал «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Дархан Қалетаев былтырғы жетістіктерімізді айта келіп, алдағы кезде де қор тарапынан спортты қолдауда барлық мүмкіндіктердің жасалатынын жеткізді. Осы жерде ол жаңадан құрылған президенттік «Астана» клубының жұмысына тоқталып, болашақта оны Испанияның «Реал», «Барселона» клубтары деңгейіне көтеру қажеттігін айтты. Жиында қысқы спорт түрлерін дамыту, еліміздің Сочи Олимпиа дасына дайындық барысы туралы мəселе қаралды. Осы мəселе

Əлихан Смайылов өз сөзінде агенттіктің өткен жылдағы сапа менеджменті жүйесіне де тоқталды. Оның хабардар етуінше, агенттіктің сапа менеджменті жүйесіне тиісті халықаралық ұйымдар жақсы баға берген. Қадағалау аудитін əлемнің 70-тен астам елінде халықаралық деңгейде танылған «ТЮФ Интернациональ РУС» халықаралық органы өткізген екен. Бүгінде құрылымның сапа жүйесін енгізу аясында əзірленген материалдар ТМД елдері статистикалық кеңселерінің қызығушылығын тудыруда. Өйткені, Қазақстан алғашқылардың бірі болып сапа менеджменті жүйесінің статистикалық қызметте қолданылатын ИСО – 9001 стандарты талаптарына сəйкестігін растады. Агенттік төрағасы Мемлекет басшысы жəне Үкімет алға қойған міндеттерді жүзеге асыру биылғы жылы да жалғасатынына арнайы тоқталды. Олар негізінен статистикалық ақпараттарға оны пайдаланушылардың барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге байланысты. Оның қатарында мемлекеттік органдардың бірыңғай ақпараттық талдау жүйесін құру бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру, жыл сайын ИСО – 9001 халықаралық стандарты талаптарына қолданыстағы сапа менеджменті жүйесінің сəйкестігін растау, шетелдік статистика офистерінің консорциумымен бірлесе отырып «ҚАЗСТАТ» жобасын əрі қарай жүзеге асыру, тағы басқалар бар. Кеңейтілген алқа мəжілісінде Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаев сөз алып, Статистика агенттігіне ведомстволардың статистикалық есеп жүргізулеріне көмектесуді тапсырды. Мəжіліс қорытындысы бойынша Статистика агенттігінің алдына қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қатысты бірқатар нақты шешімдер қабылданды.

бойынша Ұлттық штаттағы командалар жəне спорт резерві дирекциясы директорының орынбасары Алексей Крючков баяндама жасады. Ол өз сөзінде Қысқы Олимпиадаға кемінде 40 лицензияны жеңіп алу жоспарланып отырғанын, қазірдің өзінде жолдама алса, бірнеше спортшылардың жүлдені жеңіп алуға мүмкіндіктері бар екенін мəлімдеді. Оның айтуынша, Ойындарға қатысудан үміткер барлық спортшылар заманауи медициналық-диагностикалық аппаратурамен жабдықталған допингке қарсы лабораторияда бақылаудан өтіп, жолдама жолында 12 əлем чемпионатына, 50-ден астам əлем кубогының кезеңдеріне қатысуды жоспарлап отыр. Осы тұста ол əлем кубоктары кезеңінің бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері, соңғы Олимпиадада бесінші орыннан екі рет көрінген шаңғы жарыстарынан Алексей Полтораниннен, Николай Чеботько мен Денис Волоткодан, Олимпиаданың күміс жүлдегері Елена Хрусталевадан, Марина Лебедовадан, Яна Савицкийден, фристайлмогулда Əлем кубогының жеңімпазы мен жүлдегері Дмитрий Рейхерден, жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионы Дарья Галышевадан, мəнерлеп сырғанаудан Азия ойындарының жеңімпазы Денис Тен мен Абзал Рахымғалиевтен үміт күтетінін жасырмады. Алқа жұмысын ПремьерМи нистрдің орынбасары Ербол Орынбаев қорытындылап, агенттіктің алдына бұқаралық спортты дамыту жəне спорт ғимараттарының мектеп жасына дейінгі балалардан бастап, егде жастағы адамдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға дейін қолжетімділігін қамтамасыз ету жəне спорт инфрақұрылымын дамыту жөнінде тапсырма берді. Сондай-ақ, ол Білім жəне ғылым министрлігімен бірлесіп, студенттер спортын жəне мектеп спортын дамыту міндеттерін қойды.

Студенттерге арналєан дəріс Орталық сайлау комиссиясының Жастарды құқықтық оқытудың 2012-2013 жылдарға арналған жобасын жүзеге асыру аясында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де Дүниежүзілік сайлау күніне орай қазіргі заманғы демократиялық сайлау құқығының тарихы мен даму үрдістері туралы бұқаралық дəріс оқылды.

Яғни жақында Орталық сайлау комиссиясы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқу орны студенттері үшін қазіргі заманғы демократиялық сайлау құқығының тарихы мен даму үрдістері туралы бұқаралық дəріс өткізді. Іс-шара Ортсайлауком əзірлеген Жастарды құқықтық оқытудың 2012-2013 жылдарға арналған жоспарын іске асыру аясында жəне 7 ақпанда аталатын Дүниежүзілік сайлау күні мерекесіне орай өткізілді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің

стратегиялық даму жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі проректоры Дихан Қамзабекұлы дəріске қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі. Ал Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сəрсембаев «Демократиялық сайлау құқығының тарихы мен қазіргі заманғы даму үрдістері туралы» дəріс оқыды. Содан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Лəззат Сүлеймен жəне Марат Сəрсембаев аудиторияның сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ жасы 18-ге толып, сайлауда дауыс беру құқығына ие болған студенттерге куəліктер тапсырды. Жас сайлаушыларды негізінен сайлаушылар тізімдерін жасау жəне нақтылау, сайлау комиссияларын құру, сайлауком мүшелерінің жұмыс ерекшелігі, түрлі сайлау рəсімдерін құқықтық реттеу, оның ішінде сайлау учаскесінде дауыстарды санау жəне сайлау қорытындыларын анықтау мəселелері қызықтырды. «Егемен-ақпарат».


www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

5

 Мемлекеттік мəселе Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлттық ғылым академиясының академигі Көпмағамбет Елемесовтің есімі тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар, шетелдік əріптестердің арасында да жақсы танымал. Ол Ресейдің, Тəжікстанның, Моңғолияның ғылым академияларының академигі. Көпағаңа табиғат-анамыз сымбаттылық пен деннің саулығын қатар дарытқаны бірден көзге ұрады. Ол бүгінгі жетпістің бел ортасына жеткен жасының өзінде бұрынғысынша əлеуетті де көрікті көрінеді жəне əлі де қызу еңбек үстінде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы жəне ветеринария ғылымиинновациялық орталығының бас ғылыми қызметкері ретінде білімі мен ғылыми жəне ұйымдастырушылық тəжірибесін таратуда. Өзінің жастық жігерін сақтап қалуымен қатар заманмен аяғын қатар басқан, шетелдің бірқатар жоғары оқу орындарында оқып, білімін жетілдірген, ол білімін ел игілігі жолында белсенді пайдаланып келе жатқан жəне қашанда болсын оз ойын жасырмай айтатын ағамен əңгімелесудің сəті түскен еді. – Көпмағамбет аға, сіз жарты ғасырдан астам уақыттан бері еліміздің мал шаруашылығын дамыту ісімен үздіксіз шұғылданып келесіз. Оның өрлеу кезеңін де, құлдырау сəттерін де бастан кешірдіңіз. Талай жайттардың куəсі болдыңыз. Ендеше, еліміздегі мал шаруашылығының қазіргі даму жағдайын қалай бағалаған болар едіңіз? – Бұл өзі жан ауыртатын өте бір толғақты əңгіме. Құдайға шүкір деп айтайық, жалпы, еліміздің даму барысы, болашаққа қарай бет алысы жаман емес. Тəуелсіздіктің осы бір 20 жылы ішінде небір керемет сəттерді бастан кешірдік. Тіпті, кейде осы түсім емес пе екен деп ойлап қалатындай да шақтар болды. Мына күннен-күнге жайнаған Астанамыздың ажарына қараңызшы. Дəл осындай келешек кескін келбетіндегі сəнді қала қай елде бар? Мен өзім əлемнің бірқатар елдерінде, соның ішінде, қазіргі өркениеттің бесігі саналып отырған Батыс Еуропа елдерінде болып, сол жақта арнайы курстарда оқыған адаммын. Сол елдердің атақты қалалары мен Астанамызды салыстыратын болсақ, маған бұл екеуі екі дүниенің белгісіндей, екі заманның көрінісіндей əсер етеді. Міне, осы Астана қаласында халықаралық деңгейдегі алқалы басқосулар жиі өте бастады. Əлемдік жəне дəстүрлі діндердің басқосуы тұрақты сипатқа айналды. ЕҚЫҰ-ның атақты саммиті өтті. Енді, 2017 жылы дүниежүзілік көрме де осында ұйымдастырылайын деп отыр. Осыдан ширек ғасыр бұрын тəуелсіздік мəселесіне қатысты, қаншама тəтті қиялға берілсек те дəл осындай болады деген өңіміз тұрмақ түсімізге де кірмес еді. Демек, елімізде өрлеу-өркендеу жағы мықты болып тұр. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Ал сіз менен мал шаруашылығының қазіргі жайын қалай бағалайсыз деп сұрап отырсыз. Шынын айтайын, егер мен мал шаруашылығының қазіргі жағдайын жақсы бағалаймын десем, сені былай қойып, құдайдың алдында өтірікші болар едім. Оған менің арым жібермейді. Өйткені, кешегі Кеңес өкіметінің тұсында, бұл саланың əбден дамығандығын көзіміз көрді. Сол тұста қой санын 50 миллионға жеткіземіз деп дабылдаттық. Жайлаудың барлығы малға толы болатын. Қазақстан мал шаруашылығының ауқымы жөнінен əлемдегі алдыңғы орындардың бірін еншілейтін. Елімізде ірі-ірі ет комбинаттары, сүт өнімдері зауыттары, жүнді бастапқы өңдеу фабрикалары жұмыс істейтін. Жылына жүздеген мың тонна ет пен сүт экспортталатын. Былайша айтқанда, азық-түлік өнімдерімен 350 миллион халқы бар Одақты асырауға қосқан үлесіміз мол болды. Қазір енді осылар бар ма? Əрине, жоқ. Мұның өзі елімізде мұнай мен газ, сауда, банк, құрылыс, кəсіпкерлік, таукен металлургия салалары бойынша прогресс бар екенін көрсетсе, мал шаруашылығы жөнінен регреске түскендігімізді анық байқатады. – Қатты кеттіңіз ғой, тіпті. Қазір мал шаруашылығы саласында көптеген ірі жобалар жүзеге асырылып жатқан жоқ па? Төрт-бес жылдың ішінде шетелдерден 70 мың бас асыл тұқымды сиыр сатып əкеліп, ет экспортын жолға қоймақпыз. Мұны прогресс деп айтуға болмай ма? – Əрине, 1997-2000 жылдар аралығындағы кезеңмен салыстырсақ, мұның прогресс екендігі анық. Бірақ, біздегі мал шаруашылығының бір кездегі жетістіктерімен салыстырғанда, біз əлі де құлдыраудан толық айығып отырған жоқпыз. Қазіргі жағдайлардың барысымен алғанда, мен тіпті, еліміздегі мал шаруашылығының болашағы бұлыңғыр деп есептеймін. Өйткені, еліміздің басты байлығының бірі саналатын жүздеген миллион гектар жеріміз игерілмей бос жатыр. Мал шаруашылығына ешкімнің барғысы келмейді. Егер жағдай осылай бола берсе, біз ертеңгі күні мал бағатын адам таба алмайтын боламыз. Қазір дүние жүзінде жер бетіне адам сыймай барады. Міне, осындай шақта Қазақстанның көп жерінің бос жатуының өзі, шынын айтайын, көңілге алаң туғызбай қоймайды. Алла тағала бізге бұл жерді мал өсіру үшін берген. Қазақ жерінде қандай ауыр жұт болса да, артынша сайын даламыз қайтадан малға толып отырған. Неге десеңіз, көп жері шөлейт, құмды келетін даламыз мал өсіруге, құнарлы

өнімдерін шетке ірі көлемде экспорттаушы елден енді бірте-бірте импорттаушы елге айналып шыға келуіміз де ғажап емес. – Статистикалық деректер бұл жөнінде не дейді екен? – Шынын айтсам, мен өзім қазіргі статистикалық деректерге, əсіресе, мал шаруашылығы жөніндегі статистикалық деректерге көп сене бермеймін. Бір əкім жаңадан келсе, ол бұрынғы əкімнен асып түсуге тырысады. Содан мал саны мен өнімдерін қосып жазу үрдісі етек алды. Мəселен, 2011 жылы елімізде 6 миллион ірі қара бар деп есептелсе, 2012 жылдың басында одан 5 миллион 700 мың бас қана қалған. Сонда 300 мың бас ірі қара малы қайда кетті? Мұнша малды біз экспортқа шығарған жоқпыз. Ірі қара саны, əсіресе, Қостанай облысында көп түсіп кеткен. Міне, осының барлығы қосып жазудың кесірі.

сыз? Əлемнің басқа елдерінде тартымды болғанда бізде неге тартымсыз? Кезіндегі Кеңес одағының тұсында, Одақ халқының жарым-жартысын асырап тұрған сала еді ғой. Қазір неге мұндай күйге түстік? Неге тамақтың бəрін дерлік сырттан алып жейтін болдық? Əлде «Мал өсірсең қой өсір, табысы оның көл көсір» деген əдетімізден жаңылдық па? – Бұл сұраққа да əр түрлі жауап беруге болады. Ал менің ойымша, біздегі мал шаруашылығының тартымсыз болуына, еліміз тəуелсіздікке ие болғаннан кейін экономикамыздың үлкен құрылымдық өзгеріске түсуі себеп болды. Мұнай мен газ, қаржы, сауда, сақтандыру, қызмет көрсету, ойын-сауық секілді өте тартымды бизнестік салалар пайда болды. Бір есептен алғанда, бұл жақсы, əрине. Бірақ, осылардың астарында байырғы саламыз мал шаруа-

Жазғы жəне күзгі жайылымдықта бағылған малдардың еті мен сүті өте арзан болады. Бұған дəлел жетерлік. Мəселен, Кеңес өкіметінің кезінде осы жайылымдықтардың арқасында Қазақстанда өндірілетін 1 кило еттің өзіндік құны Ресейдегіден 25-30 пайыздай, ал Белоруссиядағыдан екі еседей арзан болатын. Ал енді, осы жазғы жайылымдықтарды біз қазір пайдаланбай отырғандықтан керісінше жағдай орнап, Ресей мен Беларусьтегі мал еті бізден арзан болып шыға келді. Ресей мен Беларусь біздің рыногымызды өнімдерінің бағасы арзан болған соң жəне өнімді өңдеу мəселесі жақсы жолға қойылғандықтан жаулап барады. Рас, оларда ауыл шаруашылығы Кеңес өкіметінің кезінде-ақ бізден жақсы дамыған болатын. Олар сол жетістіктерін сақтап қала алды жəне оны енді жаңа заманға сай жаңғырту үстінде. Біз болсақ көп жыл-

«Мўндай сїтті ешкіден де алуєа болады єой» Мал шаруашылыєын ќайтсек дамытамыз? ет өңдеуге өте қолайлы. Бұл жерде, қазіргі күні адамзат қауымы зəру болып отырған дəмі тіл үйіретін қоспасыз сапалы ет пен сүт өндіруге болады. Алланың берген осы артықшылығын пайдалана алмай отырғандығымыз өзекті өртейтін жайт. Қазір осы Астананың ірі-ірі сауда дүкендеріне барып бас сұғып көріңізші, дүкен сөрелерінің азық-түлік тауарларына, дайын тағам түрлеріне толып тұрғандығын көріп, көңілің қуанып қалады. Ал енді сол тауарларды алып қарай бастасаңыз, барлығы демейік, көпшілігі шетелден келген өнімдер. Осыны көргенде, жаңағы қуанған көңілің су сепкендей басылады. Өйткені, азықтүлік қауіпсіздігі деген бар. Əлем халықтары үшін бұл қауіпсіздік түрінің маңызы өте зор. Өйткені, қазіргі күні жер бетіндегі адамзат саны жеті миллиардқа жуықтап келе жатса, соның екі миллиардқа жуығы азық-түліктің жетіспеушілігінен ашыға бастаған. Демек, азық-түлік қауіпсіздігі дегеніміз, ел тəуелсіздігінің басты барометрлерінің бірі. Сондықтан, кез келген ел, ең алдымен, өздерін азық-түлік өнімдерімен жеткілікті түрде қамтамасыз етуге ұмтылады. Ал дүкен сөрелерін жаулап алған шет елдік өнімдер бізде осы мəселенің əлі де болса дұрыс шешілмегендігін, тіпті Кеден одағының аясында бірігуіміздің астарында дəл қазіргі кезеңде бұл істің одан əрі ушыға түскендігін көрсететіндей. Жалпы, Кеден одағы Қазақстан экономикасы үшін дұрыс дүние. Біз шетелдерге көптеп мұнай, металл, астық саудалаймыз. Еуропаға жақын орналасқан Ресей мен Беларусьтің көлік инфрақұрылымдарының мүмкіндіктерін тиімді жағдайда пайдаланамыз. Іргеде тұрған 170 миллион адамдық рынок бізге қолжетімді бола түседі. Кеден одағының құрылғандығы бізге осы жағынан, яғни жалпы, стратегиялық жағынан дұрыс. Бірақ біздің мал шаруашылығы мен оның айналасындағы бизнес көрші елдің кəсіпкерлерімен бəсекелестікке төтеп бере алмай отыр. Кінə, мал шаруашылығының өзінде тұр. Міне, мəселе қайда?! Ал негізінде бұлай болуға тиіс емес еді. Себебі, бізде мал өсіруге лайықты кең дала бар. Одан əлемдегі ең арзан əрі экологиялық тұрғыдан таза ет пен сүт өндіруге болады. Мал шаруашылығының мəселесін дұрыс шешуге қаржылай қуатты мемлекет бар. Жерімізде азықтүлік өнімдерінің көптеген түрлерін өсіруге болады. Мал шаруашылығының ауқымы жөнінен кезінде əлемде алдыңғы қатардың бірін еншілегеніміз тағы бар. Оның үстіне мал шаруашылығы – қазақтың ата кəсібі деп, яғни мал өсіру жайын ешкімнен кем білмейміз деп тағы мақтанамыз. Сөйтіп жүріп, адам денсаулығына зиянды қоспалары мол көптеген өнімдерді шетелдерден сатып жей бастадық. Бұлай бола берсе, мал

www.voxpopuli.kz

– Шынын айтқанда, мемлекетіміз мал шаруашылығын дамытуға назар аудармай отырған жоқ. Қажетті қаржыны бөліп отыр. Сонда неге бұл сала дамымайды? Осы туралы өзіңіз не ойлайсыз? – Бұл мəселе туралы əркім əртүрлі пікір айтып жүр. Біреулер бұл саланың шығыны көп, сондықтан дамымайды дейді. Екінші біреулер мал шаруашылығы саласы тым ұсақтанып кеткен, көп мал үй шаруашылығымен ғана шұғылданып отырған жеке меншіктің қолында, сондықтан дұрыс жолмен дамитындай жағдайы мүлдем жоқ дейді. Себебі, бізде қазір жалпы мал басының 80 пайызы үй шаруашылықтарының қолында қалып отыр. Ал шөре-шөре болған үй шаруашылығымен алысқа бара алмайсың. Енді біреулер жалпы мал шаруашылығының консервативті сала екендігін, мұндағы өзгерістер баяу жүретіндігін айтады. Осылардың барлығымен келісуге болады. Алайда, бұл да жөн екен деп қазіргі жүріп жатқан шараларға қанағаттанып, отыра берейін десең, басқа елдердің даму барысына қарап, біздің елімізде бұл жөнінде қатып жатқан сең көбесі əлі сөгілмегендігін байқайсың. Мəселен, мен өзім қазір сүт бағытындағы сиырларды өсіру мəселесімен шұғылданып отырғандықтан, көршіміз Ресейдегі осы жөніндегі деректерге тоқтала кетейін. Бұл елде əр сиырдан сауылатын сүт көлемі 2009 жылдың өзінде 4422 литрден айналды. Ал Ленинград жəне Мурманск секілді мал шаруашылығы дамыған өңірлерде бұл көрсеткіш 6 мың литрлік белестен асып түсті. Ал біз болсақ, əлі сол 2-2,2 мың литрді қанағат тұтып жүрміз. Осыдан 3-4 жыл бұрын Қосшы ауылындағы «Асыл түлік» мал асылдандыру орталығына келген кезде, Елбасымыз осы жайды естіп, «Мұндай сүтті ешкіден де алуға болады ғой» дегені бар. Өте дəл айтылған теңеу. – Ресейде неліктен сүт өндіру көрсеткіші бізден еселеп жоғары болып отыр? – Менің ойымша, мұның көптеген себептері бар. Біріншіден, Ресейдің жерінің құнарлығы мен табиғи жағдайы бізден жақсырақ. Екіншіден, бұл елде біздегідей, шаруашылықтар тым ұсақталып кетпеген. Мұнда жалпы өндірілген сүттің 55 пайызы шаруа шаруашылықтары мен үй шаруашылықтарынан алынса, 45 пайызы ауыл шаруашылығы кəсіпорындарында өндіріледі. Бұл елде алдағы уақытта ірі өндірісті одан əрі дамыту саясаты ұсталып отыр. Менің ойымша, біздегі мал шаруашылығының дамымайтын басты себебі – оның тартымсыздығы. Мал шаруашылығына жастар барғысы келмейді. Яғни, еліміздегі мал шаруашылығының болашағы түбегейлі түрде əлі шешілмей отыр. – Ал енді, осы сала неге тартым-

