ulpan

Page 1

Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

ҒАБИТ МҤСІРЕПОВ Ұлпан роман «Конструктив» ҚБ Астана 2009

1


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

БІРІНШІ БӚЛІМ Есенейдің тӛрт қос жылқысы "Қаршығалы" шҧбарына жақындап келіп, қапталдай тӛніп қалып еді. Тақырланып қалған жазғы жайлаудан келе жатқан жылқы қарауытқан қалың орманды, ӛзектішілікті ӛңірге тҥяғы тиген соң-ақ ҧстарадай ӛткір тістерін жерге қадай бастады. Қазақ байлығы жылқысында. Қысқа қарай жылқы малын ықтасыны бар қара отты шҧбарға жақын ҧстамасаң - "Байлық - бір жҧттық, батыр — бір оқтық" — кейде тақыр-таза жаяу да қаласың. Жаяу қалған адам несімен адам?.. Несімен қазақ?.. Есеней қазір қаптап-қапталдап, жер тҥгін тістелей жылжып келе жатқан байлығының алдында едӛуір жерде, биіктеу жотаның қырқасывда ат ҥстінде тҧр. Кӛз жетпес кӛкжиекке дейін созылып-керіліп жатқан кең алқап шын-ақ мақтағандай екен. Жота-жота қалың ормандар. Ӛзекті-шілікті, тҧяқ тимеген қара отты кең шиыр. Ат шашасынан аз-ақ асатын алғашқы жауған ақша қар жердің шӛбін әлі жасыра алмапты. Сондай жерге ертерек келіп ірге тепкеніне байдың кӛңілі әбден тояттағандай. Есенейдің қасында тӛрт адам жолдастары бар еді: ең сенімді серігі — жамағайын "тҥрікпен" Мҥсіреп, Алдай елінен - аңшы Мҥсіреп, руы басқа болса да Есенейдің Қоныстасы Бекентай батыр жӛне Есенейдің қосалқы атын жетелеп жҥретін жас жігіт, "тҥрікпен" Мҥсірептің туған інісі — Кенжетай. "Тҥрікпен" Мҥсіреп аздап сыбызғы тартады. "Боз інген", "Боз мҧнай", "Сҥйір батыр", "Алқа кӛл", "Алғашқым" деген кҥйлері бар. Одан соңғы қҧмары - бір жақсы ат, қонымды киім, серілеу адам. Қалталарында қалампыр жҥреді... Әлі ақ кірмеген сақал-мҧртын жарасымды қырқып ҧстайды. Алдай Мҥсіреп аңшы адам. Балдаққа сҥйеген оң қолында "тҥлкі перісі" атанған томағалы қара бҥркіт, арқасында жалғыз оқ, ширақты шиті мылтық. Азырақ асыға сӛйлейтін, азырақ асыра сӛйлейтін адам. Кҥн кешкіре келе бҧлыңғырланып тҧр еді, ҧзамай қар қапалақтай бастады. Есеней, алыстан кӛз тігіп келіп тоқ-таған жерін мақтапмақҧлдағанын кҥткендей жолдастарына қарады. Осынау кең қорықты Есенейдің есіне алғаш салған аңшы Мҥсіреп еді. Сонысын тағы бір ескертіп қалғысы келіп, Есенейге қарай еңсеріле бҥрылып: Аға сҧлтан пірім-ау! Айтпап па едім? Қысқа қарай жылқы баласына бҧдан артық жер болмайды, иесіз жатқан жер! Бір қыс жайладың болды, аға сҧлтанның шҧбары атанады да, балаңның баласына дейін кете барады! -деді. Есеней оның сӛзін аяқтатпай екінші Мҥсірепке қарады. Осы бір "аға сҧлтан", "балаңның баласына" деген сӛздер Есенейге шаншудай қадалатынын ақ кӛңіл аңшы аңдамай-ақ қойды. Аға сҧлтан болғысы келіп бола алмай қалған адамға, екі ҧлы бір кҥнде ӛліп, содан бері жиырма жыл бойында ейелі бала кӛтермей қойған адамға жаңағы сӛздер мазақтаумен, 2


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

қорлаумен тең екенін жарамсақ аңшы тҥсінбесе керек. Атақ қҧмар, лақап қҧмардың сӛзін қай-талай береді. Ӛткен қыс аңшылықта кездесіп қалып Есенейге екі тҥлкі, ҥш бірдей қара қылшық кҥзен байлап еді, сонысын арқаланып кимелеп сӛйлейді. Биыл міне, жер карадан қасына еріп Есенейдің қасқыр алатын арабы иттерін баптап жҥр. Ӛзі де аң қҧмар Есеней оның бетін біржола қайтарып тастайтын қатты сӛз айтпай келеді. Қолын азғана сермеп тоқтатып тастайды, бар болғаны сол-ақ... — Жазы-кҥзі мал тҧяғы тимеген шҥйгін екені кӛрініп-ақ тҧр. Бірақ осы кҥні иесіз жер бар ма, бір иесі бар шығар, - деп "тҥрікпен" Мҥсіреп аз кідіріп қалып еді, аңшы Мҥсіреп тағы киіп кетті: Жоқ, жоқ! Иесіз демедім бе? Бҧл ӛңірде мен білмейтін жер бар ма, тәңірі! Қасқыры мен тҥлкісінің ен таңбасына дейін білемін. Қҧдай біледі деп айтайын, "Қаршығалыда" ҥш мың қасқыр, бес мың тҥлкі, он екі мың кҥзен, жеті мың қоян бар!.. "Тҥрікпен" Мҥсіреп адасына қарап қағытып қалды: - Ақ қҧр, қара қҧрларын санамаған екенсіз, Мҥсеке! - Ҥш мың қасқыры болса менің жылқымды бір қыста жеп тауыспас па екен? - деп Есеней де қалжыңдады. Кенжетай ағасына қарап ну орманның орта тҧсын кӛзімен нҥсқады. Мҥсіреп інісінің нҧсқаған жағына қарап: Сонау қалыңның орта тҧсында ҥш жерден тҥтін кӛріне ме деймін,- деді Есенейге бҧрылып.- Әне бір салт аттылар да кӛрінді. Ҥш салт атты қатты жҥріп келеді. Біреуі алдарақ, екеуі кейінірек. Алдыңғының аты не жорға, не қу тірсек желісті болу керек. Кейінгі екеуі аратҧра шауып алып ілесіп келеді. Алдыңғы жігіт ағызған бойы жотаның қырқасында тҧрған топтың алдына жақындап келіп сӛйлеп кетті: Армысыздар, ағалар!.. "Қаршығалы" шҧбарын паналап қонып қалған ҥш ауыл кірме Кҥрлеуіттің арызын айта келдік... Биыл қыс осында жан сақтаймыз ба деп жаз бойы қорып келген жеріміз еді. Жетісіп отырған ел емеспіз... Сорлының зары арлыға кездескей деп жіберіп еді... айтар арызымызға қҧлақ ассаңыздар екен... Аңшы Мҥсіреп Есенейге жарамсақтанып жігіттің арызын аяқтатпай киіп кетті: Тоқта деген соң сҥйреңдемей тоқта, бала! Ауылыңа сәлем айт: Есеней аға сҧлтанның ат тҧмсығын тіреген жеріне таласып әуре болмасын! деді. Жігіт те іркілген жоқ: Есенейі жоқ елді де ел екен, жҧрт екен десеңіздер, қара ӛрттей қаптап келе жатқан жылқысының бетін кейін бҧрсаңыздар екен. Осы арызымыз... Мына кӛргенсіз кімнің атын атап тҧр ӛзі! Қҧйрығыңды тҥріп тастап дҥрелеп алсын деп тҥрмысың? - деп анайы аңшы атын тебініп-тебініп 3


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

қалды. Есеней қолын сермеп тоқтатпағанда әлденеге ҧрынып қалатын жайы бар. Жас жігіт бҧл жолы сӛз қайтарған жоқ. Басын тӛмен иіп, арызына жауап кҥтіп қалды. Осындай ӛжет жастарды Есеней қатты ҧнататын еді. Жиырмаға келмеген бала жітіттің сӛзінде нәр де, зәр де бар екен. Осылай ӛсірермін деп ҥміт еткен екі ҧлы қара шешектен бір кҥнде қайтыс болғалы осындай уытты жасқа қызыға қарап қалушы еді. Ӛзімен рулас он ауыл Сибанның ішінде ҥміт етер ӛреннің бәрін де сыртынан бақылай жҥретін. Бала жігітке қызыға тҥрып, "тҥрікпен" Мҥсірепке қарады — жылы жауап бер дегендей еді. "Тҥрікпен" Мҥсіреп жас жігіттің сӛз саптауынан ашынғандық лебін ӛзі де танып тҧрған. "Кірме Кҥрлеуіт" дегеніне қарағанда арыз айта жіберіп отырған қайбір бай ауыл дейсің. Сӛз білер ақсақалы да болмаған-ау. — Шырағым, арызың аяқсыз қалмас,— деді ол,— аяқсыз қалдыратын арыз сияқты емес. Ауылдарыңа осыны айта барарсың. "Тҥсі игіден тҥңілме" дегендей, кӛргенсіз деуге ішім қимай тҧр. Әттең, ашынғандықтан болса да азды-кӛпті асқақтай сӛйлегенің де болды. Аулыңа мҧны да айта барарсың. Бала жігіт бҧл жолы да тез жауап қайырды: — Арызымызды айтып кел деген жҧрт асқақтай сӛйле деп тапсырған жоқ еді, ағалар. Солай болып шықса айып ӛзімде. Жҥйелі сӛз жҥйесін табар, жҥйесіз сӛз иесін табар деген бар ғой. Міне, айыбым! — деп атынан тҥсе қалып ҧзын шылбырын Кенжетайға қарай серпіп жіберді.— Әйтеуір ат жетелеп жҥр екенсің, мынаны да жетелей жҥр. Содан соң екі жолдасының бірін тҥсіріп, соның атына мініп алды да, жӛнеле берді. — Кешіре кӛріңіздер, ағалар... Жолдастары бір атқа мінгесіп кетті. Есеней ҧзай берген бала жігітке ҧзақ қарап қалды. Бір сәтке баласыздығы бойын билеп, бар ойы сол бала жігіттің соңынан кетіп бара жатқандай еді. —Қап, қҧйрығын тҥріп жіберіп дҥрелеп алу керек еді ӛзін! — деді аңшы Мҥсіреп, қайта қызына бастап. "Қҧйрығын тҥріп" дегенді тауып айттым деп тағы қайталады. —Апыр-ау, бҧл кімнің қызы болды екен! — деп "тҥрікпен" Мҥсіреп Есенейге қарады. —Қыз? — Кҥні бойы Есенейдің аузынан шыққан екінші сӛзі осы еді. —Ие, қыз!.. "Міне, айыбым!" дегенде кӛз қҧйрығымен ӛзінді бір шарпып ӛткенде неғып байқамадың? Шарпып емес-ау, кӛз қиығын серпе тастап қарайтыны бар екен де!.. — Ай, тҥрікпен-ай, жер ортаға жақыңдап қалсаң да қыз-келіншек дегенде қырағысың-ау! — деді Есеней. Неге екені белгісіз, мақтағандай еді. Аңшы Мҥсіреп шошып кетті. —Қыз болса мені қҧдай ҧрды тӛбемнен! — деді. — Мен масқара болдым. Бҧл — Артықбай батырдың қызы Ҧлпан. Ҥйіне қонып кеткеніме ай 4


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

толған жоқ. Ең болмаса қара жорғасын танымай қалғанымды қарашы! Бір кҥн қасыма еріп жҥріп екі қаз байланып еді! Қарағым-ай, енді сенің бетіңе қалай қарармын! — Аңғал аңшы кҥйіп-пісіп шошалақтады да қалды. —Дҥре соққың келмеп пе еді? Бетіне қарамай-ақ соға бересің де! — деп, ӛзі сасқалақтап қалған аңшыны "тҥрікпен" Мҥсіреп біржола ӛлтіре салды. —Артықбай батырдың қызы деймісің? - деді Есеней. — Ойбай, аға сҥлтан пірім-ау! Соның қызы — Ҧлпан. Мінер жақ артқы аяғы ақ бақай, маңдайыңда тӛбелі бар, су тӛгілмейтін қара жорға тҧр ғой, міне!.. Қыздың бір-ақ рет кӛз қиығын Есенейге серпе тастап қарағанын "тҥрікпен" Мҥсірептен басқа ешкім аңдамай қалған екен. Кешкірген бҧлыңғыр кҥн, қапалақтаған қар... арыз айтуға қыз келер деп кім ойлаған! Келген бетінде кие сӛйлеп, бәрінің кӛңілін сӛзіне аударып әкеткен Ҧлпан, қыз екендігін аңдатпауға тырысып еді. Солай бола тҧрса да қыздың аты қыз ғой, атақты батыр, аты шулы ӛділ би атанған Есенейге қыз кӛзімен бір қарап қалғанын ӛзі де сезбеген. Қыр жайлаулардан қҧлап келе жатқан Есенейдің жылқысы екенін аулы біліп отырған. Қалың қара шҧға жалбағай бет-аузын жауып кеткенімен, атандай қара кер аттың ҥстіндегі зор денелі адамның Есеней екенін Ҧлпан да ішінен таныған. Бес жасар кезіңде кӛргені де, қорқатыны да есіне тҥскен. Бірақ ӛзін танытпай кетті. Есеней тобы аңырып қалды. Не істеу керек? Қара жорғаны қыздың айыбы деп қалай алып қалар? Сҧңғыла қыз бҧларға бір ҥяларлық ҧпай салып кетті емес пе! Ие, "малым — жаным садағасы, жаным — арым садағасы" дейтін елдің нақылын еске алсаң, лайықты жҧмыс болмапты. Есеней жолдастарына қарады — "не істеу керек?" - Артықбай батырға тізе кӛрсеткендей болып келгеніміздің ӛзі қандай айып! Қызының атын айыпқа алып Қалғанымыз екінші айып. Арыз айта келген кыздың атын айыпқа алып қалғанымыз айып біткеннің ішінде ел естімегені болар! - деп "тҥрікпен" Мҥсіреп Есенейдің қара шешектен қара шҧбар болып қалған бетіне тура қарады. Есеней ӛмірінде айып тартып кӛрмеген адам, айып-жазасы болған адамдарға қатал жаза кесуді жақтайтын би еді. Болмашыдан сҥрінгеніне әрі кҥлкісі келеді, әрі шешімін таба алмай тҧрғаны анық. Артықбай оны бір рет намыс ӛлімінен айырып алған, екінші рет ӛлімнің ӛзінен айырып алған кәрі жолдасы, батыр адам. - Қара жорғаның мойнына ат қосақтап қайтарған дҧрыс болар! - деді "тҥрікпен" Мҥсіреп. - Айналайын адасым-ай, таптың, таптың! Менің кәрі бозымды бірге қосақтап жібер! - деді ақ кӛңіл аңшы. Есеней "жӛнел!" деген бҧйрығын Кенжетайға иегімен нҧсқады.

5


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Артекеңе сәлем айт, ертең сәлем беріп қайтармын! Ӛзі жетелеп жҥрген Есенейдің "Мҥзбел" дейтін торы тобел атын қара жорғамен бірге жетелеп алып, Кенжетай жӛнеліп кетті. Есеней жолдастарына ендігі байламын айтты: Осы жоннан әрі бір жылқы тҧяқ салмасын! Сәдірдің қосынан басқа қостардың екеуін Қҧсмҧрынға қарай, тортінші қосты ӛзіміздің Аққусақ, Қара емен, Еламан коліне қарай аударыңдар. Сәдірдің қосы осы маңца қала тҧрсын. Екі адас, менімен қаларсыңдар, Бекентай, сен Қҧсмҧрын қосымен кетерсің... Серіктері Есенейдің бҧйрығын орыңдауға тарасып кетті, Есеней ӛз қосын тіктіруге колге карай жалғыз бҧрылды. "Бҧдан он жыл бҧрын жер астындағының дыбысы елден бҧрын маған жетуші еді, Артықбай батырға ҧрынып қалғаным қартая бастағаным-ау! - деп ойлады Есеней.-Әлде, қадірім тҥсе бастағаны ма екен? Аңшының кӛпіртпесіне еріп кете бергенім қалай? Бҧрын ғой, ондайды озім анықтатып алушы едім!" Жаңағы аз оқиға Есенейдің кӛз алдына бҧдан он бес жыл бҧрын ӛткен оқиғаларды әкелді. Артықбай батырдың ерекше бір ерліктерін еске тҥсірді. Ол бейбіт елді қайта-қайта шауып, қайта-қайта талан-таражға салған Кенесары тӛренің лаңы болатын. Кенесары орыс шекарасынан шеткей отырған Керей -Уақ елдерін екі рет шауып әкетті. - Кенесарыны хан сайлауға риза болса ақ сақал, қара сақал билері тез жетсін! - деп шапқыншы жібереді де, ҥш кҥн ішінде хабар болмаса шауып әкетеді. Жылқыға қҧмар, қыз-келіншекке қҧмар. Тобыл, Бағлан, Стап, Кпитан қалаларына жақын отырған бес болыс Керей - Уақтың шетірек отыратын-дарын әлденеше рет шауып әкетті. Бҥл рулардың Сарыаркаға қарай шетірек отыратындары болғанымен қалың кӛпшілігі орыс қалаларына шектес отыратыны жан сақ-тап келіп еді. Аманқарағай дуанына қарайтын кӛп рулы елдердің оміріне базар кірген, шай, қант, нан, орамал, сабын, сиса, барқыт, жібек, былғары кірген. Бҧдан жиырма жыл бҧрын хандық жойылғаннан кейін жаугершілік саябырлап, бейбіт ӛмірдің іргесі бекіне бастаған еді. Соның бӛрін ҧмытып, Кенесарыны хан сайлауға бҧл елдер кӛнбей қойды: шабылып жатыр, қызкеліншектері қорланып жатыр, кӛнбей жатыр. Есеней бірдеме білсе, Кенесары "сідік-масы" ақылсыз адам болып шықты. Қазақ хандығы дегеннің шек-шеңбері де жоқ, бҧлжымай тҧрар заңы да жоқ. Біреуі хан сайланса хан Шыңғыстың барлық ҧрпағы елді ру-руға боліп алып билеп, ойына келгенін істей беретін. Тоймайтын да, қоймайтын да. Енді сол заманды Кенесары қайта орнатпақшы! Ол заманнан бҧл ел біржола безініп болған. Маңдайы тайқылау, тӛбесі шошақтау кӛрініп еді, Кенесары ақылды адам болмай шықты. Қазақ жерінің батысынан бастап шығысына дейін жетіп, енді оңтҥстығына иек артып қалған орыс қалалары бар. Орал, Орынбор, Тобыл, 6


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Тҥмен, Қызылжар, Омбы, Ірбіт ҥлкен шаһарлар. Ол калалардың ішкі бетін астарлап, қазақ-орыс станицалары орнап қалды. Сонда Кенесары хандығын қай жерге орнатпақшы? Бетпакдалаға ма? Оған ерген ел ӛзінен-ӛзі "Ақтабан шҧбырынды" болмасқа не амалы болмақ? Бҧдан екі-ҥш жыл бҧрын Кенесарыға ерген елдердің қазір қашып жатқандары бар. Мҧны да тҥсінбесе, Кенесары шын ақымақ екен! Отаршыл патшалықтың алары да аз емес, орыс қалаларынан сенің аларың да аз емес. Ханның қазанына тҥсіп кеткеннің сенің аузыңа кӛбігі де тимейді, сҥйегі де тимейді. Осыны ойлаған елдер тыныштығын шайқап Кенесары дҥрбелеңіне ермей қасарысып қалды. Осыны ойлаған Есеней Кенесарыға қарсылық туын кӛтерді. Керей — Уақ деп аталатын бес болыс ел Есенейдің айналасына жинала берді, жинала берді. 2 Қазақ соғыстарында жаралану кӛп те, ӛлім аз бола-ды. Садақ оғы кӛбінесе алыстан атылады да, әлсіз тиеді, әлсіз жаралайды. Сойыл-шоқпары бар адам найзаны да оп-оңай қағып қалып ортасынан ҥзіп жібере алады. Найзасы сынған адам қҧр қол адаммен бірдей. Қылыш деген, қарама-қарсы қасарысып қылыштасу деген қазақ соғыстарының салтына кірмеген. Ҥш жылға созылған Есеней мен Кенесары қолының соғысыңда әлі ҥш жҥз адам ӛлген жоқ. Жараланып, қатардан шығып қалған мҥгедектер екі ҥйдің бірінде бар. Қазір Кенесары қалың колын Керей — Уақтың ӛкпе тҧсына, Есіл бойына топтап, Есенейге қарсы ҥлкен жорыққа әзірленіп жатқаны байқалған. Есеней де бес болыс елдің ер-азаматын қарама-қарсы топтап жайлау кӛлдеріне орнады. Содан кейін жинаған қолын әр елдің батырларьша, сенімді ақсақалдарьша тапсырьш, ӛзі қасына қырық адам ертіп дуан басы аға сҥлтан ІІІыңгысқа тағы бір жолығып қайтуға жҥріп кетті. Аманқарағай дуанының аға султаны Шыңғыс Уәлиханов деген тӛре еді. Ол адам Кенесары қозғалысына қосылған да жоқ, қарсылық та кӛрсетпей келеді. Шабылып жатқан елі бар, Кенесарыға кетіп жатқан елі бар, аға султан мҧның екеуіне де дәрменсіздің енжарлығын кӛрсетіп ордасында тыныш жата берді. Ҥш жылға созылған талан-таражға селт еткен емес. Қысқа қарай қырық семіз соғым, жазға қарай қырық сауын бие, жҥз бойдақ қой жинатып алады да, соны беріп отырған ел шабындыға ҧшырап жатқанда ҧн шығармайды. Аға сҧлтанның екі оқты мінезі басқарып отырған елінің ішіне іріткі салып та болды. Есеней аға сҧлтанмен арасын біржола ашып алуга кетіп еді. Есеней аға султан кеңесінің ең беделді биі. Әділ де катал би атанған адам. Ҧзақ ойланады, байламын бір-ақ кесіп айтады. Ҧры-қарыға, шылықбылыққа қатал адам. Қасында қарулы қырық жігіті бар дуан орталығына келді. Аға султан ордасына сенімді серігі "тҥрікпен" Мҥсіреппен бірге Артықбай, Сәдір дейтін екі батырын ала кірді. Шыңгыс Есенейге тҧра келіп амандасты: 7


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Есеке, қош келіпсіз. Тӛрлетіңіз... Бет-аузына кісі тура қарай алмайтын қара шҥбар, орта бойлы адам, кеудесінен ғана келетін Есенейге аға султан әрі тандана, ӛрі қауіптене қарайтын еді. — Ӛз орныңызға, ӛз орныңызға! — деп ӛз қасынан орын нҧсқап абыржып қалды. Тӛрде отырған Кенесарының елшісі, Тілеуімбет би мен Жанай батыр, тағы бірнеше адам — бәрі де тҧра келіп амандасты. Есеней тӛрде отырып қалған Тілеуімбет биді томен ығыстырып әдеттегі ӛз орнына, Шыңғыстың оң жағынан жақын таяна отырды. Отыра бергенде тізесі Тілеуімбет бидің санына тиіп кетіп еді, ол ыршып кетіп, Жанай батырға согылды. —Жол болсын, Есеке!.. Дуан мәжілісінен бір ай бҧрын келіп қалыпсыз, тыныштық па, әйтеуір? —Тыныштық болса келетін бе едім, тәңірі! Жын ҧрған бауырың қол астыңдағы елді кҥнде шауып дамыл беріп отыр ма! — деді Есеней. Әдейі Тілеуімбетке тигізе де қадай айтты. —Керей — Уақтың ішінде Есекең барда сырттан ешкім бата ал мае деп, біз мҧнда тыныш жата беріп едік... — деп Шыңғыс сӛз аяғын іркіп тоқтады. —Сол Керей — Уағың ат ҥстінде ҥйықтайтын болғалы ҥш жылға айналды. Ол сенің біліп отырган жайларың... — деді Есеней, енді Шыңғыстың ӛзіне тура қадалып. —О, Есекем ширығып келген екен... Есекем ширығып келсе, мен қашанғы ӛдетім бойынша аузымды аша алмаймын, — деп Шыңғыс кеңкілдеген болып ӛтірік кҥлді. — Шамдана сӛйлеспей шыдаса тҧрайық деуге де аузым барар емес. Созылар сӛздің ҥзіле бастағанын сезіне қойған Тілеуімбет би сӛйлеп кетті. Сӛзшең екен. Орағытып, оспақтап, мақалдап, мәтелдеп шырғалап келіп, аяғында шамданып, кҥш кӛрсетіп қалды. Қазақ — қазақ болғалы, Ӛз алдына ел болып. Оңаша бір конғалы, Хандығынан айрылса, Ел болудан калғаны. Қара саба тай жҥзген, Бҧхарадан келген тай қазан, Бәрі адыра болтаны. Қара нанға қҧл болып, Ханына тіл тигізген, Мейлі би, мейлі қҧл болсын, Тартатын бір сазайын, 8


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Кӛрген емен оңғанын! Тілеуімбет осылай айбар шегіп тоқтады. Есеней оған жауап бергісі келмей, Мҥсірепке иек қақты. —Отағасы, сіз қашанғы хандықты, қай хандықты айтып отырсыз? Осы отырған аға сҧлтанымыздың әкесі Уәлихан қайтыс болғалы жиырма жылдан асып кетті. Содан бері Сібірге қарайтын алты дуан қазақтың ханы барын естіген де, білген де емеспіз. Кенесарыны одан-бҧдан қосылған саяқтар ханымыз десе, онда біздің жҧмысымыз жоқ, дей берсін. Бірақ, мені хан сайламасаң шауып алам деп отырған бҧзақыны есі бар ел хан сайламайтын болар. Сіз біздің елге екі рет келіп, осы тақпағыңызды екі рет айттыңыз. Сонда біздің бес болыс Керей - Уақ қандай жауап қайтарды? Есіңізде болар? Тілеуімбет би "тҥрікпен" Мҥсірептің бір сӛзін естігісі келмей, кӛзін жҧмып алып, басын тӛмен салып тҧнжырап қалды. Кенесарының биіне орыс қойған дуан биінің ӛзі жауап бермей, қасындағы атқосшы "тҥрікпеніне" жауап қайтартқаны қатты қорлау еді. Тілеуімбеттің менсінбегені Мҥсірепке де батып кеткен екен, сондықтан ол сӛз аяғында бидің ӛзін тҥйрей кетті. — Бірінші келгеніңізде аман кетіп едіңіз... Екінші келгеніңізде қалай болдыңыз? — деп Мҥсіреп азғана кідірді де Есенейдің қабақ тҥйіп қалғанына қарамай,— астыңыздағы атыңыздан айрылып қайтқансыз! - деді. Кенесарының Керей — Уақ елдеріне екіншіретжіберген елшісі Тілеуімбет би сол жолы ҥлкен ҧятқа ҧшырап қайтқаны рас болатын. "Айыр кӛмей, жез тандай" атанған би мақал-мәтелдерімен жҧртты ҧйытып әкетіп еді. Бес болыс Керей — Уақтың арасына ҥлкен толқу кіріп, ойдан гӛрі сӛз шешендігіне бастарын шҧлғи бастағанды. Ол шешендік бидің ӛз сӛзі емес, ӛңі айналған ел қазынасы екенін қараңғы жҧрт аңдай алмай қалған. Пай-пай, айтты-ау! Ел қамын жеген Едіге осындай-ақ болар! — деген дауыстар шыға бергенде, Тілеуімбет: Ҧғынсаң болды, жҧртым! — деп шалқая берген. Тап осы тҧста қалың топтың ортасында отырған Есеней бидің алдына бір бурыл сақал адам келіп тізе бҥгіл еді: Әділ би деп алдыңа жҥгінуге келдім, Есеней. Арызымды тында! Осы әулиесіп отырған Тілеуімбет бидің мініп жҥрген сары ала жорғасы кімдікі екен? Соны біліп беріңізші! - деген. - Ӛзінікі болад та! — деген Есеней.— Тілеуімбет би біреудің атын мініп жҥр деймісің? - Есеней би, қҧрып қойған қақпаның бар екен ғой! — деген Тілеуімбет ашу шақырып. - Жоқ, Есеней би, алты дуанға атағы жайылған сары ала жорға менікі. Осы кісі бас болып келіп, екі жеті ӛтті, сары аланың тҧқымын тҥгел айдап әкетті. Содан кейін ӛзім кеше кӛшіп келіп, Капитан аузына тоқырадым. Жаңа ғана Тілеумбетке бас иіп калған жҧрт енді оның теріскей жағына шығып кетті. 9


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Ҧят-ай, ҧят-ай! - Бҧдан да ӛлген артық қой! - Сен ӛзің кімсің? — деп сҧрады Есеней. - Біреудің даңқы атымен шығады, біреудің даңқы итімен! Атығай — Карауыл Сауытбектің аты сары ала итімен шықса, мен сары ала жорғасымен аты шыққан қойлы Атыгайдың бір жаман шалымын. - Онда сен Жаманбала болдың ғой? - Болсақ болармыз. - Ал, биеке, тӛрелігін озіңіз айтыңыз! - деді Есеней Тілеуімбет биге. - Қырық қамшы дҥре! - Кімге? - Би ҥстінен шагым айтушыға болад та! Есеней аз аялдап отырды да: -АТ Сенікі! — деді Жаманбалаға. Мҥсіреп Тілеуімбетке осыны ескертіп, қытықтап алды Да тоқтады. Тілеуімбет сол қатып қалған бойы қатты да Қалды. Есеней созін Шыңғысқа бҧрыла қарап отырып бастады: ~ Ашына келсем себебім болды, аға сҥлтан. Онымды ауыр алма! Тай жҥздеген қара саба, тай қазан дегендер ендігі заманда бос сӛздер. Нанмен ойнамайық. Нан әр қазақтың кҥн кӛрісіне айналды. Қара сабасы бар, тай қазаны бар хандар қай қазақты асырап еді? Ханның қазанын да сабасын да қара қазақ толтырып отыратын. Қазір де солай. Қалқайтып хан сайлаған хандығын қай жерге қҧрмақ? Бетпақтың шӛліне ме? Бҧдан екі-ҥш жыл бҧрын Кенесарыны хан сайлаймыз деп даурыққан елдер қазір шҧбырып мекеніне қайтып жатыр. Мен бірдеме білсем, Кенесары алты дуанға хан болмақ тҥгіл, ӛз еліне сыйыса алмай далаң — Сарыарқаға қарай қашқалы отыр. Еңді ол қашқын! — деп тоқтады. Шыңғыстың ӛз ойы да осыған жақын еді. Наполеонды жеңіп, батыс мемлекеттерінің тәкаппарлығын басып қайтқан орыс қҧралына қарсы аттануға қазір қандай ҧлы мемлекеттің болса да батылы бармайды. Ондай кҥш қазір дҥние жҥзінде жоқ! Тҥптеп келгенде Кенесары елді біраз арандатады да тасталқанға ҥшырап тынады. Дегенмен ҥш жҥздің болысбилері бас қосып Кенесарыны хан сайласа мҥмкін қязақтың елдігін таныған патша ҥкіметі қысымын бәсеңдетер ме еді, әлде қайтер еді? Бірақ, хандық деген ӛмірлік тіршілік бола алмайды. Аға сҧлтан мҧны жақсы біледі. ІПабыншапқьщан азар болған ызалы ел "Кӛп болса Кенесары жҥзге келер!" дегенді таратып жіберген Қалың бҧқара одан біржолата безінуге жақын. Мына отырған ақылды қара шҧбар осының бәрін әбден тҥсініп хан тҧқымдас аға сҧлтанның бетіне тура айтып отыр. Не елмен бол, не туысқанынды жақтап шық, бетінді аш дегелі келген ғой. Патшалық тәртіп бойынша аға султан болып отырған адам бірінші болып Кенесарыға қарсы аттануы керек еді. Оған қалай барар? Тілеуімбет би қол жинап келіп Кенесарыға қосыл деп салмақ салады. Бҧған қалай барар? Есеней тағы сӛйлеп кетті: 10


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Кенесары Керей - Уақтың дәл ӛкпе тҧсына мың-даған сарбазын тӛгіп, ертең-бҥгін шабуылдайын деп отыр. Біз де қарап отырғанымыз жоқ. Тегінде, осы жолы бір жағымыз ағалап тынатын болармыз. Әдейі соны хабар-лайын деп келдім... Сӛз арасыңца азғана кідірісті пайдаланып, Тілеуімбет би Есенейге карап: Аманқарағай дуанының тӛбе биі Есеней орыстың қоржыншысы болыпты дегенді естігенде қуанарымызды да, ҧяларымызды да білмедік... қалайда ӛзіңе лайық болса бізге сол болады. Қайырлы болсын!— деп бҥйідей шағып алды. Есеней бӛгелген жоқ. — Есенейдің ескі қоржынына Кенесарының екі жҥз жауынгері сыйып кеткен соң қоржыныма әбден ырзамын,— деді ол.— Атығай — Қарауылдың дардай биі едіңіз, Кенесарының поштабайы болып далақтап жҥргеніңіз ӛзіңізге де қайырлы болсын... Шарпысып, серпісіп қалды да, екеуі де тоқтады. Ҥш жылға созылып бара жатқан айқастарда Есеней Кенесарының екі жҥздей адамын тҧтқындап алып Стапқа тапсырған. Сонысы ҥшін хорунжий деген атақ алған. Тілеуімбет би аға сҧлтан сайлауында бҧрынғы би атағынан айрылып қалып, қазір Кенесарының "анда бар, мында барында" жҥр. Екі бидің алма-кезек кекетісіп калғандары осы жайлар еді. Шыңғыс қатты қысылып қалды. Тҥптеп келгенде Есенейдің не айтарын Шыңғыс ертеден сезінетін. Бҧл жолғысы не қосыл, не бӛлін, бойынды кӛрсет дегені еді. Ертең ӛзі басқарып отырған дуанның қақ жартысындай қалың бір жері шабылып қалса, Есеней ол жайды Сібір губернаторына шағым етпей қалар ма? Қазір жҧқалап андатып отырса, губернаторга турасынан басады. Омбыда алты дуан ҥстінен бақылайтын Тҧрлыбек отыр. Ол Есенейдің туысқаны, қарын бӛлесі. Шағымның бірінші жолдары "Шабуыл алдында аға сҧлтанға ӛзім барып хабарлап едім, қҧлақ аспады" деген сӛздерден басталатын болады да... Жауығып алған екі жақтың менің алдымда кездесіп қалғанын қайтерсің. Осы бір қолма-қол жан-жалға айналуға бет алған кездесуді ебін тауып ыдыратып жіберетін не шара табылар екен? Осы тҧста неміс пе, швед пе, ел қазағы Берсен деп кеткен шикіл-сары майор Бергсен келіп: - Аға сҧлтан мырза, ат ойындары әзірленді. Мергендер де әзір. Қабыл етіңіз,— деді. Шыңғыс қуанып кетті. ~ Қадірлі билер, енді сӛз жарыстырып ушықтыра бергеніміз лайықсыз болар. Екі жақтың да тҥтіні танылды. Далаға шығып, әскери ойыңцарды кӛрсек қайтер? — Деп орнынан тҧрды. Қонақтары да соңынан еріп, бәрі далаға шықты. "Қауіпті кезде керегі болар" деп Сібір губернаторы а сҧлтан Шыңғысқа қырық адам қарулы қазақ-орыс беріп қойған еді. Олары әрі аға сҧлтанды қорғаушы, әрі тырп еткізбейтін бақылаушы болатын. Әуелі солар ат ҥстіндегі ойындарын кӛрсетті. 11


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Қазақ-орыстар әбден машықтанып алған қулар екен. Шауып келе жатқан атқа қарғып мініп те кетеді, ағып келе жатқан аттың бауырынан ӛтіп те кетеді. Аттары қандай дағдыланып алған! Шауып келе жатып кілт тоқтап, бәрі бір жағына қарай сҧлап тҥседі. Тырп етпей жатып қалады. Қазақ аттары мҧндайда ӛзінен-ӛзі есеңгіреп, болмашыдан ҥркіп әурелер еді. Келесі жолы қазақ-орыстар қару-жарақтарын тҥгел асынып жарқылдасып шықты. Қылыш, мылтық, найзалар кезек-кезек айқасып, кезеккезек сілтессе де ешкімге дарыған жоқ. Бірақ, шын айқаста бҧларға қарсы тҧру қиын сияқты. Әсіресе кҥнге шағылысқан қылыштардың жарқылдасуынан жаның тҥршіккендей екен. Шыңғыс Тілеуімбет биге ҧмытпастай бір сабак бергендей оның бетіне ара-тҧра қарап қояды. Керазу қырсық би: — Бҧлар аттарын жатқызып-тҧрғызып жҥргенде біз де қарап тҧрмаспыз! — деді. Иә, Кенесары тобырының беті қисайған жағынан бҧрылар емес! Бҧл далаңқы елдердің хан тҧқымдарының би-болыс, ақсақалдарының беті. Елдің патша отаршылдығына занды қарсылығын пайдаланып хандық қҧрмақшы! Олар енді ол бетінен қайтарыла алмасқа кеткен — "бәрібір, қайрылғаныңмен патша да жарылқамайды, ел де жарылқамайды". Қазақ-орыстар ойынынан кейін "Жамбы ату" басталды. Бҥл ойындардың екеуі де Тілеуімбет бидің келуіне кӛрсетілген қҧрмет ретінде әдейі әзірленіп еді. Екі биік қарағай бағанға кӛлденең салынған арқалыққа салбыратып ілген бірнеше жамбы жарқырайды. Екеуі тай тҧяғындай бақыр. Екеуі бір теңгелік кҥміс, екеуі бармақ тырнағындай ғана алтын жамбы. Майор бәсекелі атыстың шарттарын тҥсіндірді: тай тҧяғыңдай бақыр жамбыны атып тҥсірген мергенге — тҥлкі терісі, кҥміс жамбыны тҥсіргенге — қасқыр терісі, алтын жамбыны тҥсіргенге қҥңдыз беріледі екен. Есеней тобынан — Артықбай, Тілеуімбет тобынан -Жанай деген мергеңдер шықты. Екі мерген қатар тҧрып біріне-бірі иба-мезірет етісті: —Керейдің мергені кімге жол береді дейсің, ат! — деді Жанай. —Арғын аға баласы, жол сіздікі, атыңыз. —Бердім жолымды! —Жоқ, мен аға жолын аттай алмаймын, атыңыз! —Кеудемсоқ Керейдің мергені, ата бер әрі! —Жасыңыз ҥлкен ағасыз, сіз атыңыз! Осылай ескі әдет бойынша ҥш қайырысқаннан кейін Жанай мерген садағын оқтап ата берді де, оң кӛзіне конған шіркейді қағып жіберіп, шіркей шаққан жерін сипап-сипап қалды. — Кезіңізді бекер сипадыңыз... — деді оған Артықбай. Жанай оған қарамай садағын тартып қалып еді, садақ оғы алтын жамбыны жанап отіп, шайқалтты да, дарымай кетті. Іле-шала тартқан Артықбай оғы алтын жамбыны жҧлып тҥсірді. Даяғашы жалтылдаған қара қҧндызды Артықбайға әкеле жатыр. 12


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Эй, сен, мен атайын деп жатқанда неге сӛйлеп қалдың, оттап! — деді Жанай Артықбайга тҥйіліп. — Мен сізге достық сӛз айттым: оқ атарда кӛзіңді уқаласаң, оғың далаға кетеді... кетпеді ме? — Менің кӛзімде сенің не ӛкеңнің қҧны бар еді? — Артықбай батыр әкесінің қҧны тҥгіл қотыр лағының қҧнын кісіге жіберіп кӛрген емес! - деп Артықбай да кеудесін керіп тҧра қалды. — Арам! — Қашақ байталдың ... жалап жҥрген кәрі азбан, арамдық сенен ӛтіп маған келіп пе! Кенесарының Бопай деген қарындасы кептермен кӛңілдес бола беретін тойымсыз атанған адам. Ӛзі Шыңғыс хан нәсілінен болған соң қара қазаққа тие де алмаған, батыр-бағланды қҧр ауыз откізетін әдеті де жоқ. Артықбай Жанайға сол кӛптің бірісің деп шағып алды. Жанай мергеннің бҧған шыдар жайы жоқ еді. - Әкеңнің аузын ит ҧрғыр-ай, не дедің, не дедің? -деп садағын оқтап оңтайлана бастады. Артықбай да соны істеді. Бірін-бірі атып жібергелі тҧр. Шыңгыс айқай салды: — Тоқтаңдар, әрі! Екі мерген екі жаққа кетті. Бҧрын алыстан ӛштесіп, садақ оқтарын алыстан кезесіп жҥретін кҥндес мергендер ӛмір бойы бір кӛлден су ішпестей, бір дҥниеде бірге жасаспайтын болып айрылды. Шыңғыс ойынды тоқтатты да, ордасына қарай жҥре берді. Екі топтың найзагер батырлары, мергендері екі бӛлініп орналасқан қонақ ҥйлеріне кетіп барады. Артықбай бәйгеден алған қҧндызын Есенейдің алдына әкеліп тастай беріп: Байланыңыз! — деді. Тҥскі тамақтан кейін Шыңғыс Есенеймен оңаша қалып: - Есеке, жақсы келіпсіз. Біраз кҥн жатып қонағым болыңыз, — деп ӛтініш еткендей болып еді, Есеней мойны ҧрылмады. - Мен бір кҥн кідіре алмаймын. Манағы айтқаным бос сӛз емес. Кенесары қолы ӛкпе тҥсымыздан қадалғалы тҧр. Ӛз ойынды аңғартсаң болды, жҥріп кетем. Стап, Капитанмен де тезбе-тез хабарласуым керек. - Есеке, менің қиналысым қандай екенін сіз жақсы білсеңіз керек еді, деп бастады Шыңғыс- Екі оттың ортасында қалмадым ба! Ел не қыламын десе де ӛзі білсін. Мен аға сҧлтан бол сам, сіз жеті бидің бірісіз. Патшаның қызметіндегі адамдармыз... Бізге әскер беріп қойған жоқ, сене де бермейді. Хан сайлай ма, сайламай ма, ол елдің ӛз жҧмысы. Біздің басқарып отырғанымыз бір-ақ дуан. Кенесарыны хан сайлаймыз деушілер "Ҥш жҥз" кӛлемінде сӛз байласып жатқан кӛрінеді. "Ҥш жҥзге" біздің әміріміз жҥре ме? Мен осының біріне де араласқым келмейді. Бізге шынақ сеніп, әскерін беріп отырған ақ патша да жоқ. Ӛзді-ӛзің қырқыса бер дегендей ме, қалай? — деп тоқтады. Қазақы адам Есеней турасынан бір басып қалды: 13


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Қысқасы, дуаныңның қақ жартысы шабылғалы отырғанда дуан басыдан қайыр кҥтпейміз ғой! - деді. - Жаудың қолынан сіздің қол кем болғанда бес есе кӛп... Басында Есекем бар! Оған мен аралассам ел-жҧртқа кҥлкі болмаймын ба! - деп Шыңғыс кҥлген болды. Кешке қарай Есеней ӛз еліне жҥріп кетті. Шыңғыстан біржола ҥміт ҥзіп, не кӛрсе де Керей - Уақ ӛз бетімен оңаша кӛрерін біліп кетті. Бірнеше кҥннен бері Шыңғысқа салмақ салып жатқан Тілеуімбет би орнынан да қозғалған жоқ... Дуан орталығы Аманқарағайдан кештетіп шыққан Есеней тобы таң қҥланиектеп келгенде, Обаған ӛзенінің жалғасы "Кіші теңізде" отырған Жазы бидің ауылына жетіп еді. Арғын Жазы би Орынбор, Сібір губерналарының шекарасын салысқан, Кенесары қозғалысына қаны қас адам. Әзір қол жинап "Аттан!" салмағанымен Есенейге қатты тілектес, сырлас жҥретін еді. Аздап орысша оқығаны да бар, Аманқарағай дуанының Есенейден кейінгі беделді биі. Есенейді ҥлкен қошеметпен қарсы алды. Бірақ билер ауыз жарытып сӛйлесе алған жоқ. Қонақтар аттан тҥсіп ҥлкен ақ ҥйге жақыңдай бергенде, қатты шауып келе жатқан екі салт аттыны кӛрді де, ҥйге кірмей тҧрып қалды Біздің шапқын! - деді Есенеи. Есенейдің шолғыншылары екен. Кенесары қолы кеше Есілдің бергі бетіне ӛтіп алды, -Жазы, маған қырык ат тауып бер. Тірі қалса кӛзін қайтарармын, ӛлсе — қҧнын. Қонақтар ҥйге кіріп, тек қана сусындап ҥлгергенше, Жазы би ӛз жылқысынан қырық сейгҥлік атты алдырып та ҥлгіріп: Сҧрауы жоқ, Есеке, - деді. Қосалқы сәйгҥлік аттармен жедел жҥріп ел шетіне жақындаған сайын Кенесары қолының Керей - Уақтың ауылдарына әр тҧстан тақап, таянып қалғаны анықтала берді. Жаздық жайлауын қимай, шетірекпіз ғой деп отыра берген ауылдардың жылқы малдарын, қыз-келіншектерін айдап әкеткен, киіз-кілем сияқты ҥй жиһаздарын тонап кеткен. Есеней тобы суыт жҥріп отырып келер кҥні таң ата басталып кеткен айқастың ҥстінен тҥсіп еді. Сырт шамасы бес шақырымға созылған жазықта Кенесары қолы мен Керей - Уақ қолы айқасып қалыпты. Иесінен айрылған ерттеулі аттар айқас шегінен ҥркіп шығып, бетімен шап-қыласып жҥр. Айқас шегі солқылдап біресе оңтҥстыққа, біресе солтҥстыққа қарай ойысып калады. Қуғандар мен қашқандар екі жақта да бар. Қазақ соғыстарының бәрі осылай. Біресе қуғандар кейін оралады да, қашқандар қайта оралып соғысып кетеді. Есеней айқас жайын бірден шамалап алды. Жау қолы бес есе аз, бірақ жинақы. Ел қолы бес есе кӛп, бірақ кейде шоғырланып бір тҧсқа ҥймелесіп қалады да, басқаларымен қанаттаса білмейді. Екі жағы да басқарусыз. Қай жерде ӛжет батырлар, найзагерлер кӛбірек болса, сол тҥс еңсеріп әкетіп жҥр. 14


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Есенейдің ӛзі ешбір қолбасылық істей алған жоқ. Ол — батыр, бірақ қолбасы емес. Келген бетінде айқас майданының бір шетінен екінші шетіне дейін айқай салып, Керей — Уақтың ҧранын шақырып шауып ӛтіп, ӛзінің осында екенін білдірді. Кездесіп қалған батырларына бір-бір ауыз мақтау айтты. Содан кейін бӛріктіре айқайға басып, кҥркіреп келіп соғысқа араласты да кете барды. Қай тҧста ел қолы әлсіреп бара жатқанын бақылай жҥріп, анда-санда сол топқа барып араласады. Қасында тӛрт-бес батыры бар Есеней араласқан топтар жауын оңай жапырып тастап жҥрді. Тҥс ауа екі жақтың да аттары болдырып, қорамсадағы оқтар таусыла бастаған. Есенейдің ӛзі араласкан қолма-қолдан елуге тарта жау жігіттері қолға тҥсті. Кӛпшілігі Кенесарыдан қашып кете алмай жҥрген адамға ҧқсайды. Тағы біразы жараланған жауынгерлер. Жау қолына тҥсіп қалған ел жауынгерлері екі-ҥш есе кӛп. Екі жағы да қолға тҥскендердің қолдарын артына байлап, ӛз жағына қарай айдап әкетіп барады. Әсіресе, иесіз қалған аттарды қуып жҥргендер кӛп... Осы кезде Есенейдің ӛзі жараланып қалды. Садақ оғы екі жауырынның орта тҧсынан келіп кадалыпты. Қашуға бет алған бір топ жауынгерді қуа жӛнеліп еді, қылша мойнынан оқ тиіп, Есенейдің аты омақата қҧлады. Есеней жерді сҥзе қҧлады. Онсыз да қара шҧбар бетінің дал-далы шығыпты. Бетаузын қан жуып кеткен. Қосалқы атты жетелеп жҥрген Бекентай ауыздығымен алысып қызып алған тың атты тоса берді. Сол аяғын ҥзеңгіге салып кӛтеріле бергенде, садақ оғы келіп қадалды. Есеней ат жалын қҥшып қозғала алмай қалды. Есенеймен ҥзеңгілес жҥрген Сәдір, Мҥсіреп, Артықбай батырлар Есенейді қоршай тҧрып, ем-домдарын жасады. Әуелі Есенейдің арқасында әлі шанпіылып тҧрған оқты жҧлып алып, қан сорғалай жӛнелген жарасын сол оқпен ҧшықтады. - Ҧшық, ҧшық, ҧшық! Дауасын бере гӛр, пайгамбар Жҧсып. Ҧшық, ҧшық, ҧшық, Ҧшықтаган біз емес, Алдай қара бақсы пҧшык... Ҧшық, ҧшык, ҧшык-! Ҧшық, ҧшық, ҧшық! Ал, енді елге қарай, Стаптағы доктырға қарай! Бекентай, бидің атын жетекке ал! Мҥсіреп пен Сәдір екеуі Есенейді екі жағынан сҥйемелеп алды да, Артықбай батыр арт жағынан қорғап, Есеней тобы қозғалып кетті. Ойбай, аяң, аяң! — деді Есеней ауырсынып. Аяңның аяғы тҥгел қолға тҥсумен тынарын коріп келе жатқан Мҥсіреп Бекентайға: Аяңы қҧрысын, шап, жосыт! — деді. 15


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Есеней тобының қаша жӛнелгенін таныған соң жеңіле берген жау ес жинап, ерленіп кетіп еді. Есеней тобын жан-жағынан қапталдап, әсіресе арт жақтарынан тақап келеді. Осы кезде Стаптан жіберілген қазақ-орыс жҥздігі де келіп қалып еді. Қылыштары жарқылдап, найзалары арандай тікірейіп шошындыра келе жатыр. Жау жалт беріп, кейін бҧрылды. Арт жақтан тақап қалғандары асығыс болса да он шақты оқ боздатып барып бҥрылды. Сол он шақты оқтың бірі Есенейді арт жағынан қорғап келе жатқан Артықбай батырдың белдемесінен қадалып еді. Батыр адам белінен қадалған окты ӛз қолымен жҧлып алып лақтырып жіберді де, ет қызуымен шаба берді. Жақын қалған қазақ-орыс жҥздігіне ҧшырасқанша жараланғанын білдірген жоқ. Басқалармен бірге жҥзбасыға "Здрас-ти!" деді де атынан сырғып кҧлап тҥсті. Бҧдан әрі тҥйеге теңделіп келіп, Стаптың әскерлік емханасында бір ай жатып, Есеней ауылына салт атқа мініп қайтты. Артықбай батыр алты ай жатып шанаға тҥсіп қайтты. Содан бері ол шойырылған шойнақ. Екі аяғы сал болып қалған, жансыз. Есенейге тиер екінші оққа ӛзі араға тҥсті де, оны аман алып қалды, ӛз міндеті кісіде, мҥгедек. Аңғал батыр арқасына қадалған оқты озі жҥлып алып лақтырып жібермей, табан аузында ҧшықтатып жіберсе, осьшдай мҥгедек болып қалар ма еді! Ҧшықтатқан Есеней ӛне, жазылды да кетті ғой!" Сол соңғы айқастан кейін Кенесары Керей - Уақты мазалаған жоқ. Қазақ даласының оңтҥстығына қарай ойысқан бойы Алатауға жетті де қҧлады. Қайтып оралған жоқ. Есеней Стап емханасында да тыныш жата алмады. Ол Кенесарыға қарсы болған елдердің туын ӛз қолына алғанда да ой тҥбінде бір тҥйгені болатын. Соңғы рет аға сҧлтан Шыңғысқа барып қайтуында да сол есебі бар еді. Хан тҥқымдары хандығын аңсамай отыра алмайды. Хан тҧқымы Шыңғыс Кенесарыға қарсы аттанбай ел ішіне іріткі салды. Ресей ӛкіметіне ҥлкен опасыздық жасады. Осы ойлары сібір губернаторы, генерал-майор фон Фридрикстің миына қорғасыңцай қҧйыла қалса, Шыңғысты ҧшырып тҥсіруге болар еді. Есенейдің бҧл ойларын генерал-губернатордың Кулагина қҧя білетін адамы да бар. Ол Есенейдің қарын бӛлесі Тҧрлыбек Кӛшенҧлы, алты дуан ҥстінен қарайтын ҥлкен тӛре1. Есеней сол Тҧрлыбекті Стапқа шақыртып адды. Жарасы жазыла қоймай іріңдей беріп, қатты кҥйзеліп жатқан кезі еді, Тҧрлыбекпен қатал сӛйлесті. - Сен осы Омбыда не бітіріп отырсың? Тӛре тҧқымдарын қашанғы тӛбемізге кӛтере береміз? Шыңғыс дегеннің кім екеніне әлі кӛздерің жетіп болған жоқ па? Ол Кенесарының бірінші қолдасы болып шықпады ма? - Ондай кӛзқарас Омбыда да ӛршіп келеді, Есеке. Дегенмен... 1

Генерал-губернатордың советнигі.

16


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Дегенмен, бата алмай отырмыз дейсің ғой! Оңца ӛзіме ерік беріндер. Бес кҥнде қол-аяғын кісендеп Омбыға ай-дап әкелейін! Орысша семинария бітірген, тҥгел қалаша киінген Тҥрлыбек Есенейдей ҥрт мінез, ӛр кӛкірек емес, заң шеңберінен шықпайтын, жегін аттай жортақы адам еді. Қарын бӛлесіне қанша болысқысы келсе де, Шыңғыс қылығына қанша наразы болса да қол іске де, қолма-қолға да қарсы, заңдылықты аттап ӛтіп кӛрген емес. Хандық жойыльш аға сҧлтан басқаратын дуан ашылғалы Сібір губернаторларының мазасын алған Кенесары бҧлталағы. Аяғы кӛтеріліске әкеліп соқты. Сол кезден бастап Тҧрлыбек Кенесары жайында әлденеше рет әділ ойларын білдіріп келді. Қазақтың қара бҧқарасын тым жабайы, тым қаранғы, беделсіз де тҧрақсыз кӛретін патша ҥкіметі хан тҧқымдарын біржола ақтап тастауға бара алмай жҥр. Кенесары қазақ елінің патша наразылығын пайдаланып хан сайланбақшы, Есеней болса Шыңғыстың Кенесарыға қарсы аттанбағанын пайдаланып аға сҧлтан сайланбақшы. Есеней туралы Шыңғыстың ойын да Тҧрлыбек жақсы біледі. Алдағы сайлауда Шыңғыс Есенейді орнынан тҥсіріп басқа біреуді би қоюға ӛзірленіп жҥр. Тҧп тілегі қарау болғанымен қазір Есенейдің дәлелдері ҧтымды, ал, амал не, губернатор алдында Шыңғыс ҧтымды. Губернатор оны сыртынан балағаттап-балағаттап алады. Шекспирдің бір сӛздерін еске тҥсіріп: "Барлық тҥні ойын-кҥлкі, мастықта, кҥндіз басы жасықта!" - дейтіні де бар. Шыңғыс ӛмірі ойын-кҥлкі, қыз-келіншек, ҧйқымен ӛтіп жатыр дегенді аңғартады. Шыңғыстың қасындағы майоры Бергсеннің де екі-ҥш рет шағым еткені бар. Ол да Кенесарының елшілері жиі-жиі келіп тҧратынын, тҥнге қарай ауыл сыртында оңаша кеңесетіндерін, екі арада сыйлықтар жҥріп жататынын жазатын. Сонда да Шыңғысқа қарсылықтың тіреліп қалар бір бӛгесіні бар. Тҧрлыбекте оны бҥза алар дәрмен жоқ. Аяқтап келгенде, әрине, Шыңғыс жеңеді, Есеней жеңіледі, билігінен айрылады. Есеней тагы да кӛтеріле сӛйледі. Арқасы таңулы, етпетінен жатыр, мойнын да бҧра алмайды екен. Қара шҧбар бет-аузы жаралы. Иегін шағын адамның қара санындай дерлік білектеріне сҥйеп жастықты гҥмпілдетіп сӛйледі. - Мен сені неге оқыттым? Сенен басқа жетім қалған бала таба алмадым ба? Кӛрсет ӛнерінді. Шыңғыстың қҧлар кезі осы. Әттең, жатып алғанымды кӛрмейсің бе? Әйтпе-генде ең берісі Шыңғыстың шаңырағын ортасына тҥсіріп шауып алар едім! Есеней мҧны істеуден тайынбайтын адам. Стап қазақ-орыстары да ондайдан бас тартпайды. Олар ҥшін бәрі "орда", Кенесарысы не, Шыңғысы не? "Бәри бир!" Кенесары қолымен Есенейдің соңғы айқасы аяқталып калғанда кездесті де, жауынгер қазақ-орыстардың қол қышуы қанған жоқ...

17


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Осы жайларды еске алып Тҧрлыбек енді Шыңғыс пен Есенейдің арасын ушықтырмау жағын қарастырды. Бҧл екеушщ арасына жанжал араласса, ел ішіне бҥліншілік кіретіні де даусыз ғой. Есеке, қазір Омбы сіздің еңбегіңізді аса жоғары бағалап отыр. Аманқарағай дуанын талан-тараждан аман алып қалған Шыңғыс емес, сіз деп біледі. Жҥрер алдында генерал-губернаторға кіріп, рҧқсат сҧрап шықтым. Сізге кӛп-кӛп сәлем айтты. Ресей ӛкіметі сіздің қызметіңізді ҧмытпайды, қазір Есеней биге қандай қошемет кӛрсету керек, соны ойластырып отырмын,- деді. Есеней азырақ жадырап, бәсең сӛйлесе бастады: Шекаралық комиссияға менің атымнан рапорт жазып қалдырарсың... Ҥш жыл бойындағы Кенесарымен алыс-жҧлысымды тҥгел жаз. Аяғында елге сыйғызбай айдап тастағанымды жаз. Кенесарының осы кеткені -кеткен. Сырғи-сырғи Бетпақтың шӛліне қамалады да, бері қарай бҧрыла алмайды. Әкесі Қасым он жылдай Хиуа ханына жалданып орыспен соғысқан болатын. Бҧл да содан асып кете алмас,- деп кідіріңкіреді де, қарын бӛлесінің аянбайтынына сеніп,- губернаторға не айтарыңды ӛзің білерсің, әйтеуір, Шыңғысты бір қҧлатып берсең болтаны! — деп тоқтады. Осыған келісім беріп, Тҧрлыбек кетуге айналып еді, қасына қала жатағы Тілеміс деген жас жігіт тілмашын ертіп жҥзбасы келіп кірді. - Аман, Есеней-бей Естемесович! - Аман, Ефим-тӛре Котсҧқ, аман! - Есенейдің Коцух деуге тілі келмей ме, әдейі бҧрмалай ма, онысына жҧзбасының кӛзі жете бермейді. Бірақ қҧлағы ҥйреніп болған. - Жә, Есенейбей, осымен барлық іс бітті дейміз бе? - Немене, жаудың қайта оралған хабары бар ма? - Жо-оқ. Есенейбей бастап, жҥзбасы Коцух аяқтаған істе қайталайтын не қалатын еді! Есеней мен Коцух кӛптен бері тҥсініскен адамдар сияқты. Ашық та ақ жарқын сӛйлесетін сырлас адамдар екен. Бірінің орысша, бірінің қазақша тҥсінбей қалғандарын Тілеміс септеп жіберіп отыр. - Бҥл жолы Кенесарының беті біржола қайтқан болар деймісің? - Енді ол тҧмсығын да сҧға алмайды! Қазақ-орыс қылышының дәмін бір татқан жау, кім болса да, қайтып артына қарай алған емес. Әттең, айналасы бір-ақ сағат айқасып қалдық. Шауып жатқан шӛптерін тастап барған 26 қазақ-орыстардың айызы қанбай қалды... Шолғыншылар мына Тілемісті ертіп алып тӛрт кҥн жҥріп тҥнде оралды. Есілді бер жағында бір жан қалмай тырағайлап қашқан бойы кетіп отырыпты. Алдыңғы кҥні Есілдің ар жағына да шығып қырық-елу шақырым жер жҥріп шолып қайттық. Жан жоқ. Кенесары оңтҥстыққа қарай ойысқан кӛрінеді. Он шақты ауылдың жҧртында қалған ақсақ-тоқсақ кемпір-шалдардын бәрі солай дейді. - Әуелі жан жоқ деп едің ғой? - Жауынгер зӛліттес адам кездеспеді дегенім ғой, 18


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Есеней мен Артықбай батыр жараланып келіп әскерлік емханаға тҥскен кҥні хирург доктор осы Тілемісті ертіп келіп сӛйлесіп еді. Есенейге сіздің жараңыз жеңіл, ана батырыңыз ауыр жараланган деген. Содан бері Есеней Тілеміспен тіл табыса алмай келеді. Бҧдан он жеті жыл бҧрын Есеней Тілемістің әкесіне шошқа бақтың деп дҥре соқтырған еді. Сонда он жастағы бала Тілеміс міз бақпай сілейіп тҧрып қалған. Шешесі жылап келіп Есенейдің аяғына жығылғанда жас бала шешесін еріксіз тҧрғызып жетелеп алып кеткен. Ажарлы әйелдің аяғына жығылғанына жібіді ме, баланың қайсарлығына риза болды ма, ӛйтеуір, Есеней бес кӛк шыбықты кешірім етіп еді. Әкесі тым қарапайым, шешесі еркек кӛзі қадалмай ӛте алмас ажарлы адам екен. "Ай, сенің әкең мынау кеще емес, осы елге келіп-кетіп сақина-жҥзік соғып жҥретін зергер шеркес-ау!.. Шешеңнің тҥбіне жеткен сол сақина-жҥзік қой",— деп Есеней ішіне бір тҥйген болатын. Сол бала Тілеміс, кавказ кескінді кӛркем жігіт больш ӛсіпті. Орысша жақсы білетін сияқты. Зейінді, зерделі жігіт. Дҥре жайы Есенейдің есіне қайта тҥсті, Тілеміс те ҧмытқан жоқ еді. Екеуінің кӛзінде де осы жайдың ҧшқыны тҧр. Тілеміс Есенейге қатты ҧнады. Әке-шешең аман ба, шырағым? - деп жылы шыраймен сҧрады. -Әкем қайтыс болған, шешем бар,- деді Тілеміс. Есеней жігітке едәуір қызыға да сынай, іш тарта қарап жатты да аяғында: ~ Ірбіт базары жақындап қалды. Биыл біздің ҥйге Дәмдес болып, сол базарға сен барып келсең қайтер? Менің жайым мынау. Менде бала болмайтын... — деді. Кҥрсінгендей болды. — Болсын, Есеке. Қай уақытта жҥр десеңіз де әзірмін. — Екі кҥннен кешікпей біздің ҥйде болғаның дҧрыс болар еді. Базарға айдалатын малды іріктеп алғандарыңша жҥретін кезең де болып қалады. —Жақсы, Есеке. —Жҥрерінде маған жолыға кет. Осы бір бәрін біліп тҧрған оңтайлы жігітті қолына қондырып аларына сенген Есеней ӛзіне-ӛзі қатты риза болды. Коцух сӛзге араласты: — Есеней-бей Естемесович, мен аға сҧлтан ордасына барып қайтқалы отырмын. Ертең жҥрем. Аға сҧлтанды кҥзетуге қойған қазақорыстарымды алып қайтам. Қатындары мазалап болды. Енді оған кҥзеттің керегі не? Кенесары кетті. Біздің губернатор да қызық: бір сҧлтанмен соғыс дейді, екінші сҧлтанды кҥзетіп отыр дейді. Ол екеуі бірімен-бірі қолдасып отырады! Мен аға сҧлтанның қҧйрығына бір қызыл бҧрыш қыстыра қайтатын болармын. Есеней бар денесімен селкілдеп, еңкілдей кҥлді. Кӛптен бері бҧлай кҥлген емес еді. Жарасының ауырғанына да қараған жоқ. Етпетінен жатып кҥлген адамның қара қазандай ҥлкен басының салмағынан жалаң тысты жастықтың әр жерінен қҥс жҥндері ытқып шыға бастады. 19


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Мен ҥшін де бір қызыл бҧрыш қыстыра кет!.. Осыдан бір ай ӛткеннен кейін Шыңғыс дуан орталығын тастап, ӛз еліне барып жатып алды. Дуаным басқарусыз калды-ау деп қайғырған аға сҧлтан да жоқ. Аға сҧлтансыз қалдық-ау деп қайғырган ел де болған жоқ. Бҧл оқиғалар ӛткелі, міне, он бес жыл!.. 4 Қосына қайтып келе жатқан Есенейдің есіне тҥсіп, кӛз алдынан тағы бір ӛткен ҥлкен оқиғалардың ҧзын-ырғасы осы еді. Ол жылдары қамшысынан қан сорғалаған дер кезі болса, қазір алпысқа таяп қалды. Тәубага келер, зорлық-зомбылыққа ырық бермес кезі. Амалы қайсы, ӛзін оққа тосып, мҧны аман алып қалған жан досының паналап отырған жеріне кӛз аларта келіпті. Не деген ҧят, қандай ӛкініш! Қосалқы атын айыпқа тартқады батырдың кӛңіліне дақ қалдырмай жҧбатар ма, жоқ па! Ертең ӛзі барып ӛкінішін айтып ӛтіл сҧрар-ау, сонда да ӛулекі аңшы Мҥсірепке сеніп қалып едім деудің ӛзі қандай ҧят! Қос тіктірген кӛлдің қҥнбатыс, оңтҥстік жақтарын орап кеткен қайың мен терегі аралас қалың орман. Солтҥстік шығыс жақтары тал мен шілік араласқан шырша-шытырман ойпатта жатқан ӛзекті бойлап кеткен. Қамысы қалың, айдыны мол терең кӛлдің ортасы әлі қатқан жоқ. Келе жатқан қыс суығынан шіміркенгендей азғана дірілдеп қояды. Қыстап шығуға қандай қолайлы жер! Орман іші ӛріп жҥрген аң ғой. Суы қандай кӛк мӛлдір. Отыны да бар, панасы да бар. Артықбай батыр тым болмаса бір қос жылқыны қыстатып шығаруға ӛз аузынан ырзашылық етсе қандай жақсы болар еді. Есеней қосы деген екі ақ ҥй, ҥш қараша ҥйлер еді. Бәрі де тал мен шілік арасына, ығынға тігіліпті. Ағаш табанды шаналар, жегін саймандары ӛз алдына жеке қораланыпты. Есенейдің ӛзі жататын ҥлкен ақ ҥйдің екі босағасында екі ҥлкен арабы иттердің ҥйшіктері кӛрінеді. Иттер иесіне ҥрген де жоқ, еркелеген де жоқ. Ҥйшіктерінен інығып, бір-бір керілді де, иесінен бҧйрық кҥткендей аңырысып қалды. Іңір ауа Кенжетай қайтып оралды. Ие? "Мҥзбелді" апарып батырдың белдеуіне байладым. Батыр әбден ырза болып қалды. Не деді? Кім айыпты екеніне әлі кӛзім жете қойған жоқ. Ҧлпанжан бетіне адам қарсы келмей ерке ӛскен бала еді, кім білсін... Есенейдің айыбы болмаса, мырзалығы шыар. Алда разы болсын деді. _ Ӛзі қалай екен? Тӛсек тартып жататын болар? ~ Жоқ, есікті аштырып тастап жҥз қадам жердегі жуан теректі нысана қылып садақ тартады екен тӛсек ҥстінде отырып. Ертең сізді қонаққа шақырды. Несібелі жеңгесінің ыстық бауырсағын сағынатын уақыты да болған шығар деді. 20


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Есеней ішінен қияметтік қарыздар адамының ҥйіне ат ізін салмағалы он ҥш жыл ӛткенін есіне алды. — Басқа ешкім ештеңе деген жоқ па? Кенжетай тҥйіртпегі бар бір сӛзді айтқысы келмесе де жасыра алмады. —Әкесі қызына "балам-ай, айыпталып қалып атымды беріп кеттім деп, сен келіп едің, айыбым деп Есеней ӛз атын беріп жіберіпті... Тегі, мен бірдемеге тҥсіне алмай қалып жҥрмейін..." деп еді, қызы іліп әкетіп: —Ойдағы он ауыл Сибанның барлық малын айдап әкелсе де бір қыс асырап шығуға "Қаршығалының" шҧбары жетер еді. Жалғыз Есенейдің жылқысын асырап шығуға жеріміз жетпей жатса, айыпты болмақпыз ба? Мен соны айттым, әке... Асқақ сӛйлейді екенсің, шырағым, деп қалды біреуі... Мен дауласпай мойындап, айыбыма атымды бердім де жҥре бердім. Енді Есеней би менің атымды қайырып жіберсе, менің ақталғаным емес пе? Оның ҥстіне ӛз атын қосақтап жіберсе, айып менде дегені емес пе? — деді қызы. Әкесі: "болар, балам, болар" деп тоқтау айтпағанда қыздың айтары әлі де коп пе деп қалдым. — Ҥй іші қалай, жҥдеу емес пе екен? — Онша жҥдеу емес. Қатарлап жинаған қазынасы жоқ болғанымен бар-жоғы жинақы кӛрінді. Ҥйдің оң жағында кереге басына кӛлденең асып қойған ҧзынды-қысқалы екі-ҥш найза, бір-екі садақ, қынабында тҧрған қылыш, кісе... — Жарайды. Намаз оқылық. Кенжетай Есенейдің ӛрі атшысы, әрі имамы, анығырақ айтқанда сыбыршысы-суфлері. Намаз дҧғаларын ол Есенейге естірте айтып тҧрады. Есеней ішінен ғана кҥбірлейді. Араб тіліндегі дҧғаларға тілі де келмейді, жаттап та ала алмай қойды. Араб тіліңце тӛрт тҥрлі "з", ҥш тҥрлі "с", екі тҥрлі "х", екі тҥрлі "ғ" бар. Есеней мҧның бірін де дҧрыс айта алмайды. Сондықтан Кенжетай намазды Есенеймен қатар тҧрып, дҧғаларды Есенейге қарай бҧрылып, тҥгел естірте оқиды. Есеней қайталағанда да кӛбін әлденеменеге ҧқсатып жібереді. Есеней қазір діндар адам болғанымен бір кезде аса адуын, озбыр би болатын. Орыс шекарасын паналай отыратын Нҧралы деген момын елдің барлық жерін тартып алып, далаңқы жайлауға қарай айдап тастағаны барды. Момын ел қарғап-сілеп кеткен екен — келер жылы Есенейдің екі ҧлы қара шешектен бір кҥнде, бір сәттің ішінде бірге ӛліп кетті. Балаларын жерлеп қайтқан кҥні қара шешек Есенейдің ӛз денесіне де қаптап білініп келеді екен. щілденің қайнап тҧрған ыстығы еді. Ӛр кӛкірек батыр адам басқаларда жоқ ірі мінез кӛрсетті. Атына міне салып қозы кӛш жердегі "Әулие сор" атанған тҧзды кӛлге тыр жалаңаш періп кетті. Артынан келген адамдарға осы ара-га ҥй тіккізуге, сусын әкелуге бҥйрық берді де, суы жылы сор кӛлге кҥні-тҥні шомыла берді, шомыла берді. Корасан шыққанда дуылдап қышитын денені қасымауға шыдады. Бақсы-қҧшнаштарды да маңайына жолатқан жоқ. 21


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Сордың суында қорасанға дауа болғандай қандай қасиет бар, оны ешкім білген емес, әйтеуір Есеней бар денесіне бармақтай-бармақтай қара таңба тҥссе де аман қалды. Содан бері әйел де бала тапқан емес. Қорлықзорлық кӛрген Нҧралы елінің қарғысына ҧшырап ҧрпақсыз қалдым деп біржола сеніп болған. Бір бет, ӛр кеуде адам содан кейін намазға мойындады. Білмейтін, тҥсінбейтін істің айнымыс қҧлы болып кетті. Аңшы Мҥсірептің "Иесіз жатқан жерді бір қыс жайласаң болды, балаңның баласына дейін сенікі болып кете береді" дегені шаншудай қадалатын себебі де осыдан еді. Баласы жоқ адамға "балаңның баласына дейін" дегенді есіту әрине ауыр тимек. Есенейдің бҥгінгі намаздыгері намаз болмай шықты. Дҧға біткеннің бір де бірін ішінен болса да дҧрыс қайталай алган жоқ. Бҧрынғы білгендерін ҧмытып қалған сияқты. Ішкі сарайым таза, қҧдай ӛзі кешірер деді де, намазды шала аяқтап тҧрып кетті. Есеней бҥгін ерте жатты, кеш тҧрды. Бірақ ҧйықтай алған жоқ, аунақшумен болды. Кӛңілге бір алаң орнапты. Әлдене алыстан қылаңдағандай беймаза бір тынышсыздық бар. Есеней оны Артықбай батырға байқамай тізе кӛрсетіп қалғандығының ӛкініші болар деп жорып еді, бірақ іші оған сенер емес. "Ӛзінді-ӛзің алдама, Есеней, аярланба!"- деп тҧр. Кӛңілге бір ой кіргелі қылаңдап тҧр ма, қалай... Ой емесау, жанында бір әлденені алыстан сезіну бар... Ҧяларлық та, тҥптеп келгеңде қауіптенерлік те сезім сияқты. Есеней сол сезінуді белден белге ысырып тастағысы келеді. Ысырып тастадым білем деп, теріс аунап тҥсіп те жатты. Кӛзін де жҧмды. Қҧдайға да сиынды. Бірақ қыландаған сезім орала берді, орала берді. Ой кӛзінің алдына біресе ақ ботаның кӛзі келеді, біресе қардан ақ қара кӛз бедеудің ӛзі келеді... Жҥрегі жортқан аттай дҥрсілдей соғып, ҥлкен денесі қызынып барады. Сол бір ішкі тҥйткілден қҧтылам ба деп, Есеней жылқы қостарын қай жерге орналастырарын да ойлаған болды. Қыс бойы аң аулайтын иттері мен аттарын қайта-қайта тҥгендеп шықты. Бәрібір тыншыға алған жоқ. Артықбай батыр шойырылып қалғаннан кейін Есеней оның кӛңілін сҧрауға барып еді. Оған міне, он ҥш жыл. Есеней сәлем беріп ҥйге кіріп келгенде тӛрт-бес жасар қыз бала зәресі ҧшып, ҥйден шыға қашқан болатын. Сол бала ҥш кҥн бойы ӛз ҥйіне кірмей қойған. Босағадан сығалайтын да, қаша жӛнелетін. Ол Есенейдің Ірбіт базарынан қайтқаннан кейін досының ҥйіне артынып-тартынып келген жолы еді. Бір ат, екі қҧлынды бие жетелеп, бір нар тҥйеге шай, қант, ӛрікмейіз, киім-кешек, ҥй ішілік ӛр тҥрлі жиһаз арттырып әкелген. Сол ӛрікмейіз, танамоншақ арқылы бала қыз Ҧлпан Есенейге бір жетіден кейін әрең ҥйрілген. Тҥйеден ҥлкен адам, қалтасы толған ӛрік-мейіз, кәмпит... Ашуланбайтын, аз сӛйлейтін, жҧмсақ дауысты кісі. Бет-аузы капкара қара шҧбар болса да жақсы адам болып шыққан. Кҥнәсіз бала кӛп ҧзамай Есенеймен достасып кетті. Есеней намаз оқығанда арқасына асылып: 22


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Мен тҥйеге мініп кеттім! Әке, сен ҥйде қалдың! -деп айқай салып мәз болушы еді. Намаздың отыратыны, тҧратыны, иілетіні, бҥгілетіні, еңкейетіні, шалқаятыны бар, соның бәрі бала ҥшін қызық кӛрінетін. —Тҧр енді, отыр енді, шалқай, еңкей! - деп қанша әурелесе де "тҥйесі" кӛне беретін. Баласыз қалған адам бір сәтке бала қызығын кӛріп, іші елжіреп, баласы бар адамның бақытын сезініп еді. Екі ҧлы бір кҥнде қайтыс болғалы Есеней ӛз ҥйінде жас баланың даусын естіген емес, жас баланың иісі қандай боларын Әлдекім алдақашан айттырып, қҧда тҥсіп қойған болар-ау... Оған соз жоқ қой. Ит-ай, не деген мандайы жарылып туған ит еді! Қазақ бесігінде жатқан баланы да айттыра береді. Кедейленіп қалған батыр алдақашан қалың малын алып жеп те қойған болар. Ілешесі Несібелі сҧлу да сҥйкімді кісі еді, соған тартқан ғой. Мінезі де шешесіне тартса ақ жарқын, ашық, ақ коңіл болар. Ол бір таптырмайтын мінез ғой. Ӛзіне сәу-келе қаңдай жарасар еді! Кҥмістеткен сары ала тегене алдында, оюлы ожау қолында қымызды қалай сапырып отырғанын кӛрер ме едім бір... бір ғана! Ҥлкен ақ ҥйді жайнатып жіберер еді-ау!.. Қой деймін, кәрі бура, қой енді, басыңа бәле шақырма! Жеті жылдан бері бӛлек тҧратын әйелін есіне алды. Ие, Қанікей де сҧлу әйел еді. Байғҧс жеңілтектеу болды. Есеней би болған соң ол да озін би болдымға санап ел ішін бҥлдіріп болды. Атақты байдың қызы еді. Есенеймен арпалыса берді. Жыбыр-жыбыры коп, кекесіні кӛп адам еді. Ондайды ҧнатпайтын Есенеймен жиі-жиі араздасып қалып жҥрді. Ӛзінен туған екі ҧлы бір кҥңде қайтыс болғанын Есенейдің қҧдайдың қарғысына ҧшырағаны деп сенді де, қосыла қарғайтын болды. Аяғында еншісін бӛліп алып, Кіркӛйлек деген жерде бӛлек тҧрады. Қатал мінезді Есеней содан бері әйел атын ҧмытқандай, малымен, билігімен ғана айналысып жҥре беретін. Енді міне, кеудесіне бір сайтан кіргендей, тҥн бойы ӛзімен-ӛзі арпалысып, ҧйқы кормей шықты. Тәңірісі тәубеге кел-тірмесе, ҧрынбасқа ҧрынып қалар ма екен, қайтер екен... 5

Ертеңіне жылқыларын жан-жаққа таратып жіберді де, Есеней кешке карай Артықбай батырдың ҥйіне келді. Қасында "тҥрікпен" Мҥсіреп, Сәдір найзагер, қосалқы атын жетелеп жҥретін Кенжетай. Аңшы Мҥсірепті ертпей кетті. Артықбай батырдың қызына не дегенің есіңце ме? Сенің айыбыңды мен тарттым. Қар қалыңдаған соң бҥркітіңе бір-екі тҥлкі алдырып, Артекеңе байлап, аяғына жығылып, айыбыңды жуып қайтарсың. Бҥгін қоста қаласың. Сенің тартқан айыбың осы болады. Артықбай батыр қонақтарын бар бейілықыласымен қуана қарсы алды. 23


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Арыстаным-ай, ақ бейілім-ай, шойырылып қалған ағаң қалай есіңе тҥсті? Келші бері! - деп қуанышын да, ӛкпеназын да бірге бір-ақ айтып тастады. Есенейдің таяқтай-таяқтай қара-шҧбар саусақтарын ҧзақ қысып отырып, сҥйіп алып босатты. - Тҥрікпенімбісің, қысылмасым, саспасымбысың! — деп Мҥсірептің қолын да ҧзақ қысып отырып, кӛзіне жас алды. - Жҧрт Есенейдің жанын алып қалған Артықбай десе, мен Артықбайдың жанын алып қалған сен деймін, ақжолтайым. Қарт батыр Стап дәрігерханасында жатқан алты айдың ішінде Мҥсірептен корген аз-маз қайырымдылықты есіне алып отыр. Ҧмыта алмаған екен. Стапқа ауылы жақын Мҥсіреп Артықбайға жетісінде бір рет ассу жіберіп тҧрып еді. Әскерлік дәрігер біз қолдан келерді істеп болдық дегеннен кейін қақап тҧрған суық қыста батырды ҥйіне жеткізіп салған. Ақ кӛңіл батыр сонда айтқан алғысын қайталап жатыр. Артекең Сәдір батырмен ерекше сағынышты амандасты. ~ Батырым-ай, оқ ӛтпесім-ай, найзагерім-ай, сені де кӛретін кҥн бар екен-ау!.. Сен ит, он бес жыл бойы неге ат ізін бір салмай кеттің? Ӛліп қалған шығарсың деп жҥр едім!.. Басқа қонақтар мҥгедек батырға еңкейіп сәлемдессе, Сәдір жер тӛсекте отырған шойнақтың қасына тізерленіп отыра кетіп, екі қолын бірдей созып еді. Мҥгедек батыр оны қҧшақтай алып, аймалап, арқасынан жҧдырықтай отырып: - Ит-ау, қайда жҥрдің, қайда жоғалып кеттің? - деп қайталай-қайталай айтып, ҧзақ босатпай қойды. Екеуі де еңкілдесіп алды. - Батыр керек, найза керек заман қалды ғой адыра, адыра қалғыр! Сәдір найзасын қҧрыққа айырбастап жылқышы болып кеткен, — деп Сәдір де ӛзінің Есенейдің қолына қарап қалған ит ӛмірінің арызын айтып қалды. Қонақтар Артықбайдың әйеліне де тҧра келіп, тҧрған бойларында қол алысып амандасты. Шешесінің қасында тҧрған Ҧлпанды кӛздерімен ғана жанап ӛтті. Қыз балаға одан артық кӛңіл аудару ерсілік болатын. Қыз да бҥлардың әрқайсысына кӛз қиығын серпе тастап, кезімен ғана амандасты. Сол қарасының озінде сирек кездесетін сҧлулық барын қонақтар тҥгел сезінді. Қара биесі жоқ ҥй - қымызы жоқ ҥй, сары биесіне - самауырға ҧмтылады. Ҧлпан сары жез самауырды кӛтеріп далаға шығып кетті. Амандық-саулықтан кейін Есеней оз кінәсін тезірек жуып тастағысы келіп сӛз бастады. - Артеке, сіздің бҧл араны мекендей бастағаныңызды білмей келіп ҧятқа ҧрындық. Бҧрынғы мекеніңіз бҧл жердей кӛп жоғары болушы еді ғой? - Ие, дҥзге жақын болатын... "Ақсуат" еді ғой. Биыл осылай қарай ауыстық. Жата-жастана естірсің, "Қҧдыққа қҧлан қҧласа, қҧрбақа қҧлағында ойнар" дегендей бір жайымыз болды. - Иесіз жатқан жер дегеннен кейін қалың шҧбарға қызығып келіп қалып едік, сіздің мекендеп отырғаныңызды естіген соң малдың жарым24


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

жартысын Қҧсмҧрынға қарай, жарым-жартысын ішке қарай аудартып жібердім. - Бекер-ақ болған екен. Кӛңіл сыйысса кӛлдің суы жететін еді ғой. - Жоқ, жоқ, Артеке! Есеней бір кезде жанын алып қалған батырының жерін тартып алыпты деген атаққа қалғым келмейді. — Есеней бір қыс қонақтап шығуға кӛңіл етіп келген екен, кәрі шойнақ от басынан орын бермепті деген атаққа мен қалып жҥрсем қалай болар? Сізге сӛз келтірмеймін ғой, Артеке... — Тым болмаса бір қыс дәмдес болып, бой жазып калсын десен шойнақ ағаңды шанаға салып алып, қасқыр қуғаныңды кӛрсет. Мен ҥйкҥшік болып қалып, дала кӛрмегелі он бес жыл... Қосыңды әкеліп ҥйдің қасына тіктір. Осымен екі жағы да бірін-бірі ҧғынысып болды. Жер жайына енді орала қалса, екі жағына да ҧят болар еді. Бір қос жылқының осы арада қыстап шығарына Есенейдің кӛзі жетті. Есеней қосы қасында болса, тоқшылық боларына Артықбайдың кӛзі жетті. Артеке, садақ-найзаларыңызды әзірлей беріңіз. Қыс бойы қасқыр қуармыз. Есікті ашып қойып, садақ тартып нысана атады екен деп естідім. Қҧдай бйырса, қарауылыңызға қасқыр да бір ілінер, - деді. — Есеней-ау, басқа ермегім қалды ма менің? Найза-ларымды қайрап, оқ жонып ермек етем. Маңайда жан жоқта нысана атам. Кейде оғым нысанаға дәл тиеді, кейде жосып айдалаға кетеді. Биыл қыс баяғыны тағы бір қайталармыз ендеше. — Алда разы болсын! Қонақтар келіп тҥскен бетінде аттарын кез келген ағашқа байлай салып еді. Сол есіне тҥсіп Кенжетай далаға шықты. Аттарды ықтасынға апарып байлағысы келді. Екінші бір ҥйден қайнаған самауырды котеріп ӛкеле жатқан Ҧлпанды кӛріп: "самауырды жерге қоя тҧршы, қарағым. Ҥйге мен кӛтеріп апарайын" деді қызға тым тез жақындай беріп. Ҧлпан самауырды жерге қойды да: Жігітім, сен маған қарағым деп сӛйлеспейтін бол. Менің Ҧлпан деген атым бар. Қазір шай ішіп болған соң, анау бір қалыңның ар жағындағы алаңда арқандаулы кешегі кҥнге дейін ӛзің жетелеп жҥрген торы ат тҧр, соны әкеліп ерттеп қой. Ер әне жатыр. Енді самауырды ҥйге алып кір... - деді. Кенжетайды ықтата-ығыстыра айтты. Самауырды ҥйге Кенжетай алып кірді. Ҧлпан соңында келеді екен. Есенейдің іші Ҧлпанды Кенжетайдан қызғанып бір қалды. Байдың мырзасындай жақсы киіндіріп Қойған кескінді жас жігіт қызбен тіл табысып қала ма деп қызғанды. Бірақ Кенжетайдың жҥзінде қыздан ығысқандық белгісі ғана бар еді. Кенжетай қыз бҧйрығын орындауға шайға қарамастан қайта шығып кетті. — Аттарды бір ықтасынға жайғастырып келейін... 25


