Пед оку жинак

Page 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ ФИЛИАЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ИНСТИТУТЫ

«БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТЫҢ КƏСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ МЕН БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқулар кезеңінің МАТЕРИАЛДАРЫ

Атырау қаласы 2017 жыл

1


Жалпы редакциясын басқарған: Галимжанова ғылымдарының кандидаты, профессор, академик

М.А-педагогика

Редакциялық алқа мүшелері: Н.С.Сарсенова-доцент, п.ғ.к., профессор, О.М.Ташмуханова-доцент, А.К.Ермагамбетова, Ж.Т.Балапанова-магистр, Г.С.Қаленова-магистр «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кəсіби құзыреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқулар кезеңінің материалдары/ құраст. Г.Б.Исмурзина, И.Т.Юсупова, Атырау, 2017. 340 б

Жинақта «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кəсіби құзіреттілігі мен білім сапасын арттыру» білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларының жүлделі орынға ие болған мектепке дейінгі, жалпы орта білім беру педагогтары, техникалық жəне кəсіптік, қосымша білім беру ұйымдарының педагог мамандарының ғылыми баяндамалары мен іс-тəжірибелері енген. Облыстық педагогикалық оқулардың материалдар жинағы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тəрбиешілеріне, жалпы білім беру ұйымдарының, техникалық жəне кəсіптік, қосымша білім беру мекемелерінің педагог мамандарына əдістемелік құрал ретінде ұсынылады. Жинақ үздіксіз білім беру жүйесінің қызметкерлеріне жəне көпшілік оқырманға арналған. Барлық материалдар негізгі инновациялық жобалардың ықшамдалған авторлар ұсынған нұсқасында жарияланған.

© «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 2017

2


Мазмұны

Галимжанова М.А. Алғысөз Тюрина Ф.Ж.Білім берудің инновациялық бағыты Мектепті Дамыту Жоспары арқылы, өзіндік дəлелі мен ұстанымы бар бəсекеге қабілетті тұлғаны дамыту Утебалиева А. Ш.№1 Мектепке дейінгі авторлық гимназияның педагогикалық процесіндегі адамгершілік-рухани «Өзін-өзі тану» бағдарламасының кіріктірілуі Тажмаганбетова Г.Б.Балалардың шығармашылық белсенділігін дамытуда жобалау технологиясын қолдану Сапарова Г.Т.Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне қолдау көрсету Жанжигитова Ш. С. Қазақ тілі мен əдебиет сабағында белсенді оқытудың əдіс-тəсілдерін пайдалану арқылы оқушының еркін сөйлеу дағдысын қалыптастыру Кенжегалиева Г. С. Методы и приемы работы по развитию речи школьников Baktygereyev N. Developing student’s creative imagination at English lessons Каменова А.Т.География пəнінен білім берудегі мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді жолдары Қалауова Б.Т.Химия сабақтарында заманауи əдіс- тəсілдерді қолданудың тиімділігі Жиенқұлова Ж. А. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудағы логикалық есептердің маңыздылығы Альдешова Р.Математика сабағында мүмкіндігі шектеулі оқушылардың практикалық іскерлігін ойын түрлерін қолдана дамыту Бекмурзиева С. М.Использование элементов Лего-технологий на уроках

8 9 11 14 18 23 27 30 33 36 40 43 48

экономических дисциплин

Искакова А.Қ.Инабаттылық пен ізгіліктің өзегі, жақсылықтың жаршысы – қыз бала тəрбиесінің ерекшелігі Каржауова А.Ш.Психикалық дамуы тежелген оқушыларға психологиялық-педагогикалық қызметінің ұйымдастырылуы Торбаева Б. Н.Би өнері жəне баланың жан-жақты дамуы Қожағалиұлы Қ.Ж. Жеке тұлғаны бейімділігіне қарай шығармашылық қабілетін дамытудағы үйірменің маңыздылығы Утегенов Н. Т.Мектепте əскери қолданбалы спортты дамыту жолдары Гилыманова Г. Н.Ақпараттық кеңістікте мектеп кітапханасының рөлі Утепкалиева М.К. «Өзін-өзі тану» жəне тарих пəндерін ықпалдастыра оқыту жолдары Адилова Т. Ш.Білім берудегі құзыреттілік: отбасы, балабақша жəне қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы«Тəуелсіз ел-Мəңгілік Ел» Алимова А. К. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында 3

51 53 57 61 68 70 73 77 80


педагогтардың кəсіби даму деңгейін қалыптастыру жолдары Бексултанова Л. А. Жаңартылған мазмұнды жүзеге асыруда 84 педагогтардың біліктілдігін арттыру жүйесінің басым бағыттары Куангалиева А.З.Жаңартылған білім мазмұнындағы білім 87 алушылардың оқу жетістігін бағалау негізі-критериалды бағалау жүйесін үдеріске енгізу жолдары Қапанова К.Р. Мектеп жасына дейінгі балаларға патриоттық тəрбие 90 беру Капуова С. Г.Білім мазмұнын жаңарту аясындағы педагогтың 93 кəсіби қалыптасуы Мусагалиева А.А.Нəтижелі білімнің негізі – кəсіби құзыреттілік 97 Изгалиева М.А.Лэпбукті қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі 100 балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру Шомпаева Қ.Қ.Баланы зияткерлік, тұлғалық жəне əлеуметтік 1002 жағынан дамытуда флипчарт сабақтарды қолдану Жиенбаева А.С.Ерте жастағы балалардың шығармашылығын 105 дамытуда Луллий шеңберлерін қолдану Тыныбекова А.Т.Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту 107 бойынша мнемокесте əдістерін пайдалану Избасова Н.С.Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыруда топтық 110 жұмыстың тиімділігі Қабешова Д. З.Бастауыш 3- сыныптағы еңбекке баулу пəнінен 115 топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары жəне оның тиімділігі Қуанғалиева Л. З. Оқыту ортасын тиімді құру арқылы сөйлеу тілін 118 дамыту Нарымбетова А. Б. Бастауыш сыныпта оқу сапасын жақсартуда 122 қалыптастырушы бағалаудың маңызы Сапарова Г.Т.Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуда 127 жетістіктерге жетуіне қолдау көрсету Тоқтарова М.Т. Қалыптастырушы бағалау –оқушылардың өзіне 132 деген сенімділігін арттыратын алғашқы баспалдақ Борисова А.А. Қазақ тілі мен əдебиеті сабағында АКТ-ны 136 қолданудың тиімділігі Кайрлиева А. Т. Əдебиет сабағында бірлескен оқу арқылы 140 оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру Кыдырова Б.С.Қазақ тілі мен əдебиеті пəнінде интербелсенді 143 əдіс-тəсілдерді пайдалану арқылы оқушының танымдық қабілетін дамыту Куспанова А. Е.Қазақ тілі сабағында сатылай кешенді талдау 147 технологиясы арқылы оқушы қабілетін арттыру Қарасаева Ж.Н.М.Мақатаев шығармаларындағы ұлттық болмыс 150 Кулманова А. Т.Своеобразный подход к научной работе учащихся 155 по русскому языку 4


Гареева А. М.Организация рефлексивной деятельности на уроках русского языка как способ мотивации учения и определения степени достижения цели Айбекова Э.М.От традиций к инновациям Сaбырoвa Д. Х.Эффeктивнoe испoльзoвaниe мaршрутнoй кaрты нa урoкaх русскoгo языкa Станова С. К.Использование интерактивных методов обучения на уроках русского языка и литературы Bissengaliyeva A.A.Innovative technologies in English Language teaching Maymakova G.K. Teaching speaking activities in English lesson Азирбаев М.Б.Тарихи өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру арқылы Қазақстан тарихы сабақтарында патриоттық тəрбие беру Ахметова А.К.География сабағында оқу мен оқыту сапасын арттыруда кері байланыстың тиімділігі Бертлеуова Б.Н.Географиялық білім беру жолдары мен əдіс– тəсілдері Галиева Ж.К.Диалогтік оқытуда сұрақты дұрыс қоя білудің маңыздылығы Ерғалиева Н.Т.География сабақтарында ағылшын тілін қолданудың тиімділігі Көшқали З.Қ.Химия сабақтарында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасы əдіс-тəсілдері арқылы оқушылардың іздену мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру Нурланова Г.Н.Химия пəнін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру Сейтекова Д. Б.Биология пəні сабақтарында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту Төлегенова Р.С.Биология сабағында диалогтік оқыту əдісінің тиімділігі Утеулиева А. Н. Химия пəнін оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру жолдары Уткелбаева Г. А. Химия пəнін жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың тиімділігі Жунисова Н. М.Үлгерімі төмен оқушылардың сапасын топтық жұмыс арқылы көтеру Жүнісова С. Ғ.Білім беруде оқушылардың математикалық, функционалдық сауаттылығын қалыптастыру тəжірибемнен Коныршиева А.О.Математика сабағында мазмұнды есептер шығару жолдары Марданова М. С. Матиматика сабақтарында қолданылатын жиынтық бағалау тапсырмаларын критериалды бағалау Рскалиева Э. М. Математика сабақтарындағы қалыптастырушы бағалаудың артықшылығы 5

158 161 164 167 169 171 174 177 181 185 187 191 193 197 200 202 205 208 213 216 220 224


Сабырғалиева Д. И. Информатика пəнін оқытуда интербелсенді əдістерді қолдану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін дамыту Таишева Г. Е.Математика сабағында оқушылармен жеке жұмыстар жүргізу арқылы математикалық қабілеттерін ашу Хасанова Г.Қ.Жоғары сыныптарда қазақ тілі мен əдебиет пəнін оқытудың тиімді əдіс-тəсілдері Сатаева Г.Т. Даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзете-дамыту жұмыстары Пусурманова Р.Б. Психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктерін математика сабағында дамыту Бекенова А.И.Нарықтық экономика пəнінде кəсіпкерлік қызметтің алғышарттарын оқытудың тиімді жолдары Бопасова Г. Б. Студенттердің функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің маңызы Жусупова Ш. С.Теориялық білімді кəсіби тəжірибелік дағдыға ұластырып, шығармашыл тұлға дайындаудағы рөлдік ойындардың маңызы Кайрекенова А.Е. Ағылшын тілі сабақтарында рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігі Сугурова А. Н. Құзыретті маман даярлаудағы кəсіптік ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы Изтелеуова Ж. М. Ұлттық құндылықтар - қыз бала тəрбиесінде Ақбейісова Г.А.Оқушыларды тəрбиелеудегі ата-ана мен мектептің ынтымақтастығы Зинуллина Ə.Ə.Бастауыш сыныптарда сынып сағаттарын ұйымдастырудың тиімді жолдары Жанғазиева Б. С. Студенттің бойында күйзеліске қарсы тұру қасиеттерін қалыптастыруда тренингтің ролі Исаева А. М.Тілінде кемшілігі бар балалардың сөздік қорын дамытуда «Су-Джок» терапиясын қолдану Меңдіғалиева Ə.С.Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол қимылдарын жасату арқылы зейінін дамыту Нарешова А.Ж.Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру Тулеуова Б.Е.Оқушыларға музыкалық-эстетикалық тəрбие берудегі музыканың ролі Кожантаева С.Е.Музыка пəнінде жаңа əдіс-тəсілдерді пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту Сюнова Ф. К.Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру арқылы дарынды оқушыны анықтау Нуржанова Ш.А.Қазақтың кестелеу өнерін оқыту –өз тəжірибемде 6

227 231 234 238 242 246 248 251 254 257 260 263 267 269 273 277 281 284 287 290 295


Акмурзиева К.Е.Қазақ қыздарының заманауи ұлттық киімдері

300

Қалиев Ғ. Қ.Технология пəнінде ақпараттық технологияны пайдалану

304

Cактаганов Н.А.Мектепте дене тəрбиесі мен спорт жұмыстарының оқушыларды оқыту мен тəрбиелеудегі маңызы Нұралин Б.Н.Жастарға əскери патриоттық тəрбие берудегі аға буын өкілдерінің ерліктерін насихаттау

308

Қаллепесов Т. М. «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында АƏД сабақтарында патриоттық тəрбие беру Тнысов Қ. О.Оқушыларға футбол ойынындағы айла-тəсілдерді үйрету жолдары Идрисова Б. У.Оқушыларға патриоттық тəрбие берудегі кітапхананың ролі Мардашева С. К.Оқушылардың рухани құндылықтарын арттырудағы көркем шығармалардың маңыздылығы Доскалиева Ж.М.Қазіргі білім беру кеңістігіндегі ізгілікке бастайтын жаңа бағыттарды жүзеге асырудағы «Өзін –өзі тану» пəнінің ролі Жангалиева А.М. «Өзін-өзі тану» пəнін жаратылыстану бағытындағы пəндермен интеграциялаудың тиімділігі Жумагалиева Г.К. «Өзін-өзі тану» пəнін оқытуда жалпыадамзаттық құндылықтардың рөлі Нсанова А. М. «Өзін-өзі тану» пəнін география пəнімен интеграциялау

7

312 315 318 320 323 326 330 334 338


АЛҒЫ СӨЗ Галимжанова Маржан Анесқызы «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі

Құрметті облыс педагогтары, білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқулары облыстың шығармашыл мұғалімдері үшін маңыздылығы жоғары кəсіби байқау, баршаңызды мерекемен құттықтаймын! «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогтың кəсіби құзіреттілігі мен білім сапасын арттыру» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқулары жылма-жыл өткізіліп келеді. Педагогикалық оқулар жұмысының мазмұны «Білім туралы» Заңға жəне Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарына сəйкес анықталады. Педагогикалық оқулар-педагогикалық қызметкерлерді ғылыми зерттеу жұмысына тартудың, тиімді тəжірибелерін таратудың нысаны болып табылады. «Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» (А. Байтұрсынов)олай болса, бүгінде еліміздің тəрбие мен білім беру саласына жүктеліп отырған жауапкершілікті пен жаңашылдықты сезіне жүріп, еңбектерін уақытпен өлшемей, қиындыққа мойымай, аянбай, табысты еңбек етіп, заман талабына сай оқытудың педагогикалық технологияларын жетік меңгерген жаңашыл мұғалімдеріміздің еңбегі біз үшін құнды, тəжірибесі көпке үлгі бола бермек. Педагогтардың оқуын өткізу ғылым мен тəжірибенің бірігуіне, білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметтің қарқынды, үйлесімді дамуына, педагогтардың инновациялық мəдениетінің көтерілуіне ықпал етеді. Педагогикалық оқуларды өткізудің негізгі мақсаты- Білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тəжірибелерді қорыту жəне тарату. Педагогикалық оқулары материалдарын сараптау кеңесі, қазылар алқасы толық құрамда жұмыс жасады. Білім беру қызметкерлерінің облыстық педагогикалық оқуларында 19 секция жұмыс жасап, оған 361 жоба жұмыс ұсынылды. Педагогикалық оқудың облыстық кезеңіне осы жұмыстардың ішінен сараптаудан өткен, педагогикалық оқулардың талаптарына лайық деп табылған 307 жоба жұмысы қатысты. Педагогикалық оқулар ережесіне сай, барлық білім мекемелерінде өткізіліп, Педагогикалық оқулар Ережесіне сай, талап үдесінен көрінген шығармашыл педагогтар қатысуда. Еліміздің ертеңі болар шəкірттерді дайындап, өмірлік азық болар тəрбие мен білім берген ұстаздарымыздың еңбегі қашан да мақтанышымыз бола бермек. Облысымыздың дамуына өз үлесін қосар жастар Сіздердің еңбектеріңіздің жемісі, Ұстаздар!

8


БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТЫ МЕКТЕПТІ ДАМЫТУ ЖОСПАРЫ АРҚЫЛЫ, ӨЗІНДІК ДƏЛЕЛІ МЕН ҰСТАНЫМЫ БАР БƏСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУ Тюрина Фазила Жауғаштықызы Атырау облысы Махамбет ауданы Есбол орта мектебінің директоры

Қарқынды өзгеріп жатқан əлемде білім беру саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектеп үшін де, мұғалімдер үшін де ең басты маңызды мəселе «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» жəне мұғалімдер оқушыларды қалай дайындайды? Осы тұрғыда ойландыратын мəселе білім берудің инновациялық бағыты Мектепті Дамыту Жоспары арқылы, өзіндік дəлелі мен ұстанымы бар бəсекеге қабілетті тұлғаны дамыту болып отыр. Қазіргі таңда білім беру саласында білім де, дағдылар да тең дəрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Заманауи тəсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, орынды жерде қолдана білуіне назар аудару, бұл ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мəні осында деп айтуға болады. Джон Дьюи «Өзгерістердің əрқашанда орын алуына байланысты, оларды бақылау жəне өз тілегіне сəйкес бағыттау үшін ол өзгерістер туралы білу керек. Шарттарымен жəне жағдайларымен ілесуге, олармен жай ғана келісе беруге болмайды. Оларды пайдалану жəне бағыттау қажет». Мектепті инновациялық тұрғыдан дамыту бағытындағы МДЖ жасау үшін «6 сұрақ» ойлау тəсілімен жауап іздейік. Не үшін Қалай ?

Кім? Не? Неге?

Қайда ?

«КІМ?» деген сауалға жауап берсек, олар мектеп директоры, модератор, бірінші (ілгері) деңгей сертификатталған мұғалімдер. Мектептің даму жоспарын жетілдіре түсу мақсатында мектеп директоры, ұжым, мектеп кеңесі, ата - аналар жəне қоғамның басқа мүшелері үш басым салаларға: -Білім беру стандартын жүзеге асыру; -Мектеп ортасын жетілдіру жəне ата-аналарды тартуға; -Бағытталған түрлі іс-шараларды атқаруға жұмыстануы тиіс деп білеміз. «НЕ?» сауалы орынды сұрақ. Синектің көшбасшылық конустық метафорасында жоғары бөлігіндегі мектепте өзгеріс енгізу қажеттілігін анықтайтын сұрақ. Əр мектеп əр түрлі бағытта өзгеріс енгізуге, соның ішінде білім сапасын арттыруға көшбасшылықты жүзеге асыруға тиіс. 9


Мұғалімдер оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған оқу бағдарламаларын іске асыру стратегияларын қолданған жағдайда, мектеп ахуалы оқуға жарамды болған жағдайда, ата-аналар балаларының оқуына тартылған жағдайда білім сапасы арта түседі. Басқаша айтқанда, «Неге?»- ні білу оқыту жəне оқушылар туралы жан-жақты терең білімнің болуын, сондайақ жоғары деңгейлі өзін-өзі тану мен мақсатты сын тұрғысынан ойлауды талап етеді. «ҚАЙДА?» сауалына тоқталар болсақ, əрине, мектепте, сыныпта оқу бағдарламаларын іске асыруда мектеп ортасында көрсеткіш береді. Себебі табыс сатысымен оған жету үшін де, сынып ахуалы үшін де маңызды. Табысты мектептердің басты ерекшелігі–оқушының оқудағы үлгерімі жоғары болуына ықпал ететін жағдай жасауы. Мектеп ортасын жақсартуды арнайы мақсат етіп қою арқылы мектеп басшылары, мұғалімдер ата-аналар, мектеп кеңестері жəне қоғам өкілдері оқушының сапалы білім алуына жалпы жағдай жасаумен қатар өз мектептерінің тиімділігін арттыра алады. «ҚАЛАЙ?» сауалы, бұл жұмыс үдерісінің тəжірибелік сипатын көрсететін сұрақ. Мектеп тəжірибесін шынайы зерттеу арқылы бірінші қадам –мəлімет жинау, яғни аудит жүргізу–сауалнама, сұхбат, фотодерек, кəсіби əңгіме немесе SWOT талдау жүргізуі, бұл жерде осал, əлсіз жақтарын анықтау үшін жұмыстануымыз тиіс, маңызды шешуші қадам басымдықты анықтау. Басымдылықтарды негізге ала отырып өзгеріс тобы МДЖ-на төмендегі көрсетілген мəселелер бойынша жүзеге асырады. *Мектепті дамыту үшін тəлімгерлікті жүзеге асыру, сабақ үстінде кері байланыс пен бағалауды дамыту; *Оқыту мен оқуда жаңа əдіс тəсілдерді қолданып оқушылардың қызығушылығын арттыру; *Мектеп пен ата-ана арасындағы бірлескен жұмысты жетілдіру; *Мұғалімдерді бөлінген көшбасшылыққа сай жұмысқа тартып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызу; *Əрбір пəн бірлестігі бойынша мұғалімдерге сабақтағы іс-əрекеттерді толық зерттеуін қамтамасыз ету. ІІІ (базалық) деңгей мұғалімі «Оқыту жəне А. Мусаева тізбектелген уəж» коучингісі. сабақтар топтамасын фокус топта талқылауы.

Желілік қоғамдастықтың жоспарына сай өткізілген «Сыныпта оқушылардың оқу нəтижелерін бағалау» тақырыбында облыстық семинар

Өз мектебім үшін маңызды сұрақ «НЕ ҮШІН?» Себебі, жаһандану демографиялық өзгерістер, тыныштық пен қауіпсіздік, орнықты даму цифрлық технологиялар күннен-күнге түрленуде. Оқушылар үшін де,мұғалімдер үшін де білім мен қатар дағды қажет екенін көрсетіп отыр. Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге əсер етеді. Оқушылардағы дағдыны қалыптастыра алу үшін, мұғалімдер өздері де сол дағдыларды меңгеруі керек деп білемін. 10


Нəтижесінде тиімділігі жоғары жəне үнемі жетілдіріп отыратын мектептер оқыту мен оқудың сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданатындылығымен ерекшеленеді. Оқушылардың білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін мұғалімдер өздерінің əріптестерімен басқа қызметкерлерге үлгі бола алады. 2015-2016, 2016-2017 оқу жылындағы мектепті дамыту жұмыстарына ықпал етуде мектеп мұғалімдері мен оқушылары республика, облыс көлемінде жетістіктерге жетуде. Мұғалімнің өз бастамасына негізделген кəсіби даму үдерісінің нəтижесі, ең бірінші кезекте жоба аяқталған соң емес оның барысында сезілуі керек. Сапалы даму жұмысына жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау жəне шолу жатады.Олардың барлығының өзгертушілік əсері болады. Нəтижелері əрдайым практикалық бағытта. Олар:сонымен бірге кəсіби өсуде бола алады. Бұл осы бағдарламаның басында келтірілген оқытудың көп деңгейлі моделінде бейнеленген сыртқы жəне ішкі өсу. Оқыту мен оқу үдерістерін əлеуетті ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдармен өзара қарым қатынаста «Нені жетілдіру керектігін» біліп МДЖ-на ықпал етіп бөлінген көшбасшылықты дамыта отырып, өзім де кəсіби өсіп, ҚР білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР білім жəне ғылым Министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығының «Құрмет Грамотасымен» марапатталдым. «Əлем өзгерумен біз де өзгереміз. Зияткерлік серпін болмаса даму жоқ». МДЖ жасау жəне оған ықпал ету əрбір мектеп директорының мектепті жетілдірудегі негізгі міндеті деп білемін. Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 1.«Мектепті дамытуды жоспарлау жөніндегі нұсқаулық мектеп директорлары мен мұғалімдеріне, мектеп кеңестеріне арналған» Астана -2015. 2.А.Əлімов. «Интербелсенді əдістемені мектепте қолдану». Алматы 2015. 3.Басшыға арналған нұсқаулық. Екінші басылым 2014. 4.Білім беру мекемесінің басшыларының анықтамалығы. №6(90), 2014. 5.Мектеп директоры ғылыми-əдістемелік журнал №12, 2015. №1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ АВТОРЛЫҚ ГИМНАЗИЯНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК-РУХАНИ «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ КІРІКТІРІЛУІ Утебалиева Алтынгуль Шарифовна Атырау қаласы №1 Мектепке дейінгі авторлық гимназия директоры

Бүгінгі таңда қоғамда рухани-адамгершілік тəрбие мəселесі күрделі дағдарысты бастан кешуде. Бүгінгі күні балабақшалар мен мектептерде сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған, ал тəрбие беру мəселесі екінші сатыға төмендеп барады. Бірінші кезекте білім беріліп, тəрбиелеу мəселесіне аз көңіл бөлінуде. 11


Көптеген ата-аналардың пікірінше, ең бастысы, олардың балаларының үш тілде еркін сөйлеп, компьютермен жұмыс жасай алатындығы, оқығаны жəне санағаны маңыздырақ. Ал баланың мейірімділік пен зұлымдықты ажырата алмауы, табиғатты аялауды, ересектерге құрметтілік пен ізеттілік танытуды білмейтіндігі, оларды толғандыра бермейді. Менің пікірім бойынша, оқыту біліммен шектеліп қалмай, мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Біздің мектепке дейінгі гимназияда рухани–адамгершілік тəрбиесіне үлкен мəн беретін «Өзін-өзі тану» пəні зор рөл атқаруда. Гимназияда «Өзін-өзі тану» пəні оқу жоспарының инварианттың бөлімі арқылы іске асырылуда. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайды. Аптасына 1 рет болғандықтан ондағы алған тəрбие балалардың адамгершілікрухани білім беру мəселелерін шеше бермейді. Осыған байланысты гимназияның педагогикалық ұжымымен пəнаралық байланыстарды іске асыру көмегімен «Өзін-өзі тану» технологиялар арқылы тəрбиеленушілерге рухани-адамгершілік білім беру жүйесі жасақталды. Заманауи білім беру дамуының бастапқы үрдісінің бірі– оның мазмұнын кіріктіріп оқыту болып табылады. Көптеген зерттеулердің пікірінше, балаларда əлемнің толық бейнесін қалыптастыруда, олардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға мүмкіндік береді, қарым-қатынас жасау қасиеттерін жетілдіреді. Бұл технологияның əдістемелік жаңалығы–оның интерактивті тəртібінде, тəрбиеленушілерді рухани-адамгершілік құндылықтарға өмірдің барлық тұстарын үйретуді қарастыруында болып табылады. Бұл үдеріске тек қана балалар ғана емес, ата-аналар мен пəн мұғалімдері де тартылады. Кіріктіріп оқыту структурасы, тақырыпты меңгерудің барлық деңгейінде, түрлі тəртіп материалдарының ерекше нақтылығын, логикалық, өзара байланысын талап етеді. «Өзін-өзі тану» білім беру үдерісінің барлық жағында кездеседі. Бұл үдеріс басқалармен нық байланысты. Пəнаралық байланыс түсінігі бойынша құрастырған кіріктіріп оқытудың мақсаты – объектіні жан-жақты меңгеру (затты немесе құбылысты) қоршаған ортаны есті қабылдау, қалыптасқан білімді қажетті жүйеге келтіру үшін көңілді көңіл-күй, шығармашылық пен қызығушылықты, қиялды ояту. Білім беру саласында «Өзін-өзі тану» бойынша рухани-адамгершілік білім беруді кіріктіріп оқыту–бұл ең алдымен, білімді жаңарту, оның руханиадамгершілік болмысын анықтау, бұл мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар мен сан алуандығына бірлікті енгізу негізінде барлық заттардың синтезі, жалпы ұғымы. Кіріктіріп оқытудың педагогикалық əдістемелік технологиясы түрлі болуы мүмкін, алайда қандай да болмасын жағдайда оны үлгілеу қажет .[5Ал қажетті үлгі схемасын іздеу–педагогтың шығармашылық белсендігінің көрсеткіші. Мысалы, математиканы оқытуда, балаларды текшелеуге, айыруға үйретуде, адамгершілік əрекетті қосу қажет. Мəселен:Мен 5 бəйшешек 12


жинадым, екеуін анама сыйладым, ал қалғанын əжеме сыйладым. Əжеме неше бəйшешек сыйладым? Біздің педагогтар өздерінің іс- тəжірибелерінде өзін-өзі тану элементтерін қолданады:тыныштық сəті, табиғатта серуендеу, шаттық шеңбері, шығармашылық жобалар, рөлдік ойындар, жағдаяттарды шешу. Балалар “Музыкалық пауза” əдістемелік тəсілді өте жақсы көреді, бұл тəсілді қолдануда балалар жаға толқындарының дауысын, өзендердің сырылдауын, желдің даусын музыка арқылы тыңдай отырып қиялдап елестеді. Мектепке дейінгі гимназияның шығармашылық тобының педагогтары жасақтаған «Шаңырақ», «Қарым қатынас» авторлық бағдарламары мен «Өзінөзі тану» бағдарламасы бір негізгі рухани-адамгершілік тəрбиелеу мақсатын ұстанады. «Шаңырақ» авторлық бағдарламасының негізгі мақсаты-бұл туған жерге деген сүйіспеншілікті тəрбиелеу, балалардың туған өлкесі туралы білімін кеңейту, балалардың бойына туған жерінің табиғатын қорғауды тəрбиелеу. «Өзін-өзі тану» оқу қызметінде облысымыздың табиғаты туралы, туған өлкенің табиғи байлықтары туралы бейнероликтерді қолданамыз, осы аймақтың танымал адамдарымен кездесулер ұйымдастырамыз. «Мұнай жəне балық-туған жердің басты байлығы», «Туған өлкенің ең үздік ауданы», «Туған өлкенің танымал тұлғалары» атты жобалардың арқасында композиторлармен кездесулер, М.Дауылбаевпен, Косай Макашулымен, мұнайшы Т.А.Сүйсіновпен кездесу өткізілді.«Менің отбасым», «Əр отбасының өз қаһарманы бар» жобасы көрсетілгенде балалар атааналарымен қоса отбасының шежіресін зерттеді, жобада тек ана мен əке ғана емес, ата əжелерде ат салысты. Шығармашылық жоба көрсетілімінде балалар бір-бірінің отбасылары туралы, өздерінің жанұялары туралы көптеген қызықты əрі жаңа жайттарды білді. «Қарым қатынас» авторлық бағдарламасы жəне «Өзін-өзі тану» бағдарламасы арқасында, балалар өздерінен келеңсіздік əрекетін ұстауды, жанжалдан алшақ болуды, өздерінің əрекеттерінің бағалауына мұқият қарауды үйренеді. Рухани-адамгершілік тəрбиелеу негіздерін қалыптастыру жүйесі балалардың барлық қызметін қосуы қажет:оқу,ойын,еңбек. Сондықтан, ойындада жəне де табиғатты бақылауда да, сонымен қатар балалардың дауын шешуде де олардың жүректеріне үн қату қажет, оларға əркезде əлемде жақсының, шындықтық, сүйіспеншіліктің, еркіндіктің барын айтып есінен шығармауымыз қажет. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жұмыс жасай отырып, біз осы көрсетілген бағдарламаның жүзеге асуына ата-аналарды еліктіруге екпін жасаймыз. Балалардың ең маңызды серіктестері ата-аналар болып табылады жəне педагогтар оқу дайынығында, балалармен бірге мейірімді болуды, сүйе білуді жəне рақымды болуды үйренеді. Бала бойынан рухани-адамгершілікті тұлға қалыптастыру амалдары көрсеткендей, бұл қызметтің ең əлсіз тұсы–отбасы. Өкінішке орай, үлгі 13


негізінде, ата–аналар өз-өзін ұстау тəртібіне, əлеуметтік нормаларға, моральдік талаптарға көңіл бөлмейді. Бірақ та, дəл осы отбасы мектепке дейінгі жас шамасындағы балалардың жетілуі мен өзгеруінде алдыңғы рөл атқаратыны бəрімізге белгілі. Біздің гимназияда, біз ата-аналарды бірлескен жұмысқа тартуға тырысамыз. Осы жұмыстардың бір формасы ретінде, «Ең үздік гимназия отбасы», «Ең үздік жоба» байқаулары өткізіледі. Бұл шаралар ата-аналар мен педагогтарға ұнайды. Мысалы:Айым Алидің ата-аналары өз жобасында біздің жерлесіміз, ұлы поэтесса Фариза Оңғарсынова туралы айтты. Өздерінің қосалқы шаруашылығы туралы Талгат Зулкариманың ата-аналары жоба дайындады, ал оның əкесі, өз жағынан, көкөністерді суару бойынша қандай механизмді ойлап тапқаны туралы айта кетті. Жоғарыда көрсетілген барлық балалардың ата-аналармен жұмыстары өз жемісін береді. Біз қалалық жəне облыстық шараларда өз жобаларын қорғаған тəрбиеленушілерімізбен мақтан етеміз, біздің балалардың үздік жобалары «Дарынды балалар» жинағына енгізілді. Ал, Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай өткізілген «Отбасым менің өзімде» байқауында гимназиямыздың Нұрғалиевтер отбасы «Үздік жоба» марапатына ие болды. Осы аталған бағытта балалармен жүргізіліп жатырған жұмыстың негізгі мақсаты, айта өткендей, адам ара-қатынасының күрделі əлеміне аяқ басуында, балалардың руханият, жағымды көзқарас жəне терең түсінік сұрақтарында біліктілігін жетілдіру болып табылады. Қолданылған əдебиеттер: 1.Журнал «Самопознание KZ» 03.2013. 2.Журнал «Самопознание KZ» 11.2015. 3.Божович Л.И. «Личность и ее формирование в детстве». Москва. 1977. 4.Козлова С.«Нравственное воспитание в современном мире». Журнал «Дошкольное воспитание» 2001. 5.Садина С.Д. «Технология интегрированных ДОУ» 2008. БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУДА ЖОБАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ Тажмаганбетова Гульзада Балниязовна Атырау облысы Қызылқоға ауданы Кенбай орта мектебі шағын орталық тəрбиешісі

Қазіргі заман талабы–білімді, саналы, мəдениетті, адамгершілігі мол, белсенді, шығармашыл, қоғамда өз орнын таба білетін тұлға қалыптастыру. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі жас ұрпақтарға келешекте олардың қабілеттерінің нені қабылдап өрістете алулары, қабілеттеріне жаңалықтылық концепцияларды үйлестіре білуге тəрбиеленуде жəне де осының арасынан дұрыс бағыт тауып əрқашан өзгерістерге бейімділікпен тəрбиеленуі қажет. Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектепке дейінгі тəрбие– үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы жəне баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып, 14


дамытатын орталық болғандықтан, балалардың өз бетінше танымдылық ісəрекетін белсендіруге,қоршаған ортаның шындығын игеруге,жан-жақты тануына,шығармашылығының ерте жастан қалыптасуына, дамуына ықпал ету. Міндеті: Балалардың жеке, жас ерекшеліктерін ескеріп, шығармашылық белсенділігін дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру. Өзектілігі:«Естігенімді–ұмытамын, көргенімді—есте сақтаймын, өз істегенімді- меңгеремін»- деп Конфуций айтқандай, жобалау технологиясы – балалардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білімі. Балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау бүгінгі тақырыптың өзектілігі. Зерттеу жұмысынан күтілетін нəтиже: •Балаларға: Баланың болмыстың түрлі салалары туралы білімдері кеңейтіледі. Ол көбінесе зерттеушілік жəне шығармашылық жобалардың орындалуымен байланысты. Баланың танымдық, коммуникативтік жəне реттегіш сияқты жалпы қабілеттері дамиды. •Педагогтарға: Жобалау педагогтарды мүмкіндіктер кеңістігінде болып, үйреншікті жəне үлгі бойынша іс-əрекеттерді қолданбауға, күнделікті шығармашылық өсуді талап етеді. •Ата-аналарға: Балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы дамиды. Бала жақын үлкендерге өздеріне таныс ситуацияларда жаңаны ашып, түрлі идеяларды ұсынғандықтан, өзінің ата-анасына мазмұнды қызықты қырынан көрінеді. Балалардың танымдық қызығушылығының болуы олардың іс-əрекеттерге белсенді, білімнің сапалы болуына, басқа да іс-əрекеттерге жағымды түрткісін қалыптастыруға жəне шығармашылық белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді.[4.44-бет]. Мектеп жасына дейінгі баланың жобалық қызметті игеруі 5 жасқа дейін – еліктеу-орындаушылық деңгей, 5–6 жас–дамытушы деңгей–əлеуметтік тəжірибенің жинақталуы, 6–7 жас– шығармашылық деңгей–дербес қызметті белсенді ұйымдастыру, өзін-өзі бақылаудың дамуы. Өзгермейтін ережелер: 1.Əрбір бала өзіне қызықты жəне қолынан келетін нəрсені ғана орындайды. 2.Балалар өздері орындай алатын кезде, ересектер ешқандай əрекетпен көмектеспейді. Жобаның тақырыбы келесі талаптарға жауап береді: 1.Бес білім салаларының мазмұнынан таңдалады, яғни мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек; 2.Тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының вариациялық бөлімімен де сай келуі мүмкін; 3.Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын жəне түсінікті болуы тиіс. Жоба бір мəселені шешіп жəне оны қолданыста пайдалану үшін əр түрлі білім салаларынан мағлұматтарды ықпалдастыра алады. Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет. 15


Жобалау қызметін ойдағыдай жүзеге асыруға қажетті жағдайлар: 1.Баланың қызығушылығын есепке алу. 2.Ерікті түрдегі қызмет. 3.Тақырыптың түсініктілігі. 4.Балалардың аз болса да, жеке ынталы бастамаларын қолдау. 5.Жоба жұмысына ата-аналарды өз еріктерімен тарту, балалармен бірге шығармашылық жұмыс жасауға жағдай туғызу. 6.Жоба бойынша жұмыста бірізділік ұстанымды сақтау. 7.Педагогпен бірге мақсатқа жету жұмысы. [8.15-бет] Жобаны жүзеге асыру үрдісі бойынша педагог пен балалардың қызметін бөлу: 1-дайындық кезеңінде тəрбиеші жобаның мақсаты мен міндеттерін бірігіп талқылайды. Ата-аналар мен балаларға міндеттерін бөліп береді. Балалар ойын жағдайына енеді, Ата-аналар жобаның не үшін, кім үшін керектігін түсінеді.Алдағы жасайтын жұмыстарын жоспарлайды. 2-негізгі кезеңде тəрбиеші жоспар бойынша жұмыстың шешілуіне көмектеседі,əдіс-тəсілдерді таңдайды. Жобаның жүзеге асырылуына бағыттайды, қызметтің əр түрін ұйымдастырады (əңгіме, ойын, бақылау, нəтижелілік қызмет жəне т.б. ) Отбасымен жұмыстар ұйымдастырады. Балалар өздеріне ұнайтын ойын, оқу іс-əрекеттері, бақылау, шығармашылық іс-əрекеттермен айналысады. Білім салалары бойынша жобаның негізгі, мəселелі сұрақтарына ата-аналарымен бірге жауап іздейді, бақылайды. Ата-аналар ақпарат құралдарынан балаға керекті деректер мен ақпараттарды іздейді. Тапсырмаларды орындайды. 3-қорытынды кезеңде тəрбиеші жобаның қорытындысы бойынша ертеңгілік немесе ойын-сауық, ашық ұйымдастырылған оқу іс-əрекетін ұйымдастырады. [9.142-143бет] Жобалар бойынша жұмыс формалары мен мазмұнын жоспарлау кезінде мектепке дейінгі білім беру іс-тəжірибесі үшін неғұрлым дəстүрлі емес нəрсені таңдап алады: • "Үш сұрақтың моделі"–Біз не білеміз? Біз не білгіміз келеді? Білу үшін не істеу керек? • "Артықшылықтар беру кестесі" – Не ұнады? Не ұнаған жоқ? Неліктен? • "Анықтамалар кестесі"–Кім, не? Қандай, қалай? Қашан? Қайда? Неге? • "Ойын-басқаға айналу"–"Егерде мен…" Балалардың шығармашылық белсенділігін бес білім саласын ықпалдастыру арқылы дамыту бағытында пəнаралық, орташа мерзімді, топтық жоба жұмысын ұйымдастырдым. Алдымен мына сұрақтарға жауап іздеу керек: Біз не білеміз? Жаз мезгілінен кейін күз мезгілі басталғанын білеміз. Нені білгіміз келеді? Күз мезгілінің ерекшеліктерін білгіміз келеді.

16


Білу үшін не істеу керек? Ұйымдастырылған оқу іс-əрекеті, бақылау, өз бетімен жұмыстар, ата-анадан, ақпарат құралдарынан іздеу керек. Одан кейін əдемі тақырып таңдалады. Жобаның тақырыбы: «Алтын күз, əсем айналам» Мақсаты:1.Балалардың ойлау, өз ой түйінін жасай білу, ақпаратты шығармашылықпен іздену, танымдық дағдылары мен іскерліктерін дамыту. Бір-біріне көмекке келуге, ұжымда жұмыс жасауға үйрету. 2. Балалар мен ата-аналардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қуат беру,отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның өзара əрекеттестігі мен ынтымақтастығын құруға ықпал ету Жобаның түрі: пəнаралық,шығармашылық, топтық, орта мерзімді жоба. Жобадағы негізгі сұрақ: Күз неге жомарт? Мəселелі сұрақ: Жапырақтар неге сарғайды? Оқу-тақырыптық сұрақ: Күздің ерекшеліктері қандай? Жоспары: 1. «Таным», «Қатынас» білім салалары бойынша ұйымдастырылған оқу іс-əрекеттерінде («Нан қайдан шығады?», «Күн, су, ауа-біздің достарымыз», «Күз сыйы», «Күзгі ағаштар»,«Күзбен қоштасу») балалар күз мезгілінің неліктен «Жомарт күз», «Алтын күз», «Қоңыр күз»деп аталатынын, күзгі табиғаттағы ерекшеліктерді, күзгі еңбек түрлерін, түрлі мамандықтарды, ересектер еңбегін құрметтеуді, табиғат байлығын қастерлеуді үйрену 2.Күзгі табиғатты, жапырақты бақылау арқылы, жапырақтың – өсімдіктің сəні екеніне жəне күзде күн салқындап, жер тоңазитынын, соның əсерінен өсімдік тамырына қажетті қорек аз болатыны, жапыраққа қажетті күннің жылуы азайып жасыл түсі өзгеріп, сары-қоңыр түстерге айналатынын зерттеп, бақылау арқылы көз жеткізу.Табиғаттағы еңбек, яғни түскен жапырақтарды жинап, жерге көміп топыраққа араластыру,топырақ құнарланып, көктемде гүл егуге болатынын,жерге түскен жапырақ қыста өсімдік тамырын суықтан сақтайтынын түсіндіру. Кепкен жапырақтарды жинау, қол еңбегіне пайдалану үшін жинақтау. 3.«Шығармашылық» білім саласы бойынша көкөністер мен жемістерді мүсіндеу, жапсыру, күзгі табиғатты бейнелеу, боямақтармен жұмыс, қураған жапырақтарды құрастырып бейнелер жасау жұмыстарын жүргізу.Əн,би үйрену. 4.«Əлеуметтік орта» білім саласы бойынша мазмұнды-желілі ойындар «Көкөністер дүкені»,«Аспаз»,«Қонақ күтуге дайындаламыз» ойнату. «Көкөністер мен жемістерден жасалған тағамдар-пайдалы дəрумендер» тақырыбында əңгіме өткізу. Ата-аналарға балаларды салат, тосап дайындау жұмыстарына тарту тапсырмасы бойынша, балаларға өз тəжірибесінен əңгімелету жұмыстарын жүргізу. 5.«Сиқырлы қағаздар» үйірмесінің жұмысы қағазды қиып, бүктеу, жапсыру, жырту тəсілдері арқылы көкөністер мен жемістер жасау, күзгі ағашты бейнелеу жұмыстарын жүргізу. 17


6.«Денсаулық» білім саласы бойынша «Қимылды ойындар-қызықты оқиғалар» шарасын өткізу, мұнда балалар жемістер мен көкөністерді жинау, алма теру т.б қимылды ойындар арқылы көрсетеді. «Еңбек бəрін жеңбек» тақырыбында шара өткізу. 7.Ата-аналар көмегімен мазмұнды суреттерден «Табиғат аясында күз мезгілі»,«Күзгі еңбек»,«Жапырақтар» буклеттер жасау,көкөністер мен жемістерді пайдаланып қолөнер көрмесін жасау,отбасылық қабырға газеттерін шығару тапсырмалары берілді. 8.Балаларға күз мезгілі туралы өлең, тақпақтарды бірлесіп жаттату. 9.Жоспарланған жұмыстардың соңында ата-ана, балалармен бірлесіп ертеңгілік өткізу. Осындай жұмыстар нəтижесі арқылы балалардың өз шығармашылығымен айналысуына алғашқы баспалдақ қаланды деп айта аламын.

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ Сапарова Гульмира Тлепкалиевна Атырау қаласы А.Чехов атындағы №14 мектептің І санатты бастауыш сынып пəні мұғалімі

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тəуелсіз Қазақстанды дамыған бəсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін–білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мəселесін қойып отыр. Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан–жақты дамыту. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі– оқытудың əдіс–тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде əртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тəжірибеге еніп, нəтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру жəне білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз əсерін тигізуде. Бастауыш мектепоқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып,мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Мен де осы өзгерістерден тыс қалмай бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дəріс алған болатынмын. Жаңартылған білім беру аясындағы түбегейлі өзгеріс–критериалды бағалау жүйесі, соның ішінде қалыптастырушы бағалау болды мен үшін. Себебі, «қалыптастырушы бағалау 18


оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу,білімді меңгеру деңгейін анықтайды»-деп жазылған. Қалыптастырушы бағалаудың нəтижелері оқушыларға кері байланыс беру үшін жəне оқу үдерісінің барысында ата-аналарға ақпарат беру үшін пайдаланады. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны, баланың өзі ізденіп, дəлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дəлелдеуші, ал мұғалім осы əрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы. Дəстүрлі оқыту жүйесіндегі бағалау мен қалыптастырушы бағалауды салыстыруды жөн санадым. Себебі, өзім сынып жетекшілік ететін 4 сынып оқушыларының білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін, екіншіден 2017-2018 оқу жылында 1 сынып қабылдайтын болғандықтан шығармашылық жұмысымды «Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне қолдау көрсету» деген тақырыпта алуды дұрыс деп ойладым. Өйткені, қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне жəне алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін жəне оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. Шығармашылық жұмысымның мақсаты:бастауыш сынып оқушыларының білімге оқу сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу. Шығармашылық жұмысымның міндеттері: 1.Қалыптастырушы бағалаудың білім сапасына тигізетін оң əсерін анықтау. 2.Оқытудың қиындықтарын анықтау. 3.Қалыптастырушы бағалаудың тиімді тəсілдерін,стратегияларын қарастырып, қолдану. Болжам:Егер зерттеу жұмысым оңды нəтижелер беретін болса, онда ұстаздар қоғамына оқытудағы кедергілерді шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып, түрлі ұсыныстар мен қорытындылар жасауға болады. Себебі сабақ барысында кездестірілетін барлық қиындықтарды шешу жолында зерттеу қорытындысына сүйенетін болса, сабақ соңында жоғары көрсеткішке жетуге болатын еді. Күтілетін нəтижем: 1.Оқушының пəнге деген қызығушылығы артады 2.Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді. 3.Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды. 4.Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. 5.Өзінің білім нəтижесін болжау жəне жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі жəне түсінеді. 6.Рефлексияда қатысу, өзін жəне өзінің сыныптастарын бағалай алады. Оқушы өзін бақылап, өзінің əрекет-тəсілдерін таңдайды, нəтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нəтижені жоспарлау,оны бағалау тəжірибесін жинақтау арқылы 19


өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі– өзін- өзі бағалау жəне өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау–өзіне–өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау əрекетінің бір түрі. Қалыптастырушы бағалау үшін не қажет? * Оқушылардың оқудың мақсатын білуі жəне түсінуі; Мақсат кең жəне сұрақ түрінде тұжырымдалу керек. Бала қандай нəтижеге келетінін толық білу керек.Нəтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді мақсатқа жауап беру керек. * Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету; Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған уақыт беру керек. Егерде бала қателессе, жетекші сұрақтар қойып,баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды. Кері байланыс көбінесе уəж болып табылады жəне де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады. Сөйтіп мұғалім əр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе, соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп. * Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы; «Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек.Əртүрлі қалып пен мəнмəтінде қарастыра білу керек. * Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы жəне өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі; Бағалау үдерісін шынайы жəне бəріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау жəне бірін -бірі бағалау парақтарын ,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады. * Бағалау нəтижелерін ескере отырып,оқытуды өзгерту.Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі жəне қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады. Себебі бағалау оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі əсер етеді. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым–өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып, оны түзетуге бағыттау.«Екі жұлдыз, бір тілек» əдісі көбінесе əдебиеттік оқу, қазақ тілі пəндерінде сəтті қолданылды. Олай дейтін себебім белгілі бір шығарманы немесе тақырыпты талдағанда оқушылар бір-бірінің жауаптарына өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп отырды. Алғашқы кездері бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, ұсыныс тілектерін нақты жаза 20


алмады, бірақ күнделікті қолданылып отырғаннан кейін оқушылар нақты жазуға дағдылана бастады. Бұл бағалау əдісінің өзіндік ерекшелігі-мұғалім тарапынан оқушыны бағалау кезінде нақты не үшін баға қойылып жатқандығы түсіндіріледі, ұсыныс беру арқылы оқушының жетістікке жетуіне қолдау көрсетіледі. Сабақтарымнан мысал келтіретін болсам, қазақ тілі пəнінен өткен «Септік жалғауларын пысықтау» тақырыбында оқушылар əр тапсырмадан соң бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» əдісі мен бағалап отырды. Данияр деген оқушының Мариям деген оқушыны бағалағаны:«Мариям, сен септік жалғауларын түсініпсің, сөйлемде дұрыс қолдандың, бірақ табыс септігінің жалғауларын қайтала» дегені қалыптастырушы бағалаудың оқушының оқуда нақты жетістікке жетуіне ықпал жасағандығы деп білдім. Қалыптастырушы бағалаудың келесі түрін де сабақтарымда жиі қолданамын.Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау-əр оқушымның қай деңгейде білім алғандығын бақылауыма көмектеседі. Сабақ соңында оқушыларға жеке жетістіктер парағын ұсынамын,оқушылар өздерінің өтілген сабақтан не түсініп, нені түсінбей кеткендігін көрсетіп кетеді. Ал мен тақырыпты меңгермей қалған оқушымен келесі сабағымда пысықтау жұмысын жүргіземін. Бұл бағалау əдісі мінезі тұйық, көп ашылып ештеңе айтпайтын оқушылармен жұмыс жүргізуге, бақылауға өте тиімді. Математика пəні мен қазақ тілі пəнінде қалыптастырушы бағалаудың келесі түрін яғни,«пікірнама жазу арқылы бағалау» деген түрін пайдаланамын. Оқушы бұл бағалау түрінде өтілген сабақтың сəтті, сəтсіз, түсінікті, түсініксіз тұстарын жазады. Оңай немесе қиын болған есептерді, жаттығуларды көрсетеді. Өзі қай тұстан қиналғандығын көрсетеді. Əр оқушы үйге тапсырманы өзі белгілейді, қай тақырыпты еске түсіру керектігін түртіп алып, дайындалып, қайталап келеді. Математика пəнінен «Екі таңбалы есептерді көбейту жəне бөлу» деген тақырыпта Мансур есімді оқушым өзіме есептер шығару оңай болды, бірақ көбейту кестесін ұмытыңқырап қалыппын, үй жұмысы көбейту кестесін түгел қайталау деп жазыпты. Бұдан оқушымның өзөзіне оқуда жетістікке жетуіне көмектесіп жатқандығын байқадым. Қалыптастырушы бағалаудың мен пайдаланатын келесі бір түрі«Сұрағыңды қалдыр» бағалау əдісі. Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша сұрақтарын қалдырады. Бұл əдісті көбінесе дүниетану пəнінде жиі қолданып келемін. Оқушыларым сабақ соңында маған сұрақтарын қалдырып кетеді. «Таулы аймақтар» деген тақырыбы кезінде оқушыларым Қазақстандағы ең биік тау мен əлемдегі ең биік тауды салыстыруымды сұрапты. Əрине мен оқушыларымның білімін одан əрі тереңдету мақсатында келесі сабақта түсіндіріп, бірге талқылаған болатынбыз. Қалыптастырушы бағалаудың бұл əдісі шынымен де оқушыларымның оқуда жетістік жетуіне мүмкіндік беретініне көзімді жеткіздім. Қалыптастырушы бағалаудың келесі түрі-оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы мен түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексерген кезде пайдаланамын. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. 21


Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. Қазіргі мектеп практикасында мұғалімдер американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүргені анық.Ол– білім жəне білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық жəне сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, əрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады жəне де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды. Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дəрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушына қойылған бағаға күмəн пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны алғандығын түсінетін болады жəне əр түрлі көзқарастар пайда болмайды. Сыныбымда оқушылар алған бағаларына қанағаттанып,өздерінің қанша алатындарын да сабақ соңында ұпайларын жинап бағаларын біліп отырады. Қалыптастырушы бағалауды пайдаланғанда барлық жаңа тəсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Жоғарыда атап көрсеткен қалыптастырушы бағалау түрлерін сабақтарымда пайдалана отырып, оқушыларымның жеткен жетістіктерін төмендегідей атап көрсеткім келеді: 1.Өз ойларын ашық жеткізуге үйренді; 2.Бағаға тəуелділіктен арыла бастады; 3.Баға не үшін қойылатынын білді; 4.Бір-бірін бағалау арқылы оқуда жетістіктерге жетуге болатындығын түсінді. Болашақта өзім: • Оқушыларыма үнемі қолдау көрсету, • Өз тəжірибемді үнемі жетілдіріп отыру, • Үнемі кері байланыс орнату. Ал мен ұстаздары ретінде қалыптастырушы бағалау арқылы олардың оқуда жетістіктерге жетуіне көмек көрсете алатыныдығымды білдім. Жəне де сынып оқушыларым келесі оқу жылында жаңартылған білім жүйесіне көшеді. 5 сыныпта оларға қалыптастырушы бағалау түрлерімен жұмыс жасау оңайға түсетіндігі сөзсіз. Сабақтарымды жаңа форматта өткізу нəтижесінде, 2016-2017 оқу жылдарында бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадада Утепов Арсен, Жарахан Зейнеп, Қанатқали Ақерке сияқты оқушыларым жүлделі орындарды жеңіп алып,мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен,бағалау жүйесінің негізгі мақсаты-білім сапасын арттыру болып табылады.Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің əртүрлі жеке мəселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нəтижесі. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 22


2.Безукладников К.Э.«Организация деятельности учащихся на уроках в школах» реализующих программы международного бакалавриата», Пермь, 2010, ПМГУ; 3.Шнейдер М.Я. «Оценка качества образования в школах Международного бакалавриата», Вопросы образования, 2005, № 1.,С. 2–28.

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ОҚЫТУДЫҢ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ЕРКІН СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Жанжигитова Шынарай Серикқызы Атырау облысы Мақат ауданы Абай орта мектебінің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің I cанатты мұғалімі

Ұстаз бен оқушы арасында тығыз қарым-қатынастың сабақ барысында белең алуы, бірлесіп мəселені шешуде ортақ пікірді талқылауға жұмылуы үлкен жетістіктерге жетелейді. Соның ішінде жеке тұлғаның сауатты жазып, айтар ойын еркін, жүйелі жеткізе білуіне қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің орны ерекше. Өйткені, Елбасымыздың жолдауында көрсетілгендей Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстардың ғылым, техника салаларында қателіктердің орын алмауы үшін əр ұстаз шəкіртіне білім беруде тиімді əдіс-тəсілдерді қолдануы қажет. Осы тұрғыда мен қазақ тілі мен əдебиет сабағында оқыту мен оқудың белсенді əдістерін қолданып жүрмін. Бүгінгі күні біздің қоғамға күрделі мəселелерді шеше алатын, шешім қабылдайтын, сындарлы ойлайтын, идеялар мен өнімді пікір ұсына алатын, командада, топтарда тиімді жұмыс істейтін икемді, креативті жəне бастамашылық қабілеті бар жастар қажет. Күрделілігі күн сайын артып, өзгеріп, тез жетіліп келе жатқан, біз өмір сүріп жатқан əлемде «Білімнің болуы» бүгінгі күні жеткіліксіз. Адамдардың өмір бойы білім алуын оңтайландыру үшін оқушылардың жеке қабілетін жан-жақты дамытып, оларға жан-жақты білім беру шеңберінде тиімді ойлау қабілетін сіңіру қажет екені сөзсіз. Белсенді оқыту мен оқу əдістерін таңдау, пайдалану жəне əзірлеу–оңай жұмыс емес, өйткені мұғалімдерде қандай да бір тəсілді қолданардың алдында көптеген сұрақтар туындайды, мысалы: -Осы сабақ білім алушылардың жасына сəйкес келе ме? -Сыныпта қандай балалар жиналған,мысалы,қабілеттерінің деңгейлері əртүрлі, т.б. - Жекелеген оқушыларда жоспарлау барысында ескерілуі тиіс белгілі бір мұқтаждық, өзіндік мəн-жайлар бар ма? Белсенді оқыту мен оқудың белгілі бір əдісін пайдаланардың алдында мұғалімдер өздеріне əртүрлі сұрақтар қойып, өзінің үдерістегі рөлі мен ісқимылын ұдайы ойластырып отыруы керек. 23


Оқытудың белсенді əдісі–іс-əректі өнімді, шығармашылық, ізденіс оқыту əдістері. Оқушының танымдық іс-əрекетін жəне қандай да болсын мəселені шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған əдістер. Оқыту ортасында мұғалім тұратын сынып Мұғалім «білім көзі» ретінде.

Оқыту ортасында оқушы тұратын сынып Мұғалім білімнің ұйымдастырушысы ретінде. Мұғалім балалар үшін «орындаушы» Мұғалім жəрдемдесуші «дəнекер» ретінде. ретінде. Оқушылар - білімді «енжар» алушылар. Оқушылар белсенді жəне бірлескен. Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сұрақ қояды. Оқушылар «шектен тыс қамқорлыққа Оқушылар өздерінің рефлексивті оқуы алынған». үшін жауапты алады. Оқушылар бірімен-бірі бəсекелеседі. Оқушылар оқу үдерісінде бірігеді. Оқушылар өз пікірлерін білдіреді. Оқушылар басқалардың пікірерін белсенді тыңдайды.

Белсенді оқыту əдістері ойлағандарды жүзеге асыру механизмдері болып табылады. Ол барлық мақсаттарды, міндеттерді, оқыту принциптерін өмірге айналдыруға мүмкіндік береді. Оқыту əдістері мұғалім тарапынан шеберлікті талап етеді. Шеберлік–бұл сабақ жүргізудің ерекше түрі. Ол өзара байланысты сатылар ретінен тұрады. Əр сатыда оқу тапсырмасы анықтаушы бірлік болып табылады, ол баланың танымдық қызметіне бағытталады. Сонымен қатар оқушылардың зерттеу жолдарын, мақсатқа жету құралдарын,жұмыс қарқынын таңдауға мүмкіндіктері бар. А.А.Окунев жазғандай, шеберлікте білім дайын түрде берілмейді, құрастырылады.Осы құрастырылу үрдісінде дұрыс емес анықтамалар, қателіктер болуы мүмкін, бірақ бұл қорқыныш тудырмауы қажет. Оқушылар қателік жіберу жəне дұрыс емес ойы туралы сөз есту, тапсырманы орындай алмау,мұғалімнің не ойлағанын таба алмау туралы қорқыныш сезімінен арылады. Мен естігенімді ұмытамын. Мен көргенімді есте сақтаймын. Мен істегенімді түсінемін, - деп Конфуций айтқандай, мен сабақ беретін сыныптағы оқушыларыма «Əуе шары», «Тұжырымдамалық карта», «SWOT» талдау, «Фотосуреттер», «Тыңдап отырған үштік», «Елшілер», «FILA кестесі», «Домино» секілді тиімді əдістерді қолданамын. Бұл əдістер оқушыларды бір-бірімен тіл табыса жұмыс жасауға, терең ойлауға,шешім қабылдауға, мəселелерді шешуге, өзін-өзі басқаруға, ойларын жүйелі жеткізуге, шығармашыл жəне бірлесіп ойлауға, ынталандыруға бағыттайды. 7-сыныптың əдебиет сабағында Ж.Аймауытұлының «Əнші» əңгімесін түсіндіргенде «Əуе шары» əдістемесін жоспарлау құралы ретінде 24


пайдаландым. Оқушылар сыныпта мəтінді оқып, мазмұнымен толық танысты. Содан кейін оқушыларға əуе шары суретін көрсетіп, сұрақтар бердім. 1. 2. Оқушыларға белгілі бір тақырып бойынша бірқатар құрылымдық сұрақтар берілді: - Əуе шарында кім болуы керек? Оқушылар бұл мəселе бойынша басты кейіпкерлердің есімдерін жазды: шарды əуеге көтеріп, оны басқару үшін онда болуға тиіс адамдар. (Əмірқан, Дəулетжан, Ақтамақ) - Жоба табысты болу үшін оларда не болу ерек? Оқушылар жобаның табысты болуы үшін қажетті деп санайтын барлық нəрселерді шарға жазды.(ақша алуы қажет,Шəкет үйі,Əмірқанның əн салады,Наурызға дайындық, Əмірқанның қарапайымдылығы, Саятшылық) - Оны не кідіртеді? Зəкірдің жанына оқушылар жобаның табысты басталуына кедергі жасайтын факторды жазады.(арбаның табылмауы, қаланың адамдарының сотқарлығы, Шəкеттің қымызының бітіп қалуы, Əмірқанның тəкəпарлық танытуы, сахнаға шықпай қалуы, Ақтамақ жайында ауыз ашпауы мүмкін) - Оған қатты жылдамдықпен ұшуға не көмектесе алады? Оқушылар əуе шарына тікелей қатысы жоқ, алайда жобаның алға жылжуына септігін тигізетін факторларды белгілейді.(сөз əрлеу, көркемдегіш құралдарды жазады) қарт шеше, қоңыр келіншек, жақсылар, барды баламайды, жоқты санамайды, төбем көкке жетті, қас қарая аттандық, қоразданып басын көкке көтереді, ескі-құсқы киім, томашадай аппақ Шəкет, сырлы қасықтай сары ожау, қою сары қымыз, əупілдекше кекіреді, ұшатын құстай отырды, сүмірейте, қылмита соқты, желдете, құтырта соқты. - Шарды бағытынан не шатастыра алады? Оқушылар шардың екі жағына жобаны орындау барысында туындауы мүмкін мəселелерді жазады.( Мəтінді толық оқымауы, түсініп оқымауы, əдеби теориялық ұғымдарды нақты білмеуі) «Əуе шары» əдісі арқылы оқушылар бірлесіп жұмыс жасай отырып, мəтінді мұқият зер салып оқыды,бейнелеуіш сөздерді тапты,басты кейіпкерлерді анықтады,берілген сұрақтарға ойланып,ұтымды жауап қайтарып, еркін сөйлеуге төселді. «FILA» кестесін А.Байтұрсынұлының «Ақын ініме» өлеңін түсіндіргенде, мəтінді толық меңгерту мақсатында қолдандым. Мəтінді оқи отырып кестенің бірінші бағанына негізгі факторларды, екінші бағанына идеяларды, үшінші бағанына мəтін бойынша туындаған сұрақтар, төртінші бағанына өз тұжырмдарын мақал-мəтел, өлең жолдары арқылы жазды. Мағынаны тану бөлімінде бірлескен жұмыстың нəтижесіне қол жеткіздім. Мəселені терең зерделеуге, оны шағын тақырыптарға бөлуге, жоспар құруға машықтанды.Сөздің астарына мəн беруді, сөздерді орында қалай қолдануға болатынын үйренді. Сабақ соңында əр топ толтырған кестесін постер арқылы 25


дəлелдеп, нақты мысал келтіре отырып қорғап шықты. Осы əдіс арқылы көпшілік алдында еркін сөйлеу дағдысы қалыптасты. «Тұжырымдамалық карта» əдісін С.Мұқановтың «Есіл бойында» əңгімесін оқушылар үйден қаншалықты түсініп оқып келгенін білу мақсатында қолдандым. Суреттеуге құрылған əңгімені осы əдіс бойынша дайындалуға таппсырма бердім.Нəтижесінде оқушылар төмендегідей тапсырманы орындады. Тоғай қалқыған тоғай шайы шымылдықтай желпінеді, тоғайдың түсі құбылады, денесіне шаң жолатпай тербеледі, жібектей жұмсақ, жұпардай иісті қалың шалғын аттың бауырынан келеді, сұлудай сыланады, шешек атқан гүлдер тотының қанатындай құбылады. Өзен сумаңдай аққан мөлдір толқын, қазандай қайнаған сүттей аппақ күміс көбік, төгілген сағым толқыны шиыршықталады, сай-салаға өрлейді, асау тасқын, теңіздей топан су; Жел баяу, үстінен толқыған сағымның боларболмас салмағын ауырлағандай шалғын өзінен-өзі теңселіп шайқалады; Жидек түсі аппақ, балбыраған жұмсақ, балдай ериді, ақ меруерттей жалтылдаған, көлемі бөдененің жұмыртқасындай; Бүлдірген үркер жұлдызындай шоқталған, қызыл жақұттай жарқыраған, уыз қымыз татыған; Мырзатай жасы сол кезде елу-алпыс шамасында, орталау толық денелі, қаба қара сақалды, жуан мойынды, баладай жеңіл мінезді, кім көрінгенмен құрдас бола кететін ойыншы, қулықшыл адам. Байлығы – жарықшақсыз дауыс біткен өңеші ғана, əйтпесе шаруа жағынан «жалғыз атты жалаңқайыңның» өзі. Елге əдемі қоңыр əнімен, ойнақы мінезімен өте сүйкімді боп күн кешкен кісі. Əннің шығу тарихы елге ең алғаш штат шыққанда (1868 жылдың қазақ елін билеу заңы), Керей атаулы елге Байтүменов Бекберді деген болыс болады. Ол Қызылжардың малын бағатын жатақтың баласы екен. Жаңа заңды іске асырғалы шыққан Шодыр деген ояз, Бекбердіні қасына тілмаш қып алады. Заң бойынша, орыс тілін білетін кісі ғана болыс болуға тиісті. Орысшаға жетік Бекберді болыс сайланады. Ақылды Бекберді аз уақытта елді де иіріп жусатады, байып та алады, əлденеше əйел де алады... Оның бір əйелінен Ұлпа дейтін қыз туып, аса көрікті боп өседі. Осы қызға Шүректің Мұратбегі дейтін жігіт ғашық болады. Бекберді оны кедейсініп менсінбейді, басқа жердегі бір байдың баласына бермек болады... Көктемде ұзатпақ болады. Сүйіскен екі жастың ендігі амалы – түн жамылып қашу. Екеуі осыған уəделеседі. Олардың ауылдары Есілдің екі бетінде екен. Уəделі күнде Мұратбек Есілден өтіп бара жатса, құлақтанып тұрған Бекбердінің жігіттері тұра қуады, аты жүйрік Мұратбек жеткізбей кетеді... Ұлпа уəделі жерге келсе, аттың ізі бар да, жігіт пен ат жоқ!.. Со кезде Есіл тасып кетеді, егер Мұратбек өкпелеп ауылына кетсе, тасыған Есіл сабасына түскенше орала алмайды, ол ұзақ уақыт, оған дейін қыз ұзатылып кетеді. Эпитет сарша тамыз, мөлдір толқын, асау тасқын, бойжеткен шалғын, жібек шалғын, шайқалған шалғын, кəрі үйеңкі, күміс қабықты қайың, қалайы қабықты терек, мыс қабықты мойыл, ши борбай шілік, шымшымпаз шеңгел, кірпі түкті тікен мен долана, торы тобылғы, сұңқылдап аққу, қаңқылдап қаз, шаңқылдап шағала, безектеп қызғыш, барылдап үйрек, сайрап бұлбұл, 26


шықылықтап сауысқан, қарқылдап қарға, шырылдап шегіртке, майда қоңыр əн; метафора тоғай шайы шымылдықтай желпінеді, кəмшат құндызының қылшығы, жасыл жібекті жамылып, жібек құндаққа енесің; теңеу сеңдей қалқып, жібектей жұмсақ, жұпардай иісі, сұлудай сыланады, тотының қанатындай толықсыған, ақ меруерттей, бөдененің жұмыртқасындай, балдай ериді; портрет автордың Мырзатайды суреттеуі; лирикалық шегініс əңгімедегі «Есіл тасып барады» əнінің тарихын баяндаған ойбөлік. «Тұжырымдалық карта» əдісі арқылы сынып түгелдей үйден мəтінмен жұмыс жасап келіп, өз жұмыстарын жүйелі түрде ағаш тəріздес тармақтар секілді біріктіре отырып, ақпараттар арасында байланыстар орнатып еркін сөйлеп баяндады.Сөзбен айшықтап сурет салған жазушының шеберлігіне тоқталып, өз еріктерімен шығармашылық жұмыспен айналысуға бағыт-бағдар алды. Қорыта келгенде белсенді оқыту əдіс-тəсілдерін қазақ тілі мен əдебиет сабақтарында пайдалану арқылы оқушылардың бойында мəтінмен толық танысып, сөз мағынасының астарына терең зер сала түсіне қарау жəне оған өзіндік көзқарас қалыптастыру қасиеті байқалды. Өзін жеке тұлға ретінде сезініп,көпшілік алдында еркін сөйлеуге төселді. Шығармашылқ таланттарын ұштады. Əдебиетке қызығушылығы бар оқушылардың өлеңдері аудандық «Мақат тынысы» басылымдарына жарияланып, аудандық, облыстық ақындар мүшайрасы мен ғылыми жобаларда жүлделі орындарды иеленді. Белсенді оқыту əдіс-тəсілдерін қазақ тілі мен əдебиет сабақтарында қолданып, оқушы бойында еркін сөйлеу дағдысын қалыптастырған жетістіктерім жайындағы баяндамам облыстық көлемдегі семинарда тыңдалып, жинаққа енді. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Оқыту мен оқудың белсенді əдістері NIS, Астана, 2013. 2.«Педагогиканы оқыту əдістемесі», Алматы, 2011. 3.Мұханбетжанова Ə. «Педагогиканы оқыту əдістемесі», Алматы, 2011. 4. Қ. Сарбасова. Инновациялық педагогикалық технологиялар, 2006. 5. Мұғалімге арналған нұсқаулық,«Тəжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кəсіби даму бағдарламасы 2016 . МЕТОДЫ И ПРИЕМЫ РАБОТЫ ПО РАЗВИТИЮ РЕЧИ ШКОЛЬНИКОВ Кенжегалиева Гульнара Сериковна Учитель русского языка и литературы Талдыкольского комплекса школа-дет-сад Махамбетского района Атырауской области

Русская речь наших детей, но и взрослых часто бедна. Не секрет, что у нас(в селе Талдыкол) не говорят на русском языке.Многие из нас не обладают словарным запасом, не умеют ясно и грамматически правильно говорить,излагать собственные мысли в свободной творческой 27


интерпретации в устной и письменной форме, выражать свои эмоции разнообразными интонационными средствами, не соблюдают речевую культуру и не развивают умение общаться. . В селе Талдыкол нет класса с русским языком обучения, дети из интернациональной семьи обучаются в школе с казахским языком обучения. Несмотря на национальность, ученикам нелегко удается коммуникация на русском языке. В школе обучение с первого по четвёртый класс ведётся на родном языке, а русский язык преподаётся как предмет.В таких условиях ученик знакомится с русским языком ограниченное количество времени в неделю.Естественно, отводимых программой на русский язык и чтение, усвоить русский язык и подготовить детей к обучению на русском языке с 1 класса( учитывая недельную нагрузку, то есть 2 раза в неделю) - задача сложная и трудоёмкая. Задачи, решаемые на уроке: - изучение речевого развития учащихся. - отработка произносительных навыков. - уточнение, обогащение и активизация словарного запаса. - развитие умения грамматически правильно оформлять предложения. -развитие диалогической и монологической форм устной речи. -выработка умения связно и логично излагать свои мысли.В своей практике очень много провожу работы над развитием речи учащихся на уроках русского языка. Работу по развитию речи разделила на четыре стадии: 1.Словарная работа; перевод на казахский язык; Как правило, придя в школу, ученик-казах не знает вообще или знает очень ограниченное количество русских слов.Некоторые дети из интернациональных семей еще до поступления в школу владеют русским языком на уровне семейного общения. Часть детей знает отдельные слова русского языка, но не имеет прочных навыков общения. Другая часть (их большинство) не владеет русским языком ни на каком уровне. Словарные занятия на уроках русского языка являются одним из основных звеньев разнообразной работы по развитию речи учащихся. Овладение словарным составом литературного языка является необходимым условием освоения учащимися родного языка: его орфоэпии, орфографии, грамматики, правильного словоупотребления, и, наконец, связной речи вообще. На задаче каждый знать пять слов 2.Лексическое значение. Хотя у меня это и второй этап, он начинается задолго до завершения первого этапа и не завершается никогда: изучение новой лексики происходит ежедневно. Направлена на ознакомление учащихся с лексическим значением новых для них слов (словосочетаний), значение которых дети понимают неправильно или неточно. К.Д.Ушинскому сказал: “Дитя, которое не привыкло вникать в смысл слова, темно понимает или вовсе не понимает его настоящего значения и не 28


получило навыка распоряжаться им свободно в устной и письменной речи, всегда будет страдать от этого коренного недостатка при изучении всякого другого предмета”. Преследовать цели грамматические: усвоение некоторых грамматических форм, образование которых вызывает у детей затруднения (например, род, число, время и т.д).2)Лексическое значение;показ стилистического своеобразия употребления данного слова. В рассказе«Верблюжонок» рассказывается о девочке Ботагоз. БОТАГОЗв переводе с казахского языка—верблюжий глаз, черные, как смородина, глаза. В Индий сравнивают красивые глаза с глазами коровы. Таким образом показываю лексическое своеобразие слова. 3.Синтаксическая уровень. Если на протяжении первых двух этапов мы учились понимать иностранный язык, то на этом этапе мы начинаем активно использовать язык для коммуникации и выражения наших мыслей. Здесь важно уловить тот момент, какие слова и выражение обычно используются для выражения определенной мысли носителями. Формирование умений и навыков связного изложения мыслей. Развитие связной речи предполагает работу над содержанием, построением и языковым оформлением высказывания, которая осуществляется при выполнении специальных упражнений и при подготовке к изложению и сочинению. Она включает формирование и совершенствование умений анализировать тему,уточнять её границы, определять основную мысль, составлять план в соответствии с ним систематизировать материал, правильно отбирать языковые средства. а.Составление модели языка- грамматическую структуру( синтаксические связи, вопросы, части речи); б. семантику словосочетания, выражающего то или иное значение. в. составление предложения по данной теме. г. составление предложения по предметной или сюжетной картинке. д. составление предложения по 1-3 опорным словам. е.составление предложений с использованием заданного словосочетания. 4) Артикуляция звуков речи. Работу на уроках обучения грамоте начинаю с отработки чистого произношения звуков, используя комплекс фонетических, артикуляционных упражнений, способствующих выработке у детей правильного произношения звуков, слов, развивающих умение слышать звуки в словах, подбирать слова на определенные звуки. Отчетливо и быстро прочитай слоги: за-зо-зы-зэ-зу. Доскажи строку: та-та-та – у нас дома чистота. Доскажи слово: му-му-му– молоко (кому?) В данном опыте решены следующие задачи: Словарь школьников заметно обогатился. Умение работать по картине. 29


Умение определять род. Умение прочитанное перевести на родной язык. Литература: 1.Обучение сочинению по картине. –Волгоград, 2014. 2.У.А.Жанпеисова. Русская речь.-2012. 3.Е.М. Мордес . Искать, пробовать, обучать…. Волгоград 2002. 4.Ушинский К.Д. Собрание сочинений М., DEVELOPING STUDENT’S CREATIVE IMAGINATION AT ENGLISH LESSONS BAKTYGEREYEV NURLAN English teacher MSE "City Lyceum" "City department of education"

"It strongly that surrounds us and that made by human hands, the whole world of culture, in contrast to the natural world-all this is the product of human imagination and creativity, based on this mind." This idea LS Vygotsky and now, 60 years later, has not lost its significance and retain their cognitive potential. Imagination is an integral component of the full development of the child's behavior as a whole. In recent years, in the pages of psychological and pedagogical literature is increasingly placed on the role of imagination in the child's mental development, the definition of the essence of the mechanisms of the imagination. Interest in the imagination as a mental process emerged relatively recently - at the turn of XIX-XX centuries. By this time the first attempts to study the function of experimental imaging (T. Ribot). Gradually aspects of studying this problem more and more extended, developed techniques to experimentally investigate the function of imagination, given the attempts of theoretical understanding of the data, the issues of the relationship of the imagination to other cognitive processes. Work in this area was conducted mainly in two directions: on the one hand, to study the development of imagination in ontogenesis (Vygotsky A.YA. Dudetskaya),on the other-functional development of the process. Of particular relevance acquired a study on the "nature" of creativity (AM Matyushkin), the development of principles and methods for creation of differential psychology diagnostic methods for early detection and the development of creative abilities of children. Thus, in the psychology of growing interest to the problems of art, and through him to the imagination, as an important component of any form of creative activity. Many researchers note that in the process of schooling mostly "practicing" mental processes such as memory, perception, thinking, and the development of imagination neglected.However,given that all cognitive processes are in a relationship close connection and interdependence (as elements of a single system), we can say that the active development of training activities in any of these functions, and creates favorable conditions for the development of imagination. 30


Due to the nature and cause of the distinction:1) involuntary;2) an arbitrary imagination; due to the characteristic features of imaginary representations, as well as tasks that are put before an arbitrary imagination, distinguish; 3) to recreate; 4) imagination ;5) human dreams. Analysis of the current state of education, especially its initial level - preschool and early childhood, suggests the growing gap between their own lives and the education system, reducible to the transfer of knowledge, skills reproducing nature. Multiple increase the flow of information is forcing educational institutions to look for new more intense work with children. Many educators already understand that it is necessary to organize the work with the child so that he could work with any information fields, he had developed imaginative and had the skills to work with the creative tasks. Only with these qualities can be guaranteed a full training of the younger person to the next life. There are different kinds of creative jobs for younger pupils at English lessons. One such species is the composition. This composition - the highest form of manifestation of creative imagination of the child. Works in the school have a special place: they are subject to some other system of speech exercises. It requires the student, activity, hobbies, make something of his, in a personal text. It contributes to a student's personality.The choice of words, figures of speech and proposals, consideration of the composition of the story, the selection of material, establishing a logical connection, spell checking - the entire stage of a complex set of actions required by the student's high voltage all its creative forces, developing his creative imagination. Students love to work, love it for its creative nature, because it is possible to show independence,to write his own. They reveal the topic, collect material, systematize it, make a plan and adjust it, subordinating its work plan, the means chosen language, the best solutions for "communication problem". In preparation for the oral stories and written essays, students learn: to understand the given topic or find your own, to determine its content and scope, boundaries, stick to the topic at all stages of the preparation and presentation of his story, compositions, suitable estimated to the material to the subject as a whole, to express their attitude to the represented, send a text works , the story his own position;positioning the material in the correct sequence, make a plan and stick to it in the construction of a coherent text, if necessary, change the sequence; choose the right words and other means of language, syntax, and to build a coherent text;correct spelling and calligraphy to write the text, punctuate, divide the text into paragraphs, to comply with the red line, field and other requirements; to detect flaws and mistakes in his work, as well as in the speech of other students, and others to correct their mistakes, improve writing One of the effective methods of creative imagination at English lessons is the artistic activity. Children of primary school age are very fond of watching and artistic creativity. It allows the child to the fullest free form to reveal their identity. All art work is based on the active imagination, creative thinking. These features provide a new baby, an unusual view of the world 31


In order to develop the creative imagination of younger schoolboys at lessons of English were performed creative tasks taken from the course of development of creative imagination The aim of the course is to develop the creative abilities of children that solve the problem of the problem and to create creative products (riddles, proverbs, stories, drawings, etc.). The course is focused on the development of an extraordinary creative thinking in children of primary school age, the formation of skill to solve inventor (problem) problem and raise interest in their own creativity, to seek rational solutions. This course is based on the techniques and methods of the theory of inventive problem solving developed by GS Altshuller. The course of development of creative imagination is very interesting and varied. It is necessary to awaken the creative imagination of students and enhance their creative activity in the English class. Children write poems, short poems for the training of grammatical phenomena, puzzles, games couplets, the choice of words to rhyme to the given word, ending stories, compositions on various topics. References: 1.Полуянов Ю.А. Воображение и способности. - М.: Знание, 2003. - 155 с. 2.Выготский, Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. / Л.С. Выготский. - М.: Психология, 2001. - 457 с. 3.Алябьева Е.А. Развитие воображения и речи детей 4-7 лет:Игровые технологии. М.: ТЦ Сфера, 2005. - 128 с. 4. Боровик О.В. Развитие воображения: Методические рекомендации. - М., 2000. - 279 с. 5. Соловова Е.Н. Методика обучения иностранному языку: пособие для студентов пед. вузов - М.: АСТ: Астрель, 2008. - 238 с. 6. Глухов В.П. Наши дети учатся сочинять сказки: Методическое пособие к наглядно-дидактическому материалу по развитию воображения и речи детей старшего дошкольного возраста с недоразвитием речи / М.: АРКТИ, 2005. 7. Лапп Е.А. Характерные особенности продуктивных письменных работ младших школьников с ЗПР. // Дефектология № 6, 2006. - 218 с. 8.Пакша Л.М.Развитие творческого воображения детей. Занятия изобразительной деятельностью. // Начальная школа. 2005. № 12. 9. Зяблицева М.А. Развитие памяти и воображения у детей. Игры и упражнения / Ростов. н/Д.: Феникс, 2005. - 214 с. Бабкина Н.В. Развиваем воображение. // Обучение и воспитание детей с нарушениями развития № 4, 2009. - 95 с. http://infourok.ru/material.html?mid=56444 http://festival.1september.ru/articles/639819/ http://www.openclass.ru/node/362655

32


ГЕОГРАФИЯ ПƏНІНЕН БІЛІМ БЕРУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Каменова Алтын Тлеккабыловна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ы.Алтынсарин атындағы мектебінің жоғары санатты география пəн мұғалімі

Жаңа формация педагогы-рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты Н. Назарбаев Мемлекет мəдениетінің айнасы-мектеп. «Уақыттың жалғыз өлшемі бар, ол-адам ғұмыры. Адам ғұмырының жалғыз өлшемі бар,ол–арттағы халықтың қамы үшін бітіретін іс» - деген сөзді еске алсақ, осындай үлкен іс атқарар бір сала – мектеп жəне оның мұғалімі. Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан əлемде білім саласындағы маңызды болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» жəне де «ХХІ ғасыр оқушысы қандай болу керек?», «ХХІ ғасыр оқушысының мұғалімі қандай болу керек?» деген үш мəселе. Əлемдік өркениетке сай сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, үнемі даму үстінде болатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр. Қазіргі таңда заман талабына сай пəн мұғалімі ғана болу аз, мұғалім-ұстаз,инноватор,иннотехник болуы тиіс.Мұғалім өзі иннотехник дəрежесіне көтерілу үшін инновациялық технологияларды меңгеру керек.Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбек етуінен туатын педагогикалық шығарма.Сабақ үстінде небір күрделі қиындықтар, əр түрлі ситуациялар кездеседі. Шебер ұстаз соның бəріне төтеп беріп, ешқандай əрекетке жол бермей, сабақ үрдісін түрлендіріп отыруы керек [2]. Мұғалім информатор,бақылаушы,тексеруші, жазалаушы қызметін тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болуы керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін-өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тəрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау-бүгінгі таңдағы мұғалімнің кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Мұғалім жеке тұлғаға көтерілмей, мұндай зор мақсатқа жету екіталай. Оқутəрбие үрдісін ізгілендіру, технологияландыру əр мұғалімнен ғылыми еңбекті талап етеді.Педагогика, технология əлеміндегі жаңалықтарға үңілу, оны зерделей,зерттей отырып іс-тəжірибеге пайдалану,өзінің техногиясын қалыптастыру-заман талабы,заман ағымына ілесу де оңай емес. Қоғамдағы болып жатырған əлеуметтік-экономикалық өзгерістерде əлеуметгі белсенді. Өздігінен шешім қабылдауға қабілетті туындаған мəселенің тез жауабын таба алатын шығармашыл тұлғаға деген сұраныс арта 33


түсуде. Болашақ мұғалімнің кəсіби құзыреттілік деңгейін көтеру, сондай-ақ еркін жəне белсенді ойлауға қабілетті, заманауи оқу-тəрбие жұмысын жоспарлай алатын, жаңа идеяларды оқыту мен тəрбие процессінде өз бетінше іске асыра алатын тұлғаны калыптастыру басты мəселе болып отыр. Қазіргі педагогика саласында болашақ мұғалімнің кəсіби құзырлылық деңгейін көтеруде, құзырлылықгың бірнеше белгілері пайдаланылады. Олар: тұлға аралық жəне еңбектегі байланыс мəдениеті; өз қызметінде экономикалық əлеуметтік, кұқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеру; практикалық кəсіби тапсырмаларды орындаудағы дайыңдығы; туындаған жағдайларға байланысты қандай да бір əдістерді қолдана білу біліктілігі. Сондай-ақ мұғалімнің кəсіби құзырлылылық деңгейі: Біріншіден, мектептегі оқу-тəрбие жұмысы арқылы шығармашыл оқушыларды қалыптастыруынан; Екіншіден, өзінің кəсіби іс-əрекеті арқылы жақсы нəтижегелерге жете білуінен; Үшіншіден, кəсіби мүмкіндіктерін іске асыра білуінен байқалады. Кəсіби оқыту үрдісін ұйымдастыруда құзырлы мұғалім құзыреттілік қабілетінің бірнеше түрлерімен жұмыстанғанда ғана өз еңбегінің нəтижесіне жетеді.Мысалы: Арнайы құзыреттілік-кəсіби қызметімен жоғарғы деңгейде айналысатын жəне кəсіби дамуын одан əрі жобалай білу қабілеті. Əлеуметтік құзыреттілік-бірлескен кəсіптік қызметпен айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен), қызмет ету, басқару кəсібінде қабылданған кəсіби қарым-қатынас тəсілдерін қолдана білу қабілеті.Білім беру қүзыреттілігі-білім беру қызметінде кəсіби білімді, білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық жəне білім беру қызметінде субъектілік пен креативтіліктің дамуына ынталылық,педагогикалық жəне əлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру мектептерге, мұғалімнің жұмысына жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Ұстазға тəн мынадай сипаттарды даралап көрсетуге болады: - Дүниетанымдық көзқарасы, сенімі; - Қызметке бейімділігі; - Кəсіптік білімі мен біліктілігі; Қамқорлық көзқарас, сүйіспеншілік сезім; - Ұйымдастырушылық қабілет; 34


- Заманға сай жаңашылдық. Осындай даралық қасиеттер ұстаздық бақытқа жеткізеді.Бақыттың үлкені-өзіңді-өзің тану.Ұстаз өзін-өзі қай уақытта таниды?Ол алдындағы шəкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сəтінен таниды. Білім беруде кəсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пəнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тəжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кəсіби маман педагогті атаймыз.Ендеше, бүгінгі білім мен білік бəсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тəрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. XXI -ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман,білімді де білікті көп оқитын, көп білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. XXI ғасырда əлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды өзгертуде. Əлем елдерінің тəжірибесінде əр елдің, əр мемлекеттің өзіне тəн жалпы орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің əрқайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері бар. Заман өзгеріп, біз жаңа бағытқа бет бұрдық. Қазіргі заман мұғалімі «мұғалім-фасилитатор» жəне «мұғалім-челленджер» рөлдерінде болу керек. Осыған байланысты Қазақстанға (2012) Кембридж университеті ғалымдарының оқыту тəсілі, яғни жеті модуль идеяларынан тұратын білім беру мен білім алудағы жаңа бағдарлама енгізілді. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тəжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу, яғни оқушыға дайын білім бермей, оны дамыта оқытып, ізденушілікзерттеушілік əрекетінің ұйымдастырылуын, игерген білімін іс-əрекетте пайдалана алуын көздейді, ал негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген. Осы курстан ерекше көңіліме түйгенім-əр күнде түрліше сабақты ұйымдастыру түрлері, яғни, балаға қолайлы орта жасау жəне оқытудың жаңа əдіс-тəсілдері болды. Бұл бағдарламаны оқып-үйреніп, оны өз жұмысымда қолданып кəсібімнің қыр-сырына тереңдей түстім. Білім беру аймағындағы Сингапурдың мемлекеттік саясаты қызығушылық тудырады. Өзінің икемділігіне, қабілеттері,қызығушылықтары жəне бейімділіктері əр түрлі балалардың қажеттіліктерін адамгершілік құндылықтарға тəрбиелей отырып қанағаттандыру себептеріне байланысты Сингапурлық білім беру саясаты əлемдегі ең тиімді болып аталды. Сонымен,географиялық білім беру жағдайын зерттеу мен талдау төмендегіні көрсетеді:- географиялық білім берудің жəне қазіргі заманғы 35


ақпараттық ағындар,қоғамды ақпараттандырудың жоғары деңгейі жағдайында географияны оқыту үдерісінен туындайтын құзыреттерді іс жүзінде қолданудың рөлі артады;- білімділікті, тұлғалық жəне кəсіби құзыреттілікті тиімді қалыптастыру оқушылардың географиялық мəдениетін қалыптастыру арқылы ғана мүмкін;-қазіргі заманғы адам мəдениетінің дамуын географиялық білімсіз, мəдениетінсіз қарастыру мүмкін емес. Пайдаланылған əдебиеттер 1. Қазақстан Республикасының « Білім туралы » Заңы. Ақорда 2015. 2. Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-əдістемелік журнал. №1. 2007. 3. А.Скендірова жəне авторлық бірлестікте. 4. Жаңа формациядағы педагогтың жеке элитарлы тұлғалық үлгісімен ісəрекетінің ерекшеліктері// «Педагогика жəне психология» атты ғылымиəдістемелік журнал. №1. Алматы. 2009. 5. Молдрахметова О Білім берудегі инновациялық технологиялар 6. География, биология, экология орта мектепте. №1. 2016.

ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА ЗАМАНАУИ ƏДІС- ТƏСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Қалауова Б.Т. Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназиясының 1 санатты химия пəнінің мұғалімі

Білім–теңіз,мектеп–кеме.Мұғалім–мектептің жүрегі.Білім нəрімен сусындап, оның құпиясын аша білу–күрделі де қиын іс. Осы білім теңізінде еркін жүздіру– бала жанының бағбаны мұғалімнің іс-əрекеті. Жас ұрпақты өткенін ұлықтап,бүгінімен мақтанатын,болашағына үмітпен қарайтын патриоттық-азаматтыққа тəрбиелеу, əлемдік сапа деңгейінде білім беру,рухани-адамгершілік құндылықтарын арттыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесіндегі өзекті мəселелердің бірі. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйласа, ұстаз шəкіртіне талап сыйлайды» деген халқымыздың қанатты сөзі ұстаз арқылы дарыған талаппен ұрпақтың алысқа ұшатынын меңзеген. Олай болса, мұғалім əрдайым бала жанының тамыршысы болып, бала жүрегінің пернелерін дəл тауып, оны ойната білуі керек. Сондықтан «Мұғалім əрдайым ізденісте болса ғана, шəкірт жанына нұр құя алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, мұғалім əрдайым ізденіс үстінде болуы маңызды. Сабақтарымда оқушыларға ұлттық құндылықтарымызды насихаттай отырып номерленген асықтар арқылы «Ханталапай» ойынын ойнатып ынтымақтастық орната отырып топқа бөліп, қызылмен боялған асық түскен оқушы топ басшысы болады. Бұл менің топтастыруға арнайы ойлап тапқан оңтайлы əдісім десе де болады. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында 36


қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы . Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес,шыңдалған ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан жəне шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады.Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында.Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен əрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады.СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, əдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сəйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. Біздің міндетіміз- оқушыға оны бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дəлелдеуші болады, ал мұғалім осы əрекетке бағыттауда,оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады. Сабақтарымның көбінде «Миға шабуыл стратегиясын» қолданамын. Бұл ұжымдық талқылау, мəселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді əдіс. Қандайда бір проблеманы əр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл əдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды əдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының шығармашыл ойлауын жақсы дамытады.Сабақтарда суреттер мен сызбалар беру, бейнекөрсетілімдер көрсету, қызықты əңгімелер оқу арқылы тақырыпты анықтауға көмектеседі. Мысалы «Қышқылдар» тақырыбын өткен кезде, тұрмыста қолданылатын қышқыл дəмді тағамдардың суретін көрсету, «Химия өнірісі» тақырыбына қатысты тақырыптарды өткенде сол өндіріс орнына қатысты бейнефильмдерді көрсету, т.б. Оқушыларға ойлауға түрткі болатын проблемалық сұрақтар қою арқылы сыныпағы барлық оқушыны белсенді қатысуға шақырып, əрқайсысынң пікірін тыңдауға тырысамын. Мысалы «Фтор, бром, йодтың қасиеттері» тақырыбын өткен кезде галогендердің келесі өкілін білу үшін мынадай сұрақтар қойдым: Менделеев ауылының галогендер көшесіндегі келесі тұрғындар кімдер еді? Олар нешінші пəтерде тұрады? Оларды бір-біріне қандай қасиеттері туыс етеді? Оқушылар периодтық жүйені қолдана отырып жауап берді.Сондай - ақ проблемалық сұрақтар арқылы ынталандыру оқушылардың терең білім алуына тиімді тəсілдердің бірі деп ойлаймын. Мысалы «Хлорсутек. Тұз қышқылы» тақырыбы бойынша «Тұз қышқылын қайда сақтаймыз жəне қалай тасымалдаймыз?»,«Қарын сөліндегі тұз қышқылының ролі қандай?», «Фонтан»,«түтін» сөздерінің хлорсутек, тұз қышқылына қатысы қандай? түріндегі сұрақтар балалардың өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблеманы шешуге жетелейді. Сондай-ақ тапсырманы жұмбақтап қойып, оқушыларды біріншіден ойлауға шақырсам, екіншіден 37


олардың қызығушылығын арттыруға бағыттап отырдым. Өйткені бір сарынды сұрақтардың балаларды жалықтырып жіберетіні анық. Оқушыларға сұрақтарды өмірмен байланыстыра отырып қоюдың маңызы зор. «Хлоридтер» тақырыбын өткен кезде балаларға сынауықтардағығы түстері бірдей үш сынауықтағы белгісіз сұйықтықтың ішінен «Қайсысы хлорид екенін табыңдар» деп сауал тастадым. Оқушылар ойлана отырып жауап берді. Мұндай сұрақтар оқушылардың танымдық ойлауын қалыптастырады. Сабақ барысында оқушылардың тақырыпқа қатысты логикалық ойлауын дамытатын тапсырмаларды орындатып отырудың маңызы зор деп есептеймін. Мысалы «Металдардың адам өміріндегі жəне табиғи ортадағы маңызы» тақырыбын өткен кезде тақырып соңындағы мына тапсырманы алатын болсақ, «Алхимиктер жай металдарды асыл металдарға айналдыру үшін «трансмутация»əдісін іздеді. Олар темір бұйымдарды мыс купоросы ерітіндісінде ұзақ уақыт ұстағанда ол заттар мысқа «айналды» деп есептеді, сондықтан мұндай құбылыстың болуы əбден мүмкін деп санады? Осы процесті сендер қалай түсіндіресіңдер?».Осы тапсырманы оқушылар тəжірибе жүзінде жасап, күнделікті өмірмен байланысына, маңызына қызығушылық таныта білді. Мұндай тапсырмалар оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыра түсері анық. Оқушылардың жаңа сабақ бойынша алған білімін жинақтау, жүйелеу мақсатында оқушыларды сыни ойлауға арналған тапсырмалар түрінде беру, мысалы «Металдардың адам өміріндегі жəне табиғи ортадағы маңызы» тақырыбында өткен сабағымда «Бір мақал, бір жұмбақ, бір сұрақ, есеп» деп аталатын тапсырма түрін ойлап тауып,топ ішінде сол өтілген тақырып бойынша оқушылар қызығушылығын оятатын тапсырмалар бердім. Жəне де осылай берілген сұрақтарға оқушылар аса қызығушылық танытатынын байқадым. Мысалы, 1-топ. 1.«Орнын тапқан шеге оңды» мақалының мағынасын қалай түсіндіруге болады? 2.Ертеден білгілі жетеудің бірімін, Электротехника саласында ірімін. Көптеген құймаларға кіремін Əдемілігім жөнінде алтынмен тең жүремін. (Мыс – Cu) 3.Қара металлургияның наны деген атау қай металдың маңыздылығына негізделген? 4.Медицинада кальций хлоридінің 10 % -дық ерітіндісі қолданылады. Массасы 300г ерітінді дайындау үшін кристалгидраттың СаСІ2*6Н2О қандай массасы қажет? 2- топ. 1.«Ағаш кессең ұзын кес, қысқартуың оңай, темір кессең қысқа кес, ұзартуың оңай» мақалының мағынасын қалай түсіндіруге болады? 2. Болмасам да айтарлықтай салмағым, Мен көбіңнен ардақтымын алдамын. 38


Ұшақ болып аспанға ұшып қалықтап Жердің жүзін, көк аспанды шарладым, (Al – алюминий). 3. Қанға қызыл түс беретін ........ ионы. (Fe3+ ионы) 4. Сутектермия реакциясына 250л сутек (қ.ж.) қатысқан болса, воьфрам (VІ) оксидінен қанша грам вольфрам металы алынады? 3-топ. 1.«Аз сөз алтын, көп сөз көмір» мақалының мағынасын қалай түсіндіруге болады? 2. Менделеев аулының 6 – шы көшесінде тұрағым Əр түнде адамдармен жүздесіп тұрамын. Мені балқыта алмай қиналады көбісі, Қазақстан Əлемде кенім жөнінен біріншісі. (W–вольфрам. tбалқу34100С) 3. Кальций ағзағамызға қандай тағамдар арқылы түседі. ( сүт,балық, теңіз өнімдерінде) 4.Құрамында 10% қоспасы 300 г техникалық алюминий оксидінен электролиз əдісімен қанша алюминий алуға болады? Оқушыларға осы тектес сыни сұрақтарды ойлатып, дайындауға үйрете білсек, бұл əдіс қарапайым он сұрақтан əсерлі де ұтымды болары сөзсіз деп ойлаймын. «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» демекші, менің ұстаз ретінде де, еліміздің ұлтжанды азаматшасы ретінде де арманым еліміздің əрбір азаматы терең білімді, интеллектуалды, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, əрқайсысы еліміздің дамуына өз үлесін қоса алатын болса деймін. Сондықтан, өз шəкірттеріме білімімді одан əрі жетілдіре отырып беру, талантты да талапты оқушылар оқытып тəрбиелеу – негізгі мақсатым. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. [Мұғалімге арналған нұсқаулық.] «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2016 2.Р.Қ.Қарсыбаева.[Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясының ерекшелігі.] «45-Минут» №1 2009. 3. Білімдегі жаңалықтар. 2007. №4 26-28 б. 4. Химия мектепте 2003. № 4 5. Химик анықтамалығы журналы. 2016.№1-6 ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Жиенқұлова Жанар Амандыққызы Атырау облысы Жылыой ауданы № 3 орта мектептің I санатты математика пəнінің мұғалімі

«Ақыл ойды тəртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек»-деп М.В.Ломоносов айтқандай математика ең қажетті пəн деп есептеймін.Математиканың негізі есеп.Логикалық есеп математиканы өмірмен ұштастыруға,қажеттілікке жаратуға үйретумен қатар адамның ойлау қабілетін 39


жетілдіруге зор ықпал етеді.Логикалық есептер жүйелі түрде ойлануға, ізденуге үйретеді. Математикада логикалық есептердің алатын орны ерекше. Логикалық есептерді шығару–математикалық білімді өмірмен тығыз байланыстыруға, өмірден алған тəжірибемізді математиканы оқып-білуге кеңінен пайдалануға, еңбекпен байланыстыруға көмектеседі. Есеп шығару–ой-өрісі.Кез-келген жұмысты атқару үшін оның неден тұратынын жəне оны орындау үшін қандай құрал, əдіс керек екенін алдын ала анықтап алу керек. Есепті шешу амалдарын өздігінен жүзеге асыру адамның ойлау қабілетіне,есеп шартын толық түсінуіне байланысты.Сондықтан оқушыдан белсенділікті арттыруды логикалық талдау жасай білуді яғни өзіндік ізденуді талап етеді.Шынындада əрбір есеп мазмұнының өзі проблемалық сипаттағы белгілі бір тапсырма–сұрақтар жүйесін қамтиды да, оны шығару процесінде сəйкес талдау, талқылау жүргізе отырып, тиісті тəсілді жəне жауапты іріктеп алу,іздеу сияқты күрделі ақыл-ой операцияларын орындауды талап етеді.Логикалық есептерді шешудің əдістері алуан түрлі. Логикалық есептерді шешу қызықтырғандықтан жұмысымды осы тақырыпта таңдадым. Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі–білімді əлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша,тəуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын,терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр,сондықтан басқыштап іс істеу керек.Оқулықтағы берілген тапсырмалар,суреттер баланың жанына дұрыс əсер ететіндей,оқушының оқуға, білімге деген ынта–ықыласы, құштарлығы болуы керек». Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс,бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру,сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. «Логикалық ойлау–логикалық сөйлеудің негізі,ал мұны–логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К.Д.Ушинский. Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мəселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Əйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді.Біріншіден,ойлаудың логикалық формаларын игерудің өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау баланы логика табалдырығына жеткізеді.Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан кейін, бейнелік ойлау өзінің мəнін ешбір жоғалтпайды. Тəжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының ой жүйелігінің 40


қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал–тəсілдерін тауып,орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет. Кең мағынада алғанда, математикалық жаттығу деп кез келген математикалық мазмұндағы тапсырмаларды түсінеміз. Басқаша айтқанда, математикалық жаттығуларды құрылысы жағынан мысалдар,есептер, логикалық жаттығулар, есеп құрастырумен байланысты жаттығулар, т.с.с. деп бөлуге болады. Шығармашылық жаттығулар ұсынылғанда,оқушының алдында мақсатқа өзіне мəлім əрекет тəсілімен жете алмайтын проблемалық жағдаят пайда болып,ол оқушының интеллектуалдық қиналуын туғызуы мүмкін. Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың жаңа бір нəрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пəн төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пəнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз. Жалпы өз жұмысымда бірнеше логикалық есептерді шешудің жолдарын ұсынғанды жөн көріп отырмын. 1нұсқа №25 Сандар қатары қандай да бiр заӊдылықпен берiлген. Сұрақ белгiсiнiӊ орнына қандай сан жазылу керек? 14(625) 11; 12(196) 2; 10(?) 5 A)15 B)225 C)100 D)250 E)25 Шығарылуы: 14(625) 11; 14+11=25·25=625 12(196) 2; 12+2=14·14=196 10(?) 5 10+5=15·15=225 3-нұсқа №25 Сұрақ белгiciнiӊ орнына қандай сан жазылу керек? 1(27)2 2(64)2 2(?)3 A)125 B)80 C)101 D)110 E)54 Шығарылуы: 3

1(27)2

1+2=3 =27

2(64)2

2+2=4 =64

3

3

2(?)3 2+3=5 =125 9- нұсқа №25 Қабырғасы 4см боялған ағаш текшенi, қабырғасы 1см болатын кiшкене бiрнеше текшелерге кестi. Бiр жағы боялған неше текше бар? 41


А) 6

В) 24 С)20 D)30

Е) 8

10-нұсқа №25 Бiзге m-саны 2;5 жəне 7-ге бөлiнетiн натурал сан екенi белгiлi. Төмендегi тұжырымдаманыӊ қайсысы дұрыс?  I)m²+100, 100-дiӊ еселiгi  II)m+28, 14-тiӊ еселiгi  III)m²+1, 2-нiӊ еселiгi  А) тек II В)I,II жəне III С)текIII D)тек I жəне III Е) I жəне II Шығарылуы: ЕКОЕ(2,5,7)=70 I)m²+100, 100-дiӊ еселiгi 70·70+100=5000:100=50 II)m+28, 14-тiӊ еселiгi 70+28=98 ; 98:14=7 III)m²+1, 2-нiӊ еселiгi 70·70=4900+1=4901:2=245,5 16- нұсқа №25 Мен жолдасымнан телефон нөмiрiн сұрадым. Ол маған «4-шi жəне 5-шi цифры бiр санныӊ квадраты , 6-шы жəне 7-шi цифрда солай. Алғашқы үш цифр бiр санныӊ кубы» дедi . Жолдасымныӊ телефон нөмiрi қандай? А)2164916 В)2161549 С)2161648 D)2154916 Е)2151649 18-нұсқа №25 Алтын сағатқа ойып жазылған жазудыӊ алғашқы 5 əрпiне 476 тг жəне əрбiр келесi қосымша əрпi үшiн 14 тг төлендi. 644 тг төленiп жазылған адамныӊ аты-жөнi неше əрiптен тұрады? А)7 В)17 С) 12 D)19 Е)11 №1 Тізбектей орналасқан сандар қатарын табыңдар 6,10,14,18,х Шешуі: 1) 6+4=10 10+4=14 х=22 3,6,12,24, х 3*2=6 6*2=12 х= 48 2 2 0,3,8,15,24, 1 -1=0 2 -1 =3 62-1=35 2,3,5,8,13,21,х 2+3=5 3+5=8 13+21=34 5,6,8,11,15,20, х 5+1=6 6+2=8 20+6=26 №2 Сандар қатарынан дұрыс емес санды табыңдар: 2,6,18,52,162,486 Шешуі: 3*2=6 6*3=18 18*3=54 № 3 Берілген сандар ішінен өзге санды табу 2. А) 1617 А) 16+1=17 Б) 2930 Б) 29+1=30 В) 4142 В) 41+1=42 Д) 5150 Д) 51+1=52 Жауабы:Д Сабақ барысында да оқушылардың ойлау қабілетін шыңдау бағытында логикалық есептер беріп отырамын. Сонымен оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:  есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру; 42


сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;  есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;  есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;  сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Сейдахметова А.Оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. // Бастауыш мектеп, 2000. №8,9.[Топтық жұмыс есептері] 2.Қосанов Б.М.Математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: орындау технологиясы. Алматы, 2005.72 бет.[Жеке жұмыс есептері 1-5] 3.Рамазан Баяр, Логические вопросы ( казакско-турецкие лицей)-Шың2011. [1-25 нұсқа есептері] 4.Берікұлы А., Математика логика Астана-2015[1,2,6,7-нұсқа есептері] 

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ІСКЕРЛІГІН ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНА ДАМЫТУ Альдешова Райса Атырау облысы Махамбет ауданы №2 Атырау облыстық көмекші мектеп-интернатының математика пəні мұғалімі

Терең білім-тəуелсіздігіміздің тірегі,ақыл-ой-азаттығымыздың алдаспаны. Н.Ə.Назарбаев Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндетолардың əлеуметтік ақталуы мен биімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау жəне көмек көрсету. ҚР Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесі жетілдіруді қарастырды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды.Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды əлеуметтік жəне медикапедагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңын қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мəселесіне мəн берілген. Оларды білім беру,əлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Инклюзивті білім беру–мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мəселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы пандустар, өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге 43


оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру. Тəжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс ерекшеліктері келесі мақсаттарға сүйенеді: Жеке тұлғаның əлеметтік өзіндік танымға қабілеттілігі жəне оның бағытталуы, қызығушылығының қалыптасуы мен дамуы,оқыту іс-əрекетіндегі негізігі білімділік жəне біліктілік дағдыларын үйрену үшін жағдай жасау. Ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларме түзету жұмыстарым келесі міндеттерді құрайды: 1.Сəйкес келетін деңгейіне психофизилогиялық мүмкіндігін дамыту, артикулярлық есту қабілеті,қолының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы,көрумоторлық аппаратын, фонематикалық қозғалыс т.б. 2.Мектеп жағдайына тез бейімделуге қажет əлеуметтік-адамгершілік жағымды мінез-құлық қалыптастыру. 3.Оқуға қызығушылығын дамыту. 4.Жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту (оқу белсенділігі,өз бетімен жұмыс істеу т.б.) арқылы оқудағы негізгі қиындықтарды жою. 5.Жалпы интеллектуалдық жас ерекшелігіне қарай дамыту (салыстыру қарымқатынас, практикалық топ, ойлау т.б.) 6.Жалпы даму деңгейін көтеру жəне жеке дамуындағы ауырпаушылықты түзету. 7.Өз жасына сəйкес баланың жалпы дамуына жəне біліктілік дағдыларын нығайту үшін жағымды əлеуметтік орта қалыптастыру.Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалармен түзету жұмысымның қорытындысы бойынша күтілетін нəтижем: -психофизиолгиялық мүмкіндігі дамиды. -оқудағы негізігі қиындықтары жойылады. -Əлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды,жағымды мінез-құлық қалыптасады. Психологиялық диагоностикада таным процестерін зерттеу, қарымқатынас диогностикасы, мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық дамыту жəне түзету жұмысында таным процестерін дамыту жəне түзету, мотивациялық жəне эмоциялық аясын дамыту жəне түзету, қарым-қатынас аясын түзету жəне дамыту бағытындағы жұмыстар жүгізіледі. Ойын іс-əрекеті баланың танымдық қабылдауына тікелей байланысты жүргізілгені дұрыс.Себебі ойын–оқушының психикалық процестерін дамытудың бірден-бір көзі.Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада:олар ойнайды, эмоциялық əсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті,қиял елестері дамиды. 44


Баланы оқуға қызықтыру жəне дамыту мақсатында, қоршаған ортамен байланысын нығайту үшін күнделікті сабақ алдында, ашықтық, сенімділік деңгейін, эмоционалдық еркіндігін жəне ұжымда бірауыздылық орнатуға жағдай жасайтын жұмыстар жүргізген жөн. Сонымен бірге баланың танымдық іс-əрекетін қалыптастыру барысында əртүрлі психологиялық жаттығулар түзете-дамыту ойындарын өткізу қажет. Дамыту ойындары – бұл баланың танымдық жəне ерік-эмоциялар сферасын дамытуға бағытталған іс-əрекет. Көмекші құрал ретінде қолданылатын дамыту ойындары арқылы түзету жұмыстарының алатын орны ерекше екені сөзсіз.Осы мақсатта психологиялық дамуы тежелген оқушыларға төмендегі ойындарды жүргізу ұсынылады. 1.«Сенемін-сенбеймін» ойыны. тұрақтылығын дамыту. Мақсаты:зейіннің Балалар шеңбер құрып отырады. Психолог допты кез келген бір балаға лақтырып, былай деп айтады: -Піл ұшу біледі; - Құстар апанда ұйықтайды; -Балықтар құрлықта өмір сүреді,т.с.с. Балалар педагог тек шындықты айтқан кезде ғана допты қағып алулары керек. Егер бала жаңылысып, допты қағып алатын болса, онда оған ескерту карточкасы беріледі. Бір ескерту алмаған бала «ең зейінді бала» болып есептеледі. 2. «Ақылды үкі» ойыны. Мақсаты: баланың тіл байлығын дамыту. Балаларға əртүрлі орман мекендеушілерінің суреттері бар карточкалар таратылады. Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы бір бала таңдап алынып, үкі етіп тағайындалады. Ақылды үкі болған бала ортада тұрады.Енді шеңбер бойында тұрған балалардың біреуі өзінің қолындағы карточкадағы бейнеленген жануардың басына түскен бір жағдайды айтады жəне оны шешу үшін ақыл беуін сұрайды. Мысалы:Орманда екі қоян бір үлкен жидек тауып алып, оған таласып қалды. Не істеуге болады? Үкінің ақылы: жидек біреу болғандықтан қояндар оны анасына сыйласын. Ал егер, үкі ақыл айта алмаса, онда ол кімге ақыл бере алмады сол бала оның орнына ақылды үкі болады. 3. «Айтқыштар» ойыны. Мақсаты: іс-əрекетін бақылай алуды дамыту. - Балалар, мен сендерге сұрақ беремін. Сұраққа тек «Айт» деген команда берілген кезде ғана жауап беру керек. -Сендердің кластарыңдағы қабырғаның түсі қандай? -Бүгін аптаның қай күні? -100+54 қосқанда неше болады? Дүкен ойыны. 45


Ойынның шарты: Дүкенде өзін ұстауға үйрету. Дұрыс сауда жасап, өзіне қажетті оқу-құралдарын алу. Дүкенші: Сəлеметсіз бе! Сатып алушы: Сəлеметсіз бе! Дүкенші: Сізге не қажет? Сатып алушы: Маған...... Дүкенші : бұл тауардың құны ..... (Оқушылар кезектесіп, рөлдерін ауыстырып ойнайды) Көргеннен көз жазбаймын. Фигура, суреттерді көріп, қағазға түсіру. Қайсы қолда қанша теңге? Бес теңге мен он теңгені алып, ойынды жүргізуші бір балаға: -Міне, саған 5 теңге мен 10 теңге. 5 теңгені бір қолыңа, 10 теңгені екінші қолыңа жасыр. Мен теріс қарап тұрып,қайсы қолыңа қанша теңгені жасырғаныңды табамын. - Ал, жасырдың ба? Ойынды бастадық. Оң қолыңа жасырған теңгені екі есе көбейт, сол қолыңа жасырған теңгені 5 есе көбейт. Енді, екеуінен шыққан сандарды қос. Қосынды қанша болды? Мысалы 1. «Он көлеміндегі сандарды таныстыру» 1-ден-10-ға дейінгі сандар жазылған топшамалар,жеке суреттер, муляждар, таратпа карточкалар,тақырыптық ойыншықтар,үлестірмелі құралдарын қолдану. 2.Пішіндермен таныстырғанда түрлі-түсті пішіндер, сонымен қатар пішіндер түстерін айтып кетуге болады. 3. Математикалық текшелер, арифметикалық мозайка, лото, т.б. Көрнекі үлгілер балалардың практикалық іскерлігін дамытуға дем береді, олардың назарын заттың белгілерінеаударады., көрнекі түрде зерттеу нəтижесін нығайтуға көмектеседі. Сондықтан мен əр баланың жан-дүниесіне үңілуден бастап, өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң олардың қабылдау деңгейіне қарай іріктеп, талдап, көрнекіліктерді қолданамын. [7,12] Ерекше білім алу қажеттілігі бар балалармен түзете-дамыту жұмысымның шығармашылық бағытымды «Математика сабағында мүмкіндігі шектеулі оқушылардың практикалық іскерлігін ойын түрлерін қолдана дамыту» тақырыбы етіп алдым. Қойған мақсатым: 1.Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың баяу қабылдап, тез ұмытуын ескере отырып, жаңа материалды меңгертуде аз мөлшерде үнемі өткен тақырыпты бекіту, қайталау, ойлау,іскерліктерін қалыптастыруға жағдай туғызу. 2.Оқыту процесінде мүмкіндігі шектеулі оқушының салыстыру, сəйкестендіру жəне қарама-қарсылығын көрсетеуде іскерлікпен,дағдымен қаруландырып қоймай олардың өз бетімен ізденіс дағдыларын ойын түрлерін қолдана түзете дамыту.

46


3.Балаларды танымдық əрекеті жеткілікті өмірге дайындау,еңбекке араласуға қажетті кəсіпті меңгертуде шығармашыл тəрбиелеуге сюжеттік ойын түрлерімен ықпал ету. Математика сабағында оқушылар геометриялық фигуралармен танысады. Нүкте, түзу сызық, қима, дөңгелек, төртбұрыш, тікбұрыш, шаршы, үшбұрыш. Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пəнін, əр түрлі əдістəсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым-қатынаста болуы қажет.Осы мəселелерді əрдайым сабақта, сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес,əр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нəтижесін көрсетеді. Қорыта айтқанда қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет ететінін ескеріп, жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында жəне өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тəрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет. Жас нəрестенің дені сау болса, отбасына зор қуаныш пен бақыт əкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін,тəрбиелі,дені сау азаматтарды көп болып тəрбиелеуіміз керек. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.ҚР «Білім туралы» заңы; 2.ҚР Президентінің Жолдаулары; 3.Дефектология журналдарының топтамасы 4.А.Бидосов «Математиканы оқыту методикасы»; 205-207 бет 5.«Мектептегі психология» журналының тігінділері: 2013-2015; 6.«Көмекші мектепке арналған математика бағдарламасы» 7.«Əлеуметтік педагог» №3 2011. 8.Математика жəне физика журналдар топтамасы 9.Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка. 10.Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте жастан дамыту. Жалмұхамедов А.К. Халықова Б.С.

ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ЭЛЕМЕНТОВ ЛЕГО-ТЕХНОЛОГИЙ НА УРОКАХ ЭКОНОМИЧЕСКИХ ДИСЦИПЛИН Бекмурзиева Саяхат Малдыботыровна КГКП «Атырауский политехнический колледж имени С.Мукашева» преподаватель спец.дисциплин, высшей категории

Использование моделей Лего в учебной деятельности повышает интерес студентов к обучению. Моделирование и конструирование при этом требуются знания практически из всех учебных дисциплин. Межпредметные 47


связи позволяют сформировать целостное представление о значимости темы в финансово- хозяйственной деятельности предприятия. Хочется отметить, что уроки с использованием конструирования подходят для изучения экономических дисциплин, а именно для получения знаний по предметам «Экономика организации», «Основы экономики», «Основы предпринимательской деятельности», «Финансы организации». На уроках по предмету «Экономика отрасли», «Основы предпринимательской деятельности» для студентов вторых курсов предлагается несколько вариантов инструментов, которые используют студенты для создания своего предприятия, используя виртуальные проекты с чертежами 3D. Они создают макет своего предприятия, таким образом, что это не только макет, т.е. конструкторский образ, где студенты по частичкам собирают свое предприятие, но и речевой образ, где им необходимо доказательно исследовать рынок, создать на нем предприятие и указать целесообразность его применения в данном регионе. Можно создавать целые промышленные кластеры в регионе, завоевывать свою нишу на рынке. Лего-конструирование – это современное средство обучения. В связи с внедрением новых стандартов в образовательном процессе, а также как говорится в Послание Президента «Информационный Казахстан 2020», «Цифровой Казахстан В современном мире цифровые технологии играют все более важную роль в развитии экономики страны и образования» подход к изучению экономических дисциплин существенно меняется. И наша задача, как преподавателей, подойти к данному вопросу творчески и нестандартно. Хочется отметить о целях и задач, которые стоят при подготовке к данному уроку. Главной целью на уроках является формирование профессиональных навыков в области экономики, предпринимательства и бизнеса, развитие монографической речи и написание бизнес-плана своей идеи. Данная цель была полностью достигнута,более того,студенты получили массу впечатлений от планирования своей идеи и ее целесообразности ее применения в своей области. Студенты получили знания об открытии своего дела, сами создают, планируют и создают новые рабочие места, всю эту информацию студенты хранят на накопительных носителях, где в свою очередь студенты могут в любое время и в любом месте просмотреть нужную им информацию или домашнее задание. Данная технология носит не только цифровой характер, но и мотивирует студентов к дальнейшим действиям и желании реализовать свой бизнес-план, зародиться духом предпринимательства и организовать свое дело. Это позволяет не только научится выделять существенное, воплощать свои идеи, но и учит работать в команде. Так умение не только слушать, но и слышать участников своей команды очень необходима, так как работа специалиста в области экономики позволяет находиться в тесном сотрудничестве со всеми работниками предприятия, а также анализировать проделанную работу. Образовательные аспекты Лего направлены для объединения различных предметов: основ экономики, экономики организации, экономического 48


анализа, финансового учета, менеджмента и маркетинга в единое целое. Фрагментарное включение в образовательный процесс позволяет благотворно повлиять на использовании Лего в уроке.Каждый студент виртуально вкладывает свою идею в проект.На уроках по теме «Прибыль. Пути формирования прибыли» учатся строить деятельность своего предприятия по структурно- логической схеме, выделять существенное и планировать этапы получения прибыли и все расчеты они выполняют в программе «1С:Бухгалтерия 8.3». В ходе мини-игры «Построй свое предприятие» студенты разбиваются на группы по 5-6 человек и должны создать предприятие, выбрать организационно-правовую форму и построить виртуально модель будущей организации. Здесь студенты учатся объединять постройки, обыгрывать отдельный сюжет, строить историю, проделывать расчеты на специальных прикладных программах, а самое главное создавать свой бизнес план, так как в дальнейшем студенты мечтают открыть свое дело,реализовать себя как молодой предприниматель, для этого они самостоятельно строят свой бизнесплан, ведут расчеты, учатся сбору документов для взятия кредита на открытие малого среднего бизнеса. Этот аспект является одним из приоритетов Послания Президента, что государство готова помочь целеустремленной молодежи построить свое дело и бизнес. Использование Лего – технологии во внеурочной деятельности позволяет привить интерес,сформировать у студентов мотивационного подхода в изучении экономических дисциплин с использованием занимательного материала и созданию макета предприятия, эскиза рекламы.Мотивация на уроке должна быть связана с поиском рациональных методов в принятии управленческих решений. Один студент может давать инструкции, так, чтобы товар был реализован на рынке и получил максимальную прибыль, а все остальные в это время свободно на компьютере конструируют пути поэтапной максимизации прибыли от продажи данного товара, используя программу «1С:Бухгалтерия: Торговля и склад». Возникает необходимость отходить от традиционных уроков к урокам нетрадиционных форм (урок-конкурс, урок- конференция, урок - деловая игра, урок- лабиринт). Использование активных методов активизации, дискуссий, принятия решений и релаксации позволяет легче заинтересовать студентов. От них требуется активная позиция поисковой деятельности. Преподавателю необходимо возбуждать и управлять процессом обучения, создавая необходимые предпосылки для мотивации в учебной деятельности. На уроках студентам предлагается построить себестоимость продукции, используя классификацию затрат по цветам. Студенты на модели собирают все затраты в одну цветовую гамму и пытаются снизить себестоимость продукции. Лего философия, которая включает в себя четыре составляющих: установление взаимосвязей, конструирование, рефлексия, развитие. Ключевым моментом в конструировании основных экономических понятий, путей решения и создания новых условий для устойчивого экономического 49


роста экономики Казахстана служит Лего конструирование собственных проектов, их описание с помощью цифровых технологий. Использование Лего-технологий в образовательной деятельности студентов является мощной поддержкой в развитии интеллектуальных способностей, воспитании у них умения работать над единой идеей, вырабатывании привычки мыслить нестандартно и комплексно, а также грамотным владением цифровых технологий. Очень хорошим подспорьем служит применение компьютерных программ и цифрового оборудования в конструировании и моделировании. Это может быть модель будущего предприятия,с системой бизнес-планирования и созданием управляющей модели в нем. Ни для кого не секрет, что XXI век – это век компьютерных технологий и цифрового оборудования. Интенсивно развиваясь, компьютерная техника проникает практически во все сферы человеческой деятельности, в том числе и в образование. В связи с этим все большее распространение получает такое направление деятельности студентов, как Лего-конструирование с помощью специальных компьютерных программ и создании макетов в ручную. Главное,использование этих методов помогает выполнить заказ общества,подготовить личность,способную самостоятельно мыслить и принимать решения. Список литературы: 1.Бирюков С.А. Цифровые устройства на МОП-интегральных микросхемах /Бирюков С.А.-М.:Радио и связь,2007.-129 с.:ил.-(Массовая радиобиблиотека; Вып. 1132). 2.Шило В.Л. Популярные цифровые микросхемы: Справочник /Шило В.Л.-М.: Металлургия, 2008.-349 с. - (Массовая радиобиблиотека; Вып. 1111). 3. Гольденберг Л.М. Импульсные и цифровые устройства: Учебник для вузов /Гольденберг Л.М.-М.: Связь, 2009.-495 с.: ил..-Библиогр.:с. 494-495. 4. Букреев И.Н. Микроэлектронные схемы цифровых устройств /Букреев И.Н., Мансуров Б.М., Горячев В.И.. - 2-е изд., перераб. и доп..-М.: Сов. радио, 2008.5.http://sdo.uspi.ru/mathem&inform/lek8/lek_8.htm 6.kunegin.narod.ru 7.Суриф Е.А. Педагогическая технология коррекции сенсорного развития дошкольников с нарушением зрения с использованием LEGO –конструктора: Дисс.канд. пед. наук. – Екатеринбург, 2007. – 166 ИНАБАТТЫЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ ӨЗЕГІ, ЖАҚСЫЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ – ҚЫЗ БАЛА ТƏРБИЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ Искакова Алия Қайнетоллақызы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Еңбекші жалпы орта мектебінің химия пəнінің І санатты мұғалімі

Əр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тəлім-тəрбие арқылы өлшенеді. Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді əдеміліктің, əдептіліктің, жан-жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады. 50


Жарық пен жылу,от пен су жоқ жерде тіршілік жоқ, ал осылардың көктегі көзі-күн, жердегі көзі–адамзат. Адамдардың бір-біріне мейірімі мен ұлағатты тəрбиесі тіршілікті сақтайды.Тəрбиесі түзелмей елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей болашақ түзелмейді. Қазақ халқының мақсаты-əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып,қыз балаға келешекте ана,ақ босағаның аруы, шаңырақтың құт-берекесі екенін ұғындыру, əдептілікке, сыпайылыққа, инабаттылыққа, мейірімділікке, төзімділікке, шыншылдыққа тəрбиелеу. Мектеп жасындағы қыз балалар тəрбиесін негізінен үш кезеңге бөлуге болады. Бастауыш сыныптар кезеңіндегі тəрбиенің мақсаты тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақылыққа үйрете отырып, баланың көп білуге құштарлығын арттыру, кітап оқу мəдениетін дамыту. Бесінші-сегізінші сыныптар арасында алғашқы кезеңдегі тəрбие түрлері ары қарай дамытыла түседі. Бұл тұста, жас ерекшелігіне қарай, қыз бала анасынан ешнəрсе бүкпейді. Қит еткен нəрсенің бəрін айтып келеді. Сол шыншылдығы мен ашықтығын пайдаланып, қыз баланың келешегіне ең керекті нəзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру-басты борыш. Сонда бұл сипаттар келешекте жарасымды жар, аяулы ана, қоғамымыздың белсенді мүшесі болатын қыз баланың бойынан əрқашан нұр болып төгіледі. Үшінші кезең тоғызыншы-он бірінші сыныптарды қамтиды. Бұл аралықтағы тəрбие алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Адамға деген мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Сондықтан əрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нəзік ару шығары сөзсіз. Оларды саналы тəртіпке жəне мінез-құлық мəдениетіне тəрбиелеуді қалай жүзеге асыруға болады деген сұрақтар туындайды. Саналы тəртіп оқушыларға ата-аналармен, оқушылар ұйымымен, жұртшылықпен мектеп жасайтын тəрбиелік ықпалдылық нəтижесі болып табылады.Сонымен бірге оқушылардың саналы тəртібі үшін сабақтың табыстылығы, мектепте қатаң режим мен тəртіптің болуын қамтамасыз ету өте қажетті міндетті шарт. Мектепте бекітілген оқушыларға арналған ереженің де мəні зор. Оқушыларды саналы тəртіпке тəрбиелеу жөніндегі жұмыстарды жақсартуға олардың мінез-құлқын бағалау жəне оқудағы, қоғамдық жұмыстарды атқарудағы табыстарын мадақтап отырудың мəні зор. Бұл бағытта оқушылардың саналы тəртіп пен мінез-құлық мəдениетіне тəрбиелеуді жақсарту педагогтардың бірінші кезектегі міндеті. Бұл міндетті жүзеге асыруға мектептегі «Жасұлан» ұйымы, «Жалын» жасөспірімдер клубы, «Қыран» ұлдар ұйымы,«Сымбат» қыздар ұйымы жəне аналар кеңесі көмектесе алады.Олардың жоспарлы іс-əрекеті оқушылардың өзін-өзі басқаруын жүзеге асырады.Ал, мектептің жасөспірім қыз балаларына арналған «Шабыт» əдістемелік қор банкі «Жастар ұйымы» жанынан 51


құрылып,ондағы кеңесшілер мен ассистенттердің жұмыс жүйесі психологиялық жəне медициналық көмек беру, озат тжірибелерді таратуға бағытталған жəне бұл жаңа бастаманы http://www.adisteme.bank.ru/ сайты арқылы жүзеге асыруда. Оқушылармен жұмыс істей отырып сынып жетекшісі сынып оқушыларында қалыптасқан мінез-құлықтың ұнамсыз тұстарын жоюға, оларды қайта тəрбиелеуге тура келетін жағдайлармен ұшырасып отырады. Қорыта айтқанда, ата-ана мен мектеп бірлестікте жұмыс жасай отырып, адамгершілігі мол, өз ісіне есеп бере алатын саналы ұрпақ тəрбиелеуге жұмылуы керек. Осындай өзекті мəселелер жəне қолайсыз отбасында тəрбиеленіп жатқан балалардың жайын тексерудің бір əдісі буындап талдау картасы (алгоритмдік)–сынып жетекшінің ең бастық əдістемелік құралы. Буындап талдау картасы қыз баланың физиологиялық, психологиялық даму кезеңдерін басшылыққа ала отырып жүргізілетін талдау құралы. «Қызымның өзі үйде, қылығы түзде» демей ме, ендеше қыз балардың тəртібі мен тəрбиесін жете талдау жасап, ата-анасымен, қоғаммен, достары т.б. қарым-қатынастары, үлгерімі мен мінез-құлқын бақылайтын карта бірнеше тараулардан тұрады. Сыныпта қиындық келтіретін оқушы балалар табылады, дегенмен біз аса мəн бермеген кейбір мəселе кейін келе үлкен дауға айналмас бұрын уақытылы шешімін тауып отырса тəйірі. Əрбір пунктте көрсетілген шкала бойынша оқушылардың тізімін жасап, онымен жеке пікірлесі, ата-анамен сөйлесу, психологтармен кеңесу сияқты жұмыстар шешімін табары анық. Қарапайым мысалға жүгінсек, мектепке келген кезінде сондай сүйкімді, тілалғыш, жүрегі таза, сезімі пəк жас бүлдіршін орта немесе жоғары буынға келгенде неге өзгеріп сала береді? Сондықтан мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті? Мынадай жаман əдеттерді қайдан үйреніп ала қойды? Неге озбырлық жасуға бейім болып алды?- деген сияқты сауалдар алдыңнан кесе - көлденеңдейді. Əрине, оның себептерін жан-жақтан іздеуге болады. Ата-анасын жүрген ортасын қосқанда оның тəрбиесіне мұғалімнен басқа бірнеше адамның қатысы бар. Балаға жүрек жылуы қашан да қажет жəне ол ешқашан артық болмайды. Ұлттық салт-дəстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда əсірісе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тəрбиелей отырып- ұлтты тəрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тəрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Ғұлама Əл-Фараби «Дүниедегі ең оңай нəрсе ақыл айту, ең қиыны өзіңді өзің түсіну» десе, К.Маркс «Өзіңді өзің тану даналықтың бірінші белгісі» деп ескертеді. Ең бастысы, баланың жан азығына зəру екенін еш уақытта ұмытуға болмайды. Бесігінде жақсы тəрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол əдетін сақтайды. Қыз бала тəрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып көрген жоқ. Бірақ бүгінгідей қоғамның аласапыран кезеңде қыз балаларды жан жақты тəрбиелеудің уақыт күттірмейтін мəселе. 52


1. 2.

3. 4.

Тəуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі тұтқасы - болашақ ұрпақтың дені сау, жаны таза болуы, бойларына жалқаулық, құнсыздық,жауапсыздықты дарытпау,өздерін сергек ұстауы-бұл да тəрбиенің бірден бір міндеті. Тəуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі тұтқасы-болашақ ұрпақтың дені сау, жаны таза болуы, бойларына жалқаулық, құнсыздық - жауапсыздықты дарытпау, өздерін сергек ұстап, жақсылық пен жаңалыққа құмартуы мен қызығуы туындауы тиіс. Қорыта келе, қыз баланың тəрбиесін үлкен жауапкершіліке алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол,иманды, өнегелі, өнерлі етіп тəрбиелеу-қазіргі отбасына,мектеп пен қоғамға үлкен міндет. Əдепті,инабатты,адамгершілігі мол,сыпайы қыз тəрбиелеу–бүгінгі мектептің, қоғамның жəне ата-ананың негізгі міндеті. Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: Күнслəмова Т.К Жеткіншектердегі өзіндік бағалау, өзіндік реттелу жəне эго күйдің белсендірілуі мен агрессиялықтан өзара байланысын психологиялықпедагогикалық тренинг негізінде зерттеу.Автореф. канд. дис. Алматы, 2002. Колокина Р.С.Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің адамгершілігі қалыптасуына жəне денсаулығының сақталуына отбасылық қарымқатынасының ықпал етуі Валеология.Денсаулық жəне өмірлік дағдылар.2009. Б 21-22. Баймуканова М.Т. Отбасымен жəне балалармен əлеуметтік-педагогикалық жұмыс бойынша практикум: оқу-əдіст. құрал Карағанды: 2006. 104 б. Кон И.С.Психология юнешского возраста М: Просвещение, 1979.176с. ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН ОҚУШЫЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ Каржауова Асель Шайзадаевна Атырау облысы Мақат ауданы Х. Санбаев атындағы орта мектебінің ІІ санатты педагог – психологі

Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы əлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан– жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды қажет етеді. Сондықтан оқушылардың дербестігін жəне танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларына пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен əлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне əкеліп отыр. Психикалық дамуында тежелуі бар оқушылар–əдетте ұзақ уақытта əртүрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен жəне жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар əлсіз, əлжуаз, 53


қорқақ жəне тұлғалық қарым–қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл – күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына əсер етеді əрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарына қосыла алады. Жалпы орта білім беретін мектепте үлгерімі төмен балалар тобында психикасы дамуының тежелуі бар (ПДТ) балалар көптеп кездеседі. Психикалық дамудың тежелуі бұл баланың интеллектуалды қабілетінің жасына сəйкес келмеуі. Психикалық дамуы тежелген балалар дегеніміз – оқу бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Мұндай балалар білімі мен дағдыларына, тұлғалық жетімділігіне мінез-құлқына байланысты мектепте оқуды бастауға дайын емес. Олар оқуда көп қиыншылықтар көреді: мектепте орнатылған тəртіп нормаларын сақтау оларға аса қиын. Оқудағы қиыншылықтар олардың жүйке жүйесінің əлсіреуінен тереңдей түседі–жүйкесі тозып,соның салдарынан олар тез шаршайды, жұмысқа қабілеті төмендейді, бастаған жұмысын аяқтамайды.Бұл балалардың оқу үлгерімі ерекшеліктеріне келетін болсақ, бұл балалардың оқуға үлгермеушілігі 1-сыныптан бастап көріне бастайды. Бірақ анық белгілері 2-3 сыныпта белгілі болады. Оқу процесінде олардың оқу дағдыларындағы кездесетін кемшіліктер: сабақ процесіне жай қосылады, оқу материалын жай немесе тіптен қабылдамайды, берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз орындай алмайды, оқу мен жазуы жай, оқыған мəтінін түсінбейді жəне түсінгенін айтып бере алмайды,есептер шығарған кезде үлкен қателер жібереді, тез шаршағыш, сыныптастарымен аз араласады, өз ойын анық айта алмайды. Мұндай балалардың жұмыс қабілетінің төмендеуі жəне зейін тұрақсыздығы əр балада түрлі көрініс табады. Осылайша кейбіреулерінде аса жоғарғы зейін қоюы жəне неғұрлым жұмысқа деген жоғарғы қабілеті тапсырманы бастағанда байқалады да, оны орындау барысында төмендей береді, енді бірінде–зейіннің артуы жұмыстың біраз уақыты өткен соң басталады, ал тағы басқаларында зейін қоюы жəне жұмыс қабілеті біркелкі болмай, мезгіл-мезгіл толқып тұрады. ПДТ–ң негізгі төрт клиникалық типі бар. Атап айтсақ: Конституциональды–гармониялық инфантилизмнің нақты көрінісі. Мұнда эмоциональды–ерікті саласы,дамудың ерте сатысында тоқтап қалған. Демек, қалыпты дамудағы сəби, баланың деңгейінде. Ойынға деген ынтасы басым, көңіл-күйлері үнемі жоғары,сенгіш.Мектеп жасына жеткенде, ойынға деген қызығушылықтары басым болады. Соматогендік топқа жататын балалар түрлі соматикалық əлсіздіктерімен көзге түседі.Ұзақ уақытқа созылған жұқпалы аурулар, аллергиялық күйлер,туа біткен жəне жүре пайда болған соматикалық кемістіктер,баланың психикалық дамуының тежелуіне себеп болады. Соматикалық əлсіз балаларға,танымдық белсенділіктің төмендігі, шаршағыштық тəн, интеллектуалды жəне дене қуатын қажет ететін жаттығулардан олар тез шаршайды. Бір тапсырманы орындау үшін, ұзақ 54


уақытты қажет етеді, сондай-ақ бұл балалардың жеке тұлғалық дамуында эгоцентризм мен өзімшілдік қалыптасада. Олар жұмыс істеуге құлықсыз, үнемі біреудің көмектесуі мен қамқорлық жасауына əдеттенген. Психогендік тип тəрбиедегі теріс əсерлердің салдарынан болады. Баланың жеке тұлғасы дұрыс қалыптаспайды. Аталмыш кемістіктің əлеуметтік генезі, оның патологиялық сипатын жоққа шығармайды. Баланың қоршаған ортасындағы психикасына əсер ететін келеңсіз жағдайлар,оның жүйке жүйесінде ауытқулар туғызуы мүмкін. Алдымен, вегетативті қызметтер бұзылады,одан соң, психикалық жəне эмоциональды салалар дамуында ауытқулар пайда болады. Кейде, мұндай жеке тұлғаның патологиялық дамуын, педагогикалық қамқорлықтан тыс қалған қалыпты дамудағы балалармен шатастырады. Əсіресе, психикалық тұрақсыз ПДТ түрінде анық көрініс береді. Оның себебі, қамқорлықтан тыс қалу, балада танымдық қызығушылық пен интеллектуалды қабілет дамымайды. Церебральды–органикалық психикалық дамуы тежелген балалар айрықша жиі кездеседі, олардан өзгешелігімен ерекшеленеді. Бұл топқа жататын балалардың көпшілігінің жүйке жүйесінде, органикалық кемшілік бар, оның себептері олигофренияның себептерімен өзара өте ұқсас. Сондықтан, кейде баладағы церебральды-органикалық генезді, психикалық дамудың тежелуі мен жеңіл дəрежедегі ақыл-ойдың кемдігін ажырату қиынға соғады. «Бала бойындағы кемістікті оларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тəрбиелеу істерін жүйелі жүргізу арқылы əлеуметтік жолмен толықтыруға болады» деп Л.С.Выготский айтқан болатын. Мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарға айрықша назар аударып, қамқорлық көрсетуде.Соның бір көрінісі–жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың ашылуы.Біздің міндетіміз–даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата-аналарға түзеу жұмыстарын ұйымдастыру. Балалардың ақыл-ой дамуының тежелуі туралы айтатын болсақ, оның білімді меңгеру дағдысы толықтай сақталып, деңгейлері өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалып отырады.Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері түрлі болуы мүмкін.Олар басынан өткерген аурулар, негізгі əлеуметті жағдайы, нашар көруі,құлақ ауруы, тағы басқа себептерден болуы мүмкін. Психиатр,невропатологтың зерттеулері бойынша психикалық дамуының тежелуі балада малярия, тұмау, сары ауру, іштегі улану сияқты аурулардан кейін пайда болады. Психикалық дамуының тежелуінің негізгі бұзылыстары – интеллектуалды деңгейі, көбіне таным процестері. Зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы төмен болып келеді. Психикалық дамуының тежелуі бар балалар көбіне олигофрения балаларға ұқсайды.Бірақ, егер де оқу процесі, əдістемелік нұсқаулары дұрыс ұйымдастырылған болса,1-3 жылда өз құрдастарының білім дағдысын қуып жетуге болады. Бұл туралы Л.С.Выготскийдің: «Кемтар бала қалыпты баланың деңгейіне жету үшін қазіргі ерекше құралдарды қолданған жөн» деген сөзі бар. 55


Неміс педагог-дефектологы П.Шуман «Баланың психикалық немесе дене дамуына неғұрлым төмен болса, ұстаздың білімділігі мен біліктілігі соғұрлым жоғары болуы қажет» - деп айтқанындай. Түзету жұмыстары психикалық дамуы тежелген жəне ақыл-ой кемтарлығына шалдыққан оқушылардың зейіні мен еске сақтауын, кеңістіктік елестетуін, қисынды ойлауын дамытуға жағдай жасайды. Сондықтан барлық танымдық психикалық үрдістер (қабылдау, ойлау, есте сақтау жəнет.б.) «таза» күйінде болмайтындығын, өзінше тұтас бір жүйені білдіретіндігін, соның негізінде кешенді түрде дамитындығын есте сақтаған абзал.Мысалы,«графикалық сынақ хат» жаттығуын кеңістіктікбағдарлық тапсырмаларға жатқызуға болады, сонымен қатар, ол зейіннің, есте сақтаудың, өзін-өзі бақылаудың, қолдың ұсақ моторикасы қызметінің дамуына ықпал етеді. Оқушылардың ойлауын төмендегідей тапсырмалар беріп дамытуға болады.«Анаграмманы шеш!»,«Сөз ойла, тез ойла!»,«Шетелдік», «Қолдану», «Белгісін тап», «Қарама-қарсы мағынасын тап!», «Ассоциация құру», «Артығын шығар!», «Ортақ белгісін тап!», «Ұғымдар байланысын тап», «Тізбекті жалғастыр»,«Бос тор көзге орналастыр» , «Үш пішінді таңда», «Үш сөзден сөйлем құра!»,«Мағынасын ашатын сөз» жаттығуларын қолдануға болады. Қазіргі кезде бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу үдерісіне көптеген жаңа тəсілдер енгізіліп жатыр.Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тəсіл–ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай–ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына əсерін тигізетін тиімді əдістердің бірі –ойын. Ойын–тиімді тəсіл. Ойынның нəтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады. Бүгінгі күн талабы–тек қалыпты балалар емес, сондай – ақ психикалық дамуы тежелген баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тəрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың,бойында оқыту мен тəрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы–ойын əрекеті,яғни,ойын–баланың жетекші əрекеті.Бірақ,ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тəрбиенің құнды негізі болуы керек. Ойын–баланы адамгершілікке тəрбиелеудің бірден – бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тəсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды əсер етеді.Ойын–оқушыға білім мен тəрбие беру əдістерінің тиімді амалдарының бірі.Сонымен қатар,бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушыларды танымдық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, 56


тілін дамыту ойындар мен ойлау ерекшеліктерін дамытатын ойындарды жатқызуға болады. Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларды оқыту тəжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, түзете-дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады. «Қай əріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ»,«Тыныс белгісін тап»,«Екі-екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Ойлан, тап»,«Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып,жауабын айт»,«Сиқырлы сандық»,«Мен кіммін»,«Бағдаршам», «Амандасу»,«Өтінемін»,«Сергіту сəті»,«Ойыншық өзі туралы не айтады?»,«Дүкенде»,«Кім жылдам», «Көрші» ойыны. Қорыта келгенде, психикалық дамуында тежелуі бар оқушыларға психологиялық-педагогикалы ққолдау көрсету арқылы танымдық қабілеттері уақыт өте келе дамып, өзін өзге ортада сенімді ұстап, өмірге деген қызығушылығы жоғарылайды. Пайдаланған əдебиеттер: 1.Ə.Ермағамбет «Психологиялық дамуы тежелген балалардың психологиялық– педагогикалық сипаттамасы», Алматы – 2008. 2.Есенжолова Г.Ж. «Хрестоматиялық материалдар, сергіту жаттығулары мен дамыту ойындары арқылы балалардың эмоциялық–танымдық қызметтерін қалыптастыру жəне дамыту», Алматы – 2008. 3.Аверин В.А. «Психология развития детей дошкольного возраста» 2000. 4.А.Кушербаев «Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының ерекшеліктері» №3 2011. БИ ӨНЕРІ ЖƏНЕ БАЛАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАМУЫ Торбаева Батима Нұрахметқызы Атырау облысы Махамбет ауданы «Алтын балық» бөбекжайының би жетекшісі

Би-сөзсіз өнер.Ол-ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі.Əр халықтың ұлттық ерекшелігіне орай би өнерінің көркемдік бейнелеу құралдары əртүрлі болып келеді. Қазақтың тырнақ алды тұңғыш билері мен қазіргі профессионал би өнері заман талабы мен талғамына жауап беріп, зор табыстарға жетті. Халық билерінің, оның ішінде қазақ билерінің өзіндік ерекшеліктерімен орындалу өрнектерін жете білу үшін алдымен қазақ халқының тарихымен, мəдениетімен əдет-ғұрпымен,салтымен ұрпаққа мұра боп келе жатқан қасиетті дəстүрлерімен танысу-жас ұрпақтың алдында тұрған қасиетті міндет.Қазақ биі негізінен қол,бас секілді түрлі дене мүшелерінің қимылдарымен биленеді [1, 21-24 б]. Би өнері-сұлулық,сымбаттылық,əсемдік сыйлайды,еңбектенуге баулиды. Классикалық бимен айналысу балаларды əдемілікке, нақты 57


қимылдауға үйретіп,балалардың күші мен икемділігін арттырады.Олардың бұлшықеттерін, тыныс алу жəне жүрек-тамыр жүйелерін дамытып, мүлтіксіздігін нығайтады. Бөбекжайда жас жеткіншектерді өнерге баулып, оларға эстетикалық тəрбие беруде бидің маңызы зор. Мектеп жасына дейін би үйірмесінен негізін алған балалар жеткілікті түрде мықты қимыл-қозғалыс дағдысы мен қабілетін меңгерумен қатар, жақсы есте сақтау, зейін, ұшқыр қиялмен ерекшеленеді. Би дененің физикалық дамуына да ықпал етіп, дене иілгіштік қасиетін дамытады. Мектепке дейінгі тəрбиеленіп отырған балалар үшін би өнері көңілді де қызықты болуы шарт. Баланы билеуге үйрету үшін алдымен əуен мен күй тыңдатып, оның мазмұнын түсіндіру қажет. Би қимылы элементтері негізінен бала үш жасқа толғаннан бастап үйретіледі. Би қимылдарын оларға белгілі бір құралдармен ойыншықтармен үйреткен анағұрлым жеңілірек. Ал жоғары топтарда көбіне қазақтың ұлттық билерін жəне басқа ұлттардың билерін үйретуді қолға алынады. Бұл топтарда асатаяқ,домбыра,даңғыра,кесе,орамал,қамшы,қылыш т.б құралдар қолданылады.Көпшілігі аяқ,қол,иық қимылдарына арналған. Би ырғағымен үйлесе билеу үшін балаларда белгілі бір қимыл қоры болуы тиіс. Ол дене жаттығу, гимнастикалық жаттығу қимылдарынан алынады. Аталған қимылдар доп, құрсау, лента заттармен күрделеніп, ортаңғы топтарда үйретіледі. Оқу қызметі үстінде əрбір дененің бар қимылдарын орындап қана қоймай биге қызығушылығын ынталандыра, əуен ырғағына сəйкес, мəнерлі көрсетеді. Кез келген ұлттық би əр түрлі мағынада түрлі жағдайдан бастау алса, қазақ биі салт-дəстүр, тұрмыс-тіршілік, оюөрнегімізден басталады. Əсіресе, қол мен дененің пластикалық икемділігін, қыздардың еркелігі мен назын,сұлулығын көрсетіп,ер адамдардың керісінше жанып тұрған өткірлік,түрлі күрделі секірулер мен буын қимылдары,атшабыс,өзге де жігерлі қимылдарды сипаттау арқылы ерекшеленеді [2, 38 б]. Баланың ақыл-ой ерекшіліктері жаратылыстан шығармашылық, ізденгіштік сипаттарға ие, бірақ оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары əртүрлі,сондықтан баланың танымдық қабілеттерін дамыту, оның бағыттарын анықтау ең алдымен оның жас жəне дара ерекшіліктерін ескеріп тəрбиелеуге байланысты.Сондықтан мен өз жұмысымды қызықты сахналық би қойылымдары арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға бағыттадым.Мектеп жасына дейінгі сахналық билерді үйрету үшін қазіргі кезде көптеген би жетекшілері түрлі би қойып қызмет етуде. Орындалатын бидің астарын ашу, көрерменге мағынасын жеткізу үшін көп ізденіп, мол тер төгуді қажет ететіні белгілі. Жақсы, сапалы балалар биін қою, би қоюшының ой-өрісі мен эстетикалық талғамына, педагогикалықпсихологилық білімі мен тəжірибесіне байланысты. Үлкенді, кішілі би қойылғанда басынан аяғына дейін əр-түрлі тəсілдердің жүйесі болады. 58


Біріншіден-би драматургиясы - ол бидің негізін қалайтын ой-өрісі. Бұл биде не көрсетіп, не айтқымыз келетінін нақ басып жеткізу. Екіншіден-саз (əуен)- қандай да қойылымның, оның болашағын таңдап алынған сазды əуенге көп байланысты. Драмалық ойдыашуда сазды əуен негізгі роль атқарады. Үшіншіден-қимыл (дене, қолбет-пішінқимылы) барлығы осы бір сөздің ішіне сиып тұр. Енді ойымыз күрделене түсті, осы би қимылдары сазды əуенмен үндестік табуы өте қажет, əуенін естіп отырып қимылды көргенде драмалық ой-өрісі ашылатүсіп барлығы бір дүние іспеттес болуы хақ. Төртіншіден-əртүрлі ракурстар.Ол сахналық қозғалыстардың (суреттердің) дұрыс көрініс табуы. Би қою тəсілінде, бидің басталуы яғни, көрермен бишінің қай уақытты, қай ел, жерде, қай халықты (киім үлгісіне, халыққа тəн би қимылымен сазды əуеніне байланысты) қай мезгілді, кімді көрсететінін түсіну керек. Енді сахнаға шыққан би орындаушы балалар белгіленіп берілген сурет бойынша сахна кеңістігінде қимылдарды билей жөнеледі. Келесі сазды əуенмен би қимылдарының, ракурстарының шыңына жеткізу кезеңі. Бидің драматургиялық түйіні бидің аяғы. Бірақ осы түйіннің өзі,ой-өрісті дұрыс өргізіп əкеліп,түйіндеуді керек етеді.Жетекші би қойылымдарын бастамас бұрын сюжеттің қысқаша мазмұнымен, музыкасымен киім үлгісін түсіндіріп өту қажет. Бірінші би қимылдарын музыка ырғағымен үйретіп, бірнеше рет қайталау арқылы есте сақтап қалуына ықпал ету. Сахна кеңістігінде би қойылымына сəйкес түрлі (шеңбер, баған, жұлдызша т.б) қозғалыстарды балаларға таныстыра отырып, би қимылдарына сəйкестеп жаттықтыру. Əр көріністі естеріне сақтап қалуға дағдыландыру.Би қойылымын толығымен аяқтағаннан кейін ғана балалардың сюжеттік қойылымды көңіл-күймен (қуанышты, ширақ, нəзік) орындалуын міндетті түрде қадағалау керек.Көрерменді жалықтырып алмас үшін əр би қойылымның жеке жəне жұптық билер- минут, топтық би 3-4 минут,көпшілік би 5-6 минут ұзақтығын есте сақтаған жөн [3, 3 б]. Балаларды сахналық билерге, би өнеріне қызығушылығын арттыра отырып танымдық қабілеттерін жетілдіру бағыттарым: 1. Би қимылдарын музыка ырғағымен қайталату арқылы музыканы есту, əуен ырғағын, екпінін түсіндіруге дағдыландыру. 2. Билеу қабілетін жəне биді түсінуге, қимыл-қозғалысты сезінуге, билеу кезінде би қозғалыстарын есте сақтау қабілетін арттыру. 3.Сахналық билерді мерекелік ертеңгіліктерде орындай отырып дайындық кезінде жаттаған би қимылдарын есіне түсіріп музыка ырғағымен қалыспай, шатастырмай орындау. 4. Сюжеттік би қойылымдарын қою арқылы балалардың қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру. Бұл бағыттар балалардың кейіпкерлерді көз алдына елестетулеріне, олардың əрекетін өздерінің қимыл-қозғалысы, дыбыс жəне кейіптендіру арқылы сипаттауларына көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі мекеменің би өнер үйірмесінде төмендегідей міндеттерді іске асырамын. Олар: 59


1.Сезіну, есту қабілетін дамытып, би қимылдарын мəнерлі орындау. 2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың шығармашылық қызығушылығын арттыру. 3.Би билеудің қарапайым элеметтерін жəне қимыл əдістеріне үйрете беру. 4.Жеке тұлға дамуында заманауи инновациялық əдістерді қолдану. Жалпы ережеге, тəртіпке бағына білуге тəрбиелеу. Биге үйрету денені дұрыс ұстап, дұрыс тұра білуден басталады. Бала денені тік ұстап, тізе мен тақымды нық қосып, сыптай тартылып тұрады. Бұл сəтте жауырын төмен түсіңкіреп, иық сəл артқа ашылыңқырай, кеуденің жоғары төсы көтеріңкі болуы шарт, мойын мен басын тура ұстайды. Екі қол бос, төмен түсіріліп тұрады. Бидің қай түрі үйретілсе де, хореограф əсіресе, баланың кеуде тұсының дұрыс қойылуын үнемі қадағалап отыруы қажет. Денені дұрыс қойып, ұстай білуге əдеттену-биді жете меңгеріп, сапалы да əсем орындаудың бірден-бір кепілі.Осы міндеттердің барлығын би үйірмесінде ауысып отыратын оқу қызметтері арқылы жүзеге асырып отырамын. Би үйірме жұмысының түрлері əуенді тыңдау, əуенді ырғақты қимылдар,би қимыл жаттығу, би билеу, сахнада орындалуы болып бөлінеді. Əуенді тыңдау арқылы ырғақты сезініп, мəнерлі қимыл-қозғалыс жасай отыра баланың би жанрын ажырату қабілетін қалыптастырамын. Бөбекжайдағы би өнер үйірмесінің негізгі құрылымына: жалпы дамыту жаттығулары зал ортасында; қол, аяқ қалыптары; диогональ бойымен жаттығулар; би қимылдары; ойын ырғағы; тыныс алу жаттығулары жатады. Бөбекжайымызда ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасаймыз, яғни ата-аналар жиналысы,пікірсайыс,жарыстар,ертеңгіліктер, ашық есік күндері ұйымдастырылып, мерекелер сайын əр топтардаертеңгіліктер өткізіледі. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өз өнерлерімен ата-аналарын қуантып отырады.Ата-анамен байланыс жоспарымда ата-аналарға кеңес бере отырып, мерекелік ертеңгіліктерде, байқауларда өткізілетін билерге киім дайындауға көмектесуін, əр баланың бөбекжайда би қимылының дамуын, ата-анаға баласының биге деген икемін, қабілетіне көңіл бөлуін, баланың жеке мінез-құлық ерекшелігін, биге деген қызығушылығы жөнінде атаанамен бөлісуін, баланың жас ерекшеліктеріне байланысты карымқатынастарын ескеремін. ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ БЕЙІМДІЛІГІНЕ ҚАРАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДАҒЫ ҮЙІРМЕНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Қожағалиұлы Қ.Ж. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Ш.Т.Еркінов атындағы орта мектебінің жоғары санатты технология пəні мұғалімі 60


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Білім беру жүйесінің басты мақсаты ұлттық жəне адамзаттық мəдени құндылықтар негізінде жеке тұлғаның қалыптасуына қажетті жағдай жасау керектігі көрсетілген. Мектепте жүргізілетін технология пəні-жеке адамның дамып жетілуіндегі еңбектің негізгі құралы бола тұра, еңбек ету арқылы өз қабілетін, ата-бабасының ұлттық дəстүрлері мен өнерін одан əрі дамытуға, жалғастыруға бағытталған пəн.Баланың ұлттық,тұлғалық,əдеп пен эстетикалық дамуына,кəсіп таңдауына, қазіргі əлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне жол ашады жəне еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жеке тұлға ретінде тəрбиелеу мақсаты көзделеді. Оқушыларға техникалық-шығармашылық білім беру мақсатында Ш.Т.Еркінов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп базасында «Жас техник» үйірмесі жұмыс жасайды.Үйірмеде 6-11 сынып оқушы-лары сабақтан тыс уақытта шикізат түрлерінен техникалық құрылғы үлгілерін жасаумен айналысады. Практикалық жұмыс кезінде оқушылар техникалық құрылғы үлгілерін құрастырушылық қабілеттерін, шығармашылық қабілеттерін дамытады.Үйірме мүшелері алғашқы жұмыстарын шаблон үлгімен істейді, сызбалармен танысады, үлгілерді сызба бойынша жасайды.Үйірме барысында оқушы жұмысты өз қолымен істеп көреді, жұмыстың қорытындысын көрсетеді. Оқушының ой-өрісі дамып, шығармашылық шеберлігі шыңдалады. Үйірме мүшелері белгілі бір дəрежеде, жасалынатын нысанды ойлап табудың тиімді жолдарын үйренеді. Үйірме жұмысында оқушылардың графикалық білім алуы да қарастырылған. Үйірме мүшелері алғашқы жұмыстарын қалыптағыш (шаблон) үлгімен істесе,одан əрі сызбалармен танысып, үлгілерді сызба бойынша жасайды. Осындай жетістіктерге қол жеткізу мақсатында үйірме сабақтарында əр түрлі əдістемелік тəсілдерді қолданамын. 1.Баяндау əдісі (əңгімелеу, түсіндіру) 2.Көрнекіліктермен жұмыс ( журналдар, сызбалар, суреттер, жобалар) 3.Жобалау əдісі (жаңа жобасын сызу, техникалық суреттер салу) 4.Сарамандық жұмыс (жобалар, сызбалар бойынша жұмыстану) 5.Проблемалық ізденіс (оқушылар қабілетінің дамуына, ізденуіне, жаңа үлгілер жобасын жасауына жағдай жасау). Үйірмеге алғашқы жылы қатысып отырған оқушылар алдымен қима үлгілерді (шаблон) қолдана отырып, қарапайым (автокөліктер,ұшақтар, зымырандар, су көліктері т.б.) үлгілер жасайды. Өз жұмыстарын саралап, салыстыру арқылы бағалауды үйренеді. Үйірме жұмысының екінші жылдары оқушылар неғұрлым күрделі (жер көліктері мен су көліктерін,ғарыш кемелері мен зымыран түрлерін т.б.) техникалық үлгілердің сызбаларын жан-жақты зерттей отырып жасайды. Ал үйірменің үшінші жылдары оқушыларымыз өздері жобалаған сан алуан үлгілерді жасаумен айналысады. Жұмыс барысында туындаған жаңа идеяларды саралап, салыстыру арқылы жұмыстарын нақтылауды, бағалауды үйренеді. «Жас техник» үйірмесі 61


Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың,балаларды еңбекті сүюге тəрбиелеу. Техника моделін жасауға үйрету балалардың мазмұнды демалуының бір түрі болып табылады. Оқушылар сабақ үстінде белгілі бір мөлшердегі қажетті білім мен іскерліктерді үйренеді. Автомобиль техникасы саласында білім алу жəне шеберлік дағдыларын игеру, автомашина, жарыс машиналары, эксперименттік автомобиль үлгілерінің көшірме модельдерін құрастырып,шығару,оларды сынықтан өткізу жəне жаттығу мақсатында жүргізу,жарыстарға қатысу–мұның барлығы автомобаль үлгісін жасайтын үйірмеге қатысушылар айналасатын іс-шаралар. Бағыттары: Балаларды техникамен,осы заманғы өндіріспен,өндіріс құрал-жабдықтарын меңгеріп отырған адамдардың еңбек əрекетімен бастапқы таныстырудың қызықты жұмыстарын жүргізу методикалармен нұсқаулармен бағытталған. Мақсаты мен міндеттері: Мақсаты–мұғалімдерге, ұзартылған күн топтары мен сыныптағы тəрбиелеушілеріне, үйірмелерінің жетекшелеріне техника моделін жасау сабақтарын жүргізуге көмек көрсету. Оқушылардың автомодель спортына жəне автомобиль техникасына деген қызығушылықтарын арттыру;қарапайым автомобиль жəне көшірме модельдерін, радиомен басқарылатын, құрастыруға жəне жасап шығаруға үйрету;жарыстаға жəне сол жарыста төрешілік ету жұмыстарына қатысу. Бағдарламаны жүзеге асыру принциптері: Бұл бағдарлама негізгі міндеті оқушылардың техникалық, творчестволық қабілетін ұштай түсу болып табылатын,техника моделін жасауға үйрету жөніндегі сыныптан тыс сабақтардың жүйесін ашып көрсетуге талпыныс жасалып отыр. Күтілетін нəтиже: Оқушылар бағдарламаны орындау нəтижесінде жеке жобалары бойынша белгілі бір үлгіні құрастыра алатын болады, жоғары оқу орындары мен ғылыми зерттеу институттары мамандарының кеңесі бойынша немесе солардың жетекшілігімен эксперименттік үлгіні жасап шығару жұмыстарын атқарады, жарыстарға төрешілік етуге қатысады. Сабақ барысында модельдерді жасап шығару жəне оларды жүргізу кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға аса назар аударылады, құрастырылған модельдермен ойын-жарыстар өткізіп жаттығады, басқа мектептер мен ұйымдарға ұқсас үйірмелермен жарыстар өткізіледі.Оқушылар осындай жарыстарға арналған дайындық деңгейі жоғары балалар команда құрамында немесе жеке автоүлгісін жасаушылар арасында өтетін жарыстарға қатысады ( жеке біріншілік жарыстары). Бағдарлама 12-17 жас аралығындағы жеткіншектерге арналған: оқу жылында 34 сағат ( сабақ аптасына 1 сағаттан 1рет өткізіледі). Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.Автомобиль құрылғылармен танысу. 2.Автомобиль бөлшектерін жеке жасау жолдары. 62


3.Пвх материалынан автомобиль бөлшектерін құрастыру. ІІІ. Қорытынды Жұмыстың негізгі мақсаты: Автомобиль құралдарын зерттей отырып, оларды жасау технологиясы бойынша бірнеше шығармашылық жұмыстар жасау. Оның жасалу жолдарын түрлендіріп дамыту. Зерттеу болжамы: Автомобиль бөлшектерімен танысып, макетін жасау. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Автомобильдің шығу туралы ғылыми еңбектер жинақтай отырып, күнделікті тұрмыста пайдаланудың пайдасын анықтайды.Тұрмыста қолдану мүмкішіліктерінің пайда болуы. Зерттеу шараларының кезеңдері: Бірінші кезеңде қарастырылып отырған проблема бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді. Екінші кезеңде оқу тəрбие үрдісіне өндірілетін бұйымның мазмұны жəне оны əзірлеуге байланысты материалдар сұрыпталып, бұйымның жобасы жасалады. Үшінші кезеңде зерттеу нəтижелері жүйеге келтіріледі, деректер өңдеуден өтті.Қорытындыланып ұсыныстар берілді.Пайдаланған əдебиеттер жүйеге келтірілді. Жаңашылдығы: Автомобильді қозғалмалы етіп жасау. Əдіс-тəсілдері:Зерттеу жұмыстары, сарамандық жұмыс. Бұйымның жасалу техноло-гиясын анықтау. Жасаудың тиімді жолдарын табу. Практикалық маңызы: - Автомобиль өндірісі туралы түсініктер. - Талғам деңгейінің жоғарлауы. - Кəсіптік білім, тəрбие мідениетінің қалыптасуы. Қорытынды жəне нəтиже: - Техникаға деген құштарлық артады. -Бойға ұқыптылық, төзімділік,шыдамдылық пайда болып,жұмыс жүйелі жасалады. Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.Катер құрылғылармен танысу. 2.Катердің бөлшектерін жеке жасау жолдары. 3.Пвх материалынан автомобиль бөлшектерін құрастыру. ІІІ. Қорытынды Жұмыстың негізгі мақсаты: Катер құралдарын зерттей отырып, оларды жасау технологиясы бойынша бірнеше шығармашылық жұмыстар жасау. Оның жасалу жолдарын түрлендіріп дамыту. Зерттеу болжамы: 63


Катердің бөлшектерімен танысып, макетін жасау. Зерттеу жұмысының өзектілігі: Су транспорттарының шығу туралы ғылыми еңбектер жинақтай отырып, күнделікті тұрмыста пайдаланудың пайдасын анықтайды.Тұрмыста қолдану мүмкішіліктерінің пайда болуы. Зерттеу шараларының кезеңдері: Бірінші кезеңде қарастырылып отырған проблема бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді. Екінші кезеңде оқу тəрбие үрдісіне өндірілетін бұйымның мазмұны жəне оны əзірлеуге байланысты материалдар сұрыпталып, бұйымның жобасы жасалады. Үшінші кезеңде зерттеу нəтижелері жүйеге келтіріледі,деректер өңдеуден өтті.Қорытындыланып ұсыныстар берілді.Пайдаланған əдебиеттер жүйеге келтірілді. Жаңашылдығы: Катерді қозғалмалы етіп жасау. Əдіс-тəсілдері: Зерттеу жұмыстары, сарамандық жұмыс. Бұйымның жасалу технологиясынанықтау. Жасаудың тиімді жолдарын табу. Практикалық маңызы: - Су транспорттары өндірісі туралы түсініктер. - Талғам деңгейінің жоғарлауы. - Кəсіптік білім, тəрбие мідениетінің қалыптасуы. Қорытынды жəне нəтиже: -Техникаға деген құштарлық артады. -Бойға ұқыптылық,төзімділік,шыдамдылық пайда болып,жұмыс жүйелі жасалады. «Атамұра» үйірмесі Үйірмедегі сабақ еңбек жəне эстетикалық тəрбиеге тəрбиелей отырып, балалардың бос уақытын тиімді пайдалануды қажет етеді. Қажетті құралдардың қарапайымдылығы,қажетті құралдардың қолжетімділігі,жұмыс істеуге жағдайдың барлығы оқушылардың сəндік-қолданбалы өнермен айналысуға көп мүмкіндік береді.Үйірменің теориялық бөлімі өткізілетін тақырыптың қысқаша түсінігі жəне қалай жұмыс істеу керектігін түсінідіріп берсе, ал практикалық сабақ бірнеше тапсырмалардан тұрады.Бастапқы кезеңде материалды өңдеу жұмысын меңгереді. Балаларда бастаған істі соңына дейін аяқтай білуді үйретуге, қарапайым еңбек тəртібін сақтауға,қажетті материалдарды үнемді жəне ұқыпты пайдалануға, құрал-жабдықтарды пайдалану жəне оларды сақтауға тəрбиелеу қажет. Үйірме жұмысында ең негізгі көңіл аударатын басты мəселе ол еңбек қауіпсіздігі жəне санитарлық гигиенаны сақтау. «Атамұра»үйірмесі біріктірілген сипатта болады.Біріктірілген сипатта дегеніміз,қоршаған ортаның əр түрлі материалдық жақтарымен,жалпы заңдылықтарға біріктірілген адамның бойында бар қасиеттерін іске асыруға негізделген, яғни, шикізат технологиясын, энергияны, ақпаратты қайта өңдеуде деп көрсетілген. Балалар əр бөлім бойынша көрсетіл-ген мақсатқа сай нақты материалдармен танысады.Берілген тақырыптарға сəйкес балалардың өз 64


беттерінше ізденістері мен шығармашылықтары да жұмыс барысында жүзеге асады. Сабақтарда ауызша, практикалық əдістер, көрнекіліктер қолданылады. Жұмыс формасы: ұжымдық, топтық, жеке. Үйірменің мақсаты:Балалардың əр түрлі жасанды заттарды ойлап тауып, құрастырып,жасауда өз шеберліктерін көрсетуге шақыру.Үйірме арқылы пайдаланушыларды қолөнер түрлерімен таныстыра отырып, шығармашылыққа баулу, еңбекке қызығушылығы мен ой-өрісін кеңейту жəне ұлттық тəлім-тəрбиені бойына сіңіру,өнер саласындағы басылымдарды насихаттау.Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Үйірменің міндеті: Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейрімді-лікпен қоса кəсіби дарын,іздемпаздық,іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүние танымын қалыптастырып үйрету.Тəрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.Жаңа заман ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған, мəдени дүние танымы, көзқарасы қалыптасқан бəсекеге қабілетті дарынды оқушыларды тəрбиелеу. Күтілетін нəтижелер: 1.Оқушылардың физикалық жəне психологиялық күштері нығайады; 2. Бағдарламаны оқыған кезде жəне əр түрлі заттар мен бұйымдарды жасағанда жаңа білімді, икемділікті, дағдыны меңгереді. 3.Оқушылардың шығармашылық шамасы, рухтандырушылық қасиеті артады, көтеріледі, ашылады. 4.Басқаның да өзінің де еңбегін бағалауды біледі. 5.Теориялық білімді практика жүзінде пайдалану дағдысын қалыптастырады. Жоғары санатты технология пəні мұғалімі Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім 1.Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын қолдану. 2.Ағашты көркемдеп өңдеу арқылы, қазақтың ұлттық ыдыс -аяқтарын жасау. 3.Ожау жəне астау,тостаған жасау, əсемдеу. ІІІ. Қорытынды Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақтың ұлттық тұрмыстық заттарын зерттей отырып, оларды жасау технологиясы бойынша бірнеше шығармашылық жұмыстар жасау. Оны əрі қарай түрлендіріп дамыту. Зерттеу болжамы: Қолөнер бұйымдары \ ожау,астау\ Зерттеу жұмысының өзектілігі: Сəндік-қолданбалы өнер туралы ғылыми еңбектер жинақтай отырып, күнделікті тұрмыста пайдаланудың пайдасын анықтайды.Тұрмыстық заттар пайда 65


болады.Оны тұрмыста сəндік-қолданбалы бұйым ретінде қолданады. Зерттеу шараларының кезеңдері: Бірінші кезеңде қарастырылып отырған проблема бойынша материалдар жиналып, жүйеге келтірілді. Екінші кезеңде оқу тəрбие үрдісіне өндірілетін бұйымның мазмұны жəне оны əзірлеуге байланысты материалдар сұрыпталып, бұйымның жобасы жасалады. Үшінші кезеңде зерттеу нəтижелері жүйеге келтіріледі, деректер өңдеу-ден өтті.Қорытындыланып ұсыныстар берілді.Пайдаланған əдебиеттер жүйеге келтірілді. Жаңашылдығы: Қазіргі заман талабына сай бұйымды түрлендіріп жасап, тұрмыста қол-дану. Əдіс-тəсілдері: Зерттеу жұмыстары, сарамандық жұмыс. Бұйымның жасалу технологиясын анықтау. Жасаудың тиімді жолдарын табу. Практикалық маңызы: - Қолөнер туралы түсініктер. - Талғам деңгейінің жоғарлауы. - Кəсіптік білім, тəрбие мідениетінің қалыптасуы. - Қолөнерге деген қызығушылық. - Сəндік- қолданбалы өнердің жоғалып кетпеуі. Қорытынды жəне нəтиже: - Қолөнерге деген құштарлық артады. - Бұйым көркем, эстетикалық талғаммен өрнектеп, əшекейленеді. - Бойға ұқыптылық, төзімділік, шыдамдылық пайда болып, жұмыс жүйелі жасалады. Тақырыбы: Астау жасау Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық бұйымдарының ерекшеліктері, түрлері, пайдалану жəне тұтынуын ой елегінен өткізу. Халқымыздың ұлттық бұйымдарын қастерлей отырып, заман талабынан қалмауын ұғыну. Міндеттері: 1.Бұйымды жасау барысында өз бетімен жұмыс жүргізе білуге, іскерлікке, еңбексүйгіштікке тəрбиелеу. 2.Күнделікті тұрмысқа қажетті, заман талабына сай жаңа бұйым жасап шығару. 3.Дизайн талабына сай əсемдей білу, бұйымның еңбек обьектісі ретінде 4.пайдалана отырып, танып білу. Мазмұны: І. Кіріспе ІІ. Зерттеу бөлімі - Туындаған мəселенің шешімі - Ожау мен астаудың түрлері, тарихы - Материалдар мен құрал-жабдықтар - Ожау мен астауды дайындау технологиясы - Жұмыс кезінде техника қауіпсіздік ережесін сақтау. ІІІ. Қорытынды 66


І. Кіріспе Ағаш шеберлері ағаштан ойып, қымызға арналған ожау, тегене, астау, зерен, саптыаяқ жасаған. Ожау–ағаштан жасалған, қымыз немес сусын құятын бұйым. Ожау-дың түрлері көптеп кездеседі. Оны қатығы ағашпен тұтас ойып жасай-ды. Əр шебер өз шеберлігіне байланысты əртүрлі ою-өрнек бедерлер салып жасайды. Астау – ас салатын ағаштан ойып жасалған үлкен кең ыдыс немесе су құятын ыдыс. Астаудың ойық бөліктері шынының бетіндей таза өңдел-уі тиіс жəне ол неғұрлым қатты ағаштан жасауды талап етеді. Астауды асүй жабдығы ретінде жасалса, астауды қайнаған сұйық майға салып əбден пісіріп алған жөн. Енді өзім жасаған ожау мен астаудың технологияның картасына назар аударайық. Қолөнер ұрпақ үшін бүгінде, ертеңде керек. Сондықтан ұлттық бұйымдарды жасау,дамыту кезек күттірмейтін мəселелердің бірі. Осы бағытта бастаған жұмысымды одан əрі жалғастыра беремін. Қорыта келгенде бұл үйірменің берері–оқушы бойындағы белсенділікті арттырып, өз күшіне деген сенімділік, шыдамдылық, икемділік сияқты қасиеттері пайда болады. Оқушының ой-өрісі дамып ,шығармашылық шеберлігі шыңдалады. Шығармашылық–бүкіл тіршілік көзі. Мектепте білім беру ісіндегі басты бағдар – оқушылардың тек шығармашылық мүмкіндіктерін ашу. Бала өз жұмысын жан-жағындағыларға көрсетуге ұмтылады. Оқушыларды техникалық еңбекке баулу,яғни еңбек тəрбиесі – барлық тəрбиенің қайнар көзі. Оқушыға дұрыс бағыт берсек, шығармашылық жұмысына еркіндік беріп, нəтижесін көрсете білсек, еңбектің əр кезде, кез келген істе өтемі болатынын, еңбексіз ешнəрсеге қол жеткізе алмайтынына оқушының көзін жеткізсек көздеген мақсатымызға қол жеткіземіз. Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тəрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау, заман талабына лайықты мұғалімнің қызмет етуі қоғам дамуын алға бастайды. Ендеше, еңсені биіктетіп, еліміздің болашағы үшін ұлт мақтанышына айналар ұрпақты жетектеп, ұлы Абай айтқандай:«Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға» деген ой иірімі ұрандарыңызға айналып,адамзат құндылығы-білім екенін көрсету жолында еш аянбаймын. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Білім технологиялары. № 4.2010. 58-бет 2. Ұлт ұстазы. № 7.2014. 23- бет 3. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. 4. Қазақ халқынының қолөнері. Д. Шоқпар ұлы. 25-27 бет 5. Мектептегі өнер. № 1.2016. 17-21 бет МЕКТЕПТЕ ƏСКЕРИ ҚОЛДАНБАЛЫ СПОРТТЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ Утегенов Нурболат Таганхожаевич Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің БƏД оқытушы-ұйымдастырушы

Патриотизм-адамдардың өз Отанына деген сүйспеншілгі мен адалдығын көрсететін сезім. Ол адамның өз Отанын күшті де айбынды етіп, гүлдендіруге 67


ұмтылумен сипатталады, қандай да бір қастандық əрекеттерден Отанын қорғауға дайын болуын білдіреді. Патриотизм сезімі - өз халқының əлеуметтік, мəдени жеңістері үшін мақтану, оның жауынгерлік жəне еңбек дəстүрлеріне ұқыптылықпен қарау. Патриотизм, сондай-ақ туған жерге, ата–бабасының отанына құштарлық сияқты терең перзенттік махаббатты да білдіреді. Қоғамның топтасуының басты бағыттарының бірі-қазақстандық патриотизмге тəрбиелеу идеясы болуы тиіс. Шынайы патриотизмді қалыптастыру- жеке тұлғаның нақ саяси тұрғыда өзін-өзі нақты айқындауы деген сөз. Оны Мемлекет Туына, Елтаңбасына,Əнұранына құрметпен қарауға, заңға бағыну, үкіметті сайлауға тəрбиелеуден бастау керек.Əрбір адам баласы жасынан: “Қазақстан- менін Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты,менде ол үшін жауаптымын” деген қарапайым ойды санасына сіңіруі керек. Осыған байланысты мектепте «Əскери қолданбалы спорт»үйірмесін өткізуді қолға алып отырмын.Бұл үйірмені ашқандағы мақсатым:  Өскелең жас ұрпаққа өз отанын қорғаудың маңыздылығын ұғындыра отырып, Тəуелсіз мемлекетіміз Қазақстан Республикасына шын берілген патриоттарды тəрбиелеу;  Спорт жөнінен шыңдалған, шымыр, қайратты, дені сау жастарды даярлау;  Жастарды Қарулы Күштер қатарындағы қызметке даярлау;  Қазақстандық патриотизм,интернационализм бағытында тəрбиелеу; Өз отанын сүйген ұрпақ тəрбиелеу білім беру мекемелеріндегі əскерипатриоттық жұмыстың басты өзегі болуы керек. Өйткені кез келген егеменді мемлекет сияқты Қазақстан өзінің қорғаныс қабілетін сақтауды маңызды мемлекеттік міндеттердің жəне бүкіл халықтың ісі деп санайды. Үйірме бағдарламасын сабақ үрдісінде жəне сыныптан тыс уақытта деп екіге бөле отырып, бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұнын меңгерген «Мəңгілік Ел»жалпы ұлттық идеясын ұстанған ұрпақ тəрбиеленеді. БƏД сабағында жастарды отанды қорғауға даярлау арқылы жас азаматтың патриоттық танымдары мен мінездерін қалыптастыра отырып, əскери түрлі ауыр жəне сан қырлы үрдіс тəсілдерін үйрете отырып, тактикалық дайындық жəне далалық оқу-жаттығуларымен,атыс,саптық дайындықтарды меңгеруге үйретемін. «Отанды сүю от басынан басталады», отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруда отбасы тəрбиесінің маңызы зор. Патриот, ержүрек адамды, табанды күрескерлерді тəрбиелеудің негізі мектепте қаланады. Дене шынықтыру сабағында балалардың салауатты өмір салтын ұстанған дені сау ұрпақ болып өсуіне мəн бере білуіміз керек. Бұл сабақта гимнастика, дала жарысы, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, саптағы жаттығулар, ұлттық ойындарды ұйымдастыру қолға алынады. Патриоттық тəрбие тəрбиенің барлық бағыттарымен бірге жүзеге асырылады. Қазіргі жалпы білім беретін мектептер өмірінде болып жатқан бетбұрыстардың ішінде оқыту мақсатының біршама өзеруіне сай тəрбие технологиясын да жаңа ұстанымдар енуге тиіс. Толық қанды педагогикалық үрдісті іске қосып, шəкірттануды жолға қою үшін оқыта отырып тəрбиелеу, тəрбиелей жүріп білім беру ұстанымдарын жүзеге асыруды басшылыққа алғанымыз орынды. Ұлы Абай 68


атамыз «Білімдіден шыққан сөз, талыптыға болсын кез» дегенде «көкірегінде көзі бар» « жүрегі- айна, көңілі – ояу» жастарға арнайды яғни тəрбие мен оқудың жігін ашпайды, олардың тиімділігі екі жаққа да ұстаздарға да, шəкірттерге де бірдей ортақ екендігін көрсетеді. Сыныптан тыс уақытта балаларды жас ерекшелігіне қарай «Жас саяхатшы»46 сыныптар, «Жас жауынгер» əскери-патриоттық клубы 7-9сыныптар үшін, «Əскери қолданбалы спорт»10-11 сыныптар үшін үш кезеңге бөле отырып, дəріс беремін. «Жас саяхатшы» туристер үйірмесі «Өлкетану» жəне «Спорттық туризм»бағыты бойынша бірнеше жобаларға бөлінеді. Өз туған өлкесінің шежіресі мен тарихынан,өз өлкесіндегі шаруашылығынан,экологиялық жағдайынан мағлұматтар алады. Мұражайға саяхат жасай отырып,өздері де елге танымал тұлғалардың өмірінен ,120 жыл толған мектеп тарихынан мəліметтер жинақтайды. Сонымен қатар спорттық бағдарлану, жаяу жорық, вело жорық, туристік техника бөлімдеріне бөлінеді. «Жас жауынгер» əскери-патриоттық клубы мүшелері еліміздегі хабар ошарсыз кеткен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өмірі жайлы,сарғайған солдат хаттары туралы дерек көздерін іздестіреді.Тыл ардагерлерімен,Ауған,Тəжік соғысы ардагерлерімен,аудандық қорғаныс бөлімі қызметкерлерімен,əскери оқу орындарда оқып жатқан курсанттармен кездесулер ұйымдастырады. «Алау», «Сарбаз», «Жасұлан»əскери жарыстарға, «Патриот»айлықтарының өз мəнінде өтуіне ат салысып,белсенділік танытады. «Əскери қолданбалы спорт» үйірмесінде жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, ұлттық армия сапасында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулиды. Бүл үйірмеде автоматты бөлшектеу жəне жинау, қорғаныс киімдерін кию, бірыңғай кедергілер жолағынан өту, дала жарысы, сапттық дайындық, алғашқы медициналық көмек көрсету, дене шынықтыру даярлығы түрінен сабақтар өткізіледі. Бала əрдайым өмірге қызыға қарайды,бəрін үйренгісі келеді, еліне керекті азамат болып өскісі келеді. Отанды қорғау əрбір азаматтың парызы. Елімізде Отанның қорғаушысы болуды армандайтын ұлдар мен қыздар білім алуда екендігін айта кету керек. Олар Қазақстан тарихын тереңдетіп оқиды, алғашқы əскери дайындық сабағына аса бір ынтамен қатысып,болашаққа тəуелсіз еліміздің мақтан тұтар аяулы ұлдары – Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Тоқтар Əубіəкіров сынды халқының құрметті азаматы болуды армандайды. Осындай жүргізілген үйірме сабақтары жас өреннің бойына Қазақстандық патриотизм мен интернационализмді, Отанға, Қарулы күштерге деген сүйіспеншілік, əскери борышын азаматтық санамен өз борышы деп ұғына білген тұлғаны қалыптастырады. Жастарды патриоттық тəрбиелеуге, əскери-қолданбалы спорт түрлерін дəріптеу жəне жастармен дене шынықтыру спорт жұмыстарын күшейтуге, Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарындағы қызмет мəртебесін көтеруге, спорттық шеберлікті көтеру жəне салауатты өмір салтын насихаттауға, сонымен қатар оқушылардың дене даярлығының деңгейін көтеру бойынша 69


əскерге дейінгі жастағы жастарды білім ұйымдарына тартуға бағытталады Пайдаланған əдебиеттер: 1.БƏД оқулығы бірінші басылым. Алматы 2000ж 2.Ы.Алтынсарин атындағы Қазақстан білім Академия ұсынған БƏД пəніне əдістемелік нұсқау; 3.«Алғашқы əскери дайындық, өмір қауіпсіздік негіздері» Республикалық əскерипатриоттық педагогикалық-əдістемелік журналы;

АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІКТЕ МЕКТЕП КІТАПХАНАСЫНЫҢ РӨЛІ Гилыманова Гулбану Насихатқызы Атырау облысы Исатай ауданы Ғ.Мəсəлімов атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі

ХХI ғасыр – мəдениетінің, ғылым мен білімінің ғасыры. Бар білімінің қайнар көзі – кітапханада. Н.Ə.Назарбаев Мəңгілік Ел - елдің біріктіруші күші,ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан -2050»Стратегиясының ғана емес,ХХI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Мəңгілік ел болуға, болашаққа жол салар жас ұрпақты рухани тəрбиелі,білімді жəне саналы азамат етіп өсіруде мектеп кітапханасының рөлі биік. ХХІ ғасыр-ақпарат жəне жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан кез-келген оқырман, кез-келген тұлға жаңа ақпараттық технологияларды меңгеріп, кең көлемде ақпаратты тұтынуға құқылы. Ақпараттық технологияларды пайдалана отырып кітапхананы ақпараттық орталыққа айналдыру қадамы:«ХХІ ғасырдағы қоғамдық өзгерістер,ашық ақпараттық кеңістікке өту,қоғамның ақпараттануы, өркениеттік деңгейге көтерілуі кітапханалардың да жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.Компьютерлік сауаттылықты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану əдісі зор рөл атқарады. Осы орайда Президентіміздің халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Қазіргі заманауи қоғамның негізгі сипаты оның белсенді ақпараттануы,яғни ақпататтық технологияның адам өмірінің барлық саласына бойлауы. Мұндай дамыған ортада бағдарлай білуге септігін тигізетін барлық мүмкіндіктер жасалған.Бұл жағдайда ғаламтордың рөлі жəне заманауи кітапхананың да маңызы өте зор.Міне осының барлығы мектептегі оқу, тəрбие жұмысындағы кітапхана рөлімен тығыз байланысты. Ақпарат қызметін көрсету жүйесінің дамуымен, əлімдік жаһандық топтарға шығатын компьютерлік технологияларды қолданумен бірге мектеп кітапханасының басты міндеттерінің бірі оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру болып табылады. Оқушыларға оқуға қажеттілікті, кітапхананы пайдалану қабілетін, кітапхана - библиографиялық бағдарлау негіздерін сіңіру. Кітапхана–кітап арқылы жеке адамның жан–жақты білім алып, саяси 70


санасын қалыптастырып, ғылыми, кəсіби, мəдени дəрежесінің дамуына əсер ететін бірден бір əлеуметтік орын.Оқырмандар алдына кітапханашы бүкіл еліміздің кітапханалары өкілі ретінде жауаптылығын, міндетін жүзеге асырып отыруға тиісті жəне міндетті деп білемін. Кітапхана қорын дəстүрлі жəне электрондық тасымалдауыштармен, жаңа ғылыми басылымдармен, республикалық жəне жергілікті газет-журналдармен толықтырып отырудамыз. Осы орайда оқушыларды кітапханаға тарту үшін кітапхана қызметкерлеріне көп еңбек сіңіруге тура келеді.Бір жылдығыңды ойласаң егін ек, он жылдығыңды ойласаң ағаш өсір,жүз жылдығыңды ойласаң білімді ұрпақ өсір деген халық даналығы Əлеумет танушылардың есебі бойынша егер күніне кітап оқуға бір сағат, ал демалыс күндері үш сағат бөлінсе, бір жылда 573 сағат болады екен. Егер бір сағатта кітаптың 10 бетін оқыса, бір жылда 6000 бет оқылады екен. Бұл дегеніміз білімімізді толтыруға үлкен потенциолдық мүмкіндік болып табылады. Мектеп кітапханасы – көпшіліктің келетін орны, жас ұрпаққа тəлім–тəрбие беруімен қатар рухани жан дүниесін,шығармашылық белсенділігі мен тілін дамыту бүгінгі ақпарат күннің талабы. Оқырманның барлық топтарының сұранысын дер кезінде толық қанағаттандырып, қажетті ақпаратты, білім мен ғылым жетістіктерін, тез арада жеткізіп,мерзімді басылымдардағы ақпараттармен таныстырып, үнемі хабарланады. Оқу залы, абонементтің өзі ақпараттық жұмыстармен тікелей байланысты. • Оқырмандарға қызмет көрсетуде жаңадан түскен кітаптарға шолукітапхана көрмелерін ұйымдастыру мерзімді басылымдарға шолу аса шұғыл мəселелерге байланысты кітаптарды насихаттау,библиографиялық шолулар, əңгімелер, шараларға материалдар əзірлеу,оқырманның алдын-ала тапсырысын орындау. • Оқырманның сұраныстарын қанағаттандыру немесе оқуына ынта бөлуде ақпараттық жұмыстарды жүргізу. Жаңа ақпараттық технологиялар мен орындалатын қызмет жаңа заман талабына сай ақпараттық мəлеметтерге кедергісіз қол жеткізуі-бүгінгі заман талабы. Автоматтандырылған ақпараттық технологияны пайдалану нəтижесінде өскелең ұрпақ рухы бай,жаны жайсаң,түйсігі мол, жан-жақты маман тəрбиеленеді. Мектеп кітапханасы ақпараттық қызмет көрсетуде, жан жақты қызмет жасайды, осы орайда кітапханада ұйымдастырылған библиографиялық шолулар, ұсыныс тізімдер, дауыстап оқу, библиографиялық көрсеткіштер, картотекалар жазу əріптік жəне жүйелік каталогтар осы тұрғыда түрлі тақырыптарда күнделікті баспасөз материалдарынан карточкалар жазып толықтырылады. Оқырмандар арасында компьютердің қандай бағдарламаларын білесің? атты сауалнама үнемі жүргізіледі. «Word» бағдарламасын бəрі де қолдана алады. Тағы қандай кампьютерлік бағдарламаларды білесіңдер? «WordPad»,«Блокнот»,«Excel», «Access», «Оutlook», «PowerPoint», «CorelDraw», Picture», «Manager»т.с.с.  Бұл–стандартты компьютерлік бағдарламалар.Ал оқырман кандай 71


бағдарлама қолдана алады? «Bandicam» - компьютердің экранын видеоға түсіретін бағдарлама. Яғни, видео скриншот.Мысалы, бір ойынды немесе тағы басқа бір заттарды видео арқылы таныстырмақ болсаң, «Bandicam» арқылы экранды видеоға түсіріп, көрсетуге болады. BOOK BINGO Инавациялық бағытта өткізілген шаралардан тəжірибе алмасу мақсатында семинар өткізу кезінде алынған əдіс-тəсілдерді алсақ. Жобаның тақырыбы: «BOOKBINGO» Мақсаты. Оқушыларға мектеп кітапханасындағы кітаптарды есте сақтауға, авторлары мен шығармаларымен таныс болуға дағдыға айналдыру Жобаның тақырыбы: «Booкdating» Мақсаты. Оқушыларға қандай кітаптарды оқуға болатыны туралы кеңес беру, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту. Күтілетін нəтиже: Кітап оқуға деген қызғушылығы артты. Кері байланыс жасау арқылы ұсынылған кітаптарды талдайды, оқиды. - Нақты ой айтады - Өздігінен ізденеді - Ойды талдайды - Өзін-өзі бағалайды - Дəлелді қорытынды айта алады. «Оқырмандардың сұранысы» атты сауалнама  Ғаламтордан алады 45%;  Мектеп кітапханасынан 37%;  Оқуға уақыты жоқ 18%. Оқырмандардың кітап оқуы жайлы бақылау көрсеткіштерінің орындалуы 2013 – 2014ж. 2014 – 2015 ж. 2015 – 2016 ж. Қор айналымы – 0,8 Қор айналымы – 0,8 Қор айналымы – 0,9 Оқылу – 17 Оқылу – 18 Оқылу – 22 Келу – 9 Келу – 10 Келу – 12 Қамтылу – 47 Қамтылу – 48 Қамтылу – 67

Ақпараттық қызмет көрсету пайдаланушылар мүддесін өз қорымен анықтама–библиография ақпаратының көмегімен қанағаттандыра отырып, оқырманның сұраныс – тілектерін қанағаттандырады. Мектеп кітапханасы оқырмандардың талап-тілектеріне олардың сұраныстарына сəйкес қазіргі заманға сай жаңа технологиялық ақпараттарды пайдалана отырып, сапалы жаңа қызмет көрсетіп отыр. Кітапхана 5 компьютермен, принтермен жəне көшірмемен жабдықталған. Интернет желісіне қосылған. Жаңа инновациялық бағытта жұмыс жүргізіліп, ақпараттық интернет жүйесінен ақпараттар алуға мүмкіндік мол жəне ақпараттық технологияларды дамыта отырып, білімді ақпаратпен жедел қамтамасыз етіп отырылуда. Кітапхана жұмысында ақпараттық қорды жəне заман талабына сай заманауи технологияны қолданып, интернеттен алынатын мəліметтерді оқырмандар пайдаланады. Кітапхана жұмысында интернет жүйесін пайдалану арқылы да оқырмандар өз білімдерін терең, сапалы дамыта алады. Кітапхана оқырмандары интернет желісі арқылы төмендегі сайттарға шыға алады. 72


1.WWW.mail.ru 2.WWW.google.kz 3.WWW.45minut.kz 4.WWW.ai.kz 5.WWW.kitap.kz.тағы басқа сайттардың көмегімен оқырмандар өздеріне қажетті материалдарды алып пайдаланады. Мектеп кітапханасында оқырманмен жұмыс атқарудың басты мақсаты олардың талаптарын қанағаттандыру.

«ӨЗІН ӨЗІ ТАНУ» ЖƏНЕ ТАРИХ ПƏНДЕРІН ЫҚПАЛДАСТЫРА ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ Утепкалиева Манет Казикановна Атырау қаласы Үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған №30 мектеп-гимназияның «Өзін-өзі тану» жəне Тарих пəндерінің жоғары санатты мұғалімі

Қай қоғамның да келешегі білім беру жүйесіне тəуелді екені белгілі. Қазіргі жаһандану заманында бүкіл əлемді қамтып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін дəлелдеп отыр. Заманауи тəсілдің ең басты ерекшелігі – оқушылардың мектепте игерген білімін өмірде қолдана біліп, қажетіне асыруы болып табылады. Ал, бұл салада оқушылар үшін білім де, тəрбие де тең дəрежеде маңызды екенін уақыттың өзі көрсетуде. Ғылым мен технологияның қарыштап дамып келе жатқан қазіргі кезеңінде əр ел өзінің тек зияткерлік ресурстарымен, яғни ел экономикасын өркендете дамыта алатын адами байлығымен ғана бəсекелестікке түсе алатыны дəлелденді. Бұл орайда Елбасымыздың биылғы жылғы дəстүрлі Қазақстан халқына Жолдауын келтірсек, мемлекеттің басты байлығы оның халқы екенінің айқын айғағы ретінде онда былай делінген: «Төртінші басымдық – адами капитал сапасын жақсарту. Бірінші. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін жəне өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек.» Бұл жолдардан білім беру саласына қандай тапсырмалар жүктеліп отырғанын байқаймыз.Білекке емес, білімге сенген заманда ел болашағы – қазіргі мектеп оқушылары өзгемен иық тірестіріп,ел байлығын игеруде шет елдік компанияларға жалтақтамай, оған өзі қожалық ете алатындай болуы үшін, біліммен жан-жақты қаруланған, толығымен қандай бəсекеге де қабілетті болуы тиіс. Қазіргі сəт сайын өзгеріп жатқан өркениетте адам үшін жайлылық өте қарқынды өсіп келеді, тіпті технологиялық дамуға ілесу қиын. Бірақ, əлемде тыныштық пен сенімділік жоқ. Табиғатқа деген аяушылықтың аздығынан экологиялық апаттар, саяси келіспеушіліктен террорлық əрекеттер мен ұлтаралық қақтығыстар туындап, ол 73


жаһандық дағдарыстарға ұласуда. Бұл дағдарыстардың ауқымының кең болғаны соншалық, оның себебін жəне шығу жолдарын іздеу үшін бүкіл əлемдегі көрнекті ғалымдардан, саясаткерлер мен кəсіпкерлерден «Рим клубы» құрылды. Олар ауқымды зерттеулер жүргізе келе мұның себебі адамзаттың теріс əрекеттерінде жатыр деген ортақ шешімге келді. Адамзаттың жаһандық мəселелерінің негізгі көрінісі тұтыну идеологиясының кең таралуы болып табылады. Əрбір белгілі қажеттіліктерді қанағаттандыру адам бойында жаңа бір қажеттіліктерді туындатады. Осыған сəйкес, адам шексіз, сарқылмайтын қажеттіліктердің шырмауына түседі. Қазір адамзаттың ортақ мекені – жер планетасы бойындағы бар қазынасын сарқуға да жақын қалғандай десек қателеспейміз. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деп табиғат жанашырлары қанша айтқанмен адам қажеттілігі тек тұтынуға ғана құрылып отыр. Рухани-адамгершілік білім беретін «Өзін-өзі тану» бағдарламасын басқа білім салаларымен, тұтас тəрбие процесімен, қосымша білім берумен тереңдете кіріктіру идеясы білім беру процесін ерекше формада құруды талап етеді, ол білім беру ұйымдарының жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген баланың жеке тұлғасын тəрбиелеуде біртұтас рухани-адамгершілік кеңістік болып табылады. Ежелгі латын тілінде «мектеп» сөзіне «адам жанының көтерілуі үшін арналған баспалдақ» деп анықтама берілген болса, бұл баспалдақтың əр сатысында бала ілгері басуы үшін өзіне қажетті білімді меңгеріп, сонымен қатар жанын да дамытып отыратыны белгілі. Осы жауапты жолда білім баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруына қарай жанды, жансыз деп жіктеледі екен. Ол жайлы ізгілік педагогикасының классиктерінің еңбектерін қарасақ, Ш.А. Амонашвили бұл сұраққа былай деп жауап береді: «Жансыз білім дегеніміз не? Бұл – біз алдын-ала білетін, алайда мүлдем білмесек те болатын білім. Жансыз білім дегеніміз жасөспірімдер мектептің табалдырығын аттамай жатып, мектепте қалдырып кететін жəне оған қызықпайтын білім. Жанды білім Білім беру Мəдениетін құрайды. Жанды білім дегеніміз, ол адамды рухтандырады, ғылымның көкжиегіне бастайды, өмірді жаңаша құруға жетелейді,іздену үшін ойларды шабыттандырады, нұрландырады жəне дамытады. Жанды білім қанат бітіреді, жансыз білім салмақ түсіреді.» Өзін-өзі тану пəні қоғамдық білімдер секциясына қарайтындықтан жəне мұғалімнің жеке қабілеттерін ескергендіктен де болар пəн ең алғаш енгізілген 2010-2011 оқу жылында мектеп əкімшілігі қысқа мерзімдік курстарға мені жіберіп, сол жылдан бастап осы пəнді жүргізіп келемін. Мен сабақ беретін мектептің негізгі сатысында, яғни 5-9 сыныптарында «Өзін-өзі тану» пəнін оқытуда оқу жетістіктері бойынша күтілетін нəтижелерде көрсетілген көп деңгейлі мақсаттар жүйесінің сəйкестігі, сонымен қатар оқушылардың танымдық мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктері ескеріле отырып, мазмұнда көрсетілген жалпыадамзаттық құндылықтар арқылы адамдық қасиеттерді дамыту көзделеді. Бұл аралықтағы пəн мазмұны арқылы эстетикалық талғам, қоршаған орта жəне ондағы адамның орны туралы білім қалыптастыру жəне дамыту, қоғамдағы адамның рөлі, адам мен табиғаттың, əлемнің бірлігі мен үйлесімінің мəні, үйлесімді дамыған тұлғаны толықтай дамыту үдерісінің түрлі қырларын ашу, өзге 74


адамдармен қарым-қатынас мəдениетіне тəрбиелеу,адамзаттың рухани тəжірибесінде жалпыадамзаттық құндылықтардың маңызын түсіндіру қарастырылады.«Өзін-өзі тану» пəні мектептің негізгі сатысында білім берудің құндылықтық мəнін күшейте отырып, адамдарды сүйе білу, өзіне-өзі сену, жақсылық жасау, мейірімділік таныту, өзгелерге қамқор болу, сыни ойлау, адамгершілік таңдау жасай білу, дəстүрді дəріптеу жəне дамыту, жасампаздық, өзіне жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктерін ашып, дамытуға бағытталған. Пəнді жүргізудегі жеті жылдық тəжірибеме негіздей отырып, руханиадамгершілік білім беруді мектептегі біртұтас педагогикалық үдерісімен интеграциялауға да болатынына көз жеткіздім. Интеграция кешенді түрде жүзеге асырылуы керек деп ойлаймын, ол оқу-тəрбие процесінде түгел кіріктірілгенде ғана нəтиже əкеледі. Яғни Өзін – өзі тану метапəн ретінде рухани-адамгершілік жəне интеллектуалды дамудың бірігуі болып табылады. Отан тарихын оқыту оқушы бойында ұлтжандылықты дамытуға бағытталса, қоғамтану баланы қоғамда, əлеуметтік ортада өмір сүре білуге тəрбиелейді. Бұл қағидалар өзін-өзі тану пəнінде де басты мəселелер болып табылады.Осы бағыттағы ой-пікірлерімді əріптестермен бөлісу мақсатында бір жүйеге жинақтадым. Жалпы, интеграцияның өзін сыртқы, ішкі деп жіктейтін болсақ, өзін-өзі тану пəнінің кейбір əдістемесін қай сабақта да сыртқы интеграция ретінде пайдалануға əбден болады. Мысалы, кей кездері сабақ басында ұйымдастыру сəтінде, топтық жұмыстан соң да тəртіптің ептеп бұзылуы мүмкін. Сондай мезгілде өзін-өзі тану əдістемесінен алған маңызды 5 «Т» -ны пайдалануға болады. Олар Тəртіп, Талап, Тазалық, Татулық,Тыныштық ережелері. Сабақтың өн бойында пайдалануға болатын бұл ережелер оқушыны топта жұмыс жасай білуге, өзгелердің пікірімен санасуға үйретеді. Баяу əуенмен жағымды көңіл – күй қалыптастыру əдісі де сабақтың сергіту сəтіне сай келеді. Əрине, негізгі ықпалдастыру пəннің ішкі мазмұнын қамтитын болғандықтан білім беру үдерісінің тұтастығын, адамилығын жəне рухтануын қамтамасыз ете отырып, «Өзін-өзі тану» пəні өзекті пəнге (мета пəнге) айналып отыр. Бұл тұста, Тарих жəне Адам.Қоғам.Құқық пəндерін Өзін-өзі тану пəнімен кіріктіріп ықпалдастыра оқытуға болатынына көзім жетті. «Ізгілік ғылымын меңгермеген адамға кез келген ғылым тек зиянын тигізеді», -деп Мишель Монтень айтып кеткендей, оқушы əр сабақта тек білім ақпаратын меңгеріп қана қоймай, классиктер тілімен айтқанда «жанды білім» алуы қажет деп ойлаймын. Қазір көбіне балалар оқығысы келмейді, сабаққа қызықпайды деп жатамыз, ал оның себебіне үңілсек, біз əр пəн мұғалімі өз пəнімізді ғана оқытып, барлық пəндердің өзара бір-бірімен жəне өмірмен біртұтас байланыстылығына көп мəн бермей жатамыз. Мəңгілік құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, яғни, біз оқытатын пəндеріміздің барлығының біртұтас екендігін оқушыға көрсетуіміз керек. Пəнаралық байланыс арқылы біз білімді тұтас қажеттілік ретінде меңгергенде ғана ол жанды білімге айналады. Баланың қызығушылығын арттыра алмасақ, тарихтың құрғақ фактілері мен терминдерін тек жалаң жаттау оларды қызықтыра қоймайтынын мен өзін-өзі тану пəнін бере бастағаннан байқадым.Ал,атақты адамдар өмірінен айтылған ұлағатты əңгімелер мен оқиғалар 75


бала санасында еш қиындықсыз сақталады екен. Мұғалім көбірек ізденіп, оқушыларын шығармашылыққа шабыттандыра білсе, оқушы пəнді зор сүйіспеншілікпен оқиды. Тұлғаның белгілі бір білімдердің қосындысын жинауы емес, өзінің ішкі ар-ұжданының үніне сəйкес өмір сүретін, ізгі мінезді болуы оқу үдерісінің ең маңыздысы болып табылады.Оқушыға мектепте берілетін білім жанды жəне практикалық тұрғыдан оқушыларға айналаны тануға, оқытылатын пəндердегі мəңгі құндылықтарды ажыратуға жəне оларды бақытты өмірге лайық шабыттандыруға көмектеседі. Бұл орайда маған өзін-өзі тану пəнінен білім жетілдіру курстары көп ойқозғау туғызды. Курс тапсырмасын орындау барысында мен Ригалық Физика пəнінің мұғалімі Ирена Стульпинене «Физика жүрек тілімен» жəне Ресейлік Биолог Виктория Бак «Биология жүрек тілімен» атты кітаптарын оқып, солардың ізімен неге «Тарих жүрек тілімен» деп өз сабақтарымды жинақтамасқа деген ойға қалдым. Олардың идеясымен таныса отырып, өзіндік əдістемемді қалыптастырдым. Қоғамдық пəндер секциясына екі пəн де енетіндіктен, тарихтың əр сабағы өзін-өзі танумен кіріктіруге сұранып –ақ тұр емес пе?! Педагогикаға жаңа əдіс-тəсілдерді табу емес, рухани-адамгершілік жəне зияткерлік білім беруді интеграциялауға мүмкіндік беретін неғұрлым айқын дүниетанымдық бағдар керек. Тарих пəні-ғасырлар бойғы елдердің, халықтардың, мемлекеттердің бір-бірімен қарым-қатынасын жүргізу шеберлігі сыналатын, елбасыларының бір ауыз сөзіне бүкіл ел тағдыры байланатын жағдаяттардан, соғыстар мен келісімдер, адам қаны судай шашылған зұлмат шайқастардың сипаттамасынан, Отанға деген шексіз сүйіспеншілік пен сатқындық, ерлік пен ездік қатар келетін, азаттық жолындағы құрбандық баяндалатын пəн. Осы сəтте əр сабақ барысында жалпыадамзаттық құндылықтарға ,əрине, тоқталмай өтуге болмайды. Өзгеге ел шетін бастырмаймыз деп, қар төсеніп, мұз жастанып, қазіргі ұлан-ғайыр жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен сақтап қалған бабаларымыздың ерлігін Отанға деген риясыз сүйіспеншіліктің мысалы деп қалай дəріптесек те сияды. Осы жолда өзінің өмірін құрбан Қажетті тағы бір қасиеттің бірі – ынтымақтастық. Қоғамда өмір сүрген соң айнала қоршаған адамдармен ынтымақтаса өмір сүрген кезде ғана Дұрыс əрекетке қол жеткізе аламыз. Жасы, əлеуметтік жағдайы əртүрлі болса да адамдар бір бағытта өмір сүруді үйрену керек. Осы арада қоғамдағы адамдардың дұрыс əрекеті тұрақтылық кепілі екенін көруге болады. Елбасымыз басым бағыт ретінде белгілеген «Мəңгілік ел» идеясының бастауы да осында жатыр.

БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК: ОТБАСЫ, БАЛАБАҚША ЖƏНЕ ҚОҒАМНЫҢ ИГІЛІКТІ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДАҒЫ ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ –«ТƏУЕЛСІЗ ЕЛ-МƏҢГІЛІК ЕЛ» АдиловаТалшын Шаландиевна Атырау қаласы № 8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай-балабақшасының директоры

«Бұл–ұрпақ

жəне

құндылықтар 76

сабақтастығы,сондай-ақ

ұлттың


ширақтығы, жастардың инновациялық бейімдігі. Біз өз тарихымызды батыл əрі лайықты түрде игеруге тиіспіз. Əрдайым бірлігіміз болса,біз бұданда қуатты бола түсеміз. Біздің жалпыұлттық Мəңгілік Ел идеямыздың,Мəңгілік Отанымыздың мəн-маңызы осында» Н.Ə.Назарбаев Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келгеніне 25жылдан асты. Баршамызды Тəуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады. Ол – алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ елінің ашық аспаны астында дүниеге келген əрбір сəбидің жүрегіне орнайды.Ол–əрбір азаматтың жүрегінде, əр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген əрбір үйде, əрбір қала мен ауылда салтанат құрады. Тəуелсіздік дегеніміз–Жалпыға Ортақ Еңбек. Ғылым қуып, білім іздеген тұлғалардың еңбегі, еліміздің ұлттық байлығын еселей түсетін барша мамандық иелерінің еңбегі. Əрбір жас буынның жүрегіне Отанға деген шексіз сүйіспеншілік дарытатын қазақстандықтардың еңбегі. Оның көкжиегінде жаһандық деңгейге жайған сан қырлы мəдениеті бар. Оның ғылымға, инновациялар мен прогреске əрдайым айқара ашық есігі бар.Оның көздеген межелеріне қалайда жететін мақсаткерлігі бар. Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев қазіргі замандағы халықтың тағдырын айқындайтын екі басты қағидатты атады.Бұл–ұрпақ жəне құндылықтар сабақтастығы, сондай-ақ ұлттың ширақтығы, жастардың инновациялық бейімідігі. Біз өз тарихымызды батыл əрі лайықты түрде игеруге тиіспіз. Əрдайым бірлігіміз болса, біз бұдан да қуатты бола түсеміз. Біздің жалпыұлттық Мəңгілік Ел идеямыздың, Мəңгілік Отанымыздың мəн-маңызы осында,-деді Мемлекет басшысы [8] «Балалық–болашақ өмірге əзірлік кезеңі».Бүлдіршін кез-келген жас кезеңінде барлық балаға тəн сипаттармен қатар, өзіне ғана тəн, дербес психикалық жəне мінез құлық ерекшеліктерін де игереді. [3] Адам болу – «басқалармен бірдей болу», өзгелер меңгерген нəрсені меңгеру ғана емес, сонымен бірге өз талғамы бар, өзіндік ерекше қабілет-қарымы бар қайталанбас жеке тұлға болу деген сөз. Оқыту жəне тəрбиелеу–өмірде жұбы жазылмас «егіздер». Атам заманнан бері балаларды оқыту жəне тəрбиелеуге үлкен көңіл бөлініп, əр балаға кішкентайынан бастап сүйіспеншілік, үлкендерді сыйлау, кішілерге қамқор болу дағдылары егіліп келеді. Кез келген тəрбиенің негізіне ұлттық діл(менталитет-лат.мenta-жан құрылымы-ойлаудың үлгісі, этностың,əлеуметтік топтың, индивидтің жалпы рухани мінез- құлқы) алынады. Қоғам өмірі экономикалық, қоғамдық, əлеуметтік жəне ұлттық дамудың сапалық жаңа деңгейіне көтерілді. Бұл жерде адам факторы, оның білімділік жəне тəрбиелік деңгейі ерекше орын алады. Жаңарған қоғамда балалар тəрбиесімен біліміне үлкен мəн берілді. [9] Білім беру жүйесіне менеджементтің жаңа технологияларын ендіруі отбасы, балабақша жəне қоғамның даму факторларының бірі болып білім берудегі құзыреттілікті арттырады. 77


Менеджмент–алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша басқару жағдайының сипаты мен түріне байланыссыз нақты жүйенің біліктілікпен –кəсібилікпен басқаруды қамтамасыз ететін жалпы көзқарастар, формалар, тəсілдер, əдістер кешені. Менеджменттің гуманистикалық модельге негізделген инновациялық технологияларының бірі-даму траекториясы–командалық менеджмент фасилитация технологиясы–қажетті жағдайларды жасау.Педагогикалық мониторинг-педагогикалық жүйенің жағдайы мен дамуын болжап, үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау, өндеу, жұмыс үрдісінде қолдану. Балабақшада,ұжымды басқаруда үш факторды негізге аламын: 1. Ұжым жұмысын ұйымдастыра білу; 2.Əр жұмыскермен тіл табыса білу; 3.Ұжым алдына қойылған міндеттерді шешү үшін əр жұмыскерге ықпал етудің тəсілін таба білу. Педагогикалық менеджмент маркетинг қызметі мен педагогикалық мониторингтен тұрады.Маркетинг –мэркэт(ағылш)нарық. Маркетинг- нарықты зертейтін, сұраныс талабына сай жасалатын жүйелі шара.Маркетинг екі қызметтен тұрады: жарнама қызметі жəне SWOT-талдау қызметі. Отбасылық жəне қоғамдық тəрбие негізінен тəрбие мен оқыту сапасы үлкендермен балалардың қарым-қатынас сипаты арқылы анықталады. Тəжірибеде 2 модельге болуге болады:- оқу- пəн моделі, тұлғалық-бағдарлы модель.Бірінші модельдің альтернативасы. Тəрбиеші балалармен қарым-қатынасында «Əрқашан баламен бірге!», «Өзіме істеуме көмектес» принциптеріне ұстанады. Оның мақсаты – баланың тұлға болып қалыптасуына көмектесу. Қарым-қатынас жасау тактикасы –ынтымақтастық. [2] Отбасы–адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Балаға ата-ана тəрбиесінің орнын ешнəрсе алмастыра алмайды. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарымқатынас нəтижесінде адамгершілік, эстетикалық, дене тəрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады.Отбасы тəрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты. Қоғам үшін əр кезеңде əр отбасында өсіп келе жатқан сəбилердің дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі ең жоғары тілек, ең биік мақсат.Əлеуметтік тапсырысты іске асыратын педагог рөлі қомақты. Педагог – ұрпақтар арасын байланыстырушы буын, қоғамдық- тарихи тəжірибе иегері. Педагогтың кəсіптік құзыреттілігі үлкен маңызға ие. Балалардың ата-аналарымен дұрыс араласа білу – ең басты жəне қиын кəсіптік құзыреттіліктердің бірі. Қабілетті болу, өз шеберлігін қолдана білу өте маңызды. Əлемдік бизнестің атақты философы Джим Ронның «Байлық пен бақытқа жетудің жеті стратегиясы» атты кітабында сəтті өмір сүрудің құзыреттілік моделінің сипаттамасы үлкен əсер қалдырады.Бұл стратегияның тізімі адамның құзыретті болуын талап ететін өмірлік маңызды сфераның тізімі ретінде көрінеді:жеке мақсаттарын басқару(армандар, стратегиялық жоспарлау, артықшылығы); жеке білімдерін басқару (өзіндік оқу, білімін тəжірибеде қолдану);өзінің дамуын басқару(əр аймақта өзгере жəне өсе білуі);жеке/ жанұя қаражатын басқару; уақытты басқару 78


(time- management);əлеуметтік басқару (қарым-қатынас);өз өмірінің сапасын басқару (ол тек қуаныш əкелу үшін). Құзыреттілік:өмірде қолданылатын білім, іскерлік, дағды, қабілет жиынтығы. Əлеуметтік тапсырысқа жəне білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің қажеттілігіне қарай, біздің балабақша жұмысының мазмұны педагогикалық ұжымның кəсіптік құзыреттілік деңгейін көтеру–жаңа стандартқа көшу жағдайында мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың ортақ міндеттерін шеше білу, балалар мен ата - аналардың сұранысы мен қажеттілігіне жауап беретін білім беру қызметтерін беру қабілеттеріне қарай құрылады. - Педагогтардың кəсіптік құзыреттілігінің ғылыми-əдістемелік қызмет (балалардың тəрбие мен оқытуда жеке даму мониторингі), психологиялық-педагогикалық- коррекциялық қызмет (балалардың дағдыларының даму мониторингі),əлеуметтік- медициналық-валеологиялық қызмет( балалардың дене бітімінің жетілдіру мониторингі) қолдануы. Білім беру траекториясы- белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін атааналармен жəне басқа мамандармен бірге педагог анықтаған бала дамуының үздіксіз процесі. Тьютор – адамның (бала, тəрбиеші, педагог, жұмыскер, ата-ана) даму траекториясын құратын педагог. Жеке бағытталған технологияларының бірі М.Монтессори технологиясы. 2013 жылғы 27–28наурыздағы «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтарының қалыптасуы шарты ретінде М.Монтессори технологиясын ендіру» республикалық семинар-кеңесі жауабын берді десем артық болмайды. Монтессори педагогикасын ендірудегі инновациялық жұмыстың мазмұны бойынша балабақшамызда ендіру үдерісі 4 кезеңде іске асырылды: 1.Тəрбиешінің теориялық даярлығын қалыптастыру. 2.Тəрбиешінің практикалық даярлығын қалыптастыру. 3.Топтардың білімдік кеңістігінде қағидаттарды іске асыру. 4.Жұмыс нəтижелерін қорытындылау. Тəуліктік, алты күндік жұмыс тəртіппен 330 бала қабылдау қуатымен балабақшамызда М.Монтессори технологиясын енгізуде. Қосымша білімдік қызмет Монтессори-класс 0-3жас;Монтессори–класс 3-6жас жəне төрт Монтессори топ өз жұмысын жүргізуде. Ұлт тəрбиесі–ұлт болашағы. Бала бақытының кепілі–ата-ананың өнегелі тəрбиесінде. Отбасы, балабақша жəне қоғамның игілікті болашақ жолындағы ынтымақтастығын нығайта отырып,Тəуелсіз еліміздің,Отанымыздың көк байрағын нық ұстап,оны Қазақстан дамуының жаңа биіктерінде асқақтата желбіретеміз. Бұл біздің мəңгілік ұстанымымыз. Қолданылған əдебиеттер тізімі: 1ҚР білім берудің дамытудың 2011-2020 жж арналған мемлекеттік бағдарламасы // www.edu.gov.kz 2.Абдықылықова Г.Ж. Бала жəне қоғам. // Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы, №10 2011. 3.Тұрғынбаева Б.А. Мошқалов А.Тұлға–психология жəне педагогика ғылымдарының іргелі ұғымдарының бірі.//Білім берудегі менеджмент. 79


№1(72)2012. 4.А.Өмірзақова,Жас ұрпақ тəрбиесінің кепілі–бөбекжай мен отбасы ынтымақтастығы. Ата-ана бала тəрбиесінің айнасы. Бала мен балабақша 2016. №5. 5. З.Бургебаева, Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік. 6. Метербаева К.М. Алматы. Ана тілі – мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу құралы. Дошкольный мир 2016ж. №5 7. Мəңгілік ел – тəуелсіздіктің өмірлік философиясы. Н.Ə.Назарбаев 8. ҚР Білім жəне ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында əдістемелік нұсқаулық –«Мəңгілік ел» Патриоттық Актісінің негіздерін мектепке дейінгі ұйымдардың тəрбие мен оқыту үдерісіне енгізу» Астана 2016. 9.Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалағы2012. №8, 2015,.№11, 2013,.№7,12 10.ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту Астана 2009.

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ КƏСІБИ ДАМУ ДЕҢГЕЙІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ Алимова Айнур Кенжебаевна Атырау облысы Исатай ауданы Ж. Мырзағалиев орта мектебінің бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі

Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен жəне Қазақстанның білім беру жүйесін əлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың əдістəсілдерін үнемі жаңартып отыру жəне технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы–оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тəжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарымқатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу. Жаңартылған оқу бағдарламасының мəні, баланың мектеп қабырғасында алған білімін өмірде өз қажеттілігіне асыра білетін азамат болса екен деген ұғымға негізделген. Білім жүйесіне енгізілген жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасын республикамыздағы 30 пилоттық мектептің бірі Жұмабай Мырзағалиев орта мектебі былтырғы оқу жылынан бастап апробациядан өткізіп келеді.Жаңартылған білім беру бағдарламасын тəжірибемізге енгізгеннен бері мұғалімдердің сабақтағы өзгерісті жəне мұғалімдердің кəсіби дамуын байқауға болады. Тəжірибемізге енгізілген білім берудің жаңа 80


жүйесінде жүргізілген жұмыстарды БЛУМ таксономиясы негізінде қарастыратын болсақ, білу бөлігіне мектеп əкімшілігімен қатар, ұстаздарымыздың Астана жəне Көкшетау қалаларында білім жетілдіру курстарында білімдерін шыңдап қайтқандығын айтуға болады. Білім жетілдіру курстары ұстаздарымыздың кəсіби дамуына қосқан үлесі өте зор. Түсіну. 2015-2016 оқу жылының жұмыс жоспарыма сай жаңартылған білім беру мазмұны туралы білім жетілдіру курстарында алған мағұлматты алдымен бірлестіктерде коучинтер арқылы таныстырылып, одан соң мектептің педкеңес отырысында талқыланған болатын. Сонымен қатар мектепалды дайындық топ ата-аналарына білім жүйесіндегі өзгерістерді таныстыру мақсатында «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» тақырыбында əр топтарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Білім жетілдіру курстарына қатысқан мұғалімдер оқу жылының басында өз тəжірибелерімен бөлісу мақсатында «Тұлғаны зерттеушілік жəне шығармашылыққа баулу – 12 жылдық мектеп үлесі» тақырыбында аудандық семинарға қатынасты. Жаңартылған білім беру бағдарламасын тəжірибеге енгізбес бұрын жүргізілген жүйелі жұмыстардың нəтижесінде жаңартылған білім беру бағдарламасы туралы бастауыш сынып мұғалімдері мен ата-аналар толықтай түсінік алды деп айтуға болады. Қолдану. Мектебіміздегі түсінік жұмыстардың жүйелі жүргізілу нəтижесінде жаңартылған білім беру бағдарламасын тəжірибелеріне енгізген мұғалімдерге əдістемелік қолдау көрсету ұстаздарымыздың кəсіби дамуына мүмкіндік туғызды деп есептеймін. Бағдарламаны тəжірибеге енгізгеннен бері мектеп ұжымы кəсіби даму үстінде деп айтуға болады. Жаңартылған білім беру бағдарламасында əрбір сабақты мақсатқа сай жоспарлаудың ерекшеліктері мен бағалауды тиімді қолдана білу əрбір мұғалімнің кəсіби дамуына өз үлесін қосатыны анық. Жұмыс жоспарға сай «Жаңартылған білім беру тəжірибеде» тақырыбында аудандық жəне «Жаңартылған білім мазмұны жағдайында мектептің оқу – тəрбие жұмысын ұйымдастыру, басқару» тақырыбында облыстық семинарлар ұйымдастырылды. Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері сабақ өткізді. Сонымен қатар, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесіп, «Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңа бағыттары» тақырыбында ұйымдастырылған он-лайн режиміндегі семинарға мектебімізден 3 мұғалім қатынасты. «Бастауышта жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқытуда қолданылатын педагогикалық əдіс-тəсілдер» тақырыбындағы облыстық онлайн семинарына Ахметбекова Зауре əдебиеттік оқу пəнінен зерттеу сабағын көрсетсе, бейнелеу пəні мен музыка пəнінің мұғалімдері Қайырбаева Бибісұлу, Кабулова Ұлжан кіріктірілген сабақ үлгісін көрсетті. Əрбір қатынасқан шаралар барысын мұғалімдерге əдістемелік көмек көрсете отырып мұғалімнің кəсіби дамуын байқауға болады. Оқу жылының соңында «Үш бірлік: Мектеп, оқушы, ата-ана – білімді ұрпақ, жарқын болашақ» ақырыбындағы ата-аналар семинарының ұйымдытырылуы ата-аналар тарапынан оң бағасын алған болатын. Биылғы оқу жылында да мұғалімнің кəсіби дамуына тигізетін 81


түрлі шаралар ұйымдастырылуда.Оқу жылының басында жасақталып бекітілген жұмыс жоспарға сай мектебімізде «Пилоттық мектепте жаңартылған білім беру тəжірибесі», «Білім берудің мазмұнын жаңарту: болашаққа бағыт», «Жаңартылған білім беру мазмұны: ізденіс жəне тəжірибе» тақырыбында аудандық семинарлар ұйымдастырылды.Семинардың мақсаты аудан мектептерінің ұстаздарына жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша өз тəжірибелерімізбен бөлісу. «Бастауыш сыныптарда білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбындағы облыстық он-лайн режиміндегі шеберлік сыныбына Мусағалиева Аякөз жəне Габдешова Жазира қатынасып, бағалау жүйесіндегі ерекшеліктері бойынша таныстырылым жасады. Мұғалімнің кəсіби дамуына қалыптастыру, əдістемелік қолдау мақсатында жаңартылған білім беру бағдарламасын тəжірибелеріне енгізген 1-сынып мұғалімдеріне «Жаңартылған білім берудегі қажеттілік – мұғалімнің кəсіби дамуы» атты мектепішілік семинар-практикум өткізілді. Сонымен қатар əр бірлестікте жоспар бойынша командалық сабақтар өткізу мұғалімнің өзара тəжірибе алмасуына, кəсіби дамуына зор мүмкіндік беретінін тəжірибеден байқауға болады.Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі–оқушыны өз бетінше білім алуға жетелеу. Сол мақсатта мектептің кітапханасымен бірлескен жұмыстар ұйымдастырылып тұрады. Əр тоқсанда жоспарға сай оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Reading time» шарасы өткізіледі. Мұндағы мақсат бастауыш сыныптан бастап кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. 1-желтоқсан Президент күніне орай кітапханамен бірлескен «Bookcrosing» шарасын ұйымдастыру бір жолға қойылған.Бұл шараның мақсаты:ұстаздар мен оқушылардан кітаптарды сыйға алып кітапханадағы кітаптар қорын молайту. Күнделікті кітапхана оқырмандарын кітап оқуға қызықтыру, оқырмандарды тарту мақсатында «Book bingo»,«Book dingo»ойындары ұйымдастырылып тұрады. Бұл да жаңартылған білім беру мазмұнындағы жүргізіліп отырған жұмыстардың бірі. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстарға тоқталатын болсақ, əр жиынтық бағалау жұмыстары жүргізілген соң жиынтық бағалаудан төмен балл алған оқушылардың ата-анасын пікір алмасу дөңгелек үстеліне шақырылады. Ондағы мақсат келесі жиынтық бағалаудан төмен баға алмаудың ұтымды жолдарын қарастыру.Сонымен қатар,тоқсан сайын тоқсандық бағаны таныстыру мақсатында ата-аналар жəрмеңкесі ұйымдастырылады. Жəрмеңкеге сынып жетекшілері, пəн мұғалімдері, мектеп психологы мен медбике қатынасады. Əр кабинетте бөлек отырған сынып жетекшісі жəне пəн мұғалімдерімен ата-аналар оңаша пікір алмасуға мүмкіндік алады. Жəрмеңкеге қатынасқан ата-аналар балаларының білім деңгейін сынып ішінде орналасқан жартақтаға арнайы шартты белгі арқылы өздері белгілеп көрсетеді.Нəтижесінде ата-ана балаларының білім деңгейін өздері бағалайды. Талдау.Былтырғы оқу жылынан бастап бағдарлама мектеп тəжірибесіне енгізілгеннен бері оқу аптасының сенбі күндерін аптада ұйымдастырылған жұмыстарды талдау, бағалау жəне алдағы аптаны жоспарлау мақсатында ұйымдастырылып келеді. Əрбір ұстаз оқу жоспары, оқу бағдарламаларында жəне 82


оқулықта кездескен кедергілер мен қиындықтарға талдау жүргізіп отырады. Былтырғы оқу жылында кездескен қиыншылықтар мен кедергілерді талдай отырып, «Мəңгілік елге–табысты мектеп» атты облыстық семинарда “Білім берудің жаңартылған білім мазмұны бойынша жұмыс жасайтын педагогтардың кəсіби қиыншылықтары” тақырындағы постер қорғадым. Жинақтау. Жаңартылыған білім беру бағдарламасында ұстаздарға əдістемелік көмек көрсету мақсатында жасақталған республикалық smk.edu.kz сайтына жаңартылған білім беру бағдарламасын тəжірибесіне енгізген ұстаздарымыз тізбектелген сабақ үлгілерін, мақалаларын жинақтап сайтқа енгізіп отырады. Сонымен қатар, республикалық, облыстық, аудандық басылым беттерінде жаңартылған білім беру бағдарламалары туралы өз тəжірибелерімен бөлісу мақсатында жарияланымдар жарық көріп жүр. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша жүргізілген əрбір жұмыстың бағдарламасы жасақталып, қатысушылардан кері байланыс алынып, өткізілген жұмысқа рефлексиялық есеп жазылады. Оқу жылының соңында жүргізілген жұмыстарды жинақтап «Мектеп күнтізбесі» тақырыбында фотоальбом жасақталды. Бағалау.Ұстаздарымыздың кəсіби дамуының нəтижелерін түрлі сайыстарға қатынасып, іс-тəжірибелерімен бөлісіп алған марапаттарымен бағалауға болады. Ұстаздарымыз білім берудегі жаңа бағыт көшінен қалмай еңбектеніп келеді. Бұған дəлел, мақсатқа жету жолында тиімді əдіс-тəсілдерді қолданып, оқушы сұранысын қанағаттандыру, тілдік дағдыларды қалыптастыра отырып сабақтың өн бойында бағалау жүйесін ұтымды қолданып өткізілген əр сабақты айтуға болады. Шəкірттеріміздің бойынан тілдік дағдылар, əрбір ойға алынған жұмысты мақсатқа сай жүргізу, бірін-бірі шынайы бағалау, өз ойын еркін айта білу дағдыларының қалыптасуы ұстаздардың кəсіби дамуының дəлелі екені анық. Жаңартылған білім беру мазмұнын тəжірибемізге енгізгеннен бері жүргізілген жұмыстар сараланып, жақсы нəтижелерге қол жеткізудеміз. Мектеп ұжымы «Бастауыш білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты мен білім беру мазмұнының жаңартылған оқу бағдарламасын 1- сыныптарда биімделуден өткізіп, табысты аяқтағаны үшін» облыстық əдістемелік кабинеттің Алғыс хатымен марапатталды. Биылғы оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дəріс беріп жүрген ағылшын тілі мен бастауыш сынып мұғалімдері Габдешова Жазира, Тайшиева Айнагүл Ұлттық білім академиясының Алғыс хатымен марапатталса, Саттарова Бақыт, Қойбақова Ақтолқын, Алимова Айнур аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тəрбие беруде үлкен жауапкершілік тұр. Əрбір оқушыны оқытып тəрбиелеуге байланысты мəселелерді өздігімен жəне шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Жаңа, тез өзгермелі, білімді де білікті, тың серпіліске, өзгеруге дайын жəне жаңа талап межесінен көріне алатын шығармашыл да кəсіби шебер мұғалімдерді қажет етіп отырғанына көзіміз жетті. Оқушылардың мектепте табысты оқуы ғана емес, өмірде де табысты болуы мұғалімнің қабілетіне, оның құзыреттілігіне байланысты екенін терең түсіндік. Мұғалім оқушылар үшін 83


қандай да бір пəн бойынша білім беретін адам ғана емес, сондай-ақ олардың оқудағы еңбегін қызықты, тиімді ұйымдастыра алатын, оларға үлгі болатын ерекше тұлға болуы керек. Жаңа заман мұғалімнен күнделікті оқушылармен қарым-қатынас барысында əрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді жəне шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Оны қанағаттандыру үшін қазіргі заманның мұғалімі жаңашыл, икемді, өзгерісті тез қабылдай алатын, жан-жақты, жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды меңгерген болуы керек.

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ Бексултанова Лора Абылхайыровна Атырау облысы Жылыой ауданы №23 жалпы орта білім беретін мектептің оқу ісі бойынша орынбасары

Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан əлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты мəселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» жəне де екіншісі–ол да маңыздылығы жағынан біріншіден кем емес:«Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» [1, 5- б]. Əлемде көз ілеспес жылдамдықпен, бүкіл ғаламды шарпып келе жатқан жаһандану үрдісі əлемдік бəсекелестікті барынша күшейте түсуде. Көптеген дамыған елдер бұл идеяны басты назарда ұстап отыр. Бүгінгі таңда, халықаралық ұйымдар əлем елдерінің бəсекеге қабілеттілігінің нақты рейтингін анықтауда.Менің ойымша, қазір адам қандай оқу орнынан болсын өзінің бүкіл өміріне жететін білімді бірден ала алмайды.Оның басты себебі–қоғамның жоғары жылдамдықпен дамуы. Сондықтан білім беру саласында еңбектеніп жүрген қызметкерлер жүгі ауырлай түсуде. ХХІ ғасырда экономиканың дамуы үшін ең негізгі фактор мемлекеттің қазба байлығының мөлшері,мемлекеттің географиялық ыңғайлы орналасуы жəне т.б. мəселелер емес, экономиканың алға басуының негізі – адам, оның денсаулығы, білімі, кəсіптік деңгейі, икемділігі...Адам капиталының дамып жетілуіне біз мұғалімдер,білім жүйесін реттеп отыратын жауапты адамдар тікелей қатыстымыз. Міне адам капиталының дұрыс қалыптасып, мемлекет дамыған елдер қатарына нық тұру үшін, БІЗГЕ ӨЗГЕРІС КЕРЕК!. XXI ғасыр деңгейінде білім беру жəне кəсіптік даярлау жөніндегі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына 2007 жылғы 28 ақпанындағы Жолдауында «Біз бүкіл еліміз бойынша əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек. Əр оқушының білім мен қабілет деңгейінің тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау қажеттігін, оқу жоспарларына жаратылыстану бейініндегі арнаулы сыныптар құруды қарастырған жөн » екендігін атап көрсеткен болатын. Бүгінде 84


бұл іс жүзеге асуда. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” занының 5-тарауындағы 41баптың 1-бөліміндегі “педагог қызметкерлер өз біліктілігін арттыруға міндетті” деп көрсетілуі, “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында Елбасының “біз балаларымызға өзіміздің жақын жəне алыс көршілерімізбен достық қарымқатынасымызды мұра етіп қалдыруымыз керек” деген сөзі бүкіл ағартушы қауым алдында оқу-тəрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мəселелер етіп енгізіп отырғаны белгілі.» Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы» деп атап өткендей оқушының алған білімін қолдана білу дағдысын дамытатын негізгі тұлға мұғалім. Сондықтан мұғалімнің кəсіби біліктілігіне баса назар аударылып отыр. Кəсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Əріптесіне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тəлімгерлікке жүгініп басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеді. Міне осы мəселелерді шешуде,педагогикалық шеберлік орталығының Кембридж университетінің бағдарламасы бойынша əзірленген, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының басшылық денгей бағдарламасының алатын орны ерекше екенін атап айтқым келеді. «Бағдарламаның мақсаты - Мектептегі еңбек тəжірибесі əртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан–жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады. Бағдарламаны игерген, мұғалімнің негізгі функциясы-Оқыту мен оқу тəжірибесіне жаңа тəсілдерді енгізу мақсатында өз мектептерінің дамыту бағдарламасын əзірлеу болып табылады.» [1, 4 - б]. Елбасымыз Н. Ə. Назарбаев «Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен əлдеқайда жоғары болу керек.Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет» деген болатын. Қазіргі кезеңдегі оқытудың негізгі мақсаты–болашақ мамандығына байланысты əрбір балаға тереңірек білім беру,білімді өзгермелі өмір жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру.Сондықтан қазіргі қоғамның өзекті мəселелерінің бірі-əлеуметтік экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар: шығармашылық, белсенділік, əлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кəсіби сауаттылық. Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мəнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тəсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. 85


Оқушы мұндай жауапкершілікті көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Сапалы оқыту- мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тəуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Менің көшбасшылық функциямның ықпалы оқытуға байланысты, əрі əріптестерімнің кəсіби дамуына байланысты алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік берді. Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастықты, кəсіби даму мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң əсер ететініне көз жеткіздім. Сондай-ақ мұғалімдер мектепте кəсіби шешім қабылдауға қатыстырылған жағдайда көшбасшылықтың бұл түрі мектеп жүйесін жетілдіруге ықпал ете алады деп түйдім. Мұғалім көшбасшылығы нəтижесінде мұғалімдер жұмысының сапасы артады, олар жаңа технологияларды сынақтан өткізіп, бағалауға, талқылауға жəне тəуекелге бел бууға үйренеді, бірлескен жұмыс тобында бір - бірінің қолдауын сезініп, өздеріне деген сенімдері артады. Осылайша оқу əдiстерiн жетілдіреді, тəжірибені жақсартуда өзгерiстер жасайды, мұндай əрекеттердің бəрі мұғалімдердің кəсіби өсуінде маңызды болып саналады. «Адамның адамшылығы істі бастағанынан көрінеді, қалайша бітіргенінде емес,» - деп Хəкім Абай айтқандай, көшбасшы мұғалім өз идеясын іске асыруды дұрыс жоспарлай алғанда ғана жұмысы өнімді болмақ. «Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кəсіби даму үдерісінің нəтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек...» [5]. Мен,мектептің көшбасшысы ретінде мұғалімнің қажеттілігіне байланысты «Сын тұрғысынан ойлау»,«Білім сапасын арттыруда формативті бағалаудың тиімділігі», «Өзгені үйрете жүріп өзіміз үйренеміз»,«Құзіретті тұлға қалыптастырудағы ата-ана мен мұғалімнің ролі», «Білім берудегі жаңа əдістəсілдер» атты коучингтер өткізіп, күтілетін нəтижеге қол жеткіздім,мұғалімдер өз тəжірибелерінде қолданып іске асыруда. Мұғалімдердің көшбасшылығы кəсіби желілік қауымдастықтарда айқын көрініс беруде.Желілік қоғамдастық мұғалімдерді біріктіріп, жаңа идеялар мен тəжірибелерді жетілдіру үшін тиімді жағдайлар жасайды.Соның арқасында бірлескен зерттеу топтары қалыптасады, кəсіби даму жөніндегі бірлескен ісшаралар жүзеге асады, басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды, мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады, кəсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады. Əсіресе,мұғалімдердің мектепаралық «Мұғалім мансабыкəсібилік жəне көшбасшылық», «Қалыптастырушы жиынтық бағалау»,«Оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау»,«7 модуль заманауи түсінігін қалыптастыру», «Сын тұрғысынан ойлау əдістері»,«Мұғалім бойындағы көшбасшылық құзіреттілігі»-өткен коучингтер,аудандық «Серпін» желілік қоғамдастығы аясында өткізілген семинар,коучингтерде талқыланған зерттеушілік жұмыстардың нəтижелігі,Lesson study-ді қолдану тиімділігі,тəлімгерлік 86


жұмыстың ұйымдастырудағы маңызы т.б. тақырыптарынан алғаны көп болды. Қазіргі қоғам мұғалімнің білімді ғана емес, тəрбиеші, зерттеуші, ұйымдастырушы болуын талап етеді.Сол себепті мектеп көшбасшыларына артылар міндет зор. Мектеп жұмысын жақсарту мақсатында жасалып жатқан өзгерістер оқушылардың құзіреттілігін дамытып,мұғалімдердің құзырлылық қабілетін шыңдайды деген сенім бар. Үлкен ойлар, жоспарлар мазалайды, уақыт көрсетеді деп үміттенемін.