шылығының жағдайы əбден құлдырап кетті. Ол қоғамда ескіліктің сарқыншағы, өткен күннің белгісі секілді көрініс бере бастады. Егер біз мал шаруашылығын дұрыс дамытамыз десек, бизнестің ерекше тартымды салаларына кетіп отырған осы саланың есесін алып беруіміз керек. Менің ойымша, бұл істі жүзеге асыру үшін, ұлттық қордың қасынан Мал шаруашылығын қолдау қорын немесе жалпы Ауыл шаруашылығын қолдау қорын құрған жөн болатын секілді. Сонда мұнай мен газдан түсіп жатқан қаржыда мал шаруашылығының тікелей үлесі болады. Ал мал шаруашылығы дегеніміз, өте үлкен мəселе. Тіпті, саяси мəселе. Өйткені, біз қазіргі күні бос жатқан жүздеген миллион гектар жерді тек осы мал шаруашылығы арқылы ғана игеретін боламыз. Басқадай жолды мен көріп те тұрғамын жоқ. Адамзат қауымы жерге сыймай отырған қазіргі шақта сайын даламыздың бос жатуының өзі қатерлі көрініс. – Жайлаудың барлығын малға толтырып, мал санын көбейттік дейік. Бірақ, нарықтың өз заңы бар емес пе? Ертең ол өнімдерді біз кімге сататын боламыз? – Ол өнім басқаға сатқанды қойып, біздің өзімізге жетпей отырған жоқ па?! Бұл жерде барлық кілтипан баға мəселесінде тұр. Егер біз өнім бағасын арзандата алсақ, оны кез келген елге өткізуге болады. Ал мал өнімдерін арзандатудың бір жолы – мал санын арттыру. Бұған бізде толық мүмкіндік бар. Себебі, бізде жүздеген миллион гектарды құрайтын жазғы жайылымдықтар бар.

дарды жоғалтып алдық. Бізге осының есесін енді толтыру керек. Мал шаруашылығына қаржыны аямай төгу керек. Бұл салада реттелмеген мəселелер көп. Мəселен, мал иесі бар. Мал иесінің кірісі малды сатқан кезде түсетін пайдаға байланысты шешіледі. Сол секілді мал иесіне жалданып, оның малын бағушылар да бар. Ал олар қандай жалақы алып отыр? Оны ешкім білмейді. Қысқасын айтқанда, тікелей мал бағатын адамның мəселесі бізде шешілмеген. Нақ осы мəселе шешілмей, мал шаруашылығының дамуы бізде дұрыс жолға түседі деп айта алмаймын. Мəселен, қазір ауыл жастарын қалаға құрылыс жұмысына шақырсаң қуанақуана баруы мүмкін. Ал мал бағуға шақырсаң ешкім бара қоймас. Мал шаруашылығы болашағының бұлыңғыр тартуының бір кілтипаны осы жерде тұр. – Сонымен, бізде қазір еліміздің мал шаруашылығында жүріп жатқан жұмыс жоқтың қасы дейміз бе? – Жоқ, олай деп тағы айта алмаймын. Еліміздің мал шаруашылығы саласында жүріп жатқан жұмыс аз емес. Мəселен, қазір елімізде ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бағытында үлкен жұмыс жүріп жатыр. Ірі-ірі бордақылау алаңдары салынып, олардың айналасында фермер шаруашылықтары жеделдетіп құрылуда. Шетелдерден өнімділік көрсеткіші жоғары ірі қара малдары сатып əкелінуде. Бұл дұрыс шаралар. Өйткені, біз сапалы малды өзіміздің отандық тұқымнан өсіреміз деп əлекке түсетін болсақ, оны жүзеге асыруға бірнеше ондаған жылдар қажет болар еді. Оны күтіп отыруға мына жедел дамыған заманда біздің уақытымыз жоқ. Тек ойланатын бір мəселе, сол əкелінген малдардың азық-түлік базасын қалыптастыруды алдын-ала шешіп алуымыз керек еді. Енді, бұл жұмыспен іс барысында шұғылданып келеміз. Ауыл шаруашылығы министрлігі малдың жазғы жайылымдықтарынан 4 мың құдық қазып, 8 миллион гектар жайылымдықты іске қосумен шұғылдана бастады. «Ештен кеш жақсы» дегендей, бұл да жаман емес. Енді, осы жазғы жайылымдыққа шығатын малшылар тұрмысына қажетті мəселелерді шешу керек. Əйтпесе, бұл іс тағы да жартыкеш шара ретінде қалып кетеді. Істі ұйымдастыру бағытында тағы бір атап көрсете кететін шаруа Елбасының шешімімен республикадағы ірі қара малдың əр тұқымына арналған палаталардың құрылуы. Қазірдің өзінде 8 палата құрылды. Қазақтың ақбас сиыры, герефорд, ангус, əулиекөл секілді ет бағытындағы сиырларға арналып пала-

талар құрылса, қарала, голштин, симментал, алатау, əулиеата, қырдың қызыл сиыры секілді сүт бағытындағы ірі қараға арналып бір палата құрылды. Мен осы соңғы палатаны құрып, дамыту жұмысына қатысу үстіндемін. Жалпы, палаталардың қай-қайсысы болмасын коммерциялық ұйым емес. Оларды ірі шаруашылықтар мен фермерлердің өзі құрып отыр. Біздің міндетіміз, сүтті ірі қараның жоғары текті аналық мал басын сақтау жəне олардың өсіп-өнуін кеңейту, мемлекеттік жəне басқа да ұйымдарда жəне халықаралық ұйымдарда палата мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады. Палатаның құрылуы асыл тұқымды малдың есебін дұрыс қалыптастырып, жүргізуге мүмкіндік береді, табындардағы селекциялық жəне асыл тұқымдық жұмыстардың дұрыс жүргізілуін жолға қояды, асыл тұқымды малдарды айқындап, оларға мəртебе беру ісін жүзеге асырады. Қысқасын айтқанда, асыл тұқымды сапалы мал өсірушілерге үлкен көмегі бар. Палатаның басшылық органы – директорлар кеңесі. Директорлар кеңесін бас директор басқарады. Қызылорда облысындағы «Рза» шаруа қожалығының төрағасы Самұрат Имандосов осы бас директор қызметіне сайланды. Былайша айтқанда, палатаның барлық жұмысын мал өсірушілердің өздері басқарады. Ал біз, ғалымдар, селекциялық жұмыстарды жүргізуде оларға көмекке келеміз. Яғни жан-жақтан күш біріктіру нəтижесінде пайда болып отырған пайдалы ұйым деп айтуға болады. Жалпы, еліміздің ауыл шаруашылығында, соның ішінде, мал шаруашылығында көптеген жұмыстардың жүзеге асып жатқандығын мен көріп отырмын. Ғалым ретінде бұл атқарылып жатқан істерді қолдап, мақұлдаймын. Əсіресе, мал шаруашылығына деген мемлекеттің көзқарасының түзеліп, оған деген қолдауды жылдан-жылға арттырып келе жатқандығына қуанышымды білдіремін. Бірақ, осылай дей отырып, бұл саланың дамуы қанағаттанарлықтай жолға түсті деп тағы айта алмаймын. Ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығы өз бетімен жеке өмір сүріп, назардан тыс қалды. Осы тұста ол əбден қожырады. Өзінің тартымдылығынан айырылды. Енді осы кеткен олқылықтардың орнын толтыру үшін үлкен жұмыстар қажет. Қазіргі жүріп жатқан жұмыстар бұл олқылықтардың орнын толық толтырады деп айта алмаймын. Сондықтан, менің ойымша, бұл саланың даму болашағын толық айқындайтындай келелі кеңес құрып, көп ақылдасуымыз керек. Қазақстандағы экономикалық салалардың арасынан оның орнын белгілеуіміз керек. Мал шаруашылығына барамын деген жастарға үлкен қолдау білдіру қажет. Міне, осыны жүзеге асыру үшін ең алдымен, мемлекеттің үлкен қолдауы мен қомақты қаржысы қажет. Бұл қомақты қаржыны қайдан аламыз, қай бағытқа жұмсаймыз? Мүдделі жақтардың бəрінің басын қосып, осы істі жеделдетіп шешу қажет. Үкімет осы іске жан-жақты қолдау көрсетіп қана қоймай, елімізде Кеңес өкіметінің тұсында болған тың көтеру кезіндегідей қазіргі қалғыған тіршілікті ерекше екпінмен бұза-жара кірісуі керек. Қаржылай қолдау көрсете отырып, қазіргі базар сағалап жүрген жастарымыздың бір бөлігін осы бір екінші тыңды игеру ісіне өз еріктерімен аттандырудың жолдарын табуы керек. Сонымен қатар, мал азығын дайындау өндірісін қайта қалпына келтіріп, оны дұрыс жолға салу қажет. Солай еткенде ғана мал шаруашылығының дамуынан біз нақты серпілісті байқайтын боламыз. – Сонда біздің мал шаруашылығымыз кезіндегі Кеңес өкіметіндегідей тек дотациямен ғана жұмыс істейтін шығынды сала болып шыға келмей ме? Ол елімізге нарық келген кезде осы шығындылығынан құрып кетіп еді ғой. – Мал шаруашылығы мемлекет үшін қашан болсын шығынды, ал бизнес үшін тиімді сала болуы керек. Бұл не деген сөз? Бұл мал шаруашылығындағы бизнес өз тұрған бетінде өте əлсіз, ол тек мемлекеттің қолдауымен ғана пайдалы бола алады деген сөз. Бүкіл өркениетті əлем осындай жолмен дами алады. Мəселен, ауыл шаруашылығын дамытудың үздік үлгісі саналатын Американың өзінде фермерге деген қолдау өте күшті. Ол қолдау фермерге тікелей емес, ассоциациялар арқылы көрсетіледі. Фермердің өндірген өнімдерін өткізу мəселесімен де осындай ұйымдар шұғылданады. Сөйтіп, фермерге деген көмекті бір сəтке де босаңсытуға болмайтындығын дамыған елдер жақсы түсінеді. Себебі, мал шаруашылығы бір қожыраса, оны қайтадан қалпына келтіру өте қиын. Біздің мал шаруашылығымыздағы қазіргі жағдай, бұл салада əбден бас қатыратын шешімі тым күрделі мəселелердің тым қордаланып қалуы, қазір енді бұл саланы қалай дамытамыз деп арпалысқа түсіп отырғандығымыз – осының ең үлкен мысалы. Яғни, тарихтың ащы сабағы біздің өз басымызда-ақ жетіп артылады. Осыны есте ұстайық. – Əңгімеңізге рахмет. Əңгімелескен Сұңғат ƏЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан».


6

www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

 Өшпес даңқ

Майданныѕ бергі бетінде Қазақстанда Ұлы Отан соғысының оты шарпып, оғы қопарған жер Батыс Қазақстан облысы ғана. Облыстың Бөкей ордасы, Жəнібек, Қазталов аудандары Сталинград əскери округіне қарап, Сайқын, Шоңай, Жəнібек темір жол бекеттері Сталинград майданы қарамағына жатқызылғаны белгілі. 2010 жылы Ресейдің Волгоград қаласында басылған «Сталинград шайқасы энциклопедиясында» облысымызға қатысты деректер өте көп. Мəселен, облыс жеріне Сталинград майданының əскери бөлімшелері, маңызды байланыс тораптары

орналастырылғаны анық көрсетілген. Сталинград əкімдігі мен түрлі мекеме-кəсіпорындарының архиві, құрал-жабдықтары Оралда сақталған. Облыс Сталинград əскери округінен эвакуацияланған халықты қабылдады. Автобронетанктік жөндеу базалары, автокөлік жəне темір жол жөндеу-қалпына келтіру батальондары, кіші лейтенанттар, рота командирлері мен радио мамандары курсы орналастырылды. Сондай-ақ, Сталинград майданының авиатехникалық, инженерлік, химиялық, санитарлық, ветеринарлық, азық-түлік қоймалары да біздің облыс жерінде орын тепті. Тек командирлерді қайта даярлау курсының өзіне 3500-дей адам оқуға келсе, бір ғана санитарлық қойманың жүгі 300 вагон, ал оқ-дəрі қоймасының заттары 600 вагонмен өлшенген. Жергілікті басшылардың алдында ауыр жұмыс – осыларды орналастыру міндеті тұрды. Облысымызға эвакуацияланып келген зауыттар мен жөндеу базалары ұшақтарды, танктер мен автокөліктерді, қару-жарақтарды қалпына келтіру жұмыстарымен тəуліктің 24 сағатында тоқтамай айналысты. Əскери кеңестің облысқа берген тапсырысы – жылы киімдер, ат əбзелдері мен атшаналар, мина мен снаряд дайындау толық орындалып жатты. Жəнібек аудандық өндірістік шаруашылығы сіріңке шығара бастады. Күніне 300 қорап сіріңке өндіріс орнынан 300 метр жерде орналасқан əскери қоймаға жеткізіліп тұрған. Жергілікті ауруханалар, балабақшалар, пионерлер үйі, демалыс үйлері, əкімшілік жəне мектеп ғимараттары эвагоспитальдарға айналды. Жəнібек ауылының маңында осы госпитальдарда қайтыс болғандар жерленген бауырластар зираты бар. Жəнібек жерінде жерленген боздақтардың ұзын саны – 93. Олар – офицерлер, қатардағы жауынгерлер жəне медбикелер. Қаншасының басына белгі қойылмай да қалды. Көнекөздер бомбадан пайда болған шұңқырларға сол кезде қаза тапқандар жерленіп, басына темір белгілер қойылғанын да айтады. Орал қаласы мен Сталинград қан орталықтары біріктіріліп, жаралыларға күніне 75 литр қан жинау нормасын орындау үшін халық жан-жақтан Оралға ағылды. Рекордтық көрсеткіш – 28 жұмыс күні ішінде 750 шақырым Гурьев – Орал – Чкалов телефон байланыс торабы салынған. Халық қолда бар ыдыс-аяқ, жылы киімін, нан, ет, сүт өнімдерін жи-

нап, эвагоспитальдарға жеткізіп, майданға жолдап отырды. Облыс жерін, əсіресе, Сайқын, Шоңай жəне Жəнібек темір жол стансалары мен оларға жақын темір жол бөлімшелерін жау ұшақтары бомбалай бастады. Көптеген тыңшыларын түсірді.

Құрсайдағы аэродром Жоғарыда аталған энциклопедияда облысымыздың майданмен шектес жерлерінде жергілікті халықтың күшімен 13 шұғыл аэродром салынғаны жазылған. Соның бірі туралы майдангер естелігінде айтылады. – Ұлы Отан соғысы басталғанда он алты жаста едім. Жəнібек ауданының Күйгенкөл ауылының «Жасқайрат» колхозындағы орта мектепті бітіріп, колхозда есепші болдым, – дейді 1982 жылы Жəнібек аудандық газетінде басылған естелігінде ардагер Мұхтар Жұмағалиев. – 1942 жыл. Ауылда еңбекке жарамды бірен-саран қарттар, əйелдер мен балалар. Ол кезде колхоз мал шаруашылығымен айналысатын ірі шаруашылық болатын, егін де салды. Жұмыстың бəрі қол күшімен атқарылатын. Жəнібек темір жолы əлсін-əлсін бомбаланатын. Бірде «Жасқайрат» колхозының орталығынан екі шақырым жерге жаудың үш бомбасы түсті. Қыркүйек айының ортасында ауданнан өкіл келіп, жиналыс өткізді. Онда колхоздың Құрсай деген сай-салалы жеріне келіп қоныстанып жатқан əскери бөлімшеге қолғабыс керектігі айтылды. Сол күні түйе, өгіз арбаларға құрал-саймандарымызды салып, Құрсайға тарттық. Төрт-бес күнде Құрсай мен Үштамақтың ортасында далалық аэродром дайын болды. Қ.Жадауова, М.Ғұсманова, Л.Князева, Н.Бөпеғалиева ерекше еңбек сіңірді. Сегізінші əуе армиясының алғашқы истребительдері қона бастады. Ұшқыштар үйлеріне жазған хаттарын стансадағы поштаға жеткізіңдер деп біздің қолымызға ұстатты. Ауылға қайтып бара жатқанымызда ракета атылып белгі берілді де, ұшақтар бірінің артынан бірі əуеге көтерілді. Сөйтсек, Сталинград жақтан бір топ жау ұшағы көрінген екен. Аспанда қым-қиғаш ұрыс басталды. Біз Үштамақ сайына түсіп жасырындық. Үш айдан кейін əскерге шақырылып, майданға аттандым.