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Есеней мырза, азғана сауын бие ағытылғаннан кейін мына самауыр деген пысылдақ сарыға қарап қалғамыз. Жарықтық ертелі-кеш иеді де тҥрады... - деді Артықбай. — Қа-те-н! Сары биенді жебей сауғайсың. Есеней: "Шыдай тҧр, шалым, қыс бойы қымыз ішкізермін" деп қала жаздады да, сӛздің бетін шайға бҧрып кетті. — Е, шайға ҥйреніп болдық қой. Бҥл қҥрғырды қанып ішпесең, тіпті басың ауыратын болды. Бермесеңіз сҧрап ішетін едік. Несібелі жеңгеміздің ыстық бауырсағын сағынғанымыз да рас,- деп Есеней кеңкілдей кҥлді. Әрине, басқалар да кҥлді. Шайды іше отырып, қанша қарамайын десе де, Есеней кӛзін қыздан аудара алмай қойды. Басында кҥрең барқытпен тыстаған қара елтірі бӛрік, ҥстінде сол кҥрең барқытпен тыстаған жеңіл пҧшпақ ішік, кҥрең барқыт шалбар, белінде кҥміс жапқан қаптырмалы былғары белдік. Аяғында биік ӛкшелі шоңқайма етік — "қосай қалош", бәрі де сандық тҥбіңде жататын "бір киер" екені танылып тҧр. Бәрі де шеше қолынан ӛткен... Шай қҧйып отырған қыздың он саусағы мен беті ғана кӛрінеді. Сҧлулығын да, балғындығын да паш етпей тежеп ҧстайтын қыз болу керек. Әлде сҧңғыла қыз жасыра ҧстаған сҧлулықтың ӛлтіре кызықтыратынын біле ме екен?.. Уысың толар жуан бҧрымының астынан мойны ағарандайды. Ҥлбіреген ақ саусақ емес, әрі іске ҥйреніскен қолдары сенімді де оңтайлы қимылдайды. Есеней қыздың кӛрінбесін кӛріп, тінте қарап отыр. Баяғыда қҧмырсқа шаққан арқасы кӛз алдына келді. Мақпал қара меңнің тҧсына да едәуір айналақтап қалды. Қыз ӛзі де сҧлу, бірақ Есеней оның сҧлулығын да, мінезін де, ақылын да ӛз ойындағы оқ жетпес биіктен асыра кӛріп отыр. Тҥн бойы "қҧтырма, қара бура, қҧтырма!" деп шығып еді. Сол тәубесі қазір де есінде. Ішінен айтып та қояды. Амалы не, ӛзіне де, кӛзіне де ие бола алар емес. Бірекі рет Артық-байдың сҧрауларын жауапсыз қалдырды. Есенейдің кӛңіліне ҥлкен бір ҧйтқу кіргенін қыздың шешесі Несібелі байқап қалды, Мҥсіреп те сезінді. Тек, қыз жҥзіне елең кірген жоқ. Шай ішіліп болған соң самауырды орнына қойды да, Ҧлпан шығып кетті. Ҥй іші ажарынан айрылып, сҧрғылт тартып, жҥдеп калды. Осындайда аузыңа жӛні бҥтін сӛз тҥспегені жаман... Кеше жігіт болып келіп бҥларды ҧялтып кеткен қыздың ерке қылығын айтып езу тарттыруға болатын еді ғой! Қыз сонда қандай мінез кӛрсетер еді? Мҥмкін, қыз аузынан тағы бір қызық сӛздер шығар ма еді, әлде қайтер еді... Ең болмағанда кӛзін жарқ еткізіп, серпе тастап тура бір карамас па еді!.. Таудай Есеней би бола тҧра осындай оп-оңайдың ретін таба алмағаны несі? Әлде алпысқа таянып қалған жасы кҧртыр бӛгей берді ме? Ҧлпан кӛпке дейін оралған жоқ. Енді оны осы ҥйге еріксіз сҥйреп, тезірек қайтып әкелетін бірдеме ойлап табу керекті. — Кенжетай, сен батырға бір әдемі жыр айтып берші! — деді Есеней. — Е, бәрекелді! — деп Артықбай да мақҧлдады. 26


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Бҧл ҥйде домбыра да болмай шықты. Кенжетай қамшысын екі бҥктеп "домбыра" етті де, "Сҧлушаш" жырын айта жӛнелді. Бәт қҧндыз кыз балаға жарасқандай, Тҧман жоқ ер жігітке адасқандай. Саласын Сартоғайдың мекен еткен Бар екен Қантай атты бір асқан бай. Сҧлушаш Қантай байдың жалғыз қызы Сипаты хор қызымен таласқандай... Қоңыр дауысты Кенжетай сӛз ырғағын, ой салмағын орынды-орнына қойып баппен айтады екен. Қантайдың байлығын, әсіресе қызының кӛркін шар айнаға тҥсіргендей Қҧлпыртып жырлады. Сҧлушаштың айттырып қойған кҥйеуінің басы таз екен. Сҧлушаш оған барғысы келмейді, жиіркенеді. Безініп болған. Әке-шешесі қиналыста. Қалың малын алып қойған. Қызына да жаны ашвды. Қыздың Алтай деген сҥйген жігіті бар. Ол - бай баласы емес, еті тірі, талапты жіпт. Жыр бҥл екеуін қосуға бейімдейді де, қоса алмайды- Кенжетай осы жерінде әлденені ӛз жанынан қосқысы келгендей қызынып алды. Қыз қайғысын тыңдаушылардың ой-санасына шегелей жырлады. Қайтады кҥз болғанда қараша қаз, Айттырған Сҧлушашты сҧр қасқа таз. Қайғысы қара нарға жҥк болғандай, Мал алған кызын сатып әкесі мәз! Осы тҧста Артықбай батыр ӛз басындағы қайғысынан хабар бергендей болып: Қыз баланы қор қылатын ӛзіміз ғой,- деді. Ауыр кҥрсініп қалды. Даладан қатты шапқан ат дҥбірі естілді. Ҥйдегілер елеңдесіп біріне-бірі қарады. Жыр да тоқталды. Кеп аттың дҥбірі жақындап келеді. Иттер азанқазан. Гҥжілдескен еркек дауыстары естіле бастады. Кенжетай кереге басында кӛлденең асылған найзалардың бірін ала сала аттарына қарай жҥгіре жӛнелді. Ауыр денелі мосқал батыр Сәдір де бір найзаны қолына алып жӛнеле берем дегенде, аттарынан топылдай тҥсіп осы ҥйге қарай жҥгірген адам дыбыстарын таныды да тоқтап қалды. Алдымен ҥйге Ҧлпан жҥгіре кірді. Ҧялғандай кҥлімсіреп әкесінің бас жағына барып керегеге соғылып тоқтады. Оның артынан іле-шала ҥш еркек кірді. Алдымен кірген тҥлкі тымақты мысық мҧрт жалынымен шаңырақты жалағысы келгендей лапыддап жанып тҧрған отқа соғылардай болып аптығып тоқтады да, артында келе жат-қан екеуіне: Сҥйреп әкетіңдер! Әне тҧр! - деп Ҧлпанды нҧсқады. -Әй, сен кебіс ауыз, кімді сҥйреп әкетесің? Кӛзіңе 27


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

қарашы! - дегенде Сәдірдің найзасы мысық мҧрттың иегіне тақалып та қалып еді. Қайрап қойған найза ҧшы аузынан кіріп, желкесінен шыққалы тҧрғандай екен! Жігіт қақалып қалғандай сӛйлей алмай қалды. Отыр! Жігіт отыра бергенде, Сәдір найзаның ҧшымен оның басындағы тымағын тҥйреп алып, отқа тастап жіберді. Ҧлпанға қарай ҧмтылған екі жігіт те қызға қол тигізбей тоқтады. Сәдір ол екеуін де найзасының ҧшымен нҧсқап, алғашқының қасына отырғызды. Даладан тағы екі жігіт кірді. Жалғыз Сәдір найзасын жарқылдата сілтей тҧрып бес жігітті тҥгел от басына иіріп тастады. Біреуіне де найзасын тигізген жоқ. Кӛптен батырлық жыны қорланып жҥрген Сәдір Несібеліге қарап: Кӛген әкел! - деді. Кедейдің бар байлығы ҥйінің айналасында ғой. Несібелі жҥгіре шықты да, кӛгенді жылдам алып келді. Сәдір жігіттердің бас киімдерін лақтырып-лақтырып жіберіп, шетінен кӛгендей бастады. - Сенің басыңды отқа ҥйітіп тҧрып, қҧдай қосса ӛзім мҥжитін болармын! — деп әуелі ҥйге бҧрын кірген мысық мҧртты кӛгендеді. - Сен де бір жонданып кеткен неме екенсің, қҧдай қосса қырық қамшы дҥрені ӛзім соғатын болармын! - Сен қара жапалақ, ҥйіңде отырғанда қандай мықты екенсің, ӛ? Осылай әрқайсысына бір мысқыл айта жҥріп, жігіттерді кӛгендеп болды да, кӛгеннің екі ҧшын екі жақтағы керегеге керіп тастап, ӛз қылығына ӛзі масаттанып тҧрып қалды. Найзасына сҥйеніп, қозыдай кӛгенделген-дерге жоғарыдан қарап тҧр. Енді Есеней бидің кесімін естисіңдер! Жігіттер тӛрде отырған дәу шҧбардың Есеней би екенін енді біліп, майлы қасықпен тӛбеге ҧрған мысықтай жым болды. Жаугершіліктен, ҧрлықтан қолға тҥскен адамдарды әуелі кӛгендеп алып қорлау - қорлаудың да ауыр тҥрі. Бҧл кезде қалып бара жатқан ескілік. "Кӛгенге тҥсіп" қайтқан жігітте қадір-қасиет қалмайды. Сӛдір мына жігіттерге сол қорлықты кӛрсетіп жатыр. Сәдірдің "кебіс ауыз", "қара жапалақ" дегендерінде де мән бар. Жекпежекте болсын, соғыста болсын, қарсыласқан жауыңды солай бір мазақтап, қорлап алсаң оңай ашуланады. Ашуланған адам ҧтылмай, жеңілмей қоймайды... - Бҧларың кім ӛзі? Танисыз ба? — деді Есеней Артықбайға қарап. - Кім болсын, қҧдаларым болады,- деді Артықбай. -Біздің ҥйдегі "Сҧлушашты" айттырган қҧдаларым,- деп Қызына бір қарап қойды.Кедейлік не істетпейді, Бағлан аузында отыратын бір саудагер Тҥлен дегенмен қҧда болып едім. Баласы таз ба, мерез бе, білмеймін, әйтеуір, Ҧлпанжан кҧлантаза безініп кетті. Шойнақ шалды басынып, алып қашуға келгендерін кӛрмейсің бе! - Артықбай тағы да ауыр кҥрсініп тоқтады. 28


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Болды, Артеке, болды. Ар жағын айтпай-ақ қойыңыз. Кӛріп отырмыз. Сәдір, сен мына қҧдаларды қосыңа апарып қондырып шығарарсың... Кенесары лаңынан кейінгі он бес жылдың ішінде Сәдірдің найзасы жарқылдаған кҥні осы ғана. Сол он бес жылдың ішінде қойдай кӛгендеп тҧтқын ҧстағаны да осы. Алақан қышуы әлі басылған жоқ. Есенейдің кӛзінше қол іске бара алмай, найзасына сҥйеніп, зығырданы қайнап тҥр еді. Есенейдің бҧйрығына қуанып кетті. Қҧдай қосса қосқа апарып қамаған соң бір-бірлеп шығарып алып дҥрелейтін болар. Бидің кесімі кезінде бола жатар, оған дейін кҥздің ҧзақ тҥні Сәдірдің сайрандауына мол жетеді... Сәдір кӛгендеп алған жігіттерін ағытып, жайдақ атқа екі-екіден мінгізді. Ер-тоқымдарын қолдарына қҧшақтатып қойыпты. Ҥйге бес жігіт кірсе, далада аттарын ҧстап тҧрған тағы екі жігіт бар екен. Сонымен, алтауын ҥш атқа мінгестіріп, аттардың шылбырын бірге тҥйіп жетінші жігітке ҧстатты да, айдап жҥре берді. Ҧлпанды айттырған кҥйеуі Тҥленнің баласы Мырзаш деген жігіт алдыңғы жылы бір келіп кеткен. Даланың жҥпар иісі аңқыған жазғытҥрым еді. Ҧлпан қҧдайдың жазғанына мойын ҧсынып, ойында жақсы кӛру — жек кӛруден еш нәрсе жоқ, кҥйеуін кӛруге ғана ынтығып шымылдыққа кірді де, қашып шықты. Қыз мҧрнына келіп кӛрмеген жиіркеніш иістен жҥрегі айнып кетті. Жеңгелері әуелі қашанғы дәстҥр бойынша кҥйеу мен қыздың қолдарын ҧстаттыра беріп еді, Ҧлпанның алақанына ӛмір бойы жусаң да кетпес бір майлы жылбысқы жабысқандай болды. Сол жабысқақ қыз алақанының есінде әлі бар, Ҧлпан әлі жиіркенеді. Есіне тҥсіп кетсе қолдарын сабыңды кӛпіртіп тағы бір жуып алады. Содан кейін қҧдалардың арасы шалғайлана берді. Саудагер қу ҧл баласы жоқ шойнақ шалды басынып, ӛуелі қалыңға берген бес қҧлыңды биемді қайырып бер деді. Артықбай онысын дҧрыс кӛріп, кӛніп еді, бес биенің он жылдан бергі ӛсімін сҧрады. Оның ӛзі Артықбайдың маңдайына бітіп кӛрмеген кӛп жылқы болып шығады екен. Артықбай қалың малға алған бес қҧлынды биені қайырды да, ӛсім дауынан әлі қҧтыла алған жоқ. Аяғында алысырақ жерге кӛшіп кетіп қҧтылам ба деп еді, Тҥлен қу аяқ қыздың озін тартып әкетуге жігіттерін жіберіпті... Бҧл жанжалдың ҥстінен шыққанына Есеней қуанып отыр, Ҧлпанның басы бос екен! Ертең айып-қиыбын табандата салып, бет бақтырмайтын кесім айтады да, қҧдаларды айдап тастайды. Конбей кӛрсін! Ол аз болса, бір қос жылкысын сол Тҥлен қудың жеріне апарып қыстатады!.. Ҧлпан, басында кешегі тымағы, ҥстінде жеңіл ішіктің сыртынан киген тҥйе жҥн шекпен, орнынан қозғала алмайтын әкесіне қорғалаған кҥйінде ҧзақ тҧрып қалды. Қорыққаннан қуаң тартқан, қорыққанына ҧялғанынан кҥлімсіреген қалпы бар. Кҥндегі әдеті бойынша іңір кезінде азғана жылқысын шарбаққа әкеліп қамап, таң ата ӛргізіп жіберуші еді. Кенжетайға ат ерттеуді тапсырғандағы себебі сол болатын. Ҧлпан жайылып жҥрген жылқысын жинай бергенде, ағаш арасынан екі салт атты шыға келіп: 29


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Бҧл кімнің жылқысы? — деп сҧрады. Біздің ҥйдікі. Тҥнге қарай ағаш арасынан шыға келген адамдарды ең берісі ҧрыға балап, Ҧлпан жылқысын қиқу салып қуа жӛнелді. Қыз даусы танылып қалды. Ағаш арасынан: — Сол! Соның ӛзі! Ҧмтыл, ҧста! — деген дауыстар жақындай берді. Онсыз да сақтанып келе жатқан қыз, жылқысын тастай беріп ауылына қарай бір-ақ тартты. Арт жағыңца қуғын-шылар, Ҧлпан олардан ок бойы бҧрын келіп жетті... Сәдір жігіттерді айдап әкеткен соң, Ҧлпан окесінің қасына отыра кетті де жылай бастады. Қонақтарына арызын айтқаңдай оксіп жылап отыр. Не деген қорлық! Бҧл кҥнге дейін ешкім бетіне қарсы келіп кӛрмеген, ерке оскен Ҧлпан малға сатылып кете беретін кӛп қыздың бірі екен-ау! Ҥйде қонақтар болмаса ғой әлгі жігіттер мҧны байлап-матап алады да кетеді. Апарады да, сасық Мырзаштың қойнына салады. Содан соң жата бер іріп-шіріп... коне бер, еле бер... Ҧлпанның тҧла бойы тітіркеніп кетті... бала мінезді болушы еді, қатты қорыққан екен, жас балаша жылады. Ерке болса да ер мінезді болушы еді, қорланып жылады. Ҥйіне қадірлі қонақтар келген кҥні ҧятқа ҧшырап қалдым-ау деп, ҧялғанынан жылады. Есеней Мҥсірепке қарады. Бірдеме айтып уатсаңшы Дегендей еді. Мҥсіреп бірдеме айтуға озі де асығып, Есенейдің иек кӛтеруін кҥтіп отыр екен, сӛзін тез бастап кетті: - Қарағым Ҧлпанжан, басыңа тҥскен бір бәледен қҧтылдың. Енді біржола қҧтылдың. Жылама! Бҧл ҥйге деген ниетіміз таза екен, қорлықзорлықтың ҥстіне кездестік. Енді ол бәле сенің басыңа қайтып оралмайды. Артекем мен Несібелі жеңгемізден туған жалғыз асыл перзентін қайда жҥрсек те қорғап жҥрерміз. Ешкімнің тісі бата алмас бҧл ҥйге. Бағың ашылар, қарағым. Теңіңе кездесерсің ӛлі, жылама... - Бҧл арада қырық ҥйге жақын Кҥрлеуіт бармыз... -деді Артықбай.Жазға қарай бір ауыл болып отырамыз да, қысқа қарай ағаш-ағаштың қойнауын қуалап, қалыңын паналап бытырап кетеміз. Бҥгін сендер келмегенде кҥніміз қараң еді. Есеней, сен жылқыңды ешқайда аударма... Ӛз қосыңды қасыма әкеліп қондыр... - Артеке, сіз нені қаласаңыз да қолыңызды қақпаспын. Бірақ енді қҧдаңнан қауіп етпей-ақ қойыңыз. Мен қосымды сол қҧдаңның ауылына жақындатып апарып қондырсам қалай болар деп ойлап отырмын. - Ойбай-ау, онда саудагер сҧмды біржола тҥралатып кетесің ғой!.. - Тҧраласа жатсын!.. Лҧқсат етсеңіз Сәдірдің қосын осы маңайга кӛшірер едім... Жылқыңызды Сәдірдің қосына қосып жіберсеңіз, Ҧлпанжан да қысқы суықта тҥнделетіп шапқылап жҥрмес еді. - Болды, Есенейжан, болды. Маған Сәдірден артық жолдастың керегі жоқ! 30


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан осы арада ғана езу тартты. Қонақтар кешкі тамақтан кейін аттанып кетті. 6 Сәдір баяғы тҧтқын дәстҥрінің бәрін істегісі келіп, қыз алып қашуға келген жігіттердің қоддарын артына байлап, Есенейдің қосына жаяу айдап әкеле жатыр. Бәрі де жалаң бас, бас киімдерін қойындарына тығып берген. Сәдір ӛзі ат ҥстінде, найзасы қолында, қасында Есеней жіберген Кенжетай бар, ол да салт. Керей - Уақ кекеку, Сҥйір батыр текеку! - деп ай-қайлап қояды Сәдір. - Керей - Уақпен кектессең, Сҥйір батырдың тепкісін кӛресің! - дегенді естіп пе едіңдер, қаракшы иттер? Жігіттерде ҥн жоқ. Тҥн бойы едәуір қалыңдап қалған кӛбік қарды етектерімен сызып бҧлтаң-бҧлтаң етіп жҥріп келеді. Қарындары ашқан. Аздап қамшы жеген. Есенейдің ҧрыға қаталдығын да естіген. Қорқып келеді. Қап, Стапқа да мен айдап апаратын болдым-ау!.. Кҧдай қосса Стапқа жеткенше қҧлақтарыңды беріп қҧтыларсыңдар. Стапта қҥлақтарың жазылғанша екі ай жатасындар. Темірді қып-қызыл қылып қыздырып, мандайларыңа "қарақшы" деген таңба басады. Қҧдай қосса оны мен басатын болармын... Содан соң қой, қош аман бол, "Итжеккенге" дейін орыстың уряднигі айдап апарады. Сәдір мҧны жігіттерге тҥн бойы кӛрсеткен азабын Есенейге айтып қоя ма деп қоқан-ноқылап келеді. Керей - Уақ кекеку, Сҥйір батыр текеку!.. "Итжеккенге" дейін екі қыс, екі жаз жаяу айдаласындар... балпақтай балпаңдамай басындар аяқтарыңды! Есенейдің қосы Сәдірдің қосынан алые емес еді. Сәдір жігіттерге осы ӛсиеттерін айтып болғанша келіп те қал-ды. Жігіттер Есенейдің ҥйіне кіре бере етпеттерінен тҥсіп, бір-бір қҧлап қҧлдық ҧрды да, содан кейін есік алдына ғана тізерленіп отырып қалды. Енді кете бер, қосыңды кӛшір! - деді Есеней Сәдірге. Сәдір шығып кетті. Жылқышы емес, жауынгер бола калган екен, тез шығып кетті. Ие, сендер кімсіңдер? - Керейіңбіз, аға сҧлтанымыз, Керейіңбіз ӛзіңіздің... Бағлан аузында отыратын. - Кеше Артықбай батырдың ҥйіне алдымен кіріп едің... Сен кімсің? - Тҥлен деген кісінің ҥлкен баласымын... ӛз атым Мырзагелді. Е, жесір сенікі екен ғой? Ие, тақсыр... Інім балажасынан сырқаттау болушы еді... Қысқа қарай тіпті жҥдеп бара жатқан соң кӛңілін кетереміз бе деп, қалыңдығын әкеліп берсек деп келіп қалып едік... Жігіттің тҥн бойы ойлап тапқан айласы осы-ақ. Інім ауру десем Есенейдің кӛңілі жібір, аяушылық етер деген. ~ Ауру адамға қатын әпере ме екен? 31


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

~ Кӛңілі кӛтеріле ме деген ҥміт қой... қалың малы тҥгел тӛленіп қойған соң жесір біздікі деп ойлағандық Кой. —Бергеніңді қайырып алыпсың ғой! —Ӛсімін ала алмай жҥр едік... Былжырап сӛйлегенімен жігіттің ойында қанша арам-дық барын Есеней оңай тҥсінді. Қазақ айласының қҧйрығы бір-ақ тҧтам. Інісі ӛлім алдында екен... Қалыңдықты бір әкеліп алса, ол сорлы қыз "іні ӛлсе ага мҧрасы" болады да қалады емес пе? —Бҧл ақыл әкең Тҥлендікі ме, ӛзіңцікі ме? —Әкемізге білдірген жоқ едік... — Ендеше қайта беріңдер. Стапқа айдатпай-ақ қояйын. Артықбайда қалған малым бар десе, әкең ӛзі келсін маған. Болмаса қыс ортасы ауған кезде бір қос жылқыны сол маңайға аударғалы отырмын, сонда кездесер... Кенжетай, қолдарын шешіп, босатып жібер! Жігіттер Есенейге қайта-қайта бас иіп, шығып кетті. Кҥн кешкіріп қалыпты. Ӛздері де аш, аттары да дір қалтырап кеше тҥнде байланған жерінде аш тҧр... Қосын жығып Артықбайдың қасына кӛшіргелі жатқан Сәдір бҧларға әлі ызғарлы қарап тҧр. Кейде Есенейдің осындай аяушылық ететіні де бар!.. Тым болмаса дҥрелетпегенін кӛрдің бе!.. Мырзагелдінің ойына аса ҥлкен қауіп кірді. Есеней бір қос жылқысымен келіп орнай қалса, одан артық жҧт болады деймісің! Енді Ҧлпаннан да кҥдер ҥзбестей не қалды? Тегі, Тҥленнің бар шаруасы шайқалып, толмай жатып тӛгілетін болар. Бес байталдың қҧны бір сайқалда несі бар еді? Әй, ол жай сӛз ғой, Ҧлпандай қатын қайдан кездеседі дейсің!.. Осы жолы алып кете алсам, бҧйырмаса да бҧйырып еді-ау!.. Оздері де, аттары да ашыққан жігіттер осы "Қаршығалы" орманының ішінде шетірек отыратын қҧдаңдалы тілдесінің ҥйіне қарай бет алды. Із тастап, алыстан орағытып келді. Ҧлпанды кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Тҥленнің әкесінің әкесі Тілепбайдың шешесінің сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың Қайыргелдісінің жиені Игенбердінің немере қызын алып отырған Ырымбек ҥйінде екен... Артықбайдың ҥйі оңаша жерде екенін, қызының іңір кезінде ӛрістегі жылқыны шарбаққа әкеліп қамайтынын Тҥленнің ҥйіне жеткізіп отыратын сол Ырымбек еді. Ҧлпанды алып қашу - каздың балапанын ҧстап алудан да оңай деген. Кеше кешке Ырымбек қыз алып қаша келген жігіттерді ӛзі бастап келіп Артықбайдың бір ҥйір ғана жылқысының маңайына, ағаш ішіне жасырып кеткен. Жігіттер кызды қуа жонелгенде ол ҥйіне қарай тартып отырған. Одан бергі хабар барлық "Қаршығалыға" тарап кетті де, ЬІрымбекте ҥрей қалған жоқ. Ырымбек ҥйінен шыға келді де: - Ойбай, міне тоқтым, міне қазаным... алыңдар да жӛнеліндер. Мен енді қҧрыдым! — деді. Жігіттер де айнала беруге қорқып, Ырымбектің бергендерін алып кетіп қалды. Мырзагелді жай кеткен жоқ, боқтап кетті. 32


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Кӛзіңді ҧрайын, шошқа коз, Артықбайдың ҥйіне Есенейдің келіп жатқанын негып білмедің? Әке қҧлдық, жонел енді! — деді Ырымбек. Ырымбектің сонша сасқалақтағаны да жай емес еді. Ӛткен тҥні Артықбай шалдың ҥйінде болған оқиға таң атқанша "Қаршығалыны" қыстап отырған қырық ҥйлі Кҥрлеуітке тҥгел тарап болған. Бҥгін шалдың ағайын-туысқандары бәрі сонда. Апыр-ай, қҧдайдың сақтағаны-ай! - Есеней жарықтық келіп жатпаса ғой, Ҧлпанжаннан айрыламыз да қаламыз. - Несібелі апайдың кок қошқар сойып қҥрмалдық беріп жатқаны әбден дҥрыс екен... Басын Есенейдің озіне тартындар! - Ақсақал, сіз биыл бекер шетірек қыстадыңыз... Әлі де ортамызға келіп қонғаныңыз дҥрыс болар... - Озге создің керегі не, арада жҥрген бір арамы тілдес бар ғой. Соны тауып сазайын беру керек!.. Ырымбек кҥн бойы озі де сонда болып, осы создерді тҥгел естіп, жанынан тҥңіліп қайтқан. Әйелі әлі қайтқан жоқ. Оның алып келер қосымшасы тағы бар ғой! Жҥрттың естіген-білгендерін сауысқан шықылдап, Қарға қарқылдап ӛсіріп-ӛрбітіп әкеткен. ~ Есеней қыз алып қашуға келгендерге қырық қам-шыдан дҥре соқтырыпты. Қозыдай когендеп қойып маңдайларына қырықтық Қыздырып басып, "Итжеккенге" айдатайын деп жатыр Дейді. Қҧдай біледі, рас!.. Ӛзіміздің ішіміздегі арамы тілдесті бірге айдатса игі еді. - Есеней шалдың ҥйін бір қыс кҥзетіп шығуға Сӛдір деген батырын қалдырып кететін болыпты... Сәдір қосын Артықбайдың ҥйіне жақын тігіп жатқаны да рас еді. Сәдірдің қосы деген тӛрт қараша ҥй: ат баптарлар, қысыр сауарлар, ит, бҥркіт баптайтындар бәрі осында. Сәдірдің қасында он шақты жігіттері де бар. Енді Артықбай шал ешкімнен де қорықпайтын болды. Есеней ӛз қосын орнынан қозғаған жоқ. Бір сәтке Ҧлпанға кӛз тігуім обал ғой деп те ойлады. Мен жетпіске таянғанда, ол әрең-әрең отызға келеді. Сонда кҥнім не болар деп те қауіптенді. Ҧлпан басқа қыздардай: қҧдай қосты — мен кӛндім деп мәңгі мойын ҧсынып, мәңгі ҥн шығармай отырып қалатын жарға ҧқсамайды. Бҧл адал ойы, шыны еді. Әттең, ол ойы, ол адал шындығы намаз ҥстінде бҧзылып кетті. Таң намазын оқып отыр еді. Есіне бала Ҧлпанның арқасына келіп жабыса тҥсетіні келе қалды. Қандай жылы тиюші еді! Бҥкіл денесіне бҧрын сезінбеген бір жылылық тарап, балқытып әкететін. Мақпал меңі қандай жарасымды еді... Сол Ҧлпан осы кезінде арқама келіп асылар ма еді! Бір-ақ рет... Қандай ләззат лебін сезінер еді!.. Мен бірдеме білсем ағалы-інілі екі "тҥрікпеннің" екеуі де Ҧлпанға қырындайтын сияқты. Біреуі сҧлуша ғана жас жігіт. Ағасы 33


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

әлі кҥнге қатын алмаған сҧр бойдақ. Әсіресе ағасы қыз-келіншекке сайтаны бар адам. Бір кҥні: "Есеней, осы қызды маған айттырып бер" деп қалса, не айтам? Жоқ, мен осылай ойланып отыра берсем жынданып кететін шығармын. Аңшы Мҥсірепке еріп, тҥлкі аулап қайтайын. Есеней намазын шала оқып тҧрып кетті. Аңшы Мҥсіреп кешеден бері ӛлердей болып қорланып жҥр еді. Есенейдің аңға шығайық деген хабарын алған соң қайта қҧлпырып сала берді. - А, қҧдай бар екен!.. Мҥсіреп әлі ӛлген жоқ екен! -деді Сәдірге. Қасында он шақты жігіттері бар Есеней "Қаршығалы" шҧбарын кезіп кҥн бойы далада болды. Екі бҥркіт, тӛрт бӛрібасар Есенейдікі, екі сары ала "тҥрікпен" Мҥсірептікі. Есенейдің иттері әркімнен қалап алған ішінара араз иттер болса, Мҥсірептің екі сары аласы ҧялас, таласып кӛрмеген тату иттер. Бҥл екеуі атақты - асыл тҧқымды, аңшылык қанына сіңген пәлелер. Аңшылықты иесіне ӛздері ҥйретеді. Қасқыр мен тҥлкіні қай бҧрын кӛргені тура куып кетеді де, екіншісі алыстан бар лan тӛтелей, тосқауылдай жҥгіреді. Бірінің аты — Барыс, бірінің аты — Садак- Екеуі иесімен бірге бір қоста жатады. Есенейдің иттері әуелі шыға сала таласып алды. Таншадай дырау, қасқыр азу иттердің тістері қанжардай жарқылдасып кетті. Иттерде қай бҧрын жығылғанын талайтьш әдет бар. Тӛртеудің бірі шойырыльш тҧра алмай қалды. Ҥсті-басы қызыл жоса қан. Екі Мҥсірептің иттері сыйыса алар емес. "Тҥрікпен" Мҥсіреп қасына Сәдірді алып, ӛз иттерін ертіп бӛлініп кетті. Екі сары ала иесін ӛздері бастап, мал жайылған шиырдан алыстап шыққан соң ғана ауаны иіскелеп, кездесіп қалған іздерді иіскелеп ҧзай берді. Аңшы жҥрісі — ақырын. Аңшылар иттерінің қарасын ҥздірмей алыстан бақылап, жай жҥріп келеді. Қасқыр тҥс ауа кездесті. Шақырымдай жерден одырайып бір қарады да жӛнеп берді. Барыс тҧра ҧмтылды. - Таншадай екен. Арланы, арланы! - деп Сәдір де шауып жӛнелді. Садақ қасқырдың ойысқан жағына қарай жолын кесе, қиыстай тартып барады. Асықпай, ақырын шауып барады. Мҥсіреп ӛзі соның соңынан кетті. Аздан кейін Барыс та, Сәдір де қара ҥзіп кӛрінбей кетіп еді, Садақ бетін бҧрған жоқ. Сол кӛлденеңдей шапқан бетімен кете берді. Анда-санда қарғыпсекіріп қасқыр жаққа қарап қояды. Садақ қасқырдың алыстан сезілген иісін шалып келе жатыр. Иіс бір алыстап, бір жақындап қояды. Әуелі қасқырдың жай иісі келетін еді, бес шақырым шапқаннан кейін қасқырдың ӛз иісіне тер иісі араласа келді. Тоқ па екен, семіз бе екен?.. Бҧл кезде қаншық қасқырлар жалғыз жҥрмейді, бӛлтірігін ауыздандырып бірге жҥреді. Мынау, әрине, арланы. Арлан екені иісінен де танылып келеді. Қой жеген болар, қой ішінің иісі сезіледі. АпыРау, иіс қайда кетті? Жоқ қой! Садақ тағы біраз ҧмтыла шапты да тоқтап қалды. Білдім, білдім! Әрі қарай бҧрылған болды. Бәрібір жел сол жақтан. Қазір тауып аламын, қазір... 34


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Иесіне бір қарап кешірім сҧрады да, бҧрылып алып екінші жаққа қарай кӛлденеңдеп шапты. Ҧзамай шабысы да ҥдеп кетті. Атылып барады. Иесі де атқа қамшы басты. Мҥсірептің аты да алымдының бірі еді, бәрібір Садақ алыстай берді. Біраздан кейін Мҥсіреп жарты шақырымдай жердең алдын кесе ӛте берген қасқыр мен жақындап қалған Барысты кӛрді. Сӛдір қалып қойыпты. Қасқырдың ӛкпе тҧсынан кҥнге шағылысқан сарғылт жалын жарқ ете тҥсті де, қасқыр ҧшып тҥсті. Барыс та жетті. Апар-топар... — Айналайыным-ай, сары Садағым-ай! — деп Мҥсіреп те келіп қалды. Қасқырдың ҥсті-басы қызыл ала. Ішек-қарыны ақтарылып жатыр. Садақ қасқырдың алқымынан ала тҥскен бойы әлі мытып жатыр. Ішек-қарын Барыстың қолынан келген іс... Мҥсіреп Садақтың маңдайынан, желкесінен сипап: айналайыным-ай, сары Садағым-ай дей отырып, иттің аузын әрең аштырды. Жағы қарысып қалған екен. Мҥсіреп енді абайласа, Садақ осы араға жеткенше елу қадамдай жер бауырлапты. Таныс мінезі. Қасқырға кӛрінбейін деп істегені. Мҥсіреп мҧны бірінші кӛріп тҧрғаны емес. Қасқырдың ӛте берер тҧсына жер бауырлап кӛрінбей келіп жатады да, тҧспа-тҧс келгенде оқтай аты-лады. Екпінімен қасқырды алып ҧрады да, алқымына жармасады. Мыти береді, мыти береді. Ол екі арада Барыс та жетіп келіп, қасқырдың ішін жарып жібереді. Долданып жеткен бойы шаптан тҧмсықты салып жіберіп басын екі шайқады болды, іс бітеді. Қасқырды Сәдірдің артына бӛктеріп беріп, Мҥсіреп қосқа қарай бет алды. Артықбай ауылы бҧлардың қайтар жолында еді. Тҥспей кетсең де ҧят, қасқырыңды байлап кетпесең одан да ҧят. Мҥсіреп таншадай арлан қасқырды ҥйге сҥйреп кіріп: — Артеке, міне кӛкжалыңыз! — деді. — Ойбай, қатын, той қыл, қазан ас! Біздің ҥйге он бес жылдан бері кірген қасқыр осы! Кештетіп Есеней тобы да осы ҥйге келіп тҥскенде бітеудей сойып кергішке керіп қойған қасқыр терісі керегеге сҥйеулі тҥр еді. Ҥлкен екен. Тҧмсығы уықтың қарына жақындап, қҧйрығы жерге тҥсіп жатыр. — Тҥрікпен, Артекеңе қасқыр әкеліп байлапсың ғой! " деді Есеней. —Қолға тҥскені жалғыз осы болды. —Арланы екен, ҥйірімен ҥш тоғыз болсын, Артеке. Екі тҥлкіні қосақтай кӛтеріп, аңшы Мҥсіреп келді. Қайда әлгі ақ Ҧлпаным, ақ патсам! Бері кел, байлан мына екі қызылды. Салаумаликем, Артеке. Малжан аман ба? Қарағым-ай, кәрі ағаң айыпты болып қалды ғой... Міне, сол айыбым! Несібелі, денің сау ма? Мені мазақтап қой кҥнде бір кҥліп аласындар? "Кҥлсең кәріге кҥл" деген осы да. Ҧлпан кҥлімдей келin, екі тҥлкіні алды да: 35


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Айып біткен қайтарылып жатқан жоқ па, Мҥсеке?! Сіз бердіңіз, мен алдым. Енді ӛзіңізге қайтардым... Ӛзіңіз алыңыз,- деп қайта ҧсынды. Есеней тӛрге шығып отыра беріп: - Айып-қиыптың қайтарылмайтыны да, қайтпайтыны да болды,— деді. Онысы "Мҧзбел торы" ат қайтарылмайды дегенді аңғарту еді. Оның ҥстіне осы жолы Ҧлпанды қалайда бір сӛзге тартуды кҥн бойы ойлап келген. - Қайтып ҥйіріне косылғанды қайтарылды деп жатқаным ғой әшейін.— Ҧлпан кешеден бері ҥндемей жҥргенін ерсі кӛріп қалжыңдап еді. Есеней аз ойланып қалды да, Артықбайдың жылқысы "Мҧзбел торымен" бірге Сәдір қосына қосылғанын тҥсінді. - Ҥйіріне барып қосылса ҥйірін тҥгел ала кетейін дегені де! — деді. Бҧл не дегені? Қалың мал бергелі отырмын дегені ме? Осы шалда сондай ой да болар-ау! Қой, бҧл бетінен қайтарып тастау керек болар. - Біздің ҥйге ҥйірлеп келген малдың қайыры болған емес,- деді Ҧлпан. Даусына сезілер-сезілмес қатқыл ҥн қосты. Бҧлардың нені оспақтасып қалғандарын аңцай алмаған аңшы Мҥсіреп: - Ҧлпанжан, садағаң кетейін, айыбы қҧрсын, әкеңе байлағаным болсын. Ала қойшы, кҥнім! — деп сӛзді бӛліп кетті. Ҧлпан сол ойнақы кҥлімдеп тҧрған бойы тҥлкіні алды да, ас ҥйге шығып кетті. Шай ҥстінде тағы бір әңгіменің ҧшқыны Ҧлпанға соғып кетіп отырды. Есеней тобы бір маралдан айрылып Калып еді. Аңшы Мҥсіреп соны айтты. ~ Пай-пай-ой! Алтын мҥйіз ақ маралдың ӛзі екен! Есеке, сіздің иттердің ала ауыздығы болмағанда қҧтылмайтын еді. Әккі болған иттер бәрі бірге жапа-тармағай Ҧмтылмай тосқауылдап қуады. Сіздің иттер ҥшеуі бірге ҧмтылып, бірге болдырып, аяғында ӛзді-ӛзі таласып қалып, ӛрең айырдық. Әр жерден келген ит, ит болмайды. Артықбай шошып кетті. —Алтын мҥйіз ақ марал дедің бе? Ойбай, оны біздің ауылдың жігіттері кҥн бойы қуып әбден қалжыратып қамап тҧрғанда Ҧлпанжан айырып алып қалған... Байғҧс марал қалжыраған соң кӛлге кҥмп беріп тҥсіп кетіпті. Сол емес пе екен, Ҧлпанжан? —Сол болар. Ҧлпанның маралды айырып алып кдлғаны рас болатын. Жігіттер кӛлге тҥсіп кеткен маралды қалай ҧстаудың айласын таба алмай, Артықбай шалдың садағын сҧратып кісі жіберіпті. Ҧлпан әкесіне - берме! — деді де, атына міне сала шауып кетті. Ол Ҧлпанның анда-санда кӛріп жҥретін маралы еді. Қумайтын, ит айтақтамайтын қызға маралдың кӛзі ҥйренісіп келе жатқан. Кӛп жақындатпағанымен секіріп-орғып қашып та кетпейтін. Шілік жапырағын жҧлып алып Ҧлпаннан кӛзін айырмай сақ тҧрса да, қарап тҧра беретін. Ҧлпан кӛлге келсе он бес шамалы салт атты жігіттер кӛлді айнала қоршап алып, ит айтақтап шапқыласып жҥр екен. Судың суынған кезі, кӛлге ешкім тҥсе алмапты. Ҧлпан жігіттерді қуып жіберді. 36


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Немене, қырық ҥйлі Кҥрлеуіт, қырық жапырақтан бӛліп алайын деп пе едіңдер? Тиюші болмаңдар! Бҧл менің маралым! — деді. Жігіттер ҧялып, иттерін ертіп тарасып кетті. Аздан кейін марал да судан шығып, сілкініп алды да, қалың ағаштың арасына кіріп жоқ болды. Кҥн бойы адам баласынан қуғын кӛрсе де, Ҧлпаннан бҧл жолы да қашқан жоқ, сергек аяңдап жҥре берді. —Жарықтықтың кӛзі-ай, қап-қара... — деді аңшы Мҥсіреп. —Қара кӛз, ақ маңдай демейсің бе! — Мҧны Есеней ӛзі қыстырып қалып еді, Ҧлпанға тым туралап айтылғандай болып шыққанынан қысылып, "тҥрікпен" Мҥсірепке бҧрылып: —Сен бӛлініп кетпегенде ақ марал қҧтылмайтын еді! М дей салды. —Е, ол маған да кездесті. Жан-жануар болып жаралғанның сҧлуы екен. Елу қадам жерден шілік арасынан атылып шығып еді, қумадым. Ҧлпан алғысты кӛзімен Мҥсірептің жҥзін бір сипап ӛтті. - Мен иттерімді адал жан-жануарға ауыздандырмаи жҥрмін. Сонша сҧлу жаралғанды итке талатып, қанға бояп соғып алуды обалсынамын. Менің қҧмарым қасқыр мен тҥлкі ғой... "Шының ба? Неғып?" - дегендей Ҧлпанның азғана кҥлімдеген кӛздері жарқ етіп Мҥсірепке қарай тағы бір серпіліп қалды. Маралды мақтаған сӛздердің Ҧлпанға арналып жатқанын серілеу Мҥсіреп қолдады да, оны тҧз тағысындай соғып алуға қарсы екенін аңғартты. - Ҧлпанжан, сенің тілектесің де бар екен! — деп Артықбай қуанып қалды. - Оның ӛзін осы ауыл тҥгел Ҧлпанның маралы дейді. Бәрі кҥзетіп жҥреді. - Ойбай, ақ патсам, тимейін маралыңа, тимейін. Ендігәрі кӛз тіксем бесікте жатқан бӛбегімді кӛрмейін! — деп аңшы Мҥсіреп қарғана бастады. - Екі лағы мен енесі Тҧздыкӛл маңайында жҥреді,-деп Ҧлпан оны да ескертіп қалды. Есеней марал жайындағы әңгіменің басталып кетуіне қуанса да, аяқталуына наразы болып қоңырайып қалды. Алдымен ӛз ағайыны Мҥсірепке ӛкпеледі. Маралды қызға теңеп мақтай бермей, итке талатып... қанға бояп... соғып алған обал болады дегені қай сандалғаны? Әдейі мені ыза қылайын деп айтады. Тым болмаса бір кеш қызды айтып маралға теңеп, маралды айтып қызға теңеп ойнап-кҥліп отыруға болатын еді ғой. Ҧлпан да сӛзден қашайын деп отырған жоқ еді. Екі Мҥсіреп кезек-кезек киіп кетіп, сӛз аяғын қҧрдымға апарып жоғалта бергенін кӛрдің бе!.. Ӛзім де қҧдайға шҥкір, коп олақтың бірімін... Айып-қиып, ат жайы, марал жайы сӛз болды... Соның бірде-бірін не иіріп, не шиырып екете алмадым. Ҧстата бердім. Тегі, мен сӛздің ӛру, ӛрбітуіне кӛңіл қоймай, байламын айтып әдеттенген адаммын. Қызға сӛздің байламы не керек? Он кҥн ойлансам да келер бір кеште Ҧлпаннан басқатірі жанға сез бермей... Ҧлпан не айтса да қағып алып... біресе кҥлдіріп, біресе ойландырып... кейде тӛбесінен Шҥйілген қырандай... кейде оқтай қадалып... кҥйдіріп, жандырып... қайтармын. 37


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Есеней он кҥн ойланса да қызды кҥйдіріп-жандыратын еш нәрсе таба алған жоқ. Екі рет Артықбайды шанаға байлап-матап отырғызып аңға алып шығып еді. Оның қарауылына қасқыр іліктіре алмады. Бҥгін "тҥрікпен" Мҥсіреп ҥйіне қайтқалы жатыр. Ол кеткен сон, Есеней қосы тіпті меңіреу болып қалатын сияқты. Аңшы Мҥсірептің шатпағын Ҧлпан кҥле қарап тыңдайды. Ӛйтіп езу тартқанын кӛрсеткеннен кӛрсетпегені жақсы да... Оның сӛзіне кҥлмейді, ӛзіне кҥледі. Тегі Есеней - Есеней ғана бола алса керек. Басқа біреуге ҧсап сӛзшең болам, биязы болам, сыпайы болам десе — кҥлкі болатын жайы бар. Баяғыдан бері менің атағым Есеней болғандығымнан қадірленетін. Ендігім қай алжығандық? Жоқ, мен Есенейден басқа ешкім де бола алмаймын! Есеней еліне қайтқалы жатқан Мҥсірепті шақырып алды. — Бір қыс бірге болайық деп едім, кӛнбедің, сҧр бой-дақ... Себебің бар шығар, сҧрамаймын. Тек, менің соңғы бір қолқамды орындап бер. Бір кҥн аялда. — Жарайды, аялдайын. — Аялдасаң, қазір аттан. Артықбайға қҥда тҥсіп қайт. Неге шошып кеттің?.. Ҧлпанға Есенейдің кӛңілі ауып жҥр де. Мендей шалдардың талайыақ тоқал алады. Мен де ӛзіңдей сҧр бойдақ. Сен қатыны жоқ сҧр бойдақ, мен қатыным болса да он жылдан бері сҧр бойдақпын. Алпысқа келгенім жоқ. Керегі болып қалса қыздың ӛзіне де сӛйлесе кел. Сенің "Алғашқым" деген кҥйің болса, менің "Соңғым" дейтін кҥйім осы қыз — Ҧлпан. Қыз-келіншек легенде қырың сынып кӛрмеген боздақсың, кӛрсет осы жолы! — Жарайды, барып қайтайын. — Барып қайтпа, бітіріп қайт. Сибан деген бір рулы елдің ордасы бір кҥні біржола жабылып қалсын демесең, кӛңдіріп қайт! Есенейдің соңғы сӛзі Мҥсірепке ауыр тиді. Сибан деген жалғыз Есенейі болмаса ағаш-ағаштың қойнауын паналап бытырап кеткен әлсіз ел еді. Есеней кӛтерілгелі не бары он ауыл Сибан ел қатарына қосылды. Сол Есеней ҧрпақсыз. Туған-туысқандарында мҧның орнын басар ешкім жоқ. Ондай адам жалпы Сибанда жоқ. Оның ӛзге жағын бы лай қойғанда, екі ҧлы қайтыс болғаннан кейін біржола ҧрпақсыз қалғаны да Мҥсірепке қатты бататын деі. О да адам ғой! Ішінен Ҧлпаңды да аяды. Есеней канта ағайыны болғанымен қҧрығын Ҧлпаннан басқа біреуге салса да болар еді ғой! Онда ше? Ол қызға обал болмас паеді? Шіркін-ай, он ауыл Сибанның бір қатыны жесір отырмағанын кӛрдің бе!.. Іштей Есенейді де аяп, Ҧлпанды да аяп Мҥсіреп Артықбайдың ҥйіне келіп тҥсті. Ҧлпан ҥйіңде жоқ екен. Соны пайдаланып Мҥсіреп келген жҧмысын созбаққа салмай қыздың әке-шешесіне бірден айтып тастады. Есенейдің сәлемін тура жеткізді. Бояған да жоқ, бҧрмалаған да жоқ. Артекең ҥндемей тҧнжырап отырып қалды да, қыз шешесі Несібелі жылап ҥйден шығып кетті. - Осы, Артеке, келген жҧмысым. Не жауап қайырасыз?

38


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Ойбой, Мҥсіреп-ай!.. Есеней қадалса алмай тынатын ба еді! Ҧлпанымды мен бермеймін десем, Есеней кӛнеді деп отырмысың? Айтты, алдымнан ӛтті, болды емес пе, алмай тынбайды ол! - Олай болғанда сізді риза дейін бе? - Қайдағы риза? Енді сіз не айтты деп қайтам? - Ҧлпанның еркі ӛзінде. Ӛзімен сӛйлесе берсін деп айтты де. Ал, ӛке батаңды бер деген кҥні, жетпей жатқаны бата болса, бере салу қиын емес қой... Артықбай тағы да біраз ҥндемей қалды. Мҥсіреп те шал жауабының ӛзгерісі бола ма деп кҥтіп отыр. Шеше наразы, әке наразы. Осыны айтып барса Есенейдің беті бҧрылар ма? Жоқ, бҧрылмайды. Оған қыз наразылығы қосылса ше? Онда зорлауына қорлауы қосылады. - Мҥсіреп, мен сені жиырма жылдан бері білемін. Адалдығыңнан басқа сырыңды корген емен. Ҧлпанмен ӛзің де сойлес. Адал ақылынды айт. Әлгі мылжыңбай адасың таң атпай келіп Ҧлпанжанды тҥлкі аулауға ертіп әкетті. Барамыз деген жері Тҧздыкӛл... Осы ҥйдің есігі қай жаққа қарап тҧрса со л бетте. Мҥсіреп атына мінді де, Артықбай шалдың сілтеген жағына қарай жҥріп кетті. Ақырын жҥріп келеді. Ие, бҧл бір абыройсыз елшілік болғалы тҧр. Есенейге екі нәрсе ӛтпейді: оқ ӛтпейді, соз отпейді. "Сенің "Алғашқым" деген кҥйің болса, Ҧлпан менің "Соңғым" деген кҥйім" деді, болды. Ҧлпан бҥгін аса кӛңілді еді. Әкесінің азғана жылқысын Сәдірге қосып жібергелі бір жеті бойында атқа мініп далаға шығар, бой сергітер себеп қалған жоқ-ты. Жастық жалыыы лапылдап тҧрған сергек жанды Ҧлпанға ҥйде отырып қалу деген адам шыдай алмас азап екен. Бҥгің міне таң атқалы ат ҥстінде. Кҥн кҥлімдеп тҧрғандай ашық. Кӛгілдір аспан кҥндегісінен гӛрі кӛбірек кӛтеріліп кеткендей биік сезіледі. Тҥнде жауған ҧлпа қар барлық дҥниені ақ жібекпен орап алыпты. Жас қайындар ақ зелен жамылған ӛдепті келіншекке ҧсап тәжім етердей иіліп тҧр. Аққа оранған шілік тҥбінен дыр етіп ақ қҧр ҧшқанда бҧтаққа қонған ҧлпа қар оңай ҧшқындап кетеді де, ақ қҧр қанатынан шілік бҧтақтарына кір жҧғып қалғандай сезіледі. Далада ӛскен қазақ қызына жылдың тӛрт мезгілі ғана емес, әр кҥннің ӛзінде әлденеше мезгіл бар. Бәрінің де ӛз қызықтырары бар. Бір жҧмадай атқа мініп далаға шықпаған қыз, даласын сағынып қалыпты. Бҥгінде аңшы Мҥсірептің бҥркіті де кӛрінген тҥлкіні адымын аштырмай бҥктеп тастап жҥр. Бірақ бҥркітке тҥлкі алдыру деген онша қызық емес екен. Шабу да жоқ, қуу да жоқ. Мініп жҥрген "Мҧзбел торы" да наразы. Аңға шыққанда тақым жазып шаппаған соң оның несі қызық! Есенейдің ҥштен біріндей салмағы жоқ осы бір қыздың қор қылғаны-ай! Қолы қатты-ақ ӛзінің. Темір ауыздық болмаса кӛрсетер ем қалай шапқанды! Тақымыңның дал-далы шыққанша шабар едім... Аңшы Мҥсіреп кызық адам. Кейде ӛліп жаткан тҥлкімен ҧрсысып отырады. Сен немене, қызыл қандел, қара балақ сайқал!.. Қҧтылып кетем 39


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

дедің бе? Ҥйіне жетпей жатып сайқалдығын қарашы мҧның! Ит тҧқымын қазақ туғанына тоғыз ай толғанда "ҥйіне жетті" — ер жетті деп есептейді. Бҥркіт жоғарыдан сорғалап келіп шаншылғанда екі рет жалт беріп кетіп алғызбаған қаншық тҥлкіге аңшы сол ҧятсыздығын айтып ҧялтып отыр. Сенің шешең ғой, сенен де асқан зәнталақ... Аңшы содан кейін бҥркітіне ҧрса бастады. Сен немене, бҧдан бҧрын қаншық кӛрмеп пе едің? Кӛргенсің! Қашаннан бері айтып келем саған: қҧйрығын шаншып ала жӛнелгені тҥлкінің қаншығы болады. Оның басы қҧйрығының тҥп жағында емес, қалай қарай жҥгіріп бара жатса сол жағында. Қҧйрығының тҥп жағынан киліксен бет-аузыңа сарып кетеді. Сонсоң бір ай отыр ҥйде, әкең елгендей болып салбырап... Қарағым Ҧлпан, байлан мынаны... Жасамыс бір тҥлкіге ӛзінің әйеліне ҧрысқандай ҧрысхы. Мен сенімен бірге жасасып келем, сауыс-сауыс сары дамбал кӛрі сайқал! Саған не бар екен сонша бәлсініп. Кәрі Мҥсірептің кӛзіне ілінген екенсің, жата кетпейсің бе?.. Бҧдан әрі аңшының сапырынды сӛздерін естігісі келмей Ҧлпан ҥйіне қайтты. - Ағай, мен маралымды коре қайтайын деп едім... Ҧлпан маралдың ізіне тҥсіп келе жатыр еді, "тҥрікпен" Мҥсірепті сонадайдан таныды. Екі иті соңында, аяң-жортақпен ақырын келе жатыр. Басында қара елтірі бӛрік, қара қҧлын жарғақ, аяғын безеп басатын сал жирен ат Ҧлпанға әбден таныс болып алған. Ҧлпан қуанып кетті. Бҧл кісімен еркін қалжындасуға болады. Қақпан қҧрмай, қалтарыссыз-қалтқысыз сӛйлеседі. Жақсы кӛретінін жасырмайды да. Онысында қауіп-қатер де жоқ. Ҧлпан да оны жақсы кӛреді. Бҧл жақсы кӛрудің бір таза тҥрі. Екеуі де білетін, біріне-бірі айтпайтын, ӛмір бойына ҥнсіз кетер тҥрі. Ҥлкендік те, кішілік те бӛгет емес, басқа бӛгесін де жоқ. Мҧздай жақсы кӛру — қҧшақ қҧмарлығынан жоғары да таза тҧрады. Еркелете білетін аға мен еркелей білетін қарындас арасындағы жақсы кӛру сияқты. Неден екені, неден басталғаны белгісіз, Ҧлпан мен "тҥрікпен" Мҥсірептің арасы осылай бола бастап еді. Ҧлпан қатты шауып келген бойы: - Мҥсіреп аға, қасқырға тым кеш шығыпсыз ғой? — деді. - Қасқырға емес, саған амандаса кетейін деп келе жатырмын, қарағым. Ертең елге кайтатын едім. - Елге? Бізді осылай тастап кетесіз бе? - Тастап дегенің не айналайын-ау... Сені кім қиып тастап кетер! Ҧзамай қайтып келемін. - Берібір, бҥгін біздің ҥйде боласыз. Кетпейсіз. Мен сізге бір қҧшақ қурай кесіп әкеліп қойдым... Неше тҥрлісі бар! Кепкені де бар, шілік арасында балғын тҧрғаны да бар... - Болсын, Ҧлпанжан, болсын... - Ол кешке болады. Оған дейін қасқыр қуғанды кӛрсетесіз. 40


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- О да болсын... Қасқырдан қорықпайтын ба едің? - Сіздің қасыңызда жҥріп қорқамын ба? - Е, жарайды, қалқам... Бірақ, менің не айтқанымнан шықпайтын боласың! - Кӛндім, Мҥсіреп аға, кӛндім. Қҧлыңмын қҧлақ кесті... Мҥсіреп атынан тҥсіп, Ҧлпан астындағы аттың айыл тартпасын дҥрыстап тартып берді. Ҥзеңгі таралғысын азғана ҧзартып жатқанда, қолы қыздың аяғына тиіп кетіп еді, жып-жылы екен. Жылылық бҥкіл денесіне лап беріп еді, қолын тез тартып алды. - Ал, енді жӛнелдік. Екеуі желе-шоқыта қатар келе жатыр еді, Ҧлпанның кӛзіне маралдың жаңа ғана жҥрген ізі шалынды. - Мҥсіреп аға, маралымды кӛресіз бе? - Кӛр десең кӛрейін. Енді Ҧлпан алға тҥсіп кетті. - Шӛге, шӛге, шӛге!.. Марал шілік арасынан атып шықты да, ордаңдай жортып ашыққа шығып тоқтады. Бунақ-бунақ сарғыш мҥйізі кҥнге шағылысып, алтын қанжардай жарқырайды екен. Аңшы Мҥсірептің "Алтын мҥйіз ақ марал" дегені содан болу керек. Аппақ ақ марал емес, қысқа қарай ақ қылшықтанған, ақ маңдайланған, бозғылт. Марал Ҧлпанның таныс даусынан шошынбай-ақ кӛзге тҥсіп еді. Енді таң қалып, сескене қарап тҧр. Мына қыз да ит ертіп жҥретін болғаны ма? Пәлі, қасында еркегі де бар. Еркек біткен біздің жауымыз. Бір жақсысы иттерін айтақтаған жоқ. Мынау екі сары ала нағыз дал-далыңды шығыратын пәленің ӛзі болар!.. - Шӛге, шӛге, шӛге!.. Жоқ, бҥгін мен сен қызға еркелеп секіріп-қарғып ойнамасам керек. Тӛрт аяғым тҥгел ата женелгелі тҧр. Еркелесін десең жалғыз кел. Итіңді ӛкелме!.. Марал бір-ақ жалт етті де жоқ болды. Иттер оны кӛрді де малға санады, қуған жоқ - ешкі ме екен? Жоқ, теке болар... - Сҧлу-ақ екен! - деді Мҥсіреп. - Бҥкіл денесінде бір келіспей тҧрған жері болсайшы! Қандай жарау, қандай сымға тартылғандай сҧлулық. Осының сҧлулығына қызықпай, кӛзге тҥссе-ақ қуа жӛнелеміз. Сҧлуды сойып, етін жейміз. Ҧлпан қазақ жігіттерінің сҧлу деген қызға қандай ӛш болатынын айтқысы келді де, ӛз тағдырына тҧспалдаған болып шыға ма деп іркіліп қалды. Ӛз қара басы ондайға ҧшырамағанымен, жас кезінде сҧлу атанған жеңгелерінің бетіне кетпес кҥйе жағылып қалғандарын, қалай қор болғандарын білетін. Екі сары ала ит жер мен желді иіскелей жҥріп, иесіне бір-бір қарап қалды да, желге қарсы қаттырақ жҥгіре жӛнелді. - Ал, Ҧлпанжан, иттер бірдемені сезінді. Қазір бір жерден қасқырды айдап шығады. Сен қасқырды қуа жӛнелген иттің соңынан ере бер. Жарты 41


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

шақырымнан артық жақындама! Қасқыр ағашқа, не кӛлге қарай орал-са алдынан шығып, бетін бҧрам деп әуреленбе. Иттің сонында бол. Қасқыр он шақырымдай қашып барып ағашқа бҧрылады. Сол кезде бір жағыңнан мен де шыға келермін. Мҥсіреп пен Ҧлпан қатар шауып келеді. Қалың орманнан алыстап талды-шілікті ойпаттың арғы қабағына шыға бергенде, Ҧлпан Мҥсірепке жалт қарап: - Ойбай, аға, бір ит тҧрып қалды,— деді. - Ендеше ҧмтыл, шап! Сонау қылаңдап жалғыз кетіп бара жатқан сары аланың соңынан қалма! Ҧлпан қҧйындатып жӛнелді. Атпен бірге жаралғандай ҧшып барады. Барыс иесіне кӛрінбей кетті. Садақ қасқырдың иісін алыстан сезініп бірталай қиғаштап кетіп барады. Мҥсіреп соның соңына тҥсті. Садақ әшейін ойнап шауып келе жатқандай. Тәңірі деген қаншық әшейін!.. Жарау болар, қоян жепті. Бірақ Барыс біраз жҥгірер. Жақында ағаш та, кӛл де сезілмейді. Қаншықтың аты қаншық, қаша береді бетімен. Сол ит қаншық бҧлталакка салып, бір олай, бір бҧлай қашып әурелемесе жарар еді. Е, Барыс ол еркіне жібере қоймас. Қыз да жақын бара жатыр, Барыстың иісі мен қыздың иісі кейде бӛлек, кейде аралас келеді. Әй, қаншықтың иісі-ай, мҧрныңды жарады. Қыстың орта кезі болса қаншықтың иісі тіпті кҥндік жерден танылады. Сол кезде бір кездесіп кӛрер ме еді ӛзімен... Ҧлпан Барыстың соңынан манадан бері шауып келеді. Қаскыр мен иттің арасы едәуір жақындаса да әлі алшақ. Шабысқа жаралған жазық дала, ат тізесінен келмейтін ақша қар итке де, қасқырға да ауыр емес. Тізгінді босатса "Мҧзбел торы" қасқырдың адымын аштырмайтын сияқты. Бірақ онда не болар еді? Ал жеттің қасқырға, қамшымен соғып аласың ба? Ҧлпан тіпті тірі жәндікке қамшы жҧмсап кӛрген жан емес. Қасқырдың бетін бҧрам деп әуре болма деген сӛз тағы есінде. Мҥсіреп оны қадағалай тапсырған. Шынында деймін-ау, қасқырды қуып жетіп барсам, ол ғой қарсы тҧра қалып, аузын арандай ашып секіреді маған қарай! "Қызды кӛрсем қызыл ӛңешім қышып кетеді, қылғып жіберем де жҥре берем!" дейтін осы қасқыр емес пе!.. Қҧдайай, сақтай кӛр! Ҧлпан сары ала иттен кӛзін айырмай шауып келе жатып қай жаққа, қай бетке, қалай шығып кеткенін аңдамай қалып еді. Қашып қҧтыла алмасын сезінген касқыр талай жортқан қалың ағашына қарай ойыса бергенін де білген жоқ. Енді бір кезде абайласа алдында қалың қара орман кӛріңді. Бҥл қай жердегі орман болды екен? Ит пен қасқырдың арасы да жақындап калыпты. Ол екеуіне ӛзі де жақын келеді. Әттең, орманға қасқыр бҧрын кіретін сияқты. Сары ала ит орманға дейін іліп тҥспесе, қасқыр қҧтылып кететін. Шақырымдай ғана жер қалды. Айқай салу керек шығар? Кімге? Қасқырға ма? Мҥсіреп ағай кӛрінсе бір жӛн. Ол кісі кӛрінбейді. Қасқыр қҧтылатын болды. Жарты-ақ шакырым қалды ағашқа... Оқ бойы... арқан бойы... Қҧтылды-ау қан жауғыр... Қой, ҧмтылмаса болмас... Ӛй, мына бір апалаң-топалаңы немене? Қар бҧрқырап кетті ғой. Қасқыр қайда, апанына 42


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

кіріп кетті ме? Сары ала ит те екеу болып кетті. Қасқырдан айрылып қалып, екі сары ала ӛздері таласып жатқандай алай-тҥлей... Ҧлпан ағызған бойы ҥстіне келіп қалғанда екі сары ала қасқырды керіп тастаған еді. Ҧлпан аз-ақ иттерге соғылмай ӛтті. Қасқырды да кӛрді. Кӛзінен жас парлап кетті. "Тҥу, қҧдай-ай!.." Мҥсіреп келіп жеткенде, Ҧлпан әлі кӛз жасын тыя алған жоқ еді. Ықылықтап, ӛксіп қалады. Қҧдай-ау, не болды маған? Мҥсіреп иттеріне де, қасқырға да бҧрылмай Ҧлпанның қасына келді. - Ау, немене, жылап жҥрмісің? — Жоқ, Мҥсіреп аға, жылағаным жоқ, кӛзімнің жасын тыя алмай жҥрмін,— деп тағы бір ӛксіп қалды. — Ондай бола береді, айналайын. Атың бәйгеден келгенде, итің қасқыр алғанда, кӛзіңе ие бола алмайсың. Атынды аяңдатып, алысырақта жҥре тҧр... Мҥсіреп иттерінен қасқырды айырып алып, ішін ақтарьш тастады да, ақ қарға етпетінен салып біраз сҥйретіп, қанжынын кетіріп болған соң Ҧлпанды шақырды. —Бері кел, байлан мынаны! —Жок, Мҥсіреп аға... —Жоқты қоя тҧр. Бірінші соғылған аңды, аңға бірінші рет шыққан адамның қанжығасына байлап алып қайтады. ЬІрымы сол. Әйтпесе, қыз балаға қасқыр байламайды. Ҧлпан амал жоқ кӛнді. —Қалай, Ҧлпанжан, қасқыр қуғанның қызығы бола ма екен? —Болады екен... Қуып келе жатып қорқасың, қорқып келе жатып қуа бересің... Тіпті даусың шықпай қала-ды екен... —Ендігәрі қасқыр қуа қалсам, мен сені ғана ертіп шығармын. Сен айтқан жерімнен шықтың. —Қасқыр ағашқа жақыңцап қалғанда жаным шығып кете жаздады... Айқай салайын деп едім, даусым шықпай қалды. —Айқай салмағаның жақсы болды. Иесінің айқайына ит аландайды да екпінінен айрылады. Қасқыр ығыса тҥседі. Қасқыр мен ит қарсы келіп айқасып қалғанда да ит жағында тҧрмай, қасқырдың ту сыртына шыға берген дҧрыс — қасқыр алаңдайтын болсын. Ал, жҥрейік... —Мҥсіреп аға, енді сіз біздің ауылды таба аласыз ба? —Неге таба алмайым? —Менің басым айналып кетті. Айдалаға шығып кеткен жоқпыз ба, ӛзі? Мынау бір мен кӛрмеген ағаш... —Кӛргенде қандай, кҥнде кӛріп жҥрген ағашың. Қасқыр сенен қҧтылмасын білген соң, манағы орманның шығыс жақ шетіне қарай бҧрылды ғой. ~ Маған ылғи тура қашқаңдай кӛрініп еді.

43


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Осылай баяу жҥріп, сӛйлесіп келе жатып Мҥсіреп бір кезде ҥндемей қалды. Ҧлпанның бірер сӛзіне жауап та қайырмады. Ӛзімен-ӛзі, әлденені ойланып қалған. Ашық жҥз, еркелете сӛйлеудің ізі де жоқ. Мҥсіреп ағай, сіз не ойланып қалдыңыз? — деді *лпан. Мҥсіреп оянып кеткендей Ҧлпанның бетіне селт етіп Қарады. "Мен бе?" - деді де, тағы да ҥндемей қалды. Кӛзі Ҧлпанда. Аяй қарай ма, аялай қарай ма? Апыр-ау, бір жат сӛз айтып қалмаса қайтсін? Ҧлпан сескене бастады. — Ҧлпан! — деді Мҥсіреп, Ҧлпанның кӛзіне тура қарап, — Ҧлпан, сен, мен қазір не айтсам да тҥгел тында, ойлана тында. Жақсын, жақпасын, тҥгел тыңдап ал! Бір ауыз сӛз қоспай тыңда!.. Содан кейін ӛзінің Есеней жіберген елшілігін айтты. Даусында не жанын салғандық, не жаны ашығандық жоқ, бір қалыпты қоңыр ҥнмен сӛйлеп келеді. Әлденені қадағалап, әлденені елемеу де жоқ. Биыл кҥз жақсы, малға жайлы болды ғой дегенді айтып келе жатқандай бейжай... Ҧлпанға сол бейжайдың ӛзі қанжардай қадалды. Есенейдің кӛз айырмай қарайтынын білетін. Онысы әкесіндей адамның балгын жасқа қуана қарайтыны шығар дейтін. Бірақ іші қымсына беруші еді, сездіріп жҥр екен де... Кӛз алдына кӛп нәрселер келді. Ҧлпанның ӛзі білетін дҥниенің бірінші адамы атақты би Есеней... кем болса қырық жас ҥлкен адам. Ҧрпақсыз қалыпты... Ағашқа асылып ӛлмесең қҧтыла алмайсың. Есенейден арашалап алып қалар адам жоқ. Айтты — болды. Басың болса ие бер, тізең болса бҥге бер... Ҥлпан бір тҥсініксіз кҥлкімен кҥле бастады. Тоқтай алмай кҥлді. Қуаныш кҥлкісі, ойын-қалжың кҥлкісі бҥлай болмайды. Бҥлай кҥлгенінен де жылағаны жақсы болар еді. Жынданып кеткендей атынан ауып, ар жағына қарай қҥлап барады. Мҥсіреп Ҥлпанның тізгін ҥстаған қолынан шап беріп ӛзіне қарай жҥлқып қалды. Жындана бастаған адамды шошындыру керек. — Қой, еңці! Тоқта! — деді ақырып. Кҥлкісі тоқтап, Ҧлпан атына ондалып отырды. Ҥндеген жоқ. —Ағашты енді таныдың ба? - деп сҧрады Мҥсіреп. —Таныдым. Сонау кӛрінген біздің ауылдың тҥтіні болар. —Несібелі жеңгей бауырсақ пісіріп жатыр білем, иісі мҧрнымды жарып барады. Мҥсірептің бір-екі ауыз бос сӛзді неге айтқанын Ҧлпан бірден тҥсінді. Есі дҧрыс па деп қауіптенетін болар. Жок, Ҧлпан кӛнтерілі қыз, оңай адаса қоймас есінен. — Мҥсіреп аға, кҥлгеніме ӛкпелей кӛрмеңіз, кҥлкім келіп кҥлгенім жоқ. Енді Есеней ағаңа қайтаратын жауабымды айтайын: Есенейдің қҧрығы мойныма тҥсе қалса, оны алып кететін кҥш біздің азғана ауыл кірме Кҥрлеуітте жоқ Қҧдай салды - біз кӛндік. Бірақ ағаңның есінде болсын Ҧлпан арзанға тҥспейтін қыз. — Болды, айналайын, болды. Қалғанын озіне айтарсын,- деді Мҥсіреп. 44


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

"Болды, болды" дегені несі екен деп ойлады Ҧлпан. Есенейдің айттырғанына қуанып кетті деп ойлап қалды ма? Жоқ, олай ойламаса керек. Ҥлкендердің бір-бір ауыз созбен тҥсінісіп қалатын салттары болушы еді, сол шығар... Әлде мені аяп, ағасынан да қызғанып кетті ме екен?.. — Мҥсіреп аға, ол кісінің менің басыма келген бір бәле екенін біздің ҥйге бірінші келген кҥні-ақ сезіп едім. Кӛзін айырмай қарай беріп еді. Бір рет ҧрттап алған шайы сақалынан шҧбырып кеткенін де байқай алмай қалған. Сонда осы кісінің есі дҧрыс па екен деп ойлап қалып едім. Сонымды сізден сҧрасам, сіз не айтар едіңіз? - Есі әбден дҥрыс. Дҧрыс болмаса таңдау қҧрығы сендей қызға тҥсер ме еді! - Немене, менен бҧрын беті жылтыраған қыз кӛрмеп пе екен? - Тандарлық қыз әрі есті, әрі сҧлу болу керек емес пе? Сҧлулығы жеңсе есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе сҧлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды, Ҧлпан. Естілігі толыққан сайын сҧлулығы да толыға беретін қыз болады. Есеней қҧрығы қателеспепті... Есенейден қанша безініп, атарға оғы бол май келе жатса да Мҥсірептің ӛзін мақтағаны қыз кӛңілін жадыратып жіберді. Ҧлпан ҥйіне әдеттегі ақ жарқын қалпында келді. _ Апа, Мҥсіреп ағай ертең еліне қайтады екен. Ӛзіне арнап тай сойғыз. Бҥгін осында болады, жібермеймін,-деді шешесіне. - Е, сойса несі бар, сойғызайын, қҧлыным. Мҧсірептен жақын ағаң болмас сенің,— деп шешесі де әлденені аңғарта сӛйледі. Болғанға бой ҧсынып, болар жайға жалғау тастай айтты. Жоқ, жоқ, Несібелі, мал соя кӛрмеңіз. Бауырсағың мен шайың болса жетіп жатыр. —Сойғыз, апа. Мҥсіреп ағайдың иттеріне дейін тойғьізып жібер. Ертең жҥз шақырым жол жҥреді екен. Жолда ел де жоқ кӛрінеді. Содан кейін Ҧлпан екі сары аланың қасқырды қалай алғанын ҧзақ жыр қылып айтып берді. - Әке-ау, Мҥсіреп ағайдың иттері адамнан акылды екен! Бірі қасқырды қуып кетсе, біреуі алдынан тосқауылдап, кездесетін жерлерін сӛйлесіп қойғандай... Қасқыр орағыта қашып ағашқа енді кіре бергенде, тосқауылдап жҥргені алдынан шыға келіп бас салды!.. Мен жылап жібердім... Шайдан кейін Ҧлпан Мҥсірептің алдына бір қҧшақ қурай әкеліп салды. Мана дҧрыс айтқан екен - кепкені де бар, балғыны да бар. Бәрі де таңдап жҥріп тапқандай мҥсіні тҥзу, ҧшар басына дейін бҧтақсыз екен. Мҥсіреп екі қурайды тандап алды да, кӛшпелі елдердің ең бірінші кҥй аспабы - сыбызғы жасады. Біреуі тӛрт сҥйем, біреуі - бес. Енді - до, ре, ми, фа, соль, ля, си -ҥш бҧрыштаған жеті тесік жасап жатыр. Сыбызғының жуан жағын тҥпкі азуларына тірейді де, дыбыс береді: до, ре, ми... домбыраның пернесін таққандай... Әр тесік оз орнында болмаса дыбысы жалған шықпақ. Қазақтың ӛз тілінде ешбір дыбыстың ғылымдық аты болмағанымен, ән салатын, кҥй тартатын елде дыбыс біткен тҥгел таныс болатын. 45


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

"Сҥйір батыр" жорық, жауынгерлік кҥйі, "Боз інген" -ботасы олген інген зары... Ҧлпан Мҥсірепке жақын келіп отырып: - Сыбызғыңыз кҥйіне келді ме? — деп сҧрады. - Келді білем. - Келсе "Алғашқым" деген кҥйіңізді тартыңызшы. Мҥсіреп кӛп жалындырған жоқ, тартып кетті. Кҥй "Алғашқым менің, алғашқым, алғашқым, менің алғашқым" деп екі қайталайды екен. Кәдімгі сӛзбен айтқандай анық естіледі. Оның ар жағын жҥрегің мен жаның ғана ҧғынатын сияқты. Кҥй, созбен айтып ҧғындыра алмас, тіл жеткізе алар ҧғыныстар маңайлай алмас бірдемелерді айтады екен. Еркелетіп айтады, назданады, сағынады, сағындырады. Ҥн шырқап жоғары кетеді де, енді бір кезде қыр астынан ҥзіліп-талып әрең естіледі. Ақбоз ҥйдің қасынан атғандырып, Қош-есен бол дегенің естен кетпес... — дейді білем. Сӛзбен кӛп қайталанып айтылған ойлар әрі-беріден соң қҧлағыңа кірмей қояр еді. Ән тілімен, кҥй тілімен айтылған арман да, ӛкініш те, сҥйіну, кҥйіну де қайталаған сайын бойыңа тереңдей тарап ерітіп әкетеді екен. Бойына тараған деген ойыңа тараған емес, жібек талындай ең нәзік жҥйке тамырларыңмен тарап, бҥкіл бойыңдьі шымырлатады деген мағынаны берсе керек. Мҥсіреп "Алғашқым" деген кҥйін әдеттегіден ҧзағырақ тартты. Әкесі Артықбай "Бҧл озінің кҥйі" дегені бар еді. Ҧлпан да солай ҧғынды. Қырыққа келгенше ҥйленбей жҥрген адамның сондай бір окінішті арманы болуға да керек қой. Сонымен бірге кҥй ӛркімнің де әр мағынадағы арман-ӛкінішін еске салады екен. Ҧлпан осының ӛзі маған арналған кҥй емес пе екен деп те ойлап қалды. Әлдекімге еркелегісі келіп кетті. Несі бар?.. Кҥй тыңдап отырғандардың бәрі де әлденеге қуанғандай, кімге болса да бір жақсылық істегісі келгендей жадырап кетіпті. Екеуі ғана оңаша болса Ҧлпан Мҥсірептің мойнына асыла кетер ме еді, әлде қайтер еді? Қалай еркелер еді, не айтар еді сонда? Оны ӛзі де білмейтін, онысы айтылған да жоқ. - Жылағым келді...— деп ішінен кҥрсінді де тынды. Кешкі тамақтан кейін Несібелі мен Ҧлпан Мҥсірепті аттандырып салды. - Қарағым қайным. Ҧлпанымның жалғыз жақын атасы сен болып қалдың. Кез қырыңды сала жҥр,- деді Несібелі. Бҧл мана ескерткен созі. Есенейдің айтқанына мойын сҧндық, кондік дегені еді. - Мҥсіреп аға, тез оралмасаң ӛкпелеймін. Сағыңдырмай тез орал! - деп Ҧлпан жирен аттың жалын сипай берді. Бҧрын "сіз" деп сӛйлеуші еді, енді "сен" деп, туған қарындасындай жақындық білдіріп қалды. Мҥсіреп Ҧлпанның бірінші рет шашынан сипады да, бір-екі рет арқаға қағып: 46


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Сен бҧрын сағынасың ба, мен бҧрын сағынамын ба, оны қҧдай білер... Қош, айналайын, қош, жеңеше! — Деп атының басын тез бҧрып алып жҥріп кетті... Мҥсіреп кіріп келгенде, Есеней қатты тҧнжырап отыр екен. ~ Қандай қырсыққа ҧшырап богелдің? - деді Мҥсірепке. ~ Кҥйеужан, тым қатты кетпеңіз... себебі болған шығар. Қылауы тҥспеген қҧданы кім тез жібере қоюшы еді! — Деп Мҥсіреп Есенейдің кҥткен жауабына қалжыңын да қосақтап жіберді. "Кҥйеужан", "қҧда" деген сӛздер Есенейдің бар кҥдігің бір-ақ сыпырып тастағандай, кәрі бура жадырап сала берді. - Бір ғана ескертетінім бар: Ҧлпан арзанға тҥспейтің қыз. Барлық жайды ӛзімен сӛйлесесің. Әке-шешесінде сӛз жоқ. - Арзанға тҥспесе мейлі, Есенейдің малы жетер! - деді Есеней. Арзан-қымбаттылық дегеннің мәні басқада екенің тҥсіндіргісі келіп бір отырды да, Мҥсіреп онысын іркіп қалды. Ҥлпан ӛзі де жеткізіп айтар... Таң қҧланиектей келе Мҥсіреп иттерін ертіп еліне қайтып кетті. ЕКІНШІ БӚЛІМ 1 Есеней қостарын Артықбайдың ҥйіне жақын әкеліп қондырғалы жарты айға жақындап калып еді. Екі Мҥсірептің екеуі де кетіп қалды. Есенейді жалғыз тастап кетті. Екеуі де наразы кеткенге ҥқсайды. Біреуі істің басында болды да, қасында болғысы келмеді ме, қалай? Екінші Мҥсіреп "мына бҥркітім арықтады, басқа біреуін әкелемін" деп кетіп еді, әлі хабарсыз. Елден қасында ҥш жігіті бар ӛз інісі Еменалы келіп еді, олардан ет жеп, қымыз ішуден басқа пайда болар емес. Сӛйлесіп, кӛңіл кӛтеруге де жарамайды. Аңға шықса далақтап шауып, айқайлап, шулап аңды кҥндік жерден ҥркітіп жібереді. Бҧлар Артықбайдың аулын Есенейдің коңсысы деп тҥсінетін болса керек. Несібеліге қожаңдап сӛйлесе бастады. Есенейдің ойын әлі кҥнге тани ал май жастар жағы кезек-кезек Ҧлпанға қырындайды. Еменалы ақымақ кҥні кеше "Мҥзбел торы" атты ерттеп жатқан Ҧлпанға: ~ Әй, қыз, қоя бер атты! Бҧл атқа сендей он қыздың Қҧны жетпейді. Қоя бер! - депті. Ҧлпан аттың жҥгенін сыпырып алып қоя берген екен, Есеней жалыныпжалпайып қайтып алғыза алмай қойды. Есеней бҥгін інісі Еменалыны қуып жіберді, қоштасқан да жоқ. "Кет!" — деп ақырды да айдап тастады. Ҧлпанның кӛнілін осы жібітер деп ойлады. Онсыз да ҥзілді-кесілді жауабын айтпай созбаққа салып келе жатқан Ҧлпанға Еменалының қылығы, әрине естен кетпес қорлау еді. Есенеймен терезесі тең адамның қызы болса Еменалысымен бірге Есенейдің ӛзін де 47


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

айдап тастайтын дӛрекілік қой. Бірақ Ҧлпанға ол ой келген жоқ. Уәдесі уәде, сӛзі орнында. Жастық қырқаларынан алда-қашан асып кеткен Есеней қыз ойының бірнеше тҥйіншектерін таба алмай жҥр еді, соған тағы бір тҥйіншек қосты да қойды. "Қыз дегеннің мҧндай қиын екенін кім білген" деп Есеней де қиналып жҥр. Бес болыс Керей - Уақтың қандай қиын жанжалы болса да бір ауыз сӛзімен тыңдыра салатын атақты би бір қыздың кӛңілінде тағы не барын таба алмай жҥргеніне әрі назаланады, әрі ызаланады. Әсіресе, "Ҥлпан арзанға тҥспейтін қыз" деген жҥмбағын шеше алмай қойғаны батып жҥр. Ірбіт, Тобыл базарла-рының қайсысының қымбатшылығын айтады екен? Әлде... қызда қырық есекке жҥк болатын айла бар дейтін еді, айлалап жҥр ме екен? Тым болмаса қарсыласса екен-ау! Онда оп-оңай мойнын бҧрап тастар еді. Ол жоқ. Тҥсіне бермес жымию бар. Неше рет кездессе де қыз мойындап қойғанын айтады да, одан ӛрі бір баспайды. Ойымдағыны ӛзің тан та, ӛзің айт дегендей етеді. Онысын таба алмай Есеней ӛзіне-ӛзі ыза бола бастағанда, Ҧлпан: - Алты ай қыс осыдан басқа не ермегіміз бар? Тағы да сӛйлесерміз,- деп кетіп қалады. Тегі, енді қос тізгінді ӛз қолына алып, тегеурін кӛрсетіп жібермесе болмаса керек. Есеней бҥгін қыз кӛңілін тҥгел ақтарып, не тілегі болса да тҥгел орындауға ант етуге әзір, Ҧлпанның келуін кҥтіп отыр еді. Ақ ҥйдің ортасында от маздап тҧр. Жҧрт аяғы басылған шақ. Қасында екі жеңгесі, Ҧлпан келіп кірді. Әдеттегі еркекше киімде емес, қыз киімінде келіпті. Есеней қуанып кетті. - Жоғарырақ, жоғарырақ отыр, Ҧлпанжан... Қартая бастаған адамның балаша қуанғанына жас жеңгелері бір-бір жымың, бір-бір қылмың етісті де шығып кетті. Ҧлпан бала кҥнінен еркек-шора болып ерке ӛсіп еді. Кӛшпелі елдің қызы жасынан ат ҥстінде, әр кезде шалбаршан болатын. Мҥмкін, ӛзінің қыз екенін де кейінірек сезінген болар. Бір туған аға, інісі жоқ, қыз екенін сезінгеннен кейін де еркек балаша қалыптасқан еркіңдеу мінезінен оңай арыла алмаған. Бҥгін ол Есенейге қыз баланың табиғи сылалығымен бірге еркек баланың ор мінезін де ала келіп еді. Есеней "жоғары отыр" деді, Ҧлпан да ығыспай тӛрге шығып, Есенейдің озінен жоғары отырды. - Отқа жақын отырсаң етті. - Отқа жақын отырған тоңғақ болады дейді. - Кҥн суық қой. - Мен тоңғақ емеспін, ҥйренгемін. - Артекем қалай? - Кҥндегі қалпында... - Маған ҧрсып қоятын болар? - Сізге кім ҧрса алады? - Ҧрыспаса болды... 48


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Осымен алғашқы бет ашар сездер екі араны алыстатпаса жақындастыра алмай тоқталып қалды. Есеней кҥн бойы ойланған тегеурінге басқысы келіп: - Ҧлпанжан, мен арзанға тҥспейтін қызбын дегенде не айтқың келді! Сол қымбатқа тҥсерің дҥние малы болса да атын аташы! — деді. - Мені ешкім сатпайды да, мал да алмайды. Әке-шешемнің ӛз малын бағып алуға да шамасы жоғын білесіз емес пе! - Сонда не болғаны? "Не болғаны?" Нағып тҥсінбейді екен! Мен тоқал қатын болып босағада отырар дей ме екен? Әлде мені бәйбішесінің сарқытын кҥтіп, кӛзін сҥзіп отыратын кҥңдікке конер дей ме екен? Есеней таба алмай жҥрген жҥмбағын Ҧлпан ӛзі айтуға бел байлады. Қалтарыс қалдырмай тҥгел айтпақшы болып: - Сіз мені қай ҥйіңізге кіргізбексіз? — деді. - Отау ҥйге кірем десен, отау бар. Ҥлкен ҥйге кірем Десең ҥлкен ҥй бар. Қалағаның болсын. ~ Жоқ, маған оңаша отау - ойнақ ҥй керек емес. Мен ҥлкен ҥйге кіремін де, тӛрінде отырамын. Соған туысқандарыңыздың кӛзі ҥйренер ме екен? ~ Бір-ақ кҥнде ҥйренеді. Есеней ордасының бәйбішесі сең боласың. — Ол уйде отырған бәйбішеңіз бар емес пе? — Жоқ. Мен Ӛреліде тҧрамын, ол кісі Сӛреліде тҧрады. Арамыз қҧдайға илансаң, жеті жылдық жол. Есенейдің жҧмбақтап айтқанына Ҧлпан ойланбай-ақ тҥсінді. Ӛрелі ат деп бір алдыңғы аяғынан, бір артқы аяғынан шалыс шідерленген атты айтады. Бҧл кҥнде естіп жҥрген сӛзі. Ондай ат бос та емес, тҥгел тҧсаулы да емес. Есеней ӛзін солай ӛреленген атқа теңеді. Сӛре деп жаугершілік заманда ӛлген адамдарды мекеніне апарып жерлегенше қалдыра тҧратын жарым ҥй жарым жаппаны айтады. Сол кездерден қалған "Сӛрелі" деген жерлердің талайын Ҧлпан ӛзі де біледі. Әкесі Артықбай Котсҧқ келіп қалмағанда соңғы жараланғанымда мен де бір сӛреліде қала барар ма едім, әлде қайтер едім деп отыратын. Есеней бәйбішесін ӛле-ӛлгенше бӛлек туртын жерге айдап тастаған ғой... Арамыз жеті жылдық жол дегені — жеті жылдан бері осылай тҧрамыз дегені де. Әйтеуір Есеней қҧрығынан қҧтылмасына бой ҧсынып қойған Ҧлпан ең болмағанда тоқал емес, ҥлкен орданың бәйбішесі боларына кӛзі жетті. —Есеней, — деді Ҧлпан. Бҥрын сіз деп сӛйлеуші еді, мҧнысы бір табан жақындағанын аңғартқандай шықты. Есеней, екеуміздің арамызда ең кемі қырық жылдық айырма бар. Осыны ойладың ба? —Ойладым, жаным. Қырық жыл болса қайтейін? Қырыққа келгенде біздің елдің Есенейі сен болып каларсың. Оған дейін сен менің Есенейім бола тҧр... Мен саған сҧлу деп, жас деп қызықтым ба, болмаса Есенейдің орнына Есеней болатын адам деп қызықтым ба, оны ӛзім де біле бермеймін. Әйтеуір осы тҥннен бастап менің Есенейім сенсің! 49