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНДАҒЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ НЕГІЗІ-КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІН ҮДЕРІСКЕ ЕНГІЗУ ЖОЛДАРЫ Куангалиева Армангул Зулхарнаевна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқу ісінің меңгерушісі

Қазіргі əлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер əлемдік білім беру жүйесін қайта қарау керек екендігін паш етті. Осы өзгерістерді біздің елімізге енгізу НЕГЕ қажет? Өзгерістерді енгізу қажеттілігінің себебі біз күннен күнге күрделенген қоғамда өмір сүріп отырмыз. ЭЫҰД ұйымына мүше елдер, білім беруде айшықты орын алатын 50 елдің 500-ден астам мамандары «Жаһандық білім болашағы ұйымының құрамында» баланы тұлға ретінде дамытуда қандай білім керек жəне дағды керек екенін талқылады. Болып жатқан бұл өзгерістер Қазақ елінің ғалымдары мен білім беру ісінің мамандарында болашақтағы орта білім қандай болуы керек жəне оны ҚАЛАЙ береміз деген сауал мазалады. Баланың бойында өмір сүруге қажетті дағдыны қалыптастыру мен мінезін қалыптастыру үшін білім мазмұнын жаңарту, оқу бағдарламасын қайта қарау қажеттігі туындады. Баланы тұрақтылыққа, ұжымда өмір сүруге, білімді алу жолын үйрету жəне қоршаған ортаны толыққанды көре білуге жол ашу керекпіз. Осы мақсаттарды қамтитын жаңартылған мазмұнда оқу бағдарламасы жасақталды. Бағдарламаны жасақтау барысында отандық ағартушыларымыз Ж. Аймауытовтың, А.Байтұрсыновтың,Ы.Алтынсариннің еңбектерін оқып, дүниежүзінің атақты ғалымдары Пиаже, Блум, Дьюи-ді саралап, орыстың ғалымдары Выготский, Занков материалдарын қарай отырып, өзіміздің ұлттық идеямыздың негізінде жасалды. Жаңа жасақталған оқу бағдарламалары Мəңгілік ел идеясының құндылықтары негізінде жасақталған. Жаңартылған білім мазмұнының ең негізгі ерекшелігі құндылыққа, яғни баланың азамат болып шығуына жəне əрекет жасау арқылы ізденуге үйретуге негізделген. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда НЕ өзгеру керек? Пəннің теориялық негіздері сақталынып, оны беру жолдарына өзгеріс енгізілді жəне бағалау жүйесі өзгеріп отыр. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын жəне оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер əр білім алушыға жəне оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты əрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге əбден 87


болады Қыркүйек айында оқу ісінің меңгерушісі ретінде педагогикалық шеберлік орталығынан «Критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісі» курсынан өттім. Үйлестірушінің негізгі рөлі бағалау жүйесін сапалы басқаруды, қалыптастырушы, жиынтық бағалауға қатысты үдерістер, рəсімдерді жүзеге асыруды, сондай-ақ, бағалау рəсімдерін іске асыруға қолдау көрсетуді қамтамасыз ету болып табылады. Осы жұмысымда критериалды бағалау жүйесіне қатысты түрлі іс- шараларды жоспарлау, бағалаудан туындаған сұрақтарға қатысты тəжірибеммен бөліскім келеді. Отандық білім мазмұнын жаңарту барысында қазіргі өмірде кең ауқымды дағдыларға көңіл бөлініп жатыр. Білімалушының бағасы нақты критерийлер арқылы бағаланса əділ болары сөзсіз. Осы бағалау жүйесін мектепте үйлестіру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде. Критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушісі ретінде жұмысымды жоспарлау үшін көшбасшылардың мектептегі өзгерістерді басқаруда қолданатын Синектің конустық метафорасын басшылыққа алдым. Жұмысты жоспарлау кезінде НЕГЕ назар аудару керекпін сауалын алдыма қойдым. Өткен оқу жылының аяғындағы əдістемелік жұмыстар мен көшбасшылар жұмыстарын саралай келе, мектептің оқу–тəрбие жұмысына жасалған SWOT талдауы жасалды.Талдау нəтижесінде оқушыға бағытталған оқу ортасының құрылмауы, оқушылардың білімінің нормаға сай бағаланбауы жəне оқушының даму деңгейінің зерделеу жұмыстарыстарының əлсіздігі анықталды.Осы олқылықтармен жұмыс жасау мақсатында мектептің түйінді мəселесі етіп «Оқушыға бағытталған оқу-тəрбие ортасын құру арқылы адами капиталды дамытып, сапалы білім мен тəрбиенің қолжетімділігін қамтамасыз ету» алынған. Мектептің көшбасшысы жəне оқу ісінің меңгерушісі ретінде атқаратын функционалдық міндетім бойынша білім саласында болып жатқан өзгерістерге назар аудара отырып, фокус топтың жетекшілерімен кəсіби əңгіме жəне жаңартылған мазмұнда курстан өткен мұғалімдерге жүргізілген сауалнама қорытындысын негізге ала отырып осы бағалау деңгейін сараптай келе жаңартылған білім мазмұнына сəйкес критериалды бағалау жүйесін енгізуге байланысты SWOT талдауын жасадым. Жасалған талдау қорытындысы бойынша мынадай көңіл бөлуді қажет ететін тұстарымыз анықталды. Критериалды бағалаудың негізгі сұрақтарына қатысты қажетті тəжірибелік дағдылардың аздығы, кері байланысты əрекетке негіздеп беру, жаңа бағыттағы жұмыстарға лайықты қолдау көрсету жəне критериалды бағалауға қажетті материалды құрастыруда,нəтижеге талдау жүргізуде жекелеген мұғалімдердің немқұрайлылық танытуы. Анықталған əлсіз жəне қауіпті жақтардың алдын алу үшін көңіл бөлетін тұстарымыз сараланды Мұғалімдердің тəжірибесін өзгертуге ҚАЛАЙ көмектесуге болады деп ойлана отырып,көшбасшылардың мұғалімдердің құзыреттілігін арттырудағы тəлімгерлік, коучинг жəне сыныптағы бірлескен зерттеулер арқылы нəтижелі əрі тиімді оқытуды жүзеге асыру мақсатында əріптестерге қолдау көрсету арқылы өзгерту бағытын басшылыққа алдым. Критериалды бағалау бойынша мұғалімдерді кəсіби дамыту бағытындағы жұмысын жоспарладым.Жоспарлауда коучинг сабақтары мен зерттеушілік 88


семинарлары қойылған. Семинардың əрбір сабағы оқу мақсаттарына жетуге негізделіп құрылған,LS түрінде өткен сабақтар болды жəне қорытындысын коучинг түрінде талданды.«Критериалды бағалау–сапалы білім негізі» атты бастауыш сынып мұғалімдерінің апталығында фокус тобының зерттеушілік семинары ұсынамын. Семинардың мақсаты мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты орната отырып, оқушы жетістігін бағалаудың тиімді жүйесін қалыптастыру арқылы оқушының даму траекториясын анықтау болса, міндеттері оқушы білімін бағалау туралы тəжірибе алмасу арқылы əріптестердің кəсіби құзыреттіліктерін артыру жəне оқу үдерісі мен нəтижелерін жүйелі түрде талдап, соның негізінде тұжырым жасап, шешім шығаруға бағытталған оқушы жетістіктерін бағалау критерийлерін қолданып, тəжірибеге енгізу етіп алынды. Зерттеушілік семинарда қазіргі білім беру жүйесіндегі өзекті мəселелердің бірі – оқушы жетістігін нақты бағалаудың тиімді əдістерін көрсету мақсатында 6 бастауыш сынып мұғалімі ашық сабақ берді. Семинар кезінде сабақ берген мұғалімдер оқушы білімін нақты бағалап, оқушылармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, семинар мақсатын аша білді. Өткізілген сабақтардың жақсы жақтарымен бірге, кемшін түсетін жақтары да кездесті Семинар қорытындысы бойынша: Оқу үрдісінде сапалы нəтижеге əкелетін критерийлер құрастырып, критериалды бағалау түрін қолданып, оқушы жетістігін нақты бағалау, оқушылармен кері байланысты нығайта отырып, бағалаудың жаңаша əдістері мен формаларын түрлендіріп қолдану жəне сабақты өмірмен байланысты етіп өткізу деген ұсыныстар берілді. Білім мазмұнын жаңарту бағытында жүргізілген жұмыстарды саралай келе пəн бірлестіктердің мониторингісі шығарылды. Мониторинг мектептің өзекті проблемаларын қамтитын 4 критерийді қамтыды. Олар Блум таксономиясы сабақты тиімді жоспарлау, 7 модуль идеяларын оқу-тəрбие үрдісінде пайдалану, мұғалімнің теориялық білімі жəне оқушының білімін бағалауда жеке даму траекториясын анықтау. Бағалаудың жоғары шəкілі 5 ұпаймен бағаланып, орта ұпайлары шығарылып көрсетілді. Мектебімізде педагогикалық кеңестерді жаңа форматта өткізу дағдыға айналдырылған.Оқу–тəрбие үрдісіне жүргізілген талдау қорытындысын ескере отырып жəне оқу жылының қорытындысына жүргізілген аудитке байланысты педагогикалық кеңес тақырыптары алынады. Жыл сайын 2014-2015 оқу жылында «Оқушы білімін критериалды бағалау – білім сапасын арттырудың кепілі»,2015-2016 оқу жылында «Оқушының жеке даму траекториясын анықтауда бағалаудың маңызы», ал 2016-2017 оқу жылында «Оқу мақсаттарын бағалау» тақырыбында өткізілді. Ал мұғалімдер оқушылардың оқу мақсатына жеткізу, ойлау дағдысының деңгейлерін көтеру жəне бағалау үшін НЕ істеу керек екені айқындалды: əрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне де қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу керек;Жаңартылған білім мазмұнындағы жаңа заман мұғалімін қалыптастыруда, критериалды бағалау жүйесін үдеріске енгізуде олардың кəсіби өсуіне қолдау жасау мақсатындағы жасалған жұмыстардың нəтижесі бойынша:Мұғалім:Əрбір баланың жеке қабілеттері мен ерекшеліктеріне қарай отырып, сапалы нəтижеге жетуге мүмкіндік алады;Оқушылар:Өзінің оқу нəтижелеріне жауапкершілікпен 89


қарайды;Ата-аналар:Баласының оқыту үдерісіне қатысады, жақсы нəтижеге жетуіне қолдау көрсетеді; Осындай жұмыстарды жүйелі жүргізу арқылы бағалау жүйесінде үлкен жетістіктерге жетуге болары сөзсіз.

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ Қапанова Кенжегүл Рысқұлқызы Атырау облысы Қызылқоға ауданы МКҚК «Балдəурен» бөбекжай балалар бақшасының меңгерушісі

Өз еліңе пайдалы болу, өз Отаныңның тағдыры үшін жауапты болу–əрбір отандық саясаткердің, əрбір қазақстандықтың борышы мен ар-ожданы. Н.Ə.Назарбаев Қазақстан мемлекетінің əлемдік жаһандану мен күрделі бəсекелестік жағдайында саяси-əлеуметтік жетістіктерге жетуі үшін халқымызға тəн ұлттық рухын,білімі мен мəдениет деңгейін көрсетуде–егемендігіміздің жарқын болашағы болатын жалпыадамзаттық дүниетанымы жетілген, ұлттық рухани мəдениеті бай, өзіне сенімді, патриоттық сезімдері дамыған азаматты жетілдіру ең өзекті мəселе болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2007ж) жəне Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген мақсат-міндеттер мазмұнында: ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлға, сапа қасиетін қалыптастыруда азаматтық пен патриотизмге,өз Отаны–Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рəміздер мен халық дəстүрлерін құрметтеп қастерлеуге, Конституцияға қайшы жəне қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге, сондайақ, биік мəдениетке тəрбиелеуді жетілдіру керектігі айтылады. Тəрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде (2015ж) жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азамат пен патриоттың қалыптасуына; тұлғаның саяси, құқықтық жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетін қалыптастыруға; балалар мен жастардың құқықтық санасының өсуіне, оның балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы тұруға дайын болуына ықпал ету міндеті қойылған. Патриоттық тəрбиенің басты мақсаты– еліміздің тəуелсіздігі мен егемендігін, тыныштық пен бейбітшілікті сақтайтын, ұлтаралық мəдениетті дамытатын, еліміздің рəміздеріне құрметпен қарайтын, əлемдік деңгейде бейбітшілік пен өркениеттілікке өз үлесін қосатын адамгершілік мұраты биік патриот, намысы бар қаһарман, қайсар, жігерлі жас ұрпақты тəрбиелеу. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан жолы-2050». «Бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ»атты жолдауында болашағымызға бағдар ететін,ұлтты ұйыстырып,ұлы мақсаттарға жетелейтін «Мəңгілік Ел»идеясын ұсынған болатын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тəрбиелі,болып өсуіне балабақша ошағының тигізер пайдасы зор. Осы 90


аталған мақсаттарды орындау бағытында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Халқымызда «баланы жастан» деген дана сөз бар. Тəрбиенің бесіктен басталатынын ескерсек, ата – бабадан келе жатқан дəстүрлерді ең алдымен өзіміз түсініп, балаларға оның нəрін сіңіре білсек, болашақ ұлтжанды ұрпақ тəрбиелесек-бұл еңбегіміздің жанғаны,тəуелсіз ел болашағына қосқан үлкен үлесіміз деп білеміз. Патриоттық құндылықтары қалыптасқан тұлға мына төмендегідей қасиеттерге ие болуы тиіс: -Жалпы адамзаттық, ұлттық құндылықтарды меңгерген; -Халықтар арасындағы достықты нығайтуға күш салатын; -ҚРмемлекеттік рəміздеріне,тарихына,тіліне,дəстүріне,дініне құрметпен қарайтын; -Өз Отанын,жерін, елін жанындай сүйетін; -Ана тілін сүйетін,жетік білетін, мақтаныш ететін; -Өз ауданының тарихын терең білетін Еліміз өзінің тəуелсіздігін алғалы ана тіліміз мемлекеттік тіл мəртебесіне ие болып қанат жайып келе жатыр. Мемлекеттің болашағы біздің қандай ұрпақ өсіріп, тəрбиелеуімізге тікелей байланысты болса, мемлекеттік тілге құрмет көрсетуіміз, ана тілімізді ардақтай білуіміз де ерекше рөл атқарады. Сондықтан тіл тағдырына терең қарап, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге қазақ тілін үйретудегі талап, міндеттер балабақшамызда жақсы іске асырылуда. Қазақ халқының дəстүрімен таныстыру арқылы, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, балаларды тіл үйренуге, халық мəдениетін зерттеуге, адамгершілікке баулиды. «Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бəрін біл, Өз тіліңді құрметте»,–деп Қадыр ақын жырлағандай, өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып,сақталып келе жатқан наным-сенімдерін, дəстүрін, əдет-ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда үлкен нəтиже береді Мектепке дейінгі жастағы балаларда патриоттық сезімді қалыптастыру үлкен жауапкершілікті қажет етеді. «Патриот» сөзі көп қырлы: өз Отанына деген сүйіспеншілік,өз үйіне,өз еліне деген сүйіспеншілік.Патриоттық сезім бала кезден бастау алады.«Отан –от басынан басталады», демек баланы өз жақындарын,туған жерін балабақшасын сүюге, отбасынан, бала кезден қалыптастыру қажет.Осы бағытта балабақшада жоспарланған түрде ата-аналармен түрлі тақырыпты қамтитын іс-шаралар өткізіліп тұрады. Мысалға, «Мерейлі отбасым»,«Тəрбие тал бесіктен басталады», «Қазақы дастарханым» тағы да басқа тəрбиелік мазмұнға толы тəрбие сағаттары, сондай-ақ балалардың денсаулығын шынықтыру, салауаттылық өмір салтын қалыптастыруға бағытталған «Ата-анам жəне мен», «Толағай» отбасылық спорт сайыстары, «Тəрбие от басынан басталады» « Бала тəрбиесіндегі ата-ананың ролі» т.б. дөңгелек үстел, тренингтер жүргізіледі. Сонымен қатар өз Отанының мемлекеттік рəміздерін таныстырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рəміздерін ресми қолдану тəртібі 91


Конституциялық Заңмен белгіленген . Балабақшада бүлдіршіндер Қазақстанның Елтаңбасын, Туын танып жəне Əнұранның сөзін жатқа айта білуге үйренеді. Сондай-ақ мемлекеттік рəміздердің авторларын біліп үйренеді. Патриоттық сезім, адамгершілік– жеке бастың, ұлттың, Отанның мақтанышы деп-, бекер айтпаған.Сондай-ақ бала бойында батырлық,патриоттық сезімдерін қалыптастыру мақсатында Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларды ұмытпай есте сақтауға арналған тақырыптық кештер өткізіліп, Мəңгілік отқа тағзым ету, Ескерткішке гүл шоғын қою жəне олар туралы əңгімелер өткізу сəби жүрегіне сенім,мақтаныш сезім орнатады. Ауған соғысына,Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ардагерлерді де ұмытпай кездесу кештері өткізіліп тұрады. Туған өлкені таныстыру мақсатында өлкетану мұражайына ,табиғат аясына саяхаттар жасайды. Білім берудің өзекті мəселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тəрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік,мейірімділік,қайырымдылық,яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп,өз-өзіне сенімділікті тəрбиелеуде отбасы мен балабақша шешуші рөл атқарады. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымдарының басты міндетібілім беру мен тəрбиелеу үрдісінде ұлттық азаматтық игіліктерді ,мəдени мұраларды насихаттай отырып, балалардың патриоттық сезімін қалыптастыру болса, біздің балабақшада бұл жұмыс дұрыс жолға қойылған деп айтуға болады. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «Ұлы Дала ұлағаттары» еңбегінде əрбір қазақстандықтың жүрегінде «Менің Қазақстаным» деген жан жүрегін баурайтын сөз бар деп түсінемін.Тəуелсіздіктің ширек ғасырлық жеңісті жолында осынау тіркестің əрбір көкіректе орнығуына қаншама күш салдық,қаншама қилы кезеңді бастан кештік? Өйткені «Менің Қазақстаным» деген əрі қарапайым, əрі қайсар сөз сол кездің өзінде- ақ ұлттық əнұран болып əр жүректің төрінен орын алған-ды. Өйткені,«Менің Қазақстаным»–біздің тəуелсіздігіміз! Тəуелсіздікті күн сайын қорғау керек, нығайту керек, өркендету керек! Тұғырымыз да, ғұмырымыз да Тəуелсіздік! Тəуелсіздік– менің Қазақстаным, сіздің Қазақстаныңыз, бəріміздің Қазақстанымыз! Біз осы елде туып, осы елде еңбек етіп, осы елде ұрпақ өсіріп, осы елде өмір сүріп, өркендеп жатқанымызды мақтан етеміз. Біздің Қазақстанымыз–Ұлы Дала елі, Мəңгілік Ел»-деген болатын. Ендеше біздің тəрбиелеп отырған əр сəбиіміздің жүрегінде «Мен– қазақпын!», «Менің Қазақстаным» деген түсінікті қалыптастыра алсақ, біздің балабақшада балаларға беріп жатқан патриоттық тəрбиеміздің жемісі, сəл де болса өз Отанымызды көркейтуге қосқан үлесіміз деп түсінемін. Тарихы, тілі, діні, салт-дəстүрі ғасырдан-ғасырға ұласып,ата-бабаларымыздың мұра етіп қалдырған жерін, байлығын бүгінгі күні «Мəңгілік Ел»болашақ ұрпақтары жалғастырады жəне ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырады.

92


БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГТЫҢ КƏСІБИ ҚАЛЫПТАСУЫ Капуова Сандугаш Гарипуллаевна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш орта мектебінің директоры

«Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруі тиіс. Біздің міндетіміз- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру...»-деп Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев биылғы Жолдауында да білім сапасын арттыру өзекті мəселе екенін атап көрсетті. Яғни адами капиталдық сапаны жақсартуымыз керек.Ол үшін бəсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы мұғалімнің кəсіби құзыреттілігін жетілдіру болып табылады. Баяндамамда «Оқу мен оқыту тəжірибесін жетілдірудегі инновация мен өзгеріс енгізу барысында тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастықты қалыптастыру» көкейтесті мəселесі бойынша білім сапасының биік болуының бірден-бір кепілі- мұғалімнің білімділік жəне кəсіби шеберлік дəрежесін жоғары болумен байланысты екендігін көрсетуге тырыстым. Яғни бəсекелестікке қабілетті тұлғаны тəрбиелеудегі жаңаша сипаттағы педагог пен оқушының сыни ойлау мүмкіндігін кеңейтуге дағдыландыру педагогтың кəсіби құзыреттілігі мен шеберлігінде екендігі, ол үшін Мұғалімдердің негізгі білімді меңгертуге бағытталған əдіс-тəсілдерді пайдалануда оқушының ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдануына мүмкіндік қалай жасалатындығын тəжірибеде көрсету арқылы алдыма қойған мақсат пен оның негізіндегі міндеттер жүзеге асатындығы айтылып өтті. Мақсатым: 1.Білім беру мен тəрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру,өз ұлтының тарихын,мəдениеті мен тілін қастерлейтін жəне оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тəрбиелеу. 2.Білімді, білікті,өздігінен тығырықтан шығар жол таба білетін іскер адам болуға тəрбиелей отырып, еліміздің əлеуметтік- экономикалық жəне саяси өміріне белсенді қатысуға құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Міндеттер: 1.Жас ұрпақты тəрбиелеудегі жұмыс істеу тиімділігін арттыру. 2.Тұлғалық белсенділігін қалыптастыру 3. Өз білімінің нəтижесін бағалай білуге дағдыландыру. 93


4.Оқушының жеке, құзіретті тұлғасының қалыптасуына көмектесу,-болса, нəтижесінде: 5.Дүниетаным қабілеті жоғары (Дарынды, өнертапқыш, Ізденімпаз, талапты; Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек) 6.Жан-жақты қалыптасқан құзырлы тұлға қалыптасады.-деп күтіледі ХХІ ғасыр–бəсеке ғасыры. Білім сапасының биік болуының бірденбір кепілі–мұғалімнің білімділік жəне кəсіби қалыптасуы болып табылады. Мұғалімнің кəсіби шеберлігінің дамуы-өмір бойы «үйрене білу жəне үйренуге ұмтылу». Кəсібилік-ұстаздың психологиялық-педагогикалық, ғылыми-пəндік білім-біліктің мəдени-адамгершіліктің ұстанымдары мен үйлесудің жоғары деңгейі. Кəсіби құзыреттілік-өз бетінше жəне жауапты əрекет жасауға мүмкіндік беретін белгілі жағдай,жалпы жəне арнайы эрудицияның болуы, ғылыми-кəсіби дайындығын үнемі жетілдіру,күнделікті іс-əрекетте міндеттерді шешу үшін еңбек субъектісінің кəсіби дайындығы жəне қабілеті десек, ал мұғалімнің кəсіби құзіреттілігі-білім беру нəтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор,өз кезегінде,тіпті қоғамның жағдайының сапалы өзгеруіне əсер етеді. Міне, сондықтан да, қазіргі педагог білім беру үрдісін ұйымдастырудың көпқырлылығын білуі шарт. Қазіргі мұғалім: -Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс істей алатын; -Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш; -Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын; -Оқушымен ортақ тіл табыса алатын; -Білімді,шебер,іскер болуы тиіс Ал қазіргі оқушы-жеке тұлға ретінде -Дүниетаным қабілеті жоғары; -Дарынды, өнертапқыш; -Ізденімпаз,талапты; -Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек. Қазіргі білім беру арқылы оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу үшін үйрену мен үйрету өзара белсенді əрекеттерге негізделген қарым-қатынас арқылы жүзеге асырылады. Бүгінде өмір сүріп жатқан ақпараттық қоғамда басты қағида : «үйрене білу жəне үйренуге ұмтылу» болса. Білім берудегі мақсат пен міндеттерге сəйкес мұғалімдерді жұмысқа ынталандыра отырып,басшы мен мұғалімдер арасында сенімді нығайтып,негізгі ұйымдастырушылық мақсатты дербестіндіреді Мұғалімдермен үздіксіз өзара қарым-қатынас жүргізеді. Оқудың ұйымдастырушылық жағдайларын қамтамасыз ететін жəне кəсіби жауапкершілікті дамытуға қолдау көрсетеді. Нəтижесінде жүйенің əртүрлі деңгейлерінде бірлескен оңтайлы инновациялардың оқыту мен оқу үдерісіне ықпал ететін кəсіби шеберлігі қалыптасқан жүйелілік болады. Мұғалімнің кəсіби шеберлігі-зерттеушілік қызметі, 94


мұғалімдік жұмысқа дайындық барысында,іс–тəжірибеде жəне қайта даярлау кезінде қалыптасып тəрбиеленеді. Қазіргі əлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардың кəсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай тудыру əрбір басшыдан саналы көзқараспен саралауды талап етеді.Мектепте өткізілетін əдістемелік жұмыстардың өте тиімді, танымдық пайдалылығы жоғары деңгейде өтілу қажеттілігі – күн тəртібінде тұрған мəселе. Əрбір ұстаз педагогика ғылымының, педагогикалық іс-тəжірибе жетістіктерімен таныстырылуы керек, оны талдап, іс-тəжірибеде қолдана білуі керек. Қазіргі таңда мектеп оқушыларының мұғалімнен күтері көп. Оларды сабаққа белсене қатыстыру үшін əр сабақ барысын жеке формада, жаңа əдісте жүргізу шарт. Оқу формалары заманауи талаптарға лайық болуы, жастардың бойында ақпараттық мəдениетті қалыптастыру үшін, ұстаз ақпараттық технологияны өз іс-əрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. Мен басшы болып жұмыс жасайтын мектепте күні бүгін 42 мұғалім еңбек етеді.Мектепте шығармашылық топпен жұмыс, жас мамандар мектебі, қауымдастық желілік, деңгейлік курстан өткен мұғалімдерден құрылған «Жаңашыл»тобы жұмыс жасайды.Мектеп ұжымындағы қалыптасқан тұрақты еңбек ететін педагогтың аздығы жəне қалыптасқан пəн бойынша тəжірибе қорының аздығы мектеп ұжымының жаңаша ойлау мен жетістікке жетуге көп кейінді əсерін тигізді.2015жылға дейін білім сапасы 47 пайызды көрсетсе, бүгінде 52 пайызға арттыМұғалімдердің сапалық құрамына сараласам:2015 жылы 26 пайыз болса,күні бүгінде 3 жоғары санатты,14 мұғ 1-санатты,.-40 пайызға жетті. Мұғалімдердің білім жетілдіру курснан өтуі де 2015 жылы ІІІ деңг.-3м,пəн бойынша 12 мұғалім өтсе, бүгінде өзім мектеп басшыларының деңгейлік курстан өттім,, 8 мұғалім ІІІ деңгейлік курстан, жаңартылған білім мазмұны бойынша 6 мұғалім,тренерлік курстан 2 мұғалім білім жетілдіру курсынан өтсе, пəн бойынша 18 мұғалім курстан өтіп, жаңаша мазмұнды білім беруге бетбұрыс жасауға, өзгеріске тез бейімделуге оң ықпалын тигізді. Оны өзімнің жəне өзгеріс тобының өткізген семинарларынан,десант сабақтарынан, коучингтерінен көруге болады.[6-кесте] Бұл жүргізілген жұмыстар мұғалімдердің креативтілік қабілеттерін жетілдіруде, кəсіби біліктілігін арттыруда ынтымақтасқан жұмысқа, əдістемелік жұмысқа қолдау болып табылады.Үздіксіз əлемдік педагогикалық тəсілдер мен білім беру тəжірибесі- заманауи басшының жеке тұлға ретінде жəне кəсіби тұрғыдан өзін-өзі жетілдіру,мұғалімдердің кəсіби дамуына,əріптестік орнату,бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру,оқыту мен оқуға жетекшілік етуге негізделген. Ал құзырлы мұғалім оқушыларға нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін реттеп отырады. Мұғалімнің жұмысының нəтижесін, оқушымен өзара байланысының сипаты мен жиілігін мектепте жүргізілген мұғалімдердің іс-əрекетінің тəжірибедегі сəйкестігінен көруге болады.Мектепті жақсартуды ынталандыру жəне оған қолдау көрсету үшін мектеп қоғамдастығымен жұмыс жасау- өзгеріп жатқан талаптарға, күтілетін нəтижелерге сəйкес оң ықпалын тигізуде. 95


Яғни, оқушы үлгерімін арттыру жəне даму мақсатында мұғалімнің атаанамен де серіктестік қатынас орнап, соның аясында үздік тəжірибені тарату арқылы да білім сапасын арттыруға болатынын көруге болады. Мұғалімнің кəсіби құзыреттілігін анықтау мақсатында оқытудағы мұғалім əрекетіне талдау жасауға да болады. Мысалы,1.Мұғалімнің педагогикалық–психологиялық құзыреттілігі бойынша талдау кезінде жекелеген оқушыға мемлекеттік білім стандартын меңгертуде қиындық тудыратын оқушылар да кездеседі,деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдер жəне олардың тəлім алушылары оқытуда оқушының өз бетінше талдау жасауына, сыни тұрғыдан пікірін жеткізе білуіне дағдылану үстінде. [1-кесте] 2.Қарым–қатынас құзыреттілігі бойынша талдасам, оқытуда оқушының мұғалім мен пікірлесуін ынталандыру, тиімді диалогтік қарым–қатынас орната білу барлық мұғалімге тəн қасиет. Себебі, оқыту процесінің өзі мұғалім–оқушының диалогтік қарым–қатынасынан тұрады.Оқыту барысында пікірталас жүргізетін орта қалыптастырады,пікір алмасу жүргізе білетіндігі анықталды. Мұғалімдер оқушылардың зерттеушілік, интеллектуалдық, рухани келбетін қалыптастыруда баламен пікірлесу, оның сыни ойлауына мүмкіндік туғызатын ізденімпаз,шығармашыл мамандар тобы екендігін, сабақтағы кері байланысты талапқа сай орындайтындар,яғни сабақты бекіту кезеңінде оқушы мен тиімді диалогтік қарым–қатынас орната біліп,оқушы пікірін жеткізуде ынталандыруға жағдай жасай білетіндер тобына мектептегі тəжірибелі мамандар тобы кірістірілгендігін байқадым. [2-кесте] Оқытуда ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі бойынша сабақта барлық мектеп мұғалімдері компьютерді қолдана біледі, MS Offise Word бағдарламасымен жұмыс істей алады. [3кесте] Сабақ барысын басқарудағы құзыреттілік бойынша сабақты жоспарлауда əдістемелік талаптарға сай шығармашылықпен дайындайтын дау кезінде оқыту процесінде тек мектеп материалымен шектелмей, ғылыми негізде мағлұмат беретін мұғалімдер тобы – тəжірибелі, ізденімпаз мамандардың бар екендігін,сонымен қатар, жан–жақты əдістемелік тұрғыдакөмек қажет ететін мамандардың бар екендігін байқадым. Себебі, қазіргі таңдағы оқыту процесіндегі оқушылардың сыни тұрғыдан ойлап, оқушы көзіменен сабаққа баға беруді іске асыру барлық мұғалімге қатысты екендігін Деңгейлік бағдарлама бойынша курстан өткен мұғалімдер мен тəлім алушылар арқылы мектептің шығармашыл мұғалімдері тəжірибелерінен көруге болады. [4-кесте] Оқу үдерісін бағалау мен талдау құзыреттілігі бойынша оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеуін бағалауда үнемі критерийлер дайындай білетін мұғалімдердің аздығын осындай талдау жұмыстары арқылы байқадым.[5-кесте] 96


Бұған дейінгі оқушыларды бағалау бір ғана критерий арқылы (үй тапсырмасы, жаңа сабақты меңгеру деңгейі ) жүзеге асырылса, білім берудің жаңа технологиялық əдістерін пайдалану арқылы оң өзгерістердің болғандығын жүргізген талдау жұмыстары арқылы байқадым. Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігі—бүгінгі ғасыр талабына сай белгілі бір нəтижеге бағытталған білім берудің негізі болмақ. ХХІ ғасырдың кең ауқымды дағдыларын меңгерту бағытындағы кəсіби құзіреттілікті қалыптастыратын, мұғалім мен оқушының сыни ойлау мүмкіндігін кеңейтуге жасайтын өзгерістердің алғашқы сатыларын көрсетуде. Оқушылардың білімін тереңдетуге ықпал ететін бірлескен, үйлесімді жəне инновациялық мектеп мəдениетін құруды мықты мұғалімдер мен білімді оқушылардың қатарын арттыру арқылы арайландырады.Өзгеріс енгізу-шешімі күрделі үдеріс екені белгілі.Оқу мен оқыту тəжірибесін жетілдіру мақсатында инновация мен өзгеріс енгізу барысында тиімді қарым-қатынас пен ынтымақтастық маңызды .Ол үшін мұғалімдердің жоғары нəтижелерге қол жеткізу үшін жаңа технологияларды қолдана отырып, рефлексия жасап, одан əрі дамыту үшін оқушылардың зияткерлік,рухани,мəдени,адамгершілік жəне əлеуметтік денсаулығы мен ахуалын назарға алып, өмір бойы оқу сапасын үздіксіз арттыруға жəне білім беру жүйесінде үштілділік пен мəдени ресурстар құндылығын жоғары бағалай алуға жəне оның дамуына ықпал ететініне көз жеткіздім. Қазіргі таңда еліміздің келешек ұрпағын тəрбиелеу-біздің басты парызымыз. НƏТИЖЕЛІ БІЛІМНІҢ НЕГІЗІ – КƏСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК Мусагалиева Арай Алденовна Атырау облысы Индер ауданы Бөдене орта мектебінің директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Өзгермелі əлем жағдайында бүгінгі күннің талабына орай мақсат, міндеттерді шешу үшін оларды іске асыратын болашақ ұрпақ қоғам дамуына сəйкес болуы қажет. Қоғамдағы өзгерістердің бағыт-бағдары мен талаптары сол қоғамда өмір сүріп отырған адамдарға да жаңа талап-тілектер мен құндылықтарды жүктеп отырары сөзсіз. Ал бүгінгі күннің қояр басты талабы -əрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр. Бұл- қажеттілік, өйткені өмір талабы осыны қажет етеді. Адам өмірге дайын мінез-құлық нормалар, рухани құндылықтар, жəне қызығушылықтармен келмейді. Бұл қасиеттердің барлығы бірте-бірте əртүрлі əлеуметтік құрылымдар мен топтарда қалыптасып, дамып, қоғам дамуындағы өзгерістерге орай, қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан топтар мен жеке адамдардың іс-əрекетін реттейтін талаптарға бағынады. Ал 97


əрбір адам қалыптасып, дамып тұлға, дербес адамға айналғанша өзі өмір сүріп отырған əлеуметтік жүйенің мəдени мұралары мен құндылықтарын игеруде өзіне тəн жолдары мен сатылардан өтеді. Мемлекеттік білім беру жүйесін əлемдік үздік үлгіге сəйкес деңгейге көтеру көзделгені мектебіміз үшін де игі бастама деп білемін. Бағдарлама аясында мектеп бойынша деректерді жинаудың маңыздылығы жеке тұлғаның білім алу жəне рухани қажеттіліктерін, оның мүмкіндіктерін ескеріп қанағаттандыру жəне білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісін, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін жəне алынған нəтижелерге бағытталған өзгерістерге қадам басудың алғышарты деп білемін. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс жəне жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі- жас ұрпақты тəрбиелеуді дамытып қалыптастырудың тиімді əдісі екеніне көз жеткіздім. Жаңа формация маманы болу – білім беру саласының өзекті мəселелерінің бірі. Білім беруді түрлендіруде, білім процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім жаңа формация мұғалімі ретінде орталық тұлға болып табылады. Нəтижеге бағытталған білім беру жүйесіндегі педагогтің кəсіби құзыреттілігінің теориялық негізін айқындап алу үшін, терминнің дербес анықтамасына тоқталсақ. Психологиялық- педагогикалық əдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кəсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік жəне құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кəсіби қызметке байланысты, "қандай да болсын мəселеден хабардарлық, беделділік", ал екіншісі, "қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мəселелерді шешуге, іс–əрекет етуге, бір нəрсені істеуге құқықтылық шеңбері". Методикалық терминдер сөздігінде" "Құзыреттілік – қандай да бір оқу пəнін оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті орындай алу қабілеттілігі", – делінген. Дұрыс ұйымдастырылған əдістемелік пен оның кəсіби дамуға бағытталған жұмыстары ғана жаңашылдық кепілі болады. Сол себепті, мұғалімдерді кəсіби біліктілігін арттыруда педагогтардың өздеріне бағытталған іс – əрекеттерін жаңаша ұйымдастыру өте маңызды. [2] Қазіргі өркениетке жеткізетін құрал тек қана-білім. Білімді ұрпақ қана болашақ иесі болып табылады емес пе?.. Білім-қоғамды əлеуметтік мəдени ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, қауым үшін де, қоғам үшін де жоғары құндылық. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан - жақты шəкірт тəрбиелей алады. Шəкіртті қарапайым бала деп емес, жеке тұлға ретінде дамыту қажет. Əр ұстаз оқу тəрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі əдістерін пайдаланса, игі нəтижеге жетері сөзсіз. Қоғамымыз өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып отырған мына заманда халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақтың жеңіл болмасы да анық. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына үлкен сын екені баршамызға аян. Қарыштап дамып жатқан заман талабына сай білім берудің 98


мақсаты, мазмұны өзгерді. Соған сəйкес оқытудың да жаңартылған əдістəсілдері қарастырылуда.Ендігі жерде əр мұғалімнің үнемі ізденісте жүріп,өзінің білімін толықтырып отыруы заман талабы екенін түсіндім. Қабілетті тұлғаны қалыптастыру міндетті тек кəсіби білімі жетік, құзіретті, бəсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқаратынына да көз жеткіздім. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты халыққа Жолдауында көрсетілген жəне Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға, сонымен қатар, білім жүйесінде болып жатқан өзекті мəселелерді шешуге жəне жаңаша білім беруді ұйымдастыруымыз қажет.Қазіргі жағдайда əрбір отбасына мектептен жүйелі жəне білікті көмек керектігін ұстаздар қауымы жақсы түсінеді. Бұл мəселені ұстаздар мен ата-аналардың өзара əрекеттесуі үрдісінде ғана табысты шешуге болады.Қоғамдағы жаңа бетбұрыстар білім беру жүйесінен үнемі өзгеріп отыруды талап етеді.Қазіргі таңда білім беру жүйесіндегі мұғалім құзыреттілігі жансыз жаттанды білім түрінде емес,педагогтың жеке тұлға ретінде танымға, ойлауға қатысын, белгілі бір мəселелерді ұсынып, шешім жасауға,оның барысы мен нəтижелерін талдауға, ұтымды түрде түзетулер енгізіп отыруға деген іскерлігінің белсенділігінен көрінеді. Қазіргі өскелең талапқа сəйкес əрбір оқу пəні бойынша білім, білік жəне дағдыны ғана игеру оқушы құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. Жаңа форматтағы біліктілікті арттыру–уақыт талабы. Қазіргі өскелең талапқа сəйкес əрбір оқу пəні бойынша білім, білік жəне дағдыны ғана игеру оқушы құзіреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігі-оның жанжақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа əдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Мұғалімдердің құзіреттілік талаптарын, шығармашылық топтағы мұғалімдердің қаншалықты жұмыс жасап жатқанын жəне олардың қалай өзгеріп жатқанын күнделікті бақылап соның нəтижесінде мұғалімдердің құзіретін бағалап отырдым.Коучинг жəне тəлімгерлік сабақтарда өте белсенділік танытып, үйренуге деген талаптарына қарай,дарынды мұғалімдерді анықтадық. Коучингтің нəтижесі ашық сабақтардан, яғни оқушылардан көрініс табатынын ескерсек, сабақты өту денгейіне жəне жаңа тəсілдерді меңгергеніне де көңіл аударып отырдық. Осылайша мұғалімдердің құзіреті анықталып отырды. Атқарылған жұмыстар барысында мұғалім жұмысының тиімділігінің артықшылықтарына үнемі талдау жасалады. Соның əсерінен ішкі эволюцияны ретке келтіріп, жүйелеуге нақты қадамдар жасалды. Білім мен ғылымның сан қырын меңгерген ұстаздар жаңа талапты да үйрену барысында өздерінің кəсіби деңгейін шығармашылықпен ұштастыруда. Сондықтан да жаңа əдістерді пайдалана отырып, жетістікке жетуге болатыны сөзсіз. Өзіміз оқып-үйреніп, тəжірибе алмасып отырған жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі – оқушыны оқыту барысында ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше 99


шешім қабылдауға дағдыландыру. «Жақсыдан ғибрат ала білгеннің ісі оңға басады» деген Қожа Ахмет Иассауидың өнегелі сөзін ескерген тұлғалар қазіргі ақпараттанған заманда білімін шыңдап, ұшқыр қиялымен заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлестерін қосудан аянған емес. Білім мен ғылымның сан қырын меңгерген ұстаздар жаңа талапты да үйрену барысында өздерінің кəсіби деңгейін шығармашылықпен ұштастыруда. Ұжымымыз жоғарыда айтылған ұстанымды ұстауға бет бұрды. Яғни, мұндағы мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы болса, бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші. Бұл тəсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Бағдарламаның басты мақсаты да, үздік əлемдік педагогикалық тəсілдер мен білім беру тəжірибесі негізінде білім беру ұйымдары басшыларын кəсіби дамыту. Басшылардың көшбасшылық пен басқару, стратегиялық жоспарлау жəне болжау салаларында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру. Ұстаз–бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, атаананың көмекшісі. Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: "Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл əлемге, өзгенің жəне өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің кездейтін түпкі мақсаты—осы.Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек". Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті,шеберлікті, ерекше шəкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық – ұстаздық мамандық. Менің ойымша, ертеңгі күннің мектебі тек ақпарат беріп қоймай, оның істеу əдістерін үйретуі тиіс жəне мектеп ұжымының зор табыстарға жетіп, береке бірліктерінің мықты болуына, оқушыларының сапалы білім алып, саналы тəрбиеде болуына біз жауапты екенімізді бір сəтте жадымыздан шығармауымыз – біздің басты парызымыз. ЛЭПБУКТІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Изгалиева Мереке Адилбековна Атырау қаласы «Нұрсұлтан Назарбаев Білім Беру Қоры» Қоғамдық Қорының Филиалы «Мирас» балабақшасының санатты тəрбиешісі

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде жаңа реформалар енгізіліп жатыр.Осы орайда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында болашақ ұрпақты өздігінен оқып үйренуге, өзіне мақсат пен міндеттерді қоя білуге, оларды шешу жолында дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны пайдалану қажеттілігі туып отыр. Лэпбук мектеп жасына дейінгі балалармен оқу қызметін ұйымдастырудың жаңашыл тəсілі. Лэпбук - балалармен нақты тақырыпты бекітудің, кітаптың мазмұнын 100


ұғынудың, зерттеу жұмысын жүргізудің керемет тəсілі.Бұл оқу құралы жаңа ақпараттарды жылдам жəне тиімді меңгеруге,қызықты ойын формада өтілген материалды бекітуге көмектеседі. Лэпбук мектепке дейінгі білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартының кеңістік заттық-дамытушы ортаға қойылатын талаптарына жауап береді: - ақпаратты (бір папкаға нақты тақырып бойынша айтарлықтай көп ақпараттарды орналастыруға болады, демек, саналуан дидактикалық материалды жан-жақтан іздеп, іріктемейсің) - полифункционалды: шығармашылықты, қиялды дамытуға ықпал етеді, оны топпен, шағын топпен, сондай-ақ жеке баламен жұмыс жасағанда қолдануға болады. - дидактикалық қасиеттерге ие, баланың зияткерлік-шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді. - вариативті (оның əрбір бөлігін пайдаланудың бірнеше нұсқасы бар); оның құрылымы мен мазмұны мектеп жасына дейінгі балаларға қолжетімді, барлық тəрбиеленушілердің ойын, танымдық, зерттеушілік жəне шығармашылық белсенділігіні қамтамасыз етеді. Лэпбук оқу құралы мектепке дейінгі тəрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламасы барлық білім беру салаларының интеграциясын, яғни кіріктірілуін көздейді, сондықтан лэпбуктің мазмұны барлық бес бағытқа қатысты материалдардан құралады. Өз педагогикалық тəжірибиемде лэпбук оқу құралын қолдану мақсатым əр тəрбиеленушінің танымдық қызығушылықтарын біртіндеп дамытуға бағытталды. Балалардың даралық ерекшеліктерін ескере отырып, даму деңгейіне қарай тақырыптар ұсынамын, белсенділік танытпаған балаларды ақпараттармен қызықтырамын. Осы жұмыстың нəтижесінде балаларда жанжақты іскерлік қасиеттері дамиды: - алда тұрған іс-əрекеттін жоспарлай білуі; - құрдастарымен келісімге келуі; - міндеттерін бөлісуі; - қажетті ақпараттарды іздеуі, оны жинақтау, жүйеге келтіруі; - туындаған сұрақтарға өз бетінше түсінік беруі. Лэпбукті жасақтау үшін оның тақырыбын анықтау қажет. Тақырыпты таңдап болған соң, жоспар құру керек, себебі,лэпбук-бұл оқу құралы. Таңдалған тақырыпты толық ашу үшін ол неден тұратынын, қандай бөлімдері болатынын ойластыру қажет. Келесі кезең- бұл макет дайындау. Бұл педагог пен балалардың бірлескен ақпараттық тақырыпты жүзеге асыру қызмет түрі болып табылады. Бұл жерде шектеу болмайды, барлығы педагог пен балалардың шығармашылығына байланысты. Лэпбукты дайындау үрдісте балалар ақпаратты іздеуге, талдауға жəне сұрыптауға қатысады. Мектепке дейінгі балалармен оқыту мен тəрбиелеу үрдісінде лэпбук оқу құралымен жұмыс жасау формасының тиімділігі: 101


• Лэпбук балаға өз қалауымен оны қызықтырған тақырыптар бойынша ақпараттармен жұмыс жасауға, материалды жақсы түсініп еске сақтауға көмектеседі. • Бұл өтілген материалдарды қайталауға арналған керемет тəсіл. Кез келген ыңғайлы уақытта бала лэпбукты жай аша салады да, өз қолымен дайындалған кітапшаны қарай отырып, өткен материалды қуана-қуана қайталайды. • Бала өз бетімен ақпараттарды жинайды жəне қолданады. • Тапсырмаларды əркімнің жағдайына қарап алуға болады (мысалы, сəбилер үшін – карточкалы не жануарлардың пішіні берілген қалташалар, ал ересек балаларға жазуға жаттықтыратын тапсырмалар жəне т.б.) Лэпбук балалардың дамуына кешенді ықпал ететін құрал болып табылады, оның көмегімен ақыл-ой жəне ерік-жігердің дамуы жүзеге асады. Білім беру үдерісінде лэпбукті қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік,танымдық жəне көркем-эстетикалық даму деңгейін арттырады. БАЛАНЫ ЗИЯТКЕРЛІК, ТҰЛҒАЛЫҚ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ЖАҒЫНАН ДАМЫТУДА ФЛИПЧАРТ САБАҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ Шомпаева Қаракөз Қорабайқызы Атырау облысы Исатай ауданы «Құлыншақ» бөбекжай – бала бақшасы ортаңғы топ тəрбиешісі

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру саясаты еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры. Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі– білімді ұрпақ. «Білімді ұрпақ» дегеніміз алдымызда жанжақты білім нəрімен сусындатып отырған бала. Қазақ елінде тұңғыш рет «Психология», «Педагогика» құралдарын жазған Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаевтар өз еңбектерінде балаларды жан-жақты дамыта тəрбиелей отырып, олардың психологиялық үрдістерін (ақыл-ой, қиял, есте сақтау, зейін, т.б) жетілдіру, ана тілінде сөйлеуге үйрету мəселесіне ерекше назар аударды[1]. Қазіргі кезде теорияда жəне практикада балалардың білім беруде зияткерлік- шығармашылық қабілетін дамытуға жəне танымдық əрекетінің белсенділігін арттыруға көп көңіл бөлінеді. Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде қазіргі тұрақты өзгеріп тұрған əлемде табысты бейімделуге қабілетті бала тұлғасының қалыптасуы мен дамуы үшін жағдайлар жасайды. Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тəрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту соншалықты уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ету болып отыр. 102


Жетекші ғалымдар мен практиктер жүргізген көптеген психологиялықпедагогикалық зерттеулер нақты мектепке дейінгі жасты зияткерлік, тұлғалық, əлеуметтік даму стратегиясымен үздіксіз байланысты екендігін жəне мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылатындығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңғырту, дамыту ісіне ерекше көңіл бөлді. Заманымыздың негізгі талабы–бүгінгі қоғамдағы ақпараттану желісінің негізгі құралы–компьютерді жетік меңгеру,ақпараттық-коммуникация құралдарын талапқа сай пайдалана алу,ақпарат алмасудың негізгі көзі– Интернет желісін тиімді пайдалану болып табылуда.Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – баланы қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-əрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тəрбиелеу. Бүгінгі жаңа ғасырдың жаңашыл білімді ұрпағын тəрбиелеуші ұстаздарсонау ұстаз деген есімнің ұлылығын дəлелдеп кеткен, ұлы ұстаздардың еңбегімен сусындаған, əмбебап жандар. Бүгінгі таңдағы ұстаздар қауымының жан-жақты дамыған, жеке тұлға қалыптастыруда атқарып жатқан еңбектері ұшан–теңіз. Жаңашыл ұстаз болмысы, біріншіден, тəрбиеші – үздіксіз ізденуші.Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің 2016 жылғы 12 тамыз №499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мақсатында баланың мектепте оқуға əлеуметтік, тұлғалық, зияткерлік даярлығын дамытуды атап көрсеткен болатын. Бұл мақсатты орындауда Ұйымдастырылған оқу қызметін жаңа технологияны, соның ішінде мультимедиялық технологияны оқу ісəрекетінде қолдану–балалардың Қазақстан республикасының мектепке дейінгі жалпыға міндетті білім беру стандары бойынша базалық білімін бекітіп,əрі қарай жетілдіріп, олардың танымдық дамуын арттыра отырып, жан-жақты тəрбиелеуге мүмкіншілік тудырады.Соның бірі ұйымдастырылған оқу қызметін флипчарт сабақ түрінде өткізу. Флипчарт деп – блокнот қағидасы бойынша аударыстыратын парақ немесе қағаз блогына арналған магнитті маркерлік тақтаны айтады жəне интерактивті тақтаның бағдарламалық жабдықтама терезесіне (мысалы Activ Inspire), белгілер, суреттер, бейне, дыбыс файылдар, анимациялар, интерактивті сабақтар жəне веб сілтемелер қосуға болатын тіктөртбұрыш жұмыс кеңістігі. Біз балаларға күрделі жəне көлемі үлкен материалдарды бергенде зейіндерін ұйымдастырылған оқу қызметіне аудара алмай отыратындықтарын жиі байқаймыз. Дəл осы уақытта оларды қызықты əңгімемен немесе ойын арқылы ықыластарын аударып, ұйымдастырылған оқу қызметіне қарай көңілдерін аудару қажет.Əлем күн сайын өзгереді. Жаңа адамдар, жаңа оқиғалар, үйреншікті заттардың жаңа сапасы. Өткен уақыт бүгінгі күнмен алмасады, ал қазіргі уақыт келешекпен алмасады. Ақпарат біздің қасымыздан жəне біз арқылы орасан зор жылдамдықпен зымырап өтеді, ал сана айналада болып жатқаннын барлығын есте сақтауға қарсы болады. Өткенді есте сақтай алатын, қазіргіні бейнелейтін жəне 103


болашақты алдын ала болжау жасайтын технология бар.Бұл бейне, бейнені ұйымдастырылған оқу қызметінде қолдану арқылы балаларға жаңа материалды көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан, материалды дайындауды жəне оны қолдану процесінде жеңілдетеді жəне ұйымдастырылған оқу қызметін қызғылықты өтуін қамтамасыз етеді. Бейнефильмдер балалардың көру, есту сезімдеріне бірдей əсер етеді. Бұл жөнінде Я.А.Коменский былай деген: «Алтын ереже-бала сезім əсерлерін туғызып білдіргені жөн: көруге болатын нəрсені көрсет, естуге болатын нəрсені құлақ қойып тыңдасын, иісін иіскеп көрсін, дəмін татып көрсін, қолына ұстап нəрсенің қатты-жұмсақтығын байқасын. Кейбір нəрселерді түрлі сезім мүшелері бірдей түсініп қабылдағаны жақсы». Сондай-ақ ұйымдастырылған оқу қызметінде флипчарт сабақтар балалардың іскерлігін дамыту үшін де қолданылады. Өз тобымда топ балаларына арналған мультимедиялық орталық жалпы ақпарат бұрышы жұмыс істейді. Балалар аталған орталықта интерактивті тақта арқылы тапсырмаларды орындау,кеңістікті бағдарлау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, мозайкамен жұмыс жасай отырып,ойлау қабілеттерін жетілдіру, сурет салу сияқты жұмыстарды орындайды. Осы аталған жұмыстардың бəрі ақпараттық құрал компьютердің көмегімен интерактивті тақта арқылы жүргізілуде.Топта сонымен қоса балаларға заманауи ақпараттық ойыншықтарды үнемі оқу–іс қызметінде жəне күннің екінші жартысында қолданып келемін.Мысалы заманауи электронды ойыншықтардың ішінен атап айтсақ, электронды киіз үй, компьютер, электронды кітап, сөйлейтін мысық, электронды ертегі кітаптар, электронды карточкаларды т.б. айтуға болады.Осы электронды ойыншықтарды үнемі оқу –іс қызметінде пайдаланып келемін. Бұл электронды ойыншықтар балалардың есту,сезу,ойлау қабілеттерін, психологиясын, көру, ой-өрісін дамытады. 2016 жылы «Tutor KZ» инновациялық технологиялар білім беру орталығы ұйымдастырған «Білім беру үрдісінде инновациялық технологияларды ұтымды қолданудың əдіс–тəсілдері» тақырыбындағы курстан өттім. Содан бері озімнің тəжірибемде Флипчарт сабақтарды өткізіп келемін. Оқыту процесін жеделдету жəне жетілдіру үшін ұйымдастырылған оқу қызметінде техникалық құралдарды, соның ішінде флипчарт сабақтардың маңызы зор: 1.Флипчарт сабақтар балалардың материалдарды жақсы меңгеруіне көмектеседі. 2. Флипчарт сабақтар тəрбиешіге оқу- тəрбие жұмысын өмір шындығын жанастыруға мүмкіндік береді. 3.Флипчарт сабақты өткізу нəтижесінде балалар өздері меңгерген материалдарды өз ойларын айтып жеткізу үшін қолдануға дағдыланады. 4.Балалардың бойында тыңдап, түсіну іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға жəрдемдеседі. 104


5.Флипчарт сабақтарды өткізу оқу сапасын жоғарылатады, балалардың ұйымдастырылған оқу қызметіне деген қызығушылығын арттырады. 6.Флипчарт сабақтарды өткізу арқылы баланы зияткерлік, тұлғалық, əлеуметтік жағынан дамыта аламыз. Пайдаланған əдебиеттер: 1. «Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педогогикалық технологияларды қолдану» Халмурзина Р.С 2. Алматы, 1991.Əбиев Ж. т.б. «Жалпы психология», Алматы: 2004.886 3. Тұрсынбекова Б. Адамдар арасындағы қарым – қатынаста жетістікке жету жолдары //Психология мектебі жəне ЖОО – да оқыту, 2006 ,№ 1 ,Б 8 – 9 4. Қожахметова Қ. Мектептің ұлттық тəрбие жүйесі: теория жəне практика. –Алматы, 1997. – 242 б. 5. Төлеубекова Р. Бала тəрбиесіндегі халықтық педагогика. – Алматы

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУДА ЛУЛЛИЙ ШЕҢБЕРЛЕРІН ҚОЛДАНУ Жиенбаева Алма Сапаровна Атырау қаласы №6 «Гүлдер» балабақшасының тəрбиешісі

Бұл идеяның авторы француз монахы, зерттеуші теолог Раймонд Луллий 13 ғасырда қағаз шеңбері түрінде логикалық материал ойлап тапты.Оны «Луллий шеңберлері» деп атады. Луллий шеңбері-мектепке дейінгі мекемелерде триз авторларының ұсынған интеллектуалды шығармашылық қабілетін дамытатын құрал болып саналады. Бұл құралды оқу қызметтерінде ойынның бір бөлігі ретінде қосуға болады. Луллий шеңбері- бұл компьютер тəрізді, əлбетте тек сөзге арналған құрал. Құралдың қарапайымдылығы- балабақшада қолдануға ыңғайлы. Ал əсері кең- тілдің жəне қоршаған ортаның бір-біріне деген байланысы. Шенберлерге əртүрлі сөз, сурет, сандар, буындар жазу аркылы, ол комбинация құрап, сол аркылы сұраққа жауап таба білген. 20 ғасырда осы ойын жаңартылып, қазіргі заманға сəйкес өзгерістер енгізіп, мектепке дейінгі балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындауға ынғайлы бірде-бір əмбебап дидактикалық кұрал болып табылды. Осы ойынды ойнай отырып, бала өзін- өзі таниды, қоршаған ортаны, адамдармен қарым- қатынас жасауды үйренеді. Сол үшін де мен осы ойын аркылы мынадай мақсаттарды алға қойдым- ойнау арқылы баланың ойы, өмірге деген көзқарасы, сөйлеу аркылы тілі, сөздік қоры байиды, тапсырманы орындай отырып, шығармашылығы, қиялы жəне қолдың ұсақ моторикасы дамиды. Луллий шеңберлерін əртүрлі етіп жасауға болады: жабық түрдегі қорап жəне пирамида тəрізді. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай шеңберлерді түрлі секторларға бөлуге болады: 105


4 жастағы балаларға 4 секторларға бөлінген 2 дөңгелекті пайдаланған тиімді. Ал 5 жастағы балаларға 4-6 секторларға бөлінген 3 дөңгелікті пайдаланамыз. Сонымен қатар, 6 жастағы балаларға 8 секторларға бөлінген 3 секторды пайдаланамыз. Біріншісі,арнайы жасалған қорап, онын ішінде 2 шенбер болады, ол шенберлерге сурет, сөз, сандар жазылуы мумкін. Ал қораптың өзінде арнайы саңлау көзі болады, жабық қорап зейіні шашыраңқы балаларға арналған, əдетте бұл қорапты кіші топтардың балаларына ұсынамыз. Қорап жабық болғандықтан, бала тарбиешінің сұрағына ғана жауап береді, басқа сурет сөздерге алаңдамайды. Балаға сұрак койылган кезде, бала бірінші шеңберді айналдыра отырып, сұраққа жауап іздейді жəне сол жауапты саңылауга орналастырады. Келесі сұраққа жауапты екінші шеңберді айналдыра отырып көзделген саңылауға əкеліп орналастырады. Осылай ойнау аркылы бала тəрбиешінің əрбір сұрағына жауап бере алады. Луллий шеңберлерінің тағы бір түрі- пирамида негізінде жасалады, көлемі бойынша əртүрлі шеңберлер бір қондырғыға орнатылады, жоғарғы жағында бағыт беру белгісі болады. Бұл ойын түрлерін балабақшада барлық білім беру саласы бойынша, баланың жас ерекшеліктеріне сай əртүрлі оқу-қызметтерінде пайдалануға болады. Бұл дидактикалық құралды екі мақсатта пайдалануға болады. Луллий шеңберлері ойындарын балалармен жеке жəне топтық ойын жаттығулары негізінде оқу қызметінен тыс өткізген абзал. 1) Балаға реалды тапсырма беру. Мақсаты: айқын білім беру салаларын анықтау. Бұл кезде педогог балага нақты, шынайы тапсырма береді, ал бала оған жауап іздейді. Қазір мен мысалда, ойынның жүргізу технологиясының тізбегін көрсетіп айтып беремін. Ойынның аты «Сан жəне бірлік». 1 қадам: бірінші үлкен секторда заттардың бейнелері бекітілген. екінші секторға затқа сəйкес геометриялық пішіндер бейнеленген. үшінші секторға заттың санын білдіретін сандар бейнеленген. 2 қадам: Ойынның мақсаты қойылады. Балаларға шеңбердегі сəйкестікті табу ұсынылады.Мысалы, тəрбиешінің айтуы бойынша балалар төмеңгі шеңберден доптың суретін табу ұсынылады. Содан кейін ортаңғы шеңберді айналдыра отырып, доптың сəйкесінше пішінін тауып, доптың үстіне орналастырады, ал кішкентай шеңберде доптың сəйкесінше санын табады. Соңында не шыққанын түсіндіреді. (менде доптар бар, пішініне қарай дөңгелек, санына қарай 3) . (Өзіңіз толық түсіндіріп көрсетіп кетіңіз) 2) Баланың қиял -елесін дамыту, яғни балаға фантастикалық тапсырма беру. Мақсаты: қиял-елесін дамыту жаттығулары. Бұл кезде балаға бағыттаушы белгінің астына бір- біріне сəйкес келмейтін суреттерді қойып, 106


комбинация құралады.Сол кезде бала сол комбинация аркылы əңгіме құрайды, қанша бала ойнаса,сонша əңгіме баланың қиялынан ойлап шығарылады. Мысалы, бір комбинацияның астында балапан, түлкі, үй сəйкес келіп калады. Бала осы комбинациядан əңгіме құрастыруы керек, ол- бір күні кішкентай балапан келе жатып адасып кетіпті, оның алдынан түлкі шығады. Балапан шиқылдап, қарны аша бастайды, түлкі оны аяп, айналасына қараса бір үй тұр екен, ішінде ешкім жок. Түлкі балапанды сол үйге алып келіп, қамқорлап, оған су, жем береді, ол үлкен болғанша асырайды. Балапан өскен соң, екеуі бірігіп сол үйде тату-тəтті өмір сүріпті. Бұл кезде де , осы ойынды қанша бала ойнаса, сонша əңгіме ойлап табуга болады. Енді мен сіздердің назарларыңызды мына бейнесюжеттерге аударғым келіп тұр. Бұл бейнесюжеттерде бала Луллий шеңберлері арқылы қалай ойнайтынын жəне өзі ойдан ойлап тапқан ертегісін айтып берді. ( видео арқылы түсіндіру –Көркем, Фариза) Ойындарды ойнап, балалармен күнде қарым -қатынас жасағанның арқасында, біз Луллий шеңберлері арқылы ойналатын ойынды арнайы жаңартып əкелдік. Мынандай үш үлкен шеңберді, бір -біріне кигізіп, бір қондырғыға орналастырдық. Оның бағыт беруші белгісін салдык жəне əрбір шеңберге мынандай фишка сиятын ойық жасадық. Ойынның əрбір шеңберіне 8 фишкадан колданылады, фишкаға сөз, сурет,буын, сандар жапсырылған жəне фишканың екі жағына сурет жапсыруга болады, демек оны 2 ойында пайдалануга болады. Ойын 2-3, немесе 4 қатар болуы мүмкін . Ойынның мына түрінде тек фишкалар ғана ауысады, тəрбиеші өзінің тақырыбына карай, фишкалаларды таңдап, балалармен реалды жəне фантастикалык тапсырмаларды орындай алады. Осындай реалды жəне фантастикалық тапсырмаларды орындау кезінде баланың тілі дамиды, өзінің өмірге деген көзқарасы өзгереді, қоршаған ортаны таниды, жан -жақты білімі кеңейеді, сөздік қоры молаяды. Бұл ойындарды тəрбиеші өзіне ыңғайлы етіп, өзінің өткізетін оқу қызметінің тақырыбына сай құрайды, бұл- өте қол жетімді əмбебап дидақтикалық құрал, суреттердің түсі анық, эстетикалық жағынан тартымды баланың қызығушылығын арттырады, балаларға қолдануға өте ыңғайлы. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ БОЙЫНША МНЕМОКЕСТЕ ƏДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ Тыныбекова Айгүл Түгелқызы Атырау облысы Исатай ауданы «Қарлығаш» бөбекжай балабақшасының І санатты тəрбиешісі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Халқына Жолдауында: болашағымызды бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.[1] Ол – мəңгілік ел идеясы. Қазір осы идея төңірегінде үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Бойында ұлттық сана 107


мен психология қалыптасқан парасатты азамат тəрбиелеп өсіру – отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.Бүгінгі балабақшалардағы оқу тəрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы ұйымдастырылған оқу қызметінің құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа əдіс тəсілдерін жетілдіру болып табылады. Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдардың дамуында жағымды өзгерістер жəне оқыту мен тəрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, балалардың жеке басының қабілеттілік жақтарына терең үңіле бермейміз. Соңғы кездері балалардың ғаламторға, ұялы телефондардағы ойындарға тауелді болуы, бала бойындағы рухани құндылықтардың азаюы, балалардың сөздік қорының, шығармашылық қабілеттерінің нашарлауы, тілдік қарым қатынасқа түсу барысында қиындықтардың туындауы бүгінгі күннің өзекті мəселерінің бірі болып отыр. Ал осындай мəселелердің алдын алудың, жоюдың таптырмас жолдарының бірі мнемотехника əдістері деп білемін. Мнемотехника дегеніміз не? «Мнемотехника» жəне «мнемоника» («mnemonikon») деген сөздің өзі грек тілінен аударғанда «есте сақтау өнері» деп аударылады. Бұл сөзді (б.з.б.VІғ) Пифагор Самосский ойлап тапқан деп есептеледі. Мнемокестелер балалардың ой өрісін,есте сақтау қаблетін, зейінін дамытуға жақсы əсер етеді. Ертегі немесе əңгімені мазмұндау кезінде сөйлемдерді дұрыс құрастырып, қайталанбай мазмұндауды үйренеді. Басқа да жұмыстар сияқты мнемотехника жеңілден күрделіге қарай құрылады. Балалардың байланыстырып сөйлеуін, тілін дамыту үшін мнемокестені мына бағыттар үшін қолданамын: 1. Сөздік қорларын байыту 2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету 3. Сөйлем, əңгіме құрастыру 4. Əңгімені құрастыру 5. Жұмбақтарды жасыру жəне жауабын табу 6. Тақпақтарды жаттау. Мен өз тəжірибемде Т.В.Большеваның «Учимся по сказке» деген еңбегіне сүйене отырып, жəне Л.Е.Белоусованың «Весёлые встречи» атты кітабынан үлгі-сызбаларды кеңінен қолданамын. Сол арқылы көптеген жетістіктерге жетуге болады.Т.В.Большева əңгімені құруға дайын мнемокестелерді яғни дайын суреттерді ұсынса, ал, Л.Е.Белоусова өз үлгі сызбасы бойынша символдарды өздері салу керектігін ұсынады. Бұл сызбалардың баланың есте сақтау қаблетін, тілін дамытуға тигізер əсері зор. Мнемокесте əдісін оқу тəрбие процесінде жүйелі түрде қолданып отырса, жеке тұлғаны дамытуда үлкен жетістікке жетуге болады. Оқу жылының басында топтағы балалардың есте сақтау қабілетінің төмендігін, сөйлем құрау, байланыстырып сөйлеу кезінде қиналатындығын байқаған болатынмын, сондықтан да суреттер арқылы мнемокестемен жұмыстар 108


жүргізе бастадым. Өткен əрбір тақырыптың мəнін ашуда мнемокестенің алатын орны ерекше. Сөйлеуді дамыту мектепке дейінгі бүлдіршіндерге оқытуда ең басты міндет-балалардың еркін сөйлеу дəрежесін қалыптастыру. Осы міндеті жүзеге асыруда мнемотехника əдістерін ұйымдастырылған оқу қызметінде қолданған тиімді жақтарын сіздерге ұсынамын. Мысалы: «Күз» мнемокестесі. Мақсаты: күз мезгілі туралы балалардың түсініктерін кеңейту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. 9 мнемосызба арқылы күз туралы толық мағлұмат бердім. (Шартты : 1-күн жылуын аз береді, 2-жиі жаңбыр жауады, 3-құстар ұшып кетеді, 4-қатты жел соғады, 5-жапырақтар жерге түседі, 6-аңдар қысқа дайындалады, 7-адамдар жылы киінеді, 8-күздің 3 айы бар, 9-күзде кейбір кезде қар жауады). Сондай – ақ мнемокестелер тақпақтарды жаттаған кезде ерекше тиімді, тақпақты бала тез жаттауына көмектеседі. Суреттермен ілесе жүретін тақпақты жаттау қызықты,əрі тез есінде сақталады. Бұндай суреттер баланың есінде сақталу үшін кестедегі суреттердің түсі анық, əрі өлең жолдарымен сəйкес келуі қажет. Балалардың ойын дамытуда тағы бір əдістің түрі бұл - үстел үстіндегі мнемокестені ұйымдастыру.Адам мəдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Үстел үсті мнемокесте басқа кестелерден ерекшелігі бала бұл кестені қолмен ұстап, көзбен көреді, жан жақты таниды. Балаға өзі білген сөздерден жəне де өткен оқу қызметін меңгерген сөздермен кесте бойынша сөз тіркестерін, сөйлемді құрастыруға қызығады. Олар мұны шын көңілдермен орындайды. Үстел үсті мнемокестелер өткен оқу қызметі мен бекіту оқу қызметтерінде қолданған тиімді. Жұмбақ жасырғанда да мнемокестенің маңызы зор, жұмбақты тыңдай отырып, мнемокестені көре отырып, жұмбақтың шешімін тез табуға машықтандырамыз. Осы аталған əдістердің барлығын айналып келгенде бүлдіршіндерге ойын түрінде жеткіземіз. Ойын ең басты элемент болып саналады. Əрбір оку қызметі қызықты өтуі үшін тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер,кестелер пайдалану арқылы оқу қызметін көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сеніммен айта аламын. Мнемотехника əдісін қолдану арқылы балалардың жұмыстарына тоқсан сайын диагностикалар жүргізіп отырамын. Атап айтсам осы əдісті ойын кезінде, оқу қызметі кезінде, жеке жұмыстар жүргізу арқылы балалардың өте жақсы деңгейге жеткендігін көруге болады. Қорыта айтқанда мнемотехниканы қолданғанда неге қол жеткізуге болады: - əр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады. - Баланың жеке қабілеті анықталады. - Балалар бір – бірлерінен қалмауға тырысады. 109


- əр бала өз деңгейімен бағаланады. - Балалардың ертегіні ретімен əңгімелеп беруіне деген қызығушылығы артады. - Қоршаған орта жайлы таным - білімі артады. - Сөздік қорының белсенділігі артады. - Балалардың ұялшақтығы жойылады, өзін - өзі ұстауы қалыптасады. Қолданылған əдебиеттер: 1. Елбасы Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2017 2. Артемова Л.В. Дидактикалық ойындар. 3. О.Ушакова «Развитие речи детей» 4. Козаренко В.А. Книга: Учебник мнемотехники Москва 2007 5. «Отбасы жəне балабақша» журналдары

ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ Избасова Нуржамал Сериковна Атырау облысы Махамбет ауданы Д.Төленов атындағы мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Адамның адамшылығы–ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады Абай Құнанбаев Жаңа заман ағымына сай білім саласында жаңа технологияларды қолданудың маңызы зор. Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі-білімді үздіксіз жетілдіру жəне оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Əрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарын əр түрлі түрде ұйымдастыру аса қажет. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілерімен көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Ынтымақтастық оқу оқуды табиғи əлеуметтік əрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен əңгімелеседі, осы əңгімелесу арқылы білім алады. Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет жəне бақылау мен қарымқатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп, жəне басқаларға қолдау көрсету өте маңызды. Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген команда барлық мүшелері білетін жəне түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет. Ол топтың əрбір мүшесінің одан не 110


күтілетіндігін, жұмыс қалай бөлінетіндігін жəне қолдау көрсетілетіндігін, сондай-ақ нəтижелерге қалай қол жеткізілетіндігін білулері үшін қажет. Топтағы оқушылардың саны оқушылар арасындағы сонымен қатар, оқушылар мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты барынша тиімді қамтамасыз етуі тиіс. Топтың көлемі мен санының арасындағы тепе-теңдікті орнату маңызды. Мысалы көптеген шағын топтар жұп шектеулі қысқа уақыт (мысалы, шамамен 5 минут) барысында тиімді жұмыс істей алады. Аздаған үлкен топтарда оқушылардың көңілі басқаға ауып, тəртіптерінің бұзылуына əкелуі ықтимал. Белгілі бір тапсырманы айрықша айрықша тиімді орындау үшін, мұғалім топ қатысушылар саны қанша болатынын анықтап алуы қажет. Шағын топтар 4-6 оқушыдан тұратын топтық жұмыстың көптеген түрлерінде жəне топта бір оқушының үстемділігін əлсірету үшін тиімді. Топ мүшелерінің кейбіреулері үшін аз жұмыс істеуге көп мүмкіндік береді№ Тыныш,салмақты оқушылар жұмысқа аз қатысуы мүмкін.

Жұптар Жұп болып жұмыс істеу жоғары деңгейлі тапсырмаларды бірлесе орындауда (мысалы шешім қабылдауда, мəселелерді шешуде) жəне құрбықұрдастарын оқыту үшін тиімді

Үлкен топтар 7-10 оқушыдан құралған үлкен топтар мəселені талқылау барысында көптеген көзқарастарды қарастыру мақсатында тиімді болуы мүмкін. Топ мүшелері көп болған сайын ондағы жұмысты ұйымдастыру, жоспарлар, рөлдер мен арадағы қарымқатынас жəне сөз сөйлеу қиындайды.

Топтық жұмыс ұтымды, тиімді болу үшін белгіленген тапсырмалар мен топтың қызметі стратегиялық тұрғыдан дұрыс құрылуы тиіс, олар топта тиімді жұмыс істеуге ынталандырып, қамтамасыз етіп, жоғары деңгейдегі оқытуды, ойлауды жəне түсінуді дамыту үшін қолданылады. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында əлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу жəне проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға жəне талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болады. Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар: • кезекпен сөйлеу; • белсенді тыңдау; • сұрақ қою жəне сұрақ бар ма екенін сұрау; • ұсыныс енгізу жəне басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау; • өз ойларын жəне пікірлерін ортаға салу жəне басқалардың идеялары мен пікірлерін білу; • ұсыныстарды, идеяларды жəне пікірлерді ұжыммен талқылау; 111


• көмектесу жəне көмек сұрау; • түсініктеме беру жəне түсініктеме беруді өтіну; • идеяларға түсініктеме беру жəне оны бағалау; • топтық шешім қабылдау жəне бір тоқтамға келу; • талқылаудың қорытындысын шығару; • дəйекті айғақтар келтіру. Проблемаларды шешу стратегиялары Оқушылар ересек адамдарға тəуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды жəне оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тəсіл оқушыларға: • уақытты ұтымды жоспарлауға; • инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға; • топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға; • топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы жəне т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға; • тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Топқа бөлінудің əр түрін қолданып, оқушылардың əр топқа білім сапасына қарай тең түсуіне мəн бердім. Топпен жұмыс жасағасын оның ережесі болатынына назарларын аудардым. Топ ережесін оқушылар өздері құруларын талап еттім. Топпен жұмыс барысында оқушылардың дұрыс отыруын да назардан тыс қалдырмадым, тақтаға арқасымен отырмасын деп жағдай жасадым.Сонымен қатар топтағы əр оқушының міндетін үйреттім. Топтағы жеке жұмысты да оқушының деңгейіне сай беруге тырысамын. Оқушылар жолдастарының жұмыстарын талдай отырып, ойларын ашық айтуға үйренеді. Топтық жұмыс оқушылардың бірге жұмыс істеуін жеңілдетуге арналған əдіс. Егер бала бойындағы қабілетті мұғалім байқамаса, ол бала басқа оқушылармен бірдей болып қалады. Сондықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білу керек. Ең маңыздысы, қабілетті оқушыны зеріктіріп алмау.Сабақты тартымды ету үшін мұғалім оқушының қабілетін ескергені дұрыс, яғни бастауыш сынып оқушылары үшін : -оқушылардың қабілетін арттыру жəне дамытудың тиімді əдісін қалыптастыра білу; -ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мəн беру; -қосымша əдебиеттер оқып, білімді күнделікті толтыру; -«сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен үнемі шабыттандырып отыру; -үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.Білім сапасын арттырып, бала қабілетін дамытуда оқушыға қойылатын талап деңгейі бара- бара күрделене түскені жақсы. Жаңа технологиямен оқыту оқушы психологиясын жетік меңгеруді қажет етеді. Сондықтан оқу бағдарламасын міндетті деңгейде игеру үшін 112


өзім сабақ беретін бастауыш сынып оқушыларының жас жəне дара ерекшеліктерін үнемі басты назарда ұстап отырамын. Жаңа буын оқулығы оқушыны жеке тұлға етіп дамыта оқыту ұстанымына негізделген. Оқыту формасында өзімнің басты ұстанымым: 1) оқу жүктемесі есте сақтау қабілетіне емес, ойлау қабілетіне бағытталуы керек; 2) оқу жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгерілуі тиіс; 3)оқу материалдарын оқушы дайын күйінде емес,өз бетінше игеру керек; 4) проблемалық оқытуда проблеманы мұғалім емес,оқушы қойғаны дұрыс; 5) оқушы қызметін бағалауда бақылау, талдау, анализдеу т.б негізгі рөлді мұғалімнен гөрі оқушылар атқарған жөн; 6) оқушыны іс- əрекетке зорлықпен емес өз еркімен араластыруға жағдай туғызу қажет. Осы қағидаларды орындауда оқушыға толық шығармашылық еркіндік беріліп, оқу материалын еркін меңгеруге мүмкіндік алдым. Əрбір оқушы оқу үрдісіне белсенді қатысқан жағдайда логикалық ойлауы, сөйлеу тілі, өз əрекетін жоспарлай алуы, айналасындағы оқушылармен өзара тиімді қарым-қатынасқа түсуі, оқушы бойындағы сенімділік, өзгенің пікірін тыңдай білу, ой-пікірін ашық білдіру қабілеттері дамитыны сөзсіз. Аталған əрекеттерді оқушы бойында дамыту үшін сабақ беретін сыныбымда топтық жұмыс түрін қолдану бірінші кезекте маңызды деп шештім. Əрбір оқушының топта бірлесіп жұмыс жасай алуы, топ мүшелерінің қызметтерін өзара іштей бөлісуге жаттықтыру бүгінгі күнгі сабақ өту тəсілін заман талабына сай өзгертудің алғашқы баспалдағы болмақ. Бірлескен оқу өзара іс-əрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нəтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара əрекеттің құрылымы болып табылады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 78бет). Топтарға біріктіріп жұмыс жүргізу топ мүшелерінің ерекше байқала бермейтін қабілетін, басқа оқушылармен өзара қарым-қатынас жасау белсенділігін, белгілі бір ереже шеңберінде əрекет жасау, өзгенің пікіріне баға беруге, өз əрекетіне баға беруге, бір сөзбен айтқанда оқушының жанжақты əрекетін дамыту механизмі деуге болады. Оқушылармен өткізген сабақтарымда топтық жұмыстың оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау, өз ойларын ашық айту, өзін-өзі бағалау, кері байланыс, диалогтік əдістерінді пайдалана отырып сыни тұрғыдан ойлай алатын тұлға қалыптасуына үлесі зор болды. Топтық жұмыстың тигізер үлесінің зор екенін білдім. Топтық жұмыс мынадай жетістіктерге жеткізетіне толық көзім жетті. 1.Оқушылардың танымдық қабілеттері дамиды 2.Оқушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы төмендейді 3.Сабақтың уақыты тиімді үйлестіріледі 4.Сыныптағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі. 113


5. Берілген білім берік қабылданады, алған білімдерін іс жүзінде іске асыра алады. 6.Сыныптағы жұмыс сараланады.  Оқушылар өзара достық қатынаста болады;  Бір-бірінен сұрай отырып білімдерін жетілдіреді  Өзгелерге ойын жеткізу үшін өз шешімін дəлелдеп үйренеді;  Менен сұрап қалады-ау деп қорықпайды,топ болып жауап береді;  Оқушылардың мектепке деген көзқарасы өзгереді. Уақыттары қызықты əрі тиімді өтеді.  Топтық жұмыста бос отыратын оқушы болмайды. Міне, ғажап. Мен күткен нəтижем- оқушы ізденісі- мен күткенненде асып түсті. Топпен жұмыс өз нəтижесін берді. Топ ішінде сөйлемеген оқушы болмады. Тіпті сабақ соңындағы түйіндемелерінде мен өз ойымды дұрыс айта алмадым деп өкініш білдірді. Топтық жұмыстың ерекшелігі алдымен өздері топ ережесін, бəрі бірдей басшылыққа алатын топ ережесін шығарумен басталды. Оған бəрі түгел бағынады. Себебі ол ережені топ мүшелері өздері ойласып, бірге шығарған, ол ереже жазулы тұрады. Осындай топтық жұмыспен өткізілген сабақтардың нəтижесіне қарап оның тиімділігіне көз жеткіздім. Топтық жұмыстың тиімділігі: Оқуға, оқушыға ыңғайлы кеңістік құру; 1.Əр топтағы оқушыда өз көзқарасын дəлелдеу барысында білім бəсекелестігі байқалды. 2.Əр оқушы топта отырып бір – бірінің білімін толықтырады. 3.Сыныпта психологиялық ахуал жақсарады. 4.Əр оқушы өз ойын, пікірін жүйелі айтуға үйренеді. 5.Оқушы сабақта көп білуге, лидер болуға ұмтылады. 6.Проблеманы бірігіп шешуге үйренді. 7.Сыныптағы барлық оқушы достасып үлгерді. 8.Ұжымда бірігіп жұмыс істеуге үйренді. 9.Оқушының коммуникативтік қабілеті жетіледі. 10.Бір–бірін сыйлауға, бір-бірінің сөзін аяғына дейін тыңдауға дағдыланды. Мен өз тəжірибеме өзгерістер енгізіп, жақсарттым деп ойлаймын. Мен əр сабағымның құрылымын өзгертіп, жаңа əдіс- тəсілдерді қолдандым. Топтық жұмыс ұйымдастырудың тиімді екенін білдім. Менің түсінгенім əр оқушы сабаққа қандай жаңалық болар екен?- деп, отыратын сияқты. Əр сабақтағы жаңалық енгізу сабақтың сапасын жақсартады деп ойлаймын. Бұрын оқушының қатесіне аса назар аударсам, ал енді «тек ештеңе жасамайтын адам ғана қателеспейді»- деген қағидаға сүйенемін. Оқушының жұмыс барысындағы сəтсіздіктердің алдын алып, оларды болдырмауға ұмтылу керек. Ал болған жағдайда,кімнің кінəлі екенін іздемей,соның себептерін талдап,болашақта оны қайталамаудың жолын қарастырған жөн. Сонымен қатар математика дəптерін тексеріп оның қатесін түзегенде, сəтті 114


шыққан тұстарын да жазу керек екенін түсіндім. Осы топтық жұмысты əр тапсырма оқушылар үшін де мен үшін де сəтті өтті. Біз өмір сүріп отырған қоғамда жаңашылдықты талап ететін кезең болғандықтан да білім сапасы əр педагог пен бала үшін атқарылар мақсатты істің жүзеге асуына үлес берерімізге сенім білдіремін. Əдебиеттер тізімі: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей 2.Интерактивті оқыту əдісінқолданып сабақты жоспарлау жəне басқару, Алматы, 2014 Жартынова Ж.А, Ким К.Н, Корнилова Т.Б,Қойлық Н.О, Орақова А.Ш 3.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы (Астана, 2004.3-4 бет) 4.Қ Р білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Астана,2004,28- бет) 5."Қазақстан мұғалімі" газеті ( 2011,30 қараша) 6."Қазақ тілі мен əдебиеті" журналы ( 2008,№6 17- бет ) 7.Н.Ə.Назарбаев. Қазақстан халқына жолдауы .(2012ж.28 қаңтар) 8.Республикалық ғылыми - əдістемелік педагогикалық журнал ( Əдіскер мұғалім ) (2004,5. 11-бет)

БАСТАУЫШ 3- СЫНЫПТАҒЫ ЕҢБЕККЕ БАУЛУ ПƏНІНЕН ТОПТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІ Қабешова Дина Зинекенқызы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ш.Уалиханов атындағы негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Айналамыздағы əлем қалай тез өзгеретін болса,еліміз бен қоғамымыз да солай тез өзгереді Н.Ə.Назарбаев Əлем өзгергіндіктен, сіз де өзгересіз жəне қазіргі сəтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз жəне олар мына жылдам өзгеретін əлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет. (С.Бич, 2012) Қазіргі бұқара жұртшылық арасында ХХI ғасырда білімнің жоғары сапалы жəне əділ болуына ықпал ету үшін білім беру жүйесінде реформа жүргізу қажеттігі туындап отыр.Елбасының Жолдауында білім беру сапасын арттыруды дүниежүзілік стандарт деңгейіне жеткізу - басты мақсат болып табылатындығы көрсетілген. Қазіргі кезде біздiң Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, əлемдік білім беру кеңістігiне енуге бағыт алуда. Жаһандану 115


заманында барлық елдердің де саясаткерлер үшін де, мұғалімдер үшiн де ең басты, маңызды мəселе болып отырғаны «Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?». Білiм беру саласында оқушылар үшін білiм де, дағдылар да тең дəрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда. Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан алдында отырған əр баланың тағдырын өз қолыңа ұстағанымды үлкен жауапкершілікпен қажет етемін.Бастауыш сынып оқушылардың белсенділігін дамытып, дұрыс бағыт таңдап, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету əр ұстаздың міндеті болып табылады. Топтық жұмыстарды ұйымдастырғанда оқушылардың деңгейлеріне қарап, түрлі тиімді тəсілдерді құрған кезде барып,мұғалім жақсы жетістіктерге жетеді.Тапсырманы орындағанда сыныптағы кейбір оқушылар көшбасшылығымен ерекшеленеді,оқуға деген қызығушылығы жəне сөйлеу шеберлігімен, ойлау дағдылары, білімдерінің жоғары деңгейі, білімге құштарлығы, ынтасымен анықталады.Топтың басқа мүшелерінен деңгейлерінің жоғары екендігін жұмыстары арқылы анықтауға болады. Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі ұсынған 3сынып оқулығының авторлары Т.Оралбекова, Ғ. Мұратқызы жасақтаған «Еңбекке баулу» оқулығы бойынша орта мерзімді жоспарға сəйкес, қысқа мерзімді жоспарды жасақтадым.Еңбекке баулу сабағын өткізген кезде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаймын.Еңбекке баулу сабағын мұғалімнің шеберлігіне байланысты түрлендіріп отырамын, топтарға бөлу, жұптық жұмыс, əр түрлі əдіс-тəсілдерді қолданамын. Топтық жұмысты ұйымдастырған кезде өз тəжіриебеден не айта аламын, топтық жұмыстарды қай пəн болсада пайдалану тиімді деп ойлаймын ба? деген сұрақтарды өз өзіме қоямын.Топтарда бірлескен жұмысты ұйымдастыруды үйрету кезінде «Саусақ бірікпей,ине ілікпейді»идеясы арқылы топ мүшелерін бірлікте, ынтымақтастықта жұмыс жасаудың тиімділігі айтылды слайдтар, видеоролик, маркер, стикер, плакат сияқты ресурстар қолданыламын. «Сенім», «сен мені білесің бе?», «мен неден жаратылғанмын», «əсем-əдемі», «көз алдарыңызға елестетіңіз, сіз кітапсыз» тренингтері мен жаттығуларын жүргізе отырып топтар бір-бірімен танысады. «Гүлдер»,«Суреттер», «Ертегі кейіпкерлері», « Мақал-мəтелдерді» құрастыру, қазақтың ою-өрнектері, ұлттық тағамдарға» байланысты, «санау» арқылы оқушыларымды қай пəн сабақтарында əдістерді қолдана отырып топқа бөлемін.Топ ережелері құрғызылып, жұмыстың талаптары мен маңызы түсіндірілді. Сабақтарыма Видеоролик қарап,тамашалап,топ мүшелерінің ойларын тыңдаймын.. Еңбек сабағын жүргізген кезде топпен жұмыс, сұхбаттасу, диалог құру,постермен жұмыс сияқты əдіс-тəсілдер қолданыламын.Сабағымды жүргізген кезде оқушылар түйген ойларын білу кезінде стикерлер таратылып, пікірлері алынады. «Попс» формуласы, «Бағдаршам», «Бас бармақ»«Мен не үйрендім?» əдістерін пайдалана отырып кері байланыс арқылы сабақтарымның жақсы өткендігі бағалау мақсатында əдістерді жиі қолданамын жие қолданамын. 116


Еңбек сабақтарын өткізген кезде топтық жұмыста ұйымдастырған кезде алдыма қойған мақсаты мен түйінді идеямды басшылыққа аламын. SMART əдісі баяндамамда қолдана отырып еңбек сабақтарында топтардың жұмыс жүргізу мақсаттарды қол жеткізгенгімді көз жеткіздім. Мақсаты:Еңбек сабағында топпен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаттары мен тəжіриебе кезінде қалай жүзеге асыру керегі жөнінде мағұлматтар бере отырып, топ мүшелерінің бірін-бірі оқыту арқылы өзіндік жұмыс жасауда білім алатындығын ұғындыру. Менің сыныбымда оқушыларым аз болғандықтан көбіне пəн сабақтарында, еңбек сабағында шағын топтарға бөлемін.Еңбек сабағында шағын топтарға бөлгенде оқушылар бірігіп, ұйымшылдықпен жұмыс жасауға қолайлы, төмендегідей нəтижеге жетемін.Топтағы бірлескен жұмыстың нəтижелерінде Оқушыларым өтілген тақырыптардан алынған ақпаратты ойластыруға жəне талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыс тиімді болатынына көзім жетті. Топта жұмыс істеу ережесі тоғыз ережесі бар.Сол ережелерді мен еңбек сабақтарына басшылыққа аламын. Мақсаттарды жəне күтілетін нəтижелерді айқындау.Əр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, оқушылардың қандай білім, білік,дағды əрекеттер күтетіндігін жеткіземін.Сонан соң оқушылардың өздерінен сабақтан нендей нəтиже күтетіндерін құрастыруды талап етемін.Бұл əрекет əр оқушы өзінің сабаққа тікілей қатысы бар екендігі туралы ойды нақтылап,оларды «Сабақта мен қандай білім аламын?Ол үшін мен қандай жұмыс пен əрекеттер атқаруым керек?Бұл білім маған қандай пайда бермек?»деген сұрақтар төңірегінде ой-толғаныс жасауға шақырамын.. 3 сыныптағы «Қағаздан қозғалатын бөліктері бар фигуралар құрастыру», 55- бетіндегі «Қиялдағы кейіпкерлер» құрамағын қрастыру арқылы Өзіңді тексер тақырыбын жоспарлау кезінде сабақтың əр кезеңіне, мақсаты мен нəтижесіне көңіл бөліп, сабақ кезінде оқушылардың топтық жұмыс арқылы өз беттерімен жұмыс жасау кезінде жəне кез келген проблемаларды шешу стратегияларын түсінуге,оларды жетелеуге арналған тапсырмалар қолдандым. Сабақтың басты түсінігін қалыптастыруда Александердің диалогтік оқыту əдісімен жүргіздім.«Ара»,«Қиялдағы кейіпкерлер» жаңа тақырыпты таныстыра отырып,оқушының диалог пен дəйектеуге,өзінің түсінгенін еркін жеткізу үшін өз ара жөнінде білгендерін ортаға салу арқылы оқудың тиімді жəне зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын байқадым. Мұғалім мен оқушының оқуды дамытуындағы ынтымақтасқан жұмыс қана жемісін береді.Сыныптағы балалардың ойлары, ынтасы, сабақты одан əрі игеруі мұғалімнің қолданған əдіс-тəсілдерімен,пəнге деген қызығушылығымен ұштасқанда көздерімен көре отырып, Қанаттары қозғалатын ара өз беттік жұмыс жасау арқылы шеберлігі шындала түседі. Сабақтың оқу нəтижесі: Сабақ соңында топ бір-біріне топпен жасаған жұмыстарына критериалды бағалайды. Сабағымның соңында өзімнің осы сабағыма қойған мақсатыма жетіп, оқушылар өз топтарымен жұмыс жасай 117


білді.Сабақ кезінде оқушылардың өз беттерімен ізденулеріне жəне кез келген проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуге жетелеуге арналған тапсырмаларды қолдандым,Джон Флэйвеллдің енгізген ұғымымен– метатанумен байланыстырдым.Осы əдіс негізінен жеке тұлғаны бəсекелестікке қалыптастыратын, нағыз ізденгіш, шығармашыл, жаңа технологияны меңгере алатын білімді оқушыға айналады деп ойлаймын. SMART əдісі–күтілетін нəтиже: -Топтық жұмыста сыни ойлаудың маңызын түсініп, оңтайлы жақтарын тəжірибесінде пайдаланады. -Ортада жайлы əрекеттестік орнап, өз идеяларын зерделеуге мүмкіндік жасалады. - Сабақта топтық жұмысты жүргізу жүйесін меңгерді - Еңбек сабақтарында жеке жұмысты пайдалана алды - Топтық жұмыс арқылы еңбек сабақтарында өз пікірлерімен кері байланыс орнатты. - Жаңа əдіс-тəсілдерді пайдалана отырып қызығушылығы артты. - Оқушылардың топтық жұмысқа деген көзқарасы өзгерді. Пайдаланған əдебиеттер: 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2.Өзара бағалау жүргізу арқылы мектеп басшылары портфолиосының сапасын арттыру. 3.Асхат Əлімов «Интербелсенді əдістемені мектепте қолдану» 54-56 бет 4.«Бастауыш сынып əдістемесі» журналы 2012.

ОҚЫТУ ОРТАСЫН ТИІМДІ ҚҰРУ АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ДАМЫТУ Қуанғалиева Лəззат Зинешқызы Атырау облысы Исатай ауданы Новобогат орта мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі

ХХІ ғасыр мұғалімі оқушылардың белсенді, бірлескен оқу ортасын құрушы білімнің ұйымдастырушысы ретінде танылады. «Мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» (25-бет). Оқыту ортасын құру дегеніміз: 1)Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау; 2)Əрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып,бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау; 3)Үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру; 4)Оқушылар білім алатын ортадағы оқыту мен оқуға құрал болатын барлық нəрселер мен заттарды тиімді пайдалануға қол жеткізу. Оқыту ортасы нəтижелі болуының шарттары: - Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру; 118


- Үйренушілерде білім игеруге деген қызығушылықты тудыру; -Сəттілікке бағыттау; - Білім игеру процесін коммуникативтік процесс деп түсініп,бірлескен əрекеттерді қолдану. Сынып ішінде тұлғаның жан-жақты дамуы, бірлескен өнімді əрі тиімді жұмыс жасауына қолайлы тұлға аралық қатынастар мен жағдайлар жасалады.Жағымды психологиялық климат топ құрамына кіретін үйренушілердің еркіндігін меңзейді.Бұл еркіндік өзара сыйласымдылық, жолдастық,бір-біріне бейімделу жəне бөтен пікір мен көзқарастарды жағымды тұрғыдан қабылдау мен оларды түсінуге деген ұмтылыстан,оларға төзе білуден тұрады.Мұндай орта педагогтардың негізгі ұмтылысына айналады: «Білім берудің басты мақсаты- ешкімге ұқсамайтын дербестігі, рухани əлемі, шығармашылық потенциалы бар адамның қалыптасу мен дамуы үшін орта құру» (С.Мирсеитова,2008.5) Үйренушілер тек осындай жағдайда ғана үйрену процесі тиімді сипат алатындығын түсінуі керек.Жағымды психологиялық климат құру- əр сабақтың жəне жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты мақсаты. Үйренуге деген ықылас- ынтасы, ниеті мен зауқы болмаса, оқу нəтижесінің мардымды болуы екі талай. Француз жазушысы Анатоль Франс кезінде «Тамақ тек зор тəбетпен ішкенде ғана сіңеді» деген екен. Оқу мотивациясы дегеніміз де осы сияқты білімге,білуге деген «тəбет». Мотивация– əр үйренушінің білімге деген қажеттілігі мен мұқтаждығы, құлшынысы мен ұмтылысы, оның білім процесінде алдына қойған мақсат мүдделері.Қызығушылықты ояту арқылы үйренушілерді келесідей əрекеттерге баулуға болады: 1.Үйренушілер өздерінің бұрынғы жеке білімін айқындайды 2.Талқыланатын тақырыпты кең ауқымды контексте қарастырады 3.Үйренушілер белсенді болады 4.Үйренушілер ізденіс, зерттеу жəне талдауға негізделген шығармашылық жұмыстарға жұмылдырылады. Мұғалім сабақ барысында оқыту ортасын тиімді құра отырып, жаңа əдіс-тəсілдерді тиімді қолдана алғанда ғана оқушылардың қалай оқу керектігін меңгеруіне қол жеткізе алады. Бұл өз кезегінде мұғалімнің шеберлігін қажет етеді. Мұғалімнің шеберлігі оның үздіксіз білім жетілдіруі мен өмір бойы оқып- үйренуіне тікелей тəуелді. Осы орайда мұғалімге бағдарламаның диалогтік оқыту əдістемесі көмекке келеді. Шетелдік ғалымдардың зерттеу нəтижесінде күнделікті сабақта қолданылатын диалогтік оқытудың маңызы зор табыстарға жеткізетінін дəлелдеген.. Өз тəжірибемде диалогтың 3 түрін де қолданып отырамын. Əңгіме- дебат ортасында бірлесуден гөрі, бəсекелестік үстемдік етеді. Бəсекелестік орта- оқуға уəждеуші құнды фактор. 119


Топтық əңгіменің тиімді тұсы-əркімнің сөйлеуге мүмкіндігі болуы жəне тыңдалымның алға шығуы. Барнс (1976) пен Мерсердің (2000) айтуынша, зерттеушілік əңгіме – мұғалімдердің оқушыларды əңгімеге тарту кезінде дамыту қажет болып табылатын əңгіменің түрі. Мысалы,зерттеушілік əңгіме жүргізу үшін «суреттегі өсімдіктерді мұқият зерделе.Қайсысы қандай ағаштың жапырағы?».Бөлме өсімдігін зертте: сабағы,жапырағы қандай? деген сұрақтар қойылды. Оқушылар осындай əдіс-тəсілдер арқылы сыныптастарымен шағын топтарда жұмыс істегенде оларда ортақ проблема болады, бір-бірінің идеяларын талқылайды, баға береді, ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырады. Басқаша айтқанда, оқушылар бірге ойланады. Топтық жұмыс оқу ортасына айналады. Тəжірибедегі сабақтар барысында сұрақ - жауап əдісін тақырыпқа сай түрткі,сынама,қайта бағытттау сұрақтарын қоя отырып түрлендіріп, білімдерін бекітуге тырыстым.Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады жəне де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оқу ортасын жақсарта жəне кеңейте алады.Сұрақтың нақты, дəл жəне анық болып құрылуы, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сəйкес алынуы жақсы нəтижеге жетудің бір жолы болып табылады. Өзім сабақ беретін сыныпта «Əдебиеттік оқу» пəнінде қиылған құстардың суреттерін құрастыру арқылы сынып оқушылары төрт топқа бөлінді.Мен сұрақ қоймай жатып-ақ оқушылар суретке қарап, бір-бірінен:Бұл қандай құс?Ол туралы не білесің?т.б. сұрақтар арқылы талқылап үлгерді.Оқушылар суреттегі кейіпкерлер арқылы диалогке түсіп, оқушылардың сыни ойлау қабілеттерінің де қалыптасқаны байқалды. Сөздік қорының молайып, ойларын еркін айта бастағаны қуантты. Сондай-ақ, оқушылардың сөздік қорларын молайта түсуде, одан əрі дамуына мұғалімдер мен құрдастарының көмегінің зор екендігіне көзім жетті.Бұған дəлел, кейбір оқушыларды сырттай бақылағанда олардың тапсырманы орындауларында өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланбағанын көруге болады.Ондай оқушылар көмекті сырттан күтеді.Ал көмектің ұйымдасқан түрде болуына оқыту ортасын түрлендіріп отыруы көмекке келеді. Менің ойымша диалогтік оқыту тəсілін ауызша дүниетану жəне əдебиеттік оқу сабақтарында қолданған өте тиімді, нəтижелі болатын сияқты. Бұл жерде тақырып толық талданады,əркімнің өз идеясы, пікірі бағаланады, бір біріне сұрақ қойып үйренеді, айтқандарын дəлелдейді, келісімге келуге ұмтылады ұжымдық түсіністікке қол жеткізеді. Əдебиеттік оқу пəнінен Ж.Аймауытовтың «Торғай» əңгімесін оқытуда сабақты Блум таксономиясы бойынша жоспарладым. Сабақ бойында оның мақсатына ерекше көңіл бөлу керек екенін байқадым. Үй тапсырмасын тексеруде «Бұрыштар» əдісін пайдаландым. Оқушыларға сұрақ ұсындым жəне мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт 120


бұрышына орналастырдым.Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады,таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды жəне өздерінің көзқарастарын дəлелдейді.Бұл тапсырманы орындатуда оқыту ортасын құруды өзгерттім. Блум таксономиясының талдау кезеңінде «Серпілген сауалдар» əдісін қолдануым тиімді болды. Оқушылармен ашық сұрақтар көмегімен тікелей диалог жүргізуіме мүмкіндік болды. «Ақбілектің орнында болсаң не істер едің?», «Ақбілекке осылай жасауына не себеп болды?» деген сұрақтарға «Ақбілектің орнында болсам жыланды өлтірмей-ақ торғайды құтқарып қалар едім. Өйткені жылан да табиғаттың бір бөлшегі. Табиғаттың əр бөлшегіне аяушылықпен қарауымыз керек» деген жауап болса,«Ақбілек əлсіз, аянышты торғайды аман алып қалу үшін жыланды өлтіруге тура келді» деп өз ойларын анық жеткізе білді. Жинақтау кезеңінде оқушыларға жеңілден күрделіге қарай құрастырылған кеңейтілген тапсырмаларды жеке жұмыс ретінде əр оқушыға тараттым. Жұптық жұмыста оқушылардың бір -бірін жетектеп алға сүйрейтіндігін, бір біріне көмектесетінін байқадым. Оқушылардың уақытты тиімді пайдалануды керектігін түсінгенін көрдім. Оқушылардың оқу ортасындағы беделін арттыру, оларды білім алуға ынталандыруда рефлексия мен қалыптастырушы бағалаудың да маңызы зор. Бастапқы кезеңді қорытып, рефлексия жасау барысында мен өз оқушыларымның есте сақтау қабілеттерінің артқанын, тілдері жаттығып, өзара сұхбаттасып,ойын дамытып, келесі оқушымен ой бөлісе бастағанын байқадым. Оқушы өзінің ойын жинақтап, тұжырым жасай алады, білімі жоғарылайды, сөздік қорлары молаяды. Оқушының топта өзін ұстауы, сөйлеу шеберлігі мен мəдениеті, ізденімпаздығы жақсара бастады. Топта өз сыныптастарын зейін қоя тыңдап, өзінің жауабымен салыстыра отырып, өзіндік пікірін айта алуға дағдыланды. Оқыту ортасын тиімді құру арқылы оқытуда сыни көзқарасы қалыптасқан, өз ойын еркін жеткізе алатын, сөйлеу шеберлігі қалыптасқан, алған білімін қажетті кезде пайдалана алатын оқушыны қалыптастыра алатынымызға көзім жетті. Тиімді құрылған оқыту ортасын құру бағытындағы жұмыс тəжірибеме сүйене отырып,мен мынадай қорытындыға келдім:  Егер оқыту ортасы мақсатты жəне жүйелі құрылса, білім алушылар арасынан сыныптастарын оқуға жетелейтін көшбасшы оқушылар шығады;  Оқушының дағдылардың біріне талантты жəне дарындылығы айқындалады;  Оқушы неғұрлым сапалы білім алу үшін қалай оқу керектігін біледі;  Өзінің жəне сыныптастарының оқуын бағалай алады;  Сыни тұрғыда ойлай алады, өз ойын жеткізуге, пікірін қорғауға дағдыланады;  Білім алуда АКТ-ны сауатты қолдана білуді меңгереді.  Əр түрлі жастағы адамдармен диалогке түсе алады. 121


Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей.Үшінші басылымы «Назарбаев зияткерлік мектебі» - ДББҰ, 2012ж. [25- бет] 2.Дүйсенова М. «Жаңарған əдістемемен оқыту» Республикалық əдістемелікпедагогикалық журнал «Бастауыш сынып» №1, 2014 ж 3.Г.Т.Касенова «Бастауыш білім негізі-сапалы білім, саналы тəрбие бастауы» Астана, 2013ж «Білім берудегі инновациялық процестер» атты ІІ республикалық конференциясының материалдары ( 265 бет) 4. «Қазақ əдебиеті» əдістемелік журналы, №2, 2013ж. 5. «Қазақ əдебиеті» əдістемелік журналы, №8, 2014ж. 6.Жанпейсова М.Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде \аударған Д.А Қайшыбекова\-Алматы, 2002

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУДА ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ МАҢЫЗЫ Нарымбетова Анар Болатқызы Атырау облысы Исатай ауданы Нарын орта мектебінің I санатты бастауыш сынып мұғалімі

Білім- біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді сапалы іске асыра білу дағдысы. А. Байтұрсынов ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дəуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде , əлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап , халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады.Олай болса бүгінгі білім беру жүйесінің ерекшелігі - білім алушының қандай да бір ісəрекетке құзіреттілігін дамыту, арттыру жəне қалыптастыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан гөрі оның құзыреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Қазіргі уақытта оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзыреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынасын, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар алға қойылған. Сол себептен оқытуға деген көзқарас өзгеріп отыр, оқыту нəтижесін бағалауда да жаңа бағытқа ие болуда. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бүгінгі басты міндеттерінің бірі – алдымызда отырған əрбір шəкіртке терең білім беру жəне білім сапасын көтеру. Осы тұрғыда еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кəсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін,өзінөзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға жəне өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсеткен. Олай болса жеке тұлға ретінде 122


қалыптасуы үшін міндетті түрде білім негіздерін өз еркімен үйреніп, ісəрекетінің мақсатын, міндетін,түрін,тəсілін алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға жеткізуіміз тиіс. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар-шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кəсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды.Жалпы білім беруде əр мұғалім көздеген мақсатына қол жеткізу үшін оқыту үдерісін жоспарлап, қолданысқа енгізгенде оқушы жетістіктерін бағалауды басты назарда ұстау керек деп ойлаймын. Осы негізде мен бүгін сіздердің алдарыңызға-«Бастауыш сыныпта оқу сапасын жақсартуда қалыптастырушы бағалаудың маңызы» тақырыбында баяндамамды ұсынамын. Менің бұл тақырыпты алғандағы мақсатым-бағалау əдістерінің оқушылардың білім сапасының артуына ықпал ететіндігін жəне тиімділігін анықтау.Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік жəне ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашу. Осы тұрғыда Александердің мына сөзі еске түседі:Сыныптағы бағалау- тек техникалық тəсіл емес. «Бағалау » термині-«жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тəртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бағалау – бұл оқушының ілгерілеу дəрежесін анықтаудан гөрі кең ауқымды нəрсе. Бағалау оқушының өзінің таным үрдісіне қызығушылығын арттырып, оны алға жетелейді. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Осы қажеттіліктерді шешу жолдарының бірден-бір жолы-қалыптастырушы бағалау.Себебі,қалыптастырушы бағалау сыныптағы оқушылардың пəнге қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі əсер етері сөзсіз. Қалыптастырушы [формативті] бағалау-күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін жəне мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. Ол бағалау күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі, оқушыға өз жұмыстарын өңдеуге жəне жоғары нəтижеге жетуге көмектеседі, мұғалімге оқушының материалды меңгергені туралы ақпарат жинақтауға, талдауға жəне жоспарлауға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалауды көбінесе «оқушының дүниені тануын бағалау жəне білім беруді жақсарту үшін бағалау» деп атайды, себебі, ол оқушының жеке басының дамуы мен қалыптасуына көмектеседі. Бұл бағалау жүйесі мұғалімнің əрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік береді, оқушының материалды меңгермегендігін басынан-ақ байқауына, оқушы білімін диагностикалауына мүмкіндік беріп,мұғалімге оқу үрдісін басқаша ұйымдастыруға көмектеседі, ал оқушыға – өзінің білім алуына деген үлкен жауапкершілікті сезінуді жүктейді. Қалыптастырушы бағалау жиынтық бағалаумен салыстырғанда оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етеді. Бұл бағалау шеңберінде мұғалімдерге 123


оқушылардың жетістік деңгейін тексеріп отыратындай, қандай да бір қабілетін айқындайтын қалыптастырушы тестілеу жəне қолданылып жүрген түрлі əдістер мен формалар ұсынылады. Өзін-өзі бағалау мен өзара бағалау түрлерін қолдануды, тиімді кері байланыс жасауды, ол үшін сұрақты дұрыс құруды, бағалау үшін критерий қолдануды ұсынады. Бұл ретте оқушылар өздерінің білімін қандай дəрежеде екенін айтып, алда нені жетілдіру керектігін тұжырымдайды. Осындай рефлексия кезінде алған білімдерді бекіту жүзеге асады, жаңа ұғымдарды енгізумен бірге белсенді қайта құруды елестету, «менімен сəйкес келетін» білімді меншіктеу сияқты жаңа мағына туындайды, ұзақ мерзімді білімдер қалыптасады. Оқушылар өз ойларын сөзбен жеткізуге тырысады немесе графиктік түрде еркін дəйектілейді, өз пікірлері мен идеяларын басқа оқушылармен бөліседі, өз жеке бастарының ойлану операциясын сараптайды. Қалыптастырушы бағалау əдістемесін қолдану қазіргі таңда мұғалім жұмысын бағалаудың жаңа жүйесінің маңызды критерийлері болып табылады. Қазіргі оқыту тұрғысы бойынша оқушылар оқыту үдерісінің белсенді қатысушылары болғандықтан оларды оқу үдерісіне тарту үшін алдымен олар сабақта не істейтінін, олардан не талап етілетінін білуі тиіс. Сол себептен мұғалімнің жаңа сабақты ұйымдастырудағы алғашқы қадамы–сабақтың мақсатымен, табыс критерийлерімен таныстыруы болу керек.Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері түсінікті болу үшін мұғалімнің көмегімен оқушылардың өздері құрылымдағаны дұрыс. Мұғалім əр оқушының сабақ мақсатын түсінгенін жəне əр оқушының алдына мақсат пен табыс критерийлерін белгілегенін қадағалап, сабақты қорытындылау кезеңінде мұғалім сабақтың мақсатына қайта оралып, оқушылармен бірге белгіленген критерийлерге əр оқушының қаншалықты жеткенін айқындайды. Оқыту мен оқу процесі аясында мұғалім оқушылардың жетістіктері мен пəнді түсіну деңгейін қалыптастырушы бағалауда үздіксіз бақылап отыру қажет. Нақтырақ айтқанда, қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек. Сондықтан қалыптастырушы бағалау аясында мұғалімдер оқушылардың мақсатқа қаншалықты қол жеткізіп жатқандығын бақылауға алуымыз қажет. 1-кесте Оқыту үшін бағалау Оқыту үшін қалыптастырушы (формативті )бағалау мақсаты кері байланысты қамтамасыз ету үшін мұғалім жəне оқушы жүргізеді.

Оқуды бағалау Жиынтық бағалаудың мақсаты оқушының бір тақырып немесе тоқсан аяғында жеткен жетістігі немесе белгілі бір стандартты меңгеруі.