Жарылмай қалған бомбалар Соғыс жылдары Орда жерінде өмір кешкен Ибраим Сұлтанов ағамыздың аузынан да бірталай тарихқа қанықтық. Бірде неміс ұшақтары алыстан өтіп кеткен. Дауысы сұмдық еді ғой. Азғантай уақыттан кейін қайтып

келіп, ауыл үстімен екі рет өтіп, бомбалай бастады. Шамасы, түйе шаруашылығының ұзынұзын қоралары əскери казармалар болып, айналасында қараңқұраң етіп жүрген көп мал, малшылар əскерилер болып көрінген шығар. Түйе сауып жатқан аналарымыздың жандарына бомбалар топылдап түсе бастады. Ол жер жұмсақ, қалың құм ғой. Он екісін тастаған екен, Құдай сақтап біреуі де жарылмады. Біз – баламыз, Шынтай деген досым екеуміз əлгі бомбаларға қайта-

қайта барып қызықтап көріп жүрдік. Пішеннің үстінен адам қызыққандай жып-жылтыр екі үлкен оқ тауып алдық. Əлгіні балалар қамшының ұшына байлап алып, жерге сабалап ойнаймыз. Соғыстан жараланып қайтқан солдат көріп қалып, бізге қатты ұрысқан-ды. Ауылдың бір ақсақалы Оразғай бəрі жұмысқа кеткенде бір бомбаны үйіне түйемен сүйреп апарып, өзі қайратты еді, ішке кіргізіп, қабырғаға сүйеп қойған. Марқұм қария əлгіден бидай түйетін келі жасайын деп жүр екен. Оны да дер кезінде көрген ауылдастары тоқтатқан. Біз үйіне барғанда төрт қанаты бар бомба тігінен үйдің төбесіне тіреліп тұр екен. Ауылда қолмен бұрап отырып байланысқа шығатын рация бар еді, сонымен жоғары жаққа хабарлады. Сөйтіп, Ресей жақтан комиссия келіп, он екі бомбаны жинап алды. Текшелеп жинағанда үлкен қораға əрең сыйды. Əскерилер əкелініп, қарулы күзет қойылды. Жаз шыға алып кетті. Қырдағы «Он бірінші» деген жерде Орда орманында жұмыс жасайтын Уəзипа əже отырды. Оларға да бомба тасталған. Құмға түскен бомбалар ол жерде де жарылмай қалған. Əжей шай ішіп отырғанда тас үйдің қабырғасы ішке опырыла құлайды. Сыртқа жүгіріп шыққанда он алты жастар шамасындағы немересінің талқаны шыққанын көреді кейуана. Халық баланың сүйегін əрең жинап алады. Бала шайға шақырғанда келмей, əлгі бомбаларды шапқымен айналдырып отырған екен... Түйе зауытындағы мына бір оқиға ерекше есте қалды. Зауыт басшылығы жиырма атан түйені бөлек бақты. Пішен шабылғанда да жегілмейді, жардай семіз болатын. Ешкімде жоқ бидай берілетін оларға. Əкем жиырма күн сайын соларға жем əкелетін. Кейін соғыс біткесін ғана əкем ол түйелердің фашистер Сталинград майданынан бері өтіп кетсе, түйе зауытының жүгін тиеуге əзірленгенін айтты. Соның біреуін соғыстан қашқандар ұрлап сойып алды. Соғыс аяқталғасын барып ол түйелерді үлкен жүк көліктерімен тиеп алып кетті. Түйе шаруашылығы таратылғанда əкем Тобылғы деген жерді мекендеп қалды. Соғыс кезінде əскерге ат дайындаған жылқы зауытында жұмыс істедік. Басшымыз аласа бойлы, жалтыр бас орыс ұлтының азаматы болды. Аты мен фамилиясы есімде жоқ, «Петровыш» дейтін жұрттың бəрі. Сол күнде оның құмға батпайтын күшті көлігі болатын. Беляев деген басқарма болды. Өте

 Кино ұзын адам еді. Атқа отырғанда аяғы жерге тиердей салбырап жүретін оны бойына байланысты əскерге алмаған сыңайлы. Шаруашылықта он жеті мыңдай жылқы болды. Ұзындығы жарты шақырымдай екі қора салынды. Олардың арасына жылқы қамалды. Əскерилер келіп таңдап, іріктелген жылқылардың аяғына ақ белгі салып кететін. Бұл шаруашылық əскери сынақтарға байланысты 1949 жылы басқа жерге көшірілді. Біз отырған Орданың жері өте шұрайлы, құйқалы болатын. Соғыс жылдары сүттіген деген өсімдіктен арқан естік. Қырда сирек, құмда көп өсетін. Əйелдер мен балаларға жинатып, кемелерге пайдалануға деп арқанды жуан етіп өргізіп алып кететін. Құмаршық деген шөпті де жинатты. Оны дəрі ретінде де, тамаққа да пайдаланатын.

«Қара қағазды» апару қиын еді... Қазір Жəнібек ауданының Ұзынкөл ауылында тұратын 83 жастағы Нұрсайын Ажығалиев ақсақал соғыс жылдары пошта тасыған. – 1942-43 жылдары «Ленин жолы» колхозында (қазіргі Ұзынкөл ауылы) əскери байланыс бөлімшесі орналастырылды, – деп бастады қария əңгімесін. – Төрт ұшақпен əкелген құралжабдықтары үлкен кашарға (қора) əрең сыйды. Ол ауылдың қазіргі мектеп пен балабақшаның ортасындағы жер. Қызметкерлерінің көбі қыздар еді. Осы аймаққа келген поштаның бəрі сол жерден бөлінетін. Ауыл тұрғындарын қораның маңына да жолатпады. Жан-жағында қарулы күзет тұратын. Кейін бір түнде көшіп кетті. Апыл-ғұпыл көшкенде олардың көп киім-кешегі қалып қойды. Жоқтық кезі, ел қарық болды. Əскерилердің киімдерін оқушылар сабаққа да киіп барып жүрді. Терезенің бəрі бүркеулі болатын. Халық тас қараңғы жерде отыратын. Себебі, ауылдан алыс емес жерге талай бомба тасталған. Жəнібекті бомбалағанын өз көзімізбен көрдік. Құдай ондайды елімізге көрсетпесін. Тасталқан болған ғимараттардан көшелерге ұшқан қалдықтарды ауылдардан адамдарды апарып жинататын. Құлаған жау ұшағын көруге де балалар жиналып бардық. Бірақ маңына жолай алмадық. Нұри, Қаби, Қамидолла төртеумізді өгізбен жер жыртуға, тұқым себуге алып кететін. Түнде кетеміз. Жарытқан киім де болмады. Жөнді ас та болмады, көбіне ішетініміз – көк сүттің айраны. Елең-алаңда өгіздің артында келе жатып көзіміз ілініп кетіп, жыртылмаған жер тастап кетсек, бригадир Ержан арқамыздан қамшымен тартып жіберетін. Балалардың ескі тондары дар етіп айырылатын. Сөйтіп, жөнді сабаққа да қатыспадық. Мектепке андасанда бір барғанымызда, төменгі сыныптың оқушылары судыратып оқиды да, үнемі қара жұмыста жүретін жоғары сыныптың балалары ежіктеп оқитынбыз. Содан қатты ұялатынбыз. Басқарма сабақтан кейін жеті шақырымдағы ұшақтар қонатын жерден ауылға пошта жеткізуді маған міндеттеді. «Кукурузник» аталып кеткен сол ұшақтардың далалық аэродромы қазіргі Алтыкашар аталатын елді мекеннің тұсы. Үлкен қара сөмкені асынып барамын. Ауылдан жарты шақырым жерде шеген құдық болды. Ауылдың əйелдері соның тұсынан күтіп тұратын. Мені жұлмалап, ескі бешпетімнің далдұлын шығаратын. Үш бұрышты жауынгер хаттарын таратып алып кетеді. «Жаңа өрнектегі» пошташылар «қара қағаздарды» төс қалтама бөлек салып беріп, мұқият тапсыратын. Оны басқарма Досқалиевтің қолына беретінмін. Тапсырма солай болды. Ол «қара қағаз» келген отбасыларды кеңсеге бір-бірлеп шақырып, қайғылы хабарды жеткізетін. Жылап-сықтап жүрген олар мені жерден алып-жерге салып балағаттап, «өзімізге неге бермейсің» деп кінəлайтын. Жұртқа жексұрын көріне бергесін бір күні басқармаға барып əрі қарай пошташы болып істей алмайтынымды айттым... Иə, енді ондай сұмдықтар қайталанбасын деп тілейік дегенді қосқымыз келеді өзіміздің тарапымыздан. Нұрлыбек РАХМАНОВ, журналист.

Батыс Қазақстан облысы.

Батыр Баукеңді дүниеге əкелген Жуалы өңірінен сегіз бірдей генералдың шығуы «қазақтың қай жерін алсаң да киелі» дегеннің ақиқатына асықпай үңілуге шақырады. Жерді тану үшін алдымен сонда туған ерді тану парыз десек, соның бірі Парламент Мəжілісінің депутаты, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаевтың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге ету мақсатында түсірілген «Генерал Ертаев» фильмінің көрсетілімі Астанада өткен болатын. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Мəдениет жəне ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген 51 минөттік деректі фильмнің сценарийін Болат Жетекбай мен Сатыбалды Текеев жазған, ал қоюшы-режиссері белгілі документалист Сатыбалды Текеев. Экрандық туындының сəтті шығуына себепші тұлғаның бірі – оператор Николай Райсов. Тегінде, ерлік пен елдіктің жыры намыс отынан жаралған арлы жүректен туса керек. Ал арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты батыл ұлдардың

Сегіздіѕ бірі алдындағы ең биік тау перзенттік парыз саналса, Ауған соғысында қаза тапқан талай қазақ жігітінің асқақ арманы сол биікке шаншылған рух туы секілді əсер қалдырады. «Генерал Ертаев» фильмі өзегіне таңдалған ерлік туралы жыр Отан алдындағы айбынды борышын адал атқарған осындай сандаған сарбаздардың қаһарман қалыбын ұмыттырмайтын тарих сиясы іспетті. Өр кеудесі шалқақ біткен Баукең бейнесі елдік мүддеде рухы мығым батыр бабалар дəстүрін үзбей жалғаған нағыз жауынгерліктің үлгісі іспетті. Ерлік пен елдік туралы дала дастанын жалғастырған халықтың қаһарман ұлдары жайында сыр шертілетін болғандықтан автордың неге өзінің алғашқы сөзін дəл осы сюжеттен бастайтыны ойға қалдырады. Баукең ескерткіші алдындағы тағзым арқылы кейіпкердің жан сыры жайылып сала береді. Оның үнімен кешегі қан майданда қаза тапқан жауынгерлер бейнесі қайта тіктеліп, талай боздақтың жазықсыз тағдыры кейінгі ұрпаққа адалдық аманатындай түйіледі. Əр уақыттың өз тұлғалары болады десек, Отан үшін жанын пида еткен сондай азаматтар жайында парықсыз ой түйгізгісі келгендердің де кешегі күнге дейін арамыздан табылып қалғаны жасырын емес. Бірақ, тарихтың тамыры уақыт өте келе мұндай келеңсіз жайттердің тамырына балта шауып, Отан атынан жорыққа аттанған əр сарбаздың қандай да іс-əрекеті болсын оның жеке басының мақсат-мүддесінен тумайтынын, керісінше ел мұраты үшін кез келген қиындыққа бел байлай білетіндігін дəлелдеуде. Бүгінде екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне ғана құрмет көрсетіліп жатқан жоқ, Ауған соғысы жауынгерлеріне, сондай-ақ, бейбіт өмірде халқына қалтқысыз қызмет етудің ерен үлгісін танытқан ержүрек жандарға да ел-жұрты ерекше сүйіспеншілік білдіруде. Жарқын болашақ пен Отан тыныштығын сақтауда қыршын кеткен қырандардың жөні өз алдына бір

бөлек. От пен оққа кеудесін тосқан мұндай жандардың өмірін кейінгі ұрпаққа өнеге ретінде ұсыну рухани саланың басты бағыты десек, «Генерал Ертаев» деректі фильмі, міне, осы ретте көрермен сұранысын қанағаттандыратын тұщымды дүниенің бірі болып қала бермек. Экраннан əуелі кейіпкердің Баукең ескерткішіне тағзым ету рəсіміндегі жігерлі үні естіледі: «Отан үшін отқа түс – күймейсің!» деп едің, Бауке!.. «Айбының асты, ақылың тасты. Жасығанға жігер, құлшынғанға қуат бердің! Қаншама қазақ баласы саған қарап бой түзеді, батыр аға?!». Бұл – кейіпкердің батыр тұлғамен іштей сырласуынан туған ой. Жай ғана ой деп қоюдан гөрі толғаныс деуге əлдеқайда дөп келетін секілді. Көркем туындыға қарағанда деректі фильмнің дүниеге келуі соншалықты күрделі болатын себебі осындай ерекше иірімдеріне байланысты екені түсінікті. Мұнда ештеңені жаныңыздан, қиялыңыздан тауып қоса алмайсыз. Оқиғаның тарихи нақты жағдайлармен жымдасып тұруы жеткіліксіз жəне бұл екеуі бір-бірін ұдайы толықтырып, көрерменді иландыра соңынан ертуі қажет. Кейіпкердің бейнесі мен мінез-құлқындағы, болмысындағы жұрт бұрын білмейтін қалтарыс-қатпарларды ашу, жан əлемінен керекті нəрселерді суыртпақтап шығара білу, ол үшін бүгінгі замандастары арасынан танымал тұлғаларды іздеп табу, оларды əңгімеге тарту, оның тағдыры мен өткен өмір іздеріне үңілу суреткер арқасына аз жүк артпасы белгілі. Бұлар документалист жұмысының белгілі бір бөлігі ғана, ал мұның ар жағында шығармашылық топ еңбегінің қыруар қырлары көрінбей тұруы мүмкін. Атақ-даңқымен алты Алаштың ардақты ұлына айналған Бақытжан Ертаев бейнесінің бұл фильмде жан-жақты қырларымен көрініс тапқаны ең алдымен осы талаптардың мінсіз орындалуынан деп пайымдадық. Бақытжан ағамыз да қаһарман жерлесіне қарап өскен арманы асқақ, қиялы ұшқыр, Жуалы топырағының қарадомалақ баласы еді. Батырлықты автор адам баласының маңдайына жазылатын тағдыр деп түйіндейді. Сондай алып тұлғалы ағасына біткен мəрт мінез бен шалқар білімді қазақтың əр баласының келешегіне тілеп, өзіне үлгі еткенмен, Тəңірден лағнет атқыр соғысты тілемеген кейіп-

керін ол ағыл-тегіл сөйлетеді. Кеңес Одағы жағынан қатысқан жауынгерлерден Ауған соғысы кезінде 15051 сарбаздың қаза тауып, 53753-нің жарақат алғанын, 417 адамның із-түзсіз жоғалып кеткенін орталық мұрағатта сақталған тарихи сюжеттер арқылы əсерлі жеткізеді. Бір адам ғана тартқан азап емес, соғыс лаңы сонымен қатар, жалпыхалықтық қасірет еді. Ауған соғысындағы өзімен қатар майдандас жас офицерлерден жанарындағы жасын оты ерекшелендіріп тұратын Бақытжан Ертаевты ақжүрек, таза ниеті мен турашыл əділдігі үшін қанды көйлек достары түгілі қарапайым ауған халқының өзі қатты құрмет тұтқан көрінеді. Сондай сəттерді деректі фильмде нақты деректермен баяндаудың өзі көп шеберлікті талап ететіні сөзсіз. Кеңес империясының құлау қарсаңында КСРОның тұңғыш та соңғы президенті М.С.Горбачевтің өзі қол қойып, оны Германияның Подтсдам қаласына жіберді. Дивизия командирі болды. Тəуелсіздік таңы арайлап атқанда Қазақ елі əскерінің құрылуына бар күш-жігерін жұмсап қызмет еткен ұлтжанды азаматыңыз да, Сарыөзек дивизиясын, Қарулы күштердің штабын басқарған мықтыңыз да осы кісі. Шетелге сатылған ұшақ дауына ұшырап, басына қара бұлт үйірілген сəттегі дүрліккен халықтың сондағы жанайқайын айтып жеткізу тіпті қиын. «Аққа – Құдай жақ» деп қарапайым қағида айтқандай, көңіліне кірбің түскенмен, əділдік жолындағы ісін жарты жолда қалдырмай, дақ

пен дақпыртты жойды. Жаны таза адамның жау іздемейтін əдеті. Бірақ өмірде түрлі пиғылды жандар бар емес пе? Шамасын білмес шалғыштардың оның да атына кір жұқтырғысы келгені көңілге қаяу түсіреді. Ұршықша зыр айналған тіршілік жібі кейде үзіліп, кейде жалғанып жататыны сияқты, тағдыр талқысына тарыну да, тасыну да қажет емес екен. Ең бастысы, əділдік жеңді, өзінің ақтығын дəлелдеп шықты. Абыройлы істерімен, өр намысымен өнеге болып жүретін Бақытжан Ертаевты мемлекет те бағалап, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеудесіне Халық Қаһарманы белгісін тақты. Халқы ұлан-асыр той өткізіп, мəре-сəре күй кешіп жатыр... Еңбегі бағаланған адам – бақытты. Өскелең ұрпақты патриоттық рухта тəрбиелеуде мұндай дүниелердің атқарар рөлі орасан зор болмақ. Фильмде кейіпкердің өмірден көрген-түйгендері, жұбайы, майдандастары, əріптестерінің ой-толғамдары биік мəртебеге жетсе де адамгершілік қалыбы мен қарапайымдылығын сақтап қала білген күрделі мінез иесі Бақытжан Ертаев болмысын жан-жақты ашады. Генерал-майор Айтқали Исенғұлов оның халқымыздың салт-дəстүрін сақтаудағы қасиеттеріне тоқталса, белгілі қаламгер Шерхан Мұртаза «ол – осы заманның Бауыржаны» деген пікір айтады. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері Өмірбек Байгелди, Ғани Қасымов, Мəулен Əшімбаев, Ауған соғысының ардагерлері, ресейлік Умарпаша Ханалиев, қырғызстандық Нұрлан Төребеков, қазақстандық Əлжан Құжбанов пен Əлімжан Ерниязовтар, т.б. тұлғаның өздері құрмет тұтатын қырлары туралы ашыла баяндайды. Фильмнің сəттілігін еріксіз көзге жас тұндыратын тұстарынан байқау қиын емес. Əсіресе, Үсен есімді сарбаздың қазасын естігендегі Пияқыз Исмайылованың аналық жүрегінен төгілген көл-көсір шерге толқымай тұра алмайсың. Ауған соғысы туралы тың деректерімен құнды туындының тағы бір тұсын айта кету керек, біздіңше, бұл үлкен істің бастамасы деп түсіндік. Себебі, Ауған қасіреті кинематографиядағы кенжелеп қалған тақырыптың бірі десек, қайғы жұтқан қазақтың қаншама сарбазының рухына арнап түсірілген мұндай фильмдер оларды мəңгі есте қалдыру мен ұмытпаудың өшпес белгісі болып қалар еді. «Генерал Ертаев» деректі фильмі бізге ерліктің жаңа мектебін ашып бергендей əсер түйгізді. Ауған қасіреті де – тылсым бір арал. Ішіне бүккен құпиясы əлі көп тарқалмаған. Мұны енді тек игеру керек.


ШАРАЙНА

 Толғандырар тақырып

Əлем жаѕалыќтары

Алдыңғы мақалаларымызда ащы да болса ақиқатты айтып, шөліркеген қазақ даласының суға деген сұранысының өлшемі өзгенің қолында екендігін біршама дəлелдеп бақтық. Батыстағы үлкен көршіміз Ресей де, Шығыстағы алып көршіміз Қытай да, «бауырлас ағайындарымыз» деп қаншалықты бауырымыз езілгенімен, Қырғызстан мен Өзбекстан да қазақтарға рахымы түсіп, өз жерінен бастау алатын трансшекаралық өзендердің арнасын түгелдей ашып жібере қоймайтынына көзіміз жетті. Сондықтан «Қазақстан – мұнайлы держава» деп бөркімізді аспанға ата бермей, ұрпақ несібесін де ойлайтын кез келді. Осы біз ертеңгі ұрпағымыздың тұщы суға деген сұранысын қалай өтемекпіз?

Ахмадинежадќа шабуыл жасамаќ болды Иран президенті Махмуд Ахмадинежадқа өткен сейсенбі күні Каирде шабуыл жасамаққа талпыныс болған. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Египеттің қауіпсіздік күштері Сирияның азаматы болып табылатын жас жігітті ол Египет астанасындағы Əл-Хусейн мешітінен шыға берген Иран лидеріне шабуыл жасамақ болған жерінде қолға түсірген. Осылайша шабуыл жасаушы қамауға алынды. Иран президенті арада отыз төрт жыл өткенде алғаш рет Египетке келген болатын. Ислам Республикасының басшысы Иранда төңкеріс болып, Каир Иерусалиммен бейбіт келісімге қол қойғаннан кейін елдер арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар тоқтаған.