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан Есенейдің соңғы сӛздеріне ырзашылық білдіруге ыңғайланып еді, қҧман, леген кӛтерген, астау толы ет кӛтерген жігіттер ҥйге кіре берді. Ҧлпан сол ырзалық білдірер кӛзімен кҥлімдей қарап, қара шҧбар бетті бір сипап ӛтті де тоқталып қалды. Жігіттердің соңын ала Сәдір Артықбайды кӛтеріп әкеле жатыр. Кейінірек қыз шешесі Несібелі кірді. — Жоғарылаңыздар,— деп Есеней тҧра келіп, тӛрді қонақтарына ҧсынды. Мҧнысы әр қонаққа кӛрсетілер қошеметі емес, кҥйеу ибасы еді. Сӛзбақталып келген әнгіменің аяқталып қалғанын сезінген әке-шеше тӛрге шықты. Енді бҧлар әр уақытта Есенейдің тӛрінде отырарын мақтаныш етеді де. Енді бҧлардың панасы "Қаршығалының" кара орманы емес, Есеней боларын мақтаныш етеді де. Енді кәрі шойнақ бай Артықбай атанады, соны мақтаныш етеді де. Ол мақтаныш белгісі әзірше әке жҥзінде де жоқ, шеше жҥзінде де жоқ, қыз жҥзінде де жоқ. Есенейдің ой тҥкпірінде ғана бар, кҥле жҥріп, кҥндей жҥретін ағайын дейтін адамдарда ғана бар. —Артеке, бҥгін бір соғым сойып едік... Соның басын жҧрттан бҥрын сіздің алдыңызға тартып, батаңызды алуды лайық кӛрдік, - деді Есеней. Мҥнысы да кҥйеудің қайын атаға кӛрсетер қҧрметі еді. —Ендігі бастың бәрі де алдымен сізге тартылады,-деп Сәдір де қостап қалды. Мҧныкі де мәнжайды тҥсінген адамның сӛзі. Кӛзі ақиып бас келді. Тӛнкеріліп жалқындап қазы-қарталар келді. Қымыз ішілді, шай ішілді. Артықбай ба-тасын берді. Шай артынан Ҧлпанның бір ескерткені есіне тҥсіп, Есеней Артықбайға қарап: — Артеке, Ҧлпанжан сіздің мал-жанға қарар қолыңыз қысқалығын айтқаны бар еді. Сол тҥйіншекті былай шешсек қайтер екен? Сәдір қосының иесі бҥгіннен бастап Ҧлпанжан болады... Бір тайына ортақ емеспін. Ҧлпанжан жылқысын осы "Қаршығалыдан" басқа жаққа аудармай ҧстайтын болса, сіздің малыңызды да қоса бақтырар еді... Отырғандар тҥгел таңданысып қалды. Мырзалығы ма, бҧл неменесі? Әлде жасы келіп қалған адам тҥптердің тҥбінде ҥй ішілік ырың-жырыңнан сақтанып Ҧлпанның еншісін кҥн бҧрын беріп қойғысы келді ме екен? Қалайда бҧл Есеней ғана істей алар іс. Қатал еді, озбыр еді, енді жан-жҥрегі жібиін дегені де. Мың жаса, алтын Ҧлпаным! ~ Есеней шырағым, мҥныңа жете тҥсіне алмасақ та Қатын екеуміздің кӛңілімізді бір-ақ тыңдырдың. Найзаласар жай жоқ, іштен тынып отырған жайым бар еді. Қызың тастап кетпесе, мен тастап кетпеймін дедің, болды! деп Артықбай кӛзіне жас алды. Сібірдің генерал-губернаторынан келген алтындатқан берен шапаңды алтын медалімен бірге Артықбайдың арқасына жапты да, шалды Есеней ҥйіне жӛнелтіп салды. Ҧлпан ҥйіне қайтқан жоқ. Кӛптен зығырданы қайнап ішіне жиналып қорлана берген ашу енді ӛзінің қарама-қарсы кер ағысына ауыс-қандай, Есеней қазір ӛте жҧмсақ, ӛте кӛңілді еді. Конақтары тараған соң Ҧлпанның қасына жақын келіп отырып: 50


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Ҧлпанжан, менің еншімді бӛліп бергені несі деп ойлап қалма. Бҧл еншің емес, сыйлығым. Басқа дҥниені екі Есеней бірге билерміз. Мына қосты ӛзің оңаша биле, маған қарайламай биле, — деді. — Алдымен кемпір-шалымыз еш нӛрседен тарықпасын, маған сол болады. Мең баласы жоқ, ҧрпақсыз қалған адаммын. Ҧлым да, қызың да, жарым да жалғыз сенсің, кҥнім... Кҥнімдей жарқырап, ел-жҧртыма кейде айбынды, кейде мейірімді қарап ордамызды жалғыз толтырып отырсаң, қҧдайдан сҧрар басқа бір тілегім жоқ. Тіземді жастанып, жантайшы маған қарай... Ҧлпан Есенейді аяп та кетті, Есенейдің ҥлкен адам екендігіне қызығып та кетті. Басқа адам кім болса да Есеней бола алмас еді. Еркекке тіс те керек, іс те керек. Білек те керек, жҥрек те керек. Кҥні етіп бара жатқан кәрі тарланда мҧның бәрі де бар екен әлі. Шіркін-ай, бҧдан қырық жыл бҧрын қандай болды екен? Бҧған кездеспегенде кімге кездесер едім? Сӛз жоқ, бір жасқа кездесер едім. Сол жасым Есенейдің оннан біріне тҧрар ма еді? Кім білсін... жоқ, тҧрмас еді! Бір кезде Есенейді оғы болса атардай болып жҥрген қыз, енді кӛнбесіне кӛніп болған соң, ӛз басын ақтар дәлелдер іздестіре бастады. Бҧдан кейін коп соз болған жоқ. Ҧлпан басын Есенейдің тізесіне салып жантайып жатып: — Енді коп сӛздің керегі не? Сибан дейтін ӛз елінді, Кҥрлеуіт дейтін біздің елді тҥгел жинап той жаса да, бҥгін айтқан барлық сӛзінді сол тойда тҥгел айт. Мен сонда ғана кіші Есеней атанармын,- деді. Есенейдің табақтай жалпақ қара шҧбар беті қыздың аққу жҧмыртқасындай аппақ бетіне жақындай берді. Ҧлпан кӛзін жҧмды... Кӛрі Каспий қара кӛк кезін ашты, Терекке жылы жузбен амандасты, Жыбыр қағып козғалып, сылқ-сылқ кҥліп -Қатынды алды, китықсыз араласты... Тан ата Есеней суға тҥсті. - Сен де тҥс! - деді Ҧлпанға. Ҧлпан қарсыласқан жоқ. Кәрі дене қызынды да суынды, Есеней намазға тҧрды. Жас дене суынды да кызынды. Ҧлпан корпе астына кайта кіріп кетті. Кӛрпе астынан жарқыраған жалғыз козі Есенейде еді... 2 Есеней мен Ҧлпан, Несібелі ҥшеуі қастарында тӛрт жігіт жолдастары бар Артықбай ауылынан салт шығып еді. Орыс қалаларының шегіне жеткенде ҥш ат жеккен пәуескемен Тілеміс тосып жҥр екен. Ӛмірінде арбаға мініп кӛрмеген дала қызы жатсыраған жоқ, тӛбесі жабык, ішкі жағы сары сапиянмен астарлаған пәуескеге мінді де жҥре берді. 51


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Несіне жатсырайды? Ӛмірінде кӛрмеген байлыққа да жатсыраған жоқ қой! Есеней бере салған бір қос — бес жҥз жылқының ҥшеуін беріп ҥш жігіт жалдады да, бақтырып қойды. Артықбай ауылы ет пен қымызға молықты да қалды. Қазір екі жҥз бие қҧлындап тҧр. Байлық кӛзімен қарағанда Ҧлпан "тыр жалаңаш" еді. Әжесінен, шешесінен қалған он-пҧлдан қиыстырып берген "бір киері" бар. Бәрі конетоз, бәрін де салт жҥретін кызына шешесі Несібелі ықшамдап берген. Есеней Ҧлпанды жазғытҧрым ҧзатып әкетуге әзірленгенде Ҧлпан оған: — Сенің еліңе осы ескі-ҧсқыммен бара берсем біреу болмаса біреу "жалаң бҧт келмегеніне қҧдайға шҥкір" демес пе екен? — деді. Әйелге не керегін омірінде ойлап кӛрмеген Есеней ҧялып қалды. - Майдың орта кезіңце Тобыл базары ашылады. Қырық жылқы айдат! деді. Ҧлпан бҧған да таңданған жоқ, айдатты да жіберді. Таңдап-таңдап семіздері мен козге толымдыларын айдатты. Несіне танданады? Байлық деген ішуге, жеуге, киінуге, эдам сияқты тҧруға жарамаса басқа неменеңе керек!.. Биыл бай болсаң, еңдігі жылы тақыр кедей болып қалуың да оп-оңай. Тоқтай тҧр әлі, біраз кӛрейін, кӛрмегеніме кезім Ҥиренсін, білмегенімді біліп алайын. Тоқтай тҧр әлі... Қазір бҧлар сол Тобыл базарына келе жатыр. Есенейдің барлық базарлау жҧмыстарын он бес жылдан бері басқарып жҥрген Тілеміс орыс қалаларының шегінде пәуескемен қарсы алды. Есенейдің бҧл қҥрметіне де Ҧлпан танданған жоқ. Танданғанын білдіріп алса ҧят та болар еді. Шынында Ҧлпанның таңданып келе жатқандары да аз емес. Бірінші таңданғаны кәдуілгі қара жол еді... Ортадағы ат жҥретін бір тармағы бар, екі шеткі ат жҥретін тағы екі тармағы бар, ҥш тармақ болады екен. Пәуескенің доңғалақтары шеткі аттар жҥретін екі тармақты дәл басып келеді. Әдейі осылай жасаған-ау!.. Орыстар ғой... Кӛшпелі ауылдың қызы мҧндай жолды кӛрмеген еді. Ауыздықтарынан ақ кӛбік бҧрқылдап, қатар жегілген ҥш ат пәуескені ҧшырып әкетердей ағып келеді. Салт жҥргеннен анағҧрлым тез. Салт атты жолдастары ере алмай қалды. Жҥрістің мҧңдайы да болады екен-ау!.. Біресе аяңдап, біресе желіп, біресе шауып кету емес, бірқалыпты ҧтымды жҥріс. Салт жҥргенде бір-ақ аттың басы мен мойнын кӛріп, кӛңілің кӛтеріңкі отырса, қатар ағып келе жатқан ҥш аттың дене сҧлулығын, қимыл-қозғалыс әсемдігін тҥгел кӛргенде, сол кӛңілің тасып тӛгілердей болады екен! Әуелі жолды, одан соң ҥш ат жеккен поуескені Ҧлпан кӛңіліне бірге тҥйіп алды. Тоқтай тҧр әлі... Ҧлпанның тағы бір таң қалғаны орыс ҥйі еді. Есенейді жолдан тосып жҥрген Тілеміс бір орыстың ҥйіне шай қойдырып, тамақ әзірлеткен екен. Тап-таза екі бӛлме. Сырлы еден, кҥн тҥсіп тҧрған терезелер. Барлық тамақты ауыз бӛлмедегі ҥлкен пешке пісірсе керек. Мосқалдау, сары шашты, кӛк кӛзді әйел, басында шот-аяғы бар темір кӛсеуді пешіне сҥғып қалады да, бір тамақты суырып алады. 52


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ашқылтым ақ қалаштар не деген дәмді! Ортасына ак ірімшік салып пісірген дӛңгелек нандар одан да артық. Ӛз ауылының ӛмірімен салыстыра отырып, қазаққа қарағанда орыстар ақ патшадай тҧрады екен деп ойлады Ҧлпан. — Бҧл ҥйдің қанша малы бар екен? — деп сҧрады Тілемістен. - О, тәңірі, тҥгі де жоқ. Бір ат, бір сиыры, тӛрт-бес тауығы бар. Азғана егін салады. Ҧлпан ҥйге қызықты. Қазақ-орыс қаласының барлық ҥйлері осындай жайлы кӛрініп кетті. Ҧлпанның ойына "орыс ҥйі" деген тағы бір тҥйін байланды. Тоқтай тҧр әлі... Дала қызы табиғаттың ең жас перзенті. Кӛзіне керінгеннің бәрін кӛңіліне тоқып келеді. Ол не кӛріп, не біліп ӛсті? Кең дала... кӛк дала, сары дала... сағым. Тӛрт тҥлік мал... соғым. Қысыжазы киіз ҥй. Ҧзақ тҥндей ӛзгерісі жоқ ӛмір. Сары ала етек сарпылтаңга кӛңцігіп кеткен қазақ әйелі. Ҧлпан да осыны кӛріп ӛсті. Қазір оның коңілінде әлденелер оянып келе жатқандай еді. Тоқтай тҧрайық әлі... Тілеміс Тобыл озенінің жағасына ҥш ақ ҥй, екі қараша ҥй тіктірген екен. Ҧлпан бҧған да таңданған жоқ. Ҥйлерді ӛз ойымен әр тҥрлі керегіне қарай бӛліп шықты. Есеней отырар ҥй, шешесімен бірге ӛзі тҥсер ҥй, қонақ ҥй, ас ҥйлері... — Ӛзің ҥлкен ҥйге тҥс. Апам екеуміз менің отауымда боламыз,— деді Ҧлпан ҥйлерге жақындай бергенде. — Тамақ ҥлкен ҥйде, шай отауда болар. Кәне тҥс... Тҥсе ғой, жолбарысым... Есеней Ҧлпанның нені болса да оңай тҥсіне қаларына риза болып арбадан тҥсті де, озін қарсы алуға жиналған бір топ адамдармен амандасуға тоқтап қалды. Пәуеске Ҧлпан тҥсетін ақ ҥйге жақындай бергенде, бір қазақ әйелі сол ҥйдің тҥндігін ашайын деп жатыр екен. — Ашпасын. Апам озі ашады! — деді Ҧлпан Тілеміске. — Әй, катын! Әрі жҥр! — деді Тілеміс. Ӛз әйелі болу керек, жекіріп айтты. Әйел тез жылысып кетті. — Апа, тҥс. Тҥндікті ӛзің аш! Несібелі әуелі кҥнге қарап, жел қай жақтан екенін абайлап барып, тҥндікті ашты. Қызына еріп ҥйге кірді де таң қалды. Қара барқытпен оюлаған туырлық, орнектеп тоқылған ызба баулар, керегені тҥгел орап алған, есіктен тӛрге дейін тӛселген тҥкті кілемдер... Тӛрде қатарлап жиналган жҥк... Оюлы ақ киізбен қапталған сандықтар. Мойны сорайған жез қҥман, жез леген... Қалың кӛк жібек шымылдық... Ҥй іші жайнап тҧр. Ҧлпан ҥй ішіне кӛңіл аударып қараған да жоқ. Ҥйге іле-шала кірген Тілеміске Ҧлпан мақтау айтты: ~ Артығы болса озің білерсің, жетпей жатқаны бай-қалмайды, Тілеміс аға. Атыңды атағаныма ӛкпелеме, мен сенейден бастап жҧрттың бәрінің де атын атаймын.

53


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Орыс әйелдерінің Туламеш, Тиламеш дейтіндеріңе қҧлағы ҥйреніп болған Тілеміс атын атағанды елеген жоқ Осы ерке тоқалды қалай атарын білмей ӛзі қысылып жҥр. - Жетпей жатқаны неге болмасын. Жата-жастана тҥгелденер әлі. Тобыл базарынан не керек болса да табылады. Бір ҥйір саудагерім бар. Қысылмаңыз...- деді де шығып кетті. - Апа, жоғары шық. Ҥйдегі ӛз орныңа отыр. Бҥл менің отауым, Есенейдің ауылына мені ҧзатып апарғанда осы отауыммен апарасың. - Кҥнім-ау, мҧны қашан жасатып жҥрсің? - Ала, сен ештеңеге танданбашы осы. Мен Есеней емеспін бе? Есенейге не қиын дейсің! Айттым - болды, жасалды да қалды. Ертеңнен бастап базар аралаймыз. Ӛзіңе не керек, әкеме не керек, ҥйге не керек, тартынбай айта бер маған. Бәрін алып беремін. Тек, таңдануды қой! Мен базарға Есенейге еріп келгенім жоқ, Есеней маған еріп келді! Ҧзатылып бармай жатып, айналасы бір-ақ қыстың ішінде Есеней сияқты адамның арыстанын илеп-билеп алған қызына Несібелінің танданбасқа шарасы жоқ еді. Бірақ таңданғанын білдірмейін деп аузын бір сылп еткізді де қойды. Ол таңданған емес қой... Ҥйге әлгі тҥндік ашайын деп жҥрген әйел кірді. - Жуынасыздар ма? - Жуынамыз... Сіз Тілеміс ағайдың әйелісіз бе? - Иә. Әйелдер беті-қолдарын жуынып, жол киімінен жеңілденіп болған кезде дастарқан, самауыр кӛтерген жігіттер келді. - Біреуің Есенейді шақырып келші. Шайға келсін. Самауырды мына жерге қойыңдар. Шайды мен ӛзім қҥямын. Есеней Тілемістен басқа екі ноғай, бір орыс саудагерін ертіп келді. Аттары - Ғалиасқар, Ғалиолла, Глеб екен. Шай ҥстінде қонақтардың кӛздері Ҧлпанға қарай әлсін-әлсін ауытқып қалып отыр. Қызы шығар... Әйелі ана кемпір ғой... Әкесі ме екен, әлде ҧлы атасы ма екен?.. Әлде осы қара шҧбардың ӛзі... Қой, олай болмас... - Ҧлпанжан, бҧл қонақтардың жҧмыстары кӛп, сауда адамдары. Асығыс екен... Анау орыс бәсіне келіссек сенін жылқыларынды тҥгел кӛтеріп алар едім деп келіппеді Есеней. - Тӛрт ат қырық сомнан сатылып кетті,- деп Тілеміс базар нарқын аңдатып қалуды дҧрыс кӛрді - Бірақ, тӛртеуі де таңдамалы аттар еді. - Бҧл кісі қаншадан береді? - Отыз бестен. Ҧлпан іркілген жоқ. - Алақан соғушы ма едіңдер, қайтуші едіндер? Соға бер! деді Тілеміске. Глеб кетерінде басын Ҧлпанға қарай бір шҧлғып қалып: - Мадам, бір қара тҥлкі, Париждің хош-иісі мойнымда! - деді де Тілемісті ертіп шығып кетті. - Ғалиасқар мен Ғалиолла ханымны поздравить иттіләр...

54


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ғалиасқар Ҧлпанды ертең ӛз ҥйіне шақырды. Магазині бар екен. Әйелі, қызы бар екен. Базар аралағанда соларды ертіп жҥрсе ешкім оларды алдай алмайды екен. Не керектің ең жақсыларын тауып береді екен... Хҧда қаласа, қырық аттың ақшасы кімнің қалтасында қаларын қатесіз есептеп шығарып болған соң ноғай саудагерлер де кетті. Тілеміс Ҧлпанға бір қҥшақ қағаз ақша ӛкеліп берді. - Базарлық! - деді Есеней Ҧлпанға еркелете қарап. - Қара тҥлкіні саған тымақ қылып берем. Жарай ма, бозбалам? - Болды, жаным, болды. - Мә, мына бір қағаз ақшаны да ала ғой, қалтаң бос жҥрмесін... - Ойбай-ау, қатын патшаның ӛзін беріпсің ғой! - Қатын патша? Онда ӛзіме бер! Мына бір сақалды патшаны берейін. - Жо-оқ!.. Сҧлу екен... Тірі жанға берер ме екем! Кәрі кҥйеуі мен қызының ӛзіл-қалжыңдары жараса кететініне Несібелі әрі таң қалады, әрі қуанады. Бҧл ҥлкен адамның кішірейгені ме, кішкене адамның ҥлкейгені ме? Қызы Есенейді әрі билей, әрі еркелете сӛйлейді. "Бозбалам" дейді, "Жолбарысым" дейді. Есенейдің ӛзі де асқан ақ кӛңіл, мейірімді адам болып барады. Бҧл Есеней Несібелінің бҧрын кормеген адамы. Байлық, батырлық, аң қҧмарлық, билік дегендердің бәрі далада қалды. Бар қызығы жалғыз Ҧлпан. Ақылдасары да, ӛйелі де, қызы да, тіпті шешесі де сол Ҧлпан ғана. Артекемнен асқан ақ кӛңіл адам болмайды. Ӛмірінде маған бір рет ҧрсып кӛрген жан емес. Бірақ не бары сол-ақ. Қатын деген иттің кҥшігі сияқты, арқаға қағып, маңдайынан сипағанды жақсы кӛреді. Артекем оны білгең емес. Апам айта беруші еді - қатын итті байы қамшылап-қамшылап алып, артынан арқаға қағып бір сипап жіберсе, одан артық рахат болмайды дейтін. Керегім болып қалса Артекем "қатен!" дейді. Сол барлық еркелеткені. Таудай Есеней Ҧлпанға қараған сайын козімен еркелетеді. Есенейім деп еркелетеді. Қысты кҥні Ҧлпан далаға шығайын деп жатса - бері кел! - дейді. Ҧлпан жҥгіріп келіп алдына тҧра қалады. Бала болып кетеді. Есеней ең болмаса тымағының бауын қайта байлап береді. Салақ боларсың білем деп, арқасына бір-екі қағып қалып: енді бара бер дейді. Қҧдай-ау, сол салақ боларсың білем дегені еркелеткені деп кім естіген? Жаңағы қатын патша сҧлу екен дегені де Ҧлпан ғой. Осы кҥні ҥлкен Есеней жайына қалып, Ҧлпан Есеней болып барады. Бірақ ҥлкен адам кішірейген сайын ҥлкейе береді екен. Бҧрын Есенейге жатсырай қарайтын, ығыса қарайтын жҧрт, енді бір жаңа Есенейге кездескендей жақындаса беріп келеді. "Ағашқа мәуе бітсе бәсең-бӛсең" дегендей, Ҧлпаным да жібектей созымды болып барады, Есеней болдым деген ойына да кіріп шықпайды. Қҧдай-ай, ҧзағынан, ҧза-ғынан бере кӛр!.. - Ассалаумалейкем!.. — Мҥсіреп ҥйге кіріп келе жатыр. Атынан жаңа ғана тҥскен, қамшысы қолында, жол киімінде екен. - Мҥсіреп аға! - деп Ҧлпан орнынан ҥшып тҥрды. Несібелі де тҧрды. 55


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Тҥрікпенбісің, әй! Қанғыбас, қайда жҥрдің осынша сағындырып! - деп Есеней қуанып қалды. - Шешін, тӛрге шық. Әдетте жоқ, әйтпесе, Ҧлпан Мҥсірептің мойнына асыла кетер еді. Әдетте жоқ, әйтпесе Мҥсіреп те оны қҧшақтап сҥйіп алар еді. Сағынысып қалған ағалы-қарындастай бірін-бірі козімен аяласты, таза кеңілдерімен аяласты. Мҥсіреп шешініп, тӛрге шығып отырды. - Тҥрікпен, сен де торт аяғыңнан тҧсалыпсың ғой!.. Тойыңа бізді неге шақырмадың? - деді Есеней. - Тойды сендер келгенше тоқтатып қойдық. Жоқ жерден нәрестелі болып қалғанымыз... Шынардың содан колы босай алмай жҥр. Кҥні-тҥні соның қасында. - Нәрестелі болып? - Есеней Мҥсіреппен қалжыңдаса беретін еді. "Қатының ҥйінен буаз келді ме?" деп сҧрап кала жаздады. Бірақ Ҧлпаннан қысылды да: - Е, қайырлы болсын,- дей салды. - Ҧл ма, қыз ба? - деп сҧрады Ҧлпан. - Онысын ӛлі білгенім жоқ. Аяқтана алмай жатыр. Кӛзің тиеді деп Шынар маған да корсетпейді. - Аяқтана алмай? Қашан туып еді? - Бҥгін он екі кҥн. - Он екі кҥнде бала аяқтана ма екен? - Осы сен не оттап отырсың? - деді Есеней Мҥсірепке. - Ҧлпан-ау, нағып тҥсінбедің? Тҥйесі боталаған ғой,-деді Несібелі қызына қарап. - Тҥйесі боталап?.. - Ҧлпан козінен жас аққанша кҥлді. Мҥсіреп сияқты қадірлейтін адамы, ең жақсы кӛретін адамы, әлдененің кҥйігінен бір буаз қатынга ҥйлене салды ма екен деп ойлап қалып еді. Енді ӛз басындағы бір ӛкініштен арылғандай қуана кҥлді. - Ӛзі бір салақтаған бірдеме. Аяқтары сереңдеген, басын кӛтере алмайтын, денесі шҧбатылған иір-шиыр болса керек... Шынардың ҥйінен ала келгені жалғыз ақ нар еді, аман-есен боталады әйтеуір. - Ботасы қандай, ақ па? - деді Ҧлпан жас ботаға қызығып кеткенін жасыра алмай. - Аппақ болса керек. Тойымызда бас балуанның бәйгесіне тігерміз деп отырмыз. - Сен немене, маған бас балуанға тҥс деп Ҧлпанды қызықтырып отырмысың? - Тҥссең несі бар? Қартайып отырмысың? Талай тҥскенсің. - Тҥседі, тҥсесің! - деді Ҧлпан Есенейді тізесінен қағып қалып. - Ақ бота менікі болады! - Онда біздің тойда бас балуанға сен де тҥс,- деді Есеней Мҥсірепке. ' Тҥсемін. Осымен кҥреспей-ақ алатын бас балуандардың бір бәйгесі шешіліп қалды да, Ҧлпан озі қандай бәйге берерін ойлана бастады. 56


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Абысынымыздың аты Шынар дедіңіз ғой, Мҥсіреп аға? Аты қандай жақсы еді! —Аты Шынар болмаса, алып не қылам! —Пай-пай-ой! Бӛсуіңе болайын! — деді Есеней. —Бӛскен-бӛспегенімді кӛргенде айтарсың! —Ҧлпаннан да сҥлу дегің келе ме? —Әр ӛйел ӛзінше сҧлу болу керек. Қара ат сҧлу ма торы ат сҥлу ма демейміз ғой! Кӛркем дейміз, сҧлу дейміз' ажарлы дейміз, сҥйкімді дейміз, ӛдемі дейміз, сымбатты дейміз, бәденді дейміз... Соның бірінен бірінің артық-кемін кім айта алады? —Еркектің коркі ақылында, әйелдің ақылы коркінде демейтін бе едің? —Ол ескі нақыл ғой. Шынардың ақылы коркінде ғана емес, әйтеуір... —Ҧлпанжан, байқаймысың, мынаның ӛзінің есі кіріп калыпты. —Ӛзің де адам болып қалыпсың... —Оның рас, тҥрікпен. Мына кісі мені билеп әкетті біржола... Қалай айдаса солай жҥре берем. Бҧдан былай мен кім болсам да осының арқасы. Сенің келіншегің де сондай ма? —Қазір байғҧстың ботадан қолы босай алмай жҥр. Кӛзінің бір талығыпталмаурап қарайтыны бар. Бар айтарын козімен айтады. Отын жоқ дейді жҥгірем... тезек теріп ӛкелем. Су жоқ дейді - екі шелекті ала-сала келге қарай жҥгірем... —Жҥгіретін шығарсың! —Мен Мҥсіреп ағай не айтса да сенем,- деді Ҧлпан. —Сен айттың болды. Мен жеңілдім,- деді Есеней. —Мҥсіреп аға, ертең менімен бірге базар аралауға уақытыңыз болар ма екен? Ӛз жҥмысыңыз онша кӛп емес пе еді? —Базарға бір ғана кіріп шығатын жҧмысым бар. —Мен немене, жалғыз отыра берем бе? —Мҥсіреп ағай кҥндіз менімен, тҥнде сенімен болады. Ҥлкен ҥйдің айналасы толған жҥрт. Кҥндіз сенің ӛз жҥмысың да аз болмас. Керей - Уағың тосып жҥрген кӛрінеді ғой. Әйтпесе, ӛзің жҥр менімен. — Жоқ, мен базар аралап кӛрген емеспін. Ертеңіне Ҧлпан шешесі мен Мҥсірепті алып базар аралауға кетті. Пәуескеге міне бере Шынардың жайын сҧрастыра бастады. - Бойы қандай? - Tan озіндей. Азғана талдырмаштау ма қалай... Сен-ей касқыр қуған қыз емес, тҥйе жетелеп осіпті. - Мінезі қандай, жақсы ма? Жҧғымды ма? - Мінезі ме? Ҥркек емес... Ауылдың барлық кемпірлері "Айналайынымай!" дейді. Бала біткен "Әяй апа!" дейді. Мен ӛзім Ақмаралым деймін. Ҧлпанның есіне ақ маралы тҥсіп кетті де жылап жібере жаздады. Мҥсірептің әйелін "Ақмаралым" дегені де олденені елестетіп еді. Жайданжай солай атай салмаған болар-ау! 57


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Мҥсіреп аға, сіздің ауыл мен біздің ауылдың арасы алые емес пе? - Қай аулыңды айтасың? - Ойынға айналдырмаңызшы, аға... Есенейдің аулын айтамын да. - Жаз бойы жайлау кӛлдерінде бірге отырамыз. Қыс-тауларымыз болек, алыстау. Кенеттен Ҥлпан: - Мҥсіреп аға, сіз бай болсаңыз қайтер едіңіз, не істер едіңіз? - деді. - Мен әуелі бай болмас едім,— деді Мҥсіреп.— Бай-лык деген немене озі? Азап! Бай адам кҥні-тҥні, қысы-жазы малын ойлайды да, озі де малға ҥқсап кетеді. Мінез-қҥлқы малында, адамдыгынан айрыла береді. Мҥсіреп тағы бірдемелер айтпақ еді, таба алмады. - Жоқ, сірагысын айтам: бай болсаңыз деймін. - Білмеймін, айналайын. Әйтеуір озімнің бай бола алмасымды білемін де, соған қунамын. Екі атым, екі бием, екі итім бар. Енді оған бір нар тҥйе қосылды. Ботамыз бар... - Бота енді менікі! ~ Сенікі, сенікі! Қалаға кірген соң дала адамдарының кӛздері кӛрінгенге қарап тырағайлап кетті. Кӛрінгенге қарайды, ешбірін кадағалап ҧғынып жадында қалдыра алмайды. Не деген кӛп дҥние, не деген кӛп адам!.. Бәрі жат. Аттары да кӛрінгенге осқыра қарап, екі жагына кезек ығысып қалады- Божы ҧстаған Тілеміс ӛз білгенін айтып келеді. ~ Мына екі қабат тас ҥй бҧрын гҥбірнатыр тҧрған ҥй. Мына бір шошайғаны кӛп, кҥмбезі коп ҥйді шеркеу дейді. Орыстар осында шоқынады. Мына бір айналасында адам қҧжынап жҥрген ҧзын тас ҥй магазін. Дҥниенің байлығьі осында. Не керегің табылады... —Тезірек кешегі ноғайдың ҥйіне апаршы. Бәрібір ещ нәрсеге тҥсіне алар емеспін,— деді Ҧлпан. —Мен бай болсам, мынандай бір ҥй салдырар едім, деді Мҥсіреп, кішірек қана екі қабат тас ҥйді нҧсқап. Іші қандай тап-таза екен! Қорасының ішін қарашы, кілем тӛсеп тастағандай. Қҧдығы да қорасының ішінде... Ғалиасқардың ҥйі тазалық дегеннің ӛзінен де таза, байлық дегеннің ӛзінен де бай кӛрініп кетті Ҧлпанға. Нағыз татар тазалығы — тозаң тҧрып кӛрмеген тазалық. Еш нӛрсеге таңданбасқа бекінген Ҧлпан әрең-әрең таңданбай қалды. Татар әйелдері жеңіл киінеді екен, еркін жҥреді екен. Тілдері басқашалау, бірақ тҥсінесің. Ғалиасқардың ӛзі таза қазақшаға жақын сӛйлейді. —Хош келдіңіз... —Рахим итігіз... Татар дастарқаны не деген молшылық еді. Ҥлкен дӛңгелек столдың ҥсті толған тҥрлі-тҥрлі тамақ. Стақан, шӛшке қоятын жерлері ғана бос қалған. — Ішіп отырығыз, ашап отырығыз. Бу Ғалиасқар мині һаман аптырата... Иртә білән қонақлар килә, хазірлән ди бит! Мин әйтем, син 58


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

ултіресін мині, ултіресін диім... Нишауа, нишауа, Разия-ханым, бик матур қазақ қызын курәсін ди бит. Ищо русшылап қоя! Ашап отырығыз ӛлі... Шайдан кейін Рәзия-ханым қонақтарын Ғалиолланың магазиніне алып келді. Қазақ әйеліне не керек болатынын тҥгел ескерген саудагер "һеш бір магазинде жок" нәрселермен сауда етеді екен. Оюлаған сапиян етік, кебісмәсі, жібек шәлілер, барқыт камзол, иіфәк кӛлмәкләр-бәрі де Қазаннан килгән... Татарша тігілген киімдер қазақы киімнің сыпайыланған, әдеміленген тҥрі. Ҧлпан іркілместен ҥш пар кестелі етік сҧрады. — Аяғыңызға киіп кӛріңіз... отырыңыз... Ҧлпан аяғына киіп кӛрейін деп еді, шҥлғауы ескі екені есіне тҥсті. Ӛз етігіне сыртынан салыстырды. Қҧдай-ау> ӛз етігі қандай бҥзаубас еді! Қалай киіп жҥрген? — Дәл екен. Шҧлғаулары болсын. Апа, мына бір кестелі мәстің кебісін аяғыңа ӛлшеші... Ҧлпан ӛзіне керектің бәрін ҥш-ҥштен алып жатыр. Бәрі жаздық киімдер. Бәрі де қымбат болуы керек. "Шынардын бойы да ӛзіңдей" деді ғой деп ойлап қояды. Тек қос етек кӛйлек, жеңді қамзаулар, зелендер жоқ екен. Ӛзге дҥниені ӛзіне де, шешесіне де қос-қосынан қопарып алды. - Мҧнда киім тігетін адамдар бар шығар? - Ник болмасқа! Хазір. Қазак адам денесін ӛлгеннен кейін ғана ӛлшейді. Ақыреті қҧрғырдың ақ селдір бӛзі табыла бермейді де, азды жеткізем деп қымқыра ӛлшейді. Тігінші Шәкір келіп бойын ӛлшей бастағанда, Ҧлпан қозғалған жоқ. НІешесі ішінен "қҧдай-ай, сақтай кӛр!" деп зар қағып тҧрды. - Ҥш-ҥштӛн міни? - Ҥш-ҥштен. Қашан бітіресіз? - Биш кҥн кирәк бола инді. Ғалиолланың есеп-шоты дамылсыз тырс-тырс етеді. - Кӛк бархыт қырық биш аршын... Малиновый илли дӛрт. Қызыл бархыт отыз ҥш... Жамғысы боладур... тоқыз юз етміш тәңкӛ жігірмә биш тиын. Жігірмә биш тиын долой, тоқыз юз етміш тәңкә... Ғалиасқардың ҥйіне қайтып келген соң, Рәзия-ханым Ҧлпанға жаңа киімдерін моншаға тҥскеннен кейін киюді кеңес етті. Монша дегенді естігені болмаса кӛрген емес-ті. Ҧлпан шешесі мен бір әбиді ертіп моншаға кетті. Монша деген қандай рақат еді. Жетім әбидің алақандары қандай жҧмсақ еді! Сабындамаған, қолы бармаған жері жоқ. Сірке суымен шашын қалай жуып, тарап берді. "Ертең де келіп тҥсемін. Арғы кҥні де келіп тҥсермін. Елге қайтқанша кҥнде келіп тҥсетін болармын!" Ҧлпан монша деген тағы бір тҥйіншекті коңіліне тҥйіп алды. Тоқтай тҥр әлі. Моншадан қайтып келе жатып Ҧлпан, тарантаспен келіп тоқтаған Мҥсіреп пен Ғалиасқарды корді. Есік пен тӛрдей кҥрең ат косіле жортып келіп тоқтады. Шоқтықты, жоталы, жонды, жаялы жылқы. Басын ӛсем шҧлғып Қояды. Боліскей темірмен жақтауланған қорапты арба да жҧтынып тҧр. Жарасымды екен. 59


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

~ Мҥсіреп аға, арба алғансыз ба? ~ Атымен, сайманымен қоса алдым. Ақмарал ӛдейі осыған жіберген. ~ Атыңыз да, арбаңыз да ӛдемі екен. — Кӛрімдік, ендеше! — Қҧдай қолыма молырақ тҥсіргей ақты! - Ҧлпан қуана кҥлімдеп Мҥсірепке екі қағаз ақша суырып берді. Мҥсіреп қарамастан қалтасына салды да: —Ақмаралға ҧнар ма екен? — деп сҧрады. —Ҧнағанда қандай! Қаладан ҥйлеріне қайтқанда Ҧлпан Мҥсірептің тарантасына мініп қайтты. Пәуескесі магазиннен алған бҧйымдарына толып та калып еді. Оның ҥстіне қаланы кеңірек кӛргісі де келді. Кҥрең ат еш нәрседен ҥрікпей-ығыспай, жҧртқа бар сҧлулығымен кӛрінгісі келгендей сылаң қағып келеді. Кӛшеден кӛшеге бҧрылғанда тӛрт тағасы тҥгел кҥнге шағылысып қалады. Аяқтарын ҧшынан басатындай. —Ертең маған да осындай атарба алып беріңізші, Мҥсіреп аға! Ат екеу болсын. —Жарайды. Арбаны кӛріп келесің, аттардың тҥсі қандай болсын? — Ӛзіңізге ҧнағаны маған да ҧнайды. Есеней бҧларды: —Пай-пай! Тҥрікпен-ай! - деп қарсы алды.— Қыс бойы аулаған қасқырларыңды сатып атарба алыпсың. Қатыныңды қалай асырайсың? —Жақсы қатын байын ӛзі асырайды. —Есеней, ертең мен де осындай атарба алатын бол-дым. Біздің аттар еркек екен,- деді Ҧлпан. —Шаптым десеңші! —Шабылдың, Есеней, шабылдың! —Иә, не бітіріп қайттың? —Бәрін де бітірдім. Ақша да бітті. Бес кҥннен кейін ҥйге қайтамын. Оған дейін кҥнде қалаға барып моншаға тҥсемін. Сен де тҥсесің!.. Ҧлпан айтқанын орындап, отауын, жҥгін, сатып ал-ған дҥниелігін бір кӛш тҥйеге арттырып, қос қара кӛк жеккен тарантасқа шешесімен екеуі қатар отырып ӛз аулына қайтып кетті... Аттанарда жалғыз тапсырғаны ақ бота болды. —Мҥсіреп аға, Шынарға сәлем айтыңыз: мен келгенше ботаны тірі жанға кӛрсетпесін! — деді. —Ал, жас келін, енді ауылға дсйін жаяулап барасын-; Келін болып сынықсыған тҥріңді де бір кӛрейінші сенің... — деді Есеней пәуескеден тҥсе берген Ҧлпанға. - Сол сынықсу дегенің менің қолымнан келер ме екен яеп ӛзім де қорқып келем... Тек сен қарамайтын бол маран, жарай ма? - Жарайды. Келінді қарсы алуға шыққан қыз-келіншектер тобына жақындаған соң Есеней Ҧлпан мен шешесін пәуескеден тҥсірді де, ӛзі ауылына қарай жҥріп кетті. Пәуескеден кейін, тарантаста келе жатқан Ҧлпанның жақын женгелері 60


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

де сол жерде тҥсіп қалды. Есенейдің салт келе жатқан жиырмаға тарта жолдастары да ауылға қарай тура тартты. - Бҥл жҧртта есектің миыңдай ми болсайшы. Шымылдық алып шығыпты, тҥге... Есенейдің бәйбішесі ӛз ҥйіне ӛзі шымылдық бҥркеніп келіп кіреді дей ме екен? — деп ойлады Есеней. Жасыл-кӛк шымылдықты екі бақанға керіп ҧстап, иісі Сибанның қызкеліншегі Ҧлпанның алдынан шығып еді. Шымылдық алдында қос-қабат барқыт қамзолдың сыртынан кӛк жібек тысты пҧшпақ ішік киген Айтолқын Еменалының ӛйелі, бойы шарғылау, бӛктеріншектілеу болған соң, бҥгін жаулығын биігірек етіп салыныпты. Екі жағындағы екі жас келіншек жазғытҧрғы жылынған кҥннің райына қарай жеңіл киінген — оқалаған сәукеле, жеңсіз қамзол, кос етек кӛйлек. Ҥшеуі де қабырғаласып ӛте берген Есенейдің пәуескесіне беттерін бҧрып бір тізелеп сәлем етті. Пӛуеске орине, ҥн қатқан жоқ. Шымылдық Ҧлпанға қарай қарама-қарсы баяу жҥріп келіп тоқтасты. "Мынау жаулығы қақырайған Еменалының әйелі болар... Қандай кержалқау екен? Табақтай бетінен сорғалаған тер жаулықтың алқымын қап-қара қылып жібергені сонша, сақалы бар ма деп қалғандай екенсің. Е, мына қыпша бел, сҧңғақ бойлы, қызыл шырайлы торғылт келіншек Шынар болар. Аяғында кестелі етік... Ие, сол екен... кҥлімдеп, іші-баурыңа кіріп бара жатқан кӛзқарасы қандай әдемі еді! Ашаң да ашық жҥзді. Кӛз қиығының қҧйрығы азғана кӛтеріңкі... Сол жақ бетінде "бармақ баттысы" бар... Мҥсіреп ағай сҥйгеніне тауып қосылған екен де..." Есеней ауылының жолы ҥлкен әйелі болып ҥйреніп Қалған Айтолқын Ҧлпанға да, Несібеліге де сыздана қарап амандасты. — Денің cay ма, шырағым... Қҧдағи, ҥй іштерің амаң ба...— дей салды. "Сіз" деуге аузы бара алар емес. Шашу шашқанда да: - Келіннің аяғынан, Қойшының таяғынан. Жақсылық, жамандық, Келіннің қабағынан,— деп тағы бірдемесін ескертіп қалды. Шашуға таласқан жас балалар бәрі де қарны қампиған, ши борбай, ірің кӛз, қотыр-шотыр екен. Есеней ауылында осынша арық-тҧрақ бала болар деп ойламаған Ҧлпан таң қалды. Мҧнысы несі, бҥл ел биыл қырғын жҧтқа ҧшырап калган ба? Айтолқынның бәлденіп-баптанып болуына қарамай, Шынар Ҧлпан тобына барып қосылып қалды. Қҧшақтаса кетердей ҥзіле қарап келіп еді, Ҧлпан да сондай кҥйде екен. —Сенбісің-ей, айналайын? — деді. —Мен ғой. 61


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Айналайын-ай, қандай бауырмал едің! — деп Несібелі Шынардың бетінен сҥйді. — Ӛркенің оссін, қарағым... Ҧлпан мен Шынар бірін-бірі манадан танып кӛздерімен сойлесіп, кӛздерімен шақырысып тҧрған. Несібелі де шырамытып қалған екен, Ҧлпанға қарап: — Мҥсіреп ағаңның келіншегі Шынар ғой,— деді ӛзінің тани кеткенін де аңғартып. Айтолқын да Ҧлпаннан козін айыра алмай тҧр. Қызық киіне береді екенау!.. Басына ақ жібек шаршыны шәліге ҧсатып жамыла салыпты да, ҥстінен сәукеле киіпті. Алқымы ашық... Мойным әдемі, еркектерге кӛрініп тҧрсын дегені ме?.. Кӛтек!... Қына сары жібек койлекке қызыл жібектен бҥрме жаға салыпты. Жетпей калган ғой! Ҥстіне жапа-жалғыз қара кӛк барқыт қамзол... Басқа несі бар дейсің, тәңірі. Бар болса киер еді ғой. Бір қос жылқы беріп алган сҧлуымыз осы ма? Беті менің бетімнен ақ бола алмас. Ҥш ҥл, екі қыз тапқаннан кейін кӛрерміз әлі. Әуелі сол бес баланы тауып кӛрсін!.. Ту сыртыңнан ӛтіп бара жатқан кӛзі қандай жаман еді! Жыңды Мҥсіреп несін мақтап жҥрген?.. Аяғындағы кестелі етік қызыл шҧбар болмай, кок шҥбар болса, қандай жарасымды болар еді. Аш-арықтың қызы Шынар да соның біреуін киіп алыпты. Кедейдің кербезінен сақта деген осы-ау!.. Айтолқынның қол сермеуіне орай екі жас әйел шымылдықты Ҧлпанның алдына әкеліп ҧстағалы оңтайланып келеді. - Келін! — деді Ҧлпан Айтолқынға,— шымылдығыңыз-ды әрі әкетіңізші! Мен оз ауылыма ӛзім шымылдық бҥркеніп барғым келмейді. Ӛзін ҥлкен бойбішелер қатарында ҧстап келген Айтолқынға Ҧлпанның "келін" дегені Еменалының қамшысынан да қатты тиді. Еменалы оны қамшылап-қамшылап алатын. - Не дейді!? "Ойбай-ай, кӛргенсізін-ай!" - Елімнің жер-суын, бала-шағасын кӛре жҥрейін де,— деді Ҧлпан даусын азғана жҥмсартып.— Әрі әкетіңіз. - Е, мейлің ендеше... Жҧрт соксе, озіңді согер! Қыз-келіншектер тобы қозғалып кетті. Бәрінің алдында Айтолқын жалғыз кетіп барады. Жҧрт алдында абыройын тӛкпей, кӛш алдын бастап ӛтпекші. Ҧлпан мен Шынар ақырын-ақырын кҥле сӛйлесіп қатар келе жатыр. Кӛздерімен де, қолдарымен де сӛйлесіп келеді. - Мҥсіреп ағай мені ҧзатып әкелуге келер деп едім. - Егіннен қолы босамай, ағасын жіберді ғой. - Егіннен? - Ие, бір жер сҧлы егетіні бар екен де... Биыл бір жарты жер бидай да салды. Мен де егін салыстым. ~ Бәсе, қолың жарылып кеткендей тиеді. - Сенің алақаның да ақ мамықтай емес секілді. ~ Менің ақ ботам қалай, бойын жинады ма? ~ Ойбай, ойнақтай бастады. ~ Аулымыздың арасы жақын ба? 62


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Б Біз әлі қыстаудан кӛшкен жоқпыз. Сенің ботаң басыма пәле болды! Ӛзім келгенше тірі жанға кӛрсетпесін депсің ғой! Қораға тығып жанға кӛрсетпей отырмыз... ~ Ӛй, козіңнен айналайын!.. Енді екеуі алдарында кетіп бара жатқан Айтолқынды азақтай бастады. Абысынымыздың ӛр кӛкіректігі-ай! — деді Ҥлпан. ~ Сендей басы асау келінді басынан ноқталап алғысы келгені дҧрыс та болар... Сен, немене, мені басы асау деп естіп пе едің? - Естіген емес, бірге туған, бірге ӛскендей білемің сені. - Мҥсіреп ағай мені әбден жамандаған екен ғой! - Мҥсіреп саган шаң жҥқтыра ма екен! - Әй, сен де мырзаңның атын атай беремісің? - Ӛзі болмай ататтырып еді, енді ҥйреніп кетіппін. Екі жас келіншек танысты, қалжыңдасты, білісті. Білісті де сеністі. Ҥлпан ақырын ғана Шынардың саньщ шымшып алды. Екеуі ҥмытылып бара жатқан Айтолқын-ға қайта кӛшті. Қалың кӛк кӛделі жерлерде Айтолқынның шоңқай-ма етігі тайып кетіп, ҧршығы бҥлтың етіп қалып келеді. Шоңқайманың биік ӛкшелері кегжиекегжие кейін қарай шалқайып кеткен екен. - Аяғыңа кигенің шоңқайма етік. Тайып кетсе қҧлайсың шоңқаң етіп, деген елең бар ма еді? - Бар ғой. Кейде тоңқаң етіп деп те айтады. Екі жас келіншек мәзмейрам болып іштерінен кҥлісіп алды. Неден екені белгісіз, екеуі де Айтолқынды кӛрген жерден жаратпай қалып еді. - Тегі, біздің абысын бір текті жердің қызы болар? - Текті болғанда қандай! Хан тҧқымы дейді. - Бәсе!.. - Ҧлпан одан әрі қазбалаған жоқ. Бар білейін дегені сол-ақ екен. Есенейдің ӛз аулы айнадай жарқыраған екі кӛлдің ортасына, жазыққа қоныпты. Алты-жеті ақ ҥйдің ортасынан Ҧлпан ӛз отауын да танып келеді. - Сенің отауыңды тігісіп, жҥгінді жинасам деп әліп қала жаздадым... Ҧнатпай жҥрсең маган ғана ҧрсатын бол! — деді Шынар. - Мақтанбай тҧра тҧр... Ығы-жығы тігілген кӛп ҥйлі қараша ауыл екі кӛлден де бір бҥйір, шетірек қала беріп еді. Ҧлпан сол ауылдың жайын сҧрады. - Мыналарың кім? - Олар сенің малшыларың, қойшыларың, сауыншыларың; отыншысушыларың, жылқышы-сиыршыларың... - деді Шынар. Әдейі шҧбыртып айтты. - Менің бе? - Енді сенікі болад та... Ҧлпан ҥндеген жоқ. Ҧлпанның оз аулы да шыр бітпеген кедей болатын. Бірақ, әркімнің озімдікі дейтін азғана малы бар, қоңыр тӛбел ҥйі бар, бірінің қолына бірі қарамай, орқайсысы ӛз тіршілігімен отыратын. Мына қараша 63


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

ҥйлер қайыршының баспанасы сияқты екен. Бір дуаннын атақты биі — асқан байы Есенейдің малшылары осынша жҥтаң болғанына Ҧлпан таң қалды. Әлде Есенейі болғанынан болмағаны жақсы ма екен? Астапыралла, ойыма не тҥсіп кетті... Астапыралла дегенімен Есенейдің байлығы мен қараша ауылдың кедейлігі Ҧлпан коңіліне қосақтала тҥйіліп қалды. Есеней ҥйінің айналасы қаз-қатар отырған адам екен. Он ауыл Сибанның еркек-әйелі тҥгел жиналыпты. Айтолқын арқан бойы алдарақ келіп, Есенейдің ҥйіне қарап сәлем етті. - Сен мен не істесем соны істе! — деді Ҧлпан Шынарға сыбырлап. Ҧлпан ҥлкендерге бҧрылып, бір тізелеп сәлем етті. Шынар да соны істеді. Ҧяла-ҧяла, бетін шалысымен бҥркемелеп сәлем етті. - Кӛп жасаңдар... Қҧтты қадам тілейміз. Бір жігіт ҥлкен ҥйдің киіз есігін ашқалы оңтайланып тҧр екен. Айтолқын соған жақындап келіп: - Аш! - деді. - Озім де ашайын деп тҧрғаным жоқ па? - Ашсаң ашсайшы енді! - Сен кейін тҧр! Осы ҥйдің бәйбішесінен бҧрын кірейін деп пе едің? Кейін тҧр! — Жігіт Айтолқынды шынтағымен ысырыңқырап жіберді. Ҧлпан ҥйге сәлем етпей кіріп еді. Тӛр жақта Есенейге жақын тӛрт-бес ақсақал отыр екен. Ҧлпан оларға сәлем етіп, Есенейден аз-ақ темен барып отырды. Манадан бері Ҧлпан не істесе соны істеген Шынар тӛрге шығуға іркіліп қалып еді, Ҧлпан - бері кел! - деді. Шынар амалсыз ҥлкен ҥйдің тӛріне шықты. Қызарып кетіпті, кӛзін кӛтермей, есікке қарай бір қырын отырып қалды. Шынардың қасына Несібелі бастаған қҧдағилар отырды. - Мҥсіреп Сибан емес, тҥрікпен... Саған Сибанның тӛрі бәрі бос, Шынар,- деді Есеней қалжыңдап - Сен тіпті мына шалдарға сәлем етпесең де болады. Ең тӛрде отырған, кҥректей ақ сакалы кҥмістей жар-Қыраған қарт адам: ~ Ойнап айтсаң да олай деме, Есеней. Атаң Бесбай Ҥлкен келінін "тҥрікпен" жігітке жай берген жоқ-ты... Ерлігі ҥшін берген. Мҥсірептің ӛз әкесі Еламан да Сибанды қалмақтан қорғап жҥріп қаза тапты. Еламанның моласындай таудай қара обаны қай Сибанның басына орнатып едік! — деп қарт кҥңіреніп кетті. - Ойбай, қойдым, Бақа, қойдым. Енді немді айтып Ҧлпанның кӛңілін кӛтеріп отырам деп Есеней қысыла бастағаңда, сәлем беріп Мҥсіреп келді. Ҧлпан да, Несібелі де Мҥсірепке тҥрегеліп ізет кӛрсетіп амандасты. Мҥсіреп Несібеліге екі қолын бірдей созып амаңдасты да, Ҧлпанды иығынан қҥшақтай тҧрып маңдайынан сҥйді. - Қҧтты қадамың болсын, Ҧлпанжан!.. - Мына тҥрікпен қайтеді? - деп Есеней қызғанған болды. - Онда сенің жҧмысың болмасын! Жайыңа отыр,-деді Мҥсіреп. - Әй, ойыны жарасқан қҧрбы-замандастар-ай! - десіп шалдар да мәз болып қалды. 64


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Ал, жоғары шық. - Жоқ, мен Несібелі қҧдағиымның қасына отырамын. - Әй, сен, нағыз жындының ӛзісің... Ҧлпанды қарындасым дейсің де, оның шешесін қҧдағи дейсің! Осынында шҧнамдай қисын жоқ қой! - Миың болса, ойла да тап! - Тҥу, мынаған сӛз ӛтпес! Мҥсіреп Несібелінің қасына отырып Артекеңнің амандығын сҧрастыра келіп: - Қайран Артекем, келе алмаған екен, деп тоқтады. - Келе алмады, шырағым. Дені сау, Мҥсіреп інім келіп кетсін деп кӛп сәлем айтты,- деді Несібелі. - "Қайраң кел" басына барып қонған соң жайлауда тҧспа-тҧс боламыз. Сонда барып қайтамын. - Шынар да барады,- деді Ҧлпан.- Біз де барамыз. Мҥсіреп аузына тҥсе кеткен бір ескі әнмен: - Есенейдің, басында алтын ноқта!..- деп азғана созып тҧрған болды да, әнді котеретін жеріне даусы жетпесін сезініп, ӛзіне-озі: - есің болса, Мҥсіреп, сен де тоқта...-дей салды. Мҥсіреп ӛлең шығара да білмейді, олең айта да білмейді, даусы жоқ. Бірақ ӛзі серілеу адам болған соң әнші-ӛлеңшілермен коп кездескен. Ән мен ӛлеңді ҧғынаңдайтын. Жадында кӛп нәрселерді ҥстап қалған адам, реТі келіп қалған соң Есенейге сол жаттамалардың бірін айта салды. - Уа, екеуіңнің басыңа да алтын ноқталарың жарасып тҧр. Біреуің Артықбай батырдың қызы, біреуің Шақ-шақ бидін қызы болсаң, Сибанның мандайына қҧдайдың ӛзі бере салганы да. Қолдарыңцы қақпаспыз. Ноқталарыннын бауы берік, бәріңе де қайырлы, қҧтты болсын! -деп Бақберді қарт қолын жайып батасын берді. - Ақсақал-ау, мҧнынды Мҥсірепке арнап айтсаң бір жӛн еді, мені қоса ноқталап бердің ғой! - деді Есеней. - Алдымен сені ноқталау керек, Есеней! Мҥсіреп бір баланың маңдайынан шертіпті деп естіген емен. - Ендеше, оны неге ноктала дедің? - Е, тәңірі деген, келінге кӛңілім толып кетті де, бірде болмаса бірде қабағын шытып жҥрмесін дегенім де... Қарт адам Есеней мен Мҥсірепке әлденелерді қал-жыңын да қоса тҧспалдап айтып болған соң орнынан тҧра берді. Ҧлпан да орнынан тҧрып, кереге бастарына козш қыдырта қарап еді, казқатар ілінген ішіктер тҧр, шапандар тҧр екен... Ҧлпан бір қымбат зерен шапанды алып шалдардың иығына жапты. - Айтқаныңыз келсін, ата... Шалдар кеткен соң Ҧлпан орнына отыра беріп Шынардан: - Ей, сен Шақшақ бидің қызы ма едің? - деп сҧрады ақырын ғана. - Жоқ-е, тәңірі... кейін білерсің, айтармын. 65


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Қҧдағи, той откен соң басқа ешкімнің ҥйіне бармай тҧрып әуелі біздің ҥйге келерсіз. Мына кісі,— деп Шынарға бір қарап қойды да,- осылай қадағалап шақыр деп тапсырып қойды маған,— деді Мҥсіреп,- Ҧлпанды ӛзім шақырамын деген. - Шақырды, шақырды,- деді Ҧлпан.- Тек, мен әлі Есенейге айтуға ҥлгірмей жатырмын. ~ Е, сені шақырса болды ғой, мен де қалмаспын,-Деді Есеней Ҧлпанға еркелете қарап. Қымыз манадан ішіліп жатқан. Енді дастарқан жайылыш, самауыр келе жатыр. Ҧлпанға таныс Тобыл базарынан ӛзі алған алтындатқан шыны аяқтар, шай қасықтар,ӛрік-мейіз, қант салған сауыттар. Тобыл жағасына бір тігіліп қайтқан Ҧлпанның отауында қызмет еткең жігіттер... — Мен бір кҥн тыныш отыра тҧрайын да, шайды сең қҧй! — деді Ҧлпан Шынарға. —Қҧдағилар, тӛрге шығыңыздар. Енді бҥл ҥйге кім келсе де қозғалмаңыздар, — деп Мҥсіреп қҧдағиларды тӛрге алып барып отырғызды да, Есенейге: — Сен ғой, ӛз ҥйінде де Есенейсің! Кҥйеу дегеннің әдепибасынан хабарың жоқ,— деп токтады. —Қҧдай соққан-ау, маған не қыл дейсің? Бҧл кісілер келгенде тӛрде әлгі ақсақалдар отырды ғой. Ҧлпан-ау, осы екеуіңнің араңда бірдеме бар ма ӛзі. Мынаны неге басыма секіртіп қойдың? —Бар... — деді Ҧлпан әдейі кідіріс жасап, кҥлімдей қарап, — бар... Мен қарындасымын, Мҥсіреп жан деген жалғыз ағайым! —Енді тҥсіндің бе? Ҧмытпа! — деп Мҥсіреп Есеней мен Несібелінің арасынан келіп отырды. — Мен Артекеңнің орнына сыйлайтын адамыңмын! —Қайнағаға жарыған екеміз!.. — деп Есеней қарқылдап кҥлді. —Ӛз обалың ӛзіңе! Әуелі кӛрмей-білмей соқтығып па едің? —Қол кӛтердім, қойдым, ойбай... қойдым Есеней болуды. —Жоқ-жоқ... Сен тагыңнан тым ерте тҥспей отыра тҧр, Есеней, — деді Ҧлпан еркелей сӛйлеп. — Той ӛткенше сен Есеней, тойдан кейін мен-ақ болайын... Керегінде қайырып беріп отырармын. —Шынаржан, естіп отырмысың, мына екеуінің тҥтіні қосылып барады! Бір кҥні сақалымнан жасым шҥбырып "Ҧлпан сабап тастады" деп жылап келсем, ҥйіңе кіргізбей жҥрме, айналайын. Сенен басқа арыз айтып, арқа сҥйерім калған жоқ, - деді Есеней. Ҧлпанмен сыбыр-сыңқылы жараса қалған жас келін елеусіз қалмасын дегені еді. Әйелдер Есенейге ырза кӛңіл білдіре кҥлісіп алды. Есеней би алды тар, қатал адам, бет-аузы жолбарыс сияқты қара шҧбар, кҥле білмейтін ызғарлы адам дегенді Шынар ӛз елінде де талай естіген. Ҧрықары тҥнде жатар алдыңда "А, қҧдай, Есенейдің қолына тҥсіре кӛрме!" I деп дҧға қылады екен деген аңыз да қҧлағында болатын. Сондықтан ол манадан бері Есенейдің бетіне қарай алмай отырған. Жаңағы қалжыңдардан, әсіресе, Есенейдің ӛзіне айтқан қалжыңынан есін тез жинап алды. Бірақ жауап кайыра алған жоқ. Жымиып, кҥлімсіреді де койды. 66


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Есеней оған екінші жолы қатты соқтықты: - Шынаржан, неге ҥндемедің? Мына тҥрікпен сені де ығыстырып алған ба? Арызымды аяқсыз қалдырамысың? -деді. Шынар Есенейдің бетіне бҥл жолы тура қарады. Даусы жҧмсақ шығатын, екі сӛзінің бірі қалжың адамның тҥсі онша суық болмас деп еді. Қара шҧбар адам жауап кҥтіп жымиып отыр екен. - Арызыңыз аяқсыз қалмас... Жҧмысыңыздың жай-жапсарын тағы бірде ӛзіңіз келіп айтарсыз,— деді.— Екеуінін біріне болмаса біріне шамамыз келер... - Тҥрікпен серім, сенің жайың да кӛрініп қалды! Бет алысың дҧрыс, шырағым!..— деп Есеней мәз болып қалды. Қазақ қауымы шай ҥстінде ғана жайласып, жадырасып сӛйлесе алады. Ет келгенде табаққа қҧныға қарап, жабыла қол салады да, сӛзге ауыз да босамайды, сӛз қҧлаққа да кірмейді. Туа ҥйреніскен кең даласындай кең жайылған шай дастарқаны айналасында әзіл-қалжың, сыр алысу — сынасу, алыстау, жақындау сияқты тіршілік ауыс-тҥйістің бәрі де ӛзінің әдепті жҥйесін тауып сыпайы сӛйленіп отырады. Ҧлпан жаңа ғана келіп таныса бастаган елінің мҥндай әдептілігіне ырза болып отырса да, басқа бірдемеге таң қалып отыр. Есенейдің айналасында он ауыл Сибаннан бір естияр адам жоқ. Манағы кеткен тӛрт-бес шалдан кейін Есенейдің ӛзімен теңдес ағайыны ретінде Мҥсірептен басқа бір адам бой кӛрсеткен жоқ. Керейдің әр руларынан тойын басқаруға Есенейдің ӛзі тағайындаған қырық жігітінің біразы бір рет келіп тойды қалай ӛткізетіндерін айтып, бір-бір аяқ қымыз ішіп кетті. Анда-санда Еменалының айқайы бір шығып қалады. Ол ылғи задекімдерге ҧрсып, аузы-мҧрнын боқтап жҥреді. Елді Есенейден бездіріп, кӛк желке қылып болған бір жағынан сол Еменалы болар-ау... Қалайда ол бҧл елдің ырысы ,емес шығар. Тілеміс бір рет келіп: — Қожабай басына ҥш жҥз киіз ҥй тігілді... Бес болыс Керей - Уақтың ҧзын-ырғасы тҥгел... Ҥйлердің кӛбі солардікі... Сойыстық мал, қымызқымыран ағыл-тегіл келіп жатыр,- деді де ол шығып кетті. Бҧған қарағанда да Сибанның ӛзі Есенейге енжарлау ма, қалай? Кейде шетке қадірі бар адамдардың ӛз еліне қадірсізі болады. Ондай адамдар ағайын-туғандарын ығыстыра ҧстап, елемей ҧстап, атағымен, атымен иықтап жҥреді де, тҥптеп келгенде жалғыз қалады. Есеней осыған ҧшырап бара жатқандай екен. Ҧлпан мҧны да бір тҥйіп қойды. Есеней ҥлкен адам. Ҥлкен адамның тізесі де қатты батады. Кейін оның екініші де ҥлкен болмақ. Ҧлпан кӛңіліне осындай қобалжу кіре бастады. Ауыл толы адам. Ет пен қымыз мол болар. Бірақ қуаныш ҥстінде ақ жарқын кҥлісіп, киіз ҥйді кере қа-қылдасқан дауыстар да естілмейді. Әлі бір адам ән салған жоқ. —Той тарағанша ҥш кҥн осында боламыз ғой. Бҥгін ҥйімізге қайтып, ертең біржола келейік, Ҧлпанжан, рҧқсат болса,— деді Мҥсіреп. 67


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Жарайды, Мҥсіреп аға. Той тарағанша апам бәріңіз менің отауымда боларсыз,- деді Ҧлпан. Мҥсіреп пен Шынар аулына қайтып кетті. 4 — Әлгі Шақшақ бидің қызы әлі тҥрған жоқ па? — деп сырттан Мҥсірептің ағасы Әсіреп айқай салды. — Тҧрғамын, ағеке, тҧрғамын... Кӛйлек жендері қарына дейін тҥрулі, саусақтарында жабысқан қамыр, Шынар киіз ҥйден жҥгіре шығып, қайын ағасына кҥлімдей қарады. Әсіреп екі ҥйдің ҥш-тӛрт жылқысын айдап әкелген екен. — Қҧлындарынды байлап ал! — деді. Шынар қҥлындарына қарай ҧмтылып еді, "жалқауын қайда?" деп қайта тоқтатты Әсіреп. —Жалқауың қайда? —Апам екеуі отын әкелуге кетті. —Немене, жалғыз ӛзі әкеле алмай ма? —Апам шоғырмақ теріп әкелем деп кетті. —Таң атпай нан илеп жатыр екесің ғой. Қонақтарың бҥгін келетін бе еді? —Бҥгін, ағеке. —Жарайды, жҥре бер ҥйіңе. Әсіреп қызық адам. Інісі мен келініне ҧрса жҥріп қалжындасады, ҧрысқан бола жҥріп еркелетеді. Жақсы кӛреді. Әсіресе, Шынармен қалжындасып қалса, кӛңілі кӛтеріліп, ӛзі мәз болады. Мҥсірепке "ӛзі тауып әперген" келінінің жасық болмай, ашық болғанына, қабақ шытпай кҥлімдеп жҥретініне қуанады. — Еріне білмейді. Жҧмысқа дегенде ерттеулі аттай әзір тҧрады. Ҥсті-басына шаң жҧқпайды,— деп сыртынан да мақтап отырады. Былтырғы кҥз еді... Сібірдің суық қара жаңбыры сабалап тҧрған. Қорғасындай қоңыр бҧлттар дҥниені бар салмағымен басып, орнынан қозғалмай қойғалы ҥш кҥн. Әсіреп мал қоралап жҥр еді, есік алдына мойны сорайған ақ нар келіп тҧрып қалғанын кӛрді. Тҥйені жаяу жетелеп алған, басында еркек бӛркі, бҧтында еркек шалбары болғанымен бой жетіп қалған қызға ҧқсайды екен — ҥш талдап ӛрген бҧрымынан жаңбыр суы сорғалап тҧр. Аяғында қолдан илеген қайыс етік суға малшынып, екі ҧрты бҥлтиып кетіпті. Тҥйенің ҥстінде ескі-қҧсқыға оранып отырған мосқал әйел қыздың шешесі болу керек. — Отағасы-ай, жаурап келеміз. Ҥйіңе кіргізбесең де қораңа тҥнеп шығуға рҧқсатың болар ма екен? — деді қыздың шешесі. Қыр елдерінің жоқ-жітігі қазақ-орыс қалаларына қарай шҥбыра бастағалы екі жетідей болып қалып еді. Кейбіреулері Әсірептің "орыс ҥйіне" қонып та кеткен. Мынау екі бейшара сол шҧбырындының соңы болу керек. 68


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Осы қара жаңбырда қай қҧдаңа кетіп бара жатырсың, ҥйінде отырмай! ~ Қҧда бізде қайдан болсын! Орыс арасында нан тауып жеп жанымыз қала ма деп қаңғырып келе жатқанымыз да... ~ Орыс қалаларынан еркекке жҧмыс табылады. Сен, немене, бір кҥні аштан ӛлейін деп кетіп барасың ба? ~ Іс-міс тігіп кҥн кӛреміз бе дегеніміз ғой. Ҧрса бермей айтарыңды айтшы, шырағым. — Жарайды. Сайрай бермей тҥс енді тҥйеңнен. Қыз тҥйесін тҧрған жеріне шӛктіргісі келіп ноқта сабағын бір-екі басып қалып "шӛк!" деп еді, тҥйесі сызға шӛге қоймады. Ауылды басына кӛтеріп бақырып қалды. —Ӛйтпе, шырағым... — Әсіреп тҥйені ӛзі жетелеп алып, шарбағы бар екен, соған әкеліп шӛп-шаламның ҥстіне шӛктірді. Тҥйе біресе алдына қарай, біресе кейін қарай итеңдеп барып шӛкті әйтеуір. Қыз шешесі тҥйеден тҥсті. —Ҥйге барындар... Киімдеріңді кептіріп, жылының-дар. Әсіреп екі ҥйдің малын жалгыз қоралап болған кезде Есеней ауылына кеткен Мҥсіреп те қайтып келді. Екі сары ала иті әлі ат ҥстіңде тҧрған Мҥсірептің екі жағынан келіп тізесіне асылды. Еркелесіп, желкемізден бір сипашы деп қыңсыласып қояды. Мҥсіреп екі итін екі сипап еді, болды. Иттері ордандай жҥгіріп қораға кіріп кетті. —Неге шақыртыпты? — деді Әсіреп інісіне жақындап келіп. — Жай ма? —Қысқа қарай жылқыны орналастырып қайтайық. Қар тҥскен соң қасқыр қуармыз, аң аулармыз... Біраз кҥн жолдас бол деді. — Баратын болдың ба? —Кӛңілі жарым... жалғызсырап жҥрген адам ғой... жарайды дедім. —Мына қҧлан-тҧяғыңның еті оязып кетіпті... Жире-ніңді мініп кет! Бҧл былтырғы "Қаршығалы" шҧбарына барып тірелетін сапардың алдындағы кеш еді. Келе жатқан қыстың ауыр боларын сезініп, Есеней жылқыларын жайлы жерге орналастыруга ӛзі аттанғалы жатқан. Мҥсірепті сол сапарына шақырыпты. Мҥсіреп аңырап тҧрған суық жер ҥйіне кірді. Қазандық аузы әлі опырайып жатыр. Кҥйдірмеген саз кірпіштен қаланған пештің мойны сӛгіле келе, жарыла келе есік жаққа қарай қҧлағалы тҧр. Tӛp бӛлме дегені мҥздап тҧр. Таңертең жинамай кеткен тӛсегі сол кҥйінде жатыр. Ортан қазықта ілулі тҧрған бестік шамын жағып еді, ҥйдін бҧрыш-бҧрышынан жылт-жылт еткен ермекшінің ӛрмегі кӛзіне тҥсті. Кӛптен сҥртілмеген шамы қара-кӛлеңке жанса да ҥй ішінің салақсып кеткенін жасыра алмай тҧр. Жеңіп алған қырсыздықпен кҥресейін деген ой келген де жоқ. Суға малшынган киімдерін анда-мында іле тастап, аузы ашық тҧрған ҥлкен кара сандықтан қҧрғак киімдерш алып киді. Су болган киімдері ӛзі оралып келгенше сол кҥйінде тҧра береді, әрине, "Ҥй болған соң бір қатын керек-ақ екен-ау..." деп ойлады да қойды. 69


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Қысқа қарай ең керегің қазандық қой! Ол иттің аузы неге опырайып қалған? Жазды кҥні тӛбеден тамшы аққан ба? Ҥйдің қабырғаларын бір сылатып алу да керек еді. Әсірептің қолы тимей жҥр-ау, сірә... Оқасы жоқ, ӛзім кайтып келгенше бәрін де тҥзетіп қояды ғой. Кӛрпе, жастықтар да кірлеген болар... Ҥй болған соң бір қатын керек-ақ екен!.. Ҥй ішілік ҧсақ жҧмыстарға Мҥсірептің қыры жоқ адам. Оның опырыпжапырып жҧмыс істейтін екі кезеңі бар. Таң атпай бастайды, тҥнделетін тоқтайды. Бҥл кезде ол екі адым жердегі ҥйіне де қайтпайды, жҧмыс басында қонады. Ол кезендері — он кҥн жазғытҧрым, жиырма кҥн жаз аяғында: айналасы бір ай... Егін салуға, шоп шабуға келгеңде мҧнымен ешкім тендесе алмайды! Екі ҥйдің егінін салатын да сол, шӛбін шабатын да сол. Әсірепке соқаны да ҧстатпайды, бел орақты да ҧстатпайды. Маусымы аяқталды, Мҥсіреп жҧмыс маңайына жоламайды. Оның қайда жҥргенін аттары мен иттері ғана біледі. Жазғытҧрым Әсірепке бір десе бидай егіп берді, озіне бір десе сҧлы салды. Жаз аяғында екі ҥйдің малына екі қысқа жететін шоп шапты. Егінді де орып берді. Сонымен оның маусымы да аяқталды. Егін мен шӛпті жинап аларда маңына да барған жоқ. Оның бәрі Әсірептің мойнында... Әсіреп бидайын соғып қаптап-қамбалап алды. Мҥсіреп сҧлысын кӛктеу кезінде шауып тастайды да, соқтырмай, кӛк ала сабағымен бірге ҥйдіреді. Бҧ да шоп қой, ат жақсы кӛретін бидайык... Ӛз ҥйінде бір қасық суы жок Мҥсіреп іңірде ағасының ҥйіне келді. Мырза жеңгем деп мақтай кірсе Жаниша жеңгесі баптап тҧрып қҧймақ қҧйып, шай береді. Арғын - Қыпшақ, Керей — Уақтан Жанишаның шайындай шай ішіп кӛргенім жоқ десе, жеңгесі оның ойнап мақтайтынын біле тҧра мақтанып бейілденіп кетеді. Мҥсіреп ағасының ауыз ҥйіне кіріп келгенде қазандық отына аяқтарын да кыздырып, шалбарының балақ-тарын да кептіріп отырған қызды корді. Бойы жылынып, Қалғып кетіп отыр екен. Аяқтары қандай әдемі еді! Ӛкшелі де ҥсітті, белтірлігі қиылып тҧр. Ат ҥстінде ӛскен қазақ баласында сирек кездесетін аяқтар... Есік ыңыранып жабылғанда қыз оянып кетті де аяқтарын тез жинап альщ бетін ар жағына қарай бҧрып әкетті. Бәрібір, Мҥсіреп оның бет-аузын да тҥгел шалып қалды. Азырақ келтелеу келген қыр мҧрын... кӛз қиығының қҧйрыгы азгана кӛтеріңкі қызыл шырайлы, торғылт тҥсті қыз екен. Әттең-ай, тез жасырынып кетті... - Жоғарылат, Мырза жігіт! - деп Жаниша жеңгесі тҧра келіп қарсы алды. Шай ішіліп болған. Дастарқан шетінде, есікке тамаң мосқалдау бір бӛтен әйел отыр. "Ана қыздың шешесі болар". - Қонақтарың бар екен ғой... - Қырыққа келгенше бір шҥйке бас ала алмай жҥрген сен емессің ғой, біз!.. Кҥнде қонағымыз болып тҧрады. - Ағамыз бар... алып беретін шығар біреуді. - Мен саған кімнің қызын айттырмадым! Біріне жо-ламадың ғой. 70


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Сен әкесін айттырып келесің. Мен қызын айттыр деймін.- Атасы мен інісі азырақ қалжыңмен шайқасып алды да, жеңбей-жеңілмей тоқырағандай болды. - Мырзажігіт, шай қояйын ба, сорпа-суымыз пісіп тҧр еді, соған қараймысың. - Шайды сорпа-суыңнан кейін де ішуге болады ғой. - Шіренуін кӛрдің бе? - Е, қойшы сен, ӛтірік ҧрыспай... Мына кісі шын екен деп қалар. Жаниша самауыр, дастарқанын жинап әкете бастады. - Сен, эй, биыл негде арба сҧлы ҥйдіріп алдың маған, білесің бе? - деді Әсіреп. - Он арба шамасы болар. - Атаңның басы!.. Он бес арба ҥйіп бердім. - Сіздің ҥйдің арбасы деген не тәңірі... қара қҧстын. ҧясындай ғана... - Қап, мынаның ыза қылуын-ай! Отыз арба шӛп ҥйіп бердім. Сҧлыңнан артық. Екі жылыңа жетеді! - Онда биыл шӛпті кӛп шапқан екесің ғой! - Мҥрныңды бҧзып жіберейін бе осы! Иілмей-бҥгілмей тҥрегеліп тҧрып бел орақты сілтей бергенін бҧлдауын қарашы! Бәлем, ендігі жылы болсын! Табақ толы тарының ҥстіне шоқита қойған азғана еті бар кешкі тамақ келді. Жаниша ауыз ҥйдегі қызды тамаққа шақырып еді, ол келмеді. Бой жетіп қалған қазақ кызы тӛр ҥйге жалаң аяқ қайдан келсін. Жаниша оған тамақты ауыз ҥйге апарып берді. Қыз шешесі қасығын етке қарай бір жақындатпай койды. Қасығы тарыға да жҧқалап қана батады. Қанша ашығып келе жатса да сҧғанақтанбай тартынып отыр. - Қонақ жеңгем, же! Қасығынды батыра сал! Бҧл ҥйде сен ҧялатын кісі жоқ. Мынау менің інім, ана қатынның еркесі. Егін салып, шӛп шабудан басқа қара кҥрешке туратын ӛнері жоқ. Қасығыңды батыра сал...— деп қояды Әсіреп, азғана етті солай қарай ысыра беріп. - Атың кім ӛзіңнің? - Науша... - Байыңның аты кім еді? - Шақшақ еді. - Ойбай-ау, Шақшақ би ӛлген соң қатындары тарап кетіпті дейтін еді, соның біреуімісің? - Жоқ-е, қҧдай... Ол етік тігіп, мен іс тігіп, бірін-біріне жалғап-жамап кҥн кӛретін кҥйіміз бар еді. Ол кісі қайтыс болғалы ҥш жыл... - Ар жағын айтпай-ақ қой. Ағайыны бар кісі ӛзі де тҥсінеді. Ал, жеп отыр. Етке тіпті қол тигізген жоқсың. - Тӛңірі жарылгасын, жаным. Осындай жайласып отырып, жылы тамақ жерміз-ау деп кім ойлаған... Бір қалың ағаштың ішінде тҥйемізді ықтай отырып аман қалсақ болар еді деп келе жатқамын. Бір аш-арық тҥйемізді жетелеп жҥре берсе, біз оган не қылар едік? 71


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

~ Же, же! Қҧдай бҧйырса ертең Капитанға, арғы кҥні Болатнайға да жетіп қаларсыңдар... Ағайындарың да кездесер... Же, же, тойып алыңдар тарыға. Балаң да ҧялмасын. Тары деген еттен де кенеулі тамақ. Байдың малы Қымбат, кедейдің жаны қымбат. Тойып алындар... Ертеңіне таңертең Мҥсіреп кӛлден аттарын суарып Қайтып келе жатыр еді, тҥйесін жетелеген қыз да Әсіреп Ҥйінің алдынан жонеле берді. Кҥн әлі тӛге жауып тҧр. Қыз Мҥсірепті кӛрді де тҧра қалды. Еркек алдынан кесіп ӛтпейтін салты бар екен. Ҧйқысы қанып тыныққан қыз ажарлы-ақ екен. Кӛзін бір жалт еткізіп қалып, одан кейін Қарамай қойса да, Мҥсіреп одан артықты тілеместей еді. - Азап кӛрсеңдер де аман жетіндер! - деді Мҥсіреп. Қыздың кӛз қиығына қарай тҧрып, қызға арнай айтты. Қыздың шешесімен де жылы қоштасып: Кҥн толастамады-ау... - деп жан ашырлық білдірді, Отқа кептіргеннен кейін қыздың бір етігі аузын аша бастапты. Ӛзі қазір аттанып кетпейтін болса екі панасызды ез ҥйіне шақырғандай еді. Мҥсіреп аттарын қораға кіргізді. Ақ тҥйе ҥзай берді. Мҥсіреп қорадан қайта шықты. Аттарының жҥгенің сыпырып алып сҧлы маясына қарай жібере салған болу керек, тым тез шықты. Алыстап бара жатқан ақ тҥйеге қарады. Ҧзап барады, ҧзап барады. Орай-орай соққан тӛкпе жаңбыр ақ тҥйені кӛк жібек шымылдықпен орап алғандай екен. Қыздың етігі ғой суға шылқылдап толып болды. Мойнынан сорғалаған су қойнына қҧйылып барады. Неткен сорлы бала еді. Ӛзі бойшаң екен... Байлық жараспайтын адамдар болатыны сияқты, сәндік жараспайтын, сҧлулық жараспайтын қыздар да болады. Мына қызға не кигізсең де жараса кетер еді. Қҧмға шыққан қҧба тал, қандай есуас сындырып ӛкетер екен... Мҥсірептің қайда қарап тҧрғанын Әсіреп терезеден кӛріп тҧр еді. Неге қарап тҧрғанын да сезініп тҧр. Әй қатын, ананы қара!.. - деп Жанишаны қасына шақырды. Қҧдай берді, ана қайның әукесі салбырап қҧлап тҧр! Ӛзін шайға шақыршы. Жаниша есіктен ғана бойын кӛрсетіп, Мҥсірепті шақырды. Мырзажігіт-ау, неменеге сонша қадала қарап тҧрсың? Жҥр, шайға кел. Мҥсіреп келген соң ағасы ақырын-ақырын қағыта бастады. - Ел аралап, жҧрт аралап жҥргенде бір қыз кӛңіліңе қонбай-ақ қойды ма сенің? - Мен қыз іздеппін бе? - Ӛзі іздеп келер деп жҥрмісің? Не болмаса, қҧдай ӛзі айдап әкелер деймісің? Ағасының сӛзді қалай қарай бҧрғалы келе жатқанын сезініп Мҥсіреп сол ыңғайға қарай ойыса берді. - Ойдағыңды қҧдай ӛзі айдап әкелсе кім қарсы болады дейсің. 72


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Жаңа кеткен тҥйелі қыз қалай керінді? - Ӛзіңе қалай кӛрінді? - Бір аяғы ақсақ, бір кӛзі соқыр ма деп қалдым... Әйтпесе әп-әдемі бала... - Маған да солай корінді. - Оттама енді! Қыздың патшасы! Аласың осы қызды! - Қалай алам? - Ол менің жҧмысым. - Мейлің... - Манадан әукесі салбырап, козін алмай қарап тҧрып, енді бәлденуін қарашы мҧның! Қырықтан асқанша қыз тандап, аяғында бір салпы етекке кездесейін деп жҥрмісің? Сен оз бетіңмен қатын да алмайсың, мен болмасам. - Мейлің дедім гой. - Айрылатын бала емес!.. Апалап іші-баурыңа кіріп барады,- деп Жаниша да оз қостауын айтып қалды. - Сен аттана бер озің. Есенейді окпелетіп алма. Жағыз оскен емендей сорайып жалғыз қалды гой сорлы! — деді Әсіреп. Мҥсіреп аттаньш кеткен соң Әсіреп те атын ерттей бастап еді. Ҥш шақырым жібермей ақ тҥйені қуып жетті. Науша жеңгем, тҥйенді кейін бҧрып, біздің ҥйге тағы бір қонып кетсең қайтеді? - деді салған жерден. Қыз шешесі қорқып кетті. Осы бір кедір-бҧдыр сӛйлейтін адам ақ нарға қызығып жҥр ме деп қалып еді. Тҥнде ӛзі "бір аш-арық тҥйемізді жетелеп жҥре берсе" дегені есіне тҥсті. Қҧдайы қҧрғыр-ай, қайдағы бір жаман сӛз аузыма қалай тҥсіп кетіп еді!.. Қызыққаның жалгыз нарым болса, ӛзімді домалатып таста да әкете бер,— деді. Шешесінің созіне қызы кҥліп жіберді. - Әй, сен кемпір, неден шошына қалдың озің? - Кӛлденеңнен кӛлденең жабыса кеткен соң қайдан білейін.- Қызы тағы мырс етті. - Аузына қҧдай салып тҧрған шығар, мен саған қҧдай алдында айрылмастай болып жабысам. Қаңғырып олесің, кейін қайт! Қҧдағиым боласың! - Мына кісі не дейді? Шынар-ау, естіп тұрмысың? -Қызы үндеген жоқ, үндемесе де ішіне бір елең кіре бастады. Түнде көрген кербез жігітің Мүсіреп, менің інім болады. Оны естідім ғой. Қырыққа жеткенше қыз таңдап, үйленбей келіп еді. Соған сенің баланды айттыра келдім. Содан соң Әсіреп атынан түсе қалып түйесінің ал қымында ықтап тұрған Шынардың қасына келді. Иығынан қҧшақтап алды. Айналайын ботам, атың кім еді, Шынар ма еді? Мең салдырлаған ақ кӛңіл адаммын. Ӛз баламдай жақсы кӛрші қалдым сені. Әкеңнің орнына 73