Қалыптастырушы бағалауда оқушы нені білетіндігін көрсетеді, өзін-өзі бағалайды жəне жетілдіреді. Қалыптастырушы бағалаудың дəстүрлі бағалаудан айырмашылығы: -Күнделікті сабақтағы іс-əрекетке килікпейді; -Тақырыпты меңгеру кезінде оқушының білімін дамыту үшін қолданылады; -Оқу жоспарының сыныпта орындалуын көрсетеді; -Əрбір жеке тұлғаның əлсіз немесе күшті жақтарын көрсетеді; -Оқушының үлгерімі туралы бірнеше көрсеткіш көрсетеді; 124


-Ең бастысы əрқашан кері байланыс болады; Олай болса бағаны қалай тиімді қолдануға болады? Бағалау арқылы оқушылардың оқуға,сабаққа деген қызығушылығын туғызуға,сабақты терең меңгертуге пəн бойынша білімін қалай тереңдетуге болады? Бағалаудың қандай түрлері бар жəне оларды қалай қолдануға болады? «Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?»,-осы сұрақтарға жауап іздей отырып, өз тəжірибемнен сабақ үлгілерін ұсынғанды жөн көрдім. Баға оқушының кемшіліктерін табу емес,келешекте дамуына ықпал ету үшін қойылады. Бағалау барысында бала мақтағанды қалайды жəне соған лайық болуға тырысады.Сондықтан баланы мақтау арқылы жұмысының дұрыстығына тоқталып, соңынан қате кеткен тұстарына ұсыныс жасау барысында оқушыға жеткізіп отырсақ, онда сабаққа деген құлшыныстары арта түсетіндігін анықтадым. Рефлексия жасау арқылы да бағалау оқушылардың ойлау қабілетін дамытады жəне өзін-өзі бағалауы жақсарады. Келесі сабағым дүниетану пəнінен «Пайдалы қазбаларды өндіру жəне қорғау» тақырыбында болды. Бұл сабақта оқушыларды топқа бөлгеннен кейін əр топтан бір оқушыдан бақылаушыларды анықтадық. Қалыптастырушы бағалауды (формативті) сол бақылаушы оқушылар жүргізді, яғни əрбір тапсырмадан кейін мұнайдың тамшыларымен бағалап отырды.Сонымен қатар əр топтан топ басшылары сайланып бағалау критерийлерін өздері құрастырды. Тапсырма соңында оқушылар өз жұмыстарына баға беріп басбармақ арқылы формативті бағалады. Сабақ барысында өз білімдерін бағалау оқушылардың таңғалысын тудырды. Себебі, бұрын тек мұғалім ғана бағалап келсе, енді оқушылар бір – бірін бағалау өлшемдері арқылы бағалауға болатындарын білгенде қызығушылықпен қарағандарын көрдім. Оқушылар бірін–бірі бағалаған кезде əділ бағалауға тырысты. Жеке өзін-өзі бағалағанда өзіне жақсы баға қойды. Бұл оқушының өзін-өзі жақсы көруі, алға қарай талпынысы деп ұғындым. Өз бағалауларын қолпаштай отырып, қалай бағалау керек екенін түсіндірдім. Кейіннен оқушылардың бағалау өлшемдері арқылы шығарған бағаларына назар аударып, əр топтың топ басшыларына оқушылардың жинаған ұпай саны мен бағасын шығаруды ұйғардық. Бұл жерде менің байқағаным үш топтың ішінде бір-бірін бағалауда оқушылар нақты бағалағанын көрдім. Сонымен өз тəжірибемде қалыптастырушы бағалаудың «өзін-өзі бағалау», «жұптық жəне топтық бағалау» сияқты ауызша түрлерін қолдануға жете мəн бердім. Осындай оқушылардың оқуына оң əсер ететін «9 алмаздың» ішіндегі тағы бір маңыздысы 0,73% сапа көрсеткішіне жеткізетін құралдардың бірі–кері байланыс. Сондықтан сабақтарымның соңында міндетті түрде кері байланыс болып отырды. Оқушылар бүгінгі сабақта алған əсерлерін сабақтың ұнаған ұнамағандығы туралы өз ойларын «Бағдаршам» əдісі арқылы білдіріп жатты. Оқушылардың көбі «маған сабақ қатты ұнады», «тақырыпты жақсы түсіндік», «осындай сабақтар жиі өткізілсе» деген пікірлерін білдірген. Бұл сабақтың соңында байқағаным оқушыларға қолайлы оқу үшін кері байланыс пен мадақтау қажет екен, сонда 125


ғана бағалау ізгі болады [1,36-б]. Сонымен қатар оқушыларды ынталандырып отырғанда ғана, оқушының мұғалімге деген сенім артатынын ескере отырып сабақтың соңында «Мұзкəмпиттер»тарату арқылы оқушыларға жақсы тілек, жылы лебіз де айта білдім.Əр оқушы өздерінің қолындағы мұзкəмпитте жазылған сөздерді оқыды.Онда мен саған сенемін! Сенің белсенділігің өте жоғары болды! Сен ақылды оқушысың! Сенің бүгінгі сабаққа қатысың жақсы болды! Деген секілді тілектерді оқи отырып, оқушылар сабақтан көңілді күймен тарады.Бұрынғы дəстүрлі сабақтарымызда мұндай кері байланысты, əдіс-тəсілдерді көп қолданбайтын едік.Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістер енгізуге;оқытудың жаңа-əдіс тəсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.Сабақтың нəтижесінде оқушылар өз сыныптастарынан қалай оқу керектігін үйрене отырып,бірбірінің ойын толықтыра отырып оқытты. Сабақтың оң нəтижеге жетіп, табысты болуы бұл мұғалімнің құзырлығының жоғары дəрежеде болуына əсер етеді.Ол үшін мұғалім бойында Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісі» [1,8-б] деп атаған қасиеттері міндетті түрде болу керек деп ойлаймын. Соның ішінде жүрек жылуын басшылыққа алатын Шульманның үшінші көмекшісі–кəсіби деңгейлік тұтастық, өкінішке орай барлық ұстаз бойынан табыла бермейтін ерекше қасиет. Мұғалімдер балаға мейірімді жəне құрмет көрсете білетін əділ жан бола білгенде ғана, шəкірт сеніміне ие болып, өзі де жасанды емес құрметке ие бола алатынына сенімдімін. Оқушы мен ұстаз арасындағы шынай қарым-қатынас,бір-біріне деген құрмет, сыйластық деген секілді қасиеттер орын алғандықтан өз сабағымда аз ғана болса да оқушыларда болашаққа деген ілгерілеушіліктің бар екенін байқадым. Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 1.ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 2. ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының Бағдарламасы, үшінші басылым, «НЗМ» ДББҰ, 2012 3. Формативное оценивание на уроках математики. Практическое пособие для учителя/ Сост. Р.Х. Шакиров, М.Ф. Кыдыралиева, Г.Н. Сахарова, А.А. Буркитова. – Б.: «Билим», 2012. – 76 с. 4. www.bilim.idhost.kz 5. Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мəдениет пен педагогика] Wiley-Blackwell Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 6 .Principles. [Оқыту үшін бағалау: 10 ұстаным] University of Cambridge Faculty of Education. (Нұсқаулық, )

126


ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУДА ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЖЕТУІНЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ Сапарова Гульмира Тлепкалиевна Атырау қаласы А.Чехов атындағы №14 мектептің І санатты бастауыш сынып пəні мұғалімі

Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тəуелсіз Қазақстанды дамыған бəсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін–білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқу үрдісін технологияландыру мəселесін қойып отыр.Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан–жақты дамыту. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі– оқытудың əдіс– тəсілдерін үнемі жетілдіріп отыру жəне жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру.Бүгінгі оқыту жүйесінде əртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тəжірибеге еніп, нəтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру жəне білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының дамуына да жаңа технология элементтерін пайдалану өз əсрін тигізуде. Бастауыш мектепоқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең.Сондықтан бастауыш білім үздіксіз білім берудің алғашқы баспалдағы, қиын да жауапты іс. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Осыған орай мектеп білімі түбегейлі жаңартылып,мұғалімнің қызметінің мақсаттары кеңейіп, үлкен өзгерістер үстінде. Мен де осы өзгерістерден тыс қалмай бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған жаңартылған білім беру мазмұны бойынша дəріс алған болатынмын. Жаңартылған білім беру аясындағы түбегейлі өзгеріс –критериалды бағалау жүйесі, соның ішінде қалыптастырушы бағалау болды мен үшін. Себебі, «қалыптастырушы бағалау оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жетуге көмектеседі, қиындықтың алдын алуға мүмкіндік береді, оқу үдерісінде білім алушылардың білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін анықтайды»-деп жазылған. Қалыптастырушы бағалаудың нəтижелері оқушыларға кері байланыс беру үшін жəне оқу үдерісінің барысында атааналарға ақпарат беру үшін пайдаланады. Бұл бағдарламаның мені қызықтырғаны , баланың өзі ізденіп, дəлелдеуі. Ол бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дəлелдеуші, ал мұғалім осы əрекетке бағыттаушы,ұйымдастырушы. Дəстүрлі оқыту жүйесіндегі бағалау мен қалыптастырушы бағалауды салыстыруды жөн санадым. Себебі, өзім сынып жетекшілік ететін 4 сынып оқушыларының білімі мен дағдыларының қалыптасу, білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін, екіншіден 2017-2018 оқу жылында 1 сынып қабылдайтын болғандықтан шығармашылық жұмысымды «Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне қолдау көрсету» деген тақырыпта алуды дұрыс деп ойладым. Өйткені қалыптастырушы 127


бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне жəне алға ілгерілеуіне тікелей ықпал ететін жəне оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады. Шығармашылық жұмысымның мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының білімге оқу сапасын арттырудағы қалыптастырушы бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу. Шығармашылық жұмысымның міндеттері: 1.Қалыптастырушы бағалаудың білім сапасына тигізетін оң əсерін анықтау. 2.Оқытудың қиындықтарын анықтау 3.Қалыптастырушы бағалаудың тиімді тəсілдерін,стратегияларын қарастырып, қолдану. Болжам: Егер зерттеу жұмысым оңды нəтижелер беретін болса, онда ұстаздар қоғамына оқытудағы кедергілерді шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып, түрлі ұсыныстар мен қорытындылар жасауға болады. Себебі сабақ барысында кездестірілетін барлық қиындықтарды шешу жолында зерттеу қорытындысына сүйенетін болса, сабақ соңында жоғары көрсеткішке жетуге болатын еді. Күтілетін нəтижем: 1. Оқушының пəнге деген қызығушылығы артады 2. Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді. 3. Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды. 4.Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді. 5. Өзінің білім нəтижесін болжау жəне жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі жəне түсінеді. 6.Рефлексияда қатысу, өзін жəне өзінің сыныптастарын бағалай алады. Оқушы өзін бақылап, өзінің əрекет- тəсілдерін таңдайды, нəтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша бала мақсат қоя білу, күтілетін нəтижені жоспарлау, оны бағалау тəжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді құзіреттіліктерін қалыптастырады. Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек. Қалыптастырушы бағалаудың маңызды компоненттерінің тағы бір түрі – өзін- өзі бағалау жəне өзара бағалау. Өзін – өзі бағалау–өзіне–өзі баға қою деген сөз емес, бірақ бағалау қызметімен байланысты бағалау əрекетінің бір түрі. Қалыптастырушы бағалау үшін не қажет? * Оқушылардың оқудың мақсатын білуі жəне түсінуі; Мақсат кең жəне сұрақ түрінде тұжырымдалу керек.Бала қандай нəтижеге келетінін толық білу керек. Нəтижелер нақты, бақыланатын, өлшемді мақсатқа жауап беру керек. * Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету; Кері байланыс оқушылар мен мұғалімдерге жетістіктер мен даму туралы хабарлама беру болып табылады. Мұғалім бала дұрыс жауап беру үшін оған 128


уақыт беру керек.Егерде бала қателессе ,жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттайды.Кері байланыс көбінесе уəж болып табылады жəне де ол мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнатады.Сөйтіп мұғалім əр оқушының нені біліп,нені ойлап,қалай оқитыны туралы неғұрлым көп білсе,соғұрлым оқушылардың жетістіктерін арттыру мен өзінің оқытуын жетілдіруге мүмкіндік көп. * Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы; «Оқу түбі тоқу» дегендей оқушы алған білімін қолдана білуі керек. Сондай ақ түрлендіру,дамыту,толықтыру керек. Əртүрлі қалып пен мəнмəтінде қарастыра білу керек. * Оқушылардың өздерін өздері бағалай алуы жəне өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі; Бағалау үдерісін шынайы жəне бəріне түсінікті болу үшін бағалау критерийлерін құру керек. Өзінің оқуының мақсаты мен жетістікке қалай жетуін білу үшін оқушылар өз өзін бағалауды үйрену керек. Ол үшін өз өзін бағалау жəне бірін -бірі бағалау парақтарын,өз ойын пайымдайтын сұрақтар беруге болады. * Бағалау нəтижелерін ескере отырып, оқытуды өзгерту. Бағалау оқытудың құрамдас бөлігі жəне қорытындылау сатысы.Формативті бағалауды пайдалану тиімді оқытудың негізі болып табылады.Себебі бағалау оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттыру жолдарына елеулі əсер етеді. Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан алдымен «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы бағалаудан бастадым. Мұндағы мақсатым –өзгені бағалау арқылы өзінде жоқты табу немесе өзгенің жетістігі арқылы өз кемшілігін тауып,оны түзетуге бағыттау. «Екі жұлдыз, бір тілек» əдісі көбінесе əдебиеттік оқу, қазақ тілі пəндерінде сəтті қолданылды. Олай дейтін себебім белгілі бір шығарманы немесе тақырыпты талдағанда оқушылар бір-бірінің жауаптарына өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын білдіріп отырды. Алғашқы кездері бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, ұсыныс тілектерін нақты жаза алмады, бірақ күнделікті қолданылып отырғаннан кейін оқушылар нақты жазуға дағдылана бастады. Бұл бағалау əдісінің өзіндік ерекшелігі- мұғалім тарапынан оқушыны бағалау кезінде нақты не үшін баға қойылып жатқандығы түсіндіріледі, ұсыныс беру арқылы оқушының жетістікке жетуіне қолдау көрсетіледі. Сабақтарымнан мысал келтіретін болсам, қазақ тілі пəнінен өткен «Септік жалғауларын пысықтау» тақырыбында оқушылар əр тапсырмадан соң бір-бірін «екі жұлдыз,бір тілек» əдісі мен бағалап отырды. Данияр деген оқушының Мариям деген оқушыны бағалағаны:«Мариям,сен септік жалғауларын түсініпсің, сөйлемде дұрыс қолдандың,бірақ табыс септігінің жалғауларын қайтала» дегені қалыптастырушы бағалаудың оқушының оқуда нақты жетістікке жетуіне ықпал жасағандығы деп білдім. Қалыптастырушы бағалаудың келесі түрін де сабақтарымда жиі қолданамын. Жеке жетістіктер парағын толтыру арқылы бағалау- əр 129


оқушымның қай деңгейде білім алғандығын бақылауыма көмектеседі. Сабақ соңында оқушыларға жеке жетістіктер парағын ұсынамын, оқушылар өздерінің өтілген сабақтан не түсініп, нені түсінбей кеткендігін көрсетіп кетеді. Ал мен тақырыпты меңгермей қалған оқушымен келесі сабағымда пысықтау жұмысын жүргіземін. Бұл бағалау əдісі мінезі тұйық, көп ашылып ештеңе айтпайтын оқушылармен жұмыс жүргізуге, бақылауға өте тиімді. Математика пəні мен қазақ тілі пəнінде қалыптастырушы бағалаудың келесі түрін яғни,«пікірнама жазу арқылы бағалау» деген түрін пайдаланамын. Оқушы бұл бағалау түрінде өтілген сабақтың сəтті, сəтсіз, түсінікті, түсініксіз тұстарын жазады. Оңай немесе қиын болған есептерді, жаттығуларды көрсетеді. Өзі қай тұстан қиналғандығын көрсетеді. Əр оқушы үйге тапсырманы өзі белгілейді, қай тақырыпты еске түсіру керектігін түртіп алып, дайындалып, қайталап келеді. Математика пəнінен «Екі таңбалы есептерді көбейту жəне бөлу» деген тақырыпта Мансур есімді оқушым өзіме есептер шығару оңай болды, бірақ көбейту кестесін ұмытыңқырап қалыппын, үй жұмысы көбейту кестесін түгел қайталау деп жазыпты. Бұдан оқушымның өз-өзіне оқуда жетістікке жетуіне көмектесіп жатқандығын байқадым. Қалыптастырушы бағалаудың мен пайдаланатын келесі бір түрі«Сұрағыңды қалдыр» бағалау əдісі. Оқушылар белгілі бір тақырып бойынша сұрақтарын қалдырады. Бұл əдісті көбінесе дүниетану пəнінде жиі қолданып келемін. Оқушыларым сабақ соңында маған сұрақтарын қалдырып кетеді. «Таулы аймақтар» деген тақырыбы кезінде оқушыларым Қазақстандағы ең биік тау мен əлемдегі ең биік тауды салыстыруымды сұрапты. Əрине мен оқушыларымның білімін одан əрі тереңдету мақсатында келесі сабақта түсіндіріп, бірге талқылаған болатынбыз. Қалыптастырушы бағалаудың бұл əдісі шынымен де оқушыларымның оқуда жетістік жетуіне мүмкіндік беретініне көзімді жеткіздім. Қалыптастырушы бағалаудың келесі түрі-оқушылардың басбармақтарын көрсету арқылы мен түсіндіргенді олардың ұғу деңгейін тексерген кезде пайдаланамын. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім. Қазіргі мектеп практикасында мұғалімдер американдық ғалым Б.Блум таксономиясын қолданылып жүргені анық. Ол – білім жəне білікті меңгеру деңгейін сипаттайтын белгілер жіктеуі. Бұл таксономия оқушының танымдық жəне сезімдік өрісін бағалауға бағытталған. Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес,əрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады жəне де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды. Сонымен қатар мұғалім оқушыға баға қойған кезде, ол бағаны не үшін қойғанын, жауабының қаншалықты дəрежеде болғандығын ашық айтып кету керек, себебі сабақтан кейін оқушына қойылған бағаға күмəн пайда болуы мүмкін. Ал бағаға талдау жасалғаннан кейін оқушы, не үшін осы бағаны 130


алғандығын түсінетін болады жəне əр түрлі көзқарастар пайда болмайды. Сыныбымда оқушылар алған бағаларына қанағаттанып,өздерінің қанша алатындарын да сабақ соңында ұпайларын жинап бағаларын біліп отырады. Қалыптастырушы бағалауды пайдаланғанда барлық жаңа тəсілдердің мазмұнын дұрыс игеру керек, орынды пайдалану керек. Жоғарыда атап көрсеткен қалыптастырушы бағалау түрлерін сабақтарымда пайдалана отырып, оқушыларымның жеткен жетістіктерін төмендегідей атап көрсеткім келеді: 1.Өз ойларын ашық жеткізуге үйренді; 2.Бағаға тəуелділіктен арыла бастады; 3.Баға не үшін қойылатынын білді; 4.Бір-бірін бағалау арқылы оқуда жетістіктерге жетуге болатындығын түсінді. Болашақта өзім: • Оқушыларыма үнемі қолдау көрсету • Өз тəжірибемді үнемі жетілдіріп отыру • Үнемі кері байланыс орнату Ал мен ұстаздары ретінде қалыптастырушы бағалау арқылы олардың оқуда жетістіктерге жетуіне көмек көрсете алатыныдығымды білдім. Жəне де сынып оқушыларым келесі оқу жылында жаңартылған білім жүйесіне көшеді.5 сыныпта оларға қалыптастырушы бағалау түрлерімен жұмыс жасау оңайға түсетіндігі сөзсіз. Сабақтарымды жаңа форматта өткізу нəтижесінде, 2016-2017 оқу жылдарында бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадада Утепов Арсен, Жарахан Зейнеп, Қанатқали Ақерке сияқты оқушыларым жүлделі орындарды жеңіп алып, мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен, бағалау жүйесінің негізгі мақсаты - білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің əртүрлі жеке мəселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нəтижесі. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2.Безукладников К.Э. «Организация деятельности учащихся на уроках в школах» реализующих программы международного бакалавриата», Пермь, 2010, ПМГУ; 3.Шнейдер М.Я. «Оценка качества образования в школах Международного бакалавриата», Вопросы образования, 2005, № 1.,С. 2–28.

131


ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ –ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІГІН АРТТЫРАТЫН АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҚ Тоқтарова Ментай Тоқтарқызы Атырау қаласы С.Мұқанов атындағы №10 орта мектептің І-санатты бастауыш сынып мұғалімі

ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың, жаһанданудың заманы. Нанотехнологиялармен жұмыс істеу үшін заманға сай білімің болу қажет. Сондықтан да, еліміздің бірден-бір көздеген мақсаты-нарықтық экономикаға сай бəсекеге қабілетті, өз білімін өмірде қолдана алатын тұлға тəрбиелеп шығару. Əлеммен бірге адам да өз заманына сай лайықты деңгейде дамып, өсіп, өзгеріп отыруы қажет. Бұл өзгерісті бір жақты қарауға болмайды. Дегенмен де, бəсекеге қабілетті, өз білімін өмірден тыс жағдаяттарда қолдана алатын тұлғаны тəрбиелейміз, оқытамыз десек, əлемді мойындатқан елдердің оқыту мен оқудағы əдіс-тəсілдерінің тиімді, ұтымды жақтарын алып, дамуымыз қажет деп санаймын. Міне,осындай міндеттерді алдымызға мақсат ете отырып, шығармашылық жұмысымның тақырыбын «Қалыптастырушы бағалау – оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыратын алғашқы баспалдақ» деп алдым. Бұл тақырыпты таңдауымның себебі, 3 «А» сыныбымдағы белсенді оқушылардың тасасында қалып қоятын оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын, бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын, жасалған жұмысты əділ де шынайы бағалауға, оқушылар бойындағы «Мен» қағидасынан гөрі «Біз» тұжырымдамасын қалыптастырғым келді. Сонымен қатар,аталмыш тақырыпты таңдауымның себебі, атақты ғалым Александрдың тұжырымдамасы ой салды:«Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тəсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дəрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы жəне ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін өзі бағалау, қабілеттілік жəне күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» –дегені.[1.56 бет] Шығармашылық жұмысымның мақсаты: оқушының өзара əрекеттестік барысындағы белсенділігін арттыру,тұлғаны нəтижеге жеткізу, өзін-өзі шынайы бағалауға дағдыландыру. Шығармашылық жұмысымның міндеті: бірлескен топтық жұмыстар арқылы қалыптастырушы бағалау барысында өз білім деңгейін анықтап, өз оқуын қалай жетілдіру керектігін түсінуін қамтамасыз ету. Шығармашылық жұмысымның соғында күткен нəтижем: Оқушылар өзін-өзі реттеуге дағдыланады,өз-өзіне сенімділігі артады, бəсекелестікке түсуге өзін-өзі дайындайды. Бағалау модулі кез келген мұғалім үшін де, кез келген оқушы үшін де тиімді деп ойлаймын. Бүгінгі таңда білім берудегі жаңа жүйе мен жаңаша əдіс-тəсілмен сабақ өткізу барысында бағалаудың сындарлы оқыту 132


теориясының, яғни Бағдарламаның жеті модулінің ішінде алатын орны ерекше. Себебі, Бағдарламаның «Оқыту үшін бағалау жəне оқуды бағалау» модулі оқыту үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.Бұл модуль ұстаздарға: бағалаудың түрлі нысандарын түсінуге, бағалау түрлерінің бара-бар мақсаттарын анықтауға жəне негіздеуге, бағалаудың формалды емес жүйелерін анықтауға немесе бағалауға, əрбір мұғалім оқыту мен оқу сапасын жақсарта алатынын немесе жақсарта алмайтынын түсіндіруге көмектеседі. «Жеке тұлғаны бағалауға бағытталған оқыту мен оқушыларды бағалаудың жаңа əдіс-тəсілдері туындаған кейбір проблемаларды шешуге көмектесетін бағалау түрін-формативті бағалау деп атайды. Оқыту үшін бағалау–бұл білім алушылар өздерінің оқудың қай деңгейде тұрғанын, қандай бағытта даму керек жəне қажетті дəрежеге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мəліметтерді іздеу жəне түсіндіру үдерісі» Оқудың тиімді бағасын жəне оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдермен тығыз байланысты. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушы болатын болса, онда мұғалімдер үшін де осы түсініктің мəнін білу қажет екен. Бағалау –оқуда алға қадам басу жəне оған қолдау көрсету үшін керек. Қалыптастырушы бағалауды қолдана отырып оқу үрдісін жақсартуға болатындығына көз жеткіздім. Себебі, жүргізілген зерттеулер көрсеткендей бағалаудың көмегімен оқуды жақсартудың қарапайым мынадай факторлары анықталған екен: -Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету; -Өзіндік оқуға оқушының белсенді қатысуы, оқушы өзін-өзі бағалай алуы; -Бағалау нəтижелерін ескере отырып оқытуды жүзеге асыру; -Өз бетінше өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру; -Өзара бағалау арқылы бірге оқитын оқушылармен бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. Формативті бағалау оқушының сабақтағы іс-əрекетін бағалайды. Бұл жерде оқушының сабақтағы белсенділігін, өз ойын еркін білдіре алуы, сыныптастарына көмектесуі, бірлесіп жұмыс жасауы, яғни, топтық, жұптық жұмыстар, өз əріптестерін тыңдап, оған баға бере алуы. Формативті бағалау баға қоюмен жүзеге аспайды. Сабақ барысында формативті бағалаудың мынадай түрлерін қолданған тиімді екеніне өз сабақтарымда көз жеткіздім: - Мақтау, мадақтау мысалы; «тамаша», «жарайсың», «сенің мына жұмысың керемет орындалған», «сенің қолыңнан бəрі келеді», «сіздердің əр қайсысыларыңыздың пікірлеріңіз бізге қымбат» т.б. - Жылы шырай таныту; - Қолдау көрсету; - Ынталандыру. Формативті бағалауды оқыту үрдісінде күнделікті қолданып, өткізілетін сабақта оқушылардың танымдық əрекетіне басшылық жасалады. Ол танымдық белсенділік сабақтың дəрежесін жан-жақты жүзеге асыруға 133


мүмкіндік туғыза отырып, оқушылардың болашағына ықпал етеді. Бағалаудың бұл түрі мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Формативті бағалау оқушылардың сыныптағы немесе үй тапсырмасын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген қызығушылығын жəне жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен əсер етеді екен. Формативті бағалау өздігінен жеткілікті мөлшердегі маңызды құрал болып табылады, себебі, табыстылық пен сəтсіздікті байқауға мүмкіндік жасайды. Оқушы пəнді өздігінен танып, білік пен оқу пəнінің негізін терең игеру үшін оқушы бойында рефлексивтік дағды болуы қажет. Оны дамытуға арнайы көңіл бөлу аса маңызды. Рефлексия кез келген сабақ барысындағы жұмыстың қорытындысын жасау кезеңі немесе сəті ретінде жүргізіледі.Рефлексия оқушыға өткізілген жұмысқа баға беруіне, салыстыруға, ой толғау жасауына ықпал етсе, ал мұғалімге кері байланыс жүргізіп, оқушы жұмысының əлсіз жəне табысты тұстарын нақты өлшеуге мүмкіндік береді.

Өзара бағалау Формативті бағалаудың маңыздылығы жоғары, сондықтан оны өз сабақтарымда барынша жүзеге асыруға тырысып бақтым. Бұрынғы тəжірибем бойынша, оқушылар жəне олардың ұпайлары бағалауды оқыту жəне білім беруден кейін болатын нəрсе ретінде қарастырылатын. Қазіргі кездегі оқу үрдісі бойынша білім сапасын дамыту үшін бағалау жүйесінің қажеттілігі туындап отырғаны рас. Өйткені, дəстүрлі оқыту жүйесіндегі бағалау: стратегияның бір түрі деп есептеледі, бағалау мұғалім тарапынан жүзеге асырылады, оқушының жауабы салыстырмалы бағаланады, тақырыптың меңгерілуі жазба жұмысымен айқындалады, яғни тақырып бойынша кері байланыс болмайды, бағалаудың мақсаты- бағаны айқындау түрінде ғана жүретіндігінде көзім жетті. Тізбектелген сабақтар топтамасын 3 «А» сыныбына өткізе отырып, дəстүрлі бағалау жүйесінің тиімсіз жақтарының көп екенін сезіндім. Бес балдық жүйеде бағаның шынайылығы, нақты бағалау критерийлерінің болмауы-бағалаудың дұрыс немесе дұрыс еместігі туралы ақпарат көрініс таппайтын. Сондай-ақ ол оқушының білім деңгейін көтеруді ғана негізге алып құрылған, ал қазір оқушылардың білімі ғана басты рөлде емес, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, олардың ортамен дұрыс қарым қатынасы, өзін-өзі дамытуы, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттарды алға тартып отыр. 134


Бұрын біз тек сабақ аяқталғанда ғана немесе бір жұмысты орындағанда ғана баға қоятынбыз. Ал жаңаша оқытуда оқушыны оқыту үшін бағалауды қолданады, яғни оқушыны оқуға ынталандырып, одан əрі ынтамен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Бұл бағалау тек жазбаша емес ауызшада айтыла береді. Ал формативті бағалауда- жоспарлау, оқыту жəне бағалау біртұтас болып келеді, яғни бағалау идеялары айқын болады, оқушыларды өзін-өзі жəне өзара бағалауға қатыстыру,оқушылардың жастарына қарай тақырыпты меңгерту деңгейін бағалау, кері байланыс орнату, оқушылар өздігінен оқу нəтижесін жақсартуға ықпалының маңызды екенін түсінеді, жаңа сабақты түсіндіру алдында оқушылардың ағымдық білім деңгейлерін бағалау жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалауды сабақтарымда үнемі пайдалану нəтижесінде үлгерімі төмен оқушымның сабаққа ынтасы артып, жетістікке жеткенін байқадым. Оның дəлелі ретінде Халықаралық балалар интеллектуальдық клубының ұйымдастыруымен өткізілген Зияткерлік Командалық Чемпионатында Мақсот Мейірхан математика пəні, Медеткер Мадина əдебиеттік оқу пəнінен, қазақ тілі пəнінен Мəлік Айару, дүниетану пəнінен Замирбеков Амир жоғары ұпай жинап, командалық есепте жүлделі І орынды иемденді. Оқушыларымның осындай жетістікке жеткені күнделікті сабақта кері байланыстың жүзеге асқандығы, оқушыларымның оқуда жетістіктерге жетудегі ұмтылысының көрсеткіші деп білемін. Жаңа форматтағы əдістермен соның ішінде критериалды бағалауды сабақтарда үнемі пайдалану нəтижесінде бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадада оқушыларым озат білімдерін көрсетіп, мақтау қағаздарымен марапатталды. Олар:Хабденова Қасиет, Өміржан Ақкүміс, Бекмырза Бекжан, Қанатбаев Қасымхан, Замирбеков Амир, Бақытжан Камал. «Жаңашыл мұғалім-ізденістегі мұғалім»-демекші өзім жаңалыққа жаным құмар ұстаздардың бірімін. Үнемі білім саласындағы жаңалықтардан уақытылы хабардар болып, өзім де заман талабына сай шығармашылықпен айналысамын. Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында кəсіби шеберлігі мен шығармашылық жұмысы, оқу сапасын арттыру оқушыны үйретудің озық əдістемесін насихаттаудағы жұмыстары мен жаңа технологияны ұтымды пайдаланғаным үшін ІІІ орынмен, «Қазақстан ұстаздары» қоғамымен ұйымдастырылған « Бастауыш сыныптар» пəні бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысқаным үшін ІІ дəрежелі диплом, бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының мадақтама, жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тəрбие беруде жеткен жетістіктері, білім беру ісіне қосқан үлесі жəне оқушыларын шығармашылыққа тəрбиелегенім үшін бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиада орталығының Құрмет грамотасымен марапатталдым. Сабақта қалыптастырушы бағалауды жүйелі өткізу-жиынтық бағалаудың нəтижелі, сапалы болуының баспалдағы. Жиынтық бағалау 135


тоқсан соңындағы оқушы білімінің жетістігін саралайтын жұмыс, ендеше осы жұмыстың бастауы негізі қалыптастырушы бағалауда қаланады. Бүгінгі таңда оқушы білімін критериалды жүйе бойынша бағалаудың өміршеңдігі мен ұтымдылығы дəлелденіп отыр. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық Астана 2012. 306- бет 2.А.Əлімов «Интербелсенді əдістемені ЖОО-да қолдану мəселелері», Алматы-2013

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Борисова Айнагүл Амангелдіқызы Атырау қалалық №21 Жамбыл атындағы орта мектептің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев Жолдауында:"Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім"- деп, айтқандай қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты–бəсекеге қабілетті болашақ Қазақстан азаматын дайындау. Ол үшін əрбір ұстаз өз ісінің шебері болып, қазіргі заманға лайық технологияларды меңгерген, білім сапасын арттыруға барынша үлес қоса білуі керек. Білім сапасын арттыруда білім беруді ақпараттандырудың маңызы жоғары. Білім беруді ақпараттандыру – жаңа технологияны пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асырады. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. АКТ-ның негізгі мақсаты–оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-əрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тəрбиелеу. Білім беруде АКТ-ны пайдалану мен оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ-ны, электрондық оқулықтарды жəне интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ-ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нəтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нəтижелі орындалуына, басты мəселеге назар аудара білуге баулиды, сондай- ақ, АКТ құралдарымен жұмыс 136


істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-əрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тəрбиелейді.Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады жəне жасалып та жатыр.Сондықтан,бүгінгі таңда қазақ тілі пəні мұғалімдерінің кəсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттықкоммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз–білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру үрдісі. Қазақ тілі мен əдебиеті сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедия, интернет кеңістігі, электронды оқулықтар."Ауызша айтсаң–тез ұмытамын, көрсетсең–есте сақтаймын,Іске кіріссең–үйренемін" деген екен қытай даналығында. Ендеше оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өтіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады. Интерактивті тақта-топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты жəне қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мəселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын əсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дəстүрлi оқытуда əр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң əр кезеңін бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпарға сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, əдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мəлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Жалпы,оқу үрдiсiнде электронды оқулықты қолданудың маңызы өте зор. Тiл үйренушi электронды оқулықпен сабақ бойы үздiксiз байланыста 137


болғандықтан тiлдi меңгеруiне үлкен мүмкiндiктерi бар. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Электронды оқулықтар оқушылардың білім деңгейін тереңдетуге, өз бетінше іздену қабілетін қалыптастыруға, ойларын дамытуға, сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығының артуына, өз ісіне талдау жасай алуға септігін тигізеді.Видео-сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды,абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына жəне пəнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды(иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар) көрнекі құрал түрінде қолданылса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды жəне оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео-сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан қадамы боп табылады. Өйткені оқушылар ақпаратты теледидар, компьютер жəне басқа да техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтыны белгілі. Мен енді өз шығармашылығыма тоқталғым келеді. Қазақ тілі мен əдебиеті сабағы əрі тартымды, əрі қызықты, əрі сапалы болуы мұғалімнің кəсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тəрбие негізі-сабақ. Сабақтың мазмұнын, құырылысын, жұмыс жүргізу тəсілін мұқият жоспарлап алу əр ұстаздың шеберлігіне байланысты болады. "Білімланд" сайтымен сабақ өткізіп, оқушыларға тест жұмысы, арнайы тапсырмаларды орындатып отырамын. Келесі сабағым 8-сыныптағы "ҚарашҚараш оқиғасы" əңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі. Сыныпты мақал-мəтел арқылы топқа бөлуді жөн көрдім. Адамгершілік, қайырымдылық туралы мақал-мəтелдерді: "Адамгершілік болмай, Əділдік болмас","Адамның ұяты бетінде, Адамгершілігі ниетінде", "Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" қиындылар бойынша топқа бөлінді. Əр мақал-мəтелді интерактивті тақтада жазып қойдым. Содан соң үй тапсырмасы сұрақтар арқылы еске түсірілді.Əрі қарай кейіпкерлерге талдау жасау үшін алдымен топтық тапсырмалар бердім.Тапсырманы интерактивті тақтаға жазып қойдым. Жұптық тапсырмаға Абай өлеңдерінен үзінділер бере отырып, əңгіме кейіпкерімен байланыстыра отырып, сол кейіпкерге мінездеме беру тапсырылды. Жеке тапсырма "Семантикалық кесте" арқылы беріп, дұрыс жауабын тақтадан тексерттім. Дарынды оқушымен жұмыс та болды. Электронды оқулық арқылы повестің жазылу тарихын тыңдаттым. Содан соң жеке оқушылар тақырып бойынша өздері бейнеролик пен презентация дайындап келіп, қорғады, пікірлерімен бөлісті. "Қараш-Қараш оқиғасы" əңгімесінің желісі бойынша түсірілген "Асуда атылған оқ" фильмінен үзінді көрсете отырып, сабақ туралы оқушылардың түсінік деңгейін "Bilimland" сайты арқылы тест жұмысын жасата отырып, тереңдете түстім. "Саналылық аллеясы" əдісі бойынша жұмбақ кейіпкерді оқушылар анықтай білді."Мені таны" əдісі бойынша оқушылар хикаяттағы кейіпкерлерді жіктеді. "Бұл кім?" əдісі бойынша кейіпкерлер сөзіне қарай анықтап отырды. "Бұл қай сəт?", 138


"Венн диаграммасы" арқылы жұмыстар жүргіздім. Хикаятты киномен байланыстыра отырып кинофильмнен үзінді көрсете отырып, оқушылардың қызығушылығын арттыра түстім. Хикаят пен кинофильмді салыстыра отырып, оқушылар арасында қызу диалог жүргізілді. "Өрмекшінің торы" əдісі арқылы рефлексия жасалып,сабақта оқушылардан "Бес саусақ" əдісі бойынша кері байланыс алдым. Топ басшыларына алдын ала бағалау парақшаларын таратып қойдым. Сабақ соңында интерактивті тақтада бағалау критерийін көрсеттім. Соған байланысты əр оқушы өзіне қойылған бағаға келісіп отырды. Жалпы қазіргі білім беруде əр сабақ сайын рефлексия мен кері байланыс алып отыруға ерекше көңіл бөлінуде.Рефлексия адамның өзінің ішкі ахуалы мен өзгерістерін тануы, яғни адам жасап жатқан əрекеттерін бір сəтке доғарып, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіледі, өзімен өзі əңгімелеседі, сырласады, əрекеттерін талдап, оларға баға береді, өзіне "сырт көзбен" қарайды [2]. Кері байланыс-адамның өзі куə болған оқиғаға немесе басқалардың əрекетіне айтылған пікірі, реакциясы.Сол себепті бүгінде кері байланыс беру үйренудің маңызды ұғымы деп есептелінеді[2]Міне осылайша əр сабағымда АКТ құралдарын сабағымда қолданып отырамын.Сондай- ақ əрбір сабақтың тақырыбына сай бейнероликтер арқылы тəмсілдерді де қолданып отырамын. Бірақ бір кемшілігім де бар. Ол біз сабақта интерактивті тақтаны көбіне слайд, презентация көрсететін құрал ретінде қолданып қана отырамыз.Интерактивті тақтаны толық пайдалана алмаймыз. Дей тұрғанмен электронды оқулықтарды қолдануда интерактивті тақтаны үнемі қолданып отырамын. Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-əрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана өз пікірін айта алатын, оны дəлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, жан-жақты жетілген жас ұрпақты дайындай аламыз.Демек, жаңа ақпараттықкоммуникативтік технология құралдарын пайдалану білім сапасын арттырудың бірден-бір жолы. Сондықтан ізденген ұстаздан ғана шығармашыл, дарынды шəкірттің шығары анық. Міне, осылайша АКТ қолдану арқылы тұлға қалыптастырудың бағдарлы оқыту жүйесін іске асырып, тұлғаны жоғары технологиялы ақпараттық ортада өмір сүруге дайындауға болады. Пайдаланылған əдебиеттер: 1."Мұғалімге арналған нұсқаулық" "НЗМ" ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015 2. А.Əлімов "Интербелсенді əдістемені мектепте қолдану" Алматы, 2015 3."Bilimland" сайтындағы тапсырмалар

139


ƏДЕБИЕТ САБАҒЫНДА БІРЛЕСКЕН ОҚУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫН ЖЕТІЛДІРУ Кайрлиева Ардақ Тулеуовна Атырау облысы Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің жоғары санатты мұғалімі

Мен шəкірттерімді ешқашан да үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын. А. Эйнштейн Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен əдіс-тəсілдерінің жаңаруы бəсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тəрбиелеуді көздейді. Сапалы білім ел болашағын айқындайтын басты көрсеткіш болып табылады. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пəн қаншалықты жаңа, бағалы, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нəтиже бермейді. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.«Адам ұрпағымен мың жасайды»дейді халқымыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні-қараң, келешегі-тұман» дегендей, еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса, көлеңке жерге дəн ексең өнбейтіні секілді, сапасыз білім берсең ол оқушы ешқашан алға ұмтыла алмайды. Əйгілі зерттеуші Л.С.Выготский «Дəстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы əсер етсе, яғни, дамудың соңында жүрсе, жаңаша оқыту дамытуды өзімен бірге ала жүреді» деген болатын.Сондықтан тек дəстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, мұғалім əрқашан ізденісте болып,өзіне жəне шəкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс [1,14]. Əлемдік стандартты меңгеретін білімді ұрпақ жолында мектебімізде инновациялық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын жəне шығармашылық деңгейін арттыруға баса назар аударылуда. «Білім берудегі Кембридж тəсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыда айтылған ұстанымды ұстайды, яғни, мұндағы бала-өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші,ал мұғалім-бағыт беруші, нұсқаушы.Бұл тəсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі: жеті модуль арқылы іске асады. Əр мұғалім-өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десе де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу-оның шеберлігіне байланысты. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып,пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі- сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын қолданамын. Сабақта топтық əдісті қолданғанда оқушылардың бір-бірімен ақылдасуы, оны топтан біреуінің ортаға шығып айтуы, ал болжау əдісін 140


қолданғанда оқушылардың мəтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді. Мағынаны тану кезеңінде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, əр түрлі тапсырмалар орындайды. Стратегиялар: INSERT, кубизм. Оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды жəне басқаларды сұраққа тартады. Əр топтан оқушы шығып, ұжым алдында мəтін мазмұнын қысқаша баяндап береді. Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграмма, еркін жазу, бес жолды өлең, эссе т.б. стратегиялар қолданылады. Олар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол ашылады Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін ұғынады. Оларда ой-пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақыт сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады,бірлескен оқу арқылы сыни ойлау дағдысы қалыптасады. Бірлескен оқу-өзара іс-əрекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нəтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара əрекеттің құрылымы болып табылады.Сабақтарымда көбінесе оқушылардың бірлесіп, топтасып жұмыс жасауына көңіл бөлемін. Оқушылар бірлесіп ортақ проблемаларды талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жұмыс жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып, оларды кесте арқылы көрсетеді. 5 сынып С.Мұқановтың «Лашын» əңгімесінде Венн диаграммасы Аңшылық кəсіп пен құсбегілік кəсіпті салыстыру. Салыстыру Аңшылық Жылдың барлық мезгілінде аңға шығады садақ, мылтықпен, түрлі жабдықсаймандармен (тұзақ, абақ, шаншу, қақпан)

Кəсібі бірдей

Құсбегілік Бүркіт, ителгі, қырғи, лашын, тұйғын сұңқар сияқты жыртқыш құстарды қолға үйретіп, аңға, құсқа салатын саятшылық өнер Қансонарда аңға шығады Құс құс салады, баптайды

Ойтолғаныс 1-топ Құсбегілік-мен үшін кəсіп, өйткені... 2-топ Құсбегілік-мен үшін спорт, өйткені... 3-топ Құсбегілік-мен үшін көтеріңкі көңіл күй, өйткені... 141


4-топ Құсбегілік-мен үшін табыс көзі, өйткені... Кесте бойынша жұмыс «Зердеңе тоқы» шығармада кездесетін өлең жолдар

шығармадағы құс атаулары

теңеу сөздер

портрет

Ахмет құс салуға шығатын кезең

Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас...» өлеңі бойынша «Ақтанның болашағы» атты ойтолғау жазу болатын. «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз. Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтамын?» жəне «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды есінен шығармауы керек деп ойлаймын. Топтық жұмыстың тағы бір тиімділігі – əдебиет сабағында шығарманы топ ішінде жан-жақты талдауға мүмкіндіктің болуы. Топ мүшелері тапсырма орындауда интернет көздерінен қосымша ақпараттар алады. Демек оқушылар қосымша мəліметтерді көптеп пайдалана алады. Топпен жұмыс орындау: І - топ тапсырмасы: «Жаныңда жүр жақсы адам» сурет салу. ІІ - топ тапсырмасы: «Жирен жаман əдеттен» өлең шығару. ІІІ- топ: «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына шығарма жазу. Оқушылар жұмыстарын қорғайды, қорытынды шығарады. Спикерлер топтарды бағалайды. «Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде əзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан жəне жіңішке сұрақтар» стратегиясын оқытушы жүзеге асырады. «Болжау» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады. Сұрақтар Қалай ойлайсыңдар, осы өлеңнің авторы кім? Қай заманда өмір сүрген ақын? Автор қандай адам?

Оқушылардың жауабы.

1 топ –С.Аронұлы жақсы адам мен жаман адамды толық сипаттап берді. 2 топ- «С.Аронұлы жалпы «Қасиет» деген сөздің мағынасын ашып, жақсы адамға тəн қасиетті бөлек саралап берді», - деп ойлаймыз. Бұл тұрғыда оқушының шығармашылығы дамыды. Оқып отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады. Тақтаға түсініксіз сөздер айтылып, сөздік жазылады: Əмме –түгел, барлық, күллі Парқы – бағасы Ұңғы – балтаның сап салатын жері. Бұл стратегияның келесі бір кезеңі–ой-толғаныс. Мұнда "Венн диаграммасын" қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен 142


айырмашылығын көрсетуге болады. Өз болжауынан кейін оқушы ойында «Бұл өлең не туралы екен?» деген сұрақ туындату. Жақсы адамның қасиеттері Жақсы адам: өзіне сақ, елдің Екеуі де ағасындай, сөзінің пидасы қасиеттер бар, жұғымды, жүзі жылы, сөзі майда, елге жыл құсындай көрінеді. Жақсы адам алысты жақын етеді

Ұқсастығы адамға

Жаман адамның қасиеттері тəн Жаман адам: көкірегі көр, көзі соқыр,өтірікші, өсегі көп сүйкімі жоқ адам, балтаның ұңғысындай кеудесі үлкен, сөзі кесек.

Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты «Дебат» пікір-сайыс өткізуге немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат–оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Ой бөлісу кезеңі: əр шумаққа түсініктер беріп, бірлесе талқылайды. Ақынның жаманның "көкірегі- көр, көзі- соқыр" деген сөз тіркесін оқушылар ерекше əсермен əңгімелейді. Əр топ оқушыларының бір-біріне ұқсамайтын тұжырымы, түйіні, өзіндік ой пікірін өлеңге қосады, постерлерін қорғайды. Ойлауын дамыта отыра осы шығармадан оқушылар өздері бір-біріне ізденіс жұмыстарына жетелейтіндей жобаларды да ұсынады. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, əркім өз ойлары мен пікірлерін жəне бағалауларын басқалардан тəуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы əдіс-тəсілдерді қолдану сабақта көп нəтиже береді. Пайданылған əдебиеттер тізімі: 1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2014. 2.«Қазақ əдебиеті» газеті. №16. 2013. 3.«Қазақстан мектебі» журналдары №8, 2008. №1,2009. 4. «Мектеп директоры» журнал №3. 2014. №4. 2014. 5. «Мектептегі оқу-тəрбие жұмысы» №4. 2016. ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ ПƏНІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ Кыдырова Багитгул Салимовна Атырау қалалық Қ.Сəтбаев атындағы №19 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен əдебиеті пəндерінің жоғары санатты мұғалімі

Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім,білік емес, оның тұлғасын дамыту қойылып отыр.Білім негізі мектеп қабырғасынан басталатыны 143


белгілі. Мектеп оқушысы не нəрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тəрбие əдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тəрбие беру үшін жанжақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым. Əр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, пəн бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келді. Сол себепті оқушының оқу-танымдық қабілетін дамытуда көп іздендім. Оқу-танымдық белсенділік дегеніміз оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі.Ал,«таным-ойдың білмеуден білуге қарай дəл емес, білуден неғұрлым толық дəл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі үрдісі».Таным теориясы оқу əрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру əрқашан таныммен байланысты келеді. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу- танымдық іс - əрекет-бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған жəне адамзат баласы жинақтаған мəдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нəтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды. Оқушының оқу-танымдық іс-əрекет құрылымы: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық жəне шығармашылық іс-əрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс əрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу - танымдық əрекеті болашақ кəсіби əрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Енді, əрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс – əрекетін, қабілетін дамыту үшін жеті модулді ықпалдастыра отырып жүргізілген жұмыс мазмұнына, қолданылған интербелсенді əдіс-тəсілдерге тоқталайын. Оқушылардың оқу-танымдық қабілеттерін шыңдау мақсатында өтілген 6-сыныптағы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала»тарауы бойынша бала Тұрар бейнесі тақырыбындағы танымдық сабақта өткізген іс-тəжірибеммен бөліскім келеді. Сабақтың мақсаты: бала Тұрар бейнесін жан-жақты ашу. Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы «Тұтқын бала» тарауы бойынша бала Тұрардың санасын оятқан түрме сабақтарын жете түсінуі, Тұрар арманы–оның орындалған мұраты екенін дəлелдеу. Көркем шығарма мазмұнын, қаһармандарының іс-əрекетін, мінез-құлқын жете түсіну, қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірбаяны туралы мəлімет беру. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы өз пікірін қорғауға дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, ойлау өрісін дамыту, зерттеу жұмыстарына баулу. Тұрар бейнесі арқылы адамгершілікке,туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, шығармашылық ізденіске жұмылдыру, елінің адал азаматы болуына тəрбиелеу. 144


Сабақтың нəтижесі:Мəтіннен Тұрардың зеректігін, ойлылығын, ұстамдылығын,сонымен бірге үнемі күдікпен жүретін сақтығын айқындайтын үзінділерді табады,проблемалық сұрақтар арқылы оқутанымдық қабілетін дамытады. Сөздік қорын молайтады, көркем сөйлеуге дағдыланады, өз бетімен іздене білу қабілетін арттырады. Оқушылар бірлесе отырып жұмыс жасауды, кез-келген тапсырманы топпен отырып орындауға, қандай болмасын күрделі мəселені топ болып талқылауды үйренеді. Əр топ мүшелерінде өзіндік жеке тұлға,ой-пікірлері, идеялары,құндылығы қалыптасады. Оқушылардың ынта-жігерін қалыптастыру үшін «Тұрартұғыр» марапаты болатындығын айттым.«Тарих жалтақтамай өсiп келе жатқан ұрпақтан үмiткер…» ,-деп Ш. Мұртаза айтқандай,.. . Ойлы пікірдің мəнін ашып, кейінгі ұрпақтары өздері екендігін, елдің, Қазақстанның болашағы өздерінің қолында,сондықтан білімді, жан-жақты тұлға болып өсулері керектігін айтып, пікір қорғады. Оқушылар өздеріне артқан сенімді ақтау керектігін сезініп, сабаққа қызығушылықтарының артқанын байадым. «Тұрартұғыр» марапатын алу үшін оқушылар сабаққа белсенділікпен қатыса бастады. Сабақты Блум жүйесі бойынша құрдым. Білу бөлімінде Шерхан Мұртаза кім? «Деректер сөйлейді» топтастыру бойынша оқушылар дерекке сүйене отырып,Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы белсенділікпен жауап берді. Түсіну бөлімінде оқушылардың өз бетімен оқыған шығарманың тақырыбы мен идеясын, композициялық құрылымын айқындау үшін зымыран сұрақтар қойылды. Зымыран сұрақтар: Не білеміз? (үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру) 1.«Қызыл жебе» романының «Тұтқын бала» тарауында кім,не туралы айтылған? 2. Рысқұл не себепті Тұрарды қасына алдырды? 3. Приходько мырзаның үйінде Тұрар қандай қызметтер атқарды? 4. «Кафедральді соборды» көргенде Тұрардың ойына не түсті? 5. Тұрар оқу мен жазуды, орыс тілін кімнен үйренді? 6. Гимназияның алдында тұрып Тұрар нені армандады? 7. Надзиратель Тұрарға қандай қысым көрсетті? 8. Бронников қандай адам? 9.Тұрар əкесімен қалай қоштасты? 10. Тұрар мектепке қалай барды? 11.Тұрардың фамилиясын не себептен Қырғызбаев деп өзгертті? 12.Тұрардың дəптеріне алғаш жазған сөздерін ата. Оларды Тұрар қалай түсіндірді? 13. Айбаров тақтада тұрған Тұрарға неге күлді? 14. Семашко кім? Не себептен Тұрарды көмекші етіп алды? Зымыран сұрақтар арқылы əңгіменің тақырыбы мен идеясын ашып, түсініктерінің молайғандығын байқадым. 145


Қолдану бөлімінде оқыған,білгенін өмірде қолдану, əрі оқушы бойындағы дарынын жетілдіру үшін сұрақтар беріп, жауабын ролге бөліп,сахналық қойылым түрінде көрсету. 1.Тұрар Иван Владимирович алдында қандай қылмыс жасадым деп ақталды? 2. Тұрарға Иван Владимировичтің берген жауабын айт, қандай кеңес берді? Сұрақтарға жауап түрінде сахналық қойылым. (Тұрар мен Иван Владимирович) Оқушылар сахналық қойылымды қойғаннан кейін өздерінің алған əсерлерін, Иван Владимирович пен Тұрарға деген көзқарастарын айтып, баға берді. Бұл баланың қабілетіне қарай жасалатын тапсырма болды.Ойларын айту арқылы сыни ойлауға, танымдық қабілетін айқындауға дағдыланды. Талдау бөлімінде үзінділер арқылы əңгіменің басты кейіпкері Тұрарға мінездеме бергіздім. 1. Əттең, əкесі түрмеде жатып тəуелді болмаса, Тұрар қазір бұл есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ...Бір жағы қорқады. Бір жағы баламысың деген: «Əйтеуір, айтқандарын екі етпей орындай берсем, көкеме көмегі тие ме» деп ойлайды. «Көкемді түрмеден босатар» деп үміттенеді.–оқушылардың жауабы: əке-шешеге қамқор 2. Бірақ екі жирен қарны тойса қайғырмайды. Нағыз түрме аттары. Тұрар аттарды жайғастырып болып, енді қораның ішін тазалауға кіріседі. Приходько мырзаның əмірі бойынша, қорада бірде-бір қылпық қалмауы керек. Ақ қолғаппен сипағанда, аттардың үстінен бірде-бір қылау жұқпауы керек. - оқушылардың жауабы: еңбекқор 3.Бала өте сезімтал-тын. Бір ауыз жылы сөзден іші-бауыры езіле елжіреп, əлде қандай аянышты көмейіне түйіліп жас тығылып қалушы еді. оқушылардың жауабы: сезімтал 4.Туған əкесіне опасыздық жасағандай бір беймаза сезім жауқазын жүрегін жаралап, шөңгедей қадалды да қалды. Əкеңнің атын айта алмай күмілжіген не қорлық! - оқушылардың жауабы: намысшыл 5.Əлгінде Иван Владимирович айтқан «тарих», «география», «арифметика» деген сөздер шəкірттердің көбінің құлағына тосын еді. Ал Тұрар бұларды түрмеден білетін. Бірінші сыныптықтар «а», «б»-ны жазып, оның мəнін түсініп болмай жатқанда Тұрар іші пысып терезеге қарап отырады. - оқушылардың жауабы: қабілетті, зерек, алғыр Бұл жұмыс арқылы оқушылар оқу-танымдық, ойлау дағдыларын жетілдірді. Жұптық бағалау жасап, бір-бірінің ойларына пікірлер айтты. Осы сəтте дарынды, талантты балалармен бірге басқа оқушылар да өз ерекшеліктерін байқатты. Жинақтау бөлімінде «Ұлттың сүйген ұлы перзенті халқының жанында» деген айдармен «Əдебиетшілер» тобына «Бала жəне дана Тұрар» бейнесін жасау тапсырылды. Оқушылар əңгімеге сүйене отырып, кейіпкер бейнесін жасай алды. 146


Оқушылар бағалау бөлімінде көшбасшылыққа ұмтылып, өз ойларын, арман-тілегін ойтолғау, эссе, өлең түрінде жаза алды. Ой толғау.Көсемдікке ұмтылу. 1) Кейіпкерге немесе авторға хат… 2) Бала Тұрар жəне мен… 3) Жақсы бала жеткізеді мұратқа… 4) Мен былай аяқтар едім Осы шығармашылық жұмыста жоғары көрсеткішке жетіп,өз құрбыларынан ерекшеленіп,дарындылықтарын көрсете білген оқушылардың санын артқанын байқадым. Талантты оқушыларым өзінің есте сақтау қабілетінің, оқу- танымдық қабілетінің жоғары екенін дəлелдеді. Ұмыт болған, ұмыт қалған жоқ ешкім, Ешбір адам ұмытпайтын мəңгі есім. Ұрпақ үшін тозбайтұғын, бітпейтін, Дана Тұрар – мақтанышы елімнің!- деп, қорытындысында «Тұрартұғыры» атағын лайықты 3оқушыға табыстап, «Көк тудың желбірегені» əнімен аяқтадым. Осы тапсырмаларды орындауда оқушылардың бəрі де сабаққа белсене қатысып, есте сақтау қабілеттерінің дамығандығын, тақырыпты меңгеріп қана қоймай, оны пайдаланып, өзіндік ой- пікірін сараптай алғандығымен ерекшеленді. Рефлексия кезеңінде Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған əсерім қандай?-деген сұрақтарға жауаптарын жазып қалдырды. Не білдім?

Не ұнады?

Сабақтан алған əсерім

Пайдаланылған дереккөздер: 1. Bestreferat.kz 2. «Мұғалімдерге арналған нұсқаулық» 1-деңгей 3. «Қазақ тілі мен əдебиеті» журналы 4. А.Əлімов «Интербелсенді əдістемені ЖОО-да қолдану мəселелері» 2015.

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА САТЫЛАЙ КЕШЕНДІ ТАЛДАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ Куспанова Айгуль Есназаровна Атырау облысы Мақат ауданы М.Баймұханов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі

Бүгінгі қоғамның басты талабы – еліміздегі білім беру жүйесін əлемдік сапаға сай ізгілендіру. Сондықтан да елдің, ұлттың, халықтың болашағы үшін ұстаздар қауымының көтерер жүгі ауыр. Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың білімі мен тəрбиесі педагогика ғылымы мен озат тəжірибелердің басты бағыты болары сөзсіз. Қай кезде де ұстаз еңбегінің өлшеуіші – білім 147


сапасы. Бүгінгі күннің мұғалімге қояр талабы жоғары. Баланы озық ойлы, жан-жақты тəрбиелеу үшін мұғалімнің өзінің дəрежесі биік болуы тиіс. Білім беру процесінде ізденістің алар орны ерекше. Ізденіс – шығармашылық ойлау қабілетін, талабын шыңдайды. «Сатылай кешенді талдау төл технологиясы оқушылардың шығармашылық ізденісін, сөйлеу қабілетін, ойлау-таным түсініктерін арттырады жəне шапшаңдыққа үйретеді, бір-бірін тыңдайды. Бұл технология–оқушылардың өз бетінше оқуына, ізденуіне ерекше жол ашатын,білім,білік, дағды іскерлігін қалыптастыратын,оқушыларға сапалы білім берумен қатар оларды Ұлттық бірыңғай тестке дайындаудың бірден-бір тиімді оқыту жүйесі болып табылатын шығармашылық жұмыс. Осы əдісті сабақта қолдану нəтижесінде оқушылардың сөйлеу шеберліктері артады. Оқушының өз бетінше білім алып, шығармашылық жұмыс жасауына мүмкіндік туады. Олар жеке жəне жұптық, ұжымдық,топта жұмыс жасай отырып, пікірлерін айтып қорғауда өз шеберліктерін шыңдайды.Бұл технологияны үнемі сабақта пайдалану нəтижесінде оқушының логикалық ойлауы,тақырыпты меңгеруі арта түседі. Оқушы білімін бекітіп, уақытын үнемдейді. Мұғалім жетекші сұрақ қою арқылы оқушыны жауаптайды. Мұғалімнің сабақ түсіндіруінде де жеңіл əрі тиімді əдіс деп ойлаймын. Мұғалімнің шығармашылық белсенділігі ең алдымен өзінің өткізген сабағынан, іс-əрекетінен көрініс табады. Білім берудің маңызды шарты оқу процесінде оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өздігінен білім алуға құштарлығын дамыту болып табылады.. Сатылай кешенді талдай оқыту технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар: ынтымақтастық, өзара сыйластық, түсіністік, əріптестік сияқты қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі–оқушыларды жақсы, жаман, орташа деп бөлмей, тек материалды өте жылдам, жылдам, баяу қабылдауына қарай тапсырманы он деңгейге икемдеп, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтады. Технология авторы Н.А.Оразахынова «Сатылай кешенді талдау – ұлттық құндылығымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп, күнделікті өмірде қолданылу аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту» дейді. Бұл технологияны тіл білімінің барлық салаларында қолдануға болады. Фонетика дыбыстың үш жағын қамтиды: а) физиологиялық (жасалу); ə) акустикалық (естілу); б) қызметі (сөз жасау). [1, 13-б] Фонетиканы сатылай кешенді талдауда екі түрлі жолмен жүргіземіз. 1. Дыбыстарға математикалық тəсілмен мінездеме беру; 2. Сөзге фонологиялық талдау жасау. 148


5-сыныпта фонетиканы өткенде қазақ тіліндегі дыбыстарғаа математикалық тəсілмен мінездеме беру оқушылардың қызығушылығын оятады,ал фонологиялық талдау үндестік заңынан алған білімдерін нақтылай түседі,өткен материалдарды толық меңгеруге тырысады, қайталау арқылы есте сақтау қабілеттері күшейеді. «Қайталау–білім анасы» деп текке айтылмаған. Қайталау арқылы оқушы білімі тұрақтанады.Қайталау жұмыстары дидактикалық ұстанымдарға негізделеді. Осы технологияны сабақ процесінде пайдаланғанымда байқағаным оқушылардың математикалық тəсілмен дыбыстарға мінездеме беруде қызығушылықтары жоғары болғандығы. Олар осы талдауды жасағанда бірін-бірі тыңдап, қателіктері болса түзетіп, сабаққа атсалысып отырады. Мысалы, өзім сабақ беретін 5 «Б» сыныбында 19оқушы болса, соның ішіндегі он оқушы түсіндірген сəттен бастап, айтылым, жазылым, оқылым бойынша мұғалім жетегіне ілесіп отырды. Сондай-ақ осы талдауды жақсы меңгерген оқушы сыныптағы түсінбеген басқа оқушыларға түсінік жұмысын жүргізді. Міне, осыдан оқушы бойында қызығушылық, еркіндік пайда бола бастады. Берілгені: Шешендік=0+ + =? Шешуі: Шешендік=80= 3 (2е,і) + 5 ( 2ш,н,д,к) 3 а) 3

( 2е, і) тіл алды немесе жіңішке

= тіл арты немесе жуан 2

ə) 3

( 2е) жартылай ашық +

= 1 3

б) 3

( і) қысаң ( 2 е,і) езулік

= еріндік

а) 5 ə) 5

=_2__(ш,к)қатаң 1 (н) үнді =2 (к,д)шұғыл

+1(д)ұяң_____________________ +2

(2ш)ызың

+1

(н)мұрын жолды

б) 5 = +2 (2ш,н)тіл алды +1 (д)тіл мен тіс ортасы Берілгені: Оқыған = 0 + + =? Шешуі: Оқыған =6 0= 3 (о,ы,а) + 3 ( қ,ғ,н) тіл алды немесе жіңішке а) 3

= 149

+1

(к)тіл


3 1 ə) 3

(о,ы,а) тіл арты немесе жуан

( а) ашық

(о) жартылай ашық

= 1

б) 3

+ 1

( ы) қысаң

2

( ы,а) езулік

1

(о) еріндік

=

Мұғалімдер 1. Бұл сөз айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай аралас буынды сөз. Себебі,сөздің құрамындағы дауысты дыбыстар жуан жəне жіңішке болып араласып келіп тұр. 2.Бұл сөз мұ-ға-лім-дер болып 4 буынға бөлінеді.Себебі, сөздің құрамында төрт дауысты дыбыс бар. 3.Бұл сөз мұғалім- 3.ж.т. дер болып 3 жағдайда тасымалданады. Себебі, сөз төр буыннан тұр немесе сөз буын жігіне сəйкес тасымалданған. 4.Қазақ тілінде сөз екпінінің орны біршама тұрақты, сөзге қосымша жалғанған сайын екпін сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстарға ығысып отырады. Сондықтан бұл сөзде екпін –дер буынындағы е дауысты дыбысына түседі. 5.Түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі бар.Себебі,аралас буынды сөз. 6. Сөзде дыбыс үндестігі, түбір мен қосымшаның арасында ілгерінді ықпал бар.Түбірдің соңғы дыбысы м үнді болғандықтан өзіне жалғанатын қосымшаның алғашқы дыбысының д ұяңнан басталуын талап етіп тұр. Сондықтан біз оның т қатаңнан келетін нұсқасын алмаймыз.

150


Сөз құрамына, лексика-грамматикалық мағынасына талдау Əншілер 1.Бұл сөз үш құрамнан тұр: əн-ші-лер

2.Тұлғасына қарай: а) əн-

негізгі түбір.

б)əнші- туынды түбір.

3.Құрылысына қарай – дара.Себебі,бір ғана негізгі түбірден тұр.

4. Сөзде бір лексикалық,екі грамматикалық мағына бар.

5. Лексикалық мағынасы – өнер иесіне байланысты берілген атау.

6.1.Бірінші грамматикалық мағынасы – лексикалық мағынаның жалпылануынан жасалған жалпы грамматикалық мағына – зат і

«Қазақ тілі сабағында сатылай кешенді талдау технологиясы арқылы оқушы қабілетін арттыру» тақырыбындағы баяндамамды қорытындылай келе, оқушының тіл білімі салаларын сауатты меңгеріп, ғылыми тұрғыда көркем сөйлеу дағдылары артатындығына, еркін сөйлеп, сөздік қорларының молаятындығына көз жеткіздім. Пайдаланған əдебиеттер: 1.Н.А.Оразахынова, К.Əбдірейімова, А.Қ.Сəрсенбаева, М.Қ,Əбітова «Сатылай кешенді талдау» Алматы 2008. 2.«Қазақ тілі мен əдебиеті» Республикалық əдістемелік журналы 2013. 3.М.Серғалиев, Ш.Бектұров «Қазақ тілі» 55-57 бет 4.Н.Оразахынова, К.Əміреев, К.Əбдірейімова, Н.Сапақова «Қазақ тілі» 10 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп»2010. 5.С.Аманжолов, А.Аманжолов,Г.Қосымова «Қазақ тілі» 8 сынып оқулығы, Алматы «Мектеп» 2016. 151


М.МАҚАТАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫС Қарасаева Жазира Нұрмұхамбетқызы Атырау облысы Махамбет ауданы Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі

Ұлттық болмыс–ұлттық қадір-қасиет.Ол–сатылмайтын байлық. Біз үшін сатылмайтын байлық– тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бəрінен де жоғары. Осы аталған нəрселер əр адамда бар, бірақ өкінішке орай, бəрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ана тілінде сөйлейтіндерден гөрі, шүлдірлеп сөйлейтін қазақтар өте көп. Дінін сатып, басқа дінге көшкендер де жеткілікті. Ұлттық болмысты қалыптастыру үшін не қажет? Осы сұрақ төңірегінде ойланғанда, Франциядағы бала тəрбиесі жайындағы айтылған мынадай ойлар есімізге түседі. Француздар 3-4 жастағы сəбилер үшін елінің тарихы мен атақты адамдары туралы түрлі-түсті, əдемі кітапшаларды көптеп шығарады екен. Сондай-ақ,Францияның төл тарихы туралы өз сəбиіне түсіндіріп айту ата-аналардың басты міндетіне кіреді екен.Біз де бұл ойға толығымен қосыламыз. Отбасынан бастап, балабақшада,мектепте жалғасын табардай ұлттық болмысты қалыптастыратын жүйелі тəрбие жемісін берері сөзсіз ғой. Біз жаңа дамып келе жатқан мемлекетпіз. Өткеніміз бен бүгінімізге, ертеңімізге сынмен қарап,сара жолды таңдай білуіміз–жарқын болашақ кепілі. Ұлттық болмыстың бастау алар бір көзі– тіл болса, екіншісі – тарих. Өз елінің, ұлтының тарихынан қол үзген адам тамырсыз ағаш іспеттес, өсуін тоқтатады. Атам қазақ шыққан тегін білмеген адамды – «тексіз», тарихына тұшынып көрмеген адамды–«көргенсіз» деген.Тексіз болу–анаңнан, көргенсіз болу өзіңнен. Білуге ұмтылмасақ, көргенді түйе алмасақ, көптің мүддесіне үлес қоса алмасақ, адамдықтан не пайда? Ірі ақындық қуат пен азаматтық ар-намыстың көркем жемісі əр шығармасынан өрнек тауып, оқырманының ойына қанат, бойына қуат бітіріп, поэзия құдіретіне бас игізген–Мұқағали Мақатаев.Оның поэзиясында табиғат та, адамзат пен дөңгелек дүние де анау-мынау ұсақтүйек күйкі тіршілік емес,пендешіліктен адам жоғары қасиеттерімен даралана білді. «Бесік басында» өлеңі–жастарға беретін тəлімі мен ғибраты мол өлең. Онда:Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ,Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге,дейді.Бесік тəрбиесі – бүкіл ұлттық тəрбиенің негізгі арқауы. Халқымыздың атадан əкеге,əкеден балаға мұра болып келе жатқан қасиетті бұйымдарының бірі. «Күзетші» өлеңінде: Өмірде əлі қауіп көп қой не түрлі, Қар қалғымай күзетші боп бекінді. Сəл ұйықтаса төрт немере төрт жаққа, Көзден ғайып болатұғын секілді. 152


Қандай жарасымды айтылған шумақ.. Мұнда қарттар мен əжелердің немереге деген көзқарасы, ұлттық психологиясы көрінеді.Əрбір отбасындағы ата мен əже тұлғасы – ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан ұлы өнегенің таусылмас қайнар көзі. Халқымыздың мақтанышы болған ұлы перзенттеріміздің қалыптасуына оларды əлдилеп өсірген əжелердің еңбегі зор. Шоқанның əжесі Айғаным, Абайдың əжесі Зере,Мұхтардың əжесі Дінəсіл өнегесі таусылмас қазына емес пе еді?Қазақ халқының отбасындағы, əулеттегі тəрбие үрдісінде «Əжелер тəрбиесінің» мəнісі зор болды. Əжелердің үйелмендік тəрбиесі жас аналар, келіндер, бойжеткен қыздар үшін бала тəрбиесінің академиясы іспетті. Ана-ене салты, келін салтына сай 6 жасқа дейінгі нəрестелік, балбөбектік кезіндегі ұлдардың тəрбиесіне əжелер мен аналар тікелей жауап берген. Ат жалын тартып, сүндетке отырғызылғанға дейін кезеңдегі балбөбектік кезіндегі ұлдардың жүрегіне ана махаббаты мен мейірбандық нұрын берген болса, ендігі жерде балиғаттық, бозбалалық,жігітшілік салтының қатал қағидаларына тəрбиелеу үшін,жасықтық,жуастық,жасқаншақтық тəрізді қасиеттерден арылту мақсатында атаның,əкенің,ағаларының қолына беріп, ер мінезділікке тəрбиелеген. Осы өлеңнің соңғы шумақтарында: Суыт жүрген кəріден де, жастан да, -Тыныштық па?–деп сұрайды сасқанда,-деген жолдардан біз нені байқаймыз? Суыт жүрген жүрісті адамды, əрине, халқымыздың ұғымында жақсылықтың емес,жаманшылықтың белгісі ретінде қабылдайды. Көбелек деп жүрсің бе отты айналған? Қуатым бар кеудемде шоқтай жанған. Кер бестімін кермеде қаңтарылған, Бəйге болса қалайда шаппай қалман,- деп басталатын «Қарт аңшының дегені» атты өлеңінде ұлтымызға тəн қасиетті дөп басып айтқан. Атамыз қазақ бəйге болады екен десе,соған күні бұрын атын жаратып, баптап, үкілеп бəйгеге қосатын болған. Бəйге жөнінде ақын: Шаппай қалман жəне де озбай қалман, Бəсіңді қой нанбасаң сөз байласқан, - дейді. Ақын бəйге атын жырлай отырып, бұрын байқалмаған тың образ жасауға игі қадам жасаған. Кер бестімін кермеде қаңтарулы, Дүбір шықса үзермін арқаныңды,- деп кермедегі қаңтарулы жүйрікті əдеби фон ретінде ала отырып,ақын өмірдегі өзінің жыр бəйгесіндегі бейнесін жасайды.Əрине,бəйгені шаппай бермейді. Өзінің ерен жүйрік екенін нық сеніммен айтады. Айтуға қақысы бар. «Қазағым аман болса, мен ешқашан өлмеймін» деген еді Мұқағали өзі туралы..[9,10-бет]. Ақынның өзіне сөз берейік: Шаппай бермен бəйгені ала ғой деп, Жүрмісің жүйрік емес, шала ғой деп?! Ұл тапқанда ұлы анам боза ішіпті, Қалжасына бақандай қара қой жеп. 153


Ал енді мына бір «Тау өзені тентек қой, тасып жатыр» өлеңінде бала шопан басында кездесетін бір оқиғаны нанымды берген. Əдетте қойды серке бастайды. Өлең шағын сюжетке құрылған. Отарды бастайтын серке өзеннен өтерде одан бас тартады. Жас шопан серкені қойдан бөліп алып, сырық сапты қамшымен соққыға алады келіп. Қамшы өткен серкенің бақырған дауысы бүкіл шыңды жаңғырықтырады. Бұл дауысты естіген қарт шопан шыдай алмай дауыс шыққан жерге жетіп келеді. Бұл кезде жас шопан серкенің сақалынан ұстап соғып жатқан еді. -Түк көрмеген түлейдей малды ұра ма? Жоғал былай, торсықтай салбырама! Серке емес, сен өзің сескенесің, Сен қылмаған ерлікті мал қыла ма?! Шешініп суға түскен қартты көріп, Көк серке өзенге өзін атты келіп. Көсемінен көз жазбай тұрған отар, Жамырасып жағаға тартты берік. Өмірде кездесетін нанымды оқиға. Тегінде қазақ халқы малына, ал малының сыры өзіне танымал халық. Қазақ үшін мал ырысы мен бағы болып есептеледі. «Малының сырын иесі біледі» дейді халық. Жасынан мал бағып өскен қарт шопанның өзі бастап өзенге түсуі де сондықтан. Қазақтың ауылда өскен əрбір баласы малдың жайын жақсы біледі. Оның күтіміне де көзүйір болып өседі.Ал мынау ше?Бұл мал көрмеген жанның кейпін танытты. Қарт шопан қанша қапаланса да қатты сөз айтпай, нағыз қазақы теңеумен «Жоғал былай, торсықтай салбырма!» деуінің өзі жетіп жатыр.Бұл жерде ақын ұтқыр да,ұтымды жаңа теңеуге қол жеткізген. Халқымыз төрт түліктің əрқайсысының иесі бар деп ұғып: «Кінəсіз айуанды ұрма! Малды теппе, малдың басынан ұрма» деп үйретпей ме ұрпақтарына. Осының өзінен халқымыздың өзіндік ерекшелігін байқаймыз. Бұл – болашақ жастарымыз үшін тəрбие мектебі. Сүтін ішіп, шудасын кие жүріп, Қастерлейік, түйені сүйе біліп,-деп малды сүйе білуге шақырады. Ата дəстүрінде ұзақ сапарға аттанғанда бата беріледі. Майданға жіберген атқа, баласына деген бəсіреге қарт баба батасын береді («Майданның бейгесіне»). Жүрген жерің от болсын, қош жануар! Бəлекетті жоқ болсын, қош жануар! [2,12-бет] Бата беру ерте заманнан қалыптасқан дəстүрдің бірі болып есептеледі. Қазақтың ауыз əдебиеті үлгілерінде бата түрлері көптеп кездеседі. Айталық, Қобыланды батыр жауға шығар алдында оған ата-анасы мен жиылған халық бата беріп, сапарының оң болуын тілейді. Бұл дəстүр үзбей жалғасып келеді.Соғыс жылдарында қарт Жамбыл Б.Момышұлына былай деп бата берген екен: Батырдың жолы болсын! Самсаған қолы болсын! 154


Түсі де суық екен, Ісі де долы болсын! «Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деп халқымыз бекер айтпаған. Мəні зор осы рəсімді өзінің шығармаларында молынан пайдаланғанын кездестіреміз. «Өмірдастан» поэмасында да осындай дəстүр кездеседі. Оқу бітіріп аудан орталығына аттанғалы жатқан,мінуге ат таппаған балаға жаны ашыған ауыл қарты ат мінгізіп тұрып: Бар, балам, қала көрме қатарыңнан, Қала көрме үмітті сапарыңнан,-деп батасын береді.Бұдан байқайтынымыз қай кезде батаның қандай түрі берілуі керектігін ақын жақсы біледі. Соған орай оның мазмұн-мəнін ақындық шабытпен өзгертіп, құбылтып отырады. [5,9-бет] Сондай-ақ үлкендерді сыйлау, құрметтеу, ізет көрсету де ұрпақтанұрпаққа сабақтасын келе жатқан дəстүрдің бір түрі. Мұқағалидың «Тоқта, ботам, атаң келеді артыңда» өлеңінде: Əй, болашақ! Қарт келеді зиялы, Кейімесін ата қыран ұялы. Сен сыйласаң, сəби шақтың бір сəтін Атаң саған ұзақ ғұмыр қияды. Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда. Дария шалқар даналығын ал, тыңда! – десе, «Көшеде шық» өлеңінде: Жалған – ай, Жарасымды – ау ізет деген! Иілген біз отпенен, сіз отпенен. Қасиетін халқының сыйламайды, Атасының күзетпеген..... Өсиетін бабаңның орындай сал, Одан ешкім кетпейді тоныңды алып, - деуінің өзі қандай жарасымды айтылған.Ақынның халықтық дəстүрді көре білу, оны ақын жанымен сезіне білу мен жырлай білуінде өзгеге ұқсамайтын өзгешелік бар. Мұндай өлеңдерінде халық дəстүріне деген шексіз сүйіспеншілігін аңғартып отырады. Бата мен алғысқа қарама-қарсы ұғым ретінде халық дəстүрінде қарғыс та ерекше орын алады. Қазақ жыры аманда, қазақ өлеңін оқитын ел аманда мына сыры мен сиқыры мол ғаламды өзінің құндағына алып тербетер құдіретті Жырдың да халқымен бірге, ұлы даласымен бірге, ұлы даласымен бірге өмір сүрері, ғұмыр кешері ақиқат. Өнер мен Өлең мəңгілігі дегеніміз осы емес пе?.. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2001. 2. «Қазақ тілі мен əдебиеті» журналы №6, №7. 2000. 3. «Егеменді Қазақстан» газеті ,9 ақпан, 2002. 155


4. «Жас Алаш» газеті 19 маусым 2003. 5. «Əдебиет» газеті, 27 шілде, 2001.

СВОЕОБРАЗНЫЙ ПОДХОД К НАУЧНОЙ РАБОТЕ УЧАЩИХСЯ ПО РУССКОМУ ЯЗЫКУ Кулманова Айман Тайшекеновна Учительница русского языка и литературы средней школы имени Ю.Гагарина Исатайского района Атырауской области

Не существуют сколько нибудь достоверных тестов на одарённость, кроме тех, которые проявляются в результате активного участия хотя бы в самой маленькой поисковой исследовательской работе. А.Н.Колмогоров Научно–исследовательская работа–это большой и кропотливый совместный творческий труд. Основная цель этой работы –сформировать творческую личность, обладающую элементарными навыками самостоятельной – научно исследовательской работы. Проблема исследования как категория предлагает исследование неизвестного в науке, что предстоит открыть, доказать, изучить с новых позиций. Поиск проблем–дело непростое.Тема должна быть интересна ребёнку, должна увлекать его, она должна быть выполнима, решение ее должно принести реальную пользу участникам исследования.Тема должна быть оригинальной, в ней необходим элемент неожиданности, необычности. Из учащихся, занимающихся исследованием, я выбрала тех, которые своими исследованиями достигли определённые высоты в конкурсе научных проектов учащихся в разные годы. Первая научная работа была посвящена одной из актуальных проблем методики обучения русскому языку в казахской школе особенностям словесного ударения. В работе использован интересный метод выборки и группировки иноязычной лексики по конечным формантам. Кроме того, в образованных группах слов указан язык, из которого заимствованы слова, описан характер ударения с точки зрения подвижности, что тоже составляет одну из трудностей для изучающих русский язык. Проанализирован большой объем заимствованной лексики - 1578 единиц, из них 1470 слов объединены в 65 моделей. Отобранная в ходе анализа лексика разделена на 2 группы: с постоянным ударением (1326 слов) и с подвижным ударением (11 слов). В ходе описания указана и такая 156


особенность иноязычных слов,как употребляемость в формах единственного или множественного числа. Особую практическую ценность работе придает составленный словарь, который может быть использован в процессе изучения русского языка. Составлена сводная таблица всего слов

количество моделей

1

65

количество слов с количество слов с подвижным постоянным ударением ударением на основе на окончании переход с основы на с окончания на окончание основу 1326 11 -

470

Характеристика иноязычных слов единственном и во множественном числах модели слов 65

количество слов всего 1470

по

употребляемости

из них имеют употребляются ед.и мн.ч только в ед.ч 1050 104

в

употребляются только во мн.ч 14

Такая классификация иноязычных слов по данным признакам поможет учащимся казахских школ по формальным признакам определять на какой слог падает ударение.Данная тема по нашему мнению имеет практическое значение, так как помогает в обучении правильному ударению. Вторая работа представляет интерес в плане выбора темы исследования, являющейся одной из труднейших в методике преподавания в школе.В этой работе изучаются несклоняемые существительные на основе их классификации с учетом алфавитного расположения и по конечной форманте, что поможет изучающим русский язык лучше усвоить эту группу слов. Проведена большая кропотливая работа по сбору, идентификации несклоняемых слов русского языка, отобранных методом сплошной выборки из разных источников. Классифицированы несклоняемые существительные с учётом алфавитного расположения и по конечной форманте, указаны ударения.При исследовании использованы «Словарь русского языка» Ожегова, «Школьный словарь иностранных слов» под редакцией Иванова, а также многие научные труды. На основе указанных словарей составлен своеобразный словарь для учащихся – казахов с целью использования на уроках. В работе ученица дает определённую классификацию несклоняемых существительных по конечным формантам, а также указывает места ударения в них,что оказывает действенную помощь для запоминания их правильного произношения. Цель данного исследования состоит в том, чтобы выделить по внешним признакам группы несклоняемых существительных, различающихся по конечным формантам. Такая классификация несклоняемых существительных поможет учащимся казахских школ научиться правильно их употреблять в 157


устной и письменной речи.Даются произносительные (ударение), грамматические (род) и этимологические информации. Данная тема, по нашему мнению, имеет практическое значение, так как помогает в обучении правильному ударению. В результате исследования было охвачено несколько десятков слов, а на их основе был создан краткий словарь наиболее употребительных слов, которые могут быть использованы в практике устной речи учащихся казахской школы.Отмечены такие особенности несклоняемых слов, как ударение и грамматический род,как известно,всегда вызывали особые затруднения у учащихся казахской школы. Третья работа посвящена наречии. Изучение наречий в курсе преподавания русского языка в казахских школах имеет свою специфику. В школьной программе уделяется достаточно мало внимания. В частности, особую трудность представляют вопросы правописания отдельных групп наречий в связи с отсутствием чётких способов проверки. Достаточно доказательной является классификация наречий, которая позволит облегчить процесс усвоения этой части речи учащимися-казахами. В чём заключается своеобразность их работ? Своеобразность заключается в том, что каждая работа исследования по-своему интересна, оригинальна. Подобраны своеобразные методы исследования, а именно: 1) классификация слов по конечным формантам; 2) классификация слов по алфавиту; 3) классификация слов по месту ударения в них; 4) классификация слов по способу словообразования; 5) определение языка, из которого заимствованы слова; 6) установление грамматического рода существительных; 7) составление своеобразных словарей для учащихся казахских школ. Задача учителя – поддержать ученика и развивать его способности, подготовить почву для того, чтобы эти способности были реализованы. Ведь жажда открытия, стремление проникнуть в самые сокровенные тайны бытия рождаются еще на школьной скамье. Уже в начальной школе можно встретить таких учеников, которых не удовлетворяет работа со школьным учебником, они читают специальную литературу, ищут ответы на свои вопросы в различных областях знаний. Поэтому так важно именно в школе выявить тех, кто интересуется различными областями науки и техники, помочь им претворить в жизнь их планы и мечты, вывести школьников на дорогу поисков науки в жизни, помочь наиболее полно раскрыть свои способности. Ученик, у которого будут сформированы элементарные черты исследователя, будет трудиться более эффективно, принесет больше пользы обществу. Это поможет успешнее обучаться, глубже осмысливать учебные дисциплины. Использованная литература: 1.В.В.Одинцов, Г.П.Смолицкая «Школьный словарь иностранных слов» М., «Просв».1983. 158


2.А.В.Суперанская «Ударение в заимствованных словах в современном русском языке». М.,1968. 3.Р.И.Аванесов,С.И.Ожегов «Русское литературное произношение и ударение» М., 1960. 4. Л.А.Булаховский «Русское ударение заимствованных слов». М., 1956. 5. С.И.Ожегов «Словарь русского языка». Москва, «Русский язык». 1986. 6. Д.Э.Розенталь «Практическая стилистика русского языка». 7. Д.Э.Розенталь, М.А.Теленкова «Словарь трудностей русского языка». М. ОРГАНИЗАЦИЯ РЕФЛЕКСИВНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА КАК СПОСОБ МОТИВАЦИИ УЧЕНИЯ И ОПРЕДЕЛЕНИЯ СТЕПЕНИ ДОСТИЖЕНИЯ ЦЕЛИ Гареева Альфия Махмутовна Учитель русского языка и литературы І категории Атырауской области поселок Индерборский средней школы имени С.Сейфуллина

Всякое знание остается мертвым,если в учащихся не развивается инициатива и самодеятельность:учащихся нужно приучать не только к мышлению, но и к хотению Н.А. Наумов Всем известно, что в настоящее время образование в Казахстане держит путь на обновление, учителю, чтобы идти в ногу со временем и вести за собой подрастающее поколение самому необходимо обновлять свои методы и приемы, и умело внедрять в учебный процесс все новинки науки.Особое место в моей педагогической деятельности занимает изучение и внедрение в образовательный процесс инновационных технологий обучения. Все наработанное наукой я тщательно изучаю, отбираю то,что способствует достижению наилучших результатов в обучении, а также учитываю особенности каждого ребенка в отдельности.С этой целью я прошла курсы обучения в рамках обновления содержания среднего образования Республики Казахстан.Благодаря этой Программе,мое представление об обучении детей полностью изменилось. У меня появился новый стиль в преподавании. На уроке мое внимание сосредоточено на цепи учитель-ученик. Во всем современном мире существует модель SWOT анализа в которой можно определить факторы внешней и внутренней среды: что важно и приоритетно, а что требует доработки в той или иной сфере. С помощью матрицы SWOT анализа я выявила сильные и слабые стороны моих подопечных. Сводная таблица индивидуальных результатов исследования. Силы Активность Самостоятельность

Слабости Пробелы в знаниях. Слабая самооценка. Испытывают повышенную тревожность. 159


Соперничество Возможности Оказывать помощь слабым ученикам. Творческое развитие. Лидерство Конкурентноспособность

Страх проверки знаний Угрозы Тревожное состояние н экзаменах Слабая адаптация в коллективе Низкая конкурентноспособность

Используя эту матрицу я выявила из своей практики, что ученики на уроках чаще всего из-за слабой самооценки и страха проверки знаний затрудняются, могут в будущем снизится активность, работоспособность, целеустремленность,одним словом,они не смогут стать конкурентноспособными личностями. Одной из главных задачей современной школы сегодня является создание условий для самостоятельного выбора человека, формирования готовности и способности действовать на основе постоянного выбора и умение выходить из ситуации выбора без стрессов. В основе данной компетенции лежит развитая рефлексивная деятельность. В современной педагогике под рефлексией понимают самоанализ деятельности и её результатов «учителя будут помогать ученикам отслеживать и оценивать свое дальнейшее обучение посредством обратной связи» [1.142 с.]. Рефлексия как психологическая настройка на урок способствует формированию благоприятного микроклимата. Неразрешенные проблемы, невысказанные участниками мысли и чувства препятствуют полноценному восприятию происходящего на уроке. Поэтому важно настроить ребенка на урок. Потратив 1-2 минуты в начале урока, вы дадите возможность не только проявить себя, свои способности, но и ощутить свою значимость, потому что дети остро переживают ощущение своей разобщенности с этим миром, свойственную сегодня и многим взрослым. Отметим, что рефлексия здесь является еще и способом самовыражения учащихся. Наряду с оценкой, рефлексия может выступать в качестве мотивации учения и определения степени достижения цели. Рефлексия-это всегда творчество. Выбор рефлексий очень широк. Исходя из функций рефлексии, предлагается следующая классификация: - рефлексия настроения и эмоционального состояния; - рефлексия деятельности; - рефлексия содержания учебного материала. С целью установления эмоционального контакта с учащимися рефлексию настроения и эмоционального состояния необходимо проводить в начале урока и в конце. Данный вид рефлексии помогает учителю оценить общее настроение класса. Рефлексия деятельности дает возможность осмысления способов и приемов работы с учебным материалом, поиска наиболее рациональных. Этот вид рефлексивной деятельности приемлем на этапе проверки домашнего задания, на этапе закрепления материала. Применение такого 160


вида рефлексии дает возможность оценить активность каждого на разных этапах урока. Рефлексия содержания учебного материала используется для выявления уровня осознания содержания пройденного.Вот этот вид рефлексии удобнее проводить в конце урока. Каждый оценивает свой вклад в достижение поставленных целей, свою активность, эффективность работы класса, увлекательность и полезность выбранных форм работы. Для управления эффективным учебным процессом нам необходима постоянная обратная связь с учащимися: как они усвоили новый учебный материал, какие проблемы возникли? Последние годы довольно часто использую на своих уроках кластер, синквейн, формы синквейна: даймонд, диаманта, хайку, как прием технологии развития критического мышления на стадии рефлексии. Использование таких приемов дает возможность подвести итог полученной информации, изложить сложные идеи, чувства и представления в нескольких словах. Детям очень нравится. При внешней простоте формы синквейна-быстрый, но мощный инструмент для рефлексии. Моя практика показала необходимость систематического и регулярного применения методов и стратегий в обучении для улучшения качества преподавания учителей,способствующая формированию у учеников навыков обучения тому, как обучаться. На уроке мы учим выделять главное, планировать собственную деятельность, анализировать, оценивать.В структуре урока рефлексия является обязательным этапом урока. При использовании любых из предложенных приемов рефлексии проводить «обращение назад» регулярно, чтобы у учащихся была потребность в осмыслении своих учебных действий, желание анализировать, размышлять, исследовать. Проведение рефлексии - очень интересный этап, когда можно раскрыть слабые и сильные методической стороны урока, узнать эмоциональное состояние учащихся. Подводя итог,хочу отметить ещё раз, что использование рефлексивных методов и приёмов способствует формированию творческого самостоятельного мышления, способствуют раскрытию интеллектуальных и духовных возможностей детей, развивают воображение и творческие способности, предприимчивость и конкурентоспособность, ученики более сознательно относятся к учебе, появился интерес к предмету, возросла активность.Они могут анализировать не только свою деятельность, но и своих одноклассников, появилось лидерство. Из всего сказанного можно сделать вывод, что рефлексия-это не пустая трата времени, а важный и необходимый этап урока. Без рефлексии нет учения. Обучение должно приносить радость познания, радость общения. Любой ребёнок - личность, каждому есть, чем гордиться, каждому нужно почувствовать радость успеха. А радость обязательно вызовет интерес к учению. «Тот, кто сумел отрефлексировать действительность, тот и получает преимущества в движении вперед» Е.Доманский. Использованная литература: 161


1.Образовательная программа профессионального развития педагогических кадров в общеобразовательных школах «Рефлексия в практике». Руководство для учителя. Раздаточные материалы. НИШ, 2016. 2.Руководство для учителя. Третий (базовый)уровень. АО НИШ, 2012. 3.И.В.Гукалова «Роль и место содержательной рефлексии на уроке» kollegi.kz 4.Л.А. Соколова «Рефлексивный компонент деятельности, как необходимое условие развития учителя и учащихся»,журнал «Русский язык в национальной школе» №1, 2002. ОТ ТРАДИЦИЙ К ИННОВАЦИЯМ Айбекова Эльмира Михайловна Атырауский область Курмангазинский райын сш имени Б.Бегалиева

Важная задача учителя увлечь детей за собой, поэтому каждый урок требует чего-то нового,интересного. Моим кредо являются слова К.Д.Ушинского:"Вечно изобретать, пробовать, совершенствовать и совершенствоваться». Ни для кого не секрет, что русский язык считается одним из самых трудных предметов школьного курса. Редко можно найти людей, интересующихся именно русским языком. Цели современного урока –формирование таких компетенций, которые дадут мощный импульс в развитии обучающегося, повысят его самооценку, научат самостоятельно овладевать информацией. А для этого необходимо применение педагогом на уроках русского языка и литературы разнообразных форм и методов обучения.«Разнообразие–добрый знак хорошего преподавания»-говорил Буслаев. Цель данной статьи–представить технику применения современных образовательных технологий на уроках русского языка и литературы. Важная задача учителя увлечь детей за собой, поэтому каждый урок требует чего -то нового, интересного. Как сделать урок интересным, ярким? Как увлечь ребят своим предметом? Как создать на уроке ситуацию успеха для каждого ученика? На современном этапе развития общества перед школой стоит задача всестороннего развития личности ученика, обладающей необходимым набором знаний, умений и качеств, позволяющих ему уверенно чувствовать себя в самостоятельной жизни. В настоящее время все более актуальным в образовательном процессе становится использование в обучении приемов и методов, которые формируют умения самостоятельно добывать новые знания, собирать необходимую информацию. Думаю, что разные формы и методы ведения урока помогают учителю достичь целенаправленности обучения с ориентацией на достижение конкретного конечного результата. Сегодня задача учителя при введении нового материала заключается не в том, чтобы наглядно и доступно объяснить, показать и рассказать. Учитель 162


организовывает исследовательскую работу детей,чтобы они сами додумались до решения проблемы. Технология проблемного обучения –форма организации учебновоспитательного процесса с помощью проблемных задач и проблемных ситуаций, которые придают обучению поисковый, исследовательский и интерактивный характер.[1]Одним из эффективных средств, способствующих познавательной мотивации является создание проблемных ситуаций на уроке.На таком уроке хорошо можно реализовать исследовательский подход к обучению, принцип деятельности, которого заключается в том, что ребенок получает знание не в готовом виде, а «добывает» его в процессе своего труда. Важно, чтобы собственное знание о незнании воспринималось детьми как ценный результат урока и становилось стимулом дальнейшего освоения содержания. Например, в 6 классе мы изучаем рассказ Г.Сенкевича «Янкомузыкант». Ребятам даю опережающее задание: ознакомиться с рассказом, составить план по содержанию произведения. Урок начинаю с чтения стихотворения С.Торайгырова «Кедей». Вопрос: в чем близость рассказа Г.Сенкевича “Янко-музыкант” со стихотворением С.Торайгырова “Кедей”? Следующее задание: расставить пункты плана произведения в нужном порядке инивидуально. Такие задания, создают перед учениками проблемную ситуацию, которую они должы решить. В последнее время популярна таблица INSERT. Он заключается в маркировке текста (или его отрывка) специальными символами, имеющими следующее функциональное назначение: «+» - «узнал новое» «~» - «уже знал» «-» - «думал иначе» «?» - «есть вопросы».[2] Заполняем коллективно, отвечая на вопросы: • Что мы знаем из 2 частей? (Заполнение в 1 столбик) • Что мы узнали нового? (Заполнение во 2 столбик) • Есть ли у вас противоречивые мнения? Какие? (Заполнение в 3 столбик) • Возникли ли у вас какие-нибудь вопросы? (Заполнение в 4 столбик) Так вот, в ходе создания проблемной ситуации, у учеников появились противоречивые мнения: Нельзя судить несовершеннолетних. Нельзя избивать маленьких детей. Возникли вопросы: Почему не вылечили Янко? Судили ли Стаха за то, что он убил маленького мальчика? Что случилось с матерью Янко? На уроках русского языка создаю такую проблемную ситуацию – ситуация познавательного затруднения, возникающую тогда, когда учащийся понимает задачу, пытается решить её,но чувствует недостаточность имеющихся знаний. В этот момент ситуация вызывает у учащихся желание найти объяснение непонятному факту, создает мотивы учебной деятельности и вызывает к ней интерес. Например, на доске запись: « Дедушка посидел 163


(поседел) от старости» Какое слово записано неправильно? Дети делают вывод о том, как меняется смысл предложения от одной только буквы. Сущность проблемного обучения состоит в том, что преподаватель, систематически создавая проблемные ситуации и организуя деятельность учащихся по решению учебных проблем, обеспечивает оптимальное сочетание их самостоятельной поисковой деятельное с усвоением готовых выводов науки.[3] Проблемные уроки считаю удачными, если: 1. ученики смогли самостоятельно сделать один или несколько выводов; 2. ученики смогли установить связи между явлениями; 3. в обсуждение или поиск решения проблемы были вовлечены в той или иной степени все ученики; Творческая мастерская– необычная форма проведения урока. Сущность рассматриваемой технологии заключается в том, что в атмосфере уникальным образом организованного учебного процесса ученики сами добывают и осмысливают знания по предмету.Принципы построения творческой мастерской заключаются в том, что учитель создает атмосферу открытости, доброжелательности, сотворчества и общения; включает эмоциональную сферу ребенка, обращается к его чувствам, будит личную заинтересованность ученика в изучении проблемы (темы); работая вместе с учениками, учитель равен ученику в поиске знания; он не торопится отвечать на вопросы; необходимую информацию он подает малыми дозами, обнаружив потребность в ней у ребят. Официальное оценивание работы ученика (не хвалят, не ругают, не выставляют отметок в журнал) исключается, но представление работы всему классу дает возможность самому ученику оценить ее достоинства, изменить или исправить. Одной из особенностей работы мастерской является то, что учитель как оратор, рассказчик, разъяснитель нужен ученикам лишь тогда,когда самостоятельный поиск не завершается открытием. Однако открытия непременно ждут ученика в мастерской. Сверяя свои старые знания по какой-то проблеме с новым знанием, которое он «добыл» сам, ребенок раскрывается, начинает верить в свои возможности. И это главное. Русский язык и литература–серьёзные и сложные предметы. На этих уроках учащимся приходится много писать, а потому учитель-словесник должен уделять особое внимание здоровьесберегающим технологиям. Без применения здоровьесберегающих технологий на уроках русского языка и литературы не обойтись, т.к. они, в свою очередь, «работают» на усвоение учебного материала и влияют на качество образования. Большое значение имеет организация урока.Обязательные условия данной технологии это: 1.Чередование видов работы; 2.творческие задания ; 3.разноуровневые задания; 4.игровые паузы; 164


5.зрительная гимнастика; эмоциональная разгрузка Современные педагогические технологии направлены на главную фигуру школы—ученика. Для выбора технологии требуется перестроить традиционно сложившийся стереотип деятельности учителя: понять ученика,принять ученика,признать ученика как субъекта процесса обучения и подобрать технологии образовательных знаний. Сегодня нет такого преподавателя, который не мечтал бы о том, чтобы его общение с учащимися было бы увлекательным,а главное—тем ценным приобретением, которое бы ученики смогли преобразовать в собственное мировосприятие. Однако следует особое внимание уделить внимание тому, что при использовании современных образовательных технологий, безусловно, должно присутствовать чувство меры. Не перегрузить, не нагромождать, не навредить, — этот постулат неоспорим.[4]. Любой учитель ищет свои пути, с годами вырабатывает и использует приемы активизации мыслительной деятельности на уроках. Я тоже постоянно ищу эти формы, методы, приемы, а иногда даже одно слово, вопрос, без которого не состоится диалог. Список используемой литературы: 1.Программа повышения квалификации педагогических работников РК. Первый продвинутый уровень. Третье издание. 2015 год. 2.Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 2009 3.Гац И.Ю. Методический блокнот учителя русского языка. – М., 2003. 4.Занков Л. В. Наглядность и активизация учащихся в обучении. М.,. 1960. 5.Наглядность в преподавании русского языка: Пособие для учителя / Зельманова Л.М. – М.: Просвещение, 1984.

ЭФФEКТИВНOE ИСПOЛЬЗOВAНИE МAРШРУТНOЙ КAРТЫ НA УРOКAХ РУССКOГO ЯЗЫКA Сaбырoвa Дaригa Хaмитoвнa Aтырaускaя oблaсть Исaтaйский рaйoн Oбщeoбрaзoвaтeльнaя срeдняя шкoлa имeни Х.Нaубeтoвa Учитeльницa русскoгo языкa и литeрaтуры высшeй кaтeгoрии

Глaвнaя зaдaчa учитeля нa сoврeмeннoм этaпe - пoмoчь учeнику «дoбыть» знaния сaмoстoятeльнo и нaучить eгo примeнять их нa прaктикe. Нo oбучeниe нe мoжeт быть успeшным, eсли игнoрирoвaть индивидуaльныe oсoбeннoсти учeникa. Индивидуaльныe oсoбeннoсти, тaкиe кaк тeмп рaбoты, пaмять, мышлeниe, спoсoбнoсти, хaрaктeр личнoсти влияют нa стeпeнь усвoeния мaтeриaлa. Пoэтoму пoмимo дeятeльнoстнoгo пoдхoдa, нужeн и индивидуaльный пoдхoд.Здeсь пeрeд учитeлeм встaeт слoжнaя пeдaгoгичeскaя зaдaчa: oбучить всeх, нo пo-рaзнoму. Чтoбы рeшить эти зaдaчи, я стрoю свoю рaбoту нa урoкe русскoгo языкa пo мaршрутным кaртaм.Oни являются срeдствoм сoздaния индивидуaльнoй oбрaзoвaтeльнoй трaeктoрии для учaщихся с рaзным бaзoвым урoвнeм. Oпирaясь нa 165


индивидуaльныe кaчeствa и спoсoбнoсти учeникa, я сoстaвляю для нeгo индивидуaльную мaршрутную кaрту. Oбрaзoвaтeльныe рeзультaты кaждoгo учeникa вo мнoгoм зaвисят oт сoдeржaния учeбнoгo мaршрутa. Мaршрутнaя кaртa/Moving-on map/Бaғдaр кaртaсы– сoврeмeннaя фoрмa плaнирoвaния пeдaгoгичeскoгo взaимoдeйствия учитeля и oбучaющихся, рукoвoдствo для учaщихся, кoтoрoe пoзвoляeт пoшaгoвым дeйствиeм дoстичь жeлaeмoгo рeзультaтa. Мaршрутнaя кaртa урoкa являeтся срeдствoм сoздaния индивидуaльнoй oбрaзoвaтeльнoй трaeктoрии для учaщихся с рaзличным бaзoвым урoвнeм в рaмкaх oднoгo урoкa. Бoлee тoгo, oнa мoжeт быть сoстaвлeнa с учётoм спeцифики клaссa, вoзрaстных и психoлoгичeских oсoбeннoстeй учaщихся. Мaршрутнaя кaртa нe являeтся зaмeнoй учeбникa, рaбoчeй тeтрaди, a служит срeдствoм индивидуaльнoгo пoдбoрa зaдaний. В рeзультaтe:рaзвивaeтся нaвыки сaмoстoятeльнoй рaбoты учaщихся; нaпрaвляeт учaщихся к твoрчeскoй дeятeльнoсти, в выпoлнeнии зaдaний рaзвивaeт крeaтивныe мeтoды Структурa мaршрутнoй кaрты урoкa включaeт в сeбя структурирoвaнный и рaспeчaтaнный учитeлeм к урoку мaтeриaл сoстoящий из индивидуaльнo пoдoбрaнных зaдaний, кoтoрыe дoлжны улучшить усвoeниe мaтeриaлa урoкa. Зaдaния мoгут быть сaмыми рaзнooбрaзными: тeсты, тeрмины, кoтoрыe испoльзуются нa урoкe, зaдaния для индивидуaльнoй и группoвoй рaбoты, кaрты, схeмы, тaблицы, грaфики и рисунки. Мaршрутнaя кaртa урoкa служит срeдствoм здoрoвьeсбeрeжeния, пoскoльку пoзвoляeт дoзирoвaть учeбную нaгрузку нa кaждoгo рeбёнкa, снизить зритeльную нaгрузку для слaбoвидящих учeникoв. Oсoбую рoль в мaршрутнoй кaртe игрaют плaны oтвeтoв учaщихся, чтo пoзвoляeт бoлee успeшнo рaбoтaть нaд рaзвитиeм рeчeвoй культуры, пoзвoляeт oптимизирoвaть слoвaрную рaбoту нa урoкe, пoскoльку дaёт вoзмoжнoсть сoпoстaвить знaчeния тeрминoв из слoвaрeй рaзных типoв. Мoжнo испoльзoвaть мaршрутную кaрту нa любoм этaпe урoкa. Дaeт вoзмoжнoсть к систeмaтичeскoй, рeзультaтивнoй сaмoстoятeльнoй рaбoтe учaщимся в выпoлнeний рaзличных твoрчeских зaдaний. При тaкoй рaбoтe снижaeтся зaвисимoсть учeникa oт учитeля, eсли вoзникнуть рaзличныe прeгрaды и труднoсти, знaeт, кaкиe шaги нaдo выпoлнять. Кaртa мoжeт быть oбщeй для нeскoльких клaссoв и индивидуaльнoй, кoгдa учeник имeeт вoзмoжнoсть выпoлнять письмeнныe зaдaния нeпoсрeдствeннo в тeкстe зaдaния. Пo мaршрутным кaртaм я рaбoтaю пeрвый гoд, гoтoвлю их кaждую нeдeлю. Дeтям oчeнь нрaвится рaбoтaть пo ним, т. к. oни сaми выбирaют свoй урoвeнь слoжнoсти, сaми рaссчитывaют врeмя, сaми oцeнивaют свoи дoстижeния. Сaмым трудным, oкaзaлoсь, нaучить дeтeй рaбoтaть тихo – хoдить пo клaссу, зaдaвaть вoпрoсы шёпoтoм, нe тoлпиться у стoлa учитeля для пoлучeния кoнсультaции или прoвeрки зaдaния. Примeнeниe мaршрутнoй кaрты нa урoкe нeсёт в сeбe нeскoлькo смыслoвых нaгрузoк: 166


1.Индивидуaлизaция oбучeния. Учeник с пoмoщью мaршрутнoгo листa движeтся в oбучeнии сoглaснo свoим вoзмoжнoстям. 2.Диффeрeнциaция oбучeния. Зaдaния дaются с учётoм вoзмoжнoсти кaждoгo учeникa. A для сильных дeтeй eсть пeрспeктивa: бoльшoй выбoр, выхoдящих зa рaмки шкoльнoй прoгрaммы зaдaний. 3. Дeятeльный хaрaктeр oбучeния. 4. Психoлoгичeский кoмфoрт нa урoкe. Рaбoтa кaждoгo нe зaвисит oт тeмпa движeния всeгo клaссa. 5. Мaршрутнaя кaртa учит учeникa рaбoтaть с тeкстoм. 6. Дeти, кoтoрыe чaстo прoпускaют урoки пo бoлeзни, бoлee успeшнo изучaют прoпущeнныe тeмы. 7. Сaмoe глaвнoe – сaмoстoятeльнaя рaбoтa учeникoв. Нo, сoздaниe мaршрутных кaрт трeбуeт oт учитeля нeмaлo усилий: 1.Сoздaниe и вeдeниe дoкумeнтaции, кoтoрaя фиксируeт дoстижeния кaждoгo учeникa. 2.Зaтрaчивaeтся oчeнь мнoгo личнoгo врeмeни для рaзрaбoтки нeскoльких мaршрутных кaрт, диффeрeнцирoвaнных зaдaний, учитывaя индивидуaльныe oсoбeннoсти дeтeй. Кoнeчнo жe, нe всe дeти стaли успeвaть нa «хoрoшo» и «oтличнo», кaчeствo знaний рeзкo нe увeличилoсь, нo сдвиги eсть. Вo-пeрвых, кaждый нaучился рaбoтaть с учeбникoм, знaют, гдe нaйти нужную инфoрмaцию. Вoвтoрых, прoявляют бoлee пoвышeнный интeрeс к прeдмeту. И в-трeтьих, мнoгиe стaли рaбoтaть сaмoстoятeльнo и у мoeгo стoлa ужe нe тoлпятся, чтoбы пoлучить кoнсультaцию. Стaрaются рaссчитывaть свoи вoзмoжнoсти при выбoрe зaдaния. И этo всё рeзультaт мoeгo трудa и трудa мoих учeникoв. Ввод: примeнeниe мaршрутных кaрт пoзвoляeт учитeлю испoльзoвaть нoвую фoрму oргaнизaции урoкa, мoдeлирoвaть группoвую и индивидуaльную рaбoту с дeтьми. Дeти нaучaтся упрaвлять сaмoгo сeбя, учaтся aнaлизирoвaть знaния, кoтoрых дoбыли из рaзличных истoчникoв. Сaмoe глaвнoe, у дeтeй рaзвивaeтся увeрeннoсть сeбe. Вo мнoгих случaях слaбoуспeвaющиe дeти нe выпoлняют зaдaния пoтoму, чтo нe знaют кaк нужнo выпoлнять, т.e. у них нe рaзвиты нaвыки кaк мoжнo дoстичь жeлaeмoгo рeзультaтa. В мaршрутных кaртaх дaются инструкции, кaк нужнo выпoлнить тo или другoe зaдaниe, учeнику дaeтся лeгкo выпoлнять эти зaдaния. И eсли вoзникнуть кaкиe-тo труднoсти учeники сoвeтуются с другими учaщимися или с учитeлeм рeшaют вoзникшиe прeгрaды. Учaщиeся пoлучaют прaвo и вoзмoжнoсть выбирaть тoт урoвeнь усвoeния, кoтoрый сooтвeтствуeт их пoтрeбнoстям, интeрeсaм, спoсoбнoстям. Диффeрeнцирoвaнный пoдхoд мaршрутнoй кaрты oргaнизaциoннo сoстoит в сoчeтaнии индивидуaльнoй, группoвoй и фрoнтaльнoй рaбoты, с испoльзoвaниeм тeхнoлoгий кoллeктивных спoсoбoв oбучeния и группoвых спoсoбoв oбучeния. Рaзнoурoвнeвыe зaдaния oблeгчaют oргaнизaцию зaнятий в клaссe, сoздaют услoвия для прoдвижeния шкoльникoв в учeбe в сooтвeтствии с их вoзмoжнoстями. Рaзнoурoвнeвыe зaдaния, сoстaвлeнныe с 167


учeтoм вoзмoжнoстeй учaщихся, сoздaют в клaссe блaгoприятный психoлoгичeский климaт. У рeбят вoзникaeт чувствo удoвлeтвoрeния пoслe кaждoгo вeрнo рeшeннoгo зaдaния.Успeх,испытaнный в рeзультaтe прeoдoлeния труднoстeй,дaeт мoщный импульс пoвышeнию пoзнaвaтeльнoй aктивнoсти. У учaщихся, в тoм числe и слaбых, пoявилaсь увeрeннoсть в свoих силaх, oни ужe нe чувствуют стрaхa пeрeд нoвыми зaдaниями, рискуют прoбoвaть свoи силы в нeзнaкoмoй ситуaции, бeрутся зa рeшeниe зaдaний бoлee высoкoгo урoвня. Всe этo спoсoбствуeт aктивизaции мыслитeльнoй дeятeльнoсти учaщихся, сoздaнию пoлoжитeльнoй мoтивaции к учeнию. При тaкoм спoсoбe пoдaчи мaтeриaлa, eгo oтрaбoткe у учaщихся рaзвивaeтся лoгичeскoe мышлeниe,рaзвивaются кoммуникaтивныe спoсoбнoсти, пoвышaeтся aктивнoсть. Кaждый рeбёнoк - этo индивидуaльнoсть и рaбoтaть с ним нaдo oстoрoжнo и с любoвью. Внeдрeнныe элeмeнты мaршрутнoй кaрты aктивизируют стрeмлeниe дeтeй к знaниям. Учeники чувствуют сeбя oтвeтствeнными, приучaются к сaмooргaнизaции учeбнoгo трудa. Сaмoe глaвнoe - вызвaть у учeникoв интeрeс к прeдмeту и прoбудить жeлaниe зaнимaться русским языкoм в дaльнeйшeм. Испoльзoвaннaя литeрaтурa: 1. Aйтмaгaнбeтoв Б. Oргaнизaция учeбнoгo прoцeссa. Aлмaты 1991. 2. Вoрoбьёв Г.Г. Шкoлa будущeгo нaчинaeтся сeгoдня. – М., 1991. 3. Сaдвaкaсoвa М. Нoвыe пoдхoды в oбучeнии. 4.Жaнпeйс У.A.,Кoжaкeeвa Ш.Т. Русский язык. Учeбник для 5 клaссa oбщeoбрaзoвaтeльнoй шкoлы с кaзaхским языкoм oбучeния Aлмaты «Aтaмұрa» 2015 5.Жaнпeйсoвa У.A.Русскaя рeчь. Учeбник для 7 клaссa oбщeoбрaзoвaтeльнoй шкoлы с кaзaхским языкoм oбучeния Aлмaты «Aтaмұрa» 2012 ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНТЕРАКТИВНЫХ МЕТОДОВ ОБУЧЕНИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ Станова Сара Кереевна учитель русского языка и литературы общеобразовательной средней школы № 9 Жылыойского района г.Кульсары

Актуальность темы определяется не только требованием времени, но и необходимостью развития в детях критического мышления, вовлечение учеников в активную познавательную и творческую работу через равноправное сотрудничество,в основе которых лежит совместная познавательная деятельность учителя и обучающихся. Главная задача моей деятельности состоит в создании условий для того, чтобы ребенок выступал не как слепой исполнитель воли учителя, а 168


был человеком, активно и осознанно действующим, был «субъектом своего познания»,а учитель-организатором познавательной деятельности учащихся. И интерактивные методы обучения, на мой взгляд, очень эффективное средство для реализации данной задачи, только в деятельности, только почувствовав себя активным участником обучения,ребята смогут приобрести определенные навыки, следовательно могут самостоятельно изучить или выполнить задание посредством взаимодействия. Условно интерактивные формы обучения можно разделить на: на групповые /дискуссионные: групповая дискуссия, презентация, обсуждение, дебаты;игровые,тренинг-методы/ и индивидуальные/ выполнение практических задания/. Интерактивный метод обучения можно включить: на начало урока стадия вызова (актуализации знаний): «мозговой штурм», «кластер», «синквейн». Смысловая часть – подача нового материала (самостоятельное добывание новых знаний, обучение друг друга): «инсерт», «мини-лекции», «опорный конспект», «различные формы дискуссий», «игровые методы», «изобразительный проект», презентация домашнего задания. Рефлексия – получение обратной связи:«мини-сочинение»,«незаконченное предложение», «эссе». Как учитель-практик хочу предложить некоторые эффективные и универсальные методы, легко применимы, которые могут быть использованы на разных этапах урока. Продуктивно помогают урок повторить или закрепить метод «Паутина». Дети встают в круг, клубок нитки бросаю любому ученику с вопросом, ученик отвечает на вопрос, далее наматывает отрезок нитки к себе на палец и бросает другому учащемуся, задавая вопрос и так до тех пор пока клубок с нитками не побывает у каждого в руках. Метод практичен,формирует навыки мышления, говорения, самостоятельности, активности. Метод «Автобусная остановка» Цель: учит обсуждать и анализировать заданную тему в малых группах. Метод «Думай – В паре – Делись» (диаграмма Джесси Джентиль) Цель: Формирование навыка структурирования идей и мыслей. Порядок проведения: не требует специальной организации. Метод Шесть шляп мышления в работе с текстом. обеспечивает самостоятельность, активность учеников в их совместной работе в процессе учебной деятельности, развивает критическое мышление, помогает в освоении культуры работы с текстом. И данный метод я предлагаю использовать в течение всего урока от начала до конца. Метод позволяет разделить мышление на шесть типов или режимов, каждому из которых отвечает метафорическая цветная "шляпа".[1.1] Фрагмент из внеклассного мероприятия по литературе «В литературной гостиной» Класс разделила по цветам шляп мышления. 169


Белая шляпа. Я вам дам информацию, что считать зимой Черная шляпа. Я докажу, что зима- плохо Желтая шляпа. Я желтая шляпа скажу, что нам зимой хорошо Красная шляпа. Я- красная шляпа, зима-радость. Зеленая шляпа. Я зеленая шляпа –скажу. Что без зимы нет года. Синяя: А я подведу итог: какая у нас зима. Рассказы шляп. Интерактивные методы для подведения итогов урока. Для завершения уроков или мероприятия можно использовать такие активные методы как: "Мухомор", «Мудрый совет», «Письмо самому себе», «Все у меня в руках!», «Итоговый круг», «Что я почти забыл?», «Ресторан», «Комплименты».Эти методы помогут вам эффективно, грамотно и интересно подвести итоги урока и завершить работу. Приведенные интерактивные методы–лишь малая толика известных на сегодняшний день методов обучения.Цель этого небольшого обзора–показать логику и смысл использования некоторых видов интерактивных методов на уроке или во внеклассном мероприятии. Данные методы обучения позволяют активизировать учебный процесс, включить в обсуждение проблемы всех учащихся через малые группы. Оно дало им возможность выразить свое личное отношение к проблеме и принять общее решение, как свои собственные, через дискуссии, повысить уровень коммуникативных умений ребят,побудить обучаемого к творческому участию в нем. Обеспечивает развитие и саморазвитие личности обучаемого на основе выявления его индивидуальных особенностей и способностей, развитию функциональной грамотности. Успех в работе учителя в значительной степени зависит от сочетания различных методов обучения, выбор метода – в руках учителя. Учитель сам моделирует путь достижения цели в зависимости от самой цели, возрастных и индивидуальных особенностей учащихся, класса, их подготовки, содержания материала, своего опыта и способностей. Использованная литература: 1. Интербелсенді оқыту. Асхат Əлімов 2. Методы обучения. — /Электронное пособие/. 3. Презентация «Инструменты обсуждения» 4. Руководство школьного тренера 5. Технология интерактивного обучения — [Электронный источник]

INNOVATIVE TECHNOLOGIES IN ENGLISH LANGUAGE TEACHING Bissengaliyeva Aigerim Askarovna The teacher of English of linguistic school gymnasium №34

Today,our country dictates new tasks of social modernization, industrialization and accelerated innovation challenges in the new global economic 170


integration. The main objective of the third decade of the XXI century of independent Kazakhstan is to move forward to joining the top 30 developed countries of the world. The role of innovation in education is great. The effective use of Innovative technologies, such as computers, the Internet, multimedia resources in the educational process is the only way to show the quality of education. One of the innovative technologies of improving the students’ communicative abilities is using multimedia in the process of teaching and learning in the classroom. Using innovative technologies in a classroom as a tool for language learning has many benefits. It gives stimulus to undertake the tasks. And could help in creating a long lasting impact on the learners. The role of teacher will change from an instructor's role to a coordinator. Self-paced independent learning methodology is what is being propagated with the help innovative technologies in English Language Teaching. Using multimedia provides the students to gather information through media that encourages their imaginations, interests. These resources maybe actively used at the English lesson. Computer teaching programs have many advantages before traditional method of teaching. They allow to train different kinds of speaking activities and their different combinations, to help to perceive language phenomena, to form linguistic abilities, to make communicative situations, to automatize language and speaking actions, and also supply an ability of control leading representative system, realization of individual approach and intensification of students’ individual works. Using informational technologies in educational process will from positive motivation. Contemporary ways develop higher requirements to learning practical acquirement of foreign language in everyday communication and professional sphere. Volume of information arises and often routine methods of its teaching, keeping and working out are non-effective. Using informational technologies allows to expose a large amount of possibilities of computer as one of the means of teaching. Computer teaching programs have many advantages before traditional methods of teaching. They allow to train different kinds of speaking activity and in different combinations, to help, to acquire language phenomena, to form linguistic skills, to make up communicative situations, to automotize language and speaking activities, also to supply possibility of controlling leading representative systems, realization o individual approach and intensification of students’ individual works. It is important to mention, that such computer programs can be used for the education of students at any age. There is a great number of the computer programs for the primary and secondary school age (for example, “Lingua Land”, “English from A to Z”, “English for Beginners” and the others), for pre-schoolers (“MiyaMouse Learns Languages”, “Clofford”, “Tim & Toma in England” and the others), for graduates (“English. The Way to Excellence”, “TOEFL”, “L.Romanov. English Grammar”, etc.), and for those, who wants to speak English perfectly (“English in Action. All Stars”, “English in Action. The Royal Family”, “English. The Way to Excellence. Intermediate/Advanced”, etc) and "Hot potatoes" for all learners of English language. 171


What is Hot potatoes? The Hot Potatoes software suite comprises five distinct applications each providing the possibility to create exercises online and offline. The applications used in this program are namely: JCloze, JCross, JMatch, JMix and JQuiz. A sixth application, called the Masher has also been added recently; this allows the user to mix and combine all the Hot Potatoes exercises into one whole unit. Conclusion Regarding the implications, the program could be quite beneficial to all language teachers and supervisors who intend to facilitate and improve the processes of assessment and evaluation and language practice in general. School and university authorities can develop projects in order to foster and encourage the use of these types of CALL-based softwares and further improve the quality of language practices and exercises in their classes. By the same token, these programs could be efficiently used to plan and organize the homework and assignments of the students more effectively, while the teacher’s feedback is available anytime and anywhere for the learners. References: 1. [Electronic resource]: Nazarbayev N. A. Annual Presidential Address of the Republic of Kazakhstan, Leader of the Nation, N. Nazarbayev “Strategy Kazakhstan-2050”. URL: www.akorda.kz, date of the application/ (date of access: 22.11.2016). 2. McCarthy B. (1999) "Integration: the sine qua non of CALL", CALL-EJ online 1, 2, September 1999. 3. [Electronic resource]: “Information and communications technology for language teaching”. URL: http://www.ict4lt.org/en/index.htm, date of the application/ (date of access: 22.11.2016). 4. http://www.albany.edu - 'hot potatoes' 5. Innovative technologies in teaching English, Abdyhalykova A.1, Abisheva K.2 (Republic of Kazakhstan) TEACHING SPEAKING ACTIVITIES IN ENGLISH LESSON Maymakova Galiya Kaldybaevna Atyrau region , Zhylyoi district, Kulsary .The secondary school № 16 named after by D. Zhazykbaev, an English teacher

Speaking is "the process of building and sharing meaning through the use of verbal and non-verbal symbols, in a variety of contexts" Chaney, 1998, p. 13). Speaking is a crucial part of second language learning and teaching. Despite its importance, for many years, teaching speaking has been undervalued and English language teachers have continued to teach speaking just as a repetition of drills or memorization of dialogues.However, today's world requires that the goal of teaching speaking should improve students' communicative skills, because, only in that way, students can express themselves and learn how to follow the social and 172


cultural rules appropriate in each communicative circumstance .Language learners need to recognize that speaking involves three areas of knowledge: Mechanics (pronunciation, grammar, and vocabulary): Using the right words in the right order with the correct pronunciation Functions (transaction and interaction): Knowing when clarity of message is essential (transaction/information exchange) and when precise understanding is not required Social and cultural rules and norms (turn-taking, rate of speech, length of pauses between speakers, relative roles of participants): Understanding how to take into account who is speaking to whom, in what circumstances, about what, and for what reason. In the communicative model of language teaching, instructors help their students develop this body of knowledge by providing authentic practice that prepares students for real-life communication situations. They help their students develop the ability to produce grammatically correct, logically connected sentences that are appropriate to specific contexts, and to do so using acceptable (that is, comprehensible) pronunciation. Speech is the activity of using a language system for communicative purposes in real situation. We should seek methods of teaching not language so much, as communication through the language. Mastery of language depends not only on what the language is, but also on what the language is for. That is for communication language system of forms is taught to help the learners to develop their philological and logical thinking on the one hand and as a means of developing communication skills, on the other. Both of them are equally important. How To Teach Speaking? 1. Spot the difference 6. Parents never say – 2. What ‘s in the bag? 7. The story grid 3. Say and do. 8. Stop the bus 4. Picture Dominoes 9. Leaners diaries 5. Back to back Choosing appropriate topics for small talk 1. Preparation. Show the learners a picture of two people conversing in a familiar casual setting. Ask them to brainstorm what the people might be discussing (i.e., what topics, vocabulary, typical phrases). 2. Presentation. Present several video clips of small talk in casual situations. Have learners complete a worksheet in which they describe or list the topics discussed, the context in which the speech is occurring, and any phrases that seem to typify small talk. Follow up with a discussion of the kinds of topics that are appropriate for small talk, the factors in the specific situations that affect topic selection (e.g., relationships of participants, physical setting), and typical phrases used in small talk. Chart this information. 3. Practice. Give learners specific information about the participants and the setting of a scenario where small talk will take place. In pairs, have them list topics 173


that might be discussed by the participants and simple phrases they might use. Learners then engage in improvised dialogues based on these simple phrases. 4. Evaluation. Give pairs a teacher-prepared dialogue based on their scenario from ĹĄ. Ask them to compare their improvised dialogues with the prepared dialogue, analyzing the similarities, differences, and reasons for both. 5. Extension. Have learners go individually or in small groups into various contexts in the community (work, school, church, bus stop) and record the conversations they hear. Ask them to report their findings back to the class, and then have the class discuss these findings. In-class speaking task. Although dialogues and conversations are the most obvious and most often used speaking activities in language classrooms, a teacher can select activities from a variety of tasks. Brown (1994) lists six possible task categories:Imitative- Drills in which the learner simply repeats a phrase or structure (e.g., "Excuse me." or "Can you help me?") for clarity and accuracy;Intensive-Drills or repetitions focusing on specific phonological or grammatical points, such as minimal pairs or repetition of a series of imperative sentences; Responsive- Short replies to teacher or learner questions or comments, such as a series of answers to yes/no questions; Transactional- Dialogues conducted for the purpose of information exchange, such as information-gathering interviews, role plays, or debates; Interpersonal- Dialogues to establish or maintain social relationships, such as personal interviews or casual conversation role plays; Extensive-Extended monologues such as short speeches, oral reports, or oral summaries. When presenting tasks, teachers should tell learners about the language function to be produced in the task and the real context in which it usually occurs. They should provide opportunities for interactive practice and build upon previous instruction as necessary (Burns & Joyce, 1997). Teachers should also be careful not to overload a speaking lesson with other new material such as numerous vocabulary or grammatical structures. This can distract learners from the primary speaking goals of the lesson. As much as possible, the content should be practical and usable in real-life situations. Avoid too much new vocabulary or grammar, and focus on speaking with the language the students have. Activities To Promote Speaking Communicative language teaching concerns with all the skills and their integrated usage. In promoting speaking skills particular attention is paid on ways of developing speaking skills. Some successful speaking activities Story Completion Discussions Reporting Role Play Picture Narrating Information Gap Picture Describing Storytelling Interviews In conclusion,

174


Speaking is key to communication. By considering what good speakers do, what speaking tasks can be used in class, and what specific needs learners report, teachers can help learners improve their speaking and overall oral competency. Teaching speaking is a very important part of second language learning. The ability to communicate in a second language clearly and efficiently contributes to the success of the learner in school and success later in every phase of life. Therefore, it is essential that language teachers pay great attention to teaching speaking. Rather than leading students to pure memorization, providing a rich environment where meaningful communication takes place is desired. With this aim, various speaking activities such as those listed before can contribute a great deal to students in developing basic interactive skills necessary for life. These activities make students more active in the learning process and at the same time make their learning more meaningful and fun for them. References: 1.Chaney, A.L., and T.L. Burk. 1998. Teaching Oral Communication in Grades K8. Boston: Allyn&Bacon. 2.Brown, H.D. (1994). Teaching by principles: an interactive approach to language pedagogy. Englewood Cliffs, NJ: Prentice Hall Regents. 3.Burns, A., & Joyce, H. (1997). Focus on speaking. Sydney: National Center for English Language Teaching and Research. 4.An English Textbook - Ayapova T , Ukbaev D, Tutbaeva Zh: grades : 5;9;10;11; Almaty “ Mektep” 2013-14 (2nd ed 5.The practice of English language Teaching : Jeremy Harmer 2006 6.Methodological additional book . Almaty “ Mektep” 2014(2nd ed) 7.Republican methodical-- Pedagogical Journal for foreign language Teachers № 1 (43) January- February 2010y 8.Trainer notes for English Teacher Training Workshop 9.Internet http://www.hums.org.uk/resources.html

ТАРИХИ ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ САБАҚТАРЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ Азирбаев Манас Берікқалиұлы Атырау облысы Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің ІІІ деңгей бойынша сертификатталған ІІ санатты тарих пəні мұғалімі

Қазақ елі өзінің сан ғасырлар бойы аңсаған арманына қолы жетіп, егемендігімізді алғаннан кейін есімізді жиып, өз еліміздің тарихына сын көзбен қарай бастадық. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тəуелсіздігінің қазақ жұртына оралуы ел тарихына біршама өзгерістер əкелді. Осы мүмкіндіктер арқасында туған өлкеміздегі бізге беймəлім деректермен таныса бастадық. Жас ұрпаққа осы беймəлім деректерді айтып-үйрету, оқиғалармен хабардар ету-тарихшы мұғалімнің міндеті екені сөзсіз.


