Орал Өңiрi №145

Page 11

ЕЛ ЖӘНЕ ӘЛЕМ oral_oniri@inbox.ru

Бейсенбі, 28 қараша 2013 жыл

«Болашаққа» «Болашақ» стипендианты бiлiм алғаннан кейiн елге оралып, Қазақ­стан аумағында кем дегенде 5 жыл жұмыс iстеуге мiндеттi. Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ, «Орал өңірі»

Е

гер республикалық комиссия рұқсат берсе, он­да ол шетелде жұмыс iстеуге қала алады. Оның да шарты бар. Яғни стипендианттың қыз­метi ел мүддесiмен қабысуы тиіс. Себебi оның бiлiм алуына салық төлеушiлердiң қаражаты жұмсалды және ол мемлекетке қажет мамандық бойынша оқуға арнайы жiберiлді. Бұл жөнiнде кеше ҚР Президентi жа­нындағы

Шектеулер жұмсарды

талап күшеймек

ОКҚ-да өткен брифинг барысында ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Халық­­ара­ лық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның президенті Ғани Нығыме­ тов мәлiмдедi. – «Болашақ» бағдарламасының әкiмшiсi ретiнде бiзге аталған бағ­ дарламаны жетiлдiру жолдарын әзiрлеу бойынша нақты тапсыр­ма­ лар берiлдi. Бағдарлама адам капиталын дамыту саласындағы елдiң озық жобасы болып қалуы үшiн саннан бұрын сапаға мән берген дұрыс. Соған орай стипендианттар мен түлектердi iрiктеу процесiн қа­ таңдатуды қамтамасыз ету қажет. Бүгiнде елiмiз­де бағдарламаға iрiк­

теудiң төрт ке­зеңi бар: бiрiншi­сi – ағылшын және өзге де шет тiлдерiн бiлу; екiншiсi – қазақ тiлiн бiлу; үшiншiсi – психологиялық тестiлеу; төртiншiсi – бұл меморган, ЖОО, ұлттық институттар­дың өкілдерінен құралған тәуелсiз сарапшылық комиссия. Енді ма­гистрлер мен докторанттар­ды дайындауға үлкен көңiл бө­лiн­бек. Себебi елге ғылыми-инно­ вациялық бағыттағы кадрлар қа­жет. Осы мақсатта елдегi үздiк ЖОО-лармен бiрлескен бағдар­ ламалар арқылы PhD-докторанттарын дайындап шығаруға ден қойылмақ, – дедi Ғани Ны­ ғыметов.

Ел қауіпсіздігі – Парламент назарында

Еламан БАДЕНҰЛЫ, «Орал өңірі»

«Қазмедиа» орталығында кезекті баспасөз мәслихаты өтті. Онда «Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті - Елбасы Н.А.Назарбаевтың Қазақстандағы парламентаризмді дамытудағы және әлемдегі ядролық қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі» конференциясы туралы Қазақстан Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистерге жан-жақты баяндады.

Мәулен Сағатханұлы алдымен шетелдік сарапшылардың осы конференцияда берген ба­ ға­­ларына тоқтала келіп, бүгінде Қазақстанда тиімді заңнамалық орган құрылғандығын атап айтты. – Үкіметпен тығыз жұмыс жа­ саудың арқасында ел өмірінің кез келген саласын реттейтін ма­ңызды заңдар пайда болды. Осы бесінші шақырылымды ғана ала­ тын болсақ, өткен жылғы қаңтар­ дан бері Мәжіліс 160 заң жоба­сын қарап және мақұлдап, олар-

ды Сенатқа жолдады. Олар­дың 144-ін Сенат та, Мемлекет басшысы да қолдады. Қазір бұл құжаттар заңдық күшіне енді, – деді Мәулен Әшімбаев. Сонымен қатар ол Қазақстан­ да Ядролық отын банкін құ­ру жобасына тоқталды. «Қазіргі кезде еліміздің Үкіметі мен МАГАТЭ (Атом энергиясы жөніндегі ха­лық­аралық агенттік) арасында Қа­зақ­ станда Халықаралық ядро­лық отын банкін құру тұрғысында ке­ ліссөздер жүргізіп жатыр. Осы