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

әке болам. Мҥсіреп жігіттің сырбазы. Қор болмайсың, қарағым. Бҧр тҥйеңнің басын!-деп тҥйені ӛзі бҧрып, ӛзі жетелеп алды.- Атқа міне ғой айналайын. Шынар қарсыласқан да жоқ, атқа да мінбеді. Ойына бір ӛзі де тҥсініп ҥлгірмеген әдеп-иба тҥсе қалғандай еді. Әсірепке ере жаяу жҥре берді. Табиғаты жалпы нәзік келетін қыз бала Әсірептен именіңкіреп, кейінірек жҥріп келеді. Таңдануы да бар, қуануы да бар. Оның әлі біреуі жеңіп жҥзіне шыға қойған жоқ. Ішіне су толып қорқылдай берген етігінен ҧялып келе жатқандай еді. Әсіреп біресе шешесіне, біресе қызына қарап қойып, ауыз жаппай сӛйлеп келеді. Шынардың басына орнатпаған жҧмағы жоқ. Ақ отау да тігіп берді, ақтылы қой, ала-лы жылқыны да алдына салды. Шынар-ау, осының бәріне иланып келемісің? - деп қояды шешесі. Шынар оған не десін? Кҥлімдей қарайды да ҥндемейді, тыңцай береді. Ауылға жеткен соң Әсіреп Шынар мен шешесін тура Мҥсірептің жер ҥйіне әкеліп кіргізді. Осы сендердің ҥйің! Су киімдеріңді шешіп, тҥйенің қомында қҧрғақ бірдемелерің болса киіп алыңдар. Бәрекелде... Батырдың ӛз киімдері де су кҥйінде қала барыпты. Тӛсегіне қараңдар!.. Жинамай кетіпті. Пешінің мойнына қара, қҧлайын деп тҧр... Қазандығы да қҧлап жатқан шығар-ау... айтам ғой... Әйелдер тӛр ҥйге барды да, шешінбестен сілейіп тҧрып қалды. Әсірептің жаңағы айтқандарында кӛңіл кӛтерерлік тҥк жоқ, әрине. Қорықпа, қҧдағи! - деді Әсіреп.- Кешке дейін бәрін де ӛзім істеп берем. Оған дейін біздің ҥйде бола тҧрасыңдар... Қатын шай қойып жатқан шығар, кешікпей келіңдер. Әсіреп кетіп қалды. Шынар мен шешесі әлі селтиіп тҧр. - Шынар-ау, не болғанымыз? Ойыны ма, шыны ма? - Шыны болмағанда, сенен ҧялып ӛтірік айта ма, корқып ӛтірік айта ма? - Қисыны келмей тҧрған жоқ па, ӛзі? Айдалада ҧстап алды да "кҧдағиым боласың" деді. Мҧндайды кім кӛрген... - Іштеңе етпес, апа... Жаман кісілер емес секілді ғой. - Мен кәдуілгі қҧдағи болып қалдым ба бҥларға? -Щеше байғҥс қызына "ӛзің ризамысың?" демей, осылай хуспалдап сҧрағаны еді. Шынар онысына тҥсіне қалды да: - Болып қалдың-ау деймін... Тҥйенің ҥстінде нең бар еді, ҥйге алып келші. Шынардың қуанышы жалғыз қалған соң ғана сыртына тепті. Әуелі су етіктерін шешіп, ауыз ҥйге лақтырып жіберді. Су болған сыртқы киімдерін де солай қарай лақтырып жатыр. Бӛрікті лақтырып жіберіп шашын тарқатып, ҥй езінікі, несіне ҧялады, тҥгел жалаңаш қалды. Аяқтары сусорды ақжем болып бозарып кетіпті, шалбар мен ішкиімнің ышқыры беліне батып қызартып жіберіпті. Тҥнде ӛзі қасып алған ба, немене, бір жерінен қан білінеді. Шынар ілулі қалған бет-орамалмен сҥртіне бастады. Білектері, аяқ, 74


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

сан еттері жҧмыр, бҥрын бір байқағанынан гӛрі әлуетті, сымбатты сезіледі. Қазақ қызы денесін сылап-сипатып кӛрген емес. Бірақ шын сымбатты, шын балғын денеге қызығатын да, қуанатын да. Шынар ӛз денесіне солай қарап қалды. Есік ашылғаны естілді. Шынар жалаңаш бойы жиналмай қалған Мҥсірептің кӛрпесінің астына кіріп кетті. Келген шешесі екен. Енді оның тҧрғысы да келер емес. Бойы жылына бастады. Жас дене керіліп-созылуды тілей ме, қалай? Жылына тҥскісі келеді. Иісі қандай екен деп кӛрпежастықты иіскеледі. Азғана қалампыр иісі келеді. Салақ болар, киімдерін әр жерге қалай болса солай іліп кетіпті. Суық сҥйегімнен ӛтіп болып еді, жер ҥйі болғаны қаңцай жақсы болды. Пешін тҥзеп берсе тоңбаймыз ғой. Аты Мҥсіреп, ә? Қҧдай-ай, Мҥсіребім қашан қайтып келер екен?.. Мҥсіребім деп жатырмын ба, ей? Ҧят-ай, ҧят-ай! Мынау қара сандықтың ішінде не бар екен? Ҥстінде ҥш-тӛрт кӛрпе жастық тҧр. Қатыны жоқ ҥйге де қонақ келетін болтаны ма? Апам бір жастық жастанып, кӛрпе жамылып ҧйықтасыншы... Екі басты қоржын, бір кішірек қапшық, бір қол сандық, тағы бір тҥйіншектерін кӛтеріп Шынардың шешесі Науша қайтып келді. ~ Біреудің тӛсегіне жатып алғаның не, Шынар? - дей кірді. — Неге біреудікі болсын...- деді Шынар.— Нең бар еді, ana? Қҧрғақ па екен? — Тҥнде ҥйге кіргізгемін. Қҧрғақ шығар. Мә, кебіс-мәсің... Қамзаукӛйлектерің уқаланып қалған шығар. Бӛркіңді бӛгіребасқа айналдырып салып ем, ҥкісі ғана ҧйысып қалыпты. Ана байғҧс қашанда ана ғой, қызының бір сыдырғьі киімін сақтаған екен. Бӛріктің тысы мен жалғыз жеңсіз қамзолдан басқа барқыты болмаса да, бәрі де қынамалап-қиыстырып әдемі тігілген. Ӛз қолы бас білетін байғҧс шеше арзанды қымбаттай ажарлай біліпті. Киініп болған соң — қыздың кӛркі шҥберек — Шынардың бойы ӛсіп, белі қыналып, кӛзі жарқырап кетті. Шешесі де онша мосқал емес екен. Ӛз киімі де жҧпыны болғанымен жарасымды тігіліпті. —Қҧдағи! — деп жайраңдай кҥліп Жаниша келді. Қос қҧдағи әуелі қолдарын ҧшынан ҧстасып, қҧлаштарын екі жағына ҥш-ҥштен керіп барып қҧшақтасты. —Бауырым, айна кӛзім! — деп Жаниша Шынарды екі бетінен кезеккезек сҥйді. — Ал, шайға жҥріңдер... Тӛсек-орынды жинап жауып кетейік... Қазір қайын ағаң келіп пешті тҥзеймін деп отыр. Науша мен Шынар келіп кірген соң Әсіреп кетуге айналды. —Қҧдағилар, ӛздерің оңаша отырып сырласыңдаршы бір, Әсіреп — Мҥсірептің қҧлағын шулатып! — Әсіреп шығып кетті. —Кәне, Шынаржан, шайды сен қҥй. Қҧдағилар отыратын, келіндер жҥгіріп жҥретін! — деді Жаниша. Қос қҧдағи оңай ашылысып кетті. Шақшақ жақсы етікші болған екен... — Шынардың аяғындағы кебіс-мәсіні бҧдан тӛрт жыл бҧрын ӛзі тігіп берген. Алдыңғы жылы сҥзектен қайтыс болды. Ағайын ӛздеріңце де 75


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

бар шығар, белгілі ғой... Жетісі деді, кырқы деді, жылы деді. Қасқыр мен ағайын жеп тауысты. Жазды кҥні ауылдың шетіңде, қысты кҥні желдін ӛтінде... жҧрдай болдық та қалдық... Биыл жаз бойы бір тамшы жаңбыр жауған жоқ. Аулымыз біртіндеп-біртіндеп ішке қарай кӛшіп кетті. Жалғыз ҥй мен де отыра алмадым... Ақ нарға міндім де кете бердім. Қалтамда Шақшағымның етік тігіп тапқанынан қалған ҥш теңге алпыс жеті тиын ақшам бар тҥйіп алған. Содан басқа тҥгім болса бҧйырмасын... Ӛзіне таныс әңгімелердің бір де бірі Шынардың қҧлағына кірген жоқ. Жаниша ӛз ҥйлерінің жайын айта бастағанда ғана сергек отырды. Әсіреп бірдеме істемей отыра алмайтын адам екен. Қолынан келмейтіні жоқ. Әкесінен жастай калған екі бала - Әсіреп пен Мҥсіреп әуелі қой бағыпты, сиыр бағыпты... Жиырмаға жақындағанда Тҥмен қаласына барып бес жыл жҥкші болыпты. Кемеге бидай, кірпіш, кӛмір, темір-терсек артады екен. Содан әйтеуір мал басы кҧралып еліне қайтыпты. Осы кҥні кҧдайға шҥкір, қазанымыз тоқ... ешкімнің қолына қараған емеспіз. Мҥсірептің жайына қашан кӛшер екен деп Шынар шыдамсызданып отыр еді, Жаниша: Келінімнің кӛңіліне келіп отырған шығар-ау! — деп кҥлді. – Мырза жігіттей жігіт қайда! - деп бастады.- Ағайын арасының қақсоғында жҧмысы жоқ, ағасы ҧрсып жатса да ҥндемейді, қалжың айтып жеңеді. Егін салғанда, шӛп шапқанда оңцай ерінбейтін адамды кӛрген емеспін. Содан кейін ауылдан таба алмайсың. Әнші-кҥйшілерге еріп кете барады. Екі аты, екі иті бар... Екі биесін біз сауып ішеміз. Биыл екі биесін екі досжар адамы сҧрап әкетіп, жақында ғана қайырып берді. Қҧлындары арық-ақ... Былтырғы қҧлындары биыл тай той, ӛздерің кӛрерсіндер әлі, жардай. Былтыр біз сауғамыз... Мырзажігітке жҧрты бар болғыр да дамыл бермейді. Ойын-тойына шақырады. Ағайын арасының дау-жанжалына шақырады. Бҥгін әне, Есеней шақыртып әкетті... Шынар ақырын ғана кҥрсініп қойды. Коп кешікпес. Он-он бес кҥнде кайтып-ақ қалар. Осы қыздан айрылып қалма, айттырып кел. Қырық жетінің нешеуін сҧраса да бер деп ағасын ӛзі жҧмсап кет-кен. Шынардың жҥзіне қаны ойнап шыға келді. Ақ кӛңіл шеше: ~ Бізге онша малдың керегі не, тәңірі... Оны бағатын кісіміз бар ма? — деп қалды. Шынар кҥліп жіберді. ІҢір кезінде Әсіреп ҥйіне қайтып келді. ~ Бәрін де бітірдім... Пештерің гҥрілдеп тҧр. Кепсін,бір-екі кҥн от жақпай шыдай тҧрыңдар. Ертең ҥшеуің де білекті сыбанып, етекті тҥріп жіберіп, Шынардың ҥйін заказнай қылып сылап алыңдар. Біздің шошалада ақ бал шық ҥйіліп жатыр. Айтпақшы, қаңғыбастың шошаласыңда да, сандық, кебежелерінде де, астын-ҥстіне келтіріп ақтарып шығындаршы... Қҧдай біледі, талай дҥниесі шіріп жатыр. 76


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Шынар ҥйіне қайтып келісімен әуелі қара сандықты ақтарды. Нағыз салақтық осы қара сандықтың ішінде екен. Жуылмаған киім де, киілмеген киім де ойранботқа аралас жатыр. Тігілмеген маталар да бар — ши барқыт қына сары сәтен, ақ зонт, иленген бір-екі қара елтірі Бір-екі тҥлкі терісі, қынқынап, оқшантайлары салпылдаған ескі кісе, етікке жарайтын былтары, мәсіге жарайтын "кӛзел" — ешкі терісі. Шынар ӛзіне керекті бірдемелерді іздеп сандықты тҥбіне дейін тырналаса да, еш нәрсе таба алмады. Ӛмірімде қатынсыз ӛтем деп жҥрген бе? - деп қабағын да шытып қалды. Ауыз ҥйде кебежені ақтарып болған шешесі бері келіп: - Қант-шай, ҥн, майы бар екен,- деді. - Онда аштан ӛлмеспіз,— деп кҥлімсіреді де Шынар сандықтың қақпағын жаба салды.- Саған болмаса, маған лайық тҥгі де жоқ... Келгесін сыбатасын да алатын болар!..- Шегірткені маңдайынан шертпейтін жандардың сондай бір кәр кӛрсететіні болады. Шынар соны істеді. Мҥсіреп ҥйіне жиырма кҥннен артық жҥріп қайтып еді. Ауыл жатып қалған кез еді. Екі ҥйде де жарық жоқ екен. Әсірептің кӛк иті шәу етіп қорадан шықты да, екі сары аланы тани кетіп жым болды. Оларға соқтығысып керегі не? "Жәй, әшейінім еді" дегісі келгендей қыңқ етіп қалып, ҥйшігіне қайта кіріп кетті. Мҥсіреп атын қораға кіргізіп байлады да, жымдастырып теңдеп, артына бӛктеріп алған қасқыр терілерін шошалаға апарып тастай салды. Содан кейін ғана ҥйіне кіруге беттеді. "Ҥй аңырап мҧздап тҧрған шығар-ау... шай қайнатып ішетін су қайдан болсын",- деп ойлады. Ҥйінің есігін ашты да, аңырып қозғала алмай қалды. Басқа біреудің ҥйі сияқты екен. Ҥй жып-жылы. Шамы жарқырап жанып тҧр. Кҥле қараған бір қыз, бір мосқалдау әйел тӛр ҥйде мҧны кҥтіп тҥрғандай екен. Шам жарығына алтындай шағылысқан қына сары шымылдық азғана ысырылып, ақ жастықтар кӛрініп тҧр. Тани алмай калдың ба, шырағым... Біз ғой, Шынар екеуміз. Жоғарылат, — деді Науша. Тануын танып тҧрып, сене алмағаның қызық болады екен,- деді Мҥсіреп. - Қҥҧдайдың бҧйрығы шығар, осылай болдық. Мҥсіреп Наушаға екі қолын бірдей ҧсынды. - Аман-cay болдыңыз ба? - Шҥкір қҧдайға... Кӛздері жарқырап-жайнап тҧрған Шынарға бір ауыз сӛз тауып айта алмады. "Сол қыздан айрылып қалмадым ба екен?" - деп асығып қайтып еді. Екі кҥндік жерге бір-ақ кҥнде жетті. Енді міне, сол қыз алдыңда тҧр. Мҥсірептің аузына бір ауыз сӛз тҥспей қойды. Шынар да оны жиырма кҥн бойы асыға кҥтті ғой. Есіктен кірген бетінде мойнына асыла кетермін деп ой-лаушы еді. Терезе алдынан қарды сықырлатып салт атты ӛте бергеңце: 77


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Апа, шам жақ, Мҥсіреп келіп қалды! Сол!.. - деген. Енді міне, ол да ҥндей алмай қалыпты. Кӛздері жарқырап кҥлімдеген бойы орнынан қозғала алмай тҧра берді. - Шешін, шырағым,- деді Науша.- Ӛзің жоқта ҥйіңе кіріп алып, жағамыз жайлау, тӛбеміз қыстау, отырмыз жайланып. Мҥсірептің есі шешініп болған соң кірді. Қҧдайдан бір сҧрағаным болса - осы болар, шеше... кӛзім кӛріп тҧрса да кӛңілім сенбей, есімді жия алмай тҧрмын,— деді Шынарға қарап. Шынар ақырын басып келіп, екі қолын Мҥсірептің иығына салды. Ӛзің тоңып қалыпсың ғой. Қарның да ашқан болар... Апа, шай қоймайсың ба? Анау ҥй білмей қалып жҥрмесін - Кӛздері Мҥсірепте, жҧтып жібергелі тҧрғандай. Шешесі шығып кеткен соң Мҥсіреп Шынарды бала-дай кӛтеріп алды: дем алысы қандай жақсы еді, сҥт иісі келеді. Денесі қандай балғын еді, сымдай бҧралады. Даусын кҥміс қоңырау ма дерсің... Балаша еркелейді екен. Жан-жҥрегінде бір кіршік бар ма екен, сірә? Ҥзіле қарайды екен... Мен саған кӛп ӛкпелеп едім. Қазір бәрі бір-ақ ҧмытылып кетті. Сен неге сонша кешіктің? " Мҥсіреп ҥйреншікті қалжыңына бҧрыла бастады. ~ Сен ҥйді тҥзеп болсын дегенім ғой. ~ Онда менің осында екенімді есіткен болдың ғой? — Жоқ, тҥсімде кӛрдім: екі білегінді сыбанып алып ҥй майлап жҥр екенсің... Маған салақсың деп ҧрсып та! жҥрсің... — Ӛтірік... ойнап айтасың! — Ойнап айтқаның шынға айналса, о да шындық емес пе? — Ә? — Шынар аңдай алмай қалды. — Ҥйді міне жайнатып қойыпсың. Кӛпіртіп кӛк шӛп тӛсепсің, жҧпар иісі аңқып тҧр. Тӛсек-орнымыз мынау қҧлпырып тҧрған! Осының бәрі шын емес пе! Сен емес пе бәрін істеген! Әйел жаны мақтағанды қандай жақсы кӛріп тҧрса да, Шынар адал жанның шынын айтты: — Мен жалғыз істегенім жоқ. Кӛбін істеген жеңешем мен апам... Келе жатқанын білдіре дауыстай сӛйлеп Әсіреп келді. — Қаңғыбасың аман келді ме, Шынаржан?.. Енді ҥй-ден шығарма! Шынар Мҥсірептің қҧшағынан сырғып тҥсті. —Ағеке, жоғары шығыңыз,— деді де, қызарып кетті.-Жеңешем қайда, Ағеке? —Тойға барымды киіп келем деп әуреленіп жатыр. Той емес пе, бҥгін? Той, айналайын, той! Сен келдің де, береке келді, қарағым. Екі ҥйлі тҥрікпен дегенмен бір ҥйлі едік, енді ғана екі ҥйлі болдық. Оңаша бір отырайықшы! Ат-кӛлік аман келдің бе? Ертең іздеп шығайын деп Қҧлантҧяқты бҥгін таң асырып қойып едім. Тіпті Шынаржаннан ҧялып ӛлер болдым. Інісіне бар амандасқаны осы, Әсіреп тӛрге шығып отыра беріп: — Келін қарағым, қайнат шайды, ас етті, бҧрқырат! -деді. 78


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Қалың Сибаннан шетірек отыратын екі ҥй қуаныштары қойнына сыймай, таң атқанша отырып, әрең тарасты. Қыз шешесі алдақашан ауыз ҥйде тӛсегін ӛзірлеп алған екен, қҧлағын тығындап, кӛрпесін тҧйықтап айқарз бҥркеніп алды да, жатып қалды. Шынар азырақ ысырулы тҧрған шымылдықты жазып жіберді. "Бҧрын жер тӛсектің бас жағыңда тҧратын қара сандықтың енді аяқ жаққа қойылғаны дҧрыс болған екен",— деп ойлады Мҥсіреп шешіне беріп... Той ӛтіп, жҧрт тарағаннан кейін де Есеней аулы қонақбасты болып қала берді. Керей - Уақ тойға да келіпті, дау-шарын да ала келіпті. Қолдарына кӛп тҥсе бермейтін аға бидің ауылына неше жылғы сҧр болған даулар, ӛтірігі-шынымен енді есейе бастаған жаңа даулар келіп орнап қалды. Әлі жайлауға кӛше алмай отырған он ауыл Сибанның қайсысында болса да кӛп малды болып жатып алған дау иелері аз емес. Есеней кҥн бойы даушылардың ортасыңца. Ӛз ҥйіңце де, қыр басында да солардың қоршауында отырады. Дауды созбай шешеді. Екі жақтан екі-екі адамнан сӛйлетеді де, кесімін айтады. Кӛлденеңнен қыстырылып, біреудің аузына сӛз салған адамды жазалай отырады: кесімнің тӛрттен бірін соған тӛлетеді. Куә дегенге сенбейді, қуып тастайды. Ҧрының куәсі коп, отірік даудың куәсі кӛп, зорлық-шының куәсі кӛп. Бҧл оның бҥлжытпай ҧстайтын дәстҥрі. Дау-шар сонда да бір жетіге созылып кетті. Бҧл кҥндерде Ҧлпанның қолы да босай алмады. Қой қырқылып, жылқы кҥзеліп жатқан кез екен. Әуелі бір кемпір келді. Қарағым-ай, торт жетімек немерем тырдай жалаңаш... тым болмаса бір-екеуіне кҥпі тігіп беретін жабағы берші. Ала қой, шеше... Тӛртеуіне де жететін етіп ал... Одан соң екі кемпір келді. Одан соң екі кемпір, бір жастау әйел, одан соң екі кемпір, екі жастау әйел, одан соң ҥш кемпір, ҥш жастау әйел, одан соң, одан соң, одан соң... келе берді, кӛбейе берді, келе берді... Жабағы сҧрайды, қыл сҧрайды, сҥт сҧрайды, ҧн сҧрайды, киіз сҧрайды, шай сҧрайды, бӛрікке тыстық, кӛйлекке тҥйме сҧрайды, жайлауға кошетін колік сҥрайды... Ҧлпан ешкімнің қолын бос қайтармай бере берді. Мырза келін атанғысы келіп берген жоқ, әлденеге іштей наразы, әлденеге іштей намыстанып ҥлестірді. Қаңдай әдемі қыз-келіншектер қайыршыдай жалаңаш, Қайыршыдай сҧраншақ. Шешелері әдейі ертіп әкелетін балалар ӛңкей мес қарын, ши борбай, ірің кӛз... Бҧларға ӛмір тілеу, бақыт тілеу мазақтау сияқты сезіледі. Таң ертемен келе бастаған сҧраншақ ӛйелдер мен балалар тҥс ауа әрең аяқсыды. Ҧлпан отауына кіре-бере жылап жіберді. Кҥн бойы әлдене алқымына тіреле берш еді, ол кездің жасы екен - ағылды-кетті, ағылды-кетті, кете берді, кете берді. Тӛр алдында жатқан жастыққа қҧлай кетіп жылап еді, не айтып жылағанын сол жастық қана естіді. Әрбір жастай қартайған әйел, 79


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

әрбір кӛзі іріңдеген қыз бала кӛзі мен кӛңіліне қайта оралған сайын, ӛксіпӛксіп жылады. Тойдан да, даушылардан да, сҧраншылардан да Ҧлпан әбден қалжырап қалған еді. Бҧл оның бойы ҥйренбеген, кездесермін деп ойламаған кҥндері еді. Біресе сҧраншақтардың осынша кӛптігіне ыза болып Есенейдің бар бай- ; лығын таратып бергісі келеді, біресе Керей — Уақтың осынша даукестігіне ыза болып даушыларды қудырып тастағысы келеді. Ақылды болса да "ақылазуы" деп аталатын даналық азуы әлі шықпаған жас әйел кӛзі ҥйрен-бергенге кӛндіге алмай жҥр. — Ертең келеміз! — деп Шынарға да ҥш рет кісі жіберіп алды. Қашан баратыны әлі де белгісіз. Аяқ-асты бола бастаған соң шешесін де ҥйіне қайтарып жіберді. Мҧның екеуі де жанына батып жҥр. Есеней де ҥйіне шаршап келіп жығылады. Есенейден жырылып жайлауға кӛше алмай отырған ел Сибанның кҥңкілі де әйелдер арқылы кҥнде қҧлағына тиіп отырады... Тойдан кейін тоғыз кҥн откен соң, кешке қарай Ҧлпан ҥйден шығып, қыр басында даугерлердің ортасында отырған Есенейге қарай бет алды. Ақырын жҥріп келеді, Алтындатқан ақ сәукеле, алтын жіптері барқытқа араластыра тоқылған зерен шапаны кҥнге шағылысып, жҧрт кӛзіне еріксіз шалынып келеді. Даукестер тобы едәуір азайтан екен. Сонда да әлі бір жетіге мол жететін. Ҧлпан жақындай бергенде Есеней орнынан тҧра келді. 1 — Менің Есенейім әне, келе жатыр. Мені дҥрелеп алсын демесендер, осымен тоқтатайық. Жайлауға кӛшетін уақытымыз да отіп барады... Кӛріскенше кҥн жақсы... аман болындар! — деді де Ҧлпанға қарай жҥре берді. Отырған топ тҧра келіп, қол қусырып қош айтысты. Кҥле білмейтін адамды кҥлімдей жҥретін ету ҥлкен еңбектердің бірі болу керек. Сол бір еңбек Ҧлпаннын қолынан келіп еді. Есеней оған кҥлімдей келді. — Ҧрсып келемісің, жаным? - Шаршадың ғой, жолбарысым-ау... тоқтатсаңшы. - Бітті. Тараттым. Енді барлық тізгінді оз қолыңа ала бер - Он қолына Ҧлпанның иығына сыртынан қҧшақтай сальш Есеней ҥйіне жақыңцады. - Ертен Мҥсіреп ағайдың ҥйіне барамыз ба? - Барамыз. - Ендеше ҥйге кіріп дем ал. Шайды отауда ішерміз. Ҥлкен ҥйдің ӛзін шаң-топырақ басып кетті. Ҧлпан Есенейді риза кӛзімен бір сипап ӛтті де, сыртта қалды. Жҧмысы бар екен. Кенжетайды шақыртып алды. Қонақтарды сезіндіру ҥшін біраз тҥйеге жҥк арттырып, ауылдан шетірек апарып шӛктіртіп еді. Кенжетайға соны нҧсқады. 80


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ана жатқан тҥйелердің ең арғы шеткісін кӛремісің. Бҧйдасына қызыл байланған атан. Соның жҥгін бҥгін Шынарға апарып беріп қайтарсың. Тобылдан ала келген базарлығым еді деп айтты де. Ӛздері ертең келеді дерсің. Басқа еш нәрсе демей-ақ қой. Жас жігіт Кенжетайдың алғаш кӛргенде қырындау ойы болғанын сезініп, содан бері оған ылғи бойын аулақ сала сӛйлесетін. Бҥгін аз ғана жылы сейлесті. Кенжетай басын изеді де, кетіп қалды. Ҧлпан да ҥйіне жайраңдай кірді. Ертең Мҥсіреп ағамның ҥйіне анық барамыз ғой? Айнып қалмайсың ғой?— деді Есенейге. Мен бҥгін де кетіп қалар едім... Жоқ, мен ертең келеміз деп кісі жіберіп қойдым. Кӛлге барып суға тҥсіп кел, жуынып. "Ханша айтты — болды, хан бҧйрығы — ӛлді". ~ Жуынып келмесең, тосекке жатқызбаймын. ~ "Бҥлдіршін кӛзін сҥзбесе, буыршын бҧйдасын ҥзбейді!" деуші ме еді. ~ Болды, болды. Жӛнел! — Шынымен ойнатса Ҧлпанның кӛзінің қалай ойнайтынын Есеней бірінші рет кӛрді... Жҥк артқан тҥйе жетелеген Кенжетайды керіп Шынар ҥйіне кірмей есік алдында тҧрып қалды. ~ Тайкенжем-ау, ауылға кӛшіп келе жатырмысың, бір жаққа кӛшіп бара жатырмысың? — деді Шынар, қайнысының атын аягынан басына қарай теріс айтып. ~ Ерегіскенде әкелгенімді қайта алып кетейін бе, осы! айкенжем деген Кенжетай деп атымды атағаның емес пе? ~ деп Кенжетай шамданған болды. Р Қойған атым бар ғой: "Бауырым" деген жаман ат па? —Шын бауырың болсам, бетімнен сҥй! - Кенжетай ат ҥстінен еңкейді, Шынар оның бетінен сҥйді. —Жалыңдырмай-ақ сҥйе салсаң болатын еді ғой... Мә тҥйені шӛктір де жҥгіңді тҥсіріп ал! — Жҥгіңді? Қайдағы жҥгім? — Айттым той сатан: "Тобылдан екелген базарлығьщ Ертең барамыз!" - деді. —Басқа не айтты? —Тҥк айтпа деді. Айтпаймын! "Базарлықты" кім жіберіп жатқанын, Шынар, әрине бірден тҥсінеді. Ҧлпандағы! Ертең ӛздері келетін болған соң қысылып қала ма дегені ғой. Басқа біреу сондай қам-қорлық істесе, Шынар оны маңайына жолатпас еді. Ҧлпанның сыйлығына қуанып кетті. — Апа, бері кел!.. Кҥйеу балаңның Тобыл базарынан алып, тҥйемен жіберген дҥниелігі жаңа келді... Кел, тҥсіріп алайық. Жаниша да жҥгіріп келіп еді, отан Шынар сыбырлап қана шынын айтты: "Ҧлпан жіберіпті" деді. 81


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Тҥйеге артқан жҥктің ҥстінен айқара жаба салған екі оюлы текемет пен шағын-шағын екі тҥкті кілемді жҧлып тастап, әйелдер кілті аузында тҧрған екі сандыққа жабылды. Кілем мен киіз арасында кӛрінген бірнеше кӛрпежастыққа да кӛздерін салған жоқ. Саңдықтар сыңғырлап ашылады екен, оны да естіген жоқ. Сандықтардың ішіне ҥңілді. — Қҥдай-ау, аузы-мҧрнынан шығып толып тҧр той! — Мынада бір қыздың жасауы бар ма, немене ӛзі? Шымылдықты қара!.. — Барлығы асыл... қымбат дҥниелік! — Мына сандықтың ішіне қарандар! Қант, шай, ӛрік-мейіз, шыны аяқ-шәшке... Қымыз аяқтары... орамалдастарқан... бет ормал... толып тҧр! Әйелдер екі сандыққа кезек-кезек жҥгіріп естерінен танып қалды. Кедейлік тақсіретін тартып баққан сорлылар ыржақтап, мағынасыз кҥледі. Аш адамдардын тамакка жабылғаны сияқты, бҥрын кӛздері кӛрмеген дҥниелікті бірінің қолынан бірі жҧлып алып кӛреді де, не кӛргенін ҧмытып қалып қайта жабысады. Екі сандықтың ішіндегі бҧйымдар ҥш әйелдің қолдарынан ең кемі ҥш реттен ӛтсе де, әлі қанша екенін шамалап, әлдебір киімді тҥстеп қалтан біреуі жоқ. Әйтеуір кӛп, әйтеуір асыл бҧйымдар, әйтеуір Шынарға арналып келген. Сандықтың тҥбіне таман бірнеше топ кездемелер жатқанын кӛріп жҥрсе де, әйелдер отан айналмай, тігулі киімдерді айналдыра берді, тандана берді... тамсана берді... Солай бола тҧрса да бҧл байлықтың қорқаулыгы емес, кедейліктің жҥтынуы еді. Кексе ӛйелдерден бҧрын Шынар есін жинады. Ертең қонақтарымыз келеді, жҥгімізді жинап алайық та жеңеше! деді. Әйелдер әрең дегенде қымбат дҥниелікті кӛздері қиып сандықтарға қайта сала бастады... Ертеңіне тҥске тармаса Ҧлпанымен Есеней, Есенейімен Ҧлпан келді... Екі ҥйлі "тҥрікпен" қыстауынын айналасы қҧлпырып тҧр екен. Қардың суымен тез ӛсіп кететін кӛңді жердің бидайығы бас жарып, ҥлпілдегі шашақтана бастапты. Одан әрі, жарқырап жатқан кӛлге дейін, қара топырақты жерге шығатын мың тҥрлі асыл шӛптер гҥл атып, қызылдыжасылды шҧбартып жатыр. Қыр жоңышқасының сарғыш, жасыл кӛк гҥлдері де қою кӛрінеді. Әр жерге топталып оскен тікендер алтындай жарқыраған сары гҥлдерін тогіп тҧр. Ауылдың аз тана малы кӛк жазыққа тҧяғын да тигізбеген сияқты. Балтын кӛктем бар ажары мен мырзалытын тӛге салтан қалпында тҧр. Қыстаудың ӛзі де шоқ ағаштың қойнауына салынған екен. Жазғытҧрғы самал жел ақырын-ақырын ескектеп кӛк дҥниені тербетіп қояды. Қазақ мҧндай жерді кӛргенде аунап-аунап алтысы келеді. Ҧлпан пәуескеден тҥсе сала, кӛзін жҧмып, мҧрнын дала иісіне тосып бір-екі рет кеудесін кере демін алды да: Жҧмақ кой мына жер! Біздің ауылды қара топырақ, шаң басып кетті,— деді. Ешкімге қарамай, ешкімге оғын қадамай айтты.— Ант ҧртанау, сенің гҥл-гҥл жайнап жҥргенің осыдан екен ғой!— деп, жымия кҥлімдеп жа-қындай берген Шынарға осылай амандасты. 82


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

~ Кҥндесең қасыма кошіп кел! Кекке тойындырып жіберейін Коне бер, Ҧлпан... жҧмақ болса біраз кҥн жатып, аунап-қунап кетейік. ~ Менің ақ ботам қайда? - деді Ҧлпан ойнап тіксінген болып. — Тҧрмын ғой алдында!.. —Кӛнекей, қысқы ҥйге кіресіңдер ме, жазғы ҥйге кіресіңдер ме? Әлде мына кӛкке аунай кетесіңдер ме,-деді Мҥсіреп, шетірек жайылған киіз, кілем, жастықтар-ды нҥсқап. —Ҧлпан-ау, Шақшақ бидің қызын алған соң мыңа тҥрікпеннің қҧтыруын қара!.. —Мҥсіреп ағама бәрі жарасады. Мынау ғой борін қҧлпыртып қойған! Ҧлпан Шынарды қҧшақтап алды да:- Далаға отырайық, Есеней. Мен "Қаршығалымды" кӛргендей қуанып кеттім,— деп кҥрсініп алды. Той болды. Даушылар болды. Сҧраншылар болды. Ауыл айналасы у дашу. Ҧлпан жеріне жете шаршап еді. Қаптаған жҧрттың қоршауында даланы кӛре алмағандай екен. Жарқырап жатқан "Қарағайлы", "Қҧдайқҧл" деген екі әдемі қҧм-қайраң кӛлдердің жағасына да бара алмап еді. Енді соның бӛрінен қҧтылып еркіңдік сезіңді. Ойын-кҥлкісі жарасқан, аузыңды бақпай қалжыңдаса беретін адал достарының ҥйіне кірмей жатып-ақ дҥниесі кеңіді де кетті. — Еркектер, сорайып тҥрып алмай, отырсаңдаршы! -Ҥлпан ӛзі далаға жайылған кілемнің ҥстіне барып отыр-ды. Есеней де кіші-гірім қайықтай кебісін тастап жоғары шықты. — Әй, қатын, әуелі шайыңды әкел! — деді Ҥлпан Шынарға еркек даусына салып жекірген болып.— Неме-неңе мәз болып ыржия бересің!.. Шай тҧрмандары ӛзі де келе жатқан. Науша орамал, дастарқан кӛтеріп, Жаниша қҥман, леген кӛтеріп жер ҥйден шыға беріп еді, Ҧлпан соны кӛріп қалып бҧйырып отыр. Жаниша әуелі қҧман, легенін жерге қойып, Есе-нейге бір тізелеп сәлем етті. Содан кейін кҧманын онтай-ап, легенін Есенейдің алдына тосты. Қонақтардың қолына су қҧйды. Науша ҥндемей келіп дастарқан жая бастағанда Есеней Мҥсірепке қарап: —Мына кісі кім? — деп сҧрады. —Қҧдағиың... Шынардың шешесі. — Бәсе, сені осынша жарылқап жатқан кім екен деп отырсам, осы кісі екен ғой! — Осы кісі. Отаулары әлі келмепті,- деді Ҥлпан. Шынар қысы-льш, кызарып кетті. "Қайдағы отау?.." Шай келген соң ҧлпан Шынарға таяна жақын отырып еді, Шынарды тізесімен тҥртіп қалды. "Тырс етпе!" деген сияқты екен.Шынар жымиды да, ҥндеген жоқ. Бауырсақ жайылды, қҧймақ қойылды. Қант, ӛрік-мейіз қойылып жатыр. Шынардың шешесі беті жабулы тағы бір табақ кӛтеріп, ҧяла, жымиып 83


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

келеді. Шынар болмай пісіртті, әйтпесе сый қонаққа берер тамақ емес. Онысы — кҥлге кӛміп пісіріп, сары майға бҧлғаған ыстық нан еді. Ҧлпан оның не екенін сезіп, табақтың бетін ашты да: Ӛзіме беріңіз, шеше... бҧл еркектер жейтін тамақ емес! - деді. Нанды кҥлге кӛміп пісіру баяғының баяғысынан бері келе жатса да, кӛшпелі қазақтың аузынан әлі дәмі кетпеген асы. Ҧлпан табақты бас салды. Еркекше аузын толтыра жей бастады. - Ауыз тигізеді екен деп дәметпендер! - Тым болмаса сарқытынды қалдыр... - Жоқ! Ақ нарды жетелеп Әсіреп келе жатыр. Ҥкідей ҧлпа жҥнді ақ бота тайралаңдап ойнақтаған болады. Аяқтары сабаудай жіңішке. Кӛздері тостағандай, сҧлу-ақ. Ҧлпан коре сала атып тҧрды. Сен қарама, кӛзің тиеді! — деп Есенейге бір жалт етіп қалып, Әсірепке қарай тез жӛнеліп кетті. Әсіреп Ҧлпанды ҧзатып әкелгенде кҥйеу-қосшы болып барған. Ҧлпан онымен де еркін сӛйлесетін. Ҥлкен қайным, малың ӛрісті болсын! ~ Айтқаның келсін, жеңеше. Екеуі де кҥліп жіберді. Жасы ҥлкен кісіні жас келіншек қайным десе, жас келіншекті сақалына бурыл кіре бастаған адам жеңеше десе, кҥлмеске болар ма? Қҧдайдың бір еріксіз қисындастырып қойғаны да. Енді бҧл жайға бҥкіл Сибан болып кӛз ҥйрете бермеске шара-сьі жоқ. Ҧлпан Сибанның ең ҥлкен әйелі, ел бәйбішесі! Әсіреп тҥйені желге қарсы шӛктірді де, Есенейге келіп сәлем беріп, шайға отырды. Ақ бота енді жатқан енесімен ойнай бастады. Енесі тҥрегеліп тҧрғанда оның басы-кӛзіне бойы жетпейтін.Ойнап келіп соғылғанда да енесінің серейген аяғынан мықтылылық та, жҧмсақтық та таба алмай, тез шегініп кетуші еді. Енді міне, қандай рақат, жардай болып жатқан енесінің қабырғасына соғылсаң да, ӛркешіне соғылсаң да ӛрі жылы әрі жҧп-жҧмсақ. Қҧлақтарын тістелеп, кездерін аймалап ойнай бер, ойнай бер! Ҧлпанға Шынар келіп қосылды. — Кҥн бойғысы осы... Енесін еміп алады да, ойнай береді. Озіңе тартыпты. Қазір маған да келіп, менімен де ойнайды,— деді. Шынардың дауысына ҥйренген жас бота еңкелектей жҥгіріп келіп Шынарта аз-ақ соғылмай ӛтті. Тӛрт аяғына әлі ие бола алмайды екен. Сотылса Шынар да, ӛзі де жығылатын еді. Шынар қалтасынан бір тҥйір тҧз алып, ботаны шақырды. Қазақ баласын шақырғандай: "Келе той, айналайын", — деді. Бота қҧлатын жымитып, қабатын тҥйіп келіп Шынардың алақанындаты тҧзды еріндерімен сыпырып әкетті. Басьш шайқай жҥріп тҧзды сорып жҥр, жеп жҥр. — Матан да тҥз берші, әй! 84


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Алақанында бір тҥйір тҧз, Ҧлпан ботаны Шынардың даусына салып шақырды. — Келе той, айналайын, келе той! Бота бір келіп алақанынан тҧз алған соң Ҧлпан Шынарды қуып жіберді. — Сен кет енді, керегің жоқ. Ақымақ бота бір-екі тҥйір тҧз жеген соң Ҧлпанмен де біржола ҥйренісіп кетті. Сотып ӛтетіндей, жақындай беріп кҥліп жіберетіндей қабағы жазылып кетеді. Аузын ашып, еріндерін жыбырлатып тҧз сҧрайды. Иығымен сҥйкеніп, бақырып қояды. Сірә, аяқтан тістесіп ойнағысы да келеді. Ҧлпан да бір олай, бір бҧлай кетіп, жас ботамен баладай ойнап жҥр. — Мал баласының мҧндай еркесін, мҥндай сҧлуын кӛрмеген едім! деді Ҧлпан, шайға қайта оралып келіп. Сәукелесін тастап, жібек шаршыны алқымынан тҥйрей салды да, Есенейдің тізесін шынтақтады. Шайдан кейін Ҧлпан Шынарды ертіп алып Мҥсірептін қысқа-жазғы ҥйлерін, қора-қопсысын аралап шыкды. "Орыс ҥйінің" қазақ аулына алғаш келгендегі жҥпынЫ тҥрін кӛріп соган да қуанды. Ең берісі қыс бойы балашага, кемпір-шал дірдектеп отырмайтын болады ғой! —Бҥлар жер ҥй салуды қашаннан бері ҥйренді екен. —Тіпті атам заманғы ертеден болса керек. Бҥлардьій арты аталары жаугершілік заманда қолға тҥскен бір хурікпен қызына ҥйленіпті. Ӛзі батыр кісі екен. Ерте ӛліпті. Содан қалған жетімді ел "тҥрікпен" деп кетіпті. Сол балаға аты Сибанның шетінен осы жерді беріпті. Киіз ҥй кӛтеріп алу оңай ма, әуелі жер жапада отырып, одан кейін жер ҥй салып алыпты. Соның сілемі ғой ҥзілмей келе жатқан,- деді Шынар. Әсіреп пен Мҥсірептің қысқы ҥйлері қарама-қарсы, бірінін ҥйін бірі терезеден коріп отыратын етіп салыныпты. Шошала, қоралары да сондай. Шоп шабады екен. Аз ғана малы қыс бойы қолда. Шарбақ ішінде қҧдықтары бар. Қонақ келетін болған соң жер ҥйді тағы бір сылап, иісі бҧрқыраған кок шоп тосеп тастапты. Қазандық, пеш. Кәдуілгі "орыс ҥйі". Есік, терезе, қҧрулы шымылдық, жер тӛсек бәрі әп-әдемі. Ҧлпанға жаңалық ретінде қатты ҧнады. Кешке екеуіміз осында жатайық,- деді Ҧлпан. Біреудің қаңсығы біреуге таңсық деген-ау,— деді Шынар. Адыра қал! Қоңыр тӛбел киіз ҥйде Ҧлпанның кеше ғана жіберген дҥниелігі жинаулы еді. Шынар Ҧлпанға: -Эй, сен осынша жасауды... — дей беріп еді, Ҧлпан оны ауызға қағыпқағып қалды. Сӛзін аяқтатқан жоқ. Тісіңнен шықпасын! Тӛркініңнен ала келген ӛз жасауың! Кейін келетін отауың да бар! - деді.— Сен немене, бҧл елге қаңғырып келіп пе ең? Мҥсіреп ағаймен кӛңілің жарасқан соң кете бартасың! Аш-арық болып ӛлейін деп жҥргенде Мҥсіреп аяушылық етіп алып па еді, сені? Жоқ, тіпті олай емес. Мен де сені қара тырнатыңа Дейін білем. Мҥсіреп ағай Тобылда 85


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

талай рет сені жыр Қылып айтқаны бар. "Сен азғана биязырақ болсаң, кейде кӛз-қабағың тҥйіліп кетпесе, оның ҥстіне азғана қыпша белдірек болсаң, бетіңде кішкене ғана "бармақ баттың" болса, Шынарға біраз жақындап қалар едің" деген маған. Әсіреп қайнағаң сені одан да асыра мақтады. Осы екі ҥй сені жаны-қҧты қалмай жақсы кореді екен. Миың барма, ӛзіңнің? Тҥсіндің бе?.. Шьшар коп нәрселерді енді аңғарды. Аш-арықтың Қызымын деп кейде ығысып қалатыны болушы еді. Оны табан аузында ҧмытқандай болып: — Сенің ақылыңның бір тҥйірін қҧдай маған неге бермеді екен! — деп Ҧлпанның мойнынан еркелей қҥшақ, тап, бетін кеудесіне басты. Кӛзінен жасы ағытылып кетті — Қҧдайға айтатын сенің де ӛкпең бар ма, әй? Ҥзіле жақсы кӛруді Ҧлпан ӛзі де терең сезінеді. Бірақ, онысын сыртқа шығаруға келгенде тартыныш қалады. Ӛзін ондайға орашолақ кӛріп тартынады. Қазір ӛзі Шынардың бағы ашылғанына қуанып елжірейді. Амалы не, бҧл жолы да тартынып қалды да, Шынарды арқаға қағып: — Қоя ғой, бӛпем, қой, бӛпем!.. Әлди, әлди, әлди-ай! - деп ойынға айналдырып жіберді. Шынар да кҥліп жіберді. Тҥскі тамақтан кейін Ҧлпан мен Шынар шомылып қайтуға келге кетті. Нарды жетелеп алыпты. Жас бота жҥгіруге қҧмартып, кӛрінген қарғаны қуалап келеді. Келіншектерге келіп тҧз сҧрайды, "буһ-буһ" - мойнын созып, қыңқылдап сҧрайды. Ботаның ҥні де, қыңқылы да аққу балапанының ҥніндей жан-жҥрегіңе тиеді. Ол кезде аты қазақ суға жалаңаш тҥсетін. Бірі ақ денелі, бірі торғылт денелі екі келіншек табандары жарқ-жарқ етіп кӛлге жҥгіріп барып кҥмп берді. Біраз қолтық-тарын жарқылдатып қҥлаштап жҥзіп алды. —Мен, ой, озіміздің ауылдан шыққалы шомыла ал-ғаным жоқ. —Ҥйде ше? —Ҥйдегіні қойшы, тәңірі! Ырым ба, шариғат па бірдеме ғой. Жалаңаш жас денелер суда сылаңдасып, жазылып, жадырасып кетті. —Сен, әй, шын бақытты екенсің, Шынар,— деді Ҧлпан, кеудесінен томен келетін суға аяқтап тҧра қалып. —Маңдайыма қалай сыяр екен деп, кейде ӛзім де қорқам. —Сенің маңдайыңа сыймаған бақыт адыра қалсын да! —Ҧлпан, сен менің туған апам емеспісің осы? —Ӛй, козіңнен айналайын... жоқ, сен менің егізімнің сыңарысың! Тек сен жібек больш туыпсың да, мен кендір болып туыппын. —Қойшы, жоқты айтпай. —Корерсің әлі... Ҧлпан қҥлаштай сермеп тағы жҥзіп кетті. Шынар оның алдап қҧйғандай мҥсінді денесіне қызыға қарап аз ғана кідіріп қалды да, ол да жҥзіп кетті. Ҧлпан қатты жҥзеді екен, жеткізбеді. Кеудесі кейде кӛрініп, кейде кӛрінбей ырғи жҥзіп барады. Жҥзгені де озінің мінезі сияқты батыл екен деп ойлады Шынар. Тарқатылған шашы арқасын жауып кетіпті. Ҧлпан колдің 86


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

ортасына қарай жҥзіп барып қайтты. Шынар жағадан ҧзамай, сумен еркелесіп жай жҥзіп жҥр еді. - Мен суға батып кетсем ғой сен шығара алмайсың? — деді Ҧлпан. - Жоқты айтатының не сенің? - Сен батып кетсең, мен сирағыңнан сҥйреп шығарып алар едім. - Батпай-ақ қояйықшы, Ҧлпан. Жҥрегім дір ете тҥсті ғой. Енді екеуі қатар жҥзіп жағаға жақын ӛскен кӛкше қҧрақтың кӛлеңкесіне барып отырды. Қҧрақ тҥбі қҧм-қайраң, тайыз екен, аяқтарын созып жіберді. Су болған шаштарын желкелеріне тҥйіп алып жатыр. - Менің шашым, адыра қалғыр, айғырдың ту қҧйрығындай қалың, жуғаңда болмаса қҧрғақ кҥйінде тарай алмаймын,— деді Ҧлпан. - Мен тарай берем: қатты да емес, қалың да емес. - Саған қҧдай шашты да дҧрыстап берген ғой. Тобыл қаласында кҥнде моншаға тҥсіп, кҥнде тарап алушы едім. Елге қайтқаннан бері шомылғанда болмаса тараудан да қалдым. Бір татар кемпірі "шашты ӛлі сумен жуарға болми, біт киліп шыға" деп еді, қҧдай сақтап жҥр ӛзір... - Әй, монша дегені немене осы? Ағекем монша салайық деп кҥнде айтып қояды. Мҥсіреп ҧмытып кете береді. - Екеуі де қалада жҥкші болған адамдар болса, мон-шаны неге білмесін! Әсіреп қайын ағаң енді бір аузына алса-ақ Мҥсіреп ағаның қҧлағынан басып кӛндірер! Кӛзің ашылады! Қысты кҥні мен де келіп тҥсіп кетіп тҧрар едім. - Монша дегенді мен қайдан білейін... кҥйген кірпіш керек, тас керек, ҥлкен-ҥлкен бошке керек деп Мҥсіреп ағаң кҥзге қарай сырғытып қойды білем. ~ Әй, сен соңынан қалма! Не керегін маған айтсыншы, екі кҥңце тапқызып берейін... ~ Жоқ, мен Мҥсіреп ағаңның ӛзін жегіп кӛргім келеді. ~ Қайран, жегінге тҥскен Мҥсіреп ағам-ай!.. Екеуі Мҥсірептің арбаға жегіліп жҥргенін кӛргенде мәз-мейрам кҥлісіп алды. Әй, мен ботамды қалай әкетем? Арбаға сыймайды жетелеуге де болмайды. Қалайда тастап кеткім келмейді 1 деді Ҧлпан. - Енесімен ӛкетесің. - Енесімен? - Енесімен әкетпегенде ӛзің еміземісің? - Кетші ері... - Кететіні жоқ. Енесімен әкетесің. Біз алдақашан солай ҧйғарып қойғамыз. - Әй, онда тіпті қызық болады екен... Ҧлпан алғаш қонаққа барған жерінен боталы нар жетелеп қайтыпты деп жҧрт дҥңк ете тҥседі ғой! Сен қатын, білмейтінің жоқ осы! - деп абайсыз отырған Шынарды кеудесінен итеріп қалып суға шалқасынан қҧлатты. Шынар аяқ-қолы ербел еңдеп тҥра келді де, Ҧлпанның ту сыртынан келіп жабысып оны да шалқасынан тҥсіріп, 87


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

суға малып-малып алды. Екеуі тҥра салып бірін-бірі қуып, су шашып, сҧйық қҧм шашып, кезек-кезек қҧлап, баладай ойнап кетті. Ҥсті-бастары батпақ. Шектері қатып, езу жия алмай сықы-лықтап, шиқылдап, ықылық атып кҥледі. Бҧларының не екенін ӛздері де білмей ойнай берді, кҥле берді. Бҧл балалық шақтарында ойналмай қалған ойындары еді. Балалық шақтарында кҥлінбей қалған кҥлкілері еді. Қазір сол ойналмай қалған бала шақтың ойыны мен кҥлкісі бір сәтте жарқ етіп жарып шыгып, бір-ақ бҧрқ етті. Бойда қала берген қайгы-шердей, жинала берген кектей, ойналмай қалған ойын-кҥлкі де сәті келіп қалса жарылып шықдай қоймайды екен. Еркек-шора болып оскен Ҥлпан еркек балаша ойнап ӛсті. Қыз табиғатын, қыз ойын-кҥлкісін бҥзып та алды. Шынар болса, жасынан ескіқҥсқы киіп, тең қҥрбыла-рынан қорынып, қорғалақтай есті. Екеуінің де балалық шағынан бонда қала берген ойын-кҥлкілерінің бір жарк еткен кҥні осы еді. Екі жас келіншек тағы да біраз су шашып, батпак лақтырысып, кӛк қҥрақпен сабаласып, ҥсті-бастары сат-пақ-сатпақ болғанша ойнады. Әрең тоқтады. - Мҥндай қызық болмас. - Менің ішегім ҥзіліп кете жаздады. - Қояйық енді. Жетер. Екеуі тағы да біраз қҧлаштай сермеп жҥзіп алды да, ясағаға қарай беттеді. Ою-қиюы, иіліс-бҥгілісі қҧдай-щебердій колынан дҧрыс шыққан сҧлу денелер еңкейе берген кҥн кӛзіне әдейі тосылғандай тҥгел жасырынбай келеді. Бірі ат ҥстінде, бірі омір бойы жаяу жҥріп шыныққан. Бір мысқал арам еті жоқ жас денелер бҥгін бір сәтке еркіндік алып, кӛркемдік әнін салып келе жатқандай еді. Екі келіншек киініп болған соң оинақы бота екеуш қайта айналдыра бастады. Бота болындар, ойнайық дейтін сиякты. Сендер қашыңдар, мен қуайын дейтін сияқты. Әйтпесе, тҥз беріңдер - "буһ!" - дейді. "Буһ!" деген тҥйе тілінде тҥз деген соз екенін біздің тіл ғалымдары оңай-ақ дәлелдеп берер еді. Әттең, ол кезде ондай ғалымдар болмаған соң, Ҧлпан мен Шынар оған тҥсіне де алмады. Тҧзды ботаға тҥсінбей-ақ бере берді. Ауылға жақындай келе Ҧлпан қҧрылып жатқан "Алтыбақанды" кӛрді. Екі жігіт бақандарын байластырып болып, енді арқандарын тағып жатыр екен. - Бҧларың кім? Бҥл ауылда жігіттерің бар ма еді? -деп сҥрады Ҧлпан. - Тӛрттен астам аулының жігіттері ғой "Алтыбақан" қҧрып жатқан. Кешке "Алтыбақан" тебеміз. - Тӛрттен астам? - Тӛрттен астам дегенге де тҥсінбеймісің? - Тҥсінсем сҧрар ма едім. - Тӛрт дегенді білесің ғой. Соған тағы бірді қосшы. - Қостым. - Нешеу болды. 88


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Бесеу болад та. - Бесбай аулы дегенді "Тӛрттен астам" аулы демегенде қалай айтамыз? Сен де солай атайтын боласың. Жоқ, мен олай атамайтын болармын. Менің Есеней екенімді білемісің? Білемін... Би ағамыз сені солай атап кетіпті ғой. Білсең, мен әр ауылды озінің атымен атайтын бо-ламын. Бесбай аулы дермін. Сенің аулыңның "Екі ҥй тҥрікпен" деген атын да жойдырармын. Аталарыңның аты кім еді? Жҧрт дегенді тағы да бір тҥрлі етіп айтып корші. ~ Ел ме? — Иә, ие, ел... енді соған кҥйеуің бір жақтан келгеңде не деп амаңцасатынынды қосшы... — Ат-кӛлік аман келдің бе, дейтін шығар. — Енді соның ат-кӛлік дегенін таста да, аман дегенін қос. —Ел аман, Еламан ба? —Иә, ие, сол. — Тәңірі алғыр-ау, Бесбайыңды да, Еламаныңды да ӛзің атап қойдың ғой! — Сӛйттім бе, ой? Аузыңнан шығара кӛрмеші, апатай. — Шығарғанда қандай! Айдай әлемге таратам. Бесбай дедің бе, Еламан дедің бе? —Сен ғой еріксіз айтқызған. —Сен де жҧрттың бәрін ӛз атымен атайтын боласың. —Мен бе? —Сен! Әуелі Есенейден бастап атайсың. —Айтпаймын. —Айтасың. Есенейдің кӛзінше айтасың. —Ӛлсем де айтпаймын. —Кӛрерміз... Манаты далада шай жасалып жатыр екен. Шынар келіп самауыр қасына отырды. Ҧлпан оған таяна отыра кетті. — Ӛлердей шаршап, сусап қайттық,— деді Есенейге еркелей қарап. —Кӛріп отырмын,— деді Есеней. —Шынаржан, шайыңды тезірек қҧйшы! Шай қҧйылып, Есенейден бастап беріліп жатыр. Кезегі келгенде Шынар қасында отырған Ҧлпанға шай ҧсынып еді, ол алмады. — Ҧлпан, шайыңды алшы... Ҧлпан алған да жоқ, бҧрылған да жоқ. — Ҧлпан деймін, шайыңды алшы. — Немене Ҧлпан, Ҧлпан деп! Менің атым жоқ па? - деді Ҧлпан Шынарға қабағын тҥйілдіре қарап. Шынар бозарып кетті. Ҧлпанның жаңа ғана айтып келе жатқаны есіне тҥсе қалды. Енді қайттім? Шәшке қолында... Ҧлпан алар емес. Қабағы тҥюлі, екі кӛзі тесіп барады. Дастарқан айналасында отырғандар да тҥгел бҧған қарай қалыпты. 89


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Шынар қолындағы шәшкені жерге коя салды да, тҥра келіп Есенейге бір тізелеп сӛлем етті... Содан кейін орнына отырды да, Ҧлпанға шәшкені қайта ҧсыңды. Есеней, шайыңды алшы! - деді. Бет-аузы кҥйіп бара жатса да сасқалақтаған жоқ. Ҧлпан Шынарды кӛзімен еркелетіп кҥліп жіберді Есеней қарқылдап кҥлді. — Ой, айналайын Шынаржан, еркек екенсің. Ҧлпанды бір адамга Есеней деп айтқыза алмай қойып едім. Бҥкіл Керей — Уаққа жол салып бердің, айналайын. Торқалы тоғыз орамалың мойнымда! - деді. Қап, Есенейдің бар дҥниелігін шаштырып алғанымды қарашы! Олжалас, әй! — деп Ҧлпан да ақ жарқын кҥліп жіберді. — Бір сабақ жібін кӛзіңе кӛрсетсем не дейсің? Самауыр, Шынар, Ҧлпан, Есеней, Әсіреп, Мҥсіреп, Науша, Жаниша, Кенжетай — дастарқанды айнала отырған. Бәрі де ақ жарқын жҥзбен кҥлісіп алды. Шай енді сорапталды, сорапталды келіп... Кешке Ҧлпан мен Шынар "Алтыбақанға" кетті. Ер-кектер даладағы орнынан козғалған жоқ. Алыстап кейін қалған ойын-сауықты сол алыстан тыңдады. Кәукер, Бикен деген екі әнші қыз сҧңқылдатып ән салды. "Алтыбақанда" шыққан дауыс бір кӛтеріліп, бір тӛмендеп тҥйіле тӛнеді. Әуелі орағытып, қиыстырып екі жеңгесіне қҧттықтау айтты. Еліміздің биігіне қолдарың жетті. Қашанда сол биікте кӛретін болайық. Қой сауған, бие сауған салпы етек ӛзіміздің елде де аз емес. Тек оларға да кӛз қырын сала жҥріңдер... Сендердің табандарыңа кірген шӛгір біздің маңдайымызға кірсін. Бірге қуанайық, бірге кҥліп-ойнайық... Олардан кейін екі келіншек қосылып ән салды. — Қой кетті... Жалаң қабат шапаннан жанбыр ӛтті, Жаурадым, калқажан, Ата-енем... Алғаным... бӛрі де ҥйде ҧйықтап жатыр, қалқажан! Сен де мендей боласын ғой бір кҥні — Сен аяшы, Қалқажан! Шынар солқылдап жылап жіберді. Кӛз алдына жаурап келе жатқан сорлы келіншек келе қалып еді. Аяп кетті. — Сен неге жылайсың? Сенің де арманың бар ма? деп Кәукер мен Бикен жас жеңгелеріне қадала қарасы сҧрап еді, Шынар оларға: —Мен сондай жылауықпын,— деді. —Ӛлең ғой, әшейін... — Қайдан әшейін болсын! — деді Ҧлпан. Тӛрт жолды ӛлеңнің бірінші жолы шолақ басталып, соңғы ҥш жолы тҥгел буындас келетін бір тҥрі ертере туса керек. Кәукер мен Бикен Ҧлпан мен Шынарга осындай ӛлең ҧнайтын болар деп Біржанның бір әніне салды: Кӛлбай, Жанбай, 90


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Шідерімді кім алды Ләйлім алмай... Шідерімнің бағасы қырық қысырақ, Сол себептен барамын сҧрай алмай, сҧрай алмай, и-и, ей!.. Ләйлім шырақ! Шідерімнің багасы қырык кысырақ... Ҧлпан мен Шынар да бір-екі рет "алтыбақан" теуіп тҥсті. Екеуі екі жақта жайлаған, біріне-бірі жат елдің қыздары, қосылып салатын ендері жоқ екен. Ҥлпанның тіпті даусы жоқ болып шықты. Кәукер мен Бикенге ер' Шынар азырақ ӛн салған болды. — Шынаржан, ас пісті,— деп шешесі келді. Ҧлпан Шынарға қарады. Жаңа келген елінің жастарымен қалай қоштасарын білмей тҧрған сияқты екен. Шынар қыз-келіншектер мен жігіттерге: —Сіздер де жҥріңіздер. Ac ішіп қайтарсыздар,— деді. —Есекеңнің ҥстіне барамыз ба? —Жҥріндер! — деді де, Ҧлпан Кәукер мен Бикенді қолтықтап алып, басқалар соңында, Есеней отырған жерге алып келді. —Есеней, сен тыңдадың ба? Екі әнші қызың мынау екеуі. —Ой, кӛп жасаңдар, қарақтарым... мен тіпті ӛзіміздін елден ән естіп кӛрмеген екемін. Бар екен ғой әнші бала-лар... Есеней шынын айтып отыр. Ӛз елінде әнші, онерші бар екен деп ойламайтын еді. Қоңсы-қоландары қырык ру. Шетке шықса Керей — Уақтың шҥбар тӛс шонжарларын ертіп алады. Жалтыз Мҥсіреп болмаса ӛз ауылдарынан ешкімді ерте де бермейтін. Мына тҥрікпен елге осындайымен де жҧгымды екен-ау деп кҥндеп бір қалды да, ол ойынан тез қайтты. Бҧрынғыдай емес, ӛзінің жҧмсарғанына риза болтаңдай еді. Шеттей отырса да, Есенеймен табақтас болғанына тасып-тӛгіле қуанып жастар кетті. — Біз жер ҥйге жатамыз,— деп Ҧлпан мен Шынар бірге кетті. Еркектер сол далаға қонып шықты. Ӛмірінде далаға қонып кӛрмеген Есеней таңертең тҧрып жатып: — Осы қатындар бізден ақылды болып шығып жҥрмесін... Қҧр аттай болып қалыппын! — деді Мҥсірепке. —Жегенің тайдың еті болса, тҥн бойы даланың жҧпарын иіскеп шықсаң...— деп Мҥсіреп мақтана бастап еді, Есеней: —Қойсайшы-әй, мен де соны айтып отырмын ғой,— деді.- Ҧлпан байғҧс бір жасап қалған шығар. Ҧлпан далада отырған еркектердің қасына келді. Ер-келей қарап, жайраңдай келді. Тынығып, ажарланып кетіпті. —Есенейжан! — деді Ҧлпан Есенейдің тізесіне шынтақтай отыра кетіп. Шынтақтай кетуді Ҧлпан әдетіне айналдырып алып еді.— Есенейжан, осындай бір қысқы ҥйді біз де салдырып алайықшы. —Салдырсаң, салдыр, кҥнім. Мен оның есік-терезесін қай жерінен шығаратынын да білмеймін. Әйтеуір мен де сыятын етіп салдыр! 91


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Сен ҥшін салдырмаймын ба, қара бурам-ау! —Онда маған қарама, бҥрқырата бер! Есенейдің аттары жегіліп қалды. Әсіреп ақ нарды же-телеп апарып — ырымы сол — Есенейдің пәуескесіне тіркеп жатыр. — Ау, сен ботаңа қоса нарын да әкетіп барасың ба?— Деді Есеней. ~ Нарымен алмасақ, ботаны қалай асыраймыз?— Кеше Шынардың "ӛзің емізесің бе?" деген қалжыңы есіне тҥсіп Ҧлпан кҥліп жіберді. ~ Онда шаптың той тҥрікпенді! ~ Мҥсіреп агай озі айтқан, бай болгым келмейді деген. ~ Е, болмаса болмай-ақ қойсын... Әсірепті ҧмытып кетіп жҥрме... — Араласпай отыр! Кешеден бері сен екеуміздің кӛргеніміздің есесін бәрібір қайтара алмаймыз. Дәл аттанарда кешегі "орамал" дегенін Есеней тағы есіне алды. — Шынар шырағым, орамалың мойнымда дедім ғой кегле. Қалауың болса ӛзің айтшы,— деді. — Жоқ, би аға... Атыңызды атап қойып, ӛзім айыпты болып қалдым ғой. Сонымды қалай жуар екемін деп қысылып жҥрмін... — Жоқ, жоқ, шырағым, атымды атаганың Ҧлпан екеумізге ҥлкен қуаныш болды. Алмаймын дегеніңді азсынғаның деп кетемін... — Еркектер осыңдайға араласқанда тҥк орайын таба алмайды. Есеней болган мен емес пе! Ӛзім алгызамын. Алады! — деді Ҧлпан.— Кӛшіқон бар ғой, жҥрейік енді. Тайдан іштеңе қалып па еді, арбаға сала салыңызшы, Науша апай... Есеней ҥялып қалған болды. Ҧлпан Шынарды оңашалап әкетіп: — Әй, сен, ӛзіңе не керек екенін білесің бе? Ақ отау керек. Сол отау жайлауда тігулі тҧрар. Кешеден бері отау-отау деп қыстырып қалып жҥргенім сол да. Мына ҥйінді жайлауға апарма, қайын ағаңа бер. Болды, болды, ашпа аузынды!.. Пәуеске қозғалып кетті. Ботасын ерткен ақ нарды жетелеп Әсіреп те кетіп барады. Ауыл иелері ақ ботаның артынан ҧзақ қарап қалды... 6 Ҧлпан ӛз аулына жақындағанша Есенейге баладай еркелеп, қалжындасып келе жатты. Пәуескенің ішінде де шынтақтай отырып келеді. —Есенейжан, сен кӛлге шомылғанда жҥземісің? —Оны неге сҧрадың? —Су сені кӛтере ала ма дегенім ғой. —Жоқ, мен қолым жеткен жерге ғана жҥземін... —Жҥзіп ҥйренгің келе ме? —Оның маған керегі не? Жалғыз "Қайраң кӛлден" басқа кӛлдердің бәрінен де аяқтап ӛте берем. Бҧрын ойын-қалжыңға шорқақ Есеней, осы кҥні Ҧлпанның ыңғайына қарай, Ҧлпанды кҥлдіргісі келіп калжындаса алатын болды. Бҧрын бар ойы 92


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

малында, ерсілі-қарсылы соғатын дау-жанжалда болса, енді оның бар ойы Ҧлпанда, Ҧлпанның қас-қабағында болатын. Ауылға жақындай келе сол қас-қабақ бҧзылып кетті. Ҧлпан шынтақтауды қойып тҥзеліп отырды. Қараша ауылды кӛрді. - Есеней-ау, мына қараша ауылды сен неғып кӛрмей жҥрсің? Ӛзіңе ҧят қой! - деді. - Кӛрмей жҥргенім рас. Жеті жылдан бері мен елге анда-санда бір соғып, басқа елдерде, мал ішінде болатынмын. Қысы-жазы солай. Менің аулым биыл сенің аулында калған жылқышы қосы еді ғой... Мені ӛз аулы-ма ертіп әкелген де сен! Ҧлпанның жҥзі жылынған жоқ, азырақ қана даусы жҧмсарды. Осы қырық ҥй малшы-жалшыларыңның қырық жылдан бергі жалақылары сенің мойныңда кете беріпті... обал ғой,— деді. — Айналайын Ҧлпанжан, соны маған ендігәрі айтпай-тындай болып, ӛзің тындыршы, екеумізге екі айғырдың ҥйірі жылқы қалдырсаң болды. Менің ендігі байлығым жалғыз сен! Асырарсың бірдеме қылып... Ҧлпан Есенейдің тізесіне қайта шынтақтады. —Еркексің ғой сен, еркексің, Есенейжан! — Енді шал-қалап келіп бар денесін Есенейдің тізелеріне кӛлдеңең салды. Есеней сол қолымен Ҧлпанның сәукелесін демей беріп тӛсінен иіскейін деп еді, иіле алмады. —Есеней,— деді Ҧлпан Есенейдің кӛзіне тура қарап.— Есеней, "Қаршығалыдағы" бір қос жылқы менікі ғой. Сен бергенсің, мен алғамын. Енді ӛзіңе қайырып берем. Тек, әке-шешемнің кӛзі тіріде сол жақта бағылатын болсын. Оларға да мал керегі жоқ. Азғана малын қоса бақтырып отырсаң болады. Соның есесінен мына қараша ауылдың аласыларын тҥгел тӛлегім келеді. ~ Тындырсаң болды. Малды мен бағайын, жҧмсауын сен жҧмса. Мен малды ӛсіруден басқа қызығын білген емеспін. Бҧлар ауылға жетіп арбадан тҥскенде, Ҧлпан отауының алдында жиырма шақты әйелдер отыр екен. Ҧлпан соларға қарай бҧрылды. Кешеден бері тыныққаны бірден жойылып кетті. Әйелдердің: "Мырза келін-ай, таң атқалы кҥтіп отырмыз" деп амандасқандарының ӛзінде сҧрана келгендері кӛрініп тҥр еді. — Есен-саусыздар ма? — деп әйелдерге жалпы бір амандасты да, Ҧлпан арқасын киіз ҥйге сҥйей отыра кетті. Әйелдер ӛздерінің жай-кҥйлерін сҧрастыруды кҥткен жоқ. Біріне-бірі қосарлана, жамырай сӛйлеп кетті: —Шалымызбен екеуміз он екі бие сауамыз. Он екі биені кҥніне бес рет сауғанда нешеу болады, отыз бола ма? —Екі балам осы ҥйдің қойын бағып жҥргелі алтыдан астам жыл... тым болмаса бір қозылы қой алып кӛрдік пе екен? —Біздің ҥйдің жайын айтып керегі жоқ. Ҥй ішімізбен осы ҥйдің есігінде жҥргелі неше жыл болғанын атам байғҧс айтып отырушы еді. Мен кӛк ми ҧмытып та қалдым. 93


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпанның қабаты ашылып, жҥзі жадырап кетті. Бҧл жолы әйелдер жай сҧрана келмей, аласыларын сҧрап отыр. Кәдуілгідей ӛлшеуге келетін орынды сҧраулар. Сҧрану емес, сҧрау да емес, ең берісі — ақысыз-пҧлсыз кете берген еңбегімізге бірдеме тӛлейтін уақыттарың болды ғой,-деп отыр. Бір кезде ӛр тҥрлі себептермен бай Есенейді, би Есенейді паналап келіп, аяғында оның малшысы, сауыншысы болып қазанына қарап қалған қарашы деген ол бір откен заманның сарқыншағы еді. Ҧлпанға ол тҥсініксіз нәрсе. Қҧлдық емес, емес те емес. Бай адамның айналасы осынша кедей, кезінен сорасы аққан сорлы бола ма екен? Ӛзгесін былай қойғанда, Есенейдің аулы дейтін санатқа қосылатын қырық ҥйлі қарашының қайыршыға айналып бара жатқанына ҧялу да керек емес пе! Осыдан екі-ҥш кҥн бҧрын қойдың жҥн-жҧрқасын, жылқының қыл-қыбырын қолды-қолға таратып бергенде, Ҧлпан осыған намыстанып, осыған ызаланып еді. Бҥгін соның тҥп тамырына козі жеткендей қуанды. Әйелдер шуласа сӛйлеп бір кідірген кезінде Ҧлпан оларға кҥлімдей қарап: — Апайлар-ау, Есенейде қайсыңның қашаннан бергі аласыларың барын мен қалай есептеп шытарайын. Әйтеуір, бәріңнің де аласыларың барына кӛзім жетіп отыр. Есеней ӛзі сол аласыларыңды тҥгел бер деді. —0, мың жасасын! —Балалы-шағалы болсын!.. - Есеней ҥй басына бір қҧлынды бие, ҥй басына екі қозылы қой берерсін деді. Бҧдан былай қойшы жазды кҥні жҥз койдан бір қой алып бағады, қысты кҥні екі қой алады.- Жылқышы екі жҥз жылқыдан бір жылқы алады. Тағысын-тағы кӛре жатармыз. Бҥгін кешке қойларыңды алындарЕртең жылқыларынды алындар. Жайлауға кӛшуге бір-бір тҥйе берілер,— деді де, Ҧлпан орнынан тҧрып отауына кірді. - Мырза келін-ай, сен келдің де козіміз ашылды ғой! Ҧл тап, қарағым! Қоймен бірге қозыла!.. Ертеңіне екі қҧлынды бие алып, Тілеміс аттанғалы жатыр еді, Есеней қайта шақыртыпты. Тілеміс шырағым, біз саған бір масыл болып алдық қой,- деді Есеней әлгінде ғана қоштасып кеткен Тілеміске.- Мына катын қысқы ҥй салып бер деп жағамнан алып жҥр. Бҧл жагынан не білетін едің? - Ҥй салатын орыстар бар ғой. Табылар. - Табылса болды. Кҥзге дейін бітіртсең жақсы болар еді. Ағаш ҥй,— деді Ҧлпан.— Анау кҥні Тобыл қаласында кӛрдік қой, сондай жақсы ҥй болсын. - Орны қай жер? - Оны әлі белгілегеніміз жоқ. Онда мен ҥй салатындардың бір-екеуін жайлауға алып келейін. Олар орнын кӛрмей, неше болме болатынын білмей тҧрып, еш нәрсе айта алмайды. Дҧрысы осы болар. 94


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Кӛшті жайлауға жонелтіп жіберді де, Есеней мен Ҧлпан қыстау салатын жер кӛруге жҥріп кетті. Екеуі де салт. Қастарында Есенейдің жер қорушысы бҧқа мойын, қисық жауырын, сол қолына іліп алған сойылын тастамайтын Шондығҧл бар. Ҥш ат жеккен пәуескемен Кенжетай кӛшкен ауылдың жҧртында тосып қалды. Кҥн жаңа ғана котеріліп келеді. Жазтытҧрғы кең бейіл Дҥние шықка малынып, маужырап тҧр. Бармақ басындай Қара ала аралар ҥлбіреген гҥлдердің тӛсіне қонып, солқылдата сорып бал жинап жҥр. Ат тҧяғының жапырып кеткен балғын кӛк шоптеріне жаның ашытандай. Жал-жал болып біткен қалың орманды, қара топырақты қҧйқалы жер. Кӛлдер де кӛп. Кӛл бетінде шомылып болып айнаға қаранып, сыланып отырған аққу-қаз су бетіне тҥскен сәулелерімен сҧлулық салыстырып, сырласып отырғандай. Жайылымынан қайтқан мыңдаған ҥйректер суылдап келіп кӛлге қонады. Қыбыр-қыбыр жыбыр-жыбыр сырласады да қайта ҧшады. Оттады — той-ды, су ішті — қанды, енді қамысты, томарлы кӛлдердегі ҧялары еске тҥсті. Тҧп жақтарын тҥйістіре, теске келетің етіп салған жҧмыртқалары еске тҥсті. Қайта ҧшып кетті| Ана бір қалың қамыстарды, томарлы кӛлдерді сҥзе ҧшын жҥретін албасты қаралар бар ғой, солардың ӛзі нағыз арамы доңыздар. Сақалды бастарымен боз торғайдың жҧмыртқасын да шағып жейді... Кҥн тҥске тармасып қалып еді. Ауыр денелі Шондығҥл ауыр жортатын қара атымен кейіндеп келе жатқан. Ҧлпан атының басын тартып Есенейге бҧрылды. — Есеней-ау, осынша жерің бос жатқанда он ауыл Сибанның бір-ақ жалдың бойында сығылысып отырғаны несі? — Оны қайдан білдің? — Осы ӛрлеп келе жатқанымыз "Кәрі қыстау" демедің бе? Тӛрт-бес ауылдың қыстап шыққан жерін де кӛрсеттің... Ағаштың жылқы мойны жетер жеріне дейін бір бҧтақ қалмапты, мал жеп қойыпты. Ағаш тҥптеріне бір тал шеп шықпаған. Киіз ҥйлердің орны дӛңгеленіп қара тақыр кҥйінде жатыр... — Қазақ жерін қорып ҧстай біле ме? - деді Есеней. — Қалай қориды? - деді Ҧлпан жҧлып алғаңдай. Ашу-ланып кетті ме, немене, кӛзі де жалт етіп қалды.— Қыс бойы қозғалмастай етіп бір жерге қамап қойған соң... отырған жерін кеміре береді де... Есеней де, Ҧлпан да бҧдан кейін ҥндеспей қалды. Шондығҥл да жетті. — Есеке, қыстау салатын жер әлгі қалған суат кӛлдің жоны,— деді Шондығҧл қамшысымен кейін қалған жакты нҧсқап.- Сол жӛн... —Кейін ораламыз ба? —Ӛзің біл. Азғана қатарласып жҥргеннен кейін Ҧлпан оң қолын Есенейдің тізесіне салды. Шымшып алайын деп еді, сірідік санға қолы батпады. Қол жылуы сіріге етпей қалған жок— Ӛкпелеп қалдың ба? 95


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Кешке дейін ӛкпелейін деп едім... Сен еркіме қоясынба ба? — Осымен екеуінің ӛкпелескендері де бітті. Әйел ашуланса жеңіледі, еркелесе жеңеді емес пе, Есеней жеңілді де қалды. "Суат кӛлдің жоны" деген қалың орманның жотасына шыққан соң Есеней ат басын тежеп: Сенің ҧнатқаның болсын. Анықтап байқап ал! — деді Ҧлпанға. Ҧлпан суат кӛлдің ӛкпе тҧсына жақындап келгенде токтап: Мен осы жерге қызығып тҧрмын,— деді. Қайың мен терек аралас ӛскен қалың орманның ортасында ашық қалған кең арал — алаң екен. - Қырық ҥйлі қарашың азғана әрірек орналасар. Бізге осы арал жетеді. - Мен бҧл аралга мана қызығып кеткемін. Тек, сен барлық жерді кӛрсін деп ҥндемеп едім. Ал, қойдың ба қолыңды? - Қолымды қойдым, мӛрімді бастым. Шондығҧл ҧмытып қалма, біздің қыстау осы жерге салынады. - Енді басқа ауылдарыңды қалай орналастыратыныңды айт! - Осы жӛнмен қатар-қатар, бір беткей созылып жатқан ҥш жотаны кӛрдік қой әлгінде?.. Ҥшеуі ҥш ауылга қыстау бола алады. Аралары шақырымға толмайды. Ӛзің бӛліп бере бер. Суат кӛлге таяу екінші жал ағаш шағындау екен. Сәдір бізге кҥнде керек адам ғой. Ағайындарымен осында қыстаса қайтер еді? — деді Ҧлпан. Қойдым қолымды. Келесі жал ағаш қалың да ҧзындау келген, шығыс жақ етегінде суала бастаған кӛлі бар "Елтін жал" деп атанған еді. ~ Бҥған Еламанга қараған ауыл қыстасын,— деді Ҧлпан. ~ Тҥрікпенді айтамысың? ~ Тҥрікпен дегеніңді қойшы осы, Есеней... Сибанда Әсіреп Мҥсірептен артық Сибан кӛргенім жоқ,— деді *лпан. ~ Қойдым, айтпайын... Бірақ "Елтін жалға" екі ауыл еРкін сыяды. ~ Екінші аулыңды ӛзің қос. Мҥсіреп ағай кіммен болса да сыйыса беретін адам ғой. Ҧлпан келесі жалды кӛрмей-ақ Еменалыға бере салды- Екі-ҥш қыстаудан әрі асырып тастады, болды. Онысыңа Есеней де наразылық білдірген жоқ. —Шіркін-ай, Еменалы екеуіңнің жҧлдыздарың қай жерде шақырайысып қарсы қарасып тҧрғанын кӛрерме едім бір! — деп кінәратсыз кулді. —Еменалының жҧлдызы қай жерде тҧрғанын мең қайдан білейін?.. Менің жҧлдызым бола қалса, сенің жҧлдызыңның ық жағында тҧратын шығар,— деді Ҧлпаң —Сенің айтқаныңды "Мҥзбел" де мақҧлдап келе ме ӛзі, қалай? Басын шҧлғып қалды ғой,— деді Есеней. 96


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Мен "Мҥзбел торыны" "Қаршығалыда" қалдырмай Еменалы кӛрген сайын бір кҥйінсін деп әдейі ала кеттім... мінбесем де ерттеп белдеуге байлаймын да қоямын! - Ҧлпан да кҥлді, астындағы "Мҥзбел торы" да мақҧлдап, басын шҧлтып-шҧлғып қалды. —"Кәрі қыстау" тҧтасымен Бесбайға тиетін болды ғой? —Амал қайсы... Жас ӛйел Ҧлпан асқан ақылды адам еді. Ӛз айтарын әуелі Есенейге айтқызып алып, ӛз байламын әуелі Есенейге байлатып алып жҥр. Есеней де "мына катын былай деп еді" деп Ҧлпанның атын шығара сӛйлейді. Есеней Ҧлпанына риза, Ҧлпан Есенейіне риза, жарықшақсыз жарасым тапқан кездері еді. Есенейлер жҧртқа қайтып оралғанда аттар жегулі, Кенжетай ағаш кӛлеңкесінде қымыз сапырып отыр екен. Ҧлпан аттан тҥсе сала қымызға ҧмтылды да, әлдеқандай әдеп есіне тҥсе қалып: — Есекесі, тезірек отыршы,— деді. Есекесі де екі айттырған жоқ. Бәрі де сусап қайтып еді. Сары қымыз, дәрі қымыз ішіліп болған соң Есеней Шондытҧлға келесі тапсырмасын айтты. —Біз жайлаута бірер кҥн кешігіп жетерміз. Сен бҧрынырақ барып әр ауылды ӛз орнына қондыратын болшы,-деді. —Бҥрынтысынша қонатын болар? —Тап бҧрынғыдай емес. Біздің ауыл бҧрынты орнына қонар. Бҧрынғы Еменалы аулының орнына бҧдан бы лай мына кісінің ағасының аулы қонатын болады. —Мҥсіреп ағайдың ауылын айтады. —Иә, сол ауыл. Еменалы Бесбай аулының ар жағына, бҧрын мына кісінің ағасының аулы отыратын шетке қонсын! Мына екі атты жетелей кет те, біздің кӛшке жеткенде жылқышыға тапсыр. Ӛзің біздің жылқыдан тандаған атыңды мініп кет... - Қараша аулың қалай қонушы еді? — деп сҧрады Ҧлпан. - Айтқандайын, ол ауыл жылдағысынан кӛлге қарай бір табан жақынырақ қонсын. Біздің ауыл бір табан шегіне қонар... Шондығҧл Есенеймен қоштасқан соң жолшыбай оның бҧйрықтарын да бҧлжытпай орындап жайлауға суыт жҥріп кетіп еді. Аз-ақ кешікпей жеткен екен: Еменалы кӛші жылдағы орнына қарай бҧрыла бергенде жетті. Қасында бір-екі әумесер жігіттері бар, кӛшін жанамалап салт келе жатқан Еменалыга Шондығҧл сәлем берді: - Кӛш кӛлікті болсын! - Сенен кӛлік сҧрай қоймаспын! - Дҧрыс айтасың, саған беретін кӛлігім болып кӛрген жоқ. Ағаңның бҧйрығын әкелдім: сен биыл Бесбай аулының ар жағына қонасың. - Мен немене, елдің шетіне қонатын тҥрікпен болтаным ба? - Кім болғаныңды ағаңнан сҧрарсың. 97


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Ағаңның бҧйрыты дегенше, ана жалаң бҧт келген тоқалдың бҧйрығы деп турасын айтар едің-ау сен, Ҧлтанқҧл болмасаң! Аргы аталары әлдеқайдан келген кірме Шондығҧлға "қҧл" дегені батып кетті. - Хан тҧқымы деп, ойнастан туған бір кегер аяқ маймақтың қҧлы болып жҥрген нағыз қҥл сенсің! — деді Шондығҧл. - Оттама енді! — Еменалы қамшысын оңтайлай бастады. - Сен-ақ отта! - Шондығҧл да сойылының шоқпар басын жерге тік тіреп, сол қолымен сҥйеніп алды.— Бҧр кӛшінді! Еменалы оған не істей алсын! Есенейдің елшісі тҥгіл Қойшысына қолың тиіп кетсе, ат-тон айып тартасың! Бҧр кӛшіңді! - деп Шондығҧл тағы жекірді. Жан-жал іздеп тҧрған сияқты екен... Еменалы Шондығҧлдың ата-бабасынан бастап сыпыра бір боқтады да, кӛшін бҧрып әкетті. Шондығҧл да есесін жібергісі келмеді. Жеңген адамның айқайына салып, бап-тап боқтағысы келді. Мен бар-ay... сенің бар-ay, әй... іркіт қҧятын ескі мес сияқты қатыныңның бар-ay... әкесінің бар-ay... тап-тап бар-ау... Шондығҧл "бар-ay, бар-ауын" айтып болғанша, Еменалы ҧзап кетті. Шондығҧлдың мықтап кағайын деген мық шегесі қағылмай қалды... Еменалыдан басқа ешкіммен ҧрыс-керіс болған жоқ. Ӛзге ауылдар Шондығҧл әрі отыр десе, әрі жылжып, бері отыр десе, бері жылжып, жазғы ақ ҥйлерін тіге бастады. Есенейдің ӛз қоңсылары да тақыр-таза, тыр жалаңаш емес екен, қоңыр ала, боз ала ауыл болып қонып жатыр. Кәдуілгідей желі тартып, бие байлапты. Ол ауылда да тҥйе бақырады, айғыр оқыранады, қой маңырайды. Қай ауылдан болса да қуаныш дауыстары естіледі. "Қайраң кӛл" айналасы ат шаптырым, тҥбі қҧм-қайраң, жағаға жақын таза кӛк қҧрақ шығатын, жалтыры кӛп, ортасы шалқып жатқан кең айдын — атақты шалқар кӛл - "Есенейдің қайраң кӛлі". Солтҥстігі мен батыс жағын жаз бойы Есенейдің жылқысы жайлап жатады. Оңтҥстігі мен шығысын Сибан елі жайлайды. Аты Сибанның жаз бойғы жайлауы осы. Жҧрт ескірсе, жаңартып, жылжып қонып кҥзге дейін отыра береді. Жайлауда малшылардан басқа жҧрттың бәрі демалыс-та, бәрі курортта. Жҧмыс жоқ, табыс та жоқ. Тойғаныңша ойнай бер, оянғаныңша ҧйықтай бер. Кҥзді кҥні қайтатын қараша қаз "Қайраң кӛлдің" бетін бір жауып ӛткенше жайлау тарамайды. Әр не - алладан, таңдағы тамақ -тәңіріден. Әр нәрсені ӛз кезінде ойлану керек... Қысты -қысты кҥні, жазды - жазды кҥні... Жайлауда әлденеше елдің іргесі жақындасады, әндері араласады. Жаңа әндер, жаңа әншілер келеді, ат шабыс бәйгелері тоғысады, қыз-бозбаласы танысады. Қҧдалық-пен аяқталатын даулар да, даумен аяқталатын қҧдалықтар да кӛбінесе осы қымыз масы жайлауда туады. Достар айрылысып, қастар табысып жатады. Арбасында екі әйел, божыны ӛзі ҥстаған Мҥсірепті танып Шондығҧл алдынан шықты. Тобыл кҥрең ҥш адам мінген тобыл тарантасты жҥк қҧрлы 98


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

кӛрмей сылаң жортып келеді. Қазақтың кең даласыңца қала жылқысынын да айуандық сезімі қайта оянып, бойы сергіп кетіпті. —Уа, кӛш кӛлікті болсын! —Айтсын, Шонды-аға! —Отауларың әне, тігулі тҧр. —Кешке қоныс майларға келіңіз. —Жоқ, келе алмаймын... Еменалы шақырып қойды..О, Еменалы шақырып қойса, оған біз таласа алмаймыз.- Екеуі де кҥлді, екеуі де бірін-бірі тҥсінді. Әйелдер де тҥсінді. Отауға жеткен соң шешесі мен Шынар арбадан тҥсе сала жҥгіре жӛнеліп отауға кіріп кетті. Мҥсіреп атты ағытып "кҥмістеткен" қамытшылиясын сыпырып тастап, кҥрең атты белдеуге апарып байлады. Тарантастың жетектерін барынша жоғары кӛтеріп қойды. Белдеуде қос ноқталы ҧзын кҥрең ат, ҥй сыртында жетектері аспан тіреп сырлы тарантас тҧрса, бҧдан артық сен болады деймісің! Және бҧл жаңа сән ғой... Әнге басып қиқулап келе жатқан қазақ арбалардың даусы жақындады. Бҥл кӛш-жӛнекей қҧлақтарына сіңіп болған ӛз арбаларының әні. Шынар отауынан жҥгіре шығып: Мҥсіреп, атыңа міне сал да, шауып барып бір шелек су әкеле қойшы, ендігәрі жҧмсамаймын,- деді.— Мә, шелек... Мҥсіреп су әкелуге кетті. Шынар тарантастың алқымынан самауырды суырып алып, қақпағын ашты да, отауына қайта жҥгіріп кірді. Апа, сенің самауырың жылдам қайнаушы еді ғой. Сен қайната қойшы... Қазақ арбалардың әні іргеге таяп келеді. — Ізі бар, адымы жоқ аяғының, Тимейді ҧшы жерге таяғының. Аяғын айуанға арта тастап, Әніне басады екен баягының... Екі ҥйдің жҥгін алып Әсіреп те жетті. Тӛрт қҧлынды биеге тӛрт қазақ арба белінен салынған. Алдыңғы арбаға жегілген биенің ҥстінде Әсірептің ӛзі. Оған екі арба тіркелген. Ең соңғы арбаға жегілген биенің ҥстінде Жаниша. Арбалар кейде әндетіп, кейде ойбайлап келе жатыр еді, уһлеп тоқтады. Ол кезде майлану дегенді білмейтін білік пен кҥпшек бірін-бірі қаңсырата қажап келіп еді, бірге уһлеп тынды. Шынар мен шешесі жаңа жеткен Ҥктің алдынан шығып Жанишаға қарай жҥгірді. - - Жеңешем де тарантасқа мінсін,- деп Шынар қанша қиылса да, Әсіреп кӛнбеген. Маған жайлауға жеткенше ҧрсып отыратын бір адам керек... Оныма жеңешеңнен басқаң шыдамайсың!- деген - Шайың ӛзір ме, келін! Отауың қҧтты болсын! - деді Әсіреп, қара тҥтінді бҧрқыратып атқылап тҧрған самауырды коріп. 99


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Қазір әзір болады, ағеке! — деді Шынар. Содан баска сӛз айтуға уақыты жоқ. Жанишаны атынан тҥсір отауына қарай сҥйрелеп әкетіп барады. - Қҧтты болсын, калқам! Отауыңның іші-сырты бірдей әдемі екен! Отау орта шаруалы қазақ ейелінің омір бойғы арманындай алты қанат, шағын ғана еді. Шебер қолдардан шыққаны, шебер қолдардын тіккені кӛрініп тҧр. Қолдан тоқылған терме баулар торде айқасып, кіре бергенде козіңе соғылады. Дӛмелі деген жесір әйел, қасында жас ӛспірім қызы бар, ҥйдің ішінен ораулы іыилер ҧстап жҥр. Бәсе,— деді Жаниша,— отауды сен тіккен шығарсың деп сонадайдан-ақ танып келіп едім. Денің сау ма, ей? Зейнетің де бой жетіп қалыпты ғой. Бері келші, айналайын, бетіңнен сҥйейін. Дәмелі — Ҧлпанның жақындата ҥстай бастаган жесір ейелі. Ӛзі де, қызы да ҧшып тҧрған, ерінбейтін, екі айтқызбайтын жандар. Ері Әсіреппен қҧрдас еді, ӛкпе қҧртынан қайтыс болғалы екі жыл. Ӛзің де аманбысың? Байың аман ба? Осы жайлауда қолыма бір тҥсетін шыгар... - деді Дәмелі, қҧрдастардың қалжыңын айтып. Әсіреп пен Мҥсіреп те ҥйге кірді. - Отауың қҧтты болсын, Шынаржан! Озіңе лайық екен. - Сендер келгенше отауды осылай тігіп алдық...- деді Мҥсіреп. Ол озі отауға әлі кірген де жоқты, атасымен бірге кіріп тҧрғаны осы. - Шаңырағын езің котерген шығарсың? - деді Әсіреп. - Озім кӛтермегенде қайтейін... - Шақшақ бидің қызы, сен осы босаң боларсың білем. Мына мақтаншақты қашан ауыздықтап аласың? - Еркелетіп қойған ӛзіңіз кӛрінесіз ғой, ағеке... - Атын ӛзі ағытты ма, әйтеуір?.. - Ӛзі ағытты. Барып колден бір шелек су да әкелді- Атпен бе? - Атпен... - Онда ауыздықтай бастаған екенсің... - Шынардың шешесі самауырды ҥйге алып кіре беріп еді. Дәмелі кіргізбеді... - Ҥйдің ішін тҥгел жинап болмай, жаңа отауда ас іше ме екен! Жас келінді басынан неге ҥйретсең, соған ҥйренеді де кетеді. Салақ болады. Шала істеген іс жаман, шала піскен ас жаман, қызыңды ондайға ҥйретпе, кҧдағи! деді.- Әке-шешелерін ерте жалмаған мына екі жетім - жарым тҥрікпен, жарым қазақ - ондай жора-жоралғы барын біледі деймісің! - деп әлі озіне амандаса қоймаған Әсіреп пен Мҥсірепті де қағыта кетті.- Сен әй, қатыныңнан қорқуды қашан қоясың? - деп Әсірепті арнай қағытты. Шай далаға жасалды. Шай қазақтың қай ҥйінде де шай! Баппен ішілмек еді, жақын ауылдардан қыз келіншек, бозбалалар келіп қалды. Бҧл елдің ескі бір салты бойынша, кӛші-қон кезінде жастар әуелі ҥлкендердің ҥйін тігісіп береді. Одан соң жесір-жетім қалған ҥйлерді тігіседі. 100


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ең соңына отау ҥйлерді қалдырып, аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді. Әсіреп, Мҥсіреп ҥйлерінің кешігіп келуін жастар ішінен тілеп жҥр еді. Қҧдай тілекті бергенін кӛрді де жҥтірді... Жастар келе-сала жҥктерді тҥсіріп, Әсірептің ҥйін тіге бастады. Ҥйдің киіздері жабыла бастаганда, екі келіншек терт шелек су әкелді. Тӛрт жас қыз екі қап тезек теріп әкелді. Ҥй ішінің жҥктері жинала бастағанда, екі жігіт Мҥсіреп ҥйінің алдынан жер ошақ қазып тастады. Мҥның бәрі де ишарат: шай қойыңдар, ет асыңдар. Отау ҥйлердің "қонысмайлары" біздікі - жастардікі дегендері. - Қойың бар ма еді? Соя бер! - деді Әсіреп інісіне. - Табылар. Шынар да бір-екі келіншекті ерте жҥріп аз ғана жҥгін отауына кіргізіп алды. Дәмелі мен Науша сандық, кӛрпе-жастықтарын орынды-орнына қатарлап жҥр. Енді бір сандық қосылса артық кӛрінетіндей, енді бір жастық жетпесе кем кӛрінетіндей болсын! - дейді Дәмелі. Наушаға әрбір сандық, әрбір жастық аспаннан тҥскен байлықтай кӛрінеді. "Ӛңім бе, қҧдайым, тҥсім бе?" Әсіреп ҥйі тігіліп, жҥктері жиналып болған соң жастар кӛлге тҥсіп шомылып қайтты. Енді бҧлар, жас балаларды қуып жіберіп, қатар тҥзеп қонаққа келе жатьір Ҥй иелері мырза болса, әйелдері киіз есіктерін ашып тҧрып қарсы алулары керек. Самауырдың буы бҧрқырап тҧрсын. Отау ҥйлерде жас келіншектерге бір теңдік тиіп қалады. Ӛз ҥйлерінің тӛріне шыға алмайтын жас келіндер терге шығады. Еркектермен бірдей қҧрметтеледі. Қалай сақылдап кҥлсе де, сӛйлесе де, ойнаса да ерсі емес. Мҧндай ҥйлерде, әсіресе, осындай кіші ауылдардың "Алтыбақан-дарында" жарқыратып ӛн салуға болады. Қыз кҥнінде бар ӛнерлері, келін болып тҥскен соң қҧмығып қалатын ӛнерлері осындайда бҧзып-жарып шыға келеді. Ӛнері қҧрғыр болмай әуре қылады ғой, болса ол бір жарқ етпей қоя алмайды. Жаниша да, Шынар да жастарды киіз есіктерін ашып тҧрып қарсы алды. Жҥздері жарқын, кӛңілдері кетеріңкі екен... Жастар Жаниша мен Шынарға "Келін, есенсіз бе?" деп енді амандасқан болып, екі ҥйге бӛліне кірді. Кірген беттерінде жинаулы тҧрған жастықтарды жҧлып-жҧлып алып, шынтақтасып жантайыса кетті. Аяқтарын кӛсіліп жіберіп: Бала-шағаларыңыз аман ба, шырағым! - десті. Бҧлары ҥйлеріңнен қонақ арылмасын деген тілектің иша-раты еді. Содан кейін кҥлісіп тҧра келіп, жастықтарды орнына қойып, Шынардың отауын жамандай бастады: Ҥйлері қап-қара, тесік-тесік қой! Қара кҥйе жеп қойған ба? - Тӛрде отырған кісінің аяғы есігіне тиеді екен! - Сандықтарының аузы қисайып, ырбиып жатыр. Қатыны қандай салақ, байы қандай олақ екен! Бҧл жаңа отауға кӛз тиіп кетпесін деген ырымдары 101


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

еді. Осындайларын шҧбатып айтып болды да, жастар шуласа кҥлісіп, жӛнделісіп отырды. Шай келді...