СУ

Кїйрете соќќы жасайтынын мəлімдеді

3. Ќауіпсіздік ќамындаєы ќарекет Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Кешегі кеңес заманындағы еншісі бөлінбеген аға ұрпақ өкілдерінің басты үміті тұщы судың сарқылмас қоры – Сібір өзендерін бұру жобасында болатын. Одақтас республикалардың мүддесіне толық жауап беретін бұл ғасыр жобасының жоспары да жасалып қойған еді. Ресейдің Ханты-Манси қаласы маңынан басталатын бұл алып канал жоба бойынша Об өзенінен басталып, Ертісті бойлай, Торғай даласы арқылы Сыр өңіріне келеді. Одан əрі Жосалы елді мекенінің маңында Сырдарияны кесіп өтіп, Өзбекстанға барады. Барлық одақтас республикалардың мүддесін бірдей ойлайды дегенмен де, Кремль бұл жобаны қолға алудың мерзімін кешеуілдете берді. Оның негізгі себебі, Кеңес Одағының құрамындағы барлық рес публикалардың мүддесі таразының бір басына қойылса, орыстардың мүддесі екінші басына қойылатын еді. Сондықтан Ресей үшін экономикалық та, экологиялық та шығын əкелетін бұл ғасыр жобасы қауашағында тұншықтырылды. Əрбір республика өз еншісін алып, бөлектенген бүгінгі заманда, онсыз да ғасырға жуық уақыт сөз болып келе жатқан жобаның жүзеге асуы мүмкін бе? Əрине, жоқ. Тіпті, жүзеге асқан күннің өзінде тұщы су тауарға

айналатын уақытта оның бағасы бүгінгі «қара алтынға» балайтын мұнайымыздың бағасын бес орап алатыны айдай ақиқат. Бүгінде суды сырттан тасып ішіп отырған елдер үшін оның бағасы біршама қол жетімді дəрежеде. Мəселен, Сауд Арабиясы суды ұшақпен Жаңа Зеландиядан тасыса, Голландия мен Жапония елі Норвегиядан жеткізеді. Гонконг тұщы суды Қытайдан теңіз арқылы танкерлермен тасымалдайды. Бетін аулақ қылсын, əрине, күннің күндерінде Сібірден келетін тұщы суға тəуелді болып қалатын болсақ, «жұмыртқадан жүн қырыққан» батыстағы көршілеріміздің оның бағасын бұлдап бағатыны сөзсіз. «Аспаннан құймақ жаумайтыны» жəне белгілі. Ендеше, біз су мəселесінде өзімізге ғана үміт артып, қазіргі күннен бастап қолда бар мүмкіндіктерді барынша тиімді пайдалануға тиіспіз. Бұл ретте мамандар трансшекаралық өзендерден келетін су тапшылығының салдарын төмендетудің басты баламасы ретінде жаппай су үнемдеу технологиясын қолдану тəртібін ұсынады. Су үнемдеу технологиясының тиімді түрлерінің бірі ретінде өндірістік кəсіпорындарда жабық су айналымы жүйесін, ал ауыл шаруашылығында тамшылатып суару тəсілін кеңінен қолдануды жедел түрде тəжірибеге енгізу керек. Бірінші кезекте су тапшылығын реттеу үшін барлық суландыру каналдарын жабық жүйеге көшіру қажет. Жұмыр жер бетінде тұщы су қорының --------------------------------(Соңы. Басы өткен 60, 61-нөмірлерде).

7

www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

барған сайын азая беретіндігін ғалымдар бірауыздан дəлелдеп берді. Тұщы су қоры мейлінше өлшеулі Қазақстанды тек жаппай су үнемдеу тəсілімен жарыта алмайтындығымыз да анық. Сондықтан, таяу уақытта жан-жақты ойластыра отырып, болашақтағы Қазақстанның су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғылыми тұрғыда негізделген, табиғи жəне технологиялық мүмкіндіктер толық ескерілген стратегиялық ұлттық бағдарлама қабылдануы керек. Бұл бағдарламада жеріміздің рельефтік өзгешеліктері, ауа райының ерекшеліктері толық ескерілуі тиіс. Мəселен, біздің жеріміздегі тұщы су қорының негізі биік таулардың басындағы мұздақтар мен трансшекаралық өзендерден басқа, Каспий, Арал теңіздерінің жəне Балқаш көлінің үстіңгі қабатындағы судың булануының нəтижесінде қалыптасатын атмосфералық жауын-шашын ылғалынан да құралатындығы белгілі. Мəселен, тек Каспий теңізінің əрбір шаршы метр аумағынан жыл сайын 460 литр су буланып, атмосферада жауын-шашын туғызатын бұлтқа айналады екен. Алайда, Каспий шельфіндегі Қашаған, Ақтоты, Қайран сияқты кен орындарын игере бастаған кезде теңіз суының үстіңгі қабатын 0,1 мм. қалыңдықтағы мұнай қабыршығы басып, судың булану мөлшері күрт төмендейтін көрінеді. Бұл өз кезегінде жа-

уатын жаңбырдың көлемін күрт азайтады. Ендеше, Каспий теңізінен ашкөздене мұнай игеріп жатқан шетелдік трансшекаралық компаниялардан жоғалған осы тұщы су қорының өтеуін өндірудің жайын да ойластыруымыз қажет. Қазақстанды тұщы су тауқыметінен құтқаратын ең басты мүмкіндік жерасты су қорлары болуға тиіс. Қайран бабаларымыз қалдырған қазақ даласы қаншалықты кең болса, оның жерасты мүмкіндіктері де соншалықты зор. Қазіргі күнге дейін зерттеліп отырған жерасты суларының нақты қоры мол екендігін көрсетеді. Ғалымдардың пікірінше, бұл сулардың əр жылда пайдалануға болатын мөлшері 40 текше шақырымнан кем емес. Жерасты су көзінің артықшылығы, ол басқа елдердің аумағынан келмейді, негізінен республика аумағында қалыптасады. Сондықтан, бұл мол су қорын пайдалануда көрінгенге жалтақтап, тəуелді болмаймыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында: «Бізде елеулі қоры бар жерасты суларын өндіру мен үнемді пайдаланудың ең озық технологияларын енгізу қажет», деп атап көрсетті. Соңғы жылдары елімізде қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында кешенді бағдарламалар қабылданып, мол қаржы бөлінгені белгілі. Бұдан бұрын қабылданған «Ауыз су» бағдарламасы аясында кеткен олқылықтардың орнын толтырып, республика тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мəселесін

түбегейлі шешу мақсатында 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» атты жаңа бағдарлама қабылданды. Аталмыш бағдарлама аясында жерасты суларының əлеуетін барынша кеңінен пайдалану шаралары қарастырылған. Бұл ретте елді мекендерге жақын жерлерден шығатын жерасты суларына басымдық беріледі. Бағдарлама шеңберінде тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуде жерасты сулары шешуші рөл атқарады. Өйткені, бұл су көздері əрі таза, əрі ластанудан барынша қорғалған. Сондықтан жерасты суларын анықтауда геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 2018 жылға дейін жыл сайын 6,2 млрд. теңге қаржы бөлінетін болды. Бүгінгі күнге дейін жерасты су қоры анықталмаған 3206 ауылдық елді мекендер маңайынан жер асты су қорын іздеу үшін жылына 400 ауылдық елді мекеннің жанынан геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл елді мекендерді жерасты суларымен қамтамасыз ету шаралары 2018 жылы аяқталуға тиіс. Сонымен бірге, 63 қаланың сумен жабдықтау жүйесін жақсарту мақсатында 194 жерасты су көздеріне толық зерттеу жұмыстары жүргізілмек. Бүгінде Балқашқа құятын судың 80 пайызына жуығын қамтамасыз етіп отырған Іле өзенін бөгеу арқылы Қытай 3,5 текше шақырым суды өз аумағында қалдырып

отыр. Алдағы уақытта қытайлар Іле өзенінің бойында жаңа су қоймаларын салу арқылы бұл өзеннен алынатын су көлемін 5 текше шақырымнан асырмақ. Бұл Жетісудың інжу-маржаны – Іле өзенінің соңғы тұяқ серпері, бағы тайған Балқаштың Арал теңізінің кебін киер кезеңі болып жүрмесін. Іле мен Балқашты құтқару мүмкіндігін қолдан шығарып алғандаймыз. Енді Қара Ертісті құтқарып қалудың əлі де үзілмей тұрған болымсыз үміттерінен айырылып қалмасақ екен. Қазір Қазақстанда Ақ Қаба жəне Қара Қаба өзендерінің арнасын бұру туралы жоба қарастырылып жатыр. Бұл екі өзен бастауын Қазақстан аумағындағы Катонқарағай ауданындағы тау сілемдерінен алып, Қытай жеріне қарай ағады. Жолда ол бірқатар шағын өзендерді қосып алып, Қытай аумағында Қара Ертіске келіп құяды. Қытай аумағындағы бөгеттерден кейін суы таязданып, арнасы кепкен Ертісті құтқарып қалу үшін осы Ақ Қаба жəне Қара Қаба өзендерін тау шатқалдарында каналдар арқылы шекарадан кері бұрып, Ертіске қосу жұмысы жоспарланған. Бұл жобаның құны – 1 миллиард доллар. Сонымен бірге, қазақстандық ғалымдар Ертістің арнасын суға толтыру үшін Белокатунь ГЭС-інің жобасын ұсынуда. Бұл жоба бойынша бастауын Катонқарағай тау сілемдерінен алып, Катунь өзеніне келіп құятын Тихой өзенін Ресей шекарасы маңында бөгеп, ұзындығы 4 шақырымнан асатын туннель арқылы Бұқтырма өзеніне бұрып əкеліп, үлкен су қоймасын салу көзделінген. Жоба құны – 77

миллиард теңге. Экономикалық əлеуеті жылдан-жылға өсіп келе жатқан Қазақстан Республикасының бұл жобаларды қолға алуға қаржылық мүмкіндігі толық жетеді. Мамандардың айтуынша, бұл жобалар жүзеге асырылатын болса, Ертіс өзенінің арнасын Қазақстан аумағының өзінде ғана суға толтырып, қасиетті өзенді құрғап қалу қаупінен құтқару мүмкін болар еді. Ғалымдардың пікірінше, соңғы уақытта суды өлшеусіз жəне қайтарымсыз мол пайдалану жерасты сулары деңгейінің төмендеп кетуіне əкеліп отыр. Жерасты суларының деңгейі соңғы уақытта жылына 1 метрге дейінгі жылдамдықпен төмендеп барады екен. Тағы бір айта кететін мəселе, жерасты сулары республикамыздың барлық өңірлерінде біркелкі таралмаған. Еліміздің оңтүстік жəне оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында жерасты сулары мол шоғырланған. Ал Маңғыстау, Үстірт жоталарында, еліміздің батыс жəне орталық өңірлеріндегі ойпат жерлерде жерасты тұщы суы тапшы. Ғалымдар Алтайдың таулы ормандарының қазіргі ахуалына байланысты дабыл көтеруде. Орман алқаптары жауын-шашын шақырып, жерасты суларын өздеріне тартады. Орманды өңірлерге көбірек шоғырланған жерасты сулары қайнар бұлақ көздері арқылы, жер үстіне шығады. Сондықтан жерасты суларының негізін қалайтын Алтайдың қалың жынысты таулы ормандарын көздің қарашығындай сақтау керек. Алайда, бүгінде бəрі керісінше болып отыр. Нақты деректерге сүйенсек, соңғы он жыл шамасында Шығыс Қазақстан облысының орман алқаптары 100 мың гектар аумаққа қысқарып кетті. Ағаш кесіп, ақша сауған бизнесменсымақтар жүздеген жылдық тарихы бар ормандарды бір сəтте опырып, жоқ қылады. Онсыз да орманнан ұятты Қазақстанда ағаш дайындау бизнесін толық тоқтататын уақыт жетті. Қазақстанда суды пайдалану жəне үнемдеу тұрғысында озық технологияларды өмірге əкелу керек. Бұл ретте мемлекет тарапынан жан-жақты қаржылық қолдау көрсету арқылы ғылыми-зерттеу орталықтарын ашып, бұл көкейкесті мəселемен айналысатын жас ғалымдардың қатарын көбейту керек. Тұщы су тауқыметін жақын болашақта барынша сезінетін Қазақстан үшін жаңа технологиялық əдістер мен тың ғылыми ізденістер ашуға барынша мүмкіндік жасалуы тиіс. Суды тазартып, бірнеше рет қолдану əдісі Еуропада 1975 жылдан бастап қолданысқа енгізілген. Ал бізде бұл мəселе əлі де тəжірибе ретінде ғана қолданылып келеді. Су проблемасында елімізді трансшекаралық су көздеріне тəуелділіктен құтқаратын мүмкіндіктер бар, тек оларды дер кезінде ашуға жағдай жасап, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, өндіріске енгізу қажет. Мəселен, жерасты суларын зерттеп, пайдалану мақсатында ұзақ жылдардан бері ізденісті еңбек етіп жүрген академик Жұрымбек Сыдықов «Суландыру ісіне сауатты көзқарас қажет» атты мақаласында («Егемен Қазақстан», 29.01.2013) «Жылдың əр мезгілінде, əсіресе, көктемде қар еріп, жауын-шашын молаюы салдарынан су тасқыны болып, елді мекендердің шығынға ұшырауы жиі орын алатыны белгілі. Сол суларды жергілікті жер бедерінің ыңғайлы (ойыс) жерлерін пайдалана отырып жинау, тиісті жағдайлар жасау арқылы жер қойнауына сіңіру мөлшерін көбейтетін болсақ, қаншалықты қосымша су қоры пайда болар еді. Екінші жағынан, алыстан арнайы əкелінген таза ауыз суларды ірі елді мекендерде, қалаларда, өндіріс орындарында көлік құралдарын, машиналарын, басқа да көліктерді жууға, жаз айларында қорадағы бау-бақшаларды суаруға пайдалануды тоқтатсақ, үйге кіргізілген құбырлардың шүмегін дер кезінде жаппай, ағызып қоюды тоқтатар болсақ, қаншама су үнемделер еді», дейді. Академик өте өзекті мəселе көтеріп отыр. Қалалардағы қаптаған көлік жуу орындарында далаға аққан суда есеп жоқ. Ең сұмдығы сол, бұл бизнес субъектілері көлік жууға өндіріс орындарында пайдаланылатын техникалық суды қолданбайды, кəдімгі көп қабатты үйлерге келіп тұрған, тазартылған ауыз суды пайдаланады. Қазір Қазақстанның су қауіпсіздігі таразы басында тұр. Тұщы су стратегиялық ресурсқа айналған бүгінгі уақытта судың əр тамшысын есепке алу – мемлекеттік міндет. Ендеше, елінің еркіндігін, жерінің кеңдігін, ұрпақ болашағының баянды болуын ойлаған əрбір қазақстандық су үнемдеу мəселесіне осы тұрғыдан қарауы керек. Бүгінгі көздің қарашығындай сақталған бір литр су ертеңгі ұрпақ тəуелсіздігінің тұғыры екенін ұмытпайық.

Пхеньян Вашингтон мен Сеулдің ушықтыру əрекеттеріне «күйретуші жəне олар күтпеген соққымен жауап береді, империалистерге ешқандай кешірім жасалмайды». Бұл туралы ЦТАК ақпарат агенттігі мəлімдеген.

КХДР өзінің əскери əлеуетін, оның ішінде ядролық əлеуетін де күшейте түспек ниетте. Ресми Пхеньянның пікірінше, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяға қатысты санкциялар пакетін ұлғайтқан соңғы қарары елдің ғарыш кеңістігін зерттеу құқығына нұқсан келтіреді. Ал КХДР-дағы жаңа ядролық сынақтар туралы жаңалық Корея Республикасының президенті Пак Кэн Хенің шынайы алаңдаушылығын туғызып отыр.

Туристік автобусты жарып жібергендер кімдер? Болгарияда израильдік туристер отырған автобусты жарып жіберуге қатысқан терроршылардың қатарында Канада мен Австралия азаматтары болған көрінеді.

Жарылысқа канадалық азаматтың қатыстылығы туралы ақпаратты осы ел өкіметі ресми түрде растады. Канаданың сыртқы істер министрі Джон Бэрд Болгарияның Бургас қаласындағы əуежайда туристік автобусты жарып жіберуге Канаданың жəне Ливанның қос бірдей азаматтығын алған терроршының қатысы бар екенін мəлімдеді. Оның айтуынша, əзірге қылмыскерді ұстаудың сəті түспеген көрінеді. Ал Хизболла террорлық тобының аталған жарылысқа қатысы бар екендігі туралы бұған дейін де хабарланған болатын.

Бюджет ќысќартуды кейінге ќалдыруды ўсынды АҚШ президенті Барак Обама бұрнағы күні конгреске 1 наурызға белгіленген ел бюджетін қысқарту мерзімін неғұрлым кешірек мерзімге көшіру жөнінде қысқа мерзімді жоспар қабылдауды ұсынды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, 2013 жылдың 1 наурызына дейін бюджеттің кең ауқымды жобасын дайындаудың орайы келмейді, сондықтан алдағы айдан бастап бюджет шығындарының 85 млрд. долларға қысқаруының алдын алу үшін уақытша шаралар қабылдау қажет. Сонымен бірге, АҚШ президентінің 4 ақпанда 19 мамырға дейін мемлекеттік борыштың шектеулі деңгейін арттыруға деген қажеттілікті болдырмайтын заңға қол қойғанын да айта кету қажет.

Француздар Малиден кетпек Франция сыртқы істер министрі Лоран Фабиус француз əскерлерінің Малиден алдағы наурыз айында-ақ шығарыла бастайтынын мəлімдеді.

Париждің жоспары бойынша, қарулы қақтығыстардың реттелуін қамтамасыз ету үшін Малидегі француз əскерін көрші мемлекеттерден келетін африкалық əскерилер алмастыруы тиіс. Егер бəрі жоспардағыдай жүретін болса, наурыз айынан бастап біздің əскерлердің саны азая түсетін болады, деп атап көрсеткен Франция сыртқы істер министрі. Мұндай мəлімдеме Малидің солтүстігіндегі соңғы ірі қала – Кидаль алынғаннан кейін жасалып отыр.

Министр докторлыќ дəрежесінен айырылмаќ Германияның білім министрі Аннетта Шаван плагиаттық туралы оған тағылған айыптаулар тергеліп біткеннен кейін ғылыми дəрежесінен айырылатын болады.

Дюссельдорф университеті философия факультетінің кеңесі оның диссертациясында қасақана жасалған плагиат бар деген шешім қабылдап отыр. Бұл мəселе оның болашақта білім министрі лауазымында қалу мəселесіне де үлкен қауіп төндірмек. А.Шаван болса, факультет шешіміне келіспейтінін білдіріп, апелляция бермек ниеті бар екенін хабарлаған. Оның бір ай мерзім ішінде талап-арыз беруге құқы бар.

Жалпы тїрік тарихын жасау жолындаєы талпыныс Əзербайжан Ұлттық ғылым академиясы Тарих институтының директоры, парламент депутаты Ягуб Махмудов Бакуде барлық түркітілдес елдер тарихшыларын қатыстыра отырып, халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады.

Ол форумның мақсаты – түркі халықтарының ортақ тарихын жасау жұмыстарын жеделдету. Махмудов бұл мəселенің Əзербайжан мен Түркия басшылары арасында талқыланғанын атап көрсеткен. Оның айтуынша, екі ел зерттеушілері жалпы түрік тарихының ортақ жоспарын жасау жолында жұмыстар жүргізуде, ал Əзербайжанның орта мектептерінде бүкіл түркі империяларының тарихы оқытылады.

Арал тўрєындарына цунами ќатер тґндірді Соломон аралдарында жер сілкінісі цунами туындатты. Үш деревня қираған, қаза тапқандар да бар көрінеді.

