Issuu on Google+

www.zanmedia.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

ПАРЛАМЕНТ МЕРЗІМІНЕН БҰРЫН ТАРАМАЙДЫ! Сенат Төрағасы Қайрат Мәми журналистермен болған брифингте Парламенттің мерзімінен бұрын таратылуына ешқандай негіз жоқ екенін айтты.«Менің пікірімше, қос палатаның депутаттары сайлаушылар алдындағы өз міндеттерін толық көлемде орындап жатыр. Осы сессия барысында 96 заң қабылданғаны соның айғағы. Сондықтан да, Парламенттің таратылатыны туралы әңгіме болмауы керек деп есептеймін», – деді Қ.Мәми. А.ҚҰРМАНҒАЛИ

ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНА КЕЛЕМ ДЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА! Жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауы 2013 жылғы 1 шілдеден 2 шілдеге ауыстырылмақ. Келем деушілер осы күні хабарласа алады. Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі

ЖОЛАУШЫЛАР МЕН ЖҮК ТАСЫМАЛЫН ПОЛИЦИЯ БАҚЫЛАЙДЫ Республика жолдары арқылы жолаушылар мен жүк тасымалына бақылау жасау ендігі жерде еліміздің Ішкі істер министрлігінің құзіретіне берілмек. Мұны заңдық тұрғыда реттейтін құқықтық құжатта Жол полициясы комитетінің автокөлік жүргізушілерінің еңбек және демалыс тәртібінің сақталуын, автокөліктерде тахограф құралдарының жұмыс істеп тұруын, сондайақ, көлікке орнатылған отын құятын ыдыстың талаптарға сай болуын тексеретіні нақтыланған. Жолаушылар тасымалындағы тәртіпті де енді жол сақшылары бақылайды. Т.БАЛТАБЕК

ӨРТТЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР ЖӘРДЕМАҚЫСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ Кеше таңғы сағат 10.00-де С.Сейфуллин мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жанармай таситын көлік аударылып, жарылған. Оқиға болған жердегі бірнеше көлік күлге айналып, жалын жақын маңдағы тұрғын үйге де жеткен. Қазір өртенген пәтерлердің тұрғындары жақын маңдағы мектептердің біріне орналастырылды. Алматы әкімідігінің мәлімдеуінше, жапа шеккендерге толықтай өтемақы төленеді. Т.ИБАШЕВА

Көбебұзар

АҢДАТПА

Ақпарат

zan@zanmedia.kz

Тапсырыс №186. Жалпы таралым 40 640. Индексі 65921

№95 (2296) 28 маусым 2013

БАҚ-пен ЖҰМЫСҚА ЕРЕКШЕ МӘН БЕРІЛЕДІ

«ҚАРДЫҢ ДА КӨЛЕҢКЕСІ БАР» 3-бет

8-бет

Алқа

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕСІН АНЫҚТАЙТЫН ЗАҢ ҚАЖЕТ ПЕ? Жалпы, жұртшылық үшін бұқаралық ақпарат құ­рал­ дарының айбыны асқақ. Алайда, қарапайым халықтың мұ­ңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген, яғни, билік пен бұқара арасындағы алтын көпір іс­ петті тілшілер қауымының да шешімін табуды қажет ететін проблемаларының шашетектен екенін көпшілік біле бермейді. Қарапайым мысал, өзге қызмет өкілдері сияқ­ты мемлекетімізде журна­лис­ тер үшін ешқандай әлеу­ меттік-материалдық жағдай қарастырылмаған. Тіпті, олардың қоғамдағы орны да анықталмаған. Соның сал­ дарынан мемлекеттік қыз­ метшінің де, бюджет қыз­ меткерінің де санатына жат­пайды. Бұл өз кезегінде ең­бектің бағаланбауына әкеп со­ғу­да. Олай дейтініміз, дәл қазіргі таңда ел азаматтары үшін күйіп тұрған мәселенің бірі – баспана. Осы тұрғыдан алсақ, БАҚ өкілдерінің өзге мамандық иелеріне үкімет тарапынан жасалып жатқан жеңіл­діктердің біреуін де пайдалана алмауы – еңбектің баға­ланбауы емей немене? Яғни, журналистер барлық жер­де шөміштен қағылуда.