7 Есенейдің ҥйіне бір бӛдіретшік деген орыс келіп ясатыр екен. Қасында қағаз жазатын хатшылары да бар дейді- Біздің қыстаулардың бәрінің атын қағаздап алыпты... - Тегінде мойнында недоимкесі қалғандар ауылдан жылыса тҧрғандары дҧрыс болар... - Бастап әкелген әлгі арам сирақ Тілеміс екен. Ол кімді аяйды дейсің! Осындай суық хабар "Қайраң кӛл" бойына тарап бол-ғанша, "бӛдіретшік деген орыс" кетіп те қалып еді. Енді Сибанның барлық недоимкесін Есеней ӛзі тӛлеп жіберсе керек деген жорамал тарай бастады. "Бӛдіретшік деген орыс" - Қабан қаласының қазақ-орысы қара Иван Мекайла Пушкарь еді. Ол Есенейдің қысқы ҥйлерін салып беруге шарт жасасып кетті. Ҥлкен ҥйі тӛрт бӛлмелі, қонақ ҥйі ҥш бӛлмелі, екі азық сарайы, бір ақ монша салып бермек. Есенеймен келісім жасасты да кетіп қалды. Қҧдай ӛзі сақтады - алым-салықтың қалдығы "недоимкені" жинауда жҧмысы да болтан жоқ. Жҧрт Тілемісті де босқа кҥйдіріпті. Жылысып кеткендер де ауылына қайтып келді. Есеней "қонысмайларын" осындай жҧмыстарын бітіріп алып откізді. "Қайраң кол" басын тҥгел шақырды. Бас-қалар тҥгіл, бала-шағасын шҧбыртып Еменалы да келді. Ҥлкен ақсақалдарга кӛзі соқырайған тай шекелері, орта жастағыларға кӛзін жҧмып, қҧлақтары делдиген қой бастары тартылды. Етке тойғызып, қымызға суарып болтан соң Есеней аты Сибанның ақсақал-қарасақалдарын ертіп ауыл сыртына шықты. Бҧл оның коптен істемеген ісі. Ол елінің тағдырын оз тағдырына бағындырмай ойлантан емес. Есенейдің атақ-даңқы Сибан еліне қортан екені де рас. Бірақ, сол батынышты ӛмір жеке адамдардың ынта-жігеріне ырық бермей, иық-басты болып алтан. Есенейге еріксіз ере кӛшіп, ере қонып жҥрген елі жҥдей бастатан. Ақылды Ҧлпан епті қолымен иіп әкеліп, Есенейдің аузына ел қамының сӛзін салып еді. Ағайын-тутандар,- деді Есеней,- коптен бері ӛзіммен озім болып кетіп, елдің жайын ойламай, обалдарыңа қалған екемін. Әуелі оны "Кәрі қыстаудан" кӛріп едім, кӛш-жӛнекей тағы кӛрдім. Жаяу-жалпы әрең жеттіңдер жайлауға. Менсіз кӛшіп кете алмай, кҥзге дейің жайлауда отырып, қысқа қарай "Кәрі қыстауға" қайта барып тығыласындар. Бала-шаға қыс бойы киіз ҥйде қал-тырап шығады. Қысқа аман жеткен баланың келер жазға екіден бірі ғана аман ілігеді екен. Ӛстіп жҥріп ел боламыз ба? Осыны ойласайық деп шақырдым... 102


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Қҧдай аузыңа бір жақсы сӛз салайын деп отыр білем... Ӛз ойынды тҥгел айтшы,— деді Бақай қарт. —Айтсам, қысы-жазы киіз ҥйде отыруды қояйық. Ҥйренгеннің ҧяты жоқ, орыстарша қысқы ҥй салып алайық. Бала-шаға жылы ҥйде қыстап шықсын. Менің қорығымдағы жерді бәріңе бӛліп берем. Әркім ҥй салып алсын. Мен ӛзім "Суат кӛл" жалына ҥй салдыратын бол-дым. Орыстар салады. "Қыс азығын жаз жимай, жарлы қайдан байысын!" дегені қайда? Шӛп шаптыратын, егін салатын болайық.— Есеней содан кейін қай жерді қай ауылға беретінін айтты. —Жер тисе, қысқы ҥй салып алар едік-ау!.. —Шӛп шабу да қолдан келмейтін іс емес қой. —Шабатын жерің болса десейші! Есенейдің кең бейіл отыртанын сезінген жҧрт осылай қысқа-қысқа аңтартып, ризалық білдірді. Есенейдің ӛз інісі жалғыз Еменалы ғана жанжал шығарды: —Қысқы ҥй деген қара тҥтінді салып аламыз ба, салмаймыз ба, ол әркімнің ӛз еркі той, маған оның керегі жоқ. Ата-бабамыз киіз ҥйде тутан, киіз ҥйде ӛлген... —Саласың! - деді Есеней қысқа ғана.— Салмасаң ӛкпе-леме, ӛзің ӛкінесің. —Ҥй салсам Елтінжалга салам. О л менің қорытым, менің жерім. —Елтінжал - Еламан аулы мен Андарбай — Отарбай-ға берілді дедім той! —Елтінжалды тҥрікпенге бергенше ӛртеп жіберсем болмай ма! —Жоғал! — деді Есеней ақырып.— Сенің қырсыгың-нан Сибанның қақ жартысы анда-мында қашып кӛшіп кетті. Жоғал! Есеней қалшыдцап, дірілдеп кетті. Бҥрын мҥндайы жоК еді. Аяқ-қолы тҥгел дірілдеп әрең басылды. Еменалы тҧра жӛнелді. Осы айтайын дегенім! — Есеней де орнынан тҥрып, уйіне карай жҥре берді. Еменалыта қатты наразы болтан жҥрт та тарай бастады. Ҧлпан қонысмайларта келген жасы ҥлкен әйелдерге шай беруге әзірленіп еді. Дәмелі ҥлкен кӛк ойрақ дастарқанды серпе тастап жая бергенде, Еменалының екі баласы ҥйге жҥгіре кіріп дастарқанды иықтарымен іле-міле Есеней отыратын кӛрпеге қҧлай-қҧлай кетті. Екеуі де он екі-он ҥш жастагы балалар. Жырқылдап-тырқылдап, дастарқанды жамылып алып аунап жатыр. Тӛрдегі әйелдер ҥн шығара алмай қатып қалды. Дәмелі тайсалған жоқ: - Айтолқын-ау, балаларыңды қалай жаман ҥйрет-кесің? Қой демейсің бе? — деді. - Сен итаршы болмай-ақ қой! Не қылса да ӛз ҥйлері! Осы ауылды ӛңкей бір кірме қатындар билеп алған екен!— деді Айтолқын. - Әттең менің ҥйім емес. Иттей теуіп шыгарар едім! Дәмелі дастарқанды жҥлып алып: - Кетіңдер! — деді бала-ларга. 103


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Екі бала ауыздарын кисаңдатып, Дәмеліге тілдерін кӛрсетіп азғана отырды да, ҥйден ата жӛнелді. Келін, бҧл ҥйде байқап сойле! Жеті жыл иесіз қалтан ҥйде ойыңа келгеніңді істеген екенсің. Енді бҥл ҥйдің иесі бар! Бірде болмаса бірде: "Шық!" деп жҥрер! — деді Ҧлпан. Даусын кӛтермей салмақты айтты. Ҧзамай ботаның бақырып калганы естілді. Ӛй, иттің балалары! — деген Кенжетайдың даусы да қосарлана шықты. Кенжетайдың даусына ойбайласып, жылаған екі баланың даусы араласты. Ҧлпан ақ ботасына жҥк арбаларын тіздіріп қоршау жасатқан еді. Ӛйтпесе ботасы пысыған сайын нар інген жеріне қашатын ыңғай корсете бастатан. Жел оңтҥстыққа шықса болды, солай қарай қаңқиып жӛнеле бастайтын болды. Ботаның даусын ести сала, Ҧлпан далаға жҥгіре шықты. Әуелі кҥліп жіберді. Жаңағы екі бала екі жерде бақырып жылап аунап жатыр екен. Одан кейін озінің козінен жасы шығып кетті. Ботаның козінен жасы агып, басын шайқай беріп, баладай Қыңқылдап тҧр екен. Ӛрістен тайраңдай жҥгіріп, енесі келе жатыр. Нар інген жҥгіріп келген бойы арбаларға со-ғылып, озі арандап қала жаздады. Жан-жақтан жҥгірген жігіттер арбалардың арасын ашып, інгенді ботасына қос-ы. Бота қасына келген енесін бір-екі сорды да, басың кӛтерді. Бір кӛзі жҧмулы, тҥймедей-тҥймедей жас сорға-лап тҥр. Ҧлпан ботата тҥз берді, алқымын қасыды, қҧлақ тҥптерін қасыды. — Ӛлтірді-ау, балаларымды, ӛлтірді-ау!.. Тҥрікпені ме, қалмағы ма? Қалмақ басқырдың ауылын билеп-тӛстеп алған қай кірмесі! — деп Айтолқын енді-еңці Европада жоқ әйел боқтауына баса бергенде, ауылға жақындап қалған Есенейді кӛріп тоқталып қалды. — Жҥріңдер, иттің балалары! - Балаларын ертіп ҥйіне қайтты. Ойбайлап жатқан балалары да сҧм екен. Кӛздерінде жас жоқ. Тҧра салып Кенжетайга ауыздарын қисаңдатып, тілдерін кӛрсетті де, шешесінің алдына тҥсіп жҥгіріп кетті. Ҧлпан Есенейді есік алдында тосып алды. —Жай ма, Ҧлпан? Қызарып кетіпсің той! — деді Есеней. —Жәй, тәңірі... Балалар той ойнап жҥрген. Ҥйге кір, шай ішейік. Ҥйде отырған әйелдер Айтолқынды қатты сӛгіп, қар-ғап-сілеп алды. —Ант ҧрғанның қарғысы қандай жаман еді! Қалмақ басқырдың аулы деуге аузы қалай барады екен? —Ӛз басына келсін! —Жер жастангыр балалары қандай сотқар еді! —Ҧлпан келіннің амандығын тілейік. Сазайын талай тартқызар әлі!.. Есеней ҥйге кіріп, ӛз орнына отырды. Жас ӛйелдер сәлем етті. Есенейдің орнына таман торде отырған мосқал әйелдер Есенейге жамырай амандаса келіп:

104


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Мырзажігіт, Ҧлпан келін болмай бәрімізді тӛрге шығарды... Бірекеуіміз болмасақ, ӛзгесі бҧл ҥйдің тӛрі тҥгіл босағасын аттамайтын келіндерің. Кӛріп отырсың ба, бәрі торде отыр... —Отыра берсін,- деді Есеней.— Ҧлпан айтыпты десе болды, Есеней не айтар екен деп сҧрамаңдар. Жатсырап кеткен екемін. Ҧлпан ӛз еліме ӛзімді қайта табыстырып жҥр. Келіндердің бір де бірін кермеген едім, Есенейдін тӛрі тҥгіл ақ патсаның тӛріне отыртызсаң да, жараса кететін келіндерім бар екен той!.. Жас әйелдер біріне-бірі қарасып, жымындасып каллы. "Сені айта ма, мені айта ма?", "мені айта ма, сені айта ма. Анау отырған Шынар деген ең жас келіндерің осы ҧйге кірген бетінде тӛрге шыгып отырған. Шынар, бері келші, касыма отыршы. Ҧлпан мен Шынар самауырды ортаға ала шай қҥйып отыр еді. Ҧлпан Шынарға: Бар! - деді.— Сен бір еркетайы болып алдың ғой осы ҥйдің. Бар!.. Шынар ҧяла-қызара Есенейдің қасына барып отырды. Жақын отыр... Бҧл кісі менің атымды да атайды,— деді Есеней. - Не дейді? Шын ба, шырағым? - Ӛздері болмай ататқан... - Е, айналайын-ай, Ҧлпан келін шығар. Қҧл да емес, емес те емес, тәуелді де емес, тәуелсіз де емес, әйтеуір бір бағынышты халде жасап келген аз гана Сибан бҧл жолы арқасы кеңіп, еңсесі кӛтеріліп тарасты. Біразы ескі әдеттері бойынша, Есенейді мақтады. Біразы Ҧлпанды мақтады. Әйелдер жағы тҥгелімен Ҧлпан жағында болды. Асыл тегі озіміз... кедейдің қызы ғой. Жоқ-жітікке жаны ашып тҧрады. Кедей Сибанның мандайына біткен баты осы бол ар. Есенейдің орнына Есеней болып қалатын ақылына кӛркі сай... Борін істетіп отырган сол! — десіп кетті. Әйел-дер қателескен жоқ... Есеней Еменалыдан кӛрген жәбірін, Ҧлпан Айтолқыннан кӛрген жәбірін біріне-бірі айтқан жоқ. Екеуінің кӛңілінде де бір у сарқыны қалганын екеуі де сезінеді, бірақ ондайды қайта қозғап, бірінің жҥрегіне бірі запы-ран зәрін қайта қҧятын жандар бҥлар емес. Айтолқынның "Қалмақ басқырдың ауылы" дегенін Ҧлпанның аузы-нан естісе, ондай сҧмдық қарғысты естіп кӛрмеген Есеней қалпақтай тҥсуі мҥмкін ғой! Еменалының "Елтін-жалды тҥрікпенге бергенше ортеп жіберсем болмай ма!" Дегенін Есенейдің аузынан естісе, Ҧлпанның кандай жайда боларын кім біледі? Екеуі де кҥндегісінен гӛрі ақ жарқын, кӛңілді екен дерлік еді. Әйелдер кеткенде Ҧлпан Шынарды жібермей алып қалып еді, екеуі сонымен қал жыңдаса берді. Ҧлпан Есенейді Шынардан қызғанғаң болады. Есеней Шынарды кӛргенде бозбалашылығьң ҧстап кетеді дейді. Солай болса да Есенейдің кӛңлің бірдемеге аударып, ашуын тарату керек сияқты. —Есеней-ау, осы толып жатқан бумаларда, сандықтарда не бар? Сен озің білесің бе соны? — деді Ҧлпан. 105


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Білген емеспін. Не болса да шірігені шіріп, ірігені іріп, қҧрт жегенін қҧрт жеп жатқан шығар. Осы жҥктерден шірік иісі келіп отыр, сол ғой сенің тынышыңды ала бастаған. Жайып кептіріп, керегі жоғынан қҧтылсаң, мен де бір қуанып қалар едім! Ертеңіне Ҧлпан ҥлкен ҥй мен қонақ ҥйдің бар дҥниесін далаға шығартып, кҥнге жайдырып еді, ауылдың айналасын тҥгел алып кетті. Қҧдай-ау, қанша кӛрпе, кілем, қанша ішік, қанша шапан бар! Бәрі қымбат дҥниелік. Жинала берген, ҧсталмай жата берген олі бҧйымның кӛптігінен жҥрегің айнырдай екен. Бумаларда іріп-шірігендері де бар, бірақ, кӛп дҥниені Сібірдің суық аязы аман алып қалған. Ҧлпан Есенейді ертіп жҥріп бәрін кӛрсетіп еді, оның да жҥрегі айныды білем; — Қҧтыла гӛр, Ҧлпан, қҧтыла гӛр! — деді де кетіп қалды. Ҥйінің қасында жҥрген Мҥсірепке қол бҧлғап колге қарай кетіп барады. Ҧлпан он екі ақсақалдарга бір-бір тҥлкі ішік жіберді. Әлі таусылар емес. — Ҧлпан тҥскенде ақсақалдардың жол-жорасын істей алмап едік,— деп Есенейдің ӛзі жіберген сыйлық етіп таратты. Әйелдердің жол-жорасын Ҧлпан ӛз қолынан ҥлестірді: кілем, текемет, кӛрпе, киіз, бір-бір қадақ қашаннан жатқан қағаз шай... бәрібір таусылар емес. Ҧлпан Шондығҧл мен Дәмеліге қалағандарынды ӛз қолдарыңмен ала беріңдер деп еді, Есенейдің дҥниесіне екеуінің де қолдары башады. — Бір-екі кесек киіз болса деп едім... ҥйіміздің тозығы жетіп тҧр еді,— деді Шондығҧл, Ҧлпан оған бір ҥйдің киізін берді. Дӛмелі жалғыз қызы - Зейнеті бой жетіп келе жатқанын айтты да, еш нәрсеге сҥғынған жоқ. ҧлпан отан бір қыздың жасауын тҥгендеп берді. Ҧмытқаным болса тағы да есіме саларсың, Дәмелі апай,- дедіҦлпан Шынарға: - Тәйір алғыр, сен де бірдеме алсаңшы,- деп еді, Шынар оған: - Озіміз де әрең кошіп келдік. Озіңе бірдеңе ауыссақ па деген ойымыз бар,- деді. - Тоқтай тҥр, сен қатын. Бір ҥл тауып корші, мен сені калай шабар екемін! Дҥние кезек. Біз де есемізді жібермеспіз! Кешке таман Ҧлпан ҥй қазынасын қайта жинатқанда он шақты саңцық, он шақты оюлаған киіз қаптар босап калган екен. Ҧлпан оларды да таратып берді. Қонақ ҥйдің кірлеген кӛрпелеріне дейін, қонақ ҥй мен ҥлкен ҥйдің ескірген тӛсеніштеріне дейін ҥлестіріп жіберді. Есенейде қашаннан бері аласысы бар жоқ-жітік Ҧлпанды мақтай жҥріп ала берді, ала берді. Есеней қайтып келіп ҥйіне кіргенде, ӛз ҥйін ӛзі танымай қалғандай еді. - Ҧлпан-ау, әп-әдемі ҥйіміз бар екен ғой!.. Қалай сиқырлап қойғансың! - деді. 106


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- "Керегі жоғынан қҧтыл!" деген жоқсың ба? Әлі де таусылар емес. Тӛсек-орын тҥгел жаңарған, кҥлімсі иістер кеткен. Іргеден кешкі самал соғып тҧр. Таза ҧстаған киіз ҥйде даланың иісінен басқа иіс болмайтын бір кезі болушы еді, дәл сол қалпына келіпті. - Қҧтылу ҥшін де коп кҥш керек болар деп едім. - Менің кҥшім жеткені осы. Бҧдан артық кҥштің керегі не! Мен сені бҥдан былай Ақнарым дермін! Тҥйеге теңегенің бе? - Аузыма қҧдай салған шығар... қазақтың нардан Қасиетті, нардан кҥшті, нардан сҧлу, нардан қадірлі несі бар! - Несі болса да мейлі, бҧдан былай ҧмытып кетпей ылғи Ақнарым дейтін бол! Жарай ма? Шынар, сен айтшы, жақсы ат емес пе? - Ақ дегені артығырақ кеткен екен. Би ағамыз айтқан соң амалымыз қайсы... Нар кӛтермес жҥк болмайды дейтін бе еді, котересің де... — Сандалма, эй! Сен де мені Ақнар дейтін боласын! —Есеней-ау, осы екеуіңнің араларында нелерің бар? Мына қатын мені ылғи мазақтап, басына сӛйлейтін болып алды! —Бҥкіл Сибанда сенің бетіңе келетін де бір жан болу керек емес пе... — Міне, тағы жеңіп бердің! — Жоқ, мен сен екеуіңнің біріңді-бірің жеңгеніңді кӛргім келмейді, Ақнарым! Ақнар, Шынар деген аттарың қандай жарасып тҧр... Ал енді екеуің де шаршаған боларсыңдар, кӛлге тҥсіп шомылып қайтыңдар... Осы аз кҥндердің ішінде Ҧлпанның атағы бҥкіл кең жайлауға тҥгел тарап кетті. Жайлауда қоныстары жақын-дасып, ойын-той, дау-шарлары араласып жататын екі дуанның елдері бірі керіп, бірі созып, Ҧлпанның азғана істеген істерін аңызға айналдырып әкетті. —Ҧлпан ҥйі жоққа ҥй беріп, аты жоққа ат беріп, Есенейдің жарты малын Сибанның жоқ-жітігіне ҥлестіріл жіберіпті... Сибаңда емге бір ҥй кедей қалмапты. Бәрі байып алып, енді "орыс ҥй" салдырып жатыр дейді... —Ҧлпанның шын аты Ақнар екен. Ақ десе — ақ, нар десе — нар, ақылды да мырза адам кӛрінеді. Ӛзі де бір текті жерден шығыпты ғой! —Артықбай деген бидің қызы болса керек. —Би емес, Артықбай деген ханның немересі дейді. — Бәсе, ханның тҧқымы болмаса, Есенейге ҧрса алар ма еді! Елің ел емес, ӛңкей бір қазан басын қарауылдаған аш-арық екен деп қатты ҧрсыпты дейді. Сибанның ендігі Есенейі Ақнар болса керек... Ҧлпан Адам-атаның ар жағында болмаса, онын бер жағында хан тҧқымына да, би тҧқымына да сорпасы араласпаған батыр Артықбайдың қызы. Ҧлпанда мырзалык та жоқ, сарандық та жоқ, атақ қҧмарлық та жоқ, ерекше бір жинақтылық бар. Кедей қызы кедейге жаны ашымаса, кедейлікті жек кӛрмесе, елінің кедейлігіне намыстанбаса, оның сонысына тана тандануға болар еді. 107


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпанның сҥйегіне біткен, қҧдайдың ӛз қолынан берген қасиеттері бар. Керексіз басы артықты жек кӛреді Есенейдің қолына қарап бағынышты болып, малматы-мақтанып, ынта-жігерінен айрылып бара жатқан еркекті жек кӛреді. Тҥптеп келгенде, Есенейдің ҥйін жалғыз калдырса да мейлі, ел Сибан бір сілкінсе екен дейді. Әркім ӛзі ҥшін тіршіліктің бір пҧшпатына жармасса екен дейді Мҧндай ойға жармаса кетпейтін кара шаруа да жоқ еді. Бірлі-жарымды малға қолы жетіп, ӛзімдікі деген ойға тырнағы ілігіп еді, жабыса кетті. Қҧлын-қозыларына ен салып, ерте бір, кеш бір тҥгендеп қояды. Ендігі армандары кысқы ҥй салып алу болып, Есенейдің жайлаудан тезірек кайтуын тілеп отыр. Есеней, әрине, Ҧлпанның қолында. Ҧлпан да елді кӛп сарылтқан жоқ. Бҥрын жайлауда қҥзгі қара жаңбырға дейін ең кемі бес ай отыратын елді айналасы екі айдан кейін тҥбекке қарай қайта кӛшірді. Алые жайлаудан болашақ қыстауларына жақын келіп қонған елге ең керегі Есенейдің бҧғау-тҧсауынан босану екен. Ҧлпан сол бҧғауды бҧзып, сол тҧсауды сыпырып тастағандай болды. Ел шӛп шабу да біледі екен, қысқы ҥй салуга да қҧштар екен. Қойшының таяғы мен жылқышының қҧрығына орақ деген досы жатсырамай келіп қосылды. Есенейге еріп алты ай жазды еңбексіз ӛткізетін кедейге Тамыз, Қыркҥйек, Қазан деген ҥш еңбек айлары қосылды. Кӛшпелі елдің қыстау дегені тҧрақты мекеніне айналар кезі жеткен екен. Әркім жерге берік қадайтын қысқы ҥйінің ортан қазығын әзірлей бастады. Жайлаудан кӛшпей, отырып қалған жалғыз Еменалының ауылы. Оның қоңсылары тӛрт-бес ҥй Сибан, тӛрт-бес ҥй алдақашан қазақыланып кеткен қалмақтар болушы еді. Еменалы кӛшпеуге бел байлап аулына бҧрқырап келген соң, Сағындық, Қайқы деген екі "қалмақ" Есенейге арыз ете келді. - Арыз ете келдік, Есеке! Лҧқсат па? - Айта беріңдер. - Біз де енді осы елдің баласымыз, Есеке, дҧрыс па? - Дҧрыс! - Қазақ ҧлым қамал бҧзса - қалмақ ҧлым садаға! Қалмақ ҧлым қамал бҧзса - қазақ ҧлым садаға!- деп арғы атаңыз Қошқарбай батыр бірі қазақ, бірі қалмақ екі жігітті Шҥршіттің қорғанына жібергені шын той? ~ Шын! Бір қатесі жоқ. Сонда біздің атамыз Сагал батыр Шҥршіттің қамальш бҧзып, Қошқарбайдың қолға тҥсіп кеткен жесірін алып шыққан екен. ~ Дҧрыс, аты Айбарша сҧлу екен. ~ Қошқарбай айтқанында тҧрып, сол келінін Сағалға Қосқан той. — Дҧрыс. — Сол Сагал мен сол Айбаршадан тараган тӛрт-бес ҥй әлі кҥнге қалмақ атанамыз. Ӛзіңіздің қоңсыларыңыздай біздің басымыз да босаса екен... Шӛп те шабар едік... қысқы ҥйді де салып алар едік... 108


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Есеней ойланып қалды. Ел қате тҥсінген бе, ӛзі қате тҥсінген бе? Әлде Ҧлпанның істеп жҥргені шынақ босату ма екен? Неден? Қҧлдықтан болады да! Менен бе? Есеней Ҧлпанға қарап еді, Ҧлпан азгана жымиып, ақырын ғана басын изеді.— Есеней кесімін айтты: — Еменалы кӛшсе кӛшер, кӛшпесе мейлі білсін... Сендер кӛшіңдер! Еменалыға берілген қыстауға қысқы ҥйлеріңді сала беріңдер. Ол қыстау енді сендердікі! — деді. Жайлаудан қайтқаннан кейінгі айлар Ҧлпанның ӛзі ҥшін де ойдағьщай қызғылықты ӛтіп жатыр. Сҧраншақтық пышақ кескендей тоқталды. Қандай әп-әдемі қыз балалар шешелеріне ере келіп кӛздері жаутаңдап тҧратын. Ҧлпан олардың сҧрағандарын артыгымен бере тҧрып, қайыршы-тіленшіге садақа бергендей сезініп, қатты қиналатын еді. Қазір ондайлар тоқталып, ел табаны еңбегіне мықтап тірелгендей, таң атпай тҧрып ӛлдеқайда кетіп бара жатады. Жалғыз Еменалы ғана бір бҥйірінде қара тҥйнек болып анда-санда тҥйіліп қояды. Ӛз ҥйлері де тез салынып жатыр екен. Тӛрт бӛлмелі ағаш ҥйі қыс тҥскенше салынып та қалатын жайы бар. Енді ҥш бӛрене қосылса болды, тӛбесін жаба бастамақшы. Қонақ ҥйдің де кірпіш іргесі қаланып қалыпты. Монша ғана басталмаған. — Ол оңай ғой! Екі жетіде бітіп қалады,— деді кара Иван Мекайла Пушкарь. Ҥй, қора-қопсы салынатын жерді кең орап айналдыра орлап тастапты. Мейіздей сарғыш қарағайлар ӛлі тасылып жатыр. Балталар жарқылдайды, ағаш кескен аралар қосылып ән салады. Қыстау айналасын шауып, ҥйін жинап болған соң алыстап кеткен шоп машиналарынын ҥні де келіп қосылады. Бҧл ӛңірдегі қазақ қыстауында бірінші рет салынған темір ырғағы Ҧлпанның қҥлағына жағымсыз да жат естілген жоқ. Ҧлпан екі кҥңде бір рет шӛпшілерін аралап, салынып жатқан ҥйлерін кӛріп қайтады. Қасында Дәмелі, тарантасында ет пен қымыз, қант-шай жҥреді. Орыстар қымызды шампан, етті махан, қазақты кіргіз дейді екен. Әйел ~"кожайке, қыз - депке, қатын - баба, пышақ - нож, байың мож... Әуелі моя - сенікі, туая - менікі сияқты еді, енді менікі — моя, сенікі — ваша болып шықты... Ҧлпан келгенде кӛрші ауылдың шопшілері бір жасап қалады. Жаз бойы кӛзі кӛрмеген етке тістері тиеді, шайға, қымызға қанады. Ҧлпан шайынан шойын қҧман тҥбінде қалған шамбаны тағы бір кҥн қайнатып ішеді. Ҧлпан шӛпшілермен тең отырып қалжыңдай сӛйлеседі. Сҧрастырмайтыны да жок. Нелері жетпей жатыр, ҥйлеріне айтатын бірдемелері жоқ па? Кейде қара коже сҧрап ішетін әдеті де бар. Бҧл шӛпшілер тоқ емес. Қара кожемен, ақ шаймен кҥнелтіп жатыр. Аз ғана малдарына шоп шауып, жинап алса, қысқы ҥй салуға кіріспекші. Ҧлпанның келгеніне қуанып қала ма, болмаса Есенейдің тор-тҧсауынан қҧтылғандарына ылғи қуанышты ма , оны Ҧлпан біле бермейді. Әйтеуір 109


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

жҧрттың ӛңі кіріп , еңсесі кӛтеріліп , аянбай тыр-банып жатқандарына Ҧлпан да қуанышты . Осындай ынталы адамдарға не керек болса да ағыл-тегіл беріп тастайды. Ол беруден гӛрі алуға қиналатын жан еді. Сол табиғатына ойга алған істері ҥндесе кетті. Кҥнде шаршап қайтады, кҥнде бірдеме беріп қайтады, кҥнде қуанып қайтады. Бҧл кҥндерде кобінесе ауылда жалғыз қала беретін Есеней Орынбор — Сібір қазақтарының шекаралық дауына шақырылды. Барлық ӛмірі сондай топ ішінде откен адам ондайынан шеттеңкіреп қалып жабырқау тартып бара жатыр еді. Жеті жылдан бері малымен болып кеткен адамның әділ би деген атағы кӛмескі тарта бастап еді. Ҧлпанның атағымен бірге қайта котерілді. Ҧлпан олай ойлай қоймаса да, Есеней солай сезінді. - Ақнарым, сен мені адам қыла бастадың,— деді атта-нарда. - Жоқ, Есеней, сен колеңкең кҥндік жерге тҥсетін бәйтерексің. Мен сенің саянда шырылдаған бозторғаймын. Менің қҧдайдан бірінші тілегім сенің амандығың! — деді Ҧлпан.— Сенсіз мен кім болар едім?.. Қартая келе босаңсыған кӛңіл жас жҥректен риясыз.Шыққан шипалы лебізді естіді де, баяғы кҥшін қайта сезінгендей болып Есеней аттанып кетті. Енді ауылда Ҧлпан жалғыз қалып еді, жалғыз қалудың қандай ауырлығы барын жан-тәнімен сезінді. Жалғыз адамның ҥйге сыймағаны жаман екен. Дәмеліңің қызын Мҥсірептің ҥйіне жіберіп алып еді, ол екі ҥйде Шынардың шешесінен басқа жан қалмапты. Бәрі шӛпке кетіпті. Шынар не деген бақытты, ә? Қазір гой ол екі ҥйлі жанға тҥгел еркелеп, кӛк шӛпке аунап жатыр. Таң атқалы екі-ҥш рет кӛлге шомылып қайтты. Жоқ, ол бірдеме істемей отыра алмайды. Ол сорлының не кӛрмегені бар! Бел орақпен шӛп шаппаса да, тырнауышпен шӛп жинап жҥрген шығар. Мҥсіреп ағай кӛсілтіп шӛп шауып жҥр. Шынар оған анда-санда бір қарап ыржиып қойып, мен жинап жҥр... Қой, ертең ҥйді кӛріп, шӛпшілерді аралай кетіп, солардың қосына барып қонып қайтайын... Кешке таман Салбыр ауылға қайтып келді. Ол ҥй салушылардың отыншы-сушысы еді. Ӛте жабайы, ӛте момын адам. —Орыстар кетіп қалды,— деді Салбыр табалдырықтан аттауға бата алмай тҧрған бойы. Ҧлпанның жҥзіне қарауға да бата алмады.— Бәрі де кҥтіп қалды. Празнек деген мейрамдары бар екен. Ертең келетін кҥні еді, келін келмей-ақ қойсын деп мені жіберді. —Кҥзетші де кетті ме? —Жоқ, ол қосында отыр. Салбырдың алып келген хабары Ҧлпанның ертеңгі кҥнін де бҥзып жіберді. Салынып жатқан ҥйдің қабырғаларына тағы негде бӛрене қосылғанын кӛзімен санап қайтушы еді. Қымыз ала баратын. Ертең онда барудың қажеті бол мае. Ант ҧрған Шынардың аузының салымдысын қарашы, барлық қымыз сотан бҧйыратын болды! Бәрібір, қона жатып зықыңды бір шығарып қайтармын!.. Бҥгінгі ҧзақ тҥнді қалай ӛткізем? 110


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Зейнет, айналайын, қыз-келіншектерді жинап келші. "Алтыбақан" қҥрсын! Ҧлпан "Алтыбақаннан" таң ата қайтып, тҥске тармаса тҧрып еді. Кҥндегі әдеті бойынша "Қарағайлы" кӛлге шомылып қайтып еді, есік алдында Салбыр тҧр екен. — Ана бір тҥтін сіздің ҥйлерден шығып жатқан жоқ па? — деді Салбыр. Әшейін тана бейжай айтты. Салынып жатқан ҥйлер жағын иегімен нҧсқады. — Дәмелі апай, жылдам ат жектір! — деді Ҧлпан. Дәмелі ҥйде, шайын жасап Ҧлпанның кӛлден келуін кҥтіп отыртан. Далага жҥгіре шықты да: — Ойбай-ай! — деді.— Албасты басқыр, нағып тҥрсың зсҥгірмей! Қҧлатай, жҥгір, аттарды әкел! Ҧлпан ӛртеніп жатқан қыстауына жеткетще ҥлкен ҥйі тугел жанып жатыр екен. Кепкен қарағай біресе ысқырыньш, біресе ҥнсіз балқып жанады. Барлық ауылдың пішеншілері келіп қоршап тҧр. Қолдарында балғын кӛк ясапырақты жас қайың... Жанып жатқан ҥйге адам жақындай алар емес. Әйтеуір әзір жел жоқ. Тҥтін аспанға тік котеріледі. Әсіреп ық беттің шӛбін ӛртетіп, ӛрт алдынан қарташа жасап қуалай сӛндіріп жҥр. Жиырма шақты жігіт балғын жас қайыңдарды қырқып әкеліп, қаттап жиналтан карамай бӛренелердің ҥстіне лақтырады. Мҥсірептің қасында бір топ жігіт кетпенмен жердің қыртысын аударып тастап жатыр. Кетпен де екеу-ҥшеу-ақ. Жігіттер кетпенді бірінің қолынан бірі іліп әкетіп, қыртысты жылдам аударып жҥр. Бірақ, мҧның бәрі де ӛртті ордың сыртына шығармау қамы. Салынып жатқан ҥлкен ҥй тҥс ауа жанып болды. Лапылдап жанып маңайына жолатпатан бӛрене қабырғалар қҧлады да, жанып бітті. Салбырдың тҥйесі мен бӛшкесі содан кейін ,ғана пайдаланута келді. Ӛрт басына келген жалғыз әйел Ҧлпан арбасынан тҥскені болмаса, жанып жатқан ҥйге жақындаган жоқ. Еркектердің ӛртті қалай сӛндіретіндерін бақылады да тҧрды. Ҥй жанып та болды, сӛніп те болды. Орнында темпе -тӛмпе болып буы бҧрқырап кҥл-кӛмірі қалды. Ӛрт сӛндірушілер енді ғана Ҧлпанға келіп кӛңіл айта бастады. Ҧлпан жҥзінде ӛкініш те, кҥйініш те жоқ еді, жҧрт соған таң қалды. Эр жерде бӛлек-бӛлек шӛп шауып жатқан жҧрттың ешкім хабарламайақ тез жиналып келіп жабылып кеткеніне алғыс айтқаннан басқа белгі берген жоқ. Ҧлпанда кҥйініш белгісі жоғын арқаланып мосқал адамдар: "~ Не нәрсе қҧдайдан ғой. ~ Қҧдайдың бҧйрытына ӛкінбегенің жақсы, шырағын,- деп еді, Ҧлпан соларға тана бір қатал жауап қайырды: ~~ Қҧдай ешкімге Есенейдің ҥйін ӛрте деп бҧйырмаған шығар...- деді. Мҧны да азтана кҥлімдей тҧрып, жҧмсақ айтты. Онысы қҥдайға айтқан 111


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

наразылығы емес ӛрт салған қҧдай емес, адам дегені еді, жҧрт та дҧрыс ҧғыңды. - Адам болмай, кім болсын? Аспанға ҧшып кете алмас. Қатындардың қҧлағы аман болсын! Ертең-ақ біреуінің болмаса біреуінің қҧлағына шалынып қалар,-десіп жҧрт гуілдеп кетті. Ҧлпан бҥған да елегізе кеткѐн жоқ, тҧрған қалпында тҧрып қалды. Ертеңіне Тілемісті алып подрядчик Пушкарь да келіп еді. Олар да Ҧлпанның жҥзінен кҥйініш іздерін кӛре алмады. Кӛңіл айтысты, қипақтасты, шығынға ҥшырап қалғандарын айтты. Ҧлпан Тілеміске қарап: Сен бҧл кісіге менің айтарымды тҥгел жеткізші. Ертеңнен бастап сол кірпіш іргесінің ҥстіне ҥйді қайта сала бастасын. Әлдекім "ӛртке ҥрынған жаман ырымнан" қорқып Ҧлпан қонысын басқа жерге аударар деп дәмеленетін болар. Жоқ, мен қорықпаймын. Ырым-жырымды кӛрмей жҥрген мен жоқ. Ҥйді сол орнына салдырамын,— деді. Тілеміс арқылы Ҧлпанның не дегеніне тҥсінген соң Пушкарь басын изеді: - Дҥрыс, әбден дҧрыс. Екі ҥйдің дайын тҧрған іргесін тастап кетуге болмайды! - Шығынға ҧшырап қалдым деп бӛле-жара дейтін жайды ескертті ғой. Ол жағынан қауіптенбесін. Ҥштің бірін ӛз мойныма аламын. Тек қыс тҥскенше ҥлкен ҥй мен моншаны және бір сарайды бітіріп беретін болсын! Пушкарь қуанып кетті. Соттаса қалса, ӛрттің шығы-ны қанша болса да, оз мойнына тҥсетін еді. Кҥңціз-тҥнгі кҥзет келісім бойынша Пушкарьдің міндетінде болатын. Ҧлпанға қайта-қайта алғыс айтып, қайта-қайта мырзалығын мақтап, қайта-қайта уәде беріп Пушкарь жҥріп кетті... 8 Ҧлпан жеңіл кашава шанамен ҥйіне келіп жеткені сол, жақындай берген қоңырау даусы естілді. Ояз бастығы ма, ӛлде сонау Омбыдан келе жатқан біреу ме? Ҥш атты қатар зсеккен жабық ауыр шана ағызған бойы ҥлкен ҥйдің алдына келіп тоқтады. Қоңыраулары әлі былдырлап тҧр. Эуелі әскер киімінде, қылыш асынған солдат секіріп тҥсті. Одан кейін биік жағалы қасқыр ішік киген, аяғында шылдырлап қоятын қоңырауы бар етік, басында қара бҥйра папаха, ҧзын бойлы жас адам шанадаң тҥсті. Ішігін иығымен ғана ырғытып қалып, солдаттың қолына тҥсірді де, офицер киіміндегі жас адам Ҧлпанға қарай бетгеді. Есеней ҥйде жоқты. Қысқа қарай жылқы қостарын әр жерге орналастыруға кеткелі айға жақындап барады. Қысқы ҥйге кошіпқонғалы екі-ҥш-ақ кҥн, қонақ ҥй әзір емес, Ҧлпан мҧндай қонақтарды қайда тҥсірерін ойланып тҥрып қалған. Жас офицер Ҧлпанға жақыңцап келіп қазақша аман-дасты: Сәлеметсіз бе, Ҧлпан жеңгей, лҥқсат болса қонып аттанар едік... кҥн де кешкіріп барады...- деді. 112


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан офицерді енді таныды. Бҧдан ҥш жыл бҧрын Тобыл қаласыңда корген. Есенейге сәлем беруге келген жас офицер Қази Уӛлиханов, жас та болса ерте піскен жас офицер шай ішіп отырып Ҧлпаннан кӛзін алмап еді. Тіпті қоймаған соң Ҧлпан да оның козіне тік қараған. Не деген сӛйлеп тҧрған кӛз еді! "Бірдеме керек пе?" деп тҧрғандай екен! Қази козін бҥрып ӛкетіп, қайтып қарай алмай қойған. Сол Уәлиханов тҧқымы жас офицер Қази бҥгін міне тағы кездесіп тҧр. Бҧл жолы козін бҧрып әкет-пестей тәкаппар қарайды. - Лҧқсаты лҥқсат... бҧл ҥй қонақтың атын басқа қақпайды. Бірақ, қонақ ҥйіміз жиналған жоқ еді, озіміз отыратын ҥйге тҥсесіз де...— деді Ҧлпан. - Қалағанымыздың озі сол ӛзіңіз тҧратын ҥй болар еді,- деді Қази. Қази аңдамай айтты ма, әлде әдейі аңғарта айтқысы келді ме, әйтеуір тҥпкі ниеті кӛрініп қалды. Ондайды қолма-қол сезіне қалатын Ҧлпан ешбір сыр аңдатпай: Ҥйге кіріңіз,- деді. Ҧлпанның божысын ҧстап жҥрген Әбілқасым деген орта жастағы адам қонақтарды тҥкпірдегі бір бӛлмеге апарып кіргізді. Қази Уәлиханның ҥлкен әйелінен туған ең ҥлкен ҧлы Ғҧбайдолланың немересі еді. Ғҧбайдолла әкесі олген соң Сібір генерал-губернаторы хандықты маған ҧсынар деп Дәме қылған. Уәлиханның ӛлімі қазақ даласында хандықты біржола жою мәселесі кӛтеріліп, негізінде шещілщ қойған тҧсқа кезікті де, губернатор оған кӛңіл айтуға жіберген елшілік арқылы мол-мол сыйлық және подполковник шенінің патентін кӛлденең тартыпты. Губернатор жіберген хатында Ғҧбайдолланы аға султан деп болащақ лауазымын атай жазыпты. Оның ҥстіне қала салуға осы кҥнгі Кӛкшетау қаласының тҧрған жерін сҧрапты. Ғҧбайдолла долданып кетті. Хан лауазымын берсе, бір қала тҥгіл, он қала салатын жер сҧраса да қабырғасы қайыспайтын еді. Уәлиханның ҥлкен ҧлы, хандық жолы менікі деп дәмеленген султан орыс патшалығымен ат қҧйрығын кесе айрылысты. Тезбе-тез кол жинап немерелес Есенгелді, Саржан, Кенесары ҥшеуін бас қылып Ҧлы-тау, Кішітау жаққа жӛнелтті. Орыс патшалығы "Орда ӛзара бӛлініп-бҥлініп жарым-жартысы Ҧлытау жаққа кӛшіп кетіпті" деп жҥргенде, ол жақта жасақ қҧрылып жатқан. Кенесары қозғалысы дегеннің тҧп қазығы сол Ғҧбайдолла болатын. Ғҧбайдолла ӛзі, касында тоқсан ру басы — ақсақал, билері бар, екі мың жасақпен Баянауылға келіп орнап, Қытай императорына қырық кісі елші жіберді. Ӛзін Орта жҥз бен Ҧлы жҥздің ханы деп бекітуді сҧранды. Біздің даланың бӛлініп-жарыла беруіне қашаннан тілектес Қытай ҥкіметі сарандық істеген жоқ. Ғҧбайдолланы қазақтын, ханы деп бекітіп, оның ҥстіне Қытай империясының ҧлы князі — Ван Гун деген атақ берді. Қасындағы табақтасжемтіктестері ақ киізге салып хан кӛтерді. Ғҧбайдоллла хан кӛп жасай алған жоқ. Қолбасшы Кенесарыға екі-ҥш рет жасақ жӛнелтті. "Қимылда!" — деді. Ол екі арада орыс шекаралық әскері "Баянауылды" ҥш жағынан қоршап алып, бір шай қайнайтын уақыттың ішінде хан ордасының дал-далын шығарды. Қасындағы тоқсан табақтасымен бірге Ғҧбайдолла Березов қаласына, мәңгі қайтпас мекеніне жер аударылды. 113


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Орыс патшалығының Ғҧбайдолла алмай қайтарған сыйлығы еңці оның он алты жасар баласы Болатқа берілді. Майор атағы қоса берілді. Болат майордың баласы сҧлтан Қази Омбыдағы кадет корпусын бітіріп, Сібір генерал-губернаторы Гасфорттын қарамағына алынды. Окуға да сол генералдың қамкорлығымен алынған еді. Қази кадет корпусына келіп тҥс-кен жылы Шоқан Уәлиханов сол корпусты бітіріп шыкқан еді. Шоқан сияқты Қази Уәлиханов та Шығысты зерттеу жҥмысында болды. Қара Ертісті бойлай жҥріп Семіз-ңайман елін орыс патшалығына қосты. Дҥние жҥзінде екі-ақ жігіт хан тҧқымы қалса, ол екеуі ^сауыккан араз болар еді. Ол ҥшін Орта жҥз, Кіші жҥз болудың керегі де жоқ. Екеу болғандығының ӛзі жетіп зсатыр. Уәлиханның ҥлкен ойелінен тараған әулеті мен кіші әйелінен тараған ӛулеті алты дуан ел сыйған қазақ даласына сыйыса алмады. Бірінің ҥстінен бірі жаудырған арыздар бойынша, сол кездегі Сібір генерал-губернаторы Дюгамель корнет Қази Уӛлихановты Тобыл қаласының полкына ауыстырды. Ҧлпанды ол сол Тобыл базарының тҥсында корген. Жас офицер Кенесарының қандасқан жауы, аяқтап келгенде оны әлденеше рет жеңіп, Керей — Уақтың жерінен айдап тастаған жауы, атақты батыр, әділ би атанған Есенейді кӛруге келіп еді. Есенейдің ӛзі де, Ҧлпан да Қазиға ҥлкен қошемет кӛрсетті. Әсіресе, Кенесары қозғалысына кӛзқарастары бір екен. Әттең, ерте піскен жас офицерҦлпанға қарай беремін деп сҥрініп кетті. Қази Тобылда екі-ақ жеті болып, алты айға босанып кетіп еді. Ол кідірместен Петерборға барып, соғыс министрі Милютин арқылы сҧранып, қазақ-орыс лейбгвардия полкына алынды. Осы келісінде сол полктың офицері еді. Ҧлпан қонақтарын ашық жҥз, жайдары мінезімен кҥтті. Қҧрметті қонақ келгенде, бірге отыратын ҥш-тӛрт адамдары болушы еді, оларды да шақырып алды. Әнші жігіттер, дойбышы жігіттер келді. Елдін жай-кҥйімен, ойынсауығымен танысамын деген адамға коңілсіз болмауын да ойлады. Жатар уақыт жеткенше озі де бірге отыра берді. Бірақ, Қази ондай ӛңгімеге шоркақ жігіт екен, ауыл адамдарымен тіл табыса алмай, ақсҥйек торе екендігінен бір сәтке босай алмай қойды. Офицер етігі, не сықырлай-Ды, не шылдырап қояды. Ҧлпаннан басқа осы ҥйде отырған адамдардың тезірек кетуін кҥтетін сияқты. Оны сезінген дойбышылар біріне-бірі: Сіздің биіңізді біз мына қҧлымызбен-ақ жей саламыз. ~ Жоқ, жей алмайсың... Жей алмасам, тҧсаулы аттай тҧрды да қалды емес пе? Ол кҥні ӛткен би! Ондай би болғаны адыра қалсын! - деп қалжыңдасады. Тҧсаулы аттай тҥрып қалғаң б» дегеңдері, әрине, қазақ қалжыңынан хабары жоқ жас офицер Қази Уәлиханов. Бір кезде Қази ауыл адамдарынан тез қҧтылғысы келіп шаршап келе жатқанын айтты. Жолды қар басып қалған... сегіз кҥн жҥріп келіпті... Кӛкшетауға дейін әлі бес-алты кҥн жҥретін болар. Ҧлпан оған: 114


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Ac әзір... қол жуыңыздар,— деп жауап берді. Қази ең ҥлкен олақтығын осы арада тағы кӛрсетіп алды. — Рҧқсат болса, осы ҥйде бірер кҥн тынығып дем алуға бол мае па екен? — деді. Ҧлпан онысына да қарсылық білдірген жоқ. — Жатыңыз... дем алыңыз... Ертең қонақ ҥйіміз дайын болады,— деді.— Шеттен біреулер келіп қалмаса, бҥгінгідей ауыл адамдары да бола бермес... Кешкі тамақтан кейін қонақтарын тҥкпір бӛлмеге жӛ-нелтіп, Ҧлпан ӛзі де жатуға айналды. Кҥміс жақтаулы ҥш жарма айнаның алдына келіп отырып, шешіне бастады. Ҧлпан бҥгін Мҥсіреп ҥйінен кештетіп қайтқан. Шынар бірінші баласын тапқан еді. Ҧл туды. Шынар толғата бастағанда-ақ хабар беріп еді, Ҧлпан Стаптан акушерка әйел алдырып, сонымен бірге Шынардың қасында ҥш кҥн болып қайтты. — Ерке қатын, енді сен ӛлмейсің! Жат ӛрі қозғалмай! Екі кҥн қызкеліншектерді жинап ӛткізген шілдеханадан шаршап қайтып еді, әлі ҧйқысы келмей отыр. Ойында бір он бойын ӛртеп кететін толқыныс бар. Ол — пісіп жеткен ӛйел мҧңы — бала. Ҧл бала! Есенеймен қосылғалы ҥш жылдан асып бара жатса да, бала белгісі болмай келеді. Есеней бірнеше баласы болған адам. Кінә Ҧлпанның ӛзінде болмаса қайтсін! Бойға бітпей жҥрген баланы сағыну деген азап екен. Тҥсінде бала емізіп, бала ойнатып отырғанын кӛреді. Қуанып оянады, ҧзамай ағыл-тегіл жылап алады. Бала жайын Есеней де аңда-санда есіне алып қояды. — Біржола бала берместей қарғайтын, қҧдайға жазған жазығым жоқ-ты! — деп бастайды да: - бермесе тағы мейлі, менің жарым да, ҧлым да, қызым да Ақнарым, Есенейім, сен аман бол! — деп тоқтайды. Ҧлпан айна алдында едәуір қозғалмай отырып калды да, шешіне бастады. Денесі қҧрғыр әлі босаңсымай, толықпай келеді. Тым болмаса май басып толықса екен-ау. Жҧрт жарықтық ақ-адал коңілімен Ақнар бәйбіше десе, сол бәйбішелікке де ӛлі толмай тҧр. Баяғы денесі, иіліс-бҥгілістеріне бір әжім тҥспеген жас дене! Іші-бауры ӛлі жарау... Шамалап толықса да болар еді-ау. Толығу ҥшін не істеу керек? Кҥніне екі рет ет жеп, он аяқ қымыз ішу керек дейді Дәмелі. Онда кісі жарылып олетін шығар!.. Ҧлпан толықпадым деп назаланғандай болса да, денесінің мҥсіні бҧзылмағанына да қатты қуанады. Жаз боны кол, қыс бойы монша сылайтын болар... Шынар ант ҧрған сылаңдап жҥріп-ақ бір ҧл тауып алды ғой!.. Жаным таза, жҥрегім таза, қҧдай бар болса берер әлі! Осы ойларға келіп, ӛзін-ӛзі жҥбатты да, Ҧлпан жатардағы бҥрмелі кең кӛйлегін киіп жатып қалды. Тобыл, Ірбіт, Троицк, Бағлан қалаларына бара 115


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

жҥріп сыртқы кӛйлек, ішкі кӛйлек, жатардағы койлек дегендерді ҧғынып алған қыр қазағының Ҧлпан бірінші қызы еді. Ол әдетін әсте ҧмытпай келеді. Қанша ҧйықтағанын қайдан білсін, Ҧлпан оянып кетті. —Ҧлпанжан...— деген сыбырдан оянды. Қази екенін таныды. Қонған ҥйінің қыз-келіншегіне ҥй іші ҧйықтап кеткен соң "қол салу", "ояту" деген қазақ халқында қашаннан бері бар әдет. Ҧлпан оған танданған жоқ. Бірақ, осы Қази деген жігіттің ниетін келген бетінде аңғарып, ҧнатпай қалған. Сол тҥйіншек ойыңда қала барған екен, Ҧлпан басын котеріп алды да: —А, жҥрейін деп жатыр екенсіз ғой... Дәмелі апай, шам жақ, шай қой! — деп тҥрегелді. Жалаң аяғына кебісін киіп, арқасына шапанын жамылып алды. —Қазір, айналайын, қазір! — деп Дәмелі шам жаға бастады. Қази жылысып шегіне берді. Қази Тобылдан ӛз еліне кетіп бара жатып, бҧл ҥйге әдейілеп кештетіп келіп еді. Жолшыбай Есенейдің ҥйде Жоғын да естіген. Стап қаласында Тобылдан таныс Тілемісті тауып альш, бар жайды біліп келген. Тілеміс іштей Есенейге тілті дос емес: әкесінің қҧйрығын тҥріп қойып дҥре соқтырғанын есінен шығара алмайды. Есеней тіріде оның кегін Қайтара алмайтынын да біледі. Сондықтан ҥнсіз бағынып, тапсырғанын дәл орындап жҥре береді. Тілеміс әсіресе Ҧлпанға ош. Жап-жас басынан бҧйыра сойлеп, Есенейді басынып алды. Сибан деген бір тайпа ел оны Есеней ордасының бәйбішесі деп, бас иіп отыр Ӛзге жҧртқа қандай кең алақан болса да, Тілеміске іщ| жылынбай-ақ қойды. Шіркін-ай, Ҧлпанды кіммен болса да жақындастырыпжанастырып алып атағын ел-жҧртқа тҥгел жайып жіберер ме еді! Осындай екі жақты қатыс-тықтың орайы табылмай жҥргенде, қҧдай айдап Қази Уәлиханов кез болды. Жас офицер кҥле сӛйлеп сырын аңғартып еді, Тілеміс жабыса кетті: - Пісіп отырған кезі. Байы қартайды. Бала жоқ. Қҧдай біледі, ӛзіндей біреу кездессе шалқасынан кҧлап тҥседі,-деді. Тілемістің осы айтқандарына сеніп, Қази келген бетінде-ақ ойын Ҧлпанға аңғарта сӛйлеп еді. Ҧлпан оны аңғармағандай жауап қайтарып, қоныңыз деді, бірер кҥн дем алуына да рҧқсат етті, сыйлады, қҧрмет кӛрсетті... Жҧрт кӛзінше сыр бермей отырғандай еді, енді мынасы несі? Қасына барғанда "жҥрейін деп жатыр екенсіз ғой!"-деп атып тҧра келе ме екен? Мҧнысы "аттаныңыз!" дегені ғой! Уәлихан тҧқымынан шыққан патша офицеріне қара қазақтың қызқатыны қашан қарсылық жасай алып еді? Хан тҧқымының кӛзіне іліккеніне мәз болатыны қайда? Мҧның ӛзі тоң мойын қара қазақтың хан тҧқымын елемей бастағанының бір қыры емес пе екен? Қази бҧл қорлыққа шыдай алмады. Аттарын жектіре бастады. "Кҥндерде бір кҥн реті келе қалса, есесін бір қайтарармын" деді де, шайға қарамай жҥріп кетті. Ҧлпанмен қоштасқан да жоқ. 116


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Қази шанасына мінгелі жатқанда ағаш ҥйлерді жаңғырықтыра ҥрген ҥш ҥлкен тӛбет аулаға кіре бергенін кӛрді. Толған ай екі жағынан қҧлақтанып тҧрған аязда тӛбеттер ӛңкей кӛкшіл кӛріңці. Желке жҥндеріне кҥмістей жарқылдап қырау тҧрған. Жақындай берген салт аттылардың бекінген қарды сықырлата-сыздата қатты жҥріп келе жатқаны естілді. — Айда! — деді Қази атшысына. "Қайтып келе жаткан Есеней болар" деп ойлады. Шана қозғалып кетті. Тӛбеттер әупілдеп қалып, Есенейдің қайтып келе жатқанын хабарлап еді. Ҧлпан жылы киініп алып далаға шықты. Есеней есік алдына жақындап келіп, атынан тҥсті де, шылбырын Кенжетайға қарай серпе тастады. - Бҥгін ҥйге жетпегенде далада ӛлетін едім, Ақнарым! -деді Ҧлпанға."Жҥйрік ат, сҧлу қатын ер қайрағы" дейтін бе еді? Сол менің жанымды алып қалған... - Жоқты айтатының не сенің? Суыққа тоңбаған еркек Есеней болар ма еді! Жҥр ҥйге...— Ҧлпан Есенейдің сол қолына асыла кірді. Белбеуін шешті. Тымағын, сыртқы киімдерін сыпырып Дәмеліге берді.— Отыр, етігіңді щешейін. Ҧлпан Есенейдің етігін шешіп, мәс киген аяғын ҧстап карап еді, мҥздай екен. Аздап дірілдеп қояды. Жаңа оның білегіне асыла ҥйге кіргенде де, бар денесінде діріл барын сезінген. Қазір моншаға тҥсесің! — деді Ҧлпан.— Дӛмелі апай, Салбырға айтшы, монша жақтырсын. Есеней әр жылғы әдеті бойынша қысқа қарай жылқы қостарын Есіл, Обаған, Тобыл ӛзендерінің бойына орналастырып болып, біраз кҥн қасқыр қуып, тҥлкі аулай қайтып еді. Кеше бір оқыс апатқа ҧшырап қала жаздады. Кҥн кешкіріп суытып келе жатқан. Кӛлденең қасқыр кездесті. Иттер қуа жӛнелді. Биыл бҧл жакта қар бетіне жҥқа мҧздақ тҧрып қалған еді, иттердің жіліншігін қырқып, ҥшеуі де ақсай басатын. Қасында Кенжетай мен Шондығҧл, Есеней де қасқырдың соңына тҥсті. Есеней қасқырға жақындай берді. Иттері аяншақтап тҧрып қалғанын білген жоқ. Аты асқан жҥйрік, "Байшҧбар" атанған жҥректі жылқы еді. Бес шақырым жібермей қуып жетті. Енді-енді сойыл сілтер жер қалғанда қасқыр кӛлденең кездесе кеткен кӛлге жалт беріп еді, "Байшҧбар" да бірге жалт бҧрылды. Қасқыр кідірмей тарта берді. Есеней ат-матымен жылымға кҥмп етіп қҧлады. Жауырын ортадан әлдене найзадай қадалғандай болып Есеней қозғала алмай қалды. Кенжетай мен Шондығҧл келіп жеткенде, ат олай бҧлқынып, бҧлай бҧлқынып, ойылып кеткен жҧқа мҧзды кеңітіп алыпты. Есенейдің кеудеден жоғары жағы ғана кӛрінеді. Жолдастары Есенейге қарай жҥгіріп еді, Есеней оларға: Әуелі атты аман алып қалындар! — деді. Шылбыры Шондығҥлдың қолына тҥскен соң, жасында тҥйе балуан атанған адам атты оп-оңай жағаға шығарып алды. Есенейді сырт жағынан келіп, шылбыр тастап суырып алуға тура келді. Бір етігі аяғында, бір етігі аттың Ҥзеңгісінде жҥр. Кҥн батып барады. Панасыз суық далада Есенейді тҥгел қайта киіндіруге болмады. Іш киім, шалбар сияқ тыларын жаңадан кигізіп, 117


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

жолаушылар суыт жҥріп кетті" Қасқыр қумай тӛтелей шауып, қара ҥзбей отырған басқа жолдастары да келіп қосылды. Тҥн ортасы ауа бере бір жылқышы қосына кездесіп еді. Қоста жан жоқ екен. Кіре сала от жағып, Есенейді тҥгел қайта киіндіріп енді шайға қол қоя бергенде, даладан айқай естілді: - Иесіз қосты басып алған қай итсіңдер? - деді да. уыс. Шондығҧл далаға шығып айқай салған адаммен екі ауыз тіл қатысты да, қайта кірді. Сырттан дауыстаған адамның шаба жӛнелгені естілді. - Бҧл кімнің қосы екен? - деп сҧрады Есеней. - Қожықтың қосы екен. - Қожықтың? - Ие... - Ендеше аттанайық, жігіттер. Қожықтың қосынан дәм татуға болмайды. Қоржындарыңда қҧрт-мҧрттарың болса, соны талғажау қыларсындар. Есеней тобы аттанып кетті. Кешеден бері суық далада ашығып келе жатса да, Есенейге ешкім қарсылық ете алмады. Қожық атақты ҧры, атақты сотқар еді. Жҥз жігіт бау-кеспе ҧры ҧстайды. Жолаушы тонайтын жолбасарлары да бар. Олай қашып, бҧлай қашып, он жылдан бері Есенейдің қолына тҥспей жҥр. Талай кедей ауылдардың жылқысын тал тҥсте тартып әкетіп, теңдік берген емес. Әкелген жылқыларын ӛз жылқысына қосып жіберіп, ізімен келген иелеріне: - Бҧл жатқан Есенейдің жылқысы... Батыр болсаңдар жақындап кӛріңдер! - дегені де Есенейге екі-ҥш рет жеткен. - Дҥниеде жалғыз ғана қас адамым бар. Ол - Қожық! Қолыма тҥссе, кескілеп ӛлтірер едім,- дейтін Есеней. Осыдан бес жыл бҧрын Еменалының ҥйіне келіп Қожық қонып кеткенін естіп, бҧған дейін бір ауыл болып бірге отыратын туған інісін ӛз маңайынан айдап тастаған. Содан бері інісіне де іші жылыған емес. Еменалының қолынан келмейді, әйтпесе еш нәрсе-ден бас тартпайтын адам! - дейтін. Есеней жылымға қҧлағаннан кейін екі тҥн, бір кҥн аштан-аш жҥріп отырып, ҥйіне жеткені осы. Суық ӛткендік пе, ӛлде басқа бір дерт пе, ӛйтеуір тҧла бойына дірілдеу пайда болды. Анда-санда шауып-шауып алып денесі қызғандай болса да, дене дірілінен қҧтыла алмай келдің Ҧлпан Есенейді де "орыс моншасына ҥйретші алып еді, "орыс ҥйіне" ҥйренгені сияқты Есеней моншаға да ҧйренді. Осы кҥні ол: Әр намаздың алдында дәрет алғанша моншаға тҥсіп алса, қазақ тоқсан тоғыз ауруынан қҧтылар еді! - деп қалжындайтын болған. Есеней қанша ашығып келсе де, тамақты аз ғана жеп моншаға кетті: Ақнар, сен жата бер... Мен моншадан кҥн кӛтерілмей қайтпаспын! - деді кетерде. Есеней моншада айтқанынан асыра, тҥске дейін отырды. Моншаға қымыз алғызды. Сҥйегінен откен суықтан арылса дірілдеуі де тоқталар деп 118


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

ҥміттеніп, қайың жапырағымен Салбырға ӛзін-ӛзі қанша сабалатса да, діріл тоқталмады. Ҥйіне қайтып келді де, қасқыр керпені айқара жамылып жатып қалды. Ақнар, ӛзім оянғанша оятпассың мені. Есеней ертеңіне тҥске жақын оянды. Сақал-шашы олі жҥндей ҥйпатҥйпа, ӛңінен айрылып бозарып кетіпті. Бет-аузы ӛзінікі емес, сексенге келген шалдікі дерлік. Бар-лық бет терісі алқымына қарай салбырап, ең кемі он жас қартайып тҥрды. Бҥрынғы әжім дегендері енді коп киілген кенеп шалбардың тақымдығындай қатпар-қатпар. Жҥзінде бірден козің ҥйрене алмас айбар, ызғар болушы еді. Козің ҥйренген соң нағыз еркек пішіні осындай болу керек деп ойлайтынсың. Сол айбарлы жҥз қатты солғындап мыж-мыж болуға айналған екен. Сол айбарлы жҥз кейде мейірімділікке, достыққа, сҥйіспеншілікке бейімделгенде тағы қызығатынсың. Барлық шынымен, жан-жҥрегімен Қҥлап отырғанын коретін едің. Қазір Есенейдің жымиға-ны, Ҥлпанга мейірім тӛге қарағаны коргің келместей жа-льшышты екен. Ҧлпан тҥн бойы кҥзетіл қасында отыр еді, шошып кетті. Басқа бір ӛйел болса, жылап жіберер еді. Ҧлпан Есенейге шығып сҥйіскен жардың сӛзін айтты: —Жолбарысым, тыныш, жақсы ҥйықтадың... Ӛзің де әбден шаршаған екенсің. Тҥр, киін... Сақал-мҧртың да ӛсіп кетіпті. Кенжетайды шақыртайын ба? - деді. —Шақыртсаң, шақырта ғой. Ӛзің ана бӛлмеге бара тҧршы, мен киініп алайын.- Бҧрын Есеней Ҧлпанның алдында киіне беретін. —Қҥдайдың деймін-ау, саған қосқан еркегінің тҥрің қарашы! Басы қара қазандай... бар денесі ілбісіндей қара-шҧбар... саусақтары таяқтай...— деп ӛзін-ӛзі сынай-міней отыратын. —Қҧдайға менің ӛкпем жоқ, жолбарысым. Қҥдай маған еркекті екі есе етіп берген ғой,— деп Ҧлпан дариясыз мақтайтын, риясыз мақтанатын. Есеней киініп шайға келді. Кенжетайға шашын алдырып, сақал-мҧртын жӛндеткеннен кейін бет-аузының қатпар-қатпары әлгіден гӛрі де жалаңаштанып, молығып кетіпті. —Міне, бозбала болдың да шыға келдің! - деді Ҧлпан, Есенейдің кӛңілін кӛтерейін деп. Есеней ҥндеген де жоқ, жымиған да жоқ. —Жолбарысым-ау, айтуға реті болмай жатыр, сҥйінші! Шынар ҧл тапты! —Е, Мҥсіреп әлі жас қой! —Сенен қанша жас дейсің! Сҥйінші бергің келмей отыр ма? —Қалағаныңды ал, Ақнарым. —Шын ба? —Шыным, Ақнар, шыным. —Шының болса, тез жазылып кет! Осыдан басқа қала-уым жоқ. Сендей еркек жазылғысы келсе, жазылып кетпейтін несі бар! Кӛрмей жҥрген суығың ба еді!.. 119


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Шынарға сәлем айт: ҥлы ӛмірлі болсын! Тілектеспін! Мҥсіреп неғып келмей жатыр, менің келгенімді естімеді ме екен? —Кеше кешке келіп кетті. Сен ҥйықтап жаттың. —Шақыртшы, Ақнар... Шынардың кҥні таяу деп биыл ермей қалып еді. Талай жерде сол қалжыңбастың керегі болды-ақ... Айтқандайын, тҥнде біз ауылға жақындап кал-ганда жӛнеле берген шаналы кім? —Ана жолы Тобыл қаласында сені іздеп келетін жас жігіт Қази. —Неге тҥнделетіп жҥріп кетті? - Әдейі сенің ҥйде жоғыңды біліп, бірер кҥн қона жатуға ҥміттеніп келіпті. - Сен немене, ыңғай бермедің бе? - Жоқ-е, қонақ ҥй ӛзір болмаса да осы ҥйге тҥсірдім. Сыйладым. Ауыл адамдарын шақырып алдым. Ӛзім де касында болдым... Жас жігітке керегі ондай қҥрмет бол-май шықты... Есеней одан ар жағын тәптештеген жоқ. Ҧлпан айтқан жоқ. Бҥл екеуі ҥлкен сенімнің, ҥлкен адалдықтың адамдары еді. Осындай шетін жайлар соз бола қалса, коздерін аударып кететін, не қызарып, не сҧрланып кететін адамдар бҧлар емес-ті. Шай ҥстіндегі кеңестен кейін екеуінің ойындағы баска бір тҥйіншектері оянды. Ол кӛптен бері жҥрген тҥйіншек — перзент жайы. Есеней әлі нағыз еркек, Ҧлпан болса-болмаса да пісіп болған ӛйел. Әкелік те бала іздейді, аналық та бала іздейді. Мҧрындарына жас қозының иісі келгендей болғанша тіленеді. Жылма-жыл балалап туратын тӛрт тҥлік малдың тӛлі — қҧлыны, ботасы, қозысы, лағы коздеріне тҥсіп кетсе, оздерінің баласыздығы естеріне тҥсе қалады. Қҧдайы қҧрғырға бҧлардың неменесі жақпай жҥр? Есенейдің кәрілігі мен Ҧлпанның жастыгының арасында қандай шалғайлық бар? Жоқ қой!.. Ҧлпан жас тӛлді кӛргенде қуана тҧрып мҧңая қуанады. Шынар аман-есен босанғанда, Ҧлпан барлық жан-тәнімен қуанды. Стаптан әйел докторын шақыртып алды. Жас нәрестенің кіндік шешесі болды. Қошақаным-ай, иісің қандай еді, жҧпардай! — деп жӛргекке оралған нәрестені ӛз шешесінен бҥрын иіскеді. - Сен жата бер, әй! Сибанға бір ҧл тауып бердің, болды! Мақтанба. Менен қызғанбай-ақ қой,— деді. Шынар Ҧлпанды кӛзімен аймалады: қайтейін, мҥңды-ғьщ... Менен сен бҥрын ҧл тапса екен деп тілеушіңмін, адал тілеушіңмін. Тіпті сенен Мҥсірепті де қызғанбас едім... Ҥміт ҥзе корме, бауырым...- дейді Шынардың кӛздері. Ойында осы тілектестігі, Ҧлпан ҥйіне қайтарда Шынар оған одеттегі қалжынын айтты: Сен қатын да тҧра тҥр ӛлі... Сен ҧл тапқанда балаң-ДЫ бауырыңнан жҧлып алып, ӛзіңнен бҧрын емізермін!120


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан ҥйіне қуана да мҧңая, мҧңая да қуана қайтқан Содан бері аналық дерті тіпті кҥшейіп, кейде тҧншықтырардай бунап, кейде ӛртеп жіберердей кҥйдіріп-жаңдырып кетеді. Есенейдің халі де осыған жақын. Ол қара шешектең кейін ауырып кӛрмеген адам еді. Осы жолғы қҧлауынан қатты қауіптенеді. Әсіресе, осы бір дірілден қорқады. Аузына кӛбіктенген сілекей жинала береді. Кӛп жаралаңған адам еді, Артықбайға ҥқсап қалмаса қайтсін!.. Ҧрпақсыз ӛтетін болса ол ӛз алдына бір қасірет, мен олай-бҧлай болып кетсем, Ақнардың кҥні не болар деп қайғырады. Баласыз әйел — панасыз әйел. Қазақ дәстҥрінше, шари-ғат бойынша баласыз әйел ӛз ҥйіне ӛзі ие деп саналмай-ды. Әсіресе, жесір қалған әйел "аға ӛлсе - іні мҧрасы, інісі ӛлсе — аға мҧрасы". Мҧны әлі орыс заңы да ӛзгерте алған жоқ. Осыған байланысты Еменалы есіне тҥсіп кетсе, дірілі де кҥшейе тҥседі. Есеней кешеден бері ҥзбей ҧйықтап жатқан жоқ. Қараңғы тҥнде бір оянып кеткенде қасында отырған Ҧлпанды кӛрді. Аяп кетті. Дірілдеп жатқан қолын созуға бата алмады. Кӛзін жҧмды да, ауыр ойларға кетті. Шешімі жоқ, ҥміттенері жоқ ойлар қамап алды. Қазір Ҧлпан мҥның кӛңілін кӛтерейін деп әрнені жеңіл ойнақылықпен айтып отыр. Ҧлпанның кӛңілін бҥл не-мен кӛтерер? Алыстан бір тҥйткіл елес береді. Оның не екенін тҥсінейін деп ойлана бастаса, тҧла бойы шіміркеніп, жҥрегі дҥрсілдеп соғып кетеді. Жҥрегі бар болғыр ӛзі сезінеді де, ӛзі безінеді. Ӛзі сыбырлайды да, ӛзі тыңдама, естіме дейді! Ондай жҧмбақты қалай шешерсің? Қалайда "Есеней, сен қартайдың, Ҧлпанға бала керек!" дегенді Есеней анық тҥсінетін сияқты — Ҧлпанға бала керек! Ол бала аспан-нан тҥсе ме? Бҧл сҧраудың жауабы табылар емес. Шайдан кейін Есеней Ҧлпанға телміре қарап: — Ақнар, менің тӛсегімді оңаша бӛлмеге шығартшы. Ӛзіңнен басқа бір адам кірмесін. Салбыр кҥні-тҥні қасымда болар. Ӛзін дҧрыстап киіндірерсің,— деді. — Доктор шақыртайық, Есекесі. — Шақыртсаң шақырт. Тек бақсы-балгерді кӛзіме кӛрсетпе!.. Сол кҥні олар оңаша бӛлмелерде бӛлек жатты. Бӛлек жатса да ойсезімдері тоғыса берді. Бірінің қайғы-мҧнын бірі біліп жатқандай, бірге кҥрсініп жатты. Әлдеқандай сезімнің, сезім емес, сезінудің ойына орала беруі, қытықтай беруі тіпті жай болмайды. Ҧлпанның еісі-ҥш кҥннен бергі ішкі толқынысы әлдененің алдамас хабаршысы екен. Ҧлпан сол кҥні тҥнде оянып кетті де, ясалаң аяқ жҥгіріп келіп, Есеней жатқан бӛлмеге кірді. Жанып тҧрған шамды ҧрлеп сӛндіріп, Салбырға ҥйіне ясҥре бер деуге шамасы келді. Есенейдің қойнына кіріп кетті. Жҥлмалай бастады, аймалай бастады. - Тҧр, Есеней, тҧр! Екі кҥн еркелеп жаттың, жетер! Ендігінді қоя тҧр. Мен жерік болып қалдым! — деді. - Жерік дедің бе, Ақнар? - Тап соның ӛзі! 121


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Есеней Ҧл панды бір қолымен қҧшақтай кӛтеріп, ӛзінің кеудесіне жатқызды. - Шын ба, Ақнарым? — даусы қалтырап, дірілдеп әрең естілді... - Шын болғанда қандай! Аузымнан сілекейім шҧбырып барады! - Енді Есеней ӛлсе де болады! Жалғыз арманы осы болатын.— Бҥл жолы даусы қалтырамай ӛз қалпында шықты. - Есенейдей еркек жҥз жасамаса, несімен Есеней болтаны! Айтпа жоқты! Жас дене бар қызуын кәрі кеудеге айқара жауып жа-быса тҥсті... - Ақнар-ау, неменеге жеріксің? Тҥйенің алаботасы мен кӛкпектің бірі емес пе? - Жоқ, қҧдай!.. Менін жерігім қайбір оңған болады дейсің. Шынардың шешесі кҥлге кӛміп пісірген нанға жерікпін... Ағаштың қара кӛмірі мейіздей жабысып-жабысып тҧрған нанды кӛріп едің ғой ана жылы? Соған... Сілекейімді жия алмай қойдым... Заты жоқтың аты жоқ болады. Жерік деген аты болған соң оның ӛзі де бар нәрсе еді. Жҥкті болған әйел Денесінде қай текті заттар жетіспесе, соның орнын толтыру керек. Соның аты - жерік. Жерік - жҥкті болғандықтың бірінші белгісі. Алдамайтын белгі. Есеней сырқатынан қҧлан-таза жазылып кеткендей болды. Тҧра келіп киініп, Кенжетайды таң атпай Мҥсірептің ҥйіне жҧмсады. Жылдам кҥлге кӛміп нан пісірсін... Ақнар қазір Келеді деп айт! деді. — Нанға жабысқан кӛмірін алып тастамасын. Кӛмірі кӛп болса тіпті жақсы. Ана жылғыдай тҧзды майға булға-сын,— деп Ҧлпан ӛз ойындағысын қосты.— Ыстық болсын! Кенжетай кеткен соң Есеней Ҧлпанға: —Қыз болса озіңе тартсын. Ҧл болса маған тартса да мейлі,— деді. —Жоқ, жоқ... Ҧл болсын және саган тартсын! — Ҧлпан кҥлге коміп пісірген жерігін жеуге жҥріп кетті. —Ә, кҥлді-кӛмеш жеуге келдің бе, талғағым! Дҥние кезек дегенім есінде ме? — деп қарсы алды Шынар. —Кезегіңді ала бер... Ӛлтірмесең тезірек наныңды бергізші! — деді Ҧлпан... 9 Ҧлпан кҥлге кӛміп пісіріп тҧзды майға бҧлғаған нанды ашыққан адамдай кҥйсей бастады. Жер тӛсекте жатқан Шынарға бір қырын отырып алды да жей берді. Нанға жабысқан қайың кӛмірі тісіне тиіп кетсе "ым-м-м!" деп қыңсылап қояды. Қҧмартқан жерігі нан емес, тҥз бен кӛмір сияқты. Кӛмірдің дастарқанға ҧшып тҥскен қиқымдарын қолымен теріп алып аузына қағып жібереді — "ым-ым-м!" 122


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан тор ҥйге бармай ҥй ішінің ӛздері тҧратын, қазір онда Шынар жалғыз жатқан бӛлмеге отыра кеткен. —Нан жеуіңе қарағанда сен біреу емес, екі ҧл табатын боларсың! — деді Шынар. —Менен ақ бота бҧрын боталап қала ма деп қорқып жҥр едім... О л биыл дӛнежін шығады ғой. Ант ҧрған сипақтап жҥр дейді... Әй, сен неменеге жеріп едің? —Қҧдай, менде қайбір оңған жерік болды дейсің!.. Қара бураның шудасын шайнауға жерік болғанмын... —Бәсе, балаңның басы қара қазандай, бураға тартқан екен ғой! Бет орамалынды бері тасташы, терлеп кеттім. — Ар жағында тазасы тҧр ғой, ала қойсайшы озің. — Жоқ, қозғалғым келмейді. Денем қара тырнагыма дейін балқып отыр. Ым-м-м! — Мә, ендеше... Шынар, қҧндақтаулы бал асы қасында, әлі тӛсектен тҥрған жоқ-ты. Акушер ӛйел бір жеті қозғалмай жата бер деп кеткен. Басын қына сары сәтен шаршымен таңып алыпты. Шынарға осылай жату да жарасады екен. Ӛзі де ак коңіл адал жан еді, қазір бҥкіл дҥниедегі жалгыз ғана армансыз, жалғыз ғана бақытты жандай ажарланып кетіпті. Дҥние есігін ӛзі ашып келгендей, ҧлы да мардамсып пысылдап ҧйықтап жатыр. Шынар баласын ҧйықтап жатьш та еме береді деп мақтайды: — Кіндік шешесі ашқарақ болушы еді, соған тартып кете ме деп қорқамын! — деп қояды. Ол кіндік шеше Ҧлпан — кҥлді-кӛмеш нанды аузына бҥралай тығып мытып отыр... —Сен әй, жайыңа жат! Бір сындырым нанынды аяймысың менен? —Жоқ-ау, егін шықпай қалған жылы сен жалғыз ӛзің бір ауылға жҧт болатын шығарсың дегенім ғой... Екі әнші қыз — Кәукер мен Бикен Шынар босанғалы осы ҥйде болатын. Қонақ басты болып жатқан отау ҥйге қолғабыстарын тигізуге әдейі қалып қойған. Қазір олар тор ҥйге шай жасап болып Ҧлпанды шақыруға келе жатыр еді, гҥрілдей сӛйлеп Есеней кіріп келді. — Әлгі Мҥсіреп мақтаншақтың кең сарайдай деген ҥйі осы ма? — Осы, осы! — деді Ҧлпан.— Бері кел, бері қарай! Ҧлпан осында кеткен соң, Есеней ҥйіне сыя алмап еді. Қашаннан бері кҥтіп жҥрген қуаныш белгісін Ҧлпан ӛзімен бірге ала кеткендей, Есеней қҧр алақан қалғандай сезінді. Оның ҥстіне босанғалы ҥш кҥн болған Шынарға достық кӛңіл білдірер кезі де ӛтіп бара жатыр. Осы екі себеп еріксіз айдап Есенейдің ҥлкен басын кішірейтіп Мҥсірептің ҥйіне алып келді. Қоржын ҥйдің ортасындағы ауыз ҥй терезесіне қалың Қырау тҧрған, қара кӛлеңкелеу екен. Сырттан келген адам кім болса да козі ҥйренгенше біраз тҧрып қалатын. Есеней де тҧрып қалды. 123


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Бері қарай, бері қарай! - деп Ҧлпан тағы қайталады. Шҧбалмалы пештің аласа есігінен әрең еңкейіп отіп Есеней Ҧлпанның даусы шыққан бӛлмеге кірген бойында Шынардың ҥстіне аса қымбат саналатын бҧлғын ішікті Жауып жіберіп басын кӛтерді. Басы тӛбеге аз-ақ тимей тҧр. — Балаңның кӛрімдігі, Шынаржан. Ақнар сараң болып бара жатыр білем, әлі кҥнге саған бір шаршы шҥберек ырымын жасамапты. — Есеней-ау,- деді Ҧлпан тҧра беріп,- Есеней-ау, неше кҥннен бері мен осы ҥйдің отынымен кіріп, кҥлімен іггығып, қара жҧмысында жҥрмін ғой! Әлі сынық кҥреш берген жоқ. Мына жатқан сіздің жан сҥйеріңіз орнынан да қозғалмайды. Жатады еркелеп! Шынар ҥлкен кісі келген соң басын кӛтерейін деп еді Есеней тҧрғызбады. —Жата бер, қозғалма, айналайын. —Сонда маған беретіндері кҥлге кӛмген қол тиірменнің қара наны! Ӛздері оны жемейді де! —Кҥлді кӛмешке зар болып келіп еді, тойынайын дегенін кӛрдіңіз бе, би ага! - деді Шынар.- Мҧндай мәстекіні кӛрген емеспін! —Баласының кіндігін кестім. Оған да тҥк берген жоқ. —Мҥсіреп ағама дҥние малы керек емес, мырза демейтін бе едің? —Бәрін билеп-тӛстеп ӛкеткен мына қатын сараң. —Е, бетінен жарылғасын! Біздің ҥйде де бәрін билеп кеткен бір жан бар... Оның да бетінен жарылғасын! Байлық, мырзалық, сарандық дегеннен қҧтылып жаным жаңа тынышталды. Жақсы еркек жаман әйелді адам қыла алмайды, жақсы әйел жаман еркекті адам қылады дейтін бе еді? Сол дҧрыс екен, Шынаржан. —Ӛзі ҥйіне сыя алмай кҥпсіп жатқан қатынды біржола кҥпілдетіп кет, сӛйтіп!.. —Мырзаның ӛзі қайда? — деді Есеней тӛрге шығып отырып болған соң. —Шайқант әкелуге қалаға кетіпті. Қазір келеді деп жатыр мынасы. —Мырзаның бар жинағаны ҥш кҥнге, жетпей қалғаны ма? —Біздік бірдемелері қалған шығар. Жҥр тӛр ҥйге барып шәй ішейік. — Ҥйді ыбырсытпай қалған наныңды ала кет! Бҧлар шайға отыра бергенде айқайға басып Керейдін бір топ ақынәншілері келді: — Мҥсіреп, қҧтты болсын шылдақана, Хабары әрең жетті кеше ғана. Ӛткен соң он кҥн, он тҥн тарасармыз, Жиналсын бес болыстан қыз-бозбала... Тағы бір жастау ақын самауыр қасында шай қҧйып отырған екі қызды кӛріп ол да сарнап қоя берді: 124


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Сибанның аман ба екен қос бҧл-бҧлы, Тілеуші ек кездестір деп кҥні-тҥні. Сағынып ҧшып келдік ор қиядан Қҧлаққа сіңіп калған бҧлбҧл ҥнін. Бҧл ақын қыздарды айтысқа сҥйреп әкетпек еді, ҥшінші мосқалдау ақын Есенейді танып қалды да: - Ассалаумағалайкҥм, Есеней аға! - деді, жолдастары әдеп шегінен шығып кетпеуін ескерте қатты дауыстап айтты. Ӛлең мен ән де тоқтала қалды. - Жоғарылатыңдар, ардагер ақындар! - Есеней аз ғана ысырылып отырды. Бҧл келген Керей аталатын кӛп рулы елдердің аты шулы ақынәншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоғжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, тағы ҥш-тӛрт жаңа перілер. Бәрі де атақтының атақтысы Сегіз сері ақынның мҥрагерлері. Бҧл елдерде "Қозы Кӛрпеш - Баян сҧлу", "Қыз Жібек", "Ер Тарғын" жырлары Сегіз серінікі деп саналады. Сегіз сері ӛз жанынан шығарган ба, жырау ретінде айта жҥріп оңдеген бе, ол арасы дҥдәмал. Ал "Қарлығаш", "Гауһартас", "Әйкен-ай" ӛндерін Сегіз сері шыгарғанын тіпті дауға салмайды, тҥгел мойындап қойған. Бҧл кезде Біржан сал, Балуан Шолақ, Акан сері әндері де іргелес Орынбор - Сібірге қарайтын қазақ елдеріне тҥгел тарап болған. Баяғы "Қалқам шырақ" деп аталатын алғашқы екі жолы әлденені ҧйқастыра салып, айтайын дегені соңғы екі жолында болатын тӛрт жолды қара ӛлең аяқсып, енді Қазақ ӛлеңі тӛрт аяғын бауырына тҥгел жинап ала бас-таган. Бҧл багыт Керейде Сегіз серіден басталып еді. Мына келген ақынәншілердің кӛбі соның шәкірттері. Есеней ақындардан жатсыраған жоқ. Елдерінің жай-кҥйлерін сҥрастырып, қалжындаса сойлесіп, кең отыратын ыңгай кӛрсетті. Ҧлпан тіпті қуанып кетті. Шынардың шылдақанасына атақты ақын-әншілердің арнай келгендерін Ҧлпаннан басқа әйел болса кҥндер еді, кҥйінер еді. Ҧлпанның жан-жҥрегінде ондай бейшаралықтың иісі жоқ адам. Ақындар Есенеймен амандасып сӛзге айнала бастағанда Ҧлпан Шынардың қасына қайтып келді: - Әй, ерке қатын, шошаланда нең бар еді, бәрін казанға салдырамын! деді Шынарға. - Салдыра бер. Бірдемең ҧнамай қалып ақындардың сӛзіне іліктіріп жҥрсең жанынды шығарамын! — деді ІДы-нар. Басымды қатырмай жайыңа жатшы, сен! Ҧлпан шошалаға келсе, Жаниша бауырсақ пісіріп, Шынардың шешесі қол тиірменмен бидай ҥгіп отыр екен.

