Құдай берген тыныс Тыны барлардың бәрі Жаратқан Иені мадақтасын. Жаратқан Иені мадақтаңдар. Забур 150:6
Бес кітап Жаратылыс 2:7 Құдай Ие жердің топырағынан адамды жаратып, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Міне, Мен жер бетіне топан су жіберіп, аспан астындағы тіршілік тынысы бар барлық тіршілік иелерін жойып жіберемін, сонда жер бетіндегінің бәрі өледі. Жаратылыс 6:17 Олар Нұхтың кемесіне кірді, барлық тіршілік иелерінен жұп-жұп, онда тіршілік тынысы бар еді. Жаратылыс 7:15 Құрлықтағы барлық тіршілік иелерінің, яғни мұрнында тіршілік тынысы барлардың бәрі өлді (Жаратылыс 7:22). Бірақ Құдайың Жаратқан Ие саған мұраға беретін осы халықтың қалаларының ішінде тірі жан қалдырма: Заңды қайталау 20:16
Тарих Сонымен Ешуа бүкіл таулы аймақтарды, оңтүстікті, аңғарларды, бұлақтарды және олардың барлық патшаларын жеңді. Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие бұйырғандай, ешкімді қалдырмай, тыныс алғандарының бәрін жойып жіберді. Ешуа 10:40 Олар сол жердегі барлық жанды қылыштың жүзімен қырып-жойды, ешкім тірі қалмады. Хазорды отқа орады. Осы қалалардың барлық олжасы мен малын исраилдіктер өздеріне олжа етті. Бірақ олардың барлығын семсердің жүзімен қырып-жойды, ешкім тірі қалмады. Ешуа 11:11,14 Теңіз арналары көрінді, әлемнің негізі Жаратқан Иенің сөгісінен, танаудың лебінен ашылды. 2 Патшалықтар 22:16 Ол патшалық құрған кезде, Жаратқан Иенің өз қызметшісі Шилолық Ахиях арқылы айтқан сөзіне сәйкес, Еробоғамның бүкіл әулетін қырып салды. Еробоғамның бірде-бір тірі жанын қалдырмады. Патшалықтар 3-жазба 15:29 Осы оқиғалардан кейін үй иесінің ұлы ауырып қалды, ауруы қатты асқынып, тынысы тарылды. (Патшалықтар 1-жазба 17:17)
Поэзия Құдайдың демімен олар құрып кетеді, Оның танауы арқылы олар жоқ болып кетеді (Әйүп 4:9).