11

орай­да бұл келіссөздердің негізгі қағидасы еліміздің қауіпсіздігі­­не, болашағына, халықтың ден­сау­ лығына кері әсерін тигізбеуге ті­ келей қатысты», - деді депутат. ҚР Парламенті Ауғанстанды өңір­­лік ынтымақтастыққа тарту мә­се­лелерін талқылауды жал­ғас­ты­руда. – Биыл көктемде біздің делегация Ауғанстанға сапарлап, ел Парламенті мен мемлекеттік органдарында бір­қа­тар кез­десулерді өткіздік. Он­да 2014 жылдан кейінгі ауған бо­лашағы, сондай-ақ алдағы жыл­дары Ауғанстанды өңір­лік ынтымақтастыққа тар­ту мәселе­ лерін талқыладық. Желтоқсан айында ауған деле­га­циясының ҚР Парламентіне келуі күтілу­ де. Онда біз бірқа­тар кездесу­ лер өткізіп, Ауғанстан­ды өңір­лік ынтымақтастыққа тар­ту мә­селелері бойынша талқыла­уы­ мызды жалғасты­рамыз», – деді М.Әшімбаев мәслихат со­ңында.

Күні кеше ғана Ресейдің араағайындық етуімен Швейцарияның Женева қаласында Батыс пен Иран арасындағы келіссөздер сәтті аяқталды. Осы елге қар­сы қолда­нылған шек­теулер ішінара ж ұ м с а р т ы­ л ы п , Иран Ислам Рес­ п у б­ л и к а с ы н ы ң (ИИР) ядролық бағ­­дарламасын бей­­біт мақ­сатта дамыт­ уына ке­­­дер­гі алып тасталын­ды. Аталмыш келі­сім осы мұ­сылман еліне не бермек? Біріншіден, әлем­дік қауымдастық тарапынан Иранды оқшаулау саясаты біртіндеп әлсірейді. Парсы елінің АҚШ, Батыс және өзге ел­дер­мен мәде­ни-ру­хани, саяси қарым-қатынас­тары қайтадан жан­данады. Нәти­жесінде өзін онсыз да қолдайтын Ре­сей, Қытай және басқа ел­дер­дің көмегімен Иран шектеулер кезінде жоғалтқанын түгендемек. Екіншіден, шектеудің шінара алынуы ел­дің эконо­ мика­лық ахуалын оңалтады. 25 қарашада АҚШ осы елдің өзінде сақ­таулы тұрған, 8 миллиард долларды құрайтын активтерін аш­ты. Мұның маңызы өте зор. Өйткені шектеудің кесірінен Иран тек өткен жылы кірісінің 80 пайызын құрайтын табысынан айырыл­­ ған болатын. Тауар импортына тәуелді ұлттық ақшаның құн­сыз­­дануы 40 пайызға жетті. Енді оның бәрі аятолла Хомейнидің Отаны үшін көрген түстей болмақ.

Аштық жариялады Қазір түрмеде отырған Украинаның бұрынғы Үкіметбасы Юлия Тимошенко таяуда уақыты шектелмеген аштық жариялады. Оның талабы – ел президенті В.Янукович жа­қында Вильнюсте өтетін халық­ аралық басқосуда Еуроодақ­пен ын­тымақтасу және еркін сауда ай­­ма­ғы жөніндегі келісімге қол қоюы тиіс. Юлияның бұл талабы туралы оның қорғаушысы Сергей Власенко БАҚ өкілдерін хабардар ет­ті. Өйткені Украина үкіметі Еуроодақпен жақындасуға қарсы. «Мен жүздеген мың қандастарымның Украина мен бүкіл әлемде алаңға шығып, қарсылық танытқаны үшін бақыттымын. Олар бізді басқарушы мафияның ұлттың еуропалық таңдауын өлтіруіне жол бермеу және өмірімізді өксітпеуі үшін алаңға шықты. Оларды қол­даймын және жақтаймын», деді Юлия Тимошенко. Саясаткер осы талабымен тікелей В.Януковичке де шығатынын айтты. Қазір Украи­ наның астанасы – Киевте және басқа ірі қалаларында қарсылық шеру­лері өтуде.

Ғаламтор деректері бойынша дайындаған Серік ИХСАНҒАЛИ

Әлеуметтік жаңару – тұрмыс бақуаттылығының кепілі Еламан ӘЙПІШЕВ, «Орал өңірі» ҚР Президенті жа­ нындағы Орталық комму­ ни­кациялар қызметі ұйым­дастырған кезекті брифингте Премьер-ми­ нистрдің орынбасары Ербол Орынбаев, Денсаулық сақ­тау министрі Салидат Қайырбекова, Еңбек жә­ не ха­лықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов еліміздегі әлеу­ меттік жаңарту мәселелері туралы әңгімелеп, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.