125


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ойбай, апа, тиірменді маған бер, қазанынды тезірек ас. Ақынәншілер келіп қалды. Барынды сал! — деді Ҧлпан, тиірменді ӛзі айналдыра беріп. Кҥшті қолдар тас тиірменді зырқырата жӛнелді. Е, бар ғой Ақнаржан, бар ғой. Аямайын. Мҥсіреп ағаң қалаға кетті, бірдеме ала келетін шығар. Шынардың шешесінің қысылмай тҧрғанына қуанып кеткен Ҧлпан: Онда ӛзіме де бір кӛмбе нандық бидай артық ҥгейінші,— деді. Қол тиірмен енді асықпай-саспай байырғы ӛніне баса женелді. Ҥлпан ас піскенше шошаладан қайтқан жоқ. Ақындар шай ішіп болған соң домбыраның қҥлағын бҥрай бастады. Бҥрын алды тар, ызғарлы отыратын, кҥле білмейтін Есенейдің енді ӛзіңмен ӛзіңдей тең отырып сойлесетін адам болғанын сезінген ақындар еркін ӛлендетіп кетті: — Сәлем ал, қадірлі би, кӛп серіден, Жиналған гҥбірнаның жер-жерінен. Баяғы ескі атақтың бәрін тастап, Кезіңіз кеңіл жҧмсап мҧзы еріген. Ақнардай жеңешеміз есен-сау ма, Сындырмай кӛк болатты ие білген... Бҧл ақын Шәрке салдың бастамасы еді. Жеңешелерің аман-есен... Осы ҥйдің отын жағып, кҥлін шығарып жҥр...- деп Есеней коңілді жымиды-Ҧлпанды мақтай келіп ӛзін сынап жіберген ақын сӛзіне шамданған жоқ. Қайта "енді жақсы адам болыпсың"де" гендей астарлы сӛзге қуанып кетті. Шәрке сал да олең аяғын осылай бейімдей аяқтады: — Қанықпыз жеңгеміздің монжайына, Білеміз мырзалығы қандайын да. Қҧдайдың бере салған бір жаны ғой Сибанның кедейінің мандайына!.. Осы айтқаның әбден дҥрыс, Шәрке сал! — деді Есеней. - Мен озім Сибан деген елді малшы-сауыншыма айналдырып алып, енді болмағанда қайыршы ете жаздаған екемін. Қазір қҧдайға шҥкір, алдында малы бар, ҥстінде ҥйі бар елге айналды. Обалы менің мойнымда еді, сауабы сол жеңгелеріндікі. Ақындар Есенейден рҧқсат алып, Шынарға келіп қҧттықтау айтысты. Бҧлар Мҥсіреппен қадірлес қҧрбы, Шынармен де достасып кеткен адамдар еді. —

Сибанның Ақнар, Шынар ай мен кҥні, 126


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Кӛктемде жҧпар аткан екі гҥлі. Кӛркіңе жҥрегің сай кең дҥниедей, Бар ма екен Мҥсірептің тағы мҧңы. Балаңның бауы берік болсын, Шынар, Қайғысыз, мҧңсыз ӛтсін бар ӛмірі. Тоғжан аға,— деді Шынар ҧяла жауап қайтарып,— Тоғжан аға, менің ҥстімде бір ішік жатыр, соны ӛзіңіз алып иығыңызға жамылыңызшы. Ӛзім жабар едім, әзір тҧруға болмай жатыр,— әлгінде ғана Есеней әкеліп жапқан ішікті ӛз ҥстінен азырақ ысырып қойды. Тоғжан ішікті алып арқасына жамылып тҧрды да: - Осы бір тҧста Атығайдың ақыны болғанша Сибанның кедейі болмаған екемін... Тым болмаса, оз ҥйімнен екі кісіге екі тостаған қымыз бере алатын едім-ау! — деді. Ақынның бір кедейленіп қалған кезі болса керек, налып-мҧңайып айтты. Содан соң аз тоқталып тҧрып тағы сойлеп кетті: - Жоқ, Шынар қалқам, арық атқа жібек жабу жараспас болар. Сен бердің, мен алдым. Болды сонымен. Игілік-Қуанышыңа ӛзін ки! - деп ішікті Шынардың ҥстіне қайта жапты. Мҥсіреп ҥйіне қайтып келгенде Тоғжан ақын әндетіп, Сегіз сері жырлаған "Қыз Жібекті" айтып отыр екен. Мҥсіреп Есенейден бастап ақындардын бәрімен қол алысып амандасты да, "Айдай бер, Тоғжан, айдай бер!" деп Шынар жатқан бӛлмеге асығыстау шығып кетті. — Бірдеме ілікті ме қолыңа? — деп сҧрады Шынар. — Қысылмай жата бер, кемпірім! Ақындардың аузы неге салымсыз болсын! Мҥсіреп тӛр ҥйге екі пышақ алып қайта келді: — Аштан ӛлгілерің келмесе, бір-екеуің қолдарыңа пышақ алып далаға шығындар,— деді.— Міне пышақтарың... Әсіреп есік алдында жҥр. Барыңдар. Ақыннан ақынға, ауыздан ауызға кешіп келе жатқалы жарты гасыр болған "Қыз Жібек" Керей топырағында Сегіз сері нҧсқасында тҥрақтап қалып еді. Осы келген ақындардың ішінде Сегіз серінід баласы, әрі ақын, әрі балуан Мустапа да бар. Мҧстапа Тоғжан ақынның жаңылыс айтқан жерлерін тҥзеп беріп отыр еді, қазір ол пышақ алып адалға шығып кетті де, Тоғжан да тоқтап қалды. Есеней әр кездегі әдеті бойынша Мҥсірепке соқтықты: —Келе сала қонақтарыңды далаға қуып жатырсың... Қысылысың бар ма, немене ӛзі? Балаңның бауы берік болсын деуге де шамамызды келтірмедің ғой! Сол баланың ӛзі ҧнаңқырамай тҧр... —Неменесі ҧнамайды? —Басы бақыр қазандай. Саған тартқан ба деген кҥдігім бар. Шынар екеуің жайдан-жай әмпей болып жҥрдіңдер ме екен деген кҥдік қысталап жҥр... 127


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Отта, шіркін! —Шын айтам... Әйтпесе қысылыс маған қайдан келсін! Жайлауда жылқым, қыстауда қойым жҧтап жатқан жоқ қой... —Осындай адаммен де жолдас болып жҥресіңдер, ә? -деп Есеней ақындарға қарады. Ақындар кҥлісті де қойды. Ағайын арасының ойынқалжыңына араласқан жоқ. —Маған айтқан қҧтты болсының осы ма? — деді Мҥсіреп. —Ендеше... Балаңның басы ҥлкен болса, милы болсын. Алыс-жақын елдерге сыйлы болсын. Есенейдей бай болмасын. Іздегені дау болмасын, онер болсын. Сегіз серідей ойынан ӛлеңі, қолынан ӛнері тӛгілген шебер болсын! Алла ақбар!..- Есеней иегін сипады. —Айтқаның келсін. Енді сегіз айда Ақнар аман босанып бір қазан бас ҧл тауып берсін! Шілдеханасында осы ақындар тҥгел болсын! Ақындар Ҧлпанның екіқабат екенін тҥсініп, қуанысьш қалды. — Келеміз, келеміз...— десті. Далаға шығып кеткен жас ақындар қайтып келген соң Тоғжан ақын "Қыз Жібекті" тҥгел аяқтап шықты. Не мақтау, не сынау кҥткендей айнала қарады. —Жақсы айтып шықтың, Тоғжан. Былтырғыңнан кӛп ӛңделіп қалыпты,— деді Мҥсіреп. —Әкесінің ізіне салып, тҥзеп беріп жҥрген мынау отырган Мҥстапа,— деді Тоғжан. Мҥстапа қызарып кетті. Қызара білетін ҧятты ақын екен. —Тоғжан ағай мені жай кҥйдіріп отыр. Мен әлі балдыр-батпақ, қалқамшырақтан шыға алмай жҥрмін. Әкемнің айтқандарынан қҧлағымда қалған бірдемелер бар шығар... Сонда да... —Жібекті текті жерден шығару ҥшін ханның қызы дейді екенсің... Қара қазақтан ондай қыз тумай ма екен?-деді Есеней.— Біздің Орта жҥз бен Кіші жҥз қашаннан бері бірге жасасып келеді. Тіпті сонау Жошының балаларынан бері Кіші жҥзде Сырлыбай деген хан болған емес. Одан соң ханның қызы хан тҧқымына ғана беріледі ғой. Жібек ханның қызы болса Тӛлеген де ханның баласы болу керек. Мҧны ескермеген екенсіңдер. Жібекті қара қазақтың қызы деуге бекер-ақ қорыныпсыңдар. Мына қара сақалдың Тӛлегенге ҧқсайтын тҥк қасиеті болмаса да анау ҥйде жатқан Шынар қай Жібектен кем? — деп сӛз аяғын Мҥсірепке тигізе қалжыңдай қайырды. Мҥсіреп жырдың ӛзіне ҧнаған жерін мақтады: — Кімнің қызы болса да мейлі, әйтеуір Жібектің әмеңгерлікке кӛнбегені ҥлкен ерлік. — Кӛрпені ағаң ашқан сен ашқандай, Не болды жас басыңнан, сорлы бала! — дегені сӛз-ақ емес пе?! Сансызбайдың сҥйегінде бір ша-ғьщ еркек намысы болса енді жеңгесіне беттер ме! — деді. 128


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ақын Шәрке сал жас кезінде ала қҥйындау, әумесер-леу болса да осы кҥні ақыл-азуы шыққан адам еді. Есеней мен Мҥсіреп айтқандарының дәнін ҧстап қалған екен. — Есеке, дҧрыс айтасыз,— деп бастады ол.- Ӛзімізді ӛзіміз жамандагымыз да келмейді, асыра мақтағымыз да Келмейді. Әттең, осы кҥнге дейін батырлық та, ерлік те, сҧлулық та, ақылдылық та хан тҧқымында деп келдіқ қой. Әлі кҥнге қара қазақтың бойына сҧлу қыз, ақылды қыз сыймай да, жараспай да тҧратын сияқтанып келді Сол ескі әдетпен кете беретініміз әлі бар. Кейде қара қазақтың ханның қызын бауырына басқанын да мәртебе кӛретін шығармыз... Ал анау Еділ, Жайық, Ойыл, Торғай ақындары қыз Жібекті Сансызбайға қосып, мҧратына жеткізеді екен. Біз әйтеуір соған кӛнбей келеміз,- деді. Кӛшпелі елде ойын-сауық орны болған емес. Кӛшпелі елдің ойынсауық кӛретін, ақынның сӛзін еститін, әншінің даусын еститін ас пен тойға, шылдақанаға бала-шағасымен жамырай шҧбыратыны да содан. Кешке қарай Әсіреп, Мҥсірептің екі ҥйіне кеше ғана тараған қыз-бозбаланың ҥйіле-тӛгіле қайта келгені де содан еді. Кӛшпелі елде ақын-әншілердің тойдан тойға, шыл-дақанадан шылдақанаға кӛшіп жҥретіндері де содан. Жҧртқа айтар сӛздері кӛп. Жабыққан, торыққан кӛңіл болса жҧбатары, уатары кӛп. Осындай жҧрт жиналар, ӛсіресе қҧлағына қҧлық қатып қалмаған жастар жиналар жерді олар да іздеп жҥреді. Бҧл кӛркем сӛз бен кӛркем ӛнердің сҥйегіне біткен ӛлмес, ӛшпес қасиеті. Ешбір ақын бойындағы байлығын ӛзі ғана иемденіп бауырына басып отырған емес, ел-жҧртына тезірек таратып беруге асығады. Бҧл кӛркем ӛнер қауымының айнымас заңы. Ақын-ӛншінің ел кезіп жҥре беруге ҧялмайтындары да осыдан. Ақындар кезек-кезек елең айтып, ән салып кешкі ойынды әбден қыздырған кезі еді. Ақын сӛзі кҥн болып бҥкіл дҥниеге жарығы мен жылуын тӛге алмағанымен, найзағайдай жарқылдап, кҥндей кҥркіреп қояды. Кейде кектендіріп ыза-қайратқа шақырып, кейде жарым кӛңілді әлдилеп қояды. Ел мінезін бірі мақтап, бірі сынап жас-тарға әр тҥрлі ой тастап жатыр. Кінәратсыз сын, әділ сын езіңді-ӛзіңе кҥлдіретін ақын сыны, кҥлдіре отырып жы-лататын, жылата отырып кҥлдіретін сын, ойландыратын сын... Біреу ҧялып, біреу қуанатын сын. Екі әнші қыз - Кәукер мен Бикен қадірлі қонақтарға ауыл атынан қошемет корсеткелі қосылып ән салуға оңтайланды. Баяу бастап, шырқап аяқтайтындарын білетін жастар тынып қалды. - Асыл сӛз - атқан оқтай, жай кетпейді, Жаманға оқ ӛтсе де сӛз ӛтпейді... Қыздар ӛнді енді кӛтере бергенде тӛрдегі терезенің ең жоғарғы шынысы салдыр-гҥлдір сынып тҥсті де, қақ сойылдың шоқпар басы тӛрде отырған Есенейді жауырын ортадан нҥқып қалды. 129


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Әкеңнің кӛрін... тҥрікпен! — деді сырттан салған Еменалының айқайы.- Маған ағаш кестірмейтін сен кімсің осы? Мынаны кӛремісің? Тӛбеңде ойнайтын бола-ды! — Сойылдың шоқпар басын екі жағына кезеккезек ҥйіріп қойды. ' Еңсесі тӛмен қарай солқ ете тҥскен Есеней: "Ӛлтірді-ау, ит!" - деп қалды. Қасында отырған Ҧлпан атып тҧрып сойылды ҧстай алып, бар кҥшімен жҧлқып қалып еді, Еменалы айырылып қалды. Жоғал, коргенсіз сотқар! - деді Ҧлпан. Ҥй ішінде екі жерде жанып тҧрған бестік шамдардың Ілсіз жалыны қаша жӛнелгісі келгендей есікке қарай бҧлқына жапырылды. Екі қыздың әні ҥзіліп кетті. Ойын-кҥлкі, сауық та тынып қалды. Ҥй ішіндегі жандар, Есенейден басқасы тугел тҧра келді. Терезе алдынан шаба жӛнелген салт аттылар дыбысы естілді. Ҧлпан қолында қалған сойылды сынған терезеден сыртқа лақтырып жіберді. Есенейдің арқасын сипалап: Қатты тиген жоқ па? - деді. "Елтінжал" сияқты қалың орманның екі ҥй "тҥрік-пенмен" ағайындығы алыстан қосылатын Андарбай -Отарбай ауылына берілгендігі Еменалыға қатты батып жҥретін. Әлі қыстау салып ҥйрене қоймаған Андарбай "Елтінжалдың" ӛр жеріне бей-берекет орналасты да, екі ҥй "тҥрікпен" қақ ортасына орныға қыстады. Сондықтан "Елтінжал" Мҥсіреп қыстауы атанып бара жатыр еді. Едәуір ҧзын орманның кҥнгей жағы қалың- қара шие, жортып ӛтсең ат шашасын қызылға бояп жіберетін жидек пен бҥлдірген. Екі жағындағы екі ӛзекте де жуа оседі, аралар ҧялайды. Шобі де қалың. Жалдың орта тҥсында самаладай жарқырап биік оскен Жуан-жуан ақ қайыңдар қарағайдай тҥзу. Екі ҥй "тҥрікпен" осы қайыңдардың ортасына қыстапты. Еме-налының осыған іші кҥйеді. Сол кҥйіктен осы кҥнге дейін Қысы-жазы киіз ҥйде отырып келген Еменалы қыстау салуға бел байлады. Екі ҥй "тҥрікпеннің" дәл іргесіндегі бӛренелік қайындарды қырып алып ағаш ҥй салдырмақшы болды. Ішің кҥйсе — кек байланғаны да. Ол кек — Еменалының Еменалы екенін, Ҧлпанның ең жақын досы Мҥсірептің қатыны ҧл тауып, мәз-мейрам болып жатқанда жҧрт кӛзінше ойын-кҥлкілерін кҥлдей шашып ҧды-рып жіберсең ғана қайтпақ... Еменалы мана тал тҥсте он жігіт ертіп әкеліп, биік ӛскен ақ қайыңдарды қамшысымен нҥсқап: — Бірін қалдырмай қырыңдар.— деді де ҥйіне қайтты. Осы кезде Мҥсіреп те қаладан қайтып келе жатқан. Кӛп балтаның жанынды тҥршіктірер сартыл-гҥрсілін естіп Мҥсіреп ҥйге кірместен солай қарай кетіп еді. Ақ қайыңдарды балталап жатқан жігіттерді кӛрді. Ағаш денесіне аяусыз қадалып жатқан балталарды кӛрді. Бір жуан ағащ сықырлап сынып, жас қайыңцарды қирата жаншып қҧлап тҥсті. Оны да кӛрді. 130


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Ау, жігіттер, бҧларың не? Қҧдайдан қорықсаңдаршы! — деді Мҥсіреп.— Отын керек болса осындай ағашты кесе ме екен? Жігіттер жӛнін айтты. —Біз емес қҧдайдан қорықпай жҥрген... Еменалы ағаңыз... Ағаш ҥй салдырмақшы. —Ауылда қонақтар бар, жігіттер. Ҧят болады. Еменалыға сӛлем айтыңдар: бҧл ағаштарды мен бӛрібір кестірмеймін. Кетіңдер!.. Он шақты ағаш жараланып қалыпты. Дауыл болса қҧлайды, ӛрине. Жігіттер Мҥсіреппен таласқан жоқ. Балталарын белбеулеріне қыстырып алып кетіп қалды. Еме-налының тҥн ішінде келіп Мҥсірептің ҥйіне бҥлік салғаны осының салдары еді. Есеней кӛзін жҧмып тістеніп қалды. Баяғыда Кенесары садақшысының оғы тиген жауырынын ортадан соқты-ау деп ойлады. Тап сол оқ қадалған жері шаншып-шаншып қалды. Ие, ағайын деген осы да. Сойыл сілтемей отыратын кҥні жоқ. Қан майданда қас жауыңмен қарсы тҧрып алысқаның қиын ба, туысқан ініңнің кҥнде бір тырнап, кҥнде бір нҧқып қалғаны қиын ба? Қайсысы ауыр? Тоныңды бойыңа шамалап киер болмас па! Еменалы Есеней бола алса мен қарсы болған кҥнім бар ма? Бола алмаған ӛзі екенін неге тҥсінбейді? Ӛз ҥйіңде кҥпсінгенің жҧрт кӛзінде кҥлкі кӛрінсе кімге ӛкпелейсін? -Эхтең, жауыз емес, долысың. Ақымақ сотқарсың. Жауыз болсаң ендігі жазалап қойған болар едім. Долылық қысып кеткенде азғана ақылыңнан айрылып каласың да соқтық-паска соқтығасың. Ел-жҧртқа мазақ, ағайынға қадірсіз боласың да жҥресің... Тҧр, Есеней, ҥйге қайтайық.— Ҧлпан Есенейді тез киіндіріп ҥйіне алып келді де тӛсегіне жатқызды. Есеней сол жатқаннан енді қайтып тҧрған жоқ... 10 Батыс Сібірдің далалық генерал-губернаторының қазақ жҧмыстарын басқарысатын ақылшысы Тҧрлыбек Кӛшенҧлы бҥл жолы екі ҥлкен мәселемен келіп еді. Қасында жерге орналастыру инспекторы Саврасов, заң жҥмыстарының бақылаушысы Леознер жӛне Қызылжар уезінің бастығы Демидов бар. Бҧлардың қайсысы басшы, қайсысы қосшы, оны білетін ешкім жоқ, ел қазағы ӛзіне тартып, Тҧрлыбек тӛре келді деп ҧйғарды. Ҧлпан оларды әдейі тӛрелерге арнап салдырған қонақ ҥйінде қарсы алды. Есіктері оңаша екі бӛлмелі, бір ҥлкен залды, жабық верандалы қонақ ҥй екі кҥннен бері әзір тҧрған еді. - Жеңеше, деніңіз сау ма? Есекем қалай, тәуір ме? - Шҥкір, тӛре қайным, бір қалпы. - Здравствуйте, мадам Акнар Артыкбаевна... - Здравствуйте, здравствуйте... - Зрасти, здрасти, қош келіпсіздер... 131


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Қазақ қонақтар ҥйге кірген бетінде кӛріп отырғанын да кӛрмеген болып, білгісі келгенін білдірмеген болып, монтансып момақан отырады. Тӛре қонақтар олай емес, екі-ҥш бӛлмені отырмастан аралап шығып, қонақ ҥйді мақтай бастады. Біздің генерал-губернатордың мәжіліс залы осыдан қанша ҥлкен екен? Кішірек болып жҥрмесін. Жатар бӛлмелері қандай жайлы! Қарағай иісі аңқыш тҧр. ~ Варшава тӛсектері, голлан пештері, париж айнала-РЫ--- Е, мадам тегінде хандар нәсілінен деген сӛз дҥрыс болар. — Вена орындықтары, Иран кілемдері... біріне-бірі жат-сырамай қандай жарасып тҧр. Мадам ту рал ы қандай мақтау айтсаң да, жеткізе айттым дей алмасаң керек. Қонақтардың орысша мақтауларын Тҧрлыбек қазақ-шалап болған соң Ҧлпан мақтаудан қысылатындай азғана кҥлімдей отырып жауап қайырды: —Мақтауларыңыздың бірде-біріне мен ортақ емеспін, қадірлі қонақтарым. Ҥйді салып берген орыс шеберлері. Мен әйтеуір жақсы ҥй салып беріңіз дегенімді білем... Мына кісі, ояз бастығы алғаш келгенінде қазақы қонақ ҥйімізге ел қонақтарымен бірге қонып шығуға орайы келмей, жабық шанасына тҥнеп шығыпты. Сондағы ҧялға-ным әлі есімнен кетпейді. Содан кейін осы ҥйді салдырдым. Алдыңғы жылы бітті. —Дегенмен де ҥйдің қалай салынар жоспарын ӛзіңіз ҥнаттыңыз ғой? —Жоқ-е, тәңірі. Жақсы болсын дегеннен басқа мен не айтты дейсіз. Киіз ҥй жасататын бол сам, араласқан болар едім. Мынадай ҥйдің атын да білмеймін... —Оныңызға илана тҥрайық... дауласпайық. Бірақ, ӛзіңізге ҧнамаған дҥниелік сіздің ҥйлерге кіре алмайтын болар. Бҧған сіз де дауласпайтын боларсыз... Мына кілемдер, айналар, орындықтар дҥние жҥзіндегі елдердің ӛңкей бір мақтаулы асылдары. Ӛз беттерімен келіп орын-ды-орнына тҧра қалмаған болар? —Әйел мақтағанды жек кӛрмейді, мен де соның бірімін,- деді Ҧлпан.Бірақ дҥние жҥзінде қандай елдер барын білу тҥгіл естіген де емеспін. Айтып отырған нәрселеріміздің бәрін де мен Тобылдікі деймін. Ӛйткені бәрін де Тобылдан алдырдым. Біздің ҥйде басқа елдікі деп аталатын бір-ақ нәрсе бар айна... оны "борансыз айнасы" дейміз. —А... француз айнасы дейді екенсіз ғой? —Солай болса, солай шығар. Ӛзгесінің бәрін тобылшана, тобыл-тӛсек, тобыл-орындық дейміз. Мына пешті де тобылпеш дейміз. Мҧны да осы ҥйді салған Тобыл шеберлері салып берген. Екінші қонақ ҥйдегі пешті Петра деген қазақ-орыс салып еді, оны Петра-пеш дейміз... Қонақтар мәз-мейрам, риясыз кҥлісіп кӛңілденіп қалды. Кішпейілділік пе екен, анайылық па екен? Әттен, оқымағаны-ай! Тӛре қонақтарын қарсы алудың сый-сыпайылығы зяқталды-ау деген кезде Ҧлпан орнынан тҧрып, кетуге рҧқсат сҥрады. 132


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Қадірлі қонақтарым, орысша тіл біліп, ауызба-ауыз ӛзім сӛйлесе алатын болсам, әлі де отыра тҧруыма болар еді. Оған менің жайым келмейді. Кісі арқылы сӛйлесуге қысылатынымды да жасыра алмаймын. Екінші қонақ ҥйде ӛздеріңіз шақыртқан бес болыс Керей — Уақтың болыс-билері келіп жатыр. Оларға да кіріп шығуым керек. Сау бола тҥрыңыздар...— Ҧлпан ҥйіне қайтып кетті. - Осынша кішіпейіл, осынша ақ кӛңіл жан даланың нағыз тағы арыстанын қалай бағындырып алды екен? Мен таң қалып тҧрмын,— деді Леознер. - Сол кішіпейілділігімен... ақылдылығымен,— деді Саврасов. - Мен бҧл әйелді алты дуанға атағы жайылған ханыша бар еді ғой, сондай ӛркӛкірек, ойына келгеннің бәрі де бойыма жараса береді деп ойлайтын ала қҧйын тҧрғы-сында кӛретін шыгармын деп қауіптеніп келіп едім. Мінезі биязы, сҧлулығына да мән бермейтін жас әйел Есенейдей ;іҥз тағысын біржола бағындырып алғанына танданудан арыла алмасам керек... - Сіз, Карл Генрихович, қатарынан ҥш қате жіберіп отырсыз,- деді Саврасов, қалжындай жауап қайырып.— Ең ӛуелі, ойына сыймасты бойыма сыймас-ау деп ойлай білмейтін деуіңіз керек еді. Сіз еске алып отырған атақты ханышаңыз сондай адам болатын. Екінші, бҧл әйел жал-ғыз Есенейді ғана бағындырып алған жоқ, бес болыс Керей - Уақтың руларына тҥгел беде л і бар адам. Оны ертеңгі мәжілісте ӛзіңіз де кӛресіз. Ҥшінші, сҧлулығына мән бермейтін дегеніңіз таза Омбы қаласының кӛзқарасы. Қазақта "кӛз тиеді" деген сенім әлі бар. Аргы тҥбі сонымең байланысты болуы мҥмкін, әйтеуір қазақ әйелі сҧлулығын кӛптің кӛзіне тоса бермейді. - Сіз әлгінде Ақнар Артықбаевна деп амандастыңыз... Менің дәптерімде ол кісінің аты Ҧлпан деп жазылған. Міне, кӛресіз бе, астын сызып та қойыппын... - Астын сызып қойғаныңыздан ҥміт етпей-ақ қойыңыз... Ҧлпан да сол кісінің аты, Есеней деген аты тағы бар. ~ Қазақ әйелінің ҥш аты бола ма? ~ Жоқ, Ҧлпан - шын аты. Ақнар - ақ аруана дегеннен азғана ӛзгертін алынған, ақ ана деген мағына береді Есеней — ерінің аты ғой. Ендігі басшыларың осы боладьі деп Есеней ӛз атын әйеліне беріпті. —Міне қызық! Мария деген әйел бір кҥні Николай болып шыға келе ме? —Бҧл жерде "Есеней" әйелдің аты емес, атағы. Символ... Бҧрын бҥл елдің кӛсемі мен едім, енді сен болдың дегенді аңғартады. — Кӛсем болып алған соң бҥл әйел не істей алды? —О, істемегені жоқ! Әуелі Александар II патшамыз-дың реформасын жасады. Есенейдің барлық жерін еліне бӛліп берді. Бӛліп бергенде біздегідей біреуге ана жақтан, біреуге мына жақтан аттамалатып берген жоқ, ауылауылға қыстауды да, егіндік-шабындық жерді де тҧтас берді. Әр ауылдың қыстаулары да, жерлері де бӛлшек-бӛлшек емес, тҧтасып жатады. Бҥл 133


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

араның қазағына егін салдырды, шӛп шаптвірды, қыстау салғыздві. Бҥл елді қазір жартылай отырықшы дей аламыз. —Әдемі ертегі екен... сондықтан сене қою да оңай болмас. —Ішкі Ресейден келген шаруаларды жерге орналастырарда ӛзі жартылай отырықшы болып алған Сибан жеріне қолымыз бата алмады. —Мҧныңыз жаңағы айтқаныңыздан да әдемірек ертегі болып шықты. —Ертегі емес, шындық екеніне мен куә! — деді ояз бастығы Демидов. —Мен куә!.. Сибан деген елдің барлық жері Есенейдікі болатын. Сол жерді осы әйел тҥгел елге бӛліп берді. Әр ауылдың қысқы ҥйлерін салысып беруге бҥл әйелдін. қанша мал жҧмсағанын ӛзі ғана біледі. Ӛзі ҥшін салып алған ҥйлері мынау!.. Қазақ даласында бірінші болып монша салдырған да осы әйел. — Моншаға кейде қой қамамай ма екен? — Барып тҥсіп кӛріңіз! Медресенің ірге тасы қаланьш қалғанын ӛзіңіз кӛрдіңіз. Тап осы ӛзіміз отырған конак ҥй Омбының қай кӛшесіне жараспас еді? Ӛзгені былай қойып неміс хуторларымен салыстырсақ та бҥл әйелге жартылай отырықшылықты қимауыңыз ерсі болар деймін... Тӛре қонақтар келгенде Ҧлпанның Қабан қаласынан ылғи шақыртып алатын ерлі-зайыпты екі адамы тамақ кӛтеріп кірді де, аяқталмаған әңгіме ҥзіліп кетті. Мәжіліс ертеңіне басталды. Ҧзын столдың тӛр жақ басында тӛрелер, орта тҧсында жастау болыстар, есік жақ шетінде - Ҧлпан. Қартаң билер арқаларын қабырғаға сҥйеп, аяқтарын астарына басып алып, қалың кӛрпелердің ҥстінде тізіліп отыр. Top жақтағылардың бір-біреуі екі адамға саналатындай екі адамның орнын алып кең отырса, томен отырған жас атқамінерлердің екеуі бір адамға саналатындай сығылысып отыр. Бҧлардың жҥздерінде "осы ҥлкендер-ақ ӛлмейді екен!" деген ренжу бар сияқты. Сӛзді Тҧрлыбек бастады. Қазақша жақсы сӛйлей білетін адам қасындағы тӛрелер алдында орысша ойланып қазақша сӛйлегендіктен сӛзі орашолақтау, созалаңдау шыгып жатыр. Онысын бірден сезінген дала шешендері қабақ қағысып, кӛз ілегістіріп қалды. Қадірлі би-болыстар! — деп бастады Тҧрлыбек.— Ҧлы мархабатты падишамыздың жоғары дәрежелі елтифаты бойынша, ішкі Ресейден Сібір жеріне келіп орналасып жатқан орыс қара шаруалары қатарында жерге орналасуға ӛз тарафынан ехтиярлы мағынада еттифах білдірген қазақ ауылдарын да отырықшыландыру мәселесін сіздердің маслихатыңызға салуды лайхат кӛріп, бізді жоғары мәртебелі дала генералгубернаторы жіберіп отыр... Ол кездегі қазақ сӛз сҥрап алу дегенді білген емес. Айтылып жатқан әңгімеге байланысты бір ой келіп қалса болды, табан аузында айтып салатын. Атақты шешен Бай-далы би соны істеді. Тҧрлыбек шырағым, орыс қалаларымен қатар орналаспай-ақ, бӛлек орналасуға рҧқсат жоқ болғаны ма? — Деді Тҧрлыбектің сӛзін киіп кетіп. 134


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Тҧрлыбек қате айтып қалғанын сезінді. Наряду дегенді айтқысы келіп еді, онысы қазақшалағанда рядом болып Шьіққан екен. Мҧндай жиындарда Байдалы биден қалып коюды ӛзіне ӛлім кӛретін Тоқай би: Әйтеуір ехтиярлы тҥрде болады ғой? — деп сҧрады. Тҧрлыбек әуелі Тоқайға жауап қайырды. Жерге орналасу шҥбәсіз ехтиярлы тҥрде екен. Содан кейін аузынан қатерек шығып кеткен сӛзді бас салып бҧрмалай Жӛнелген Байдалы биге ойланвш барып жауап қайырды. ~ Қадірлі Байеке, мен қатерек айтыппын, сіз қатерек ҧғыныпсыз... Жерге орыс пен қазақты қатар, іргелес орналастырады екен деп қалған сияқтысыз. Олай емес, ішкі Ресейден келіп жатқан орыс шаруаларын жерге орналас-тырып жатқан кезде қазақ халқын ескерусіз қалдырмай елтифат кӛрсетіліп отыр. Ехтиярлы тҥрде жерге орнала-самыз деген еттифах болса жан басына он бес десятинадан егіндік жер кесіліп беріледі. Ол бізге не болады? - деді Байдалы би. Жан басына он бес десятина деген аз жер емес. Мысалы, осы елде егінді ең коп салдыратын Ҧлпан жеңгеміз сол шамада егін салдырады екен. Оның ҥстіне шабындық жерлеріңіз, жайлауларыңыз ӛздеріңізде қалады ғой. Байдалы би әлгі "қатерек ҧғыныпсыз" дегенді естіген соң-ақ ширығып кеткен. Иттің ғана баласы, маған теріс ҧғыныпсың дей алғандай кім едің сен! Тоқайға неге туй-рей қайтармадың жауабыңды? "Ехтиярлы тҥрде дегенді естімедің бе?" десең ғой болып жатыр. Бҥйтіп масайрап отырмайды сонда. Енді Байдалыны баланың жаялығындай он бес десятина жерге кӛндіріп алшы, кӛрейін!.. Шынына қалғанда Байдалы он бес десятина дегеннің қанша жер екенін дӛл шамалай алмайтын адам еді. Тек ӛлшеп берілетіндікке қарсы. Ол ӛлшеуі жоқ жерге, ӛлшем-шегі жоқ, ата қуалаган билікке ҥйренген адам. Байдалының бет алысын әбден аңдап болған соң, Тоқай оны одан әрі қыңырайта тҥскісі келіп: —Апыр-ау, былтыр Стапқа кетіп бара жатып сіздің егіннің қасынан ӛткенімде телегей-теңіз бе деп қалып едім... Он бес десятина дегеніңіз кӛлкӛсір жер екен-ау! деп Ҧлпанға қарады. —Былтыр он бес емес, бір-екі десятина кемірек салғамыз,— деді Ҧлпан.— Келімді-кетімді қонақты есептеме-сек, ӛзімізге одан аз салсақ та мол жететін. Осымен, Тҧрлыбек сӛзін аяқтап болғанша басты билердің екіге бӛлінетіні байқалып қалды. Олардан жырыла шығатын болыстар да, жандайшап атқамінерлер де бола алмайды. Олардың бәрі де осы екі бидің ыңғайына қарай екіге бӛлінеді. Ой таластыратын айтыс-тартыс та болмайды. Жесір дауы болса, би-болыс сайлауы болса оның жӛні бір басқа, жер ҥшін кеңірдектен алысып жату-дың не лайығы бар!.. Ыңғай кӛрсетілді, ар жағын болыстар жьгмдастыра салар. 135


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Билердің бет алысы тҥгел танылып болса да Тҥрлыбек сӛзін тоқтатқан жоқ. Егін салып, шӛп шауып, жартылай отырықшы бола бастаған елдерге сҥйемел ретінде ӛсімсіз берілетін қаржы, сыйлық ретінде берілетін қҧралсаймандар бар екен, осы жайларды қызықтыра сӛйлеп кетгі: Бес десятина егін салатын ҥйлер ҥш жыл ішінде кайырып беру шартымен елу сомға дейін ӛсімсіз қарыз ретінде қаржы алуға болады. Оның ӛзі екі аттың қҧны ғой. Соқа бес сом, тырма ҥш сом, темір айыр қырық тиын,елу екі сом, тай тӛрт сом... сонда елу сом дегеніңіз дҥниенің малы емес пе? Билер бҧған да қҧлай кеткен жоқ. Он жылға жақын егін салып, шоп шауып жартылай отырықшы болып алған Сибан еліне ҥш шоп машинасы, уш тырнауышы мен бес соқа, он тырма сыйлық ала келіп отырған жайларымыз да бар,— деді Тҧрлыбек. Би-болыстар тҥгел Ҧлпанға қарады. Осы қатын қай қылығымен тӛрелердің аузын алып болды екен? Ат жетектетіп, шапан жауып жібергенін ешкім білген емес. Әйтеуір Сибанга қҥдайдың беріп тҧрған кезі. Болыс-билердің не ойлап қаларын ешкім айтпай-ақ білетін Ҧлпан: - Тәңірі жарылғасын, тӛре қайным. Бҧл елде ҥш жыл ішінде қайырып беруге қазынадан қарыз ақша алатын ҥйлер де аз емес. Егін сала бастағалы он жылға жақындаса да әзір ҥй басына бір соқадан келмейді. Шоп машинасы екі ауылға бір-бірден ғана келетін еді, енді ҥш машина, бес соқа қосылатын болса, алдағы жылы қырық десятина астық қосылады. Ол қырық ҥйдің азығы емес пе! — деді. - Еңді, Сибан, сабантой жасайтын болдындар! - деді Байдалы. ~ Неге жасамайық, жасаймыз,- деді Ҧлпан.- Алғаш егін салған жылы бес соқамен тоғыз десятина егін салғаңда да той жасағамыз. Бес десятинасы біздің ҥйдікі, ӛзгесі жҧрттыкі еді. Содан бері бҥл ел аштыққа ҧшыраған емес... Саврасов Тҥрлыбектен Ҧлпанның не айтқанын сҧрап алды да, орнынан тҧрып келіп Ҧлпанға сыртында алтындатқан жазуы бар, мӛр басылған пакет тапсырды: Мынау сол сыйлыктардың қағазы... генерал-губернатордың қолы қойылған мақтау қағаз... Ҧлпан да пакетті тҧра келіп алды. Кӛп-кӛп рақмет, тӛрелер... Генерал-губернаторымызға да кӛп-кӛп рақмет айтыңыз... Жартылай отырықшы, бҥтіндей отырықшы дегенге тҥсіне де бермейміз әйтеуір бҧл ел егін салу мен шӛп шабудан қолын айырмайды. Ҧлпан мақтау қағазды ҧзыгі столды айнала отырғаң болыстарға берді. Болыстардан кейін қағаз билерді аралап шықты. Оқи алған бір адам жоқ. Алтынмен жазылған. Мӛр басылған. Екі басты самҧрық қҧсы бар жібектең жасалған қағаз болу керек... Ҧлпаннан басқа болыс, билер тҥгел кҥйзелісіп қалды, кҥндесіп қалды. Қҧдай-ау, не деген қорлық! Бес болыстың би-болыстары козіміз жаудырап тірі отырғанда губенатордың сый-лығы мен мақтау қағазын ҥйде 136


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

отырған бір қатын алды-ау! Қатын!.. Сыйлығы адыра қалсын, алтынмен жазылған, мор басылған, екі басты самҥрық қҧсы бар мақтау қағазды айтсайшы! Қҧдай осы қатынды біздің қолға бір бере ме, жоқ па? Ай, ол кҥн алые емес шығар... Есеней анау, оның кҥні санаулы... Жоқ, сен қатын біздің қолға бір тҥспей кете алмайсың!.. Ӛзара қанша іркіс-тартыс отырса да Ҧлпан жайлы бес болыс Керей Уақтың ел басқарады деген адамдары осы-лай бірге кҥйінді, бір тҥйін жасады. Болыс-билер сыйлыққа қызығып болды-ау деген қорытындыға келіп Саврасов жиналыстың аяқ жағын ӛзі басқарып кетті: - Қадірлі болыс-билер,- деді Саврасов,- менің бақылауымша сіздерде мақтаныш етерлік бірауыздылық бары байқалады. Оған таңданғым келмейді. Сіздің елдер баяғы жоңғар жорығынан кейінгі жҥз елу жылдың бойында орыс халқымен іргелес отырып келесіздер. Сонша уақыт босқа отпеген екен. Тап осы ауыл алғаш егін салған жылы қазақ соқасының соңында он орыс жҥріпті. Алғаш машинамен шоп шапқан жылы - алты орыс. Ақнар Артықбаевна осы ҥйлерді орыстар салып берді деп ӛзі айтып отыр. Кеше бізді алып келген Қабан жәмшігі осы ауылда тамырым бар, соның ҥйіне қонамын деп кетті. Бҥгін міне, сіздер де Тҧрлыбек мырзаның сӛзін ҥлкен ықыласпен тыңдап, тҥсінбей қалган сӛздеріңіз болса қолма-қол сҧрап алып отырдыңыздар. Осыған қарап, сіздердін ортаңызға салуға әкелген екі мәселеміздің екеуін де Қызылжар оязына қараған қазақ болыстары қолдайтын болды деп сенім білдіремін. Ҧзамай осы екі мәселе облыстық кӛлемде шақырылатын би-болыстардың тӛтенше съезінде қаралмақ. Сол мәжілісте сіздің болыстардан бҥгінгідей бірауыздылық кҥтеміз... Саврасовтың сӛзін қазақ тіліне Тҧрлыбек сыр білдірместен сӛзбе-сӛз тҥгел аударып шықты. Кім біледі, бірауыздылық жоғын біле тҧра бар деу керек шығар... дала желінің ертең қай жақтан соғарына кім кепіл?.. Тотенше съез дегені табылған ақыл екен. Бес ояздың болыс-билері бас қосса шешілмеген не қалады дейсің! Әне, сойлейтін жер сол!.. Сойтіп, ел тіршілігінің ҥтыс-ҥтылыстарында жҥмыс-тары жоқ, бес болыс Керей - Уақтың болыс-билері жерге орналасу мәселесін созбаққа салатын бір саңылау та-былғанына мәз болып тарасты. Мҥндай керенаулыққа келгенде бҥлар теңдесі жоқ бірауызды екен! Жан басына он бес десятина егіндік жерді бҥгін аз-сынсақ, ертең бесеуге зар болып қалмайық,- деді де Ҧлпан да орнынан тҧрды. Онсыз да ширығып отырған Байдалының жҥрегіне бҥл сӛздер садақ оғындай шаншыла келіп қадалды. Ҧлпан Есенейге мӛжілістің қалай откенін айтқалы келіп еді. Бес жылдан бері тӛсек тҧтқыны Есеней шыдам-сызданып жатыр екен, бірден "қалай аяқталды?" деп сҧрады. Қолдау да болған жоқ, қарсылық та болған жоқ,-деді Ҧлпан. Жас болыстар сойледі ме? 137


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

-

Жоқ. Бір тобы Байдалыға, бір тобы Тоқайға телмірді де отыра

берді. Ӛзің не айттың? - Мен не айтушы едім, тәңірі... Біздің ел соқа мен шоп машинасынан қолын айырмаса керек дедім. - Аз соз айтпапсың, Ақнарым. Енді ертең не айтарынды ойлана бер. Әйел мәселесі кӛрінеді ғой. Сенің не айтарыңа қҧлақ асатын болар. - Бҥгін мен еркектерге ыза болып қайттым. Тӛрелер-ге біреуі бір ауыз жоні тҥзу соз айта алған жоқ. Ӛзді-озі тҧспалдасқан болып, біріне-бірі ыңғай кӛрсетті де мелшиіп отырып қалды. Тӛрелер қазақ деген елдің басшылары мынадай болса, озі тағы жҧрт болар деп кететін шығар! Еркектерге ыза болып қайтсаң ертең ызаланьщ сӛйле! Қазақтың әйелі мынадай, еркегі бҧдан да ақылды шығар деп кал сын. Қатын сӛзіне кім қҧлақ асады дейсің... Жоқ, жоқ. Сен Есенейсің. Осы ел осы кҥні Есеней дегенде мені айтпайды, сені айтады. Қазақта он бес-жиырма болыс елдерді басқарған әйелдер болған. Талай әйелдің аттары талай елдердің ҧраны болып кетті. Сен де солардың бірісің! Тартынбай сӛйле! Бҧл кезде Есеней кӛп сӛйлеуді тоқтата бастаған. Бар денесі қалшылдап жататын болған соң даусы да қалтылдап шығады. Кӛлденең жҧрт тҥгіл Ҧлпанды да шымыл-дық ішіне кіргізбейді. Ақыл-есі дҧрыс. Болыс-билердің жиналысына қатынаса алмайтындығына назаланып жатса керек, бҥгін ҧзағырақ сӛйлеп кетті: Сен сӛйлейтін бол, Ақнар. Ӛңкей боқташақ би-болыстарды ығыстыра сӛйле. Бір-екі ауыз ойым бар еді, тыңцап алшы,- деді. Ҧлпан тыңдай берді... Шымылдық сыртында отырып тыңдады. Болыс-билердің екінші мәжілісі кешегі залда басталды. Тӛрелер де, болыс-билер де кешегі орындарында. Ҧлпан да ҧзын столдың есік жақ шетіне, кешегі орнына келіп отырды. Тағы да кешегідей мәжілісті Тҧрлыбек ашты. Мӛселе қазақ әйелінің жай-кҥйіне кӛңіл аударуға арналған екен. Қазак әйелінің тіршілігінде тҥсіне де қоймайтын, сене де қоймайтын бірнеше жайлар бар. Кӛшпелі елдің барлық еңбек тырбанысында әйел-еркегі бірге жҥреді. Қазақ әйелі еркектен жҥзін жасырып паранжі киген емес. Келіншек болып тҥскенде әуелі шымылдық ішінде отыратыны рас. Бірақ "Беташар" деп ӛлеңмен айтылатын ырымнан кейін келіншек беті ашылады, бҧдан кейін жасырынбайды. Ру-ру болып отыратын қазақ елінде қыз балаға ешкімнің тілі тиген емес, бірен-саран ондай сотқарлык істеген еркектер алапес болған адамдай ауыл-ҥйге араласа алмай "ит-кірмеде" жҥреді. Ел ішінен қуылмағанымен, ол бәрібір, қуғындағы адамға тең. Сол қыз ер жетіп келіншек болып тҥскеннен кейін қалың малға келген қатын.

138


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Сол қатын қартая келе — ана. Бҧл кезінде ол еркектен анағҧрлым қҧрметті. Біреуді "анаңды!" деп боқтаған адам ол да қоғам ішіндегі қуғынға тең. "Енеңді!" деп біреу әйелінің шешесін боқтаса, оны қазақ елең қылмайды. Осындай ҥш тҥрлі жайда болатын қазақ әйелі "қатын" пәуірінде толып жатқан жәбір-жапа теңсіздікке ҧшырайды. Бҥл оның еркекпен қатар, дҧрысына келгенде еркектен де кӛбірек еңбекте жҥретін кезі. Бала табатын кезі. Адам ретінде сана-сезімі толығар кезі. Осы кезінде қазақ әйелінің ері қазаға ҧшыраса, әйел еш нәрсеге ие емес. Алдымен ӛз басына не емес: "аға ӛлсе -іні мҧрасы, іні ӛлсе - аға мҧрасы". Рулық дәстҥрімен отыратын елде аға да кӛп, іні де кӛп. Бірі болмаса, бірі бар. "Қатын ерден кетсе де елден кетпейді". Тҧрлыбек осы жайларды айта келіп: - Осынымыз дҧрыс па? Әділетке жата ма? - деген сҧрау қойды.— Біресе қҧрметтейміз, біресе қорлаймыз да зорлаймыз. Ері ӛліп, жесір қалып, қайғы жҥтып отырған әйелге ағайындық жәрдем ете отырудың орнына, оның мал-мҥлкімен бірге ӛзін де иемденіп алар кҥнді кҥтеміз. Осындай жайларымызды тиянақты тҥрде заң байламына айналдыру ҥшін алдымен сіздердің қалай қарайтындарыңызды анықтап алу керек болды. Облыстық тӛтенше съезге салынатын бір мәселе осы: қалың мал, әмеңгерлік, жесір әйелдің ерінен қалған мал-мҥлікке еншілестік жайлары... Е, заңға айналдырмақ екен ғой! Енді ӛз қатынымызды ӛзіміз билей алмайтын боламыз да! Жарықтық ақ пат-са-ай, шайқай бердің-ау шалабымызды. Қазак халқының ҧйытқысы ӛзінің әдет-ғҧрпы, салты емес пе? Сонысын шетінен жырымдап шонтайта берсең, бір кҥні тҥгел жҧтып жібермесіңе кім кепіл? Сенің ӛз законың қайбір оңып тҧр? Орыстың ҥйленетін жігіті қалындықтың ҥстіне қосар алады екен!.. Жәй жасауына кӛңілі толмай, қанша мал-мҥлік, қанша қаржы-қаражат ала келеді, соның бәрін Қағаздатып алады екен. Біз ондай ҧятқа бара алмаймыз. Орыс байларының қызына қоса барлық адамдары мен бҥкіл бір ауылдарды беретіні әлі қалып болған жоқ. Сондай салтыңнан кҥйеуге шыға алмай қалған қыздарыңа манастыр деген шіркеу салып беріп, сонда қамап ҧстай-сың. Сондай манастырдың біреуін Қабан мен Жетікӛлдің арасына әкеліп біздің жерге де орнаттың. Сондағы екі жҥз он тоғыз қыздың бәрі жесір қатын емес пе? Әйелді жарылқағаның осы ма? Қазақ билері мҧндай ойларын патша тӛрелеріне ақтарыла айтпайды. Ондай тҥпте жататын қарсылық ойлар ел ішінде кҥнде туып жатады. Тӛрелер анайы елде айтқаң-дарынан басқа бҥгіп қалатын ойлары бар деп ойламайды да. Бірінші рет ауызға алынып отырған қазақ ӛйелінің жәй-кҥйі де осыңдай, тҥпкі ойларын бҥгіп қалған тҥрде сӛз болды. Бірінші болып тағы да Байдалы би сӛйледі. —Қалың мал деген қызды сату емес, екі жақтың қуаныш-тойларына әрең жететін шығын. Кҥйеу жағы қанша мал берсе, қалындық жағы соның есесін толтыра жасау береді. Қалың мал дегенің небары осы ғана... 139


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Әйелді сатып алмасаңдар, ері оле қалса, оны неге ерінің тугантуысқандарына еріксіз қосасыңдар? Әмең-герлік деген осы емес пе? —Е, оның жоні басқа. Жесір қалған әйелді ӛз еркіне салып қоя берсең оның ішінде осы елдің бір еркек бала-сы кете баруы мҥмкін емес пе? Оның ҥстіне жӛнсеу әйел жесір қалса, ол тіпті байға да тие алмайды, бала табудан да тоқталып қалады. Кҥнін кӛре алмауы да мҥмкін. Сон-дай әйелді не қайнағасына, не қайнысына қоса салсаң, кӛзі ҥйреніскен еркекпен жатсырамай тҧра береді,— деп Тоқай би бір соз қыстырып қалды.— Жесір қалған әйелді кӛлденең біреу ала қалса, ол екеуінің арасында жарастық ҥйлесім де бола бермейді. Қалың мал жайы, жесір жайы осы ойларды тӛңіректеп сӛз жарысына біраз тҥсті де, қайта айналып келіп қазығын тапты — билердің шеңберінен шыға алмай тоқтады. Жесір әйелдің ерінен қалған мал-мҥлікке еншілестік жайы тіпті сӛз етуді котермейді екен... Қазақ рулары еркек нәсілін қуалай қҧрылады. Бір ҥйдің еркек кіндіктісі ӛліп таусылса — ол ҥй сонымен озі де жоғалады. Ол ҥйде он қыз қалса да есепке алынбайды. Сондай апатқа ҧшырай қалса ауыл да солай, рудың ӛзі де солай жоғалады, бітеді. Әйел ҥй иесіне саналмайды. Бесікте жатқан ҧлы болса, әне, мал-мҥліктің иесі сол. Еркек баласыз калган жесір әйелге енші берсе ол ағайынның қайырымдылығы. Дҧрысына қалғанда ондай әйелге әмеңгерлік қана пана бола алады... Еркектер жагы тҥгел осы ыңғайда болган соң, жиналыстың шын бастығы Леознер Ҧлпанға қарады. — Сіз не айтар едіңіз, Акнар Артыкбаевна? Есенеймен азды-кӛптеу кеңесіп келген Ҧлпан іркілген жоқ— Мен мҧндай жиында сӛйлеп корген емеспін... Не айтсам да, қалай айтсам да ҧзын-ырғасы Есенейдің сӛзі. Қазак біреудің жҥйрік атына қызықса да қҧда бола салады. Болыс-би сайлауларының тҧсында ондаған бай ҥй-лер қҧда болысып қалады. Әлі тумаған балаларды атас-тырып аманат-қҧда болатындары да бар. Би-болыстардың қайта сайланар кезі жақындап қалған ба, немене, ӛткен тҥні біздің ауылда отырып екі би, ҥш болыс қҧдаласып калыпты. Әйел тағдыры дегендеріңіз осыдан басталмай ма? Есенейдің бірінші тапсырғаны - балалар ер жетіп, бірін-бірі кӛріп, ҧнатса ғана қҧдалық басталатын болсын. Қазақ қызы бетін жасырмайды. Кӛшпелі елдер жылда араласып отырады... кӛрісіп, білісу қиын емес. Қазақта "қыз кӛру" деген жонжосық бар еді ғой. Соны әдетғҧрпымызға айналдырайық. Екінші, әмеңгерліктің қай тҥрі болса да жойылғаны дҥҧрыс болар еді. Сіздер әмеңгерлікке ҧшыраған әйелдің бақытты болған біреуін атай аласыздар ма? Жоқ, атай алмайсыз! Мен ондайдың отпен кіріп, кулмен шыгатын кҥң болған жҥзін атай аламын. Есенейдің ӛз елінде де толып жатыр. Ерінен қалған мал-мҥлікке әйелі еншілес емес дегендеріңіз ҥлкен жәбір. Оның ар жағында қазақтың рулары еркек нәсілін қуалай қҧрылады деген ой жатыр. Солай емес пе? 140


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Олай болса, жалпы Керейдің он екі болыс болып отырған ҥлкен бір тармағы Абақ — Керей деп аталады. Абақ — әйел аты. Ондаған руларды бастаған әйелдің аты. Жиырма болысқа жақындаған Қаракесек руларының ҧраны — Қарқабат екен. Біржан сал Сарамен айтысқанда сол Қарқабатқа сыйынады ғой. Боріңіздің қҧлағыңызда бар сӛз — "Сал Біржан салды айқайга Қарқабаттап" демей ме? Сол Қаркабат — әйел! Айбике, Нҧрбике, Сҥйімбике, Қызбике, Бике, Кҥңгӛне деп әйел атымен аталатын ондаған елдер бар. Бәрі де ең кемі бір руды бастаған әйел аты. Осы бес болыс Керейдің талай руы осы әйелдердің аттарымен аталмай ма? Қуандық, Сҥйіндік, Қаржас деген ҥш баласына енші бӛліп беретін шешесі емес пе? Қадірлі болыс-билер, кӛре тҧра обал озбырлыққа бармаңыздар. Жесір қалған әйел ҥй иесі болып қала берсін. Әйел ҥй иесі болып саналмайды деп қорқытьщ әмеңгеріне қоса салу пышақ кесті тоқталатын болсын Біздің ҥйдің ойы осы. Біздің ҥй облыстық тӛтенше съезге шақырыла қалса осы ойымен барады. Қап, мына қатынның қылғаны-ай!.. Тӛрелер ғой қазақ әйелінің ой-тілегі деп осының сӛзін ҧстап кетеді. Қҧдай бар болса, сені де бір берер қолымызға! Есенейге ӛлім тілемейміз ғой... дегенмен де... қолға тҥсер кҥнің алые емес шығар... Мәжіліс тағы екі кҥнге созылып барып әрең аяқталды. Билер Есенейдің кӛңілін сҧраған болып, Ҧлпан ойларын жҧқартқылары келіп еді, Есеней мойны бҧрылмады. — Мен Ҧлпанға шылбыр-тізгінімді біржола беріп қойған адаммын. Мен тҥгіл бҥкіл Сибанның сӛзін ҧстайтын сол кісі. Осыған кӛздерің ҥйрене берсін,- деді де басқа сӛз айтпады. Мәжіліс аяқтап келгенде Тҧрлыбек пен Леознердің сҥйемелдеуі арқылы Ҧлпанның екі ҧсынысы амалсыз қабылданды. 1.Жесір қалған әйел кімге тиемін десе де ӛз еркінде болсын. 2.Жесір әйел ерінен қалған мал-мҥліктің ҥштен екісіне ӛзі ие, ҥштен бірі ерінің ағайын-туғандарына берілсін. Бҧдан кӛп жыл кейін ӛткен болыс-билердің облыстық тӛтенше съезінде де бҧл екі ҧсыныс ӛзгертілмей алынды. 11 Кәукер — Бикен. Мҧстапа — Кенжетай. Кенжетай — Бикен. Мҥстапа — Кәукер. — Тойларың тойға ҧлассын! — Ҧлпан1.

141


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан 1

Дҥниедегі ең қысқа әңгіме Индия топырағында туыпты. Небары мынау ғана: "Екі жолбарыс, бір адам. Бір жолбарыс, бір адам. Бір жол-барыс". — Тҥсінікті емес пе? Осыған еліктеп бір тарау еңгімені мен де кыска жаздым. Тҥсініксіз болып шықса, ол менің олақтығым.

12 Есенейдің шешесі атақты Сырым батырдың қарында-сынан туған Ақжелең деген кісі еді. Сырым батырдың кайтыс болғанына жыл толып, ас бергенде бес жасар бала Есеней шешесіне ере келіпті. Жер-суы жаңа, жат елге бірер кҥн кӛзі ҥйренген соң жас бала Сырым батырдың ҥлкен ордасынан шықпай қойды. Екі кӛзін батырдан қалған қаружарақтан айыра алар емес. Қандай қоңыраулы, шашақты найзалар! Қандай қырық сегіз таспадан ӛрген сегіз қырлы, ырғай сапты қамшы! Қандай қылыштар, сапылар, кездіктер, қанжарлар! Батырлардың еріне екі адам сыйысып отыратындай екен. Қандай ат кӛтеріп жҥрді екен! —Ana, апа, мына қара! — деді бала бір кезде,— ҥзеңгі бауы менің қҧлашыммен бір қҧлаш! —Ие, қҧлыным, нағашы атаң аса денелі кісі болатын,- деді шешесі. Жас баланы әсіресе қызықтырған батырдың кісе белбеуі еді: оқшантайы бар, сапы қабы бар, шақша сауыты бар, осы кҥнгі жҧрт аттарын ҥмытып қалған толып жатқан алпыншақ-салпыншағы бар екен. Қабат-қабат қайыстан жасаған жалпақ кісеге алақандай-алақандай он екі сом кҥміс жапқан. Бәрі де алтын кҥмбезді. Сырымның асы тараған соң алыстан келген жиеншар балаға нағашы жҧрты батырдан қалған қадірлі де қасиетті мҧраның бірі — кісені берді: — Ҧлы нағашыңцай батыр бол, би бол! — десіп бата берді. Есеней кісені беліне екі орап еді, әлі де жарым-жарты орауға жететіндей екен. Ауыр-ақ, зілдей! —Мынаның ӛзін кӛтеріп жҥруге бір ат керек болар! — Деді Есеней бата берген ҥлкен адамдарға қарап. —О, тусаң — ту! Болсаң — боларсың! Алыссаң — жығарсың! Қусаң — жетерсің! Нағашыңның теңбіл кӛктеріне Де кӛзің тҥсе қалған екен, бір ҥйірін айдай кет! — деді бір бурыл сақал адам, Сырымның ҥлкен баласы. — Берсең аламын! — деді бала. — Балам-ay, аттанарда атаң не деп еді! Кӛрінгенге Кызыла берме! Берген мырза емес, алған мырза дегені есіңде Me? - деді шешесі Ақжелең. Есімде! - деді бала.- Ҧлы нағашымдай батыр бола алсам мырзалық ӛзі де ере келер. Бола алмасам мырза. лықтың керегі не? - деді шешесіне. Белгілі нақылдың "Берген санап береді, алған еселеп қайтарады" дейтін жалғасы да бар еді, Ақжелең оны айтпай тоқтады. 142


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Сол жолы бала Есенейге нағашылары екі теңбіл кӛк қҧнан, ҥш теңбіл кӛк қҧнажын байтал берді. Содан ӛскен теңбіл кӛктің тҧқымы бес-алты айғырдың ҥйірі болып Есеней жылқысынан арылған емес. Бҧл әлдеқайдан мҥмкін, Хорезм - Хиуа арқылы келіп байырғыласқан арабтың Хабдан деп аталатын ең асыл, ең қадірлі жылқысының тҧқымы еді. Жҥйрік те жҥректі, қыз мінезді ерке, қорқа білмейтін ӛжет, сенімді дос бола алатын ат шығатын тҧқым. Сырымның кісесі Есеней ҥйінің бір қара сандығында жетпіс жылдай жатты. Есеней - ауыр сҥйекті, балуан денелі адам. Бар ӛмірі ат ҥстінде таза ауада ӛтіп келе жатқандықтан, ҥсті-басы қол батпайтын білеудей-білеудей бҧлшық ет, қарны шыққан емес. Белбеуіне шақ келе алмай-ақ қойдым, мен қайдан Сырымдай болайын! — дейтін еді. Қазір Есеней тӛсек тартып жатқалы бес жыл. Екі қол, екі аяғы селкілдейді де жатады. Екі ер баласы ерте ӛлген. Ҧлпаннан қыз туды. Сырым тҥгіл Есеней боларлық ер баладан біржола ҥміт ҥзген кезі. Жалғыз жҥбанышы, тізесінен бастырып қойған ауыр буманың ҥстіне жалғыз нәсілі Біжікен шығып отырып біраз ойнап кетеді. Аяғы қҧрғыр селкілдеп ойнап отырған баланы әлсін-әлсін сыр-ғытып қҧлатып жібереді. Біжікен қҥлап тҥседі де, қарқылдап кҥледі. Бір сәтке Біжікен әкесімен ойнап отырғандай сезінеді. Әкем ойнап сыргытып жіберді деп ойлап қалады. Әке, қҧлатпашы енді! — дегенде Есенейдің кӛзінен жас ыршып кетеді. Жас бала әкесімен қайта ойнайды, қайта қҧлайды, қайта, қайта кҥледі, кҥледі сорлы бала... Ӛзі қанша ҥмітсіз болса да Есеней Ҧлпанның кӛңіліне ҥмітсіздік ҧяламаса екен дейтін еді. Бір ӛзі тҥгіл осы елді тҥгел аузына қаратып алған ақылды Ҧлпанның жҥрегіне бара-бара шҥбәға айналар сызат тҥсіргісі келмейді. Бҥгін сол бір ішкі қаупін жеңгендей болып Ҧлпанды касына щакыртып алды Ақылды Ҧлпан не естісе де ҥмітсіздікке ҧшырай қоймас деп байлам жасады. - Ақнарым-ау, қалай ойлайсың, сандық тҥбінде жата берген Сырым батырдың кісесін немере-шӛберелеріне қайтарып берсек, бҥкіл Байбақты бір қуанып қалмас па екен? - деді Есеней. - Байбақтың не, бҥкіл Кіші жҥз болып шалқар той Жасайды! - деді Ҧлпан Есенейдің ойына тҥсіне қалып, ой-ланбай тез жауап қайтарды. Ҥй ішілік ҥлкенді-кішілі қуаныштар да, қайғы-касіреттері де естияр ерлі-зайып адамдардың ойларында да, жҥректерінде де жігін ашпай бірге тоғысып жҥреді. Бҧл бҧзыла білмес ҥй ішінің ең сенімді белгісі. Адамның куаныш, қайғы дейтіні ішер ас, киер киім, мінер ат, бала-шағасынан бастап, ел-жҧрт, отан, уақыт, ӛмір, заман сияқты қҧшағына сыймастар да сыйысып тҧратын кең шиыр. Тіршіліктің шеңбері де осында, ҥйлесер-ҥйлеспестің шексіздігі де осында. Бес жылдан бері сарылып жатқан Есенейдің кӛңіл кҥйі тым қҧлап кетпеуін Ҧлпан кӛз айырмай бақылап жҥреді. Ер баладан ҥміті болса Есеней 143


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Сырымның кісесін еліне қайтарайык демес еді-ау! Енді екеуінен ер бала болмай-тыны Ҧлпаннын ӛзіне де қасіреттің қасіреті. Бірақ, ол қасірет кҥйіттеген адам емес. Балалар шулап сабақ оқиды, у-шу болып кӛлге шомылады, біреу қыз ҧзатады, біреу келін тҥсіреді, ел жайлауға кӛшеді, жайлаудан қайтады, егін егеді, шӛп шабады. Ҧлпан қайғы-қасіретін осындайлармен жуып-шайып жҥреді. Ҧлпан арқылы Есеней де осыған ҥйреніп келеді. Елде болып жататын ойын-той, шылдақана, алтыбақанда естіген әндерін қорек қылып жатады. Сырымның кісесі қайтып келгеніне елі қуансын деді, қуанған елді кӛріп Ҧлпан Қуансын, жабырқау кӛңіл жадырасын деді. Сонымен бірге ӛз мҧңын да ел қуанышынын ыстық лебіне бір тосьш алғысы келді. Ҧлпан орала кеткен куанышты суытқысы келмей: - Қҧдай-ау, жол қайсымызға тҥсіп тҧр екен? - деді Калжыңдай сӛйлеп. - Не сен, не мен апармай басқа біреуден беріп жіберсек, онымызға бҥкіл Кіші жҥз ӛкпелер еді, Ақнарым. Әзірлен, осы жайлаудан аттанарсың,деді Есеней. Бір жетінің ішінде әрең әзірленіп болып Ҧлпан Есенейге келді. Қандай сыйлық апаратынын, кімдермен баратынын айта бастады: — Ҥш ҥлкен ҥйлерге, тӛрт-бес отау ҥйлерге, тӛрт-бес ақсақал адамдарға, қартаң әйелдерге деп алған сыйлығым бар... Ҥш балуанға, бес атқа бәйге алып барамын... — Неше кісі жолдасың болады? —Он бір, он екі адам болады-ау деймін. Жері-суы жат ҧзақ жол кӛрінеді ғой,- деді Ҧлпан. —Торғайдан әрі асқанша ӛз атағың ӛзіңе қорған бола алса, Торғайдан асқан соң Сырым батырдың жиеншар келінімін десең сол жетіп жатыр. Кімдер баратын болды? —Жасы ҥлкендерден Мҥсіреп ағам, Тоғанас, Шондығҥл... Ӛзгелері қарулы жас жігіттер. Әйелден жалгыз Шынарды ғана алдым. —Қос жасатып алдың гой? —Ҥш "абылайша" жасатып алдым. —Ереулі кӛліктерің қандай? —Он шақты ат, ҥш атан. —Енді кӛп кешікпей жҥріп кет. Жолың болсын! Есеней дҥрыс айтқан екен. Кӛршілес отырған Торғай уезінде Есенейдің аты да, Ҧлпанның ӛзінің аты да әйгілі болып шықты. Бҧл уезді жайлайтын елдер жолаушыларды кім екен деп тосырқаған жоқ, қошеметпен қарсы алып, қҧрметпен аттандырып отырды. Бҧл елдердің риясыз кӛрсеткен қошеметқҧрметтері - "Жақыныңды жаттай сыйла, жат кӛңілінен тҥңілсін!" — дейтін шеңберге ғана сыйғандай еді. Торғай шегінен ӛтіп Ырғыз бойына жеткен соң оның арғы жагы бірінебірі жалғасқан ойын-сауыққа толы аса кӛңілді кҥндер болып кетті. 144


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Сырым батырдың қҧлаш жарым кҥміс кісесін немерешӛберелеріне тапсыруға алып келе жатқан жиеншар келіні Ҧлпан...— деген сӛз бір қҧлаққа шалынды болды, одан әрі қарай ӛзінен-ӛзі ӛсіп жҥре берді. Сырымның қасиетті кісесі ӛз әулетіне оралып келе жатқанына бҥкіл Кіші жҥз тҥгел қуанып, Ҧлпанның алдын ала Байбақты еліне қарай шапқыншылар жіберіле бастады. Кӛшпелі елдің бытыраңқы отырмайтын кезі жоқ, сондықтан Сырым әулетінің дәл осы кезде, дәл қай жерде отыратынын білмегендіктен тҧс-тҧсқа тҧспалдап асіберілген шапқын да кҥн санап кӛбейе берді. Шапқыншы кӛбейген сайын атақты "ҧзын қҧлағымыз" да ҧзара берді. Әуелгі хабарларда Ҧлпан Сырымның даеншар келіні еді, ертеңіне жиен келіні, келер кҥні нағашы келіні болып кетті. Енді бір жеті жолда отер болса Ҧлпан Сырымның әжесіне айналар ма еді, әлде қайтер еді, қҧдай сақтап Сырым әулетінің қонақтарды қарсы алуга жіберген шапқыншылары кездесті де, кімнің кім екені ӛз орнын тапты. Сырым әулеті бір ауыл емес, алыс-жақын жамаға-йындарымен араласып бірнеше ауыл болып кошіп келеді екен. Ҧлпан келе жатқан хабар жеткеннен кейін жасы ҥлкендері жиналысып қонақтарды кіші Шалқар деген кӛлде кҥтетін болыпты. Сол кӛлдің барқынына бие байлатып, ҥй тігіліп, той әзірлігі де басталып кетіпті. Екі кҥндік жерден кездескен шапқыншылар Ҧлпанға осыны айтты. Әр белден аса бере қона-тҥстене жҥріп жолаушылар екі кҥндік жерге тӛрт кҥнде әрең жетті. Сыйлықтан, қонақ асыдан қалжырап келіп жетті. Кӛлемі қҧнан бәйгелік қана, тҥбіне тҥйме тҥсіп кетсе кӛрініп жататын қҧм-қайраң кӛл кӛк қҧрақпен кӛмкеріп қойғандай сҧлу-ақ екен. Қоғажай мен ши, балдыр басып кетпеген, жағасын мал тҧяғы езгілемеген айнадай мӛлдір кӛл қҧс баласының сауық-сайран тҥрағы еді. Басқа ауылдардан оңашарақ тігілген он шақты ақ ҥйдің айналасы қалың жҥрт, елдің қадірменді еркек-әйелі, батыр-балуаны, әнші-кҥйшілері осында жиналған сияқты. Кәрі-жасы, бәрі де ақ коңіл, кең бейіл адал жандар болуға лайық, ірі денелі кӛрінеді. Дала перзентінің заман илеуіне багынып болмаган парықсыздығы да, анайылығы да бар болу керек. Ҧлпан ең алдымен осы бір ӛзгешелікті кӛрді. Ауылға жақындай келе Ҧлпан пәуескеден тҥсіп, кҥмістей ер-тҧрманды теңбіл кӛк бестіні жетелеп алып, Қалың топтың ортасын мегзеп жаяулап кетті. Қасында Жалгыз Шынар, еркек жолдастары кейінірек келеді. Ҥш жеті бойында ерттеулі болса да ереулі келген кӛк бесті ӛбден жарап ерігіп қалған еді. Ҧлпанның алды-артын орап, ойнап келеді. Ердің ҥстіне кӛлденең салынған Сырымның кҥміс кісесі де аттың қалай ойнақтауына қарай кҥнге шағылысып қҧлпыра жарқырайды. Әйел сҧлулығы мен ат сҥлулығында қазақ халқы ҥшін толып жатқан ҧқсастық бар. Дене сҧлулығы, мінез сҧлулығы, сезімталдық, еркелік, әйтеуір, қазақ әдемі аттьі әйелге, әдемі әйелді атқа теңей береді. 145


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан жақындаған сайын қалың топтың жігі ашылып, орта тҧста отырған ҥлкендер тобы кӛрінді. Кҥміс кісе кӛздеріне ілінген соң олар да тҧра келді. — Мына кісіге... мына кісіге,— деді жиынды басқарып жҥрген орта жастағы адам, Ҧлпанға басын ие сӛйлеп. Ҧлпан сол кӛрсеткен қарт адамның қарсы алдына келіп бір тізерлеп сәлем етті де, аттың ҥстіндегі кісені алып сол қарт адамға ҧсынды: — Мынау ҧлы нағашымыздың асында бес жасар Есенейге берілген кісесі екен. Мен де қартайып келем, енді мҧны батырдың жас ҧрпақтары буынсын деп беріп жіберді,- деді. Қарт адам кісені алып мойнына салып кӛріп еді, екі басындағы қаптырмасы аз-ақ тізесіне тимей тҧрды. —Мына кӛк бестінің тҧқымы кезінде ҧлы нағашымыздың жылқысынан ауысқан екен бізге. Бҧл да ата-қоныс жер-суы тартып келіп тҧр. Қасиетті кісені басқа малмен әкелуді лайықсыз кӛрдік, ата.- Кӛк бестінің шылбырын енді ғана қарттың қолына берді.— Азсынбай алыңыз. —О, мың жаса, шырағым, мың жаса! Балықтың ҥлкені қиянда деген сӛз бар еді, еркектің еркегі Сибанда екен ғой! Есенейі бар елге басшы болып отырған тегін жан болмассың! Батыр бір октық, байлық бір жҥттық дейміз! Қҧдайдың бағынан айырмасын! Атынды ҧмытып қалдым, айналайын. Мен ҧмытсам да осы ел сенің атыңды ҧмыта алмас. — Атым Ҧлпан, нағашы ата. — Иӛ, Ҧлпан. Енді тҥсті есіме. Мен ҧмытсам ҧмытамын, ел ҧмытпас, айналайын. Осылай дәстҥр бойынша жасалған қысқа ғана тоба-қабылдан кейін қонақтарды тҥсіретін ҥйлерін бӛліп-бӛліп алып кетті. Қазак жерінің солтҥстігінен келген қонақтарына бҧл ел ӛзінің ҧтымды қырларынан кӛрінді. Ҧжымшыл да ҧйымшыл, батыл да батыр ел екен. Кіші жҥздін қай тҥкпірінде болса да ӛйтеуір бір игілікті істің иісі білінсе табылып кететін әдет дәстҥрге айналған. Бҧл ел жҥз жылдан астам хандарымен, сҧлтандарымен, отаршыл патшалықпен ҥздіксіз алысып келе жатқан ел екен. Хан-сҧлтандарының сайлауына ортақ болмаса да қҧлауына ылғи ортақ болып келген, ара-тҧра ӛліміне де ортақ. Арам, жынды, бейбастақ, парақор, зҧлым хандар мен сҧлтандар бҧл елде ҧзақ жасай алмаған. Хандықты сыпырып тастап, халық кеңесін қҧрып ӛзін-ӛзі би-леген кезі де бар. Қалайда бҧл елде аттың тері кеппеген, найзаның ҧшы ӛлі мҧқалмаған. Сол халық кеңесінің тӛр ағасы Сырым батыр. Исатай, Махамбет, Бекет қозғалыстарына қатынасқан коп адамдар әлі тірі екен. Бҧл қозғалыстардың тҥп ізі сол Сырым батырдан басталады. Бҧлардың бәрі де ел аузында халықтың арманы, азаттығы ҥшін қҧрбан болтан, қҧрбан болмаса бар ӛмірін осы алысқа арнаған ер адамдар. Сырым қозғалысының ыстық жалыны басылған да, қызыл шоғы әлі сӛнбеген еді. 146


