Орал Өңiрi №39

Page 6

6

қонақкәде Бейсенбі, 10 сәуір 2014 жыл

oral_oniri@inbox.ru

Ән-күйдің тарихы

«Ақкөкірек» Бұл әнге де мен ойда жоқта кезіктім... 2006 жылдың қазан айының он сегізінші жұлдызы. Сол күні Құлсары қаласында менің 70 жасқа толған мерейтойыма арналған кеш өтті. Кештің соңы банкетке жалғасты. Құлсарының игі жақсылары­ның ортасында ерекше құрмет көрдім. Тілек білдірушілердің ішінде менімен қатар отырған иманжүзді Жанаш Нұрмахан есімді жа­зушы кісінің өзіме және біздің ел­ ге байланысты қозғаған тарихи сөздері ерекше тебірентті. Адам­ды бауырына тарта сөйлейтін ақылды кісі сөзінің арасында ма­ған мейірлі жүзбен қарап: - Шырағым, қазақтың әнін іздеп, шықпаған тауың, баспаған жерің жоқ. Бағана сахнада өзіңді ардақ­ тап сөйлеген жандардың бірі сені «Қазақтың комитасы» деді. Десін. Сен тауып, өмірге қайта әкелген

әндердің екінші өмірі басталып жатыр. Халықтың мұрасы өлмеді деген сөз. Сен біздің мына құла түзде сәулет түзеген қаламызға сүйсініп, «Құлсары» әнін шығар­ дың. Шалқымалы бір жайсаң әнді бердің. Ал мен саған: Күн бұлт, ай қараңғы, жел кемірек, Жарасар жолаушыға май текірек. Көп айдың көрмегелі жүзі болды, Жүр ме екен сау-саламат Ақкөкірек?! – деп шырқаған Сақып әншінің әнін

беремін, - деді. Дастарқан басындағы ду-дудың ішінде мен өзімнің әдетім бойын­ша «қапы қалмайын» деп әлгі шу­ мақты тез-тез қағаз бетіне түсір­дім. Сосын Жанаш ақсақалдан: - Сақып әнші қай жерде, қай кезде өмір сүрген? – деп сұрадым. Жанаш ақсақал ойлана жымиып: - Үлкен кісілер Сақыпты қы­зыл­ қоғалық Шеркеш дейтін-ді. Сол сөздері дұрыс екен. Ашық үнді, асқақ сезімді аңқылдаған әнші болыпты. Ұмытпасам, отызыншы жылдарға дейін өмір сүріпті, - деді. - Сіз бұл әнді кімнен естідіңіз? – дедім тағы да.

Көкжиектері мүлде көрінбейтұғын Көп тұмандардан көз жазып бабаң, Көсегелі ойы келешекке көшкен... Мен де сол ұлы көшпен алға қозғалып барам! Қозғалып барам... қанатым талмай, Берерімді беріп... алатынды алмай... Оқырмандарым – оты барларым Сапасы сырлы саф алтындардай, Ақырғы арманды сендерге айтпасам, Ащы даусымнан ауа тұнғандай!

Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет Өтемісұлы, Ахмет Байтұрсынов және халықаралық Зейнолла Қабдолов атындағы сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Жазушылар одағы Атырау филиалының директоры

Оқырмандарым Оқырмандарым, амансыңдар ма, Замандарыңа алаңсыңдар ма?! Мен сендерді көргім келеді ылғи Алау жағылған анау шыңдарда! Қазақ боп сонда қазықтай қағылып, Мәңгілік биікті аларсыңдар ма?! Асқаралы асу, ағын сулардан, Самсаған орман, самырсындардан Самал жұтатын, сайыпқырандарым, Қаншама жаудан сағың сынбаған! Тәуелсіздік деп ұрандайтұғын Ұнайды бүгінгі дауысың маған! Кермиық мынау кең жазық заман, Бодандықты ұмытқан боздауық далам,

Бүгін ғой, міне, ғажап күн-жайдары, Басымнан өтті азаптың айлары. Жасып жатпайтын, жасық татпайтын Қасық батпайтын қазақтың қаймағы Оқырмандарым, мен Өздеріңе тартқам ...Қойшығұлыңның осы жазатын жайлары!