- 2013 жылы әлеуметтік жаңарту мәселесі қоғамның және еліміздің ішкі саяси өмірінің басты назарында болды. Соңғы 15 жылда әлеуметтік бағыттағы қоғамның негізі қаланды, қазақстандықтар­ дың кірістері 16 есеге өсті. Табыс­ тары күнкөріс минимумынан тө­мен азаматтардың саны 7 есеге азайды, жұмыссыздар саны екі есеге қысқарды, – деді Үкімет басшы­ сының орынбасары Ербол Орынбаев өз сөзінде. Ербол Тұрмаханұлының мәлім­ деуінше, әлеуметтік қауіпсіздік жә­­не азаматтардың бақуаттылығы – елімізді дамытудағы басты мақ­ саттардың бірі болып қала береді. 2012 жылы жан басына шаққанда­ ғы жалпы ішкі өнім 12 мың АҚШ долларын құраса, биылғы жы­лы бұл көрсеткіш 13 мың 326 дол­ларға жетеді деп күтілуде. Атап айтқан­ да, Дүниежүзілік банктің мәліме­ті бойынша Қазақстан 2011 жылы орташа деңгейден табысы жоғары

елдердің қатарына еніп, бүгінде Түркия, Бразилия, Малайзия секілді елдермен қа­тар­ласып, бұл бағыттағы өзінің көрсеткіштерін нығайта түсуде. Баспасөз мәслихатында сөз алған үш министр Үкіметтің әлеуметтік саладағы жұмысының басты қағидаттары қандай, әлеу­ меттік жаңарту жүйесі бойынша 2013 жылы қандай жаңа тиім­ді тетіктер енгізілді, ұлттың сау­ лығын қамтамасыз етудің негі­зі неде және білім мен ғылым жү­йе­сіндегі қолға алынып жатқан жаңа бағыттар мен алда тұрған міндеттерге жан-жақты тоқталды. ҚР Еңбек және халықты әлеу­мет­­тік қорғау министрі Тамара Дүй­ сенова «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына сәйкес жүзеге асып жатқан жұмыстар туралы ай­та келіп, тұрғындарды әлеумет­ тік қорғау ісі де министрліктің на­зарында болатынын ашық мәлім­ деді. – Қазіргі уақытта жұмыс бе­-

рушілердің жауапкершілігін кү­шей­ту үшін Әкімшілік және қыл­ мыстық кодекстердің жобаларында жалақыдағы сәйкессіздікке қа­­тысты құқықбұзушылықтың жа­ ңа нормасы енгізілуде. Жобалар Мәжілістің қарауында. Яғни атал­ған нормаға сәйкес, бірдей жұ­мы­ сы үшін бірдей жалақы алудағы жұмысшы құқығының бұзылғаны үшін әкімшілік, сонымен қатар қыл­­мыстық жауапкершілік қарасты­ры­лады, - деді Тамара Дүйсе­нова. ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова денсаулық сақтау саласының тиімділігін арттыру мақсатында оның басқару, ұйымдастыру және қаржыланды­ру жүйесі қайта құрылып жатқа­ нын мәлім етті. Соңғы бес жылда ана өлімі 3 есе дерлікке азайса, бала туу көрсеткіші бір жарым есеге өсті. Қазақстанда жүрекқан тамырлары аурулары әлі де өлім-жітімнің бірінші себебі бо­лып отырғаны, денсаулық сақтау

жү­йесінің мардымсыз қаржы­лан­­ дырылуы, өңірлерде салынып жат­қан медициналық нысан­дар­ дың білікті мамандармен жа­ сақталу керектігі де баса айтылды. – Соңғы 15 жылда білім саласына қарастырылған шығыстар 9,5 есеге ұлғайды. Білім берудің бар­лық сатысын түбегейлі жаң­ ғыртуға бағытталған Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағ­дар­­ламасы іске асырылуда, – деді ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов. Министр 11 қа­занда өткен Үкіметтің кеңей­тіл­ ген отырысында Мемлекет бас­шысы кәсіптік-техникалық оқу­дың жағдайына, материалдық-техни­ калық базалардың ахуалына, жа­ тақхана және оқытушылардың же­тіспеу мәселесіне орай берген тапсырмаларының орындау жә­ йіне тоқталды. Баспасөз мәслихатына қатыс­ қан Үкіметтің төрт бірдей мүшесі журналистердің сан-салалы сауалдарына толыққанды жауап берді.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.