Күнтізбе 2017

Page 86

Белгілі би, болыс Сауранбай Құлманұлының туғанына 170 жыл (1847-1919) Сауранбай Құлманұлы (1847-1919) - белгілі би, болыс. Бұрынғы Перовск уезіне қарасты Қараөзек болыстығында (қазіргі Қызылорда облысы) дүниеге келген. Жас кезінде Аббас бидің қарамағында көмекші болып өз заманының әділ биі, от ауызды, орақ тілді Аббас бидің тәлім тәрбиесін көрген. Сауранбай би ел арасындағы даушараларды шешу кезінде билік айтып, ел арасында өткір тілімен, біліктілігімен көзге түскен. Ел ішіндегі әр түрлі билік, әкімшілік жұмыстарына белсене араласқан. Перовск уезіне қарасты Қараөзек болысының болысы болып 30 жылдай ел басқарған. 1870 жылы Сауранбай Құлманұлының бастамасымен қаздырған арық «Сауранбай арығы» аталып, содан өтетін теміржол көпірі 1904 жылдан Сауранбай болыстың көпірі «Сауранбай көпірі» (қайта жаңартылған) аталған. 1901 жылы 22 наурызда күміс медальмен және Станиславский лентасымен марапатталған. 1902 жылы Орынбор-Ташкент темір жолының өту бағытын әзірлеуге атсалысып, құрылысына көмек көрсеткен. Әдебиеттер: Жүсіп С. Сауранбай болыс жайлы соңғы деректер: / С. Жүсіп //Халық.- 2015. - 12 ақпан (№ 6). - 11 б. Оралбаева Ж. Сауранбай болыс / Ж. Оралбаева // Сыр бойы.- 2013. - 20 маусым. - 4 б. Оралбаева Ж. Сауранбай болыс / Ж. Оралбаева. // Сыр ардагері.- 2013. - 3 шілде (№1314). - 2 б. Базар жырау Оңдасұлының туғанына 175 жыл (1842-1911) Оңдасұлы Базар, Балқы Базар (1842–1911) — жырау. Қазіргі Қызылорда облысы Қармақшы ауданында туған. Руы — шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар аталып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен бидің ауылына сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болды. Базар жырау 15–16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұланғайыр той жасап, Базардың астына жүйрік ат мінгізіп, үстіне шапан жауып, жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған Ноғайлы дәуірінің қиссаларымен танысып, оларды жаттап, халық арасында жырлайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көрұғылы», «Жүсіп — Ахмет», т. б.) қазақ тілінде, өзінше жаңадан жырлап, Сыр бойына таратады. Сонымен қатар шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна — тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан тасқа басылып шыққан «Айман — Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап ел арасына таратады. Мұның өзі Базар жыраудың нәзирашылдық жолды ұстанғанын байқатады. Жыраудың сол кездегі шығыс және ислам философиясымен жақсы


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.