Қазіргі атақты ғалым-жазушылар, ақындар, мұғалім-педагогтар, шаруашылықтың əртүрлі қызметінде абыройлы адал еңбек еткен азаматтарды тəрбиелеп ұшырған, жетілдірген қасиетті өлке - Индер аймағы екенін білуəрбір мектеп партасында отырып білім алушы Жарсуаттық жас буынды қуантатыны анық. Білім нəрін сеуіп, тəрбиелеп, өсіріп-өндірген киелі мекен Жарсуат ауылының тарихы мені балалық шағымнан бастап қызықтыратын. Сол себепті өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру арқылы Қазақстан тарихы сабақтарында патриоттық тəрбие беруге үлкен мүмкіндік деп білем. Көптеген ірілі-ұсақты тарихи оқиғаларды басынан өткізген ауылдың тарихын, өлкедегі болып өткен тарихи оқиғалармен, тарихи-мəдени ескерткіштерімен, өлкедегі жер-су аттарының аталу тарихымен шəкірттерді таныстыруда қолымнан келгенше табылған тарихи мəліметтерге, деректерге сүйене отырып, осы ауданда өсіп - өніп, білім алған, көптеген көпті көрген көнекөз қариялардың естелік-əңгімелерін жинақтап, жергілікті ауыл, аудан азаматтарының мақалаларын сабақтарыма арқау еттім. Мен өз сабақтарымда өлкетануды оқытуда көбіне Индер ауданынының тарихи өткеніне тоқталамын, ұйымдастыру барысында облыс көлемінде қамтуға болады. Өлкетану жүмысының жоспары мектептің бүкіл оқу-тəрбие жүмысы жоспарының құрамды бөлігі болып саналады жəне де көбіне сыныптан, мектептен тыс жүмыстар жоспарымен бірге де жасалады. Неізінен бұл жұмысты көбіне тарих пəні мұғалімдері ұйымдастырады, бұл өз пəнімде жұмыс жүргізу үшін қолайлы. Төменде мектепте өлкетану жүмысына қатысты жоспарларда жиірек кездестіруге тиіс іс-шараларды атап өтейін. 1.Туған өлкені зерттеуді үйымдастыру жүмыстары. 2. Тарихи-өлкетану ескерткіштерін зерттеу экскурсиялары. 3. Археологиялық жұмыстар жүргізу, экспедицияларға қатысу. 4.Тарихи-өлкетану бұрышын, залын, бөлмесін ұйымдастыру. 5.Тарихи-өлкетану кешін дайындау жəне өткізу. 6.Тарихи-өлкетану тақырыбына конференция, пікір-сайыс, талқылаулар ұйымдастыру. 7.Тарихи-өлкетану жұмысының барысы туралы қабырға газетін, қолжазба журналдарын шығару т.б. [1]. Тарих сабағында тарихи-өлкетану материалдарын жинақтау. Оқушылар экспедицияларда, жорықтарда көргендерін, байқағандарын, кездесулерде естігендерін т.б. мектепке əкеледі. Біріншіден, өлкедегі тарихи ескерткіштер (Махамбет,Малайсары,Мұрат т.б.); екіншіден өлкенің тарихын баяндайтын түрлі əдебиеттер; үшіншіден өлке тарихына байланысты баспасөзде жарияланған материалдар; төртіншіден, тарихи оқиғаларға қатысушылардың естеліктері (көбіне жорықтарда, экспедицияларда кездескен куəгерлердің естеліктері).Жинақталған материалдардың бəрі уақтылы талданып, сарапталып, мектептегі арнайы бөлінген орынға қойылғаны дұрыс. Осыдан барып бірте-бірте өлкетану бұрышы,залы,бөлмесі не музейі ұйымдастырылатын болады. Өлкетануды оқыту барысында мектеп тарихын міндетті кіргізген жөн. Мысалы өзім дəріс беретін Махамбет мектебінің ұзақ


тарихы бар. Сол ондаған жылдар бойы мектеп—өз өлкесінің мəдени ошағы, халықты сауаттандырудың шамшырағы болды. Мектеп бітірушілердің арасынан қаншама белгілі қайраткерлер шықты. Халыққа білім беру саласындағы ардагерлердің ерен еңбегін көрсете отырып, оқушыларымызды олардың үлгісіне тəрбиелеу. Ескерткіштер мен белгілі тарихи орындар. Ауыл территориясында өлкенің материалдық жəне рухани өмірін көрсететін тарихи, мəдени ескерткіштер баршылық. Сондай-ақ тарихи фактілер, оқиғалар болған тарихи орындарда жеткілікті. Мұндай ескерткіштер Тəуелсіздік алғаннан бері анықталып келеді. Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістер болған тарихи орындар, аттары ұмытуға айналған тарихи тұлғаларға қойылған, салынған ескерткіштер, қайраткерлер есімдері берілген көшелер бар. Жоғары сынып оқушылары қайраткерлердің тарихын білуі тиіс. Мұның бəрін өлкетану жұмысы таныстырады.Ол үшін өлкетану үйірмесінің мүшелері ескерткіштерге арнайы экскурсия ұйымдастырған жөн [2]. XXI ғасыр табалдырығын Егеменді ел болып аттап, əлемдік аренаға шыға бастадық. Санаулы жылдар ішінде еліміз саяси экономикалык реформа жүргізе отырып,Орта Азияда жəне халықаралык. кеңістікте өз орнын айқындады. Дегенмен де, істеген істерден істеріміз əлі көп. [3]. Қай халық болсын өз елінің азаматтарын сонау ерте заманнан бастап патриоттық тəрбиеге тəрбиелеген. Қазақ халқы ер, батыр халық. Өлімнен ұят күшті деп, ел намысын ту ғып ұстап, Отанын жаудан қорғап келген. Ерді дүниеге ана əкеледі. Ендеше жер де - ана. Оны қорғау міндет деп дəріптелген. «Жалаңаш барып жауға шап, ажалың жетпей өлмейсің» деген мəтел осы тəрбиенің куəсі. [4]. Ендеше өлкетану арықылы патриоттық тəрбие өміршең, бұл ғаламдану заманында ұрпақ тəрбиелеуде əлемдегі əр мемлекеттің алдында тұрған басты мəселе. Ғұлама ғалым Əбу Насыр əл-Фараби «Тəлімсіз алған білімнің күні қараң» - деп, IX ғасырда-ақ деп айтқан. Олай болса, өскелең ұрпақты білім бере отырып, патриоттық тəрбие нəрімен сусындату біздің парызым. [5]. Ендеше патриоттық тəрбиені отбасын, өз туған өлкесінің сүйу үшін, өлке тарихын пайдалану аса маңызды. Ауыл территориясындағы «Қылыш» қорғанынан табылған археологиялык əшекей заттар халық шеберлігінің көрінісі ғана емес сонымен бірге халыктың салт-дəстүрінен де хабар беретінін суреттерді көрсете отырып дəлелдеуге болады. Ғасырлардан ғасырларға кетер тарихты жəне мəдени ескерткіштерді казіргі ұрпақ осы бастан жинап жасай бастауы керек. Кеменгер А Байтұрсыновтың нақылына құлақ түрсек: «Біздің заманымыз - өткен заманның баласы, келер заманның атасы». [6]. Ата тарихты жинау кажет. Қазіргі бағдарламалар мен оқулықтардағы оқу материалдарының тым тығыздығын ескере келіп, мүмкін болғанынша өлке материалына арнайы сабақтарды барынша азайтып, оның есесіне күнделікті сабақтарға онша көлемді емес шағын, тартымды, нақты материалдарды пайдаланамын. Өлке материалын сабақта пайдаланудың əдістəсілдері көп. Мəселен, 30-жылдардағы сауатсыздықты жою туралы айтып тұрып мен, өз аулымыздағы ересек адамдардың сауат ашу мектебінің жұмысы туралы бір қызықты эпизодты өзі айтып берсе, енді бір сабақта


оқушы жергілікті архив пен музейден алған материалға негізделген баяндама хабарын оқыса (5-6 минут), жер-су атауларын мысал ретінде пайдаланып ол туралы мағұлмат беріп өтем, белгілі бір тарихи кезеңдегі экономика мəселесін оқытқанда өлкенің шаруашылық дамуын кестелердегі цифр мəліметтері арқылы көрсеттемін, тағы бір сабақта өлкедегі тарихи оқиға туралы көркем əдебиет үзіндісі оқылса немесе оқиға туралы оқушылар тарихи құжатпен өздігінше жұмыс істеп, соңынан қойған сұрақтар бойынша құжатты бірлесіп талқыласа, сабақ мазмұнына қарай тарихи оқиғалардың куəгерлерін сөйлетсе т.б. Қазақстан Республикасының Президенті Н Ə. Назарбаев өз сөзінде «біртіндеп... халықтардың көлемді де мол мəдениет мұрасын, соның ішінде қазіргі ұлттық мəдениет, фольклор, салттар мен дəстурлердің жүйесін жасау, екіншіден...ұлттың тарих үшін ерекше маңызга ие, ірі де маңызды тарихи, мəдени жəне архитектуралық ескерткіштер ашылуын қамтамасыз ету» деген сездері бар.[7]. Ендеше осы айтылғандардан шығатын қорытынды туған жер тарихы дербестік, тəуелсіздік жолындағы күрес, экономиканың, өркендеуге арналған үлгілі еңбекке толы жолы. Президент Жолдауында айтылғандай өлке тарихын жасау, қазіргі жəне келер көп ұлтты ұрпақтың оны жақсы білетіндей, білім берілуі - кезең күттірмейтін міндет. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ж.Бақи, А.Бақи «Жылдар жемісі». Алматы. 2009. 2. Б.Аталық. «Махамбет атындағы орта мектеп тарихы». Атырау. 2012. 3. М.Қасенов. «Ежелгі Қылыш қорғаны». Ақ Жайық газеті. 2014. 4. Индер энциклопедиясы. Алматы 2002. 5. А.Айдарова. Өлкетану жұмыстарының əсері мол. Қазақстан мектебі. 2006. 6. Е.Ысқақов. Тарих сабағында өлкетану арқылы отансүйгіштікке тəрбиелеу. Қазақстан тарихы. 2007. ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУ МЕН ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДА КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ Ахметова Акмарал Кожабековна Атырау қаласы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің І санатты география пəні мұғалімі

Өмір бойы білім алу» əрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Н.Ə.Назарбаев Бүгінгі таңда дүние жүзінде білімнің əлеуметтік ролі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасына, ойлау деңгейіне байланысты болып отыр. Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беруші мұғалімге де, білім алушы оқушыға да ізденіс пен шығармашылықта жұмыстану талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс.Ал,жаңашылдықтың


артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мəні артып отыр.Мұғалімнің шығармашылық əлеуетінің дамуы оның əдіснамалық рефлексия жасай алуында. Оқу/оқыту үдерісі нəтижесіне рефлексия жасауға ақпараттық негізді кері байланыс береді. Себебі, кері байланыс оқу/оқыту мен үйренудің/үйретудің қалай жүріп жатқандығын, оның сапасын анықтау мүмкіндігін беретін, оқу мен оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға болатын бірден-бір тəсіл. Негізінен, кері байланыс адамның үш қасиетін: өз бетімен білім алуын, шешім қабылдай білуін, бақталастыққа түсе білуін қалыптастырады. Өйткені бұл-ХХІ ғасырдың талабы. Сондықтан да менің мақсатым білім алушыларды рефлексия жасауға дағдыландыра отырып, оның əрі қарай жылжуына, дамуына, танымының өсуіне себепкер болу, тиімді жолдарын қарастыру. Кері байланыс бұрынғы дəстүрлі оқытуда да болды деп айтуға болады. Оған мысал, үй тапсырмасын сұраған кезде, немесе жаңа сабақты өткеннен кейін «Бүгінгі сабақ түсінікті болды ма?», «Кім түсінді?», «Кім түсінбеді?» «Түсінбеген жерлеріңіз болды ма?» деген сұрақтарды қоятынмын. Бұл барлық ұстаздардың тəжірибесінде де бар. Бұл ауызша кері байланысқа жатады. Бұған «Кері байланыс» деп ат қойып, айдар тақпағанымыз болмаса, бұл əрекет бұрыннан бар. Алайда осындай кері байланыс тиімді болдыма? Бұл сұраққа бұрын аса мəн бермейтінмін. Тəжірибемнің басында кері байланысты қолданғанда да оқушылардың парақшаларын жинап алып «мен кері байланыс ұйымдастырдым» деп ойлайтынмын. Əр сабақ сайын осылай кері байланыс парақшаларын тек жинаумен ғана болдым. Кейін оқушылардың жиналған кері байланыс парақшаларын оқи отырып мынаны түсіндім: «Кері байланысты мен не мақсатпен алдым?», «Одан əрі не істеу керек?», «Ондағы сұрақтар мен оқушылардың жауаптарынан кері байланыс тиімді болды деп айтуға бола ма?» деген сұрақтар туындады. Демек, кері байланыс тиімді болу үшін оқушыларға тек «Сабақ ұнады ма?», «Не түсіндіңдер?», «Не қиын болды?» деген ауызша не жазбаша сұрақтар қойып жауап алудан тұрмайтынын түсіндім. Кері байланыс (feedback) – адамның өзі куə болған оқиғаға немесе басқалардың əрекетіне айтылған пікірі, реакциясы. Кері байланыс арқылы оқушыларым мен мен не аламын? Қандай дағды, білім, білік қалыптасады? деген сұраққа тоқталсам: Оқушы:өзінің оқудағы кемшіліктерін түсінуге көмектесетін мəліметтермен алға жылжуға нақты нұсқаулар алады. Мұғалім:оқытудағы жіберілген олқылықтар жəне өзінің əрекетіне, қызметіне (жаңа əдіс-тəсілдер, оқыту техникалары, сабақта уақытты тиімді пайдалану, т.б.) өзгерістер енгізуге көмектесетін мəліметтер алады. Кері байланыс мынадай мақсатта жүргізіледі: 1.Үдерісті басқару–үдеріс субъектілерінің көшбасшылық дағдыларын дамыту, үдерісті табысты басқаруға жағдай жасау. 2.Дер кезінде түзетулер жасау. Қателерді, кемшіліктерді жою. 3.Мақсатқа жетуді қамтамасыз ету. 4.Үдеріс субъектілерін дұрыс шешім қабылдауға бағыттау


5.Оқушылардың өзіндік бағалауын қалыптастыру. 6.Оқушының əлеуметтенуін қамтамасыз ету. 7.Рефлексия етуге ықпал ету, көмектесу. 8.Оқушылардың табысқа ұмтылу сезімдерін туындату. Міне,осындай жұмыстар жасаған кезде кері байланысты дұрыс мақсатта қолдандық деп айта аламыз.Кері байланыстың мақсаты мұғалімнің ақпараттың мазмұнын, оны ұсыну тəсілдерін, оқушылардың əрекеттерін түзету, жəне сабақта психологиялық ахуалды жақсартуға бағытталады. Кері байланыстың түрлері мен əдістері өте көп. Соның ішінде география пəнінде қолдануға тиімді кері байланыстың бірнеше техникаларын өз тəжірибемнен мысалдар келтірсем. Сабақтағы кері байланыстың үш түрі бар. 1) Көңіл-күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыс. Бұл кері байланысты сабақтың басында немесе аяғында топпен эмоцианалдық байланыс орнату үшін қолдану тиімді. Көңіл-күйді білдіретін əр түрлі суреттер, смайликтер жəне бояу түстерімен анықтауға болады. Мен үшін сабаққа келгенде оқушылардың көңіл-күйлерімен танысу маңызды. Себебі барлық оқушы алдыңа келгенде білім алудың мақсатын түсініп келмейді. Егер мұғалім мен оқушының білім игерудің бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмəнді болады. Егер білім игерудің бастау нүктесі қолайсыз таңдалып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады делінген.[2] Менің жиі қолданатын əдістеріме «Ауа райы», «Бағдаршам», «Алма ағашы», «Блоб ағашы», «6 түсті қалпақ», «Түстер» əдісі жатады. Түстер əдісін түрлендіріпте қолданамын. Ондағы мақсатым оқушыларды жалықтырып алмау. Осы кері байланыс əдістері бойынша сабақ басында нысанға алған оқушыға сабақ барысында жеке қажеттілігін ескере отырып қанағаттандыруға тырысамын. Жəне сабақ соңында міндетті түрде сол оқушымен жеке сұхбаттасып кері байланыс жасаймын. Алынған кері байланысты ескере отырып келесі сабақта сол оқушының қажеттілігін ескеріп жоспарлаймын. 2)Сабақтағы іс-əрекетке байланысты кері байланыс. Оқу мəліметтерінің əдіс-тəсілдерін ұғыну ықтималдығын береді. Сабақтың аяқталған кезеңінде əрекеттік рефлексия тəсілі арқылы сабақ барысында əр оқушының белсенділігін бағалау мүмкіндігін береді. Шығармашылық ісəрекетке, ізденімпаздық жұмыстарға талдау жасай білуге үйретеді. Жеке ісəрекетін ұйымдастырып,өз бетімен сараптау, жоғары танымдық қызығушылық негізінде шығармашылық бағыттылығының тұрақталуы ісəрекеттерді объективті бағалап, кемшіліктерді жоюға, жауапкершілікпен қарауға бейімдейді. Бұл кері байланыстың түріне жататын менің тəжірибемде ең көп қолданатын түрі «Рефлексиялық шеңбер», «Иық тірескен шеңбер», «Шеңбердегі доп», «Көз жұмып ойлану». Бұл кері байланыстың түрлерін жүргізгенде оқушылар шеңбер болып отырады, тұрып тұруға да болады немесе бір-бірлерінің иықтарына қолдарын салып, құшақтасқан түрде тұрып, сабақ туралы өз пікірлерін келтіреді. Өзімде оқушылармен бірге осы


шеңберден міндетті түрде орын аламын. Шеңбер əдісін қолданғанда менің байқағаным оқушыларымның еркіндігі. Өздерін еркін ұстап өз ойларын еркін айта алуларын ерекше байқадым. Қазіргі 9 г сыныбында Ақнұр атты зерттеуге алған оқушым бар. Сол оқушының 6-сынып оқып жүргенінде əдеттегі сабақтан соңғы кері байланыс күнделігінде былай делінген: шеңбер түзіп отырғанымызда маған еркіндік пайда болады, өзімді еркін сезінемін.Сыныптастарыммеен бетпе-бет отырып əңгімелесеміз. Бірбірімізге қайта бағытталған сұрақтарға еркін жауап бере аламын- делінген. Тиімділігі оқушылар бір-бірлерінің көздеріне қарап отырады, өздерін еркін сезінеді. Еркіндік жеке ойдың айтылуына себепкер болады. Кері байланыс шеңберінде оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін білдіріп бір сөйлеммен кері байланыс жасайды. Немесе сұрақтар қоямын. Сұрақтарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай түрлендіріп отырамын. Себебі бірсарындылық қандай да адамды жалықтырары сөзсіз.Бұл əдістің тиімділігі оқушыларым еркіндікке үйренді, ойларын еркін айтып үйренді. Өз іс-əрекетіне кері байланыс жасап, кейінгі əрекеттерін жоспарлап үйренді. Сыныптастарының əрекеттеріне түзету енгізіп үйренді. 3) Оқу материалының мазмұнына берілетін кері байланыс. Оқыту субъектінің өз іс-əрекетін саналы түрде ой елегінен өткізіп, оларды білуге, өзіндік дұрыс сезінуге көмектеседі. Ір-əрекет компоненттерін еске түсіру, санадан өткізу, оның мəнін, түрін, өзекті мəселелерін белгілеу, шешу жолдарын анықтау. Менің тəжірибемде көп қолданып жүрген кері байланыстың бұл түріне «Аяқталмаған сөйлемдер» əдісі немесе «Сабақ соңында қойылатын сұрақтар» əдісі, «Берілген үлгілер бойынша сөйлем құрау» əдісі жатады. Онда мынандай сұрақтар беріледі: Мен бүгін білдім...., Мен бүгін сезіндім.., Маған қызық болғаны..., Маған қиын болғаны..., Мен... тапсырмаларын орындадым, Мен енді..., Менің ойым мынандай..., Мен мынаны сезіндім..., Мен... екендігін түсіндім, Мен мынаны жасадым..., Мен... иемдендім, Мынаған таң қалдым..., Қолымнан мынау келді..., Мен... жасап көремін, Мен мынаны жасағым келеді...., Мені ... таң қалдырды, Сабақ менің өміріме... берді Кері байланыстың бұл түрін ауызша да, жазбаша да орындатамын. Тиімділігі оқушы сол күнгі білім көзіне толық кері байланыс жасайды. Бұл əдіс уақытты көп қажет етеді. Тиімді кері байланыс болуы үшін оқушыларға уақыт берілуі тиіс.Сондықтан бұны кері байланыс күнделігіне орындату мен үшін тиімді.Сұрақтарды оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты да күрделендіріп отырамын. Əр оқушым жұмыс дəптерінен бөлек «Кері байланыс күнделігін» бастады. Тиімділігі барлық оқушының сабақтан кейінгі үнін тыңдау құқына ие болдым. Сол арқылы келесі сабақты құрылымдау мүмкіндігіне ие болдым. Себебі оқу үрдісінде əрбір оқушының оқу қажеттілігін қанағаттандыру мен үшін маңызды. Кері байланыс- нəтижелі білімнің жоғары көрсеткіші екенін бүгінгі күндегі оқушылардың жеткен жетістіктері арқылы толық сеніммен айта аламын. Бүгінгі таңда күнделікті сабақтарымда кері байланыс жасауды дағдыға айналдырып келемін. Кері байланыс арқылы оқушының қажеттіліктерін біліп, оларды жинақылыққа тəрбиелеуге болатынын


түсіндім. Сабақтағы оқушының ой-пікірін, көңіл-күйін біліп қана қоймай, сабақ мазмұнын қай деңгейде меңгергенін анықтауға дағдыландым. Сонымен қатар кері байланыс арқылы оқушыларым өз-өзіне есеп беріп, өз-өзін реттеуге дағдыланды. Оқушыларым ойлауға, сөйлеуге, өзін-өзі дамытуға еркін қол жеткізді. Кері байланыс жасауға сабақтың белгілі бір уақытын бөліп, олардың ой-пікірлерін шыдамдылық танытып тыңдау білуді үйрендім. Кері байланыс жасау арқылы бұрынғы сабақтарда енжар отыратын оқушының себебін анықтап, олардың белсенділігін арттыруға жол іздеуді міндетіме айналдырдым. Сондықтан да кері байланыстың тиімділігі арқылы оқыту мен оқу сапасын жақсартуға болады деп ойлаймын. Пайдаланылған əдебеиеттер: 1.2011-2020 жж арналған ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы. Астана -2010. 2.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым-2012. 3.«Оқытудың нəтижелерін бағалаудың əдістемесі» - Зулкашева Ш.М. Орал – 2013. 4.Интербелсенді əдістемені мектепте қолдану. – А.Əлімов. Алматы – 2015. 5.Ұстаздық шығармашылық – Б.А.Тұрғынбаева. Алматы – 2007.

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖОЛДАРЫ МЕН ƏДІС – ТƏСІЛДЕРІ Бертлеуова Бибігүл Нұрсұлтанова Атырау облысы Жылыой ауданы №16 Д.Жазықбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің география пəнінің I санатты мұғалімі

Əрбір пəн мұғалімінің мақсаты–оқушыларға сапалы білім беру. Сабақта қолданыланған оқытудың əр түрлі əдістері оқушылардың білім сапасын арттыруда жəне пəнге қызығушылығын, сонымен қатар əр баланың іскерлігін, ізденімпаздығын, байкау қабілеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Басқа пəндерге қоса географиядан да тиянақты білім берудің негізі – географиялық білім түрлерін жүйелі оқыту. Географиялық білім түрлерін атап айтар болсақ:геологиялық,климаттық, картографиялық, номенклатуралық, топонимикалық, тарихи, экологиялық жəне экономикалық білім деп бөлуге болады. Климаттық білім жер бетіндегі климаттың климат туғызушы факторларына тəуелділігін, ауа-райы құбылыстарының шаруашылықты ұйымдастыруға əсерін үйрете отырып, картаны пайдалану жəне оны оқи білуге баулу, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру арқылы беріледі. Номенклатуралық білім оқушы картамен жұмыс істеп географиялық атауларды меңгеріп отырса беріледі. Мысалы, 6 сыныптың литосфера тарауында ең биік 10 тау, ең ірі 10 жазық, гидросфера тарауында ірі 10 теңіз, ең ұзын 10 өзен, ең ірі 10 көлді картаға түсіріп жаттау арқылы білімін


арттырса, дүние жүзінің əлеуметтік– экономикалық географиясы сабағында жер көлемі ірі елдер, халқының саны көп 10 ел, экономикасы дамыған елдерді анықтап, есте сақтаулары арқылы номенклатуралық білімдерін арттырамын. Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар картамен жұмыс істеуге төселіп, олардың танымдық білімдері мен есте сақтау қабілеттері артады. Егер оқушы өзінің оқыған географиялық атауларының шығу тегімен танысып, тоқталып, мəн беретін болса, топонимикалық білімі бекітіледі. География сабағында оқушыларға өздерінің қалауы бойынша үш сөздің тарихын тауып келуге тапсырма беру арқылы оларға шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасаймыз. Экологиялық білім табиғатты қорғауға, аялауға тəрбиелеуде, туған жерге деген перзенттік адамгершілік борышын сезінуге көмектеседі. Түрлі экологиялық тапсырмалар, яғни өз ауылындағы бұлақтар немесе өзеннің табиғат компоненттерінің ерекшеліктерін сипаттау, жыл мезгілдері бойынша өзгерістерін бақылау, ауыл халқының тұрмысы мен шаруашылығында алатын орны табиғатын тамаша күйінде сақтап қалу үшін жасөспірімдерге экологиялық білім мен тəрбие беруде сабақта түрлі əдістерді қолдана қызықты өткізуге тырысамын. Экономикалық білім де экономикалық білім жүйесін игеру барысында, экономикалық есептеуде, іскерлік пен дағдыны қалыптатыру, өндірістегі іс-əрекет экономикасын талдау арқылы меңгерледі. Оқушыларға нарықтың құрылымы мен кəсіпкерлік жүйесін ұғындыруда, нарықтық білім берудің бағыттары мен кəсіпкерлікке баулудың əлеуметтік педагогикалық қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, оқушыларға нарықтық ұғымдарды оқыту барысында экономикалық білімдерін қалыптастырады. Оқушыларға ауыл халқының өсу динамикасын анықтау, əр шаруа қожалықтарының шаруашылықты ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу, қорытынды жасау, өнімнен түсетін қаржыны болжау жұмыстарын үйрету арқылы экономикалық тəрбие беріледі. География сабағында тарихи білім беруде 11 сыныпта «Америка Құрама Штаттары»тақырыбын өткенде «сандар сөйлейді» əдісін пайдалануға болады. 1-сурет.Сандар сөйлейді.


Геологиялық-геморфологиялық білім беру арқылы оқушылар жер қыртысының тұрақты жəне оның даму барысында үздіксіз өзгеріп отыратыны жөнінде көптеген деректерден теориялық ұғым алады. Бұл деректер өсімдіктер мен жануарлардың ұзақ уақыт табиғи жолмен дамығанын қуаттайды. Сондықтан жердің пайда болуымен ондағы тіршіліктің дамуы жөніндегі ғылыми-геологиялық көзқарастар табиғаттың барлық құбылыстарын материалистік тұрғыдан түсіндіруге ерекше орын алады. 2- сурет.Минералдар қаттылығының шкаласын анықтауға арналған тапсырма.

Мұғалімнің берген тəжірибелі білім сапасы оқушылардың өзіндік танымдылық деңгейін дамыта түседі. Мұны игерген оқушылар тəжірибеде нəтижеге дұрыс көз жеткізе отырып, тапсырманы жүйелі түрде орындайды. Оқу материалдарының мазмұнын жақсы меңгеріп, жауап бергенде толық, дəлелдей отырып жеткізуге тырысады. Олардың ойлау жəне сөйлеу қабілеті дамиды.Сондықтан оқушылар физикалық географиядағы алғашқы геологиялық геморфологиялық терминдерді жақсы сақтауы үшін сабақта əдістемелік жұмыс дəптерін, кескін карта, картаның түрлерін, сызбаларды кеңінен пайдаланған жөн. Климотологиялық білім физикалық география курсында жер бетінің климатын оқығанда беріледі. Орта мектептерде климотологиялық білім оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты беріледі. Ауа райы құбылыстарымен күнделікті өмірде кеңінен кездесеміз. Сондықтан ауа райы, климатының ерекшелігін, олардағы болып тұратын құбылыстар мен өзгерістерді білу адам баласына өте қажет-ақ. Ал бұл қажеттікті климотологиялық білім беру арқылы жүзеге асырамыз. Бұл жерде біз ауа райының күндік, айлық, жылдық температураны анықтау үшін де есептер шығарылады.Картографиялық білім оқушылар картамен жұмыс істеу кезінде беріледі.География курсын оқығанда тақырыпқа сай көрнекіліктің бірі–тақырыптық карталар мен глобус. Əрбір географиялық картаның өзіндік маңызы бар. Біреулері өндіріс орындары үшін қажет болса,енді біреулері экспедициялар,саяхатшылар үшін қажет. Картографияның дамуы физикалық жəне экономикалық географиямен тығыз байланысты.Мектепте карта тек көрнекілік құрал ретінде қолданылады. Географиялық картаның адам


өмірінде алатын орны ерекше. Картамен жұмыс жасай отырып қалалардың координаталарын тауып, арақашықтықтарын өлшеу жұмыстарында да есептер қолданылады. Мысалы, 8 сыныптарға «Кім есепке жүйрік?» тапсырмасын орындату: Шығыс Еуропа жазығының ұзындығы мен енін өлшеу, қашықтығын анықтау. Екі жазықтың жылдық температурасының диаграммасын сызу. Екі аймақтың ең солтүстігінде орналасқан қалалардың координатын табу. Осындай тапсырмаларды орындату арқылы сабақта есептерді шешу арқылы оқушылардың ой-өрісін дамытуға болады. 9 сыныпқа Халық тығыздығы тақырыбында, - Жердегі халықтар орташа тығыздығын қалай есептейді? Формула құрастыру. - Қазақстанның халқының орташа тығыздығын есептеу. Орташа тығыздығы = Халық саны = 17 млн. = 6.2 адам Жер көлемі 2,724 1 км² - 6.2 адам. Атырау халқының саны 555 мың = 4.2 адам 1 км² - 4.2 адам. Жер көлемі 119 мың км. Кв. Географиялық есептер. 1.Масштабтарды сандықтан атаулыға жəне керісінше айналдыр. а )1:2000-1 см-де 20м Б)1:1000000-1 см-де 10км В)1:50000-1см-де500м Г)1см-1000м,бұл 1:100000 Д)1см-200км,бұл1:20000000 Е)1см-30000м,бұл1:3000000 2.Масштабтарды сандықтан атаулыға жəне керісінше айналдырып жазу. а) 1: 2000 – 1 см –де…20 м г) 1 см – 1000 м, бұл….1: 100000 б) 1: 1000000 – 1 см –де…..10км. д) 1 см – 200 км, бұл….1: 20000000 в) 1: 50000 – 1 см –де…500м е) 1 см – 30000 м, бұл….1: 3000000 3. Тау етегінде ауа t +18°C, ал шыңында -6°С. Таудың биіктігін анықтаңыз. Шешуі: +18°С (-6°С)=24×100꞉0,6=4000м. Болашақтың бəсекеге қабілетті ХХІ ғасыр шəкіртін тəрбиелеу білім беру саласының басты мақсаты.Əр ұстаз ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болуы. Білім мемлекеттің алдында даңғыл жол салып беруші. Қазақстан биік белестерге ғылымды өркендету арқылы жетеді.Ұстаздың мақсаты — оқушылардың білім сапасын арттыру.Сабақта қолданылатын оқытудың əр түрлі формалары оқушының іскерлігін,ізденімпаздығын, жан – жақтылығын дамытады. Мəселен, географиялық есептерді шығара білу теориядан алған білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді. Георафиялық есептер шығару оқушылардың логикалық ойын,шығармашылық қабілетін дамытады, пəнге деген қызығуын арттырып, өзін—өзі тексеруге, білімін жан – жақты толықтыруға көмектеседі. Пайдаланған əдебиеттер: 1. Қ.Р орта білімінің мемлекеттік стандарты. А. 2003. 2. Қазақстан мектептеріндегі географиядан білім беру Тұжырымдамасы.


3. Бірмағамбетов Ə Географиялық атаулардың сыры. 4. Методика обучения географии в средней школе. «Просвещение». 1983. 5. Мамырова .К Геоэкология жəне табиғатты қорғау. А. 2014.

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДА СҰРАҚТЫ ДҰРЫС ҚОЯ БІЛУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Галиева Жемис Кулжановна Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы орта мектебінің география пəнінің жоғары санатты мұғалімі

Дүниені танып білу үшін адам баласы үнемі сұрақ қойып, сол сауалға жауап беруге тырысады. Сұрақ арқылы адамның білімі дамиды, ол үнемі ізденісте болады, ойланады, өз іс-əрекетіне баға бере алады. Демек адам өмірінде маңызды орын алатын сұрақтардың оқыту мен оқу үдерісінде де қызметі зор. Сыныпта сұрақ қою негізінен «бастама-жауап-кейінгі əрекет» (БЖƏ)үлгісінде болатыны анықталды. Мысалға: Бастама (мұғалім): Жер шарында неше материк бар?Жауап (оқушы): Алты. Кейінгі əрекет(мұғалім): Дұрыс. Бұл жерде қойылған сұрақта,жауапта дұрыс. Бірақ бұл жетілмеген диалогтың көрінісі.Диалогты əрі қарай өрбіту үшін сұрақты дұрыс қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дəрежелі жəне жоғары дəрежелі сұрақтар кең қолданылады. Кей кездері төмен дəрежелі сұрақтарды «жабық» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған жəне де оған берілген жауап ( «дұрыс» немесе «дұрыс емес») деп бағаланады. Ал жоғары дəрежелі «ашық» сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға жəне талдауға тиіс болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу жəне қайта бағыттау сияқты əртүрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін жəне оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақтарды қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау жəне толығырақ жауап беруге итермелеу. Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?» деген сұрақтар қойып оқушылардың толық жауап беруіне мүмкіншілік жасау. Сұраққа берген жауаптарына сенің жауабың «дұрыс» емес деп кесіп айтуға болмайды, тағы кішкене ойлан, кім жалғастырады,кім толықтырады деген жетекші сұрақтармен көмектесу керек. Ал, сынақтан өткізу сұрақтары оқушының өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет жəне "Сіз


мысал келтіре аласыз ба?" деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.1 Білім берудегі бүгінгі күннің талабы еркін, өзіндік дəлел-уəждерін нанымды жеткізе білетін, сыни пікіркөзқарастары жүйелі дамыған тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, оқушыларға пікірлерін білдіре алатындай етіп, сұрақ қоюды қолдануымыз шарт. Мен өз сабақтарымда Блум таксономиясы бойынша жоғары дəрежелі сұрақтар қою арқылы сыни ойлауға жетелей отырып, оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық пен жұмыс жасауына мүмкіндік беремін 2. Мысалы 8 сыныпта Каспий теңізінің алабы Жайық өзені тақырыбын өткенде: 1.Қарапайым сұрақтар немесе «Ұмытшақтықтың пайдасы» Жадының жұмыс істеуіне, нақты фактілерді білуді талап ететін сұрақтар. Кім? Не? Қашан? Қайда? деген сұрақтарға жауап беруді сұрайды. Өзен дегеніміз не? Жайық өзені қайда құяды? 2.Анықтағыш сұрақтар Оқушыларға алған ақпаратты дəл мəтіндегідей емес, оқығанын түсініп, обьектілерді салыстыру, негізгі идеяны анықтау тапсырылады. «Менің түсінігімше», «Сізді дұрыс түсіндім бе?» деген сияқты сұрақтар. Мысалы: Менің түсінігімше Жайық өзенінің біраз бөлігі көршілес ел Ресейге тиесілі деп ойлаймын. 3.Талдау сұрақтары(интерпретация) Интерпретацияға итермелеу арқылы біз оқушылардың түрлі пікірлер мен əрекет себептерін түсіну дағдысын қалыптастырамыз. - Неге Жайық өзенінің суы үнемі жаз мезгілінде тартылып қала береді? - Егер сен табиғатты қорғау министрі болсаң, Жайық өзенінің қалыпты деңгейде ағуы үшін не істер едің? 4.Шығармашылық сұрақтар немесе итермелеу сұрақтары Оқушылар түрлі көзқарастарды талқылап, «неге?» деген сұраққа жауап іздеп, мотивацияны, себептерді анықтап, алған фактілер бойынша қорытынды жасайды. Мысалы:Сіз қалай ойлайсыз,Жайық өзенінің суы тартыла берсе не болады? - Неге осындай болжам жасадыңыз? - Бұл шешімге қалай келдіңіз? 5.Практикалық сұрақтар Зерттеуге негізделген қорытынды шығару сұрақтары. Жайық өзені мен Сырдария өзенінің суы немен ерекшеленеді? Сіздің ойыңызша, ондай ерекшеліктер неге байланысты болады? 1.Баға беру немесе спецификалық сұрақтар Алған ақпаратқа баға беріп, өз өмірімен байланыстыра отырып, пікір білдіреді, ұсыныс жасайды, белгілі бір көзқарасты қорғайды. - Қалай ойлайсыңдар, Жайық өзенін қорғау керек пе еді? - Қорғау үшін не істеу керек еді? Сабақ барысында қарапайым сұрақтан бастау міндетті емес. Күрделі сұрақтарға жауап бере отырып та, оқушылар мəліметті қалай меңгергендерін таныта алады.


Оқу мен оқыту үдерісіндегі сұрақтардың маңыздылығы сабақтың нəтижелі болуына жол ашады: 1. Оқушылардың белсенді əрекеті қалыптасады, қызығушылығы артады; 2. Оқушылардың қабілеттеріне сəйкес əрекет ету - балалардың өздеріне деген сенімділігін нығайтады; 3. Тақырып аясында дамиды, бірін-бірі қолдайды, толықтырады жəне ойлаудың жоғары сатысына ұмтылады; 4. Сыни ойлау дағдылары қалыптасады. Жаттанды оқу мəтінінен жаңа ой түзу мүмкіндігіне ие болады; 5.Тақырыптың терең ашылуы мен түйінді ойларды саралауға дағды қалыптасады; 6.Бірлескен, диалогтық оқыту барысында тіл құдыреттілігін ұғынып, сөздік қорлары дамиды, жалпылама сөйлеуден - нақты жауап беруге дағдыланады. Қорыта айтарым, диалогтік оқытуда сұрақты дұрыс қоя білудің маңыздылығы оқушылардың білімге құштарлығын арттыру мен қатар зерттеуге, сын тұрғысынан ойлауға, сындарлы сөйлеуге ынталандырады. Қымбатты əріптестер, жаңа заманға сай тұлғаны қалыптастыру бізге парыз. Оқу мен оқыту үдерісіндегі сұрақ қою тəсілдерімізді де жаңа бағытта құру маңызды дегім келеді. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Тəжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кəсіби даму бағдарламасы, 2016, 40-бет. 2.А.Қ.Əлімов. «Интербелсенді əдістемені мектепте қолдану», Алматы 2015, 80-81 бет.

ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Ерғалиева Нұрбике Темірешқызы Атырау облысы Исатай ауданы Жалпы білім беретін Хамидолла Наубетов атындағы орта мектептің география пəні мұғалімі

Біз үштілділікті енгізуді жеделдетудеміз. Бұл біздің ойлап шығарғанымыз не біздің қалауымызбен емес, бұл–қажеттілік.Қазірдің өзінде 20% қазақстандықтар ағылшын тілін меңгеріп отыр, яғни үш тілді білу– бұл жаһанданған өмірге жолдама, бұл адам өмірінің сəттілік қағидасы. Осы жаһанданған əлемде біздің балаларымыз ғаламшар азаматтары болады – олар барлық жерде жəне кез келген жұмысты атқара алулары керек жəне де олар осынау қилы заманда суда жүзген балықтай болулары керек. Н Ə Назарбаев. Бүгінгі білім берудегi қоғам қойып отырған басты талаптардың бірі – көптілділік. Көптілділік - кез келген қоғам үшін, кез келген формация үшін


тұйықтықтан шығудың, интеграцияны негiзгі ұстаным етіп алған бағытты айқындайтын жол деп танылған. Қазақстан Республикасының Президенті Н Ə Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Қазақстан бүкіл əлемде халқы үш тiлді пайдаланатын жоғарғы білімді ел ретінде танылуы тиіс. Бұлар: қазақ тiлi - мемлекеттік тiл, орыс тiлі - ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрігу тілі» деді. Бұл, шынында да, қарқынды дамып келе жатқан ел үшін өзекті мəселе. [1] Бүгінгі күні қоғам көптілділікке байланысты үш топқа ажыратылады. І топ –көп тілді қолдаушылар.Көп тіл қажет, мүмкіншілігі кең дегенді ұстанушылар. ІІ топ-көптілділіктің қажеті жоқ, өз ана тілінде пəнді игере алмай жүргенде, басқа тілде мүлдем оқымай,қиыншылық туғызады деген ойды ұстанушылар. ІІІ топ-əлі шешім қабылдамағандар. Мен өзімді І топқа жатқызамын. География пəнінде ағылшын тілін қолдануға қызығушылығымның артқан себебі, біріншіден кəзіргі уақытта желідегі 55,1 пайыз ақпарат, ғылыми еңбектердің 95 пайызы ағылшын тілінде беріледі екен. Неге сол ақпараттарды өзім жəне оқушыларым еркін пайдаланбасқа. Екіншіден мен география пəні мұғалімі болумен қатар, ағылшын тілі пəнінің де мұғалімімін. Кезінде ағылшын пəнінен дəріс бергем. Сол кезден оқушылардың озге тілді үйренуге деген қызығушылығының жоғары болатынын білемін. Мен неге география пəнінде (мысалы терминдердің атауын,жануарлардың, өсімдіктердің атауын) ағылшын тілін қолданып оқушылардың пəнге деген қызығушылығын одан əрі арттырмаймын деген ой келді. География пəнінде ағылшын тілін қолданып оқытуда бірнеше қиыншылықтарға тап болдым: 1.Өз пəнімді жетік білумен қатар, оқушыларға қажетті тілді де жоғары деңгейде білу 2.Бұрын тек бір тілде ғана сабақ жоспарын дайындасам,енді екі тілде тапсырма түрлерін қарап, екі есе көп уақыт ізденуіме тура келді. Пəнде ағылшын тілін қолдануды : 1.Сыныптағы оқыту үрдісінде оқушылардың географияны екінші тілде жетік меңгеру барысында тиімді əдістерді қарастыру. 2.Оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын жəне шығармашылықтарын арттыратын дəстүрлі емес сабақ түрлерін ұйымдастыру 3.Оқытудың принциптерін жүзеге асыру үшін мұғалім мен оқушының ісəрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы жəне оқу əдістерін таңдауда дидактикалық мақсат, пəннің ерекшелігі, жас ерекшелегі, жеке қабілеттері ескерілуі арқылы жүзеге асыра бастадым. Пəнді ағылшын тілін қолданып, оқыту мақсатында алғашқыда сабақта географиялық ұғымдар мен терминдерді ағылшын тілінде енгізуден бастадым. 6 сыныпта № 1 сабақ «Кіріспе. Физикалық география – Жер табиғаты жайындағы ғылым» тақырыбы. Өткенді қайталау жəне жаңа ұғымдар беріледі. Енді осы сабақта айтылған географиялық терминдерді сабақ


соңында оқушылардан ағылшынша айтылуын сұраймын. Білмегенін өзім айтып түсіндіремін. Жер-earth Жұлдыз -Star Галактика-galactic Күн-sun Ғаламшар-planet Материк-continent Мұхит-Ocean Карта -map География-geography Оқушылар бұл атаулардың көбісінің ағылшынша аталуын білді жəне бірден қызығушылық танытты. Ағылшын тілі пəнінде Елтану атты арнайы бөлім бар.Сол бөлімде Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер, 8 сыныпта -Англия, 11 сыныпта-АҚШ, Канада,Аустралия,Жаңа Зеландия елдері, олардың физикалық географиялық орны, халқы, климаты, экономикасы оқытылады. География пəнінде де 11 сыныпта Дүние жүзінің елдеріне аймақтық шолу жасаймыз. Сол кезде оқушыларға осы жəне басқа елдердің фго, халқы, климаты, табиғаты, экономикасы туралы қысқаша ағылшын тілінде айту көп киындық келтірмейді. Мысалы:11 сыныпта «Америка Құрама штаттары .АҚШ тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы» тақырыбын өткен кезде, оқушыларға саяси картаны пайдана отырып фго қазақша жəне ағылшынша сипатта деп тапсырма бердім. Оқушылар ағылшын тілі пəнінен алған білімдерін пайдалана отырып, тапсырманы оңай əрі тез орындайды Бұл тапсырманы барлық елдерді өткен кезде орындатамын.Оқушылар үлкен қызығушылықпен орындайды . 6 сыныпта «Таулар.Таулардың биіктігіне байланысты бөлінуі» тақырыбын өткен кезде «Суреттер сөйлейді» əдісін қолданып көрдім. 3 адам топта жасалынатын жұмыстар. Топтағы 1 оқушы фотосуретті алады, тобына сол суретте не көргендігін ауызша айтады, топтағы 2 оқушы одан естігенін жазады, ал 3 оқушы естігенін суретке салады. Нəтижесінде 1 оқушы өз ойын дұрыс жеткізе отырып, айтылым дағдысын дамытады, 2 оқушыда тыңдалым дағдысы арқылы сурет салу қабілеті артады, 3 оқушыда тыңдалыммен бірге жазылым дағдысы қалыптасады. Бұл мен үшін өте ыңғайлы əдістің бір түрі болды, біріншіден оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасайды, екіншіден, суретті ұстап отырған оқушы суреттегі оқиғаны дұрыс жеткізу үшін сөздік қорын ұлғайтады, ал қалған екеуі оның айтқандарын дұрыс қағаз бетіне түсіру үшін мұқият тыңдайды жəне өзара қарым-қатынас жасауға жағдай жасалады. Бұл жерде табиғаттың құбылыстарын, тақырыптық карталар берілді, халық тығыздығы жайлы суреттер берілді [2]. Сонымен бірге, сарамандық жұмыстарда қолданылатын құралдардың атауларын оқушылар ағылшын тілінде білуді де мақсат етіп қойдым. Компас – compass


Нивелир – level Анемометр – anemometer Термометр – thermometer Сейсмограф – seismograph Барометр – barometer Гигрометр - hygrometer Бастапқы кезде оқушылар ауызекі сөйлеу тілінде грамматикалық қателер жібереді, бірақ бұл қателердің барлығын түзетіп, оқушылардың ойын бөлмеу қажет. Ең басты қағидат, ол оқушылардың меңгерген дағдысын өмірде қолдана білу.Оқушыларға қоршаған ортада болып жатқан жағдаяттарды ұсынған тиімді. Сонымен қатар, оқушылармен топта, жұпта жұмыс жасауды дағдыландырдым, себебі олар бір-бірін үйрету, жетелеу арқылы тілді тез меңгере алады. Екінші тілде күнделікті қарым-қатынас үлкен жетістіктер əкеледі. Аудармасын бірден айта салмай, оны ым-ишара түрінде немесе суретін көрсету арқылы көрсеткен кезде, оқушылар оны тез есте сақтайтын болады. Оқушыларға ой еркіндігін беріп, көбірек сөйлетуді үйрету керек [2]. Сурет, кесте, диаграмма арқылы ақпаратты бірінші тілде оқып, оны екінші тілде айтып беру тапсырмасы да оқушылар үшін өте қызықты. Мысалы, күнделікті өмірде өзіміз қолданып жүрген ауа райы болжамы туралы ақпаратты сурет арқылы беріп, оны екінші тілде айтып бере алады. ХХІ ғасыр – жаhандану жəне технологияның шарықтаған заманында, біздің оқушыларымыз ағылшын тілінде қарым-қатынас жасаумен бірге, техникалық тілді де ағылшынша еркiн меңгеруі қажет. Көп тiлде оқыту саясатынын тиімділігі– оқушылардың тиімді коммуникативтік дағдыларын дамыту жəне халықаралық деңгейдегі жоғарғы оқу орындарында білім алуларына қолдау көрсету мақсатында олардың бойында лингвистикалық құзіреттіліктерді қалыптастыру жəне əлемдік деңгейде білім алуына мүмкіндік жасауы деп ойлаймын. Бұл тіл бізге əлемдік қауымдастықтан шет қалмай, ғылым мен технологияны меңгеру үшін қажет. Сонымен қатар бұл əдіс оқушылардың тілдік құзыреттілігін арттырып, өз мəдениетін бағалап, басқа мəдениеттерді құрметтеуге үйретеді,ерекше дарынды оқушыларға мəнді де саналы оқуға; сабақ үрдісінде өтілетін тақырыптың адам жəне қоғам өмірімен тікелей байланысына мəн беруге,оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға, олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі. Мұндай сабақтардың формасы үйреншікті емес, қызықты болғандықтан, оқушылардың зейіндерін жоғары деңгейде көрсетті. Пəндерді екінші/үшінші тілдер арқылы меңгерген оқушылардың ынтасы жоғары, зерделі, креативті, жұмысқа ұқыпты, мотивациялары жоғары жəне қосымша басқа тілде білім алған оқушылардан білімдері əлдеқайда жоғары болады екен, сонымен қатар халықаралық тəжірибеге сүйенетін болсақ, пəндерді екінші тілде оқыту оқушы жетістігі мен дағдыларын дамытуға кері əсерін тигізбейді екен, керісінше тілдерді академиялық деңгейде меңгеруге, қосымша ақпарат көздерін кеңінен қолдануға, өзге мəдениетті түсінуге мүмкіндік береді екен, екіншіден өз елінің экономикалық,саяси,əлеуметтік


экологиялық жағдайын, географиялық орнын жан-жақты зерттеп,потриоттық сезімді қалыптасыруды көздейді Көп тілді меңгеру - бұл өте күрделі психологиялық үрдіс. Бүгінгі таңда бізге ана тілінің уызына қаныққан, ұлттық мұраны жəне өзге мəдениетті құрметтейтін, көп тілді жетік меңгерген, іскер, шығармашыл, дүниетанымы мол, зиялы да интеллектуалды тұлғаның қажет екені белгілі. Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында көп тілді меңгеру тəжірибесін жинақтап,əлемдік деңгейде көтерілуіміз керек.Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік əріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Қолданылған əдебиеттер мен ресурстар: 1. «Үш тілді білім беруді жүзеге асыру». Рысқұлова А.Қ. 2. «Пəн мен тілді кіріктіріп оқытудың кейбір əдіс- тəсілдері», 3. Kopilka urokov.ru ХИМИЯ САБАҚТАРЫНДА PISA ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ МЕН ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Көшқали Зинагүл Қабиқызы Атырау қаласы И.Тайманов атындағы орта мектебінің химия пəнінің жоғарғы санатты мұғалімі

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бəсекелестігін арттыру,шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мəселелері тұр,өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мəселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кəсіптілік пен интеллектуалдық əрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне қатысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің əрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл əрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты–мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық,оқу жəне жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау. PISA халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын түрлі өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пəндерімен тікелей байланысты емес, мəселелерді шешу біліктіліктерін бағалауға бағытталған. Мақсаты: Əлемдік деңгейде салыстырылатын əр мемлекеттің оқыту нəтижелері жөніндегі сенімді мəліметтерді алу, саралау.


Міндеті: – ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдану; – PISA талаптарына сəйкес тапсырма мысалдарын құруды үйрену; – оқушы құзырлылығын бағалаудың формативті жəне суммативті стратегияларын үйрену. – білім беру саласындағы əлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде обьективті өлшеулер арқылы алынған айқын нəтижелерді талдау болып табылады. Талдау əдістері: Зерттеу жұмысының нəтижесі болу үшін, мұғалімнің басты міндеттерінің бірі—əрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін жəне икемділігін таныта білуге жағдай жасау. Себебі, оқушы шамасына қарай өз ісіне бейім болады, ал бейімділік–адамның белгілі бір əрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Шын мəніндегі бейімділік əрекетті құштарлықпен ғана емес, оны нəтижелі орындаумен ерекшеленеді. Мəселенің өзектілігі: - Жаңаны тез, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, даулы мəселелерді оң шеше білетін, істің мағынасын терең жəне нақты түсінуге тырысатын байқағыштық қасиеті өте жақсы дамыған, сауатты сөйлейтін, білімді нақты игеріп, оны практикада асыратын, теориялық білімді тез меңгеріп, пəнаралық байланыстарға сүйеніп, үрдістің жүру барысына болжам жасай алатын жеке тұлға қалыптасады -Мұғалімнің арнайы тапсырмалар дайындауы барысында оқушының ізденгіштік қасиеті үдей түседі; - Əр жеке тұлғаның қабілетін ескеру арқылы өз аймағында дамуды қолдап əрекет ету қажет Зерттеулі оқыту–оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге политехникалық ой -өрісін кеңейтуге жəрдем етіп жəне олардың химия саласындағы еңбекке тəрбиелеу үшін оқыту үрдісінде теорияны практикамен,еңбекті ғылыми шығармашылық жұмыстармен тығыз байланыстырады. Оқушының белсенділігін, қызығуын арттыруда жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері: Қызығушылығын ояту. Логикалық есеп (Миға шабуыл) 1-топ. Ғарыш кемесі апатқа ұшырап, белгісіз планетаға қонуға мəжбүр болды. Кеме капитаны ғарышкерлерге атмосфера құрамын анықтауды тапсырды. Ғарышкерлердің қолында алма, малахит қобдишасы жəне ізбес суы бар. Ол кесілген алманың планета атмосферасында өзгермегенін, ізбес суының лайланбағанын, ал малахит қобдишасын қыздырғанда, қызыл түсті ұнтақ пайда болғанын байқайды. Ғарышкер қандай қорытынды жасады? (CuOH)2CO3 =2 CuO + H2O + CO2 2 – топ. Айым таңғы ас дайындау барысында дəн жармасының ішінде ұсақ қара түйіршіктің бар екенін байқады, əрі бірде химия пəнінің мұғалімі Темір тақырыбын өткен кезде таңғы асқа арналған əртүрлі дəндердің


жармаларын қаптамаларға салған кезде оған темір ұнтағын қосатынын айтқаны есіне түсті. Дəн жармасына темір ұнтағы не үшін қосылған? Əрбір пайымдауды «Иə» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз. Осы тұрғыда өз ойыңызды жинақтаңыз. Қаптамадағы жармаға осы əрекеттер қатысты ма? Дəн жармаларының салмағын арттыру мақсатында Дəн жармаларының сапасын арттыру бағытында Дəн жармаларының құрамы бұзылып кетпес үшін

«Иə» немесе «Жоқ»

3 – топ. Айым таңғы асты пісіріп жеп алды. Таңғы астың құрамындағы темір ұнтағы қайда кетті? оның Айымның ас қорыту жүйесіне зияны жоқ па? Болып жатқан үдерісті түсіндіріңіз. Шығармашылық жұмыстың нəтижесі жəне қорытындысы: Қорыта айтқанда, жаңа технологияның тиімділігі сол: Оқушы: • мақсат қоюға үйренеді; • есте сақтау қабілеттері дамиды; • басқалармен бірігіп жұмыс жасайды; • кітаппен жұмыс жасауға үйренеді; • қатарынан қалмауға тырысады; • дарынды оқушылар өз қабілеттерін одан əрі бекіте түседі; • əлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады. • күшті сыныптарда оқуға деген ынта артады. • білім дəрежесі бірдей сыныптарда оқу жеңілдейді • өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады Мұғалім: • жүйелі тапсырма беруге ұмтылады; • оқушыны жан-жақты танып біледі; •қарым қатынас орнатады; • оқушылардың өзара əрекеттесуіне жол ашады; • оларға шығармашылық еркіндік беріледі. Мектептегі ізденіс жұмысының жəне оқушының ойлау қабілеттінің даму жолдарының алғы шарттарының бірі–баланың пəнге деген қызығушылығын Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: «Біз жан–жақты жеке тұлға тəрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан– жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім əрекетінің тұжырымдамасы іспеттес.Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мəні зор. ХИМИЯ ПƏНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ Нурланова Гулдана Нурлановна Атырау облысы Индер ауданы М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебінің І санатты химия - биология пəні мұғалімі


Тақырыптың өзектілігі: Оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамыту арқылы танымдық белсенділіктерін, шығармашылық, логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасай білу қабілетін дамыту. Жұмыстың мақсаты: Химия сабағында оқытудың əр түрлі əдістəсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өз бетінше жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың химия пəнінен функционалдық сауаттылығын арттыруелімнің болашағы. Функционалдық сауаттылы0 дегеніміз- адамдардың əлеуметтік, мəдени, саяси жəне экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дəуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін кешенді жоспары халыққа ұсынылды. Мұндағы басшылыққа алынатын функционалдық сапалар,белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кəсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік. Ұлттық жоспардың мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда химия пəнінің оқытылуына ерекше назар аударылу керек. 1.Қоршаған ортаны танып білудің химияға тəн құралдарын меңгеру. 2.Химияның сарамандық қолдануымен таныстыра отырып,олардың ғылымитехникалық алға басудың негізгі бағыттары мен маңызын түсінуіне көмектесу. Сарамандық жұмыстар арқылы оқушылар берілген тəжірибені өз көзімен көреді,ой-пікір жүргізеді.Күнделікті өмірде пайдалану мүмкіншілігі де көп болады. Оған бірнеше мысалдар атап көрсетуге болады. 9 сыныпта «Кальций жəне оның қосылыстары» тақырыбын өткенде жаңа сабақты меңгерту кезеңінде сауаттылықты қалыптастыру бағытында мынадай сұрақтарды қоюға болады. 1 тапсырма Біз саяхатқа шықтық, мен жұмыртқаны отсыз да пісіруге болатынын айттым. Ол жұмыртқаны отсыз қалай пісіруге болады? 2 тапсырма Қазіргі кезде барлық адамдар аяқ ауруынан зардап шегеді. Аурудың алдын алу үшін дəріханадан түрлі химиялық препараттар сатып алады. Халық медицинасына қарайтын болсақ, қатты аяқ ауруларынан кəдімгі үйде пайдаланатын заттармен де емделуге болады. Сіз белгісіз аралға түсіп қалсаңыз. Алайда өте шөлдеп отырсыз.Теңіз суын қалай тазартып, ішуге жарамды етуге болады? Күнделікті сабақ жоспарларында функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған есептер шығару өте тиімді. Сонымен қатар жаңа əдістəсілдерді қолдануда сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу, жазу сауаттылығын арттыруға, тақырыптар үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Білім алушылардың зерттеушілік мəдениеті мен танымдық ойлау белсенділігін дамыту мақсатында кіші жобаларды қорғау, шығармашылық жұмыстар байқауын өткізу тиімді. Бұл жұмыстар: 1.Оқушылдардың пəнге деген қызығушылығын арттырады. 2.Аталған жерлерге мүмкіндігіне қарай өлкетану саяхаты ұйымдастырылады. 3.Жоба бойынша аталмыш жердің картасын сызу, фотоға түсіру, тарихын зерттеу, мұрағат құжаттарымен жұмыс жүргізіледі. Химия сабағында алған білімдерін оқушылар күнделікті өмірмен байланыстыра алуын қамтамасыз ету менің бірінші міндетім болып саналады. Химия пəні күрделі пəн. Оны жаттап алу мүмкін емес, түсіну керек. Міне осындай əр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім əр түрлі əдіс-тəсілдерді қолдануы тиіс. Сабақ жоспарымның əр бөлімінде оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын анықтап отырамын. Сабақ барысында білімді меңгеру деңгейі төрт сатыдан тұрады:  Үйренушілік деңгейі «Білу»-оқушының функционалдық сауаттылығының төменгі деңгейі.  Алгоритмдік деңгей «Түсіну», «Талдау»-оқушының функционалдық деңгейінің орта деңгейі.  Эвристикалық деңгейі «Қолдану»,«Жинақтау»-оқушының функционалдық сауаттылығының жоғары деңгейі.  Шығармашылық деңгейі «Бағалау»-оқушының функционалдық сауаттылығының ілгері деңгейі. Əр сабағымда оқушылар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нəтижелерді қадағалайды, тəжірибелер жасайды. Оқушының танымдық белсенділігін арттыру үшін сапалы тапсырмаларды қолданамын. Осы танымдық тапсырмалардан жинақ əзірледім. Химия пəнінде шығармашылық есептер оқушының шығармашылығын шыңдайтын есептер болып табылады. Шығармашылық есептерді пəнге деген қызығушылығы жоғары оқушылар орындағаны өте тиімді. Олимпиадаға дайындау барысында оқушының танымдық қызығушылығы артады. Оқушыларда оқу қызметінің мүддесі мен мақсатын, оларды іске асыру əдістерін қалыптастыру үшін, ең алдымен оларды қызықтыру керек. Химия сабағында сандық есептерді пайдалану осы қызметті орындауға мүмкіндік береді. Сандық есептер оқушыларды əртүрлі ой əрекетіне: салыстыруға, жалпылауға, талдауға, синтездеуге үйретеді. Сандық есептер оқушылардың есте сақтауын қалыптастырады, танымдық мүмкіншіліктерін кеңейтеді, химиялық білім деңгейінің жоғарлауына, мектеп курсын саналы қабылдауына жетелейді. Оқушылардың фунционалдық сауаттылықтарын дамыту үшін жаратылыстану бағытындағы пəндер оқушылардың сондай-ақ сапалы есептерді өз бетінше шығаруға көніл бөледі.Сапалы есептер оқушының ойлау қабілетін мен пəнге қызығушылын артырады. Мысалы химия сабақтарында функционалдық сауаттылықты артыруға байланысты


мынадай мəтіндік есептерді сабақ кезінде қолдануға болады. Есептерді де оқушылар терең ойланып шешумен қатар тұрмыстық маңызын бірге түсінеді. Оқушылардың осындай танымдық белсенділігін дамыту барысында төмендегідей нақты жұмыстар атқардым: «Химия пəнінен есептер шығару əдістері» тақырыбында қолданбалы курсты жоспарлы түрде ұйымдастырып, оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жүргіздім. Сабақта оқушылар қиын деңгейлі есептерді шығаруға əр түрлі əдісті қолдана отырып, тиімді, ықшамды жолмен шығаруға қалыптасты. Əр түрлі қиындықтағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, қосымша анықтамалық материалдарды қолдануды меңгергендіктерін байқатты.Қарапайым тəжірибелерді жасап, ілгері тəжірибелермен салыстырып отырды.Оқушылардың танымдық белсенділігінің өсу динамикасын əрдайым бақылаудамын. Елбасымыз өз сөзінде, «Дамыған Қазақстанды ешкім бізге əкеліп бермейді немесе жақсы өмірді күтіп отыруға болмайды», деген болатын. Яғни біз, қазіргі таңда оқушыға беретін өзіміздің жүйелі бағдарымыздағы білім стандартымен шектелмей, үнемі ізденіс танытып, кең кəсіби біліктілік пен жоғары білім деңгейіне талпынуымыз керек. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Демек, еліміздің болашағы газ,мұнай қазба байлықтарды тек шикізат түрінде өндіруге ғана емес,өз елімімізді жақсы білетін, білімді маманға тəуелді. Химия пəнінен функционалдық сауаттылықты арттыру-бүгінгі басты міндет.Ұлттық жоспардың негізіндегі функционалдық сауаттылықтың үшінші механизмі-ата-аналардың балаларды оқыту мен тəрбиелеуге белсене қатысуын қамтамасыз ету. Ата-аналармен тығыз байланыс жасаймын. Атаана баласының ерекше қасиетін танып түсініп, қол үшін беріп, олардың қабілетін дамыту функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдермен тығыз байланыс жасау керек. Осы нұсқауды басшылыққа ала отырып дарынды оқушымен жекелей жұмыста ғылыми жоба, пəндік олимпиадаларда аудан, облыс көлемінде жақсы нəтижеге жеттім. Сабақ барысында əр тақырыптың өмірде кездесетін құбылыстар мен танымдық тапсымалар, есептер шығарта отырып өткізгенде оқушыларда бетбұрыс байқалады. Білім сапасы артып, сөйлеу тілі, қисынды ойлауы дамып, өзін-өзі тану мүмкіндігі пайда болады. Жас ұрпақтың білім деңгейінің жоғарлауы үшін өз үлесімді қосу мақсатында танымдық сұрақтар жауабымен жəне күнделікті өмірмен байланысты есептерді жинақ түрінде жинақтадым. Қай елде болсын балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шындауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мəселе екені сөзсіз. Еліміздің мəртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.Қазіргі таңда еліміздің келешегін, өз елін сүйетін, əдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тəрбиелеу – біздің басты борышымыз.


БИОЛОГИЯ ПƏНІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ Сейтекова Даржан Баязитовна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ф.Энгельс атындағы жалпы орта мектебінің жоғары санатты биология пəнінің мұғалімі

ХХІ ғасыр білімділер ғасыры десек, сол білімді жас ұрпақты сыни ойлай алатын, бəсекеге қабілетті тұлға етіп тəрбиелеу мақсатымыз. Сыни тұрғыдан ойлау "ойлау туралы ойлану" деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сыни тұрғыдан ойлау бақылаудың, тəжірибенің ойлау мен талқылаудың нəтижесінде ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға жəне синтездеуге бағытталған пəндік шешім [1,49 бет]. Өз сабақтарымды жоспарлауда, сыни тұрғыдан тапсырма таңдауда ең əуелі сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін нұсқаулықтан алған теориялық біліміме қоса қосымша əдебиеттерді оқып, үйрендім. Бұл бағыттың бастаушылары: Л.Выготский, Дж.Дьюи, Ж.Пиаже. С.Мирсеитова. Дьюидің айтуы бойынша, бала өмірінде кездесетін мəселелерге олардың ерекше көңілін аудару оқушылардың табиғи əуесқойлығын оятып, оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді.Нақты бір мəселені қарастырып, қиын жағдайдан шығу үшін, өзіндік іздену арқылы оқушы шын мəнінде ойланады. [3, 21 бет] Тізбектелген сабақтар топтамасына сабақтарымды жоспарлағанда модульдерді ықпалдастыруда сыни тұрғыдан тапсырмалар беруді ойластырдым. Мұндағы ойым оқушы кітаптағы дайын білімді жаттап айту немесе бірінің-бірі айтқанын қайталап айта беру емес, биологиялық құбылыстарға, зерттеулерге,тіршіліктің тез өзгеретін жағдайларына бейімделуіне көмектесетін əдістерді іздеп өзіндік ой пікір айтып, түйін жасатуға болжамдадым. Тапсырмаларды дайындағанда сыныптың даму деңгейін, жас ерекшеліктерін ескердім. 8 сыныптағы биология пəнінен «Тағамның маңызы,құрамы жəне қызметі» тақырыбында тапсырмаға Венн диаграммасы стратегиясы берілді. Оқушылар "Механикалық өзгеріс" пен "Химиялық өзгеріс"айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға жұмыстанды, оқушылар екеуіде қоректік заттардың асқорыту жүйесіне жатады, өйткені екеуі де өзгеріске ұшырайды деп ұқсастықтарын, ал айырмашылықтарына механикалық өзгерісте астың ұсақталуы,ботқа тəрізді күйге көшуі,ал химиялық өзгерісте өзгеріске ұшырауы,яғни асқазан сөлімен араласуындағы айырмашылықты атады. Осылайша үш топтың оқушылары өз


көзқарастарын дəлелдей алды. Бұл жерде Мерсер зерттегендей құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар "мұғалім-оқушы" сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше "симметриялы" болып табылатын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша негізделген дəлелдерді əзірлеуде жəне қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады деген қағидаға көз жеткіздім. [1,29] Жетістігім сыни ойлау арқылы асқорыту жүйесінде қоректік заттардың айырмашылықтарын, ұқсастықтарды айыра білді, қорытындылады. Бұл жерде оқушылар негізгі дереккөздерді жағдаяттың қорытындылары мен жəне уақытша жинақтаулармен салыстыруды жəне талқылауды жүзеге асырды. Ойлан, жұптас,топтас, талқыла əдісінде жағдаяттық сұрақ қойылды.Егер сенің организміңде қоректік заттардың құрамындағы заттар жетіспесе қандай өзгерістер болады? деген сұраққа оқушы менің ойымша организмде ондай күрделі процестер бола қоймас десе, екінші оқушы организмде қоректік заттардың жетіспеуінен əлсіздік,асқорыту жолдарында өзгерістер болмауына жол бермей қоректік заттарды толық қамтуға жұмыстанар едім, деп бүгінгі өмір мен байланыстыра білді. Оқушылар асқорыту жүйесінде тағамның маңызын, тағамның құрамында қоректік заттар болатындығын айтты. Бұл жауаптардан оқушылар сұрақтың сипаттамасын түсініп, сол сұрақтар төңірегінде ойланып, сəйкес жауап іздеуінде болды. Оқушы сұрақ арқылы сыни ойланып, болжам құрып, бір шешімге келіп пікір айтты.Дұрыс қойылған сұрақтың да сыни ойға жетелейтініне көзім жетті.Оқушы жауаптарын тыңдай отырып,зейіндерінің жақсы дамығандарын,ұзақ мерзімді жадыдағы ақпаратқа сəйкес ойлау арқылы болжамдап, талдап, шешім шығара алды. Бұл жерде топтық жұмыстың көп пайдасы бар екен, бала жеке ойланған Тағамның маңызы,құрамы жəне қызметі тақырыбында "Миға шабуыл" əдісімен,тапсырманы сұрадым. Өсімдіктекті,жануартекті тағам өнімдері. Оқушылар осы суреттерді көргенде қандай сезімде болып, не ойға түскенін ойша елестетіп, ойланды. Оқушылар өсімдіктекті, жануартекті тағамдардың өнімдерін көрсетсе, бірі асқорыту сөлі мен ферменттердің рөлі жайлы білетіндерін ортаға салып, ой бөлісті. Бұл тапсырманы қолданудағы мақсатым білімдерін белсендендіру. Қабілетті оқушылар өз ойларын айта алмайтын оқушыларға көмектесті. Өзіне берілген көмекті ала отырып, оқушылардың өздері де алға ұмтылып, үрдіске ілесуді, үрдістен қалмауды үйренді. Көру арқылы талқылауға қатысып ой бөлісті. Белгілі бір түрткі ойларға сəйкес көбірек жауаптар туындағанын бақылай отырып сыни диалогтік əңгіменің дамығаны пайымдадым. Тағамның маңызы,құрамы жəне қызметі тақырыбын оқып үйренуде ЖИГСО əдісінің маңызы зор болды. Үш топ оқушылары асқорытудың маңызы, тағамдық өнімдер мен қоректік заттардың маңызымен танысып, бір-бірімен мəлімет алмасады. Жанұяларына қайтып оралған баяндамашылар естіген, білгендерін айтып берді. Оқушылар мəтінді əр қырынан алып қарастырады, талдайды, қорытындылайды. Топтастыру стратегиясы бойынша өсімдіктекті, жануартекті тағамдық өнімдерге жататын тапсырманы орындау барысында


ойланады, іздейді, табады, сұрыптайды. Нəтижесінде оқушылар адам организмі үшін тағамның ролі қандай, асқорытудың маңызды сияқты қасиеттерді атап, жаза білді. Оқушылар бастапқы білім көздеріне сүйене, зейін қоя отырып,сыни ойланып, болжамдап, шешім шығарады. Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету нəтижесінде оқушы биологиялық тарпсырмаларды салыстырады, өткенге, болашаққа болжам жасайды, бір-бірімен ақылдасып шешім шығарады, қорытындылайды. Биологиялық терминдерге ,ұғымдарға баға береді, анықтамаларды да есте сақтайды. Биология пəніне деген қызығушылығы артады. Жаттанды есте сақтау, тек оқиғаны қайталап айтып беруден, ойланып барып айтқан ой есінде қалады. Мен биология сабақтарында оқушыларымның сыни ойлауын дамыта отырып, жетістікке қол жеткізуге болатынын ұқтым. Венн диаграммасы, миға шабуыл, топтастыру стратегиясын оқушылар бұрынан білетін болса, жаңа бұрын білмейтін ЖИКСО, Бононың Ойлаудың алты қалпағы əдісімен берілген тапсырмаларды орындауда, оқушылар жауапкершілікпен қарап, орындады. Бірлескен оқудың əсері болып, нашар оқитын оқушыларда сөйлеуге, болжауға қатысып отырды. Оларды жетелеуде шынын айтсақ талантты, дарынды баланың көмегі көп екені айтпаса да түсінікті. Болашақтада өз сабақтарымды жоспарлағанда сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын пайдаланамын. Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын жетілдіруге жас ерекшеліктерін ескере отырып, биология пəнінен біріншіден тапсырманы орындауға арналған оқушыларға ескертпе əзірлеймін, екіншіден тапсырмаларды қалай орындау керектігі жайында нұсқаулақ дайындап ұсынамын, үшіншіден қажетті əдебиет, ақпарат көздерінің тізімін беремін. Сабақтан тыс уақыттарда да сыни ойлауға арналған кеш, дөңгелек үстел, тренингтер өткіземін. Бұл мүмкіндіктер дұрыс пайдаланғанда оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нəтижесінде еркін, өзіндік дəлел уəждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы сенімді сыни-пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптасатынына сенім мол [1.6 бет]. Оқушыны сыни ойлауға жетелейтін мұғалімнің өзі де сыни ойлауға үйренеді,болжамдайды,қорытынды жасайды.Биология сабақтарында оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету өзіндік көзқарасы қалыптасқан, биологиялық білімдерін өмірде пайдалана алатын, түрлі жағдаяттық жағдайларда шешім тауып, қорытынды жасай алатын тұлға қалыптасады. Сабақтарымда оқушылармен бірге сыни ойлана отырып өзімнің бойымда да бақылау, талдау, қорытынды, интерпретация сияқты дағдыларды дамыттым. Сабақта сыни тұрғыда ойлау тапсырмаларын орындату барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере АКТ-ны пайдалана отырып , диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыттым. Жеті модуль идеяларының ықпалдасатынына көз жеткіздім. Болашақта да сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолдануда əдіс-тəсілдерімді жетілдіремін, жаңа əдіс ойлап табамын. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Выготский Л.С. «Мышление и речь» М.: Лабиринт 2005


2.Тұрғынбаева Б.А. «Зерттеушілік ортада сыни ойлауды дамыту», Қазақстан ПҒА хабаршысы, №2-3, 2012 3.«Республика ұстаздары» педагогика газеті, №13-14, 2010 4.Отарова Н. Сын тұрғысынан ойлау 5.« Биология жəне салауаттылық негізі». -2006. - № 1. - 21-23 б. 6.Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование -2006. -№6. 3-4 б. БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ ƏДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ Төлегенова Райхан Серікқызы Атырау облысы Мақат ауданы Х. Санбаев атындағы орта мектебінің биология пəні мұғалімі

Мектептегі сабақ беру əдістемесіндегі диалогтік оқытудың маңызы үлкен. Диалог– ғылымда танымдық процестің іздеген нəтижеге əр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысты жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Сабақ барысында оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында жүргізілген диалог оқушылардың қызығушылығын, танымын арттырады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде айтып кеткендей, диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатынын атап көрсетті[№1, 43-бет]. Выготскийдің білім беру моделі оқушының диалог құру нəтижесінде білім алады деп жорамалдаған, демек оқушылардың көбірек білетін сыныптастары мен мұғалімдермен жүргізілген диалог болған жағдайда ғана, білім беру жеңіл болады.Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болғанымен, жақын арада даму аймағы аясында қарастырылғандықтан білім беру табысты болмақ деп көрсетті. Биология сабағында диалогтік əңгімені дамыту жолдары. Əдіс-оқу тəрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тəсілдері. Əдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту əдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады,ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда еңбасты нəрсе-оқушылардың танымдық жұмыстары болып табылады. Тəсіл– оқыту əдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, оқушылардың зейінін сабаққа аудару, оқушылардың мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тəсілге жатады. Тəсіл оқу материалдарын түсінуге үлес қосады [№4, 52-бет]. Оқыту тəсілдерінің түрлері:  Ой,зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тəсілдері;  Мəселелі жағдаят тудыруға көмектесетінтəсілдер;


 Оқушылардың сезімдеріне əсер ететін тəсілдер;  Жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тəсілдері. Сонымен тəсілдер оқыту əдістерінің құрамына кіреді, əдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту əдістерінің басты қызметі-оқыту,ынталандыру,дамыту, тəрбиелеу, ұйымдастыру [№7, 56-бет]. Диалогты оқытуды таңдаудағы себебім–менің пəнім биология пəні болғандықтан баланың сөйлеу тіліне көп көңіл бөлу жəне баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір тиімді тəсілі деп ойлаймын. Бұрынғы дəстүрлі əдістерде диалог көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі жəне бірнеше ғана оқушы арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап шығарылатын, сондықтан оқушылар ашылып ойындағысын нақты сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Түрлі курстан өткеннен кейін сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып отырды. Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.Курста оқып келген мұғалімдердің сабағына қатыстым. Олардың оқушыларға диалог құрған кезде қандай жұмыс жасап жатқанын көргім келді. Сол мақсатпен сабақтарына қатысқанымда менде кездесетін проблема оларда да кездесіп жатқандығы байқалды. Сабақтан кейін бəріміз бірлесе отырып, сабағымызды талдау барысында диалогты оқытуды жақсарту үшін не істеуіміз керек деген сұраққа сабағымызда күнделікті диалогты пайдалану арқылы жəне баланы сабақта да, сабақтан тыс сөйлескен кезде де сыни тұрғыда ойлауына ықпал ететіндей сұрақтар қойып отыру керек деген ойға келіп тоқтадық.Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады жəне де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта жəне кеңейте алады. Сыныпта оқушының талқылауға қатысуы бəсекеге қабілетін арттырады, мəселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады. Мерсердің зерттеуіне сəйкес əңгімелесудің 3 түрі бар. 1.Зерттеушілік əңгіме 2.Əңгіме- дебат (пікірталастық əңгіме) 3.Топтық əңгіме [№1, 25-бет]. Іс-тəжірибемде жоғарыдағы үш түрі диалогтің екіншісі қолайлы деп ойлаймын.Өйткені, пікірталасу оқушының ойлау өрісін дамытып қана қоймай, өз сөзін дəлелдеуге тырысады. Əрі өз ойын дəлелдеу үшін ол ізденеді, білімін кеңейтеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дəлелдер бар. Олар: •Оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, түсіндіруіне мүмкіндік береді; •Басқа адамдарда түрлі ойлардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;


•Оқушылардың өз идеяларын дəлелдеуіне көмектеседі; •Мұғалімдерге оқушыларға білім беру барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады жəне де оқушылардың білім алуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта жəне кеңейте алады. Диалогтық оқыту мəселесін осы уақытқа дейін бірнеше педагог ғалымдар зерттеп келген. Атап айтсам, бразилиялық педагог Фриери, орыс педагогы Выготский, француз педагогы Дьюи.Фриери, əр адам оқу процесіне сыни тұрғыда қатысып, басқа адамдармен диалогтық қатысуға қабілетті екендігіне негізделген білім теориясын əзірлеген. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мəнiн өз бетiмeн мeңгeрyiн түciнyi мeн бaғaлaй aлyы бoлып тaбылaды. Мұндaй тəciл бұл үдeрicкe oқyшының өзiнiң дe қaтыcyын тaлaп eтeдi. Ocылaйшa oқyшы дa өзiнiң oқyы үшiн жayaпты бoлaды. Oқyшы мұндaй жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын oртaдa ceзiнiп қaбылдaйды[№5, 56-бет]. Қорыта келгенде осы диалогтік оқытуды пайдалана отырып, биологиядан өзім оқытатын сыныптарда оқушылардың білім сапасының жылма-жыл артып келе жатқанын жəне биология пəніне деген оқушыларымның қызығушылығының артқанын айта аламын. Биология пəні бойынша оқушылардың диалогтік оқытудың тəсілдерін пайдалану арқылы пəндік сапасын көтерілгенін байқадым. Кесте-7 Оқу жылдары 2014-2015 2015-2016 2016-2017

Сабақ беретін сыныптар 6г 7г 8г

Сапа көрсеткіш 55,5% 68,5% 75,5%

Үлгерімі 100% 100% 100%

ХИМИЯ ПƏНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ Утеулиева Айжан Насипкалиевна Атырау облысы Индер ауданы Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінің жоғары санатты химия –биология пəндерінің мұғалімі

Оқушылардың таным белсенділігін арттыру педагогиканың мəңгі проблемасы болды жəне болып келеді. Білім сапасы оқушының білімге деген құштарлығымен,қызығушылығына тікелей байланысты. Қызығушылық деп оқушының бір нəрсеге зейін қоюға, кейбір заттар мен құбылысты танып білуге ұмтылуын айтамыз. Химияда оқушыларды қызықтырып, өзіне тартатын құбылыстар аз емес, тек соларды таба, тани білу керек. Қызығушылық-адамның рухани жəне дене күші дамуының аса маңызды шарттары болып,ой-өрісін кеңейтіп білім алуға итермелейді. Бұл оның іс-


əрекетін жеңілдетеді, бір нəрсеге қызығатын болса, ол кез келген іспен шұғылдану үшін зор қиындықтарды жеңуге дайын тұрады. Оқушы қызықты сабақты зор ынтамен қабылдайды да, əдетте оны жақсы оқитын болады. Оқытудың əртүрлі технологиялары сарапталып,жаңашыл педагогтардың іс-тəжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты-бəсекеге қабілетті маман дайындау. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалім педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзіреті.Жаңа формация мұғалімі-табысы,біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бəсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби шеберлігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Химия пəнін оқыту үдерісін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арттыруға негізделген. Оқу-танымдық қызмет барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан,танымдық қабілеті мен шығармашылдық ойлауы да дамытылады. Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытуға арналған зерттеулердің нəтижелері олардың танымдық қызығушылықтары: - таным үрдісіндегі белсенділігі, білімге қызығушылығы; - өздігінен ізденушілік əрекет жасауға ынтасы; -оқу-танымдық қызметтегі негізгі түйінді мəселені анықтау білігі ; - игерілген білімді талдай білуі; - өз іс-əрекетін бақылау,бағалау көрсеткіштерінде беріледі; Танымдық қызығушылық-тұлғаның қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарына іріктелген бағыттылығы.Бұл бағыттылық тануға, жаңалыққа, тереңірек жəне толық білуге деген ұмытылыспен сипатталады.Танымдық үдеріс жүйелі түрде нығая жəне дами отырып, балаға деген жағымды қарым-қатынасқа негіз болады. Оқушыларда танымдық қызығушылығының болуы-олардың сабақта белсенді,білімінің сапалы болуына, оқуға жағымды түрткісін қалыптастыруға, оқыту үдерісінің тиімділігін арттыруда, белсенді өміршең позицияны ұстауға мүмкіндік береді. Химия сабақтарында қызығушылықты арттыруға былайша қол жеткізуге болады. Оқу мазмұнын ғылым тарихи туралы материалдар жəне шешуі қиын,дəстүрлі емес химиялық есептер шығару мен байыту керек.Есептеп шығару, дəлелдеу, түрлендіру мен зерттеу əдістерінің кереметі мен қызықтылығын үнемі ерекшелеп отырған жөн. Əр сабаққа өзіндік сипат беретін элементтер қосу арқылы жаңаша құру, оқытудың техникалық құралдары, көрнекіліктерді,тапсырманың алуан түрін қолдану арқылы түрлендіріп отырамын. Оқушылардың сабақтағы танымдық белсенділігін өзіндік жəне шығармашылық жұмыстардың алуан түрлерін пайдалану жолымен де арттыруға болады. Интерактивті оқыту əдістері дəстүрлі оқыту əдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тəжірибелерін пайдалану арқылы есте берік


сақтауымен, мəліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке жəне кəсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Бұл бағыт мұғалімнің жұмысын түбегейлі өзгертеді.Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді, себебі оқушы білімді өздігінен іздену арқылы алу керек болса, мұғалім оқушының білім алуына себептер, жағдайлар тудыру керек.Сондықтан сабақты жан-жақты дайындап, сабақ үстінде қандай болмасын оқушы тарапынан əртүрлі сұрақтар туындағанда, қажетті бағдар беріп жіберуіне тура келеді. Сонымен казіргі заман талабына сай мұғалім «білім бұлағы» емес, «білім бұлағына» жеткізуші, яғни білім алу жетекшісі болуы тиіс. Жоғары технологиялар заманында адамға жан-жақтан түрлі ақпарат келіп түседі, сондықтан казіргі заман адамы ақпараттармен жұмыс жасай біліп, қажетін алып қолдана алу бейімділігін қажет етеді. Өз бетінше білім алу– білім сапасын көтерудің бірден бір жолы екенін естен кетірмеу қажет.Сабақты жоспарлау негізі -оқушылардың жұмысын тиімді ұйымдастыру. Дұрыс жоспарланған сабақ барысында оқушыға тек тақырыпты түсіндіріп қана қоймай, олардың игеруге деген ынтасын, танымдық қызығушылығын ұйымдастыруымыз керек. Химия сабақтарында, мысалы 11 сыныпта «Алкандардың қасиеттері» тақырыбын өткенде кинофильм үзіндісін көрсетемін. Мұндай əдіс тақырыпқа деген орнықты нмесе терең қызығушылық оятады. Химия – ерекше пəн,оны химиялық тілді менгермей меңгеру мүмкін емес. Оқушылар көбіне ойларын қазақ тілінен химия тіліне аударуда қиындықтармен кездеседі. Сондықтан мен оқушы ойын дұрыс жеткізе білу үшін сабақты түсіндіргенде ойларын бірнеше əдіспен жеткізуіне жағдай жасауға ұмтыламын, мысалы электрондық нұсқа-сын көрсетуге көшемін. Сандық есептер шығару сабақтарында топтастырамын,осындай бөлу оқушылардың қабілетін арттырады жəне мұғалім мен оқушы арасындағы қарымқатынасты нығайта түседі. Топпен жұмыс барысында топтың əр оқушысы берілген тапсырмаларды орындау барысында өз үлесін қосуға тырысады жəне оқушылардың интеллектуалды қабілеттері айқындалады. Топтастырғанда əр оқушының қабілетін еске ұстаған жөн. Бір топқа шығармашылығы жоғары, сын тұрғасынан ойлайтын оқушыларды, ал келесі топқа ойлауы дұрыс, бірақ сенімсіздіктері басымырақ оқушылар, үшінші топ алгоритмдік деңгейлі оқушыларды бөлемін. Ақпараттық технологияның көмегімен жүргізілетін сабақтарда оқушылар өзін белсенді жəне еркін, оқытушымен тең дəрежеде ұстай алады. Химия сабақтарында ақпараттық технологияны енгізу арқылы сабақтың белсенділігін арттыруға, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға, сабақты шапшаң жүргізуге, өздік жұмыстың көлемін көбейтуге болады. АКТ қолдану арқылы əртүрлі сабақтарға презентациялар дайындап интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолданып отыру арқылы сабақтың тартымды əрі қызық өтетіні анық, əрі оқушы белсенділігін арттырады. Ақпараттық технологиялардың бірі-интерактивті тақта, мультимедиялық жəне онлайн сабақтары.Интерактивті тақтаның


мүмкіндіктері баланы оқытуда бейне жəне ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тақтамен əр сабақты қызықты өткізуді ойластырып жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясын игеруге үйретеміз. Демонстрациялық материалдар даярлау,сыныппен кері байланыс жүргізу үшін интерактивті тақта мүмкіндігі шексіз.Интерактивті тақтаға жұмыстар жүргізу оқушылардың сөздік қорын да байытып, қажетті мəліметтерді еске сақтауына мүмкіндік береді жəне осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады. Сабақта жеткен нəтиже оқушылар қаншалықты материалды игергендігі жəне оның практикалық мəнін түсінгендігіне байланысты. Рефлексияны мына бағытта өткізуге болады 1. Сен сабақта қандай жаңалықпен таныстың 2. Сен не түсіндің ? 3. Бұны сен немен салыстыра аласың ? 4. Бұл нəрсені сен қайда қолданар едің ? 5. Сабақтағы жұмысымызды қалай бағалар едің ? «Химия пəнін оқытуда оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру жолдары» тақырыбындағы баяндамамды қорытындылай келе, өз пəнімде жоғарыдағы əдіс – тəсілдерді пайдалануда төмендегідей нəтижелерге жетуге болатынын көрдім:  түрлі əдістерді пайдалану сабақтың нақты мəнін терең ашуға көмектеседі;  барлық оқушыларды сабаққа қатыстыруға мүмкіндік тудырады;  оқушының əрқайсысының деңгейін анықтау мүмкіндігі туады;  өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді;  өзіне деген сенімі пайда болады;  əр оқушы өзіне тəн қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.

ХИМИЯ ПƏНІН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫРА ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Уткелбаева Гульнар Амангалиевна Атырау облысы Жылыой ауданы №4 М.Əуезов атындағы орта мектептің химия пəні мұғалімі

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім жүйесінің басты міндеті–ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп жазылған.


Осы заңды орындау мақсатында бүгінгі заман талабына сай білімді, білікті мамандарды дайындау ең негізгі мəселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде пəндерді байланыстыра оқыту, оқу – тəрбие үрдісінде пəнаралық байланысты пайдалану арқылы оқушылардың білім деңгейін көтеру мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Пəнаралық байланыс –оқытудың қазіргі кезеңдегі ең көп қолданылатын үрдістерінің бірі. Ол пəндер арасындағы заңды байланыстылықты реттейді, оқушылардың алған білімдерінің бір-бірімен сабақтастығын бір жүйеге келтіреді. Пəнаралық байланыс оқушының меңгерген білімін кешенді түрде пайдалана білуге жол ашады.Бұл мəселенің ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінің білім беру,тəрбие беру,дамытушылық сипатының арасындағы байланысты күшейте отырып,білім сапасын көтеру болып табылады. Химия пəнін оқытуда–биология,физика,математика,география пəндерін білмейінше, қазіргі кездегі химия негіздерін меңгеру мүмкін емес, ал жаратылыстану пəндерін химияны білмей, толық түсіне алмайды. Олай болса, химия пəнінен алған сапалы білім, жалпы оқушы көзқарасының қалыптасуына əсері зор.Химияны оқыту барысында пəнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушылардың атқаратын жұмыстары мен орындайтын оқу əрекеттері де түрліше болады:  білім алушылардың химиядан алған білімдерін қайта жаңғырту, еске түсіру жəне оларды жаңа материалды игеру кезінде қолдану;  арнайы пəндерден алған білімдерін іске қосатын, білім алуда белгілі бір танымдық мақсатты жүзеге асыратын пəнаралық міндеттерді орындауға көмектесетін тапсырмалар мен сұрақтарды орындау;  бағдарламалық материалдарды терең жəне тиянақты игеруге, құбылыстар арасындағы себеп – салдарлық байланыстарды анықтай білуге мүмкіндік туғызатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар орындау арқылы əр пəннің мазмұндық сабақтастығына көз жеткізу:  пəнаралық сипаттағы хабарлама,рефераттар,көрнекі құралдар, кестелер, сызбалар дайындау:  пəнаралық байланыс бойынша алған білімдерін қолдану барысында химиялық эксперимент жүргізу. Пəнаралық байланыс арқылы оқушылардың танымдық қызығулығымен қатар мазмұндық,іс–əрекеттік, ұйымдастырушылық–əдістемелік, практикалық өндірістік т.б қызметтерді жан–жақты белсенділік көрсетуі күшейеді.Пəнаралық байланы ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады.Оқушылардың іс – əрекетке танымдық, кəсіптік дербестігін пəнаралақ байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара байланыста өтеді. Химияны жаратылыстану пəндерімен байланыстыру нəтижесінде теориялық білімнің ғылымилығы жəне оның практикалық мəні ашылады. Химия мен жаратылыстану пəндерінің мазмұнын сабақтастыра отырып,


оқушылардың бүгін алған білімі мен келешекте меңгеретін білімнің байланысын күшейту жəне оларды дамыту мақсатын жүзеге асырады. Мектепте биология мен химияны кіріктіре оқытудың мақсаты – жалғыз бір пəн бойынша білім алып қана қоймай, мазмұны кіріктірілген білімді өзінің іс-əрекетіне оңтайлы пайдалануға, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беруінде. Оқушылардың бір пəннен алған білімін келесі пəнді оқытуда кіріктіре отырып, білімнің ғылыми тұрғыдан кеңеюі мен тереңдеуін, олардың ортақ ұғымдарды саналы меңгеруін, ақпараттық материалдарды тиімді жəне ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету мəселелеріне баса көңіл бөлеміз. Осының нəтижесінде оқушылардың дербестігі, танымдық белсенділігі артады,оқушының рөлі өзгереді. Сонымен қатар, пəнаралық байланыстың химияны оқыту процесінде мазмұндағы есептерді қарастыруда, күрделі есептерді шешуде ерекше маңызы бар. Осындай есептерді шығаруда химияны математика пəнімен байланыстыра оқытамын. Себебі, математика мен химияның бірқатар салалары өзара байланыста болады. Химиялық мазмұнды есептерді шығарғанда қарапайым, процент, пропорция ұғымдарына зор көңіл бөлінуі тиіс. Сонымен бірге химияның математикадағы қолданымын тереңірек түсіндіру үшін, мұғалім химиялық қолданым табатын математикалық материалдарды қай сыныпта, қандай дəрежеде оқылатынын білгені дұрыс. Сонымен қатар оқушыларға мектепішілік, аудандық,облыстық олимпиадаларға берілген есептерден көп қиындықтар кездеседі. Химиялық олимпиада есептерін шығаруда оқушылар математика амалдарының бірнеше түрлерін қолдана отырып шығарады. Оқушылардың математика сабақтарында меңгерген тəжірибелері олардың химиялық есептерді шығаруға үйренуі процесінің маңызды, ажырамас бөлігі болып табылады. Физика мен химия бірін-бірі өзара толықтырып отырады. Құбылыстар мен үрдістерге бірдей теориялар мен заңдарды қолданып отырады. Оларды əр қырынан (физикалық, химиялық) қарастырып зерттейді.Мысалы: молекула-кинетикалық жəне электрондық теория, газ заңдары, электролиз заңдары, диффузия құбылысы т.б.Физика мен химияны оқытудың байланыстылығы заттардың атомдық-молекулалық құрылысын оқыпүйренген кезде ерекше қажет. Қазіргі таңда оқытылатын пəндер оқушылардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше мəн беріле бастады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушының өзі арқылы ойлау қабілетін дамытады. Оқушы белгілі білім жинақтайды, оны өз тұжырымына салып қорытады, қабылдайды. 2017 жылдан бастап оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруда айтарлықтай өзгерістер болып жатыр, ҰБТ – ның жаңа форматы бойынша мектеп бітірушілер ЖОО на түсу үшін екі мамандық бойынша тапсырады. Бейінді пəндер комбинацияланып тапсырылады. Мамандықтарына қарай биолгия+химия, химия+физика сияқты пəндерден тест тапсыру арқылы өз білімін дəлеледей алады. Сондықтан заман талабына сай сабақтарымды


жаратылыстану пəндерімен байланыстыра оқыту арқылы оқушы білімінің жоғары болатынына сенемін. Қазіргі таңда негізгі мектеп оқушыларына пəн мазмұндарын меңгерумен қатар, олардың болашақ қоғам мүшесі ретінде алдын ала өз мүмкінділіктерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін ескеріп, терең əрі жан – жақты білім алуға деген дайындықтарын қалыптастыруға баса көңіл бөлу көзделіп отыр. Зерттеу жұмыс барысында келесі тұжырымдар мен қорытындылар алынды: 1.Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқытудың жағдайын талдай отырып, олардың негізгі ерекшеліктері анықталды: жеке білім беретін пəндерді тереңдетіп оқыту, саралай оқыту, оқушылардың өз қабілеттері, икемдері мен қажеттіліктеріне сəйкес жеке білім траекториясын таңдап алуы; білімі əртүрлі дəрежедегі оқушылардың қабілеттеріне, жеке икемдері мен қажеттіліктеріне сəйкес деңгейлеп оқыту. 2.Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқыту негізгі мектеп оқушыларының мектептің жоғары сатысында болашақ оқу бағдарын саналы түрде таңдап алуға көмек көрсетуші. 3.Химияны жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра оқыту барысында оқушылардың жан – жақты терең білім алуының тиімділігі дəлелденді, ол оқушылардың химияны оқуға деген түрткісінің артуына себеп болады.

ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ САПАСЫН ТОПТЫҚ ЖҰМЫС АРҚЫЛЫ КӨТЕРУ Жунисова Нурзила Муратовна Атырау облысы Исатай ауданы Х.Наубетов атындағы орта мектептің физика пəнінің мұғалімі

Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. А.А.Дистервег Мектеп өміріндегі педагогтардың, əсіресе жас мамандардың негізгі қиындық тудыратын мəселесі-бұл үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. Əрине, қанша біз тырыссақ та, бес саусақ бірдей емес деген ұғым бар. Ол шындық. Əр сыныпта жоқ дегенде 1-2 үлгерімі төмен оқушылар болады. Ал, үлгерімі төмен оқушылар дегеніміз кімдер?Оларға қандай оқушыларды жатқызуға болады? Үлгерімі төмен оқушыларға – ой қабілеті əлсіз дамыған, есте сақтау қабілеті төмен,өз ойын толық жеткізе алмайтын, үй тапсырмасын жиі орындамай келетін, сабаққа деген ынта- жігері төмен, жаңа материалды тез меңгере алмайтын жəне сабақтан себепсіз көп қалатын оқушылар жатады. Оқушылардың сабақ үлгерімінің нашарлауы – бүгінгі күрделі мəселенің бірі. Жалпы, ғылыми тұрғыдан алғанда оқушылардың сабаққа үлгермеушілік мəселесі əлі толық зерттелген жоқ. Педагог үшін ең алдымен оқушыларының


сабаққа үлгермеушілік себебін анықтап алуы өте маңызды. Сабаққа үлгермеушілік себептеріне тоқталсақ, оларға мыналарды жатқызуға болады:  Жекелеген мұғалімдердің сабақтарының сапасыздығы, жаңа материалды тиісінше түсіндіре алмауы, бекіту жұмысының əлсіз жүруі, оқушы білімін есепке алудың болмауы, мұғалімнің тиісті дəрежеде талап етпеуі;  Үй тапсырмасын орындау жұмысын дұрыс ойластырмау жəне тыңғылықты тексерудің болмауы;  Мұғалімдердің өз оқушыларын дұрыс білмеуі,жеке жұмыстың болмауы, танымдық қызығуын дамыта алмауы;  Мектеп əкімшілігі тарапынан тəртіп бұзушыларға уақтылы жəне тиісті шара қолданбауы;  Тəрбие жұмысындағы олқылықтар, оқушылардың сабақтағы нашар тəртібі, өз міндеттерін саналы түрде түсінбеуі;  Бағалаудағы біржақтылық;  Оқыту мен тəрбие үрдісінде сабақтастықтың болмауы;  Сабақтан жиі қалуы;  Оқушының ауырып қалуы;  Ата-аналардың педагогикалық мəдениетінің төмендігі (баласынажағдай жасамауы, əлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың төмендігі);  Отбасындағы жайсыз жағдайлар (отбасындағы түрлі кикілжіңдер);  Ойынның аздығы (баланың құрдастарымен қарым-қатынасқа түсіп, ойнай білмеуі);  Мінез-құлқындағы түрлі ауытқулар (психопатия,мінездің ұстамалығы, ұялшақтық, мазасыздану, т.б);  Интеллектуальдық деңгейінің жетіспеушілігі (зейін,ойлау, қабылдау, т.б қабілетінің төмендеуі) [1] Жоғарыда көрсетілген себептердің барлығы оқушылардың сабақ үлгерімінің нашарлауына ықпал етеді. Баланың теріс мінез-құлқының қалыптасуына алып келетін ең маңызды фактор – сабаққа немқұрайды қарауы, материалды меңгерудегі қиындықтар, сəтсіздіктерді үнемі сезінушілік. Ол мынадай теріс қылықтарға əкеп соқтырады: үй жұмысын орындаудан қашады, кітаптарын тығып қояды, мектеп талаптарына бағынбайды. Олар сабаққа қатысуды қояды, ата-анасына өтірік айтады, «үй жұмысына ештеңе берілген жоқ» деп алдайды, ал, мектептегі ұстазына «кітаптарымды ұмытып кетіппін» деген сияқты сылтауларды көп айтады. Сыныптағы оқушылармен төбелеседі, жаман сөздерді көп қолданады. Сабақтан қашады. Қарап отырсақ, осындай іс-əрекеттер оқушының мінезқұлқын теріс жағына бұрады. Үлгерімі нашар оқушылардың бойында теріс мінез-құлықтың қалыптасуына мұғалімдер мен ата-анадарда ықпал етеді. Үлгермеушіліктің негізгі үш себебі: 1. Физиологиялық; 2.Психологиялық; 3. Əлеуметтік


Физиологиялық-жиі ауру,денсаулығының əлсіз болуы,инфекциялық аурулар,жүйке жүйесі жəне тұқым қуалайтын аурулар, қозғалыс қызметтерінің бұзылуы. Психологиялық себептер–зейін,есте сақтау,ойлаудың даму деңгейі, қабылдаудың төмендігі, сөйлеу қабілетінің жеткілікті деңгейде дамымауы, таным қызығушылықтарының қалыптаспауы, дүнетанымының тарлығы. Əлеуметтік себептер – əлеуметтік жағдайдың төмен болуы, отбасындағы кикілжіңдер, қаңғыбастық, күн тəртібінің дұрыс ұйымдастырылмауы. Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда топтық жұмыс оқушылар арасында əлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу жəне проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді. Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттырудағы зертханалық жұмыстар мен практикалық жұмыстардың тиімділігі жоғары. Мысалы:9-сыныпта «Күшті өлшеудің практикалық тəсілдері» тақырыбындағы тəжірибелік жұмысты орындау барысында сынып 4 топ бойынша жұмыс жасады. І топ: Қысқаша теория. §11. Күш. Табиғатта 3 түрлі механикалық күш анықталған: ауырлық күші, үйкеліс күші, серпімділік күші. Оларға қысқаша теориялық мəлімет беріңдер. ІІ топ. Динамометрдің көмегімен үйкеліс күшін анықтау. Мақсаты: Өлшеу жəне есептеу нəтижесінде алынған үйкеліс күштерінің мəндерін салыстыру. Жұмыстың орындалу барысы: 1. Ағаш сызғыш бетімен бірқалыпты қозғалған ағаш білеушенің Fүйк1 үйкеліс күшін динамометр көмегімен өлшеу. Бұл жағдайда Fүйк1= Fсерп. 2. Тіректің реакция күшіне N тең болатын ағаш білеушенің салмағын динамометрмен өлшеу. 3. Үйкеліс күшін Fүйк2=µN формуласымен есептеу. (Мұндағы ағашпен ағаштың үйкеліс коэффициенті µ=0,5) 4. Fүйк1 жəне Fүйк2 күштерінің мəндерін салыстыр. 5. Қорытынды шығар. Шыққан қорытындыны талда. ІІІ топ. Динамометрдің көмегімен ауырлық күшін анықтау. Мақсаты: Өлшеу мен есептеулер нəтижесінде алынған ауырлық күштерінің мəндерін салыстыру. Жұмыстың орындалу барысы: 1. Динамометрмен ауырлық күшін Fа1 өлше. 2. Таразымен жүктің массасын анықта, оны кг –мен өрнекте. 3. Жүктің ауырлық күшін Fа2= mg формуласымен анықта. 4. Fа1 жəне Fа2 ауырлық күштерінің есептелген мəндерін салыстыр. 5. Қорытынды шығар. Шыққан қорытындыны талда. ІV топ. Серпімділік күшін анықтау. Мақсаты: Динамометрмен серпімділік күшін анықтау. Жұмыстың орындалу барысы:


1.Динамометр серіппесіне жүкті іліп m массасын жəне х ұзаруын өлшеңдер. (Массаны таразымен де өлшеп ал) 2. Тепе-теңдік жағдайында Fа =Fсерп немесе mg = -kх одан (k=mg/х) 3. Серіппеге таңдап алынған жүкті ілген кездегі алынған мəліметтерді пайдаланып, серпімділік күшін анықта. Тəжірибелік жұмыстардың тиімділігі: -Оқу үлгерім 100%, білім сапасының көрсеткіші 70% жетті; - Оқушының пəнге деген қызығушылығы оянды; -Оқушының ойлау қабілеті мен белсенділігі артты; -Өз бетімен жұмыстануға құлшыныстары көтерілді; -Оқушылардың базалық білім, білік, дағдылары жетілді; -Белгілі бір мəселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығы мен серіктестігі қалыптасты. Ынтымақтастық оқу-бұл оқыту мен оқу тəсілі.Аталған тəсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе əлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді. Яғни, оқушылар өзара пікір алмасу мақсатында түсінбеген тақырыптарын жетік меңгеруіне оң ықпал етеді. [4] Қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Lesson Study мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тəжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр «Lesson Study» тəсілімен бірлесіп,жұмыс жасауға ынта білдірген 7 «б» сыныпқа сабақ беретін əріптестермен бірлесіп топ құрылды. 7 «б» сыныбына сабақ беретін бірнеше пəн мұғалімдері бірігіп, бірлесе жұмыс жасауға келістік. «Lesson Study» байланысты сабағым 15 ақпан күні 7 «б» сыныбында физика пəнінен «Атмосфералық қысым. Торричелли тəжірибесі. Барометранероид» тақырыбында оқушылардың сабақ үдерісіндегі іс-əрекетін зерттеу сабағы жүргізілді. Оқыту/оқудағы тəсіл: «Бірлесіп ойлау» мақсатында оқушылар арасында қарым-қатынасты ынталандыру үшін топтық жұмысты пайдалану. Əріптестеріме зерттеу барысында оқушыларымның өз ойын қалай жеткізетіндерін, фактілермен жұмыс жасай алуы, топпен өзара қарымқатынасы, сабақ үстіндегі белсенділігін бақылауды ұсындым. Бүкіл сабақ үдерісі бақылаушылар назарында болды. Бақылаушылар арасында кім қай бақылаудағы оқушыны (оқушыларды) қадағалайтынын келісіп алдық. Lesson Study –ді жоспарлау сызбасы А3 форматына үлкейтіліп топтың əр мүшелеріне берілді жəне олар оны бақылау барысында түсініктемелерін жазып отырып, талқылау кезінде өз жазбаларына сүйенді. А оқушы: Есеп шығару дағдысының жақсы екенін «Ойлан, жұптас, бірік» əдісі кезінде көрсете білді.Сабақ үстінде белсенділік танытты. Топта көшбасшы екендігі көрінді.Топты өзіне қарата білді. Топта ынтымақтастық орнады.Топ мүшелері түгел жұмыстанды, тақырыпты меңгерді.


В оқушы:Жаңа тақырып бойынша постер қорғау кезінде белсенділік танытып пікірлерін білдірді.Топта оқушылар топтық жұмысты ынтымақтаса отырып орнады. Тақырыпты меңгерді. С оқушы:Қосымша мəліметтерді беріле тыңдады, қызығушылығы байқалды. Басқа да оқушылар ойларын ортаға салды. Топ мүшелері бірлесе отырып жұмыстанды. Оның топта жұмыс жасауына көмектесті. Сөздік қоры аз. Сабақ аяғында «Саған не ұнады?» кері байланыс сұрақтарына жауап берді.  Мен бүгін білдім…  Қызық болды…  Қиын болды…  Мен түсіндім, …  Мен үйрендім…  Мені таңғалдырды… Сабақтан соң Lesson Study тобындағы əріпестеріммен сабақ басында алынған мақсаттарды талқылау отырысы өткізіліп, постермен жұмыс жүргізілді. Lesson Study тəсілімен талқылаған сабақтан жақсартуға қажетті мұғалімнің, оқушының тұстары бейбіт,достық қарым-қатынаста, педагогикалық ынтымақтастық аясында талықланып, ой бөлісілді. Мұндай тəсілде кемшілік, сын айтылған жоқ, жағымды түрде достық ақыл-кеңес берілді. Оқыту үрдісін жақсартуда Lesson Study тəсілінің де септігі тиері сөзсіз. Осы əдіс- тəсілдерді пайдалануда оқушылар өз пікірлерін дəлелдеуге, қорытынды жасау,өз ойларын қысқаша,дəл жəне нақты жасауға көмектеседі.Осы əдіс-тəсілдерді пайдалануда оқушылар төмендегідей нəтижеге жетеді: 1. Сабаққа деген ынтасы, қызығушылығы артады. 2. Оқушылар өз бетімен іздену жолдарын үйренеді. 3. Өз ойын, схема, кесте, суреттер, физикалық тəжірибелерді пайдалану арқылы жеткізуге тырсады. 4. Физикалық тілде сөйлеу мəдениетін дамытады. 5. Ізденуі іс- əрекеті қалыптасады. 6. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау ынтасы оянады. 7. Зертханалық жəне сарамандық жұмыстарды өз бетінше жасауға дағдыланады. Үлгерімі төмен оқушылармен сабақ үстінде, сабақтан тыс уақыттарда жұмысты төмендегіше жүргіземін.1.Сабақ үстінде:а) үлгерімі төмен оқушылардан жиі-жиі сұрау,сабақ үстінде оларға барыншамүмкіндік тудыру. Ол үшін: берілетін білімді түсіндіріп айту, оңтайландыру,сұраққа толық жауап алу, жазуға үйрету, жазбаша салыстыру. ə) жолдастарының берген дұрыс жауаптарын жиі қайталатып өз қателерін түзеттіру. б) сол пəнді өте жақсы білетін жолдастарының көмегін ұйымдастыру.


Жаңа əдістерді əр сабақта шеберлікпен қолдана білу пəнді оқытуда үлгерімі төмен оқушылардың сапасын арттыратынына сенімім мол. Сабақта оқушыларды топқа бөліп, топпен жəне жұппен жұмыс істеу арқылы, оқушыда өзіне деген сенімділігі, Жауапкершілігі артып, өз ойын еркін жеткізе алатын,белсенді, өз алдына мақсат қоя алатын,ортада өзін еркін ұстайтын,бір-бірімен пікірлесе білетін, бір-бірін оқыта алатындығын байқадым. Бұл мақсатқа мен бірден жете қойған жоқпын,оқушының өз бетінше танымдық əрекет ету əдістері мен дағдыларын қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар жүргіздім. Ол жұмыстар: тақырыпты меңгеру үшін өз алдына мақсат қоя білу, мəтінмен жұмыс, қосымша əдебиеттермен, электронды оқулықпен,интернет материалдарымен, интерактивті тақтамен жұмыс, тəжірибе жасау, бақылау жүргізу, өзі-өзі бағалау,өзгені бағалау, т.б. Жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде жаңа материалды өздігінен меңгере алатын, бір-біріне көмек бере алатын, өз алдына мақсат қойып, алынған нəтижелерді қадағалайтын, өз ойын еркін жеткізе оқушылар қалыптасты.Оқушылардың пəнге қызығушылықтары, белсенділіктері, жауапкершіліктері артты, қосымша материалдармен жұмыс істеуді үйренді. Пайдаланған əдебиеттер: 1. Айтмағанбетов Б. Оқыту процесін ұйымдастыру. Алматы 1991. 2.Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар.Өскемен, 2005. 3. Тұрғынбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиялары Алматы, 2000. 4.Интернет желісі.

БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ, ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТƏЖІРИБЕМНЕН Жүнісова Сəуле Ғұбашқызы Атырау облысы Махамбет ауданы Алмалы орта мектебінің математика пəнінің І санатты мұғалімі

Білім беру жүйесін жаңартуға Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «Əлеуметтікэкономикалық жаңғырту–Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтсе, «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім беруді жаңарту оқушы білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. Оқушылардың бойында өзіндік білім алу, талдау, құрастыру, қоғамдық өмірде өзін-өзі жанжақты таныту үшін білімін пайдалана білу дағдыларын қалыптастырады жəне қоғамға пайда келтіреді.


