Суретшілер

Page 17

Дүзелханов А. "Қазыбек би": Қызылорда облысында туған суретші А.Дүзелхановтың сурет галереясы, автордың суреті, өмірбаяны бар / А.Дүзелханов //Жалын.- 2007. - №6 Дүзелханов А. Қазақ суретшісінің туындысы ұлттық қолтаңбасымен ерекшеленуі керек / әңг. М.Серікқызы // Жұлдыздар отбасы.- 2012. - № 1. - 34-37б. Қаназ Ұ. Сырдың сұңғыла шебері: Суретші Ағымсалы Дүзелханов туралы / Ұ.Қаназ // Денсаулық.- 2003.- N3.- 15 б. Мұқажанова Г. Қылқалам шерткен шежіре: Суретші А.Дүзелхановтың шығармашылығы жайлы //Жалын. – 1988. - №2. – 64 б. Оразұлы М. "Лақалыдан" шыққан атақты суретші: Суретші Ағымсалы Дүзелханов туралы / М.Оразұлы // Сыр ардагері.- 2012. - 1 наурыз. - 2 б. Өнерлi отаудан шыңдалған шебер: [Суретшi Ағымсалы Дүзелханов туралы / Дайын. Ә.Тарақ] // Алматы ақшамы.- 1999.- 12 ақпан Ембергенов Қуанышбай Ембергенұлы (1948) Қызылорда облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе қыстағында 1948 жылы туған. 1976 жылы Н.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1976 жылдан М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде сурет және сызу пәнінен дәріс берді. 1985 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің графика факультетін бітірді. 2006 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Қ.Ембергеновтің пейзаждық туындыларындағы авторлық идея бар тіршілік болмыстың тұтас үйлесімдігі мен табиғаттың қарапайым және күй талғамайтын ішкі әдемілігін көре білгендігімен маңызды. Бұл туындыларда композициялық құрылым мен нәзік түстердің шешімі бірқалыпты тұнық және пайымды үйлесім тапқан. Қызылорда қаласы әкімінің алғыс хатымен (1996 ж.) және «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталған (1997 ж.); «Харрикейн Құмкөл-мұнай» компаниясы ұйымдастырған суретшілер көрмесінің мадақтау сыйлығының иегері. Әдебиеттер: Ембергенов Қуанышбай Ембергенұлы //Сырдың сырлы бояулары – Волшебные краски Сыра – Мagic colours of the Kyzylorda: Альбом.- Алматы: Кітап, 2007.- 114 б. Есіркепов Баймағамбет (1949-1995) Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Жаңажол ауылында 1949 жылы дүниеге келген. 1970 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген. 1992-1995 жылдарда Қорқыт Ата атындагы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Бейнелеу өнері» кафедрасында дәріс берген. 1987 жылдан ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Қазақстандағы және шет елдердегі көрмелерге қатысқан. Суретшінің ішкі сезімді берудегі пластикалық мәнері және нәзік бояу қолданысы бөлек. Автордың көпкырлылығы суретші түйсігі арқылы сезінген өмір құбылыстарын көркем бейнелеуімен бағалы. 1986 жылы Жоғарғы Кеңес Президиумының «Құрмет белгісі» 17


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
Суретшілер by Акбота Баймбетова - Issuu