Issuu on Google+

Қарасай аудандық апталық қоғамдық-саяси газеті | Карасайская районная еженедельная общественно-политическая газета 1933 жылдың қыркүйек айынан шығады Газета выходит с сентября 1933 года

№ 2 (8224) E-mail: zgazeta@mail.ru

13 январь (пятница) 2017 год қаңтар (жұма)

жыл

СЕНАТОРЛАР САПАРЫ

Өндіріс орындарын аралады

Осы аптадағы сәрсенбі күні ауданымызға ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар Мұсаханов және Нұрлан Қылышбаев жұмыс сапарымен келді. Келудегі мақсаттары аудандағы сайлаушылармен кездесіп, аудан өмірімен танысып, өндіріс орындарын аралау еді. Алмас АЛДАБЕРГЕН

Астаналық меймандарды аудан басшысы Махаббат Бигелдиев қарсы алды. Алдымен «ALMATY STEKLO» зауытына барып, тыныс- тіршілігінен хабардар болды. Мекеме басшысы Азим Абдуллаев ғимарат ішін аралай жүріп, жан-жақты ақпарат берді. 92 шағын отбасылық пәтер, 27 бөлмелік жатақханада орналасқан жұмысшылар үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған зауыт шығынсыз өндіріс есебінде іске қосылған. Ол сынған әйнектерді қайта өңдеп, шыны бөтелкелер, банкалар шығарады. Қазақстанда өзге де шыны зауыттары

болғанымен, бұл сынды толық кешенді өндіріс орыны бірегей. Келесі кезекте депутаттар

жылыжай конструкцияларын өндіру, жобалау, монтаждаумен айналысатын «Holland Green Tech» за-

уытына (суретте) бас сұқты. Бас директор Бауыржан Баймұхамбет жобамен таныстырды. Бұл ретте се-

наторлар нақты сұрақтар қойып, жауап алды. Жылыжай конструкцияларына деген сұраныс, сапасы және

ЕЛ ІШІНДЕ

Атқарылған істерге ризашылығын білдірді Жақында Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Үмбетов, Қарасай ауданының әкімі Махаббат Бигелдиевпен бірге, таяуда ғана пайдалануға берілген ірі өнеркәсіп нысаны – «ALMATY STEKLO» ЖШС-да болды. Елтай ауылдық округінің Жармұхамбет ауылында орналасқан кәсіпорын директоры Азим А б ду лла е вт ың а й т у ынш а , з а уыт қазақстандық және қытайлық инвесторлардың қаржысына салынған. Аумағы жеті гектар болса, зауыт пен оның қосымша құрылыстары 50 мың шаршы метрді алып жатыр. Мұнда қазір 330 адам жұмыс істеуде, оның 10-ы Қытай мамандары. Жалпы, кәсіпорында 400 адамға дейін еңбек ететін болады. Зауытта өндірістік цехтармен қатар,

ДУХОВНОСТЬ

зертхана бар, үш ірі қойма салынған. Сонымен қатар, 400 орындық асхана, 300 орындық акт залы, супермаркет, дәріхана қарастырылған. Тағы бір қуантарлық жай – қызметкерлер үшін зауыт аумағының өзінде 119 екі бөлмелік пәтері бар екі көп қабатты тұрғын үй тұрғызылған. Өндіріске аса қажет болғандықтан, осы жердің өзінде пленка жасайтын цех ашу жоспарланып отыр. Халық қалаулысы келген күні конвейерден бөтелкелер шығарылып жатты. Серік Әбікенұлы облыс бойынша сапарын қорытындылай келе, өңірдегі өркенді істерге өте риза болғанын айтты. Осының бәріне Елбасының дана саясатының арқасында қол жетіп отырғанына кеңінен тоқталды. Өз тілшіміз.