Бүгінгі күні ұстаз алдындағы басты міндет-оқушылардың шығармашылығын, ізденушілігін дамытып, əрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін, білімге ынтасын арттыру. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді жəне əлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Математика пəнінің басты мақсаты–оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыруда есептің атқаратын ролі зор. Себебі, есеп шығару – мидың «гимнастикасы». Математика сабағы басқа пəндердің сабақтарынан күрделі, оны түсіну үшін ерінбей еңбек етіп, төзімді болып, талмай оқу қажет. Ал бұл көп оқушының шамасы келе беретін қасиет емес. Сондықтан əр мұғалім оқушының қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіре жүргізсе жақсы нəтижеге қол жеткізуге болады. Оқыту үдерісіндегі басты мақсат–оқушыға дайын білімді беру ғана емес, оларды дербес ойлауға да үйрету. Мұғалім оқушыларға олардың математикалық білімдерінің сабақтас оқу пəндеріндегі, практикадағы қолданбалылығын əрдайым көрсетіп отыруы керек. Мұғалім оқушыларды есептеуге жаттықтырғанмен, көптеген дербес жағдайларды негізінен жалпысын көру біліктілігін жаттықтырғаны керек.Мұғалім жаңа математикалық ұғымдарды енгізу барысында олардың өмірдегі, басқа пəндердегі қолдануын көрсетіп отыруы қажет. Оқушылар іс жүзінде кездесетін есептерді шеше білулері тиіс, ал мұғалім ол үшін осы заманғы ғылыми білімді математикаландыру жетістіктерін сабақта пайдаланып отыру керек. Себебі математикада оқытылатын теңдеулер, теңсіздіктер, олардың жүйелері, функциялар əртүрлі процестердің математикалық моделі болып табылатыны анық.Сонымен қатар модель жасауда əртүрлі математикалық объектілер:сандық таблицалар, əріпті формулалар, қатарлар, геометриялық фигуралар, əртүрлі схемалар, Венн диаграммалары, графтар жəне т.б. қолданылады. Математиканың теориялық негізін есеп түрінде меңгеру оқушының ойын белсендіреді, икемділік, жылылық, тереңдік, жинақылық, жүйелік, т.б. тəрізді қажетті қасиеттерді қалыптастырады. Сонымен қатар, есептер математикалық білім, білік дағды жүйесін қалыптастырудың маңызды құралы, ал есеп шығару - оқу жəне кəсіптік əрекеттің жетекші түрі. Əрбір есептің өзіндік əдістемелік мақсаты да бар. Сондықтан оқушы есепті жылдам əрі қатесіз шығаруға, жаттыға түсуге ұмтылудан гөрі, оны шығармашылықпен шешуге, шешімінен тиісті қорытынды жасай білуге тырысуы қажет. Математиканы үйренумен белсенді шұғылдану, шын мəнінде, есеп шығару. Математикалық есептердің тəрбиелік мəні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік пен табандылық қалыптасады. Тиімді шешімді іздеу жазудың, сызудың ықшамдығы мен мұқияттығын керек етеді. Математика сабағында пəнаралық байланысты негізге ала отырып, сұрақ - жауап, баяндау, проблемалық ситуацияларды туғыза отырып оқушыларды алға қойған мəселені шешуге, шығармашылық жұмыстармен айналысуға, бірін-бірі бағалай алуға,өз ойларын нақты, толық жеткізе білуге көңіл


бөлемін. Осы мақсатта маған 5 сыныпқа арналған «Логикалық математика», 9-11 сыныптарға арналған «Теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу» курстарының көмегі тиюде. Өз тəжірибемде оқушылардың төмендегідей тапсырмаларды орындай отырып, функционалдық сауаттылығы дамып, ақпараттық мəдениеттілігі қалыптасуда.  №1. Біздің ықшам ауданда 5 үй бар. Əрбір үйде 5 мысық бар. Əрбір мысық 5 тышқан аулайды. Тышқандарды ұстай алмаса, əрбір тышқан 5 уыс ұн жейді. Егер əрбір уыс ұн 5 граммға жуық болса, мысықтар тышқанды ұстағанда неше кг ұн сақтап қалады? ( 3, 125 кг )  №2. Егер 8 адам 8 сағатта бір жұмысты бітіретін болса, адамдардың біреуі осы жұмыстың жартысын неше сағатта бітіре алады? (32 сағ )  №3. Делдал 3000 теңгеге тауар сатып алып, 3500 теңгеге оны сатты. Келесі күні осы тауарын 4000 теңгеге қайта сатып алып, екі күннен кейін 4500 теңгеге сатса, делдал осы саудада қанша пайда не қанша шығын көрді? (1000 тң пайда)  №4. Ахметтің анасының 3 баласы бар. Егер олардың үлкенінің аты – Қыркүйек, ортаншысының аты – Қазан болса, кенжесінің аты кім болғаны? (Ахмет)  №5. Бір ауылда 80 үй бар. Осы ауылдағы 60 үйде ат, 50 үйде ешек болса, ауылдағы ең аз қанша үйде ат та, ешек те бар? ( 30 )  № 6. Бір қатарда Қанаттың артында 36 адам бар. Ал Аслан Қанаттан 23 адамнан кейін тұр. Асланныңалдында 51 адам бар болса, онда қатарда неше адам болғаны? ( 65 )  № 7. Бір адам қалаға бара жатыр еді, оған қарсы танысы кездесіп, екеуі ұзақ əңгімелескеннен кейін олар жолдарын жалғастырды. Қалаға қанша адам келді? ( 1 ). Əр түрлі қызықты есептер адам ойының дамуына жетелейтіндігі сөзсіз. Оның ішінде салу есептерінің де маңызы өте үлкен. Осының дəлелі ретінде төмендегідей бірнеше есептерді орындап, ойлау қабілетімізді тексеріп көрейік. Қолыңды қағаздан көтермей, бір рет сызған сызықты екінші рет баспай, берілген денелерді сызып шық. Əрбір фигураға тек бірғана сан сəйкес келетінін ескеріп, берілген цифрограмманы шеш. Ауызша есептеу арқылы 45*0, 3=13,5 екендігін алуға болады. Мысал №2: берілген арифметикалық прогрессиясының тұрақтысы мен алғашқы–мүшесінің қосындысын табу керек. Ой толғау: берілген тапсырмаға қарап, арифметикалық прогрессияның өспелі не кемімелі болатындығын, сəйкес емес жауаптарды алып тастау арқылы берілген есептің дұрыс шешімін тез болады. Бұл уақытты үнемдеуге алып келеді. Осындай əдіс – тəсілдерді табуға практикада есептер шығаруда қолдана отырып, мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, алған білімдерін уақытты үнемдей отырып,тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыруға бағыттаймын. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту жəне сұрақжауап əдістері арқылы жүзеге асатын жағдаяттық тапсырмалар, рөлдік ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын


тапсырмалар арқылы кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады. Осы орайда ұлы ұстаз Абайдың: «Адам ата-анадан туғанда есті болып тумайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады» деген дана сөздерінен адам табиғатының, болмысы мен танымының қалыптасуының өзі осы ізбен жүретінін байқауға болады. Егер оқу үдерісі, балаларға білім, білік, дағдыларды игерту осы ұстанымға негізделсе, нəтижелі болатыны анық. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жж арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / ҚР Үкіметінің 2012 ж 25.06. №832 қаулысы // ресми мəтін. Астана: Əділет, 2012.–14 б 2.ҚР білім беруді жəне ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.2016 ж 1.03. №205 Жарлығы. 3.Қазақстанның əлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ə. Назарбаев // Егемен Қазақстан. 2012. – 10 шілде 4.Білім беру мекемесіндегі мұғалім қызметінің ұйымдастырылу бағыттары. (Əдістемелік нұсқау) Валиева М.-Алматы: ОПҚБАЙ, 2012 5. А.Қ.Əлімов. Оқытуда интербелсенді əдістерді қолдану. Алматы, 2012 Электрондық қор: www.bilimdiler.kz. www.izden.kz www.bilimland.kz www.infourok.ru

МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА МАЗМҰНДЫ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ Коныршиева Асия Олжабаевна Атырау облысы Махамбет ауданы Д.Төленов атындағы мектеп-гимназиясының І санатты математика пəні мұғалімі

Іс жүзінде мазмұнды есептерді шешуді көп кездестіреміз. Есеп шығара білу– оқушының математикалық, логикалық жəне сын тұрғысынан ойлау қабілетінің даму көрсеткіші.Мазмұнды есептер бастауыш сынып математикасынан бастап барлық орта мектеп математика курсында кездеседі. Бірақ берілген тақырыпқа бөлінетін сағат санының аздығына байланысты оларды өз дəрежесінде меңгеру мүмкін бола бермейді. Мазмұнды есептер өте алуан түрлі болып келеді, кейде есеп мазмұнын түсіну қиынға түседі. Оқушылардың есеп шығару барысында іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың қиындығы олардың есеп шығару барысындағы іс – əрекеттеріне, ойлау қабілеттеріне жүйелі де тиянақты талдау жасалмайына байланысты екенін мектеп тəжірибесі көрсетіп отыр. Мазмұнды есептер қандай да бір нақтылы оқиғаның сөздік моделі болғандықтан, есеп мазмұны бойынша оқиғаны ойша көз алдына келтіруге немесе көрнекі құралдар


арқылы оның заттық моделін жасауға болады.Жаңа техника мен технологияны меңгеріп, басқару үшін алып шығатын жалпы дайындық құрамына сапалы математикалық білім ауадай қажет. Мазмұнды есептерді шығарудың дайын əдісі жоқ, бірақ та осы есептерді шығару үшін келесі схеманы пайдалануға болады . 1. Белгісіз шамаларды анықтау. Көп жағдайда белгісіз шама деп есептің шартындағы ізделінді шаманы алған дұрыс. Осы тəсілді ең бірінші кезекте қарастыру керек , бірақ кейде басқа шамалар арқылы теңдеулерді құрастыру жеңіл, оларды тапқаннан кейін, нақты ізделінді шаманы табуға болады. 2. Теңдеу құрастыру. Теңдеулер құрастыру барысында есептің барлық шарттарын пайдаланған жөн . Теңдеулер саны мен белгісіздер саны бірдей болу керек. 3. Ізделінді шаманы табу керек . Егер бөгде түбірлер пайда болса , онда оларды есептің шартына байланысты алып тастау керек. Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ – ге əзірлеуде өзім қолданып жүрген кейбір мазмұнды есептерді шешу тəсілдерін ұсынып отырмын.[5,27] Мазмұнды есептерді төрт негізгі тақырыпшалар бойынша қарастыруға болады: 1.Сандық тəуелділіктер; 2.Проценттер, қоспалар, ерітінділер; 3.Қозғалыс есептері; 4.Бірігіп жұмыс атқару есептері; Есептер негізінен теңдеу немесе теңдеулер жүйесін құру арқылы шығарылады. Сандық тəуелділіктер Сан жəне цифр түсініктері бірдей емес. Цифр деп бір таңбалы сандарды атайды (0 – ден 9-ға дейін, барлығы 10 цифр бар). Сандар цифрлардің көмегімен жазылады жəне сандарды жазудың ережелері бар. Ереже бойынша а жəне в цифрлары көмегімен жазылған екі таңбалы сан 10а+в өрнегімен беріледі, ал а,в,с – цифрлерімен берілген үш таңбалы сан 100а+10в+с өрнегімен анықталады. Мысалы, 654=6*100+5*10+4 Теңдеулер құрастыруға осы қарапайым формулалар қолданылады. .[5,31] Есеп: Екі натурал санның біреуі екіншісінен 4-ке кем, ал көбейтіндісі 192-ге тең. Осы натурал сандарды тап. х у 4 Шешуі: теңдеу жүйесін құрып, шешкенде 12 жəне 16 ху 192 сандары шығады. Жауабы: 12 жəне 16 Проценттер, қоспалар, ерітінділер Процент – бөлікті көрсету қажеттілігінен шыққан ұғым. Бір процент дегеніміз – жүзден бір бөлік, яғни 1% = 1/100. Айталық, 200 тоннаның 5%-і ол 200 тоннаның 5/100 бөлігі, яғни 10 тонна. Тестік есептеулерде жиі кездесетін проценттерді атап өтейік. 50 = 50/100 = ½ (жартысы); 25%= 25/100 = ¼ (ширегі); 75% = 75/100 = ¾


Есеп. Токарь 3 күн жұмыс істеп, 208 деталь дайындады. Бірінші күні ол нормасын орындап, екінші күні нормадан 15 % асыра орындады. Ал үшінші күні екінші күнге қарағанда 10 детальға артық дайындады. Токарь əр күн сайын қанша детальдан дайындап еді? .[2,158] Шешуі: 1 күн-х, 2 күн-1,15х, 3 күн-1,15х+10 Шешуі: 1-күн – х 2-күн – 1,15х 3-күн – (1,15х+10) Барлығы 208 Теңдеу: х+1,15х+(1,15х+10)=208 Жауабы: 60, 69, 79 деталь Қоспаларға қатысты есептердің шешімдері «концентрация», «проценттік құрам»,«ылғалдылық» т.б. түсініктерімен байланысты жəне келесі келісушіліктерге негізделген: ‐ қарастырылған қоспалар, ерітініділер біртекті болып саналады; ‐ литрді көлем бірлігі ретінде қарастырумен масса бірлігі ретінде қарастырудың айырмашылығы жоқ. Есептер, көбінесе, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесіне келтіріледі. Қоспа болып табылған зат бірнеше заттан құралады. Теңдеулер жүйесіндегі бір теңдеу, əдетте, заттардың салмағына байланысты, ал екіншісі олардың концентрациясына байланысты құралады. .[3,29] Есеп. 30%-дық тұз қышқылының ертіндісін 10%-дық ерітіндісімен араластырды да 600г 15%-дық ерітінді алды. Əр ерітіндіден қанша грамнан алынған еді? Шешуі: 1) х – 30% ерітінді 2) У - 10% ерітінді Есептің шарты бойынша: х у 600 х у 600 0,3х 0,1у 90 3х у 900 Х = 150, у = 600 – 150 = 450 Жауабы: 150г, 450г Қозғалыс есептері Алдымен қозғалыс есептерін анықтап алайық: 1.Құрғақ жердегі қозғалыстта қозғалыс жылдамдығы көлік жылдамдығына тең («қозғалыс жылдамдығы» дегенде біз қозғалыстағы адамның жылдамдығын түсінеміз); 2.Тынық судағы (көл, бассейн) қозғалыс жылдамдыығы қайықтың жылдамдығына тең; 3.Ағынды суда егер өзінің жылдамдығы х болатын дене жылдамдығы у-ке тең өзен ағысымен қозғалса, дене у+х жылдамдығымен, ал ағысқа қарсы қозғалса х-у жылдамдығымен жүзеді. 4.Меншікті жылдамдығы жоқ дене өзен ағысымен қозғалса, козғалыс жылдамдығы ағын жылдамдығына тең. Сонымен қатар, қозғалыс есептерінде келісушіліктер қабылданған:


-арнайы ескерулер болмаған жағдайда қозғалыс бір қалыпты болып саналады; -жылдамдық оң таңбалы шама болып саналады; -қозғалыстың жаңа кестесіне көшу лезде іске асырылады. Қозғалыс параметрлерін байланыстыратын негізгі формула: s=vt, мұнда s-жолдың ұзындығы, v-жылдамдық, t-уақыт. Есеп. Велосипедші 15 км қашықтықты жүріп өтуі керек еді. Белгіленген мерзімнен 15 минутқа кеш шыққандықтан жылдамдығын 2 км/сағ арттыруға тура келді. Сөйтіп велосипедші баратын жеріне белгіленген уақытында жетті. Велосипедші қандай жылдамдықпен жүруі керек еді? Шешуі: 1) х км/сағ – жылдамдықпен жүру керек еді. 2) (х+2) – жылдамдықпен жүрді. Есептің шарты бойынша : , осыдан х1= -12; х2=10; х1= -12 х х есептің шартын қанағаттандырмайды, себебі жылдамдық теріс санмен өлшенбейді. .[1,27] Жауабы: 10 км/сағ Өздік жұмыс үшін берілген есептер: 1.Моторлы қайық ағынсыз суда 54 км жолды жүруге кететін уақытты өзен ағысымен 28 км, ағынға қарсы 25 км жол жүрді. Егер өзен ағысы жылдамдығы 2 км/сағ болса, онда қайықтың ағынсыз судағы жылдамдығын анықтау керек. 2.Электропоезд А станциясынан В станциясына қарай жүріп кетті. Барлық АВ жолының 75% - іне тең 450 км жолды жүргеннен кейін, ол жолға түскен қардан жүре алмай тұрып қалды. Жарты сағатта жол тазаланып болған соң, машинист поездың жылдамдығын 15 км/сағ – қа арттырды да, В станциясына кешікпей келді. Поездың бастапқы жылдамдығын табу керек. №359. (С тобының есебі) Əуежайдан бір уақытта ұшып шыққан ұшақтардың біреуі батысқа, ал екіншісі оңтүстікке бет алды. Олар 2 сағ ұшқаннан кейін бір-бірінен 2000 км қашықтықта болды. Егер бір ұшақтың жылдамдығы екіншісінің жылдамдығының 75%-індей болса, онда əрбір ұшақтың жылдамдықтары қандай?[2,113] Шешуі: 1-ұшақ – 0,75х км/сағ 2-ұшақ – х км/сағ 2 сағ кейін: 2х 2000км 1-ұшақ – 1,5х км/сағ 2-ұшақ – 2х км/сағ 1,5х 2 2 П.т.б.: 2,25х +4х =4000000 6,25х2=4000000 х2=640000 х=800 (км/сағ) 1. Жауабы: 600км/сағ, 800км/сағ


Адамның ерекше қасиеттерінің бірі - есепті дұрыс шеше білу. Менің мақсатым - əр түрлі қиындықтағы есептерді дұрыс шығара білуге үйрену. Біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Сондықтан əрбір мектеп оқушысының алдында тұрған міндеті–қазіргі заманғы математикалық логиканың негізін түсіне білу, олимпиадалық есептерді шеше білу. Қабілетті оқушылардың математикалық даму дəрежесі есеп шығарудан анық байқалады.Кез келген есепті шығару оқушыдан үлкен еңбекті,ерен күшті,табандылықты,төзімділікті талап етеді.Қорытындылай келе, оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамытуда олардың: білімдерін игеру арқылы мүмкіндігін шыңдап,өз биігіне көтеретін,ізденіп, іс əрекет жасайтын , білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыруымыз керек. Пайдаланған əдебиеттер: 1.Математика.Тест жинағы. Астана. 2009 – 2014. 2. Ш. А. Алимов, Ю. М. Колягин и другие . Алгебра. 8-сынып оқулығы. 3. «Математика» республикалық журнал №1,5 2012. 4. Киябаева З.Н. Математика есептер жинақ 2013. 5.Ұлттық тестілеу орталығы «Математика–оқу əдістемелік кұрал- 2013, 2014.

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ Марданова Мира Сайыновна Атырау облысы Исатай ауданы Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің математика жəне информатика пəні мұғалімі

Қазақстан Республикасы Президенті–Ұлт Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаевтың 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нəтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп бүгінгі таңда ұстазға жүктелер міндеттің маңызына тоқталған болатын [1]. Əлемде білім беру ісінің нəтижесін бағалай білудің өзіндік тəжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл ретте оқушының қаншалықты білім алғандығы емес, оның алған білімін қаншалықты пайдалана алатындығы маңызды болып отыр. Оқушылардың дамуын жақсарту үшін мұғалім оқыту үдерісінде жаңа əдіс-тəсілдерді өз тəжірибесіне


енгізе білуі тиіс. Мен шығармашылық ізденісте жүріп, өзімнің проблемалық тақырыбымды «Математика сабақтарында қолданылатын жиынтық бағалау тапсырмаларын критериалды бағалау»деп алдым. Мақсаты: бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сəйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыру. Менің таңдаған тақырыбым халықаралық бағдарламаның негізінде іске асатындықтан оқыту мен оқу үрдісінде маңызды орны бар деп есептеймін. "Қойылған мəселелер оқушылар үшін мəнді болу керек, ол оқушылар қызығушылығынан туған жағдайда ғана мүмкін"[2] (Дж.Дьюи,2000) Күтілетін нəтиже: Оқушы мен мұғалім арасындағы байланыс орнайды, оқу үдерісі барысында оқушыға қателіктерді дұрыстауға мүмкіндік береді, оқушының оқуға деген ішкі уəжін оятады. Əрі оқушыны бағалауда мұғалім олардың деңгейін таниды, шынайы бағалау болады. Критериалдық бағалау - сыныптағы бағалау тек қана техникалық тəсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дəрежеде обьективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы жəне уəжі туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік жəне күш- жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады" [2] (Александер, 2001). Баға баланы əрі қарай дамытуы үшін күнделікті баға «ынталандыру үшін» қойылу керек. Баға қою оқушыға əсер етеді, бағалауға өзі де қатыса алатындығын, өзінің де жеке тұлға екендігін сезінеді. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, бірін бірі бағалауы қызығушылық тудыратыны сөзсіз. Ал бұл əрекет–білім алуға түбегейлі ықпал етеді. Балалардың өздерін-өздері бағалай алуы арқылы өздерінің оқуын қалай жақсартуға болатынын түсінеді. Мен 2014 жылы Алматы қаласындағы "Өрлеу" біліктілікті арттыру курсынан дəріс алып, сертификатталдым. Ал биылғы оқу жылында педагогикалық шеберлік орталығынан «Критериалды бағалау бойынша мектеп координаторының біліктілігін арттыру курсынан» өткен болатынмын. Білігімді арттыра отырып, мен дəстүрлі сабақ пен қазіргі таңдағы жаңа технологияны пайдалану арқылы білім берудің арасында көп айырмашылықтың бар екенін түсіндім.Осы Кембридж оқыту технологиясының негізге ала отырып, мен 7 модульді де меңгердім. Енді 7 модульдің ішінде қай модулді тереңірек зерттесем, қай модуль математика пəнінде тиімді нəтиже береді деп ойландым. Критериалды бағалау–оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сəйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс[3]. Критериалды бағалау міндеттері: *Оқу үрдісінің əрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;


*Оқу бағдарламасына сəйкес оқытудың мақсаты мен нəтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы; *Əрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; *Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; *Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; *Оқу үрдісін ұйымдастырудың жəне оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы жəне ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету. Қазіргі жаңарған үрдіске сай менің тəжірибемдегі математика сабағында жиынтық бағалау тапсырмаларын орындатқан кездегі оқушылардың білім, білік дағдыларындағы өзгерістер қандай? Сіздердің назарларыңызға соны ұсынбақпын. Əр тарауды өткеннен кейін жиынтық бағалау тапсырмаларын орындап болған соң, А, В, С, Д критерийлері бойынша берілген тапсырмалардың оқушыларға ауыр, жеңіл тигенін білу мақсатында рефлексия жаздырып отырдым. Оқушылардың пікірін білу маған қызықты əрі өз қызметімді ары қарай жетілдірудің тиімді тəсілі болды. Оқушылардың басым бөлігі тапсырмалардың ұнағандығын, қиын тимегендігін, ал кейбір оқушылар тақырыпты уақытында түсініп отырсаң, дайындалсаң жиынтық бағалау тапсырмалары қиын тимейтіндігін жазыпты. Мирас деген оқушым «Апай бізге мұндай тапсырмаларды тақырыпты ешуақытта ұмытпасын деп беретін сияқты»,- деп жазса, бір оқушы жиынтық бағалау тапсырмаларын орындау кезеңінде уақытты ұтымды пайдаланудың маңызын жазыпты. Ал Рысгүл атты оқушым «Тарауды, бөлімді аяқтаған соң орындайтын сынақ тапсырмалардан нəтижелі жақсы баға алу үшін күнделікті өтілген тақырыптарды үйренуге, дұрыс түсініп алуға, немқұрайлы қарауға болмайтынын айтыпты. Егер тақырыпты уақытында меңгермесең, онда жиынтық бағалауда ешнəрсе жаза алмайсың» депті. Əрине, оқушылардың мұндай ойлары мұғалімді ары қарай жұмыстануға, зерделеуге ұмтылдырады. Тапсырмалардың бағдарлама талабына жəне жас ерекшеліктеріне сай болуын көздеймін.Сабақ кезеңінде оқушылардың өздігінен дағдыланбаған тапсырманы қорытынды сынақ- тапсырмада орындату бүкіл сыныптың төмен баға алуына себеп болады. Бұл оқушының қызығушылығына, ынтасына кері əсер етеді. Сондықтан сынақ- тапсырмада орындауға тиісті білім- білік дағдылары бағдарлама міндеттерін орындауды көздеуі тиіс. Сынып оқушыларының жиынтық бағалаудағы жақсы көрсеткіші - күнделікті білім-білік машықтарының, топтасып білім алудың, бір-біріне сын көзбен қараудың, білімдерін бағалаудың, ой еркіндігінің, бір- біріне үйретудің көрсеткіші. Ата- аналарды да сабаққа кезек қатыстырып, қазіргі оқыту жүйесінде бақылау жұмыстарын алудың үлгілерін көрсеттім. Олар балаларының орындаған жұмыстарын көріп, өз кездеріндегі оқытумен салыстырады, қазіргі балалардың сабақ кезеңіндегі еркіндігін, қазіргі білім берудің артықшылығын сөз етеді. Ал бақылау жұмыстарынан «Балам неге төмен баға алды?» деген ата- ана сұрағына оқушының жиынтық бағалаудағы жұмысын көрсетемін, ондағы ұпаймен есептелген бағалауды көріп, бағаның


нақтылығына көз жеткізіп, одан ары қарай «Мен балама қандай көмек бере аламын?» деп кеңес сұрайды.Тəжірибе көрсеткендей қалыптастырушы бағалауда бір критерий бойынша дескриптор дайындалып, ұпаймен бағаланатыны, күнделікті алған білімін меңгеру деңгейін анықтайтыны, жиынтық бақылау жұмысына дейін оқушының білімін жүйелейтіні, кездескен қиыншылықтарын қалыпқа келтіруге оқушыға мүмкіндік беретіні анықталды. Жиынтық бағалаудың ерекшелігі: бір тараудың, модульдің немесе блоктың соңында білімді қорытындылау кезінде жүргізіледі; бақылау, сынақ жұмысы, тест, сұрақтарға жазбаша жауап беру т.б. түрінде алынады; мұғалім əр оқушының өткен шақтағы білім деңгейлерін анықтап, нақты оқу жетістігі анықталады; қай тақырыпты қайталау, қандай коррекциялық жұмыс жүргізу керектігін анықтайды; əр оқушының жеке ерекшелігін ескере отырып, оқытудың жеке траекториясы алынады; əрбір оқушының жеке дамуын бақылауға мүмкіндік беріледі. Ал жиынтық бағалауда оқушының нақты оқу жетістігі бағаланады. Жиынтық бағалау жұмысында, тест құрастыруда, ұпай санын белгілеуде М.М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы» əдістемесін,БЛУМ таксономиясының барлық критерийлерін жəне Назарбаев Зияткерлік мектептері мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулықты толық қолдануға тырыстым. Критериалды бағалауды тəжірибемде қолданудан түйгенім: білім берудегі өз іс-əрекетіңе, оқушы ісəрекетіне сын көзбен қарап, үнемі ізденісте болып, зерттеу мен оқыту қатар жүретін бағалау түрі екендігін түсіндім. Бағалаудың ерекшелігі мен тиімділігі жайлы оқушылардан, əріптестерімнен сауалнама алдым. Бағалау өлшемдері мен Блум таксономиясына сай сынақ тапсырма құрастырудың шынайылығы мен əділдігі жөнінде оң пікірлерін білдім. Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы: 1.Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау; 2.Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нəтижеге, бағытқа жеткізу; 3.Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау; 4.Əртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б); 5.Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау; Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз. Қорыта айтқанда, əрбiр жеке тұлғаның болашағы өз мектебiнде шыңдалады. Мектептегi бiлiм-барша əлем тыныс-тiршiлiгiнiң iргетасы екендiгiн ұғынсақ,қазiргi оқыту жүйесiндегi жаңаша мазмұнды өз мектебiмiзге енгiзуге жұмыстану– бүгiнгi мектептегi көшбасшы- мұғалiмдерге үлкен мiндет жүктейтiндiгiн ұғынуға болады. «Өзiнiң көре бiлгенiн өмiрде жүзеге асыруға көмектесетiн көшбасшыға тəн ерлiк қызметтен емес, құштарлықтан бастау алады»- дейді Джон Максвелл[5]. Əдебиеттер тізімі:


1.ҚРПрезиденті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 2014.17.01. 2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші деңгей «НЗМ» ДББҰ ,2012 . 3. Критериалды бағалау бойынша нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ , 2016. 4.Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы. Тестілер жəне оны құруға ұсыныстар. 5.А.Əлімов «Интербелсенді əдістемені ЖОО-да қолдану мəселелері» Алматы, 2013. 6. ІІ деңгей үлестірмелі материалдар, екінші апта, үшінші басылым, 2012. 7. Ғаламтор сайттарынан алынған мəліметтер. 8. «Алгебра жəне анализ бастамалары», 10 сынып, Мектеп, 2014. 9. «Алгебра жəне анализ бастамалары», 10 сынып, есептер жинағы, Мектеп, 2010.

МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДАҒЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ Рскалиева Эльмира Махсотовна Атырау облысы Исатай ауданы Ж.Мырзағалиев орта мектебінің жоғары санатты математика-информатика пəнінің мұғалімі

Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тəсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданылатын кез келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дəрежеде объективті немесе жеткілікті дəрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы жəне ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін-өзі бағалау, қабілеттілік жəне күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. [1] Математиканы жеткіліксіз меңгеру, оқушылардың болашақта еңбек нарығында толыққанды қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерінде жағымсыз салдарға ие болуы мүмкін. Бағалау – оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куəліктері жоспарлы жəне жүйелі жинақталған кез келген қызмет түріне қатысты ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) жəне оқыту үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Қалыптастырушы бағалау жүйесінің мақсаты: бағалау негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу жəне оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Күтілетін нəтиже: 1.Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейтеді; 2.Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасайды; 3. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: – білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы;


– мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; – ата-аналарға оқу нəтижелерінің деңгейлері туралы ақпарат беріледі; Бағалау төмендегідей қағидаттарға сəйкес жүзеге асырылады: Шынайылық пен сенімділік. Ашықтық жəне қолжетімділік. Үздіксіздік. Дамуға бағыттау. Бағалаудың түрілері мұғалімдерге: - Сапалы нəтижеге əкелетін критерийлер құрастыруға; - Өз іс-əрекетін саралап жəне болашаққа жоспарлай алатын мəліметтер алуға; - Сабақ берудің сапасын арттыруға; - Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың əр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға; - Бағалаудың əртүрлі əдістерін пайдалануға; - Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге. Оқушылар үшін: -Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың əртүрлі əдістерін пайдалануға; - Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; - Өзін жəне өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; - Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге; Ата-аналар үшін: - Баласының білім сапасының дəлелдемелерімен танысуға; - Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға; - Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады. Қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері: -оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады, баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі, білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нəтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау оның күнделікті практикамен сабақтасып жатқандығында жəне бұл оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасындағы қолайлылық білім сапасына да елеулі əсер ететіндігін айқындайды. Қалыптастырушы бағалаудың мақсаты-оқыту процесінде оқушы мен мұғалімнің оқыту процесінде алынған аралық нəтижелерін түзету қызметі негізінде болып табылады.Тапсырма беру кезінде мұғалім бірлесіп оқушылардың нəтижелерін жақсарту үшін түзету қызметін көздейді. П. Блэк пен Д. Уильям «Оқушылардың білімдерін бағалау оқу-тəрбие процесін арттыруда тиімді тəсіл»,-деп көрсеткен. Қалыптастырушы бағалау тəсілінің ерекшелігі: оның күнделікті практикамен сабақтасып жатқандығында. Оқу процесінде бағалаудың негізгі қызметі оқушыны мақсатқа қол жеткізу үшін оқыту болып табылады. Ал, мақсатқа жету дегеніміз, ол сабақ соңындағы оқушыдан күтілетін нəтиже болып табылады. Қажетті нəтижеге қол жеткізу үшін мақсат айқын жəне


дайындалған тапсырмаларға қойылған жетістік критерийлері оқушыға бақытталған болу керек, сонымен қатар мұғалім сабақ барысын тиянақты түрде жоспарлауы керек. Оқушы кері байланыс арқылы сабақтың өн бойында жүргізілетін қалыптастырушы бағалаумен бағаланып отырғаны абзал. Қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыра отырып, мұғалім сабақтың алғашқы бөлімдерінде оқушыға берілген тапсырма бойынша проблеманы анықтап, түзету жұмыстарын жүргізу арқылы, оқушының тапсырманы түсінуіне, оны біртіндеп орындауына, жұмыс қорытындысы бойынша өзінөзі бағалауына мүмкіндік туғызады. Қателіктер жасалуы мүмкін. Егер біз қате жібермесек, бұл барынша жоғары қарқында жұмысты жеңіл істейтіндігімізді білдіреді. Біздің нені жақсартуымызды көрсететіндіктен қателер жіберу пайдалы. Егер сіз келесі жолы қателерді болдырмаудың жолын табатын болсаңыз жəне шын мəнінде меңгеретін болсаңыз, қателер сіз үшін пайдалы болады. Сонымен қатар, оқушы жұмысына бірнеше пікір жазбау керек, керісінше пікір оқушы қай жерден қателескенін түсінуіне жəне оны қайтадан орындап нəтижеге жетуге жұмыстануына бағыт бағдар берілуі керек. Сілтеме жетістік критерийінің негізінде жасалуы керек. Пікір берілген кезде мынадай үш түрлі бағытта берілген жөн: Ескерту жасау. Қадамдық көмек, яғни алгоритмін ұсыну.Мысалдарды үлгі ретінде ұсыну. Мұғалім тапсырма, оған сай дескрипторларды дайындаған кезде, оның мақсаты мұғалімнің оқушыға қалай түсіндіруіне байланыстылығы емес, оқушының қалай орындайтындығына бағытталған болуы керек. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын төмендегідей үлгіде ұсынуға болады. {қосымша 2} Қалыптастырушы бағалаудың артықшылығы:  алдын-ала ұсынылған бағалау шкаласы;  анық, айқындылығы;  бағаның əділдігі;  өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі  Негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек.  Критерий оқушының бағдарламаға сай алынады.  Əрбір жетістік балмен жəне дескриптор арқылы белгіленеді.  Тоқсан соңында əр критерий бойынша негізгі бақылаудан алынған орташа балл есептелінеді. Қорыта келе, Теодор Сайзердің «Баға беру жəне есепке алу – керемет мақсаттар. Білім алу үдерісіне кедергі тигізбейтін жəне біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да əділ баға беретін жүйе...» дегендей, қалыптастырушы бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалімге олардың іс-əрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып, жүйелі түрде кері байланысты қамтамасыз етеді. Кері байланыстың əсерінен мұғалімдер өздерінің оқу үдерісін ұйымдастыруға белсенді қатысады. Ол


үшін мұғалім оқушылардың оқу нəтижелерінің өзгеруіне байланысты оқыту жəне оқудың жаңа əдіс-тəсілдерін, техникасын өзгертіп отыруы қажет. Мұндай бағалау жаппай тəжірибеде мұғалімнің қалыптастырушы бағалаудың теориялық негіздерін жəне оны ұйымдастырудың алгоритмін меңгерген кезде ғана жүзеге асады. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық . 2.Білім беру қызметкерлерінің бірінші Республикалық педагогикалық оқулары «Педагогтың кəсіби өсуі-білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» баяндамалар жинағы. 3.ІІ деңгей бойынша үлестірме материалдары, НИШ. 4.Формативное оценивание на уроках математики. Практическое пособие для учителя.

ИНФОРМАТИКА ПƏНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ƏДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ Сабырғалиева Дамеш Идрисқызы Атырау облысы Индер ауданы Б.Нысанбаев атындағы орта мектептің ПҚМК бағдарламасы бойынша сертификатталған жоғары санатты информатика пəні мұғалімі

Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кəсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану міндеті қойылған. [1] Таным əрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы əдістемесі ретінде интербелсенді оқу/оқыту білім игеру процесіне қатысушылардың (үйренуші мен үйренушілердің) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. «Интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқу/оқыту,диалог арқылы үйрену/үйрету,яғни «үйретуші-үйренуші», «үйренуші-үйренуші», «үйренуші-өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («əңгіме», «сұхбат», «пікірлесу», «бірлескен əрекеттер»). Интербелсенді оқу / оқыту білім игеру процесін мынандай ұйымдастыруға ынталы: 1) барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мұмкіндік жасау.2) Əрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау.3)Үйренушілер білімді өздігінен


құрастыратын орта құру[2]. Интербелсенді оқуда/үйренуде білім алушылар мынындай білім, білік, дағды , машықтарға үйренеді: - Терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту; - Өз идеялары мен əрекеттерін талдау жəне оларға баға беру; - Ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алу; - Ақпаратты жан-жақты талдау; - Өздігімен жаңа түсінік мен білім құрастыру; - Оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік позиция (көзқарас, дүниетаным) ұстану; - Пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дəлелдеу; - Шешім қабылдау жəне қиын мəселелерді шешу; - Басқалармен тиімді қарым-қатынас құру, өзара əрекеттесу Интербелседі оқуды ұйымдастыру ережелері «Интербелсенді оқуды неден бастау керек?» деген сұраққа жауап бергенде, мен ең алдымен келесі ережелерді ұстану қажет деп есептеймін.[5] Бірінші ереже. Сыныпты жұмысқа дайындау. Тиімді жұмыс жасау үшін сыныпта (сынып бөлмесінде, кабинетте) компьютер, LCD- проектор, тақта (оған қоса жылжымалы тақта да болса тіпті жақсы) немесе интербелсенді тақта, қол астында бор, флипчарттар (плакаттар), маркерлер, А-4 форматындағы қағаз болған дұрыс. Екінші ереже.Топқа бөлу. Əр сабақта оқушыларды шағын топтарға бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Үйренушілерді шағын топтарға 4-5 адамнан бөлген тиімді, олар партада жағалай бір-біріне бет қаратып отырады. Мұндағы басты мақсатүйренушілердің бір-бірімен тиімді қарым-қатынас құрып, ортақ тіл таба білуіне ықпал жасау. Кез келген адаммен тіл табыса білу- ең басты дағды мен құзыреттіліктердің бірі. Үшінші ереже.Мақсаттарды жəне күтілетін нəтижелерді айқындау. Əр сабақтың басында бүгін қарастырылған тақырып бойынша ұстаз өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап,үйренушілерден қандай білім,білік,дағды,əрекеттер күтетіндігін жеткізеді «Сабақта мен қандай білім аламын? Ол үшін мен қандай жұмыс пен əрекеттер атқаруым керек? Бұл білім маған қандай пайда бермек?» деген сұрақтар төңірегінде ой –толғаныс жасауға шақырады. Төртінші ереже.Жұмыс ережелерін қабылдау. Сабақ басында жұмыс ережелерін қабылдап, оларды əрі қарай қатаң ұстану үйренушілерді тəртіпке шақырып,тиімді əрі үнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы.Ол үшін əрбір шағын топ бұл мəселені 1-2 минут талқылап алғаннан кейін,олардың ұсыныстарын көлемді параққа түрлі түсті маркерлермен жазып,сыныптың көрнекті жеріне іліп қоюға болады. Ережелер сан–алуан болуы мүмкін, біреу сөйлегенде оның сөзін бөлмейік!


Тұлғаның жеке басын сынамай,көз-қарас пен пікірді сынайық! - Қысқа да нұсқа сөйлейік! - Уақытты үнемді əрі тиімді пайдаланайық! - Біз үшін əрбір пікір құнды! - Жекелей жұмыс жасағанда,бір-бірімізге бөгет жасамайық! т.с.с Бесінші ереже.Сенім жəне жұмыс атмосферасын қалыптастыру . Үйренушілерді психалогиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет.Əдетте сабақтан келгендердің бəрі оқуға белсене араласып кетуге дайын емес,өйткені олардың өздерін ыңғайсыз сезінуі мүмкін. Алтыншы ереже.Барлық үйренушілер жұмысқа қатынасады. Интербелсенді əдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан ,əр қатысушының жұмысқа белсене қатысқандығы абзал.Үйренушілердің білімін игеру жұмысының , оның ішінде бірлескен жұмыс əрекеттерінің қызықтты əрі тартымды екендігіне көздерін жеткізгені дұрыс.Сол себепті де сабақтың басты тəсілі ретінде топтық жұмыстарды тану керек. Жетінші ереже.Тыңдай білу:барлық пікірлер тыңдалады. Суырылып алға шығып сөйлегеннен гөрі,тыңдай білген қиын шығар.Топтық талқылау кезінде барлык үйренушілердің өз пікірін келтіріп, басқалардың оны мұқият тыңдап, оның пікірін мен санасатын жағдай жасап отыру қажет. Сегізінші ереже.Кері байланыс. Кері байланыс дегеніміз сабақтың мазмұны немесе əдіс-тəсілдері,оның тиімділігі мен қандай дəрежеде өткендегі туралы үйренушілердің ой пікірлері мен эмоцялары,олардың болашақтағы (келесі сабақтардағы)өз мұқтаждарын келтіруі.Бұл пікірлер мұғалімге өткізген сабағына баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кем-кетіктерін анықтап,өз жұмысына өзгерістер еңгізу мүмкіндігін береді.Үйренушілер берген сұрақтарды ауызша талқылағаннан кейін, оларға жазбаша жауап беру мен жалғастыруы мүмкін.Онда кері байланыс бағалау мен бірігіп, оны орындауға оқушыларға жеткілікті уақыт беріледі. Жаңа материалды игеру 1.Сыныппен фронтальды жұмыс. Мұғалім графиктерді, суреттерді, алгоритмдерді-көрсету үшін интерактивті тақтаны немесе мультимедиялық презентацияны қолдана отырып,материалды түсіндіреді. Алгебрада «Функциялардың графиктері» тақырыптарын түсіндіргенде көрнекі түрде графиктердің абсцисса осі бойымен немесе ордината осі бойымен жылжуын көрсетуге болады.Төменгі сыныптарда анимация көмегімен есепте берілген ситуацияны көрнекі түрде модельдеп көрсетуге болады. Тақырып бойынша оқу дағдысын игеру 2. Оқушының өздік жұмысы Оқушы алгебра,геометрия,математика бойынша тренажерлармен жəне оқыту бағдарламаларымен өз бетінше жұмыс істейді.Оқыту бағдарламалары (жаттықтырушы) əрбір оқушының материалды толық қабылдауын


қамтамасыз етеді,себебі əрқайсысы өз қарқынында (өте маңызды) өз бетімен оқу материалы бойынша жылжып отырады. 3.Практикум сабақтары. 1) Оқушылар өтіліп жатқан тақырып бойынша 3 блокпен құрастырылған (əрқайсысында 4-5 сұрақ бар) тапсырманы немесе есептерді əр деңгейге («3», «4», «5»-тік бағаларға) алады 2) оқушылар деңгейлік тапсырмаларды таңдап алады да 30 мин дайындалады,көмек ретінде электрондық құралдарды пайдалануға болады,сонымен қатар бірлесіп шешу үшін жұптарға немесе топтарға бірігуге болады; 3) қалған уақытта мұғалім таңдаған бағасы бойынша əрбір оқушыға 1-2 тапсырма береді; 4) оқушы шешу жолын көрсетіп,бағасын алады. Шығармашылық деңгей Оқушы таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана əсер етпей,сонымен қатар тəртібі мен мінез-қырына да тигізер ықпалы зор.Сонымен бірге,өздік жұмыс оқушы бойындағы жауапкершілікті оятады. Сонымен қатар оқушыларды өзіндік ізденуіне,шығармашылыққа жетіспейтін əр түрлі танымдық қабілетін арттыратын ойындарды, диктанттарды информатика пəніне қолдануға болады.Мысалы,техникалық диктант,ауыстырмақ ойыны,қателерді анықтау ойыны жəне т.б. Оқушының өз бетімен жұмысы 1.Білімді цифрлық ресурстармен білімдегі олқылықты жою бойынша жұмыс (мыс.денсаулығына байланысты сабақ қалдырғаннан кейін).Бұл жағдайда оқытушыдан оқушының электрондық ресурспен жəне оқулықпен жұмысының жоспарын құру талап етіледі. 2.Цифрлы білімдік ресурсты қолдану арқылы бақылау шараларына дайындық үшін оқушылардың өз беттерімен үйде жұмыс істеуі. 3.Жобалар арқылы оқушылардың жұмыс істеуі (дайындап,əзірлеп,қорғайды) Білімді бақылау Компьютерлік тестілер қолдану арқылы білімдерін тексеру (компьютер тапсырманың орындалу пайызын,қателерді жəне бағаларды көрсетеді). Білім беруді аталған оқыту технологиясы негізінде ұйымдастыру – оқушының өзінің дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, белсенді іс-əрекет жасауына, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, өзін-өзі тəрбиелеп дамытуына, жеке ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғыза алуымен маңызды екенін ерекше атап өтпекпін. Оқушылардың күнделікті өмірде интербелсенді əдістерді қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті саладағы тиімді оқыту мен оқуға байланысты.. Заман талабына сай жаңа технология əдістерін үйрету,бағыт-бағдар беруші-мұғалімдерміз.Оқушылардың жаңа тұрмысқа,жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс.Осы үрдіспен бəсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек. Пайдаланылған əдебиеттер:


1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 2.Əлімов А , Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу құралы – электрондық оқулық. 3. «Информатика негіздері» журналы, №4 2015 , №2 , 2016. 4. Əлімов А. Интербелсенді əдістемені мектепте қолдану– Алматы–2015 3639 , 55-56, 61 беттер. 5. Мұхамбетжанова С. Т, Мелдебекова М. Т. Педагогтардың аөпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру əдістемесі . Алматы: ЖШС «Дайыр баспасы». 6. Мұғалімге арналған нұсқаулық 2016. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРМЕН ЖЕКЕ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АШУ Таишева Гаухар Ериковна Атырау облысы Мақат ауданы Абай орта мектебінің математика пəнінің мұғалімі

Бүгінгі мектеп алдында оқушыларға білім берумен қатар, олардың ақыл ой белсенділігін, қабілетін, шығармашылық іс-əрекетін дамыту мəселесі тұр. Сондықтан əрбір пəн мұғалімі дарынды оқушының қабілетін арттыру үшін ол оқушымен жеке жұмыс жүргізу керек. [3] Оқу процесінде есеп шығару математиканы оқытудың мақсаты ретінде де оны оқыту əдісі ретінде де қолданылады. Есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырады, қалыптасқан іскерліктері мен машықтарын жүйелеуге көмектеседі. Сондықтан оқушымен жеке жұмыс жүргізу барысында оқушы қабілетін арттыру үшін өз бетінше есеп шығаруға үйреткен жөн. Есепті өз бетінше шығару оқушының ойлау қабілетін дамытады, қажетті теориялық материалды практикада қолдана білуге үйретеді. Өз бетінше есеп шығарту арқылы мұғалім оқушының біліміндегі олқылықтарды, яғни, жіберетін қателерін анықтайды. Оқушы өз бетінше есеп шығарғанда мынадай қиындықтарға кездеседі: 1) Берілген есептің қандай тақырыппен байланысты екендігін анықтай алмау; 2) Дəлелдеуге берілетін есептерде қандай аксиомаға, теоремаға сүйенетінін білмеу; 3) Есеп шығаруда тиімді тəсілді таңдай алмау; 4)Есеп шартын құра алмау. Оқушының біліміндегі ақаулар оқушыны берілген есепті ойдағыдай шеше алу қабілетінен айырады. Бұдан барып оқушының математикаға деген қызығушылығы жойылады. Сондықтан, оқушыға өз бетінше орындауға тапсырма бергенде алдын–ала нұсқаулар беріп, қажетті анықтама материалдарды қандай əдебиеттен алуға болатындығын көрсетіп отырған дұрыс. Ал оқушылардың білімін бақылаудың əр түрлі формаларын пайдалану үлгермеушіліктің алдын алу, əр оқушының жеке белсенді жұмыс жасауын


қамтамасыз етеді. Əр оқушының білімін жеке бақылауда келесі мынандай жұмыстар атқарамын: - Деңгейлеріне сай есептер; - Тест түрлері; - Логикалық есептер; - Рефераттар. Жеке жұмыс кеспе қағаздағы тапсырмалар ұсынылады. Өзіндік жұмыс үшін кейде тапсырма əрбір оқушыға жеке түрде беріледі. Бұл жағдайда тапсырмаларды əр оқушының шама-шарқын ескере отырып, сараптауға болады. Сонда жұмыстың өз бетімен орындалу дəрежесінің жоғары болуы қамтамасыз етіледі. Жеке жұмысты сыныпта жүргізу оқушыларға дағдыларын игертеді жəне олардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Мұнда оқушылардың жеке дара ерекшеліктері жəне үлгерім деңгейлерін барынша ескеру мүмкін болады. Оқушыларды жалықтырып жібермес үшін, жұмыс түрлерінің өзгермелі болғаны жөн.[2] Мектеп оқушыларының өз бетінше жұмыстарын ұйымдастырудың басты формасы– жұмыстарды орындау, ептілік, іскерлік, шеберлік дағдысын дамыту. Бұл үшін төмендегідей тиісті талаптарды орындауға тура келеді: - Кез-келген жұмыстың нақты мақсаты болу керек. Əрбір оқушы жұмыстың орындалу тəртібін жетік білу керек. - Жеке жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. - Жұмыстың мазмұны оқушының қызығуын, талпынысын оята білуі тиіс. Яғни оның тілегі жұмыстың соңына дейін бəсендемейтіндей болуы керек. - Жеке жұмысты оқушылар еңбек дағдылары мен əдістерін жетік игеріп түсетіндей етіп ұйымдастыру қажет. Демек, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары: карточкалар, өздік жұмыстар, есептер шығарту, кестелер толтыру арқылы жүзеге асады. Тоқсандық бақылау, өздік 5-10 минуттық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Жеке орындайтын жұмыстары біріншіден, олардың ақыл-ойын таным белсенділігін, екіншіден сабаққа ынталарын, қызығушылығын, үшіншіден ешкімнің көмегінсіз дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытады. Сабақта өтілген материалға сəйкес дұрыс жүргізілген дидактикалық ойындар оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тақырыпты дұрыс меңгеруіне ықпал тигізеді. Жұмыстарды жеке оқушымен, топтарға бөлу арқылы, барлық оқушылардың қатысуымен ұйымдастыруға болады. Оқушылармен жеке жұмыстардың түрлері: оқулықпен жұмыс, əр түрлі жаттығулар, бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, рефераттар, т. б. Өздік жұмыстар əр сабақта міндетті түрде жүргізіліп отыруы қажет. Бұл жеке, топтық жəне түгел сынып оқушыларымен жүргізіледі. 1.Топпен өздік жұмыс жүргізілгенде, əр топқа жеке тапсырмалар беру керек. Əр топтың бір басшысы болады - үлгерімі жақсы оқушылар. Ол білмегендерге кеңесін беріп, көмектеседі. Əр топ келесі топқа өз сұрақтарын


қояды.Мұнда оқушылар өз бетімен сұрақтар, сызбалар, карточкалар, плакаттар, суреттер дайындап əкеледі. 2.Оқушыларға өздік жұмыс ретінде тарихи материалдардан баяндамалар, рефераттар жасауды тапсыруға болады. 3.Тақырып бойынша бақылау жұмысын жазғанда, жіберілген қателермен жұмыс жасап, қате жіберілген тапсырмаларға ұқсас мысалдар алып, нұсқалар бойынша жаттығулар жасаймыз, оқулықтан ережелерді іздеп, тауып, оқуға тапсырма беремін. Оқушы өз қатесін тауып алады. 4.Сəйкестік тест жүргізгенде, əр оқушыға жеке карточка жасап таратылып, тексеріледі.[4] Өз бетімен жұмыстар мақсатына қарай: 1) оқыту; 2) жаттықтыру; 3)бекіту; 4) қайталау; 5) дамыту; 6) шығармашылық, яғни іздену мақсатына; 7) бақылау мақсатында; Мысалы, мына кестедегі берілген тапсырманы 6-сыныптың «Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбын өткенде оқушыларды бақылау мақсатында жүргізуге болады. №1 кесте I топ 1) -2,75+(-0,25)= 2) -100+99= 3) 18+(-10)= 4) -18+10= 5) 100+(-100)=

II топ 1) 0+(-999)= 2) -0,72*(-1)= 3) -8*(-5)= 4) 0*(-10)= 5) 0:100=

III топ 1) -12:3= 2) -5*(-5):5= 3) -5*(-5):(-5)= 4) -10*10= 5) -25:(-5)=

Ал мына тапсырманы осы тақырып бойынша жеке, үлгерімі төмен оқушыларды жаттықтыру мақсатында жүргіздім: №2 кесте № 1 2 3 4 5 6

Тапсырма (-36+45):(-9) (23-(-47))·0 -15+(-29) -1,69:1,3 -4,2·(-2,5) 78+(-47)

Н 9 70 -54 -1,3 -105 -125

П -9 0 -34 13 -1,05 125

У -1 1 29 -13 105 -31

Т 1 -2 14 1,3 -10,5 31

Н 2 60 -44 0,13 1,05 48

Е -3 -70 -14 -0,13 10,5 115

7-сыныптың «Көпмүшелер» тақырыбын өткен кезде, жеке, үлгерімі орташа оқушыларға қайталау мақсатында қолдандым. Бос орынды толтыр _ + _ +16 = ( 3 + _ )2 ( _ - 7 )2 = а2 - _ + _ 862 - 2 *36 * 86 + 36 2 = (_ - _ )2 = _ 2 Жеке жұмыс түрлерін өткізу арқылы оқушылардың даму барысына жəне нəтижелеріне талдау жасап отыруға болады. Əр оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы мынадай қорытындыға келдім: -оқушылар математика пəнінен қорықпай, əр оқушы өз деңгейіндегі есептерді шығара алатындарына көз жеткіздім;


-оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім; -оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды əртүрлі күрделілік дəрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым; Оқушыны өздік жұмыс жасауға үйрету негізінде əрбір жеке тұлғаның өзіндік табиғатын қалыптастыру, білімдік деңгейін көтеру болып табылады. Жеке жұмыс түрлерін өткізу арқылы оқушылардың даму барысына жəне нəтижелеріне талдау жасап отыруға болады. Əр оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы мынадай қорытындыға келдім: - оқушылар математика пəнінен қорықпай, əр оқушы өз деңгейіндегі есептерді шығара алатындарына көз жеткіздім; - оқушыға берілетін тапсырма оқушының қабілетін ұштайтындай, ойын, қиялын дамытатындай етіп дайындауды үйрендім; - оқушы өзін жеңімпаз ретінде сезіне алатындай тапсырмаларды əртүрлі күрделілік дəрежеде орындату арқылы оқушылардың білімін саралауды ұйымдастырдым; - білімді дайын күйінде бермей, оқушының өзі білімді қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы жетуін ұйымдастырдым; - оқушылардың білім алу нəтижелерін жүйелі талдап, бағалап қорытынды жасап отырдым. Пайдаланған əдебиеттер: 1. Ж.У.Кобдикова «Орта мектепте білім алуды технологияландыру (саралап деңгейлеп оқыту)», 2002. 2. Бастауыш мектеп», №5 2009. 3. ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы ,2014. 4. М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде», Алматы 2002. 5. Жұмабекова А.Л «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту» 6.«Оқыту процесіндегі инновациялық ізденістер», Өмірбаева К. 2001 ж. 7. «Дарын» журналы 2002, №2; 71 бет 8.«Алгебра жəне анализ бастамалары пəні бойынша дидактикалық материалдар» көмекші құрал 2012.

ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТ ПƏНІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ƏДІС-ТƏСІЛДЕРІ Хасанова Гаухар Қазиқызы Атырау қаласы Тіл мүкістігі бар балаларға арналған №3 мектепинтернатының қазақ тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды əр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі


түрде қолдану-заман талабы. Қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған маңызды жауапты міндеттердің бірі-оқушыға тиянақты білім беру. Елбасы Н.Ə.Назарбаев көрсеткендей, Қазақстанның болашағы қазақ тілінің дамуына, тағдырына тікелей байланысты. Сондықтан да мемлекеттік тілді оқытудың жағдайына көп көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа əдістəсілдерді қазақ тілі мен əдебиеті сабақтарында кеңінен пайдаланамын. Жаңа техногияларды сабақта пайдалану, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамытып, ізденімпаздыққа, білімді өздігінен меңгеруге жағдай жасап, білім мен тəрбиені қатар жетілдіруге болады. Мұғалім бұл жағдайда танымдық іс-əрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттырады. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған. Өз тəжірибемде «Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының əдістəсілдерін қазақ тілі мен əдебиет сабақтарында қолданамын. Сабақтарда оқушылар өз бетінше білім алып, көп пікірдің ішінен өзіне маңыздысын ала білетін біреудің пікірін тыңдай білетін жəне одан өзіне керектісін алатын еркін сөйлейтін, батыл өз пікірін қорғап, дəлелдей алады. Əдебиетте қолданылатын шығармашылық тапсырмалар оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін арттыруда түрлі əдістəсілдерді қолданамын. 1. Мəтін, əңгімелерді өз бетінше аяқтау. 2. Мəтін бойынша мақал құрастыру. 3. Шығарма, мəтін, ертегі құрастыру. 4. Кейіпкерлерге мінездеме беру. 5. Шығарма бойынша сурет салу. 6. Рөлге бөліп оқу. 7. Образға кіру. 8. Қос жазба күнделігі «Қос жазба күнделігі» -бұл қандай да бір мəтін, əңгіме оқыған кезде оқушылар дəптерлерінің ортасынан вертикаль сызық жүргізеді. Мəтінді оқу барысында олар сызықтың бір жағына əсер еткен тұстарын немесе үзінділерін жазса, екінші жағына пікірін жазады. «Топтастыру» кезеңінде ақ тақта режимін қолдандық. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай жəне мəтіндегі грамматикалық тапсырмаларды орындағанда, негізгі ұғымдарды ерекшелеу үшін түрлі-түстерді қолдануға болады. Бұл əдіс ойды жинақтап, оқушыларды еркін ойлауға жəне тақырыпты ашып талдауға үйретті. Кейіпкерге хат. Сəлеметсің бе!Менің есімім–Бекзат.Мен Мұхтар Əуезовтың шығармаларын қызыға оқимын. Маған жазушының «Көксерек» əңгімесі қатты ұнады. Тіпті киносын да көргенмін. Əңгімедегі табиғат көріністері, əсіресе түз тағысы қасқырлардың өмірі тыныс тіршілігі əдемі əсер қалдырды.


Құрмаш бұл хатты саған арнағым келеді. Сен неге көксерек есейген кезде əжеңді тыңдамадың, егер үлкендердің айтқанын тыңдағаныңда мерт болмайтын едің. Себебі қасқырды қанша асырасаң да, тоғайға қарап ұлуын қоймайды деген мақал тегін айтылмаған. Сондықтан да осы шығармадан ұққаным үлкендердің айтқанын тыңдауымыз керек деп ойлаймын Бұл əдісте оқушының авторлық шеберлігі шыңдалды. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу əдісінің бірі-INSERT. INSERT стратегиясы бойынша не білетіндіктерін, ол үшін не жаңа екенін анықтайды. Толтырылған карта бойынша пікір алысады. Түсініксіз ұғымдарды бірлесе талдайды. Бір-бірінің білімін толықтырады. Əдебит пəні бойынша 8-сыныпта «Оғыз қаған» дастанын өткізген сабағымнан мысал келтіргім келеді. V Білемін Оғыз қаған

Білдім «Оғыз қаған» дастаны –түркі халықтарына ортақ туынды екендігі туралы мағлұмат алдым.

+ Мен үшін жаңа ақпарат «Оғыз қаған» дастанын зерттеуде Түркия елінің Н.Атсыз, Н.Банарлы, Б.Аталай сияқты ғалымдары көп еңбек сіңірді. «Оғыз қаған» дастаны мен қазақтың батырлар жырындағы əртүрлі байланыс белгілерін зерттеуге қазақтың Ə.Дербісəлі, Ө.Күмісбаев сынды ғалымдары да өзіндік үлес қосқан.

? Мені таңқалдырады Дастанда дінимифологиялық көріністер көп орын алған. Түркілер өзін Көк бөріден таралғанбыз деп, Көк тəңірге табынып, жақсылықты да, жамандықты да Көктен, яғни аспаннан күткен.

Бұл əдіс оқиғаны саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын жетік білдіруге үйрететін ұжымды əдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға əзірленеді. Бұл əрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Осы тарауда семантикалық карта бойынша жұмыс жүргіздік. Семантикалық карта оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендігін байқауға тиімді əдіс. Əр тарауды өткен сайын осы əдісті қолданамын. Сонымен қатар,дастан мазмұны бойынша кейіпкерлердің образын сомдалып, сөздік жұмыстар жүргізіліп, көрнекілік əдістер арқылы сабақ қорытындыланды. Фонетика тарауы бойынша өткізген сабағымда оқушыларды 2-топқа бөліп, фонологиялық талдауға , ұлттық салт-дəстүрді сақтауға, орынды қолдануға, сөйлем талдауға тəрбиелеу болды.


7-сыныпта «Тіл мəдениеті туралы түсінік» сабағында түрлі ойын түрлерін, мақал-мəтелдерді пайдаландым. Бекіту мақсатында: «Кірпіш» ойынын пайдаланам. Осы ойында отырған балалар қатысушы 3-4 оқушыға кезек-кезек сұрақтар қояды, ал қатысушылар сол сұрақтарға соғұрлым тез жауап береді де бір кірпіштің өлшемінен алға жылжиды. Мəреге бірінші келген оқушы жеңімпаз атанады. Бұл ойынның жағымды жақтары өте көп: оқушылардың барлығы қатысады, ауызекі сөйлеу тілі, ойлау қабілеттері дамыды, білім негіздерін жаңарып, танымдық қызығушылықтары артты. Қазақ тілі мен əдебиет пəнінің негізі, оқушылардың түсінігі мен ойын жазбаша дұрыс, сауатты жазуға баулитын түрлері, мазмұндама мен шығарма екендігі белгілі. Оқушылардың шығарма жазуда өзінше еңбек етіп, еркінше талаптануына, өз пікірін, ойын сарапқа салуына мүмкіндіктерге жетті. 9-сыныпта оқушы есейіп, ойы сезімі тереңдей түседі. Шығарма жазуда күрделі жоспар құрып, жүйелі жазуға талпынды. Оқушы тақырыпты толық баяндап аша алатындай дəрежеде болды. Шығармада сөз болған жайды оқушының өзі ғана емес, басқаларға да түсінікті тілмен жеткізілуіне, үзінділерді орнымен қолдануына, шығарма мазмұнын жоспарға сай ретретімен жүйелі баяндауына көңіл бөліп отырамын. Оқушылар еркін тақырыпқа арналған шығармаларын еркін жазып отырды. Ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқи отырып, өздері шығарма,эссе,өлең жазды. Талапты шəкіртттердің кейбір шығармаларын ұсынғанды жөн көрдім. Менің борышым Сəбиді дүниеге əкелетін-ана. Сəби дүниеге келгеннен соң, ананың ақ сүтімен өседі. Ол өскеннен кейін ананың ақ сүтін ақтау қажет. Ананың борышын өтеу өте қиын. Себебі ананың сүтін ақтау кез-келгеннің қолынан келе бермейді. Адам анасының ақ сүтін ақтай алмаса, ол анасының борышын өтей алмаған боп есептеледі. Мен сондықтан анамның ақ сүтін ақтауға тырысамын. Қазақта: «Ананың ойы – балада, баланың ойы – далада» - деген мақал бар. Жақсы тəрбие беретін, Басымнан сипап күлетін, Ақ анам, менің ақ анам. Қандай жақсы жан едің. Менің ойымша, ананың қадірін ауызбен айтып жеткізе алмаймыз. Отан - ана! Сүйемін мен Отанымды жайнаған, Бау-бақшада бұлбұлдары сайраған. Гүлдене бер күннен-күнге құлпырып, Даласында қызу еңбек қайнаған. Отан-ана-Отан біздің еліміз, Отан ана-Отан біздің жеріміз.


Отан жерін, Отан көлін, отан тауын, Бəрімізде ұнатамыз сүйеміз. Сонымен қатар, биылғы оқу жылында оқушыларым ІІ-Халықаралық «Ақ сұңқар» балалар мен жасөспірімдер фестиваліне мəнерлеп оқу номинациясы бойынша қатысып, 8-сынып оқушысы Зинуллина Фарида І-орынды, 9-сынып оқушысы Егізбаева Альбина ІІ-орынға ие болды.Гуманитарлық цикл бойынша өткен мектепішілік олимпиадаға 9-сынып оқушысы Егізбаева Альбина қатысып, ІІорын алды. Қорыта келгенде, қазақ тілі мен əдебиет сабағында əртүрлі тиімді əдістерді қолданып, оқушылардың пəнге деген қызығушылықтары артты. Жаңа материалды байланыстырып, өз ойларын жеткізе біліп, шығармашылық қабілеттері дамыды. Осындай тиімді əдіс-тəсілдерді қолданған кезде,оқушылардың үлгерім көрсеткіштері көтерілді. Қазақ тілі мен əдебиет пəнін оқытуда жаңа əдіс-тəсілдерді тиімді пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін мəнділігі бұдан да кем емес дегім келеді. Ел президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тəжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет. Сондықтан қазіргі жаңашыл мұғалім білім берудің түрлі инновациялық техноголияларды меңгерген, ізденімпаз дарындылықты аша білетін кəсіби шеберлігі жоғары болуы керек. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.«Тəрбие құралы» журнал, №4 2012. 2.«Дефектология» журнал, №4 2011. 3.«Дефектология» журнал , №2 2012. 4. Қазақ тілі 5-сынып Алматы «Атамұра» 2010. 5. «Қазақ тілі мен əдебиеті» журнал, № 1 2010 . 6.«Қазақ тілі мен əдебиеті» журнал, № 14 2010. 7.«Қазақ тілі мен əдебиеті» журнал, № 11 2009 . 8.«Қазақ тілі мен əдебиеті» журнал, № 11 2012.

ДАМУ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТЕ-ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ Сатаева Гүлнар Тулеугалиевна Атырау облысы Мақат ауданы «№7 Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» КММ-нің мұғалім-дефектологы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне


сəйкес оқыту бағыттары жəне жекелей дамыту бағдарламалары өңделуде, əртүрлі патологиялары бар-неврологиялық симпт оматика, ерте жастағы аутизм, церебральды паралич, ақыл-ойдың артта қалуы, тіл мүкістіктері жəне басқа психофизиологиялық бұзылулары бар балаларға арналған бағдарламалар жасалуда. Түзету педагогикасының негізгі мақсаты: - ауытқушылығы бар тұлғаларды тұлғалық жағынан қоршаған ортаға бейімдеу; - ақаулығы бар балалардың бойында өзіндік абырой, əрі бедел сезіміне тəрбиелеу; - балаларда жағымды мінез-құлық салаларын қалыптастыру; - дербес қоғамдық пайдалы өмірге белсенді етіп даярлау; - қарапайым еңбек дағдыларын меңгерту; - іскерлік дағдыларын қалыптастыру; Дефектологияның мақсатын іске асыруда төмендегідей міндеттер шешіледі: ● тұлғалық дамудың педагогикалық заңдылығын зерттеу; ●бұзылу құрылымына сай түзету қажеттілігін анықтау; ●арнайы білім беру заңдылығын зерттеу; ●арнайы білім беру жағдайда оқытудың технологиясын, əдістерін, принциптерін ғылыми негізде жетілдіру; ●мүмкіндігі шектелген балаларды оқыту жəне тəрбиелеу. Кез келген қоғамда, даму дəрежесі қаншалықты жоғары болғанына қарамастан, əлеуметтік қиындықтар болып тұрады. Осындай себептердің салдарынан, қазіргі кезде əлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүмкіндігі шектеулі балалар күннен күнге көбеюде. Əрине, мүмкіндігі шектеулі балаларды тəрбиелеп, əлеуметтік тұрмысқа баулуда, ата-ана мейірімімен қатар, мұғалім жəне дефектолог мамандардың тарапынан шексіз мейірімділіктің қажеттілігі бірден айқын байқалады. Бұл жұмыста үлкен жауапкершілік, төзімділік, тəжірибе қажет.Қазіргі озық технология заманында мүмкіндігі шектеулі балаларды заман талабына сай, түрлі əлеуметтік жағдайлардан адаспай, дұрыс жол таба алатын, еңбеққор азамат етіп қалай əзірлеп шығаруға болады деген сұрақ осы салада қызмет атқарып келе жатқан мамандарды шығармашылық жұмыстар мен инновациялық технология əдіс тəсілдерін іздеуге итермелейді. Дамудағы ауытқуды түзету немесе коррекция жасаудың тұтас тұжырымдамасын алғаш рет итальян педагогы М.Монтессори (1870-1952) жасады. Ол сезімдік тəжірибе мен моториканың дамуы өз еркімен ойлауды дамытады, себебі олар ойлаудың алғы шарттары деп есептейді. Мария Монтессори жүйесі бойынша балалар зейінін, шығармашылық жəне ойлау қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді, қимылды дамытады. Оның негізгі қағидасы-«оқы,оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту жəне баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. М.Монтессори əдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де жұмыс жасай алуына, таңдай жасай алуына, өз уақытын ұйымдастыра білуіне, өзіне сеніммен қарауына


мүмкіндіктер береді, қолайлы жағдай туғызады. Бұл əдістің мақсатыбалалардың табиғи мінезін, қабілетін, мұғалімнің нұсқауымен емес, өз еркімен тəуелсіздік рухында тəрбиелеу. М.Монтессори əдісінің негізігі қағидасы «Өзімнің жасауыма мүмкіндік бер» дейді бала. Бала дауыстап сөйлеу бұл əдісте мүлде жоқ.Бұл əдіс арқылы заттардың көлемін, түсін, пішінін, өлшемін, дыбысын ажырата алады. Өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланады.Мұғалім басында үнсіз қимыл арқылы (президентация)жасап көрсетеді. Бала соны есте сақтау арқылы қайталап өзі жасау керек.Өз бетімен құрастыру, ыдыстарды жуып, орнына қою. Математикалық ұғымдармен қатар құрастыру жəне тұрмысқа қажетті заттармен жұмыс жасап, қажеттілігіне пайдалануды үйренеді. Арнайы жабдықталған бөлмедегі терезе тұтқасы мен есік тұтқаларын өздігінше ашып-жабуға дағдыланады.Ұсақ-қол моторикасын дамыту мақсатында жіпті өру,бəтеңке бауын байлау,бұршақ пен күрішті ажырату, иіс-сезу арқылы иісті ажырату,бөлмені сыпыру, гүлге су құю, мата түрлерін айыру, қатты, жұмсақ, сипау арқылы ажырату жұмыстары жүргізіледі. Мақаттағы №7 ППТК –де қазіргі таңда 38 бала қамтылып,5 маманмен үш кабинет жұмыс жасауда. Осы Монтессори құралдарымен арнайы жабдықталған бөлмеде арнайы курсынан өтіп келіп, өзім жұмыс жасаудамын. Сонымен қатар емдік дене шынықтыру бөлмесі жəне логопедиялық бөлме жұмыс жасайды. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау барысында түзету жұмыстарының негізгі бағыттарын басшылыққа алып жұмыс жасаймын. Түзете-дамыту жұмыстарының негізгі бағыттары: 1.Ұсақ жəне жалпы моторикасын дамыту. Білектің жəне саусақтың ұсақ жəне жалпы моторикасын дамыту, көру моторикалық үйлестік. Баланың ұсақ қол моторикасы қалай дамып жатқандығын, жеке интеллектуалды қабілетінен байқауға болады. Қасықты, қарындашты ұстай алмайтын, түймесін түймелей алмайтын жəне бəтеңке бауын байлай алмайтын балалардың қолының кіші моторикасы нашар дамыған болып есептеледі. Оларға шашылған конструкторларды жинату, пазаламен жұмыс жасата отырып, есептегіш таяқша жəне мозаикамен ойната отырып,арнайы бауларды байлатып,дағдыландырамын. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан əрі дамуы да соған тікелей байланысты. Ұсақ қол моторикамен қоса балалардың есте сақтау қабілеті мен назары, сондай –ақ, сөздік қоры да дами түседі. Бұндай кемістіктер біздің кабинетке келетін балалардың түгелге жуығында кездеседі .Сол себепті барлық балалармен қарындашты ұстатып суретті бастырту, боямақтарды бояту жұмыстарын жүргіземін. Құммен, кинетикалық құммен,ермексазбен жұмыстар жасату жəне шариктерді ұстатып келесі ыдысқа салдырту арқылы да қол моторикасын дамыту жұмыстарын жүргіземін. Ұсақ жəне жалпы моторикасын дамыту жұмыстарының нəтижесінде: Баланың сөйлеу тілі жетіледі, қимыл қозғалысы мен икемдігі артады , логикалық ойлауы дамиды, танымдық деңгейі артады.


2.Сөйлеу жəне артикуляциялық аппаратын дамыту Сөйлеу жəне артику -ляциялық моторикасын дамыту барысында балаға дыбыстарды айтқызу, сөздер мен сөйлемдерді толық қайталату арқылы түзету жұмыстарын жүргізе- мін. Үнемі сабақ кезінде дыбыстардың дұрыс айтылуын қадағалап, дер кезінде түзету жұмыстары жүргізіп отырамын. Артикуляциялық жаттығулардың кешені дыбыстың қалыпты артикуляциясымен немесе дефектінің сипатына қарай анықталады. Əрбір дыбыс үшін артикуляциялық жаттығулардың белгілі жүйесі ұсынылады. Мысалы, «р» дыбысын қою үшін тілдің ұшын жоғары көтеруге, оны қозғалтып дірілдеуіне бағытталған артикуляциялық жаттығулар қажет. Егер жаттығуларды орындай алмаса, онда механикалық көмек қолданылады. 3.Көру жəне есту арқылы еске сақтау қабілетін дамыту (Фонематикалық есту қабілеттерін жетілдіру) Фонетикасы,фонематикасының толық дамымауы дегеніміз-ол қабылдау түйсігімен дыбыстарды айтудағы ақаулықтың салдарынан болған сөйлеу тілінің əр түрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы. Бір дыбыстардың басқалармен алмастырылуы.Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар айтылуы қиын дыбыстарды алмастырады.Мысалы: Л дыбыс Р дыбысын,Ф дыбысы Ш дыбысын,Т дыбысы мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады. Дыбыстарды шатастыру.Бұл көптеген дыбыстардың əр түрлі сөздерде қолдануының тұрақсыздығын сипаттайды.Бала дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да,айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді.Мысалы:бала Р,Л немесе С дыбыстарын жеке дұрыс айтады да,ал сөйлегенде орындарын ауыстырып шатастырады. Бұндай кемістіктер фонематикалық есту қабілетінің толық жетілмегендігін дəлелдейді. Мен осындай кемістігі бар балалармен əр дыбысына байланысты жаттығулар өткіземін. 4. Əлеуметтік тұрмыстық ортаға бейімдеу.(Өз бетімен өмір сүруге дайындау) М.Монтессори бөлмесіндегі 5 аймақтың күнделікті өмір жаттығулары аймағы бойынша іске асады.Онда суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құю, металды тазалау, гүлдерді күту жолдары, бір сызықтың бойымен жүру, тыныштандыратын жаттығулары, қоғамдық өмірге қатысы бар жаттығулар жасату арқылы жасалынады. Балалар өз бетімен ыдыс жуу,еден сыпыру жұмыстарын жасайды. 5. Қоршаған ортамен танысу, көз алдына елестету арқылы сөздік қорды көбейту.(Байланыстырып сөйлеуін дамыту)Кейін дыбыс сөз тіркестерінде, өлеңдерде, сөйлемдерде, байланыстырып сөйлеу тілінде машықтандырылады.Сурет бойынша сөзден сөйлем құрап айта бастайды. Ертегіні сурет бойынша айтып үйренеді,сонан кейін есте сақтауы арқылы айта бастайды. Ертегіні сахналау арқылы айтқызу баланың сөйлеу тілін түзетуге көп əсер етеді. Қазіргі таңда мүмкіндігішектеулі балаларды түзете-дамыта оқытудағы осы бағыттарды басшылыққа ала отырып,əрбір баламен жұмыс жасаудамын. Мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты тəрбиелей отырып, өз


бетінше өмір сүруге бейімдеу жəне қоғамның бір мүшесі жеке тұлға етіп қалыптастыру. Неміс педагог-дефектологі П.Шуман былай деген: “Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі жоғары болуы керек”. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау оның жеке ерекшелігін ескере отырып,барлық тапсырмаларды сабақты іс-жүзінде асыруға міндетті емес екенін ұмытпауымыз керек. Түзете-оқыту үшін балалардың өмір жағдайына сəйкес жəне олардың əлеуметтік бейімделуіне пайдалы жағын қарастыруымыз қажет. Ал оларға білім беру үшін көп еңбек, ұстаздық жылы сезім мен кішіпейілділік керек.Оларға қарапайым түсініктерді жеткізу оңай емес.Оларға əсер етуі түрліше.Ұстаз ізденісі əр баланың жан-дүниесіне үңілуден басталады. Мүмкіндігі шектеулі баланың жəне қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармағанымыз жөн. Олар мұғалімдермен мамандарға сеніммен үлкен үмітпен қарайды.Сондықтан қатаң талап қойып оқытпай,жəй ғана жүрегіне жол тапсаң болғаны деп ойлаймын. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Специальная педагогика /Под. ред Н.М.Назаровой, М.-2000. 2.Настольная книга педагога- дефектолога Т.Б.Епифанцева, Феникс,2006. 3.Дефектология: словарь справочник. / Под ред. Б.П. Пузанова, М., 1996. 4."Впитывающий разум ребенка" М.Монтессори ред.Пугачева.А.И. 5.Логопедиялық тіл дамыту жұмыстары. Б.С.Жумалиева 6.Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000. 7.Əбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика, Дарын-2004. 8.Педагогика. Оқулық/ Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының авторлар ұжымы-Алматы: PrintS, 2005

СИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ДАМЫТУ Пусурманова Райкан Бактыбаевна Атырау облысы Жылой ауданы "№2 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің жоғарғы білімді 1 санат дефектолог мұғалім

Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы əлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан – жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Сондықтан оқушылардың дербестігін жəне танымдық қабілеттерін дамытып, өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы тежелген балалардың ойлау ерекшеліктерін дамыту–тұзету жұмыстарын анықтау,арнайы мамандарды даярлау өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Жалпы орта білім беретін


мектепте үлгерімі төмен балалар тобында елу пайыз психикасы дамуы тежелген [ПДТ]балалар кездеседі. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев 2002 жылы11 шілдеде «Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен оларды əлеуметтік қамсыздандыру туралы» заң қабылданды. Бұл заңда «Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тəрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып, оларды арнайы мекемелерге орналастыру жəне жағдай жасау, білім алуына мүмкіндіктер туғызу» біздің бас Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттеріне: білім бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау жəне жеке адамның шығармашылық, рухани жəне дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы парасатты байыту» деп атап көрсеткен. Осыған байланысты қоғам алдына баланың жеке басын үйлесімді дамытуға бағыттайтын міндеттер қойылып отыр. Отанымыздың əрбір болашақ азаматын жан – жақты тəрбиелеп, білім беру арқылы дамыту ең жауапты іс. Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі – арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нəтижесінде жан – жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр. Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде психикалық дамуы тежелген балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нəтижелі бағдарламалар мен əдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының əлеуметтік – педагогикалық проблемаларын зерттеп білу жəне оларға шешуге əлемдік тəжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту - бүгінгі күн тəртібіндегі ең өзекті мəселе. Психикалық дамуы тежелген балалар тұлғасын зерттеу мəселесі қазіргі əлеуметтік жағдайда маңызды орын алады. Психикалық дамуы тежелген балалардың тұлғасын қалыптастыруда жəне ойлау ерекшеліктерін дамытуда күнделікті сабақта ойындарды қолдану маңызды рөл атқарады. Балаларға əртүрлі ойындарды ойнату арқылы олардың ойлау ерекшеліктерін дамытамыз жəне олардың бойында Отанға деген патриоттық сезімге тəрбиелейміз жəне олардың танымдық қабілеттерінің дамуына жəне өз ортасындағы адамдармен қарым – қатынас орнатуына ықпал етеміз. Мектеп кезеңі баланың жеке басының ары қарай қалыптасуы үшін аса маңызды рөл атқарады. Оның өмірінде мектеп табалдырығын аттаған алғашқы күннен бастап айтарлықтай өзгерістер пайда болып, дамудың əлеуметтік, психикалық жағдайы түп – тамырымен өзгереді, бала үшін жетекші орын алатын оқу əрекеті қалыптасады. Осы оқу іс–əрекетінің арқасында болашақ өмірге көзқарасы, алдағы өмірі қалыптасады. Осы тұрғыда кездесетін қиындықтардың бірі – сабаққа үлгерімінің төмендеуі, оқуда қиындығының болуы. Қазіргі қоғам дамуында мұндай балалар саны көбейіп отыр.Осы мəселелерді шешу мақсатында ерте жастан анықтау жұмыстарын жəне зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. ПДТ балалардың арасында, ойлаудың бұл түрінің даму деңгейі, қалыпқа сəйкестері кездеседі.


Балалардың тапсырманың тек жартысын ғана орындауға шамалары жетеді. Көп жағдайда балаларға сөздік қордың аздығы, логикалық байланыстарды орындата алмау, заттар мен құбылыстардың өзара қатынасын ұғынбау тəрізді кемшілктер кедергі жасайды. Қалған балалардағы ойлау деңгейі төмен. Олардың сөздік-логикалық ойлау түрі əлі жетілмеген, тек енді ғана дами бастаған деп санауға болады. Түзеу жұмыстарында оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі əрекеті-ойын болса, оқу-тəрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын əрекетінен оқу əрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді жəне нақты міндетті шешеді. Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да ПДТ оқушылар да сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенген жөн. Олай болса ойынды пайдаланудың, маңызы зор.ПДТ балалар үшін мектеп қабырғасында ең күрделі пəн математика сабағы болып табылады.Ал осы ойынды математика сабағында қолдана отырып, ПДТ балаларды саналы ойлауға үйретеміз. Нəтижесінде балалардың қаншалықты білім меңгергенін анықтауға болады. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне жəне өтілетін сабақтың тақырыбына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Бала ойын іс-əрекеті үстінде білімді қалай игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын жəне ісəрекеттері табиғи бірлікте болып, пəндік білім, білік жəне дағдыны игеруге толық ықпал жасай отырып,ПДТ балалардың ойлауына,танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Мысалы, ПДТ балаларды əр түрлі сабақтар барысында сан санауға заттарды санап жəне олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне жəне түстеріне қарай ажыратуға үйрету мақсатында «Жеміс жинау», «Өз орныңды тап», «Сан құрамын анықта», «Құстарға қамқорлық»,«Жапырақ жинаймыз», «Шырша безендіру» ойындарын ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді. Əр сабақта ойынды тиімді пайдалану сол сабақтағы өтілетін жаңа тақырыпты баланын жақсы өз дəрежесінде меңгеруіне əкеледі.Ойын-тиімді тəсіл. Ойынның нəтижесінде, баланың бойында: ойлау, ұйымдастырушылық қасиет, тапқырлық, белсенділік, шыдамдылық қалыптасады. Бүгінгі күн талабы –тек қалыпты балалар емес,сондай-ақ психикалық дамуы тежелген баланың ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тəрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамтыудың, бойында оқыту мен тəрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын əрекеті, яғни, ойын–баланың жетекші əрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып,уақыт өткізудің құралы болмай, балаға


берілетін білім мен тəрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқытутəрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сəйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып,баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі міндет. Ойын олар үшін бұрынғыдай өзінің тартымдылығын жоғалтпайды, жəне өміршеңділігінде маңызды орын алады. Қазіргі таңда, ғылыми-педагогикалық жəне əдістемедік əдебиеттерде, оқытушылардың ойлау ерекшеліктерін оқу іс–əрекетінде ойын элемменттерін қолдану арқылы дамытуға болатындығы дəлелденіп көрсетілген.Ойын элемменттерін оқу іс–əрекетіне енгізудің мəні зор. Өйткені ойын элементтерін қолдану арқылы бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балаларды сабаққа деген ынтасы мен жігерін, белсенділігін оятуға болады жəне ойын элементтерін қоладану олардың бойында ұйымшылдық, адамгершілік, ұқыптылық қасиеттерін тəриелеуге болады. Қазіргі кезде бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту мен тəрбиелеу үдерісіне көптеген жаңа тəсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тəсіл – ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай - ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына əсерін тигізетін тиімді əдістердің бірі - ойын. Ойын - баланы адамгершілікке тəрбиелеудің бірден - бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тəсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды əсер етеді. Ойын – оқушыға білім мен тəрбие беру əдістерінің тиімді амалдарының бірі. . Бастауыш мектеп жасындағы ПДТ балаларды оқыту тəжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, түзете - дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады. «Қай санды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сан ойла - тез ойла», «Ойлан, тап». Дидактикалық ойындар, оқытудың ойындық əдісі секілді, екі түрде қарастырылады: ойын–сабақ жəне дидактикалық ойындар. Бірінші жағыдайда,жетекші рөл тəрбиешіге, логопедке, психологқа тиесілі, ол балаларда сабаққа қызығушылықты көтеру үшін, əр түрлі ойындық тəсілдерді қолданады, ойындық жағыдайды құрады, жарысу эдементтерін енгізеді жəне т.б. Ойындық əрекеттің əр түрлі компоненттерін қолдану, көрсеткіштермен, түсіндірулермен, нұсқалармен, сұрақтармен ұйқасады. Мұғалім оқушыларға түзете оқу - тəрбие үрдісінде түрлі ойындарды пайдаланып, олардың танымдық белсенділігін арттыратындай тапсырмалар беріп отырса, онда оқушылардың оқуға деген ынтасы артып, танымдық үрдістері мен психологиялық қасиеттерін дамытып, психикалық дамуы тежелген балаларды өз жасындағы балалардың даму деңгейiне жеткiзуге болады. Қорыта айтқанда қазіргі кезде қоғам дарынды қабілетті адамдарды қажет ететінін ескеріп, жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялықпедагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында жəне өзге ұжымда өзін еркін сөзіне алуға тəрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет. Жас нəрестенің дені сау болса,


отбасына зор қуаныш пен бақыт əкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тəрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тəрбиелеуіміз керек. Пайданалынған əдебиеттер: 1. М.Оспанов "Математикалық оқыту -əдістемелері" кітап. 2. Дефектология журналдары 2015-2016ж.ж. 3. В.Колесникова. "Развиваюшие 500- игр" 4. Ермағамбет Ə. Психологиялық дамуы тежелген балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы. Алматы, — 2008. 5. Көшембаев Р.Қ. Психотехникалық жаттығулар жəне коррекциялық бағдарламалар. Алматы, – 1999. 6. Есенжолова Г.Ж. Хрестоматиялық материалдар, сергіту жаттығулары мен дамыту ойындары арқылы балалардың эмоциялық-танымдық қызметтерін қалыптастыру жəне дамыту. Алматы, – 2008.

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ПƏНІНДЕ КƏСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ АЛҒЫШАРТТАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Бекенова Альфия Ирсайынқызы Атырау облысы Құрманғазы аграрлы техникалық колледжінің «Нарықтық экономика негіздері» пəнінің оқытушысы

Кəсіптік жəне техникалық білім беру кəсіби стандарттарға негізделіп қатаң түрде экономиканың қажеттіліктеріне өзара байланыстырылуы керек Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы қазіргі таңда ең алдымен кəсіпкерлік экономикасының дамуы ретінде жүреді. Қазақстан Республикасы Үкіметі кəсіпкерлікті дамытуда баса назар аударуда. Бүгінгі күні елімізде кəсіби білім беретін оқу орындары алдына экономикалық жəне ұйымдастыру-басқарушылық, кəсіби құзыретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отыр. Жас мамандарды жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеу, нарықтық қатынастардың субьектісін дайындау– бүгінгі күнгі негізгі əлеуметтік қажеттіліктердің бірі. Экономикалық білім: бүгінгі таңдағы болашақ мамандардың экономикалық мəдениеті мен ойлауын дамытуға қажетті білімдердің ерекше аймағы. Ол жастардың болашақтағы мамандығына керекті біліктілікке баулитын негізгі шарт болып табылады. Жас мамандар экономикалық пəндер бойынша теориялық білімді меңгеріп қана қоймай, қазіргі материалдық өндірістің негізін жəне білім беру саласында бизнесті ұйымдастыру тəжірибесін жете түсіну қажет. Экономикалық білім алған жас мамандар өмірде үнемі туындап отыратын экономикалық проблемаларға түсіністікпен қарап, оларды шешуге дайын болуы керек.


Оқу орындарында экономикалық білім беру біздің еліміздегі экономикалық жүйеге сəйкес негізгі экономикалық концепцияны оқып үйренуге бағытталуы керек. Расында, бұған дейін жастарға кəсіпкерліктің қыр-сырын талдап тұрып түсіндіретін мұндай мүмкіндіктер жоқтың қасы еді. Қазірде табысты іс бастаған аға буынның көбі дерлік өмірлік тəжірибеге сүйенгені сөзсіз. «Кəсіпкерлік қызмет негіздері» пəнінде бизнес-жоспар құру тақырыбы студенттерге жалпы бизнес жоспардың құрылымы туралы айтылады. Бизнес жоспардың қатаң белгіленген бөлімдері болмайды. Бизнес жоспар үлгілері. «Құрманғазы сүт өнімдері». I бөлім. Кəсіпкерлік іс-əрекеттің алға қойған мақсаты мен міндеттері. Кəсіпкерліктің атауы: «Құрманғазы сүт өнімдері». Кəсіпкерлік əрекеттің басты мақсаты: пайда табу. Ерекше қасиеті: Сүт өнімдері - сүттен дайындалатын əртүрлі тағамдар. Сүттен əртүрлі тағамдық өнімдер дайындалған кезде сүттің сақталу мерзімін ұзарту жəне оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді Орналасқан жері: Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы. Байланыс телефондары: 23108. 23140. Өнімге қысқаша сипаттама: табиғи сүттен дайындалған қаймақ, құрт, сары май, ірімшік, сүт, айран, шұбат .т.б. Шығындар: екі күнде бір рет табиғи сиыр немесе түйе сүтін сатып алу: 25000. Коммуналдық шығындар: 65000. Жалақы: мекемеде 15 адам жұмыс жасайды. Өнімді, қызметті тұтынушының сезіммен қабылдауы, яғни оның үлгісі, суреті, сипаттамасы, баға болжамы т.б. қамтылады. Өнім сапасы жоғары табиғи қасиетке ие болғандықтан, тұтынушылардың көңілінен шығып жоғары сұранысқа ие. Қаймақ 1 л-1000 тенге. Айран литр -260 тенге. Сиыр сүті -250 тенге. Шұбат литр -700 тенге. Ірімшік кг -400 тенге. Сары май кг -600 тенге. Құрт 1 дана -70 тенге. Өндіріс орны өнімдерді өткізу мақсатында көше бойларын əр түрлі плакаттар ілінеді, аудандық газетке жарияланады. Автокөлік мамандығында оқитын студенттер “Мың бір бөлшек” автокөлік бөлшектерін сату супермаркетінің бизнес жоспарын жасады. Өнімге жалпы сипаттама: Автөкөлік бөлшектері барлық уақытта да нарықта өте жоғары сұранысқа ие бола бермек. Бағасы арзан, мерекелерде акция ұйымдастырады. Мүгедектерге жеңілдіктер жасалады.


Неден бастау керек: ғимаратты жалға алу, қызметкерлер таңдау, жарнама жасау, тұтынушыларды тарту үшін акция ұйымдастыру. Мекеменің мақсаты: аудан орталығында арзан мағамен сапалы автобөлшектер сату арқылы пайда табу. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға жеңілдіктер көрсету. Таңдау еркіндігінің көп болуы. Мекеменің қаржылық жағдайы: бастапқы қаржыны мекеме банктен несие алу арқылы жүргізеді. Бастапқы қаржы сомасы: 3 500 000 тг. құрайды. Қорытынды «Ойсыз оқу бекер, оқусыз ой қатер»,-деп ұлы ойшыл Конфуций айтқандай, жас мамандардың ойлау қабілеттерін дамытуға ұмтыла отырып, кəсіпкерлік білім негіздерін меңгеретін, кəсіпкерлік сауаттылықтарын ашып, ұлттың рухын асқақтатып, əлемдік өркениетке ұмтылатын озық ойлы, бəсекеге қабілетті жеке тұлғаны тəрбиелеуде жаңа белеске көтерілетініміз анық. Нəтиже:  Студенттердің пəн бойынша білім сапасын көтерілді.  Практикалық тапсырмаларды орындауға машықтанды.  Бизнес жоспар құруды үйренді. Пайдаланған əдебиеттер: 1.Жастар жетістіктері қоғамдық қоры. Қолданбалы экономика:Алматы, 1998. 2.Əдістемелік құрал. «Бизнеспен танысу»: Алматы, 2010. 3.Назарбаев Н.Ə.Қазақстан -2030 «Барлық Қазақстандықтардың өсіпөркендеуі, қауіпсіздігі жəне əл-ауқатын артуы».

СТУДЕНТТЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ƏДЕБИЕТІ ПƏНІНІҢ МАҢЫЗЫ Бопасова Гаухар Борановна Атырау облысы Индер ауданы Индер көп бейінді ауыл шаруашылық колледжінің І санатты қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің оқытушысы

Функционалдық сауаттылық–адамның сыртқы ортамен қарымқатынасқа түсе алу қабілеті жəне сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.Функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мəдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын жəне оның əлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Оқушыларға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық тағы басқа тəрбие беруде, дүниеге көзқарасын,мінезін, жалпы мəдениетін қалыптастыруда көркем əдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану–əдебиет пəнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Қазақ тілінің грамматикасын


терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алса, жеке тұлға ретінде жəне оның ұлттық сана-сезімін,өзіндік,дүниетанымын,азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын қазақ əдебиеті пəні болып табылады. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту мен қалыптастыру мəселесі ұлы ғұлама Абайдың еңбектерінде адам бойындағы негізгі қасиеттер: қайрат, ақыл, жүректің сапалық деңгейіне қарай жəне олардаң өзара қатынасына байланысты қалыптасатын «Толық адамды», ол, түсіндіріп айтқанда білімді, адамгершілігі жоғары, парасатты жан-жақты жетілген тұлға тəрбиелеп жетілдіру мақсаты көзделеді. Бұл мақсаттарды жетілдіруде мен өз пəнімде Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығына тоқталу, Абайдың қарасөздерін оқыту арқылы ақынның ғылыми-философиялық ойын ашып түсіндіру, қайратты ақылға, ақылды жүрекке жеңдіруге дағдыландыру, көркем мəтінмен жұмыс істей білу дағдысын жетілдіру, оқып-түйгендері жайлы ой қорыта білуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту мақсатындағы «Абайдың 17-ші қарасөзі» тақырыбындағы сабақта əр студентке немесе топқа деңгейлік сұрақтар мен тапсырмалар арқылы оқушы білімін сараланды, сөздікпен, оқулықпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасты жəне сабақты INSERT əдісімен қорытындыладым. Əдебиет – оқушыға беймəлім өмірді танытатын қуатты құрал, ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді, өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастыратын бірден- бір құрал. Қазақ əдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін əсері көп. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз керек. Оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде əртүрлі тақырыптық, пəнаралық, топаралық байланыс орнатып, қызықты əңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен қатар, «Сөз сыры», «Сенің сөзің»,«Тұлға сөзі жəне азаматтық пікір», қазақ əдебиеті пəнінен «Ыбырай – балалар əдебиетінің атасы», «Ыбырай əңгімелеріндегі тəрбие», «Абай қарасөздерінің тəрбиелік мəні», «Шешендік сөздерді қорытындылау» тақырыптарын өткен кезде түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақжауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дəлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мəселелерге жауап беру, нақтылы жəне жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, шəкірттердің өз бетімен жұмыс істеуі ұйымдастырылды. «Сөз сыры» тақырыбындағы сабағымның мақсаты адамдардың қарымқатынасында орын алатын эмоция- экспрессиялы қолданысты сөздер, олардың қолданылуы туралы мəлімет беру, оқушылардың тіл байлығын, сөз саптауларын дамыту, туған тілімізді қастерлеп, құрметтеуге баулу болды. Бұл сабақта,талдау,жинақтау,ажырату,тақтаға жазу,айтқан ойды мысалдармен дəлелдеу əдістері қолданылды.


Қазақ əдебиеті пəнінен өзім қолданатын функционалдық сауаттылықты қалыптастыруда белсенді оқыту, мəн беріп оқыту, Блум жүйесі, сыни тұрғыдан ойлау, галереяда ой шарлау, қарлы кесек, ыстық орындық, үш қадамдық сұхбат, Джигсо тағы басқа əдістер, белсенді стратегиялар арқылы оқушыларға тек білім беріп қана қоймай, əлеуметтік бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге тырысудамын.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда Джигсо əдісі көлемді мəліметтер мен мағлұматтарды оқушылардың өздігімен игеруге жəне бірін-бірі оқытуға тиімді тəсіл. Мысалы: Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы көлемді шығарма, сондықтан оқушыларды 4 топқа бөліп, мəтінді топтарға 4 бөлікке бөлініп беріледі. Осыдан соң олардың əрқайсысы өз нөміріне сəйкес мəтіннің бір бөлігін оқиды: мəтіннің бірінші бөлігі «Романның жазылу төркіні» №1 топ, екінші бөлігін №2 топ, «Романның қысқаша мазмұны», үшінші бөлігін №3 топ «Романның кейіпкерлері» төртінші бөлігін №4 топ «Туындының тілі» деп бөлініп беріліп, бастапқы топта олардың басты міндеті- мəтінді оқу, ақпаратпен танысу. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, оқушылар топ құрамын өзгерте отырып жаңа топтар құрылады. Бұл жерде: - тақырыптың мазмұнын, қиын жерлерін талқылап, бір-біріне түсіндіру арқылы бірлесе игерді - іздену, талдау жұмысымен айналысты - бір-біріне тек сөз арқылы ғана үйретпей, əрекет арқылы да үйренді. Бұл дағдыларды қалыптастыруға мен мəтін жоспарының сызбасын жасап жəне кластерлер құрып көмек беремін. «Рөлдік ойын» əдісі арқылы оқушылар тез тілдеседі, образға енеді, оқушы өзін танытады, достарының пікірімен санасады, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіреді, жан-жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді. Тағы да Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романын басқа топқа өткенде «Галереяда ой шарлау» стратегиясын қолдандым. Шығарманы бөліктерге бөліп, барлық оқушы онымен танысады. Топта ондағы кейіпкерлердің рөлін де ойнатуға болады. Шеген, Бораш, Қайрош өміріне ене отырып, қиындықтарды жеңуге, досқа адал болуға ұмтылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға маңызын тигізетін сабақтағы əдістің бірі – ұжымдық оқыту формасы деп білемін. Бұл əдісте өткізген сабағымның бірі–«Ақан сері Қорамсаұлының ақындықəншілік қасиеті». Менің бұл сабағым республикалық «Қазақ тілі мен əдебиеті» оқыту əдістеме журналында жарияланған болатын. Жүргізілген жұмыстардан көрген нəтижем:  оқушыларда оқулықпен, оқу хрестоматиясымен жұмыс істеу дағдысы қалыптасты, ұжым болып жұмыс істеуде бір-біріне деген қарым-қатынасы жақсарды  өздігінен кітап оқуға қызығушылығы артты  шығарманы талдай білуге үйренді  əдеби тілде сыпайы сөйлеуге үйренді.


Қазақ əдебиеті пəнінен оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуда мынадай нəтиже көруге болады. 1.Оқушылар бірінші сабақтан бастап сөйлесім əрекетінің түрлерін (айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгереді. 2.Оқушылар алған білімдерін өмірде кез-келген жағдайда, əлеуметтік ортада қолдана алуға үйренеді. 3.Əлеуметтік талаптарына сай келу үшін оқушының ақпараттық технологияларды қолдану жəне проблемалардың шешімін таба алуға үйренеді. 4.Оқушылар өзгермелі өмірге бейімделеді. 5.Оқушылардың жеке бас қабілеттері дамиды. Ұстаздардың басты мақсаты – рухани жан дүниесі бай, жан-жақты жетіле дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы жолда баршағызды шығармашылықпен жұмыс жасауға шақырамын. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Оразахынова Н.Функционалдық сауаттылықты жүзеге асыру жолдары// Қазақ тілі мен əдебиеті.-2013.-№2.-18-23б. 2.Құрманова Ж. Оқушының шығармашылық іс-əрекетін тиімді ұйымдастыру арқылы жеке тұлға қалыптастыру жолдары.- Өскемен, 2014.-7-10б. 3.Мұғалімге арналған нұсқаулық.-Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ДББҰ, 2012.-306 б. 4.Табылды Досымов «Жанарымның жарқылы» 2000. 5.Ақан сері Қорамсаұлы «Өлеңдер жинағы» 2012.

ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМДІ КƏСІБИ ТƏЖІРИБЕЛІК ДАҒДЫҒА ҰЛАСТЫРЫП, ШЫҒАРМАШЫЛ ТҰЛҒА ДАЙЫНДАУДАҒЫ РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ Жусупова Шолпан Саламатовна Атырау қаласы Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі Құқықтану мамандығының І санатты арнайы пəн оқытушысы

Қай халықтың даму стратегиясын алып қарасақ та, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тəрбиелі, білікті маман етіп шығару оның басты бағдарларының бірі болғандығына көз жеткіземіз. Бүгінгі Қазақстандық кəсіптік білім беру жүйесінің сапасын заман талабына сай жетілдіру- өз кəсібінің шебері бола алатын маман даярлау сұранысынан туындап отыр. Сондықтан болашақ заңгер мамандарға білім берудегі басты мақсат құқықтық өзекті мəселелерде шешім табуды, мемлекеттік жəне əкімшілік заңи сұрақтарды реттеуді,даулы жəне бұзылған құқықтар мен бостандықтарды қорғап,қалпына келтіруді жəне заңи көмек қажет тұлғаларға жəрдем беруді үйрету болмақ.Білімді тəжірибелік дағдыға ұластыруда тақырып ерекшеліктерін студенттің жасына, мінез-құлқына сай келетіндей сипатта жүйелеп,рөлдік ойындардың мақсаты мен міндеттерін өтей


алатындай қажетті əдіс-тəсілдерді таңдағанда ғана зерттеу мазмұны орындалды. Зерттеудің міндеттері: І. Білімділік кезең 1) теориялық білімді талдау арқылы болашақ заңгерлерді зерттеу тақырыбына сəйкес белсенді кəсіби іс-əрекетке даярлау ; 2) болашақ заңгерлердің теориялық білімін рөлдік ойын арқылы кəсіби тəжірибелік дағдыға ұластыру процесін жүзеге асыратын теориялық негізді ұсыну; 3) болашақ заңгерлердің теориялық білімді кəсіби тəжірибелік дағдыға ұластыруда рөлдік ойындардың маңызын,тиімділігін эксперимент барысында қолдану. ІІ тəрбиелілік кезең 1) теориялық білімді сот процестеріндегі рольдік ойын арқылы кəсіби тəжірибелік дағдыға ұластыру барысында заңгер мамандығының тартымдылығын анықтау, кəсіби мүмкіндіктерін таныту,болашақ қол жетімді жетістіктерін насихаттау; 2) сот процестеріндегі рольдік ойындар арқылы болашақ заңгерлерге заңгер кəсібіне лайықты талаптар мен заңгерлердің кəсіби мəдениеттілік этикасын таныту; 3) рөлдік сот процестеріндегі рөлдік ойын арқылы кəсіби тəжірибелік дағдыны дамыту мақсатында болашақ заңгерлерді шешендікке, ресми, ғылыми стильде сөйлеуге машықтандыру. Оқыту мен тəрбиелеуді жетілдіруде мақсатты нəтижеге жетуді ойластыратын логикалық ұшқырлық, жоғары шеберлікті меңгеруге құштарлық, қажетті техникалық түрлендірулер сапалы нəтиже береді. Мысалы,«Қылмыстық құқық» пəні бойынша қарастырылатын «Меншікке қарсы қылмыстар» тақырыбын меңгертуде рөлдік ойынды шығармашылықпен ұштастырып,ұлттық тəрбиені жаңғыртуды көздедім. Жаңа ұғым туралы берілетін түсінік ертегі мəтініне лайықталып, өлең жолдарымен берілді. Мұндағы мəтін мазмұны бойынша төмендегідей тапсырма берілді: - Келеңсіз көріністерді табу; - ҚР ҚК қылмыс құрамдарымен сəйкестігін анықтау; - Ерекше жазылған сөздердегі бір дыбысқа фонетикалық өзгеріс енгізу; - Анықталған сөздер мағынасы ашу; Ерте-ерте заманда, Жəне бір хан болыпты Биік қорған қамалда Ісі өнбей бөгелген. Ақылды хан болыпты Айла тапқан табанда. Қазақшылық мінезбен, Елі тыныш болыпты Көре алмапты көршісін. Қамбаға ас толыпты Алажақ боп жүргендей, Алла құптап əр ісін Іздепті елден еншісін. Бақ пен дəулет қоныпты Ұршықтай елін иіріп, Көрші тұрған сол елмен Іші өртеніп,күйініп. Көңілі көппен теңелген. Өртепті қамба, егінді


Аш қалған елге сүйініп. Елмен елді қосатын, Жолдарды бұзып тастапты. Хабар жолын жоғалтып, Бір зұлымдық бастапты.

Ел аштықтан өлсін деп. Су жолдарын бөгепті, Шөлге шыдап көрсін деп.

Солай-солай өтіпті, Танауын көкке көтеріп. Жамандыққа кетіпті, Бар жамандық төнсін деп, Жаман ханның еті өліп. Шығармашылық ойын арқылы студенттер: 1.Ертегі мазмұны бойынша хандық дəуірдегі хан мен қара халық арасындағы ел билеу саясатының келеңсіз көріністерді таныды; 2.Хандық дəуірдегі хан əрекетінің қазіргі ҚР ҚК қылмыс құрамдарымен сəйкестігін білді жəне проблемалық ой туындады; 3.Ертегі мəтініндегі ерекше жазылған сөздердегі бір дыбысқа фонетикалық өзгеріс енгізу арқылы меншікке қарсы бағытталған қылмыстардың түрлері анықтады; 4.Анықталған сөздер мағынасы ашылып, жаңа сабақ тақырыбы айқындалады. (Қазақшылық–Қарақшылық; Алажақ –Алаяқ; Ұршық-Ұрлық; Танау- Тонау) Кез келген пəнді оқытуда қайталау тақырыптарына шолу немесе үй тапсырмасын тексеру кезінде «Сынақ хат жолдау» ойыны да ұтымды əдістің бірі. Рөлдік ойынның өту ережесі: - сынақ хаттарды топтағы жақсы оқитын студенттер оқытушы нұсқауымен ҚР ҚК басшылыққа алу арқылы дайындап, үлгерімі орташа студенттерге əртүрлі сурет пішініндегі хаттар бейнесінде береді; - төреші студенттің қорытынды сөзі; - оқытушы сараптама жасап, жалпы қорытынды сөз айтады, бағалайды. Рөлдік ойынға қатысушылар: Жақсы үлгерімдегілер - сот орындаушылары; Үй тапсырмасын орындамағандар - құқық бұзушылар; Үздік үлгерімдегілер - төрешілер. Мұнда бақылаушы (үздік)– студент үй тапсырмасын бақылап отырады. Мектеп қабырғасынан келген жасөспірімнің білімге деген ынтасын, мамандыққа қызығушылығын сабақты түрлендірумен ғана емес, тəрбиелік шараларға белсенді қатыстыру, үйірмеге тарту арқылы да арттыруға болатындығын тəжірибе дəлелдеп отыр. «АҚИҚАТ» жас заңгерлер үйірмесі мүшелері белсенді əрекет нəтижесін көрсетіп келеді. Сот процестерін өткізу арқылы студенттердің: - танымдық қызметі мен ой-өрісі кеңейді; студенттің өзіне деген сенімі артады, оқуға деген қызығушылығы, белсенділігі дамыды; өзара ынтымақтамтыққа, адамгершілікке, бір-бірін сыйлай біліп, көмектесуге үйренді; жауапкершілікке үйренеді, тəртіпке тəуелділікті ұғынады.


Осындай зерттеу нəтижесінде студенттердің осы əрекеттерінен заңгер мамандығының қарапайым адамдар арасында қызығушылық тудыру белгілерін, яғни қызығушылық тудыратын жағымды жақтарын анықтадым. БІЗ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН, ҚОЛ ЖЕТКІЗЕТІН МҮМКІНДІКТЕР: 1.Заңгер кəсібіне лайықты талаптар -нақты жəне теориялық білімді болу, мемлекеттік заңдарды білу; -қазіргі құқықтық қатынастарды ойлау қабілеті; 2.Заңгерлердің кəсіби мəдениеттілік этикасы - басқару əдістерін білу, адамдарға əсер ету; -ел арасында тəрбиелік жəне құқық жұмыстарын жүргізу немесе насихаттау; 3.Мамандығы бойынша практикалық дағдыларды игеру -нарықтық даму жағдайында өзге адамдармен қарым-қатынас; -үнемі тəжірибелік біліктілігін жетілдіру. Пайдаланылған əдебиет: 1.Тойбаев Ə.Ж. Жалпы білім беретін орта мектептерде оқушы тұлғасын дамытудағы ойын технологиясының теориялық негіздері–«Жалпы педагогика» - Алматы:Əл – Фараби ат.Қазақ мемлекеттік ун-ті, 2008.

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Кайрекенова Айнур Ербулатовна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжі

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев халыққа жолдаған «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «...Бүгінде ағылшын тілі–жаңа технология, жаңа индустрия, жаңа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Əрбір екі жыл сайын олардың көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меңгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды» деген болатын. Сондықтан қазіргі таңда ағылшын тілін меңгеру-заман талабы,ал оны үйретудің тиімді жолдары мен əдістерін қолдану оқытушыға артылған міндет. Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану-оқушылардың сөздік қорын молайту,сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айту,диалогтік сөйлеудің қалыптасуы, түсінгенін айта білу, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуға негіз болады. Өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып, соның ішінде рөлдік ойын тəсілін пайдаланамын


Мақсаты: Шетел тілдерін оқытуда рөлдік ойындарды қолданудың бүгінгі жай-күйін теориялық тұрғыдан сараптау, оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды ұйымдастырудың ең тиімді жолдарын табу, оларды сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімділігін тəжірибелікэксперименттік жолмен тексеру. Студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындарды қолданудың маңыздылығы бар екендігін жəне студенттердің қызығушылылықтары арта түсетіндігін дəлеледеу Осыған орай алға қойған міндеттерім төмендегідей: - Студенттердің пəнге деген қызығушылықтарын арттыру - қабілеттері мен кəсіби қарым-қатынас мəдениетін қалыптастыру; - қажетті ақпаратты алу мүмкіндігін дамыту; - кəсіби салада маманның лексиканы құру; - ауызекі тілдің қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру; - кəсіби құзіреттілігін қалыптастыру; Рөлдік ойын- бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын-ала бөлінген рөлдер арқылы қатысушы топтардың сахналап ойнауы. Ойын – эмоциялық жəне ақыл-ой күшін талап ететін ерекше ұйымдастырылған сабақ. Бір ойынның өзі əртүрлі орындалуы, əртүрлі нысанды қабылдауы мүмкін,бірақ олардың бəрінің негізінде импровизация тұрады. Ойын бұл тек ұжымдық көңіл көтеру емес,бұл оқытудың барлық міндеттеріне қол жеткізудің негізгі тəсілі, сондықтан ол қандай дағды жəне икемділікті талап ететіндігін, білімгердің нені жасай біледі жəне ойын барысында нені үйренгендігін білу қажет. Біздің колледжде «Аспаз» мамандықтарының салалары бойынша ағылшын тілінде лексиканы колданамыз жəне шет елдерінің мейрамханасындағы ас мəзіріндегі тамағамдардың аттарын үйренеді. Бұл салада ағылшын тілінің маңыздылығы зор, өйткені көптеген шет елден келетін тағамдардың аттары мен дайындау əдістері, аспаз мамандығында қолданылатын техникалық кұралдар олардың қалай пайдаланатындығы ағылшын тілінде жазылған. Сондықтан ағылшын тілі сабақтарының мақсаттарының бірі –болашақ мамандарға кəсіби тілді үйрету күнделікті өмірде жəне кəсіптік бағдарда белсене қолданылады. Сабақ барысында студенттер төмендегідей жағдаяттар бойынша рөлдік ойындарын сомдайды: - күнделікті тамақтану үшін өнімдер тізімін талқылау; - кафеде мейрамханада ас мəзірін талқылау; - ағылшындардың ұлттық тағамдарын талқылау; - ағылшындықпен қазақтын ұлттық тағамдарын талқылау; - даяршы мен мейманнын арасындағы аңгімені талқылау; Бұл топтарда мынадй диалогтар көп қолданылады: «At the restaurant», “At the cafe”, “The Menu for guests”, “At the supermaket”«My favorite recipes», «Recipes by Dishes», «Cupcakes», «Soups and stews», «Pizza and Pasta» т.б.