Сегіз баллдық жер сілкінісі Соломон аралдары тобына кіретін Нендо аралы ауданында орын алған. Зілзала ошағы бес километр тереңдікте болған. Соломон аралдарына жеткен толқынның биіктігі 91 сантиметрді құрап, Лата əуежайының аумағын басып қалған. АҚШ-тың геологиялық қызметі цунами қаупі туралы хабарлап, жақын жатқан елді мекендер тұрғындары өзге жерлерге көшірілген. Биіктігі 1 метр болатын толқын қаупі туралы ескертулер жасалуда. Интернет материалдары негізінде əзірленді.


8

www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

 Өнеге Қазақ қоғамында, ұлттық ұғымда адамның жақсылыққа жақындығын қарлығаш құсының тазалығына теңейтін дəстүр бар. Адамның адамға, əсіресе, талант иелеріне көрсеткен көмегін, қолдау, қамқорлығын «қарлығаш қанатымен су сепкендей» немесе «бұлақтың көзін ашты» деп жатады. Сол рухани дəстүрдің бір түлегі Рымбала (сірə, дұрысы Ырымбала болар, əйтсе де ресми құжаттарында жазылғаны осылай) Кенжебалақызы Омарбекованың алдыңғы буын ағалардың аялы алақанынан қамқорлық көріп есейе келе, өзі де елге, өнерге қамқор, қорған бола алғаны туралы сөз реті келіп тұр.

 Кітап көкжиегі

істерді еске ала кетудің еш артықшылығы да бола қоймас. Ол кезең ел есінде М.Горбачевтің КСРО қоғамын қайта құру, оны демократияландыру саясатымен есте қалса да, ұлтаралық қарым-қатынас, ұлттық тіл, өнер, мəдениет мəселелерінің шешілуі əлі де Мəскеудің қасаң қадағалауында болатын. Əсіресе, рухани, мəдени, өнер, тарих, тұрмыссалт мəселелеріне қатысты дүниелер Мəскеусіз шешілмейтін. Бүгінгі қоғамға солай болғанын айтып түсіндірудің өзі қиын. Қазақстанға Дінмұхамед Қонаевтан кейін Г.Колбин келіп, күн сайын құйқылжытып «бір жаңалық» ашып тұратын

кезде бізден ешқандай ресми орын, əсіресе, жоғарғы саяси билік қазақ ұлтының баржоғын сұрамайтын, керісінше сұрайтыны интернационалдық тəлім-тəрбие, басқа ұлттардың «аман-есендігі», олардың сұраныс-тілектерінің орындалуы, қазақтың мейлінше орыстануы болатын. Бұл тоң кейін Орталық Комитеттің идеология саласының хатшысы, бөлім басшысына Өзбекəлі Жəнібеков пен Мырзатай Жолдасбеков келген соң ғана жібіп, жаңа бетбұрыс ала бастады. Кейбір «ұлтжандылар» бүгінгі күннің ауанынан кеңес заманындағы ұлт мəселесі туралы сөз қозғағанда батырсынып, «өйту

Ќарќаралы ќарлыєашы Қуаныш СҰЛТАНОВ,

Парламент Мəжілісінің депутаты.

Қоғамның əдетте өнер, əдебиет, мəдениет, ғылым жұлдыздарын тануы заңды. Алайда, кейде сол жұлдыздарға да қамқорлық қажет екендігін ескере бермейміз. Сол жұлдыздың бағын ашқан адамдарға тіпті де сирек көңіл бөлеміз. Сөз жоқ, шын талант – сирек құбылыс. Талантты танып, бұлақтың көзін ашқандай, оның күрмеуін шешу де кез келген қамқоршының үлесіне тие бермейтін жағдай. Нұрғиса Тілендиевті алғаш тауып, жолын ашқан Ахмет Жұбанов, Бибігүл Төлегенованың ерекше дауысын байқап, үлкен өнерге бағыттаған Галина Се ребрякова, Асанəлі Əшімовті театрға жетелеген Асқар Тоқпанов екендігін еске алсақ, талантты тани алған ұлылар үндестігін байқаймыз. Сондай-ақ өнерге, талантқа жанашыр адамдар тобы да бір бөлек. Рымбала Омарбекова бүкіл өмірін, еңбегін, өзінің ықылас-ниетін дəл осылай – бойын өнерпаздың «арқасы» кернеген, қанын ұлттың асыл мұрасы толтырған, болмысы руханияттың кəусарымен сусындаған дарындар мен таланттарға қамқоршы болуға арнаған азамат. Оның осы жолмен өсуі, көпшіл, қоғамшыл болуы, өнерлі адамды танып, бағалай білуі, соларға риясыз көмек көрсетуге бейім тұруы мүмкін өзінің де тегінен болар. Тіпті, олай болмаған жағдайда, өз басы да бір кісілік өнері, қабілеті бар, өнерпаз болып, басқа біреудің қамқорлығын көріп жүрер ме еді... ... Орталық Қазақстан, бүкіл Сарыарқа өңіріне Рымбала Кенжебалақызының есімі таныс, ел арасы, əсіресе, өнер орталары, əкімшілік-ұйымдастыру қызметкерлері жылы лебізбен ауызға алады. Мұндай мəртебе мен құрметке, əрине, Рымбала бауырымыз тек Қарқаралыдай туған жері, шыққан тегі үшін ие болып отырмағаны да белгілі. Оның артында ұзақ жылғы өлшеусіз еңбек, тынымсыз ізденіс, адамдарға деген таза қарым-қатынас əрі солардың қадірін білерлік зиялылық жатқаны шүбəсіз. Осылайша түйіндеуге көп жылдан бері, сонау Қарқаралы ауданы комсомолының жетекшісі болған сəттен бастап, одан кейінгі кезеңде Қарағанды облысының басшылығындағы бірге атқарған қызметіміз бүгінге дейінгі өзара сыйластық, түсіністігіміз бен қарым-қа тынасымыз, елдің игілігіне, өнер мен мəдениеттің өркендеуіне оң ықпалын тигізіп, көпшілік ықыласына бөленіп жүргені негіз бола алар деп ойлаймын. Осыған орай, бір кезең, бір мақсат, мүдде бағытында 1987-1990 жылдары Қарағанды облысында атқарылған кейбір

əрі дүрбелең, əрі ел іші наразылық пен қайшылыққа толы дүбəрə кезең. Желтоқсан жарасы жазылмай – ұлттың сағы сынып, көкірек шерге толы, көңіл күпті, болашақ бұлыңғыр күй кешіп жүрдік. Оның үстіне 1987 жылы көктемде КОКП Орталық Комитеті қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруін «қазақ ұлтшылдығы» деп бағалап, арнайы қаулы қабылдаған. Солай болса да, сыртқа сыр білдірместен Коммунистік партия Орталық басшы орындарының тапсырмаларын орындап, облыс жұртшылығының бірлігін, ұйымшылдығын қамтамасыз етіп, экономикасының үздіксіз өсу шараларын тұрақтандырып жүріп жаттық. Сол тұста Рымбала Кенжебалақызы – Қарағанды облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары мен – Орталық партия комитетіндегі жоғары лауазымды қызметтен келіп, Қарағанды облыстық партия комитетінің идеология жөніндегі хатшысы қызметтерінде болдық. Əсіресе, аталмыш қаулыдан кейін Колбин «ұлт мəселесін» үдетті-ақ. Сондағысы – «қайта құру» тұсында КОКП Орталық Комитеті айрықша екпін беріп, «желтоқсан» көтерілісінен кейін жаңа пəрменмен айтылған «жоғары оқу орындарында студенттер арасында, коммунистер арасында, комсомолдар арасында қазақтың үлес салмағы артып кетіпті» сыңайлы жел сөз, негізсіз кінəлаулар, сол арқылы бəріне тежеу қою. Облыстың бірінші басшылығынан келген адам да, КОКП Орталық Комитетінің инспекторы болған, ресейлік, бұрын Қазақстанды көрмеген, білмеген. Бар талабы – тек Мəскеу тұрғысынан. Рымбала екеуміз қызметімізге қарай облыстың барлық саяси, идеология, əлеуметтік, қоғамдық, мəдени, рухани өміріне жауапты болдық. Уақыт пен талаптың қиындығы да, қайшылығы да молы нан, проблемалар мен жоқшылығы, кетігі мен кемшілігінің шеті де, шегі де жоқ, сөзі мен дауы көп жағдайда, сөздің қысқасы «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» жұмыс істеуге тура келді. Қарағанды облысы ол кезде де қазіргідей Қазақстан экономикасының ең сүбелі бөлігін құрайтын, негізгі үлес салмағы таукен өндірісі, көмір, металлургия, машина жасау өнеркəсібімен байланысты. Барлық салаларда қазақтардың үлес салмағы өте төмен. Облыс бойынша қазақтардың саны 17-ақ пайыз, олардың жартысынан астамы өз ана тілдерінде сөйлемейді, қалаларда қазақ мектептері жоқ. Барлық жерлерде бірінші басшылар басқа ұлттар өкілдері... айта берсең, мəселе шашетектен. Осындай жағдайда ұлттық құндылықтарды сақтау, оны өркендетіп, ел игілігіне жаратуды біз өз міндетіміз санадық. Ол

керек еді, бүйту керек еді» деп көсілтіп жататыны да бар. Оларға не айтуға болады? Олар сол кездің шынайы жағдайын біліп, сезініп, түсіне алмаған, сол кезде бір мəселе шешіп көрмеген адамдар болған соң, сөзді қор етіп қайтерсің? Тіпті əжептəуір «қазақпын» деп жүрген кейбір азаматтар қазақ мəселесін сыр етіп айтсаң – өзіңе күдікпен қарап, аяғын тартыңқырап, сақтандыру шағымын да «ізін суытпай» жаза қоятын жағдайларды да басымыздан өткізгеніміз шындық. Рымбала Кенжебалақызы ұзақ жылдар бойына Қарағанды облысының бүкіл əлеуметтік саласына барынша араласып, көп еңбек сіңіре алды. Өңірдегі облыстық аурухана кешені, диагностикалық, кардиологиялық орталықтардың, спорт кешендерінің, оқу орындарының, балалар бақшаларының құрылыстары мен олардың нəтижелі жұмысын ұйымдастыру сияқты атқарылған қыруар жұмыста Рекеңнің жанашырлығы мен қамқорлығының, еңбегінің ізі жатыр. ... Бірде елдегі тарихи мұра, ұлттық құндылықтар туралы пікір алыстық. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абайдың əкесі Құнанбай Өскенбаев Қарқаралы уезінде аға сұлтан болып тұрғанда Қарқаралы қаласында салдырған мешіт туралы қандай құжат, дерек барын кеңінен талқыладық. Барлық құжаттарды мұражайдан алдыртып, жүйеледік. Қарқаралы өңірінің ой-шұқырын, қалқа, қалтарысын, тарихи елеулі оқиғаларын, адамдарын терең білетін ғұлама ғалым, арабтанушы, фарабитанушы Ақжан Машановты

елге шақырып, бірнеше күн бірге жүріп, барды-жоқты көзімен көріп, тарихтың аумалы-төкпелі аласапыранын басынан өткізген көнекөз білгір ағамыздың əңгімесіне мейлінше қаныққанымыз əлі жадымда. Сол тұста Өзбекəлі Жəнібеков мəдениет министрі болды. Министрліктің құзырында «Казреставрация» дейтін тарихи ғимараттарды қалпына келтіру ісімен шұғылданатын жұмыс жоспарына Қарқаралыдағы Құнанбай мешітінің құрылысын енгізу қажет болды. Өзекең осы саланың ең білгірі болатын. Ақылдасқанда ол кісі: «Сендер мешіт десеңдер, оның үстіне Құнанбайдың атын айтсаңдар, ешқандай жоспарға енгізе алмайсыңдар. «Абайдың медресесі», əрі, «құрылыс» емес, «реставрация», яғни «қалпына келтіру» деп қағаздарды əзірлегендерің жөн болар» деп ақыл берді. Шын мəнінде мешіттің орнынан басқа ешбір белгісі жоқ болатын. Өзекеңнің жоғарыдағыдай кеңесі пайдалы болып, Мəскеудің жобаны бекітетін, қаржы бөлетін деңгейлерінен аман өткіздік. Міне, осы мешітті бүгінгі қалпына келтірудің саяси шешімі мен барлық құрылысқа қажетті майқарағай бөренелерінен шегесіне дейінгі шаруашылығын Рымбала Кен жебалақызымен бірлесе, ақылдаса, мұқият қадағалай жүріп жүзеге асыра алдық. 1987-1989 жылдары Қарағандыда «Октябрь» кинотеатрын қайта жөндетіп, орнына «Шалқыма» камералық концерт залының ашылуына қол жеткіздік. Жаңа концерт залының шаңырағының астында Тəттімбет атындағы ұлт-аспаптар оркестрін ұйымдастыруымыз облыстың рухани өміріндегі елеулі оқиға болды. Облыста сондай-ақ, симфониялық оркестр, қазақ, орыс, неміс драма, музыкалық драма театрлары, цирк, тағы басқа орталықтар халық сұранысына сай еңбек етіп, оларға қажетті əлеуметтік-тұрмыстық жағдай туғызып, олардың барлық тұрмыс-тіршілігін, материалдық-техникалық жабдықталуын, сырттан шақырылған музыканттардың қалаға орналасуын, тағы басқа толып жатқан ұйымдастыру жұмыстарының атқарылуына қажымай, ренжімей жүріп, облыстық партия комитеті басшыларымен, өнер қайраткерлерімен, барын салатын да осы біздің Рымбала болатын. Осы мəселелердің орынды шешілуіне облыс, қала басшылары бірлесе жұмылатын. Облыстың рухани, мəдени өмірінің қалыптасуына сол кездегі Қарағанды қаласының басшысы Шəймерден Əбілмəжінұлы Оразалиновтің да еңбегі орасан болды. Бұл орайда 19881989 жылдары Қарағанды қаласының өнер, мəдениет салаларының қызметкерлеріне сексеннен астам пəтер берілгендігін айтсақ та жеткілікті. Жоғарыда айтқанымыз – Рымбала Кенжебалақызының еңбегінің екі-үш жылдағы өзім куə болған кейбір көріністері ғана. Рекеңнің өмір бойғы ұстанымы «қанатымен су сепкен қарлығаштай» болып, өнерге, өнер тұлғаларына көмектесу, өнерді өрге бастыру дейтініміз де сондықтан. Тынымсыз еңбегі, адамгершілігі арқылы еліне танымал болды, абырой жинады. Сыйластық пен достыққа айрықша тазалығы достарын көбейтті. Қызметі негізінен орталық бір облыста болса да Қазақстанның əр өңірінде Рымбалаға тілектес достары баршылық. Соңғы жылдары «Нұр Отан» халықтықдемократиялық партиясының Қарағанды облыстық бөлімшесінде лауазымын жаңа бастаған жас мамандай болып, шапқылап, көптің де жанын тындырып, істің де етекжеңін жидырып жүрген қормал – осы біздің Рекең. Сол мінезі, сол еңбегі үшін Рымбала Кенжебалақызын білетін жұрт қалай құрметтесе де лайық.

 Айтайын дегенім...

Жїйке жўќартќан жґнсіз жїгіріс Елімізде көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан түрлі жеңілдікті-жəрдемдер беріліп тұратыны белгілі. Бірақ, соған қол жеткізуде көптеген қиындықтар мен кейде тіпті, заңсыздықтарға да жолығатынымыз жасырын емес. Мысалы, төрт немесе одан да көп балалы отбасылар ұл-қыздың тұңғышы кəмелет жасқа жеткенше Үкімет тағайындаған алты жарым мың теңгеге жуық жəрдемақыны алып тұрады. Айтқандай, бұл жəрдемақы мөлшері жыл басынан бері тағы 40 пайызға артты. Сонда, шамамен 8 мыңдай қаржыны құрады деуге болады. Сондай-ақ, көп балалы отбасыларға, мемлекеттің бақылауындағы бюджеттік мекеме – білім ошақтары тарапынан да бірқатар көмектер көрсетіледі. Мəселен, мектепішілік ұйымдастырылатын ақылы шараларға тегін қатыстырылады, түрлі концерттер мен циркке немесе саяхат т.т. мəдени шараларға жеңілдік жасалып, қоғамдық көлікте тегін жүретін жолақы билеті мен кітап үлестірілуде де осындай отбасынан шыққан балалар алдымен назарда болуға тиіс. Əкімшілік тарапынан ұйымдастырылып тұратын қамқорлық та алғашқы кезде жартыкеш отбасылар мен əкесіз немесе шешесіз өсіп жатқан бүлдіршіндерге көрсетіледі. Айтпағымыз, осындай иманды істердің бір олқылығы соңғы кездері қылаң бере бастаған сияқты. Кісіні жөнсіз əбігерге салудың жағымсыз бір түріне нақты дəлел келтірсек, жуырда жас отбасылы болса да, құдай жарылқап, көп балалы болып үлгерген əріптесіміз баспанасыздықтан көшіп-қонып жүріп, балаларын бірнеше мектепке амалсыз ауыстыруға мəжбүр болған-ды. Кішкентай жеңілдікті кереметтей көретін отағасы, ұл-қызының құжаттарын мектепке тапсырып, берілетін азды-көпті жеңілдіктен құр қалмау үшін, əлеуметтік педагогтан қажетті құжаттар тізбесін алады. Міне, қызық! Мектеп тарапынан көрсетілетін аздыкөп ті көмекті алу үшін, 12-15 құ жат тізбесін құрап шығыпты. Ата-анасы мен баланың туу туралы куəлігі, ерлізайыптының неке куəлігі, жұмыс орнынан анықтама, айлық

табысы жөнінде, мекен-жайының анықтамасы... тізбе осылай жалғасып кете береді. Мұның бəрі неге жəне кімге керек, нені дəлелдеу үшін қажет деген ой келеді. Жарайды, мұны да қоялықшы, құжаттың көшірмесін жасатып, жұмыс

орныңнан тиісті анықтаманы алуға болар. Ал енді сол құжаттар тізбесінің арасында мынадай бір шартты тармақ бар екен: «Отбасы құрамы туралы анықтама». Əлеуметтік педагог тапсырылуы тиіс деп тапқан міндетті құжаттардың бірі осы анықтаманы қайдан, кімнен алуға болады? Əдеттегідей, жүгіріп жұмыс орнына келген. Кадр бөліміндегілер заңгерлермен ақылдасып, «қызметкердің отбасы құрамын анықтап беретіндей, біздің ешқандай да заңдық құзыретіміз жоқ» деп шығарып салыпты. Содан, бір берсе, сен бересің деп, жұрт жабыла мақтаған «бір терезе» – халыққа қызмет көрсету орталығына барған. Ондағылар тіптен таң-тамаша қалып, ондай анықтама бермейтін болып шығыпты. Басқа қандай құжат керек болса, бəрін береді. Бере алмайтынына жөн сілтеп, жол көрсетіп жібереді. Олардың айтуына қарағанда, əділет департаменті беруі ықтимал екен. Ентігіп оған да жеткен. «Нет, мы не дадим такую справку», деп олар да сырғытпа жауаппен шығарып салған. Қойшы əйтеуір, қайсы мекемеге барса да қажетін таба алмай, əлгі əлеуметтік педагогке жағдайды айтып қайта келеді. Талап етілген анықтаманы беретін кеңсені табу қиынға соғып тұрғандығын айтып, мүмкін, өзі көмектесіп жіберер деп дəмеленеді. Сөйтсе, əлгі əлеуметтік педагог: «Ə, бермей ме екен ешкім, жарайды, онда жиған-терген құжатыңызды тапсыра қойыңыз», депті еш ыңғайсызданбастан. Мұндай да сұмдық болады екен деп жағамызды ұстадық. «Əкел» дейді, ал онысы орынсыз екендігін ескертсең, «жə, қоя сал онда» дейді. Бұл не қылған мазақ, нендей бейбақтастық? Осындай қателігі үшін əр шенеунік заң алдында жауап беруге тиіс болса, онда мұндай сорақылық та азаяр ма еді, кім білсін? Мүмкін бұл жас отбасыларды тиесілі əлеуметтік көмекке қол жеткізбеу үшін əлдекімдер қолдан жасап отырған қитұрқы амал болар? Сонда жүйке жұқартқан жөнсіз жүгірту кімге керек? Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ.