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Еркектері май баспаған, буаз әйелдей мес қарын емес, ашық келеді екен. Бір ғана шайдың ҥстінде Ҧлпан танысқан әйелдерімен сырласа сӛйлесіп кетті. Солтҥстік қонақтары бҧл елдің мойын домбырасына, кҥйлеріне кӛп таңданды. Домбырашы, кҥйші ел екен. Қолына домбыра тисе болды, кез келгені кҥй тарта жӛнеледі. Солтҥстікта кҥй тартатын адам ілуде біреу-ақ. Кӛпшілігі ән сазын тартады. Солтҥстікта бір кездегі аспанды жаңғыртқысы келгендей айқай әндері осы кезде бәсеңдеп, әлденелерді ақырын айтылар жан сырындай жеткізетін жаңа әндерге ауысып бара жатқан. Кіші жҥзде айқайлы әндер басым екен. Кіші жҥз жиеншар келін Ҧлпанның әкелген сыйлықтарына қарап Сырым батыр қайтыс болғанына жетпіс бес жыл толғанда әдейі аза салып келген екен деп жорыды. Олай болса тағы да бір рет Сырымның асын берейік! Бҥл да бір реті келіп қалған дәстҥр болсын. Сырым мен Исатай Махамбет, Бекеттерге жылында бір ас беріп тҥрсақ кӛп болар деймісің! Сонымен Ҧлпанның келісі Сырымға тағы бір рет ас берген тойға айналып кетті. Сырымның асындағы бас балуан! Сырымның асында бірінші болып келген ат! Сырымның асына әкелген Ҧлпанның бәйгесі! Ac ӛтті. Ойын-кҥлкі, ән-кҥйдің ызың әуенін жел айдап әкетті, тынды. Ҧлпанның атағы ертегіге айналып кетті Ақ кӛңіл ел Ҧлпанға ырзалығын ҧмытқысы келмей кіші Шалқарды бҧдан былай "Ҧлпан кәлі" деп атайық деп сӛз байлады. Әлде қай мінезімен, әлде қай ойларымен, ӛлде қандай ҥнімен, кӛз қарасымен, әйтеуір, Ҧлпан осы елдің жҥрегінен жылы орын алып кетті. Елге қайтар алдында Ҧлпан: "Қайтып кӛрем бе, жоқ па, ӛзімнің коліме тағы бір тҥсіп қайтайыншы" деп кӛп әйелдермен барып шомылып қайтты. Ел әйелдерінің ойында бҧл да орнығып қалды. Ҧлпанмен қоштасарда нағашы жҧрты: — Ҧлпан қарағым, мынау сенің колің... Ҧлпанның колі. Анда-санда келіп жҥр! — десіп қалды. Ҧлпан жылап қоштасып жҥріп кетті. Осыдан жиырма-ақ жыл кейін, жиырманшы ғасырдың басында Орынбор — Ташкент темір жолы салынарын, дәл сол "Ҧлпан кӛлінің" басына темір жол стансасы салынарын, оның аты "Ҧлпан" боларын ӛзі әрине білген жоқ... ҤШІНШІ БӚЛІМ 1 Ҧлпан байғҧстың бҧдан кейінгі он жыл ӛмірі еркек шыдай алмас, әйел ғана шыдар азапта ӛтіп келе жатыр. Барлық міндеті кісіде, кҥні-тҥні кҥзетте тоғыз жыл жатып, Есеней былтыр қайтыс болды. Қол-аяғынан жан кетіп, Есеней де Артықбай батырға ҧсап сал болып қалып еді. Қол-аяғы қалшылдап-селкілдеп бар денесін теңселтті де жатты. Қол ҧстаудан, аяқ басудан біржола айрылды. Кӛп ӛмірі жорықта ӛткен, коп жараланған адам еді, әлде-қай жерінің жҥйке тамыры 147


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

ҥзіліп кеткенін кім білсін, озі де тоғыз жыл азаптанды, Ҧлпан да тоғыз жыл азаптанды. Есеней қайтыс болған кҥні Артықбай батыр да қайтыс болыпты. Екі жақтың жіберген хабаршылары қарама-қарсы жолда кездесіп екеуі де кейін қайтты. Әкесінің ӛліміне Ҧлпан да бара алған жоқ, Есенейдің ӛліміне шешесі Несібелі де келе алмады. Ҧлпанның осы кҥнгі коңіл аулары озінен туған жал-Шз қызы — қазір онға толған Біжікен — Бибіжиһан. Барлық мінезі ӛзіне тартқан ақ жарқын, ақ коңіл. Дене бітімі Де Ҧлпанның озіне тартыпты - мҥсінді, ажарлы бала. Ҧлпанның қуанар-жҥбанары да, қайғырар-мҧаңаяры да сол жалғыз қызы. Ҧл таппай қыз тапқанына әуелінде ренжіп еді, осы кҥні қуаныш етеді. Шешесі мен қызы бірін-бірі тіл қағыспай тҥсінеді. Жан тамырлары бірге соғады, біріне-бірінің жҥрек лҥпілі естіліп тҥрады. Бҧдан ҥш жыл бҧрын Ҧлпан елу балалық медресе салдырып еді. Біжікен сол медреседе оқиды. Зирек болып шықты. Әліпби, әптиек шырғаландарынан оңай ӛтіп, былтыр қҧранға тҥсті. Кешке қарай Ҧлпанның қасына кҥңде келіп отыратын ауыл ӛйелдеріне: "Мҧңлық - Зарлық" "Бӛдіғҧл Жамал", "Шәһімаран" хиссаларын, "Еңлік я Кебек", "Қыз Жібек", "Қалқаман - Мамыр", "Сҧлушащ" жырларын оқып береді. Әндетіп оқи берген соң даусы да ашылып ырғақталып келеді. Қазақ әйелі қайғысыз-мҧңсыз болған ба, әйелдер солқылдап жылап отырып тыңдайды. Мҧндай жылаулар әжелердің әжелерінен бері әйел жҥрегіне қатқан шер-шеменді ерітіп, жуып жібергендей қуанысып қайтады. Ертеңіне тағы сол еді. Есеней қайтыс болғалы бҧл да тоқталып қалды. Ҧлпан бҧл кезде қара жамылған қаралы әйел. Ҥйінен шыға алмайды. Есеней ауырып жатқан жылдарда бҧрын басталған істері аяқталып қалды. Он ауыл Сибанды Есенейдің қазаны мен қолына қарап телміріп отырудан біржола қҧтқарды. Қашаннан бері Есенейдікі болып келген кең жерді әр ауылға бӛліп берді. Мҧнысы жалғыз бҧл ел емес, жалпы Сібір қазақтары ҥшін жаңа бір ҥлгі еді. Оньщ аты не екенін Ҧлпан ӛзі білген емес. Кедейлік жан-шып, ділгірлік сорына белден батып отырған жоқ-жітікке жаны ашыды да, қолдан келерін істеді де берді. Қазір Есенейдің малы екі есе азайды, оның есесіне ел Сибанның малы он есе кобейді. Әр ҥй ӛз текесін, ӛз айғырын мақтасып отырады. Ел аздап егін салалы, шоп шабады. Балашаға дірдектеп қыс бойы киіз ҥйде отырмайды, жылы қысқы ҥйде отырады. Әеіресе, осы қысқы ҥй ҥшін ел-жҧрты Ҧлпанға қатты риза. Есенейді жҥрт қҥрметтейтін де еді, қорқатын да еді. Ҧлпанды жҥрт әрі қҧрметтейді, әрі жақсы кӛреді. Бҥдан он жыл бҥрын Ҧлпанға сҥрана келуші еді, осы кҥні ақылдаса келеді. Есенейге кімнің батылы барып ақылдасам деп ойлаған! Бҧрын Есенейден ығысып-ықтап қалған бес болыс Керей елі де ҥлкен дау-жанжал болса Сибан елінің ың-ғайын байқау ҥшін Ҧлпанға бір соқпай қоя алмайды. 148


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан медресені де осы елдің балаларын оқыту ҥшін салдырып еді. Әттең, ӛзі оқымаған адам, медресе салып, молда жалдап беруден басқасьша араласа алмайды. Қыс кҥні және жайлау кезінде қырық шақты бала оқиды. Кӛктем кезінде балалар азайып қалады. Қазекең оз шаруасының ыңғайына қарай баласын бірнеше ай жҧмысқа салады да, шаруасы бірыңғайланған соң қайта жібереді. Бала сабағын ҥзілген жерінен жалғастырып оқып кетеді. Медресе балаларды қысы-жазы ҥзбей оқыта беретін болған соң ондайдың оқасы не!.. Әліппеден бастап неше жыл оқысаң да ана тіліне бір соқпайтын сабакты оқу да қиын. Соңдықтан оқуды тас-тап кететін балалар да кӛп. Алдымен Мҥсірептің ҥлкен ҧлы тастап кетті. Бір жаз, бір қыс хисыңқа, қиясынхи, хитҧрхо тӛңірегінде отырды да одан әрі аттай алмады... Қазір ол аулының қойын бағып жҥр. Мҥсірептің екінші ҧлы Ботбай зирек, Біжікенмен тайталас оқып келеді. Әттең, ойын қҧмарлау, ат қҧмарлау, домбыра қҧмарлау... Тегі ол да кӛп оқымас. Ҧлпан тҥс намазын оқып отыр еді, қызы сабақтан ертерек қайтып келіп шешесінің мойнына арт жағынан асыла кетті. Сыртынан қҧшақтап алып шешесін ілгерілі-кейінді теңселтіп ҧзақ тҧрып қалды. Ҥн шығарып, намазын бҥзған жоқ. Намаз біткеннен кейін де қҥшақтаған бойы тҥра берді. - Немене, кҥнім? - Ҧлпан бҧрылып қызының жҥзіне қарап еді, еріндері бҧртиып кеткен екен.- Немене, ботам? - Молда намаз оқисыңдар дейді. Ертең ораза айы басталады. Ораза ҧстап, намаз оқитын болыңдар деді. Сібір казақтарына ислам діні ноғай молдалар арқылы шегенделіп келеді. Кӛбі молда емес, шикі надан адамдар. Қазақты нағыз надан кӛреді де қҧдай атымен шатастыра береді. Сауда-саттық та ноғай саудагерлерінің қолында. Олар қазақты шешіндіре тонайды. Алла солардың қолында, сауда солардың қолында, алдау солардың қолында, пайда солардың қолында. Діңді де оңдырар тҥрлері жоқ. Елді де оңдырар тҥрлері жоқ. Тегінде бҧлар ноғай да емес, басқа да емес, саудагер деп аталуға лайық жаңа бір жҧрт. Жалпы адам баласының қауымында саудагер дегеннен зҧлым пенде болмаса керек. Жас баланьщ жаны соны сезініп тҥршігіп келіп тҧр еді. Молда балаларды дәрет алуды ҥйретуге кӛлге алып кетті. Маған шешеңнен ҥйрен деді. Ботбай ораза да ҧстамаймын, намаз да оқымаймын деп ҥйіне қашып кетті... Біжікен Ботбайдың қалай қашқанын тағы кӛз алдьвда әкеліп кҥліп жіберді. Молда балаларға намаз ҥйрететін, ораза ҧстататын болғанын естігеннен кейін, жақсы оқитын балалардың бірі Ботбай тҧра келіп, қолын қусырып: — Молда-әке, лҧқсат па? - деп еді. Бҧл кедуілгі тҥзге шығып келуге лҧқсат сҧраудың тәртібі болатын. — Лҧқсат,— деді молда. Ботбай далаға шығып алды да: — Молда, молда, молда-еке, 149


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Қара мысық мҧрт-еке. Сен білгенді мен де білем, Енді аулыңа қайт! Оразанды ҧстамаймын, Намазыңды оқымаймын, Кімге айтсаң, оған айт! — деді де қаша жӛнелді. Оның артынан уәделесіп қойғандай Ережеп қашып кетті. Біжікен кҥле тҧрып шешесіне осының бәрін айтты. — Ҧят болған екен,— деді Ҧлпан. — Мен де ораза ҥстамаймын, намаз да оқымаймын,-деді қызы. Ҧлпан қызын енді ӛзі қҧшақтап алып: — Жарайды, ҥлкен молда келген соң ӛзім сӛйле-сермін... Бар, балалармен ойнап келе ғой,— деді. "Қызым-ай, мен шойнақ болса да батыр атанған ӛкеме еркелеп ӛр мінезді болып ӛсіп едім, сен кімді арқаланар екенсің..." Біжікеннің кейбір мінездері бала кезіндегі Ҧлпанның ӛз мінездерін есіне тҥсіреді. Әлденені кӛңілі ҥнатпаса, оны істемей қояды. Медресе ашылғанда жеті жасар Біжікен еркек балалармен бірге тҥскен жалғыз қыз бала еді. Бір жылдай сабақтан қуанып қайтып жҥрді. Әуелі жиырма тоғыз қаріп таңбаларын білгеніне, одан соң таңбалармен қандай сӛзді болса да қағазға жазуға болатынын білгеніне қуанушы еді. Биыл сабақтан кӛбіне ренжіп қайтып жҥрЖалғыз Біжікен емес, барлық балалардың сабақтан ренжіп қайтар себептері кӛп. Балалар қысты кҥні бір бӛлмеде, жазды кҥні киіз ҥйде оқиды. Әліпбиге кеше ғана тҥскендері де, алдақашан қҧранға тҥскендері де бәрі бірге қозыдай жамырасып шулап отырады. Дауыс шығармай іштен оқуға лҧқсат жоқ. Даусы естілмеген баланы молда-екең солқылдақ шыбықпен жауырын ортадан тартып жібереді. Бір бала "әлиф, би ти... әлиф, би, ти" деп зарлап отырса, екінші бала: "Рәсірӛ, рәсіри, рәтҥро" деп сарнап отырады. Ҥшінші баланың кҥн бойы ез-малталап отыратыны: "Әлфіки кҥсін ән, әлфіки кәсін ен, әлфіки кҥтір ӛн ән-ән-ӛн..." Тӛртінші бала әндетіп қҧран оқвды. Ішінен балағаттап отыр деуге де болар еді. Қырық шақты бала қыс бір бӛлмеде, жаз киіз ҥйде шулайды да отырады. Кҥн бойы осылай. Кеше де осылай, ертең де осылай. Егер осы сарнаузарлаудың ішінде бір ауыз мағына болса оны бала тҥсінбейді. Молданың езі де тҥсінбейді, тҥсіндіре де алмайды. Есі кіре бастаған балалар осыған наразы. Надан ел баламыз оқып жҥр деп сеніп отырса, азды-копті кӛзі ашық адам балалардың кҥн бойы мағынасыз шулап отыратынын жындыханаға теңер еді. Біжікеннің молдаға ӛз наразылығы бар. Ол кҥнде кӛзіне шалынып жҥрген бірдемелерді қызық кӛріп сурет-ке тҥсіретін еді. Екі лақ сҥзісіп жатыр. Шешесі намаз оқып отыр. Асылтас кемпір бір қап тезек теріп әкеле 150


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

жатыр... Бҥлары коркем сурет емес, әрине, ӛшейін қарындашпен шимайлай салған сызықтар. Адамның нобайы, мал баласының нҧсқасы ғана танылады. Сол жаңа жарыла бастаған жапыраққа надан молданың қолы тиіп кетті де жҧлып тастады. Әрбір бейсенбі кҥні молда-екен, балаларды қаз-қатар жатқызып қойып, дҥре соғады. Балаларға жҥмасына бір рет дҥре соғу, шындап дҥрелемесе де соның ишаратын істеу бала тәрбиелеудің бір қағидасына жатады. Ишарат кӛбінесе шьш дҥрелеудің озі болып шығады. Оның себебі — балалар жҧмасында бір рет молдаға екі тиын садақа әкелулері керек. Ертең жҧма, бҥгін садақа кҥні бейсенбі. Кедей балаларында екі тиын тҥгіл бір тиынның ӛзі жҧма сайын табыла бермейді. Осындай тҥсім аз болған кҥні молда-екесі балаларды шындап дҥрелейді. Дҥреден азат Халғыз Біжікен ғана. Сондай бір тҥсім аз болған бейсенбі кҥні ызалы молда балаларға дҥре соқты. Ӛзі тор алдында, балаларды киіз Ҥйдің дӛңгелек орайына қарай қатарлап жатқызып, әуелі солқылдақ тал шыбықпен балаларды тҥгел бір-бір сотый ӛтті. Мҧнысы ишарат дҥресі еді. Садақаны аз әкелген балаларға ишарат дҥресінің ӛзі де бата тиіп жатьір. Ондай балалар қайқаңдап қойып, қасындағы балаларға тығыла тҥседі. Екі қҧлау да арамылау бала әкелген садақаларының жарым-жартысын дамбал ышқырына тығып қалдырған екен. Шыбыққа шыдай алмай молданың алдына біреуі бір тиын бақырды, енді біреуі жарты тиың қара кҥрешті тастай берді. Дҥреден қайқаңдамайтын екіақ бала бар — Ережеп пен Ботбай. Екеуі де шымыр денелі ерегеспе, қайсар балалар. Бҧл екеуі ишараттан кейінгі нағыз дҥренің ӛзіне де кӛп қайқаңдамайды, ӛліп қалғандай жатады. Біжікен дҥреден азат жалғыз қыз бала болса да, жалпы тәрбие тәртібі бойынша ол да дҥрені кӛріп отыруға міндетті. Қазір ол іргеге қарай ығысып барып отырды. Қашанғы ӛдеті осы. Дҥре дегенді алғаш кӛрген кезде кӛзін кітаптан аудармай темен қарап отырушы еді, осы кҥні бойы ҥйреніп кетіпті. Бҧрынғыдай дір етіп қалмайды, жылап та жібермейді. Дҥреге ҧшыраған балалардың қайсысы қандай мінез керсеткенін аңдай отырады. Кейде қабағын шытады, кейде кҥліп жібере жаздайды. Жаңағы екі бала молданың алдына садақадан қым-қырып қалған екі бақырды тастай бергенде Біжікенге ойнақы бір ой келді. Қағазға соның суретін сала бастады. Қарыңдаш молданы айнала, қарбыздай домалап жатқан коп бастың суретін салды. Ол қиын емес екен. Балалардың денесін жалғыз ғана сызықпен іспеттеп, сызықтың ҥш жағын екі айырып еді, екі аяқ болды да шыға келді... Оның несі қиын болсын!.. Балаларға тиген кӛк шыбық шып еткен сайын қҧшырланып қоятын молданың суреті Біжікенді ӛлгеңдей қызық-тырып кетті. Мҧртының жоғарғы жағы таңқита қырылған, екі миығы тышқан кӛрген мысықтың мҧртындай дірілдеп қояды. Істік мҧрын. Қара тӛбетей киген, шақша бас. Қолында ҧзын кӛк шыбық... Ішінен кҥліп езімен-ӛзі болып отырған Біжікен не жазып отырғанына молданың кӛзі тҥсіп кеткенін андамай қалды. Шҥңірейген шҧңғыл кӛздердің 151


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

қадала шҥйілгенін де аңдаған жоқ. Молда ӛзін қателеспей таныды. Қандай жауыз етіп жасаған!.. Алла, мына малтҧн қыз не жазып отырған? Молда мысықтай жымып келіп Біжікеннің шимайлаған қағазын жҧлып алып, жыртып-жыртып тастады. Жынданып кеткендей екен. Кӛздері ҧясынан суырылып кетердей жалақ-жҧлақ етеді. Еріндері дірілдеп, ӛлденемені айтып қояды. Орысшалап боқтап жҥрмесе қайтсін!.. Қҧранда "уаләд" деген соз кездессе де, "билат" деген соз кездеспейтін еді... Содан бері Біжікен сурет салуды қойып кетті. Молдата наразылығы ҧмытылған жоқ, ҧлғая берді. Сол жолы молданың қайта-қайта айта берген "бәдбахыт" дегені қазакша "бетпақ" екенін білсе, Біжікен ендігі медресені де тастап кететін еді. Медреседе екі молда бар еді. Ҥлкен молда Хҧсайын-ғази Есенейдің зиратына қойылатын қҧлпытасын алып келуге Тобыл қаласына кеткен. Енді екі жҧмада Есенейдің қайтыс болғанына жыл толады. Ac беріледі, ескерткіші орнатылады. Бҥкіл Сибан елі соны кҥтіп, жайлауға кӛше алмай, баяты "Қарағайлы" кӛлді айнала қонып отырып қалды. Ac әзірлігі ойдағьщай жҥріп жатыр. Бес болыс Керей -Уаққа тҥгел сауын айтылды. Шақырылмай қалған - жалғыз кекеш Қожық, ҧры Қожық. Есеней суға қҧлап, ҥсті-басы мҧздап, жаурап келе жатып кездескенде де Қожықтың қосынан дәм татпай аттанып кеткенін Ҧлпан жақсы білетін. Сондықтан оны шақыртпады. Осы жағынан бір жанжал шықпаса, озге жҧмыстарда ірің-кезек белгісі бай-қалмайды. Қаратайдан қитан жеті қанатты, мҥнарадай биік кӛк кҥмбез - Есенейдің ескерткіші орнатылып болтан. Әзір тҧр. Алты қанатты ақ ҥйдей кең болып шықты. Тӛбесін шатырлап жаппа-қаңылтырын кӛкке боятан соң "кӛк кҥмбез" атана ма деген ҥміт те жоқ емес. Есеней сияқты ардақты адамның аты олгеннен кейін атала бермеуге де тиіс. Тобыл қаласында жасатқан Есенейдің қҥлпытасын алып Хҧсайын молда да келді. Ғажайып тас әкелгенін котере мақтап кетті. Қымбатқа тҥсіпті. - Қҧдайдың қҧдіретімен тасқа алтын мен кҥміс араласа қайнасып біткен екен де... Қырық пҧт тастың ҥштен бірі алтын мен кҥміс, озіңіз кӛрерсіз, алтыны мен кҥмісі тамырланып сыртына шығып жарқырап тҧр. Рақмет, молда-еке... ондай да тас болады екен-ау! Қалай тапқансыз! деді Ҧлпан. — Ақша бит, ақша! — деді молда. Оның ар жағын Ҧлпаң оңай тҥсінді де қазбалаған жоқ, балалардың оқу жайларына бҧрып әкетті. — Кҥнәсіз, сәби балаларға ораза ҧстатып, намаз оқытып керегі не? Ҥш кҥннен бері он екі бала медресеге келмей жҥр. Әке-шешелері де балаларына ҧрыспапты, қайта, кіші молданы мазақтайтын кӛрінеді. Біжікен ӛрең-әрең барып қайтады,— деді. Он екі баланың сабаққа келмей койтаны молда-екеңе он екі қозысын қасқыр жеп кеткендей тиді. — Лағнат ол бәлебай малайына! Китірәм аны, иртәгә китірәм! — деді. 152


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Осымен балалар наразылыты аяқталып қалды да, наразылық екі молданың арасына ауысты. Тері-терсегі кӛп, қайыр садақасы кӛп ораза айы келе жатыр, Есенейдің асы келе жатыр. Бҧл тҧста ҥлкен молда кіші молданы шайнап тастамасына шарасы жоқ. Кӛк кҥмбездің ішіне қҧлпытас орнатылып, маңайы тазартылып болтан соң Хҧсайын молда Ҧлпанды зират басына шақырып еді, Ҧлпан қасына Дәмелі мен Шынарды, Біжікенді ертіп келді. Орал тауының алтындай жарқырайтын мысы мен кҥмісі аралас тарамтарам тамырлары бар шагала тас Ҧлпанға қатты ҧнады. Кей жері сҧрғылт, кей жері когілдір тартқан тас айнадай жалтылдайды. Қалай кесті екен, қалай сҥргіледі екен, қалай сҥртті екен! Жақындап кетсең кескі-нің корінеді. Хҧсайын молда кӛк кҥмбезді кҥңірентіп аят оқыды. Молдасынан кейін Біжікен әзірленіп тізерлене бастады. Молда оны кӛптен әзірлеп жҥрген. Іркілген жоқ. Даусы әуелі азғана дірілдегендей шығып еді, ҧзамай ашылып кетті. Қандай ҥнді, қандай мҧңды дауыс еді. Қҧран емес, жыр оқып отырғандай. Ӛзі тҥсінбейтінді жҧртқа ҥнімен тҥсіндіріп отырғаңцай. Жас баланың балтын ҥні кейде жҥрегінді елжірете ерке шығады да, кейде ӛкпе-наздай ойландырып қалады. Әлдекімге, алыстағы біреуге зарын айтып, шатынып тілек еткендей болатыны да бар. Бір кезде әйелдер жылай бастады. Қыз даусы ӛзгеріп, әлденелерді ана тілінде айтып отырғандай естілді. — Апа,- дегендей еді қыз дауысы.- Ала, менде неге әке жоқ, апа? Маған да әке керек боларын сен білсен керек еді ғой, ана. Апа, сені бала біткен Ақнар апа дейді. Олары шеше дегені де! Сен алтын шешесің, апа!.. Сенен артық шеше болады деймісің! Сонда да менің әкем жоқтығы жаныма батады да жҥреді. Әкелі бала қандай, мен қандаймын? Мен неге әкеден ерте айрылдым, апа? Жоқ, апа, мен жетімсіремеймін. Бірақ, әкесі бар баланы кӛргенде ылғи жылағым келеді. Қызығамын ба, кҥндеймін бе? Жоқ, екеуі де емес, апа! Басқа балалар әкесінің мойнына асылып еркелегенін кӛрсем, маған сол батады. Мен болсам әкемнің мойнына бір асылып еркелеп кӛрмеген екемін... Соны сағынамын, апа... Әкем мені бір сҥйіп кӛрген жоқ, бір рет басымнан сипаған жоқ, мен соны сагынамын, ана... Ҥнемі шымылдық ішінде жататын ауру әкесін Біжікен тӛрт жасқа толғанша кӛрғен жоқты. Балаға әке керек екенін білген де еместі. Бір кҥні ойнап жҥріп балалықтың кӛз қҧмарлығына шыдамай әкесінің шымылдыгын ашып қалып еді, орнынан қозғала алмай қатып қалды. Қорқып кетті. Мҧндай да ҥлкен бас болады екен-ау! Қырау басқан бураның басы ма дерсің. Бетаузы табақтай жалпак, қатпар-катпар, қара шҧбар... Бар денесі селк-селк етіп жатыр. Екі қолын екі ҥлкен адам ҧстап отыр. Әкесінің селкілдеген қолдарымен бірге екі ҥлкен адам да селк-селк етеді. Жас бала шыңғырып жіберді. Есін шешесінің алдында жа-тып жинады. —Қорықпа, айналайын. Ол — сенің әкең. Қатты ауырып жатыр. Жазылады,— деді Ҧлпан. 153


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Анау екі кісі неге әкемнің екі қолын ҥстап алып жібермей отыр? —Екі қолын екі кісі ҥстап отырмаса, әкең дірілдеп ҧйықтай алмайды. Бір кісінің әлі келмейді. Әкең батыр адам... Тӛрт жастагы Біжікен әкесі барын осылай біліп еді. Әуелі әкесінің тҥрсипатынан қорқып кетсе де, коп ҧзамай кӛзі де ҥйренді, бойы да ҥйренді. Табиғат сыбырының қҧлаққа кірмес, ойга ҧяламасы жоқ қой, жас баланың кӛңіліне әкесі барлыты айнымас-бҧлжымас сенімді қуаныштай орнығып қалды. Жетіге толған соң сабаққа кетерде әкесіне бір тостаған қымыз апаратын болды. Әкесінің екі қолын екі адам ылғи ҧстап отырады. Екі аяғын бір бума жҥкпен бастырып қойыпты. Кейде Біжікен сол буманың ҥстіне отырып алып, әкесімен ойнағысы келеді. Селкілдеп жатқан буманың ҥстінде ҧзақ отыра алмайды, сырғып барып қҧлап тҥседі. Соған мәз болып кҥліп тҧра келеді де: Әке, мен сабаққа кеттім... сен ҧйықтай тҧр,— дейді. Бара ғой, бӛбегім, бара ғой,- дейді ӛкесі. Біжікен ҥйден шығып кеткен соң ауыр кҥрсініп: О, қҧдайым-ай! - деп қалады. Мҥгедек әке жалғыз перзентін тым болмаса бір рет қолына алып маңдайынан иіскей алған емес, тым болмаса бір рет шашынан сипай алған емес. Мҧндай да азап бола береді екен-ау!.. "О, қҧдайым-ай!" дегені сондай ауыр зардың, сондай ауыр кҥйініштің жалынындай шығады. Қай балаға да әке керек. Есеней сияқты мҥгедек әке де керек екен. Біжікен қазір сол әкесін сағынып зарлап отыр. Біжікен даусы тағы бір сарынға ауысты: Апа,- дегендей қызының даусы,- апа. Мен неге жалғыз болып тудым екен, апа? Менде аға да жоқ, іні де жоқ, сіңлі де жоқ. Кӛп қыздардың ағалары да бар, іні, сіңлілері де бар. Менде бір озіңнен басқа ешкім жоқ. Неге бҥлай, апа? Сен де жалғыз, мен де жалғыз... Неден бҧлай болды, апа? Сенің кҥрсінетініңді мен ҧйықтап жатсам да есітемін. Сабақта отырсам да есітемін. Сол кҥрсінуің қашан тоқталар екен, апа? Мен ойнап жҥріп те қуана алмаймын. Басқа балалардың қуанғанына қызығамын. Балалар қуанғанда қандай әдемі, қандай жақсы болып кетеді. Мен сонысына қызығамын. Әлгі Сейтек дейтін кішкене бала бар ғой, сол ойнап жҥріп қҧлап қалса, менімен жасты Айша оны ҥйіне арқалап әкетеді. Бағила қҧлап қалса, ағасы Сансызбай кӛтеріп әкетеді. Мен осыған да қызығамын... Мен де біреуді кӛтеріп әкеткім келеді. Кішкентай кезімде мені де біреу ҥйге кӛтеріп әкелді ме екен деп ойлаймын, апа. Біжікен мҥның бір де бірін шешесіне ауызба-ауыз айтқан емес, айта алмас та еді. Бҧл оның ойы ма, сезінуі ме, оны ӛзі де білмейді. Оны білу қайдан оңай болсын! Қыз шешесін кінәлап та отырған жоқ, қайта шеше зарын қоса айтып отырғандай еді. Бір сӛзіне тҥсінбейтін қҧранды оқып отырып дауысымен, ҥнімен айтты. Онысы сағыныш зары екенін шешесі де тҥгел тҥсінді. Қызымның есі кіріп қалған екен-ау деп ойлады шеше... 154


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

2 Есенейдің асын откізу әзірлігінде жҥрген Байдалы би, Кҥзембай болыс бастаған отыз шақты адам ауыл сыртында кеңесіп отыр еді, ҥш салт адам жақындап келіп селем берді. Е, жол болсын! - Элей болсын. Қожық батыр жіберіп еді. Ҧлпан бәйбішеге жолығып айтатын бір-екі ауыз созіміз бар. Ол кісі ҥлкен ҥйінде отыратын шығар? - Әуелі аттарыңнан тҥсіп, жҥмыстарыңның жонін бізге айтыңдар. Ар жағын содан кейін корерсіңдер. - Жоқ, біз жҥмысымызды Ҥлпан бәйбішенің озіне ғана айтамыз да қайтамыз. - Онда қайта беріңдер. Ол кісі ешкімді қабылдай алмайды. Әсіресе Қожықтың адамдарын қабылдамайды. - Сибанның қара тобыры Есенейдің беті жасырын-бай жатып-ақ бәйбішесін қара ҥйге қамап тастап, ордасын қанталауға салайын деп жатыр екенсіңдер ғой! - деді жҥнделген тҥйенің терісіндей борғыл бет адам. Бҥл барлық Сибанға қатты тиген соз еді. Мҥсіреп Шондығҧлға иек кӛтерді. Шондығҧл, атынан тҥспей кердең сӛйлесіп тҧрған, борғыл бет кӛсе адамды атынан жҧлып алып Байдалы бидің алдына әкеліп иығынан басып шӛктірді де, шылбырын қолына ҧстатты. Сӛйле! - деді Байдалы би. Борғыл бет косе арсыз адам екен, атынан жҧлып алып жер тізерлетіп отырғызғанға қызарған жоқ. Сӛйлеп кетті: Сӛйлесем, Есенейдің асына бес болыс Керей -Уақты тҥгел шақырғанда Қожық батырды шақырмайтын-дай Қожықтың жиырма тӛрт ауылына қара шешек шығьш жатыр деп естіп пе едіңдер? Билер алма-кезек айтыс-тартысқа тҥспей, тҥптеп кел-генде айтар кесімін айтты. Ӛзі шешен Байдалы бидің ішін жарып бара жатқан жауабы әзір отырса да ҥн шығармай Шьщап қалды да Мҥсірепке қарады. —Ҧры-қары, қанішер жолбасарларды шақырмаңдар деген Есенейдің ӛсиеті бар. Қанішер Қожық шақырыл-майды,— деді Мҥсіреп. —Тағы не айтасың? —Жиырма терт саба қымыз, жҥз қой, елу ту бие сойыс-тық әкеледі Қожық. Ҧлпан бәйбішеге екі нарға артып екі тоғыз сыйлық әкеледі Қожық. Есенейдің ас бәйгесіне қосута жиырма тӛрт сәйгҥлік жаратып отыр Қожық... Байдалы тағы Мҥсірепке қарады. —Қысты кҥні суға қҥлап, ҥсті-басы кӛк мҥздақ, жау-рап келе жатқан Есеней Қожықтың қосына кездесіп қалып дәм татпай аттанып кеткенін Керей — Уақ тҥгел біледі. Есенейдің асына ол Қожықтың арам сиратын салдырады екен деп ойласа, Қожық шын-ақ адам емес, доңыз екен!-деді Мҥсіреп. —Таты не айтасың? 155


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Есенейіңнен айрылтан Сибан, босқа шіренесің деймін. Ӛлі арыстаннан тірі тышқан қорықпайды деген-дей, Қожық енді сенен ытыспайды. Қожықтың аты -Қожық! Бҥгінгі Кенесары сол. Екі жҥз ат кермеде, екі жҥз жігіт ер жастанып, тоқым тӛсеніп, шешінбей ҥйық-тайды. Қожықтың нысанасында енді сен боларсың, Сибан. Мен айтарымды айтып болдым. Енді Мҥсіреп Байдалы бите қарады. — Ac бергелі жатқан қаралы ауылта келіп бейбастақ-тық жасатаны ҥшін мына кӛсеге қырық қамшы дҥре соғылсын! - деді Байдалы би.— Айыбына атын алып қалып, жаяу қайтарыңдар! Би кесімі тым қатал болса қасындагылардың біреуі "Саута, биеке!" деп қалатын тҧрып бар. Ондайда би жазаның жарым-жартысын кешіре салады. Жазалы адам бәрібір қырық қамшы дҥре жегенге саналады. Бҧл жолы ешкім аузын ашқан жоқ. Бортыл бет кӛсені Шондытҧл айдап алып кетті... Кешірек Байдалы, Кҥзембай, Мҥсіреп, ер мінезді, еркек пішінді жас пері атанып келе жатқан Қҧнияз тӛртеуі келіп Ҧлпанта болтан оқиғаның жайын айтып еді, Ҧлпан тіс жармай тыңдап алды да: — Мҧны не дейміз? Қожық лаңының осымен аяқталтаны дейміз бе, болмаса басталғаны дейміз бе? — деп сҧрады. —Есекем тірі болса, тоқталғаны дер едім. Кҥн бізге калтан тҧста басталғаны деуіміз керек болар,— деді Кӛше-бе-Сибанның болысы Кҥзембай.- Екі жҥз жігіт ҧстап, Есілдің екі жатындаты елдерді кҥнде бір тонап отыртан Қожық енді Керейге ауыз салайын дегені де. Асты дҧрыс еткіздірмейді ол! Келеді де киіп кетеді. —Тірі Есенейде кеткен кегін енді ӛлі Есенейден алмақшы болтаны той, қанішер иттің! — Осыны айтып Байдалы да тоқтап қалды. Енді не істеу керектің салмагын Ҧлпанның ӛз мойнына артқылары келетін сияқты. Қожық Кенесарының қарындасын алган кҥйеуі, Шыңтыстың қҧдасы. Он жеті жасында қанды балақ қарақшы атанған еді. Қыр елдері әуелі кӛтеріле дҥрлігіп Кенесарыға қосылып, екі-ҥш жылдан кейін одан біржола безініп ескі мекендеріне қарай қашқаңда кӛбінің мал-мҥлкі, қыз-келіншегі осы Қожықтың қолына тҥсіп калган. Қасында ҥш жҥз жасағы бар Қожық Кенесарыдан қаша бастаған елдерді аңдытып қойган аңшысы болатын. Қожықтың қолына тҥскен мал-мҥлік, қыз-келіншекке Кенесары да ортақ. Кенесары Тортай қаласын шауып, тҧрғын халқын қырғанда сол қырғынта Қожық та ортақ. Бҧл екеуінің ортақтастыты Кенесары жауынгер қырғыз халқының қолынан апатқа ҥшыраған-да ғана айрылды. Қожық тӛрт мың жылқыны айдап "Бет-пақдаланың" солтҥстігіне қарай бҧрылып кетті. Содан бері ол Есілдің оңтҥстық "Меңзей" деген жерін жайлай-ды. Бірақ, ҧзындығы жҥз елу шақырымдай жер, Есілдің арғы беті Қожықтікі. Бҧрын сол жерде іргелес отыратын Атығай - Қарауыл, Уақ деген елдер Қожықтан қашып алыстап кетті. Қожықтың тоғыз қатын, жиырма тӛрт ҧлы бар. Әр ҧлы бір ауыл. Әр ауылында тҥп-тҥбірі Кенесарының жасағынан келе жатқан бҥзықтар, ҧрылар, 156


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

жол тонаушылар ондап саналады. Сол Қожық Есенейдің асында бҥлік салып, Керей елін бір иықтап, ықтатып кетпек еді. Болыс-билерде дагдарыс барын сезінді де, Ҥлпан ши-Рағырақ сӛйлеп кетті: — Асты бірдеме қылып ӛткізерміз-ау, агайын... Ең әрісі Стаптан жҥз қазақ-орыс алдыруға да болады. Бірақ, соның ар жағында кҥніміз не болады? Есекең қайтыс болтан соң, енді Кожық бізге теңдік бермейді дегендей екенсіздер... Есекең жауға жалғыз аттанушы ма еді? Керей - Уақтың басын қосып, екі елдің ҧранын шақырың аттанбайтын ба еді? Қожық қарақшы тҥгіл, Кенесарының ӛзін Керей жерінен қуып тастағанда осылай еткең ғой! Қожық заты Уақ болғанымен, ӛз елінен шеттеп Кӛкшетау оязына қарайтын жерде болғандықтаң Есенейдің қолына тҥспей кетті. Есеней ӛздеріңізбен мақҧлдасқанда - "Қожықты қҧртпасаң, Керей, саған кҥң жоқ!" демеп пе еді. Есенейдің Қожықта кеткен ҧзыннан ӛші, қысқадан кегі жоқ еді ғой! Аты Керей, Есеней сенің қамыңды ойлаған. Бҥкіл Атығай - Қарауыл, Керей -Уақ қарғап отырған қанішердің орны қараңғы ҥй - та-бақты, тор кӛзді тҥрме емес пе? Ӛзгең бой тасалап қалатын болсаң, Сибан жалғыз болса да Қожықтай залыммен алысып ӛтеді. Сибан Есенейінен айрылса да, еркек жігіттері, қҧдайға шҥкір, бар!..- деп Мҥсіреп пен Қҧни-язды кӛз қҧйрығымен жанап ӛтті. Дҧрыс айтасың, Ҧлпан... Қожықтың жіберген адамына дҥре соғып, атын айыпқа алып, ӛзін жаяу қайтарса, ол Сибанның неге болса да бел байлағаны ғой! - деді Мҥсіреп - Бірақ, Керей - Уақ Сибанды жалғыз қалдырар деп ойлаудың керегі жоқ. Қожық Керей - Уақ, Аты-ғай - Қарауылдың бәрінің жауы. Ондай зҧлымға барлық ел бір-бір тас атып қалмайтын ба еді? Қожықтың орны тҥрме, Байдеке, осы жҧмысты ӛзіңіз бастаңыз, ӛзіңіз аяқтаңыз! Байдалы би бірінші болып аты аталғанды, бірінші болып сӛйлегенді, қандай істің болса да бірінші болып басында жҥруді жан-тәнімен жақсы кӛретін еді. - Керей - Уаққа қҧдай бірлік бере қалса, дҧрысы осы болар еді,— деп қалды. - Сізге ермегенде кімге ереді бҧл ел? Орыс, қазакка атағыңыз жайылған бисіз, сізден иығы жоғары тҥратын кім бар? - деп Мҥсіреп тағы да бір қолпаштап жіберді. Енді Байдалы шалқалай отыра сӛйлеп Кҥзембай болысқа қарап: - Бес болыстың піргауарын жасата бер... ӛмірбақи оралмастай болып "Итжеккенге" айдалсын! - деді. - Онда болыстарды осында шақыртамыз гой? - Шақырта бер. Қҧнияз ер мінезді, намысқой, балуан жігіт еді: Қап, Сибанда ту кӛтеріп намысқа шабатын еркек барын кӛрсететін кҥн туды ма деп дәмеленіп қалып едімҚағазбен тынатын болды-ау! — деді ӛкініп қалғандай қалжыңдап. 157


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Кенесары лаңынан кейінгі отыз жылдан астам тыныш-тық ӛмірде Сибанға мал бітіп, тҥрмысы тҥзелген соң балалар ӛлімі азайып, жігіттері кӛбейіп қалған еді. Бҥл кез-ге дейін Есенейдің атымен ел атанып, қатарға қосылып келсе, енді елдің ӛз кеудесі кӛтеріле бастаған. Қҧнияз бо-лысбилерге соны аңғартып қалды. — Атыңды ерттей бер, Сибан! Қағазы да болар, басқасы болар,- деді Байдалы.- Қожық оңай жау емес. Ол жасанып отырған жау. Ҥш жҥзге жақын жасағы бар. Оңай қолға тҥспейді. Бірақ, естеріңде болсын, бҧл Сибан жорығы болады. - Жорық болады ғой, әйтеуір! - Болғанда қандай! Ҥлкен жорық болады. Жорық ҥлкен болуға бет алды. Сибан жорығына бес болыс Керейден қатынаспағаны қалмайды. Қожыққа бәрі де кекті, бәрі де ӛш. Адам керек, ат керек, ас керек. Соның бәрінің салмағы Сибанға тҥсетін болды. Байдалы осыны ескертіп еді. Сибан оған әзір екен. — Істеріңе береке берсін, еркектер. Есенейдің малы Керей - Уақтың амандығы сияқты осындай ақ жолға шашылса, аруағы маған ренжімес,— деді Ҧлпан. Қожықты әркім ӛз қара басының кӛрген жәбір-жапасына қарай ҧрықары, жол тонағыш, қанішер, зҧлым дейтін. Мҥның бәрі де дҥрыс еді. Қожық адам қанына талай шомылған хайуан. Қырда қазақты, Торғай, Мокрасыбай қалаларында орысты бауыздағанда екі қолының біреуі дір етпеген адам. Есіктерезесі жабық ҥйлерді ӛртегенде шырылдап шыққан жас баланың даусынан шіміркенбеген хайуан. Осы кезде де қолы қанданбай отыратын кҥні жоқ. Қожық жайлаған жерден бір адам аман ӛте алмайды, тоналып ӛтеді. Сонымен бірге, Қожық қазақ хандығынан ҥміткер хан тҧқымдарының бәрінің сҥйеніші еді. Әлі ҥзіліп болмаған ҥміттін сарқындысы осы Қожыққа байланысты болатын. Ол отыз жылдан астам уақыт ӛтсе де Кенесары жасаынан қалған қолды таратпай ҧстап отыр. Олардың ӛздері қартайса да қанмен ауызданған балалары жігіт болып қалды. Зәу-сайтан біреу хан болғысы келіп селт етіп шыға Келсе, Қожық оның даяр тҧрған қарулы жасағы. Орыс әкімдері де Қожықтың ҥстінен тҥскен арыз приговорларға қҧлақ аспай келеді. Арыз, приговор берген болыс-билердің ҥстінен Қожық та арыз береді. Қазақ арасында қарсы даулар кӛп, Қожық та сондай кереғар даукестің бірі. Қожық ӛз алдына бір болыс ел болуды сҧранып жҥр. Бес жҥз ҥйміз депті. Тексере келгенде онысы жалған болып шықты. Ҥш жҥзден аса еркегі бары дҥрыс, ауыл саны жиырма тӛрт-ақ. Ҧры екені де рас. Қазақтың қай биінің қолы таза? Қай болысының ҥстінен кҥнде бір арыз тҥспей отырады? Арыз, приговорларта сене берсең, қазақтың барлық болыс-билерін бір жылдан кейін тҥгел тҥрмеге алып отыру керек. Тегінде қазақ бірін-бірі жамандаута келгенде сонша шебер, сонша рақымсыз, сонша жалақор, ез тамырына ӛзі балта шауып, ӛз жапырағын ӛзі жҧлады да отырады. Тҥпкі ойлары осыған келіп тірелетін орыс әкімдері Қожықты қудаламай келеді. 158


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Бҧл жолы Керей - Уақтың болыс-билері ҥлкен ҧйымшылдық кӛрсетті. Қағаздарын ҥкілі поштамен Омбы, Қызылжарта жӛнелтті де, ӛздері болыс басы жҥз елу жігіттен жасақ жинап алып жорыққа тез аттанып кетті. Қолбасылары да әр рудан еді: Шағалақ - Боқан батыр, Таузар - Кӛшебеден, Мҧстапа, Ӛсіп - Сибаннан, Қҧни-яз - Балта, Керейден Кҥшікбай батыр. Жорық басында Байдалы, Кҥзембай сияқты болыс-билер, Мҥсіреп сияқты беделді ел адамдары. Жорық салмагын Ҧлпан да ауырлаған жоқ. Сибан жігіттеріне алпыс ат берді. Тҥсіне қарамай, санамай берді. Қырық ту биені жорық жолына шыгарды. Біреуі қайтпа-са - сҥрауы жоқ деп берді. Есілдің солтҥстық беті жалғасы ҥзілмейтін қалың орман, қаз-ҥйрек мыңдап ҧялайтын қамысты, айдынды кӛлдер. Осы кҥні солтҥстық-шығыс Сібірге барып ҧялайтын қаз, ҥйрек, аққу, тырна, жылқышы, тау қҧдірет қҧстары ол кезде Батыс Сібір кӛлдерінен аспай ҧялай беретін. Жалғыз қараша қаз ғана алыстап кетуші еді. Жорықшылар сол кӛлдерді сағалап, сол ормандардың ішімен келіп Қожықтың тобырына таң алдында тиісіп еді, ҧйқыда жатқан тобыр елеулі қарсылық кӛрсете алмады, оңай кол қусырды. Қожықтың ауылдарына тҧс-тҧсынан келіп тиген Керей - Уақ қолы әр ауылды бӛлек-бӛлек басып алды. Сонша атақты қанішер атанған Қожықтың ӛзі ҧсталғанда есте қалғаны мынау-ақ: "Ақ орда" атанган ҥлкен киіз ҥйді Мҧстапа қырық ясігітімен қоршап алды да айқай салды: - Аш есігіңці, шық ҥйден! Мылтық атылды. Бір ат ҥшып тҥсті. - Иттің тана баласы, жан керек болса, шық ҥйден! Мылтық тағы атылды. Бір жігіт атынан қҧлап тҥсті. - Қапта! Шаңырағын ортасына тҥсір! - деді Мҧстапа. Қырық шақты жігіт шауып келген бойы "ақ орданы" айнала беріп сойылмен бір-бір салып ӛткенде-ақ уықтары сатыр-сҧтыр сынып, шаңырағы ҥйдің ортасына жалп етіп қҧлады. Ҥзік, тҥндік деп аталатын ҥйдің жотаргы киіздерін жамыла қҥлады. Ҥй ішінен: "Ӛлдік-ау, қырдың-ау, Қожық!" деген ӛйел даусы, шырылдаған жас баланың даусы естілді. Ӛртеңдер! - деді Мҧстапа. Қазақ ҥйінің тӛр жағы уықтың қарына дейін қатарлап жиналған жҥк болады: сандықтар, бумалар, ҧсталмайтын киіз, кілем, кӛрпе-жастықтар... Жігіттер ас ҥйдің алдындагы жер ошақтарда кӛміп қалдыртан қайың шоқтарынан бірлегенін алып келді де, ҥйдің сол тӛр жақ іргесінен екі-ҥш жерден от берді. Әйел мен бала даусы әлі шығып жатыр. Ҥй ішіне тҥтш кіре бастады білем, әйел даусы қҧмыға берді. Жас бала булығып жӛтеле бастады. Қожық әуелі есіктен мылтығын лақтырып жіберді. Содан кейін дамбалшаң-кӛйлекшең ӛзі шықты. Саргыш жирен сақалы шықшытынан басталып екі жағын жиектей ӛсіп келіп алқымының астында тҥйісетін, 159


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

жалпақ бет ақсары адам екен. Ҧн шыгармай, қолын қусырды да тҧрып қалды. Оның артынан булыға жӛтелген жас баласын кӛтеріп, Қожықтың ең жас тоқалы шыкты. Мҥстапаның бір топ жігіті ақ отаудан Шыңғыстың Рахия деген қызына ҥйленген Қожықтың баласы Бекежанды айдап ӛкеле жатыр. Ш-ш-шата неме-ай! Ш-ш-шолтында жҥр десем... қа-қа-қатыныңның д-д-дамбалын кҥзетіп шығып па едің! -деді Қожық баласына. Екі жігітпен шолғынга жіберілген Бекежан ауыл ҧйықтады-ау деген кезде ол да отауына қайтып келген. Кінәсін мойнына алып, ҥндей алмай қалды. Қонақ ҥйде тӛрт-бес жолдасымен Шыңғыстың баласы Жақып жатыр екен. Жігіттер оларды да айдап альщ келді. Әр ҥйден ҥрпиіп шыққан еркектердің бәрі дамбал-шаң. "Ақ орда" есігі ашылған соң гҥрілдеп жана бастады. Мҧстапа қолға тҥскен ӛңкей дамбалшаң Қожық тобын Есілдің ел жақ бетінде "Ҥйеңкілі" деген жерде қалған болыс-билерге қарай айдатып жіберді де, ӛзі Қожықтың ауылы тҥгел ӛртеніп болғанша орнынан қозғалғаң жоқ. Мҧндай бай ҥйлерді ӛртеп кетпесе, жігіттердің біреуі болмаса біреуі орайын тауып тонауға келетіні даусыз. Тонауға кіріскен жігіт сарбаздығынан да айрылады, жігіттігінен де айрылады. Мҧстапа Қожықтың аулын қара ҥйлеріне дейін, ар-баларына дейін тҥк қалдырмай ертетіп жіберді. Болыс-билер тобына содан кейін оралды. Қожық жасақтарының ішінде елден безіп, адам тағысына айналып ҧрлық-қарлықпен кҥн кӛруден қажығандары да аз емес екен. Туған ел сағынышы, жер сағынышы қысталап, "Алтыбақан", "Айгеректі" аңсайтын жастар да бар еді. Кенесарыдан калған батыр-балуандар қартайып, тамаққа тоймайтын масыл болып алған. Әсіресе, әр шабындыдан қолға тҥскен жас әйелдер кӛп. Олар Керей қолы бостандық әкелгендей қуанып, Қожық тобырын қарғап-сілеп келеді. Осылай ішінен іріп, тамырынан шіріп жатқан ҧры-қарылар тобыры талан-таражға келгенде, "ер жҥрек" болса да ел ызғарына қарсы тҧра алған жоқ. Қожық тобыры бір-ақ кҥнде апар-то-пары шығып қолға тҥсті де, Қызылжарға айдалып кетті. Жақып сияқты қонақтар, еліне қайтуға сҥранған әйел-дер, отынсушы кәрі-қҧртаңдар болмаса, жиырма тӛрт баласы мен Қожық, екі жҥзден аса жасақтары тҥгел айдалды. Қожықтың ӛз әулетінен жетпіс екі әйел жесір қалды, айдалған жоқ. Керей - Уақ елдерінің ескіден келе жатқан дәстҥрі бойынша ауыр бәле шыққан, қырсық болған жерлерді ӛртеп тазалау керек. Оба, қорасан сияқты адам апаты, ала ӛкпе, қара ӛкпе сияқты мал апаты болған жерлерді де ӛртеп, келер жылға дейін ол маңайға жоламай кӛшіп кететін. Мҧстапаның Қожық ауылын ӛртеп жібергені болыс-билердің ойына сол дәстҥрді тҥсірді. Қара пәле орнаған Қожықтың жазғы жайлау, қысқы қыстауларын "бҥлінгеннен бҥлдіргі алма" деген әз Тәукенің жосыкжоралғысы бойынша қысқы-жазғы ҥйлерін бар мҥлкімен тҥгел ӛртетіп жіберді. "Бҥлдіргі" қамшының сабына тагылатын екі сҥйем қайыс қой. Керей - Уақ жігіттері Қожықтың байлығына 160


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

қолын арамдаған жоқ. Есілдің ел жақ бетіндегі ҥйеңкілердің ортасында Ҧлпанның жиырма ту биесін сойып "жеңіс тойы" жасалғаннан кейін жігіттер сол арадан елдеріне тарады. Болыс-билер Қожықтын жылқысынан бір-бір ат жетелетіп жіберді. Ат алмаған жалғыз Сибан жігіттері. Байдалы би Мҥсірепке: —Сибан жігіттері аттан неге безінеді? — деп еді, Мҥсіреп оган: —Сибан жорығынан Сибан олжа алып жҥрсе ҧят болмай ма, Байдеке? Жорығына қатынасқан елдерге Сибан ӛзі сыйлық беретін болар... Біз жорықтың олжасы емес, салмағын мойынға алғамыз...- деді. Сӛз осымен тоқтал-ы, екеуінің де тҥпкі ойлары ашылган жоқ. Олжалы қайтқан Керей - Уақ жігіттері: — Сибан жорығына барамыз,— деп аттанып еді. — Ҧлпан жорығынан келеміз! Олжалы қайттық! — десіп, жорықтың абырой-атагын Ҧлпанға беріп тарасты. Ҧзамай Ҧлпанның атағы Сібір қазақтарының арасына жайылып жҥре берді. Болыс-билер Қожықтың жеті мың жылқысын, екі мың тҥйесін қағаздап "тҥгел қазынаға тҥсіру ҥшін" Кҥзембай болыстың ауылына бҥрылды... Жорықтан кӛңілсіз қайтқан жалғыз Байдалы би еді. Ӛзі жорықтың басында бола тҧра - бҥл Сибанның жорығы болады деп қате айтып қалған екен де... Онысы жорықтың салмағы Сибанға тҥседі дегені еді. Қожық қолға тҥспей аман қалса, ол кінӛлі елді шабындыға бір салмай қоймайды, сонда кінәлі ел Сибан болсын деген бір ой тағы қылтылдай берген. Енді міне, Қожық мәңгі оралмасқа кетті. Коп шығын да болған жоқ. Жорықтың атақабы-ройы Сибанға емес-ау, ҥйінде отырған бір қатынға тиіп қалды. Сонда Байдалы биді сол қатын жҧмсап жібергені ме?.. Солай болады да! Жорықтан қайтқан Сибан жігіттерін Ҧлпан, қасында қыз-келіншектері, ауыл сыртында қарсы алды. Бірі малшы, бірі егінші ауыл жігіттері кәдуілгі әскердей қатарланып корнекті келе жатыр. Қолбасы Қҧнияз найзасын тік кӛтеріп алып алдында келеді. Оң жағында Мҥсіреп, сол жағында Тоғанас балуан. Найза жігіттердің алдыңғы қатарларда келе жатқан жарымжартыларында ғана бар. Кейінгілерінде сойыл мен садақ, айбалта. Селебе пышақ бәрінде де бар сияқты екен. Ҧлпан бастаған әйелдер жақындай берген жауынгер-лерге бір тізелеп сәлем етті. Қол алдында келе жатқан ҥлкендер аттарынан тҥсіп қастарына келгенше сол қалыптарын бҥзған жоқ. Сибан қолбасыларын ауыл ақсақалдары аттарынан тҥсіріп алды. — Аттанарда кҥндей кҥркіреп, қайтқанда кҥндей кҥлімдеп, аманесен келдіңдер ме! Қолбасылар Ҧлпанга келіп амандық айтысты. Бір тізелеп сәлем еткен әйелдер енді тана тҧра келді. — Ер-азамат, аман қайттыңдар ма?.. Қырық кемпір, менімен қырық бір, бес кҥн, бес тҥн басымызды жастыққа тигізбей тілек ҥстінде болдық,— деді Ҧлпан.- Ер-азаматтың қадірі ҥйде жотында батады екен. Ауылдар аңырап қалтандай, әрең шьщадық... Жорық деген қҧрғырға Сибан баласының 161


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

осы ең соңғы шыққаны болсын... Ҥйге кіріп, амандық тілеп, беріп жатқан қҧрмалдықтан ауыз тиіңдер... Қыздар жҥгіре басып келіп жігіттерді қолтықтап тҥсірген ишаратын істеп, аттарын жетелеп апарып Есенейдің ақ ҥйлерін айналдыра байлап жатыр. Найза, садақ, айбалта киіз ҥйлердің алдыңты жатынан белдеуге қыстырылып, Есеней ауылы бір сәтке жаугершілік бейнесіне кіре кдлды. Жігіттер ат ҥстінде ӛздерін еркек сезініп, кеуделі келіп еді. Аттан тҥскен соң бірі малшы, бірі егінші ауыл жігіттері болды да қалды. Қызкеліншектердің қолтықтаған болып аттан тҥсіріп алтандары қалжың сияқты кӛрініп кетті. Аттарды Есеней ҥйлерінің белдеулеріне апарып алып қалатын болтаны да! Онысы дҧрыс та шығар... Бірақ аттарды бергенде сҥрауы жоқ деген де бар еді... Ендігі дҥрысы ҥй-ҥйдің тасасымен ауылға қарай жылысу болар... Жо-о-қ... келіншектер тӛрт ақ ҥйдің есіктерін тҥгел ашып, кіруге шақырып тҧр... Есенейдің ҥлкен ҥйіне кіруге бола қоймас, аргы шеткі ҥйге қарай жағалатан дҧрыс болар. Жоқ, олай қарай жіберер емес. Ҥлкен ҥйден бастап кіргізіп жатыр. Есенейдің тӛріне той етігіңді шешпей шыта алмайсың. Қияметтің қыл кӛпірі сол болар... Жігіттер бҧл қысылысқа ҧшырасқан жоқ. Бәрі де тҥкті, кілем, жібек кӛрпелердің ҥстіне етікшең келіп отырып жатыр. Сонау бір жылы Тобыл магазиніңде етігін шешуге қаңцай қорынганы Ҧлпанның ойынан кетпейтіндей, ол ешкімді қорынатын жайға тҥсірмейтін еді. Ҧлпан ӛзі қымыз сапырып отыр. Екі қыз жігіттерге аяқ әперіп жҥр. Ӛз қызы Біжікен босап қайтқан қымыз аяқтарының қай жігіттікі екенін бақылап отыртандай. Астау толы етке сегіз адамнан оралып отырды. Астауларда да алалық жоқ. Бас, жамбас, қазы-қарта тҥгел. Шай дастарқаны да сондай мол. Жорықтан қайтқан жігіттерді тҥсірген ҥйлердің бәрінде де осындай молшылық, ағайын арасында әшейінде бола бермейтін ерекше бір қадірқҧрмет. Ҧлпан бҥгін "Жақыныңды жаттай сыйла, жат кӛңілінен тҥңілсін!" дегісі келгендей екен. Сый-қҧрметтен кейін жігіттер ауылдарына қайтуга далата шықса, әркімнің мініп келген атын ӛз қарындасы, ӛз келіншегі, ӛз шешесі ҧстап тҧр екен. Атасын, не кҥйеуін, не баласын аттандырып жатып, ӛйелдер жымия сыбырлап: - Ҧлпан апаң атты басымен берді, енді бҧл біздің ат! -десіп қалды. Кедейге кепесінің тобесіне шығып тҧру да ҥлкен мақтаныш. Есенейдің тӛрінде отырып, ат мініп қайтудан аса-тын мәртаба бар деймісің! Жігіттер ҥйлеріне бір ауылға сыймас мақтанышпен қайтты. Әйтеуір еркек емес, жігіт екенін сезініп қайтты. Есеней қайтыс болғанда Сибан деген елде едәуір қобалжу бар еді. Бҧтан дейін Есенейдің атақдаңқынан ыгысып келген ӛшті-қасты елдер алдақашан ҧмытылған кектерін еске алмасына кім кепіл? Есеней әулие адам еместі. Тісі батқан, тізесі батқан елдер де бар, белді адамдар да бар. Ол жайды Ҧлпан жақсы біледі. Ел де жақсы біледі. 162


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Әр елдің жауына карай жауынгері болу керек. Жауың сенен екі есе кӛп болса, сен бір ӛзің жаудың екеуіне тӛтеп бере алатын бол! Онсыз дҥние қараң. Есенейі жоқ Сибанның бҥкіл бес болыс Керейді бастап, Сибан жорығы атанып кеткен жорықты абыройлы аяқтап қайтқаны Сибанның еркегі барын, ел екенін танытты.Ҧлпан осыған қуанды. Осы тілекке арнап қҧдайы қҧрмалдық берді. Тасып қайтқан кӛңіліміз бар еді, қатын шіркін жасытып тастады-ау демесін деп, Сибан жігіттерінің жорыққа Есеней жылқысынан мініп кеткен аттарын алып қалмай ӛздеріне беріп жіберді. Осыдан кейін елдің де, Ҧлпанның да жҥрегі орнына тҥсіп, енді Есенейдің асын ӛткізуге кірісті...

3 Әуелі, ӛрине, бір ат келді. Одан соң, әрине, екінші ат келді. Одан кейін келе берді, келе берді... Тоғыз атқа бәйге бар еді. Бӛйгеге ілінбеген екі жҥз тоқсан бір ат, иелерінің айтуларынша бәрі де оныншы болып келіпті. Қарашыға жете алмай дал ада қалған он жеті ат бар еді, иелерінің айтуларынша олар да оныншы болып келіпті... Балуандар да солай, бірі жықты, бірі жығылды. Қожабай кӛлінің айналасында ағараңдап қалған бас сҥйектерін санай алсаң Сибанның жарым-жарты малына тең еді. Осымен Есенейдің асы да аман-есен ӛтіп кетті. Кешке қарай Керей жағының болыс-билері Сибан ауылдарына қайта келіп орнады. Тағы да бір шешілмеген тҥйіндері бардай қату қабақ, тҥйіле келіп тҥсіп жатыр. Ҧлпан ауылынан басқа ауылдарға да қҧдандалы, нағашылы-жиенді қонақтар кетіп барады. Ac берілген Қожабай кӛлінің айналасына да мыңдаған тазғара, кҥшігендер, ӛлімтік қарақҧстары, ӛгіз шагала, қҧзғындар қонып жатыр. Мана адам кӛп кезінде біреуі жерге қона алмай, қан-жынның иісін аспаңда сезініп кҥн бойы талығып еді, темір тҧмсықтары қан-жынға енді ғана еркін тие бастады. Бҧлар іңір қараңғысы тҥсе бергенде қонақтауға тарасады. Болысбилердің нағыз жҧмыстары сол кезде басталады. Тап осылай, Ҧлпанның қонақ ҥйіне тҥскен болыс-билер ауыл сыртына шыгып отырып Сибанның ауыл адамдарын шақыртып алды. Сӛзді Тоқай би бастады: — Керей атанатын елдің ҥлкен бір ордасы жесір қатын, жетім баланың қолында қалып барады. Жат елдік болып жаралған қыз баланың жӛні бір басқа, жесір қалып бара жатқан жас әйел туралы, Сибан, сен не ойлайсың? Eceнейден қалған ен дәулетті шашпай-тӛкпей ие болып отыра алар ма сол жесір? Кҥндердің кҥнінде бауырлас Керей елінің болыс-билері асқа тойды да арттарына да қараған жоқ деген наразылық болып жҥрмесін деп осы ойымызды айта кетуге қайта оралдық. Бҧл - бір...— деп Тоқай Байдалыға қарады. 163


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Болыс-билер не айтатындарын кҥні бҧрын бӛлісіп алса керек, Байдалы би іркілмей киіп кетіп - екінші,- деді. Екінші, Сибан ағайын, ӛрттің ӛзінен бҥрын тҥтіні кӛзге тҥседі. Біз со л тҥтінді кӛріп, қиналысып келіп отырмыз. Ертең Керей - Уақты тҥгел дҥрліктіретін ӛрт келе жатыр. Есенейдің жалғыз інісі Еменалы мҧрагерлік сҧрап отыр. Соның ішінде әмеңгерлігі де бар. Сибан, саған жаным ашымаса қиналар ма едім, қиналғаннан баптап айтар сӛзімді тіке айтып, шолақ қайырып отырмын. Сибан, бҧған не айтасың? Еркек мінезді, қызу сӛйлейтін Қҥнияз кезек кҥтпей, ҥзілді-кесілді жауап қайтарды. - Сибан бҥган тҥк те айтпайды! Қайдан шықса одан шыксын, бҧларың Сибанның басына бәле шақырайын деген жерден шыққан сӛз. Ӛрт сағынганның ӛз ҥйі ӛртенсін! Бәле іздегеннің бәле ӛз басына келсін! — деді. Даусын кӛтере сӛйлей бастаған Қҧнияз сӛзін Байдалы бӛліп кетті: - Қҧнияз мырза, сен ӛркӛкіректенбей сӛйле!.. Атасы басқаның қҧлағына шалынбасын деп Уақтың болыс-билерін де арамызға кіргізбей келіп отырмыз. Бҧл жанымыз ашығандық емес пе? Керей - Уақтың қҧлағына бҧл арыз тҥгел тие қалса, Сибан кӛнбейді екен деп оны аяқсыз қалдыра алмайтын болар. Есенейдің жалғыз інісі Еменалы ағасынан қалған дәулетке мҧрагер мен десе, оны кім теріс дей алар? Аты қазақ мҧрагер деп еркек туысқанын айтпай ма? Олай болса, Еменалының мҧрагер екендігіне кім таласар? Сибан, сен ойланып сӛйле! Байсыз қатын -баусыз оймақ. Есенейдің бар дәулетіне жапа-жалғыз ие болып қалғанына кӛзі жеткен кҥні бар малды айдап тӛркіні Кҥрлеуітке қарай тайып отырмасына кім кепіл болады? Онсыз да Есенейдің жарты малы соның тӛркінінде кетті емес пе? Кҥрлеуіт Қостанай оязына, Орынборға қарап кетті. Осы да ойларыңа келмей ме? Жоқ, ондай кҥнге жеткізбей, жат талқысына тҥсірмей, ӛзіміз болып ойласып, орайын табайық. Керей - Уақтың билерінде азғана Сибанға алыстаң қазылып келе жатқан мҧндай терең ор болар-ау деп Мҥсіреп ойламайтын еді. Қатты қынжылды. Ақылды Ҧлпан атақты билерді ана жылы Омбы тӛрелерінің алдында бір ҧятқа қалдыра жеңіп еді. Оған жақында ғана ӛткен Сибан жорығының абырой-атағы қосылды. Қазақ болыс-билері ондай қорлықты әйелге кешкен емес. Енді олар қастасуға сӛз байласып келген тҥрлері бар. Алды-мен Есенейдің нағыз мҧрагері деп Еменалыны танып, мал-мҥлікке талас-тартыс, қырқыс-қырылыс жасамақ. Оған жалғастыра әмеңгерлікті әкеліп отыр. Мал-мҥліктің иесі Ҧлпан деп танылса, тҥптердің тҥбінде оның Сибанды тастап тӛркініне кӛшіп кететін қаупі бар екен... Сибан елі мен Ҧлпанның арасына қағу ҥшін осындай бір темір сына тағы ала келіпті. Тағы қандай қақпаздары барын тҥгел біліп алу ҥшін Мҥсіреп Байдалы биге қарап: - Бізге айтар сӛздеріңіздің шама-шарқы осы ғой? -деп сҧрады. - Жоқ! - деді Байдалы.- Сибанның баласы, негып білмей отырсың? Еменалы ораза айты ӛткен соң Есеней-ге ас бергелі отыр... Есенейдің туған інісі ағасының асын берем десе, оған кім қарсы болады, біз тек Сибанның 164


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

қалай қарайтынын білгіміз келеді. Есекең былтыр жайлауға кӛшіп бара жатқанда жолда "Сӛрелі" деген кӛлдің жагасында қайтыс болып еді ғой. Еменалы агасының асын сол кӛлдің басында бермекші. Еменалының мҥнысын қалай теріс дей аламыз. Солай емес пе? — деп Байдалы би Мҥсірепке қадала қарады. Ие, Сибанга арнап қазылған ор, қҥрылған тор кӛп екен. Билер жолымен сӛз жарыстыруга қалсаң Сибан да, Ҧлпан да айыпты болып шыға келеді. Бес болыстың би-болыстарына бір ауылнай Сибанды кінәлі етіп шытару оңайдың оңайы. Мҥсіреп осыны ойлап билер сарабына салмайтын жауап қайырды: Сибанның басына бҧлт тӛніп келе жатқанын ес-керте кеткелі қайта оралып келгендеріңізге алғыстан баска айтарымыз жоқ, қадірлі билер. Бірақ, осы айтқандарыңыздың бәрі де қанша зілдей болғанымен Сибанның ӛзі-ақ шешіп тастайтын ҥй ішілік жайлар емес пе? Мҧрагер кім, қай баласына қандай енші тигені дҥрыс, оны Сибан ӛзі шеше алса керек. Сибанға ең ауыр тиетін сӛздеріңіз Ҧлпан бәйбішені Сибан емес, бір кҥні тӛркініне кӛшіп кетеді дегендеріңіз... Бҧл елде екі адам Сибан болса, Ҧлпан сол екеудің бірі, біреу болса, сол біреудің ӛзі Ҧлпан! Ҧлпан тек Сибан тана емес, он бес жылдан бері осы елдің Есенейі! Есенейдің ӛзі атап кеткен Есенейі! Сіздер Ҧлпанды жесір қалған қатын деп отырсыздар, Сибан оны "әулие Ҧлпан!" дейді. Сибан қандай талқыга тҥссе де осы ойынан айны-майды. Сибанның ӛтініші кӛп емес, екеу-ақ: осы сӛздеріңізді Ҧлпанга айтпай-ақ аттана берсеңіздер екен. Кӛңілі жарым әйелді Сибан емес, бӛтенсің деп босқа ренжітпейік. Бҧл оның естірмін деген сӛзі емес. Екінші, қайта оралған себептеріңізді Сибанның еліне естірттіңіздер, болды. Ауыл-ҥйдің жҧмысын Сибан ӛзі тындыра алмай жатса, кезінде кӛрерсіздер... Енді болыс-билер дағдарысып қалды. Сибан ӛзінің ішкі ісіне ешкімді араластыратын емес. Ықтамай қойды. Қысталай берсең, орыс заңына сҥйене кетуден де тайын-байтын сияқты. Олай бола қалган кҥнде болыс-билердің қайсысы қай жагына аунап тҥсерін кім білсін! Сонша долырып, сонша тҧлданып келіп қҧр ауыз аттанып кетуге де болмайды. Ҥлкен ҧят сол болар еді. Жырынды болып қалған сҥм билер, ӛйтеуір Есенейден қалған байлықты талан-таражға салу ниетінен қайта алмай, кәрі би Қҥрымсыга қарады. Оның аузынан осы келіп отырған қасың емес, досыңбыз, ойлан, Сибан деген бір ауыз сӛз шықса Сибанның басасаулығы басылып-ақ қалар еді. Кәрі би ойланып барып сойледі: - Ойлап отырсам, мен кӛп әңгіменің сыртында екемін,- деді Қҧрымсы би.- Кәрі қҧлақ шала естіген шытар, кӛрі кӛз шалатынды шала алмай қалған шығар. Ол оз кінәм. Қҧйқылжып-қҧбылып тҧрған бҧлаң-қҧйрық замандарыңа кейде еріп, кейде ергім келмей қалатыны да бар. Дау қуған ел жауығар, дау қумаған сауығар демеп пе еді! Мен соның адамымын. Есенейдің ордасы иесіз қалып бара жатқанда ағайынның бізге қояр ӛтініш-тілегі болса біле кетейік дегендеріңе еріп кете беріп едім. Енді абай-ласам, Сибан бҥліншіліктен аман, 165


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

бҥтін отырган ел екен. Бҥтін тҧрғанды бҥліндірмес болар дегеннен басқа менің айтарым жоқ,— деп тоқтады. Қадырлы бидің адал сӛзін таты біреуі жуып-шайып жібере ме деп қауіптеніп: Ac тҥсіріліп қалған екен, ҥйге кіріңіздер,- деді Мҥсіреп. Қҧрымсыдан басқа болыс-билер тҥн бойы ҧйықтай алмай аунақшып шықты. Таңертең әр ауылға әдейі жіберген тыңшы-тілшілері келіп еді, олар да пайдалы еш нәрсе әкеле алмапты. - Ҥлкендері Сибанның ырысы Ҧлпан бәйбіше аман болсын... Ҧлпан ӛулие адам! — дейді екен. - Жастар жағы Ҧлпанның атын атамай "Ҥлкен апа" деп кетіпті. Тыңшылардың ӛкелгендері осы-ақ. Бҧл әңгіме ауыл сыртында Қҧрымсыдан басқа болыс-билердің арасында болып жатыр еді. Қонақ ҥйде жалғыз болініп қалған Қҥрымсы Ҧлпанмен қош айтысып, атта-нып кетуге бел байлап, Есенейдің ҥлкен ҥйіне қарай бет алды. Бҧл ауылға кім келіп, кім кетіп жатқанын бақылай отырған болыс-билер кәрі бидің қайда кетіп бара жатқанын кӛріп орындарынан тез тҧра келді. Кім біледі, жҥйкесі босап, миы сҧйылған кәрі би тҥндегі әңгімені Ҧлпанға кӛйітіп қояр деп ойласты. - Ана шал бізге жӛн сілтеп барады. Ҧлпанның ӛзін айналдырыңдар деп бара жатыр. Keп ҥйірген бір жығар деген бар емес пе? Айналдыра берсек, нағып алмай қояр екеміз? — деп Байдалы би орнынан тҧрды. - Дҧрыс айтасыз, Байдеке. Жалғыз отырған қатынды бір айналдырып кӛрейікші! — деп Тоқай да тҧрды. Жастар жағы тҥсінгендей жымыңдасып, арлан билерге еріп жҥре берді. Бҧлар ҥйге кіргенде Қҧрымсы би айтарын айтып болып, қоштасар сӛзге таяп қалған еді. Айналайын, Сибанның елі ӛзіңді шаң жҧқтырмай қадірлейді екен. Ел анасы, әулие деп қҧрметтейді екен. Мен де сол тілектің ішіндемін. Қҧдайдың қҧлағына шалынар қҧлшылығым қалса, мінажат дҧғамнан қалдырмаспын. Қош бол, жарқыным! — деп орнынан тҧра берді. Келгендерге қарамай шығып та кетті. Қасында бір-екі әйелден басқа ешкім жоқ, Ҧлпан жалғыз қалды. Жаңа келген болыс-билер амандық-саулықты коп сӛзбай, кешегі әңгімелеріне кошті. Дала желі ойнақы келеді. Кҥн артында тҥн бар. Жазға ілесе кыс келеді. Ағайын бар болсаң кӛре алмайды, кҥндейді. Жоқ болсаң асырай алмайды. Еліміздің ҧйытқысы болып келе жатқан әдет-гҧрпы бар. Сендей ақылды адамдар сол ҧйытқыны бҧзбас болар. Бҥгін басы аман, бауыры бҥтін ел ертен басы ауырып, балтыры сыздамасын біле бермейді. Бҥгін ӛкпелетіп қайтарған ағайын ертең керек болып қалатын кезі бола береді. Тҥптердің тҥбінде ӛртке айналатын тҥтін бар. Елдігіміздің тҧнығын шайқалтпауды ойлайтын кезіміз осы... Осылай жалпы ықтатып алар қауіп-қатерді тізе келіп, билер соз аяғында кешегі айтқан мҥрагерлік, әмеңгерлік жайларын кадағалады. 166


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан кім сойлесе де кӛзінен кӛзін айырмай отырып тыңдады. Ҧлпаннын козінде кҥнәсіз жанның ығыспай қарай алатын кҥші бар еді. Әдейілік емес, жаратылысы сол. Әділет, адалдық иесі саналатын болысбилердің кӛздері сол кҥнәсіз қарасқа шыңай алмай тайқи беріп отыр. Билер тҥз тағысын тосқауылдап қуатын ҧялы қасқырша бірінің сӛзі әлсірей бергенде, екінші біреуі іліп әкетіп Ҧлпанды ҧзақ қудаласа да бір тҥйыққа әкеліп қамай алмай қойды. Ҧлпан ешкімнің созін бӛлген жоқ, ешкімнің созін елеусіз қалдырмай ҧғына тындап, алдында тҧрған ҥлкен сары ала шара қымызды сапыра берді, сапыра берді. Қонақтарына қымыз да ҧсынатын емес сияқты. Қымызды не бермей, не жинап әкетпей сапыра беру деген адамның жҥйкесіне қатты тиеді екен. Ант ҧрған қатынның бҧл кай онері? Әдейі істеп отыр ма, болмаса сӛзге айналып ҧмытып кетіп отыр ма? Есеней де қашан айтарыңды айтып титықтап болғаныңша сазарып отыра беруші еді. Әлде содан ҥйренгені бар ма екен? Сапыра берген қымыз иісінен қонақтарының ауызынан сілекейі шҥбырып, сілесі қатқанша Ҧлпан ҥн шығармай отырды да, қымызды енді ғана бере бастады. Содан соң озі де сӛйлеп кетті: - Қадырлы болыс-билер, Сибанның сіздерге айтар алғысы коп. Есенейдің асын дау-жанжалсыз ӛткізісіп бердіңіздер... Керей - Уақтың басына келген қара пәледей қас жауы Қожықтың ордасын талқандап, орнымен ӛртеп қайтқанда оздеріңіз басы-қасьшда болған жорық-тың абыройатағын Сибанға бердіңіздер... оны Сибан ҧмыта алмайды. —Е, ол бір Байдекеңнің тапқан ақылы болды той!— деп Тоқай би Байдалығы оқтай қадалатын бір сӛз қыстырып қалды. Байдалының ӛмір бойы есінен кетпес екінші сол абырой екенін біле тҧра бітпеген жараны тағы бір тырнап қалуды ерсі кӛрген жоқ. Байдалы кірпідей жиырылды да жауап қайтармай шыдап қалды. Ҧлпан ондайды тҥсінбейтіндей, бейжай қалпында сӛзін жалғастырып кетті: —Осы келістеріңізде де ҥлкен мән бар екен,— деді Ҧлпан.— Бҧларыңызға да алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Есенейі жоқ жаңа Сибан, жас Сибан ӛз атының басына ӛзі ие бола алмай әлденеге ҧрынып қала ма деген оймен оралған екенсіздер. Сибан мҧны да ҥлкен қамқорлық деп бағаласа керек. Жас баланы алғаш атқа мінгізгенде ҥлкендер алыстан бақылай жҥруші еді ғой! Сіздердің ойларыңызда содан басқа не болсын!.. Сибан айтар кӛп алғыстың ең ҥлкені осында деп біліп, қадірлеп ҧстармыз, аяқсыт-паспыз... Бҧдан кейін болыс-билер Ҧлпанды қайта қамалай алған жоқ. Сыртынан қанша балағаттасаң да кездесіп қалғаңца мысы жеңе беретін адамдар болады. Ҧлпан сондай жан еді. Қазір Ҧлпан ақыл-айы толыққан, ел атынан сӛйлейтін ел анасы атанып келе жатқан кезі еді. Денесі де толығып, бҧғағы білініп келе жатқан маң бәйбіше. Болыс-билер Ҧлпанды ықтатуға ӛрелері жетпей қойғанын сезініп, әшейін қымыз ішуге келгендей, қымызды қҧлата берді, қҧлата берді. Қонақтары аттануға бет алғанда Ҧлпан ҥлкен бір ӛтініш барын айтты: 167


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Жесір қатын, жетім бала болып калған ҥй сіздердің алдарыңызға ӛтінішін айтып талай келер әлі... Соның бірін қазір айтып калғым келеді: енді ҥш жылдан кейін жалғыз қызым "отау иесі" дейтін кемеліне келіп қалады. Мен қызымды ешқайда ҧзатқым келмейді. Есенейден қалған жалғыз тҧяқ жат елдік болмай-ақ қойса деп едім... Керей -Уақ қызыма тең бір ҧлын Есенейдің шаңырағына қия қалса оң жағыма кіргізіп алар едім. Есенейдің шаңырағына қызым мен кҥйеуімді ие қылып, ӛзім басқа дҥниеге мойын бҧрмай, немеремді тербетіп отыра берсем-ау деген арманым бар. Сибан ӛз ішінен қыз алыспайды. Керей Уақтың ортасына салып отыртаным да сондықтан. Біжікен менің жалғыз қуанышым той... Осы ӛтінішімді еске ала жҥрсеңіздер екен,- деп Ҧлпан кӛзіне жас алды. Бҧл Ҧлпанның ақ тілегі еді. Қызын теңіне қосу шешенің бірінші тілегі болса, сол екі жасты қанатының астында ӛсіру екінші арманы. Ҧлпан аналық мейірі қанбаған, аналық мейірімі сарқылмаган адам. Сондай мейірі қанар аналықты қызына тілейді. Бірі жылап, бірі еркелеп жататын балалар коз алдына келеді. "Әжелеп!" шуласқан балалар даусын сагынады. Ат ҥстінде шапқыласқан ер балалар коз алдына келеді. "Әже, қымыз!"— деп арсалаңдап келіп әжесінің тізесіне қҧлай кететін бір баланы сагынады. Бара-бара осы бір бала кӛз алдынан кетпейтін болып алды. Даусына да қҧлаты ҥйреніп алды. Бет-аузы, кӛзі-қасы, шып-шымыр денесі — бәрі кӛз алдына ӛзгермей келеді де тҧрады. Ерте тоқырап қалтан аналықтың мҧңзары да, алыстан ҥміттенер қуанышы да осы. Ҧлпан болыс-билерге осыңцай ақ тілегін айтып қалды. — Ҧлпан бәйбіше, бҧл тілегіңізді қҧдай алдындагы қарызымыздай кӛрерміз,— деді Байдалы,— бірақ, мҧны да Керейдің ӛзі шешетін, жат бауырдың суық қолын араластырмайтын жҧмысы дегеніміз дҧрыс болар. Уақты араластырсақ, Атығай — Қарауылды қалай шет қалдырамыз? Сіздің ҥйге баласын беруге кім қызықпайды дейсің. Сол қызығатындарды кӛбейте бермейік... Сӛз осыған байланды да болыс-билер аттанып кетті. Қайсысының кӛңілінде қандай ойлар балалай бастады, оларын білдірген жоқ. Ертеңіне бҥкіл Сибан ауылдары Ҧлпанның кӛшіне ілесе, жайлауга тҧтас кӛшті. Бҧлар Ҧлпанга кӛрсеткен қошемет еді. Жазғытҧрғы жайлауга бет алған бірінші кӛш мал ҧстаған елдің жыл сайын болып тҧратын табиғи кӛрмесі. Әр ауыл қыстан қалай шықты, жҧрттың айдаған малы былтырғыдан кӛбейген бе, азайған ба? Жастар жағы қалай, ажарлы ма, жас балаларға тай-қҧнан тиген бе, жоқ па? Осының бӛрі тӛрт-бес кҥнге созылатын кӛш-жӛнекей тҥгел кӛзге тҥседі. Биыл Сибанның кӛңілі кӛтеріңкі еді. Кӛш тізбектері де ҥзілмейбҥзылмай ағылып кетіп барады. Егін-шӛп тасуға ҥйренген жҧрт қазақ арбаны азайтып, қос қалқанды бришкеге ауыса бастаған. Анда-санда эр ауыл ҥйірҥйір жылқыларын айдап ӛтеді. Балалар бейберекет жарысып, қай кештің тҧсында қай бала озып келе жатса, сол кӛштен "бәйге" сҧрайды. Жҥкті арбаның ҥстінде келе жатқан әйел бір уыс қҧрт, бауырсақ шашып қалады. 168


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Балалар аттарынан тҥсе қалып, шашылған бауырсақ пен қҧртты тала-сыптармасып ауыздарына тығып жібереді де, тағы да бейберекет шаба жӛнеледі. Бҧл басы да, аяғы да жоқ бәйге. Жҧрт жайлауға жетіп жҥгін тҥсіргенше созыла береді. Кӛшпелі ӛмірдің аты бар балаларға деген бір қызығы осы. Аты жоқ балаларға бҧдан ауыр қайғы да жоқ. Балалар бай, кедей деп алаламай кӛш бойында кетіп бара жатқан барлық әйелдерден бәйге алады. Бір-екі рет Ҧлпаннан да бәйге алып кетті. Бір-екі рет Біжікен де бәйгесін шешесіне әкеліп берді. Кӛш алды әдетте тҥнемей ӛте алмайтын кӛлге таяп келіп еді. Кӛш алдында келе жатқан ауыл ақсақалдары қамшыларын алға карай сілтеп, кӛшті тоқтаткан жоқ. Бҧл былтыр Есеней қайтыс болған, қазір "Бай ӛлген кӛл" ата-нып кеткен кӛл еді. Еменалы осы кӛлдің басына ҥйлерін тігіп қонып қалған екен. "Есенейге мен де ас берем" дегені рас болтаны да. Осы колде отырып Есенейге ас бере қал-са, Еменалыньщ мҧрагерлігі жҧрт кӛзінде салмақтана тҥседі. Ҧлпанның мҧрагерлігі солғындай тҥспек. Бҧл, ӛрине Еменалының ӛз басында туған ой емес, кешегі болыс-билердің Ҧлпанга арнап қазған кӛп орларының бірі. Сибан кӛші Еменалының ауылын қарайламай әрі асып кете берді. Әркім Еменалыға нарызылығын кӛрсете, тас-тҥйін жинақы кетіп барады. Қос аттан жектіріп тарантасқа мінген ауқатты ҥйдің әйелдері кӛшжӛнекей біріне-бірі қосылып, аяғында бәрі Ҧлпан пәуескесінің соңынан тізіліп келе жатыр еді. Ҧлпан пәуескеден тҥсіп, ең жақын келе жатқан әйелдерге: - Сендер аялдамай тарта беріндер. Мен қазір қуып жетемін,- деді де пәуескесіне мініп Еменалының ауылына бҧрылып кетті. Қасында жалғыз Дәмелі бар Ҧлпан кіріп келгенде Еменалы мен Айтолқын қатты абыржып қалды. Дардай жігіт болып қалған ҥш ҧлы не істерін білмей ӛре тҧра келіп еді, Еменалы - шығыңдар! — деді балаларына. —Оңаша қалғанымыз жақсы болды,— деді Ҧлпан тӛрге шығып отыра беріп.— Мен сендерге қоныс қайырлы болсын айтуға келгенім жоқ, кӛшіріп әкетуге келдім. Есенейдің жалғыз інісі айдалада жалғыз ҥй қалғаны ҧят па, ҧят емес пе? Аулыңның тҧсынан ӛтіп бара жатқан Сибан кошінен бір адам бҧрылып келді ме, сендерге? Неге бҧрылмады? Сибан сені Есенейдің алдында айыпты санайды. Айыпты екенің ӛтірік пе? Тыжырынбай тҧра тҧр! Сен Есенейдің ӛліміне де ортақсың! Есенейге ең соңғы тиген қара шоқпар сенікі болатын. Содан кейін Есеней бір кҥн тӛсектен тҧра алды ма? Тҥра алған жоқ! Енді сен сол Есенейдің қатыны Ҧлпанға әмеңгер болып Есенейдің тӛсегіне жатқың келетін кӛрінеді. Жасың алпыстан асты. Есің болса, енді Есенейдің тӛсегіне ешкім жақындамасын деп ағаңның аруағын қорғай жҥрер едің-ау! Оны ойлаудың орнына озің жатқың келіпті. Әмеңгерлік хайуандықтың бір тҥрі емес пе? Ҧялсаңшы! Есенейдің жалғыз мҧрагері менмін деп дауласқалы отыр екенсің. Ӛзіңе керегі мал ма? Қанша керек ӛзіңе? Кҥні ертең ҥш баланды ертіп кел де қанша мал керек болса, соншасын айдап жҥре бер. Маған мал керегі жоғын нағып тҥсінбей жҥрсің? Биыл Есенейге мен ас 169