Коллажды жасаған А. ҚОНАРОВ

Әйтпесе, еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбектері ерен. Оны ешкім де жоққа шығара алмас. Әдетте, журналистерді төртінші билікке те­ ңеп, қоғамның белсенді күшіне балап жатады. Мұның өзі қоғам дамуынан БАҚ-тарды бөліп қарауға болмайтынын көрсетсе керек.

Кезінде экс-депутат, журналистика саласының білгірі Уәлихан Қалижан: «Журналистика – қадір-қасиеті мол сала. Қазақ журналистерінің қазір­гі жүрген жүрістері, кейпі адам аяр­ лықтай. Себебі, журналистикамен өзін-өзі асырау өте қиын. Біреулердің үйін сағалап, жалдап жүр. Баспасөз

Сәуле ӘБЕДИНОВА,

«Ақ Жүніс-Астана» журналының Бас редакторы: «Ақпарат кімнің қолында болса, әлем соның уысында» деген сөздерді де жиі айтамыз. Демек, журналист – мемлекеттік стратегиялық маңызы бар мамандық. Ал, біздің елде қайсыбір бұқаралық ақпарат құралдарын ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында ұстап, мемлекетімізге, тұтастығымызға қауіп төндірер жат пиғылда пайдаланып отырғандар бар екенін ішіміз сезеді. Олардың жақсы жалақы төлеп, жұмыс істеуге жақсы жағдай жасап, тіпті, әлеуметтік мәселелерін шешіп беріп, бірқатар журналистерді өздеріне тәуелді етіп алуы заңды. Өйткені, журналист те ет пен сүйектен жаралған, нан жеп, тамақ ішеді. Журналист те пәтерденпәтерге қаңғымай, өз шаңырағында, жақсы үйде тұрғысы, ұрпақ өрбіткісі келеді, бала-шағасының қарны тоқ, киімі көк болғанын қалайды...» («Айқын» газеті)

ТІЛШІЛЕРІМІЗ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА МЕРЕЙЛІ БОЛДЫ Журналист қауымының кәсіби мерекесінің атап өтілуі жыл сайын маусым айының соңғы жексенбісі қай күнге дөп келсе, сол күнге көшіп-қонып жүретін. Оның «28-маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні» болып нақты белгіленгеніне де көп бола қойған жоқ. Заңмен берілген мәртебесі болмаса да, белгіленген мерекесі бар журналистердің осы күні бір елеп-ескеріліп қалатыны бар. Түрлі деңгейдегі мемлекеттік орындар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар жыл бедерінде өздерімен тығыз жұмыс жасап, жақсылығын асырып, кемшілігі болса оны да көрсете білген тілшілерді мадақтапмарапаттап жатады. Қазақ басылымдарының қа­ та­рында өз орнын тапқан, тіпті, құқықтық мәселелерге құрық бойлататын бірден-бір газет ретінде өзгелерден оқ бойы озық

та тұратын «Заң газеті» де төл мерекесінде лайықты құрметтен кенде болмады. Бұл ретте бас редактордың орынбасары Айнұр Сембаева ҚР Жоғарғы Сотының, тілшілеріміз Алтынай Жолдыбекова Әділет министрлігінің, Түймегүл Ибашева ҚР Судьялар одағы мен Журналистер одағының, Сәкен Орынбасарұлы Алматы қалалық тілдерді да­ мыту, мұрағат және құжаттама бас­қ армасы мен Журналистер Одағының, фототілшіміз Дина Дәуітбекова ҚР Судьялар ода­ ғының алғыс хатымен марапатталып, сый-сияпатына ие

