TULPAR

Page 4

Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 21 жылдығы Измир қаласында тойланды. Түркияның Измир қаласы Чигли басқармасының қолдауымен жəне Қазақ Мəдениеті Қауымдастығының ұйымдастыруымен Қазақстан тəуелсіздік күніне байланысты шарасы сəтті өтті, жергілікті тұрғындардың ықылас-назары көп болды. Шара Мимар Синан Универститеттің профессоры Абдулвахап Караның баяндамасымен басталды. Қазақстаннан жəне Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерден келіп Измир қаласында оқып жатқан шəкірттер мерекелік концерт ұсынды. Қазақстан Тəуелсіздік Күніне орай марапаттау рəсімі өткізілді, кеш соңы коктейльмен жалғасты. Чигли əкімі Метин Солак айтқан сөзінде: «Осындай маңызды Қауымдастық Орталығының Чигли аймағында ашылғанына өте разымыз. Біз мұндай халықаралық басқосу шараларына айрықша үлкен маңыз береміз. Түркия мен Қазақстан

арасындағы достық əрі бауырластық байланыстарды тағы да нығайтуымыз керек деп ойлаймын. Осыған байланысты позитив кемсітушілік көрсетеміз, Қазақ Мəдениеті Қауымдастығының іс шараларын əрдайым қолдаймыз, көмек береміз» - деді. Қазақ Мəдениеті Қауымдастығы Төрағасы жəне негізін қалаушы Чаглар Ербек: «Мүшелерімізі шын көңілден құттықтаймын, Қазақстан Республикасы Тəуелсіздік Күні құтты болсын»деді.

2


Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.