Светлый праздник Рождества Светлана ДОСМАГАНБЕТОВА В городе Каскелене, в старейшей церкви Михаила Архангела прошло празднование Рождества Христова. Это второе по значимости событие после Пасхи для всех православных. В ночь с 6 на 7 января состоялось рождественское богослужение, а уже в 10 часов утра протоиерей Владимир Дрямов отслужил молебен. Чуть позже он зачитал поздравление митрополита Астанайского и Казахстанского Александра, адресованное всем верующим, с праздником божьей любви и мира, пожелав казахстанцам мирного неба над головой, полного дастархана, дружбы, взаимопонимания. По уже заведенной традиции пришел поздравить прихожан храма и аким района Махаббат Бигельди-

ев. В своей поздравительной речи он сказал, что этот светлый праздник пробуждает в душах людей веру в торжество добра и справедливости, вселяет надежду на лучшее будущее. Им также было отмечено, что благодаря мудрой политике Президента страны, Лидера нации Нурсултана Назарбаева в Казахстане в мире и согласии живут представители различных конфессий. В заключение своей речи Махаббат Садуакасович пожелал всем здоровья, счастья и благополучия. В свою очередь отец Владимир поблагодарил акима района за теплое поздравление и за то внимание, которое оказывается акиматом района к самой церкви и к православным христианам. Настоятель собора также пожелал всем карасайцам добра, любви и процветания.

шығыны жайында мәлімет берілді. Айта кетейік, Елтай ауылдық округінде орналасқан «ALMATY STEKLO», «Holland Green T e c h» өнд ір іс о р ын д ар ы еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына Қарасай ауданының тартуы болған. Депутаттардың назарынан Ұмтыл ауылдық округі, Мерей ауылындағы «Alsad» құс фабрикасы да тыс қалмады. 2013 жылы іске қосылған мекемеде 230 адам еңбек етеді. Күніне 600 000 (алты жүз мың) жұмыртқа шығаратын өндіріс орынын аралап, жем қоймасымен, электрлік құрылғылармен танысқан қонақтар таңданысын жасырмады. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Аңсар Мұсаханов пен Нұрлан Қылышбаев зауыттарды аралап, басшылармен, жұмысшылармен кездесіп мәліметтерге қанық болды. Осы ретте жиналғандарды өз істерімен таныстырып, Парламентте қаралып жатқан жаңа «Жайылым туралы» заң жобасы жайында айтты. Жұмысшылар мен зауыт басшыларына сәттілік тілеуді де естен шығармады.

Бүгінгі нөмірде: Актуальное интервью по вопросам временной регистрации

– 2 стр.

Парламент Мәжілісінің депутаты А. Дәуренбаевтың ауданымызға жұмыс сапары

– 3 бет

Мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтеді

– 3 бет

Аудан әкімі есебінің желісі және есепті кездесу жиындарының кестесі – 4,5 беттер

Аудан әкімінің және орынбасарларының қабылдау кестесі

– 8 бет

Karasayinfo.kz-ке қош келдіңіз! Құрметті қарасайлықтар! Сіздерге 2017 жылдың қаңтар айынан бастап, меншік иесі «Заман жаршысы» газеті» ЖШС болып табылатын, karasayinfo.kz желілік баспасөзі өз жұмысын бастайтынын қуана хабарлаймыз. Бұл интернет-ресурс күнделікті хабар таратып отырады. Онда тәулік сайын Қарасай ауданының тыныс-тіршілігінен ең соңғы жаңалықтар жарияланады. Бұл жаңашыл бастама біздің ақпараттық кеңістігіміздің кеңеюіне жол ашады және көптеген жергілікті тұрғындар үшін жақсы жәрдемші болар деп үміттенеміз.

Добро пожаловать на karasayinfo.kz! Уважаемые карасайцы! Рады сообщить вам, что с января 2017 года начало свою работу сетевое издание – karasayinfo. кz, собственником которого является ТОО «Газета «Заман жаршысы». Этот интернет-ресурс вещает ежедневно. На нем представлены самые свежие новости из жизни Карасайского района. Надеемся, что это нововведение станет посильной лептой в расширение нашего информационного пространства и хорошим подспорьем для многих жителей района.


1__