Күнтізбе 2017

Page 29

Гогольдің «Ревизорында» Бобчинский, С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісінде» Тілші, Е.Уахитовтың «Құдаларында» Әбдісалам, тағы да басқа көптеген толымды бейне сомдады. Актердің соңғы сәтті жаңа жұмысы премьерасы жуырда ғана өткен Ә.Рахимовтің «Қылмыскерге куәлік» спектакліндегі Әкім бейнесі еді. Оның бұл бейнелері қазақ театр тарихынан өзіне лайықты орнын алары анық. Қ.Сұлтанбаев сан қырлы талант болды. Оның ерекше бір таланты – сатира жанрында жарқырай көрінді. Бұл тұста «Тамаша» әзіл-сықақ театрының іргесін қалаушылардың бірі болған актер өмірінің соңына дейін оның бағдарламаларына белсене қатысып, көрерменін хас өнерімен сусындатып өткенін атап айту керек. Көрнекті актер кино өнерінде де өзіндік із қалдырды. Ол режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің бірнеше фильмінде, сондай-ақ Б.Шамшиевтің «Көктөбедегі кездесу», З.Подольскийдің «Қош бол, Медеу», С.Тәукелдің «Махамбет», Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз», «Құрақ көрпе» т.б. көркем фильмдерде әрқилы да қызғылықты бейнелер жасады.Сан қырлы талант иесі ән салып, бірнеше аспапта шебер ойнады, суретшілік өнерден де кенде болмады. Ал, Қазақ ұлттық өнер академиясында ұстаздық еткен кезеңінде 2005 жылы оның студенттері Қырымда өткен Халықаралық студенттер мен жастар фестивалінде Бас жүлдеге ие болды. Құдайберген Сұлтанбаев 1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы 1 сайланған кәсіби Парламентінің депутаттығына сайланды. Ол осы кезеңде ел үшін өзекті мәселенің бірі Арал мәселесіне ерекше назар аудартып, сайлаушыларының аманатын орындады. 64 жасқа қараған шағында көрнекті актер, Қазақстанның халық артисі Құдайберген Сұлтанбаев 2010 жылы 20 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды. Әдебиеттер: Сұлтанбай Құдайберген Тәуекелұлы: Өмірбаяны // Сыр өңірінің мәдениеті: Тарихи – анықтамалық басылым / Ред. алқасы М.Мұхамедов, Б.Жүсіпов т.б. Пікір жазғандар А.Әшімов, Иран-Ғайып, Ә.Сығай. – Алматы, 2009. - 170 б. Сұлтанбаев Құдайберген Тәуекелұлы: Өмірбаяны //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2005. – 452-453 б. Сұлтанбаев Құдайберген Тәуекелұлы: Өмірбаяны //Қазақ мәдениеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: Аруна, 2005. – 559 б. *** Айтбаева А. Сұлтанбаев Құдайберген: Әкем атымды – Первомай қоям депті: ҚР халық әртісі Қ.Сұлтанбаевпен сұхбат //Қазақстан-ЗАМАН. – 2007. – 2 ақпан. – 9 б. Айтбайқызы А. Құдайбергенiн қазағы ұмытпайды: қазанама //Қазақстан - ZAMAN.2011.- 27 қаңтар (№ 4).- 2 б. Аяшұлы Д. Халық әртісі туған жер тұғырында: Құдайберген Сұлтанбаев – 60 //Сыр бойы. – 2007. – 6 маусым Әбіл Е.Күлкіден күмбез соққан саңлақ: Сахна саңлағы, Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев туралы / Е.Әбіл. // Сыр бойы.- 2015. - 20 қазан (№ 158/159). - 6 б. Әйтімова Л. Сан қырлы сахна тарланы: Қазақстан Республикасының халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаевтың өмірден озғанына биыл бес жыл толуына орай Арал қаласында актер рухына арнап ас берілді / Л.Әйтімова // Толқын.- 2015. - 28 қазан (№ 83). - 1 б. Әл-Тарази Т. «Аралдан әзіл оздырған...»: Қазақстанның халық әртісі, актер Құдайберген Сұлтанбаев туралы естелік //Қазақ әдебиеті. – 2012. – 7-13 желтоқсан (№50). – 11 б. Әл-Тарази Т. Беймәлiмге кеттiң, бейопадан өттiң!: Қазанама //Ана тiлi.- 2010.- 23-28 желтоқсан (№ 51).- 10 б. Әл-Тарази Т. Қатарласым, қара нарым, шөккенiң бе?!: Қазанама // Қазақ әдебиетi.2010.- 24-30 желтоқсан (№ 50/51).-15 б. Әлiмбекұлы Т. Күлкi көз жасын төктi...: Қазанама //Түркiстан.- 2010.- 23 желтоқсан (№ 51).- 11 б.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.