болғанын айта кеткен жөн. Парламент Сенаты мен Мәжілісінің тыныс-тіршілігін жалпақ жұртқа күн құрғатпай жеткізіп жүрген «Заң газетінің» Астанадағы тілшісі Айша Құрманғалиға Сенат алғыс хатымен бірге ноутбугін табыстады. Әлбетте, жекелеген тілшілер­ дің төккен тер, еткен еңбектің арқасында жеткен жетістіктері жалпы ұжымның мерейі екені сөзсіз. Ұжым мерейін көтерген әріптестерімізге ұлт қызметшісі бола беріңіздер демекпіз. Сәкен ОРЫНБАСАРҰЛЫ, «Заң газеті»

Ойталқы

ҰЛТТЫҚ БАСЫЛЫМДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КЕРЕК ПЕ?

Е

лімізде ресми тіркелген 2 мың 783 басылым болса, соның 574-і ғана қазақ тілінде екен. Оның сыртында шекара асып, Ресейден келетін түрлі бағыттағы 1 025 газетжурнал тағы бар. Осылайша, бүгінгі күні қазақ қоғамын орыстілді басылымдар жаулап алып отыр. Осы орайда «қазақтілді басылымдардың таралымына мемлекеттік қолдау керек пе?» деген сауалды мамандардың талқысына салып көрген едік. Сейітқазы МАТАЕВ, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы: – Қазақтілді басылымдардың таралымына мемлекеттік қолдау міндетті түрде қажет. Оларға бөлінетін мемлекеттік тапсырыс санының айтарлықтай көп болуына назар аударуымыз керек.

Ғалия ӘЖЕНОВА, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры жанындағы қоғамдық-сараптама орталығының жетекшісі: – Бұл мәселеге біржақты қарау қиын. Өйткені, күнделікті қоғамымызда қазақ тілі мен орыс тілі қатар жүреді деп айту қиын. (Соңы 3-бетте)

Мінбер

Құрмет

баға­сын арттыру үшін, алдымен соған өмірін арнап жүрген журналистердің жағдайын жасау қажет. Олардың жа­ лақысын өсіріп, жоғары деңгейдегі басылым тілшілерінің мәртебесін мемлекеттік қызметкерлермен теңес­ тіру, осыған Үкіметтің назарын аудару керек. (Соңы 4-бетте)

Төртінші билік көтерер жүк те ауыр, міндет те салмақты Францияның қоғам қай­р ат­ кері, ұлы әскери қолбас­шысы Напалеон Бонапарт «Саған қарсы бағыт­т ал­ғ ан төрт жүз мың мылтықтан гө­рі, төрт бас­ па­сөздің қарсы тұр­ға­ны әл­де­ қайда қауіпті» деп, ал, АҚШ-тың

отыз жетінші прези­д ен­т і Ричард Никсон «Қаруға он доллар салғанша, баспасөзге бір дол­ лар салған анағұрлым пайдалы: қа­р удың үні мүлде шықпауы мүмкін, ал, баспасөз болса ертеден кешке дейін аузын жаппайды» деп кеткен екен. Осындай мағыналы сөздер­ді айтқан ұлыларды дүниеге әкел­ген державалармен қатар тұратын, әлеуеті зор, дамыған мемлекет құру үшін қоғамдағы баспасөздің, баспасөзді дүние­г е әкелетін журналист ағайын­д ардың рөлінің ерекше екендігін біз әлдеқашан мойындап қойған едік. Оның бір дәлелі Ата Заңы­м ызда бұл туралы жазылмаса да, қоғам журналистика – төр­т інші билік деген ұғымды қалыптастырды. Журналистер қаламның ұшымен, сөздің кү­ш імен қоғамдық сананы қа­л ып­т астырады, қоғамдық ой туды­р ады. Бәріміздің есімізде Ленин кезінде журналистикаға «Баспа­сөз – үгітші, насихатшы және ұйымдастырушы» деп, дәл бағасын берген еді. Дарынды қазақ ұлдарының бірі Ахаң – Ахмет Байтұрсынов «Газет – ха­лықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген бір ауыз сөзімен бас­пасөздің рөлін әрі қарай сомдай түсті. (Соңы 2-бетте)


[Title will be auto-generated]