Орамал (толғау) Армысың, Орал, армысың, Аман да есен бармысың?! Танытқан тарлан тұрпатын Тарихтан алған алғысын! Емін де еркін ел шалқып, Жамылғы жапқан жер барқыт. Сұңқарларың саңқылдап Тұлпарларың жер тарпып, Талайды көрген қайран Ел, Салқын да самал сайран ел. Шекара жайлап, шет қонған Бабадан қалған байрақ ел, Жүзіңді сүйдім еңселі, Қызыңды сүйдім мен сенің, Қасымның қайран Оралы, Қайырылып бір келсем деуші едім... Қайырылып қарап өткенге, Қайта бір келіп өпкенде,

Ақсақалдың ақсары жүзі сұр­ ланыңқырап, екі көзі ойға тұнды. Сөйтті де, ол қиырға көз салған жолаушыдай өз-өзінен бас изеп: - Жыңғылды тоғайы сыңсыған Жемнің бойы... Айранкөл деген жерде отырдық. Ол кезде он екі-он үш жастамын. Дүние сырын ұғыптүсініп қалғанмын. Біздің үйде құс мұрынды бір әйел қонақ боп бірнеше күн жатты. Өзі сергек, серпіп сөйлейтін жан екен. Сол кісі «О, шіркін, Сақып салған «Ақкөкірек» әні ғой» деп, жаңағы әнді сызылтты. Тебіренгенім сонша, көзімнен жас шығып кетті, - деді.

Қанша аңсаса да тап болмас Бақытқа мұндай көп пенде! Содан ба толқып тұрғаным, Содан ба шалқып тұрғаным... ...Өсиеттей оқып Жұбанды Қасиеттеп Қадыр жырларын. Ақ Жайық болып ағатын, Ғажайып болып жанатын, Жанғали ақын, қайдасың, Қырандай қанат қағатын. Өлеңнен ескен самала, Өнегесін, елім, бағала! Ақыннан шыққан абызым Ақұштап - аппақ шағала! Сексенге қарай тайғасын, Серіліктің көрмес пайдасын, Айтарын айтып салатын Айтқали ақын, қайдасың? Өбектеп күтіп өр елің, Табылып жүр ме керегің? Байтақ жырларға бас ие Сейтақовтарды көремін... Айналып сүйген айдын жұрт, Қайрат ақынға қайғырдық... Қайта ес жиып болғанша Біз Фариза ападан айырылдық! Аспанда Ай мен Күн ортақ, Аңырасқан кезде үн ортақ, Қайырлы болсын бәрі де Мәнісін жалғыз білер Хақ! Жайлауда жайсаң жыр жайып, Жағаңда жүзді нұр шайып, Жүзгенде су мен ну ортақ, Біздерге ортақ бір Жайық! Жайықтан ескен самал жел, Атырауға дейін аман кел! Салтанатым, сәнім сенікі Махаббатыңды маған бер!

- Ал ол әйелдің есімі кім болды? - Бәлмен! Елге белгілі кісі Құл­ нияздың әйелі. Бұлардың руы – Таз. Міне, шырағым, жасым сексен бесте... Балалық кезден есімде қалған бір ғажайып әннің жарқын елесі осы! – деп Жанаш ақсақал өз сөзін өзі қоштағандай боп, рақаттана күлімсіреді. О, шіркін, «Ақкөкірек» әні қан­ дай сырлы көкіректің төрінде жатыр екен десеңізші?!

(Көрнекті композитор Илья Жақановтың «Зәуреш» кітабынан алынды)

Үмітін үзсін үрейім, Арқамды саған тірейін! Сен дәмін татқан Жайықтың Мен нәрін алып жүрейін! Ақындар Елі - Оралым, Атымтай елім - Оралым! Сүйектес елге сый етіп Орамал-жырды орадым!..

Табылдымен қоштасу Табылды-ай, айналайын, ай, Табылды, Қалайша тастап кеттің байтағыңды, Аңызға айналдың да, Құдыреттен Қарызға алған өмір қайтарылды. Табылды-ай! Айналайын, ай, Табылды, Артыңда арман қалды жайқалулы. Артыңда Абыл қалды абыржыған Сен айтып кетсең-дағы айтарыңды. Табылды-ай, айналайын, ай, Табылды, Өзіңе тең келеді қай дарынды, Қазақтың құшағына сыймап едің, Ажалдың құндағынан жай табылды. Қайтеміз! Қайтеміз деп өткен бабаң, Көгімде жырың қалды көпке арнаған. Қарлығаш, Ақбаян мен Айнамкөзге Қосылып, мәңгі сені жоқтар ғалам. Жыр қалды жетімсіреп, әнің қалды, Сар дала, сайын өлкең сағымданды. Дендердің тауы, тасы жаңғырығып, Жоқтап тұр толағайдай Табыл-тауды! Жырлайды енді ақындар Тау туралы, Жырдағы маң-маң басқан нар тұлғаны. Қоштасу ақынменен бақұл деген Алқынған алтынбұлақ сарқылғаны. .. Табылды-ай, айналайын-ай, Табылды Арқасүйер інім ең артымдағы...


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.