«Ау, Алаш! Бəріміз де ќазаќ халќы» Сүлеймен МƏМЕТ,

«Егемен Қазақстан».

Əріге бармай, беріден тізгін тартсақ, өткен ғасырдың басындағы Алаш рухты азаматтардың қазақты қайтсек қатарға қосамыз, ойын оятып, санасына сəуле түсіреміз, алға озған жұрттар секілді қанатын қатайтамыз деп шарқ ұрған сəттерін білмек болып, ата тарихты ақтарсаң, менмұндалаған деректер тізбектеліп алдыңнан шыға келеді. Соның бірі 1911-1913 жыл дары Астрахан жəне Орал қалаларында шығып тұрған «Қазақстан» атты газет дер едік. Оған Бақытжан Қаратаев, Елеусін Бұйрсен, Ғұмар Қараш, Шəңгерей Бөкеев, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Сейітқали Меңдешев сықылды Алаш арыстары ұйытқы болған еді. Осы басылымның Ресей мұрағаттарынан алынған 16 нөмірінің түпнұсқасы қазіргі əліпбиге көшіріліп, екеуі де қатар жарияланған кітап қолға тиіп отыр. Жинақтан «Қазақстан» газетін шы ғарушы азаматтар туралы Қа йыржан Бекхожин, Мұстафа Ысмағұлов, Исатай Кенжалиев, Мақсат Тəжімұрат, т.б. секілді əр кезеңдегі белгілі ғалымдардың, баспагерлердің, журналистердің зерттеу еңбектері де орын алыпты. Бұған қоса, басылым баспаханасынан 1912 жылы Орал қаласында жарық көрген «Ызың» атты жыр жинағындағы шығармаларға да орын беріліпті. Жалпы, ұлттың ұлылығын танытатын іргелі дүниенің жұрт қолына жетуіне ерекше еңбек сіңірген Ж.Сафуллин бастаған алқа мүшелерінің ыждағаттылығын алғашқы кезекте айта кетуді парыз санаймыз. Кітапты парақтап отырғанда, сол кездегі бүкіл елдің, өңірдің тыныс-тіршілігі көз алдыңнан өтеді. Мысалы, Алаш азаматы Ғұмар Қараштың «Газет деген не зат?» деген мақаласында басылым қазақ санасын оятуға септігін тигізуі керек екенін, сол үшін жарыққа шығатынын тілге тиек етеді. «Енді ойлап қарайық, біз қазақ халқы 6 миллион шамалы бір ел екенбіз», деп сол 6 миллион халыққа сауатты басшы қажет болып тұрғанын, ондай өлшемі биік жетекші табылып жатса, газеттің бағы ашылатынын алға тартады. Оның соңына: «Халық бастан бұзылады, бастан түзеледі» дегенді қосып қояды. Газетте мақалалармен қатар, ел ішінен шыққан таланттардың өлең жолдарына да молынан орын беріліп отырыпты. Бұған Ишанғали Байшырақовтың «Қазақ халқына» деген өлеңі сөзімізге дəлел болады. «Ау, Алаш! Бəріміз де қазақ халқы, Хайуаннан надандықтың бар ма парқы? Біз қашан бұл қорлықтан құтыламыз... Надандық бізге, жаным, бермес пайда. Білімді озып кетті əлде қайда. Тұрайық, біз де – ұйықтап тек жатпайық... Оқытып ұлды, қызды... Ғылымды өзімізге дос қылайық», дейді. Осы өлең жолдарын оқып, сол тұстағы қазақ зиялыларының алға қойған міндет-мақсаты ұлтты ояту, ғылымға бет бұру, соған жастарды баулу, өзгеден қалмау екеніне бірден көз жеткізесің. Бүгінгі келешекке ұмтылуымыз да осы тілекпен ұштасып жатқанын көріп, біліп отырмыз. Көшіп жүре берудің пайдасынан зияны көп дегенді біраз тақырыптың арқауына айналдырыпты. Мəселен, газеттің екінші нөмірінде (1913 ж.) «Отырықшы болудың бір пайдасы» деген шағын дүниеде «Өзіңізге мағұлым, жер тарылды, бара-бара мұнан да тарылмақ. Мал бағу, егін салу тек уақытша кəсіп. Түпкілікті кəсіп, əгəр ілгері басатын халық болсақ, біз үшін де сауда сату да өнер болуында шек, шүбə жоқ», дейді. Бұл да байтақ даламыздағы халқымызды оятуға бастаған үндеу екені анық. Оразай деген автор «Тіршілік таласы» атты мақаласында халқымызды еңбекке үндейді. Еңбек етіп, берекелі тірлікте күн кешуге шақырады. «Қазақ халқының мұндай халге түскені жоғарыда айтылған тіршілік таласына əзірленбей, жайын наданшылдықта жатқандықтан... Атабабадан келе жатқан жалқаулықты тастап, «тəуекел ердің жолдасы» деп, ғылым, өнер жолына түсіп, бүтін жұрт үлес алып жатқан дүниадан бізге де үлесімізді алу керек. Ұйқымызды ашпай қарап жатқаннан тапқан жүлдеміз көз алдымызда: Еділ барсақ та, Жайық барсақ та, жер үйде күтір (хутор) бағып отырған қазақ бала сын көресің. Қазақ ішінде бұн дай қорлықта жүрген шет жұрт ты көрмейсің. Жоғарыда

ай тылған тіршілік таласының ғылым, өнерден құр қалғандарға көрсететұғыны осы. «Өнерлі өрге жүзер» деп қарттарымыз осындайда айтқан», дейді. Қазақтың айтулы ұлы Бақытжан Қаратаев «Азаматтарға бір-екі ауыз сөз» деген мақаласында: «Қазақта бір мақал бар: «Палуан бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген. Осы мақалға қарағанда, өткен замандарда қазақ халқы өнер-білімнің қадірін білген екен-ау деп ойлаймыз, бүгін де бұл мақалды айтушы кісілердің көзі азайды, бұ күнде өнер-білімнен мақұрым қалып, надандық дариясының ішінде... құйрықсыз кемедей кешіп жүр», депті. Бұл үзінділерде айтылған ой-тоқтамдардан дəл қазір түгел арылдық десек артықтау болар. Əлі де болса тіршілік таласында, яғни қазіргі тілмен айтсақ, бəсекелестікте ұтылып жүрген тұстарымыз жоқ емес. Көлемді кітапқа үңіліп отырғанда қазақ зиялыларының халқым деген жан даусы көш жерден естіледі. Бір кездері Ахмет Бай тұрсынұлы «Маса» болып ызыңдаса, аталмыш газет қызметкерлері де əлімсақтан өлеңді қадір тұтқан, ақынын ардақтаған жұртқа «Ызың» деген шағын жыр жинағын ұсыныпты. Оның алғашқы бетіне «Ау, қазақ» деген тақырыппен: «Мінеки, жиырмасыншы ғасыр болды, Өнерден осы күні дүниа толды. Сен қашан қатарға кеп ел боласың, Əлі күн көрінбейді нəрсең оңды. Сен болдың ар-намысты қолдан берген, Құр қалып қарап тұрып бар өнерден. Сен қашан қатарға кеп ел боласың, Былайғы кеме айдады қара жерден», деп келетін өлең жолдарын беріпті. Ал «Азаматқа» деген ұзақ толғауда: «Жігіттер, біле білсең, анаң – халық, Келіңіз, ана сүтін адалдалық. Керегі – ертең тағы ішпек-жемек, Бір күнгі қарын тоққа алданбалық», деп басталады. Бұл төрт жол өлеңнен алар тағылым аз болмаса керек. Бір назар аударарлығы, мысалға келтірген өлеңдердің авторы белгісіз, ел ішінен келген делініпті. Осыған қарап, байтақ даламыздың қай түкпірінде болсын қарапайым тірлік кешкен халқымыздың өз ертеңіне алаңдамай тұра алмағанын аңғарғандай боласың. Бұл жинаққа Мағжан Жұмабаевтың да өлеңі еніпті. Ол «Қазақтың кешегі күйі» деп аталады. «Еділ, Жайық, Сырдария, Белгілі жұртқа ескі су. Тəтті, дəмді, тармақты, Ұзын Ертіс, Жетісу. Осы төрт су арасы – «Сарыарқа» деген жер еді. Туып-өскен баласын Айбынды ер Алаш дер еді» деп жыраулық дəстүрмен толғаған жыр жалғасы: «Ескіше тұрып егес пе, Заман – түлкі, тазы бол, Базарша – дүкен құр енді», деген үн қатумен түйінделеді. Зер салсаң, мұнда ұлы ақын бүгінгі нарық заманын меңзеп тұрғанын бірден білесің. Өткеннен сабақ алып, бүгінгі өркендеуіміздің іргетасы осылай қаланған десек, еш артықтығы жоқ. Себебі, өткенсіз бүгін болмайды. Мұрағаттан тауып, шаңтозаңнан арылтып, халқымыздың қажетіне жарар деп, алтынға бергісіз мұндай рухани еңбекті жарыққа шығару жақсылықтың нышаны деп білеміз. Егер іздей берсек, «шаң басқан архивтерде» мұндай құндылықтар аз емес. Тек зерделілік танытып, зерттей білсек болғаны. Біз жоғарыда кітаптан алған кейбір мысалдардағы сөздерді, жеке əріптерді бүгінгі жазу үрдісімізге бейімдедік. Өйткені, ол кездегі үлгі оқырман бөлектеу еді. Бір ғасырдан кейінгі оқырман, əсіресе жастар бұл не сөз, əріпті қате жазыпты демесін деген ойды алға оздырдық. Əр уақыттың өз талабы бар ғой. Əрине, ғылыми еңбекте көшіріп жазғанда, өшіріп жазуға болмайтынын білеміз.


 Ойласу

Инвестициялар игілік əкелуімен ќўнды Инвестиция тартудың ілкімді жолдары бірлескен кəсіпорындар құрумен, өнімдер мен тауарлар шығарумен ғана шектелмесе керек. Ол алдымен озық технологиялар мен өміршең жобаларды табыстың нақты көзіне айналдыру тетіктерін қарастыруы тиіс. Еліміздің ұзақ жылдарға арналған əлеуметтік-экономикалық дамуын белгілеп берген «Қазақстан-2050» Стратегиясында жаңа саяси бағыттың төрт мəні атап көрсетілді. Қайсысы болсын тарихи құжаттың басты қағидаты – кең ауқымды экономикалық прагматизмнің нақты сипатын даралап, бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту секілді түпкі мақсаттарды діттейтінін аңғару қиын емес. Иə, экономикалық əлеуетті арттырудың жолдары көп. Олардың ішінде қолайлы инвестициялық ахуал құру, одан алынатын кіріс пен қайтарым жайы үлкен маңызға ие. Біз осы тақырып аясында өңірлік мысалдар келтіре отырып, нақты экономикаға отандық өндірушілермен қатар шетелдік инвесторлардың қалай тартылып жатқаны жəне кейбір көкейкесті мəселелер жөнінде сөз қозғамақпыз. Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

2010 жылдан үдемелі индустриялықинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы енгізілгелі өңірдің экономикасына 188 миллиард теңге инвестиция құйылды. Жыл өткен сайын оның мөлшері көбейіп келеді. Соңғы жылдары шетелдік инвестицияның өсуі байқалады. Былтыр бұл көрсеткіш 70 миллиард теңгені құрап, алдыңғы жылға қарағанда 1,4 есе өскен. Осы уақыт ішінде 500-ге жуық жаңа өндіріс орындары құрылып, өнеркəсіптегі технологиялық инвестициялар 8 есе артқан. Индустрияландыру картасына 283 миллион АҚШ долларының жобалары енген. Бұрындары инвестицияның негізгі үлесі егіншілікке, агроөнеркəсіп кешеніне тиесілі болса, енді жаңа салаларға да басымдық беріле бастағанын айта кеткен жөн. Алдағы шаралар тіпті ауқымды. Өңір экономикасының тұрақты жəне теңдестірілген өсімін қамтамасыз ету үшін дəстүрлі салаларды одан əрі дамыту, тау-кен, металлургия кешеніне, жеңіл өнеркəсіп пен туризм кластеріне айрықша көңіл бөлу, экспортқа бағдарлану, экономикалық басым секторларда инвестициялық бағдарламаларды бірінші кезекте жүзеге асыру, астық жəне контейнер таситын жүк вагондарын, мұнай өнеркəсібі жабдықтарын шығару көзделген. Соған орай былтыр 10 миллиард теңгенің 6 жобасы іске қосылып, 400-дей адам жұмыспен қамтылған. 2014 жылға таман 42 миллиард теңгенің 30 жобасы бой көтеріп, 3,9 мың жаңа жұмыс орындары ашылатын болады. Олардың арасында өңірге табыс əкеледі деп күтіліп отырған инвес-

тициялық мегажобалар баршылық. Мұндай өміршең бағдарламалар өңірдің инновациялық дамуына оң ықпал етуімен қатар, озық технологиялардың орнығуына тікелей септігін тигізері анық. Президент өз Жолдауында инвесторлар алдына тың талаптар қойды. Елімізге заманауи өндіру жəне қайта өңдеу технологияларын енгізу, соған орай ең жаңа өндірістер құру шартын міндеттеді. Елбасының осы бастамасына қолдау ретінде Ресей, АҚШ, Қытай, Корея, Түркия, Швейцария секілді мемлекет қаржыгерлері мен бизнесмендерінің қатысуымен өткен аймақтық инвестициялық форум көкейкесті сипатымен есте қалып, шетелден қаржыны тартудың ілкімді жолдары мен ішкі мүмкіндіктерін айқындап берді. Жиында келешегі зор инвестициялық жобалар ұсынылып, қолдау тапты. Құрылыс материалдары, полиметалдарды барлау жəне өндіру, көлік қатынасы, кен орындарын игеру секілді тың салалар сөз етіліп, инвесторларға барынша қолайлы ахуал туғызылды. «Казэнергорегион инвестициялық компаниясы» ЖШС-нің директоры Қамария Қайырбекқызы Булаево стансасында жылдық қуаттылығы 12 миллион тоннаға жетеғабыл мұнай өңдейтін зауытын салу белгіленгенін, жалпы құны 8 миллиард еуро тұратынын, құрылыс жұмыстарына 2 миллиард еуро құйылғанын, бірінші кезегі келесі жылы қосылып, 6 миллион тоннаға дейін жанар-жағармай жəне дизель отындары өндірілетінін мəлімдесе, швейцариялық «RV REVA-Group SA» компаниясының президенті Абим Салихи «Plastbau» технологиясы бойынша өзіндік құны арзан тұрғын үйлер құрылысы жүргізілетінін, бұл жөнінде «Солтүстік» ƏƏК-

мен келісім орнатылғанын жеткізді. Бүгінде тұрғын үй комбинатын салуға жер телімдері бөлініп, алғашқы қаражат беріліпті. «Торе-Чингизид ЛТД» компаниясының құрылтайшысы Игорь Овчинниковтың үні де сенімді шықты. Қазақстан рыногын зерттей келіп, Солтүстік Қазақстан облысында қағаз комбинатын салуды ұйғардық. Сіздерге сырттан жылына 70 мың тонна картон жеткізілсе, 70 пайызы Ресейден тасымалданады. Демек, өзара əріптестік орнатуға мүмкіндік мол деген сөз. Аграрлы өңір болғандықтан, шикізаттан тапшылық болмасы анық, деді. Оның сөзін америкалық «Хуссан Ко» компаниясының өкілі Окан Сюргит қолдап, инвестициялық демеу көрсетуге тас-түйін əзірлігін аңғартты. Тағы бірқатар инвестициялық жобалар ұсынылып, жиналғандар көңілінен шықты. Алайда, инновациялық жобалардың бəрі қолдауға тұрарлық десек, асыра айтқандық болар еді. Форум, бір жағынан, инвестициялық қызмет деңгейінің əлі де төмендігін көрсетіп берді. Өңірлерді дамытуға байланысты өткен былтырғы кеңесте Елбасы Кеден одағы шекарасында тұрып, инвестиция тарта алмаған теріскей облыстарды сынға алып, өңірлердің сырттан қаржы тартуға деген қызығушылығын арттыру үшін жер қойнауындағы байлықтарды пайдалануға қойылған мораторийді алып тастайтынын мəлімдеген болатын. Өңірлерге мүмкіндік беру мақсатын көздейтін шешім жергілікті жерлерде үндестік тапса да, игерілмей жатқан резервтер жеткілікті. Өйткені, инвестиция игіліктерін тек қаржы құю, бірлескен кəсіпорындар ашу арқылы өнімдер мен тауарлар ғана шығару деген түсінік əлі басым. Инвестиция енгізу саясатының бір ұшығы адамдардың өмір сапасын жақсартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, кəсіпкерлікті өркендетуге ұмтылдыратынын біле тұра, ескі технологияларға иек артатын, түпкі ойы жеке бастың баюын көздейтін қаржыгерлердің кездесіп қалатыны өкінішті. Өздерін инвесторлар ретінде таныстырған алпауыт фирма өкілдері осыдан бірнеше жыл бұрын органикалық-минералды тыңайтқыш өндіретін зауыт, тағы бір келгендерінде автомобильдердің газ баллондарын шығаратын кəсіпорын салуға мол қаржы құятындарын жариялаған болатын. Осы жолы да тағы бір тың жоба ұсынды. Ниет жақсы-ақ! Алайда, технологиялық əлеуеттің жан-жақты ескерілмеуі салдарынан уəделер сөз күйінде қалды. Оның себептері көп. Біріншіден, инвестициялық ұсыныстарға қатаң талап қойыла

бермейді. Екіншіден, ұсынылып отырған жобаның түп-тамырына тереңдеп баратын тəжірибелі мамандар тапшы. Соның салдарынан инвестиция деген құр атқа ие, табыс, қайтарым əкелмейтін, иелері жүз күндік пайдамен шектелетін, оның соңы бастапқы бағытынан айнып, басқа салаға бұрылып жататындар ұшыраспай қоймайды. Үшіншіден, жоспар орындау деген бюрократтық ұғым қағазбастылыққа, немқұрайдылыққа соқтырып жүр. Осындайда «жылтырағанның бəрі алтын емес» деген аталы сөз ойға оралады. Тайынша стансасында «Қызылжар» комбайнын шығаруға арналған бірлескен кəсіпорын бəсекелестікке төтеп бере алмай жұмысын тоқтатты. Енді көршілес Ресей елінің бір фирмасы қомақты қаржы салып, осындай бірлескен өндіріс орнын салуға талап қылып жүр. Естуімізше, ниетінің қабыл болатын түрі бар. Міне, арнайы комиссия мүшелерінің белсене қимылдайтын тұсы осы! Егіздің сыңарындай бір-біріне ұқсас, əлеуетсіз инвестициялық жобаларды əбден илеуден өткізіп, ел мен жерге пайдалы жақтарын, табыс əкелетін мүмкіндіктерін жан-жақты саралап, ең таңдаулыларын таңдап алса қолдарын ешкім қақпас еді. Əйтпесе, құрғақ уəдені үйіп-төгіп, артынан «жалт етті де жоқ болдының» керімен ұшты-күйлі жоғалатын «арпа ішіндегі бір бидай» құсап кездесетіндер, инвестор атын жамылғандар жоқ емес. Елбасы 2012 жылдың қорытындыларына жəне Жолдау тапсырмаларын орындау міндеттеріне арналған жуырдағы кеңесте алда тұрған барлық шешімдер Қазақстанның табыстылығы мен инвестициялардың қайтарымдылығы, бəсекеге қабілеттілігі мен ұзақ мерзімді мүдделерін сақтау есепке алына отырып, қабылдануы тиістілігін атап көрсетті. Соған орай елге тек шетелдік қаржыгерлермен қоса талантты менеджерлерді де тарта отырып, инвестициялық саясатқа деген көзқарастар мен ұстанымдарды түбегейлі өзгерту міндетін қойды. Инвестициялар тартуда тиісті орындар мен мамандардың жауапкершілігін күшейтпей болмайды. Оларды шақырып, жергілікті жағдаймен, өңірлік, экономикалық артықшылықтарымен таныстыруға мүдделі болу керек. Елбасы белгілеп берген асқаралы міндеттерді орындауға билік аппараттарын жұмылдыру арқылы тұрғындардың əлауқатына, тұрмыс сапасына өте-мөте əсер ететін, ықпалды шешімдер қабылдау қашанда маңызды. Биліктегілердің шынайы жұмысы осындайда білінсе керек. Инвестициялық ілкімділіктің ішкі ресурсын жан-жақты қарастыру арқылы басқа да қаржылық мұқтаждықтарды шешуге болады. Мəселен, көптен бері түйінді проблемаға айналып, ақыры коммуналдық меншікке алынған Петропавл əуежайын халықаралық деңгейге айналдырудың сəті түспей тұр. Бизнес-жоспарға зер салсақ, болашағы кемел. Олай болса, инвесторлар назарын аударту үшін тиісті орындардың белсенді қимылы қажет-ақ! Солтүстік Қазақстан облысы.