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

беремін депсің. Беріп кӛрші, бір Сибан қатынасар ма екен! Сонда қандай масқараға ҧшырайтыныңды білемісің сен! Есенейдің асын биыл ӛз ҥйі берді, келер жылы сен бер. Ашпа аузынды, жықтыр ҥйіңді! Кӛш жайлауға! —Сонда Сибанның қай жақ шетіне қондырасың? -деп қалды Айтолқын. —Оттамай отыр! — деді Еменалы. —Қалаган жеріңе қон! - деді Ҧлпан.- Шакыр балаларды, қазір кӛшесің. Еменалы біржола жасып, тапалып қалды. Ызаланып келген Ҧлпан әр созімен тоқпақтай соққылап жаншып тастады. Еменалы далада жҥрген балаларын шақырды: — Жығыңдар ҥйді! Кӛшеміз. Ақылсыз әкенің долы мінезінен мезі болған жастар қуанып кетіп, ҥйлерді талқандап жыға бастады. Адам алдындағы қарыздарын қалай атқаратындарын кім білсін, болысбилер қҥдай алдындағы қарызымыздай кӛрерміз деген уәделерін ҥш жыл бойы орындай алмай келеді. Бес болыс Керейде бес мыңға жақын ҥй бар, бес мыңға жақын Біжікенмен тҧстас еркек бала да бар еді, соның бір де бірінің басы бос болмай шықты. Қалың мал тӛлеу керегі жоқ. Барасың да байлыққа ие бола кетесің! Қыз кандай! Шеше қандай! Осындай жағдайда Біжікенге кҥйеу табылмай қойды... Әр коғамның қоржын аумас теңбе-тең қалыпта тҧруға тиісті ішкісыртқы қҧрылысын бҧздырмайтын ӛз заңы бар. Болыс-билер сол занды кҥзетеді. Әуелі Ҧлпанның ҥйіне бір баласын беруге болыс-билердің бәрі қызықты, бәрі жанталасты. Ол орайы келмейтін әңгіме болып шықты. Ҧлпанның байлығын тал тҥсте тҧтасынан біреуіне бере салу оны екі есе байыту болады екен. Екі есе байыған, екі есе кҥшейген адам тең-бе-тендік қалыпты бҧзбай отыра алар ма? Бҥгінгі досыңды ертеңгі жауым деп санау керек. Заманыңның қҧлқы солай. Сонымен болыс-билер Ҧлпанның байлығын біріне-бірі қимай табан тіресіп отыра берді. Ең қызыты Еменалыны мҧрагер етіп шыгарып, Есенейдің мал-мҥлкін шым-шытырық бӛліске тҥсіру еді, ол әңгіме ӛшіп қалды. Ҧлпанның ҥйіне бір кедейдің баласын кіргізіп беру де ауызға алынды. Ол тіпті орайсыз әңгіме екен. Кедейдің баласы Ҧлпанның қолына тҥскен соң екі жылда жас Есеней болып шыға келеді. Болысың кім болады, биің кім болады, бәрі сол ҥйде шешіледі. Ҧлпанның аузына қарап отырган Сибанның бет алысы белгілі той. Бҧл дәстҥр сақ-таудан қалып бара жатқан ел. Керейдің болыс-билері осындай датдарысқа ҧшырады да, қҧдай алдындаты қарызымыздай кӛрерміз деген уәделерін орындай алмай, бірінбірі андып бҧғып қалысты. Алдагы жылы болыс-билердің қайта сайланар кезеңі де келе жатыр еді. Сайлау қарсаңында шырық бҧзатын ӛңгіменің керегі не? Осы тҧста, марттың орта кезінде ӛтетін сайлауға ай жарым қалтанда Керейдің болыс-билері шеше алмай қойтан әңгімеге бҧтан дейін шеттеп 170


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

қалган Шәйгӛз — Уақ келіп араласты. Қадірменді билері, ауылнай, ақсақалдары бастаған жиырма шақты адам кештетіп келіп Ҧлпанның қонақ ҥйіне тҥсті. Ертеңіне Ҧлпанта сәлемдесе келіп отырып, арнаулы ӛңгімелерін бастап кетті. Сӛзді кәрі би Ӛтеміс бастады: - Сибанның ел анасы болып отыртан Ҧлпан бәйбіше, сіз білмейтін сыр жоқ шыгар, біз қалың Керейдің шеттетіп ҧстап келген еліміз. Қожықтың тҥбі Уақ деп, Керей бізді Сибан жорығына да шақырған жоқ. Тап ӛзіңіз араласпағанда Байдалы мен Тоқай біздің Шәйгӛз — Уақты Есекеңнің асына да шақырмақшы емес екен. Аз елдің қашанғы кҥні осы ғой. Біз азғана елміз. Жеріміз бір шеті сіздін, азгана Кҥрлеуіт отырган "Қаршығалыга" шектес, бір шеті Стап жерімен кірандас, алақаңцай гана... Бір ауыл-найга әрең толатын азгана Сибан сіздің арқаңызда кеудесін бастырмайтын ел болды. Сондай коз қырыңызды азғана ел Шәйгоз — Уаққа да сала жҥресіз бе деп ҥміт етіп келіп отырмыз. Байдалы мен Тоқайдай ата тегінен келе жатқан шынжырбалақ, шҥбартӛс шонжар бізде болтан емес. Ойы-мызды баптап айтуга тіліміз де жете бермейді. Айтайық деп келген ойымыз бойымызға лайық па, жоқ па, оны да шамалай алдық дей алмаймыз. Жаяу кесіп қылып, орыс-пен аралас отырган елміз. Ойта олақ, тілге орашолақ, соз бақпаған, мал баққан шаруамыз. Осыдан торт жыл бҥрын ӛз аузыңыздан шыққан бір тілек болган екен: Есенейдің шаңырағына Керей - Уақтан қызыңызға тең бір ҧл сҧрапсыз. Керауыз Керей әлі келісе алмай жҥр. Балаңызға тең ҧлды біз әкеліп отырмыз. Ӛзіңіз әбден білетін жігіт, отыз жыл осы ҥймен дӛмдес болған Тілемістің баласы Торсан... - Торсан кӛзіміз ҥйренген жігіт,— деді Ҧлпан, бейім кӛңіл білдіргендей азғана кҥлімсіреп. - Кезіңіз ҥйренсе, балама тең емес деп айта алмассыз деп ойлаймыз. Айтқан соң тҥгел айтайық — Торсан Шәйгӛз — Уақтан Қызылжарға піргауар апарып, ӛз алдымызға оңаша болыс болып отыруға лҧқсат алып келді. Сол баланың ӛзін болыс сайлаймыз деп отырмыз. Мен болыстыққа - билікке қызыгатын адам емеспін,- деді Ҧлпан.Азғана Сибан биліктің тақсіретін тартқан ел. Қалың Керей Есенейдің шаңыратына бір ҧлын қия алмаганына ӛкпем де жоқ емес. Осындай кҥйде отырғанда Керейдің ҧятын бетіне басқаңцай болып келіп отырған азғана Уаққа кім риза болмас! Бірер кҥн сыйлы қонағым болып жата тҧрыңыздар... Бір байламын естіп қай-тарсыздар... Қазақ денелі, кавказ кӛзді жас жігіт Торсан Ҧлпан ҥйіне кӛптен бері дәмдес болып келе жатқан. Әкесі Тілеміс қайтыс болғалы Ҧлпанның алыс базарларға жҧмсап отыратыны осы Торсан еді. Стап қаласында орысша бастауыш мектеп бітірген, ӛзге замандастарынан ӛресі биік, білгір де ҧтымды, ойын-сауықта жҧмысы жоқ, іскер жігіт. Ірбіт, Тобыл, Қызылжар базарларына барғанда ылғи бір тҥсі-тҥгі келісімді бҧйымдар әкеледі. Әкесі Тілемісте "ал-дап соқтым, алданып қалдым" дейтін әдеттер болушы еді, Торсанда ол жоқ. Алдамайтын, алданбайтын, адалдығына кір жҧқтырмайтын 171


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

адам болатын сияқты. Болыс болғысы келуінде Ҧлпанға ҧнамайтын бір секемал қылаңдап қоятындай сезіледі. Қалың Керейден қашаннан бері зәбіржапа кӛріп келген Уақ елінің бӛлек болыс болғысы келген кезінде онысын азаматтық деуге де болады ғой! Уақтан баска Ҧлпанға бала беріп отырған да ешкім жоқ. Ҥлпан ойы Торсанға тоқтап қалды. Уағы не, Керейі не? Ӛзі болтан жігіттің ата тегін сҥрама деген нақыл дҥрыс болар. Біжікенге ҥнамай жҥрмесе, енді мен айналақтамауым керек. Біжікен он беске шыққан, бойшаң болып ӛсіп келе жатқан бала еді. Ҥзын кӛйлек, ҥкілі қҥндыз бӛрік киген-де шешесінен биігірек те кӛрініп кетеді. Шеше кӛзінде бір сыр барын кҥн бойы сезініп жҥр. Қызының сезініп жҥргенін шеше де сезінеді. Әйел сыры сыбырласып айтуды тілейді. Сонда ғана жанға - жан, жҥрекке - жҥрек тілдесетін сияқты. Ҧлпан сол сағатты кҥтті. Біжікен шешесіне білдірмей аяй жҥреді. Ҧлпандай отыз бес пен қырықтың арасындағы әйелдерде ең кемі бес-алты бала бар. Әлі де баладан калмаған. Ҧлпанға берген жал-ғыз баланы қҧдай қыз жаратыпты... Ол баласын біреу айт-тырып алып кетсе, Ҧлпан жапа-жалғыз қалады. Шешесінің сондай кҥйге ҧшырар кҥні кӛз алдына келсе, Біжікеннін тҧла бойы тітіркеніп кетеді. Біжікен шешесімен екеуі бір бӛлмеде жататын еді. Шамды сӛндірді де: - Апа, мен тоңып қалдым,- деді. Бҧл оның кҥндегі әдеті. Қорқамын дейді, тоңдым дейді, әйтеуір бір сылтау тауып шешесінің қасына біраз еркелеп жатып кетеді. - Келе ғой, ботам,— деді Ҧлпан. Біжікен келген бойы бет-аузын шешесінің кеудесіне кӛмін жіберіп, аймалай берді. Қыңқылдап бірдемені сҧра-ғысы келгендей еді. - Біжікен,- деді шешесі. - Ӛһо,- деді қызы мҥрнымен ғана қҧмыққан ҥн қатып. - Біжікен, сен дҧрыстап қҧлақ салшы. Ҥлкен бір әңгіме бар... - Еһе... - Менің сенен басқа ойлайтын кімім бар... - Ӛһо... - Сен Торсанды жақсы білемісің? - Еһе... - Жақсы жігіт пе? - Еһе... - Әлде жаман жігіт шығар? Біжікен арқасын бір қиқаң еткізіп қойды. - Жақсы болса сол жігіт осы ҥйге бала болғысы келеді. Біжікен шеше бауырына кіре тҥсті. - Бала болғанда қалай боларын тҥсінемісің? - Еһе... Кҥйеу болады. Саған кҥйеу, маған кҥйеу бала болады. - Еһе... 172


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Ризасың ғой? Біжікен бҧл жолы ҥн қатпай гдешесін қатты қҧшақтап, бет-аузынан сҥймеген жер қалдырған жоқ. - Тоқтай тҧршы, Біжікен... Ӛзі бір алғыр жігіт... екеуімізді билеп кетпес пе екен? - Сені ешкім билей алмайды! Сені билеймін десе, ақылсыз болып шығар. Мен де сенен тудым ғой... Шешесі мен қызы қҧшақтасып жатып, ойлары бір екенін ҧғынысты да ертеңіне Ҧлпан Уақтың елшілеріне ризашылығын берді. Уақ пен Сибанның екі жақты тойлары ӛтісімен Торсан Есенейдің ҥйіне кҥш-кҥйеу болып кіріп алып еді. Қалың Керейдің салбӛксе болыс-билері қанша қарсыласса да азғана Уақ ӛз алдына болыс болып бӛлініп кетті. Отызға жетпеген жас жігіт Торсан ояз кӛлемінде ӛзге болыстардан анағҧрлым ӛтімді, алғыр болыс болып шықты. Ояз бастықтары, пристав, урядниктер топ-тобымен келіп сыйлық алып кетеді. Ҧлпанның тӛрелер тҥсетін ҥйі болыс кеңсесіне айналып барады. Қазақ даушарын елінің ауылнай, билеріне беріпті де, Торсан ӛзі ояз, губірналық барлық қатынас жолдарын бақылап отыратын сияқты. Әрі-беріден соң Керейдің болыс-билері де ауыз сала бастады. Ішкі Ресейден кӛшіп келген шаруаларды ояз бастықтары арқылы Керей жеріне қарай аударып жібере алатын беделді болыс болып алды. Ҥй ішілік жайларда Торсан ӛте жҥмсақ. Шайды Ҧлпан, Біжікен ҥшеуі оңаша ішеді. Біжікен шайі қҥяды. Торсан Ҧлпанның шыны аяғын әперіп отырады. Кешкі тамақтары да солай оңаша. Торсан Ҧлпанның етін турап береді. Ішіңіз, апа!.. Жеңіз, апа!.. Ҧлпанның Мҥсіреп, Қҥнияз сияқты досжар адамдары келсе, Торсан тіпті әкесі келгендей қуанып қалады. Қолдарына су қҥйып, етті ӛзі турап, шыны аяқты ӛзі әперіп отырады. - Қҧнияз ага, әттең Уақ болып тумағаныңызды қайтейін... Уақтың болысы сіз болсаңыз, азгана Уақ қандай ел болып кетер еді! - деп қоятыны да бар. - Мҥсекеңдей ақыл иесі, ел атасы бар Сибанда қан-дай арман бар екен? — деп, бҧл кезде қартая бастаған Мҥсірепті де кӛтере мақтайды. Кҥйеу баласына Ҧлпан да риза. Керей болыс-билерінен кӛрген кӛп опасыздықты әйел жҥрегі ҧмыта алмай, кешіре алмай қойып еді. Торсан бала болып қолы-на кіргелі зәрәзәт болып қалган жҥрек орнына тҥскен-дей, кӛңілі тынышталып серги бастады. Ҧлпанның Сибан арасындагы жҧмыстарына Торсан араласқан емес. Торсан Ҧлпан ҥйіне кіргелі алты ай ӛткеннен кейін ғана бір оқыс мінез кӛрсетті. Қар еріп, қаз-ҥйрек келіп жатқан аласапыран кезі еді. Торсан ӛз еліне барып қатты ренжіп қайтты. Кектене білетінін жасыра алмай келді. Шәйгӛз - Уақ жерімен шектес "Қаршығалыда" жатқан Есеней жылқысын 173


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

аралай жҥріп Еменалының ҥш баласына кездесіп еді. Ҥшеуі жаңа тана ҧсталған ҥш қара кӛк атты жетелеп алган екен. Қыстан кҥйлі шыққан, жҥнін тастаған қара кӛк аттар мал баласының сҧлуы екен. Шоқтықты, кеуделі келген, қҥлаш мойын, камыс қҧлақ, бота кӛз, тӛрт аяғында бір мін болсайшы! Шіркін-ай, жазды кҥні қатарлап, қысты кҥні кӛсемдеп жегіп жҥрер ме едің!.. Мына әулекі жігіттер, ӛздері он шақты адам — қолдарында каршыға, ителгі, соңдарында шҧбырган тазы иттер, осындай аттарды аңта салмақшы! Біреуін ақсатып, біреуін жауыр қылып қайтады-ау!.. Торсан кҥйініп кетті. Қысқа ғана амандықтан кейін: - Шетінен жетелеп жҥре беретін бҧл бір иесіз жҥрген мал деп ойладыңдар ма? - деді, ашу қысып тҧрғанын жасырғысы келмей. - Сен кҥш-кҥйеу болсаң, біз ағаларың боламыз. Байқап сӛйле, шыратым! — деді, Еменалының ҥлкен баласы Есенжол. - Кҥш-кҥйеу деген мал-жанның иесі деген соз емес шығар! — деп оның Ресей деген інісі тҧтанайын деп тҧрған шоқты бір ҥрлеп қалды. - Кҥш-кҥйеу мырза, Есенейдің мҧрагері кҥш-кҥйеу емес, мына біз боламыз! - деді Еменалының ҥшінші баласы.— Әзір тарынбай шыдай тҧр. Біз ӛлі еншімізді алып болтан жоқпыз... Торсан енді абайласа кҥш-кҥйеу деген екі создің астасар тҧсын әдейі нҧқып қалып кҥшік-кҥйеу деп тҧр екен. Торсан атының басын бҧрып алып жҥріп кетті. Сол ашуы ҥйге келгенше тараган жоқ. Ҥш қара кӛк ат кӛз алдынан кетпей қойды... "Кҥшік-кҥйеу" деген қорлау қҧлағына шегеленіп қалғандай шың-шың етіп тҥрып алды. Кҥшік-кҥйеу, кҥшік-кҥйеу, кҥшік-кҥйеу!.. Ҥш жігіттің корсеткен мінездері Торсанды қатты ой-ландырды — ызалана, кҥйіне ойланды. Бҧлар мҧрагерлікті әлі ҧмытпаған болып шықты той. Біжікенге қосылған той ҥстіңде Ҧлпан Есенейден қалған мал-мҥліктің ендігі иесі қызым мен кҥйеуім деп әлденеше рет ескерткен. Онда Еменалының озі де, балалары да ҥн шыгарған жоқ еді. Жҧрт кӛзінше айта алматандарын ішке тҥйіп кеткен екен. Тегінде бҧған біржола тыйым салынбаса, басынып кететіндері кӛрініп тҧр. Осы ашумен келген Торсан Ҧлпанга әдеттегі әдептілігін сақтай алмай сӛйлесті: - Апа, мен сіздің мал-мҥлкіңіздің иесі емес, кҥшік-кҥйеу екемін,— деп бірден шамдана сӛйледі. - Қарағым-ау, неменеден ренжіп қайттың? Менімен бҧлай сӛйлеспейтін едің ғой! - деді Ҧлпан. - Еменалының ҥш баласы "Қаршығалыда" жатқан жылқыдан ҥш атты ӛз беттерімен ҧстап алған ҥстінен шықтым. Бір-ақ ауыз сӛз айттым. Бҧл иесіз мал емес еді ғой деп едім, "иесі біз боламыз" деді. Аяғында маған "сен кҥшік-кҥйеусің" деді. - Торсан қарағым, бір ҥш ат ҥшін осынша қынжылмай-ақ қой, балам... Осы ҥйде әлі мыңға жақын жылқы бар, Біжікен екеуіңе мол жетеді. Ана жылы Керей -Уақ би-болыстарының тӛтенше съезінде жесір қалған ҧлы жоқ 174


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

ӛйел ерінен қалған мал-мҥліктің ҥштен бірін ерінің туысқандарына берсін деген байлам болған. Мен соны дҧрыс кӛріп Еменалыға ағаңнан қалған малмҥліктің ҥштен бірі сенікі деп келдім. Қанша жамандасақ та еркек екен, алмай келді. Балалары бір еркелік істесе, кешіре сал, шырағым. Бҧдан былай ондай тентектікті істемес. Айтармын... - Жоқ, апа... Мҧрагерлік дегенге шек қойылу керек. Беретініңізді біржола беріп, біржола қҧтылыңыз. Ӛмір бойы мҧрагер болып, ӛмір бойы кӛңілі ҧнатқанды шетінен жетелеп әкете берсе, бір кҥн тыныш ҧйықтай алмайтын болмаймыз ба?! Мен осы ҥйдің иесімін бе, болмаса шын-ақ кҥшіккҥйеумін бе? - Шырағым-ай, таусыла сӛйлемесең де болатын еді. Жарайды, тоқтатайық осымен. Бҥгін дем ал, қалғаны болса ертең сӛйлесерміз. Торсан кеткен соң Ҧлпан ойланып қалды. Бҧл немененің лебі? Болыс болған соң бҧзыла бастағаны ма, әлде ӛзінің жаратылысында жасырып келгені болды ма екен? Қандай әдепті, қандай жҧмсақ жігіт еді, неліктен жарыла жаздап тҧр? Қой, жас жігіт бҥла ӛскен әдемі аттардың ҥшеуін бірдей елдекім әкетіп бара жатқанда қызып кеткен болар. Жақсы атқа қызықпайтын жігіт бола ма! Онысын айып кӛрмей тҧра тҧрайық. Еменалының балалары есерсоқ, бейпіл ауыздау ғой, барлық бәле солардан-ақ басталған шығар. Ие, мынау сенікі, мынау оныкі демесем болмас... Торсанды ҥйіме ҧлым деп кіргізіп алған екенмін, енді оны мазалай беруге тыйым салынғаны дҧрыс болар. Ҧлпан Еменалыны шақырып алды. - Тентек қайным, сен кӛп жылдар бойы менімен келісе алмай жҥрдің. Осы кҥні, қҧдайға шҥкір, Есенейдің тӛрі сенікі, ой-тілегіміз бір. Мен не айтсам да риясыз айтты деп сене бер. Сіздің балалар "Қаршығалыдағы" жылқыдан ҥш атты ӛз беттерімен ҧстап әкеткен екен, кҥйеу балам соған қатты ренжіп келді. Балаларға айтып қойсайшы - ат керек болса ҥшеу емес, жиырмасын берейін, тек сҧрап алатын болсын. Былтыр ашу ҥстінде тҥсіндіріп айта алмадым - сен осы ҥйдің малының ҥштен біріне ор-тақсың. Қай кҥні алғың келсе, сол кҥні бӛліп берейін. Осы айтқаныма сенемісің? - Сенемін, Ҧлпан, сенемін. Сен бір әулиедей адал адамсың ғой. Сенемін. Бірақ, енді мен Есенейдің малын талап жатыр деген атаққа қалмаймын. Бір лағынды алмаймын. Ӛзім де сотқар едім, балаларым менен ҧзап қайда кетсін! Иттің кҥшіктері бәрі сотқар. Тек келсін, шетінен сойып салып, аттарыңды қайтарып берем! - Жоқ, Еменалы, олай етпе. Балаларды сабама. Бірде болмаса бірде ӛзіңе қолдары тиіп кетер. Аттарды қайтар-ма. Балалардың ойында жәбір қалмасын. Кҥйеу балам жеңдім демесін де, сіздің балалар біз жеңіліп қалдық демесін. Біріне-бірі ӛшікпесін. - Жоқ, жоқ! Аттарыңды қайтарып беремін! - Жоқ, қайтармайсың! Екі жҥздей ғана жылқың калыпты, ағаңнан енші ал! 175


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

- Еменалы ӛз еліне ӛзі енді ғана әрең сыйысып келеді, Ҥлпан. Мен аузы кҥйген адаммын. Мені тағы бір сӛзге іліктірмеші, айналайын. Балалар еркелеп ат сҥрап келсе ӛзің беріп тҥрарсың. Ендігәрі мҥны сӛз қылмайық. Мені кҥні-тҥні булықтырып жҥрген басқа бір арманым бар. Сол арманымды орындамай адам болар емеспін... - Оның тағы немене еді? - Ойлай-ойлай басым қатты... Мен, ӛзің айтқандай, ҥлкен кҥнәлі адам екенмін. Есенейдің ӛліміне де ортақ екенмін. Сол кҥнәларымнан қалай ақталамын? Есенейдің орнына бадел-хажы болып Мекеге барып келсем қайтер екен? Есеней қайтыс болар алдында, елімен бахылдас-қанда не айтқанын ҥмытып қалдың ба? "Қҥдай маған қарыздар болмаса, мен қҥдайға қарыздар емеспін!" демеп пе еді? Оны неге айтып еді, кімге айтып еді, есіңде ме? Есімде... Бахылдаса келген адамдар - сіздің орны-ңызға баделхажы етіп біреуді Мекеге жіберіп алсақ қай-тер дегенде айтқан. Он жыл ауру азабын тартып жатқан Есеней кейде қатты кҥйініп кетуші еді. Ақыл-ойы орнында, сана-сезімінде кінарат жоқ. Тек ӛз денесін ӛзі билей алмайтын болып қалғанына қатты назаланатын. Бірер жыл: "А, қҧдай, бір ӛзіңе қҧлшылық етуден басқа дҥниеге кӛз салмайын, намазға тҧра алатын саулығымды қайтарып берші",- деп жатты. Омбы, Тҥмен, Селебе докторларының қайтарып бере алмаған саулықты қҧдай қайдан қайтарып берсін, ауруы меңдей берді, меңдей берді. Ақыл-ойы орнында, сана-сезіміңце кінарат жоқ, кҥйінеді де жатады. Кейде қолыма пышақ ҧстай алсам, жарылып ӛлер едім деп те ойлайды. Ҧлпаннан у сҧраған кезі де болды. Ҧлпан бір жасқа толған Біжікенді әкесіне кӛрсетуге алып келген кҥннен бері жан азабы кҥшейіп кетті. Жалғыз нәсілін қолына алып сҥйе алмаган, аймалай алмаған азап біткеннің ауыры екен. Бҧл тантал азабы той! Бҧл да тоқталар, таусылары жоқ мәңгілік азап қой! Алып кетші, Ақнар... алып кетші, әкелмеші...- деп әрең айтты. Содан бері Есеней қызының неше жасқа келгенін ішінен санайды да жатады... Бір жыл, бір ай, бір кҥн... екі жыл, екі ай, екі кҥн... Біжікеннің кҥлген-жылатаны қҧлағына тисе, мҥгедек еке оны да санай жатады. Бҥгін екі рет жылады, бес рет кҥлді... Осындай азапта ҧзақ жатқан адам қайтыс болар алдында: Қҧдай маған қарыздар болмаса, мен қҧдайға қарыздар емеспін! деді де кӛзін жҧмды. Бҧдан кейін бір ауыз сӛз айтқан жоқ. Бҧл молдаларды шошындырып жіберген сӛзі болатын. Бҧл Сибан елінің жасырып қойтан сӛзі болатын. Оңаша болғандықтан Ҧлпан соны Еменалының есіне салды да, сӛз аяғын Еменалының ӛзіне бҧрды: Сен, Еменалы, бір кезде алды-артыңа қарамайтын сотқар болып едің, енді алды-артыңа қарамайтын діндар болтын келе ме? Олай былжырамай-ақ қой! Кҥнәң барын мойныңа алып, енді ондайдан кӛңілің тазарса, ақталған деп соны айтатын кӛрінеді. Сен қой, әуре болмай. Еліңде 176


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

бір ақкӛңіл адам болып отырсаң кҥнәдан арылғаның сол... Сен ең берісі Қызылжарға барып кӛрмеген адам, Мекенің қай жақта екенін де білмейсің. Отыр ҥйіңде! Еменалы кеткен соң Ҧлпан Шондытҧлды шақыртып алды: - Қаранар, сен кешке дейін осындағы жылқьщан ҥш теңбіл кӛк ат алып келе алмассың ба екен? - деді Ҧлпан Шондығҧлға. Ҧлпан "Қаранар" десе істемейтіні болмайтын еді. Бҧл жолы: - Жоқ, әкеле алмаймын,- деді.- Бҥгін сейсенбі, сӛтсіз кҥн. Сәтсіз кҥні ҥйден тҥс ауган соң шыгу керек. Сонда таң атқанша әрең оралып келесің. Жылқы ӛлі алы-сырақта жатыр. - Таң атқанша оралып келсең болады, Қаранар... Ҥшеуінің де тҥсі-тҥгі ҥйлес, дене бітімдері қаралас болсын. Қатарлап жегуге керек болып тҧр. - Ар жағын айтпай-ақ қой, әкелем...- Шондығҥл шыгып кетті. Торсан кешкі тамаққа келмей кеңсесінде болып еді. Таңертеңгі шайға да кӛңілсіз келді. Ҧлпанның шыны аяғын әперген болып отырса да кӛңіліндегі қаяу қала беріпті, кетпепті. - Торсан қарағым, ҥш теңбіл кӛк шҧбар алдырып қойдым, кӛрген жоқсың ба? - деді Ҧлпан.- Қызылжарға сол ҥшеуін жегіп барарсыңдар... - Мен кӛрдім, апа! Мҧндай да жылқы болар-ау деп ойламайтын едім! деді Біжікен. Торсанның жҥзі де жадырап сала берді. - Сен нагып айтпадың маған? - Сен тҥн бойы теріс қарап жатпадың ба?.. Сенен кӛрімдік алғым да келіп кетті... - Жҥргенше арбаға ҥйретіп алыңдар... Дала жылқысының қалаға барғанда жоқтан ӛзгеден ҥрке беретіні болады. Бҧлар әкеннің оңаша бақтырып, ӛзге тҧқымды жылқыға араластырмай ӛсіретін малдары еді. Әкең соңғы рет қасқыр қуып жҥріп суға қҥлағанда астында осындай теңбіл кӛк шҧбар ат болтан екен. Сонда әкең әуелі атты шығарып алыңдар депті. Жҥйрік те ӛжет, қасқырға бір қҧлынын бермейтін тҧқым деп отыратын еді. Торсан шайдан кейін аттарды кӛріп келді де: —Апа, сіз, әулие десе, әулиесіз ғой. Еменалының балалары мініп кеткен ҥш қара кӛк мынау ҥшеуінің садағасына тҧрмайды. Кеше сізге айтуға болмайтын сӛздер айтсам, кешіре кӛріңіз. Балаңыздың балалығы болған екен. Мың рет кешірім сҧраймын,— деді. —Е, мен ондайды кӛңіліме тоқи беретін адам емеспін, қарағым. Ӛз асығыстығыңды ӛзің білсең, ӛз артық кеткенінді ӛзің тҥзей алсаң, болды. —Жоқ, апа, қҧдай алдында ант етем: сіздің қҧлағы-ңыз бҧдан былай бір ауыз артық сӛз естімес! —Болды, болды, шырағым. Кеше сен мҧрагерлік дегенге шек қою керек дедің. Оның дҥрыс екен. Бірің ҧлым, бірің қызым, осы екеуіңнен басқа менің мҧрагерім жоқ. Осыны жҧрт жинап тағы бір ескерт десеңдер, соларыңды істейін. Қағаздатып қоямыз десеңдер, қағаздатып қояйық. Енді мҧны созбаққа салмайық. Кешке дейін ойланыңцар да сӛздерінді байландар. 177


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Торсан мен Біжікен кешке дейін келісе алмады. Он бестегі жас Біжікенге мҥрагерлікті ауызға алу шешесіне ӛлім тілеумен бірдей кӛрінді. —Апам ӛзі бастады той. —Апам бастаған жоқ. "Қаршығалыдан" сен алып келдің осыны! —Сенің аталарың "біз мҧрагер" деп тҧрса, әкелмегенде қайтейін. —Жайдан-жай айтпаған шығар!.. Сен боларсың әуелі тиіскен. —Бҧл шетінен жетелеп әкете беретін иесіз мал емес қой дегеннен басқа еш нәрсе айтқаным жоқ. —Соның ӛзі жетіп жатқан жоқ па! —Неменесі жетіп жатыр? —Бҧл малдың иесі мен депсің! Одан артық не айтайын деп едің? —Мен малдың иесі емеспін деуім керек пе еді? —Малдың иесі болған кісі олай айтпайды. Соны айтқанда кӛзіңнен қандай от шашып, оқ атып тҧрдың екен! —Енді соны есіме алтым келмейді, Біжікен. Жалын десең, жҥз рет жалынайын, аятыма жығыл десең, аяғыңа жығылайын. Осы әңгімені тоқтатайықшы осымен. - Онда мҧрагер деген әңгіме де тоқтасын осымен.— Оны апам ӛзі шешетін болсын. Апам не айтса, мен соған қҧлмын! - Жарайды. Кешкі шай ҥстінде Ҧлпан балаларынан сӛзді неменеге байладыңдар деп сҧрады. Сіз не айтсаңыз, соған тоқтайтын болдық,— деді Торсан. Ҧлпан қызына қарап еді, Біжікен басын изеді. Менің айтқаныма кӛнетін болсаңдар, қазір екеуің қансаралдарыңа барыңдар. Хатшың бар, тағы кімдерің бар, ақылдасыи отырып, мал-мҥліктің иесі ҧлым Торсан, қызым Біжікен деген қағаз жаздырып ӛкеліңдер. Маған еш нәрсе қалдырмай-ақ қойыңдар. Еменалы енші сҧрамайтын болды. Оны да жазыңдар. Ӛзі қолын қойсын. Келіп жатқан тӛрелерің болса, олар да куә болып қол қойсын. Мен жатпай отыра тҧрамын. Осы жҧмыс бітпей тҧрып ҧйқым келер емес. Қағаз тҥн ортасы кезінде жазылып та болып еді. Есенейдің жалғыз мҧрагері Ҧлпанның атынан жазылыпты. Ақылды Торсан мал-мҥліктің қақ жартысын Ҧлпанның озіне калдырып, озгесін Біжікен екеуінің атына кӛшіріпті. Екі ауылнай пристав қол қойып, морлерін бас-қан. Ақшақатта тайғанаған тҥйенің ізіндей баттиып тҥс-кен Еменалының бармағы да тҧр. - Маған неге мал-мҥліктің қақ жартысын қалдыр-дыңдар? - деп сҧрады Ҧлпан.- Маған ештеңе қалдырмаңдар деп едім ғой. Біжікен, сенбісің осыны істеткен? - Мен ҥштен бірін деп едім, мынау болмады,- деп Біжікен Торсанға қарады. - Апа,- деді Торсан,- ana, сіз, алып ҥйренбеген, беріп ҥйренген адамсыз... Біреу ат сҥрап, біреу сауын сҧрап келсе, балалардан сҧра деп 178


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

отыратын боласыз ба? Жоқ, апа, қақ жартысын бізге бергеніңізбен, бәрібір, бәрінің иесі сіз... Қағаз деген не тәңірі, әшейін айбар ғой... Ҧлпан кҥйеу баласына риза болды. Жо-оқ, Торсан ана сыйлай білетін жігіт екен. Білімді де ақкоңіл адам болар. Байлыққа қызықпау деген екінің бірінің қолынан келе бермейді. Қағазға бармағын басып, "Есеней Естеме-сов" деген орысша жазуы бар мор басты. Ӛзінің бірдемеге қол қойғанын Ҧлпан ылғи осылай, Есенейдің мӛрімен куәландыратын еді. Ана кӛңілі енді гана біржола тыныштық тапты. Ауылдар қысқы ҥйлерін тастап, жазғытҧрым жылжып қонатын ҥйлеріне кӛшіп келді. Кӛлдер толы қаз-ҥйрек. Қыс бойы тамырларына орап жер қойнына жеткізе терең тыгып сақтап қалған гҥлдерін дала мырза жер бетіне тҥгел шашып жібергендей. Кеше қоңырқайланып жатқан жер бетінің бҥгінгі ӛрнегін ауызбен айтып жеткізе алмастай. Қалың орманды, кӛлі кӛп, қара топырақты жердің тҥн бойы дем алысы ӛсімдік бастарына қалың шық болып қонады. Таңертең жортып келе жатқан ат шашасынан ақ меруерттер шашылып отырады. Кҥн шықпай оянған бозторгайлар кҥн батқанша сай-райды. Бозторгай даланың ең жақсы кӛретін, ерінбейтін әншісі. Киіз ҥйінде отыр, жаяу жҥр, атпен келе жат, ол ән ҥзілмейді. Осы бір кезде Ҥлпанның ҥйінде де жазгытҥргы шақ-тың келісімі бар еді. Ҥлы мен қызының ойын-қалжыңда-ры кейде ӛткір шықса да кінаратсыз, жарасымды аяқтала-ды. Бірін-бірі әдейі ҥштап, әдейі қайрап, ширатып жҥретін сияқты. Торсан бірдемені "мен" деп бастаса, Біжікен "сен емес, мен" деп киіп кетеді. - Айпақшы, сен екенсің той... ӛзің айта той апама,— деп Торсан бҥгін де оңай кӛне салды. - Апа, біз Қызылжарта ертең жҥріп кетсек ҧрыспаймысың? - Жоқ-е, тәңірі. - Мынау, енді ҥш кҥннен кейін жҥрейік деп еді, мен ертерек барып қаланы кӛргім келеді. - Ӛздерің біліңдер... Қаланы да араларсыңцар, базарын да кӛрерсіндер. Пәуескемен жҥріңдер... - Жоқ, апа! — деп Торсан ыршып тҥсті.- Жоқ, жоқ... Сіздің пәуескеге мен ӛмірімде мінер ме екем!.. Жҧрт жабыла кҥлсін демесеңіз оны ауызга алмаңыз,— деді. Ертеңіне ҥш теңбіл кӛкті тарантасқа қатарлап жегіп Торсан мен Біжікен ояз шақыртқан болыстар съезіне жҥріп кетті. Ел жайлаудан қайтып, кҥздік кӛлдерге жылдагысы-нан гӛрі кешеуілдеп келіп қонып жатыр еді, Ҧлпанның шешесі Несібелі қайтыс болтан хабары келді. Жайлауда отырганда Ҧлпан Торсан мен Біжікенді ертіп барып, біраз кҥн шешесінің қасында болып қайтқан. Сексенге келіп қалса да байғҧс кемпір тың еді. Біжікеннің екіқабат екенін танып: 179


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Немеремнен туган баланың маңдайынан бір иіскесем болады. Содан соң алатын қҥдай ала берсін,— деп қалган. Ҥлпан бҥл жолы балаларымен бірге Еменалыны ертіп барып шешесін жерлесіп қайтты. Балалары сол жақтан Торсанның еліне қонақтап қайтуга кетті. Былтырғы той кезінде болмаса Біжікен ол елге барған еместі. Жазғытҧры Біжікен Қызылжардан толып-тасып қайтып еді. Қызылжар тӛрелері жас келіншекке кӛп кӛңіл бӛліпті: мақтапты, сыйлапты, аққута теңепті. Ояз бастығының әйелі бір жолы Біжікенді қалаша киіндіріп, ӛзі Біжікеннің сәукелесін киіп, ойын-сауық ҥйіне апарыпты. Жайлауда Сибанның қыз-бозбаласы Біжікеннің қасында болыпты. Кҥн батса - "Алтыбақан", "Ақсҥйек". Жаңа Кәукер — Бикендер, жас Ҧлпан — Шынарлар Сибан жайлауын ойын-сауыққа толтырып ӛткізді. Жаңар-ган ойындар бар, жаңа әндер бар, жаңарган жастар бар екен. Барлық жаңа әндер Біжікен отауында тогысып, сол отаудан тарап жатты. Осы жаз, осы жайлау Ҥлпан шешенің бақыт дәмін тойына татқан кезі болды. Енді бір-екі айдан кейін немерелі болуын асыга кҥтетін. Жастар жатынан ойын-сауыққа араласпайтын, кула-тына ән кірмейтін бір-ақ адам бар, ол — Торсан. Ол ӛте іскер болыс. Дамылсыз ел аралайды. Дамылсыз Кызыл-жарта барып қайтады. Кҥн-тҥні қолымызды босатпайды деп хатшылар зар қағады. Ел мойнында он тиын "недоимке" қалса, атымызды саттырып тӛлетеді деп ауылнайлар зыр қағып жҥреді. Торсанның елінен Біжікен кӛңілсіз қайтты. Едәуір таралыпты. Ӛңі қуаң тартқан, қҥса беретін болыпты. Әйелдің екіқабат кезіңце ондайлар бола береді. Ҥлпан еш нәрседен қауіптенген жоқ. Арба соғын, шаршап келген шығар деп ойлады да қойды. Қызын еркелетіп, сылап-сипап кӛңілін аулай берді. Біжікен кӛңілі кейде жадырап кетеді. Шешесіне қал-жың айтады: —Апа, сен маған екіқабат болған кезінде мен сенің қай жеріңнен тепкілеп жаттым? - деп әурелейді. —Аяқтарыңның есінде қалмап па? Аяқтарыңнан сҧра! — дейді шеше. —Тҥнде тыныш жатушы ма едім? —Іште жҥргенде сен кҥн-тҥн дегенді қайдан білейін деп едің... —Ауырсынатын ба едің? —Жоқ-е, тәңірі. Сен ішімде жатып аунақшығанда менімен ойнағысы келетін шығар деп қуанушы едім. —Мен де сӛйтем, апа... Кейде Біжікеннің осындай қалжыңдарының ӛзінде бір әдейілік бардай сезіледі. Әлденені білдіргісі келмей шешесін алдаусырататын сияқтанады. Шешесі ҥйде жоқта жылап алатыны байқалады. Оны шеше білмей қояр ма! Ҧлпан ойына осы жағынан бір кҥдік байлана берді. Торсан Біжікеннен екі кҥн соң келді. Қызылжарда ҧры-қарыға тыйым салуға арналған съезд бар екен. Соған жҥруге асыға келді. Хатшылары тҥн бойы қағаз жазудан бас кӛтерген жоқ. Қасында Уақтың екі биі бар, Торсан ӛзі тҥн бойы Ҧлпаннан ҧрықарыға Есенейдің қан-дай жаза беретінін 180


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

сҧрастырып отырды да, таң ата Қызыл-жарға жҥріп кетті. Біжікенмен қай уақытта, қанша уақыт бірге болғанын ешкім білген жоқ. Кешке қарай Біжікен шешесіне қатты ауырып қалғанын айтты. Уақтан қайтқан жолда ауыра бастаған екен. Ішім жарылып барады,— деді. —Арба соғып тастайды. Ештеңе етпес. Доктор шақыртайын ба? —Шақыртшы, апа... Ҧлпан әуелі тҥсік бола ма деп қорқып еді. Олай бола қалса Ҧлпанға ең ҥлкен қайгы сол болар еді. Ондайдың белгісі жоқ екен. Бірақ, Біжікеннің іші тым кӛтеріліп, кернеп барады. Қандай тамақ жақпай жҥр екен? Стал пен Капитаннан ҥш дәрігер келіп еді, олар да не ауру екенін біле алмай қысылып тҧрған секілді. Біріне-бірі кӛнбей тҧрғандай, кезек-кезек бастарын шайқайды. — Соқырішек жарылып кетпесе жарар еді. — Сол болып шықса біздің қолдан келер не дәрмен бар! Біжікен таң ата қайтыс болды. Тегі сол соқыршек жарылып кеткен болу керек. Іші кҥмп болып кӛтеріле-кӛтеріле екі ӛкпені сығымдап, тыныс жолы қҧм қҧйыл-ғандай тарыла-тарыла аяғында біржола бекітіліп қалды. Шеше мен баланың жасқа толы кӛздері біріне-бірі дәрменсіз қадалып, бірін-бірі бҥлдыр кӛріп бара жатып қош айтысты. Жасырып келген сыры барын Біжікен шешесіне жа-рық дҥниеден ҥміт ҥзіліп, жаны алқымға келгенде ғана айтып кетті: — Торсан бҧзық адам екен... енді менің денеме... соның қолын... тигізе кӛрме, апа! - деді. Біжікен қайтыс болғалы Ҧлпанның кҥні-тҥні, әрине, жылаумен ӛтіп келеді. Бір ҥйде жалғыз. Жылаумен жатады, жылаумен оянады. Шашы едәуір ағарып кеткен. Кейде кҥн шықпай Біжікен зиратының басына барып отырады да, кҥн бата қайтады. Ҥлкен киіз ҥйде ӛзінен басқа жан жоқ, ҥн жоқ. Ҧлпанның қайғысын бірге қайғырысқан кӛрші ауылдар да кӛп дабырлай бермейді. Біжікен шешесін жалтыз қалдырып кетті. Туған-туысқан, аға-іні, апақарындас дегеннен ешкім жоқ. Жалғыз қалды, жапа-жалғыз қалды... Жалғыз қалған кім? Ҧлпандай шеше ғой. Бір елге ана болып отырған ана да жалғыз қалады екен-ау! Кешке қарай Ҧлпанның қасында ҥй толы адам отырады. Ҧлпанның кӛңілін кӛтереміз деп әр ауылда қандай жақсылық болып жатыр, соны айтысады. Биыл егін шығымды екен. Десятинасынан отыз пҧттан кем тҥспес... шӛп те сондай. - Апыр-ау, әй, Ҧлпанның жалғыз ақ нары отызға жақын тҥйе болыптыау!.. Биыл ҥш нар боталапты. - Ақ бура кандай жардай тҥйе болды. Жалтыз Жәпек болмаса маңайынан жан жҥргізбейді. Ақ кӛңіл анайы адамдар осылай кӛңіл аулай отырып, сол кӛңілді жаралап алғандарын байқамай да қалады. 181


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Жарықтық теңбіл кӛктің тҧқымын айтсайшы! Есекең қысқа қарай қасқырға ылғи кӛк теңбіл ат мінуші еді ғой. Теңбіл кӛктің арғы тегі араб жылқысы, пайғамбарымыздың ӛзі мінетін пырақтың тҧқымы болса керек. Есенейге Сырым батырдың жылқысынан ауысын келген екен. - Айналайын Біжікенді айтам-ау... Уақтан қайтарда ҥш теңбілді жектіріп алып ауылға жалғыз тартып отырыпты. Торсанга ӛзің бірдеме қылып жетерсің депті... Біжікен мен Торсанның аты аталғанда Ҧлпанның кӛз жасы тӛгіліп кетеді. Ӛлім қайғысына Біжікеннің ең соңғы айтқан қайғысы келіп қосылады. "Торсан бҧзық адам" деп не себептен айтты екен? Біжікен жоқтан ӛзгеге ӛкпелей беретін шетін жанды жас емес еді. Біжікеннің ауылға жалғыз қайтқанында ҥлкен бір себеп барын нағып байқамағамын? Біжікен де ӛзім сияқты, кӛзі жетпей тҧрып кӛңілі қалмаушы еді ғой! Кӛңілі бір қалса қайтуы да жоқ еді. Байғҧс бала Торсанның бір кҥнәсін кешіре алмай кетгі. Онысы не болды екен? Торсан Біжікенді жерлеп болғаннан кейін келген. Қайғырып келді. Кӛп ӛкінді. Екі-ҥш кҥн зират басынан кеткен жоқ. Кҥйрек жанды адам болу керек, бозарып, жҥдеп кетті... Енді оның бар ойы жалғыз қалған шешеге қамқорлық кӛрсету болып қалғандай еді. Ӛзі ӛлердей қайғы жҧтып жҥріп, бар баққаны, бар кҥтері Ҧлпан болды да қалды. Бҥл кезде Ҧлпанның кӛңіліне ешкімнің аяушылығы, ешкімнің қамқорлығы кіріп те шықпайтын. Бір қайғысын ҧмыта алмайды, ол - Біжікен ӛлімі. Енді бір қайғысын шеше алмайды, ол — Біжікеннің Торсан туралы соңғы айтқаны. Торсан Біжікеннің қырқы ӛткенше ҥйден шықпап еді, одан кейін амалсыз болыстық жҧмыстарымен болып кетті. Кеңсесі осында болғанымен басқаратын елі басқа жерде болғандықтан кӛбінесе сол елі жағында жҥретін болды. Қыс ортасында Қызылжарға кетіп бара жатып Торсан кеңсесіне соғып еді, бҥл жолы оның тҥсі Ҧлпанға тіпті ҧнамай қалды. Жонданып-жоталанып алған екен. Даусы қоюланып алған ба, қалай. Мҧрнынан сӛйлейтін болыпты. Әр сӛзін ӛлшеп-пішіп, салмақтап алып айтатын болыпты. Бҧл енді кӛрген қайғысын ҧмытқан адам емес, тіпті қайғы кӛрмеген адам. Біжікен басына жалғыз барып қайтты. Жақын адамның басынан қайтқан кісі азды-кӛпті мҧңайып, бірлі-жарымды кҥрсініп қалар болушы еді, Торсан жҥзіңце ондайдың белгісі жоқ еді. Дәл аттанарда қайгы жҥдеткен Ҧлпанга аяушылық кӛзімен қарап: — Апа-ай, дҧрыстап шайыңды қайнатып беретін кісің де қалмадыау!..— деді. Мҧнысы абайлаған адамға "тезірек ҥйленбесем болмас" дегендей естілер еді, Ҧлпан оны естіген жоқ, қҧлақ асқан жоқ. Осыдан ай жарым ӛткеннен кейін Торсан ӛз елінде жҥріп, Ҧлпанга Ӛтеміс биді жіберіпті: 182


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Бар ойлайтыным апамның жай-кҥйі... Лҧқсат етсе, шайын қҧйып, тӛсегін салып, кҥтімінде болатын бір келін әкеліп берер едім,— депті. Маған ешкімнің кҥтімі керек емес. Ҥйленем десе ӛзі білсін. Жас жігітке ҥйленбе деп кім айта алады? - деді Ҧлпан. Бҧл кезде баяғы Кҥрлеуіт ауылында, Торсанның ӛз елінде ерсіліқарсылы тойлар болып жатыр еді: Торсан ҥйленіп алды. Ҧлпанды кіші баласы Мырзашқа айттырып қойған Тҥленнің әкесінің әкесі Тілепбайдың шешесінің сіңлісі Ақбайпақтан туған Қарабайдың Қайыркелдісінің жиені Игембердінің немере қызын алып отырған Ырымбектің Жәуке деген қызы бар еді. Торсан соған ҥйленді. Ырымбек Ҧлпанның жылқысын баға жҥріп, бҧл кезде байшікештеніп алган еді. Торсан іргелес отырган Кҥрлеуітке қона-тҥстене жҥріп сол Жәукемен кӛңіл қосып қалтан. Айттырамын деген уәдесі де бар еді. Амалы не, Біжікенге ҥйленген соң аралары суыса бастап еді, аяғында тағы табысты. Жәуке сҧлу қыз. Бойы шаргылау болса да дене бітімінде олпы-солпысы жоқ, бәденді жаралган. Азғана мінезі шәлкестеу... оның оқасы не, тәңірі! Торсан оның жынын бір қаққаннан қалдырар ма екен! Торсан Жәукені Ҧлпанның ҥйіне март айында алып келді. Міне, апа, келінді болдың... енді кҥтіміңе уайым жеме! Кҥрлеуіт қызы, ӛзіңнің жақын сіңлің,- деді. Ҧлпан тҧра келіп, Жәукенің бетінен сҥйді де: "Қҧтты қадамың болсын, шырағым",- деді. Жәуке пысық адам екен. Біжікен қайтыс болгалы едәуір салақсып кеткен ҥй ішін қақтырып-соқтырып, жылдам пелене бастады. Анда-санда ҥй жинаудың ретін Ҧлпаннан сҧрап алады да, ойдағыдай етіп шығарады. Тек ауылдың ӛйелдеріне тігірек келіп қалады. Әдеттегі ағайындық жолымен келіп жәрдем етіп жҥрген әйелдерді осы ҥйдің не кҥңіндей, не жалшысындай кӛріп, менсінбей жҧмсайды. Алдымен кӛзіне бір тҥсіп кеткенде Дәмеліні жәбір-лепті: — Сен кемпір, осы ҥйдің қонағы емес шығарсың. Апам-ның қасында отыра бермей, қолың бірдемеге тисін де! Ішетін-жейтініңді ақтап жесейші! — депті. Дәмелі Ҧлпанға жылап келді. Басқа еш нӛрсеге араласуды қойған Ҧлпан Дәмеліге араша тҥсті. Жӛукені шақыртып алып: —Шырағым, сен бҧл кісіге соқтықпай жҥр. Бҥл кісі менің жан серіктерімнің бірі болады,— деді. —Ендеше отырсын! — деді де Жәуке кетіп қалды. Әдейі дӛрекілеу жауап қайырып, шамданып кетті. Қашанғы ӛдеттері бойынша осы ҥйдің жҥмысына ақысыз-пҧлсыз жәрдем еткен әйелдер кешке қарай Ҧлпанның қасына келіп отырып, ең болмаса бір шай ішіп кететін еді. Бҥгін ол да болған жоқ. — Болды. Кете беріңдер! — депті Жәуке. Әйелдер окпелесіп тарасыпты. 183


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Жәукенің осындай мінездерінен Ҧлпанмен екі арасы да жағыса алмай келеді. Жәуке осы ҥйге кіре-бере иесі бола кетермін деп ойлап еді. Иесі мына қақбас кемпір екен. Біжікеннің тӛсегі тҧр деп бір бӛлмеге кіргізбей қойды. Бір бӛлмеде оз тӛсегі. Кҥні бойы келім-кетім кісілерін кҥтіп ҥлкен бӛлмеде тағы ӛзі отырады. Бізге тигені бҧрыштағы жалғыз бӛлме... Ӛзге дҥниесіне қол тигізер емес. Жәуке Торсанды тҥн бойы қажап-қайрап шығады: —Сен бҥл ҥйдің ҧлы емес, иесі де емес екенсің. Маған айтқаныңның бәрі ӛтірік екен. Маған қҧдай алдындағы уәдем, сені айттырамын деп жақындасып, бір алдап кетіп едің. Есенейдің барлық малмҥлкі екеуміздікі деп тағы алдапсың! Сен ана қақбас кемпірдің базаршысы... Ол сені ҥл қылып алмапты, кҥшік-кҥйеу, кірме етіп алыпты,- деп кҥйдіреді. Тілі удай ащы. —Қызының жылы ӛтсін де... Шыдай тҧршы. —Онда мені ҥйіме апарып таста! Сҥйіктіңнің жылы ӛткен соң әкелерсің. —Ол тіпті ҥят болар еді. Шыдай тҧр дегенге тҥсін-сеңші... —Немене, сҥйіктіңнің мҧнарасын салып болтаныңша шыдайын ба? —Ол да керек. Оны салдырмасам бҥкіл Сибан окпелі болар еді. —Ендеше, мен бір кҥні қақбас кемпірдің бетінен ала тҥссем озің де ӛкпелеме! Торсан шошынып қалды. Жҥріп-тҧруды азайтып, ылги бақылай отырмаса Жәуке бірдемені бҥлдіретіні рас сияқты кӛрінді. —Жәуке, айналайын, сен менің не айтқаныма тҥгел тҥсініп алшы. Істің жоні былай ғой... —Тҥсінгім келмейді. Озің бері бҥрылып жатшы! -Торсан бҧрылып жатты... Ҥй ішілік жайлары анда-санда осындай кҥйге ҧшырай берген соң Торсан ешқайда кетпей Ҧлпан мен Жәукенің арасын бақылауда болды. Ҧлпан тҥйіліп қалғандай ешбір мінез кӛрсетпейді, қайта Жәукенің жәбірленбеуін ойлап кӛп нәрселерді алдын ала ескеріп отырады. Қыс бойы далада тҧратын жҥктерін ақтартып Жәукенің бӛлмесіне жаңа кілемдер, жаңа тӛсек-орындар берді. Ӛз белмесінде тҧратын француз айнасын сыйлады. Жӛукенің екіқабат екенін біліп, ақылын айтып жҥрді. Бірақ, Жәукенің іші жылынбай қойды. Жоуке тартына берді. Жона бергеннің жҧқарар кезі, соза бергеннің ҥзілер кезі бар. Ҧлпан сол кезеңіне бір-ақ кҥнде ҧшырасып қалды. Біжікеннің басына әкесінің мҧнарасынан гӛрі кішірек, қызға лайық мҧнара орнатып болған соң Ҧлпан шешесінің жылын беріп қайтуға әзірленіп еді. Ҥш ақжал кҥрең пә-уескеге жегіліп жатқан. Ҧлпанмен бірге бармақшы болтан Шынар да келіп отырған. Пар ат жеккен тарантаспен Еменалы да келе жатқан. Жәуке отауынан шығып, ат жеккен Шондығҧлға: —Пәуескені жекпе... тарантасты жек. Қҧда тҥсерге бара жатқан жоқ қой! — деді. —Бәйбішенің ӛзі осылай деді ме? — деп сҧрады Шондытҧл. 184


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

— Мен айтып тҧрмын той! Естімей тҧрмысың? Отауынан Торсан да жҥгіре шығып, Жәукені оқты кӛзімен бір атып қалды да, ҥлкен ҥйдегі Ҧлпанга келді. —Апай, біз ертең Қызылжарға жҥретін едік... Келініңіздің аяғы ауыр ғой, пәуеске тыныш болар еді,— деді. —Маған бәрібір, шырагым. Тарантас та жарайды,— деді Ҧлпан. Бәленің басы осы пәуескеден басталып кеткенін Ҧлпан білген жоқ, жҥріп кетті. Ҧлпан туған аулына келсе, әке-шешесінің екі ҥлкен коңыр ҥйі тігулі, бар-жоғы тӛсеулі екен. Несібелінің жылын беруге Ҧлпанның келерін біліп отырған ауыл тҥгел әзірленіпті. Қырық ҥй Кҥрлеуіт Несібелінің асын кінаратсыз жақсы ӛткізді. Туган ауылының кӛрсеткен қҥрмет-қошеметіне Ҧлпан қатты риза болды. Кӛбі оның әке-шешесіне ондаған жылдар жәрдемдесіп, еңбегі сіңген адамдар. Солардың адал ақы-еңбегін ӛтегісі келіп, ағайындарынан әкешешесінен қалған жылқыларды айдап әкелуді ӛтінді. Бҧдан жиырма жыл бҧрын ӛз ҥйінде он шақты жылқы бар еді. Содан бері Есенейдің Ҧлпанга берген бір қос жылқысымен бірге бағылып жҥрген мал ендігі қырық-елу болған шығар деп ойлады. Енді ол иесіз қалтан мал. Соны ағайындарына бӛліп бергісі келді. Ертең елге қайтпақшы. Бҥгін сол жҧмысты орындамақшы еді. Ҧлпанның ӛтінішін таңертең естісе де ешкім атқа мінгені байқалмап еді, тҥске тармаса Ҧлпанта ауылының ҥш-тӛрт ақсақалдары келді. —Ҧлпанжан,- деді ақсақалдар бірін-бірі кимелей сӛйлеп,- Ҧлпанжан, бҥл арада бір жылқы қалған жоқ... —Кҥйеу баламыз Торсан келіп, сенің қосыңды "Қаршығалыдан" Шәйгӛз - Уақ жеріне қарай аударып әкет-кен... Екі-ақ жеті болды... —Артекемнің азгана жылқысы да бірге кете барды. —Шәйгӛзден он жігіт келіп біздің ауылдың жылқы-шыларын қуып жіберіпті де, жылқыны айдап жҥре беріпті. —Жылқышылардың астындагы аттарын да аударып алыпты. —Елге хабар кешігіп жетсін дегендері ғой... —Сенің жай-кҥйіңді біле тҧра хабарлай алмадық... —Ӛзі істеткен шығар деген де ой келді. —Жоқты айтпай отыр. Ондай ой сен кӛкмиға келме-се, ӛзге ешкімге де келген жоқ. Осының ар жағында бір арамдылық барын бәріміз де білдік... Ҧлпан әуелі қатты шошынып қала жаздап еді, ақсақалдар бірін-бірі кимелеп бар жайды айтып болғанша бойын жинап алды. Бекер олай ойлапсыңдар дегісі келгендей азырақ езу тартты. Оқасы жоқ... "Қаршығалының" жері қыс тҥскен-ше тышая тҥрсын деген той,- дей салды. Енді бҥл ауылда отыра беруге Ҧлпанның дәті шыда-мады. Тҧс ауа еліне жҥріп кетті. 185


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

"Қаршығалы" мен Сибан жерінің арасындағы жайлау кӛлдері бос қалған. Кҥзгі кӛк ақырын-ақырын тебендеп, келер жылдың қамын ойланғандай ҥнсіз жатыр. Жазғытҧрым қамысты кӛлдерге ҧялайтын ҥйрекқаз енді айдынды кӛддердің бетін жауып кеткен. Балапандарын жаз бойы жҥзуге ҥйретіп еді, енді ҧшуга ҥйретіп жҥр. Суға қана қалса ата-аналары алдында, бала-шағалары кӛш-кӛш болып соңында шҧбыра жҥзіп жҥр. Ҧша қалса да солай - жер таныған, су таныған ҥлкендері алдында. Балапандары соңынан ҥшкірленіп ҧшып, қанат қағыстары бірдей, қозғалыс-қимылдарында бытыраңқылық-даралық жоқ, тҧтаса атып барады. Бірдей қҧбылады, бірдей кӛтеріледі, бірдей қонады. Ел кӛшсе жайлау жетімсіреп қалады, қҧс кетсе кӛл жетімсірейді. Жайлау қазір бос қалган, қҧстар да жылы жаққа ҥшып кетуге әзірленіп жҥр. - Мынадай кӛлдерге бір шомылмай кетпейтін едік-ау, Шынар-ау? деді Ҧлпан, кӛкше қҧрағы сарғая бастаған бір жалтыр кӛлдің тҧсынан ӛте бергенде. - Мен де соны ойлап келе жатырмын. Кӛкке аунап, кӛлге шомылмай кетпейтін кҥндеріміз қандай қызық еді! Далага да қона салушы едік... - Осы кӛлге қонып, таң ата жҥріп кетсек қайтеді? Бәрібір елге бҥгін жете алмаймыз. Кҥн де батып барады. - Сӛйтейікші, Ҧлпан...— Жолаушылар сол кӛлдің жағасына қонып қалды. Кӛз байлана Ҧлпан мен Шынар шомылып қайтуға кӛлге келіп еді, су біраз салқындаган екен. Баяғыдай қҥлаштарын кере сермеп жҥзіп кете алмай, екеуі де сута тітіркеніп тҥсіп шықты. Бірінің-бірі арқасын жуды. Бірін-бірі киіндірді, сҥртіндірді. Сонда да дҥниедегі ең таза суға соңғы рет шомылғандарына кӛңілденіп қайтты. Тезек оты лаулап жанып тҧр. Етті жей отырып, қымызды іше отырып, кӛңілді әңгіме шертетін кеш. Ӛлең айтатын, жадырап кҥлетін кеш. Бірақ ол қайдан болсын. Еменалы таспиқ тартатын діндар болып алыпты. Кӛзін жҧмып алып, кҥніне таспиқты неше рет тартқанын санай отырып тартады. Шондығҧлда намаз да жоқ, кҥнәсі де болмаған адам. Шынар ҧялшақ. Ҧлпанда дос-жарларына айтпай қалмайтын бір тҥйіншегі бардай сезіледі. Оның ҥстіне, Ҧлпан бірдеме айтып отырмаса, ӛзгелері ҥн шығарар емес. Ҧлпан мана "Қаршығалыдағы" жылқыны Шәйгӛз жеріне аударғанын естігенде іші дір ете тҥскен. Онысын білдірмеген. Бірақ соның ар жағыңда бір бәле барын тҥсініп келе жатыр. Торсан "Қаршығалыдағы" жылқыны ӛз еліне карай аударып алса, әсіресе, жиырма жылдан бері сол қосты батыпқатып келген Кҥрлеуіттің жылқышыларын қудырып жіберсе, бҧл қайдан жай болсын! Соны астарлап, жанамалап болса да ел қҧлатына шалындырып қойтысы келеді... - Тентек қайным-ау,- деді Ҧлпан Еменалыға,- ӛзің біржола молда болып алғанбысың? Таспиғыңды тырсылдатасың да отырасың!.. - Қайтейін, Ҧлпанжан... кҥнәкар адаммын... кҥнәқармын... - Осы кісі қызық адам болып бара жатыр,— деді Ҧлпан, қасындаты адамдарына айнала қарап.- Ӛзі кҥнәқар болғанымен қоймай, мені де кҥнӛқар 186


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

етейін деп жҥр. Менде алатын еншісі бар, алмай қойды. Осы кҥнге дейін еншісін бермегенім ҥшін қҧдай алдында мен де кҥнәлі болам ба деп қорқамын. Ҧлпан дәл айтайын дегеніне осыдан кейін оралды: Мен бар мал-мҥліктің қақ жартысын Біжікенім мен Торсанның атына жаздырып қатаздатып қойдым. Енді ол Торсанта бҧйыратын болар... Мал-мҥліктің қақ жартысы ӛзімде қалды. Матан малдың керегі не, тентек қайным бҥгін алмаса, ертең алар деп қалдырдым,- деп сӛз аяғын қалжыңта айналдыртандай бітірді. Отырғандардың шала естіп, шала тҥсінгендері болушы еді, енді тҥгел тҥсінді. Сибан байлығының қақ жартысы Шәйгӛзге аударылып кеткен екен. Ҧлпан сонысына ӛкінетіндей кӛрінді. Ҧлпан тобы кҥздік кӛлге тҥс ауа, кешке жақын жетіп еді, ӛз аулы орнында болмай шықты. Жҥгіріп келіп Ҧлпанның арбасын қоршап алған балалар ҥлкен бір қуанышқа сҥйінші сҧрағандай шуласып: Апай, сіздің ауыл кеше кӛшіп кеткен... Апам айтады - қысқы ҥйлеріне барып кіріп алыпты дейді. Ӛзге ауылдар орнынан қозғалмапты. Ҧлпан балаларға кәмпит, бауырсақ ҥлестіріп берді де, Шынарды ҥйіне тҥсіріп, ӛзі амалсыз қыстауға қарай жҥріп кетті. Кҥн әзір жылы. Әр орманның бауырында егін-шӛп машиналары ән салып жҥр. Ҥлкен бір себеп болмаса, қыстауға қона қоюға тым ерте. Ҧлпан ҥлкен аташ ҥйдің алдына келіп тоқтады да таң қалды. Аула толы Ҧлпан танымайтын Шәйгӛз жігіттері. Тӛрелер тҥсетін ҥйдің айналасында ақ жағалы, жез тҥймелі, етіктері майлап алғандай жалтыраған адамдар қаптап жҥр. Бір жиналыс бар екен той деп ойлады Ҧлпан. Ҥлкен ҥйдің баспалдағында қарны қампиып Жәуке тҧр. Орнынан кӛзталар емес. Ҧлпанды ҥйге кіргізбеу ҥшін есікті кҥзетіп тҧртандай екен. Әлдеқайдан Дәмелі шыға келіп: Ҥлпанжан, енді сен қонақ ҥйде тҥратын болган-сың,- деді. Наразылытын жасырмай қатты дауыстап айтты. Қасында жарқырап киінген бір тӛресі бар Торсан Ҥлпанта жақындап келіп: — Апай, ренжімеңіз... ҥлкен ҥй толы қонақ... ренжісеңіз де сіз қонақ ҥйде боларсыз,- деді. Бҧрын "апа" деуші еді, бҧл жолы әдейі жатсыратып "апай" деп тҧр. Есік алдында қозталмай тҧртан Жәуке де жарылмай қала алмады. Неменесін мәймӛңкелейсің! - деді Торсанта қадала қарап.- Бір кісіге бір бӛлме аз болады деп тҥрмысың? Біз екеуміз бір бӛлмеде тҧрып келдік қой! — Әй, залым,— деді Ҧлпан Торсанта.— Әй, залым, нагыздың ӛзі екенсің-ау! Маған кӛрсеткен қорлытың ӛз басыңа келмей қоймас! Тек ӛз басыңнан асып, ҥрім-бҧтағыңа кетпегей-ді! 187


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Ҧлпан амалсыз қонақ ҥйге келді. Қоржын ҥйдің орта бӛлмесінде қоныштарын ҥзеңгі қажатан кӛп етіктер жатыр. Есігі ашық тҧртан ҥлкен белмеде он бес-жиырма адам керкілдесіп-керісіп қарта ойнап жатыр. —Орыстар он жетіге қарт алмайды! —Мен орыс емеспін. Сен қазақ та емес, орыс та емес, итсің! — Мен сендей тҥрмеден қашқан ҧры емеспін! — Сен бе? Сен нағыз тҥрмеде шірітетін доңыздың ӛзісің,— деген дауыстар естіледі. Бәрі де бейпіл ауыз, бҧзық адамдар екені байқалады. Ҧлпанды кӛзі шалып қалғандары: —О, сәніміз енді келетін болды! —Қҧдай бҧйырса...— десіп қалды. Дәмелі Ҧлпанды қонақ ҥйдің кішкене бӛлмесіне әкеліп кіргізді. Ҧлпанның, Біжікеннің тӛсек-орындары осында жиналған екен. Шынысы таспен ҧрғандай шатынап жарылған француз айнасы да осында тҧр. Оны Ҧлпан Жәукеге сыйлап еді, осында әкеліп тастапты. Әдейі сындырды ма екен, кӛшіп-қонып жҥргенде бірдеме тиіп кетті ме екен? Шайың бар ма, Дәмелі? —Бар ғой, айналайын, бар. Шай ішіп отырып, Ҧлпан Дәмеліден: —Кҥйеу балаң жақсы жігіт болып шықты ма? - деп сҧрады. —Жігіттің сырбазы,- деді Дәмелі,- қақ-соқта жҧмысы жоқ. Егін мен шӛп машинасының екеуін де жҥргізе біледі. Машинасын сындырып алғандар шауып сол Тас-тембекке келеді. Жҧмыс ҥстінде қабағы тҥйілген емес, ылғи кҥліп жҥреді. "Апа, мен осы саған тартыппын" деп қояды. Екі немерем бар. Екеуі маған таласады да жҥреді... — Бақытты екенсің, Дәмелі. Шайдан кейін Ҧлпан Біжікеннің зиратына барып келді де, қызыл іңірден жатып қалды. Дәмелі ҥйіне кетерде: — Демелі апа, біреуді Шынарга жібере қойшы. Кҥн шықпай осында келсін,— деді. Ерте жатқанымен ҧйқы қайдан келсін. Пәуескеден басталып, қонақ ҥйдің кішкене бӛлмесіне келіп тірелген айуандықтың ҧзыннан-ҧзақ желісі бар екен-ау!.. Бәрі кӛз алдынан шҧбалып ӛтіп жатыр... "Қаршығалыдагы" жылқы Шәйгӛз жеріне аударылыпты. Әке-шешесінен қалған азғана жылқы қоса кетіпті. Бҧрынғы жылқышыларды қуып жіберген. Қысқы ҥйлерге ерте қонып алудың себебі де енді ашылды. Ҧлпанды қонақ ҥйдің кішкене бӛлмесіне кӛшіріп, әшейін бір жесір кемпір деп аяушылық кӛрсеткісі келгені де. Жоқ, жоқ! Мен Ҧлпанмын! Айқай салсам барлық Сибан атқа мінер еді. Әттең, сен хайуан Сибанның барлық басты адамдарын бір кҥнде "Итжеккенге" айдатып жіберуге шамаң келеді. Тӛрелеріңді соған жинап отырган боларсың! Мен Сибанның қай аулының шетінде отыра беруге де 188


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

арланбас едім. Әттең, зират басына барғанда ӛзім салдырған ҥйлердің қасынан кӛзімді жҧмып ӛтемін бе? Ол да емес... Әркімнің мені аяй қараған кӛзіне қалай шыдармын! Сен мен отырган ауылдың тҧсынан қоңыраулатып шауып ӛтетін боласың той. Оган қҧлағым қалай шыдар? Әр тҥрлі ойлар бунай берді. Бастан кешкен қайғысыз-қайғылы кҥндер де тізбектеліп ӛтіп жатыр. Солардың бірі болып Есенейдің бір кҥйінгені де есіне тҥсті. Есеней ҧзақ ауырып азаптанып жатып: — Ақнарым-ай, кӛрмеген азабың қалмады-ау!.. Обалыңа қалған екемін. Мҧндай ит ӛмірден енді не кҥтіп жатырмын? Ана темір саңдықты ашшы. Бір кішкене алтыңдатқан сауыттың ішінде аузы желімделген шыны болар. Соны алып берші... Бҧл азаптың ініне біржола су қҧяйын! — деген. Ҧлпан Есенейдің сҥрағанын қолына алып тҥрып: —У ма? — деп сҧрады. —Жорықта жҥргенде жау қолына тҥсіп қалсам керегі болар деп, жоңғар саудагерінен аттың қҧнын беріп алып едім. Тагы бірде Есеней кереге басында ілулі тҧрған кісесін кӛзімен нҧсқап: — Ақнар-ау, саған менің осынша қиналып жатқаным батпай-ақ қойғаны ма? Ана бір сары кездікті ала салып, сол жақ ӛкпемнің тҧсынан неге салып жібермейсің? — деген. Кездік те, алтын сауыттағы у да содан бері Ҧлпанның ӛз сандығында жата беретін. Қазір Ҧлпан екеуін де сандығынан алып жастығының астына қойды. Тҥн бойы есепсіз ойлар шешімін таба алмай ӛте берді, ӛте берді. Таң ата ойланардың бәрі ойланып болтан сияқты еді. Алдағы ит ӛмірден қимайтын еш нәрсе қалмапты. Оң қолы біресе кездікке, біресе алтын сауытқа тиіп жатып Ҧлпан байламын жасады. Бір сӛзді адам еді, айныған жоқ... СӚЗ СОҢЫ Мен 1928 жылы кҥзге таман сол кездегі Қазақстан астанасы Қызылордаға бірінші рет қызметке шақырылдым. Ҥлкен ағам мҧғалім Хамит мені Қожабай кӛлінің басынан Лебяжі темір жол стансасына алып шықты. Станса жолы осы маңайдаты бес-алты ауыл Сибан зиратының қасынан ӛтетін. Соқыр қари Исахмет, осы елдің ерекше бір ақ кӛңіл адамдары Тайжан ҧста, Нарғожа, Сҥлеймен ақсақалдар зират аралап жҥр екен. Біз жақындап келгенде Исахмет қари қҧран оқи бастады. Алдында кҥнге шағылысып жарқырап тҧрған аппақ тас орнатылган бейіт жатыр. Біз де жаяулап келіп, соларға қосылдық. Қари қазақ шежіресінен хабары бар, бҥгінгі заманга да қҧлағы тҥрік, зерек адам. Естіген-білгенін қорыта алатын ойы да бар. Қари болғанымен діндар да емес. Оның діні кӛкірек тазалығынан кӛп әрі аса бермейді. Қҧранын оқып болтан соң қари менен: —Ғабит, сен бҧл кімнің бейіті екенін білетін шығарсың? — деп сҧрады. 189


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

—Білемін. Тастағы жазуын да оқып отырмын. Ҧлпан шешеміздің бейіті,— дедім мен. —Шешеміздің дегенің бҥкіл Сибанның қҧлағына жағатын сӛз!.. Ҧлпан шешеміз аты жоққа ат берген, асы жоққа ас берген. Кедейге пана болған. Ӛзі Есенейдің ен байлығынан тҥк қызық кӛрмей ӛткен адам,— деді қари. Қариды қасындагы қарт адамдар да қостай сӛйледі: — Ондай адам қайда! — деп Нарғожа қарт кҥрсініп қойды.— Адалдыгына қарасаң әулие ме дерсің, ерлігіне қарасаң еркек пе деп қаларсың кейде дейді екен бҧрынғылар... Есенейдей адамды кӛзі тірісінде билеп алып, осы елді ел қылған сол шешең,— деп Тайжан ҧста Наргожаны қолдады. —Ҧлпанның тҧсында Сибанның әр ҥйіңде бір жҥйрік ат, әр ауылында бір балуан болтан екен. —Ҧлпан сӛйлегенде Керейдің болыс-билері қайсымызды тҥйрей кетер екен деп қысылмай отыратын кҥні болмапты. — Аяғында сол Керейдің болыс-билері кҥндесе-кҥңірене жҥріп Торсан жалмауыздың дозағына апарып қҧлатты ғой. "Торсанның дозағына апарып қҧлатты" дегендері маған қатты ҧнады. Дозақ — тамҧқ деген сӛз. Олай болса Торсанның Ҧлпанға кӛрсеткен қорлықзорлығы тамҧқ азабындай болтаны ғой! —Ҧлпан әулие адам болтаны рас шығар,— дейді Тайжекең.— Мына бейітіне қарашы, топырағы бір олқы тҥскен емес, опырылған емес. Жаңа бейіттей жоны бҧзылмаған қалпында жатады да қояды. —Олай емес, Тайжеке! — дейді Нарғожа қарт,— осы елдің барлық әйелі Ҧлпанның бейітін бес жыл кҥтіпті. Топырағы олқы тҥсе бастаса ақ жаулықтарына тҥйіп, топырақ әкеліп салады екен... содан бҧзылмай келеді. —Мынау ақ тасты Ҧлпанның басына Торсан қойдырған ба? —Жоқ, Торсан емес, осы Сибан орнатты. Ҧлпан қайтыс болған соң Торсан асығыс-ҥсігіс бір арзан кок тас орнаттырган екен, екі жылдан кейін Сибанның азаматы ол кӛк тасты жҧлып тастап, Ҧлпан ақ кӛңіл, Ақнар атанған кісі, оған ақ тас лайық деп осы тасты әкеліп орнатқан. Мен Ҧлпанның басындағы ақ тасты әрі қарап, бері қарап, қандай тас екенін айыра алмадым. Тегі ақ мрамор болу керек. Бірақ жҧлдызданып, кҥнге шағылысып жарқырап тҧратыны бар. Зернистый деп аталатын мрамор болса, сол шығар дедім де қойдым. Тайжекең Ҧлпан ӛулие адам еді деген сӛзіне қайта оралды: —Ҧлпан әулие адам болмаса айтқаны келер ме еді? Ӛлерінде Торсанды "Маған кӛрсеткен қорлығың ӛз басыңа келсін!" деп қарғаған екен, сол қарғысы келмеді ме? Бәрің де кӛрдіңдер. Торсанның шаңыраты бір кҥннің ішінде қҧрып бітті ғой! —Кӛп жылдар бойы араздасып жҥріп, ӛрең татуласқан біздің әкеміз де Ҧлпанды ӛулие адам деп ӛтті. Намазынан тастамайтын,- деп Еменалының кіші баласы, таза жанды адам Сҥлеймен ӛз ойын айтып қалды. 190


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

Тайжекең сӛзінде мен де жақсы білетін шындық бар. Әуелі Торсанның ҥлкен ҧлы Шақан болыс әкесінің бір ауыр зҧлымдығынан ӛзін-ӛзі пышақтап жарылып ӛлді. Содан кейін 1920 жылы Торсан ӛзі ӛліп еді, балалары бір кҥннің ішінде бытшыт болып тарап кетті: екеуі — қайнына, біреуі - туысқан еліне. Торсан шаңырағы қҧлап, қыстауы аңырап қалды. Аяқтап келгенде бір кезде болыс болған, мырза атанган Торсан балалары қайыршылыққа ҧшырап барып қҧрыды. Бҧл менің ӛз кӛзіммен кӛрген жайларым. Торсанның бейітіне ешкім келіп қҧран оқымайды екен. Бҧл енді қорлаудың ҥлкені. Бейітінде тым болмаса бір шыбық шанышқан белгі де жоқ, бет тақтайлары кӛрініп опырылып жатыр. Балалары ӛкесін кӛмген кҥні, ҧмытып та болтан. Осының бәрін ел Сибан Ҧлпанның қарғысынан деп есептейді. —Ҧлпан шешеміздің қазасы неден болды екен? — деп сҧрадым мен. —Оның дәл анығын кӛрген де, білетін де ӛзіңнің ҥлкен әжең Шынар еді. Ол кісі ӛле-ӛлгенше аузын ашпай кетті. —Ол кісі таң атпай келіп, Ҧлпанның қаза болғанын бірінші болып кӛрген. Ҧлпанды арулап, ақ киізге орап, ҥш жерден байлап берген де сол кісі. Жерлегенде ішінде болдық. Жҥзін кӛре алғанымыз жоқ. Бала болатынбыз. —Ел ӛтірік айтпайды, қате ҧстап қалып, сол қатесін ӛзі тҥсінеді де соны ӛңдеймін деп, кейде ӛзгертіп алатыны болады,— деді қари.- Ҧлпан жайындагы әңгіменің ҧзын-ырғасы осы, дҧрыс. Кейбір жерлерінде артықкемі де жоқ емес... Біздің ҥлкен атамыз Мҥсірептің бейіті де осы зиратта. Бейіттің бас жагына шыққан екі жуан ақ қайыңы бар. Қайындар қолдан отырғызылған емес, ӛздері шыққан. — Ҥлкен атаң Мҥсіреп Ҧлпан бәйбішенің ең жақын дос адамы болыпты,- деді Нарғожа қарт.- Бала кҥнімізде Мҥсекеңнің атын суарып келуге таласушы едік. Жақсы ат мінетін. Шынар әжең де балалардан барын аямайтын, мырза кісі еді. Әжең ертерек қайтыс болды да, атаң қартая келе кӛп жоқшылық кӛрді. Кіші баласы Ботбай ойын-сауық қуып кетті. Ҥлкен баласы шаруа басын қҧрастыра алмайтын момын кісі еді той... Ақ мраморға қашап жазылған, ҥстінен "алтын боталмен" зерлетен жазуды тағы бір шолып ӛттім де мен жҥріп кеттім. Осымен соңгы сӛзді аяқтаса да болар еді. Бірақ Ҧлпан аты маған тағы бір рет кездесіп еді, оны да айта кетейін ӛйткені бҧл жолы тіпті орайсыз кездесті. 1941-інші, соңгы соғыс басталған жылдың кҥзінде мен Қызылжардан машина сҧрап алып, елге қарай жҥріп кеттім. Кҥн шелектеп қҧйып тҧр. Асфальт жоқ. Грейдер жолы шылқылдап жатқан май батпақ. Ескіріп келген "Пикап" машинасы Қызылжардан шыға бере-ақ билей бастады. Жолдың біресе оң жагына, біресе сол жағына барып соғылады. Біраз ӛкіріп, жӛтеліпшашалып алады да тағы жҥріп кетеді. Шофер соғыстан жараланып қайтқан мҥгедек адам, машинаға ие бола алмай келеді. Бірақ, боқтауга тендесі жоқ 191


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

шебер екен. Ол ӛнерін қаладан шыга бере кӛрсете бастап еді, ҧзай келе тіпті ӛндіріп кетті. Жаңбырды да боқтайды, жолды да боқтайды. Жаңбырды боқтағанда, миллиондаган совет әскері белшесінен су болып окопта жатқанын қоса айтады. Соны біле тҧра жаңбырын тӛгіп тҧрған қҧдайды сыбап келеді... Бір ретте қҧдайдың шешесін келістіріп тҧрып боқтады. Ондай боқтауды ӛмірімде естіген емеспін. Қҧдайдың шешесін боқтап келді де: - одан жоғары тагы бір қырық шақырымды! - деді. Мен сақылдап кҥліп, ҧзақ алақан соқтым... Осылай жылжи-жылжи отырып, қараңғы тҥнде бір қалага жеттік. Қала жатып қалған. Жылтыраған бір шам жоқ. Ешкім есігін ашпайды, ҥн шығармайды. Қораның орта тҧсында жылтыраған бір шам кӛрінді. Шофер ҥйге кіріп қонуға лҧқсат сҧрап келіп еді, тҥсірмепті. —Бҧл колхоз кеңсесі. Мен кҥзетші, жалғыз кемпірмін. Қорқамын,— деп есігін іштен бекітіп алыпты. Мен шоферді қайта жҧмсадым. —Нанымыз бар, шайымыз бар, колбаса, арағымыз бар деп айт,— дедім. Ақыры кемпір лҧқсат етті. Биік қарағай ҥйдің бір кішкене бӛлмесінде тҧрады екен. Бҧрын бір бай адамның, болған адамның ҥйіне ҧқсайды. Шай ішіп, азырақ арақ ішкен соң кҥзетші кемпірдің кӛңілі жадырап: — Моншаға тҥсесіңдер ме? Әлі қайнап тҧр,- деді. Біз қуанып кеттік. Екі бӛшкеде су толып тҧр. Шофер ыстық суды пештің ішіне періп жіберіп еді, ыстық бу моншаны толтырып әкетті. Шофер сабаланатын биікке менен бҧрын шығып алып: — Тағы бір-екі жауылша су беріп жібермесеңіз, жылына да алмаспыз! — деді. Мен ҧзын сапты қаңылтыр бақырашпен пештің ішінде балқып жатқан тастарға екі рет су шашып қалдым. Бір тастан "Ҧлпан" деген жазу шыға келді. Жазу сонша таныс кӛрінді, мен іркілместен "Ҧлпан" деп оқыдым. "Н" әрпінің жоқтығына бӛгелгенім жоқ. Оқыдым да аң-таң болып отырып қалдым. Жаңа ғана іркілмей оқып қалтан Ҧлпан атының бҧл пештің ішінен кездесуге орайы жоқ секілді кӛрініп кетті... Аяусыз қолдар ақ мраморды талқаңдап сындырып моншаның пешіне салыпты. Ҧлпан маған сол пештің ішінде ӛртеніп жатқандай сезілді. Ертеңіне елге келе сала Исахмет қарита жолығып, моншада кӛргенімді айтып едім, ол менің ойымдағы кҥдікті оңай шешіп берді. — Ғабит-ау, Ҧлпан сорлының кӛрмеген азабы бар ма!.. Ана бір жылдардағы ауыр кезде Ҧлпанның басына қойылган ақ тас жоқ болып кеткен. Осы елдің жігіттері сатып жіберді деген ӛсек те бар...— деді мҧңайып. Қари анығын айтқандай еді. Мен сҧрамадым. Менің ойыма оз заманынан бҧрын туып, арманда кеткен ҥлкен жанның бейнесі біржола ҧялап, шегеленіп қалды. Қанша жыл ойымда жҥрсе де, қашанты әдетім бойынша кешігіп жарық кӛрген "Ҧлпан" сол бейнеге, сондай бейнелерге арналады. 192


Ғабит Мүсірепов. Ұлпан

193


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.