«Фермер шаруашылығы» мамандықтарына ағылшын тілінде ауыл шаруашылық машиналардың құрылыстарын, бөлшетерін, ауыл шаруашылық мамандықтарына байланысты терминдерді үйретумен қатар, төмендегідей рөлдік ойындарды үйренеді: «At the farm», «At the cattle farm» , «Tools for farmer». «Дəнекерлеу ісі» мамандықтарына дəнекерлеу ісіне байланысты ағылшын тілінде тек техниалық терминдерді ғана аударып қоймай, дəнекерлеу ісінің шығу тарихын, дəнеерлеудіің түрлерін, түрлі металл қосылыстарын танысады.«Дəнекерлеу ісі» мамандығына келесі рөлдік ойындар қолайлы: «At wok», «At the welding lesson», “Arc and gas welding in detail” Студенттердің ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын дамытуда рөлдік ойындардың практикада қолданылуы Эксперимент жүргізудің мақсаты: шетел тілдерін үйретуді рөлдік ойындарды қолданудың тиімділігін анықтау, оларды сабақ барысында қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету. Бұл экспериментте І курс студенттерінен екі топ қатысты. №15 топ «Аспаз» мамандығы, топта 10 студент жəне №20 топ «Аспаз» мамандығы, топта 11 студент білім алуда. Мысалы, «Аспаз» мамандығында кəсіби ағылшын тілі пəнінен бірінші тарауда 6 тақырып жəне қорытынды тест тапсырмалары бар. №15 топ «Аспаз» мамандығында білім алып жатырған студенттерге сол тараудағы тақырыптар бойынша рөлдік ойындарды қолдансам, ал № 20 топ «Аспаз» мамандығының студенттеріне аталған тақырыптарды меңгертуде мəтін түрінде тапсырмалармен түсіндірілді. Бірінші тақырып бойынша «British cuisine» тақырыбы бойынша № 15 топқа «British cuisine» атты рөлдік ойын сомдауға тапсырма берілді. Бұл жерде ролдік ойынды таңдаған себебім: шетелдік мектептердегі ойын əдістерінің жүргізілуі өте еркін, яғни олар ойын барысында өздерін өте еркін ұстайды, ролдік ойындарды да нағыз образға шынайы түрде ене отырып орындайды, ал біздің оқушыларымыз коммуникативтік ойындарды қолдану барысында, өз ойларын жеткілікті дəрежеде жеткізе алмауы, олардың сөздерді айтуда қателесемін деген ойдың туындауында, себебі қазақтың кейбір балаларына ұялшақтық пен ұяңдық тəн, олардың бойында өзгелермен жылдам қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер баяу. Ал №20 топқа сол тақырып бойынша “British cuisine” (Main course dishes) атты тақырыпты таңдадым. Студенттер оқып, аударып, түсінгендерін айтты. “British cuisine” (Main course dishes) Слайдта мəтіні тұрады. Сосын тақтағы шығып ойнайды. Диалогтың ішінен Present continiouos шағында тұрған етістікпен to be етістігін табу керек.) Бұл жерде ролдік ойынды таңдаған себебім: ойын оқу мотивациясына ынталандырды, оқушылардың тапсырманы жақсы орындауға қызығушылығы мен ұмтылысы артты, бұлжерде бөлінген ролдер арқылы студенттер өмірлік жағдайларды өз бастарынан өткізіп, сезіне алады. Рөлдік ойын процесінде


қисынды ойлау,қойылған сұрақтарға жауап іздеу қабілеттілігі, сөйлеу, сөз этикасы, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу қабілеті дамиды. «The traditional food in Englіsh speaking countries»тарауды қорытындылау үшін екі «Аспаз» тобына тарауға қорытынды тест тапсырмалары берілді. Екі топтың тест қорытындысын саралай келе, ролдік ойындарды қолданған топтың сапасы жоғары болды, тарауға қорытынды тест тапсырмасынан 81,8% сапа көрсетсе, ал ролдік ойынды қолданбаған топтың сапасы төмен болды, 58,3% құрады, яғни айырмашылық 23,5% құрады. Қорыта келгенде, оқу үрдісінде «ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын көтеру болып табылады. Шетел тілін оқытуда коммуникативтік принципін іске асыру ең тиімді əдістерінің бірі–рөлдік ойын екенін көз жеткіздім. Рөлдік ойын түрлерін пайдалану мынадай нəтижеге жеткізеді. 1. Студенттер ұжым болып жұмыс жасауға дағдыланды. 2. Студенттер рөлдік ойындар арқылы берілген ситуациялық жағдаяттарға жай ғана диалог құрмай, берліген рөлге импровизация жасай білуді үйренді. 3. Рөлдік ойындар арқылы нақты өмірді көруге мүмкіндік алды. 4. Тірек – сөздерді пайдалануды үйренді. 5. Рөлдік ойындар барысында студент өзін сомдау кезінде өзі-өзі тануға көмектесті. 6. Студенттің ойлау қабілеті дамып, бір-бірімен коммуникативті қарымқатынас жасай білуді үйренді. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.RymondMyrphy “Essential grammar in Use” 2007 2.М.Жайлауова,З.Сексенбаева. Дидактикалық ойындар жэне оларды пайдалану // Бастауыш мектеп, 2004, №6. -Б. 28-30 3.Жилкина Д.Н. «Ролевые игры на уроках английского языка» // Иностранные языки в школе №1/2010 ҚҰЗЫРЕТТІ МАМАН ДАЯРЛАУДАҒЫ КƏСІПТІК АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Сугурова Асел Нугмановна Атырау энергетика жəне құрылыс колледжінің ІІ-ші санатты ағылшын тілі пəнінің оқытушысы

Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен, оның мұғалімділігі де жойылады. К.Д.Ушинский Қасиетті Отанымыз Тəуелсіздіктің үшінші мүшеліне аяқ басты. Қазақстан қысқа мерзім ішінде кемелденіп, қуатты толысқан сақа мемлекетке айналды. Ширек ғасырда біз елімізді түбегейлі өзгерткен екі жаңғыруды іске асырдық.Биылғы Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бəсекеге қабілеттілік. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз


елімізді мақтан тұтамыз. Қазақстан 2050 жылға қарай əлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Ел болу мəселесі, ұлтты сақтау, жерді, туған ата-мекенді қорғау мəселесі қазақ халқы үшін қашанда тарихи даму тұрғысынан маңызды болып келе жатқаны белгілі.Осы аталған мəселелер ешқашан да күн тəртібінен түскен емес. Ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың:Қазіргі заманғы ғылыми – техникалық үрдістің қарқыны, білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отырғаны анық.Ең бастысы-өз жұмыс орнына жəне бүкіл техникалық тізбекте технологияның үздіксіз өзгерістеріне бейімделе алатын құзыретті маман тұлғасын қалыптастыру. Сондықтан ұстаздарды серпілістер мен жаңарулардың қарсаңындағы басты тұлға дей аламыз. Ендеше жүктеліп отырған аса жауапты міндет, білім саласындағы реформалар, педагогикалық əдіс–тəсілдердің тың, мəнді, əрі сапалы болуын талап етіп отырған осы бір айтулы кезеңде, мұғалімдер жылдар бойы жинақтаған іс –тəжірибесін жаңа технологияларға ұштастыруы қажеттігі туындайды. Сондықтан қазіргі қоғамымызға əр мұғалім өз іс-əрекетінде қажетті өзгерістерді əртүрлі тəжірибелер жөніндегі мағлұматтарды жаңа əдіс тəсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана біле отырып, жаңашыл ұстаз болуға ұмтылу керек деп ойлаймын. Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа əлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді жəне өндірісті бəсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады. Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мəн беруін білімді жоғары дəрежеге көтергені мəлім. Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен,шапшаң технологиялық өзгертулермен,соның ішінде академиялық жəне еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Жалпы кəсіптік құзыреттілік Бұл құзіреттілік əр сала маманының кəсіби мазмұнына сай қарастырылған. Қазіргі заман дəнекерлеушілері, электр жүйесінің монтаждаушылары,құрлысшылары, əрлеушілері,ЭЕМ оператор қызметкерлері қандай кəсіптік қызметтерге даяр болуы керек? Осы жағынан қарастыратын болсақ, бұл мамандықтар бойынша болашақ мамандар мəселені уақытында анықтай алу, оның себептерін, жағымды жəне жағымсыз жақтарын белгілеу, кəсіпорын тұтынушыларымен, клиенттерімен тіл табыса алу. Осыған орай, кəсіптік білім берудің мақсаты–ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, жан-жақты, қазіргі заман талабына сай, бəсекелестікке қабілеті бар, теория мен тəжірибені байланыстыра алатын құзыретті мамандар даярлау деп санаймын. Кəсіптік ағылшын тілін оқытудың маңыздылығы


Колледжде немесе кəсіптік оқу орындарында кəсіптік ағылшын тілі қатардағы пəн ретінде жүргізіледі. Кəсіптік ағылшын тілі пəнінің мақсаты – студенттердің жалпы білімін кеңейту ғана емес, сонымен қатар, оқып жүрген қазіргі ағылшын тілінде мамандығына байланысты түрлі ғылыми терминдер, электрмен жабдықтаушыларға электр саласы бойынша, газэлектрмен дəнекерлеушілерге жəне құрылысшыларға кəсіби сөздерді, сол əр саланың өзіне тəн ғылыми терминдерді, түрлі атауларды жас мамандарға білудің маңызы аса зор. Яғни, басқа тілді адамдармен кəсіби ағылшын тілінде сөйлеу алу жағдайына жету сол сала иесінің алдына қойған мақсатының бірі болуға тиіс. Кəсіптік ағылшын тілін үйретудегі практика жүзіндегі мақсат – студенттің алған білімдерін болашақта жоғарғы оқу орындарында, жұмыстарында сауатты қолдана алатын кең көлемді, жоғары білікті маман дайындау. Кəсіптік ағылшын тілі пəнінің ерекшеліктерінің бірі - студенттерге жазба жұмыстарының түрлерін үйренуге жəне шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру. Олар: хаттардың түрлері, іс-қағаздар, жарнамалар, рефераттар, кəсіби қарым-қатынас жасауға, мамандыққа байланысты мəтіндер, ғылыми терминдер жəне кəсіби сөздер, түйіндеме жазуды үйретеді. Бұл олардың болашақта білімін одан əрі дамытуына, жұмысқа орналасуына, жұмыс істеу барысында одан əрі өрлеуіне мүмкіндік береді жəне бүгінгі өскелең өмірде өз орнын табуға, өзінің басқаға, достарына, бір сөзбен айтқанда, қоғамға пайдалы болуға, тек өзі үшін ғана өмір сүрмеуге жетелейді. «Кəсіби бағдарланған ағылшын тілі» пəні міндетті компонентке еңгеннен кейін, дəстүрлі «Практикалық ағылшын тілі» пəні біраз өзгертулерге ие болды. Жаңа пəн кері ықпал жасап қана қоймай, қалыптасқан оқыту дəстүрлерін қайта қарастыруға əкеліп соқты. Сабақ өткізу, ұйымдастыру кезеңі,білімді бағалау жəне бақылау шарттары, тапсырмалардың орындалуы секілді əдіс-тəсілдер қайта қарастыруды талап етіп отыр.Кəсіби ағылшын тілі пəні колледжімізде үш жылдан бері енгізіліп келеді. Жаңа пəннің оқыту əдістемесіне міндетті түрде инновациялық оқыту əдістері еңгізілген. Электронды оқулықтар, интерактивті технологиялар оқу жұмыс бағдарламасының негізгі құралы болып анықталды. Қазіргі кезде пайдалану кең тарап жатқан интернет ресурсының қолданылуыда көп мүмкіндік береді. «Ағылшын тілі» жəне «Кəсіби бағдарланған ағылшын тілі» пəндерінің жүйелі үлгілік оқу бағдарламасы жəне тақырыптық жоспары жасақталынды. Осы сабақтарымнан күтілетін нəтижем – біріншіден студенттердің пəнге жекелей жұмыс жасау қабілеттілігі мен қызығушылығын арттыру, студенттерді ағылшын тілінде сөйлеуге, жазуға, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету. Қазіргі қоғамда жұмыс берушілердің жұмысқа қабылдауда негізгі талаптардың бірі ағылшын тілін білу екені бəрімізге мəлім. Түйіндеме жасаған кезде міндетті түрде тілдерді білу деңгейін көрсетіп, «ағылшын тілі –жақсы, сөздікпен» деп көрсетіп қоямыз. Ағылшын тілін білгендер жұмыс


берушінің көзінде сауатты, білікті маман болып көрінеді. Бұл ағылшын тілінің қазіргі қоғамымыздағы орнын көрсетеді. Басқаша айтсақ, қазіргі заманда ағылшын тілін білу – өмірлік қажеттіліктердің бірі. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай:«Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі əлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің əрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады». Ол шындығында да солай. Мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде болғандықтан,біз сауатты білімді, бəсекеге қабілетті болуымыз үшін өз мамандықтарымызды дұрыс таңдап,дұрыс игеріп,өмірден өз орындарымызды дұрыс таба білуіміз керек. Мамандық таңдау- ол өмірлік таңдау. Пайдаланған əдебиеттер: 1.Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы 2017 ж. 31 қаңтар. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік». 2.Н.Назарбаев «Инновациялар мен оқу- білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» - Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінде оқылған лекция. Астана, 2006. 3.Егемен Қазақстан. 26.12.2003ж. №332-333. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 4.Исаева Т.Е.Классификация профессионально-личностных компенсаций вузовского преподавателя //Педагогика. 2006. №9. С 55-60 5.Нұрмашқызы А.Қатысымдық құзыреттілік мəселесі туралы. // Білім. Образование. 2008 №6 б.32-33 6.Сейтешев А.П.Профессиональная направленность личности: теория и практика воспитания. Алматы: Наука,1990. 7.Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. М., 2002. 8.Шилова О.Н. Что такое ИКТ-компетентность студентов педагогического университета и как ее формировать // Информатика и образование. 2004 №3 с.96-100 9.Кəсіптік мектеп журналы 2011 №2-3, 5-8 бб ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР - ҚЫЗ БАЛА ТƏРБИЕСІНДЕ Изтелеуова Жаннар Максутовна Атырау қаласы Б.Нысанбаев орта мектебінің 5 сынып жетекшісі, орыс тілі мен əдебиеті пəні мұғалімі

Қазақ халқының ұлттық тəрбиесі – əлемде теңдесі жоқ тəрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Олай болса, қазіргі кезеңде мектеп табалдырығынан бастап білім беруде ел тарихын терең қозғап, тəрбие сағаттарында қазақ зиялы қауымының еңбектерін, қоғам дамуына қосқан үлесін айтып түсіндіру


арқылы жастардың адами құндылық қасиеттерін қалыптастыра аламыз. Сондай-ақ ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері: рəсімдер, рəміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер, кісілік рəсімдері, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, ұлттық қасиеттерге айналады. Жан-жақты жарасымды дамыған, көркіне ақылы сай, адамгершілігі мол жігіттің сұлтаны, асыл ару тəрбиелеу халық арманы Қыз баланың тəрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы. Ертеде ата-бабаларымыз, əлемдегі сұлулықтың көркем үлгісін ару қыздың тал бойынан көруді көксеген. Əрбір ата-ана қыздарын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз деп санаған жəне қыздың ар-ұятының сақшысы бəріне жауапты екенін еш уақытта есінен шығармаған. Алайда, бүгінгі таңда қыз бала тəрбиесіне біржақты қарайтын ата-аналар да жоқ емес. Көпшілік ата-анада баласын қатарынан қалмасын деген түсінік қалыптасқан. Қазақ халқы қатарынан қалмау деген сөзді – ақыл-ойы, адамгершілігі, білімі қатарынан қалмасын деген. Ал қазір бұны сəннен қалмау деп түсінетіндер қатары көбейіп келеді. Осылай өсірген қыздарымыз, ертеңгі күні қандай ана болмақ, солардың бір сарынын күнделікті көзімізбен көріп жүрміз. Бүгінгі қызғалдақ қыздарымыз - ертеңгі ибалы да инабатты келін, болашақ ана, салиқалы əже болары табиғат заңынан белгілі. Сондықтан иманы мен ибалы жүзінен байқалатын қазақ қыздарына ата-бабаларымыз қырық үйден тыйым салып, көзінен таса қалдырмай, тəрбиесіне үлкен мəн берген. Осы орайда, қыз балаларға мектеп қабырғасында берілетін тəрбие, сынып жетекшісіне артылар жүк ерекше. «Қыздары мықты болмай, қоғам мықты болмайды » деп Ақұштап Бақтыгереева апамыз айтқандай, ұлтжанды, өз елін ,жерін сүйетін мықты қыз баланы тəрбиелей білу- ата-ананың,мұғалімнің міндеті деп түсінемін. Міне,сондықтан мен де өз сыныбыммен тəрбие жұмыстарын жүргізгенде қыз балалармен жұмысқа көп көңіл бөлемін. Ондағы мақсатым: сыныбымдағы қыздардың бойына қазақ қыздарына тəн барлық қасиеттерді сіңіру, ұлтжандылыққа тəрбиелеу. Оқушылардың бойында ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден-бірі сыныпта жүргізілетін тəрбиелік іс-шаралар. Осы мақсатта өзім жетекшілік еткен сыныптағы қыз оқушылармен жұмыс жүргізуді сыныпқа берілген сипаттамадан жəне əлеуметтік картасын жасақтаудан бастап, олардың қызығушылығы, қабілеті, бейімі, мінезі, достары, нені ұнатпайды, т.б. қырлары туралы жан-жақты зерттеу жүргізуден бастадым. Осыдан кейін ең осал тұсы қайсы сол бағытқа басымдық бердім. Менің сыныбымда 11 қыз оқушы болды. Олардың 1-уі жартылай жетім, 1-уі толық емес отбасы, 2-уі аз қамтылған, 2-уі көп балалы, 5-уінің жағдайы жақсы отбасынан. Ең алдымен, қыз оқушыларымның аналарымен біріккен жұмыс жүргіздім.Сонымен қатар, қыз оқушылармен жүргізілетін жұмыс жоспарын жасақтадым. Сынып сағаттарында, əр түрлі тəрбиелік шаралар өткізгенде тақырыптарды түрлі форматта өткізуге күш салдым. Қыз балаларға сауалнама жүргізіп, өздерін толғандырып жүрген мəселерімен таныстым.


Қыз баланың жеке бас гигиенасынан бастап, отбасы тəрбиесі, адами қасиеттерге тоқталдым. Себебі, қазіргі заман қыз тəрбиесіне ерекше мəн беруді қажет етеді. Қыз тəрбиелей отырып, ұлтты тəрбиелейміз деген қағиданы ұстанамын. Əдептілік, инабаттылық, сыйласу жағынан халқымыз алдына жан салмаған. Бір өкініштісі: уақыт өткен сайын осынау асыл қасиеттерімізден айырылып бара жатқандаймыз. Сондықтан «Қызым,саған айтам» тақырыбында шара өткіздім. Мақсатым: осы мəселе төңірегінде ой қозғау, эстетикалық тəрбие беру, емін-еркін өз ойдарын ашып айтуға баулу. Қолданған көрнекіліктерім: қыз тəрбиесіне қатысты нақыл сөздер, мақалмəтелдер. 1-бөлімде психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Мен бақыттымын» тренингін өткіздім. Əр түрлі түстер арқылы 3 топқа бөлдім. 2-бөлімде «Отбасындағы қыз бала тəрбиесі» тақырыбында баяндама оқыдым. 3-бөлімінде топтық тапсырмалар бердім. 1-топ қыз туралы мақал – мəтелдердің жалғасын тапты, 2-топ нақыл сөздер айтты, 3-топ қыз туралы өлең құрастырды. Əр топ өз жұмыстарын қорғады. Қорытындысында интертақтадан бейнекөрініс көрсеттім. Келесі тəрбие сағатымды «Ұл ұятымен, қыз қылығымен қылықты» тақырыбында өткіздім. Оқушыларды əдептілікке, адамгершілікке, жаман əдеттен аулақ болуға үйрету. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қалықтарды ажырата отырып, əдеп əліппесін бойына дарыту. Əдептілікке, сыпайылыққа тəрбиелеу. «Менің жанұям» тақырыбында өткізген шарамдағы мақсатым: Бала тəрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тəрбиелеу. Ұл ұятты болса, қыз қылықты болса, адамгершілікті , иманды,тəрбиелі болса-мемлекеттің байлығы. Қорыта келгенде жүргізілген жұмыстар арқылы төмендегідей нəтижеге қол жеткіздім: 1.Қыз бала тəрбиесіндегі əдіс-тəсілдер формасы, жүйесі өзгерді; 2.Қыз бала тəрбиесі жақсарды; 3.Қыз бала тəрбиесіндегі толғандырып жүрген сауалдар төңірегінде атааналармен ой бөлістім; 4.Сыныбымдағы қыздар арасындағы сыйластық, өзара қарымқатынастарының нығая түсті; 5.Қыз оқушыларым өздеріне берілген тапсырмаларды уақытында орындайды, жауапкершілікті сезіне білді; 6.Туған елінің, өзге де елдің салт-дəстүрлерін құрметтей білуге, ата-анасын, достарын сыйлауға тəрбиеленді; 7.Инабатты, иманды, өмір сүруге құштарлықтары артты; 8.Жан-жақты дамыған, ұлттық тəрбиені бойына сіңірген белсенді, іскер қыз оқушыларымның болуы; Егемен елдің келешегінің кепілі-қыз баланы тəрбиелеу басты міндетім екенін түсіндім. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» журналы 2. «Қазақстан мектебі» журналы


3. Ж.Ақпарова «Жанұяның методологиялық негіздері» 4. Отбасы жəне балабақша 2008.

ОҚУШЫЛАРДЫ ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ АТА-АНА МЕН МЕКТЕПТІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ Ақбейісова Гүлбанат Аққаламқызы Атырау облысы Махамбет ауданы Жалғансай орта мектебінің мектеп директорының тəрбие ісі жөніндегі орынбасары

Адамның адамшылығы-ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. А.Құнанбаев Əрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғам өркениетілікке жеткізу, ең алдымен, əрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тəрбиенің бастапқы əліппесін бала отбасында алады.Салауатты отбасында ғана салауатты ұрпақ қалыптасады. Елбасы Н.Ə.Назарбаев білім беру саласында халқымыздың руханилық дəстүрін кеңінен дамытып, өскелең ұрпақты рухани сезімі биік, өз Отанын халқын сүйетін, сонымен қатар жалпы адамзаттың құндылықтарын бүгінгі таңдағы маңыздарын түсінетіндей етіп тəрбиелеу қажеттілігіне баса назар аударды. Яғни, болашақ тізгінің ұстары, елінің ертеңі болар, халқының үмітін ақтай білетін дені сау, білімді де саналы жас ұрпақты өсіру, талабы туындап отырады. Бірі, баланың бастапқы тəрбие мектебі алтын бесік отбасы болса, екіншісі, алтын ұя - мектеп. Бұл екі ортаныңда мақсат мүддесі ортақ. Отбасы, ата-ана адамды дүниеге əкеліп, қалыптастырып, дамытып жетілдірсе, адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Бұл кейелі жерде қызмет ететін мұғалім мен ата-анаға жауапкершіліктің үлкен жүгі артылған. Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, атаананың əрбір іс-əрекеті балаға үлкен сабақ. Əрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тəрбиешілері. Отбасынан кейінгі, үйміз мектеп осы мектепте, отбасының тəрбие бағыт беріп келген жерінен бастап, сол тəлім –тəрбиені, бағыт беруші мұғалімдер. [1.1-2] Мақсаты: Оқушылардың əр жақты жарасымды етіп дамыту, олардың жоғары азаматтық көзқарасын,тұлғаның білім, білік дағдысын дамыту, атаана байланысын нығайту, танымдық қабілетті дамыған жəне өзін-өзі көрсете алатын тұлға қалыптастыру. Міндеті: 1.Əлеуметтік тəрбие беру жолымен дүниеге көзқарасын кең мəдени ой-өрісі жоғары тұлғаның үйлесімді жан – жақты дамуының негізін қалау, ұлттық құндылығымызды жоғалтпау; 2.Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану; 3.Мектеп пен отбасының тығыз қарым-қатынаста болу ;


Тəрбие - отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалымен қалыптасады. Отбасының екі тірегі- əлпештеген əке мен аялаған ана. Қазақ халқы ежелден ұл бала мен қыз баланың тəрбиесін бөліп қараған. Ұлды мал бағуға, отын шабуға, қолөнер шеберлігіне, мал табуға, отбасын асырауға, ал қыз баланы ас пісіруге,кесте тігуге,өрмек тоқу сияқты үй ішінің ішкі жұмыстарына үйретіп отырды. Ата-аналармен тығыз қарым-қатынасты жақсарту үшін сынып жетекшілер жүйелі жұмыс жүргізу керек. Яғни пікірталас, жиналыс, дөңгелек үстел,тренинг,кеңес сабақ,талқылау, тест жəне психологиялық арттерапиялар т.б ұсынылады. Соның ішінде ерекше атап өтетін жұмысым «Отбасылық-неке қатынастары, баланың құқықтары, ата-ананың балалар тəрбиесіне жауапкершілігін артыру» атты пікірталастың жүру барысы: Пікірталас мақсаты: Ата-аналар мен оқушыларды пікірталасқа қатыстыра отырып халықтық педагогика негізінде салт-дəстүріміз туралы білімдерін байқау, отбасы Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұжымдылыққа тəрбиелеу. Пікірталас міндеті: Мектеп оқушыларының ата-анаға деген сүйіспеншілікті арттыру, үлкенді құрметтеуге, өз құқығын білуге тəрбиелеу. Көрнекілігі:1.Пікірталас өтетін орын түрлі түсті шарлармен безендіріледі. Жоспары: 1.«Бұлшық ет жаттығуы» Тренинг 2.Сұрасаң менің тегім...(отбасының шежіресі, бəйтерегі) 3.Эрудиттер байқауы( Ата-аналар берілген сұрақтардың сол бойда шешімін табу керек) 4.Ситуациялық жағдаят 5.«Отбасылық-неке қатынастары, баланың құқықтары, ата-ананың бала тəрбиесіне жауапкершілігін арттыру» тақырыбында қысқаша мəлімет 6.Постер қорғау 7.Кері байланыс 8.Қорытынды Барысы: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің мектепте атаана мен бала арасындағы махаббаттың бір айшығы, Отбасылық неке қатынастары,баланың құқтары,ата-ананың балалар тəрбиесіне жауапкершілігін арттыру ретінде ұйымдастырылып отырған «Отбасылықнеке қатынастары, баланың құқықтары, ата-ананың балалар тəрбиесіне жауапкершілігін артыру» атты пікірталасқа қош келдіңіздер! Отбасы-қоғамның ең кіші бөлшегі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен əсер күшін өмірдегі басқа еш нəрсенің күшімен салыстыруға болмайды, ата-ананың берген тəлім тəрбиесінің орнын еш нəрсе толтыра алмайды. Ата-ананың үміт арманы-баласы. Сондықтан ананың ақ сүтін ақтау, əкенің адал күшін ақтау, яғни өз болашағымызды сақтау, Отбасылық неке қатынастары, бала құқығын сақтау, ата-ананың балалар тəрбиесіне


жауапкершілігін арттыру мақсатында осы пікірталас ұйымдастырылып отыр. Пікірталасқа 8-10 сыныптар оқушылары мен ата-аналар қатынасып отыр. Қазақта «Бала-адамның бауыр еті», «Балалы үй базар» дейді. Өйткені бала- өмірдің жалғасы, отбасының жеміс берер гүлі дейді. Алдымен сіздерді бұлшық ет жаттығуы «Сақина -білезік» атты тренингке ортаға шеңбер құруға шақырамын. Отауға бөлу үшін «тəтті кəмпиттерді таңдап алып, отау аттары жазылған столына жағасайық» Олар мынадай отауларға бөлінеді:«Өнерпаз» отауы, «Зеректер» отауы, «Шежіре» отауы, «Шебер» отауы 2.Сұрасаң менің тегім... (отбасының шежіресі, бəйтеректі түсіндіру) Жеті атаны жіктей білу 3.Эрудиттер байқауы (Ата-аналар берілген сұрақтардың сол бойда шешімін табу керек) 1. Атты салт мінгеде қандай ат əбзелдері пайдаланылады? (жүген, ноқта, шылбыр, тізгін, ер тоқым, терлік, төстартпа, құйысқан, өмілдірік, аткөрпе, қамшы) 2. Ертеде ата-бабаларымыз қолданған ыдыс-аяқтар? (күбі, елеуіш, қазан, табақ, тостақ кесе қыш ыдыстар) 3. Қыз бен ұл балаға байланысты қандай нақыл сөздер мен мақалдар білесіздер? ( Ұл ұятымен, қыз қылығымен ардақты. Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді. Атадан ұл қалса, өзі қалғаны, Қыз қалса, ізі қалғаны. Əке отырып, ұл сөйлегеннен без, Ана отырып, қыз сөйлегеннен без) 4.Ұлттық тағамдар мен сусындар (ет асу, бауырсақ, ірімшік, құрт, талқан, айран, жент, қымыз т.б) 4. Ситуациялық жағдаят 1-жағдаят Алақай, мен бес алдым! Мұғалім бізге не айтқанын білесіз бе? -деп балаңыз өзінің алғашқы жетістіктері жайында қуанышы қойнына сыймай сізге айтып жатыр. Бірақ күндер өте береді. «Алақай бес алдым» деген баланың қуанышты сөздері сирек естілетін болды.Сіздің ойыңыз, ісəрекетіңіз? 2-жағдаят Он жасар баласының бөлмесін жинап жүрген шешесі баласының бір қатар заттарын қажетсіз деп лақтырып жіберді. Баласы сабақтан келген соң, бұл жағдайды көріп шешесіне қатты ренжіді. Шешесінің ойынша баласының мұндай реніш білдіруге қақысы жоқ. Себебі осы үйді реттестіретін, қалыпқа келтіретін жалғыз адам шешесі болғандықтан, қалай жинайды, солай болуы тиіс. Сұрақ: Анасының іс-əрекеті дұрыс деп ойлайсыз ба? Қандай қателік бар? Баланың қандай құқығы бұзылды? [2.34] 3-жағдаят


Соңғы кезде сымбаттың тəрбиесіне байланысты отбасында екі түрлі көзқарас туындап отыр. Əкесі Сымбатты шығыс жекпе-жегінің үйірмесіне жазамын, кейін өзін өзі қорғап үйренеді десе, анасы баласының ол үйірмеге баруға мүлдем қарсы. Оның ойынша, бұл қыз бала айналысатын іс емес. Сымбат не істерін білмей əуре. Үйірмеге қатысқысы келеді, бірақ анасының көңілін де қалдырғысы келмейді Сұрақ: Мұндай жағдайда ата - ана не істеу керек? Сіз кімнің көз қарасын жақтайсыз? Əкесінің бе? əлде шешесінің бе? 4 – жағдаят Видеоға назар салайық! «Əке 1 сағатыңды сатшы маған!» Осы ролик бойынша пікірлеріңіз қандай? 5. «Отбасылық-неке қатынастары, баланың құқықтары, ата-ананың бала тəрбиесіне жауапкершілігін арттыру» тақырыбында қысқаша мəлімет 6. Ата-аналарға «Ата-ананың бала тəрбиесіне жауапкершілігі» тақырыбында Постер қорғау 7. Кері байланыс « Өрмекші торы» «Əкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дегендей ата-баба дəстүрін сақтап ұл-қыздарымыздың ұлттық салт-дəстүрімізге сай тəрбиелеуата-ананың парызы. Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі, жанжақты тəрбиелі болуы отбасына берілетін ұлттық тəрбиеге тікелей байланысты екендігін естен шығармайық. Олай болса, бүгінгі пікірталасқа шынайы қатынасып, барлық сұрақтаға жақсы жауап беріп, шебер тілмен тиянақты түрде айта білген барлық ата-аналарымыз бен оқушыларымызға өз бақытымызды бағалай білейік-деп бүгінгі пікірталасымызды аяқтаймыз.[3.8] Бала туылғанда ақ қағаздай болып таза туылады, оның бетіне шимайды қалай салсаң солай шығады. Əр ата-ана өз баласы еліне, халқына шын берілген, халқын құрметтей алатын, дені сау, білімді, еңбексүйгіш, жанжақты жетілген азамат етіп тəрбиелеуді борышым деп есептеу керек. Мен үшін шəкірт-жас ұлан көзімнің ағы, қарасы, Үйретсем деймін ұрпаққа саналы сөздің сарасын. Төл тілін еміп, арада өскен, елімнің ойлар парасын, Жеткізсем деймін биікке, Қазақтың қара баласын. Сондықтан еліміздің болашағы жастарымыздың заман талабына сай сапалы білім, саналы тəрбие алуына берілсе – кемеліне жетеді деп ойлаймын. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Кенжетайұлы С, Қазақ халқының салт-дəстүрлері. 2007 . [1.1-2] 2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 34 бет 1\2014 .журналы [2.34] 3. Бала тəрбиесі №2, 2006 ж, №4 2008 . [3.8]


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СЫНЫП САҒАТТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ Зинуллина Əсел Əбілсейтқызы Атырау облысы Құрманғазы ауданы М. Əуезов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Қазіргі заман мұғалімдердің алдына үлкен талап қойып отыр. Білім беру жүйесінде оң өзгерістер мен жаңа идеялар өз орынын табуда. Өз ойын еркін жеткізе алатын, қоғамдық ортада еркін сезіне білетін сапалы білім алған тəрбиелі жеке тұлғаны қалыптастыру ұстаздардың еншісінде. «Білім мен тəрбие-егіз» ұғымын бір-бірінен ажырату мүмкін емес. «Тəрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы» деп ұлы ойшыл ƏбуНасыр əл Фараби бабамыз айтпақшы балаға ең бірінші білім берместен бұрын оның тəрбиесіне баса назар аудару қажет. Адамзат тəжірибесінде тəрбиенің түрлі мектептері болғандығын ғасырлар үнінен байқауға болады. Қазіргі таңда өскелеңі ұрпақты тек білімді емес, сонымен қатар тəрбиелі азамат болуы үшін қоғамның қосар үлесі зор. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші бала тəрбиесін отбасында Ал қазіргі таңда заман талабына байланысты ата аналар жұмыс басты. Соған байланысты бала тəрбиесіне көп бөлінбей қалады. Десекте, Қазіргі таңда да балабақшаларда, мектептерде, тіпті жоғары оқу орындарында тəрбиеге жете көңіл бөлінгеніп жатыр. Себебі білім алдыңғы орынға шығып, тəрбие кейіндеу қалып қоятын болса, мұның арты адамның толыққанды тұлға болып қалыптасуына айтарлықтай кері əсерін тигізері хақ. Білім – қарапайым тілмен айтқанда, белгілі бір ақпараттар жиынтығы ғана. Ол санаға сіңіп, ойда қалады. Ал тəрбие адамның күллі жан-дүниесіне əсер етеді, тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады. Адамды отбасы, қоғам, қоршаған ортасы тəрбиелейді деп айтатынымыз сондықтан. Ал енді осылардың ішіндегі ең маңыздысы отбасылық тəрбие болса, келесісі бұл баланың мектепте меңгеретін тəрбиесі. Мектеп – қоғамнан тыс өмір сүре алмайтын институт. Қоғам қандай болса, мектеп те сондай. Ал мектепті бітірген азаматтар қоғамға араласады. Демек, қоғамдағы құндылықтарды қалыптастырады.Осы тұрғыдан келгенде қоғамның рухани-мəдени келбетіне мектептің тигізер ықпалы күшті. Бір сөзбен айтқанда, мектеп– тəрбие мен білімнің қазыналы ордасы. Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық жəне қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тəрбие беретін мұғалім əдепті,ой-өрісі кең, жан- жақты білімді, ұстамды, өз ойын шəкіртіне анық, дəл жеткізетін болуы тиіс. К. Д. Ушинский: «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанымен оның мұғалімдігі де жойылады»,- деген. Ендеше мұғалім үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш - қуаты, көңілі əрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түседі. Кез келген оқыту


белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Рационалды парадигмаға білімді меңгертудің тиімді жақтарын меңгерту жатса, онда баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру болып табылады. Ал, бұл сынып жетекшінің жұмысына тікелей байланысты.Сынып жетекші—тек адамзаттық құндылықтарға үйреніп қана қоймай, сонымен қатар əр баланың бойындағы бейімділігін, кəсіби икемділігін, табиғи мүмкіндіктерін ашып,сүйіспеншілік пен шəкіртіне үлкен сеніммен қарайтын жан. Сынып жетекшілерге көмек ретінде сынып сағаттарын ұйымдастырудың тиімді əдіс-тəсілдерін ұсынбақпын. Қазіргі таңда тəрбие жұмысы сабақ процесімен бірге жүргізілуі тиіс. Қандай пəнді оқып жатсада оқушылар тəрбиелік мəні бар дүниелерді игеруі тиіс.Өркениетті елдердің қатарына «буынып-түйінген» мемлекеттің көшбасшы шыңына шығуы – бүгінгі ұрпақ бейнесімен айшықталады. Бұл ретте оқушылардың білім,іскерлік,дағдыларының,жалпы дамуының, тəрбиелілігінің деңгейін арттыру мақсатында жасақтаған өзімнің педагогикалық "өнімімді" ұсынамын.Ондағы негізгі мақсатым бастауыш сыныптарда сынып сағатын ұйымдастырудың тиімді жолын тауып, оқушыларға сапалы білім, саналы тəрбие алуына жағдай жасау. Осы орайда өзім 1-ші жəне 2-ші сынып оқушыларына арнап «Сынып сағаты дəптерлерін» жасақтаған болатынмын. Бұл дəптердің тиімділігін өзімнің 2 жылғы тəжіребием дəлелдеді. Ең алдымен жылдық «тəрбие жоспары» жасалып сол жоспарға сəйкес сынып сағаттарының тақырыптары мен түрлерін анықтап алдым. Кейін сол тақырыптарды негізге ала отырып, сынып сағатының дəптерін жасап, əр сынып сағатының тақырыбына сай, баланың жас ерекшелігін ескере отырып тапсырмалар дайындадым. Бұл дəптер арқылы оқушылар меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі.Осы сынып сағатына арналған дəптер арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп,өткен сынып сағатынан қорытынды шығаруға үйреніп, сауаттылықтары артады. 1 – ші сыныпқа алғаш келіп отырған оқушы жазуды енді ғана үйреніп келе жатырғандықтан оқушыға сынып сағатының дəптеріне «Не түсіндік? Соны жазамыз» деп айта алмаймыз. Ал ұсынылған дəптерді берсек баланың қызығушылығы оянып, алдына берілген тапсырманы орындауға деген ұмтылыс пайда болады. Өз тəжіребиемнен байқағаным бала тапсырмаларды орындай отырып, сол өткен материалды игеруі, танымдық қабілетінің артатындығы анық көрінді. Сынып сағатының дəптеріндегі тапсырмаларды оқушы орындағанда еш қиындықсыз түсінікті əрі есінде қалатындай етіп жасақтау арқасында оқушының алған білімі сіңімді болады. Оқушы жадына жас кезінен бастап саналы тəрбие алуына жағдай жасау сынып жетекшінің басты міндеті. Дəптердің тиімділігін алғашқы күні– ақ байқалды. Оқушыларды ең алдымен қызығушылық пайда болды. Кейінгі сынып сағаттарында оқушыларда іздену, жаңа ұғым мен білімге деген құлшыныс пайда болды. Əр сынып


сағаты өте жоғарғы деңгейдегі қызығушылықпен өтетін болды. Оқушылардың білімі н апта сайынғы өткізіліп отырған сынып сағаттарынан алары мол болды. Ата – аналарды да сынып сағаттарына қатыстырып əрі кейбір сынып сағатынан кейін сынып сағаттары дəптерлерін үйге бере отырып, бала мен ата – ана арасындағы байланыстың пайда болғандығы сезіндім. Ата- аналар сынып сағаттарының тапсырмаларын орындауға балаларына көмектесіп, өздері де ізденіс үсінде болатындықтарын жеткізді. Дəптерлер эстетикалық талғамға сай етіп жасалғандықтан, оқушылар дəптерлерін ұқыпты ұстауға тырысты. Ол арқылы оқушы бойында ұқыптылық пен жинақылық, жауапкершілік сынды адами қасиеттердің артуына да септігін тигізді. Сынып сағаттарын тиімді əрі қол жетімді болу сынып жетекшінің уақытын үнемдейді. Əр сынып жетекші сынып сағаттарын ұйымдастыра отырып, балаға дұрыс жолды көрсете білуі қажет. «Білім мен тəрбие» егіз. Тəрбиесіз берілген білім оқушыларды ізгіліктен тайдырып, жауыздыққа, озбырлыққа, өзімшілдікке, өктемдікке жетелейді. Сондықтан əрбір ұстаз, балалардың жүрегіне ізгілікті ұялатуды, ұлттық өнегені, өнерді үйретуді ұмытпау керек. Оқыта отырып тəрбиелеу – бұрыннан қалыптасқан əдіс-тəсілдің бірі. Адамдарға кемшіліктері жөнінде көп айтыла беретін болса, онда олар өздеріне деген, өз күштеріне деген жəне өз мүмкіншіліктеріне деген сенімдерін жоғалта бастайды я, кемшіліксіз адам болмайды. Біздің ұжымда өз күшіміз бен мүмкіншіліктерімізге деген сеніміміз күн сайын артып, өз жұмысымызға деген махаббатымыз нығайып келеді. Мен оқушыларымды,өз мектебімді сүйемін жəне де ол сүйіспеншіліктің оқушыларымның жүрегінде де бар екеніне қуанамын. Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 1.Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық жəне ақпараттық технологиялар. (Е.С.Полат редакциясымен. 2000). 2.Шардарбеков Д. Оқыту технологиялары, Алматы 2008. 3.Қазақстан мектебі 2010. №12, 4.Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар 2009. СТУДЕНТТІҢ БОЙЫНДА КҮЙЗЕЛІСКЕ ҚАРСЫ ТҰРУ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТРЕНИНГТІҢ РОЛІ Жанғазиева Бақытгүл Серікқызы Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжі педагог-психологі

Күйзеліс кез-келген қызметпен байланысты болғандықтан, одан еш іспен шұғылданбайтын адам ғана құтыла алады.Бірақ батылсыздық, табыссыз, қателіксіз өмір кімге жағымды? Бұдан басқа қызметтің кейбір


түрлері шипалы күшке жəне күйзеліс механизімдерін жақсы түрде ұстауға көмектесетін күшке ие. Ганс Селье Қазіргі таңда, қоғамда шешілмей тұрған мəселелер өте көп. Солардың бірі – жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті əрекеттің орын алуы. Қазіргі өмірдің талабы мен қарқынының əлеуметтік-экономикалық өзгеруі салдарынан туындаған жанұядағы күрделі күйзелістің, дағдарыстық ахуалдың артуы жас өрендеріміздің психикасына əсерін тигізуде. Күйзеліс–адамның ширығуын талап ететін күрделі, күтпеген, аса жауапты, немесе қауіпті жағдайларда пайда болатын көңіл-күй ахуалы. Ол денеге жəне ақыл – ойға тез жəне жауапты шешімді талап ететін көп салмақ түскенде, дау – жанжал жəне басқа теріс жағдайларда туындайды. Күйзеліс үш кезеңнен тұрады: 1.Үйрену – жағымсыз тітіркендіргіш əсер еткен кезде туатын жауаптың алғашқы кезеңі. Таңырқау сезімі пайда болады; 2.Төзімділік – жағымсыз тітіркендіргіш əсеріне беріліп кетпей, оған төзе білу реакциясы. 3.Əлсіреу–бейімделу қорының мүмкіндігі азайып, таусылады, сондықтан психологияда дезадаптация (бейімделудің нашарлап жойылуы) пайда болады.Стресстің көпке созылған ауыр түрі адамды жүдетіп, қайғыға батырады. Жасөспірімдерде байқалатын күйзеліс белгілері: дəлелсіз дабыл, толқу жəне қорқыныш; есте сақтау мен назар аударудың нашарлауы салдарынан сабақ үлгерімінің төмендеуі, көзін жұмып – аша беру, шашын саусағына шырмау,бастың жиі ауруы,жүрек айну,жағымсыз түстер, тез шаршағыштық, ашуланшақ, өтірік айту, тəртібінің бұзылуы, оқуға баруға құлықсыздық, тұйықтық, ортадан түңілу, айналасындағылармен агрессивті қарымқатынас, өзін–өзі бағалауының тым төмендігі, асқа тəбетінің төмендеуі немесе артуы жəне ұйқысының бұзылуы немесе керсінше, көп ұйықтау. Қазіргі заманда депрессияға əкелетін себептер көп. Əлеуметтік мəселе, қаражаттың жетімсіздігі, адамдар қарым-қатынасындағы келеңсіздік, т.б. Бірақ адамдар өзінің психикалық ауруға шалдыққанын аңдамайды немесе мойындағысы келмегендіктен де мамандар мен арнайы орталықтардың көмегіне жүгінбейді. Жалпы күйзеліске анықтама беретін болсақ: КҮЙЗЕЛІС – организімнің оған қойылған кез келген қосымша (экстремальді) талабына (физикалық жəне эмоционалдық) реакциясы. Күйзеліс факторы (стрессор) – бұл күйзеліс шақыратын оқиға, жағдай немесе ой. Күйзеліс тудыратын себептер: 1.Тым көп нəрсе бірден басқа түсті 2.Өзара сынның жоғарылауы 3.Өзіне тым көп жоғары талап қоюшылық 4.Айналамдағылардың тым көп нəрсе күтетіндігі


5.Өмірдегі маңызды өзгерістер: басқа жаққа көшу, отбасы мүшесінің қазасы, той, оқыс оқиға немесе ауру 6.Ең қажетті нəрсенің өзіне ақша жетіспеуі 7.Жұмыстың болмауы Адамның күйзеліс əсерінде жүргендегі белгілері мен симптомдары Белгілері–сау емес кездегі организімнің көріну реакциясы: өңінің бозаруы мен тершеңдігі адамның күйзеліс əсерінде жүргенін білдіреді. Симптомдары–бұл көрінбейтін реакция. Тек осы симптомдарды басынан өткізген адам ғана, олар туралы айта алады. Жүрегінің айнуы жəне мазасыздық сезімі күйзеліс симптомдары болуы мүмкін. Белгілері мен симптомдары: Дене белгілері: Бозғылт немесе қызарған тері. Суық қол. Тістену, жағының қарысуы. Діріл. Қарашығының үлкеюі. Саусақтарының құрысуы. Қатты жүрек қағысы. Эмоциялық белгілер: Жылау белгілері.Нашар көңіл-күй. Ашу-ыза. Үмітсіздік сезімі. Шешім қабылдауға қабілетсіздігі. Мазасыздық.Қауіпті сезіну. Қозу, көтерілу Психикалық белгілер: Жағымсыз ойлар. Бір жайды мүлде дұрыс немесе мүлде дұрыс емес деп қабылдау (мүлде жаман немесе тым жақсы). Өз-өзіне жарақат салу туралы ойлар. Күйзеліспен күрестің теріс стратегиялары 1.Жағдайды теріске шығару 2.Жағдайды елемеу 3.Қалыпты құрлымының бұзылуы, жағдайын өзгертпеу 4.Артық тамақтану 5.Тамақтанбау 6.Шылым шегу 7.Алкоголь жəне есірткі пайдалану 8.Өз-өзінен тұйықталу 9.Өзін агрессивті ұстау Күйзеліспен күрестің оң стратегиялары 1.Босаңсу 2.Серуендеп қайтыңыз 3.Спортпен айналысыңыз, жүгіріңіз немесе қозғалысты ойындар ойнаңыз 4.Жеке күнделік бастаңыз 5.Сүйікті ісіңізбен айналысыңыз 6.Кітап оқыңыз 7.Діни сенімнен жұбаныш табу 8.Күліңіз 9.Музыка тыңдаңыз 10.Досыңызбен, ата-анаңызбен немесе өзіңізді жақсы көретін біреумен сөйлесіңіз Күйзелістегі адамға қалай көмектесуге болатын тəсілдер


1.Адамды тыңдаңыз 2.Көмек сұрауды ұсыныңыз 3Бірге қыдырып қайтыңыз 4.Жаңа шешімдер табуға көмектесіңіз 5.Спортпен бірге айналысуды, қозғалыс ойындарын бірге ойнауды ұсыныңыз 6.Күйзеліс факторлары туралы өз білгеніңізбен бөлісіңіз 7.Егер сізбен сөйлескісі келсе, ондай адамға уақыт бөліп сөйлесу керек. Студенттердің бойында күйзеліске қарсы тұру қасиеттерін қалыптастыру үшін Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінде көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Студенттер арасында аутодеструктивті мінез–құықтың алдын алу мақсатында І курс студенттерімен депрессия жəне қобалжу деңгейін анықтау диогностикасы жүргізіледі. ІІ курс студенттерінің күйзеліс, дистресс туралы түсінігін дұрыс қалыптастыру, дамыту мақсатында «Күйзелісті өмірде жеңуге болады» тақырыбында тренинг өткізіліп, төзімділікті анықтайтын тест жүргізіді. Тренинг барысында студенттерге «күйзеліс деген не?», «күйзеіс – бұл жақсы ма əде жаман ба?» - деген сауал қойылып, олардың осы туралы ішкі ойлары мен сезінетін жан күйлерін қағаз бетіне түсірулері сұралады. Студенттердің ойларымен танысқаннан кейін тренер күйзеліс туралы қосымша мəліметтер беріп, түсініктерін кеңейтеді. Тренинг соңында тренер жабығу кезінде мамандарға қаралып тұру қажеттігін, жабығудан кешенді шаралар арқылы, яғни салауатты өмір салтын ұстау, күн тəртібін құру, еңбек пен демалыс уақытын үйлесімді пайдалану, таза ауада серуендеу, тамақты түрлендіру арқылы арылуға болатынын түсіндіреді. «Өз мəселеңізбен ақыр соңына дейін күресіңіз жəне ешқашан берілмеңіз», - деген өсиет білдіреді. Қол жеткізетін нəтижелерім:  Студент өзін еркін, сенімді сезінеді;  Өз ой пікірлерін ашық айтуға дағдыланады;  Қарым-қатынастарын нығайтты:  Ұйымшылдық, жауапкершілік қасиеттерін дамытты;  Жағымсыз əсерлерден арылды;  Оқуға қызығушылықтары, бейімділіктері дамыды;  Психологиялық білімдері мен түсініктері кеңейді;  Студенттер өз бойында күйзеліске қарсы тұру қасиеттерін қалыптастыруға үйренді. Топпен жұмыс жасау арқылы ұжымды қалыптастыру, іскерлік қарым – қатынас, бірлік іс – əрекет жасау, əртүрлі жағдаяттарды шешуге бір-біріне көмектесу дағдылары қалыптасады. Сондықтан да студенттер орындайтын жаттығуларды көп түрлі етіп құрастыру керек. Жаттығудың бірінде іскерлік ойын ойнаса, келесісінде берілген тапсырмаларды ауызша не жазбаша орындап, оның нəтижесін


ортаға салуға, əрбір қатысушының пікірін тыңдауға, сол арқылы жетістіктері мен кемшіліктерін ашуға дағдыланады. Тренинг барысында, берілген аз уақыт ішінде əрбір студенттің ойын еркін айтуға, іс-əрекет жүйесін таңдауға мүмкіндік туады. Тренингтің қортынды бөлімінде оның тиімді жақтарын, жеткен нəтижелерін анықтау мақсаты орындалады. Бұл студенттердің тренинг өткізгенге дейінгі жəне одан кейінгі іс- əрекетін салыстыру арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда алдымен студенттердің өздері тренингтің тиімділігін талдайды. Олардың атқарған жаттығулары мен берген жауаптарынан жəне іс-əрекеттерінен тренингтің қаншалықты пайдалы болғаны да көрінеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық - педагогикалық жағдай жасай отырып, оны өз ортасында жəне өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тəрбиелеп, өзіне-өзі сенімді жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Əлеуметтік психологиялық білімді меңгеріп, өзін жəне басқа адамдарды тану қабілетін дамытуымыз керек. Студентке психологиялық қолдау көрсетіп, дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету, эмоциялық мазасыздық пен күйзелістен арылтып, оқу мотивациясын жəне ақыл-ой, дене еңбегін дамытуға жұмыстануымыз керек. Еңбек жолымда студенттердің болашақта нақты шешім қабылдай алатын саналы азамат болып дамуына жəне білікті, білімді маман иесі, жеке тұлға болып қалыптасуына еңбектеніп, өз үлесімді қосып келемін, жəне оны мақтаныш тұтамын. ТІЛІНДЕ КЕМШІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДА «СУ-ДЖОК» ТЕРАПИЯСЫН ҚОЛДАНУ Исаева Айнур Мухтаровна Атырау қаласы, №31 «Балдəурен» балабақшасының педагог-психологі

Балалардың қабілеттері мен дарындылығы олардың саусақтарының ұшында. Бейнелеп айтқанда, саусақтардан шығармашылық ойдың қайнар көзін сусындататын аса нəзік жылғалар бастау алады. В.А.Сухомлинский Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады. Əрбір адам сезуге жəне ойлауға қабілетті. Əрбір адам қарым-қатынасқа құқылы. Барлық адам бір-біріне қажет. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. Барлық адамдар құрбықұрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. Əрбір бала үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын əрекетін жүзеге асыру. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады, бұл кезеңде ағзаның барлық бөліктері жəне жүйелері қарқынды дамып, баланың қалыпты дене жəне ой дамуына қажетті қозғалыстағы таным мен іскерлігі қалыптасады. Соңғы кезде балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылуы жиі


кездесетін құбылысқа айналып барады.Сөйлеу тілі бұзылған баланың белсенді қозғалуында жетіспеушіліктер,соның ішінде саусақтың ұсақ моторикаларында ауытқушылықтар байқалады. Мектепке дейінгі кезеңде қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды болып табылады. Адамның бас миындағы тілдің моторлы орталықтары саусақтың моторлы орталықтарына жақын орналасқан. Сондықтан ұсақ қол моторикасын дамыта отырып, адамның ішкі ағзасына ықпал етеміз. Жақсы сөйлеу-баланың нағыз жан-жақты дамуы үшін басты шарт. Баланың тілі неғұрлым дұрыс əрі бай болса, соғұрлым оған өзінің ой-пікірін айтуға оңай, қоршаған ортаның шындығын тануға мүмкіншілігі жоғары, өз қатарларымен, үлкендермен қарым-қатынасы да мазмұнды, толыққанды жəне психикалық дамуы да өте белсенді жүзеге асады. Бірақ соңғы кезде сөйлеу дағдысы шамалы əрі ұсақ моторикасының дамуында ақауы бар балалар саны көбейіп келе жатқаны байқалады. Сондықтан да балалардың сөйлеуін қалыптастыру жəне оның дұрыстығы мен тазалығы туралы алаңдау, қандай да бір ақаулар болған жағдайда ескерту жəне оны түзету өте маңызды. Бүгінгі күнде мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тəрбиелеу ісімен айналысатындар кең тəжірибелік материалдарға ие, оны тиімді қолдану баланың сөйлеуін дамытуға тиімді ықпал етеді. Барлық тəжірибелік материалдарды екіге бөлуге болады: біріншіден баланың сөйлеу қабілетінің дамуына көмектесуші, екіншіден дəстүрден тыс технологиялар. Сондай технологиялардың бірі-«Су-Джок» терапиясы. (Субілек, Джок-табан) Оңтүстік Корея оқытушысы, профессор Пак Чжи Ву, Су Джок терапиясын ойлап тапқан, ол өз зерттеулерінде біздің денеміздің бөлек-бөлек бөлшектерінде өзара қатынас бар екенін, яғни бір-біріне тікелей қатысы бар екенін негіздейді (адамның құлақ формасы жүрекшеге ұқсас, қол мен аяқ бөлшектеріндегі ұқсастық т.б.). Бұл емдік жүйеТабиғаттың жаратқаны, оны адам тек жаңалық ретінде ашқан болатын. Оның күштілігі мен қауіпсіздігінің себебі де осында. Нүктелерді дəл табусауығуға əкеледі. Дұрыс емес қолданған жағдайда да адамға зияны жоқ, тек тиімді болмайды. Сондықтан жүйедегі сəйкес керек нүктелерді айқындау арқылы баланың сөйлеуін дамытуға болады. Білектер мен табанда ағзаның бүкіл жəне дененің барлық бөлшектеріне сəйкес жүйенің жоғары белсенді нүктелері орналасқан. Оларға əсер ету арқылы біз ішкі ағзаның жұмыс атқаруын реттей аламыз. Мысалы: қолдағы ең кішкентай шынашақ-жүрекке, одан кейінгі саусақбауырға, ортаңғы саусақ-ішекке, сұқ саусақ-асқазанға, бас бармақ-басқа тікелей қатысы бар. Осы белгілі нүктелерге əсер ету арқылы адам ағзасының сəйкес нүктесіне ықпал етуге болады. «Су-Джок» терапиясы баланың эмоционалды жай күйін қалыптастыруына, танымдық дамуын қамтамасыз ететін тиімді тəсіл. Мақсаты: «Су-Джок» терапиясын қолдану көмегімен тілінде кемшілігі бар балаларды түзету.


Міндеті: «Су-Джок» жүйесі бойынша биологиялық белсенді нүктелерге əсер ету. Бастағы ми қабыршағының жұмысын жандандыру. Тілінде кемшілігі бар балалардың түзету жұмыстарында ата-аналар мен педагогтардың құзіреттілік деңгейін көтеру. «Су-Джок» терапиясының тəсілдері: Арнайы шарикпен массаж: Алақанда көптеген биологиялық белсенді нүкте бар, оларды жандандыру үшін тиімді түрі арнайы шарикпен массаж жасау. Алақан арасына салып шарикты айналдыру арқылы балалар қолдың бұлшықеттеріне массаж жасайды. Əр шарикте «сиқырлы сақина» бар. Келесі тəсіл мынадай: Эластикалық сақинамен массаж. Ішкі ағзаның жұмысын жандандыруға көмектеседі. Адамның бүкіл денесі білек пен табанмен байланысты. Аурудың алдын алу жəне емдеу үшін тиімді түрі саусаққа, білек пен табанға эластикалық сақинамен массаж болып табылады. Сақинаны саусаққа тағып дене мүшенің сəйкес зонасына жылуды сезінгенге дейін немесе қызарғанға дейін массаж жасау керек. Бұл емшараны күніне бірнеше рет қайталау керек. «Кірпі»-шарлар көмегімен сақиналармен балаларға саусақтары мен алақандарын массаждау ұнайды, ол бүкіл ағзаға жақсы əсер етеді жəне ұсақ қол моторикасын дамытады, сонымен бірге сөйлеуді дамытады. Білекке жəне саусаққа қолмен массаж: Білек буыны мен саусақтарға тиімді əрі пайдалы массаж. Бұл бөлшектер бастағы миға сəйкес келеді. Оған адамның барлық дене мүшелерінің қатысы бар. Сондықтан саусақ ұштарын жылуды толық сезінгенге дейін массаж жасау керек. Ол бүкіл ағзаға сауықтыру əсерін тигізеді. Əсіресе, бас бармаққа көп жасаған дұрыс, себебі ол адамның басымен тікелей байланысы бар. Балалармен олардың сөйлеуін жақсарту, дыбыстарды анық айтуға арналған жұмыс түрлерін қарастырайық: 1.«Су-Джок» шарикпен массаж. (балалар сөздерді қайталап, мəтінге сай əрекетті орындайды) Мен доппен шеңбер құрамын Алға-артқа допты қуамын Онымен алақанымды уқалаймын, Қанша жаттықсам да шаршамаймын. Мысық қолын түйгендей қып Мен де түйем бұл қолымды Əр саусақпен допты ұстап, Келесі қолға ауысамын. 2.«Су-Джок» шариктерін дыбыстарды анық айту үшін қолдану (бала массажды сақинаны киіп, мысалы Ж, Ш дыбысын айтуға жаттығу үшін мынадай тақпақ айтуға болады) Оң қолға: Мына бала-Жасұлан Мына бала-Жанболат Мына бала-Жандос


Мына бала-Жарас Мына бала-Жалғас Сол қолға: Мына қыз-Танюша Мына қыз-Ксюша Мына қыз-Маша Мына қыз-Даша Ал мынау кішкентай-Наташа 3.Бала шарикты алақанының арасымен жүргізеді, Ж дыбысын анық айтуға тырысып тақпақ айтады. Кірпі жолда келе жатыр Ол жыланнан қорықпайды Жерде жасыл желек жайқалады Кірпіні жылан байқамады Жасқанбайтын кірпіні бұл Жасқаншақ деп кім айта алады? 4.Лексика-грамматикалық санатты қалыптастыруда «Су-Джок» шариктерін қолдану «Бір-көп» жаттығуы Педагог баланың үстел үстімен бір нəрсені жекеше түрде айтып, «таңғажайып шарды» айналдырады. Бала алақанымен шарды тоқтатып алып, оның көпше түрін айтып кері лақтырады. 5.Осындай түрде «Керісінше айт», «Бір сөзбен ата» жаттығуларын өткізуге болады. 6.«Су-Джок» шариктерін назар аудару жəне есте сақтау қабілеттерін дамыту үшін қолдану Балалар нұсқауды орындайды: сақинаны оң қолдың кішкене саусағына ки, шарды оң қолыңмен ал, артыңа тығып ұста т.с.с. бала көзін жұмады, үлкен адам сақинаны кез келген саусағына тағады, бала қай қолға жəне қай саусаққа таққанын өзі табуы тиіс. 7.Сонымен қатар балабақшада тəрбиешілермен кеңесе отырып, апта тақырыбына сай балалардың сөздік қорларын молайтып, сөздерді анық айтуға дағдыландыру барысында түрлі тақырыптарда жаттығулар жасаймыз. Мысалы, «Көкөністер» тақырыбында Зина қыздың қолында Көкөніс толы себет бар (балалар алақандарымен себетті бейнелейді, шариктерді айналдырады) Көкөністің бəрі бар Ең үлкені кəді бар (бас бармаққа сақинаны кигізеді) Қызанақ бар, қияр бар Бұрыш пенен сəбіз бар (əр саусаққа кигізеді) Бəрін мұқият жинаған, Қыз бар ма артық Зинадан? (деп бас бармақтарын көрсетеді) «Жиһаздар» тақырыбында Жиһаздарды санайық,


Бəрін тізіп алайық. Үстел, диван, кереует Орындық, шкаф, буфет Кресло менен комодтар, Тоңазытқыш, теледидар Кездесетін əр үйде, Мұның бəрі жиһаздар! (Оң қолдың кішкентай саусағынан бастап, саусақтарға кигізіп шығады, сосын алақанға салып, айналдырады) «Су-Джок» терапиясының жетістігі болып табылады: Жоғары тиімділігі-дұрыс қолданған жағдайда күткен нəтижеге қол жеткізеді Шексіз қауіпсіздігі-дұрыс емес қолданған жағдайда да ешқандай зиянсыз, тек тиімді емес болады. Жан-жақтылығы: «Су-Джок» терапиясын педагог-психологтар жұмысында қолданса, ата-аналар үй жағдайында еркін қолдана алады. Қолдану қарапайымдылығы: нəтиже алу үшін биологиялық белсенді нүктелерді «Су-Джок» шариктердің көмегімен жандандыру (олар дəріханада сатылады, аса қымбат емес). Сонымен «Су-Джок» терапиясы-өте тиімді, жан-жақты, қолжетімді жəне қауіпсіз əдіс, өз-өзіне білек пен табанда орналасқан белсенді нүктелерге əсер ету жолдарымен денсаулықтарын күтуде көмектеседі. Қорыта айтқанда, Мемлекетіміздің əрбір азаматы-ұлттық құндылықтарымыз, əр бала еліміздің ертеңі екенін ескерсек əр баланың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, əуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сəулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағыттары сөзсіз. Пайдаланған əдебиеттер: 1.В.В.Цвынтарный «Играем пальчиками и развиваем речь»,2002. 3.«Игровые упражнения в стихах для «Су-Джок» терапии в коррекционнопедагогическом процессе» орыс тіліндегі тақпақтар қазақшаға аударылды. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҰСАҚ ҚОЛ ҚИМЫЛДАРЫН ЖАСАТУ АРҚЫЛЫ ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ Меңдіғалиева Əсел Светқалиқызы Атырау облысы Махамбет ауданы «Айгүл» бөбекжайының психологы

Балалардың қабілеттері мен дарындылығы-олардың саусақтарының ұшында.Бейнелеп айтқанда,саусақтардан шығармашылық ойдың қайнар көзін сусындататын аса нəзік жылғалар бастау алады. В. А.Сухомлинский


Адамды адам ететін қоршаған орта жəне тəлім тəрбие десек мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық қарым-қатынас қабілеттерінің қалыптасуына жанұя, жанұялық қарым-қатынас, жанұяның психологиялық ахуалы, мектепке дейінгі мекемелердегі тəрбиелеу стилінің маңызы зор екенін естен шығармаған жөн. Тіпті, бір ортада өскен, бір əке, бір шешеден туған балалардың өзара бір-бірінен тұлғалық сапаларымен қатар түлғалық қабілет икемділіктерінің табиғаты жағынан да бір-бірінен ерекшеленетіні табиғи заңдылық болып табылады. Ерте сəбилік шақта қалыптасқан баланың жеке басы дамуындағы алғы шарттар төңірегіндегі адамдар тарапынан балаға ықпал жасалуының жаңа жолдарының негізін қалайды. Өсіп жетіле келе бала мінез-құлықтың жаңа формалары мен психологиялық белгілерін игереді, осының арқасында ол адамзат қоғамының кішкентай мүшесі болады. Қоршаған дүниені танудың өскелең мүмкіндіктері баланың ынтасын өзіне жақын адамдардың тор шеңберінен шығарып іс-əрекетті өзара қарымқатынас формаларының байсалды түрлерін (оқу, еңбек) үлкендер арасында болатын алғаш игере бастауға жеткізеді. Бала өз құрдастарымен бірлескен іс-əректке кіріседі,өз іс-əрекеттерін олармен келісуде жолдастарының ықылас, пікірлерімен санасуды үйренуді, мектепке дейінгі бүкіл балалық шак бойына балалар іс-əрекетінде қабылдау, ойлау, есте сақтау жəне басқа психикалақ процестерде ғана емес,сонымен бірге өз мінез-құлқын ұйымдастыра білуге де жоғары талаптар қоятын өзгерістер мен бетбұрыстар орын алады. Баланың жеке басының дамуының екі жағы бар: оның бірінші жағы баланың қоршаған ортаны біртіндеп біліп, өзінің, одан алатын орнын түсіне бастауы, осыдан мінез-құлық мотивтерінің жаңа типтері пайда болады, соның əсерінен бала белгілі бір қылық көрсетеді. Екінші жағы-сезім мен еріктің дамуы, олар осы мотивтердің ықпалдылығын, мінез-құлықтың тұрақтылығын жəне оның сыртқы жағдайлардың өзгерістеріне тəуелділігін қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі шақтың басында баланың зейіні төңіректегі заттарға жəне осылар арқылы орындалатын іс-əрекеттерге қатысты ынтамен сипатталады. Бала бір нəрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды. Жаңа бір нəрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады. Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады. Мектепке дейінгі шақта балалар іс - əрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл–ой дамуының ілгеріленуіне байланысты зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы: мектепке дейінгі балалар бір ойынды 30 - 40 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы бір жарым сағатқа дейін созылады. Мұны ойында адамдардың күрделілірек іс - əрекеттері мен қарым - қатынасының бейнеленуімен жəне ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолданыс табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, əңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы: мектепке дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке дейінгі кішкентайларға


қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей - тегжейлерін бөліп алады. Зейінді нақтылы, дара тапсырмаларға байланысты ұйымдастырудың ахуалдық құралдарын баска жан-жақты құралы-сөйлеу бар. Үлкендер баланың зейінін сөзбен нұсқау беру арқылы ұйымдастырады. Қайсыбір жағдайларды ескере отырып берілген іс-əрекеттерді баланың орындауы қажет екенін ескереді. Кейінірек бала кажетті нəтижеге қол жеткізу үшін зейін салуға тиісті заттар мен құбылыстарды сөз арқылы өзі белгілей бастайды. Психологтар зейін қою қабілеті баланың жасына, сондай-ақ жүйке жүйесінің түріне байланысты дейді. Сезімталдығы жоғары, сезгіштік пен тежелудің жылдам ауысуы байқалатын балаларда ерекше қиындықтар туындайды. Баланың зейін қоюын қалыптастыруға ең алдымен отбасы ықпал етеді.Тынымсыз, шулы орта, үйдегі ретсіздік, ересектердің күйгелектігі, реттелмеген өмір салты, баланың бастаған ісін соңына жеткізуіне қамқорлықтың болмауы,–осының барлығы зейіннің дамуына қатты кедергі келтіреді. Ата-аналар ерте жастан бастап баланың тұлғалық қасиеттерінің дамуына, соның ішінде зейін қоюды қалыптастыруға, логикалық ойлануға,салыстыруға машығына,«ұқсастықтары» мен «айырмашылықтарын» ажыратуға көңіл бөлуі тиіс. Ұсақ қол қимылдарын дамыту деңгейі (қолдардың білезіктерімен жəне саусақтарымен ұсақ жəне дəл қимылдарды орындаған кезде балада үйлесімді іс-əрекеттер дағдыларын дамытудың деңгейі) мектепке дейінгі жастағы баланың жалпы зияткерлік дамуының көрсеткіштерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ұсақ қол қимылдарын жасату арқылы зейінін дамытудағы алға қойған міндетім: балаларды сөйлету, тіл байлығын молайту, дұрыс сөйлеу мəнерін, ойындар мен жаттығулар арқылы белгілі бір нəтижеге қол жеткізу.Ұсақ қол қимылдарын дамытуды ең кішкентай жастан бастау керек.Ата – аналар баланың ұсақ қол қимылдарын дамытуға назар аударғаны жөн. Сəбидің сегіз айлығынан бастап,бас ми қабығымен байланысты белсенді нүктелерге əсер ете отырып, саусақтарын уқалауға болады. Баланың нəрестелік жəне сəбилік кезеңінде ата-аналар тақпақ айта отырып, қарапайым жаттығулар жасатуы керек. Санамақтар,тақпақтар, əзіл əңгімелерді айта отырып, саусақтарды жаттықтыратын жаттығулар балаға бірнеше əсер етеді. • Қолдардың білезіктері жақсы қозғалады, иіледі, саусақтар үйлесімді əрекет дағдыларына икемделеді; • Сөйлеу, ес, зейін, қиял, кеңістікті бағдарлау, байқампаздығы дамиды. • Мектепке дейінгі жастағы бала жазуды меңгеруге дайындала бастайды. Cаусақ гимнастикасы жаттығуы ең қарапайым тəсіл жəне олардың түрлері өте көп. Бұл жаттығуларды ата-ана балаға көмектесу үшін алдымен өзі жасау қажет. Баланың бастаушы қолынан бастай отырып, сол қолмен де жəне оң


қолмен де жаттығу жасауға болады. Жаттығуды тақпақ ырғағымен немесе оның ілеспе сөздерімен бастайды. Бұл балаға сөздің ырғағын түсіндіруге үйретеді. Жолдар бойынша «қадамдар» жасауды алдымен сұқ саусағымен жəне орта саусағымен бастап,жаттығуды бірте-бірте күрделендіріп отырған жөн. Бала аты жоқ саусақпен жəне шынашақпен жұмыс істей отырып, қиналады, себебі тұрмыста көбіне бірінші үш саусақтар (бас бармақ, сұқ саусақ жəне орта саусақ) пен оған жақын алақан бөлігі ғана қимылдайды. Сондықтан да орындаудың қиындығына қарамастан, саусақтармен жұмыс істеудің барлық ұсынылған нұсқаларын жасаған абзал. Бұл жаттығулар жасауда баланы жинақылыққа тəрбиелеп, зейінді шоғырландырып, бір жерде ұстауға үйретеді. «Көбелек құрты» жаттығуы: көбелек құртының гүлге дейін жылжып жетіп, көбелек болуына көмектес. Жол бойымен сол қолдың əр саусақтарымен:бас бармақпен, сұқ саусақпен, орта саусақпен, аты жоқ саусақпен, шынашақпен гүлге «жылжып жет». Аяқтарымды санап басып, жолмен жылжып келемін. Көбелек болып ұшуды, гүлден-гүлге қонуды армандаймын. «Көжек» жаттығуы: көжектің бақшаға секіріп жетуіне көмектес. Сол қолдың саусақтарымен шеңбер бойынша «секіріп жет». Əр саусақтың өз жолы бар: бас бармақ жəне сұқ саусақ, сұқ саусақ жəне орта саусақ, орта саусақ жəне аты жоқ саусақ, аты жоқ саусақ жəне шынашақ, бас бармақ жəне шынашақ, бас бармақ жəне аты жоқ саусақ, бас бармақ жəне орта саусақ. Көжек-көжек, көжегім, естіп қалып, сыбдырды, ытқып-ытқып жүгірді. Көжегім-ау, көжегім, азығыңды тап енді.Осындай жүргізілген жаттығулардың нəтижесінде  Баланың қызығушылығы қалыптасады;  Қимыл қозғалысы артады;  Баланың сөйлеу тілі жетіледі;  Танымдық деңгейі артады. Ұрпақ тəрбиесі - келешек қоғам тəрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан - жақты жетілген, ақыл - парасаты мол, мəдени - ғылыми өрісі озық етіп тəрбиелеу - біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Пайдаланған əдебиеттер: 1. «Отбасы жəне балабақша» №5, 2010ж 2. «Отбасы жəне балабақша» №7, 2014ж 3. Т.Тəжібаев «Жалпы психология» 1993ж 4. «Мектепке дейінгі жастағы балалардың отбасында тəрбиеленуі» 2014ж 5. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы №9 2016ж


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДА ОЙНАУ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ Нарешова Алтынай Жанбирбаевна Атырау облысы Құрманғазы ауданы «Гаухар» балабақшасының саз жетекшісі

Əлемдік білім кеңістігінде мектепке дейінгі педагогиканың мəселелерін шешуде тəрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірген əдіс-тəсілдерін іздестіру, үнемі жаңалыққа жол ашу бағыттары қарастырылуда. Шығыстың ұлы ойшылы Əбу Насыр Əл-фараби өзінің «Бақыт жолында» атты философиялық шығармасында, адамның танымын дамыту арқылы ғана бақыт жолына жетелеуге болатындығына тоқталса, ұлы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытпаса,оның із-түссіз жоғалып, жойылып кететінін айтады. Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да, балаға оқу мен білімнің негізін қалыптастыратын да музыка əуені болып саналады. Абай атамыз шыр етіп дүние есігін ашқан нəрестеге өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ музыка əсер ететіндігін «Туғанда дүние есігін ашады өлең», - деп, данышпандықпен айтса, жазушы М.Əуезов «Əнге əуес, күйге құмар бала–жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі», - деп, тамаша сөздермен көркемдеп жеткізген. Ең алғашқы анасының əлдиі, бесікке таянып айтқан бесік жыры бөбектің жанын тынышталдырып тəтті ұйқыға кетуіне ықпалы зор. Нəрестенің дүниеге келуімен байланысты ырымдар «Шілдехана», «Бесікке салу» т.б. бəрі де əнсіз,өлеңсіз, жырсыз өтпеген. Балаға музыкалық эстетикалық тəрбие бере отырып, жан-жақты жеке тұлғаны дамытудың алғашқы баспалдағы мектеп жасына дейінгі білім беру ұйымы балабақшада жалғасады. Балабақшада музыка сабағын өзіндік ерекшеліктеріне қарай əн айту, музыка тыңдау, əуенді-ырғақты қимылдар, дидактикалық ойындар болып бөленеді. Сонымен қатар,музыка сабағының пəн ретінде басқа сабақтармен ұқсастығы да бар. Олар: Біріншіден, оқыту жоспарына кіретін бүкіл пəндерді жалпы міндет біріктіріп, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Екіншіден, кез-келген балабақшадағыдай оқу іс-əрекетінің құрылуы негізінде балалардың жас ерекшеліктері ескерілген психологиялық-педагогикалық заңдылықтар. Үшіншіден, балабақшадағы оқыту процесі жалпы дидактикалық принциптердің негізінде құрылуы. Музыка сабағына тəн принциптері: тəрбиелеп оқыту, жүйелілік, көрнекілік, жаңа технологияны пайдалану жəне т.б. Алдымен музыка сабағында əрбір іс-əрекеттерді өткізу барысында, саз жетекшісі оның не үшін қажет екенін айқын сезініп, берілетін тапсырманың қандай маңызы бар екендігін білуі тиіс. Музыка сабағында музыкалық іс-əрекеттерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары тиімді əдіс-тəсілдердің бірі болып келеді. Болашақ ұрпаққа музыка сабағында инновациялық əдістер арқылы ұлттық тəлім-тəрбие беруде тиімді ізденістермен, əлемдік педагогиканың озық үлгілерін пайдаланып,дамытып сабақ беру əр ұстазбен музыка жетекшісінің


міндеті.Міне, осы міндетті шешу үшін мен 10 жылдан бері «Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнау қабілетін қалыптастыру» деген тақырыптағы шығармашылық жұмыспен айналысып, қызмет етіп келемін. Мен өз жұмысымды 3 бөлімге бөліп жүргіздім. Олар: 1. Теориялық зерттеу əдістері 2. Практикалық зерттеу 3. Нəтижені практикада қолдану Əрбір бала музыка залына келгенде үстелде тұрған аспаптарды көрсе, ең алдымен оны қолына алып дыбысын шығарып қарайды. Бұл баланың аспапқа деген қызығушылығын байқатады. Ерте жастан бастап алғашқы музыкалық аспаптар сылдырмақтар, ас үйдегі ыдыс-аяқ оркестрі, ағаш текшелер, ысқырғыштар, ащы дауысты сыбызғылар, қағаз, бір бума кілт жəне т.б. музыкалық аспаптар ролін атқарған. Дыбыстар əлеміне деген осы қызығушылық барынша адал жəне осы сөздің толық мағынасында қолданбалы. Музыкалық аспаптарда ойнаудың екі тəсілі бар: нота бойынша жəне есту бойынша. Үйретудің ең дамытушы əсері есту бойынша қол жеткізіледі. Бұл тəсіл терең есту даярлығын талап етеді. Есту бойынша іріктеу үшін бастапқы сатысында тек жақсы таныс саз əуендерін қолданамын. Əртүрлі əдістемелік тəсілдерді пайдаланмын:аспаптардың дыбысталуын, музыкалық дидактикалық ойындарды көрсету, локальді дисктен музыка тыңдау, аса күрделі емес ритмикалық суретті шапалақтау, əндету, белгілі ритмді шапалақпен, осыдан кейін аспаппен жеткіземін, балалар аспаптарымен алмасады.Музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету музыкалық шығармаларды ансамбльде, оркестрмен орындау үшін негізгі болып табылады. Аспаптармен таныстыруды сабақтарда жəне де балалармен жеке жұмыс кезінде жүзеге асырамын. Əрбір аспап орындаудың əртүрлі тəсілдерін талап етеді, олар əр аспаптың құрылымына байланысты. Дыбысты ажыратудың дұрыс тəсілдерін үйрету өте маңызды. Музыка аспапатарына үйретудің негізгі мақсаты: балаға музыканың құдретті күшін таныту, сөйтіп білімгерлердің санасын еркіне əсіресе олардың сезімі мен ұшқыр қиялына пайдалы əсер ету болып табылады. Музыкалық аспаптарда ойнаудың маңызы: балалардың музыкалық сезімдерін байытады, балалар үшін аспапта ойнау сезімдерін, ішкі рухани əлемін жеткізуге көмектеседі. Музыкалық-есту түсініктері мен ритмді сезіну қабілеттерін дамытады. Ең бастысы, музыкалық аспапта ойнау арқылы бала өзін-өзі көрсетіп, таниды. Сезім мен қолдарының ұсақ маторикасы дамиды. Балалардың қиялдау көрнекі бейнелік ойлауды,ұжымшылдық,шығармашылық жəне сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Бұл тек тұлғалық дамудың ғана емес, сонымен қатар ойлаудың, шығармашылық бастамашылдықтың, балалар арасындағы қарым-қатынастың керемет құралы. Бірақ қызметтің мұндай түрі қажетті орындаушылық, техникалық қабілеттерді дамыту үшін төзімділік, зейінділікті талап етеді. Əңгімелесу. Аспаптарды ойнаудан бұрын балаларға олардың құрылысы, шығу тарихы, ұстау ережесі, дыбыстық бояуы (тембрі) туралы


біраз мағлұматтар бере отырып, оны сабақта пайдаланудың тиімділігін, мақсатын жəне қолдану тəсілдерін əңгімелеймін. Мысалы, металофондабалғашықты екінші саусақтың ортасында жататындай етіп ұстау керек. Соққы жеңіл, қолдың білегі еркін тұруы тиіс. т. б. Жалпы аспапта ойнау кезінде балалардың тұрып ойнау немесе отырып ойнау қалпын қадағалау қажет. Əр топтарда жас ерекшеліктеріне сай музыкалық аспаптарда ойнатамын. Аспаптарды меңгерудің ең алғашқы қадамы ретінде балалардың ырғақ сезімін дамытатын түрлі дидактикалық, қимылды ойындар ойнатамын. Ойын-мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-əрекеті. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі жəне қызығуы анық байқалады. Дидактикалық ойын барысында балалардың есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар музыкалық ойыншықтар мен əр түрлі саздың, аспаптардың дыбыс ерекшілігін ажыратуға, əр түрлі қимылдар орындауға үйренеді. Əуенді-дидактикалық ойындар музыка жетекшілерінің оқу іс-əрекетін түрлендіріп, мазмұнын байыта, көркемдей түседі. Бұл ойындар балалардың бойындағы музыкаға деген қызығушылығы мен құмарлығын оятады, балалық қиялдарын қозғап, түсініктерін кеңейте түседі.Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды əдемілікке, музыкалық үндестікке баулиды. Аспаптардың түрлері мен өзіндік тембрлік дыбысталуымен танысып жалпы сезіну, ажырату қабілеттерін қалыптастырады. Сондай-ақ, күнделікті ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінде «Аспаптарды топтастыру», «Жаңғырық», «Музыкалық аспаптар дүкені», «Сылдырмақ пен бубен», «Аспапты үнінен тап», «Жұмбақ ойын» т.б. қимылды-дидактикалық ойындарды пайдаланамын. Балалар үшін сабақта қолданылатын музыкалық аспаптар көлемі, салмағы жағынан ыңғайлы, құрылысы қарапайым, əрі мықты болуы керек. Күннің екіні жартысында ансамбль мүшелерінің құрамымен кейде өзімізге қолайлы материалдарды қоланып, интернет желісін қарап пайдалану арқылы қолдан аспаптар жасаумен де айналысамыз. Табиғи материалдардан, қолдан жасалған музыкалық аспаптар:əртүрлі сыбдырлақтар, жіпке тағылған пістенің қабықтары, кəдімгі таяқшаға шоқтармен іліген грек жаңғақтарының қабықтары, «киндер-тосын сыйының» əртүрлі қораптарына себілген жаңғақтар, бұршақтар, барабандар жүйесін құра алатын əртүрлі көлемдегі металл құтылар, жіпке тағылған ілгектері, қабықтары, сылдырмақтары, əртүрлі білезіктер т.б. Мен, балабаға бубен, маракас, ағаш таяқтар, үшбұрыштар, дауылпаз, т.б құрамды кəсіби музыкалық аспаптар алып, балаларға аспаптарда ойнауды үйретіп, ересек жəне мектепалды даярлық топтарының 10-15 баласынан шағын ансамбль құрдым.Ансамбльдің үйірме жұмысын сабақтан тыс уақытта өткіземін. Балаларды музыкалық аспаптарында ойнауға баулу жөніндегі ауқымды жұмыстар нəтижесін берді. Балалар көптеген аспаптарды меңгерді, жеке, ансамбль, оркестрде ойнады. Олардың даму деңгейі айтарлықтай көтеріліп, музыканы терең түсіне бастады.


Мектепке дейінгі мекемелерде қызмет ету, еліміздің болашағы жас ұрпақ үшін бізге жауапты міндет жүктейді деп баяндамамды қорытындылаймын. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Н.Момынұлы «Музыкалық-эстетикалық тəрбие» Алматы 2000. 2.Мектеп жасына дейінгі мекемелердің музыка жетекшілеріне арналған көмекші құрал (3 - 6 жас) – Алматы: 2013. 92 бет. 3. Т.Сарыбаева. Г.Абдрахманова «Музыка- дидактикалық ойындар». Алматы кітап баспасы 2013. ОҚУШЫЛАРҒА МУЗЫКАЛЫҚ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДЕГІ МУЗЫКАНЫҢ РОЛІ Тулеуова Бижамал Ерканатовна Атырау облысы Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің музыка пəні мұғалімі

Музыка - адаммен бірге жасасып келе жатқан ұлы құбылыс. Өмір мен еңбекте, қуанышпен қайғыда музыка адамзатпен бірге. Сəби жастан балаға музыкалық тəрбие беруде, халықтың көшпелі өмір салты, тұрмыс-тіршілігі, дала тынысы өз əсерін тигізеді. Сондықтан отбасында шырқалған халық əндері, айтылған айтыс, аңыздар бала санасынан орын алады. Ойындар мен əндер қиын көшпелі өмірде, халықтың қашан да жанынан табылатын сүйікті аспабы - домбырамен сүйемелденеді. Домбыра адамның ішкі сезімін, көңілкүйін, табиғат суреттеген ой толғанысын өз үні арқылы береді. Əрбір əн мен күй бала жүрегінен орын алып, табиғатқа, туған жерге деген сезімін оятады. Бүгінгі таңда, балаларды жастайынан өнерге баулу өзекті міндет болып отырғаны баршамызға белгілі. Бұл орында балалар мен жасөспірімдер арасындағы музыкалық-эстетикалық тəрбие жұмысын жетілдіру шараларын, қолдану мəселесіне аса зор көңіл бөлінеді.Мектеп қабырғасында оқушылар музыка пəнін оқумен қатар сабақтан тыс жүргізілетін əртүрлі көркемөнер үйірмелері арқылы заман талабына сай музыкалық-эстетикалық білім алады. Оқушының музыкалық білімі мен ой өрісін жан-жақты кеңейте түсу үшін, оларды телехабардағы концерттерді көруге, радиодан берілетін, магнитафонға жазылып алынған туындыларды тыңдауға, жаңа музыкалық шығармаларды өз беттерінше талдап үйренуге қызықтырып отырған жөн. Сондай-ақ, көркемсурет көрмесіне, театрларға т.б. мəдени орындарға апарып, ондағы көрген, білгендері жайында пікір алмасып отыру, балалардың эстетикалық талғамының дамуына үлкен əсер етеді. Жасөспірім сəби кезінен бастап-ақ ата-ана ауызынан «Бесік жырын» естіп өседі. Балалы болып үлкен шаттыққа кенелген ата-ана жүрегіндегі ең əдемі сырлы əндері мен сезім-сөздерін сəбиіне арнап, бақытты өмірге жетуін тілейді.Ата-ананың осындай жырларындағы өсиет сөздері жасөспірімнің сезіміне үлкен із қалдырады.Сөйтіп,балаларды


еңбексүйгіштікке, адалдыққа, адамгершілікке, əдептілікке баули отырып, ата-аналар оларға аталы сөздері мен əдемі өлең, əндер үйретіп эстетикалық тəрбие де береді. Музыка дегеніміздің өзі – өмірдің бір бөлігі. Оны өмірден бөліп тастай алмаймыз. Күнделікті өмір балаға музыка тілімен жетеді. Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады. Олар: музыка тыңдау, əн айту, музыкалық сауаттылық. Музыка пəні бағдарламасының мақсаты музыка арқылы музыкалық сауатты, білімді, шығармашылық қабілеті кең, рухани бай адамды тəрбиелеу. Халық музыкасына құрметпен қарайтын, ұлттық салтдəстүрімізбен əдет-ғұрыпымызды құметтеп, қастерлейтін ұрпақ тəрбиелеу. Сабақты ұтымды, тиімді етіп өткізу үшін ең алдымен сабақ жүргізуді ұйымдастырудың əдістерін анықтапуақытты тиімді пайдаланып, оқушының ізденімпаздығын мақсатты дамыту керек. Сабақтарды сайыс-сабақ, концерт сабақ, аралас сабақ т.с.с. етіп өткізсе балалардың қызығушылығы артады. Музыка пəнін əдебиет, тарих, бейнелеу, өзін-өзі тану пəндерімен байланыстырып өткіземін. Сабағымды АКТ қолданып, балаларға музыканы бейне видео, аудио жазба, музыкалық аспаптар, оқу құралы арқылы тыңдату, үйрету арқылы жүргіземін. Əнші-композиторлар шығармаларын сабақта пайдаланудың тəрбиелік мəні зор. Енді «Халқымыздың мақтанышы əнші-композиторлар» атты 3-сыныпта өткізген ашық сабағым жөнінде баяндайын. Сабақтың ұйымдастырушылық кезеңінен соң психологиялық тренинг өткізіп, оқушылардың атын атап, түрлі-түсті смайликтермен топқа бөлеміз. Үй тапсырмасын сұрау кезінде өткен тақырыпты қайталау мақсатында слайд арқылы бірнеше композиторлардың суреттері көрсетіліп, «Бұл кім?» айдары жүргізіледі. 1-тапсырма «Ойлан, бірік, талқыла» постер қорғау. Композиторлар туралы мағлұмат жинақтау. 1-топ Ақан сері. 2-топ Жаяу Мұса. 3-топ Абай. 4-топ. Біржан сал. 2-тапсырма «Күй сандық» бұл күйсандықша қорабының ішінен бірнеше аспаптар шығады. Сол аспаптардың артындағы сұрақтарға жауап беріңдер. Домбыра – Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» əнінің шығу тарихы. Сырнай – Абайдың «Желсіз түнде жарық-ай» əні нені бейнелейді? Жетіген – Біржан салдың «Балқадиша» əні қалай дүниеге келді? Дабыл – Ақан сері «Темірқазық» əнін кімге арнады? 3-тапсырма «Көршіңді тап» ойыны. Берілген ноталардың көршісін табыңдар? 1.До, ре, фа, соль, си до. Ми, ля. 2.До, ре, ми, фа, соль, си, до. Ля. 3.До, ми, фа, ля, си, до. Ре. 4.До, ре, фа, соль, ля, до. Ми, си. 5.До, ми, фа, соль, ля, си, до. Ре. 6.Ре, ми, соль, ля, си, до. До, фа.


7.До, ре, ми, соль, си. Фа, ля. 4-тапсырма «Əуенді тап» бейне таспадан бірнеше əндердің басы ғана орындалады. Бұл тыңдалатын əннің атын, авторын табуымыз керек. Өздеріңіз қалаған бір əнді орындайсыздар. 1. «Лəйлім шырақ» əні. 2. «Ақ сиса» əні. 3. «Гəкку» əні. 4. «Көзімнің қарасы» əні. 5. «Балқадиша» əні. 6. «Құлагер» əні. 7. «Айттым сəлем, қаламқас» əні. Сергіту сəті. 5-тапсырма «Мен музыканы бейнелеймін». Бірнеше əннің аты жазылған гүлдер. Музыканың тақырыбы не туралы, көз алдыңа елестете отырып, сурет салыңыздар. Оқушылар салған суреттерін бір-біріне ұсынып, өзін-өздері бағалайды. Көршісінің жұмысын бағалау. Рефлексия. Көршіңіздің жұмысын бағалағанда неге назар аударыңыз? Жұмысын бағалау оңай болды ма? «Менің түйгенім» айдары. Оқушылар өздерінің сабақтан алған əсерін смайликтерге жазып, жапсырады. Сабақ маған ұнады. Себебі: Сабақ маған ұнамады. Себебі: Үйге тапсырма. Əнші-композиторлар туралы реферат жазып келу. Бағалау. Оқушылар əр топты «Бас бармақ» əдісімен бағалайды. Бұл жоғарыда көрсетілгеннен басқа 2-сыныпта «Ғасырлар мен сырласқан сазды аспаптар», 5-сыныпта Əн мен күйге саз берген «Туған жер» əні тақырыптарында сабақтар, «Өнерлі өрендер» сайысын өткіздім. Сабақтарым мен шараларымда топтық жұмыстар, музыкалық жаттығулар, оқушыларға түрлі тапсырмалар беріп жауаптар алу, жұмбақтар жасырып, шешу, дидактикалық ойын, бөлімдерге бөлу т.б. əртүрлі тəсілдерді қолданып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, музыканың ролін түсінуіне мүмкіндік жасадым. Қорыта келгенде айтарым, «Ерлік артында қасиетті Елдік бар» дегендей, елі бар да өнердің өлмесі, халқы барда тұлғаның жоғалмасы ақиқат. Сабақ үдерісінде оқушыларды əн айтуға, музыканы тыңдай отырып, талдай білуге жəне əннің мазмұнын аша отырып, суреттеуге, музыка жайында ауызша түсіндірмелер жасауға дағдыланды. Композиторды таныстырып, өз сабақтарын басқа пəндермен байланыстырып, əн-күйдің тарихын білуге, музыкалық аспаптарда ойнауға үйренді. Осылайша сабақ барысында түрлі əдіс-тəсілдерді қолдана отырып, музыка сабағында оқушыларға музыкалық-эстетикалық тəрбие берудің нəтижесін көрдім. Нəтижесінде оқушылардың əнге деген қызығушылығы оянып, əуендегі


дабысты танып, ажырата білуі қалыптасты. Музыкалық аспаптарды ойнай отырып, халық музыкасына құрметпен қарауға тəрбиеленді. Музыкалық əуен арқылы өмірге деген құштарлығы оянып, əсемдік сұлулық əлеміне жол ашылды. Оқушылар музыкалық-эстетикалық тəрбие берудегі музыканың ролі зор екенін сезініп, түсінді. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. «Музыка оқулығы» 2-сынып. 2013 жыл. 31-49 беттер. 2. «Музыка оқулығы» 3-сынып. 2014 жыл. 4-24 беттер. 3. «Музыка оқулығы» 5-сынып. 2015 жыл. 111-112 беттер. 4. Музыка оқыту əдістемесі 2-сынып. 2015 жыл. 23-33 беттер. 5. Музыка оқыту əдістемесі 3-сынып. 2015 жыл. 8-18 беттер. 6. Музыка оқыту əдістемесі 5-сынып. 2015 жыл. 58-59 беттер. 7. «Білімдегі жаңалықтар» журналы. №5-6. 2016 жыл. 8-9 беттер. МУЗЫКА ПƏНІНДЕ ЖАҢА ƏДІС-ТƏСІЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ Кожантаева Салтанат Едилбаевна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш орта мектебінің музыка пəні мұғалімі

Музыка - адам жанын жарқындататын өнер. Сондықтан, музыка адам баласына қатты əсер етеді. Бірақ ойланған əуенді сөзбен жеткізу мүмкін емес, оны тек музыканы жан дүниесімен түсінетін адам ғана əуен ырғағымен ғана қабылдайды. Өйткені «музыка - жүрек тілі», яғни сезім, қобалжу, көңіл-күйдің тілі деп ұққан жөн. Музыка - шынайы өнер, адамға əсер етіп, құдіретті эмоциялық орасан зор күш арқылы эстетикалық талғамын оятады. Музыканы тыңдау арқылы оқушыларға ұлттық мəдениетіміздің негізгі мақсаттары жүзеге асады. Сонымен бірге музыканы тыңдаумен қатар, оны қабылдау арқылы басқа да ғылыми салаларын жетік меңгеруге үлкен септігін тигізетіні анық. Музыканы сезінген бала, ол математика пəнін жетік меңгеріп, жоғары көрсеткіш көрсететіні баршаға аян. Музыканы сезініп қана қоймай оны көз алдына елестете білген оқушы нна тілі мен əдебиет пəндерін жетік меңгеретін болады. Кейбір балалар музыканы жəй ғана тыңдап, ешқандай əсер сезіну, қобалжу, эмоциялық əсер ала алмаса, ол оқушы музыкадан басқа жалпы пəндерден білім көрсеткіші төмен болады. Музыканы дұрыс түсініп,тыңдай білуге тəрбиелеу арқылы оқушылардың ой өрісін сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігі мен ұлттық мəдениеттілігін дамытамыз. Музыка – əсем дыбыстар тілімен сөйлейтін сезімге құрылған күрделі өнер ол түрлі жанрларға, ұлттық, тарихи, мəдени, жекеше стильдерге, түрлі музыкалық тілдерге бөлінеді.


Мемлекеттің дамуы,ұлт менталитетінің сақталуы, халықтық идеологиялық жəне мəдени тұтастығы егемендік жарияланған соң, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мəртебесі берілуімен байланысты.Əлем халықтарында мемлекеттің белгісі–Ту, жалауымен қоса Əнұран да халықтың поэзия мен музыка тілімен жеткізілген ұлт тұтастығының символы. Сол себептен Əнұранда сөзінен гөрі музыкасы маңыздырақ болғандықтан, дүниежүзілік форумдарда Əнұранның аспаптық өңдемесі орындалады. Оқушыларға ұлттық тəрбие беруде, ұлттық мəдениетімізді, өнерді меңгертуде көңіл аударатын тиісті факторлар: - Дəстүрлі халық əндерін үйрету, тыңдату; - Күй тыңдату (шертпе, төкпе, халық күйлері); - Ұлттық би өнері (қазақ биінің қимыл - қозғалысын сабақта пайдалану); - Ою өрнектер (сабақта ою түрлерін атап, түсінік беру). Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында: «Бізге керегі - шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті» дегендей, өнерге құштар жас өнерпаздарды қолдау менің міндетім деп санадым. Міне, осы мақсатта оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыру үшін біраз шығармашылықпен айналыстым. Үнемі оқушыларды зерттей келе, олардың шығармашылық ойлауын дамыту үшін кəсіби білімімді шыңдап, оқытушылық шеберлігімді жетілдіруге тура келді. Жалпы сабақты дəстүрлі, дəстүрлі емес, сайыс, ойын, кіріктірілген сабақ, саяхат,аралас сабақ түрлерінде өткіземін. Заман талабына сай оқытудың жаңа технологиясын игере отырып, пəнаралық байланысқа көңіл бөліп отырамын. Сонымен қатар, сабақты дидактикалық ойындар, өзіндік жұмыс, ой қозғау, нота сауатын үйрету, музыка тыңдату, музыка ырғағына сай əр түрлі қимылдар жасату, музыка жанрын ажырата білу басты міндеттер болып табылады. Сондықтан, əрбір сабағымды терең тоериялық білім берумен қатар, өнермен ұштастыра білуге, оқушыларды шығармашылық жұмыспен айналысуға көп көңіл бөлемін. Қазіргі заман талабына сай əртүрлі технологиялардың дамыған кезеңі. Жаңаша білім аламын, үйренемін деушілерге мүмкіндік көп. Сондықтан əр сабағымды заманауи тұрғыда өткізуге тырысамын. Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін: - мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыру қажет; - оқушылардың сабаққа белсенді араласуы үшін жағдай, мүмкіндік туғызуы керек; - шығармашылық процеске баланы үзбей сатылы түрде қарастырған жөн; - шығармашылық жаттығу, ойын - тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне,қызығушылығына сай тұрған дұрыс; - оқушы жетістігін мадақтап, көтермелеу керек. Осы мақсатта жаңаша əдіс-тəсілдерді өз сабақтарымда кеңінен пайдалана отырып, үлкен жетістіктерге қол жеткіздім.


Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін арттырудың түрлі əдістəсілдерін өз сабағымда былай пайдаландым. Музыка пəні бойынша алдымен оқушыларды сабаққа қызығушылығын арттыру кезінде яғни, мотивациялық кезеңінде «Жүрек жылуы», «Біз ұқсаспыз», «Тапқыр достар», «Əуенді тап» тренингтерін пайдаланамын. Өткен сабақты пысықтау барысында «Қар лақтыру», «Серпілген сауал», «Кім əнші» əдістері арқылы сұралады. Ол əр сабақта түрліше болады. Мысалы: - Берілген тақырыпқа сай өз бетінше реферат немесе слайд дайындау; - Композиторлар туралы берілген тапсырмадан тыс интернет, əдеби кітаптар арқылы дайын мəтіндерді жинау; -Тақырыпқа сай музыкалық шығармаларды табу (аудио, видео материалдар); - Композиторларды салыстыру; - Композитор шығармаларын салыстыру; - Тақырып бойынша тірек сызбалар құрастыру; - Анаграмма, ребус, сөзжұмбақ құр. Карточкалық ойын əдісі. Жаңа сабақ өзім дайындап əкелген слайд бойынша басталады. Слайдта тақырыпқа байланысты композитор немесе шығарма туралы мəліметтер, суреттер көрсетіледі. Аудио жəне видео жазбалар тыңдалады. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде АКТ-ны пайдаланамын. Бес жол өлең, Венн диаграммасы, кубизм əдістері сабақтарымда оң нəтиже берді. «Ұқсастық пен даралық» стратегиясын бірнеше сабақты қорытындылауға пайдаланамын. «Кім көп біледі?» стратегиясы ұйымдастырылады. Тест жазылған парақшалар таратылып, жауаптары алынады. Сабағымызды есеппен байланыстырамыз. Ойын. Музыкалық бақылау. INSERT стратегиясын жаңа тақырыпты қорытындылағанда пайдаландым. Бұл стратегия оқушының өз ойын жазба түрінде жеткізе білуін талап етеді. Жаңа сабақты пысықтау мақсатында семантикалық карта қолданамын. Əр сабақ сайын міндетті түрде сергіту жаттығулары орындалады. Бейне роликтерге қарап би қимылдарын немесе релаксациялық жаттығулар жасаймыз.Тиімді əдіс-тəсіл оқушы ынтасының жоғары болуына оқушы қабілетіне жол ашып, сабақтың құнды өтуіне себеп болады. Сынып оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ең ұтымды жауапты тауып, айтуға үйренеді. Топқа берілген сұраққа тынымсыз іздене отырып, əр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дəлелдеп қорғай білуге мүмкіндік ала алады. Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниеде жақсы - жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп адам білімді болады. Оқушының жеке тұлға етіп қалыптастыру, дамыту, дербес ерекшеліктерін ескеру барысында əртүрлі деңгейдегі үлестірмелі дидактикалық материалдар, шығармашылық жұмыстар, оқушының білімін сараптап, оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Бағалау сəтінде екі топ бірін-бірі смайликтер арқылы бағалайды. Сабақ сайын оқушы жетістігін мадақтап, көтермелеп отырамын. Менің еңбегімнің нəтижесі төмендегідей:


- Музыка пəнінде оқушылар жаңа əдіс-тəсілдерді қолдану арқылы, алған білімдерін жинақтайды; -Оқушылар топтасып, жұптасып жұмыс істеу нəтижесінде шығармашылық қабілеттерін арттырады; - Оқушылардың үлгерімі жоғарылады; - Əр оқушының ізденімпаздық қабілеттері дамып, еркін қиялдап, серігеді. Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тəрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, алда тұрған міндеттер оданда зор. Осы міндеттерді шешу үшін мұғалім ретінде жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойындағы шығармашылық қабілетті ашу жəне белсенді əрекетке жетелеуде жолындағы жұмысыммен қоса, өз мектебімнің тиімді дамуына үлес қосатын белсенді көшбасшылықты да абыроймен алып жүрсем деген ұстаныммен еңбек етудемін. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Ж.Б.Қоянбаева, Р.М.Қоянбаев «Педагогика» Алматы, 2000 жыл. 2. М.Қалиева «Білім беру технологиялары жəне оларды оқу-тəрбие үдерісіне енгізу жолдары» Алматы, 2002 жыл. 3. Н.С.Сарсенова «Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда оқытудың жаңа технологияларын енгізу жолдары» Алматы, Радиал баспасы 2006 жыл. 4. Халперн Дайана «Сыни тұрғыдан ойлаудың психологиясы». СанктПетербург 2002 жыл. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ АРҚЫЛЫ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫНЫ АНЫҚТАУ Сюнова Фарида Кенесариевна Атырау облысы Махамбет ауданы Алға орта мектебі бейнелеу өнері жəне сызу пəнінің мұғалімі

Осы тақырыпты алғандағы мақсатым баланың рухани өсуіне ,оның жанының жайлы болуына психологиялық жағдай жасау болып табылады, жəне осының нəтижесінде қабілетті, дарынды оқушыны анықтау. Суреттерді зерттеу баланың қызығушылықтарын,əуестіктерін, темпераменттерінің ерекшеліктерін көңіл –күйін жəне ішкі əлемін жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы,Суреттегі сұр түстердің көпшілігі жəне қара түстің басымдығы өмірге деген құштарлықтың жоқтығын ,көңіл – күй төмендігін білдіреді, керісінше ашық қанық түстер белсенді өмір тонусын жəне оптимизмді көрсетеді.Бояумен салғандағы көлемділік сенімділікті жəне нық шешімділікті білдіреді. Шектен тыс белсенділік суреттің тұрақсыздығынан, көмескілігінен немесе сызықтардың нақты емес, бір-бірінен қиылысып жатқандығынан байқалады. Тежеулі немесе мазасыздығы бар балалар суретті аз салады. Осыған байланысты оқушыға тапсырма бердім.Біріншіден оқушылар партада кіммен отыратындығын өздері таңдайды,олардың симпатиясын жəне антипатиясын көрсетеді. Сосын сабақта балалар суреттің тақырыбын өздері таңдайды.Ол үй,


машина, гүл, құс,адам суреттерін салуы мүмкін, Осы суреттерден кейін тақырыпқа сурет салуға кірісеміз. «Біздің ауыл», «Менің жанұям», «Алғашқы қоңырау», ауылда сурет салу тақырыптарына кірісеміз. Осындай белсенді ойлау іс-əрекеттің арқасында балалар іскерлікті сапалы түрде меңгереді. Оқушылардың сабаққа ынталығын, ақыл-ой даму деңгейі сияқты параметрлері арқылы анықтауға болады. Төмен деңгей- баланың жұмсаған күші нəтижесінің қойылған мақсатқа мүлдем сəйкес келмеуі. (баланың өзі ол сəйкессіздікті көре алмайды) .Ол оқушымен жеңіл суреттер беріп,мақтау сөздер көп айту қажет. Сенің қолыңнан келеді! Салған суретің өте əдемі! –деген сияқты сөздер. Орташа деңгей-баланың жұмсаған күші нəтижесінің қойылған мақсатқа жартылай сəйкес келуі.(баланың өзі ол сəйкессіздікті көре алмай ды).Суретті дəл етіп көшіріп береді.Салған суретіңе қандай толықтырулар жасауға болады? – деп ой саламын. Жоғары деңгей–баланың жұмсаған күші нəтижесінің қойылған мақсатқа сəйкес келуі, бала қойылған мақсатпен алынған нəтижелерді өз бетімен салыстыра алады. Жоғарыда айтылған үш деңгеймен үш түрлі жұмыс жасау керек. Суреттерді зерттеу арқылы баланың əуестіктерін,көңіл –күйін жəне ішкі əлемін жақсы түсінуге болады.Егер балалардың біреуі сурет салудан бас тартса,оған көп мəн беруге, басқалардың жетістіктерін де баса айтуға болмайды. Осы деңгейді қолдана білсек суретке деген ерекше құштарлығы басым жəне туа біткен дарынды оқушыларды анықтауға болады. Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды жиектеген мен ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешелігі оны қағаз бетіне бейнелеу тəсілі адамды қуантпай,таң қалдырмай қоймайды. Жас суретшінің көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет етеді.Бала қолына қарындаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін жəне өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге ұмтылады.Бейнелеу əрекетінің нəтижелері баланың сурет салу шығармашылығының мəселесін зерттеушілердің қызығушылығын осы кезге дейін толғандырып келді. Бейнелеу əрекетіне қабілеттілік, психологтардың айтуы бойынша , туа біткен қасиет емес. Ол тікелей пəндік əрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Бейнелеуді жақсы меңгерен бала сурет салу үшін мазмұн таңдауда кең еркіндік алып оның бастапқы кезеңдегі ойы үлкен біртұтастыққа ие болуына ықпал етеді. Төменгі сынып оқушыларымен жұмыс жасауда теориялық талдау қорытындыларымен өзіндік бақылауды пайдалана отырып оқушының білім білік дағдыларын арттыратын бейнелеу əрекетіндегі сурет салудағы əдіс – тəсілдерді ұсыну керек.


Бірінші сыныпқа келген оқушының бейнелеу əрекетіндегі біліктілік пен дағдылар деңгейінің арасында алшақтық өскені байқалады. Сурет салу деңгейі төмен оқушының қарапайым көркемдік қабілетін дамыту Мен көркемдік əрекет деңгейі биік оқушының қабілеттілігін əрі қарай жетілдіруге жағдай жасайтын сабақ ұйымдастырушы педагог үшін қиынға соғатыны мəлім . Бұл үшін жақсы сурет салатын оқушы мен бейнелеу дағдысы нашар дамыған оқушылармен біріктіре өткізу тиімді болмақ. Жақсы сурет салатын оқушы дайындығы нашар оқушыға оның жанында немесе алдында отырып сурет салудың қарапайым амалдарын еріксіз көрсетеді. Сурет салмас бұрын салынатын суреттің ой-түйінін құрылыстың шешімін айтып талқылаған жөн. Сонда дайындығы нашар оқушы , жақсы сурет салатын оқушының суретіне қарап көшірсе өзінің жеке ой түйінін сақтап қалады. Бейнелеу өнері сабақтарында шығармашылық жұмыстардың əртүрлі тұрпаттарымен əдіс-тəсілдер түрін пайдалану түрін оқушының сурет салудағы шығармашылық тəсілдерін игеруге көмектеседі. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру.Ой-өрістің дамуына үлес қосатын сабақ үстінде жаңаша əдіс – тəсілдерді жүргіземін.Мысалы; «Ертегі мазмұнына иллюстрация», «Графика өнері» «Сызықтық перспектива»«Өрнектерді құрудың композицияның негізі» тақырыптарында өткізілген сабақтардан көруге болады. III. Жаңа сабақ Сабақтың басында сыныпта түрлі суретші фотосуреттері мен портреттерінің көшірмелерінен көрме ұйымдастыру. Балалар сурет көшірмелерін мұқият қарап шығайық. Бұл портреттерде бейнеленген адамдардың мінез - құлықтарына анықтап қарасақ, əр түрлі екенін көреміз. Портрет – адамның бейнесі Портре́т (фр. Portrait ) бейнелеу өнерінің барлық түрімен: живопись, мүсін, графика, мозаика т.б жазыла береді. Портреттің негізгі міндеті — адамның сыртқы ұқсастығын айнытпай берумен қатар, ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын ашып көрсетіп, дəуірлік-тарихи ұлттық тұлғасын шынайылықпен бейнелеу. Портрет түрлері ► Автопортрет ► Салтанатты портрет ► Камералық портрет ► Жанұялық портрет ► Тарихи портрет Бейнелеу өнерінің түрлері : живопись, графика, мүсін шығу тарихы Нефертити - (Nefertiti) (б.ж.с.д. 14ғ. орт.), Б.ж.с.д. 1353-1336ж. басқарған Мысырдың патшасы Эхнатонның əйелі. Оның əйгілі портреттік бюсті патшаның жаңа астанасы Тель-эль-Амарннан табылған. Азияның Митанини патшалығынан болуы мүмкін. Көбіне бедерлі суреттерде (рельеф) Атон құдайына табыну кезінде күйеуімен бірге салынған, бұл – оның енгізген культі. Патша отбасында 6 қыз, екеуі Мысырдың патшасы


болған. Нефиртити Эхнатонды басқарған 12 жылында ауладан басқа жаққа, фараонның құдай иелігінен алыстаған немесе қайтыс болған. Фаюмдық портреттер Ежелгі египет мүсіндік портреттері бұдан 2 мың жыл бұрынғы мозаикалық Рим жəне темпералық Фаюм портреттері соның дəлелі. Автопортрет– суретшінің өзін - өзі бейнелеуі Портреттер кескін көлеміне қарай бас( иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді. Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді. Мифологиялық– ертегілік жəне мифологиялық кейіпкерлердің кескіні. Тарихи-шынайы тарихи тұлғалардың бейнесі. Жанрлық портрет - портретте бейнеленушіні белгілі бір образда (мысалы актрисаның портреті, шахтердің портреті, дəрігердің портреті т. б.) беру. Оқушыларға кестенің көмегімен портретті салу ретін түсіндіру. 1/ Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен(симметрия осімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілуі үшін қарындашпен жай басып, жіңішке сызық етіп сызу арқылы салынады. 2/ Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңнен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ төменгі жағына ауыз бен иек түседі. 3/ Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілуі керек. 4/ Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз. 5/ Портрет бояуын түсіреміз. Портрет өнеріне байланысты видео көрініс жіберілді. Оқушыларға жұптық тапсырма берілді (досымның суретін салу). Қорытынды: «Портретист-адамның жан дүниесіне кіріп, оның мінез-құлқын , сезімін жəне өмірге көзқарасын зерттейді». Композициялық орналасуына байланысты портрет 3 түрге бөлінеді 1.Иық бөлігіне дейінгі портрет 2. Бел бөлігіне дейінгі портрет 3. Толық фигуралы портрет Үйге тапсырма: 1.Суретті аяқтау, Əдебиет пəніндегі шығармадағы кейіпкердің потртеретін қағаз бетіне түсіру. Алға орта мектебінде «Жас суретшілер» үйірмесі жұмыс істеп келеді. Алғашқы жас суретшілер тобы мектеп табалдырығын аяқтап, жаңа буын жұмыс жасауда. Оқушылармен абстракты жұмыс жасауға құштарлығын арттыру мақсатында жұмыс істеймін немесе өздерін еркін ұстауға, еркін ойларын айтуға, əдемі шығарма оқып немесе баяндай отырып киялдауына ерік беремін. Сол кезде қаншалықты ой-өрісінің кең


екендігі көріне бастайды. Осы мақсатта салынған суреттер, жасалынған жұмыстар бар. 1. «Сия төгілген сурет сөйлейді» 2.Гобелен. «Шуақты көктем» 3.Ақ қағазбен əр түрлі дизайн өнерімен байланыстырып карнавалдық киімдер жасалынды. «Болашақтан келген қонақтар». «Гүл толтырылған корзина» осы тақырыптар бойынша жұмыс жасалынды. Шығармашылық жұмыс пен айналысудағы мақсатым барлығы бірдей суретші болмағанмен, соның ішінде санаулы ғана болса да қабілеті жоғары,дарынды оқушы анықтау болып табылады. Сонымен қатар, қиялы ұшқыр бала қай салаға барса да, өзін-өзі көрсете біледі - деген ойдамын. Балаларды қай өнерге болса да ерінбей, жалықпай үйретіп, дағдыландыру қажет. Не нəрсенің де жолынан ерінбей түскен жан нəтижеге жетеді. Соның дəлелі – өзің құрған «Жас суретшілер» үйірмесі мүшелерінің жарқын істері. Еңбегімнің нəтижесіз еместігіне өзім де қуанамын. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың өзектілігі төменде көрсетілгендей: 1.Өз бетімен жұмыстануға дағдыланады. 2.Шығармашылық ізденіске жетелейді. 3.Өз ісіне деген сенім пайда болады. 4.Əр нəрсеге сын көзбен қарауға үйренеді. 5.Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді. 6.Шығармашылық белсенділігі артады. Осылардың нəтижесінде дарынды,қабілетті жеке тұлға қалыптасады. Сондықтан, ұстаз ретінде менің алдыма қойған мақсатым: жеке тұлғаны анықтау жəне оған жетекшілік етіп оқушының қабілетін танып, біліп дамыту болып табылады. Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 1.Байтукова Б.У. Дарынды балалардың шығармашылық қабілетін дамыту мəселелер// Дарын – 2004. – 6. – 116 -121 бет. 2.Сапарбаева Ұ.Бейнелей өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. 3.Мектептегі психологиялық–диагностикалық құрал.Власова Н.В. 2005 4.Т.Сақтағанова Мектеп психологі қызметі мазмұнының ғылыми педагогикалық негіздері.

ҚАЗАҚТЫҢ КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІН ОҚЫТУ –ӨЗ ТƏЖІРИБЕМДЕ Нуржанова Шекер Абдикадировна


Атырау облысы Құрманғазы ауданы М.Əуезов атындағы жалпы орта мектебінің технология пəні мұғалімі

Білім берудің негізгі мақсаты білімін, біліктілігін дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тəрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматының бүгінгі оқушы тұлғасын қалыптастыру. Ұлттық мəдениеттің негізі болып табылатын этнопедагогикалық білім беру мен ұлттық тəрбие берудің басты құралдарының бірі ұлттық өнер екендігі белгілі. Біздің мақсатымыз ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан ұлттық өнерімізді ұмытпай, келесі ұрпаққа аманат етіп жеткізу, ұлттық мəдениетте өзіндік орнын көрсету жəне де мүмкіндігінше қазақ сəндік қолөнерінің өзіне ғана тəн құндылықтарын, халықтың мінез-құлқын, жалпы адамзаттар мəдениетін көрсете білу. Осы мақсатқа жету үшін қазақ қолөнері арқылы оқушының эстетикалық талғамын қалыптастыруды теориялық жəне тəжірибелік тұрғыдан қарастыру қажеттігі туындап отыр. Бүгінгі жағдайда оқушылардың санасында,ой-өрісінде,жалпы азаматтық, адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғарғы адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты жəне үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дұрыс бағытта дамыту, əртүрлі əлеуметтік жəне моральдық психологиялық жағдайларда қолдау көрсету жəне қоғам өмірін ізгілендіру мен де демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақтың ұлттық өнері арқылы қалыптастыру мəселесінің маңыздылығы мен көкейтестілігі күннен күнге артып отыр. Сондықтан, білім беру жүйесін реформалау сияқты ең біріншіден- еңбек, технология, кəсіптік білім беру сияқты өмір талабына қойылатын сұранысқа сəйкес жүргізу, екіншіден- оқу үрдісіндегі білім беру мен ұлттық тəрбие бірлігін сабақтастыра отырып білімнің үйлесімділігімен қатар, əрбір оқушының дербес ерекшелігін ескеріп, қабілетіне, белсенділігіне сəйкес бағдар ұстау болып отыр. Бұдан ұлттық тəрбие мəселесіне бұрын соңды көңіл бөлінбеген деген ой туындамау керек.Оған этнопедагогика саласындағы зерттеулер дəлел бола алады. Дегенмен де, қазіргі қоғамның ғылыми, əлеуметтік, практикалық талабына, тəрбие беру мақсатын жүзеге асыру қажеттігіне сай, оқу-тəрбие үрдісінде жергілікті жердің экономикалық, экологиялық жəне этномəдени ерекшеліктерін ескере отырып, технология сабағында оқушыларға ұлттық тəрбие беру арқылы эстетикалық талғамын дамыту мəселелері əлі күнге дейін шешімін толық тапқан жоқ. Əр халықтың рухани əлемі, ең алдымен оның дəстүрлі өнерінен көрінетіні мəлім. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім беру мен тəрбиелеу саласының түбегейлі жаңару жағдайымен бүгінгі ұрпақ тəрбиесінің негізіне- қазақ халқының ғасырлар бойы жинақталған, уақыт сынынан өтіп, сараланған ұлттық тəлім-тəрбиенің, ұлттық қолөнерінің бай қазынасы, мол тəжірибесі алынып отырғаны мəлім.Өйткені жастардың ұлттық мəдениеті мен дəстүрлердің негіздерін меңгергенде ғана жалпы адамзаттық мұраларды игеріп дүниеге дұрыс көзқарасы, озық ойлау жүйесі қалыптасатыны анық.


Технология пəнін жүргізу барысында оқушылардың біліктілігін жетілдіру, қолөнер бұйымдарын жасай білуге үйрету жəне дағдысын қалыптастыру басты орында тұрғанының өзінде оларға дəстүрлі өнер мұраларын таныстыру, сол арқылы олардың көркемдік талғамын, эстетикалық танымын жетілдіру мəселесі де естен шығарылмауы тиіс. Қолөнер-ата-бабамыздың ұшқыр қиялынан шыққан, қажеттілігінен туындаған өнер туындысы.Əрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мəдениетінің үлгілі жəне халық талғамының,əлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің салт-дəстүрдің нақтылы көрінісі.Осы көріністі қалыптастыратын халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы,қазақ қолөнерінің бір түрі-кестелеу өнері. Халық өнері ғасырлар бойы əр түрлі болып өзгеріп, адам өмірі мен олардың тұрмысымен əлі күнге дейін байланысты болып келеді.Кестенің əдемі əшекейлері адамдардың тұрған жерлеріне, мəдениетіне, саудасына, көршілес елдермен қарымқатынасына байланысты болған.Ұрпақтан ұрпаққа жалғасудың арқасында əрбір елдің шеберлері өздеріне тəн ерекшеліктерімен тігудің сан түрлі əдістерін киімге,тұрмыстық бұйымдарға əшекей заттарды да қоса білді.Кесте тігу өнерінің қазақ халқында ерте кезден болғандығын археологиялық қазба мен жазба ескерткіштері дəлелдейді. Кесте санап тігілетін (жіпті санап отырып кестелеу) жəне еркін (сурет нұсқасы бойынша, санамай еркін тігу) кестелеу деп бөлінеді.Атап айтсақ, Жай тігістер. Сабақты кесте-кестенің бұл түрін тігу үшін өрнектің нұсқалары пайдаланылады. Оларды тіккен кезде ине кері шаншылады, яғни əрбір жаңа тігіс осылайша түседі. Жіпті бекітіп, инені матаның кесте тігетін бетіне шығарған соң оған 2-4 жіпті іліп алу керек. Жіпті шығарып алған соң инені қайта шаншып, сосын оған алғашқы тігіске қанша жіп алынса, сонша жіп іліп алады. Тігістердің біркелкі болып түсуін қадағалау жəне инені екінші, үшінші одан кейінгі тігістерде алдыңғы тігістің ортасынан шығарып отыру керек. Біз кесте. Кестенің бұл түрімен кейбір конторлы ою-өрнектер немесе гүлдің сабағы кестеленеді. Тігілу мəнері жағынан ол көлемі біркелкі ілмектер шынжыр секілді біріне-бірі тіркесе тігіледі. Шынжырларының формасы мен көлемі əр түрлі болып келеді. Жіпті бекітіп, оны матаның оң жақ бетіне шығарып алған соң, ілмек тəрізді етіп созып, оны сол қолдың бас бармағымен басып тұрасыз да, инені алғашқы шаншыған жерден дəлдеп, төмен қарай, яғни матаның астыңғы бетіне қарай шаншисыз.Тігістің теріс жағынан ине ілмектің астынан өтіп, тігістің үстіне ілмектің ортасынан шығады. Санап кестелеу деп аталатын кестені жіп оңай суырылатын матаға кестелейді.Бұл тігіс əдетте тік сызық бойына түсіріледі.Ол бірнеше түрге: терме тігіс, қиғаш тігіс, жай айқас тігіс, жартыкеш айқас тігіс т.б.бөлінеді. Терме тігісті өрнектің бір шетінен келесі шетіне дейін, жіптерін санай отырып, біресе оң жағына, біресе теріс жағына қарай матаның жібін бойлай «инені алға салу» əдісімен тігіледі.Теріс жағына өрнегі оң жағының өрнегіне кері болып түседі. Қиғаш тігіс матаның көлденеңінен 2 жібін, тігінен 4 жібін бастыра, қиғаш бағытта тігіледі.