 Жазылған жайдың жаңғырығы

Алдымызда жарќын белестер

Жақында «Егемен Қазақстан» газетінде «Имамдар есебі: кім не істеді» деген мақаланы оқып, аймақтарға өкіл имамдардың атқарып жатқан игілікті жұмыстарымен таныстық. Шынында да, Шейх Əбсаттар қажы Дербісəлі хазірет аймақтағы мешіт имамдарымен тығыз байланыс жасап, нұсқаулар мен тапсырмалар береді əрі жүзеге асқан ісшаралардың есебін алып, имамдарға аса маңызды жауапкер-

шілікті жүктеп отырады. Қазіргі жаһандану дəуіріндегі күнделікті өмірде адам жаны түршігерлік қатыгездікпен жасалған сансыз оқиғаларды ғаламтордан да, баспасөзден де, телеарнадан да минут сайын көріп, еріксіз іштей қынжыласыз. Қаншама аяқ астынан болатын жол апаттары мен əуе апаттарынан туындайтын бақытсыз жағдайларды естігенде, жаның күйзеледі. Ақпараттар ағыны толассыз

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы «Казахстанская правда» газетінде 2012 жылғы 22 желтоқсанда жарияланған «№ C01831: Ғылымизерттеу кемесін жалдау қызметі» жөніндегі ашық конкурсы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сəуірдегі № 267 қаулысымен бекітілген №1139 тауарларды, қызметтерді жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерiнің, 66-тармағының, 2-тармақшасына сəйкес орындалмағанын жариялайды.

«Олжа» АҚ өзінің акционерлері мен кредиторларына Қоғам «Альфа-Банк» АҚ ЕБ-мен ірі мəміле жасалатындағы туралы хабарлайды. Тел. 2559396.

9

www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

ағынмен өз арнасын іздеп шарқ ұруда. Əрине, бəрі – Алланың ісі. Ислам діні – ақиқат дін. Аллаға құлшылық жасау арқылы тура жолға ниеттеніп, өзіңді жақсылыққа, имандылыққа тəрбиелейсің. Сондықтан да ислам дінін насихаттауда ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан игілікті істерге шынайы ниетімізбен ризашылығымызды білдіріп əрі діни қызметкерлердің, имамдардың еңбегі бағалануы тиіс дейміз.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г.Актау уведомляет о признании открытого конкурса «№ C01831: Оказание услуг по фрахту научно-исследовательского судна», объявленного в газете «Казахстанская правда» от 22 декабря 2012 года несостоявшимся, в соответствии с пунктом 66, подпункта 2, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 267, о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2007 года № 1139.

АО «Олжа» уведомляет своих акционеров и кредиторов о совершении крупной сделки с АО ДБ «Альфа-Банк». Тел. 2559396.

Сдам площадь под камеру хранения. Тел: 8 (7172) 93-35-37.

Бір ғасырға жуық қасиетті Құран кітаптың беті ашылмай жатты. Құнды білім мен тəлімтəрбиелік өнеге беретін еңбектер ұрпақтың санасынан тыс тұншықтырылып, шаң басты. Халық ислам дінінің бұлақ суынан мейрімі қанып сусындай алмады. Орны толмас өкініштің өзегіне нəр беріп, дінімізді қайтадан имандылық жолындағы жаңа арнаға бұру қажырлы еңбекті талап етеді. Міне, осыны ескерсек, тəуелсіздік алғалы бері ҚМДБ құрылды. Шейх Əбсаттар қажы Дербісəлі хазіреттің басшылығымен еліміздің барлық аймақтарында ислам дінінің өркендеуіне ерекше көңіл бөлінді. Бұл – баға жетпес бақыт. Айтып кеткен орынды десек, ҚМДБ-ның үгіт-насихат тобының мүшелері Жаңаөзен қаласында үнемі жастармен кездесу өткізіп, ақиқатты, шындықты, имандылықты насихаттап, діни сұрақтарға жауап береді. Имандылықтың нұры атанатын қалалық мешітке жұма намазы кезінде келушілерден ине шаншар орын қалмайды. Бұл – қалың жұртшылықтың Аллаға деген шексіз сүйіспеншілігі, ғибадаты ғана емес, ақиқаттың тура жолына бағыттаған шынайы ниеті мен ықыласы. Себебі, мешітте бес уақыт намаз оқылады, азан шақырылады, неке қиылады, қайтыс болғандардың намазына табыт беріледі. Сонымен қатар, мешітте хадис, уағыз кітаптар, өсиеттер, діни оқулықтар, дис-

кілер алуға, басқа да қажетті құндылықтарды оқуға, діни сауат ашуға мүмкіндік бар. Əрбір адам имандылықтың бұлағынан сусын ішіп, жүрек мейрімін тереңдетсе дейміз. Бірбіріне шынайы ықылас танытып тату болса, кез келген ауыр жағдайда сабырлылық танытса, азға қанағат, көпке шүкіршілік етсе, отбасында ауызбірлік пен ынтымақ болса, береке мен ырыс, бақыттың өзі келеді. Біз ішкі жандүниеміздегі шешімін таба алмаған сансыз сұрақтардың жауабын имандылықпен сабақтасқан ислам дінінен аламыз. Рухани құндылығымызды дəріптеп, дінімізді, тілімізді, салт-дəстүр мен əдет-ғұрпымызды сақтасақ, өскелең ұрпақты өнегелі етіп тəрбиелесек дейміз. Қазіргі Батыстың өктем мəдениеті өршіген жаһандану дəуірінде, ғарыштық жылдамдықпен ағылып келіп жатқан сансыз ақпараттар заманында имандылықты дəріптеген дінімізді, ділімізді нығайтып, өз тұғырымызда мықты тұруымыз керек. Сонымен бірге, ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан барлық игілікті іс-əрекеттерге, атқарылып жатқан жауапкершілігі қомақты жұмыстарына қолдау көрсете білсек, алдымыз ашық болатынына күмəн жоқ. Маусымжан ДИХАНБАЕВА, журналист.

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

Егер сіз «Егемен Қазақстан» газетіне жарнама бергіңіз келсе, мына телефондарға хабарласыңыз: Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. Электронды пошта: egemen_adv@mail.ru. Алматы 273-74-39, ф. 273-73-97. Электронды пошта: gulnurekkz@mail.ru.

Алматы қаласы мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру департаменті 2013 жылғы 18 ақпанда аукцион өткізу туралы «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 2 ақпандағы №59 санында жарияланған ақпараттық хабарламасындағы кепілді жарна мөлшерін 40 000 теңге деп түзетіліп оқылуын сұрайды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Петропавл, Ақтау, Қостанай, Алматы қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектептеріне директорлар лауазымына іріктеу конкурсын қайта өткізу туралы жариялайды. Конкурсқа қатысу үшін керекті құжаттардың тізімі мен қосымша ақпаратты www. nis.edu.kz сайтынан немесе 8 (7172) 70-57-63, 70-57-44 телефондары арқылы алуға болады. Құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 53-үй, 3211-бөлме, Адами ресурстарды дамыту департаменті.

Конкурсқа қатысыңыз Қызылорда қаласына орнатылатын Бегім ана ескерткішінің эскиздік жобасына ашық конкурс жарияланады. «Бегім ана» мəдени-қайырымдылық қоры өткізетін бұл ашық конкурстың мақсаты тарихы тұлғаның бейнесін ашып, ескерткіштің нақты мүсіндіккөркемдік шешімін табу. Конкурсқа ұсынылған жобалар жоғары идеялық жəне сəулеттік-көркем деңгейде орындалуы тиіс. Конкурсқа авторлар жəне авторлық ұйымдар қатыса алады. Аталған тұлғаға орнатылатын ескерткіштің жобасын іріктеу талаптарына сəйкес, ұсынылатын жобалар эстетикалық мəнерлілік, идеялық мазмұндылық, көркемдік тұтастық пен ерекше бітімде болуы, жергілікті көріністің (панорама) композициясына айналуы, ескерткіш орнатылатын жердің ситуациялық жəне масштабтық жоспарымен ұсынылуы шарт. Авторлар конкурс материалдарын Қызылорда облысының мəдениет басқармасының Қызылорда облыстық тарихи жəне мəдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне 2013 жылдың 5 наурызына дейін ұсынулары қажет. Конкурсқа ұсынылған материалдар салынған конверттің жоғарғы оң жақ бұрышына алты таңбалы шифр белгіленеді. Ескертетін жəйт: конкурс шарттарын сақтамаған материалдар конкурсқа жіберілмейді жəне комиссияда қаралмайды. Қосымша ақпаратты мына мекен-жайлардан алуға болады: 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Астана даңғылы, 42, «Бегім ана» мəдени-қайырымдылық қоры, тел. 8 (7242)24-88-11, 8-701-621-13-07, 8 705259-37-13. 120001, Қызылорда қаласы, III-ірілендірілген квартал, н/з (бұрынғы əскери комиссариаттың шақыру пункті ғимараты) Қызылорда облысының мəдениет басқармасының Қызылорда облыстық тарихи жəне мəдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, 25, 26-бөлмелер; тел.8 (7242)27-86-84; 26-41-93; e-mail: ohranakzl@mail.ru «Трансбетон-Сервис» ЖШС-ның конкурстық басқарушысы (СТН 620300261478, БИН 050740003563) борышкер «Трансбетон-Сервис» ЖШС-ның мүлкін сату жөнінде мына мекенжайда: Астана қ., Жеңіс д-лы, 75-үйде, 2013 ж. 28 ақпанда сағат 11.00-де сауда-саттық өткізілетіндігі туралы хабарлайды. Борышкердің негізгі қызметтік бейіні - тауарлы темірбетон өндірісі. Мүлік сауда-саттыққа 2 лотпен ағылшын əдісімен шығарылады. №1 лот – 2006 ж.ш. «BENGO» ұсақтау-сұрыптау кешені, 150 т/с, қанағаттанарлық жағдайда, бастапқы бағасы – 11 746 000 тг. №2 лот – 2006 ж.ш. «УАЗ 39099» ж/а, қанағаттанарлық жағдайда, бастапқы бағасы – 630 000 тг. Лоттың бастапқы бағасының 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Цеснабанк» АҚ-ның Астаналық филиалына (ИИК KZ64998BTB0000059850, СТН 031400063221, БИК TSESKZKA) төленеді. Сауда-саттыққа қатысушылардың өтінімдерін қабылдап, тіркеу осы хабарландыру жарияланған күннің ертесінде басталып мына мекен-жайда: Астана қ., Жеңіс д-лы, 75-үйде жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, тел. 39-22-01. Өтінімдерді қабылдау мен қатысушыларды тіркеу сауда-саттыққа бір сағат қалғанда аяқталады. Сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркеуге арналған құжаттар сауда-саттықты ұйымдастырушыға тікелей беріледі немесе тиісті түрде ресімделген құжаттары болған ретте үшінші тұлғаның өкілдігі арқылы тапсырылады. Қосымша ақпаратты Жеңіс даңғылы, 75-үйден алуға болады, т. 39-22-01. Сауда-саттықты ұйымдастыруға қатысты талап-шағымдар Кравцов к-сі, 18-үй, 104-бөлмеде сағат 9.00ден 18.30-ға дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, тел. 37-12-32.

Конкурсный управляющий ТОО «Трансбетон-Сервис», РНН 620300261478, БИН 050740003563 сообщает о проведении торгов по реализации имущества (активов) должника ТОО «Трансбетон-Сервис», по адресу: г. Астана, пр. Победы, 75, которые состоятся 28.02.2013 г. в 11.00 по адресу: г. Астана, пр. Победы, 75. Основной профиль деятельности должника: производство товарного железобетона. Имущество выставляется на торги 2 лотами английским методом торгов. Лот № 1 – Дробильно-сортировочный комплекс «BENGO» 2006 г.в., 150 куб/час, удовлетворительное состояние, стартовая цена 11 746 000 тг. Лот № 2 – Автомобиль УАЗ 39099, 2006 год выпуска, удовлетворительное состояние, стартовая цена 630 000 тг. Гарантийный взнос вносится на банковский счет в Столичном ф-ле АО «Цеснабанк» г. Астана, ИИК KZ64998BTB0000059850, РНН 031400063221, БИК TSESKZKA в размере 10% от стартовой цены лота. Прием заявок и регистрация участников торгов производится со следующего дня после опубликования настоящего объявления в рабочие дни с 9.00 ч. до 18.00 ч. перерыв на обед с 13.00 ч. до 14.00 ч. по адресу: г. Астана, пр. Победы, 75, т. 39-22-01. Окончание приема заявок и регистрации участников торгов производится за час до начала торгов. Документы для регистрации в качестве участника торгов представляются организатору торгов лично либо при наличии надлежащим образом оформленных полномочий по представительству третьего лица. Дополнительную информацию можно получить по адресу: пр. Победы, 75, т. 39-22-01. Претензии по организации торгов принимаются с 9.00 ч. до 18.30 ч., перерыв на обед с 13.00 ч. до 14.30 ч. по адресу: ул. Кравцова, 18, каб. 104, т. 37-12-32.

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» Ақтау қаласындағы филиалы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қарашадағы № 1139 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 сəуірдегі № 267 қаулысымен бекітілген тауарлар, қызмет көрсету жəне жұмыстарды сатып алу Ережелерінің 105-тармағының 1-тармақшасына сəйкес мына келісім-шарттарға тұрғандығын хабарлайды: Лот №1 - Кедендік тазарту қызметтерін «GeoСustoms» ЖШС-нен; Лот №2 - Жүктерді тасымалдау қызметтерін «Globalink Transportation & Logistics Worldwide» ЖШС-нен.

Филиал «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» в г. Актау настоящим объявляет о заключении следующих договоров: Лот №1 - Услуги по таможенной очистке с ТОО «GeoСustoms»; Лот №2 - Услуги по перевозке груза у ТОО «Globalink Transportation & Logistics Worldwide», в соответствии с подпунктом 1 пункта 105, Правил приобретения товаров, работ и услуг при проведении операций по недропользованию, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 апреля 2010 года № 267, о внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2007 года № 1139.

Беккожаева Кулмарияның атына берілген кадастрлық нөмірлері 03-050-123-106 жəне 03-050-117-046 жер актілері жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын.

Сәбит Айдарұлы КИНЕЕВ 2013 жылдың 5 ақпаны күні 62 жасқа қараған шағында белгілі қаламгер, асыл азамат, қадірлі əріптесіміз Сəбит Айдарұлы Кинеев ұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды. Сəбит Кинеев 1951 жылы 27 мамырда Алматы облысының Іле ауданында дүниеге келген. Орта мектепті тəмамдаған соң Алматы кинофикация техникумында жəне Бішкектегі Қырғыз мемлекеттік университетінің орыс филологиясы факультетінде оқыған. Мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, білікті маман ретінде танылған азамат Ақтөбе қаласы əкімінің жəне Ақтөбе облысы əкімінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі, тағы басқа қызметтерде өзінің жан-жақты қарымқабілетін көрсете білсе, «Вечерняя Астана» газеті бас редакторының орынбасары болған кезеңде түрлі тақырыптағы мазмұнды мақалаларымен танылды. Сəбит Кинеевтің əр кезеңде жарық көрген «Обычная исто-

рия», «Повесть о Куандыре и Куралай», «Песня», «Бригада», «Сны и бессоницы», «Отверженные» атты жинақтары мен кейінгі бірнеше жыл ішінде біздің баспамыздан шыққан «Песнь номада», «И возвращается все...», «Вознесение Ду Фу» кітаптары оқырман қауымның ыстық ықыласын иеленді. Ал бүгінде кезекті бір еңбегі – баспаға өз қолымен тапсырып кеткен «Простые и великие» кітабы жарыққа шығуға əзірленуде. Сəбит Айдарұлы еселі еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының Тəуелсіздігіне - 10 жыл», «Астанаға - 10 жыл» медальдарымен марапатталды. Соңғы бірнеше жыл бедерінде «Фолиант» баспасында аға редактор болып қызмет етіп, бірталай іргелі еңбектердің сапалы жарық көруіне өз үлесін қосты. Білікті маман, қарымды қаламгер əрі қадірлі əріптестің жарқын бейнесі біздің жадымызда əрдайым сақталады. «Фолиант» баспасы» ЖШС ұжымы.

Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Əкімшіліктің қызметкері Болат Ырджанұлы Досмамбетовке əкесі Ырджан САЯБАЙҰЛЫНЫҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады. «Қазақ мал шаруашылығы жəне жемшөп өндірісі ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы бас ғылыми қызметкері Марат Айдарұлы Кинеевке бауыры Сəбит Айдарұлы КИНЕЕВТІҢ қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


10

www.egemen.kz

7 ақпан 2013 жыл

 Өңір өнері

 Спорт

«Ќыз Жібек» фильмінде ќолтаѕбасы бар зергер Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».

Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, белгілі зергер Леонид Игошиннің 80 жасқа толуына орай шығармашылық кеші өтті. Леонид Александровичті тек қостанайлықтар ғана емес, республикада, тіпті одан тыс жерлерде де зергер ретінде таниды. Ресейдің Иванов облысындағы Красноселолық металды көркемдеп өңдеу училищесін бітіргеннен кейін ол бірыңғай шығармашылық жұмыспен айналысады. Зергердің қолынан шыққан шілтерлі ваза, асыл тастармен өрнектелген сандықшалар, сəндік ыдыстар əсемдігімен көздің жауын алады. Игошин жасаған мұндай сəндік бұйымдарға Кеңес Одағы кезінде Коммунистік партия съездерінің қонақтарына, ірі мерейтойлар иелеріне, шетелден келген мəртебелі қонақтарға сыйлық жасау үшін тапсырыс берілетін. Мысалы, Леонид Александрович жасаған бұйымдар Кеңестер Одағы басшысының атынан Финляндияның сол кездегі президенті Э.Хонеккерге, Египет президенті Г.Насерге тарту етілді. Тіпті, Д.Қонаев алпысқа толғанда оған сыйланған вазаның авторы да Игошин болатын. Зергер 1960 жылдардан бастап Бүкіл одақтық көрмелерге қатыса бастайды. Мəскеуде өткен «Манеж», «Советская Россия», «Большая Волга» көрмелері оған табыс əкелді. Мұнан кейінгі жылдары Игошиннің темірден, асыл тастармен безендіріліп, күмістен жасалған бұйымдары сегіз рет халықаралық көрмелерге қатысты. «КСРО-ның бейнелеу өнері» көрмесінен оның бұйымдарын

Америка, Франция, Германия, Бельгия жəне тағы басқа елдер жұртшылығы тамашалады. Монреальда өткен ЭКСПО-67 көрмесінде оның «Ледоход» деген жұмысы сұранысқа ие болған еді. 1968 жылы КСРО Мəдениет министрлігі Л.Игошинді Алматыдағы «Сувенир» зергерлік фабрикасына суретші ретінде жібереді. Ол Қазақстанға келген соң халқымыздың зергерлігіне қызығушылық танытады, Қазақстан облыстарына экспедициямен де шығады. Қазақстандық суретшілермен,

 Мəссаған?!

