Күнтізбе 2017

Page 23

28 наурыз

Ғалым, медицина ғылымдарының докторы, профессор Марат Шәдібайұлы Абдоллаевтың туғанына 60 жыл (1957)

Абдоллаев Марат Шәдібайұлы 1957 жылы 28 наурызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1980 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтын бітірген. 1980-1983 жылдары Қызылорда облыстық ауруханасында, 1983-1985 жылдары Алматы қаласының №1 клиникалық ауруханасының проктология бөлімінде дәрігер-хирург қызметтерін атқарған. 1985-1987 жылдары Мәскеу қаласында Проктология ғылыми-зерттеу институтында оқыды. 1987 – 1989 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант. 1989-2005 жылдары Алматы қаласының орталық клиникалық ауруханасында проктология бөлімінің меңгерушісі. 2005 жылы Қызылорда облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры. Қазақстан проктологдәрігерлер қауымдастығының президенті. 2000 жылы Алматы қаласының үздік дәрігері атағы берілді. 137 ғылыми еңбегі, 2 монографиясы жарық көрген. 2004 жылы «Құрмет» орденімен және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған 2012 жылдан Орталық қалалық клиникалық ауруханасының директоры. Әдебиеттер: Абдоллаев Марат Шәдібайұлы: Өмірбаяны //Сыр елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия / Бас ред. Б.Аяған. – Алматы, 2005. – 70 б. 29 наурыз

Жазушы Оразбек Бодықовтың туғанына 90 жыл (1927-1997)

1927 жылы 29 наурызда Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Н.Бекежанов ауылында туған. Еңбек жолын республикалық жастар газетінен бастаған. Кейін «Қазақ әдебиеті», «Казахстанская правда» газеттерінде, Республикалық қуыршақ театрында, Қазақ радиосында жауапты қызметтер атқарған. Шығармаларын қазақ және орыс тілдерінде жазған. Алғашқы әңгімесі 1950 жылы «Жас аңшы» деген атпен «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында жарияланды. Оның «Қанат аспанда қатаяды», «Ақ құс», «Өмір жолдары», «Жұрт туралы жыр», «Шәмші Қалдаяқов» атты роман-повестері, «Отырар ертең қирайды», «Қорқыт», «Жекпе-жек», «Жүрегімнен сұраңдар», «Мұқағали Мақатаевтың соңғы әні» атты драмалық шығармалары жарық көрген. Пьесалары Қазақстан және одақтас республикалық театрларының сахналарында қойылды. А.Тоқмағамбетовтің «Әке мен бала» романын орыс тіліне (1978), В.Смирнова-Ракитинаның «Авиценна» романын қазақ тіліне аударған (1986). Әдебиеттер: Бодықов О. Ақ құс: Повестер мен әңгімелер. – Алматы: Жазушы, 1984. – 352 б. Бодықов О. Жайдарман: Роза Бағланова туралы деректі повесть. 2-ші толық басылуы /Пікір жазған О.Әбілдаев. – Алматы: Өнер, 1993. – 176 б. Бодықов О. Қанжар мен домбыра: Пьесалар жинағы / О.Бодықов.- Алматы: Жазушы, 1974.- 276б. Бодықов О. Шәмші Қалдаяқов: хикаяттар / О.Бодықов.- Алматы: Шабыт»баспасы«Дәуір», 1992.- 112 бет.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.