Шым кесте. Кішкентай жəне орташа формадағы өсімдік бейнесі мен геометриялық өрнектерді, эмблемаларды тігуге қолданады. Көркем кесте. Бұл кестемен тек өсімдік суретін ғана емес, шағын пейзажды бейнелеуге де болады. Осы кестемен кестелегенде бір түсті жіптің бірнеше түрі бір-біріне бояу ауысып, құлпыра өзгеріп отырады. Ол үшін бірінші түстің тігісінің ұзындығын əр түрлі ету керек. Олар сонда алғашқы тігістің үстін баса отырып, бір түрлі жіптің бірнеше түске ауысқанын байқатпай да жібереді. Қиып кестелеу. Бұл кестемен көрпенің, жастықтың тыстары, көйлек, блузкаларды кестелейді. Кестелену мəнері ақ кестемен ойып торлауға ұқсайды, айырмашылығы формасының тек қана дөңгелек емес, сопақша да болып келуінде. «Рококо». Мұндай кестемен өсімдік бейнесін ғана түсіреді. Оның формасы дөңестеу болып, бедерленіп түседі. Кестелеуге мулине, жүн жəне синтетикалық жіптер қолданылады. Иненің көзі кішкентай, өзі жуан болуы керек. Рококоны жеке өзін емес, басқа кестелермен тігілу керек. Тігілу əдісі мынадай: жіпті теріс жағынан бекітіп, иненің оң жағынан шығарады. Сосын инені матаға шаншып, иненің ұшына жіпті орайды. Оралған жіпті саусақпен басып тұрып, инені сол арқылы шығарып алады. Инені қайтадан матаға шаншып, теріс жағына шығарып алады. Кестенің көлемі инеге оралған жіптің орам санына байланысты. Баумен кестелеу. Киімді əшекейлеу үшін пайдаланылады. Жіптердің (жүн, жылтырақ жіп қосылған жартылай жүн) ширатылған баумен немесе дайын баулармен тігіледі. Бауды сондай-ақ ілмекпен де (кручок) тоқуға болады. Баудың жуандығы кесте тігілетін бұйымның қандай екендігіне байланысты. Бір киер киімге тігілген бау жіңішке, жылтылдақ болуы керек. Мұндай жағдайда майда өрнекті толықтыра түсуге де болады. Ширатылған баудың нұсқасы түсірілген суреттің үстіне салып, астынан білдірмей тігу керек немесе суретте көрсетілгендей етіп бекітуге болады. Кесте дегеніміз- белгілі бір материал бетіне түрлі - түсті жіптермен өрнек салып тігу өнері. Қазіргі кезде де кесте өнері жалғасып келеді. Кесте өнері қыз баланың табанды, сабырлы мінез-құлқын қалыптастыруға тигізетін пайдасы мол. Бұл қолөнер түрінің бала кезден, мектеп жасынан бастап технология пəнінің бағдарламасына берілуі қыз балаға жас кезінен қазақ қолөнерін қастерлеуге, үйренуге, сыйлауға жəне шеберлікке, шыдамдылыққа баулу тəрбиесін бере отырып, жетілдіру екені айтпаса да түсінікті. Кестелеу кезінде көзге көп күш түседі, аса зейінділікті талап етеді, сондықтан санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау керек. Қолмен кестелеу бұл шыдамдылықты талап етеді. Кестелеу- бұл шығармашылық іс. Кестемен киімдер, тұрмыстық заттар кəдесыйлар жəне басқа да бұйымдар безендіріледі.Кесте негізіне ұлттық, халықтық нақыштар мен ою-өрнектер салынған, себебі кестелеу өнері халықтың мəдени ерекшеліктерімен байланысты. Кестелеуде өрнек немесе кескін, қолмен, инемен, бізбен жəне де іс машинасымен əр түрлі маталарға əр түрлі жіптермен, моншақтармен кестеленеді. Бұл тігістердің əрқайсысының орындалу технологиясы əр түрлі. Кестелеуге мата , селдір мата жəне жіп


сияқты материалдар қажет. Оларды дайын бұйымның қолданылуына жəне кестелеу тəсіліне қарай таңдайды. Кестеленген бұйымдар жібек, жүн, зығыр, синтетикалық маталардан болуы мүмкін. Оған арналған жіптер негізгі матаның түсі мен қалыңдығына үйлесуі қажет. Көбіне түрлі түсті мулине жəне ирис жіптер қолданылады. Кестелеуге матаға жақсы тігілетін, берік, жұмсақ жіптер қолданылады. Айқас кесте-бір- бірімен айқасқан екі ине шаншымнан тұрады. Бір айқас кесте бір торкөзді алып тұрады. Барлық үстіңгі инешаншымдар бағыты сəйкес түскен кезде ғана өрнек өте əдемі, ұқыпты болып көрінетін болады. Айқаспа кесте-тор көзді матаға жіпті айқастыра отырып кестеленеді. Айқаспа кестенің көлденең немесе тік тоқылу ерекшеліктері бар. Айқас (крест) тігіс инемен тігілетін кестенің көп тараған түрі. Өрнек инемен біркелкі төртбұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастырып бастырып отырады. Үшбасып (үшбасарлап) тігу - алдымен алғашқы екі жіпті крест түрінде тігіп алады да, соңғы үшінші жіпті соның белінен көлденең басып тігеді,нəтижесінде тең алты тармақ пішін шығады. Бұл да көркем тігіске қолданылады. Қазіргі кезде айқаспа кесте əдісімен перделерді, диван жастықшаларын, панно, киімдердегі кестелерді тоқиды. Айқас кесте- инемен тігілетін кесте. Бұл кестенің ең көп таралған түрі. Айқас тігіс сияқты санап тігілетін кестелерге канва ыңғайлы.Кейбір киімдерді кестелеген кезде немесе сурет салуға мүмкін емес маталардың беттерін кестелеген кезде жапсырма канваны пайдалануға болады.Қазір арнайы дүкен сөрелерінде канва матасына суреті дайын сызықтармен белгіленген, сонымен қоса жіптері мен инесі қоса салынған айқас кестенің үлгісі сатылады.Бұл кесте түрін кез келген адам сатып алып,берілген суретіне қарап отырып,кестелей алады.Технология пəнін оқыту кезінде кестелеуді оқытып, үйретудің мəні ерекше болып табылады.Бұнда алға қойылатын мақсат: оқушының таным қызығушылығын дамыта отырып, салт-дəстүрді құрметтеуге тəрбиелеу, кестелеу туралы оқи отырып, өзі кестелей білуге үйрету, кесте тігу əдіс-тəсілдерін меңгерту,қол икемділігін дамыту. Кестенің түрлерін ұғындыра отырып, 5 сыныпта «Айқаспа кестелеу» тақырыбында өтілген сабағымның өту барысында сабақ мақсатын анықтап алған соң,сарамандық жұмыс орындаттым. Сарамандық жұмыс алдында айқас тігіс кестесін селдір матаға түсірген дұрыс жəне матаның қалыңдығына, жіптің жуан-жіңішкелігіне байланысты болатынына түсінік берілді. Айқаспа кесте тігістерінің түрлерін əр оқушы өз қалауы бойынша таңдап орындады. І тəсіл: көлденең тігу. Бірінші өрнек-төменнен солдан оңға қарай жоғары, екінші-оңнан солға жоғары қарай айқастыра тігіледі. Егер бірнеше айқаспалар көлденең қатар тігілетін болса, онда бірінші (астыңғы) қатарлар, екінші (үстінгі) қатарлар орындалады. ІІ тəсіл: тігінен тігу. Тік айқаспа түсіру үшін бірінші астыңғы қатарлар жоғары немесе төмен тігіліп шығады, екінші қатар үстінен айқастырыла бастырып отырады.


Бұдан соң кестеленген бұйымның күтімі туралы айтып түсіндіріп, таныстырылды. 1. Оны суға салып қайнатуға болмайды. 2. Жылы суда жуу керек. 3. Жуғаннан кейін сығып, 5-6 минут түкті орамалға орап қою керек. 4. Дымқыл күйінде астар жағынан үтіктеу керек. Сабақтың бекіту кезеңінде оқушылар алған əсерлері бойынша мақалмəтелдердің жалғасын табады. Сабақ нəтижесінде оқушылар кестелеу туралы, оның түрлері жайында мағлұмат алды, шығармашылыққа тəрбиеленді, өздігінен жұмыс жасау қабілеттері ашылды, айқаспа кестенің тігілу техникасын меңгерді, сапалы біліммен қатар еңбекке қызығушылықтары артты. Келесі сабағым 5 орыс сыныбында «Кестелеудің түрлері» тақырыбында өткізілді. Мақсаты – қазақ халқының қолөнері, соның ішінде кестелеу туралы түсіндіріп, əсемдік пен сұлулықтың негізінде эстетикалық талғамын ұштап, өз бетімен безендіру əдістерін таңдай білуге үйрету. Сабақты қызығушылықты ояту кезеңімен бастап, оқушыларға «Сен білесің бе?» айдарымен танымдық, қызықты мəліметтер слайдпен көрсетілді. Онда орыс халқы қыздарды 4-5 жастан бастап кесте тігуге үйретеді екен, үй тұрмысындағы қажетті бұйымдарды кестелеген. Сондай-ақ 15-16 жасқа келгенде тұрмысқа шығар заттарды кестелеп, дайындап қоятын болған. Сарамандық жұмысқа кірісер алдында қол инемен жəне қайшымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережесі еске түсіріліп, кестелеуге қажетті құралдар дайындалды. Қазір арнайы дүкен сөрелерінде канва матасына суреті дайын сызықтармен белгіленген, сонымен қоса жіптері мен инесі қоса салынған айқаспа кестенің үлгісі сатылады. Бұл кесте түрін кез келген адам сатып алып, берілген суретіне қарап отырып кестелей алатындығы айтып, түсіндірілді.Кестелеу жұмысында бұл құралды пайдалануға да болады деп айтылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, бір топқа айқас кестенің түрленуін қағазға салып көрсету, ал екінші топқа матаға салып көрсету жұмысы тапсырылды. Бұдан соң сергіту сəті өткізілді.Сабақ «Кесте» сөзжұмбағын шешумен бекітілді. Нəтижесінде оқушылардың кесте туралы алған білімдері артып, қолөнерге деген қызығушылықтары артты. Тарихтың асыл қазынасын оқып үйренуде, халықтың мəдени мұрасын қадірлеп, дəстүрін жалғастыра білуде дана халқымыздың қолөнерін үйренуде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет.Кесте тігу өнерімен айналысу арқылы,өнер туындыларын жасауға болатындығына көз жеткізіп, мектепте, үйірме сабақтарында жас қолөнершілер қазақтың кесте өнерін тігіп үйренеді. Кесте тігу өнері оқушыны бастаған ісін аяқтауға,жауапкершілікке дағдыландырады. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. «Мектептегі технология » əдістемелік журналы; 2. «Шаңырақ» үй-тұрмыс энциклопедиясы; 3. Технология оқулығы 5 сынып Т.Ш.Оралбекова, К.Ə.Шагиорва 4.Қазақтың кесте өнері. « Алматы кітап» баспасы. 2009


ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ЗАМАНАУИ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ Акмурзиева Кулаш Елеубаевна Атырау облысы Мақат ауданы Х. Санбаев атындағы орта мектебі, технология пəні мұғалімі

Киім–денені ауа-райының, сыртқы ортаның зиянды əсерінен қорғайтын, адамның денесіне киюге арналған жасанды жамылғы түрі. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріспен мəдениеттің дамуына тығыз байланысты. Киім қоғамның материалдық жəне рухани бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған жəне кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екіншіден, адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сəн өнері. Еңбек бөлініс күшейіп, адамдар мал, аң терілерін илеп мəнерлеу, жүн иіріу, тоқыма тоқу, бояу жасау, тас күйдіріп, метал өңдеуге қол жеткізген заманаларда киім-кешек түрлері де кемелдене, түрлене түсті. Ұлттық киім–бай тарихи–мəдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы əдет–ғұрып, салт–дəстүр, халықтың хал-ахуалынан кең көлемде жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Киімдердің етек –жеңіне рəміздік ұғымды тұспалдайтын ою – өрнек элементтерін салу, үкі тағу жын – перілердің–пəле-жаладан, ауру-сырқаудан қорғайды, магиялық күш əсер етеді деген сенімнен туған. Тұтыну ерекшеліктеріне байланысты күнделікті, сəнді киімдерге, жыл мезгілдеріне қатысты қыстық. Маусымаралық жəне жаздық киімдер болып бөлінеді. Киім тігуде адамның жас ерекшелігі ескерілген. Жас ерекшеліктеріне қарай бала киімі, бозбала киімі, бойжеткен киімі, қалыңдық, күйеу, жас жігіт,келіншек,бəйбіші,ақсақал киімдері үлгілерінің əшекейі, тігілуі, сырылып, кестеленуі əртүрлі болып келген. Жас ұлғайған адамның киімі денеге қонымды, кең мол пішілген, əшекейі аз, қарапайым болады. ал жігіттер мен келіншектердің киімдері сəнді тігілген. Замануаи қазақ қыздарының ұлттық киімдерінің үлгілернің түрлері Өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақты жаңа белестерге жаңа ойлармен, идеяларды туғызуға мүмкіндік беріп отыр. Сəн ( франц. Moda, лат. Modus–өлшем,əрекет тəсілі)киім кию мəдениеті, өмірдің əр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Сəн–əлеуметтік, экономикалық құбылыс. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сəнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни əртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Қазіргі сəнде екі


бағыт айрықша көзге түседі: ол – ретроспективалы (өткенге бағытталған) жəне перспективалы (болашаққа бағытталған) Соңғы жылдары ұлттық киімдерді замануаи үлгіде шығаруда жақсы бастаулармен көзге түсіп жүрген біргеше ұлттық сəн орталықтары шаңырақ көтерді. Солардың қатарында қазақтың өзіндік құнды əшекейлерін, бірегей ою-өрнектерін өз туындыларында қолданып, сонау сақ кезіндегі кимі үлгілерін жаңғыртып келе жатқан Атырау қаласында «Гүлмаржан» ұлттық киім сəн үйі, қазіргі кезде Алматы қаласында «Бақыт» ұлттық киімдер сəн үйі халыққа өздерінің тамаша сəн үлгілерімен қызмет көрсетуде. Сарамандық жұмыс барысында эскиздер, үлгілерін дайындау. Ерте заманнан ұлттық көйлектерді аса бай əшекейлеп, сəнді етіп тіккен. Ұлттық көйлектер жібек, креп – сəтен, креп – шифон маталарынан тігіледі. Көйлекті пішкен кезде пішу жоспары берілген матаға қарап жасалады. Бір қабат маатны оның бет жағы бойынша пішеді. Егер мата қабатталып пішілсе, онда оның бет жағы ішіне қаратылады. Пішін бөлшектерінің үзік сызықтармен белгіленген жағы төмен қаратылып салынады. Бөліктерді тігіске жəне бүктемеге арналған қосымша қалдырып пішкен дұрыс. Ең алдымен көйлекті кеудеме мен бөксе орамын, жəне жеңнің ұзындығын білу керек. Матаның сапасын да ескерген жөн. Киім пішу–тігін бұйымдарын дайындау үрдісінің ең маңызды кезеңі. Тігін бұйымдарын пішкен кезде мынадай талаптарды қатаң сақтау қажет. Ең алдымен, матаны пішуге дайындайды, яғни матаның беттік жəне теріс жақтарын, матада ахуалардың бар жоғын, сондай – ақ бойлық жіптердің бағыты анықталады, барынша тиімді пішілуі үшін матаның ұзындығы мен ені өлшенеді. Сонан соң матаны мұқият үтіктеп, таңдалған сызбаның жайылмасына байланысты беттік жақтары ішке қайтарылып бүктеледі. Матаның көбінесе бойлық жіптері бойынша бір шеті мен екінші шеті беттестіріліп бүктеледі. Тігетін қазақ қыздарының заманауи мата шығыны 3 метр шифон, 2 метр органза, 3 метр өрнек, 3 метр тесма, 2 шашақ, 2 метр сəтен, 80-90 нөмерлі инелер, 2 орам «ideal» жіп қажет. Кəжекейге 1 метр фетр матасы қажет. 30 см сəукелесіне фетр қажет. Пішін үлгілерін матаға үлкеннен бастап орналастырып, содан соң кішісіне қарай көшеді. Көйлекті дайындау үшін мынадай бөлікті пішеді: 1 алдыңғы бой, 2 артқы бой, 1 белдемшенің алдыңғы бөлігі, 1 жаға желбіршектері, 1 корсетке арналған бөлік. Моделіне қарай алдыңғы бой орнына біртұтас бөлшек алды алынуы, артқы бойдың ортасында тігіс болуы, алдыңғы жəне артқы бой белдемше бөлігімен тұтас пішілген болуы. Жеңдері 2 бөліктен тұратын, ал жаға тұтас болуы мүмкін. А)Алдыңғы бойдың құрастыру сызықтарының, қиықтары мен нүктелерінің атаулары: жан қиығы–1,қолтық ойындысы – 2, иық ойындысы, мойын ойындысы – 5. Ə)Артқы бойды құрастыру сызықтарының, қиықтары мен нүктелерінің атаулары: артқы бойдың орта қиығы – 1, артқа бойдың мойын ойындысы –


2, иық қиындысы – 3, қолтық ойындысы – 4, жан қиығы – 5, етек қиығы немесе бел қиығы – 6. Б) Жеңді құрастыру сызықтарының атауы: алдыңғы иіліс қиығы – 3, жеі түбі қиығы -2, шынтақтық қиығы – 1, жақ ауыз қиығы – 4. В) Белдемшенің алдыңғы, артқы бөлігінің құрастыру сызықтарының атаулары: жан қиығы – 1, бел қиығы – 2, етек қиығы – 3. Г) Корсеттің алдыңғы бөлігінің құрастыру сызықтарының атаулары: жан қиығы -1, бел қиығы – 2. Ғ) Етек желбіршегі Д) Жең желбіршегі. Тігу технологиясы жəне безендіру жұмыстарымен жетілдіру. Киімді дайындағанда бір төсемде 40 одан да көп жайма болуы мүмкін. Пішін бөлшектерінің өңдеу мен құрастыру процесінде оларды шатастырып алмау үшін бөлшектердің сыртына қарындашпен бұйымның реттік нөмері жазылады. Киімді дайындау кезінде қол жұмысы, машина жұмысы, үтіктеу жұмыстары атқарылады. Бөліктерді біріктірудің үш тəсілі бар: жіппенен, желіммен жəне дəнекерлеу арқылы. 1.Артқы бойдың мойын ойындысына 3 см орын қалдырып тігіс жүргіземіз. Алдыңғы бойды артқы бой бөлшектерімен, иық қиығымен жəне жан қиықтарын көктеп, бекітіп алып, сырып тігеміз, шетін торлап, иық бөлігінен көктеу тігісін алып тастаймыз жəне иық қиығын ішкі жағынан артқы бөлікке қарай жатқызып, ылғал жылумен өңдейміз. 2.Жең 1 қиықтан тұрады. Жеңді оң жақтарын бететстіріп қолтық нүктесінен жеңнің аузына дейін көктейміз. Сырып тігіп, шетін торлаймыз, көктеу тігісін кері сөгіп, артқы бойға жатқызып, ылғал жылумен өңдейміз. 3.Көйлектің үстіңгі бойын қолтық ойындысына, жеңнің түбін бүйір тігісінен бастап қондырған, үстіңгі жеңнің артық матасынан жеңіл бүрмелер жасап, бекітеміз, көктеп, сырып тігіп, торлаймыз. Көктеген жіптен босатып, ылғалды жылумен өңдейміз. 4.Үстіңгі бойын оң жағын аударып ылғалды жылумен өңдеп, дайындап қоямыз. 5.Белдемшені екі қабаттан тұратын атлас мата мен шифон маталарын қолданып тігеміз: алдыңғы жəне артқы бойды келтіріп теріс жағын көктеп, сырып тігіп көктеулерін алып тастаймыз. Артқы бойға қаратып ылғалды жылумен өңдейміз. Астыңғы атлас матадан, үстіңгі шифон мата 5 см үлкендеу болу керек. Белдемшенің етегін торлау тігісімен өңдейміз. 6.Үстіңгі шифон матаға жалпақтығы 10 см желбіршектерді қондырмас бұрын шетін торлап, өңдеп алып, арақашықтығы бірдей етіп өлшеп тігіледі. Желбіршектерді астыңғы бөлікке 8 см үстіңгі бөлігене 1 см қалдырып сызық бойымен 1 см бүкпелерді арақашықтығы 2 – 3 см-ден шифон матаға көктеп аламыз. 7.Бетінде бүкпелері бар дайын екі қабатты белдемшені дайын болған үстіңгі бойға біріктіреміз. Ол үшін екі бүйірін алдыңғы жəне артқы бойын оң


жақтарын беттестіріп, бекітіп көктеу тігісімен беттестіреміз. Сырып тігіп, көктеуін сөгіп, ылғалды жылумен өңдейміз. 8.Сызбада көрсетліген пішінді жеңнің аузына манжет орналастыру үшін манжетті бөлек өңдеп алып, оң жақтарын бететстіріп, бұрыштарын келтіріп, тігіс жағынан сырып тігеміз. Арнайы қалдырған белгі арқылы ылғалды жылумен өңдеп жиегін тесмамен қадап əшекейлейміз. 9.Дайын болған манжетті жеңнің аузына қадап, біріктіріп тігеміз. Манжетке белдемшеге жалған секілді желбіршектерді өңдеп сырып тігеміз. 10.Қазақ қызының дайын болған көйлегінің екі жеңін жоғары бөлігіне бірдей етіп, жəне белдемшенің алдыңғы бойдың сол жағына қарай дайын өрнекті бекітіп, ылғалды жылумен өңдейміз. 11.Қазіргі заманғы дизаинерлердің сəн үлгісіне еліктей отырып, көкірекшесі тұтас пішілген. Бүйір тігісі жартылай қынама шығу үшін бүкпелермен өңделеді. Көкірекшенің алдыңғы бойдың төменгі жағы сəнді болу мақсатында алдын ала төменге қарай иректеліп тігіледі. Көкірекшенің шеттері торланып, 5 мм ішіне қарай бүгіліп, 1 мм шетіне тігіс жүргізіледі. Көкірекшенің үстіңгі жəне астыңғы шеті таспамен иректеліп, иректердің төменгі жағына əдемілік үшін шашақ қондырады. Сонымен қазақ қызына арналған əсем, əдемі көйлегіміз дайын. Көйлекті дайындауға 5 апта уақыт кетеді.Əрі қарай көйлегмізді безендіреміз. Ою–өрнек дегенміз- геометриялық жəне бейнелеу элементтерінің жүйелі ырғақпен қайталанып, үйлесімді құрылуы. Халық шеберлері ою – өрнекпен сəулетті ғимараттарды, киім –кешек, жиһаз, қару –жарақ, зергерлік əшекей заттарын т.б. тұрмыста тұтынатын заттарын безендіріп отырған. Жұмысымыздың аяғында қазіргі заманауи қазақ қыздарының көйлегіне ою–өрнек ойып,асыл тастармен, моншақтармен безендіреміз. Қорыта келгенде, қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан. Ол ұрпақтың талғамына лайық өмір талқысынан өтті. Соңғы 15 – 20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге қарағанда, қазіргі ғылымитехникалық прогестің жаңа моданың өрісімен, сол сияқты қазақша киім ұлттық киімнің пішімінде немесе тігісінде əр қилы өзгерістер пайда бола бастағанын аңғаруға болады. алайда ұлттық киім көненің көзі, бізге жеткен материалдық мəдениеттің жетістігі. Қазақ қызының ұлттық көйлегі ұрпақтан- ұрпаққа жалғасын тауып заманына сай түрлері өзгеріп отырды. Бірақта ескерткіш ретінде байырғы үлгілерді болашақ ұрпаққа сақтау қажет. Алдағы уақытта қазақ қызының көйлегі күнделікті өмірде көбірек қолдануға көңіл бөлінсе, технология пəні арқылы ұлттық көйлектер жетілдірілсе бұл осы замандағы сəн үлгісіне қосқан үлесіміз болар еді. Пайдаланылған əдебиеттер тізімі: 1.Мектептегі технология №6 2011. 2. «Шебердің қолы алтын» Алматы 5. Мектептегі технология №4 2012.


7. «Шебердің қолы алтын», Алматы, «Қазақстан» 1977. Тəжімұратов. 8. Мектептегі технология №8, 2011 . ТЕХНОЛОГИЯ ПƏНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ПАЙДАЛАНУ Қалиев Ғалымжан Қайсаұлы Атырау облысы Исатай ауданы Өркен орта мектебінің ІІ санатты технология мұғалімі

Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан – жақты білім алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін АКТ қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. ҚР Білім туралы заңында:«Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі-білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»- деп көрсетілген.Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық жəне оқыту құралы болып компьютер саналады.Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында жəне қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық– техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы-оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру,логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Ақпараттық бірлікті қалыптастыру:мектептің материалдық-техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тəрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тəуелді. Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін


атқарады. ACTIVboard–интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сəулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал. «Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі–жалпы ақпаратпен кəсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау жəне ойын қысқа жəне түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін,арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бағдарламалық - техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты жəне динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мəтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM жəне Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CDROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу жəне т. б. əрекеттерді жеңіл орындай алады. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мəселелерді шешуге көмектеседі : -Пəн бойынша базалық білімді меңгеру ; - Алған білімді жүйелеу ; - Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; - Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру -Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде əдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау жəне оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін əдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % жəне көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – жəне видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты əрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мəселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге « мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді жəне қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, əрбір пəн мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану əр түрлі сипатқа ие.


Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Білім берудің ақпараттандыру процесі пəн мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Іс тəжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс–шаралардың қолданудың маңызының зор екенін байқадым. -Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын жəне қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру жəне оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану -Оқытудың жаңа əдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - əрекетін компьютерлік ойындар жəне т. б.) сабақта жиі қолдану. Проблемалық зерттеу, аналитикалық жəне модельдеу əдістерін қолдану арқылы классикалық əдістерді жетілдіру. - Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта жəне мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру. Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мəтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты жəне объектілерді көрсете алады жəне өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын – ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал – саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді жəне бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай əдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс əрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған


ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мəтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін жəне барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.Сонымен, «Активті экран» кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай жəне тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады.Екінші режим–Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мəтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін.Мысалы,Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мəтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат əзірлеуге болады.Үшінші режим-тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы.Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пəнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік жəне ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тəрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады. Компьютер жəне интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нəтижесінде өздерінің кəсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын жəне компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады. Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын жəне жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады. Жаратылыстану –ғылыми білім беруде интерактивті құралдарды қолданудың білімді игертуде оқушыларға берері көп. Интерактивті құрылғылардың аудан мектептеріне келуі білім алушылардың білімін жетілдіруіне көп мүмкіндік туғызып отыр.Оқу процесінде, оның ішінде


практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тəжірибесіне,шығармашылық ізденісіне байланысты.Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дəстүрлі оқыту əдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды.Бұл оқушылардың пəнге деген қызығушылығын арттырады. Қорытындылай келе интерактивті құралдарды орынды қолдану, оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Мұхамбетжанова С.Т., Мелдебекова М.Т. Педагогтардың ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша құзырлылықтарын қалыптастыру əдістемесі. Алматы: ЖШС «Дайыр Баспа», 2010 . 2. Əбдіғалиева Ш, «Мектептегі технология». Кенжеахметұлы С 3. Тəжімұратов Д «Шебердің қолы ортақ»

МЕКТЕПТЕ ДЕНЕ ТƏРБИЕСІ МЕН СПОРТ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТƏРБИЕЛЕУДЕГІ МАҢЫЗЫ Cактаганов Нурлан Амангельдиевич Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жаңашаруа қазақ орта мектебінің жоғары санатты дене тəрбиесі пəн мұғалімі

Қазіргі нарық экономикасы кезеңінде ауылдық жерлердегі мектептер, олардағы жағдай бірталай өзгерістерге ұшырады. Ол өзгерістер:1.Ауыл мектептерінде оқушылар саны азайды. 2.Аз кешенді мектептер саны көбейді. 3.Компьютерлендіру заманы туды, мектептердің негізгі қаржылары электрондық жабдықтау жағына ауысты. 4. Ауылдық жерлерде компьютер, тарелкалы теледидар көбейді, балалар аз қимылдайтын, аз ойнайтын болды. Ол ауылдық жердегі оқушылар арасында қимыл тапшылығын (гиподинамия) туғыза бастады. 5. Мектеп бітірген оқушыларды қорытынды тестілеу кіргізілгелі, үлкен сыныптарда дене тəрбиесі сабақтары тестке дайындалуға арналып кетті.Осы көрсетілген ауыл мектебіндегі жағдайлар дене тəрбиесі жəне спорт жұмыстарының нашарлауына əкелді. Ауыл мектептерінде дене тəрбиесі сабақтары бір жетілік циклде дұрыс, сабақ кестесіне күн аралатып қойылуы керек. Ауылдық жерлерде дене тəрбиесі сабақтары, күн тəртібі ішіндегі сауықтыру шаралары (сабаққа дейінгі гимнастика, ұзақ үзіліс кезіндегі дене жаттығулары мен қозғалмалы ойындар, теориялық сабақтар кезіндегі сергектік сəттері, ұзартылған күн топтарындағы «спорт сағаттары»), спорт түрлерінен жаттықтырулар, жарыстар, саяхат, жорықтар, президенттік сынама, президенттік көпсайыс жұмыстары, спорттық мерекелер əрбір мектепте өткізілуі, жүргізілуі керек. Ауыл мектептерінде сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:1.Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (үйірмелер). Дене тəрбиесі мұғалімдері арнайы орта жəне жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен əдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен,үйірме жұмыстарын


ұйымдастырады, жаттықтырулар жүргізеді.2. Мектептегі жаттықтырушылар ұйымдастырған спорт түрлерінен өтетін жарыстар. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар т.б. жарыстар.3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық жəне сынама нормаларын тапсыру шаралары.4. Жазғы жəне қысқы Президенттік көпсайыс.Жас ерекшелік топтарына байланысты мектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар. Оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тəрбиесі жəне жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші.Адам дене жаттығуларының ағзасына пайдалы əсерін білмей, ұқпай өз бетімен тұрақты, жүйелі жаттықтырулар жасап кетеді деу қиын. 1. Жастар арасында спорт түрлерінен жаттықтыру сабақтары, жарыстар.2. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінен жүргізілетін жаттықтырулар. Осы ұлттық спорт түрлерін жіктестірсек, топтастырсақ, мынандай топтарға бөлуге болады:А) Бəйге, ат жарысы. Бəйгенің өзі аламан бəйге, құнан бəйге, жорға бəйге, қысқа қашықтықтарға (5,10,15 км) ат жарыстыру бəйгесі болып бөліне береді. Ауылдық жерлерде ат спорты соның ішінде атқа шабу, атты баптау жағына көп мəн беру қажет.Б) Ат үсті ұлттық спорт түрлері. Көкпар, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату. Бұл ат үсті ұлттық спорт түрлері жігіттің, қыздың аттың үстінде мықты отыруына,ат үстінде əртүрлі қимыл əрекеттерді дұрыс орындауына, қол, иық, арқа, кеуде, аяқ бұлшық еттерінің күштеріне, оның жетілуіне, ат үстіндегі жылдамдық, төзімділік, икемділік, ептілік, күш сияқты дене қуаты қасиеттерінің үйлесімді даму деңгейіне көп байланысты.В) Ақыл-ой жетілдіретін спорт түрлері. Тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат.Г) Жекпе-жек спорт түрлері. Қазақша күрес.Осы ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырулар, жарыстар, əртүрлі көрсетілімдер ауылдық жерде ұйымдастырылып өткізіліп тұруы қажет. Оның жүргізілу түрлері, əдістері, амалдары спорт нұсқаушыларының, əдіскерлердің біліміне, кəсіби шеберлігіне байланысты.3. Спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с.Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тəрбиесі мұғалімі құрастырады.6. Мұғалімдер арасындағы, ауылдар арасындағы, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы аудан, облыстық жарыстарға команда дайындау, қатысу. Көпшілік спорт жұмыстарына көп адамдар қатысатын, көпшілік түрінде орындалатын, нəтижесі көп адам саны қатысуымен бағаланатын спорттық жаттықтырулар, дене жаттығулары жəне жарыс түрлері жатады. Олардың ауыл жағдайларында орындауға болатын түрлеріне сипаттама берейік:1.Президенттік сынама жұмысы. 2.Президенттік көпсайыс спорты. Президенттік көпсайыс спорт түрі ретінде 1997 жылы спорт жəне туризм министрлігі бұйрығымен бекітілген спорт


түрі. Спорт түрі болатыны себепті Президенттік көпсайыс жарыстарына қатысып разрядтар, спорт шебері атағын орындауға болады. Президенттік көпсайыстың жазғы жəне қысқы түрлері жаттықтыруларына көп адамдарды тартып, жарыстарға қатыстырып, разрядтар орындатуға болады.Ауыл тұрғындарының өз күштерімен қолдарынан келетін қарапайым спорт алаңдарын, қолданбалы тренажер қондырғылары алаңын, əскери жаттығу кедергі жолдарын, спорт залдарда тренажер қондырғыларын салулары, жасаулары. Бұл айтылған қарапайым спорт құрылыстары барлық ауылдарда болу керек.Спорт залдар, стадиондар салу, құрал жабықтармен жабдықтау. Спорт залдары жоқ ауыл мектептерінде мүмкіншілігі болғанша тез арада спорт залдары салынуы қажет. Бұл қазіргі заман талабы.Жақын бірнеше ауылдарға арнап қазіргі заман талабына сай спорттық кешен салу. Бұл келешектің жұмысы, бірақ алдыңғы екі кезеңде айтылған спорт құрылыстары болса, бірнеше спорт залдары бар, суға жүзу бассейні бар спорт кешенін салуға ұмтылуымыз керек.Қорытындылай келгенде осы жоғарыдағы айтылған ауылдық жерлердегі, төрт бағыттағы жұмыстарды республика, облыс, аудан,ауыл басшылары қолға алып, дене тəрбиесі жəне спорт саласының қызметкерлері қозғау салып, бүкіл халық болып жұмылсақ орындалатын шаруалар. Мектептен тыс дене тəриесі жəне спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады. Мектептен тыс дене тəрбиесі жұмыстары əртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар жəне жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мəдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу жəне сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері əр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді. Мектептен тыс дене тəрбиесі жəне спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға оқушыларды көбірек тарту.2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындығын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.3) Нұсқаушылық жəне төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тəрбиелеу жұмыстарын жүргізеді. Дене тəрбиесі пəнін оқыту мен тəрбиелеуде оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіріп, пəнге қызығушылығын арттыру мақсатында қимыл-қозғалысы, ұйымшылдығы ынтасы жауап-кершілігі, бір-біріне деген қамқорлығы, адамгершілігі, сыйластығы т.б. көптеген жақсы нəтиже беріп, жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Ауыл балаларын аз уақыт болса да футбол, волейбол , баскетбол ойындарына сауатты үйрету болды.Үйірме кезінде əр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын, жүгіру кезіндегі жаттығуларды үнемі қолданамын.Бұл жұмыстардың нəтижесі өте жақсы болды. Оқушыларым аумақтық, аудандық, облыстық


əртүрлі жарыстарда жүлделі орындар алып жүр. Волейболдан қыздар командасы аудандық жарыстан жүлделі 2 орын, Президенттік тесттен оқушыларым аудандық жарыстан 2,3 орындар алса, Алтаева Гүлденсін деген оқушым облыстық «Президенттік көпсайыс» жарысында 3 орын алды, облыстық «Жас мерген» сайысында Құттыбай Жандос 3орын, Амангелді Гүлүзім 2орын иесі атанды. Бірлестік жетекшісі ретінде: құжаттар, кабинет жасақтауым, бірнеше стенді, көрнекті құралдар жасалды. Бірлестік жоспарлы жұмыс жасайды. Онда өзара сабаққа қатысып, тəжірибе алмасып, əдістемелік көмек беріледі, баяндамалар оқылады. Қорыта айтқанда, менің көздегенім, дене тəрбиесі сабағында, қосымша үйірмелерде өткізілген осы жұмыстарды, жас ұрпақтың денсаулығын қалыптастыру, денсаулығын өз бетімен түзету үшін, табиғи сауықтыру құралдарын пайдалану, мəдениетті, инабатты, салауатты адам даярлауды көздедім.«Дене жаттығуларын тұрақты, жүйелі орындаған адам ауыруды құртуға бағытталған ешбір емдеуді қажет етпейді» -деген шығыс ғұламасы Ибн Сина. «Дені саудың жаны сау» - дейді халықтың дана мақалы. Қазақстан мемлекетіндегі адамдардың денсаулығы, кəсіптік жəне əскери қызметтерге қажет дене қуаты дайындығы жəне қозғалыс шеберлігі, шыдамдылық, батылдық, батырлық, еңбексүйгіштік қасиеттері дене тəрбиесі жəне спорт жаттығуларын жүйелі, тұрақты орындаса ғана нығаяды, қалыптасады. Осы қазіргі тəуелсіз Қазақстанға өте қажет мəселелер тез, жуық арада шешімін тапса, əрбір азамат осыған өз үлесін қосса, біздің мемлекетіміз нығаяды.Өйткені,мемлекеттің мықтылығы сол мемлекетте тұрып жатқан адамдардың денсаулығы мен рухының мықтылығына байланысты.Дені сау,рухы мықты ел ғана Президент Н.Ə. Назарбаевтың жолдауындағы айтқан əлемнің 30 алдыңғы қатарлы мемлекеттері қатарына кіре алады.Оның iшiнде Нұрсұлтан Əбiшұлы «Саламатты өмiр салты мен адамның өз денсаулығы үшiн ынтымақты жауапкершiлiгi қағидаты-мiне,осылар денсаулық сақтау саласындағы жəне халықтың күнделiктi тұрмысындағы мемлекеттiк саясаттың ең басты мəселесi болуы тиiс» екендiгiн атап көрсеттi. Əдебиеттер тізімі: 1.Е.Қ.Уанбаев,Ф.Ж.Уанбаева-Аудандарда дене мəдениеті жəне спорт жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі бағыттары.Мектептегі дене шынықтыру.№1 2008. 2.Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тəрбиесі. Алматы, 2001. 3.Е.Сағындықов. Ұлттық ойындарды тəрбие жұмысында қолдану. - А, 1992. 4.ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жж арналған «Саламатты Қазақстан»мемлекеттiк бағдарламасы ЖАСТАРҒА ƏСКЕРИ ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДЕГІ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІНІҢ ЕРЛІКТЕРІН НАСИХАТТАУ Нұралин Бекет Нəубетұлы Атырау энергетика жəне құрылыс колледжінің


І санатты алғашқы əскери дайындық пəні оқытушысы-ұйымдастырушысы

Отан үшін отқа түс күймейсің. Б.Момышұлы Оқушылар мен жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тəрбиелеу- мемлекетіміздің өзекті міндеттерінің бірі.Бұл ең алдымен елге жəне оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады. Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан -2050» бағдарламасында: «Қазақстандық патриотизм іргетасы- барлық азаматтардың тең құқылығы жəне олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Біздің еліміздің əрбір азаматы өзін өзі жерінің қожасы ретінде сезінуі тиіс» деген болатын. Қазақстандық патриотизмнің арқауы қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына сенімі, нанымы саяси көзқарасы, əрбір қазақстандық өзі өмір сүріп, күн көріп отырған мемлекетін «Отаным» деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық оның заңдарына бас ию, рəміздеріне құрмет,жетістігіне сүйсініп,мақтану,кемшіліктерін болдырмаудың жолын қарастыру қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек деген ой келіп туады. Халқымыздың патриот ұлы Б.Момышұлы «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дəріптеп, азамат пен кісіліктің символы, үлгісі санаған.Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа ата дəстүр болып қала бермек.Өткенін білмеген, тəлім- тəрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы тұл,келешегі тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы-батыр халық» деген. Қазіргі заманғы педагогика оқыту мен тəрбие процесі қатар жүргенде тиімді екендігін көрсетіп отыр.Оқыту білімділік дамытушылық функциясын орындап қоймайды, тəрбиелеуді де жүзеге асырады. Тек тəрбие арқылы ғана жеке тұлғаның саяси адамгершілік, психологиялық тұрақтылығы сапалық қасиеттері қалыптасады.Сабақ түсіндірудегі негізгі мақсатым- оқушыларға ақпаратты көбірек ұсына отырып, оларды талдауға ой қорытуға, пікірталастар арқылы мəселенің дұрыс жолын табуға дағдыландыру. Нақты тұжырымдар мен дəлелдерді, мысалдар, деректер арқылы сендіру. Оқушылар бойында əскери патриоттық жəне рухани- психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға міндетті.Əскери рухтық тəрбие мақсатыазаматтардың патриоттық парыздың терең түсінігін, Отан қорғауға дайындығын қалыптастыру жəне де еліміздің тұтастығы мен бірлігін нығайту, Қазақстан халықтарының достығын сақтау міндеттерін шешуге, қабілетті азаматтарды тəрбиелеу. Аға ұрпақ өкілдерінің ерлік дəстүрлерін алғашқы əскери дайындық пəнінің кез келген сабақтарында пайдалануға мүмкіншілік мол. Арғы, бергі Тарихымыз халқымыздың ерлігіне толы. Тарихта қазақ халқындай батыр да, батыл дархан халық сирек. «Батылды оқ та алмайды, қылыш та кеспейді» деген нақыл сөз қазаққа тəн сияқты. 1945 жылы мамырда фашизм апаны рейхконцелерияға шабуыл жасағанда жарты Европаны еңбектеп өткен атқыштар батальонының


командирі, майор Сағадат Нұрмағанбетов 20 жаста, Б.Момышұлы сұрапыл соғыстың басынан аяғына дейін қатысып, лейтенант шенінен бастап полковник атағынап дейін көтерілді, взвод, батальон пол жəне дивизия басқардщы, 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімнің құрсауында қалып, 2 рет өлімші болып жараланды. Москва түбінде 27 рет сəтті шайқас жүргізген. Данқты партизан құрамасының командирі, Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов от пен өрттің арасында жүріп, бірнеше рет өліммен бетпе-бет келіп, бəрінде де жеңіп шықса, жерлесіміз Хиуаз Доспанова апамыз Сталинград аспанында жауға қырғидай тиіп, аты аңызға айналды. Мəңгі өшпес ерлік жасаған шығыстың қос шынары Əлия 19 жаста болса, Мəншүк 21 жаста болған. Жерлесіміз Боран Нысанбаев та өрімдей жас болған. «Ерлік дегеніміз не? Ерлік істеу үшін соғыс болу міндетті ме? Бейбіт өмірде ерлік жасауға бола ма?» - деген сұрақтарға оқушылар ерлік туа бітетін қасиет емес, тəрбие арқылы, тəрбиенің жемісі екенін, ерлік дегеніміз қиын сəттерде өзіңнің ар-намысыңды жоғары ұстай білу, қауіп-қатерге саналы түрде бас тігу. Отан үшін, мемлекет үшін азаматтық парызыңды орындау екенін, бейбіт замандағы ғарышкерлеріміз Тоқтар Əубəкіров, Талғат Мұсабаевтың ерліктері, Желтоқсан оқиғасындағы, өз егемендігіміз, тəуелсіздігіміз үшін күрескен жастарымыз Қайрат Рысқұлбеков, Лəззат Асанова, Ербол Сыпатаев сынды т.б. өлендердің өнегелі істерін мысалға ала отырып, əңгімелеп беремін. ҚР Жоғарғы Бас Қолбасшысы, еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» даму бағдарламасындағы негізгі жеті даму саласында бірінші болып ұлттық қауіпсіздік тұрғаны бəрімізге мəлім. Ал, егеменді ел тірлігі Қарулы Күштер болса, ол Қарулы Күштерге жастарды даярлайтын алғашқы əскери дайындық пəні. Алғашқы əскери дайындық пəнін оқытуда əрбір жас жігіт, бойжеткен қыз еліміздің келешегі жолында табанды күрескер болуы қажеттілігін ұғындыра білу керек. Отанның лайықты қорғаушысы болу күрделі іс. Əрбір жасөспірім өзін əскери қызметке дайындауға, өз Отаны- Қазақстан Республикасы мен оның халық алдындағы азаматтық жауапкершілігін кемел ұғынуға тиіс. Алғашқы əскери дайындық пəнін оқыту жастарды қазақсатандық патриотизмге, демократиялық қоғам ісіне шексіз берілуге үйрететін, Отанға Қаулы Күштерге деген сүйіспеншілік əскери борышты мүлтіксіз орындауға əзірлік рухында тəрбиелейтін мемлекеттік пəн. Қазіргі білім беру технологиялардың интерактивті əдіс-тəсілдері, электрондық оқулықтармен жұмыс түрлері біздің əскери дайындығымызды шыңдай түсуде. Қай заманда да солдат халықтың сүйіспеншілігіне бөленген, халық қалаулысы болған. Аталарымыз ақ тілек тілеп, батасын беріп шығарып салса, əжелеріміз нан, тұзын ұсынып қарсы алған. Өйткені олар өз ұлдары, Отан-Ана деуіміз де осыдан. Анасыз адам болмайтын сияқты, Отансыз адам да болмайды. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеуде олардың өмірімен ерлік істері əрқашанда өнеге.Өз ұрпағы, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты əділ ержүрек намысшыл ізгі ниетті болып өсуін қадағалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тəрбие процесінің жандануына өзіндік үлесімді қосым келе


жатырмын.Атап айтқанда, жоспар бойынша өткізілген іс-шараларға тоқталайын. 1 желтоқсан Президент күніне «Қазақ деген атты əлемге танытқан, Елбасына басын бүгін иеді ел» атты тəрбиелік шара, онда Елбасында деген құрмет, оның өмір жолдарына шолу жасалып, оқушылар адамгершілік ізгілік қасиеттеріне баулу көзделді, Ауған соғысы ардагері Ерімбетов Амангелді мен «Өмірде барлық уақытта, ерлікке орын бар» деген атпен кездесу кеші өтті. Онда Амангелді өзінің Ауған жері Құндыз провинциясында əскери борышын өтегендігін, жауынгер жолдастарының ерлік істерін көрген қиыншылықтары жөнінде айтып, қазіргі жастардың білімді, қайратты, патриотты болып өсуіне керек кезінде туған жерін, өз Отанын қорғай білулері керектігін айтты. «Сапта жүру мен патриоттық əндер орындау» сайысы «Калашников автоматы мен пулеметі», «Бір қатарлы саптан, екі қатарлы сапқа қайта сап құру жəне керісінше» атты ашық сабақтар арқылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарында азаматтық парызын өтеуге дайын болуға қажеттігін жастар сезінді. Жеңістің 68 жылдығына «Ерліктің даңқы мəңгілік» атты ерлік сабағы Даңқты партизан атамыз Қ.Қайсеновтың өмірі мен ерлік істері туралы мəліметтермен таныс болды. Біз ерлердің ерен ерліктері ұрпақ жалғастығын табатынын ұғынамыз. Қазіргі кезде əскери рухтың тəрбиені жетілдіруде өйткені зерттей отырып, бүгінгі заман талабына сай оның мазмұнын, міндеттерін ұғыну арқылы,отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға əсер ететін факторлар: парыз, адамгершілік, жүректілік, ерлік, батырлық , қаһармандық деп білемін. Осы ізгі қасиеттер арқылы сабақ процесінде , тəрбие үрдісінде жауапкершілігі артады, қызығушылығы қалыптасады. Отанына деген сүйіспеншелігі мол патриот жастарды тəрбиелеуге өз үлесімді қоса бермекпін. Қорыта айтқанда, оқушының көкейіне патриотизм туралы ой сала білсек үлгі көрсетсек, онда заманға сай азамат, елге қызмет ететін қайраткер тəрбиелейміз. Пайдаланылған əдебиеттер: 1. Н.Ə. Назарбаев «Қазастан-2050» бағдарламасы. 2. «Патриоттық тəрбие жəне Б. Момышұлы» Қазақстан мектебі-2005. 3. «Жастарды патриотизмге тəрбиелеу-мұғалімнің басты міндеті» Қазақстан орта мектебі. 4. «Алғашқы əскери дайындық өмір қауіпсіздігі негіздері» журналы 2012.

«МƏҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫ АЯСЫНДА АƏД САБАҚТАРЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУ Қаллепесов Таңатар Мырзағалиұлы Атырау қаласы №11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің АƏД оқытушы-ұйымдастырушысы


Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев ««Мəңгілік Ел» патриоттық актісі– бұл – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы[2]. Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мəңгілік Ел» – бұл барлық қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық құндылықтар жəне еліміздің болашағының іргетасын құрайды» деп атап көрсетілген[1]. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы ретінде жалпыұлттық құндылықтар мен тəуелсіздік жылдарындағы қазақстандық жол, қазақ халқының мыңжылдықтардағы тарихи тəжірибесін жүзеге асыру идеясын алға шығарды[2]. «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының маңыздылығы, «Бір мақсат, бір мүдде, бір келешек» бір тұтастығы. «Мəңгілік Ел» идеясының маңызды құрамдас бөліктері болып табылатын азаматтық жəне жалпыұлттық идея қазақстандықтардың бойында патриоттық сезімі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухы, азаматтылығы мен əлеуметтік белсенділігі жоғары деңгейлі зияткер əрі бəсекеге қабілетті тұлғаға тəн қасиет-сапаларды жетілдіруге бағытталған[1]. «Мəңгілік Ел» ұлттық идеясының негіздемесі жеті негізгі мемлекет құраушы жалпыұлттық құндылықтар болып табылады. Қазақстандық қоғамның барша қазақстандықтарды біріктіретін, қоғамдық келісімнің негізін қалайтын басты құндылықтары 1.Қазақстанның Тəуелсіздігі жəне Астана 2.Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім 3.Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият 4.Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу 5.Жалпыға бірдей еңбек қоғамы 6.Тарихтың, мəдениет пен тілдің бір тұтастығы 7.Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы—мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы жəне жауапты ішкі саясатының басты мəні. Патриотизмге тəрбиелеу – ұлттық қауіпсіздік жүйесімен шектесетін ең өзекті мəселелердің бірі.Еліміздің Президенті Н.Ə. Назарбаев біздің еліміздің ұзақ мерзімді даму əлеуеті шеңберінде абзал міндеттерінің бірі ретінде қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың міндеттерін айқындап берді.Елбасы жыл сайынғы өзінің жолдауында жастардың патриоттық тəрбиесіне баса назар аударады. Елбасының тапсырмасымен «Мəңгілік Ел» патриоттық актісі əзірленді. Бұл құжаттың мемлекеттік маңыздылығы Қазақстан білім ұйымдарының басшыларын, мұғалімпрактиктерді патриоттық тəрбиенің жеті қағидаты формасындағы «Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді кірісуге міндеттейді[2]. Осыны басшылыққа ала отырып, «Мəңгілік елдің 7 құндылығын» Алғашқы əскери дайындық сабағының тақырыптарында пайдалануға болады. Мысалға:


1-құндылық.Қазақстанның Тəуелсіздігі жəне Астана. 10-сынып. ІТ2.С1.Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері– отансүйгіштік жəне көпұлттылық мектебі, əскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын талабы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рəміздері, əскери бөлімнің туы. 2-құндылық. Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. 10-сынып. ІІ-Т3.С1. Əскери тəртіп, оның мəні жəне маңызы, əскери тəртіпті сақтау бойынша əскерилердің міндеттері, командирдің бұйрығы– бағыныштылар үшін заң, сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар, сарбазға берілетін тəртіптік жаза. 3-құндылық. Зайырлы қоғам жəне жоғары руханият.11-сынып. ІТ1.С2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің əскери дəстүрлерінің құрылу тарихы, офицер мамандарды даярлаудың мақсаты мен міндеттері. 5-құндылық. Жалпыға бірдей еңбек қоғамы. 11-сынып. VIII-Т1.С1. Шаруашылық объектілерінің азаматтық қорғанысы. 7-құндылық. Ұлттық қауіпсіздік жəне еліміздің бүкілəлемдік, өңірлік мəселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы — мемлекетіміздің белсенді, теңдестірілген, сындарлы жəне жауапты ішкі саясатының басты мəні. 11-сынып. VIII -Т6. С1. Жаппай жою қаруынан халықты жəне əскери қызметшілерді қорғау жəне олардың қауіпсіздігін қамтамассыз ету Жалпыұлттық идеяның миссиясы мен құндылықтары оқу-тəрбие жұмысының барлық түрлері арқылы кешенді түрде жүзеге асырылады. Білім беру үдерісін ұйымдастырудың басты ерекшелігі білім беру мен тəрбиенің бірлігі болып табылады. «Мəңгілік Ел» идеясын білім беру мен тəрбиелеуде іске асыру тетіктеріне білім беру құндылықтарын, қазақстандық патриотизм жəне азаматтық жауапкершілікті, ашықтық пен ынтымақтастықты қалыптастыру, өмір бойы білім алу жəне т.б. жатады. Қазақстан халқын біріктіретін «Мəңгілік Ел», «Қазақстан – ортақ мекеніміз», «Қазақстан-менің Отаным» жалпыұлттық идеяларын жүзеге асыруда мектептердің рөлі аса маңызды болып табылады[3]. Президент өз сөзінде: «Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра алатын ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мəңгілік ел идеясы... Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мəңгілік ел» деді[1]. Елімізде барлық жасалатын жұмыс ұлт болашағы үшін жасалынып жатыр. Осындай жұмыстардың бірі оқу-тəрбие үрдісінде жаңа қазақстандық патриотизмді тəрбиелеудің негізі – оқушылардың бойында патриоттық құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту деп түсінемін. Бүгінгі таңда «Алғашқы əскери дайындық сабақтарында оқушыларға патриоттық тəрбие беру» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап келемін.


Алғашқы əскери дайындық сабақтарында патриоттық тəрбие беру арқылы оқушының саналы көзқарасын қалыптастыру; мектепте бастауыш əскери əзірліктің енгізілуіне байланысты əскери патриоттық тəрбиені тереңдету. Отанымыздың саналы жəне белсенді күрескерлерін тəрбиелеуге, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғауға, даярлауға жаңа мүмкіндіктер туғызу. Жастарды Отанды қорғауға даярлау, жас ұрпаққа батырларымыздың Отан мүддесі жолында жасаған ерлік-батырлық істерінің ұлылығын жете түсіндіру. Сондықтан орта мектептің бағдарламалары ұлттық жəне қазақстандық патриотизм мүддесіне қызмет ететіндей мазмұнды болуы қажет. Елбасының саясатын қолдай отырып, мектебіміздің ұжымы оқушыларға əскерипатриоттық тəрбие беру мақсатында мектепке Ұлы Отан жəне Ауған соғысының ардагерлерімен кездесулер өткізіп тұрады. Айталық, Жеңіс күніне орай «Ерлік мəңгі өшпейді» атты тыл ардагерлерімен жəне 15 ақпан Ауған-тəжік ардагерлерімен оқушылардың кездесуі, яғни «Ауғанның от жалыны», «Ауғанның отты жылдары» атты шараларымды жыл сайын үлгі етіп келемін. Сондай-ақ, Жеңіс күні қарсаңында патриоттық əндер байқауы мен сапта жүруден жарыс ұйымдастыру дəстүрге айналған.Сонымен қатар соғыс жəне тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырамыз. Нағыз азамат – патриот өзінің Отан алдындағы борышын сезінеді. АƏД-н оқу-тəрбие үрдісінде Ұлы Отан соғысы батырлары ерлігін дəріптей отырып оқушыларды жаңа қазақстандық патриотизмге тəрбиелеу ісі өзекті де маңызды екенін тағы бір дəлелдей түсті. Облыстық жəне қалалық білім бөлімінің берілген тапсырмасы бойынша 28 панфиловшылардың ерлігіне тағзым ету жəне «Мəңгілік Ел» патриоттық актісінің жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру мақсатында «Ерлік сабағы» апталығына орай мектебімде «Жас сарбаз» пневматикалық мылтықтан ату жарысы мен «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу өз мəнінде өтті. Тəрбие жұмысымның нəтижесі: шəкірттерімнің қаһармандар мамандығы – офицер мамандығын таңдап, аға ұрпақтарының жауынгерлік дəстүрлерін жалғастырып, егемен еліміздің батыл да ержүрек қорғаушысы бола білуінде деп білемін Əр жылдары шəкірттерім мектеп табалдырығынан ұшып шығып Отан қорғау борышын өтесе, ал Қалам Ермұрат офицер мамандығын өміріне серік етті. Биылда 11 сыныптағы екі оқушым Хайруллин Шерхан мен Тасмұханов Асылан жоғарғы əскери оқу орнын таңдап отыр. Сондықтан да алғашқы əскери дайындық пəні сабағында оқушылар патриотизм, ерлік, батылдық, табандылық, мемлекет,мемлекеттік рəміздер, Конституция, Əскери Ту,Əскери Жарғы,Əскери ант,Отан тарихы, отанының əскери тарихы туралы дəрістер тыңдап, патриоттық білімдерін шыңдайды. АƏД пəні дəрістері ең бірінші оқушыға отаншылдық рухта тəрбие беруге бағытталған. Оқушыларға алғашқы əскери даярлық сабағы жастарды қазақстандық патриотизм рухында тəрбиелеуге, өз Отанына деген сүйіспеншілігін


қалыптастыруға, қоғамдық іске жауапкершілікпен қарауға, əскери борышын өтеу үшін даярлауға бағытталған. Алғашқы əскери дайындық сабағы бойынша өтетін арнайы теориялық, практикалық, тактикалық жəне бақылау сабақтарында оқушыларға əскери-патриоттық тəрбие беру назарда болады. Əрбір сабақта Қазақстан Республикасының Ата Заңы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің негізгі қызметі туралы мағлұмат бере отырып, оқушылардың назарын өздерінің Отан қорғаудағы Конституциялық құқықтарына аудару қажет. Мұның өзі олардың Отан алдындағы борышын саналы түсінуге жетелейді.Сондықтан білім беруді жаңғырту жағдайында АƏД пəні арқылы патриоттық тəрбие беру өзекті болып қала бермек. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» . 2014. 17.01. 2. «Мəңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша əдістемелік құрал. Астана, 2016. 3.«Мəңгілік ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыру жағдайындағы тəрбиенің тұжырымдамалық негіздері. 03. 09. 2014. 4. Л. С. Майлыбаева. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға патриоттық тəрбие беруге дайындаудың педагогикалық шарттары. – Алматы, 2005. 5. А. Н. Иманбетов. Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тəрбие беру. – А 2004. 6. С.Т.Иманбаева. Қазақстандық патриотизмнің даму тарихы,- 2001 7.Б. А. Жакиева, М. Ж.Утенова. Қазақстандық патриотизмді оқу-тəрбие үрдісінде қалыптастыру. – А 2004. 8.Л.Т.Сейдахметова. Қазақстанда мектеп оқушыларын патриотизмге тəрбиелеуді жетілдіру. – А 2005. 9.Жастарды патриотизмге тəрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9 – 7 - 9 бет. 10. Патриоттық тəрбие жəне Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005. ОҚУШЫЛАРҒА ФУТБОЛ ОЙЫНЫНДАҒЫ АЙЛА-ТƏСІЛДЕРДІ ҮЙРЕТУ ЖОЛДАРЫ Тнысов Қайрат Орынбасарұлы Атырау қаласы Исатай Тайманов атындағы №27 орта мектептің жоғарғы санатты дене шынықтыру пəнінің мұғалімі.

Тұрмыс-тіршіліктің қазіргі жағдайы адамдардан дене жəне психикалық көп күш жұмсауды талап етеді.Қозғалыссыз адамның қалыпты дамуы мүмкін емес.Сондықтан да дене шынықтыру жəне спортпен айналысуорганизмді қатайтады,жұмыс қабілеттілігін арттырады. Футбол ойынының жеңіске жету жолындағы айла-тəсілдері өте көп. Солардың бірқатары: Допты табанның ішкі жағымен тебу:бұл ойын тəсілі көбінесе допты командалас əріптесіне беру немесе қысқа жəне орта қашықтыққа нысанаға тепкенде пайдаланылады. Осы ойын тəсілінің негізгі ерекшеліктерін қарастыралық. Допты ұмтылып жүгіру,допты көздеп


тебетін бағыт тура сызыққа орналасқан. Тебетін аяқтың серпілуі ең ақырғы жүгіру адымына байланысты. Тебу қозғалысы бір уақытта жіліншіктің сыртқа қарай бұрылысынан сыртқа жəне жоғарғы қарай бағытталып,тік бұрыш жасап,доптың ұшу бағытына қарай қозғалады. Доп табанның ортасымен тебіледі. Допты табанның ішкі жақ қырымен тебудің бір ерекшелігі-доп түзу ұшады,себебі табанның допқа тию көлемі үлкен,бірақ соғу күші басқа тебу түрлеріне қарағанда,əлдеқайда төмен. Табанның ішкі жақ қырымен тебу :көбінесе «орташа» жəне «қашық» бағытқа алаңның кез-келген жерінен көздеп тепкен кезде қолданылады. Тебетін аяқтың серпілуі жоғары қарқында болады. Тірейтін аяқтың тізесі аздап бүгіліп,доптың сыртқы жағына қойылады. Дене салмағын аздап тірейтін аяққа түсіру керек. Тебу қозғалысы сан алға қарай қозғалған соң,жіліншіктің тез қимылымен аяқталады. Табанның ішкі жақ ортасымен тепкен кезде де осындай талаптар қойылады. Допқа ұмтылып жүгіру бағыты,көздеген нысана жəне доп бір сызық бойына орналасуы керек. Доп пен табанның жақын орналасуы допты тура ұруға көмек етеді. Бірақ бір жағдай есте болу керек,допты тепкен кезде аяқтың ұшын төмен қарай созу керек. Мұндай жағдайда кейде аяқтың ұшы жерге тиіп,жарақаттануы мүмкін. Осыған байланысты тебу күші жəне оның əсері төмендейді. Допты табанның сыртқы жақ қырымен тебу: бұл тəсіл,көбінесе доптың ізін кесіп тепкен кезде қолданылады. Қимылдың жүйесінде допты табанның ішкі жəне сыртқы қырымен тепкенге ұқсастығы болады. Бұл тəсілде жіліншік пен табанды ішкі жаққа бұру керек.Допты аяқтың ұшымен тебу:көбінесе дайындықсыз, ойламаған жерден көздеген жерге допты бағыттап ұрғанда қолданылады. Тебу қозғалысына қойылатын негізгі шартаяқтың ұшын жоғарғы қарай тарту керек. Допты алып жүру тəсілдері ойыншылардың алаңда қозғалып,ауысуы үшін қолданылады. Доп əр уақытта ойыншының көз алдында болуы керек.Алып жүру тəсілдері жүгіру жəне жүру, сонымен қатар жылдамдылықты,бағытты ауыстырып орындаудан тұрады. Допты алып жүрудің кейбір тəсілдері əр адамның өзіне тəн əдістеріне байланысты болуы мүмкін,бірақ олар ойында өте аз қолданылады. Мысалы,допты баспен жəне санмен жерге түсірмей алып жүру əдістері. Ойында допты алып жүрудің бірнеше тəсілдері: допты баспен алып жүру,табанның жоғарғы ортасымен, ішкі жағымен,сыртқы жағымен жəне аяқтың ұшымен алып жүру қолданылады. Доппен тебу, тоқтату,соғу жəне алып жүру тəсілдерінен басқа,ойында ең бір негізгі жиі қолданылатын тəсілдердің бірі-алдау тəсілдері. Алдау қимылдары қарсылас команданың ойыншысымен жекпежек кездесенде,өзіне қолайлы ойын жағдайын туғызу үшін қолданылады. Сонымен қатар,алдау тəсілдері көптеген ойын жүргізу əдістерін орындауға көмектеседі. Алдау тəсілдері бірнеше əдістерден тұрады: «тебу», «ұру», «тоқтату», «алып кету». Алдау тəсілдері,негізінен екі жұмыс кезеңіне бөлінеді: дайындық жəне орындау кезеңдері. Алдау тəсілдерін орындаудың алдында қарсылас команданың ойыншысын алдау қозғалысын илендіру,содан соң алдын ала ойлаған қозғалысты орындау,допты алып


кету керек. Əрине,бұл қозғалысты орындаттырмай,қарсы ойыншы да кедергі келтіреді. Осы шығармашылық тақырыбымды қорытындылай келе, И. Тайманов атындағы № 27 орта мектебі соңғы 4 жылда қалалық сайыста 5 дүркін қала чемпионы атанды, облыстық жарыстан І,ІІІ орындарға ие болдық жəне республика бойынша оқушыларым Астана, Павлодар, Ақтөбе, Орал жəне Тараз қалаларынан ІІ жəне ІІІ орындарға ие болды. Пайдаланылған əдебиеттер: 1.«Дене тəрбиесі» .Тайжанов,С.Қасымбекова.2005 жыл. 2.«Дене тəрбиесі» В.И.Лях,Е.И.Коптина,Л.Н.Девяткина,В.П.Русанов, Б.У.Альмуханов. 2013.

ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТƏРБИЕ БЕРУДЕГІ КІТАПХАНАНЫҢ РОЛІ Идрисова Бағытжамал Уапқызы Атырау қаласы Абай атындағы орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет. Н.Ə.Назарбаев Патриоттық тəрбие ұрпақтың ұлтжанды тұлға болып қалыптасуының құрамдас бір бөлігі болып табылады. Еліміздің бүгіні мен жарқын болашағы білімді, жігерлі, намысшыл, отаншыл, жалын жүректі, биік рухты,өз халқына адал,патриоттық сезімдегі ұрпақ тəрбиелеуге байланысты. Адамзат санасындағы құндылықтардың қай- қайсысы да бала жастан қалыптасып, есейе келе өскен ортаңа, алған тəрбиеңе, жеке басыңның түйсігіне қарай біртіндеп қалыптасып, толыға түсетіні белгілі. Жан жағымызды зерделей отырып пайымдауымызша патриотизм де солай орнықса керек- ті. Деректерге жүгінсек, патриот сөзінің түп- тамыры гректің «Отандас, отан, туған жер» деген сөзінен тіркелетін көрінеді. Демек, патриотизм мен отансүйгіштік егіз ұғым десек, қателеспейміз. Ал отансүйгіштік ұғымы ауқымы кең, ешқандай дəлелдеуді қажет етпейтіні ақиқат, ендеше түсінігі мол əрбір адамның қай- қайсысы да Отанын сүйері хақ! Халқымыздың тарихында отансүйгіштік пен қаһармандықтың үлгілері көп. Қазақ тарихына көз жіберсек, жеке тұлғаны патриотизм мен отансүйгіштік рухта тəрбиелеу, сонау Күлтегін, ақын Махамбеттің өлеңжырларынан, ұлы ағартушыларымыз Ыбырай Алтынсарин,Абай Құнанбаев туындыларынан бастау алады. Нағыз Отаның – туған Елің, Мемлекетің. Ендеше патриоттық шынайы сезім өз еліңді сүюден, мақтан тұтудан, отандастарыңды қастерлеуден, оның жетістіктеріне жан - тəніңмен шаттана білуден, қасіреттеріне ортақтасудан, жеңістеріне үлес қосудан бастау алары кəміл.


Ата-бабаларымыз талай тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткізген. Сондай сындарлы кезеңдерде намысы найзағайдай жарқылдаған тұлғаларымызды «біздің патриоттарымыз!» десек ешкім жазғыра алмас. Қазақтың біртуар перзенті, айбынды патриоты Бауыржан Момышұлы «Ұлттық намыс ұлттың бойындағы қасиеті жəне бұлжымайтын қағидасы. Өз ұлтын құрметтей білмеген, оны мақтан ете алмаған адам сөз жоқ, тексіз, бұралқы адам. Намысты адам намысы барды қадірлейді жəне намысы жоқты сыйламайтыны заңдылық. Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, өз есендігінің қоғамға, мемлекетінің қауіп- қатерден амандығына тікелей байланысы бар екенін ұғыну, өзінің мемлекетіне тəуелділігін түсіну, мемлекеттің нығаюы жеке адамның нығаюы екенін мойындау»-деп жазыпты. Бұдан түйетініміз, патриот - өз елімен тағдырлас, ол Отан үшін отқа түссе де күймейді. Отаншылдыққа тəрбиелеу ұлттық ерлік дəстүрлерге сүйене отырып, жас өскіннің ішкі жан дүниесін, ой санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек.Бұл ретте Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттық сана сезімін дамыту- қазақ деп аталатын таңғажайып, əрі бай тарихи жəне мəдени байтақ елге өзінің қатысының барын сезіну»дегені біздің ұстанып отырған пікірімізді қуаттай түседі. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың тəуелсіздік жолында ту етіп көтерген реформаторлық идеяларының бірі «Қазақстандық отансүйгіштік» ұғымымен астасып жатуының терең мəнін де содан іздеген жөн. Бұрын-соңды даму үрдісінде отансүйгіштік ұғымы бізде, негізінен, біртекті халықтың басын біріктіріп, бір мақсатқа жұмылдыруға қызмет етіп келгені белгілі. Сонау Мөде хан, Жəнібек пен Керей, Тəуекел мен Тəуке, Есім мен Қасым, кейінгі Абылай мен Əбілқайырдың тұсындағы ахуал да осындай болатын. Ал қазір елдік мақсаттары көпұлтты қоғам жағдайында шешілуі керек. Елімізде 130- дан астам ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны жəне бұдан бұлай да мəңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтанда Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «Қазақстандық патриотизм мен саяси ерік- жігер- жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызды факторлары болып табылады» деп атап көрсетті. Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз » деп атап өткен болатын. Аталған мəселелерді басшылыққа ала отырып мектеп кітапханасы оқырмандардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асырады. Кітап оқитын қоғам қашанда бəсекеге қабілетті болары хақ. Мектеп жасындағы жас ұрпақты патриоттық рухта тəрбиелеу кітапхананың төл ісі. Патриоттық, отансүйгіштік, адамгершілік, əділдік, бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда оның алатын орны ерекше. Сондықтан да, бүгінгі күннің кітапханашысы жеке тұлғаның патриоттық


рухта, рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне көп көңіл бөлумен қатар, халқымыздың тарихын, өнегелі əдет-ғұрып пен салт-дəстүрін, мəдени мұраларын, əдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттай білетін өнегелі жан болуы тиіс. Сонымен қатар əрбір кітапханашының алдына қойған бағыт - бағдары патриоттық ұстанымы айқын болуы шарт. Патриоттық тəрбиені іске асырудың ұстанымдары:  Өз ұлтын, ана тілін, туған жерін жанындай сүйетін, қорғай білетін, өз ұлтын əлемге танытатын;  өз халқына деген отансүйгіштігі, бауырмалдығы жоғары, өз елінің салт- дəстүрлерін қастерлейтін жəне үнемі насихаттайтын;  өз елінің патриоттық əндерін тыңдайтын, мемлекеттік рəміздерді қасиет тұтатын жəне қорғай білетін, қазақ батырларының ерлігін, үлгіөсиетін өнеге тұтатын тұлға тəрбиелеу. Мəңгілік ел идеясын ұстанған Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев патриоттық тəрбиені бір сəт қаперден қалдырмай, тіптен жеке басының қадірқасиетімен отаншылдықтың, елжандылықтың тамаша үлгісін көрсетіп келе жатқанына куəміз. Осы бағытта кітапханада «Қазақстан - мəңгілік ел, ұстанымы ұлтымыздың» тақырыбында кітап көрме ұйымдастырылып. Оқырмандарға тарихи танымдық əдебиеттерді ұсынып,кітапқа назар аударуға, əрдайым кітап оқуға ынталандырып, оны өмір дағдысына айналдыруда жəне оқырмандардың ойын ұшқырлайтын көпшілік шараларды өткізуде кітапханашы ретінде нəтижелі жұмыстар жүргізіледі.

Қорыта келе кітапхана оқырмандардың кітаптан алған білімін санасына сіңіріп, көкірегіне тоқып, тəуелсіз еліміздің игілігіне жаратып жатса дұрыс болар еді. Олай болса егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер "Барыс текті ұрпақ " өсіру үшін, ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін патриот ұрпақты баулып тəрбиелеуде кітапхананың ролі зор. Себебі ол рухани байлықтың тұнып тұрған қазынасы. Ел қасиетін түсінетін, рухани байлықты бойына жинай білетін саналы ұрпағымыз, яғни кітапхана оқырмандары көбейе берсін!


ОҚУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУДАҒЫ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Мардашева Сафура Куспанқызы Атырау облысы Махамбет ауданы, Береке негізгі мектебінің кітапхана меңгерушісі

Елбасы Н.Ə. Назарбаевтың кезекті жолдауында білім беру саласында. Болашақта білікті мамандар қазіргі оқушылар болғандықтан, оларға патриоттық жəне ұлттық негізде тəрбие беріліп, жаңа заманға, жаңа технологияға сай білім алуы тиіс. Мектепте тек білім беріп қоймай бойында адами құндылықтар дарыған ұрпақ тəрбиелеуіміз қажет деген еді. Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын ояту, ынталандыру. шығармамен танысу, талдау. Əр кейіпкерге, өз көзқарасын айту басылым беттерімен жұмыс істеу жолын жəне қай жерінен нені, қалай іздеуді үйрету. Мектеп кітапханасының өз ерекшелігі мен өзгешелігі бар. Кітапхана жалпы кітапханалардың нормалары мен қағидаларын ескерсе, келесі жағынан қазіргі заманғы мектептің оқу-тəрбие процесінің талаптарын басшылыққа алады. Мектеп кітапханасы мектептің дамуына үлгеріп, оқушыларды тəрбиелеуде белсене көмектеседі. Мектеп кітапханасының кітап қорын насихаттауда мəдени-көпшілік жəне ақпараттық жұмыстарды жоспарлы түрде жүргізіп отырамын .Еліміз үшін елеулі күндерді естен шығармау–кітапханашы жұмысының бір тармағы деп білемін, түрлі шаралар,кездесулер кітапханамен байланысты өткізіледі.. Ақын жазушыларымыздың мерей тойларына байланысты кітапхана аясында көптеген шаралар ұйымдастырылды. Оқырмандарға жазушы өмірінен мəліметтер беріп көркем шығарманы оқыту , əнгіменің құндылығын таныту. Мақсатында: С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»8-9 сынып, Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» тақырыбында 5-6-7 сынып оқушылары Б Момышұлы «Ұшқан ұя» 7-8-9, Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала»6,7,8, С.Мұратбековтың «Жусан исі» 7-8-9 сынып оқушылары арасында өткізілді. С.Мұратбековтың «Жусан исі» биылғы оқу жылында бірінші жарты жылдығында жүргізілді. Оқушылар əнгіменің басты кейіпкері Аян бейнесіне қатысты ойларын ортаға салып, өз ойларын қазіргі өмір мен салыстырмалы түрде əңгімеледі.Мысалы:осы заманда Аянның тағдырластары бар ма? деген сұраққа ( соғыс кезінде балалар елде бейбітшілік болып ата-аналарымыз қасымызда болса деп армандаса, ал бейбіт заманның жетім балалары тірі ата-аналарын бір көрсек, бізді алып кетсе деп армандайды.) Оқушылар ойларын жинақтап, талдап отырып баяндады. Бұл жердегі ерекшелік өзіндік ойлау, өзіндік пікір қорытуда. Кітапханада өткізілген əдеби кештерден байқағаным шығармашылықпен жұмыс жасау жеке тұлғаны қалыптастыруда зор роль атқарады, себебі оқушы қарапайым нəрседен ой тұтатып, қиял əлеміне шомылып, кез келген


нəрсеге өз ұсынысын, ойын еркін жеткізіп айта біледі.Оқушылар əдеби көркем шығармаларды оқу арқылы жан-жақты əдемілікті меңгереді, олай дейтінім, əдемі сөйлеу, өздерін əдемі кейіпкерлермен салыстыру,терең ойлау,шығармадағы оқиғаларды елестетеу арқылы сыни ойлайтын дəрежеге көтеріліп, өздерінің ерекшеліктерін қай жердеде байқата алады. Мектеп сыныптарында қабілетті, икемді,қызығуы,дамуы,ой-өрісі əр түрлі оқушылар бар.Олардың жеке қабылеттеріне, бейімділігі мен ой-өрістерінің даму дəрежесіне қарай кітапханадағы жұмыс түрлерін былайша ұсынып, ұйымдастырып отырамын. Кітапты оқырман ретінде жай сылдырлатып оқып шыққаннан пайда жоқ. Кейіпкерлердің терең ойлы сөздерін санаға түйіп, тіпті жаттап оқығаны дұрыс. Осылай оқуды үйрету үшін оқушыларға үзінділер жаттауды жоспарға енгіздім. Мысалы Абайдың 4-ші қара сөзінен «Адам баласв жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұ дүниенің рахатының қайда екенін білмей, бірін–бірі аңдып, біріне –бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылық пен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды. Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ-өнерсіз иттің ісі. Əуелі Құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды » үзінді жаттауға ұсынып, шығармаларға қызықтыру мақсатында сол үзіндіні əңгімелеп бердім. Оқушыларды Абайдың қара сөзіне терең үңілтіп, тереңірек танысу, мақсатында ұйымдастырылған бұл кеш өте əсерлі болды.Енді Абайдың 17-ші қара сөзіне көңіл бөлейік. Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті... Бұл қара сөзді оқушыларға əр кейіпкерді сомдап оқып келу берілді, оқушылар белсенділік танытып, бірінің ойын бірі тыңдап қортынды шығарды, кейіпкер əрекетіне баға беріп, актерлік шеберлік танытты . Осындай үзінділерді жаттап қана қоймай, осы аз сөйлемдерде қандай мағына бар екендігін талқылайды. Ақындарымыздың өмірін,өнерін оқушыларға насихаттай отырып поэзия əлеміне,сөз өнеріне сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында Ф.Онғарсынованың, М.Мақатаевтың, Абай Құнанбевтың мерей тойына байланысты поэзия кешітері ұйымдастырылып отырады. Оқушыларды ақын шығармашылығы мен,өмірбаянымен, азаматтық тұлғасы мен таныстыру, поэзияны сүюге үйрету, оның құдыретін сезіндіру, оқушылардың өлең, көркем сөз оқу, əн айту қабылетін дамыту, өлең жазуға, əн айтуға қабылеті бар балалардың талабын ұштау. Нəтижеге бағытталған бұл шара мектебімізде қаламы ұшқыр, ойы ширақ оқушыларымыз аудандық Абай, Шəкəрім, Махамбет, Мұқағали оқуларына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Мектебімізде соны мен қатар тəрбиелік шаралар өз мəнінде өтеді.Оқушылардың оқулықтарды күтіп ұстау мақсатында кітапхана аясында кітапқа байланысты тəрбие сағаты өткізіледі.Ауыз əдебиетінің бастауы ертегілерімізді насихаттау бағытында бастауыш сынып оқушылары мен жүйелі жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын балаларға белгілі тақырыпта ертегіне немесе əңгімені оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;.əңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды


оқушыларға тапсыру; ертегіні ұжым болып тыңдау; ұнатқан ертегілерінің кейіпкерлеріне мінездеме беру,қағаз бетіне түсіру;қиялдан туған ертегілер, яғни шығармашылық жұмыс жүргізу,сурет салғызу,ролмен ойнату. Сонымен қатар оқушыларымыздың жыл бойы алып оқыған əдебиет терін тексеру барысында 23 сəуір «Халықаралық кітап» күніне байланысты жылдың ең үздік оқырманын шығару мақсатында сынып аралық əр түрлі шара өткіземін.Соңынан оқу жылының ең үздік оқырманы марапатталады. Көркем əдебиетін насихаттауда кітап көрмесінің көмегі де тиімді. Кітапхана кішкене болған мен бірнеше кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі белгілі бір мақсатқа арнайы іріктеліп, жүйеленіп, ұйымдастырылады. Біріншіден белгілі бір нəрсеге назар аударылады. Екіншіден қор ашылады;Үшіншіден баспа өнімі көрсетіледі жəне ұсынылады Сонымен қатар Елбасы күніне орай Назарбаев зияткерлік мектебінің ұйымдастырумен біздің мектебімізде «Bookcrossing» акциясы өтті. Акцияның негізгі мақсаты кітап алмасу арқылы оқушылардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту.1-желтоқсан алғашқы президент күніне орай «Ұлан даланың –Ұлы адамы» атты кітап көрмесі ұйымдастрылып, көрмеге қойылған Елбасы еңбектері оқушыларға насихатталды. Оқушылар арасындағы психологиялық ахуал туғызу үшін «Танысу» жəне «Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру» тренингтері жүргізіліп, үш тілде құттықтау рəсімі өткізілді. Өздерінің дайын əн-жырларын, жақсы тілектерін ортаға салып. Біздің оқушыларымыз да əзірлеген сұрақтарына толық жауап беріп, пікіралмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Назарбаев зияткерлік мектебінің физика пəн мұғалімі Помен Дэ᾽ла Круз, кітапхана меңгерушісі Демешова Айдана жыл сайынғы дəстүрге айналған Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы күніне орай«Кітапты сыйға тарту» акциясы бойынша мектеп кітапханасына үш тілде жазылған 288 көркем əдеби кітаптар сыйлады. Шара соңында оқушылар арасында сұхбат болып, оқушылар естелікке суретке түсіп, қуаныштарымен бөлісті.Бұл қуаныш балалық шақтың бақытты сəттерінің бірі ретінде оқушылар есінде сақталар жұлдызды күн ретінде ерекшеленді. Сонымен қатар 16-желтоқсан тəуелсіздік күніне байланысты Тəуелсіз еліміздің нұрлы таңы» тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылып оқушыларға түсінік жұмысы жүргізілді. Кітапханашыларға қойылатын талаптардың бірі кітапханада оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологияның бірі-ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану АКТ пайдаланғандағы негізгі мақсатымыз оқырмандардың қазіргі қоғам сұранысына сай, компютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан-жақты дара тұлға ретінде тəрбиелеу жəне оқырмандар алған білімдерін кеңейтіп өз беті мен жұмыс жасап шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Мысалға əдебиет сабақтарда көркем шығарманың белгілі бір тұсын, абызацтарды, іздеп табуда интернет арқылы іздеп дəл сол бетті шапшаң


тауып алуға уақытты ұтымды пайдалануға зор септігін тигізеді. Тəрбиелік шараларды да керекті материалдарды табуда көмегі өте тиімді. Қорыта келе, кітапханада көркем шығармалардың маңызын насихаттауда оқушылардың рухани жан дүниесі байыды,сөздік қоры молаяды, оқуға деген ынтасы артып, тілін байытып, сана-сезімдері жетіліп, білімге деген ізденістері қалыптасады. Іс тəжірибелерді қорытындылай келіп, мынадай түйін түйдім: оқушылардың білім сапасы көтерілді, оқушылардың кітап оқуға қызығушылығы нəтижесінде білім алуға құштарлығы оянды, топ алдына шығып сөйлеп, өз ойын еркін айтуға жəне дəлелдеуге, тақырыпты талдауға үйренеді, бірін –бірінің ойын зейін салып тыңдауға, бірін-бірі бағалауды жетік меңгерді, өз бойларына жақсы қасиеттерді жинауға үйренеді.

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕГІ ІЗГІЛІККЕ БАСТАЙТЫН ЖАҢА БАҒЫТТАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ «ӨЗІН –ӨЗІ ТАНУ» ПƏНІНІҢ РОЛІ Доскалиева Жемис Молдашевна Атырау облысы Исатай ауданы Исатай орта мектебінің «Өзін -өзі тану» пəнінің жоғары санатты мұғалімі

Тəуелсіз Қазақстан үшін жалпы адамзаттық мəселе, рухани бай тұлғаны қалыптастыру мəселесі өзекті сипатқа ие болып отыр. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік- рухани қайнарын сіңіріп, мінез-құлқын тəрбиелеу үшін, адамгершілік ұстанымдарды, əділдік пен жанашырлықты ғұмыр бойы мұрат тұтуға бет бұруы қажет. Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз əрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары жəне рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында мектеп оқушыла рын азаматтыққа тəрбиелеу жəне олардың ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Қазіргі білім беру тұжырымдамасында жеке тұлғаның өзіндік санасының қалыптасып қалуына аса назар аударылған. Мұндай көзқарас білім беруді ізгілендіруге жəне жеке тұлғаның білім алу құқығын орнықтыруға жеткізеді.Олай болса, қоғамның болашағы - жас ұрпақтың бойына, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын білім мен тəрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Сол себепті қазіргі ұрпақ тəрбиесіндегі басты мəселе ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету. Ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани - адамгершілік тəрбие берудің ошағы “Өзін - өзі тану” пəні десек өте орынды. «Өзінөзі тану» бағдарламасының басқа бағдарламалардан айырмашылығы


Қазақстанның білім беру жүйесінде тұлға тəрбиесін ізгілендіруге бағытталуында. Ізгілік — əдеп санаты; адамның қоғамдық жəне жеке өміріндегі құбылыс тардың мұратқа қатысты жағымды адамгершілік мəнін бейнелейді. Ізгілік–адамгершіліктің жалпыадамзаттық бірден–бір маңызды нормасы. Ол қалыптаспай неғұрлым күрделі адамгершілік , азаматтық қасиеттер туралы сөз қозғау мүмкін емес. Бағдарламаның негізгі мақсаты – өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани əлеуетті көтеру. Олай болса, «Өзін – өзі тану» пəні – ізгілікке бастар жол. Бұл пəннің өзіндік орны бар, өзге пəндермен ауыстырылмайтын, керісін -ше олардың мазмұнындағы адамгершілік тəрбие берудегі кемшілік тұста- рын толықтыратын пəн екені күні бүгін дəлелденіп отыр. «Өзін-өзі тану» пəнінің басты мақсаты – рухани сауатты адам, өзінің ұлттық əлем бейнесін сақтай жəне дамыта отырып, жаһандану дəуірінде өмір сүруге жəне бақытты болуға қабілетті, өмір салты өзгеше, адамдарды сыйлай біле- тін, түрлі мəдениет пен өмір тəжірибелерін құрметтейтін планета азаматын қалыптастыру. «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы–жас өскелең ұрпақтың рухани жан дүниесіне нəр беруші, ол – адамның өзін-өзі тануы, бақыт пен өмірлік табысқа жету үшін өзінің шексіз мүмкіндіктерін аша алуы. Жеке тұлғаның бойына имандылық нұрын ұялату. Өйткені, бұл – кіріктірілген бағдарла- ма. Яғни, білім беруді ізгілендіру тек бір пəн аясында ғана емес, «Өзін-өзі тану» пəнінің мақсаттарын іске асыру іс-шараларының бірі ретінде басқа оқу пəндері мазмұнының құндылық мəнін күшейту. Соның негізінде пəн аралық ықпалдастырудың маңыздылығын бірнеше қырынан көрсетіп баяндалады. Бұл пəн жеке тұлғаның өзін-өзі тануына жəне рухани баюына əсер ете отырып, əрбір тұлғаның жақсы жаққа өзгеруіне мүмкіндік береді. Аристотель «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» — деген. Ұлы ойшыл, кемеңгер Əбу-Насыр əл-Фараби: “Адамдар бақытты болуы үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бəрі бақытқа жету жолында біріне бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты, халықтардың бəрі бақытқа ұмтылып, біріне бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді” деген екен. «Ізгілік пен игілік жоқ жерде əсемдік те жоқ» дейді Сократ. Ізгілігі жоқ адамға берілген білім– ақымақтың қолына ұстатқан қылышпен тең-деген екен Д. И. Менделеев. Сократтың пікірінше, адамгершілікке, ізгілікке ұмтылыс əрбір адамға тумысынан тəн. Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту–өзін-өзі тануға негізгі рухани жол болып табылады - деген С. А. Назарбаева.


Білім берудің маңызды мақсаты – адамды əдеттегі үйреншікті санасезім шеңберінен алып шығып, мəдениеттің биік деңгейіне көтеру, өз гуманистік дүниетанымы мен адамзат табыстарына негізделген өзіндік сенім көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік тудыру, жеке тұлғаның ізгілік қасиеттері мен мəдениеті арқылы өркениетке көтеру. Бүгінгі ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыруда халқымыздың ғасырлар бойы қастер тұтып келген ар-намыс, ождан, атамекен, ана тіліне сүйіспеншілік, əдеп-иба, қайырымдылық, жауапкершілік, үлкенді сыйлау мен құрметтеу қасиетін дарыту - олардың өз еліне өгей тартып кетпеуінің басты шарты. Өсіп келе жатқан кейінгі ұрпақты мəдениетті, парасатты, білікті, көрегенді етіп тəрбиелеу, олардың дүниетанымын жоғары деңгейге көтеру, қоғамды ілгерілету үдерісінде адами ізгілік қасиеттерін дамытуға үлкен мəн беру, ұлттық намысы жоғары ұлтжанды өкілдерді тəрбиелеу ісі пəн мұғалімі менің еншімде екендігі айқын. Оқушының жас ерекшеліктеріне сəйкес өзін-өзі тануға, өзін дамытуға бағытталған жұмыстарды төмендегідей бағытта жүзеге асырып келемін. Ізгілікті білім беру бағытындағы жұмыстар Сабақтар

Сыныптан тыс шаралар Кіріктірілген сабақтар

оқушылар шығармашылығы

Ізгілікті қасиетті айқындауға негіз болатын құндылықтар жүйесі білім беру мазмұнында құндылықтық бағдарды іске асыру үшін негізгі іргетас. Ізгілікті білім беру бағытындағы жұмыстарды ұйымдастыру жобамнан жүзеге асырылғандары Жаңа форматтағы сабақтардан (үлгіге) Бақыт сыры

Əдептен озбайық

Төзім мен табандылық

Кіріктірілген сабақтар Қанағат, рақым, ойлап қой! ала (10 с) (əдебиет)

Беттің өлшемдері, ернеулері. Алдын қарау. Құжатты басып шығару (6 с) (информатика)

Гидросфера жəне дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы (10 с)


(география)

Мұғалімдермен жүргізілген жұмыстар Ізгілік - адамдық шыңы (Шеберлік сабағы)

Адамгершілік тəрбие беру – басты бағдар (Семинар)

Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің біртұтас педагогикалық үдерісінің негізі (Семинар) «Мейірім» ата – аналар қоғамдастығымен Жан қазынасы - адамгершілік (семинар)

Бала өмірдің жауқазын гүлі (пікірлесу сағаты)

Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасылық тəрбиенің негізі (семинар) Оқушылар шығармашылығы *Дарындылық қабілеттерін ашу; *эсселер, ой толғаулар, өлеңдер жазу; *шағын əңгімелер құрау, пікірталастар ұйымдастыру; *сахналау, жағдаяттар шешу; *баспа беттеріне қалам тарту; *суреттер салу, қолөнер бұйымдарын дайындау Оқушылармен сыныптан тыс шаралар (2016 -2017 оқу жылдарында өткізілгендері) Ер ерлігі жасай бермек мəңгілік! Кездесу сағаты (10 – 11 с оқушылары) 20 ғасырдың атомдық қасіреті Кездесу сағаты (9 – 11 с оқушылары) Теріс діни ағымдар уағызы – заңсыз уағыз Кездесу сағаты (9-11 сыныптар) Ар – ұятпен өмір сүр! Пікірлесу сағаты 7 – 8 сыныптар Қазақстанның жастары қаншалықты патриот «Қайырымды іс жаса, қайырлы болар əр ісің» Шын жүректен! Барлық бала бақыт үшін жаралған Заңды білу - заман талабы

Дебат ойыны 8- 10 сыныптар Қарттарға көмек 9 сынып оқушыларымен Мейірімділік шарасы оқушылары

7 а сынып

Қайырымдылық акциясы МАД, 1 – 11 сынып оқушылары арасында Тəрбиелік шара 10 сынып


Жүректен жүрекке Біз мектепке барамыз «Жақсылық жан жылуы»

оқушыларымен Қайырымдылық акциясы МАД, 1 – 11 сынып оқушылары арасында Қамқорлық акциясы МАД, 1 – 11 сынып оқушылары арасында «Қамқорлық» шарасы

«Ізгілік ғылымын меңгермеген адамға кез келген ғылым тек зиянын тигізеді» деген М.Монтен, сондықтан да əр сабақта не шарада оқушылар- мен қарым-қатынас стильін айқындайтын бейне фильмдер көрсетіліп талқыланады, үнтаспалар тыңдалады, тəмсілдер айтылады. Жаңа заман технологиялары интерактивті тəсілдерді өз тəжірибемде қолдану да əр жұмысымның мағынасын ашып , мақсатыма жетуіме тиімді əсерін тигізді. "Сабақ-оқытушының педагокикалық мəдениетінің айнасы"дейді В.Сухомлинский.

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПƏНІН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ПƏНДЕРМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ Жангалиева Айнагул Махмутқызы Атырау облысы Исатай ауданы Х.Наубетов атындағы орта мектептің «Өзін-өзі тану» пəнінің мұғалімі

Қазіргі таңда білім беру жүйесін қоғам сұраныстарына сəйкес жаңарту мен дамыту мəселелері өзекті болып отыр. Осы орайда, елімізде білім жүйесін ізгілендіру,білім берудің үздіксіздігі,білім жүйесін ақпараттандыру, білім беру жүйелерінде пəнаралық ықпалдастыруды (интеграция) жүзеге асыру істері негізіг бағыттар болып,жалғасын табуда.Еліміздегі бұл бағытбағдарлар əлемдік білім кеңістігі стратегияларымен де үндестік тауып отыр. Өзекті болып отырған мəселелердің ішіндегі білім жүйесін ізгілендіруде «Өзін-өзі тану» пəні іргелі роль атқаруда. Аталған пəнде баланың рухани дүниесін дамытуға көңіл бөле отырып,тəрбиені құндылық бағдарға, «субъектілік» қатынасқа негіздейді. Сонымен бірге,ізгілендіру үдерісін жеке бір пəн аясында ғана емес, «Өзін-өзі тану» пəнінің мақсаттарын іске асыру іс-шараларының бірі ретінде басқа оқу пəндері мазмұнының құндылықтық мəнін күшейту мəселесі ретінде де қарастырған. Ол мəселе «Өзін-өзі тану» пəнінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында атап көрсетілген. Осы тұрғыдан алғанда, жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру мəселесінің қажеттілігі мен өзектілігі алға шығады. Жалпы білім берудегі ықпалдастырудың маңыздылығының бірнеше қырын көруге болады. Бұл балаларға қоршаған əлем туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға қызмет етеді. Пəнаралық ықпалдастыру пəндік жүйені жоққа шығармайды. Тек қана оларды жетілдірудің тиімді жолы ретінде қарастырылып,


пəндердің бір-бірімен байланысы мен өзара тəуелділігін тереңдете түсуге бағытталады. [3] Ықпалдастыру ұстанымының негізінде бүкіл білім беру ісі, оқу тəрбие үдерісі рухани –адамгершілік біліммен ықпалдастыру арқылы жүзеге асырылуы тиіс. «Əpбip бaлa–кepeмeт pухaни күш иeci, oл шeтciз шeкciздiктi тaнып бiлугe ұмтылaды. Мұндaй ұмтылыc aдaм бaлacының бoйындa дүниeгe кeлгeн cəтiнeн-aқ пaйдa бoлaды, coндықтaн дa кeз-кeлгeн мұғaлiм əp бaлaғa pухaни күш иeci peтiндe қapaу кepeк» Ш.Aмoнaшвили Интеграция (лат. integratio–қалпына келтіру, толықтыру, integеr – тұтас,бүтін)–экон.субъектілерді біріктіру,олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылды тереңдету.Өзін-өзі тану пəнінің басқа пəндермен интеграциясы - ықпалдастық, кіріктіру, біріктіру, шоғырландыру деген мағынаны білдіреді. Сыртқы ықпалдастыру (өзін-тану пəнінің əдістемелік əдіс- тəсілдерін қолдану). Ішкі ықпалдастыру( дүниетанымдық, мазмұны, мағынасы). Өзін-өзі тану пəнін басқа пəндермен ықпалдастыру: Ең алдымен беріліп отырған білімді жандандыру, яғни оның рухани адамгершілік мəн- мағынасын айқындау. Барлық пəндерді мəңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беру . Білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы. «Ізгілік ғылымын түсінбегендерге кез-келген ғылым əрдайым зиян келтіреді» (М.Монтень) «Тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» (Əл Фараби) Білім тек табыс табу үшін емес, өмір сүру үшін қажет. Интеграциялаудың жолдары. Ғылымдардың даму тарихы мен ұлы ғалымдардың өмірінен шабыттандыратын мысалдар келтіру Қазіргі ғылыми жаналықтармен таныстыру Əрбір оқу пəндерінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды анықтау. Жаңа заман талабына сай, білімде болып жатқан жаңалықтарға сəйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Əр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға əсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтар -тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Жалпы адамзаттық құндылықтар –бұл «Өзін-өзі тану» пəні мазмұнының көпұлтты мемлекет жағдайындағы бірден бір мүмкін негізі. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара


Алпысқызы Назарбаева: «« Өзін-өзі тану» пəні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, əрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»,- деп атап айтқан.Ақиқат, дұрыс əрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен жəне ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Адам кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді. Ішкі рухани үйлесімділікке жету үшін əрбір адам өзінің ой, сөз, іс-əрекеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуына тырысып, бірлікті тануы керек. Мəңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дəлелі емес пе? [2] «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарымқатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен жəне қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, əр істе белсенділік, азаматтық таныту жəне өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тəрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. [3] Бұл ретте жаратылыстану бағытындағы өзін-өзі танудың өзара ықпалдасуында мəдени танымдық, тəрбиелік ұстанымдар тірек болады. Біртектес жаратылыстану білім аяларын құруға негіз болатын дидактикалық құрылым ретінде бұл пəндердің адамгершілік қағидалары негізге алынады. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұндық құрылымы дүниетану, математика,биология, химия, экология , философия, психология, педагогика, мəдениеттану, валеология, əлеуметтану, əдеп, эстетика ғылымдарының іштей кірігуімен ерекшеленіп, тақырыптық жүйе оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін жалпыадамзаттық жəне ұлттық құндылықтарға бағытталады[5] Пəндердің ықпалдасуына ғылыми көзқарастар: Өзін-өзі тану мазмұнының философиялық бағыты - əр түрлі пəндерден алған ақпараттарын біртұтас əлемдік бейнеде жүйелеуге мүмкіндік беретін мағыналы білім мен бағдарын көрсетеді Өзін-өзі тану мазмұнының психологиялық тармағы адамның ішкі дүниесінің түпкі негізін түсінумен байланысты Өзін- өзі тану мазмұнының экологиялық тармағы адам мен табиғаттың өзара қарым- қатынасының үйлесімділігіне бағытталған Өзін-өзі тану мазмұнының шығармашылық-эстетикалық тармағы тұлғаның рухани дамуын өнер, ондағы тікелей іс-əрекет арқылы жүзеге асыруға бағытталған Білім берудің екі аспектісінің үйлесімді дамуы: Интеллектуалды(сыртқы білім ақыл үшін) адам оқу-білім алу үшін алдымен қоршаған дүниені, табиғат құбылыстарын танып-білу арқылы


(кітаби білім, сыртқы білімді зерттей отырып қол жеткізеді).Руханиадамгершілік(ішкі білім жүрек үшін табиғатты аялап, ізгілікке баулу ұлттық тамырдан нəр алады, табиғатқа деген адам көзқарасының дұрыс бағытта болуы оның ой-сезіміне əсер етіп, мінез-құлқын жетілдіру арқылы жүзеге асады (ішкі дүниені зерттей отырып, өмірлік мақсатқа жетелейді, интуицяны дамытып, сананы оятады). Атап айтқанда: Дүниетану пəнінен «Табиғат» туралы түсінік бергенде : табиғаттың адам өміріндегі маңызын түсіндіреді.Табиғатпен үйлесімді өмір сүруге, табиғатты сүюге,қорғауға тəрбиелейді. Баланың табиғатқа аялы қарым қатынасын дамытады.[Өзін – өзі тану оқулығы, 4,5,6 сыныптар] 4 сыныпта Өзендер мен көлдер.Адам тіршілігіндегі судың маңызы, қорғау деген тақырыпты өзін өзі тану пəнімен интеграцияладым. Оқушыларды өзен бөліктерімен, көлдердің жасанды, тұщы, тұзды түрлерімен таныстыру. Қазақстанның өзен, көлдері туралы түсініктерін кеңейту.Балаларға судың адам тіршілігіндегі маңызын,оны қорғау қажеттілігін түсіндіре отырып,өмірде табиғатпен қарым-қатынаста дұрыс əрекет жасай білу құндылығының адамгершілік ретіндегі маңызын ашу көзделді. Cудың адамзат,табиғат тіршілігіне нəр береді,тек сусағанда шөлді қандырып қана қоймай адам жанына,тəніне шипа болады, Қазақстанда, əлемде көптеген минералды ,арасан суларымен емдейтін демалыс орындары бар. Мысалы,Сарыағаш,Қапал-Арасан,Меркі т.б. Бұл жерлерде қаншама адамдар ауруына дауа тауып,сауығып шығып жатқаны ақиқат. Кей сəттерде,беймаза күй кешіп,жабыққанда,шаршағанда көл жағасына барып,суға аяғымызды салып отырсақ,суға бір сүңгіп шомылып шықсақ денеміз сергіп, жанымыз жайланып,ішкі жан тыныштығымызды тапқандай боламыз. Барша əлемді гүлдендіріп,тіршілік тамырына нəр берген мөлдір суға деген ризашылығымыз бен сүйіспеншілігіміз арта түседі. Сылдырай аққан мөлдір судың тап-таза,тұнықтығы адал,жан-дүниесі таза адамдардың болмысын,ал тастан тасқа секіре бұрқ-сарқ ағып жатқан тау өзендері тентек,шалдуар мінезді адамдарды, жоғарыдан төмен екпіндей аққан сарқырама сулар алғыр,жігерлі,күш-қуаты тасыған,бір орнында тыптыныш қана тұнып жататын тоған сулары біртоға,жайлы адамның, бұраңдай, сыңғырлай аққан бұлақтар ерке,кербез,сұлу мінезді, толқынын жарға соғып жатқан өзен суларынан ашулы мінезді адам болмысын көргендей боламыз. Осындай Табиғат-Анамыздың тамаша тарту сыйы су көздерін,су қорын қорғап,су жағалауына қоқыстар тастап ластап қиянат жасамай,үнемшілдікпен,пайдалы мақсаттарда,дұрыс əрекетпен пайдалана білгеніміз жөн. 5 сыныпта Жаратылыстану пəнінде Күн жүйесіндегі Жер планетасы деген тақырыпта білім алушылардың күн, күн жүйесі туралы түсініктерін кеңейте отырып, оның ақиқат екендігін ұғындыру. Күн жүйесіндегі аспан денелері, олардың мəңгілік ақиқат екені туралы білімдерін тереңдету; күн жүйесі туралы дүниетанымдық көзқарастарын


дамыту;табиғатпен үйлесімді өмір сүре білуге тəрбиелеу. Күн риясыз сүйіспеншілік көзі екендігін ұғындыру. Биология пəні бойынша құндылықтарды ағашқа теңеп көрсек, ағаштың тамыры – мəңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мəңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, əрқашан əрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Əрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды.Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді. Ақиқат,сүйіспеншілік,дұрыс əрекет,ішкі тыныштық, қиянат жасамау - бұл мəңгілік бес құндылық. Өзін–өзі тану пəнінің маңыздылығы да осында. Интеграцияның қандай тиімділігі бар дегенде,мен былайша пайымдадым: - Мұғалімдердің бірлесе,бір-бірімен ақылдаса,шығармашылықпен ісəрекет ете отыра,тəжірибе алмасуларын жүзеге асыру. - Берілетін білімнің жандылығы,əр алуандылықтың біртұтастылығы. - Практикалық тұрғыдан оқушыларға айналаны тануға,оқытылатын пəндердегі мəңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарды ажыратуға жəне шабыттандыруға көмектеседі. «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПƏНІН ОҚЫТУДА ЖАЛПЫАДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ Жумагалиева Гулжайна Калыбаевна Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ы. Алтынсарин жалпы орта мектебінің жоғары санатты «Өзін – өзі тану» пəнінің мұғалімі

“Балаларды өздерінің жан дүниесін танымай тұрып, жұлдыздар туралы ғылымға баулу – таяз ойлаудың белгісі. Жастарға алдымен ақылды жəне өмірде үздік жəне парасатты болу үшін не қажет екендігін үйреткеннен кейін ғана логика мен физиканың, геометрия мен риториканың негіздерімен таныстыруға болады”. Педагог Н.И.Пирогов:“Біздің бүкіл адамгершілік, шындық, мейірімділік, нұр дегеніміздің барлығы–ілім. Адамды тəрбиелемей оқыту дегеніміз – оқыту емес, басқа бір нəрсе істеу” Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.А.Назарбаева:«Ғасырлар тоғысында біз ойда жоқта тəрбиенің басты мақсаты – бала компьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне ол дап-дайын жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтыны, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні бізді ойландырмайды да… Мен балалардың жастайынан салауатты жəне бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін,


не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Əр адамның өзін - өзі тануы қажет». [1] Ұлы педагог,ізгілік педагогикасын шабыттандырушы Ш.А. Амонашвили:Жансыз білім дегеніміз-жасөспірімдер мектептің табалдырығын аттамай жатып, мектепте қалдырып кететін жəне оған қызықпайтын білім. Жанды білім: -адамды рухтандырады; -ғылымның көкжиегіне бастайды; -өмірді жаңаша құруға жетелейді; -іздену үшін ойларды шабыттандырады; - нұрландырады жəне дамытады; Рухани – адамгершілік білім беруді ізгілендірудің жаңа бағыттары. Білім берудің екі аспектісі: Зияткерлік–ақыл үшін, Рухани адамгершілік – жүрек үшін беріледі. Білім алу мен өмір сүрудің үйлесімділігі “Білім өмір сүру үшін қаражат табу емес, өмір сүру үшін берілу керек” Рухани – адамгершілік білім беруді ізгілендірудің жаңа бағыттары. Рухани – адамгершілік білім беру – бұл білім мазмұнына оқушылардың жоғары рухани – адамгершілік болмысын ашуға жəне толық адам болып қалыптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу – танымдық əрекетке ынталандыруды жəне оны ұйымдастыруды, ойы, сөзі жəне ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тəрбиелеуді мақсат ететін педагогикалық үдеріс. Рухани–адамгершілік білім беруде оқушы мен мұғалімнің өзара қарым–қатынасына негізделген жəне мұғалім өзінің іс – əрекетімен оқушыларға үлгі көрсетуі арқылы, олардың рухани дамуына жағдай жасай отырып, шабыттандырады, ынталандырады. Мұғалім гуманды стиліде болып, ізгілікті, мейірімді, барлық балаларды бірдей жақсы көре алғанда ғана ізгілікті білім қалыптастыра алады. ». [2] Ш. А. Амонашвили: «Улыбка моя, где ты?» кітабында: Мейірімділігінен ада мұғалім өзінің тəрбиеленушілеріне зиянын тигізуі мүмкін... Олар тіпті жүректен шыққан мейірімнің өмірді қайта жандандыратынын, оны əдемі ететінін білмейді. Мейірімділікті өмір емес, керісінше, мейірімділік өмірді жандандырады... деген болатын. Мұғалімнің үш стилі : авторитарлы, либералды, гуманды (ізгілікті) бар. Жалпыадамзаттық құндылықтар: Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: рухани бастау, Ол уақытқа: өткенге, бүгінге, болашаққа тəуелді емес. Сүйіспеншілік– бұл таза риясыз жəне шүбəсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат Дұрыс əрекет – бұл борыш пенжауапкершілікке, ішкі ар – ұждан дауысына сəйкес мінез – қылық. Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, əрекетпен қиянат жасамау


Сократ:“Адам жаман іс-əрекетті білмегендіктен жасайды, мейірімділіктің не екенін білсе, онда ылғи соған ұмтылған болар еді” адамды адам ететін оның жаны деп санады. ». [4] Жанды санасы бар “тұлға” ретінде қарастырады.Адал, жаны таза адамдар Шынайы бейне, ұшқыр ойлы Бақытты адам Ш. Құдайбердіұлы: “Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса, сол шын АДАМ болады” Махатма Ганди: “Қиянат жасамау тек зияндық жасамауды білдірмейді, оның əрекеті басқа адамдардың да қиналысын жеңілдетуін де білдіреді” Абай: “Егер бүкіл əлемде нағыз тыныштық заман болсын десек, онда балалардан бастау керек”. Ш. А. Амонашвили: Ұстаз! Сақ бол! Қателеспе! Зақымдама! Оқушы үшін сенім бол! Балаға арна өзіңді! Неге ұмтылу керек екенін біл! Бала жанының байлығын үнемі ізде! Баладан ғажайыптарды тосудан жалықпа, олармен кездесу үшін дайын бол! Бала – табиғат пен Ғарыштың жоғарғы туындысы ретінде өз бойына олардың құдыреттілік пен шексіздік қасиеттерін жинақтаған. Баланың біртұтас психикасы үш құштарлықты қамтиды: даму, есею жəне еркіндік құштарлығы. Бұл ынтымақтастық педагогикасы. Махатма Ганди: 1.Егер сен болашақтың өзгеруін қаласаң – қазірден өзің өзгер. 2.Егер əлем өзгергенін тілесең – өзгерісті өзіңнен баста. 3.Егер сенің халыққа қызмет ету жалғыз қуанышың болса – одан артық рахаттың қажеті болмайды! М. Жұмабаев Жеке тұлға бойында рухани – адамгершілік қасиеттерін дамытудағы жалпыадамзаттық құндылықтардың рөлі. «Кімде – кім өзін сүйсе, туысқандарын сүйсе, өз елін сүйсе, əсіресе, адам баласын бауырым деп білсе, сол адамды ізгі дейміз!» Қазіргі əлемдегі білім берудің өзекті мəселесі жас ұрпаққа– адамгершілік-рухани тəрбие беру үрдісінде жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасау қазіргі білім беруді ізгілендірудің негізгі өзегі болып табылады.Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы,ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дəлелі. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Қазіргі білім беру кеңістігінде жарық көріп отырған Жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген «Өзін - өзі тану» рухани– адамгершілік білім беру бағдарламасы жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы болып отыр.


Өзін - өзі тану рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасының жас ұрпақты ізгілікке бағыттаудағы алдына қойған мақсаттары: Оқушылардың өзінің жан дүниесін сезінуіне жəне дербестігін түсінуіне ықпал ету; Жеке тұлғаның жан – жақты қалыптасуына өмірлік маңызы бар түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету; Өзінің өмірлік позициясын анықтау; Əр түрлі мəселелерді адамгершілік талаптарға сəйкес конструктивті шешу; Өзіне, адамдарға жəне қоршаған əлемге ізгілікті қарым– қатынас жасау; Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына жəне іс əрекеттеріне шынайы болу; Жасампаздық, белсенділік, азаматтық жəне отансүйгіштік таныту; Адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту жəне өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу; «Өзін - өзі тану» əлемінің ең басты құндылығы – адам жəне адамның өмір сүруі үшін, бақыт үшін, қуаныш үшін жаралғандығына негізделеді. Оқушының жалпы адамзаттық қасиеттері меймандостық, кісілік, сыйласымдылық, имандылық, кішіпейілдік, кеңпейілділік, салауаттылық, тіршілікке бейімділігі, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлығы, мəдениеттілігі т.б. қасиеттері арқылы ерекшеленеді. [3] Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау жəне адамгершілік сапалары дамиды.Мұның өзі мейірімділікке,ізгілікке шақырады.Олар адамды құрметтеу, оған сену, əдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік жəне психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. [5] Адамгершілік тақырыбы-мəңгілік.Ол ешқашан ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру-ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік əр адамға тəн асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, əдет-ғұрпында. Əр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Жас ұрпақты саналы, сергек етіп тəрбиелеу отбасы мен мектеп қызметкерлерінің бірден бір парызы.


«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПƏНІН ГЕОГРАФИЯ ПƏНІМЕН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ Нсанова Айғаным Меллятқызы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай атындағыорта мектебінің екінші санатты «Өзін-өзі тану» пəн мұғалімі

Ізгілік ғылымын меңгермеген адамға кез келген ғылым тек зиянын тигізеді. Мишель Монтень Қазір ғылымның, техника мен ақпараттық технологияның дамуы өте жоғары деңгейге жетті, қазір өркениеттің жайлылығы өсті, алайда осыған қарамастан əлемде тыныштық пен сенімділік жоқ. Бұл жайында ұлы қазақ классиктерінің бірі Шəкəрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бала кезінен бастап адам бойына жоғары ар-ұят, өзін-өзі сыйлау сезімдерін тəрбиелеу аиуандық инстинктен аулақ болуға, зиянды құмарлықтарды жоюға көмектеседі»-деп санады. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.Н.Назарбаева осындай мəселелерді пайымдау барысында былай деп жазады: «Ғасырлар тоғысында біз ойда жоқта тəрбиенің ең басты мақсатыкомпьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне дап-дайын –жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтыны, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні ойландырмайды да. Мен балалардың жастайынан салауатты жəне бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Əр адамның өзін-өзі тануы қажет» [2,26б]. Қазігі таңда білім өмір сүру үшін қаражат табу емес, өмір сүру үшін берілуі керек. Білім берудің екі аспектісін құстың қос қанаты деп білсек-бірі интеллектуалды, ал екіншісі рухани адамгершілік. Қазіргі кезде білім беру жүйесі назарын интеллектуалды білімге көп бағыттаған, ал руханиадамгершілік білім қалыс қалуда. Сондықтан білім берудің екі аспектісінде үйлесімді дамытуымыз қажет-зияткерлік (сыртқы, яғни ақыл үшін білім беру) жəне рухани-адамгершілік (ішкі, яғни жүрек үшін білім беру.) Сыртқы білім 1.Сыртқы, интеллектуалды 2.Сыртқы дүниені зерттейді 3.Кітаби білім (жеке тəжірибесіз тануға болады) 4.Қалауларді оятады, сырттағыға тартады 5.Дүниеде күн көру үшін қажет 6.Интеллектіні дамытады


7.Ақыл мен тəнге қарасты 8.Сыртқы білімнің мақсаты – ақпарат беру 9.Интернет Ішкі білім 1.Ішкі, рухани-адамгершілікті 2.Ішкі дүниені зерттейді 3.Практикалық білім (тек жеке тəжірибе арқылы пайда болады) 4.Əрбір адамның жүрегінде жасырынған жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайды 5.Өмірлік мақсаттармен байланысты (не үшін өмір сүру керек) 6.Интуицияны дамытады 7.Жүрекке қарасты 8.Ішкі білімнің мақсаты – трансформация (сананы ояту) 9.Иннернет 10.Энергия (күш-қуат береді). «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім бағдарламасыныңдағы интеграцялаудың мақсаты:жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған оқушылардың тұлғасын дамыту үшін біртұтас рухани-адамгершілік білім беру кеңістігін құру. «Өзін-өзі тану»рухани-адамгершілік білім Бағдарламасының міндеттері: -оқушының ақыл-ой дамуын жəне шығармашылық іс-əрекетінің мазмұнын сапалы жаңарту арқылы олардың тұлғасын рухани-адамгершілік тұрғысынан дамыту; -рухани-адамгершілік білім беру үрдісінде текқана ізгіліндіру əдісін қолдану; -рухани-адамгершілік білімді тұтас педагогикалық үрдіске интеграциялау; Өзектілігі: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімнің басқа пəнмен интеграциясы- ол ең алдымен мектептегі білімді жандандыру, оның руханиадамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол-тұтас білім, барлық пəндерді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау жəне əр алуандылықтың бір тұтастығын көре білу. Жанды білім Мектептің негізгі міндеті–кез-келген жасөспірімге білім беріп, тəрбиелеп қана қоймай, оның жалпыадамзаттық құндылықтарын аша отырып, ішкі жан дүниесіне əсер ету арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамытуына жол көрсету. Рухани–адамгершілік тəрбие баланың өмірден өз орнын табуға, өзін-өзі тани отырып, айнала қоршаған адамзатқа жəне жаратылысқа сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу, қайырымдылық жасауға тəрбиелеу болып табылады. Өзін-өзі тану мен басқа да оқу пəндерінің инновациялық əдіс-тəсілдер арқылы өзара сабақтасып, ықпалдасуы балаға жанды білім берудің бірденбір сара жолы болып табылады. Себебі жас ұрпақ жанды білім арқылы тек ғылыми тұрғыдан білім алып қана қоймай, рухани санасының дамып– жетілуіне, «Менін» қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді.


Ұлы педагог, ізгілік педагогикасын шабыттандырушы Ш.А. Амонашвили жанды білім дегеніміз,ол : - адамды рухтандырады; - ғылымның көкжиегіне бастайды; - өмірді жаңаша құруға жетелейді; - іздену үшін ойларды шабыттандырады; - нұрландырады жіне дамытады. Жанды білім адам баласына қанат бітіреді деген. Жанды білім əрбір адамның жүрегіне жасырынған жалпыадамзаттық құндылықтарды ашуға, ішкі рухани-адамгершілікті дамытуға ықпал етеді. Осы ретте жанды білімнің мақсаты – баланы ұлттық рухта адамгершілікке тəрбиелей отырып, əрбір оқушының өмірдің мəнін түсіну, өзін-өзі тану жəне өзін-өзі іске асыру қажеттілігін түсіну үшін жағдай туғызу; өз ойына, сөзіне жауапкершілікпен қарайтын, елінің мүддесі үшін еңбек ететін үйлесімді тұлғаны тəрбиелеу. Интеграциялау жолдары. Интеграция үдерісі (латынша integranio-шоғырлану, бірігу, ықпалдасу, кірігу, интеграция) дегеніміз-жүйенің əуел баста ажратылған түрлі бөліктері мен элементерінің өзара тəуелділік жəне өзара толықтыру негізінде бір тұтас бірігуі. Интеграция көптеген гуманитарлық ғылымдарда: Филасофия, əлеументтану, педагогика,психология жəне т.б.қолданылатын пəнаралық күрделі ғылыми ұғым болып табылады Жалпы білім беретін пəндер мен өзін-өзі тануды интеграциялаудың үш жолы бар : 1.Ұлы ғалымдардың өмірінен жəне ғылымның даму тарихынан шабыттандырушы мысалдар. 2.Заманауи ғылымдардағы ашылулармен танысу. 3.Əрбір оқу пəнінің мазмұнынан жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару.


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.