Ќорєаушы ма, ќорлаушы ма? Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Əдетте біреуден зəбір көрген адам полицияға шағымданады. Өйткені, алдымен полиция ғана жəбірленушінің құқын қорғайды. Қылмыстың бетін ашады. Ал жұртшылық қорғаушы ретінде арқа сүйейтін полицейлердің өздері қорғансыз жанға зəбір көрсетіп, қорласа ше? Басқа бір бұзықтар əйел зорлады десе сенуге болар, ал полиция қызметкерлерінің дəл осындай арсыз іске баруын неге жоруға болады? Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінде учаскелік полиция инспекторларының көмекшісі болып қызмет ететін екі офицердің 34 жасқа енді толған нəзік жанға зорлық жасағаны елдің жағасын ұстатып отыр. Олардың қасында тағы бір азамат болыпты. Осы үшеуі Құлсары қаласына уақытша тұруға келген өзге өңір тұрғынын əуелі күштеп зорлаған, одан соң басына пакет кигізіп, ен далаға апарып тастаған. Қазір, облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция полковнигі Гүлнəзира Мұхтарованың айтуынша, үш күдікті де

зергерлермен, өнер адамдарымен қарымқатынаста болады. Əсіресе, Евгений Сидоркин жəне Гүлфайруз Исмайловамен қызметтес, аралас-құралас болған Леонид Александрович «Қыз Жібек» фильмі түсірілетін кезде, кейіпкерлердің киімін безендіруге қатысады. Мəскеудің музейлерінде жəне Алматыдағы Ə.Қастеев атындағы музейде оның шығармалары сақтаулы. – Қыз Жібектің анасы болып ойнаған Гүлфайруз Мансұрқызының алқасын жөндеп бердім жəне ер адамдар киімін, сауытты жасауға көмек еттім, – дейді Леонид Александрович. – Мұнан кейін «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклінде Гүлфайруз Исмайлованың өтінішімен əшекейлер жасағаным есімде. Зергер Игошин қырық жылға жуық уақыттан бері Қостанай қаласында тұрып келеді. Зергер жасаған асыл тастармен көмкерілген қазақтың ұлттық нақышындағы əшекей бұйымдары үлкен сұранысқа ие. Қалаға мəртебелі, шетелдерден келген қонақтарға осы күнге дейін Игошиннің жасаған əшекейлері қазақтың ұлттық жəдігері, рухани байлығы ретінде сыйға тартылады. Қостанайлықтар оның сұлулық кепіліндей бұйымдары көрмесін қызыға тамашалайды. Игошин талантын жоғары бағалайтын көрермендер мен оның əріптестері, суретшілер, мүсіншілер əлі тың жəне осы ежелгі өнер мен көздің майын алатын ауыр еңбегіне өзі құрметпен қарайтын зергердің алдағы уақытта тамаша бұйымдар жасарына сенім білдірді. ҚОСТАНАЙ.

«Балапаннан» нəр алєан «Ќарлыєаш» Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

қамауға алынып, тергеу ісі жүргізілуде. Тергеу барысында жəбірленуші өзіне зорлық көрсеткендерді таныған. Осыған байланысты Ішкі істер министрінің орынбасары Амантай Күреңбеков Атырауда облыстық ішкі істер департаменті құрылымдарының басшылығымен жедел жиналыс өткізді. Онда Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің екі қызметкері жасаған ауыр қылмыстық іс сөз болды. Министрдің орынбасары Жылыой аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Серік Ербөлековті қызметінен босатты. Сонымен бірге, оның орынбасарларының жəне басқа да басшылық қызметкерлерінің қыз меттеріне сəйкестігі мəселесі көтерілді. Əрине, кінəлілер жазасын алады. Оған дау жоқ. Алайда, енді ел-жұрт полицейлердің адам зорлау қылмысына қатысуын ешқашан ұмытпайды. Бұдан былай полиция қызметкерін көрсе, қорғаушы деп емес, зорлаушы деп теріс айналуы да ғажап емес. Шындығында да полиция қызметкерлері қорғаушыдан қорлаушыға айналып бара жатқан жоқ па?

Есіл ауданының Свободный ауылында «Қарлығаш» балалар бақшасының күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта ашылуы елеулі оқиға саналып отыр. Ендігі жерде тұрғындар өз кəсіптерімен алаңсыз айналысып, сəбилерін уақыт талабындағы тəрбиемен баулитын болады. Сонымен қатар, «Қарлығаштың» арқасында ауылдың балалар бақшасына сұранысы толық қанағаттандырылды. Балалар ордасын күрделі жөндеуге «Балапан» бағдарламасы аясында 58,4 миллион теңге қаржы жұмсалса, жиһаздар мен жабдықтар сатып алуға 9 миллион теңге бөлінді. Осының нəтижесінде еденге жылу өткізуге дейінгі жұ мыстардың барлығы сапалы атқарылды. «Қарлығаш» бір жəне бес жас аралығындағы 100 баланы қабылдай алады. Мұндағы əрбір топ компьютермен, интерактивті тақтамен, үй кинотеатрымен, теледидармен, музыкалық орталықтармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, 33 адам жұмыспен қамтылса, əр топта екі тəрбиеші мен оның көмекшісі, педагогтар, психологтар жұмыс істейтін болады. Жалпы, «Балапан» бағдарламасының шарапатымен облыста соңғы екі жылда ғана 3500 баланы қамтитын 44 мектеп жасына дейінгі мекеме жұмыс істей бастаса, биылғы жылы тағы да 35 нысанды қатарға қосу жоспарланып отыр.

Атырау облысы.

Ақмола облысы.

 Оқиға

Ќўлсарыны дїрліктірген ќасќыр Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».

Қыстың қақаған аязында Құлсары қаласына қасқыр кіріпті. Бұл туралы ел ұйқыда жататын түнгі мезгілде емес, ертеңгілік сағат 9-дың шамасында аудандық ішкі істер бөліміне хабарланған. Қала ішінде ойқастап, жүргіншілердің зəресін алған түз тағысының ізін кесуге полиция майоры Естілеу Алмұрзин шыққан екен. Қасына бір топ азаматты ерткен. Алайда, түз тағысы қаланың 4-ші телімінде тұратын Жарас Көшбаевтың үйінің ауласына кіріп, үйшіктегі үш күшікті тамағынан өткізіп жіберіпті. Жəне бір күшікті қан-жоса етіп талаған. Абырой болғанда, қала тұрғындарына азу тісін батыра қоймапты. Дəл осы аулада полиция инспекторы Е.Алмұрзин Құлсары тұрғындарын əбігерге салған қасқырды қарумен өлтірді. Аудандық ветеринария қызметінің өкілдері қасқырдың өлігін өртеп, миын облыстық ве те ринарлық зертханаға сараптама жасау үшін жіберді.

“Егемен Қазақстан” республикалық газеті” акционерлік қоғамы Президент Сауытбек АБДРАХМАНОВ Вице-президент – бас редактор Жанболат АУПБАЕВ Вице-президент Еркін ҚЫДЫР

Топжарєан Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Алексей Полторанин 11 жасы нан бастап шаңғы спортымен айналыса бастады. Жат тық тырушысы А.Нако нечный ұзын бойлы, арық, алған бетінен қайтпайтын қайсар баланың болашағынан үміт күткен еді. Себебі, ол басқаларға қарағанда ұзақ жаттығатын, сенбі, жексенбі күндері де шаңғысын киіп алып ну орманның ішінде жалықпай жүгіретін. Сол он бір жасар бала алғаш рет облыстық, республикалық жарыстарда топ жармаса да алғашқы алтылыққа еніп жүрді. Арада үш жылдан кейін Алексей жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Ал қазіргі кезде ол еліміздің Қысқы Олимпия ойын дарында үміт артатын спортшыларымыздың бірі. Осы кезге дейін екі рет Олимпиададағы əлем чемпионаттары мен Азия ойындарына қатысқан Алексей Полторанин Əлем кубогы кезеңінде үнемі жақсы нəтиже көрсетіп келе жатқан шаңғышымыз. Бұған дейін Əлем кубогы кезеңдерінде атақты шаңғышы Владимир Смирнов қана бірнеше мəрте бірінші орынға табан тірегені белгілі. Ал өткен жылдың 11-16-шы желтоқсанында Швейцарияның Давос қаласында шаңғыдан өткен Əлем кубогы кезеңінде Алексей алтын жүлдені иеленіп, айды аспанға шығарды. Сөйтіп, ол арада 12 жыл өткен соң В.Смирновтың жеңісін қайталады. Əдетте Əлем кубогы кезеңі əлем чемпионатынан кем емес. Еуропа елдерінің шаңғышылары кубок десе ішкен асын жерге қоятыны белгілі. Демек, риддерлік саңлақтың бұл

табысы ел тарихындағы елеулі оқиға. Содан кейін Азия ойындары басталар сəтте басшылар Алексейге үлкен міндет жүктеді. Бес қашықтық бойынша бірнеше алтын, күміс, қола алқаны иелену қажет. Солдатсай шатқалында алғашқы күні Алексей Полторанин мен Николай Чеботько спринттік қашықтықта өнер көрсетті. Тағы да көз алдымызға Турин елестеді. Ол жолы Чеботько жерлесі Николай Кошевоймен бірге жүгіріп, алтыншы орынға табан тіреген. Жақсы көрсеткіш. Ал Солдатсайда алтынды қолдан бермеу керек. Спринттік жарыс қызықты, көрермендерін жалықтырмайды. Ал Алексей бірінші болып жүгірді, алда келді де Чеботьконы жігерлендірді. Олар алты айналым бойы көш бастап, 22 минөт 46,2 секөнт уақытта мəре сызығын қиды. Алғашқы алтын қолда. Бұдан кейін де жеңісті күндер жалғасын тауып, Алексей үш алтын, бір қоланы иеленді. Нəтижесінде риддерлік саңлақ төрт алтын, бір қолаға қол жеткізді. Шығысқазақстандық Н. Коломина, О. Яцкая сияқты шаңғышы қыздар да төрт алтын, екі күміс, бір қоланы қоржынға салды. Ең қуаныштысы, Алексейдің жұбайы – биатлоншы Ольга Полторанина да біздің командаға бір алтын алқаны сыйлады. Уақыт жүрдек. Содан бері екі жылға таяу уақыт зыр етіп өте шықты. 2011-2012 жылдары Шығыстың шымыр жігіті Əлем кубогы жолындағы жарыста сан рет жүлделі орындарға табан тіреді. Əсіресе, өткен жыл мен биылғы қаңтарда А.Пол то раниннің шоқтығы биіктей түсті. Соңғы екі-үш айда саңлақ шаңғышы үш рет бірінші, бірнеше рет жүлделі

орындарды иеленді. Соның бірі – 19-шы қаңтарда Францияның Ла Клюсаз қаласындағы 15 шақырым қашықтықта Əлем кубогының VІІ кезеңінде топ жарғаны ерлікке пара-пар оқиға. Ресейдің қос жүйрігі Александр Легков пен Александр Бес смертных, əлем чемпионы Лукаш Бауер, швейцариялық қос жүйрік Дарио Колония, Карден Перп, норвегиялық Петер Нортук жерлесіміздің басты қарсыласы. Нортуктың атағы жер жарады. Олимпиада ойындарының чемпионы соңғы кезеңде қарқынын төмендетіп алған сыңайлы. Алай да, Франциядағы жарыста қос ресейлік Алексейді алға жібермей, екі жақтан қысып-ақ бақты. Соңғы кезде шеберлігін шыңдай түскен жерлесіміз сөреге Бессмертныхтан 0,1 секөнт ерте келді. Бұл А.Полтораниннің Əлем кубогы жолындағы жарыстағы 10-шы жеңісі еді. Осыдан екі апта бұрын Алексейді Өскеменде жолықтырдық. Оның жұбайы, белгілі биатлоншы, Азия ойындарының чемпионы Ольга Полторанина атақты шаңғышыға екінші сəбиді жақында ғана сыйлаған екен. – Бақыттымын. Бірінші балам ұл болатын, қазір үшке толды. Кристина деген қызымды көргенше асығыспын. Енді бір аптадан кейін Сочидегі кезекті Əлем кубогы сайысы басталады, аржағында əлем чемпионаты қол бұлғап тұр. Басты арманым – оң жамбасыма оңтайлы 15 шақырымдық классикалық қашықтықта алтын алқаны иелену. Ол үшін көп тер төгуге тура келеді, – деп Алексей ағынан жарылды. Біз де жерлес жігітімізге Сочи алтынын тілейміз... ӨСКЕМЕН.

Ќысќы жарысќа ќызыєушылыќ бар Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Ақтөбе қаласы маңындағы Кірпішті поселкесінде өткен қысқы спорт түрлерінен облыстық спартакиадаға қаладан жəне барлық аудандардан спортшылар қатысты. Спартакиада бағдарламасындағы шаңғымен жарысу, спорттық бағдарлау, президенттік көпсайыс жəне шай балы хоккейден ұйы м дасты рылған жарыстың көрігін қыздырған спортшылар жүлделі

орындардан құр қалмауға бар күштерін салды. Қысқы спорттың үш түрі бойынша ақтөбеліктер алда болды. Бір қуаныштысы сол, спартакиаданың ашылуында сөз алған облыстық спорт, де не тəрбиесі жəне туризм басқармасының бастығы Асылбек Құлмағамбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта жаңа Мұз сарайы құрылысының жобалықсметалық құжаттары дайындалуда екен. Онда болашақта хоккей, мəнерлеп сырғанау жəне

басқа қысқы спорт түрлері дамытылатын болады. Сонымен бұл жолғы спартакиада өңірде қысқы спорт түрлеріне бүйрегі бұратындардың арта түскенін дəлелдеді. Жастардың мұндай қызығушылығы бұл бағыттағы жетістіктерге желі тартатыны сөзсіз. Олай болса, 2017 жылы Алматы қаласында өтетін қысқы Универсиадада ақтөбеліктер жүлделі орыннан көрінетініне сенім артамыз, əрине. Ақтөбе облысы.

Тəрбиеші офицерлер жиыны Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Тараз қаласындағы гарнизондық офицерлер үйінде «Оңтүстік» əскери өңірлік қолбасшысының тəрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасеновтің басшылығымен гарнизон əскери бөлімдері тəрбие жұмысы жөніндегі рота командирлері орынбасарларының жиыны өтті. Жиын барысында тақырыптық сабақтар өткізіліп, тəрбиеші офицерлер Тараз гарнизонының əскери бөлімдерін аралады. Мұнда олар əртүрлі деңгейдегі əскери қызметшілермен тəрбие жұмыстарының қалай ұйымдастырылатынын көріп, көкейлеріне түйді.

Атырау облысы.

Меншік иесі:

Келесі жылы 7-23 ақпан күндері Ресейдің Сочи қаласында XXII Қысқы Олимпия ойындарының өтетіні белгілі. Осыған байланысты бүгін біз оқырмандар назарына Олимпиадада жүлдеден үмітті шаңғышы Алексей Полторанин туралы материалды ұсынуды жөн көріп отырмыз.

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ: 010008 АСТАНА, “Егемен Қазақстан” газеті көшесі, 5/13. 050010 АЛМАТЫ, Абылай хан даңғылы, 58 А. АНЫҚТАМА ҮШІН: Астанада: АТС 37-65-27, Алматыда: 273-73-80.

БАЙЛАНЫС: Астанада: факс (7172) – 37-19-87, электронды пошта: egemenkz@maіl.onlіne.kz egemenkz@maіl.ru , egemenkz@maіl.kz Алматыда: факс (727) – 273-73-80, электронды пошта – egemalm@host.kz

МЕНШІКТІ ТІЛШІЛЕР: Астана – (717-2) 37-61-21; Ақтау – 8 (701) 593-64-78; Ақтөбе – (713-2) 56-01-75; Талдықорған – 8 (728) 27-05-70; Атырау – (712-2) 32-94-07; ЖАРНАМА-АҚПАРАТ БӨЛІМІ:

Көкшетау – (716-2) 25-76-91; Павлодар – (718-2) 57-18-09; Қарағанды – (721-2) 43-94-72; Семей – (722-2) 52-26-86; Қостанай – (714-2) 39-12-15; Тараз – (726-2) 43-37-33; Қызылорда – (724-2) 27-00-85 Шымкент – 8 (701) 404-36-29; Орал – (711-2) 28-80-35; Петропавл – (715-2) 50-72-50. Өскемен – (723-2) 25-28-41; Астанада – 8 (717 2) 37-60-49, факс – 37-64-48, egemen_adv@mail.ru Алматыда – 8 (727) 273-74-39, факс – 273-73-97, gulnurekkz@mail.ru

А материалдың жариялану ақысы төленген. “Егемен Қазақстанда” жарияланған материалдарды сілтемесіз көшіріп басуға болмайды.

Газет мына қалалардағы: 010008, Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС, 050000, Алматы қ., Гагарин к-сі, 93 А, «Дәуір» РПБК ЖШС, 100008, Қарағанды қ., Сәтбаев к-сі, 15, «Арко» ЖШС, 110007, Қостанай қ., Мәуленов к-сі, 16, «Қостанай полиграфия» ЖШС, 120014, Қызылорда қ., Байтұрсынов к-сі, 49, «Энергопромсервис» ПФ» ЖШС, 130000, Ақтау қ., 22-м/а, «Caspiy Print» ЖШС, 030010, Ақтөбе қ., Рысқұлов к-сі, 190, «А-полиграфия» ЖШС, 060005, Атырау қ., Ж.Молдағалиев к-сі, 29 А, «Мистоль» ЖШС, 160000, Шымкент қ., Т.Әлімқұлов к-сі, 22, «Ernur prіnt» ЖШС, 140000, Павлодар қ., Ленин к-сі, 143, «Дом печати» ЖШС, 150000, Петропавл қ., Қазақстан Конституциясы к-сі, 11, «Полиграфия» АҚ, 080000, Тараз қ., Төле би д-лы, 22, «ЖБО «Сенім» ЖШС, 090000, Орал қ., Мұхит к-сі, 57/1, «Жайық Пресс» ЖШС, 040000, Талдықорған қ., Қабанбай батыр к-сі, 32, «Офсет» баспаханасы, 070002, Өскемен қ., Космическая к-сі, 6/3, «Шығыс ақпарат» КМК баспаханаларында басылып шықты.

Тəрбие жұмысының сапасын арттыруға жəне оған терең талдау жасау үшін жиын жұмысына «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында əр кезеңдерде тəрбие құрылымында əскери қызмет атқарған ардагерлер де шақырылды. – Аға буын офицерлердің тəжірибесі жеке құраммен жұмыс істеп жүрген жас тəрбиеші офицерлер үшін баға жетпес көмек болары сөзсіз, – деді «Оңтүстік» əскери өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тəрбие жұ мыс тары жөніндегі орынбасары полковник Жұмабек Хасенов. Бұған дейін полковник Ж.Хасенов Сарыөзек гарнизонының əскери бөлімдеріндегі тəрбиеші офицерлермен де осындай жиын өткізді.

Газетті есепке қою туралы №01-Г куəлікті 2007 жылғы 5 қаңтарда Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне ақпарат министрлігі берген. «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ ҚР СТ ИСО 9001-2009 Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» талаптарына сəйкес сертификатталған.

Таралымы 200 601 дана. Нөмірдің кезекші редакторы

Серік ПІРНАЗАР.

Индекс 65392. Аптасына 5 рет шығады. “Егемен Қазақстан” республикалық газеті” АҚ компьютер орталығында теріліп, беттелді. Көлемі 5 баспа табақ. Нөмірдегі суреттердің сапасына редакция жауап береді. Тапсырыс 8921 Газет Астана қ., Жұбанов к-сі, 24/1, «Издательство БМ» ЖШС-те басылды, тел. 93-98-25. Тапсырыс №165 ek


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.